8
Тасқала ауданының қоғамдық-саяси газеті * Газет 1936 жылдан бастап шығады * [email protected] №20 (8649) Жұма 18 мамыр 2018 жыл Ауа-райының қолайсыздығына байланысты биылғы жылы егіс жұмыстары уақытынан кешеуілдеп басталды. Десек те жаздың әр күнін жылдық азыққа балаған диқаншылар үшін нағыз қарбалас сәт. Өйткені несібесін жерден тауып, жылдар бойы диқаншылықпен айналысып жүрген шаруалар үшін бір минуттың өзі қымбат. Сондықтан қыс бойы соқаларын сайлап, қажетті техникаларын дайындап үлгерген олар, күн жылына сала бірден іске кірісті. Ауылшаруашылық бөлімінің бас мама- ны Х.Омаровтың берген мәліметіне сүйенетін болсақ, бүгінгі таңда аудан бойынша ылғал жабу жұмыстары толықтай аяқталған. Жыл сай- ын егін шаруашылығымен айналысатын 60 ша- руа қожалығының 17 – сі далалық жұмыстарға толықтай кіріскен. - Былтырғы жыл да шаруалар үшін жаман болған жоқ. Биыл да мол өнім алуға мүмкіндік бар. Оған ылғал жеткілікті. Қазіргі таңда дәнді себу алдындағы өңдеу жұмыстары толықтай аяқталды. Яғни, жоспар 20,2 болса, ол 16,1 пайызға орындалды. Сондай-ақ, дәнді дақылдар егу 17,7 гектарға жоспарланса, бүгінгі таңда ол 3,9 пайызға орын- далды. Оның ішінде, жазғы бидай 1,1 гектар болса, арпа 2,6, сұлы 0,2 гектарды құрап отыр. Ал майлы дақылдар жоспар бойынша 2,5 гектар. Оның ішін- де күнбағыс 0,70, сафор 0,85 гектар егілді. 1 маусымнан кейін бау-бақша жұмыстары қолға алынатын болады- дейді аталмыш мекеменің ма- маны Хамит Сәрсенұлы. Далалық жұмыстардың ойдағыдай жүруіне техниканың да қосар үлесі зор. Аудан диқандары мүмкіндігінше жыл сайын ауылшаруашылығы техникаларын жаңалауға талпынады. Алайда оған бәрінің бірдей қолы жете бермейтіні анық. Сондықтан қолда бар ескі техникаларды майлап- сайлап іске қосып келе жатқандары да жетіп ар- тылады. Әрине, «балапанды күзде санайды» демекші нәтиже жиын-терімде белгілі болары анық. Деген- мен еңбектің еселеніп, жұмыстың жандана түсуі еңбекқор диқанның қолында екенін ұмытпайық. Ендеше маңдай термен атқарған еңбектеріңіз өнімді, ырыстарыңыз толымды болғай, диқаншылар! «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала аясында аудан көлемінде атқарылған шаралар мен қолға алынған игі істер облыстық «Aqjaiyq» арнасының «Тарихтан тағылым» бағдарламасында талқыланды. - Аталмыш бағдарлама аясын- да ауданымызда біркелкі ша- ралар атқарылды, алда әлі де жалғасады деуге болады. Әсіресе халық қазынасын, ұлт мүддесін дәріптейтін, қазақы тәрбие мен төл өнерді паш ететін шараларға көбірек назар аударылуда, - деді бағдарламаның жүзеге асуына жа- уапты аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева. Сондай-ақ түсірілімге қатысқан аудандық мәдени-де- малыс орталығының директоры Ж.Бисенғалиева, тарихшы мұғалім, «Шипов» орта мектебінің директоры А.Дүйсенов атқарылған жұмыстар мен жоспарда тұрған жобалар ту- ралы әңгімеледі. Әсіресе тарихи ме- кенге айналған Ешкітауға жасалған экспидициялар, аудандағы 12 халық театрының өткені мен бүгіні, төл өнерді насихаттаған «Ит төресі – тазы» қазақы аңшы иттердің жарысы тілге тиек болды. «Өз балаңа домбы- ра сыйла» акциясы мен еріктілер мен қолөнершілерден құралған үйірме, халық театрларының мирасқоры болған жас өнерпаздардың «Бал өнер театры» секілді жобалар да ай- тылды. Бұған қоса, «Туған жер» бағдарламасы аясында ауыл азамат- тары мен меценаттардың тікелей қолдауымен ағымдағы жыл ішінде 23,700 мың теңгеге жүзеге асатын 14 жоба назардан тыс қалмады. Атқарылған жұмыс бір ғана адамның емес, бар халықтың еңбегі екеніне ешкім дау айтпас. Меңдібек ЛҰҚПАНОВ, аудандық «рухани жаңғыру» бағдарламасының әкімгері КөКтемгі далалық жұмыстар қарқынды жүруде ТАсҚАЛА «ТАрихТАН ТАғыЛыМ» БАғДАрЛАМАсыНДА

КөКтемгі далалық жұмыстар қарқынды жүрудеekpyn.kz/wp-content/uploads/2018/05/20.pdf14 жоба назардан тыс қалмады. ... жинап,

  • Upload
    others

  • View
    33

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Тасқала ауданының қоғамдық-саяси газеті * Газет 1936 жылдан бастап шығады * [email protected]

№20(8649)Жұма

18 мамыр 2018 жыл

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты биылғы жылы егіс жұмыстары уақытынан кешеуілдеп басталды. Десек те жаздың әр күнін жылдық азыққа балаған диқаншылар үшін нағыз қарбалас сәт.

Өйткені несібесін жерден тауып, жылдар бойы диқаншылықпен айналысып жүрген шаруалар үшін бір минуттың өзі қымбат. Сондықтан қыс бойы соқаларын сайлап, қажетті техникаларын дайындап үлгерген олар, күн жылына сала бірден іске кірісті.

Ауылшаруашылық бөлімінің бас мама-ны Х.Омаровтың берген мәліметіне сүйенетін болсақ, бүгінгі таңда аудан бойынша ылғал жабу жұмыстары толықтай аяқталған. Жыл сай-ын егін шаруашылығымен айналысатын 60 ша-руа қожалығының 17 – сі далалық жұмыстарға толықтай кіріскен.

- Былтырғы жыл да шаруалар үшін жаман болған жоқ. Биыл да мол өнім алуға мүмкіндік бар. Оған ылғал жеткілікті.

Қазіргі таңда дәнді себу алдындағы өңдеу жұмыстары толықтай аяқталды. Яғни, жоспар 20,2 болса, ол 16,1 пайызға орындалды.

Сондай-ақ, дәнді дақылдар егу 17,7 гектарға жоспарланса, бүгінгі таңда ол 3,9 пайызға орын-далды. Оның ішінде, жазғы бидай 1,1 гектар болса, арпа 2,6, сұлы 0,2 гектарды құрап отыр. Ал майлы

дақылдар жоспар бойынша 2,5 гектар. Оның ішін-де күнбағыс 0,70, сафор 0,85 гектар егілді.

1 маусымнан кейін бау-бақша жұмыстары қолға алынатын болады- дейді аталмыш мекеменің ма-маны Хамит Сәрсенұлы.

Далалық жұмыстардың ойдағыдай жүруіне техниканың да қосар үлесі зор. Аудан диқандары мүмкіндігінше жыл сайын ауылшаруашылығы техникаларын жаңалауға талпынады. Алайда оған бәрінің бірдей қолы жете бермейтіні анық.

Сондықтан қолда бар ескі техникаларды майлап-сайлап іске қосып келе жатқандары да жетіп ар-тылады.

Әрине, «балапанды күзде санайды» демекші нәтиже жиын-терімде белгілі болары анық. Деген-мен еңбектің еселеніп, жұмыстың жандана түсуі еңбекқор диқанның қолында екенін ұмытпайық.

Ендеше маңдай термен атқарған еңбектеріңіз өнімді, ырыстарыңыз толымды болғай, диқаншылар!

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала аясында аудан көлемінде атқарылған шаралар мен қолға алынған игі істер облыстық «Aqjaiyq» арнасының «Тарихтан тағылым» бағдарламасында талқыланды.

- Аталмыш бағдарлама аясын-да ауданымызда біркелкі ша-ралар атқарылды, алда әлі де жалғасады деуге болады. Әсіресе халық қазынасын, ұлт мүддесін дәріптейтін, қазақы тәрбие мен төл өнерді паш ететін шараларға көбірек назар аударылуда, - деді бағдарламаның жүзеге асуына жа-уапты аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева.

Сондай-ақ түсірілімге қатысқан аудандық мәдени-де-малыс орталығының директоры Ж.Бисенғалиева, тарихшы мұғалім, «Шипов» орта мектебінің директоры А.Дүйсенов атқарылған жұмыстар

мен жоспарда тұрған жобалар ту-ралы әңгімеледі. Әсіресе тарихи ме-кенге айналған Ешкітауға жасалған

экспидициялар, аудандағы 12 халық театрының өткені мен бүгіні, төл өнерді насихаттаған «Ит төресі –

тазы» қазақы аңшы иттердің жарысы тілге тиек болды. «Өз балаңа домбы-ра сыйла» акциясы мен еріктілер мен қолөнершілерден құралған үйірме, халық театрларының мирасқоры болған жас өнерпаздардың «Бал өнер театры» секілді жобалар да ай-тылды.

Бұған қоса, «Туған жер» бағдарламасы аясында ауыл азамат-тары мен меценаттардың тікелей қолдауымен ағымдағы жыл ішінде 23,700 мың теңгеге жүзеге асатын 14 жоба назардан тыс қалмады. Атқарылған жұмыс бір ғана адамның емес, бар халықтың еңбегі екеніне ешкім дау айтпас.

Меңдібек ЛҰҚПАНОВ,аудандық «рухани жаңғыру»

бағдарламасының әкімгері

КөКтемгі далалық жұмыстар

қарқынды жүруде

ТАсҚАЛА «ТАрихТАН ТАғыЛыМ» БАғДАрЛАМАсыНДА

2 18.05.2018 жыл АПТА ТЫНЫСЫ

«рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бала бойына ұлттық құндылықтарды дарыту, еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, ұлттық сананы ояту мақсатында балабақша тәрбиешілері бас қосып, өзара тәжірибе алмасты. Аудан орталығындағы «Ақбөпе» балабақшасында ұйымдастырылған шара ұстаздардың шығармашылығын арттырып, шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік берді.

Жиын «Сазды сәлем» аталатын бөлімнен басталды. Мұнан соң жалғасын тапқан «Көңіл-күй шаттығы» мен «Балдырғандар театры» да қатысушылардың өзара жылы қарым-қатынас орнатуына себепші бол-ды. Сондай-ақ салт-дәстүр тақырыбында көрсетілген шеберлік сыныптар баланың ұлттық құндылықтан дәріс алатынын, сол арқылы жаман мен жақсыны ажыратуға, ұлттық болмысты сақтап қалуға жол салатынын дәлелдеді. Әсіресе салт-дәстүр тақырыбындағы «Лэпбук», ұлттық құндылықты дәріптер «Асық ойыны» ұстаздар тарапынан қошеметке ие болды.

«Ақбөпе» балабақшасының меңгерушісі Д.Турганалиеваның айтуынша аталмыш

шара «Болашаққа бағдар: ру-хани жаңғыру» бағдарламалық мақала аясында баланы ұлттық рухта тәрбиелеу, халық қазынасынан сусындата оты-рып білім беру мақсатында қолға алынған.

- Балабақша – балаға білім беретін алғашқы мекеме. Оның болашаққа деген көзқарасын, өмірге деген қызығушылығын оятатын балабақша болса, әрі қарай оны жетілдіріп, қалыптастыратын мектеп. Сондықтан біз өз тарапымыздан баланың са-налы болып есеюіне бар мүмкіндікті жасауға тырысамыз. Әсіресе ұлттық дүниелермен сусындату, халық мұрасынан көбірек хабар беру арқылы тәрбиелегіміз келеді. Бүгінгі шара да аудан көлеміндегі тәрбиешілерді жинап, олардың өзара тәжірибе алма-суын ұйымдастырып отыр. Бұл ұстаздар үшін қандай керек болса, оқушыларымыз үшін сондай қажет шара,- деді Дария Сүлейменқызы.

Ә.серікҚАЛи

Аудан әкімнінің орынбасары А.Баяндықов пен Л.Жұбанышқалиеваның қатысуымен аудан мәслихатының кезектен тыс ххіY сессиясы өтті.

Жиынға қатысқандар өткен жылғы аудандық бюджеттің атқарылуының жылдық есебін бекіту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы баяндаған аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Л.Тастамбекова баяндады.

- 2018 жылдан аудан бюджетінің атқарылуы 4139255,0 мың теңгені құраса, соның ішінде кіріс 3930877,6 мың теңге. 2016 жылмен салыстырғанда бюджет кірісі трансферттер және қарыздар түсімдері көбеюіне байланысты 603068,8 мың теңгеге,

яғни 17,5 пайызға өсіп отыр. Облыстық тексеру комиссиясының баяндамасында ауданның әлеуметтік-экономикалық негіз-гі көрсеткіштері ұсынылды және жергілікті бюджеттің өткен жылғы орындалуына тал-дау жасалды,-деді өз сөзінде Людмила Вла-димировна.

Мұнан соң «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешім-ге және «Тасқала ауаднының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгі-леу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі де назарға алынды.

Өз тілшіміз

Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді.

Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балалары-мызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде.

Алдымызға озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатын қойдық.

100 нақты қадам – Ұлт жоспары жүзеге асырылуда. Оның 60 қадамы қазірдің өзінде орындалып қойды. Қалғандары, негізінен, ұзақ мерзімге арналған және жоспарлы түрде іске асырылуда. Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері атты Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы Жолдауының жетінші бағытында айтылған «Жұмыс берушілерді тарту арқылы және халықаралық талаптар мен цифрлық дағдыларды ескере оты-рып, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жаңарту ке-рек.

“Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру” жобасын жүзеге асыруды жалғастыру қажет.

Мемлекет жастарға алғашқы мамандықты береді.

Үкімет бұл міндетті орындауға тиіс.

Орта мектеп пен колледждер және жоғары оқу орындары үздік оқытушыларының видеосабақтары мен видеолекцияларын Интернет-те орналастыру керек.

Бұл барлық қазақстандықтарға, оның ішінде шалғайдағы елді ме-кен тұрғындарына озық білім мен құзыреттілікке қол жеткізуге жол ашады...»

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген «Жұмыспен қамту - 2020 жол кар-тасы», «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы.

Бағдарламаның басты мақсаты: Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азамат-тарды кәсіпкерлікке тарту.

Міндеттері: 1. Еңбек нарығының қажеттілігін

есепке ала отырып техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау.

2. Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мер-зімді кәсіптік оқу.

3. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту.

4. Ауылда және қалада микрок-редит беруді кеңейту.

5. Жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар-ды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

6. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.

Соның ішінде, Бағдарламаның І бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтетін Бағдарламаға қатысушылар 29 жасқа дейінгі жастағы жастар мен халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар бо-лып табылады.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтетін Бағдарламаға қатысушылар оқуына ақы төлеу бойынша мемле-кеттік қолдаумен, стипендиямен, тұрғын үйді жалдау (жалға алу), жол жүру ақысымен қамтамасыз етіледі.

Аудан бойынша 2018 жылға 75 адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 20 адамды ұзақ мерзімді техникалық және кәсіптік біліммен оқуға жолдау жоспарланды. Өңірлік комиссияның шешіміне сәйкес жос-парлы жұмыстар ұйымдастырылып, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға ниет білдіруші жоспарланған 75 адам «Газэлектрдәнекерлеу», «Маникюр шебері», «Аргондәнекерлеу», «Бала күтуші», «Жылу қазандығының операторы», «Дербес компьютер операторы», «В», «С» категориялы жүргізуші, «КиПиА элекригі», «Іс жүргізуші», «Аспаз-кулинар», «Ша-штараз», мамандықтары бойын-ша Орал қаласындағы оқу орындарына, «Тракторист - ма-шинисті» мамандығы бойынша Тасқала колледжіне жолданып оқуларын жалғастыруда. Оқуларын аяқтағандарды жұмысқа орналас-тыру бойынша қолдау көрсетілетін болады.

Осы орайда айта кететін тағы бір жайт, жұмыс берушілердің электронды портал «Еңбек биржа-сы» арқылы бос жұмыс орында-рына мәлімет беруге көшуі, пор-тал арқылы өзіне қызметкерді әңгімелесуге шақыру, осының барлығы түбегейлі цифрландыруға көшуіміздің бірден – бір дәлелі.

Төртінші өнеркәсіптік револю-ция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерінің жүзеге асырылуы-на өз үлесімізді қосып, әрі қарай жұмыстанатын боламыз.

Б.кеНТугАеВА,халықты жұмыспен қамту орталығының директоры

кезекТі МӘсеЛеЛер ТАЛҚыЛАНДы

ТӘрБиеНің ҚАйНАр кӨзі

ЖОЛДАу ЖОЛ сіЛТейДі

318.05.2018 жылҚОҒАМ

елімізде қолға алынып жатқан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Мемлекет басшысының тапсырмасына сай орындалуда. Бұл елбасының Ұлт Жоспары – бес институттық реформасын жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадамның» 80-қадамынадағы және Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында енгізіліп отыр.

Медициналық сақтандыру – халықтың денсаулығын қорғау болып табылады. Дамыған елдердің көпшілігі оны денсаулық сақтау саласын-да қолданып, нәтижесін көріп отыр. Мұнда арнайы қорға жиналған қаражат есебінен тегін медициналық көмек алуға бола-ды.

Денсаулыққа қатысты мәселелерді алдын ала ойласты-ру қашанда оң нәтиже бермек. Әр адам денсаулығы үшін өзі жа-уапты, дегенмен мемлекет бұл мәселеде қарапайым халыққа көптеген жағдайларды, ұтымды және жақсы мүмкіндіктерді жасап отыр. Ендігі жерде бұл мәселеге мемлекет және жұмыс беруші де белсенді араласпақ.

Мысалы, сақтандыру ж а р н а л а р ы н азаматтарға жұмыс бе-руші мекемелер төлеп отырады, ал жұмыссыздар мен еңбекке жарамсыз адамдар үшін жарна мемлекеттен ауда-рылады. Сондай-ақ, еңбеккер азаматтар өз жалақыларынан мақсатты салымдар аудара-ды. Бұл жүйе халықтың барлық топтары үшін медициналық және дәрі-дәрмек көмегінің тең көлемі мен сапасын қамтамасыз етеді.

Міндетті медициналық сақтандыруды екіге бөліп қарастыратын болсақ, оның біріншісі – негізгі сақтандыру түрі. Бұл сақтандыру түріне мемлекет-тік бюджеттен тегін көрсетілетін медициналық қызметтер кіреді. Ол еліміздің барлық азаматта-рына қолжетімді болады. Мем-лекет өз міндетіне медициналық қызметтердің бірнеше түрін алады. Мысалы, жедел жәрдем қызметін, санитарлық авиаци-яны, әлеуметтік маңызы бар ауруларға ем көрсетуді, төтенше жағдайда көмек көрсетуді және

алдын алу шараларына қатысты екпелерді өз міндетіне алады.

Ал екінші түрі – міндет-ті әлеуметтік сақтандыру ая-сында қаржыландырылатын сақтандыру. Бұл негізгі сақтандыруға кірмеген басқа да медициналық қызметтер түрін қамтитын сақтандыру болады деп көзделуде. Оған амбулаторлық-емханалық көмектер, ауруха-нада жатып емделу, жоғары технологиялық көмектер кіреді. Сақтандырудың осы түрі міндет-ті сақтандыру жүйесіне тіркел-ген азаматтар үшін қолжетімді. Өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған адамдарға 2020 жылға дейін амбулаторлық-емханалық қызметті бюджет есебінен те-гін көрсету де қарастырылған. Сондай-ақ, заңға сәйкес аза-маттар жеке басына арналған, өз қаражаты негізінде немесе жұмыс берушінің қаражатына жасалатын сақтандыру түрлерін де жасай алады. Міндетті

әлеуметтік сақтандыруды ен-гізумен ішкі жалпы өнімнен денсаулық сақтауға жұмсалатын жалпы шығын пайызы өседі, бұл медициналық қызметтердің жоғары сапасын және қолжетімділігін қамтамасыз ету-ге көмектеседі. Қаржыландыру көздерінің әртараптандырылуы және қаржыландыру мөлшерінің көбеюі Экономикалық ынтымақтастық және дамыған елдердің деңгейіне жету бойынша жүргізілетін нақты іс-әрекеттермен жал-пы мақсаттарды нығайтуға

мүмкіндік береді. Сонымен қатар, азаматтардың жеке шығындары азаяды. Мемле-кет заңға сәйкес халықтың бірнеше топтары үшін үлкен жеңілдіктер жасауда. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жарнасын төлеуден азаматтардың 15 санаты бо-сатылады, оның ішінде 12-сі – халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобы. Яғни, қорға салатын қаражаты жоқ жандарға мем-лекет ақша төлейді. Мысалы, «Алтын алқа», «Күміс алқа» ие-

герлері, «Батыр Ана» атағын алғандар, сонымен қатар I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордені-мен марапатталған көп балалы аналар мен ҰОС ардагерлері мен мүгедектерге мемлекет тарапынан төлемдер жасала-ды. Сонымен қатар, жұмыссыз жүкті әйелдер мен зейнеткер-лер және жұмыссыз ретінде тір-келген, тағы басқа азаматтарға да жеңілдіктер қарастырылған. Айта кету керек, МӘМС аясын-да көрсетілетін медициналық көмектің көлемі қорға төленетін жарна көлеміне тәуелді емес. Ең бастысы, жарна уақтылы әрі үнемі төленіп тұрса болғаны.

Бір жағынан осы жүйе арқылы жекеменшік ауруханалар мен мемлекеттік ауруханалар ара-сында бәсекелестік орнайты-ны рас. Себебі, медициналық сақтандыруы бар азамат медициналық мекемені таңдай алады. Тек сол мекеме МӘМС жүйесінде жұмыс жасауы қажет. Осы арқылы жекеменшік

ауруханалардың қызмет көрсетуі қалай

болса, өзіне

емделушілердің келуі үшін мем-лекеттік ауруханалар да қызмет сапасын арттыратын болады.

Сонымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – мемлекеттің, жұмыс беруші мен азаматтардың денсаулықтарын сақтау бойынша ортақ жауап-кершілігін қамтамасыз ететін жүйе болып табылады.

А.ӨТегеН,Тасқала аудандық кірістер

басқармасы бөлімінің басшысы

«Нұр Отан» партиясының «кедергісіз келешек» жобасы аясында Тасқала ауданы әкімінің орынбасары Арсен Баяндықов тақырыптық қабылдау өткізді. Шараға Тасқала ауылдық округі әкімінің орынбасары саягүл галиева қатысты.

- Арнайы қабылдау өткізудің себебі мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелеріне қоғам назарын аудару. Мұқтаж-дықтарын шешу бағытында нақты ұсыныспен тиісті меке-мелерге жүгініп, мүмкіндігінше көмек қолын созу, - дейді филиал төрағасының бірінші орынбаса-ры Думан Ғазез.

Тақырыптық қабылдауда болған ауыл тұрғындары жеке сұрақтарымен қатар, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді де ортаға салды. Соның бірі «Денсаулық» клубының жетек-шісі, ардагер спортшы Сағынғали Досжанов жергілікті жерде бұқаралық спортты дамыту жөніндегі өз ойымен бөлісті. – «Достық» денсаулық клубынының жұмысын тегін жүргізіп келе жатқаныма 13 жыл. Ауыл тұрғындары спортты серік етсе екен деген ізгі ниеттен өмірге келген бастама болатын. Үйренем деген жерлестеріме аптасына екі рет, тұрақты түрде йога және дене шынықтыру жаттығуын үйретемін, - дейді сексеннің сеңгіріндегі қарт спортшы.

Жұмағаным Жақсығұлова жазғы каникул кезінде балалардың бос уақытын тиім ұйымдастыру жөнінде тың бастама көтерді. Ұзақ жыл-дар әлеуметтік салада жұмыс істеген ардагер ұстаз үш айға лайықталған мектептер жанынан арнайы үйірме ұйымдастыру жөн деп санайды.

Тақырыптық қабылдауда көтерілген мәселелер бойынша жұмыс жүргізілуде. Нақты шешім-дері өтініш иелеріне жазбаша жолданады.

Күні бүгін ауданда 535 мүмкіндігі шектеулі жан тұрады. Оның 64-і 1-ші топ мүгедегі. Мүмкіндігі шектеулі жандардың лайықты өмір сүруі мен олардың қоғамға бейімделуі партия филиалының үнемі назарында.

Түрлі шаралар өткізіп, қамқөңіл жандардың тұрмыс-тіршілігін жақсарту жолында жұмыс жүргізіп келеді.

Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің берген ақпаратына қарағанда биылғы жылы 1 адам кресло-арбамен, 19 адам протездік-ортопедиялық, 13 адам тифлотехникалық және сурдотехникалық құралдарымен қамтамасыз етілген.

Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес «Саңыраулардың қазақ қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Орал оқу-өндірістік кәсіпорны санаториясында 28 мүмкіндігі шектеулі тасқалалыққа жолдама ұсынылған.

Партия филиалы мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік қорғалуына баса назар аудара отырып, олардың жұмысқа ор-наласуына барынша жәрдем етіп келеді. Үстіміздегі жылы осы санаттағы 8 адам жұмысқа ор-наласты. Сонымен бірге, жеке оңалту бағдарламасы негізін-де бірінші топтағы 50 мүмкіндігі шектеулі жандарға жеке көмекші тағайындалды.

Мүгедек азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету мен олардың өмір сүру са-пасын көтеру жолындағы жұмыстардың маңыздыларының бірі - ғимараттардың бейімделуі. Аудан бойынша кресло-арба-мен жүретін мүгедектердің саны - 38. Бұл адамдарға әлеуметтік нысандарға толық қолжетімділігін қалыптастыру мақсатында пар-тия филиалы жауапты мекемлер-мен және үкіметтік емес ұйым өкілдерімен бірлесе отырып, үнемі мониторинг жүргізіп келеді. Өткен жылы 63 нысан толығымен паспортталып, бейімдеуден өтті.

г.сАғАТОВА,«Нұр Отан» партиясы

Тасқала аудандық филиалының маманы

МүМкіНДігі ШекТеуЛі ЖАНДАр МӘсеЛесі

ПАрТия НАзАрыНДА

МеДициНАЛыҚ сАҚТАНДыру-ДеНсАуЛыҚТың кеПіЛі

4 18.05.2018 жыл ӘЛЕУМЕТ

Қасиетті Рамазан

айындағы мұсылманның

паРызы мен міндеті

14 мамыр күнгі БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің кезекті баспасөз мәслиxаты “Қасиетті Ра-мазан айындағы мұсылманның парызы мен міндеті” тақырыбына арналды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Батыс Қазақстан облысы бойын-ша өкіл имамы, “Орал орталық мешітінің” бас имамы Еркебұлан қажы Қарақұлов Ораза айының қадір-қасиеті, мұсылманның парызы мен міндеті, Рамазан айына дайындық барысы, т.б. туралы кеңінен баяндады. Бас имам өңірлік радио, газет, телеарна тілшілері және басқа да БАҚ өкілдерінің сұрағына толыққанды жауап берді.

Ораза – адам нәпсісін тыйып, рухани өсуге, өз бойындағы жаман әдеттерден арылып, көркем мінезін тәрбиелеп қалыптастыруға мүмкіндік беретін ғибадат. Яғни,тәуліктің күндізгі уақытында ауыз бекітуі, исламның негізгі бес парызының үшіншісі. Ораза ұстаған адам таң атқаннан күн батқанға дейін ниетін бекітіп, ішіп-жеуден, басқа да оразаны бұзатын нәрселерден аулақ бола-ды. Мұсылмандарға рамазан айында ораза ұстау – па-рыз. Шариғат терминінде Ораза - ұстауға күші жеткен адамның ниет етіп, екінші шанақтан бастап, күн батқанға дейін Оразаны бұзатын нәрселерден сақтануы. Ораза - белгілі бір уақыт ішіп-жеуден, нәпсі қалауларынан тыйы-лу. Мұның парызы - ішіп-жеу мен құмарлық сезімдерден сақтану.

Ораза шартты ғибадат болғандықтан оны парыз ретінде кімнің орындауға міндеттілігі немесе кімдердің босатылатыны, қабыл болу-болмауының шарттары, бұзылатын немесе бұзылмайтын жағдайлары шариғатта бекітілген.

Қазақ дәстүрлі қоғамында ораза ғибадатын өтеуге байланысты ислам әдебімен орайлас, халықтың тұрмыс-салтына етене болып қалыптасқан игілікті дәстүрлер бар. Пайғамбар өсиетіне сай оразаның мұстахабын (орындаса сауап, орындамаса күнәсі жоқ) орындау үшін “таң сәресін” шүйіркелесіп ішу отбасының берекесін кір-гізеді. Рамазан айында өзара «ауызашарға» шақырысу дәстүрге айналған.

Аузы берік адамның бос сөзден, орынсыз әрекеттер-ден бойын аулақ салып, жаман істерден тыйылуы, ғибадатын арттырып, бос уақытын дін іліміне тереңдеп, зікір, салауат айтумен өткізуі абзал. Бұл да оразаның сау-абын арттыратын амалдар.

«Биылғы Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшері ҚМДБ-ның Төралқа мүшелерінің шешімі бойынша 300 теңге болып бекітілді. Пітір садақаны тек ақшамен ғана емес, бидай, құрма, мейіз, арпа құнымен де беруге болады. Егер пітір садақаны бидаймен беретін болсаңыз, әр адам үшін жарты сағ. Яғни, жарты сағ 1 келі 625 граммға тең. Ақшамен есептегенде (әр аймақтың бидай бағасына қарай) 1 келі 625 граммның құнын беру керек. Құрма, мейіз, арпадан да бір сағтың (3,25 кг) құнын беру қажет. Пітір садақаны беру мерзімі – Рамазан айы басталғаннан ораза айт намазына дейін болады.

Рамазан айы мамырдың 17-нен 15 маусымға дейін жалғасады.

Қадір түні маусымның 11-нен 12-не қараған түні.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Өткен жұмада «руханият» қоғамдық бірлестігі мен аудандық мұсылмандар мешітінің ұйымдастырумен облыстық мешіт жамағаты арасында қазақ күресінен ауданаралық «Тасқала барысы» мен құранды мәнерлеп оқудан «Құран – мәңгі мұғжиза» атты жарыс өтті.

Аталмыш қос бірдей шараның мақсаты мешіт жамағатының ауызбір-шілігі мен діни сауаттылығын арттыруға, қоғамның дамуы мен Пайғамбарымыз (с.у.с) сүннеті болып саналатын спорт түрін на-сихаттау, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану.

Оған Зеленов, Ақжайық, Бөрлі, Теректі, Тасқала аудан-дарынан мешіт жамағаттары қатысты. Қазақ күресінен өткен ауданаралық «Тасқала барысы» сайысы аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде ұйымдастырылды. Оның ашы-луына аудан әкімінің орынбаса-ры Л.Жұбанышқалиева қатысып, балуандарға сәттілік тілесе, облыс орталығынан арнайы келген ма-мандар қасиетті айдың сауабы мен спорт - мұсылман баласының серігі екенін тілге тиек етті. Нәтижесінде түрлі салмақ дәрежесінде бақ сынасқан 30 спортшының ара-сынан үздіктер анықталып, 70 келіге дейінгі салмақта І орын

жерлесіміз А.Мақашевқа, ІІ орын сырымдық Б.Мухитовқа, ал ІІІ орын тасқалалық А.Асылбековке бұйырды. 90 келіге дейінгі салмақта І орынды тағы да жерлесіміз С. Юсупов еншілесе, ІІ орынды Сы-рым ауданынан келген С.Аманов, ІІІ орынды ақжайықтық А.Утешов бөлісті. Ал, 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде І орынды ақжайықтық Е.Белялов жеңіп алса, тасқалалық М.Менияшов ІІ орынға табан тіреді. ІІІ орын көршілес Зе-ленов ауданынан келген палуаны-мыз Н.Ғалымға бұйырды.

Күрестен соң жарысқа қатысушылар жұма намазына жиы-лып, Ұлы Жаратушыға құлшылық жасады. Онда мешіт жамағатына облыстық мешіттің найб имамы ораза ұстаудың жалпы ережелері мен оның сауабын, қасиетті айды толық құлшылықпен өткізудің

жолдарын түсіндірді. Мұнан соң өткен «Құран – мәңгі

мұғжиза» атты құранды мәнерлеп оқу сайысына 7 адам қатысты. Үміткерлер арнайы дайындалған билеттегі құран сүрелері мен аят-тарын мәнерлеп оқыды.

Нәтижесінде І орын ақжайықтық Д.Доскалиевке, ІІ орын сырымдық Қ. Тынымға, ІІІ орын зеленовтық А.Мақсутовқа бұйырды.

Шара соңында аудандық мешіт имамы А.Ибрашев жарысқа қатысушыларға алғысын білдіріп, Ұлы Жаратушыны дәріптейтін, қасиетті айды ұлықтайтын осын-дай бастамашыл игі шаралар жалғасын тапса деген ұсынысын білдірді.

Б.ШАкАеВ,«руханият» қоғамдық

бірлестігінің төрағасы

Жарысқа Орал қаласынан “Жекпе-жек” спорт мектебі мен №4 БЖСМ және Казталов ауданының спортшылары мен Амангелді, Ақтау,Оян, Атамекен ауылдарынан, сондай-ақ Тасқала аудандық БЖСМ командалары қатысып, 123 спортшы бақтарын сынады.

Нәтижесінде 23 келі салмақта тасқалалық А.Бисен, 26 келіде тасқалалық А.Бекмурзин, 29 келіде Орал қаласындағы «Жекпе-жек» спорт мектебінің тәрбиеленушісі Н.Амандық, 32 келіде тасқалалық А.Бекмурзин, 35 келі-де «Жекпе-жек» спорт мектебінің палуаны Б.Галиев, 38 келіде Орал қаласынан келген №4 БЖСМ палуаны А.Әділетов, 42,46 және 50 келіде «Жекпе-жек» спорт мектебінің па-луандары Қ.Самиғулла, Е.Исмагулов және М.Динши, жүлделі бірінші орынға ие болса, 50 келіден жоғары салмақта №4 БЖСМ палуаны А.Мусретов бірінші орынға табан тіреді

Өз тілшіміз

Жұма, сенбі күндері аудандық мәдени демалыс орталығының спорт залында «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» 50 жылдық мерейтойына орай баскетболдан 2004 жылы туылған және одан кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында аудан біріншілігі өткізілді. Қыздар арасында өткен жарысқа 6 командадан 58, ұлдар арасында бес командадан барлығы 47 спортшы қатысып бақ сынады.

Жарыс қорытындысы бойынша қыздар арасында жүлделі I орын Ақтау орта мектебінің командасына бұйырса, II орынды Аман-гелді орта мектебі еншіледі. III орынға БЖСМ-2 коман-дасы жайғасты.

Осы жарыста «Үздік ойыншы» аталымы амангел-ділік К.Шариповаға, «Үздік шабуылшы»

аталымы ақтаулық Д. Бақытжановаға,

ал, «Үздік ортаңғы ойын-шы» аталымы БЖСМ-2 командасының мүшесі М.Утешкалиеваға бұйырды. «Үздік қорғаушы» аталымын амангелділік А. Ергалиева жеңіп алды.

Ұлдар арасында өткен сайыста I орынды БЖСМ-2 командасы, II орынды Сәулет мектеп лицейі, III орынды Ақтау орта мектебінің командасы жеңіп алды. Ұлдар арасын-да «Үздік ойыншы» аталы-мы БЖСМ-1 командасының мүшесі Б.Амангелдіге, «Үздік шабуылшы» ақтаулық А.Утегалиевке, «Үздік ортаңғы ойын-шы» Сәулет мектеп ли-цей командасының мүшесі А.Есеналиевке, «Үздік қорғаушы» БЖСМ-2 командасының мүшесі Д.Кушеновке бұйырды.

Спорт

рАМАзАН Айы ҰЛыҚТАЛғАН күН

БАйМАғАМБеТОВ АТыНДАғы ЖүЛДе

Жуырда Дзюдо күресінен халықаралық дәрежедегі төреші, ксрО спорт шебері к.Баймагамбетовтың жүлдесі үшін 2006-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасында аудандық БЖсМ-нің ашық біріншілігі өтті.

МерейТОйғА АрНАЛДы

518.05.2018 жылҚЫЗМЕТ. МІНДЕТ. АБЫРОЙ

Елімізде бір мемлекеттік қызметкерге 171,6 азаматтан келсе, Австралия, Финлян-дия, Ирландия, Франция және АҚШ елдерінде 116 адамнан шағады. Бұл біздегі мемлекет-тік қызметкерлердің жұмысы өзге елдермен салыстырғанда қиын екенін көрсете ме, әлде әлі күнге бір жүйеге түсе алмай жүрміз бе?

Мекемеге келген хатқа жауап жазу, арыз қабылдау, құжаттардың түгел бо-луын тексеру – Нұрсұлу Шерниязқызының 29 жыл-дан бері атқарып келе жатқан жұмысы. Қарапайым отбасында туып өскен кейіпкеріміз есейе келе мемлекеттік қызметші бо-ларын ойламаған болу керек. Алайда тағдыр жолы оны осы арнаға өзі бұрды.

- Мен Қазақстан ауылдық ок-ругінде туып, сол жерде өстім. 1978 жылы Ақтау ауылынан мектеп бітірдім. Оралда тігінші курсын оқыған соң, Шежін ауы-лында қызмет атқардым. Аздан соң көршілес Саратов облы-сына барып білімімді жетілдір-дім. Ол жақта 4 жылдай жұмыс жасадым. Алайда тағдырдың маңдайға жазғаны сол болса керек, елге оралған соң Достық ауылына қызметке орналас-тым. Сол кездегі ауыл советінде кассир қызметін атқардым. Ол - менің мемлекеттік қызметім басталған уақыт,- деп өткенге көз жүгірткен Нұрсұлу ханым әңгімесін әріден бастады.

Қазақтың байырғы кезден қыз баланы жат жұрттық деп танығаны белгілі. 1989 жылы Нұрсұлу Шерниязқызы ата-салтымызбен өз алдына отау тігіп, тұрмысқа шығады. Адал жар, ибалы келін, аялы ана атанған кейіпкеріміз қызмет

жолын да жалғастыруды құп көрген. 1993 жылы Тасқала ауылдық округінің әкімі аппа-ратына орналасқан оның сол орында отырғанына биыл 25 жылдың жүзі болды. Осы уақыт ішінде қызмет жолыңызда қандай қиындықтар болды, не өзгерді деген сұрағымызға кейіпкеріміз байсалды жауап қайтарды.

- 2013 жылы бізге жаңадан 3 штат қосқан соң қызметіміз бөліне бастады. Ол уақытқа дейін бір адам барлық қызметті атқара беретін, санасу де-ген атымен болмайды. Өзім көбінесе жер мәселесімен а й н а л ы с қ а н д ы қ т а н тұрғындардың кезекке тұруы, шешім шығару, комиссияға жіберу секілді ұсақ-түйек жұмысқа қатты мән беремін. Алайда қазіргі таңда архив құжаттарымен, мекемеге түскен хаттарға жауап жазу-мен айналысамын. Оған қоса, арыздарды қабылдау, құжаттар айналымы секілді жұмыстар да бар,- дейді ардагер маман.

Қазір бұрынғыдай емес за-ман өзгерді. Барлық жұмысты

компьютер арқылы атқарамыз. Бір сөзбен айтқанда, бұрынғыдан жұмыс жеңілдеді. Ал осыған дейін жазу машина-сымен жұмыс жасаған аға буын өкілдері сол кезде уақытпен санаспай еңбек етті. Мойында-рына үлкен жауапкершілікті де ала білді.

- Осы мекемеде менімен бірге қызмет атқарған жандар қатары бүгінде қалған жоқ. Біз бәріміз бір жұмысты бірігіп істе-ген күндеріміз де болған. Бұл менің міндетіме кірмейді де-генді айту түгілі, ойламайтын-быз. Керісінше қасымыздағы мамандар үлгере алмай жатса, көмектесе кететінбіз. Жазу ма-шинасымен қызмет атқардық, қате жіберуге болмайды. Бір

қателік бар жұмысты басынан бастап жасауға алып келеді. Ал қазір компьютер, бәрін соған тіркейміз, электронды пошта арқылы керек құжатты сұратып аламыз, ғаламтор желісі де жақсы. Қазір білек-ті сыбанып, қызметке кірісу ғана керек. Уақыт өткен сайын жұмыс жасау жеңілдеп келеді, тек өзгермейтіні – міндет пен жауапкершілік.

Ширек ғасыр бойы бір қызметті атқарған маманның жастарға айтары бар, әрине. Ал кейіпкеріміз өз кезінде кім-нен ақыл сұрады, кімге қарап бой түзеді екен?

- Өмір жолымда жақсы адамдар көп жолықты. Сол үшін Аллаға шүкір деймін.

Маған әріптес болған жандар көңілі ашық, жүрегі кең, өзгеге жақсылық ойлайтындар еді. Ондай кісілерден үйренерім көп болды, үйрендім де. Алғаш қызметімді бастаған жылы В.Фролов, К.Батырашева, Л.Бозова секілді мамандармен қызметтес болдым. Олар маған жұмыстан қорықпауды, білме-генді сұрауды үйретті. Сондай-ақ Л.Данскова, М.Айтжанов, А.Строк, Г.Турганалиевтермен де жұмыс жасадым. Әрқайсысы – өз ісінің маманы, нағыз ше-берлері еді,- дейді Нұрсұлу Балмулдина.

Тағы бір сөзінде кейіпкеріміз «Жастарға білмегендеріңді сұраңдар, үйреніңдер. Ол ұят емес, керісінше бірнеше жыл атқарып отырған қызметіңде қателік кетсе, сол кезде ұят болады деп айтып отырамын. Өйткені біз кетеміз, ал жұмыс жас буынға қалады. Сондықтан олардың ауыр жұмыстан қашып, жеңіл қызмет таңдауы жараспайды» дейді.

29 жыл – жиырма тоғыз күн емес. Басшы ғана емес, дәуірдің өзі өзгерген кезде қызметті абыроймен атқару – үлкен еңбекпен келген бақыт. Өмір жолында үйренгенді жастарға жеткізе білген Нұрсұлу Шерниязқызына біз де толағай табыс тіледік.

Әсем серікҚАЛи

Әсем БАТырАШеВА,Тасқала ауылдық округі

әкімі аппаратының маманы:

- Бұл мекемеде қызмет атқарғаныма 10 жылдың жүзі болды. Еңбек жолымда көптеген адамдарды кездестір-дім, әрқайсысынан жаңа бір дүниелерді үйрендім. Әсіресе, Нұрсұлу Шерниязқызына айтар алғысым шексіз. Ол кісі – еңбек жолымдағы ғана емес, өмір жолымдағы ақылшы ұстазым. Өте қарапайым, адамгершілігі мол жан. Біреуге әркез қол ұшын беруге дайын тұрады.

Оның еңбек өтілін бізбен салыстыруға кел-мейді әрине. Алайда Нұрсұлу Шерниязқызының

жаңадан жұмысқа келген жас мамандарға жаны ашып, оларға айтар ақылы мен созар көмек қолы - өз алдына бөлек әңгіме.

Бізге әрдайым «білмегендеріңді сұраңдар» деп отырады және ал-дына барған жанға көмегін аямай-ды.

Әріптестеріміздің барлығы да Нұрсұлу Шерниязқызын мақтан тұтады. Оған алғыстан басқа айта-рымыз жоқ.

25 жыл бой бір мекемеде мемлекеттік қызметті үзіліссіз абыроймен атқарып келе жатқан әріптес апама мен де ризашылығымды білдіріп, отбасы бақытын тілеймін. Еңбегіңіздің зейнетін көруге жазсын.

«Тек білекТі сыбанып,

іске кірісу қажеТ...»

МеМЛекеТТік ҚызМеТкерДің МӘрТеБесіН АсырыП, сАЛА МАМАНДАрыНА ДегеН сеНіМ МеН ҚҰрМеТТі АрТТырАТыН АйТуЛы күН Де ЖАҚыНДАДы. МерейЛі күНге БАйЛАНысТы МАМАНДАрДың еңБегіН гАзеТ БеТіНДегі АТАЛМыШ АйДАрДАН кӨре АЛАсызДАр.

Мемлекеттік қызмет органдарына 20 жыл

6 18.05.2018 жыл МАМАН МІНБЕРІ

Парентералді вирусты гепатиттер – гепатотропты вирустармен шақырылатын (В, с, D), жұқтыру механизмінің әр түрлігімен және жалпы токсикалық, диспепсиялық пен гепатолиенальды синдромдарының дамуымен, бауыр қызметінің бұзылуымен, жиі сарғаю мен бірге жүретін, гепатобилиарлы жүйенің зақымдалуымен сипатталатын әр түрлі этиологиялық антропонозды аурулар тобы.

Механизмі мен берілу жолы бойынша - гемоперкутанды механизмді парентеральды

В, С, D, G гепатиттер. Парентеральды ге-патит созылмалы түрде өтуі тән, әсіресе гепатит С вирусында анық байқалады (80 %). Созылмалы гепатиттен басқа ба-уыр циррозы мен біріншілік гепатокар-цинома дамуына негіз болады.

Вирусты гепатит В негізгі инфек-ция көзі аурудың симптомсыз және клиникалық айқын жедел және созылма-лы формасындағы науқастар, сонымен қатар бауыр циррозы бар адамдар бо-лып табылады. Вирус қанда және әртүрлі биосубстраттарда – сілекей, зәр, сперма, қынаптық бөліністерде, т.б. кездеседі. Инфекцияның негізгі таралу механизмі – гемоперкутантты (қанқатынастық). Та-ралу жолы табиғи және жасанды болуы мүмкін. Табиғи жолдарына жатады: 1) жыныстық – жыныстық қатынас кезін-де; 2) вертикалды – анасына (симптом-сыз немесе манифестті инфекциямен) баласына, жұқтыру көбінесе босану кезінде болады. 3) ұстара, тіс щеткасы, жөке, т.б. арқылы тұрмыстық паренте-ралды инфицирлену. Жасанды таралу жолдары – парентералды – вирустың емдік-диагностикалық манипуляци-ялар (инъекция, операция, қан және оның препараттарының трансфузиясы, эндоскопия) кезінде зақымдалған тері, шырышты қабаттар арқылы енгенде жүзеге асады. Қазіргі кезде нашақорлар арасында, есірткіні парентералды енгі-зу үшін зарасызданбаған ине мен шпри-цтерді қолданудан инфицирлеу қаупі

жоғары.Вирусты гепатит СИнфекция көзі, механизм мен та-

ралу жолы ВГВ сәйкес келеді. ВГС ин-фекция көзі – жедел және созылма-лы формаларымен аурытын науқас. Эпидемиологиялық мағынасы жағынан парентеральді берілу жолы маңызды. Көбінесе ВГС –мен қан және оның препараттарын құйғанда жұғады. ВГС қоздырғышын посттрансфузионды гепатиттің негізгі этиологиялық фак-торы ретінде есептейді. Гемофилия-мен ауыратын науқастарда инфекция жиі кездеседі. Донорды тестілеу, кон-центрленген қан және оның дериват-тарын ВГС-ға тексеру міндетті түрде жүргізіледі.

ВГС көбінесе наркотикалық заттарды паренеральді қолданатын наркоман-дарда кездеседі. Қазіргі уақытта бұл топ эпидемиялық маңызы аса қауіпті ВГС-н инфицирленгендер қатарына жатады.

Қоздырғыштық гетеро-және гомосек-суалді қатынас кезінде тұрмыста, инфи-цирленген анасынан баласына берілуі өз орныналады, бірақ ВГВ қарағанда азырақ кездеседі.

Қауіп-қатерлі факторлар:-гемотрансфузиялар, - қан препа-

раттарын құю, операциялар, босану-лар, қан берулер (донорлық), көптеген жыныстық әріптестермен сақтанусыз жыныстық қатынастарғ, анамнездегі инъекциялы наркотиктерді қабылдау.

Қоздырғыштардың массивті берілуі-мен, ең маңызды зақымдалу жолы:

– қан және оның өнімдерін құю (70% трансфузиядан кейінгі гепатит жағдайы);

- инъекциялар және өзге инвазивті араласулар;

- гемодиализ;- ағзалардың трансплантациясы;- татуаж, пирсинг т.бТасқала ауданда 2016 жылда созыма-

лы ВГВ - 13 оқиға тіркелсе, созымалы ВГС - 7 оқиға. 2017 жылда - созымалы ВГВ - 7 оқиға, созымалы ВГС - 2 оқиға тіркеліп жатыр.

Л.сАгиНТАеВА, Тасқала аудандық ҚДс

Басқармасының жетекші маманы

Тарих қойнауынан елеулі орын алған Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына биыл 73 жыл толды.

Осыған орай Амангелді ауыл-ында Жеңіс күніне арналған шара ұйымдастырылды. Алдымен мереке-ге жиналғандар Даңқ аллеясындағы ескерткішке гүл шоқтарын қойып, соғыста қаза тапқандардарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Содан соң округ әкімі Қ.Жұмагереев салтанатты жиынға қатысушыларды Жеңіс мерекесімен құттықтап, оның оңайлықпен келмегенін, қасіретті соғыстың салдарынан қаншама отбасы бауырларынан айырылып, қаншама ардагерлеріміз өмірден өткенін тілге тиек етті. Жиын соңы «Ақ маржан» әжелер клубы дайындаған «Біз - бақытты

ұрпақпыз!» атты қойылыммен жалғасты. Көріністе сонау сұрапыл жылдары ер-азаматтарын майданға шығарып салып, бар тірлікті өз мойындарына алған әйел аналардың бейнесін сомдалды. Сон-дай-ақ соғыстағы әкесін сағынышпен күткен баланың қиялы мен майдан да-ласынан анасына жазған сағыныш хаты, пілте шамның жарығымен майдандағы әскерлерге жүн түтіп, оны иіріп жылы шұлықтар тоқыған аналардың бейнесін көрерменге әдемі жеткізе білді.

Шара барысында мәдениет қызмет-керлері мен мектеп оқушыларының орындауында соғыс жылдарындағы әндер шырқалды.

г.есҚАЛиеВА, Амангелді ауылдық

кітапханашысы

ел Басшысымен белгілінген бес институциональдық реформаларын жүзеге асыру шеңберінде, Қр Жоғарғы соты электрондық төрелікті барлық жерде енгізу үшін тиімді шаралар қолдануда. Бұл азаматтардың сот өндірісіне кіруді едәуір жеңілдетеді.

Яғни, тараптар заманауи ақпараттық технология-ларды қолдана отырып сот

қызметінің ашықтығы мен тиімділігі-не қол жеткізеді. Сонымен бірге, соттардың кеңсе қызметтерін және сотқа жүгінген тұлғалардың уақытын қысқартады.

ҚР Жоғарғы Сотының сайтында «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі жұмыс істейді. Мұнда өтініштерді жолдап, сот істері мен материалдар бойынша ақпаратты алу үшін Сот ка-бинеті қызметін пайдалануға болады. Сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының қазіргі заңнамалар шеңберінде азаматтық, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша элект-ронды арыздарды, өтініштерді және шағымдарды жіберіп, өтініштерді тап-сырып, сот құжаттарымен танысуға мүмкіндік бар.

«Сот құжаттарымен танысудың» өз модулі бар. Аталған модуль логин мен құпия сөз арқылы электрондық сот құжаттарын көру үшін арналған. Сотқа қатысушы логин мен құпия сөзді ұялы телефон нөміріне немесе электрондық адресіне жіберілген SMS-хабарлама арқылы алады.

Жедел хабарлау мақсатында сот үрдісінің қатысушысына сот органдарының ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жасалатын келесі SMS-хабарламалар жүйелік логикалық тәртіпте жіберіледі, оның ішінде: ло-гин мен құпия сөзді көрсете отырып, арызды сот ісін жүргізуге қабылдау кезіндегі істің нөмірі туралы, сот қарауына істі дайындау, күні, уақыты және өткізілетін орны көрсетілген сот отырысына шақыру, сот ісін жүргізуге өтінішті қабылдаудан бас тарту,- өтінішті қайтару, қозғалыссыз өтініштің тоқтатылғаны немесе сот шешімі шығарылғандығы туралы.

«Сот құжаттарымен танысу» мо-дулінде электрондық сот құжаттары оларды жүктеу, көру және сақтау мүмкіндігі қарастырылған сілтемелер түрінде беріледі.

Оны көру үшін «Сот құжаттарымен танысу» модуліне кіру қажет. Ол үшін баннерге басып, SMS-хабарлама арқылы алынған (электрондық ад-реске түскен) логин мен құпия сөзді енгізесіз, содан соң ашылған терезе-де сілтемеге басу арқылы файлдарды жүктейсіз, содан соң компьютерде сақтау кажет.

Процеске қатысушыларға аталған модуль іске қатысатын (қатысқан) тараптарға тұрғын үйден немесе офистен шықпай, соттарға бару үшін шығындарды жұмсамай және өз уақытыңды үнемдеп іс материалдары-мен танысуға ыңғайлы.

М.ТеМірғАЛиеВА,Тасқала аудандық сотының

бас маманы

Біз БАҚыТТы ҰрПАҚПыз!

Соттағы тиімді СервиС

вируСтық гепатиттер туралы не білеміз?

Тілдің мәселесі – ең әуелі ұлттың мәселесі. 1998 жылы «Тіл туралы» заң қабылданып, оның аясында мемлекеттік тіліміздің мерейін асыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Соның бірі қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту мақсатында аудандық Әділет басқармасында барлық шығыс құжаттары мен мемлекеттік меке-мелермен хат алмасу, іс қағаздары мемлекеттік тілде жүргізу жүзеге асы-рылуда. Мекемелер мен ұжымдарда «Тіл туралы» заңға сәйкес дәрістер оқылып, семинар мен дөңгелек үстелдер жос-парлы түрде өтіп тұрады.

Жалпы еліміз бойын-ша мемлекетік тілдің қолдану аясын кеңейту бүгінгі таңдағы өзекті

мәселелердің бірі. Осыған орай әр азамат өз ана тілінде сөйлесіп, оны құрметтеуге тиіс. Се-бебі, тілдің болашағы өз қолымызда. Ал, тілдің келешегі жарқын болуы үшін сөзден іске көшетін уақыт жетті. Мысалы, мемлекеттік қызметке жүгінетін азаматтардың көпшілігі өкінішке орай, сұранысын ресми тіл-де білдіріп жатады. Тіпті, қазақша жақсы білетін, өз ойын еркін жеткізе алатын азаматтардың өзі ресми құжаттарды рәсімдегенде орыс тіліне басымдық береді. Қазақша біле тұрып, өз сауалын орысша қоятындарды да жиі кез-дестіреміз. Шүйіркелесіп, әңгімелескен уақытта да бес қазақтың ортасында бір ғана, жалғыз өзге ұлт өкілі отырса ресми тілде

сөйлейтін жағдайларды да жоққа шығаруға бол-майды. Тіпті, отбасы-мен, жақындарымен де ресми тілде сөйлесіп, түсінісіп жатады. Әрбір қазақ отбасының қарым-қатынас тілі – қазақ тілі болу керек. Осыны естен шығармағанымыз абзал.

Елбасының «Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін» деген ұлағатты сөзін әр қазақ ескерсе екен дей-мін.

Қазақ тілі – рухани байлығымыз, баға жетпес асыл мұрамыз.

Тілді ойлау – болашақты, ұлттың ертеңін ойлау екенін ұмытпағанымыз жөн.

А. НурМАгАМБеТОВА,Тасқала ауданы

Әділет басқармасының тіркеуші-инспекторы

ТуғАН ТіЛіМ

718.05.2018 жылКЕРУЕН

Меншік иесі:“Жайық Пресс” ЖШс,

бас директорЖантас Набиоллаұлы

сАфуЛЛиН

Газет жарияланымдарындағы автор пікірі редакцияның түпкілікті көзқарасы болып есептелмейді. Редакция оқырман

хаттарына жауап бермейді, оны қайтармайды. Деректердің дәлдігі үшін автор жауапты.

Газет ҚР байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті

2012 жылғы 19 қаңтарда тіркеліп, №12267-Г куәлігі берілген.

Мекенжайымыз: 091000Батыс Қазақстан облысы,

Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, С. Жақсығұлов көшесі, 5.

Телефондар: редактор: 8(71139)21132Жауапты хатшы: факс 8(71139)21456

Біздің электронды поштамыз: [email protected]

Газет Тасқала аудандық “Екпін” газеті редакциясында компьютерлік әдіспен

теріліп, беттелді. “Полиграфсервис” ЖШС

баспаханасында басылды. Орал қаласы, Л.Толстой көшесі, 27/6.

“Екпін” Тасқала аудандық қоғамдық-саяси газетінің

директор-редакторы Назгүл серікқызы

ЖӘрДеМОВА

Газет аптасына 1 рет шығады.Көлемі 2 баспа табақ.

Тапсырыс: 7.Таралымы: 1569 дана

Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Амангелді,

косшы,Шежін,Достык ауылдық округінде шаруа қожалығын

жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану

(жалдау) құқығын беру бойынша өткізілген конкурстың

қорытындысы туралы хабарландыру

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 48 бабы-на, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №290 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкур-старды, аукциондарды), оның ішін-де электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының» негізін-де шаруа қожалығын, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пай-далану (жалдау) құқығын ұсыну бойын-ша конкурс өткізді.

№1 лот - БҚО, Тасқала ауданы, Аман-гелді а/о, жалпы аумағы 698 га жер учаскесі, жалға беру мерзімі 10 жыл жалға беру мерзімі 10 жыл. Жеңімпаз- Дуйсенгалиев Жасулан ерсаинович;

№2 лот - БҚО, Тасқала ауданы, Косшы а/о, жалпы аумағы 500 га жер учаскесі, жалға беру мерзімі 10 жыл

Жеңімпаз- ШҚ «Жандос» габдуллин Жандос суйншкалиевич;

№3 лот - БҚО, Тасқала ауданы, Шежін а/о, жалпы аумағы 960 га жер учаскесі, жалға беру мерзімі 10 жыл

Жеңімпаз- ШҚ «Наурыз» ирменова гульжамал Бактыгуловна

№4 лот - БҚО, Тасқала ауданы, Шежін а/о, жалпы аумағы 60 га жер учаскесі, жалға беру мерзімі 10 жыл

Жеңімпаз- ШҚ «Наурыз» ирменова гульжамал Бактыгуловна

№5 лот - БҚО, Тасқала ауданы, Достық а/о, жалпы аумағы 70 га жер учаскесі, жалға беру мерзімі 10 жыл

конкурсқа бір өтінім түсуіне бай-ланысты, өткізілмеді деп танылсын.

Лот №5 қайтадан хабарландыруға жариялау қажет.

Объявление об итогах проведения конкурса по предоставлению

прав временного возмездного пользования (аренды) земельных участков сельскохозяйственного

назначения для ведения крестьянского хозяйства в западно-

казахстанской области,Таскалинском районе, Амангельдинском, косщинском, Чижинском,

Достыкском аульном округе

Государственное учреждение «Тас-калинский районный отдел земельных отношений Западно-Казахстанской об-ласти» провел конкурс на основании ста-тьи 48 Земельного Кодекса Республики Казахстан от 20 июня 2003 года, «Правил организации и проведения торгов (кон-курсов, аукционов) по продаже земель-ного участка или права аренды земель-ного участка, в том числе в электронном виде», утвержденных приказом Минист-ра национальной экономики Республики Казахстан №290 от 31 марта 2015 года.

По лоту №1 Земельный участок на-ходящееся в ЗКО, Таскалинском районе, Амангельдинском а/о, общая площадь 698 га, срок аренды 10 лет. победите-лем был признан Дуйсенгалиев Жасу-лан ерсаинович;

По лоту №2 Земельный участок на-ходящееся в ЗКО, Таскалинском районе, Косщинском а/о, общая площадь 500 га, срок аренды 10 лет победителем был признан кх «Жандос» габдуллин Жан-дос суйншкалиевич;

По Лоту № 3:Земельный участок находящееся в

ЗКО, Таскалинском районе, Чижинском а/о, общая площадь 960 га, срок аренды 10 лет победителем был признан кх «Наурыз» ирменова гульжамал Бак-тыгуловна;

По лоту № 4:Земельный участок находящееся в

ЗКО, Таскалинском районе, Чижинском а/о, общая площадь 60 га,

срок аренды 10 лет победителем был признан кх «Наурыз» ирменова гульжамал Бактыгуловна;

Лот №5:Земельный участок находящееся в

ЗКО, Таскалинском районе, Достыкском а/о, общая площадь 70 га, срок аренды 10 лет.

В связи с поступлением одной за-явки на участие в конкурсе по лоту №5 - признан не состоявшиемся. Необхо-димо объявить повторное объявле-ние на проведение выше указанного лота.

Продается земельный участок в центре п.Таскала – 5,5 соток, залит фундамент для дома 10,5х10,5 м есть на участке колодец. Подведена центральная вода.

Обращаться по тел: 8777-671-69-56, 8771-483-63-54.

*****Продается земельный участок – 10 соток. Район старый «Саулет». Коммуника-

ции подведены (газ, свет, вода).Обращаться по тел: 8777-671-69-56, 8771-483-63-54.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттеріне арналған тұрғын үйлер қаланың жаңа ауданында, Орал-Атырау және Орал-саратов трассаларының арасында, және Құрманғазы көшесінің бойында салынып жатыр. Таза әрлеудегі пәтерлердің 1 шаршы метрінің бағасы 140 000-170 000 теңге аралығында. үйлердің құрылысы жазда аяқталады деп жоспарланып отыр.

Жаңа пәтерлерді тұрғын үй, аралық және алдын-ала займдардың көмегімен сатып алуға болады.

Салымшы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шотына үй құнының 50%-на тең қаражат жинаса, тұрғын үй зай-мын ала алады. Бұдан бөлек депозиттің ашылғанына кемі 3 жыл, ал бағалау көрсеткіші 16-дан жоғары болуы қажет. Бұл жағдайда жетпейтін соманы 6 жыл-дан 25 жылға дейінгі мерзімге несие түрінде ресімдеуге болады. Заем бойын-ша жылдық сыйақы мөлшерлемесі 3,5-5 пайыз аралығында болады.

Аралық заем 50% қаражат 3 жылдан аз уақытта жиналып қойылса немесе клиент бұл соманы бірден салса беріледі. Бұл не-сие түрі бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында жылдық сыйақы мөлшерлемесі жеңілдетілген, яғни 5 пайыз болады. Зай-мды пайдалану мерзімі 25 жылға дейінгі мерзімді қарастырады.

Алдын-ала тұрғын үй займы баспана бағасының кем дегенде 30%-ы бар болса, ұсынылады. Бұл заем бойынша да жылдық сыйақы мөлшерлемесі жеңілдетілген, яғни 5 пайызбен беріледі.

«Нұрлы жер» бағдарламасының ая-сында салынып жатқан нысандар тура-лы ақпаратты baspana.kz сайтынан білу-ге болады. Бұл портал тұрғын үйлерді таңдау ыңғайлы, ал бөлістіру ашық, айқын болсын деп арнайы жасалған. Мұнда қолжетімді үйден үміткер аза-мат өзі пәтер алғысы келетін қаланы таңдап, аймақта қандай нысандар салы-нып жатқанын біліп, өтініп қабылданып жатқан-жатпағанын анықтап, ұнаған пәтерді таңдап, тұрғын үй сатып алушы-лар пулына қатысу үшін өтінім бере ала-ды. Нысан бойынша өтінімдер қабылдау құрылыс аяқталғанға дейін бірнеше ай қалғанда басталады. Пулға барлық ТҮҚЖБ

клиенттері қатыса алады, алайда мемле-кеттік бағдарлама талаптарына толық сай келетін және ең көп балл жинаған салым-шылар ғана баспаналы болу мүмкіндігіне ие. Балл саны депозиттің қаншалықты тұрақты толықтырылып отырғандығы және шоттың әрекет ету мерзіміне байла-нысты. Осылайша депозит неғұрлым ерте ашылса және оған дер кезінде ақша са-лынып отырса, балл да соғұрлым жоғары болмақ. Балды арнайы бағдарлама есеп-тейді, адам араласа алмайды, яғни про-цесс ашық автоматты түрде жүреді.

2017 жылдың қорытындысы бойын-ша «Нұрлы жер» бағдарламасының ая-сында 985 пәтерден тұратын 7 үй салы-нып, пайдалануға берілді. Баспаналы болған жандардың арасында Тайпақ ауылындағы Қ.Байсықов атындағы орта мектеп мұғалімі Анна Садықова Даниярқызы да бар. 2010 жылы сту-дент болып жүрген кезінде банктен салым ашқан Анна осы уақыт ішінде айына 10 000-20 000 теңгеден салып отырып, бастапқы жарна ретінде үй бағасының 30 пайызын жинаған. Жалпы алғанда 7 жыл ішінде банк сыйақысын, мемлекет сыйлықақысын және бағам айырмашылығы бойынша төлемдерді қоса алғанда аймақ тұрғыны 1 623 930 теңгенің басын құраған.

- Тұрғын үй сатып алушылар пулы-на өтініш қабылданып жатқанын естіп, бірден құжат тапсырдым және бірінші реттен өтіп кеттім. Бұған қоса анамның атына да депозит ашып қойдым. Кеңірек үй алу үшін ары қарай да ақша жинай бе-ремін, - дейді банк салымшысы.

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі ту-ралы толық ақпаратты алу үшін келесі мекенжайда орналасқан банк филиа-лына хабарласуға болады: Орал қаласы, М.Мәметова к-сі, № 111 үй. Сонымен қатарТасқала ауданында Тасқала ауы-лы, Абай к-сі, 18 үй мекенжайы бойынша кеңес беру орталығыжұмыс жасайды. Банк кеңесшісі Медет Мәлікұлы, байла-ныс нөмірі 8 707 135 85 45.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі – арманыңның кілті!

ХАБАРЛАНДЫРУ 2018 ЖыЛы «НҰрЛы Жер» БАғДАрЛАМАсы АясыНДА БАТыс

ҚАзАҚсТАН ОБЛысыНДАғы ТҰрғыН үй ҚҰрыЛыс ЖиНАҚ БАНкі

сАЛыМШыЛАрыНА 248 ПӘТер БеріЛеДі

СОҢҒЫ БЕТ8 18.05.2018 жыл8 СОҢҒЫ БЕТ8 СОҢҒЫ БЕТ8Құттықтаймыз!

Достық ауылының тұрғыны болған, бірімізге сүйікті ұл, бірімізге қимас бауыр және аяулы жар болған ТургАНАЛиеВ ганмирша гусманұлын сағына еске аламыз. Егер ол арамызда болса 21 мамыр күні 50 жасын бірге тойлар едік. Амал не? Сұм ажал оны ортамыздан алып кеткеніне де 19 жылдың жүзі болыпты. Бойындағы сұлулық, мейірімділік пен жанашырлық сияқты

жақсылық қасиеттерімен әрқайсымыздың жүрегімізде мәңгі сақталған Ганмиршаның иманы жолдас, топырағы торқа болғай. Алла пейіште шапағатын төгіп, жатқан жері жайлы болсын дейміз.

Сенсіз бірақ таң да атар, күн де батар,Жоқтығы бір өзіңнің жанға батар.Сағынып сарғаюмен күн кешеміз,Иманың жолдас болғай біздер айтар.

сағына еске алушылар: анасы Қилаш, жанұясы, бауырлары

Тасқала ауылының тұрғыны асқар таудай әкеміз, сүйікті атамыз Нетказиев хамит сәлімгерейұлын 80 жасқа толу мерейтойы-мен отбасымыздың атынан шын жүректен құттықтап,зор денсаулық,ұзақ ғұмыр тілейміз.

Құтты болсын 80 деген жасыңыз,Қуаныштың кемерінен асыңыз.Әрқашанда мықты болып денсаулық,

Қажымастан жүзден әрмен асыңыз.игі тілекпен: зайыбыңыз зағипа, бала- келіндеріңіз,

қыз-күйеулеріңіз, немере, жиендеріңіз және шөбере, жиеншарларыңыз.

Қымбатты күйеу баламыз, қадірлі бажамыз, сүйікті жездеміз Нұрболат Бисешұлы Нигметовты мерейлі 50 жасымен құттықтаймыз. Деніңе саулық, отбасыңа бақыт тілейміз. Жиендеріңнің қызығын көріп, үлкен

ата болуға алла нәсіп етсін. Қосағыңмен қоса қартай.

игі тілекпен: ата-енең серік-үнзила және бажа-балдыздарың

Атамекен ауылының тұрғыны бірімізге әке-ана, бірімізге ата-әже Қадыров Махсұт Құбайұлы мен Қадырова Мастура габдрахимқызын мерейлі 70 жастарымен құттықтаймыз.

Өз бақыттарын, қуаныштарын өз перзенттерінің қылығынан, қызығынан іздейтін асқар тау әкеміз бен аяулы анамызға әлемдегі бар жақсы тілекті үйіп-төксек те аз. Алла Сіздерге ең алдымен мықты денсаулық берсін! Әрқашан жүздеріңізден мей-ірім нышаны кетпей, айналаңызға нұрыңызды шашып, ұл-қыз, немере-жиен арасында бақытқа кенеліп жүре беріңіз!

Бұл 70 жас – қарттық жас емес, қазына жас,Бала мен немеренің назына мас.Біз сізге бақ тілейміз ортаймайтын,Басыңыздан ешқашан ажырамас.

игі тілекпен: қызы Тахмина, жиені Нұреддин

Тасқала ауылының тұрғыны аяулы пер-зент, асыл жар, сүйікті әке, қымбатты ата Нұрболат Нигметовты мерейлі 50 жасымен құттықтаймыз.

Құтты болсын 50 деген жасыңыз,Асулардан, белестерден асыңыз.Көргеніңіз қызық пенен той болып,Бейнет көрмей берген жасты жасаңыз.

игі тілекпен: анаң Жамиға, жолдасың Назгүл, қыз-күйеуің Әліби-гүлжанар, қызың гүлден, жиендерің Ақерке, Бекзат

Жуырда аудан орталығында дәл осындай атаумен мекеме ұжымдар арасында Астананың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған фестиваль басталды.

Байқаудың шымылдығын алғаш болып «Сәулет» мек-теп лицейі ашты. Одан әрі Ы.Алтынсарин мен Қ.Сәтбаев атындағы орта мектептерінің ұжымдары жалғастырды. Айта

кету керек аталмыш білім орда-лары шараға үлкен даярлықпен келген. Фестивальдің негіз-гі мақсаты мемлекеттік сая-сатты жүзеге асыра отырып, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға қолдау көрсету. Қазақи құндылықтарымызды кеңінен насихаттау. Ұмыт бола бастаған әдет-ғұрыптарымызды дамытып, дәріптеу.

Байқау мамырдан бастап маусым айының аяғына дейін жалғасады. Шілде айында Астана

күніне орай қорытындыланып, гала концертпен аяқталатын бо-лады.

Шараға қатысатын ме-кеме ұжымдардың өнері театрландырылған көрініс, би жанры, көне аспаптарда шығармалар орындау, қара өлең айту бағыты бойынша бағаланып, хор ұжымы мен ұлттық бұйымдардың қолөнер көрмесі бойынша сараланатын болады.

Өз тілшіміз

Ел жүрЕгі – АстАнА!