19
Сабақтың тақырыбы: Синтаксис. Сөз тіркесі туралы түсінік. бақтың мақсаты: А)Білімділігі: Оқушыларға синтаксис, сөз тіркесі туралы түсінік беру, алған білімдерін нығайту; Ә)Дамытушылығы: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыра отырып, жан-жақты сұрақтар қою арқылы ізденісін, тіл байлығын, шығармашылық қабілетін дамыту; Б) Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, сауатты, таза жазуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Синтаксис. Сөз тіркесі

  • Upload
    -

  • View
    874

  • Download
    17

Embed Size (px)

Citation preview

Сабақтың тақырыбы: Синтаксис. Сөз тіркесі туралы түсінік.

Сабақтың мақсаты: А)Білімділігі: Оқушыларға синтаксис, сөз тіркесі туралы түсінік беру, алған білімдерін нығайту; Ә)Дамытушылығы: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыра отырып, жан-жақты сұрақтар қою арқылы ізденісін, тіл байлығын, шығармашылық қабілетін дамыту; Б) Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, сауатты, таза жазуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың жаңа технологиясы: 1. Сатылай кешенді талдау (Н.Оразахынқызы) 2.Деңгейлеп саралап оқыту (Ж.Қараев) Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, жаттығу-талдау жұмыстарыСабақтың түрі: Жаңа сабақ Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі қима- қағаздар, тест.Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі 1)Оқушылармен амандасу. 2) Сынып оқушыларын түгендеу. 3) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін-білім.

(М.Әуезов) ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

І деңгейлік тапсырма (сұрақтарға жауап беру) ІІ деңгейлік тапсырма (талдау түрлерін жасау)

ІІІ деңгейлік тапсырма (тест сұрақтарына жауап беру)

М о р ф о л о г и я

1.Морфология нені зерттейді?

2.Қазақ тілінде қанша сөз табы бар? 3. Сөз таптарының түрленуі дегеніміз не? 4.Тұйық етістіктің түрленуі қалай жасалады?

ІІ деңгейлік тапсырма (талдау түрлерін жасау)

1. Мен досыма келе жатқанымды ұмытып кетіппін.

2.Мен өтірік айту дегенді білмеймін.

Тест жауаптары Бағалау 1.Б 10-9 «5»2.А 8-6 «4»3.А 5-3 «3»4.Б 2-1 «2»5.В6.Б7.А8.В9.Б10.А

ІІІ.Жаңа сабақ Синтаксис. Сөз тіркесі .

1.Грамматиканың бір саласы 2. Грек тілінен енген сөз. 3. «Құрау», «құрастыру», «ретке келтіру» деген мағынаны білдіреді. 4.Сөз тіркесі мен сөйлемдерді зерттейді.

Синтаксис

Еркебұлан қазір төрінде ақ отаудың жалғыз отыр. (сөйлемді ретке келтіру керек)

1.Сөз тіркесі синтаксисі 2. Жай сөйлем синтаксисі 3. Құрмалас сөйлем синтаксисі

Синтаксис

1.Сөйлем ішінде танылады. Қазір Еркебұлан ақ отаудың төрінде жалғыз отыр. 2.Кем дегенде толық екі мағыналы екі сөзден құралады, жеке- жеке сұраққа жауап береді. 1.Еркебұлан отыр. 2.Жалғыз отыр. 3.Ақ отаудың төрінде отыр. 4. Ақ отаудың төрінде 5. Қазір отыр. 3.Сөз тіркесін құрайтын сөздер бір-бірімен белгілі грамматикалық тәсілдер арқылы байланысады. 1.Ақ отаудың төрінде отыр. 4.Сөз тіркесі белгілі синтаксистік қатынасты білдіреді. 1.Жалғыз отыр. 3.Ақ отаудың төрінде отыр. 2. Ақ отаудың төрінде 4. Қазір отыр. 5.Сөз тіркесі-сөйлемде кем дегенде екі толық мағыналы сөздің бірі екіншісіне сабақтаса (бағына) байланысқан сөздер тізбегі.

Сөз тіркесі синтаксисі

Басыңқы сөздің қай сөз табына болуына байланысты сөз тіркесі 2 топқа бөлінеді.

1.Басыңқы сыңар-сөз тіркесін жасауға қатысқан тірек екінші сөз. 2.Бағыныңқы сыңар-тірек сөздің мағынасын нақтылап, даралап сипат беретін бірінші сөз. 3. Бағ. бас. 1. Еркебұлан отыр. 2.Ақ отаудың төрінде 3.Жалғыз отыр.

Сөз тіркесі екі сыңардан тұрады.

1. Есімді тіркес (басыңқы сыңары зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктен болған сөз тіркесі)

Бағ. бас. Ақ отаудың төрі

2.Етістікті тіркес (басыңқы сыңары етістіктен болған сөз тіркесі) Бағ. бас. Еркебұлан отыр.

Сөз тіркесінің түрлері

Кітаппен жұмыс 207-жаттығу (Сөздерді өзара байланыстырып жазу.) Шөген-түркі дүниесінің ең ежелгі замандардағы спорттық ойыны. Шөген ойынын еске түсіретін спорт түрі бұл күндері Еуропадан кездеседі. Шөген-қазақтың, түркі дүниесінің ежелгі ойынының аты. Шөген –қазақ ұлтының бай мәдениетін, өркениет үлгісін танытатын ойын. Бағ. бас. Шөген ойыны спорттық ойыны ежелгі замандардағы ойыны түркі дүниесінің ойыны

208-жаттығу (Мәтіндегі сөздерді сөз таптарына қарай ажыратып, байланысып тұрған сөздерімен бірге көшіріп жазу.) Көшпелі өмір салтын бастан кешірген халқымыз табиғатпен мейлінше етене болған.Көшпелілер табиғатты өз өмірлерінің бөлінбес сыңарына балап, табиғат аясын уақытты мәнді, көңілді өткізудің жолы ретінде пайдаланған.Солардың бір көрінісі аңшылық-саятшылыққа байланысты. Бағ. бас. Көшпелі өмір- сын е. зат е. есімді тіркес

209-жаттығу (Сөздердің байланысын тауып, басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге сұрақ қою.) Сыбаға Осы абысын, жеңеше, келін атаулының бір машығы жылына екі мезгіл Құнанбай үйлерінен сыбаға жеуі еді.Бір сыбаға көктемде. Бағ. бас. Қай?

Осы абысын

ІV.Жаңа сабақты бекіту. 1.Синтаксис нені зерттейді? 2.Сөз тіркесі дегеніміз не? 3. Басыңқы, бағыныңқы сыңар қалай жасалады? 4. Сөз тіркесінің түрлерін ата.

Синтаксис

V.Қорытынды Үй тапсырмасы: 210-жаттығу Оқушыларды бағалау.