8
№27 (4193), 12.04.2016, сейсенбі www.mediaovd.kz Газет 1933 жылдан бастап шығады РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ ЕЛБАСЫ ИРАНҒА РЕСМИ САПАРМЕН БАРДЫ «МЫҢ ИГІ ІСТІҢ» БІРІ ЖАРАЙСЫҢ! ДƏРІ-ДƏРМЕК БАҒАСЫН БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛЕДІ ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ ІСІ АРТТЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАУ ҮШІН ҚОЛЫҢДА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БО- ЛУЫ МІНДЕТТІ ЕМЕС. ИГІ ІСТІ БАСТАУҒА ЖҮРЕКТЕГІ АДАЛ НИЕТ, БОЙЫҢДАҒЫ СЕНІМ, БІЛЕКТЕГІ КҮШ-ЖІГЕР ДЕ ЖЕТКІЛІКТІ. ӨМІРДІҢ ЖАЗЫЛМАҒАН БҰЛ ЗАҢДЫЛЫҒЫН ЖАҚЫНДА АЛМАТЫЛЫҚ ТƏРТІП САҚШЫСЫ НАҚТЫ ІСІМЕН ДƏЛЕЛДЕП БЕРДІ. АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ІІД БОСТАНДЫҚ АУДАНДЫҚ ІІБ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЮВЕНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ, ПОЛИЦИЯ КАПИТАНЫ ДАРХАН НҰРЖАУОВ БАЛАЛАРҒА АРНАП ТЕГІН СПОРТ СЕКЦИЯСЫН АШЫП БЕРГЕН. СПОРТ ЗАЛЫНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕП КЕЛЕ ЖАТҚАНЫНА ДА ЖАРТЫ ЖЫЛДАЙ УАҚЫТ БОЛЫП ҚАЛҒАН. Осылайша алматылық полиция қызметкерлері жыл басында бастау алған «Мың игі іс» акциясы аясындағы қайырымдылық жұмыстарын жалғастыруда. Бүгінде шағын орталықта 20-дан астам бала дзюдо, сам- бо, қазақша күреспен шұғылданып жүр. Бір айта кетерлігі, тегін спорт секторына келіп жүрген жеткіншектердің дені тұрмысы төмен отбасында тəрбиеленіп жатқан балалар. Игілікті іске мұрындық болған полиция ка- питаны Дархан Нұржауов əлеуметтік жағдайы нашар шаңырақтарда өсіп келе жатқан балаларға көмек қолын созуды бұрыннан бері ойлап жүргенін жасырмады. «Ашығын айтайын, мүмкіндігі аз, баласын спорт секциясына бере ал- май жүрген ата-аналарға көмек қолын созу идеясы бұрыннан мазалап жүрген. Оны өткен жылдың күзінде жүзеге асырдым. Өзімнің қаржыма зал ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАР- БАЕВ ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫНА РЕСМИ САПАРМЕН БАРДЫ. САПАР АЯСЫНДА ЕЛБАСЫ ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ХАСАН РУХАНИМЕН КЕЗДЕСТІ. БҰЛ ТУРАЛЫ АҚОРДАНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ХАБАРЛАДЫ. Екі ел көшбасшылары Хасан Руханидің Астанаға 2014 жылғы қыркүйектегі мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Сондай-ақ, мемлекеттер басшылары сауда-экономика, инвестиция, ауыл шаруашылығы жəне көлік-транзит саласындағы өзара іс-қимылды нығайту мəселелерін де қозғады. Келіссөздер барысында ортақ мүдделілік бар бірқатар бағыттардағы перс- пективалы жобаларды жүзеге асыру мəселелері егжей-тегжейлі талқыланды. Тараптар екіжақты қарым-қатынастардың жүйелі дамып келе жатқанын, сондай-ақ оның аясын кеңейту үшін зор əлеует бар екенін атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан-Иран серіктестігінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде сауда-экономика саласындағы өзара іс-қимылды тереңдету қажеттілігі айтылды. Сапар аясында мынадай құжаттарға қол қойылды. – Сотталғандарды беру туралы Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы келісім; – Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Иран Ислам Республикасы Үкіметінің өсімдіктерді қорғау жəне карантин саласындағы ынтымақтастығы туралы келісім; – Қазақстан Республикасының Инвестициялар жəне даму министрлігі мен Иран Ислам Республикасының ғылым жəне техника ұйымының жаңа тех- нологиялар саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандумы; Мемлекет басшысы айқындаған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары аясында ағымдағы жылдың басынан алименттер мен айыппұлдарды өндіру жөніндегі функ- ция жеке сот орындаушыларына берілген болатын. Осыған орай, ағымдағы жыл басынан бері жеке сот орындаушыларының қарауына 300 мыңға тарта іс келіп түсті. Бұл туралы ҚР Жеке сот орындаушылары палатасының баспасөз қызметінен хабарланды. Айта кетерлігі, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 27-қадамы жеке сот орындау- шылар институтын жетілдіруге бағытталады. Бұл жүйені жаңғырту аясында 2016 жылдың басынан жеке сот орындаушылар құзыретіне заңды жəне жеке тұлғалардың атқарушылық өндірісі берілген болатын. Бұдан бөлек, алдағы уақыттарда мемлекеттік сот атқарушылығын са- тылап қысқарту қарастырылады. Атап өтерлігі, 2016 жылдың басынан жеке сот орындаушыларға алименттер мен айыппұлдарды өндіріп алу функциялары берілген болатын. Осыған орай, жыл басынан бері жеке сот орындаушыларға 300 мың іс келіп түсті. Бұл өткен жылғы кезеңді тұтастай алғандағы көрсеткіштен екі есеге артық. Жалпы жеке сот орындаушылардың өндірісінде 1 404 млрд. теңгені құрайтын 900-ден астам атқарушылық істер бар. Кеше Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова жəне кəсіби фармацевтикалық қауымдастықтардың басшылары 105 түрлі дəрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасын көтермеу туралы меморандумға қол қойды. Меморандум халықтың əлеуметтік қауқарсыз топтарын қолдауға бағытталып отыр. Құжат аясындағы шаралар 2016 жылдың соңына дейін жүзеге асырылады. Тізімдегі дəрілердің ара- сында қабынуға қарсы, ауырсынуды басатын препараттар, жүрек, асқазан ауруларына қарсы, сонымен бірге антигистаминді, гипотензивті дəрілер бар, сондай-ақ, көз жəне құлақ тамшы- лары, дəрумендер жəне басқа да дəрі-дəрмек түрлері кіреді. Қол қою рəсімінен кейін Тамара Дүйсенова қауымдастық басшыларына алғыс хаттар табыстады. «Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігі дəрілік қамтамасыз етуге қатысқандарыңызға, қоғамдағы əлеуметтік маңызы бар мəселелерді шешуде, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдар үшін, дəрілік заттарға бағаның өсуіне жол бермеуге жəрдемдескені үшін алғысын білдіреді», – деп атап өтті министр. Айта кетейік, аталған құжатқа Фармацевтикалық қызметті қолдау жəне дамыту қауымдастығының президенті Марина Дурманова, «Қазақстанның ФармМедИндустриясы» қауымдастығының президенті Серік Сұлтанов, «Қазақстан Республикасы Халықаралық фармацевтикалық өндірушілері» қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин, «Қазақстан Республикасы Фармацевтикалық өнім дистрибьюторлары» қауымдастығының атқарушы директоры Наталья Гунько қол қойды. ашып, оны спорттық құралдармен толтырдым. Балаларды күнде кешке жаттықтырамын. Олардың мүмкіндігін, ынта-жігерін көріп, алға қойған мақсатымның дұрыстығын, идеямның өзегінен адаспағанымды түсіндім. Мүмкін осы балалардың арасында Қазақстанның атын спорттық додаларда шығаратын əлемдік спортшылар өсіп келе жатқан шығар. Спорт залына асығып-аптығып күнде келетін жеткіншектердің арасында қазірдің өзінде жақсы нəтиже көрсетіп жүргендер бар», – дейді Бостандық аудандық ІІБ Жергілікті полиция қызметінің инспекторы Дархан Нұржауов. «Біздің жаттықтырушымыз – нағыз полицей. Оны мақтан тұтамыз. Оның шаршағанын көрмеппіз. Қашан көрсең тыңғылықты, əр баланы жаттықтыруға тиянақты. Дархан аға үйретіп жүрген күрес тəсілдері өмірде үлкен биіктерді бағындыруға көп көмектесеріне сенімім мол. Жеке басым осы секцияға келіп жаттығу өзіме қатты ұнайды, сол үшін де жаттықтырушымызға айтар алғысымыз мол», – дейді қаладағы жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Ислам Рахатбай. Жергілікті полиция қызметінің басшылығы əріптестерінің бұл бастамасына жан-жақты қолдау білдіріп келеді. Қатарға жаңа қосылған жас сақшыларға полиция капитанының игі ісін үлгі етіп көрсетіп те келеді. «Көпжылдық тəжірибе көрсеткендей, адам жұмысында қандай жасампаз болса, өмірде де сондай белсенді болады. Бізде өзінің қауырт жұмысына қарамастан қайырымдылық жасауға да уақыт табатын офицерлер жетерлік. «Мың игі іс» қайырымдылық акциясы алдағы уақытта да жалғасын табады. Қолымыздан келгенше көмекке мұқтаж, қайырымдылыққа зəру отбасылар- ды назардан тыс қалдырмайтын боламыз», – деді қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Лейла Əліпбай. Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі – Қазақстан Республикасының Инвестициялар жəне даму министрлігі мен Иран Ислам Республикасының Өнеркəсіп, кеніштер жəне са- уда министрлігі арасындағы индустрияландыру саласындағы ынтымақтастық бағдарламасы; – «Жібек жолы» бағыты бойынша Иранмен ұзақмерзімді кеңейтілген ынтымақтастық бағдарламасы; – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен Иран Ислам Республикасының Орталық банкі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум; – «Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясы» АҚ пен Иран Ислам Республикасының теміржол компани- ясы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы мемо- рандум; – «ҚТЖ Экспресс» АҚ мен «IRISL» иран кеме компа- ниясы арасындағы келісім мен «Жол картасы»: – «Бəйтерек» ҰБХ» мен Иран ұлттық даму қоры арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Хасан Рухани өңірлік жəне халықаралық қауіпсіздікке қатысты өзекті жайттар жөнінде пікір алмасты. Қазақстан Президенті еліміз Иранмен əрдайым достық қарым-қатынаста болғанына назар аудар- ды. Хасан Рухани Нұрсұлтан Назарбаевтың Тегеранға сапары Қазақстан-Иран ынтымақтастығына тың серпін беретініне сенім білдірді.

Сақшы №27 (4193)

Embed Size (px)

DESCRIPTION

Сақшы №27 (4193) 12.04.2016

Citation preview

Page 1: Сақшы №27 (4193)

№27(4193),

12.04.2016, сейсенбі

www.mediaovd.kzГазет 1933 жылдан бастап шығадыГазет 1933 жылдан бастап шығады

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

ЕЛБАСЫ ИРАНҒА РЕСМИ САПАРМЕН БАРДЫ

«МЫҢ ИГІ ІСТІҢ» БІРІЖАРАЙСЫҢ!

ДƏРІ-ДƏРМЕК БАҒАСЫН БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛЕДІ

ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ ІСІ

АРТТЫ

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАУ ҮШІН ҚОЛЫҢДА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БО-ЛУЫ МІНДЕТТІ ЕМЕС. ИГІ ІСТІ БАСТАУҒА ЖҮРЕКТЕГІ АДАЛ НИЕТ, БОЙЫҢДАҒЫ СЕНІМ, БІЛЕКТЕГІ КҮШ-ЖІГЕР ДЕ ЖЕТКІЛІКТІ. ӨМІРДІҢ ЖАЗЫЛМАҒАН БҰЛ ЗАҢДЫЛЫҒЫН ЖАҚЫНДА АЛМАТЫЛЫҚ ТƏРТІП САҚШЫСЫ НАҚТЫ ІСІМЕН ДƏЛЕЛДЕП БЕРДІ. АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ІІД БОСТАНДЫҚ АУДАНДЫҚ ІІБ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЮВЕНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ, ПОЛИЦИЯ КАПИТАНЫ ДАРХАН НҰРЖАУОВ БАЛАЛАРҒА АРНАП ТЕГІН СПОРТ СЕКЦИЯСЫН АШЫП БЕРГЕН. СПОРТ ЗАЛЫНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕП КЕЛЕ ЖАТҚАНЫНА ДА ЖАРТЫ ЖЫЛДАЙ УАҚЫТ БОЛЫП ҚАЛҒАН.

Осылайша алматылық полиция қызметкерлері жыл басында бастау алған «Мың игі іс» акциясы аясындағы қайырымдылық жұмыстарын жалғастыруда. Бүгінде шағын орталықта 20-дан астам бала дзюдо, сам-бо, қазақша күреспен шұғылданып жүр. Бір айта кетерлігі, тегін спорт секторына келіп жүрген жеткіншектердің дені тұрмысы төмен отбасында тəрбиеленіп жатқан балалар. Игілікті іске мұрындық болған полиция ка-питаны Дархан Нұржауов əлеуметтік жағдайы нашар шаңырақтарда өсіп келе жатқан балаларға көмек қолын созуды бұрыннан бері ойлап жүргенін жасырмады.

«Ашығын айтайын, мүмкіндігі аз, баласын спорт секциясына бере ал-май жүрген ата-аналарға көмек қолын созу идеясы бұрыннан мазалап жүрген. Оны өткен жылдың күзінде жүзеге асырдым. Өзімнің қаржыма зал

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАР-БАЕВ ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫНА РЕСМИ САПАРМЕН БАРДЫ. САПАР АЯСЫНДА ЕЛБАСЫ ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ХАСАН РУХАНИМЕН КЕЗДЕСТІ. БҰЛ ТУРАЛЫ АҚОРДАНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ХАБАРЛАДЫ.

Екі ел көшбасшылары Хасан Руханидің Астанаға 2014 жылғы қыркүйектегі мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады.

Сондай-ақ, мемлекеттер басшылары сауда-экономика, инвестиция, ауыл шаруашылығы жəне көлік-транзит саласындағы өзара іс-қимылды нығайту мəселелерін де қозғады.

Келіссөздер барысында ортақ мүдделілік бар бірқатар бағыттардағы перс-пективалы жобаларды жүзеге асыру мəселелері егжей-тегжейлі талқыланды. Тараптар екіжақты қарым-қатынастардың жүйелі дамып келе жатқанын, сондай-ақ оның аясын кеңейту үшін зор əлеует бар екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан-Иран серіктестігінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде сауда-экономика саласындағы өзара іс-қимылды тереңдету қажеттілігі айтылды.

Сапар аясында мынадай құжаттарға қол қойылды.– Сотталғандарды беру туралы Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам

Республикасы арасындағы келісім;– Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Иран Ислам Республикасы

Үкіметінің өсімдіктерді қорғау жəне карантин саласындағы ынтымақтастығы туралы келісім;

– Қазақстан Республикасының Инвестициялар жəне даму министрлігі мен Иран Ислам Республикасының ғылым жəне техника ұйымының жаңа тех-нологиялар саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандумы;

Мемлекет басшысы айқындаған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары аясында ағымдағы жылдың басынан алименттер мен айыппұлдарды өндіру жөніндегі функ-ция жеке сот орындаушыларына берілген болатын.

Осыған орай, ағымдағы жыл басынан бері жеке сот орындаушыларының қарауына 300 мыңға тарта іс келіп түсті. Бұл туралы ҚР Жеке сот орындаушылары палатасының баспасөз қызметінен хабарланды.

Айта кетерліг і , «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 27-қадамы жеке сот орындау-шылар институтын жетілдіруге бағытталады. Бұл жүйені жаңғырту аясында 2016 жылдың басынан жеке сот орындаушылар құзыретіне заңды жəне жеке тұлғалардың атқарушылық өндірісі берілген болатын. Бұдан бөлек, алдағы уақыттарда мемлекеттік сот атқарушылығын са-тылап қысқарту қарастырылады.

Атап өтерлігі, 2016 жылдың басынан жеке сот орындаушыларға алименттер мен айыппұлдарды өндіріп алу функциялары берілген болатын. Осыған орай, жыл басынан бері жеке сот орындаушыларға 300 мың іс келіп түсті. Бұл өткен жылғы кезеңді тұтастай алғандағы көрсеткіштен екі есеге артық. Жалпы жеке сот орындаушылардың өндірісінде 1 404 млрд. теңгені құрайтын 900-ден астам атқарушылық істер бар.

Кеше Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова жəне кəсіби фармацевтикалық қауымдастықтардың басшылары 105 түрлі дəрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасын көтермеу туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум халықтың əлеуметтік қауқарсыз топтарын қолдауға бағытталып отыр. Құжат аясындағы шаралар 2016 жылдың соңына дейін жүзеге асырылады. Тізімдегі дəрілердің ара-сында қабынуға қарсы, ауырсынуды басатын препараттар, жүрек, асқазан ауруларына қарсы, сонымен бірге антигистаминді, гипотензивті дəрілер бар, сондай-ақ, көз жəне құлақ тамшы-лары, дəрумендер жəне басқа да дəрі-дəрмек түрлері кіреді. Қол қою рəсімінен кейін Тамара Дүйсенова қауымдастық басшыларына алғыс хаттар табыстады.

«Денсаулық сақтау жəне əлеуметт і к даму министрлігі дəрілік қамтамасыз етуге қатысқандарыңызға, қоғамдағы əлеуметтік маңызы бар мəселелерді шешуде, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдар үшін, дəрілік заттарға бағаның өсу іне жол бермеуге жəрдемдескені үшін алғысын білдіреді», – деп атап өтті министр.

Айта кетейік, аталған құжатқа Фармацевтикалық қызметті қолдау жəне дамыту қауымдастығының президенті Марина Дурманова, «Қазақстанның ФармМедИндустриясы» қауымдастығының президент і Сер ік Сұлтанов, «Қазақстан Республикасы Халықаралық фармацевтикалық өндірушілері» қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин, «Қазақстан Республикасы Фармацевтикалық өнім дистрибьюторлары» қауымдастығының атқарушы директоры Наталья Гунько қол қойды.

ашып, оны спорттық құралдармен толтырдым. Балаларды күнде кешке жаттықтырамын. Олардың мүмкіндігін, ынта-жігерін көріп, алға қойған мақсатымның дұрыстығын, идеямның өзегінен адаспағанымды түсіндім. Мүмкін осы балалардың арасында Қазақстанның атын спорттық додаларда шығаратын əлемдік спортшылар өсіп келе жатқан шығар. Спорт залына асығып-аптығып күнде келетін жеткіншектердің арасында қазірдің өзінде жақсы нəтиже көрсетіп жүргендер бар», – дейді Бостандық аудандық ІІБ Жергілікті полиция қызметінің инспекторы Дархан Нұржауов.

«Біздің жаттықтырушымыз – нағыз полицей. Оны мақтан тұтамыз. Оның шаршағанын көрмеппіз. Қашан көрсең тыңғылықты, əр баланы жаттықтыруға тиянақты. Дархан аға үйретіп жүрген күрес тəсілдері өмірде үлкен биіктерді бағындыруға көп көмектесеріне сенімім мол. Жеке басым осы секцияға келіп жаттығу өзіме қатты ұнайды, сол үшін де жаттықтырушымызға айтар алғысымыз мол», – дейді қаладағы жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Ислам Рахатбай.

Жергілікті полиция қызметінің басшылығы əріптестерінің бұл бастамасына жан-жақты қолдау білдіріп келеді. Қатарға жаңа қосылған жас сақшыларға полиция капитанының игі ісін үлгі етіп көрсетіп те келеді.

«Көпжылдық тəжірибе көрсеткендей, адам жұмысында қандай жасампаз болса, өмірде де сондай белсенді болады. Бізде өзінің қауырт жұмысына қарамастан қайырымдылық жасауға да уақыт табатын офицерлер жетерлік. «Мың игі іс» қайырымдылық акциясы алдағы уақытта да жалғасын табады. Қолымыздан келгенше көмекке мұқтаж, қайырымдылыққа зəру отбасылар-ды назардан тыс қалдырмайтын боламыз», – деді қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Лейла Əліпбай.

Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі

– Қазақстан Республикасының Инвестициялар жəне даму министрлігі мен Иран Ислам Республикасының Өнеркəсіп, кеніштер жəне са-

уда министрліг і арасындағы индустрияландыру саласындағы ынтымақтастық бағдарламасы;

– «Жібек жолы» бағыты бойынша Иранмен ұзақмерзімді кеңейтілген ынтымақтастық бағдарламасы;

– Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен Иран Ислам Республикасының Орталық банкі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

– «Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясы» АҚ пен Иран Ислам Республикасының теміржол компани-ясы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы мемо-рандум;

– «ҚТЖ Экспресс» АҚ мен «IRISL» иран кеме компа-ниясы арасындағы келісім мен «Жол картасы»:

– «Бəйтерек» ҰБХ» мен Иран ұлттық даму қоры арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Хасан Рухани өңірлік жəне халықаралық қауіпсіздікке қатысты өзекті жайттар жөнінде пікір алмасты. Қазақстан Президенті еліміз Иранмен əрдайым достық қарым-қатынаста болғанына назар аудар-ды.

Хасан Рухани Нұрсұлтан Назарбаевтың Тегеранға сапары Қазақстан-Иран ынтымақтастығына тың серпін беретініне сенім білдірді.

Page 2: Сақшы №27 (4193)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20132 е-mail: [email protected]№27 (4193), сейсенбі, 12.04.2016 е-mail:[email protected]

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бетті дайындаған Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА

ƏЛЕМ-АҚПАРАТ

Малайзия

Филиппин

Түркия

«Дала бүркіті-2016» жаттығуы басталды

Кепілдендіру қоры құрылады

Үндістан

Ғибадатхана күлге айналдыҮндістанда діни мереке кез інде

ғибадатханада алапат өрт болып, сал-дарынан 102 адам қаза тауып, 350 адам жарақат алды. Төтенше оқиға елдің оңтүстік-батысындағы Керала штатының Коллам қаласында орын алған. Бұл тура-лы newsru.com сайты хабарлайды.

Путтингал ғибадатханасында діни мерекеге 15 мыңға жуық адам жиналған. Діни мере-ке дəстүрлерінің бірі – отшашуларды ату. Жергілікті қауымдар от шашу атудан жары-сады. Мерекеден бұрын ғибадатхана алдына пиротехника əкелініп, үйіліп жатқан. Куəгерлер пиротехниканы тұтанудан ғибадатхана безендірілген жасанды гүлдерден жасалған ілме шамдар өртенгенін айтады. Соның оты от шашуға тиіп кетіп, арты үлкен өртке айналған.

Жергілікті тұрғындар діни мерекені тойлаған Путтингал ғибадатханасы толық өртеніп кетті. Зардап шеккен барлық адамдар қауіпсіз жерге шығарылып, жергілікті ауруханаларға жеткізілді.

«ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУ КАРТАСЫНА» ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ БАРЛЫҚ АУДАН-ДАРЫ ҚОСЫЛАДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ БҮГІН «100 НАҚТЫ ҚАДАМ» ҰЛТ ЖОСПАРЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ОРЫНДАЛУЫ-НА АРНАЛҒАН БРИФИНГТЕ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ƏКІМІ КƏРІМ КӨКІРЕКБАЕВ МƏЛІМ ЕТТІ.

«Полиция қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін Ішкі істер департаментінде этикалық нормаларды бұзуға жол берген полицейлердің іс-əрекеттеріне шағымданған азаматтардың арызын қарайтын консультативтік кеңесші орган құрылды», – деп мəлімдеді облыс əкімі. Бүгінгі күнде жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерінің этикалық нормаларды бұзғаны туралы азаматтардан арыз-шағымдар түспеген. Жергілік полицияның материалдық-техникалық базасын нығайтуға облыстық бюджеттен 600 млн. теңге қаржы бөлінді. Штаттық саны – 1167 адам.

Оның сөзіне қарағанда, жергілікті полиция тарапынан қабылданған шаралар өз кезегінде облыстағы жедел ахуалды тұрақтандыруға ықпал етуде. Атап айтқанда, өткен үш ай ішінде об-

Филиппинның оңтүстігінде үкімет əскері мен содырлар арасында болған шайқаста 18 жауынгер мерт болды. Филиппин əскері Басилан аралындағы «Əбу Сайяф» тобына шабуыл жасаған.

Куəгерлерд ің айтуынша, лаңкестер қарсылық көрсетіп, 10 сағат бойы шайқасқан. «Əбу Сайяф» – Филиппинның оңтүстігінде əрекет етіп жүрген қарулы топ. Бұл ұйым ақшалай төлем алу мақсатымен шетелдіктер мен христиан отандастарын жиі кепілге алып жүр. «Əбу Сайяф» жасағына қарсы əскери қимылға мыңдаған филиппиндік əскер жұмылдырылған.

АҚШ үкіметі «əл-Каида» ұйымымен тығыз байланысты деп санайтын «Əбу Сайяфты» ең қауіпті лаңкестік ұйымдар қатарына жатқызған.

Аптап ыстық əуреге салды

Малайзияның Біл ім министрліг і дүйсенбі күні елдегі аптап ыстыққа бай-ланысты бірқатар аудандардағы мек-тептерде сабақ өткізбеу жөнінде шешім қабылдады. Перлис пен Паханг штатта-рында ауа температурасы 72 сағат ішінде 37 градустан жоғарылап кеткен.

Ресейлік ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Білім министрлігі елдегі 259 мектептің жұмысын тоқтатқан, онда 100 мыңнан астам бала білім алады. Алайда, мектептердің ұстаздар қауымы жұмысын тоқтатпайды. Елде ыстыққа байла-нысты орта білім беру мекемелерінің жұмысын бұрындары да тоқтатып келген.

Синоптиктер елдегі аптап ыстық көптеген өңірлерде айдың соңына шейін сақталады деп болжап отыр. Олар: «Нөсер жауындар ауа тем-пературасын төмендетуі тиіс, алайда бұл мамыр айының басында күтілуде», – деп мəлімдеген.

Елшінің жүргізушісі қаза тапты

Анкарада Қазақстанның Түркиядағы елшісінің жүргізушісі жол апатынан қаза тапты, тағы үш адам жарақат алған. Бұл туралы түріктің CHAN басылымы хабар-лады.

Оқиға 10 сəуірде Кануни Сұлтан Сүлеймен атындағы гүлзарда болған. Ферхат Севил есімді жүргізушінің тізгінге ие бола алмай қалып, жолдағы тосқауылға соқтығысқаны хабарла-нып отыр.

Анкарадағы елшіліктің кезекші коменданты Tengrinews.kz тілшісіне қаза тапқан азаматтың Түркия азаматы болғанын айтты. Ол өз автомобилінде болған. Жол апаты сəтінде көлік салонында тағы үш адам болған: шешесі, əйелі жəне жүргізушінің баласы – олар да түрік аза-маттары. Олар түрлі дəрежеде жарақат алды. Оқиғаның мəн-жайы анықталып жатыр.

18 жауынгер жер жастанды

«БƏЙТЕРЕК» ХОЛДИНГІНІҢ ЖАНЫНАН ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫН КЕПІЛДЕНДІРУ ҚОРЫ ҚҰРЫЛАДЫ.

«Қазақстан Республикасы Президентінің 7 сəуірде қол қойған «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» жаңа заңды іске асы-ру аясында «Бəйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, «Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры» АҚ-тың негізінде Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры құрылады», – делінген компания таратқан хабарламада.

Жарғылық міндеттерге сəйкес Кепілдік беру қоры уəкілетті компания тұрғын үй құрылысы бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда үлескерлерге тұрғын үй құрылысының аяқталуы бойынша кепілдік береді. Кепілдік беру қоры үлестік құрылыс қатысушыларына қаржылық тұрақтылық, тəжірибесінің болуы бойынша біліктілік талаптарын қояды жəне инжинирингтік компаниялар арқылы үлескерлердің ақшасының мақсатты пайдалануына бақылау орна-ту механизмін енгізеді, сондай-ақ, тəуекел-менеджментінің үздік тəжірибелерін қолданатын болады.

Бұдан басқа, қордың мақсатты бағыты – кепілдік жағдайды реттеуге байланысты шығындарды өтеуге болатын кепілдік жарналар арқылы ар-

найы қорды қалыптастыру. Кепілдік жағдайы туындаған кезде, қордың аяқталмаған құрылыс нысанын аяқтау бойынша міндеттемесі туын-дайды. Кепілдік жағдайлардың тізіміне: тұрғын ғимаратты пайдалануға беру мерзімдерін бұзу; ақшаны мақсатсыз пайдалану; заңды күшіне енген сот шешімімен белгіленген құрылыс салушының дəрменсіздігі кіреді.

«Кепілдендірілген тұрғын құрылысты енгізу механизмі «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамы-ту мемлекеттік бағдарламасының 2015-2019 жыл-дары іске асырылуына септігін тигізеді, дəлірек айтқанда құрылыс саласындағы қауіптердің азаюын қамтамасыз етеді, тұрғындар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттырады, тұрғын құрылыс қарқындарының өсуіне септігін тигізеді», – делінген ұлттық холдинг хабарламасында.

Бұған дейінгі қабылданған заң қойылған міндеттерді орындамаған еді. Оның негізгі кемшілігі – үлескерлердің қаражатын құрылыстың аяқталуына дейін пайдалануға болмайтындығы. Бұл тиімсіз механизм нəтижесінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласында 2010 жылдан бері үлескерлердің қаражатын тартуға тек 1 лицензия берілген. Осыған байланысты үлескерлік жарналарды кепілдендірудің жаңа механизмін енгізу қажеттілігі туындады.

АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІНЕН 2 ЖЫЛҒА АРТТА ҚАЛЫП ҚОЙҒАН. БҰЛ ТУРАЛЫ ҚР БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ ЕРЛАН САҒАДИЕВ АЛМАТЫДА ӨТКЕН ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «ҒЫЛЫМ ЖƏНЕ БИЗНЕС» ХАЛҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ БАРЫСЫНДА АЙТТЫ.

Министрдің айтуынша, білім беру жүйесіне енгізілгелі отырған жаңа бағдарлама ауыл мен қала мектептерінің арасындағы артта қалушылықты қысқартуға бағытталған.

«Біздің басты міндетіміз – қала мен ауыл мектебінің арасындағы артта қалушылықты жою. Экономикалық ықпалдастық жəне даму

Ауыл мектептерінің ахуалы қалай?ұйымы (ЭЫДҰ) елдері арасында ауыл мектебі қала мектебінен функционалды сауаттылық бойынша 8 сыныпқа қарай 1 жылға кеш қалған болса, Қазақстан мектептері екі жылға кеш қалып қойған. Бүгін осы мақсатта алдымызда үлкен міндет тұр. ЭЫДҰ елдері ауыл мектебінің мазмұнын 1980 жылдары жаңғырта баста-ды. 1990 жылдары реформа толық жүзеге асырылды. 1997 жылы олар білім беру сапасын анықтау жүйесін енгізді. Аталған бағдарламаға 70 елдің білім беру жүйесі қатысты», – деді министр.

Ерлан Сағадиев жаңа б іл ім беру мазмұнына Қазақстан мектептері биыл 1 қыркүйектен көше бастайтынын жеткізді.

Бағдарлама Назарбаев зияткерлік мектебінде апробациядан өткен. Биыл

жазда 73 мың оқытушы қайта оқытылып, жаңа жүйеге 350 мың оқытушы мен 3 млн. оқушы қатысады.

«Бағдарлама бөлке нан емес, оны бір жерін кесіп алып тастауға болмайды. Бұл үлкен ғылым. Бала бастауыш кластардан функционалды сауаттылық негіздерін меңгеруі тиіс. Негізгі мақсат – ауыл мен қала мектебінің деңгейін теңестіру. Биыл 1 сынып оқушылары 1 маусымға дейін оқиды. Бұл өз кезегінде 5 күндік білім беру жүйесіне көшуді білдіреді. Келер жылы аталған бағдарламаға 2,5,7 сыныптар көшеді, 9 сыныптар да көшуі ықтимал», – деді министр.

КЕШЕ «ІЛЕ» ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАЗАСЫНДА «ДАЛА БҮРКІТІ-2016» ТАКТИКАЛЫҚ-АРНАЙЫ БІТІМГЕРШІЛІК ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫНЫҢ БАСТАПҚЫ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ. ІС-ШАРАҒА АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ МЕН ҰЛЫБРИТАНИЯ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ 60-ТАН АСА ӨКІЛІ ҚАТЫСАДЫ.

Алғашқы кезең аясында қазақстандық «Қазбат» бітімгершілік батальонының əскери қызметшілері америкалық жəне британдық əріптестерімен бірлесіп батальон штабының жұмысы, ротаның жеке құрамын басқару, күшті, тактикалық байла-нысты қолдану ережелері, инженерлік-саперлік топтың іс-қимылдары, тактикалық медициналық көмек пен көшіруді орындау, суды тазарту бой-ынша сертификация алу жəне т.б. бойынша тəжірибе алмасады.

Айта кетерлік жайт, оқу-жаттығу жоспары-на сəйкес, «Дала бүркіті-2016» бітімгершілік оқу-жаттығуының екінші кезеңін Ұлыбритания аумағында өткізу жоспарлануда. Ол жер-ге қазақстандық «Қазбат» б іт імгершіл ік батальонының 250-ге жуық əскери қызметшісі аттанады. Жеке құрам мен қару-жарақты жөнелту үшін ҚР Қарулы Күштерінің əскери-көліктік авиа-циясы тартылмақ, деп мəлімдеді ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен. Естеріңізге сала кетейік, алдыңғы «Дала бүркіті – 2014» бітімгершілік оқу-жаттығуы Германияда өткен болатын. Оған ҚР ҚК-нің 150-ден аса əскери қызметшісі тартылды.

«ҚАЗПОШТА» АҚ BI GROUP КОМПАНИЯ-СЫМЕН БІРЛЕСІП ƏР ҒИМАРАТҚА ЖЕКЕ САЙТ АШУ БОЙЫНША ІЛКІ ЖОБАНЫ ІСКЕ ҚОСТЫ. ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР, ҚҰРЫЛЫСТАР МЕН ҒИМАРАТТАРДЫҢ САЙТТАРЫ ЖАҢА ПОШТА ИНДЕКСТЕРІ НЕГІЗІНДЕ ҚҰРЫЛАДЫ:

Əр үйдің өз сайты пайда болады

ЕЛІМІЗДЕ 20 МЫҢ ПАРКИН-СОН АУРУЫНА ШАЛДЫҚҚАН АДАМ ТІРКЕЛГЕН. БҰЛ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ НЕЙРО-ХИРУГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ХАБАР-ЛАДЫ.

11 сəуір – əлемде Дүниежүзілік Паркинсон ауруымен күрес күні аталып өтіледі. Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының б а с т а м а с ы м е н ж ы л с а й -ын өткізіледі жəне аталған ауру туралы қоғамды көбірек ақпараттандыруға арналған.

Паркинсон ауруы – созылмалы ауру, оның нəтижесінде мидың нейрондары бұзылады жəне өледі. Аурудың негізгі белгілері: қолдың дірілдеуі, қозғалыстың бəсеңдеуі, қозғалыстың бөгеліп қалуы, ауырсыну, қозғалыс динамикасы жəне психиканың бұзылуы.

Паркинсон дерті – əлеуметтік мəселе

Ауру ақыл-ес толығымен сақталып қалуымен мүгедектікке əкеліп соқтырады.

«Біздің елімізде осындай науқастардың 20 мыңы тіркелген. Алайда, қазақстандықтардың

Жергілікті полицияның жемісілыста жалпы қылмыстың 0,7 пайызға төмендеуі байқалады (5331-ден 5313-ке дейін), оның ішінде ауыр қылмыстар 3,1 пайызға (350-ден 339-ға дейін) төмендеген. Белгілі болғандай, өңірде ЖПҚ қызметкерлері күшімен 587 қылмыс ашылды. 44947 əкімшілік хаттама толтырылды. Толтырылған хаттамалардың саны өткен жыл-мен салыстырғанда 12,5 пайызға өскен. Мүлдем төзбеушілік қағидаты аясында 33577 əкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Сондай-ақ, оның сөзіне қарағанда, Ұлт Жоспарының 32-қадамын іске асыру бойын-ша аудан орталықтары мен елді мекендердің «Қылмыстық құқық бұзу картасы» əзірленуде. Бүг інде Тараз , Қаратау жəне Жаңатас қалаларының геоақпараттық карталары іске қосылды. Бұл ақпараттық сервис арқылы мемлекеттік органдармен қатар кез келген аза-мат өз қалауы бойынша белгілі бір радиуста (мысалы, тұратын немесе жұмыс істейтін жері) тіркелген құқық бұзушылықтар туралы ақпаратты электрондық пошта арқылы алу мүмкіндігіне ие болады. Алдағы уақытта «Қылмыстық құқық бұзу картасына» облыстың барлық аудандары қосылатын болады.

денсаулықтарын толық қалпына келтіру мүмкіндіктері пайда болды. Жақын уақыттан бері «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ аталған патологияны нейрохирургиялық емдеу əдістерін енгізді жəне сəтті қолдануда. Бүгінгі күні орталықта Паркинсон ауруына хирургиялық емдеу жүргізіледі, 130 операция сəтті жасалды», – делінген хабарламада.

Паркинсон ауруы – əлеуметтік проблема, өйткені, адам өз бетімен өмір сүру қабілеттілігін жоғалтады. Əлемде паркинсионизммен 60 жастан асқан ересектердің 1%-ға жуығы зардап шегеді. Аурудың этиологиясы əлі күнге соңына дейін айқындалмаған. Қауіп-қатер аймағына ересек адамдар (40 жастан соң) түседі. Ауру ген арқылы тұқым қуалаушылық бойынша беріледі деген болжаулар бар, бірақ аурудың дамуына жауап беретін ген əлі анықталған жоқ. Жыл өткен сайын аурудың белгілері тіпті 30-40 жаста пайда болған адамдардың саны көбеюде. Жыл сайын ДДСҰ мəліметтері бойынша аурудың 300 мыңнан астам жаңа жағдайлары тіркеледі.

Бұл сайттан үй тұрғындары қызмет көрсететін ұйымдардың байланыс телефондарын біліп, көршілермен байланысқа шыға алады, сонымен қатар коммуналдық қызметтерді төлеп, хабарлан-дыру орналастыруға да мүмкіндік бар. Сондай-ақ, əкімдік пен ПИК-ке (КСК) электронды өтініш жол-дай алады, делінген «Қазпошта» АҚ-тың Facebook əлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында.

Сайттың қызметін пайдалану үшін тұрғын www.post.kz сайтына кіріп, «Жаңа пошта индекстері» сілтемесін басуы шарт. Іздеу жолына тұрғын үйдің мекенжайын, мəселен «Астана Сығанақ 10» деп енгізуі керек. Нəтижесінде, картада «Құрылыс сайтын ашу» сілтемесімен терезе пайда болады. Көрсетілген сілтемеге өту арқылы азамат өз үйінің сайтына кіреді. Осыдан кейін ғимарат сайтында тегін тіркеуден өту қажет. Егер тұрғын www.post.kz сайтында тіркелген болса, онда «Пайдаланушы» блогында логин мен паролды енгізсе жеткілікті. Тіркелгеннен кейін «Тұрғын рөлін алу» батырмасына басып, осы үйде тұратыныңды растау қажет.

Page 3: Сақшы №27 (4193)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 3е-mail: [email protected]№27 (4193), сейсенбі, 12.04.2016 е-mail:[email protected]

УАҚЫТ ТЫНЫСЫ

Айдос БАЙШАҒЫРОВ, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы

ӨЗ ӨМІРІН БƏЙГЕГЕ ТІГІП, ҰЛТТЫҚ ҰЛАН САРБАЗЫНЫҢ ЖА-НЫН САҚТАП ҚАЛҒАН ПОЛКОВНИК ҚАЙРАТ ҮМБЕТОВКЕ ДЕГЕН РИЗАШЫЛЫҒЫН БІЛДІРУГЕ ЖƏНЕ БАТЫРДЫ МАРАПАТҚА ҰСЫНУ ҮШІН САРБАЗДЫҢ АТА-АНАСЫ МЕН БАУЫРЛАРЫ ҰЛТТЫҚ ҰЛАН «ОҢТҮСТІК» ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ ҚҰРАМЫНА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІНЕ ЖАЗҒАН ХАТЫН ҰСЫНДЫ. ТӨМЕНДЕ БІЗ ХАТ МƏТІНІН ТОЛЫҚ ҰСЫНЫП ОТЫРМЫЗ.

ІЛТИПАТ

Президентке хат

Қазақстан Республикасының ПрезидентіНұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевқа

Құрметті Нұрсұлтан Əбішұлы!Осы жылдың 7 сəуірінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының офицері,

полковник Қайрат Үмбетов өз өмірін қатерге тіге отырып, Ұлттық ұлан сарбазы, біздің ұлымыз қатардағы Абзал Сұлтанқұловты өз денесімен граната жарылысы-нан, яғни өлімнен арашалап қалды.

Құрметті Елбасы, Сіз Ұлттық ұланның əскери қызметшілеріне Қазақстан халқының тыныштығын сақтауды сеніп тапсырдыңыз, олар өз кезегінде өздерінің əскери міндеттерін толыққанды абыроймен атқаруда жəне егеменді еліміздің бейбіт өмірін күзету жолында адал қызмет етіп жүр.

Біздің ұлымыздың өмірін сақтап қалған полковник Қайрат Үмбетовке жəне Ұлттық ұланның барша офицерлеріне тағы да зор алғыс айтқым келеді. Оларға мықты денсаулық, отбасыларына амандық, шаңырақтарына береке тілеймін. Олардың еңбектері шынайы бағаланса деймін!

Құрметті Нұрсұлтан Əбішұлы!Сіздерге шексіз алғысымды білдіре отыра, жігерлі қайсарлығы мен батыл

іс-əрекеті үшін Сізден полковник Қайрат Үмбетовті мемлекеттік наградамен марапаттауыңызды сұраймын!

Оның істеген ерлігі ескерусіз қалмай, бағаланса екен деймін!

Естеріңізде болса, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 əскери бөлімі командирінің орынбаса-ры, штаб бастығы, полковник Қайрат Үмбетовтің жасаған ерлігі жайлы бұдан бұрын барлық бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазған еді. Қайрат Жарылқасынұлы «Отан» деп отқа түсер, қазақтың намысын жоғары ұстайтын марқасқа жігіттердің əлі де бар екенін ісімен дəлелдеп берген еді. Ендеше, оның көрсеткен ерлігі баршамызға өнеге болмақ.

Оқиға 7 сəуірі күні таңғы сағат 11.00-лер кезінде болған. Ұлттық ұланға қарасты 6505 əскери бөлімі жеке атқыштар ротасының Қарағанды облысы Қарабас кентіндегі жаттығу орталығында полковник Қайрат Үмбетов сарбаздармен кезекті жауынгерлік дайындық сабақтарын өткізіп, Отан қорғаушылар нысанаға граната лақтырудан тəлім алып жатқан еді.

Кенет əскери борышын өтеп жатқан қатардағы жауынгер Абзал Сұлтанқұлов тиегін ағытып, лақтырмақ болған РГД-5 гранатасын байқаусызда жерге түсіріп алады. Бұл – өзі мен жанындағы талайларға тура келген ажал еді. Алайда, кəнігі əрі тəжірибелі офицер Қайрат Үмбетов жас жігіттің абдырап, сасып қалғанын бірден сезеді де шапшаң қимылдап, əлгі сарбазды лезде итеріп жібереді де өзінің денесімен гранатаны жабады.

Міне, бұл – нағыз ердің ерінің ғана қолынан келетін іс еді. Тіпті, ол өз басын көзсіз өлімге тікті деуге болады. Өйткені, сол қауіпті сəтте айналасын күл-талқан ететін жарылғыш қарудан қаза тауып кетуі де ғажап емес-тін. Ең бастысы, жарықшақтары мен дүмпу күші 25 метр радиусқа жететін граната жарылған жағдайда, сол жердегі қаншама жауынгерді мерт етуі мүмкін еді. Офицердің көрер жарығы бар екен. Азамат тура келген ажалдан аман қалды.

Кез келген мұндай күтпеген жағдайлардың адам баласына тигізер зардабы да жетерлік. Офицер ол оқиғада иығынан жəне оң аяғының тізесінің төменгі жағынан жарақат алды. Ал жауынгер Абзал Сұлтанқұловтың аяқтарының төменгі жағын гранатаның жарықшақтары жанап өткені белгілі болды.

Қазіргі таңда əскери қызметшілерге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Азаматтардың бойында адам өміріне қауіп төндірерлік ауыр жарақаттары жоқ.

Əскери міндеттерін атқару барысында өжет мінез бен батылдық танытқаны үшін ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы ерлік иесі полковник Қайрат Жарылқасынұлы Үмбетовті мемлекеттік наградаға ұсыну туралы шешім қабылдады.

ЖАҚЫНДА АСТАНА ҚАЛАСЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНДА ӨТКЕН КЕЗДЕСУ БАРЫСЫНДА ЖЕКЕ ҚҰРАМҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТІК ƏДЕП ҚАҒИДАЛАРЫ КЕҢІНЕН ТҮСІНДІРІЛІП, ƏДЕП КОДЕКСІНЕ ҚАТЫСТЫ МƏСЕЛЕЛЕР СӨЗ БОЛДЫ.

ТАЛҚЫ

АДАЛ, ƏДІЛ ƏРІ ҚАРАПАЙЫМ

Астана қаласы Мамандандырылған кү зет қызмет і басқармасының бастығы, полиция полковнигі Онал Бекеевтің төрағалығымен өткен жиынға Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің бас мамандары – Д.Райымбаев жəне А.Рахматулин арнайы шақыртылды. Кездесу ба-рысында министрлік өкілдері күзет қызме т керлер і н е мемлеке т т і к қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне қойылар талаптардың ж о ғ а р ы е к е н і н е т о қ т а л ы п , мемлекеттік қызмет атқару – қоғам мен халық тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатынын айтып өтті.

Шараны ашқан басқарма бастығы Онал Бекеев : «Бүг ін г і жиынға МКҚБ-ның 600-ге жуық қызметкері қатысып отыр. Мемлекеттік қызмет

істері министрлігінің мамандарын арнайы шақырып, ұйымдастырып отырған бүг інг і кездесу кезінде тəртіп сақшысына қойылар басты талап – тəртіп пен тазалық тура-лы сөз қозғамақпыз. Күнделікт і қызметтер інде халықпен жəне

қоғаммен тікелей байланыста жүретін полиция қызметкер і қызметт ік міндеттерін атқару кезінде адал, əділ əрі қарапайым болуға міндетті. Ол сондай-ақ, қабылданған моральдық-əдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен жəне əріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен əдептілік танытуға тиіс», – деді.

Орталық сайлау комиссиясының мəжіліс залында өткен жиын ба-р ы с ы н д а М е м л е к е т т і к қ ы з м е т істері министрлігінің бас маман-

ТАҒАЙЫНДАУЛАР Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Ильин Юрий ВИКТОРОВИЧ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орын-басары қызметіне тағайындалды.

Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымов Юрий ИЛЬИНДІ ІІМ Орталық аппаратының жеке құрамына таныстырды.

Ильин Юрий Викторович 1968 жылы туылған. Алматы жоғары командалық училищесін бітірген.

КСРО Қарулы күштер інде, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінде басшылық лауазымдарда қызмет еткен.

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, Алматы қаласы əкімінің орынбасары лауазым-дарында қызмет атқарған.

Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігінде мемлекеттік инспектор лауазы-мында болған.

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС

КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ

Астана қалалық ІІД бастығы, по-лиция генерал-майоры Амантай Əубəкіровтің төрағалық етуімен өткен Консультативтік-кеңесші органның алғашқы отырысына кеңес мүшелері бір адамдай қатысты. Бұл кеңес құрамына Парламент Мəжілісі мен мəслихат депутаттары, ішкі істер органының ардагерлер і , қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді. Олар: Парламент Мəжілісінің депутаты Абай Тасболатов, Астана қаласы мəслихатының депу-таты Зəуре Жүсіпова, ҚР Президенті жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссияның сарапшылары – Марат Башимов, Владимир Левин, «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ Бас директоры Абай Байгенжин жəне т.б. Кеңес мүшелерінің қатысуымен өткен алғашқы отырыстың жұмысын Астана қалалық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Амантай Əубəкіров ашып, орган мүшелерімен таныстырып өтті. Сондай-ақ, ол Консультативтік-кеңесші органның басты мақсаты – ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау, полиция қызметінің əділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтық қоғам мен құқық қорғау органы арасындағы өзара байланыс орнату екеніне баса тоқталды.

Кеңесші органның алғашқы оты-рысында екі мəселе қаралды: Астана қалалық ІІД жанынан құрылған Консультативтік-кеңесші орган тура-лы ережемен таныстыру жəне оның төрағасын сайлау. Жиында Астана қалалық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Шалданбаев жүктелген мақсат-міндеттер жəне орган мүшелерінің өкілеттілігі туралы баяндады. «Департамент жанындағы Консультативт ік -кеңесші орган мүшелері ішкі істер органы қызметін ізгілендіру мақсатында үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдарға

Жадыра МЫРЗАХМЕТ, сурет Серік ЖОЛДАСПЕКОВТІКІ

ТАЯУДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ «100 НАҚТЫ ҚАДАМ» ҰЛТ ЖОСПАРЫНДА КӨЗДЕЛГЕН ТАЛАПТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАРЫСЫНДА ҚҰРЫЛҒАН АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ІІД ЖАНЫНДАҒЫ КОНСУЛЬТАТИВТІК-КЕҢЕСШІ ОРГАНЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ. АЛҒАШҚЫ АЛҚАЛЫ ОТЫРЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША «ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ АБАЙ БАЙГЕНЖИН КОНСУЛЬТАТИВТІК-КЕҢЕСШІ ОРГАННЫҢ ТӨРАҒАСЫ БОЛЫП САЙЛАНДЫ.

ұсыныстарын айтуға, кеңес отыры-сына мемлекеттік орган, үкіметтік емес жəне қоғамдық ұйымдардың өкілдерін шақыруға, ҚР заңдылығымен бек і т і л г ен қызмет т і к э тиканы бұзған қызметкердің үстінен түскен шағымдарды қарауға құқылы. Сондай-ақ, қала тұрғындарымен өткізілетін жиналыстарға қатысып, олардың арыз-шағымдары бойынша шара қолдана алады», – деді ол.

Т о ғ ы з а д а м н а н т ұ р а т ы н Консультативт ік -кеңесші орган құрамын Астана қалалық ІІД-нің бастығы бекітеді. Ал тəртіп бойын-ша орган жұмысының алғашқы оты-

25-не дейін Астана қалалық ІІД бастығының алдында атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беруі тиіс», – деді өз баяндамасында департамент бастығының орынбасары.

Отырысқа қатысқан Парламент Мəжілісінің депутаты Абай Тасболатов ережеге қатысты ойын білдіріп, өз гертулер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарын айтты. «Ұзын-сонар тараулардан тұратын Консультативт ік -кеңесші орган жұмысына қатысты ережені өлшеп-екшеп, керег ін қалдырып, жұп-жұмыр қылуымыз керек. Өйткені, кейбір тараулар бұл ережені тым күрделендіріп тұр. Орган ережесі əлі де пысықтауды қажет етеді. Мəселен, өткен жылдың желтоқсан айында қоғамдық кеңес туралы заң қабылданған кезде атқарылған істер жөнінде халықтың алдында есеп беру туралы шешім бекітілген еді. Яғни, ККО департамент басшылығына емес, халықтың алдында есеп беруі керек. Себебі, бұл орган халық пен құқық қорғау органы қызметкерлерінің

рысында кеңес мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы оның төрағасы тағайындалады. Кеңес мүшелерінің бірауыздан қолдауымен тағайындалған төраға Консультативтік-кеңесші органның жұмысына тікелей жауапты адам. Кеңес төрағасына жүктелетін міндеттер жөнінде тарқатып айтқан Серік Шалданбаев:

«ККО-ның отырысы жылына кем де-генде екі рет өткізіледі. Орган төрағасы мен департамент басшылығының немесе кеңес мүшелерінің үштен бір бөлігінің шешімімен органның кезектен тыс отырысы өткізілуі мүмкін. Сондай-ақ, ККО жыл соңында желтоқсанның

ортасындағы көпірге айналуы тиіс», – деді өз сөзінде Парламент Мəжілісінің депутаты. Басшылық оның бұл ұсыныстары ескерусіз қалмайтынын айтты.

Сонан соң, отырыс жұмысына қатысқандар кеңес мүшелерінің ара-сынан төрағаны сайлады. Президент жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссияның сарапшысы Владимир Левин «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ бас директоры Абай Қабатайұлының кандидатурасын ұсынды. Бұл ұсыныс барлық кеңес мүшелерінің тарапынан бірауыздан қолдау тапты.

Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымовтың бұйрығымен бұдан бұрын Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы қызметін атқарған полиция полковнигі Бекет АЙМАҒАМБЕТОВ Қостанай облыстық Ішкі істер д е п а р т а м е н т і н і ң б а с т ы ғ ы қызметіне тағайындалды.

Қостанай облыстық ІІД-нің жеке құрамы мен Ардагерлер кеңесіне жаңа басшыны Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, полиция генерал-лейте-нанты Марат Демеуов таныстырды.

Бекет Аймағамбетов 1960 жылы 27 т амызда Жезқа з ғ ан облы -сында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік университетін жəне «Болашақ» актуальды білім беру ин-ститутын тəмамдаған Бекет Иманұлы ішкі істер органдарында 1987 жыл-дан бері қызмет атқарады. ҚР ІІМ-де

жоғары жауапты қызмет атқарған.Ішкі істер органындағы қызметін 1987 жылы Жезқазған облысы Балқаш қалалық ІІБ жедел уəкіл лауазы-мынан бастаған. 1997 жылдан ба-стап басшылық қызмет атқарады: ІІМ ҰҚҚКБ 5-департаменті бастығының орынбасары, Астана қалалық Басты кеден басқармасы бастығының орынбасары, ҚР ІІМ 9-департаменті бастығының орынбасары, ІІМ Аса

қауіпті қылмыстармен күрес жөніндегі Үйлестіру орталығының Орталық аймақтық басқармасының бастығы, ІІМ ӨҚД бастығының орынбасары. 2007 жылдың сəуір айынан 2010 жылдың сəуіріне дейін ІІМ Криминалдық поли-ция комитеті төрағасының орынбасары лауазымында қызмет істеген. 2010 жылдың сəуір айынан бастап Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы.

дарымен қоса , А с тана қаласы Мамандандырылған күзет қызметі басқарма бастығының орынба-сары, полиция майоры Оралбек Омаров та əдеп кодекс ін ің та -лаптары, мінез-құлықтың негізгі стандарттары жəне қызметтік əдеп қағидалары туралы ой-пікірлерін ортаға салды. Əр сөзін бейне жаз-балар, слайдтар көрсете отырып жан-жақты ет іп жетк ізе б ілген Д.Райымбаев пен А.Рахматулин с о н д а й - а қ , д ə р і с б а р ы с ы н д а «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл жасау туралы» Заң жай-ында да кеңінен айтып өтті.

Жиын барысында Заңда көзделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шек-теулер, бүгінгі таңда қоғамдағы ең өзекті мəселенің біріне айналған осы дертке қарсы іс-қимыл жəне қылмыстың бұл түріне қатысты құқық бұзушылық түсініктері зерделеніп, к ө п т і т о л ғ а н д ы р ғ а н т а қ ы р ы п жеке құраммен пікірталас түрінде талқыланды.

Астана қаласы МКҚБ кадр жұмысы бөлімі

Page 4: Сақшы №27 (4193)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20134 е-mail: [email protected]№27 (4193), сейсенбі, 12.04.2016 е-mail:[email protected]

ТАҒЗЫМ

АСТАНА ҚАЛАСЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫАлматы облысының Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Қаракемер

кентінде орналасқан Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы 6654 əскери бөлімі «Ерен ерлік күнін» жыл сайын дəстүрлі түрде атап өтеді.

ЕРЛІКТЕРІ ЕЛ ЕСІНДЕОСЫДАН 21 ЖЫЛ БҰРЫН, 7 СƏУІР КҮНІ ТƏЖІК-АУҒАН ШЕКАРАСЫНДА БІТІМГЕРЛІК МИССИЯНЫ АТҚАРЫП ЖҮРГЕН ЖАУЫНГЕРЛЕРІМІЗ ҚАРУЛЫ ЛАҢКЕСТІК ТОПТАРДЫҢ ТҰТҚИЫЛДАН ЖАСАҒАН ШАБУЫЛЫНА ТАП БО-ЛЫП, ПШИХАВР ТАУ ШАТҚАЛЫНДА КҮШІ ӨЗДЕРІНЕН ƏЛДЕНЕШЕ ЕСЕ БАСЫМ СОДЫРЛАРМЕН АҚТЫҚ ДЕМДЕРІ ҚАЛҒАНША ШАЙҚАСҚА ТҮСКЕН ЕДІ. ТӨРТ САҒАТҚА СОЗЫЛҒАН КЕСКІЛЕСКЕН ҰРЫСТА 17 САРБАЗЫМЫЗДЫҢ ҒҰМЫРЫ МЕЗГІЛСІЗ ҚИЫЛДЫ. ДЕГЕНМЕН ДЕ, ҚАЙСАР ҰЛДАРЫМЫЗ ЕЛ СЕНІМІНЕ СОҢЫНА ДЕЙІН АДАЛ БОП ҚАЛДЫ, ЖАУҒА ЖАНКЕШТІЛІКПЕН ТОЙТАРЫС БЕРІП, ҰРПАҚҚА ҰРАН ЕРЛІКТІҢ ЕРЕН ҮЛГІСІН КӨРСЕТТІ.

Ұлттық ұланның жаужүрек 17 жауынгерінің 1995 жылы тəжік-ауған шекарасында қаза тапқан ерлік оқиғасының 21 жылдығында орай Астана қаласындағы Отан қорғаушылар алаңында «Отан-Ана» монументі жанындағы «Тағзым аллея-сында» боздақтарға тағзым жасау шарасы өтті. Шараға ІІМ Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының басшылығы, Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, Ардагерлер кеңесінің төрағалары, соғыс жəне əскер ардагерлері, қалалық №25 мектептің кадет сыныбының оқушылары қатысты. Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы Руслан Жақсылықовқа гарнизон сарбаздарының сапқа тұрғызылғаны мəлімделгеннен кейін, жиналған қауым елі үшін жанын қиған боздақтардың рухына тағзым жасап, ескерткішке гүл дестелері мен гүл шоқтарын қойды.

Одан соң, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы Руслан Жақсылықов, «Нұр Отан» пар-тиясы хатшысы Зауытбек Тұрысбеков, ҚР Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Сергей Громов, ІІО əскери ұйым өкілдері, қанды шайқастың қатысушылары мен қаза болған жауынгерлердің тума-туыстары жəне тағы басқалар сөз сөйледі.

«Олар сын сағатта тайсалмай, Отанына адал, Антына лайық ерлік көрсетті. Өздерінен саны жағынан басым жауға қарсы табандылықпен қарсы тұрып, талай боздақтарымыз сол ұрыста оққа ұшып, жер құшты. Қаншамасы өмірінде өшпес жарақат алды. Олар əскери борышын абы-роймен атқарды. Олардың ерлігі ұрпаққа үлгі, елі үшін мақтаныш. Егер осы жалындаған жастарымыз Тəуелсіздігіміздің таңында сонау Памир тауында күзетте тұрмағанда,

біздің бүгінгі күнге қандай жағдайда жетеріміз белгіс із еді. Олардың ерліктері ешқашанда ұмытылмайды», – деді ІІМ Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Руслан Фатихұлы.

Шара түйіні – елорда гарнизо-ны жауынгерлерінің құрмет білдіру рəсімімен салтанатты түрде сап түзеп, шеру тартып, ескерткіштің алдынан жүріп өтуі болды. Сол күні табиғат-ана да боздақтарын еске алғандай, Астана аспаны жаңбырымен жылап тұрды. Ал қыршын жас жауынгерлердің сол күнгі қаруластары мен өзге де əріптестері тағзым ету шарасы аяқталған соң, ескерткіш басында қалып, нұрлы дидары мəңгі көкейлерінде қалған б а у ы р л а р ы н ы ң р у х ы н а қ ұ р а н бағыштап, бет сипады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысына сəйкес 1993-1999 жылдар аралығында бұрынғы Ішкі əскердің, бүгінгі Ұлттық ұланның жедел мақсаттағы əскери бөлімдерінің 2 мыңнан аса офицері мен сарбазы одақтас елдердің бірлескен батальо-нында ТМД-ның сыртқы шекараларын қорғау бойынша тəжік-ауған шебінде бітімгершілік міндеттерін атқарған болатын.

Ал Отан қорғаушылар алаңындағы «Тағзым аллеясы» 2009 жылы 7 сəуірде Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының ұсынысымен, сондай-ақ Астана əкімдігінің қолдауымен ашылған бо-латын. Ал 2014 жылы 7 сəуірде осы қастерлі орында жауынгерлердің өшпес ерл ік даңқына арналып ескерткіш бой көтерді.

Ерлік өшпейді, ол уақыт өткен сайын айбындана түседі. Есіл ер-лер əрқашанда ел есінде, қастерлі Отанның тыныштығы жолында жаужүрек ұландардың атқарған істері мəңгілік құрмет биігінде.

Біз азамат атына, жауынгер міндетіне дақ түсірмеген батыр ұлдарымыз – старшина Қалқаман Бакбаев, сер-жант Радик Қаймолдиев, кіші сер-жант Əлихан Өгізбаев, қатардағы жауынгерлер Ержан Байбағысов, Ербол Бекебаев, Бауыржан Далабаев, Жақсылық Жансүгіров, Имомаддин Жұматов, Қанат Едырышев, Ербол Исабаев, Ержан Əбдиев, Еркебұлан Мақажанов, Михаил Мартыненко, А н а т о л и й М е ш к о в , Д а с т а н Нұрметов, Еркін Байғабылов, Тахир Райымжановтың есімдерін мəңгілік жадымызда сақтаймыз. Өкінішке қарай, сол бір қатыгез сын сағатта жарақат алғандардың біразы арамыз-дан мəңгілікке ерте сапар шекті. Арада бірнеше жыл өткен соң білікті офи-церлер Валерий Лысенко мен майор Марат Ахметов те өмірден озды.

Ішкі əскер жауынгерлерінің ерліктерін Елбасы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Н.Ə.Назарбаев та жоғары бағалап: «Қазақстандық батальонның сарбаздары Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығы сыртқы шекарасының тəжік-ауған бөлігін ерлікпен күзетті. Боздақтарымыз мемлекетіміздің

қауіпсіздігін сақтау жолында жанын пида етті. Олар біздің бейбітшілігіміз бен тыныштығымызды қорғады» деп қайғыға ортақтасып, атап өткен бо-латын.

Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы П р е з и д е н т і н і ң 1 9 9 6 ж ы л ы 2 0 қарашадағы Жарлығымен ерлікпен қ а з а т а п қ а н 5 ж а у ы н г е р І І дəрежелі «Айбын» орденімен, 12-сі «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальда-рымен наградталды.

Қазақстан халқы өзінің ержүрек ұлдарын ешқашан ұмытпайды. О л а р д ы ң е с і м д е р і е л і м і з д і ң көптеген қалаларында көшелері мен мектептеріне берілді. Əскери бөлімдерде ескерткіш тақталар ор-натылды.

Қазақстандық жауынгерлердің тəжік халқына көрсеткен баға жет-пес көмегі үшін 2007 жылы Душанбе қаласында монумент ашылды.

Дəл осы күні жылдағы дəстүрге сай Ұлттық ұланның еліміздің түкпір-түкпіріндегі барлық құрылымдық əскери бөлімдерінде ерлікке тағзым жасау шаралары өтті.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ

ОРАЛ ҚАЛАСЫ5517 əскери бөлімі де бұдан

жиырма бір жыл бұрын тəжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан Қазақстан Ішкі əскерінің 17 жауынгерін құрметпен еске алды.

Сол күні рота командирі, капи-тан Ерлан Алданазаров бастаған жауынгерлердің Пшихавр шатқалында күші басым жаумен шайқасуына тура келді. Старшина Қалмақан Бақбаев, Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданынан аттанған сер-жант Радик Қаймулдиев, кіші сержант Əлихан Өгізбаев, қатардағы жауынгер-лер Қанат Едырышов, Ербол Исабаев соңғы оғы қалғанша атысты. Олардың бəрі де қаза тапқаннан кейін екінші дəрежелі «Айбын» орденімен марапат-талды. Барлығы он жеті қазақстандық жауынгер көз жұмса, отыздан астамы түрлі жарақат алды.

Қазіргі кезде Тəжікстанның сол ш а т қ а л ы н д а е с к е р т к і ш т а қ т а орнатылған. Сарбаздардың туған жерлерінде де құрмет көрсетіледі. Мысалы, Шыңғырлау ауылында сержант Радик Қаймулдиевтің өзі тұрған көше оның есімімен аталады. Қатардағы жауынгерлер Б.Далабаев пен И.Жұматовтың есімдері Жамбыл облысындағы бақ пен гүлзарға берілген. Ақмола облысында орта мектеп тағы бір қатардағы жауынгер Е.Бекебаевтың атында.

Осы айтулы салтанатты жиында «Батыс» өңірлік қолбасшысы, ге-нерал -майор Қайрат Ақтанов , қ о л б а с ш ы л ы қ т а ғ ы а р д а г е р -лер кеңесінің төрағасы Александр Фомушкин, Батыс Қазақстан облыстық

Шараға көш і - қон полициясы тобының аға инспекторы, полиция майоры Б.Шəріпбаев, кəмелетке толмағандардың істері жөніндегі топтың учаскелік полиция инспекто-ры, полиция капитаны Э.Нарбасова, Қостанай көл ік прокуратурасы аймақтық көлік басқармасы ҚСжАЕАК-нің аға прокуроры, ІІ дəрежелі

КӨЛІК ПОЛИЦИЯСЫ

Теміржол бойындағы кездесуБ.ШƏРІПБАЕВ, Қостанай стансасындағы ІІЖБ

ҚОСТАНАЙ СТАНСАСЫНДАҒЫ ІШКІ ІСТЕР ЖЕЛІЛІК БӨЛІМІНІҢ ƏКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚАРАҒАНДЫ-БРЕСТ, СОНДАЙ-АҚ, АСТАНА-АТЫРАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗЫНДА «ТЕМІРЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ.

заңгер Н.Құрышова, жолаушылар пойыздарының бастықтары Т.Акинчиц пен Н.Махмұтов қатысып, олар акция шеңберінде жолаушыларды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Қабылдау кез інде Қарағанды-Брест бағытындағы жолаушылар пойызының жолаушыларына жеке заттарын, əсіресе, ұялы телефонда-

рын қараусыз қалдырмау, бағыты бір бейтаныс азаматтарға сенім арт-пау жəне келеңсіз жайттар болған жағдайда жолаушылар пойыздарына ілесіп жүретін кезекші жасақтарға у а қ т ы л ы ш а ғ ы м д а н у ж ө н і н д е құқықтық кеңестер берілді. Сондай-ақ, шара барысында көлік сақшылары ҚР көші-қон заңнамасының нормала-ры жəне ел аумағына келіп-кетуші ше-тел азаматтарына қойылатын талап-тар мен теміржол бойында балалар жарақатын болдырмау мақсатында кəмелетке толмағандардың қауіпті аймақта жүріп-тұру ережелерін түсіндіріп өтті.

Биыл да əскери бөлімнің ұжымы бұл күнге асқан дайындықпен келді. Бөлімнің бас штабының алдында сап түзеген сарбаздар Жауынгерлік Ту ортаға шыққан сəтте тік тұрып күтіп алды. Бұл рəсім бүгінгі күннің өзге күндерден ерекше екендігін айғақтап тұрды. Өйткені, Жауынгерлік Ту – əскери бөлімнің басты құндылығы, ары мен абыройының айғағы.

Бөлім басшысы Константин Қуатов бастаған, Түрген ауылы Д.А.Қонаев атындағы жəне М.Ломоносов атындағы, Қаракемер ауылы Қ.Орынбетов атындағы орта мектеп оқушылары қатысқан салтанатты шеру əскери бөлімнің төрінде орналасқан мəңгілік алау мен ерлер құрметіне қойылған ескертк ішке қарай мұңды əуен ырғағымен баяу жүріп отырды. Жүрек шымырлатар əуен ел тыныштығы үшін шейіт болған ерлерді еріксіз есімізге салып, жанарларға жас ұялатты. Əр жауынгердің суретін ұстаған сарбаз-дар салтанатты шеруге орта жолдан қосылып отырды. Осы сəтте жүргізуші олардың есімдерін атап, ерліктерін баян етті.

Мəңгілік алауға он жеті жауынгердің суреттері қаз-қатар қойылды. Шеру қатысушылары қойған қып-қызыл гүл шоқтары түгелдей күліп тұрған жауынгерлер суреттерін ің жан-жағын көмкеріп тастады. Бір минут үнсіздік жарияланды. Тақылдаған сағат тілі əрбір бейбіт кезеңнің сəттері қаншалықты қымбат екендігін аян еткендей асыға жүйткіді. Мемлекеттік Əнұран орындалғаннан кейін бөлім

басшысы Константин Қуатов сөз кезегін алды.

Ерлердің есімдерін атап, ерліктерін баян еткен Константин Қуатов Ұлттық ұланның сарбаздары ел тыныштығы жолында көзсіз ерлікке əрдайым дай-ын болуы қажет екендігін жеткізді. Өрімдей он жеті жастың өнегелі ісін үлгі етіп, бейбіт кезеңнің əр сəтін бағалай білуге шақырды.

Аудандық Ауған соғысы арда-герлер кеңесінің мүшелері мен ə с кери бөл імн і ң арда г ерлер і сөз алып, жүректерге азық бо-лар тілектерін арнады. Мектеп оқушылары əскери бөлімнің тари-хынан сыр шертетін мұражайды аралап көрді. Ондағы жəдігерлер мектеп оқушыларының əскери өмірге деген қызығушылықтарын оятты. Сондай-ақ, ел тыныштығы жолында ерлікпен қаза тапқан он жеті жауынгер турасында түсірілген «Қазбат» фильмін тамашалаған сарбаздар мен мектеп оқушылары көздеріне жас алып, келешекте əскери болсақ деген армандары барын жасырмады.

Он жеті жауынгер қаза тапқаннан кейін ел Президенті Н.Ə.Назарбаевтың бұйрығымен екінші дəрежелі «Айбын» жəне «Жауынгерлік ерлігі үшін» мемлекеттік наградаларымен мара-патталды. Олардың ата-аналарына алғыс хаттар жолданды. Тəуелсіз Қазақстанның алғашқы жылдарын-да ерлік жасаған есімдерді – еліміз мəңгілік ұмытпақ емес.

Əділет САРЫБАЕВ

Ішкі істер департаменті б а с тығының орын -б а с а р ы , п о л и ц и я п о л к о в н и г і Б е р і к Өтеулин, БҚО ауған соғысы ардагерлері м е н м ү г е д е к т е р і қоғамының төрағасы Т а һ и р Қ о с ж а н о в жəне басқалар сөз алып, шекара өтінде б а т ы р л ы қ п е н к ө з жұмған сарбаздардың есімі елмен бірге жасай беретінін атап өтті.

С о л ш а й қ а с қ а қатысқандардың бірі – бүгінде «Батыс» өңірлік қолбасшысының тəрбие жəне əлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары, полковник Берік Омаров. Ол кезде Б.Омаров рота командирінің тəрбие жəне əлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары, лейте-нант болатын.

«Сол күн ешқашан ұмытылмайды. Біз бұл күні қаза тапқан 17 жауынгердің құрметіне қойылған ескерткішке келіп, тағзым етеміз. Олардың ерлігі кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болып қала бер-мек», – деді Б.Омаров.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Page 5: Сақшы №27 (4193)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 5е-mail: [email protected]№27 (4193), сейсенбі, 12.04.2016 е-mail:[email protected]

ҚЫЗМЕТ

Нақты м і ндет тер бел г і л е г ен Елбасының Ұлт Жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасында айтылған келелі мəселенің бірі – жергілікті атқарушы органдарға жəне жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметін құру тапсырмасы болатын. Президентіміздің тапсыр-масына сəйкес, осы жылдың басынан бастап Жергілікті полиция қызметі өз жұмысын бастады.

2016 жылдың 2 айында Қызылорда облысы көлемінде жергілікті по-лиция қызметінің қызметкерлері қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мен жолын кесуде біршама жұмыстар атқарды. Төменде аймақта учаскелік, ювеналдық, ұсақ құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидатын жүзеге асыру, жол-патрульдік, табиғатты қорғау саласы бойынша атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып өттік.

Бұрын сотты болғандар жасайтын қылмыстардың алдын алудың бірден-бір жолы оларды жұмысқа орналас-тыру жəне əлеуметтік көмек көрсету болғандықтан, жыл басынан бері түзеу мекемелерінен босатылған 13 адам жұмыспен қамтылса, 3-уі жазасының өтелмеген мерзімін қайта өтеу үшін түзеу мекемелеріне қайтарылды. Нəтижесінде ішкі істер органдарында есепте тұрған сотты болғандардың қайта қылмыс жасау дерегі 42,1 пайызға (19/11) төмендеді.

Сонымен бірге, облыста мас күйінде жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында, маскүнемдік есеп-те тұрған 48 адам (былтыр – 34) еріксіз емдеу мекемесіне жатқызылды. Қоғамдық орындар мен көшелерде мас күйінде жүргендері үшін 1562 адамға əкімшілік шара қолданылды.

Биыл 2 айда учаскелік полиция ин-спекторлары отбасылық-тұрмыстық қатынаста орын алған 617 арыз-шағымды қарап, тиісті шешімдер қабылдады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бергендері үшін 184 құқық бұзушы Əкімшілік кодекстің 73-бабы-мен əкімшілік жазаға тартылса, 208 адамның құжаттары ҚР Қылмыстық кодексінің 108, 109-баптарына сəйкес жеке жариялы түрде қарау үшін сотқа жолданды.

Сондай-ақ, отбасылық-тұрмыстық салада құқық бұзушылыққа жол бергені үшін 579 адамға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылса, 35 құқық бұзушының мінезіне ерекше талаптар белгіленді.

Сонымен қатар, учаскелік полиция инспекторларының кент, ауылдық округ əкімдерімен бірге есеп беру кездесулерін өткізу үшін бірлескен

С ə л к е й і н і р е к П а р л а м е н т «Қазақстанның кейбір заңнамалық акт і лер іне жерг і л і к т і полиция қызметінің жұмысы мəселелері бойын-ша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қабылдады.

Құқық қорғау жүйесінде жаңа ре-форма басталып, «100 нақты қадам» бағдарламасы ауқымында қолға алынған шараның негізгісі – жергілікті полиция қызметін құру болды. Ол 2016 жылдың 1 қаңтарынан жұмысын бастады.

Айта кетерлігі, құжаттағы негізгі жаңалықтардың бірі жергілікті полиция қызметінің басшыларын тағайындау, бұл ретте полиция басшыларына кандидатты Ішкі істер министрі облыс əкіміне ұсынып, оған мəслихат депу-таттары келісімін береді. Бұдан бөлек, құжатта жергілікті полиция қызметі басшысының жергілікті қауымдастыққа есептілігі де қамтылған.

Жергілікті полиция қызметінің бас-шысы əкімдіктер мен мəслихат ал-дында жəне жылына бір рет халық алдында есеп берет ін болады. Мұндай есептілік полиция қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Тұтастай алғанда жергілікті полиция қызметінің жергілікті атқарушы органға есептілігі жəне Қоғамдық кеңестердің қызметі полиция қызметінің жұмысының ашықтығын қамтып, азаматтардың сенімділік деңгейін арттыруға ықпал ететін болады.

Жергілікті полиция қызметінің құрылымына учаскелік инспекторлар, жол-патрульдік, ювеналдық, табиғатты қорғау полициясы, əйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелері, қабылдаушы-бөлушілер жəне ар-найы қабылдаушылар кіреді. Сонымен қатар, жергілікті полиция қызметі ішкі істер органдарының құрамында қалатын, ал оның қызметкерлері құқық қорғау органдары қызметкерлерінің бірыңғай құқықтық мəртебесіне ие болатын жүйенің бірлігі сақталынады. Материалдық қамсыздандырылу, жеңілдіктер мен əлеуметтік-құқықтық

ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҢАРУДЫ КӨЗДЕЙТІН ҚЫЗМЕТ

ҚОҒАМНЫҢ ПОЛИЦИЯҒА ДЕГЕН СЕНІМІН ҚАЛАЙ АРТТЫРУҒА БОЛАДЫ? ІШКІ ІСТЕР САЛАСЫНДАҒЫ АШЫҚТЫҚ ҚАЙ ДЕҢГЕЙДЕ? ҚАРАПАЙЫМ ХАЛЫҚ ПЕН ТƏРТІП САҚШЫЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ БЕРІКТІК ҚАНШАЛЫҚТЫ МЫҚТЫ? КӨПТІҢ КӨКЕЙІНЕН ТҮСПЕЙТІН КӨП СҰРАҚТАРДЫҢ БІРІ ОСЫЛАР. ЖЫЛ ӨТКЕН САЙЫН ӨЗЕКТІЛІГІ АРТА ТҮСПЕСЕ, КЕМІМЕГЕН ОСЫ МƏСЕЛЕЛЕР ЖЫЛ БАСЫНДА ҚҰРЫЛҒАН ЖАҢА ЖҮЙЕ ІСКЕ КІРІСКЕЛІ БЕРІ БІР ШЕШІМІН ТАПҚАНДАЙ БОЛЫП ОТЫР.

кестелер бекітіліп, осы жылдың қаңтар айының 14-нен ақпан айының 12-сі күндері аралығында 147 жерде тұрғындар алдында есеп беру жи-ындары өткізіліп, учаскелік полиция инспекторлары тұрғындар алдында өз есептерін берді.

Ұсақ құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру бойынша жергілікті полиция қызметінің жүйелі жұмыстарының нəтижесінде биылғы 2 айда анықталған құқық бұзушылықтар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 29,2 пайызға, яғни 4 505-тен 5 822-ке дейін жоғарылады.

Анықталған 5822 құқық бұзушылық бойынша тиісті əкімшілік шаралар қабылданды. Оның ішінде, 2369 азаматқа ескерту жасалса, 23 аза-мат əкімшілік қамаққа (440/4-бабы) алынды. 640 əкімшілік іс шара қолдану үшін (434 жəне 132 баптары) соттың қарауына жолданса, қалған 2790 азаматқа жалпы сомасы 22 млн. 801 мың теңге айыппұл салынды.

Кəмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың алдын алу мақсатында жыл басында облыс көлем інде «Балалар түнгі қалада», əр аптаның жұма күндері «Профилактика күні», сенбі күндері «Түнгі қала» жедел алдын алу іс-шаралары ұйымдастырылып, нəтижес і республикалық жəне жерг і л і к т і б ұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындарға кеңінен насихатталуда.

Бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстардың нəтижесінде, заңды

өкілдерінің қадағалауынсыз көше кезіп жүрген 718 жасөспірім (былтыр – 445) ұсталып, олардың заңды өкілдеріне əкімшілік шаралар қолданылды.

О с ы м е н қ а т а р , к ə м е л е т к е толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 11 əкімші, кəмелет жасына толмағандарға темекі бұйымын сатқан 8 сатушы жəне жасөспірімдерге ал-коголь өнімдерін сатқаны үшін 12 сатушы анықталып, оларға қатысты тиісті əкімшілік шаралар қолданылды. Балаларды тəрбиелеу жəне оқыту жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін 24 ата-ана соттың құзырымен əкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Атқарылған профилактикалық ж ұ м ы с т а р д ы ң н ə т и ж е с і н д е жасөспірімдер жасаған қылмыстарды 10 , осы қылмыстарды жасаған жасөспірімдер санын 25, оның ішінде қылмыс жасаған мектеп оқушылары санын 44,4, колледж студенттерінің санын 20 пайызға төмендетуге қол жеткізілді.

Күнделікт і қала орталығында, қоғамдық орындар мен көшелерде орын алатын қылмыстардың ал-дын алу мақсатында 45 қызметтік автокөлік пен 128 қызметкер, 20 қызметкерден тұратын 10 жаяу жасақ пен ІІМ Ұлттық ұланынан 145 сарбаз кезекшілікке шығады. Атқарылған жұмыстардың нəтижесінде, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 26,6 пайызға (595-тен 437-ге), оның ішінде көшелерде жасалған қылмыстар 18 пайызға (306-дан 251-ге) азайды.

Облыс көлемінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғасын алдын алу, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтың, əсіресе көлік құралын мас күйінде басқарудың жолын кесу бағытында 2016 жылдың қаңтар айының 11-14 күндері аралығында жəне ақпан айының 15-17 күндері аралығында «Қауіпсіз жол», қаңтар айының 19-21 күндері аралығында «Автобус», қаңтар айының 28-30 күндері аралығында «Абайлаңыз, жаяу жүргінші!» жедел шаралары жүргізілді.

Шара нəтижесінде жол қозғалысы қау і п с і з д і г і н қ амтамасыз е т у -де жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері барлығы 22560 құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол-көлік оқиғаларына тікелей септігін тигізетін өрескел құқық бұзушылықтар, яғни, ҚР ƏҚБтК-нің 591-бабы бойынша көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонмен сөйлесудің – 4691, осы кодекстің 592-бабы бойынша белг іленген жылдамдықты шектен тыс арттырудың – 2467, 593-бабы бойынша қауіпсіздік белдігін тақпаудың – 6563, 596-бабы бойынша қозғалыстың қарсы бағытына шығудың – 44, 600-бабы бойынша жүргіншілерге немесе жол жүрісінің өзге де қатысушыларының

Есепті мерзімде ҚР Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 382-бабы бойынша аң аулау қағидаларын бұзудың 70, балық аулау жəне басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзудың 47 дерегі анықталды.

Табиғатты қорғау заңнамаларын бұзушылыққа қатысты барлығы 34 қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде, заңсыз аңшылық жасағандары үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы бой-ынша 7 қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сонымен қатар, ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы (Өсiмдiктердің н е м е с е ж а н у а р л а р д ы ң с и р е к кездесетiн жəне құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тый-ым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериватта-рымен заңсыз айналысу) бойын-ша 9 (былтыр – 8) қылмыстық іс қозғалып, олардың 1-еуі айыптау қорытындысымен сотқа жолдан-са, 8-і бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Заңсыз ағаштарды кескені үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 340-ба-бымен барлығы 18 қылмыстық іс қозғалып, 10-ы сотқа жолданды. ІІО-мен экологиялық заң бұзушылықтарға қарсы жүргізіліп жатқан іс-шаралардың нəтижелері облыстық бұқаралық

ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ

ЖАҢА ЖҮЙЕНІ ЖЕТІЛДІРУ НЕГІЗІНДЕ2015 ЖЫЛДЫҢ 5 МАМЫРЫНДА ӨТКЕН ҚАЗАҚСТАН ҮКІМЕТІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚАЗАҚСТАНДА ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІН ҚҰРУ МƏСЕЛЕСІН ҚАРАСТЫРУДЫ ТАПСЫРҒАН БОЛА-ТЫН. ОСЫДАН КЕЙІН ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ СƏЙКЕСІНШЕ ЗАҢ ЖОБАСЫН ƏЗІРЛЕП, ОНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ ПРЕЗИДЕНТ ƏКІМШІЛІГІ ТАРАПЫНАН МАҚҰЛДАНДЫ.

кепілдіктері туралы да осыны айтуға болады.

Халыққа есеп беретін жергілікті п о л и ц и я қ ы з м е т і н і ң н е г і з г і ережелері Үкіметпен келісілген. Ішкі істер министрлігі соған байла-нысты тиісті заң жобасын əзірлеп, Парламенттің қарауына ұсынған бо-латын. Ол Мəжілісте бірінші оқылымда мақұлданды. Депутаттарға жаңа құрылымның мəн-маңызын айтуға бұл жолы Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың өзі келді. Оның баянда-уынша, құжаттағы жаңалықтардың бірі жергілікті полиция қызметінің басшыларын тағайындауға кандидат-ты Ішкі істер министрі облыс əкіміне ұсынып, оған мəслихат депутаттары келісімін беретін болады. Заң жоба-сында жергілікті полиция қызметі басшысының жергілікті қауымдастық алдында есеп беретіндігі көрсетілген.

Жерг іл ікт і полиция қызметіне қоғамдық тəртіпті қамтамасыз ету, жол қауіпсіздігін қорғау жəне тұрмыстық қылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша міндеттер жүктелгелі отыр. Үлкен істі ұйымдастырушылар бұл бағытта учаскелік инспекторлардың қызметіне айрықша мəн берілгендігін айтып отыр. Ал, тұтастай алғанда жергілікті полиция қызмет ін ің жерг іл і кт і атқарушы орынға есептілігі жəне Қоғамдық кеңестердің қызметі по-лиция жұмысының ашықтығын қамтамасыз етеді, тұрғындардың аталған құрылымға сенімділігін артты-рады деген үміт бар.

Ішкі істер министрлігі еліміздегі көп са-лалы құқық қорғау органы екені белгілі. Бүгінде ішкі істер органына елімізде тіркелген барлық қылмыстардың 90 пайыздан астамын ашу мен тергеу міндеті жүктелген. Жергілікті полиция қызметін құрудағы мақсат – жергілікті атқару органдары мен жергілікті қоғамдастықтарға есеп беру арқылы полиция қызметін ің ашықтығын қамтамасыз ету. Жергілікті полиция құрамына учаскелік инспекторлар, жол-патрульдік полициясы қызметкерлері, өңірлік жəне табиғатты қорғау, сонымен бірге əйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелері біріктіріледі. Жергілікті полиция қызметін құру аймақ əкімдерінің құқық тəртібін қамтамасыз етудегі жауапкершілігін арттыра түседі. Халықаралық тəжірибеден полиция жүйесінің əртүрлі үлгісі көп екенін білеміз. Орталықтандырылған жəне жеке үлгілері де бар. Əдеттегідей полицияның жеке жүйес і , яғни орталықтандырылмаған үлгісі əрбір субъектіде муниципальды полициясы бар федеративті құрылымдағы мем-лекеттерге тəн болса, бірқатар мем-лекеттер аралас полиция жүйесін де табысты іске асыруда. Ал, жергілікті по-лиция қызметін құру кезінде Ішкі істер министрлігінің алдында полицияның қ ұ қық қ ор ғ а ушылық əле уе т і н əлсіретуге жол бермей, оның жүйедегі біртұтастығын сақтау міндеті тұрды. Осыған байланысты ең көп бөліністер топтастырылған əкімшілік полиция аясында жергілікті полиция қызметін

құру іске асырылуда. Бұдан бұрын да жергілікті əкімдіктерге Қазақстан Ре спублика сының «Жер г і л і к т і мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы» жəне «Құқық бұзушылықтардың алдын алу тура-лы» заңдардың аясында қоғамдық тəртіпті сақтауды қамтамасыз етуді ұйымдастыру міндеті жүктелген бола-тын. Алайда, осындай жауапты міндетті орындау полицияны қаржыландыру жұмыстарымен шектелгенін мой-ындауымыз керек, əкімдіктерде өз өкілеттіліктерін жүзеге асыратын нақты тетіктер болған жоқ. Бүгінде бұл олқылықтың орнын жергілікті полиция қызметі толтырмақ.

Қабылданған заңға сəйкес жергілікті полицияның атқаратын қызметінің негізгі бағыттары айқындалды. Яғни, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тəртіпті күзету, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстық əрекеттердің жолын кесу жəне қылмыстық əрекеттер бой-ынша хаттама түрінде сотқа дейінгі тергеу-тексеру жұмыстарын жүргізу жəне əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы өндірісті жүргізу міндеті жүктеліп отыр. Бұл орайда сіздердің назарларыңызға мына жағдайды ұсынамын: біріншіден жергілікті поли-ция Ішкі істер министрлігінің бірыңғай орталықтандырылған жүйесінде қала береді. Ол құрылым жағынан жергілікті атқарушы органдардың құрамына кірмейді, бірақ оларға жəне жергілікті қоғамдастыққа есеп беріп отырады. Жергілікті полицияның өкілеттілігі, міндеттері мен құқықтары Ішкі істер министрліг інің барлық жүйесіне қолданылатын заңдылықтармен реттеліп отырады. Сондай-ақ, барлық ішкі істер органдары сияқты, жергілікті полиция да Ішкі істер министрлігінің

а л қ а ш е ш і м д е р і , н ұ с қ а у л а р ы мен бұйрықтарының талаптарын орындауға міндетті. Жергілікті по-лиция қызметкерлері де Ішкі істер министрлігінің барлық қызметкерлері сияқты құқықтық мəртебеге жəне жеңілдіктер мен əлеуметтік-құқықтық кепілдіктерге ие. Оларды қаржылай жəне материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету бұрынғыша іске асырылады. Сондай-ақ, министрдің орынбасары əкімдер мен мəслихаттың өз аумақтарында жергілікті поли-ция қызметінің басқарушы құрамын тағайындау жəне орнынан босату құқығына ие екенін де айтып өтті. Енді жергілікті полиция қызметінің басшыларын тағайындауға кандидат-ты Ішкі істер министрі облыс əкіміне ұсынып, оған мəслихат депутаттары келісімін беретін болады. Аудандық жəне қалалық деңгейдегі жергілікті по-лиция бастықтарын сол аудандық жəне қалалық маслихаттардың келісімімен жəне облыстық жергілікті полиция қызметінің басшысының ұсынысымен облыс əкімі тағайындайтын болады.

Жергілікті полиция учаскелік поли-ция инспекторы мен оның көмекшісі, кəмелетке толмағандар жөніндегі бөлімшелерден тұратын болып, ал əкімдерде жергілікті полицияларға жүктелген міндеттерге əсер ету тетіктері болады. Жергілікті по-лиция басшысы əкімдермен жəне аймақтық мəслихаттармен келісіліп тағайындалып, ал учаскелік инспек-торлар жергілікті тұрғындар пікірі негізінде қызметке алынады.

А.СƏЛІМОВ,Б.Бейсенов атындағы

Ақтөбе заң институтыныңБасқарма жəне психология

кафедрасының аға оқытушысы, полиция майоры

жүруіне басымдық бермеудің – 275, 608-бабы бойынша ішімдік ішіп, көлік басқарудың – 197, 615-бабы бойынша жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережесін бұзудың 1642 дерегі анықталды.

Жергілікті полиция қызметінің т а б и ғ а т т ы қ о р ғ а у п о л и ц и я -сы құрылымдары атқарған жедел-профилактикалық жұмыстардың ба-рысында табиғат қорғау заңнамаларын бұзушылықтың 148 дерегі тіркеліп, былтырғы жылмен салыстырғанда 5 пайызға жоғарылады.

ақпарат құралдарында кеңінен жария-лануда.

100 нақты қадам – дамуға, ілгерілеуге, құқықтық тұрғыдан жаңғыруға əкелетін сəтті ойластырылған бағдарлама. Сондықтан осы ба ғдарламаны басшылыққа ала отырып қана біз əр қадамымызды нық, сенімді, жемісті жасарымыз анық.

Қалижан ҚОБЛАНДИН,Қызылорда облыстық ІІД

Жергілікті полиция қызметінің бастығы,

полиция подполковнигі

Page 6: Сақшы №27 (4193)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20136 е-mail: [email protected]№27 (4193), сейсенбі, 12.04.2016 е-mail:[email protected]

АРДАГЕР

Салтанатты басқосуды Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД бастығы, по-лиция генерал-майоры Асқар Оспанов мерейтой иесін 70 жылдығымен құттықтап, сый-сияпат көрсетумен бастады.

« М и л и ц и я г е н е р а л - м а й о р ы Жеңісбай Əбдікəрімұлы ішкі істер органдары қатарында көп жыл еңбек етті. Еліміз тəуелсіздік алған жылдары департаментті басқарды. Еліміздің құқықтық тəртібін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосты. Ішкі істер орган-дары басшыларының бірнеше буынын тəрбиеледі. Осындай еселі істері арқасында ол Оңтүстік Қазақстан облысының, Шымкент қаласының жəне Түлкібас ауданының құрметті азаматы атанды. Мемлекет тарапы-нан бірнеше орден-медальдармен марапатталды. Президенттің Алғыс хаты жəне ҚР Ішкі істер министрінің Құрмет грамотасының иегері. Үш

ҚҰРМЕТ ЖЕТПІС ЖАСТЫҢ ЖЕТІСТІГІСабырбек ОЛЖАБАЙ, Шымкент қаласы

КЕЙІНГІ БУЫН ӨКІЛДЕРІНІҢ АЛДЫҢҒЫ ТОЛҚЫН АҒАЛАРДАН ҮЙРЕНЕРІ ҚАШАН ДА КӨП БОЛСА КЕРЕК. ОЛАРДЫҢ ЖҮРІП ӨТКЕН ЖОЛДАРЫ, ІС-ТƏЖІРИБЕЛЕРІ СОҢҒЫ ТОЛҚЫНҒА АУАДАЙ ҚАЖЕТ. ОНЫҢ ҮСТІНЕ БІЗДЕ ҮЛКЕНДЕРДІ СЫЙЛАЙТЫН ЖАҚСЫ ДƏСТҮР БАР. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ІІД-НІҢ ҮЛКЕН АКТ ЗАЛЫНДА ЖЕТПІСТІҢ ЖО-ТАСЫНА ШЫҒЫП ОТЫРҒАН ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ АРДАГЕРІ, ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, МИЛИЦИЯ ГЕНЕРАЛ-МАЙОРЫ ЖЕҢІСБАЙ СҰЛТАНОВПЕН КЕЗДЕСУДІҢ ОСЫНДАЙ ТАҒЫЛЫМЫ КӨП БОЛДЫ.

ұйымына шақырылады. 1974 жылы Шымкент облыстық атқару комитетінің шешімімен ішкі істер органына жолда-ма алады. Милициядағы қызметін саяси жетекшіліктен бастаған ол облыстық ішкі істер басқармасының бастығына дейінгі сатыдан өтті. 1995 жылы оған ҚР Президентінің Жарлығымен милиция генерал-майо-ры атағы берілді.

Жеңісбай Сұлтанов 1997 жылдан 2002 жылға дейін ҚР ІІМ Шымкент заң колледжін басқарады. Көптеген білікті кадрлар даярлауға атсалы-сты. 2002 жылы отставкаға шықты. Зейнеткерлікке шыққан генерал үйде қол қусырып отырған жоқ. Еңбек жолы, өмірден көргені мен түйгені жөнінде нақты деректерді арқау еткен кітаптар жазды. Бұл кітаптар бүгінде

иығына погон таққандардың көрнекі жəне тəрбие құралына айналды.

Генералдың шəкірттері Түлкібас АІІБ бастығы, полиция полковнигі Аманқұл Қасымбеков, Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД Əкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Нұрғали Исахов, Мақтаарал аудандық ІІБ бастығы, полиция полковнигі Серік Шалқаров кезінде Жеңісбай атадан алған тəжірибелерін, қызметке жаңадан қабылданғанда оның үлкен қамқоршы болғанын тебірене жеткізді. Жалпы, Жеңісбай ата кезінде көптеген жас сақшыларға əкелік көмегін аямаған екен.

Кездесу барысында бірқатар жас по-лицейлер ардагерге сауал жолдады. Бүгінгі полиция қандай болуы керек? Кəсіби шеберлікке жету үшін жұмысты неден бастаған жөн? Қазақстан полициясының қалыптасу кезеңі қай жылдан басталды деп есептейсіз? Ішкі істер органына қызметке қалай келдіңіз? Милиция генерал-майоры Жеңісбай Сұлтанов бұл сауалдардың барлығына байыпты жауап берді.

Салтанатты іс-шарада сазгер Бағдат Алтаев, Мақтаарал аудандық ІІБ-нің учаскелік аға полиция инспек-торы, полиция капитаны Нұрғали Сейітжанов патриоттық тақырыпта əндер шырқады. Облыстың өнер ж ұ л д ы з д а р ы н ы ң к о н ц е р т т і к бағдарламасы келушілердің көңілінен шықты. Ардагер ата шəкірттері орта-сында жүзі бал-бұл жанып отырды...

рет облыстық кеңестің депутаты, Шымкент қалалық атқару комитетінің мүшесі болып сайланды. Жетпіске келсе де күш-жігері қайтпаған ағамыз ішкі істер органдарымен əлі де тығыз байланыста. ОҚО ішкі істер орган-дары мен Ұлттық ұлан ардагерлер кеңес і Президиумының мүшес і , сондай-ақ, облыстық ІІД жанындағы консультативті-кеңесші органының

төрағасы. Біз ағамыздан əлі де кеңес алып отырамыз. Жеңісбай аға өзінің бай іс-тəжірибесімен ұдайы бөлісіп тұрады. Жұбайыңыз Зоя апаймен бірге ортамызда жүре беруіңізге тілектеспіз», – деді Асқар Шуашұлы құттықтауында.

Мұнан соң ардагер атаға сый-сияпат жасалып, иығына шапан жабылды. Зоя апайға гүл шоқтары сыйға тартылды. Милиция генерал-майоры Жеңісбай Сұлтановтың өмірі мен еңбек жолынан түсірілген деректі фильм ғибратқа, тəлім-тəрбиеге толы екен. Салтанатты жиынға келген жас мамандарға үлгі боларлық тағылымы мол.

Ардагердің өмір жолдарына үңіліп көрсек, Жеңісбай Əбдікерімұлы 1945 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданында дүниеге кел-ген. Мектеп бітірген соң, яғни, 1963 жылы Қазақ химия-технология ин-ститутында оқып, инженер-механик мамандығын алып шығады. Еңбек жолын механик болып бастаған Жеңісбай ата көп ұзамай комсомол

Page 7: Сақшы №27 (4193)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 7е-mail: [email protected]№27 (4193), сейсенбі, 12.04.2016 е-mail:[email protected]

ИГІ ІС

АРДАГЕРІН АРДАҚТАҒАН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕКЕ ҚҰРАМЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ МЕН ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫП, АҒА БУЫННЫҢ ТАҒЫЛЫМДЫ ƏҢГІМЕЛЕРІН ТЫҢДАДЫ.

Д е п а р т а м е н т б а с т ы ғ ы О .Бержанов ардагерлер мен з е й н е т к е р л е р г е д е п а р т а -м е н т ғ и м а р а т ы н , Б і р ы ң ғ а й к е з е к ш і л і к - д и с п е т ч е р л і к қызмет басқармасының қажетті т е х н и к а л ы қ қ ұ р а л д а р м е н ж а б д ы қ т а л ғ а н ж ұ м ы с бөлмес ін аралатып көрсетт і . Д е п а р т а м е н т т е а т қ а р ы л ы п жатқан жұмыстармен таныс-тырды. Заманауи технологияның қаншалықты қарыштап дамығанын көріп, ардагерлер: «Біз қызмет еткен жылдарда бүг інг ідей дамыған жағдайды көз алдымызға елестете де алмаушы едік», – деп таңдай қағысты.

Ғимарат іш ін аралағаннан кей ін қонақтар Ардагерлер кеңесінің бөлмесінде ақ дастарқан басында бас қосты. Дастарқаннан дəм татып, өздері еңбек еткен жылдардан естеліктер айтты.

ТАҒЫЛЫМЖӘРМЕҢКЕ

КӨҢІЛГЕ СЕРПІН БЕРГЕН КЕЗДЕСУ

Емен-жарқын жағдайда отырып, əңгімелесу бары-сында ой-пікірлерін білдірді. Кездесу соңында де-партамент бастығы ардагерлер мен зейнеткерлерге департаменттің төтенше жағдайдың алдын алу бой-ынша фотолары жарияланған күнтізбесін естелікке сыйға берді. Сəуірдің жаймашуақ күндерінде өткен бұл кездесуден ардагерлердің көңілдері бір серпіліп қалды.

Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі

БҰРЫН СОТТЫ БОЛҒАНДАРМЕН ЖАСАЛАТЫН ҚЫЛМЫСТАРДЫ АЛДЫН АЛУДЫҢ БІРДЕН-БІР ЖОЛЫ – ОЛАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ ЖƏНЕ ƏЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ ЕКЕНДІГІ БЕЛГІЛІ.

Осыған орай таяуда А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мəдениет үйінде Қызылорда облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметі жəне қалалық жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен бос орындар жəрмеңкесі өтті.

Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – жұмыс берушілерге қажетті мамандар таңдауына, жұмыс іздеушілерге жұмысқа орналасуларына ықпал жасау. Шараға «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының орынбасары Мақсұт Баекеев, облыстық жастар ресурстық орталығының аға кеңесшісі Садырбек Жұмабеков, қалалық жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Серік Дүйсенбаев жəне жергілікті полиция қызметкерлері қатысып, аталған шараның еңбек нарығындағы жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне оң ықпал ететіндігін атап өтті.

Шараға 24 мекемеден 223 бос орынға сұраныс келіп түсті. Оның ішінде мұғалім, ме-теоролог, тəрбиеші, кассир, іс жүргізуші, кеңсе менеджері, есепші, электрик, күзетші, бетоншы, аспазшы сынды мамандықтар да бар.

Іс-шараға қарапайым азаматтармен қатар, ішкі істер органдарында есепте тұрған бұрын сотты болған 84 жəне пробация қызметінің есебінде тұрған 47 шартты түрде сотталған азамат қатысты.

Атап өтерлік жайт, аталмыш шараның жұмыспен қамтылған халықтың тұрақты өсуіне оң ықпал етуде, сонымен қатар бұрын сотты болғандарды қалыпты өмірге бейімдеуде маңызы зор. Жергілікті полиция қызметімен аталған бағыттағы жұмыстар бұдан əрі де өз жалғасын тауып, сотты болғандардың қайта қылмыс жасауының алдын алу бағытындағы тиісті профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады.

Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі

Жұмысқа барған, қылмысқа бармас

ІІМ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КОМИТЕТІ «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУДЫҢ ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕРІ» X РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЫСЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ МƏРЕСІНЕ ЖЕТТІ. БҰЛ САЙЫСҚА ОБЛЫСТЫҚ САЙЫСТАРДЫҢ 16 ЖЕҢІМПАЗЫ ҚАТЫСҚАН БОЛАТЫН.

Үш кезеңнен тұрған сайыс кезінде додаға қатысушылар теориялық тест тапсырып, тəжірибелік-əкімшілік істі дайындау жəне объектілеріне тексеру құжаттарын дұрыс толтырудан да сынға түсті. Сайыс соңында қазылар алқасы əр қатысушымен жеке əңгімелесіп, білім-біліктіліктерін тексерді.

Сайыстың қорытындысы бойынша Астана қаласы ТЖД Алматы ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі Талғат Қаерлинов жеңімпаз атанды. Ал, жүлделі 2-орын-ды Шығыс Қазақстан облысы ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау жəне профилактикалық қызмет басқармасының мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау майоры Надежда Евдокимова, 3-орынды Ақмола облысы ТЖД Шортанды ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Арыстан Əбішев иеленді.

Барлық қатысушылар мен жеңімпаздар Төтенше жағдайлар комитеті төрағасы, полковник В.Беккер қол қойған грамоталар мен дипломдармен марапатталды.

ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

БАЙҚАУ

16 жеңімпаздың үздігі

Page 8: Сақшы №27 (4193)

СӨЗ СОҢЫ№27 (4193), сейсенбі, 12.04.2016 е-mail:[email protected]

ШЫҒАРУШЫ жəне МЕНШІК ИЕСІ:«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС

Басылым 01.06.2006 жылы ҚР Ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №7355 - Г куəлігі берілді• Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді• Қолжазба рецензияланбайды жəне авторға қайтарылмайды• Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес• Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді• Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді• Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынадыБас директор

Бимаханбет АСАНОВКомпьютер жəне дизайн бөлімінің қызметкері: Ақсая ЖҮРКЕНОВА Корректор: Нұршакүл ƏШІМБАЕВА Фототілші: Серік ЖОЛДАСПЕКОВ

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: [email protected]

БІЗДІҢ РЕКВИЗИТТЕР:ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKXБИН - 051040005963 КБЕ-16«БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

Газет «Сақшы» компьютер жəне дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «ERNUR» Медиа- холдингі» ЖШС баспаханасында басылды.Индексі: 65395 Таралымы: 13298Тапсырыс: №2443

Нөмірдің кезекшісі: Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ: Бас редактор: Бану ƏДІЛЖАНОВА Ақпарат бөлімінің меңгерушісі: Ғанибет ҒАЛЫМБЕКҰЛЫ Аға тілшілер: Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА, Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВТілшілер: Гүлнəр МАҒЗҰМОВА, Айткен ШƏМШІ,Сабырбек ОЛЖАБАЕВ

Гүлнəр МАҒЗҰМОВА, Алматы қаласы

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ЖƏНЕ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ ҚАРАСТЫ ЛА-155/8 МЕКЕМЕСІ ҚАТАҢ РЕЖИМДЕГІ МЕКЕМЕ. МҰНДАЙ РЕЖИМГЕ АУЫР ҚЫЛМЫС ЖАСАҒАНДАР КЕСІЛЕТІНІ БЕЛГІЛІ. МЫҢДАҒАН ҚЫЛМЫСКЕРЛЕРДІҢ ТАҒДЫРЫ ТОҒЫСҚАН МЕКЕМЕ АУМАҒЫНДАҒЫ ТАЗАЛЫҚ ПЕН ҰҚЫПТЫЛЫҚ, ƏРҚАЙСЫСЫ ƏЙТЕУІР БІР ҚАРБАЛАС ШАРУАМЕН АЙНАЛЫСЫП ЖҮРГЕН СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ ЖҮРІС-ТҰРЫСЫ ТІКЕНЕКТІ ТОРДЫҢ АРЖАҒЫНДА ДА ҚАЛЫПТЫ ТІРЛІКТІҢ БАР ЕКЕНІН БІЛДІРЕДІ.

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

Құрастырған Ескендір ТАСБОЛАТОВОйлан, тап!Португал футбол-шысы

Жеңімпаз Крими-налды топ

Қысқы спорт түрі

«Əй дейтін ...»

Сүт атауы

Иранқаласы Грекия тауы

Күрте атауы...-құрылыс

... ету (одағай)

ГАЗ авто-көлігі

Бельгия қаласы

Астана мұз айдыны

Медицина қызметкері Өзгешелік

Ұлттық тағам

... менедж-менті

ЖЫЛ САЙЫН КҮЗ, КӨКТЕМ МАУСЫМДАРЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН СЕНБІЛІКТЕРДЕ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ІІД-НІҢ БАРЛЫҚ БӨЛІНІСТЕРІНЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚАЛАНЫ КҮЛ-ҚОҚЫСТАН ТАЗАЛАП, АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚАТЫСЫП КЕЛЕДІ.

Мұндай сенбілік жұмыстары облыстық ІІД барлық аудандық жəне қалалық бөліністерінде өтуде.

Адам өмірінің қауіпсіздігін сақтап, əрдайым қылмыстық əрекеттердің бетін орай-тын тəртіп сақшылары қаламыздың тазалығы үшін де қолдан келген көмектерін аяған жоқ. Бұл қоғамдық жұмысқа басшылық құрам бастаған топ атсалысты. ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Талғат Рахметов: «Көктемгі сенбілік біз үшін дəстүрге айналды. Қаланың тазалығы, оның абаттануы – ортақ жұмыс», – деп тəртіп сақшыларын жұмысқа ұйымдасқан түрде белсенді қатысып, сапалы орындауын талап етті.

Қолдарына сыпырғыш, тырнауыш, шелек пен сыр алған сақшылар тазалықты облыстық ІІД-нің қоғамдық тəртіпті қамтамасыз ету жəне арнайы даярлық базасы аумағынан бастады. Айналаны қалдық заттардан тазартып, қоршауларды сырлап, ағаш түптерін əктеу жұмыстарын атқарды. База аумағына екі жүзге жуық үйеңкі ағаштар, ақ қайыңдар мен теректер отырғызылды.

Көңілді өткен сенбілікке қатысқан полиция қызметкерлері: «Қаламыздың таза, əдемі болғаны бəрімізді қуантады. Дегенмен, оның тазалығы өзімізге байланыс-ты. Сондықтан қала тазалығына баршамыз атсалысқанымыз дұрыс», – деп пікірлерін айтты. Сенбілікке шыққан сақшылар қала қауіпсіздігін де назардан тыс қалдырмады. Мұндай тазалық жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Батыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Мыңдаған адамдардың талайлы тағдырына куə болып тұрған темір қоршаудың ішіндегі жазалылар ме-кеме тарапынан ұйымдастырылатын «Ашық есік күні» атты шараны асыға күтеді. Бұл шараның сотталғандардың ішкі тəртіпті қатаң сақтауға деген құлшынысын арттыруға тиг ізер пайдасы мол. Өйткені, ашық есік күні мекемедегі темірдей тəртіпті бұлжытпай орындағандарға ғана жақын туыстарымен қауышуға мүмкіндік беріледі.

ЛА-155/8 мекемес інде жуыр-да Наурыз мейрамының құрметіне өткізілген кезекті ашық есік күнінің б ір ерекшеліг і – бұл жолы тас қабырғасына қалыпты жолдан қия басқан адамдардың мұңы мен өкініші сіңген жерге сотталғандардың жүзден аса жақындары келді.

Сотталғандардың бақылаушылардың қатаң тексеруінен өткен туысқандары мекеме ауласына кірісімен, өздерінің іздеген адамдарын көргенше асығулы. Бірақ осы шараға арнайы шақырылған бұқаралық-ақпарат құралдары өкілдерінің алдынан шыққан жігіт, бүг інг і болатын бағдарламалар легімен таныстырып жүр. Бірінші ке-зекте келушілер сотталғандардың күшімен дайындалған концерттік бағдарламаны көрсе, екінші кезекте спорттық ойындарды тамашалай ала-ды екен. Сырт келбетіне қарасаңыз мерекеге сай киінген ол, ауланың безендірілуіне сотталғандардың өздері атсалысқанын айтып жатыр. Кірген адамның көзіне бірден ілігетін көктемнің қоп-қоңыр самалымен желбіреген тулардың да өз сыры барын түсіндірді. Сотталғандардың қолымен жасалған туларда əр рудың таңбасы бейнеленіпті.

«Біздің мұндағы мақсатымыз – қазақ халқының ру арқылы туысқандық қатынастарының мықты болғанын бейнелеу, – дейді осы шараның

ЖАЗАЛЫЛАР ЖЫЛ БАСЫН ТОЙЛАДЫ

басы-қасында жүрген сотталған Константин Гудаускас. – Бүгінгі «Наурыз мейрамы» – барлық халыққа ортақ мереке. Сондықтан біз осы бір жарқын мерекеде халықтар арасындағы бауырмалдықты, бірлікті паш етуге тырыстық».

Константин Гудаускасты темір торға түсірген қылмысының түрі де қызық екен. Ол ерк інд ікте жүргенде мүгедек жəне ауыр науқас балаларға, бұрын сотталып келген адамдарға көмектесу мақсатындағы қорды басқарыпты. Олар үшін де дəл бүгінгідей көңілді кештер ұйымдастырып, сый-сияпаттар үлестіріпті. Бірақ ... ол байларды тонап, кедейлерге көмектескен. Кезекті бір пəтер тонау кезінде қолға түскен де, жазасын бес жыл қатаң режимдегі түзеу мекемесінде өтеуге кесілген. Өзі жасаған қылмысын өкінішпен болса да жасырып-жаппай баяндаған ол, жалпы журналистер-мен əңгімелесуден қашқақтаған жоқ. Қолынан келгенше мекемедегі түрлі шараларды ұйымдастыруға атсалысатынын, кесімді мерзімі бітіп, бостандыққа шықса продюсерлікпен айналысатын ойы да барын айтып ағынан жарылды. Болашаққа жақсы жоспар құру – сотталғандарды ішкі тəртіпті бұзбай, керісінше жақсы мінез-құлқымен, белсенділігімен ерекшеленуге ынталандырады. Константин де болашағына осын-дай жарқын үмітпен қарайтын адамдардың бірі екен. Ол да осы ашық есік күні отбасымен қауышып мəре-сəре болып жатты.

Оның осы бір бақытты сəттеріне бөгет болмайық деген оймен, басқа да адамдардың туыстары-мен қауышқан сəттеріне куə бо-лып, келушілер кіретін есік жаққа алаңдап, біреу кірсе көздерінде үміт оты жарқ ете қалып тұрған жас жігітті əңгімеге тарттым. Ол өзін Нұржан

деп таныстырды. Тараз қаласының тумасы екен. Суыртпақтап сыр тар-та бастап едік, Нұржан адам өлтіргені үшін 14 жылға сотталғанын , Тергеу изоляторынан мұнда келгеніне санаулы-ақ күндер өткенін айтып берді. Жап-жас жігіттің түріне қарап оны қолын қанға былғаған адамға қимайсың.

«Бəрі ақымақтықтың кесірі, апай. Еркіндікте ж ү р г е н д е ж е к е кəс іпкерлікпен айна-лыстым. Сөйтіп жүріп қылмыстық ортаның серкелерімен ерегесіп,

кезекті бір «разборкаға» жалғыз келіп, қарсыластарымның бірін атып өлтірдім. Енді міне, жиырма бестің жалынын түрменің қатаң тəртібімен тұмшалап осында жүрмін», – дейді Нұржан.

Мұндайда өзіңмен өткен өмірін бөлісіп тұрған адамға сөзбен болса да демеу білдіріп, рухын көтергің келетіні аян. Бірақ бір сүйсінерлігі Нұржан еңсесі езіліп, салын суға жіберіп тұрған жігіт емес екен. «Бар өкінішім – анамды аяймын. Менің темір торда ұзақ жыл жататыным жанын жейді ғой. Ал, жарыма соттың үкімі шығысымен-

тəрбие істері жөніндегі орынбасары Жеңіс Көбеев.

Хэни де мұнда босқа жатпай орыс тілін үйреніп жатыр. Қазақстанға құрылыспен айналысамын деп келіп, он екі жылға сотталып кеткен ол шыққан соң туристік бизнеспен айна-лысуды жоспарлап қойыпты. Өйткені, Колумбияға орыстілді туристер көп келеді екен. Шетелдіктердің көбі көршілес Ресей, Қырғызстан жəне Өзбекстан азаматтары.

Сотталғандар қойған концерттің бел ортасында Бақытжан Пірімбетов атты өнерпаз да жүр. Бақытжанның

– бағын шоу бизнесте сынау. Оның əр мереке сайын сахнадан түспей əн айтуының бір сыры – табиғат берген талантын шыңдау, ертең еркіндікке дайын əнші болып шығу сияқты. Арман адамды алға жетелейді , жақсылықтарға жолықтырады. Сондықтан да түзеу мекемесіндегі күн санап жүргендердің көңілін əнмен көтеріп, оларға тағдырдың қатал сы-нына сынбайтын жігер сыйлап жүрген Бақытжанның да жүрегін осындай асыл арман жылытып жүргені анық.

Қатаң режимдегі түзеу мекемесінде өткен əр мереке таспаға түсіріліп, кəсіби тұрғыдан монтаждалып оты-рады. Ұйымдастырылған шаралар-дан түсірілген суреттерден арнайы альбом да жасалады. Мұндай за-манауи жұмысты да атқаратындар сотталғандардың өздері. Бұл іске кезінде Қапшағай қаласында фото-граф-дизайнер болған Анатолийдің да қосатын үлесі мол. Адам өлтіргені үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылған Анатолий жазасының 5 жылын ғана өтепті.

Мерекенің соңы балуандардың боз к ілемдег і күрес іне ұласты. Сотталғандар арасында жиі өткізілетін қазақша күрестен сынға түскен жігіттердің бас жүлдеге ие болғанына «Барыс» деген жазуы бар арнайы белдік тағылды. Жазалылар дой-быны да жан салып ойнайды екен. Мереке қарсаңында дойбыдан өткен турнирден жеңімпаз атанғандардың бірі – есірткі тасымалдағаны үшін 10 жылды арқалаған Ауғанстан аза-маты Саадуддин Низамуддин. Дəл «Наурыз мейрамы» күні ол мерзімінен бұрын шартты жазаға босатылды. Бостандыққа шыққанына сенерін де, сенбесін де білмей қуанған Саадуддин өмірінің жеті жарым жылы өткен түрме қабырғасымен қоштасып тұрып, темір тордың ар жағында қалып бара жатқандарға да осындай қуанышты күннің тезірек жетуін тіледі.

Ашық есік күніне қатысушылар тек темір торда отырған туыстарымен жүздесіп қана қойған жоқ, олардың жататын жəне демалатын орындарын аралап жəне бір дастарқан басында ас ішіп, мəре-сəре болды.

200 тал егілдіСЕНБІЛІК

да қылмысы ауыр. Адам өлтірген. 2010 жылдан бері жазасын өтеп жүрген Бақытжанның түрме нанын əлі біраз жыл жейтіні анық. Бірақ ол түрмеге түстім екен деп бар өміріне нүкте қойып тастаған адамдардың қатарынан емес сияқты. Бостандыққа шыққан соң Бақытжанның да арманы

ақ «Мені күтпе. Мен сені бақытты ете алмадым. Бақытыңды тапсаң жолың ашық», – дедім. Бірақ менен бірден безіп тұрған ол жоқ. Бəрін алдағы өмір көрсетеді». Нұржанның өмірге деген шынайы көзқарасы, қайткенде де сағын сындырмауға деген ұмтылысы оны расымен де қоғамға қалыпты азамат етіп қайтаратын шығар.

ЛА-155 /8 мекемес інде жүз ге ж у ы қ ш е т е л д і к ж а з а л а р ы н өтеуде. Олардың ішінде, əсіресе, африкалықтар дəл сол күні ешқандай туыстарын күтпесе де, көңілді шараға белсенді қатысып жүрді. Тіптен со-нау Гана Республикасының тумасы Томос Акосах қазақша əн салып, келушілердің көңілін көтерді. Аталған мекемеде жазасын өтеп жүргеніне жеті жылдан астам уақыт өтіпті. Əлі үш жылы бар. Томос сотталмай тұрып футбол бизнесімен айналысыпты, өзі де футболшы. Мекемеде де осы спорт түрін дамытуға бар күшін салып жүргенін мақтанышпен айтады өзі. Африкалық жігіт сегіз футбол коман-дасын құрып, өзара чемпионаттар ұйымдастырып тұрады.

«Шетелдіктер негізінен есірткі заттарын тасымалдағаны үш ін сотталғандар. Колумбиялық Хэни Пульгарин де есірткі тасымалдағаны үшін отыр осында. Он екі жылға сотталған оның əлі он жылы бар. Бірақ олардың ешқайсысы да мерекелік ша-ралардан сырт қалмай, қайта қатысуға белсенділік танытып тұрады», – дейді ЛА-155/8 түзеу мекемесі бастығының

Суреттер автордікі