62
Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы Тақырыбы: Материктер мен мұхиттар географиясында не оқытады? Сабақтың мақсаттары: 1. Білімділік: Оқушыларға оқылып отырған мәселенің негізгі идеясын зерттеліп отырған құбылысын, фактінің заңның айқын, материктер мен мұхиттарға нақты түсінік беру. 2. Дамытушылық: Оқушылардың жаңа білімді қорытындылау, жүйелеу, қабылдау, ойға сақтау қабілетінің жоғары деңгейіне жетуін қамтамасыз ету және дамыту. 3. Тәрбиелік: Материктер мен мұхиттарға деген қызығушылықты тудыру, оның құрылымын өз бетінше зерттеуге баулу. Сабақ түрі: Жаңа сабақ Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, проблемалық түсіндіру Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Дүние жүзінің картасы, атлас карта, суреттер, карточкалар Сабақтың жоспары: Сабақтың кезеңдері Берілетін уақыт (мин) 1. Ұйымдастыру 1-2 2. Жаңа сабақты түсіндіру 18-20 3. Жаңа сабақты бекіту 5-6 4. Үйге тапсырма беру 1-2

география үлгі

Embed Size (px)

DESCRIPTION

 

Citation preview

Page 1: география үлгі

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Материктер мен мұхиттар географиясында не оқытады?

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушыларға оқылып отырған мәселенің негізгі идеясын зерттеліп отырған құбылысын, фактінің заңның айқын, материктер мен мұхиттарға нақты түсінік беру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың жаңа білімді қорытындылау, жүйелеу, қабылдау, ойға сақтау қабілетінің жоғары деңгейіне жетуін қамтамасыз ету және дамыту.

3. Тәрбиелік: Материктер мен мұхиттарға деген қызығушылықты тудыру, оның құрылымын өз бетінше зерттеуге баулу.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, проблемалық түсіндіру

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Дүние жүзінің картасы, атлас карта, суреттер, карточкалар

Сабақтың жоспары:

№ Сабақтың кезеңдері Берілетін уақыт (мин)

1. Ұйымдастыру 1-2

2. Жаңа сабақты түсіндіру 18-20

3. Жаңа сабақты бекіту 5-6

4. Үйге тапсырма беру 1-2

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпқа кіріп, оқушылармен амандасып, оқушылардың зейінін тұрақтандырып, жаңа сабақты түсіндіруге кірісемін.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Page 2: география үлгі

Материктерде құрлықтағы өзіндік ерекшеліктерімен айқындалатын биік тау жүйелері мен ұлан-ғайыр жазықтардың табиғаты, дүниежүзілік мұхиттың тылсым табиғаты мен орасан мол табиғи қорлары, ондағы терең сулы шұңғымалар мен су асты жоталары, құрлық климатына әсер ететін теңіз ағыстары мен мұхит суының жалпы қасиеттерін жатқызамыз.

Жер шары бетінің жалпы ауданы 510,2 млн.км-ге тең. Ол материктер мен мұхиттарға бөлінген. Құрлықты құрайтын материктер мен аралдар үлесіне шамамен 149,1 млн км немесе бүкіл Жер бетінің 29,2%-ы келеді.

Жер шарында барлығы алты материк бар. Материктер қалыптасуы мен қазіргі табиғат ерекшеліктеріне сәйкес, солтүстік және оңтүстік жарты шар материктеріне топтастырылып, мынадай тәртіппен қарастырылады: Еуразия (54 млн км астам), Солтүстік Америка (24,2 млн км), Оңтүстік Америка (18,3 млн км), Африка (30,3 млн км), Аустралия мен Мұхит аралдары (9,0 млн км-ге жуық), Антарктика (14 млн км). Материктерге таяу жағалаудағы қайраңдар мен материктік беткейлерде материктік аралдар орналасқан. Олар – жер қыртысындағы қозғалыстар әсерінен құрлықтың кейіннен бөлініп қалған бөліктері, көбінесе ауданы ауқымды келеді (Гренландия, Мадагаскар, Британ аралдары және т.б.). Мұхиттардың қозғалмалы бөліктерінде жанартаулық аралдар (Исландия, Гавай, Азор аралдары), ал судың беткі температурасы +25С-тан жоғары аймақтарында маржандық аралдар (Үлкен Аустрия Тосқауыл рифі, Маржан теңізінің аралдары) орналасқан. Аралдар жеке-дара және топ болып кездеседі, аралдар тобын архипелаг деп атайды. Жер шарындағы ірі архипелагтар қатарына Канаданың Арктикалық архипелагы, Малайя архипелагы, Шпицберген архипелагы жатады.

Құрлық материктерге бөлінумен қатар, дүние бөліктеріне де жіктеледі. Дүние бөліктері дегеніміз құрлықтың ашылуы мен қоныстану ерекшеліктеріне сәйкес шартты түрде ажыратылатын тарихи-географиялық ірі аймақтар. Дүние бөліктері де алтау: Еуропа, Азия, Африка, («Ескі дүние»), Америка, Аустралия, Антарктика («Жаңа Дүние»).

Жер шарының аса ірі материгі Еуразияны ежелгі грек географтары екі дүние бөлігіне ажыратқан. Бұл дүние бөліктері Месопотамияны мекендеген ежелгі халықтар – финикиялықтардың «эреб»-батыс, «асу»-шығыс деген сөздерінің негізінде Еуропа және Азия деп аталған. Кейінірек ашылған Солтүстік және Оңтүстік Америка материктері табиғат жағдайларының айырмашылықтарына қарамастан, біртұтас Америка дүние бөлігіне біріктірілген. Дүние бөліктерінің құрамына көршілес жатқан аралдар да енеді.

Page 3: география үлгі

Дүниежүзілік мұхит. Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы 316 млн км, бұл Жер беті ауданының 70,8%-ын құрайды. Ол материктер арқылы төрт мұхит айдынына бөлінеді: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиттары.

Дүниежүзілік мұхиттың ең терең жері – Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы (11 022м). Мұхиттар құрлықтың бөліктерімен тығыз байланыста бола отырып, ондағы табиғат жағдайларының қалыптасуына зор ықпал жасайды.Жаңа тақырыпты бекіту:

Сұрақ: Жер шары бетінің жалпы ауданы қанша млн км²?

Жауап: 510,2 млн км²

Сұрақ: Жер шарында барлығы қанша материк бар және оларды ата?

Жауап: 6 материк, Еуразия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Африка, Аустралия, Антарктика

Сұрақ: Жер шарындағы ірі архипелагтарды ата?

Жауап: Канаданың Арктикалық архипелагы, Малайя архипелагы, Шпицберген архипелагы.

Сұрақ: Дүние бөліктері дегеніміз не?

Жауап: Құрлықтың ашылуы мен қоныстану ерекшеліктеріне сәйкес шартты түрде ажыратылатын тарихи-географиялық ірі аймақтар

Сұрақ: Дүние бөліктері қанша және оларды ата?

Жауап: 6, Еуропа, Азия, Африка («Ескі Дүние»), Америка, Аустралия, Антарктика («Жаңа дүние»)

Сұрақ: Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы қанша млн км²?

Жауап: 361 млн км²

Сұрақ: Дүниежүзілік мұхиттың ең терең жерін ата және оның тереңдігі қанма метр?

Жауап: Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы, 11 022 метр

Page 4: география үлгі

Қорытынды: Қорытындылай келе, материктер мен аралдар, дүние бөліктерін және дүниежүзілік мұхиттың маңызын ашып түсіндірдім.

Үйге тапсырма: §1. Материктер мен мұхиттар географиясы нені оқытады? оқу және кесін картаға материктер мен мұхиттарды түсіру.

Сыныбы: 7

Page 5: география үлгі

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдері

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Материктер мен мұхитты түсіндіре отырып, зерттелу тарихы мен жасалу технологиясына көңіл бөлдіру және түсіндіру, таныстыру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, картамен глобуспен жұмыс істеу қабілеттерін әрі қарай дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушылардың қызығушылығын арттыру және өз бетінше зерттеуге баулу.

Сабақтың түрі: Аралас

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, суреттеп түсіндіру

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Дүние жүзінің картасы, атлас карта, оқулық, глобус, суреттер

Сабақтың жоспары:

№ Сабақтың кезеңдері Берілетін уақыт (мин)

1. Ұйымдастыру 1-2

2. Үй тапсырмасын сұрау 10-12

3. Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру 2-3

4. Жаңа сабақты түсіндіру 18-20

5. Жаңа сабақты бекіту 5-6

6. Үйге тапсырма беру 1-2

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпқа кіріп, оқушылармен амандасып, олардың бар жоғын анықтап, үй тапсырмасын сұраймын.

Үй тапсырмасын сұрау:

Сұрақ: Жер шары бетінің жалпы ауданы қанша млн км²?

Page 6: география үлгі

Жауап: 510,2 млн км²

Сұрақ: Жер шарында барлығы қанша материк бар және оларды ата?

Жауап: 6 материк, Еуразия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Африка, Аустралия, Антарктика

Сұрақ: Әр материктердің аудандарын ата?

Жауап: Еуразия-54 млн км² астам, Африка 30,3 млн км², Солтүстік Америка 24,2 млн км², Оңтүстік Америка 18,3 млн км², Антарктика 14 млн км², Аустралия және Мұхит аралдары 9,0 млн км²-ге жуық

Сұрақ: Жер шарындағы ірі архипелагтарды ата?

Жауап: Канаданың Арктикалық архипелагы, Малайя архипелагы, Шпицберген архипелагы.

Сұрақ: Дүние бөліктері дегеніміз не?

Жауап: Құрлықтың ашылуы мен қоныстану ерекшеліктеріне сәйкес шартты түрде ажыратылатын тарихи-географиялық ірі аймақтар

Сұрақ: Дүние бөліктері қанша және оларды ата?

Жауап: 6, Еуропа, Азия, Африка («Ескі Дүние»), Америка, Аустралия, Антарктика («Жаңа дүние»)

Сұрақ: Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы қанша млн км²?

Жауап: 361 млн км²

Сұрақ: Дүниежүзілік мұхиттың ең терең жерін ата және оның тереңдігі қанма метр?

Жауап: Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы, 11 022 метр

Жаңа сабақты түсіндіру:

Page 7: география үлгі

Адамзаттың географиялық түсініктері алғашқы қауымдық кезеңнен-ақ жинақтала бастады. Жер табиғаты, халықтары және олардың тұрмыс-тіршілігі жайлы деректер мыңдаған жылдар бойы жинақталды, географиялық зерттеулердің тарихы бірнеше кезеңдерге бөлінеді.

1 –ші, Ежелгі дәуірлерде байырғы ғылым мен мәдениеттің ошақтары – Месопотамия, Парсы жері мен Египеттегі, Карфаген және Ежелгі Грек, Рим елдеріндегі жаңа жерлерді игеру мен соғыс жорықтары нәтижесінде географиялық деректер қарқынды түрде жинақтала бастады. Грекия оқымыстыларының еңбектері географияның ғылыми негізін қалады.Тарих ғылымының негізін салушы грек ғалымы Геродоттың 9 томдық«Тарих» атты еңбегінде географияның алғашқы ғылыми түсініктері берілген.

2-ші, Ежелгі Грек ғалымы Аристотель Жер – шар тәрізді деген Пифагордың түсінігін ілгері дамытады. Жылды 365 күнге бөліп, Ай мен Күннің тұтылу себептерін дәлелдеп берді.

Эратосфен ендікті, бойлықты нақты өлшеп, тұңғыш рет географиялық карта жасады, математикалық географияның негізін салған.

Римдік ғалым Страбон географияны жер туралы ғылым ретінде түсініп, Жерді географиялық жағынан сипаттайтын «География» деп аталатын 17 кітап жазған.

Ұлы географиялық ашулар кезеңі ғ ХV- ХVІІІ ғасырлар аралығындағы жаңа жерлердің ашылуымен байланысты география тарихында болған аса маңызды жаңалықтармен сипатталады.

1492 жылы Христофор Колумб басқарған испан экспедициясы Атлант мұхиты арқылы Үндістанға баратын жолды іздеу барысында Багам, Кіші Антиль аралдарын ашты, сөйтіп Жаңа дүниедегі жаңа ашуларға негіз салды. Колумб өзі Вест-Индия деп аталған аймаққа кейіннен тағы 3 рет саяхат жасады.

1498 жылдың 20 мамырында Васко да Гама басқарған португал кемесі Каликут (Калькутта) Шығыс Азияны игеру, тонау және бөлісу кезеңі осы күннен басталды.

Колумб ашқан жаңа жерлерге 1499-1503 жылдар аралығында Америго Веспуччи 3 рет саяхат жасады. А.Веспуччи жаңа ашылған жерлердің Үндістан емес, жаңа дүние екенін дәлелдеді.

1538 жылғы дүние жүзі картасында атақты картограф Герард Меркатор Американың солтүстік және оңтүстік бөліктері ұғымын пайдаланып, оларды «Жаңа Дүние» деп атады.

1519-1522 жылдар аралығында Фернан Магеллан мен Себастьян Элькано басқарған испан экспедициясы тұңғыш рет жер шарын айналып өтіп, еуропалықтар үшін беймәлім Тынық мұхитты ашты.

Page 8: география үлгі

ХVІІ ғасырда оңтүстік жарты шарда голландық Абель Тасман кейін өз атамен аталған аралды, 18 ғасырда ағылшын саяхатшысы Джеймс Кук Жаңа Зеландия аралы мен Аустралияның шығыс жағалауын ашты. Куктың зерттеулері Жер шарындағы су мен құрлықтың арақатынасы туралы және Тынық мұхит пен оның аралдары туралы көптеген мәліметтер берді.

ХVІІІ ғасырдағы орыс экспедициясы құрамындағы В.Беринг пен А.И.Чириков Американың солтүстік-батыс бөлігі мен Алеут аралдарын ашты.

1803-1806 жылдар аралығында И.Ф.Крузенштерн мен Ю.Ф.Лисянскийдің Тынық, Үнді, Атлант мұхиттары арқылы жүріп өткен экспедициясы Тынық мұхиттың көптеген жаңа аралдарын ашты.

1819-1821 жылдар аралығында Ф.Белинсгаузен мен М.Лазарев басқарған экспедиция 1820 жылы 28 қаңтарда Антарктика материгін ашты.

1909 жылы Американдық Р.Пири Солтүстік полюске, 1911 жылы Норвег Р.Амундсен Оңтүстік полюске жетті.

Бүгінгі таңда Жер шарында ашылмаған жер жоқ деуге де болады, бірақ онымен географиялық ашулар тоқтады деген ұғым тумау керек. Жаңа географиялық зерттеулерде ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері: ғарыштық және аэро кескіндеулер, геофизикалық зерттеулер, ақпаратты компьютерлік өңдеу және т.б. кеңінен пайдаланылады. Қазіргі заманғы география ғылымы табиғи ортаны қорғау мен табиғат қорларын тиімді падалану, мұхит табиғатын жаңа құралдар мен әдістер көмегімен танып-білу, адамзат пен табиғат арасындағы өзара байланыс, табиғат апаттарын болжау және оларды болдырмау бағытында зерттеулер жүргізуде.

Жаңа сабақты бекіту: Сәйкестендіру кестесі арқылы

Page 9: география үлгі

1. 1819-1821 Семен Дежнев Беринг бұғазы арқылы Солтүстік мұзды мұхиттан Тынық мұхитқа өтті;

2. 1803-1806 Колумб ашқан жаңа жерлерге Америго Веспуччи 3 рет саяхат жасады;

3. 1519-1522 Ф.Беллинсгаузен мен М.Лазарев басқарған экспедиция Антарктика материгін ашты;

4. 1499-1503 И.Ф.Крузенштерн мен Ю.Ф.Лисянскийдің Тынық, Үнді,Атлант мұхиттары арқылы жүріп өткен экспедициясы Тынық мұхиттың көптеген жаңа аралдарын ашты;

5. 1648 Фернан Магеллан мен Себастьян Элькано басқарған испан экспедициясы тұңғыш рет Жер шарын айналып өтіп, еуропалықтар үшін беймәлім Тынық мұхитты ашты;

Қорытынды: Бүгінгі сабақта, материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдерін баяндап, таныстырдым.

Үйге тапсырма: : §2. Тақырыпты оқу. Кескін картаға географиялық ашылулар, зерттеулерді түсіру. Реферат жазып келу.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Материктер мен мұхиттар карталары

Сабақтың мақсаттары:

Page 10: география үлгі

1. Білімділік: Материктер мен мұхиттар туралы алған білімдерін жинақтап, одан әрі таным деңгейін арттыру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың әр материкті, мұхитты жете тануға қызығушылығын ояту, оларды қосымша ізденуге, картамен жұмыс істеуге, қорытынды жасауға дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: Өзін дұрыс ұстай білуге, мәдениеттілікке және ойын дұрыс, нақты жеткізе білуге баулу.

Сабақтың түрі: суреттеу-түсіндіру, өзіндік ізденіс

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, іздену

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Кескін карта, дүние жүзінің картасы, атлас карта, оқулық, глобус

Сабақтың жоспары:

№ Сабақтың кезеңдері Берілетін уақыт (мин)

1. Ұйымдастыру 1-2

2. Үй тапсырмасын сұрау 10-12

3. Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру 2-3

4. Жаңа сабақты түсіндіру 18-20

5. Жаңа сабақты бекіту 5-6

6. Үйге тапсырма беру 1-2

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпқа кіріп, оқушылармен сәлемдесіп, оқушылардың зейінін тұрақтандырып, жаңа сабақты түсіндіре бастаймын.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Карта-математикалық заңдылыққа негізделе отырып (масштаб және проекция бойынша) жасалатын Жер шарының, Күн жүесіндегі басқа ғаламшарлардың және т.б кішірейтіліп әрі жинақталып, шартты белгілермен бейнеленген кескіні. Жер шарының бірнеше есе кішірейтіліп берілетін нақты

Page 11: география үлгі

бейнесі глобус деп аталатыны белгілі. Глобустағы Жер бетінің дәл бейнесін картаға көшіру үшін картографиялық проекциялар қолданылады. Картографиялық проекция (кескін) – Жер шарының бетін математикалық тәсілдер арқылы жазықтықта бейнелеу. Жердің шар тәрізді болуына байланысты оны жазық карта бетінде бейнелеу барысында әр түрлі дәрежеде бұрмалану болады.

Тең бұрышты проекция қолданылған картада бұрыштар мен шағын географиялық нысандардың пішіндері нақты сақталады.

Тең ауданды проекция қолданылған карталарда аудан дәл беріледі. Мұндай проекция қолданылған карталардан материктер мен елдердің мұхиттардың ауданын нақты анықтауға болады.

Еркін алынған проекциялар негізінде жасалған карталарда бұрмаланулардың барлық түрлері кездескенімен, олар карта бетінде ұтымды бейнеленеді.

Цилиндрлік проекция көбінесе Жер шары толық бейнеленген карталарда пайдаланылады.

Карталар мынадай 4 белгісіне бөлінеді:

А) Қамтылатын аумағына (жарты шарлар немесе дүние жүзі карталары, Дүниежүзілік мұхит картасы, материктер мен олардың бөліктерінің картасы, топографиялық карталар);

Ә) Мазмұнына (жалпы географиялық және тақырыптық);

Б) Масштабына (ұсақ, орта және ірі масштабты карталар);

В) Қолданылу сипатына (ғылыми-анықтамалық, оқу карталары мен мәдени-ағарту, техникалық және туристік карталар);

Жаңа сабақты бекіту:

Сұрақ: Карталар қанша түрге топтастырылады?

Жауап: 4; қамтылытын аумағына, мазмұнына, масштабына, қолдану сипатына қарай топтастырылады

Page 12: география үлгі

Сұрақ: Кешенді карталар дегеніміз не?

Жауап: Көп жағдайда тақырыптық крталар бірнеше компоненттерді және олардың өзара байланысын көрсетеді. Мұндай карталар кешенді карталар деп аталады.

Сұрақ: Глобус дегеніміз не?

Жауап: Жер шарының бірнеше есе кішірейтіліп берілетін нақты бейнесі глобус деп аталады.

Сұрақ: Картографиялық проекция дегеніміз не?

Жауап: Жер шарының бетін малематикалық тәсілдер арқылы жазықтықта бейнелеу.

Сұрақ: Дүниежүзілік карталарда көп пайдаланылатын проекция-

Жауап: Көп конусты проекция.

Сұрақ: Жер жары толық бейнеленген карталарда пайдаланылатын проекция-

Жауап: Цилиндрлік проекция.

Сұрақ: Азимуттық прекция қандай мақсатта қолданылады-

Жауап: Белгілі бір нүктеден жан-жаққа бағытталатын кеңістікті дәл бейнелеу үшін қолданылады.

Қорытынды: Бүгінгі сабақта, материктер мен мұхиттар карталарын, шартты белгілер жүйесін, проекциялардың түрлерін айтып түсіндірдім.

Үйге тапсырма: Материктер мен мұхиттар карталары мәтінін оқып, баяндау. Атлас картадан түрлерін анықтап, оларға мысал келтіру.

Page 13: география үлгі
Page 14: география үлгі

8-сынып (А;Б )

Сабақ №1

Күні:

Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады? Қазақстанның және Павлодар облысының географиялық орны мен шекаралары.

Мақсаттары:

Білімділік: Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы туралы баяндау. Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады? Географиялық білім көздеріне сипаттама беру. Қазақстанның және Павлодар облысының шекараларын, аумағын, географиялық координаталарын, географиялық орнының ерекшелігін анықтау.

Дамытушылық: Дүние жүзінің саяси картасынан Қазақстанның қандай мемлекеттермен шектесетінін анықтау және Қазақстанның және Павлодар облысының географиялық орнын карта бойынша сипаттау арқылы білімдерін тереңдету. Қазақстанның және дүние жүзіндегі кез-келген қаласының белдеулік және жергілікті уақытын тауып, олардың айырмасын анықтауға дағдылану.

Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, репродуктивті

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Қазақстанның саяси картасы.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)

Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындығын тексеру. Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

Page 15: география үлгі

3.Жаңа тақырып кезеңі (20 мин)

7-сынып материалын еске алу. «Физикалық география» ұғымын анықтау. Қазақстанның физикалық географиясы курсымен таныстыру. 1. Қазақстанның тәуелсіздігін анықтайтын негізгі даталармен таныстыру. 2. Қазақстанмен шектесетін елдерді дүние жүзінің саяси картасына қарап анықтау.3. География курсының негізгі құрылымымен таныстыру.4. Физикалық география пәнінің және Қазақстанның физикалық географиясының мақсаттары мен міндеттерін анықтау.5. Оқулықтың құрылымымен таныстыру.6. Қазақстанның және Павлодар облысының географиялық орнын карта бойынша сипаттау.

7-сынып курсын еске түсіреді. Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

4. Жаңа тақы-рыпты бекіту (10 мин)

Кескін картаға Қазақстанның Еуразиядағы орнын салу. Көршілес мемлекеттерін көрсету. Оларды атау.

Картамен және кескін картамен жұмыс жасау, түсінбеген жерлерін мұғалімнен сұрау.

5. Сабақты қорытындылау кезеңі (10 мин)

Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында төмендегі сұрақтарды қою: Еліміздің егемендігін қандай белгілері көрсетеді? Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады? Қазақстанның және Павлодар облысының географиялық орнының ерекшелігі неде? ТМД қай жылдары құрылды? Қай жылы Астана Алматыдан көшірілді. Неше ұлт өкілдері мекен етеді? Экспорт және импорт дегеніміз не?

Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.

6. Бағалау кезеңі (2 мин)

Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.

Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.

7. Үйге тапсырма беру кезеңі (2 мин)

§ 1-2 оқу, мазмұндау. Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.

Page 16: география үлгі

8-сынып (А;Б )

Сабақ №2

Күні:

Тақырыбы: І- бөлім. Қазақстанның физико- географиялық сипаттамасы. Қазақстанның географиялық орны мен шекарасы. Қазақстан аумағындағы уақыт айырмасы. Сағаттық белдеулер.

Мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларға Қазақстанның географиялық орны мен шекарасы, уақыт айырмасы, сағаттық белдеулерге тоқталып, көршілес жатқан мемлекеттерді тану туралы білім беру.

Дамытушылық: Балаларды оқулықпен, картамен, кескін картамен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, сұрақ- жауап.

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, Қазақстанның әкімшілік-территориялық картасы

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындығын тексеру. Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

Page 17: география үлгі

(1 мин)

2. Үй жұмысын тексеру кезеңі (15 мин)

Үй жұмысын тексеру мақсатында төмендегі сұрақатрды қою:

ҚР қай жылы өз тәуелсіздігін алды? Егемендік туралы Деклорация қай жылы қабылданды? Қай жылы Қазақстан ТМД құрамына кірді? БҰҰ-ға қай жылы мүше болды? Ата Заң қай жылы шықты? Заң шығарушы қызметін кімдер атқарады? Неше обл, қала, аудан, кенттер бар? Қанша ұлт өкілдері тұрады? Алматыдан Астанаға қай жылы көшірілді? Неше елмен сыртқы сауда байланыстары бар? Оның ішінде экспорт пен

импорт көлемдерін атап шық? Қазақстанның физикалық географиясы ені оқытады? Павлодар облысының географиялық орны мен орналасу ерекшелігі неде?

Мұғалімнің қойған сұрақтарын мұқият тыңдап, жауап беру.

3.Жаңа тақырып кезеңі (20 мин)

ҚР жер көлемі, оның алатын орны, д.ж. саяси картасында алатын орны мен орналасуындағы ерекшелігі туралы айту. Халық тығыздығы дегеніміз не? Қазақстанның халық тығыздығы 1км2 5,4 адамнан келеді.

Қазақстан қандай мемлекеттерімен шектеседі?

Ресей- 6467 км; ҚХР- 1460 км; Түркменстан- 380 км; Өзбекстан- 2300км; Қырғызстан- 980 км.

Д.ж. сағаттық белдеулер туралы айтып. Қазақстанда кездесетін сағаттық белдеулерді, олардың түрлерімен таныстыру.

Сағаттық уақыт белдеулері

Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады.

Page 18: география үлгі

белдеулік декреттік жергілікті жазғы уақыт

1930 жылы 16 маусымда КСРО үкіметінің декретімен қабылданған уақыт.

4. Жаңа тақы-рыпты бекіту (10 мин)

Кескін картаға д.ж. сағаттық уақыттын және оның айырмашылықтарын салу. Карталармен жұмыс жасайды.

5. Сабақты қорытындылау кезеңі (10 мин)

Қорытындылай келе төмендегі сұрақтарды қою:

1. ҚР аумағының көлемі?2. Картадан шектесетін мемлекеттерді көрсетіп, оларды ата?3. Халық тығызыды дегеніміз не? Оны қалай анықтауға болады?4. Сағаттық уақыт дегеніміз не?5. Жер шарында неше сағаттық уақыт белдеулері бөлінген?6. Қазақстан қандай уақыт белдеуінде жатыр?7. Декреттік уақыт дегеніміз не?8. Жазғы уақыт дегеніміз не?9. Жергілікті уақыт дегеніміз не?10. Белдуелік уақыт дегеніміз не?

Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.

6. Бағалау кезеңі (2 мин)

Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.

Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.

7. Үйге тапсырма беру кезеңі (2 мин)

§ 3-4 оқу, кескін картаға ҚР шекарасын, шектесетін мемлекеттерді, облыс орталықтарын бөліп, көрсету.

Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.

8-сынып (А;Б )

Сабақ №3

Күні:

Тақырыбы: Қазақстан аумағының географиялық зерттелу тарихы. Қазақ жері туралы ерте кездегі географиялық мағлұматтар. Ұлы Жібек жолы.

Мақсаттары:

Page 19: география үлгі

Білімділік: Қазақстан аумағының географиялық тұрғыдан зерттелуінің себептерін айқындау, мақсатын ұғыну, қазақ жері туралы ерте кездегі мағлұматтармен таныстыру. Ұлы Жібек жолының тарихи, географиялық, экономикалық маңызын анықтауға бағыттау, Ұлы Жібек жолының бойындағы қалалар туралы білім беру.

Дамытушылық: Қазақстанның ерте кездегі зерттелу тарихына қосымша материалдарды беру арқылы білімдерін тереңдету.

Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: пікір алмасу, репродуктивті.

Құрал-жабдықтар: ҚР физикалық картасы, интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі (1 мин)

Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындығын тексеру. Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі (10 мин)

Үй жұмысын тексеруге арналған жабық тест тапсырмалары:- Қазақстанның географиялық орнын сипатта.- Сағаттық белдеулер дегеніміз не? - Декреттік, жергілікті уақыт дегеніміз не? - Уақыт айрмасы қалай анықталады?- Гринвич меридианы туралы не білесің?- Шеткі нүктелерін жаз.

Оқушылар бір парақ қағаз алып, тест сұрақтарына жауап береді.

Page 20: география үлгі

3. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі (10 мин)

Қазақстан территориясын зерттеген саяхатшылар, зерттеушілер, географ ғалымдары олардың ашқан жерлері, жүрген жолдары, істелген жұмыстары туралы айтып, еңбектерімен таныстыру.

Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады.

5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі (15 мин)

Төмендегі кестені толтыру:Герадот Страбон ПтоломейБ.з.б. VI ғасырда «жер пішіні» картасын жасап, Каспий теңізін зерттеді.

Ұлы Жібек жолыҰлы Жібек жолының пайда болуы

Бағыттары Қалалары Ескерткіштері Маңызы

Оқушылар жаңа тақырыпты бекіту мақсатында мұғалім берген кестелерді толтырады. Түсінбеген жерлерін сұрайды.

6. Сабақты қорытындылау кезеңі (5 мин)

Оқушылар бір- бірлеріне бүгінгі тақырып бойынша сұрақтар қояды. Картамен жұмыс істейді.

Сұрақтар ойластырып, оларға жауап беруге тырысады.

7. Бағалау кезеңі (2 мин)

Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.

Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.

8. Үйге тапсырма беру кезеңі (2 мин)

§ 5-6 оқу, кескін картаға ұлы Жібек жолының Қазақстан территориясы арқылы өтетін жолдары мен қалаларын салу.

Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.

Page 21: география үлгі

8-сынып (А;Б )

Сабақ №4

Күні:

Тақырыбы: «0»- дік бақылау жұмысы

Мақсаттары:

Білімділік: 7 сыныпта алған білімдерін еске түсіру, қайталау, бекіту.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, өз ойларын еркін жеткізе алуға дамыту.

Тәрбиелік: картамен жұмыс істеуге, адамгершілік пен жеке жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: қайталау, бекіту.

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Құрал-жабдықтар: ҚР физикалық картасы, интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу.2. Білім мен икемділіктерді бекіту кезеңі:

І- нұсқа

1. Ұлы географиялық ашылулар.2. Африка климатын қалыптастырушы факторлар.3. Аустралияның өзендері мен көлдері.

Page 22: география үлгі

4. Тынық мұхиттың зерттелуі.ІІ- нұсқа

1. Жаңа заман ашылулары.2. Антарктида материгін сипатта.3. Аустралияның климаты.4. Африкада қандай халықтар мекен етеді?

3. Қорытындылау кезеңі: оқушылардың жұмыстарын жинап алу.

8-сынып (А;Б )

Сабақ №5

Күні:

Тақырыбы: Қазақстан жері туралы орта ғасырдағы географиялық деректер. ХVІ-ХІХ ғасырларда Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу

Мақсаттары:

Page 23: география үлгі

Білімділік: Қазақстан жерінің орта ғасырда зерттелуінің сипаты, ерекшеліктері, мақсаты, зерттеуші ғалымдар, зерттелмеген географиялық нысандар туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Орта ғасырдағы және қазіргі географиялық карталарды салыстыру, қорытынды жасау.

Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның әртүрлі дәуірдегі карталары

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

1) Ерте кезде Қазақстанның жерін қандай ғалымдар зерттеген?2) Олар қай жерлерді сипаттаған?3) Ұлы Жібек жолының неше бағыты бар? 4)Ұлы Жібек жолы Қазақстанның қай аймақтары арқылы өтеді?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді:1. 2

4. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі.

1) Орта ғасырлардағы зерттеулердің жүргізілу себептеріне және оған үлес қосқан зерттеушілерт туралы шолу2) Әбу Наср әл-Фараби зерттеулері мен еңбектері3) Махмуд Қашқаридің зерттеулері мен еңбектері4) Қытай саяхатшыларының зерттеу жұмыстары5) ХІІІ ғасырдағы еуропалық саяхатшылар мен елшілердің зерттеулеріне тоқталу.

5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі

Орта ғасырдағы зерттеушілердің жүрген жолдарын кескін картаға түсіру.

Page 24: география үлгі

6. Сабақты қорытындылау кезеңі

1) Орта ғасырларда қазақ жерінің зерттелуіне қай халық өкілдері көп үлесін қосқан?2) Әбу Наср әл-Фарабидің негізгі еңбектері3) Махмуд Қашқаридің негізгі еңбектері4) Қазақ жерінің зерттелуіне үлес қосқан қандай қытай саяхатшыларын бар?5) Қазақ жерінің зерттелуіне үлес қосқан қандай еуропалық саяхатшылар мен елшілер бар?

7. Бағалау кезеңі Оқушылар сабақтағы белсенділігіне және картамен жұмыс істей білуіне қарай бағаланады.

8. Үйге тапсырма беру кезеңі

6 параграфтың сұрақтарына жауап беру. «Қазақстанның зерттелу тарихы» кестесіне орта ғасырлардағы географиялық деректерді енгізу

Page 25: география үлгі
Page 26: география үлгі

Сабақ №1

Күні:

Сынып: 9

Тақырыбы: Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы.

Мақсаттары:

Білімділік. Қазақстанның өткен, қазіргі кезедгі экономикасы және болашақ әлеуеті туралы түсінік беру, шаруашылығының кезеңдеріне сипаттама жасауға бағыттау. Негізгі ұғымдарды енгізіп, оларға анықтама беру.

Дамытушылық. Қазақстанның географиялық орнын және табиғи ресурстық әлеуетін карта бойынша сипаттау арқылы білімдерін тереңдету.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық

мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: дүние жүзінің физикалық картасы, интерактвті тақта

Негізгі ұғымдар: Экономикалық-әлеуметтік география, экономикалық-әлеуметтік аумақтық кешендер, дәстүрлі экономика, нарықтық экономика, жоспарлы экономика, әміршілдік-таратушылық экономика, индустрияландыру, либерализация, жекешелендіру, табғиғ-ресурстық әлеует, даму стратегиясы.

Номенклатура: Қазақстан, Петропавл, Павлодар, Семей, Риддер, Көкшету, Ақтөбе, Орал, Түркістан, Тараз, Қарағанды, Астана, Алматы, Атырау

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңде-рі Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі(3 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.

2. Білім мен іс-керліктерін жан-жақты тексеру кезеңі.(10+1-2 мин)

Оқушыларға өткен курстар бойынша сұрақтар қою арқылы білімдерін тексереді.1. Географиялық зерттеулер бойынша2. Қазақстанның физикалық географиясы бойынша3. Еуразия материгіндегі Қазақстанның орнын оррны.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді:1. жердің ерте кездегі зерттеулерінен бастап қазіргі кезге дейінгі Жер шарының зерттеулеріне қатысқан зерттеушілер.2. Қазақстанның жер көлемі, халқы, халық санағы.3. Қазақстанның көршілес елдері, Еуразияның нақ ортасында орналасуы.

3.Жаңа материалға көшу кезеңі

9-сынып курсымен, мазмұнымен таныстыру. Кіріспенің сызбанұсқасын талдау, біртіндеп кіріспеге көшу.

9-сынып курсымен, мазмұнымен танысады. Кіріспенің сызбанұсқасын мүғаліммен талдап, кіріспеге көшеді.

Page 27: география үлгі

4. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі.

1. Экономикалық-әлеуметтік географияның ғылыми және мектеп пәні ретінде мәнін анықтау, оның зерттеу нысанын анықтау. Экономикалық-әлеуметтік аумақтық кешендер (ЭӘАК) ұғымын беру.2. Қазақстанның шаруашылығына, оның кезеңдеріне шолу. Тапсырмалар (4-сурет бойынша):1) Қазақстанның етті мал шаруашылығы дамыған жерлері.2) Электр станциялары бар аудандар.3) Павлодар облысында қандай өндіріс түрлері бар?4) ОҚО-да қандай өндіріс дамыған?5) СЭС-ры бар облыстар.6) Алтын өндіретін облыс.7) Тамақ өндірісімен айналысатын облыс.

1. Экономикалық-әлеуметтік географияның ғылыми және мектеп пәні ретінде мәнін анықтау, оның зерттеу нысанын анықтау. Экономикалық-әлеуметтік аумақтық кешендер (ЭӘАК) 2. Қазақстанның шаруашылығына, оның кезеңдеріне шолу. 1) батыс, орталық, оңтүстік, шығыс2) БҚО, Қостанай, СҚО, Ақмола, Риддер, Шымкент, Алматы.3) Кірпіш, тамақ өнеркәсібі, сабын4) тамақ, мақта, кірпіш

Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы және табиғи ресурстық әлеует.1. Қазақстанның географиялық орналасуына сипаттама беруге талпындыру. Аумағы, аумағы бойынша д.ж-де алатын орны, кқршілес мемлекеттері, саяси-географиялық аймағын, оның жер аумағының үлкен болуы және географиялық орналасуының артықшылықтарын анықтауға бағыттау. Басты қалалары мен әкімшілік бөлінісін түсіндіру.ЭГЖ – елдің, әлемнің экономикалық картасындағы орнын көрсетеді. ЭГЖ-ға баға беру:2.Табиғи-ресурстық әлеует ұғымын және оның құрамы мен ерекшеліктерін түсіндіру:1) табиғи ресурс д/з - ...2) Қолданылуына қарай.....3) Оларды тиімді пайдалану д/з - .... 4) Табиғи ресурстарға шаруашылық баға беру:.......5) ТР-дың аумақтық үйлесімі ...........

Жаңа тақырыппен танысады.1. Қазақстанның географиялық орналасуына сипаттама береді (картаға қарап). Сипаттама бергеннен кейін ЭГЖ-ын бағалау. 2. Кейін табиғи-ресурстық әлеует ұғымын және оның құрамы мен ерекшеліктерін анықтайды.

5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі

Оқулықтың 15-16 бетіндегі 2-3-5 тапсырмаларды орындау. 25 беттегі 14-суретті талдау. 28-бет: 1-тапсырмасы.

6. Сабақты қорытындылау кезеңі

Қазақстанның орналасу жағдайының сипаты қандай?Оның жер аумағының артықшылығы?

7. Бағалау кезеңі Оқушыларды сабаққа қатысуына қарай бағалайды.

8. Үйге тапсырма беру кезеңі

1 пар. сұрақтарына дайындалу. 14-беттегі 1-6-тапсырмалар. Тест құрастыру.тесттерге жауап беру. 15-сурет, 3-4 кесте бойынша кесте толтыру.

Сабақ №2

Күні:

Сынып: 9

Тақырыбы: Экономикалық географиялық жағдайы және табиғи ресурстық әлует

Мақсаттары:

Білімділік. Қазақстанның дүние жүзі картасында алатын орнын, экономикалық-географиялық жағдайын, оның

артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, табиғи ресурстық әлеуетін сипаттауға бағдар беру. Қазақстанның

әкімшілік-аумақтық бөлінісін анықтау.

Page 28: география үлгі

Дамытушылық. Қазақстанның географиялық орнын және табиғи ресурстық әлеуетін карта бойынша сипаттау арқылы білімдерін тереңдету.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық

мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: жаңа тақырып

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Қазақстанның саяси картасы

Негізгі ұғымдар: географиялық орын, әкімшілік-аумақтық құрылым, облыс, аудан, округ, экономикалық-географиялық жағдай, табиғи-ресурстық әлеует, табиғи жағдай, табиғи ресурстардың аумақтық үйлесімі

Номенклатура: Семей, Ақтөбе, Қарағанды, Астана, Алматы, Ақтау, Шымкент

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңде-рі Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі(3 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.

2. Білім мен іс-керліктерін жан-жақты тексеру кезеңі.(10+1-2 мин)

Оқушыларға өткен курстар бойынша сұрақтар қою арқылы білімдерін тексереді.1. Экономикалық география атауын берген ғалым:2. Экономикалық-әлеуметтік аумақтық кешендер:3. Қазақстан шаруашылығының кезеңдері 4. Экономикалық әлеует д/з не?5. Экономикалық әлеуетінің құрамдас бөліктері қандай?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді:1. М. В. Ломоносов2. 3. 4 кезеңі – дәстүрліХІХ ғ. орт.), нар.эк. п.б. (ХІХ ғ. орт. - 1920 ж. аяғы), жосп. эк. (1920 ж. аяғы-1990 ж. басы), (1990ж. Бастап)

3. Жаңа материалды меңгеру кезеңі.

Келесі сұрақтарға тоқалып кету: 1. Қазақстанның географиялық орнына сипаттама беру:Республика аумағына сипаттама беру, басқа шетелдермен салыстыру, Еуразия маткригіне қатысты орнының ерекшелігін анықтау.2. Аумағы: көлемі мен ұйымдастырылуы:Жер көлемі бойынша басқа елдермен салыстырғандағы алатын орны, Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісін сипаттау, басты республикалық маңызы бар қалаларға тоқталу.3. Экономикалық-географиялық жағдайы: плюстері мен минустары:шаруашылық пен экономикалық-географиялық орнының өзара байланысын анықтау, ЭГЖ-ға баға беру критериін сипаттау, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау.4. Табғиғ-ресурстық әлеует: құрамы мен өзіндік ерекшеліктері:табиғи жағдай дегеніміз не? Оның шарушалыққа әсерін анықтау. Табиғи ресурстар дегеніміз не? Табиғи ресурстардың бөлінуіне тоқталу, табғиғ ресурстарға шаруашылық баға беру, табиғи ресурстардың аумақтық үйлесімі туралы айту.

4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

Жаңа тақырыпты бекіту ретінде кестелер мен суреттерді талдау. Карта бойынша сипаттама беру.

5. Сабақты қорытындылау кезеңі

Қазақстанның географиялық жағдайы қандай?Қазақстанның ЭГЖ-ы қандай деңгейде?Табиғи-ресурстық әлеует дегеніміз не?

6. Бағалау кезеңі Оқушыларды сабаққа қатысуына қарай бағалайды.

7. Үйге тапсырма беру кезеңі

2 пар. сұрақтарына дайындалу. 28-беттегі 1-6-тапсырмалар. Тест сұрақтарына жауап беру.

Page 29: география үлгі

Сабақ №3

Күні:

Сынып: 9

Тақырыбы: Халық саны мен табиғи өсімі

Page 30: география үлгі

Мақсаттары:

Білімділік. Демография, этнография ұғымдарына түсінік беру, халық саны және динамикалық өсу қарқыны, халықтың табиғи қозғалысы, көші-қоны туралы көзқарастарын қалыптастыру.

Дамытушылық. Қазақстан халқының табиғи өсімінің аумақтық бойынша айырмашылығын, қозғалыстарын, табғиғ қозғалыс типтерін карта бойынша сипаттау арқылы білімдерін тереңдету.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық

мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: жаңа тақырып

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: дүние жүзінің физикалық картасы, интерактвті тақта

Негізгі ұғымдар: Демография, этнография, миграция, табғиғ өсім, халықтың механикалық қозғалысы, демографиялық революция, демографиялық саясат, эмиграция, иммиграция, репатриация, вахталық көші-қон

Номенклатура: Қазақстан, Петропавл, Павлодар, Семей, Риддер, Көкшету, Ақтөбе, Орал, Түркістан, Тараз, Қарағанды, Астана, Алматы, Атырау

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңде-рі

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі(3 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.(10+1-2 мин)

Қазақстанның географиялық жағдайы қандай?Қазақстанның ЭГЖ-ы қандай деңгейде?Табиғи-ресурстық әлеует дегеніміз не?Тапсырмаларды тексеру.

3.Жаңа материалға көшу кезеңі

Кіріспедегі қазақстанның экономикалық-әлеуметтік экономикасының құрылымын еске түсіріп, оның әлеуметтік география құрамдас бөлігіне зер салу. Бұл бөлігінде республиканың халық жағдайы қарастырылатынына назар аудару.

4. Жаңа мате-риалды меңгеру кезеңі.

1. Демография, этнография ұғымдарына анықтама беру:2. Халық саны және динамикалық өсу қарқыны: Халық санының қазіргі жағдайы, халық санағы, халықтың табиғ өсімі, халықтың механикалық қозғалысын сипаттау. 3. Халықтың табиғи қозғалысы:халықтың табиғи қозғалысы үш демографиялық революциядан өткені туралы айту, демографиялық көрсеткіштерге тоқталу, промильмен есептеуді үйрету, демографиялық жарылыс, демографиялық революция, демографиялық саясатқа тоқталу.4. Халықтың көші-қоны (миграция):халық көші-қонының маңызын түсіндіру, оның себептері, ұзақтығы, бағыты, түрі бойынша бөлінуін айтып кету

5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі

Жаңа тақырыпты бекіту ретінде кестелер мен суреттерді талдау. Карта бойынша сипаттама беру.

Page 31: география үлгі

6. Сабақты қорытындылау кезеңі

1. Демография ғылымы нені зерттейді?2. Демографиялық көрсеткіштергеқандай көрсеткіштер жатады?3. Халықтың көші-қоны (миграция) дегеніміз не? Эмиграция, иммиграция дегеніміз не?

7. Бағалау кезеңі Оқушыларды сабаққа қатысуына қарай бағалайды.

8. Үйге тапсырма беру кезеңі

3 пар. Сұрақтарына дайындалу. 28-беттегі 1-6-тапсырма. Тест құрастыру.тесттерге жауап беру.

Сабақ №4

Күні:

Сынып: 9

Тақырыбы: Халықтың құрамы. Еңбек нарығы және халықтың жұмыспен қамтылуы

Page 32: география үлгі

Мақсаттары:

Білімділік. Халықтың құрамы мен құрылымы ұғымдарына түсініктеме беру, Қазақстан халықының жыныстық

және жас құрамдарын, еңбек ресурсын, еңбек нарығы мен халқының жұмыспен қамтылуын, кәсіби және әлеуметтік құрылымын анықтау. Қартаю коэффициенті, еңбек нарығы ұғымдары туралы көзқарастарын қалыптастыру.

Дамытушылық. Қазақстанның халық құрамы мен еңбек ресурсын карта бойынша сипаттау арқылы білімдерін тереңдету.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық

мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: жаңа тақырып

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның саяси-әкімшілік картасы, интерактвті тақта

Негізгі ұғымдар: Халықтың жыныстық және жас құрамы, қартаю коэффициенті, еңбек ресурсы, еңбек нарығы, кәсіби және әлеуметтік құрылым.

Номенклатура: Солтүстік Қазақстан облысы, Павлодар облысы, Ақтөбе облысы, Батыс Қазақстан облысы, Қарағанды облысы, Жамбыл облысы, Оңтүстік Қазақстанң облысы, Маңғыстау облысы, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Қызылорда, Астана, Алматы, Атырау облыстары

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңде-рі

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі(3 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.(10+1-2 мин)

1. Демография ғылымы нені зерттейді?2. Демографиялық көрсеткіштергеқандай көрсеткіштер жатады?3. Халықтың көші-қоны (миграция) дегеніміз не? Эмиграция, иммиграция дегеніміз не?

3. Жаңа мате-риалды меңгеру кезеңі.

1. Құрам мен құрылым ұғымдарына түсініктеме беру. 2. Қазақстан халқының жыныстық және жас құрамына шолу: демографиялық пирамиданы талдау. Жасына қарай үш топқа бөлінетінін айту. Қартаю коэффициенті туралы түсініктеме беру. 3. Еңбек ресурсы: негізгі үш құрамдас бөлігі: еңбек ресурсы дегеніміз не деген сұраққа жауап беру.4. Еңбек нарығы және халықтың еңбекпен қамтылуы: Еңбек нарығы ұғымына түсініктеме беру.5. Кәсіби құрылымы: Кәсіби құрылымының үш секторы туралы жалпы түсініктеме беру. 6. Әлеуметтік құрылымы: әлеуметтік құрылым туралы жалпы түсінік беру.

1. Құрам мен құрылым ұғымдарын түсіндіру2. Жыныстық пирамиданы талдайды. Жас құрамына қарай үш топқа бөлінеді: І – 14 жасқа дейінгі балалар, ІІ – 15-59 ересектер, ІІІ – 65 асқан егде адамдар.3. Үш компоненттен тұрады: І – 15 жасқа жеткен жасөспірімдер, ІІ – 16-58 (ә), 63 (е), ІІІ – зейнеткерлер.4. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік, жұмыссыздық, жұмыс күшінің жетіспеушілігі.5. І – а.ш., ІІ – өнеркәсіп ж/е құрылыс, ІІІ – қ.қ..6. Төменгі, орта және жоғары деңгейлер.

4. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі

Параграф ішіндегі суреттер мен кестелерді талдау.

5. Сабақты Қазақстан халқы жас құрамына қарай қалай бөлінеді?

Page 33: география үлгі

қорытындылау кезеңі

Еңбек ресурсының негізгі үш құрамдас бөлігі қандай?Қазақстан халқы кәсіби құрылымына қарай қалай бөлінеді?Әлеуметтік құрылымының сипаты қандай?

6. Бағалау кезеңі Оқушыларды сабаққа қатысуына қарай бағалайды.

7. Үйге тапсырма беру кезеңі

4 пар. сұрақтарына дайындалу. 53-54 -беттегі 1-6-тапсырма. Тест құрастыру.тесттерге жауап беру.

Сабақ: №1-2

Сыныптар: 10

Күні: 02-09.09.2011

Тақырыбы: Кіріспе Дүние жүзінің саяси картасы саяси картаның қалыптасуы

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Саяси картаның мазмұны, оның қалыптасу кезеңдері туралы және саяси картаның өзгеруіне әсер ететін факторлара туралы білімді қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, Еуропаның саяси картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия, дидактикалық материалдар

Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгеру сабағы

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (5 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (15 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (10 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)

VІ кезең – қорытынды (1 мин)

Сабақ барысы:

Кезең Мұғалім әрекеті Оқушылар әрекеті

І Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Оқушылар мұғаліммен амандасады да, сабаққа дайындалып

Page 34: география үлгі

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. отырады.

ІІ Ең алдымен мұғалім балалардың орындаған сөзжұмбақтарды жинап алып, тексереді. Соның бір-екеуін балаларға таратып беріп, білімдерін тексереді.

Балалар орындаған сөзжұмбақтарын жинап көрсетеді. Сосын балалар бұл сөзжұмбақтарын топ болып шешеді, сөйтіп білімдерін бекітеді.

ІІІ Ең алдымен, мұғалім балалардан саяси география және саяси карта дегеніміз не деген сұрақтарды қояды. Одан кейін саяси картаның

қалыптасу кезеңдеріне тоқталады: Жаңа (17 ғ-дан 1-ші д.ж. соғысқа дейін) және ең жаңа кезең (1-ші д.ж.соғыстан бүгінгі күнге дейін).

І кезең: Еуропалықтардың отарлау әрекеттері 15 ғасырда португалдардың Солтүстік Африкадағы аса маңызды сауда және көлік қатынасы орталықтары болып табылатын Сеута және Мелилья қалаларын жаулап алуынан басталды.

ІІ кезең:

Сосын мұғалім балаларға саяси картаның өзгеруіне әсер ететін факторлар сызбанұсқаны сызады.

Саяси картаның өзгеру:

әр түрлі деңгейдегі соғыстар; елдің тәуелсіздігінен айырылуы, шекаралары мен

аймағының өзгеруі; жаңа тәуелсіз мемлекеттердің қалыптасуы; ел аты мен астана атауының өзгертілуі; мемлекеттердің ыдырауы мен бірігуі; елдердің мемлекеттік құрылымы мен басқару жүйесінің

өзгеруі; елдер арасындағы және халықаралық келісімдер; ел астанасының басқа қалаға көшіруі.

Сосын мұғалім саяси картадағы маңызды өзгерістерді айтып, балаларға жазғызады: 1939-40ж Балтық бойы елдері мен көршілес аумақтарды қосып алу есебінен КСРО аумағы кеңейді, саяси картада Югославия Федеративтік Республикалар Одағы (ЮФРО), ГФР мен ГДР мемлекеттері пайда болды. Азияда бұл кезеңде Индонезия мен Вьетнам (1945), Филиппин (1946), Үндістан (1947), Бирма (қазіргі Мьянма 1948), Цейлон (қазіргі Шри-Ланка 1948) тәуелсіздігін алды. 1948 ж Корея бөлініп, 38 с.е. бойымен сызықтың солтүстігінде КХДР, оңтүстігінде Корея Республикасы пайда болды. Осы жылы БҰҰ

шешімімен Израиль мемлекеті қалыптасты. 1949 ж Қытайда мемлекет құрылымын өзгертіп, Қытай Халқы Республикасы жарияланды.

Оқушылар саяси география дүние жүзінің саяси картасындағы заңдылықтар мен өзгерістерді зерттейтін географияның саласы екенін айтады. Ал саяси карта деген барлық мемлекеттердің шекаралары мен астаналары белгіленген карта дейді. Одан кейін саяси картаның

қалыптасу кезеңдерін жазып алады және мұғаліммен бірге сабақты талдай бастайды.

Балалар тарих сабағынан алған білімдерін еске түсіреді: 1914-1918ж аралығында болған 1-ші д.ж.соғыста Антанта (Англия, Франция, Ресей) және Үштік Одақ (Германия, Аустрия-Венгрия, Италия) елдері бір-бірімен соғысқанын айтады. Жалпы алғанда бұл соғысқа 38 мемлекет қатысты.

Балалар қысқаша конспект жазып отырады.

Қазан революциясы нәтижесінде Ресейде мемлекеттік құрылым мен басқару жүйесі өзгерді, Аустрия-Венгрия монархиясы мен Польша, Балтық бойы елдері тәуелсіздігін жариялады.

20 ғ 50-60 ж Ұлыбритания мен Францияның иеліктері негізінде бірнеше тәуелсіз мемлекеттер (мальдив аралдары, Камбоджа, Пәкстан Ислам Республикасы, Бангладеш, Сингапур, Кувейт т.б.) пайда болды. Осы кезеңде Африкада 40-қа жуық мемлекеттер өз тәуелсіздігін алды.

Еуропаның саяси картасындағы соңғы өзгерістер 20 ғ 80-90ж социалистік жүйенің ыдырауымен байланысты болды. 1989-1990ж Болгария, ГДР, Румыния, Чехословакияда тоталитарлық жүйеге қарсы төңкерістер болды. Нәтижесінде 1993ж Чехия мен Словакия Республикалары пайда болды. 1990ж ГДР мен ФРГ қайта бірікті. 1991Ж КСРО ыдырап, 15 республика өз тәуелсіздігін жариялады. ЮФРО-ң ыдырауы салдарынан Хорватия, Словения, Македония, Босния және Герцогивина, Югославия пайда болды.

ІV Тақырыпты бекіту мақсатында мұғалім балаларға келесі сұрақтарды қояды:

1. Саяси картада не бейнеленеді? Оның өзгерістеріне қандай факторлар себепші болады?

2. Дүие жүзінің саяси картаның қалыптасуына негіз болған оқиғалар қай кезеңдерде болды?

3. Еуропаның саяси картасында 1-ші д.ж.соғыс әсерінен қандай өзгерістер болды?

4. 2-ші д.ж.соғыс әсерінен д.ж.саяси картасында қандай өзгерістер болды? Оған соғыстан басқа қандай факторлар әсер етті?

Тақырыпты бекіту мақсатында оқушылар сұрақтарға жауап береді.

1. Саяси картада барлық мемлекеттердің шекаралары мен астаналары белгіленген. Оның өзгерістеріне әр түрлі деңгейдегі соғыстар, елдің тәуелсіздігінен айырылуы, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің қалыптасуы т.б.

2. 1-ші д.ж.соғыста, Қазан революциясы, 20 ғ 50-60 ж Ұлыбритания мен Францияның иеліктерінің айыруы, 20 ғ 80-90ж социалистік жүйенің ыдырауы.

V Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды. Оқушылар мұғалімді тыңдап, бағаланады.

VІ Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Оқушылар үзіліске шығады.

Page 35: география үлгі

Сабақ: №4

Сыныптар: 10

Күні: 29.09.2011

Тақырыбы: Дүние жүзі елдерді типке бөлу. Мемлеккет басқару түрлері

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Дүние жүзінің саяси картасының объектілері, тәуелсіз мемлекеттердің мемлекеттік құрылымы мен басқару жүйесі бойынша топтастыруын түсіндіру, тәуелді аймақтар туралы білімді одан әрі меңгерту мен бекіту, халықаралық ұйымдар туралы білімді қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы, Еуропаның саяси картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия, дидактикалық материалдар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – жаңа сабақты түсіндіру (10 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (25 мин)

ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)

VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең Мұғалім әрекеті Оқушылар әрекеті

І Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Оқушылар сабаққа даяр отырады.

ІІ Ең алдымен мұғалім дүние жүзінің саяси картасында объектілері қатарына мемлекеттік мәртебесі жарияланған және жарияланбаған 267 ел мен аумақ жататынын айтады. Олар 2-ге бөлінеді: тәуелсіз мемлекеттер мен тәуелді аймақтар.

Одан кейін балаларға оқулықтағы 6-сызбанұсқа көмегімен мемлекеттер мемлекеттік құрылымы мен басқару формалары бойынша топтастыратынын айтып түсіндіреді.

Сосын мұғалім балаларға халықаралық ұйымдарды өз беттерінше оқып шығыңдар деп тапсырманы береді.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, қысқаша конспект жазып отырады.

Оқушылар төменгі сыныптарда алған білімдерін еске түсіріп, монархиялар мен республикаларға анықтама береді. Ал монархиялар өз ішінен үшке бөлінетінін айтады: абсолюттік, конституциялық, теократтық. Сонымен республикалар өз ішінен 2-ге бөлінеді: президенттік және парламенттік. Олардың барлығына мысал келтіреді.

Сол сияқты тәуелді аумақтар өз ішінен отырларға, протеократтарға, мандаттық аумақтарға, шалғайдағы департаменттер мен аймақтарға, ассоциациялық

мемлекетерге бөлінетінін айтады.

Сосын оқушылар халықаралық ұйымдарды өз беттерінше оқып шығып, мұғаліммен бірге талдайды.

ІІІ Тақырыпты бекіту үшін келесі тапсырманы береді:

Атластағы дүние жүзінің саяси картасын пайдаланып, келесі кесте бойынша сұрақтарға жауап жазыңдар.

Сұрақ Жауап

Тақырыпты бекіту үшін оқушылар ең алдымен оқулық

мәтінін оқып шығады, сосын оқулық соңындағы статистикалық

мәліметтерге қарап, атластағы дүние жүзінің саяси картасын пайдаланып, берілген кестені толтырады.

Page 36: география үлгі

1. Дүние жүзіндегі жер көлемі ең үлкен 7 ел

2. Жер көлемі өте кіші мемлекеттер

3.Халқының саны жөнінен 100 млн адамнан асатын 10 ел

4. Географиялық орнының ерекшелігіне қарай топтасқан елдер

5. Теңіз жағалауындағы елдер

6. Түбекте орналасқан елдер

7. Аралдар мен топаралдарда орналасқан елдер

8. Теңізге шығу мүмкіндігі жоқ елдер (40 мемлекет)

ІV Үй тапсырма:

1. §17, 18 оқып, мазмұнын айту.

2. Кескін картаға барлық мемлекеттер мен олардың

астаналарын түсіру.

3. Тапсырманы аяқтау.

4. Оқулық соңындағы «Халықаралық ұйымдар» 5-кесте дәптерге сызу және жаттау.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

V Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, бағаланады.

VІ Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.

Сабақ: №5

Сыныптар: 10

Күні: 30,09.2011

Тақырыбы:. Халықаралық ұйымдар Геосаяси жағдай Қазақстан және халықаралық ұйымдар

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Саяси география мен геосаясат туралы жалпы түсінік беру, алғашқы геосаяси теориялар туралы білімді жүйелеу, қазіргі заманғы геосаяси ағымдар мен тарихи-географиялық аймақтарға шолоу жасау.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, Еуропаның саяси картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия, дидактикалық материалдар

Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгеру сабағы

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (5 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (10 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (10 мин)

V кезең – үй тапсырманы беру (3 мин)

VІ кезең – бағалау кезеңі (3 мин)

VІІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Page 37: география үлгі

Кезең Мұғалім әрекеті Оқушылар әрекеті

І Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар мұғаліммен амандасады да, сабаққа дайындалып отырады.

ІІ Ең алдымен мұғалім балалардың кескін карталарын тексереді және бір-екі баладан ең үлкен мемлекеттерді картадан көрсеткізеді. Сосын халықаралық ұйымдар, олардың маңызы мен штаб пәтерлерін сұрайды.

Балалар мұғалімге кескін карталарын көрсетіп, дүние жүзіндегі ірі мемлекеттер мен олардың астаналарын картадан көрсетеді.

Сосын мұғалімге халықаралық ұйымдар, олардың штаб пәтерлерін картадан көрсетеді, бір-екі бала халықаралық ұйымдарға сипаттама береді.

ІІІ Ең алдымен саяси география дегеніміз не деген сұрақты қояды. Сосын ол ғылым ретінде 18 ғ соңында қалыптасып, оның ғылым ретінде негізін неміс ғалымы Фридрих Ратцель қалаған, оның осы саладағы негізгі тұжырымдамалары 1897ж жарияланған «Саяси география» атты еңбегінде жарық көрді. Сосын қазіргі саяси география саясаттану ғылымымен қатар дамитынын айтады. Жалпы геосаясат пен саяси географияның өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңдар деп тапсырманы береді.

Одан кейін мұғалім оқушыларды екі топқа бөліп, алғашқы геосаяси теориялар мен қазіргі заманғы геосаяси теориялар тақырыпшаларын бөліп береді.

Сосын мұғалім қазіргі әлемде бөлінетін географиялық орны мен табиғат ерекшеліктеріне сәйкес 16 тарихи-географиялық аймақтарды атап, оларды картадан көрсетеді.

Ең алдымен оқушылар мүғалімнің сұрағына жауап береді, яғни, саяси география дегеніміз дүние жүзінің саяси картасындағы заңдылықтар мен өзгерістерді зерттейтін географияның саласы дейді. Одан кейін геосаясатқа өз ойларынан анықтама береді де, жалпы геосаясат пен саяси географияның өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.

Сосын оқушылар екі топқа бөлініп, алғашқы геосаяси теориялар мен қазіргі заманғы геосаяси теориялар тақырыпшаларын өз беттерімен меңгеріп, оқып талдайды, Сосын бір-біріне түсіндіріп, сұрақтар қоя арқылы білімдерін бекітеді.

Сосын 16 тарихи-географиялық аймақтарды дәптерге жазып, жаттайды және картадан көрсетеді.

ІV Тақырыпты бекіту мақсатында мұғалім балаларға келесі сұрақтарды қояды:

1. Саяси география мен геосаясат нені зерттейді?

2. Алғашқы геосаяси тұжырымдардың негізгі бағыты қандай болды?

3. Қазіргі заманғы геосаяси ағымдар бойынша елдің

геосаяси жағдайына қандай факторлар әсер етеді?

4. Дүние жүзінде қанша тарихи-географиялық аймақ бар? Оларды бір-бірінен ажыратуда қандай принциптер пайдаланылған?

Тақырыпты бекіту мақсатында келесі тапсырманы береді:

1. Тарихи-географиялық аймақтарды кескін картаға түсіріңдер.

Тақырыпты бекіту мақсатында оқушылар сұрақтарға жауап береді.

1. Саяси география дүние жүзінің саяси картасындағы заңдылықтар мен өзгерістерді зерттейді, ал геосаясат мемлекеттердің сыртық саясаты мен олардың бір-бірімене қарым-қатынастарын саяси, экономикалық және әскери-стратегиялық

өзара байланыстар тұрғысынан зерттейді.

2. Аумағын ұлғайтуға, аумақтың біртұтыстылыққа, аумақ арқылы еркін қозғалуға ұмтылуға бағытталған.

3. Бұрынғы заманда физикалық-географиялық факторға көп көңіл бөлінеді, қазіргі кезеңде экономикалық факторға көп көңіл бөлінеді.

4. Дүние жүзі географиялық орны мен табиғат ерекшеліктеріне сәйкес 16 тарихи-географиялық аймақтарға бөлінеді.

Және кескін картаға оқулық мәтіні мен атлас карталарына қарап, 16 тарихи-географиялық аймақтарды түсіреді.

V Үй тапсырмасы:

1. §19 оқып, мазмұнын айту.

2. Кескін картаға тарихи-географиялық аймақтарды түсіру.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

VІ Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, бағаланады.

VІІ Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Оқушылар үзіліске шығады.

Page 38: география үлгі

Сабақ: №5

Сыныптар: 10

Күні: 30.09.2011

Тақырыбы: №1 сарамаңдық жұмыс

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – оқушылардың жалпы географиялық білімдерін одан әрі меңгеру және бекіту.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия, дидактикалық материалдар

Сабақ түрі: Практикалық сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары:

І кезең – ұйымдастыру кезеңі (3 мин)

ІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту кезеңі (40 мин)

ІІІ кезең – қорытынды кезеңі (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең Мұғалім әрекеті Оқушылар әрекеті

І Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар сабаққа даяр отырады. Әр балада сарамаңдық жұмыс дәптері мен атласы, кескін картасы болады.

Page 39: география үлгі

ІІ 1 тапсырма. «Геосаясат», «геосаяси жағдайы» туралы түсініктер мен елдің геосаяси жағдайына баға берудің

талаптарын (көршілес елдер, олардың саяси-экономикалық, әлеуметтік жағдайы, саяси ұйымдар мен жанжал ошақтарына қатысты және т.б.) естеріңе түсіру.

2 тапсырма. Қалауы бойынша бір елдің геосаяси жағдайына баға беріп, оның халықаралық жағдайлар әсерінен өзгеру мүмкіндігін сипаттау.

3 тапсырма. Саяси карта бойынша геосаяси жағдайы өте қолайлы немесе қолайсыз елдерді анықтап, олардың

тізімін дәптерге жазу.

Оқушылар «Геосаясат», «Геосаяси жағдайы» туралы түсініктерге анықтама береді және елдің геосаяси жағдайына баға берудің

талаптарын (көршілес елдер, олардың саяси-экономикалық, әлеуметтік жағдайы, саяси ұйымдар мен жанжал ошақтарына қатысты және т.б.) естеріңе түсіреді.

Екінші тапсырманы орындағанда ең алдымен Қалауы бойынша бір елдің геосаяси жағдайына баға берудің талаптарын ескеріп, баға береді. Және оның халықаралық жағдайлар әсерінен өзгеру мүмкіндігіне өз ойларынан сипаттап береді.

Үшінші тапсырманы орындағанда дәптерге кесте сызып, оның бір бағанына өз ойынша геосаяси жағдайы қолайлы елдерді, екінші бағанына геосаяси жағдайы қолайсыз елдерді жазу.

ІІІ Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.

Page 40: география үлгі

11-сынып

Жаратылыстану- математикалық бағыт

Сабақ: 1

Мерзімі: 2.09.2011 жыл.

Тақырыбы: Кіріспе. І- бөлім. Дүниежүзіне айймақтық шолу.

І-тарау. Еуропа елдері. Еуропаның саяси картасы мен құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға дүние жүзінің жеке аймақтары туралы жалпы шолу жасап, қазіргі саяси картаны талдау. Еуропа елдеріне жеке тоқталып, ЭГЖ, табиғат ресурстары, табиғат жағдайлары, жалпы орналасу ерекшеліктері туралы білім беру.

Дамытушылық: оқушылардың өткен тәжірибелерінде үйренген икемділіктері мен дағдыларын қолдана отырып, карталарды пайдалана отырып білімдері мен көзқарастарын кеңейту.

Тәрбиелік: дүние жүзінің жеке аймақтарын жеке- жеке қарастыра отырып, пәнге деген сүйіспеншіліктерін тудыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып

Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Көрнекіліктері: дүние жүзінің саяси картасы.

Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру кезеңі2. Білім мен іскерліктерін жан-жақты тексеру кезеңі3. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі5. Сабақты қорытындылау кезеңі 6. Бағалау кезеңі

Page 41: география үлгі

7. Үйге тапсырма беру кезеңіСабақтың барысы

Сабақ-тың кезеңде-рі

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті

1. Ұйым-дастыру кезеңі(2 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.

2. Білім мен іс-керліктерін жан-жақты тексеру кезеңі.(10 мин)

Өткен 10 сыныптың материалдарын еске түсіруге арналған сұрақтар:

Дүние жүзінде неше материк бар? Неше мемлекет бар? Ең үлкен мемлекетті атап, картадан көрсет? Жер шарындағы мемлекеттерді қалай топтастыруға

болады? Себебін түсіндір? Еуропа аймағы несімен ерекше немесе мәлім? Еуропаның орналасуында қандай қолайлы және

қолайсыз жағдайларды көріп тұрсыздар?

Оқушылар өткен курсты естеріне түсіріп, сұрақтарға жауап беруге тырысады.

3. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі. (15 мин)

Дүниежүзінің аймақтың шолу географиясының қазіргі кезед пайдалануды негізгі себептерінің бірі ол:

20 ғ. ІІ жартысынан бастап дүниежүзінің көптеген елдерде табиғат ресурстарының шаруашылық мақсатта шамадан тыс пайдалануы салдарынан табиғи орта үлкен өзгеріске ұшырады;

Жекелеген аймақтар, елдер туралы жүйелі географиялық білім қалыптастыруда түрлі ғылым салалары туралы материалдар мен деректерді пайдаланудың маңызы зор.

Еуропа аймағында 41 мемлекет бар, 4 дамыған, қалғаны дамушы. Жер көлемі, мемлекеттік құрылымына тоқталу, мұхитқа тікелей шығу жолдары бар.

Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Қолдарындағы атластарынан қарап, салыстырып, сәйкестендіреді.

4. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі (9 мин)

Төмендегі кестені толтыр:ЭГ

Жер көле

Мемлекеттік

Жер

Пайдалы

Климаты

Жер ресу

Гидро ресурс

Экологиялы

Оқушылар тапсырманы орындайды.

Page 42: география үлгі

Ж мі құрылымы

бедері

қазбалары

рстары

тар қ жағдайы

5. Сабақты қорытындылау кезеңі (5 мин)

Сабақты бүгінгі тақырыптар бойынша фронтальді немесе жеке сұрақтар қою арқылы қорытындылау: 1. Еуропада неше ел бар? Оларды топтастыр.

2. Еуропа елдерінің ЭГЖ-ң басты ерекшелітері қандай?

3. Еуропаның саяси картасы қандай тарихи кезеңдерге бөлінеді?

4. Қазіргі саяси жағдайында қандай өзгерістер бар?

5. Қазіргі экологиялық жағдайын сипаттап, мысалдар келтіріңдер.

Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.

6. Бағалау кезеңі(2 мин)

Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.

Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.

7. Үйге тапсырма беру кезеңі(2 мин)

1-2 параграфтарды оқу, кескін картаға саяхатшылардың маршруттарын салу және олар туралы баяндама жазу.

Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.

Page 43: география үлгі

Сабақ: №2

Сыныптар: 11 А

Күні:

Тақырыбы: Халқы. Еңбек ресурстары

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Еуропа елдерінің халқы, еңбек ресурстары туралы білім беру. Еуропа халқыны ұлттық құрамы, тіл әулеттерінің ең көп тарағанаы, халық санының артуының себептері, халықтың ең аз қоныстанған аймағы, оның басты себебі, урбандалу дәрежесі ең жоғары ел,, олардың себептерін ашу туралы білік-дағдыны қалыптастыру, халықтың

әлеуметтік жағдайымен, еңбек ету дәрежесімен, тұрмыс-салтының ерекшеліктерімен, қала агломерацияларымен таныстыру.

Дамытушылық мақсаты – оқулықтағы сандық көрсеткіштер мен тақырыптық карталардың материалдарын пайдаланып, ұлттық құрамындағы арасалмағына, Еуропада таралған тіл әулеттеріне, халық саны ең аз және ең көп елдеріне, еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуіне, урбандалу дәрежесінің жоғары болуы, халықтардың әлеуметтік жағдайы туралы сипаттама беруді үйрету.

Тәрбиелік мақсаты – Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атлас, Еуропаның саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия, дидактикалық материалдар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин)

ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),

VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең Мұғалім әрекеті Оқушылар әрекеті

І Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ Осы материалды талдау барысында халқы туралы толық мәлімет береді. Еуропа дүние бөлігінде халық ең соңғы санағы бойынша 730 млн адам (2004ж).

Одан соң өмір жасының ұзақтығы, туу, өлім-жітім көрсеткішін анықтайды. Табиғи өсімі өте төмен елдерді мысалға келтіріп, себебін айтады.Көшіп-қон мәселесіне тоқталады. Одан кейін халықтың ұлттық құрамына тоқталады. Еуропа халқының

үнді-еуропалық тіл әулетіне жатуын айтып, оқушылармен бірге «Еуропа халқының ұлттық құрамы» атты оқулық қосымшасындағы картаға талдау жасайды.

Келесі айтылатын мәселе, халқының діни құрамы. Еуропада көп тарағаны христиан діні, соның ішінде православие, католик және оның тармақтарының

бірі – протестант кең тараған. Православие – Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінде, ал католик діні Батыс және Оңтүстік-Батыс Еуропа елдерін қамтиды. Еуропаның түркі тілдес халықтарының көбі ислам, кейбіреулері

Оқушылар мұғалімді тыңдап, сұрақтарға жауап береді.

Сосын тақырыптың негізгі түсініктерін жазып алып, өз беттерінше оқиды.

Мұғаліммен бірге «Еуропа халқының ұлттық құрамы» атты оқулық қосымшасындағы картаға талдау жасайды.

Қысқаша конспект жазып

Page 44: география үлгі

иудаизм, будда діндерін ұстайды.

Сосын д.ж.-де халықтың тығыз қоныстанған аймақтарының бірі – Еуропа, орташа тығыздығы 100 адам, бірақ олар әркелкі таралған, мысалы Исландия 2 адам, Бельгия, Нидерландыда 350-380 адам.

Қала агломерацияларына талдау жасау барысында Еуропа халқының орналасуы қалалар географиясына да байланысты. Мысалы, Бельгия урбандалу – 97%, Исландия – 92, Ұлыбритания – 89, Франция – 74. Қалалар бірігіп,қала агломерауияларын түзеді. 40-там астам ірі агломерациялар бар, ең ірілері Мәскеу (12 млн адам), Париж (11 млн адам), Рейн-Рур, Лондон (10 млн адамнан).

Қорытыта келгенде, еңбекке жарамды адамдардың саны жоғары екендігін айтады.

отырады.

ІІІ Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға келесі сұрақтарды қояды:

1. Еуропа халықтарының артуына қандай фактордың әсері бар?

2. Ең көп тараған тіл әулеті?

3. Халықтың ең аз қоныстанған аймағы қай бөлікте?

Балалар параграфты оқып шығады. Сосын келесі сұрақтарға жауап береді.

ІV Үй жұмысы:

1. Кіріспе, §1, 2 оқып, қысқаша конспект жазу.

2. Табиғат ресурстарына сипаттама беру.

3. Мәтіндегі сандық көрсеткіштерді пайдаланып, жер ресурстары үлесін бейнелейтін диаграмма құрастыру.

4. «Еуропа халқының ұлттық құрамы» деген картаны пайдаланып, бір ұлтты, екі ұлтты, көп ұлтты елдерді анықтап, Еуропадағы тіл әулеттері мен топтарды сипаттайтын кесте құрастыру.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

V Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

VІ Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Қоштасады.

Қоштасады.

Сабақ: №3

Сыныптар: 11 А

Күні:

Тақырыбы: Шаруашылығы. Ішкі аймашылықтары

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Еуропаның шаруашылығы және оның басты бағыты, қалыптасу кезеңдері туралы білім беру. Еуропа шаруашылығының жалпы сипаты, дүние жүзінің басқа аймақтарынан айырмашылығы, шаруашылығын дамытудың

алғышарттары, даму кезеңдері, шаруашылығының басты салалары, олардың орталықтары, көлік жүйесінің түрлері, жол тораптары, өндірістік емес салалары, экономикалық ынтымақтастық, ішкі айырмашылықтары туралы білік-дағдыны қалыптастыру, туристік орталықтардың басты ерекшеліктерімен танысу.

Дамытушылық мақсаты – Еуропа елдерінің шаруашылығының басты бағытына, өнеркәсіптің шоғырлану аймақтарына, Еуропадағы ерекше қарқынмен дамыған өнеркәсіп салаларының басты ерекшеліктерін, аса ірі аудандары мен

Page 45: география үлгі

басты орталықтарын анықтап, олардың қалыптасу жағдайларын түсіндіру. Оқулық пен атлас карталарын, Еуропаның басты темір жол желілерін, кеме жүретін өзендер ірі теңіз порттарын анықтауға, Еуропалық Одаққа мүше елдер шаруашылығының

маманданған салаларына баға беруді үйрену.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атлас, Еуропаның экономикалық картасы, хрестоматия, дидактикалық

материалдар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (19 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (5 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)

VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең Мұғалім әрекеті Оқушылар әрекеті

І Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың

сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ Ең алдымен мұғалім оқушылардың дәптерлерін тексереді, сосын кесте мен диаграмманы салыстырып, табиғат ресурстарының сипаттамасын сұрайды.

1.Еуропа елдерінің ЭГЖ-ң басты ерекшелітері қандай?

2. Еуропаның саяси картасы қандай тарихи кезеңдерге бөлінеді?

3. Қазіргі саяси жағдайында қандай өзгерістер бар?

4. Еуропа халықтарының артуына қандай фактордың әсері бар?

5. Ең көп тараған тіл әулеті?

6. Халықтың ең аз қоныстанған аймағы қай бөлікте?

Сұрақтарға жауап береді, кескін карталарын

және дәптерлерін тексеруге береді.

Page 46: география үлгі

ІІІ Тақырыпты түсіндіруді шаруашылығының жалпы сипатынан бастап, дүние жүзінің басқа аймақтарынан айырмашылығына: 1) Еуропа жерінде игерілмеген бөліктің

қалмауына; 2) жерінің шағын болуы мен елдердің жақын көршілік жағдайына тоқталады.

Одан кейін Еуропа шаруашылығының даму кезеңдеріне шолу жасайды.

Келесі кезекте Еуропа өнеркәсібіне талдау жасайды. Соның

ішінде: машина жасау, химия, отын-эгергетикалық, қара металлургия т.б. Өнеркәсібі туралы мәлімет береді. Мысалы, машина жасаудың электроника, электротехника, автомобиль, авиазымыран-ғарыш т.б. салалары басым тараған. Одан соң химия саласында тек осы аймақта ғана емес, бүкіл дүние жүзіндегі ең «химияландырылған» ел – Германия алатын орны ерекше екенін айтады. Ал ағаш өнеркәсібінен халықаралық маманданған аймақтағы елдер: Швеция, Финляндия, Румыния, Югославия, Италия.

Осы аймақтағы дамыған өнеркәсіптің бірі – жеңіл өнеркәсіп болып табылады. Жеңіл өнеркәсіп орталықтарын кесте түрінде береді.

Ең алғашқы жеңіл өнеркәсіп орталықтарыҚазіргі кездегі жеңіл өнеркәсіп орталықтары

Ұлыбританиядағы Ланкашир, Йоркшир, Бельгиядағы Фландрия, Франциядағы Лион, Италиядағы Милан, Польшадағы Лодзь, Ресейдегі ИвановоОңтүстік Еуропа елдері: Португалия (тігін өнеркәсібі), Италия (аяқ киім шығару), Грекия (бағалы тері бұйымдарын тігу).

Сонымен қатар, колөнердің дәстүрлі түрлері де сақталғанын айтады.

Өнеркәсіпке толық сипаттама берілгеннен соң, ауыл шаруашылығын, оның қалыптасуын, даму кезеңдерін, өнімдернің негізгі түрлерін, белгілерін сипаттайды. Еуропада ауыл шаруашылығының үш аймақтық түрі қалыптасқан: 1) Солтүстік Еуропада интенсивті сүтті мал шаруашылығы. Исландия, Норвегия, Дания елдері балық

аулау маманданған саласы болып табылады. 2) Орта Еуропа ауыл шаруашылығы сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы, сондай-ақ шошқа мен құс өсіруге маманданған. 3) Оңтүстік Еуропа өсімдік шаруашылығына маманданған.Ал көлік жүйесі, оның түрлері мен тораптарына талдау жасауды және экономикалық ынтамақтастық пен ішкі айырмашылықтарына мұғалім оқушыларға өз беттерінше талдауға бөліп береді.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдайды, сұрақтарға жауап береді.

Қысқаша конспект жазып отырады.

Оқушылар кестені көшіріп алады, естеріңе сақтайды.

Сосын көлік жүйесі, оның түрлері мен тораптары және экономикалық ынтамақтастық пен ішкі айырмашылықтарын оқушылар өз беттерінше талдауға бөліп береді.

ІV Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға параграфты оқып шығыңдар дегеннен кейін оқушылар бір-біріне сұрақтарды қояды. Сосын мұғалім оларға келесі сұрақтарды қояды:

1. Еуропа елдерінің шаруашылығының басты бағыты

Балалар параграфты оқып шығады. Сосын тақырыпты бекіту мақсатында бір-біріне сұрақтарды қойып, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

Page 47: география үлгі

қандай?

2. Өнекәсіптің ірі орталықтары қай бөлікте шоғырланған?

3. Еуропадағы ерекше қарқынмен дамыған өнеркәсіптің

қандай салаларын білесіңдер?

4. Еуропа елдерінің қандай туристік орталықтарын білесіңдер?

5. Еуропа елдері мен Қазақстан арасындағы байланыстарға мысал келтіріңдер.

V Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

VІ Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Үзіліске шығады.

Page 48: география үлгі

Сабақ: №4

Сыныптар: 11 А

Тақырыбы: Германия. Экономикалық-географиялық жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Германияның экономикалық-географиялық сипаты, табиғат жағдайлары мен ресурстары, халқы туралы білім беру. Германияның ЭГЖ-ң басты ерекшеліктері, геосаяси жағдайының қолайлығы, табиғат ресурстарының түрлері, табиғи ортаны қорғау шаралары туралы білік-дағдыны қалыптастыру. Германияның ірі қалаларымен, неміс халқының тұрмысымен, әдет-ғұрыптарымен таныстыру.

Дамытушылық мақсаты – Оқулық материалдары мен тақырыптық карталардың көмегімен елдің ЭГЖ-ң басты ерекшеліктеріне, табиғат ресурстарының байлығына, табиғат қорғау шараларына, геосаяси жағдайына, табиғат жағдайының

шаруашылықты дамытудағы әсеріне баға беруді үйрету.

Тәрбиелік мақсаты – Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атлас, Еуропаның саяси картасы, хрестоматия, дидактикалық материалдар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин)

ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),

VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең Мұғалім әрекеті Оқушылар әрекеті

І Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ Тақырыпты игеру мұғалім Герминияға жоспар бойынша жалпы сипаттама беруден бастайды.

а) экономикалық-географиялық және геосаси жағдайы

ә) аумағының құрамы

б) табиғат ресурстары

в) табиғатты қорғау

г) халқы

ЭГЖ және саяси жағдайы бойынша саяси картадан Германияның қай елдермен шектесетінін анықтап, басты ерекшелігін ашамыз. Мысалы, Германия ФР Еуропаның

батысы және шығысының шектесетін бөлігінде орналасқан. Солт-де Балтық және Солтүстік теңізімен шектесуі, ел аумағының құрлық және әуе жолдарының тоғысқан торабында орналасуы, аймақішілік және халықаралық сауда-экономикалық

қатынастардың дамуы қолайлы әсер етуі. Осы елдің геосаяси жағдайына, НАТО

Оқушылар мұғалімді тыңдап, сипаттама беру жоспарын жазып алады.

Сосын Германия туралы қысқаша конспект жазып отырады.

Атластарын пайдаланып, Германияға сипаттама береді.

Page 49: география үлгі

ұйымына кіруі, Германияның бірігуі туралы толықтай мәлімет келтіреді.

Аумағының құрамы туралы айтқанда жерінің ауданы, Батыс Еуропадағы алатын орнының ерекшелігі туралы, мемлкеттің құрылымына, басқару формасына сипаттама береді.

Табиғат ресурстарын сипаттағанда, атлас карталарын пайдаланып, Германияның

табиғат жағдайларының басты ерекшеліктерін анықтайды. Одан соң кен орындары мен пайдалы қазбаларға мысал келтіреді.

Табиғат қорғау шарлары, соның ішінде табиғат қорғау мәселесіне, қазіргі заманғы табиғат қорғау шаралары, ұлттық саябақтары мен қорықтар турлы айтады.

Халқы туралы айтқанда: саны, табиғи өсімі, ұлттық, діни құрамы, қала мен ауыл халқы мен агломерациялар, әлеуметтік-экономикалық жағдайы сияқты басты мәселелер нақты мысалдар негізінде сипаттайды.

ІІІ Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға келесі сұрақтарды қояды:

1. Германияның ЭГЖ-ң басты ерекшелігі қандай?

2. Жерінің аумағы жөнінен Еуропада нешінші орын алады?

3. Германия қандай табиғат ресурстарына бай?

4. Халықтың ұлттық құрамы қандай?

5. Табиғат қорғау барысында қандай шаралар жүзеге асырылуда?

Балалар параграфты оқып шығып, сұрақтарға жауап береді.

ІV Үй жұмысы:

1. §3, 4 оқып, қысқаша конспект жазу.

2. Кескін картаға Еуропаның басты темір жол желілерін, кеме жүретін өзендері мен ірі теңіз порттарын түсіру.

3. Еуропалық Одаққа мүше елдердің тізімін жазу.

4. «Неміс халқының тұрмысы мен әдет-ғұрыптары» деген тақырыпқа хабарлама дайындау.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

V Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

VІ Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Қоштасады.

Қоштасады.

Сабақ: №5

Сыныптар: 11 А

Күні: 20.09.2010

Тақырыбы: Шаруашылығы. Сыртқы экономикалық байланыстары

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Германияның шаруашылығы, сыртқы экономикалық байланыстары туралы білім беру. Германия шаруашылығының басты бағыттары және өнеркәсібінің, ауыл шаруашылығының басты ерекшеліктерімен, көлік түрлері жүйесі мен туризмнің даму деңгейі, оның дамыған аудандары туралы білік-дағдыны қалыртастыру. Германияның

туристік объектілерімен, Қазақстанмен өзара қарым-қатынасымен, оны дамытудың басты бағытымен, корпорациялары мен фирмаларының жұмыс түрлерімен танысу.

Page 50: география үлгі

Дамытушылық мақсаты – оқулық мәтініндегі карталар, анықтамалық кестелерді пайдалана отырып, Германияның

шаруашылық құрылымына салыстырмалы сипаттама, елдің дүниежүзілік шаруашылықтағы орнына баға беру, елдің ауыл шаруашылықтарын анықтау, ең дамыған көлік түрлерін сипаттап, бағытына баға беру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атлас, Еуропаның экономикалық картасы, хрестоматия, дидактикалық

материалдар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақ барысы:

Кезең Мұғалім әрекеті

І Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың

сабаққа дайындығын тексереді.

ІІ Ең алдымен мұғалім оқушылардың дәптерлерін тексереді, сосын кескін карталарын тексеріп, ЕО-қа кіретін елдер саны мен тізімін сұрайды. Сосын балалардың хабарламаларын тыңдайды. Сосын келесі сұрақтарды қояды:

1. Өнекәсіптің ірі орталықтары қай бөлікте шоғырланған?

2. Еуропа елдері мен Қазақстан арасындағы байланыстарға мысал келтіріңдер.

3. Еуропадағы ерекше қарқынмен дамыған өнеркәсіптің қандай салаларын білесіңдер?

4. Еуропа елдерінің қандай туристік орталықтарын білесіңдер?

5. Германияның ЭГЖ-ң басты ерекшелігі қандай?

6. Жерінің аумағы жөнінен Еуропада нешінші орын алады?

7. Германия қандай табиғат ресурстарына бай?

8. Халықтың ұлттық құрамы қандай?

ІІІ Тақырыпты түсіндіруді белгілі бір жоспарға сүйенеді. Ең алдымен, шаруашылықтың дамыу алғышарттары жергілікті шикізат негізінде қалыртасқан дәстүрлі маманданған салаларына құрылымдық өзгерістер мен жаңа технологиялыққ

жетістіктер енгізу нәтижесінде күшті дамуы және ғылымды көп қажет ететін, экпортқа бағытталған жаңа салалардың

пайда болуы және өнеркәсіп өндірісінде ірі монополияның үстем болуы болды.

Бұдан соң елдегі аса маңызды өнеркәсіп орталықтары туралы айтады. Халықаралық географиялық еңбек бөлінісінде машина жасау өнерекәсібімен көзге түсетінін айтады. Мысалы, «Даймлер-Крайслер» («Мерседес» автомобильдері мен аэроғарыштық техника өндірісі), «Фольксваген», «БМВ» (автомобиль жасау), «Сименс» (электроника, электр техника), «Дойче телеком» (ақпарат тарату техникасы), «Бош» (электр техникасын жасау), жеңіл автомобиль жасау зауыттары туралы айтады. Одан кейін ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жобалау жұмыстары, ақпараттық технологиялар, аудио, видео, компьютерлік сақтау құралдары «Эмтек» маркасымен шығарылатыны туралы айтады. Германияның «химиялық держава» деп аталуына назар аудартады.

Ауыл шаруашылығы құрылымында мал шаруашылығына тоқталып, сосын өсімдік шаруашылығының орталықтарына сипаттама береді.

Осыдан кейін көлік жүйесіне тоқталады. Басты көлік құралы – автомобиль. Көлік көлігі ішінде су көлігі – өзен мен теңіз көлігіне басты назар аудартады. Ірі порттарын атап, әуә көлігінің халықаралық маңызы бар негізгі авиакомпания - «Люфтганзе» т.б. мысал келтіреді.

Содан кейін СЭБ туралы айтады, басты назар ЕО-ң құрамына енуі, сыртқы саудаға айрықша мән беруі, Германияның

Page 51: география үлгі

басты сауда серіктестіктері – д.ж.-де жетеші елдердің болуы (Франция, Жапония, АҚШ, Италия, Ұлыбритания т.б.).

Қазақстан мен Германия арасындағы қарым-қатынас 1992ж бері дамып келе жатқандығын айтады. Германия инвесторлары көбінесе, Қарағанды, ШҚ, Павлодар және Қостанай облыс кәсіпорындарын дамытуға салады.

Туризм туралы айтқанда, табиғи ландшафтылар: солтүстік жағалау, аралдар, оңтүстіктегі таулы аудандар, Боден көлі, Бавариядағы шағын көлдер, өзен аңғарлары, тарихи-мәдени ескерткіштер. Ресми түрде елде 80-нен астам туристік маршрут бар.

ІV Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға параграфты оқып шығыңдар дегеннен кейін оқушылар бір-біріне сұрақтарды қояды. Сосын мұғалім оларға келесі сұрақтарды қояды:

1. Германияның д.ж.шаруашылықтағы орны қандай?

2. Өнеркәсібінің негізгі салалары қандай?

3. Елдің ауыл шаруашылығы құрылымындағы аумақтың айырмашылықтары немен түсіндіріледі?

4. Германияда ең дамыған көлік түрі қайсы?

5. Сыртқы сауда серіктестіктеріне қай елдер жатады?

Page 52: география үлгі