47

Шеризаттың қолжазбасын оқып көрдік.qasym.kz/wp-content/uploads/2016/05/KnigaARMANA.pdf · қабағат септесетіндігімен де бек

  • Upload
    others

  • View
    8

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: Шеризаттың қолжазбасын оқып көрдік.qasym.kz/wp-content/uploads/2016/05/KnigaARMANA.pdf · қабағат септесетіндігімен де бек
Page 2: Шеризаттың қолжазбасын оқып көрдік.qasym.kz/wp-content/uploads/2016/05/KnigaARMANA.pdf · қабағат септесетіндігімен де бек

3

«Өлең, ол да — мына мендей күрең ұл..»

Таяуда өлеңге құштар жас талапкер Арман Шеризаттың қолжазбасын оқып көрдік. Бірден айтайық, ақындығына күмән жоқ. Мәселен, «хош аңқыған қиялымның ішінде ақ көбелек-балалығым жүрді ұшып» - дейді автор, өзінің «Көктем» деген өлеңінде. Әне, нағыз поэзия дегеніміз сондай — адам нанғысыз әлденендей жұмбақ дүниенің жұмақтық қақпасын алты ауыз сөзбен айқара ашып бере салады санаңызға әп-сәтте! Енді, ақылыңызды да әнтек жайқалтып, тіліңізді де күрмеп тастарлық қуатқа ие бесті қымыздың Арман өлеңіндегі әдемі қолданылысына қаралықшы: Ағыла кеткен ащы жыр — ашуы айғыр қымыздай. Осылай басталған «Жасын» өлеңі былайша

түйінделеді:Қара Жер — шешем, әкем — Күн,Қайғысын қатар көтердім.

«Қасым.kz» сериясы бойынша жарық көрген екінші кітапқа семейлік талантты ақын Арман Шеризаттың тырнақалды туындылары енгізіліп отыр. Арман Шеризат — өзінің өршіл

өлеңдерімен танылып жүрген дарын иесі. Ақынның жан дүниесіне еніп, сырласқыңыз келсе, жырларына үңіліңіз.

Page 3: Шеризаттың қолжазбасын оқып көрдік.qasym.kz/wp-content/uploads/2016/05/KnigaARMANA.pdf · қабағат септесетіндігімен де бек

54

Арман Шеризат

Жасынды сүйем өлердей,Жасын боп кетер ме екенмін!.. Абай мен Мәшһүр Жүсіп, Шаһкерім

әулиелер жаңғыртқан ежелгі «Күн — Ата, Жер — Ана» танымынан белгілі қос Жаратушыға деген жас ақынның табынысының өзі алапат емес пе: «қайғысын қатар көтердім»! Демек, жасынды өлердей сүйген ақынның өзінің де бір сәт жалпағынан жайқала жарқ ететін жап-жасыл жасын болып та кете алатындығына және имандай сенесің. Өлең сендіреді. Өлең демекші, Арман өзінің алғашқы өлеңін «Тірі өлең» деп атапты. Ол да тегін емес. Оның құпиясы сондағы мына бір жолдарда сияқты: «Жарық Күннің уыз нұрлы саусағын Жанға малып, жазып келем тірі өлең». Әрине, «Күн саусағын адамның қалам етіп алмағы» мүлде қисынға келмейді. Бірақ, «Күн саусағын қалам ету» идеясы логикаға қаншалықты қайшы болса да, аталмыш өлең жолдары автордың поэтикалық кредосының сұлбасын дөп аңғартады. Әрине, ондайлық

көркем пафос, мысалы, «Жарық Күннің сүт аңқыған шапағын, Жанға малып, жазып келем тірі өлең» түрінде болса, Ойдың образдық нанымдылығы да нақтыланып, көркемдігі де құлпыра түсер ме еді, қайтер еді.Қош. «Тірі өлең» былай басталады: Жазмыш — өлең,Жаратушы — арғы Ақын.Арғы Ақынды армандауға бар хақым.Сананы арбап, дұғалайды сезімдіҚанатына шам байлаған қарға-Түн.

Ұшып қайда барады екен құс-ғұмыр?Ойлай-ойлай, жан шошырлық ұсқыным.Құс-ғұмырдың қанатының астынанҚалың елге қара өлең боп түсті Нұр.Осының өзі — «қанатының астына маржан

тағулы» фольклорлық қараторғайдан» жаратылып ұшқан «қараөлеңдік-қарғатүндік» өзінше бір метаморфоза, кешегі қараторғайдай ғана кішкентай қара баланың бүгін нағыз Қара Өлеңге айнала, халқының қамын ойлай бастағандағы қағылез де қайсар кейпі.

Page 4: Шеризаттың қолжазбасын оқып көрдік.qasym.kz/wp-content/uploads/2016/05/KnigaARMANA.pdf · қабағат септесетіндігімен де бек

76

Арман Шеризат

Мен де өлеңге айналамын, білемін.Өлең, ол да — мына мендей күрең ұл.Тәңірінің жер бетіне үздіксізЖазып жатқан жұмбақ жыры — бұл Өмір!Арманның «Тірі өлеңі», міне, осылайша

әсем де көсем түйінделеді. Яғни, бұл өлең бізге байырғы ақын-бақсы бабаларымыз кемел түзген адамтану-табиғаттану-күнтану-құдайтану ілімінің мынадай қадымғы қағидатының санамызда қайыра жаңғыруына қабағат септесетіндігімен де бек қымбат: «Жаратушы жай сөздің иесі емес, ол — тылсым Өлең-Сөздің Ійесі, құдіретті Ақын. Оның жаратып жатқандарының бәрінің Өлең (Өлең: жұпар шөп; Жұпар Ән,.) болмағы да сондықтан». Осы ежелгі қарапайым қағиданың жадымызда сақталып қалғанмен, рухани мән-мағынасы әлі күнге зерттелмеген бір формуласы: «шөп те — өлең, шөңге де — өлең, өлең де — өлең».Өзіміз көптен бері құлшына зерттеп жүрген

байырғы күнтану ілімі қағидаларына сай келер мынадай да әдемі өлең жазған бауырымыздың

келешекте мықты ақын болып шықпауы мүлде мүмкін емес: Күллі ғалам жаратылған бөлшектен.Әр бөлшекке Хақ құяды өлшеп дем.Күн-Атаның сәбиіміз біз әлі,Жер-Анамыз шығармаған емшектен.

Жаралғалы Күнге ұмтылып келеміз.«Жер көтерген» жоқ ешқандай «Көк Өгіз».Кімнің мұңын түйсінеді бұл жүрек,Күннің нұрын түсінбесе өреміз?

Біздікі тек — тірлік ету, жобалап,Нұрлы ақылсыз бәрімізге обал-ақ.Ақырзаман жоқ қылады ғаламды,Күннің Басы кеткен шақта домалап...

Тыныштықбек ӘбдікӘкімұлы,ақын

Page 5: Шеризаттың қолжазбасын оқып көрдік.qasym.kz/wp-content/uploads/2016/05/KnigaARMANA.pdf · қабағат септесетіндігімен де бек

98

Арман Шеризат

арман алар асу кӨп

Ақындық — Алла тағала адам баласына ана сүтімен дарытқан дара қасиеті. Ол, атадан балаға жететін анық тұқым қуалаудың жемісі. Десе де «Ондай болмақ қайда деп» қайратсыз жата беру де бекершілік шығар.«Талант көрсең , көзін аш», «Ел іші — өнер

кеніші» деп жататындығымыз да сондықтан.Алаштың үш бірдей арысын тудырған

Шыңғыстың жері, Абай елі әлі күнге дейін таланттан кенде емес. Солардың бірі де, бірегейі де жас ақын Арман Шеризатов.Ақиық ақын, марқұм Мерғали Ибраев

атындағы «Ақсұңқар» ақындық сыныбының түлегі. Арманның аяқ алысын бала кезінен бастап таныдық. Аудан орталығынан алыстау ауыл мектебінде оқып жүрген жерінен Қарауыл гимназиясына қабылдадық. Білімін шыңдап, ақындық талабына ақ жол аштық.Қателеспеппіз. Арман оқушы кезінен ақ

жергілікті жердегі ақындар айтысы мен

мүшәйраларының жеңімпазы атанды.Республикалық «Абай оқуларының»

бас жүлдесін жеңіп алды. Республикалық теледидарда ұйымдастырылған жас ақындардың аламан бәйгесінің де алдын бермеді.Студент болды. Онда да бірнеше облыстық

жыр мүшайраларының жеңімпазы атанды.2014 жылы Астана күніне орай

ұйымдастырылған республика ақындарының жыр додасында бас жүлдені қанжығасына байлап, астына автокөлік мінді. Небәрі жиырма жастан жаңа ғана асқан жас ақын үшін бұл аз жетістік емес.Нағыз ақындыққа жетістік те өлшем емес

шығар. Табыс та талант көзін таныта қоймас.Әйтсе де осының бәрі — жас ақында өсу мен ізденудің, талмай талаптану мен ерекше еңбектенудің бар екендігін көрсетеді.Қарағандылық азаматтардың талантты

ақындарды іздеп тауып, олардың шашбауын көтеру бағытындағы игілікті істері де қуана , құптарлық екен.

Page 6: Шеризаттың қолжазбасын оқып көрдік.qasym.kz/wp-content/uploads/2016/05/KnigaARMANA.pdf · қабағат септесетіндігімен де бек

10

Арман Шеризат

Серік Ақсұңқарұлындай дарабоз ақынды дүниеге әкелген қасиетті жердің азаматтарына Алланың нұры жаусын!Алғашқы жыр кітабын оқырмандар назарына

ұсынып отырған ақын шәкіртім Арман Шеризатовтың қазіргі қазақ поэзиясының алдыңғы шоғырында шоқтай болып жанатындығына сенім мол.

Төлеген Жанғалиев, ақын, Қазақстан Жазушылар

одағының мүшесі.Қазақстан республикасының

мәдениет қайраткері.

абай ауданы, Қарауыл ауылы, ШҚо.

Арман Шеризат

Page 7: Шеризаттың қолжазбасын оқып көрдік.qasym.kz/wp-content/uploads/2016/05/KnigaARMANA.pdf · қабағат септесетіндігімен де бек

13

***

Жүректің кілтін таппай сезімдегі,Адассам кешір, өлең, өзің мені!Мөп-мөлдір жас екен ғой ғұмыр дегенМөлт еткен дүниенің көзіндегі.

Жасын

Беймарал ойын қуғызбай,Бозөкпе шақта уыздай,Ағыла кеткен ащы жыр — ашуы айғыр қымыздай.

Тірсек бос шақта, күстабан,Тәңірім беріп күш маған.Өмірді білген кезде мен,Өлеңнің жалын ұстағам.

Қара Жер — шешем, әкем — Күн,Қайғысын қатар көтердім.

Page 8: Шеризаттың қолжазбасын оқып көрдік.qasym.kz/wp-content/uploads/2016/05/KnigaARMANA.pdf · қабағат септесетіндігімен де бек

1514

Арман Шеризат

Жасынды сүйем өлердей,Жасын боп кетер ме екенмін!..

Ай-ғұмыр

Толған айдай кетілетін күн санап,Біздің ғұмыр — төңкерілген құмсағат.Тұрлауы жоқ уақыттың көшімен,Керуен жылдар келе жатыр тұмшалап.

Ада тұрар тіршіліктен қым-қуыт,Арлы өлеңге қуаныштан мұң жуық.Ажалды боп туған күллі пендені,Таң артынан жүреді бір түн қуып.

Маңдайыммен күннің нұрын көп емген,Мына әлемге шуақ шашып келем мен.Көз алдымда жұтып жатты тұңғиық,Ағып түскен жұлдыздарды төбемнен.

Өзекті өртеп өте шығар ғұмыр-ай,Шыдам бітсе, шытынармыз шыныдай.Қақ жарылған қанжарындай уақыттың,Бейітіңде қалар белгі сынық Ай.

Адасқақ

Арғымақтай тулаған,Аш бөрідей шулаған.Көк Тәңір сүйген ТүркініңАнасы болған бұл далам.

Тұранның бойы — тұғырым,Ғұндардан қалған ғұрыбым.Алты Алаш болып бөлінбей,Алтайдан өнгем ... Тірімін ...

Атымның жалын тарта алмай,Ауып бір кеткем арқардай,Атамнан қалған тарихты,Атанға келем арта алмай.

Page 9: Шеризаттың қолжазбасын оқып көрдік.qasym.kz/wp-content/uploads/2016/05/KnigaARMANA.pdf · қабағат септесетіндігімен де бек

1716

Арман Шеризат

Айқасқан жаудың кәрі ме,Адасып жүрмін әлі де.Аспан мен жердің арасыКісінеп рухы жылқының,Әмірі жүрген Түркінің,Жарық Күн куә бәріне!Жарық Күн куә бәріне!

***

Әлемге мынау төменгі, Қарай алмадым құлмын деп.Жаныммен жаздым өлеңді,Жалғаннан биік тұрғым кеп.

Өзінен кім бар аса алған,Тағдырын жасын тасқа ұрып.Теңіздей мұңнан жасалған,Тамшыдай ғана жақсылық.

Көш

Кеудесінде даламның бабам көшіп барады,Кеудесінде бабамның далам көшіп барады.

Тұлпар серік жанына, тақымына жел серікСалқар көші келеді сары даланың теңселіп.Қыздырмалап қымызы, қылын басса аңыздыңҚоңыр үні шалқиды қобыз-кеуде абыздың.Қалқып шығып ақ таңға қара түннен жарадар,Көштің алдың көлбейді күн көтерген қара нар.Мәңгілікті жасырған құпиясын аспанның, Ойып жазған бабам-ай кеудесіне тастардың!Сегіз қиыр тарапқа сегіз қырлы сөзі үстем,Үкілеген көш — осы, салтанаты келіскен.Көшкен елге тегінде кеңістік тар, ендік тар,Көшкен елдің бойында тағылық бар, кеңдік бар.Және де асқақ рух бар жандарында өлмеген,Сол рухты таба алмай, атам кеше шөлдеген.Қош айтты олар жалғанға, көш өмірді шектегенЖаны ма екен солардың боз жусан боп көктеген?!Боз жусандар, аңқыңдар, аңқа жарып ақ таңда,Мен де иіскейін сендерді қалғып бара жатқанда ...

Page 10: Шеризаттың қолжазбасын оқып көрдік.qasym.kz/wp-content/uploads/2016/05/KnigaARMANA.pdf · қабағат септесетіндігімен де бек

19

Қыранмен қоштасу

Тояттауға хақың жоқ, қолға қарап,Қыран болсаң , қанекей, қомда қанат.Иең сені бәтір-ау дәл өзіндейТұтқын етіп қоймақ қой торға қамап.

Қапастағы қайтесің ел тірлігін,Зау биікке шық тағы, серпіл бүгін.Тарысына тағдырдың қыт-қыттаған,Тоналса егер тауықсың еркіндігің.

Қасиеттім болсаңшы, ездікке кек,Ұшырайын босатып ... Мендік көмек... Баба таудың иығын тұғыр етіп,Қанатыңды жай-дағы, кеңдікке кет!

Көк аспанға кет енді, қарайлама,Сызат салма, титтейін ар айнаңа.Тобыр бізге еркіндік беріп пе еді?Торда сені қалдырам қалай ғана?

Page 11: Шеризаттың қолжазбасын оқып көрдік.qasym.kz/wp-content/uploads/2016/05/KnigaARMANA.pdf · қабағат септесетіндігімен де бек

2120

Арман Шеризат

... Шаңқ етті де рухын шақырды “кек”,Шарасыз бір менде де жатыр жүрек.Қанды көзін қадады ол қара жерге,Мен де жерге қарадым ақырғы рет.

***

Аспалы көпір астында,Бейнеңді көрем жағадан.О, менің аппақ сезімім!О, менің аппақ шағалам!

Куәсі болып сол күннің Сұлбамыз суда елтіп нұр ...Көшіне сонау толқынның,Кетіп ек сырды шертіп бір.

Санама сезім бағынбай,Ұмытқам сонда қайғыны.Толқыды менің жанымдайЕртіске түскен ай нұры.

Жабырқап жазға айтам ән,Айналып күзге кеткенмін.Оралдым жалғыз қайтадан,Көз жасын көріп көктемнің.

Мұңлықты көпір тыңдар ма?Телміріп тұрмын қайта алмай.Төбемнен көшкен жылдарға,Төменнен үкім айта алмай ...

Page 12: Шеризаттың қолжазбасын оқып көрдік.qasym.kz/wp-content/uploads/2016/05/KnigaARMANA.pdf · қабағат септесетіндігімен де бек

2322

Арман Шеризат

Тірі өлең

Жазмыш — өлең,Жаратушы — арғы Ақын.Арғы Ақынды армандауға бар хақым.Сананы арбап, дұғалайды сезімдіҚанатына шам байлаған қарға-Түн.

Ұшып қайда барады екен құс-ғұмыр?Ойлай-ойлай, жан шошырлық ұсқыным.Құс-ғұмырдың қанатының астынанҚалың елге қара өлең боп түсті Нұр.

Мен де өлеңге айналамын, білемін.Өлең, ол да — мына мендей күрең ұл.Тәңірінің жер бетіне үздіксізЖазып жатқан жұмбақ жыры — бұл Өмір!

***

Күллі ғалам жаратылған бөлшектен.Әр бөлшекке Хақ құяды өлшеп дем.Күн-Атаның сәбиіміз біз әлі,Жер-Анамыз шығармаған емшектен.

Жаралғалы Күнге ұмтылып келеміз.«Жер көтерген» жоқ ешқандай «Көк Өгіз».Кімнің мұңын түйсінеді бұл жүрек,Күннің нұрын түсінбесе өреміз?

Біздікі тек — тірлік ету, жобалап,Нұрлы ақылсыз бәрімізге обал-ақ.Ақырзаман жоқ қылады ғаламды,Күннің Басы кеткен шақта домалап...

Page 13: Шеризаттың қолжазбасын оқып көрдік.qasym.kz/wp-content/uploads/2016/05/KnigaARMANA.pdf · қабағат септесетіндігімен де бек

24

Арман Шеризат

***

Мен кеттім бақытты ғып бөтен қызды,Сен қалдың қастерлеумен некеңді ізгі.Адаспай бір бақытқа жетсек деген,Армандар алдапты ғой екеумізді.

Сағынышты ойларым жұлдыздана,Кешуменен кештерде жүрміз бе азап?!Қиысуға тиісті қос тағдырлар,Қиыспайтын жолдардан тұрмыз қарап.

Сезімімді жасырып қоям ішкі,Таппасам да жаныма таянышты.Кездесулер не деген аяулы едің,Қоштасулар не деген аянышты.

Жазылмайтын жүректің дертісің бе,Жүргендеймін алапат өрт ішінде.Қалып қойды-ау баянсыз біздің бақыт,Оралмайтын уақыт еншісінде...

Page 14: Шеризаттың қолжазбасын оқып көрдік.qasym.kz/wp-content/uploads/2016/05/KnigaARMANA.pdf · қабағат септесетіндігімен де бек

2726

Арман Шеризат

Көктем

Көктем бе бұл күн нұрына болған мас?!Қалың ұйқы көтеруде қардан бас.Жер-Ананың соғып жатты кеудесін,Қыз-қайыңның кірпігінен тамған жас.

Мынау дала жарасым ғой, жан ұғыс, Әр бүршікте жатыр көктем жарып іш.Құшағында тербетіп тұр ғаламды,Құс үнімен жеткен ұлы сағыныш.

Көктем күткен көңіліме гүл бітіп,Жарқ етсе күн, мөлт етеді түнгі шық.Хош аңқыған қиялымның ішінде,Ақ көбелек, балалығым жүрді ұшып.

Балалық-ай, қол бұлғаған бөктерден,Өмір өзі бастау алған көктемнен.Әр адамның ішінде асқақ көктем бар,Сағыныштан күзге айналып кеткенмен.

Ару — көктем, бақытыңа бөле бір,Кеудем іші күмбірлейді көне жыр.Қара жердің жарып шыққан құрсағын,Мен көктемнің ақынымын, ей, өмір!

Page 15: Шеризаттың қолжазбасын оқып көрдік.qasym.kz/wp-content/uploads/2016/05/KnigaARMANA.pdf · қабағат септесетіндігімен де бек

2928

Арман Шеризат

***Мың бұралаң өмірдің көшесімен,Жөңкіле жылдар көшті неше түмен.Әкетеді ақыры тұңғиыққа,Батқан күннің бұлт сипап шекесінен.

Жүз құбылса жалғанның түр-кескіні,Қоза түсер пенделер күндестігі ...«Өмір — базар» деп жүрген кей адамдар,«Базар — өмір» емесін білмес түбі.

Базаршылап кеткенде халық түгел,Көңіліме менің де қамық түнер.Көзін қойып кетердей өзін сатып,Саудаласып үйренген сауықшыл ел.

Ойларымның бірі — үміт, бірі — күмән.Бұл тірліктің басы — ашық, түбі — тұман.Баянымен ән сап тұр қайыршы шал,Баянсыз дүниенің бұрышынан.

***Ығай менен сығайға толы қалаМейірімін төкпеді жолыма, ана.Опындырып дүние ойлап па едім,Үмітімнің болар деп соңы нала.

Қамалына қамалып тіршіліктің,Түтініне қаланың тұншығыппын.Шебер өмір мені де икемдепті,Шеңберінен шығармай бір сызықтың.

Үнсіз қалды сезгенім, сірә, тұңғыш,Кеудемдегі беу-беулеп тұратын құс.Махаббатта ғана екен ұқтым, ана,Мына әлемнің қамытын бұзатын күш.

Бұра алмадым жолымды басқа арнаға ,Өлең мені ұшырған аспанға, ана.Жанарыма сыйдырып жарық күнді,Жан бітіргім келеді тастарға да.

Түсіме енім түнімен баба тауым,

Page 16: Шеризаттың қолжазбасын оқып көрдік.qasym.kz/wp-content/uploads/2016/05/KnigaARMANA.pdf · қабағат септесетіндігімен де бек

30

Арман Шеризат

Қарса аламын қаперсіз қала таңын.Қайырымды көңілдің жылуымен,Қайыршының толтырсам алақанын —

деген үміт жетектеп кете барам,Елдің жайы ертеңгі етеді алаң.Көп нәрсені үйрендім мен көшеден,Көп шындықты көрсетті көше маған.

Қала кезіп ұлыңнан тентіреген,Әлі талай туады еркін өлең ...Ақ жолымнан айнымай келем, ана,Ақ сүтіңнің бойдағы сертіменен.

Page 17: Шеризаттың қолжазбасын оқып көрдік.qasym.kz/wp-content/uploads/2016/05/KnigaARMANA.pdf · қабағат септесетіндігімен де бек

3332

Арман Шеризат

***

Барыммен сүй, іздеме, жоқты менен,Жаныңмен сүй, балқысын отты денең.Ғашық жүрек тауысып төзімімді,Тайқы маңдай тағдырдан соққы жеген.

Соққы жеген, сонда да басылмаған,Менде ұлы сезім бар ашылмаған.Жеткізе алмай жүректі сүйгеніне,Алып келем қалқалап басымды аман.

Жүрегіммен білмеймін жарастым ба?О, махаббат, сен мені адастырма!Сезім — ол да көктем ғой, бүр жаратын,Көктемімді өлтірме қар астында.

***

Менен бұрын сан керуен сапар кешкен,Өмір қызық-қайғы ғой қатар көшкен.Астан-кестен жалғанның сыйқын көрдім,Қызыл жалқын ойнаған батар кештен.

Нені білдім, нені ұқтым, сездім нені?Көңіл толқып, шайқалды көздің көлі.Қалжыраған ойлардан қаңбақ басты,Ықтырумен әкетті сөздің желі.

Ғашық жүрек жанымды өлең өртеп,Ақ жауыны арманның себелер тек.Жарығы ойдың қалар ма әр жүректе,Жұлдыздардай жалт етіп сөне берсек. Өмір, сірә, сыймайды өлшемге еш,Кемел ойға кетеді кемсеңдеп ес.Елес қуып, артынан жете алмадым,Ұзап кетті тағы бір теңселген көш. Ұзап кетті...

Page 18: Шеризаттың қолжазбасын оқып көрдік.qasym.kz/wp-content/uploads/2016/05/KnigaARMANA.pdf · қабағат септесетіндігімен де бек

3534

Арман Шеризат

***

Осыншама өмірім мұңсыз ба еді?Өтіп жатыр өлшеусіз күн тізбегі.Жыластаған жылдарым жұмып көзін, Шығарып сап тұрады үнсіз мені.

Кеше ғана қайғырып, күлгем кеше,Көңіл, шіркін, көңіл ме гүлденбесе?Өткен күнге не пайда өкінгеннен?Өмір, шіркін, өмір ме бір келмесе?

Үлермегем ештеңе таразылап,Қарақат көз неліктен қарады ұзақ.Күнделікке қалдырып болмашы ізін,Күндер, күндер білінбей барады ұзап.

Өткен күннен алдым ба аласымды,Жүрек неге бұлқынып аласұрды.Сетен көңіл бір күні сетінейді-ау,Сезінбеген бақытын бала сынды.

Алаңдайды көңілім от басардай,Ей, тағдырым, қойсаңшы отқа салмай.Жаңа күнді қарсы алып мен үнемі,Өткеніммен тұрамын қоштаса алмай.

Жалғыз

Мыңғырады мал үні қай қыраттан?! Аңсақ құрған арланға қайғы — қақпан.Орақ айдай азуын түнге сұғып,Омыраулап бір кезде тай құлатқан. Қойшылардың аузында аты — жұмбақ. Олжа иісін сезеді алты қырда-ақ. Апаның да аңсайды бөрі күнін, Ай астында жортатын шақырымдап. Үдірейген төбедей көк жал сұсы. Емен құлап езгендей ел қарғысы ... Алты тұтам аяғы жер тырмалап, Ақ жаңбырдай жатыр-ау боздап іші. Әл тайғанда жалғыздық жаяды мән... Ғайып болған әуек те маңайынан.

Page 19: Шеризаттың қолжазбасын оқып көрдік.qasym.kz/wp-content/uploads/2016/05/KnigaARMANA.pdf · қабағат септесетіндігімен де бек

3736

Арман Шеризат

Біз тұмсығын дал қылып, алып шыққан Көмейкөзді ажалдың талайынан. Барлығы да екен ғой қуатында, Сол абадан жан қиды бір ашуға. Тісін қайрап, тістеніп өліп кетті, Бата алмады қара жер жұбатуға ...

Р.S: Жауыздықпен жалмайтын жалғыздарын Тіршіліктің түйіні — міне осында...

***

Жүректерге нұр құятын шын құштар,Бар әлемді ұстап тұрған бір күш бар.Жаратушы Құдіреті сол күшпен,Ақын біткен ақиқатты қызғыштар.

Қуатымен кеудемдегі сол оттың,Құлама құз, қыл көпірден көп өттім.Ақиқат пен ардың Ақын ұлында,Адамзаттан болған емес бөлек мұң.

Ақиқатты жарар еді, айта алсақ,Жанды таза қайтарайық, қайтарсақ.Мәңгі тұрақ бола алмайды жер бізге,Аспан шатыр бола алмайды шайқалсақ.

Асқақ арман ажырама көркіңнен,Тағдыр тыс боп қала көрме еркімнен.Қиялымда кезіп кетем ғаламды,Құлағымда өмір күйі шертілген.Тылсым сонау құпиялы ғарыш жақ,

Page 20: Шеризаттың қолжазбасын оқып көрдік.qasym.kz/wp-content/uploads/2016/05/KnigaARMANA.pdf · қабағат септесетіндігімен де бек

3938

Арман Шеризат

Бәрі менен бара жатыр алыстап.Қойнауыңда қалып қоям түнектің,Ойларымды арғы әлемге бағыштап.

боздақ

Күмбірлеші ... Күмбірле, Күй — Құдайым! Шанағыңнан төгілген мұңды ұғайын. Бозінгендей боздатшы қос ішегіңді, Сеніменен қосылып бір жылайын.

Әуеніңе тербелсін кеуде — бесік, Қалғанынша қара тән жерге кетіп. Байлап берсем қайтеді өзегіңе Жүрегімді оныншы пернең етіп?!

Өн бойыңа даланың үні тұнған. Тарихымды сен айттың ұмытылған. Қолыма алып, бір иіскеп қалайыншы, Шығып кетпей тұрғанда уысымнан.

Ойып алған орманның түп жағынан, Кісінескен домбырам — бір қазынам.

Құдірет-ай, тілсізге тіл бітіріп, Сыйладың Күй, сан ғасыр сыйладың Ән. Қасиетіңді мен түгіл халық білген. Аңыз болып жеттің бе алыс күннен?! Жаратқаннан қазақты жарылқауға Түскендейсің үзіліп жарық Күннен ...

***

Қонақ келсе үйіне марқаятын,Марқаятын Қыдыр деп мал соятын.Күнмен бірге өріске малын айдап,Түнмен бірге төсекке жантаятын.

Дала тілін сендердей түсінер ем,Енер болсам төрт маусым ішіне мен.Жібек жалы айменен шағылысып,Қамбар таулар түн сайын кісінеген.Төл үнінен көктемгі жамырасқан,

Page 21: Шеризаттың қолжазбасын оқып көрдік.qasym.kz/wp-content/uploads/2016/05/KnigaARMANA.pdf · қабағат септесетіндігімен де бек

4140

Арман Шеризат

Ақ уызын жарады адыраспан.Қойнауына даланың еніп кетіп,Қойшы қарттың өріспен әні ұласқан.

Әңгімеші жайдары ел, көңіл сергек,Бұл далада жатады сезім селдеп.Қос құлын жарысады қара жолда,Домбыралы даламның шегін тербеп.

Еңбегімен елінен алған баға,Берекетті тілейді малдан ғана.Бауырына тұрардай басып мені,Аумай жатқан атамнан аңғал дала.

***Ақ марқа бұлт алаңсыз көкте жүзіп,Жұмақ жаздың жұртыма жетпегі құт. Қоңыр сайлар тартады демін ішке,Айдаһар — күн, аузынан от төгіліп.

Ақ бас шыңға айбарлы қарсы қарап,Ақ ордасы қасқаяр алты қанат.Шаңырақты тұмшалап түн келеді,Босағадан енеді таң сығалап.

Ел жайлауын зарығып тосады анық,Қазақ үшін шынында осы ара құт.Қойнаунан жатады бұл өлкенің,Қымызы мен қызығы қатар ағып.

Боз көденің тұрғанмен мұрты гүлдеп,Елсіз қалай жапанның шырқы кірмек.Кеудемдегі боздайды жетім бота,Иен қалған жайлаудан жұртын іздеп.

Бабам жүрген тоқтады көшім бүгін,

Page 22: Шеризаттың қолжазбасын оқып көрдік.qasym.kz/wp-content/uploads/2016/05/KnigaARMANA.pdf · қабағат септесетіндігімен де бек

4342

Арман Шеризат

Қатты батты түске еніп жетімдігім.Шежіреші шалдардың етегіне,Бас қойып ұйықтап кеткен секілдімін. Оята көрме....

іңкәрлік

Тәкәппар таулар алыстап,Манаурап ауыл жататын.Кәрі әжем дұға бағыштап,Күн, әйтеу, кештеу бататын.

Жаралы жанның қонағы,Жүрегім талай сыздарсың.Бір сынып менен жоғары,Шеткі үйде сұлу қыз бар-тын.

Өткенге бүгін жүгінсем,Тоқтау жоқ уақыт сынапта.Хор қызы көріп жүруші ем,Айналған жаз да жұмаққа.

Сеземін отты мен кейде,Алғашқы жазған хаттардан.Сыңғырлап жұмбақ кеудемде,Беймәлім сезім басталған.

Ақ қанат аппақ періштем,Қимадым оны төменге.Жүз ақын сүйсе жаза алмас,Айналып кетті ол өлеңге.

Жарты әлем сыйып кететін,Жәудіреп тұрған көзіне.Ғашық боп қалдым нетесің,Өлеңге, әлде, өзіне.

Өтеді екен ғой жарысып,Бақытты күндер байқалмай.Мектепті бұрын тауысып,Кетіпті маған айта алмай.

Жанымды мұңның басқаны,Жауатын бұлттай түнергем.

Page 23: Шеризаттың қолжазбасын оқып көрдік.qasym.kz/wp-content/uploads/2016/05/KnigaARMANA.pdf · қабағат септесетіндігімен де бек

4544

Арман Шеризат

Сағыныш еді сап-сары,Есейтіп мені жіберген.

Таусылып аңсар төзімін,Көңілге алған көшіріп.Кеткен бе суып сезімің,Жеткенде бір жыл кешігіп.

Ауылды... мендей ғашықты,Қалада қалай ұмыттың?Көркіңді көрдім бақытты, Көзінен бөтен жігіттің.

Алданып әлде қалдым ба?Мойындап жеңілгенімді.Жүрекке жерлеп тастадым,Қалалық қыздың алындаБалалық сезімдерімді.

***

Өкпеледің бе?!Тақымында жылдардың кеткен өмірге.Мәңгі қыс боп қасарған тірлікке мынау,Сен қайтадан бүр жарып көктемедің бе?

Құладым деме,Тағдырыңа ашынып жыладың неге?Батар күннің күдігін қалдыршы, қарғам, Атар таңның үмітті шуағын көре.

Өмір үстем бе?Не жетсін қайғы мұңыңды бөліп ішкенге!Риясыз күліп, Мен кейде ләззәт аламын,Жеңістерге бергісіз жеңілістен де!

Білемін құсым,Кім бар дейсің жалғанда жүрегі бүтін?Өмірді мәңгі жаныммен сүюге бармын,Сенің аппақ періште тілегің үшін!

Page 24: Шеризаттың қолжазбасын оқып көрдік.qasym.kz/wp-content/uploads/2016/05/KnigaARMANA.pdf · қабағат септесетіндігімен де бек

4746

Арман Шеризат

***

Бәрі осылай қалуға мұрша бар ма?Бәрімізді уақыт тұмшалауда.Батқан күнді қимадым ... Ал біреулерЖалақыға жете алмай, күн санауда.

Өткен уақыт, өткен күн жеткізе ме?Асау жылдар бас бермей кетті неге?!Шиырлаған ойлардың шырмауынанҚалың мұңға беремін кеп тіреле...

Санаға салмақ салған сезімдерден,Сан рет сарсаң болып жеңілгем мен.Көлгірсіген талайлар көзімде өлген,Адамдардан не таптым безінгеннен?!

Өз көшімен уақыт тағы айналды,Біреуден жыр, біреуден сарай қалды.Көкжал рух ұлыса, күшігіненИт — тағдыр талап берген талайларды.

Әдетіңе, ей, тағдыр, бас тағы да!Төгіп жатқан жаңбыр ма, жас па мына?!Қайғы мұңы аралас өмір меніңӨлеңімнің айналған аспанына.

Page 25: Шеризаттың қолжазбасын оқып көрдік.qasym.kz/wp-content/uploads/2016/05/KnigaARMANA.pdf · қабағат септесетіндігімен де бек

4948

Арман Шеризат

Парыз

О, туған жер!Өлшемісің аңсаудың,Арқар сынды бөктеріңнен қанша аудым.Қия шықса, қиқу салып дем берер,Өз қыраны болмайды ма әр таудың?!

О, туған жер!Қайыңдары ақ балтыр,Сезімге елтіп, жанарыма жас қалтыр.Ғазал болып төгілсе екен сендергеЖүрегімнің түбіндегі жатқан сыр.

О, туған жер!Соғып тұрған жел — абыз.Ғасырлардан жеткізіп тұр сен аңыз.Құдірет-ай, шайырға тән жүрекпен Бұл даланы жырлайтұғын бер ауыз!

О, туған жер!Өзендері өр келген.

Менде ағып жөнелермін сендермен.Ерке қызға жырымды алып барармын,Ерте күз кеп арамызды бөлгенмен.

О, туған жер!Зобалаңды көп көрдің!Куәгері сенсің тірі өткеннің!Саған жарған ызасынан атомның Ақын болып кеткенмін.

О, туған жер!Саған ұқсас тағдырым.У-ыңды ішіп, мен де өксіп қаңғыдым.Тазарайық, арылайық бір сәткеТөкші қайда жаңбырың?!

О, туған жер!Құшағы ыстық шешемсің!Бауырыңа басып туған екенсің!Өлсем-дағы бауырыңа басып жат,Мойынымдағы соңғы парыз өтелсін.

Page 26: Шеризаттың қолжазбасын оқып көрдік.qasym.kz/wp-content/uploads/2016/05/KnigaARMANA.pdf · қабағат септесетіндігімен де бек

5150

Арман Шеризат

***

Тұңғиыққа тартар бізді күн-желкен,Таза мұң бер, Тәңір, маған мұң берсең!Қобыз тартып қара жердің астында,Қорқыт көрі күтіп отыр бізді ертең.

Көктем болып жазайын деп көкке өлең,Шексіздікке шығу үшін, шектелем.Мәңгі жасыл айналар ем маусымға Мезгілдердің ғұмырлары жетпеген.

Құлағымда құстар салған ән бүрлеп,Көп тыңдадым уызына қанғым кеп,Көктем сайын көп барамын ұяға Қарлығаштың қанатынан жазды іздеп.

Ақын — ұлы табиғат қой, жүзі — нұр,Көп шайырдың өздері жоқ, жыры жүр.Қалыбына сыймай кеткен жүректің,Жарылуы заңдылық қой түбі бір ...

***

Мендік сезім — махаббаттың көктемі,Мендік үміт — мейіріңнің жеткені.Сезімімді қанатына қондырып,Көңілімнің саған ұшты кептері.

Еркек — ақыл, бағынбадым ол заңға Сені жаным көп іздедім сол жазда ...Күлімдеші, ұсынайын қолымменЖүрегімді өзің жайлы қолжазба.

Естеліктер ес ішінде жаңғырған,Ол да гүлдеп, баққа айналды жаңбырдан.Қиялдағы елесіңді қуалап, Мен ақынмын дүниені қаңғырған.

Белгілі енді бұрынғыдай күтпесің,Бәрі осылай бітсінші енді біткесін...Баянына жете алмаған бақыттың,Аяғына қоя салшы нүктесін ...

Page 27: Шеризаттың қолжазбасын оқып көрдік.qasym.kz/wp-content/uploads/2016/05/KnigaARMANA.pdf · қабағат септесетіндігімен де бек

5352

Арман Шеризат

***Жаным, мендеСезім де ерек, мұң да ерек,Менің мұңым Өзгелерден, біл, бөлек.Көк әтірмен жұпарланып көктемдеКөбелектей сыр айтамын гүлге кеп.

Маңдайыма махаббаттың демі үрсе,Шабыттанып шарқ ұрамын теңізше,Жаным менің жаурап қалар сезімсізКүздің соңғы жапырағын жел үзсе.

Байламы аздау балалықты сен білген,Арманы — айғақ, ақылыма жеңдіргем.Алғаш рет кездестірген бізді үнсіз,Жағабаққа өзіңді іздеп келдім мен.

Төкті жаңбыр, саулап жатқан төбем — құт Қуанышқа, шын бақытқа бөлендік.Біз жамылған махаббаттың аспанын,Ақын бұлттар оқып жатты өлең ғып.

Хат

Бір жылылық байқадым келбетіңнен,Әсер осы алғашқы кездесуден.Қыз іздеген жігіттің бірі емеспін,Нұр іздеген ақынмын жер бетінен.

Саған ерсі көрінер бұл қылығым,Жарасымда алдымда қымсынуың.Шырайлана бердің-ау көз алдымда,Құдайға да сезімім — құлшылығым.

Жігіт — арман , қыз — үміт, алып ұшқанСенде үмітсің жаралған жаны құстан.Уақытта емші бола алмас, тәтті мұңымТатып көрші, мендегі сағыныштан...

Жан түсінбес бір әлем ішкі мұңым.Оны зерттеп, бола алмас еш ғылымың.Азаттыққа ұмтылғам амалым неСені сүйген жүректің тұтқынымын.

Page 28: Шеризаттың қолжазбасын оқып көрдік.qasym.kz/wp-content/uploads/2016/05/KnigaARMANA.pdf · қабағат септесетіндігімен де бек

55

Орман сынды санамда ойым қалың,Арыла алмай сәт-сайын қоюладым.Жаратқаннан сырымды жасыра алман.Мойындау ма ал енді мойындадым.Білесің бе жүректің түкпіріндеСаған арнап бір шоқ гүл қойылғанын.

Әй, ерке қыз, шынымен дертім бе едің?Көңіл қошым кірмеді-ау сенсіз менің.Былғап алма, жанымды ұсынайынАл қай жаққа бастайсың еркіңдемін.Алапатқа айналсын мендегіұшқын,Махаббатқа мәңгілік сертімдемін.

Page 29: Шеризаттың қолжазбасын оқып көрдік.qasym.kz/wp-content/uploads/2016/05/KnigaARMANA.pdf · қабағат септесетіндігімен де бек

56

Арман Шеризат

Қара өлеңнің бұлты(ақын ағам Қалқаман Саринге)

Қарауылда қалың орман жоқ бүгін,Қара жонда көрсететін шоқтығын.Содан ба екен іргесінен жел үрсе,Қоңыр сайдан естіледі қошқыл үн.

Қарауылда қалың елдің мұңы бар,Мұңнан ғана туады екен ұлылар.Жасынындай жан отымен өртенер,Ақынындай бұл даланы кім ұғар?

Қарауылда ақпайды өзен күркіреп,Зарыққан ел ақ жаңбырды жүр тілеп.Сағыныштың ыстық жасын төгуге,Қасқайып тұр қара өлеңнің бұлты кеп.

Ақын аға, жыр нөсерін төк бүгін,Есіл бойы есіл өтті көп күнің.Қарауыл — бұл құшағы ыстық өз анаң,Көтер көкке көңіліңнің көк туын.

Page 30: Шеризаттың қолжазбасын оқып көрдік.qasym.kz/wp-content/uploads/2016/05/KnigaARMANA.pdf · қабағат септесетіндігімен де бек

5958

Арман Шеризат

Төгіле жау, егіле жау жауғасын,Қасиетінен қара шалғын қауласын. Қара өлеңмен қалың елді бір тербе,Қара шалдың әруағы аунасын.

ШерБауыржан Игілікке...

Құндылығым жатыр бүгін тонауда Адамдықтан қалып барам... Содан ба?! Миларында ақша ұлыған пенделер , Аш қасқырдай анталап жүр қоғамда. Жүр, кетейік одан да!

Қасиеттен, қара өлеңнен құн кетіп, Қара жердің бәрін болды түрме етіп! Аспан жаққа аттанайық кешегі Көшпендінің рухымен тілдесіп!

Біз кетейік, осы шығар дұрысы ... Жердің мынау — жерлік заңы құрысын! Дүниені төңкерсін кіл тобырлар Жоқ оларда жұмысым!

Біз іздеген көкте әділет бар шығар?! Қатарымда жан қалмады хал сұрар ... Кім біледі, әруақтардың көз жасы — Түйсігімді ұрып жатқан тамшылар?!

Кешірмейді-ау, шыныменен, бізді олар... Кір қоғамнан арылайық жүр, доғар! Уыз-нұрын «құдайсыздар» таптап жүр Аспандағы күнге обал ...

Түсіне алмай жүрген жандар өз ішін Табиғаттың нұрын қалай сезінсін?! Ақындардың жырын қалай сезінсін?! Онда менің армандарым көз ілсін Сен мен үшін — төзімсің... Өзімсің... Солай досым...

Page 31: Шеризаттың қолжазбасын оқып көрдік.qasym.kz/wp-content/uploads/2016/05/KnigaARMANA.pdf · қабағат септесетіндігімен де бек

6160

Арман Шеризат

Аңсар

Қара түннің қабырғасын Таң сөккен, Тірлік демі аңқып ұрар әр шөптен ... Өркешінде шуда бұлттар ұйысып, Төскейіме тау шөккен.

Көкжиекте қызыл арай бір әлем, Кеңістіктің үнсіздігі — Ұлы әуен ... Табиғат боп жүрек сөйлеп кеткенде Қалай ғана шыдар ең?!

Таң шапағын құшақ жая қарсы алып, Бозторғайлар бебеуледі аңсауық. Қиялыммен қала бердім оңаша, Қара өлеңге дем салып ...

Туған жер

Алтын тәжді қондырып күн — енені,Қарт Шыңғыстау түсіме жиі енеді ...Жиі енеді сол ауыл, балалығымАңсаттырған мендегі жүрек еді.

Тірі сөздің бұл жерге пірі біткен,Іргесінде болмаған ірілік кем.Арылуға барамын ақ күмбезге,Жалыққанда пендауи тірліктен.

Қарауылым — кіршіксіз бағасы ардың,Қара өлеңнің қағбасы таласар кім?!Ақ күмбезден аспанға көтерілер,Күнмен бірге рухы Қара шалдың.

Қаламыма сол рух қуат берген,Жанарыма сол рух шуақ берген.Көзім жұмсам, Шыңғыстау бауырынанКөшіп келе жатады бір ақ керуен.

Page 32: Шеризаттың қолжазбасын оқып көрдік.qasym.kz/wp-content/uploads/2016/05/KnigaARMANA.pdf · қабағат септесетіндігімен де бек

6362

Арман Шеризат

Маңдайымның қайтпаған бағы, сірә,Түйсігімнің атқандай таңы шұға ...Жүгінерге тірі сөз иелерін,Жүгіремін сол көшке жан ұшыра.

Қашықтықты қалайша жақын етем?Бар болғаны жердегі ақын екем.Мәңгілікті артып ап бабам көші,Жарық күнге тіреліп жатыр екен.

Мерғали Ыбыраевқа

Жидебайдай пір тұтып, жыр Меккесін,Бастап кетті бір ақын дүрмек көшін.Қарауылдан аттанды қара салмайҚара өлеңнің шылбырын сүйреткесін.

Бір көмбеге ұмтылған ғасыр атты,Қамсаған жыр асаудай басы қатты.Тұлпар жырдың басына құрық салмай,Қойнауына даланың қосыла ақты.

Қосыла ақты сол ақын ажырамай,Қара өлеңді пiр тұтып қазынадай,Тірлігінде ешкімге бас имедіБары да Абай, деп біліп бағы да Абай ...

Жүрек қатса — сезімнің жұқарғаныАқын қанша мұң кешті мұқалмады.Адам жолын кеспеген періштені,Ажалдың да аузы жұта алмады ...

Page 33: Шеризаттың қолжазбасын оқып көрдік.qasym.kz/wp-content/uploads/2016/05/KnigaARMANA.pdf · қабағат септесетіндігімен де бек

6564

Арман Шеризат

Төмендемес қырандай қияндағы,Атақ сұрап ешкімнен сый алмады.Өлеңіне сыйдырған өмірді іздеп,Әлеміне аттанды қиялдағы.

ЕЙ, ЖҮРЕГІМ

Жанарлы аспан арбайды есімді көк,Менің жаным бір әлем кешіп жүрер.Күні-түні кеудемде дамыл таппай,Нені аңсадың тіл қатшы, жетім жүрек?

Алып ұшқан сендегі сағыныш па?Санам неге түсесің сабылысқа?Әлем мынау ән болып кетер ме еді?Жүректердің айналып бәрі құсқа.

Құс боп ұшу сен үшін бақыт шығар,Бейбіт құстар ақынды ғашық қылар.Басымдағы батпандай ауыр ойлар,Аспан болып үстіңнен басып тұрар ...

Ақын жаны жақын-ау ессіздікке,Білем, сен де тұтқынсың бес күндікке.Көрге тәңір тыққанда қара тәнді,Сен де айналып кетерсің шексіздіккеЕй, жүрегім!

Page 34: Шеризаттың қолжазбасын оқып көрдік.qasym.kz/wp-content/uploads/2016/05/KnigaARMANA.pdf · қабағат септесетіндігімен де бек

6766

Арман Шеризат

ХАКІМ АБАЙҒА

Теңіз ойға матырған қарашығын,Қарауылдың мен де бір баласымын.Қағбасына рухтың қосым тігіп,Қарт Шыңғыстан түйсіндім дала сырын.

Әр тасынан сыр тұнған шежіреден,Боз даламның самғаған көгіне өлең.Өзегімдей боп кеткен өз елімніңӨзеніндей күркіреп тебіренем.

Бабаларым дерт білген тіл өнерін,Қаузай-қаузай қалжырап түнеремін.Жалғанды жалпағынан басу үшінЖалғыз ғана сол ақын сүйенерім.

Адамзаттан Абаймен биік екем,Ұлы Абайды сүйемін, сүйіп өтем.Абай жолы — адаспас ардың жолы,Абайсыз өмір сүру қиын екен.

Қос қанатын қомданып күш алуға,Аспан керек қыранның ұшарына.Жарық күнге байланған барша ғаламСыйып кеткен Абайдың құшағына.

***

Күреңіте күрсінген күз демінен,Жапырағын жасыл бақ үзді өзінен.Тағдырымның жазуын аспандағыҚайтқан құстың оқыдым тізбегінен.

Періштедей құстар да күнді айналған,Өкініш бар кеудемде қимай қалған.Көздеріммен көңілге жаздым өлең,Өлең — ол да өмір ғой шимайланған.

Талғам қандай, бүгінгі таным қандай?Өткен күннен бір белгі табылғандай.Әлденені боламын іздегендей,Әлдекімді боламын сағынғандай.

Page 35: Шеризаттың қолжазбасын оқып көрдік.qasym.kz/wp-content/uploads/2016/05/KnigaARMANA.pdf · қабағат септесетіндігімен де бек

6968

Арман Шеризат

Сырласарға жан таппай жер бетінен,Әуеніне сезімнің тербетілем.Сірә, күзді сезінбес мұңсыз ғанаКүй ойнаған сезімнің пернесімен.

Жадыраған жазбенен кеткен қызық,Қатал қыс та қоштасар өктем жүріп.Оянады күзгі бақ ұйқысынан,Оянады түсіне көктем кіріп.

***

Астымдағы жұмыр жер айналғанда,Өмір жәйлі боламын ойланғандай.Әуре етумен келеді әлі мені,Әлденені ерте ұғып қойған маңдай.

Барлығанда жүрек бар сезген іштен,Жаңылмаған ғұмырлық тербелістен.Шар әлемнің үстінен шамырқанып,Өлең оқып тұратын кездер үстем.

Кездерім көп жабырқап мұңға батқан,Кім бар дейсің тірлікте мыңға жаққан?Сыр ұққандай боламын жалғыздықтан,Жұмбақ әлем, көзімде жұмбақ аспан.

Жұмбақ аспан, жұмбақ жан, жұмбақ бәрі,Сүріп жүрген өмірдің жұмбақ мәніҚұлағымның түбінде баяғыдайҚайталанба күндердің ырғақтары!

Page 36: Шеризаттың қолжазбасын оқып көрдік.qasym.kz/wp-content/uploads/2016/05/KnigaARMANA.pdf · қабағат септесетіндігімен де бек

71

Астымдағы жұмыр жер айналғанда,Өмір жайлы боламын ойланғандай.Әуре етумен келеді әлі меніӘлденені ерте ұғып қойған маңдай.

Аманат

Бұл өмірге не бітірем деп келдім,Өкініші көп кеудеде өткеннің.Қабырғасы қаусап қалған қараша үй,Бақилыққа атам көшіп кеткен күн.

Мағынасыз шыр айналып шар тарап,Атам кетті, ай — ғұмырын орталап.Қаршадайдан қара шаңырақ ішінде,Аманатын қала бергем арқалап.

Бала күннен бабасынан бата алған,Қара өлең мен қалам қалды атамнан.Үнсіз жатып жанарына жас алды ол,Таусыларда тірліктегі татар дәм.

Page 37: Шеризаттың қолжазбасын оқып көрдік.qasym.kz/wp-content/uploads/2016/05/KnigaARMANA.pdf · қабағат септесетіндігімен де бек

7372

Арман Шеризат

«Қатар жүріп туыспенен, доспенен,Талайыңды Тәңіріңнен тос», — деген.«Атаң жаққан сөндірмессің шырақты,Балам, енді мен келмеспін, қош...» , —

деген.

Сөйтіп алғаш тас қабырғам сөгілді,Содан қайтып сүйе алмадым өмірді ...Содан бері тағдыр дейтін қайрақпенЖанып келем, қайрап келем өзімді.

Жас төктіріп жүректен де, көзден де,Өмір солай тастай салды безбенге.Қара өлеңге ораламын қайтадан,Қара шалдың оралмасын сезгенде ...

***

Санамдағы сансыратқан сан сұрақ,Қараңғыдан шыққан мені аршып ап.Адастырмай алға бастап келеді,Ақ арманым ай бетіндей жарқырап.

Жанарынан жан тербеген түн — қыздың,Жүрегіме түскен екен жұлдыз — мұң.Құс жолынан киіп тұрған күміс тәж,Сезім тұнған аспанымыз — бұл біздің.

Нәзіктікті сала алмайтын қыл қалам,Бояусыз-ақ, сезіндірді гүл маған.Іңкәрліктен тұрады екен бұл өмір,Ізгіліктен тұрады екен бұл ғалам.

Көңіл нұрын төккен саған көз үнсіз,Өмірімнің мәні болмас өзіңсіз.Сені сүймей қалу үшін, жарығым,Бұл кеудеге жүрек керек сезімсіз.

Page 38: Шеризаттың қолжазбасын оқып көрдік.qasym.kz/wp-content/uploads/2016/05/KnigaARMANA.pdf · қабағат септесетіндігімен де бек

7574

Арман Шеризат

***Жанарыңда таңның мөлдір тұр шығы,Ардың аппақ дірілдейді кірпігі.Сенің соғып бара жатты кеудеңде,Менің ғашық жүрегімнің дүрсілі...

***

Ақ боранда адастырып ақпан — қыз,Қарт Ертістің кеудесіне қатқан мұз.Ақ кебіннің қалған екен астында,Жапырақтың көркін тойлап жатқан күз.

Жоғалтқанын жүрген сынды жел іздеп,Бұлт көшіріп шайқалады теңіз-көк.Қарт Ертістің қасіретті жүрегі,Мұз астында бұлқынады ем іздеп.

Қатал қыста адастырған қыз — ақпан,Құтыла алмай тағдыр салған сызаттан.Тереземе өлең жазып түнімен,Кірпігіне мұз қатады ұзақ таң.

Ертіс енді оянғанда сәл мызғып.Кетеді ақпан қара жерді қар-мұз ғып,Жүрегіме маза бермей менің деКей түндерде оятады жалғыздық.

Page 39: Шеризаттың қолжазбасын оқып көрдік.qasym.kz/wp-content/uploads/2016/05/KnigaARMANA.pdf · қабағат септесетіндігімен де бек

76

Арман Шеризат

***

Қоңыр төбел Қондыгердің жұртынан,Болмысымды көрдім, аға, жылқыдан.Өткенімді өлтіретін түрі бар,Көз алдымда көлкілдеген сұр тұман.

Бабам асыл болған екен бек түздік,Шекара асып, біздер қанша шеп бұздық ?!Жаныма еніп тамырымда тулады,Тар кеудемнің ішіндегі шексіздік.

Құлдығымның бұза алмасам құлыбын,Өмір, өлім онда маған бір ұғым.Шеңберіне сыйдырып тұр ғаламды,Шаңырақ — күн жерге жайып уығын.

Өмір, өлең парқын кім бар өлшеген?Екі әлемнің ортасында теңселем.Жаза басып кетпесе екен үзіліп,Жар мен жанды жалғап тұрған елші — өлең.Өзіме-өзім дұшпан болған шерлімін,Шыңғыстауда қалып койды кеңдігім.

Page 40: Шеризаттың қолжазбасын оқып көрдік.qasym.kz/wp-content/uploads/2016/05/KnigaARMANA.pdf · қабағат септесетіндігімен де бек

7978

Арман Шеризат

Туған жердің өзеніндей сарқылам,Өлеңіме сыйдыра алмай ел мұңын.

Мазасыз ой түндерде есік қақпағын,Өз-өзіме ашылмаған қақпамын.Ар жолында азап шеккен пендеге,Армандаудан басқа еркіндік таппадым.

Көңілде құл, оны арбаған көзде құл,Жүйесі өліп, киесі ұшқан сөз жеңіл.Сатылмайтын, бас ұрмайтын ақшаға,Өмір жасап алсам ба екен өзге бір?!

Қайран өлең, қасиетінде қалған нәр,Толған өксік, болды бүгін толған зар.Әр сөзіңді өлшейді әлі заңменен, Өнерді де саясат қып алғандар.

Тірі болсақ бір жетерміз көктемге,Жерді мәңгі тұрақтаған жоқ пенде.Аңыз болып ақын қалар артқыға,Жалған өмір ақиқатқа көшкенде.

Жұтылу

Есті өлеңді естімес керең құлақ,Абай айтқан, ей, жүрек, тереңді бақ.Маңдайдағы көзіммен жаутаң қағыпЖүректегі көзіммен келем жылап.

Жылап келем, онымды кім түсінер?Жұмыр жерге сыя алмай жұрт ісінер.Күлкің қайда кешегі балақай депБүйірімнен түртеді күлкішіл ел.

Арзан сөзге жұбанбас аш көңілім,Маған осы мәндірек жасты өмірім.Я, Тәңірім, пайым бер, парасат бер!Парықсыздың салмағай басқа өлімін.

Көміп жатыр, күлкілер көп естімді,Менің жырым мұңайтқан жоқ ешкімді.Барым жоққа жұтылып бара жатыр,Өңім түске айналған елес құрлы.

Page 41: Шеризаттың қолжазбасын оқып көрдік.qasym.kz/wp-content/uploads/2016/05/KnigaARMANA.pdf · қабағат септесетіндігімен де бек

81

Сұржекей

Көңілі күткен елдің елегізіп,Сұржекей көмбе алдына келеді үзіп.Құлаққа құрық тимей құлынынан,Өсірген, сәйгүлік-ай, жел емізіп.

Жалт еткен жанарына тұнған үміт,Тұяғын тасқа айналған жылдар мүжіп.Барады туған жердің төскейінде,Бауыры жануардың бір жазылып.

Білмейтін басылуды, бастығуды.Бәйгесіне ғұмыр бұл бәс тігулі.Шабанбоз ұл шалғайдан көрінгенде,Қарияның көзіне жас тығылды.

Шақырымды жалғаған шақырымға,Тай тулап жүрген кеше тақымында.

Page 42: Шеризаттың қолжазбасын оқып көрдік.qasym.kz/wp-content/uploads/2016/05/KnigaARMANA.pdf · қабағат септесетіндігімен де бек

8382

Арман Шеризат

Уақыт-ай тізгінін тұлпарының,Уысынан шығарған ақырында.

Жанарын жасқа тұнған қамады мұң,Кеудесінде күмбірлеп далалық үн.Шарпысып келе жатқан бәйге ішінен,Қария көрді өзінің балалығын.

Сұржекей жеткізбеді, дара келді,Қара үзіп қалың жылқы қала берді.Жүректің соғысымен қатар соққан,Тұяқтар дүбілетіп қара жерді.

Қарттығың дәурен тайса жетер шақтап,Адам мәңгі жастығын өтер жоқтап.Ауыздықпен алысқан өтсе ғұмыр,Жүйрік уақыт бізді де кетер тастап.

Фариза

Бұлақ іздеп бұрқана аққан,Қаршадайдан мұңға батқан,Жазып жүрген құмға дастан, Фариза!Өз жарасын өзі басқан,Жүрегінің көзін ашқан,Бар қазақтың шөлін басқан,

Фариза!Ада мақтан қошеметтен,Кербұғыдай кесек өскен,Жалқы мұңын жеке кешкен,Жалғыздықпен некелескен, Фариза!Бірін таппай мыңға достан,Өкінішін жырға қосқан,Мұқағали мұңға қосқан, Фариза!Өмірінің гүлі құрбан,Өлеңінің құлы қылған,Махаббаттың құрығы ұрған, Фариза!

Page 43: Шеризаттың қолжазбасын оқып көрдік.qasym.kz/wp-content/uploads/2016/05/KnigaARMANA.pdf · қабағат септесетіндігімен де бек

8584

Арман Шеризат

Мәңгі өмірге ғашық еткен,Тауқыметпен қасіреттен,Тағдыр өзі ақын еткен

Фариза, дариға, Фариза …

***

Ұйқышыл һәм осы жұрттан үрейшіл,Еркін ойлы туар ма екен бір ойшыл?!Аңсап күткен азаттықтың таңы да,Қайран, Алаш, тойды-ау сенің қаныңа.Тобырлықтан оятуға саналарды урашыл,Бодандықтан арылтуға керек әлі бір ғасыр.Қапастағы қараңғы елге таба алмаған нұр, жарық.Бір топ Алаш арыстары келе жатты күнді алып.Алтын күнді қондырмақ ед ақиқаттың тауына,Азып-тозып кеткен елі айналды алғаш жауына.Өз қанына өзі тоймай, қарап тұрды қырып сап,Жауыздықтың жалғыз қолы берген кезде рұқсат ...Содан бері қара жерде көлеңкелер сүргіні ...Ал, арыстар анау көкте мәңгіліктің тұрғыны.Бізді бүгін оятады мың періште болып таң,Атын атап айтпақ түгел, ойлауғада ел қорыққан.Халық жауы боп кетті олар, ал шынында дұшпан кім?Алты Алашқа нұр шашып тұр, солар алып шыққан күн.

Page 44: Шеризаттың қолжазбасын оқып көрдік.qasym.kz/wp-content/uploads/2016/05/KnigaARMANA.pdf · қабағат септесетіндігімен де бек

8786

Арман Шеризат

***

Тоқтата алмай тояттар, пенделіктің құлқынын,Жалған көшіп барады жанарында жылқының.Мұздап кеткен біздегі мейірімнің құрсағын,Иірімге тартады уақыттың ұршығы.

Құдай барын ұмытып,құрдымға енген құбылам, Меншік заңын орнатпақ менмендіктің буынан.Бес күн жалған жүрегін иіте алмас,бұлқынып,Бесігінде сәбидің ұйып жатқан уыз ән.

Жылқы текті бабалар рухынан үркіп ел,Өн- бойынан өзінің надандығы мүңкіген.Қара көзді қазағым, дүбәраға айналып,Өгей ұрпақ ұлтына өлер болды күлкіден.

Шерге орап жанымды, көңілдегі шемен мұң,Көрер едім Тәңірді көзі ашылса төбемнің. Мұздап кеткен жүректі отырарма ем жылытып,Жан ошағы лаулатқан, отыменен өлеңнің.

Аңшы

Желпініп ұшса тосар желге маңдай,Көз тояр құстар қалды көлде қандай?Кей сәтте қансырайды ет жүрегім,Ажалы аңшы оғынан келген аңдай.

Көңілдің көзден оқыр күйінішін,Ақындық сен де еркіндік киігісің.Абайла, тойынған ел ермек етіп,Арқарды атып алған мүйізі үшін.

Тауымда тұрмаса егер қасқыр ұлып,Рухым қалатындай бастырылып.Төліне араша боп жылар кейде,Көзіне табиғаттың жас тығылып.

Тірі аңның тымақ жасар терісінен,Қандай өкпе айтасың ел ісіне...Тағыдай түзде жортқан тіршілік-ай,Сауданың түсіп кеткен бөлісіне.

Page 45: Шеризаттың қолжазбасын оқып көрдік.qasym.kz/wp-content/uploads/2016/05/KnigaARMANA.pdf · қабағат септесетіндігімен де бек

88

Арман Шеризат

Иесі тіршіліктің болсақ та бар,Киесі атқан аңның жоқтап табар.Ей,аңшы қоя тұршы мылтығыңды,Жүрегі жер-ананың тоқтап қалар.

маЗмұны

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы."Өлең, ол да — мына мендей күрең ұл" 3Төлеген Жанғалиев."Арман алар асу көп" 8"Жүректің кілтін таппай сезімдегі" 13Жасын 13Ай-ғұмыр 14 Адасқақ 15"Әлемге мынау төменгі" 16Көш 17Қыранмен қоштасу 19"Аспалы көпір астында" 20Тірі өлең 22"Күллі ғалам жаратылған бөлшектен" 23"Мен кеттім бақытты ғып бөтен қызды" 24Көктем 26"Мың бұралаң өмірдің көшесімен" 28"Ығай менен сығайға толы қала" 29"Барыммен сүй, іздеме жоқты менен" 32"Менен бұрын сан керуен сапар кешкен" 33"Осыншама өмірім мұңсыз ба еді" 34Жалғыз 35"Жүректерге нұр құятын шын құштар" 37Боздақ 38"Қонақ келсе үйіне марқаятын" 39"Ақ марқа бұлт алаңсыз көкте жүзіп" 41

Page 46: Шеризаттың қолжазбасын оқып көрдік.qasym.kz/wp-content/uploads/2016/05/KnigaARMANA.pdf · қабағат септесетіндігімен де бек

Іңкәрлік 42"Өкпеледің бе?!" 45"Бәрі осылай қалуға мұрша бар ма" 46Парыз 48 "Тұңғиыққа тартар бізді күн-желкен" 50"Мендік сезім — махаббаттың көктемі" 51"Жаным менде.." 52Хат 53 Қара өлеңнің бұлты 56Шер 58Аңсар 60 Туған жер 61М.Ибраевқа 63Ей,жүрегім! 65Хакім Абайға 66"Күреңіте күрсінген күз демінен" 67"Астымдағы жұмыр жер айналғанда" 69Аманат 71"Санамдағы сансыратқан сан сұрақ" 73"Жанарыңда таңның мөлдір тұр шығы" 74"Ақ боранда адастырып ақпан-қыз" 75"Қоңыр төбел Қондыгердің жұртынан" 76Жұтылу 79Сұржекей 81Фариза 83"Ұйқышыл һәм осы жұрттан үрейшіл" 85"Тоқтата алмай тояттар,пенделіктің құлқынын" 86Аңшы 87

Арман Шеризат

Тәңірқұт

жыр кітабы

Редакторы: Ақбота ЖайсанбаеваДизайнер: Елена Медведева

Page 47: Шеризаттың қолжазбасын оқып көрдік.qasym.kz/wp-content/uploads/2016/05/KnigaARMANA.pdf · қабағат септесетіндігімен де бек