12
DZزǸʵǨʵˁ ǴزǸʵǨʵˁ 86' (85 585 ĭ³£« Ĥ£¤©L ª£¬¢© HPDLO LQIR#DVWDQDDNVKDP\N] :::$67$1$$.6+$0<.= Ě 131 ÒÆÊÒÆμ 18 ĭÁÑÁÙÁ ÇÜÌ ÑæòðôâìéëáìüĬ ĬïĨáíåüĬòáĀòé äáèæó çüìĨü Ĭáèáîîáî âáòóáð ùüĨáåü -13°.. -11° -10°.. -8° Çæì âáĨüóü íæî çüìåáíåüĨü ïĦóġòóĄëâáóüò íò Ëġî ùüĨôü òáĨáó íéîôó Ëġî âáóôü òáĨáó íéîôó Ëġî ĪèáĬóüĨü òáĨáó íéîôó ÂĪì ëġîäĄ æĦ çïĨáñĨü óæíðæñáóôñá n& çüì ÆĦ óĤíæîäĄ óæíðæñáóôñá n& çüì ÜÛÞâàāö ×ĉ×Þ à×Ĉ× 9ÙåöÝâÝ à×Û×þåăÝĉ×Û 6 12 DŽǧǸǻ DŽLJǘDŽlj, NJǧǤǨǫǤǜǠǜ ǪǥǷǩǠǜǬǷǩǷɎ ǡǦȂ ǠɚǬǦȂǩ dzǡǨǫǤǪǩǷ ʄǧǡǨ ǝȂǬȂǩǴȂǧȂǟȂǩȂɎ ǮʔǬǮ ǨʄǬǮǡ ǢǡɎȂǨǫǜǣǷ ʤˬ˭˘˵˞˘ ˵˪˟ˮ ഉˬ˟˭ ˽˟˭˱ˤ˯ˮ˘˵ˮ˞˘ ˘ˣ˘೪˳˵˘ˮ ˘˶˲ ˘˵ˬ˟˵˵˟˲˧ ϯ ˘ˬ˵ˮ Ϯ ˪˭˧˳ ˭˟˞˘ˬ ˢ˟೮˧˱ ˘ˬ˱ ˢ˘ˬ˱˪˯˭˘ˮ˞˘ˬ೪ ˟˳˟˱˵˟ ˾˧ˮ˾˧ ˯˲ˮ೦˘ ˵˘˙˘ˮ ˵˧˲˟˞˧ ˘ˣ˘೪˵೮ ˪˪ ˙˘˥˲˘೦ˮ ˾ ˭ഉ˲˵˟ ˙ˤ˧˪˪˟ ˪˵˟˲˛˟ˮ ʯˬ˹ˤ ˋˤˮ˾˘ˮˬ˯ ʮ˘˳ˬ˘ˮ ˞˲˙˘˟˚ ˢഉˮ˟ ʰˬ ʰˬˤˮ ˳ˮ˞ ˳˘೮ˬ˘೪˵˘˲ ˟ˬ ˭˟˲˟˥˧ˮ ˵˘˳˵˵ ʦˬ˘˞ˤͲ ˭ˤ˲ ˁ˟˞˯˚ ˱˟ˮ ʮ˘ˣˤ˲˘ ʮ˘˱˱˘˲೪ˬ ˪˭˧˳ ˢˬ˞˟˛˟ ೪˯ˬ ˢ˟˵˪˧ˣ˞˧ ǂǁɍƲǍƲLjǀƲ ɅƼǃƼɅǍǎƼlj NjnjǁǃDŽǀǁljǎƲljǁ ǂʃljǁ ǑƼLJɅǗLjƼ ƼnjljƼDžLjǗlj Кеше аппараттық кеңес барысында Әділбек Жақсыбеков өзінің жаңа орынбасарын ұжымға таныстырды. Елорда әкімі бұрынғы қала басшысының орынбасары Василий Крыловқа атқарған қызметі үшін алғыс білдірді және жаңа қызметінде табыс тіледі. ɅƼLJƼ ʃdžƲLjƲljƲɍ NJnjǗljƽƼǍƼnjǗ ǎƼȽƼDžǗljǀƼLJǀǗ ˘ˬ˘ ˙˘˳˾˳ˮ೮ ˪˧˭˧˭˟ˮ ʤ˥˵˭˺˘˭˟˵˯˚ ˯˳˭˘ˮ ˘˥˲˵˘˥ˬ ʤ˳˵˘ˮ˘ ഉ˪˧˭˧ˮ˧೮ ˯˲ˮ˙˘˳˘˲ ˙˯ˬ˱ ˵˘೦˘˥ˮ˞˘ˬ˞ ʤ˥˵˭˺˘˭˟˵˯˚ ˵˧˲˾˧ˬ˧˪˵˧ ೪˘˭˵˘˭˘˳ˣ ˟˵˶ ˢഉˮ˟ ˤˮ˹˲˘೪˲ˬ˭˞ ˞˘˭˵˶ ˭ഉ˳˟ˬ˟ˬ˟˲˧ˮ˟ ˢ˟˵˟˪˾˧ˬ˧˪ ˟˵˟˞˧ ˑˮ˟˲˛˟˵ˤ˪˘ ˳˶˭˟ˮ ೪˘˭˵˶ ˛˘ˣ˙˟ˮ ೪˘˭˵˶ ˥˭˞˘˲ˮ೮ ˢ˭˳ˮ ˥ˬ˟˳˵˧˲˶˞˧ ˵˧˲˾˧ˬ˧˪˵˧ ೪˘˭˵˘˭˘˳ˣ ˟˵˶ ೪˯˲˾˘೦˘ˮ ˯˲˵˘ˮ ೪˯˲೦˘˶ ˢഉˮ˟ ˵˘˙ˤ೦˘˵ ˱˘˥˞˘ˬ˘ˮ˶ ˳˘ˬ˘ˬ˘Ͳ ˲ˮ˞˘ ೮˧˲ˬ˧˪ ˙˘೦˞˘˲ˬ˘˭˘ˬ˘˲˞೮ ˯˲ˮ˞˘ˬ˶ˮ ೪˘˭˵˘˭˘˳ˣ ˟˵˶˞˧ ˢˣ˟˛˟ ˘˳˲˘˞ ASTANA.KZ ×Ùå×Ý× ÜàöÞö àÜÞÞċÝ×Ĉĉăà àăÿÞâååâÛĉöÝ ã9ÞăÙăÝ ê×àăĈ×ċĉă à9āâþååö Елорда басшысының тұрғындар- дан келіп түскен өтініш-тілектерді жеке бақылауына алғандығы туралы осыған дейін хабарланған болатын. Өтініш-тілектердің басым бөлігі қала аумағындағы ашық жатқан құдықтар мен жол қозғалысы бөліктерінің сапасына қатысты. Қала басшысы бұл жағдайды тез арада қалыпқа келтіруді тапсырғанымен, тиісті шаралар атқарылмаған. Осыған байланысты бүгін қала әкімі Алма- ты және Сарыарқа аудандарының әкімдеріне, сонымен қатар қаланың коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысына ескерту жасады. Ә.Жақсыбеков қаланы азық- түлікпен қамтамасыз ету мәселесіне баса назар аударып, азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу жөнінде кешенді іс-шаралар жос- парын әзірлеуді және қаланың азық- түлік инфрақұрылымын салуды тапсырды. (Жалғасы 2-бетте) ʶ˟˾˟ ʤ˳˵˘ˮ˘ ೪˘ˬ˘˳ ഉ˪˧˭˧ ˞˧ˬ˙˟˪ ʮ˘೪˳˙˟˪˯˚˵˧೮ ˵˲˘೦˘ˬ೦˭˟ˮ ˪˟ˣ˟˪˵˧ ˘˱˱˘˲˘˵ ˢˤˮ˘ˬ˳ ˙˯ˬ˞

131 (3188) 2014-11-18

  • Upload
    -

  • View
    237

  • Download
    9

Embed Size (px)

DESCRIPTION

АСТАНА АҚШАМЫ №131 (3188) 18 қараша

Citation preview

Page 1: 131 (3188) 2014-11-18

131 18

-13°.. -11°-10°.. -8°

6

12

,

Кеше аппараттық кеңес барысында Әділбек Жақсыбеков өзінің жаңа орынбасарын ұжымға таныстырды. Елорда әкімі бұрынғы қала басшысының орынбасары Василий Крыловқа атқарған қызметі үшін алғыс білдірді және жаңа қызметінде табыс тіледі.

ASTANA.KZ

Елорда басшысының тұрғындар-дан келіп түскен өтініш-тілектерді жеке бақылауына алғандығы туралы осыған дейін хабарланған болатын. Өтініш-тілектердің басым бөлігі қала аумағындағы ашық жатқан құдықтар мен жол қозғалысы бөліктерінің сапасына қатысты. Қала басшысы бұл жағдайды тез арада қалыпқа келтіруді тапсырғанымен, тиісті шаралар атқарылмаған. Осыған байланысты бүгін қала әкімі Алма-ты және Сарыарқа аудандарының әкімдеріне, сонымен қатар қаланың к о м м у н а л д ы қ ш а р у а ш ы л ы қ басқармасының басшысына ескерту жасады.

Ә.Жақсыбеков қаланы азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесіне баса назар аударып, азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу жөнінде кешенді іс-шаралар жос-парын әзірлеуді және қаланың азық-түлік инфрақұрылымын салуды тапсырды.

(Жалғасы 2-бетте)

Page 2: 131 (3188) 2014-11-18

***

***

***

***

Астана қаласы Статистика департаментінің мәліметі бойынша

ағымдағы жылдың қазан айында елордада 633 кәсіпорын мен ұйым тіркелген.

Қазіргі заманғы өнер музейінде суретші Александр Шапошников-тің көрмесі өтті.

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық Қ азақ музыкалық драма театрын-да «Бір кем дүние» драмасы қойылады.Басталуы: сағат 18.30

«Астана Опера» театрында Дж. Вердидің «Аида» операсының пре-мьерасы өтеді.Басталуы: сағат 19:00

Алдымен Астана қаласының Эко номика және бюджеттік жос-парлау басқармасы басшысының орын басары Гүлнәр Жүсіпова де пу тат тардың қарауына бас қа-ла дағы үш ауданның; Қаржы; Эко номика және бюджетті жос парлау; сондай-ақ тексеру ко мис сиясының бюджет бағ-дар ламалары әкімшіліктерінің алдағы үш жылға арналған бюд-жет жо баларын ұсынды. Одан әрі сөз алған аудан әкімдері өз ау дан дарына қатысты бірқатар проб лемаларға тоқталды.

Алматы ауданының әкімі Бек-бол Сағынның айтуынша, бүгінгі таңда осы ауданда 578 аула болса, қазір олардың он пайызға жуығы күрделі жөндеуді қажет етіп отыр.

Биыл бес балабақшаға күрделі жөн деу жұмыстары жүргізілген. Де генмен, мектепке дейінгі ба-ла лар мекемелерінің жыл бойы пайдалануға берілуіне байла-ныс ты алдын ала бюджетте қа-рас тырылатын ақша жыл со-ңы на таман жетпей жатады. Со нымен бірге аудан басшысы жаңа көшелердің пайда болуына байланысты биыл өткен жылмен салыстырғанда жа рықты пайда-лан ғандары үшін тө лемақы кө-

лемінің 25 пайызға арт қанын, сондықтан оған да қо сымша қа-ражат қажет екенін айтты. Жал-пы, аталмыш ауданның әкім-дігіне алдағы үш жылға 40  293,2 млн теңге қарастырылса, оның 12 489,8 млн теңгесі 2015 жылға жос парланып отыр. Аудан әкім-дігінің қызметі негізгі сегіз бағ-дарламаға негізделген.

Келер жылы Есіл ауданында 7 балабақша пайдалануға беріледі. Бірақ, соңғы жылдары осындай балабақшаларды қабылдап ал-ған да, онда балаларға қажетті қа рапайым заттар, мәселен, тө-сеніш, ыдыс-аяқ, тіпті, ойыншық болмайтындықтан, бюджетте ал дын ала қарастырылған қа ра-жат күрмеуге келмей қалады. Жаңадан пайдалануға беріліп жат қан көше лердің мәселесі де көп қиын дық тар тудыруда. Аудан бас шысы Сәбила Мұстафина ал-дағы уақытта осы мәселелерді ойласып ш ешуді алға тартты.

Қазір бұл ауданда 59 көпқа-батты тұрғын үй салынып жатыр. Олар дың 24-і жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Ал, ком-мер циялық тұрғын үйлердің ау ла ларын бюджеттік тұр ғын үйлердікімен салыстыру қиын. Осыған орай, аудан әкімі кез

келген жұ мыстың жүйелі жүр-гізілуін ұсынды.

Алдағы үш жылға жоспарланған бюджеттің нақты шығыстар есе -бінде есептелгені жөнінде айта келе, Сарыарқа ауданының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ау дан-дағы негізгі мәселелерге тоқ-талды. Бүгінгі таңда бұл ауданда барлығы 706 аула болса, алдыңғы жылы олардың жиырма екісі, өт кен жылы алпыс алтысы абат-тандырылған. 2015 жылы он үш ауланы абат тандыру жос-парланып отыр.

Баяндамашы атап өткендей, ал-да ғы үш жыл ішінде Астана ау дан-дарына жылдағыдан көбі рек ақша бөлінгелі отыр. Ол қам қор лыққа зәру азаматтарға әлеу меттік кө-мек көрсетуге, аудан ау ма ғын-дағы елдімекендерді абат тан-дыру мен көгалдандыруға, кө ше -лерді жарықтандыру мен тұр ғын алаптарда тазалықты қам тамасыз етуге бағытталмақшы. Осы және өзге де мәселелерді ескере келе, тұрақты комиссияның мү-шелері бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінің алдағы үш жылға арналған бюджеттік жобаларын мақұлдады.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Аудан әкімдерінің коммунал-дық қызметтердің дайындығы туралы баяндамаларын тыңдап, қыс кезінде кәсіпорындардың жұмыс істеу кестесінің сақталуы-на бақылауды күшейтуді, соны-мен қатар, қала аумағында қар жинауды уақтылы қамтамасыз етуді тапсырды.

Қала басшысы барлық қала-лық қызметтерден сеніп тап-

(Соңы. Басы 1-бетте). сы рылған нысандардың тех ни -ка лық жағдайына және қыс та жұ мыс істеу кестелерін сақ-тауы на бақылауды күшейтуді, қар ды жинап, уақтылы шығару бойынша механикаландырылған бригадалардың технологиялық тәсімдері мен жұмыс кестелерін оңтайландыруды талап етті.

– Бүгін қаралған мәселелер өте маңызды әрі бақылау жасап, жедел шешім қабылдауды қажет етеді. Қалалық шаралар мен кәсіп-орындар басшыларының барлығы

менің тапсырмаларымды сапалы және уақтылы орындамағандары үшін жеке жауап беретін болады, - деп атап өтті Ә.Жақсыбеков.

Қала басшысы Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндет-терді жүзеге асыруға ерекше назар аударды. Онда Астанаға инфрақұрылымды жақсарт ып, қа ла ның индустриялық әлеуетін дамыту жөніндегі ауқымды мін-деттер қойылды.

Page 3: 131 (3188) 2014-11-18

3www.astana-akshamy.kz

Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы лауреаттарының саммиті 12-14 желтоқсанда Римде өтетін болды. Бұдан бұрын саммитті қазан айында Кейптаунда өткізу жоспарланған болатын.

Нидерландыда күндіз күн энергиясынан қуат алып, түнде жарық шаша-тын велосипед жолы ашылды. Солтүстік Брабант провинциясында салынған ұзындығы бір шақырымдық жол суретші Ван Гогтың қайтыс болғанына 125 жыл толуына арналған.

Эстонияда «Қараңғы түндер» 18-ші халықаралық кинофестивалі өтуде. Көрермендер назарына 260-қа жуық толық метражды көркем және деректі фильмдер, сонымен бірге қысқа метражды және анимациялық фильмдер ұсынылуда.

Францияда өткен аукционның бір лотында 1 миллион 884 мың еуроға Наполеон Бонапарттың үш бұрышты қалпағы сатылды. Оны Оңтүстік Кореяның коллекционері сатып алған.

Англияда бес жасар Айан Куреши әлемдегі ең жас бағдарламашы атанды. Ол алты жасқа толуына бір ай қалғанда Microsoft компаниясында тесттен өткен. ІТ-маманның әкесі Асим Куреши үш жасында-ақ баласына ескі комьютерлерді бөлшектеуді және қатты дискі мен микропрессорлардың не үшін қажет екенін үйреткен екен.

Бетт

і дай

ынд

аған

: Оры

нбек

ӨТЕ

МҰР

АТ. Д

ерек

көзд

ері:

www.

asta

na.k

z, ww

w.in

form

.kz

Қалалық біріншілікті тамашалауға 2000-ға жуық адам жиналды. Ақтық кезеңде іріктелген 7 коман-да бақ сынады. Финалға шыққандар – Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің, Қазақ инженерлік-техникалық академияның, «Тұран» университетінің және Тамақтану колледжінің өнерлі жастары. Ойынға берілген тақырып – Астананың тыныс-тіршілігі және студенттік өмір. Тыңғылықты дайындықпен келген қатысушылар қазылар алқасының да, көрерменнің де көңілін көтеріп, ыстық ықыласына бөленді.

Сонымен, сайыс нәтижесі бойынша Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Алтын белгі» командасы чемпион атанды. Одан кейінгі орынға «Энерго» және «Тұран» командалары ие болса, үшінші орынды С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Аграрка жастары» мен «Өсімдік қорғау және карантин» командалары алды.

15 қараша күні полиция қызметкерлері Қарағанды тас жолы бойындағы бекетте құжат тексеру мақсатында «Мерседес» маркалы автокөлікті тоқтатқан еді.

Тексеру барысында көлік салонынан 16 калибр лі аңшы мылтығының бөлшектерін және жолаушы лар-дың бірінен 5 оқ тапқан. Оның үстіне көліктің мем-лекеттік тіркеу нөмірі де жалған екен.

Сонымен қатар, ұсталған азаматтың бұрын қылмыстық іске қатысы болғандығы да анықталған. Ол бұзақылығы мен суық қару сақтағаны үшін істі болған екен.

Қазіргі уақытта ол уақытша қамау изоляторында тергеліп жатыр.

«Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры Қаныш Төлеушиннің сөзіне сенсек, аталмыш бағдарламаның алғашқы бесжылдығының қорытындылары жаман емес. Табысты реформаларды жүргізудің және бағдарламаны қаржыландырудың жаңа көздерінің табылуының арқасында елдің ғылыми-инновациялық даму көрсеткіштері түбегейлі жақсарған. Мәселен, 2009 жылмен салыстырғанда инновациялық белсенді кәсіпорындардың көлемі соңғы кезеңде 2 есе өсіп, 8 пайызды құраған. Ал, инновациялық өнім көлемі болса 7 есеге артып, 578,3 млрд теңгеге жеткен.

Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттіктің басқарма төрағасының міндетін атқарушы Санжар Ізтілеуов оның сөзін қостап, еліміз INSEAD индексі бойынша 5-сатыға көтеріліп, 79-орынға шыққанын айтты. Сондай-ақ, бағдарламаны жүзеге асыру барысында Қазақстан Әлемдік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде «Инновация» факторы бойынша 31-сатыға көтерілгенін жеткізді.

Иә, қыс күшейіп, қаһарына мініп келеді. Астанадағы ауа-райының ау-жайын айтып берген «Қазгидромет» РМК қызметкерлері «Қазақстанның солтүстік облыстарында күннің қысқы режимі орнады» дейді. Ауаның суық арктикалық массаларының жиілеуі, орташа тәуліктік температураның күрт төмендеуі және қар аралас жауын-шашынның жиі болуы осы жағдайды сипаттайды.

Ауа-райын болжау шылардың мәліметінше, алдағы үш күнде әлсін-әлсін қар жауып, бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді. Түнде температура 13-23 градусқа дейін төмендеп, аяз болады. Ал күндізгі температураның өзі -5...-10 градустан көтерілмейді.

Бүгін көшпелі бұлт жүріп, түнде қар жауады деп күтілуде.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Page 4: 131 (3188) 2014-11-18

4www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Хош. Әріге кетіп қалдық па? Ө з і м і з д і м е г з е с е к , ғ ы л ы м и қамтымды инновацияға сүйенген өндірістерді көбейтпей, іргелі, қолданбалы ғылыми ізденіске жағдай тудырмай айтып тауыса ал-майтын шикізаттық экономиканың шекпенінен шыға алмайтынымыз анық.

С о н д ы қ т а н е м е с п е , 2 0 1 2 жылдың қыркүйегінде Елбасы үлкен үміт, жарқын мұраттарға жету үдесімен ашылған Назарбаев университетінде оқыған дәрісінде: «Назарбаев университеті – интеллектуалды-инновациялық кластер боп қалыптасуы тиіс. Үкіметке халықаралық тәжірибені зерттей отырып, оқу орны ба-засында арнайы экономикалық аймақ құруды тапсырамын» деген болатын.

Ғылыми ізденістерді өндіріске ұластырып, одан шыққан нәтижелі ө н і м д і н а р ы қ қ а ш ы ғ а р у д ы көздеген әлгіндей кластердің бүгінде нұсқасы айқындалып қалды. Ол «NURIS» деп аталады (Nazarbayev University Reasearch and Innovation System). Құрамына Назарбаев университетінің ғылыми

орталықтары мен мектептері, Ұлттық медициналық холдинг, бизнес-инкубатор, коммерциа-лизация кеңсесі, технопарк және тәжірибелік-өнеркәсіптік цехтар кіреді. Ал, келесі жылы университет аумағында әлемдік үлгідегі «Astana Business Campus» салынады.

О бастан өз келешегін ғылыми-з е р т т е у м е н а й н а л ы с а т ы н автономиялық оқу орны ретінде

көріп, академиялық еркіндік алған Назарбаев университетінде қазірдің өзінде бірнеше қызықты жобалар қолға алынуда.

Университеттің энергетикалық зерттеулер орталығы қуат үнемдеу, энергия тиімділігіне қатысты бірнеше жоба ұсынады.

Мәселен, Асан Досаев атты жас ғалым жетекшілік ететін жоба жоғары вольтты импульстерді бәсеңдету арқылы электр желісі үзілген кезде де қуат беруін т о қ т а т п а й т ы н а п п а р а т т ы қ -бағдарламалық кешенді жетілдіруде. Асанның айтуынша, тек бұл ғана емес, 10-1150 кВ электр желілерін мұздақтан қорғаудың амалдары табылды. Қысы қатал, құрғақ кон-тинентальды белдеуде орналасқан елімізде мұндай өнертабыс төтенше сұранысқа ие болуға тиіс.

Сол секілді жаңғыртпалы қуат көздерін кәдімгі электр жүйесімен жалғайтын және электрмобильдерде қолдануға болатын сыйымдылығы жоғары экологиялық батареялар ойлап табылды. Сулы электролитті, құймалы-ионды аккумулятордың қазіргі біз көріп жүрген өте улы, жарылу ықтималдылығы жоғары о р г а н и к а л ы қ э л е к т р о л и т т і батареяларға қарағанда қолдану мен утилизация кезінде қаупі аздау. «ЭКСПО-2017» қарсаңында келесі жылы Астанада электрмобильдерді қуаттау стансалары салынатынын

ескерсек, оларды отандық өніммен қамтамасыз етудің мүмкіндігі ашылған сияқты.

Назарбаев университетіндегі маңызды зерттеу бағыттарының бірі – роботты техника. Өнеркәсіпті а в т о м а т т а н д ы р у , м е д и ц и н а саласындағы теле-операция және қ о л а й с ы з қ о р ш а ғ а н о р т а д а қолданылатын роботтарды ойлап табу бойынша бірнеше зерттеу жұмыстары қатар жүргізіліп жатыр.

«Қазақстанда тек жалғыз осы оқу орнында зерттеу барысында 3D-принтер, роботтық манипуля-торлар мен қозғалысты қадағалау жүйесі қолданылады. Мультифунк-

ционалды құрылғы мәліметті өңдеп, әртүрлі формадағы нысандарды тану мен басқаруда жаңа алгоритмдерді пайдаланады. Осы арқылы біз өнеркәсіптерді автоматтандыруға өз септігімізді тигізгіміз келеді» дейді Назарбаев университетінің ғылым және технология мектебінің профессоры Атакан Варол.

А д а м н ы ң т і к е л е й а р а л а с у -ы н а з а й т у д ы м а қ с а т т ұ т қ а н қазіргі технологияның беталы-сы университеттің компьютерлік ғылым зертханасына да бөтен емес. Ғылыми қызметкер Қайрат Айтбаевтың жетекшілігімен былтыр сәуірден басталған интерактивті жарнама сөресі қимыл-қозғалысты, дауыс пен ымды сезіне алатын ерекшелігімен тартымды. Айталық, а т а л м ы ш м у л ь т и м е д и я л ы қ

сөре көрмеде немесе сауда орталықтарында гид-навигатор, интерактивті католог қызметін атқара алады.

Ұ л т т ы қ м е д и ц и н а л ы қ х о л -д и н г б а з а с ы н д а д е н с а у л ы қ сақтау саласындағы ізденістерге м а т е р и а л д ы қ һ ә м р е с у р с т ы қ тұрғыда кең мүмкіндік алған NURIS жыныстық жолмен берілетін ауруларға диагноз қоюдың тиімді жолын ұсынуға бел байлап отыр.

Ж а с у ш а т е х н о л о г и я л а р ы з е р т х а н а с ы н ы ң к і ш і ғ ы л ы м и қызметкері Дәмелі Мектепбаева: «Көптеген елдерде жыныстық жолмен берілетін ауруларды халықтың барлығының бірдей қолы жете бермейтін қымбат әрі

аса бір жағымсыз шара саналады. Біз мұны адам тәнін еш ауырт-пайтын жолмен әрі тез диагноз қоятын сақина түріндегі шағын құрылғыны жасап жатырмыз. Ме-рез, соз, хламидиоз сияқты аурулар-ды анықтайтын тест қағаз түріндегі микрофлюидті чип негізінде жа-салады. Қазір құрылғының элек-тронды анестезия, қан алу жүйесі, жаппай қолдануға қажет картридж сияқты жабдықтары мен дизайнын жетілдіріп жатырмыз» дейді.

Айта кетерлігі, аталмыш құрылғы тек диагноз қоюмен шектелмейді, жоба авторлары оны қолданушылар тест нәтижесін өз бетінше біле ала-тын, сондай-ақ жыныс аурулары мен оларды емдейтін клиникалар туралы мол мағлұмат жинақталған мобильді қосымша жасамақ ойлары бар.

Былтыр елімізде ғылымға 56 млрд теңге қаржы бөлініпті. Салыстыр-

малы түрде аздау, бірақ сол болмашының өзін төгіп-шашпай төте жеткізу – шешілмей келе жатқан мәселе еді. Ол енді үш жолмен: базалық, бағдарламалық-мақсатты және гранттық жол-мен бөлінетін болды. Одан

б ө л е к с о ң ғ ы б е с ж ы л д а е л аумағында құрылған 8 техно-парк, 4 конструкторлық бюро мен түрлі технология трансферттеу орталықтары бұйығы жатқан саланы бұлқынтқаны рас. Нақты санмен сабақтасақ, 2010-2014 жылдары инновациялық грант бойынша 1400 өтінім қаралып, жалпы сомасы 9,9 млрд теңгеге 227 жоба мақұлданыпты. Сондықтан индустрияландырудың келесі б е с ж ы л д ы ғ ы н д а ө н д і р і с т і ң и н н о в а ц и я л ы қ с е к т о р л а -р ы н д а м ы т у ғ а а й р ы қ ш а мән беріледі. Ал, жоғарыда с и п а т т а ғ а н Н а з а р б а е в университетінің өнертабыстары – сол талпыныстың алғашқы нәтижелері болса игі.

Әділбек ЖАПАҚ

Page 5: 131 (3188) 2014-11-18

5www.astana-akshamy.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған ке-зек ті Жолдауында мемлеке ті-міздің «Нұрлы жол» жаңа эко-но микалық саясатын жария етті. Бұл бағдарлама еліміздің барлық саласындағы ахуалдардың өр-кендей түсуіне үлкен жол ашары сөзсіз.

Осы жаңа экономикалық бағ-дарлама аясында елорданы елі-міздің әр аймағымен байланыс-ты ратын алып торапты жетілдіру шарасы жоспарланған. Атап айтқанда, әуе, автокөлік, темір жолдарды жақсарту, индустрия, энергетика, шағын және орта бизнес, әлеуметтік салалар, тұрғын үй инфрақұрылымы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын модернизациялау бағыт-тары қамтылған.

Пр е з и де н т Жол д ау ы н д а «ЭКСПО-2017» көрмесінің өткізу барысына да ерекше назар аударды. Әлбетте, бұл – тарих-та кез келген елдің маңдайына

бұйыра бермейтін ұлттық жоба. Сондықтан, бұл «Астана ЭКС-ПО-2017» компаниясының мой-нына үлкен жауапкершілік жүктеп, аянбай тер төгуді қажет етеді.

Көрме кезінде екі миллионнан астам қатысушы болады деп күтіліп отыр. Демек, елорда әуежайында жаңа терминал салу, ұшып-қону жолағын жөндеу, сол сияқты жаңа темір жол вокзалының құрылысы осы жоспарларымызды еркін жүзеге асыруымызға мүмкіндік береді.

«ЭКСПО-2017» іс-шарасы еліміздің айнасы, бет-бейнесі де-сек те болады. Халықтың тұр мыс-тіршілігінен бастап, ин фра құ-рылымның даму үрдісі әлем нің назарына ілінеді. Сон дықтан, Елбасының Жолдауында Аста-наның келбетін жақсарта түсіп, әлемдік деңгейдегі алып шаһар ға айналдыру туралы тапсырмасы баршамыздың асқан жауапкер-шілігіміз бен ерен еңбек етуімізге тікелей байланысты болмақ.

Жолдауда әлемде орын алып жатқан дағдарыс жағдайынан елі міздің мейлінше зардапсыз шы ғуы мен шикізаттық тәуел ді-ліктен арылу жолдары кеңінен қамтылды. Әсіресе, көлік-логис ти-калық инфрақұрылымның даму-ына, Қазақстанның өңірлік көлік-логистикалық хаб ретінде қалып-тасу мәселесіне айрықша мән берілді. Бұл саладағы ауқымды жоба лардың біразы қазірдің өзінде еңсе ріліп тастағанын айта кетуіміз керек.

Үкімет 2020 жылға дейін көлік инфрақұрылымына 58 млрд доллар инвестиция құймақшы. Өздеріңізге мәлім, Қазақстан «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық көлік дәлізінің құрылысына қатысып жа-тыр. Жаңғырған Жібек жолының 2787 мың шақырымы біздің ел арқылы өтеді. Бұдан бөлек Аста-на – Алматы, Астана – Өскемен, Астана-Ақтөбе, Атырау, Алматы – Өскемен, Қарағанды-Жезқазған

– Қызылорда, Атырау-Астрахань жолдары салынады.

Көлік қатынасының көкжиегін кеңейтетін тағы бір жоба – «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы эко номикалық аймағы. Оның ая-сында арнайы әуежай, құрғақ жүк порты, Жетіген-Қорғас темір жолы және Ақтау теңіз портымен тікелей жалғанатын автожол пайда болады.

Қорғас өте маңызды халық ара-лық көлік дәлізі саналатын «Батыс-Шығыс» жолының бойында жа-тыр, ол одан әрі елдің батысына таман «Шығыс-Оңтүстік» жол тармағына барып қосылады.

Президент атап өткендей, «Ба-тыс бағытта Каспий порты арқылы экспорттық әлеуетті арттыруға Құрық портынан ауқымды паром өткелі және Боржақты – Ерсай теміржол желісі ықпал етуі тиіс».

Дүниежүзілік банктің қалып-тасқан пайымынша, халықаралық саудадағы төмен көрсеткіш шы-ғыны көп логистиканың салда-рынан болады. Яғни, көлік инфра-құрылымының нашарлығы ло гис-

тикалық қызмет көрсетудің уа-қытылы орындалуына, бағасына, сапасына теріс әсер етіп, жеме-жемге келгенде сауданың тұра-лауына, сәйкесінше жүк жөнел-тушілердің басқа қолайлы тасы-малдау жолын іздестіруіне әкеп соғады.

Сондықтан біздің алдымызда мықты көлік-логистикалық опера-тор құрумен қатар, осы саладағы халықаралық көшбасшылармен әріптестікті кеңейту, баға және маркетинг саясатын жүргізе оты-рып көлік-логистика на рығының инфрақұрылымына ин вестиция жасау, қызмет көрсе ту дің нақты сапа стандарттарын қалыптастыру міндеті тұр.

Жаһандық бәсекелестік жағ-дайында саяси, экономикалық үдерістерді аңдап отырған еліміз өзінің жеке жоспарын жасады. Аталмыш Жолдау, оның аясында жария етілген «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты – осы қам-қарекетіміздің нұсқаулығы іспеттес.

«Мемлекет өміріндегі көптен бері шешімін таппай келе жатқан сұрақтарға жауапты біз Елбасының жаңа Жолдауынан тауып отырмыз. Және бұл жауаптар «Ақ жол» пар тиясының ұстанымына өте жа-қын. Нұрсұлтан Әбішұлы ұсынған жаңа экономикалық саясат уақыт талабына сәйкес келіп отыр. Ол бағдарлама көмегімен қазіргі туын-дап жатқан қиындықтарды жеңеміз деп сенемін» деп сөзін бастаған Азат Перуашев Жолдауда айтыл-ған ойларға жалпақ әлем қызығып отырғанын жеткізді. Дәлел ретінде өзіне Мәскеуден журналистер ха-барласып, Жолдауға қатысты көзқа-расын білгісі келгенін алға тартты.

Елбасының көрегендігіне тоқ-талған депутат 2008-2009 жылда-ры әлемдік дағдарыс кезінде бүкіл әлем «шықпа, жаным, шықпа» деп отыр ғанда, Мемлекет басшысы,

кері сінше, елдің алға ілгерілеуін ойлап, Үдемелі индустриялық даму бағдар ламасын іске қосып, экономи-каны жаңғыртуға тапсырма бергенін атап өтті.

Елбасы «Нұрлы жол» бағдар-ла масында басталған жобаларды аяқтау және аса өткір мәселелерді шешу үшін Үкіметке Ұлттық қордан 500 миллиард теңге көлеміндегі екінші транш қаржысын қолдауды қажет етіп отырған бес бағытқа бөлу жөнінде тапсырма бергені белгілі. Азат Перуашевтың пікірінше,

бөлінетін қаржының жұмсалуын қадағалайтын комиссия құру керек. Оның құрамына Парламенттегі партиялардың барлық фракциялары өкілдері енгені жөн. Ол қаржының бейберекет шашылмауын, нақты мақсатты істерге бағытталуын ба-қылауға алу үшін керек.

Сондай-ақ, депутат мораторийге қатысты өз көзқарасын білдірді. Оның айтуынша, мораторий тиісті заңнамаларды реттеу мақсатында жарияланады. Мораторий бизнесті алаңсыз жүргізуге мүмкіндік береді

деген ақиқатты атап өткен ол атал-мыш шараның созылуымен келіс-пейтінін жеткізді. «Мемлекет пен қоғам тарапынан кәсіпкерлікке қо-йылатын талаптар мен тиісті заңдар бар. Кәсіпкерлер осы талаптарды орындап, заңды бұзбаулары керек» деді Азат Перуашев.

«Ел экономикасының даму ісінде отандық кәсіпкерлер орасан рөл атқарады. Ал, Елбасының Жол-дауында әлемде туындап жат қан қиындықтарға қарамай, кәсіп кер-лерге мемлекет тарапынан қо мақты

қаржы бөлінетіні айтылды. Бұл – бизнес өкілдеріне деген үлкен көмек. Сондықтан, кәсіпкерлер Жол дауды қолдайды» деді өз сөзінің әлқиссасында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов.

Осыдан кейін ол Жолдаудағы кә-сіпкерлерге жүктелген міндеттерге тоқталды. Оның сөзінен ең басты міндеттер ретінде әлемдік дағдарыс жағдайында экономикамыздың қарқынына қарқын қосу, қоғамның кәсіпкерлерге деген сенімін әлсіретіп алмау, мемлекет пен қоғам алдындағы жауапкершілікті ұмытпау секілді мәселелер белгіленгені айқындалды. Сондай-ақ, экспорт көлемін артты-руды да көздеп жатқандарын айтты.

Сонымен қатар, Палата төраға-сының сөзінше, мораторийге қара-май, кәсіпкерлік істің дамуына кедергі келтіретін шенеуніктер кездеседі. Өңірлерді аралау бары-сында осындай келеңсіз жағдайларға жолыққандарын айтып өткен ол осылай созыла беретін болса, еш-теңеге қарамай олардың аттарын жария қылуды ұйғарғандарын жеткізді. Алайда, бизнесті дөңге-летуге тосқауыл болатын жағдай-ларды сырттан іздемей, ішкі жағ-дай ларды да назарда ұстаудың ма-ңызы үлкендігін атап өтті. Соның ішінде кәсіпкерлердің таза бизнес жүргізгені мемлекетке де, өздеріне де тиімді болатынына тоқталды.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Page 6: 131 (3188) 2014-11-18

6www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Ең алдымен, жұмыс аумағына кіруге рұқсат алу мақсатымен бірнеше құрылыс компаниялары-мен байланысқа шықтық. Алайда, басшылық тарапынан «Бөтен кісілерді кіргізе алмаймыз. Тәртіп сондай!» деген жауап естідік те, «бір жөні бо-лар, бара көре жатармыз» деп жолға шығуды жөн деп білдік. Қайсысы болса да, құрылыс аумағы түгелімен адам бойынан биіктеу қапталмен қоршалған екен. Күзетшілер бас-шыларына рациямен келгенімізді баяндап, бұйымтайымызды түсіндірсе де, үзілді-кесілді айтылған «Жоқ, кіргізбеңдер!» деген келте жауап естіле берді. Қоршаудың ар жағында қайнаған тірлік. Бос жүрген адам көрмейсің. «Әбу-Даби Плазаның» құрылыс аумағында қаз-қатар тізілген қаншама кранның төбесіне қарай бердік. Олардың саны оннан асатыны анық. Бізді ішке кіргізіп жатқанның өзінде жұмыс уақытында оларды негізгі шаруаларынан алаңдату ыңғайсыз көрінді. Өйткені, кім-кімнің болса да, журналист келді деп кранды тоқтатып қоюы түгілі, краншылардың бізге еңкейіп қарауға да мұршасы жоқ-тын. Бірақ, мәселе басқада.

Күзетшінің айтуынша, аумаққа рұқсат картасы бар жұмыскерлер ғана кіргізіледі. «Бөгде адамдарды маңына да жолатпаймыз. Жазатайым жағдайға тап болсаңдар, қайтеміз?! Сондықтан қауіпті жердің қауіпсіздік шараларын сақтауға міндеттіміз» деді ол. Иә, дәл солай. Әу баста орын-даймыз деп келген ісіміз өнбесе де, құрылыстың темірдей тәртібіне риза болып қалдық.

Біраз бөлігі пайдалануға берілген. Алайда, салынып жатқан үйлер де бар. Қысқасы, «Жағалау-3» тұрғын үй кешенін жағалап жүрміз. Бір амалын тапқандай болдық. Үмітіміз – жұмыс уақыты аяқталғанда, краншыны есік алдында күтіп алып, сұхбатқа тарту.

Бір уақытта өзін Дәурен деп таныстырған прораб келген жайы-мызды біліп, шамалыдан соң орта бойлы, жарқын жүзді бір әйелді ертіп келді.

– Таныс болыңыздар, анау жердегі е-е-ең биік кранның краншысы – Күнсұлу, - деді...

Кентау қаласындағы №16 орта

кәсіптік-техникалық училищеде білім алған Күнсұлу Қыстаубаеваның еңбек жолы бетон зауытындағы көпірлі кранды басқарудан баста-лады. Ол кезде Күнсұлу небары он сегіз жаста екен. Ал, Астанаға қоныс аударғанына 15 жылдың жүзі болып-ты. «Көпірлі кран аса биік емес, оны жүргізу жеңілірек. Сондықтан 2006 жылы Астанада мұнаралы кранды басқару бойынша бір айлық курсты оқуыма тура келді. Алғашқы күннен-ақ құрылыстағы ер адамдар жұмысты алып кете алатыныма күдікпен қарап, «әйел адамға бұл кәсіп жараспайды, текке жүргенше, өзіңе лайық іспен айналыс» дегендей неше түрлі сөздер айтқанда, көз жасыма ерік беретінмін. Айналамдағылардың сенімсіздігі на-мысыма тиіп, жігерімді қамшылады. Бастағанымды тастамай, краншы болу менің де қолымнан келетінін дәлелдегім келді. Айналдырған 4 күнде үйреніп алдым. Бұл жұмыста еркектерден де кем түспейтініме көздері жетті» дейді Күнсұлу өткенін мақтанышпен еске алып.

Оның айтуынша, краншы жұмысы сонау биіктегі жүргізуші орындығына отырып алумен шектелмейді. Кранға өрмелеп шығу – жұмыстың басы ғана.

- Менімен бірге оқығандардың біразы кранның жартысына дейін ғана көтеріліп, ары қарай аяқтары жүрмей қалатын. Иә, оңай емес, алғашында асқазаның ауырады, басың айналып, тұла бойыңды қорқыныш билеп, дір-дір етесің. Онымен қоса, жел әсерінен кранның да сәл-пәл тербеліп қозғалғанын қосыңыз. Бәрін жеңе білу адамның ішкі жан дүниесіне байланыс ты. Бірақ, нағыз қиындық кабинада басталады...

Батылдық пен қорқыныш. Екеуі де краншыларға тән сезім деп ой-ладым. Алып көлікті тізгіндеген сәттен жұмыс аяқталғанға дейін краншы құрылыс аумағында жүрген адамдардың өмірі үшін қорқады. Яғни, бұл ойды жан-жаққа шашы-ратпайтын сергек сезім болса керек. «Жинақы отырамыз, әр істі мұқият жасаймыз, асқан жауапкершілікпен қараймыз. Басқаша мүмкін емес. Мүлт кетсең, не кранды құлатасың, не адамды өлтіресің. Біздің жұмыс қателікті кешірмейді» деген Күнсұлу

өзін техникамен бір сезінгендер ғана жақсы жұмысшы бола алады деген ойда. Мысалы, жүргізуші көлігінің қай жері «ауырып тұрғанын» қалай білсе, краншылар да моторына құлақ түріп, қалыпты дыбысының өзгеруінен бір ақау барын сезеді. Ондайда жұмысты тоқтатып, техниканы механиктерге тексертеді екен.

Жұмысқа келе салып, краншы ауы-сымнан шыққан әріптесі тапсырған кранды жарты сағат бойы бүге-шігесіне дейін механиктермен бірге тексереді. Тексеру нәтижесін ар-найы журналға тіркеп жазады. Оны құрылыс жұмысының басшысы – прораб бір шолып, жұмысқа кірісуге рұқсат береді. Содан кейін ғана кран баспалдағымен биіктегі кабинаға өрмелеп шығады. Қазір Күнсұлу 15-қабаттың құрылысына араласуда. Яғни, шамамен 50 метр биіктікте отырады. Краншы Күнсұлудың айтуынша, 6,8,10 тонналық күші

бар «КБ-403, 405, 408» cияқты ресейлік крандар және 6 тонналық жүк көтеретін «Zoomlion» секілді қытай крандары болады. Қытайда шығарылғанның темірі тым жұқа келетіндіктен, ауа температурасы 25 градустан төмендегенде, жұмысты тоқтату керек, ал ресейлік крандар 30 градус аязға да шыдай береді. Сондықтан аяз күшейгенде, амалсыз демаламыз. Сондай-ақ, кран кабина-сында жел жылдамдығын өлшейтін анемометр құралы орнатылған. Жел жылдамдығы 11м/с-ке жетсе, кабина ішінде дабыл ойнайды.

Краншы көзінің көруі жақсы, дәлдігі мықты болуы керек. «Қашыңдар, мен жүк түсіремін» дей алмаймыз ғой. Сондықтан ешкімге зақым

к е л м е й т і н д е й ж е р г е орналастыруды көзбен өлшейміз. Сондайда фи-зика, геометриядан алған білімің көмекші болады» дейді краншы апай.

Ж а л а қ ы с ы н а к е -лер болсақ, әр құрылыс компаниясының есептеуі ә р қ а л а й . К ө п ж е р д е жалақы сағатпен өлшенеді. Күнсұлу жалақысын жа-сырмады. «Сағатына – 854 теңге, ал, айлық табы-сымыз орта есеппен 150 мың, кейде 190-200 мыңға да жетіп жатады. Бәрі де

ұнайды, жаныма жайлы. Жұмысқа қуанып барамын. Үстіне

шығып алсам болды, осы жұмыстан артығы болмай қалады. Бәрі де алақандағыдай көрінеді.

Қала үстінен қараған ұнайды. Өйткені , б із – оның өсуінің, ө р к е н д е у і н і ң ш ы н м ә н і н д е г і физикалық қарқынын бақылай алатын бақытты жандармыз» деп аяқтады әңгімесін кейіпкеріміз.

Қауіпсіздік ережесі бойын-ша құрылысқа жақындай алмадық. Сол себепті,

Күнсұлудан арнайы оқырмандар үшін биіктіктен селфи жасауын сұраған едік...

Мәдина ЖАҚЫП

Page 7: 131 (3188) 2014-11-18

7www.astana-akshamy.kz

Бейбітшілік және келісім сарайында өткен «Құдайберген Жұбанов мұрасы және түркітанудың өзекті мәселелері» атты ғылыми-практикалық дөңгелек үстел мәжілісіне Қазақстан, Түркия, Қырғыз елдерінің ғалымдары, Қ.Жұбановтың ұрпақтары қатысып, салиқалы пікірлерін білдірді. Отырыс соңында қарар қабыл-данып, онда Құдайберген Жұбанов мұра-ларын жалпы түркі руханиятының даму контексінде кешенді тұрғыдан зерделеу, терминология саласындағы еңбектерінің

теориялық тұжырымдары мен қолданбалы маңызын қазіргі лингвистиканың аясында жан-жақты қарастыру, Түркі академия-сының ғылыми жобалары шеңберінде оның түркі халықтарының тілдеріне қа-тысты зерттеулерін ұдайы назарда ұстау, латын әліпбиіне көшу үдерісінде ға лым-ның фонетика және жазу емлесіне қа-тысты ұстанымдарын ескеру және ғалым еңбектерін басқа түркі халықтарының тілдеріне, сондай-ақ, ағылшын тіліне аудару ісін қолға алу мәселелері атап көрсетілді.

ЖyБАНОВ ЖyЛДЫЗЫ ЖОгАРЫ

– Биыл қазақтың ғана емес, жал-пы түркінің ортақ мақтанышы – Құдайберген Жұбановтың 115 жыл-дығы. Жалпы, Жұбанов қазақ та ри-хындағы алғашқы профессор ретінде термин жасауға үлкен еңбек сіңіргенін жақсы білеміз. Ол – ең алғашқы болып шағатай әдебиеті, Яссауи мұрасы, Абай туралы пікір білдірген көп қырлы ғалым. Санаулы ғұмырында осындай үлкен істер тындырған Жұбановқа арналған шара өткізуді біз өзімізге парыз санадық.

Жиырмасыншы ғасырдың ба-сында Ғаспыралы бастаған түркі тектес елдерден шыққан ғалымдар, оқымыстылар тізе қосып үлкен ша-руалар атқарды. Баку конгресін өткізді, ортақ әліпби, ортақ тіл, жазу мәселелерін көтерді. Алайда, Кеңес өкіметі оларды қыспаққа алып, үлкен армандар орындалмай қалды. Репрес-сия жылдары түркілерден шыққан дарынды тұлғалардың барлығы дерлік жапа шекті. Оның ішінде, әрине, біз сөз етіп отырған Құдайберген Жұбанов та бар.

Жалпы Жұбановтар әулеті қазақ мәдениетіне, тіліне, өнеріне үлкен үлес қосты. Сол мұраларды бүгінгі заманға жеткізгені үшін осы әулетке үлкен алғысымды білдіремін.

– Менің әкем небәрі 38 жыл өмір сүрді. Өмірден ерте кетті. Соның өзінде табиғаттың берген дарынының арқасында артында өшпес мол мұра қалдырды. Қазақ тілінің барлық саласына еңбек сіңірді. Бір таңқаларлығы, ол он алты тіл білген екен. Еуропа, түрік тілдерін са-лыстырмалы зерттеу арқылы қазақ тілінің грамматикасын жасады. Сөйтіп, қазақ тілінің теориялық негізін қалады.

Бүгінгі жастар оның жазған еңбектерін зерттеп, ізін жалғастырып жүр. Ең бастысы, әкеміздің еңбектері жаңа көзқарас тұрғысынан қарала бастады.

Бүгінгі шараны өткізіп отырған Халықаралық Түркі академиясына үлкен рахметімді айтамын. Бұл – биылғы жылы басталып отырған ең бірінші мерейтойлық шара.

– Қырғыз халқы қазақтың Ахмет Байтұрсынов, Құдайберген Жұбанов сынды дарынды ұлдарын жақсы біледі. Біз Жұбановты қазақ тіл білімінің негізін қалаған үлкен дарын иесі, жазушы, журналист, аударма-шы, жалпы биік деңгейдегі маман деп танимыз. Бүгінгі жиында оның мұралары жөнінде сөз болып жатыр. Бізді қызықтыратыны – тіл білімі мәселелерінің ішіндегі фонетика, грамматика, сосын лексикология мәселелері.

Жұбанов – тек қана қазақ тіл білімі үшін ғана емес, қырғыз тілінің дамуы үшін де еңбек сіңірген ғалым. Сондықтан, бүгінгі жиынның біз үшін де маңызы зор.

– Мен бір нәрсеге ғана назар аударам. Бізде Абайтану ілімі өте күрделі мәселеге айналып отыр. Абайдың өзі – дүниетанымы жағынан күрделі адам. Қазақ тұлғаларының ішінде ең көп зерттелгені Абай болса да, оны онша маңдыта зерттей алмаған жағдайларымыз бар. Оның да себептері бар: 1934 жылдары Абай мұрасы терістеле бастады. Абайды зерттеуді алып тастау керек деген пікірлер болды. Абайды еңбегіне қарап емес, тегіне қарап бағалай бастады. Қоғамның пікірі осы-лай теріс қарай бағыт алып бара жатқанда оны оңға бұрып, дұрыс жолға салған екі адам болды. Бірі – Мұхтар Әуезов те, екіншісі – Құдайберген Жұбанов. 1934 жылы «Әдебиет майданы» деген журнал шыға бастады.

Онда Абайға қатысты 12 мақала шықты. Бірақ, оның барлығы тұншығудан аса алма-ды. Сол тұншығудан шығып кеткен екі еңбек болды. Оның бірі – Жұбановтың «Абай – қазақ әдебиетінің классигі» мақаласы. Бұл мақаланың бірінші ерекшелігі, онда ғалым «Абай кім?» деген сұраққа жауап береді. Екінші көтерілген мәселе – Абайдағы жан-тән өлімі мәселесі. Қазіргі ғалымдар осыны ескерулері керек. Құдайберген Жұбановтың осы еңбегін оқыған философтар Абайды зерт-теуде дұрыс жолға түседі. Жалпы, Мұхтар Әуезов пен Құдайберген Жұбановтың Абайға қатысты зерттеулері ұлы ақынды түсінуімізге мүмкіндік ашады.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

– Әкеміз 1938 жылы жазықсыз атылып кетті. Бірақ, тәуелсіз қазақ ұлдары ардақты тұлғаны ақтап, оның артында қалдырып кет кен мұрасын зерттеп, міне, бүгін осындай шара өткізіп жатқандары мені шын қуантады. Бүгінде әкеміздің туған жерінде оның атында жоғары оқу орны бар. Жыл сайын Жұбанов та-ғы лымы, жұбановтану атты дәстүрлі оқулар, жиындар өткізіліп тұрады.

Жалпы, әкеміз туралы қазақ халқы жақсы біледі ғой деп ойлаймын. Менің айтайын дегенім, Қазақстанның жас астанасы – Астана қала-сынан Құдайберген Жұбановтың атына бір көше берілсе деген тілек.

Page 8: 131 (3188) 2014-11-18

8www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Автордың зергерлік бұйым дары екі зал да орналасқан. Бірін шісінен батыр-лардың қару-жарақтары мен хан дардың билік нышаны болып табылатын асатаяқ-тарды көруге болады. Екінші залдағы

қазақ қыздарының әшекей бұйымдары: қос білезік, сырға, бойтұмар, өңіржиектер мен жүзіктер көздің жауын алғандай. Экс-позицияда көрсетілген бұйымдардың барлығы маржан, малахит, лағыл, ақық

сын ды асыл тас тармен безендірілген. Жал пы, Берік Әлібай – Қазақстанға ғана емес, шетел жұртшылығына да танымал зергерлердің бірі. Бірнеше жүлделер мен марапаттаулардың иесі. Көрме желтоқсан айының аяғына дейін жалғасады.

Бағлан ОРАЗАЛЫ

«Мың өліп-тірілген шақ өтті дер ең,Жас ұрпақ, жанарыңнан отты көрем.Мәңгіге желбіресін деп тілеймінКөк туы еркіндіктің көк тіреген!» деген

жалынды жыр шумақтарымен Жайықтың ақ шағаласы сөзін бастады.

«Алматыдан Ақжайыққа сәлем жолдап, өлең жазып жүрген менің бүгінгі жасымды елеп, өткізіліп жатқан осы бір жиындар маған ғана емес, қазақ поэзиясына көрсетіліп жатқан құрмет. Қазақ азаматтарының қалам ұстаған, бесік тербеген анаға көрсеткен құрметі. Қарт Есілдің жағасындағы жас қаланы мекендеген Астананың асылдары, сіздерге Ерке Жайықтың ел-жұртынан дұғай сәлем әкелдім» деді ақын апа.

Бұдан кейін ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, белгілі ақын Өтеген Оралбайұлы Ақұштап апаға мерейлі тойына орай жолдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын табыстады.

Өлең ұғар, өнер түсінер көпшілік жиналған залда сахна төрінен орын алған ақынға деген ерекше сыйластық пен зор ықылас сезіліп тұрды. Сахнадағы көрініс ақынның өлеңдерімен сусындап, оқырман жанымен үйлесіп жатты. Өлең өзгеше сөйледі бұл кеште. Ән болып шырқалды, би болып мың бұралды, жүректей дүрсілдеді.

Туған жерін сағынып келген құрдастардың мәз-мейрам кездесуі. Орталарына қосылған жігіттің «Менің қолыма бір жақсы кітап түсті. Осының ішінен бір-екі өлеңді оқып көрсек, қалай қарайсыңдар?» деген бір ауыз сөзі арқылы

ақын апаның туған жер тақырыбындағы өлеңдері жастардың шын жүрегінен оқылды. Астана қаласы Жастар театры актерлері бұдан бөлек, Ақұштап Бақтыгерееваның ана туралы бір топ өлеңін де халыққа әдемі ұсына білді. Сахна саңлақтары Сара Тыныштығұлова, Роза Рымбаева, Сәуле Жанпейісова, Елмұра Жаңа-бергенова, Гаухар Қаспақова ақын апаның сөзіне жазылған әндерді орындап, кештің ажа рын одан әрі аша түсті. Сонымен бірге, осы кеште «Жаужүрек мың бала» фильмінде Таймас батырдың рөлін ойнаған жас актер Аян Өтепберген Әліби Әбдінұровтың «Туған жер» әнін орындап, ақын апаның батасын алды.

– Фариза екеуміз поэзияға қатар келдік-ау деймін. Мен жиырмада, ол жиырма бес жаста. Өлең жазып, алыстан хат алысып, сырласып тұрдық. «Осы қыздар өлең жазып не бітіреді?» деген ұғым бар. Әйел затына бұл талантты қимайды екен. Біз өкпелеп жүрсек, бізден озық тұрған орыс әдебиетіне Марина Цветаева мен Анна Ахматова келгенде, социализмнің күркіреп тұрған ақыны Маяковский «Бұл қыздар не қылып жүр? Әдебиетті кесте тігу дей ме екен, жайларына жүрмей ме?» деген. Мен көкей де жатқан ойды аздаған шумақтармен былай деп жаздым:

Қызғалдақтар, орамалдар алқызылҚұрметтеумен қоршаса да бар қызы,Құдайынан бере көр деп әжелерТілейді екен жатса-тұрса жалғыз ұл.Өссе, елдің көркі деген гүл деген,Қызды кейде тең көрмеген ұлменен.Ұлдарының ер жеткенде бәрібірҚыздан бақыт іздейтінін білмеген».Мұндай жолдарға қыз баланың назы, поэзия-

ға әкелген ештеңесі жоқ деп қарады. Сол кезде Фариза өткір мінезіне салып былай деген еді:

Құдай сәуле бергенмен санасына, Еркектерден көш төмен бағасы да. Құлдықта келе жатыр ғасыр бойы,Әйелдің дарасы да, данасы да.

«Әй, Ақұштап, меніңше, не ақын болу керек, не қатын болу керек» деді сосын Фариза. Ол белді бекем буды, ақындық жолды қуды, күресті, жеңді. Мен болсам, бесік те тербейін, қазан да қырайын, өлең де жазайын деп, екеуміз екі сүрлеумен қатар жүрдік. Мақтанғаным емес, шын мәнінде, соңымыздан келе жатқан қазақ қыздарына жол салдық-ау деймін. Қазақ қыздары ақын бола алады! – деді Ақұштап Бақтыгереева.

Ал, әдебиетіміздің абызы Әбіш Кекілбаев:– «Поэзия еркектерге бұйырған ба, әйелдерге

бұйырған ба?» деп дауласып келе жатқан адамның ең үлкені – Фариза мен Ақұштап. Шынында да, әдебиет – әйелдердің меншігі, әйелдердің шаруасы ғой. Еркектердің қолынан ештеңе келмейтіні әдебиетке барады, мен де соның біреуімін. Ал, әдебиет – әйелдер істей алатын істердің ішіндегі ең нәзігі, ең көріктісі, ең шынайысы. Бұл істі әйелдерден артық істеу

мүмкін емес. Сондықтан әдебиет әйелдердің ісі деп мойындаймын. Сол әйелдердің ішіндегі ең мықтысы – Фариза. Фаризаның алдынан шықпағанбыз, әлі шықпаймыз. Фариза мен Ақұштап қазақтың тіліне, қазақтың әдебиетіне, қазақтың маңдайына бұйырған ең үлкен ықылас, қазанның екі басын ұстаған екі қыз еді. Біреуі – тірі, ортамызда жүр, екіншісін өлді деуге болмайды – төбемізде тұр. Екеуінің өзі де сөзі де өлмесін!» - деді.

Кеш соңында Ақұштап Бақтыгереева «Осы-ның бәрі сөз түсінетін жас ұрпақ өссін деген арманмен өтіп жатыр. Сөз түсінбегенді біздің қазақ адамға санамайды ғой. Ал, сөздің мәнін түсіну, оны қадірлеу – адамның ең ғажап адамгершілік қасиеті» деп, жастардың кітап оқудан ажырамауын тіледі.

Мәдина ЖАҚЫП

Page 9: 131 (3188) 2014-11-18

9www.astana-akshamy.kz

Сонау 70-80-інші жылдары жоғары оқу орнын бітірген жастар дипломын алған бой-

да ауылға баруға асығар еді. Өзінің игерген мамандығына шынайы адал болған жастың бірі Әділхан Жүсіпов болатын. Ол Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген соң сол кездегі Торғай облысының Жаңадала ауданына қарасты Титов ауылындағы орта мектепке жолдама алды. Қостанайдан тым шалғайда жатқан ауылға жас жігіттің жүрегі алып-ұшып жеткен. Мектепке ма-тематика пәнінің мұғалімі болып орналасты. Негізі, Торғай өңірінде мұғалім мамандығына, ұстазға деген шынайы құрмет қалыптасқан. Бұл дәстүрдің, бәлкім, тамыры тереңде, сонау ХІХ ғасырда іргесін жас Ыбы-рай қалаған мектептен басталса керек-ті. Дала қоңырауын қаққан ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин-ге, оның тәрбиесін көрген кейінгі ұстаздарға елдің ыстық ықыласы бүгінге дейін үзілмеген. Титов орта

кабинеттері мен зертханалар, спорт залы мен спорт алаңы жаңартылды, мектеп ғимараты күрделі жөндеуден өткізілді, балалардың жазғы демалысы тиісті деңгейде ұйымдастырылды. Бұл мектеп оқушылардың білім сапасы мен материалдық базасы жөнінен аудан бойынша алдыңғы қатардан табылды. Білім ұясында жұмыс істеуге ниет білдірген білікті мамандар саны артып, олардың бәрі жеке пәтерлерге ие болды. Бұл да Әділхан Шаймағамбетұлының кең-шар басшысымен бірлесе жұмыс істей білуінің, еліміздің ертеңі – жас ұрпақ мәселесіне қоғамның назарын аударуға қабілеттілігінің арқасы еді.

Әділхан Шаймағамбетұлы 1983-90 жылдары Жаңадала аудандық білім бөлімін басқарды. Орда бұзар отызға жасы толмаған жігіт бұл қызметке зор ынтамен, асқан жігермен, бар жауапкершілікті терең сезіне отырып, бел шеше кірісті. Ол үшін аудан дық білім беру бөлімінің аппараты мен әдістемелік кабинеттің қызмет кер-лерін білікті мамандармен толық-тыр ды, басқа аудандардан тәжірибелі қызметкерлерді жұмысқа тартты.

– Кабинетте отырып іс бітпейді. Күн-түн демей аудан мектептерін аралап, олардағы өзекті мәселелерді көзбен көрмей іс тетігі шешілмейді. Білім саласындағы проблемалар да адамның сырқаты секілді, оған алды-мен диагноз қойып алғандай, себеп-салдарын анықтап алу керек. Содан кейін қандауырын қолына алған хи-рургтей сылып тастауға кірісесің. Мектептер сонау ұлы ағартушы Ыбы-рай заманынан қаржыға тәуелді. Сондықтан, мектеп мәселелерін шешу ісіне ылғи жергілікті әкімшілік пен шаруашылық басшылығын тар-тып отырдым. Азаматтармен тізе біріктіргенде бағынбайтын қамал жоқ еді, – деп еске алады бүгінде Әдекең.

Көп ұзамай Жаңадала ауданының білім ошақтары туралы жақсы пікір қалыптасып, орын алған даму дина-микасы Білім министрлігінің наза-рына ілінді, осы ауданның білім беру және тәрбие алаңдарында бірқатар республикалық іс-шаралар абыроймен өткізілді.

Білім саласының бүге-шігесіне дейін жақсы білетін және біліктілігі жарқырай көрінген Әділхан Жүсіпов Торғай облысы таратылғанға дейін облыстық білім басқармасын бас-қарды. Бұл экономиканы да, әлеу-мет тік саланы да қылбұрауға салған 90-ыншы жылдардың іші еді. Елі-міздің егемендігімен қатар келген экономикалық өзгерістерге байла-нысты орын алған дағдарыс кезеңі елдің қамын өзінің мүддесінен жоғары қоятын азаматтарға жауапкершілік жүктеді. Олардың қатарында Әділхан Шаймағамбетұлы да бар еді.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарын-да жас ұрпаққа бодандық санадан сілкіну, патриоттық тәрбие беру, қаржы тапшылығына тап болып, еңбекақысын айлап уақытылы ала ал-май жүрген ұстаздарды елдің ертеңіне сендіру, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін көтеру, қазақ тілінде білім беретін мектептердің материалдық базасын нығайтуға айырықша назар аудару, ондағы мұғалімдердің білік-тілігін арттыру сынды ондаған мәселелер Әділхан Шаймағам бет-ұлының ен шісіне бұйырды.

Ол түйінді мәселелердің бәрін байыппен шеше білді. Әдекең Торғай өңіріндегі қазынаны жас ұрпақтың тәрбиесіне пайдалануды мұрат тұтты. Ол қазына – осы өңірде бояуын жоғалтпаған халық педагогикасы болатын. Арнаулы бағдарламалар әзірленіп, мектептердің оқу-тәрбие ісіне енгізіле бастады. Жангелдин және Аманкелді аудандары білім

ошақ тарының базасында он төрт облыстың білім басқармасы басшы-ла рының қатысуымен Республикалық семинар-кеңес өткізілді. Қазақ тілінен республикалық мектеп оқушылары олимпиадасы да өткізіліп, оған Моң-ғол халық республикасынан қа зақ балалары да қатысты.

– Сол кезеңде Кеңес Одағы ыдырап кеткенімен, кейбір жаңа бастамаларға келгенде әлі де болса жалтақтап жа-татын қылығымыз бар болатын. Біз батыл кірістік. Қазір ойласам, бұл рухымыздың оянуы, бодандық сана-ның сілкінуі екен, – дейді Әділхан Шаймағамбетұлы. Оның бұл ісіне ұстаздар жұртшылығы сүйсіне тәнті болса, рсепубликалық білім саласы басшылығы оған жоғары баға берді.

Еліміздің айбыны, қазақ жерінің алқасы – елордада тұратын Әдекең бүгінде Астана қаласының гумани-тарлық колледжінде директор бо-лып қызмет істейді. Бұл колледж қазіргі уақытта алдыңғы қатарлы оқу орын дарының бірі болып саналады. Әдетте, ұстаз деген адамгершік, әділ-дік, мейірімділік, өнегелілік, баста-машыл, адалдық, достыққа беріктік ұғымдарының жиынтығы секілді көрінеді. Ал Әділхан Шаймағам-бет ұлы ұстаз тұлғасын биіктетті, өз ісімен мүсіндеді. Қырық жылға тарта отбасылық өмірінде отбасына береке-бірлік сыйлап, оның осындай ел сыйларлық деңгейге жетуіне ат салысып жүрген сүйген жары Бота екеуі үш ұл тәрбиелеп, одан бес-алты немере қызығын көріп отырған үлгілі үйелмен. Елге танымал азамат, іскерлігімен, ұлағатымен әлі де қоғамға әкелер пайдасы зор деп ойлаймын. Алпыс жас әр адамға осылай бағынса игі еді.

Станислава ЩЕГЕЛЬСКАЯ,білім беру саласының ардагері

мектебіне жалындап тұрған жас жігіт келгенде ауылдастар қуанды. Балалар жаңа мұғалімді қоршап, оның айналасынан ұзап кетпейтін. Әділхан да Ыбырай атасы секілді балаларды оқытуға «аш қасқырдай кірісті». Тумысынан еңбекқор, табиғатынан әділ әрі бастамашыл жас маман педагогикалық ұжымның құрметіне ие болып, басшылықтың назарына ілінді. Бір жыл өткен соң Әділхан Шаймағамбетұлы осы мек-теп директорының оқу-тәрбие жұ-мысы жөніндегі орынбасарлығына тағайындалды.

Ұстаздың еңбегін шығармашылық жұмыс санатына қоссақ, келіс пей тін-дер де табылар, сірә. Дайын әдістеме мен оқулықты пайдала ну кез келгеннің қолынан келер дей тін дер көп. Әңгіме дайын оқу лықта, бағ дарламада да емес. Ұлы ағар ту шы Ыбырай «Мектептің жүрегі – мұғалім» деп бекер айт-ты дей сің бе? Әр баланың білімге деген ықы лас, көкірек көзін ашу маң дай тер мон шақтайтын еңбекке ғана емес, мұ ға лімнің бойына біткен талант қа да байланысты. Ұстаз деген – міне, осындай жандар. Кеше ғана инс титут қабырғасынан шыққан Әділ хан көп ізденетін. Ол ауыл бала-сының білім сапасын көтеруге ты-рысты. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары өзінің ұйым дастырушылық қабілетінің де жоғары екенін көрсетті. Титов орта мектебінің оқу үлгерімі жоғарылап жүре берген. Бұл ауданның білім беру саласы басшыларының наза-рынан тыс қалмады. Оны осы аудан-дағы ХХІ партсъезд орта мекте біне директорлық лауазымға жоғарылатты.

Осы мектепте басшылық қызмет атқарған төрт жыл ішінде ол көптеген іс тындырды. Мұғалімдердің жұмыс істеуіне жағдай туғызды, мектептің материалдық базасын нығайтты, оқу

Шараға қатысқан Астанадағы 12 колледждің оқытушылары студенттерді «Дизайн» және «Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсетуді ұйымдастыру» мамандықтарына оқыту бағы-тында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар жөнінде өздерінің ойларын ортаға салды.

Әрине, келешектің иесі – жас-тар. Ал, бүгінгі жастар өзінің ата-анасынан гөрі заманына көбірек ұқсас келеді. Сондықтан заман талабына сай, оны көркейтіп, дамытатын жеткіншектер тәр-биелеу ең маңызды мәселе еке-нін ескерткен оқытушылар қо ғам ның дамуына қарай ғылым мен техниканың деңгейі де, оны басқару жүйесі де өзгеріп оты-ратынын, осыған орай кез кел-ген мамандықтың да мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, соны көзқарас, жаңа шешімдер мен мүмкіншіліктерді қажет ете-тінін, ондай мүмкіншілік тек бі лім арқылы келетінін жеткізді.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаз-дардың қолында» деген болатын. Қалалық әдістемелік бірлестік жұмысына қатысушылар қазіргі кезде елімізде техникалық және кәсіби білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алғанын және бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отырғанын алға тартты.

Аталмыш шара аясында қо-нақтар Басқару колледжінің кәсіби пәндер бойынша оқыту-шылары өткізген сабақ тарға қатысып, кәсіби білім беру ме-кемесіндегі оқу жұмыс тарының өз деңгейінде жүргізіліп жат-қанына куә болды.

Д.МАЛИКОВ, Басқару колледжі

директорының орынбасары

Page 10: 131 (3188) 2014-11-18

10www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

II.

IV

V.

: www.mcppz.kz E-mail: [email protected]

« » – 1953 , .

19.05.2014 жылы қайтыс болған Айсабаев Жанабай Балташевичтің дүниеден озғаннан кейінгі мұрагерлік ісі ашылды. Барлық мүдделі тұлғаларға Астана қаласы, Мәскеу көшесі, 40-үй, 222-кеңседе орналасқан нотариус Арыстанбекова Ғалия Хамитовнаға хабарласуларын сұраймы з.

Лауазымдық міндеттері: Емханаға бас шылықты жүзеге асырады. Кон-тин гентке уақтылы және сапалы меди-циналық көмек көрсету бойынша жұмысты ұйымдастырады. Қабылдаған шешімдері, мүліктің сақталуы және тиімді пайдаланылуы үшін жауап бе реді. Ұйым қызметінің саясатын, стра тегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды. Диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмекті жетіл діруді және жаңа түрін енгізуді, көр-сетілетін қызметтердің сапасы мен бә-секеге қабілеттілігін арттыруды, олардың мемлекеттік стандарттарға сай болуын қамтамасыз етеді. Емхананың жұмыс әдістері мен түрлерін жақсарту бойынша

қажетті шараларды қабылдайды. Ішкі еңбек тәртібі талаптарының орындалуын, медициналық этиканың және санитар-лық-эпидемиологиялық ережелер мен нор-малардың сақталуын қамтамасыз етеді. Есеп беруді ұсынуды қамтамасыз етеді.

Білуі керек: Денсаулық сақтауды ұйым-дастыруды реттейтін Қазақстан Республи-касының заңнамасын.

Біліктілік талаптары: Жоғары ме ди-циналық білімнің, «Денсаулық сақ тауды ұйымдастыру» («Қоғамдық ден саулық сақтау», «Денсаулық сақтау менед ж-менті») мамандығы бойынша бірінші/жоғары біліктілік санатының болуы.

Анықтама телефондары: 71-62-81.

Астана қаласы ІІД уақытша ұстау изоляторының полицейі (1бірлік, SV-12 санаты)

- УҰИ-дағы күдіктілер мен айыпталу-шыларға және олардың ішкі тәртіпті сақтауына үздіксіз қадағалау жасайды;

- жеткізілген және шығарылған күдік-тілер мен айыптаушыларды қабылдайды және ресімдейді, оларға жеке тінтуді жүзеге асырады;

- қамауға алынғандарды және ұстал-ғандарды есеп бойынша қабылдайды, күшей-тілген қадағалау талап етілетін тұлғалардың түрін білуі тиіс. Қандай жағдай болмаса да ауысым болмағанша бекетті қараусыз қалдырмайды;

- қызметті қырағылықпен атқарады, есік көзшелері арқылы камерадағы қамауда отырған тұлғалар мен ұсталғандардың жүріс-тұрысына тұрақты қадағалауды жүзеге асырады, дәлізден тыныш өтуді қамтамасыз етеді;

- камерадан шығару кезінде оларды күзету ережесін қатаң сақтайды, ұсталғандар мен қамауға алынғандар УҰИ-дың белгіленген ішкі тәртіп ережесін бұзған жағдайда бұзушылықты тоқтатуды талап етеді (есік желкөзі арқылы), бағынбаған жағдайда бекетке кезекшіні немесе оның көмекшісін шақырады;

- қашуға немесе қастандық жасауға дайындықты анықтаған жағдайда дабыл белгісін береді, бекетке кезекшіні шақырады, постты қалдырумен байланысты емес қажетті шараларды қабылдайды;

- өзін-өзі өлтіруге тырысуды анықтаған кезде дабыл белгісін береді, бекетке кезекші келгенге дейін осы әрекетті тоқтатуға (камераластармен, есік желкөзі арқылы) әрекет жасайды.

- Камерадан шақырту түскен кезде өз қызметтік міндеттерін орындай отырып, тез арада (есікті ашпай) оның себебін анықтайды және қызығушылық тудырған сұрақтарға жауап береді, егер ол қандай да бір басқа шараларды қабылдау қажеттігімен байланысты болған жағдайда кезекшіге

шақырту туралы баяндайды; - ұсталғандар мен қамауға алынғандар

УҰИ-дың белгіленген ішкі тәртіп ережесін бұзған жағдайда бұзушылықты тоқтатуды талап етеді (есік желкөзі арқылы);

- қамауға алынған тұлғалар мен ұсталған-дардың жүріс-тұрысын қадағалау нәтижелері туралы, оқиға болған жағдайда жеке құрамның есеп бойынша әрекетке үнемі дайындықта болуын кезекшіге тұрақты түрде баяндайды, байланыс, дабыл, өрт сөндіру құралдарын қолдана білуі тиіс.

- ІІД ішкі тәртібін сақтайды, қызметкердің өз қызметтік міндеттерін орындауға мүм-кіндігі болмаған жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы қысқа мерзім ішінде тікелей басшыға (бастыққа) хабарлайды;

- ақпараттық қауіпсіздік пен құпиялық ре жімін қамтамасыз етуді реттейтін норма-тивтік-құқықтық актілердің, сондай-ақ, өткізу режімінің талаптарын сақтайды;

- Ісқағаздарды жүргізеді, кіріс және шығыс хат-хабарларды тіркейді, ЭҚАБЖ-ны білуі және игеруі тиіс;

- Қазақстан Республикасының заңнама-ларында көзделген құқық қорғау органда ры-ның іс-әрекетін реттейтін басқа да құқықтар.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жасы 25-ке дейін, білімі орта, орта-арнайы, бойы 170 сантиметрден төмен емес, денесі шыныққан, әскери қызметтен өткен, Астана қаласында тіркелген, анықтама телефондары: 71-62-81.

Конкурс Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметіне қабылдау ережесінің негізінде өткізіледі.

Жоғарыда аталған мекенжай бойынша конкурс өткізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күн ішінде Астана қ. ІІД Кадр жұмысы басқармасына конкурсқа қатысу өтініштері мен құжаттарды ұсыну қажет.

Үміткерлер конкурстан өтуі үшін дене даярлығы бойынша нормативтерді және нормативтік құқықтық актілер бойынша тест тапсырады.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің ұжымы республикалық «Әділет» апталығының президенті Қуанышбек Ботабековке әкесі

Тасболаттыңмезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Page 11: 131 (3188) 2014-11-18

11www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

«Астанателеком» қалалық телекомму-никация орталығы «Digital TV» ЖШС мен «Қазақтелеком» АҚ желілерінің біріктірілуіне бай ланысты, аналогты теледидар қызметі үшін шартты қайта жа-сасуларыңыз қажет екенін назарларыңызға жеткізеді.

Ол үшін мына мекен жайлар бойын-

ша орналасқан қызмет көрсету желісі пунктілеріне келулеріңіз қажет:

М.Әуезов к-сі, 16-үй;Жирентаев к-сі,11-үй;Сығанақ к-сі, 18-үй;Кенесары к-сі, 55-үй.

Ізгі ниетпен, Сіздің Қазақтелекомыңыз!

Дін проблемаларын зерттеу орталығы 8 (7172) 78-22-88, www.religii.kz

Астана қ. МАЭ сотының 03.11.2014ж. ұйғарымымен «Звезд-ный город» ЖШС (БСН100340020431) банкрот деп тану тур алы іс қозғалды.

Определением СМЭ суда г.Астаны от 03.11.2014г. возбуждено дело о признании ТОО «Звездный город» (БИН100340020431) банкротом.

Р/с№

Атауы Конкурсты ұйымдастырушы

1. Жақсартылуы және пайдаланылуы концессия шарты негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік меншіктің қолданыстағы объектілері

2. Салынуы және пайдаланылуы концессия шарттары негізінде жүзеге асырылатын объектілер1. Астана қаласының Қабанбай батыр даңғылы, № 32/1 үй

маңында орналасқан жер учаскесіндегі паркинг«Астана қаласының Жолаушылар көлігі және

автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Респуб-лика сын дағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Концес сиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі заңдарына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Орта мерзімді кезеңге (2014 – 2016 жылдарға)

(бесінші шақырылым қырық төртінші, кезектен тыс сессиясы)Астана қаласы қараша 2014 жыл

арналған концессияға беруге ұсынылатын объек-тілердің тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

Астана қаласы мәслихатысессияның төрағасы З. ШибкеновАстана қаласы мәслихатының хатшысы С. Есілов

Астана қаласы мәслихатының шешімімен

2014 жылғы «__»_________№____________

бекітілген

2. Астана қаласының Орынбор көшесі, № 8 үй маңындағы жер учаскесіндегі паркинг

«Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік

мекемесі3. Астана қаласындағы Абылай хан даңғылы - Қобда

көшесінің қиылысы маңында орналасқан жер учаскесінде автовокзал салу

«Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік

мекемесі4. Астана қаласындағы Тілендиев даңғылы Бейсекова

көшесінің қиылысы маңында орналасқан жер учаскесінде автовокзал салу

«Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік

мекемесі

Page 12: 131 (3188) 2014-11-18

12www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

5 1

1 307,46 1 502,46

+7 /7172/ 703-212, 703-213www.astana-akshamy.kz

, ///////////////////////////////////////////////////////////////////

///////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////

Қазақтың намысы үшін аянбаған қаршадай қыз бұл жолы да осыдан екі жыл бұрын Лондон ойындарында көрсеткен салқынқандылығын тағы бір көрсетті. Зілтемірді көтеруге шыққан сайын ешқандай артық эмоцияға берілмеді. Көңілінің күйін қарсыластарына білдірмеді. Шыққан сайын және өлшеніп берілген салмақты басынан асырып көтере берді. Осылайша биылғы Азия ойындарында алдын орап кеткен қытайлық Сю Шуцзиннен есесін қайтарып, үшінші мәрте әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Ол ол ма, Зүлфия Алматы төрінде серпе көтеруде екі рет қатарынан әлем ре-кордын жаңартты. 133 келіні көтеріп әлемдік рекордты бір жаңартса, арада екі минут өткенде өз рекордын

тағы бір өзгертіп тастады. Бұл жолы 134 келіні бағындырды.

– Ендігі мақсатым қоссайыста әлем рекордын жаңартсам деймін. Қазір бұл көрсеткіш 233 келі болып тұр. Ал, мен болсам осыған дейін 232 келіні көтерген болатынмын. Бұл мақсатыма Рио-де-Жанейро ойындарында жетемін деп ой-лаймын, – деді Алматыдағы әлем чемпионатында алғашқы алтынды алған Зүлфия Чиншанло.

Қазақстан жерінде тұңғыш р е т ұ й ы м д а с т ы р ы л ғ а н ә л е м чемпионатының есте сақталатын ең айшықты сәтінің бірі деп Жасұлан Қыдырбаевтың жеңісін айтуға болады. Бұл шын мәнінде қазақ баласының әлемдік ауыр а т л е т и к а н ы ң а с қ а р ш ы ң ы н бағындырған, яғни, әлем чемпионы атағына ие болған тарихи сәті еді. Жақында ғана жиырма екі жасқа толған, өмірінде тұңғыш рет әлем

додасына түскен жас жігіт 94 келі салмақта топ жарды.

Ол жұлқа көтеруде 179 келі салмақты көтеріп тек үшінші орын-мен шектелген еді. Алайда, өзін аса қызу қолдаған жанкүйерлері алдында намысқа қамшыны басқаны соншалық серпе көтеруде алдына жан салмады. 229 келіні басынан бір-ақ асырды. Сөйтіп, қоссайыстың қ о р ы т ы н д ы с ы н д а б а р л ы қ қарсыластарын қапыда қалдырып кетті. 408 келі көтеріп, әлем чемпи-оны атағын жеңіп алды. Осы топта тағы бір қазақстандық Владимир Седов күміс жүлдегер атанды. Үшінші орынға атақты латыш атлеті Ауримас Диджвалис табан тіреді.

– Соңғы екі жылда үлкен спортта болған жоқпын (2011 жылы допингке қатысы бар деген айыппен екі жылға жарыстардан шеттетілген болатын. Ғ.Қ.). Енді оралдым. Алдағы уақытта да Қазақстанның атағын шығара беремін, – дейді алтын медаль иегері Жасұлан Қыдырбаев.

Ш ы н ы н а й т у к е р е к , И л ь я Ильиннің сайысқа түсетін сәтін бар-ша қазақстандықтар тағатсыздана күтті. Олимп шыңына екі рет көтерілген, әлем чемпионы атағын үш мәрте жеңіп алған атақты жерлесіміз Лондон ойындарынан кейін дүбірлі додаға түспей жүрген. Оның үстіне ауырлау салмаққа ауысқаны белгілі еді. Көптеген жанкүйерлердің «Алтын баланың» жаңа салмақтағы жағдайы қалай болар екен» деген күпті көңілмен жүргендерін несіне жасырамыз. «94 пен 105 келінің айырмасы айтарлықтай болады. Ильинге бұл жолы оңай болмайды» дегендер де жеткілікті еді.

Ал, енді, сол күпті көңілдерді сейілткен, қалың елін жеңісімен серпілткен Ильин рекордына

тоқталайық.И л ь и н о с ы ә л е м

біріншілігінде 105 келіге д е й і н г і с а л м а қ т а с ы н ғ а түскен сайыпқырандар ара-сында «қазақстандық вун-деркинд» өз мықтылығын тағы да дәлелдеп шықты. Олимпиада ойындарының жүлдегерлері , әлем және қ ұ р л ы қ ч е м п и о н д а р ы тайталасқа түскен дүбірлі до-дада жерлесіміз нағыз толағай екенін, шын жүйрікке тұсау болмайтынын төрткүл дүниеге паш етті. Осы салмақтың к ө ш б а с ш ы л а р ы с а н а л ы п жүрген, әлемдік жарыстың жеңімпаздары өзбекстандық Р у с л а н Н у р и д и н о в п е н ресейлік Давид Беджанян ба-старын шайқаумен болды. Олай дейтініміз, осы жарыс

үстінде серпе көтеруде Нуридинов әлем рекордын жаңартып жіберді. Осы сәтте «Менің рекордымды жаңартқан қайсың...» дегендей Беджанян да қаһарына мінгендей болды. Ол бір минут бұрын орнаған жаңа рекордқа тағы бір келі қосып, 240 келі зілтемірді басынан бір-ақ асырып, кең сарайды басына көтере айқайлап жіберді. Мұнысын енді қайсың бар дегені шығар деп ұқтық та, Ильинімізді күттік. Ал оның шегінетін жері қалмаған еді. Соңғы мүмкіндігі ғана қалған. Әлем чем-пионы болу үшін 242 келіні көтеру керек. Бұл және жаңа рекорд болмақ.

Айтқандайын, Ильин бапкерлері 242 келіге тапсырыс берді. Балуан Шолақ сарайы сілтідей тынды. Ильин ортаға әдеттегідей еркін әрі сенімді қадаммен келді де, көп мүдірмей зілтемірді кеудесіне бір-ақ көтерді, сөйтті де, кеудесін кере демін тартты да, басынан асырып жіберді. Кең сарай іші гуілдеп-уілдеп кетті. «Ильин – чемпион!!!»

Илья жеңіс тұғырында тұрып Қазақстан әнұранын шырқағанда ел болып толқыдық. Ел болып марқайдық.

Осылайша, Илья Ильин төртінші мәрте әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Халықаралық ауыр атлетика федерациясының шешімімен әлем чемпионатының үздік атлеті атанды.

– Мен осы жеңісімді Қазақстан Президентіне және халқыма арнай-мын, – деп ағынан жарылды барша қазақстандықтарды ерекше күшімен тәнті еткен Илья Ильин.

Келесі әлем чемпионаты Хьюс-тонда өтетін болады.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ