сабақ (21) шеңберге сырттай және іштей сызылған...

Preview:

Citation preview

GeoGebraСабақ 21

Шеңбрге сырттай және іштей сызылған көпбұрыштардың

аудандарының қатынасыДайындаған:

Байназаров ТалғатПайдаланған ресурс:

http://mathandmultimedia.com/2010/05/14/circle-area-cirumscribed-polygon/geogebra.org

Бұл сабақ алдыңғы сабақтың жалғасы болып табылады.Бұл сабақта шеңберге сырттай сызылған көпбұрыш саламыз .

ГеоГебраны ашқаннан кейін Файл-Ашу мәзірін таңдаңыз

Сақтамауды таңдаңыз

Алдыңғы сабақтың орналасуын тауып, ашуды басыңыз

Жанамалар құралын таңдаңыз

Жанама түзуін салу үшін шеңберге іштей сызылған үшбұрыштың бір төбесін , содан кейін шеңбердің өзін шертіңіз. Бұл қадамды тағы екі рет қайталаңыз.

Екі объектінің қиылысуы құралын таңдаңыз

Суреттегідей екі нүкте салыңыз.

Дұрыс көпбұрыш құралын таңдаңыз

Ретін сақтай отырып, E мен D нүктелерін шертіңіз. Суреттегідей мәзір шығады.

Нүктелер санын n деп өзгертіңіз

ОК басқаннан кейін суреттегідей фигура шығады.

Объектіні көрсету/жасыру құралын таңдаңыз

Барлық жанамаларды бір-бірден шертіңіз. Қалындықтары өзгеру тиіс.

Қозғау құралын тандағаннан кейін таңдалған объектілер жасырылады.

Мәтін құралын таңдап, суреттегідей мәтін теріңіз. ОК басыңыз.

ОК басқаннан кейін сызбаңыз суреттегідей болуы тиіс. Слайдер өлшемдерін өзгертіп көріңіз. Іштей және сырттай сызылған көпбұрыштар арасында қандай байланыс көріп тұрсыз?

Қабырғалар санын анықтайтын n слайдерін екі рет шерту арқылы баптаулар мәзіріне кіріп, макс. шаманы үлкейте аласыз.

Сақтауға басып, интерактивті сызбаңызды сақтап қойыңыз.

Recommended