54
www.themegallery.com Company Logo Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебі Математика және информатика пәнінің мұғалімі Қозбаева Сәндігүл Барқытқызы

Ұлттық ұғымдар

Embed Size (px)

DESCRIPTION

Ұлттық ұғымдар жайлы слайд

Citation preview

Page 1: Ұлттық ұғымдар

www.themegallery.com Company Logo

Солтүстік Қазақстан облысыЕсіл ауданы

Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебі

Математика және информатика пәнінің мұғалімі Қозбаева Сәндігүл Барқытқызы

Page 2: Ұлттық ұғымдар

LOGO

Ұлттық ұғымдарСалт-дәстүрлерТыйым сөздер

Ұлттық тағамдарМәдениет,салт-дәстүрлер

Қазақтың ұлттық ойындары

Page 3: Ұлттық ұғымдар

Ұлттық ұғымдар

Жеті санмен байланысты

ұғымдар

2,1

4

3

Бес санымен байланысты

аңыздар,ұғымдар

Үш санымен байланысты

аңыздар,ұғымдар

Қырық санымен байланысты

ұғымдар

Page 4: Ұлттық ұғымдар

Жеті санымен байланысты ұғымдар

Баяғы замандардан бері “7” саны халқымыздың ұғымында киелі сандардың бірі ретінде қалыптасып,халықтардың салт-дәстүрлері мен дүниетанымызда өзіндік, ерекше орын алып, әсерін тигізумен келе жатыр. Қазақ ұғымында жетінің киелі

сипатқа ие екендігін ерте байқаған және оның себебін түсіндіруге тырысқан ғалымдар көптеп саналады. Олардың

басым көпшілігі қазақ ұғымындағы 7-нің киелі мән алу себебін өзге халықтар мәдениетінен іздейді, атап айтсақ,

араб-парсы мәдениетінің әсерінен деп қарау орын алған. 7 санының киелі сипат беруі дүниедегі көптеген халықтарға

тән құбылыс.

Company Logo

Page 5: Ұлттық ұғымдар

Жеті ата: Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.

Жеті жұт: Құрғақшылық, жұт, өрт, оба, соғыс, топан су, зілала.

Жеті күн: Бүгін, ертең, бүрсігүні, арғы күні, соңғы күні, азна. Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі (сәтті күн). Бейсенбі, Жұма (қасиетті күн). Сенбі, Жексенбі.

Жеті ғашық: Ләйлі-Мәжнүн, Жүсіп-Зылиха, Фархад-Шырын, Бахрам-Күләнда, Сейпілмәлік-Бәдіғұл-Жамал, Бозжігіт-Аиула, Зияда-Қорлы.

Жеті қат көк: “шексіз аспан” деген мағына береді. Оған жататындар: Ай, Меркурий, Шолпан, Күн, Марс, Юпитер, Сатурн. Осы жеті жарық шығыс астрономиясында “Жеті қат көк” деп аталады.

Жеті жоқ: Аспанда тіреуіш жоқ, жерде өлшеуіш жоқ, тасбақада талақ жоқ, Аллада бауыр жоқ, құста сүт жоқ, жылқыда өт жоқ, таста тамыр жоқ,

Жеті ғалам: Күншығыс, Күнбатыс, Түстік, Терістік, Аспан – жоғарғы ғалам. Жер – орта ғалам. Жер асты – төменгі ғалам.

Жеті қазына: Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы (ит).

Жеті шәріп (жеті дүние): Мекке шәріп, Мәдине шәріп, Бұхар шәріп, Шам шәріп, Құдыс шәріп (Мысыр), Қағым шәріп, Кәләм шәріп (құран).

Жеті жетекші: Адамның басшысы-ақыл, жетекшісі талап, жолаушысы ой, жолдасы кәсіп, қорғаны сабыр, қорғаушысы-мінез, сынаушысы-халық

Company Logo

Page 6: Ұлттық ұғымдар

Қорыта келгенде, «Жеті» қазақ халқының ұғымында қалыптасқан киелі сан. Ұлттық түс алған көне

мәдениет құбылысы. Бұл құбылыстың басқа халықтарда да кездесуін олардың бір-біріне тигізген

әсерінен гөрі әр қайсысының өзіндік дүние танымынан туындаған ортақ құбылыс деп қараған

жөн. 

www.themegallery.com Company Logo

Page 7: Ұлттық ұғымдар

Салт-дәстүрлер

www.themegallery.com Company Logo

Әдет-ғұрыптар

Аластау Шашу Сүйінші Көрімдік Той Айдар

Page 8: Ұлттық ұғымдар

Аластау

Аластау – ырым. Шамандық наным-сенімнен қалған. Аластау арқылы көз, тіл тигенді қайтару, ауру-сырқауды, үй-жайды бәле-жаладан аластау арқылы тазаланады. Үй-

ішін аластауға қазақтар ертеден бастап адыраспанды, аршаны пайдаланған, аршаны үйдің кез келген бұрышына

іліп қойған. Егер үйге көз тиген болса, адыраспанды немесе аршаны табаға салып тұтатып, түтінімен бүкіл

үйді аластап, есіктерді жауып қойған. Қазіргі кезде жаңа үйге кірген кезде үйді аластау әдетке айналған.

www.themegallery.com Company Logo

Page 9: Ұлттық ұғымдар

Шашу

Шашу – әдет-ғұрыптың бір түрі. Жаңа түскен келіннің, жаңа туған нәрестенің тойына барғанда, қуаныштың

белгісі ретінде құрт, ірімшік, кәмпит, өрік-мейіз шашады. Шашуды әдетте жасы үлкен әйелдер, әжелер шашады да

оны жас балалар теріп алады. Халқымыздың ежелгі дәстүрі бойынша, той жасаған үйге оның жақындары

«тойға шашу» деп, тәтті тағамдар әкеледі.

Page 10: Ұлттық ұғымдар

Жол беру

Жол беру – қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрыптарындағы этикалық жоралғы. Жасы кіші адам

үлкенге бөгет жасамай, жол босатады, үй ішінде төрге отырғызады, астан дәм татар кезде де осы әдеп

сақталады.

www.themegallery.com Company Logo

Page 11: Ұлттық ұғымдар

Сүйінші

Сүйінші – қуанышты хабар әкелушіге берілетін сыйлық. Дүниеге жас нәресте келгенде, келін түскенде, алыстан сағынған адам келгенде, жоғары атақ берілгенде, үлкен сыйлық алғанда қуанышты хабарлаушы адам сүйінші

сұрайды, осы кезде бағалы зат немесе ақша берілуі керек.

www.themegallery.com Company Logo

Page 12: Ұлттық ұғымдар

Көрімдік

Көрімдік Жаңа туған балаға, жас келінге, ботаға тағы басқа алғаш көрген сәтте көрімдік сұрау халықтың ежелгі және лайықты дәстүрі. Мұның маңызы алып,беруде ғана емес

жақын-жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашық қолдығын да танытудың белгісі ретінде қаралады. Байғазы мен көрімдік екеуі екі басқа ұғым. Көрімдік адамға, жандыға, байғазы

көбінесе жансыз дүниелерге қатысты айтылады.

www.themegallery.com Company Logo

Page 13: Ұлттық ұғымдар

Той

Той – әдет-ғұрып дәстүрі. Дүние жүзінің барлық халықтары той жасайды. Қазақ халқының мәдени өмірінде той ежелгі

заманнан бастап үлкен орын алған. Мысалы, қыз ұзату, үйлену, шілдехана, сүндет, наурыз тойлары. Қыз ұзату,

үйлену, сүндет тойларына ат шаптыру (бәйге), балуан күрес, көкпар, қыз қуу сияқты ұлттық ойындар өткізіледі. Тойдың жақсы дәстүрлері бүгінде сақталған, үйлену тойында жар-жар айтылады, түрлі ұлттық ойындар ұйымдастырылады.

www.themegallery.com Company Logo

Page 14: Ұлттық ұғымдар

Айдар

Айдар – ғұрып. Балалардың төбе шашын ұзарта өсіріп, моншақ араластыра өріп қояды. Мұны «айдар» деп атайды.

Бұл ғұрып негізінен ер балаға жасалады. Мысалы, Кенесарының інісі атақты Наурызбай батырдың ұзын айдары

болған.

www.themegallery.com Company Logo

Page 15: Ұлттық ұғымдар

Тыйым сөздер

Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі - тыйым сөздер. Бұл сөздер есі кірген балаларға жаман әдет, жат

пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған. Тізені құшақтау – жалғыз

қалудың, үлкеннің жолын кесу – әдепсіздіктің, асты төгу – ысыраптың белгісі деп таныған және де ондай

ерсі істерге қатаң тыйым салған.Мұндай тыйым сөздер ел ішінде өте көп.

Дастарханды , тамақты баспаКісі мініне күлме, кемтарға күлмеМалды,ыдысты, тамақты теппе

Суды сапырма, суға дәретке отырма, суға түкірмеБосағаны керме, босағада отырма

Түнде үй сыпырма, түнде тырнағыңды алма және т.б.

Page 16: Ұлттық ұғымдар

Ұлттық тағамдар

www.themegallery.com Company Logo

Ұлттық тағамдар

Асылған ет(бешбармақ)

Бауырсақ

Шелпек

Шұбат

Құрт

Қатық

Page 17: Ұлттық ұғымдар

Асылған ет (бешбармақ)

Қазақ халқының басты тағамы. қой немесе сиыр, жылқы еті болсын су құйылған қазанға салынып пісіріледі. Піскен еттің майлы сорпасына, алдын ала жұқа жайылып қойылған қамыр салынады. Дайын болған қамыр табаққа түсіріліп, кесектеп

туралған ет салынып, үстіне тұздық құйылады. Малдың басы, жамбасы сыйлы қонақтарға, ортан жілік жасы үлкен

кісіге, құдаға, асық жілік құдағиға, төс күйеуге, келінге, бүйрек, құлақ балаларға тартылады.

www.themegallery.com Company Logo

Page 18: Ұлттық ұғымдар

Бауырсақ

Ашыған қамырдан оқтаумен 1-1,5 см. қалыңдықта жайылып, көлемі бірдей етіп кесіледі де

қыздырылған майға қуырылып дайындалады

www.themegallery.com Company Logo

Page 19: Ұлттық ұғымдар

Шелпек

Шелпек – Айт күндерінде, аруақтарды еске алғанда, ас бергенде пісіріледі. Қамырды жұқалап

әзірлеп, майға пісіреді. Шелпек жеті нан, тоғыз нан болады.

www.themegallery.com Company Logo

Page 20: Ұлттық ұғымдар

Шұбат

Шұбат – түйенің сүтінен ашытылып, тері, ағаш, қыш ыдыстарға құйып сақтап піседі, екі-үш күннен соң ішсе өте дәмді. Ол да өте шипалы.

Қаймақ – сүттен алынады. Оның түрлері: піскен қаймақ, шикі қаймақ, кілегей қаймақ, бал

қаймақ. Бұл жердегі бал қаймақ – бал қосып қоюлатылған түрі.

www.themegallery.com Company Logo

Page 21: Ұлттық ұғымдар

Құрт

Құрт – қой, сиыр сүтінен әзірленеді. Ашыған сүттен іркіт жинап, қазанға құйып

қайнатып, суыған соң қапшыққа салып суын сорғытады, сосын әртүрлі үлгіде

жасап кептіреді. Құртты жақсы көрмейтін қазақ жоқ.

Page 22: Ұлттық ұғымдар

Қатық

Қатық – ұйытылған сүттен жасап, қорек етеді. Дәмі тіл үйіреді. Айран – сиыр сүтінен ашытып жасап, ішеді. Оны жылдың төрт мезгілінде жасап ішуге болады. Ұйытылған айран - әрі тамақ, әрі сусын.

Адам денсаулығына өте пайдалы.

www.themegallery.com Company Logo

Page 23: Ұлттық ұғымдар

www.themegallery.com Company Logo

Мәдениет,салт-дәстүрлер

Балаға ат қою

Бесікке салу

Қырқынан шығару

Мәдениет,салт-дәстүрлер

Тұсау кесу

Атқа мінгізу

Page 24: Ұлттық ұғымдар

Балаға ат қою

Бала дүниеге келгеннен кейін атасы мен әжесі немесе ауыл ақсақалы балаға ат қояды. Ат қоюшы адам баланың құлағына: «Сенің

атың…» деп үш рет қайталайды.

www.themegallery.com Company Logo

Page 25: Ұлттық ұғымдар

Бесікке салу

Шілдехана өткеннен кейін баланың әке-шешесі бесік тойын жасайды. Ағаштан жасалған бесікті баланың нағашылары немесе жасы үлкен қадірлі

аналардың бірі әкеліп, сыйға береді. Ең алдымен бесікке салушы әйел бесіктің өзін жын-шайтандарды қуу үшін, түрлі иістерден арылту үшін отпен

аластап шығады. Содан кейін көрпешелер мен жастықшаларды баптап салады. Баланы жатқызып, бөлейді. Қолбау, белбеу және аяқбаумен тартып байлап қояды. Әйел тілектерін айта отырып бесіктің үстіне алдымен көрпе жабады. Бала халықшыл болсын деп тон, шапан жабады,ат жалын тартып

мінсін деп қамшы іледі,көз тимесін деп тұмар тағады, қырандай көреген болсын деп бүркіттің тұяғын байлайды.

www.themegallery.com Company Logo

Page 26: Ұлттық ұғымдар

Тұсау кесу – сәби қаз тұрғаннан кейін тез, жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін, болашағы жарқын болсын деген тілекпен жасалатын дәстүр. Арнайы дайындалған ала жіппен баланың аяғын тұсап байлайды. Жіпті қадірлі, ісі алға басып тұрған, әрі жылдам, сүрінбей жүретін адам кеседі. Бұл – бала осы адамға тартсын деген тілектен туған рәсім.

Page 27: Ұлттық ұғымдар

Қырқынан шығару Туғанына қырық күн толғанда баланы қырқынан шығарады. Қырқынан шығаруға жиналған әйелдер баланы теңге, сақиналар салынған тегешке шомылдырады. Әйелдердің үлкені «Отыз омыртқаң жылдам бекісін, қырық қабырғаң жылдам қатсын» деп, баланың үстіне қырық қасық су құяды. Сақиналарды баланы шомылдыруға қатысқан әйелдер бөліседі. Келесі кезекте баланың шашын, тырнағын алады. Шашын шүберекке түйіп, киімінің иығына қадайды. Тырнағын адам баспайтын жерге көмеді. Бала қырқынан шыққанға дейін киген ит жейдесіне тәттілерді түйіп, иттің мойнына байлап қоя береді. Балалар итті қуып жетіп, тәттілерді бөліседі.

Page 28: Ұлттық ұғымдар

Қазақтың ұлттық ойындары

Халқымыз ұлттық ойындар арқылы жастарды өмір сүруге дағдыландырып, қиындыққа төзе білуге, қиын сәттен жол таба

білуге машықтандыруды басты мақсат еткен. Мысалы, «Аламан бәйге», «Аударыспақ» ойындары адамды төзімділікке үйретуге, ерік-

жігерді игере білуге, білек күшін дамытуға бағытталған. Ұлттық ойындардың тағы бір ерекшелігі, әр ойын жас ұрпақты салиқалы да салмақты, шебер әрі епті болуға баулиды. Өйткені, әрбір адам өзінен

өрбіген ұрпақтың ынжық, бойкүйез болып қалмай, жан-жақты, білікті де күшті болып өсуін өмірдің мәңгі мәні ретінде қабылдаған.

Жалпы, қазақтың ұлттық ойындарының қай-қайсысының да қоғамдық және әлеуметтік мәні зор. Бұған қоса, ұлттық ойындар

қазақ халқының о бастан ерекше мәдениетті болғанын айқындайды. Ата-бабаларымыз ұлттық ойындар арқылы ұрпақтың береке-бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған. Тәрбиелік мәні зор ұлттық ойындарымызды бүгінгі ұрпақтың бойына неліктен сіңірмеске?!

www.themegallery.com Company Logo

Page 29: Ұлттық ұғымдар

www.themegallery.com Company Logo

Қыз қуу

Аламан бәйге

Асық Аударыспақ

Алтыбақан

Сақина жасыру

Күміс ілу

Қазақтың ұлттық ойындары

Page 30: Ұлттық ұғымдар

Қыз қуу

Ойын үшін жігіттер мен қыздар іріктеліп, ұшқыр, жүйрік аттарға мініп шығады. Қашықтығы 300, ал ені 30-40 метрлік тегіс, топырағы жұмсақ, ашық алаң таңдалып алынады. Жарыстың басталатын жері – алаңның

бір маңдайында қатынасушылар орағытып өту үшін қарақшы қойылады. Бұған көбінесе қызыл жалау қағылады.

Жарыс жекелей де өтеді. Егер екі топқа бөлінсе, онда қыздар мен жігіттердің саны тең болуы қажет.

Төрешінің бірінші белгісі бойынша қыз жігіттен 10 метрдей алда тұрып, шабысқа дайындалады. Келесі белгіде олардың екеуі де аттарының

басын жіберіп, шаба жөнеледі. Жігіт қызды бұрылысқа дейін қуып жетіп, жең ұшына ілінген орамалды ілгері алып қашуы керек. Егер жігіт сол

бетімен – қарақшыдан сөреге дейін қуғыншыға жеткізбесе, онда – жеңгені. Ал егер қыз қуып жетсе, жігіттің атын, әйтпесе өзін қамшының

астына алады. Мұнда қыз жеңді деп есептелінеді.Жарысқа қатынасушыға бір-бірінің атын тоқтатуға, алаңнан сыртқа

шығуға, қарақшыға жетпей сөреге оралуға рұқсат етілмейді.

www.themegallery.com Company Logo

Page 31: Ұлттық ұғымдар

Күміс ілу

«Күміс ілу» - ептілікті, атқа жақсы отыруды керек ететін ұлттық ойын. Келін түсіру, қыз

ұзату салтанатында қалыңдық орамалға түйіп, өзінің күміс шолпысын, әйтпесе жүзігін

тастайды. Сондықтан да кей жерлерде бұл ойын «жүзік ілу» деп аталады. Қатты шауып

келе жатқан шабандоз жігіт ат екпінін бәсеңдетпеспен, әлгі орамалды іліп алып кетуі

керек. Сонда ол беташар айтуға ерік алады.

www.themegallery.com Company Logo

Page 32: Ұлттық ұғымдар

Сақина жасыру

Ойынды өткізу үшін басқарушы және сақина іздейтін кезекші белгіленеді. Қалған ойыншылар дөңгелене

отырады. Ойыншылар тізелерін көтеріп, оның үстіне алақандарын ашып қояды. Ойын жүргізуші қолына

сақина алып, әр ойыншының қолына кіргізіп, сақинаны бірінде қалдырады. Басқарушы жұмулы

қолын әрбір ойыншының қолына салысымен, алақанын жаба қалады. Сақина жасырылғаннан кейін,

ойын жүргізуші өз қалауынша ойыншының бірінен: «сақинам кімде?» - деп сұрайды, осы кезде барлық ойыншы тынышталады. Кезекші сақинаның кімде

екенін тапса, онымен орын ауыстырады, ал егер таба алмаса, өлең айтып, би билеп, т.б. өнер көрсетеді де, өз

қызметін қайтадан атқарады.

Page 33: Ұлттық ұғымдар

Алтыбақан — қазақтың ежелгі ұлттық ойыны. Тымық кеште, айлы түнде, ауыл сыртында ойналады. Алтыбақан құру үшін 6 бақан

немесе 6 сырық, үш арқан керек. Бақандарды үш-үштен бір басын буып, аралығын үш-төрт метр етіп, мосы тәріздендіріп орнатады да жоғары жағы сырықпен жалғастырылады. Бақандардың жоғарғы

ашаларына екеуі жоғарырақ, бірі төмен етіліп үш арқан тартылады. Жоғарғы екеуі отыруға немесе бел сүйеуге арналады, төменгі арқанға табан тіреледі. Қыз бен жігіт қарама-қарсы орналасып, бел арқанның екі жақтауынан бекем ұстап, үшінші адамның демеуімен тербетіледі.

Тербелушілер қосылып ән бастайды да оған тамашалаушылар қосылып, думандатып әкетеді

Page 34: Ұлттық ұғымдар

Аударыспақ – салт аттылардың бірін-бірі ер үстінен аударып алу сайысы. Бұл ойынға қайрат-күші мол, батыл да төзімді, шапшаң қимылдап, ат құлағында

ойнай білетін жігіттер қатысады. Ежелгі заманнан келе жатқан бұл ойын жаугершілік кезінде найза ұстап, қылыш шабатын жауынгерге қажетті қасиеттерді

қалыптастырған.

Page 35: Ұлттық ұғымдар

Асық ойыны негізінен ер балаларға тән. Асық ойнау үшін керекті құралдың ең негізгісі – сақа. Әдетте оны үлкен оңқай  асықтан шіге жағынан қорғасын құйып ауырлатып, тәйке жақ табанын, шіге жақ бетін тегістеп, оң қолға ұстап асық атуға ыңғайлап жасайды. Асық

ойынын жазды күні тақыр жерде ойнайды. Бір-біріне қарсы екі бала не бірнеше бала екі топқа бөлініп ойнаулары мүмкін. Ойынның негізгі

шарты бір-бірінен асық ұту. Асық ойынының үштабан және алтыатар деп аталатын өте кең тараған түрлері болған

Page 36: Ұлттық ұғымдар

Аламан бәйге. Мұнда жүйрік, жарыс аттар 25-100 шақырымдық қашыққа

шабады. Оның жолында айналып өтетін көл, сай-сала, бел-белестер тәрізді

кедергілі жерлер болуға тиісті. Аламан бәйге үлкен тойда, үлкен аста, торқалы

тойлар мен зор мерекелерде жарияланады.

Page 37: Ұлттық ұғымдар

«Қыз қуу» дәстүрге де, ойынға да жататын қазақ арасына тең тараған көңілді көрініс. Оның шарты – қыз атпен қашады, жігіт оны

қуып жетсе бетінен сүйеді де, кейін қашады. Енді қыз атпен қашады, жігіт оны

қуып жетсе бетінен сүйеді де, кейін қашады. Енді қыз қуып жетсе, оны

қамшының астына алады. Бұл қызықты дәстүр әлі де жалғасып келе жатыр.

Page 38: Ұлттық ұғымдар

Қырық санымен байланысты аңыз,ұғымдар

www.themegallery.com Company Logo

Қырық өтірік

Қырқынан шығару

Қырымның қырық батыры

Қырық күн шілде

Page 39: Ұлттық ұғымдар

Қырық өтірік

Қырық Өтірік–қазақтың тұрмыс-салт ертегісі. “ ҚЫРЫҚ ӨТІРІК” ертегісінің ұқсас нұсқалары қарақалпақ, татар, өзбек, түркімен, хакас және бурят халықтарының фольклорында кездеседі. Ертегінің негізгі сюжеті тазша

баланың немесе тапқыр жігіттің қырық ауыз өтірікті табанда құрастырып, ханның қызына үйленуі туралы оқиғаға құрылған. Ертегінің

әңгіме түрінде және өлеңмен жазылған нұсқалары бар. “ ҚЫРЫҚ ӨТІРІК ” қазақ ауыз

әдебиетінде “Тазшаның қырық өтірігі”, “Тазша бала әңгімесі” деп те аталады.

www.themegallery.com Company Logo

Page 40: Ұлттық ұғымдар

Қырқынан шығару

Қырқынан шығару (салт). «Баланың қырқынан шығар тойына Сегіз сері шақырылып, одан балаға ат қойып, бата беруді өтінеді» (Н.Әбдуалиев). Қазақ

халқының ғұмырында жеті, тоғыз, отыз, қырық бір сандары қасиетті деп есептеледі. Мысалы “Жеті жарғы”, ”Жеті қазына”, “Бір тоғыз”, “Үш тоғыз”, “Қырықтың бірі-қыдыр”, деген қағидалар бар огсы сандық ұғымынан пайда

болған. Соның бірі- баланы “қырқынан шығару” дәстүрі. Әдетті баланың туғанына қырық күн толган соң оны ыдыска қырық бір қасық су құйып

шомылдырады. Бұл ресми дәстүр. Оған үлкен әжелер, әйелдер қатысады, кәде беріледі, дастархан жайылады. Сәбидің қарын шашы алынып оны сәбидің

өзінің киіміне матаға орап қойады. Мұндағы мақсат ертеде сурет болмағандықтан баланың, сәби кезінен ескерткіш ретінде сақтаудан шыққан.

Баланы қырқынан шығарудың тағы бір ерекшелігі бар. Қырық күннен сәби ширап, көз тоқтатады, құбылыс, дыбысты сезе бастайды. Қырқынан шығару

салты міне, осыған байланысты шығып, ол сәбидің жан- жүйесінің қалыптасып денесі сау болып өсуіне деген ақ батадан (тілектен) шыққан.

Page 41: Ұлттық ұғымдар

Осы жерде “қырқы” деген сөзге мән беру керек.

Қайтыс болған адамныңда “қырқы” беріледі. Бірақ баланы “қырқынан шығарылады” деп, өлген адамға “қырқы берілді”

деп айтады. Мұны шатастырып алуға болмайды.

Бар тәлімі мен тәрбиесіне қатысты ырымдар мен кәделер де бар.

Олар мынадай: құрсақ шашу, жарыс қазан, кіндік кесер, атқою, бесікке салу, тыштырма, қырқынан шақыру, тұсау кесу, тіл ашар, ашамайға мінгізу, аузына түкіру, шідерге сигізу т.б.

www.themegallery.com Company Logo

Page 42: Ұлттық ұғымдар

Қырық күн шілде

Шілде — парсының «Чіллә», яғни қырық деген сөзінен

шыққан. Сол себепті болар, шілдеде 40 күн ыстық болады

www.themegallery.com Company Logo

Page 43: Ұлттық ұғымдар

Қырымның қырық батыры

«Қырымның қырық батыры» эпопеясы XIV - XVII ғасыр арасындағы Алтын Орда мен

Ноғай Ордасында орын алған тарихи оқиғаларды суреттейді. Эпопея 41 батырдың ерлігін суреттейтін 36 жырдан тұрады. 1942

жылы Алматы қаласында атақты Мұрын жырау Сеңгірбекұлынан (Тілеген Сеңгірбекұлы) жазылып алынған.

www.themegallery.com Company Logo

Page 44: Ұлттық ұғымдар

Бес санымен байланысты ұғымдар

www.themegallery.com Company Logo

Бес парыз

Бес өсиет

Бес борышБес

жаратылыс

Бес намаз

Бес қару

Page 45: Ұлттық ұғымдар

Бес намаз

Парыз намаздар - «айн парыз» (жалқы парыз), «кифая парыз» (жалпы парыз) болып екіге бөлінеді: Айн парыз намазы -

балиғатқа толған барлық мұсылмандарға парыз, әрқайсысы оларды жеке-жеке іске асыруға міндетті. Айн парызға бес

уақыт намаз бен жұма намазы жатады. Жұма намазы сол күнгі бесін намазының орнына жамағатпен оқылатын екі рәкәғат намаз. Жұмадан кешіккен адам сол күннің бесін намазын

оқиды. Кифая намазы - бір мұсылман ғұмырдан өткенде әуелі жақындары мен таныстары,жалпы мұсылмандардың оқитын жаназа намазы. Бұл намазды бірнеше мұсылман оқыса жетіп

жатыр. Басқалары оқымағандықтары үшін жауапты болмайды. Намаздың сауабын оқыған ғана алады. Ал, ешкім оқымаса бәрі

күнәһар болады.

www.themegallery.com Company Logo

Page 46: Ұлттық ұғымдар

Бес парыз

1. Құдайдың бірлігі мен Мұхамбеттің пайғамбарлық қасиетін мойындау.

2. Намаз оқу.

3. Ораза тұту.

4. Садақа беру.

5. Қажылыққа бару.

www.themegallery.com Company Logo

Page 47: Ұлттық ұғымдар

Бес өсиет

1. Топасқа сенбе.

2. Жауға иілме.

3. Әрқашан сақ жүр.

4. Аш үйге қонба.

5. Жарлыдан сый алма.

www.themegallery.com Company Logo

Page 48: Ұлттық ұғымдар

Бес борыш

1. Аллаға, пайғамбарға байланысты борыш.

2. Адамның өзіне байланысты борыш.3. Мемлекет пен халыққа борыш.4. Үй-іші, жақындарға борыш.5. Адамгершілік әлеміне борыш.

(Мұхамбет пайғамбар).

www.themegallery.com Company Logo

Page 49: Ұлттық ұғымдар

Бес жаратылыс

1. Күн. 2. Ай. 3. Жұлдыз. 4. Күндіз. 5. Түн.

www.themegallery.com Company Logo

Page 50: Ұлттық ұғымдар

Бес қару

1. Садақ. 2. Мылтық. 3. Найза. 4. Қылыш. 5. Айбалта.

www.themegallery.com Company Logo

Page 51: Ұлттық ұғымдар

Үш санымен байланымты ұғымдар

су анасы-бұлақ,жол анасы-тұяқ,сөз анасы-құлақҮш көз

ажал ғайып,қонақ ғайып,несібе ғайыпҮш ғайып

жұрт:жігіттің өз жұрты,қайын жұрты,нағашы жұртыҮш жұрт

Page 52: Ұлттық ұғымдар

Тұсау кесу – сәби қаз тұрғаннан кейін тез, жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін, болашағы жарқын болсын деген тілекпен жасалатын дәстүр. Арнайы дайындалған ала жіппен баланың аяғын тұсап байлайды. Жіпті қадірлі, ісі алға басып тұрған, әрі жылдам, сүрінбей жүретін адам кеседі. Бұл – бала осы адамға тартсын деген тілектен туған рәсім.

Page 53: Ұлттық ұғымдар

Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрдің бірі – 3-4 жасқа келген ұл баланы атқа мінгізу. Алдымен ағаштан ашамай-ер жасалған. Осыны жуас құнанға ерттеп, баланы мінгізіп байлап қойған. Тізгінді балаға ұстатып, бір адам құнанды жетектеп, ауылды айналдыра жүргізіп, жиналып тұрған үлкендерге сәлем бергізетін. Әйелдер баланың атқа міну құрметіне шашу шашқан. Ересек балалар таймен жарысып, бірімен-бірі күресіп, түрлі ойындар ойнаған.

Page 54: Ұлттық ұғымдар

LOGO