Мәтін ашық сабақ.pptx

Preview:

Citation preview

Сабақ жоспары:Пән аты: Қазақ тіліСыныбы: 5 Сабақтың тақырыбы: МәтінІ.Сабақтың мақсаты: 1)Білімділік: Оқушыларға мәтіннің бөліктері туралы түсінік беріп, дұрыс құрылмаған мәтінді қайта құру арқылы сөйлемдердің байланысын көрсету. Мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтау.2)Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.3)Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа, көше тәртібін сақтауға тәрбиелеу.

ІІ.Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту

ІІІ.Сабақтың әдісі: Талдау, жинақтау, жұптық жұмыс, сұрақ-жауап.

ІV.Көрнекілігі: Интерактивті тақта, оқулық, кеспе қағаздар.

V.Пән аралық байланыс: Әдебиет, дүниетану

VI.Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

1) Ізденіс кезеңі

2) Жаңа білімді игерту кезеңі

3) Практикалық дағды кезеңі

Ізденіс кезеңі

Әдеби тіл дегеніміз не? Әдеби тіл неше түрлі формада өмір сүреді? Мұғалімнің

сабақты түсіндірген сөзі, оқушының сабақта берген жауабы, радио,

теледидардан сөйлеген сөздер қандай тіл болады? Ал, кітапта, газет-журналдарда

жазылғандар қандай тіл болып есептеледі?

Үйге берілген 6-жаттығуда Ш.Айтматов пен К.Д.Ушинскийдің пікірінде қандай

ортақ ой бар?

Ана тілі... Бұл туралы қаншама айтылып келеді. Ал ана тілінің құдіретін қанша айтсақ та түгесу мүмкін емес. Бала кезіңде балдай сорып, ана сүтімен бойға сіңген қасиеттер туған тілдің арқасында ғана дариды.

Туған тілге деген сүйіспеншілік бала кезден басталмаса, кейін қиынға соғады. Айналаңдағы адамдарға, өзің өскен ортаның табиғаты мен халқыңның мәдениетіне, дәстүріне деген көзқарас та туған тіліңді білуден басталады.

(Ш.Айтматов)

- Не оқыдық? (мәтін)

- Мәтін екенін қайдан білдіңдер?

(Сөйлемдер бір - бірімен мағыналық жағынан байланысып тұр.)

Жаңа білімді игеру кезеңі

Нәтімегденен?

5,2,3,4,1,7,8,6,9,10,12,11,13

Бақытжан мен Қазбек әңгімелесіп отыр еді. Бір кезде түтіннің иісін сезді. Орындарынан тұрып жан-жағына қарады. Көрші үйдің қорасы, өртене бастағанын көрді. Екеуі солай қарай жүгірді. Өртке кінәлі кішкентай балалар болып шықты. Екі бала өртті сөндіруге кірісті. Екі баланың ісіне ел риза болды.

1. Бұл тыңдағандарың не?2. Мәтінде неше сөйлем бар?3. Әр бөлік неден басталған?4. Сөйлемдер бір - бірімен байланысып тұр ма?5. Мәтінге қандай ат қоюға болады?6. Мәтіндегі негізгі ой қандай?

Мәтіннің үш бөлімі болады:

Басы

Негізгі бөлімі

Соңы

Басы. Әлиханның анасы – мұғалима. Ол да Әлихан тәрізді оқиды, жазады. Әрине, Әлихан үй тапсырмасын күндіз орындап қояды. Ал анасы жазу үстеліне кешкісін отырады.

Негізгі бөлімі. Әлихан түнде оянып кетті. Қарсы бөлменің шамы жанып тұр. Қараса анасы дәптерлерді тексеріп отыр. Сірә, шаршаған. Көзі кіртиіп кетіпті. Маңдайын уқалап қояды.

Соңы. «Туу, демалыс тезірек келсе екен, анам демалар еді», - деп ойлады Әлихан.

Мәтін – мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады. Мәтінге ат қоюға болады.

Мәтін – «байланысу, бірігу» деген мағынаны білдіретін сөз. Ол сөйлегенде,жазғанда пайда болады да, қажетті бір тұтас ойды аяқтайды. Мәтіннің тақырыбы болады. Мәтін сөздерден, сөйлемдерден, абзацтардан тұрады. Мәтін әр түрлі мазмұнға құралады. Онда оқиғалар хабарланады, сипатталады, дәлелденеді. Мәтінге газет-журнал материалдары, өлең шумақтары, оқулықтағы ережелер және әр түрлі тақырыптағы әңгімелер мен сөйлесулер жатады.Мәтін ғылыми мәтін, көркем әдебиет мәтіні, ауызекі сөйлеу мәтіні деп ажыратылады.

Ғылыми мәтінҚазақ халқында жеті, тоғыз, он екі, қырық сандары қасиетті, киелі деп есептелген. Мысалы, орта ғасыр алхимиктері мен астрологтерінің жеті күнге жеті жұлдыздың атын қойып, жеті металдың (алтын, күміс, темір, сынап, қалайы, мыс, қорғасын) пайда болған күн деп, жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі,жұма, сенбі күндеріне ат берген. (С.Қалиев)

Көркем әдебиет мәтіні Қоян жылы. Тамыз айының басы. Күн жылы, тымық. Қарағайлы, бұлақты әсем Ереймен тайының бауыры белуардан келген қалың шөп. Шыққа малынып, бусанып тұнып тұр. Таңғы ұйқыдан оянған құс атаулы кең даланың әр тұсында – өз мекенінде, өз көлінде масайрап, бір-біріне дыбыс бере бастаған. Қаңқ еткен қаз даусы, сызылған аққу, шаңқ еткен өгіз шағала,, қызғыш, барылдаған үйрек үні таза ауада анық естіледі.

Адасқан сөйлемдер (Орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құра)

Қанаты ұзын және сүйір. Көзі дөп - дөңгелек, қап-қара. Лашын – жыртқыш құс. Оның арқасы көк-сұр. Мәтін не туралы. Оған ат қой. Мәтінді көшіріп жаз. Бұл әңгімелеу мәтіні ме, әлде сипаттау мәтіні ме?

Практикалық дағды кезеңі

18-жаттығуМәтін қанша абзацтан тұратынын айтып, әр

абзацтағы айтылған ойға түсінік беріңдер.

18-жаттығу Тропиктік аймақ Глобусқа қарашы. Дәл ортасында солтүстік және оңтүстік жарты шарларға бөліп тұрған белдеу сызықты көріп тұрсың ба? Ол-экватор. Ал экватордың жоғарғы және төменгі жағында нүкте сызықтар белгіленген тағы екі белдеу бар. Олар -Жердің тропикалық белдеуінің шекарасы. Ең ыстық жер - осы. Онда ормансыз жазықтар саванна да, қуаң дала да бар. Тропикалық нөсерден кейін саванналар қаулап өскен қалың шөптің астында қалады. Мұнда биіктігі кісі бойындай қатқал піл шөбі өседі. Әр жерде ағаш та кездеседі. Ыстық жақта таңғажайып тропикалық ормандар бар. Орман іші қапырық, ыстық. Төбеңді тұтасқан қалың ағаш бүркеп тұрғандықтан, онда күндіздің өзінде қараңғы болады.

21-жаттығуОған Сәбиттің мейірімі өте ерекше. Лақ кішкентай иесін танып, еркелей секіре жөнелді. Ол Сәбитті бір көргеннен оған үйірсек болып алды. Көзі қарақаттай мөлдіреген ақ лақ тым сүйкімді еді. Қазір екеуі өте жақсы дос болып кетті.

Орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құра.

Мәтінде берілген сипаттамаларға сүйеніп,

өз көңіл күйлеріңді білдіретін осындай мәтін

құраңдар.

Мәтіннің үш түрі болады:

Әңгімелеу ( не істеді?)Сипаттау ( қандай?)

Пайымдау ( неліктен?)

25-жаттығу

Төменде берілген өлең жолдарынан ойдың байланысына қарай шумақтарды қайта

құрыңдар. Мәтінге ат қойыңдар.

25-жаттығу – Құп, атажан, жүгіріп,Қарайын да санайын,Қозыларға барайын.Күркесіне иіріп,Атасы мәз боп тұр күліп,Деді, кетті, жүгіріп,Қызыл арай кешкі шақ.Байғасқаны ертіп ап. ( Ө.Тұрманжанов )

19-жаттығу (Шоқан мен әжесіәдеби тілдің қай

формасында әңгімелесті? Мәтіннің түрін ажыратып

айтыңдар)

19-жаттығу Шоқан мен әжесі Шоқанды аса қызықтырған Жәми ақынның «Ескендірнамасы» болды.Ескендір Зұлқарнайын туралы Шығыс елдері аузындағы аңыз әңгімелермен қатар, Жәми жырлаған дастан да сондай қызықты екен.Жас Ескендірді анасының үлкен данышпан ғалымға беріп оқытқаны Айғаным әжесінің «білім – оқуда» деген насихат сөзіне ұштасып жатты. Осыны оқығаннан кейін Шоқан бір күні әжесіне келгенде: - Әже,сіз Жәми ақынның «Ескендірнамасын» оқыған ба едіңіз? – деді.- Қарағым, оны неге сұрадың?

Шоқан жымиып:- Әже, Ескендірдің шешесі ақылды болған екен. Ескендірді ең данышпан ғалымның қолына беріп оқытыпты. Сол оқу-білімнің арқасында бар әлемді билемек болып, үлкен жорық жасапты,- деп Шоқан әжесінің өңіне қарады.- Қарағым, ол дастанды мен оқығам. Сен де жақсы түсініпсің. Білімділік жақсы, мансапқорлық жаман емес пе?! Ол әлемді аузыма қаратам деген озбырлықтан апатқа ұшырады ғой,-деп әжесі сөзін аяқтады. Шоқан ойланып қалды. ( С.Бегалин )

Шығармашылық жұмыс

Аталған тақырып және тірек сөздерді пайдаланып мәтін құра.Тақырып: Көше тәртібіТірек сөздер: көше қиылысы, көлік, бағдаршам, оң жақ, сол жақ, жаяулар жүретін жол.

Жол тәртібін білейік,Аман-есен жүрейік!

27-жаттығу (Өз ана тілің, оның сөз байлығы

туралы ойланып, өз пікірлеріңді айтып

беріңдер)

Recommended