28
№111 (28839) 11 МАУСЫМ СЕНБІ 2016 ЖЫЛ 11,4 млрд. теңге Атырауда заңдастырылған мүлік бағасы осынша соманы құрады Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан» Ұйқының тыныш, көңілдің жайлы болуын қалайсыз ба? Бұған мемлекет мүмкіндік беріп отыр. Тапқан табысыңды, кең сарайдай баспанаңның барын жасырмай, жаппай заңдастыру шарасының түпкі мақсаты – осы. Мұны мұнайлы өңірді ме- кен еткен тұрғындар жете түсіне бастағанына төмендегі дерек- тер куə бола алады. Мүлікті жария ету шарасы басталғалы бері тұрғындардан қолдағысын заңдастыру мақсатындағы 1343 өтініш түсіпті. Дəл кешегі күнге дейін осы өтініштерді егжей-тегжейлі пысықтаған ар- найы комиссияның шешімімен 11,4 миллиард теңгенің мүлігі жария етіліп отыр. Тұрғындар тарапынан қолдағы дүниесінен бөлек, маңдай терімен тапқан қаржы- сын да заңдастыруға талпыныс байқалады. Атырау облыстық мемлекеттік кірістер депар- таментінің баспасөз қызметі ұсынған мəліметке сүйенсек, мұнайлы өңір жұртшылығы 7,9 миллиард теңге қаржысын заңдастырып алыпты. Əрине, қазір кəсібінен нəсіп тап- қандардың шетелдердің кез келгенінен баспана алуына еш тосқауыл жоқ. Осы тұрғыдан алғанда, атыраулықтар шетел- дегі мүлікке қатысты 18 өтініш берген екен. Бұлар да комис- сия мүшелерінің отырысында қаралып, нəтижесінде жалпы құны 207,4 миллион теңгеге бағаланған шетелдердегі мүліктерді жария етуге шешім қабылданыпты. Демек, алдағы уақытта мү- лікті жария етуге құлшыныс та, оны заңдастыруға байланыс- ты оң шешім де молая түсетін секілді. АТЫРАУ ДЕРЕК пен дәйек АҚПАРАТТАР ағыны Алматыдағы ауылша- руашылық жəрмеңкесінде Жамбыл облысының кəсіп- керлері өз тауарларын 20 пайыз төмен бағамен сатты. Олар бұл жəрмеңкеге құны 200,0 млн. теңгеден астам, 220 тоннаға жуық агросаланың та- уарларын апарды. Павлодарда «Андас» шаруа қожалығы картоптың жаңа үш түрін өсірмекші. Ша- руашылық басшысы Зейнолла Сəлменбаевтың айтуынша, аталған бақша дақылының «Манифест», «Вега» жəне «Гала» сұрыптары Голландия мен Беларусьтен əкелінген. Қызылордада кəсіп- керлер палатасы арқылы 300 кəсіпкердің құқығы қорғалды. Сонымен қатар, олардың 1 млрд.160 млн. теңгеден астам қаржысы өздерінде қалдырылды. Прокурорлардың тексеру нəтижесінде кəсіпкерлік са- ласына қырын қараған 17 лауазымды тұлға тəртіптік жауапкершілікке тартылды. Шығыс Қазақстанда экотуризмді дамыту үшін Алматы қаласының кəсіпкерлері тартылды. Облыс əкімі Даниал Ахметов инвесторларға Сибин көлі аймағын ұсынып, Қатон- қарағай ауданында туризмді өркендету жайын айтты. Айта кетейік, аталған жерге инфра- құрылым тартуды жергілікті билік өз мойындарына алды. Қазақстанға Армения- ның дəрі-дəрмектері еш кедергісіз əкеліне алады. Бұл туралы Парламент Сенатында ЕАЭО-ның дəрі-дəрмектер мен медициналық мақсаттағы заттар үшін бірыңғай талапта- ры туралы келісіміне қосылуы туралы заң жобасы қаралды. Астанада қоқысты пайдаға асырудың жаңа тех- нологиялары енгізілмекші. Осы орайда мамандар алдағы бес жылда пайдаланатын технологияларды белгілеп, полигондағы қоқыстан газ шығаруды жəне сағатына 5 МВт-ға дейін «жасыл» энергия өндіруді көздеп отыр. Ал 2020 жылға дейін қалдықтарды қайта өңдеу 50 пайызға артпақшы. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» Солтүстікқазақстандық кəсіп- керлерді спиртті ішімдіктерді бөлшек саудада сату жəне сақ- тау лицензиясы үшін алынатын жылдық алымға қатысты мəсе- лелердің қиын түйінге айналып бара жатқаны қатты алаңдатып отыр. Оны мемлекеттік кірістер департаменті жəне прокура- тура өкілдерінің қатысуымен өткен кəсіпкерлер палатасының үнқатысу алаңы анық аңғартты. Кəсіпкерлер палатасы жергілікті филиалы басшылығының ай- туынша, жылдық лицензиялық алымға қатысты шағын жəне орта бизнес субъектілері тарапы- нан шағымдардың көптеп түсуі негізсіз емес. – Алдымен айтарымыз, кəсіп- керлер əкімшілендіру жүйесінің өзі дұрыс құрылмағанына жиі арыз- данады. Жылдық лицензиялық алымды төлеу мерзімі 2014 жылы желтоқсанға, 2015 жылы 20 қаңтарға белгіленді. Одан кейін 20 шілдеге ауыстырылды. Осындай жиі өзгерістер салдарынан алымның төлем теңгермелілігінің бұзылу фактілері жиі орын алып, бизнес субъектілері шатасып жатады. Мəселен, кəсіп иесі ақпан-наурызда алған лицензия үшін шілдеде тұтас жыл бойы- на есептесуіне тура келеді. Ал, салықты төлемегені үшін алы- натын айыппұлдың мөлшерін қараңыз, адамның төбе шашын тік тұрғызады: 200 айлық есептік көрсеткіш. Қазақстан Республикасының Заңы 2006 жылғы 15 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының теміржол учаскелері бойынша және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының теміржол учаскелері бойынша тасымалдау төлемдерін төлеу және жүк тасымалдарын ресімдеу тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы 2006 жылғы 15 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының теміржол учаскелері бойынша жəне Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының теміржол учаскелері бойынша та- сымалдау төлемдерін төлеу жəне жүк тасымалдарын ресімдеу тəртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2012 жылғы 19 қыркүйекте Павлодарда жасалған хаттама ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2016 жылғы 9 маусым № 3-VI ҚРЗ Сапар маңызы аталған кездесу Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Коммунистік пар- тиясы Орталық комитеті Сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі Сун Таомен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Күн тәртібі белгіленді Мəжіліс Спикері Бақтықожа Ізмұхамбетовтің төраға- лығымен Мəжіліс бюросы өтті, деп хабарлады осы па- латаның баспасөз қызметі. Жиында биылғы 5-6 мау- сымда Ақтөбе қаласында орын алған оқиғаға баға беріліп, елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың тізбесі анықталды. Сондай-ақ, Бас про- курор Ж.Асановтың, Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы В.Жұмақановтың жəне Ақтөбе облысының əкімі Б.Сапарбаевтың баяндамалары тыңдалды. Қазақстан Президенті қаза болған əскери қызметшілер мен еліміздің бейбіт тұрғындарының туған-туыстары мен жақындарына кеңес мүшелерінің жəне жеке өзінің атынан көңіл айтты. Қаза болғандардың отбасыларына мем- лекет тарапынан жан-жақты көмек көрсетілетіні атап өтілді. Нұрсұлтан Назарбаев қылмыс- керлерге қатысты əрекеттерді қолдағаны жəне кешегі Ұлттық аза тұту күнінде бірлік көрсеткені үшін барша қазақстандықтарға алғыс айтты. ЕҢБЕГІМЕН ЕЛЕНГЕН СПОРТ ƏРІПТЕС ТУРАЛЫ ƏҢГІМЕ 12 8 3 Онда алдағы жалпы отырыс- тың күн тəртібі қаралып, де- путаттар назарына 1998 жыл- ғы 6 шілдедегі Қазақстан мен Ресей арасындағы Жер қой- науын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін меже- леу туралы келісімге Хаттамаға өзгеріс енгізу туралы Хаттаманы ратификациялау туралы заң жо- басы ұсынылмақ. Хаттама екі мемлекеттің аты- нан уəкілетті ұйымдар арқы- лы Каспий теңізінің солтүс- тік бөлігінің түбіндегі кенді Қазақстанда «Құрманғазы» («Құлалы»), Ресейде «Централь- ная» жəне «Хвалынское» кен орындары құрылымдарында бірлесіп игеруге құқықтық негіз- дерді белгілейді. Алдағы жалпы отырыста Мə- жіліс өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мəселелері бойынша, сон- дай-ақ, əуе кеңістігін пайдалану жəне авиация қызметіне қатысты түзетулерге арналған заң жоба- ларын жұмысқа қабылдайды деп күтілуде. Сонымен қатар, осы күні Халықаралық ғылыми-техни- калық орталықтың қызметін жалғастыру туралы келісімді жəне 1994 жылғы 15 сəуір- дегі Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүге- дектеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, қаза тапқан əскери қызметшілердің отба- сыларына арналған жеңілдіктер мен кепілдіктерді өзара тану туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялауға байланысты бейінді комитеттер- ге қорытынды əзірлеу мерзімі тағайындалатын болады. «Ұлы Дала перзенттері» деген атқа лайық болайық Егемендік алған алғашқы жылдарда еліміздің бірқатар қиындықтарды бастан кешіргені белгілі. Экономикалық дағдарысты жағдайлармен қатар, білім беру, ғылым, мəдениет, денсаулық сақтау салалары елеулі кедергілерге ұшырады. Сонымен қатар, халықтың еркін қоғамдық қатынасқа көшуімен дін саласында да айтарлықтай өзгерістер орын алды. Аталған салаларда қазіргі жағдай қалай? Нендей өзгерістер бар? Осы жəне тақырыпқа қатысты өзге де сауалдарға Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик, қоғам қайраткері Мұрат ЖҰРЫНОВ жауап береді. Замана зиялылар зердесінде Мəселенің мəнісі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев- тың атына Беларусь Республикасының Пре- зиденті Александр Лукашенкодан көңіл айту жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Қазақ- стан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Жеделхатта Беларусь елінің Ақтөбедегі əскери қызметшілер мен бейбіт тұрғындарды қазаға ұшыратқан террористік акт туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны аталып өткен. «Беларусь терроризмнің кез келген көрінісіне ымы- расыз қарсы тұру ісінде достас Қазақстанмен əркез ын- тымақтастықта болады», – делінген жеделхатта. А.Лукашенко Қазақстан Президентіне, қаза болғандардың отбасы мен жақындарына шын ни- етпен көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді. Көңіл айту жеделхаттары келді Жылдық лицензиялық алым төңірегіндегі қарама-қайшылықтар шағын субъектілер тарапынан наразылық тудырып отыр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановтан көңіл айту жеделха- ты келіп түсті, деп хабарлады Қазақстан Рес- публикасы Президентінің баспасөз қызметі. Р.Минниханов Нұрсұлтан Назарбаевқа Ақтөбеде болған қайғылы оқиғаларға байланысты шын ниет- пен көңіл айтты. «Адамдарды қазаға ұшыратқан қатыгез экстре- мистік шабуыл біздің зығырданымызды қайнатты. Қылмыскерлер табылып, заңды жазасын алады деп сенеміз. Қаза болғандардың жақындарына қайғысына ортақтасып, шын ниетпен қолдайты- нымызды, аяусыз қылмыс кезінде зардап шеккен- дердің бəрінің тезірек сауығып кетуіне тілектес- тігімізді жеткізуді өтінеміз», – делінген жеделхатта. Елшімен салиқалы әңгіме Еліміз Парламенті Мəжілісінің Төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Михаил Бочарниковті қабылдады, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі. Тараптар екі мемлекет прези- денттерінің салиқалы саясатының арқасында қарқынды дамып келе жатқан Қазақстан мен Ресей ара- сындағы стратегиялық əріптестік жайына айрықша назар аударды. Мəжіліс Төрағасы мейман- ды жыл сайын 12 маусымда аталып өтетін Ресей күні ме- рекесімен құттықтай келіп, Ре- сей Федерациясы əр кезде Қазақ- станның маңызды əріптесі əрі одақтасы жəне сенімді досы болып қала беретінін жеткізді. Екі ел қатынастарын дамы- туға арналған ҚПК делегациясы сапарының зор маңызын атап өте келіп, жоғарғы палатаның бас- шысы жүздесушіні Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуы жəне еліміздің саяси жүйесіндегі Сенаттың рөлі туралы хабардар етті. Тараптар екі мемлекет басшы- ларының күш-жігері арқасында қол жеткен өзара сенім мен ынтымақтастықтың қалыптасқан жоғары деңгейіне қатысты ортақ пікір білдірді. Өзара саяси қолдау көрсету, іскерлік əріптестікті, екі жақтың ұлттық мүдделеріне сəйкес жастар арасындағы жəне мəдени алмасуларды ілгерілету жөніндегі күш-жігерді өрістетуге əзірлігі атап өтілді. Қ.Тоқаев депутаттардың де- легациялары арқылы парламент- аралық ынтымақтастықты, сондай-ақ, парламенттер коми- теттерінің төрағалары деңгейін- дегі байланыстарды өрістетудің маңыздылығын атап өтті. Əңгіме соңында Сенат Төр- ағасы Ақтөбедегі террорлық ак- тінің құрбандарына көңіл айту мен терроризммен күрестегі Қазақстанның күш-жігерін қол- дау сөздеріне орай Қытай деле- гациясының басшысына алғыс білдірді. (Соңы 5-бетте) (Соңы 3-бетте) (Соңы 3-бетте) (Соңы 2-бетте) Бірлік пен тұрақтылық мақсатқа жетуіміздің басты алғышарттары Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төраға- лығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. –––––––––––––––––––––– Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ

АҚПАРАТТАР - Egemen · 2017-09-29 · академиясының президенті, академик, қоғам қайраткері Мұрат ЖҰРЫНОВ жауап

  • Upload
    others

  • View
    52

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

  • №111 (28839)11 МАУСЫМ

    СЕНБІ2016 ЖЫЛ

    11,4 млрд. теңгеАтырауда заңдастырылған мүлік бағасы осынша соманы құрады

    Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,«Егемен Қазақстан»

    Ұйқының тыныш, көңілдің жайлы болуын қалайсыз ба? Бұған мемлекет мүмкіндік беріп отыр. Тапқан табысыңды, кең сарайдай баспанаңның барын жасырмай, жаппай заңдастыру шарасының түпкі мақсаты – осы. Мұны мұнайлы өңірді ме-кен еткен тұрғындар жете түсіне бастағанына төмендегі дерек-тер куə бола алады. Мүлікті жария ету шарасы басталғалы бері тұрғындардан қолдағысын заңдастыру мақсатындағы 1343 өтініш түсіпті. Дəл кешегі күнге дейін осы өтініштерді егжей-тегжейлі пысықтаған ар-найы комиссияның шешімімен 11,4 миллиард теңгенің мүлігі жария етіліп отыр.

    Тұрғындар тарапынан қолдағы дүниесінен бөлек, маңдай терімен тапқан қар жы-сын да заңдастыруға талпыныс байқалады. Атырау облыс тық мемлекеттік кірістер депар-таментінің баспасөз қызметі ұсынған мəліметке сүйенсек, мұнайлы өңір жұртшылығы 7,9 миллиард теңге қаржысын заңдастырып алыпты. Əрине, қазір кəсібінен нəсіп тап-қан дардың шетелдердің кез келгенінен баспана алуына еш тосқауыл жоқ. Осы тұрғыдан алған да, атыраулықтар шетел-дегі мүлікке қатысты 18 өтініш берген екен. Бұлар да комис-сия мүшелерінің отырысында қаралып, нəтижесінде жалпы құны 207,4 миллион теңгеге бағаланған шетелдердегі мүліктерді жария етуге шешім қабылданыпты.

    Демек, алдағы уақытта мү-лікті жария етуге құлшыныс та, оны заңдастыруға байланыс-ты оң шешім де молая түсетін секілді.

    АТЫРАУ

    ДЕРЕКпен дәйек

    АҚПАРАТТАРағыны● Алматыдағы ауылша-

    ру ашылық жəрмеңкесінде Жамбыл облысының кəсіп-керлері өз тауарларын 20 пайыз төмен бағамен сатты. Олар бұл жəрмеңкеге құны 200,0 млн. теңгеден астам, 220 тоннаға жуық агросаланың та-уарларын апарды.

    ● Павлодарда «Андас» шаруа қожалығы картоптың жаңа үш түрін өсірмекші. Ша-руашылық басшысы Зейнолла Сəлменбаевтың айтуынша, аталған бақша дақылының «Манифест», «Вега» жəне «Гала» сұрыптары Голландия мен Беларусьтен əкелінген.

    ● Қызылордада кəсіп-кер лер палатасы арқылы 300 кəсіпкердің құқығы қор ғалды. Сонымен қатар, олар дың 1 млрд.160 млн. теңгеден астам қаржысы өздер інде қалдырылды. Прокурорлардың тексеру нəтижесінде кəсіпкерлік са-ласына қырын қараған 17 лауазымды тұлға тəртіптік жауапкершілікке тартылды.

    ● Шығыс Қазақстанда экотуризмді дамыту үшін А л м а т ы қ а л а с ы н ы ң кəсіпкерлері тартылды. Облыс əкімі Даниал Ахметов инвесторларға Сибин көлі аймағын ұсынып, Қатон-қарағай ауданында туризмді өркендету жайын айтты. Айта кетейік, аталған жерге ин фра-құрылым тартуды жергі лікті билік өз мойындарына алды.

    ● Қазақстанға Арме ния-ның дəрі-дəрмектері еш кедергісіз əкеліне алады. Бұл туралы Парламент Сенатында ЕАЭО-ның дəрі-дəрмектер мен медициналық мақсаттағы заттар үшін бірыңғай талапта-ры туралы келісіміне қосылуы туралы заң жобасы қаралды.

    ● Астанада қоқысты пайдаға асырудың жаңа тех-нологиялары енгізілмекші. Осы орайда мамандар алдағы бес жылда пайдаланатын технологияларды белгілеп, полигондағы қоқыстан газ шығаруды жəне сағатына 5 МВт-ға дейін «жасыл» энергия өндіруді көздеп отыр. Ал 2020 жылға дейін қалдықтарды қайта өңдеу 50 пайызға артпақшы.

    Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары,

    «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері

    бойынша дайындалды

    Өмір ЕСҚАЛИ,«Егемен Қазақстан»

    Солтүстікқазақстандық кəсіп-кер лерді спиртті ішімдіктерді бөлшек саудада сату жəне сақ-тау лицензиясы үшін алынатын жылдық алымға қатысты мəсе-лелердің қиын түйінге айналып бара жатқаны қатты алаңдатып отыр. Оны мемлекеттік кірістер департаменті жəне прокура-тура өкілдерінің қатысуымен өткен кəсіпкерлер палатасының үнқатысу алаңы анық аңғартты.

    Кəсіпкерлер палатасы жергілікті филиалы басшылығының ай-туынша, жылдық лицензиялық алымға қатысты шағын жəне

    орта бизнес субъектілері тарапы-нан шағымдардың көптеп түсуі негізсіз емес.

    – Алдымен айтарымыз, кəсіп-кер лер əкімшілендіру жүйесінің өзі дұрыс құрылмағанына жиі арыз-данады. Жылдық лицензиялық алымды төлеу мерзімі 2014 жылы желтоқсанға, 2015 жылы 20 қаңтарға белгіленді. Одан кейін 20 шілдеге ауыстырылды. Осындай жиі өзгерістер салдарынан алымның төлем теңгермелілігінің бұзылу фактілері жиі орын алып, бизнес субъектілері шатасып жатады. Мəселен, кəсіп иесі ақпан-наурызда алған лицензия үшін шілдеде тұтас жыл бойы-на есептесуіне тура келеді. Ал, салықты төлемегені үшін алы-натын айыппұлдың мөлшерін қараңыз, адамның төбе шашын тік тұрғызады: 200 айлық есептік көрсеткіш.

    Қазақстан Республикасының Заңы2006 жылғы 15 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы

    Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының теміржол учаскелері бойынша және

    Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының теміржол учаскелері бойынша

    тасымалдау төлемдерін төлеу және жүк тасымалдарын ресімдеу тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы

    хаттаманы ратификациялау туралы2006 жылғы 15 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен

    Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының теміржол учаскелері бойынша жəне Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының теміржол учаскелері бойынша та-сымалдау төлемдерін төлеу жəне жүк тасымалдарын ресімдеу тəртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2012 жылғы 19 қыркүйекте Павлодарда жасалған хаттама ратификациялансын.

    Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

    Астана, Ақорда, 2016 жылғы 9 маусым№ 3-VI ҚРЗ

    Сапар маңызы аталған кездесу

    Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Коммунистік пар-тиясы Орталық комитеті Сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі Сун Таомен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

    Күн тәртібі белгілендіМəжіліс Спикері Бақтықожа Ізмұхамбетовтің төраға-

    лығымен Мəжіліс бюросы өтті, деп хабарлады осы па-латаның баспасөз қызметі.

    Жиында биылғы 5-6 мау-сымда Ақтөбе қаласында орын алған оқиғаға баға беріліп, елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың тізбесі анықталды. Сондай-ақ, Бас про-курор Ж.Асановтың, Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы

    В.Жұмақановтың жəне Ақтөбе облысының əкімі Б.Сапарбаевтың баяндамалары тыңдалды.

    Қазақстан Президенті қаза болған əскери қызметшілер мен еліміздің бейбіт тұрғындарының туған-туыстары мен жақындарына кеңес мүшелерінің жəне жеке өзінің атынан көңіл айтты. Қаза

    болғандардың отбасыларына мем-лекет тарапынан жан-жақты көмек көрсетілетіні атап өтілді.

    Нұрсұлтан Назарбаев қылмыс-кер лерге қатысты əрекеттерді қолдағаны жəне кешегі Ұлттық аза тұту күнінде бірлік көрсеткені үшін барша қазақстандықтарға алғыс айтты.

    ЕҢБЕГІМЕН ЕЛЕНГЕН СПОРТ

    ƏРІПТЕС ТУРАЛЫ ƏҢГІМЕ

    1283

    Онда алдағы жалпы отырыс-тың күн тəртібі қаралып, де-путаттар назарына 1998 жыл-ғы 6 шілдедегі Қазақстан мен Ресей арасындағы Жер қой-науын пайдалануға арнал ған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін меже-леу туралы келісімге Хаттамаға өзгеріс енгізу туралы Хаттаманы ратификациялау туралы заң жо-басы ұсынылмақ.

    Хаттама екі мемлекеттің аты-нан уəкілетті ұйымдар ар қы-лы Каспий теңізінің солтүс-тік бөлігінің түбіндегі кенді Қа зақстанда «Құр манғазы» («Құлалы»), Ресей де «Централь-ная» жəне «Хвалын ское» кен орындары құрылым дарында бір лесіп игеруге құқықтық негіз-дерді белгілейді.

    Алдағы жалпы отырыста Мə-жі ліс өсімдіктер мен жануарлар

    дүниесі мəселелері бойынша, сон -дай-ақ, əуе кеңістігін пайдала ну жəне авиация қызметіне қатысты түзетулерге арналған заң жоба-ларын жұмысқа қабылдайды деп күтілуде.

    Сонымен қатар, осы күні Ха лықаралық ғылыми-тех ни-калық орталықтың қызме тін жалғастыру туралы келі сімді жəне 1994 жылғы 15 сəуір-дегі Ұлы Отан соғы сының қатысушылары мен мүге-дектеріне, басқа мемле кеттердің аумағында ғы ұрыс қимылдарына қатысушы лар ға, қаза тапқан əскери қызмет ші лердің отба-сыларына арналған жеңілдіктер мен кепілдіктерді өзара тану туралы келісімге өз герістер мен толықтырулар енгі зу туралы хаттаманы ратифи ка циялауға байланысты бейінді комитеттер-ге қорытынды əзірлеу мерзімі тағайындалатын болады.

    «Ұлы Дала перзенттері» деген атқа лайық болайық

    Егемендік алған алғашқы жылдарда еліміздің бірқатар қиындықтарды бастан кешіргені белгілі. Экономикалық дағдарысты жағдайлармен қатар, білім беру, ғылым, мəдениет, денсаулық сақтау салалары елеулі кедергілерге ұшырады. Сонымен қатар, халықтың еркін қоғамдық қатынасқа көшуімен дін саласында да айтарлықтай өзгерістер орын алды. Аталған салаларда қазіргі жағдай қалай? Нендей өзгерістер бар? Осы жəне тақырыпқа қатысты өзге де сауалдарға Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик, қоғам қайраткері Мұрат ЖҰРЫНОВ жауап береді.

    Замана зиялылар зердесінде

    Мəселенің мəнісі

    Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев-тың атына Беларусь Респуб лика сының Пре-зиденті Александр Лукашенкодан көңіл айту жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Қазақ-стан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

    Жеделхатта Беларусь елінің Ақтөбедегі əскери қызметшілер мен бейбіт тұрғындарды қазаға

    ұшыратқан террористік акт туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны аталып өткен.

    «Беларусь терроризмнің кез келген көрінісіне ымы-расыз қарсы тұру ісінде достас Қазақстанмен əркез ын-тымақтастықта болады», – делінген жеделхатта.

    А.Лукашенко Қазақстан Президентіне, қаза болғандардың отбасы мен жақындарына шын ни-етпен көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

    Көңіл айту жеделхаттары келді

    Жылдық лицензиялық алымтөңірегіндегі қарама-қайшылықтар шағын субъектілер тарапынан наразылық тудырып отыр

    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Татарстан Республикасының Президенті Рус там Миннихановтан көңіл айту жеделха-ты келіп түсті, деп хабарлады Қазақстан Рес-пуб ликасы Президентінің баспасөз қызметі.

    Р.Минниханов Нұрсұлтан Назарбаевқа Ақтөбеде болған қайғылы оқиғаларға байланысты шын ниет-пен көңіл айтты.

    «Адамдарды қазаға ұшыратқан қатыгез экстре-мистік шабуыл біздің зығырданымызды қай натты. Қылмыскерлер табылып, заңды жазасын алады деп сенеміз. Қаза болғандардың жақын дарына қайғысына ортақтасып, шын ниетпен қолдай ты-нымызды, аяусыз қылмыс кезінде зардап шеккен-дердің бəрінің тезірек сауығып кетуіне тілектес-тігімізді жеткізуді өтінеміз», – делінген жеделхатта.

    Елшімен салиқалы әңгіме Еліміз Парламенті Мəжілісінің Төрағасы Бақтықожа

    Ізмұхамбетов Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Михаил Бочарниковті қабылдады, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі.

    Тараптар екі мемлекет прези-денттерінің салиқалы саясатының арқасында қарқынды дамып келе жатқан Қазақстан мен Ресей ара-сындағы стратегиялық əріптес тік жайына айрықша назар аударды.

    Мəжіліс Төрағасы мейман-ды жыл сайын 12 мау сымда

    аталып өтетін Ресей күні ме-рекесімен құттықтай келіп, Ре-сей Федерациясы əр кезде Қазақ-станның маңызды əріптесі əрі одақ тасы жəне сенімді досы болып қала беретінін жеткізді.

    Екі ел қатынастарын дамы-туға арналған ҚПК делегациясы сапарының зор маңызын атап өте келіп, жоғарғы палатаның бас-шысы жүздесушіні Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуы жəне еліміздің саяси жүйесіндегі Сенаттың рөлі туралы хабардар етті.

    Тараптар екі мемлекет басшы-лары ның күш-жігері арқасында қол жеткен өзара сенім мен ынтымақтастықтың қалыптасқан жоғары деңгейіне қатысты ортақ пікір білдірді. Өзара саяси қолдау көрсету, іскерлік əріптестікті, екі жақтың ұлттық мүдделеріне сəйкес жастар арасындағы жəне

    мəдени алмасуларды ілгерілету жөніндегі күш-жігерді өрістетуге əзірлігі атап өтілді.

    Қ.Тоқаев депутаттардың де-легациялары арқылы парламент-ара лық ынтымақтастықты, сондай-ақ, парламенттер коми-теттерінің төрағалары деңгейін-дегі байланыстарды өрістетудің маңыз дылығын атап өтті.

    Əңгіме соңында Сенат Төр-ағасы Ақтөбедегі террорлық ак-тінің құрбандарына көңіл айту мен терроризммен күрестегі Қазақстанның күш-жігерін қол-дау сөздеріне орай Қытай деле-гациясының басшысына алғыс білдірді.

    (Соңы 5-бетте)(Соңы 3-бетте)

    (Соңы 3-бетте)

    (Соңы 2-бетте)

    Бірлік пен тұрақтылық мақсатқа жетуіміздің басты алғышарттары

    Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төраға-лығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

    ––––––––––––––––––––––Суретті түсіргендер

    С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ

  • www.egemen.kz2 11 маусым 2016 жыл

    Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

    Əрине, елдің ауқымды əлеу-еті мен бүгінгі тұрмыс-тіршілігі жөнінде пікір таластыруға кім-кімнің де құқы бар. Десек те, қазіргі жаһандық дағдарыс тұр-ғысынан қарастыратын болсақ, Қазақстан əлемнің бір бөлшегі ретінде одан тысқары қала ал-майтыны бесенеден бел гілі. Ендеше, Қазақ елінің тома ға-тұйық өмір сүре алмай тын дығы өз алдына, əлемдік эконо микаға байланған тұрмыс-тіршілігін ендігі жерде қайта қарас тыруы-на тура келеді. Қаласаңыз да, қа ла масаңыз да сыртқы фактор -лар дың əсері осыған мəжбүр-лейді.

    Қазіргі кезде еліміздің ал-дына қойып отырған уақыт-сы нақтың талабы жеңіл емес. Бірақ, ақырзаманның ауылына қоңсы қонып, салы суға кетіп, бейшара күйге түсуге тағы бол-майды. «Бұдан қиын кезде де тойға барғанбыз». Қайта əлемді кезген дағдарыс атаулының кешегі барымызды шашып, үнем дегенді ұмытып, ысырап еткен дүниелерімізді жиі еске салатын түрі бар. Несие алып той жасайтын қазақтың ендігі жерде несиені алған күннің өзінде алды-артын кеңірек ой-ластыруына тура келеді. Қалай дегенде де, Алаш жұртының жақсылық дегенде шашу ша-шып, ағайынның батасын ал-май, қуанышын жақындарымен бөліспей, тірлігі алға баса ма? Əйтсе де, күллі дүние біткен қуырылып, əрбір тиынын санап жатқанда, қазақ баласы да етек-жеңін жинап, «тарта жеп тай қалдыратын» кезең бүгін.

    Соңғы отыз жыл бойы Ба тыс-тағы əділеттілік туралы ұғымға қатысты америкалық философ Джон Ролздың еңбектерінің бəсі жоғары. Айдарынан жел есіп тұр. Олай ететіндей де жөні бар. Өйткені, философтың ай-туынша, «экономикалық жəне əлеуметтік теңдік, мысалы, байлық пен билік, жалпыға бір дей пайда əкелгенде жəне қоғам ның мейлінше əлеуметтік жағынан аз қорғалған адамдары-ның жоғалтқанының өтемін тол-тырған жағдайда ғана əділетті болады». Ғылыми тұрғыдан əбден елеп-екшеліп, көпшіліктің көңіліне қонатын бəтуалы пікір. Сол себепті, əлеуметтік əділеттілік туралы əділін айтқан философпен сөз таластырып бізге не көрініпті. Өйткені, əлем-дік өркениеттегі озық ойдың өнегесі қазаққа да ортақ. Олай болса, бұл қазақ қоғамы үшін де экономикалық дағдарыс кезінде ерекше басымдық беретін фак-тор болып табылады. Онсыз Алаштың көші алға жылжуы неғайбыл.

    Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында да күрмеуі қиын кезеңде əлеу-меттік салаға басымдық бері ліп отыр. Ең бастысы, атаулы мем-лекеттік көмек нақты мүдделі азаматтарға, олардың тұрмыс жағдайын жəне нақты кірістерін ескере келіп көрсетілмек. Бас-қалай айтқанда, қиын-қыстау сəтте əлеуметтік жағынан аз қорғалған адамдарға мемлекет қолұшын береді деген сөз.

    «Біз мұқтаждарға қашанда көмек қолын созып келдік. Со-ны мен қатар, əлеуметтік əді лет -тілік бұрмаланбауы тиіс. Өйт ке-ні, əрбір əлеуметтік төлем – бұл жай бюджетке ғана емес, əр бір жұмыс істейтін қазақ стан дыққа қосымша салмақ. Əлеу мет тік əділеттілік идеясы жұмыс істей-тін қазақстан дық тарға қатысты əлеуметтік əділет сіз дікке айнал-мауы тиістігін нақты түсіну ке-рек. Бұл – со лар дың ақшасы!» – деді Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында.

    Мұқтаж жандарға қолдау көр сету – мемлекеттің мін деті. Əйтсе де, «мемлекет өлтір-мейді» деген кешегі социа листік

    сананың қазіргі нарықтық қоғамдағы талаппен үйлесім табуы қиын. Ұнаса да, ұнамаса да жаңа қоғамның тəртіп-тара-зысына мойынсұнуға міндет-тіміз. Жүгіріп жүріп еңбек еткен-дердің, ілкімділік танытқан-дардың көші ілгері озғандарына да куə болып отырмыз ғой. Қазіргі кездегі дəулеттілердің барлығы көлденең табыс арқылы байыды деп айтар болсақ, күнə-һар болар едік. Құдайға шүкір, елімізде тірлігін ұсақ-түйек тауар сатудан бастап, ақ адал еңбегімен толағай табысқа жетіп, бүгінде компания ларды ұршықша иіріп отырған жан-дар жетерлік. Ал Елбасының «Əлеуметтік əділеттілік идея-сы жұмыс істейтін қазақ стан-дықтарға қатысты əлеуметтік əділетсіздікке айналмауы тиіс» дегенін еңбек еткендердің несі-бесіне салмақ сала бермей, со-лар секілді еңбек ету керек де-ген түсінікте қабылдадық. Ен-шісі бөлінбеген ен қазақтың ене қазаны – қазына қаржысы салық-тан, еңбек еткендердің бюджет-ке берешегінен құралады емес пе. Ендеше, елдіктің мəселесі де ерен еңбекпен ұштасып жат-қаны сөзсіз.

    «Əлеуметтік саясаттағы мем лекеттің басымдығы адам капиталын дамытуға кең ау-қымды инвестициялар болуы тиіс. Біз бұған дейін қабылданған бағдарламаларға сəйкес, білім беру жəне денсаулық сақтау са-лаларын жаңғыртуды жалғас-тыруымыз керек. Мен 2017 жылдан бастап жаңа жоба – «Бар шаға арналған тег ін кəсіптік-техникалық білім» бағдар ламасы басталатынын жария лаймын. Үкіметке оны жасауға кірісуді тапсырамын». Қазақ стан халқына Жолдауында Мемле кет басшысы жастар үшін осын дай жағымды жаңалықты жария еткені белгілі.

    Кəсіптік-техникалық білім беру демекші , Солтүст ік Қазақстан облысының 2015-2016 оқу жылдарына арналған тех никалық жəне кəсіптік білім беру мекемелеріне оқушы-лардың қабылдануы туралы ақпа ратпен танысқан едік. Аталған оқу жылында орта білімнен кейінгі техникалық жəне кə сіптік кадрлар даярлауға мемле кеттік тапсырыс жайын-да мəлімет бар екен. Орта білім алғаннан кейінгілердің жалпы саны 2635 адам болса, оның ішінде жергілікті бюджеттен 2460 адамға, республикалық бюджеттен 175 адамға қаржы бөлінген. Облыс колледждеріне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жəне жетім балалардың ішінен 108 бала қабылданыпты. Сондай-ақ, 16 мүгедек бала білімін əрі қарай колледждерде жалғастырып жатыр. Жастарды еңбекке баулитын мамандықтар да əртүрлі. Ауыл шаруашылығы; сервис, экономика жəне басқару; құрылыс жəне коммуналдық шаруашылық; энергетика, өнеркəсіп; ақпараттық техноло-гиялар; технологиялық маман-дықтар дейсіз бе, əйтеуір, уақыт талабына сəйкес сұранысқа ие мамандықтар. Бір өңірдің бүгін ге дейін адам капиталын дамы туға қосып келген үлесі осын дай.

    Енді келесі 2017 жылдан бас тап жаңа жоба – «Баршаға арналған тегін кəсіптік-техни-калық білім» бағдарламасы қолға алынған соң, жастар нақ-ты жұмыс күшін талап ететін мамандықтарды меңгеріп, өз мүмкіндіктерін жан-жақты іс жүзіне асыратын болады. Бұл өз кезегінде жастар арасын-да жұмыссыздықтың азаюы на септігін тигізсе, екіншіден, кəсі-бін терең меңгерген білікті де білімді оғыландардың Отаны-ның өркендеуіне өз үлестерін қосуына мүмкіндік береді. Адам капиталының əлеуеті осылай қалыптаспай ма! Адам капиталын дамытуға инвести-ция салған мемлекеттің ұпайы түгенделеді.

    Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

    Бейнеконференция онлайн режі-мінде еліміздің он бес өңірімен қосыл ғандығын айта кеткен жөн. Тіпті, біраздан бері министрлік сайтын да арнайы айдар ашылып, тұрғын дар сұрақтары жинақталған-ды. Ал есептік кездесуді алды-мен азамат тық байқаушы институт атынан Əділет органдары қызметі мəселелері жөнін дегі қоғамдық кеңес төрағасы О.Жұ ма беков қысқаша сөз сөйлеп ашты.

    Мемлекет басшысының баста-ма сымен құрылған қоғамдық кеңес институты азаматтық сектор дың мүдделерін қорғауда маңыз ды рөл атқарады. Сонымен қатар, мем ле-кеттік басқаруда жəне қазақстан дық-тардың өмір сүру сапасын жақ сар туда өзіндік орын алады. Қоғамдық кеңес жанынан комиссиялар құрылды. Олардың отырыстарында министрлік жұмысының негізгі бағыттары бо-йынша мəселелер қаралатын болады, деді Оңалсын Исламұлы.

    Əділет министрі Берік Имашевке баяндама жасамас бұрын есептік кез-десуге қатысушыларды Ақтөбеде ерлікпен қаза тапқандардың рухына тағзым етуге шақырып, бір минуттық үнсіздік шарасын өткізуді сұрады. Бір минуттық үнсіздіктен кейін сөз өрбіткен министр өз ведомствосының мемлекеттік орталық органдар тара-пынан əзірленетін нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ, халықаралық келісімдер мен халық-ара лық ұйымдар актілеріне заңдық сараптама жүргізетіндігін айтты. Бұл ретте, министрлік мемлекеттік орта лық органдардың, жергілікті атқарушы жəне өкілетті органдардың нор мативтік-құқықтық актілерін мем ле кеттік тіркеуге алатыны ерек-ше аталды.

    Министр 2015 жылы халықаралық келісімдер мен нормативтік-құқық-тық актілердің 711 жобасы енгізіл-гендігіне назар аудартты. Оның кел тірген мəліметіне қарағанда, қазақ стандық шарттық база 3683 халық аралық келісімдерді қамтыған. Сондай-ақ, жоғары заң шығарушы орган ра тификациялаған 1190 келісім ерек ше басымдыққа ие. Бізге заң-герлік сараптамаға жыл сайын 70 заң жобасы, 2 мыңға жуық Президент пен Үкімет актілерінің жобалары, сондай-ақ, 10 мыңнан астам орталық

    жəне жергілікті органдардың нор ма-тивтік-құ қықтық актілері келіп тү-седі, деді Берік Мəжитұлы.

    Б.Имашев, сонымен қатар, өзі басшылық жасайтын министрлік құзырына 50-ден астам мемлекеттік қызмет бекітілгендігімен де бөлісті. Əділет министрлігіне мемлекеттік қыз меттің 53 түрі бекітілген, оның ішін де министрлік тарапынан тіке-лей 40 қызмет түрі көрсетіледі, 9-ы жергілікті атқару органдары жə-не 4 қызмет «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорация-сы арқылы атқарылуда, деді əділет министрі. Оның айтуынша, өткен жылғы заңнамалық өзгерістер заңды тұл ғаларды қағаздан электронды пі-шім ге ауыстыру арқылы тіркеуді 1 са ғатқа қысқартуға мүмкіндік бер-ген. Бұл өз кезегінде коммерциялық ұйым дардың тіркелуін 18 пайызға ұл ғай тыпты.

    Министрдің сөзінен белгі лі бол-ғандай, 2014 жылмен салыс тыр-ғанда электрондық тіркеу 4 есеге дейін өскен. Жəне де министрлікті құрылымдық жағынан 60 пайызға дейін өзгерту 41 миллион теңгенің үнемделуіне мүмкіндік берген. Атап айтқанда, комитеттердің 3 төрағасы мен 7 орынбасарының қызметі алы-нып тасталыпты. Бұдан басқа, сот актілерін орындау департаментінің 16 басшысының қызметі, сол сияқты Астана жəне Алматы қалалары мен облыстардағы Жылжымайтын мүлікті тіркеу орталықтарының 16 директоры қысқарған.

    Еуразиялық экономикалық одақ-қа қатысты сөзінде Б.Имашев ха-лықаралық келісімдер мен Еуразия-лық экономикалық комиссия тарапы-нан шешімдер шығарылмас бұрын министрлік олардың Қазақстан Конс титуциясы мен ЕАЭО туралы келісімге сəйкестігі туралы заңдық сараптамадан өткізілетіндігіне на-зар аудартты. Жалпы, ЕАЭО жұмыс істегелі 2176 заңдық жоба сарапта-мадан өткізіліпті.

    Қорыта айтқанда, стратегиялық жоспардың 2015 жылы белгіленген барлық мақсат-міндеттерінің 90,8 пайызы орындалғаны белгілі болды. Кездесуге қатысушылар атқарушылық іс жүргізу жəне құқықтық қызмет көрсету мəселелеріне қызығушылық танытты. Жəне де залдағы ғана емес, еліміздің өзге өңірлерінен байла нысқа шыққандар сұрақтарына да жан-жақты жауаптар берілді.

    Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан»

    Мəселе қаншалықты күрделі болса, оған қатысты туындайтын сауалдар да сан қилы болатыны белгілі. Сондықтан, клуб жетекшісі Нұрлан Ерімбетов пен журналистер қойған сауалдарға аталған министрліктің Дін істері жөніндегі комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары Серік Ораз, Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы Айдар Əбуов ұғынықты жауап беруге тырысты.

    Біздің еліміз тұрғындарының қанша пайы-зы діни сенімі бар, яғни мешітке, шіркеуге ба-рып, сыйынатын азаматтар? – деген алғашқы сауалға жауап берген Ғалым Шойкин 2009 жылы жүргізілген халық санағы мəліметіне сəйкес, тұрғындардың 70 пайызға жуығының діни сенімі бар екендігі, ал Дін істері комитетінің ұдайы жүргізіп отыратын зерттеулері бойынша, халықтың шамамен 10-15 пайызы тұрақты түрде мешітке барып, құлшылық амалдарын орындай-тыны белгілі болған.

    Бұл туралы Серік Ораз да: «Құдайға сенетін адамның барлығын діни-таным түсінікте сенімдегілер деп қабылдайды. Ал күнделікті барлық құлшылық амалдары мен парыздарын орындап жүргендерді толыққанды мұсылман деуге болады. Расында да, біздің есебіміз бо-йынша, азаматтардың 15 пайызы əрбір ғибадат-құлшылықты толыққанды орындайды деп айтуға болады», – деп жауап берді.

    Ал Исламдағы ағымдар жайында қойылған сауалға қатысты өз пікірін айтқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары: «Мұхаммед Пайғамбарымыз: «Мен дүниеден өткеннен кейін сендер 73 түрлі ағымдарға бөлінесіңдер. Соның 72-сі адасып жүреді де, біреуі ғана түзу жолмен ба-ратын болған. Олар менің сүннетімді толық ұстанғандар, менің айтқандарымды ұстанып, оны кейінгі ұрпаққа жеткізетіндер жəне соның соңынан еретіндер» деген екен. Ал бүгінгі таңда

    салыстырмалы түрде, олар 73 емес, бəлкім, сол 73-тің ішінен де бөлініп-бөлініп шыққан бірнеше жүздеген ағымдар бар болуы мүмкін.

    Ислам атын жамылғандар мен исламофобия, дінді құбыжық ретінде көрсеткісі келетіндер туралы мəселе қозғаған Нұрлан Ерімбетовтің ой-пайымына Айдар Əбуов исламофобия кеше немесе бүгін пайда болмағанын, ол дəл қазір күн тəртібінде тұрғандығын жеткізді. Бұл ту-ралы ол: «Исламофобия XX ғасырдың екінші жартысынан бері бар. Əрбір əлемдік дін сенім иелерін тура жолға бастайды. Соларға жол та-бады. Бұл жолда түрлі кедергілер кездеспей қоймайды. Бүгінде, өкінішке қарай, «жасанды кедергілердің» жасалатыны жасырын емес. Олар түрлі «желілерден», əлеуметтік, экономикалық, саяси қарама-қайшылықтардан пайда болып жатады. Осыдан келіп, исламофобия мəселесі қайта-қайта күн тəртібіне шығып тұр. Соған қарамастан, дүниежүзі елдерінің басым бөлігі терроризмді Ислам дінімен байланыстырмай-ды», деп түйіндеді өз ойын. Яғни, оның айту-ынша, исламды терроризммен байланыстыруды мақсат ретінде қойған адам, түбінде оны əлемге солай көрсетуге ұмтылады.

    Алайда, бұған келіспеген Нұрлан Ерімбетов: «Ендеше, Ислам дініндегі идеологиялық-ұйымдастырушылық жұмыстар дұрыс жолға қойылмаған. Идеологтар қайда? Ақпараттық қауіпсіздік, қолдау қайда?» деп қайтара са уал тас тады. «Əлемнің көп елінде ислам əлемі өркениеті, мəдениеті жан-жақты көрсетіледі. Түрлі салалар бойынша жеткен жетістіктер наси-хатталады. Яғни, Ислам діні «терең дағдарысты» бастан кешіп жатқан жоқ. Сондықтан, біздің бұқаралық ақпарат құралдарымыз мұсылман əлеміндегі жетістіктерді кеңінен насихаттай беруі керек», деді бұл сұраққа жауап берген Айдар Əбуов.

    Ал Ғалым Шойкин қазіргі таңда ислам-ды өзінің мақсат-мүддесіне пайдаланғысы келетін ағымдардың барған сайын көбейіп келе жатқанын, оны Ислам дініне назар аударушы-лар қатарының артып келе жатқандығымен де байланыстыруға болатынын жеткізді.

    Мемлекет басшысы полиция, Ұлттық ұлан, арнаулы бөлімшелер қызметкерлеріне террористерге лайықты қарсы тұра білгендері үшін ризашылық білдірді.

    Қазақстан Президенті жасалған шабуылдарды мəнсіз жəне зұлым əрекет ретінде атап өтті.

    – Мұның дəстүрлі емес сала-физм діни ағымы жолын ұс тану-шылар тобының террористік ша-буылы екенін біз қазір біліп отыр-мыз. Республикада дін ұстану бос-тандығына кепілдік бере отырып, біз діннің атын жамылып елдегі жағ дайды ушықтырушылардың барлығына қатаң тойтарыс беру ниетіндеміз, – деді Мемлекет бас-шысы.

    Нұрсұлтан Назарбаев терро-рис тердің жоспарына қарамастан, бейбіт халық арасында көп адам шығынына жол берілмегеніне на-зар аударды.

    – Күш құрылымдарының əре-кеті қылмыскерлердің түгелге жуы ғының көзін жоюға мүмкіндік берді, бірнешеуі іздестірілуде. Біз-дің құқық қорғау органдарымыз бар лығын табады деп ойлаймын, олар тиісті жазасын алатын бола-ды. Террористік актілер қоғамның көңіл-күйін өзгертті, халық оларды əділ айыптап, батыл əрекет күтеді, – деді Қазақстан Президенті.

    Осы орайда Мемлекет басшы-сы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық жəне жүйелі сипаттағы бірқатар тапсырмалар берді.

    Атап айтқанда, Қазақстан Президенті Үкіметке екі айдың ішінде терроризм мен экстремизм-ге, қару айналымы мен оны сақтауға жəне сатуға қарсы əрекет ету саласындағы, көші-қонды жəне діни бірлестіктерді реттеу саласындағы заңнамалық бастамалар жиынтығын əзірлеуді тапсырды.

    – Халықаралық террористік ұйымдарға қатысы бар Қазақстан азаматтарын жазалау шарала-рын күшейту мəселесін қарас-тырған жөн. Бұл ретте, олар мемле-кетіміздің мүддесіне сатқындық жасап, өз Отанына қарсы соғыс жо лына түсіп отырғанын ескеру қажет. Бұдан бөлек, террористік қауіп жөніндегі дабыл бойынша өткізілуі ықтимал арнаулы шұ-ғыл шаралар ұйымдастыру жеңіл-детілсін. Осы заңнамалық баста-малардың барлығын биылғы заң шығару жұмысы жоспарына енгізу қажет, – деді Мемлекет басшысы.

    Нұрсұлтан Назарбаев болып өткен оқиғалар əлеует құры-лым дарының жұмыс тəсілдерін түбірімен қайта қарау қажеттігін көрсеткенін айтты.

    – Заңнамамызды қатайтып, осы салаға қатысты қабылданған бағдарламаларға талдау жүргізетін жəне тиісті өзгерістер енгізетін кез келді, – деді Қазақстан Президенті.

    Мемлекет басшысы АҚШ, Израиль, Германия жəне өзге де бірқатар шет мемлекеттерде шет-тен келетін қаражаттың пай да ла-нылуының жариялылығын қам та-масыз етуге бағытталған түр лі тə-сілдер қолданылатынын атап өтті.

    – Үкімет осы тəжірибені қа-растырып, Қазақстанда біздің аза-маттар мен ұйымдардың шетел-дерден қаржыландырылу ісінің мониторингін енгізуге қатысты ұсыныстар беруі қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

    Қазақстан Президенті қарудың барлық түріне елімізде тыйым салу жөнінде қоғамда көтеріліп отырған мəселе мұндай ради-калды шараларды қолданбай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүмкіндігі тұрғысынан мұқият зерттеуді қажет ететінін айтты.

    – Заңнамалық тұрғыдан қару айналымын, оны сақтау тəртібін қадағалау күшейтілсін, бұл тəртіпті

    бұзғаны үшін жауапкершілік қатайтылсын, осы қызметпен ай-налысатын барлық субъектілерге кешенді тексеріс жүргізілсін. Ішкі істер министрлігі тез əрі рұқсатсыз қолдануға жарамды қаруды сатуға тыйым салатын, сондай-ақ, қару, оқ-дəрі жəне жарылғыш заттар сақталатын нысандар күзетіне қойылатын біліктілік талапта-рын күшейтуді қамтамасыз ету-ге арналған өзгерістерді қажет болған жағдайда бір ай мерзім ішінде заңнамаға енгізсін. Бұдан бөлек, көппəтерлі үйлерде емес, арнаулы ғимараттарда болуға тиіс қару-жарақ дүкендерінің орналасқан жерлері анықталсын, – деді Мемлекет басшысы.

    Нұрсұлтан Назарбаев бақы лау-сыз көші-қонның, жерді өз беті-мен басып алғандардың заңсыз қоныстарының қылмыс үшін қолайлы ортаға айналып отыр-ғанына назар аударды.

    – Үкімет заманауи техно ло-гияларға негізделген интеграл-данған миграциялық бақылау жүйесін құру жұмысын тездетіп, дактилоскопиялық тіркеу тура-лы заң жобасын əзірлеуге кірі-суі керек. Оған дейін халықты тіркеуге қою жəне есепке алу механизмдерін орындау қам-тамасыз етілсін. Барлық əкімдерге осы жұмысты жүргізіп, əрбір жарты жыл сайын ол туралы баяндап отыруды тапсырамын. Елімізге келетін босқындардың міндетті түрде тіркеуге тұру мүмкіндігін қарастырған жөн. Осы айтылғанның бəрі заңдар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілерде көрініс та-буы керек. Бұл елдегі қауіпсіздік пен қоғамдық тəртіптің мүддесі үшін жүзеге асырылады. Үкімет Ішкі істер министрлігі жанынан миграциялық үдерістерді бақылау мен реттеу жəне осы салада тал-дау жүргізу ісіне жауап беретін

    Көші-қон мəселелері жөніндегі ұлттық бюро құру жұмысын тездеткені жөн, – деді Қазақстан Президенті.

    Мемлекет басшысы Ақтөбе-дегі оқиғалар маңызды мекеме лер-дің, халық көп жиналатын нысан-дардың күзетін күшейту қажеттігін де көрсетіп бергенін атап өтті.

    – Барлық əуежайларды, ав-товокзалдар мен теміржол вок-залдарын өзге елдердегідей за-манауи тексеру жүйелерімен, аулаларды сапалы бейнебақылау құралдарымен жабдықтаған жөн. Бұл шаралардың бірі де азаматтарға қолайсыздық туғызбауы керек, – деді Мемлекет басшысы.

    Қазақстан Президенті терро-ристік акт жəне төтенше жағдай орын алған кезде жасалатын іс-əрекеттердің халыққа түсінікті алгоритмін əзірлеу қажеттігіне назар аударды.

    – Əрбір үлкен қалада міндетті түрде халықты дереу құлақтандыру жүйесі жұмыс істеп тұруға тиіс, – деді Қазақстан Президенті.

    Нұрсұлтан Назарбаев əс ке ри қалашықтарды, əскери бөлім-дерді, оқ-дəрі мен қару-жарақ сақталатын орындарды қоса ал-ғанда, барлық əскери нысандар-ды қорғау шараларына айрықша көңіл бөлу керектігін атап көр-сетті.

    Мемлекет басшысы халықпен жұмыс жүргізу ісін түбегейлі жақсарту керектігін айтты.

    – Əрбір жұмыссыз адам біздің есебімізде болуға тиіс. Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігі əкімдіктермен бірлесе отырып, əр адаммен жеке жұмыс жүргізіп, екі ай мерзім ішінде халықтың осы бөлігін жұмыспен қамту жөнінде ұсыныстар енгізуі тиіс. Қажет жағдайда Еңбек кодексіне тиісті өзгерістер енгізу жөнінде бастамалар ұсыну керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

    Қазақстан Президенті поли-ция қызметкерлерімен халықтың қарым-қатынасы заңнама арқылы айқын регламенттелуі тиістігіне назар аударды.

    – Полицейлерге шабуыл жа-сау, құрметтемеушілік факті-лері нің барлығына құқық қорғау жүйе сі тарапынан қатаң құқықтық баға берілуге тиіс. Қажет болған жағ дайда заңдарға өзгерістер енгізген жөн. Форма киген адам мемлекеттің айрықша қорғауында болуы керек, қызметтік міндетін орындау барысында оның өміріне қол сұғылмаушылықтың қамтамасыз етілуіне кепілдік берілуге тиіс. Бұл ретте поли-ция өкілінің өзі де соған сай бо-луы керек. Осыған байланысты барлық қоғамдық институттар-ды, азаматтық қоғамды құқықтық тəртіпті сақтау орган дарына қолдау көрсетуге, ел қауіп сіздігіне барынша үлес қосуға ша қы рамын, – деді Мемлекет басшысы.

    Нұрсұлтан Назарбаев қыл-мыс пен күресу үшін барлық қажетті ресурсты бөлу керек екенін айтты.

    – Неге біз мұндай шара-лар қол дануға мəжбүр болып отыр ғанымызды азаматтары-мыз дұрыс түсінеді деп ой-лаймын. Еліміздегі тыныштық пен тұрақтылық – мемлекеттің дамуы үшін жəне біз барлық мақсатымызға жетуі міз үшін қажетті басты шарт. Біз бұл айтылған шаралармен шек-тел мейміз. Жақын арада өзге мəселелер бойынша да кешенді шешімдер қабылданатын бо-лады. Сөзімді Қазақстанның барлық азаматтарына арнай-мын – біздің елімізде тыныштық пен тұрақтылықтың сақталуы қамтамасыз етіледі. Ол үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар, ресурс-тар жəне адамдар жеткілікті, – деді Қазақстан Президенті.

    ● Жолдау жүгі

    Ерен еңбек – елдіктің мәселесі

    Елбасының жыл cайынғы Қазақстан халқына Жолдауынан жұртшылықтың жағымды жаңалық күтетіні мəлім. Тіпті, халықтың өзі не күтетінін дөп басып айта алмаса да, «əйтеуір бір өзгеріске асығады». Бұл жолғы Жолдау біреулердің үміт үдесінен шығып, сенсацияға құштар кейбіреулердің көңілі қоңылтақсыған күннің өзінде күрделі уақыттың талаптарын, мемлекеттік экономикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, халықтың əлеуметтік жағдайына басымдық берген, қиын сəтте қысылмаудың жолын қарастырған Жолдау болған еді.

    Бірлік пен тұрақтылық мақсатқа жетуіміздің басты алғышарттары

    Оңтайлы шешімдер –уақыт пен қаржы үнемдеудің тиімді тетігі

    Кеше «Қазмедиа орталығы» ғимаратында Əділет министрі Берік Имашев бейнеконференция байланысы режімінде халық алдында есеп берді. Министрмен болған есептік кездесуге, əділет органдарының ардагерлері, қала тұрғындары мен кəсіпкерлер өкілдері келіп қатысып, ведомствоның бұған дейінгі атқарған жұмыстары мен алдағы жоспар-лары туралы жан-жақты мағлұматтар ала алды.

    Діни сенім – таным-түсініктен

    Сур

    етт

    і түс

    ірге

    н Ер

    лан

    ОМ

    АРО

    В

    Мəдениет жəне спорт министрлігі Дін істері комитетінің, қоғамдық діни ұйымдар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Қазақстандағы дін» тақырыбында «Эксперт» пікірталас клубының отырысы өтті.

    (Соңы. Басы 1-бетте)

  • www.egemen.kz 311 маусым 2016 жыл

    (Соңы. Басы 1-бетте)

    (Соңы. Басы 1-бетте)

    «Дараның» дәруіӨскеменде мүмкіндігі шектеулі балаларға кешенді көмек көрсетіледі

    Сол сияқты сатылған ал-когольді ішімдіктердің мөлшері де əрқилы. Қараңыздаршы, ги пер маркеттер мен шағын дүкендердің сауда айналы-мы жер мен көктей болға-нына қарамастан алынатын са лықтың бірдей екені түсінік-сіз. Мемлекеттік кірістер депар та ментінің деректеріне сүйенсек, лицензиядан бас тартушылардың қатары өсе түскен сыңайлы, олар 2 мыңға жуық. 2015-2016 жылдары 600-дей шағын жəне орта биз-нес субъектілері лицензия-ны пайдаланған. Осыдан-ақ бюджетке қанша түсім кірмей қалғанын есептей беріңіз. Алдағы уақытта кəсіпкерлер спиртті ішімдіктерді бөлшек саудада сатуды жəне сақтауды доғаратын болса, жағдайдың күрделене түсері анық.

    Е к і н ш і д е н , ж ы л д ы қ лицензиялық алым жүйесі енгізілгенімен, мемлекеттік органдар тарапынан түсіндіру жұмыстарының жан-жақты жүргіз ілмеуі салдарынан салықпен қатар айыппұл төлеушілер қатары жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақ құсап күрт көбейіп кетті. Жəне де мөлшерін айтсаңызшы–700 мың теңге! Мұндай айыппұлды шағын кəсіп иелері бір мезетте өтей алмасы бесенеден белгілі. Амал жоқ, не-сиеге жүгінулеріне тура келеді, деді өз сөзінде палата сарапшы-сы Мұрат Жəкенов.

    Жеке кəсіпкерлердің айту-ларынша, сатылған алкогольді өнімдерден түсетін кіріс 10-12 пайыз төңірегінде ғана.

    Облыстық кəсіпкерлер палатасының көмегіне «Риск» кəсіпкерлер одағының қоғамдық бірлестігі де жүгінген. Оның төрағасы Игорь Бухониннің сөзіне қарағанда, проблема былтырдан бері шешілмей келеді. Қазіргі экономикалық қиындықтар тұрғысынан алғанда қалалықтар үшін де, ауылдықтар үшін де /70 АЕК/ тиімсіз. Осы себепті кəсіпкерлердің көбі лицензия алудың орнына сау да нүктелерін жабуға, не қызметтерін тоқтатуға мəжбүр. Былтырдан бері əкімшілік жауапкершілік енгізілген. Ол бойынша кəсіпкер лицензия-сы бола тұра, бірақ жылдық лицензиялық алымды төлемеген жағдайда 150 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді. Түрлі се-бептер бойынша бұл талаптар орындалмай жатады. Мысалы,

    кейбіреулер сауда нүктелерін баяғыда жауып тастаған. Ал лицензия өткізу тəртібін білмейді. Өйткені, бұрын мұндай талап қойылмайтын. Биыл бизнес өкілдерін жаппай жауапкершілікке тарту акциясы басталып, əрқайсысына 742 мың теңге айыппұл төлеу міндеттеліп о т ы р . М ы н а « қ ы з ы қ т ы » қараңыз, бір кəсіпкер сату нүктесі жəне бизнес қызметі болмағанына қарамастан орасан зор көлемде айыппұл төлеуіне тура келген. Басты себеп лицен-зия өткізбеуіне келіп тіреледі. Түсінік жұмыстарының жүйелі жүргізілмейтіні жайлы айтып отырғанымыз да сондықтан, дей келіп, И. Бухонин жылдық лицензиялық алымды мүлдем алып тастауды ұсынды. Əйтпесе, ертеңгі күндері салық төлейтін кəсіпкерлер қатары күрт азая-тынын, жергілікті қазынаны тол-тыру машақатқа айналатынын кесіп айтты.

    Статистика бойынша 2015 жылдан 2016 жылдың сəуіріне дейін спиртті ішімдіктер сататын 2 мың бизнес субъектілерінің 672-і өз қызметтерін тоқтатқан. Яғни үштен бірі өз жұмыстарын доғарды, жұмыссыздар қатары көбейді деген сөз. Нəтижесінде 73 миллион теңге салық түспей қалған. Ал 29,4 миллион теңге айыппұлдың 11,4 миллионы ғана қайтарылған.

    – Жылдық лицензиялық алымға қатысты фискальдық саясат өзін өзі ақтамағанын мойындауға тиіспіз. Мемлекеттік о р г а н д а р к ү т к е н д е г і д е й нəтиже бермеді. Керісінше, бизнест ің құлдырауына , «көлеңкелі» экономиканың өрістеуіне соқтырды. Былай қарасаң, бизнестің дамуына ықпал жасағандай көрінгенімен, шын мəнінде, кері кету үдерісі байқалады. Құзыретті орган-дар бизнестің 40 пайызы сау-да саласында шоғырланғанын ескерулері қажет, – деді өз ұстанымын ашық білдірген к ə с і п к е р л е р п а л а т а с ы директорының орынбасары Жеңіс Қазиев.

    Ашық алаң үнқатысуы анық байқатқандай, шағын бизнес өкілдері жылдық лицензиялық алымды біржола жоюды, не сыра, шарап секілді жеңіл алкогольді ішімдіктерді сатуға лицензия алуды міндеттемеу көзқарасын ұстанды.

    Мəселе əзірге басы ашық күйінде тұр.

    Солтүстік Қазақстан облысы

    Думан АНАШ,«Егемен Қазақстан»

    Өскемен қаласында тұңғыш рет ашылған ауқымды психологиялық-педагогикалық түзету орталығы « Д а р а » қ о р ы н ы ң « Б ə р і м і з бірдейміз!» республикалық жо-басы шеңберіндегі жеке бастама-сы екенін айтқан абзал. Кембағал балаларға кедергісіз орта құру жəне оны қажетті жабдықтармен жарақтандыруға жоба аясында 20 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген.

    Қаладағы №46 орта мектептің жанынан құрылған коррекция лау орталығында мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-анала-ры дефектолог, психо лог, лого-пед, физиотерапевт, массаж, тиф-лопедагог сынды мамандардың кəсіби көмегін ала алады. Аталған орталық жылына физикалық да-муында түрлі кедергілер кез-дескен 300-ге жуық балаға тұрғынжайлары бойынша түрлі қызмет түрлерін тегін көрсетпек.

    – Балалар – біздің қуа ны-шымыз, болашағымыз. Бұл – кəсіпкерлерді ғана емес, барша қазақстандық қоғамды мейірім-ділікке үндеген шара болып отыр. Шығысқазақстандық балаларға осындай керемет сый жасаған жандарға айрықша алғыс айта-мын. Қайырымдылықты көздеген жарқын шаралар көп болған са йын,

    біздің жүрегімізге де жылылық молынан ұялай түседі. Балаларға қуаныш сыйлап, өмірімізде шаттық көбейеді, – деді орталық қызметімен танысқан облыс əкімі Даниал Ахметов.

    «Дара» қорының құрылтай-шы сы Гүлнəр Досаева осындай кабинеттердің Астана, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Тараз жəне Маң ғыс тауда пайдалануға берілге-нін, келешекте барлық облыс орталықтарында ашуды жоспар-лап отырғанын айтып, балалар мен ата-аналарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

    Қазіргі кезде өңірде 700-ге жуық мүмкіндігі шектеулі бала-ға қызмет көрсететін 11 психо-логиялық-педагогикалық кор-рекциялау орталығы жұмыс істейді. Онда мүгедек балаларға кешенд і көмек көрсет іл іп , психологиялық-педагогикалық түзету жəне оңалту жұмыстары жүргізіледі, ата-аналарға кеңес беріледі.

    Облыс орталығында 4 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі бала тұрады. Олардың қоғамға сəтімен бейімделуі жəне сапалы білім алуына жағдай жасау, кедергісіз орта құру үшін Өскеменде ерекше балаларға арналған 100 орындық интернат салынып жатқанын айта кеткен лəзім.

    ӨСКЕМЕН

    Өскеменде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталық ашылды. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай тұсауы кесілген бұл нысан – Шығыс Қазақстан өңіріндегі он екінші психологиялық-педагогикалық коррекциялау орталығы болып отыр. Облыс əкімдігі жəне «Samruk-KazynaTrust» əлеуметтік жоба-ларды дамыту қорының қолдауымен «Дара» қайырымдылық қоры арасындағы меморандум шеңберінде орталыққа жөндеу жүргізіліп, кабинеттер толығымен жарақтандырылды жəне мамандар даяр-ланды.

    ● Əлеуметтік қорғаудың əлеуеті Жылдық лицензиялық алым

    Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА,«Егемен Қазақстан»

    Шаңы бұрқыраған, шуынан құлақ тұнатын цехта табан ау-дармастан істеп, тұтас ғұмырын өткізіп келе жатқан Лəззатқа таныстары, құрбы-құрдас, ту-ыстары таңғалады. Өйткені, бұл цех жұмысына екінің бірі бара бермейді, барғандар да көп тұрақтамайды. Алғашында «екі қолға бір күрек» деп келгендердің өзі шыдас бермейді. «Шаңның арасынан не тауып алды екен?» дейтіндерге Лəззаттың «Шаңның арасынан бақытымды таптым» деген жауабын оның өзіне де-ген сенімділігі, жақсы тұрмысы, жайдары қалпы айтып тұрғандай еді . Еңбек пен табандылық бақытқа барар жол екенін ісімен дəлелдегеннің бірі – Лəззат Бақтиярова.

    Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігіндегі учаскелердің қайсысында да жеңіл жұмыс жоқ. Əсіресе, тас майдалау учаскесінің жұмысы ауыр. Машина майда-лап жатқан тастың шықырлап, шуылдаған дыбысы миыңнан шығады. Шу мен шаң кімнің де болса жүйкесін тоздырады, бəрі де шаршап жүреді. Лентада тұрып қалған тасты «итеріп жібер» деп нұсқағанды түсінбеген жас қызға Люба деген жұмысшы əйелдің айқай салғаны бар еді. Жұмысқа жаңа келген өрімдей қыз шаң ара-сынан Люба апайының айқайы естілгенде қазақы тəрбиесі мен төзімділігіне салып үндемейтін. Ол өзге жастар секілді Лəззат та жұмысты тастап кетеді деп ойлаған. Люба апайы осы жолы қателескен еді. «Кетсе кетсін, менің айқайыма ғана емес, мына шаңға өзі де шыдамас. Жап-жас қызға басқа жерде орын жетпей қалды ма, мектепке, ауруханаға неге бармайды? Қайта осы арадан кетіп, жолын тапсын» дейтін іштей ол жыламсырап тұрған қызға бір қарап қойып. Бейнеттен жауыр торыдай болған қарапайым еңбек адамы емес пе, Любаның тыз етпе мінезі болғанымен, қайтымы тез əйел болатын. Лəззатты ішінен аяп тұрды, мына шаңнан кетсе кетіп қалсын деп ойлады. Ал егде жұмысшы Виктор Михайлович Махачюк талдырмаш қара қыздың бойынан өжеттік байқайтын. Үндемей, жұмсаған іске шауып кететін елгезектігін қайтерсің. Жұмыстың қыр-сырын тезірек

    үйренуі үшін ол Лəззатты «ана жерде тас кетті, мына жердің лентасын қара», деп жиі жұмсай берет ін . Орысшасы нашар қыздың қазақ ауылынан екенін цехтағы орыстілділер шамалады. «Ұяңдығына қарағанда көп бала-лы отбасынан болар. Ата-анасы мұнда неге жіберді екен?» деп таңданатын Виктор Михайлович. Осы цехқа келген талай жас шаң мен шуға шыдамай, бір ай өтер-өтпестен қарасын көрсетпей кететін. Цехтағылар алғашқы күні-ақ жылаған Лəззатты «əй, ертең таңертең келмейтін болар» деген. Ал қара қыз келесі ауы-сымда цехқа бəрінен бұрын келіп, жұмыс киімін киіп алып, оларды күтіп тұрған еді.

    Осыдан 30 жыл бұрынғы осы көріністер Лəззат Бақтиярова үшін қазір ертегі іспетті. Расында, Лəззаттың осы тас майдалау учаскесіне келгені бір тағдырдың ісі болды. Ол сонау Амангелді ауданындағы Иманов кеңшарында туды. Ол кезде Амангелді ауда-ны Торғай облысына қарайтын. Өткен ғасырдың 70-ші жылда-ры «Шұбартаулықтар бастама-сы» дегенді желеулетіп, ауыл жастарын мектептен кейін мал шаруашылығына алып қалатын. Лəзаттың əкесі Əбдіғұл мал бақты, бірақ ол балаларының оқығанын қалайтын. «Қыздарыма қой бақтырмаймын» деп бұлқынса да, өзі коммунист болған соң, қатаң жүйеге қарсы сөз айта ал-май іштен тынған. Бір жина-лыста ауылдың мектеп бітіріп жатқан балаларына қой бақтыру мəселесі тағы қаралды. «Оқитын балаға обал жасамайық» деген оның сөзін естір құлақ болма-ды. Ол малдың бəрін тастап, бір түнде Қостанай қаласына көшіп кетті. Əбдіғұлдың алты қыз, екі ұлы болатын, Қостанайға келген соң, тағы да екі қызы дүниеге келді. Лəззат Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернатта оқыды. Мектепті бітірген соң Рудный қаласында тұратын апа-сын жағалап келіп, сондағы пе-дагогика училищесіне құжат тап-сырды. Емтиханда қазақ тілі мен əдебиеттен жақсы өтті де, матема-тикадан «құлады». Есіктің сыртын-да жылап тұрған қыздың қасына екі əйел келіп, «жылама, учили-щеге түсе алмасаң, техникумға түс. Химиядан қалайсың?» дейді. «Жақсымын, училищеге түсе ал-май тұрғанда техникумға қалай

    түсемін?» дейді өксігін баса алмай тұрған Лəззат. Екі əйел оны қолынан жетектеп əкеліп, Индустриялық техникумның «Пайдалы қазбаларды байыту» бөліміне «түсіріп жібереді». Кейін ойласа, техникумға бала жетпейді екен ғой.

    Оны қолынан жетектеп оқуға түсірген екі əйелдің бірі ұстазы Любовь Николаевна Данилова екен. Орыс тілінде бір ауыз сөзді дұрыс айта алмайтын Лəззатқа оқуды бітіргенше көмектесті. «Сенің талпынысыңа риза бо-ламын» дейтін. Факультетте өзі секілді өрімдей жас қыздар аз болған жоқ. Барлығымен доста-сып кетті. Студенттік көңілді күндер зулап өте шықты. Міне, содан бері Лəззаттың бар өмірі табан аудармай осы шаңы бұрқыраған цехта өтіп келеді. Өмірдің ащы-тұщысын да татты. Тұрмыс құрды, бала сүйді. Қазір Болаты азамат болып өсті, тəртіп сақшысы. Бүгінде ауысымдағы ұжымы өзінің туғандарынан кем емес. Лəзаттың ұстазы Люба апайы да, Любовь Николаевна да, Виктор Михайлович те емес, өмірдің өзі болды. Қазір осы шаңы бұрқыраған цехқа жеткенше асығады, шаршағанда біріне бірі сүйеу, қуанышына да ортақтасады. Өмір деген ұстазы оған адамдарды ұлты, діні, тілі емес, адамгершілігі, адал ниеті жақындастырады деп үйретті.

    – Бүгінде ешнəрседен кем емеспін. Мұрынға, құлаққа шаңнан, шудан қорғайтын қорғаныш киіп аламыз. Ауысымнан шыққан соң жуынатын жылы су бар. Жағдай болған соң еңбектің барлығы бірдей емес пе? Кез келген жұмыстың қиындығы да, берекеті де болады, – дейді Лəззат.

    Қ а з і р ө з і д е ш ə к і р т тəрбиелейтін кəнігі маман болып алды. Құлақты тұндырған шудың арасынан қандай көлемдегі тастың келе жатқанын, қандай көлемдегі тастың лентадан өтпей қалғанын, қандай тетікке тастың тығылып қалғанын көзін жұмып тұрып ай-тып береді. Шəкірттері таңғалады. Тастың өзі де тазалықты сүйеді, шаңды жаз айында сумен жуып тұрады, қыста сыпырып, тастың жолын ашады. Осы цехтағы шаңнан өкпесі қабынып аурухана-да жатқан күндері де болды. Түнде ұйықтамайды. Медбике келіп: «Неге ұйықтамайсыз, бір жеріңіз ауырып тұр ма?», деп сұрайды. «Еш жерім ауырмайды, бүгін менің түнгі ауысымға шығатын күнім ғой, əдеттеніп қалғанмын, түнде ұйықтай алмаймын», деп жа-уап береді. Бір цехта, бір фабрика-да табаны күректей 30 жыл жұмыс істеген Лəззат Бақтиярованы Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігіндегілердің барлығы біледі десек болар. Дөңгелек жүзді сұлуша əйелдің есімі құрметке лайық кеншілер қатарында аталады, құрмет тақтасынан түспейді. Мерекелерде «ССКӨБ» акционерлік қоғамы басшылығы тарапынан талай рет алғыс хат алды. Арқадан қаққанда еңбек то-рысына да қанат біткендей, ол өзін бақытты сезінеді.

    Тас майдалау учаскесінде өн-діріліп жатқан қиыршық тас-тарды еліміздегі жол, үй құры лыс-тарына, құрылыс материалдарын жасайтын зауыттарда пайдала-нады. Жолсыз да, үйсіз де даму жоқ. Қиыршық тастар Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігінен вагондарға артылып, еліміздің шалғайларына кетіп жатады. Ал ол тастардың нəп-нəзік əйел қолынан шыққаны ешкімнің ойына келе қоймайды.

    РУДНЫЙ

    ● Еңбегімен еленген

    Шаң арасынан бақытын тапқан

    ЭКСПО-ға билет сату басталды

    Ұлттық компания басшысы ЭКСПО-2017 көрмесін ілгерілету ба ғытында атқарып жатқан жұмы-сы үшін спортшы�