Тістелген алма (Презентация)

Preview:

Citation preview

Шақыру. Әңгіменің тақырыбын, қысқаша

мазмұны мен көтерген мәселесін талдау.

Ұғыну. Мәтіннен қысқа үзінділер оқып,

әрқайсысының мазмұнын талдау және

оқиғаның даму желісін болжау. (Мәтіннің

көлемі 5-7 беттен артпауы тиіс).

Рефлексия. Бұл кезеңде мәтін тағы біртұтас,

бүтін күйінде беріледі. Ең маңыздысы – мәтінді

дұрыс түсіну. Мәтінмен жұмыстың формасы әр

түрлі болуы мүмкін: хат, пікірталас, бірге іздеу.

Мәтінді талдау үшін шамамен

қойылатын сұрақтар:

Тақырыбына қарап әңгіменің не туралы екеніншамалаңыздар.

Баяндалған жағдайда қандай оқиғалар болуы мүмкін?

Кейіпкерлердің аты-жөнін естігенде, неойладыңыздар?

Үзіндіні оқығанда қандай сезімде болдыңыз?

Күткен ойыңыз сәйкес келді ме? Ойламаған нендейоқиға болды?

Әңгіме қалай аяқталады деп ойлайсыз? Сіз қалайаяқтар едіңіз?

Әңгіме оқиғасынан кейін кейіпкермен не болады?

Ел аузынан

Орындаған: “Топқайың орта

мектебі” КММ кітапханашысы

Калмакпаева Кульзипа Мухтаровна

Өте ерте заманда бір жас жігіт өмір сүріпті. Оның жаман іске

ешқандай әуестігі жоқ екен. Өтірік айтқанды жек көретін бұл жігіттің

бойынан әр түрлі жақсы қасиеттер табылып жататын. Кішіпейіл де

қарапайым, әдепті бұл жігіт ел ортасында сыйлы болатын.

Ол бір күні өзеннің жағасына барып, жайғасып отырады.

Бір кезде өзеннің бетінде қалқып келе жатқан алманы

көзі шалады.

Алма біресе суға батып, біресе су бетіне шапшып шығып келе жатады.

Жігіт алманың әдемілігіне қызығып, алуға ыңғайланды. Алманы

қолға түсіргенде қатты қызыққаны соншалық, қалай тістеп қалғанын да

байқамайды. Әлден уақытта тамағын кермек дәм қарпып өткендей болып,

оның ойына бір нәрсе сап ете қалады.

“Бұл алма менің меншігімдегі

алма емес. Бөгде адамның

алмасын қалайша рұқсатсыз

жедім. Енді қайтсем де

алманың иесін тауып,

кешірім сұрауым керек”-деп

шешті.

Сөйтіп, алма ағып келген жаққа қарай

өзен бойлап жүріп отырды.

Ілгері жүрген сайын, өзенді жағалай өскен

бау-бақшаға тап болады.

Ол бір кезде бұтақтары иіліп жерге тиіп тұрған, самсаған алманың

ортасында алма теріп жүрген бақтың иесін көреді. Оның

теріп жатқан алмаларының кейбірі жерге, кейбірі өзенге түсіп,

өзенге түскендері ағып кетіп жатыр екен. Жігіттің қолындағы

алма да сол алмалардың бірі еді.

Бақ иесімен амандасқан жігіт, болған жайды түсіндірді.

Алманы қызығып жеп қойғанына өкініп кешірім сұрады.

Бақ иесі оның әдептілігі мен адалдығына таңырқап тұрып

қалды. Бір сәт ойланып:

- Жоқ, кешіре алмаймын.

Егер менің қолымда

біраз уақыт қызмет

етсең, ойланып көрейін.

Бәлкім кешірермін!-

дейді.

Бақ иесіне жігіттің шешімі ұнайды. Арада біраз

уақыт өтті.Бақ иесі жас жігітті жанына шақырып:

- Сені кешіретін уақыт келді.

Бірақ менің саған тағы бір шартым

бар. Соны орындасаң сені толық

кешіремін. Менің бір қызым бар,

екі көзі көрмейді, екі құлағы

естімейді. Қолдарында қуат,

аяқтарында күш жоқ болған соң

жүре де алмайды. Сол қызыма

үйленсең, саған екі дүниеде риза

болар едім,-дейді.

Алманы тістегеніне өкінген жігіт, бақ иесінің

алдында “келістім” деген ишара білдірді.

Дүркіреп тойда өтті. Қалыңдығын көретін кез келді.

Ол бұл кезге дейін қызды көрмеген болатын. Оны үнемі

“көзі көр, құлағы керең, жүре алмайтын қыз қандай болар екен?”

деген ой мазалайтын.

Осы ойлармен бөлмеге кіріп келгенде өз көзіне өзі сенбей

қалшиып тұрып қалды. Өйткені ол қарсы алдынан ай десе

аузы, күн десе көзі бар қыз шығады деп еш ойламаған еді.

Жігіт жалма-жан бөлмеден шықты да қыздың әкесіне

келді.Шатасып басқа бөлмеге кіріп кеткенін, әрі

айтылған қызға емес басқа қызға

тап болғанын түсіндірді.

- Ұлым сөзіме құлақ сал.

Сен ешқандай да қателескен жоқсың. Оның көзі

көрмейді дегенім, осы уақытқа дейін әдептен

озбаған, жаман нәрсеге қарамаған. Құлағы

естімейтіні, яғни ол жаман сөз тыңдамаған. Жүре

алмайтыны, өйткені жаман жерге аяқ баспағаны.

Екі қолында қуат жоқ. Ол ешқашан, жаман нәрсе

ұстамаған және ешқашан ұрлық жасамаған.

Алманы тістегенің үшін кешірім сұрап келген

кезде, мен сені қызыма лайық жігіт деп тапқанмын.

Сен менің күйеу балам болуға жарадың. Бара ғой.

Бүгіннен бастап ол саған адал жар болады.

Сендерге адал ниет берсін! Жеген алмаң кешірілді.

Алма бақта сенікі,-деп ризалығын білдіріпті.

Сөйтіп, жас жігіт өзінің

Әдептілігінің арқасында

мұратына жетіп, бақытты

ғұмыр кешіпті.

• Жігіттің қылығын қалай

бағалайсыздар?

• Бақ иесінің жігітті ұнату себебі

неде?

• Жігіт пен бақ иесінің қызының

қандай ортақ қасиеттері бар?

● Әдептілік адамның іс-әрекетінде қалай

көрініс табады?

● Адамның әдептілігін қалай білуге

болады?

● “Әдептілік - әдемілік” дегенді қалай

түсінесіңдер?

● Әдеп, әдеп сақтау, әдептілік деген не?

?

?

?

?

?

Әдептілікке елгезектік, тіл алғыштық,

сыпайылық, көрегендік, инабаттылық,

кішіпейілділік және басқа да жақсы, сүйкімді

қылықтар жатады. Әдепті адам өзіне және

өзгелерге, қоршаған ортаға түсіністікпен,

сыйластықпен, құрметпен қарайды. Әдеп

сақтау – адамгершіліктің белгісі. Адамның

айналамен қарым-қатынаста жағымды

қасиеттерді мәдениеттілікпен көрсете алуы

әдептілікке әкеледі.

Қабуснама. Мырзагелді

Кемел. Астана: Аударма,

2002.-176 бет.Асыл қасиет. Нұрлытай

Үркімбаева. Алматы:

Е.Өтетілеуұлы Әдептілік-

әдемілік

Алматы:Алматыкітап

Әдептан озбайық:

Мақалалар/Құраст.Ж.Б.-Алматы:

Қазақстан,1984.-184 б.Оразбекова К. Иман және

инабат Алматы. Ана тілі,

1993.-152 б.

Recommended