170
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ АДАМ ҚҦҚЫҚТАРЫ ЖӚНІНДЕГІ КОМИССИЯ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ САУДАСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ САЛАСЫНДАҒЫ АДАМ ҚҦҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ӚЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ АРНАЙЫ БАЯНДАМА

Арнайы баяндама1.7 MB

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: Арнайы баяндама1.7 MB

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ

АДАМ ҚҦҚЫҚТАРЫ ЖӚНІНДЕГІ КОМИССИЯ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ САУДАСЫНА

ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ САЛАСЫНДАҒЫ АДАМ ҚҦҚЫҚТАРЫН

ҚОРҒАУДЫҢ ӚЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

АРНАЙЫ БАЯНДАМА

Page 2: Арнайы баяндама1.7 MB

2

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам қҧқықтары жӛніндегі комиссия

«Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы адам

қҧқықтарын қорғаудың ӛзекті проблемалары» арнайы баяндамасы. Жалпы

редакциясын басқарғандар Қуаныш Сұлтанов, Тастемір Әбішев, 2015. - 170 б.

Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары

жӛніндегі комиссияның «Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл

саласындағы адам құқықтарын қорғаудың ӛзекті проблемалары» атты арнайы баяндамасы (бұдан әрі

– баяндама) адам саудасына қарсы күрестің ӛзекті мәселелеріне, Қазақстандағы адам саудасы

құрбандарының құқықтары мен олардың арнайы әлеуметтік қызмет кӛрсетулерге ие болу

құқықтарын қамтамасыз етудің ахуалын кешенді талдауға арналған.

Баяндама Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 32-47.327 қарарымен мақұлданған.

Онда Қазақстандағы адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы ұлттық заңнама мен

құқық қолдану практикасының салыстырмалы талдауы, трафик құрбандары құқықтары

ахуалының бағасы, орын алып отырған проблемалар мен оларды шешу жолдары келтірілген.

Ішінара алғанда, адам саудасына қарсы іс-қимыл және адам саудасы құрбандарына

арнайы әлеуметтік қызмет кӛрсету саласындағы заңнама мен құқық қолдану

практикасындағы, қатыгездік қарым-қатынастың, соның ішінде трафиктің құрбандарының

әлеуметтік-құқықтық қорғалуы деңгейіндегі ақтаңдақтар айқындалған.

Баяндама Адам құқықтары жӛніндегі комиссияның ӛзінің ӛткен уақыт аралығы

ішіндегі құқық қорғау қызметінің және оның арнайы зерттеулерінің нәтижелеріне

негізделген. Онда Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен үкіметтік емес

құқық қорғау ұйымдарының, Халықаралық кӛші-қон ұйымының (ХКҚҰ) Қазақстандағы

ӛкілдігінің, басқа да халықаралық ұйымдардың мәліметтері кеңінен тартылған.

Баяндама қорытындылар мен заңсыз кӛші-қон мен адам саудасы фактілерін

болдырмау, адам саудасы құрбандарының қылмыстық іс жүргізуден тыс құқықтық

мәртебесінің анықтамасын заңнамалық бекіту, трафик құрбандарын қорғау тетіктерін

жетілдіру, Адам саудасының құрбандарына арнайы әлеуметтік қызмет кӛрсетудің бірыңғай

стандартын әзірлеу және қабылдау, адамды саудаға салушылардың жауапкершілігін күшейту,

адам саудасына қарсы іс-қимыл саласында құқық қорғау органдарының ҮЕҰ-мен ӛзара іс-

қимылын нығайту, құқық қорғау органдары қызметкерлері мен ҮЕҰ үшін білім

бағдарламаларын дамыту, қоғамдағы әлеуметтік жанжалдар тәуекелдерін тӛмендету және т.б.

жӛніндегі ұсынымдарды қамтиды.

Баяндамада қамтылған материалдар биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот

тармақтары органдарына, құқық қорғау және құқық қолдану органдарына, адвокаттарға, адам

құқықтарын соттан тыс қорғау институттары, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдар,

басқа да қоғамдық бірлестіктер, Қазақстанда аккредиттелген дпломатиялық қызметтер

ӛкілдеріне пайдалы болады.

Бұл жарияланым (есеп) Халықаралық кӛші-қон ұйымының Қазақстандағы ӛкілдігінің

техникалық қолдауымен дайындалды. Жарияланым (есеп) материалдары ХКҚҰ ресми

кӛзқарасын кӛрсетуі міндетті емес.

Page 3: Арнайы баяндама1.7 MB

3

МАЗМҦНЫ

ТЕРМИНОЛОГИЯ.......................................................................................................................................................... 5

I БӚЛІМ. ӘЛЕМДЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӚШІ-ҚОН ПРОЦЕСТЕРІ

БАРЫСЫНДАҒЫ АДАМ САУДАСЫНЫҢ АХУАЛЫН ТАЛДАУ ................................................................... 10

Кіріспе ............................................................................................................................................ 10

1.1. Адам саудасы ұғымы, адам саудасының түрлері мен олардың жіктемесі.......................20

1.2. Мигранттарды заңсыз алып кіру элементтері .................................................................... 21

1.3. Адам саудасының және мигранттарды заңсыз алып кірудің негізгі айырмашылықтары

мен ұқсастықтары ......................................................................................................................... 21

1.4. Адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы заңдылықтың жай-күйі туралы және

Қазақстандағы адам құқықтарының сақталуы мәселелері ....................................................... 23

II БӚЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ САУДАСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДЫ

НОРМАТИВТІК-ҚҦҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ .......................................... 31

2.1. Адам саудасымен күрес саласындағы ұлттық заңнама ..................................................... 31

2.2. Адам саудасына қарсы іс-қимылдың халықаралық-құқықтық тетіктері ......................... 37

2.3. Балаларды қанаудан қорғаудың халықаралық-құқықтық ұстанымдары ......................... 42

2.3.1. Адам саудасына қарсы іс-қимылдың ұлттық тетіктері....................................................... 45

2.4. Әйелдерді адам саудасынан және кемсітуден қорғаудың ................................................. 49

халықаралық-құқықтық кепілдіктері .......................................................................................... 49

2.4.1. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күрес ................................................................ 51

2.5. Адам саудасына қарсы іс-қимылдың шетелдік тәжірибесі ............................................... 53

2.6. 1-ші и 2-ші бӛлімдердің ұсынымдары ................................................................................. 65

III БӚЛІМ. АДАМ САУДАСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ............................................................................................... 68

3.1. Кіріспе ..................................................................................................................................... 68

3.2. Адам саудасының қозғаушы факторлары ........................................................................... 69

3.3. Зерттеулер жүргізу және мәліметтер жинау ....................................................................... 71

3.4. Білім беру және құқықтық ағарту ........................................................................................ 73

3.5. Жұртшылықты хабардар ету мәселелері ............................................................................. 75

3.7. Адам саудасымен күрестегі бұқаралық ақпарат құралдарының рӛлі .............................. 79

3.8. Адам саудасымен күрестегі азаматтық қоғамның рӛлі ..................................................... 81

3.9. Адам саудасына қарсы іс-қимылдағы халықаралық ұйымдардың рӛлі ........................... 84

3.10. Адам саудасымен күрестегі мемлекеттік және құқық қорғау органдарының рӛлі....... 86

3.11. Адам саудасымен күреске жеке секторды тарту .............................................................. 90

3.12. Сыбайлас жемқорлықпен күрес ......................................................................................... 91

3.13. 3-ші бӛлімнің ұсынымдары: ............................................................................................... 92

IV БӚЛІМ. АДАМ САУДАСЫ ҚҦРБАНДАРЫН СӘЙКЕСТЕНДІРУ ЖӘНЕ ҚҦҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ 95

4.1. Адам саудасы құрбандарын сәйкестендіру ........................................................................ 95

4.2. Адам саудасының құрбаны болған балаларды сәйкестендіру .......................................... 98

Page 4: Арнайы баяндама1.7 MB

4

4.3. Қазақстандағы адам саудасы құрбандарының құқықтарын қорғау проблемалары ........ 99

4.4. Адам саудасының құрбандарына қатысты адам құқықтарын қорғаудың стандартты

халықаралық принциптері ......................................................................................................... 101

4.5. Қылмыстан зардап шеккендерге, соның ішінде адам саудасының құрбандарына зиянын

ӛтеу мәселелері ........................................................................................................................... 106

4.5.1. Қылмыстық істің, соның ішінде адам саудасының құрбандарына зиянын ӛтеу

саласындағы негізгі халықаралық-құқықтық актілер ................................................................. 106

4.5.2. Адам саудасының құрбандарына зиянын ӛтеу саласындағы ұлттық заңнама мен құқық

қолдану практикасы ....................................................................................................................... 111

V БӚЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ САУДАСЫ ҚҦРБАНДАРЫНА ҚЫЗМЕТ

КӚРСЕТУ ЖҤЙЕСІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ............................................................................ 119

5.1. Адам саудасы құрбандарына кӛмек кӛрсету жӛніндегі жұмысты институционалдық

ұйымдастыру ............................................................................................................................... 119

5.2. Гендерлік ағат пікірлер ....................................................................................................... 120

5.3. Дағдарыстық орталықтардың қызметі және олардың проблемалары туралы .............. 121

5.4. Адам саудасы құрбандарына әлеуметтік және заңгерлік қызмет кӛрсетудегі

кедергілер.....................................................................................................................................123

5.5. Қазақстандағы адам саудасы құрбандарына кӛрсетілген қызметті бағалау

(әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерінің негізінде) ................................................................ 124

5.5.1. Мәліметтерді жинақтау әдістері ......................................................................................... 126

5.5.2. Адам саудасы құрбандарымен сұхбаттың нәтижелері ..................................................... 129

5.5.3. Адам саудасы құрбандарына әлеуметтік қызмет кӛрсететін мамандармен сұхбаттың

нәтижелері ....................................................................................................................................... 134

5.6. Қатыгездік қарым-қатынастың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және адам

саудасының құрбандарына арнайы әлеуметтік қызмет кӛрсету стандарты ........................ 137

5.6.1. Қатыгездік қарым-қатынастың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және адам

саудасының құрбандары үшін уақытша тұруы жағдайында (қорғаудағы тұрғын үй) халықты

әлеуметтік қорғау саласындағы арнайы әлеуметтік қызмет кӛрсету стандарттарының

жобасына түсіндірме жазба ........................................................................................................... 139

5.6.2. Қатыгездік қарым-қатынастың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және адам

саудасының құрбандары үшін уақытша тұруы жағдайында (қорғаудағы тұрғын үй) халықты

әлеуметтік қорғау саласындағы арнайы әлеуметтік қызмет кӛрсету стандарттарының жобасы

.......................................................................................................................................................... 141

5.7.5-ші және 4-ші бӛлімдердің ұсынымдары: ........................................................................ 161

ҚОРЫТЫНДЫ ............................................................................................................................................................ 164

ҚОСЫМША ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ПЕН ДЕРЕК КӚЗДЕРІНІҢ ТІЗІМІ..................................... 169

Page 5: Арнайы баяндама1.7 MB

5

Терминология

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары

жӛніндегі комиссияның «Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы

іс-қимыл саласындағы адам құқықтарын қорғаудың ӛзекті проблемалары» атты

арнайы баяндамасында БҰҰ Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы

конвенциясын толықтыратын Адамның, әсіресе әйелдер мен балалар

саудасының алдын алу және жолын кесу әрі ол үшін жазалау туралы хаттамада,

БҰҰ Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын толықтыратын

Мигранттарды құрлық, теңіз және әуе жолымен заңсыз алып кіруге қарсы

хаттамада, Барлық еңбекші-мигранттар мен олардың отбасы мүшелерінің

құқықтарын қорғау туралы халықаралық конвенцияда, Еуропа Кеңесінің Адам

саудасына қарсы іс-қимыл туралы конвенциясында, сондай-ақ «Халықтың кӛші-

қоны туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызмет кӛрсетулер туралы»,

«Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының

заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған ӛзге де

конвенцияларда және келісімдерде кӛзделген терминдер мен ұғымдар

пайдаланылды.

Адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық терминдер

«Адам саудасы»қанау мақсатында жүзеге асырылатын адамдарды

азғырып-кӛндіруді, тасымалдауды, біреулерге беруді, жасыруды немесе күшпен

қорқытуды, оны қолдануды немесе мәжбүрлеудің басқа түрлерін,ұрлауды,

алаяқтықты, алдауды, билікті немесе жағдайдың осалдығын ӛрескел

пайдалануды қолданyжолымен, не болмаса басқа адамды бақылайтын адамның

келісімін алу үшін тӛлем немесе тиімділік беру түрінде сатып алу жолымен

алуды блдіреді. Қанау кем дегенде басқа адамдардың жезӛкшелігін қанауды

немесе сексуалдық қанаудың басқа нысандарын, мәжбүрлі еңбекті немесе

қызмет кӛрсетуді, құлдықты немесе құлдыққа ұқсас әдет-ғұрыптарды, еріксіздік

жағдайын немесе ағзасын алып қоюды қамтиды1;

«Адам саудасының қҧрбандары» - адамды саудаға салу қылмысының

құрбаны болып табылатын адам2;

«Еріксіз еңбек» – экономикалық себептерге байланысты туындайтын

тәуелділік жағдайында қызметкердің ұсынатын қызметтері. Кӛбінесе бұл –

қарыз немесе берілген аванс себебінен берешектер. Себеп қарыз болған кезде

қызметкердің (немесе оның асырауындағы адамдар, немесе мұрагерлері) белгілі

1Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы БҰҰ Конвенциясын толықтыратын Адамдар, әсіресе әйелдер мен

балалар, саудасының алдын алу мен жолын кесу және ол үшін жазалау туралыБҰҰ хаттамасы, 3-бап,2000 ж. 2Кӛші-қон саласындағы терминология бойынша анықтамалық,Халықаралық кӛші-қон ұйымы, 2011 ж.

Page 6: Арнайы баяндама1.7 MB

6

бір немесе белгісіз кезеңге қарыз тӛленгенге дейін нақты кредитормен

байланысты болуы салдары болып табылады3;

«Мәжбҥрлі/міндетті еңбек» – қандай да бір адамнан қандай да бір

жазалау қаупімен талап етілетін кез келген жұмыс немесе қызмет4;

«Қарыздық кіріптарлық» –егер орындалатын жұмыстың тиісті

дәрежеде анықталатын құндылығы қарызды ӛтеуге есептелмесе немесе егер бұл

жұмыстың ұзақтығы шектелмеген және оның сипаты анықталмаған болса,

борышкердің ӛзінің жеке еңбегінің немесе оған тәуелді адамның еңбегінің

қарызын қамтамасыз етуге кепілдік салуы салдарынан туындайтын жағдайы

немесе күйі5;

«Мәжбҥрлеу» - денелік зорлық-зомбылық немесе денелік күш кӛрсету

қауіптері арқылы мәжбүр ету6;

«Қҧлдық» - меншік құқығының атрибуттары немесе олардың кейбіреуі

қолданылатын адамның жай-күйі мен жағдайы (Құлдық туралы конвенцияның

1-бабы, 1926 ж., Құлдық туралы конвенцияға ӛзгерістер енгізу туралы хаттама,

1953 ж.). Осылайша, құлдықтың негізгі элементі біреудің ӛміріне ие болу

немесе бақылау, жүріп-тұруын мәжбүрлеу және шектеу, сондай-ақ жұмыс

берушіден кету немесе ауыстыра алу мүмкіндігінің жоқтығы болып табылады

(мысалы, дәстүрлі құл еңбегі, еріксіз еңбек, мәжбүрлі еңбек және ғұрыптық

немесе діни мақсаттар үшін құлдық)7;

«Реадмиссия» – мемлекеттің басқа мемлекетке заңсыз кірген немесеонда

болған адамға (ӛз азаматына, үшінші ел азаматына немесе азаматтығы жоқ

адамдарға) қайтадан кіру үшін берілетін рұқсаттамасы8;

«Бала» – әрбір адам баласы 18 жасқа толғанға дейін, егер осы балаға

қолданылатын заң бойынша ол кәмелеттік жасқа бұрынырақ толып қоймаса,

бала болып саналады9;

«Балалар еңбегінің ең жаман тҥрлері» – құлдықтың немесе құлдыққа

ұқсас (адам саудасы, қарыздық кіріптарлық, мәжбүрлі немесе міндетті еңбек,

соның ішінде балаларды әскери жанжалдарда қолдану үшін міндетті түрде

жалдау) институттар және әдет-ғұрыптар; баланы жезӛкшелікпен айналысу

үшін, порнография, порнографиялық кӛрсетілімдер жасау үшін пайдалану,

сатып алу немесе ұсыну; баланы заңсыз қызметпен айналысу үшiн, атап

айтқанда есiрткi заттарды ӛндiру және сату үшiн пайдалану, азғырып-кӛндіру

немесе ұсыну;ӛзiнiң орындалу жағдайы немесе сипаты жағынан балалардың

денсаулығына, қауiпсiздiгiне немесе адамгершiлiгiне зиян келтiруi мүмкiн

жұмысты қамтиды10

;

3Кӛші-қон саласындағы терминология бойынша анықтамалық,Халықаралық кӛші-қон ұйымы, 2011 ж.

4Халықаралық Еңбек Бюросының Кеңесiнін Мәжбүрлi немесе мiндеттi еңбек туралы № 29 Конвенция, 2 (1) бап,

1930 ж. 5Құлдықты жою туралы БҰҰ қосымша конвенциясы, 1956 ж.

6Кӛші-қон саласындағы терминология бойынша анықтамалық,Халықаралық кӛші-қон ұйымы, 2011 ж.

7Кӛші-қон саласындағы терминология бойынша анықтамалық,Халықаралық кӛші-қон ұйымы, 2011 ж.

8Кӛші-қон саласындағы терминология бойынша анықтамалық,Халықаралық кӛші-қон ұйымы, 2011 ж.

9Бала құқықтары туралы БҰҰ-ның Конвенциясы, 1-бап, 1989 ж.

10Кӛші-қон саласындағы терминология бойынша анықтамалық, Кӛші-қон жӛніндегі халықаралық ұйым, 2011 ж.

Page 7: Арнайы баяндама1.7 MB

7

«Қанау» – бір нәрсені немесе біреуді пайдаланумен байланысты

әрекеттер, атап айтқанда біреуді біреудің жеке пайдасы үшін (мысалы,

сексуалдық пайдалану, мәжбүрлі еңбек, құлдық немесе құлдыққа ұқсас

институттар және ғұрыптар, еріксіз жағдай немесе адам мүшелерін алу)11

;

«Балаларды пайдалану» – 1989 ж. Бала құқықтары туралы конвенцияға

және 1999 ж. Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне тыйым салу және жою

жӛніндегі шұғыл шаралар туралы конвенцияға сәйкес балаларды пайдалану

келесіні құрайды: экономикалық қанау (оның денсаулығына қауіп тӛндіретін

немесе білім алуына кедергі келтіретін немесе денсаулығына зиян, дене

бітімінің, ақыл-есінің жетілуіне, рухани және моральдық, әлеуметтік жағынан

дамуына нұқсан келтіретін кез келген жұмыс), сексуалдық пайдалану (заңсыз

сексуалдық қызметке, жезӛкшелікпен айналысуға, балалар порнографиясы үшін

пайдалану), балаларды ұрлау, саудаға салу немесе балаларды кез келген түрде

контрабандалау12

;

«Адам саудасымен байланысты қылмыстар» -БҰҰ-ның Адам саудасы

туралы хаттамасында және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде

кӛзделген қылмыстар.

«Мигранттарды заңсыз елге әкелу»тікелей немесе жанама жолмен

қандай да болмасын бір қаржылық немесе басқа материалдық пайда алу

мақсатында, қандай да болмасын мемлекетке оның азаматы болып

табылмайтын немесе оның территориясында тұрақты түрде тұрмайтын кез

келген тұлғаның заңсыз түрде кіруін қамтамасыз ету дегенді білдіреді13

. Заңсыз

әкелуде адам саудасына қарағанда пайдалану, мәжбүрлеу немесе адам

құқықтарын бұзу элементтері жоқ14

;

«Келуге/кетуге арналған жалған қҧжат немесе жеке куәлiк»:

мемлекет атынан келуге/кетуге арналған құжатты немесе жеке

куәлiктiдайындауға немесе беруге заңды тәртiппен уәкiлеттiк берiлгендерiнен

басқа,кез келген адам немесе мекеме жалған жасаған немесе қандай да бiр

материалдық түрде ӛзгертiлген; немесе

тиiсiнше берiлмеген немесе жалған деректер ұсыну, сыбайлас жемқорлық

немесе мәжбүрлеу немесе қандай да бiр ӛзге заңсыз түрде алынған; немесе

заңсыз иесiнен ӛзге адам пайдаланатын кез келген келу/кету құжатын

немесе жеке куәлiктi бiлдiредi15

;

«Мигрант» термині Халықаралық кӛші-қон ұйымы Конституциясының

1.1 (а) бабында Адамның кӛшіп-қону туралы шешімді еркін, «жеке басына

қолайлығы» себепті және сыртқы мәжбүрлеуші факторлардың араласуынсыз

қабылдаған барлық жағдайларын белгілеу үшін қолданылады деп кӛрсетілген;

11

Кӛші-қон саласындағы терминология бойынша анықтамалық, Кӛші-қон жӛніндегі халықаралық ұйым, 2011 ж. 12

Кӛші-қон саласындағы терминология бойынша анықтамалық, Кӛші-қон жӛніндегі халықаралық ұйым, 2011 ж. 13

БҰҰ-ның Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы Конвенциясын толықтыратын Құрлық, теңіз және әуе

бойынша мигранттарды заңсыз елге әкелуге қарсы Хаттама, 3-бап, 2000 ж. 14

Кӛші-қон саласындағы терминология бойынша анықтамалық, Кӛші-қон жӛніндегі халықаралық ұйым, 2011 ж. 15

БҰҰ-ның Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы Конвенциясын толықтыратын Құрлық, теңіз және әуе

бойынша мигранттарды заңсыз елге әкелуге қарсы Хаттама, 3-бап, 2000 ж.

Page 8: Арнайы баяндама1.7 MB

8

Еңбекші-мигрант – ӛзі азаматы болып табылмайтын мемлекетте ақылы

қызметпен айналысатын, айналысып жатқан немесе айналысқан адам16

;

«Бару елі» – кӛші-қон легінің (заңды немесе заңсыз) бару орны болып

табылатын ел17

;

Шығу елі - кӛші-қон легінің (заңды немесе заңсыз) қайнар кӛзі болып

табылатын ел18

;

«Транзит ел»кӛші-қон легі (заңды немесе заңсыз) жүретін елді

білдіреді19

;

«Адам саудасы қҧрбандарын сәйкестендіру» - Құрбандарды айқындау

шешуші мәнге ие және кӛбінесе тереңделген тергеулер жүргізуді талап ететін

шетін мәселе. Адам саудасы құрбанын айқындау міндетін лайықсыз іске асыру

оның негізгі құқықтарының бұзылуына алып келуі және адам саудасына кінәлі

адамдарды жауапқа тарту үшін қажетті куәгерлік жауаптардың салдарын жоюы

мүмкін20

;

«Оңалтуға және ойлануға арналған кезең» («бағдарлық кезең» ретінде

де белгілі) адамға ол құрбан болып табылады деп ойлауға ақылға қонымды негіз

бар болған жағдайда оңалу және ойлану үшін берілетін ұзақтығы 30 күннен кем

емес кезең. Бұл кезең адамның саудаға салушылармен байланыстан қаша

отырып оңалтудан ӛту мүмкіндігін алуы үшін және/немесе құзырлы

органдармен ынтымақтастық туралы негізделген шешім қабылдай алуы үшін

жеткілікті болуға тиіс. Бұл кезеңнің ішінде оған қатысты оны елден шығару

жӛніндегі ешқандай шаралар қолданылуы мүмкін емес21

;

«Реттелетін кӛші-қон» - мойындалған заңды арналар арқылы болатын

кӛші-қон22

;

Реттелмейтін кӛші-қон – жӛнелту елінің, транзиттік және қабылдаушы

елдердің реттеуші нормаларынан тыс болатын жүріп-тұру. Реттелмейтін кӛші-

қонның нақты немесе жалпыға ортақ қабылданған анықтамасы жоқ. Бару елі

тұрғысынан – бұл заңсыз кіру, осы елде болу немесе жұмыс істеу. Бұл

мигранттың иммиграция заңнамасына сәйкес осы елге кіруге, онда тұруға

немесе жұмыс істеуге қажетті рұқсаты немесе құжаттары жоқ дегенді білдіреді.

Шығу елі тұрғысынан мысалы, адам халықаралық шекарадан тӛлқұжатсыз

немесе жол жүру құжатынсыз, не осы елден шығуға қойылатын әкімшілік

талаптарды сақтамай ӛткен жағдайлар заңсыз болып табылады. «Заңсыз кӛші-

қон» терминінің пайдаланылуын шектеу және оны мигранттарды заңсыз әкелу

мен адамдар саудасына қатысы болғанда ғана қолдану беталысы орын алады23

.

16

Барлық еңбекші-мигранттар мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы халықаралық

конвенцияның 2-бабы, 1990 ж. 17

Кӛші-қон саласындағы терминология бойынша анықтамалық, Халықаралық кӛші-қон ұйымы, 2011 ж. 18

Кӛші-қон саласындағы терминология бойынша анықтамалық, Халықаралық кӛші-қон ұйымы, 2011 ж. 19

Кӛші-қон саласындағы терминология бойынша анықтамалық, Халықаралық кӛші-қон ұйымы, 2011 ж. 20

Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы Еуропа Кеңесінің Конвенциясы, 10 бап, 2005 ж. 21

Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы Еуропа Кеңесінің Конвенциясы, 13 бап, 2005 ж. 22

Кӛші-қон саласындағы терминология бойынша анықтамалық,Халықаралық кӛші-қон ұйымы, 2011 ж. 23

Кӛші-қон саласындағы терминология бойынша анықтамалық, Халықаралық кӛші-қон ұйымы, 2011 ж.

Page 9: Арнайы баяндама1.7 MB

9

2011 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының

«Халықтың кӛші-қоны туралы» Заңына сәйкес:

кӛшіп-қонушысебебі мен ұзақтығына қарамастан, Қазақстан

Республикасына келген және Қазақстан Республикасынан кеткен, сондай-ақ

Қазақстан Республикасының ішінде қоныс аударушы адам болып табылады;

кӛші-қон – жеке тұлғалардың бір мемлекеттен екінші мемлекетке,

сондай-ақ мемлекет ішінде тұрақты немесе уақытша, ерікті түрде немесе

мәжбүрлі түрде қоныс аударуы;

еңбек кӛші-қоны – еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жеке тұлғалардың

басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына және Қазақстан

Республикасынан, сондай-ақ мемлекет ішінде уақытша қоныс аударуы;

заңсыз кӛшіп келу – шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың

келу және болу тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын,

сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитті жолжүруді

бұза отырып, Қазақстан Республикасына келуі және Қазақстан

Республикасында болуы;

заңсыз кӛшіп келуші – Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза

отырып, Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасында

болатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;

кӛшіп келу – шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың

Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келуі;

кӛшіп келуші – Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру

үшін келген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;

тҧрақты тҧруға арналған рҧқсат – Қазақстан Республикасының

заңнамасындабелгіленген талаптарды сақтаған кезде кӛшіп келушілерге ішкі

істер органдары беретін және оларға Қазақстан Республикасының аумағында

тұрақты тұру құқығын беретін құжат;

уақытша тҧруға арналған рҧқсат (тіркеу) – Қазақстан

Республикасының заңнамасындабелгіленген талаптарды сақтаған кезде кӛшіп

келушілерге ішкі істер органдары беретін және болу мақсатына қарай оларға

Қазақстан Республикасының аумағында белгілі бір мерзімге тұру құқығын

беретін құжат;

халықтың кӛші-қоны мәселелері жӛніндегі уәкілетті орган – кӛші-қон

процестерін реттеуді және халықтың кӛші-қоны саласындағы жұмысты

үйлестіруді ӛз құзыреті шегінде жүзеге асырушы мемлекеттік орган;

шетелдік қызметкерге жҧмысқа орналасуға берілетін рҧқсат –

Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын адамдардың тізбесіне

кіретін шетелдік қызметкерге Қазақстан Республикасында ӛз бетінше жұмысқа

орналасу үшін халықтың кӛші-қон мәселелері жӛніндегі уәкілетті орган бӛлген

квота шегінде жергілікті атқарушы орган беретін белгіленген нысандағы құжат;

ішкі кӛші-қон – жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының ішінде

тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында қоныс аударуы;

Page 10: Арнайы баяндама1.7 MB

10

ішкі кӛшіп-қонушы – тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында қоныс

аударушы немесе Қазақстан Республикасының ішінде ӛз бетінше қоныс

аударушы адам;

этникалық кӛшіп-қонушы – шетелде тұрақты тұратын ұлты қазақ

шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.

2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының

«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңына сәйкес:

арнаулы әлеуметтік қызметтер - ӛмірлік қиын жағдайда жүрген адамға

(отбасына) туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды

қамтамасыз ететін және оның қоғам ӛміріне қатысуына басқа азаматтармен тең

мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешені;

арнаулы әлеуметтік қызметтер кӛрсететін субъектілер - арнаулы

әлеуметтік қызметтер кӛрсету жӛніндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес

секторларда жұмыс істейтін жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

арнаулы әлеуметтік қызметтер кӛрсету стандарттары- арнаулы

әлеуметтік қызметтер кӛрсету сапасын, кӛлемін және шарттарын белгілейтін

нормативтік құқықтық актілер;

әлеуметтік бейімсіздік - жеке адамның әлеуметтік ортамен ӛзара

байланысының бұзылуы;

әлеуметтік депривация - адамның (отбасының) негізгі ӛмірлік

қажеттіліктерін ӛз бетінше қанағаттандыру мүмкіндігін шектеу және (немесе)

одан айрылу;

әлеуметтік қызметкер - арнаулы әлеуметтік қызметтер кӛрсететін және

(немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындауды

жүзеге асыратын, белгіленгенталаптарғасәйкес келетін қажетті біліктілігі бар

қызметкер;

әлеуметтік орта - адамның (отбасының) ӛмір сүруінің, қалыптасуы мен

қызмет атқаруының материалдық, экономикалық, әлеуметтік, саяси және

рухани жағдайларының жиынтығы;

ӛмірлік қиын жағдай - адамның тыныс-тіршілігін объективті түрде

бұзатын, ол оны ӛз бетінше еңсере алмайтын, осы Заңда кӛзделген негіздер

бойынша танылған ахуал.

I БӚЛІМ. ӘЛЕМДЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА

КӚШІ-ҚОН ПРОЦЕСТЕРІ БАРЫСЫНДАҒЫ АДАМ САУДАСЫНЫҢ

АХУАЛЫН ТАЛДАУ

Кіріспе

Адам саудасы елеулі трансұлттық қылмыс және адамның құқықтары мен

бостандығын ӛрескел бұзу болып табылады. Адам саудасы – бұл барша

адамзаттың проблемасы, ол қандай да бір дәрежеде әлемнің әрбір еліне

қатысты, ұлттық қауіпсіздікке және мемлекеттің экономикалық тұрақтылығына

Page 11: Арнайы баяндама1.7 MB

11

қатер тӛндіріп, азаматтардың ӛмірі мен әл-ауқатына нақты қауіп тудыруда.

Жыл сайын жүздеген мың ерлер, әйелдер мен балалар ӛз елдерінде және

шетелдерде адам саудасының құрбандарына айналады. Адам саудасының

құрбандары қанаудың мәжбүрлі еңбекті, сексуалдық қанауды, құлдықты немесе

құлдыққа ұқсас әдет-ғұрыптарды, еріксіздік жағдайы мен ағзаларын алып

қоюды қоса алғандағы әрқилы түрлеріне ұшырайды.

Адам саудасына жағдай жасайтын факторлар әр қилы және бір елде

екінші елден ерекше. Алайда әмбебап себептер бар, олардың ішінде кедейлік,

экономикалық және әлеуметтік теңсіздік, сыбайлас жемқорлық, саяси

тұрақсыздық, адам құқықтарының сақталмауы, әлеуетті құрбандардың тұрған

елінде мүмкіндігі жоқ болуынан жұмыс іздеп кӛшіп-қонуы бар. Адам

саудасының ӛркендеуіне жағдай жасайтын елеулі фактор арзан жұмысшы күші

мен ақылы жыныстық қызмет кӛрсетулерге сұраныстың болуы болып

табылатынын атап ӛту маңызды.

Қазіргі уақытта дүние жүзіндегі адам саудасы құрбандарының жалпы

саны бойынша дәл бағасы жоқ. Бұл бірінші кезекте адам саудасы фактілерінің

барлық фактілері бірдей елдердің ресми қылмыстық-құқықтық статистикасына

кіре бермейтінімен байланысты, ӛйткені адам саудасы ӛз сипаты бойынша

жасырын қылмыс болып табылады және адам саудасының құрбандары құқық

қорғау жүйесіне сенімсіздік таныта отырып, не болмаса елеулі қылмыстың

құрбаны болғанын толық түсіне алмай адамды саудаға салушылар тарапынан

қудалаудан қорқып оларға қатысты жасалған қылмыстық әрекеттер туралы

барлық уақытта бірдей хабарлай бермейді.

Әлемде адам саудасына қатысты жаһандық ахуалдың әртүрлі жуық

бағалары бар.

2014 жылы жарияланған БҰҰ Есірткі және қылмыс жӛніндегі

басқармасының адам саудасы туралы Дүниежүзілік баяндамасы кӛрсеткендей,

әлемде балалар, әйелдер мен ерлер адам саудасынан қорғалған жер жоқ. БҰҰ

ЕҚБ-на ұлттық биліктер ұсынған ресми деректер адам саудасының тек

анықталған жағдайларын ғана кӛрсетеді. Қазіргі заманғы құлдықтың ауқымы

анағұрлым кӛп екені айдан анық. Сондай-ақ баяндамада адам саудасының

белгілі құрбандарының әрбір үшіншісі – бала екені айтылады, яғни 2007-2010

жылдармен салыстырғанда құрбан болған балалар санының артуы байқалады.

Құрбан болған балалардың үштен екісі – қыздар, олар әйелдермен бірге бүкіл

дүние жүзіндегі айқындалған адам саудасы құрбандарының жалпы кӛлемінің 70

пайызын құрайды24.

«Пайда және кедейлік: мәжбүрлі еңбек экономикасы» атты баяндамада

ұсынылған Халықаралық еңбек ұйымының бағалауы бойынша қазіргі таңда

әлемде мәжбүрлі еңбек есебінен алынған заңсыз пайда жылына 150 миллиард

24

БҰҰ Есірткі және қылмыс жӛніндегі басқармасының адам саудасы туралы Дүниежүзілік баяндамасы, 2014 ж.,

http://www.unodc.org/documents/human-trafficking/2014/GLOTIP_2014_full_report.pdf

Page 12: Арнайы баяндама1.7 MB

12

долларды құрайды және еріксіз жұмыстарға шамамен 21 миллион адам

жұмылдырылған25

.

Еуроодақтың статистикалық қызметі 2014 жылы жариялаған адам саудасы

жӛніндегі деректерге сәйкес Еуропалық Одаққа қатысушы 28 елдің аумағында

2010-2012 жылдары 30146 адам саудасының құрбаны және адам саудасы үшін

қылмыстық қудалаудың 8551 фактісі тіркелген26

.

ЮНИСЕФ-тің мәліметтері бойынша жыл сайын дүние жүзінде 1,2

миллиондай бала адам саудасының құрбаны болады. Кӛп миллиондық бизнес

болып табылатын бұл сауда балаларды денелік және жыныстық зорлық-

зомбылыққа және ауыр эмоциялық күйзеліске ұшыратады27

.

2014 жылдың соңында Walk Free Foundation (WFF) қазіргі заманғы

құлдық пен адам саудасына қарсы жаһандық қозғалысының баяндамасы

жарияланды, онда дүние жүзінде 35 миллионнан астам адамның қазіргі заманғы

құлдық нысанының тұзағына ілінгені хабарланады және мәжбүрлі еңбектің,

адам саудасының, мәжбүрлі некенің, қарыздық кіріптарлық және коммерциялық

сексуалдық қанаудың кең тарағаны атап ӛтілген. Жыл сайын WFF Жаһандық

құлдық индексін жариялап отырады, соған сәйкес 2014 жылы Қазақстан әлемнің

167 елінің ішінен 93 орынды иеленеді (бір жыл бұрын 162 елдің ішіндегі 85

орында болған). WFF есептеуі бойынша 2014 жылы адам саудасының мәжбүрлі

еңбекті қоса алғандағы барлық нысандарының орбитасына тартылғандар саны

58791 адамды құраған28

.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы адам саудасы құрбандарының

баратын елі, шыққан елі және транзит елі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ӛзінің 2012

жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан

мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында он

жаһандық сын-қатерлерді атап кӛрсетті. Екінші сын-қатер – бұл жаһандық

демографиялық теңгерімсіздік, ол күн сайын ӛткірленіп, жаңа кӛші-қон

толқынын қалыптастырады және бүкіл әлем бойынша әлеуметтік шиеленісті

күшейтеді. Кӛптеген елдердегі туудың тӛмендігі мен адамзаттың егделенуі

еңбек нарығындағы проблемаларды, ішінара алғанда, еңбек ресурсының

жетіспеуін арандатады.

Президент мемлекеттің жыныстық құлдықтың әбден асқынған

жағдайларының, әйелге тауар ретінде қараудың қатаң жолын кесуге, әйелдер

мен балаларға қатысты кез келген зорлық-зомбылықтың жолын кесуге

тиіс екенін ерекше атап ӛтті және әйелдер мен балаларға бағытталған

25

ДСҰ-ның «Пайда және кедейлік: мәжбүрлі еңбек экономикасы» баяндамасы, 2014 ж.,

http://www.un.org/russian/news/story.asp?NewsID=21671 26

«Адам саудасы» Еуростат статистикалық баяндамасы, 2014 ж. баспа, http://ec.europa.eu/dgs/home-affairs/what-

is-new/news/news/docs/20141017_working_paper_on_statistics_on_trafficking_in_human_beings_en.pdf 27

Балалардың тәуекелді мінез-құлыққа, жыныстық қанаушылыққа және Қазақстандағы адам саудасына

осалдығын бағалау, Қазақстан Республикасындағы БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қоры, 2014 ж.,

http://www.unicef.kz/files/00001023.pdf?sid=76us8c2h287k1e 28

Жаһандық құлдық индексі,Walk Free Foundation қазіргі заманғы құлдық пен адам саудасына қарсы жаһандық

қозғалыстың баяндамасы, 2014 ж., http://www.globalslaveryindex.org/

Page 13: Арнайы баяндама1.7 MB

13

қылмыстар, соның ішінде адам саудасы ҥшін жазаны қатайту бӛлігінде

заңнаманы жетілдіру жӛнінде тапсырма берді.

Айқындалған және Халықаралық кӛші-қон ұйымынан кӛмек алған адам

саудасының құрбандары бойынша статистикалық мәліметтерге сәйкес 2004-

2014 жылдары Қазақстан Республикасының аумағында 1159 адам саудасының

құрбаны тіркелген.

Қазақстанның географиялық орналасуы мен экономикасының дамуы

қарқынына орай еліміз кӛршілес Орталық Азия мемлекеттерінің жұмыс іздеген

және кӛбінесе адам саудасының құрбанына айналатын азаматтары үшін келуге

тартымды жер болып табылады. Халықаралық кӛші-қон ұйымының

мәліметтеріне сәйкес шетел азаматтарының ішінде республика аумағындағы

адам саудасының құрбандары кӛбінесе Ӛзбекстанның, Тәжікстанның және

Қырғызстанның азаматтары болып табылады. Алайда Халықаралық кӛші-қон

ұйымы сондай-ақ Қазақстан аумағында Ресей, Қытай, Моңғолия, Беларусь және

басқа мемлекеттер азаматтарының қаналуы фактілерін тіркеген.

Ішкі адам саудасының ӛскелең проблемасына ерекше кӛңіл бӛлу қажет, ол

Халықаралық кӛші-қон ұйымының мәліметтеріне сәйкес бүгінгі таңда

айқындалған және Халықаралық кӛші-қон ұйымының бағдарламалары

шеңберінде кӛмек алған адам саудасы құрбандарының 40% құрайды.

Бұл ретте Қазақстан әлі де Ресей, Түркия және Біріккен Араб Әмірліктері

сияқты елдерге алып шығатын адам саудасы құрбандарының шығу елі болып

қалуда. Ӛткен жылдардағы мәліметтер сол сияқты адам саудасы

құрбандарының Қазақстаннан Грекияға, Оңтүстік Кореяға, Францияға,

Италияға, Португалияға, Бельгияға, Израильге және басқа елдерге

шығарылғанын кӛрсетеді.

Халықаралық кӛші-қон ұйымының Қазақстан Республикасы жӛніндегі

статистикасы айқындалған әйелдер мен қыздардың саны айқындалған ерлер мен

ұл балалардың санынан 20% артық екенін кӛрсетеді, алайда еңбекпен қанау

мақсатындағы адам саудасының деңгейі соңғы жылдары жыныстық қанау

мақсатындағы адам саудасы деңгейінен жоғары. Адам саудасының әрбір

жетінші құрбаны кәмелетке толмаған қыз екені маңызды.

ҚР Бас прокуратурасының мәліметтері бойынша Қазақстанда адам

саудасымен байланысты қылмыстар саны жыл сайын ӛсіп келеді.

Статистикалық деректерге сәйкес, 2012 жылы ҚР-да 267 адам саудасымен

байланысты қылмыс тіркелсе, 2013 жылы – 350 қылмыс, ал 2014 жылдың

алғашқы 9 айында – 262 қылмыс тіркелген. Ұқсас қылмыс жасағаны үшін

сотталған адамдар саны да ӛсу үстінде: 2012 жылы 116 адам сотталса, 2013

жылы – 166, ал 2014 жылдың алғашқы 9 айында – 134 адам сотталған.

Қазақстан Республикасындағы адам саудасының пайда болуының негізгі

себептері мыналар болып табылады:

– Қазақстанға адам саудасы құрбандары үшін шығу, транзит және бару елі

болуға мүмкіндік беретін елдің географиялық орналасуы, сондай-ақ әкімшілік

орталықтардың шалғайлығы және жалпы облыстық аумақтардың ауқымы;

Page 14: Арнайы баяндама1.7 MB

14

– елдегі және жалпы ӛңірлердегі кӛлік коммуникацияларының

дамығандығы;

– кӛрші мемлекеттермен визасыз режим;

– шығу елдеріндегі, сондай-ақ ауылды ӛңірлердегі жұмыссыздық;

– құрылыс пен ауыл шаруашылығы және ақылы жыныстық қызмет

кӛрсетулер үшін Қазақстанда арзан жұмысшы күшіне сұраныстың болуы;

– адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану

практикасының жетілдірілмеуі;

– адам саудасына қарсы іс-қимылға жұмылдырылған мемлекеттік

органдардағы сыбайлас жемқорлық фактілері;

– құқық қорғау органдарында адам саудасына қарсы іс-қимыл

саласындағы ҮЕҰ-мен қалыптасқан үйлестірудің жоқтығы;

– құқық қорғау органдарының адам саудасына қарсы күрес мәселелерімен

айналысатын жекелеген қызметкерлерінің тӛмен біліктілік деңгейі, соның

ішінде кадрларды жиі ротациялау себебі.

Адам саудасына қарсы іс-қимылдағы «үш П» (ағылшыншадан, «3Ps»)

парадигмасына: адам саудасының алдын алуға (Prevention), адам саудасының

құрбандарына кӛмектесуге және қорғауға (Protection), адамды саудаға

салушыларды қудалауға (Procecution) негізделген халықаралық ұстаным адам

саудасымен күресу үшін бүкіл әлемде үкіметтер пайдаланатын негізгі ұстаным

болуын жалғастыруда. «Тӛртінші П» – әріптестік (Partnership) «үш П»

негізделген адам саудасына қарсы күрес жӛніндегі кешенді күш салуды іске

асырудағы прогреске қол жеткізу үшін қажет.

Адам саудасының алдын алу, яғни жұртшылықтың адам саудасының

қатерлері туралы хабардар болуын кӛтеру жӛніндегі науқандарда қабылданатын

профилактикалық шаралар адам саудасымен күресте маңызды компоненттер

болып табылады. Адам саудасының алдын алу сондай-ақ кӛші-қон және еңбек

қатынастарын реттеу саласындағы заңнаманы жетілдіру, әлеуметтік

жауапкершілікті арттыру және бизнес жүргізудің жоғары этикалық

стандарттарын енгізу, арзан жұмыс күшіне сұранысты тӛмендету арқылы адам

саудасының алдын алуға бағытталған заңнама қабылдау жӛніндегі шараларды

да білдіруі мүмкін.

Қазақстан Республикасында адам саудасының алдын алу шаралары

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Адам саудасына байланысты қылмысқа

қарсы күрес, оны болдырмау және алдын алу жӛніндегі 2012-2014 жылдарға

арналған іс-шаралар жоспарында анықталған. Бұл жұмысты негізінен адам

саудасына қарсы іс-қимыл саласында жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдар мен

құқық қорғау органдары адам саудасының проблемаларын БАҚ-тар жариялау,

тәуекелді топтар арасында ақпараттық науқан жүргізу, ҚР ІІМ, Халықаралық

кӛші-қон ұйымының және «Қазақстанның дағдарыстық орталықтары одағы»

ЗТБ қолдауымен 11616 республикалық сенім телефонының жұмыс істеуін

қолдау арқылы жүргізеді. Алайда ақпараттық науқандарды қаржыландыру

қысқа мерзімді сипатқа ие және республиканың барлық облыстарында бірдей

Page 15: Арнайы баяндама1.7 MB

15

бӛліне бермейді, сенім телефонын қолдау негізінен Халықаралық кӛші-қон

ұйымының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Сондай-ақ қазіргі уақытта

арзан жұмысшы күшіне сұранысты тӛмендету үшін қабылданып жатқан

шаралар жеткіліксіз.

Адам саудасы қҧрбандарына кӛмек және оларды қорғау – бұл адам

саудасымен күрестегі екінші маңызды компонент. Адам саудасы құрбандарына

кӛмек және оларды қорғау адам саудасы құрбандарының мүдделерін ескере

отырып және одан әрі қауіпсіз әрі жемісті ӛмір сүруі үшін мүмкіндіктер

қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады. Адам саудасы құрбандарын

қорғаудағы алғашқы маңызды қадам адам саудасы құрбандарын сәйкестендіру

немесе айқындау болып табылады. Адам саудасы құрбандарын проактивті

сәйкестендіруді енгізу және құқық қорғау және ӛзге жұмылдырылған

органдарды жүйелі оқыту адам саудасымен күресте бірінші кезекті маңызға ие.

Адам саудасы құрбандарын сәйкестендіргеннен кейін құрбандардың

құқықтарын қорғау мен басымдық сұраныстарын қанағаттандыруды

қамтамасыз ету қажет. Тиімді кӛмек кӛрсету үшін адам саудасы құрбандарын

баратын елінде қалу және реттелмеген құқықтық мәртбесіне орай ұстаудан

немесе шығарып жіберуден деп қорықпастан кӛмек алу мүмкіндігімен

қамтамасыз ету қажет. Сол сияқты адам саудасы құрбандарына оңалту және

ойлану үшін ұзақтығы 30 күннен кем емес мерзім беріледі. Бұл мерзім сондай-

ақ құрбандардың құзырлы органдармен ынтымақтастық туралы негізді шешім

қабылдай алуы үшін керек. Кейбір ерекше жағдайларда адам саудасы

құрбандарына барған елінің азаматтығын алу немесе иммиграциялық

жеңілдіктер алу мүмкіндігі беріледі. Адамды саудалаушылар тарапынан қатер

тӛнетін жағдайда адам саудасы құрбандары ғана емес, олардың қауіпті

жағдайда болуы мүмкін отбасы мүшелері де қорғалуы тиіс. Адам саудасы

құрбандарына кӛрсетілетін қызметтердің ішінде мыналарды бӛліп кӛрсетуге

болады: кӛмек кӛрсету орталықтарына қауіпсіз орналастыру, оңалту ол

медициналық, психологиялық кӛмекті, заңгерлік қызмет кӛрсетуді, сондай-ақ

жеке басын куәландыратын құжаттарын қалпына келтіруді және сот процесі

кезінде сүйемелдеуді, кәсіптік білімге қол жеткізуді, ерікті репатриациялауды

және реинтеграцияны қамтиды.

Қазақстан Республикасында адам саудасы құрбандарын қорғау және

оларға кӛмек кӛрсету шаралары Қазақстан Республикасы Үкіметінің Адам

саудасына байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және алдын алу

жӛніндегі 2012-2014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында анықталған.

Мәселен, 2009 жылдан бастап ҚР Әділет министрлігінің бастамасы бойынша

Астана қаласында «Қорғау – Астана» ЖФ жанындағы адам саудасы

құрбандарына арналған уақытша тұру орталығы жұмыс істейді. Заң жүзінде

адам саудасы құрбандарының мемлекеттік қолдау шеңберінде кӛмек алу

мүмкіндігі Арнайы әлеуметтік қызмет кӛрсетулер туралы Заңда бекітілген.

Алайда қазіргі уақытта бұл заң адам саудасы құрбандарына қатысты іске

асырылмайды және республика ӛңірлерінде адам саудасының құрбандарына

Page 16: Арнайы баяндама1.7 MB

16

кӛмек пен оларды қорғауды негізінен халықаралық ұйымдардың қаржылай

қолдауымен қоғамдық ұйымдар ұсынады. Кӛмек кӛрсету мен қорғауда маңызды

рӛлді мемлекет атқаруға тиіс болғандықтан мына бағыттар бойынша қосымша

күш жұмсау қажет: адам саудасының құрбандарына кӛмек кӛрсету және оларды

қорғау жӛніндегі орнықты мемлекеттік тетік құру; адам саудасының

құрбандарына арналған орталықтарды мемлекеттік қаржыландыру және

Қазақстанның басқа ӛңірлері үшін жаңа орталықтар құру; адам саудасының

құрбандарының қызмет кӛрсетулерге қолжетімдігін олардың құқық қорғау

органдарымен ынтымақтастыққа келісімінің бар-жоғына қарамастан

қамтамасыз ету; адам саудасының құрбандарын айқындауды жақсарту және

оларды кӛмек алу үшін қайта бағыттау; Қазақстандағы адам саудасының

шетелдік құрбандарына оңалуға және ойлануға мерзім беру; адам саудасының

құрбандарына білікті қызмет кӛрсету үшін жұмылдырылған барлық

мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдардың әлеуетін дамыту.

БҰҰ Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын

толықтыратын Адамдарды, әсіресе әйелдер мен балаларды саудаға салудың

алдын алу және жолын кесу, ол үшін жазалау туралы хаттама адамды саудаға

салушыларды қудалау адам саудасына қарсы күресте баға жетпес элемент

болып табылады және қатысушы мемлекеттерді адам саудасымен байланысты

қылмыстарды криминалдандыруға міндеттейді. Мемлекеттік шекараны кесіп

ӛтетін адам саудасы туралы сӛз қозғалған жағдайда адам саудасының жолын

кесу құқық қорғау органдары арасындағы мемлекетаралық ынтымақтастықты

талап етеді. Адам саудасының жолын кесуде азаматтық сектормен

ынтымақтастық пен ӛзара тығыз іс-қимылды дамытудың маңызы зор.

Қазақстан Республикасында адамды саудаға салушыларды қылмыстық

қудалау жӛніндегі шаралар жүргізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің Адам

саудасына байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және алдын алу

жӛніндегі 2012-2014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге

асырылады. Қазақстан Республикасы адам саудасымен байланысты

қылмыстарды Палермо хаттамасының талаптарына сәйкес криминалдандырды.

Алайда практикада сарапшылар адам саудасымен байланысты қылмыстарды

жіктеуде проблемалардың бар екенін атап ӛтеді. Қоғамдық құқық қорғау

ұйымдарының мәліметтері бойынша адамды саудаға салу қылмыстарының

Қылмыстық кодекстің ауырлығы аз баптары бойынша сараланған жағдайы

орын алған, мысалға, қылмыстар ҚР ҚК 133 «Кәмелетке толмағандарды саудаға

салу» бабының орнына ҚР ҚК 132-1 «Кәмелетке толмаған адамды

жезӛкшелікпен айналысуға тарту» бабы бойынша сараланған. Сондай-ақ

практикада Қазақстандағы адам саудасының құрбандары білікті мемлекеттік

қорғауға ие бола алмай жатады, ал адвокат адам саудасынан зәбірленушілер

үшін мемлекет кепілдік берген тегін заңгерлік кӛмек шеңберінде тек кәмелетке

толмағандар үшін ғана бӛлінеді, ал ол кезде адамды саудаға салушылардың

бірден бірнеше кәсіби қорғаушыларды тартуға қаржылық мүмкіндіктері жетеді.

Page 17: Арнайы баяндама1.7 MB

17

Құқық қорғау органдары қызметкерлері тарапынан жыныстық және

еңбекпен қанау адам саудасының құрбандарына теріс қарауы мәселесі ӛзекті

болып қалуда. Адам саудасы саласындағы қылмыстарға сапалы тергеу жүргізу

үшін құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін кӛтеру жұмысын

күшейту, адам саудасы құрбандарын, қылмыстық іс жүргізуге қатысушыларды

қорғау саласында мемлекеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету, адам

саудасымен байланысты қылмыстарды ашу үшін ведомствоаралық және

мемлекетаралық ынтымақтастықты жолға қою қажет.

Сипатталған бағыттардың әрқайсысының адам саудасына қарсы іс-

қимылдағы маңызы зор.

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, сондай-ақ адам саудасы

құрбандарының құқықтарын қорғау мақсатында ҚР Президенті жанындағы

Адам құқықтары жӛніндегі комиссия мүдделі мемлекеттік органдармен және

ҮЕҰ-мен, Халықаралық кӛші-қон ұйымының Қазақстандағы Ӛкілдігімен

бірлесіп «Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл

саласындағы адам құқықтарын қорғаудың ӛзекті проблемалары» атты арнайы

баяндама (бұдан әрі – арнайы баяндама) дайындады.

Бұл арнайы баяндама адам саудасының ӛзекті мәселелеріне,

Қазақстандағы адам саудасы құрбандары құқықтарының ахуалын және

қатыгездік қарым-қатынас құрбандарын арнайы әлеуметтік қызмет

кӛрсетулермен қамтамасыз етілуін кешенді талдауға арналған.

Арнайы баяндаманың мақсаты Қазақстан Республикасының Президентін,

Парламентін және Үкіметін Қазақстан Республикасындағы адам саудасына

қарсы күрестің ӛзекті мәселелері мен саудасы құрбандары құқықтарының

ахуалы туралы хабардар ету, адам саудасына қарсы күрес жӛніндегі ұлттық

заңнама мен құқық қолдану практикасындағы ақтаңдақтарды айқындау, адам

саудасы құрбандарының құқықтық және әлеуметтік қорғалуы және олардың ӛз

құқықтары туралы хабардарлығы деңгейін анықтау, сондай-ақ адам саудасы

құрбандарының құқықтарын және заңды мүдделерін қорғаудың түйінді

проблемалары мен оларды шешудің жолдарын айқындау болып табылады.

Бұған қоса, бұл арнайы баяндама мыналарға:

- билік құрылымдары мен жұртшылықтың назарын адам саудасына қарсы

күрестің ӛзекті мәселелеріне, адам саудасы құрбандарының құқықтарын

қамтамасыз ету және қорғау саласындағы орын алған проблемаларға аударуға;

- адам саудасы құрбандарының құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау

саласындағы жұмыстың биліктің барлық тармақтары мен азаматтық қоғамның

кідіріссіз, үйлесімді іс-қимылын талап ететін басымдық бағыттарын анықтауға;

- Қазақстанда адам саудасы құрбандарының құқықтарын қамтамасыз ету

мен қорғау саласындағы заңнама мен құқық қолдану практикасын дамытудың

адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық стандарттар мен

нормаларды, мемлекеттік және қоғамдық тетіктерді қамтитын кешенді жүйесін

құруға ықпал ететін негізгі бағыттарын анықтауға;

Page 18: Арнайы баяндама1.7 MB

18

- адам құқықтарын қорғаудың ішкі мемлекеттік (ұлттық) жүйесінің

халықаралық-құқықтық жүйелермен тығыз үйлестірілуін қалыптастыруға;

- адам саудасы құрбандарына зиянды ӛтеу тетіктерін құруға;

- адам саудасы құрбандарын қайта жіберудің ұлттық тетіктерін анықтауға

және енгізуге;

- әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан

қатыгездік қарым-қатынастың болғанын бағалау критерийлерін, сондай-ақ

қатыгездік қарым-қатынас, тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасы

құрбандары үшін арнайы әлеуметтік қызмет кӛрсетулердің бірыңғай

стандартын әзірлеуге және енгізуге;

- жалпы халықты, сондай-ақ қатыгездік қарым-қатынас, соның ішінде

адам саудасы құрбандарын құқықтық ағартуды дамытуға жағдай жасайды.

Арнайы баяндама Адам құқықтары жӛніндегі комиссияның құқық қорғау

қызметі мен оның ӛткен уақыт мерзіміндегі арнайы зерттеулерінің

нәтижелеріне негізделген. Онда Қазақстан Республикасының мемлекеттік

органдарының және үкіметтік емес ұйымдары мен дағдарыстық

орталықтарының, Халықаралық кӛші-қон ұйымының Қазақстандағы

Ӛкілдігінің, ҚР-дағы БҰҰ Даму Бағдарламасының (ПРООН), Астанадағы

ЕҚЫҰ Орталығының, басқа да халықаралық ұйымдардың деректері,

Халықаралық әлеуметтанушылар қауымдастығының (ISA) тұрақты мүшесі

болып табылатын тәуелсіз Қазақстан әлеуметтанушылары қауымдастығы

жүргізген «Қазақстандағы адам құқықтары: қоғамдық пікір» атты

әлеуметтанулық зерттеулерінің нәтижелері, сондай-ақ Халықаралық кӛші-қон

ұйымы мен БҰҰДБ жүргізген әлеуметтанулық зерттеулерінің нәтижелері

кеңінен тартылған.

Баяндамада сондай-ақ Адам құқықтары жӛніндегі комиссия мүшелері мен

сарапшыларының денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, білім және мәдениет

мекемелерінде, құрылыс нысандары мен сауда нүктелерінде, басқа ұйымдарда

болу нәтижесінде алынған мәліметтер; Адам құқықтары жӛніндегі комиссия

2000 және 2014 жылдар аралығындағы кезеңде ҚР мемлекеттік органдары мен

ҮЕҰ-мен, БҰҰДБ-мен, Халықаралық кӛші-қон ұйымымен және Астанадағы

ЕҚЫҰ Орталығымен, адам құқықтары саласындағы басқа да халықаралық

ұйымдармен бірлесіп ӛткізген халықаралық конференциялардың, «дӛңгелек

үстелдердің», семинарлар мен тренингтердің материалдары; жеке және заңды

тұлғалардың Адам құқықтары жӛніндегі комиссияға ӛтініштерін қорыту мен

талдау нәтижелері пайдаланылды.

Арнайы баяндама кіріспеден, бес бӛлімнен және қорытындыдан тұрады.

Баяндаманың құрылымы үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдары

(дағдарыстық орталықтары), Халықаралық кӛші-қон ұйымы, ЕҚЫҰ, БҰҰ

АҚЖКБ, БҰҰДБ, басқа да халықаралық ұйымдардың тарапынан кӛңіл бӛлінген

адам саудасы құрбандарының азаматтық (жеке), әлеуметтік, еңбек және мәдени

құқықтарының сақталуы мәселелерін егжей-тегжейлі қамтиды.

Page 19: Арнайы баяндама1.7 MB

19

Бірінші бӛлімде Қазақстан Республикасындағы адам саудасының кӛші-

қон процестері барысындағы жалпы ахуалы егжей-тегжейлі талданады, адам

саудасының түрлері мен олардың жіктелуі келтіріледі, адам саудасына қарсы іс-

қимыл саласындағы заңдылықтың жай-күйі мен адам құқықтарының сақталуы

мәселелері қаралады.

Екінші бӛлімде Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-

қимылды нормативтік-құқықтық реттеу, адам саудасына қарсы іс-қимылдың

халықаралық және ұлттық тетіктері, сондай-ақ адам саудасына қарсы іс-

қимылдың шетелдік тәжірибесі қаралады.

Үшінші бӛлімде Адам құқықтары жӛніндегі комиссияның Қазақстанда

адам саудасының алдын алудың ӛзекті мәселелеріне арналған мониторингтік

зерттеулерінің нәтижелері ұсынылған.

Тӛртінші бӛлімде Адам құқықтары жӛніндегі комиссияның адам саудасы

құрбандарын сәйкестендіру және олардың құқықтарын қорғау мәселелеріне

арналған арнайы зерттеулерінің нәтижелері ұсынылған. Дәл осы бӛлімде

әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездік

қарым-қатынастың болғанын бағалау критерийлерін анықтау тәртібі,

қылмыстан зардап шеккендерге, соның ішінде адам саудасы құрбандарына

зиянды ӛтеу, адам саудасы құрбандарына ӛтемақы тӛлеу Қорын құру мәселелері

келтірілген.

Бесінші бӛлімде Қазақстандағы адам саудасы құрбандарына әлеуметтік

және құқықтық кӛмек кӛрсету жүйесінің талдамасы келтірілген. Бұған қоса, бұл

бӛлімде қатыгездік қарым-қатынас, тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам

саудасы құрбандары үшін арнайы әлеуметтік қызмет кӛрсетулердің бірыңғай

стандартының жобасы ұсынылған.

Арнайы баяндаманың барлық бӛлімдерінде адам саудасына қарсы күрес

саласын, адам саудасы құрбандарының құқықтарын мен бостандықтарын

қорғауды реттейтін ұлттық заңнаманың оның халықаралық стандарттарға

сәйкестігі тұрғысынан салыстырмалы-құқықтық талдамасы, адам саудасы

құрбандарының құқықтарын қамтамасыз ету мен қорғау саласындағы ұлттық

заңнама мен құқық қолдану практикасын жетілдіру жӛніндегі қорытындылар

мен ұсынымдар берілген.

Баяндаманың қорытынды бӛлімінде Қазақстан Республикасы

Президентінің жанындағы Адам құқықтары жӛніндегі комиссияның

Қазақстандағы адам саудасына қарсы күрес, адам саудасы құрбандарының

құқықтарын қамтамасыз ету мен қорғау жүйесін жетілдіру мәселелеріне

арналған негізгі қорытындылары тұжырымдалған.

Арнайы баяндамада Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 1 қазандағы

мерзімге дейінгі қолданыстағы заңнамасы пайдаланылды.

Page 20: Арнайы баяндама1.7 MB

20

1.1. Адам саудасы ҧғымы, адам саудасының тҥрлері мен олардың жіктемесі

Адам саудасының неғұрлым келісілген халықаралық анықтамасы

Палермо хаттамасы ретінде танымал БҰҰ Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа

қарсы конвенциясын толықтыратын Адамның, әсіресе әйелдер мен балалар

саудасының алдын алу және жолын кесу әрі ол үшін жазалау туралы хаттамада

берілген. Бас Ассамблеяның 2000 жылғы 15 қарашадағы қарарымен

қабылданған және Қазақстан Республикасын қоса алғанда 150-ден астам ел

ратификациялаған Палермо хаттамасы адам саудасын былай анықтайды:

«пайдалану мақсатында адамдарды күш қолданамын деп қорқыту немесе оны

қолдану немесе мәжбүрлеудің, ұрлаудың, алаяқтықтың, алдаудың, билігін

асыра пайдаланудың немесе жағдайының осалдығын пайдаланудың басқа

нысандары арқылы не басқа адамды бақылайтын адамның келісімін алу үшін

төлемдер немесе пайда түрінде параға сатып алу арқылы жүзеге асырылатын

арбауды, тасымалдауды, тапсыруды, жасыруды немесе адамдарды алуды

білдіреді».

Ӛз кезегінде кәмелетке толмағандарды саудаға салу Палермо

хаттамасында былай сипатталады: «пайдалану мақсаттары үшін баланы арбау,

тасымалдау, тапсыру, жасыру немесе алу, егер тіптен 3 баптың (а)

тармақшасында көрсетілген ықпал ету құралдарының кез келгенін қолдануға

байланысты болмаған жағдайларда да «адамдарды сату» деп саналады.

Хаттамада бӛлек «Хаттаманың 3 бабының (а) тармақшасында айтылған

адамдарды сату құрбанының жоспарланған пайдалануға келісімі, егер 3-

баптың (а) тармақшасында көрсетілген ықпал ету құралдарының кез келгені

пайдаланылған болса, ол назарға алынбайды» деп кӛрсетілген.

Хаттамаға сәйкес «пайдалануға, кем дегенде, басқа адамдардың

жезөкшелігін пайдалану немесе нәпсіқұмарлық пайдаланудың басқа нысандары,

мәжбүрлі еңбек немесе қызметтер көрсету, құлдық немесе құлдыққа ұқсас

әдет-ғұрыптар, бағынышты жағдай немесе органдарды кесіп алу кіреді».

Адам саудасының негізгі түрлеріне мыналар жатады:

мәжбүрлі еңбек;

борышкерлік құлдық;

еріксіз үй жұмыстары;

сексуалдық қанау;

мәжбүрлі қайыр сұрау және ӛзге де криминалдық қызмет түрлері;

бала еңбегін қанау;

ағзаларды алу.

Адам саудасы құрбандарын қанаудың типтік салалары:

құрылыс;

ауыл шаруашылығы;

тӛмен білікті ӛндіріс (мысалға, тігін ӛндірісі);

Page 21: Арнайы баяндама1.7 MB

21

қоғамдық сервис (мысалға, қонақ үйлер, мейрамханалар);

үйді күту қызметін кӛрсету;

кӛңіл-кӛтеру индустриясы және секс-қызмет кӛрсетулер.

Адам саудасы барлық уақытта бірдей халықаралық шекараны кесіп ӛтуді

білдірмейді – ол мемлекеттің ішінде де болуы мүмкін. Бұл ретте халықаралық

шекараны кесіп ӛту заңды да, заңсыз да жолмен жүзеге асырылуы мүмкін. Адам

саудасының құрбандарына тек шетелдік азаматтар, мысалға еңбекші-

мигранттар ғана емес, сонымен бірге бару елінің азаматтары да айналуы мүмкін.

Адам саудасының құрбандарына әйелдер мен қыздар ғана емес, ерлер мен ер

балалар да айналады.

1.2. Мигранттарды заңсыз алып кіру элементтері

БҰҰ Мигранттарды құрлық, теңіз және әуе жолымен заңсыз алып кіру

туралы хаттамасы халықаралық қоғамдастықтың трансұлттық ұйымдасқан

қылмыстық топтармен және олардың адамды азаптап пайдаға кенелетін және

үлкен кіріс табатын мигранттар контрабандасы жӛніндегі желілерімен күресті

күшейту үшін әзірленген.

Халықаралық қоғамдастықта танылған «мигранттарды заңсыз алып кіру»

ұғымы Қазақстан Республикасы ратификациялаған БҰҰ Трансұлттық

ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын толықтыратын Мигранттарды

құрлық, теңіз және әуе жолымен заңсыз алып кіруге қарсы хаттамада

келтірілген. Хаттамаға сәйкес «мигранттарды заңсыз алып кіру» дегеніміз «бұл

адам азаматы немесе резиденті болып табылмайтын қатысушы елдің

аумағына тікелей немесе жанама қаржылық немесе өзге де материалдық

пайда табу мақсатында адамды заңсыз алып кіруді жүзеге асыруды»білдіреді.

Басқа сӛзбен айтқанда, мигранттарды заңсыз алып кіру немесе мигранттар

контрабандасы жәрдемдесуді, тасымалдауды немесе тасымал жасауға ниетін,

немесе жасырын немесе алдап немесе жасанды құжаттарды пайдаланып

халықаралық шекараны бір немесе бірнеше елдің заңнамасын бұза отырып

заңсыз кесіп ӛтуді білдіреді. Мигранттарды заңсыз алып кіру немесе мигранттар

контрабандасы кӛбінесе мигранттар келіскен жағдайда қаржылық немесе

материалдық пайда табу мақсатында жүзеге асырылады. Дейтұрғанмен, заңсыз

кіргізілген мигранттар басқа қылмыстардың, мысалға егер мигранттар келген

жолының соңында еңбек немесе сексуалдық қанауға ұшыраса, онда адамды

саудаға салу қылмысының құрбандарына айналуы мүмкін.

1.3. Адам саудасының және мигранттарды заңсыз алып кірудің негізгі

айырмашылықтары мен ҧқсастықтары

Кӛп жағдайда практикада адам саудасы мен мигранттарды заңсыз алып

кіру ұғымдарын шатастырады. Мигранттарды заңсыз алып кіру және адамды

саудаға салу қылмыс болып табылады. Қай жағдайда да адамдар ӛміріне қауіпті

Page 22: Арнайы баяндама1.7 MB

22

және адами қадыр-қасиетін қорлайтын жағдайға тап болады. Сонымен қатар

адам саудасы мен мигранттарды заңсыз алып кірудің арасында айтарлықтай

айырмашылықтар бар. Адам саудасы мен мигранттарды заңсыз алып кірудің

арасындағы кейбір айырмашылықтар №1 кестеде келтірілген.

№1 кесте29

Адам саудасы Мигранттарды заңсыз алып кіру

немесе адамдар контрабандасы

Міндетті түрде алдау, мәжбүрлеу

немесе күш қолдану элементтері

болады

Заңсыз кіргізілген адамдар

контрабандашылармен ерікті түрде

ынтымақтасады

Адам саудасы құрбандарын қанау Қанау немесе мәжбүрлеу фактілері

жоқ

Адам саудасынан зардап шеккен

адамдар құрбандар болып табылады

Заңсыз кіргізілген адамдар қылмысқа

қатысушылар болып табылады (алайда

олар заңсыз кіргізілген жағдайларға

қарай құрбандарға айналуы мүмкін)

Адам саудасының құрбандарын

оқшаулайды, олардың жүріп-тұруы

шектелген, олардың құжаттарын алып

қойған

Заңсыз кіргізілген адамдар еркін

жүріп-тұрады, жұмыс орнын

ауыстырады және т.б.

Халықаралық шекараны кесіп ӛту

міндетті емес

Мемлекеттік шекараларды кесіп ӛту

міндетті

Адам саудасы мен мигранттарды заңсыз алып кірудің арасындағы

айтарлықтай айырмашылықтарға қарамастан бұл қылмыстарда ұқсастық бар.

Бірінші кезекте екі қылмысты олардың адамдарды заңсыз тартатын тиімді

заңсыз бизнес болып табылатындығы біріктіреді. Екінші кезекте екі қылмысты

да кӛбінесе ұйымдасқан криминалдық топтар жүзеге асырады.

Адам саудасының құрбаны процеске заңсыз алып кіргізілген мигрант

ретінде де тартылуы мүмкін екенін тағы да атап ӛту қажет. Алайда апаратын

елге келген соң қылмыскерлер заңсыз кіргізілетін мигранттарды бақылауын

жалғастырып, оларды еріктеріне қарсы әртүрлі жұмыстар істеуге мәжбүрлеуі

мүмкін. Мұндай жағдайлар мигранттарды заңсыз алып кіру фактісі болуын

тоқтатып, адам саудасы фактілеріне айналады. Мысал ретінде Мексика

азаматтарын АҚШ аумағына заңсыз алып кіру мысалын келтіруге болады, онда

әрі қарай олардың осал тұстарын пайдаланып, қылмыскерлер АҚШ-қа келген

соң оларды мәжбүрлі еңбекке сатады.

29

Ұсынылып отырған кесте мигранттарды заңсыз алып кіру (адамдар контрабандасы) мен адам саудасы

арасындағы нақты заңдық айырмашылықты бермейді және бұл тек кейбір айырмашылықтарды кӛрсету үшін

берілген.

Page 23: Арнайы баяндама1.7 MB

23

1.4. Адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы заңдылықтың жай-кҥйі

туралы және Қазақстандағы адам қҧқықтарының сақталуы мәселелері

Қазақстан Республикасында келу ережелерін бұзған адамдарды айқындау

жӛніндегі жедел-профилактикалық іс-шараларды ӛткізу барысында тәжірибеде

ішкі істер органдары бірінші кезекте оларды әлеуетті адам саудасы

құрбандарының емес, кӛші-қондық заңнаманың бұзушылары ретінде

қарастырады.

Аталған санаттағы қылмыстарды барынша тиімді айқындау үшін

жезӛкшелік пен Қазақстан Республикасының аумағына келу ережелерінің

бұзылу фактілері бойынша қосымша тергеулер жүргізу және адам саудасы

қылмысының белгілерін анықтау үшін зерделеу қажет.

Халықаралық кӛші-қон ұйымының мәліметтері бойынша адам саудасы

құрбандары кӛмек алу үшін кӛбінесе ұйымға полиция, үкіметтік емес ұйымдар,

ӛзге елдердегі кӛші-қон жӛніндегі халықаралық ұйымның ӛкілдіктерін қоса

отырып, халықаралық ұйымдар, елшіліктер және 11616 сенім телефонына

хабарласу арқылы қайта бағытталады.

2012 жылы ҚР ІІМ және Халықаралық кӛші-қон ұйымы арасында

барынша тығыз ӛзара іс-қимылды (ақпаратпен алмасу, профилактикалық

шараларды ӛткізу) жолға қоюға мүмкіндік беретін Адам саудасына қарсы іс-

қимыл саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл

ретте ішкі істер органдары қылмыстық процеске қатысушы адамдардың

қауіпсіздігі туралы заңнаманы кеңінен қолданған жӛн.

Прокуратура органдары Қазақстанда тіркелген бірқатар халықаралық

ұйымдармен белсене ынтымақтастық жүргізуде, біліктілікті арттыру

семинарлары мен курстардың жұмысына қатысу үшін халықаралық

сарапшыларды тарту жӛнінде жұмыс жолға қойылған.

2014 жылы ҚР Бас прокуратурасы заңсыз кӛші-қон және адам саудасына

қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасады, ол да

бұдан әрі ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.

Адам саудасы –айқындау мен тергеудің ерекше әдістемесін талап ететін

қылмыстың айтарлықтай айрықша түрі.

Соттардың бұл санаттағы істерді қарау туралы статистикалық деректерді

талдау (№2 кестені қараңыз) ҚК 271-бабында кӛрсетілген қылмыстар жиі

жасалынатынын кӛрсетіп отыр (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған

притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық). Нақты

қылмыстық істерді талдау кӛрсетіп отырғандай, кӛп жағдайларда бұл санатта

қарастырылатын барлық қылмыстар притондарда сексуалдық пайдалану және

жеңгетайлық үшін әйелдерге қатысты жасалынады.

Мәселен, 2013 жылғы 17 маусымдағы Ақмола облысының Кӛкшетау

қалалық сотының үкімімен Тиесова Р. ҚР ҚК 271-бабы бойынша кінәлі деп

танылды және 500 ЕАК айыппұл тӛлеу жазасымен сотталды.

Page 24: Арнайы баяндама1.7 MB

24

Адам саудасына қатысты қылмыстық іс бойынша бұл қылмысқа

жауапкершілікті белгілейтін қылмыстық заңның арнайы нормасы

қолданылмайтын мысалдар бар.

Балжанов пен Искендироваға қатысты қылмыстық іс бойынша ҚК 128

бабында(Адамды саудаға салу) кӛрсетілген олардың іс-әрекеттерінде қылмыс

құрамының айқын белгілеріне қарамастан, айып тағылмаған, олардың іс-

әрекеттері жезӛкшелікпен айналысу үшін притондарды ұйымдастыру және

пайдалану мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыру тәрізді анықталған.

Қылмыстық статистикада ұйымдасқан топтар жасайтын қылмыстардың аз

бӛлігі ғана кӛрсетіледі. Мұндай топтардың қылмыстары қылмыстық істерде бір

немесе аз адамдардың жеке қылмыстары ретінде беріледі. Криминологтардың

айтуынша, қылмыстардың латенттілік деңгейі 70% құраса, ұйымдасқан топтар

жасаған қылмыстардың латенттілігі 100% жетеді.

Қылмыстың бұл және басқа белгілері бұл санаттағы істерде де қандай да

бір деңгейде кӛрініс табады. Қылмыстық істерді зерттеу кӛрсеткендей, құлдық

және адамды пайдалану кӛріністерінің факті орын алады (мәжбүрлі еңбекке

және жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу). Бұл қылмыстардың кӛбісі әлі де

жасырын қалуда.

Аталған санаттағы қылмыстық істердің үкімдерін зерттеу болжамды

тергеу органдары қауіпті қылмыстардың бұл түрімен күресуде қолданыстағы

заңнаманың мүмкіндіктерін толық қолданбайтынын кӛрсетті.

Атап айтқанда, жеткіліксіздік ретінде қылмыстық тергеу

органдарытарапынан ұйымдасқан топтың қылмыстық әрекет жасауы тәрізді

сипаттамасы ҚР ҚК баптарында есепке алынбауын айтуға болады.

Негізінен адам саудасымен (ҚР ҚК 128-бабы), адамның бостандығын

шектеумен немесе ұрлаумен (ҚР ҚК 125, 126-баптары) байланысты қылмыстар

үшін соттарғандарға бас бостандығынан айыру жазылады. Заңда кӛрсетілген

жағдайларда үкімді орындауды кейінге қалдыру қолданылған.

Жасалған қылмыстар туралы хабарламалар негізінен жәбірленушілерден

және олардың туысқандарынан, кейбір жағдайларда бӛгде адамдардан түскен.

Бұл санаттағы қылмыстардың құрбандары ӛздері құқық бұзушылар болып

табылатын заңсыз мигранттар жиі болып табылады.

Шекарадан заңсыз ӛту, заңсыз келу, жасанды құжаттарды қолдану

қылмыстық жауаптылыққа тартудан қорқатындықтан оларға құқық қорғау

органдарына жүгінуге мүмкіндік бермейді, олардың қылмыстардың құрбандары

болу процесін жеңілдетеді.

Осыған орай, бұл баптарға қатысты қылмыстарды айқындауда күдікті

адам саудасы құрбаны болып табыла ма, оның құқыққа қарсы әрекеттері оның

адам саудасына тәуелділігінің салдары болып табылмай ма соны айқындау

қажет.

Осылайша, қылмыстардың талданып жатқан түрін саралауда бұл

әрекеттерді жасаушы қылмыстық топтардың ұйымдасқан сипатына, тиісті

Page 25: Арнайы баяндама1.7 MB

25

жағдайларда кінәлілердің әрекеттерін ұйымдасқан топтардың қылмыс жасау

белгісіне қарай саралауға мән беру қажет.

№2 кесте

2011-2013 жылдары және 2014 жылдың 9 айы ішіндегі ҚР ҚК 113, 125, 126, 128, 132-1, 133, 270, 271

баптары бойынша тіркелген қылмыстар туралы статистикалық мәліметтер

ҚР ҚК

113 б.

ҚР ҚК

125 б. 3

б. «б» т.

ҚР ҚК

126 б. 3

б. «б» т.

ҚР ҚК

128 б.

ҚР ҚК

132-1 б.

ҚР ҚК

133 б.

ҚР ҚК

270 б.

ҚР ҚК

271 б.

2011 жыл 0 23 10 25 - 21 22 184

2012 жыл 0 4 15 19 13 2 27 187

2013 жыл 0 15 7 33 17 25 40 213

2013

жылғы 9 ай 0 16 7 32 14 17 35 186

2014

жылғы 9 ай 0 3 7 16 12 17 20 187

2011-2013 жылдары және 2014 жылдың 9 айы ішінде адам саудасымен байланысты қылмыстар

жасағаны үшін сотталған адамдар саны туралы статистикалық деректер (заңды күшіне енген үкімдер

бойынша)

Кезеңдер

Келесі баптарда кӛрсетілген қылмыстар жасағаны үшін сотталған адамдар:

ҚР ҚК

113 б.

ҚР ҚК

125 б.

3 б.

«б» т.

ҚР ҚК

126 б.

3 б.

«б» т.

ҚР ҚК

128 б.

ҚР ҚК

132-1

б.

ҚР ҚК

133 б.

ҚР ҚК

270 б.

ҚР ҚК

271 б.

2011 жыл 0 0 2 14 0 9 2 122

2012 жыл 0 4 10 5 1 7 0 89

2013 жыл 0 6 12 7 2 14 4 121

2014 жылдың 9 ай 0 4 1 3 2 18 2 102

2013 жылы адам саудасы бойынша және адам саудасына қатысты деп

кінәланған 166 адам сотталған, соның ішінде:

ҚК 125 бабы 3 бӛлігінің б) тармақшасы бойынша (Адамды пайдалану

мақсатында ұрлау) - 6;

126 бабы 3 бӛлігінің б) тармақшасы бойынша (Пайдалану мақсатында

заңсыз бас бостандығынан айыру) – 12;

ҚК 128 бабы бойынша (Адам саудасы) – 7;

ҚК 132-1 бабы бойынша (Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен

айналысуға тарту) – 2;

ҚК 133 бабы бойынша (Кәмелетке толмағандарды саудаға сату) – 14;

ҚК 270 бабы бойынша (Жезөкшелікпен айналысуға тарту) – 4;

Page 26: Арнайы баяндама1.7 MB

26

ҚК 271 бабы бойынша (Жеөзкшелікпен айналысу үшін притондар

ұстау және жеңгетайлық) – 121.

ҚК 113 бабында кӛзделген қылмыстар (Адамның органдары мен тiнiн

алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу) туралы қылмыстық істер қарастырылған

жоқ.

2012-2013 жылдар ішінде бұл санаттағы қылмыстық істерді оңалтушы

негіздер бойынша ақтау немесе тоқтату фактілері болған жоқ.

2013 жылы сотталғандардың саны 2012 жылғы 116-дан 166-ға дейін, яғни

43,1% кӛбейгенін статистика кӛрсетіп отыр (№2 кестені қараңыз).

2014 жылдың 9 айы ішінде адам саудасы және адам саудасына қатысты

қылмыстар үшін айыпталған 134 адам сотталды, соның ішінде:

ҚК 125 бабы 3 бӛлігінің б) тармақшасы бойынша (Адамды пайдалану

мақсатында ұрлау) - 4;

126 бабы 3 бӛлігінің б) тармақшасы бойынша (Пайдалану мақсатында

заңсыз бас бостандығынан айыру) – 1;

ҚК 128 бабы бойынша (Адам саудасы) – 3;

ҚК 132-1 бабы бойынша (Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен

айналысуға тарту) – 2;

ҚК 133 бабы бойынша (Кәмелетке толмағандарды саудаға сату) – 18;

ҚК 270 бабы бойынша (Жезөкшелікпен айналысуға тарту)– 2;

ҚК 271 бабы бойынша (Жезөкшелікпен айналысу үшін притондар

ұстау және жеңгетайлық) – 102.

ҚР ІІМ деректері бойынша адам саудасына байланысты қылмыстардан

жәбірленушілер айқындалған: 2011 жылы – 84, 2012 жылы – 85, 2013 жылы -

136, 2014 жылдың 9 айы ішінде – 78 адам.

ҚК 113 бабында кӛзделген қылмыстар (Адамның органдары мен тiнiн

алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу) туралы қылмыстық істер қарастырылған

жоқ.

Талдау жүргізілген кезеңдерде бұл санаттағы қылмыстық істерді

оңалтушы негіздер бойынша ақтау немесе тоқтату фактілері болған жоқ.

Жазалаудың шартты шарасы ҚК 271 бабында кӛзделген қылмыстар үшін

беріледі - 102.

2013 жылы ҚК 133 бабы (Кәмелетке толмағандарды саудаға салу)

бойынша сотталғандардың саны 2012 жылмен салыстырғанда 50% артты.

Бұл қылмыстарды жасауға ықпал ететін негізгі себептер мен шарттар

сотталғандардың қиын материалдық жағдайы, балаларды асырауға қаражаттың

жоқтығы, жұмыстың жоқтығы, спирттік ішімдіктерді асыра қолдану және

материалдық баюға ұмтылу болып табылады.

2013 жылғы 20 мамырдағы Алматы облысы Қарасай аудандық сотының

үкімімен А.Славенко ҚК 133 бабының 1 бӛлігі бойынша түзеу колониясында

жазасын ӛтеу арқылы 5 жыл бас бостандығынан айырылды.

Page 27: Арнайы баяндама1.7 MB

27

Сот Славенконы 2013 жылы қаңтарда ӛзінің әлі туылмаған баласын сату-

сатып алу туралы Юхненкомен келіскені үшін кінәлі деп тапты. 2013 жылғы 13

ақпанда Славенко қызды дүниеге әкелген және 2013 жылғы 20 ақпанда

перзентханадан шығарылғаннан кейін Юхненкоға 6000 АҚШ долларына баланы

сатқан.

Оңтүстік Қазақстан облысында облыстық перинатальды орталықтың

медбикелері Ташбаева Г. және Халматова О. жаңа туылған нәрестені сату

фактісі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

2013 жылғы 15 мамырдағы Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандың

сотының үкімімен Ташбаева және Халматова ҚК 133 бабы 2 бӛлігінің «а»

тармағы бойынша түзеу колониясында жазасын ӛтеумен 8 жылға бас

бостандығынан айырылды.

Бұл қылмысты жасаудың себебі анасы Г.Асилованың баласынан бас тарту

фактісі болып табылды. Ташбаева және Халматова Асиловаға баласын 15

жылдан бері балалы бола алмай жүрген отбасына беруді ұсынған. Оның

келісімін алған сотталушылар Г.Конурбаеваға баланы 6000 АҚШ долларға

сатып алуды ұсынған.

Ӛзге мысал, 2013 жылғы 27 маусымдағы Талдықорған қалалық сотының

үкімімен Козлова И. және Козлова А. ҚК 133 бабының 2 б. «а» т. бойынша

түзеу колониясында жазасын ӛтеумен 8 және 7 жыл бас бостандығынан

айырылған.

2013 жылғы 9 сәуірде алдын ала келісім бойынша жаңадан туылған

А.Козлованы (07.06.2011 жылы туылған) Г.Бейсеноваға 30 000 АҚШ долларына

сатқаны үшін сот кінәлі деп тапқан.

ҚР ҚК 271 бабында (Жезөкшелікпен айналысу үшін притондар ұстау

және жеңгетайлық) кӛрсетілген қылмыстар жасалынатынын статистикалық

деректер дәлелдеп отыр.

ҚР ҚК 271-бабында сипатталған қылмыстар жекелеген жағдайларда жеке

бостандық пен адамның ӛзге құқықтары мен бостандықтарына қарсы жасалған

әрекеттермен байланысты қылмыстық бизнестің тізбегін аяқтайды. Сексуалдық

пайдалануға әйелдер тап болады. Қарастырылып отырған қылмыстар бойынша

жәбірленушілер кӛп жағдайда әйелдер болып табылатынын статистикалық

деректер дәлелдейді.

Мәселен, 2012 жылы адам ұрлау сияқты қылмыстың (ҚР ҚК 125 бабы)

жәбірленушілері әйелдер болды. Мұндай үрдіс 2013 жылы да байқалады.

2013 жылғы 27 мамырдағы Кӛкшетау қалалық сотының үкімімен

Булегенов Ш., Кушубаев Н. және Исмаилов Р. ҚК 126 бабы 3 бӛлігінің «б»

тармағы бойынша, 270 бабы 2 бӛлігінің «г» тармағы бойынша 7, 6, және 5

жылға бас бостандығынан айыруға сотталған.

Ауырлығы орташа қылмысқа жататын притон құру жӛніндегі қылмыстық

ниеті адамның жеке бас бостандығына және қолсұғылмаушылығына қастандық

жасалынатын ауыр қылмыстарды жасауға алып келуі мүмкін (ҚК 125, 126, 120,

128, 270 баптары).

Page 28: Арнайы баяндама1.7 MB

28

Қарастырылып отырған қылмыстардың қоғамдық қауіптілігінің дәрежесі

туралы жәбірленушілер кӛп жағдайда әйелдер және кәмелетке толмағандар

болып табылатыны растайды. Бұл жағымсыз құбылыстарды зерттеу ҚК 125,

126, 128, 133, 270, 271 баптарында кӛзделген барлық қылмыстар ӛзара

байланысты және біздің қоғамымыздың дамуының қазіргі кезеңінде орын

алатын жағымсыз құбылыстардың кешенді кӛрініс болып табылатынын

кӛрсетті.

2013 жылғы 12 сәуірдегі Алматы облысы Текелі қалалық сотының

үкімімен Шевчук М. ҚР ҚК 133 бабы 2 бӛлігінің «ж, к» тармақтары, 132-1 бабы

2 бӛлігі бойынша 7 жыл бас бостандығынан айырылды.

2012 жылы қарашада Иванова ӛзінің балаларын, сонымен қоса кәмелетке

толмаған қызы А.Иванованы (05.12.1999 ж.т.) Шевчукке уақытша қамқорлыққа

қалдырып кеткен. Шевчук «Рашид» лақап есімді адамға кәмелетке толмаған

Иванованы сексуалдық пайдалану үшін 20000 теңгеге ұсынған. Қылмыстық

тергеу органы Шевчукті «Рашидке» кәмелетке толмаған баланы беруге әкелген

пәтерде ұсталды.

2013 жылы аппеляциялық инстанция соты 11 адамға қатысты 11

қылмыстық іс қарады. Олардың ішінде прокурордың наразылығы бойынша – 5

және процеске қатысушылардың арызы бойынша – 6.

Прокурордың наразылығы бойынша 2 сот қаулысы болмаған, оның ішінде

1 – істі қарау кезінде кеткен қылмыстық-процестік заңнаманың бұзылуынан

болған.

Арыз бойынша 6 адамға қатысты 6 үкім ӛзгертілген, соның ішінде 3 –

қылмыстық заңнаманы дұрыс қолданбауына байланысты және 3 – сотталушы

жазасының қылмысының ауырлығы мен тұлғасына сәйкес келмеуі.

2012 жылғы 27 желтоқсандағы Ақтӛбе облысының кәмелетке жасқа

толмағандар ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық сот үкімімен

Мирзагалиева Ш. ҚК 132-1 бабы 1 бӛлігіменТК-да 4 жыл бас бостандығынан

айыра отырып, сотталды.

Осы үкіммен Нигметов А. ҚР ҚК 132-1 бабының 2 бӛлігі бойынша 6

жылға бас бостандығынан айыра отырып, ТК сотталды.

Сот үкімімен Мирзагалиева 2011 жылғы қарашадан 2012 жылғы мамырға

дейін кәмелетке толмағандарды жезӛкшелікпен айналысуға тартқаны үшін

кінәлі деп танылған.

Нигметов Мирзагалиевамен бірге кӛндіру, мектепте жезӛкшелікпен

айналысып жүргенін айтып беремін деп бопсалау, оларды немесе олардың

туыстарын жәбірлеумен қорқыту жолымен жезӛкшелікпен айналысуға

кәмелетке толмағандарды тапқаны үшін кінәлі деп танылған. Одан соң

Мирзагалиева кӛрсеткен мекен-жайға Нигметов кәмелетке толмағандарды

жезӛкшелікпен айналысуға қызмет кӛрсететін жерге алып барған, Мирзагалиева

клиенттерден белгілі бір тӛлем алып, бӛліп отырған. Клиенттердің

тапсырыстары бойынша белгілі бір тӛлемге кәмелетке толмаған қыздарды

жеткізіп отырған.

Page 29: Арнайы баяндама1.7 MB

29

Тергеу практикасын талдау адам саудасы құрбандарын айқындаудың

келесі негізгі амалдарын кӛрсетеді:

түрлі рейдтер, тексерістер, тергеулер және ӛзге іс-шаралар кезінде

(барлық мұндай фактілер заңсыз мигранттарға, жасырын жүргізілетін

ӛндірістерге, притондарға қатысты жедел-профилактикалық шаралар кезінде

айқындалады);

қылмыстардың құрбандарының, туысқандарының, ҮЕҰ, әлеуметтік

жұмыскерлердің жүгінуі;

БАҚ-тағы, интернет-ресурстердегі басылымдар;

полиция қызметкерлері белгілі бір проблемалық секторларды (ауыл

шаруашылығы, құрылыс, ӛндіріс) байқау және бақылау арқылы, тұрақты

патрульдеу кезінде, анонимдік хабарламалар арқылы адам саудасы туралы

ақпарат ала алады.

Адам саудасына қатысты күдік туралы полицияға хабарлауы ықтимал

адамдарға келесілер жатады: адам саудасы құрбандарының қызметтестері, ата-

аналары немесе достары, кӛршілер, сексуалдық қызметтерді тұтынушы

клиенттер, қатыгездікке күдіктенгендер; консулдық мекемелердің

қызметкерлері сиқты ӛзге саланың дереккӛздері.

Әдетте адам саудасы арналарын айқындау және болдырмау, заңсыз

миграция ұйымдастырушыларын айқындау үшін ішкі істер органдары тұрақты

түрде адам саудасымен байланысты қылмыстарды айқындауда барынша тиімді

шаралар болып табылатын «Мигрант», «Нелегал», «Стоп - трафик» жедел-

профилактикалық іс-шараларды ӛткізіп тұрады.

Алайда бұл статистика адам саудасы құрбандарына барабар қорғау

ұсынылмайтынын кӛрсетеді. Бұл әсіресе ӛзге мемлекеттерден шыққан

құрбандарға қатысты, олар әкімшілік жазаға жиі тартылады және адам

саудасынан жәбірленуші ретінде кӛмек және қорғау алудың орнына кӛші-қон

заңнамасын бұзғаны үшін қуып шығарылады.

2013 жылғы 29 сәуірде Қазақстан Республикасының заңдылықты,

құқықтық тәртіпті және қылмыспен күресті қамтамасыз ету жӛніндегі

үйлестіруші кеңестің кезекті отырысында адам саудасымен байланысты

қылмыстарды айқындау тетігінің тиімділігі, сондай-ақ кінәлі адамдарды

қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселелері қаралды.

Үйлестіруші кеңестің шешімімен Қазақстан Республикасы Үкіметіне

келесі мәселелер бастама ретінде қойылды:

Адам саудасына қарсы іс-қимылға және құрбандарды әлеуметтік

қорғаумен қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларға қаржылық қолдау

кӛрсету туралы қосымша шаралар қабылдау туралы;

аталған саладағы мемлекеттік саясатты үйлестіретін мемлекеттік

органды белгілеу және бұл органғаАдамдарды сату, заңсыз әкелу, әкетумен

күрес мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның қызметтерін

аталмыш органға беру туралы.

Page 30: Арнайы баяндама1.7 MB

30

2003 жылдан бастап Қазақстанда Адамдарды сату, заңсыз әкелу, әкетумен

күрес мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия)

жұмыс істейді, ол адамдарды сату, заңсыз әкелу, әкетумен күрес және адам

саудасы құрбандарына кӛмек кӛрсету мәселелері бойынша ұсыныстар мен

ұсынымдар әзірлеу үшін құрылған.

Қазіргі таңда Комиссияның жұмысшы органының фукнцияларын ҚР Ішкі

істер министрлігі жүзеге асырады, ал 2016 жылғы қаңтардан бастап аталған

функциялар ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму минитрлігіне берілетін

болады.

Page 31: Арнайы баяндама1.7 MB

31

II БӚЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ

САУДАСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДЫ НОРМАТИВТІК-ҚҦҚЫҚТЫҚ

РЕТТЕУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ

2.1. Адам саудасымен кҥрес саласындағы ҧлттық заңнама

Адам саудасына қарсы күрестің ең негізгі элементтерінің бірі тиімді

заңнаманың болуы. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы бұл бағытта

бірқатар шаралар қабылдады.

Атап айтқанда, 2006 жылғы наурызда «Қазақстан Республикасының

кейбір заңнамалық актілеріне адамды саудаға салуға қарсы іс-қимыл мәселелері

бойынша ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды. Бұл

қадам БҰҰ-ның Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясына

және оны толықтыратын адамдарды, әсіресе әйелдер мен балаларды сатудың

алдын алу мен жолын кесу туралы хаттамаға қол қойған кездегі Қазақстанның

адам саудасымен күресудегі халықаралық міндеттерін орындау қажеттілігін

мойнына алғандықтан жасалынды. Қазақстан бұл құжаттарға 2000 жылы қол

қойған және 2008 жылы ратификациялады.

Қабылданған заңға сәйкес Қылмыстық кодекстің бірқатар баптарына

ӛзгерістер енгізілді (баяндама қосымшасын қараңыз). Адам саудасы үшін

жазалауды бекітетін негізгі ереже болып табылатын ҚР ҚК 128 бабы түбегейлі

ӛзгерістерге ұшырады. Бастапқы редакцияда аталмыш бап адам саудасының

жеке кӛріністері – тарту, тасымалдау, адамдарды сексуалдық және басқа түрлері

бойынша қанау үшін әкелу және әкету бойынша ғана жазалады. Жазалаудың

жоғарғы шарасы 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру болатын, ал

ауырлығы жеңілдеу қылмысқа жазалау айыппұл немесе бас бостандығынан бір

жылға дейін айыру ретінде қаралатын.

Бұл бап бойынша қылмыстық іс қозғау үшін жәбірленушінің тартушы

жағынан алданған фактісін дәлелдеу керек болатын. Заңды қайта қарағандықтан

бұл бап ӛзгерді және 5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылып,

мүлкі тәркіленетін жаза қарастырылған кең спектрлі әрекетке қарасты бола

бастады. Жәбірленушінің алдану фактісін дәлелдеу талабы басым болуы

тоқталды.

Адам саудасына қатысты Қылмыстық кодекстің басқа баптарына да

қылмыстың осы түрлеріне қатысты жазалауды қатайту мақсатында ӛзгерістер

енгізілді. Енді адам саудасына байланысты барлық қылмыстар ауырлығы

орташа, ауыр немесе аса ауыр қылмыстар санатына жатқызылған30

.

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң адамдарды сатуға байланысты

30

Қазақстанда адам саудасымен күресу саласындағы істердің қазіргі жағдайын талдау. 2010 жылғы ЕҚЫҰ

Шолу Конференциясының үшінші сессиясына баяндама, Астана, 2010 ж. 26-28 қараша

http://www.osce.org/ru/home/73775?download=true

Page 32: Арнайы баяндама1.7 MB

32

қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын алу жӛнiндегi 2012-

2014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын (Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы №1347 қаулысымен бекітілген) іске

асыру аяасында заңнаманы жетілдіру бойынша:

2012 жылы ҚР Еңбек кодексіне жұмысшыларды жалдаумен, жұмыс

берушінің кәмелетке толмаған жұмысшылардың тізімін жүргізудің нормаларын

бекітумен және т.б. байланысты аталған кодекс ережелерін жетілдіруге

бағытталған түзетулер қабылданды;

2012 жылы «Адамды саудаға салғаны үшін жауапкершілікті

анықтайтын заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы» ҚР Жоғарғы Сотының № 7

нормативтік қаулысы қабылданды;

2013 жылы адам саудасымен күресу мәселелері бойынша

ҚК,ҚІЖК,ӘҚБК жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір

заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша

ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды.

2014 жылы ӛкілетті органның (ҚР ІІМ) қатыгездіктен зардап

шеккендерге кӛмек кӛрсету ӛлшемдерін әзірлеу және тиісті мемлекеттік

стандарттарды қабылдау нормалары қарастырылған «Қазақстан

Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрмыстық зорлық-

зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ӛзгерістер мен толықтырулар

енгізу туралы» заңы қабылданды. Сонымен бірге «Арнаулы әлеуметтік

қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қабылданған түзетулерді

жүзеге асыру барысында адам саудасынан зардап шеккендерге арнайы

әлеуметтік қызмет кӛрсету стандарттары қазіргі уақытқа дейін әзірленбеген.

Осыған байланысты адам саудасынан зардап шеккендерге әлеуметтік қызмет

кӛрсету стандарттарын әзірлейтін ӛкілетті органды анықтайтын мәселе

жӛніндегі шараларды заңға тәуелді келісімдер деңгейінде қабылдауды орынды

деп санаймыз.

2013 жылғы 4 шілдеде қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір

заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша

ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сәйкес осыған ұқсас

қылмысқа жауапкершілік күшейтілген, келешекте адам саудасын алдын алуда

оңды кӛрінуі тиіс екенін айта кеткен жӛн.

Мәселен, «Адамды саудаға салу» 128-бабына адам саудасы контексіне

«сатып алу-сату» «ӛзге де мәмілелер» түсініктердірегламенттеуші ескертулер

енгізілген.

Егерде саудаға қарсы БҰҰ Хаттамасының 3 бабындағы нормада

кӛрсетілген ықпал етудің кез келген амалдары қолданылған болса, зардап

шегушінің жоспарланған қанауға келісімі назарға алынбайтынын анықтайтын

халықаралық талаптардың бірі болып табылатын және адам саудасымен күресті

жетілдіруге бағытталған норманы енгізу маңызды болып табылады.

«Кәмелетке толмаған адамды жезӛкшелікпен айналысуға тарту» 132-1-

бабы бойынша қылмыстық топпен немесе оны тәрбиелеу жӛніндегі міндеттер

Page 33: Арнайы баяндама1.7 MB

33

заңмен жүктелген ата-ана, педагог не ӛзге адам қылмыс жасағандағы

жауапкершілігі күшейтілген. Бас бостандығынан айырудың ең ұзақ мерзімі

10жылдан 12 жылға артты.

«Кәмелетке толмағандарды саудаға салу» 133-бабында психикасының

бұзылуынан зардап шегетіні немесе дәрменсiз күйде екені кінәліге кӛрінеу

белгілі кәмелетке толмағанға қатысты және жәбірленушінің жеке басын

куәландыратын құжаттарды алып қою, жасыру не жоюға байланысты

қылмыстың жауакершілігін ауырлататын дәрежелеуші белгілері қосылған.

Егер «Жезӛкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру

немесе ұстау және жеңгетайлық» 271-баптың бірінші бӛлімі бойынша

жауакершілікке айыппұл қарастырылған болса, онда қазір тек бас

бостандығынан айыру ғана белгіленген. Сонымен бірге, енді осы қылмысты

ұйымдасқан топпен жасағаны үшін бас бостандығынан бұрынғы бес жылдың

орнына он жылға айырумен жазаланады. Іс жүзінде барлық қылмыстық

нышандар құрамына мүлікті тәркілеу қосылған.

Осылайша қазіргі кезеңде мемлекет тарапынан адамдарды ұрлау мен адам

саудасына байланысты қылмыстармен күресуді жетілдіретін бірнеше

заңнамалық шаралар қабылданды.

Жалпы, қазіргі қазақстандық қылмыстық заңнама адам саудасымен

байланысты қылмыстар үшін кінәлілерді жазалау үшін тиімді шараларды

қолдануға нақты мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, біздің ойымызша шешімі осы жұмыстың тиімділігін бұдан

әрі арттыра алатын бірнеше күрделі мәселелер бар.

Мәселен, «адам саудасы» қылмысының негізгі (тікелей) объектісі

адамның бас бостандығы болып табылады. Қосымша (факультативті)

объектілер мыналар болуы мүмкін: абыройы мен қадір-қасиеті, жыныстық қол

сұғылмаушылық пен жыныстық бас бостандығы; кәмелетке толмаған тұлғаның

моральдық-ӛнегелік, психикалық, дене дамуы; заңмен бекітілген ҚР

Мемлекеттік шекарасын кесіп ӛту тәртібі, құжат айналымы, сонымен қатар

бӛгденің меншігі, адамның ӛмірі, денсаулығы.

Адамның бас бостандығы – бұл конституциялық құқығы болуына

байланысты кәмелетке толмағандар мен адам саудасы үшін жауапкершілікті

белгілеуші ҚР ҚК 128 және 133 баптарын тұлғаға және отбасы мен кәмелетке

толмағандарға қарсы қылмыстарды қамтитын ҚК 1 және 2 тарауларына

орналастыруы негізділігіне күмән келтіреді. Сол арада адамның және азаматтың

конституциялық және басқа құқықтары мен бостандығы ҚК 3 тарауында

жинақталған, аталған баптар осында орналасуы қажет.

Мұндай дәлсіздік бұрын сот тӛрелігіне қарсы қылмыстар тарауына

азаптау үшін жауапкершілікті анықтайтын баптарды орналастырылғанда

жіберілген еді. Бірнеше рет сынға алғаннан кейін ҚК 141-1 бабы Қазақстан

Республикасының 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 393-IV Заңымен тұлғаның

және азаматтың конституциялық және басқа құқықтары мен бостандығына

қарсы құқық бұзушылық жинақталған 3 тарауға ауыстырылды.

Page 34: Арнайы баяндама1.7 MB

34

Жаңа ҚР ҚК - 128 (Адамды саудаға салу) және 135 (Кәмелетке

толмағандар саудасы) баптарының құрылыстары ҚК 135-бабының 2-

тармағыбойынша осы қылмыстарды жасауды қайталану белгісін нақты қолдану

тек кәмелет жасқа толмағандарды саудаға бірнеше рет салғаннан кейін мүмкін,

себебі екінші бӛлімде тек кәмелет жасқа толмағандарды саудаға бірнеше рет

салу туралы кӛрсетілген.

Егер кінәлі алдымен ересек адамды, ал содан кейін кәмелет жасқа

толмағанды саудаға салуды жүзеге асырған болса, қайталану белгісін тағу

мүмкін болмайды, және екі жағдайда да әрбір қылмыс үшін жауапкершілік

қайталану белгісінсіз тағылады, дегенмен шындығында адам саудасына

байланысты екі қылмыс жасалған.

ҚР Конституциясына сәйкес адамның құқығы мен бостандығы

мемлекеттің жоғарғы құндылығы болып табылады. Осыған байланысты оларға

қылмыстық қол сұғушылық басқа заңмен қорғалатын объектілерге қарағанда

айтарлықтай қатаң жазалануы керек.

Адам саудасы (128-баптың 1-тармағы– 3жылдан 5 жылға дейін бас

бостандығынан айыру) мен кәмелетке толмағандары саудаға салу (128-баптың

1-тармағы- 5 жылдан 7 жылға)үшін белгілеген жазалау санкциялары басқа

қылмыстар үшін жауапкершілікті орнатушы баптардың жазалау

санкцияларымен салыстырмалы талдау соттың адам саудасымен байланысты

әрекеттерге автокӛлікті айдап кету, сенiп тапсырылған бӛтен мүлiктi иемденiп

алу және басқа ұқсас сипаттағы қылмыстарға 3 жылға бас бостандығынан

айыруды тағайындауға хақылы екенін кӛрсетеді.

Адам саудасы мен кәмелеттік жасқа толмағандар саудасы бойынша істер

егер факультативті объектілерге зиян келтірмеген болса, әдеттегідей

тұлғалардың әрекетін дәрежелеуші белгілерінсіз анықтамалайтынын тәжірибе

кӛрсетті. Осыған орай ҚР ҚК 128 және 135 баптарының жазалау санкцияларына

сәйкес қылмыс жасаған адамдарға аз кӛлемдегі жаза, шартты түрде айыпталу

тағайындалады, ӛйткені бұған заңмен тыйым салынбаған.

Осыған байланысты адам мен кәмелетке толмағандар саудасы үшін

жазалауды қатаңдату мәселесі орынды туындайды.

Жаңа ҚР ҚК 71-бабының 6-тармағында бейбiтшiлiкке және адамзаттың

қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар, сыбайлас жемқорлық қылмыстар, террористік

қылмыстар, экстремистік қылмыстар, азаптаулар, кәмелетке толмағандардың

жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар, сондай-ақ жеке адамға,

мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне

қарсы, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы, экономикалық

қызмет саласында аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарға талап қою мерзiмдерi

қолданылмайтыны кӛретілген.

Осы қылмыстардың тізімін адам мен кәмелет жасқа толмағандар

саудасына байланысты қылмыстарға қосу ұсынылады, себебі олар қылмыстық

заңның осы нормасында кӛрсетілген азаптаулар, сыбайлас жемқорлық пен басқа

қылмыстарға қарағанда қауіптілігі кем емес.

Page 35: Арнайы баяндама1.7 MB

35

Бұдан басқа, еңбек және салық заңнамаларының «қылмыстық» жұмыс

күшін коммерциялық мақсатта тартуға мүмкінсіздік тудыру бӛлімін жетілдіру

қажеттігі кӛрініп тұр.

Тағы бір проблема адам саудасына байланысты қылмыс

құрбандарыныңкӛп жағдайда қорғаусыз мен жәрдемсіз қалуында.

ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қорғау шаралары

қылмысты ескерту немесе ашуға себеп болған тұлғаларға, оларға қарсы зорлық

кӛрсету немесе қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттер істейтін нақты

қауіп бар болса, қылмыстық іс қозғалмай тұрып қолданыла алады. Бірақ

практикада қорғау шаралары адам саудасына байланысты қылмыстан зардап

шеккендер (немесе осындай қылмыстық істердің куәгерлері, кӛбінесе адам

саудасынан зардап шеккендер болып табылады) қылмыс процесіне қатысушы

деп саналғаннан кейін беріледі және оларға қорғау шараларын қолдану туралы

арнайы ӛтініш беруі керек. Бұл қорғау қылмыстық процесс кезінде ғана

қолданылады, бұл қылмыстық процесс біткеннен кейін зардап шегуші

қорғаусыз қалатынынын кӛрсетеді.

Кӛп жағдайда Қазақстанға басқа елдерден жасырын емес немесе жасырын

түрде әкелінген адам саудасының құрбандары соңында кӛші-қон заңдарын

бұзғаны үшін айыпталады және әкімшілік соттардың шешімімен елден қуып

шығарылады. Бұл олардың қылмыстан зардап шегуші ретінде кӛмек және

қорғауға алынудың орнына жазалауға ұшырайтынын кӛрсетеді.

ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес оларға қарсы ауыр немес аса ауыр

қылмыс жасалғанын (адам саудасы оған жатады) мәлімдеген шетелдік

азаматтар олардың ісі бойынша қылмыстық процесс аяқталғанға дейін елде

қалуға құқығы бар. Бірақ бұл қағида іс жүзінде сирек қолданылады.

Адам саудасының құрбандары қылмыстық процеске қатысу немесе

қатыспауы туралы шешімін кідірмей қабылдауы қажет. ҚР заңнамасы адам

саудасының құрбандары компенентті органдармен ынтымақтасу туралы

шешімді қауіпсіз жерде болып, дәлелді және саналы қабылдау үшін сауығу мен

ойлауға уақыт беру мүмкіндігі ұйғарылмаған. Халықаралық тәжірибеде бұл

мерзімнің ұзақтығы 30 күннен кем емес.

ҚР Конституциясының 4-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан

Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес

заңдардың, ӛзе де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттары

мен Республиканың басқа да міндеттемелерінің, сондай-ақ Қазақстан

Республикасының Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының нормативтік

қаулыларының нормалары болып табылады.

Қазақстан Республикасы адам саудасымен күресті жандандыру және

күшейту мақсатында бірнеше негізгі халықаралық актілерді ратификациялады,

солардың қатарында:

1926 жылғы Құлдық туралы Конвенция (ҚР 2008 жылғы Заңы);

1926 жылғы 25 қыркүйекте Женевада қол қойылған Құлдық туралы

Конвенцияға ӛзгерістер енгізу туралы Хаттама (ҚР 2008 жылғы Заңы);

Page 36: Арнайы баяндама1.7 MB

36

1949 жылғы Адамдарды сатуға және үшінші тұлғалардың

жӛзекшелікті пайдалануына қарсы күрес туралы Конвенция (ҚР 2005 жылғы

Заңы);

Адамдарды сатуға және үшінші тұлғалардың жӛзекшелікті

пайдалануына қарсы күрес туралы Конвенцияға Қорытынды хаттама (ҚР 2005

жылғы Заңы);

1956 жылғы Құлдықты, құл саудасын және құлдыққа ұқсас

институттар мен әдет-ғұрыптарды жою туралы Конвенция (ҚР 2008 жылғы

Заңы);

1930 жылғы ХЕҰ-ның №29 «Мәжбүрлі немесе міндетті еңбек

туралы» Конвенциясы (ҚР 2000 жылғы Заңы);

1957 жылғы ХЕҰ-ның №105 «Мәжбүрлі еңбекті жою туралы»

Конвенциясы (ҚР 2000 жылғы Заңы);

1999 жылғы ХЕҰ-ның №182 «Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне

тыйым салу және жою жӛніндегі шұғыл шаралар туралы» Конвенциясы (ҚР

2002 жылғы Заңы);

1966 жылғы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық

пакт (ҚР 2005 жылғы Заңы);

1966 жылғы Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар

туралы халықаралық пакт (ҚР 2005 жылғы Заңы);

1966 жылғы Нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы

халықаралық Конвенция (ҚР 1998 жылғы Заңы);

1979 жылғы Әйелдерге қарсы кемсітушіліктің барлық нысандарын

жою туралы Конвенция (ҚР 1998 жылғы Заңы);

2006 жылғы Күштеп жоқ қылып жіберуден барлық адамдарды

қорғауға арналған Халықаралық Конвенция (ҚР 2008 жылғы Заңы);

1984 жылғы Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке

жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне

қарсы Конвенция (ҚР 1998 жылғы Заңы);

1923 жылғы 12 қыркүйекте Женевада жасалған, 1947 жылғы 12

қарашада Нью-Йорк, Лейк Саксессте қол қойылған Хаттамаға сәйкес енгізілген

түзетулерімен Порнографиялық басылымдар айналысының және оларды

саудалаудың жолын кесу туралы халықаралық Конвенция (ҚР 2013 жылғы

Заңы);

1989 жылғы Бала құқықтары туралы Конвенция (ҚР 1994 жылғы

Заңы);

1993 жылғы Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға

қатысты ынтымақтастық туралы Конвенция (ҚР 2010 жылғы Заңы);

1980 жылғы Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-

құқықтық аспектілері туралы Конвенция (ҚР 2012 жылғы Заңы);

2003 жылғы БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Конвенциясы

(ҚР 2008 жылғы Заңы);

Page 37: Арнайы баяндама1.7 MB

37

2000 жылғы БҰҰ-ның Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы

Конвенциясы (ҚР 2008 жылғы Заңы);

Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы Конвенциясын

толықтыратын Адамдарды, әсіресе әйелдер мен балаларды сатудың алдын алу

мен жолын кесу және ол үшін жазалау туралы Хаттама (ҚР 2008 жылғы Заңы);

Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы Конвенциясын

толықтыратын Мигранттарды құрлық, теңіз және әуе арқылы заңсыз әкелуге

қарсы Хаттама (ҚР 2008 жылғы Заңы);

Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа

қарсы Конвенциясын толықтыратын Атыс қаруының, оның құрамдас бӛліктері

мен компоненттерінің, сондай-ақ оның оқ-дәрілерінің заңсыз дайындалуына

және айналымына қарсы Хаттама (ҚР 2008 жылғы Заңы);

2002 жылғы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер

бойынша құқықтық кӛмек пен құқықтық қатынастар туралы

Конвенция (ҚР 2004 жылғы Заңы);

Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан

Республикасы және Ӛзбекстан Республикасы арасындағы терроризмге, саяси

және діни экстремизмге, ұлтаралық ұйымдасқан қылмысқа және Тараптардың

тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне ӛзге де қауіп-қатер тӛндіруге қарсы күрес

жӛніндегі бірлескен іс-қимыл туралы шарт (ҚР 2000 жылғы Заңы).

2.2. Адам саудасына қарсы іс-қимылдың халықаралық-қҧқықтық тетіктері

Қазіргі кезеңде құлдық және адам саудасы деген кӛріністер ғаламдық

ақпарат алмасу және әлемдік еңбек қорларын қолдану сияқты нақты фактілерді

білдіреді. Бастапқыда осы құбылыстарды адам құқықтарының әмбебап

стандарттарының жоғарғы деңгейі, оларды қорғау тетіктерінің эволюциясы

және заманауи құқықтық сананың тоқтата алмауы ақылға қонбайтын сияқты.

Әлеуметтану және құқықтану саласының зерттеушілері мемлекеттің ұлттық

қауіпсіздігіне және халықаралық қауымдастықтың тұрақтылығына қауіп

тӛндіретін жеке тұлғаның еріксіз ахуалымен байланысты ұғымдарға жиі кӛңіл

бӛледі.

Адам саудасының трансұлттық құрамдас бӛлігі әртүрлі бағыттардан

жасалған және экономикасы мықты да, нашар да дамыған елдердің

территориясынан ӛтеді. ХЕҰ сарапшылары адам саудасы «шындығында

ғаламдық мәселе болып табылады, және әлемнің кӛп елдері – олар не жеткізуші,

не алушы, не транзит орны, немесе осылардың бәрі бір мезетте» деп санайды.

Мәжбүрлі еңбек пен қызметті қолданудың қаржылай басымдылығы БҰҰ

жарғысымен жарияланған – тілі мен діні, жынысы, нәсіліне қарамастан

барлығына адам еркіндігі мен құқықтарын құрметтеу және сақтау негіз болатын

қағиданың бірімен қарсы әрекетте болып табылуы.

Халықаралық құқықтық нормалар адамды қанаудың кез келген

нысандарына тыйым салатынын атап ӛткен жӛн.

Page 38: Арнайы баяндама1.7 MB

38

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 4-бабында

кӛрсетеді: «Ешкім де құлдықта немесе кіріптарлықта ұсталуы тиіс емес; құлдық

пен құл саудасына, қандай түрде болса да, тыйым салынады».

Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 8-бабында

ешкiм де кiрiптарлықта ұсталуы тиiс емес (2-т.) және ықтиярсыз немесе

мiндеттi еңбекке мәжбүрленуi тиiс емес (3(а)-т.) екені айтылған. Экономикалық,

әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіні айтатын болсақ,

мұнда құлдыққа немесе кіріптарлық күйіне тыйым салыну жанама түрде әр

адамның «ӛз еркiмен таңдап алған немесе ӛз еркiмен келiскен» еңбегімен

күнкӛрiс жасау мүмкiндiгiн жариялаған 6-баптың 1-тармағында бекітілген.

1926 жылы Ұлттар лигасы шеңберінде қатысушы мемлекеттер арнайы

құжатты – құлдық туралы, осы құбылысқа құқықтық ұғым берілен

Конвенцияны құрды. Конвенцияны қабылдау батыс мемлекеттерінің

отаршылдық саясатының белсенді кезеңінде болды. Сондықтан оның кіріспе

сӛзбасында қатысушы елдердің «Африкада еріксіздерді сатуды жою» және

«құлдықты оның барлық нысандарында және құрлық пен теңізде еріксіздерді

сатуды толығымен жою» ниеттері айтылған. 1-бап құлдықты «меншік

құқығының атрибуттары немесе олардың кейбіреуі қолданылатын адамның

жай-күйі мен жағдайы» деп анықтайды. 2-бап қатысушы мемлекеттерді

еріксіздерді саудаға салуды болдырмауға және жолын кесуге, және құлдықты

оның барлық нысандарында толық жоюға қол жеткізуді жалғастыруға

шақырады. 6-бап олардан осындай қылмыстарды қатаң түрде жазалау үшін

керекті шараларды қолдануды талап етеді.

1949 жылғы Адамдарды сатуға және үшінші тұлғалардың жезӛкшелікті

пайдалануына қарсы күрес туралы Конвенция қатысушы мемлекеттердің

алдына тұлғаның абыройы мен жоғары құндылығымен сыйыспайтыны ретінде

жезӛкшелік пен онымен ілесе жүретін адам саудасымен күресу мақсаттарын

қояды. Конвенцияның қатысушылары ӛзге бір адамды, тіпті сол адамның

келісімімен жезӛкшелік мақсатында кездестіретін, бейімдейтін немесе бұзатын

(1-бап) тұлғаның әрқайсысын жазаға тартуға міндеттеледі. Сәйкес келетін

қылмыстардың құрамдары жезӛкшелер үйін ұстау, немесе оны басқару, немесе

саналы түрде қаржыландыру немесе осындайға қатысу, ғимаратты немесе басқа

орынды, немесе осылардың бӛлігін үшінші тұлғалардың жезӛкшелік

мақсатында пайдаланауға жалға беру немесе жалға алу (2-бап) ретінде

анықталады. Алғаш рет адам саудасы мен жезӛкшелік жӛнінде халықаралық

түрдегі қылмыстармен күресте мемлекеттің 7-12 бап бекітілген dedere aut punere

(бер не сотта) ретінде танымал ынтымақтастық ұстанымы тұжырымдалды.

Адам саудасына қарсы әрекет ұстанымдарының эволюциясына

айтарлықтай маңызды болған 1919 жылы Версальдық бейбіт келісім қағидасына

сәйкес құрылған және 1946 жылы БҰҰ жүйесінің мамандандырылған мекемесі

болған Халықаралық еңбек ұйымының қызметі.

1930 жылғы Мәжбүрлі немесе міндетті еңбек туралы ХЕҰ №29

Конвенциясы осындай еңбектi қолдануды оның барлық нысандарында

Page 39: Арнайы баяндама1.7 MB

39

мүмкiндiгiнше ең қысқа мерзiмде жоюға бағытталған. «Мәжбүрлi немесе

мiндеттi еңбек» термині «ӛз қызметiн ерiктi түрде ұсынбаған кез келген адамнан

қандай да бiр жазалау қатерiн тӛндiру арқылы түрлiше жұмыс немесе қызмет-

талап етудi»(Конвенцияның 2-бабының 1-тармағы) бiлдiредi. Оған кірмейтіндер

таза әскери сипаттағы жұмыс немесе қызмет; немесе әдеттегi азаматтық

мiндеттерiнiң бiр бӛлiгi болып табылатын; немесе сот органының шешiмiмен

шығарылған үкiмнiң салдарынан қандай да болсын тұлғадан талап етiлетiн;

немесе тӛтенше жағдай кезінде жүргізілгенде; және де ұсақ-түйек қоғамдық

жұмыстар (2-баптың 2-тармағы) болып табылады.

1957 жылғы Мәжбүрлі еңбекті жою туралы ХЕҰ №105 Конвенциясы №29

Конвенцияны қатысушы елдердің осындай еңбекті тәсіл ретінде қолдануды

тоқтатуды міндеттеді:

саяси ықпал ету немесе тәрбие құралы немесе белгіленген саяси,

әлеуметтiк немесе экономикалық жүйеге қарсы саяси кӛзқарасын бiлдiргенi

немесе идеологиялық сенiмi болғаны үшiн жазалау шарасы; экономикалық даму

мұқтаждығы үшiн жұмыс күшiн жұмылдыру мен пайдалану құралы;

еңбек тәртібін қолдау құралы;

ереуiлдерге қатысқаны үшiн жазалау құралы;

нәсiлi, әлеуметтiк және ұлттық қатыстылығына немесе дiни сеніміне

қарай кемсiтушiлiк шаралары (1-бап.

1956 жылы ХЕҰ Құлдықты, құл саудасын және құлдыққа ұқсас

институттар мен әдет-ғұрыптарды жою туралы қосымша Конвенцияны

қабылдауға бастама кӛрсетті. Конвенция мұндай институттар санына қарыздық

кіріптарлықты, басыбайлы жағдайын және әйелдер мен балаларды сыйақы

үшінберуге байланысты дәстүрлерді («отбасылық» құлдық деп аталатын)

жатқызады. Бұл Конвенцияда құл саудасы ұғымы кеңейтілген. Ол қылмысқа

кіретін құрамының тізіміне қандай да болмасын кӛлік құралдарымен бір елден

екінші елге құлдарды тасымалдауға, не құлдарды тасуға(немесе оны қорлау)

талпыныс жасау немесе мұндайға бірге қатысу кіреді. Конвенцияға

қатысушылар олардың туларын заңды пайдаланатын кемелер мен ұшатын

аппараттардың құлдарды тасымалдауына бӛгет жасауға міндеттеледі.

Қатысушы мемлекеттердің порттары, аэродромдары мен жағалаулары құлдарды

тасу үшін пайдаланбауы керек (3-баптың 2-тармағы).

1956 жылғы Конвенцияның 6-бабының 1-тармағықұлдыққа қатысты

қылмыстық әрекеттер құрамының тізіміне «ӛзге адамды құлға айналдыру

немесе басқа адамды немесе басқа адамнан тәуелді адамды құлдыққа беруге

кӛндіру немесе мұндай әрекеттерді жасауға ұмтылу, немесе оған бірге

қатысуды» қосады. Қатысушы елдерден осы құрамдарды ұлттық қылмыстық

заңнамаға инкорпорациялауды және кінәлі адамдарды жазалауын жүзеге

асыруды талап етеді.

ХХ ғасырдың 20-50-шы жылдары қабылданған және құлдық пен мәжбүрлі

еңбекке қарсы күреске бағытталған халықаралық-құқықтық шарттардың басты

басымдылығы ретінде келесілерді санауға болады:

Page 40: Арнайы баяндама1.7 MB

40

адам саудасы процесін сүйемелдейтін қылмыстардың құрамы мен

құқықтық анықтамасы белгіленген;

халықаралық-құқықтық нормаларды қатысушы мемлекеттердің ұлттық

заңнамасына енгізу жүйесі ішінара қарастырылған;

қатысушы елдердің осы істермен күресте, және әсіресе адамдарды заңсыз

әкелу мен ұстауды ескертуде ақпаратпен алмасу және ынтымақтасу тетігі

ұсынылған.

1998 жылы қабылданған Халықаралық қылмыстық соттың Римдік

статуты(ХҚС) құлдыққа салуды, сексуалдық құлдыққа және жезӛкшелікке

мәжбүрлеуді адамзатқа қарсы қылмыс ретінде анықтайды (7-баптың 1 с) және g)

тармақтары). «Құлдыққа салу» термині «кез келген немесе тұлғаға қатысты

меншік құқығына байланысты барлық заңдылықты жүзеге асыру, адам және

әсіресе әйелдер мен балалардың саудасы кезінде осындай ӛзіне заңдылықты

қамтиды(7-баптың 2 с) тармағы».

Құлдық ахуалы немесе адамның еріксіз жағдайы келесі белгілермен

анықталады:

адамның жеке тұлға негізіне салынған табиғи, бастапқы құқықтары

мен бостандығын кеміту ;

адамның бостандығына шек қою және жүріс-тұрысын заңсыз

бақылау, соның ішінде тікелей зорлықты және оның жанама әдісін де қолдану

(қауіп-қатерлер,бопсалау, қорқыту);

адамның еңбек қызметіне тиісті ӛтемақы тӛлеуден бас тарту және

оның келісімінсіз ауыр және қауіпті жұмысқа оны еріксіз кӛндіру;

адамды белгілі бір жабық жерде ұстау, оны күштеп орнын

ауыстыруы және оған зорлап берген істің түрін мәжбүрмен орындау;

адамдардың жеке топтарының қорғалмаған жағдайын пайдалану

(соғыс кезіндегі соғысқа қатысы жоқ жергілікті халық, отбасы дәстүріне тәуелді

әйелдер, кәмелет жасқа толмаған балалар).

Мамандардың бағалауы бойынша жыл сайын тек еуропалық елдерге адам

саудасынан зардап шегуші ретінде 200 мыңнан 500 мыңға дейін адамдар

жіберіледі. Жыл сайын 700 мыңға жуық адам сауда нысаны жағдайына

ұшырайды және елдердің шекарасы арқылы орын ауыстырады.

Адам саудасының қазіргі нысандары келесі факторларға негізделеді:

иммиграцияның басым құрамдас бӛлігі оның заңсыз бӛлігінде

кӛрсетілген, одан құқықтық алаңнан тыс қолданылатын адамдар контингенті

қалыптасады;

бүгінгі күні еңбек кӛші-қоны жұмыс берушіге кӛбінесе жұмыспен

қамтудың кез келген шартына дайын жалдамалы жұмысшылардың кең түріне

ие және ұсынады;

Page 41: Арнайы баяндама1.7 MB

41

азаматтық қоғамда ең осал санаттар отбасылық ортаға, дәстүр мен

әдет-ғұрыпқа тәуелді әйелдер, балалар мен жасӛспірімдер болып табылуда31

.

2010 жылғы 30 шілдеде БҰҰ Бас Ассамблеясы БҰҰ-ның адам саудасына

қарсы күрестің Ғаламдық жоспарын қабылдады, ол тӛрт аспектіні қамтиды:

1. Адам саудасының алдын алу (теңсіздіктің әкономикалық, саяси,

мәдени факторларын жою; осы мәселені зерттеу; ақпараттық-түсіндіру

науқандарын кӛбейту; мүше елдермен ынтымақтасу арқылы және т.с.с.);

2. Адам саудасының құрбандарын қорғау және оларға кӛмек кӛрсету

(қылмыскерлердің қылмыстық жауапкершілігі; адам саудасынан зардап

шегушілерге кӛмек кӛрсету алгоритмі; адам саудасынан зардап шеккендер үшін

БҰҰ ерікті жарналарының мақсатты қорын құру және т.с.с.);

3. Адам саудасы түріндегі қылмысты қудалау (адам саудасының

болжамды жағдайларын тергеуді күшейту; мемлекеттің құқықтық, кӛші-қон,

шекаралық және басқа сәйкес органдарының ақпарат алмасу арқылы бір-бірімен

ынтымақтасуға қозғау салу және т.с.с.);

4. Адам саудасымен күрес ісінде серіктестік ынтымақтастықты

нығайту (адам саудасымен күрес ісінде халықаралық, аймақтық және

субаймақтық ынтымақтастықты күшейту; адам саудасымен күрес жӛніндегі

Мекемеаралық үйлестіру тобын нығайту).

ЕҚЫҰ және Халықаралық кӛші-қон ұйымын қоса алғандағы әртүрлі

халықаралық ұйымдар адам саудасымен күрес мәселесімен белсенді

айналысатынын кӛрсеткен жӛн.

Мысалы, 2003 жылы ЕҚЫҰ Министрлер кеңесі ЕҚЫҰ-ның адам

саудасымен күрес бойынша әрекет етужоспарын бекітті және ЕҚЫҰ аясында

осы жамандыққа қарсы әрекет тетігін құрды. Адам саудасына қарсы әрекет ету

мәселесі бойынша ЕҚЫҰ-ның арнайы ӛкілі мен үйлестірушісінің бюросы

жұмыс істейді.

Ӛз кезегінде Халықаралық кӛші-қон жӛніндегі ұйым әлем елдерінің

үкіметтеріне адам саудасымен күреске, адам саудасын тоқтатуға бағытталған

әртүрлі бағдарламаларды орындау, адам саудасынан зардап шеккендерге кӛмек

кӛрсету және қорғау, снымен қатар адам сатушыларды қудалау арқылы қолдау

кӛрсетеді.

Қӛтеріліп отырған адам саудасы мәселесі барлық елдерде, соның ішінде

Еуропалық одақтың елдерінде байыпты мазасыздықты тудырады. Зардап

шегушіні ескерту, қорғау, қолдау және саудашыларды қудалау мақсатында 2012

жылы Еуропалық комиссия 2012-2016 жылдарға арналған адам саудасын жою

жӛніндегі Еуропалық Одақтың стратегиясын қабылдады. Еуропалық Одақтың

заңына сәйкес адам саудасы адамды сексуалдық немесе еңбекке қанау

мақсатында жасалған қылмысты ғана қоспайды, оның негізгі құқықтарын бұзу

да кіреді. Еуроодақтың ықпал негізінде үш ұстаным жатыр: адам

31

Адам саудасына және заңсыз еңбек кӛші-қонына қарсы іс-қимылдың халықаралық-құқықтық тетіктері,

Еуразиялық заң журналы № 4 (47) 2012, http://www.eurasialegal.info/index.php?catid=116:2011-09-19-

12-34-31&id=1210:2012-05-11-06-17-59&Itemid=1&option=com_content&view=article

Page 42: Арнайы баяндама1.7 MB

42

саудасыныңалдын алу; қылмыскерлерден зардап шегушіледі қорғау; адам

саудалаушыларды қылмыстық жауапкершілікке тарту.

2.3. Балаларды қанаудан қорғаудың халықаралық-қҧқықтық ҧстанымдары

Балаларды адам саудасынан қорғау туралы мәселе аса маңыздылыққа ие

болып отыр, ол кӛбінесе қамқорлық тақырыбы және бір уақытта олардың

жасына, дербессіздігіне, қорғансыздығына байланысты мәжбүрлеу нысаны

ретінде қабылданады.

БҰҰ мәліметтері бойынша жыл сайын ӛз елінен әкетілетін және құлдыққа

сатылатын әйелдер мен балалардың әлем бойынша саны 1 млн.-ға жуық.

Сарапшылар балалар саудасыұйымдасқан балалар жезӛкшелігі және

порнография ӛндірісі, ӛндіріс пен қызмет кӛрсету саласындағы балалар еңбегі

және үй құлдығы, балаларды қайыршылық және мүшелер мен тіндерді алу

мақсатында қолдану, балаларды заңсыз асырап алу сияқты нысандарда

айқындалады деп санайды.

Балаларды қорғау бастапқыда әмбебап халықаралық келісімдерде

қарастырылған. АСҚХП 24-бабының1-тармағы әрбір баланың нәсілiне, түр-

түсiне, жынысына, тілiне, дiнiне, ұлттық, немесе әлеуметтiк тегiне, мүлiктiк

немесе туу жағдайларына қарамастан, ешқандай кемсiтусіз отбасы, қоғам және

мемлекет тарапынан, ӛзiнiң жас шамасы талап ететiн тиiстi қорғау шараларын

иеленуге құқығын бекітеді.

Қазақстан Республикасы қатысатын 1989жылы қабылданған Бала

құқықтары туралы Конвенцияның 35-бабы балаларды ұрлау, бала саудасына

немесе балаларды кез келген мақсатпен және кез келген түрде контрабандалау

әрекеттеріне жол бермеу үшін ортақ қағида орнатады және ол үшін қатысушы

мемлекеттерді ұлттық, екі жақты және кӛп жақты деңгейде шаралар қолдануға

шақырады. Оларға Конвенцияның 34-бабы баланы сексуалдық қанаудың және

сексуалдық азғырудың барлық түрінен қорғауға міндеттетеді. 36-бабы баланы

әл-ауқаты аспектісіне залал келтіретін қанаудың басқа да барлық нысандарынан

қорғауды талап етеді.

Бала ересек адам болатын жасты анықтау мәселесі физиологиялық және

психологиялық салалар тұрғысынан да және құқықтық салада да айтарлықтай

күрделі болып табылады. Құқық субъектісі институты адамның жеке және

азаматтық мәртебесімен тығыз байланысты. Бала құқықтары туралы

Конвенцияның 1-бабы «әрбір адам баласы 18 жасқа толғанға дейін, егер осы

балаға қолданылатын заң бойынша ол кәмелеттік жасқа бұрынырақ толып

қоймаса, бала болып саналады» нормасын бекітеді. Халықаралық және ұлттық

құқық жүйесі арасында кәмелетке толу жасын анықтауда белгілі мәміле бары

айқын. Конвенцияның 3-бабының 2-тармағықатысушы мемлекеттер заң

бойынша бала үшін жауапкершілікті мойнына алған оның ата-анасының,

қамқоршыларының немесе басқа да адамдардың құқықтары мен міндеттерін

Page 43: Арнайы баяндама1.7 MB

43

назарға ала отырып, баланың игілігі үшін қажетті қорғау мен қамқорлықты

қамтамасыз етуді қадірлеу қағидасын жариялайды.

1999 жылы қабылданған Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне тыйым

салу және жою жӛніндегі шұғыл шаралар туралы ХЕҰ №182 Конвенциясы (ҚР

оған 2002 ж. қосылды) мыналарды:

құлдықтың барлық түрлерiн немесе мысалы, балаларды сату және

оларды саудалау, қарыз кiрiптарлығы мен басыбайлы тәуелділік, сондай-ақ

мәжбүрлi немесе мiндетті еңбек, оның iшiнде балаларды қарулы қақтығыстарда

пайдалану үшiн оларды мәжбүрлi немесе мiндеттi жалдау сияқты құлдыққа

ұқсас практиканы;

баланы жезӛкшелiкпен айналысу үшiн, порнографиялық ӛнiм

ӛндiру үшiн немесе порнографиялық қойылымдар үшiн пайдалануды, азғырып-

кӛндіруді немесе ұсынуды;

белгілі бір халықаралық келісімдерде белгiленгендей, баланы

заңсыз қызметпен айналысу үшiн қолдануды, азғырып-кӛндіруді немесе

ұсынуды (есiрткi заттарды ӛндiру және сату үшін);

ӛзiнiң орындалу жағдайы немесе сипаты жағынан балалардың

денсаулығына, қауiпсiздiгiне немесе адамгершiлiгiне зиян келтiруi мүмкiн

қызметті жатқызады (3-бап).

ТМД елдерінің аумағында сексуалдық құлдыққа тартылған балалардың

кӛп пайызын бастапқыда ӛзінің ата-аналары немесе жақын туыстары

отбасындағы материалдық ӛтемақыға сатылғандар құрайды. Бұл туралы ХЕҰ

зерттеулерінде «Қазіргі Ресейдегі еріксіз еңбек: реттелмейтін кӛші-қон мен адам

саудасы» келтірілген осындай сауда-саттықтың зардап шегушілерімен

сұхбаттың қорытындысы айтады. Қазақстанның, Қырғызстанның, Украинаның

азаматтары болып келетін балалар мен жасӛспірімдер олардың отбасының

осындай келісімге бару себебін, РФ аумағына кіру жолдарын және адам

саудасымен айналысатындарда немесе оларды ұстап отырған кіші ӛндірістерде

ӛмір сүру жағдайлары туралы баяндайды.

2000 ж. БҰҰ Балаларды саудалауға, балалар зинақорлығына және

балалар порнографиясына қатысты Бала құқықтары туралы Конвенцияның

Факультативтік хаттамасы (ҚР оған 2001 жылы қосылған) осындай

құбылыстарға құқықтық анықтаманы қамтамасыз ететін және оларға қарсы

күресте белсенді халықаралық ынтымақтастық ретіндегі құжат болып

қабылданды. Мұнда «балаларды саудалау» термині «баланың сыйақы үшiн

немесе кез-келген басқаша ӛтем жасаған үшiн кез-келген тұлғамен немесе

тұлғалар тобымен басқа тұлғаға немесе тұлғалардың тобына берiлуiн кӛздейтiн

кез-келген келісімдi немесе мәміленi» бiлдiредi. Е.Б. Мизулина 2-баптың а)

тармағының ахуалын былай бағалайды: «шын мәнінде осы анықтама

пайдакүнем келісімдерді қамтиды. Оған соңы бала құлға айналатын, қанауға

ұшырайтын келісімдер кірмейді. Сонымен қатар Бала құқықтары туралы

Конвенциядағы «балаларды саудалау» ұғымы басқаша кең маңынада

қолданылады, немесе «балаларды саудалау» кез-келген мақсатта және кез-

Page 44: Арнайы баяндама1.7 MB

44

келген түрінде тыйым салынады...» Шындығында, баланы еріксіз еңбек пен

сексуалдық қанауға беру ақысыз түрде жүзеге асуы мүмкін, мысалы,

немқұрайлықтан немесе оған қамқор болудан құтылу ниетімен.

Хаттаманың 3-бабының 1-тармағы қатысушы мемлекеттерді ӛздерінің

ұлттық қылмыстық заңдарында балаларды саудалаумен байланысты

қылмыстық істер құрамын қамтамасыз етуге шақырады:

баланы сексуалдық пайдалану, оның дене мүшелерiн сыйақы үшiн

беру немесе ерiксiз жұмыстарда пайдалану мақсаттарда баланы қайсыбiр әдiстi

қолдану арқылы ұсыну, беру немесе алу;

асырап алуға қатысты қолданылатын халықаралық құқық актілеріне

қайшылық келтiре отырып, делдалдық негiзде баланы асырап алуға негiздемесiз

тарту;

балалар жезӛкшелігі мақсатында баланы ұсыну, беру немесе алу;

балалар порнографиясының ӛндiрiсi, таратылуы, импорты,

экспорты, ұсынылуы, сатылуы немесе сақталуы.

Бұдан басқа, 3-баптың 2-тармағы осы тізімге «осындай әрекеттердiң кез

келгенiмен қастандық жасауға, кӛмекшілік және осы істерді істеуге араласуды»

қосады.

Аталған қылмыстар 5-бап бойынша ұстап беруге әкеп соғатын әрекет

ретінде қарастырылады. Осы Хаттамаға қатысушылар үшін ол ұстап беру

туралы екіжақты шарт болмаған жағдайда қылмыскерді тапсыруға құқықтық

негіз болады. Зардап шеккен балалардың әлеуметтік ықпалдасуы және

физикалық пен психологиялық қалпына келуіне қамтамасыз етумен қатар

қатысушы елдер оларға азаматтық-құқықтық қорғау мүмкіндігін, яғни ешқандай

кемсітусіз нұқсан келтіргені үшін ӛтемақы алуына кепіл беруі керек (9-бап).

2005 жылғы Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы Еуропа Кеңесі

Конвенциясының 2-бабының 2-тармағы қатысушы мемлекеттер егер сӛз бала

туралы болса, кезкелген түрде зардап шегушінің жеке басын ашуды немесе оны

теңдестіретін мағлұматтарды жариялауды болдырмау үшін шара қолдануды

нұсқайды. Ерекшелік оның отбасын табу үшін немесе осындай әдіспен оның

қорғауы мен әл-ауқаты қамтамасыз етілетін жағдайлар құрайды. Егер кәмелет

жасқа толмаған тұлғаның жасы туралы күмән болған жағдайда, ол

анықталмайынша арнайы қорғауға құқығы бар бала болып саналады (10-баптың

3-тармағы). Осы Конвенцияның жақтары адам саудасына ұшыраған балаларға

олардың мүдделерін заңды ӛкілдікпен; тұлғаны және азаматтығын анықтау;

егер баланың мүддесіне жауап беретін болса, отбасын тезірек табуды

қамтамасыз етуі керек (10-баптың 4-тармағы).

Балаларды саудадан және қанаудан қорғау оларды еріксіз пайдалану

түрлерінің кең жиынтығына тыйым салу тәсілінбілдіреді. Осылардың әрбір түрі

баланың әл-аухатына зиян тигізеді және оның тұлға болуына түбегейлі түрде

әсер етеді. Тек қана осы қорғаудың арнайы тетіктерін күшейту ғана балалардың

Page 45: Арнайы баяндама1.7 MB

45

еріксіз күйін болдырмауға кепіл береді және халықаралық пен ұлттық деңгейде

олардың жеке және азаматтық құқықтарын сақтауды қамтамасыз етеді32

.

Балаларды қорғау және баланы мемлекетаралық асырап алуға қатысты

ынтымақтастық туралы конвенциясы (ҚР оған 2010 жылы қосылды) шетелдік

асырап алу баланың ең жақсы мүддеде оның құқығын сақтаумен болуына

кепілдеме қарастырады, Конвенция нормалары орындау үшін орталық органды

тағайындауды кӛздейді, сонымен қатар мемлекеттердің ӛкілетті ұйымдарымен

ынтымақтасу тетігін қарастырады.

2.3.1. Адам саудасына қарсы іс-қимылдың ҧлттық тетіктері

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу

комитетінің ресми мәліметі бойынша 2014 жылдың біріші тоқсанында

жасӛспірімдерге қарсы 327 (2013 жылы - 3184) зорлық-зомбылық қылмыстар

жасалған, соның ішінде 10 (2013 жылы - 25) – жасӛспірімдерді саудалау, 4 (2013

жылы - 25) – жасӛспірімдерді жезӛкшелікпен айналысуға тарту.

Ратификацияланған халықаралық шарттарды, Қазақстан

Республикасының қолданыстағы заңдары мен Экономикалық, әлеуметтік және

мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіні «әрбір адамның білім алуға

құқығы» бӛлігінде (13-бап) ескере отырып, республикада адам саудасынан

зардап шеккендердің құқықтарын, сондай-ақ олардың балаларының білім алуы

құқықтарын (тегін және міндетті бастауыш және орта білім, қажетті барлық

қаражаттар кӛмегімен әркімнің мүмкіндігі негізінде барлығы үшін жоғарғы

білімнің қол жетімділігі)қамтамасыз ету жӛніндегішаралар қабылданып жатыр.

Қиын ӛмірлік жағдайға тап болған балалардың білім алу мәселесі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі

және олардың құқықтарын қорғау жӛніндегі ведомствоаралық комиссияның

2012 жылдың 20 сәуірдегі оныншы отырысында қарастырылған. Отырыстың

нәтижесі бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдарға, сонымен

қатар мүдделі ұйымдарға ұсыныстар берілді.

Қазіргі уақытта республиканың мектептерінде психологиялық,

оқытушылық, заңды кӛмек кӛрсету міндеттері жатқызылған 7561 психолог,

3643 әлеуметтік педагог және 1610 мектеп полиция инспекторы жұмыс істейді.

Сонымен қатар қиын ӛмірлік жағдайға тап болған балаларға кӛмек

кӛрсету мақсатында кәмелет жасқа толмағандарды бейімдеу орталықтары

(КБО) жұмыс істейді. КБО-лардың қызметі «Жетiм балалар мен ата-анасының

қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарының түрлері

қызметінің үлгiлік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім

және ғылым министрінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 229 бұйрығы бойынша

жүзеге асады.

32

Адам саудасына және заңсыз еңбек кӛші-қонына қарсы іс-қимылдың халықаралық-құқықтық тетіктері,

Еуразиялық заң журналы№ 4 (47) 2012,http://www.eurasialegal.info/index.php?catid=116:2011-09-19-12-34-

31&id=1210:2012-05-11-06-17-59&Itemid=1&option=com_content&view=article

Page 46: Арнайы баяндама1.7 MB

46

Білім беру органдарының мәліметтері бойынша 2014 жылдың 1

маусымында КБО-ларға 2471 кәмелет жасқа толмаған адам орналастырылған,

соның ішінде 1482 қатал қараудың салдарынан қиын ӛмірлік жағдайға тап

болған кәмелет жасқа толмағандар. Барлық балаларға құжаттарын толтыруға

кӛмек, сонымен қатар психологиялық-түзетулікқолдау кӛрсетілген.

КБО-лар жанында Отбасын қолдау қызметтері жұмыс істейді. 2014

жылдың 5 айы ішінде 45 ата-анаға және 126 кәмелет жасқа толмағандарға

құжаттарды рәсімдеуге кӛмек кӛрсетілген, 667 ата-анаға және 595 кәмелет

жасқа толмағандарға кеңес берілген. КБО-лардың Отбасын қолдау

қызметтерінің мобильді топтары 112 рет отбасына, 23 рет оқу орындарына және

16 рет жетім балаларға және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалғандарға

арналған ұйымдарға шығуды ұйымдастырған.

Адам саудасынан зардап шеккендер құқықтарын қорғау саласындағы

Адам құқықтары жӛніндегі комиссияның серіктесі Қазақстанның ҮЕҰ болып

табылады.

Мысалға, «Қазақстан дағдарыс орталықтары одағы» ЗТБ адам

саудасыныңпрофилактикасы мен болдырмау мәселелерімен айналысады. 2008

жылдан Одақтың базасында адам саудасынан зардап шеккендерге жедел кӛмек

белгілеу үшін «11616» қауырт желісі істейді. Одақтың жұмыс тәжірибесінен

қатерге кӛбірек ұшырайтындар тартылатын немесе ұрланатын, кейін ауыл

шаруашылығында, үй ішінде және жеке кәсіпорында қиын жұмысқа, секуалды

қызмет кӛрсетуге мәжбүрленетін республиканың кәмелет жасқа толмаған

азаматтары мен кӛрші елдердің азаматтары болып табылатыны айқындалған.

Айқындалған адам саудасы құрбандарының жылдан жылға ӛсу үрдісі

байқалады.

Ресми сандар тиісті қылмыстардың жасырын түрінің басымдылығына

байланысты нәрсенің ақиқат жағдайын кӛрсетпейді.

Кәмелет жасқа толмағандарды толық қалпына келтіру үшін Білім және

ғылым министрінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 229 бұйрығымен бекітілген

«Кәмелет жасқа толмағандарды бейімдеу орталықтарында кәмелет жасқа

толмаған балаларды ұстау қағидаларына» толықтырулар енгізу қажет деп

санаймыз:

Page 47: Арнайы баяндама1.7 MB

47

Ережелер мәтіні

НҚА-ге ӛзгерістер мен

толықтырулар

Ескерту

2-тармақ. Кәмелетке толмаған-

дарды қабылдау, ҧстау және

шығару тәртібі. 8-бап. Орталыққа

мыналар қабылданады:

1) ата-аналарын немесе басқа заңды

ӛкiлдерiн анықтау үшін қадағалаусыз

және панасыз қалған балалар;

2) уақытылы орналастыру мүмкiндiгi

болмаған, сондай-ақ олардың ӛмiрiне

немесе денсаулығына тiкелей қауiп

тӛнген кезде қамқоршылық және

қорғаншылық органы ата-анасынан

(оларды бiреуiнен) немесе оларды

қамқорлыққа алған басқа да

адамдардан алып қойған ата-

анасының қамқорлығынсыз қалған

балалар;

Қағиданың 8-бабына

қосымшалар енгізу және

келесі редакцияда баяндау:

4) қатыгездік пен адам

саудасы салдарынан

әлеуметтік бейімсіздену

менәлеуметтік депривацияға

алып келген қиын ӛмірлік

жағдайдағы балалар.

Құрбан балалар шұғыл

қамқорлық пен қорғауға ие

болуға, қауіпсіздікке,

тамақтану және қауіпсіз

жерге орналасуға,

медициналық кӛмекке және

психоәлеуметтік қолдауға қол

жеткізуге құқықтық кӛмекке,

әлеуметтік қызметтер мен

білімге құқығы бар.

5. Орталықтың негізгі

міндеттері:

1) ӛмiрде қиын жағдайға тап

болған кәмелетке толмағандарға

және олардың ата-аналарына немесе

басқа заңды ӛкілдеріне осы

жағдайдан шығу үшін әлеуметтік

және психологиялық кӛмек кӛрсету;

2) кәсіптік-еңбек, оқу-таным-

дық және шынықтыру-сауықтыру

бағыттарындағы компонеттерден

тұратын кәмелетке толмағандарды

әлеуметтік бейімдеудің жекелеген

бағдарламаларын әзірлеу және оның

іске асырылуын қамтамасыз ету;

3) кәмелетке толмағандардың

әлеуметтік мәртебесін қалыпқа

келтіру;

Қағиданың 5-бабының 3-

тармағына қосымшалар

енгізу және келесі

редакцияда баяндау:

3) кәмелет жасқа

толмағанды құжаттандыру

жолымен кәмелет жасқа

толмағанның әлеуметтік

мәртебесін қалпына

келтіру;

Қазіргі уақытта қылмыс

процесі кезінде зардап

шегуші деп танылған адам

саудасының құрбандарын –

Қазақстан Республика- сының

азаматтарын құжаттандыру

мәселесі әлі шешілмеген.

Қолданыстағы ҚР ҚІЖК-де

құжаттарды дайындау мерзімі

туралы, сонымен қатар іс

бойынша жұмыс жүргізетін

құқық қорғау органдарына

тиісті жауапкершілікті

артатын қағидалар

қарастырылмаған.

Адам саудасының құрбандарына педагогикалық және психологиялық

кӛмек кӛрсету саласында ҚР БҒМ үкіметтік емес сектормен белсенді ӛзара іс-

қимыл жасауда.

ҚР БҒМ Бала құқықтарын қорғау комитетi жанында ҮЕҰ Кеңесі жұмыс

атқарады, оның қызметінің бір бағыты балаларға қатысты зорлықты, адам

саудасын және балалар еңбегін қанауды болдырмау болып табылады.

Балалар саудасының алдын алу мен профилактикасы мәселесі тәуекел

топқа жататын балаларға тұрақты түрде назар аудару мен бақылауды талап

етеді. Тәуекел топтағы балалар (қашуға бейім, мектепке бармайтын

сәтсізотбасылардан шыққан, балалар үйінің тәрбиеленушілері) адам саудасына

себептес болу жағдайына түсу мүмкіндігін ескере отырып ҚР БҒМ ҮЕҰ-мен

бірге жыл сайын профилактикалық іс-шараларын жүргізеді.

Page 48: Арнайы баяндама1.7 MB

48

Қараусыз және қорғансыз қалған балаларды анықтау үшін жүйелі түрде

рейдтік іс-шаралар мен акциялар жүргізіледі: «Балалар түнгі қалада»,

«Жасӛспірім», «Кӛше», «Қамқор», «Мектепке жол» және тағы басқалар.

Білім органдарының мәліметіне сәйкес 2014 ж. 5 айында 34786 білім, ішкі

істер, денсаулық сақтау органдарының, ҮЕҰ, ата-аналар қоғамы, жастар мен

балалар ұйымдарының ӛкілдерінің қатысуымен 15523 рейдтік іс-шара

жүргізілген.

Рейдтік іс-шара аяасында балалар еңбегін қолданудың 34 фактісі

анықталған (2 бала асхана жұмысшысы,7-даяшы, 4-кондуктор, 4- машина

жуушылары болып жұмыс істеген, 1- базарда жұмыс істеген,15- қайыршылық

жасаған, 1-жезөкшелікпен айналысуға тартылған).

Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жергілікті атқарушы

органдар мен ҮЕҰ кӛмегімен балалар еңбегінің ең нашар

түрініңпрофилактикасы мен алдын алу орталықтары жұмыс істейді.

Осы облыстарда аймақтық «Қарлығаш», «Сана сезім» атты ҮЕҰ

кӛмегімен балалар еңбегін қолдануды жою жұмыстары жүріп жатыр.

Білім беру саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер кӛрсету стандартын

бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы

№ 262 қаулысына сәйкес әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік

депривацияға әкеп соқтырған қатыгездік құрбаны болған балаға (балаларға)

арнаулы әлеуметтік қызметтерді кӛрсету кӛлемі мен шарттарын белгілейді.

«Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға

арналған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын

бекіту туралы» Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 18 маусымдағы

№229 бұйрығына қатыгездік салдарынан әлеуметтік бейімсіздік пен әлеуметтік

депривацияға әкеліп соғатын ӛмірлік қиын жағдайға тап болған балалар

санатын қосу бойынша толықтырулар енгізілген.

Ахуалды мониторингтеу мақсатында ҚР БҒМ республика ӛңірлерінің

адам саудасының құрбандарына жергілікті жерлерде педагогикалық және

психологиялық кӛмек кӛрсету туралы ақпарат ұсыну жӛніндегі әкімшілік

есептер нысанынәзірлеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Соңғы жылдары үлкен маңыздылыққа ие болған жеке мәселе – бұл

кәмелетке толмаған нәрестелерді қайта сату мақсатында ұрлау. Статистика із-

түссіз жоғалған балалардың есебінде тұрғандар санының ӛскенін кӛрсетеді.

Сонымен қатар кейбір жағдайларда медицина қызметкерлерінің салқын

қараушылығы орын алады, олар нәрестенің жоғалғаны туралы құқық қорғау

органдарына хабарламайды, ӛйткені нәрестелерді перзентханадан шыққаннан

кейін есепке алуы керек.

Медициналық мекемелерде нәрестелердің қатаң есебінің жоқтығы,

медициналық қызметтің толық қамтылмауы және халықтың медициналық

мекемелерге бекітілуі міндетті еместігі, сонымен қатар бала табатын жастағы

әйелдер, «қылмыстық» босануды іске асыруға және балалардың одан әрі сатылу

мүмкіндігіне жағдай жасайды.

Page 49: Арнайы баяндама1.7 MB

49

Қылмысттардың осы санатының ӛршуі бірінші кезекте бала туу

мәселесіне байланысты. Статистика мәліметтері бойынша 100 ерлі-зайыптылар

жұбының 10-ы бала таба алмайды. 100-дің 15-інде олардың ӛз

қалағандарынаназ балалары бар. Әдеттегідей баласы жоқ жұптардың

репродуктивті немесе жалпы денсаулығында нашарлаулар бар. Оның үстіне

Қазақстан азаматтарының балаларды асырап алудыңқолданыстағы тәртібі

қиындатылған және ұзақ мерзімді болып табылады (құжаттарды жинау,

әртүрлі мінездемелер алуы, белгілі жас шектеліміне, табыс деңгейіне сәйкес

келмеуі салдарынан қабыл алмау ықтималдығы және т.б.). Тексерілу және

одан кейінгі емделу қымбатқа түседі. Ӛкінішке орай нәрестелерді сатудан

жиренбейтін адамдар санаты бар. Сонда «баланы сатып алу» экстракорпоральді

ұрықтану сияқты репродуктивті емделу шараларын ӛтуге қарағанда, әлдеқайда

оңай және тиімді болып тұр. Бұл факторлар үмітін үзген адамдарды баланы

асыраудағы заңды әрекеттен қаша тұра осындай амалға итермелейді.

Баланың туылған кезде міндетті түрде әкелігін анықтау талабын орнату

қажет деп санаймыз, ол нәрестелерді есепке алуды күшейтумен қатар «алимент

тӛлеуші» мәселесімен тиімді күресуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар

Қазақстан Республикасының азаматтарына балаларды асырап алу тәртібі мен

шарттарын қайта қарауды ұсынамыз.

Осы саладағы қатаң талаптар халықаралық тәжірибеде де талап етіледі.

Еуропаның құқық қорғау қызметтерінің нәрестелерді ұрлау бойынша

тұтас қылмыстық желілерін анықтауы, олардың ауқымдылығы мен географиясы

сондай қылмыстардың трансұлттық сипаты туралы айтады, ол күштерді

біріктіруді және ұрланған балалардың бірыңғай деректер банкін құруды талап

етеді.

2.4. Әйелдерді адам саудасынан және кемсітуден қорғаудың

халықаралық-қҧқықтық кепілдіктері

1979 жылғы Әйелдердi кемсiтудiң барлық нысандарын жою туралы

Конвенциясы (Қазақстан оны 1998 жылы ратификациялаған) «әйелдерге

қатысты кемсіту» терминінің мағынасын анықтайды. Онда «әйелдердің саяси,

экономикалық, әлеуметтік, мәдени, азаматтық немесе кез-келген басқа

салалардағы адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын олардың

отбасылық жағдайына қарамастан, ерлер мен әйелдердің теңдігі негізінде

пайдалануын немесе іске асыруын әлсіретуге немесе мойындалуын жоққа

шығаратын жыныс белгісі бойынша кез-келген айырмашылық, қоспай қою

немесе шектеу»(1-бап) бекітілген. Бұл оның мазмұны құрылатын

Конвенцияның негізгі нормасы.

Осы Конвенцияның баптарының стандартты моделі қандайда бір әйелдер

мен ерлерге ортақ құқықты немесе бостандықты орнатады, және сосын

әйелдерге осы құқықтың арнайы кепілдемесін ұсынады. 9-баптың 1-тармағында

былай делінген: «Қатысушы мемлекеттер әйелдерге азаматтығын алуға,

Page 50: Арнайы баяндама1.7 MB

50

ӛзгертуге немесе сақтап қалуға ерлермен тең құқық береді. Олар, шетел

азаматымен некелескенде және некеде тұрғанда күйеуінің азаматтығының

ауысуы бірден әйелінің азаматтығының ауысуына, азаматтығы жоқ тұлғаға

айналуына жол бергізбеуді қадағалайды және күйеуінің азаматтығын

қабылдауға мәжбүр еткізе алмайды».

Конвенциядағы нормалар құрылымы тәртібінен ӛзгешелікті 6-бап

құрайды, қатысушы мемлекеттерге «әйелдер саудасы мен жезӛкшелікті

пайдаланудың барлық түрін жою үшін, заңнамалық түрді қоса отырып, барлық

тиісті шараларды» қабылдауға міндеттейді.

БҰҰ Адам саудасына қарсы хаттамасы (ҚР оған 2008 жылдан бері

қатысады) «шыққан, тасымалданған және жеткен елдерде адам саудасымен

күреске тегіс қамти алатын халықаралық тәсілді» құру мақсатында

қабылданған. Хаттаманың негізгі мақсаттары «әйелдер мен балаларға ерекше

назар аудара отырып, адамдарды сатудың алдын алу және онымен күресу» және

«адам құқықтарын толық құрметтей отырып, осындай сауда құрбандарын

қорғау және оларға кӛмек кӛрсетуден»(2-бап) тұрады. Хаттама барлық алдыңғы

халықаралық келісімдер бӛлімінен туындайтын адам саудасына кең және

кешенді анықтама ұсынады.

«Жағдайдың осалдығы» термині әйелдер мен балалар сияқты ерекше

санатқа жататын топқа қолданады. Әйелдер мен балаларға отбасының немесе

туыстарының кӛрсететін қысымын ескере отырып, 3-баптың б) тармағы адам

саудасы құрбандарының жоспарланған пайдалануға келісімі, егер мәжбүрлеудің

кез келген түрі қолданылған болса еске алынбайтынын айтады. Осылайша

Хаттама халықаралық құқықта орын алған адам саудасы, басыбайлы жағдайы

және мәжбүрлі еңбек тұжырымдамаларына ерекше қорытынды жасайды.

6-баптың 4-тармағы қатысушы мемлекеттерден адам саудасының

құрбандарына кӛмек кӛрсеткен кезде олардың жасын, жынысын және ерекше

қажеттіліктерін ескеруді талап етеді. Қазіргі уақытта елдің ерікті түрде іске

асатын әйелдер мен балаларды отанына қайтару туралы шешімді қабылдауды

дайындау кезіне назар салынуда(8-бап). Ел аралық зерттеулер жүргізген, Әйел

саудасына қарсы Коалиция мен Еуропалық әйелдер лоббиінің мамандары 12

жастан кіші адамдарды жезӛкшелікке қолданған жағдайда «оларды әрдайым

отбасының бір мүшесі, оларды сексуалдық қанауға ұшырататын жағдайға

орналастыра немесе сата отырып алып келеді» деген қорытындыға келді.

Проблема ӛзінің отбасының бастамасымен немесе олардың қатысуымен

сауда-саттықтың құрбаны болған әйелдер мен балаларға отанында баспанамен

қамтамасыз ету қажеттігінде.

9-бап әйелдер мен балаларды ревиктимизациялаудан қорғау керектігін(1b)

тармағы) және қатысушының осалдығына себеп болатын: қайыршылық,

дамудың тӛмен деңгейі мен тең мүмкіндіктерінің болмауы сияқты

факторлардың әсерін жұмсартуға бағытталған шараларды қабылдауын (4-

тармақ) кӛрсетеді.

Page 51: Арнайы баяндама1.7 MB

51

9-баптың 5-тармағы мемлекеттердің адамдарды, әсіресе әйелдер мен

балаларды пайдалануды тудыратын сұранымға, қарсы әрекет етуге бағытталған

білім беру, мәдениет немесе әлеуметтік салаларында жағдай жасауға

бағытталған.

Әйелдер жағдайының ерекшелігі ол отбасының немесе жақын

туыстарының қолындағы затқа айналуы мүмкін болуынан. Мұнда басым болған

әдет, дәстүр немесе салт, әйелдер мен еркектердің тең құқығын ескермеушілік

немесе жыныстық белгісі бойынша кемсіту себеп болып табылады33

.

Сарапшылар «алдын алу шаралары адам саудасы қандай қауіп тӛндіретіні

үйдің экономикалық мүмкіндіктерін ұсынумен үйлесуі және әйелдерге заңды

кӛші-қон арналарын құру мәселесі бойынша ағартуды қосуы қажет, олай

болмайтын болса контрабандашылардың және заңсыз саудагерлердің кӛмегіне

жүгінуі мүмкін. Халықаралық кӛші-қон баруелдерінде әйелдердің мүмкіндіктері

мен міндеттеріне әсерін тигізеді.

2.4.1. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен кҥрес

БҰҰ Бас Ассамблеясының 48/104 Қарарымен 1993 жылғы 20 желтоқсанда

жарияланған Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты түбегейлі жою туралы

декларациясына сәйкес әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жыныстық белгісі

негізінде жасалған және әйелдерге дене, жыныстық немесе психологиялық

залал келтіретін немесе жапа шектіретін кез келген зорлық-зомбылық іс-әрекеті,

сондай-ақ осындай іс-әрекеттерді жасауға қоқан-лоққы кӛрсету, қоғамдық

немесе жеке ӛмірінде болсын мәжбүрлеу немесе ерікті түрде бостандығынан

айыру дегенді білдіреді.

БҰҰ «гендерлік зорлық-зомбылық» терминін мұндай зорлық гендерлік

теңсіздіктен шығатынын және заңдар, институционалдық және қоғамдық

нормалар оған жол беретінін дәлелдеу үшін қолданады; гендерлік зорлық-

зомбылық бұл тек қана гендерлік теңсіздіктің кӛрінуі емес, ол кӛбінесе

гендерлік теңсіздіктің нығаюына мүмкіндік туғызады (Heise, Ellsberg and

Gottemoeller, 1999).

Гендерге негізделген зорлық-зомбылық – бұл бір жыныс ӛкілінің қарама-

қарсы жыныс ӛкіліне қарсы қолданатын зорлық-зомбылығы. Зорлықтың бұл

түрі әйелдер мен ерлер арасындағы теңсіздікті кӛрсетеді және нығайтады,

сондай-ақ зардап шегушінің денсаулығына, абыройына, қауіпсіздігі мен

бостандығына зиян тигізеді. Ол адам құқығы бұзылуының кең спектрін,

балаларға сексуалдық зорлық кӛрсету, зорлау, үй зорлығы, сексуалдық

дәмешілік, әйелдер мен қыздарды саудалау және жаман әдеттерді қоса алады.

Бұл жағдайлар терең психологиялық зақым қалдырады, денсаулықты бұзады,

33

Адам саудасына және заңсыз еңбек кӛші-қонына қарсы іс-қимылдың халықаралық-құқықтық тетіктері,

Еуразиялық заң журналы№ 4 (47) 2012, http://www.eurasialegal.info/index.php?catid=116:2011-09-19-12-34-

31&id=1210:2012-05-11-06-17-59&Itemid=1&option=com_content&view=article

Page 52: Арнайы баяндама1.7 MB

52

әйелдердің репродуктивті және сексуалдық денсаулығын қоса алғандағы

денсаулығын бұзады және кей кездері ӛліммен аяқталады34

.

Гендерлік негіздегі зорлықтан (ГНЗ) зардап шегушілер туралы кӛп жалған

стереотиптік нанымдар бар, ал шындығында кез келген әйел оның құрбаны

болуы мүмкін. ГНЗ зардап шегушілері арасында байлар мен кедейлер,

білімділер және сауатсыздар, тұрмыс құрғандар, жесірлер және ажырасқандар

кездеседі. Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) ерте ме, кеш пе әрбір

бесінші әйел ГНЗ құрбаны болатыны туралы баға берді (WHO, 1997). Басқа

бағалау бойынша әйелдердің үштен бірі зорлықтың құрбаны болады.

2008 жылдың ақпан айында БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун дүние жүзінде

әйелдер мен қыздарға қарсы зорлықты болдырмауға және тоқтатуға

бағытталған күш салуға бірігуіне арналған кӛпжылдық науқанды күшейтті.

Науқан 2008-2015 жылдарға есептелген, сол арқылы Мыңжылдық

декларациясында тұжырымдалған даму саласындағы мақсаттарға жетудің

белгіленген мерзімінеорайластырылған. Науқан үкіметті, азаматтық қоғамды,

әйелдер ұйымдарын, жастарды, жеке секторды, БАҚ және БҰҰ-ның барлық

жүйесін әйелдер мен қыздарға қарсы зорлықтың әлемдік пандемиясына қарсы

күресте күш біріктіруге шақырады. Науқанның негізі ретінде халықаралық

саяси-құқықтық қоры және осы мәселенің аясында шоғырланған, БҰҰ

жүйесінің серіктері, үкіметтер мен ҮЕҰ тарапынан бастамалар санының кӛбеюі

кӛрсетілген мықты қозғайтын күшті қолданады.

Отбасындағы зорлық-зомбылық (үй зорлығы)–интимді серіктесінің

немесе отбасы мүшесі жасаған тәни, психологиялық, сексуалдық, сонымен

қатар экономикалық зорлық. 2007 жылғы 8 наурызда БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги

Мун «Әйелдерге қарсы зорлықтың жүгенсіздігі барлық континентте де, барлық

елдерде және қоғамның барлық тобында жалғасуда. Ол әйелдер, олардың

отбасылары мен қоғам үшін тұтасымен ең ауыр зардабын тигізеді. Дегенмен

мұндай зорлық кӛпшілік қоғамда тыйым салынғанымен, шынайы ӛмірде оны

кӛбінесе жасырады немесе оған бойсұнып кӛнеді» деген болатын.

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күресте стратегияны анықтаған

негізгі құжат халықтың артуы мен дамуы жӛніндегі халықаралық

конференцияның іс-әрекеттер бағдарламасы (Каир, 1994 жыл) болып табылады,

оның қатысушылары әйелдерге кӛптеген құқықтар беру, қыздар мен әйелдерге

қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлерін жою халықтың артуы мен

дамуы саласындағы саясаттың негізгі мәселелері болып табылады деген ортақ

пікірге келді.

Әйелдердің жағдайы жӛніндегі бүкіләлемдік тӛртінші конференцияда

қабылданған Пекин іс-әрекеттер платформасында зорлық-зомбылық актілері

немесе мұндай актілерді жасау қауіптері отбасында немесе қоғамда,

мемлекеттің ӛзінде немесе ӛз бетінше кетуі жағдайында қолданылуы немесе

34

Гендерлік негіздегі зорлық-зомбылықты тоқтату және оған орташа және тӛмен табыс деңгейіндегі елдердің

реакциясы – жалпы шолу және талдау, Дүниежүзілік Банктің талдамалы баяндамасы, 2005,

http://siteresources.worldbank.org/INTECAREGTOPGENDER/Resources/PreventVialenceRU.pdf

Page 53: Арнайы баяндама1.7 MB

53

қолданылмауына қарамастан, әйелдер ӛміріне қорқыныш және қауіпсіздіктің

жоқтығы сезімін ұялатады және олардың теңдікке, даму мен бейбітшілікке жету

ұмтылысын іске асыруға кедергілер болып табылады. Зорлық-зомбылықтан,

соның ішінде алымсақтықтан қорқу әйелдердің мобильділігіне үнемі кедергі

болады және олардың ресурстар мен іс-әрекеттің негізгі түрлеріне деген

қолжетімдігін шектейді. Бұдан бӛлек, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық

әйелдерге қатысты жасалынатын белгілі бір актілер туралы хабарлауға

мүмкіндік бермейтін әлеуметтік қысыммен, ең бастысы ұялу сезімімен;

әйелдерде заңдық ақпарат пен оларды қорғауға деген қолжетімдіктің

болмауымен; әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа тыйым салатын

заңдардың жоқтығымен; қолданыстағы заңнаманы реформалауға

қабілетсіздігімен; мемлекеттік органдар тарапынан қолданыстағы заңдар мен

оларды орындауды қамтамасыз ету туралы ақпаратты таратуға жәрдемдесуге

айтарлықтай күш жұмсамауымен және зорлық-зомбылықтың себептері мен

салдарларын жою жӛніндегі ағартушылық және ӛзге шаралардың жоқтығымен

тереңдейді. Осыған байланысты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық

әлеуметтік-экономикалық және денсаулық сақтау саласындағы жоғары

шығындармен байланысты және гендерлік негіздегі зорлық-зомбылықпен

байланысты шығындар қоғамның әрбір мүшесіне қатысты екені ерекше

маңызды35

.

Осыған байланысты гендерлік негіздегі зорлық-зомбылықпен күрес

қазіргі уақытта аса маңызды болып табылады.

Қазақстанда әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың

деректерін тоқтатуға арналған қажетті заңнамалық база құрылған. 2009 жылы

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» және «Ерлер мен

әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік

кепілдіктері туралы» ҚР Заңдары қабылданды.

Зорлық-зомбылық субъектілеріне әйелдер мен балаларға қарсы қылмыс

пен заң бұзушылық үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік

қарастырылған.

2.5. Адам саудасына қарсы іс-қимылдың шетелдік тәжірибесі

Ұлыбританияның адам саудасына қарсы күрес туралы заңы екі бағытта

дамуда – қатаң кӛші-қон ережелерін енгізу және де жұмыс күшін жалдау

агенттігінің қызметін реттеу.

2004 ж. «Баспана беру және кӛші-қон туралы» (Asylum and Immigration

(Treatment of Claimants, etc.) Act 2004) заңынасәйкестұлға егер Ұлыбританияда

35

Қазақстанның денсаулық сақтау секторындағы гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы жауап іс-шараларды

күшейту, Серіктестердің халық саны саласындағы БҰҰ-ның Қорының кӛмегімен ӛткізілген республикалық

кеңестердің материалдары - ЮНФПА, Астана, 2011

Page 54: Арнайы баяндама1.7 MB

54

қанауға салуға ниет еткен адаминдивидтің («жолаушы») Құрама Корольдігіне

келуін ұйымдастырған немесе жеңілдеткен болса қылмыс жасаған болады.

Тұлғаның индивидті («жолаушы») Құрама Корольдігі шегінен тыс жерде

қанауға салу ниетімен, немесе, ол тұлға Құрама Корольдігі шекарасының

сыртында осы жолаушыны басқа адам қанай алады деген оймен оның Құрама

Корольдігінен шығуын жеңілдетуді ұйымдастыруға бағытталған іс-әрекеттері

қылмыс болады.

Ұлыбритания жалдамалы еңбек агенттіктеріне мемлекеттік қадағалау

орнатқан «Уақытша біліктігі жоқ жұмысшыларды тартатын ұйымдарды

лицензиялау туралы» заңды 2004 жылы қабылдады.

Бұл нормативтік актінің пайда болуы жұмыспен қамтудың бүркемелі

схемасын қолдану жағдайымен байланысты болды, оның нәтижесінде адам

саудасының құрбандары техника қауіпсіздігінің, ӛндірістік тазалықты сақтау

талаптарына жауап бермейтін жағдайларда мәжбүрлі еңбекке тартылған, мұны

2003 жылы 23 қытайлық жұмысшылардың қаза болу жағдайы дәлелдейді.

Ауыл шаруашылығындағы жұмыстарға, жабайы ӛсімдіктерді жинауға,

балық аулау мен балық ӛсіру шаруашылығына және осы тауарларды жасап

шығару мен буып-түю жұмыстарының кейбір түрлеріне жіберетін

жұмысшылардың еңбек қызметтерімен байланысты ұйымдардың қызметін

лицензиялау туралы ереже заңда қарастырылған.

Ұйымдарға жұмыс күшін тартуға лицензияны арнайы мекеме –

Лицензиялау Органы (The Gangmasters Licensing) береді.

Заңда лицензияларды беру тәртібі ерекше анықталады. Лицензиялау

Органы (ЛО)егер лайықты деп санаса, лицензия беруі мүмкін. Осы ұйымның

қызметтерінің негізгі түрлері лицензияда бекітіледі. Ол ЛО қажет деп санаған

мерзімге беріледі. Лицензия оны иеленушінің немесе лицензияны иеленушіге

жұмыс істейтін тұлғалардың қызметіне рұқсат береді.

Лицензиялау Органы біліктілігі жоқ жұмысшыларды (gangmasters)

жалдайтын ұйым ретінде қызмет атқаратын заңды тұлғаларды лицензиялаумен

байланысты ережелер шығару құқығына ие. Сонымен қатар ережелер лицензия

алу ӛтінішінің және басқа құжаттардың құрылымы мен мазмұнын орната алады.

Лицензиялау Органы лицензия алушыны жазбаша түрде хабарландыру

жолымен, не лицензия алушының келісімімен немесе ұйым заң талабын және

лицензияның шартын бұзды деген болжамдауға негіз болған жағдайда

лицензияны (соның ішінде осы лицензияның кез келген шартын) ӛзгертуге

немесе жоюға құқығы бар.

Лицензиялар тізілімін (Register of licenses) құру тәрітібін де атап ӛткен

жӛн. Орган лицензияланған ұйымдардың тізілімін құрады және жүргізеді,

сонымен қатар уағдаластықӛз күшінде қалуын қамтамасыз етеді, қоғамға

тізімнің мазмұнын тексеруге мүмкіндік береді.

Заңда біліктілігі жоқ жұмыс күшін жалдайтын ұйымдардың қызмет

саласындағы заң бұзушылыққа жауапкершілікке тартылуы қарастырылған, оған

мыналар кіреді:

Page 55: Арнайы баяндама1.7 MB

55

1) лицензиясыз қызмет атқару;

2) жалған және осы ұйымның лауазымды адамы білетін немесе бұл

туралы білу керек болатын тиісті құжатты пайдалану;

3) лицензия рәсімді бұза отырып алынған.

Бұл заң бұзушылыққа айыппұл және бас бостандығынан айыру түріндегі

қылмыстық жаза санкциялары қарастырылған.

Кӛп елдерде адам саудасымен күрес қылмыстық заң негізінде жүзеге

асады.

Данияда адам саудасымен күреске бағытталған заң жүйесіндегі негізгі акт

Қылмыстық кодекс (2005 жылғы 27 қыркүйекте қабылданған №909 Жиынтық

заңы)болып табылатын, онда, ішінара алғанда 206-бапта зорлықты қолданып

немесе зорлық қатерімен, не мүлкіне тартымды зиян келтіру, жалған айып тағу

қолданған басқа адамды ӛзі істегісі келмеген істі істеуге мәжбүрлеген кез

келген тұлға бұл заңсыз мәжбүрлеуде кінәлі деп саналады және айыппұл немесе

тӛрт жылдан аспайтын мерзімге түрмеге қамалатын жауапкершілікке

тартылады делінген. Бұдан басқа, бӛтен адамды бас бостандығынан айыратын

кез келген тұлға айыппұл немесе тӛрт жылдан аспайтын мерзімге түрмеге

қамалатын жауапкершілікке тартылады.

Данияның Қылмыстық кодексінде адам саудасы құрбандарын

тартушылар, тасымалдаушылар және тапсырыс берушілер туралы мәселесі

ерекше шешіледі. Тартатын, таситын, заңсыз мәжбүрлеген, бас бостандығынан

айыру қауіп-қатерін қолданып адамдарды берген, коммерциялық секс, еріксіз

еңбек, құлдық саласында қолдану немесе мүшелерін алу мақсатында қауіп-

қатер қолданған кез келген адам мерзімі сегіз жылдан аспайтын мерзімге бас

бостандығынан айырумен жазаланады.

Осыған ұқсас заңнама Италияда да қабылданған – «Адам саудасына қарсы

күрес шаралары туралы» 2003 ж. 11 тамызындағы №228 Заңы. Бұл құқықтық

акт Италияның Қылмыстық кодексінің 600-бабына ӛзгерістер енгізді, соған

сәйкес қазіргі уақытта мәжбүрлі еңбекті қолданғаны үшін кінәлі тұлға 8-ден 20

жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланатыны туралы

ережебелгіленуде.

Әрине мұндай жағдайлар тек қауіп-қатер бар кезде, алдау немесе билігін

асыра пайдалану немесе тұлға денесінің не психикасының толық дамымаған

адамның жағдайын, кедейшілік жағдайын ӛзінің мүддесіне заңсыз пайда табу

мақсатында пайдаланған кезде туындайды. Егер қылмыс он сегіз жастан кіші

кәмелетке толмаған жастарға немесе сексуалдық қанау, жезӛкшелік немесе

мүшелерін алу мақсатында жасалған болса, кӛрсетілген жаза күшейеді және

50% дейін артады.

Италияның ҚК 601-бабында қылмыс жасау мақсатында адам саудасымен

айналысатын, немесе кезкелген адамды адам саудасы процесіне алдау жолымен

еліктірген немесе ондай тұлғаны зорлық-зомбылықты, қорқытуды немесе

билікті теріс пайдалану жолын қолданған, немесе денесінің не психикасының

толық дамымағанына және кедейлікке байланысты жағдайды қолданған, немесе

Page 56: Арнайы баяндама1.7 MB

56

тұлғаның ұлттық аймақты ӛту процесіне, осы аймаққа келуіне, тұруына,

ауысуына жауапты адамдарға ақша берген адам сегіз жылдан он екі жылға

дейін мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады. Кӛрсетілген баптағы

қылмыстар он сегіз жастан кіші кәмелетке толмаған жастарға немесе

сексуалдық қанау, жезӛкшелік немесе мүшелерін алу мақсатында жасалған

болса осы жазалау үштен бірінен50% дейін артады36

.

Германияда балалар мен жасӛспірімдер еңбегін қорғау туралы дербес

Заңы, сонымен қатар балалар еңбегін қорғау туралы Қағида бар екенін айтып

кеткен жӛн.

Сексуалдық құлдыққа қарсы күрес бойынша қоғамда жезӛкшелік деген

кӛріністі толықтай қабылдамауды орнату және онымен ортақ күресу, тікелей

интим-қызметтерін кӛрсететін, делдал және ұйымдастырушыларды қоса

алғанда барлық тұлғаларға жауапкершілікті күшейту қажет.

Кең насихаттау жұмыстары, қоғамда жағымсыз стереотипті құру,

жезӛкшелікпен күресте полиция қызметкерлері жағынан формализмнің

жоқтығы.

Мысалы, сексуалдық қызмет кӛрсету туралы хабарландыру бірнеше баспа

басылымдарында бүркенішті түрде жарияланады, кейбір басылымдар мұндай

хабарламаны басып шығармайды.

АҚШ-тың қылмыстың осы түрімен күресу тәжірибесі, мысалы Мичиган

штаты, интим-қызметтерін қолданған тұлғаларға жауапкершілік барын

кӛрсетеді.

Сонымен қатар, мұндай бұзақыларды анықтаған жағдайда кінәлілерді

жауапқа тартып қана қоймай, сексуалдық қызметтерге сұранысты азайту

мақсатында халыққа ашық интернет-сайтында «масқара қабырғасы» деген

айдарға олардың суреттерін орналастырады.

Ойластырылған алдын алу амалын енгізу маңызды болып табылады.

Кӛптеген шет елдерде тәулік бойы қызу желілер немесе сенім телефондары,

адам саудасы факторларын ескертетін плакаттар елшіліктердің және ӛкілдіктер

ғимараттарында, әуежайларда, емханаларда, автобус аялдамаларында, қоғамдық

кӛліктер мен жедел жәрдем машиналарында жапсырылады.

Израильдің, Белорусияның зардап шегушілердің құқықтарын қорғау

туралы заңнамасына сәйкес адам саудасы құрбандарының тегін заңдық кӛмек

алуға, қылмыстық тергеу кезінде сүйемелдеуге, сот процесі туралы ақпарат

алуға, ӛз мүддесін қорғауға құқығы бар.

Сексуалдық құлдыққа ұшыраған адамдардың әлеуметтік бейімделуі

үшінтұтас шаралар кешенін құру маңызды болып табылады.

Ол үшін барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес

ұйымдардың тығыз әрекеттесуі қажет. 36

Шет елдерде адам саудасын жоюдың құқықтық негіздерін құру, П.Е. Морозов,

http://www.jurvestnik.psu.ru/index.php/ru/vipusk3132011/16-2010-12-01-13-31-58/-3-13-2011/248-formirovanie-

pravovyx-osnov-ustraneniya-torgovli-lyudmi-v-zarubezhnyx-stranax

Page 57: Арнайы баяндама1.7 MB

57

Кейбір елдерде зардап шегушілерді оқыту мен жұмыспен қамту

мемлекеттік бағдарламалары қарастырылған.

Грекияда жезӛкшеліктен, адам саудасынан немесе құлдықтан зардап

шеккендердің қазір баспанаға, тамақтануға, қарауға, психологиялық қолдауға,

заңгерлік кӛмекке және кәсіби дайындыққа құқығы бар.

Кәмелет жасқа толмағандарды, әсіресе оларды ұрлаумен байланысты

сексуалдық қанауға тартқаны үшін жауапкершілікті бұдан әрі күшейту де

жұмыстың тиімділігіне оңтайлы әсер етуі тиіс.

АҚШ-та сексуалдық қанау үшін ең қатаң жаза – ӛмір бойы бас

бостандығынан айыру. Бұған қоса, кәмелет жасқа толмағанды сексуалдық

қанағаны үшін он жыл және күш жұмсау, алаяқтық немесе мәжбүрлеу арқылы

сексуалдық қанау немесе 14 жастан тӛмен кәмелет жасқа толмағанды

сексуалдық қанағаны үшін он бесжыл түрмеге қамау түрінде ең аз міндетті

түрде жазалау шарасы қарастырылған. 2011 жылы адам саудасына байланысты

федералдық қылмыстың орташа мерзімі 11,8 жылды құрды, ал бас бостандығын

айыру мерзімі 10 айдан 50 жылға дейін мерзімді қамтыды. Кейбір істерде

федералдық прокурорлар сексуалдық қанауға кінәлі адамдардың ӛмір бойы бас

бостандығынан айыруға қол жеткізді.

Сарапшылар АҚШ-тың адам саудасымен күресу және адам саудасы

құрбандарының құқығын қорғаудағы тәжірибесін дамыған елдер арасындағы ең

сәттісі деп мойындағанын айта кеткен жӛн. Осыған сүйеніп, біз Комиссияның

арнайы баяндамасында адам саудасымен күрес және адам саудасының құрбаны

болған зардап шегушілердің құқығын қорғау саласындағы АҚШ-тың

тәжірибесін келтіреміз.

АҚШ-тың адам саудасымен кҥреске кҥш салуы37

Америка Құрама Штаттары трансұлттық қылмыстың бұл түрін

болдырмау қажет, ал кінәлілер жазалануы тиіс деген берік ұстанымда. Кӛп

елдер осы ұстанымға қосылады – оған дәлел олардың іс-қимылы.

Америка үкіметінің құлдыққа реакциясы бейнеленген негіз болатын

құжат бұл 2000 жылдың қазанында қолданысқа енген «Адам саудасынан зардап

шеккендерді қорғау туралы Заңы» (АСЗҚ). Құрама Штаттар сол кезде елде және

шетелде қолданыстағы заңдар адам саудасын тоқтатпайтынын және кінәлілерді

қатаң жазалауға мүмкіндік бермейтінін мойындады. Қорғау туралы Заң

федералдық ведомстволарды ел ішінде адам саудасымен күресуге және басқа

елдермен халықаралық деңгейде осы мәселені шешу үшін ынтымақтасуды

міндеттейді.

2002 жылғы 16 желтоқсанда Президент Джордж У. Буш 22 ұлттық

қауіпсіздік туралы президенттік директиваға қол қойып, Қорғау туралы Заңның

мақсатын мақұлдады, «ортақ күш салуды, қаржыны және адам саудасымен

37

Жаһандық мәселелер, АҚШ-тағы адам саудасымен күрес, 2003,

http://russian.ashgabat.usembassy.gov/uploads/RO/em/ROemUs35rF9APY6l--YEYA/E-Journal-Trafficking.pdf

Page 58: Арнайы баяндама1.7 MB

58

күрес саясатын қолдау үшін үйлестіруді күшейтуді» федералдық

ведомстволарға тапсырды.

Корғау туралы Заң адам саудасын қылмыс деп жариялайды және АҚШ

Үкіметін тірі тауар саудагерлерін сот бойынша қудалауға және жазалауға,

зардап шегушілерді қорғауға және құқығын қалпына келтіруге, сондай-ақ осы

қылмыстық істі жоюға міндеттейді.

Америкалық адам саудасына қарсы іс-шаралар мен бағдарламаларын

бақылауды АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы басқаратын Президент жанындағы

Ведомствоаралық арнайы топ іске асырады, ал олардың орындалуымен

федералдық үкіметтің жоғарғы лауазымды ӛкілдері кіретін Бас жедел топ

айналысады. Сонымен бірге арнайы топ пен жедел топ құзыретті мемлекеттік

мекемелердің адам садаусымен күрестің барлық кӛріністерімен айналысуына

қол жеткізіп жатыр.

Құрама Штаттардың аумағында адам саудасымен күреске және зардап

шегушілерге кӛмек беруге негізгі жауапкершілікті әділет, денсаулық сақтау

және әлеуметтік қызметтер министрліктері,жаңадан құрылған ішкі қауіпсіздік

министрлігі арқалайды. Әділет министлігінің прокурорлары Азаматтық құқық

бӛлімі Қылмыстық секциясымен басшылығымен адам саудасымен

айналысатындарға қарсы іс қозғайды және осы қылмыспен күресу туралы жаңа

заңнама бойынша оқытады. Әділет министрлігінің күшімен мәжбүрлі еңбектің

ауыр түрі мен сексуалдық қанаудан жүздеген зардап шегушілер сәтті

құтқарылды, ал оларды құлдыққа сатқандар сот алдына келді және жазаға

тартылды.

Қорғау туралы Заңды қабылдағанға дейін Әділет министрінің азаматтық

құқықтар жӛніндегі кӛмекшісі және заң мәселелерімен айналысатын Еңбек

министрлігінің ӛкілі еріксіз еңбек, құлдық және еңбек қатынастары туралы заң

бойынша адам саудасымен айналысатындарды соттық қудалауды қадағалайтын

адам саудасы және жұмысшыларды қанау жӛніндегі Арайы топ құру және бірге

басқару құқығына ие болған. Қорғау туралы Заң соттық қудалауды әсерлі етіп

және заңмен қарастырылған кінәлілерді ең жоғарғы деңгейде жазалауды

арттыру арқылы осы нормативтік актіге түзетулер енгізді. Бұл арнайы топ осы

қылмыстық істерден зардап шеккендерге арнап кӛп тілді жалпы ұлттық телефон

«қызу желісін» құрды және ұстап тұрады.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер министрлігі(ДӘҚМ)

адамныңшынымен адам саудасының құрбаны екенін және сондықтан уақытша

баспанаға, заңдық кӛмекке, білім алу мүмкіндігіне, психологиялық кеңеске,

балаға қарауға және басқа жеңілдіктерге құқығы барын дәлелдеуге жауап

береді. Бұл бағдарламаларды ДӘҚМ қолдауымен штаттар мен ондаған үкіметтік

емес ұйымдар (ҮЕҰ) жүзеге асырады. Кейбір жағдайларда құқық қорғау

органдары тұлғаны әлеуетті, бірақ ДӘҚМ әлі «растамаған» зардап шегуші деп

анықтауы мүмкін. Бұл адамдарға кӛмектесу үшін және олардың адам

саудасымен айналысатындарды соттық қудалау кезінде жәрдемдесуі үшін

Әділет министрлігі ҮЕҰ-ға құқық қорғау органдары анықтаған, бірақ ДӘҚМ-

Page 59: Арнайы баяндама1.7 MB

59

нен дәлелдеме алынбаған зардап шегушілерге осындай кӛмек кӛрсетуге

гранттар берді.

Құрама Штаттардағы кӛп зардап шегушілер елге визасыз келген немесе

егер бас кезде визасы бар болса, кӛші-қон заңы бойынша «мәртебеден тыс» деп,

мысалы, заңсыз істердің салдарынан танылған адамдар. Қорғау туралы Заңды

қабылдауға дейін мұндай зардап шегушілер кӛбінесе депортацияға ұшыраған.

Бұл ескірген тәсілдер қазірге дейін кӛп елдерде әлі қолданылады.

Қорғау туралы заң бұл тәсілді жоққа шығарды. Адам саудасынан зардап

шеккен тұлғаны депортациялауға жататын заңсыз мигрант ретінде қараудың

орнына жаңа заң зардап шегушілерге арнайы жасалған «Т» визасын алуға

мүмкіндік береді. Олардан адам саудасына байланысты істерді тергеуге немесе

соттық қудалауға жәрдемдесу талап етіледі. Егер де олардың депортациясы

оларға нағыз қиыншылық тудыратын жағдайда оларға АҚШ-та тұрақты баспана

берілуі мүмкін. Зардап шегушілер олардың істері тергеліп және сотта

қарастырылып жатқанда жеке ӛміріне қол сұғылмауына, дене қорғауына және

кӛмектің басқа түрлеріне құқығы бар.

Әрбір үкіметтік ведомстволар ӛзінің қызметкерлерін Қорғау туралы

Заңды қалай орындау және қызмет кӛрсету керектігін үйретеді, зардап

шегушілерге тура күтімді, психологиялық, құқықтық және дене қорғауын

айтарлықтай деңгейде үкіметсіз ұйымдар қамтамасыз етеді, кейде Үкіметтің

қаржылай кӛмегімен. ҮЕҰ жағынан мұндай қамқорлық мен ықылас әсіресе

пайдалы, ӛйткені зардап шеккендердің кӛбі полицияға және басқа мемлекеттік

қызметтегі тұлғаларға сенбейді – әсіресе егер олар елде заңсыз түрде тұрса.

Қоғамның санасына бұл адамдарды қылмыскерлер ретінде емес, зардап

шегушілер ретінде қарау керектігін жеткізуде әсіресе ҮЕҰ кӛмегі тиімді.

2013 жылғы 9 сәуірде Ақ үйде ӛткен адам саудасымен күрес мәселелері

жӛніндегі форумда Барак Обаманың Әкімшілігі адам саудасымен күрес және

олардың құрбандарына кӛмек берудің жаңа жоспарын жариялағанын айта

кеткен жӛн.

АҚШ-тың Бас прокуроры Эрик Холдер жаңа стратегиялық жоспар адам

саудасымен күреске АҚШ-тың федералдық ведомстволарының күш салуын

тиімді үйлестіруге кӛмектесетінін атады. «Заңгерлер, аналитиктер, ғалымдар,

тергеушілер мен құқық қорғау органдарының ӛкілдері адам саудасының

заманауи үлгілерін зерттеу үшін бұрын соңды болмағандай ұйымшылдықпен

жұмыс істейді» - деп мәлімдедіХолдер. –Келесі бес жылдың ішінде бұл жоспар

бізге үкіметтік емес одақтастарымызбен қарым-қатынасымызды күшейтуге

мүмкіндік береді және мемлекеттік-жеке әріптестікті түзетеді. Біз адамды іздеу

және керекті кӛмек кӛрсетудің жаңа стратегиясын жасап шыға аламыз, сонымен

қатар кім еріксіз еңбек пен жезӛкшелікке мәжбүрлеуді қоса алғандағы

құлдықтың осы не басқа түріне түскен болса, соны қорғап қылмыскерлерге

тиісті жазасын береміз».

Page 60: Арнайы баяндама1.7 MB

60

АҚШ-тың лауазымды адамдары адам саудасының құрбандарына кӛмек

беру амалдарының Федералдық стратегиялық жоспары адам саудасымен

күреске күш салуды жаңа деңгейге шығарады деп сендіреді.

Жоспардың мақсаттарының бірі – тиімді іздеуге және зардап шеккендерге

әлеуметтік және медициналық мекемелер, құқық қорғау органдары мен жедел

елеу қызметтерінің қызмет кӛрсетуге мүмкіндік құру. Бұл үшін

федералдыққорлардыүйлестіруді жақсартуға және сәйкес заңдарды

мемлекеттік, штаттар деңгейінде, тайпалар мен қауымдармен жергілікті

деңгейде келісуге ерекше кӛңіл бӛлінеді.

Жоспар адам саудасымен айналысатындарды жауапқа тарту үшін құқық

қорғау органдардың қызметіне алдыңғы қатарлы технологияларды жеткізуге

мүмкіндік беретін жаңа мемлекеттік-жеке серіктестіктерді құруды қарастырады.

Бұдан басқа жаңа онлайн-қызметтер зардап шегушілердің аса қажет

қызметтерге мүмкіндік алуға кӛмектеседі. Ақ үйдің мәліметі бойынша жетекші

технологиялық компаниялар заңгерлер мен зардап шеккендермен бірге

ынтымақтасып адам саудасының құрбандарымен интернетпен немесе

телефонмен байланысып, жергілікті дәрежеде қызметтерге мүмкіндік алатын

жаңа қосымшалар құрып жатыр.

Жоспарда адам саудасының құрбандарына тегін заңгерлік кӛмек кӛрсету

бекеттері желісін құру қарастырылған. Жаңа мемлекеттік-жеке әріптестік

шарасында АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті DLA Piper заңды фирмасы

құрған және адам саудасымен күресте тегін заңгерлік кӛмек кӛрсетуді кеңейтуге

бағытталған New Perimeter коммерциялық емес ұйыммен ынтымақтасады. Осы

серіктестік «үш «П» қағидасымен жүзеге асады: саудагерлерді қудалау, адам

саудасының алдын алу, оның құрбандарына кӛмектесу.

Холдердің айтуы бойынша, Б.Обаманың әкімшілігі «Әділет министрлігі

адам саудасымен байланысты кӛп мӛлшердегі істерді қарауға қол жеткізді.

Нәтижесінде еңбекке мәжбүрленген немесе секс-индустриясында қолданылған

адам саудасымен айналысқаны үшін шығарылған айыптар 30% ӛсті». Бұдан

басқа ол «құзырет пен халықаралық шекараны мойындамайтын адам

саудасымен айналысатын қылмыстық желіні тоқтататын және жоятын ӛзіміздің

мүмкіндігімізді кеңейте отырып,ел ішінде құқық қоғау органдарымен, шет

елдерінің үкіметтерімен, коммерциялық емес және басқада ұйымдармен

серітестікті нығайттық» деді. Ақ үйдегі форумға қатысқан АҚШ-тың Ішкі

қауіпсіздік министрі Джанет Наполитано Министрліктің блогында «біз тек

соңғы жылы АҚШ-тың Кӛші-қон және кеден полициясының (ICE) жедел

желісіне бұрынғы кезге қарағанда кӛп қоңырау қабылдадық. Кӛптеген істер

бойынша тергеу жүргіздік және кӛп адамдарды құтқардық. 1200-ден астам адам

саудасының құрбандары тиісті кӛмектерін алды» деп жазды.

АҚШ-тың шет елдегі адам саудасымен кҥреске кҥш салуы

Page 61: Арнайы баяндама1.7 MB

61

Қорғау туралы заң АҚШ әкімшілігін зардап шегушілерді қорғауға және

қолдауға, сонымен қатар адам саудасымен айналысатындармен күресіп, оларды

заң жүзінде қудалауға, басқа үкіметтермен жұмыс істеуге

ұйғарады.Мемлекеттік департамент, Еңбек министрлігі (ЕМ) және АҚШ-тың

Халықаралық даму агенттігі (ХДА) үкіметпен, халықаралық ұйымдармен және

халықаралық ҮЕҰ-мен құрбандарды құтқаруға және қолдауға, кінәлілерді

жауапқа тартуға және адам саудасын тоқтату, әлеуетті құрбандарды ағартуға

және оқытуға кӛмектесіп, экономикалық тәуелсіздікке деген дағдыларын

дамытуға ынтымақтасып жатыр. Кӛптеген ҮЕҰ-лар босқындармен, әскери

қақтығыстардың құрбандарымен, еріксіз қанаудағы еркектермен, әйелдермен

және балалармен жұмыс істеу барысында үлкен тәжірибе жинады. Кейбір ҮЕҰ-

лардың қандай да бір дінге қатысы бар да, басқаларында – жоқ. Олардың

барлығының ортақ мақсаты бар – зардап шегушілерді қорғау және оларға

қажетті қызметтер кӛрсету.

ЕМ халықаралық адам саудасымен ӛз бағдарламаларының шеңберінде

және үкіметтік емес және діни ұйымдардың кӛмегімен күресуде. ЕМ

халықаралық деңгейде Халықаралық еңбек ұйымы аясында ӛткізіп жатқан 28

елді қамтыған балалар еңбегін жою бағдарламасы бойынша жұмыс істейді. Бұл

жобалар балаларды сатудан және қанаудан құтқарады, оларға сауықтыру

қызметтерін және білім алу мүмкіндігін береді және де алдын алу ақпараттарын

таратады.

ЕМ сонымен бірге жетім балалардың мәселелерін шешумен айналысады.

2003 жылдың мамыр айында министрлік 13 млн. долларды бұрынғы жетім

балаларды қалыпты ӛмірге әкелу және сауықтыру, бейімделуге кӛмектесу

бойынша жаһандық бастамаға бӛлді. Балалар еңбегін қолданумен күрес

бойныша ӛзінің нақты жұмысына қосымша ретінде ЕМ Халықаралық

техникалық ынтымақтасу бағдарламасы кедейшіліктің негізгі себебі –

жұмыссыздықты, жұмыс қабілетінің жетіспеушілігі және әлеуметтік

қамтамасыз ету жүйесінің жоқтығын еңсеру арқылы адам саудасы мәселесін

жеңілдетеді.

АҚШ-тың ХДА-гі адам саудасымен күресу бағдарламасын 30-дан аса

елдерде ӛзінің шетелдік ӛкілдері арқылы халықаралық ұйымдармен, үкіметтік

емес ұйымдармен және қабылдаушы елдермен ынтымақтаса жүзеге асырады.

ХДА бағдарламалары адам саудасымен күресті нығайтуды халық арасында

ақпараттық және ағартушылық науқандары арқылы қолдайды. ХДА

бағдарламалары адам саудасының ықтимал және нағыз құрбандары мен

олардың отбасына экономикалық және кәсіби мүмкіндіктер туғызады, осы

қылмыстан зардап шегушілерге кӛмектеседі және кінәлілерді соттық қудалау

үшін заңнамалық реформаларды қолдайды. Әлем бойынша даму саласындағы

агенттіктің жалғасушы бағдарламалары адам саудасымен күресу бойынша осы

нақты шараларды әйелдер мен балаларды саудагерлерден әлсіздігін азайтатын,

кедейшілікті қысқартатын, қыздарға білім беруді кең жаюға ықпалын тигізетін

Page 62: Арнайы баяндама1.7 MB

62

және заңның күшін қатайтатын жағдайларды құруға кӛмектесе отырып

толықтырады.

Адам саудасынан зардап шеккендерді қорғау туралы заң АҚШ-тың

Мемлекеттік департаментінің құрамында Адам саудасын бақылау және оған

қарсы күресу бӛлімін (АБК бӛлімі) құруды бекітті. ХДА мен ЕМ сияқты

Мемлекеттік департамент әсіресе АБК бӛлімі және шетелдегі елшіліктер

арқылы халықаралық және үкіметтік емес ұйымдарды адам саудасын тоқтатуға,

кінәлілерді соттық қудалауға және олардың қылмыстарынан зардап

шегушілерді қорғауға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыруына қолдау

кӛрсетеді. Бұл бағдарламалар бүкіл әлемде адам саудасымен күресу туралы

заңнаманы жақсартуға және зардап шегушілер үшін қолдау жүйесі мен қорғау

қызметін құруға бағытталған. Қорғау туралы Заңды қабылдағаннан кейін АҚШ-

тың үкіметі адам саудасымен күресуге арналған халықаралық бағдарламаларға

100 млн. доллардан аса қаржы салды. Бұдан басқа Мемлекеттік департамент

басқа елдермен бұл қылмысты олардың ұғынуы үшін адам саудасымен күресте

ынтымақтасуды және Құрама Штаттар үшін осы мәселенің маңыздылығын

толық түсінуін қамтамасыз ету мақсатында негізгі жауапкершілікті арқалайды.

АБК бӛлімі жыл сайынғы адам саудасы туралы баяндаманы басып шығаруға

жауап береді. Бұл баяндама басқа үкіметтердің адам саудасымен күресуге күш

салуының ресми бағасын береді.

АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті басқафедералдық ведомстволармен

бірге осы трансұлттық қылмыс пен адам құқығын бұзумен күресу үшін

ынтымақтасудың халықаралық стандарттарын орнату мүмкіндігін берік

қолдайды. Бұл күш салулар БҰҰ-ның Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа

қарсы конвенциясын толықтыратын Адамдарды, әсіресе әйелдер мен балаларды

сатудың алдын алу мен жолын кесу және ол үшін жазалау туралы Хаттамасына

қол қою мен ратификациялауға бағытталған. Мемлекеттік департамент ХЕҰ

балалар еңбегiнiң ең жаман нысандарына қарсы конвенциясын және Бала

құқықтары туралы конвенцияның екі – біріншісі балалар-жауынгерлерді

қолдануға қарсы, ал екіншісібалалар саудасына, балалар жезӛкшелiгi мен

балалар порнографиясына қарсы хаттамасын қоса алғанда ӛзге осы тектес

халықаралық құжаттар бойынша келіссӛздерді басқарды. Құрама Штаттар

барлық үш құжатты ратификациялады.

Шетелдегі дипломатиялық жұмыстарына, адам саудасымен күресу

бойынша халықаралық бағдарламаларына және адам саудасы туралы баяндама

басып шығаруға кӛмектесуге қосымшасы ретінде АБК бӛлімі осы мәселені

халық арасында ортақ түсінігін тереңдету үшін жұмыс істейді.

АҚШ-тың Әлеуметтік қызметтері: адам саудасымен кҥрес

2000 жылғы «Адам саудасынан зардап шегушілерді қорғау туралы Заң»

(Қорғау туралы Заң) адам саудасымен күрес жӛніндегі бірнеше маңызды

Page 63: Арнайы баяндама1.7 MB

63

міндеттерді АҚШ-тың Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

министрлігіне (бұдан әрі – ДӘҚМ) артты.

ДӘҚМ-ге адам саудасы және олардың құрбандарына қолжетімді

қызметтер туралы қоғамды кең хабардар ету тапсырылған.

ДӘҚМ зардап шегушілерге олар федералдық бағдарлама бойынша

жеңілдіктер алуы үшін анықтамалар береді.

ДӘҚМ зардап шегушілерге кӛмектесетін үкіметтік емес ұйымдарға

гранттар береді және АҚШ-тағы мәселенің ауқымы туралы жыл сайын

Конгреске баяндайды.

Қоғамды хабардар ету

ДӘҚМ зардап шегушіні де, қылмыскерді де анықтауды ынталандыра

отрып, бұл қызметті кӛлеңкеден шығару мақсатында адам саудасы туралы

қоғамды хабардар етунауқанын жүргізеді.

ДӘҚМ зардап шегушілер ӛзінің атын атауға қорықпайтын жағдайлар

жасады, себебі оларды қорғайтынын және оларға арналған арнайы

бағдарламалар бар екенін білетін болады. Бұл мақсаттарға жету үшін ДӘҚМ

Әділет министрлігімен тығыз ынтымақтастықта.

Қоғамды хабардар етунауқаны зардап шегушілер және оған тап болуы

мүмкіндерді қамту үшін БАҚ-пен ағылшын әрі шетел тілдерінде және

инновациялық ақпарат тарату құралдармен мұқият ойластырылған жұмыстың

стратегиясына негізделген. Оның негізгі тезистері мынадай:

адам саудасы – қылмыс;

адам саудасының құрбандары қылмыскер емес және кӛмек қажет етеді;

мұндай кӛмек қолжетімді;

адам саудасының құрбанын қалай анықтау;

егер сіз немесе сіздің таныстарыңыздың бірі құрбан болса не істеу керек.

ДӘҚМ қоғамды ақпараттандыру компаниясын 2004 жылдың басында

бастады. Бір мезгілде ДӘҚМ қоғамды ақпараттандыру науқанын іске асырумен

қатар адам саудасы мәселесі бойынша тәулік бойы және демалыссыз істейтін

тегін телефон «қызу желісін» құрды.

Адам саудасынан зардап шеккендерге анықтама беру

Қорғау туралы Заң зардап шегушінің федералдық деңгейде

қаржыландыратын қолданыстағы бағдарламалар бойынша жеңілдікке үміткер

бола алу үшін сертификациялау рәсімін орнатты. Бұл заңды қабылдағанға дейін

Құрама Штаттарда адам саудасының құрбандарына жиі заңды мәртебе жетпеді,

сондықтан олардың мемлекеттік кӛмек пен қызметтердің кӛп түріне құқығы

Page 64: Арнайы баяндама1.7 MB

64

болмады. Алайда Қорғау туралы Заң ДӘҚМ-ге зардап шегушілерге

босқындарға қол жетерлік жеңілдіктер мен қызметтерді ала алатындай

анықтама беру ӛкілеттігін береді, сӛйтіп адам саудасының құрбандарына

федералдық деңгейде және штаттарда кӛмектесу бағдарламаларына қол

жеткізуге мүмкіндік тудырады.

Қорғау туралы Заң анықтама алу үшін бірнеше критерийлерді белгілейді:

тұлғаның адам саудасының ең жаман нысанынан зардап шеккені

белгіленуі тиіс;

ересек зардап шегушілер не Әділет министрлігінен адам саудасымен

айналысатын түлғаларды соттық қудалауына қатысу үшін, олардың елде

болуын қамтамасыз ететін «ұзартылған жүріп-тұру» мәртебесін алу керек, не

Ішкі қауіпсіздік министрлігіне «Т» визасына дәлелді ӛтініш беру керек;

ересек зардап шегушілер тергеуге және адам саудасымен айналысатын

адамдарды соттық қудалауға барлық дұрыс әдіспен кӛмектесу керек.

Осы белгілерді орындаған жағдайда зардап шегуші сертификацияланған

анықтама алады, ДӘҚМ босқындарға қызмет кӛрсететін жергілікті ұйымдар мен

басқа жеңілдіктер беретін мекемелермен жеңілдіктер мен қызметтерді

жергілікті бағдарламалармен үйлестіру үшін байланысады. Олар «мұқтаж

отбасыларға уақытша кӛмек» (МЖУК), медициналық кӛмек, азық-түлік

талонын және қосымша әлеуметтік қамтамасыз етуді қосуы мүмкін. Кімнің

МЖУК-ке немесе медициналық кӛмектің федералдық бағдарламасына қатысуға

құқығы жоқтарға жалғыз басты ересектер мен баласыз отбасыларға

материалдық және медициналық кӛмек кӛрсететін сегіз айлық ӛтпелі

бағдарламаға қатысу мүмкіндігі бар.

Зардап шегушілер сондай-ақ жұмыспен қамту мен экономикалық

тәуелсіздікті ынталандыратын бағдарламаларды қолдануға құқығы бар.

Бағдарламалардың қызметкерлері әрбір істі жіті басқарады, зардап шегуші

Құрама Штаттарда орналасуына қамтамасыз ететін жан-жақты кӛмек алуға қол

жеткізеді. Бұл бағдарламалар зардап шегушілерді жұмысқа тұрғызуға,

тамақтануға, баспанамен, кӛлікпен, денсаулық пен әлеуметтік бейімделуге

кӛмектесумен қамтамасыз етеді.

Зардап шегушілерге кӛмектесетін ҧйымдарға гранттардың бӛлінуі

ДӘҚМ бағдарламалық мақсаттарға қол жеткізу үшін үкіметтік емес

ұйымдармен жұмыс істеуде үлкен тәжірибе жинады. Мұндай кӛптеген ұйымдар

Құрама Штаттардағы адам саудасының құрбандарына кӛмекке келді. ДӘҚМ үш

жылда 37 ұйымға жалпы сомада 8,1 млн. долларға жуық гранттар беріп,

олардың жұмыстарын қолдады және ынталандырды. Бұл гранттар зардап

шегушілерге қызмет кӛрсетуге, жергілікті халықпен ӛзара әрекет жасасуға,

оның адам саудасы мәселесі туралы хабардар болуынарттыруға, адам саудасына

қарсы күреспен айналысатын басқа тұлғаларға оқыту және техникалық кӛмек

ұсынуға мүмкіндік берді. 12 штаттың ұйымдары гранттар алды және бүкіл елде

Page 65: Арнайы баяндама1.7 MB

65

зардап шегушілерге кӛмек кӛрсетті. Олар істерді реттеуге, ағартуға, кӛші-қон

бойынша кеңес алуға, отбасымен қосылуға және мемлекеттік гранттарға қол

жеткізу мәселесі бойынша нұсқауға кӛмектесті. Бұдан басқа ДӘҚМ

босқындарға арналған бағдарламалар бойынша гранттар алатын кӛптеген басқа

ұйымдар адам саудасының құрбандарына кӛмектесе бастады.

Зардап шеккен жас балаларға ДӘҚМ-нің арнайы кӛмегі

ДӘҚМ құрамына кіретін Балалар және отбасы істері жӛніндегі басқарма

адам саудасының құрбаны болған балаларға кӛмек туралы айрықша қамқорлық

танытады.

Адам саудасының кәмелет жасқа толмаған құрбандары жан-жақты,

қарқынды, мамандандырылған кӛшіруді қамтамасыз ететін және сүйемелдеусіз

жас босқындарға қызмет кӛрсетуге себептесетін ДӘҚМ сүйемелдеусіз жас

босқындарға(АЖБ) арналған бағдарламаға қатысуына құқық алды.

АЖБ қызметтері жас босқындарды қабылдауға арналған арнайы

бағдарламалар бойынша кӛрсетіледі. ДӘҚМ әрбір жасӛспірімнің жеке

қажеттілігіне сүйеніп, мәдени, тілдік немесе діни ерекшелігін ескере отырып,

сонымен қатар айрықша медициналық, білім алу және әсершіл қажеттілігін

ескере отырып кәмелет жасқа толмағандарды орналастыруды үйлестіреді. Адам

саудасының жас құрбандары баспананы, тамақты, киімді, медициналық және

психологиялық қызметтерді, істерді реттеу мен білім алуды қоса кешенді

қызметтерді ала алады. ДӘҚМ-нің оларды тапқан немесе олар ӛздері кӛмек

сұраған соң адам саудасынан жас зардап шегушілердің ерекше қажеттілігіне

қамқор болуға барлық мүмкіндігі бар.

ДӘҚМ адам саудасының құрбандарын анықтау мен

қолдаудыжандандыратын және Қорғау туралы Заңда қарастырылған

міндеттерді дұрысырақ орындауға мүмкіндік беретін жаңа стратегияларды

жасаудың жаңа тәсілдерін іздеп жатқанын айта кеткен жӛн.

ДӘҚМ адам саудасының құрбандарын білуі мүмкін (мысалы, жезӛкшелік

таралған аудандарда) халықтың топтарымен ынтымақтасу бойынша жұмыс

істейтін ұйымдарға кӛмекті кеңейтетін гранттардың жаңа санатын қарастырып

жатыр.

Жалпы, Қорғау туралы Заңды қабылдау АҚШ-тың федералдық Үкіметінің

адам саудасына қарсы күреске нәтижелі әрекеті үшін үлкен ынталандыру

болды.

2.6. 1-ші және 2-ші бӛлімдердің ҧсынымдары

1. ҚР ұлттық заңнамасын адам саудасына қарсы іс-қимыл

саласындағы ҚР халықаралық міндеттемелеріне сәйкес келтіру мақсатында

«Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» жеке Заң әзірлеу және қабылдау

ұсынылады, онда адам саудасының алдын алу, адам саудасы құрбандарын

Page 66: Арнайы баяндама1.7 MB

66

қорғау және оларға кӛмек кӛрсету, сонымен қоса, адамды сатушыларды қудалау

саласындағы әрбір мемлекеттік органның құзыреттілігі кӛрсетілуі қажет.

2. Бас прокуратураға ҮЕҰ мен халықаралық ұйымдарды тарта

отырып, адам құқықтарын қорғау және адам саудасымен күрес саласындағы

Қазақстан Республикасының ӛзіне алған халықаралық міндеттемелерін

орындауға тұрақты мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету ұсынылады.

3. ҚР 2005 жылғы 16 мамырдағы Адам саудасына қарсы іс-қимыл

туралы Еуропа Кеңесінің Конвенциясына және 2007 жылғы 25 қазандағы

Балаларды пайдаланудан және сексуалдық қорлықтан қорғау туралы Еуропа

Кеңесінің Конвенциясына қосылу мүмкіндігі қарастырылсын.

4. Адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен

бостандықтарын тиімді қорғау мақсатында ҚР жаңа Қылмыстық Кодексінің 128

және 135 баптарын 1 және 2 тараудан адам мен азаматтың конституциялық

және ӛзге де құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық

бұзушылықтар шоғырланған ҚК-нің 3 тарауына кӛшіруді ұсынамыз.

5. Қылмыстық жауапкершілікті күшейту мақсатында адам және

кәмелетке толмағандардың саудасымен байланысты қылмыстарды жасаған

адамдарға ескіру мерзімін қолданбау туралы заңнамалық белгілеуді ұсынамыз.

6. Адам саудасы құрбандарына құқық қорғау органдарымен

ынтымақтастық туралы негізделген және саналы шешім қабылдауға мүмкіндік

беру үшін 30 күннен кем емес мерзіммен «оңалуға және ойлануғаарналған

кезең» заңнама жүзінде бекітілсін.

7. ҚР Үкіметінің 2015-2017 жылдарға арналған адам саудасымен

байланысты қылмыстармен күресу, болдырмау және алдын алу жӛніндегі іс-

шаралар жоспарын әзірленіп, қабылдансын.

8. ҚР Үкіметінің 2015-2017 жылдарға арналған адам саудасымен

байланысты қылмыстармен күресу, болдырмау және алдын алу жӛніндегі іс-

шаралар жоспарының уәкілетті құзырлы органдардың орындауына тұрақты

мониторинг жүргізілсін.

9. Реадмиссия туралы қатысушы-елдер арасында келісімге қол қоюды

және ратификациялауды; Орталық Азия ӛңірі мен ТМД елдерінің Еуропалық

Одақпен, ӛзге де дамыған елдермен ынтымақтастықты нығайтуды; заңсыз кӛші-

қонды, соның ішінде адам саудасын болдырмау саласында қатысушы-елдер

арасындағы ынтымақтастықты дамытуды ұсынамыз.

10. Адам саудасымен күрес саласындағы сарапшылар

қауымдастықтарының, азаматтық қоғам институттарының және ҚР құқық

қорғау органдарының ТМД және ЕАЭО-қа мүше-мемлекеттердің осындай

құрылымдарымен ӛзара іс-қимылы күшейтілсін.

11. Уәкілетті мемлекеттік органдарға адам саудасына қарсы іс-

қимылдың үздік халықаралық тәжірибесін (мысалы, АҚШ және әлемнің ӛзге де

дамыған елдері) зерделеуді және оны практикада ҚР адам саудасымен күресте

қолдануды ұсынамыз.

Page 67: Арнайы баяндама1.7 MB

67

12. Полиция, прокуратура және сот корпусы қызметкерлері адам

саудасын болдырмау және адамды саудаға салушыларды қудалау мәселелері

бойынша және тергеу жүргізудің заманауи әдістемелері мен техникаларын

(мысалы, растаушы базаны жинақтау) зерделеу бойынша жүйелі түрде

оқытылсын.

13. Адам саудасына байланысты қылмыстарды айқындау жӛніндегі

ынтымақтастықты нығайту мақсатында ҚР құқық қорғау органдарының

қызметкерлері мен Орталық Азия сияқты адам саудасы құрбандары шығатын

негізгі елдердің құқық қорғау органдары қызметкерлерін бірлесіп оқытуға

бастама жасалсын.

14. ҚР ұлттық заңнамасын Қазақстан Республикасы халықаралық

міндеттемелеріне сәйкес, сондай-ақадам саудасына қарсы іс-қимыл жӛніндегі

халықаралық тәжірибені ескере отырып ҚР ұлттық заңнамасын одан әрі

жетілдіру жұмысы жалғастырылсын.

Page 68: Арнайы баяндама1.7 MB

68

III БӚЛІМ. АДАМ САУДАСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ

3.1. Кіріспе

Адам саудасының алдын алу бұл проблеманың кешенді сипатын барлық

мүдделі тараптардың (мемлекеттік уәкілетті органдардың, БАҚ, үкіметтік емес

және халықаралық ұйымдардың) мойындауы негізінде келісілген, толық

процесс шеңберінде жүзеге асырылуы қажет.Қылмыстың бұл түрін алдын-алу

заң шығарушылық процестер дамуының ерекше динамикасынжәне саясатты

бірлесіп жасауды талап етеді. Мүдделі жақтарды кеңінен тарту, осал

жағдайдағы тұлғалардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту және тәуекел

факторлары санын қысқарту Палермо хаттамасында тұжырымдалған адам

саудасының алдын алудың бас қағидалары мен ажырамас бӛлігі болып

табылады. Бұл хаттамаға сәйкес, қылмыстың алдын алудың саясаты,

бағдарламалары және басқа шаралары үкіметтік емес ұйымдармен, басқа тиісті

ұйымдармен және азаматтық қоғамның басқа элементтерімен ынтымақтастық

туралы ережені қамтуытиіс.

Жеке елдердің тәжірибесі кӛрсеткендей, БҰҰ Конвенциясында және

осы саладағы басқа Халықаралық құжаттарда тіркелген нормаларды

қабылдау және алдағы сақтау Мемлекеттерге адам саудасының алдын алу

үшін қажет барынша барабар шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұл саладағы ең алғашқы

қадамдарының бірі ретінде 2003 жылғы Әділет Министрлігі тӛрағалық ететін

Ведомоствоаралық Комиссияныңқұрылуы саналады. Бастапқыда негізгі

міндет ұлттық заңнаманы адам саудасына қарсы әрекет саласындағы негізгі

халықаралық құжаттарға сәйкес келтіруге бағытталған ұсыныстарды әзірлеу

болды. 2003 жылдан бастап Қазақстанда адам құқықтарын қорғау

саласындағы кӛптеген Конвенциялар ратификацияланды, нәтижесінде 2014

жылы Республика Үкіметі Ведомоствоаралық Комиссияға тӛрағалықты

ротациялық негізде Ішкі істер министрлігі мен Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрлігіне алдын алу, қылмыстарды қудалау және адам

саудасы құрбандарына кӛмек кӛрсету саласында ынтымақтастық мәселелері

бойынша мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіру жӛніндегі ұсыныстар

әзірлеу үшін тапсыру туралы шешім қабылдады.

Бұл ретте, ұсынымдық-кеңестік сипатын ескере отырып қазіргі таңда

ВАК адамдар саудасының алдын алу мәселесі бойынша қалғантараптармен

үйлестіру және адамдар саудасы құрбандарына кӛмек кӛрсету бойынша

барлық мүдделі мемлекеттік органдар қатысатын жалғыз алаң болып

табылатынын атап ӛту керек.

Page 69: Арнайы баяндама1.7 MB

69

ВАК жұмысы шеңберінде, адамдар саудасымен байланысты

қылмыстармен күрес, оларды болдырмау және алдын-алу шаралары бойынша

Үкіметтік іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары). Әрбір Іс-

шаралар жоспары жауапты министрліктер мен ведомстволарды кӛрсете

отырып,3-жылдық кезеңге бекітіледі.) жасау жӛнінде ұсыныстар мен

ұсынымдар енгізіледі.

2012-2014 жылдарға Іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында, адам

саудасын болдырмауға бағытталған келесі шараларды атап ӛтуге болады:

2-тармақ. Адам саудасы бойынша қылмыс үшін қылмыстық қудалау

мен жазалауды жетілдіру жӛнінде заңнамалық ӛзгерістерді енгізу бойынша

ұсыныстарды әзірлеу.

29-тармақ. Еңбектік және коммерциялық сексуалдық пайдалануға

сұранысты тӛмендету мақсатындаадам саудасымен күрес саласында заңнаманы

жетілдіру және қабылданған шараларды ақпараттық насихаттаумен қамтамасыз

ету.

35-тармақ. Мақта және темекі терімі кезеңінде балалардың жалпы

орта білім беру мектептеріне келуін зерделеу.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдары жұмысқа орналастыру

агенттіктерінің, халыққа тұрғылықты тұру үшін шетелге шығуды рәсімдеу

бойынша қызметтер ұсынатын ұйымдардың – модельдік, туристік, неке

агенттіктерінің қызметін үнемі тексереді, сондай-ақ аталған жұмысқа талдау

жүргізіледі.

3.2. Адам саудасының қозғаушы факторлары

Адам саудасының таралуына ықпал ететін тетіктерді әзірлеуді қылмыс

жасау үшін «қолайлы» факторларды анықтаудан бастау қажет. Халықтың осал

топтарына, олар бастапқыдан қандай себептерге байланысты әлсіз болғанын

нақты түсінбей, зардаптан қорғану үшін кӛмек беру мүмкін емес. Сондықтан

адам саудасымен күрес бойынша кез-келген әрекеттер осалдықты тудырушы

шарттар немесе факторларды түсінуге негізделуі керек. Адам саудасы

тұрғысындаосалдықтың бастапқы себептері экономикалық, әлеуметтік, мәдени,

құқықтық және саяси сипатқа ие.

Палермо хаттамасы елдерге, адам саудасы тұрғысынан адамдардың

осалдығына себепші болатын экономикалық факторлардың (кедейлік, дамудың

тӛмен деңгейі және тең мүмкіндіктердің жоқтығы) әсерін әлсіретуге

бағытталғанбірлескен шараларды қабылдауға шақырады.

Экономикалық осалдық факторларының қатарына жұмыссыздықты және

мүмкіндіктерге тең қолжетімділіктің жоқтығын да жатқызуға болады, бұл ӛз

кезегінде адамдарды аса қолайлы жағдайларды іздеу мақсатында кӛшуге

мәжбүрлейді.

Гендерлік аспектілер, этникалық шығу тегі және қоғамдағы жеке

топтардың тӛменгі мәртебесін қосқандағы факторлардың тұтас кешенінің

арқасында орын алатын әлеуметтік қорғанысқа деген шектеулі қолжетімділік

адам саудасы саласындағы қылмыстар үшін қолайлы жағдайлар тудырушы

Page 70: Арнайы баяндама1.7 MB

70

әлеуметтік фактор болып табылады. Ол білім беру саласындағы, жұмысқа алу

практикасында, құқықтық және медициналық қызмет кӛрсетуге қолжетімділік,

сондай-ақ ақпарат пен әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қолжетімділіктегі

кемсітушілікпен ұштастырылады. Әлеуметтік оқшаулану мәселелері адам

саудасы желісіне жәбірленушілердің ревиктимизациясы мен қайтадан түсуін

алдын-алу жолдарын талқылау барысында ерекше мәнге ие болуда. Сауда

объектісі болған тұлғалар үйіне оралған кезде айтарлықтай қиындықтарға тап

болады, ӛзінің қауымдарындағы қарым-қатынас пен қате түсініктердің салдары

да бар.

Әлеуметтік және мәдени ғұрыптар тікелей ӛзара байланысты және сол

себепті ақталмаған жалпыламадан құтылу үшін оларға ерекше сақтықпен қарау

керек. Мысалы, келісім бойынша некелер, ерте некелесу немесе мәжбүрлі

некелер секілді мәдени тәжірибе түрлері, сондай-ақ уақытша неке, каталог

бойынша некелер немесе «каталог бойынша қалыңдыққа» тапсырыс секілді

басқа бағыттағы тәжірибелер және сексуалдық пайдаланудың басқа нысандары

– осылардың бәрі адам саудасының таралуына әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар,

кӛптеген қоғамдарда қабылданған мәдени нормалар әйелге қарым-қатынас

сипатында кӛрінеді, нәтижесінде гендерлік кемсітушілік әйелдердің адам

саудасы алдындағы жоғары әлсіздігіне әкелетін факторлардың бірі болуда.

Аталғандардан ӛзге, белгілі қоғамға жататын әйелдер жезӛкшелік мақсатындағы

сауда объектісі болып, пайдаланудан босағаннан кейін ӛз отбасына және

қауымға қайта ықпалдасуы аса қиын болуымен тап болады. Адам саудасының

құрбаны болған кӛптеген әйелдер АИВ/ЖИТС немесе басқа жыныстық жолмен

таралатын ауруларды жұқтырып алуы да мүмкін, олар туралы хабарлау бірқатар

қоғамдарда ұятты саналады.

Құқықтық факторлар қылмыстық әділ сот жүйесіне қолжетімділіктің

жоқтығында кӛрініс табады, себебі сауда объектісі болған тұлға шетелдік болуы

мүмкін, немесе ол құқықтық ӛкілдікке деген рұқсатқа ие емес, әлде жүйенің ӛзі

тиісті қорғау құралдарымен қамтамасыз етпейді. Онымен қоса, қауіпсіздікті

сезінудің жоқтығына негіз болып екінші куәгер ережесі немесе айғақтарды

негіздейтін ереженіңкүші болуы мүмкін, соның нәтижесінде адам саудасының

объектісі болған тұлға сотта тыңдалу мүмкіндігінен айырылады. Қауіпсіздік

жоқтығын сезіну сыбайлас жемқорлықпен ушығады.

Экономикалық, әлеуметтік және мәдени факторлардан ӛзге, адам

саудасының таралуына саяси тұрақсыздық, соғыстар және шиеленістер

(Ауғанстан, Пәкістан, Ирак, Сирия) әсер етуі мүмкін. Бұл, әсіресе, ӛтпелі

кезеңді басынан кешіріп жатқан қоғамдастықтардан байқалады, мұнда

қоғамдық тәртіпсіздіктер, ұлттық бірегейлікті жоғалту және саяси тұрақсыздық,

адам саудасын қосқандағы ұйымдасқан қылмыстың ӛсуі үшін жағымды орта

жасауға әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайларда қорғаушы құрылымдардың

күйреуімен қоса жүретін қауымдастықтың тұрмыс салты бұзылады,

нәтижесінде еріксіз кӛшірілген тұлғалардың бұқарасы пайдаланудың кез келген

түрінен аса қорғансыз қалады.

Page 71: Арнайы баяндама1.7 MB

71

Осы осалдық факторларларыныңәсерін жеңілдетуге бағытталған

саясаттың басқа шаралармен, соның ішінде қоғамдастықтың хабардарлығы

деңгейін арттыру бойынша науқандармен, сондай-ақ адам саудасы

проблемалары бойынша зерттеу және ағарту қызметтерімен үйлестірілуі

шешуші мәнге ие.

БҰҰ Трансұлттық қылмысқа қарсы конвенциясына және оны

толықтыратын Палермо хаттамасына сәйкес, мемлекетке ол бақылайтын аумақ

шеңберінде адам саудасы актілерін жасаудың алдын-алу үшін халықаралық-

құқықтық жауапкершілік артылады. Хаттаманың 9 бабының 1 тармағы,

сонымен қатар мемлекетке «адам саудасының алдын-алу және онымен күрес

мақсатында кешенді негізде саясатты, бағдарламаны және басқа шараларды

жасауға және қабылдауға» міндеттейді. Осы бабтың 2 тармағында сипатталған

бұл шаралар «адам саудасының алдын-алу және онымен күреске бағытталған

зерттеулер, ақпараттық науқандар, соның ішінде бұқаралық ақпарат

құралдарында ӛткізуді, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық бастамаларды

жүзеге асыруды» қамтиды.

Мысалы, ЕҚЫҰ Адам саудасымен күрес жӛніндегііс-қимыл жоспарында,

адам саудасының алдын-алу мақсатында, ұлттық деңгейде шаралар қатарын

қабылдау ұсынылған: a) деректер жинау және зерттеулер жүргізу; b) шекаралық

бақылау шаралары; c) адам саудасының түпкілікті жоюға бағытталған

экономикалық және әлеуметтік саясат; d) қоғамдық хабардарлықты арттыру

бойынша шаралар; e) заңнамалық шаралар.38

3.3. Зерттеулер жҥргізу және мәліметтер жинау

Зерттеу қызметі адам саудасының алдын-алу жӛніндегі жұмыстың

маңызды элементтерінің бірі болып табылады, себебі бұл құбылысты және

оның ӛзгермелі динамикасын дұрыс түсіну құбылысты тӛмендету ісінде оның

тиімділік деңгейін арттыратын аса тиянақты саясатты жасауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ зерттеулер адам саудасы проблемаларын шешу бойынша күш салуға

жаңа серпін берудің маңызды құралдарының бірі болып табылады, ӛйткені

статистикалық мәліметтер бұл құбылыстың нақты масштабтарына назар

аударуға мүмкіндік береді.

Мәліметтерді жүйелі жинау, талдау және тарату нақты фактілер негізінде

саясат құруды қамтамасыз етуде негізгі рӛл атқарады. Осындай мәліметтер кем

дегенде жасы, жынысы, ұлттық шығу тегі және пайдалану нысандары бойынша

дезагрегациялануы керек, сонымен қатар барлық елдер үшін стандартталуы

қажет. Мәліметтер жинау базистік желілерді орнату үшін сындарлы мәнге ие,

оларды салыстыру арқылы адам саудасымен күрес жӛніндегі іс-шараларды

жүзеге асырудағы прогресті анықтауға және бағалауға болады.

БҰҰ Есірткі және қылмыс жӛніндегі басқармасының адам саудасы

туралы Дүниежүзілік баяндамасының39

мәліметтері бойынша, анықталған

38

ЕҚЫҰ 2003 жылғы 24 шілдедегі Адам саудасына қарсы күрес жӛніндегі іс-қимыл жоспары,

https://www.osce.org/ru/pc/42712?download=true 39

Баяндама БҰҰ Есірткі және қылмыс жӛніндегі басқармасымен әзірленді, 2012. www.unodс.org/glotip.html

Page 72: Арнайы баяндама1.7 MB

72

пайдалану нысандарының арасында мәжбүрлі еңбек үлесі қарқынды ӛсуде: 2003

жылдан 2006 жылдар кезеңіндегі 18%-бен салыстырғанда, 2007 жылдан 2010

жылдар аралығы кезеңінде анықталған жағдайлар үлесі екі есе артқан және

36%-ға жеткен. Қазақстанда мәжбүрлі еңбек саласындағы қылмыстар ӛсімі

Халықаралық кӛші-қон ұйымының мәліметтерімен де расталады. Сондай-ақ

анықталған қылмыстардың арту себептерінің бірі ретінде ҚР ҚК-не 2013 жылғы

ӛзгерістер мен толықтырулар енгізудің нәтижесі саналатынын атап ӛту керек.

Адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы маңызды зерттеулердің бірі

АҚШ Мемлекеттік департаментінің жыл сайынғы адам саудасы туралы, сондай-

ақ бұл құбылыспен әлемнің басқа елдеріндегі күрес туралы баяндамалары40

болып табылады.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің 2014 жылғы баяндамасынан

кӛретініміз, біздің ғаламшарымызда 20 миллионнан кем емес адамды ХХІ ғасыр

құлдары санатына жатқызуға болады.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің есебіне сәйкес, әлемнің 200-ге жуық

елі сол елдердегі айқын және жасырын құл саудасының деңгейі бойынша тӛрт

топқа бӛлінді. Осы елдер үкіметтеріне адам саудасын жол беруге болмайтын

әлеуметтік феномен ретінде жою үшін күш салуы да ескерілді.

Қазақстанға қатысты айтатын болсақ, баратын ел деп аталды және тӛмен

дәрежеде мәжбүрлі еңбек пен сексуалдық құлдық үшін әйелдердің, балалардың

және ерлердіңшығу және транзиті елі аталды.Сондай-ақ Қазақстанда адам

саудасының ішкі деңгейі жоғары. Есепте кӛрсетілгендей, қазақстандық әйелдер

және қыздар, негізінен, БАӘ-ге, Ресейге, Ӛзбекстанға, Кипрге, Люксембургке,

Швецияға және Түркияға сексуалдық құлдыққа сатылады. Ӛзбекстан,

Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстанның ӛзінің ауылдық аудандарының,

сондай-ақ Ресей, Молдова және Украинаның әйелдері және қыздары

Қазақстандағы сексуалдық сауда құрбандары болуда.

Сондай-ақ қазақстандық ерлер, әйелдер және балалар Ресей мен Оңтүстік

Кореяға мәжбүрлі еңбек үшін сауда объектілері болып табылады. Қазақстан

аумағында мәжбүрлі еңбекке Қазақстан азаматтары және де Ӛзбекстан,

Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Филиппин азаматтары тап болуда.

Есепте Қазақстан үшін ұсынымдар берілген, олардың ішінде келесілер

бар:

адам саудасы құрбандарын, әсіресе мәжбүрлі еңбек объектілері

болған шетелдік азаматтар арасында анықтау бойынша шараларды нығайту;

адам саудасымен күрес жӛніндегі арнайы заң қабылдау;

Қазақстан аумағында болу үшін адам саудасының шетелдік

құрбандары үшін уақытша мәртебе беру және адам саудасы құрбандарының

отанына қайта оралуының заңды баламаларын ұсыну;

40

АҚШ Мемлекеттік департаментінің Баяндамасы, 2014,

http://www.state.gov/j/tip/rls/tiprpt/2014/?utm_source=NEW+RESOURCE:+Trafficking+in+Persons+R

Page 73: Арнайы баяндама1.7 MB

73

мемлекеттік қаржыландыру аясында адам саудасы құрбандарына

қорғау мен кӛмекті қамтамасыз етудің тетіктерін әзірлеу;

полициялардың, соттар және прокурорлардың адам саудасына жол

бермеу бойынша әлеуетін арттыру.

ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жӛніндегі комиссияның пікірі

бойынша Халықаралық кӛші-қон ұйымының, ЮНОДК, ХЕҰ және ЕҚЫҰ адам

саудасының алдыналу және профилактикасы бойынша жүргізген зерттеулері

адам саудасымен күресудің және адам саудасы құрбандарының құқығын

қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктерін теориялық жетілдіруге едәуір

үлесін қосты. Аталған зерттеулерде адам саудасына қарсы әрекет жӛнінде

қадамдық тетіктері жазылғанын ескере келе, келесі міндетті қадам барлық

елдердің Үкіметтері тарапынан зерттеу нәтижелерін іс жүзінде қолдану болып

табылады.

3.4. Білім беру және қҧқықтық ағарту

Ғылыми зерттеулермен қатар, білім беру және ақпаратқа қолжетімділік

адам саудасының алдын алудың маңызды құралдары болып табылады.

Қазақстан Республикасы азаматтардың құқықтар және міндеттемелерге қатысты

ақпаратқа қолжетімділігіне құқықтарын барлық заңдарды, еліміз мүше

саналатын халықаралық келісімдерді ресми жариялау арқылы заңнамалық түрде

бекітті. Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабының 3-тармағына

сәйкес, мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер, лауазымды адамдар және

бұқаралық ақпарат құралдары әрбiр азаматқа ӛзiнiң құқықтары мен мүдделерiне

қатысты құжаттармен, шешiмдермен және ақпарат кӛздерiмен танысу

мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi. Сонымен қатар, азаматтардың

құқықтары, бостандығы және міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық

актілерді ресми жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады.

ҚР Конституциясы 20-бабының 2-тармағына сәйкес, әркiмнiң заң жүзiнде

тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен еркiн ақпарат алуға және оны таратуға

құқығы бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиясы болып

табылатын мәлiметтер тiзбесi заңмен белгiленедi. Адамның және азаматтың

құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық

тәртiптi, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен

имандылығын сақтау мақсатына қажеттi шамада ғана және тек заңмен шектелуi

мүмкiн(ҚР Конституциясы 39 бабының 1-тармағы).

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 қарашадағы № 174

Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпараттық қауіпсіздігінің

2016 жылға дейінгі тұжырымдамасында азаматтардың ақпарат алу және

таратуға конституциялық құқықтарын іске асыру Қазақстан Республикасының

ақпараттық саладағы негізгі ұлттық мүдделерінің бірі болып табылатыны

бекітілген.

Сонымен қатар, құқықтық мәдениет деңгейін бұдан әрі арттыру,

құқықтық түсіндіру жұмысының нысандары мен әдістерін жетілдіру,

азаматтардың құқықтық білім алуы және тәрбиелену тиімділігін арттыру

Page 74: Арнайы баяндама1.7 MB

74

мақсатында, ҚР Үкіметімен 2012-2014 жылдарға арналған Қазақстан

Республикасы азаматтарының құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру

жӛніндегі кешенді жоспар бекітілді.

Осы жоспар шеңберінде, Қазақстан Республикасы азаматтарының

құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру мақсатындағы түсіндірме

жұмыстарын жүргізуге бағытталған іс-шаралар қатары қарастырылған:

азаматтарға мемлекеттік органдар қызметіне қатысты мәселелер бойынша кеңес

беру; ашық есік күндерін ӛткізу практикасын енгізу және алқалармен

азаматтарға тегін негізде құқықтық кеңестер беру; мерзімдік баспасӛз

басылымдарында құқықтық тақырыптар бойынша ақпараттық мағлұматтарды

тарату; мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалар қызметінің ӛзекті

мәселелері бойынша халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық

конференциялар, семинарлар ӛткізу; мемлекеттік органдардың, соның ішінде

жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарының, әсіресе құқықтық

түсіндіру тарауларын (айдарларын) арттыру және қажетті құқықтық ақпаратты

жариялау бойынша қызмет етуін жетілдіру; құқықтық тақырыптар бойынша

жарнамалық-имидждік роликтерді жасау және тарату (трансляция);

телеарналарда халықтың құқықтық мәдениеті деңгейін ары қарай арттыруға

бағытталған деректі фильмдер жасау; құқықтық ағарту мәселелері бойынша

үкіметтік емес ұйымдармен ӛзара әрекеттестік және т.б.

Қазіргі уақытта әділет органдары тарапынан мүдделі мемлекеттік

органдармен бірге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2

наурыздағы №285 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы

азаматтарының құқықтық мәдениет деңгейін арттыру жӛніндегі 2012-2014

жылдарға арналған Кешенді жоспар жүзеге асырылуда.Аталған жұмыс аясында,

ҚР Әділет министрлігі ӛзінің құзіретінде халық үшін құқықтық түсіндірме

жұмыстарды тұрақты негізде жүргізіп жатыр. Мүдделі мемлекеттік

органдардың барлығы ӛзінің жетекшілік ету саласында тиісті жұмысты іске

асыруы тиіс. Бұл үкіметтік бағдарламаны тиімді іске асыруға мүмкіндік ашады.

Қолданыстағы заңнама адам саудасы құрбандарына мақсатты құқықтық білім

беру туралы жеке нормаларды қарастырмайды. Олар тиісті қызметтерді ортақ

негізде, басқа азаматтармен бірге ала алады. Алайда, қоғамдық хабардар

болушылық мемлекеттің нормативтік құқықтық базасының баспасӛздегі

жариялануымен шектелмейді. Адам саудасының алдын алудың ерекше тиімді

тәсілі халықтың, соның ішінде қоғамның айтарлықтай осалтоптарының

құқықтық сауаттылығының мәселелері болып саналады.

Мемлекеттер адам саудасы проблемаларын академиялық зерттеулер

тақырыптарына қосуды қамтамасыз ету үшін әр түрлі әдістерге баруы мүмкін,

сонымен қатар білім беру жүйелерін оқушыларды осы құбылыс туралы

хабардар ету мақсатында қолданады. Мысалы, 2002 жылдың 20 қыркүйегіндегі

Адам саудасының алдын-алу туралы Брюссель декларациясында: «Орта және

жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларына мазмұнды және шынайы оқу

курстарын әзірлеу және қосу, сондай-ақ адам құқықтары мәселелері мен

Page 75: Арнайы баяндама1.7 MB

75

гендерлік проблемалар бойынша оқушылар мен студенттерді ақпаратпен

қамтамасыз ету мақсатында білім беру саласы қызметкерлерімен және білім

министрліктерімен аса тығыз байланыс орнату керек. Осы тақырыптар адам

саудасымен айналысушылар әрекеттерінің тәсілдеріне және осы саудамен

байланысты қауіп-қатерлерге, шетелде заңды кӛші-қон және еңбекке

орналасудың мүмкіндіктеріне және заңсыз, реттелмейтін кӛші-қонмен

байланысты маңызды тәуекелдерге қатысты мәселелер бойынша жастарға

айқын үйлесімде баяндалуы тиіс»,- делінеді.

Адам саудасы құрбандарының құқықтық сауатсыздығы – шығу елі үшін

де, баратын елі үшін де ӛте маңызды мәселе, реттелмейтін кӛші-қон, жұмыспен

қамту ағымының артуына әсер етеді, бұл ӛз кезегінде мигранттардың

құқықтарының бұзылуына, қаналуына алып келеді.

Қазақстанның Оңтүстік ӛңірінде 2013 жылы «Сана сезім» ҚБ ӛткізген

сұрау еңбек мигранттарының 60% астамы олардың мекендеу еліндегі еңбек

қызметін реттеуші Қазақстан Республикасының заңдарын білмейді41

.

Респонденттердің 22% жауап беруге қиналды. Сұралғандардың тек 15% шетел

азаматтарының еңбек қызметін реттеуші Қазақстанның заңнамасымен таныс,

бірақ осы респонденттердің ӛзі заңдардың аттарын естеріне түсіре алмады.

«Қазақстандағы адам құқықтары: қоғамдық пікір» жобасы аясында

Қазақстанның әлеуметтанушылар қауымдастығы сарапшыларының жүргізген

сауалдамасысұралған 1500 тұлғалардың 52,6% Қазақстанда адам құқықтары

туралы және оларды қорғау мүмкіндіктері туралы ақпарат жоқ деп санайтынын

кӛрсетті42

. Сұралғандардың тек үштен бірі - 30,7% адам құқықтары мен оларды

қорғау мүмкіндіктері туралы ақпарат санымен қанағаттанған, респонденттердің

16,7% жауап беруге қиналған.

Алынған нәтижелер халықты, соның ішінде еңбек мигранттарын

құқықтық ағартудың қажеттігі туралы, құқықтық ақпараттың қолжетімді

орталықтарын құру туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Білім беру

және денсаулық сақтау мекемелерінде, сондай-ақ әлеуметтік тапсырыс

шеңберінде республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылуы

тиіс БАҚ арқылы әрдайым ақпараттық науқандар ӛткізуден тыс, адам

құқықтары бойынша қолжетімді ақпараттық орталықтардың бірі ретінде

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының веб-

сайтында орналастырылған: http://hrc.nabrk.kzҚР Президенті жанындағы Адам

құқықтары жӛніндегі комиссияның Цифрлы кітапханасы болуы мүмкін.

3.5. Жҧртшылықты хабардар ету мәселелері

Қоғамдық хабардарлық деңгейін арттыру бойынша науқандар адамдарға

адам саудасымен байланысты қауіптер мен оны анықтауға кӛмекші себептер

туралы ақпарат берумен қатар, осындай сауданың құрбаны болған тұлғаларды

41

«Сана сезім» ҚБ зерттеуінің нәтижелері, 2013 http://sanasezim.org/?q=node/62 42

2009-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл

жоспары, http://www.undp.kz/userfiles/plan_ru.pdf

Page 76: Арнайы баяндама1.7 MB

76

құтқаруға мүмкіндік беретінін атап ӛту керек.

Құқықтық насихаттың және құқықтық кӛмек кӛрсетудің тиімді

тетіктерінің бірі Құқықтық ақпараттық қызметтің жұмысыболып табылады,

оның қызметкерлері облыстық, аудандық орталықтардың, ауылдық

аумақтардың және Астана, Алматы қалаларының тұрғындарына телефон

бойынша кеңес беру түрінде тегін білікті құқықтық кӛмек ұсынады.

2013 жыл аралығы мен 2014 жылдың бірінші тоқсанында Қызмет барлығы

103 981 кеңес берді. Орташа саны күніне 500-ге жуық кеңесті құрады.

Құқықтық насихаттың пәрменді құралдарының бірі болып ҚР Әділет

министрлігінің интернет-ресурсы саналады (www.adilet.gov.kz).

Соңғы үш жыл аралығында Әділет министрлігінің сайтында РФ,

Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Украина, Беларусь, Қырғызстан және соңғы екі

жылда – Ӛзбекстан қолданушылары болған.

Сондай-ақ Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының нормативтік-

құқықтық актілерінің қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде толық электрондық

жинағын қамтитын «Әділет» тегін ақпараттық-құқықтық жүйесін әзірлеуші

болып табылады.

«Әділет» АҚЖ Интернет-технология арқылы Қазақстан Республикасының

заңнамасына тәулік бойы қолжетімділікке мүмкіндік береді. Рұқсат Әділет

министрлігінің ресми сайты арқылы немесе http://adilet.zan.kz/ электрондық

ресурсы бойынша тікелей іске асырылады.

2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасының азаматтарымен жедел

байланысты қамтамасыз ету мақсатында, адам саудасымен күрес мәселелері

бойынша «11616» («Call Centre») қызу желі қызмет етеді, ол адам саудасымен

байланысты жағдайларда телефон бойынша халыққа құқықтық және

психологиялық қызмет кӛрсетуші шұғыл, анонимді кӛмек кӛрсету қызметі

болып табылады.

Қазіргі қызу желінің негізгі мақсаты экстремальді, дағдарыстық

жағдайдағы кез келген адамға білікті, уақтылы телефон бойынша кӛмек беру

мүмкіндігі болып табылады, кейбір жағдайларда бұл адам саудасынан зиян

шеккендердің орналасу жерін және сәйкестендіруді анықтау болып табылады.

Қоңырауға білікті психологтар, әлеуметтік қызметкерлер және заңгерлер жауап

береді. Сенім телефоны тәулік бойы жұмыс тәртібінде жұмыс істейді.

Жұмыс жылдарында 5000-нан астам кеңестер берілді, адам саудасынан

зиян шеккендер және қатал қарау мен пайдалануға ұшырағандар анықталды,

олар негізінен әйелдер мен балалар.

Полицияның адам саудасына байланысты қылмыстарға жол бермеуі

жӛніндегі қызметі туралы халыққа ақпарат беру үшін ҚР ІІМ және облыстардың

ІІД wеb-сайттарында «Сенім парағы», «Тікелей байланыс», «Министр блогы»

айдарларында тақырыптық материалдар үнемі орналастырылады.

Адам саудасына байланысты, соның ішінде бала еңбегін пайдаланумен

байланысты қылмыстардың профилактикасы мақсатында еліміздің аумағында

2009 жылдан бастап «1409» сенім телефоны жұмыс етеді. ҚР ІІМ сұрауы

Page 77: Арнайы баяндама1.7 MB

77

негізінде, қолданыстағы нӛмір туралы ақпарат «Қазақстан», «Хабар»

телеарналарында және «Астана» радиосында 2014 жылдың тамызынан

желтоқсанға дейінгі аралықта таратылады. Сондай-ақ, ҚР ІІМ бастамасы

бойынша, 2013 жылдың 20 тамызында «Алтел» АҚ тарапынан

Dalacom/Pathword абоненттеріне «11616» сенім телефоны туралы мәтін

жіберілді.

ҚР Бас прокуратурасы да тұрақты негізде адам саудасымен күрес

саласында қабылданған шаралар туралы ақпараттық-насихаттық сипаттағы іс-

шаралар ӛткізеді.

Халықтың кең ауқымын адам саудасымен байланысты қылмыстардың

алдын-алу және жоюға бағытталған құқықтық түсіндірме жұмысымен қамту

мақсатында, прокуратура қызметкерлері баспасӛз беттерінде, телеарналарда

және радиоэфирлерде тұрақты түрде сӛз сӛйлейді. Анықталған қылмыстар,

олардың алдын-алу және болдырмау бойынша қабылданған

ұйымдастырушылық-құқықтық шаралар туралы ақпарат тұрақты түрде

орналастырылады. Сонымен қатар, прокурорлар азаматтарды шетелде жұмыс

туралы тартымды ұсыныстары бар әр түрлі хабарламаларға қатысты ерекше

мұқият және қырағы болуға, тиісті лицензиялардың болуына кӛңіл қоюға, ал

олардың тазалығына күмән туындаған жағдайда прокуратура органдарына

баруға шақырады.

2013 жылы ішкі істер органдары радио, телеарналарда және баспаларда

436 жарияланымдар, еңбек заңнамасы мәселелері бойынша 1690 түсіндірме

семинарлары мен сабақтарын ӛткізді.

3.6. Адам саудасы нысанына айналған адамдарға сҧраныс

Адам саудасымен күресті ұсыныс және сұраныс тұрғысынан жүргізу

қажеттігін мойындай отыра, адамды пайдаланудың барлық нысандарын

ынталандыратын және адам саудасының кеңеюіне әкелетін сұранысқа кедергі

болуы қажет. Бару мемлекеттеріадам саудасы үшін тартымды факторларды

зерттеп, осы мәселелерді кешенді негізде шешуді қамтамасыз ету керек.

«Сұраныс» терминінің келісілген анықтамасы жоқ. Сұраныс әдетте тауар,

еңбек немесе қызметтің қандай да бір түріне иемдену тілегінің болуын

білдіреді, алайда адам саудасы тұрғысында ӛзінің табиғаты бойынша

пайдаланатын еңбек немесе ұсынатын адам құқықтарын бұзатын қызмет

түрлеріне сұраныс туралы айтылады. Әдетте, ол адам саудасының объектісі

болған тұлғаларды пайдалану сипаты мен дәрежесіне, баратын орнына келу

бойынша, сондай-ақ әлеуметтік, саяси, экономикалық және құқықтық

факторлар мен даму деңгейіне қатысты болады, олар осындай сұранысты

тудырады және сауда процесіне әсер етеді.

Іс жүзінде бұл әбден заңды әріқолайлы (ӛндірістік нарықтың кәдімгі

элементтері болып табылатын) еңбеккежәне қызмет кӛрсетулерге сұраныс пен

заңды емес және қолайлы еместері арасындағы айырмашылықтыаңғарудың

Page 78: Арнайы баяндама1.7 MB

78

қиындығының сирекқұбылыс емес екенін білдіреді. Қызметкерлерді жалдайтын

тұлға немесе қызметті тұтынушы ұсынылған қызметті сауда құрбаны болған

тұлға ұсынатынын білмеуі мүмкін. Тиісінше, адам саудасының объектілері

болған тұлғаларға сұранысты еңбектің немесе қызметтің, оларды орындауы

үшін адам саудасының объектілері болған тұлғалар пайдаланылуы мүмкін,

кейбір түрлерін аса кең зерттеу тұрғысында ӛткізген орынды.

Фактілер адам саудасына байланысты сұраныстың үш деңгейінің болуын

кӛрсетеді:

жалдаушылар (жұмыс берушілер, иеленушілер, басқарушылар

немесе қосалқы мердігерлер) тарапынан сұраныс;

тұтынушылар (секс-индустрия шеңберіндегі клиенттер),

корпоративті сатып алушылар (ӛңдеуші ӛнеркәсіпте), үй шаруашылығы

мүшелері (үй бойынша жұмыс) тарапынан сұраныс;

процеске қатысты үшінші тараптар (тартушылар, агенттер,

тасымалдаушылар және пайдалану мақсатында адамдардың орын ауыстыруына

әдейі қатысатын басқа тұлғалар) тарапынан сұраныс.

Адам саудасына сұраныспен күресті жүргізудіңӛткір қажеттігі

қатынасында халықаралық консенсус қолданылады деп есептелінеді. Палермо

хаттамасының 9 бабының 5 тармағында «Қатысушы-мемлекет, мысалы, білім

беру, мәдениет салаларында немесе әлеуметтік салада заңнамалалық немесе

басқа шараларды, соның ішінде адамдардың, әсіресе, әйелдер мен балалардың

барлық нысандапайдалануды тудырушы сұранысқа қарсы іс-қимылға

бағытталған екіжақты және кӛпжақты ынтымақтастық жолымен қабылдайды

немесе жетілдіреді, себебі бұл адам саудасына әкеледі»,- делінгенін атап ӛту

керек.

БҰҰ Бас Ассамблеясының әйелдер және қыздар саудасы туралы мәселе

бойынша 61/144 Резолюциясы үкіметті ұқсас түрде «пайдаланудың кез келген

нысанында қолдану үшін, сатылып жатқан әйелдер мен қыздарға сұранысты

жоюға» шақырады», АҚЖКБ адам құқықтары және адам саудасы туралы

мәселелер бойынша Ұсынылған қағидалар мен басқарушы ережелерде, оларда

«адам саудасының алдын-алуға бағытталған стратегиялар сұранысты осындай

сауданың түпкілікті себептерінің бірі ретінде қарастыруы керек» деп айтылған,

мемлекетке «коммерциялық мақсатта пайдаланылатын жезӛкшелік пен

пайдаланылатын еңбекке сұранысты тудырушы факторларға» талдау ӛткізу

және «осы проблемаларды шешу үшін заңнамалық, стратегиялық және басқа

шешуші шараларды» қабылдау ұсынылады.

Еуропа Кеңесінің Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы

конвенциясының 19 бабында, ӛз кезегінде «әр Тарап қызметтерді, осы

Конвенцияның 4 бабының а) тармақшасына сәйкес, оларды кӛрсетуші тұлға

адам саудасының құрбаны болып табылатынын біле тұра, пайдалану ішкі

құқығына сәйкес әрекетті қылмыстық жазаланатын ретінде мойындау үшін

қажет болуы мүмкін осындай заңнамалар мен басқа шараларды қабылдау

мүмкіндігін қарастырады».

Page 79: Арнайы баяндама1.7 MB

79

Елдер қатарында сұраныс проблемасы қызметтерді, оларды ұсынушы

тұлғалардың адам саудасының құрбандары болып табылатынын біле,

пайдалануды қылмыстандыру жолымен шешілуде.

3.7. Адам саудасымен кҥрестегі бҧқаралық ақпарат қҧралдарының рӛлі

Адам саудасы туралы хабардар болуды және осы құбылысты жергілікті

халық арасында түсінуді арттыруда бұқаралық ақпарат құралдары маңызды рӛл

атқарады. Осы құралдардың қатарына теледидар, радио және газеттер, интернет

ресурстары жатады. Бірқатар үкіметтер бұқаралық ақпарат құралдарын

пайдалануды қоғамдық хабардарлық деңгейін арттыру құралдарының бірі

ретінде ӛздерінің адам саудасының алдын-алу жӛніндегі саясатының құрамдас

бӛлігі етеді. Мысалы, Беларусь Республикасы Президентінің 2005 жылғы «Адам

саудасына қарсы іс-қимыл бойынша кейбір шаралар туралы» Жарлығының 9

тармағында адам саудасына қарсы іс-қимыл бойынша нақты шаралар

келтірілген:

«Ішкі істер министрлігі Сауда министрлігімен, Ақпарат министрлігімен,

Әділет министрлігімен, облыстық атқарушы комитеттер мен Минск қалалық

атқару комитетімен бірлесіп:

адам саудасына ықтимал құрбандарды тартуға, заңды қызмет

түрінде сексуалдық қызмет кӛрсетуге, қоғамға қарсы мінез-құлыққа

бағытталған жарнаманың бұқаралық ақпарат құралдарында және Беларусь

Республикасы аумағында таралуын бақылауды күшейтсін;

азаматтарды сыртқы еңбек кӛші-қоны туралы дұрыс ақпаратпен

қамтамасыз етсін;

адамдарды шетелде жұмысқа орналастыру бойынша қызметті

жүзеге асыруға арнайы рұқсаты (лицензиясы) бар заңды тұлғалар мен жеке

кәсіпкерлердің тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты түрде

жариялап отырсын».

Бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық пікірге әсер ету мен қандай да бір

проблемалар туралы қоғамдық хабардар болу деңгейін арттырудың маңызды

құралы болып табылады, мұндай билікпен қатар оларға нақты ақпарат ұсыну

үшін және бір мезетте – ақпаратты ашу нәтижесінде жеке қайнар кӛздерді кез

келген залалдан қорғауды қамтамасыз ету үшін жауапкершілік артылады.

Бұқаралық ақпарат құралдарында адам саудасы туралы істерді жариялау,

құрбандар ӛміріне қауіп тӛндірмеуі немесе олардың жеке ӛміріне қол

сұғылмаушылығын бұзбауы керек.

Бұрын айтылғандай, Қазақстанда БАҚ уәкілетті министрліктер мен

ведомстволардың тапсырыстары аясында адам саудасы саласындағы

қылмыстардың алдын-алуға бағытталған мағлұматтарды трансляциялау және

жариялау жүзеге асырылады. Мәселен, 2014 жылы ҚР Әділет министрлігі

үкіметтік емес ұйымдар арасында адам саудасымен күрес мақсатында

электрондық және баспа БАҚ қолдану үшін келесі конкурстарды жариялады:

1. Республикалық БАҚ-та адам саудасымен күрес мәселелері бойынша

әлеуметтік бейнеролик әзірлеу және орналастыру (2350 мың теңге).

Page 80: Арнайы баяндама1.7 MB

80

Бұл жоба Қазақстандағы адам саудасымен күресте ақпараттандыру және

жол бермеу бойынша ӛткізілген жұмыстың бӛлігі болып табылады.

Жоба миссиясы: Қазақстан Республикасының үкіметтік емес

ұйымдарының адам саудасы құрбандарының заңды құқықтары мен мүдделерін

қолдауға, қорғауға бағытталған әлеуметтік-құқықтық қызметтер ұсынуы.

Жоба мақсаттары мен міндеттері:

адам саудасының алдын-алу;

жәбірленушілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау;

жәбірленушілерге және олардың туыстарына кӛмек кӛрсету;

осы салада қызмет кӛрсететін мемлекеттік органдар мен үкіметтік

емес ұйымдар туралы ақпарат беру және үйлестіру.

Бейнеролик адам құқықтарының бұзылуы туралы; еңбек келісім-шартын,

зейнетақы тӛлемдерін аудару және салық тӛлеу арқылы адам құқықтарын

қорғау қажеттігі туралы; кінәлілердің жауапкершілігі, алдын-алушы және

профилактикалық шаралар туралы еңбек эскплуатациясының ықтимал

құрбандарын ақпараттандыруға бағытталуы керек.

Бейнеролик уақыты 50 секундтан аспауы қажет, қазақ, орыс және

ағылшын тілінде болуы тиіс. Арнадағы бейнеролик трансляциясының саны –

кем дегенде 45 рет; креативті сюжеттік желі құру; бейнеролик сапасы – HDV,

цифрлық.

2. Адам саудасы мәселелері бойынша мамандандырылған Веб-сайт

қызметін қолдау (2000 мың теңге).

Жобаның негізгі міндеті Үкіметке, қоғамдық ұйымдарға, қоғамға шығу

тегі, транзит және орналасу елі ретіндегі Қазақстан аумағында адам саудасының

әр түрлі нысандарымен күресуде әрекет ету болып табылады.

www.stoptraffic.kzинтернет-сайты құрылды.

Сайтта жоба аясындағы негізгі қызметтер туралы, адам саудасы тетіктері

мен нысандары туралы, адам саудасы құрбандары құқықтарын қорғау және

кӛмек кӛрсету туралы, толық кӛмек алуға болатыны туралы толық және

объективті ақпарат ұсынылады.

Web-сайт қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жұмыс істейді және

мыналарды қамтиды:

адам саудасымен күрес, адам саудасы құрбандарының құқықтары

мен бостандықтарын қорғау мәселелері бойынша халықаралық құжаттар мен

ұлттық нормативтік актілерді қамтитын құқықтық бӛлім;

адам саудасы құрбандарына кӛмек кӛрсететін және осы бағыттағы

жұмыс туралы ақпарат беретін мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар

және үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер;

жастар мен жасӛспірімдер үшін мамандандырылған парақша;

адам саудасымен күреспен байланысты бейнероликтер және

фильмдер, сондай-ақ басқа мағлұматтар орналастыру;

адам саудасымен күрес, шетелде жұмысқа орналасу мәселелері

Page 81: Арнайы баяндама1.7 MB

81

бойынша азаматтарға құқықтық кеңес беру үшін ашық парақша (сұрақ-жауап),

сондай-ақ ықтимал құрбандар үшін дағдарыстық орталықтар (психологтар,

дәрігерлер және т.б. мамандар) қызметкерлерінің кеңестері және т.б.

Қазақстан Республикасы аумағында қызмет етуші, сондай-ақ адам

саудасы құрбандарына кӛрсетілетін қызметтері бар шетелдік мемлекеттердегі

жедел желі байланыстары;

Қазақстан Республикасы аумағында қызмет ететін, сондай-ақ адам

саудасы құрбандарына кӛрсетілетін қызметтері бар шетелдік

мемлекеттердегідағдарыстық орталықтар (баспаналар) туралы ақпарат;

Web-сайттың домендік атауы мамандануды және адам саудасымен күрес

мәселелері бойынша сӛздердің элементтерін кӛрсетеді.

3.8. Адам саудасымен кҥрестегі азаматтық қоғамның рӛлі

Әлемдік қауымдастықта азаматтық сектордың қатысуы адам саудасымен

күрестегі кез келген кешенді тәсілдің маңызды компоненті болып табылатыны

мойындалған. Азаматтық қоғам ұйымдары адам саудасына қарсы әр түрлі

деңгейлердегі күресте қолдау кӛрсетеді және кӛптеген іс-шараларды жүзеге

асыруға қатысады, оның ішінде:

қоғамдық хабардарлық деңгейін арттыру: олар адам саудасы туралы

фактілермен хабардар етеді;

насихат: олар нақты мәселелер бойынша қоғамдық пікірге әсер

етеді;

бақылау функциялары: олар басқа мүдделі тараптармен ӛздеріне

алынған міндеттемелерге қатысты прогресті ӛлшейді;

ғылыми зерттеулер: олар мәліметтерді жинау және талдауда ӛз

үлесін қосады;

желілерді ұйымдастыру: олар адам саудасымен күрес және адам

саудасы құрбандарының құқықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін

азаматтық қоғамның басқа ұйымдарымен ӛз қызметін байланыстырады және

серіктестік байланыстар орнатады;

тікелей қызмет кӛрсету: олар құрбандарға медициналық,

психологиялық, заңдық және басқа қолдау түрінде кӛмек кӛрсетеді;

саясатты әзірлеу: олар ұлттық және халықаралық деңгейлерде

саясат құруға әсер етеді.

Адам саудасы саласында азаматтық қоғам қылмыстардың алдын алу,

олардың құрбандарын қорғау және қылмыскерлерді қылмыстық қудалау

бойынша барлық шарттардың маңызды серіктесі болып табылады. Азаматтық

қоғам ұйымдары үкіметтерге адам саудасы құрбандарын анықтауда кӛмектеседі

және сот процесінің барлық кезеңдерінде құқықтық кӛмек, медициналық

қызмет кӛрсету және психологиялық қолдау секілді тікелей қызмет кӛрсетеді;

олар сонымен қатар, егер құрбанға ықтиярхат ұсынылса, онда қоғам ӛміріне

репатриация (егер құрбанның мұндай ниеті болса) және реинтеграция немесе

Page 82: Арнайы баяндама1.7 MB

82

интеграция процестерін лайықты ӛтуіне жағдай жасай алады.

Палермо хаттамасында қатысушы-мемлекет үкіметтік емес ұйымдармен

адам саудасына қарсы күрес бойынша алдын-алу шараларын және жәрдем мен

қорғау ұсыну жӛніндегі шараларды қабылдауда үкіметтік емес ұйымдармен

қызмет ету керектігі ескертілген. 9 баптың 3 тармағында қатысушы-

мемлекеттерге адам саудасының алдын-алу жӛніндегі шаралар енгізу туралы

үндеу мен келесі ұсыным бар:

«Қолданыстағы бапқа сәйкес әзірленіп және қабылданып жатқан

саясат, бағдарламалар және басқа шаралар, тиісті жағдайларда, үкіметтік

емес ұйымдармен, басқа тиісті ұйымдармен және басқа азаматтық қоғам

элементтерімен ынтымақтастықты қосады».

Осыған ұқсас Палермо хаттамасының 6 бабында былай айтылады:

«Әрбiр қатысушы-мемлекет адам саудасы құрбандарына дене,

психологиялық және әлеуметтік сауықтыруды қамтамасыз ету бойынша

шараларды, соның ішінде тиісті жағдайларда, үкіметтік емес ұйымдармен,

басқа тиісті ұйымдармен және басқа азаматтық қоғам элементтерімен

ынтымақтастықта жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырады».

Қазақстанда адам құқықтарын қорғау ұлттық жүйесінде үкіметтік емес

құқық қорғау ұйымдары, сондай-ақ қатыгездік қарым-қатынас, соның ішінде

адам саудасының құрбандарының құқықтарын қорғау мәселелерімен

айналысатын маманданған үкіметтік емес ұйымдар маңызды орынға ие.

2014 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша, Қазақстан Республикасы

аумағында 27525 үкіметтік емес ұйымдар тіркелді, олардың ішінде 11888

үкіметтік емес ұйым әлеуметтік салада белсенді қызмет етеді.

Барлық саладағы үкіметтік емес ұйымдар қызметін қаржыландыру

бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында республикалық және

жергілікті бюджеттерден 2014 жылы шамамен 25 млн. АҚШ доллары бӛлінді.

Адам құқықтары жӛнiндегi комиссия туралы Ереженің 5 тармағына

сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы Адам құқықтары

жӛніндегі комиссия ӛз ӛкілеттiктерін жүзеге асыру кезінде азаматтық қоғам

институттарымен ӛзара iс-қимыл жасайды.

Үкіметтік емес ұйымдар Комиссия үшін адам құқықтары саласында,

соның ішінде адам құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық заңнама мен құқық

қолданушы практикасын жетілдіруге мүмкіндік беретін арнайы баяндамалар

мен бағдарламаларды даярлауда стратегиялық серіктестер болып табылады.

Үкіметтік емес ұйымдар құндылығы олардың халықтың әлеуметтік әлсіз

топтарымен тікелей жұмыс істеуі болып табылады. Ӛздерінің құқық қорғаушы

мониторингін ӛткізіп және мемлекеттік органдарда адам құқықтарын сақтауды

қорғай отырып, үкіметтік емес ұйымдар адам құқықтарының бұзылуы фактілері

туралы ақпараттың маңызды қайнар кӛзі саналады, олар заңнамалық және

құқық қолданушы практиканы жетілдіру бойынша құрылымдық ұсыныстарды

даярлайды, қоғамда адам құқықтары мен оларды қорғау дағдылары туралы

білімнің таралуына әрекет етеді.

Page 83: Арнайы баяндама1.7 MB

83

Адам құқықтары жӛніндегі комиссия үкіметтік емес ұйымдардың

келешегін ағартушылық, білім және сарапшылық-талдау жұмыстарында

белсенді түрде қолданады. Үкіметтік емес сектор мәліметтері Қазақстандағы

адам құқықтарының ахуалы туралы Комиссияның баяндамаларын даярлауда

маңызды рӛл атқарады, құқық қорғау тетіктерін объективті бағалауды әзірлеуге,

заңнаманы және құқық қолдану практикасын жетілдіру бойынша негізделген

ұсыныстарды даярлауға мүмкіндік береді.

Бұрын аталып ӛткендей, адам саудасының алдын алудың негізгі агенті

үкіметтік емес ұйымдар секторы болып табылады, олар адам саудасына нақты

қарсы әрекет етеді және оның құрбандарына кӛмектеседі. Қазақстандық

үкіметтік емес ұйымдар 2000 жылдан бастап ұйымдастырған, ғалымдар мен

мамандардың қатысуымен, адам саудасына қарсы әрекет бойынша кӛптеген

бастамалар мен іс-шаралар (ақпараттық науқандар, конференциялар, дӛңгелек

үстелдер, тренингтер, семинарлар, басылымдар және т.б.) Үкіметтің осы

саладағы қызметін жандандыруға, және де халықтың үлкен тобының және

тәуекел топтарының проблема туралы хабардар болуын арттыруға маңызды әрі

шешуші әсер етті.

Алайда институттық шектеулер, соның ішінде жергілікті атқарушы

органдардың адам саудасына қарсы іс-қимыл саласында қызмет етуші үкіметтік

емес ұйымдарды «қалдық қағидасымен» қаржыландыруы себебінен, тек кейбір

үкіметтік емес ұйымдар ғана адам саудасы құрбандарына жәрдемнің нақты

жобаларын жүзеге асыруда, сонымен қатар адам саудасы саласында ақпараттық

науқан ӛткізуге бағытталған жобалардың донорлары халықаралық ұйымдар

болып табыладыатап айтқанда Халықаралық кӛші-қон ұйымы. Осыған

байланысты Адам саудасының алдын-алу және жол бермеу туралы хаттама

ережесін ескере отырып, үкіметтік емес сектор және Қазақстан

Республикасының министрліктері мен ведомстволары ӛкілдері арасындағы

ӛткізілген ұлттық диалог қорытындысы бойынша ақпараттық науқандарды

мемлекеттік қаржыландыру тетіктерін қайта қарастыру ұсынылды.

Адам құқықтары жӛніндегі комиссия «Алматы заң корпорациясы»

мемлекеттік емес мекемесіне, «Қазақстандағы дағдарыс орталықтары одағы»

ЗТБ-не (Алматы), «Әлеуметтік қызметкерлер және волонтерлер қауымдастығы»

ЗТБ-не (Алматы), «Родник» ҚҚ-на (Алматы), «Қазақстандық адам құқықтары

мен заңдылықты сақтау жӛніндегі халықаралық бюро» ҚБ-не (Алматы),

«Халықаралық құқықтық бастама» ҚҚ-на (Алматы), «Жария» ҚБ-не (Астана),

«Асрив» ЗТБ-не (Алматы), «Адам құқықтары үшін хартиясы» ҚҚ-на (Алматы),

«Сана-сезім» ҚБ-не (Шымкент), «Феминистік лига» ҚБ-не (Кӛкшетау),

«Әйелдерді қолдау орталығы» ҚБ-не (Петропавл), «Қорғау-Астана» ЖҚ-на

(Астана), «Феникс» ҚБ-не (Ӛскемен), «Әйелдерді қолдау орталығы» ҚБ-не

(Ақтӛбе), «Әйелдерді қолдау жӛніндегі ӛңірлік орталық» ҚБ-не (Орал),

«Мейірім» ҚБ-не (Ақтау), «Болашақ» ҚБ-не (Тараз), «Мегаполис» ҚБ-не

(Атырау), «КМПА» ҚБ-не (Қостанай), «Әйелдер-шағын кәсіпкерлер қоғамы»

ҚБ-не (Қызылорда), «Әйелдерді қолдау жӛніндегі ӛңірлік орталық» ҚБ-не

Page 84: Арнайы баяндама1.7 MB

84

(Талдықорған), «Қайсар» ҚҚ-на (Теміртау) және басқа үкіметтік емес

ұйымдарға адам саудасының алдын-алуда, қатыгездік қарым-қатынас

құрбандарының, соның ішінде адам саудасы құрбандарының құқықтарын

қорғауда қосқан үлестері үшін алғысын білдіреді.

3.9. Адам саудасына қарсы іс-қимылдағы халықаралық ҧйымдардың рӛлі

Адам саудасының алдын-алуда Қазақстан Республикасы аумағында

қызмет ететін халықаралық ұйымдар маңызды рӛлге ие. Бұрын айтылғандай,

халықаралық ұйымдар (БҰҰДБ, Халықаралық кӛші-қон ұйымы, Астанадағы

ЕҚЫҰ орталығы, ЮНОДК, ЮНИСЕФ, ҚР-дағы Еуропалық Одақ ӛкілдігі,

ЮСАИД және т.б.) адам саудасының алдын-алу саласында қызмет ететін

жергілікті үкіметтік емес ұйымдарға қаржылық, ақпараттық және ӛзге де қолдау

түрлерін ұсынады.

Адам құқықтары жӛніндегі комиссия адам саудасы фактілерін болдырмау

мен алдын-алуда және адам саудасы құрбандарының құқықтарын қорғауда

Қазақстандағы кӛші-қонды ұйымдастыру бойынша Халықаралық кӛші-қон

ұйымының үлесін ерекше атап ӛтеді.

Халықаралық кӛші-қон ұйымының Қазақстан Республикасында адам

саудасымен күрес бойынша Бағдарламасы 2002 жылдың тамыз айында іске

қосылды. Халықаралық кӛші-қон ұйымы адам саудасының алдын-алу бойынша

қызметінде келесі «үш П» классикалық парадигмаға негізделеді: Сатушыларды

қудалау, Адам саудасының алдын-алу және Құрбандарға кӛмек пен қорғау

кӛрсету.

Халықаралық кӛші-қон ұйымы бағдарламаларының әр түрлі

компоненттері АҚШ Халықаралық даму жӛніндегі агенттігінің (USAID),

Норвегия Корольдігінің Сыртқы істер министрлігінің және Астана қаласындағы

АҚШ Елшілігі жанындағы АҚШ Мемлекеттік департаментінің

Есірткіменхалықаралық күрес және құқық қорғау қызмет жӛніндегібюросының

қаржылық қолдауымен жүзеге асырылады.

2014 жылдың желтоқсанындағы жағдай бойынша адам саудасының 1159

құрбаны Қазақстанның Халықаралық кӛші-қон ұйымы мен жергілікті үкіметтік

емес ұйымдардың бірлескен жұмысы шеңберінде оңалту және реинтеграциялық

жәрдем алды.

Халықаралық кӛші-қон ұйымының мәліметтері бойынша, Қазақстан

Орталық Азияның экономикалық тұрақтылығы тӛмен елдердің азаматтары үшін

тартымды барупункті болып қалуда. Адам саудасы құрбандарының абсолютті

кӛпшілігін Ӛзбекстаннан әкеледі немесе сатады. Қазақстан азаматтары үшін

негізгі баруелдері болып БАӘ, Түркия және Ресей болып қалуда. Соңғы

жылдары адам саудасының ел ішіндегі ахуал саны артуда, бұл жұмыссыздық

пен ауылды аймақтардан ірі қалаларға кӛші-қондық ағымдардың артуымен

түсіндіріледі.

Page 85: Арнайы баяндама1.7 MB

85

Халықаралық кӛші-қон ұйымының 2004 жылдың қаңтарынан 2014 жылдың

маусымына дейін жәрдем алған адам саудасы құрбандары бойынша

статистикасы 1.1-кесте. Бару елі:

2004 2005 2006 2007 2008 2009 2010 2011 2012 2013 2014 Итого

Қазақстан 40 36 91 83 61 92 120 137 146 87 152 1045

Ресей 2 - 3 - - 1 3 - 3 11 - 23

Түркия 11 6 1 - 1 - - - 2 - 2 23

БАӘ 8 11 7 1 - 4 8 3 2 - - 44

Израиль 5 1 - - - - - - - - - 6

Тайланд - 1 3 - - - - - - - - 4

Германия - - 1 - - - - - - - - 1

Қытай - - - - 2 - - - - - - 2

Әзірбайжан - - - 1 - - - - - - - 1

Ӛзбекстан - - 1 2 - - - - - 1 - 4

Индонезия - - - - - - 2 - - - - 2

Грекия - - - - - - 1 - - - - 1

Ливан - - - - - - - 1 - - - 1

Оңтүстік Корея - - - - - - - - - 1 - 1

АҚШ - - - - - - - - - - 1 1

Барлығы 66 55 107 87 64 97 134 141 153 100 74 1159

1.2-кесте. Шығу елі: 2004 2005 2006 2007 2008 2009 2010 2011 2012 2013 2014 Итого

Қытай - - - - - - - 4 - - 15 19

Ресей 1 4 1 - - 3 1 1 2 1 1 15

Ӛзбекстан 20 16 62 65 48 41 35 45 51 31 77 491

Қазақстан 45 32 41 18 16 44 86 76 69 64 56 547

Қырғызстан - 1 2 3 - 6 7 5 22 - 3 48

Украина - 2 1 1 - 1 1 - 2 - - 8

Тәжікістан - - - - - 1 2 8 5 - 2 18

Беларусь - - - - - 1 - - - - - 1

Молдова - - - - - - 1 - 1 1 - 3

Түркменстан - - - - - - - 1 - - - 1

Моңғолия - - - - - - - 1 1 - - 2

Нигерия - - - - - - 1 - - - - 1

Филиппин - - - - - - - - - 3 1 4

Барлығы 66 55 107 87 64 97 134 141 153 100 74 1159

1.3-кесте. Адам саудасының түрі:

2004 2005 2006 2007 2008 2009 2010 2011 2012 2013 2014 Итого

Ішкі 20 13 25 14 13 47 72 72 64 51 53 445

Халықаралық 46 42 82 73 51 50 62 69 89 49 102 714

Барлығы 66 55 107 87 64 97 134 141 153 100 74 1159

Жалпы Халықаралық кӛші-қон ұйымының миссиясы ӛз қызметін белсенді

іске асыруда және мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен

адам саудасының алдын-алу және адам саудасы құрбандарына кӛмек кӛрсетуде

конструктивті қызмет етеді.

Page 86: Арнайы баяндама1.7 MB

86

3.10. Адам саудасымен кҥрестегі мемлекеттік және қҧқық қорғау

органдарының рӛлі

2013 жылғы 4 шілдеде қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір

заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша

ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сәйкес, осындай

қылмыс үшін жауапкершілік күшейгенін атап ӛткен жӛн, бұл алдын-алу

шараларына келешекте оң әсер етуі тиіс.

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы Конституциясыныңсақталуымен

заңдардың орындалуын прокурорлық бақылау айқын құқық қорғаушы сипатқа

ие болып отыр. Қоғам мен мемлекеттің ауыспалы қажеттіліктерін ескере

отырып, кейбір бастапқы түсініктердің, сондай-ақ Қазақстанның БҰҰ, ЕҚЫҰ,

ИЫҰ және басқа да, соның ішінде адамның және азаматтың құқықтары мен

бостандығын қорғауға қатысты халықаралық ұйымдардағы міндеттерінің

трансформациясы орын алуда.

Қылмыстық кӛріністердің алдын алуды ҚР Бас Прокуроры прокуратура

органдарының қадағалаушы қызметінің негізгі бағыттарына жатқызды.

Прокурорларға ұйымдастырылған қылмыс, адам саудасы және басқа қауіпті

қылмыстық әрекеттер нысандарымен күреске бағытталған заңдарды орындауға

ерекше назар аудару тапсырылды.

Кӛбінесе атап айтқанда прокурордың қылмыстық-құқықтық саладан тыс

жүзеге асырылатын ӛкілеттігі қылмыстық жазаланатын әрекеттермен, соның

ішінде мәжбүрлі еңбек, құлдық және адам саудасымен байланысты

құқықбұзушылықпен күресте пәрменді профилактикалық нәтижеге ие.

Осы саладағы құқықтық қатынас жасырын сипатқа ие екенін, бұл осы

проблеманың ауқымы туралы нақты бейнені алуды қиындататынын БҰҰ

сарапшылары атап ӛтуде. Халықаралық ұйымдардың мәліметтері бойынша,

жыл сайын әлемде шамамен 4 млн адам құлдықтың қазіргі нысандарының

құрбаны болуда, бұл – мәжбүрлі некелер, әйел-иммигранттарды, реттелмейтін

мигранттарды қанау, арзан жұмыс күшін жеткізу және т.б.

Құлдықтың және адам саудасының барлық нысандарына қарсы әрекет,

сӛзсіз, адамдарды әлеуметтік құқықтармен, ӛмір сүру деңгейімен және

сапасымен толығымен қамтамасыз етумен тікелей байланысты, яғни ұлттық

заңнаманыңсақталуы прокурорлық қадағалаудыңнысанына жатады.

Прокуратура органдарының құлдық және адам саудасы проблемаларын

еңсеру мәселелеріндегі қызметін жандандыру қажеттігі туралы Шанхай

ынтымақтастық ұйымына қатысушы-мемлекеттердің Бас прокурорларының

отырыстарында ерекше аталып ӛтті. Сонымен қатар, жыл сайын мыңдаған адам,

бірінші кезекте, әйелдер мен балалар құлдықтың құрбандары болуда екендігі

атап ӛтілді.

Соңғы жылдары ТМД елдерінің адам саудасымен күрестегі

ынтымақтастығы айтарлықтай жанданды. Достастық шеңберінде адам, адам

ағзалары мен ұлпалары саудасымен күресте қатысушы-мемлекеттердің

Page 87: Арнайы баяндама1.7 MB

87

ынтымақтастығы туралы (2005 ж.), сондай-ақ кәмелет жасқа толмағандарды

тұрақты мекендеу орнынан мемлекеттерге қайтару мәселелері бойынша (2002

ж.) келісім қолданыста. ТМД Парламентаралық Ассамблеясының Адам саудасы

құрбандарына жәрдем беру туралы 2008 жылдың 3 сәуіріндегі Модельді заңын

нақты және біркелкі орындауды бақылау мемлекеттердің Бас прокурорларына

тапсырылды. Модельді заңда адам саудасы құрбандарының құқықтары мен

заңды мүдделерін қорғау осы қылмыстың таралуын тоқтата алмаған

мемлекеттің сӛзсіз борышы болып табылады деген ұстаным белгіленген.

Статистикалық дерекнамаларды талдау адам саудасы масштабтарын

жаһандық бағалау соңғы он жылда маңызды ӛзгерістерге ұшырамағанын

кӛрсетті, бұл проблеманы осы саладағы құқықбұзушылықтың алдын-алу

шараларына екпін жасай отырып шешудің жаңа жолдарын іздеу қажеттігін

дәлелдейді.

Кӛші-қон заңнамасын орындауды бақылауды жүзеге асыру барысында

мигранттардың, әсіресе кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтарын сақтау

мәселелеріне жіті назар аудару қажет. Адам саудасы құрбандары заңсыз

иммигранттар ретінде анықталатын әрі ұстауға және депортацияға ұшырайтын

жағдайлар кешірілмейді. Прокурорлық ден қою шаралары адам саудасы

құрбандарының елге келуінің заңды мәртебесіне бекітілместен, нақты

мигранттардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге бағытталуы керек.

Шетелдік қызметкерлерді тарту мен пайдалануға рұқсат алған және

шетелдік қызметкерлермен жұмыс атқаруға (қызмет кӛрсетуге) еңбек немесе

азаматтық-құқықтық келісімдерге қол қойған жұмыс берушілер халықты

жұмыспен қамту органдарына, салық органдарына шетелдік қызметкерлерді

еңбек әрекетіне және олармен еңбек немесе азаматтық-құқықтық келісімдерге

қол қойғаны туралы мәліметтер жібермейтін, еңбекақы тӛлеу кезеңдігін

орындамайтын кездегі ахуалды тереңдетіп зерттеген жӛн.

Кӛп ӛңірлерде жұмыс берушілер қызметкерлермен еңбек қатынастарын

рәсімдеуде еңбек туралы заңнама талаптарын елемейді. Кәсіпорындарда және

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс, агроӛнеркәсіптік кешендер,

кӛлік және сауда ұйымдарында еңбек қатынастарын мердігерлік азаматтық-

құқықтық келісімдермен немесе белгілі бір жұмыстарды атқару үшін қысқа

мерзімге жасалған ақылы қызмет кӛрсетуге алмастыру фактілері таралған.

Мәжбүрлі еңбек секілді адам саудасы нысандарының таралуы халықтың

тиімді жұмысбастылыққа, білімге, әлеуметтік қорғауға және басқа ресурстарға

қолжетімділігінің шектеулігімен байланысты екенін ұмытпау керек.

Қарастырылып жатқан құқықтық қатынастардың аса әлсіз субъектілері

кәмелетке толмағандар, әйелдер, мигранттар, тұрмысы тӛмен азаматтар, егде

жастағы адамдар, мүгедектер болып табылады. Сондықтан прокурорлық

әрекеттің нүктелі шараларын, ең алдымен, олардың құқықтарын қорғау

бойынша қабылдау керек.

Азаматтардың еркін еңбекке, еңбек үшін марапаттау, жұмыссыздықтан

қорғау, соның ішінде қауіпсіз еңбекке және оның ӛз уақытында және толық

Page 88: Арнайы баяндама1.7 MB

88

кӛлемде тӛленуіне құқықтарын қорғау бойынша белсенді жұмысты жалғастыру

керек.

Қазақстанда еңбек және сексуалдық пайдалану мақсатындағы ішкі адам

саудасы проблемасы аса кӛп алаңдаушылық тудырады.

Мысалға, 2013 жылы Қостанай облысының Қылмыстық істер бойынша

ауданаралық мамандандырылған соты ҰҚТ ісі бойынша Елена Прокуратоваға

үкім шығарды. Ол күйеуімен және серіктестерімен бірге сексуалдық құлдыққа

негізделген бизнес ұйымдастырған.

Қылмыстық топ жыл ішінде облыстан 19 қызды әрі қарай сексуалдық

пайдалану мақсатында ұрлаған. Бұл аты шулы іс бойынша тергеуді Қостанай

облысы прокуратурасының арнайы прокуроры басқарған топ жүргізді.

Ұйымдастырылған қылмыстық топтың барлық мүшелері, оны

ұйымдастырушысымен қоса сот үкімімен айыпты деп танылды. Күйеуі мен

әйеліне 11 жыл бас бостандығынан айыру берілді. Тағы екі адам 10 жылға және

бір серіктесі 5 жылға сотталды.

БҰҰ БА мәліметтері бойынша, барлық әлемде қылмыстық сот тӛрелігінің

негізгі элементтерінің тиімділігін арттыру жӛнінде мемлекеттер қабылдаған

күш салуларға қарамастан, кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту

жағдайлары сирек болып қалуда, ал адам саудасы құрбандарының саны артып

келеді. БҰҰ Бас хатшысының мақаласында келтірілген 40 БҰҰ мүше-

мемлекеттердің практикасын талдау мәжбүрлі еңбекті қосқанда, құлдықты,

адам саудасын таратумен күрес қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларымен

ғана болуы мүмкін емес екенін кӛрсетті. Адам саудасына қарсы іс-қимыл

туралы заңнама талаптарының тиімді сақталуына қол жеткізген жӛн.

Адамдарды мәжбүрлі еңбек проблемасы алдында әлсіз ететін

жағдайларды,«осалдық факторларын» жою айтарлықтай маңызды екені атап

ӛтіледі: кедейлік кӛлемін қысқарту, экономикалық құқықтарды және әлеуметтік

қорғансыз отбасылар мүмкіндіктерін кеңейту, мемлекеттік және қоғамдық

бағдарламалардың жүзеге асырылуын қолдау және т.б.43

Осыған байланысты, құлдық және адам саудасымен байланысты құқық

бұзушылыққа қарсы іс-қимылға заңнаманы, соның ішінде осы қылмыстардың

құрбандары болған тұлғалар құқықтарын қорғауды қоса, орындауды

прокурорлық қадағалау мүмкіндіктерінің бағыты ерекше ӛзекті. Ішінара алғанда

олардың қолжетімді медициналық, психологиялық, заңгерлік, әлеуметтік және

қаржылық кӛмекке құқықтары.

Мысалы, Беларусь Республикасында прокуратура органдары құқық

қорғау органдарының адам саудасымен күрес бойынша қызметін қылмыстық-

құқықтық ықпал ету шараларымен үйлестіріп қана қоймай, заңнаманың

орындалуына тиімді тексеруді де жүргізеді.

Іс жүзінде қарастырылып жатқан құқықтық қатынастар саласындағы адам

құқықтары бұзылуының терең қатпарлары нақ прокурорлық

43

Әйелдер мен қыздар саудасы. БҰҰ Бас Ассамблеясының 67 сессиясы шеңберінде БҰҰ Бас хатшысының

баяндамасы. 23.07.2012.

Page 89: Арнайы баяндама1.7 MB

89

тексерулербарысында анықталады. Бұл тек прокурорлардың еңбек

заңнамасының бұзылуына ғана қатысты емес. Мәжбүрлі еңбектің және онымен

түйіндес құбылыстардың таралуының себептерін заңсыз кӛші-қонмен,

панасыздықпен, маскүнемдікпен, нашақорлықпен, кедейлікпен,

жұмыссыздықпен және т.б. байланысты проблемалар тудырады. Бұл

салалардың барлығы қандай да бір дәрежеде заңнаманы орындауды

прокурорлық бақылаумен қамтылады және құлдық пен адам саудасы

проблемаларына қарсы іс-қимыл призмасы арқылы қарастыруды талап етеді.

ҚР азаматтарын шетелде тап болуы мүмкін ықтимал қауіптер мен

проблемалар туралы күні бұрын ескерту мақсатында, ҚР СІМ ауқымды

ақпараттық жұмыстыұйымдастырды. Бірқатар ҚР мемлекеттік органдары мен

Қазақстандық туристік қауымдастығына әуежайларда, авто- т/ж вокзалдарында

және жолаушылар арасында тарату үшін «Шетелге шығатын Қазақстан

азаматтарына арналған жадынаманың» 150 мың данасы және 500 ҚР шетелдік

мекемелерінің ұсыныстары мен байланыс мәліметтері бар ақпараттық плакаттар

берілді. Шетелге келісімен, ҚР азаматтары роумингтің қосылуы барысында

СМС – ҚР СІМ «қызу желі» телефондары туралы ақпарат бар хабарлама алады.

Адам саудасына барабар және тиімді түрде қарсы тұру және ел халқының

қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Бас

прокуратурасының үйлестіруші рӛлімен ҚР ҰҚК, ІІМ, ДСжӘДМ, СІМ және осы

мәселеде мүдделі басқа мемлекеттік билік органдарымен күштерін біріктіру

орынды кӛрінеді.

Қазіргі күнде, адам саудасымен күресте ҚР ІІМ және оның Қазақстан

ӛңірлеріндегі аумақтық органдары маңызды рӛлгеие.

Адам саудасы фактілерінің алдын-алу, жол бермеу және ашу мақсатында,

ҚР ІІМ тұрақты негізде «СТОП-трафик» жедел-профилактикалық іс-шараларын

жүргізеді.

Адам құқықтары жӛніндегі комиссиякӛзқарасы тұрғысынан, ҚР ІІМ және

оның аумақтық органдарының адам саудасымен күрес жӛніндегі арнайы

бӛлімшелерінің кадрлық құрамын қосымша штаттық бірліктер бӛле отырып,

біліктілігі жоғары мамандармен нығайту қажет.

Адам саудасына маманданушы қылмыстық топтар ӛз қызметі

ортасындағы ӛзгерістерге, соның ішінде құқық қорғау органдары жағынан

қарсы әрекеттерге, полицияның тікелей іс-қимылына, стратегиялық шараларға

немесе заңнамалардағы ӛзгерістерге сәтті бейімделетінін мамандар атап ӛтеді.

Адам саудасының ӛзгермелі сипатын мойындау, осы қылмыспен күрес үшін

қолданылған ӛткен жылғы стратегия, биыл тиімділігі тӛмен немесе тіпті мәнсіз

болуы мүмкін деген қорытындығы әкелуі ықтимал. Қарсы тиімді іс-қимылмен

адам саудасымен күрес стратегиясын әзірлеу үшін жоспарлау кезеңінде дәл

ақпарат алу шешуші мәнге ие. Бұл мәселе мәліметтерді жинау және ӛңдеудің

бірыңғай немесе ортақ жүйесі жағдайында күрделі болуын жалғастыруда.

Page 90: Арнайы баяндама1.7 MB

90

3.11. Адам саудасымен кҥреске жеке секторды тарту

Жеке секторды заңды бизнес және адам саудасы арасындағы кез келген

байланыстарды ажыратуға бағытталған корпоративтік саясатты жүзеге асыруға

тарту маңызды. Жеке сектор ӛкілдеріне адам саудасымен күрес бойынша

бастамалар шеңберінде жеткіліктсіз назар аударатыны сирек емес, оларға,

әдеттеӛзгерістерге әсер етуші үкіметтік, үкіметаралық және үкіметтік емес

ұйымдар ӛкілдерін ғана тартады.

Адам саудасының алдын алу және жолын кесу туралы хаттаманың 10

бабының ережелеріне сәйкес, «әр Қатысушы-мемлекет, оның заңды

қағидаларын ескере отырып, заңды тұлғалар жауапкершілігін белгілеу үшін

талап етілуі мүмкін шараларды қабылдайды».

Адам саудасы туралы Хаттаманың 11 бабының 3 тармағына сәйкес,

қатысушы мемлекеттер адам саудасы қылмысы жасалған кезде «коммерциялық

тасымалдаушылар пайдаланатын кӛлік құралдарын пайдаланудың бар

мүмкіндігінше алдын алудың заңнамалық немесе басқа тиісті шараларын»

қабылдауы тиіс. Мұндай шараларға «коммерциялық тасымалдаушыларға,

соның ішінде кез келген кӛліктік компанияға немесе кез келген кӛліктік құрал

иесіне немесе операторына барлық жолаушылардың қабылдаушы мемлекетке

кіруі үшін қажетті кіру/шығу құжаттарына ие екендігіне кӛз жеткізу міндеттерін

белгілеу» жатады.

Заңды тұлғалардың жауапкершілігін қамтамасыз етумен қоса, олардың

проблеманы сезіну деңгейін арттыру және оларды адам саудасының қандай да

бір нысаны және жекелей, балалар саудасы туралы айтылғанда, абсолютті

тӛзбеушілік саясатын жүргізуде талап ететін этикалық саясат және мінез-құлық

кодекстерін әзірлеуге тарту маңызды.

Жеке сектордың рӛлі сексуалдық туризм мақсатында адам саудасы

туралы айтылғанда, ерекше маңызды. Осындай жағдайларда, туристік

бизнеспен байланысты агенттіктер мұндай практикадан пайда таба алады және

тіпті пайда алу мақсатында оған ашық түрде жағдай жасауы да мүмкін. Мұндай

агенттіктер құрамына отельдер, таксомоторлық парктер және туризм мен саяхат

жӛніндегі агенттіктер жатуы мүмкін.

Бизнес-құрылымдар, кәсіпорындар және фирмалар, туристік компаниялар,

жұмыспен қамту агенттіктері, неке агенттіктері, шетелдік бала асырау агенттіктері,

жарнама агенттіктері, массаж салондары, түнгі клубтар және басқа ұйымдар ҚР

құқық қорғау органдарына адам, соның ішінде бала саудасымен байланысты

қылмыстардың алдын-алуда және жолын кесуде жәрдемдесуі керек.

Адам құқықтары жӛніндегі комиссия кӛзқарасы тұрғысынан, адам

саудасымен күрес туралы заңнама туристік және кӛліктік компаниялар,

жұмыспен қамту агенттіктері, неке агенттіктері, шетелдік бала асырау

агенттіктері, жарнама агенттіктері, массаж салондары, түнгі клубтар және басқа

ойын-сауықтыру орталықтарының қызметіне қатысты қолданылуы тиіс.

Page 91: Арнайы баяндама1.7 MB

91

Жеке құрылымдардың адам саудасымен күрестегі үлесін арттыру

мақсатында:

адам саудасы, балалардың сексуалдық туризмі және пайдаланылатын

еңбектің барлық нысандарының құрбандарына қатысты этикалық мінез-құлық

кодекстерін әзірлеу және ендіруге жеке секторды ынталандыруды;

жеке сектордың пайдаланылатын жұмыс күшін қолданудан бас тартуына,

мысалы қабылданған этикалық нормаларды ұстанатын корпорациялар үшін

нарықтық жеңілдік енгізу жолымен ынталандырудыұсынамыз.

3.12. Сыбайлас жемқорлықпен кҥрес

Адам саудасының ӛркендеуі едәуір мӛлшерде оған мемлекеттік

лауазымды тұлғалардың кӛмескі немесе ашық қатысуымен немесе олар

тарапынан болатын әрекетсіздікпен түсіндіріледі.

БҰҰ Ұйымдасқанқылмыс туралы конвенциясының 9 бабында қатысушы-

мемлекеттердің «адалдыққа жәрдемдесу үшін, сондай-ақ бұқаралық

лауазымдық тұлғалар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және сол

үшін жазалау үшін заңнамалық, әкімшілік және басқа тиімді шараларды

қабылдауын» (1 тармақ) талап етіледі. Талдау кӛрсеткендей, елдер осы міндетті

орындауға әр түрлі қарайды. Олардың бірі мемлекеттік лауазымдық

тұлғалардың адам саудасына қатыстылығыншартты жазаланатын қылмыс деп

нақты жариялады. Ал басқалары мемлекеттік лауазымдық тұлғалардың

қатысуын жазалауды күшейтуді қажет ететін ауырлататын жағдайлар ретінде

қарастырады.

Мысалы, Индонезияда ӛз билігін теріс пайдаланған кез-келген

мемлекеттік әкімшіліктік лауазымдық тұлға оның қызметі нәтижесінде адам

саудасы қылмысы жасалса, ең азы бас бостандығынан 4 жылға айыру түрінде,

ең кӛбі – 15 жылға, сондай-ақ алпыс миллион рупи кӛлемінде ең тӛмен

айыппұлға, ал ең кӛбі – үш жүз миллион рупиға жазалауға ұшырайды.

Біріккен Араб Әмірліктерінде адам саудасы қылмысы үшін, егер

қылмыскер мемлекеттік лауазымдық тұлға немесе мемлекеттік қызметті іске

асыруға тағайындалған тұлға болса, ӛмір бойы бас бостандығынан айыру

жазасы беріледі.

БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясында сыбайлас

жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар қатары аталған, олар осы

қылмыстың қарапайым криминалдандыру аясынан шығады және мыналарды

қамтиды:

сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жӛніндегі органдар құру және

бұқаралық лауазымдық тұлғалар үшін тәртіп кодексін әзірлеу секілді сыбайлас

жемқорлықтың алдын-алу шаралары, сондай-ақ сот жүйесінің сатылмайтынын

нығайту жӛніндегі және мемлекеттік әкімшілік аясында ашықтықты қамтамасыз

ету жӛніндегі шаралар;

халықаралық ынтымақтастықты орнату бойынша сыбайлас жемқорлықты

Page 92: Арнайы баяндама1.7 MB

92

қылмыс ретінде жіктейтін, қылмыскерді ұстап беру үшін негіз болатын ӛзара

құқықтық кӛмек секілді шаралар;

сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау жолымен алынған активтер мен

мүлікті қайтару жӛніндегі шаралар.

Үкіметтік емес саланың кӛптеген ӛкілдерінің пікірінше, заңсыз кӛші-қон

мен адам саудасының проблемасы ӛте ауқымды және мемлекеттік билік пен

қоғамның кӛптеген құрылымдарына қандай да бір түрде әсер етеді. Бұл

құбылыспен күрес, сыбайлас жемқорлық жойылып және қазіргі кезде еңбек пен

сексуалдық пайдаланудың кӛптеген құрбандары ӛз жаулары ретінде кӛретін

полиция бейнесі ӛзгермейінше, айтарлықтай тиімді болмайды. ЮНИСЕФ

балаларды пайдалану және сату проблемасы бойынша Қазақстанда ӛткізген

зерттеуіне сәйкес, респонденттердің кӛпшілігі құқық қорғау органдарының

қанағаттанарлық емес жұмысына наразылық білдірді. ЮНИСЕФ қызметкерлері

сұраған 468 респонденттің 305 респонденті полицияға барғанын айтты.

Олардың тек 16,7% олардың проблемаларына орай полицияның қызметіне

қанағаттанғанын хабарлады. Қалған респонденттер полицияның олардың

ӛтінімдеріне орай әрекет етуіне не жекелей қанағаттанды, не мүлдем

қанағаттанбады44

. Оған қоса, адам саудасының кӛптеген құрбандары полиция

адам саудасының сыбайластары болғанына шағымданды.

ЮНИСЕФ баяндамасына сәйкес, сондай-ақ Халықаралық кӛші-қон

ұйымы респонденттерден алынған ақпаратқа сай полиция кӛбінесе адам

саудасы туралы шағымдар мен ӛтінімдерді шынайы қабылдамайды және

қылмыстарды ашу мен айыпталушыларды ұстау үшін аз әрекет етеді.

ҚР-да адам саудасына қарсы күрестің тиімділігін арттыру мақсатында,

мыналарды ұсынамыз:

құқық қорғау органдары қатарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті

нығайту, сондай-ақ полиция бейнесін жақсарту бойынша шаралар қабылдау;

полиция бейнесі мен оның қызметінің сапасын жақсартуға бағытталған

түрлі әлеуметтік және ақпараттық науқандар ӛткізу;

адам саудасымен байланысты қылмыстарды жасағаны үшін айыпты ҚР

мемлекеттік лауазымдық тұлғаларының қылмыстық жауапкершілігін күшейту

және ҚР Қылмыстық кодексіне тиісті қосымшаларды енгізу;

адам саудасымен байланысты сыбайлас жемқорлық туралы істер тиісті

тұрғыда тергелуін және олар бойынша соттық қудалау қозғалуын қамтамасыз

ету.

3.13. 3-ші бӛлімнің ҧсынымдары:

1. Уәкілетті мемлекеттік органдар:

- адам саудасы тәуекелдері туралы жұртшылықтың хабардарлығын

арттыру жӛніндегі;

44

Робин Н. Хаарр, «Қазақстанда тәуекелді мінез-құлық, сексуалдық пайдалану және адам саудасына

қатысы бойынша балалардың осалдығын бағалау» (ЮНИСЕФ, 2012), 111.

Page 93: Арнайы баяндама1.7 MB

93

- адам саудасы құрбандары үшін қолданыстағы қызметтер туралы

жұртшылықтың және тәуекел топтарының хабардарлығын арттыру жӛніндегі;

- арзан еңбек күшіне, коммерциялық секс қызметтеріне және басқа

пайдалану нысандарына тәуекелді тӛмендету жӛніндегіоқыту және ақпараттық

науқандарды қаржылай қамтамасыз етсін және БАҚ-та жариялай отырып

жүйелі түрде үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп ӛткізсін.

2. 11616 сенім телефоны үшін мемлекеттік қаржыландыру қамтамасыз

етілсін. Сонымен қатар, «Қазақтелеком» АҚ-мен сенім телефонына ақысыз

негізде телефон байланысы қызметін ұсыну мүмкіндігін келісу ұсынылады.

3. ҚР адам саудасының құрбандары ел азаматтарымен қоса, Орталық

Азия мемлекеттерінің жұмысшы-мигранттары болуын ескере отырып, Орталық

Азияда адам саудасына қарсы күрес бойынша бірыңғай сенім телефоны (бір

нӛмір) желісін құруға бастамалық ету. Хабарласудың бірыңғай нӛмірі бару елі

ретіндегі ҚР-да сенім телефонының жұмысы туралы тәуекел топтарындағы

адам саудасының ықтимал құрбандарының хабардарлығын арттыруға мүмкіндік

береді.

4. Сондай-ақ адам саудасы саласындағы қылмыстарды жасауға жол

бермеуге бағытталған шараларды күшейту мақсатында, құқық қорғау

органдарына мыналар ұсынылады:

- адам саудасымен байланысты тауарлар мен қызметтері бар, сондай-

ақ осындай қызметтерге сұраныс тудырушы материалдарға БАҚ-та және

телекоммуникациялық желілерде мониторингті тұрақты жүзеге асыру;

- ҚР ІІМ арнайы бӛлімшесінің және оның адам саудасына қарсы

күрес жӛніндегі аумақтық органдарының кадрлық құрамын біліктілігі жоғары

мамандармен қосымша штаттық бірлік бӛлу арқылы нығайту;

- құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті

күшейту, сондай-ақ полиция бейнесін полиция қызметкері және оның

жұмысының сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік және ақпараттық

науқандар ӛткізу кӛмегімен жақсарту бойынша шаралар қабылдау;

- адам саудасымен байланысты қылмыстарды жасағаны үшін айыпты

ҚР мемлекеттік лауазымды адамдарының қылмыстық жауапкершілігін күшейту

және ҚР Қылмыстық кодексіне тиісті толықтырулар енгізу;

- кәмелеттік жасқа толмағандар құқықтарын, соның ішінде: жұмысқа

орналасу туралы, балалардың еңбегін, ӛмірін және денсаулығын қорғау,

халықаралық бала асыруды қоса бала асырау және қамқорлық туралы

құқықтарын қорғау туралы заңдарды орындауды прокурорлық қадағалауды

нығайту;

- туристік фирмалардың, сондай-ақ шетелдік азаматтарға және ҚР

азаматтарына кеңес беру және басқа қызметтер ұсынатын ұйымдар мен жеке

тұлғалардың қызметінің заңдылығын үнемі тексеруді қамтамасыз ету;

- Қазақстан Республикасының азаматтарына жұмысқа орналасу және оқу

жӛніндегі қызметтерді ұсынатын заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің,

Page 94: Арнайы баяндама1.7 MB

94

сондай-ақ неке және модельдік агенттіктер қызметінің заңдылығына

прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру;

- халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және жұмыссыздықтан қорғау

саласында қызмет кӛрсету бойынша жұмыспен қамту қызметтері жұмысының

заңдылығына назар аудара отырып, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік

қамту туралы заңнаманың бұзылуына дер кезінде әрі тиімді ден қою;

- прокурорлық бақылау негіздерінің болуы барысында алынған

материалдарды жедел түрде тергеу органдарына қылмыстық іс қозғау үшін

жіберу керек.

5. Уәкілетті мемлекеттік органдар қиын ӛмірлік жағдайға тап болған

балаларға, ҚР-на келген жұмысшы-мигранттарға және халықтың әлсіз топтары

қатарындағы басқа санаттағы тұлғаларға олардың құлдыққа ұшырауын

болдырмау мақсатында дер кезінде әлеуметтік жәрдем кӛрсетуге бағытталған

профилактикалық бағдарламаларды әзірлесін және іске асырсын.

6. Уәкілетті мемлекеттік органдар жергілікті және шетелдік үкіметтік

емес ұйымдармен, әмбебап және ӛңірлік халықаралық ұйымдармен,

дипломатиялық ӛкілдіктермен және шетелдік мемлекеттердің

консулдықтарымен адам саудасына қарсы күрес бойынша тығыз

ынтымақтастықты жүзеге асырсын.

7. Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне – полицияның

учаскелік инспекторларын, ювеналды полиция инспекторларын адам саудасы

құрбандарына біржақты кӛзқарасты жою, тиісті қылмыстарды анықтау және

тергеу барысында зардап шеккендердің адам құқықтарының және мүдделерінің

басымдықтарын ұстануды қамтамасыз ету, адам саудасы құрбандарына

толерантты қатынас, аяушылық, эмпатия сезімдерін тәрбиелеу үшін тұрақты

оқыту ӛткізуге үкіметтік емес ұйымдар тартылсын.

8. Адам саудасы саласында тәуелсіз сарапшылар мен азаматтық

секторды тарту арқылы кешенді ғылыми зерттеулер жүргізілсін.

9. Адам саудасының алдын-алу жӛніндегі құзырлы мемлекеттік

органдардың қызметіне тұрақты түрде мониторинг жүргізілсін.

Page 95: Арнайы баяндама1.7 MB

95

IV БӚЛІМ. АДАМ САУДАСЫ ҚҦРБАНДАРЫН СӘЙКЕСТЕНДІРУ

ЖӘНЕ ҚҦҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ

4.1.Адам саудасы қҧрбандарын сәйкестендіру

Адам саудасы құрбандарын сәйкестендіру бұл салада тәжірибе мен сауда

құрбандары үшін қайталанатын виктимизацияны болдырмау үшін

мамандандырылғанадамдар тарапынан кәсібилікті талап ететін айтарлықтай

күрделі (кӛбінесе ұзақ процеске ӛтетін) рәсім болып табылады.

Адам саудасы мәселесі бойынша халықаралық құқықта, әдебиетте және

бұқаралық сӛз сӛйлеулерде мамандар «адам саудасы құрбандарын

сәйкестендіру» немесе «адам саудасы құрбандарын айқындау» ұғымын жиі

қолданады. Бұл ұғымдар синонимдер ретінде пайдаланылады.

Халықаралық құқықта сәйкестендірудің ресми анықтамасы

болмағанымен де, 2005 жылғы Еуропа Кеңесінің Адам саудасына қарсы іс-

қимыл туралы Конвенциясының 10 бабында келесі анықтама кӛрсетілген:

«құрбандарды айқындау шешуші мәнге ие және көбінесе тереңдетілген

зерттеулер жүргізуді талап ететін күрделі әрі нәзік мәселе болып табылады.

Адам саудасы құрбандарын айқындау міндетін лайықсыз іске асыру оның іргелі

құқықтарының бұзылуына алып келуі және адам саудасына кінәлі адамдарды

жауапқа тартуға қажетті маңызды куәгерлік жауаптардың салдарын жоюы

мүмкін».

Тәжірибеде адам саудасы құрбандарын сәйкестендіру (айқындау) ретінде

адам саудасы құрбанынан немесе сол құрбанға қатысты жасалынған құқыққа

қарсы әрекеттер туралы мәліметтерге ие жеке немесе заңды

тұлғаларданалынатын мәліметтердің негізінде маманның алынған ақпаратқа

талдау жасайтын, жасалынған қылмыстың белгілерін адам саудасын анықтау

элементтерімен салыстыратын және аталған тұлға адам саудасының құрбаны

болып табылу немесе табылмауы туралы қорытынды жасайтын іс-әрекеттер

кешені түсініледі.

Адам саудасы құрбандарын сәйкестендіру жәбір шегушілердің қажетті

және жедел кӛмектің ең тӛменгі пакетіне қолжетімділіктен басталатын негізгі

элементтердің бірі болып табылады. Бұл адам саудасының әлеуетті құрбанымен

кім бірінші байланысқа шыққанжәне болған жағдайдың бар мән-жайы туралы

сұрау жүргізіп жатқанға байланысты болмауы тиіс – басты міндеті

қылмыскерлердің ізіне түсу болып табылатын құқық қорғау органдарының

қызметкері немесе басты міндеті жәбірленген адамға қажетті кӛмекті кӛрсету

болып табылатын арнайы мамандандырылған үкіметтік емес ұйымның

қызметкері.

Адам саудасы құрбандарын сәйкестендірудің негізгі элементтері:

адамның негізгі құқықтарының бұзылуын сәйкестендіру (Адам

Page 96: Арнайы баяндама1.7 MB

96

құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің

Конституциялары);

Палермо хаттамасынан «адам саудасы құрбаны» анықтамасын,

сонымен қоса Әйелдер саудасына қарсы Бүкіләлемдік альянсының адам

саудасына қатысты адам құқықтарының стандарттық принциптеріндегі және

қылмыстық іс жүргізу заңнамасындағы «адам саудасы», «адам саудасы

құрбаны» анықтамаларын қолдану;

адам саудасының әрбір жағдайына жеке амал (адам саудасы

құрбанының орташа статистикалық психологиялық және әлеуметтік портретін

қолдану, сондай-ақ нақты жағдайдың сипаттамасы және басқалар).

Адам саудасы құрбандарын сәйкестендіру тәсілдері екі негізгі топқа

бӛлінеді: проактивті және реактивті.

Адам саудасы құрбандарының проактивті сәйкестендірілуі ретінде

құрбандарға кӛмек кӛрсететін мамандар немесе ұйымдар сауда құрбандарын

іздестіру бойынша белсенді әрекеттер атқаратын құрбандарды айқындау

амалдары түсініледі. Бұл үшін адам саудасы құқықтары қай жерлерде болу

немесе қайда бару ықтималдылығын, болжамды құрбандармен байланысу

амалдарын, олардың құқықтары, кӛмекке жүгінуге болатын ұйымдар туралы

ақпаратты талдау қажет.

Адам саудасы құрбандарын реактивті сәйкестендіру ретінде жәбір

кӛрушілерді айқындаудың пассивті стратегиясы түсініледі, яғни адам саудасы

құрбандары ӛздері кӛмекке жүгінеді.

Адам саудасы құрбандарын сәйкестендіру құрбандардың құқықтарын

қорғау үшін ғана емес, сондай-ақ жалпы қоғамның мүддесін қорғау үшін қажет.

Осылайша, адам саудасы құрбандарын ӛз уақытында сәйкестендіру бұл

феноменнің таралуына қарсы шара болып табылады.

Адам саудасы құрбандарын сәйкестендірумен байланысты проблемалар:

адам саудасы құрбандарын айқындау, қарсы әрекет ету салаларында

қызмет ететін құқық қорғау органдары қызметкерлерінің даярлығының

жеткіліксіз деңгейі;

адам саудасы құрбандарын алғашқы айқындауды ӛз құзыреті

шегінде жүзеге асыра алатын мемлекеттік органдардың мамандарын

даярлаудың жоқтығы (мысалы, мемлекеттік еңбек инспекциясы, әлеуметтік

қызметтер, денсаулық сақтау органдары);

құқық қорғау және ӛзге де жұмылдырылған мемлекеттік органдар

қызметкерлері үшін адам саудасы құрбандарын сәйкестендірудің

әдіснамасының жоқтығы;

адам саудасықұрбандарын сәйкестендіруде пассивті стратегияның

басым болуы, яғни адам саудасы құрбандарының ӛздерінің құқық қорғау

органдарына жүгінуін күту;

сауда құрбандары ӛзін-ӛзі сәйкестендірудің жоқтығы, яғни алынған

тәжірибені талдау/түсіну және қабылдау мүмкіндігі. Онымен қоса, адам саудасы

құрбаны кӛбінесе адамды сатушыларымен кектесуге қорқады, себебі ол тек

Page 97: Арнайы баяндама1.7 MB

97

ӛзіне ғана емес, сонымен қатар отбасы мүшелеріне де бағытталуы мүмкін.

Сексуалдық пайдалануға ұшыраған адамдар жәбірленушілердің бұл фактіні

қоғамдық сӛгуден қорқып жарияламайды. Кӛптеген жәбірленушілер

әділеттілікке үміттенбейді және ресми құрылымдарға жүгінудің мағынасы жоқ

деп есептейді;

адам саудасының құрбаны мәртебесін тек құқық қорғау органдары

ғана және қылмыстық процестің аясында береді немесе мәртебе расталғаннан

кейін ғана соңғысы кӛмекке қолжетімділікке ие бола алады;

адам саудасы құрбандарын сәйкестендіру қылмыстың күрделілігі

мен оған ұйымдасқан қылмыстық топтардың қатысуы себептеріне байланысты

біршама уақытты талап етеді.

ҚР-дағыХалықаралық кӛші-қон ұйымының статистикасы кӛрсетіп

отырғандай, сауда құрбандарын айқындауда полиция мен үкіметтік емес

ұйымдар үлкен рӛл атқарады – олар барлық жағдайлардың жартысынан кӛбін

айқындаған. Әрбір бесінші жағдай халықаралық ұйымдар мен елшіліктердің

қатысуымен айқындалған. Сондай-ақ, жағдайлардың басым бӛлігі 11616 қызу

желіге хабарласу арқылы айқындалады.

Мемлекеттік қызметтерге қарағанда ҮЕҰ халықаралық құралдарға

сүйене отырып, адам саудасы құрбандарын сәйкестендіру үшін критерийлерді

айқындауды таңдауда айтарлықтай еркін. Олардың басты мақсаты адам саудасы

құрбандары үшін қажетті кӛмекке қолжетімділікті қамтамасыз ету болып

табылады.

Қылмыстың саралануына қарағанда құрбандарды сәйкестендіру бірінші

кезекте оларға қажетті қорғау мен кӛмек кӛрсетуге бағытталған екенін айта кету

маңызды. Сол себепті құрбандарды сәйкестендіру қылмысты саралаумен

салыстырғанда жылдам және жеңілдетілген тәртіпте болуы тиіс.

Адам саудасы құрбанын сәйкестендіру – бұл айтарлықтай еркін процесс,

ол қылмыстық қуғындауды болдырмайды және нұсқаулықтарға жӛн сілтеуге

сүйенуі мүмкін, сондай-ақ белгілердің айқын бір жиынтығы. Сауда

құрбандарын сәйкестендіру үшін белгілердің жиынтығы адам саудасы

жағдайындағы уақыт түйткілдеріне, жаңа үрдістер мен ӛзгерістерге жауап бере

алу мүмкіндігін қамтамасыз етуші икемді болуы тиіс.

Адам саудасы құрбандарын айқындау мен сәйкестендіруде кӛші-қондық,

шекаралық қызметтер, сондай-ақ шыққан елдің елшіліктері мен консулдықтары

да маңызды рӛл атқарады.

Жоғарыда айтылғандай, жәбірленушілерді бастапқы айқындау үшін

жұмыс түріне қарай адам саудасы құрбандарымен кезігетін ӛзге де

құрылымдардың қызметкерлерін (мемлекеттік еңбек инспекциясы, әлеуметтік

қызметкерлер, дәрігерлер, психологтар және басқалар) жұмылдыру қажет. Бұл

мамандар арнайы оқудан ӛтуі және сәйкестендірудің нақты критерийлерін білуі

тиіс. Олардың басты міндеті болжамды құрбандарды олардың қалауы бойынша

құқық қорғау органдарына немесе мамандандырылған ҮЕҰ айтарлықтай егжей-

тегжейлі сәйкестендіру және қорғау мен кӛмек кӛрсету үшін қайта бағыттау

Page 98: Арнайы баяндама1.7 MB

98

болуы қажет.

№1 кестеде мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар адам

саудасының әлеуетті жағдайларын анықтай алудың жеке мысалдары

ұсынылған:

№1 кесте

Мемлекеттік органдар Жағдай

Кӛші-қондық/шекаралық

қызметтер

Мемлекеттік шекара немесе мигранттар мен

босқындар реттелмейтін елдің аумағында

сәйкестендіру жағдайында

Денсаулық сақтау Еңбек мигранттарына, коммерциялық секс

жұмыскерлеріне, жедел жәрдем қызметтері

жұмыскерлеріне, дене және ӛзге де

зорлықтан зардап шеккен адамдарға

медициналық қызмет кӛрсетуде

Еңбек бойынша

инспекциялар

Еңбек арқылы қанауғакүдіктену жӛнінде

инспекция жүргізуде; қауіпсіздік техникасы,

жұмысшылардың денсаулық жағдайын

тексеру кезінде және т.б.

Әлеуметтік қызметтер Әлеуметтік-әлсіз отбасылармен жұмыс

барысында, ақпараттық-ағартушылық жұмыс

жүргізуде, қиын ӛмірлік жағдайға тап болған

адамдарға, топтарға қызмет кӛрсету кезінде

және т.б.

4.2. Адам саудасының қҧрбаны болған балаларды сәйкестендіру

Кәмелетке толмағанды ересек туысқандарының сүйемелдеуінсіз болғанын

айқындаған жағдайында құқық қорғау органдарының қызметкерлері балаға

ересек туысқанның сүйемелдеуінсіз кәмелетеке толмағандар үшін заңнамада

кӛрсетілген стандартты кӛмек пакетін кӛрсетуге міндетті. Онымен қоса, құқық

қорғау органдарының қызметкерлері кәмелетке толмаған бала адам саудасы

құрбаны болып табылуы немесе табылмауы туралы қорытынды жасауы тиіс.

Бұдан әрі жәбірленуші кәмелетке толмағандығын (яғни 18 жасқа толмаған

тұлға) анықтаудың индикаторлары ұсынылған:

а) жәбірленушінің қалай кӛрінуде, оның психологиялық жетілуі;

б) жәбірленуші не айтуда;

в) жәбірленушінің ӛзімен бірге жеке куәлігінің немесе ӛзге де

құжаттарының болуы немесе болмауы;

г) жәбірленушінің ата-анасы/туысқандары не айтуда.

Егер жоғарыда аталған тармақтардың ешқайсысы да жәбірленушінің

жасын анықтауға кӛмектесе алмаса, онда жәбірленушіні 18 жасқа толмаған адам

деп жобалаған жӛн және жәбірленушінің нақты жасы анықталмағанша тиісті

қорғау мен қажетті кӛмек кӛрсету жӛніндегі шараларды қамтамасыз ету қажет.

Page 99: Арнайы баяндама1.7 MB

99

Кәмелетке толмаған баланың жасын анықтау үшін медициналық

сараптамаға жіберуге болады. Мұндай жағдайда құрбандармен сұхбатты білікті

балалар маманы жүргізуі тиіс.

4.3.Қазақстандағы адам саудасы қҧрбандарының қҧқықтарын қорғау

проблемалары

Адам саудасы қазіргі заманда адамның ең негізгі құқықтары мен

бостандықтарын бұзып отырған ӛзекті проблемалардың бірі болып отыр.

Адам саудасы құрбандарын қорғау ҚР «Қылмыстық процеске қатысушы

адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» Заңының және ҚР Қылмыстық іс

жүргізу кодексінің «Қылмыстық процеске қатысатын адамдардың қауіпсіздігін

қамтамасыз ету» 12-тарауы аясында жүзеге асырылады. ҚР «Қылмыстық

процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» Заңына сәйкес

жәбірленушілер баспанамен, тамақпен, киіммен және дене күзетімен

қамтамасыз етіледі. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 56-

бабына сәйкес шетелдік жәбірленушілерге қылмыстық іс бойынша сот үкімі

шыққанға дейін Қазақстанда болу мерзімі ұзартылады.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жаңа редакциясында

жәбірленушілерге, соның ішінде адам саудасы құрбандарына ӛтемақылардың

арнайы қорынан ӛтемақы тӛлеу кӛзделген.

Шетелдегі құрбандарға кӛмек кӛрсету үшін ҚР СІМ-де «Шетелдегі

Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау

және қамтамасыз ету» арнайы бағдарламасы жұмыс істейді, ол арқылы адам

саудасы құрбандары болған қазақстандықтарды Отанына қайтару жүзеге

асырылуы мүмкін. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 2013 және 2014

жылдарға әрбір жылға 25 млн.теңгеден бӛлінген болатын. 2013 жылдың 11 айы

ішінде ҚР 59 азаматына кӛмек кӛрсетілген (соның ішінде Сириядан кӛшірумен,

Грекиядан, Оманнан, Ресейден және Украинадан қайтарумен байланысты,

сондай-ақ қайтыс болған адамдардың денесін жеткізу).

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрмыстық

зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ӛзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы» ҚР 2014 жылғы 18 ақпандағы №175-V Заңы

арқылы ҚР «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29

желтоқсандағы Заңына (6-баптың 2-тармағына) және «Кәмелетке толмағандар

арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың

қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» ҚР 2004 жылғы 9

шілдедегі Заңына (11-баптың 1-ші тармағының 4)тармақшасына) ӛзгерістер

енгізілді, оларға сәйкес, адам саудасының кәмелетке толмаған

құрбандарыноңалту үшін Кәмелетке толмағандардың бейімделу орталықтарына

орналастырыла алады.

Бұл ретте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне

тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ӛзгерістер

Page 100: Арнайы баяндама1.7 MB

100

мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР 2014 жылғы 18 ақпандағы Заңына сәйкес

ҚР ІІМ халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және білім беру

салаларындағы уәкілетті органдармен бірлесе отырып,әлеуметтік бейімсіздік

(тұлғаның әлеуметтік ортамен ӛзара әрекеттесуінің бұзылуы) мен әлеуметтік

депривацияға (тұлғаның (отбасының) ӛз бетімен негізгі ӛмірлік қажеттіліктерді

қанағаттандыру мүмкіндігінің шектелуі және (немесе) жойылуы) алып келетін

қатал қараудың болу бағаларының критерийлерін әзірлеу мен қабылдауды

жүзеге асырады. Әлеуметтік бейімсіздік пен әлеуметтік депривацияға алып

келетін қатал қараудың нысандары тұрмыстық зорлықпен, адам, соның ішінде

кәмілетке толмағандар саудасымен, оларды пайдаланудың ӛзге де түрлерімен

байланысты әрекеттер болып табылады, сонымен қатар, жасалған іс-әрекеттерге

қатысты қылмыстық істі қозғау фактісінің болуына қарамастан адамдарды

ұрлау.

2014 жылғы қарашада ІІМ, ДСӘДМ және БҒМ тұрмыстық зорлық-

зомбылықпен байланысты әрекеттердің, әлеуметтік бейімсіздік пен әлеуметтік

депривацияға алып келетін адам саудасымен байланысты әрекеттердің,

қатыгездік тартудың болуын бағалау критерийлерін анықтайтын бірлескен

бұйрыққа қол қойды. Аталған бұйрық қатыгездік танытудың болуын анықтауға

және адам саудасы құрбандарын арнаулы әлеуметтік қызметтер алу үшін қайта

бағыттауға мүмкіндікті ұсынады.

Бүгінгі күні ҮЕҰ адам саудасы құрбандарын жағдайға қарап анықтаса, ал

құқық қорғау органдары адамды жәбірленуші деп мойындаған жағдайда

қылмыс құрамына қарай анықтайды.

Адам саудасы құрбанының құқықтық мәртебесі «Адамды саудаға салғаны

үшін жауапкершілік анықтайтын заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы» ҚР

Жоғарғы Сотының 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 7 нормативтік қаулысында

ғана анықталған.

ҚР Жоғарғы Сотының аталған нормативтік қаулысына сәйкес адамға

қатысты тікелейадамды сатып алу-сату немесе адамға қатысты ӛзге де

мәмілелер жасасу, оны пайдалану, азғырып-кӛндіру, тасу, беру, жасыру, сондай-

ақ пайдалану мақсатында ӛзге де әрекеттер жасау болған жағдайда жәбірленуші

болып табылады. Бірақ, ӛкінішке орай, ұлттық заңнамада «адам саудасы

құрбаны» ұғымы жоқ, тиісінше адам саудасы құрбаны мәртебесін берудің

айқын тәртібі анықталмаған.

Әдетте адам саудасы арналарын, заңсыз кӛші-қон ұйымдастырушыларын

анықтау және болдырмау үшін ішкі істер органдары тұрақты түрде «Мигрант»,

«Нелегал», «Стоп - трафик» жедел-профилактикалық іс-шаралар ӛткізеді, егер

ол іс-шараларды ӛткізуге ҮЕҰ қызметкерлері шақырылса, айтарлықтай тиімді

болады.

Алайда статистика кӛрсетіп отырғандай, адам саудасының құрбандарына

әрқашан тиісті кӛмек кӛрсетілмейді. Бұл әсіресе басқа мемлекеттің

азаматтарына қатысты, олар адам саудасы құрбандары бола отырып,

Page 101: Арнайы баяндама1.7 MB

101

қылмыстардан жәбірленушілер ретінде кӛмек пен қорғауға ие болудың орнына

кӛші-қондық заңнаманың бұзылуы үшін елден жиі қуылып шығарылуы мүмкін.

Ӛзбекстаннан, Тәжікстаннан, Қырғызстаннан және басқа да мемлекеттен

Қазақстанға қаражат табу үшін келген еңбек мигранттары ӛз Отанында жиі

қиын жағдайда болады. Мұндай мигранттар үшін «қаналуғакелісу» кӛбінесе

жұмыс орны үшін күресте жалғыз бәсекелік басымдық болып табылады.

Адам саудасына қарсы күрес саласындағы Қазақстан Республикасының

ұлттық заңнамасын әрі қарай жетілдіру және бұл қылмыстардан

жәбірленушілердің құқықтарын тиімді қорғау үшін келесілерді орындаған жӛн:

бұл қылмыстардың құрбандарының құқықтық мәртебесін, оларды

қорғау мен оларға кӛмек кӛрсету рәсімін заңнамалық анықтау, сондай-ақ

мұндай адамдардың қауіпсіздігі мен қорғауын қамтамасыз ету процесінде

құпиялық тәртіпті сақтау;

жергілікті және шетелдік ҮЕҰ-мен, әмбебап және ӛңірлік

халықаралық ұйымдармен, шетелдік мемлекеттердің дипломатиялық ӛкілдіктері

мен консулдықтармен тығыз ынтымақтастықты іске асыру.

4.4.Адам саудасының қҧрбандарына қатысты адам қҧқықтарын

қорғаудың стандартты халықаралық принциптері

Халықаралық адам саудасынан жәбірленген адамдарға қатысты

стандартты принциптерді құру (бұдан әрі – Стандарттар) адам құқықтары

жӛніндегі халықаралық құжаттарды әзірлеу салдарынан мүмкін болды, бұл

құжаттар халықаралық заңдық нормалармен ресми түрде мойындалған болып

табылады.

Стандарттар Әйелдер саудасына қарсы қордың (Нидерланды), Адам

құқықтары жӛніндегі Халықаралық заңдық топтың (АҚШ), Әйелдер саудасына

қарсы жаһандық альянстың (Таиланд) бірлескен жұмысының нәтижесінде

әзірленді және халықаралық адам саудасының салдарынан зардап шеккен

адамдарға қатысты адам құқықтарын сақтау қажеттігін қорғау мен түсінуді

күшейтуге бағытталған.

Стандарттың мақсаты: секс-құлдықта пайдаланудан жәбірленген адамдардың,

сондай-ақ зорлық кӛрсету немесе мәжбүрлеу жұмыстарында, құлдықтың ӛзге

түрлерінде пайдаланылған адамдардың адами құқықтарын қорғау. Стандарттық

принциптерқорғаудың заңнамалық тетіктерін қоса отырып,саудадан зардап

шеккен адамдардың құқықтарын қорғайды; олар жәбірленушілерге қатысты

кемсіту әдісін жоюға, материалдық түрде ӛтеуді, қаржылық орнын толтыруды

қамтамасыз етуге, олардың рухани және денелік сауығуына қолайлы жағдай

туығызуына бағытталған.

Халықаралық заңнамаға сәйкес, адам құқықтарын сыйлайтын әрбір ел

зорлық-зомбылықты жоюды қоса отырып, олардың орындалуына, зорлық-

зомбылық салдарларын жетік тексеруін қамтамасыз етуге, зорлық қылғандарды

жазалауға және зорлықтан жәбірленгендерге ӛтемақы беруге кепілдік беруі тиіс.

Page 102: Арнайы баяндама1.7 MB

102

Стандарттар адам саудасын анықтауды қамтиды және адам саудасынан

жәбірленген адамдарға қатысты тиісті мемлекеттік міндеттемелерді кӛздейді.

Стандарттар аясындағы мемлекеттердің міндеттемелері

Барлық мемлекеттер заңнаманың адам құқықтарының халықаралық

стандарттарына сәйкестігіне, сауданы жоюдағы оның тиімділігіне және адам

саудасынан жәбірленген адамдардың барлық құқықтарының қорғалуына

кепілдік беру үшін заңнаманы қабылдауы және/немесе іске асыруы, бірнеше рет

қарастыруы және талдауы қажет. Ең аз дегенде бұл заңдар және тиісті

мемлекеттік саясат келесі принциптерге негізделуі тиіс:

кемсітуді болдырмау:саудадан жәбірленген адамдар, адам саудасы

құрбаны немесе секс-индустрия жұмыскері мәртебесіне қоса отырып,

заңнамалық және практикалық деңгейде нәсіліне, терісінің түсіне, жынысына,

тіліне, дініне, сексуалдық бағдарына, жасына, саяси және ӛзге де сенімдеріне,

ұлттық, әлеуметтік немесе тектік-топтық шығу тегіне қарамастан кемсіту

объектісі болып табылмайтындығына кепілдік беру;

қауіпсіздік кепілдіктері мен заңдардың сақталуы: әрбір мемлекет адам

саудасынан жәбірленген адамдар адам құқықтарының бұзылуының құрбандары

болып табылатынын мойындауы тиіс. Онымен қоса:

адам саудасынан жәбірленген адам ӛзі азаматы болып табылатын елдің

елшілігіне немесе консулдығына немесе мұндай адамдарды қорғау міндеті

болып табылатын мемлекеттік немесе халықаралық биліктің кез келген

мекемелерінің ӛкіліне қолжетімдік мүмкіндігіне кепілдік беру;

адам саудасы құрбандарына қызметтер немесе консультациялар беретін

үкіметтік емес ұйымдарға қолжетімдік мүмкіндігіне кепілдік беру;

адам саудасы құрбандарын, сондай-ақ куәгерлерді қорғауды қамтамасыз

ету;

саудадан зардап шеккен әрбір тұлғаны, сондай-ақ заңды құқықтары мен

рәсімдерге қатысты адам саудасы құрбаны болуы мүмкін барлық адамдарды

ақпараттандыру;

ӛтемақы алу, барлық жоғалтқанды қайтару және кӛмек алу;

адам саудасынан жәбірленген адамдарды заңды визасының (жұмыс

визасы) жоқтығын қоса отырып, адам саудасы құрбаны мәртебесімен

байланысты бұзушылықтар, сондай-ақ қайыршылық, жезӛкшелік, заңсыз келу

немесе заңсыз визаны қолдану немесе заңсыз жол жүру немесе ӛзге де құжаттар

үшін ұстамау, тұтқынға алмау және ізіне түспеу;

сексуалдық индустрияға сатылған адамдардың есімдерін жария қылуға

немесе жәбірленушілердің тарихтарын қолдануға тыйым салу,

адам саудасы құрбандарымен жұмыс істеуге дайын болатын құқық қорғау

органдарының мамандандырылған бӛлімшелерін құру.

Әділ сотқа қолжетімділік: құқық қорғау органдары мен сот биліктерінің

ӛкілдері тірі тауар сатушыларын жазалауға қатысты іс-әрекеттері

Page 103: Арнайы баяндама1.7 MB

103

жәбірленушілердің азаматтық құқықтарын сақтау принциптеріне қарсы

келмейтіндігіне, олардың қадірін тӛмендетпейтініне және оларға қауіпсіздікке

кепілдік беретінінесенімді болуы тиіс. Тірі тауарды сатушыларға қарсы зорлық-

зомбылықтың сексуалдық және басқа да түрлерінде (ӛлім, мәжбүрлі жүктілік

немесе мәжбүрлеп жасанды түсік жасату), ұрлауда, жәбірлеуде, зұлымдықта,

адами емес қорлаушы әрекеттерде, құлдықта немесе құлдық тәрізді жағдайда

ұстауларда кінәлау артылуы мүмкін.

Кӛптеген мемлекеттердің саясаты адам саудасынан жәбірленген

адамдарды ӛздері бастан кешірген жағдайлар туралы билік органдарына

хабарлаудан бас тартуға мәжбүрлейтінін тәжірибе кӛрсетіп отыр, себебі бұл

ұстаумен, тұтқындаумен немесе депортациямен бітуі мүмкін.

Адам сатушыларына қарсы сот процестері сәтті болуы үшін мемлекеттер

тиісті саясатты әзірлеуі және бірқатар заңдар қабылдауы тиіс.

Онымен қоса, мемлекеттік саясат жәбірленуші адамдарды кӛмек іздеуді,

билік органдарына хабарлауды, егер олар қаласа куәгер болуды қолдауға

бағытталуы тиіс.Жәбірленушілердің есімдері бұқаралық құжаттарда қолжетімді

болмауы тиіс. Оған қоса, бұл мәліметтер егер тиісті келісім болмаса,баспасӛз

немесе қоғамның басқа да ӛкілдеріне, оның ішінде отбасы мүшелеріне

қолжетімді болмауы тиіс.

Адам саудасынан жәбірленушілердің барлығы олардың кӛші-қондық

мәртебесіне, ӛздері атқарған жұмысының (қайыршылық пен сексуалдық

пайдалану) заңдылығына қарамастан оларды пайдаланған немесе қорлаған

сатушылар мен ӛзге де адамдарға қарсы қылмыстық іс қозғауға құқығы бар

екендігіне кепілдік беру мақсатында барлық қажетті шараларды қолдану.

Адам саудасына қарсы күрес жӛніндегі әрекеттер бұл құбылыстың

құрбандарына емес, құқық бұзушыларға бағытталуы тиіс.

Құрбандардың құқықтары мен қажеттіліктеріне қарағанда кӛбінесе жиі

заңсыз орын ауыстыру мен қылмыстық қудалауға қатысты болатын адам

саудасымен күрес жӛніндегі заңнаманы кейбір мемлекеттердің үкіметтері адам

саудасынан және олардың негізгі адами құқықтарына қысым жасалудан зардап

шеккен адамдарды жазалау, криминалдандыру үшін қуғын-сүргінге салу

құралы ретінде пайдаланады. Бұл ретте мемлекет:

адам саудасы құрбаны жәбірленуші, куәгер, арыз беруші немесе

жауапкер ретінде кӛрініс табатын барлық қылмыстық, азаматтық, әкімшілік

тыңдаулар барысында жәбірленушілерді білікті аудармашымен және

адвокатпен қамтамасыз етуі;

сот ісін тыңдау адам саудасынан жәбірленген адамдардың (бұл осы

тыңдаудың куәгерлеріне де қатысты) құқықтарын бұзбайтындығына, олардың

психологиялық теңдігі мен дене қауіпсіздігіне қауіп тӛндірмейтініне кепілдік

беруі тиіс.

Кем дегенде мемлекет мыналарға кепілдік беруі тиіс:

а) саудагердің сот тыңдауы және оған дейінгі уақытта кінәны мойындау

ауыртпалығы адам саудасы құрбандарына емес, сот органдарына жүктелуі тиіс;

Page 104: Арнайы баяндама1.7 MB

104

б) айыптаушы кем дегенде бір адам саудасы мәселелері немесе оның

салдарлары жӛніндегі сарапшыны жәбірленген адам үшін шақырады немесе

қылмыстық тыңдауларға дайындау процесінде мұндай сарапшыдан

консультациялар алады;

в) дәлелдерді тексеру, айқындау, жинақтау және түсіндіру құрбанның

қадірін тӛмендетпейді және гендерлік теріс пікірлерді жояды;

г) жауапкерлерге қорғанудың дәлелі ретінде адам саудасынан зардап

шеккен адамның жеке мәліметтері, қызметі (мысалы, жеңіл жүрісті әйел немесе

үй жұмысшысы) туралы ақпарат ұсынуға тыйым салынады;

д) сексуалдық қорланған адам саудасының құрбандарына немесе осының

куәгерлеріне камера немесе электрондық және ӛзге де арнайы құралдар арқылы

дәлелдеуге құқық беріледі;

е) адам саудасынан жәбірленген адамдарды олардың рӛлі мен

мүмкіндіктеріне, ісінің сипаты мен процестердің дамуына қатысты хабардар

етуге;

ж) адам саудасы құрбандарының кӛзқарасы жалған сенімсіз және ұлттық

конституциялық нормаларға сәйкес олардың жеке мүдделеріне қатысты

тыңдаулардың тиісті кезеңдеріне ұсынылуы және қарастырылуы мүмкін.

Ӛтеу кепілі:жәбірленушілерді кінәлі адамдардан ӛтемақы алу құқығымен

қамтамасыз етуі тиіс.

Мемлекет адам саудасының барлық құрбандары олардың кӛші-қондық

мәртебесіне, ӛздері атқарып жатқан жұмысының заңдылығына немесе құқыққа

қайшылығына қарамастан саудагерлерге және оларды пайдаланған немесе

жұмыс жағдайын асыра пайдаланған ӛзгелерді (қоғамдық және лауазымды

тұлғаларды қосқанда) қарсы азаматтық немесе ӛзге де іс қозғауға құқығы бар

екеніне және ӛтемақының заңдық іске асыралатын ӛзге де түрлеріне,

реституцияға және экономикалық, дене және психологиялық зардаптардың

орнын толтыруға қолжетімдігі бар екеніне кепілдік беретін барлық қажетті

шараларды қабылдауы қажет. Одан бӛлек:

сот арқылы жаза кесілген саудагерлердің барлық мүлкін саудадан

жәбірленген адамға ӛтемақы, рестиуция және қалпына келтіру ретінде тәркілеу;

тиісті биліктер адам саудасы құрбанының немесе оның ӛкілінің сұрауы

бойынша сұрап жатқан тарапқа жәбірленуші адамның ӛтемақыны,

реституцияны және қалпына келтіруді қоса отырып, қаржылық шығындарды

ӛтеу туралы талабына сәйкес,барлық құжаттарға және ӛзге де ақпаратқа немесе

ӛтемақыға қолжетімдік береді.

Резиденттік мәртебе:мемлекет адам саудасынан жәбірленген адамдарды

қылмыстық, азаматтық және ӛзге де процестер немесе тыңдаулар кезінде

мемлекет аумағында заңды түрде болуға құқық (жұмыс істеуге берілетін

құқықты қоса отырып) беретін тиісті уақытша визамен қамтамасыз етуі тиіс.

Мемлекет сонымен қоса жәбірленушілерді шығарылған мемлекеттен тұрақты

баспана сұрау, ал депортация жағдайында бұл мемлекетке қатысты репрессалий

қолдану мүмкіндігін беру құқығымен қамтамасыз ету тиіс. Одан бӛлек:

Page 105: Арнайы баяндама1.7 MB

105

депортацияның кезкелген әрекетін тоқтату арқылы дереу қуылуды

болдырмау және жәбірленген адам азаматтық іс қозғау қажет пе немесе

қылмыстық процесте адам саудагерлеріне қарсы куәгер ретінде жауап беру

немесе жауап бермеу қажеттігін шеше алатын уақытта алты ай мерзімге

резиденттік мәртебемен (еңбек етуге құқықты қоса) қамтамасыз ету;

егер адам саудасынан жәбірленген адам азаматтық іс қозғауды

немесе қылмыстық процесте куәгер ретінде сӛйлеуге немесе екеуіне де шешім

қабылдаса, онда мемлекет жәбірленген адамды резиденттік мәртебемен (еңбек

етуге құқықты қоса) қамтамасыз етуі тиіс;

адам саудасынан жәбірленген адам қауіпті жағдайда болуына нақты

себептер бар болса онда жбірленуші адамды жер аудармайды;

депортация заңға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс;

адам саудасынан жәбірленген адамдарды ақпаратпен қамтамасыз

ету және ұлттық заң мен халықаралық келісімдерге сәйкес тұрақты тұрғылықты

мекенжай сұрау құқығын беру;

егер адам саудасынан жәбірленген адам азаматы болып табылатын

мемлекет оның азаматтығын себепсіз мойындаудан бас тартса, ондай жағдайда

ол адам тұрып жатқан (заңды немесе заңсыз) ел ол адамның азаматтығы жоқ

адамдарға қатысты БҰҰ Конвенциясына сәйкес барлық құқықтары мен

артықшылықтарын қамтамасыз етуі тиіс.

Медициналық қызметтер және әлеуметтік қамтамасыз ету: мемлекет

жәбірленуші адамдарға қажетті медициналық кӛмек кӛрсетуі, сондай-ақ бұл

елде уақытша болу кезеңінде әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етуі тиіс.

Одан бӛлек:

саудадан зардап шеккен адамдармен, адам саудасынан жәбірленген

адамдарға кӛмектесетін құқық қорғау органдарымен және үкіметтік емес

ұйымдармен ынтымақтастықты қолдау;

мемлекеттің азаматтарына кӛрсетілетін кӛмектің деңгейіндей білікті

құпиялы медициналық кӛмекпен қамтамасыз ету;

АИВ/ЖИТБ және жыныстық жолмен берілетін басқа да

сырқаттардан конфиденциялдық тестілеуден ӛтуді қамтамасыз ету.

Репатриация жәнеқалпына келтіру: мемлекет жәбірленушілерді егер олар

ӛздері келіссе және бұған мүмкіндіктері болса олардың толық қауіпсіздігі

жағдайында Отанына оралуын қамтамасыз етуі қажет. Кӛп жағдайда адам

саудасынан жәбірленген адамдар үйіне қайтуға жол шығындарын тӛлей

алмаған. Адам саудасынан жәбірленген адамдарға қаржыдан басқа жол жүру

құжаттары жетпеуі мүмкін, себебі саудагерлер әдетте ӛз құрбандарынан

тӛлқұжат пен сәйкестендіруші құжаттарды тартып алады. Бұл олар бірнеше

жыл бойы кӛбінесе адам тұрмайтын жағдайларда, баспаналарда немесе ұстау

орындарында болатынына алып келеді. Осыған орай мемлекет:

егер адам саудасы құрбаны үйіне оралатын болса, оны қажетті

қаржымен қамтамасыз етуі немесе жаңа сәйкестендіруші құжаттар алуға кӛмек

Page 106: Арнайы баяндама1.7 MB

106

кӛрсетуі;

қалпына келтіруші кӛмек ұсынуы және қалпына келтіруші

бағдарламаларды қолдауы тиіс.

Қалпына келтіруші бағдарламаларалдағы жұмысқа орналастыру

мақсатында білім беруді, тренингтерді және практикалық кӛмекті қамтуы тиіс

және адам саудасынан жәбірленген адамдарды айыптамауы немесе қудаламауы

тиіс.

Оңалту процесі медициналық және психологиялық қамтамасыз етуді,

заңнамалық қорғауды және әлеуметтік қызметтерді қамтуы қажет және

жәбірленушілердің сауығуына бағытталуы тиіс.

Халықаралық ынтымақтастық:Стандарттардың ережелерін орындау үшін

мемлекеттер ұйымдасқан қылмыстық желілерге қарсы күрес үшін кең ауқымды

және кӛп деңгейлі стратегияларды кеңейтуі қажет. Одан бӛлек:

мемлекетаралық ынтымақтастық, бұған адам саудагерлерін тергеу

мен адам саудасынан жәбірленген адамдардың ӛмірі мен құқықтарын қорғауға

қатысты шекаралық аумақтардағы ынтымақтастықты қоса адам саудасын

болдырмау жӛніндегі стратегиялар мен ортақ әрекеттерді қабылдау үшінекі

жақты, ӛңіраралық және халықаралық тетіктерді пайдалануға негізделуі тиіс;

адам саудасынан жәбірленген адамдарды ерікті түрде және қауіпсіз

репатриациясын қамтамасыз ету жӛніндегі әрекетін үйлестіру қажет;

адам саудасы жағдайлары мен салдарларына қатысты қоғамның

хабардар болуын арттыру үшін үкіметтік емес ұйымдар іске асыратын

бағдарламаларды қолдау қажет.

.

4.5. Қылмыстан зардап шеккендерге, соның ішінде адам саудасының

қҧрбандарына зиянын ӛтеу мәселелері

4.5.1.Қылмыстық істің, соның ішінде адам саудасының қҧрбандарына

зиянын ӛтеу саласындағы негізгі халықаралық-қҧқықтық актілер

Қылмыстардың құрбандарын қорғау мен оларға ӛтемақы тӛлеу

саласындағы негізгі халықаралық құқықтық актілер мен құжаттар келесілер

болып табылады:

Адам құқықтарының жалпыға ортақдекларациясы;

Қылмыс және билікті асыра пайдалану құрбандары үшін әділ сот

тӛрелігінің негізгі ұстанымдары туралы декларация;

Зорлық кӛрсету қылмыстарының құрбандарына зиянын ӛтеу

жӛніндегі Еуропалық Конвенция;

Қылмыстардың құрбаны болған балалар мен куәгерлердің

қатысуымен байланысты мәселелерде әділ сотқа қатысты жетекшілік

принциптер;

Еуропа Кеңесі Министрлер Комитетінің «Қылмыстық құқық және

процесс аясындағы жәбірленушінің ережесі туралы» Ұсынымы;

Page 107: Арнайы баяндама1.7 MB

107

Еуропа Кеңесі Министрлер Комитетінің «Қылмыстан

жәбірленушілерге тӛленетін ӛтемақы туралы» Резолюциясы;

БҰҰ-ның Қылмыстың алдын алу және құқық бұзушыларға қарау

жӛніндегі ІХ Конгресінің ұсынымдары (Каир, 1995 ж. 29 сәуір-8 мамыр) (құқық

бұзушылардың құқықтарын басымды түрде қорғауға екпін жасаудан құқық

бұзушының құрбанын басым қорғау мен қоғамдық мүдделерге ауыстыру

қажеттігі туралы);

қылмыс пен қылмыстық әділ сотты ескерту саласындағы Әйелдерге

қатысты зорлықты жою жӛніндегі типтік стратегиялар мен практикалық

шараларды шолу және жаңарту жӛніндегі БҰҰ-ның үкіметаралық сарапшылар

топтары кеңесінің баяндамасы (Бангкок, 2009 жылғы 23-25 наурыз);

Еуропа Кеңесі Министрлер Комитетінің балаға жақын әділ сот

бойынша ұсынымдары (Министрлер орынбасарларының 1098-кездесуінде 2012

жылдың 17 қарашасында Министрлер Комитеті арқылы қабылданды).

1985 жылғы «Қылмыс және билікті асыра пайдалану құрбандары үшін

әділ сот тӛрелігінің негізгі ұстанымдары туралы декларацияның» 13-бабында

БҰҰ-на мүше мемлекеттеріне ұсынымдарды білдіреді «құрбандарға өтемақы

төлеу мақсатын көздейтін ұлттық қорларды құруда, нығайтуда және

кеңейтуде көмек көрсету». Аса ауыр қылмыстардың нәтижесінде дене

жарақаттарын алған құрбандарға мемлекет тарапынан қаржылық ӛтеу

Декларациядан кӛрсетілгендей болады: «құқық бұзушыдан немесе басқа да

көздерден өтемақыны толықтай алу мүмкіндігі болмаған жағдайда».

Жоғарыда аталған халықаралық құқықтық актілердің қатарынан Еуропа

Кеңесінің құжаттары ерекшеленеді. Еуропа Кеңесі қабылдаған барлық

нормативтік актілердің маңызды міндеті барлық мүше мемлекеттердің

қоғамдық ӛмірінің тәжірибесіне мұндай заңнаманы ендіру болып табылады. Бұл

принцип барлық мүше-мемлекеттерде жәбірленушілердің теңдігін қамтамасыз

ету үшін олардың құқығын анықтайтын резолюциялар мен конвенцияларға

жатқызылады.

1970 жылдардың ортасында Еуропа Кеңесі қылмыстардың құрбандарына

ӛтемақы (мемлекеттік) тӛлеу мәселесін кӛрсетті. Ол кезде Еуропа Кеңесіне

мүше мемлекеттердің кӛбі мұндай ӛтемақы беру принциптері бойынша

ерекшеленетін ережелері болды. Еуропа Кеңесінің мақсаты барлық мүше

мемлекеттер үшін бірыңғай минимальді нормаларды қабылдау болды.

Соңғы жылдары Еуропа Кеңесі қылмыстар құрбандарының ережелеріне

қатысты қосалқы ережелер қабылдады: қылмыстық құқық және қылмыстық

процесс аясындағы жәбірленушілердің ережесі туралы № R (85) 11 ұсынымын,

сонымен қатар, құрбандарға кӛмек пен виктимизацияны болдырмау туралы

№ R (87) 21 ұсынымын қабылдады.

«Қылмыстық құқық пен қылмыстық процесс аясындағы жәбірленушінің

жағдайы туралы» № R (85) 11 ұсыным

1985 жылы мүше-мемлекеттердің Министрлер комитеті мемлекет пен

қылмыскердің ӛзара байланысына негізгі назар аударылатын қылмыстық

Page 108: Арнайы баяндама1.7 MB

108

құқыққа деген дәстүрлі бағытты ӛзгерту үшін бұл ұсынымды қабылдады, әдетте

олар жәбірленушілердің проблемаларын азайтуға тырысады.

Ұсыным қылмыстардың жәбірленушілері мен олардың қылмыстық

процестің барлық кезеңдерінде мүдделерін қорғауға бағытталған жетекшілік

принциптерді қамтиды: жәбірленушіні сұрау кезінде полицияда, соттың істі

қарауы кезінде, сондай-ақ ӛтемақы тӛлеу, жеке ӛмірін қорғау және

жәбірленушіні ерекше қорғау мәселелері бойынша. Құжатта сонымен қоса,

татуластыру мен ымыраға келу схемаларында мүмкін болатын басымдықтарды

зерделеу, сондай-ақ құрбандарға қатысты қабылданған ережелердің тиімділігі

жӛніндегі зерттеу жүргізу қажеттігі де кӛрсетіледі.

Ұсынымда құрбан болған балалардың жағдайына да ерекше мән беріледі.

Құжатта балалар оларды қолдай алатын және оларға кӛмектесе алатын

(мәселен, олардың ата-аналары немесе қамқоршылары, я болмаса оларға

кӛмектесуге құқығы бар ӛзге адамдар) адамдардың болуы кезінде сұралуы

қажет екендігіне ерекше мән беріледі.

Құрбандарға көмек көрсету және виктимизацияныболдырмау туралы

№ R (87) 21 ұсыным.

1987 жылы Кеңестің мүше-мемлекеттерінің Министрлер кеңесі 1985

жылғы құрбандарға кӛмек кӛрсету және виктимизацияны ескерту туралы

ұсыныммен қоса құжатты аяқтады.

Аталған ұсынымда кӛрсетілген негізгі жетекшілік принциптер

мемлекеттік, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдарды қоса отырып, құрбандарға

кӛмек кӛрсету мен оларды қолдау жүйесін дамытуға бағытталған.

Ұсынымда жалпы жәбірленушілер үшін, құрбандардың ерекше санаттары

үшін, тұрмыстық зорлық, сексуалдық зорлық, ұйымдасқан қылмыс және

нәсілшілдік негізіндегі зорлық сияқты қылмыстардың құрбандары үшін

бағдарламалар мен құрылымдарды әзірлеуде мүше-мемлекеттер қабылдауы тиіс

шаралар берілген.

Балалар құрбандардың ерекше категориясы ретінде сипатталды, олар

үшін кӛмек беру жүйесі құрылуы, әзірленуі және кеңеюі тиіс.

Онымен қоса, құжат мүше-мемлекеттерге виктимизацияны болдырмау

жӛніндегі шараларды қабылдауды, виктимизация жӛнінде ғылыми зерттеулер

жүргізуді және қауымдастықты жбірленушілердің қажеттіліктерін түсінуге

жұмылдыру үшін барлық жағдайларды жасауды ұсынады.

Қылмыстардың құрбандарының маңызды қажеттіліктерін

қанағаттандыратын кӛмек, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, медициналық,

психологиялық, әлеуметтік және материалдық кӛмек кӛрсету,

жәбірленушілердің құқықтары туралы ақпарат беру және алдағы

виктимизацияны болдырмау үшін кеңестер, қылмыстық процесте кӛмек беру,

сондай-ақ тӛлем мен ӛтемақы алуда кӛмек сияқты жәрдем берудің негізгі

нысандарын айқындайтын нақты жағдайларға қатысты жетекшілік принциптер.

2001 жылғы 15 наурыздағы «Қылмыстық сот ісін жүргізудегі

құрбандардың ережесі туралы» шекті шешім.

Page 109: Арнайы баяндама1.7 MB

109

ЕО қылмыстардың құрбандарына қатысты негізгі құжаты Еуропа Кеңесі

қабылдаған және барлық мүше-мемлекеттер үшін міндетті болып табылатын

2001 жылғы 15 наурыздағы «Қылмыстық сот ісін жүргізудегі құрбандардың

ережесі туралы» шекті шешім болып табылады. 2001 жылғы 22 наурыздан

бастап Кеңес қылмыстардың құрбандарына мемлекеттік ӛтемақы беру туралы

директивамен жұмыс істеуде.

Құжатта келесі ұғымдарға анықтамалар беріледі: «құрбан»,

«жәбірленушілерді қолдау ұйымы», «қылмыстық іс», «ӛндіріс» және

«қылмыстық істердегі бітістірушілік». Бұл шешім ЕО-ның мүше-мемлекеттерін

қылмыстардың құрбандарын қамтамасыз ету ережелерін және

жәбірленушілердің келесі құқықтарын мойындауға міндеттейді: сыйлау мен

мойындау құқығы, тыңдалу құқығы, ақпарат алу құқығы, қорғау құқығы,

ӛтемақыға құқық.

1983 жылғы Зорлық қылмыстардың құрбандарына өтемақы төлеу

туралы Еуропалық конвенция.

1977 жылы Еуропа Кеңесінің Министрлер Комитеті мүше-мемлекеттерге

жәбірленушілерге мемлекеттік ӛтемақы беруді ұсынған қылмыстардың

құрбандарына ӛтемақы тӛлеу туралы (77) 27 қарарын қабылдады.

Бұл шешім 1983 жылы Зорлық қылмыстардың құрбандарына зиянын ӛтеу

туралы Еуропалық Конвенцияны қабылдаудың негізінде жатыр (the European

Covenant on Compensation for Victims of Violent Crimes). Конвенция оған қол

қойған мемлекеттерді қасақана жасалынған қылмыстардың құрбандары мен

зорлық қылмыстардың нәтижесінде жәбірленген, қайтыс болған адамдарды-

асыраудағы адамдарды мемлекеттік ӛтемақымен қамтамасыз етуге міндеттейді.

Мемлекеттік қаржы есебінен тӛленетін ӛтемақы егер зиянды ӛтеу құқық

бұзушыдан немесе ӛзге кӛздерден толық кӛлемде мүмкін болмаған жағдайда

ғана тӛленеді.

Конвенцияда мемлекеттік ӛтемақының жоғары шектері мен ӛзге де

шектеулерді белгілеуге жол беріледі.

Атап айтқанда, белгіленген зиянда мемлекеттік ӛтемақы кем дегенде

келесі элементтерді қамтуы тиіс:еңбекақыны жоғалту, медициналық шығындар,

медициналық алымдар, асыраушыны жоғалту (жәбірленуші асыраудағы адам

болған жағдайда). Конвенция мемлекеттен және ӛзге де кӛздерден екі жақты

ӛтемақы тӛлеуді болдырмау амалдарын да айқындайды. Ол бұл құжатқа қол

қойған мемлекеттерді келтірілген зиянға мемлекеттік ӛтемақы алу құқықтары

туралы мүдделі адамдарды хабардар етуге міндеттейді.

Қазақстан ратификациялаған БҰҰ Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа

қарсы Конвенциясының 2 бӛлімінің 25-бабында кӛрсетілгендей, «Әрбір

Қатысушы-мемлекет осы Конвенцияда қамтылатын қылмыстардан жәбір

көргендерге өтемақы төлеу және зиянынөтеуге мүмкіндік жасауды

қамтамасыз ету үшін тиісті рәсімдер белгілейді».

БҰҰ Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы Конвенциясын

толықтырушы Адам, әсіресе әйелдер мен балалар саудасын ескерту және

Page 110: Арнайы баяндама1.7 MB

110

болдырмау және ол үшін жазалау туралы хаттамада келесі кӛрсетілген: «әрбір

қатысушы-мемлекет өзінің ішкі құқықтық жүйесі адам саудасы құрбандарына

көрген зиян үшін өтемақы алу мүмкіндігін беретін шаралар қабылдауын

қамтамасыз етеді.

Бангкок декларациясына қосымша болып табылатын БҰҰ Трансұлттық

ұйымдасқан қылмысқа қарсы Конвенциясын іске асыру жӛніндегі заңнамалық

органдар үшін жетекшілік қатысушы-мемлекет «қылмыстардан

жәбірленгендерге ӛтемақы тӛлеу мен залалдың орнын толтыруға

қолжетімділікті қамтамасыз етуі үшін тиісті рәсімдер орнатуы» тиіс екенін

белгілейді (350 тармақ).

Қылмыста келтірілген залалдың орнын толтыру мәселелерін

халықаралық-құқықтық реттеуге ерекше мән берілетін тағы бір әмбебап

сипаттағы халықаралық келісім қылмыста келтірілген залалды ӛтеу туралы

мәселені шешуге кепілдік беретін БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

күрес Конвенциясы болып табылады.

Аталған Конвенцияның 57 бабы 3-тармағының с) тармақшасына сәйкес

сұрау салынған Қатысушы-мемлекет басқа жағдайлардың барлығында

тәркіленген мүлікті бірінші кезектегі тәртіппен сұрауды салған Қатысушы-

мемлекетке қайтару, осындай мүлікті оның бұрынғы заңды меншік иесіне

қайтару немесе қылмыстан зардап шеккендерге ӛтемақы тӛлеу туралы мәселені

қарастырады.

ТМД аясында жасалған халықаралық келісімдерді қозғай отырып,

алдымен келесілерді атаған жӛн:

Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық кӛмек

пен құқықтық қатынастар туралы конвенция (Минск, 1993 жылғы 22 қаңтар,

бұдан әрі - Минск Конвенциясы);

Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық кӛмек

пен құқықтық қатынастар туралы конвенция (Кишинев, 2002 жылғы 7 қазан,

бұдан әрі - Кишинев Конвенциясы).

Аталған құжаттарда ТМД-ға мүше-мемлекеттер азаматтық, отбасылық

және қылмыстық істер, атап айтқанда, қылмыстық процестегі азаматтық талап-

арыз институтын іске асыру мәселелері бойынша бойынша құқықтық кӛмек

кӛрсету саласындағы ынтымақтастыққа келісті.

Минск Конвенциясының 6-бабында ТМД-ға мүше-мемлекеттер

«азаматтық талап-арыз бӛлігіндегі үкімдерді... тану және орындау... бір-біріне

құқықтық кӛмек кӛрсететіні» туралы ереже белгіленген оның 72-бабы егер

ТМД-ға мүше-мемлекеттің азаматы – жеке тұлға ТМД-ға мүше ӛзге

мемлекеттің аумағында қылмыс жасаған жағдайда қылмыстық процесте

азаматтық талап-арызды қарауға кепілдік беруді кӛздейді және бұл қылмыс

бойынша адамды қылмыстық тергеу қылмыста келтірілген зиянды ӛтеу туралы

талап етуді тудырады: «Егер іс қозғалған қылмыстың артынан қылмыстан

жәбірленген адамның азаматтық-құқықтық талаптары туындаса, бұл

талаптар зиянды өтеу туралы өтініш болған жағдайда осы істе қаралады».

Page 111: Арнайы баяндама1.7 MB

111

Кишинев Конвенциясы Минск Конвенциясының орнына келіп, оның

ережелерін одан әрі дамытты.

Мысалы, 91-бап қылмыста келтірілген залалды ӛтеу туралы мәселені

шешу мүмкіндігін тек қылмыстық сот жүргізуде ғана емес, азаматтық сот

жүргізудеде қарастырады: «егер қылмыстық iс қозғалған қылмыс одан зиян

шеккен адамдардың азаматтық-құқықтық талаптарына әкеп соқса, онда

залалды өндiру туралы осындай адамдардың өтiнiшi болған кезде, бұл

талаптар осы iсте немесе азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен

қаралады».

104-бап қылмыстан келген зиянды ӛтеу мәселелері бойынша ӛзара

құқықтық кӛмек кӛрсету туралы міндеттемелерді қамтиды;

Аталған конвенциялардан басқа қалмыстардың жеке бір түрлерінің

құрбандарын қорғаудың кейбір аспектілері 25.11.2005 ж. Адам саудасы,

адамның дене мүшелері мен тканьдерінің саудасымен күрестегі ынтымақтастық

жӛніндегі ТМД-ға мүше-мемлекеттердің келісімінде кӛрсетілген, оның

тараптары адам, әсіресе әйелдер мен балалар саудасының құрбандарын тиімді

қорғау мен олардың реабилитациясын қамтамасыз ету бойынша шаралар

қабылдау міндеттемесін қабылдады (3-бап).

ТМД-ның қатысушы мемлекеттерінің 2011-2013 жылдарға арналған адам

саудасымен күрестегі ынтымақтастық бағдарламасы 1.1-тармағының б)

тармақшасында «қылмыстардың құрбандарына кӛмек кӛрсету, соның ішінде

адам саудасы құрбандарының әлеуметтік реабилитациясы, оларға келтірілген

зиянды ӛтеу, адам сатушыларын қылмыстық іздеуге қатысушы адамдарды

мемлекеттік қолдау шараларын қаржыландыру үшін мемлекеттік қор құруды»

кӛздейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды ұсынады. Осылайша,

ТМД-ның ӛңірлік құжаттары адам саудасы құрбандарын қорғаудың бӛлігі

ретінде мұндай Қорды құруды тікелей қарастырады.

4.5.2.Адам саудасының қҧрбандарына зиянын ӛтеу саласындағы ҧлттық заңнама

мен қҧқық қолдану практикасы

Қазақстан Республикасының Конституциясының 13-бабының 2 бӛлігі

әркімнің ӛз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалу құқығына

кепілдік береді. Азаматтардың жарияланған субъективті құқықтарының бірі

заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алу құқығы

болып табылады (ҚР Конституциясының 26-бабы).

Бұл конституциялық нормалар 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне

енген ҚР ҚІЖК-де ӛзінің бұдан әрі дамуын тапты.

ҚР Конституциясының 34-бабына сәйкес, әркім Қазақстан

Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың

құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге

міндетті. Азаматттың ӛз мүлкін ӛзге адам заңсыз тартып алған жағдайда

Page 112: Арнайы баяндама1.7 MB

112

кінәлінің қоғамдық-қауіпті әрекеттерінің нәтижесінде келтірілген зиянының

орнын толтырып алуға құқығы бар.

Қолданыстағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу

кодексінің бесінші бӛлімі мүліктік мәселелерге арналған. Ол қылмыстық іспен

бірлесе азаматтық талап-арыз беру арқылы жүзеге асырылатын қылмыстық істі

жүргізу барысында туындайтын материалдық-құқықтық аспектілермен

байланысты құқықтық қатынастарды қозғайды. Бұл бӛлімге қылмыстық іспен

бірлесе азаматтық талапты қараудың тәртібі мен негіздемесін реттеуші

ережелері кіреді (ҚР ҚІЖК 20-тарауы).

Атап айтқанда, мүліктік зиян шеккен адам тергеліп жатқан қылмыстық

істің аясында оның орнын толтыру туралы талап етуге құқылы (ҚР ҚПК 77-

бабының 1 бӛлігі). Онымен қоса, ҚР ҚІЖК-нің 12-бабының 1 бӛлігі «әркiмнiң ӛз

құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқығы бар» деп

конституциялық жағдайды белгілейді, ал үшінші бӛлігінде«мемлекет заңда

белгiленген жағдайларда және тәртiппен әркімнің сот төрелігiне қол

жеткізуін және оған келтiрiлген залалдың өтелуiн қамтамасыз етедi» деп

тікелей кӛрсетеді.

1997 жылы ҚР ҚІЖК-ін қабылдауға дейін республикадағы қылмыстық

процесте моральдық зиянды ӛтеу мәселелері тек материалдық зиянды ғана

ӛтеуді қарастырған 1959 ж. Қазақ КСР-нің ҚІЖК реттелді.1997 жылғы 13

желтоқсанда қабылданған ҚР ҚІЖК 2004 жылғы желтоқсанға дейін қылмыстық

процесте қылмыстық әрекеттермен келтірілген моральдық зиянды ӛтеу туралы

азаматтық талап-арыз ету мен қарастыру тәртібі кӛзделмеген. Тек ҚР 2004 ж. 9

желтоқсандағы №10 «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық iс

жүргiзу, Қылмыстық-атқару кодекстерiне және Қазақстан Республикасының

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне қылмыстық iстердi тергеу

рәсiмдерiн жеңiлдету, қылмыстардың кейбiр құрамдарын қылмыстық сипаттан

арылту және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнаманы жетiлдiру

мәселелерi бойынша ӛзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын

қабылдағаннан кейін ғана ҚР ҚІЖК 75 және 162 баптарында тиісті ӛзгерістер

мен толықтырулар енгізілді, оларға сәйкес жәбірленушінің материалдық зиянды

ӛтеу туралыарыз-талабы қылмыстық процесте мүлікті зиянды ӛтеу туралы

арыз-талабымен қатар қарастырылады.

Атап айтқанда, моральдық зиянды ӛтеу ережелерін түсіндіретін ҚР

Жоғары Сотының нормативтік қаулысының 3 тармағында кӛрсетілгендей:

«Моральдық зиян деп азаматтың құқық бұзушылық, оған тиесiлi мүлiктiк емес

игiлiктер мен өзiндiк құқықтардың кемiтiлуiнен немесе олардан айырудан

туындаған жан немесе тән азабын түсiну қажет. Азаматтың жан азабы деп

адамның кемсiтуге, ызалануға, түңiлуге, ашуға, ұятқа, қажуға, жайсыздыққа

және т.б. байланысты басынан кешiретiн эмоциялық-өзiндiк жан күйзелiсi

сезiмдерiн түсiну қажет».

Қылмыстық іс жүргізу заңында «моральдық зиян» ұғымын және онымен

байланысты ұғымдарды (моральдық зиянды ӛтеу, оның мӛлшерін

Page 113: Арнайы баяндама1.7 MB

113

анықтау)анықтайтын нормалардың болмауы құқық қолдану тәжірибесіне кері

әсер етті. Сондықтан, соттарға моральдық зиянды ӛтеуге қатысты мәселелерді

түсіндіру мақсатында 1995 жылғы 22 желтоқсанда Жоғары Соттың пленумымен

«Соттардың моральдық зиянды ӛтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы» №10

қаулысы қабылданды, оған сәйкес, моральдық зиян деп жәбірленушіге қарсы

жасалынған құқық бұзушылықтың нәтижесінде жәбірленуші сезінетін

(ұшыраған, бастан кешіріп жатқан) жан немесе тән азабын (кемсіту, ызалану,

ашу, ұялту, түңілу, дене ауруы, қажу, жайсыздық және т.б.) түсіну қажет.

ҚР ҚІЖК 75-бабының 1 бӛлігімен 162-бабының 1 бӛлігіне сәйкес,

моральдық зиян келтіру қылмыстық процесте мүліктік және денеге келтірілген

зиянмен қатар, адамды (жеке және заңды тұлға) жәбірленуші және азаматтық

арызданушы ретінде мойындаудың негіздердің бірі болып табылады.ҚР АК

моральдық зиян ұғымын жеке тұлғалардың ӛзiндiк мүлiктiк емес игiлiктерi мен

құқықтарының бұзылуы, кемсiтiлуi немесе олардан айырылуы, соның iшiнде

жәбiрленушiнiң ӛзiне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан

басынан кешірген (тӛзімін тауысқан, уайымға салған) жан азабы немесе тән

азабы (қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту, тән

қиналуы, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу және т.б.) ретінде анықтай

отырып (ҚР АК 951-бабы), заңды тұлғалардың моральдық зиянды ӛтеуі де

кӛздейді.

Ӛкінішке орай, жәбірленушіге келтірілген мүліктік зиян оны жасауда

кінәлінің белгіленбеуі немесе белгіленген, бірақ бұл үшін қаражат болмауы,

немесе тергеуден және соттан жасырыну себебінен ӛтелмейтін жағдайлар орын

алады.Ұзақ уақыт бойы жәбірленушілер мүліктік мүдделерін қанағаттандыра

алмайды, егер сотта келтірілген зиянды ӛтеу міндеті жүктелген сотталушы

қандай да бір себептермен жұмыс істемесе, науқастығына байланысты жазасын

тартудан босатылған, жазалау мерзімінің аяқталуына байланысты болса,тіпті

бұған үмітін де үзуде.

Қылмыс арқылы келтірілген зиянды маңызды сипаттамасы оның мӛлшері

болып табылады, ол әдетте жасалғанның қоғамдық қауіптілігі дәрежесінің

бағасына әсер етеді, ал жағдайлар қатарында қылмыстың саралануын, жазаның

мӛлшерн анықтайды. Қылмыстық іс жүргізу кезінде ӛтініш білдірілген

талаптың құны тәжірибеде кӛбінесе арызданушы арқылы емес, талап-арызды

қабылдау және азаматтық талап-арызды мойындау туралы мәселені шешетін

тергеуші арқылы анықталады. Алайда моральдық зиянды ӛтеу мӛлшері

бағасының критерийлері мен оның мӛлшерін сандық бағалаудың ортақ әдісінің

жоқтығы құқық қолдану тәжірибеде оның қиындығын тудырады.

Сот материалдық емес зиянның мӛлшерін қалай белгілейді, келтірілген

зиянды ӛтеу мӛлшерін белгілеуде қандай жағдайлар басты рӛл атқарады, егер

сот істің жағдайларын ескере отырып, талап-арыздың бағасын анықтайтын

болса, жәбірленуші оны қалай кӛрсете алады деген сұрақтар туындайды. Бұл

туралы А. Эрделевский былай кӛрсетеді: «Азаптарды ӛтеу ғана зиян

келтірушіден жәбірленушінің пайдасына және азаптаулардың құқық

Page 114: Арнайы баяндама1.7 MB

114

бұзылуымен байланысты оның психикасына кері әсерін дұрыстау үшін

алынатын ӛзіндік айыппұл ретінде ақшалай нысанда кӛрініс табады.

Азаптардың тереңдігі нақты ӛлшенбегендіктен, ақшалай тіпті ӛлшене

алмайтындықтан, ӛтемақының мӛлшерінің қандай да бір баламасы туралы

айтуға болмайды. Алайда азаптардың басым тереңдігіне ӛтемақының үлкен

мӛлшері және керісінше ӛтемақының мӛлшері бастан кешкен азаптарға барабар

болуы тиіс деп пайымдау қисынды және әділетті».

ҚР Азаматтық кодексінің 917-бабының 1 тармағына сәйкес заңсыз iс-

әрекеттермен (әрекетсiздiкпен) келтiрiлген моральдық зиянды, оны келтiрген

(қасақана немесе абайсызда) тұлға толық кӛлемiнде ӛтеуге тиiс.Тұлға кӛбінесе

материалдық емес сипатта, адамның рухани саласын кӛбірек қамтиды, сол

себепті мүліктік зиянға қарағанда жәбірленушіні жиі қиналтатын және кӛбірек

сезілетін зиянның ӛтемақысының мӛлшерін анықтау әділетті болуы тиіс. Бұл

жағдайда әңгіме адамның ӛмірі мен денсаулығын ақшамен бағалау емес,

жәбірленуші үшін қиын салдарларды қандай да бір мӛлшерде дұрыстау екенін

ескеру қажет.

Ақшалай баламаны нақты анықтай алмау моральдық зиянды ақшалай

ӛтемақы ретінде ӛтеуден бас тартудың негізі болмауы тиіс. Тұлғаға келтірілген

мүліктік зиянды анықтаудың ӛзі де белгілі бір мӛлшерде шарттылық пен

дәлсіздіктен айырылмаған. ҚР АК 952-бабына сәйкес моральдық зиянды ӛтеу

мӛлшері жағдайлардың жиынтығы бойынша сот арқылы анықталады. Мүліктік

зиян қаншалықты ӛтелсе де басқа адамның қылмыстық әрекеттерінің

нәтижесінде жойылғанның орнын толтыра алмайды. Жауапты адамға заң мен

сот арқылы бекітілген мӛлшерде моральдық зиян келтіргені үшін қосалқы

ӛтемақы тӛлеу міндеттемесін беру проблемаларды шешпейді, алайда

жәбірленушінің жарасын қандай да бір мӛлшерде жеңілдетеді.

ҚР Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 20 маусымдағы «Азаматтық талапты

қылмыстық процесте қарау туралы» №1 нормативтік қаулысының 17-тармағына

сәйкес,моральдық зиянды ӛтеу туралы талаптарды қарау кезінде «Соттардың

моральдық зиянды ӛтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан

Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 21 маусымдағы №3 нормативтік

қаулысын басшылыққа алу керек, ол ӛз кезегіндеазаматтарға тумысынан немесе

заң бойынша тиесiлi мүлiктiк емес игiлiктер мен ӛзiндiк құқықтарды қорғаудың

және азаматтарға келтiрiлген моральдық зиянды толық ӛтеудiң конституциялық

құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асырудың, құқықтық мемлекет пен

азаматтық қоғам құрудың тиiмдi тәсiлi болып табылатынына соттардың

назарын аудартады.ҚР АК-нің 952-бабына сәйкес моральдық зиян ақшалай

ӛтелетіндіктен, ал ӛтемақы мӛлшерін сот анықтайтындықтан, сот ӛтемақы

мӛлшерін анықтауда, ӛтемақы мӛлшерін белгілегенде азаматтың жеке мүліктік

емес құқықтарының бұзылуымен байланысты барлық нақты жағдайлар

ескерілетін боладыжәне сот белгілеген ӛтемақының мӛлшері арызданушының

талаптарын орынды қанағаттандыру туралы негіздемелі қорытынды шығаруға

мүмкін береді деген шарты арқылы әділеттілік және жеткіліктілік

Page 115: Арнайы баяндама1.7 MB

115

принциптеріне сүйенуі тиіс.Сонымен қоса, сот істің материалдарымен расталған

ӛзге де мән-жайларды назарға алуға құқылы, атап айтқанда, жәбірленушіге

моральдық зиян келтіргені үшін жауапқа тартылатын азаматтың отбасылық

және мүліктік жағдайы.

Соттар ӛздеріне моральдық зиянды ӛтеудің «шегін» белгілеп алғанын

қалыптасқан тәжірибе кӛрсетіп отыр және моральдық зиянды ӛтеу туралы

талап-арыздың қанағаттандырылуы жағдайында сома 50-100 мың теңгеден

аспайтынын «хаттамадан тыс» түсіндіреді. Біздің пікірімізше, адам саудасынан

жәбірленушілердің мұндай сомамен ӛздеріне келтірілген зиянды ӛтеп алуға

мүмкіндіктері жоқ. Адам саудасына байланысты қылмыстардың нәтижесіндегі

құрбан ұрланған мүлікті жоғалтудан кӛретін азаппен салыстыруға

келмейтінрухани азап шегеді.

ҚР АК 951-бабының 4 тармағына сәйкес,заң актiлерiнде кӛзделген

жағдайларды қоспағанда, азаматтың мүлiктiк құқықтарын бұзатын әрекеттер

(әрекетсiздiк) арқылы келтiрiлген моральдық зиян ӛтелуге жатпайды.

«Соттардың моральдық зиянды ӛтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы»

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 21 маусымдағы №3

нормативтік қаулысының 13-тармағында соттарға Қазақстан Республикасы

Азаматтық кодексiнiң 951-бабының 4-тармағына сәйкес жеке тұлғалардың

мүлiктiк құқықтарының бұзылуы моральдық зиянға ақшалай нысанда ӛтем

жасау мүмкiндiгiн терiске шығаратынын, атап айтқанда: мүлiктi иеленуге,

пайдалануға және басқаруға байланысты құқықтарды; құқықтық қатынастарға

қатысушылар арасында пайда болатын мүлiктiк талаптарды (мүлiктiк немесе

мiндеттемелiк құқықтар, оның iшiнде азаматтың ӛмiрiне немесе денсаулығына

келтiрiлген зиянды ӛтеуге, мiндеттемелердiң орындалмауына немесе тиiсiнше

орындалмауына байланысты және т.б.), сондай-ақ авторлардың ӛздерi тудырған

шығарма немесе ашқан ӛнертабысы үшiн сыйақы алу құқығын; мұрагерлiк

құқықтарды түсiну қажет екенi түсiндiріледі. Егер iстi қарау кезiнде сот

азаматтардың мүлiктiк құқықтарының бұзылуы оның жеке мүлiктiк емес

игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуымен қатар орын алғанын анықтаса, онда

мүлiктiк зиянды ӛтеу туралы талапты қанағаттандырумен қатар мүлiктiк емес

зиянды ӛтеу туралы талап та қанағаттандыруға жатады (тұрғын үйге қол

сұқпаушылықты бұза отырып, жәбiрленушiнiң үйiн заңсыз иелену;

тұтынушының сапалы тауарға құқығын бұзу; тауардың фирмалық атауына

құқықты бұзу; артықшылықпен сатып алу құқығын бұзу және т.с.с.).

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 67-бабын қолдану

жӛнiндегi сот практикасы туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 21

маусымдағы №4 нормативтік қаулысына сәйкес, тараптарды татуластыру

институтын дұрыс қолдану жәбірленушiнiң қылмыстық процестегі рӛлi мен

белсенділігін арттыруға, оның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын тез

қалпына келтiруге жәрдемдеседi, сонымен бiрге қылмысты жасаған, соңынан

жәбiрленушiмен татуласу және зиянның есесiн толтыру түрiнде байқалатын оң

тәртiбiмен танылған адамдарға адамгершiлiкпен қарауға бағытталған. Қылмыс

Page 116: Арнайы баяндама1.7 MB

116

жасаған адамның есесiн толтыруға жататын зиянға қылмыс арқылы

жәбірленушiнiң денсаулығына және мүлкiне келтiрiлетiн немесе моральдық кез

келген зиянды жатқызу қажет, бұл ретте тек тiкелей шығындар ғана емес,

сонымен бiрге қылмысқа байланысты, оның iшiнде ӛкiлге жұмсалатын

шығынды қоса алғанда, алдын ала тергеуге, сотқа қатысуға байланысты

жұмсалған шығындарды зиянға жатқызған дұрыс. Бұл ретте нормативтік

қаулыға сәйкес, зиянның есесiн толтыру бүлiнген мүлiктi қалпына келтiру,

ұрланған мүлiктi қайтарып беру немесе тап сондай мүлiктi ұсыну, ақшалай ӛтем

тӛлеу, дәрi-дәрмектердi, санаториялық-курорттық жолдамаларды сатып алып

беру, жәбiрленушiнiң алдында кешiрiм сұрау түрiнде және заңмен тыйым

салынбаған басқа да нысандарда болуы мүмкiн.

Қылмыстық құқыққа оралатын болсақ, ҚР ҚК-де кінәліні материалдық

жазалаудың түрлері тәрізді зиянды ӛтеу жоқ, бұл қылмыстық процестегі

азаматтық талаптың тиімсіздігінің себебінен кемшілік болып табылады.

Материалдық жауапкершілік жазалаудың айтарлықтай тиімді шарасы болып

табылады, осыған орай, ол қылмыстық заңнамада кінәліні жазалаудың ӛзге

шараларымен қатар жәбірленушінің алдында қылмыс жасағаны үшін жауапқа

тартылу нысаны ретінде кӛрінуі тиіс, ал оны түзету және жаңа қылмыстарды

жасауды ескерту үшін мемлекетжазаны қолданады.

Құқық қорғау қызметінің тиімділігін тӛмендету жағдайында азаматтардың

қылмысқа құқықтан тыс мән беру тәжірибесі қалыптасады. Оған мыналар

кіреді:

а) нақты қылмыскерлерді спонтанды, соның ішінде жауапты

қылмыстарды жасау арқылы жазалау;

б) қылмысқа мән берудің және материалдық немесе ӛзге зиянды ӛтеудің

заңға негізделмеген салттары мен стандарттарын құру;

в) кӛлеңкелі, соның ішінде қылмыстық әділеттің жүйесін қалыптастыру.

Қылмыстық әрекеттерге құқықтан тыс мән берудің кӛрсеткіштерінің бірі

латентті қылмыс, соның ішінде адам саудасы болып табылады. Құқық

қорғаушы ҮЕҰ тәжірибеден шығатыны, әрбір айқындалған адам саудасының

құрбанына 5-7 айқындалмағандардан келеді.Олардың 30-ға жуық пайызы ғана

полицияға жүгінеді. Қалғандары әділеттілікке сенбестен ӛз проблемаларын

ӛздері шешуді қалайды, олардың пікірінше, әділеттілік келтірілген материалдық

және моральдық зиянды ӛтеу деп түсінеді. Осылайша, жәбірленушіге адам

саудасына байланысты қылмыстардан келтірілген зиянды ӛтеу мәселелерінде

әділеттіліктің жоқтығы адам саудасының жазасыздығына, оның кӛбеюі мен

жәбірленушілер санының ұлғаюына, сондай-ақ олардың қайталанбалы

виктимизациясына алып келеді.

Алайда тіпті құқық қорғау органдарына жүгіне алғандар да ӛзіне деген

сенімсіздікке, сыбайлас жемқорлыққа, дискриминацияға кезігеді.

ҮЕҰ тәжірибесінде Атырау қаласында Ӛзбекстанның екі азаматшасын

еңбекпен қанау жағдайы болды, олар ӛздерін қанаған адамдарды қылмыстық

Page 117: Арнайы баяндама1.7 MB

117

жауапкершілікке тартуға сәтсіз ұмтылғандарынан кейін азаматтық істер

сотында жалақысын тӛлетуге мүмкіндік алды.

Бұдан алдын ала айтылғандай, мемлекеттік органдардың қарауының

нәтижесінде Қазақстанда соңғы үш жылдың ішінде қылмыстардың

жәбірленушілеріне/құрбандарына зиянды ӛтеу мәселесі Қазақстан

Республикасының жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексінде кӛрініс тапты. Бұл

мәселе алғаш рет саяси деңгейде 2011 жылы сәуірде ел Парламентінде

кӛтерілген болатын.

2011 жылғы 27 тамызда ҚР Премьер-Министрінің № 116 ӛкімімен

Қазақстан Республикасында қылмыстардан жәбірленушілерге реституция және

ӛтемақы тӛлеу үшін қор құрудың (бұдан әрі – Қор) орындылығы мәселесі

бойынша ұсыныстар әзірлеу жӛніндегі жұмыс тобы құрылды.

2013 жылғы 13 наурызда ҚР Президенті жанындағы Құқықтық саясат

жӛніндегі кеңестің отырысында жәбірленушілерге келтірілген зиянды ӛтеудің

мемлекеттік қорын құру туралы ұсыныс қолдау тапты.

2013 жылғы 16 қазанда ҚР Әділет министрлігінде қылмыстардан

келтірілген зиянды ӛтеу жӛніндегі арнайы мемлекеттік қорды құру мәселелерін

пысықтау және «адам ӛмірінің құнын» бағалау әдістемесін әзірлеу жӛніндегі

ведомствоаралық жұмыс тобының алғашқы отырысы ӛтті.

Осылайша, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа ҚР ҚІЖК-

нің 173-бабында жәбірленушілерге келтірілген зиянды ӛтеу қоры кӛзделген. ҚР

ҚІЖК-нің 173-бабын іске асыру аясында қылмыстан, соның ішінде адам

саудасынан жәбірленушілерге ӛтемақы тӛлеу жӛнінде қор құру жоспарлануда.

Бұл дегеніміз жәбірленушілерге келтірілген зиянды ӛтеу жүйесінің негізгі тетігі

Қор екенін білдіреді.

ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жӛніндегі комиссия арнайы

заңмен Қор құруды ұсынады. Қор құру жағдайында негізгі мәселе – оның

қаржыландыру кӛздері қандай болмақ деген мәселе.

Адам құқықтары жӛніндегі комиссияның позициясы тұрғысынан Қорды

қаржыландыру кӛздері келесі компоненттерді енгізуі тиіс:

Қорды республикалық бюджеттен қаржыландыру;

Қорды бюджетке салықтық емес тӛлемдер қаражатын тікелей Қорға

жіберу жолы арқылы қаржыландыру (айыппұлдар, тәркіленген мүлікті іске

асыру);

Сотталғандардың мәжбүрлі еңбегін пайдалану арқылы кіріс табу

жолымен қаржыландыру;

меценаттық, қайырымдылық арқылы Қорды жеке қолдау (жеке

меншік донорлар).

Қылмыстардың жәбірленушілерін қолдау жүйесін қаржыландырудың бұл

әдісі барлық мемлекеттерде кездеседі. Оның толықтырмалы сипаты айқын,

алайда жеке донорлардың мүмкіндіктерін бағаламауға болмайды. Кӛптеген

мемлекеттерде қылмыстардың құрбандарымен жұмыс істеудің инновациялық

әдістемелері жеке донорлар мен олардың үкіметтік емес сектордың

Page 118: Арнайы баяндама1.7 MB

118

қаржыландырылып отырған жобаларының арқасында пайда болды. Қорға жеке

салымдарды ынталандыру үшін заңды және жеке тұлғаларға қатысты салық

саясатын қайта қарау талап етіледі.

Қор жеке донорлардың қаражат аударуы үшін жеке есепке ие бола алар

еді, бұл ретте мұндай қаражатты үкіметтік сектор қолданатын

жәбірленушілерге кӛмек кӛрсету бағдарламалары үшін берген жӛн. Жалпы,

2012 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қаржыландыру үшін

мемлекеттік бюджеттен (респубикалық және жергілікті) 4,7 млрд. теңге, ал 2013

жылы - 5,4 млрд. теңге бӛлінді. Бұл қаражаттың бір бӛлігін үкіметтік сектордың

жұмысын қаржыландыру үшін Қорға беруге болар еді.

Осылайша, біздің пікірімізше, қаржыландрудң аралас моделі айтарлықтай

тұрақты кӛрінеді, мұнда республикалық бюджеттен түсетін салымдар

қаражаттың негізгі кӛзі, ал мүлікті тәркілеуден, сотталғандардың еңбегінен

және жеке қолдаудан түсетін табыстар қосалқы кӛзі ретінде қолданылады.

Қосалқы шығындар алудың үш амалы заңнама мен құқық қолдану тәжірибесін

қайта қарауды талап етеді.

Page 119: Арнайы баяндама1.7 MB

119

V БӚЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ САУДАСЫ

ҚҦРБАНДАРЫНА ҚЫЗМЕТ КӚРСЕТУ ЖҤЙЕСІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ

БАҒАЛАУ

5.1.Адам саудасы қҧрбандарына кӛмек кӛрсету жӛніндегі жҧмысты

институционалдық ҧйымдастыру

Осы баяндаманың алдыңғы тарауларында айтылған басқа елдердің

тәжірибелерінен, мінсіз нұсқада, адам саудасының проблемасымен бірнеше

министрліктер айналысуы керек және де әр министрліктің міндеттері нақты

кӛрсетілуі қажет. Жұмысты осы проблема бойынша арнайы құрылған

ведомствоаралық комитет үйлестіреді, немесе үйлестіруші қызметтерін

министрліктердің біреуіне табысталады. Қазақстан жағдайында, үйлестіруші

қызметтерін ҚР Ішкі істер министрлігі ӛзіне алғаны орынды болып кӛрінеді,

сонымен қатар Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Сыртқы

істер министрлігі, сондай-ақ жергілікті әкімшіліктер мен үкіметтік емес

ұйымдар ӛз қызметтерін қажеттілік шамасына қарай, мысалы, адам саудасының

құрбаны ресми түрде солай танылған кезде, яғни әлеуметтік жәрдем алуға

құқылы болғанда ӛз қызметтерін ұсынатын болады.

Бізге Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы іс-қимыл жүйесін

келесідей ұйымдастыру орынды болып кӛрінеді. Құқық қорғаушы орган

түріндегі ҚР ІІМ адам саудасы жағдайларын анықтауға жауап береді және адам

саудасы анықталған жағдайда, істі әрі қарай қайда жіберетінін шешеді.

Осындай кезде, кӛбінесе, құрбанды белгілі бір уақытқа ӛзіне қабылдауға және

оған әлеуметтік және қайта оңалту қызметтерінің кешенді қатарын кӛрсетуге,

сондай-ақ құрбанға әр түрлі заңды және әлеуметтік проблемаларды шешуде

кӛмек беруге әзір дағдарыстық орталықтардың кӛмегі қажет болады.

ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес, қатыгездік қарым-қатынас

нәтижесінде (тұрмыстық зорлық-зомбылықпен, адам, соның ішінде кәмелеттік

жасқа толмағандардың саудасымен, оларды пайдаланудың басқа түрлерімен,

сондай-ақ адам ұрлаумен байланысты әрекеттер нысандары болып табылатын)

әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкелген, ауыр ӛмірлік

жағдайда қалған адамдарға келесі қызмет түрлері ұсынылуы мүмкін:

әлеуметтік-тұрмыстық;

әлеуметтік-медициналық;

әлеуметтік-психологиялық;

әлеуметтік-құқықтық;

әлеуметтік-еңбек;

әлеуметтік-мәдени;

әлеуметтік-экономикалық;

әлеуметтік-педагогикалық.

Page 120: Арнайы баяндама1.7 MB

120

Бүгінгі таңда Қазақстанда мемлекеттік қаржыландыру аясында, тек бір

ғана қайта оңалту орталығы Астана қаласында қызмет етеді, оның елімізде

анықталған адам саудасы құрбандарының барлығына қажетті жәрдеммен толық

шамада қамтамасыз ете алмайтынын атап ӛту керек. Кӛкшетауда және

Алматыда жұмыс істейтін орталықтар қаржыландыруды тек халықаралық

ұйымдардан ғана алады. Сонымен бірге, жыл сайынғы мемлекеттік тапсырыс

шеңберінде адам саудасымен күрес жӛніндегі жобаларға әкімшіліктер бӛлетін

қаражаттар адам саудасы құрбандары үшін кӛрсететін қызметтермен

байланысты шығындарды ӛтеуге қауқарсыз.

Кінәлі адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында құқық

қорғау органдарына жүгінуге келіскен зардап шеккен адамға құқықтық және

заңды жәрдем беру процесіне әр түрлі мемлекеттік органдар тартылуы тиіс: сот,

прокуратура, полиция бӛлімшелері – тергеу және сот процесі барысында; еңбек

жӛніндегі инспекция – пайдалану барысындағы еңбек ӛтілін растау үшін; кӛші-

қон полициясы бӛлімшесі, консулдық қызметтер – тұлғаны құжаттандыру үшін.

Басқаша айтқанда, адам саудасының проблемасы кӛп қырлы және заңды,

экономикалық, әлеуметтік және психологиялық сипаттағы кӛптеген

аспектілерге ие. Салдары ретінде, негізгі мемлекеттік органдар мен үкіметтік

емес секторды тартумен осы проблеманы шешуде кешенді тәсіл қажет. Бұл

пікірді қазақстандық және шетелдік сарапшылар да қолдайды. Мәселен, ҚР

Жоғарғы Сотының судьялары Р.Юрченко мен Т.Қожан Комиссияның және

Халықаралық кӛші-қон ұйымының сарапшыларымен сұхбатында осы

проблеманы шешуде кешенді үйлесімді тәсілді дамыту қажеттігін растады.

Олардың пікірінше, адам саудасымен күрес жӛніндегі жұмысты басқа мүдделі

мемлекеттік органдарды тарту арқылы жалпы институционалдық қайта

ұйымдастыру қажеттілігі пісіп жетілген.

5.2. Гендерлік біржақты пікірлер

Адам саудасы құрбандарын анықтау жағдайында, проблемалардың

бірікӛптеген үкіметтік емес ұйымдардың күш салуларыәйелдердің

мұқтаждықтарына пропорционалды шоғырландырылмау фактісі болып

табыдады, және де бұл Қазақстанда адам саудасы құрбандарының саны ерлер

мен әйелдер арасында шамамен тең деген кӛптеген хабарламаларға қарамастан,

ал іс жүзінде кейбір сарапшылар адам саудасы құрбандарының ерлер

арасындағы саны айтарлықтай жоғары екендігін айтады.

Бұл жердеосы тармақ бойыншасұралған респонденттердің пікірлері

айтарлықтай алшақ болғанын атап ӛту қажет. Мәселен, сарапшылардың бірі ең

алдымен сексуалдық пайдалану құрбандары болған әйелдерге қатысты белгілі

бір «таңба»таңылуы себебімен адам саудасы құрбандарының басым бӛлігі еңбек

мигранттарының арасында сәйкестендіріледі деп санайды. Сонымен қатар,

басқа респондент тікелей қарама-қарсы пікір айтады, ішінара алғандаерлер ең

Page 121: Арнайы баяндама1.7 MB

121

алдымен құрбан ұғымының ӛзімен байланысты жағымсыз имиджден, адам

саудасының құрбаны ретінде сәйкестендірілуден қашады.

Басқа сарапшының пікіріне сәйкес, бірнеше жыл бұрын адам саудасы

құрбандарының шамамен 80% ерлер болды және соңғы уақытта адам

саудасының біршама феминизациясы байқалса да, адам саудасы құрбандары

ерлер арасында бәрібір кӛп, тиісінше шелтерлер (адам саудасы құрбандары

үшінкӛмек кӛрсетілетін баспана) мәжбүрлі еңбек құрбандарына қатысты ӛз

жұмысын шамалы қайта қарау керек.

Сондай-ақ кӛп жағдайларда еңбек мигранттары

қайтақанауғаұшыраутәуекеліне басын тіге жаңа жұмыс іздей отырып,еңбек

нарығына мүмкіндігінше тез оралуға мәжбүр болатыны туралы пікір айтылды.

Адам саудасы құрбандарына кӛмек кӛрсетумен айналысатын үкіметтік

емес сектор ӛкілдерімен сұхбатта негізгі екпін сексуалдық құлдық құрбандары

болған әйелдерге кӛмек кӛрсетуге жасалды.

Мәселен, 2013 жылы адам саудасына байланысты 350 қылмыстық істің

213-і жезӛкшелікті ұйымдастыру үшін болған. Кейбір мағынада, мұндай

гендерлік аспект түсінікті, себебі әйелдер (және балалар) халықтың аса осал

топтары ретінде қарастырылуы мүмкін.

Палермо хаттамасы әйелдер мен балаларды жеке санат ретінде бӛліп

қарастырады. Сонымен қатар, сексуалдық құрбандыққа мұндай

пропорционалды емес топталу адам саудасы құрбаны түсінігінің ӛзінің және

оны сәйкестендірудің әлі де жеткілікті пысықталмағанын кӛрсетеді.

Адам саудасы құрбандарын анықтау кӛзқарасы тұрғысынан мұндай

гендерлік теңсіздікті күшейтетін факторлардың бірі ерлердің еңбек нарығына

қайтып келуге жиі ұмтылатыны және сәйкесінше ұзақ оңалуға даяр еместігі

фактісі болып табылады45

. Алайда адам саудасы проблемасы кӛбінесе әйелдерге

қатысты проблема ретінде түсіндірілу тәуекелі бар. Басқаша айтқанда, адам

саудасы мәселесін жынысқа байланысты санатқа бӛлместен, еріксіз еңбек

тұрғысынан айтарлықтай кең тұрғыда қарастырған жӛн.

5.3. Дағдарыстық орталықтардың қызметі және олардың проблемалары

туралы

ЮНИСЕФ-тің «Тәуекелді мінез-құлық, сексуалдықпайдалану және адам

саудасына қатысты балалардың осалдығын бағалау» атты баяндамасына

(2012 ж.) сәйкес, құлдықтан сатылғаннан кейін кӛптеген құрбандар әр түрлі

заңдық, психологиялық және медциналық проблемаларды шешу мақсатында,

қандай да бір уақытын баспаналарда немесе үкіметтік емес ұйымдар жанындағы

45

ЮНОДК, «Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары арасындағы адам саудасы құрбандары

мен заңсыз әкелінген мигранттарды қорғау және қолдау саласындағы ынтымақтастық тетіктерін жетілдіру»,

2013, Астана

Page 122: Арнайы баяндама1.7 MB

122

адам саудасы құрбандарына арналған орталықтарда ӛткізеді46

. Дәл сол үшін

дағдарыстық орталықтарды қолдау қажетті жәрдем алуда маңызды бағыт болып

табылады.

Қазақстанда адам саудасының құрбандарына берілетін жәрдем

Халықаралық кӛші-қон ұйымының адам саудасымен күрес жӛніндегі

бағдарламасы аясында, сондай-ақ ҚР Әділет министрлігінің мемлекеттік

әлеуметтік тапсырысы шеңберінде (тек қана «Қорғау-Астана» ЖҚ үшін)

қаржыландырылады. Ӛкілдердің пікірлеріне сәйкес, әкімдіктердің адам

саудасымен күрес жӛніндегі жобаларға жыл сайынғы мемлекеттік әлеуметтік

тапсырыстары шеңберінде бӛлінетін қаражаттар адам саудасының

құрбандарына кӛмек кӛрсететін үкіметтік емес ұйымдардың қажеттіліктерін

қамти алмайды.

Соңғы уақытта халықаралық ұйымдардан қаржылық кӛмектің

айтарлықтай қысқаруы, ал ҚР Әділет министрлігі жуырда оңалту орталықтарын

қаржыландырудағы ӛз үлесін айтарлықтай қысқартуды жоспарлауы фактісін

назарға ала отырып, оңалту орталықтарынбүкіл ел бойынша құруды

қарастырып, мемлекеттік қаржыландырудың жаңа тиімді тетігін әзірлеу қажет.

Шелтерлер қызметкерлері тап болатын әр түрлі қиындықтарды талқылай

келе, кӛбісі үкіметтік емес ұйымдарға ӛтеусіз қаржыландыруға ӛтінім берудің

күрделі, ұзақ және болжанбайтын процесін атап ӛтті.

Қаржыландыру бойынша шешімдер жиі созылатынын ескере келе,

кӛптеген үкіметтік емес ұйымдар алдымен қызметтерді ӛз қалтасынан

қаржыландыра отырып ұсыну керек, содан кейін ғана мемлекеттен ӛз

шығындарын ӛтеу керек. Осылайша бір респондент 2013 жылы мемлекеттен

бірінші қаржылық трансфертті 2013 жылдың маусымында, яғни жаңа жылдың

басталғанынан 6 ай ӛткен соң ғана алған. Осы уақыт ішінде оларға,

қайырымдылыққа сүйене және кӛбінесе қызметтерді ӛздерінің қалталарынан

тӛлеу арқылы ӛздерін қаржыландырудың әр түрлі нұсқаларын іздеуге тура

келген47

. Оларға мұндай ӛтінімдерді әр жылы беруге тура келетінін ескерсек,

бұл проблема ӛте ӛзекті.

«Кӛмек» уақытша тұру және оңалту орталығы ӛкілінің пікірі бойынша бұл

проблеманы шешу нұсқаларының бірі шелтерлерді тәуелсіз мемлекеттік

агенттікпен басқару және қалалық әкімдікпен қаржыландыру нұсқасы болып

табылады. Мысал ретінде, үйсіздер үшін баспаналардың сәтті тәжірибесіне

жүгінуге болады.

Басқа проблема ӛңірге байланысты қаржылық кӛмек кӛлемі айтарлықтай

ӛзгешеленуі мүмкін екендігіне қатысты.

46Робин Н. Хаарр, «Қазақстанда тәуекелді мінез-құлық, сексуалдық пайдалану және адам саудасына

қатысы бойынша балалардың осалдығын бағалау» (ЮНИСЕФ, 2012), 84-85 беттер. 47Нина Балабаевамен сұхбат, Алматы, 2013 жылғы тамыз, Анна Рыльмен сұхбат, 2013 жылғы тамыз,

Астана.

Page 123: Арнайы баяндама1.7 MB

123

Атап ӛтілгендей, мемлекеттік тапсырыстарды қалыптастыру жергілікті

бюджеттен шығады, осыған байланысты кӛптеген ӛңірлер дағдарыстық

орталықтар мұқтаждықтарын барабар қаржыландыра алмайды. Мәселен,

Солтүстік Қазақстан облысының дағдарыстық орталығы ӛкілінің ақпаратына

сәйкес, 2013 жылы олардың лоты бар-жоғы 200 мың теңгені құраған. Бұл

шелтерлерге Қазақстанда онсыз да шамамен ештеңе құймайтын шетелдік

донорлар салымдарынсыз ӛмір сүру қиын дегенді білдіреді48

. Сол себепті

орталықтарда шелтерлерді қаржыландыру жүйесін қайта қарап, пікірсайысқа

жергілікті билікті және де әр түрлі министрліктерді тартудың маңызды

қажеттігі бар.

Қазақстандағы дағдарыстық орталықтардың анық емес бейінімен

байланысты проблемалар жеке тақырыппен айтылды. Ішінара алғанда, кейбір

респонденттер сексуалдық пайдалану құрбандары ӛздерін шелтерлерде ӛте жиі

жайсыз сезінгеніне, себебі олар тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасына тап

болған, бірақ сексуалдық пайдалану құрбандары туралы ештеңе білмейтін

әйелдермен тұруға тура келгеніне назар аударды. Сондықтан тұрмыстық

зорлық-зомбылық құрбандары сексуалдық пайдалану құрбандарына теріс

түсінікпен қараған, бұл әрине осы екі топтың жайлы қатар ӛмір сүруіне жағдай

жасамайды. Сол себепті идеалында кӛптеген дағдарыстық орталықтар

тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасы құрбандарының қалыпты ӛмір

сүруі үшін бірнеше жеке бӛлмелердің болғанын қалайды.

5.4. Адам саудасы қҧрбандарына әлеуметтік және заңгерлік қызмет

кӛрсетудегі кедергілер

Қазақстанда адам саудасы құрбандарына заңгерлік, медициналық,

психологиялық жне материалдық кӛмек ұсынатын кӛптеген үкіметтік емес

ұйымдар сәтті және бұрыннан жұмыс істейді. Алайда бұл ұйымдардың басым

бӛлігі олардың жұмысын қиындататын және қызметтерінің тиімділігін түсіретін

кӛптеген кедергілерге ұшырайды. Комиссия мен Халықаралық кӛші-қон ұйымы

сарапшыларының сұхбаттасуға сәті түскен үкіметтік емес сектор ӛкілдері

қатарындағы шамамен барлық респонденттер, егер мемлекет адам саудасы

құрбандарына әлеуметтік және заңгерлік қызметтер ұсыну саласындағы

проблемалар қатарына назар аударса, олардың жұмысының тиімділігі

айтарлықтай артатын еді деген фактіні атап ӛтті.

Құжаттарға қатысты проблемалар

Ішінара алғанда, кӛптеген респонденттер үйге оралу үшін (шетелдік

азаматтар үшін) ғана емес, сондай-ақ тергеу уақытында келу және жұмыс іздеу

елінде адам саудасы құрбанының тұлғасын сәйкестендіру, мәртебесін

рәсімдеуге (Қазақстан азаматтары және де шетелдік азаматтар үшін) жоғалған

48

ЮНОДК, «Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары арасындағы адам саудасы құрбандары

мен заңсыз әкелінген мигранттарды қорғау және қолдау саласындағы ынтымақтастық тетіктерін жетілдіру»,

2013 жылғы қыркүйек, Астана

Page 124: Арнайы баяндама1.7 MB

124

құжаттарды алудың және қалпына келтірудің қиындықтарын атап ӛтті. Шын

құжаттарға ие болмаған адам саудасы құрбандарына, мысалы, негізгі

медициналық кӛмек сияқты ең жеңіл мемлекеттік қызметтерге рұқсат алу қиын.

Оларға сондай-ақ заңды жұмыс табу қиын. Халықаралық кӛші-қон ұйымы

ӛткізген сауалдамаға сәйкес сұралған мигранттардың тек 16% ықтияр хатқа ие.

Бұл мәртебесіз олардың тегін медициналық кӛмекке рұқсаты жоқ. Нәтижесінде

бұл адамдар жиі ӛте қиын жағдайда, үйсіз, күнкӛріс қаражатынсыз және

құжатсыз болып шығады.

ЮНИСЕФ адам саудасы құрбандары арасында ӛткізген сауалдамаға

сәйкес құрбандардың кӛпшілігі ӛздерінің құқықтық проблемаларын кӛбінесе

құжаттардың жоғалуымен байланысты проблемаларын шешуде ӛте сирек

жәрдем алған. Адамдар қаржылық қиыншылықтарға және соттық тергеу

уақытындағы құқықтық проблемаларға және де олардың жеке басын

куәландыратын жаңа құжаттарды (Қазақстан азаматтары жағдайында) алуда

ұзақ күткеніне наразылық білдірген.

Шетелдік мигранттардың және адам саудасы құрбандарының құжаттарын

қайта қалпына келтіру оңалту орталықтарының қызметкерлеріне ӛте қиын,

себебі олардың осы мигранттар азаматтары болып келетін елдердің

елшіліктерімен жұмыс істеуі қажет.

Егер адам, адам саудасының құрбаны болып ресми мойындалса және

оның жұмыс берушілеріне қатысты қылмыстық іс қозғалса, онда құжаттарды

қайта қалпына келтіру және тұрғын үй жалдау үшін қаражаттар беруге заңды

негіздер бар. Бірақ егер қылмыс фактісі айқындалмаса, онда адамды ресми

түрде адам саудасының құрбаны ретінде мойындау күрделі.

Екінші проблема еңбек ӛтілін белгілеумен байланысты. Астанадағы

дӛңгелек үстелде сӛз сӛйлеген үкіметтік емес сектор ӛкілдерінің тәжірибесінен

адам саудасы құрбандарының еңбек ӛтілін мойындау проблемасы ӛте ӛзекті

болып табылады және мүмкіндігінше тездетіп шешілуі тиіс. Мәселен, 20 жыл

құлдықта жұмыс істеген, денсаулығын жоғалтқан және зейнетақыға табыс ала

алмаған адам мысалға келтірілді49

. Дӛңгелек үстелде айтылғанбасқа ұқсас

жағдайда адам құлдықта 15 жыл істеген, адам саудасының құрбаны болып

ресми мойындалған, бірақ оған тек ең аз зейнетақы есептелген, мұны еңбек

ӛтілінің жетіспеуімен түсіндіреді. Осындай мысалдар адам саудасы

құрбандарына қатысты еңбек және қаржылық мәселелерді реттеумен

байланысты айқын проблемаларды меңзейді.

5.5.Қазақстандағы адам саудасы қҧрбандарына кӛрсетілен қызметті

бағалау (әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерінің негізінде)

Аталмыш Баяндаманы әзірлеу аясында Халықаралық кӛші-қон ұйымының

49

ЮНОДК, «Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары арасындағы адам саудасы құрбандары

мен заңсыз әкелінген мигранттарды қорғау және қолдау саласындағы ынтымақтастық тетіктерін жетілдіру»,

2013 жылғы қыркүйек, Астана

Page 125: Арнайы баяндама1.7 MB

125

сарапшылары Адам құқықтары жӛніндегі комиссия сарапшыларымен бірлесе

«Қазақстан Республикасында адам саудасы құрбандарына кӛрсетілетін

әлеуметтік қызметтерге деген тең қолжетімдікті ілгерілету» атты зерттеу

жүргізді. Адам саудасымен күрестің басымдықтарының бірі адам саудасы

құрбандарына оңалту және реинтеграциялық кӛмек кӛрсету болып табылады,

Халықаралық кӛші-қон ұйымы қызметінің аясында қазіргі кезеңде мыңдаған

адам кӛмекке ие болған. Адам саудасы құрбандарына оңалту және реинтеграция

жӛніндегі тікелей қызметтерді адам саудасымен күрес жӛніндегі жобаларды

іске асыру бойынша Халықаралық кӛші-қон ұйымының серіктестерінің желісіне

кіретін Қазақстанның ҮЕҰ кӛрсетеді.

2004 жылдан 2013 жылға дейінгі аралықта айқындалған жағдайлардың

кӛбі халықаралық кӛші-қонмен байланысты, алайда ішкі кӛші-қон

жағдайларының үлесі де айтарлықтай және 40% құрайды (жалпы 1078 адам

санынан). 2009 жылға дейін шекарадан ӛту арқылы болған адам саудасы

жағдайларының саны ішкі адам саудасы жағдайларының санынан басым болды.

2009 жылдан бастап бұл кӛрсеткіштер халықаралық адам саудасы жағына қарай

үлестің біршама кӛп болуымен теңесті деуге болады.

Аталмыш бастаманың аясында кӛмек алып жатқан адам саудасы

құрбандары негізінен баратын елі Қазақстан болғандар. Ішінде азиялық және

еуропалық елдер де бар ӛзге бару елдерінің үлесіне 10% жағдай тиесілі.

Олардың ішінде Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия және Ресей алда. Адам

саудасы құрбандарының кӛбі – Қазақстан мен Ӛзбекстанның азаматтары.

Айқындалған жағдайлардың үштен екісі дерлгін әйелдер құрайды.

Құрбандардың жасы негізінен 30 жастан аспайды, әрбір алтыншы адам (16%)

кәмелетке толмай адам саудасы құрбанына айналған. Кӛмек алып

жатқандардың арасында еңбек және сексуалдық пайдалану құрбандары бірдей

үлесті құрайды. Соңғы үш жылда айқындалған еңбек арқылы

қанаужағдайларының саны сексуалдық қанаужағдайларының санынан артты.

Қолданыстағы оңалту орталықтарында (біреуі– Әділет министрлігінің

пилоттық жобасының аясында, екеуі – Халықаралық кӛші-қон

ұйымынанқаржыландырылып жатқан орталық) кӛрсетілетін қызметтердің

сапасын әрі қарай арттыру мақсатында Халықаралық кӛші-қон ұйымы тәуелсіз

мамандарды жұмылдыру арқылы ҮЕҰ ұсынатын әлеуметтік қызметтердің

(әлеуметтік-тұрмыстық; әлеуметтік-медициналық; әлеуметтік-психологиялық;

әлеуметтік-құқықтық; әлеуметтік-экономикалық; әлеуметтік-педагогикалық)

негізгі 6 түрінің тізімі аталған мақсатты топтың қажеттіліктерін қанағаттандыру

үшін жеткілікті ме және адам саудасы құрбандары оларға кӛрсетілген кӛмектің

сапасына қаншалықты қанағаттанады деген мәселені зерделеді (зерттеудің

толық нұсқасын Халықаралық кӛші-қон ұйымы қалың бұқараға жария етті және

ашық сипатта қолжетімді).

Зерттеудің міндеттері:

1. адам саудасы құрбандарының оларға кӛрсетілетін кӛмекке

қанағаттану деңгейін бағалау;

Page 126: Арнайы баяндама1.7 MB

126

2. адам саудасы құрбандарында кӛмекке қанағаттанбаушылық

қажеттіліктерінің болуын анықтау;

3. адам саудасы құрбандарына әлеуметтік қызметтер кӛрсететін

мамандардың аталмыш мақсатты топқа әлеуметтік қызметтер кӛрсетудің

тиімділігі мен мүмкіндіктерін қабылдауын бағалау;

4. Қазақстан Республикасында адам саудасы құрбандарына әлеуметтік

қызметтер кӛрсету жүйесін жетілдіру жӛнінде ұсынымдар әзірлеу;

5. Қазақстан Республикасында адам саудасы құрбандарына

кӛрсетілетін әлеуметтік қызметтердің мониторингі мен бағалау жүйесін

жетілдіру жӛнінде ұсынымдар әзірлеу.

Зерттеудің мақсатты тобы Қазақстан Республикасында адам саудасы

құрбаны ретінде әлеуметтік қызметтер алған адамдар және аталмыш

қызметтерді (қаржыландыру кӛзінеқарамастан (Халықаралық кӛші-қон ұйымы

бағдарламалары, мемлекеттік бюджет) кӛрсететін мамандар. Осылайша,

жүргізілген зерттеу нәтижелерін арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну

стандарттарын әзірлеуде назарға алу қажет болады.

5.5.1. Мәліметтерді жинақтау әдістері

Зерттеу сапалы әлеуметтанулық әдіснама аясында жүргізілді, кӛбінесе

әртүрлі феномендерді айқындау мен сипаттауға бағытталған, ал олардың

сандық таралуына азырақ мән беріледі. Зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне

сәйкес зерттеудің негізгі әдісі жартылай құрылымданған сұхбат, ол келесі

информанттарды қамтыды: Қазақстан РеспубликасындағыХалықаралық кӛші-

қон ұйымының Қазақстан Республикасындағы адам саудасымен күрес

жӛніндегі бағдарламасының қызметі аясында және ҚР Әділет министрлігінің

әлеуметтік мемлекеттік тапсырысын іске асыру аясында және адам саудасы

құрбандарына әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдардың қызметкерлерінен

әлеуметтік қызметтер алған адам саудасы құрбандары. Зерттеудің қосалқы әдісі

Қазақстан Республикасының кӛмек кӛрсететін (шелтерлер) әртүрлі

орталықтарға сайт-сапарлар (3 сапар) болып табылды. Зерттеуге келесі

шелтерлер қатысты:

«Әйелдер мен балаларғаарналған әлеуметтік-психологиялық оңалту

және бейімдеу «Родник» орталығы» (Алматы қаласы) қоғамдық қоры, 2006

жылы АҚШ-тың Халықаралық даму жӛніндегі агенттігінің қаржылай

қолдауымен Халықаралық кӛші-қон ұйымының «Орталық Азиядағы адам

саудасымен күрес» жобасының аясында құрылған. Шелтер қауіпсіз мекендеу,

медициналық кӛмек, психологиялық консультациялар беру, кәсіби оқыту,

Отанға оралу, құжаттарды қалпына келтіру және реинтеграциялық кӛмек

бойынша қызметтер ұсынады. Шелтер ең кӛп дегенде алты адамды (әйелді) –

резидентті қабылдау алады. Шелтерде бес қызметкер жұмыс істейді: шелтер

жетекшісі, психолог, үш әлеуметтік жұмыскер.

«Феминистская лига» (Кӛкшетау қаласы) ҚБ,2008 жылы

Page 127: Арнайы баяндама1.7 MB

127

Нидерланды Елшілігінің қаржылай қолдауымен Халықаралық кӛші-қон

ұйымының «Қазақстандағы адам саудасымен күрес: Адам саудасын болдырмау

және адам саудасы құрбандарын қорғау» жобасының аясында құрылған. Жалпы

шелтерге 10 резидентті (ерлер мен әйелдер) орналастыруға болады.Шелтерде

қауіпсіз мекендеу, медициналық кӛмек, психологиялық консультациялар беру,

заңгерлік сүйемелдеу, кәсіби оқыту курстарын ұсыну, Отанға оралу,

құжаттарды қалпына келтіру және реинтеграциялық кӛмек бойынша қызметтер

ұсынылады. Шелтерде алты қызметкер жұмыс істейді: жетекші, тӛрт әлеуметтік

жұмыскер, психолог, медициналық қызметкер.

«Кӛмек» адам саудасының құрбандарыныңуақытша тұратын

орталығы ЖМ 2009 жылы ҚР Әділет министрлігінің бастамасымен «Қорғау-

Астана» ҚЖ (Астана қаласы) жанынан құрылды, 20 адам сияды. Орталықтың

басым бағыты уақытша тұратын орын ұсыну және «адам саудасы құрбандары»

анықтамасына кіретін адамдарға, жәбірленушілерге құқық қорғаушылық,

медициналық, психологиялық және ӛзге де аралас қызметтер кӛрсету.

Адам саудасы құрбандарымен сұхбат

Қызметтерді алушылар - адам саудасы құрбандарының тәжірибесі мен

пікірлерінің барлығын кӛрсетуді қамтамасыз ету үшін болжамды түрде

статистикалық деректерді талдаудың негізінде адам саудасына қатысты

әлеуметтік демографиялық және ӛзге де сипаттамаларға негізделген

респонденттердің құрамына квоталар белгіленген (1-кесте).

Аталған жобаның аясында іріктемені қалыптастырудың бұл амалы шелтер

қызметкерлерінің кӛмегімен іске аса алар еді. Осыған орай, Қазақстанда

рекрутталғанреспонденттер – бұл кӛп жағдайда әлеуметтік кӛмекті алу процесін

сәтті аяқтаған және шелтер қызметкерлерімен позитивті байланыстарды

сақтаған адамдар, яғни «табыстылар» қатарына жатқызуға болатын оңалту

жағдайлары. Бұл факт зерттеу нәтижелерін түсіндіру мүмкіндіктеріне

шектеулер қояды. Топ Жоспарланған Іске асырылған

кӛлем (N) кӛлем (N)

Келу/шығу елі бойынша

1. Бару елі - Қазақстан 16-18 16

Соның ішінде шығу 5 кем емес 8

елі - Қазақстан

Шығу елі - – 5 кем емес 7

Ӛзбекстан

Шығу елі - 3 кем емес 1

ӛзге

2. Бару елі – ӛзге 2-4

Page 128: Арнайы баяндама1.7 MB

128

Басқа сипаттамалар

Ер адамдар

7-10 8

Еңбектік қанаудың құрбандары 7-10 11

БАРЛЫҒЫ: 20 17

1-кесте. Адам саудасы құрбандарының жоспарланып отырған және

іскеасырылған іріктемесінің кӛлемі

Іріктеменің жалпы кӛлемі 17 адамды құрады, соның ішінде 8-і ерлер және

9-ы әйелдер.Іріктемеде Қазақстанның, сондай-ақ Ӛзбекстанның және

Қырғызстанның түрлі мекемелерінен адам саудасының құрбандары ретінде

кӛмек алған адамдар кӛрініс табады.

Кӛптеген сұралғандар үшін шыққан елі Қазақстан немесе Ӛзбекстан

болып табылды, екі жағдайда респонденттер ӛзге елдерді атады, ол: Қырғызстан

және Молдова. Жеткізілген ел кӛп жағдайда Қазақстан болды және тек бір

жағдайда ғана ӛзге елді (Ресей) кӛрсетті. Барлық сұралған ер адамдар еңбектік

қанауға тап болған, барлығы үшін бірінші рет болған. Адам саудасы

құрбандарының кӛпшілігі болған ерлердің балалары бар (8-ден 6-уы).

Адам саудасы құрбандары – әйелдерді пайдаланудың әртүрлі түріне тап

болған. Сұралғандардың жартысынан кӛбі (5 адам) сексуалдық

қанауғаұшыраған, екі жағдайда еңбекпен қанау байқалды. Сұралғандардың

біреуі қанаудың аралас түріне (сексуалдық және еңбек) тап болған, тағы бір

әйел қыз абыройын сату мақсатында күштеп ұсталған. Бір әйел үшін қанау

әдісіқайталанған: бұған дейін сексуалдық және еңбектік қанауға тап болған

болатын. Қалған сұралғандар осы уақытта дейін адам саудасы құрбаны

болмаған. Сұралғандардың жартысына жуығының (9-дан 4-еуі) балалары бар.

Жалпы іріктеменің құрылымы Қазақстан Республикасында соңғы

жылдары әлеуметтік қызметтер алған адам саудасы құрбандарының негізгі

сипаттамаларына сәйкес келеді.

Адам саудасы құрбандарына әлеуметтік кӛмек кӛрсету мекемелерінің

қзметкерлері деректердің объективтілігі үшін респонденттердің ӛздері ұсынған

мәліметтермен қатар арнайы әзірленген нысан бойынша респондентке

ұсынылған қызметтер туралы ақпарат жинады.

Мамандармен сұхбат

Зерттеулік схеманың пилотажынан кейін адам саудасы құрбандарына

әлеуметтік қызметтер ұсынатын мамандармен қосымша сұхбат ӛткізу туралы

шешім қабылданды. Зерттеуге түрлі деңгейдегі қызметкерлер қатысты:

бағдарламалар әзірленетін кӛмек кӛрсету орталықтарының жетекшілері және

адам саудасы құрбандарына тікелей кӛмек кӛрсететінтүрлі бейіндегі мамандар.

Сұхбат Қазақстан Республикасында (Астана, Алматы және

Кӛкшетауқалаларында) адам саудасы құрбандарына кӛмек кӛрсететін үш түрлі

Page 129: Арнайы баяндама1.7 MB

129

мекемелердің қызметкерлерімен жүргізілді.

Қызметтер кӛрсетуді жетілдіру жолдарын сипаттау мүмкіндігіне ие болу

үшін мамандармен сұхбат жүргізу жобаланған екенін айта кету қажет, яғни кӛп

жағдайда жобаның табыстарын белгілеуге емес, жағымсыз тұстарын

айқындауға бағытталған.

5.5.2. Адам саудасы қҧрбандарымен сҧхбаттың нәтижелері

Алынатын көмектің объективті сипаттамалары

Сұралғандар шыққан елге ӛтудің түрлі кезеңдерінде әлеуметтік қызметтер

мен сүйемелдеу алған. Шыққан елге келген кезде және реинтеграциялану

кезінде кӛмек алған респонденттер негізгі үлесті құрады. Сұралғандардың

біршама бӛлігінде сүйемелдеу барлық кезеңдерде қамтамасыз етілді.

Кейбір жағдайларда адам саудасы құрбандарының отбасы мүшелеріне де

кӛмек кӛрсетілген (барған елге дейін, сол елге бару кезінде, сондай-ақ

реинтеграциялық кезең кезінде).

Бір жағдайда кӛмек адам саудасы құрбандарын тұрақты тұратын мекенге

кӛшіру барысында кӛрсетілді, сондай-ақ бірқатар адам саудасының құрбандары

әлеуметтік кӛмектің медициналық немесе ӛзге де түрлерін алу үшін басқа

ұйымдарға қайта бағытталды.

Әлеуметтік қызметтер алудың ұзақтығы әртүрлі және бір айдан жылға

дейінгі кезеңді құрады. Орташа есеппен зерттеуге қатысушылар адам саудасы

құрбандары ретінде 4-5 айдың ішінде әлеуметтік қызметтер алған.

Кӛмек кӛрсету орталығында сұралғандар негізінен полиция немесе кӛші-

қон қызметтерінің әрекетінің (мысалы, құрылыс объектіндегі немесе секс-

бизнес ұйымдарындағы рейд барысында айқындалған) арқасында тап болған.

Мұндай рейдтер жәбірленушілердің туысқандарының ӛтініштері бойынша

ӛткізіле алар еді. Басқа жағдайларда сұралғандар пайдалану орнынан кете

(қаша) отырып полицияға жүгінген: олар полицияға ӛз бетінше немесе

кездейсоқ таныстары арқылы жүгіне алған немесе полиция қызметкерлері

қоғамдық орында құжаттарды тексеру үшін тоқтатылған болатын.

Бірнеше жағдайларда жәбірленушілердің туысқандары мен олардың

кездейсоқ таныстары тікелей кӛмек кӛрсету орталығына немесе қызу желіге

хабарласқан. Әлеуметтік кӛмек кӛрсету орталығына адам саудасы

құрбандарының тікелей жүгінуі жағдайлары зерттелгендердің арасында тыс

сирек болған – тек бір жағдайда ғана адам саудасы құрбаны газеттен

орталықтың жетекшісімен сұхбатты оқи отырып, орталыққа жүгінген.

Алынатын көмекті субъективті бағалау

Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер

Зерттеуге қатысқан адам саудасы құрбандарының барлығына елге

ауысудың бір немесе бірнеше кезеңдерінде түрлі әлеуметтік-тұрмыстық

қызметтер ұсынылған.Уақытша тұратын орын беру, киіммен және тамақпен

қамтамасыз ету ең жиі аталды.

Page 130: Арнайы баяндама1.7 MB

130

Жалпы сауалдамаға қатысқандар кӛрсетілген қызметтерге қанағаттанған.

Адам саудасы құрбандары үшін тұратын орынға қанағаттанудың маңызды

факторы еркін ауысу және орталықтағы қалыптасқан күн тәртібі болып

табылады. Зерттеу жүргізілген орталықтардың бірінде сұралған адам саудасы

құрбандары орталықта ӛткізілетін бос уақыт іс-шараларынан, соның ішінде

киноға және драмалық театрларғабарудан оң әсер алуымен байланыстырады.

Сонымен қатар, респонденттер орталықта бос уақытты ұйымдастырудың басқа

да амалдары туралы, мысалы кулинарияға үйрету сияқты амалдары туралы жиі

оң бағалады. Жабық режимде жұмыс істейтін орталықтарда оңалушыларда

кӛшеге шығу мүмкіндігі жоқ, толық жұмыс тәртібі ерекше мәнге ие болады. Бос

уақыттың жоқтығы және оны толтыру үшін қандай да бір мүмкіндіктердің

(оқыту немесе еңбек сабақтары жүйесі, консультациялар және т.б.) жоқтығы

әсіресе орталықта ұзақ уақыт болу жағдайында оңалушылардың

қанағаттанбауын тудырады.

Тұрып жатқан жеріне қанағаттанудың маңызды факторы сұралғандар

үшін шелтерде тұрған кездегі қауіпсіздік сезімі мен үй жағдайын тудыру болып

табылды. Кӛмек үшін жүгінуден кейінгі кезең адам саудасы құрбандарының

жоғары алаңдаушылық деңгейімен сипатталады, бұл алдағы тағдыры мен

пайдалану орындарына оралу мүмкіндігінен үрейленуден байқалады. Сұралған

адам саудасы құрбандары жалпы кӛмек кӛрсету орталықтарындағы жағдайды

жоғары бағалайды, соның арқасында олар ӛздерін қорғаулы және ыңғайлы

сезіне бастаған. Мекендеуді ұйымдастыру мен Отанына оралуға кӛмектесумен

байланысты әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерге қанағаттану айтарлықтай

жоғары: орташа есеппен 5 балдық мүмкіндіктен 4,5 (бағалардың шашылуы –

мүмкін болатын 5 балдан 4-пен 5 балдың аралығында).

Сонымен қоса, олар кӛмек кӛрсету орталықтарында тұруды

ұйымдастырудағы бірқатар ыңғайсыздықтарға да мән берген. Бірінші кезекте

бұл тұратын тұрғын жайларының кӛлемінің кіші болуымен және орталықтың

толықтай бос болмауы жағдайындағы тығыздығымен байланысты. Тұрып

жатқан кезінде тығыз жағдайлардың болуы оңалушылар арасындағы тұрмыстық

шиеленістердің болуына алып келгенін сұралғандар білдірді.

Қанағаттанудың жоғары кӛрсеткіштеріне қарамастан зерттеу барысында

жеке респонденттер тұрғылықты мекенді ұйымдастырудағы қиындықтарды

сезінген және оларға арнайы кӛмек қажет болған. Мысалы, респонденттердің

біреуі орталықтан кӛмек алған, алайда орталықта тұрудан бас тартқан. Шелтер

оның уақытша заңсыз жұмыс орнынан алыс болғандықтан бас тартқан.

Респондент оған кӛрсетілген кӛмекке қанағаттануы жоғары деңгейде, алайда

оның тұрған жері ол кезде тұрғылықты жердің ең тӛменгі талаптарына сәйкес

келмейтін адам тұрарлық жер емес еді. Аталмыш стандартты емес жағдай

мекендеуді ұйымдастыра отырып кӛмек кӛрсетудің айтарлықтай икемді жүйесі

қажет екенін кӛрсетеді, соның ішінде кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар

адам саудасы құрбандарына және орталықта тұру мәселесі бойынша кӛмек

кӛрсету орталығына жүгінуге жоғары ынтасы жоқтарға қажет.

Page 131: Арнайы баяндама1.7 MB

131

Әлеуметтік-медициналық қызметтер

Он жеті сұралғандардың ішінде оны кӛмек кӛрсету орталықтарында болу

кезеңінде қандай да бір медициналық қызметтер алғанын баяндады. Кӛрсетілген

кӛмек негізінен қандай да бір ӛткір жағдайлармен байланысты болған, мысалы,

суық тию немесе аллергиялық аурулар. Сонымен қоса, сексуалдық

қанауғаұшыраған адам саудасы құрбандары гинекологқа қаралу және соз

ауруларынан емдеу үшін жіберілген. Медициналық қызметкерлер барлық

орталықтың штатында болмағандықтан, барлық жағдайларда күрделі аурулар

мен кәсіби диагностика тікелей орталықтарда емес, бейінді медициналық

мекемелерде жүзеге асырылған.

Кӛбінесе медициналық кӛмек респонденттерге олардың сұранысы

бойынша кӛрсетілгенін атап кету қажет, адам саудасы құрбандарының

денсаулық жағдайының объективті диагностикасы ӛткізілмеуі де мүмкін еді.

Осылайша, медициналық қызмет кӛрсетуден тыс симптомдары кӛзге

кӛрінбейтін аурулары бар респонденттер немесе орталықтың персоналына

және/немесе медициналық кӛмек алу нұсқауларына жеткілікті түрде сенім

білдірмейтін адамдар тап болуы мүмкін еді.

Респонденттердің басым бӛлігінде қаржылық және ӛзге де шектеулерге

байланысты бағдарламаның аясында емдеу ұсыныла алмаған күрделі

созылмалы аурулары болды. Мұндай аурулардың болуы бейімсіздік

факторларының бірі болып табылады. Мұндай ауруларға қатысты

консультациялар беру және кәсіби медициналық кӛмекке жүгіну мүмкіндіктері

мен қажеттіліктері адам саудасы құрбандарының реинтеграциясы аясында

жұмыстың перспективалық бағыттарының бірі бола алады.

Респонденттер қандай да бір профилактикалық іс-шараларға (мысалы,

салауатты ӛмір салтына арналған дәрістер және консультациялар) қатысу

туралы сирек атады, егер айтса да оларға сирек шынайы түрде мән берді.

Кӛрсетілген медициналық қызметтерге қанағаттану айтарлықтай жоғары:

орташа есеппен алған 5-тен 4,4 балл (бағалардың шашырауы мүмкін болатын 5

балдың ішінде - 2-ден 5 балға дейін). Кӛмек кӛрсетілген адамдар медициналық

қызметтер кӛрсетуді ұсынылатын кӛмектің мақсаттары мен әдістері туралы

толығырақ ақпарат беру арқылы сүйемелдеуді ұсынады.

Психологиялық көмек

17 сұралғандардың ішінде 12-сі психологиялық кӛмек алғандығын

хабарлады. Кӛрсетілген кӛмекке қанағаттану айтарлықтай жоғары: орташа

есеппен 5-тен 4,6 (бағалардың шашырауы – мүмкін болатын 5 балдың ішінде 3-

тен 5 балға дейін).

Кӛрсетілген кӛмекке азырақ қанағаттану жағдайлары психологиялық

жұмыстың жеткіліксіз құрылымдануымен және клиенттердің жұмыстың

мақсаттарын, міндеттері мен әдістерін түсінбеуімен байланысты. Сондай-ақ

кейбір респонденттер оңалудың айтарлықтай қиын бастапқы кезеңінде

психологиялық кӛмектің жоқ екенін атап ӛтті. Онымен қоса, сұралғандардың

пікірінше, психологиялық кӛмектің құрылымында психологиялық жұмыстың

Page 132: Арнайы баяндама1.7 MB

132

жеке әдістері сәйкес емес ұсынылған: психологиялық диагностика («тестерді

қолдану»)психологиялық консультация беруге қарағанда басым, ал жұмыстың

топтық әдістері жеке консультация беруге қарағанда кӛбірек.

Бірнеше респонденттер – ерлер олардың психологиялық жағымсыздық

симптомдары болуына қарамастан психологиялық кӛмектің ұсынылмағанын

атап ӛтті. Барлық бұл респонденттер шелтерлер жоқ Қазақстанның ӛңірлерінде

айқындалды және олар қызметтерді амбулаториялық түрде ұсынатын ӛзге ҮЕҰ-

дан кӛмек алған. Бір респондент мамандарға деген сенімнің жоқтығынан

ұсынылған психологиялық кӛмектен бас тартқанын хабарлады.

Респонденттер ӛздерінің психологиялық жағдайының жақсарғанын

психологиялық кӛмек алуымен емес, кӛбінесе орталық қызметкерлерімен жылы

бейресми байланыс орнатуымен байланыстыратынын айта кету керек.

Шелтерде болған кездерінде респонденттердің бір бӛлігі орталықтың

басшылығымен және қызметкерлерімен тұрақты сенімді байланыс орната алған

және оңалту біткеннен кейін де оларға кеңес сұрап жүгіне алады.

Сол сәтте дәл осы мекеменің персоналымен байланыс орнату

сипаттамалары адам саудасы құрбандарының психологиялық жағдайының

нашарлауының және жұмыс тиімділігінің тӛмендеуінің де факторы бола алады.

Респонденттердің біреуі орталық қызметкерінің адам саудасы құрбандарына

дӛрекі сӛйлеуін хабарлады, ол оның кӛңіліне қаяу түсірді және персоналға деген

сенімді жоғалтты.

Қазіргі кезде респонденттердің басым бӛлігі дағдарыстық қана емес, жеке-

психологиялық және жеке-тұлғалық консультация беру түріндегі

психологиялық кӛмектің қажеттілігін хабарлады.

Әлеуметтік-құқықтық қызметтер

Сұралғандардың кӛпшілігі кӛмек кӛсету кезінде заңдық сипаттың

күрделілігі туралы хабарлады: кӛптеген респонденттер әлеуметтік құқықтық

қызметтің қандай да бір түрін алған. Сұралған адам саудасы құрбандары

жолықтырған құқықтық кӛмектің негізгі нысандары құжаттарды қалпына

келтіру, отанына оралуда жәрдемдесуде кӛші-қон қызметтерімен ӛзара іс-қимыл

және адам саудасы құрбандарын пайдалануға мәжбүрлеген адамдарға қарсы

қылмыстық іс қозғауда кӛмектесу болып табылады. Алайда сұхбат барысы

кезінде кӛптеген қозғалған істер жабық болған немесе жалғасып жатқан, бірақ

сәтті аяқталмағанын атап кету қажет. Дегенмен де кейбір ӛңірлерде қылмыстық

істер қылмыскерлерді бас бостандығынан 15 жылға дейін айыру жазасымен ең

жоғары мерзімге соттаумен аяқталған.

Алынған кӛмекке қанағаттану орташадан жоғары ретінде бағалана алады:

орташа есеппен мүмкін болатын 5-тен 4,1 (бағалардың шашыраңқылығы – 2

балдан 5 балға дейін).

Кӛрсетілген әлеуметтік-құқықтық кӛмекке қанағаттанбау жағдайлары

кӛмектің нәтижелерінің респонденттердің күтулеріне сәйкес келмеуімен

байланысты. Атап айтқанда, респонденттер мынадай жағдайлармен

қанағаттанбауы мүмкін еді: әкімшілік жазалаудан және/немесе құқықтық

Page 133: Арнайы баяндама1.7 MB

133

тәртіпті қорғау қызметкерлерінің ұстауданбосатпауымен, қанаунәтижесінде

келтірілген моральдық және материалдық ӛтемақыны алмаумен, құжаттарды

қалпына келтірумен және кӛмек кӛрсету қызметінің құжаттарды жоғалтуымен.

Кӛптеген сұралғандар балаға құжаттарды ресімдеу тәрізді күрделі істерге

қатысты заңдық сүйемелдеудің қарқыны мен нәтижесіне объективті түрде риза

емес. Зерттеу жүргізу кезінде респонденттердің бір бӛлігінде арнайы құқықтық

кӛмек алу қажеттілігі бұрынғыдай ӛзекті болып қала берді.

Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер

Кәсіби және жалпы білім деңгейіне қарамастан кӛптеген респонденттер

оларға әлеуметтік-педагогикалық қызметтер (яғни қосымша білім беру немесе

оқытуды) алуды ӛздері үшін ӛзекті деп санамайды. Сұралғандардың

жартысынан сәл аз бӛлігі қандай да бір нысанда әлеуметтік-педагогикалық

қызметтер алған. Кӛрсетілген қызметтерге қанағаттану орташа жоғары ретінде

бағалана алады: орташа есеппен мүмкін болатын 5-тен 4 балл (бағалардың

шашырауы – 3-тен 5 балға дейін).

Негізінен әлеуметтік-педагогикалық қызметтер адам саудасы

құрбандарышектелген нұсқалардың ішінен таңдай алатын қысқа мерзімді кәсіби

білім беру курстарынан ӛтуді білдіреді. Адам саудасы құрбандары шелтерде

ұзақ болған кезде бірнеше кәсіби даярлық курстарынан ӛте алар еді. Бұл

курстардан ӛткен адамдар мұндай қызметтер алғанына аса қанағаттанады және

дипломдар алуына байланысты мақтаныш сезімі мен ӛзіндік бағалауларының

артқанын айтады. Сонымен қатар респондеттердің бір бӛлігі үшін қосымша

оқытудан ӛтуді қалауындағы маңызды рӛлді алдағы жұмысқа орналасу

қажеттілігі емес, жағдайды ауыстыру, жаңа әсерлер мен бос уақыттың

құрылымдануының қажеттілігі атқарды.Бағдарлама аясында қосалқы білім

алуға және оған деген жоғары қанағаттануға қарамастан жекелеген жағдайларда

респонденттер алған мамандықтары бойынша жұмыс істемейтінін хабарлады.

Аталған факт білім беру қызметтерінің адам саудасы құрбандарының ӛзекті

қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне жеткілікті түрде сәйкес келмеуін білдіреді.

Сонымен қоса, адам саудасы құрбандары алған әлеуметтік-педагогикалық

қызметтерге кейбір орталықтардағы ӛзіне қызмет кӛрсету (тамақ әзірлеу, үй

жинау және басқалар) дағдыларын дамыту жӛніндегі сабақтарды жатқызуға

болады. Адам саудасы құрбандары мұндай сабақтарды оң бағалайды, себебі

олар орталықта ӛткізген уақытты құрылымдауға кӛмектеседі.

Әлеуметтік-экономикалық қызметтер

Әлеуметтік-экономикалық кӛмек сұралғандардың жартысынан кӛбіне

кӛрсетілді, негізінен азын-аулақ ақшалай және табиғи тӛлемдер түрінде, сирек

жағдайларда – жұмысқа орналасуға кӛмек ретінде кӛрсетілді. Кӛмек алғандар

оны орташа деңгейде бағалады: мүмкін болатын 5-тен 3,6 балл. Қанағаттанудың

жоғары емес кӛрсеткіштері кӛбінесе респонденттердің бағдарламаның

материалдық қолдау және/немесе жұмысқа орналастыру жӛніндегі

мүмкіндіктеріне қатысты жоғары күтулерімен байланысты.

Кӛмекке, бірінші кезекте уақытша және тұрақты жұмысқа орналасуға,

Page 134: Арнайы баяндама1.7 MB

134

сондай-ақ материалдық кӛмекке қажеттілік айтарлықтай жоғары.

Сұралғандардың үштен бір бӛлігі ӛздерінің қазіргі еңбекпенқамтылуы мен

қаржылық жағдайына қанағаттанбайтынын білдірді, бұл қанауғақайтадан

ұшырау қаупін арттырады. Респонденттердің біреуі алдағы жоспарын еңбектік

қызметпен айналысу үшін басқа елге кӛшумен байланыстыратынын хабарлады.

Көмекке жалпы қанағаттану

Сұралғандар кӛрсетілген кӛмекке жалпы қанағаттанады. Қанағаттану

кӛрсеткіштері кӛбінесе бес балдық шкала бойынша 4-тен 5 балға дейін ӛзгереді

(1-сурет).Респонденттер ӛздеріне кӛрсетілген тұрмыстық, медициналық және

психологиялық қызметтерді біршама жоғары, ал құқықтық, экономикалық және

педагогикалық қызметтерді тӛменірек бағалайды.

1-сурет.Алынған қызметтердің түріне байланысты орташа баға,

абсолюттік сандарда.

5.5.3. Адам саудасы қҧрбандарына әлеуметтік қызмет кӛрсететін

мамандармен сҧхбаттың нәтижелері

Сұралғандардың сипаттамасы

Зерттеуге адам саудасы құрбандарына әлеуметтік қызмет кӛрсетуге

мүдделі Қазақстан Республикасының үш ӛңірінен кӛмек кӛрсететін 4 түрлі

орталықтың 9 маманы қатысты. Адам саудасы құрбандарына арнаулы кӛмек

кӛрсетуді тікелей үйлестіретін немесе негізгі кәсіби міндеттерінің аясында адам

саудасы құрбандарымен ӛзара іс-қимыл жасайтын директорлар (3 маман),

әлеуметтік қызметкерлер (4 маман), психологтар (1 маман) және ӛзге орталық

қызметкерлері (1 маман) сұралды.

Орталықтың кӛптеген қызметкерлері – әйелдер. Қызметкерлердің

негізінен ӛздерінің мамандықтары бойынша бейінді білімі жоқ (бұл орталық

жетекшілері мен әлеуметтік жұмыскерлерге және аз мӛлшерде психологтарға

Page 135: Арнайы баяндама1.7 MB

135

тән). Аталмыш жұмыс үшін қажетті мамандандырылған білімдердің кешені

негізінен қысқа мерзімді курстардың және/немесе семинарлардың аясында

немесе тікелей жұмыс барысында алынды. Сұралғандардың кӛпшілігі үшін

қарым-қатынас тілі орыс тілі екенін айта кету қажет, қазақ және/немесе ӛзге

тілдерді білу адам саудасы құрбандарының арасында жоғары деңгейде емес.

Сонымен қоса, кӛмек кӛрсету ұйымдарының адам саудасы құрбандарына

әлеуметтік қызметтер кӛрсету миссиясына деген кәсіби қызығушылығының,

жұмысқа деген қызығушылықтың жоғары екенін айта кету қажет, бұл белгілі

бір мӛлшерде мамандардың кәсіби даярлығының сипатталған ерекшеліктерін

толтырады.

Адам саудасы құрбандарының –әлеуметтік қызметтерді алушылардың

сипаттамалары

Мамандар адам саудасы құрбандарының әлеуметтік сипаттамалары мен

психологиялық ерекшеліктерінде айтарлықтай ерекшелік бар екенін айтады.

Адам саудасы құрбандары – әлеуметтік кӛмек алушылар үшін әлеуметтік және

отбасылық байланыстардың бұзылуы әдеттегі жағдайы болып табылады, бұл

ата-анасы отбасының сәтсіздігі мен ӛзіндегі отбасылық қатынастардағы

дағдарыспен байланысты болуы мүмкін.

Әлеуметтік кӛмек орталықтарына келетін адам саудасы құрбандары

дағдарысты ӛмірлік жағдайға тап болу белгілеріне ие, бұл ретте кӛптеген

жағдайларда кӛмек алушыларда ӛздері тап болған жағдайды дағдарысты

қабылдау мен дағдарысты жағдайды сезіну жоқ.

Адам саудасы құрбандарына көмек көрсету жүйесіндегі проблемалық

салалар.

Мамандар сұхбаты Қазақстан Республикасындағы адам саудасы

құрбандарына әлеуметтік кӛмек кӛрсету жүйесіндегі негізгі проблемалық

салаларды айқындауға мүмкіндік берді.

Ұйымдастырушылық қиындықтар

Мамандар атаған ұйымдастырушылық қиындықтарға мақсатты топқа

кӛмек кӛрсетудің ерекшеліктерімен және жеке қиындықтарға

байланыстымамандардың арнайы мамандандырылған білімдерінің жеткіліксіз

деңгейін жатқызуға болады, мысалы, мамандардың есеп-қисапқа, сондай-ақ

жағдайға байланысты жұмысты ұйымдастыруға (сипаттамаларды әзірлеу,

жұмыс жоспарын редакциялау) қажетті компьютерлік бағдарламаларды

игерудің деңгейі барлық уақытта бірдей жеткілікті емес.

Кӛмек кӛрсету қызметінің сыртқы сүйемелдеуінің жеткіліксіз деңгейі

байқалады, атап айтқанда кәсіби күюдің профилактикасын жүргізу мен

мамандардың супервизиясының жоқтығы және жүйелі болмауы. Кӛмек

алушылардың аталған санатымен жұмыс істеу кәсіби күютұрғысында тәуекелді

болып табылады, бірқатар мамандар клиенттермен жұмысты ұйымдастыруда

психологиялық қиындықтардың бар екенін айтып ӛтті.

Әдістемелік қиындықтар

Page 136: Арнайы баяндама1.7 MB

136

Адам саудасы құрбандарына кӛмекті іске асырудың негізгі әдістемелік

қиындықтарына халықтың бұл санатына кӛрсетілетін қызметтердің бірыңғай

стандарттарының жоқтығы жатқызылады, бұл түрлі орталықтар ұсынатын

қызметтердің әртүрлі спектрінде, сондай-ақ қызметтердің реттелмеген

әдістемелік толуында кӛрінеді.

Әлеуметтік жұмысты кешенді іске асыруға және нақты мақсатты топпен

жақсы жұмыс тәжірибесіне қатысты мамандардың қазіргі заманғы арнайы

мамандандырылған әдістемелік ұсынымдарына қолжетімділік жоқ дерлік.

Тәжірибеде мамандар ӛздеріне қолжетімді әдістемелерді қолданады, ол аталған

бағдарламаның мақсаттарын іске асыру үшін әрқашан сәйкес келе бермейді.

Әдістемелік сүйемелдеудің жетілдірілмеуі кӛрсетілетін кӛмектің

жағдайларын іштен есепке алу жүйесінің жетілмеуінен кӛрінеді. Халықаралық

кӛші-қон ұйымының стандарттық нысандарынан басқа әрбір мекемеде

жағдайды сипаттаудың ӛзіндік жүйелері (арнайы журналдар, психологиялық

тексеріс нысандары және т.б.) әзірленген, ол жағдайдың стратегиясын әзірлеу

және әлеуметтік кӛмектің тиімділігін бағалау үшін қажетті маңызды болатын

ақпаратты қамтиды. Алайда бұл нысандардың бірізділігінің және олардың

әдістемелік жетілдірілмеуінің жоқтығының салдарынан бұл деректер ғылыми

мақсаттар үшін де, әдістемелік жұмысты жетілдіруі үшін де және қызметтер

кӛрсету жүйесіне мониторинг жүргізу үшін де қолданылмайды.

Адам саудасы құрбандарымен жұмыстың әдістемелік сүйемелдеуінің

айтарлықтай болмауы қызметтерді алушылардың жекелеген түрлерімен

жұмыстың объективті нәтижелері мен субъективті қиындықтарында, сондай-ақ

кӛмек кӛрсетудің белгілі бір жағдайларында кӛрінеді.

Әлеуметтік қызметтердің қызметкерлерінің пікірінше, әлеуметтік кӛмек

кӛрсету бойынша жұмыс біршама тиімсіз болған адам саудасы құрбандарының

санатына келесілер жатқызылады: коммерциялық сексуалдық қызметтер

кӛрсетуге мәжбүрленген әйелдер, олардың ішінде қызметін ауыстыруға

мотивациясы тӛмендері; психоактивті заттарға тәуелді адамдар; психикалық

бұзылуы бар адамдар;сондай-ақ құрбанның үлгілік образына сәйкес келмейтін

қызметтер алушылар (кӛмек алуға айтарлықтай жоғары емес ынталанғандар,

«арсыздар» және басқалар).

Жағдайлардың белгілі бір түрімен жұмыс істеу де мамандарда ерекше

қиындықтар туғызады, соның ішінде оңалушылар арасында (шелтерде бірге

тұратын, бір мекемеде тұратын) жанжалдық немесе керісінше романтикалық

қатынастар жағдайы, бұл әсіресе стационарлық кӛмек орталықтарында

айтарлықтай жиі кездесетін құбылыс болып табылады. Сонымен қатар,

мамандардың адам саудасына қайтадан (рецидивті) ұшырау жағдайларымен

жұмыс істеуге оқытуға сұранысы бар.

Қаржылық және техникалық қиындықтар

Аталған санатқа бірінші кезекте адам саудасы құрбандарына әлеуметтік

кӛмек кӛрсету қызметтерін қаржыландырудағы тұрақтылықтың жоқтығы

жатқызылады. Қазіргі кезде мамандар мемлекеттік кӛмек кӛрсету жүйелерімен

Page 137: Арнайы баяндама1.7 MB

137

ынтымақтасу мүмкіндіктерін толықтай пайдаланбайтынын және жалпы

әлеуметтік қызметтерді кӛрсетудің мемлекеттік жүйесіне бірігудің

ұстанымдары жоқ екенін айта кету қажет. Бірігуге дайындықтың жоқтығы

қаржыландырудың азырақ тартымды жүйесімен (бюджеттің тӛмендігі және

қызметті іске асыру үшін бірқатар қажеттібюджеттік баптардың жоқтығы),

құжатайналымы мен қаржылық есептің күрделі жүйесімен байланысты, сондай-

ақ жалпы шешім қабылдауда еркіндік деңгейінің тӛмендеуімен мемлекеттік

құрылымдарға жатумен байланысты, жоғары тұрған ұйымдарға тәуелділікпен

және мемлекеттік мекемелердің қызметіне деген жалпы сенімсіздікпен

байланысты.

Қаржыландырудың тұрақсыздығынан бӛлек мамандар еңбекақының

тӛменгі деңгейі мен оңалтудың салыстырмалы түрде кӛп шығынды әдістерін

(оқыту, жалпы білім беретін оқыту және басқалар) іске асыру үшін қаражаттың

жоқ екенін айтып ӛтті. Мамандар кӛмек кӛрсететін орталықтардың барабар емес

техникалық жабдықталуы туралы айтады, мысалы санитарлық-гигиеналық

жабдықталу (кӛшедегі «жайлылық») немесе жабық оңалту жағдайында, мысалы

пәтерлік типте болса, оңалушылардың орталықтан тыс жерлерге бару

мүмкіндіктерінің жоқтығы.

Бірқатар мамандар діни ұйымдар тарапынан қысым жасау сияқты адам

саудасы құрбандарына кӛмек кӛрсету қызметтері үшін қолайсыз саяси

контекстіатап ӛткен.

Жоғарыда аталған қиындықтардың барлық спектрі адам саудасы

құрбандарына кӛмек кӛрсету тиімділігінің тӛмендеуіне, сондай-ақ бұл кӛмекті

кӛрсететін ұйымдардың тӛменгі тұрақтылығы мен жалпы жүйенің тӛмендігіне

алып келеді.

5.6. Қатыгездік қарым-қатынастың, тҧрмыстық зорлық-зомбылықтың

және адам саудасының қҧрбандарына арнайы әлеуметтік қызмет кӛрсету

стандарты

БҰҰ және ЕҚЫҰ Қазақстанның адам саудасымен күресте жоғары

стандарттарды қамтамасыз ететін негізгі халықаралық құжаттарға және адам

құқықтары мен негізгі бостандықтары жӛніндегі халықаралық-құқықтық

актілерге қосылуын оң бағалайды. Ұлттық заңнамаға халықаралық

стандарттарға сәйкес түзетулер енгізу де жағымды аталды, сондай-ақ елдің әр

түрлі елдермен, соның ішінде адам саудасы бойынша істерге қатысушы

адамдарды ұстап беруге жәрдемдесу жолымен, екі жақты келісімдер мен ӛзара

кӛмек туралы келісімдерге қол қоюға әзірлігі де құпталады.

Ұлттық заңнамаға адам саудасы және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа

қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ӛзгерістер мен түзетулер енгізу ерекше

жағымды рӛл атқарады, бұл осы саладағы құқық бұзушылықтар үшін

Page 138: Арнайы баяндама1.7 MB

138

жазалауды айтарлықтай күшейтуге және тиісті заңдардың құқық

бұзушылықтың алдыналу әсерлерін нығайтуға мүмкіндіктер берді.

Қазақстанның қолданыстағы заңнамасы кӛп дәрежеде адам саудасы мен

тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күреске және аз дәрежеде – әлеуметтік

қорғаныс және қатыгездік қарым-қатынас құрбандары, соның ішінде адам

саудасы құрбандарының мүдделерін қорғауға бағытталғанын атап ӛту

керек.Бұл кӛбінесе олардың қайта виктимизациясына, алдағы әлеуметтік

бейімсіздігі мен депривациясына, нәтижесінде әлеуметтік шиеленіске әкеледі.

Адам саудасы мен тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының

медициналық қызмет кӛрсетуге, әлеуметтік, құқықтық және психологиялық

кӛмекке қолжетімдігін қамтамасыз ету қажеттігі Халықаралық кӛші-қон

ұйымының есебінде, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның адам саудасына қарсы іс-қимыл

саласындағы Арнайы ӛкілі мен үйлестірушісіофисінің елдік есебінде

ескерілгенін атап ӛту керек.

Екі маңызды мәселені шешуге ерекше назар аударылады:

1) Құқық қорғау органдары, үкіметтік емес ұйымдар, денсаулық сақтау

және әлеуметтік қызмет мекемелері арасында қайта бағыттаудың ұлттық тетігін

құру. Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасынан зиян

шеккендерді қорғау және жәрдем берудің – құрбанды сәйкестендіруден баспана

беру және алдағы интеграция бойынша қызмет кӛрсетуге дейін толық жүйесі әлі

де жоқ. Ұлттық тетік тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасы

жағдайларына шапшаң әсер етуге мүмкіндік берумен қатар, зардап

шеккендердің мұқтаждықтарына тиімді жауап береді және оларға кәсіби және

кешенді жәрдем береді;

2) әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектілер ортасын нақты

анықтау қажет, себебі мемлекет қатыгездік қарым-қатынастан зиян

шеккендердің мұқтаждықтарына әрекеттесуі және әлеуметтік кӛмек

қызметтеріне, нақтылай қауіпсіз баспанаға, медициналық қызмет кӛрсетуге,

заңды және әлеуметтік-психологиялық кеңестерге қолжетімдігін қамтамасыз

етуі тиіс. Сонымен қатар әлеуметтік жәрдем қызметтерін жеткізушілер

құрбандардың қажеттіліктерінің спецификасын білуі және түсінуі тиіс, бұл

олардың сәтті оңалту және қайта интеграциялауына кӛмектесетін болады.

Қатыгездік қарым-қатынас, тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам

саудасының құрбандарына уақытша тұру жағдайында арнаулы әлеуметтік

қызметтер кӛрсетудің Бірыңғай стандарты жоқ.

Осыған орай, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жӛніндегі

комиссия Адам құқықтары жӛніндегі комиссияның сарапшыларымен және

Халықаралық кӛші-қон ұйымынан тартылған сарапшылармен бірлесіп

әзірленген Қатыгездік қарым-қатынас, тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам

саудасы құрбандары үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер кӛрсетудің стандарты

жобасын ұсынады.

ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жӛніндегі комиссияның

пікірінше, ҚР Үкіметінің ұсынған Қатыгездік қарым-қатынас, тұрмыстық

Page 139: Арнайы баяндама1.7 MB

139

зорлық-зомбылық және адам саудасы құрбандары үшін уақытша тұру

жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну стандартының жобасы

келесілерге мүмкіндік береді:

қатыгездік қарым-қатынас құрбандарына, соның ішінде тұрмыстық

зорлық-зомбылық және адам саудасы құрбандарына халықаралық стандарттарға

сәйкес арнаулы әлеуметтік қызмет алуды қамтамасыз етеді;

қатыгездік қарым-қатынас құрбандарына дағдарыстық және қиын

ӛмірлік жағдайдан шығу барысында айқын жәрдем береді;

туындаған әлеуметттік проблемаларды жеңуде жағдайлар жасау

және қатыгездік қарым-қатынас құрбандарына қайта әлеуметтену және қайта

интеграциялау кезеңдерінен сәтті ӛтуді қамтамасыз етеді.

5.6.1. Қатыгездік қарым-қатынастың, тҧрмыстық зорлық-зомбылықтың

және адам саудасының қҧрбандары ҥшін уақытша тҧруы жағдайында

(қорғаудағы тҧрғын ҥй) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнайы

әлеуметтік қызмет кӛрсету стандарттарының жобасына тҥсіндірме жазба

«Қорғалған тұрғын үйде» уақытша болу жағдайында, қатыгездік қарым-

қатынас, тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасы құрбандары үшін

әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызмет кӛрсету стандарты

(ары қарай – Стандарт) Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 29

желтоқсанындағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы»; 2014 жылғы 18

ақпанындағы №175-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық

актілеріне тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша

ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»; 2001 жылдың 30 қаңтарындағы

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі»

Заңдарына сәйкес әзірленді.

Қызметтер қатыгездікпен қарау құрбандарының дағдарыстық және қиын

ӛмірлік жағдайдан шығуға, олардың виктимсіз мінез-құлқының дағдыларын

дамытуға, құқықтарын қамтамасыз ету мен қайта әлеуметтенуіне бағытталады.

Қатыгездікпен қарау, тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам

саудасының құрбандарының жүйесін Қазақстанда дамыту бойынша стандарт

пен ұсыныстар осындай қолдауды кӛрсетудің халықаралық және қазақстандық

тәжірибесі негізінде әзірленді.

Қиын ӛмірлік жағдайдағы тұлғаларды қолдау жүйесіне денсаулық сақтау,

білім, әлеуметтік қорғау, ІІМ және әділет органдары мен мекемелері жатады.

Осы жүйеде «қорғалған тұрғын үй сияқты жаңа құрылымды құрумен

қатар, әзірлеушілердің пікірінше, қамтамасыз етілуі ішкі істер органдарының

құзіретіндегі «қызу желі» телефоны сияқты құрылым жасалуы тиіс. Бірақ қазіргі

Стандартта бұл қызмет қосылмаған, себебі ол басқа жобаның тақырыбы болып

табылады.

Коммерциялық емес ұйымдардың уақытша «қорғалған тұрғын үй» мен

«Қызу желі» телефонының қызметтерін уақытша кӛрсетудің халықаралық және

Page 140: Арнайы баяндама1.7 MB

140

қазақстандық сәтті тәжірибесін ескере, әзірлеушілер жаңа қызметті кӛрсетуге

мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру мақсатты санайды.

Стандарт жобасының қаржылық-экономикалық негізі 2015 жылға белгілі

бір тұрғылықты орны жоқ тұлғалардың әлеуметтік бейімделу орталығы ҚММ

үшін бюджеттік бағдарламасының еңбек мен әлеуметтік қорғау жүйесінде

қолданыстағы нормативтер мен қағидаларға негізделген.

Стандартты қабылдау жағдайында, біздің есебіміз бойынша, уақытша

«қорғалған тұрғын үй» қызметі үшін жаңа бюджеттік бағдарлама бекітілетін

болады.

Жасалынған есептерге сәйкес, қатыгездікпен қарау құрбандары үшін

уақытша «қорғалған тұрғын үйге» 50 орынға 2015 жылы 41610,0 мың теңге

сомасында шығындар қарастырылуы тиіс.

Еңбекақы бойынша есептер штаттық кестеге сәйкес және ҚР Үкіметінің

2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1400 Қаулысы негізінде 35,5 штаттық бірлікке

құрылды.

ҚР Еңбек кодексінің 239 бабына сәйкес, мемлекеттік бюджет есебінде

отырған азаматтық қызметкерлерге 33,5 адамға сауығуға жәрдемақы

жоспарланды (сауығуға жәрдемақы бір лауазымдық қызметақы кӛлемінде

тӛленеді).

Салықтар ҚР Салық кодексіне сәйкес есептелінген, 21.06.2004 жылғы

№683 «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесiн бекiту

туралы».

«Азық-түлік ӛнімдерін сатып алу» 141 ерекшелігі бойынша шығындар ҚР

Үкіметінің 31.08.2008 жылғы №1354 «Интернат үйлерінде, оңалту

орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу орындарында, аумақтық

әлеуметтік қызметтер кӛрсету орталықтарында, әлеуметтік бейімдеу

орталықтарында қызмет кӛрсетілетін адамдар үшін заттай тамақтану

нормаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес жоспарланды және 100012,0 мың

теңге сомасын құрады.

«Дәрi-дәрмектер және медициналық мақсаттағы ӛзге де құралдарды сатып

алу» 142 ерекшелік бойынша шығындар дәрігерге дейінгі кӛмек кӛрсетуге

лицензияға сәйкес жоспарланды және 650,0 мың теңге сомасын құрады.

«Отын,жанар-жағар май материалдарын сатып алу» 144 ерекшелік

бойынша шығындар 713,0 мың теңге сомасында және ҚР Үкіметінің «Қазақстан

Республикасының мемлекеттік органдарына кӛлiк қызметiн кӛрсету үшiн

қызметтiк автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы» 21.05.1999

жылғы №663 қаулысы, сондай-ақ ҚР Үкіметінің «Жанар-жағармай

материалдардың және автокӛлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың

нормаларын бекіту туралы» 11.08.2009 жылғы №1210 қаулысына сәйкес

қарастырылды.

«Ӛзге де қорларды сатып алу» 149 ерекшелігі бойынша шығындар 4285,0

мың теңге сомасында кеңсе тауарлары, ғимаратқа қызмет кӛрсету үшін

тауарларды (ұнтақ, кір сабын, иіссабын, резина қолғаптар, станоктар, ыдыс

Page 141: Арнайы баяндама1.7 MB

141

жууға арналған сұйықтық, хлорлаушы және дәрілеуші заттар) алуға

қарастырылды.

«Коммуналдық қызметтерге ақы тӛлеу» 151 ерекшелігі бойынша

шығындар 1050,0 мың теңге сомасында ҚР Үкіметінің «Бюджет қаражатынан

қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық

және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет кӛрсетулерді тұтынудың

нормативтері туралы» 02.11.1998 жылғы №1118 қаулысына сәйкес

қарастырылды.

«Байланыс қызметтеріне ақы тӛлеу» 152 ерекшелік бойынша шығындарда

265,0 мың теңге сомасындағы телефон байланысы мен интернет қызметтеріне

тӛлеу шығындары қарастырылды.

«Ӛзге де ағымдағы шығындар» 159 ерекшелік бойынша шығындар 515,0

мың теңге сомасында (картриджды жаңартуға, ӛрт хабарлағыштарына

техникалық қызмет кӛрсетуге, ҚТҚ жоюға, дератизация, залалсыздандыру іс-

шараларына, қызметкерлерді медициналық қарауға, қаржылық қызметтерге,

автокӛліктерді қазіргі жӛндеу қызметтеріне) қарастырылды.

«Машиналар, жабдықтар, ӛндірістік және шаруашылық инвентарь

құралдарын сатып алу» 414 ерекшелігі бойынша шығындар 1451,0 мың теңге

сомасында стандарттарға сәйкес қарастырылды.

5.6.2. Қатыгездік қарым-қатынастың, тҧрмыстық зорлық-зомбылықтың

және адам саудасының қҧрбандары ҥшін уақытша тҧруы жағдайында

(қорғаудағы тҧрғын ҥй) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнайы

әлеуметтік қызмет кӛрсету стандарттарының жобасы

Халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында катыгездік таныту,

тҧрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасы қҧрбандарына арнаулы әлеуметтік

қызмет кӛрсету стандарты (қорғалған тҧрғын ҥй)

1. Жалпы ережелер

1. Халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында катыгездік таныту, тҧрмыстық зорлық-

зомбылық және адам саудасы қҧрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет кӛрсету стандарты(бұдан әрі -

Стандарт) Қазақстан Республикасының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29

желтоқсандағы; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрмыстық зорлық-зомбылыққа

қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 18 ақпандағы

№ 175-V ЗРК заңдарына; 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық

бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес әзірленді.

2. Қатыгездіктің қҧрбандары – азаматтығы мен тіркеуге қарамастан денелік, эмоционалдық, сексуалдық

зорлық-зомбылықтың, адам саудасының, елемеудің, қауіпті жағдайға қалдырудың, мүдделері мен

сұраныстарына назар аудармаудың, оқшаулаудың, ұрлаудың, әлеуметтік бейімсіздену мен депривацияға,

психоэмоционалдық күйіне, денсаулығына, ӛміршеңдігіне, дамуына, не болмаса адамның қадыр-қасиетіне,

сондай-ақ мүлкіне нақты немесе әлеуетті зиян тигізуге әкеп соғатын кез келген мақсаттағы мәжбүрлеу мен

қанаудың кез келген түрлерін бастан кешкен кез келген жастағы адам.

3. Балаларға, егде адамдарға, ой және дене дамуы бұзылған адамдарға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген

нысандары, сондай-ақ адамдар топтарының іс-әрекеттері, алдын ала әдейі келісіп қоюдың болуы қылмысты

ауырлататын факторлар болып табылады.

Page 142: Арнайы баяндама1.7 MB

142

4. Отбасылық-тҧрмыстық қатынастар – некелік-отбасылық қатынастағы адамдар, жеке тұрғын үй, пәтер

немесе ӛзге де тұрғын үй-жай шегінде бірге тұратын адамдар арасындағы, сондай-ақ бұрынғы ерлі-зайыптылар

арасындағы қатынастар шеңбері.

5. Тҧрмыстық зорлық-зомбылық – отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға (басқаларға)

қатысты дене зардабы және (немесе) психикалық зардап келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті (іс-

әрекеті немесе әрекетсіздігі).

6. Қатыгездік,тҧрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасы профилактикасы – қатыгездік таныту

профилактикасының субъектілері жүзеге асыратын, отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясында адамның және

азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, тұрмыстық зорлық-

зомбылықтың алдын алуға және жолын кесуге, сондай-ақ оларды жасауға ықпал ететін себептер мен

жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және

ұйымдастырушылық шаралар кешені

7. Тҧрмыстық зорлық-зомбылық және виктимдік әрекет профилактикасының субъектілері – тұрмыстық

зорлық-зомбылық профилактикасын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар және ішкі істер, әділет, әлеуметтік

қорғау, білім, денсаулық сақтау, мәдениет саласындағы мекемелер; жергілікті ӛзін-ӛзі басқару органдары,

бұқаралық ақпарат құралдары, үкіметтік емес ұйымдар және Қазақстан Республикасының азаматтары.

8. Уақытша болу жағдайында катыгездік таныту, тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасы

құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет кӛрсетудің принциптері:

1) заңдылық;

2) адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауға кепілдіктер беру;

3) адамға дене және (немесе) психикалық азаптаулар келтіруді болдырмау;

4) жанжалсыз іс-әрекет дағдыларын дамыту, қабілеттерді арттыру, отбасын қолдау және сақтау;

5) құпиялылық;

6) тұлғалық әдіс, әлеуметтік ахуалдың диагностикасы және бағалауы, қолдау шараларын жоспарлау;

7) виктимдік әрекеттің, қатыгездік танытудың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және адам саудасының

профилактикасы шараларының басымдығы;

8) кешенділік және жүйелілік;

9) ведомствоаралық әдіс.

9. Осы стандарт қатыгездік танытудың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және адам саудасы құрбандарының

(бұдан әрі – қызмет алушылар) тәулік бойы уақытша тұруына (алты айға дейін) немесе уақытша болуына

(тәуліктің түнгі уақытында) арналған, меншік нысаны мемлекеттік және мемлекеттік емес уақытша болу

жағдайындағы ұйымдарда (бұдан әрі – уақытша болу ұйымдары) арнаулы әлеуметтік қызмет кӛрсетудің кӛлемін

және шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейді.

10. Стандарт қызмет алушылар уақытша болу ұйымдары қызметінің тәртібін, арнаулы әлеуметтік қызмет

кӛрсету, тоқтату (тоқтата тұру) шарттарын айқындайды.

11. Қатыгездік танытудың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және адам саудасы құрбандары үшін уақытша

болу ұйымдары (қорғалған тұрғын үй) меншік нысанына қарамастан жеке әлеуметтік бейімдеу орталықтары,

«әлеуметтік қонақ үй», «әлеуметтік пәтер» немесе халыққа әлеуметтік қызмет кӛрсетудің Аумақтық

орталықтарының тиісті бӛлімшелері, КБО (кәмелетке толмағандардың бейімделу орталықтары), белгілі бір

тұратын мекені жоқ адамдар үшін уақытша олу үшін әлеуметтік бейімдеу орталықтары және ӛзге де әлеуметтік

мекемелер түрінде құрылады.

12. Осы стандартты меншік нысанына қарамастан уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет

кӛрсететін барлық субъектілер сақтайды.

13. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді кӛлемін кӛрсететін уақытша болу ұйымдары жалпы халық саны

елу мың адамнан асатын қалаларда және аудандарда заңнамада белгіленген тәртіппен құрылады

14. Жергілікті атқарушы органдар ӛз шешімімен халық санына қарамастан елді мекендерде уақытша болу

ұйымдарын құруға құқылы.

15.Қатыгездік танытудың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және адам саудасы құрбандары үшін уақытша

болу ұйымдарына Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары қатарынан қызмет алушылар,

Page 143: Арнайы баяндама1.7 MB

143

оның ішінде түрлі себептер бойынша жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ, азаматтығы жоқ адамдар

қабылданады

16. Уақытша болу ұйымы заңды тұлға болып табылады, оны құрылтайшы құрады және ӛз қызметін құрылтай

құжаттарына, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

17. Уақытша болу ұйымы ӛз қызметін органдармен және білім беру, қамқоршылық және қорғаншылық,

денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, ішкі істер, әділет, сыртқы істер мекемелерімен, Елшіліктермен және шет

елдердің ӛкілеттіктерімен, құқық қорғаушы ҮЕҰ, «Қызу желі» телефоны арқылы қызметтер кӛрсететін

ұйымдармен және ӛзгелермен тығыз байланыста атқарады.

18. Қызмет алушылардың уақытша болу ұйымдарында болуына:

1) науқастың ӛзіне және айналасындағылар үшін қауіпті мінез-құлқының ӛрескел бұзылуына ұштасатын

психикалық аурулардың;

2) белсенді процесс сатысындағы туберкулез, инфекциялық аурулардың, карантиндік инфекциялардың;

3) алкогольге, есірткіге масаң күйде болу;

4) паллиативтік кӛмек қызметі мен мейірбикенің күтімі қажет аурулардың терминалды (соңғы) сатысы;

5) мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді қажет ететін басқа да аурулардың

және/немесе жарақаттардың болуы медициналық қарсы кӛрсеткіштер болып табылады.

19. Медициналық қарсы кӛрсеткіштері бар адамдар тиісті денсаулық сақтау мекемелеріне бағытталады, одан

шығарылғаннан кейін қажет болған жағдайда қатыгездік танытудың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және

адам саудасы құрбандары үшін уақытша болу ұйымына қызмет алу үшін қабылдана алады.

2. Қатыгездік танытудың, тҧрмыстық зорлық-зомбылықтың және адам саудасы қҧрбандары ҥшін

уақытша болу ҧйымының (қорғалған тҧрғын ҥй) міндеттері мен функциялары

20. Уақытша болу ұйымының негізгі міндеттері:

1) қызмет алушыларға жедел пәнаралық кӛмек пен ведомствоаралық қолдау кӛрсету;

2) уақытша болу жағдайында кешенді арнаулы әлеуметтік қызметтерді осы стандартта белгіленген кӛлемге

сәйкес кӛрсету;

3) қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың психоэмоциялық оңалуына, құқықтық

қорғалу мен азаматтық және ӛзге де құқықтарын қалпына келтіруге, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жеке даму,

әлеуметтік-еңбек бейімделу деңгейін арттыруға бағытталған арнаулы әлеуметтік қызметтерді кӛрсету;

4) кӛрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру болып табылады.

21. Уақытша болу ұйымының негізгі функциялары:

1) қызмет алушыларды қабылдау және орналастыру, пәнаралық диагностика, әлеуметтік ахуал мен қызмет

алушылардың жеке қажеттіліктерін бағалауды ӛткізу, олардың психоэмоционалдық оңалуы, әлеуметтік

бейімделуі бойынша іс-шаралар кешенін және зорлық-зомбылықтың рецидивтерін болдырмау шараларын

жоспалау;

2) тұрғынжайдан орын беру, тамақпен, тӛсек-орын жабдықтарымен, жеке гигиена заттарымен, іш киімменғ

қажет болған жағдайда киіммен және аяқ-киіммен қамтамасыз ету;

3) құрбанның дағдарыстан шығуы үшін жедел пәнаралық кӛмекті ұйымдастыру, қызмет алушылардың жеке

басының қол сұғылмаушылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

4) уақытша болу ұйымында қолайлы моральдық-психологиялық жағдай, ӛзіне-ӛзі қызмет етудің белсенді

күндізгі жұмысбастылықты жасау;

5) дене саулығын, психоэмоциялық және әлеуметтік мәртебесін, азаматтық, мүліктік және ӛзге де құқықтарын

қалпына келтіруге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну, қызмет алушыларды

қалыпты ӛмірге қайта алып келетін іс-шараларды жүргізу;

6) қызмет алушыларды арнаулы әлеуметтік қызмет кӛрсетудің кӛлемі мен түрлері, уақытша болу

ұйымдарындағы ішкі тәртіп ережесі туралы хабардар ету;

7) еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру және персоналдың біліктілігін арттыру;

8) уақытша болу ұйымының қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру;

9) қауымдастықтақатыгездік таныту, тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасын болдырмау үшін

профилактикалық жұмысты жүргізу;

10) қызмет алушылардың азаматтық, мүліктік және ӛзге де құқықтарын қалпына келтіру, әлеуметтік оңалту

мәселелерін шешу үшін жергілікті атқарушы органдармен, білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер, әділет

органдарымен және мекемелерімен, үкіметтік емес ұйымдармен, адам саудасы құрбандары шыққан елдің

Елшіліктерімен ӛзара іс-қимыл;

Page 144: Арнайы баяндама1.7 MB

144

11) қызмет кӛрсету бойынша ахуалдың статистикалық есебін талдауын жүргізу және қатыгездік таныту,

тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасын болдырмау жӛнінде ұсыныстар әзірлеу;

12) уақытша болу ұйымының құрылтай құжаттарына сәйкес ӛзге де функциялар болып табылады.

3. Уақытша болу ҧйымына қабылдау шарттары

22. Бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілденген кӛлемін кӛрсету үшін қатыгездік

таныту, тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасы құрбандары қатарынан қызмет алушыларды уақытша

болу ұйымына қабылдауды уақытша болу ұйымдары қызмет алушылардың жеке ӛзі барғанда (осы стандартқа 1-

қосымша) немесе қызмет алушының нақты тұрған жері бойынша аудандық (қалалық) уәкілетті жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар органдары, денсаулық сақтау, білім беру, ішкі істер салаларындағы уәкілетті

органдардың жазбаша жолдамасы бойынша жүзеге асырады.

23. Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ қызмет алушылар уақытша болу ұйымына құжаттарды

күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімге дейін қалпына келтіру шартымен қабылданады.

24. Уақытша болу ұйымына келіп түскен адам медициналық тексеруден және санитарлық ӛңдеуден, киімдері

мен жеке заттары дезинфекциялаудан ӛткізіледі және тіркеуге жатады.

25. Қатыгездік таныту, тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасы құрбандары – кәмелетке толмаған

балалары бар аналар олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарттары болмаса уақытша болу ұйымына

балаларымен бірге қабылдана алады. Қатыгездік танытудың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және адам

саудасының құрбандары – аналарымен/ата-анасымен келген балалар қызмет алушылар болып табылады.

26. Уақытша болу ұйымының мамандары уақытша болу ұйымында қызмет алушылардың тіркеу карточкасын

толтырады (осы стандартқа 2-қосымша), кешенді ведомствоаралық диагностика және әлеуметтік ахуалды

бағалауды ұйымдастырылады.

27. Қатыгездік танытудың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және адам саудасының құрбандарын белсене

айқындау және оларды уақытша болу ұйымына жіберуді білім беру (балабақшалар, мектептер, қамқорлық

органдары), ішкі істер, әлеуметтік қорғау, алғашқы медицина-санитарлық, жедел медициналық кӛмек органдары

мен мекемелерінің, үкіметтік емес ұйымдар қызметкерлері жүзеге асырады.

28. Қатыгездік танытудың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және адам саудасының құрбандарын айқындау

және оларды уақытша болу ұйымына жіберу білім беру, ішкі істер, әлеуметтік қорғау, алғашқы медицина-

санитарлық, жедел медициналық кӛмек органдары мен мекемелерінің қызметкерлері арқылы жүзеге

асырылады.

4. Уақытша болу ҧйымында тҧру жиілігі мен жағдайлары

29. Қатыгездік танытудың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және адам саудасының құрбандары қатарынан

қызмет алушылардың уақытша болу ұйымында тұру жиілігі үш айды құрайды, уақытша тұру жергілікті

атқарушы органдардың шешімімен алты айдан ұзақ емес уақытқа созылуы мүмкін.

30.Қатыгездік танытудың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары қатарынан қызмет алушылардың

уақытша тұру ұйымында тұру жиілігі бір айдан ұзақ емес уақытты құрайды; ерекше жағдайларда ғана, мысалы

баспананың болмауы жағдайында, қысқы уақытта және/немесе кәмелетке толмаған балалар болған жағдайда,

олардың уақытша тұру ұзақтығы әлеуметтік ахуал бағасы мен жергілікті атқарушы органдардың шешімі

нәтижелері негізінде тұрақты тұрғылықты жер мәселелерін шешкенге дейін ұзартылуы мүмкін, алайда 2 айдан

ұзақ мерзімге емес.

31.Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және адам саудасының құрбандарына жәбірленушілердің қауіпсіздігінің

қылмыстық құқықтық шараларының тӛмендегілерді қоса алғандағы барабар кӛлемін қабылдауға дейін уақытша

жүріп-тұру ұйымдарында тұру мүмкіндігі беріледі:

1) қатыгездік танытумен, зорлық-зомбылықпен, адам саудасымен байланысты қылмыс жасаған адамды/адамдар

тобын ішкі істер органдарына жеткізу;

2) қорғау ұйғарымын шығару;

3) әкімшілік ұстау;

4) зорлық-зомбылық жасаған адамдардың әрекетіне қатысты соттың ерекше талаптарды бекітуі;

5) қылмыстық процестік мәжбүрлеу шараларын қолдану;

Page 145: Арнайы баяндама1.7 MB

145

6) криминологиялық болжамды анықтау;

7) зорлық-зомбылық рецидивін болдырмау және зорлық-зомбылық жасаған адамдардың әлеуметтенуінің

жоспарын бекіту.

32. Уақытша болу ұйымында тұру жағдайы санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың

қауіпсіздігі, оның ішінде ӛртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сәйкес болуға тиіс.

33. Құрылтайшы уақытша болу ұйымын заманауи техникалық жарақтандыруды және кадрлық қамтамасыз етеді.

34. Уақытша болу ұйымының аумағы, ғимараты мен орындары құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес

онда тұру ыңғайлылығы мақсатында, күндізгі жұмысбастылықты, ӛзіне-ӛзі қызмет кӛрсетуді, ғимараттың

ішінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және оған кедергісіз кіріп-шығуды, орынжай ішінде және ғимаратқа іргелес

жатқан аумақта жүріп-тұруды қамтамасыз ету мақсатында санитарлық-тұрмыстық, жатын бӛлмелік

құрылғылармен жабдықталады.

35. Қызмет алушылар бӛлмелерге денсаулық жағдайына, жынысы және психологиялық үйлесімділігі ескеріліп

орналастырылады.

36. Уақытша болу ұйымында тұру тәртібі уақытша болу ұйымының басшысы бекітетін ішкі тұру тәртібі

қағидасында айқындалады.

5. Қызмет алушылардың арнаулы әлеуметтік қызметке сҧранысынайқындау және оларды кӛрсету

туралы шарт әзірлеу

37. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті (түрлері мен кӛлемін) әлеуметтік жұмыс жӛніндегі мамандар

уақытша болу ұйымының психологтарымен, заңгерлерімен және басқа мамандарымен бірлесе (бұдан әрі –

уақытша болу ұйымының мамандары) медициналық байқау, сот-медициналық куәландырудың нәтижесін,

баспана шарттарын тексеру актілерін және ӛзге мәліметтер мен құжаттарды ескере отырып, айқындайды.

38. Қызмет алушылар тергеу, куәландыру, қолдауды жоспарлау процесіне қатысады, психоәлеуметтік оңалту

мен агрессия рецидивін болдырмаудың барабар шараларын таңдау жӛніндегі олардың пікірлері мен

ұсыныстары қолдау шараларын жоспарлауда ескерілуі мүмкін.

39. Қызмет алушылардың қажеттілігін бағалау негізінде уақытша болу ұйымының мамандары бағалау акті мен

Әлеуметтік психологиялық және құқықтық оңалтудың жеке жоспарын және жоғалтылған әлеуметтік мәртебесін

қалпына келтіргісі келетін әрбір қызмет алушыға шарт (бұдан әрі – шарт) әзірлейді (осы стандартқа 3-қосымша).

40. Шартты қызмет алушыларды уақытша болу ұйымының мамандары тексерген, бағалағаннан және

бақылағаннан кейін уақытша болу ұйымына түскен күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде әзірлейді және

оған уақытша болу ұйымының басшысы мен қызмет алушы қол қояды.

41. Шартта:

1) арнаулы әлеуметтік қызметтің кӛрсетілетін кӛлемі мен түрлері, күтілетін нәтижелер мен жауапты

орындаушылары;

2) уақытша болу ұйымында болу режимі, ережелері мен қызмет алушының құқықтары мен міндеттемелері;

3) уақытша болу мерзімі кӛрсетіледі.

42. Шартта кӛрсетілген оңалту іс-шараларын және агрессия рецидиві профилактикасы шараларын уақытша болу

ұйымының мамандары шартта белгіленген мерзімде қызмет алушының қатысуымен жүргізеді.

43.Күтілген нәтижелер мен Шартта кӛрсетілген уақытша болу ұйымының міндеттемелері белгіленген мерзімде

орындалмаса, болу мерзімі оларды орындау күніне дейін, бірақ бір айдан асырмай ұзартылады.

44. Уақытша болу ұйымы мамандарының жұмыс сапасын уақытша болу ұйымының басшысы және аудандық

(қалалық) уәкілетті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары (бұдан әрі – уәкілетті орган)

оңалтылған және қалыпты ӛмір сүру салтына қайтып оралған қызмет алушылар санының кӛбеюі бойынша

бағалайды.

45. Уақытша болу ұйымының потенциалы аз болған жағдайда және қажетті штаттық мамандар болмаған кезде

шарт негізінде басқа да ұйымдардан мамандарды тартуға болады

Page 146: Арнайы баяндама1.7 MB

146

46. Уақытша болу ұйымының әрбір маманы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес арнаулы әлеуметтік қызмет

кӛрсетуге қатысады және оңалту іс-шараларының нәтижелерін тоқсан сайын журналға/электрондық картотекаға

белгілеп отырады.

47. Уақытша болу ұйымының әкімшілігі уақытша болу ұйымының барлық мамандарына қатысты қызметтік

міндеттемелердің сапалы және ӛз уақытында орындалуына, Шарттың талаптарынының орындалуына ұдайы

бақылауды жүзеге асырады

6. Арнаулы әлеуметтік қызмет кӛрсету шарттары

48. Қатыгездік таныту, тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасы құрбандары үшін уақытша болу

ұйымдарында кӛрсетілетін әлеуметтік-тҧрмыстық қызметтерге мыналар жатады:

1) қызмет алушыларды қабылдау, сатитарлық ӛңдеу, киімін, тӛсек-орын жабдықтарын дезинфекциялау және

уақытша орналастыру;

2) жатын орындар ұсыну (ересектер үшін бір жатын орынға тӛрт шаршы метрден кем емес, бала үшін бес

шаршы метрден кем емес);

3)күндізгі жұмысбастылықты іске асыруды, санитарлық-гигиеналық рәсімдерді және еңбектік және тұрмыстық

дағдыларды қалыптастыру үшін тұрмыстық қажеттіліктерді, қызмет алушылардың тұлғалық және әлеуметтік

мәртебесін, физикалық жағдайын қалпына келтіруді, ӛз бетінше даму үшін қажетті жағдайлар мен шарттарды

қамтамасыз етуді, қызмет алушылар мен олардың балаларын оқытуды және психоәлеуметтік оңалтуды

қамтамасыз ететін ортақ пайдалану орындарын беру;

4) дағдарыс жағдайындағы қызмет алушылар үшін жеке орын беру;

5) жиһаз ұсыну, жұмсақ жабдықтармен, тӛсек-орын жабдықтарымен, жеке гигиена заттарымен, ішкиіммен және

қажет болған жағдайда киіммен және аяқ-киіммен қамтамасыз ету (осы Стандартқа 6 қосымша).

6) бір жыл ішінде уақытша болу ұйымына қайта түскен кезде қажеттіліктер бағасы мен баспаналық шарттарды

тексергеннен кейінгі актінің негізінде қызмет алушылар қажеттігіне қарай іш киіммен және киіммен қамтамасыз

етіледі;

7) қызмет алушылардың жасына және денсаулық жағына байланысты диеталық және балалар тамағын қоса

отырып, тамақ ұсыну;

8) ӛз-ӛзіне қызмет кӛрсетудің жағдайларын жасау, санитарлық гигиеналық іс-шараларды ұйымдастыру, жеке

киімдері мен киімдерін жуу, кептіру, үтіктеу, ыдыс-аяқ жуу, мекемені тазалау, олардың денсаулығына қандай да

бір зиян, дене және моральдық азаптаулар мен ыңғайсыздықтар келтірмей, режимге сәйкес уақытша болу

ұйымының аумағын кӛгалдандыру;

9) хат жазуға және оқуға кӛмек кӛрсету;

10) емдеу, оңалту, оқу, қызмет алушылардың мәдени және бос уақыттық іс-шараларға қатысуы үшін қызмет

алушыларды тасымалдауға кӛлік қызметін ұсыну;

11) жол жүру құжаттарын сатып алу және баратын жеріне дейін азық-түлікпен қамтамасыз ету арқылы бұрынғы

тұрған жеріне жӛнелтуге жәрдемдесу;

12) тұрғылықты жері бойынша жүріп-тұруы қиын адамдарға, шетел азматтарына уақытша болу

ұйымыжергілікті әкімшілік және ішкі істер органдары мен мекемелерінің ӛзара әрекеттестігі арқылы баратын

жеріне дейін ілесіп барумен қамтамасыз ету.

49. Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет кӛрсетудің сапасына қойылатын талаптар:

1) берілетін тұрғын үй орынжайлары кӛлемі мен басқа да кӛрсеткіштері бойынша (ғимараттар мен

орынжайлардың жай-күйі, олардың жайлылығы) санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптарға

сәйкес болады және қызмет алушылардың тұруына қолайлылықты қамтамасыз етеді;

2) тұрғын орынжайларға (бӛлмелерге) қызмет алушыларды орналастыру кезінде олардың денсаулық жағдайы,

жас ерекшеліктері, физикалық және психикалық хал-жайы, әдеттері, психологиялық үйлесімділігі, туыстық

байланыстар, жеке даму және әлеуметтену деңгейі ескеріледі;

3) қызмет алушылар діни ғұрыптарды ӛткізуі үшін қызмет алушылардың діні, жасы, жынысы, дене жағдайы,

түрлі конфессияларда қабылданған діни ғұрыптардың ерекшеліктері ескеріледі;

4) санитарлық нормалар мен ережелерге, қауіпсіздік талаптарына, ӛртке қарсы талаптарға сай келетін барлық

тұрғын, қызметтік және ӛндірістік орынжайлар коммуналдық-тұрмыстық кӛріктендіру амалдарымен

қамтамасыз етіледі;

5) оңалту іс-шараларын, күндізгі жұмысбастылықты және білім беру қызметін,мәдени және тұрмыстық қызмет

кӛрсетуді ұйымдастыру үшін ұсынылатын орынжайлар кӛлемі, орналасуы мен конфигурациясы бойынша

қызмет кӛрсетілетін қызмет алушылардың ерекшелігін ескере отырып, жоғарыда аталған барлық іс-шараларды

ӛткізуді қамтамасыз етеді;

Page 147: Арнайы баяндама1.7 MB

147

6) стационарлық типтегі ұйым мамандарының кабинеттері байланыс құралдарымен (телефон, интернет, дербес

компьютер), қажетті жиһазбен және мамандандырылған жабдықтармен жабдықталады; әрбір

мамандандырылған кабинетке еркін нысанда ресімделген паспорт толтырылады;

7) қызмет алушылардың пайдалануына берілетін жиһаз, жабдық, жұмсақ тӛсек-жиһаз Қазақстан

Республикасының аумағында қолданылатын техникалық реттеу саласындағы стандарттау жӛніндегі

нормативтік құжаттарға сәйкес болады, қызмет алушылардың дене жағдайы мен жасын ескере отырып,

таңдалынған, заманауи дизайн талаптарына сәйкес келеді;

8)қызмет алушыларға берілетін киім, аяқ-киім және ӛзге де алғашқы қажетті заттар киюге ыңғайлы, қызмет

алушылардың жынысына, бойы мен ӛлшемдеріне, үлгі мен түсі бойынша сұраныстарына сәйкес келеді, сондай-

ақ санитарлық-гигиеналық нормалар мен талаптарға жауап береді;

9) тамақтану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1354 қаулысымен бекітілген

интернат-үйлерде, оңалту орталықтарында, мүгедек-балаларға арналған оқу орындарында, әлеуметтік бейімделу

орталықтарында қызмет кӛрсетілетін адамдарға ұсынылатын тамақтанудың табиғи нормаларына сәйкес келеді;

10) ыстық, соның ішінде диеталық тамақ сапалы тағамдардан әзірленуге, теңгерімділік және калориялық

талаптарға жауап береді, санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес болады және қызмет алушылардың

денсаулық жағдайын ескеріп ұсынылады;

11) Қатыгездік танытудың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және адам саудасының құрбандары үшін уақытша

болу ұйымдарының басшысы маусымға қарай (кӛктем-жаз, күз-қыс) ағымдағы апталық мәзірді және екінші

аптаға перспективалық мәзірді бекітеді;

12) қызмет алушыларды емдеу, оқыту үшін автомобиль кӛлігімен тасымалдау кезінде автокӛлік құралдарын

пайдалану нормативтері мен ережелері, жол жүру қауіпсіздігінің талаптары сақталады.

50.Әлеуметтік бейімдеу орталықтарында кӛрсетілетін әлеуметтік-медициналық қызметтерге мыналар

жатады:

1) алғашқы медициналық тексеру және алғашқы санитарлық тазалау жүргізу, киімді, тӛсек-орын киімдерін,

жеке заттарды дезинфекциялау;

2) дәрігерге дейін медициналық кӛмек кӛрсету, емделуге мұқтаж қызмет алушыларды денсаулық сақтау

ұйымдарына жатқызуға және ілесіп жүруге жәрдемдесу;

3) сот-медициналық, медициналық-әлеуметтік, наркологиялық және психиатриялық сараптамаға жіберу үшін

құжаттарды дайындауға жәрдемдесу;

4)қатыгездік танытудың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және адам саудасының құрбандары үшін уақытша

болу ұйымның орналасу жері бойынша жедел және алғашқы медициналық-санитарлық кӛмек кӛрсету

ұйымдарында тегін медициналық кӛмектің кепілді кӛлемін алуға жәрдемдесу;

5) дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен

қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

6) арнайы маманның, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымы маманының медициналық консультация беруіне

жәрдемдесу;

7) емдеуші дәрігердің тағайындауы бойынша денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкес медициналық

ем-домдарды жасауды жүргізу;

8) психиатриялық және наркологиялық кӛмек алуға жәрдемдесу.

51. Әлеуметтік-медициналық қызмет кӛрсетудің сапасына қойылатын талаптар:

1) тегін медициналық кӛмектің кепілді кӛлемін алуға жәрдемдесу денсаулық сақтау

саласындағы заңнамалықжәне нормативтік құқықтық актілерде кӛзделген шеңберде жүзеге асырылады;

2) денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкес медициналық ем-домдар жасауды жүргізу қызмет

алушыларға қандай да бір зиян келтіріп алмай, барынша мұқияттылықпен және сақтықпен жүзеге асырылады;

3) дәрігерге дейін медициналық кӛмек кӛрсету денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен

стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады;

4) қызмет алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызу немесе жатқызуға жәрдемдесу жедел және

уақтылы жүргізіледі;

5) медициналық ұйымдарда профилактикалық тексеруден, диспансерлеуден, иммундаудан ӛтуге жәрдемдесу

денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен стандарттарға сәйкес кӛрсетіледі;

6) салауатты ӛмір салтын насихаттауды жүргізу; қызмет алушылармен зиянды әдеттердің алдын алу және

олардан арылу жӛніндегі жеке жұмыс зиянды әдеттердің (алкоголь ішу, есірткі пайдалану, темекі шегу)

қауіптілігін, олар әкеп соғатын кері нәтижелерді түсіндіруге бағытталады және нақты жағдайға байланысты бұл

әдеттердің алдын алу немесе олардан арылу бойынша қажетті ұсынымдар беріледі;

7) медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу үшін құжаттарды дайындауға жәрдемдесу уақтылы және толық

кӛлемде кӛрсетілуі тиіс;

8) санитарлық-гигиеналық қызметтерді кӛрсету қызмет алушылардың денсаулық жағдайы мен хал-жайының

жақсаруына жәрдемдеседі, жағымсыз қолайсыздық сезімін жоюға мүмкіндік береді;

Page 148: Арнайы баяндама1.7 MB

148

9) дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен

қамтамасыз етуге жәрдемдесу қызмет алушылардың ауруларының, жарақаттарының уақтылы алдын алуға және

емдеуге ықпал етеді;

10) денсаулық сақтау ұйымдарының білікті мамандарынан консультация алуға жәрдемдесу қызмет

алушылардың ауруларын уақтылы анықтауды және емдеуді қамтамасыз етеді.

52. Қатыгездік танытудың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және адам саудасының құрбандары үшін уақытша

болу ұйымдарында кӛрсетілетін әлеуметтік-психологиялық қызметтерге мыналар жатады:

1) психологиялық диагностика және жеке адамды тексеру, тексеріске және психологиялық-медициналық-

педагогикалық консультация беруге жәрдемдесу;

2) әлеуметтік-психологиялық патронаж (уақытша болу ұйымында болу кезіндегі жүйелі бақылау);

3) қызмет алушылармен психологиялық алдын алу жұмыстары;

4) психологиялық консультация беру;

5) дағдарыс жағдайында шұғыл психологиялық кӛмек;

6) қызмет алушыларға психологиялық кӛмек кӛрсету, оның ішінде сӛйлесу, әңгімелесу, тыңдау, кӛңілін кӛтеру,

белсенділікке ынталандыру;

7) психологиялық тренингтер;

8) қызмет алушыларды психологиялық түзету;

9) ӛзара қолдау топтарында және қарым-қатынас клубтарында сабақ ӛткізу.

53. Әлеуметтік-психологиялық қызмет кӛрсетудің сапасына қойылатын талаптар:

1) психологиялық консультация беру қызмет алушыларға жанжалдың алдын алу және жою үшін тұлғааралық

қарым-қатынастарды жақсарту, виктимдік емес әрекетті дамыту бойынша білікті кӛмек кӛрсетуді қамтамасыз

етеді; психологиялық консультация беру қызмет алушыдан алынған ақпараттар мен туындаған әлеуметтік-

психологиялық проблемаларды онымен талқылау негізінде ішкі ресурстарды ашуға және жұмылдыруға және

осы проблемаларды шешуге кӛмектеседі;

2) қызмет алушылардың психологиялық диагностикасы уақытша болу ұйымының психологы әзірлеген

психодиагностикалық пакет негізінде жүзеге асырылады;

Тұлғаны психодиагностикалау және тексеру қызмет алушылардың мінез-құлқындағы және айналасындағы

адамдармен қарым-қатынаста ауытқушылықтарға әсер ететін олардың психикалық жай-күйін және жеке

тұлғалық ерекшеліктерін анықтау мен талдаудың нәтижесі бойынша түзету іс-шараларын жүргізудің болжамын

жасау және ұсынымдарды әзірлеу үшін қажетті ақпарат береді;

3) белсенді психологиялық ықпал ретінде психологиялық түзету қызмет алушылардың мінез-құлқындағы,

эмоционалдық жай-күйіндегі ауытқушылықтарды (жекелеген адамдардың эмоционалдық жауап қайтару және

мінез стереотипінің жайсыз нысандары, жайсыз қарым-қатынастар және мінез-құлқындағы басқа да ауытқулар)

жеңу немесе бәсеңдетуді қамтамасыз етеді, бұл аталған кӛрсеткіштерді жас нормалары мен әлеуметтік орта

талаптарына сәйкес келтіруге мүмкіндік береді;

4) белсенді психологиялық ықпал ретінде психологиялық тренингтердің психологиялық жара салу

жағдайларының, нервтік-психологиялық шиеленістердің салдарын жоюда, тұрмыс-тіршіліктің бейәлеуметтік

нысанын жеңуші адамдарды әлеуметтік құнды нормаларға дағдыландырудағы, ӛзгермелі жағдайларға

бейімделу үшін тұлғалық алғышарттарды қалыптастырудағы тиімділігімен бағаланады;

5) әлеуметтік-психологиялық патронаж қызмет алушыларды жүйелі тексеру негізінде психикалық жайсыздық,

тұлғалық немесе тұлғааралық жанжал және қызмет алушылардың қиын ӛмірлік жағдайын одан әрі қиындата

түсетін басқа да жағдайларды уақтылы анықтауды және оларға осы сәтте қажетті әлеуметтік-психологиялық

кӛмек кӛрсетуді қамтамасыз етеді;

6) қызмет алушыларды ӛзара қолдау топтарында, қарым-қатынас клубтарында сабақ ӛткізуге тарту қызмет

алушылардың жайсыздық жағдайынан шығуына, психикалық денсаулығын сақтау және нығайтуды, стреске

тӛзімділігін, ең алдымен тұлғааралық байланыс, жанжалдарды шешу және қарым-қатынас саласында

психологиялық мәдениет деңгейін арттыруға кӛмек кӛрсетуді қамтамасыз етеді;

7) шұғыл психологиялық кӛмек қызмет алушыларға дереу психологиялық консультация беруді, дағдарыс

жағдайынан шығу үшін олардың физикалық, рухани, тұлғалық, зияткерлік ресурстарын жұмылдыруды,

туындаған проблемаларды ӛздігінен шешу және қиындықтарды жеңу, ӛзіне деген сенімін нығайту үшін

қолдануға болатын құралдардың диапазонын кеңейтуге жәрдемдесуді қамтамасыз етеді;

8) психологиялық алдын алу жұмысы қызмет алушыларда психологиялық білімге және оларды ӛзін түзеу және

ӛз проблемаларымен жұмыс жүргізу үшін пайдалану ықыласына қажеттілігін қалыптастыруға, тұлғаның әрбір

жас кезеңінде толыққанды психикалық дамуы үшін жағдай жасайды, тұлғаның қалыптасуы мен дамуындағы

ықтимал бұзылушылықтардың уақтылы алдын алуға жәрдемдеседі;

9) сӛйлесу, әңгімелесу, тыңдау, кӛңілін кӛтеру, белсенділікке ынталандыру, ӛмірлік тонусын психологиялық

қолдау қызмет алушылардың психикалық денсаулығын нығайтуды, олардың стреске тӛзімділігі мен психикалық

қорғалуын қамтамасыз етеді.

Page 149: Арнайы баяндама1.7 MB

149

54. Қатыгездік танытудың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және адам саудасының құрбандары үшін уақытша

болу ұйымдарында кӛрсетілетін әлеуметтік-еңбек қызметтеріне мыналар жатады:

1) қызмет алушылардың бойындағы еңбек дағдыларын зерттеп-тексеру жӛнінде іс-шаралар жүргізу;

2) уақытша болу ұйымының аумағында ӛз-ӛзіне қызмет ету, қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатысу;

3) күндізгі жұмысбастылық,

4) кәсіби бағдарлану және консультация беру;

5) таңдалған бейін бойынша еңбектік дағдыларды қалыптастыру;

6) қызмет алушыларды қол жетімді кәсіптік дағдыларға жұмысбастылық орталықтары арқылы үйрету жӛніндегі

іс-шараларды жүргізуге жәрдемдесу;

7) жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, бұрынғы оқу мен еңбек қызметіне қосу.

55. Әлеуметтік-еңбек қызметін кӛрсетудің сапасына қойылатын талаптар:

1) еңбек дағдыларын, білім мен шеберлікті қалыптастыру мақсатында қызмет алушыларға, олардың жеке

қажеттіліктеріне қарай қызмет алушылардың жеке және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге

жәрдемдесетін қолжетімді кәсіптік дағдыларға үйрету жӛніндегі іс-шараларға белсенді қатысуын қамтамасыз

ететін еңбек қызметінің түрлері тағайындалады;

2) қоғамдық пайдалы жұмыстар жүргізу уақытша болу ұйымының аумағында, арнайы ұйымдастырылған

кабинеттерде (шеберханаларда) жүзеге асырылады және қызмет алушыларды олардың денсаулық жағдайын

ескеріп, тыныс-тіршіліктің әртүрлі нысандарына тартуға мүмкіндік беретін жағдай жасауды қамтамасыз етеді;

3) қолжетімді кәсіби дағдыларға оқыту іс-шаралары қызмет алушының тұлғалық және әлеуметтік мәртебесін

қалпына келтіруге ықпал етеді;

4) кәсіптік білімі жоқ қызмет алушыларды кәсіптік бағдарлау оларға кәсіп таңдауға кӛмек кӛрсететін іс-

шаралармен бірге жүргізіледі;

5) қызмет алушылардың еңбек дағдыларын зерттеп тексеру жӛніндегі іс-шаралар олардың жеке ерекшеліктерін,

мүмкіндіктерінің шектелу дәрежесін, қызмет алушылардың физикалық және психикалық жай-күйін ескеріп

жүргізіледі.

56. Әлеуметтік бейімдеу орталықтарында кӛрсетілетін әлеуметтік-мәдени қызметтерге мыналар жатады:

1) мерекелер мен тынығу іс-шараларын ұйымдастыру;

2) клуб және үйірме жұмыстарын, қолӛнер, ӛнер сабақтарын ұйымдастыру және жүргізу;

3) қызмет алушыларды тынығу іс-шараларына, мәдени-патриоттық іс-шараларға қатысуға тарту;

4) мамандардың қатысуымен телефон немесе скайп арқылы туысқандарымен/достарымен/мамандармен

байланысу мүмкіндіктерін беру;

5) істің құжаттарын, түрлері мен материалдарын қызмет алушының туған тіліне аудару;

6) медициналық тексеріс кезінде, сотта, мемлекеттік органдар мен мекемелерде мәселелерді шешуде

аудармашымен (мүмкіндігінше қызмет алушымен бірдей жыныстағы) қамтамасыз ету.

57. Әлеуметтік-мәдени қызмет кӛрсетудің сапасына қойылатын талаптар:

1) мәдени-патриоттық және тынығу іс-шараларын ӛткізу уақытша болу ұйымының басшысы бекіткен

тоқсандық жоспар бойынша оңалтудың жеке жоспарын ескере отырып, жүзеге асырылады;

2) кӛркемӛнерпаздар үйірмелерін ұйымдастыру қызмет алушылардың әлеуметтік-мәдени және рухани

қажеттіліктерін қанағаттандыруға, қарым-қатынас саласын кеңейтуге бағытталады;

3)қызмет алушыларды концерт бағдарламалары мен ӛткізілетін іс-шаралар бағдарламаларының/сценарийлерінің

жобасын әзірлеуге тарту қызмет алушылардың жалпы және мәдени ой-ӛрісінің кеңеюіне, шығармашылық

белсенділігінің артуына ықпал етеді;

4)қызмет алушыларды оқуға, ӛнермен/қолӛнермен айналысуға, бағдарламаларды/кинофильмдерді кӛруге, пікір-

таластарға және тынығу іс-шараларына қатыстыру уақытша болу ұйымы ұжымының қоғамдық ӛміріне

қатыстыру арқылы әлеуметтік және коммуникативтік байланыстарын жӛнге салуға жәрдемдеседі;

5) мамандардың қатысуымен телефон немесе скайп арқылы туысқандарымен/достарымен/мамандармен

байланысу мүмкіндіктерін беру агрессия рецидивін болдырмау мәселелерін жылдам әрі тиімді шешуді,

құрбандардың мүліктік, азаматтық және ӛзге құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;

6) істің құжаттарын, түрлері мен материалдарын қызмет алушының туған тіліне аудару; медициналық тексеріс

кезінде, сотта, мемлекеттік органдар мен мекемелерде мәселелерді шешуде аудармашының болуы қызмет

алушының проблеманы шешу барысына енуін қамтамасыз етеді, оның қайталанбалы агрессиясын болдырмау

қабілетін арттырады.

58. Қатыгездік құрбандары үшін уақытша болу ұйымдарында кӛрсетілетін әлеуметтік-экономикалық

қызметтергемыналар жатады:

Page 150: Арнайы баяндама1.7 MB

150

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу

жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 1997

жылғы 16 маусымдағы, «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы

5 сәуірдегі, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік кӛмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі, «Балалы отбасыларға

берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы заңдарына және

Қазақстан Республикасының ӛзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тиесілі жеңілдіктерді,

ӛтемақыларды, алименттер мен басқа да тӛлемдерді алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға жәрдемдесу.

59. Әлеуметтік-экономикалық қызмет кӛрсету сапасына қойылатын талаптар:

қызмет алушыларға жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, ӛтемақылар мен басқа да тӛлемдерді алуға жәрдемдесу

баспаналық мәселелерді шешуде қызмет алушылар үшін қызығушылық тудыратын мәселелерді шешуде

уақтылы, толық, білікті және тиімді кӛмек кӛрсетуді қамтамасыз етеді.

60. Құрбандар үшін уақытша болу ұйымдарында кӛрсетілетін әлеуметтік-қҧқықтық қызметтергемыналар

жатады:

1) келесі мәселелерге байланысты заңгерлік консультация беру:

1. азаматтық, отбасылық және мүліктік, заттық құқықтармен, құжаттарды қалпына келтірумен, тұрғылықты

жеріне оралумен, алименттерге, келтірілген зиянды ӛтеумен, әлеуметтік қызмет кӛрсету саласында

және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қамсыздандырумен байланысты мәселелер

бойынша заңгерлік консультация беру;

2. қатыгездік таныту, тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасы фактілерін зерттеу, сот жүргізу және

орындау аясында құқық қорғау, сот органдарымен ынтымақтастықпен байланысты консультациялар беру;

3. азаматтық бірегейлігі бойынша мемлекеттің дипломатиялық және консулдық ӛкілеттіліктеріне қолжетімдік

құқығына байланысты консультациялар беру;

2) жеке басын куәлендіретін, әлеуметтік мәртебесі, тұрғылықты жері бойынша тіркеу, оқу/жұмыс, мүліктік

құқықтар бойынша құжаттарды, құқықтардағы қалпына келтіру үшін заңдық мәні бар құжаттарды рәсімдеуге

кӛмек;

3) жеке басын куәлендіретін құжаттарды қалпына келтіруге, шетелдік тӛлқұжаттарды (шетел азаматтары үшін)

рәсімдеуге, виза рәсімдеуге жәрдемдесу;

4) келесілер үшін құжаттарды рәсімдеуге жәрдемдесу:

1. тұрған орны бойынша тіркеу және тұрғын үй құқықтарын қалпына келтіру;

2. Елшілікке, сыртқы істер, ішкі істер, әділет, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, білім органдары мен

мекемелеріне арыздар/ӛтініштер/аппеляциялар жазу және оқу;

3. қызмет алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе қысым жасайтын ұйымдардың әрекеті немесе

әрекетсіздігіне ӛтініштер әзірлеу мен беру;

4. заңнамада белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды, әлеуметтік тӛлемдерді алу;

5. қызмет алушылардың құқықтық қабілеттілігін, жартылай қабілеттілігін немесе қабілетсіздігін бекіту;

6. қызмет алушылардың мүдделерін ӛкілдігіне сенімхат рәсімдеу.

5) соттық тергеу органдарында және мекемелерде қызмет алушылардың мүдделерінің ӛкілдіктері;

6) келесілерді қоса отырып, жәбірленушілердің қауіпсіздігінің қылмыстық-құқықтық шараларының барабар

кӛлемін қабылдауға жәрдемдесу:

1. қатыгездік танытқан, зорлық-зомбылық жасаған, адам саудасымен айналысқан адамды/адамдар тобын ішкі

істер органдарына жеткізу;

2. қорғау ұйғарымын шығару;

3. әкімшілік ұстау;

4) зорлық-зомбылық жасаған адамдардың әрекетіне қатысты соттың ерекше талаптарды бекітуі;

5) қылмыстық процестік мәжбүрлеу шараларын қолдану;

6) криминологиялық болжамды анықтау;

7) зорлық-зомбылық рецидивін болдырмау және зорлық-зомбылық жасаған адамдардың әлеуметтенуінің

жоспарын бекіту

61. Әлеуметтік-құқықтық қызмет кӛрсетудің сапасына қойылатын талаптар:

1) қызмет алушыларға құқықтық мәселелер бойынша консультация беру заңнамада белгіленген құқықтар мен

ықтимал заң бұзушылықтардан қорғау тәсілдері туралы толық түсінік береді;

2) қызмет алушыларға азаматтық, тұрғын үй, отбасы, еңбек, зейнетақы, қылмыстық заңнама және басқа

мәселелер бойынша консультация беру оларды қызықтыратын заңнамалық актілер мен кӛтерілген мәселелердегі

құқықтары туралы толық түсінік беруге;

3) құжаттарды (ӛтініш, шағым, анықтама және тағы да басқа құжаттар) дайындау және тиісті адресатқа жіберуде

қажетті кӛмек кӛрсетуқызмет алушылардың құқықтары мен мүдделерін қалпына келтіру/қорғаумен байланысты

мәселелерді іс жүзінде шешуді қамтамасыз етеді;

Page 151: Арнайы баяндама1.7 MB

151

4) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызмет алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе шектейтін

лауазымды тұлғаларының әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағым дайындауда кӛмек кӛрсету оларға

шағымдарында шағымданатын әрекеттің мәнін, жол берілген заң бұзушылықты жою талабын заң тұрғысынан

сауатты жазуға және шағымды адресатқа жіберуге кӛмек кӛрсетеді;

5)құжаттарды (жеке басын куәлендіретін, заңнама бойынша алуға тиесілі жәрдемақыларды және басқа да

әлеуметтік тӛлемдерді алуға, жұмысқа орналастыруға, баспанаға құқығын қалпына келтіру

үшін) ресімдеуде заңгерлік кӛмек кӛрсету қызмет алушыларға қажетті құжаттардың мақсатына қарай мазмұнын,

құжаттар мәтінінің баяндалуын және жазылуын (қажет болғанда) немесе нысанды бланкілердің толтырылуын,

ілеспе хаттардың жазылуын түсіндіруді қамтамасыз етеді.

62. Қатыгездік құрбандары үшін әлеуметтік-педагогикалық қызметтергемыналар жатады:

1)қатыгездік құрбандарымен алғашқы сұхбатты ұйымдастыру және ӛткізу;

2) әлеуметтік-педагогикалық диагностика және тексеріс ӛткізу және әлеуметтік-педагогикалық қолдау

қажеттігін анықтау;

3) оңалту, интеграция (реинтаграция) жалпы бағдарламасында әлеуметтік-педагогикалық іс-шараларды әзірлеу

және құрбанмен келісу;

4) құрбанның құндылықтық бағдарларының, ұстанымдары мен әрекеттік дағдыларының ӛзгеруі бойынша

сабақтар ұйымдастыру және ӛткізу;

5) құрбанға және отбасы мүшелеріне әлеуметтік-педагогикалық консультация беруді ұйымдастыру;

6) кәмелетке толмағандарға арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну жағдайында жасқа, жеке дара ерекшеліктер

мен қажеттіліктерге сәйкес жалпы білім беретін және тәрбиелік процеске қосуды қамтамасыз етеді;

7) қатыгездіктің құрбаны болған барлық балалар және ата-анасымен бірге келген балалар психологиялық

медициналық- педагогикалық консультация аясында консультациялық диагностикалық кӛмек алады. Дамуында

кідіріс және бұзылуларды айқындау жағдайында 0-ден 18 жасқа дейінгі балалар белгіленген тәртіпте ұйымның

қызмет кӛрсету ауданы бойынша немесе тұрғылықты жері бойынша психологиялық-педагогикалық түзету

кабинеттерінде немесе оңалту орталықтарында түзету дамыту кӛмегінің кепілді кӛлемімен қамтамасыз етіледі.

63. Қатыгездік таныту құрбандарына әлеуметтік-педагогикалық қызметтер кӛрсетудің сапасына талаптар:

1) бірінші реттік сұхбатты әлеуметтік педагог немесе әлеуметтік жұмыс мамандары жүргізеді және қатыгездік

құрбанының әлеуметтік педагогикалық қызметтер алу қажеттіліктері мен еріктерін анықтауды қамтамасыз

етеді;

2) әлеуметтік-педагогикалық тексеріс және диагностика ОЖБ-на қосу тәрбиелік және педагогикалық жұмыстың

бағыттары мен мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді;

3) қатыездік танытудың құрбандарының ОЖБ іс-шараларын әзірлеуге қатысуы қатыгездік танытудың

құрбандарының даралығының дамуына, ынталандыруға және ӛзіндік бағалаудың артуына алып келеді;

4) құрбанның құндылықтық бағдарларын, ұстанымдары мен іс-әрекеттік дағдыларын ӛзгерту жӛнінде сабақтар

ӛткізу зорлық-зомбылықтың қайталану жағдайыларын болдырмауды қамтамасыз етеді;

5) «Қорғалған баспана» ұйымына келген балаларда түзеу-дамыту бағдарламаларын іске асыру және

психологиялық-медициналық-педагогикалық диагностиканы ӛткізу олардың даму құқықтарын іске асыруды

қамтамасыз етеді және оларды білім беру процесіне енгізуді қолдайды;

6) балаларды жалпы білім беретін процеске қосуды жергілікті мекені немесе ұйымның орналасқан жері

бойынша жалпы білім беретін мектеп үйде оқыту түрі арқылы жүзеге асырады, бұл ретте баланың қауіпсіздігі

қамтамасыз етіледі;

7) балаларды оқулықтармен, оқу құрал-жабдықтармен, үй жұмысын орындауға арналған жұмыс орнымен

қамтамасыз ету балаларға ӛнімді қызмет ету үшін жағдайлар, білім алу үшін мүмкіндіктер жасайды;

8) «Қорғалған баспана» уақытша болу ұйымында балалардың тәрбиелік процесі кәмелетке толмағандардың

үйлесімді психоэмоциялық дамуы үшін, оларды ӛмірлік, мәдени және әлеуметтік дағдыларға оқыту үшін

жағдайлар жасайды.

7. Қызмет алушыларды уақытша болу ҧйымынан шығару, шығарыпжіберу және ауыстыру шарттары

64. Уақытша болу ұйымынан қызмет алушыларды шығару:

1) қызмет алушының жазбаша ӛтініші;

2) шарт бұзылған немесе қолдалану мерзімі аяқталған жағдайда;

3) шарт талаптары мерзімінен бұрын орындалған жағдайда жүзеге асырылады.

65. Егде тартқан жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігіне байланысты ӛзіне-ӛзі қызмет кӛрсетуі, қозғалуы

қиын қызмет алушылар медициналық ұйымның және ОЖБ-ға сәйкес қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы

үлгідегі медициналық-әлеуметтік ұйымдарға, психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік ұйымдарға

ауыстырылады.

Page 152: Арнайы баяндама1.7 MB

152

66. Уақытша болу ұйымында тұруға медициналық қарсы кӛрсеткіштері болған кезде қызмет алушылар

денсаулық сақтаудың тиісті мекемелеріне жіберілуге жатады.

67. Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын қызмет алушыларды бір ӛңірде (елде) орналасқан уақытша болу

ұйымынан елдің ӛзге ӛңірінде (елде) орналасқан уақытша болу ұйымына ауыстыру тиісті ӛңірлердің (елдің)

уақытша болу ұйымдарының келісімі бойынша жүзеге асырылады.

68. Қызмет алушылар:

1) Ішкі тәртіп ережесін тұрақты (үш реттен артық) түрде бұзған, оның ішінде есірткі заттарын, спирттік

ішімдіктерді әкелген және қабылдаған, тауарлық-материалдық құндылықтарды және ӛзге мүлікті бүлдірген,

құқыққа қарсы әрекеттер жасаған жағдайда;

2) уақытша болу ұйымында болуға медициналық қарсы кӛрсеткіштер анықталған кезде;

3) қызмет алушы уақытша болу ұйымы әкімшілігін хабардар етпей, уақытша болу ұйымы аумағынан ӛз бетімен

шығып кетіп, үш тәуліктен астам уақыт бойы болмаған жағдайларда; уақытша болу ұйымы аумағынан шығып

кеткен адам осы стандарттың 3-бӛліміне сәйкес жалпы негізде қайта қабылданады, ал дәлелді себептер (ішкі

істер органдарының ұстауы, денсаулық сақтау мекемесінде болу) бойынша ол жӛнінде хабардар етуге

мүмкіндігі болмаған адам дереу қайта қабылданады;

4) ӛзі туралы әдейі жалған ақпарат ұсынған жағдайда;

5) қызмет алушы шарт талаптарын орындамаған жағдайда шығарылуға жатады.

69. Қызмет алушыларды шығару, шығарып жіберу немесе басқа уақытша болу ұйымына ауыстыру уақытша

болу ұйымы басшысы бұйрығының негізінде жүзеге асырылады.

70. Шығару немесе басқа уақытша болу ұйымына ауыстыру кезінде қызмет алушыларға жеке және маусым

бойынша ӛзіне бекітілген киімі мен аяқ киімі, уақытша болу ұйымында сақталған құнды заттары (құжаттары)

беріледі.

8. Қатыгездік таныту, тҧрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасы қҧрбандары ҥшін уақытша болу

ҧйымын басқару

71. Уақытша болу ұйымын уәкілетті орган немесе құрылтайшы лауазымға тағайындайтын және босататын

басшы басқарады.

72. Уақытша болу ұйымы персоналының штат санын уәкілетті орган не құрылтайшы қажеттіліктер мен бюджет

мүмкіндіктерін ескере отырып, осы стандартқа 5-қосымшада кӛзделген кӛлемнен кем емес кӛлемде бекітеді.

73. Уақытша болу ұйымында шағымдар мен ұсыныстар кітабы ресімделеді, ол уақытша болу ұйымының

басшысында сақталады және қызмет алушылар мен келушілердің бірінші талабы бойынша беріледі.

74. Шағымдар мен ұсыныстар кітабын уақытша болу ұйымының басшысы апта сайын, ал уәкілетті орган ай

сайын қарайды.

75. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңды және жеке тұлғалардан қаражат

аудару үшін уақытша болу ұйымының демеушілік, қайырымдылық және ӛзге де шоттары болады.

76. Уақытша тұру ұйымының қызметін қоғамдық бақылауды, қолдау кӛрсетуді, еңбек шарттарын жақсартуды,

қызмет алушыларға қызмет кӛрсетудің тиімділігі мен сапасын арттыруды қамтамасыз ету үшін Қамқоршылық

Кеңесі бар.

Page 153: Арнайы баяндама1.7 MB

153

Халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік

қызмет кӛрсету стандартына

1-қосымша

Нысан

___________________________________________________________________________________

(уақытша болу ұйымының атауы) директоры

(директордың толықТ.А.Ә)

___________________________________________________________________________________________

(Ӛтініш берушінің толық Т.А.Ә.)

ӚТІНІШ

Мені әлеуметтік бейімдеу және оңалтудан ӛту үшін уақытша болу ұйымына келесі фактілерге байланысты

қабылдауды сұраймын (қажеттісін жазу):___________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________

(қатыгездік қарым-қатынас, тұрмыстық зорлық-зомбылық, эмоциялық, физикалық, сексуалдық, экономикалық

зомбылық; сексуалдық қанау, құл сатушылық, еңбектік қанау, мәжбүрлі оқшаулау, басқа жағдайлар) .

Қатыгездік қарым-қатынас, тұрмыстық зорлық-зомбылық, адам саудасы фактілері (Т.А.Ә., мекен-жайы,

байланыс түрін

кӛрсету):______________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________

жағынан орын алды

Ӛзім туралы мынадай ақпаратты хабарлаймын:

Туған күні: « __ » ____________ ____ ж.

Туған жері: _______________________________________________________________________________

Жеке куәлігі немесе паспорты (болса):_______________________________________________

Тұрғылықты жері бойынша соңғы тіркелген мекен-жайы:_______________________________________

Жақын туыстары туралы деректер:_______________________________________________________________

Жақын туыстарының мекен-жайлары, байланыстары:_________________________________________________

Ұялы телефоны:______________________________________________________________________________

Әлеуметтік бейімдеуден және оңалтудан ӛту үшін уақытша болуға қабылдау жағдайында арнаулы әлеуметтік

қызмет кӛрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және ӛңдеуге келісім беремін.

Тұру және ӛрт қауіпсіздігі қағидасымен таныстым және оларды сақтауға міндеттенемін.

_______________________________ (қолы) « __ » ____________ ____ ж.

Page 154: Арнайы баяндама1.7 MB

154

Халықты әлеуметтік қорғау саласында

уақытша болу жағдайында қатыгездік қарым-қатынас,

тҧрмыстық зорлық-зомбылықжәне адам саудасы

қҧрбандары ҥшін арнаулы әлеуметтік қызмет кӛрсету стандартына

2-қосымша

Нысан

Уақытша болу ҧйымында қызмет алушыны тіркеу карточкасы

1. Тегі: __________________________________________________________________________________________

2. Аты: __________________________________________________________________________________________

3. Әкесінің аты: __________________________________________________________________________________

4. Жынысы:______________________________________________________________________________________

5. Туған күні: ____________________________________________________________________________________

6. Ұлты: _________________________________________________________________________________________

7. Туған жері: ____________________________________________________________________________________

8. Тұрғылықты жері бойынша соңғы тіркелген мекенжайы:_____________________________________________

9. Тұрғын-үйім бар (қажеттісінің астын сызу: менің жеке меншігімде, үлестік меншікте, жатақханада тұрамын,

жеке пәтерде тұрамын).

10. Тұрғын үйді _______ жылы жоғалтып алдым, жоғалтып алған тұрғын-үйдің мекен-жайы

______________________ қаласы ____________________облысы____________________кӛшесі__үй___пәтер

11. Тұрғын-үй жоғалтудың себебі: _________________________________________________________________

12. Тіркелген мекен-жай бойынша, тұрғылықты жері бойынша тұру мүмкіндігінің жоқтығының себебі:

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________

13. Бар құжаты: паспорт/жеке куәлік (керегін белгілеу)

14. Құжат түрі:__________________________________________________

Нӛмірі/сериясы Берілген кҥні Қолданылу мерзімі Кім берді

Жеке куәлік

Паспорт

ЖСК

ӘСК

15. Білімі: ______________________________________________________________________________________

16. Кәсібі: ______________________________________________________________________________________

17. Отбасылық жағдайы:_______________, балаларының болуы:_____________, соның ішінде кәмелет жасқа

толмағандар,

18. Балалар орналасқан жер:________________________________________________________________________

19. Жақын туыстары туралы мәліметтер: ____________________________________________________________

№ р/с Туыстық

дәрежесі

Т.А.Ә. Туған жылы Тҧрғылықты жері

20. Қатыгездік қарым-қатынас, тұрмыстық зорлық-зомбылық, адам саудасы фактілерін жасаған тұлға туралы

мәліметтер:

21. Толық ТАӘ:__________________________________________________________________________

22. Жасы:___________________________________________________________________________________

23. Туыстық дәрежесі ( зиян шеккенге қатынасы):__________________________________________________

24. Сотталуы

№ р/с ҚК бабы Ӛтеу мерзімі Қашан ӛтеді Қайда ӛтеді

25. Тұрған жері:________________________________________________________________________

26. Байланыс: ____________________________________________________________________________

Қызмет алушыдан жұқтырған аурулар (туберкулез, гепатит, гоноррея, сифилис, ЖТИС және басқа): _________

27. Қызмет алушының денсаулығының жағдайы: _____________________________________________________

28. Азаматты жіберген ұйым: _______________________________________________________

29. Азаматтың жеке қолы:________________________________________________________________

Page 155: Арнайы баяндама1.7 MB

155

30. Күні: ____________________________________________________________________________________

31. Карточканы толтырған уақытша болу ұйымы маманының Т.А.Ә., қолы ___________

Page 156: Арнайы баяндама1.7 MB

156

Халықты әлеуметтік қорғау саласында қатыгездік қарым-қатынас, тҧрмыстық зорлық-зомбылық және

адам саудасы қҧрбандарының уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет кӛрсету

стандартына

3-қосымша

Қатыгездік қарым-қатынас, тҧрмыстық зорлық-зомбылық, адам саудасы қҧрбандарының

психоәлеуметтік оңалтуы туралы Ҥлгілік шарт *

__________________________________________________________________________________________

(уақытша болу ұйымының атауы, мекен-жайы)

атынан ___________________________________________________________ , (бұдан әрі - Орталық) бір тараптан

(басшының Т.А.Ә.) және

____________________________________________________________________, (бұдан әрі – қызмет алушы)

(қызмет алушының Т. А. Ә.)

екінші тараптан, бірлесіп Тараптар деп аталатындар, тӛмендегі туралы осы Шартты жасасты:

1. Шарттың нысаны:

Қызмет алушыға уақытша болу ұйымы ресоциализацияға (жоғалтылған әлеуметтік мәртебесін қалпына

келтіру) бағытталған арнаулы әлеуметтік қызмет кӛрсетеді.

2. Тараптардың қҧқықтары мен міндеттемелері

2.1. Орталықтың міндеттемелері:

1) қызмет алушыларды арнаулы әлеуметтік қызмет кӛрсету шарттарымен таныстыру;

2) белгіленген кӛлемде арнаулы әлеуметтік қызмет кӛрсету;

3) мамандығы бойынша кәсіптік оқытуды (даярлауға, қайта даярлау) ұйымдастыру___________;

4) тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастыруға кӛмектесу;

5) қауіпсіздік, психоәлеуметтік оңалту жӛнінде шараларды жүзеге асыру, тұрғын-үй, азаматтық, мүліктік,

заттық құқықтарды қалпына келтіруге кӛмектесу; тұрақты мекендеу орнына оралу, келешекте тұру мақсатында

қолжетімді жалдамалы тұрғын-үй іздеуге жәрдемдесу;

6) қызмет алушыға сыйластықпен қарау, дӛрекілікке, ӛз міндеттемелеріне атүсті қарауға жол бермеу.

2.2. Орталықтың құқықтары:

1) әлеуметтік ахуал бағалауды іске асыру, психоәлеуметтік оңалту бағдарламасын жүзеге асыруды жоспарлау

және бақылау және мемлекеттік органдар мен мекемелерден, үкіметтік емес ұйымдардан, мүдделі тұлғалардан

қажетті ақпаратты сұрастыру;

2) психоәлеуметтік оңалту жеке жоспарына қажетті негізделген түзетулер енгізу;

3) күн тәртібін орындауының, қызмет алушының күндізгі жұмысбастылық, ӛзін-ӛзі күту, санитарлық

гигиеналық процедуралар, дәрігер белгілеуі, жеке және топтық сабақтар мен тренингтерге, оқу процесіне және

ӛз құқықтарын қорғауға бару іс-шараларын орындауға қатысуының мониторингісін ӛткізу;

4) қызмет алушы тарапынан міндеттемелерді орындамау немесе орындаудан жалтару жағдайында біржақты

тәртіппен шартты бұзу;

5) одан әрі тұру мақсатында ұсынылған қолжетімді жалдамалы тұрғын үйде тұрудан бас тартқан жағдайда

біржақты тәртіппен шартты бұзу.

2.3. Қызмет алушының міндеттемелері:

1) психоәлеуметтік оңалту және ӛз құқықтарын қалпына келтіру процесіне белсенді түрде қатысу;

2) ___________ мамандығы бойынша оқу курсынан табысты ӛту;

3) ұсынылатын жұмыс орнына жұмысқа орналасу;

4) Орталық персоналына сыйластықпен қарау;

5) осы шарттың талаптарын сақтау.

2.4. Қызмет алушының құқықтары:

1) ресоциализация процесі туралы ақпарат алу;

2) психоәлеуметтік оңалтудың жеке жоспарын жоспарлауға, кәсіп және жұмыс орнын таңдауға қатысу.

3. Шартты бҧзу талаптары

3.1. Осы шарт мынадай негіздемелер:

1) қызмет алушы тарапынан міндеттемелерді орындамау немесе орындаудан бас тарту;

2) қызмет алушының Орталық персоналына негізсіз дӛрекілік таныту және айып тағу бойынша бұзылуға

жатады.

3.2. Арнаулы әлеуметтік қызмет кӛрсету денсаулық сақтау мекемесінде қызмет алушы болған кезеңінде

тоқтатылады.

4. Қорытынды ережелер: Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден екі данада жасалды.

Орталық директоры ___________ ___________

(Т.А.Ә.) (қолы)

Қызмет алушы___________ ___________

(Т.А.Ә.) (қолы)

* Ескерту: осы Шарт үлгілік болып табылады.

Page 157: Арнайы баяндама1.7 MB

157

Халықты әлеуметтік қорғау саласында қатыгездікпен қарау, тҧрмыстық-зорлық-зомбылық және адам

саудасы қҧрбандарына уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтікқызмет кӛрсету стандартына

4-қосымша

Қатыгездікпен қарау, тҧрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасы қҧрбандарының уақытша болу

ҧйымдарына арналған жиһаз, тӛсек-орын және іш киім, киім және аяқ киім, жеке гигиеналық қҧралдары

нормалары, сондай-ақ олардың тозу мерзімдерінің ең тӛмен нормалары

№ Атауы Ӛлшем бірлігі 1 орынға шаққанда

Норма Мерзімі

(жыл)

1 Ақ жайма дана 3 1

2 Сейсеп дана 3 1

3 Жастық тысы дана 3 1

4 Сүлгі дана 2 1

5 Матрац дана 1 1

6 Жастық дана 2 3

7 Кӛрпе дана 2 3

8 Жамылғы дана 1 2

9 Түнгі кӛйлек дана 2 1

бір қызмет алушыға

9 Ішкі киімдер дана 3 1

10 Майкілер дана 2 1

11 Бюстгальтер дана 2 - бір әйелге 1

12 Шұлық пар 3 - бір қызмет алушыға 1

кӛйлек немесе

шалбар х/б

дана 2 Қжеттіліктер

бағалары

қорытындылары мен

тұрғын-үй

жағдайларын

тексеру актісі

негізінде

кофта дана 1

күрте (мезгіл

бойынша)

дана 1

қалпақ (мезгіл

бойынша)

дана 1

бӛлме шәркесі пар 1

мезгіл бойынша

аяқ киім

пар 1

13 Тіс шӛткесі дана 1 - бір қызмет алушыға 3 ай

14 Тіс пастасы миллилитр 900 1

15 Иіс сабыны грамм 200 1

16 Резинадан

жасалған клеенка

дана қажеттілігіне қарай, бірақ бір койка орынға 1

данадан артық емес

1

17 Әйелдерге

арналған сіңіргіш

тӛсемелер

дана қажеттілігіне қарай, бірақ бір әйелге айына 16

данадан артық емес

18 Жаялықтар дана бір қызмет алушыға күніне 4 данадан артық

емес

дәрігердің

қорытындысы

бойынша жасы кіші

балалар үшін

Page 158: Арнайы баяндама1.7 MB

158

Халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу

жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет кӛрсету стандартына

5-қосымша

Қатыгездікпен қарау, тҧрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасы қҧрбандарының уақытша болу

ҧйымдарындағы

персоналдың ең аз штаттық нормативтері

№ Лауазым атауы Койка-орын саны

10-нан 25-ке дейін 26-ға шейінгіден 51-ге дейін

Басшы қызметкерлер мен қызмет кӛрсетуші-шаруашылық персоналдың штаттық нормативтері

1 Директор 1 мекемеге 1 бірлік

2 Әлеуметтік жұмыс жӛніндегі

директордың орынбасары

1 мекемеге 1 бірлік

3 Бухгалтер 1 мекемеге 1 бірлік

4 Кадрлар жӛнiндегi инспектор 25 койкаға 0,5 бірлік

5 Хатшы-машинист (референт) 25 койкаға 0,5 бірлік

6 Күзетші 1 мекемеге 4 бірлік

7 Жүргізуші 1 техникалық жарамды кӛлік құралына 1 бірлік

8 Слесарь-сантехник Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

министрінің 31.12.2009 ж. № 401-ӛ бұйрығымен бекітілген

үлгілік нормалар мен еңбек нормативтеріне сәйкес 9 Электр жабдықтарын жӛндеу және

қызмет кӛрсету бойынша

электромонтер

10 Ғимараттарды, үй-жайлар мен

жабдықтарды ағымдағы жӛндеу және

қызмет кӛрсету жӛніндегі жұмысшы

(ағаш ұстасы, ағаш шебері)

11 Газ тектес, сұйық және қатты отынмен

жанатын, электрмен ысып істейтін

қазандықтарға қызмет кӛрсетумен

айналысатын жұмысшылар

Арнаулы әлеуметтік қызмет кӛрсету жӛніндегі персоналдық штаттың нормативтері

12 Әлеуметтік жұмыс жӛніндегі маман 1 2

13 Тәулік бойы қарауды қамтамасыз ету

және демалыс және мереке күндерде

қолдау үшін күтім бойынша

әлеуметтік жұмыскер

мекемеге 4,5

Әлеуметтік-тҧрмыстық қызмет кӛрсету жӛніндегі персоналдың штаттық нормативтері

13 Аспазшы 0,5 1,0

14 Шаруашылық бикесі 1 мекемеге 1 бірлік

15 Кір жуатын машина машинисті 1 мекемеге 1 бірлік

Әлеуметтік-медициналық қызмет кӛрсету жӛніндегі персоналдың штаттық нормативтері

16 Медициналық мейірбике/диеталық

тамақтану бойынша мейірбике

1,0 2.0

17 Дезинфектор 0.5 1

Әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-педагогикалық қызмет кӛрсету жӛніндегі персоналдың

штаттық нормативтері

18 Психолог 1 2

19 әлеуметтік педагог 1 2

Әлеуметтік-еңбек қызмет кӛрсету жӛніндегі персоналдың штаттық нормативтері

20 Еңбек терапиясы қолӛнермен

айналысу жӛніндегі нұсқаушы

25 койкаға 1,0

Әлеуметтік-мәдени қызмет кӛрсету жӛніндегі персоналдың штаттық нормативтері

21 Кітапханашы (кітапхана болса)//

музыкалық қызметкер

1 мекемеге 1 бірлік

22 Аудармашы аударманы қажет ететін 1 қызмет алушыға 10 сағаттық есептен бір

Page 159: Арнайы баяндама1.7 MB

159

сағаттық еңбек тӛлемі

Әлеуметтік-қҧқықтық қызмет кӛрсету жӛніндегі персоналдың штаттық нормативтері

21 Заңгер 1 мекемеге 1 бірлік

Ескерту:

1) қажеттігіне қарай белгіленген лауазымдар еңбекақы тӛлеу қоры шегінде бірін-бірі алмастыра алады;

2) басшы қызметкерлер мен қызмет кӛрсетуші-шаруашылық персоналын ұстау бойынша шығыстар 1 бірлік

қызметтің құнын есептеуге қосылған;

3) уақытша болу ұйымдарында қызметтік автокӛлік құралдары лимиті мынадай кӛлемде белгіленеді: бір

жеңіл автомобиль; екі санитарлық автомобиль.

Халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу

Page 160: Арнайы баяндама1.7 MB

160

жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет кӛрсету стандартына

6-қосымша

Қатыгездікпен қарау, тҧрмыстық-зорлық-зомбылық және адам саудасы

қҧрбандарының уақытша болу ҧйымдарындағы

материалды техникалық қамтамасыз ету мен қҧрал-жабдықтарға қойылатын талаптар

№ Қҧрал-жабдық атауы Саны

1 Әлеуметтік жҧмыс жӛніндегі маман кабинеті

1.1. тумбасы бар жазу үстелі 1

1.2. орындықтар 5

1.3. құжаттар үшін шкаф 1

1.4. жеке іс және қызмет алушы туралы ақпарат сақтау үшін металл шкаф 1

1.5. жеке компьютер, принтер, интернет рұқсаты бар сканер 1

1.6. телефон 1

2 Психолог/ әлеуметтік педагог кабинеті

2.1. тумбасы бар жазу үстелі 1

2.2. орындықтар 5

2.3. құжаттар, диагностикалық тестілер, оқу және бос уақытта қызмет алу үшін әдебиеттер үшін

шкаф

1

2.4. жеке компьютер, принтер, интернет рұқсаты бар сканер 1

2.5. телефон 1

2.6. Музыкалық орталық, аудиожазбалар, теледидар

3 Заңгер кабинеті

3.1. тумбасы бар жазу үстелі 1

3.2. орындықтар 3

3.3. құжаттар үшін шкаф 1

3.4. қызмет алушылардың құқықтарын қалпына келтіру үшін қажетті құпия ақпарат пен құжаттар

сақтау үшін металл шкаф

1

3.5. жеке компьютер, принтер, интернет рұқсаты бар сканер 1

3.6. телефон 1

4 Мейірбикенің емдеу шаралары кабинеті

4.1. тумбасы бар жазу үстелі

4.2. орындықтар

4.3. дәрі-дәрмек, құралдар, тонометр және медициналық құжаттама сақтау үшін металл шкаф

4.4. медициналық кушетка

4.5. құрал-сайман үстелі

4.6. бактерицидтік шам

5 Еңбек терапиясы, қолӛнермен айналысу/ӛнер нҧсқаушысының кабинеті

5.1. жұмыс үстелі 2

5.2. орындықтар 12

5.3. тігін машинасы 2

5.4. Оқу-әдістемелік мәліметтер, ӛнім, шикізат сақтау үшін стеллаждар 2

6 Әлеуметтік тҧрмыстық бейімделу, кҥндізгі жҧмысбастылық және қызмет алушыны ӛзін-

ӛзі кҥту кабинеті

6.1. тұрмыстық кір жуғыш машинасы ( 10 қызмет алушыға 1 машина есебінен)

6.2. үтіктер (10 қызмет алушыға 1 үтік есебінен)

6.3. киім-кешек үшін кептіргіш (1 кір жуғыш машинаға 1 кептіргіш есебінен)

6.4. үтіктеу тақтасы (10 қызмет алушыға 1 тақта есебінен)

6.5. шаңсорғыш (25 қызмет алушыға 1 шаңсорғыш есебінен)

6.6. Еден жуу құралы (ғимарат ауданының 50 шаршы метріне 1 еден жуу құралы есебінен )

6.7. Қабырғалар, терезелер және едендер жуу үшін шелектер (ғимарат ауданының 30 шаршы

метріне 1 шелек есебінен)

Page 161: Арнайы баяндама1.7 MB

161

5.7. 4-ші және 5-ші бӛлімдердің ҧсынымдары:

1. Құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдар адам саудасы

құрбандарын, әсіресе шетелдік еңбекші-мигранттар, сондай-ақ әйелдер мен

балалар арасында сәйкестендіру жӛніндегі жұмыстыкүшейтсін.

2. Кӛші-қон, әкімшілік, қылмыстық полицияны қосқандағы құқық

қорғау органдары қызметкерлері мен басқа ведомстволар қызметкерлері

(мемлекеттік еңбек инспекциясы, денсаулық сақтау органдары, әлеуметтік

қызметтер, қорғаншылық және қамқоршылық органдары, КТБО қызметкерлері

және басқа) үшін адам саудасының құрбандарын бастапқы сәйкестендіру

жӛніндегі нұсқаулар әзірленіп, енгізілсін.

3. Құқық қорғау және ӛзгеуәкілетті органдардың қызметкерлері

үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен адам саудасы құрбандарын

сәйкестендіру саласында тұрақты түрде оқытылатын болсын.

4. Адам саудасы құрбандарының құқықтық мәртебесінің анықтамасы

заңды түрде бекітілсін және адам саудасы бойынша қылмыстық іс қозғау

фактісіне қарамастан, адам саудасы құрбандары мемлекеттік қорғаумен және

жәрдеммен қамтамасыз етілсін. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында

адам саудасы құрбандары болған басқа мемлекеттердің азаматтары үшін

құрбанның құқық қорғау органдарымен ынтымақтастығы туралы қабылданған

шешіміне қарамастанықтияр хат(жүріп-тұруға рұқсаттар) беру заңды түрде

бекітілсін.

5. Қылмыстан жәбірленгендер, соның ішінде адам саудасының

құрбандарына зиянды ӛтеудің Комиссияның қолданыстағы арнайы

баяндамасының ұсыныстарына сәйкес тиімді тетігі құрылып, енгізілсін.

6. Құқық қорғау органдары, үкіметтік емес ұйымдар, денсаулық

сақтау, білім, әлеуметтік қызметтер мекемелері мен басқа құзырлы мемлекеттік

органдар арасында адам саудасы құрбандарын анықтаудың және қайта

бағыттаудың ұлттық тетігі әзірленсін және іске қосылсын, ол адам саудасы

құрбандарын анықтау, қорғаныс және кӛмек және адам саудасы құрбандарына

тікелей жәрдем алу үшін оларды қайта бағыттау саласындағы әр ведомство мен

ұйымның айқын міндеттерін, сондай-ақ тиісті ұйымдар мен ведомстволар

арасындағы ӛзара әрекеттестік тәртібін анықтайтын болсын.

7. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР Заңын орындау

шеңберінде қатыгездік қарым-қатынас (нысандары тұрмыстық зорлық-

зомбылық, адам саудасы, соның ішінде кәмелетке толмағандардың саудасы,

қанаудың басқа түрлері және адам ұрлау болып табылады) нәтижесінде қиын

ӛмірлік жағдайға ұшыраған адамдар үшін әлеуметтік қызметтер стандарттары

әзірленсін, енгізілсін және мониторингі бойынша жауапты мемлекеттік орган

анықталсын.

Page 162: Арнайы баяндама1.7 MB

162

8. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсанындағы

«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңының 6 бабы 1 тарауының 8)

тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

8) адамның денсаулығына, тіршілікке қабілеттілігіне, дамуына немесе

қадыр-қасиетіне нақты зиян келтіретін қатыгездік қарым-қатынас.

9. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР Заңын жүзеге асыру

шеңберінде арнаулы әлеуметтік қызмет алушылар тізіміне шетелдіктер, әсіресе

еңбекші-мигранттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында күрделі

еңбек жағдайына тап болған азаматтығы жоқ азаматтар қосылсын.

10. ҚР Үкіметі ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жӛніндегі

комиссияның осы арнаулы баяндамасында ұсынылған қызмет кӛрсету

Стандарты жобасына сәйкес Қатыгездік қарым-қатынастың, тұрмыстық зорлық-

зомбылықтың және адам саудасының құрбандары үшін арнаулы әлеуметтік

қызмет кӛрсету стандартын әзірлеп, қабылдасын.

11. Уәкілетті мемлекеттік органдар әлеуметтік бейімсіздік пен

әлеуметтік депривацияға жеткізген қатыгездік қарым-қатынастың болуын

бағалаудың ӛлшемдерін анықтау тәртібін әзірлеп, қабылдасын.

12. Ұсынылатын қызметтер сапасын қамтамасыз ету мақсатында және

үздік халықаралық тәжірибе мен стандарттарды ескере отырып, қатыгездік

қарым-қатынас нәтижесінде қиын ӛмірлік жағдайға тап болған адамдар үшін

арнаулы әлеуметтік қызметтердің алдын-ала құнын есептеу үшінмемлекеттік

органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және халықаралық

ұйымдардыңӛкілдерінен тұратын Сарапшылар кеңесі құрылсын.

13. Қызметтер сапасын қамтамасыз ету, ұсынылған қызметтер сапасына

мониторинг жүргізу, қатыгездік қарым-қатынас нәтижесінде қиын ӛмірлік

жағдайға ұшыраған адамдар үшін қызметтер туралы ақпараттық

хабарландыруды ұйымдастыру мақсатында мемлекеттік және мемлекеттік емес

жабдықтаушылар (қатыгездік қарым-қатынас нәтижесінде қиын ӛмірлік

жағдайға ұшыраған адамдар үшін қызметтер ұсынатын субъектілер) тізілімі

анықталсын және құрылсын.

14. Қатыгездік қарым-қатынас нәтижесінде қиын ӛмірлік жағдайға

ұшыраған адамдар үшін жәрдем беру жӛніндегі ұйымдар қызметін қолдау

мақсатында республикалық және жергілікті деңгейде мемлекеттік

қаржыландыру қамтамасыз етілсін.

15. Жұмыс істейтін дағдарыстық орталықтарды және оңалту

орталықтарын қолдау қамтамасыз етілсін және жаңадан Астана мен Алматы

қалаларында, ҚР басқа облыстарында адам саудасы құрбандарына жәрдем мен

қорғау, соның ішінде тегін тұру қызметтері, медициналық және психологиялық

кӛмек, кәсіби даярлау және заңгерлік кеңестер мен басқа жәрдем түрлерін

ұсыну тетіктері құрылсын.

16. Астана мен Алматы қалаларының, ҚР облыстарының әкімдері

жергілікті бюджеттерден адам саудасының құрбандарына жәрдем мен қорғау,

соның ішінде тегін тұру қызметтері, медициналық және психологиялық кӛмек,

Page 163: Арнайы баяндама1.7 MB

163

кәсіби даярлау және заңгерлік кеңестер мен басқа жәрдем түрлерін ұсыну үшін

дағдарыстық орталықтар мен оңалту орталықтарын қаржыландыруды кӛздесін.

17. Адам саудасы мен қатыгездік қарым-қатынас құрбандарына қызмет

кӛрсетуші дағдарыстық орталықтар мен баспаналардың қызметін мемлекеттік

қолдау және қаржыландыру мақсатында ҚР Бюджет кодексінің 26-34, 53-55

баптарына тиісті ӛзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

18. Қатыгездік қарым-қатынас, соның ішінде адам саудасы нәтижесінде

қиын ӛмірлік жағдайға тап болған адамдар үшін қызмет кӛрсету саласында

әлеуметтік қызметкерлер институтын жетілдіру және үкіметтік емес ұйымдар

әлеуетін нығайту жӛніндегі жұмыс күшейтілсін. Үкіметтік емес ұйымдар мен

мемлекеттік қызметкерлерге, қатыгездік қарым-қатынас саласындағы

мамандарғаарналған білім беру бағдарламалары дамытылсын.

Page 164: Арнайы баяндама1.7 MB

164

ҚОРЫТЫНДЫ

Адам саудасы әлемнің барлық елдері үшін бәсеңдеу үрдісін

танытпайтынтрансұлттық қауіп болып табылады және адамзатқа қарсы осы

қылмысты жою бойынша, әйелдер, ерлер және балалардың қауіпсіздігі мен

амандығын қамтамасыз ету және қанаумен азаптаудан еркін болуына кепілдік

беру бойынша қабылданып жатқан барлық шараларға қарамастан, халықаралық

қоғамдастыққа сын-қатер болуын жалғастыруда.

Адам саудасы құрбандарына зорлық-зомбылық кӛрсету мен қорлау

жағдайлары әлемдік қоғамдастық тарапынан ауыр психологиялық зақыммен

байланысты қатыгездік қарым-қатынастың ең нашар нысандарының бірі болып

танылды.

Ӛкінішке орай, ахуалдардың басым кӛпшілігінде әйелдер мен балалар

құрбан болады, алайда осы саладағы қылмыстарды гендерлік және жастық

талдау ерлер де осындай қорлайтын қылмыстардың кеңінен құрбандары

болатынына назар аудартады.

Соңғы жылдар ішінде ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары

жӛніндегі комиссия Халықаралық кӛші-қон ұйымының ҚР-дағы Ӛкілдігімен,

Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығымен және азаматтық қоғаммен бірге адам

саудасымен байланысты қылмыстармен күрес, жою және алдын-алу бойынша

2012-2014 жылдарға арналған іс-шаралардың үкіметтік жоспарын жүзеге асыру

тұрғысында осы маңызды тақырыпты белсенді түрде кӛтеріп келді, сондай-ақ

әлеуметтік бейімсіздік пен депривацияға әкелген, қатыгездік қарым-қатынас

нәтижесінде қиын ӛмірлік жағдайға ұшыраған азаматтарға қатысты «Арнаулы

әлеуметтік қызметтер туралы» Заңды іске асыруға жәрдемдесті.

Қазақстан Республикасы соңғы жылдар аралығында адам саудасымен

күрес саласында айтарлықтай ілгері жылжығанын атап ӛту керек, бұл ЕҚЫҰ-

ның адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша арнаулы ӛкілі мен

үйлестірушісініңофисі Қазақстанға 2013 және 2014 жылдардағы екі ресми

сапарының қорытындылары бойынша елдік есебінде айтып кетті.

Мысалы, Халықаралық кӛші-қон ұйымы және ЕҚЫҰ Қазақстанның

негізгі адам саудасымен күрестің жоғары стандарттарын қамтамасыз етуші

халықаралық құжаттарғажәне адам құқықтары мен негізгі бостандықтар

жӛніндегі халықаралық-құқықтық актілерге қосылуын жағымды бағалайды.

Ұлттық заңнамаға халықаралық стандарттарға сәйкес түзетулерді енгізу де

жағымды бағалануда, сонымен қатар ҚР-ның екі жақты келісімдер мен әр түрлі

елдермен, соның ішінде адам саудасы бойынша істерге қатысушы адамдарды

ұстап беру жолымен ӛзара кӛмек туралы келісімшарттарға қол қоюға әзірлігі

құпталады.

Page 165: Арнайы баяндама1.7 MB

165

Адам саудасы мәселелер мен тұрмыстық зорлық-зомбылыққақарсы әрекет

бойынша ұлттық заңнамаға ӛзгертулер мен түзетулер енгізу жағымды рӛл

атқарады, бұл осы салалардағы құқық бұзушылықты жазалауды айтарлықтай

күшейтуге және тиісті заңдардың профилактикалық әсерін күшейтуге

мүмкіндіктер берді.

Әйтсе де Қазақстанның қолданыстағы заңнамасы басым дәрежеде адам

саудасымен күреске және аз дәрежеде әлеуметтік қорғаныс пен адам саудасы

құрбандарының мүдделерін қорғауға бағытталғанын мойындаған жӛн. Бұл

олардың қайта виктимизациясына және алдағы әлеуметтік бейімсіздік пен

депривацияға жиі әкеледі.

Адам саудасының барлық құрбандарының медициналық қызмет

кӛрсетуге, әлеуметтік, құқықтық және психологиялық жәрдемге қолжетімділігін

қамтамасыз ету қажеттігі Комиссияның осы арнаулы баяндамасында

белгіленгенін атап ӛткен жӛн.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев ӛзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы –

қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауында басым міндеттердің

бірі ретінде әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаларын анықтады, соның ішінде

әлеуметтік бағдарламаларға бӛлінетін қаражаттардың атаулығын нығайтуы тиіс

ең тӛменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктерді анықтау жӛнінде тапсырма

берді.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда адам құқықтары саласындағы

халықаралық стандарттарды ұлттық заңнамада бекіту бойынша маңызды

қадамдар жасалынды.

Сонымен қатар, қалыптасқан тәжірибе Қазақстанда қатыгездік қарым-

қатынас құрбандарының құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау саласындағы

мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы бірлік пен

келісімділіктің жоқтығын кӛрсетеді. Қазақстандық үкіметтік емес ұйымдар мен

халықаралық ұйымдар жағының осы саладағы бастамаларының қатары

мемлекеттік органдар тарапынан тиісті бағаланбайды, әлде оларда ӛз кезегінде

билік құрылымдарының қатысуын мүлде қарастырмайды.

Қазақстанның нарықтық экономика, қоғамды демократияландыру,

ұлтаралық және конфессияаралық қарым-қатынастар тұрақтылығын сақтау,

азаматтық қоғам институттарының дамуы, қылмыстық саясатты кезең бойынша

гуманизациялау, адам құқықтарын қорғау және ынталандыру саласында

атқарған мақсатқа бағытталған құрылымдық жұмысы айқын және әлемнің

кӛптеген мемлекеттерімен, халықаралық және үкіметтік емес құқық қорғау

органдарымен мойындалғанын атап ӛткен жӛн.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам

құқықтары жӛніндегі комиссияның пікірі бойынша, адам құқықтары

құрбандарының құқықтарын қорғау мәселелерін мемлекеттік органдар

қызметінде кӛкейкесті ету керек, қатыгездік қарым-қатынас құрбандарының

құқықтарын қорғауда азаматтық қоғам институттарының әлеуетін толығырақ

Page 166: Арнайы баяндама1.7 MB

166

қолдану, халықты, соның ішінде адам саудасының құрбандарын құқықтық

ағартудың рӛліне ерекше назар аудару қажет.

Адам саудасы құрбандарының құқықтарын қорғау және олардың арнаулы

әлеуметтік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету жӛніндегі ұлттық

тетіктер маңызды түзетулерді қажет етеді.

ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жӛніндегі комиссияның

арнаулы баяндамасының тиісті тарауларында келтірілген ұсынымдар негізінен

адам саудасы құрбандарының құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық заңнама

мен құқық қолдану практикасын халықаралық стандарттарға сәйкес жетілдіруге

бағытталған.

ҚР нормативтік құқықтық актілерін қайта қарау барысында да адам

саудасы құрбандарымен жұмыс істеу бойынша басқа мемлекеттердің ең үздік

тәжірибесі, мысалы, АҚШ, Швеция, Ұлыбритания, Еуропалық Одақ елдерінің

тәжірибесі назарға алынуы тиіс. Басқа мемлекеттердің тәжірибесі мен адам

құқықтарын қорғаудың негізгі қағидаларына сәйкес, адам саудасы құрбандары

әлеуметтік және еңбек құқықтарының кешенімен қамтамасыз етілуі қажет.

Комиссияның арнайы баяндамасының ұсынымдарын жүзеге асыру

қоғамдағы адам құқықтарының жоғарғы мәдениетін қалыптастыруға,

мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, сарапшылық

қоғамдастықтар мен халықаралық ұйымдардың бекітілген ұсынымдарды іске

асыру процесінде ӛзара әрекеттесуінің тиімді тәсілдерін ӛтеуге кӛмектесуі

мүмкін екендігін атап ӛту керек.

Атқарылған жұмыстың мақсаттылығы мен маңызы Комиссияның арнайы

баяндамасы адам саудасы құрбандарының құқықтары мен бостандықтарын

қамтамасыз ету мен қорғау тетіктерін жетілдіруге қатысты іс-шаралардың

сәттілігінің ӛлшемі болуы мүмкіндігінде болады.

Арнайы баяндаманы әзірлеу барысында сарапшылар халықаралық

тәжірибені, жекелей АҚШ, Ұлыбритания, Швеция, Еуропалық Одақ елдерінің

уәкілетті мемлекеттік органдарының адам саудасы құрбандарымен жұмысының

тәжірибесін толық мӛлшерде ескеруге тырысты.

Арнайы баяндаманың ұсынымдарын орындау келесі нәтижелерге қол

жетуге бағытталуы тиіс:

заңсыз кӛші-қон және адам саудасы фактілерінің алдын-алу;

адам саудасы құрбандарының құқықтарын қорғау саласындағы

ұлттық заңнама мен құқық қорғау тәжірибесіне адам құқықтары жӛніндегі

халықаралық стандарттарды енгізу;

қатыгездік қарым-қатынас құрбандарын, соның ішінде адам саудасы

құрбандарын қорғаудың ұлттық тетіктерін жетілдіру;

қатыгездік қарым-қатынас құрбандарының азаматтық, әлеуметтік,

еңбек және мәдени құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз ету;

адам саудасы құрбандарының құқықтарын қамтамасыз ету үшін

арнайы бағдарламаларды жүзеге асыру;

Page 167: Арнайы баяндама1.7 MB

167

адам саудасы құрбандарын құқық қорғау органдары, үкіметтік емес

ұйымдар, денсаулық сақтау мекемелері және әлеуметтік қызметтер арасында

қайта бағыттаудың ұлттық тетігін құру;

қатыгездік қарым-қатынас құрбандары, соның ішінде адам саудасы

және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының арнаулы әлеуметтік

қызметтер кешенін алуы;

қатыгездік қарым-қатынас құрбандарының, соның ішінде адам

саудасының және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының қайта

интеграциялану және қайта әлеуметтену кезеңдерін тиісті дағдарыстық

орталықтар мен оңалту орталықтарында сәтті ӛтуін қамтамасыз ету;

қатыгездік қарым-қатынас құрбандарының, соның ішінде адам

саудасы мен тұрмыстық зорлық-зомбылыққұрбандарының мәселелерімен

айналысатын уәкілетті мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар

қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету;

халықтың ақпараттануының, сондай-ақ адам саудасы

құрбандарының адам құқықтары саласындағыжалпы танылған стандарттар

және әр адам үшін, жалпы қоғам үшін олардың маңыздылығы (адам құқықтары

саласындағы ағартушылық) туралы жоғары деңгейіне қол жету;

құқық қорғау органдары қызметкерлерінің және жұртшылықтың

құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру;

әлеуметтік шиеленісудің, қоғамдағы ықтимал әлеуметтік жанжалдар

тәуекелдерін тӛмендету;

ұлттық қауіпсіздікті нығайту.

Нәтижесінде Комиссияның арнайы баяндамасының ұсынымдарыніс-

жүзіне асыру Қазақстанға құқықтық мемлекет құруда, қатыгездік қарым-

қатынас, соның ішінде адам саудасының және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың

құрбандарын қорғаудың мемлекеттік және қоғамдық тетіктерін халықаралық

стандарттар деңгейінде нығайтуда жаңа жетістіктерге жетуге мүмкіндіктер

береді.

ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жӛніндегі комиссия

Халықаралық кӛші-қон ұйымының Қазақстандағы Ӛкілдігіне, Қазақстандағы

БҰҰ Даму Бағдарламасына, Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығына, ОА-ғы

Халықаралық түрме реформасының Ӛкілдігіне, ҚР Бас прокуратурасына, ҚР

Ішкі істер министрлігіне, ҚР Әділет министрлігіне, ҚР Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрлігіне, ҚР Сыртқы істер министрлігіне, Қазақстан

Республикасының басқа мемлекеттік органдары мен үкіметтік емес құқық

қорғау ұйымдарына, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңеске,

«Алматызаңгерлік корпорациясы» мемлекеттік емес мекемесіне, Қазақстандағы

«Дағдарыстық орталықтар одағы» ЗТБ-не, «Асрив» ЗТБ-не, «Родник» ҚҚ-на,

«Халықаралық құқықтық бастама» ҚҚ-на, «Қазақстанның адам құқықтары және

заңдылықтың сақталуы жӛніндегі халықаралық бюросы» ҚБ-не, «Адам

құқықтары үшін хартия» ҚҚ-на, «Сана-Сезім» Әйелдер бастамашылығының

Page 168: Арнайы баяндама1.7 MB

168

құқықтық орталығы» ҚБ-не, Қазақстан әлеуметтанушылар қауымдастығына,

«Қазақстанның балалар қоры» ҚҚ-на, «Ел дарын» ҚҚ-на, «Әйелдер

ресурстықорталығы» ҚҚ-на, Қазақстанда аккредитацияланған халықаралық

ұйымдарға (Алматыдағы ЮНЕСКО-ның Кластерлік бюросы, Қазақстандағы

БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ), Қазақстан Республикасындағы Еуропалық

Одақтың Ӛкілдігіне, БҰҰ-ның АҚЖКБ Орталық Азиядағы Ӛңірлік Ӛкілдігіне,

Женевадағы БҰҰ Бӛлімшесі мен басқа халықаралық ұйымдары жанындағы

Қазақстан Республикасының Тұрақты Ӛкілдігіне, АҚШ, Ұлыбритания, Швеция,

және Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы Елшіліктеріне, Адам саудасына

қарсы әрекет ету саласындағы ЕҚЫҰ Кеңсесінің Арнайы ӛкілі мен

үйлестірушісінеосы арнайы баяндаманы әзірлеуде пайдаланылған мәліметтерді

ұсынғаны үшін алғысын білдіреді.

ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жӛніндегі комиссия сондай-

ақ Орталық Азия бойынша Кӛші-қон жӛніндегіхалықаралық ұйымның

үйлестірушісі, Қазақстандағы Халықаралық кӛші-қон ұйымының Миссия

басшысы Деян Кесерович мырзаға және Халықаралық кӛші-қон

ұйымыныңҚазақстандағы Ӛкілдігінің адам саудасымен күрес жӛніндегі

бағдарламасының ұлттық үйлестірушісі Әлия Аликоваға осы арнайы

баяндаманы даярлау барысындағы құнды ұсыныстары мен консультативтік

кӛмегі үшін алғысын білдіреді.

Page 169: Арнайы баяндама1.7 MB

169

ҚОСЫМША ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ПЕН ДЕРЕК КӨЗДЕРІНІҢ ТІЗІМІ

1. Бекмагамбетов А.Б. Торговля людьми: доктринальный и законодательный

подход к проблеме противодействия (на материалах Казахстана и России) -

Костанай, 2009 г., 247 с.

2. Сборник международных и национальных документов по вопросам

борьбы с торговлей людьми – Алматы: МОМ, 2011 г.

3. Глоссарий терминов в области миграции - Женева: МОМ, 2005 г.

4. Законодательство государств-членов ДОКБ в сфере противодействия

незаконной (нерегулярной) миграции и торговле людьми – Москва, 2011 г.

5. Полянская Е.М. Проблемы использования рабского труда и торговли

людьми. Автореферат кандидатской диссертации – Москва, 2014 г.

6. Руководство Международной организации по миграции. Прямая помощь

жертвам торговли людьми – Москва: МОМ и ОБСЕ, 2010 г.

7. Прямая помощь жертвам торговли людьми - Алматы: МОМ, 2009 г.

8. Механизмы перенаправления жертв торговли людьми на национальном

уровне. Практическое пособие – БДИПЧ/ОБСЕ, 2004 г.

9. Материалы международной конференции «Совершенствование

международного сотрудничества в противодействии торговле людьми»,

Москва, 29-30 сентября 2009 года.

10. Ежегодные доклады Комиссии по правам человека при Президенте РК «О

ситуации с правами человека в Республике Казахстан».

11. Национальные доклады Республики Казахстан по выполнению

положений Международного пакта о гражданских и политических правах,

Международного пакта об экономических, социальных и культурных правах,

Конвенции против пыток, Конвенции о ликвидации всех форм дискриминации в

отношении женщин, Конвенции о правах ребенка.

12. Материалы по борьбе с торговлей людьми и оказанию помощи жертвам

торговли людьми Представительства МОМ в Казахстане.

13. Материалы Представительства ПРООН в РК по оказанию социальной и

правовой помощи жертвам торговли людьми в РК.

14. Материалы национального диалога «Обеспечение доступа к специальным

социальным услугам для жертв жестокого обращения, включая жертв торговли

людьми и бытового насилия», проведенного МОМ совместно с КПЧ, Центром

ОБСЕ в Астане и Посольством США в 2013-2014 годах.

15. Материалы ЮНОДК, «Совершенствование механизмов сотрудничества

между государственными органами и институтами гражданского общества в

области защиты и поддержки жертв торговли людьми и незаконно ввезенных

мигрантов», 2013, Астана

16. Шорманбаева А. и Каракулова Г. Анализ текущего положения дел в сфере

борьбы с торговлей людьми в Казахстане – Астана, 2010 г.

Page 170: Арнайы баяндама1.7 MB

170

17. О роли судебных и внесудебных институтов в имплементации

международных конвенций по правам человека /Под общей редакцией Абишева

Т.Д., Есиргеповой Г.М.-Астана, 2005 г., 166 с.

18. Боранбаев Е. О применении судами законодательства о возмещении

морального вреда, причиненного преступлением // Тураби, № 4, 1999 г.

19. Юрченко Р.Н. Правовое регулирование положения потерпевшего в

уголовном процессе. Возмещение материального и морального вреда,

причиненного преступлением // Тураби, № 6, 1999 г.

20. Эрделевский А. Критерии и метод оценки размера компенсации

морального вреда. Государство и право, № 4, стр.5-6, 1997 г.