131

«БӚБЕК» ҦЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИmidedu.ozin-ozi-tanu.kz/upload/Book/Book-file-8078-0.pdf · 2019-11-07 · туралы түсініктерін дамыту және тұлғаның

  • Upload
    others

  • View
    13

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«БӚБЕК» ҦЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ,

БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

ӚЗІН-ӚЗІ ТАНУ

МҦҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҦРАЛ

11-СЫНЫП

Алматы 2019

2

ӘОЖ 373

КБЖ 74.26

Ә47

«Ӛзін-ӛзі тану» рухани-адамгершілік білім беру

бағдарламасының авторы С.А. Назарбаева

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрлігі ұсынған

Әкімбаева Ж. Ж

Ӛзін-ӛзі тану: Мұғалімге арналған әдістемелік құрал: 11-сынып/

Ж. Ж. Әкімбаева, Л. С. Джубатова, Н. К. Мыркасымова – Алматы: «Бӛбек»

ҰҒПББСО, 2019. – 128 б.

ISBN 978-601-7960-49-0

Әдістемелік құрал 11-сыныпта «Ӛзін-ӛзі тану» пәнінен сабақ

беретін мұғалімге арналған. Әдістемелік құралда сабақтардың мақсат,

міндеттері анықталған. Мұғалімге сабақты ұйымдастыру және әдіс-

тәсілдерді қолдану үшін жан-жақты кеңес берілген.

ӘОЖ 373

КБЖ 74.26

ISBN 978-601-7960-49-0 © «Бӛбек» ҦҒПББСО, 2019

3

КІРІСПЕ

Қазіргі уақыт бәрімізден, әсіресе мұғалімдерден

ӛзгеруді қажет етеді. Ӛмірдің ӛзі бала туралы, ӛзіміз және

ұстаздар туралы шаң басқан ескі түсініктерден арылу

қажеттілігін алға тартуда. Ал бұл үшін оларды сол бірінші

сыныптықтар секілді рухани ӛмір сүріп, ғарыштық деңгейде

ойлануға және сүйіспеншілік пен қайырымдылық

«алгебрасына» үйрету қажет. Тек қайырымдылық пен

сүйіспеншілік қана әрқайсысымыздың ішімізде ғарыштың бір

титімдей бӛлшегі бар екенін педагогтің түсінуіне алып

келмекші. Қиын сәттерде тек мейірімділік қана ӛзі жайлы

естен шығарып, баланың ішкі жан дүниесіне толықтай

үңілуіне қол ұшын береді.

Сара Алпысқызы Назарбаева

«Ӛзін-ӛзі тану» рухани-адамгершілік білім беру

бағдарламасының авторы

«Ӛзін-ӛзі тану» пәнін оқыту мақсаты – рухани-

адамгершілік құндылықтарға негізделген ойы, сӛзі, ісі

бірлікте ӛмір сүретін, кемел мінезді адамды дамыту.

Мұғалімнің рӛлі оқушының ішкі әлеуетін, оның рухани-

адамгершілік құндылықтар негізіндегі жоғары адамгершілік

мәнін ашуға жағдай жасау болып табылады.

Ӛзін-ӛзі тану мұғалімі білімді дайын күйінде

ұсынбайды, оқытпайды, ол тек оқушылардың даму бағдарын

сыртқы әлемді зерттеуден ӛзінің ішкі жан-дүниесінің шексіз

әсемдігін ашуға бағыттайды.

4

Сондықтан да қазіргі білім мазмұнындағы рухани-

адамгершілік тереңдікті, жалпыадамзаттық құндылықтар мен

адамгершілік қасиеттердің мәнін ашып, жарыққа шығару

міндеттері туындап отыр.

Оқу пәнінің негізгі міндеттері:

– оқушыларды ӛзін-ӛзі тануға және үнемі ӛзін-ӛзі

жетілдіруіне шабыттандыру;

– ойы, сӛзі және іс-әрекеті бірлігінің негізін қалау;

– оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтардың

мәнін түсінуіне ықпал жасау;

– оқушылардың отбасындағы, ұжымдағы және

қоғамдағы ӛз рӛлін ұғынуына кӛмектесу;

– табиғат, адам және қоғамның ӛзара тәуелділігін

ұғынуға әсер ету;

– әртүрлі оқуда және ӛмірлік жағдайларда әлеуметтілік

және адамгершілік іс-әрекеттер жасау тұрғысынан тәжірибелі

болуын қалыптастыру.

Пән мазмұны арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды

жарыққа шығару, рухани-адамгершілік қасиеттерді дамыту

және ашуда үйлесімді тұлға дамытудың тұтас үдерісінің түрлі

жақтары, адамның қоғамдағы рӛлі, адам мен табиғат, Әлемнің

бірлігі және үйлесімінің мәні; басқа адамдармен қарым-

қатынас мәдениетіне тәрбиелеу қамтамасыз етіледі.

Оқыту интербелсенді әдістеме негізінде жүретін пәннің

ӛзіндік ерекшеліктерін есепке ала отырып, әрбір сыныптағы

оқушылар құрамын екі топқа бӛлу қарастырылған. Топқа

бӛлу мұғалім үшін оқушылардың тұлғалық, рухани ӛсуінің

ішкі динамикасына неғұрлым мұқият назар аударуына,

білімдік үдеріс субъектілерінің толықтай диалогін

ұйымдастыруына жағдай туғызады, сонымен қатар оқушылар

үшін сабақта талқыланатын мәселелер бойынша ӛз

5

кӛзқарасын, пікірін білдіруге, ӛз қабілеттерін барынша ашуға,

қызығушылықтарын дамытуға, ӛзіне және қоршаған әлемге

құндылықтық қатынасын қалыптастыру мүмкіндіктерін

қамтамасыз етеді.

Білім берудің мақсаты – баланы жан-жақты біртұтас

дамыту. Білім беру үдерісінде баланың жеке тұлғасын

физикалық және интеллектуалдық аспектісі тұрғысынан

дамытып қана қоймай, ең әуелі баланың жоғары рухани-

адамгершілік болмысын ашу қажет.

«Ӛзін-ӛзі тану» пәнін оқыту әдістемесінің

қағидаттары

Гуманистік бағыттағы қағида.

Жалпыадамзаттық құндылықтар қағидасы.

Әлеуметтік ынтымақтастық қағидасы.

Ұлттық мұра қағидасы.

Табиғи сәйкестілік қағидасы.

«Ӛзін-ӛзі тану» пәнін оқытудың шарттары

Сүйіспеншілік, сенім, шығармашылық шабыт

атмосферасын құру, ӛзін-ӛзі зерделеуге, ӛзін-ӛзі интуитивті

түрде ұғынуға жағдай жасау.

Рухани-адамгершілік білімін мектептің тұтастай

педагогикалық үдерісіне интеграциялау.

Рухани-адамгершілік білім беру үдерісінде тек

жағымды және ізгі әдістерді қолдану қажеттілігі.

Базалық білім мазмҧны

«Ӛзін-ӛзі тану» пәнінің 11-сыныптағы базалық мазмұны

тӛмендегідей тӛрт негізгі тарауды қамтиды.

1. «Таным жолында»,

2. «Тҧлғаның қалыптасуы»,

3. «Қоғамдағы ӛмір»,

4. «Адамзат әлемі».

6

«ӚЗІН-ӚЗІ ТАНУ» ПӘНІ БОЙЫНША

11-СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК

КЕШЕН МАЗМҦНЫ

«Ӛзін-ӛзі тану» пәні бойынша 11-сынып оқушыларына

арналған оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) құрамына «Оқулық»,

«Мұғалімге арналған әдістемелік құрал», «Оқушы дәптері»

кіреді. Оқу-әдістемелік кешеннің барлық құрамдары ӛзара

байланыста сабақта және үйде білімді меңгеру үшін

қолданылады.

Оқу бағдарламасында ӛзін-ӛзі тану сабақтарын оқытуға

аптасына бір сағаттан, барлығы 34 сабақ ұйғарылған.

Оқу материалдары тӛмендегідей жүйеленіп, тӛрт тарау

бойынша берілген:

«Таным жолында» – 8 сағат;

«Тҧлғаның қалыптасуы» – 8 сағат;

«Қоғамдағы ӛмір» – 8 сағат;

«Адамзат әлемі» – 10 сағат.

«Таным жолында» атты бірінші тараудың тақырыптары

оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтардың

ерекшелігін саналы сезіну арқылы ӛзіндік бірегейлігін ұғыну

мақсатын кӛздейді. Адамның ӛзімен-ӛзі және қоршаған

ортамен үйлесімді қарым-қатынас орнату қабілетін дамытуға,

ӛзінің эмоциялық күйін басқара алу білігін дамытуға, тұлғаны

жетілдіру жолдарына, идеалды іздеу, мінез-құлықты

тәрбиелеу, жауапкершілік, намыс пен абырой тәрізді

қасиеттерін дамыту қажеттілігі туралы сӛз қозғалады.

Бағдарламада оқушылардың адамның ішкі әлемі, тұлғалық

қасиеттерінің жан-жақтылығы, ӛмірлік ұстанымы, ӛзіне

7

сенімі, сезімі сияқты ұғымдардың мәнін түсінуіне мүмкіндік

беріледі. Адамның шыдамдылығы, кӛңіл-күйін басқара білуі

тәрізді жағымды жағынан кӛрінуі қарастырылады.

Бағдарламада сонымен қатар адамның діни наным-сенімінің

бостандығы және басқа адамдардың діни сезімдерін

құрметтеп, тӛзімділік таныту мәселелеріне де назар

аударылған.

«Тҧлғаның қалыптасуы» тарауының тақырыптарында

оқушылардың дүниетанымын олардың әлемге ашық бола

білу, әлемді тану мен түсіну және әлемде жоғары

адамгершілік ұстаныммен қатынас жасай алу қабілеттерін

дамыту арқылы кеңейту кӛзделген. Бағдарламада адамның

ішкі әлемі, оның шынайы арналғандығы, тұлғаның рухани

кемелденуі тәрізді мәселелердің тереңдігін ашу мүмкіндігі

берілген.

«Қоғамдағы ӛмір» атты үшінші тараудың тақырыптық

жоспары оқушылардың жағымды ойлау дағдылары мен

адамдар арасындағы қарым-қатынас барысында туындайтын

этикалық ӛмірлік қайшылықтарға саналы түрде, байыппен

қарау дағдыларын дамытуға бағытталған. Жоғары сынып

оқушыларына есею кезеңіне қадам басқан және ӛз

жақындары, сыныптастарының ғана емес, сонымен бірге

болашақ курстастары мен жұмыстағы әріптестерінің

ортасында да ғибратты жағдай қалыптастыруда

жауапкершілік шегін сезінетін адам тұрғысынан

отбасындағы, ұжымдағы және қоғамдағы рӛлі туралы ӛз

кӛзқарасын реттеуіне тура келеді. Тарауда бағдарлама

бойынша оқушылардың қоғамға қызмет етуі, тең дәрежелілік

8

пен әділдік туралы, ер адам мен әйел адамның әлеуметтік рӛлі

туралы түсініктерін дамыту және тұлғаның ӛзіндік

қалыптасуы, дүниетаным тәрізді ұғымдармен танысуы

кӛзделген. Отбасын құру мәселелері және отбасының адамзат

қоғамының негізі ретіндегі маңызын түсіндіруге айрықша

назар аударылады. Адамның отбасындағы рӛлі, міндеттері

мен жауапкершіліктері егжей-тегжейлі қарастырылады.

Аталған тараудың негізге алынатын желісі – адамның

болмысынан қайырымдылық жасауға итермелейтін, түп негізі

сүйіспеншілік болып табылатын ӛз табиғатын ұғынуы

идеясы.

«Адамзат әлемі» атты тӛртінші тарауда оқушылардың

адамзаттың мәдени мұраларына ізгілікті қатынасын

дамытуға, ӛздерінің адамдық болмысы мен ақиқатқа жетудің

ӛзіндік жолын ұғынуына алғышарттар жасалған. Аталған

тараудың мазмұны мен оқыту әдістері маңызды адамдық

ақиқатты оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтар

туралы мәліметтерді, адамзаттың тарихи, мәдени және рухани

жолын түсінуін, адамның бүгінгі және болашақтағы

мұраттарын тереңірек түсініп қорытындылап, жүйелеу

арқылы тұжырымдауын кӛздейді. Бұл тараудың

бағдарламасын зерделеу жоғарғы сынып оқушыларының

басты адами құндылықтарды адамзаттың тарихи, мәдени

және рухани жолы туралы мәліметтерді жинақтау және

жүйелеу жолымен, оның қазірі мен болашағы, адамның

жоғары басымдықтарға ие екендігін терең ұғынуы арқылы

жүзеге асырылатындығы пайымдалады. Бейбітшілікке және

адамдар арасындағы келісімге қол жеткізудің қажетті шарты

ретіндегі адамдарды біріктіретін ауызбіршілік туралы

оқушылардың түсініктерін дамытуға ерекше кӛңіл бӛлінеді.

9

Аталған тарау орта мектептегі ӛзін-ӛзі тану курсының

қорытынды бӛлімі болып табылады және әр оқушының ұлан-

байтақ ӛмірлік кеңістіктегі ӛз рӛлін, адамзаттың тұрмыстық

міндеттерін атқарудағы алатын ӛзіндік орнын және әркімнің

еңбегіне, дарынына және шығармашылығына сұраныс

болатындай болашақты құруды ұғына алуларына

бағытталған. Осының барлығы жоғары сынып оқушыларына

адам үшін маңызды «бақыт» деген түсініктің мәнін ұғынуына

кӛмегін тигізеді.

10

«ӚЗІН-ӚЗІ ТАНУ» ПӘНІ БОЙЫНША 11-СЫНЫПҚА

АРНАЛҒАН ОҚУ-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

(34 сағат, аптасына 1 сағаттан)

Тарау

дың

атауы

Сабақ

Сабақ

тақырыптары Мазмҧндық негізі

I Т

ан

ым

жо

лы

нд

а

1-2 Ӛмір –

танымның кӛзі

Жалпыадамзаттық

құндылықтар – танымның

мақсаты. Адами таным

бастаулары.

3-4 Іздеген жетер

мұратқа…

Адамзаттың ізгілікті

мұраттары. Адамның

мұраты – мінез-құлқы мен

тәртібін анықтайтын образ.

Жасӛспірімдердің

құндылықты бағдарлары.

5-6 Адам –

жасампаз

Адам – парасаттылық,

мәңгілік, қайырымдылық

иесі. Ар-ұждан даусын

тыңдау. Ӛзін-ӛзі тану және

ӛзін-ӛзі дамыту – адам

қалыптасуының қажетті

шарты.

7-8 Ӛзіңмен

үйлесімдікте

Ӛмірлік мақсаттар. Рухани-

адамгершілік білімнің адам

ӛміріндегі маңызы. Ӛмірлік

жолды таңдаудағы

адамгершілік бағдарлары.

11

II Т

ҧл

ған

ың

қа

лы

птасу

ы

9-10 Тұлғаның

адамгершілік

негіздері

Жалпыадамзаттық

құндылықтар – адамның

қоғамдағы тәртібін

анықтайтын адамгершілік

нормаларының негізі.

Сезімдерді тәрбиелеу.

Ӛзінің эмоционалдық кӛңіл-

күйі және қылықтарын

объективті бағалау.

11-12 Мінез-құлықты

тәрбиелеу

Күнделікті ӛмірдегі риясыз

сүйіспеншілік кӛрінісінің

маңызы. Рух күші. Адамның

абыройы. Ӛзін-ӛзі

құрметтеу. Ар-ұждан –

адамгершілік ӛлшемі.

Қоғамға риясыз қызмет

етудің практикалық

дағдылары.

13-14 Адамның

рухани саулығы

Ӛмір және денсаулық

құндылықтар ретінде.

Руханилық – дене

саулығының шарты. Дені

сау адам. Дені сау ұрпақ.

Саламатты ӛмір салты

тәжірибесі.

15-16 Ӛзін-ӛзі

жетілдіруге

ұмтылыс

Тұлғалық ӛсудің болашағы.

Сыртқы кӛрініс пен ішкі

мазмұнның үйлесімділігі.

12

III

Қоғам

дағы

ӛм

ір

17-18 Тұлғаның

әлеуметтік

рӛлдері

Әйелдің ӛмірлік парызы. Ер

адамның отбасындағы және

қоғамдағы рӛлі. Қазіргі

заман адамының әлеуметтік

рӛлдерінің кӛпқырлылығы.

19-20 Отбасы –

руханилықтың

кӛзі

Қоғамдық құрылыстағы

отбасының маңызы.

Отбасындағы жағымды

қарым-қатынас құндылығы,

ата-ана алдындағы

адамгершілік парыз.

Отбасының адамгершілік

бастаулары – отбасы

бақытының негізі.

21-22 Адамдар

арасында ӛмір

сүру ӛнері

Ұжымның адам ӛміріндегі

рӛлі. Ӛз міндеттеріне

кӛзқарас.

Ұжымдағы ӛзара қарым-

қатынас ерекшеліктері.

Ынтымақтаса білу іскерлігі.

23-24 Қоғамдағы

бейбітшілік

және келісім

Жалпыадамзаттық,

этномәдени және ұлттық

құндылықтардың маңызы.

Әртүрлі халықтардың

мәдениетіне, тіліне,

дәстүрлеріне құрмет. Қиянат

жасамау қағидаттары

негізінде ӛзімен және

қоршаған әлеммен үйлесімді

қарым-қатынастар жасау.

13

IV А

дам

зат ә

лем

і 25-26 Адамның

рухани

кемелденуі

Күнделікті ӛмірдегі риясыз

сүйіспеншілік кӛрінісі.

Жақсы мен жаманды

ажырата алу. Сүйген

жүректің мейірімділігі мен

жомарттығы.

27-28 Үлкен ӛмірге

жол

Адамгершілік нормаларына

сәйкес ӛмірлік мақсаттарға

жету жолдары. Ӛмірдегі

жасампаздық – адам

дамуының қажетті шарты.

«Ӛмірің ӛз қолыңда».

29-30 Ӛмір жолын

таңдау

Мамандық таңдауға

даярлық. Кәсіби іс-әрекеттің

адамгершілік негіздері.

31-32 Адамзаттың

даналығы

Мәңгілік жалпыадамзаттық

құндылықтар – ӛмірдің

негізі. Таным – ақиқатқа

апарар жол. Ӛтілген

материалдарды

қорытындылау.

33-34 Шығармашылы

қ есептер

Шығармашылық жобаларды

қорғау.

14

ӚЗІН-ӚЗІ ТАНУ САБАҚТАРЫН ОҚЫТУДЫҢ

ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Әдістемелік тәсілдердің жіктемесі:

Сабақтың дәйексӛзі (жағымды ой-пікір)

Оқып ҥйренейік

Жаңа ақпарат

Шығармашылық жҧмыс (ойындар, сахналау, дӛңгелек

үстелдер, плакат жасау, сурет салу, ӛлең құрастыру, ән шығару

және т.б.).

Жҥректен жҥрекке

Дәйексӛз

Дәйексӛз сабақтағы жекелеген әдіс ретінде ғана емес,

сондай-ақ оқушының күнделікті ӛмірінің бӛлінбес бір бӛлігі

болуы тиіс. Адамзаттың рухани ұлы ұстаздарының мұраға

қалдырған білімдері, ұлы ойшылдардың айтқан дана сӛздері

ӛмір бойы есте қалып, шабыт береді, ӛмірлік ұстанымы болары

анық. Егер оқушылар дәйексӛздерді жатқа айтса, нұр үстіне нұр.

Балалар дәйексӛздерді күнделікті ӛмірінде тәжірибеде қолдана

алады, тілдері де байи түседі.

Дәйексӛздерге мыналар жатады: ой-пікірлер, мақал-

мәтелдер, нақыл сӛздер, ұлағат сӛздер және т.б.

Дәйексӛздер адамды жақсы ойға шабыттандырады;

жанына нәр береді; ӛзіне сенімін арттырады; ӛз айқындамасын

бекітуге, ұстанымында тұра білуге кӛмектеседі, рухани білім

береді.

Дәйексӛздер арқылы жасалатын жұмыс түрлері мен

ойындар: дәйексӛзді жалғастырып айту; дәйексӛзді жаттау;

дәйексӛздің мағынасын ашу; қиынды суреттердің (пазлдар)

сыртына жазылған дәйексӛзді құрау; берілген сӛз, сӛз тіркесі

15

арқылы дәйексӛз құрау; ән түріндегі дәйексӛздер; даналық

карточкалары; қазыналы сандықша және т.б.

Сабақтың дәйексӛзі ұзақ, күрделі болмауы тиіс, бір

дәйексӛзді екі сабақта қолдануға болады, сонда балалар оны

жақсы еске сақтайды.

Дәйексӛздерді күнделікті ӛмірде де қолдану оқушылардың

түпкі саналарын тазартады.

Мұғалім сабақтың мақсатына сәйкес келетін нақыл сӛзді

тақтаға жазып қоюы керек. Сабақтың дәйексӛзін сыныптағы ұл

балалар, сосын қыз балалар жеке-жеке дауыстап оқиды. Балалар

оларды есте сақтау, түпкі санада сақталуы үшін бірнеше рет

дауыстап айтады. Сабақтың дәйексӛзін дәптерге жазады.

Оқып ҥйренейік

Сабақта ұжымдық тыңдауға жайлы жағдай тудыратын

маңызды ойлау және тілдік әрекет ретінде қолданылатын әдіс.

Мұндай әдіс ежелден-ақ ұрпақтан-ұрпаққа ақпарат тарату

құралы болып саналады.

Аңыз әңгімелерді айту ӛнері оқушыларды терең рухани-

адамгершілік әңгіме үдерісіне тарта білу тәсілі болып табылады.

Оқиға мазмұнындағы ерлік, батырлық, батылдық,

жүректілік, қайсарлық, адалдық, әділеттілік, беріктік қасиеттері

бала мінезін дамытуға әсерін тигізеді.

Оқиғадағы бір немесе бірнеше жалпыадамзаттық

құндылықтардың суреттелуі, ӛмірлік құндылықтар мен

адамгершілік қасиеттердің дәріптелуі олардың тәжірибелік

қырларын ашады. Оқиғаны әңгімелеп айту кезінде балалар

тыңдау мен естуге, сезіну мен түсініп-түйсінуге, ойлану мен

пайымдауға үйрене отырып, руханилыққа терең бойлап,

адамгершілік қасиеттерді бойларына сіңіреді.

16

Сабақтың үстінде әңгімелеу үлкен рӛл атқарады және

әрбір адамның ішкі дүниесіне тән құндылықтарды анықтауда

маңызы зор. Әңгіме аяқталғаннан кейін мұғалім бірінші

мәтіннің мазмұны бойынша әңгімені мұқият тыңдағандарын

білу үшін сұрақтар қояды. Содан соң әңгіменің құндылық мәнін

ашатын 2-3 сұрақ қояды, кейін балалардың ӛз ӛмірінен сол

құндылықтарға қатысы бар мысалдар келтіретіндей сұрақтар

қояды. Мұғалім ӛзінің пікірін айтпай, тек қана балалардың

жауаптарын түзету мақсатындағы нақты сұрақтар арқылы

бағыттап отырады.

Жаңа ақпарат

«Жаңа ақпарат» айдарында оқушылар сабақ тақырыбы

бойынша, сабақтың құндылығы мен қасиеті туралы білімдерін

кеңейтеді. Оқу ақпаратында берілетін білім оқушылардың сабақ

мазмұнындағы құндылық пен адамгершілік қасиеттердің мәнін

жан-жақты ашып, олардың санасында орнығуына мүмкіндік

туғызады. Оқу ақпараты жинақталған, түйінді ой-пікірлерді

оқушының ұғып алуына, күнделікті ӛмірде іс жүзінде

қолдануына септігін тигізеді.

Шығармашылық жҧмыс

Бұл әдіс құндылықтар негізінде шығарма, эссе, оқиға,

әңгіме, ӛлең, мақал-мәтел, әндер жазу және т.б. Шығармашылық

жұмыстардың түрлері: жазба жұмыстары, жобалау жұмыстары,

рӛлдік ойындар, ойындар, оқиғаны суреттеу, сахналау, кӛрме

ұйымдастыру, қызықты адамдар ӛмірімен танысу, кәсіби

мамандармен кездесу, теле-радио хабарламалар дайындау және

т.б. Шығармашылық жұмыстар – ӛзін-ӛзі тану сабақтарының

әдістерінің бірі.

17

Жоба әрекеті

«Ӛзін-ӛзі тану» пәнінің жаңартылған мазмұнды

бағдарламасы оқушылардың қоғамға қызмет ету арқылы

ӛздерінің «Меніне» жетудегі зерттеушілік және шығармашылық

ізденістерінің негізінде құрылған жаңа білім беру

технологияларын әзірлеу мақсатын кӛздейді. Жоба әдісі оқу-

танымдық әрекетін ұйымдастырудың бір тәсілі ретінде ӛзін-ӛзі

тану мұғалімдерінің тәжірибесінде кеңінен қолданылуда.

Оқушылардың негізгі құзіреттіліктерін, атап айтқанда

интеллектуалдық (зияткерлік), коммуникативтік, зерттеушілік,

жасампаздық құзіреттіліктерін дамыту мақсатында қолдану

үлкен қызығушылық туғызады.

«Ӛзін-ӛзі тану» пәнінің жаңартылған мазмұндағы

бағдарламасы оқушылардың қоғамға қызмет ету арқылы

ӛздерін тануға зерттеушілік және шығармашылық ізденістері

арқылы қол жеткізуін маңызды міндеттердің бірі ретінде

қарастырады. «Ӛзін-ӛзі тану» пәніндегі жоба жұмысы

оқушылардың интеллектуалдық (зияткерлік), коммуникативтік,

зерттеушілік, жасампаздық құзіреттіліктерін дамыту

мақсатында қолданылуы оқушыларда үлкен қызығушылық

туғызады. Білім беру үдерісінде жоба жұмысы, жобалау болған

жерде зерттеу мен нәтижелер де болады. Ал зерттеу жүргізу мен

одан нәтиже алу үшін оқушы мен мұғалімнің іс-әрекеті

жоспарлы түрде болуы тиіс. Жоба жұмысын ұйымдастырудағы

мұғалім мен оқушының іс- әрекеттеріне нақтырақ тоқтала

кетсейік.

Оқушының іс-әрекеті:

Оқушы – оқыту субъектісі;

Мақсатқа дербес ӛз іс-әрекетімен жетуші белсенді

субъект;

Ӛзін-ӛзі және бір-бірін оқытушы;

18

Шығармашыл, жасампаз еңбек иесі,

Ӛз ізденісімен дұрыс нәтижеге жетуші тұлға.

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Жеке тұлғаға қарай бағытталған ұсынушы, нақты мақсат

қоюшы;

Бағыт-бағдар беруші, кеңесші;

Оқушының жетістігін құптаушы;

Ынталандырушы, мақсат қоюшы;

Мақсаттарға жетелеуші.

Жоба жұмысы оқушыға тек қана білім жиынтығын беріп

қана қоймай, ӛз бетімен білім алуына, алған білімдерін түрлі

мәселелерді оңтайлы, адамгершілік нормаларға сәйкес шешуде

қолдануға мүмкіндік береді.

Жоба жұмысы нәтижеге жету үшін жоспарлау мен оның

әрбір кезеңдерін мақсатқа сәйкес дұрыс, нақты орындау

маңызды. Жоба жұмысын тӛмендегі алгоритм бойынша

ұйымдастыру керек.

19

Жоба жұмысын ұйымдастыру алгоритмі

Жоба

жҧмысы

кезендері

Жҧмыстың

мазмҧны

Мҧғалімнің іс-

әрекеттері

Оқушыларды

ң іс-әрекеті

1. Дайындық

кезеңі

Жоба

тақырыбын

анықтау.

Бір бағыт

тӛңірегінде

оқушыларды

тақырып

таңдауға

ынталандырады.

Топтағы әрбір

оқушының

пікірін ескере

отырып

жұмысты

жоспарлауға

үйретеді.

Әр оқушы

ӛмірлік ӛз

тәжірбиесіне

сүйене отырып,

ӛз ойын ортаға

салады, бірігіп

жобаның түпкі

мақсатын

анықтайды.

2. Жоспарлау Топқа бӛлу.

Ақпарат

жинау және

талдаудың

жолдарын

кӛрсету.

Әрбір топ

мүшесі

алдындағы

жұмысын

анықтау.

Оқушыларды ӛз

бетімен ақпарат

жинауға

бағыттайды.

Әрбір топ

мүшесінің

пікірін ескере

отырып,

ұжымдық

талқылау

шешімін

тыңдайды,

қажет болса ӛз

ойымен

бӛліседі.

Оқушылардың

Топ арасында

әркімнің

атқаратын

қызметін

анықтайды, ӛз

тақырыптарын

анықтау жұмыс

істеу кезеңдерін

жоспарлап,

бірінші

нәтижеге жету

уақытын

белгілейді.

«Қоғамдық»

тапсырманы

орындауға

20

жобы бойынша

күнделігін

тексереді.

дайындығын

кӛрсетеді.

3.Зерттеу

жҧмысы

Ақпарат

жинау,

аралық

нәтижені

талдау,

зерттеудің

негізгі

құралдары:

сұхбат,

анкета

бақылау,

алынған

түрлі

ақпаратты

талдау.

Жоба күнделігін

бақылап, әрбір

жетекшімен

және топ

мүшелерімен

жеке-жеке

сӛйлесу, талдау,

нәтижені

салыстыру

арқылы алдағы

жұмысқа бағыт

беру.

Жеке және

жұптық жұмыс,

анкета

сұрақтарын

құрастыру.

Қажет болса

сценарий жазу,

қоғамдық

ұйымдармен

қарым-қатынас

қалыптастыру.

Білім, білігін

кеңейтеді, түрлі

қоғамдық

жұмыстармен

танысады,

шығармашылы

қ, белсенділік,

талаптылық

қасиеттерін

кӛрсетеді.

4.Нәтижені

талқылау

Ақпаратты

талдау,

шешім

шығару,

тұсаукесерді

ң қандай

түрде

ӛтетінін

жоспарлау.

Бақылайды,

кеңес береді.

Топ ішіндегі

жеке

оқушылардың

еңбегін бағалай

отырып, бірігіп

қорғау үшін

ынтымаққа бір-

біріне деген

сыйластыққа

шақырады.

Топ

арасындағы

әркімнің рӛлін

анықтап,

алынған

ақпараттың

арасынан ең

негізгіні

белгілеп

жазады.

Проблемалық

сұрақтарды

21

Тұсаукесерге

келетін қонақтар

тізімін жазады,

қажетті аудио-

видеотехниканы

жабдықтайды.

анықтап, оны

бірге шешуге

дайындалады.

5.

Жҧмыстың

тҧсаукесері

Тыңдайды,

проблемалық

сұрақтарды қоя

отырып,

оқушыны

сӛйлетуге

мүмкіндік

жасайды.

Алынған

нәтиже туралы

есеп береді.

Бір-бірін

мұқият

тыңдайды,

тілектес,

ниеттес

болады, сӛйлеу

мәдениетін

ескере отырып

бір-бірінің

ойларын

жалғастырып

отырады.

6. Бағалау

және

жоспарлау

Шығармашылық

жұмысты

бағалайды,

еңбек иелерін

алдағы үлкен

мақсаттарға

жетелейді.

Ұжымды

талқылай

отырып бір-

біріне, ӛздеріне

шынайы баға

береді, рухани

қолдау

танытады.

Алдағы

жұмыстарды

бірге

жоспарлайды.

22

Тестілеу

Тестілеу – оқушының не ұққанын тексеріп қана қою үшін

емес, сонымен қатар мұғалім ретінде біздің не бергендігімізді

білуге болатын нағыз пайдалы тәсілдің бірі.

Тестілеудің негізгі мақсаты – оқушылардың құндылық

категориялары қалай ӛзгереді және оған деген оқушылардың

кӛзқарасын анықтау. Егер нәтиже қуантарлықтай болмаса,

оқушыларға түсініксіздік туғызған құндылықтарды басқаша

түрде түсіндіріп қайта ӛту керек. Алайда оқушының дамуына

отбасының маңыздырақ екендігін, кейбір оқушылар үнемі

тестінің «дұрыс емес» жауабын таңдайтынын мұғалім ескеруі

керек. Бұл жағдайда оқушының отбасылық жағдайын білу, оның

үйінде қандай қиындықтар мен мәселелер бар екенін білуге

тырысу – мұғалімнің парызы. Тек қана мұғалімнің түсіністігі,

тӛзімділігі, сүйіспеншілігінің арқасында оқушыға эмоциялық

кедергілерін жеңуге кӛмек беруге болады.

Мұғалім ӛтілген сабақтың тақырыбына сай үш жауабы

болуы мүмкін белгілі бір сұрақты береді. Оқушы оның қайсысы

жауабы (а, ә, немесе б.) болатынын ӛзі таңдайды.

Тестілеудің осындай түрлері оқушыларды адал болуға

ынталандырады. Кӛптеген оқушылар қайсысы дұрыс жауап

екенін біледі, тіпті тәжірбиеде оны қолдана алмаса да, сол

жауапты таңдайды. Ӛзін шын бағалаған оқушыны олар тіпті

жақсы жауап бермегеннің ӛзінде мадақтау керек.

Тестілеудің сабаққа берері: ӛзіндік сана-сезім, ӛз-ӛзінің

алдында адал болу, жақсы мен жаманның арасындағы

айырмашылықты кӛре білу, мұғалім жұмысының бағасы.

Жҥректен жҥрекке

Мұнда құндылықтар негізіндегі әндер айтылады және

ӛлеңдер оқылады. Бұл әдісті қолдану құндылықтардың ықпалын

тереңдетеді. Балалардың жүрегін қуанышқа, шаттыққа бӛлейді.

23

Кӛңіл күйін кӛтереді. Денсаулығын жақсартады. Ақылын, ойын,

сезімін шабыттандырады.

Күнделікті сабақ тақырыбына сәйкес ӛлең мазмұны мұқият

таңдалып алынса, оқытып жатқан құндылықтардың мәнін

ашудың тиімділігін арттырады.

Бірге қосылып ән айту біртұтастықты сезіндіреді.

Ӛзін-ӛзі тану сабағын ӛткізуде сабақтың басында жағымды

күйге енгізу үшін музыканы пайдалану ӛте тиімді. Музыка

оқушылардың зейінін шоғырландыруға мүмкіндік береді.

Осы мақсатта классикалық музыка мен қазақтың күйлерін

пайдаланған дұрыс.

Шығармашылық жұмысқа арналған музыка.

Музыка шығармашылыққа ынталандырады, сондықтан

оқушылардың шығармашылықпен айналысу сәтінде (сурет салу,

жапсыру, шығарма жазу) баяу музыканы қосып қойған дұрыс.

Ән салу терең тыныс алуды және ырғақты болуды

қалыптастырады, бұл денсаулыққа пайдалы. Ол сол сияқты

ӛзіндік тәртіптің болуын жақсартады, ӛйткені ән салғанда отыру

немесе тік тұру, түзу тұру, қозғалмау, дауыстың бар күшімен

үзілмей шығуы үшін тәртіпке үйренеді. Хормен ән айту

балаларды ӛзара әрекеттестікке және бір топта жұмыс істеуге

үйретеді. Ол зейін мен жадыны дамытуға кӛмектеседі. Музыкаға

негізделген сабақты немесе құндылықтың мазмұнын есте

сақтауды жеңілдетеді. Егер ән әуезді болса жеңіл есте қалып, ән

біздің ішкі дүниемізде ұзақ уақыт айтылып, сабақта ӛтілген

құндылық маңызын күшейтеді.

Ӛзін-ӛзі тану сабақтарында қолдануға ҧсынылған

әндер Ozin-ozi-tanu.kz интернет-порталы, «Оқушыларға»

бӛлімі, «Білім әлемі» айдарындағы «Әуезді кӛл» аясына

салынған.

24

Алдын ала оқу жҧмысы

Алдын ала оқу тапсырмасы ретінде келесі сабақтың мәтіні

үйге оқуға тапсырылады. Оқушылар үйде бүгінгі сабақтағы

ӛсиет әңгіме, аңыз, ертегі, мысал әңгіме, оқиға мазмұнын алдын

ала біліп келеді.

Мәтінді талқылатуда алдымен мәтіннің мазмұндық желісі

бойынша мұғалім ӛз тарапынан ойластырылған сұрақтарды

балаларға қояды. Мәтін бойынша берілген сұрақтарды

оқушылармен бірге талдайды. Сосын оқулықта ұсынылған

мәтіннің рухани-адамгершілік тереңдігін ашатын, яғни оның

мазмұнындағы құндылықтар мен адамгершілік қасиеттердің

мәнін ашатын сұрақтарды қояды. Содан соң сұрақты мұғалім

баланың ӛзіндік ӛмір тәжірибесіне байланысты қояды. Мұнда

балалар ӛз ӛмірлерінен мысалдар келтіріп айтады.

Ал мұғалім бүгінгі сабаққа әңгімелеу үшін жаңа мәтін

әкеледі.

Сабақты жоспарлау бойынша ҧсынымдар

1. Тақырып оқулықтан алынады. Мұғалімнің шығармашылық

қатынасы маңызды. Мұғалімнің үйден дайындап әкелетін жаңа

мәтіні:

• Сабақтың мақсатында жалпыадамзаттық құндылық

сабақтың тақырыбымен байланысты кӛрініс табуы тиіс.

• Сабақтың міндеттерінде (білімдік, дамытушылық,

тәрбиелік) таңдап алынған жалпыадамзаттық құндылыққа

сәйкес қасиеттер кӛрініс табуы тиіс.

Сабақта кӛрнекі қҧралдарды пайдалану

Кӛрнекі құралдар әрбір сабақта пайданылады. Барлық

сабақта бірдей талап етілетін сабақтың кӛрнекі құралдары:

күнделік, оқулық, дәптер, пенал, бейджик. Сонымен қатар

күнделікті сабақтың мазмұнына сай қажетті кӛрнекіліктер

болады.

Сабақ мазмұнына сәйкес фильмнен үзінді, мультфильмдер

кӛрсету, музыка қою, слайдтар кӛрсету үшін қажетті

25

техникалық құрал-жабдықтар қажет. Электронды тақта,

музыкалық аппарат, тіпті болмаса магнитофон, теледидар т.б.

сабақтың құрал-жабықтарына жатады. Атап айтқанда, сурет

салу үшін плакат, А4 мӛлшерлі қағаз, бояулар, түрлі-түсті

қарындаштар, фломастер, жай қарындаш, сызғыш, ӛшіргіш,

қайшы, желім, үлестірмелі, таратпалы заттар және т.б. Сахналау

жұмыстарына, жағдаяттарды шешімін кейіптендіріп кӛрсету

үшін қажетті құралдар керек болады.

Дәптермен жҧмыс

«Оқушы дәптері» оқу-әдістемелік құралдың құрамына кіреді.

Дәптермен жұмыс күнделікті сабақта жүргізіледі. Негізінен

оқулықтағы шығармашылық іс-әрекет, топпен жұмысқа арналған

жазу мақсатындағы тапсырмалар дәптерде орындалады. Мұғалім

сабақта дәптермен жұмыс жүргізуді ӛзі ұйымдастырады. Сабақ

кезінде үлгермеген жағдайда дәптермен жұмысты үй тапсырмасы

ретінде беруге болады. Сондай-ақ жоба жұмыстарын орындауға

дәптерде арнайы «Жоба күнделігі» парақшалары берілген.

Дәптер оzin-ozi-tanu.kz интернет-порталы,

«Оқушыларға» бӛлімі, «Электронды кітапхана» айдарына

салынған.

Кҥнделікті сабақ жоспарын қҧру

Әдістемеде оқу материалдарын оқытудың әдістемесі

оқулықтың жүйесімен беріліп отыр. Ал мұғалім әрбір тақырып

бойынша сабақты күнделікті сабақ жоспарына лайықтап түзеді.

Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша күнделікті сабақ

жоспарын құрудың үлгісі ұсынылып отыр. Мұндағы сабақтың

құндылығы, қасиеттер, сабақтың мақсаты, міндеттері әдістемедегі

әрбір сабақты оқытуда анық кӛрсетілген. Мұны мұғалім толықтай

күнделікті сабақ жоспарына ендіріп, қолдана алады.

26

САБАҚ ЖОСПАРЛАРЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҤЛГІЛЕРІ

І тарау

ТАНЫМ ЖОЛЫНДА

1-2 сабақтар

ӚМІР – ТАНЫМНЫҢ КӚЗІ

Бұл сабақта мұғалім оқушылардың ӛмірді жалпыадамзаттық

құндылықтар негізінде тануына мүмкіндік жасайды.

Мұғалімдерге әдістемелік жағынан ескертетін нәрсе:

әрбір тақырып екі сағатқа арналған. Мұндағы сабақтың

мақсаты мен міндеттері екі сабаққа ортақ болады. Сондай-

ақ сабақтың дәйексөзі де екі сабаққа ортақ. Әрбір тақырып

бойынша екінші сабақ сабақтың дәйексөзі мен алдын ала оқу

бойынша үйге берілетін екінші мәтіннен басталады.

Мұғалім оқытпас бұрын баланы жақсы кӛру, құрметтеуі

тиіс екенін есінен шығармауы керек, барлық үдерісте осыны

басшылыққа алуы тиіс. Рухани-адамгершілік білім беру – адамның

ішкі жан дүниесінде болатын ӛзгеріс екенін ескерсек, адам жан

дүниесі сүйіспеншілік болғанда ғана ӛзгеріске түсетінін ұмытпауы

керек.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға ӛмірді жалпыадамзаттық

құндылықтар негізінде тану – бақытты ӛмір сүру негізі екендігін

ұғындыру.

Сабақтың міндеттері:

– ӛмірді жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тануға

баулу;

– адамгершілік қасиеттерін дамыту;

– ӛмірде жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстана білуге

тәрбиелеу.

27

Дәйексӛз

Мұғалім оқушыларды оқулықтағы сабақтың дәйексӛзімен

таныстырады. «Дүниенің кӛзі, тұтқасы, түп негізі – заттық нәрсе

емес, рухани дүние» деген Платонның нақыл сӛзі екі сабаққа

ортақ дәйексӛз болып табылады. Дәйексӛзді алдымен мұғалім

ӛзі оқып береді. Мұғалім оқушылардан дәйексӛздің мағынасын

қалай түсінетіндерін сұрайды. Оқушылардың жауабын тыңдаған

соң, мұғалім балалардың жауабына сүйене отырып, ӛзі

қорытынды жасайды.

Оқып ҥйренейік

Оқулықтағы «Оқып үйренейік» айдарында ұсынылған

әңгімелеу немесе оқиға айту алдын ала оқуға, үй тапсырмасы

ретінде беріледі.

Мұғалім әрбір сабаққа басқа дереккӛздерден сабақтың

құндылығы мен қасиеттеріне сәйкес, яғни сабақта қойылған

мақсат-міндеттерге сай әңгімелеу немесе оқиға айту

материалын алып келеді. Мұғалім әңгіме, аңыз, ертегі, оқиға,

ӛсиет әңгіме, мысал әңгіме және т.б.оқу материалын таңдау кезінде

оның мазмұны сабақтың тақырыбына, яғни ондағы құндылық пен

қасиеттердің мәнін ашатынына ерекше назар аударуы тиіс.

1-сабақтағы «Оқып үйренейік» айдарында ұсынылған

Абайдың Жетінші қара сӛзі алдын ала оқу бойынша үйде оқуға

ұсынылуы тиіс еді. Алайда, бұл алғашқы сабақ болғандықтан,

мұғалім ӛзі әңгімелеп айтып береді. Мәтін оқулықта берілген.

Мұғалім балалардың мәтіннің мазмұнын қалай түсінгендерін

білу үшін сұрақтар қояды. Алдымен мәтіннің мазмұндық желісі

бойынша мұғалім ӛз тарапынан ойластырылған сұрақтарды

балаларға қояды. Мәтін бойынша берілген сұрақтарды

оқушылармен бірге талдайды. Сосын оқулықта ұсынылған рухани-

28

адамгершілік тереңдігін ашатын, яғни мәтін мазмұнындағы

құндылықтар мен адамгершілік қасиеттердің мәнін ашатын

сұрақтарды қояды. Ондай сұрақтар оқулықта мәтіннен соң

ұсынылған. Содан кейін сұрақты мұғалім баланың ӛзіндік ӛмір

тәжірибесіне байланысты қояды. Мұнда балалар ӛз ӛмірлерінен

мысалдар келтіріп айтады.

Оқулықтағы 2-сабақта «Оқып үйренейік» айдарында

ұсынылған Рыза Ақдемірдің «Он екі миллион» шығармасы

алдын ала оқу бойынша үй тапсырмасы ретінде оқып келуге

тапсырылады.

Шығармашылық жҧмыс

Оқулықтағы бұл айдар оқушылардың шығармашылық іс-

әрекеттер жасауына арналған. Оқушыларға ұсынылатын

тапсырмалар балаларды шығармашылық іс-әрекеттері мен

ізденістері арқылы ӛз қолынан келетін, ӛздері ойлап тапқан

жақсылықтарды жасауға баулиды. Мұнда оқушылар берілген

тапсырмаларды орындай отырып, ӛздерінің сабақта түсінгенін

кеңейтеді, бекітеді. Оқушылар практикалық тұрғыда жаттығып,

алған білім-біліктерін талдау, жинақтау, жалпылауға

дағдыланады. Осылайша ӛз бойларындағы құндылықтар мен

адами қасиеттерді іс жүзінде кӛрсете алуға мүмкіндік алады.

1-тапсырма бойынша оқушылар оқулықта берілген сӛздер

мен сӛз тіркестерін оқып, оларды «әлеуметік-биологиялық

қажеттіліктер», «рухани қажеттіліктер» тобына іріктеп, жіктеп

жазуы тиіс.

Тиісті сӛздер мен сӛз тіркестері: баспана, киім-кешек,

тамақ, ұрпақ қалдыру, материалдық қажеттіліктер, ар-ұждан,

жақсы мен жаманды ажырата білу, жалпыадамзаттық

құндылықтар, парыз, ізгілік, жауапкершілік, еркіндік, ӛмірдің

мәні, бақыт, абырой, ар-ұят, теңдік, сүйіспеншілік, ақиқат.

29

2-тапсырма бойынша оқушылар «Адамгершіліктің қайнар

кӛзі – руханилық, ал адамгершілік оның сыртқы кӛрінісі болып

табылады» деген ойды кӛзқарас – себеп – мысал –

қорытындылау әдісін пайдаланып, талқылып, ӛз пікірлерін

айтады.

Оқулықта 3-тапсырма былай берілген: сӛздер мен олардың

анықтамасын салыстырыңдар. Әр сӛздің ӛзiне сәйкес келетiн

анықтамасын табыңыздар.

Ұғым Анықтамалары

1. Ақиқат

2. Дұрыс әрекет

3.Ішкі тыныштық

4. Сүйіспеншілік

5. Қиянат

жасамау

А. Ақиқаттан туындағанның барлығы,

ақиқат жолымен жүруден туындайды,

ӛзіңе, ӛзгеге, табиғатқа еш зиян келтірмеу

қағидасын ұстанады. Ол үшін табиғаттың,

моральдың және мемлекеттің заңдарын

білу, құрметтеу және орындау қажет. Ол

жүректен шығып, сосын сӛз ретінде

бейнеленетін және іс жүзінде

қолданылатын құндылық.

Ә. Бастапқы шынайылықтың мәңгілік мәні,

жаратылыс негізінде жатқан қасиеттер,

адам табиғатының бастауы. Ол уақыттың

үш кезеңімен: ӛткенмен, қазірмен,

болашақпен де шектелмейді. Материалдық

және рухани ӛлшемдерде ӛзгерістерге

ұшырамайды.

Б. Адам ақиқатты танып, сүйіспеншілікпен

дұрыс әрекет еткенде оның жан

дүниесінде болатын құндылық.

В. Барлық жүректерді, тіршілікті, барлық

кезеңдерді, ұлттарды, діндерді, күллі

табиғат пен бүкіл ғаламды біріктіруші

құндылық.

30

Г. Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет

және ішкі тыныштық құндылықтары

нәтижесінің жемісі, ол – барлық тіршілікті

құрметтеу мен сүюдің кӛрінісі, бүкіл

жаратылыстың бірлігін ұғыну, ойы, сӛзі,

ісімен зиян келтірмеу.

Бұл тапсырма үй тапсырмасы ретінде ӛз беттерінше

орындауға беріледі.

Жаңа ақпарат

Оқулықта тӛмендегідей жаңа ақпарат берілген:

Ӛмірді жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тану –

ӛмірді шынайылықпен және үйлесімділікпен тануға негіз

болады.

Жалпыадамзаттық құндылықтар – рухани құндылықтар.

Бұл адамдағы ең терең, маңызды және мәнді бағдарлар. Оларға

сүйене отырып, адам шешім қабылдайды және әрекет етеді.

Және олар адамда қуаныш пен қанағаттанарлық сезімдердің

пайда болуына ықпал етеді. Рухани құндылықтар – бұл адам

бойындағы ең маңызды құраушысы, олар – оның болмысының

мәнісі. Олар адамдағы ішкі тұтастылықты қамтамасыз етеді,

күш-жігері мен ӛзіне деген сенімділігін арттырады, сонымен

бірге осы құндылықтардың негізінде адамның ӛзіне және

қоршаған ортаға деген қатынасы қалыптасады.

Жалпыадамзаттық құндылықтар – бұл барлық кезеңдегі

адамдар үшін шынымен маңызды, сӛзсіз қажетті, қалаулы,

ӛткінші емес, жынысына, ұлтына, нәсіліне, азаматтығына,

әлеуметтік жағдайына, діни сеніміне және т.с.с. байланыссыз

әр адам үшін іс жүзінде мағынасы бар құндылықтар.

Жалпыадамзаттық құндылықтар адами құндылықтардың

барлығын қамтиды. Барлық жалпыадамзаттық құндылықтар –

31

бір адамилықтың қыры. Дұрыс әрекет – әрекеттегі сүйіспеншілік,

сүйіспеншілік барлық құндылықтардан ӛтеді.

Дұрыс әрекет – әрекеттегі сүйіспеншілік.

Тыныштық – сезімдегі сүйіспеншілік.

Ақиқат – ойдағы, сӛздегі сүйіспеншілік.

Қиянат жасамау – түсінісудегі сүйіспеншілік.

Ӛз бойында адамгершілік құндылықтарды дамытудың ӛзі

білім болып саналады. Ақиқат, дұрыс әрекет, тыныштық,

сүйіспеншілік, қиянат жасамау сияқты адамгершілік

құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы

құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен

және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз білімді адам деп

атауға болады.

Оқып ҥйренейік

Оқулықта ұсынылған Рыза Ақдемірдің «Он екі миллион»

шығармасы алдын ала оқу бойынша үй тапсырмасы ретінде

оқып келуге тапсырылған. Мұғалім оқушылардың мәтін

мазмұнын үйден оқып, қалай түсінгендерін байқау үшін

мазмұны бойынша сұрақтар қойып, балалармен әңгімелесу

жүргізеді. Мәтін оқулықта берілген. Мұғалім оқушылармен

мәтін мазмұны бойынша сұрақтармен жұмыс жасап болғаннан

соң, ондағы құндылық пен қасиеттің мәнін ашатын тӛмендегідей

сипаттағы сұрақтар қойып, талдау жұмысын жүргізеді.

Арноның ӛз ӛмiрiне риза болмау себебi неде?

Арноның жүрегiн жылытып, ӛмiрге кӛзқарасын

ӛзгерткен қандай жағдай?

Арно нелiктен ӛмiрге басқа кӛзқараспен қарай бастады?

Арно жан рақатын қалай тапты?

32

Орманда адамзатқа жақсылық ойлаған кейіпкерлердің

бойынан қандай жалпыадамзаттық құндылықтарды

байқадыңыздар?

Ӛздеріңіз айнала қоршаған ортаға қандай қамқорлық

таныта аласыздар? Немесе айналаңызды жақсарту үшін

қандай жоспарларыңыз бар?

Мұғалім үй тапсырмасы ретінде келесі сабақтағы Мұхтар

Шахановтың «Арман» ӛлеңін үйге оқуға береді.

Шығармашылық жҧмыс

Бұл айдардың мақсаты шығармашылық іс-әрекет арқылы

оқушылардың алған білімдерін бекіту болып табылады.

Оқулықта 4-тапсырмада Ақиқат, дұрыс әрекет, тыныштық,

сүйіспеншілік, қиянат жасамау жалпыадамзаттық құндылықтар

кӛрініс табатын ӛмірлік жағдаяттарды ойластырып, сахналау

арқылы шешу тапсырылған.

Сахналауда рӛлдердің іс-әрекеті мен сӛзінің, яғни оқиға

желісінің берілмей тек қана тақырыпты берудегі мақсат–

оқушыларды ӛз бетімен ойлап, түрлі мәселелерден ар-ұжданға

сәйкес, дұрыс әрекет жасап шығуына жағдай жасау. Мұғалім

оқушылардың рӛліне қарай ӛздерінің іс-әрекеті мен сӛздерін,

тақырыпқа сәйкес ойлап, тауып, іс-әрекеттерін ізгілікке

бағыттап отыруын қадағалап отыруы керек.

5-тапсырма бойынша берілген мәтінді оқып, ӛз ӛміріңізде

ұстанатын руханилық ережесін құрастыру тапсырылған.

Ой мен сӛздегі сүйіспеншілік – Ақиқат.

Әрекеттегі сүйіспеншілік – Дұрыс әрекет.

Сезімдегі сүйіспеншілік – Ішкі тыныштық.

Дүниетанымдағы сүйіспеншілік – Қиянат жасамау.

33

6-тапсырма бойынша берілген рӛлдер бойынша

жаңалықтар бағдарламасын ӛмірдегі руханилыққа, ізгі істердің

жемісіне негіздеп жасау тапсырылған.

а) Зерттеуші тілші.

Тәулік бойы ӛмірдегі адамдардың жан дүниесінің рухани

байлығына, күнделікті ӛмірдегі кӛрінісі жайлы хабарлайды.

ә)Теледидар жүргізушісі.

адамның ізгі істері жайлы оқиға орнынан жиынтық

ақпараттар ұсынады.

б) Сұхбат алушы тілші.

Әлемдегі барлық адамдар рухани бай болса, онда...

Жаңа ақпарат

Бұл сабақта Сара Алпысқызының тақырыпқа сәйкес қанатты

сӛзі жаңа ақпарат ретінде берілген. Берілген оқу ақпаратымен

оқушылар ӛз бетінше оқып танысып, ондағы әрбір айтылған

тұжырымның мағынасын ой елегінен ӛткізеді. Мұғалімнің жетекші

сұрақтары арқылы ақпаратқа талдау жасайды.

Жҥректен жҥрекке

Мұғалім оқушыларға Нұртас Исабековтың «Жақсылық дәні»

атты рухани құндылықтар мен адамгершілік қасиеттердің мәнін

ашып беретін ӛлеңін оқуды ұсынады. Ӛлең мәтіні оқулықта

берілген.

3-4 сабақтар

ІЗДЕГЕН ЖЕТЕР МҦРАТҚА…

Бұл сабақта мұғалім «мақсат», «мұрат», «арман»

ұғымдарын түсіндіре отырып, олардың ізгілікке, жақсылыққа

бағытталуы, бақытты ӛмірдің негізі, бастауы болатынын

ұғындыруды мақсат етеді.

34

Сабақтың мақсаты: оқушыларға «мақсат», «мұрат»,

«арман» ұғымдарын түсіндіре отырып, дұрыс әрекет

құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

– оқушыларға мақсаттарын жақсылыққа бағыттаудың

мұратына жеткізетінін ұғындыру;

– адалдық, табандылық қасиеттерін дамыту;

– ар-ұжданды тыңдап, дұрыс әрекет етуге тәрбиелеу.

Мұғалім сабақтың басында оқушылардың назарын

сыныптағы «тәртіп, тазалық, талап, татулық, тыныштық»

ережесін сабақ барысында үнемі сақтап отыруға шақырады.

Оқушылар осы ережені тек ӛзін-ӛзі тану сабағында ғана емес,

барлық сабақтарда, ӛмірде ұстану керектігін үнемі естеріне

салып отыруы тиіс.

Дәйексӛз

Мұғалім оқушыларды оқулықтағы ұсынылған сабақтың

дәйексӛзімен таныстырады. Мұхтар Шахановтың:

«Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,

Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,

Үлкен болып қалу үшін ғаламда,

Үлкен арман керек екен адамға»,- деген ӛлең жолдары екі

сабаққа ортақ дәйексӛз болып табылады. Мұғалім оқушылардан

дәйексӛздің мағынасын қалай түсінетіндерін сұрайды.

Оқушылардың жауаптарын тыңдаған соң мұғалім балалардың

жауаптарына сүйене отырып, ӛзі қорытынды жасайды.

Оқып ҥйренейік

Оқулықтағы осы сабақта ұсынылған әңгімелеу немесе

оқиға айту алдын ала оқуға, үй тапсырмасы ретінде берілген. Ал

жаңа сабаққа мұғалім сабақтың құндылығы мен қасиеттеріне

35

сәйкес басқа дереккӛздерден жаңа материал алып келеді. Бұл

сабақта Мұхтар Шахановтың «Арман» ӛлеңі үйге оқуға берілген.

Бұл ӛлеңде мұғалім балалардың назарын жақсы мен жаманды

салыстырып, байқауға, жіберген қателерінен тиісті қорытынды

шығарып үйренуге, ақыл мен қайратты қатар ұстау адамды

игіліктерге жеткізетінін, ӛздерінің күнделікті ӛмірде ар-

ұжданды басшылыққа алудың қажеттілігіне аудару қажет. Ӛлең

оқулықта берілген. Мұғалім оқушылардан ӛлең мазмұны

бойынша сұрақтарға жауап алған соң, ондағы құндылықтар мен

қасиеттердің мәнін ашатын оқулықтағы сұрақтарды қойып,

әңгіме ӛрбітеді.

Мұғалім жаңа сабаққа әңгіме, аңыз, ертегі, оқиға, ӛсиет

әңгіме, мысал әңгіме әкеледі. Ол оқу материалын таңдау кезінде

оның мазмұны сабақтың тақырыбына, яғни ондағы құндылық

пен қасиеттердің мәнін ашатынына ерекше назар аударуы тиіс.

Мұғалім үй тапсырмасы ретінде 2-сабақтағы

http://www.qamshy.kz сайтынан алынған «Қазақ миллионері

Бауыржан Оспанов: Қазақта кедей жоқ, жалқаулар бар» атты

мәтінді алдын ала оқу бойынша үй тапсырмасы ретінде үйде

оқып келуге тапсырады.

Шығармашылық жҧмыс

Берілген тапсырмаларды орындау барысында оқушылар

сабақта түсінгендерін кеңейтіп бекітеді. Оқушылар тәжірибе

арқылы жаттығады. Алған білім-біліктерін жинақтап, талдауға

дағдыланады. Осылайша, әр оқушы ӛз бойларындағы рухани-

адамгершілік қасиеттерді іс жүзінде кӛрсетуіне мүмкіндік

алады.

Оқулықта 1-тапсырмада сӛздіктерден «мақсат», «мұрат»,

«арман» сӛздерінің анықтамасын тауып, оқып, олардың

ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу ұсынылған.

36

2-тапсырмада «Мұратың қайда бастайды? тақырыбында

сыныптастарының арасында сауалнама жүргiзiп, сауалнама

нәтижесi бойынша қорытынды шығару тапсырылған.

Сауалнама жүргiзу барысында немесе сауалнама

нәтижесi бойынша қорытынды жасағанда оқушылар әр адам

ӛмірдегі ӛз орынын, ӛз ұстанымын, мақсаттары мен оларды

қалай жүзеге асырып жүргенін саналылықпен ұғынып, сын

кӛзқараспен қарап, ӛз мүмкіндігін ӛмір талабына сәйкес

бағдарлай біліп, ӛзін-ӛзі танып, мақсатын анықтап, байқап,

бағалай алуы керек. Сонда адам барлық жерде ӛзіне, қарым-

қатынасына сын кӛзбен қарауға үйренетінін түсінуі маңызды.

Оқулықтағы 3-тапсырма бойынша «Менің мұратым»,

«Менің мұратым мені қайда бастайды? тақырыбына тӛмендегі

қадамдарды басшылыққа алып, ӛзін-ӛзі зерттеп, дәптерге

жоспарын құру керек.

• Менің мұратым ӛзімнен басқа кімге пайдалы?

• Менің мұратым басқаларға, айнала қоршаған ортаға

зиянын тигізбей ме?

• Менің мұратым адамгершілік құндылықтарға құрылған

ба?

4-тапсырма бойынша «Арманы асқақ адамдар»

тақырыбындағы дӛңгелек үстелдің бағдарламасын тӛмендегі

қадамдарға сәйкес әзірлеу қажет:

• тақырыпқа сәйкес кейіпкерлерді табу;

• тақырыпқа сәйкес әңгімелесуге сұрақтар дайындау;

• қатысушыларға сыйлық дайындау.

Тапсырманың мақсаты – оқушылар практикалық тұрғыда

жаттығып, алған білім-біліктерін қолдана білуге

машықтанадырып, бойларындағы құндылықтар мен адами

қасиеттерді іс жүзінде кӛрсете алуға мүмкіндік туғызу.

Оқушылар тапсырманы орындау барысында ӛз қолдарынан

37

келетін, ӛздері ойлап тапқан жақсылықты жасауға дағдыланады.

Мұнда оқушылар берілген тапсырманы орындай отырып,

ӛздерінің сабақта түсінгендерін бекітеді.

Оқып ҥйренейік

Оқулықта ұсынылған http://www.qamshy.kz сайтынан

алынған «Қазақ миллионері Бауыржан Оспанов: Қазақта кедей

жоқ, жалқаулар бар» атты мәтіні алдын ала оқуға, үй

тапсырмасы ретінде берілген. Жаңа сабаққа мұғалім басқа

әңгіме, ертегі т.б. алып келеді. Берілген мәтін бойынша

оқушылардан үй тапсырмасы сұралып, оқулықта берілген

сұрақтар қойылады. Мұғалім оқушыларға мәтіннің желісі

бойынша сұрақтар қояды және мәтін бойынша рухани тереңдікті

ашуға оқулықтағы сұрақтарды қойып, мәтінмен жұмыс істейді.

Мәтінді талқылау барысында мұғалім балалардың ӛздерінен

туындайтын сұрақтарына мұқият болып, баса назар аударуы

керек.

Мұғалім жаңа сабақта әңгімелеу үшін тақырыпқа сәйкес

ӛзі жаңа мәтінін әкеледі. Үй тапсырмасы ретінде келесі

сабақтағы Сағат Әшімбаевтың «Парасатқа құштарлық»

әңгімесінен алынған үзіндіні үйге оқуға береді.

Шығармашылық жҧмыс

Оқулықта берілген 5-тапсырма бойынша оқушылар

берілген мәтінді оқып, ондағы адамдардың мұраттарын

салыстырып, ізгі мұраттың қандай құндылықтарға негізделгенін

анықтап, дәлелдеп беруі керек.

Бұл тапсырманың мақсаты – оқушыларға бақыт

жайындағы пікір таласты оқи отырып, бақыт – қолға ұстата

салатын зат емес, ол ой мен қиялдың мақсатқа жеткізетін,

мұратты орындауға жол ашатын түйіні екендігіне кӛз жеткізіп,

38

бақыт – алға қойған мақсатың мен кӛксеген мұратыңның

орындалуы екендігін ұғындыру.

6-тапсырмада «Арманы асқақ адамдар» тақырыбында

дӛңгелек үстел ӛткізіуді оқушыларға ұсыну.

Бұл тапсырманың мақсаты – оқушыларға әрбір адамның

ойы мен дүниетанымының ӛзгелерге, қоршаған ортаға әсерін

ұғынып, ӛз әрекеті үшін моральдік жауапкершілігін сезініп,

саналы ұғынуын, ӛз ойы мен ісін адамгершілік, ар-ұжданымен

бағалай білу қажеттігін түсіндіре отырып, дұрыс әрекет жасауды

ұғындыру.

Жаңа ақпарат

Бұл сабақта Сара Алпысқызының тақырыпқа сәйкес

қанатты сӛзі жаңа ақпарат ретінде берілген. Берілген оқу

ақпаратымен оқушылар ӛз бетінше оқып танысып, ондағы әрбір

айтылған тұжырымның мағынасын ой елегінен ӛткізеді.

Мұғалімнің жетекші сұрақтары арқылы ақпаратқа талдау

жасайды.

Жҥректен жҥрекке

Бұл бӛлімде сыныпта оқушылар топпен ән айтады.

Мұғалім оқушыларға оқулықтағы Мұқағали Мақатаевтың сӛзіне

жазылған «Болады деп арманда» әнін топта айтуды ұсынады.

Оқушылар ӛлең мәтінін оқулыққа қарап айтуына болады. Әуені

үнтаспадан қойылады. Олар мұғаліммен бірге үнтаспаға ілесіп,

әнді бірге айтады. Ән мәтіні оқулықта берілген.

39

5-6 сабақтар

АДАМ – ЖАСАМПАЗ

Бұл сабақта мұғалім оқушыларға адамның жасампаздығы

ӛзіне және айнала қоршаған ортасына ізгілікті қарым-қатынас

жасап, ар-ұжданға сәйкес дұрыс әрекет ету екенін ұғындыруы

тиіс.

Сабақтың мақсаты: адамның жасампаздығы ізгі ісінде

екендігін түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін

ашу.

Сабақтың міндеттері:

– адамды жасампаз ететін ізгі ісі екендігін дұрыс әрекет

құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру;

– адалдық, жауапкершілік қасиеттерін дамыту;

– жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеу.

Мұғалім «Адам-жасампаз» сабағында тӛменде берілген

оқу материалдары мен әдіс-тәсілдер арқылы ар-ұждан даусын

тыңдау, ӛзін-ӛзі тану және ӛзін-ӛзі дамыту – адам

қалыптасуының қажетті шарты екенін ұғынуға мүмкіндік

береді. Сондықтан да оқулықтағы сабақтың келесі мәтінге

дейінгі аралығындағы оқу материалы адамның шынайы ӛмірінің

мәні адамгершілік таңдау жасауда оның негізі, бастауы

сүйіспеншілік, қиянат жасамау құндылықтары екендігін,

нәтижесі дұрыс әрекет болатынын ұғындыруға бағдарланады.

Мұғалім сабақтың басында сыныптағы «тәртіп, талап,

тыныштық, тазалық, татулық» ережесін естеріне түсіріп,

барлық ойларын, сӛздерін, істерін осы ережеге бағындыруға

шақырады.

40

Дәйексӛз

Педагог оқушыларды оқулықтағы ұсынылған сабақтың

дәйексӛзімен таныстырады. Сенеканың «Ізгілік марапат үшін

жасалмайды, ізгі іс жасаудың ӛзі марапат» деген ойы екі

сабаққа ортақ дәйексӛз болып табылады. Мұғалім оқушылардан

дәйексӛздің мағынасын қалай түсінетіндерін сұрайды.

Оқушылардың жауаптарын тыңдаған соң мұғалім балалардың

жауаптарына сүйене отырып, ӛзі қортындылайды.

Оқып ҥйренейік

Оқулықта ұсынылған Сағат Әшімбаевтың «Парасатқа

құштарлық» мәтіні алдын ала оқу бойынша үйде оқып келуге

тапсырылған. Мұғалім жаңа сабақта әңгімелеу үшін тақырыпқа

сәйкес ӛзі жаңа мәтінін әкеледі. Оқушылардың үй тапсырмасын

қалай түсінгендерін байқау үшін мәтін мазмұны бойынша

сұрақтар қойып, балалармен әңгімелесу жүргізеді.

Оқулықта мәтін бойынша сұрақтар қойылған. Бұл

сұрақтардың барлығы мәтіндегі рухани тереңдікті айқындауға

арналған сұрақтар.

Педагог үй тапсырмасы ретінде оқулықтағы Жүсіп

Баласағұнның «Құтты білік» поэмасынан берілген үзіндіні үйге

оқуға береді.

Шығармашылық жҧмыс

Оқулықта 1-тапсырма былай берілген: «Қазақстандағы

100 жаңа есім» жобасы жеңімпаздарының парақшаларына

кіріп, жоба кейіпкерлерінің жетістікке жету сырларын

іріктеп алып, ӛз қорытындыларыңызды жасаңыздар.

Жеңімпаздарды жеңіске жеткізген құндылықтар мен

қасиеттерді іріктеп алып, ӛзіңіз «Жетістік формуласын»

жасаңыз.

41

Тапсырманың мақсаты сабақта ӛтілген теориялық

материалды түсінгендерін пысықтау.

2-тапсырмада «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы

жеңімпаздарының парақшаларына кіріп, жоба кейіпкерлерінің

ӛмірбаяндары мен атқарған іс-әрекеттерін сараптап, «Жаныңда

жүр жақсы адам» тақырыбында зерттеу жүргізіп, эссе жазу

ұсынылады. Бұл тапсырманың мақсаты алдыңғы тапсырманың

мақсатымен сәйкес келеді.

3-тапсырмада ӛздері тұратын аймақтың «100 жаңа есімін»

жасау тапсырылған.

4-тапсырма бойынша берілген мәтіндерді оқып, ондығы,

адам жасампаздығын тауып, «Адамның жасампаздығы –

адамгершілігінде» тақырыбында пікір алмасу ӛткізулері қажет.

5-тапсырмада Әбілхан Қастеевтің ӛнер туындыларына

қарап, ондағы адам жасампаздығын қысқаша әңгімелеп береді.

Оқушылар бұл тапсырмаларды орындай отырып, ӛздерінің

сабақта түсінген білім, біліктерін кеңейтеді, бекітеді. Оқушылар

практикалық тұрғыда жаттығып, алған білім-біліктерін талдау,

жинақтау, жалпылауға дағдыланады. Осылайша ӛз

бойларындағы құндылықтар мен адами қасиеттерді іс жүзінде

кӛрсете алуға мүмкіндік алады.

Сонымен қатар оқушыларға осы сабақ материалдары мен

әдіс-тәсілдер арқылы ақыл-парасат адамдарды жаман істерден,

ӛмірдің ӛткінші ләззатына берілуден тежейтінін, адамгершілікке

тән адал қасиеттерді айтып, біліп қана қоймай оны ісіне,

күнделікті ӛміріне арқау еткендер нағыз адам, жақсы адам

болатындарын ұғынуға мүмкіндік жасалады.

Оқып ҥйренейік

Оқулықта ұсынылған Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік»

поэмасынан берілген үзінді алдын ала оқу бойынша үйде оқып

келуге тапсырылған.

42

Мұғалім оқушылардың Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік»

поэмасын қалай түсінгендерін байқау үшін мазмұны бойынша

сұрақтар қойып, балалармен әңгімелесу жүргізеді. Поэма

оқулықта берілген.

Оқулықтағы келесі сабақтағы «Оқып үйренейік»

айдарында ұсынылған Абайдың «Отыз екінші» қара сӛзі алдын

ала үйге тапсырма ретінде беріледі.

Жаңа ақпарат

Дінмұхамед Қонаевтың еңбегінен алынған үзінді терең

рухани ойды түйіндеу мақсатында жаңа ақпарат ретінде берілді.

Бұл ақпараттың мәтіннен кейін берілу себебі оқушыларға

адамдық қалыпты биік ұстау, біреуге тіл тигізуден сақтану, ӛз

басыңа тілемейтін істі, біреуге істемеу, қиянаттан асқан қылмыс

болмайтындығын ұғындыру.

Шығармашылық жҧмыс

Аталған айдар бойынша бұл сабақтың екінші сағатында

шығармашылық іс-әрекет арқылы оқушылардың алған

білімдерін бекітуге, нақтылауға, пысықтауға мүмкіндік алады.

Оқулықта тӛмендегідей тапсырмалар берілген.

6-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер.

Жетек деген кӛрегенге жолыққан шұбартаулық ақылгӛй

Байқотан:

– Қияннан асқан бар ма, арқардың ізін басқан бар ма.

Ұлытауға шыққан бар ма, ұлардың үнін ұққан бар ма? Соны

іздеп келемін, – депті.

Сонда Жетек:

Е, сенің іздегенің менің іздегенімнен де қиын екен. Мен

адам – адам болса екен, ардан безбесе екен, намыстан қашпаса

екен, ерлікке бастаса екен, елдің шырқын бұзбаса екен, ел

43

басшысыз болмаса екен, жер жаңбырсыз болмаса екен, сӛз

тыңдаусыз болмаса екен деп, соны іздеп барам. Бұрынғылар

айтқан екен, дүниеде орны толмас үш жетім бар: «Ел басшысыз

болса, жер жаңбырсыз болса, сӛз тыңдаусыз болса жетім» деп.

Менің бара жатқаным да сол, – депті. ( Ел аузындағы екі сӛз. Ел

аузынан).

7-тапсырма. Сара Алпысқызының «Біз ӛмірге келген сәтте

Жаратушы әрқайсысымызға екі түрлі міндетті айқындап бергені

тектен-текке айтылмаған. Олар – оқу және даму, адамзатқа

қызмет қылу» деген сӛзін басшылыққа алып, «Ӛмірің ӛз

қолыңда» тақырыбында эссе жазыңызады.

8-тапсырма бойынша оқушылар Facebook, Instagram,

Twitter желілерінде рухани-адамгершілік бағытындағы ашқан

парақшаларға сараптама жүргізіп, қорытындысын диаграмма

түрінде кӛрсетіп, парақшаларды ары қарай дамыту жоспарын

жасайды.

Жҥректен жҥрекке

Бұл бӛлімде сыныпта оқушылар топпен ән айтады.

Мұғалім оқушыларға оқулықтағы Мұхтар Шаханұлының

«Ерлікке шақыру» атты шығармасын топта айтуды ұсынады.

Оқушылар ӛлең мәтінін оқулыққа қарап айтуына болады. Әуені

үнтаспадан қойылады. Олар мұғаліммен бірге үнтаспаға ілесіп,

әнді бірге айтады.

44

7-8 сабақтар

ӚЗІҢДІ ТАБУ

Бұл сабақта оқушылар адамның ойы, сӛзі, ісі ылғи да тек

қана жақсылыққа бағытталғанда, ӛмірде игі істер жасалып, адам

ӛзімен ӛзі және айнала қоршаған ортасымен үйлесімділікте ӛмір

сүруге мүмкіндік алатынын түсінеді.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға ӛмірді жақсылық

жағынан танып-білу – ӛзін-ӛзі танудың негізі екенін дұрыс

әрекет құндылығымен байланыстыра отырып түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

– оқушыларға адамның ойы, сӛзі, ісінің жақсылыққа

бағытталуының үйлесімділікте ӛмір сүру негізі екенін

ұғындыру;

– оқушыларды ӛзіне және ӛзгелерге жақсылық жасауға

баули отырып, үйлесімділікте ӛмір сүруге үйрету;

– оқушыларды қайырымдылыққа, ризашылыққа тәрбиелеу.

Дәйексӛз

Мұғалім оқушыларды оқулықтағы ұсынылған сабақтың

дәйексӛзімен таныстырады. Шәкәрімнің:

«Айнымайтын ақ жүрек пен,

Таза ақылды адамның,

Таппасы жоқ ӛмірде,

Осыны ұқ балам»,- деген нақыл сӛзі екі сабаққа ортақ

дәйексӛз болып табылады. Оқушылардан дәйексӛздің

мағынасын қалай түсінетіндерін сұрайды. Жауаптарын тыңдаған

соң мұғалім балалардың жауаптарына сүйене отырып, ӛзі

қорытынды жасайды.

45

Оқып ҥйренейік

Оқулықта ұсынылған әңгімелеу немесе оқиға айту алдын

ала оқу бойынша үй тапсырмасы ретінде беріледі. Соған

байланысты Абайдың «Отыз екінші» қара сӛзі алдын ала үйге

тапсырма ретінде оқуға ұсынылған болатын. Әңгіме мазмұнын

сұрақтар қою арқылы талдатады. Мәтін оқулықта берілген.

Мұғалім оқушылардан «Отыз екінші» қара сӛздің мазмұны

бойынша сұрақтарға жауап алған соң, рухани-адамгершілік

тереңдігін ашатын оқулықтағы сұрақтарды қояды.

Оқушылармен бірге сұрақтарға жауап іздестіру барысында

мәтін мазмұнының құндылықтық мәнін ашады.

Мұғалім келесі сабақтағы Лев Толстойдың «Жастарға

ӛсиет» мәтінінен үй тапсырмасы ретінде оқып келуге

тапсырады.

Шығармашылық жҧмыс

Оқулықта сабақта алған білімдерін шығармашылық

жұмыстар орындау арқылы бекіту мақсатында бірнеше

тапсырмалар берілген.

1-тапсырмада Абайдың «Отыз екінші» қара сӛзіндегі

алты ӛсиеттің түпкі мағынасын жоғалтпастан, танымал

адамдардың афоризмдері немесе мақал-мәтелдерді пайдалана

отырып, жинақтап, түйіндеп, ықшамдап беру және ықшамдалған

ойды сахналау ұсынылған.

2-тапсырма бірінші тапсырманы толықтыра түседі. Ол

тапсырмада оқулықта берілген дана ойларды оқып, ондағы

адамгершілік таңдаулардың себебін түсіндіру қажет.

Мұғалім ақыл мен сезімді қатар ұстап, адамды

үйлесімділікке жеткізетін қасиеттер (адалдық, азаматтық, ақ

кӛңілділік, аңғарымпаздық, сезімталдық, әдептілік,

байыптылық, байсалдылық, бауырмалдық, сабырлылық,

46

ақылдылық, жарқындық, мейірімділік және т.б.) адамның

ӛзімен-ӛзі және айнала қоршаған ортамен үйлесімді ӛмір сүріп,

ӛз ӛмірін жақсы іске арнағанда сезінетінін, ол бақытқа ақ ниет

пен ізгі пейіл ғана апара алатынын ұғындыруы, балалардың

жауаптарының осындай рухани бағытта болуын қадағалағаны

абзал.

3-тапсырмада берілген мәтінді оқып, автордың ұсынған

ӛзіңді, ӛмірді тану жолын талқылап, кестені толтыруы қажет.

Ӛмірдің алдында бәріміз шәкіртпіз.

Адам деген атқа лайық ӛмір сүру үшін адамға білім керек,

ыждаhат керек, білік керек. Оны игеру үшін ғасырлар бойы аузы

дуалылар жақ жаппай баршамыз үшін – бүгін жер басып

жүргендеріміз үшін де, бұл дүниеге бізден соң келетіндер үшін

де қапы жібермей қадағалай тыңдайтындай ғып айтып келе

жатқан ғибрат сабағын бойға сіңіру керек. Есті құлақ

замандастарының ауызына, есті кӛз бұрынғылардың жазуына

үңіліп, оны талдап-түсіне білгенде жетілу келеді. Ӛмір

ғибраттарын танып-білу арқылы ӛзін-ӛзі тану бір басын емес,

кӛптің қамын қамдай жүретін қайырымды пиғыл иесіне тән

келеді. (Әбіш Кекілбаев.)

Автордың түйінді

ойы

Автордың

ойына

кӛзқарасыңыз

Ӛзіме түйген ойым

Жаңа ақпарат

«Жаңа ақпарат» айдарында Сара Алпысқызының нақыл сӛзі

сабақтың тақырыбына сәйкес бірінші сағатта талқыланған

мәселеге орай оқу ақпараты ретінде берілген. Оқу ақпаратын

мұғалім ӛзі түсіндіреді.

47

Оқып ҥйренейік

Лев Толстойдың «Жастарға ӛсиет» атты шығармасынан

берілген үзінді екінші сабаққа алдын ала оқу бойынша үйге

берілген. Сабақта мұғалім шығарма мазмұны бойынша сұрақтар

қоя отырып, оқушылардың оның мазмұнын қалай түсінгендерін

тексереді. Мәтін оқулықта берілген. Мұғалім оқулықтағы әңгімелесу сұрақтарын қойып,

ондағы құндылық пен қасиеттердің мәнін оқушыларға

ұғындыруға күш салады. Келесі сабақтағы «Оқып үйренейік»

айдарында ұсынылған Шыңғыс Айтматов пен Мұхтар

Шахановтың «Құз басындағы аңшының зары» атты

шығармасынан берілген үзіндіні үйге оқып келуге тапсырады.

Шығармашылық жҧмыс

Оқушылар сабақта алған білімдерін шығармашылық

жұмыстар арқылы толықтырып, бекітеді. 4-тапсырма бойынша

Лев Толстойдың «Жастарға ӛсиет» мәтінінен ӛмірлік

таңдаудағы түрлі кӛзқарастағы (ізгі, тоғышар) адамның ӛмірлік

ұстанымдарын салыстырып, іріктеп алып, кестені толтыру

ұсынылған. Тапсырма оқулықта берілген.

Кейіпкерлер Құндылықтары мен

қасиеттері

Нәтижесі

(салдары)

Ізгі

Тоғышар

5-тапсырмада Әбілхан Қастеевтің ӛнер туындыларына

қарап, ондағы адамдардың жасамапаз еңбегін «Егін ек, мейлі тас

қала, орныңды тап, жасқанба!» тақырыбымен байланыстырып,

әңгімелеп береді.

6-тапсырма бойынша оқулықта берілген психологтардың

48

дәйектеген ӛмір сүру тұжырымдаларымен танысып, ӛмірді

адамдыққа сәйке сүруге мүмкіндік беретін ұстанымдарды

іріктеп алып, ӛз тараптарынан толықтырады. Келіспейтін

ойларын дәлелдейді.

7-тапсырмада Лев Толстойдың «Бақыттылық әрқашан

қалағаныңды iстеу емес, оның мәнi iстеп жатқаныңды әрдайым

қалаудан кӛрiнеді» деген ойын басшылыққа ала отырып эссе

жазады.

Тапсырманы үйде орындауға беруге болады. Мұғалімнің

эссе жазғызу барысында оқушылардың тақырыпты терең

түсініп, ӛз пікірін, ойын дұрыс жеткізіп, оқу материалының

негізінде ғана емес шынайы ӛмірмен байланысты жазуларын

қадағалап, бағыттап отыруы маңызды.

Жҥректен жҥрекке

Бұл бӛлім «Топта ән айтуға» арналған. Әнді бірге

орындаудың ӛзіндік үлкен мәні бар. Олар бірін-бірі тыңдай

білуге, түсіне білуге үйрене отырып, әнді орындау барысында

олардың ішкі сезімдерінде үйлесімділік қалыптасады.

«...Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, әннің терең мазмұнды

мәні оятар», – деп Абай атамыз айтқандай, адам бойындағы

асыл қасиеттердің қалыптасуына әннің маңызы зор екенін

мұғалімнің ескергені жӛн.

Оқушылар мұғаліммен бірге қосылып, үнтаспадағы әуенге

ілесіп, оқулықта берілген әнді айтады. «Құс жолы» әнінің мәтіні

оқулықта берілген.

Әрбір тараудан соң оқушылардың пән мазмұны бойынша

алған білім, білік, дағдыларын тексеріп, сонымен қатар мұғалім

49

ретінде не нәрсеге қаншалықты қол жеткізгенін тексеру үшін

тестілеу беріледі.

Тестілеудің негізгі мақсаты оқушылардың құндылықтық

категориялары мен оған қатынасының қалай ӛзгергенін анықтау

болып табылады.

1-тарау бойынша мазмұндағы білімді бекітуге арналған

тестілеу оқулықта берілген.

50

II ТАРАУ

ТҦЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

9-10 сабақтар

ТҦЛҒАНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК НЕГІЗДЕРІ

Бұл сабақта мұғалім оқушыларға адамның ішкі дүниесі

оның тұлға ретінде қалыптасуының шарты, адамның ішкі әлемі

– оның даралығының кӛрінісі екендігін ұғынуларына мүмкіндік

жасайды. Адамның ішкі жан-дүниесінің рухани байлығы адамға

ӛз әрекеті мен ниеті үшін жауаптылығын сезіндіріп, ӛзіне-ӛзі

есеп бере білуіне әсер етеді.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға адамның ішкі рухани

байлығы–адамгершілігі екендігін түсіндіре отырып, қиянат

жасамау құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

– оқушыларға адамның ішкі дүниесі оның бет-бейнесі

екендігін ар-ұжданмен байланыстыра отырып ұғындыру;

– қайырымдылық, қанағатшылдық қасиеттерін дамыту;

– оқушыларды ризашылыққа, тәртіптілікке тәрбиелеу.

Дәйексӛз

Бұл айдарда мұғалім оқушыларды оқулықтағы ұсынылған

сабақтың дәйексӛзімен таныстырады. Жүсіп Баласағұнның

«Түгел алғың келсе ӛмірдің ырысын, таза болсын сӛзің, ойың,

жұмысың» деген қанатты сӛзі екі сабаққа ортақ дәйексӛз болып

табылады. Дәйексӛзді алдымен мұғалім ӛзі оқып береді. Сосын

балаларға бірге дауыстап айтуды ұсынады. Мұғалім

оқушылардан дәйексӛздің мағынасын қалай түсінгендерін

сұрайды. Оқушылардың жауаптарын тыңдаған соң, мұғалім

балалардың жауаптарына сүйене отырып, ӛзі қорытынды

жасайды.

51

Оқып ҥйренейік

Оқулықта ұсынылған Шыңғыс Айтматов пен Мұхтар

Шахановтың «Құз басындағы аңшының зары» атты

шығармасынан берілген үзінді алдын ала оқу бойынша үйде

оқып келуге тапсырылған. Мұғалім жаңа сабақта әңгімелеу үшін

тақырыпқа сәйкес жаңа мәтін әкеледі. Мұғалім оқушылардың

мәтін мазмұнын үйден оқып, қалай түсінгендерін байқау үшін

мазмұны бойынша сұрақтар қойып, балалармен әңгімелесу

жүргізеді. Мәтін оқулықта берілген. Мұғалім оқулықтағы

сұрақтарды пайдаланып, әңгімелесу жүргізеді.

Мұғалім келесі сабақтағы Дейл Карнегидің «Жақсылыққа

апарар жол қайда?» атты әңгімесінен алынған үзіндіні үй

тапсырмасы ретінде оқып келуге тапсырады.

Шығармашылық жҧмыс

Оқулықта 1-тапсырмада берілген тұжырыммен танысып,

жақсы әдеттерді қалыптастыруға мүмкіндік беретін

ұстанымдарды жасап, оны басшылыққа алып, ӛз жоспарларын

жасап, іске асырулары қажет.

2-тапсырма бойынша берілген жағдаяттарды

адамгершілік негізде, дұрыс әрекетпен шешудің жолдарын

қарастырып, жазу қажет.

Сізді сыныптастарыңыз негізсіз айыптауда;

Сізге ӛз мәселеңізді оңтайлы шешу қажет болды;

Үй тапсырмасын сыныптасыңыздан кӛшіріп

алдыңыз, сіздің бағаңыз одан жоғары;

Жақыныңыздың дұрыс емес әрекетін байқадыңыз.

Соңғы уақытта ойыңыз бен сӛзіңіздің және

ісіңіздің бір-бірінен алшақтығын байқап жүрсіз.

Жаңа ақпарат

Сабақтың бірінші сағатындағы оқу материалы мен

қойылған мақсатқа сәйкес сабақтың түйіні, қорытындысы

52

берілген жаңа ақпарат оқулықта берілген. Мұғалім жаңа

ақпаратты оқушылардың жауаптарына сүйене отырып,

тұжырымдап, түсіндіреді.

Оқып ҥйренейік

Дейл Карнегидің «Жақсылыққа апарар жол қайда?» атты

әңгімесінен алынған үзіндіні үй тапсырмасы ретінде

оқушыларға үйде оқуға тапсырылған.

Жаңа сабақта әңгімелеу үшін мұғалім тақырыпқа сәйкес

жаңа мәтін әкеледі. Сыныпта оқушылардың ӛсиет әңгімені

қалай түсінгендерін байқау үшін мазмұны бойынша сұрақтар

қойып, балалармен әңгімелесу жүргізеді. Мәтін және талқылауға

арналған сұрақтар оқулықта берілген. Мұғалім тарапынан

мәтіннің желісі бойынша жетекші және мәтін соңындағы рухани

тереңдікті ашуға арналған сұрақтар қойылады. Мәтінді

оқулықта берілген сұрақтар арқылы талқылау барысында

мұғалім балалардың ӛздерінен туындайтын сұрақтарға мұқият

болып, баса назар аударуы керек.

Мұғалім келесі сабақтағы ел аузынан бізге жеткен «Аты

аңызға айналған Атымтай» шығармасын үй тапсырмасы ретінде

оқып келуге тапсырады.

Шығармашылық жҧмыс

Бұл айдарда мұғалім шығармашылық іс-әрекет арқылы

оқушылардың алған білімдерін бекітуге, нақтылауға,

пысықтауға мүмкіндік алады. Оқулықтағы берілген тапсырма

қоршаған әлеммен адамгершілік қатынас тәжірибесін

қалыптастыруға бағдарлайды.

Оқулықта 3-тапсырмада берілген мәтiндi оқып, негiзгi

идеясын табу. Оны кӛзқарас – себеп – мысал – қорытындылау

әдiсiмен талқылау ұсынылған.

53

4-тапсырма бойынша оқулықта берілген нақыл сӛздерді

пайдаланып, «Рух асқақтығы – адамдық белгісі» тақырыбында

эссе жазу тапсырылған.

5-тапсырмада жағдаяттарды оқып, ӛз шешімдері мен ой

тұжырымдарын айту тапсырылған.

Жаңа ақпарат

«Жаңа ақпарат» айдарында сабақтың тақырыбына сәйкес

тӛмендегідей оқу ақпараты берілген.

Сара Алпысқызы

Адам басқаларға қайтарымын талап етпестен риясыз

кӛмектессе, онда оның бұл ісі зая кетпейді. Жасаған

қайырымды ісі ӛзіне қайта айналып оралады. Дәл сол қалпында

оралуы міндетті емес. Табиғат күтпеген қуаныш сыйлап,

қандай да бір қиын іске жеңілдік беріп, білдірмей

марапаттайды немесе марапатқа бергісіз денсаулық

сыйлайды.

Менің ойымша, адамның барлық кемшілігі,

сүйіспеншіліктің жетіспеуінен болады.

Жҥректен жҥрекке

Сабақтың соңында мұғалім оқушыларға алғыс білдіріп, бүгінгі

сабақтан алған жақсы қасиеттерді, сабақтарды жүректеріне

сақтап алуын ӛтінеді. Бұл бӛлім «топта ән айтуға» арналған.

Оқулықта берілген әнді екі сабақта да қолдану керек. Мұғалім

оқушыларға оқулықта берілген әнді топта айтуды ұсынады.

Әуені үнтаспадан қойылады. Оқушылар мұғаліммен бірге

үнтаспаға ілесіп, әнді бірге айтады. «Дос туралы жыр» әнінің

мәтіні оқулықта берілген.

54

11-12 сабақтар

МІНЕЗ-ҚҦЛЫҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУ

Бұл тақырыпты толық ашу үшін мұғалім ӛзін-ӛзі

тәрбиелеу, ӛз мінез-құлқын дамыту сияқты мәліметтерді

қаперіне алып, сабақтағы барлық іс-әрекет пен балалардың

жауаптарын осы негізге бағдарлап отыруы тиіс.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға мінез-құлықтың

маңыздылығын дұрыс әрекет құндылығымен байланыстыра

отырып ұғындыру.

Сабақтың міндеттері:

– оқушыларға жақсы мінез-құлықтың бақытты ӛмір негізі

екендігін түсіндіру;

– жақсы мінез-құлық дағдыларын дамыту;

– байыптылыққа, табандылыққа, ерік-жігерге тәрбиелеу.

Дәйексӛз

Бұл айдарда мұғалім оқушыларды оқулықтағы ұсынылған

сабақтың дәйексӛзімен таныстырады. Оқулықта

Ж.Баласағұнның «Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та,

бақыт та қонбайды» деген ойы дәйексӛз ретінде берілген. Ол екі

сабаққа ортақ дәйексӛз болып табылады. Дәйексӛзді алдымен

мұғалім ӛзі оқып береді. Сосын балаларға бірге дауыстап

айтуды ұсынады. Мұғалім оқушылардан дәйексӛздің мағынасын

қалай түсінгендерін сұрайды. Оқушылардың жауабын тыңдаған

соң, мұғалім балалардың жауабына сүйене отырып, ӛзі

қорытынды жасайды.

Оқып ҥйренейік

Оқулықтағы мәтін алдын ала оқуға, үй тапсырмасы ретінде

беріледі.

Бұл сабақта ел аузынан бізге жеткен «Аты аңызға

айналған Атымтай» шығармасын үй тапсырмасы ретінде оқып

55

келуге тапсырылған. Мәтін оқулықта берілген. Мұғалім

мәтіннің мазмұнын балалардың қалай түсінгенін білу үшін

сұрақтар қояды. Сосын оқулықта ұсынылған рухани-

адамгершілік тереңдігін ашатын, яғни мәтін мазмұнындағы

құндылықтар мен адамгершілік қасиеттердің мәніне бойлайтын

сұрақтарға жауап алуы керек. Содан кейін сұрақты мұғалім

баланың ӛзіндік ӛмір тәжірибесіне байланысты қояды. Мұнда

балалар ӛз ӛмірінен мысалдар келтіріп жауап береді. Мұғалім

жаңа сабақта әңгімелеу үшін тақырыпқа сәйкес жаңа мәтін

әкеледі. Келесі сабақтағы «Оқып үйренейік» айдарында берілген

Қалқаман Сариннің «Әдеп» ӛлеңі үй тапсырмасы ретінде

беріледі.

Шығармашылық жҧмыс

Оқулықта тӛмендегідей сипаттағы тапсырмалар берілген.

1-тапсырмада оқулықта берілген даналық сӛздерді оқып,

ӛз қорытындыларын жасап, жақсы мінездің анықтамасын

шығару қажет.

2-тапсырмада оқушылар оқулықта берілген сӛздер мен сӛз

тіркестерін пайдаланып, жақсы мінез-құлыққа сипаттама береді.

Қажетті сӛздер мен сӛз тіркестері: адамдармен жақсы

қарым-қатынас жасау, кішілерге үлгі болу, тілектес болу,

кӛмектесу, материалдық дүние үшін ешкіммен жауласпау,

ӛзінен бұрын ӛзгені ойлау, адамдарға кӛмектесу, мейірімді,

қарапайым болу, ешкімді ренжітпеу, ешкімге оймен, сӛзбен,

іспен қиянат жасамау.

3-тапсырмада оқулықта берілген шағын мәтінді оқып, одан

шығатын пайдалы сабақты жинақтап, ықшамдап, нақыл сӛз

ретінде береді.

Ұстазға жас жігіт келіп шәкірттікке қабылдауын

сұрайды.

– Ол саған не үшін керек? – деп сұрайды ұстаз.

– Қайратты да қайсарлы болғым келеді.

56

– Енді болмайсың ба! Айналаңа мейірімді, кішіпейіл және

ілтипатты бол.

Мейірім мен ілтипат арқасында елдің құрметін аласың.

Ішкі дүниең тазарып мейірімге толады, яғни, жігерлі боласың.

Ілтипаттың арқасында кішкентай да болса ӛзгерістерді

байқайтын боласың да, кӛптеген қиындықтарды алдын ала

болжай аласың, яғни, ұрыс-қақтығыстарға кірмей тұрып

оларды жеңіп шығасың. Талас-тартыстардың алдын кӛре

алатын болсаң, ешкім жеңе алмайтындай қайратты бола

аласың.

– Қалай сонда?

– Иә, ешкім сені жеңе алмайтын болады, ӛйткені

ешкіммен егеспейсің.

Жігіт кетіп қалады. Бірақ бірнеше жыл ӛтіп, ұстазға

қайтып келеді.

– Не іздедің? деп сұрайды қария.

– Сіздің аман-саулығыңызды және қандай да бір кӛмегім

керек пе деп сұрайын деп келдім... Сол кезде ұстаз жігітті

шәкірттікке алады.

(«Мейірімді және ілтипатты бол!» Ӛсиет әңгіме).

4-тапсырма бойынша Абайдың афоризімін оқып, ондағы

ой тұжырымдарды кӛзқарас – себеп – мысал – қорытындылау

әдісін пайдаланып, пікірлерін айтады.

А) ... Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым,

ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым

ғой демектің бәрі де ақымақтық.

Ә)... Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты

болады. Сол мінез бұзылмасын! Кӛрсеқызарлықпен,

жеңілтектікпен, я біреудің орынсыз сӛзіне, я бір кез қылған

қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады.

Онан соң оқып үйреніп те пайда жоқ. Қоярға орны жоқ болған

соң, оларды қайда сақтайсың! Қылам дегенін қыларлық, тұрам

дегенінде тұрарлық мінезде азғырылмайтын ақылды, арды

57

сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын! Бұл беріктік бір

ақыл, ар үшін болсын!

Тапсырманың мақсаты – ой қозғай отырып, оқушының ӛз

ойымен ӛзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап,

салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін ӛзі зерттеп,

дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау, ӛз бетімен дұрыс әрекет

етуге үйрету.

Оқып ҥйренейік

Оқулықта ұсынылған Қалқаман Сариннің «Әдеп» ӛлеңі

алдын ала оқуға, үй тапсырмасы ретінде берілген. Ал жаңа

сабаққа мұғалім басқа әңгіме, ертегі т.б. алып келеді. Берілген

мәтін бойынша оқушылардан үй тапсырмасы сұралып, оқулықта

берілген сұрақтар қойылады. Сабақта мәтінмен жұмыста

оқушыларға ӛмірде не іздесе, соны табатындарына кӛздерін

жеткізеді. Мәтін оқулықта берілген. Мұғалім тарапынан

мәтіннің желісі бойынша жетекші және мәтін соңындағы рухани

тереңдікті ашуға арналған сұрақтар қойылады. Мәтінді

оқулықта берілген сұрақтар арқылы талқылау барысында

мұғалім балалардың ӛзінен туындайтын сұрақтарына мұқият

болып, баса назар аударуы керек. Мұғалім жаңа сабақта

әңгімелеу үшін тақырыпқа сәйкес жаңа мәтін әкеледі. Келесі

сабақта Дандай Ысқақұлының шығармасынан берілген үзінді үй

тапсырмасы ретінде беріледі.

Шығармашылық жҧмыс

Мұғалім оқушылардың шығармашылық жұмысы арқылы

шәкірттердің білімдерін тексеруге, түсінбеген жерлерін қайта

пысықтауға мүмкіндік алады. Оқулықта тӛмендегідей

тапсырмалар берілген.

5-тапсырмада Дат суретшiсi Херлуфа Бидструпаның адам

мiнезiне байланысты салған суретiн мұқият қарап, түрлi мiнез-

құлықтағы адамдардың мыжылған қалапаққа ӛз эмоцияларын,

58

қатынасын бiлдiруiн әңгiмелеп, олардың диалогiн жазып беру

қажет. Егер сондай жағдай болып қалса қалай жасайтындарын

әңгiмелеп береді.

6-тапсырмада берілген екі мәтінді салыстырып, ондағы

адамдардың жақсы мінезі, қарым-қатынасы неге негізделгенін,

анықтайды. Ӛздері жақсы мінездің үлгісін жасап, таныстырады.

1) Есті адамдардың мынадай үш үлкен қасиеті болады:

біріншіден – жұртқа берген ақыл-кеңесін ӛзі орындайтын

болады, екіншіден – ешуақытта әділдікке қарсы шықпайды,

үшіншіден – тӛңірегіндегі жандардың қателіктеріне

кешірімшіл келеді.

Лев Толстой

2) Ізгілік тӛрт түрлі болады: ұғынықтылық, әділеттілік,

ерлік және дұрыс ойлаушылық. Олардың ішінде ұғынықтылық –

ӛз ісін дұрыс жүргізуге итермелеуші себеп; әділеттілік –

жолдастық пен алыс-берістегі дұрыс мінездің себебі; ерлік –

табандылық, қиындық пен уайымдарда шегінбеушілік себебі;

дұрыс ойлаушылық – ӛз тілектерімізді басқара білуге,

рақаттың бізді бағындырып алмауына және тәртіпті ӛмір

сүруге себеп.

Платон

7-тапсырма бойынша «Жақсы мінез – жан сұлулығы»

немесе «Мінез – жанның айнасы» тақырыптарының біріне эссе

жазуды үй тапсырмасы ретінде, дәптерде орындауларына

болады.

8-тапсырмада жағдаятты шешудің жолдарын қарастырады.

1) Бірде екі сатушы қатар тұрып біреуі лимон, екіншісі

тәтті алма сата бастапты. Бірақ неге екенін, лимон сатып

тұрғанның саудасы жақсы жүріп, алма сатып тұрғанға

кӛбіне-кӛп ешкім беттей қоймапты. «Тәтті тұрғанда елге

59

қышқыл ұнағаны қалай, тәтті алмамнан неге жұрт алмайды?»

– деп ойлаған екінші саудагер бұның мәнісін білмек болып бір

данышпанның алдына барыпты...

Жаңа ақпарат

«Жаңа ақпарат» айдарында сабақтың тақырыбына сәйкес

тӛмендегідей оқу ақпараты берілген.

Ата-бабамыз «Жақсы мінез – жан сұлулығы» деп бекер

айтпаған. Қарапайымдылық, адамгершілік, адалдық, ӛзгелерге

жақсылық жасау, әркез сабырлылық таныту сияқты жақсы

қасиеттердің бәрін бір ауыз сӛзбен жақсы мінез дейміз. Жақсы

мінез бақытқа бастайды.

Ӛмірде адамға жақсы мен жаманды ажырата біліп, түрлі

жағдайда үйлесімділік сақтау оңай іс емес. Мысалы, бір адам аса

жомарт бола тұра оның сол жомарттығы дарақылыққа,

ысырапқа апаруы мүмкін немесе аса үнемшіл, ұқыпты боламын

деп жүріп сараңдыққа бой алдыруы да ықтимал. Батыр,

қаһарман болуы мүмкін, бірақ бұл қасиеттің де ӛз арнасынан

шығып, алды-артын аңдамайтын, бірбеткейлікке, қатігездікке

ұласуы да ғажап емес. Сондықтан олардың ара-жігін ашып,

ажырата біліп, үйлесімділік сақтау аса маңызды қасиет.

Жақсы мінезділікке қол жеткізу – жан дүниенің

тазалығына байланысты. Сондықтан жан дүниені үнемі

жақсылыққа бағыттап, ойымыз, сӛзіміз, ісімізді үнемі қадағалап

отырсақ, ол дағдыға айналып, жақсы мінезге бастайды.

Жҥректен жҥрекке

Сабақтың соңында мұғалім оқушыларға алғыс білдіріп,

бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді, сабақтарды

жүректеріне сақтап алуларын ӛтінеді. Бұл бӛлім «топта ән

айтуға» арналған. Оқулықта берілген әнді екі сабақта да қолдану

керек. Мұғалім оқулықта берілген әнді үнтаспаға ілесіп, бірге

айтады. Ән әуенін ozin-ozi-tanu.kz интернет-порталы,

60

«Оқушыларға» бӛлімі, «Білім әлемі» айдарындағы «Әуезді кӛл»

аясынан табуға болды. «Асыл арман» әнінің мәтіні оқулықта

берілген.

13-14 сабақтар

АДАМНЫҢ РУХАНИ САУЛЫҒЫ

Сабақтың мақсаты: оқушыларға адамның рухани

байлығы туралы түсіндіре отырып, сүйіспеншілік

құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

– оқушыларға адамның рухани байлығы туралы түсінік

беру;

– жауапкершілік, адалдық қасиеттерін дамыту;

– оқушыларды рухани байлықты бағалай білуге

тәрбиелеу.

Дәйексӛз

Бұл айдарда мұғалім оқушыларды оқулықтағы ұсынылған

сабақтың дәйексӛзімен таныстырады. Әбіш Кекілбаевтің «Арлы

адам – ең күшті адам. Ол ӛткінші бақыттың, ӛткінші қайғының

ырқына мойынсұнбайды» деген нақыл сӛзі екі сабаққа ортақ

дәйексӛз болып табылады. Дәйексӛзді алдымен мұғалім ӛзі оқып

береді. Сосын балаларға бірге дауыстап айтуды ұсынады.

Мұғалім оқушылардан дәйексӛздің мағынасын қалай

түсінгендерін сұрайды. Оқушылардың жауабын тыңдаған соң,

мұғалім балалардың жауабына сүйене отырып, ӛзі қорытынды

жасайды.

Оқып ҥйренейік

Бұл сабақта Дандай Ысқақұлының шығармасынан берілген

үзінді алдын ала үйде оқуға берілген. Оқушылар мәтіннің

мазмұнынымен таныс болғандықтан оқулықта берілген

сұрақтарды қойып, сұрақ-жауап түрінде әңгімелесу жүргізеді.

61

Келесі сабаққа оқып келу үшін оқулықтағы келесі Әбіш

Кекілбаевтың «Сайранқұмарлық санаға тұсау» атты мәтіні үйге

беріледі.

Шығармашылық жҧмыс

1-тапсырмада сӛздер мен олардың анықтамасын

салыстырып, әр сӛздің ӛзiне сәйкес келетiн анықтамасын табу

қажет.

Ұғым Анықтамалары

1. Руханилық

2. Рухани дүние

3. Рухани даму

4. Рухани

қасиеттер

а) Адам мәнінің ең биік кӛрінісі, оның

жалпы адамзаттық инабат парызды түсіне

білуі, болмыстағы ӛз орнына сай қызмет

ете алуы.

ә) Рухани, адамгершілік және

интеллектуалды қызығушылықтардың

материалдыққа қарағанда басым жағдайы,

адам жанының таза қасиеті.

б) Әдептілік, адамгершілік нормаларына

сәйкес келетін адам мінезінің қасиеттері.

в) Ӛзінің ӛмірдегі орнын, атқаратын

міндетін, қазіргі мен болашақ ұрпақ

алдындағы жауапкершілігін түсіну және

ӛзін-ӛзі үздіксіз, бірқалыпты жетілдіру.

Жауабы: 1 – ә); 2 –а); 3 –в); 4 – б)

2-тапсырмада айналаларындағы ӛздері «рухани бай адам»

деп санайтын жақындары және таныстарымен «рухани бай адам

болудың сыры» тақырыбында әңгімелесіп, ойларын қысқаша

жазбаша түрде түйіндеу тапсырылған.

Жаңа ақпарат

Сабақтың екінші сағатында сабақты қорытындылау

бағдарланатындықтан, оқу ақпаратында Шәкәрімнің адам

62

бойындағы асыл қасиеттерге негізделген ой тұжырымы

берілген. Ақпаратты мұғалім мәтіннен, әңгімелесуден соң

балалардың жауаптарымен байланыстыра отырып, айтып береді.

Оқып ҥйренейік

Бұл сабақта Әбіш Кекілбаевтың «Сайранқұмарлық санаға

тұсау» атты мәтіні үйде оқуға берілген. Оқушылар мәтіннің

мазмұнынымен таныс болғандықтан оқулықта берілген

сұрақтарды қойып, сұрақ-жауап түрінде әңгімелесу жүргізеді.

Келесі сабаққа оқып келу үшін оқулықтағы Елбасы Нұрсұлтан

Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

атты жолдауынан үзінді ретінде алынған «І. ХХІ ғасырдағы

ұлттық сана туралы» мәтін үйге беріледі.

Шығармашылық жҧмыс

3-тапсырма бойынша тӛменде берілген сӛздер мен

сӛзтіркестерін пайдаланып рухани бай адамның портретін жасау

ұсынылған.

Тиісті сӛздер мен сӛзтіркестері: кіршіксіз, мінсіз,

қалтықсыз, әділ, шыншыл, мейірімді, кешірімді, қанағатшыл,

ақылды, бай, жаны әсем, адамгершілігі жетілген, ержүрек,

саналы, ізгі, беделді, борыш, міндет, парызына адал.

4-тапсырмада адамның рухани байлығы кӛрініс табатын

ӛмірлік жағдаяттарды ойластырып, сахналау қажет.

5-тапсырма бойынша Қабдеш Жұмаділовтің

«Материалдық байлықты рухани байлықтан жоғары қоюға

болмайды» деген ойын тақырып етіп алып, дәптерлеріне эссе

ретінде жазса болады, үлгермеген жағдайда үйден аяқтап

келулеріне болады.

6-тапсырмада «Рухани бай адам болудың сыры»

тақырыбында сыныптастарымен ой бӛлісіп, әңгімелесу

нәтижесінде қандай ортақ шешімге келгендерін айтып береді.

63

Жҥректен жҥрекке

Сабақтың соңында мұғалім оқушыларға алғыс білдіріп,

бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді, сабақтарды

жүректеріне сақтап алуын ӛтінеді. Бұл бӛлім «топта ән айтуға»

арналған. Оқулықта берілген әнді екі сабақта да қолдану керек.

Мұғалім оқушылармен бірге оқулықта берілген әнді топта

айтады. Әуені үнтаспадан қойылады. Оқушылар мұғаліммен

бірге үнтаспаға ілесіп, әнді бірге айтады. «Мәңгілік жастық»

әнінің мәтіні оқулықта берілген.

15-16 сабақтар

ӚЗІН-ӚЗІ ЖЕТІЛДІРУГЕ ҦМТЫЛЫС

Сабақтың мақсаты: оқушыларға ӛзін-ӛзі тәрбиелеу мен

ӛзін-ӛзі жетілдіру ұғымдарын дұрыс әрекет құндылығы арқылы

ұғындыра отырып, күнделікті ӛмірде іске асыруға жағдай жасау.

Сабақтың міндеттері:

оқушыларға ӛзін-ӛзі тәрбиелеу мен ӛзін-ӛзі жетілдіру

ұғымдарын дұрыс әрекет құндылығы арқылы ұғындыру.

– Теориялық білімді тәжірибеде қолдана білу дағдыларын

дамыту;

– айнала қоршаған ортасымен үйлесімді ӛмір сүре білуге

тәрбиелеу.

Мұғалім сабақтың басында сыныптағы «тәртіп, талап,

тыныштық, тазалық, татулық» ережесін естеріне түсіріп, барлық

ойларын, сӛздерін, істерін осы ережеге бағындыруға шақырады.

Дәйексӛз

Бұл айдарда мұғалім оқушыларды оқулықтағы ұсынылған

сабақтың дәйексӛзімен таныстырады. Шәкәрімнің:

«Ӛмірдің ӛкінбейтін бар айласы,

64

Ол айла – қиянатсыз ой тазасы.

Мейірім, ынсап, әділет, адал еңбек,

Таза жүрек, тату дос – сол шарасы.» – деген қанатты сӛзі

екі сабаққа ортақ дәйексӛз болып табылады. Дәйексӛзді

алдымен мұғалім ӛзі оқып береді. Сосын балаларға бірге

дауыстап айтуды ұсынады. Мұғалім оқушылардан дәйексӛздің

мағынасын қалай түсінгендерін сұрайды. Оқушылардың

жауабын тыңдаған соң, мұғалім балалардың жауабына сүйене

отырып, ӛзі қорытынды жасайды.

Оқып ҥйренейік

Оқулықта ұсынылған әңгімелеу немесе оқиға айту алдын

ала оқу бойынша үй тапсырмасы ретінде беріледі. Соған

байланысты оқулықтағы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы

Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты

жолдауынан үзінді алдын ала үйге тапсырма ретінде оқуға

ұсынылған болатын. Әңгіме мазмұнын сұрақтар қою арқылы

талдатады. Мәтін және оны талқылауға арналған сұрақтар

оқулықта берілген. Мұғалім оқулықтағы сұрақтарды пайдалана

отырып, оқушылармен сұрақ-жауап жүргізеді. Мәтін бойынша

әңгімелесу ұйымдастырады. Мәтінді талқылау барысында

мұғалім балалардың ӛздерінен туындайтын сұрақтарына мұқият

болып, баса назар аударуы керек. Мұғалім жаңа сабақта

әңгімелеу үшін тақырыпқа сәйкес жаңа мәтін әкеледі.

Келесі сабақта үйден оқып келуге оқулықтағы «Оқып

үйренейік» айдарындағы Мырзакелді Кемелдің шығармасынан

үзінді ретінде берілген «Ақылды қалта» мәтінін береді.

Шығармашылық жҧмыс

Оқулықта 1-тапсырмада Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын негізге

ала отырып, кестені толтыру керек.

65

Негізгі ой Автор кӛзқарасы Ӛзімді жетілдіру үшін маған

қажеттілер

2-тапсырмада сӛздер мен олардың анықтамасын

салыстырып, әр сӛздің ӛзiне сәйкес келетiн анықтамасын табу

қажет.

Ұғым Анықтамалары

1. Ӛзіндік тәрбие

2. Ӛзін-ӛзі анықтау

3. Ӛзін-ӛзін бағалау

4. Ӛзін-ӛзі бақылау

5. Ӛзін-ӛзі жетілдіру

6. Ӛзін-ӛзі ұстау

а) Тұлғаның нақты ӛмір

жағдайларында ӛз ұстанымын,

мақсаттары мен оларды жүзеге

асыру құралдарын

саналылықпен таңдау үдерісі

және нәтижесі.

ә) Адамның ӛзіндік дамуға,

ӛзіндік білім алуға, ӛз ұнамды

қасиеттерін жетілдіріп, келеңсіз

қасиеттерін жоюға бағытталған

саналы әрі мақсатты іс-

әрекеттері.

б) Адамның ӛз жан дүниесін,

ойларын, сезімдерін, іс-

әрекеттерін бағалауы және

реттеп отыруы.

в) Адамның ӛзіне сындарлы

кӛзқараспен қарап, ӛз

мүмкіндігін ӛмір талабына

сәйкес бағдарлай білуі.

г) Түрлі ӛмірлік жағдайларда

66

жағдайларда, адамның ӛз ойын,

сӛзін, іс-әрекетін дұрыс жүзеге

асыра алуға қабілеттілігі,

сабырлылығы.

ғ) Ӛзінің ӛмірлік қуатының

мәнін, мақсатын жүзеге

асыратын тәндік, жандық,

рухани күш-қуатты сандық

және сапалық ӛзгерістерге

түсіретін ішкі объективтік

үдеріс.

Жауабы: 1 – ә); 2 –а); 3 –в); 4 – б); 5 – ғ); 6 – г.

3-тапсырмада берілген сӛздер мен сӛз тіркестерін

пайдалана отырып, адамның ӛзін-ӛзі жетілдіру жолдарының

жобасын жасап, дәптерге жазулары қажет.

Сӛздер мен сӛз тіркестері: ӛздігінен білімін жетілдіру,

ӛзіндік тәрбие біліктері, ӛз-ӛзіне бұйрық беру, ӛзіндік

сергектік, ӛзіндік қолдап-қуаттау, ӛзіндік мадақ, ӛзін-ӛзі

анықтау, ӛзіне сындарлы кӛзқараспен қарау, ӛз мақсатын

нақтылау, ӛзін-ӛзі бағалау, ӛзін-ӛзі бақылау, ойлар, сезімдер

және басқаларын нысанаға алу, ішкі жоспарды жасау, ӛзін-ӛзі

жетілдіру, ӛзіндік сана-сезім, ӛзін-ӛзі тәрбиелеу, ӛзін-ӛзі

тексеру, ӛзін-ӛзі ұстау.

4-тапсырма бойынша Қожа Ахмед Иассауидің «Бүкіл

бәле нәпсіңнен, нәпсіңе құл болып, мойның жар бермеуден.

Алдымен кінәні ӛзіңнен ізде» деген ойын басшылыққа алып,

тӛмендегідей қасиеттері бар адамдарды қатыстырып, жағдаят

ойластырып, сахналық қойылым дайындау керек.

Ұстамды, сабырлы адам.

Ӛзіне, ӛз күшіне сенімді адам.

Ақылды адам.

Ӛзін-ӛзі алдайтын адам.

67

Оқып ҥйренейік

Оқулықта ұсынылған Мырзакелді Кемелдің

шығармасынан үзінді ретінде берілген «Ақылды қалта» мәтіні

алдын ала оқу бойынша үйде оқып келуге тапсырылған.

Мұғалім жаңа сабақта әңгімелеу үшін тақырыпқа сәйкес

жаңа мәтін әкеледі. Мұғалім оқушылардың мәтінді қалай

түсінгендерін байқау үшін мазмұны бойынша сұрақтар қойып,

балалармен әңгімелесу жүргізеді. Мұғалім тарапынан мәтіннің

желісі бойынша жетекші және мәтін соңындағы рухани

тереңдікті ашуға арналған сұрақтар негізінде әңгімелесу

жүргізіледі.

Келесі сабаққа Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен

аңыз» шығармасынан үзіндіні үйде оқып келуге беріледі.

Шығармашылық жҧмыс

Оқулықтағы берілген 5-тапсырмада рӛлдер бойынша

жаңалықтар бағдарламасын «Ӛзіңді ӛзің тәрбиелеу жетістікке

бастайды» тақырыбында берілген рӛлдер бойынша жаңалықтар

бағдарламасын жасауы керек.

а) Зерттеуші тілші.

Тәулік бойы адамның ӛзіндік дамуға, ӛзіндік білім алуға,

ӛз ұнамды қасиеттерін жетілдіріп, келеңсіз қасиеттерін

жоюға бағытталған саналы әрі мақсатты іс-әрекеттері

жайлы хабарлайды.

ә)Теледидар жүргізушісі.

Адамның ӛзін-ӛзі тәрбиелеп, дамытқан, келеңсіз

қасиеттерін жеңген, іс-әрекеттерін жақсылыққа

бағыттағаны жайлы оқиға орнынан жиынтық ақпараттар

ұсынады.

б) Сұхбат алушы тілші.

Әлемдегі барлық адамдар ӛзін-ӛзі тәрбиелеп, ӛзіндік

білім алуға, ӛз ұнамды қасиеттерін жетілдіріп, келеңсіз

68

қасиеттерін жоюға бағытталған саналы әрі мақсатты іс-

әрекеттер жасаса, онда...

Жаңа ақпарат

Оқулықта сабақ тақырыбы мен мақсатына сәйкес берілген

білім мазмұнын түйіндейтін Абайдың адамның ӛз-ӛзінен есеп

алуының қаншалықты маңызды екендігі туралы нақыл сӛзі

тӛмендегідей жаңа ақпарат түрінде берілген: «... Егер естi

кiсiлердiң қатарында болғың келсе, күнiне бiр мәрте, болмаса,

жұмасына бiр, ең болмаса, айына бiр ӛзiңнен-ӛзiң есеп ал. Сол

алдыңғы есеп алғаннан берi ӛмiрдi қалай ӛткiздiң екен... Ӛзiң

ӛкiнбестей қылықпен ӛткiзiппiсiң, жоқ болмаса неғылып

ӛткiзгенiңдi ӛзiң де бiлмей қалыппысың? Сӛйтiп, адам ӛзiн-ӛзi

тексерсе, ӛткен ӛмiрiнiң белестерiне кӛз жiберсе, болашағын

ойлап терең толғанса, сонда ғана мол адамгершiлiк қасиеттердi

бiртiндеп жинайды, жаман қасиеттерден бойын аулақ ұстайтын

болады.»

Жҥректен жҥрекке

Сабақтың соңында мұғалім оқушыларға алғыс білдіріп,

бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді, сабақтарды

жүректеріне сақтап алуларын ӛтінеді. Бұл бӛлім «топта ән

айтуға» арналған. Оқулықта берілген әнді екі сабақта да қолдану

керек. Мұғалім оқулықта берілген әнді үнтаспаға ілесіп, бірге

айтады. Ән әуенін ozin-ozi-tanu.kz интернет-порталы,

«Оқушыларға» бӛлімі, «Білім әлемі» айдарындағы «Әуезді кӛл»

аясынан табуға болды. «Табысқым келеді менің» әнінің мәтіні

оқулықта берілген.

Әрбір тараудан соң оқушылардың пән мазмұны бойынша

алған білім, білік, дағдыларын тексеріп, сонымен қатар мұғалім

ретінде не нәрсеге қаншалықты қол жеткізгенімізді тексеру

үшін тестілеу беріледі.

69

Тестілеудің негізгі мақсаты оқушылардың құндылықтық

категориялары мен оған қатынасының қалай ӛзгергенін анықтау

болып табылады.

2-тарау бойынша мазмұндағы білімді бекітуге арналған

тестілеу оқулықта берілген.

70

ІІІ ТАРАУ

ҚОҒАМДАҒЫ ӚМІР

17-18 сабақтар

ТҦЛҒАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК РӚЛДЕРІ

Бұл сабақ мазмұны арқылы мұғалім оқушыларды

отбасындағы, ұжымдағы, қоғамдағы әлеуметтік рӛлдерін адал

және дұрыс орындауға бағыт-бағдар береді. Білім алушылар

отбасылық құндылықтарға қатысты қайырымдылық, адалдық,

қамқорлық, жауапкершілік қасиеттерінің мәнін ұғады. Адамның

отбасылық мәртебесі, оның отбасындағы рӛлі мен орнын білетін

болады. Шығармашылық іс-әрекеттер орындау арқылы

ӛздерінің қандай жақсылықтар жасай алатынын түсінеді.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға отбасындағы ұрпақтар

жалғастығы, сабақтастығы туралы түсіндіре отырып,

сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

- оқушыларға отбасындағы ұрпақтар жалғастығы,

сабақтастығы туралы түсіндіру;

- отбасындағы ауызбіршілік, бірлік, татулық қасиеттерін

дамыту;

- оқушыларды қайырымды, қамқор болуға тәрбиелеу.

Мұғалім сабақтың басында сыныптағы «тәртіп, талап,

тыныштық, тазалық, татулық» ережесін естеріне түсіріп, барлық

ойымыз, сӛзіміз, ісімізді осы ережеге бағындыруға шақырады.

Дәйексӛз

Бұл айдарда мұғалім оқушыларды оқулықтағы ұсынылған

сабақтың дәйексӛзімен таныстырады. Сенеканың «Алдымен ізгі

ниеттерге, ал содан соң даналыққа үйрен, ӛйткені алғашқысыз

71

соңғысына үйрену қиын» деген нақыл сӛзі екі сабаққа ортақ

дәйексӛз болып табылады.

Оқушыларға қоғамға, қоршаған ортаға, отбасына адал,

шынайы беріліп қызмет ету арқылы бүкіл адамзаттың

сүйіспеншілігіне бӛленуге мүмкіндігіміз бар екенін түсіндіреді.

Дәйексӛзді талқылатқанда мұғалім отбасы мен әлемнің

тұтастығын, кез келген отбасы Отанымыздың, әлемнің бір бӛлігі

екендігін оқушыларға тереңнен талдап түсіндіреді. Мұғалім

оқушылардан дәйексӛздің мағынасын қалай түсінетіндерін сұрайды.

Содан кейін балалардың жауаптарына сүйене отырып,

жалпыадамзаттық құндылықтарды басшылыққа алу арқылы оларды

ӛз бетімен қорытынды жасауға бағыттайды.

Оқып ҥйренейік

Оқулықтағы «Оқып үйренейік» айдарында Әзілхан

Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» шығармасынан үзіндіні

мұғалім үйде оқып келуге береді. Үй тапсырмасын тексеру үшін

мұғалім сабақта үзіндіні оқып, балалардың мазмұнын қалай

түсініп келгенін білу мақсатында мәтіннің мазмұндық желісі

бойынша сұрақтар қояды.

Мұғалім мәтіннің соңындағы берілген сұрақтарды талдау

арқылы дұрыс әрекет құндылығы мен оның қасиеттерінің мәнін

ашады.

Берілген жауаптар негізінде отбасындағы әкенің, баланың

міндетіне байланысты құндылықтарға қатысты қайырымдылық,

қамқорлық, адалдық, жауапкершілік қасиеттерінің мәнін ашып,

олардың отбасылық қарым-қатынастардағы рӛлі жӛнінде

қорытынды жасайды.

Мұғалім үй тапсырмасы ретінде Қасым Қайсеновтың

Рахымжан Қошқарбаев туралы естелік-әңгімесін оқуға береді.

72

Шығармашылық жҧмыс

1-тапсырма бойынша «Ақиқат пен аңыз» мәтінінен

отбасында, ұжымда, қоғамда жақсы адам болуға кӛмектесетін

адамдық қасиеттерді іріктеп алып, ӛз ойларымен толықтырып,

дәптерге жаздыру.

2-тапсырмада Мұхтар Әуезовтың «Үлкен алдында жас

парызы, ата алдында бала парызы әдеп пен сый» сӛзін

басшылыққа алып, тӛмендегі тақырыптарды қатыстырып

жағдаят ойластырып, сахналау ұсынылады.

Жақсы перзент (ұл, қыз).

Жақсы аға (іні).

Жақсы әпке (сіңлі).

Жақсы дос (жолдас).

Жақсы сыныптас.

Жақсы азамат.

3-тапсырма бойынша тӛмендегі сұрақтар негізінде ӛз

жақындары мен сыныптастарының арасында сауалнама жүргізу.

Менің әлеуметтік рӛлдерім және оны қалай атқарып

жүрмін?

Менің әлеуметтік рӛлдерімді орындаудағы

ұстанымым.

4-тапсырмада мәтінді оқып, ондағы перзенттік парызды

білдіретін іс-әрекеттерді іріктеп алып, ӛз таңдаулары бойынша

түсіндіреді.

Патша нӛкерлерімен бірге серуенге шыққанда жер ӛңдеп

жүрген егіншіні кездестіреді. Тырбанып, еңбектеніп жатқан

қарапайым адам патшаның кӛңілінен шығып, онымен сӛйлесуге

ықыласы ауады.

73

Бірнеше сауалдан кейін патша егістіктің бұл адамдікі

еместігін, күніне 15 лира үшін жалданып еңбек ететінін ұғады.

Патша жалақысының аздығына қайран қалады. Себебі, патша

сарайының бір күндік шығыны жүздеген алтынға шығатын еді.

Шаруа патшаның таң қалғанына қарап:

– Бұл ақша қанағатшыл адамға тіпті кӛп те болады.

Мен ақшамды үшке бӛлемін. Бір бӛлігімен ӛмір сүремін. Бір

бӛлігімен қарызымды ӛтеймін. Бір бӛлігін біріктіріп қор

жинаймын, –дейді.

Патша бұл жұмбаққа ұқсаған сӛздерден еш нәрсе

түсінбейді. Ақкӛңіл диқан күлімсіреп:

– Ақшаның бір бӛлігімен қарызымды қайтарамын

дегенімде мынаны айтпақшы болдым. Бала кезімде үлкен

қамқорлық кӛрсеткен әкем мен шешем ғой. Ақшамның бір

бӛлігін соларға беремін. Ақшамды қор ретінде жинаймын

дегенім, бұл ақшамның бір бӛлігін балаларымның біліміне

тӛлеймін. Менің қолым, аяғым жұмыстан қалған жағдайда,

олар маған кӛмектеседі деп үміттенемін. Қалған ақшамды

ӛзімнің мұқтаждарыма жұмсаймын, – дейді.

Патша қарапайым адамның бұл әрекетіне риза болады.

Намысты шаруаның балаларының біліміне тӛлейтін

қаржыны ӛз мойнына алады.

Балалары да ер жеткен соң ата-анасына, халқына да

қолдарынан келген кӛмектерін аямай кӛрсетіпті деседі. (Р.

Акдемір «Ақылды егінші»).

5-тапсырмада жағдаяттарды шешіп, сұрақтарға жауап

береді.

1. Саят ӛз ата-анасын басқа балалардың ата-аналарымен

кӛп салыстырады. Кейде Саяттың ӛз ата-анасына кӛңілі толмай,

реніш білдіретін кездері де болады.

74

Саяттың іс-әрекетінің себебі неде?

Саятқа қандай кеңес берер едіңіздер?

2. Меруерттің кӛңілі ештеңеге толмайды. Тіпті ол бәйек

болып жүретін ата-анасының, жақындарының мейірімі мен қам-

қорлығын сезінбейді де. Меруерт ӛзінің бұл қылығына еш

қиналмайды.

Меруерттің немқұрайдылығының себебі неде?

Меруерттің бойында қандай қасиеттер жетіспейді деп

ойлайсыздар?

3. Ербол үйіндегі кәрі әже, атасының мазасыздығына,

құлағының нашар еститініне ашуланады. Ол қарттардың табиғи

қауқарсыздығын түсініп тұрса да, ашуға қалай бой бергенін

сезбей де қалады.

Ербол неліктен қарт адамдарды түсінбейді?

Ерболға қандай кеңес бересіздер?

6-тапсырмада мәтінді оқып, мәтінді жағдаятқа

айналдырып, ӛз ойларымен толықтырып, рӛлге бӛліп орындау

қажет.

Соқыр түнде үйіне келе жатты. Қолында ұстаған

жарығы бар еді. Біреу қасынан ӛтіп бара жатып:

– Міне, ақымақ! Ӛзі соқыр, қолында – жарық. Соқырға

жарықтың қажеті не? – деді

Соқыр ақымақ емес еді. Жарық алғаны: қараңғыда біреу

ӛзін қағып кетпес үшін. Ӛзгеге жарық қыл, ӛзіңе қақтықпас.

(Ы. Алтынсарин. «Ақылды соқыр»).

Жаңа ақпарат

Оқулықта сабақ тақырыбы мен мақсатына сәйкес берілген

білім мазмұнын түйіндейтін тӛмендегідей жаңа ақпарат ретінде

В.А. Сухомлинскийдің нақыл сӛзі берілген:

75

«Ата-ана жүрегінің лүпілін сезе біл, олардың жанарынан

кӛңіл хошы мен тыныштықты, бақыт пен қуаныш сәулесін,

беймазасыздығы мен әбігерленуін, қиналысы мен кейістігін кӛре

біл. Ата-ананың кӛзінен оның жан-дүниесін кӛре білуге

жастайыңнан үйрен.»

Оқып ҥйренейік

Бұл айдарда жауынгер-жазушы Қасым Қайсеновтың

Рахымжан Қошқарбаев туралы естелік-әңгімесі алдын-ала үй

тапсырмасы ретінде берілген.

Аталған мәтінмен жұмыс жүргізудегі мұғалімнің мақсаты –

фашистердің ордасы рейхстагқа шабуыл кезінде

алдыңғылардың қатарында болған батырлардың бірі Рақымжан

Қошқарбаевтың ерлігі мен қайсарлығы туралы әңгімелей келе,

Отанын, елін, жерін сүюде кӛзсіз ерлікке барған Ұлы тұлғаның

қайтпас қайсарлығына балалардың кӛзін жеткізу. Бұған дәлел

ретінде әігімеден мына үзінділерді дауыстап оқып беруге болады:

– Шабуыл кезінде басқарған взводпен үлкен бір мекеме

үйіне баса кӛктеп кірдік. Сӛйтсек бұл гестаполар ордасы болған

Гиммлер үйі екен. Осы үйді фашистерден тазартқан соң, енді

қарсы бетте каналдың арғы жағындағы рейхстаг үшін айқас

басталды. Рейхстагқа фашистер таңдаулы әскери бӛлімдерімен

мықтап бекінсе керек. Рейхстагты кӛріп-ақ тұрмыз, бірақ олай

қарай бас кӛтертпейді, оқ борап тұр. Біздің жақтан топ-тобымен

шабуылға шығады, бірақ кӛбі ортаға жетпейді, жау пулеметттері

жайпап тастайды. Сӛйтіп тұрғанда үлкен командирлер ӛз еркімен

рейхстагқа шабуылшылар жасақтай бастады. Лейтенант деген

атағым бар, взвод командирімін. Командирлер менен «барасың

ба?» деп сұрады. Мен жауап қатқанша: «Ойлан. Бару, бармау

еркіңде» деді тағы. «Барамын» дедім. Жаныма Болатов деген

солдатты алып, әзірлендім. Командирлер жалауды бір метрдей

76

ағашқа орап, қойныма тығып берді. Біз жауған оқтың бір

әредігінде Гиммлер үйінің бірінші қабатындағы терезесінен

қарғып түсіп кеттік. Он-он бес метрдей жүгіріп, ӛлген солдаттар

арасына жата қаламыз. Гришада менен қалмай келеді. Гиммлер

үйінен рейхстаг арасы алты жүз мертдей. Бас кӛтерсең-ақ

қарсыдан оқ борап кетеді. Әр кӛтерілген сайын алты-жеті

метрден артық жүгіре алмаймыз. Артыма қарап «Гриша қалма»

деп қоямын. Бір адам болса да ес қой, Гришаны ес кӛремін.

Сӛйтіп жан ұшырып, каналдан да ӛттік. Каналдың жан-жағы

цементтелген, суы онша терең емес екен. Канал мен рейхстаг

арасында темір үйшік тұр. Осы үйшікке жетіп паналадық-ау

әйтеуір. Бораған оқ маңайымызды тіміскілеп жүр, әзір аманбыз.

Артыма Гиммлер үйіне қараймын. Енді қалған аз жерді бірден

жүгіріп ӛтпесек, оққа ұшарымыз анық. Гришаға «қалма» деп

белгі бердім де, тұра жүгірдім. Жүгіргеннен жүгіріп, рейхстагтың

бір есігіне келіп жетіп, жүремнен отыра кеттім. Гришада жетіп

есікке сүйеніп тұр. Атылған пулемет, зеңбірек дүмпуінен еш

нәрсе естуге болмайды. Қойнымдағы жалауды алып, жазып

Гришаға қарадым. Енді жалауды қадайтын жер іздедік. Есіктің

оң жағындағы үлкен терезенің карнизіне орнатуға болады екен.

Гришаға жалауды беріп: «Менің арқама шығып жалауды қада»

дедім де, арқамды тостым. Ол дереу қабырғаға аяғын тіреп

менің үстіме шығып, жалауды терезенің сынған карнизінің бір

жеріне орнатты. «Мықтап орнат, кӛрінентін болсын» деймін,

оны әзер кӛтеріп тұрып. Бұл кезде рейхстагтың басқа жерлеріне

де жалау орнатыла бастапты. Міне осылай соғыс құрғырды

аяқтадық-ау! деді. Жұрт ду қол шапалақтап, Рақымжанға құрмет

кӛрсетілді.»

Мәтін бойынша сұрақтарға берілген жауаптар

жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан талданады. Мәтін

оқулықта берілген.

77

Мұғалім оқылған әңгіменің соңындағы мәтіннің рухани-

адамгершілік тереңдігін ашатын сұрақтармен жұмысты

ұйымдастыра отырып, оқушыларды сабақтың мақсаты мен

міндеттеріне сәйкес дұрыс әрекет құндылығы мен оның

қасиеттерінің мәнін ашуға бағдар береді.

Тапсырманы орындату барысында оқушылардың ата-

анасы, қоғам алдындағы адал қызмет, парыз және

жауапкершіліктері туралы естеріне түсіріп кеткені абзал.

Мәтін бойынша ӛзара пікір алмасу, әңгімелесуді

қорытындылап, мұғалім келесі сабақтағы «Оқып үйренейік»

айдарында ұсынылған Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя»

шығармасынан үзіндіні үйге оқып келуге тапсырады.

Шығармашылық жҧмыс

Шығармашылық жұмыстың қорытындысы ретінде

берілген 7-тапсырма бойынша жоғарыда берілген Қасым

Қайсеновтың мақаласын негізге алып, кестені толтыру қажет.

Ӛзінің ар-ұжданы

алдындағы

тазалығы

Отан

алдындаңы

парызы мен

борышы

Жолдастары алдындағы

парызы мен борышы

8-тапсырма бойынша Абайдың афоризімін оқып, ондағы

ой тұжырымдарды кӛзқарас, себеп, мысал, қорытындылау әдісін

пайдаланып, пікірлерін дәптерге жазу ұсынылады.

Дүниеде жалғыз қалған адам адамның ӛлгені.

Қиыншылықтың бәрі соның басында. Дүниеде бар жаман да

78

кӛпте, бірақ қызық та, ермек те кӛпте. Бастапқыға кім

шыдайды? Соңғыға кім азбайды.

9-тапсырмада жағдаяттарды шешіп, сұрақтар бойынша

талқылау жүргізіледі.

Айгүл мен Айнаш сыныптас. Олардың пән бойынша

қосымша оқулығы біреу. Оқытушы оқулықтан ертең оқып

келуге тапсырма берді. Олардың арасында кім оқулықпен

бірінші сабаққа дайындалуы қажет екендігі жӛнінде

келіспеушілік пайда болды.

Сыныпта топпен жұмыс кезінде топтың жауабын

Арман топтың атынан емес ӛз атынан айтты. Арманға

оқушылар бұл жұмыс шартын бұзғандық екенін ескерткені сол

еді, ол ескертуді кінә тағу деп қабылдап, ренжіп қалды.

Қарама-қарсы жақтардың мотивациялары мен

дәлелдері қандай болды?

Оқиғаның нәтижесі қандай болуы керек деп

ойлайсыңдар?

10-тапсырма бойынша жақындары мен сыныптастарының

арасында жүргізген сауалнама нәтижесімен бӛліседі. Қандай

ұқсастықтар мен айырмашылықтар немесе барлықтарына ортақ

шешімдер болса, әңгімелеп береді.

Жаңа ақпарат

Оқулықта берілген жаңа ақпаратты екі сабақта да

пайдалануға болады. Жаңа ақпаратта Ілияс Есенерлиннің нақыл

сӛзі берілген. «Қандай адам болмасын, оның ӛмірі бӛтендердің

ӛмірімен байланысты. Дүние солай жаратылған. Күн, Ай, Жер,

Су бәрі бірімен бірі үзілместей болып шиеленіскен. Күнсіз Жер

жоқ, Жерсіз су жоқ. Бұл табиғат гармониясы. Адамды адам етіп

79

жаратқан да сол махаббат гармониясы. Кісі бірін-бірі жек

кӛруден емес, жақсы кӛруден ӛркендейді, ӛрісі кеңиді. Ал

адамның жақсы кӛруі, мейлі әйел мен әйелдің, еркек пен

еркектің арасында болсын, бұл адамзат бақытының негізі.»

Оқушылардың тақырып бойынша алған білімі, іскерлік,

дағдылары адамдардың бірін-бірі жек кӛруден емес, жақсы

кӛруден ӛркендейді, ӛрісі кеңиді деп тұжырымдалады. Жаңа

ақпаратты мұғалімнің ӛзі немесе оқушылардың біреуі оқиды.

Мәлімет оқулықта берілген.

Жҥректен жҥрекке

Топта ән айтуға арналған бӛлімде мұғалім ақын

М. Мақатаевтың сӛзіне жазылған Т. Шапайдың «Не деген

керемет күн» атты кең тараған әнін айтуды ұсынады. Әнді екі

сабақта да қолдану керек. Әннің мәтіні тақтада жазылады. Әуені

үнтаспадан қойылады. Оқушылар мұғаліммен бірге үнтаспаға

ілесіп, әнді бірге айтады. Ән мәтіні оқулықта берілген.

19-20 сабақтар

ОТБАСЫ – РУХАНИЛЫҚТЫҢ КӚЗІ

Сабақ мазмұнынан отбасылық құндылықтарға қатысты

қайырымдылық, қамқорлық, жауапкершілік қасиеттерінің мәнін

ұғады. Сонымен қатар сабақ мазмұнында отбасы – сыйластық,

жарастық орнаған орта, кішкентай Отаны екенін, онда адам

бойындағы асыл қасиеттер жарқырай кӛрініп, қалыптасатыны,

Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына

деген сүйіспеншіліктен басталатыны жалпыадамзаттық

құндылықтар негізінде қарастырылады.

80

Сабақтың мақсаты: оқушылардың отбасылық

құндылықтар жӛніндегі түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері:

– оқушыларды отбасылық құндылықтарды сақтап, оны

жалғастыруды дұрыс әрекет құндылығы негізінде ұғындыру;

– жақындарына, туған-туысқандарына құрмет, сыйластық

сезімдерін дамыту;

–қайырымдылыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Мұғалім сабақтың басында сыныптағы «тәртіп, талап,

тыныштық, тазалық, татулық» ережесін естеріне түсіріп, барлық

ойларын, сӛздерін, істерін осы ережеге бағындыруға шақырады.

Дәйексӛз

Бұл айдарда мұғалім оқушыларды оқулықтағы ұсынылған

сабақтың дәйексӛзімен таныстырады.

«Отбасының сәні – сыйластық,,

Достың сәні – қимастық. » деген халық мақалы екі сабаққа

ортақ дәйексӛз болып табылады.

Оқушыларға отбасына адал, шынайы беріліп қызмет

етулері арқылы бүкіл адамзаттың сүйіспеншілігіне бӛленуге

мүмкіндіктері бар екенін түсіндіреді. Дәйексӛзді талқылатқанда

мұғалім отбасы мен әлемнің тұтастығын, кез келген отбасы

Отанның, әлемнің бір бӛлігі екендігін оқушыларға тереңнен

талдап түсіндіреді. Мұғалім оқушылардан дәйексӛздің мағынасын

қалай түсінетіндерін сұрайды. Содан кейін балалардың

жауаптарына сүйене отырып, жалпыадамзаттық құндылықтарды

басшылыққа алу арқылы оларды ӛз бетімен қорытынды жасауға

бағыттайды.

81

Оқып ҥйренейік

Оқулықтағы «Оқып үйренейік» айдарында ұсынылған

Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасынан үзінді

алдын ала оқу бойынша үйге берілген. Мұғалім мәтіннің авторы

Бауыржан Момышұлы туралы қосымша ақпаратпен

таныстыруға болады: екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты

жауынгері, Халық қаһарманы, қазақтың кӛрнекті жазушысы. Ол

қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, ӛз ӛмірінде кӛрген-

білгендерін шығармаларына арқау етті. Оның қаламынан туған,

ӛмір шындығын бейнелеген тамаша романы мен әңгіме,

повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына

айналды. Олар бірнеше қайтара басылып шықты.

Жазушының шығармашылығына қатысты балалар ӛздері

білетін деректерді хабарлайды. Біздің бәріміз де ӛзіміз ӛмір

сүріп отырған қоғамға мүшеміз, еліміздің азаматымыз. Ӛзімізді-

ӛзіміз үздіксіз жетілдіріп, қоғам алдындағы, ел мен жер, дос пен

бауыр, отбасындағы жауапкершілік арқылы қоғамға адал,

қалтқысыз қызмет етуіміз керек. Мәтінмен жұмыс барысында

балалардан алынған жауаптарға сүйене отырып, мұғалімнің ӛзі

қорытынды жасайды.

Сабақта мұғалім әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар қоя

отырып, оқушылардың әңгіме мазмұнын қалай түсінгендерін

тексереді. Алдымен мәтіннің мазмұндық желісі бойынша

мұғалім ӛз тарапынан ойластырылған сұрақтарды балаларға

қояды. Мәтін бойынша берілген сұрақтарды оқушылармен бірге

талдайды. Мәтін оқулықта берілген.

Мұғалім оқушылардан әңгіменің мазмұны бойынша

сұрақтарға жауап алған соң мәтіннің рухани-адамгершілік

тереңдігін ашатын сұрақтар қояды. Оқушылармен бірге

сұрақтарға жауап іздестіру барысында әңгіме мазмұнының

құндылықтық мәнін ашады.

82

Мұғалім келесі сабақтағы Константиин Паустовскийдің

«Жеделхат» шығармасынан алынған үзіндіні үй тапсырмасы

ретінде оқып келуге тапсырады.

Шығармашылық жҧмыс

Оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттер жасауына

арналған тапсырмаларды орындау кезінде мұғалім оқушы

проблеманы ӛзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайтынын

ескеруі керек.

Оқулықта 1-тапсырма былай берілген:

Альфред Адлердің сӛзін кӛзқарас, себеп, мысал,

қорытындылау әдісін пайдаланып, талқылау ұсынылады.

Ӛзінің айналасындағы жора-жолдастарының,

бауырларының жан дүниесіне үңіліп қарамаған адам ӛмірде

үлкен қиыншылықтарға кезігеді және айналасына зиянын

тигізеді.

2-тапсырмада берілген сұрақтарды қатыстыра отырып,

эссе жазу тапсырылған.

Отбасыңда қандай ағасыз, қандай іні, қандай

қарындассыз?

Ағалыққа тұрарлық қандай іс-әрекеттер жасап

жүрсіз?

Лайықты іні болып жүрсіз бе?

3-тапсырма бойынша Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы»

роман-эпопеясынан берілген үзіндіні оқып, ондағы ананың

бойындағы руханилық жайлы әңгімелеу қажет.

83

...Семей қаласында үш жыл оқып, жайлаудағы әке үйіне

күн кешкіре жеткен, 13 жасар шәкірт бала Абай аттан

түскен бетте, амандасу үшін, шешеге қарай жүреді. Сонда

ақылды да байсалды ана Ұлжан: «Әй балам, анда әкеңдер тұр,

әкеңе барып, сәлем бер!» – дейді. Бір сәтке балалық сезім

жеңіп, қателік жіберіп алғанын түсінген жас Абай кілт

бұрылып, ортасында әкесі Құнанбай бар шеткерірек тұрған

оқшау топқа қарай адымдай жӛнеледі».

4-тапсырмада ана руханилығы мен мейірімі туралы

ақпараттар жинап, ӛз аналарының, әжелерінің қасиеттерін

естеріне түсіріп, «Анадан асыл жан бар ма?!» тақырыбында

шағын зерттеу жұмысын жүргізеді.

5-тапсырма бойынша Орал Таңсықбаевтың ӛнер

туындыларына қарап, «Әлемді әлдилеген Ана» тақырыбына эссе

жаздыру.

Жаңа ақпарат

Оқулықта берілген жаңа ақпаратты екі сабақта да

пайдалануға болады.

«Отбасында балалардың ең бірінші міндеті ата-аналарын

құрметтеу.

Ата-ананы, әке мен ананы құрметтеу оларға деген

сүйіспеншілікті, нәзік қарым-қатынасты білдіреді. Балалары

перзенттік парыздарын ойымен, сӛзімен және әрекетімен

атқарулары тиіс. Бұл ата-анаң туралы ойлағанда, сенің ата-анаң

қандай ерекше, керемет адамдар екенін ойла, олардың жақсы

қасиеттерін, әрекеттерін, адамгершіліктерін есіңе түсір. Ата-

анаң жайында айтқанда үлкен құрметпен, сүйіспеншілікпен айт,

әкеңмен және анаңмен бірінші болып амандасуға тырыс,

84

жаңалықтарыңмен бӛліс, олардағы жаңалықтарға және

денсаулығына қызығушылық таныту деген сӛз! Олармен қарым-

қатынаста адал, қайырымды бол.

Берік отбасының негізі бірлік, тӛзімділік, риясыз

сүйіспеншілік және адал қызмет ету.» Мәлімет оқулықта

берілген.

Оқып ҥйренейік

«Оқып үйренейік» айдарында Константиин

Паустовскийдің «Жеделхат» шығармасынан алынған үзіндіні үй

тапсырмасы ретінде оқып келуге тапсырады.

Үй тапсырмасын тексеру үшін мұғалім сабақта үзіндіні

оқып, балалардың мазмұнын қалай түсініп келгенін білу

мақсатында мәтіннің мазмұндық желісі бойынша сұрақтар

қояды.

Мұғалім мәтіннің соңындағы берілген сұрақтарды талдау

арқылы дұрыс әрекет құндылығы мен оның қасиеттерінің мәнін

ашады.

Мұғалім келесі сабақтағы Даниель Дефоның «Робинзон

Крузо» шығармасынан алынған үзіндіні үй тапсырмасы ретінде

оқып келуге тапсырады.

Шығармашылық жҧмыс

Аталған айдар бойынша бұл сабақтың екінші сағатында

шығармашылық іс-әрекет арқылы оқушылар алған білімдерін

бекітуге, нақтылауға, пысықтауға мүмкіндік алады. Оқулықта

тӛмендегідей тапсырмалар берілген.

6-тапсырмада жағдаятты шешіп, сұрақтарға жауап беру

ұсынылады.

85

Бізді бағып-қағу үшін анам мектепте еден жуушы боп

жұмыс істейтін. Бұл жағдай мені қатты ұялтатын.

Бастауыш сыныпта оқып жүргенімде мені кӛруге келген еді.

Ертеңіне досым: «Сенің анаң еден жуады екен ғой», дегенде,

ұялғанымнан жерге кіріп кете жаздадым. Мұндай жағдайға

түсіруге қалай ғана дәті барды екен? Анама «Мені осылай

ұялтқанша, келмей-ақ қойғаның жақсы болар еді», дедім...

(Ӛсиет әңгіме)

Анасы мен әкесі ұлының туған күнін асыға күтетін.

Бұл күні анасы ұлына ұнайтын түрлі ас даярлап отбасы

бақытты бір күйге енетін. Ұлының бүгінгі туған күнінде де

ата-анасы мектептен ұлын тағатсыздана күтіп отыр.

Телефонның дауысы естілгенде анасы мен әкесі тұтқаға қатар

жүгірді.

– Ана, мен достарыммен кафеге баратын едім, сенсеңіз,

онда сіз жасаған тамақтардан да керемет, сіз жасаған

тәттілерден де дәмді нәрселер жасап мені күтіп отыр.

– Жарайды, балам, абайлап жүр…

Қарама-қарсы жақтардың мотивациялары мен

дәлелдері қандай болды?

Оқиғаның нәтижесі қандай болуы керек деп

ойлайсыздар? Ӛз нұсқаларыңызды ұсыныңыздар.

7-тапсырма бойынша тӛмендегі берілген үзінділерді оқып,

онда қандай риясыз жақсылықтар мен қасиеттер туралы

айтылғанын баяндап берулері қажет.

Міне, дастарқан жасалып, буы бұрқыраған сары

самаурын ысқырып демігіп ортаға келді. Сол сәтте-ақ қаймақ

қатқан қызыл күрең қою шайдың хош иісі бұрқ ете түсті. Бүкіл

86

үйдің іші кӛзге кӛрінбес тек жүрекпен ғана сезінер әсемдікке

бӛленді. (С. Мұратбеков)

Қарайып отырған, қарапайым ғана қариясы бар үйдің

от басында ерекше бір жылу, береке құт болады. Атам

қуанғанда мереке күн сияқты кӛңілімізді шаттық толқыны

кернейді, үйдегі бар зат кӛріктеніп, күн сәулесі мол түскендей

әсер етеді. Ӛйткені атам шынайы қуана біледі, ӛзінің ақ

жүрегінің мейірім шуағын бүкпесіз жайып салады. Бүгін сондай

бір күн болып тұр. (З. Ахметова)

Момын шалды осы маңайдағы салауатты жұрттың

барлығы Елпек Момын дейтін. Елпек атануы шалдың ӛзінен,

ӛйткені бұл үлкен болсын, кіші болсын бәріне қол ұшын беріп,

кӛмек кӛрсетуге әрдайым дайын тұрады. Туыс болсын, кӛз

таныс болсын, істейтіні сол, бәріне дайын, бәріне қайырымды,

бәрінің іші-бауырына кіріп тұрады. Иман жүзді, мейірбан

шалдың жүзі әр уақытта «Саған не керек? Жаның не қалайды?

Не жақсылық істесем ойыңнан шығам? Айтсаңшы енді ӛзің?

Мен сенің қай кәдеңе жарармын?» деп тұрғандай. (Ш.

Айтматов).

7-тапсырмада «Отбасында тыныштық болса үйде

тыныштық болады, үйде тыныштық болса елде тыныштық

болады, елде тыныштық болса бүкіл әлемде тыныштық болады»

деген шығыс даналығын кӛзқарас, себеп, мысал –

қорытындылау әдісін пайдаланып, талқылау.

8-тапсырма ойынша отбасындағы адал қызмет, парыз және

жауапкершілікті негіз етіп, «Бақытты отбасының» ережесін

жасап шығу ұсынылады.

87

9-тапсырмада ана руханилығы мен мейірімі туралы

жинаған ақпараттарын қорытып, «Анадан асыл жан бар ма?!»

тақырыбындағы шағын зерттеу жұмыстарын жариялайды.

Жаңа ақпарат

«Жаңа ақпарат» айдарында сабақтың тақырыбына сәйкес

оқу ақпараты берілген. «Риясыз қызмет ету бұл отбасылық

ӛмірдің іргетасы, ондай отбасында бақыт пен ӛркендеу болады.

Әрбір отбасы мүшесінің ӛз құқы мен міндеттері бар, ол

оны байыппен орындауы тиіс. Бірақ қазіргі адамдар ӛз

міндеттерінің орындалуына қарағанда, кӛбінесе құқықтарына

алаңдайды. Құқықтары мен міндеттері арбаның екі дӛңгелегіне

немесе құстың екі қанатына ұқсайды. Ол да, бұл да маңызды.

Егер міндеттер тиісінше орындалса, онда құқықтары да ӛз

ретімен келеді. Егер әркім ӛзінен ӛз міндеттерін қаншалықты

орындайтынын сұраса, онда ол құқығының да сол дәрежеде

сақталатынын түсінеді. Егер біз отбасындағы қатынасты

жақсартып, үйлесімділік пен ӛзара түсіністік туғызсақ, ӛз

құқықтарымыздың орындалуын талап етпей және ӛзгелерге

міндеттерін кӛрсетпей ӛз міндеттерімізді біліп және оны

қалтқысыз орындасақ, отбасында тыныштық пен үйлесімділік

болады. Адам барлығын ең алдымен ӛзінен бастағаны жӛн,»-дей

келе оқушылар отбасының бақытты болуы үшін әрбір отбасы

мүшесінің ӛз құқы мен міндеттерін, ата-ана алдындағы

перзенттік борышын байыппен, қалтқысыз орындау ӛте

маңызды екендігін ұғындырып, түсіндіру. Мұғалім, сонымен

қатар тамыры тереңде жатқан үлкендерді құрметтеу дәстүрін

сақтау қажеттігіне оқушылардың баса назар аударуын қадағалау

қажет.

Отбасында ата-әжеге, әке-шешеге, бауырларға риясыз,

адал қызмет етуіміз – бұл отбасылық ӛмірдің іргетасы, ондағы

88

бақыт пен бірліктің, отбасы ӛркендеуінің негізі болмақ. Сол

себепті әрқайсысымыздың ең жоғарғы борышымыз бен

міндетіміз – ӛз ата-аналарымызға, отбасы мүшелеріне адал

қызмет ету.

Жҥректен жҥрекке

«Жүректен жүрекке» айдарында ұсынылған ән «топта ән

айту әдісі» үшін берілген. Балалар үнтаспадағы әуенге ілесіп,

әнді жанды дауыспен айтады. Ал мұндай әдіс аса пайдалы.

Құндылыққа негізделген әдемі, әрі мағыналы ән әуені

балаларды тепе-теңдікке түсіріп, үйлесімділікке келтіреді. Топта

ән айту әдісі балаларға жағымды кӛңіл күй сыйлайды.

Оқушылар мұғаліммен бірге қосылып, үнтаспадағы әуенге

ілесіп, оқулықта берілген ақын М.Мақатаевтың сӛзіне жазылған

Т.Рахимовтың «Сәби болғым келеді» атты әнін орындайды.

Мұғалім оқушыларға алғыс білдіріп, бүгінгі сабақтан алған

жақсы қасиеттерді, сабақтарды жүректеріне сақтап алуларын

ӛтінеді. Ән мәтіні оқулықта берілген.

89

21-22 сабақтар

АДАМДАР АРАСЫНДА ӚМІР СҤРУ ӚНЕРІ

Сабақтың тақырыбына сәйкес оқушыларға ұжымның адам

ӛміріндегі рӛлі, ӛз міндеттері мен жауапкершіліктері кӛзқарасы

туралы білімдер беріліп, ұжымдағы ӛзара қарым-қатынасты

руханилыққа негіздеу қажеттілігі туралы түсіндіріледі.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға адамдар арасында

үйлесімді ӛмір сүре білуді, сүйіспеншілік құндылығы арқылы

ұғындыру.

Сабақтың міндеттері:

- оқушыларды адамдармен үйлесімді қарым-қатынас жасай

білуге баулу;

- оқушылардың ойын, сӛзін және ісін жақысылыққа

бағыттай білу дағдыларын дамыту;

- оқушыларды әдептілікке тәрбиелеу.

Дәйексӛз

Оқулықта берілген Конфуцийдің «Ӛзің нені қаламайсың,

соны ӛзгеге істеме, ӛзіңе қалай қарасын десең, басқаларға да

солай қара.» деген қанатты сӛзі екі сабаққа ортақ дәйексӛз

болып табылады. Дәйексӛзді мұғалім ӛзі оқып бергеннен кейін

балалар дауыстап оқып, қайталайды. Дәйексӛздің мағынасын

ашу үшін мұғалім бірнеше жетекші сұрақтар қоюына болады.

Оқушылардың жауабын тыңдап, бір-бірімен пікір алмасқан соң,

мұғалім ӛзі қорытынды жасайды.

Оқып ҥйренейік

Оқулықта ұсынылған Даниель Дефоның «Робинзон Крузо»

шығармасынан алынған үзіндіні үй тапсырмасы ретінде оқып

келу тапсырылған.

90

Мәтіннің мазмұнын оқушылардың қаншалықты

түсінгендерін тексеру мақсатында мұғалім мәтін желісі

бойынша бірнеше сұрақтар қояды. Мәтінді талдау барасында

оқушылардың назарын жалғыз қалған адамның қандай

қиындықтарға душар болатынына аудара келе, оның 23 жыл

аралды ӛмір сүріп, тірі қалуының себептерін анықтай келе,

пәлен жыл бойы жалғыз тұрып, адам баласының қоғамына

қаншалықты ынтық болғанын, кемені кӛрген кездегі бастан

кешкен сезімі туралы әңгімелесе отырып, адам баласы үшін

ұжымның, достың, әріптестің болғаны қаншалықты маңызды

екеніне оқушылардың кӛңілін аудару. Мәтін оқулықта берілген.

Оқулықта берілген мәтіннің рухани-адамгершілік

тереңдігін ашатын сұрақтарды талдату арқылы сүйіспеншілік

құндылығының адамдарға тән қасиеттер арқылы кӛрініс

табатыны анықталады.

Мәтіннің соңында берілген сұрақтарға оқушылардың

айтқан жауабын талдай келе, мұғалім оқушыларды айтылған

ойды қорытындылауға бағыттайды.

Мұғалім келесі сабақта берілген Дейл Карнегидің

«Адамдармен қарым-қатнас жасаудың зор құпиясы»

шығармасынан алынған үзіндіні оқушыларға үйде оқуға

ұсынады.

Шығармашылық жҧмыс

Оқулықтағы ұсынылған шығармашылық тапсырмалар

оқушылардың сабақтан алған білім-біліктерін іс жүзіне асыруға

арналған. Тапсырмаларды орындау оқушыларды

шығармашылық істерге, ізденістерге баулиды. Оқушылар

берілген тапсырмаларды орындай отырып, тақырып бойынша

түсініктерін кеңейтеді. Осылайша, ӛз бойындағы құндылықтар

91

мен адами қасиеттерді іс жүзінде кӛрсете алуға мүмкіндік

алады.

1-тапсырма бойынша Авраам Линкольннің «Адам

ӛміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым-

қатынасы» деген сӛзін басшылыққа алып эссе жазу.

2-тапсырмада берілген туындыны қарап, онда бейнеленген

кейіпкерлердің қоршаған ортамен байланысын, қарым-

қатынасын сипаттап айтып беру.

3-тапсырма бойынша «Адамдар арасында үйлесімді ӛмір

сүре білу сыры неде?» деген тақырыпта үлкендер және

сыныптастары арасында топтасып сауалнама жүргізу.

4-тапсырмада берілген ӛсиет әңгімені оқып, сұрақтарға

жауап беру.

Бӛлтіріктен қартайған шағында ақыл сұрай келген бір

жас жігіт:

Ақ ата (Бӛлтірікті жұрты осылай атаған), бақ кімге

қонады? Бала ыстық па, байлық ыстық па? – дейді. Сонда

Бӛлтірік:

– Қарағым, байлық қолға ұстаған мұзың емес пе, бақ ол да

ұшқан бір құсың емес пе, бала артта қалған ізің емес пе?!

Бәрінен жолдас-жораңмен, ағайын-туысыңмен, ел-жұртыңмен

сіз-біз деп ӛмір сүргенге не жетсін. Осыларға жүрегің жылы

болса, қайғың күл, қуанышың от! – дейді. (Ел аузынан).

Бӛлтірік шешеннің байлықтан да, баладан да

адамдармен ізгі қарым-қатынасты жоғары қоюының себебі

неде?

92

Мәтіндегі «Осыларға жүрегің жылы болса, қайғың күл,

қуанышың от!» дегенді қалай түсінесіздер?

Оқып ҥйренейік

Оқулықта берілген Дейл Карнегидің «Адамдармен қарым-

қатнас жасаудың зор құпиясы» шығармасынан алынған үзіндіні

оқи отырып, адамдармен жақсы қарым-қатынасты білгендіктің

қаншалықты пайдалы екендігіне мәнін беру қажет. Адамдардың

ынта-құлшынысын олардың бойларындағы бар жақсы

қасиеттерді бағалай отырып, ешқашан ешкімді сынамай,

керісінше адамдарды ылғи да мақтап, мадақтаудың қаншалықты

маңызды екеніне тоқталу.

Мәтінді талдау барасында мұғалім оқушылардың назарын

айналадағы адамдарға, жақындарына, достарына жылы сӛздер

айтып, рухани күш-қуат беруге аударып отыру қажет. Мәтін

оқулықта берілген.

Мәтіннің мазмұнын оқушылардың қаншалықты

түсінгендерін тексеру мақсатында мұғалім мәтін желісі

бойынша бірнеше сұрақтар қояды. Содан кейін

жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан оқушылармен

мәтін мазмұны бойынша берілген сұрақтармен байланыстыра

отырып талдатады.

Мәтін бойынша ӛзара пікір алмасу, әңгімелесуді

қорытындылап, мұғалім келесі сабақтағы «Оқып үйренейік»

айдарында ұсынылған журналист А.Жаппасбаевтың «Астана –

бейбітшілік пен келісім мекені» атты әңгімесін үйге оқып келуге

тапсырады.

Шығармашылық жҧмыс

Оқулықтағы ұсынылған шығармашылық тапсырмалар

оқушылардың сабақтан алған білім-біліктерін іс жүзіне асыруға

93

арналған. Тапсырмаларды орындау оқушыларды

шығармашылық істерге, ізденістерге баулиды. Оқушылар

берілген тапсырмаларды орындай отырып, тақырып бойынша

түсініктерін кеңейтеді. Осылайша, ӛз бойындағы құндылықтар

мен адами қасиеттерді іс жүзінде кӛрсете алуға мүмкіндік

алады.

Екінші сабақтағы шығармашылық жұмыстың 5-

тапсырмасы бойынша Дейл Карнегидің «Адамдармен қарым-

қатынас жасаудың зор құпиясы» мәтініндегі адамдардың ізгі

қарым-қатынасы неге негізделгенін анықтап, мәтіннен теріп

оқып беру.

6-тапсырмада «Адамдар арасында үйлесімді ӛмір сүре білу

сыры неде?» деген тақырыпта жүргізген сауалнама нәтижесімен

бӛлісу. Қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар немесе

барлығына ортақ шешімдер болса, әңгімелеп беру.

7-тапсырма бойынша мәтінді оқып, ондағы адами

қатынасқа негіз болатын құндылықтар мен жақсы қасиеттерді

анықтап, құндылықтар мен қасиеттерге негіз болған тірек

сӛздерді кӛрсету.

... Біз ӛзіміз жүрген ортада айналасындағыларға тек ӛзін

ғана кӛрсеткісі келетін, солай ету арқылы ӛмірде үлкен

қателіктер жіберіп жүрген адамдарды жиі кездестіреміз.

Адамдарды сіз де, мен де қызықтырмаймыз. Оларды

қызықтыратын тек қана қара басы, яғни таңертең де, түсте

де, түстен кейін де адам тек ӛзі туралы ойлап жүреді.

Нью-Йорктың бір телефон компаниясы адамдар

телефонмен сӛйлескен кезде қандай сӛзді кӛп қолданатындығын

анықтау үшін зерттеу жүргізген. Нәтижесінде телефонмен

айтылған 500 абоненттің әңгімесі тыңдалғанда, «Мен» деген

есімдік 3990 рет қайталанған.

94

Жолдастарымызбен топ болып түскен суретті алғанда

Сіз адамдар арасынан алдымен кімді іздейсіз?

Егер сіз басқа адамдардың жан-дүниесіне үңіліп

қарамасаңыз, неге олар сіз туралы ойлау керек? Міне осы

сұрақтарға қолыңызға қарындаш алып жауап жазуға

отырыңыз.

Егер біз тек ӛзіміз туралы ғана ойлап,

айналамыздағыларға кӛз жібермесек, онда нағыз достарды

таба қоюымыз екіталай.

Венаның атақты психологы, марқұм Альфред Адлер ӛзінің

«Ӛмір сіз үшін қандай болуы керек?» атты кітабында былай

деп жазған: «Ӛзінің айналасындағы жора-жолдастарының,

бауырларының жан-дүниесіне үңіліп қарамаған адам ӛмірде ең

үлкен қиыншылыққа кезігеді және айналасындағыларға үлкен

зиянын тигізеді. Міне ӛмірде жолы болмайтын қырсық адамдар

осындай адамдардың ортасында пайда болады».

Психология жӛнінен қанашама оқымыстылардың кітабын

оқысаңыз да, бұдан дәл анықтаманы кездестіре алмайсыз.

Адлердің айтып отырғаны ӛмірден алынған шындық,

сондықтан мен оны тағы да қайталағым келіп отыр:

Ӛзінің айналасындағы жора-жолдастарының,

бауырларының жан-дүниесіне үңіліп қарамаған адам ӛмірде ең

үлкен қиыншылыққа кезігеді және айналасындағыларға үлкен

зиянын тигізеді. Міне ӛмірде жолы болмайтын қырсық адамдар

осындай адамдардың ортасында пайда болады.

Егер шын дос тапқыңыз келсе, онда келіңіз, басқа

адамдарға уақытымызды, күш-қуатымызды, кӛңілімізді бӛліп,

солардың жағдайын жасап кӛрейік.

Егер біз дос тапқымыз келсе, адамдарға шын кӛңілмен

ниет танытайық. (Дейл Карнеги «Үйлесімді қарым-қатынас

жасауға мүмкіндік беретін алтын ереже»).

95

Жҥректен жҥрекке

Бұл сабақта оқушыларға ақын М.Мақатаевтің сӛзіне

жазылған, Т.Тӛлендиевтің «Аңса жаным» әні ұсынылады. Бұл

әнді орындау арқылы оқушылар сабақта меңгерген білімдерін

бойына сіңіріп, саналы ұғынып, күнделікті ӛмірде жүзеге

асыруға шабыт алады. Әннің мәтіні оқулықта берілген.

23-24 сабақтар

ҚОҒАМДАҒЫ БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ

Бұл сабақта мұғалім сабақтың тақырыбына сәйкес

оқушыларға «Қоғамдағы бейбітшілік және келісім» ұғымының

мәнін ашады. Жасампаз адам қоғамға қызмет етеді, адамдарға

жарқын ойларымен, риясыз кӛмектеседі, ең алдымен, ӛзінің

пайдасы емес, басқалардың әл-ауқаты туралы ойлайды.

Сабақтың мақсаты: қоғамдағы бейбітшілік және келісім

туралы түсінік бере отырып, қиянат жасамау құндылығының

мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

– «бейбітшілік», «ынтымақ» ұғымдарын сүйіспеншілік

құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру;

– жауапкершілік, адалдық қасиеттерін дамыту;

– татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Дәйексӛз

Бұл айдарда мұғалім оқушыларды оқулықтағы ұсынылған

сабақтың дәйексӛзімен таныстырады.

«Игілік асы ынтымақ,

Ынтымақты елде күншуақ» - деген халық мақалы екі

сабаққа ортақ дәйексӛз болып табылад Дәйексӛзді мұғалім ӛзі

96

оқып бергеннен кейін балалар дауыстап оқып, қайталайды.

Дәйексӛздің мағынасын ашу үшін мұғалім бірнеше жетекші

сұрақтар қоюына болады. Оқушылардың жауабын тыңдап, бір-

бірімен пікір алмасқан соң, мұғалім ӛзі қорытынды жасайды.

Оқып ҥйренейік

Мұғалім сабақтың тақырыбын ашу мақсатында алдын-ала

үйге тапсырма ретінде берілген Зейнолла Серікқалиұлының

«Рухани ұлы мұрат» атты шығармасынан алынған үзіндімен

жұмыс жүргізеді.

Әңгіменің мазмұны жетекші сұрақтар қою арқылы

талданады. Сабақта мұғалім қоғамға қызмет етудің мәні

қоршаған әлемге, елге, жерге деген сүйіспеншіліктің айғағы

екенін дәлелдер арқылы түсіндіреді. Мәтін оқулықта берілген.

Мұғалім мәтіннің желісі бойынша берілген жетекші

сұрақтарды талдатады.

Ары қарай мұғалім жалпыадамзаттық құндылықтар

арқылы сабақтың мақсаты мен міндеттеріндегі тақырыптың

ӛзегіне бағытталған сүйіспеншілік құндылығы мен оның

кӛрінісі болып табылатын қасиеттерінің мәніне оқушыларды

енгізу үшін, мәтін соңындағы терең рухани астарды ашуға

арналған сұрақтарды талдауға кӛшеді. Мәтінді талқылау

барысында мұғалім балалардың ӛздерінен туындайтын

сұрақтарына мұқият болып, баса назар аударуы керек.

Мәтін бойынша ӛзара пікір алмасу, әңгімелесуді

қорытындылап, мұғалім келесі сабақтағы «Оқып үйренейік»

айдарында ұсынылған Г Омарова мен Р Мұқажанованың

«Жалпыадамзаттық құндылықтар» мәтінін үйге оқып келуге

тапсырады.

Шығармашылық жҧмыс.

97

Оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттер жасауына

арналған айдарда ұсынылатын тапсырмалар арқылы балалар ӛз

бетімен оқуға, жұмыстануға дағдыланып, салыстыруға,

қорытынды жасауға үйренеді. Олар берілген тапсырмаларды

орындай отырып, ӛздерінің сабақта түсінгендерін кеңейтіп,

бекітеді. Оқушылар практикалық тұрғыда жаттығып, алған

білім-біліктерін талдау, жинақтау, жалпылауға дағдыланады,

олардың ӛз ісіне деген сенім пайда болып, шығармашылық

белсенділігі артады. Сонымен бірге оқушылар ӛз бойындағы

құндылықтар мен адами қасиеттерді іс жүзінде кӛрсете алуға

мүмкіндік алады.

Оқулықта тӛмендегідей тапсырмалар берілген:

1-тапсырма. Сӛздер мен олардың анықтамаларын

салыстырып, әрбiр терминнiң ӛзiне сәйкес келетiн анықтамасын

табу қажет.

Ұғым Анықтамалары

1. Татулық

2. Достық

3. Ауызбiрлiк

4. Бiрлiк

5. Ынтымақтастық

А) Адамдардың бiр-бiрiне адал,

қалтықсыз сенiп, бiр мүдделi, ортақ

кӛзқараста болатын қасиетi.

Ә) Адамдардың берiк бiрлiгi,

сыйласымдылығы.

Б) Бiрлiкке келу, бiрге тiрлiк

жасаудың кӛрiнiсi, татулықтың

белгiсi.

В) Мақсаты бiр топ мүшелерiнiң

тату - тәттiлiк, ынтымақтастық,

ұйымшылдық кӛрсете бiлуi.

Г) Ынтымақтасып бiрiккен бiр

ауыздылық, iштей байланысты

табиғи бiр тұтастық.

Жауабы: 1 – ә); 2 –а); 3 –г); 4 – б) 5 – г).

98

2-тапсырмада ӛлеңді оқып, бейбіт ӛмірге, тыныштыққа,

адамдардар арасындағы үйлесімділікке жеткізетін қасиеттерді

іріктеп алып, олардың әрқайсысына сипаттама беру керек.

Қҧт мекенi

М. Мақатаев

Ақ жарқын қауым

Бiрiнiң қамын бiрi ойлап,

Жарандар,

Неткен ынтымақты едi бұл аймақ!

Тамаша ауыл,

Тап-таза кӛңiл, таза аспан.

Тұрса екен ӛстiп,

Кетпесе екен лайлап.

Құтты мекенге қанатын кӛктен жайған күн,

Осынау жерге кiндiгiмменен байландым.

Байырғы қазақ, бастарыңа кеп бақ қонған,

Мерекелерiңнен, берекелерiңнен айналдым!

Қарттарын сыйлап, жастарын баулып түлеткен,

Қаласын сүйген, даласын сүйген жүрекпен.

Айналдым сенен, аяулы мекен, дарқан ел!

Туған елiнiң тасына дағы гүл еккен.

Бiздiң елiмiз қалай құт мекенге айналып отыр деп

ойлайсыңдар?

Отанымызға сүйiспеншiлiктерiңдi қалай бiлдiрер

едiңдер?

3-тапсырма бойынша «Бiрлiгi берiк, ынтымақтастығы

жарасқан елдiң болашағы баянды» тақырыбында дӛңгелек

үстелдің бағдарламасын жасау.

99

4-тапсырмада ӛсиет әңгімені оқып, сұрақтарға жауап беру.

Алдына сәлем бере және елдi ынтымақтастыру жӛнiнде

келген Тӛлеге Әнет баба садақтың алты оғын бiртiндеп

сындырып, екi бүктеп он екi шыбық етiп ортасынан буып:

– Мiне, ендi сындырып кӛршi, – дейдi.

Тӛле бiрден бiр бума шыбықты қайдан сындырсын.

Шыбықтарды Әнет бабаға қайтарып:

– Айып етпеңiз, бұл жұмбағыңызды түсiнбедiм, Әнет

баба, – дептi. Сонда Әнет баба былай деп ӛсиет айтыпты.

– Тӛлежан, ешқашан да ӛзiмшiл болма, кӛптiң айтқанын

тыңда. Кӛптiң айтқанын тыңдасаң, кӛп те сенiң айтқаныңды

орындайды. Кӛп болсаңдар, ӛзара ынтымақта болсаңдар,

сендердiң белдерiңдi де ешкiм сындыра алмайды. Ал әрқайсың

жеке-дара болып, ынтымақтарың жараспайтын болса, мына

жеке шыбықтарды сындырған секiлдi әркiм-ақ бiрлiктерiңдi

бұзып, берекелерiңдi кетiредi. (Әнет баба әңгiмелерi).

Баба ӛсиетiнен не ұқтыңдар?

Баба ӛсиетiнен қандай қорытынды жасауға болады?

Жаңа ақпарат

Оқулықта берілген жаңа ақпаратта сабақта ӛтілген

материалдар, шығармашылық жұмыстардың нәтижесі ретінде

халыққа адал қызмет ету деген ұғымға жан-жақты түсінік

беріледі. Адамдарға жарқын ойларымен, риясыз кӛмектесіп, ең

алдымен, жеке басының пайдасы емес, басқалардың әл-ауқаты

туралы ойлаған адам – халқына адал қызмет етеді.

«Әбіш Кекілбаев «Тағдыр да тек бір-біріне тілеулес жүретін,

бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара алатын тату, бауырмал,

мейірбан намысшыл қауымдарға ғана қарасатын сыңайлы. Аузы

шашылғанның, арасы ашылғанның абыройы асып, бағы тасып

жатқаны шамалы. Жақсылықтың тұсында жағаласпаған,

100

жамандықтың тұсында табаласпаған ұйытқылы жұрттардың

түгенделмей жатқан кемісі, бүтінделмей жатқан жыртығы жоқ.

Пәлесі де тез кетіп, бақыты да тез жетіп жатыр», – дейді.

Әркезде де адамдар арасындағы ұйымшылдық, береке-

бiрлiк ынтымақ туғызады. Ынтымақ бар жерде адамдар ӛзара

бiрлiкке келiп, бiрлесiп әрекет етедi. Ондай жерде татулық

орнайды. Ұжымдағы, ел iшiндегi ынтымақтастық татулыққа,

достыққа жеткiзiп, болашағымызды баянды етедi.»

Сондықтан да, әрбір адам тек қана ӛзінің жеке басын, ӛз

пайдасын ғана ойламай, ӛзгелер үшін де жақсылық жасауға

ұмтылып, айналамызға риясыз сүйіспеншілікпен қызмет етуді

ӛзімізге парыз ретінде қарауымыз керек.

Оқып ҥйренейік

Оқулықтағы «Оқып үйренейік» айдарында Г.Омарова мен

Р.Мұқажанованың «Жалпыадамзаттық құндылықтар» мәтінін

үйге оқып келуге тапсырылған.

Мәтінде «татулық» немесе «тыныштық» сӛздеріне

тоқтала келе, тыныштықты қайдан іздеу керектігіне бағыт-

бағдар бере отырып, тыныштықты бір-біріңе бере алмайсың,

оны тек қана сезініп, бастан ӛткізіп, сонымен ӛмір сүру керек

дейді. Тыныштықты табу үшін рухтың күші және сүйіспеншілік

керек екен. Біз тыныштықты қайдан іздейміз?-деген сұраққа

жауап іздей келе, барлық бақытсыздық адамның тыныштықты

ӛзінің жүрегінен емес, одан басқа барлық жерден іздеуінде екен.

Біз ӛзіміздің ішкі әлемімізге үңілмейінше және шындығында

ӛзіміздің кім екенімізді түсінуге тырыспайынша және осы

мазасыздықтардың ішкі жан дүниемізді жаулап алуының

себебін таппайынша, біз ӛз қалауларымыз бен тілектерімізді

қанағаттандыру үшін тыныштық таппаймыз.

101

Тыныштықтың шынайы, мәңгілік мекені адамның таза

жүрегі екен.

Мәтінмен жұмыс барысында мәтіннің ішінде кездесетін

сұрақтардың жауабын жан-жақты қарастыра келе, ортақ ой мен

пікірге келтіруге бағыттау.

Мұғалім тарапынан мәтіннің желісі бойынша жетекші

және мәтін соңындағы рухани тереңдікті ашуға арналған

сұрақтар қойылады.

Мәтін бойынша ӛзара пікір алмасу, әңгімелесуді

қорытындылап, мұғалім келесі сабақтағы «Оқып үйренейік»

айдарында ұсынылған М.Қалдыбайдың Бауыржан Момышұлы

туралы естелік әңгімесін үйде оқып келуге тапсырады.

Жаңа ақпарат

Оқулықта жаңа ақпарат ретінде тӛмендегі Шәкәрімнің

нақыл сӛзі берілген.

«Адам ӛмірін қалай түзеуге болады? Адам қайткенде

тату тұра алады?.Бізше, адам ӛмірін түзеуге, барлық адамдар

тату тұруға – адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуға керек.

Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныштық

ӛмір сүруге мүмкіндік жоқ. Әрине, адам оқып, біліп үйренуі

қажет. Білім-ғылымсыз ӛнер табылмайды. Сол алған білім-

ӛнерлерін адал еңбекпен жаратылыстың мол байлығын

пайдалануға салса, табылмайтын нәрсе жоқ. Сол тапқан

байлықты барша адам баласының керегіне, пайдасына

жаратуы керек.

Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ

жүректен шығады.

Ал арлы, ақылды, адам қиянатты, зорлықты,

ӛзімшілдікті, мақтанды білмейді және істемейді.

102

Осы үшеуінің басы қосылса, адам жақсы ӛмір сүріп,

бірімен-бірі тату тұруында сӛз жоқ».

Жаңа ақпарат оқушылардың тақырып бойынша білімдерін

бекітеді.

Шығармашылық жҧмыс

Бұл айдар мұғалім шығармашылық іс-әрекет арқылы

оқушылардың алған білімдерін бекітуге, нақтылауға,

пысықтауға мүмкіндік алады. Оқулықтағы 5-тапсырманың

шарты мынадай: Суретке қарап, «айналамыздағы қоршаған орта

біздің ақылымыз бен сезіміміздегі бар заттардың реакциясы, тек

қана шағылуы мен жаңғырығы» деп айтуға бола ма? Себебін

түсіндіру.

6-тапсырмада «Бiрлiгi берiк, ынтымақтастығы жарасқан

елдiң болашағы баянды» тақырыбында дӛңгелек үстел ӛткізу.

7-тапсырма бойынша аңызды оқып, ондағы түйінді ойды

афоризмдер немесе мақал-мәтелдер негізінде жинақтап,

түйіндеп берілген.

Жҥректен жҥрекке

Сабақтың соңында мұғалім оқушыларға алғыс білдіріп,

бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді, сабақтарды

жүректеріне сақтап алуларын ӛтінеді. Бәрі бірге Н.Шәкеновтың

сӛзіне жазылған Ә.Еспаевтің «Бейбітшілік сақталады» әнін

орындайды.

Әннің мәтіні оқулықта берілген.

Әрбір тараудан соң оқушылардың пән мазмұны бойынша

алған білім, білік, дағдыларын тексеріп, сонымен қатар мұғалім

ретінде не нәрсеге қаншалықты қол жеткізгенімізді тексеру

үшін тестілеу беріледі.

103

Тестілеудің негізгі мақсаты оқушылардың құндылықтық

категориялары мен оған қатынасының қалай ӛзгергенін анықтау

болып табылады.

3-тарау бойынша мазмұндағы білімді бекітуге арналған

тестілеу оқулықта берілген.

104

IV тарау

АДАМЗАТ ӘЛЕМІ

25-26 сабақтар

АДАМНЫҢ РУХАНИ КЕМЕЛДЕНУІ

Бұл сабақта бағдарламалық мазмұнға сәйкес күнделікті

ӛмірдегі риясыз сүйіспеншілік кӛрінісі, жақсы мен жаманды

ажырата алу, сүйген жүректің мейірімділігі мен жомарттығы

сияқты адам бойындағы асыл қасиеттер туралы айтылады.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға ӛмірде риясыз

сүйіспеншілікпен қызмет етудің маңыздылығын, дұрыс әрекет

құндылығы арқылы ұғындыру.

Сабақтың міндеттері:

– оқушыларға риясыз сүйіспеншілікпен қызмет етудің

маңыздылығын ұғындыру;

– байыптылық, сабырлылық қасиеттерін дамыту.

– жақсы мен жаманды ажырата білуге тәрбиелеу.

Дәйексӛз

Бұл айдарда мұғалім оқушыларды оқулықта ұсынылған

сабақтың дәйексӛзімен таныстырады. Абайдың «Адамның

жақсысы – адамға сүйсіпеншілікпен қарағандар » деген нақыл

сӛзі екі сабаққа ортақ дәйексӛз болып табылады. Дәйексӛз

тақтаға жазылады. Мұғалім бірнеше оқушыға қайталап оқып

беруді ұсынады. Оқушылар дәйексӛздің мағынасын қалай

түсінгендері жайлы ӛз ойларымен бӛліскеннен кейін, мұғалім

қорытынды жасайды.

Оқып ҥйренейік

Бұл сабақта М.Қалдыбайдың Бауыржан Момышұлы

туралы естелік әңгімесі үйде оқуға берілген.

105

Мұғалім осы мәтін мазмұнындағы адами құндылықтардың

қоғам үшін маңызды екенін түсіндіреді.

Оқушыларға мәтіннен кейін берілген сұрақтарды қоя

отырып, әңгімелесу жүргізеді.

Ӛткен сабақта «Ӛмір сүрудің ең жақсы жолы» атты ӛсиет

әңгімесі үй тапсырмасы ретінде оқып келуге тапсырылған.

Шығармашылық жҧмыс

Бұл айдардың мақсаты оқушылардың шығармашылық іс-

әрекет арқылы алған білімдерін бекіту болып табылады.

1-тапсырмада мәтіннен Бауыржан Момышұлының

«Қайрат, ақыл, жүрек» туралы айтқан ойын тауып, оны

Абайдың 17 қарасӛзімен салыстырып, кестені толтырып,

дәптерге жазу қажет.

Абайдың

кӛзқарасы

Бауыржан

Момышұлының

кӛзқарасы

Менің түйгенім

2-тапсырмада сӛздіктерден «жүрек», «жүректілік»,

«ақжүрек», «үлкен жүрек» сӛздері мен сӛзтіркестерінің

анықтамасын тауып, оқу.

3-тапсырма бойынша тӛменде берілген сӛздер мен

сӛзтіркестерінен жүректері таза сүйіспеншілікке толы адамдарда

болатын қасиеттерді іріктеп алып, дәптерге жазу.

Сӛздер мен сӛз тіркестері: шыншыл, ақылы нұрлы,

байсалды, әрекеттері дұрыс, сӛздері тура, жүректері

мейірімді, күнәдан аулақ жүреді, тәбеттері ынсапты,

ӛзгелерге жақсылық жасайды, ӛзімшілдік жоқ, біреудің

мақтауына масаттанбайды, сабырлылық, шыдамдылық,,

рақымдылық, басқаларды сол қалпында қабылдай алады.

4-тапсырмада Абайдың сүйіспеншілік жайлы

афоризмдерін оқып, «Сүйіспеншілік адам ӛмірінің негізі»

тақырыбында эссе жазу.

106

Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп..

Қашан бала ғылым-білімді махаббатпен кӛксерлік

болса, сонда ғана оның аты адам болады.

Махаббатпен жаратқан азаматты.

Махаббатсыз дүние бос...

Махаббат – ӛмір нәрі, адамшылықтың алды –

махаббат, ғаделет сезім...

Адамда негізгі екі қасиет болуы тиіс олар

адалдық және махаббат…

5-тапсырма бойынша Л.Н.Толстойдың «Сүйіспеншілік

адам рухының бірлікке ұмтылысы және осы ұмтылыстан

туындайтын әрекеттер адам ӛмірінің ең жоғары және жалғыз

заңы болып табылады, мұны іштей барлық адамдар біледі, әрі

сезінеді» деген сӛзін басшылыққа алып, «Сүйіспеншілік - адам

ӛмірінің ең жоғары заңы» деген тақырыпта пікір алысу жүргізу.

6-тапсырмада «Тіршіліктің тірегі - сүйіспеншілік»

тақырыбында үлкендер мен сыныптастары арасында сауалнама

жүргізу.

Жаңа ақпарат

Мұғалім оқулықтың «Жаңа ақпарат» айдарында берілген

І.Есенберлиннің шағын мәтінін оқушылармен талқылайды.

Оқып ҥйренейік

Оқулықта ұсынылған Арасанбай Естеновтың «Ізет»

шығармасы алдын ала оқуға үй тапсырмасы ретінде берілген.

Оқулықтағы мәтін бойынша берілген сұрақтар қойылып,

әңгімелесу жүргізіледі.

Келесі сабақта «Ӛмір сүрудің ең жақсы жолы» атты ӛсиет-

әңгімені алдын ала оқу бойынша үй тапсырмасы ретінде оқып

келуге тапсырылады.

107

Шығармашылық жҧмыс

Оқулықтағы 7-тапсырманы орындау барысында оқушылар

сүйіспеншілік пен риясыз қызмет ету ұғымдарын салыстырып,

ұқсастықтарын табады.

Кӛптеген адамдарға сүйіспеншілік сыйлаңыз, онымен

бӛлісіңіз. Егер әрбір адам айнала қоршаған адамдармен ӛз

сүйіспеншілігімен бӛлісе бастаса, онда әлем бірте-бірте үлкен

бір отбасына айналады.

Сондықтан сүйіспеншілік пен қызмет ету бұл ӛте ұқсас екі

ұғым. Осы сүйіспеншілік пен қызмет етуді ӛзімізде дамыту

үшін, бізде үш жақты тазалық: ойдың, сӛздің және істің

тазалығы болуы керек.

Адамдарға риясыз қызмет кӛрсетумен айналасыңыз! Тек

риясыз қызметпен айналысқан кезде жүрегімізде риясыз

сүйіспеншілікке жол ашылады.

8-тапсырма бойынша «Тіршіліктің тірегі сүйіспеншілік»

тақырыбында үлкендер мен сыныптастары арасында

жүргізіңізген сауалнама қорытындысын жариялайды.

Жҥректен жҥрекке

Сабақтың соңында мұғалім оқушыларға алғыс білдіріп,

бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді, сабақтарды

жүректеріне сақтап алуын ӛтінеді. Бұл бӛлім «топта ән айтуға»

арналған. Оқулықта берілген әнді екі сабақта да қолдану керек.

Мұғалім оқушыларға «Ӛз елім» әнін айтуды ұсынады. Әуені

үнтаспадан қойылады. Оқушылар мұғаліммен бірге үнтаспаға

ілесіп, әнді бірге айтады. Ән мәтіні оқулықта берілген.

108

27-28 сабақтар

ҤЛКЕН ӚМІРГЕ ЖОЛ

Бұл сабақта адамгершілік нормаларына сәйкес ӛмірлік

мақсаттарға жету жолдарын қарастыру, ӛмірдегі жасампаздық –

адам дамуының қажетті шарты ретінде екенін түсіну, ӛз ӛмірің

ӛз қолыңда екенін бағалай білу, ең бастысы ӛзiн-ӛзi танып, ӛз

мүмкіндігі мен ерік-күшін ізгі мақсаттарға, оқып-бiлуге

жұмылдырып, дамытып, еңбектену арқылы жететіні, адамға

табиғат берген қарапайым мүмкiндiктерiмен-ақ ӛзiн-ӛзi

кемелдендiрiп, бойындағы қабiлетiн дамытуда үлкен игі

жетiстiктерге жетуге болатыны, адам ӛз ерекшелiктерi мен

мүмкiндiктерiн, тiлегiн қажетiне қарай айқындап ерiк-күшiн,

жiгерiн соған бағындырса, оң нәтижеге жететіні оқу

материалдары мен тапсырмалар арқылы берілген.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға ізгі мақсаттарға адал

еңбек арқылы жетуге болатынын сүйіспеншілік құндылығына

негіздей отырып, ұғындыру. Сабақтың міндеттері:

– оқушыларға ар-ұжданға сәйкес, адал ӛмір сүрудің

қажеттілігін ұғындыру;

ұғындыру;

– ерік-күшін, еңбекқорлық қасиеттерін дамыту;

– адалдыққа, табандылыққа тәрбиелеу.

Дәйексӛз

Мұғалім оқушыларды сабақтың дәйексӛзімен

таныстырады: «Шамаң келсе, ізгілік істе, ізгілік пен әділдік

ӛлмейді», – деген Сайф Сараидың нақыл сӛзі екі сабаққа ортақ

дәйексӛз болып табылады. Дәйексӛзді алдымен мұғалім ӛзі оқып

береді. Содан соң, қыз балалар қайталап айтады.

109

Оқып ҥйренейік

Бұл сабақтағы «Ӛмір сүрудің ең жақсы жолы» атты

ӛсиет-әңгімені алдын ала үйде оқып келуге тапсырылған

болатын.

Мұғалім оқушылардың мәтіннің мазмұнын қалай

түсінгенін білу үшін сұрақтар қояды. Алдымен мәтіннің

мазмұндық желісі бойынша мұғалім оқушыларға ӛз тарапынан

ойластырылған сұрақтарды қояды. Мәтін бойынша берілген

сұрақтарды оқушылармен бірге талдайды. Сосын оқулықта

ұсынылған мәтін мазмұнындағы құндылықтар мен адамгершілік

қасиеттердің мәнін ашатын сұрақтарды қояды. Сондықтан

оқулықтағы мәтіннің соңында берілген сұрақтарды

оқушылармен талдау арқылы адамның ӛмірден орнын ӛзі

таңдауының маңыздылығын ұғындыру қажет.

Соңғы сұрақты мұғалім оқушының ӛзіндік ӛмір

тәжірибесіне байланысты қояды. Мұнда оқушылар ӛз

ӛмірлерінен мысалдар келтіріп айтады.

Үйге келесі сабақта талданатын «Түздің адамы» атты ел

аузынан жеткен аңыз-әңгімені алдын ала оқып келу

тапсырылады.

Шығармашылық жҧмыс

Оқулықтағы осы айдарда берілген 1-тапсырма бойынша

оқушылар тӛменде берілген Бӛлтірік шешеннің сӛзін оқып, оны

«кӛзқарас, себеп, мысал, қорытындылау» әдiсiмен талқылайды.

Жеті жетіні білгенді адам дейді: жеті ата, жеті ру, жеті

жарғы, жеті құбыла, жеті жақсы, жеті жаман, жеті жетім.

Жеті жақсыны ұмытпа: ақыл, талап, білім, мал, кісілік,

кәсіп, сӛз.

Жаның жеті жаманнан аман болсын: күншілдік, кекшілдік,

астамшылық, сараңдық, қараулық, бәлеқорлық, ынсапсыздық.

Жеті жетімді аяла: жауын жаумаған жер, басшысы жоқ ел,

елінен ажыраған ер, аққу-қазы жоқ кӛл, тыңдаушысыз сӛз,

110

киілмей тозған тон, қатарлары жоқ шал.

2-тапсырмада тӛменде берілген рӛлдер бойынша

жаңалықтар бағдарламасын адамдарға деген ізгі ниеттілік,

құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілдік, риясыз қызмет

етуге негіздеп жасаңыздар.

а) Зерттеуші тілші.

Тәулік бойы адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет,

жанашырлық пен сенім, кеңпейілдік, риясыз қызмет етудің

күнделікті ӛмірдегі кӛрінісі жайлы хабарлайды.

ә)Теледидар жүргізушісі.

Адамдарға деген ізгі ниетілік, құрмет, жанашырлық пен

сенім, кеңпейілдік, риясыз қызмет ету жайлы оқиға орнынан

жиынтық ақпараттар ұсынады.

б) Сұхбат алушы тілші.

Әлемдегі барлық адамдар бір-біріне ізгі ниетте болып,

құрмет, жанашырлық танытып, сеніп, сенім артса,

кеңпейілдікпен, риясыз қызмет етсе, онда...

3-тапсырмада «Адамға ар-ұжданға сәйкес, адал ӛмір сүру

не береді?» тақырыбында үлкендер мен сыныптастары

арасында сауалнама жүргiзеді.

4-тапсырма бойынша ӛнер туындысындағы үйлесімділік

пен жарастықты, «Үлкен ӛмірдің даңғыл жолы – адамдық

жолы» тақырыбымен байланыстыра отырып, әңгімелеп береді.

Оқып ҥйренейік

Оқулықтағы бұл айдарда ұсынылған «Түздің адамы» атты

ел аузынан жеткен аңыз-әңгімені алдын ала оқу бойынша

оқушыларға талдату арқылы мақсатқа жетудің жолы айналаңа

жақсылық жасау екендігі туралы түсінік беру керек.

Мұғалім мәтіннің мазмұны бойынша оқушылармен

әңгімелесу жүргізеді.

111

Үйге келесі сабақта талданатын Нұрсұлтан Назарбаевтың

«Жаңа ғасырда қазақ жастары қандай болуы керек?» мәтіні

алдын ала оқып келу тапсырылады.

Шығармашылық жҧмыс

5-тапсырмада «Түздің адамы» мәтінен кейіпкерлердің

бойындағы келеңсіз мінез-құлықтарды тауып, одан

руханилықпен шығу жолын ұсынады. Мәтіндегі жағымсыз

қасиеттерді жақсы қасиеттерге айналдырудың жолдарын

қарастырады.

6-тапсырма бойынша аңызды оқып, «Жақсылық жалғасын

табады» немесе «Кішкентайға немқұрайды қарама»

тақырыбында дӛңгелек үстел ӛткізіледі.

7-тапсырмада Лев Толстойдың «Егер жанып, жарық

түсiруге шамаң жетпесе, ең болмаса оны қалқалама»

тақырыбында эссе жазады.

8-тапсырма бойынша тапсырманың кілтін пайдаланып,

кестені дұрыс толтырған кезде, Абайдың жақсы іс жасаудағы

дұрыс әрекет туралы айтқан ойын оқуға болады.

А Ә Б Д Е Ж З Й К Қ Л М Н Ң Ӛ Р С У Ҥ Ш Ы І

1 2 3 4 5 6 7 8 9 1

0

1

1

1

2

1

3

1

4

1

5

1

6

1

7

1

8

1

9

2

0

2

1

2

2

2 16 3 22 16 6 1 10 17 21

13 2 16 17 5 13 22 14 15 11 20 5 18 22 3 1 16

,

1

5

1

1

2

0

5 1

8

2

2

1

3

5 1

3

1 1

7

1

7

1 6 1 1

6

1 12 1 8 4 21

– .

112

15 11 20 5 18 22 13 3 22 11 12 5 9 3 22 16

19 11 9 5 13 9 5 16 5 9 22 17

.

Жауабы: Әрбір жақсы нәрсенің ӛлшеуі бар, ӛлшеуінен асса

- жарамайды. Ӛлшеуін білмек - бір үлкен керек іс.

Жҥректен жҥрекке

Бұл бӛлім «Топта ән айтуға» арналған. Мұғалім

оқушыларға «Елім менің» әнін топта айтуды ұсынады. Әннің

мәтіні тақтада жазылады. Әуені үнтаспадан қойылады.

Оқушылар мұғаліммен бірге үнтаспаға ілесіп, әнді бірге айтады.

Ән мәтіні оқулықта берілген.

29-30 сабақтар

ӚМІР ЖОЛЫН ТАҢДАУ

Бұл сабақта мұғалім тақырыпқа сәйкес оқушыларға ӛмірде

таңдау жасауда адамгершілікті, ар-ұжданды басшылыққа алу

қажеттігін ұғындыра отырып, мамандық таңдауға бағдарлар

бере отырып, мамандық таңдау адам ӛміріндегі ең жауапты

кезеңдердің бірі екендігіне кӛздерін жеткізуге мүмкіндік

жасайды.

Мақсаты: оқушыларға ӛмірде таңдау жасауда мәңгі

жалпыадамзаттық құндылықтардың мәні мен рӛлін түсіндіру.

Міндеттері:

– оқушыларға мамандық таңдауды дұрыс әрекет

құндылығы арқылы ұғындыру;

– Сезімталдық пен шешімге келе білу қасиеттерін дамыту;

– Дұрыс шешім қабылдай білуге тәрбиелеу.

113

Дәйексӛз

Мұғалім оқушыларды оқулықтағы «Дәйексӛз» айдарымен

ұсынылған: «Жақсылық кӛрсем ӛзiмнен,

Жамандық кӛрсем ӛзiмнен.

Тағдыр қылды дегендi

Шығарамын сӛзiмнен» деген С. Торайғыровтың ӛлең

жолдарымен таныстырады.

Нақыл сӛз екі сабаққа ортақ дәйексӛз болып табылады.

Мұғалім оқушылардан дәйексӛздің мағынасын қалай

түсінетіндерін сұрайды. Оқушылардың жауабын тыңдаған соң

мұғалім балалардың жауабына сүйене отырып, ӛзі қорытынды

жасайды.

Оқып ҥйренейік

Бұл сабақтағы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа ғасырда

қазақ жастары қандай болуы керек?» мәтіні алдын ала үйде

оқып келуге тапсырылған болатын. Бұл мәтін «Болашақта қазақ

жастары қандай болуы керек, қандай қасиеті болуы керек?»

деген сауалға жауап іздей келе, оқушыларға адамзаттың

ұрпағының ізгі ниетте қызмет етуінің маңызын түсінуге

кӛмектеседі.

Мұғалім оқулықтағы берілген сұрақтар бойынша

оқушылармен әңгімелесу жүргізеді.

Оқулықтағы «оқып үйренейік» айдарында ұсынылған

«Байсерке абыз» аңыз-әңгімесін алдын ала үйде оқып келу

тапсырылады.

Шығармашылық жҧмыс

1-тапсырмада тӛменде берілген екі ой тұжырымды оқып,

талдап, қорытынды шығарады.

а) Адамның алдында таңдау кӛп. Әрбір адамда таңдау

құқығы берілген. Таңдау ар-ұжданға, адамдыққа қайшы

114

келмесе, жан дүниең мен жүрегіңнің қалауын ақыл-парасатпен,

байыппен шешсең, алға қойған мақсатыңда адаспайтының

ақиқат.

ә) Әрбір адамды Табиғат ӛзгеше, біріне-бірі ұқсамайтын

етіп жаратқан және олардың әрқайсысына белгілі бір қабілет

дарытқан. Ал, ниет пен таңдауды адамның ӛзіне қалдырған.

2-тапсырма бойынша тӛменде берілген психологиялық

тұжырымды оқып, ӛз кӛзқарасын білдіреді.

Таңдау ережесі. Менің ӛмірімде болып жатқан нәрсенің

бәрі – менің ӛз таңдауымның нәтижесі екенін мен сезінемін.

Егер бүгін мен жабырқаңқы, кӛңілсіз адаммен аралассам, демек

менің ӛзімнің кӛңіл күйім жабырқаңқы, жалықтыратындай

болғаны. Жаман және мейірімсіз адамдар болмайды – бақытсыз

адамдар болады. Мен олардың уайымдарын қазбаласам, ол

маған ұнайтын болғаны. Демек, ешкімнен ештеңе талап етуге

қақым жоқ. Ӛзімде болып жатқанның бәріне ӛзім себепкермін.

Ӛз тағдырымның авторы және жасаушысы – ӛзіммін.

Оқып ҥйренейік

Оқулықта ұсынылған «Байсерке абыз» туралы аңыз-

әңгімені алдын ала үйде оқып келуге тапсырылған.

Мәтін мазмұнымены бойынша берілген сұрақтар

талқыланады.

Оқулықтағы «Оқып үйренейік» айдарында ұсынылған

Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» шығармасынан

үзінді алдын ала үйде оқып келуге тапсырылады.

Шығармашылық жҧмыс

3-тапсырмада берілген мәтін бойынша мамандық

таңдаудың жолдарын оқып, талдап, ӛз нұсқаларын ұсынады.

4-тапсырма бойынша берілген цифрограммада Ұлы

Абайдың адал еңбек етуге байланысты айтылған ӛлең жолы

115

жасырылған. Цифрограмманы сӛйлету үшін әр цифрды қазақ

алфавитіндегі әріптердің ретімен сәйкестендіру қажет. 2

5

1 1

7

1 6 3

7

2

5

2

0

1

5

2

5

3

7

1

5

,

1

0

2

7

1

7

3

7

2

4

3

7

1

0

2

0

1

5

2

5

3

7

1

5

,

1 1

1

7 3

7

2

3

1 2

3

1 7 1 1

7

3 1 1

6

1 2

4

3

7

1

8

.

Жауабы:

Тамағы тоқтық,

Жұмысы жоқтық,

Аздырар адам баласын. Абай.

5-тапсырмада аңызды оқып, ӛз қорытындыларын

шығарып, «Ӛмірім ӛз қолымда» тақырыбында эссе жазады.

Жаңа ақпарат

Оқушылар оқулықтағы «Жаңа ақпарат» айдарында

Абайдың «Жамандықты кiм кӛрмейдi. Үмiтiн үзбек

қайратсыздық. Дүниеде еш нәрседе баян жоқ екенi рас,

жамандық та қайдан баяндап қалады дейсiң! Қары қалың қатты

қыстың артынан кӛгi қалың, кӛлi мол жақсы жаз келмеушi ме

едi!» атты нақыл сӛз түрінде берілген. Мұғалім мәтінге

түсініктеме бере отырып, қорытынды жасайды.

Жҥректен жҥрекке

Сабақтың соңында мұғалім оқушыларға алғыс білдіріп,

бүгінгі сабақтан алған жағымды қасиеттерді жүректеріне сақтап

алуларын ӛтінеді. Бұл бӛлім «топта ән айтуға» арналған.

Оқулықта берілген әнді екі сабақта да қолдану керек. Мұғалім

оқушыларға «Ӛмір – ӛмір» әнін топта айтуды ұсынады. Әуені

үнтаспадан қойылады. Оқушылар мұғаліммен бірге үнтаспаға

ілесіп, әнді бірге айтады. Ән мәтіні оқулықта берілген.

116

31-32 сабақтар

АДАМЗАТТЫҢ ДАНАЛЫҒЫ

Бұл сабақта адамгершілік, адамдық, мәңгілік

жалпыадамзаттық құндылықтарды ӛмірдің негізі ретінде

қарастырылып, жақсылық жасаудың әрбір адамның мұратына

жеткізетіні туралы ақпараттарды оқушыларға түрлі әдіс-

тәсілдер арқылы жеткізілу мақсат етілген. Ӛтілген

материалдарды қорытындылай келе бағдарлама мазмұнға

сәйкес, мәселелерді адамгершілікті таңдау негізінде шешу

жолдары, ӛмірлік жағдаяттардан адамгершілік сабақтар алу

туралы айтылады.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға адамгершілік, адамдық,

жалпыадамзаттық құндылықтар ӛмір негізі екенін ұғындыру.

Сабақтың мақсаты:

- оқушыларды ӛмірде адамгершілік таңдау жасауға үйрету;

- адалдық, шынайылық қасиеттерін дамыту;

- ойы, сӛзі, әрекеттерін ар-ұжданға бағындыра білуге

тәрбиелеу.

Дәйексӛз

Мұғалім оқушыларды оқулықтағы ұсынылған сабақтың

дәйексӛзімен таныстырады. Блез Паскальдің «Адам неғұрлым

ақылды, мейірімді болған сайын, соғұрлым ӛзгенің жақсылығын

бағалағыш келеді» деген нақыл сӛзі екі сабаққа ортақ дәйексӛз

болып табылады. Дәйексӛзді алдымен мұғалім ӛзі дауыстап оқып

береді. Мұғалім оқушылардан дәйексӛздің мағынасын қалай

түсінетіндерін сұрайды. Оқушылардың жауаптарын тыңдаған соң

мұғалім осы жауаптарға сүйене отырып, ар-ұжданның адам

бойындағы асыл қасиеттердің ӛлшемі болып табылатыны туралы

ұғындырады.

117

Оқып ҥйренейік

Оқулықта ұсынылған Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат

пен аңыз» атты шығармасынан үзінді алдын ала үйде оқуға

ұсынылған болатын.

Үзіндіде автор Батыр Бауыржан Момышұлының

бойындағы адалдық, әділдік сияқты ізгі қасиеттері жайлы сӛз

қозғалады.Мұғалім мәтіннің соңындағы берілген сұрақтармен

жұмыс жүргізеді.

Мұғалім үй тапсырмасы ретінде Мұқағали Мақатаевтың

«Бабаларым, рақмет сендерге!» атты ӛлеңін оқуға береді.

Шығармашылық жҧмыс

1-тапсырмада цифрограмманы дұрыс шешсе, адамның

адамгершілігі, жан сұлулығы туралы халық даналығын оқуға

болады. Ол үшін берілген цифрларды қазақ алфавитіндегі

әріптердің рет санымен алмастыру қажет.

1 7 1 1

7

1

8

3

7

1

9

2

4

2

1

1

1

3

8

1

8

8 8 1

7

8 2

4

3

8

2

4

3

8

1

8

8 , 2

4

3

7

2

3

2

5

3

7

1

8

1 8 1

7

8 2

4

3

8

3

3

3

8

1

8

8 1

5

1 2

3

1 !

Жауабы: Адамның сӛзіне емес ісіне, сыртына емес ішіне

қара! Халық даналығы.

2-тапсырма бойынша тӛменде берілген аңыздарды оқып,

оған ӛз пікірлерін білдіріп, ой қорытындысын жасайды.

А) Ертеде бір би аң аулауға шығады. Нӛкерлері бидің

құрметіне үлкенірек бір жылқы сойғызып, ет асады.

Сорпасына тұз қосатын кезде тұз алмағандарын кӛреді.

Жақын маңайдағы ауылға тұз алу үшін біреуді жібереді. Мұны

118

естіген би: «Тұздың ақшасын беріп кетіңдер, ақысыз-пұлсыз

зат алу әдетке айналмасын!» - дейді.

- «Алатынымыз бір-ақ уыс тұз, несіне сатып аламыз?» -

деп сұрайды нӛкерлері. Би: - «Әлемдегі зорлық-зомбылықтың

бәрі кішкентай нәрседен басталған. Уақыт ӛте келген-кеткен

адамдар оны үлкейтті. Осылай озбырлық бүгінгі дәрежеге

жетті» - деген тоқтамын айтыпты.

Халықтың бақшасынан хан бір алма жесе, нӛкерлері

ағашты түп-тамырымен жұлып алады. Хан бес жұмыртқаны

тегін алуға кӛз жұма қараса, сарбаздары мың тауықтың кӛзін

жояды. («Бір уыс тұз» Аңыз).

Ә) Ежелгі Рим императоры Тит Веспасиан да ел билеудегі

ақылымен, қайраткерлігімен ғана емес, әсіресе адамгершілік,

әдептілігімен елінің құрметіне бӛленген. Ол жайындағы

мынандай бір оқиға ауыздан ауызға, кітаптан кітапқа кӛшіп,

айтылып келеді.

Бір жолы Тит ӛзінің нӛкерлерімен Рим кӛшелерінің бірінде

келе жатса, кӛптің ішінен үсті-басы алым-жұлым бір бала

императорға сәлем бермек боп, қолын ұсына, алдын кес-кестей

береді. Бұрын-соңды болып кӛрмеген мұндай «бассыздықтан»

естері шыққан атқосшылар қылыштарын жалаңдатып, балаға

қарай тұра ұмтылады. Сонда тит оларға:

–Тоқтаңдар! – депті.

–Баланың жазығы не? Елімнің жас ұланы үлкен

кӛрегенділік танытып тұр. Оның қолын алмасам, менікі

әдепсіздік болмай ма? Содан кейін сӛзін әрі қарай жалғап:

– Мен император, бұл жарлы болса, ол тағдырдың ісі. Ал

жылтыраған киім адамшылықтың, шоқпыт шәркей

ақылсыздықтың белгісі бола бермейді, – дейді. (Аңыз).

119

3-тапсырмада суретті қарап, оның мазмұнын Абайдың

«Ӛмір мұхит, уақыт толқын» деген ойымен салыстыру. Олардың

ортақ ұқсастықтарын табу.

Оқып ҥйренейік

Оқулықта ұсынылған Мұқағали Мақатаевтың «Бабаларым,

рақмет сендерге!» атты ӛлеңін алдын ала оқуға ұсынылған.

Мәтін оқулықта берілген.

Мұғалім оқушылардың ӛлең мазмұнын қалай түсінгенін

білу үшін сұрақтар қояды. Алдымен ӛлеңнің мазмұндық желісі

бойынша мұғалім оқушыларға ӛз тарапынан ойластырылған

сұрақтарды қояды. Мәтін бойынша берілген сұрақтарды

оқушылармен бірге талдайды. Сосын оқулықта ұсынылған ӛлең

мазмұнындағы құндылықтар мен адамгершілік қасиеттердің

мәнін ашатын сұрақтарды қояды.

Мұғалім үй тапсырмасы ретінде Дейл Карнегидің

«Жақсылыққа апарар жол қайда?» атты шығармасынан алынған

үзіндіні оқуға береді.

Шығармашылық жҧмыс

4-тапсырма бойынша аңызды оқып, ондағы бағбанның іс-

әрекетінен байқаған жақсы қасиетерді дәптерлеріндегі кестеге

толтырады.

Жаңа ақпарат

Мұғалім оқушыларға оқулықтағы жаңа ақпаратпен

танысып, ӛз ой-тұжырымдарымен бӛлісуді ұсынады.

Ой мен сӛздегі сүйіспеншілік – ақиқат.

Әрекеттегі сүйіспеншілік – дұрыс әрекет.

Сезімдегі сүйіспеншілік – ішкі тыныштық.

Дүниетанымдағы сүйіспеншілік – қиянат жасамау.

120

Адам ӛмірдің бақытына, игіліктерге ең бастысы ӛзiн-ӛзi

танып, ӛз мүмкіндігі мен еркі-күшін ізгі мақсаттарға, оқып-

бiлуге жұмылдырып, дамытып, еңбектену арқылы жетеді.

Адамға табиғат берген қарапайым мүмкiндiктерiмен-ақ

ӛзiн-ӛзi кемелдендiрiп, бойындағы қабiлетiн дамытуда үлкен игі

жетiстiктерге жетуге болады. Әрине, нәтиже әркiмнiң ӛзiне

байланысты. Адам ӛз ерекшелiктерi мен мүмкiндiктерiн, тiлегiн

қажетiне қарай айқындап ерiк-күшiн, жiгерiн соған бағындырса,

оң нәтижеге жетедi.

Жҥректен жҥрекке

«Жүректен жүрекке» айдары топта ән айту әдісімен

байланысты. Сабақта тақырыптың мазмұнына сәйкес құндылық

пен қасиеттердің мәнін ашатын ән ұсынылады. Оқушылар

мұғаліммен бірге қосылып, үнтаспадағы әуенге ілесіп,

Шӛмішбай Сариевтің сӛзіне жазылған Кеңес Дүйсекеевтің

«Ойлан, балам» әнін орындайды. Ән мәтіні оқулықта берілген.

33-34 сабақтар

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕСЕПТЕР

Бұл сабақта мұғалім жыл бойы ӛткен сабақтарды,

жалпыадамзаттық құндылықтар мен жақсы қасиеттерді

естеріне түсіре отырып, жақсы ой, жақсы сӛз, жақсы іс

жасаудың нәтижесін ұғынуға мүмкіндік жасайды. Жыл бойы

жүргізілген «Адамның рухани кемелденуі» жобасының нәтижесін

талқылап, алдағы жазғы демалыс кезі мен келесі оқу жылына

жоспар жасайды.

121

Мақсаты: жалпыадамзаттық құндылықтарды ӛмірлік

бағдар ретінде ұғындыра отырып, оның ӛмірдегі

үйлесімділіктің, әсемдіктің, бақыттың негізі екенін түсіндіру.

Міндеттері:

– ӛмірдегі үйлесімділік пен бақыттың мәнін рухани-

адамгершілікпен, жалпыадамзаттық құндылықтармен

байланыстыра отырып ұғындыру;

– жақсы ой, жақсы сӛз, жақсы іс жасауға дағдыландыру;

– айнала қоршаған ортаны құрметтеуге, сыйластыққа,

ақкӛңілділікке тәрбиелеу.

Мұғалім бұл сабақта жыл бойы ӛтілгендерін естеріне

түсіре отырып, ӛмірдегі үйлесімділік пен әсемдіктің, бақытты

ӛмірдің мәнін жалпыадамзаттық құндылықтармен

байланыстыра отырып ұғындыруды мақсат етуі керек.

Сондықтан да, сабақтағы барлық оқу материалы ӛмірдегі

үйлесімділік, әсемдік пен бақыттың мәнін жалпыадамзаттық

құндылықтар ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі

тыныштық, қиянат жасамау құндылықтарымен тікелей

байланыста ұғындыруға бағдарланған.

Мұғалім сабақтың басында сыныптағы «тәртіп, талап,

тыныштық, тазалық, татулық» ережесін естеріне түсіріп,

барлық ойымыз, сӛзіміз, ісімізді осы ережеге бағындыруға

шақырады.

Дәйексӛз

Мұғалім оқушыларды оқулықтағы Абайдың:

«Ӛзіңе сен, ӛзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап.» деген нақыл сӛзімен

таныстырады. Ол нақыл сӛз екі сабаққа ортақ дәйексӛз болып

табылады. Дәйексӛзді алдымен мұғалім ӛзі оқып береді.

Мұғалім оқушылардан дәйексӛздің мағынасын қалай түсінетінін

122

сұрайды. Оқушылардың жауабын тыңдаған соң мұғалім

балалардың жауабына сүйене отырып, ӛзі қорытынды жасайды.

Оқып ҥйренейік

Мұғалім оқулықта ұсынылған Дейл Карнегидің

«Жақсылыққа апарар жол қайда?» атты шығармасынан алынған

үзіндіні оқып береді. Оқулықта берілген сұрақтар арқылы

әңгімелесу жүргізеді.

Мұғалім үй тапсырмасы ретінде «Біз ӛмірімізді қалай

құрамыз?» атты ӛсиет әңгімеден алынған үзіндіні оқуға береді.

Шығармашылық жҧмыс

1-тапсырма.

Дейл Карнегидің «Жақсылыққа апарар жол қайда?»

мәтініндегі ойлар мен кӛзқарастарды салыстырып, іріктеп алып,

кестені толтыру. Таңдауларын дәлелдеп беру.

2-тапсырмада тӛмендегі кейіпкерлерге сипаттама беріп,

қасиеттеріне сәйкес «Дұрыс әрекет жасаймыз» тақырыбында

шағын қойылым дайындап, сахналау.

• Ақылды адам.

• Парасатты адам.

• Ешкімге қиянат жасамайтын адам.

• Мінезі жақсы адам.

• Жомарт адам.

3-тапсырма бойынша дәптердегі бір жыл бойы жазған

«Сабақтағы сабақ» кестесін қарап, ондағы «Біліп алдым»

айдарындағы жазбаларын оқып, қорытындысын шығару.

4-тапсырмада осы оқу жылында жасаған жобаның

нәтижесі бойынша кӛрме ұйымдастырады.

123

Оқып ҥйренейік

Оқулықтағы бұл айдарда ұсынылған «Біз ӛмірімізді қалай

құрамыз?..» атты ел аузынан жеткен аңыз-әңгімені алдын ала

оқу бойынша оқушыларға талдату.

Мұғалім мәтіннің мазмұны бойынша оқушылармен

әңгімелесу жүргізеді. Мұғалім оқушылардың мәтін мазмұнын

қалай түсінгенін білу үшін сұрақтар қояды. Алдымен мәтіннің

мазмұндық желісі бойынша мұғалім оқушыларға ӛз тарапынан

ойластырылған сұрақтарды қояды. Мәтін бойынша берілген

сұрақтарды оқушылармен бірге талдайды. Сосын оқулықта

ұсынылған мәтін мазмұнындағы құндылықтар мен адамгершілік

қасиеттердің мәнін ашатын сұрақтарды қояды.

Шығармашылық жҧмыс

5-тапсырмада «Біз ӛмірімізді қалай құрамыз?..» мәтіндегі

оқиғаның нәтижесін жақсарту үшін кейіпкердің ойын, сӛзін, ісін

үйлесімге келтіріп, жақсылыққа бағыттаудың жолын жасап,

дәптерге жаздыру.

6-тапсырма бойынша тӛменде берілген мәтінді оқып, «Ақ

жолдан айнымай, алға бас!» тақырыбында эссе жаздыру.

7-тапсырмада сабақта жыл бойы үйренгендерді естеріңе

түсіре отырып, ӛздеріңе «Адамгершілік ережесін» жасайды.

8-тапсырма бойынша дәптердегі бір жыл бойы жазған

«Сабақтағы сабақ» кестесін қарап, ондағы «Сабақ болды»

айдарындағы жазбаларын оқып, қорытындысын шығарады.

9-тапсырмада Facebook, Instagram, Twitter желілерінде бір

жыл бойы рухани-адамгершілік бағытында жүргізген

парақшаларына сараптама жүргізіп, қорытындысын диаграмма

түрінде кӛрсетеді. Осы парақшаларды ары қарай дамыту

жоспарын жазып береді.

124

Жҥректен жҥректен

Сабақтың соңында мұғалім оқушыларға алғыс білдіріп,

бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді, сабақтарды

жүректеріне сақтап алуын ӛтінеді.

Бұл бӛлім «топта ән айтуға» арналған. Оқулықта берілген әнді

екі сабақта да қолдану керек. Мұғалім оқушыларға оқулықтағы

«Ӛміріңе немқұрайлы қарама» әнін топта айтуды ұсынады. Әннің

мәтіні тақтада жазылады. Әуені үнтаспадан қойылады. Оқушылар

мұғаліммен бірге үнтаспаға ілесіп, әнді бірге айтады. Ән мәтіні

оқулықта берілген.

Әрбір тараудан соң оқушылардың пән мазмұны бойынша

алған білім, білік, дағдыларын тексеріп, сонымен қатар мұғалім

ретінде не нәрсеге қаншалықты қол жеткізгенімізді тексеру

үшін тестілеу беріледі.

Тестілеудің негізгі мақсаты оқушылардың құндылықтық

категориялары мен оған қатынасының қалай ӛзгергенін анықтау

болып табылады.

4-тарау бойынша мазмұндағы білімді бекітуге арналған

тестілеу оқулықта берілген.

125

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

КӚЗДЕРІНІҢ ТІЗІМІ

1. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. – Алматы, «Әдебиет

Әлемі», 2013. – 500 б.

2. Алпысқызы Сара. Ӛмір әдебі: Әдеби эссе, толғаныстар. –

Алматы, 2003.-104 б.

3. "Ӛзін-ӛзі тану» пәні бойынша оқу бағдарламасы: орта

білім беру ұйымдарына арналған. 10-11 сыныптар. Алматы:

«Бӛбек» ҰҒПББСО, 2017 ж. – 15 б.

4. Құдайбердиев Шәкәрім. Шығармалары: ӛлеңдер,

дастандар, қара сӛздер. М.Жармұхамедов, С.Дәуітов,

А.Құдайбердиев. – Алматы: Жазушы, 1988.-560 бет.

5. Құдайбердіұлы Ш. Үш анық. - Алматы «Қазақстан» және

«Ғақлия» ғылыми-жоба орталығы. 1991. -78 б.

6. Баласағұни Ж. Қазақ халқының философиялық мұрасы.

Орта ғасырдағы түркі ойшылдары. 5-том. Астана: Аударма,

2005. – 528 бет.

7. Баласағұни Ж. Құтты білік. Алматы 2000. 275-бет.

8. Момышұлы Б. Ұшқан ұя. Повесть, әңгіме, нақылдар.

Алматы: Атамұра, 2003,- 240 бет.

9. Момышұлы Б. Екі томдық шығармалар жинағы. – Т.1. –

Алматы: Жазушы 2004. – 384 бет.

10. Қазақтың бата-тілектері мен ӛсиеттері. /Құраст.

С.Негимов/ Алматы: «Ана тілі» баспасы, ЖШС,2007.- 120 бет.

11. Мақатаев Мұқағали. Шығармаларының тӛрт томдық

жинағы. Алматы: «Жалын» баспасы ЖШС, 2001.-320 бет.

12. Қазақтың шешендік сӛздері: құрастырған, толықтырған,

ӛңдеген Балтабай Адамбаев. Алматы: «Ана тілі» баспасы, 2006.-

160 бет.

13. Сейдімбек А. Шығармалары. 1 том – «Фолиант»

баспасы, Астана 2010.

126

14. Шәкәрімтану мәселелері. ІІ том. – Алматы. «Раритет».

2007

15. Қайдар Ә. Ғылымдағы ғұмыр. –Алматы: Атамұра, 2000,

– 220 б.

16. Нұрғалиев Р.Философиялық сӛздік. Алматы 1996.

17. Жанұзақов Т. Қазақ тілінің сӛздігі. Алматы 1999.

18. Мұратбеков С. Дос іздеп жүрмін. Алматы 1973.

19. Асыл Ұ. Даналық энциклопедиясы. Алматы «Мектеп»

2009.

20. Жақаев Ы. Ӛмір жолдары: Алматы: Жазушы, 1979. –

328 бет.

21. Бегалин Сапарғали. Шоқан асулары. «Жазушы»- 1971.

192 бет.

22. Бекхожин Ерлан. Менің әкем. «Ӛлеңім-ӛмірім»

кітабынан./Құрастырған Е. Бекхожин, М.Бекхожина – Алматы:

«Білім», 2004.- 376 бет.

23. Даналардан шыққан сӛз./ Құраст. Ұ. Асылов. Алматы:

«Мектеп» баспасы, 1987, - 383 бет.

24. Даналардан шыққан сӛз: нақылдар жинағы. /Жинап,

құраст., ауд. Ұ.Асылов. –Алматы: Мектеп, 1987. –383 бет

25. Дияров Нұрмұханбет. Мырзатай Жолдасбеков: Ол -

туған халқының кемеңгері. «Ақтӛбе» газеті. 02.12.2015.

26. Ел аузынан. Шешендік сӛздер, ақындық толғамдар,

аңыз әңгімелер. /Құраст.: Б.Адамбаев, Т.Жарқынбекова/

Алматы, «Жазушы» баспасы, 1989.

27. Есенберлин Ілияс. Жан сырым. Алматы – 2001.

28. Жұмабаев Мағжан. Қарағым. Кӛп томдық шығармалар

жинағы. 1 – том. Ӛлеңдер, дастандар, әңгіме. – Алматы:

Жазушы, 2008.-208 бет. 34-бет)

29. Жұмабаев Мағжан. Жан сӛзі. Алматы, «Раритет»

баспасы. 2005 жыл.

30. Келімбетов Немат. Үміт үзгім келмейді.Хикаят-

монолог. Эссе. Алматы: Раритет, 2005. 432 бет.

127

31. Қазақ тілінің түсіндірме сӛздігі. Алматы/Жалпы

редакциясын басқарған Т. Жанұзақов. - Алматы: Дайк-пресс,

2008.-968 б.

32. Мақатаев Мұқағали. Шығармаларының тӛрт томдық

жинағы. Алматы: «Жалын» баспасы ЖШС, 2001.-320 бет.

33. Молдағалиев Жұбан. Ана туралы жыр. Шығармалар

жинағы. Үш томдық.- Алматы: «Жазушы», 1979.688 бет.

34. Насыр Хұсырау Адамгершілік: Аударған С. Оспан.

(Әлемдік педагогикалық ой-сана. 10 томдық. 2-том: Шығыс

әлемі (орта ғасыр)/Жетекшісі Ә.Н. Кӛшербаева. – Алматы:

«Таймас» баспа үйі, 2009– 400 бет.

35. Низами Гәнжауи. Ұлыма ӛсиет.. Аударған Қ. Бекхожин.

(Әлемдік педагогикалық ой-сана. 10 томдық. 2-том: Шығыс

әлемі (орта ғасыр) /Жетекшісі Ә.Н. Кӛшербаева. – Алматы:

«Таймас» баспа үйі, 2009– 400 бет.

36. Оразақын Асқар. Әке. Анама. Отан деп оянғанда.

Ӛлеңдер мен поэмалар. –Алматы: “Жалын” баспасы, ЖШС,

2004. – 256 бет.

37. Ордабеков Сағындық. Жақсылық жаса адамға. «Егемен

Қазақстан». 12.03.2010.

38. Сәрсеке Медеу. Дара дарын. Роман-эссе. - Астана:

Фолиант, 2008. - 484 б.

39. Сәрсеке Медеу. Қазақтың Қанышы. Роман-эссе. –

Алматы: Атамұра, 1999. – 592 бет.

40. ozin-ozi-tanu.kz интернет-порталы

41. Baq.kz сайты

42. http://oi-tanymdar.blogspot.com/2015/04/blog-

post_13.html. Бақыткерейұлы Ғалым. Бақ туралы аңыз.

43. http://www.qazaquni.kz/2010/05/13/2019.html.

Оразалықызы Гүлсім. «Ленинградтық ӛренім» ӛлеңі қалай

туған?

44. «ozin-ozi tanu.kz» интернет-порталының материалдары.

128

Мазмҧны

Кіріспе ............................................................................................ 3

І ТАРАУ. ТАНЫМ ЖОЛЫНДА

1-2 сабақтар. Ӛмір – танымның кӛзі .......................................... 26

3-4 сабақтар. Іздеген жетер мұратқа… ..................................... 33

5-6 сабақтар. Адам – жасампаз .................................................. 39

7-8 сабақтар. Ӛзіңді табу ................................................................

ІІ ТАРАУ. ТҦЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

9-10 сабақтар. Тұлғаның адамгершілік негіздері ..................... 44

11-12 сабақтар. Мінез-құлықты тәрбиелеу ............................... 50

13-14 сабақтар. Адамның рухани саулығы .............................. 54

15-16 сабақтар. Ӛзін-ӛзі жетілдіруге ұмтылыс ......................... 60

III ТАРАУ. ҚОҒАМДАҒЫ ӚМІР

17-18 сабақтар. Тұлғаның әлеуметтік рӛлдері ......................... 63

19-20 сабақтар. Отбасы – руханилықтың кӛзі ......................... 70

21-22 сабақтар. Адамдар арасында ӛмір сүру ӛнері ................ 79

23-24 сабақтар. Қоғамдағы бейбітшілік және келісім ............. 89

IV ТАРАУ. АДАМЗАТ ӘЛЕМІ

25-26 сабақтар. Адамның рухани кемелденуі ........................... 95

27-28 сабақтар. Үлкен ӛмірге жол ........................................... 104

29-30 сабақтар. Ӛмір жолын таңдау ........................................ 108

31-32 сабақтар. Адамзаттың даналығы .................................. 116

33-34 сабақтар. Шығармашылық есептер .............................. 120

Пайдаланылған әдебиеттер және

интернет кӛздерінің тізімі ......................................................... 125

129

Оқу-әдістемелік басылым

Мыркасымова Н.К., Акимбаева Ж.Ж., Джубатова Л.С.

ӚЗІН-ӚЗІ ТАНУ

Жалпы білім беретін мектептің 11-сынып мұғалімдеріне

арналған әдістемелік құрал

130