М. Әуезовтың шығармашылығы

Preview:

Citation preview

Пән: қазақ әдебиеті

8 сынып

30.01.2014ж

Сабақтың тақырыбы:

“Әлем әдебиетінің алыбы”

( Мұхтар Әуезовтің өмірі мен

шығармашылығы)

«Абай мұрасы М.Әуезов творчествосында» деп аталатын тақырып қазірдің

өзінде зерттеу нысанасына алынуда. Өйткені, ұлы ойшыл мұрасы жазушыға

рухани арқау болып, оның «Абай жолы» роман-эпопеясынан көрініс табуы

үлкен ізденісті, жаңаша көркемдік шешім табуды қажет етеді.

М. Мырзахметов

2. Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Естеліктерді,қосымша материалдарды негізге ала отырып , көркем сөздің пірі,заманымыздың кемеңгер жазушысы, дана ойшыл, ғұлама ғалым, әлем әдебиетінің алыбы, қазақ әдебиетінің «екінші Абайы» Мұхтар Әуезовтің өмірі туралы кеңінен мәлімет беру, шығармашылығына жалпы шолу жасау.

Дамыту: Қосымша материал қолдану арқылы оқушы танымын, қызығушылығын арттыру,үзінділер арқылы өткен материалдарды еске түсіру, ойлау қабілетін , мәнерлеп оқу машықтарын дамыту, талдау жұмыстарын жүргізіп, әдебиет теориясынан өткендерін еске түсіру. Ой толғау жаздыру негізінде шығармашылыққа баулу.

Тәрбиелік: Естеліктер, жырлар арқылы оқушыларды Әуезов әлеміне жетелеу, жазушы бейнесін оқушы көкірегіне ұялата білу; Ұлттық мақтанышымыз екендігін ұғындыра түсу;

«Көксерек» кинофилімінен үзінді

көрсету;

Сұрақ:

Бұл үзінділер қандай шығармадан алынған, авторы кім?

Қазақтар туралы бұрын ештеңе

естімеген едім.Енді оларды өте жақсы

танимын. Жақында ғана М.Әуезовтің

тамаша кітабын ағылшын тілінде

оқып шықтым. Шынында қазақтар

неткен ғажап халық. (Б.Матип мырза)

1.Мұхтар Әуезовтің өмірі жайлы хрон.

кесте арқылы түсінік беру

1897 жыл, 28.09. – Шыңғыстаудың

баурайында дүниеге келген.Қасқабұлақ,

Бөрлі Мұхтардың туып-өскен жерлері.(

суретін көрсету)

1908 жылы Семей қаласындағы медреседе

сабақ алады.

1909-1914 жылы Семейде училищеде

оқиды. (сурет көрсетіледі)

1914-1919 жылы Мұғалімдер даярлайтын

семинарияны бітіреді. (сурет көрсетіледі)

1930- түрмеге жабылады.1932 жылы босатылады. 1946 жылы Қаз ССР ғылым академиясының академигі болып сайланады. 1955жылы жоғары кеңес депутаты,1956 жылы еңбек қызыл ту орденімен, 1957жылы Ленин орденімен марапатталады.1952 жылы Қырғызстанда «Манаста мансұқтау-бір ұлттың тілін кескенмен бірдей»-деп халықтың ұлттық мақтанышын қорғап қалған. Айтматов естелігі.

2.Әуезов шығармашылығы- Р.Бердібайдың сөзімен бастау(сурет). Ауыз әдебиеті мен классикалық әдебиеттің ,батыс пен шығыс көркем сөз мұрасының озық дәстүрін жете меңгеріп, қазақ әдебиетінің реалистік сипатын арттырып, әдеби тілді байытуға ересен еңбек сіңрген жазушы М. Әуезовтің шығармашылық сапары 20 жылдардың бас кезіндегі «Қорғансыздың күнінен» «Абай жолы» роман-эпопеясына , «Еңлік-Кебек» трагедиясынан «Қарақыпшақ Қобыланды» драмасына, теориялық зерттеу еңбектері бар ұзақ жемісті жол.

1917 жылы Ойқұдықта «Еңлік-Кебек» пьесасын қояды. 27-бет.Жалпы М. Ә. тырнақалды туындысы-1917жылы жазылған «Адамдық негізі-әйел» атты публист.шығармасы.

1918жылы «Бәйбіше-тоқал» драмасын жазады.Алғашқы кездегі шығармаларының көлемдісі де көркемі прозаның әңгіме жанрында жазылды десек, алғашқы жарық көрген әңгімесі-«Қорғансыздың күні» 1921 жылы жазылған. Жазушының 20 жылдарда жазылған әңгімелерінде қоғам өмірінің терең қатпарлары, ішкі қайшылықтар суреттеледі. Ал 30 жылдарда жазылған әңгімелерінде қоғамдағы, адам санасындағы өзгерістерді көрсетеді.

Тырнақ алды пьесалары:

“Бәйбіше – тоқал”(1918),

“Айман-Шолпан”,

“Қаракөз”(1926), “Түнгі

сарын”, “Хан Кене”,

“Абай” т.б.

Аудармалары:

Л.Толстой ”Той тарқар”, У.

Шекспир “Оттело”,

“Асауға тұсау”, В.Гоголь

“Ревизор”, М.Тургенев

“Дворян ұясы”

Роман- повесттері:

“Қорғансыздың

күні”(1922), “Қараш-

Қараш”, Қилы

заман”, “Өскен

өркен” т.б.

Роман - эпопеясы.

“Абай жолы” (1947-1949)

Ш.Атматов былай деген:

“Меніңше ,өз кезінде орыс мәдениетінің дамуына Пушкин қандай әсер етсе,осы күнгі Орта Азия халықтарының рухани өмірінің қалыптасуына Әуезов та сондай әсер етті.”

Қазақ халқы кенде емес ұлыларға,

Ұлысыз болған елдің күні бар ма?

Мұхтар атты асқақтап тұра берер,

Ұлы Абайдың сом алтын жыры барда.

Мұхтарын ұмытпайды дана халық,

Өзімен болашаққа барады алып.

Әлемдік әдебиет биігінде,

Әр сөзі сом алтындай бағаланып,

Тұрады ұлы Мұхтар дараланып.

Recommended