12
86' (85 585 ĭ³£« Ĥ£¤©L ª£¬¢© HPDLO LQIR#DVWDQDDNVKDP\N] :::$67$1$$.6+$0<.= Ě 14 ÒÆμ ÁĭÐÁÎ ÇÜÌ ÑæòðôâìéëáìüĬ ĬïĨáíåüĬòáĀòé äáèæó çüìĨü Ĭáèáîîáî âáòóáð ùüĨáåü -8°.. -6° -10°.. -8° ǁLJƽƼǍǗ ƼǍǎƼljƼ ʃdžƲLjƲlj ɅƼƽǗLJǀƼǀǗ Çæì âáĨüóü íæî çüìåáíåüĨü ïĦóġòóĄë íò Ëġî ùüĨôü òáĨáó íéîôó Ëġî âáóôü òáĨáó íéîôó Ëġî ĪèáĬóüĨü òáĨáó íéîôó ÂĪì ëġîäĄ æĦ çïĨáñĨü óæíðæñáóôñá n& çüì ÆĦ óĤíæîäĄ óæíðæñáóôñá n& çüì ʽǧDzǧ ȓȌȔ ǸǧDzǧ ˅DzȂ ǭǬˁʵǸDZǬ ² ǭȂDz ǧǸǹǧǴǧ ǧǺǫǧǴǫǧǷȂ ÇÁħĩÜÑÓÜÌÁÅÜ ÏÐÁÓ ÂÏÌĩÁÎ 7 12 6 ʶ˟ˣ˞˟˳˶ ˙˘˲˳ˮͲ ˞˘ ʮ˘೪˳˙˟˪˯˚ ʺ˟˭ˬ˟˪˟˵ ˙˘˳˾Ͳ ˳ˮ˘ ೪˘ˬ˘ˮ೮ ഉˬ˟˶˭˟˵˵˧˪Ͳ ˪˯ˮ˯˭ˤ˪˘ˬ೪ ˞˘˭˶ ˮ˟˛˧ˣ˛˧ ˭˟˭ˬ˟˪˟˵˵˧˪ ˙˘೦˞˘˲ˬ˘˭˘ˬ˘˲˞೮ ˢˣ˟˛˟ ˘˳˲ˬ˶ ˢ˘˥ ˳˯ˮ˞˘˥Ͳ˘೪ ʤ˳˵˘ˮ˘ˮ೮ ˘ˬ˞˘೦ ೪˯೦˘˭˞೪Ͳ˳˘˳ˤ ˢഉˮ˟ ˭ഉ˞˟ˮˤͲ ˙೪˘˲˘ˬ೪ ˧˳Ͳ ˾˘˲˘ˬ˘˲೦˘ ഉˣ˧˲ˬ˧˪ ˙˘˲˳ ˵˶˲˘ˬ ˙˘ˮ˞˘˞ Қазақстан Президенті елордада ауқымды жұмыс атқару қажет бола- тынын атап айтты. – Биыл Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығы атап өтіледі. Осыған байланысты Нау- рыз бен Қазақстан халқының бірлігі күнін халқымыздың тұтастығы мен көпэтносты қоғамдағы келісім тақырыбымен орайластырып ме- рекелеген жөн. Бұл жұмыстарды қазірден бастау керек. Тағы бір маңызды тұс – «ЭКСПО-2017» халықаралық көрме нысандарының құрылысы, бұған да ерте қамдану қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы Астанаға айрықша маңыз берілген «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелеріне арнайы назар аудар- ды. Атап айтқанда, осы бағдарлама аясында елорданың тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, инфрақұрылымын дамыту жұмыстары атқарылатын болады. Қазақстан Президенті қаланың инвестициялық тартымдылығын ұдайы арттыру, шағын және орта бизнес субъектілерін ілкімді қолдау қажеттілігіне тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік саланы жақсартуға, адами капиталды дамытуға байланысты міндеттерді орындауды жалғастыруды тапсырды. Сонымен қатар Мемлекет басшы- сы жылу беру маусымын кідіріссіз өткізудің, елорда тіршілігін са- палы қамтамасыз етуге барлық қалалық қызметтердің үйлесімді қатыстырылуының маңыздылығын атап өтті. Қазақстан Президенті кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. ДОСТЫК ЖЫЛЫ ÊÌμIJ IJİÉÀ×Ç×IJμÌ×È×à Àĵ̳ËÎÁÇÁÀ³ Айтулы салтанатты шара Бейбітшілік және келісім сарайының алдындағы алаңда Қазақстан халқы ассамблея- сы жылының туын көтеруден басталды. Осы сәтте сүттей ұйыған бірлік пен ынтымақты ұрандаған астаналық өрендер дүркіреп ортаға шығып, «Жастар қоғамдық келісімді қолдайды» атты флеш-мобтарын бастап кетті. Елордада бастау алған салта- натты синхрон-акция бір мезетте өзге де өңірлерге ұласып кете барды. Ассамблея жылының шымылдығын ашқан ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова жиналған ел-жұртқа Президентіміз – ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын жеткізді. (Жалғасы 5-бетте) ʶ˟˾˟ ʤ˳˵˘ˮ˘˞˘ ˘ˣ˘೪˳˵˘ˮ ˺˘ˬ೪ ˘˳˳˘˭˙ˬ˟˳ˮ೮ ˢˬ ˲˟˳˭ˤ ˵˲˞˟ ˘˾ˬ˞ ÏÓÁÎ ĠټΠÇÜÌÔ ÏÑÓÁÌÜĭÓÁÑÜ AKORDA.KZ ËĥËÆÊÓÆÒÓ¼ ÍģÒÆÌÆÌÆÑ ËĥÓÆѼÌż

14 (3218) 2015-02-07

  • Upload
    -

  • View
    233

  • Download
    6

Embed Size (px)

DESCRIPTION

АСТАНА АҚШАМЫ №14 (3218) 7 ақпан

Citation preview

Page 1: 14 (3218) 2015-02-07

14

-8°.. -6°-10°.. -8°

7 126

Қазақстан Президенті елордада ауқымды жұмыс атқару қажет бола-тынын атап айтты.

– Б и ы л Қ а з а қ с т а н х а л қ ы ассамблеясының 20 жылдығы атап өтіледі. Осыған байланысты Нау-рыз бен Қазақстан халқының бірлігі күнін халқымыздың тұтастығы мен көпэтносты қоғамдағы келісім тақырыбымен орайластырып ме-рекелеген жөн. Бұл жұмыстарды қазірден бастау керек. Тағы бір маңызды тұс – «ЭКСПО-2017» халықаралық көрме нысандарының құрылысы, бұған да ерте қамдану

қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.Мемлекет басшысы Астанаға

айрықша маңыз берілген «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелеріне арнайы назар аудар-ды. Атап айтқанда, осы бағдарлама аясында елорданың тұрғын үй-к о м м у н а л д ы қ ш а р у а ш ы л ы ғ ы н жаңғырту, инфрақұрылымын дамыту жұмыстары атқарылатын болады.

Қазақстан Президенті қаланың инвестициялық тартымдылығын ұдайы арттыру, шағын және орта бизнес субъектілерін ілкімді қолдау қажеттілігіне тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік саланы жақсартуға, адами капиталды дамытуға байланысты міндеттерді орындауды жалғастыруды тапсырды.

Сонымен қатар Мемлекет басшы-сы жылу беру маусымын кідіріссіз өткізудің, елорда тіршілігін са-палы қамтамасыз етуге барлық қалалық қызметтердің үйлесімді қатыстырылуының маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан Президенті кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

ДОСТЫКЖЫЛЫ

А й т у л ы с а л т а н а т т ы ш а р а Б е й б і т ш і л і к ж ә н е к е л і с і м сарайының алдындағы алаңда Қазақстан халқы ассамблея-сы жылының туын көтеруден басталды. Осы сәтте сүттей ұйыған бірлік пен ынтымақты ұрандаған астаналық өрендер дүркіреп ортаға шығып, «Жастар қоғамдық келісімді қолдайды» атты флеш-мобтарын бастап кетті.

Елордада бастау алған салта-натты синхрон-акция бір мезетте өзге де өңірлерге ұласып кете барды.

А с с а м б л е я ж ы л ы н ы ң ш ы м ы л д ы ғ ы н а ш қ а н Қ Р Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова жиналған ел-жұртқа Президентіміз – ҚХА төрағасы Н ұ р с ұ л т а н Н а з а р б а е в т ы ң құттықтауын жеткізді.

(Жалғасы 5-бетте)

AKORDA.KZ

Page 2: 14 (3218) 2015-02-07

2www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Биыл елордада алты өндіріс іске қосылып, 1600 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Жастар сарайында «Мусихин-дердің бал әлемі» сауда-жәрмеңкесі ұйымдас-тырылды.

Оқушылар са-райында ақын-драматург Н.Оразалиннің «Аққұс ту-ралы аңыз» ертегісінің тұсаукесері өтеді. Басталуы:11.00.

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық драма театрын-да Д.Рамазанның «Абылай ханның арманы» драма-сы қойылады. Басталуы: 18.30.

Е с т е р і ң і з д е б о л с а , Қ Р Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы Жарлығымен Қаржы п о л и ц и я с ы н ы ң о р г а н д а р ы қысқартылып, оның қызметі Қаржы министрлігіне жүктелген еді. Осы өзгерістерге орай, өткен жылдың қараша айынан бастап Мемлекеттік кірістер департаментінің құрамында экономикалық тексеру қызметі жұмыс істей бастады.

А с т а н а қ а л а с ы б о й ы н ш а Мемлекеттік кірістер департаменті б а с ш ы с ы н ы ң о р ы н б а с а р ы Серік Шалабаевтың айтуынша, Экономикалық тексеру қызметінің міндеті – өз құзіреті шеңберінде м е м л е к е т т і ң э к о н о м и к а л ы қ қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, кәсіпкерлердің, жалпы қоғамның заңдық құқы мен мүддесін қорғау. Кәсіпкерлерге таныстырғандай, тексеру қызметі негізінен үш бағыт бойынша жұмыстанады. Олар: шүғыл іздестіру шаралары, әкімшілік тәжірибе және қылмыстық істерді сотқа дейін тергеп жеткізу.

Осыған өз ойын қосқан Астана қаласы бойынша кәсіпкерлер пала-тасы төрағасының экономикалық м ә с е л е л е р ж ө н і н д е г і о р ы н -басары Ғани Тасмағамбетов:

« М е м л е к е т т і к о р г а н д а р д ы трансформациялаудағы негізгі мақсат – бұрын-соңды шашыраңқы қазыналық атқарымдарды бір в е д о м с т в о ғ а б і р і к т і р у , с о л арқылы бизнесті қолдау шара-лары оңтайланып, азаматтардың мемлекетке сенімі қалыптасады. Сондықтан Кәсіпкерлер палатасы жаңа ақпараттық мүмкіндіктер мен құқықтық механизмдерді пайдалануға баса назар аударады» деп реформаның дұрыс бағытта екеніне қолдау білдірді.

Жиналыс барысында бизнес өкілдері жалған кәсіпкерлікпен к ү р е с , з а ң с ы з к і р і с т е р д і « к ө л е ң к е д е н » ш ы ғ а р ы п , е л

б ю д ж е т і н т о л т ы р у , а қ ш а н ы заңды айналымға қосу бойынша атқарылған жұмыстармен таныс-ты. Мысалы, 2014 жылдың алты айында бюджетке 118,6 млрд теңге қарыз боп қалған 2450 кәсіпорын таратылыпты. Тарату үдерісінің нәтижесіне түсініктеме бере отырып, Экономикалық тексеру қызметінің бөлім басшысы Асан Әлімов кәсіпорынды банкротқа ұшырату осы күні қаржылық жауапкершілік пен салықтан жал-тару үшін қасақана жасалатын бизнестің бір түріне айналғанын да жасырмады.

Әділбек ЖАПАҚ

2015 жылдың наурыз айында өтетін Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясының қарауына «Жастарға мемлекеттік қолдау көрсетуді қамтамасыз етудің және оларды елорданың қоғамдық өміріне қатыстырудың жай-күйі мен шаралары туралы» мәселе енгізіледі.

Осы мәселе бойынша ұсыныстарыңыз бен ескертпелеріңіз болса, Астана қаласы мәслихаты аппаратының телефондарына (55-66-35, 55-66-36, 55-66-37) және сайтқа (http://www.maslihat.astana.kz) хабарласуларыңызға болады.

С.ЕСІЛОВ,Астана қаласы мәслихатының хатшысы

Отырыста Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, зей-неткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету ж ө н і н д е г і а т қ а р ы л ғ а н ж ұ м ы с т а р ы н ы ң е с е б і тыңдалды. Баяндама жасаған басқарма басшысы Ләззат Әбуова елордадағы қолға алынып жатқан оңды істерді басқа қалалардағы келеңсіз жағдайлармен салыстыра отырып, алдағы уақытта іске асуға тиіс міндеттерді уақтылы орындалатынын жеткізді.

Сонымен қатар, Тілдерді

дамыту басқармасының бас-шысы Ербол Тілешов қалалық мәслихаттың 23 желтоқсан-дағы «Астана қаласының жекелеген көшелеріне атау беру және қайта атау туралы» көпшілік тыңдауында айтылған ұсыныстардың орындалу бары-сын сөз етті. Ол мектептерге атау беру мен көшелерді қайта атау мәселесінен туындаған өзекті сұрақтарға жауап беріп, тұрақты комиссияның бұған дейінгі ашық тыңдауларында айтылған ескертпелер мен ұсыныстар бойынша оңды істер атқарылғанын айтты.

Page 3: 14 (3218) 2015-02-07

Бетт

і дай

ынд

аған

: Таң

атар

ТӨ

ЛЕУҒ

АЛИ

ЕВ. Д

ерек

көзд

ері:

www.

asta

na.k

z, ww

w.in

form

.kz

Іс-шара барысында 1995 жылы туған К. есімді азамат ұсталып, одан жасырын ақпарат жинауға арналған шағын бейне-камерасы бар автоқалам тәркіленді. Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 399-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сонымен қатар, сауда үйлерінің бірінде

заңсыз аудио-бейне өнімдерін сатып тұрған 1979 жылы туған Ф. есімді аза-маттан CD және DVD-процессоры, 180 дана CD-дискісі, шетел фильмдерінің үш каталогы алынды.

Оның үстінен де қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жұма ҒАЗИЕВ

Кеш барысында П.Чайковский, Д.Пуччини, Ф.Легар, Дж.Верди, Й.Брамс сияқты авторлардың операларынан үзінді орындалды. Жеке орындаушы – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Жанұзақ (сопрано) көпшілік көңілінен шықты.

Көркем туындылардың дирижері – халықаралық конкурстардың лауреаты және Израиль мемлекеттік сыйлығының иегері Беньямин Юсупов болды. Тәжірибелі өнер қайраткері осыған дейін әлемнің бірнеше озық оркестріне дирижерлік еткен еді.

Шұғайып СЕЗІМХАН

Ақпандағы алғашқы ойынын өткен жылы қысқы Олимпиада ойындарын қабылдаған Сочи-да өткізген астаналықтар өте жинақы ойнап, жеңіске деген жігер таныта білді. Бұл матч-та есепті алдымен алаң иелері ашқан еді. Алайда, «Барыс» хоккейшілері Кевин Даллман мен Найджел Доустың шеберлігі арқасында «Сочи» қақпасына төрт шайба қатарынан енгізіліп, жергілікті жанкүйерлер сан соқты. Дегенмен, алаң иелері

ойынның соңғы сәттерінде бір қарымта шайба соғып үлгерді. Сөйтіп, бұл кездесуде 4:2 есебімен жерлестеріміз жеңіске жетті.

« Б а р ы с » б ү г і н г і т а ң д а шығыс д ивизионы бойын-ша турнир кестесінің алтын-шы сатысында тұр. Ал негізгі чемпионат та 8 ойын қалды. Плей-офф ойындарына өту үшін дивизиондағы 8 үздік команданың қатарынан табылуы керек.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

«Бүгінде мамандандырылған ХҚКО-да толық құжаттар топтамасы бар болған жағдайда, небәрі екі сағат ішінде ғана жүргізуші куәлігін алуға болады, құжаттардың ішінде психикалық және наркологиялық диспансерлердің анықтамалары, сондай-ақ, «083у» анықтамасы да бар. Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап жүргізуші куәлігін алғысы келгендер үшін нарко-логтар мен психиатр дәрігерлерге осы жерде тексеріліп, барлық медициналық анықтамаларды бір жерде алу мүмкіндігі жасалды» дейді Халыққа қызмет көрсету орталығының Астана қаласы бойынша филиалының директоры Руслан Ақтаев.

Жақсы СӘТҰЛЫ

3www.astana-akshamy.kz

Осыған орай, сыралғы статистер елордадағы нарық бағамынан ақпар ұсынады. Айталық, қаңтарда азық-түлік тауарлары - 1,7%-ға, ақылы қызметтер - 0,1%-ға қымбаттаған, ал азық-түлік емес тауарлар түріне жататын өнімдер - 0,2%-ға арзандаған. Бұл – жалпылама ахуал.

Жіліктей түсіндірсек, жаңа жылдың алғашқы айының қорытындысы бой-ынша жемістер мен көкөністер бағасы - 5,1%-ға артып отыр. Оның ішінде

көкөністер тобынан қияр (46,8%) мен қызанақ (31,3%), қырыққабат (13,5%) айтарлықтай жоғарылап, тұтынушылардың қалтасына едәуір салмақ салып отыр.

С о н д а й - а қ , х а л ы қ к ү н д е л і к т і тұтынатын азық-түлік арасынан нан және жарма өнімдері - 3,3%-ға, сүт өнімдері - 2,5%-ға, сусындар - 1,4%-ға, балық және теңіз өнімдері - 1,3%-ға, май және тоңмай - 0,6%-ға, алкогольді сусындар мен темекі өнімдері - 0,4%-

ға өскен. Керісінше, қант бағасы -1 %-ға, ет – 0,7 %-ға төмендеді. Ал, тұрмыстық қажеттілік ретінде екінің бірі тұтынатын бензин мен дизель отын бағасы бастапқы шарықтап тұрған деңгейінен сәл бәсеңсіп, сәйкесінше 4,4%-ға және 0,9%-ға төмендеді. Соның әсері ме, нарықтағы темір жол, жолаушылар көлігі қызметтерінің тарифтері де 0,9%-ға болмашы ғана арзандаған сыңай танытты.

Page 4: 14 (3218) 2015-02-07

4www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Жиында сөз сөйлеген қала әкімі Әділбек Жақсыбеков еліміз де Мем-лекет басшысының тапсырмасы-на сәйкес, өндіріс орын дарының жұмысын баяулатпау, жұмыс-шылардың құқы мен мүддесін қорғау, еңбек заңнамаларын сақтауды қамтамасыз ету бойынша ауқымды шаралар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Елорда мэрінің айтуынша, бұл бағыттағы шараларды жүзеге асыруға мемлекет барынша қолдау көрсетіп отыр. Айталық, тек «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Астанада 8 мыңнан аса жұмыс орны сақталып, қосымша 4 мыңнан астам адам еңбекпен қамтылған. Былтырдың өзінде елордада 19 мың шамасында жаңа жұмыс орны ашылған екен. Соның 13 мыңы – орта және шағын кәсіпкерлік саласына тиесілі.

–2010-2014 жылдар аралығында Индустрияландыру картасы аясында жалпы сомасы 167,8 млрд теңгені құрайтын 22 жоба жүзеге асырыл-ды. Енді биыл 6 жаңа өндірістік кә сіпорынды пайдалануға беру жос парланып, сол арқылы 1600 жаңа жұмыс орнын құру көзделіп отыр. Мұндағы басты мақсат – қала экономикасының қарқынды өсі-мін сақтап қалу, – дейді Әділбек Рыскелдіұлы.

Қала әкімі кәсіпорындар мен ме-кемелерде еңбек заңнамаларының сақталуы қатаң бақылауға алынаты-нын ескертті. Осыған орай қолға алынған шаруалар да аз емес. Атап айтқанда, еңбекті қорғауға байланыс-ты тексерулер үнемі жүргізіліп келеді. Былтыр 261 кәсіпорын тексеріліп, 512 заң бұзушылық дерегі анықталған. Жұмысшы мен жұмыс берушінің

арасындағы түсініспеушілікті еңбек дауына жеткізбес үшін арнайы профилактикалық шаралар да ұдайы өткізіліп тұрады. Еңбек инспекторла-ры өндіріс орындарына барып, ұжым мүшелерімен бетпе-бет жүздесіп, көшпелі мәжілістер өткізуді де үрдіске айналдырған. Әділбек Жақсыбековтің айтуынша, еңбеккерлерді қорғайтын әрі елорданың қоғамдық-саяси өмірі-нің тұрақтылығын сақтауды қам-тамасыз ететін мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғаса беретін болады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында ел азаматтарына қаржы экономикалық дағдарысы туралы ескерткені белгілі. Әлбетте, күллі дүние жүзін алаңдатқан қаржы қиындығы Қазақстанды да айналып өтпесі анық. Сондықтан Мемлекет басшысы еліміздің өндіріс орындарын тұрақты сақтау, жұмыс орындарын көбейту, жұмыссыздықты болдырмау үшін Үкіметке кешенді іс-шаралар легін қолға алуды тапсырды. Бұл тура-лы айтқан Премьер-министрдің орын-басары Бердібек Сапарбаев негізгі шаруалар жарыққа, көлік жүйесіне байланысты тарифтерді төмендетіп, өзімізде өндірілетін өнімдер көлемін ұлғайтуға және жаңа жұмыс орында-рын құруға бағытталып отырғанын жеткізді.

–Елбасы былтыр 11 қарашада ха-лыққа арнаған Жолдауында басты жеті бағыт бойынша ифрақұры-лымдарды дамытуды тапсырды. Біз-дің болжамымыз бойынша, егер инфрақұрылымдар дер кезінде салы-нып, қаржы тиімді игерілетін болса, онда кем дегенде 400 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылуы тиіс. Бұдан бөлек, экономикалық саланы қолдауға арналған индустриалдық-инновациялық, «Бизнестің жол кар-

тасы– 2020», «Агробизнес - 2020» сынды мемлекеттік бағдарламалар да тиісті қаржымен қамтамасыз етілген. Бұлар жүзеге асырылса, тағы да қосымша жұмыс орындары құрылады, – дейді Премьер-министрдің орын-басары.

2008-2009 жылғы дағдарыс кезінде мемлекеттің алдын ала қам жасауының нәтижесінде қазақстандықтар дағда-рыстың зардабын тарта қоймағанын еске түсірген Бердібек Мәшбекұлы қазіргі жаһандық қиындықта да еліміз қарап қалмай, жұмыссыздықты болдырмас үшін ірі компанииялар-мен, кәсіпорындармен меморан-думдар, келісімшарттар жасасып жатқанын атап өтті. Бұл құжаттар еңбеккерлердің әлеуметтік жағдайын қорғап, өндірістегі тұрақтылықты сақтауға ықпал етпек.

әкімдігі «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ, «Астана ЭКСПО – 2017» ҰҚ» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «KEGOK» АҚ, «Қазатомпром» АҚ секілді ірі ком-паниялармен өзара ынтымақтастық

туралы келісімдерге келді. Сондай-ақ, жұмыс орындарын сақтау, ықпалдастық пен өндіріс үдерістерін тұрақтандыру мәселелері бойын-ша үшжақты меморандумдарға 7 елордалық кәсіпорын қол қойды. Олардың қатарында «Цесна Астық» Концерні» ЖШС, «Астана су арна-сы» МКК, «Астана Көгалдандыру құрылысы» АҚ, «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ, «Аста-на Тазалық» ЖШС, «Құлагер» құрылыс корпорациясы» ЖШС, «Базис» құрылыс корпорациясы» ЖШС бар.

Жиынды қорытындылаған қала

әкімі Әділбек Жақсыбеков барлық та-раптар меморандум дар талабын орын-дап, өздеріне жүктелген міндеттерді жауапкер шілікпен атқаратынына және жұмысшылардың еңбек құқын толық сақталатынын қамтамасыз ететініне сенім білдірді.

Қымбат НҰРҒАЛИ

2014 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасы Үкіметі, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған Бас келісімге қол қойылды. Қазір салалық және аймақтық келісімдер жасалып, оларға қол қою жүріп жатыр.

Үстіміздегі жылдың ақпан-наурыз айларында жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өкілі – кәсіподақ комитеттерінің арасындағы келіссөздер үрдістерін жүргізу мен ұжымдық шарт жасайтын кезең басталады. Келіссөздер жүргізген, ұжымдық шарттардың жобаларын жасаған кезде, тараптардың тиісті міндеттерін айқындағанда Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің, Бас, салалық және қалалық келісімдердегі нормалар мен қағидаларды басшылыққа алу қажет.

Ұжымдық шарт жасалғанда жұмыс берушілердің де, еңбекшілердің де тиісті құқықтары мен мүдделері заңды құжатпен қорғалады, өнеркәсіптің экономикалық көрсеткіштері нығаяды, бәсекеге төтеп беретін тауарлар шығарылады, тәртіп күшейеді, сондай-ақ, қызметкерлердің еңбектегі жауапкершілігі артады, ал жұмыс берушіге еңбек адамының жағдайын жасап, мұң-мұқтаждарын уақтылы шешуіне жол ашылады.

Ұжымдық шартты қабылдағанда сіздер құқықтық мемлекет

пен демократиялық қоғам құруға, елорданың әлеуметтік-экономикалық жедел өсіп-өркендеуіне, тұрақты да жоғарғы сапалы өнім шығарушы еңбек ұжымын құруға өз үлестеріңізді қосып, еңбек адамдарының түйінді мәселелері мен мұң-мұқтажын іс жүзінде шешуге мүмкіндік аласыздар.

Құрметті жұмыс берушілер, кәсіподақ белсенділері мен қызметкерлер, осы Үндеуді жолдай отырып біз сіздердің келіссөздерді ұйымшылдықпен өткізіп, ұжымдық шарттардың уақтылы да сапалы қабылдануына атсалысатындарыңызға сенімдіміз.

Астана қаласы әлеуметтік әріптестері тараптарының атынан:

Астана қаласыәкімінің орынбасары Е.Аманшаев

Астана қаласы Кәсіподақ кеңесінің төрағасы С.Мыңбаев

Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры М.Мәжитов

Астаналық жұмыс берушілер одағының төрағасы А.Житников

Шара барысында Астана қалалық Кәсіподақтар кеңесінің төрағасы Сәрсенбай Мыңбаев, «Цесна-Астық» концерні» ЖШС басқарма төрағасы Николай Мещеряков сөз сөйлеп, еңбекті қорғау – бәрі не ортақ мүдде екенін, еңбек қаты-настарындағы тұрақтылықты сақтауға жұмыс берушілер жаппай атсалысу қажеттігін алға тартты.

Жиында жалпы сомасы 105 млрд теңгені құрайтын 10 меморандумға қол қойылды. Астана қаласының

Page 5: 14 (3218) 2015-02-07

5www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Еліміздегі жүзден аса этностың басын біріктіретін бірегей құрылым елдегі тұрақтылықты сақтап, мем-лекетіміздің ілгерілей дамуында маңызды рөл атқарды. Оның жұ-мысының арқасында біздің елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі қалып-тасты. Ассамблея - бүкіл әлемге Қазақстанның этносаралық қаты-настар саласында жүргізіп отырған саясатының табысты екенін паш етіп келеді. Ал, осыдан 20 жылдай уақыт бұрын бүгінгі қоғам бірлігіне жеткізген жолдың бастауы өте күрделі болғаны есімізге түседі...

Алып империя ыдырап, бұрынғы бауырлас республикалар жапа-тар-мағай еншісін алып, өз алдына ел бола бастады. Еркіндіктің лебі халықтың ұлттық сана-сезімін оятып, этникалық жаңғыру үдерісін күшейте түсті. Жылдар бойына қос өкпеден қысқан құрсаудан босағандай көптеген этнос өкілдері тарихи отандарына жол тарт-са, енді біреулері ертеңіне алаңдаулы күй кешті.

Жаңа кезеңге сай ел бірлігін сақтап, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қам-тамасыз ететін жаңа үлгінің қажеттілігі күн тәртібіне қойылды. Іргелес ел-дерде этникааралық ахуал ушыға түскен сайын оның салқыны сезіліп жатты. Ұлтаралық мәселе жайындағы пікірлер, тіпті, кез келген қоғамда бол май тұрмайтын екі тентектің төбелесін де отқа тамызық еткізгісі келгендер табылды. Қазақстанның бірлігіне де, егемендігіне де нұқсан

Қазақстан халқы ассамблеясын қазақ елінің тұтастығын қамтамасыз етудегі обьективті-субьективті фак-тор лардың бірі деп қабылдау керек. Өйткені, біз моноұлтты мемлекетте өмір сүріп отырған жоқпыз. Бізбен иықтасып, Қазақ елін өз отаным деп отырған ондаған жұрт тың өкілдері бар. Тағдырдың тал қысымен бір кездері біздің елге ке ліп, осы жерге бауырласып қалған ұлт өкілдерінің де қабағы ашық, жүзі жарқын болуы керек. Өз жерімізде өзіміз тізгінді толық қолымызға алып, іргемізді кеңейтіп, тамырымыз ды тереңге жіберіп алғанша қажеттілігі бола-тын шын мәніндегі, өмірдің өзі қалыптастырып отырған демо-кратиялық құндылықтардың бірі.

Осыдан 20 жыл бұрын үлкен біл-

гірлікпен жасаған саясаттың арқа-сында қазір осындай жетістікке жет тік. Кезінде бір шоқ түссе, лаулап кеткелі тұрған кеңестер кеңістігіндегі елдердің бірі едік, біз одан аман өттік. Менмін деп көкірек соққан жоқпыз, саналуан ұлыстың мәдениетін танып, діні мен сеніміне ерік беріп, осыншама халықты бір атаның баласындай, бір қолдың са-ласындай жұмылдыра білдік. Тәуелсіз еліміздің тұғырын мықтап алдық. Бұл – қазақ елі үшін керек, бұл өз мәде-ниетін, салт-дәстүрін сақтап қалғысы келетін өзге де ұлт өкілдері үшін ауадай қажет нәрсе. Бұл – қажеттілік.

Бізді тағдыр өз жерімізде өзге ұлттардың өкілдерімен бейбіт қатар өмір сүрумен де сынапты. Одан да абыроймен өтіп, осы ерекшелігімізді бүкіл адамзаттың құндылығына ай-налдыру пейілі кең қазақ халқының маңдайына жазылған екен. Бұл – мық ты елдің ұландары ғана алып жүретін жауапкершілік.

келтірмек болғандардың қосарлана бас көтерген тұсы еді.

Осындай оңтайлы шешімі жоқтай көрінген күрделі мәселеде Елбасының саяси көрегендігі басым түсті. «Бірлік пен келісім ассамблеясы» деген ат-пен басталған бүгінгі Ассамблеяның жұмысы жолға қойылды. Содан бері ассамблея Қазақстан Президенті жанындағы консультативті-кеңесші органнан мықты құқықтық негізге және қоғамдық-саяси мәртебеге ие конституциялық органга дейін өсті.

2008 жылы 20 қаңтарда еліміздің Президенті «Қазақстан халқы ас-самблеясы туралы» әлемде балама-сы жоқ заңға қол қойды. Осы заң ар қылы Ассамблея еліміздің саяси жүйесінің толыққанды бөлігіне ай-налды. Ұйымның тағы бір басты ерекшеліктерінің бірі: оның еліміздің жоғары заң шығару органы – Парла-ментте этностық топтар мүдделерінің кепілді өкілдік етуін қамтамасыз етуі. Яғни, Парламент Мәжілісіне Қазақ-стан халқы ассамблеясынан сайланған 9 депутат еліміздің барлық этностары атынан өкілдік етеді.

Жаңа ғасырдағы этносаралық қатынастың алтын қазығы қағылған қазақ жерінде көптеген игі істер жү зеге асты. Бір кездері ассамблея қызметінің басында тұрған аза-маттар қоғамда өзіндік орны мен абырой-беделі бар тұлғаларға ай-налды. Осы ретте, ел ынтымағы мен тұрақтылығының туын желбіреткен азаматтардың қатарында болғанымды мақтаныш тұтамын.

(Басы 1-бетте).

Ақордадан ақ пейілге орана жет-кен жүрекжарды лебіз-хатта:

«Қымбаты отандастар! Бүгін елімізде менің Жарлы-

ғыммен жарияланған Қазақстан халқы ассамблеясының жылы ресми ашылып, бастау алды. Жыл ортақ құндылықтарымыз – тәуелсіздік, егемендік, бірлік, бейбітшілік пен келісімді дәріп-теуге арналады. Осыдан 20 жыл бұрын 1995 жылдың нау-рызында қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтауға арналған бірегей институт құру туралы Жарлыққа қол қойдым. Осы уақыт аралығында Ассамблея шынайы, жалпы халықтық, аза маттық, саяси мүдделерден жоғары тұрған ұйым ретінде танылды. Конституциялық м ә р т е б е г е и е б о л д ы . Б ү г і н Қазақ стан халқы ассамблеясы еліміздегі бар ұлт пен этносты бір шаңырақ астында біріктіретін маңызды құры лымға айналды. Ассамблея жылы – он жеті мил-лион қазақстандықтың ортақ ме рекесі. Еліміздің әр азама-ты бейбітшілік пен келісімді сақ тауға жауапты екенін се-зінуі керек. Биыл «Қазақстан 2050» стратегиясындағы мақ-саттарға жеткізген нақты істер мен жетістіктер жылы болады. Біз «Нұрлы жол – бола-шаққа бастар жол» деп атала-тын жаңа экономикалық сая-саттың негізгі міндеттерін іске асыруға тырысамыз. Ассам б-лея жылы Конституцияның 20 жылдығы, Қазақ хандығының

550 жылдығы, Ұлы жеңістің 70 жылдығы сияқты оқиғалармен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл жыл – ортақ тағдыр мәңгілікке бірік-тірген халық татулығын паш ететін жыл. Басты идеясы – «Менің елім - мәңгілік ел». Ас-самблея жылының басталуымен құттықтаймын!» делінген.

Салтанатқа жиналған Қазақ-с т а н х а л қ ы а с с а м б л е я с ы н ы ң мүше лерін, қоғам қайраткерлері мен ғылыми шығармашылық зи-ялылар қауымын мерекелерімен құттықтаған Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков Ас-самблея жылында игілікті істер де мол болсын деген тілек айтты. «Халқымызда «Ынтымақты елдің ырысы мол» деген дана сөзі бар. Бүгінде біз келісім мен бірлік, ын тымақтың арқасында әлем мо-йындайтын іргелі елге айналдық. Елбасының идеясымен құрылған Қазақстан халқы ассамблеясы осы

мақсатта өте маңызды жұмыстарды атқаруда. Атаулы жылды салтанат-ты түрде ашып , «20 ізгі іс» атты шараның тұсауын кескелі тұрмыз. Айтулы жылдың шашуы ретінде бүкіл елімізде қолдау табатын 20 ізгі іс – адамдардың жүре-гінде мейірімділік нұрын сеуіп, қоғамның гүлденуіне жол ашады» деді елорда әкімі.

«Қазақстан халқы ассамблеясы- 20 ізгі іс» атты эстафетаның симво-лы Түркістан қаласынан әкелінген «Тайқазан» Астана қаласының әкіміне табыс етілді . Енді ол еліміздің барлық өңірлерін аралап, ҚХА ХХІІ сессиясының ашылуы қарсаңында ізгі істерге «толтыры-лып», Астанаға қайта оралады. Өз кезегінде Ә. Жақсыбеков қасиетті тайқазанды Ақмола облысының әкімі С. Кулагинге табыс етті.

«Менің елім – мәңгілік ел» ұра нымен өтетін аталмыш жыл көптеген әлеуметтік жобалармен есте қалмақшы. Осы жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым!»

рес публикалық жобасы, «Мың бала» мәдени-ағарту мега-жобасы, Еңбеккер әулеттер ара сындағы «Армандаған маман дық» атты үздік ғылыми жоба, «Жүректен – жүрекке» және «Мейірімділіктен – бірлікке» атты әлеуметтік жобалар сайысы ұйым дастырылады.

Барша жобалар мен сайыстар осы күннен бастап еліміздің түкпір-түкпірінде өткізіліп, қорытындысы жыл аяғында шығарылатын болады.

Ассамблея жылының ресми ашы-луына орайластырған шаралар легі бұқаралық спорт сайыстары мен мерекелік концерттерге ұласты. Салтанатты жиынға қатысушылар Бейбітшілік және келісім сарайы-ның фойесінде этномәдени бір лес-тіктер дайындаған қолөнер бұйым-дарының көрмесін тамашалады.

Айгүл УАЙСОВА

Page 6: 14 (3218) 2015-02-07

6www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Аудан әкімі ең алдымен 2014 жылда атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Оның айтуын-ша, үстіміздегі жылы 4 жалпы білім, 6 мектепке дейінгі білім мекемесі ашылады. Сонымен қатар, биыл үш денсаулық сақтау нысаны мен амбулаториялық-емхана орталығын салу жоспарланып отыр. Баяндама оқылған соң, кездесуге жиналғандар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, өтініштерін білдірді. Мысалы, өткен жылғы кездесуде Сарайшық 9-да автокөлікті қоюға тыйым салатын жол жүру белгісін орнату мәселесі көтерілген екен. Алайда, «Көлік басқармасы мен қалалық Ішкі істер департаментінің өкілдері келіп, мән-жайды өз көздерімен көріп, «мәселені шешеміз» деп уәде берген. Алайда ешқандай оң өзгеріс болмай, Астана қаласының Жолаушылар көлігі және

Өткен жылғы халықпен есептік кезде-суде тұрғындардан келіп түскен сауалдар мен ұсыныстар бойынша басқармалар қаладағы жауапты мекемелермен бірлесе отырып, шешімді шараларды қолға алғанын айта келе, Бекбол Сағын қазіргі кезде индустриялық парктің өзінде ғана 22 кәсіпорынның жұмыс істейтініне, оларда 2 мыңнан астам адамның еңбек ететініне тоқталды.

А у д а н ә к і м і н і ң а й т у ы н ш а , экономикалық әлеуетті артты-рып, оңтайлы инвестициялық орта қалыптастыру мақсатында аудан-да біршама жұмыстар жүргізілуде. Соның ішінде, индустриялық паркте жүзеге асыруға жоспарланған 49 инвестициялық жобаның жалпы со-масы 169 млрд теңгені құрайтын болса, бүгінгі таңда оның 73,5 млрд теңгесі игерілді. Жоспарланған жобалардың 22-сі жүзеге асырылып, 16-сының құрылысы жүргізілуде және 11-і жобалануда. Өткен жылы аудан аумағында атқарылған өзге де жұмыстарды саралай келе, әкім алда тұрған ауқымды міндеттердің де толық жүзеге асатынына сенім білдірді. Содан соң кездесуге келгендердің сұрақтарына жауап беруге кірісті.

Әсия Көпжасарова бүгінгі таңда шағын және орта бизнес өкілдері үшін білікті маман табу көкейкесті мәселе

болып отырғанын алға тартты. Аудан басшысы мемлекеттің шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға барынша көңіл бөліп отырғанын, бұл ретте аудан кәсіпкерлерін қолдау мақсатында 20 шақты семинар-кеңес өткізіліп, маман даярлау мәселесіне жете көңіл бөліне бастағанын атап өтті.

Қарамағындағы қызметкерлердің өтініші бойынша сөйлеген Локомо-тив құрастыру зауытының директо-ры М.Тілеубаев индустриялық парк

аумағында, әсіресе, кешкі уақыттарда жұмыстан шыққан адамдардың ав-тобусты көп күтетінін айтып, осы мәселені шешуге көмектесу жөнінде ұсыныс білдірді. Осыған орай, қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынб асары Ә.Тамабаев бұл маңға №34 автобустың қатынайтынын, биыл жаңа автобустардың сатып алынуына байла-нысты осы маршрутқа алдағы уақытта қосымша көлік құралдары қосылатынын жеткізді.

Бұдан әрі тұрғындардың бірі Ақбұлақ өзенінің Құдайбердіұлы көшесі мен Абылай хан даңғылы аралығындағы аумағында жазғы күндері су лайла-нып, жаман иіс шығатынын айтса, екіншісі Қырқыншы елді мекеніндегі жол мәселесіне алаңдаушылық білдірді.

– Астанада барлығы 20 шет аймақ болса, солардың оны біздің ауданда орналасқан. Оларды көріктендіру, жолдарын жөндеп, аулаларын абат-тандыру «Шет аймақтарды дамы-ту-2020» бағдарламасына сай, бюджет-тен бөлінген қаражатқа байланысты жоспарлы түрде жүзеге асырылады, - деді Б.Сағын.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Аудан әкімі өзінің баяндамасын оқығаннан кейін былтыр дәл осындай есеп беру кездесуінде көпшіліктің арыз-шағымдары ескерусіз қалмағанын айтып, сол бойынша атқарылған жұмыстардың ауқымынан хабар берді.

Әлия Молдағұлова көшесіндегі №33-ші үйдің жертөлесін су басқан екен. Оны құрғату жұмыстарын «Шол-пан» ПИК жүргізіп жатқан көрінеді.

Сондай-ақ, былтыр Суворов, Бейбітшілік көшелері мен Жеңіс даңғылында заңсыз орналасқан жеміс-көкөніс сатқан бірқатар дүңгіршектер жойылыпты. Ал, жалпы өткен

жылы осындай 63 сауда орнының жұмысы тоқтатылыпты. Сонымен бірге 2014 жылы заңға қайшы келетін автотұрақтар мен көлікті қаңтару ережелерін бұзу бойынша 340 факті тіркеліп, 6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл белгіленді.

Әкімнің айтуынша, сонымен бірге былтыр Күләш Байсейітова көшесінің тұрғындарын ауызсумен қамту мәселесі шешімін тауыпты. Аудан аумағындағы үйлерге 752 жылу есептегіш құралы орнатылыпты. Тұрғындардың тілегіне сәйкес №4 қалалық емхана маңайында аялдама қондырылыпты. Бейбітшілік-Сейфуллин көшелерінің қиылысында аялдама жөндеуден өтіпті. Мұхтар Әуезов көшесіндегі №32 үйдің ауласы абаттандырылды.

Алайда, шешімін күтетін мәселелер әлі де жеткілікті екен. Бұл сұрақ-жауап кезегі келгенде белгілі болды. Әсіресе, қоғамдық көлік жұмысына қанағаттанбайтын көпшілік аялда-маларда тоқтайтын автобустардың бағыттары мен қозғалыс жиілігі жөнінде ақпараттың жоқтығын айтып шағымданды. Бұған жауап ретінде жақында аялдамаларда электронды табло түрінде ақпарат орналастыры-латыны айтылды. Сергей Хорошун болса «Автобустардың бағыттары туралы ақпарат әр аялдамада алдағы дүйсенбі күніне дейін ілінетін болсын. Ал, уақыт аралығы жөніндегі мәселені екі айдың ішінде шешіңіздер. Дереу электронды табло ілесіздер ме, басқа жол табасыздар ма ол жағын шешуді өз еншілеріңізге қалдырайын. Со-нымен бірге автобусты көп күтіп қал-ған жағдайда хабарласатын телефон

нөмірлері туралы ақпарат да аялдама-ларда болатын болсын» деді Жолау-шылар көлігі және автомобиль жол-дары басқармасының басшылығына қарата.

Бұдан өзге Әліби Жангелдин көшесі бойындағы жолды жөндеу туралы сұрақ қойылды. Бұған бұл көшедегі көпқабатты үй ескі және апатты үйлерді бұзу бағдарламасына сәйкес биыл сүрілгеннен кейін жөндеу жұмыстары қолға алынатыны айтылды.

Жылу есептегіш құралдары ту-ралы сұраққа оны өз қаржысына «Теплотранзит» мекемесі орната-

ды деген жауап берілді. Бір үлескер «Көктал» тұрғын алабының №189 көшесіндегі мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып жатқан көп қабатты үй сақалды құрылысқа айналғанын сөз етті. Бұған қала әкімінің бірінші орынбасары жауап беріп, мердігерлер әр апта сайын әкімдікке келіп, құрылыс жұмыстарының барысы жөнінде ақпарат беретінін, үлескер ретінде оны тыңдауға болатынын жеткізді.

Осы және өзге де сұрақтардан бөлек тұрғындар тарапынан талап-тілектер айтылды. Мәселен, Әсия Нұғыманова деген Ықылас Дүкенұлы көшесіндегі №21 үй мекен-жайының тұрғыны өзі тұратын жатақхана жөнделсе екен деді. Сонымен бірге Күмісбеков көшесінен Сейфуллин көшесінен жет-кенше батпаққа батамыз деді алдында айтылған көшенің тұрғындары. Бикеш Түсенова есімді қала тұрғыны мүлікті заңдастыру мәселесін көтерді. Бәтима Шүленбаева апатты жағдайдағы үйді сүру және тұрғындарды одан басқа үйге көшіру жайын қозғады. Әкімбек Оразбаев Желтоқсан көшесі 30/1 және сол көшедегі 30/2 үйлерінің аула-сы абаттандырылса екен деген тілегін жеткізді. «Әсем» сауда үйінен Басқару колледжіне дейінгі жолға қиыршақ тас төселсе екен деді.

Бұл колледж басшылығы сондай-ақ, қала өмірін жақсартқысы келетін, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне үлес қосамын дейтін жастар бар екенін, Ермағанбет Бөлекбаев олармен кез-десуге уақыт тапса екен деген тілек білдірді.

Аманғали ШМИТҰЛЫ

автомобиль жолдары басқармасы үнсіз қалды» дейді тұрғындар.

А л , « С а у р а н к ө ш е с і н д е г і 5,7,9-үйлердің кіреберісін қалпына келтіру жайын қозғасақ, ПИК қызметкерлерінің айтатыны: «Сен-дер әр шаршы метріне 350 доллар төлеп, пәтер сатып алдыңдар. Енді ақшаны өздерің жинап, жөндеу жұмыстарын жүргізіңдер» дейді. Бұл мәселені шешудің басқа қандай тиімді жолдары бар?» деген сұрақты естіген қала әкімінің орынбаса-ры Андрей Лукин құрылысты кім жүргізетінін, тұрғындар қаншадан қосылу керектігін Тұрғын үй ин-спекциясы басқармасының басшысы Талғат Рысбековке үш күннің ішінде анықтауды бұйырды.

С о н д а й - а қ , қ а л а л ы қ т а р д ы ң біразы өз қауіпсіздігіне алаңдаулы екендіктерін айтты. Өйткені, «Са-

ранда» тұрғын үй кешенінде ұрлық, пәтерді бұзып кіру сияқты қылмыстар жиі орын алады екен. Бұған Сәбила Сапарқызы: «Негізінен, «Саранда» тұрғын үй кешеніне «Қазақстан темір жолы» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ қызметкерлері қоныстанды. Біз осы Ұлттық компаниялардың басшылығына «Қауіпсіз қала» бағдарламасына қатысып, тұрғын үйдің периметрі бойынша сыртқы бейнебақылау құрылғысын орнатуды ұсынайық» деп жауап берді. Бұдан бөлек, жол құрылысы, көшелерді жарықтандыру, қоғамдық көліктердің қозғалысын жиілету мәселелері бой-ынша қала тұрғындары аудан әкімдігі тарапынан қанағаттанарлық жауап-тар алды. Ал, қала әкімінің орынбаса-ры Андрей Лукин әр айтылған өтініш иесін кездесуге қатысқан басқарма басшыларына бағыттап, олардан сөз етілген талап-тілектерді таразылап, үш күннен кешіктірмей, жазбаша жауап берілуін талап етті.

Мәдина ЖАҚЫП

Page 7: 14 (3218) 2015-02-07

7www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

басымдықтар берілуде. Нақ осы мақсатта елордада бірқатар ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.

Қалалық Энергетика басқар ма-сының басшысы Ілияс Алдажа-ровтың айтуынша, бүгінгі таңда энергетикалық салаға ерекше на зар аударылып отыр. Жаңа ны сандардың құрылысынан басқа, үстіміздегі жылы қолданыстағы нысандарды қалпына келтіру және жылу орталықтарының энергия көздерін жаңғырту жұмыс-тары жал ғасады. Елордадағы энерге-ти калық инфрақұрылымды дамыту бойынша №1 ЖЭО, №2 ЖЭО энер гоаудит жүргізілді. Астана хал-қының өсуіне байланысты кей де жарық, жылу желілеріне салмақ түсіп жататыны белгілі. Сон дықтан қалада осы екі жылу электр орталығының қазан дық тарын жөндеу, қосымша турбиналар ор нату сынды шаруалар қолға алынып, жүзеге асы ры лып жа-тыр. Сонымен бірге, жарықтандыру жүйесі жарықдиодты түріне ауыс-тырылып, таспалы конвейерлер де аунақшаларды жаңарту жұмыстары, құрғақ түрлі аспирациалық қон-дырғылар ен гізілді. Атап айт сақ, «Ақылды қала» жобасы шең берінде жұмыс тар жүзеге асырылуда. 2015 жылы ПТВП-100 ст.№7 қазан агре-гатының орнына КВ-Т-128-150 су жылытқыш қазан агрегаты ен гізілуі жоспарланған. Екі күл үйіндісінің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Келешекте тұтынушыларды «ЭКСПО-2017», «Абу-Даби Пла-за» ТК нысандары, «Мыңжылдық саяжолы» нысаны, Орынбор, Тұран, Сарайшық даңғылы бойын-ша жылу энергиясымен қамтамасыз ету үшін жалпы ұзындығы 48,9 км 4-5 кірмелердің жылу магистралін, сондай-ақ, 6 жоғарлату сорғы стан-циясын салу жоспарлануда.

Елорданың жылу-энерге ти калық жүйесінің әлеуетін барынша арт-

Өткен жылғы сәуір айында елорда-ны одан әрі дамыту жө ніндегі дәстүрлі кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назар-баев «Астананы бүгінде әлем дегі аса серпінді дамып келе жатқан қала деп есептейміз. Жеткен жетістіктер үлкен. Сонымен бірге, біз қазір бұдан да жоғары мәселелерді белгілеп, Аста намызды өмір сүруге ең қолайлы қалалардың біріне айналдыру жо-лында міндет тер қойып отырмыз» деп атап көрсетті. Осыған орай, бас шаһарды тұрғындар үшін ең қолайлы қала ретінде одан әрі дамыту үрдісінде сапалы да сенімді инфрақұрылым қалыптастыруға бірінші кезекте

тырып, энергетикалық қуатты жаңа сапалық деңгейге көтеретін №3 ЖЭО 2016 жылдың соңында толық іске қосылатын болады. Онда су жылыта-тын төрт бірдей қазандық құрылысын жүргізу көзделіп отыр. Сонымен қатар, қолданыстағы №1 және №2 ЖЭО-ларды қайта жарақтандыру жұмыс тары да жоспарлы түрде жүргізілуде.

№1-ЖЭО тарихына тоқталсақ, ол 1961 жылы желтоқсан айының соңында Ақмола қаласында бірінші

турбина мен қазандықты пайдалануға енгізу арқылы іске қосылды. Бүгінгі таңда осы жылу орталығы бас қаланың мыңдаған кәсіпорындары мен ұйымдарын энергиямен жабдықтап отырған ең ірі энергетикалық нысан болып табылады. Өткен жылы оның №5 қазандық агрегатын құрастыру жұмыстары аяқталса, қазіргі кезде №7 қазандық қалпына келтірілуде. Сонымен қатар, №5 қазандық агре-гаттарының газ жол дары, вакуум-ды деаэратор, №2 мұржа, мазут шаруашылығы, электр шаруашылығы, №5 темір жол және т.б. көмекші ны-сандар қайта жаңғыртылады.

№1 ЖЭО-ның бірінші энергия көзін қайта жаңарту 2008 жылы басталған еді. Энергетикалық нысан-ның жұмысын жетілдіру үшін үнемі жөндеу жұмыстары мен станция жабдықтарын жаңарту жұмыстары жүргізіліп отырады. Бұл жұмыстар биыл да жалғасын тауып, оны толық-

тау модернизациялау алдағы жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Елорданың маңызды инфрақұры-лымдық нысандарының бірі – №2 ЖЭО.

Бұл жылу орталығы қаланың сол түстік өнеркәсіптік аймағында орналасқан. Ондағы жылыту мау-сымы 215 тәулікке жалғасады. 2012 жылы «№2 ЖЭО қалпына келтіру және кеңейту» жобасының бірінші кезеңін жүзеге асыру аясында қуат-тылығы 440 Гкал су қыздыратын қазандық пайдалануға берілген бола-тын. Өткен жылы сол жобаның екінші кезеңі аясында қуаттылығы 112 МВт № 5 турбинаны және қуаттылығы 180 Гкал №7 қазандықты монтаж-дау жұмыстары жүргізіліп, қосалқы қондырғылар қалпына келтірілді.

Басқарма басшысының айтуынша,

алдағы жылы №2 ЖЭО қолданыстағы энергия көздерін модернизация-лау жұмыстары жалғасын тауып, қуаттылығы 180 Гкал №7 қазандық және қуаттылығы 112 МВт № 5 тур-бина іске қосылды. Сондай-ақ, осы энергетикалық нысанда №8 қазандық пен №6 турбинаны монтаждау бой-ынша дайындық жұмыстарын бастау көзделген.

«Астана Теплотранзит» АҚ-ның жұмысына келсек, өткен жылы бұл мекемеде жылу құбырларының 1,3 шақырымы күрделі жөндеуден және 8,5 шақырымы ағымдағы жөндеуден өткізіліп, 9,5 шақырым жылу құбырлары қайта салынды. Ал, биыл таратушы желілері бар 1,5 шақырым жылу торабының құбырларына күрделі жөндеу жүргізілмекші. Со-нымен қатар, 5,6 шақырым жылу құбырлары ағымдағы жөндеуден өтіп, 7 шақырым жылу құбыры қайта

салынатын болады. «Астана-Тепло-транзит» АҚ 25,01 км жылу желілерін қайта жаңартуды жоспарлап отыр.

Қысқасы, елорданы жылумен және электр энергиясымен кідіріссіз және толық қамтамасыз ету мақсатында іс жүзіне асырылып жатқан осындай кешенді жобалармен қатар, электр энергиясын үнемдеу мақсатында айтарлықтай жұмыстар жүргізілуде. Мемлекет басшысының тікелей тап-сырмасымен қалада 2013-2015 жыл-дар аралығында электр энергиясын үнемдеу мақсатындағы кешенді жо-спар белгіленіп, іс жүзіне асырылуда.

Бұл бағытта өткен жылу беру ма-усымында Астанада 1 275 мың МВт электр энергиясымен және 4 658 мың Гкал жылу энергиясымен қамтылды, 2 173 мың тонна көмір және 20 мың тонна мазут жұмсалды.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Page 8: 14 (3218) 2015-02-07

8www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Бүгінде елімізде сусамыр де ртіне шалдыққан 700 мың-дай адам бар. Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша, қа зір қолданылып жүрген қан да-ғы қанттың мөлшерін қа да -ғалайтын заманауи құ рыл-ғылар технологиялық жа ғы-нан ерекшеленгенімен оның нау қасқа тиімсіз тұстары да бар. Мысалы, науқастар өз-дерімен бірге глюкометрді, тест-жолақша мен саусақтан қан алуға арналған құралды алып жүруі тиіс. Әрі қант мөл-шерін үнемі тексеріп отыру адамға жайсыз және инені жиі сұққылай беру оңай емес. Ал

жаңа мобильдік құрылғыны құлақтың сырғалығына таға салуға болады. Гаджет қандағы қанттың деңгейін автоматты түрде өлшеп, мәліметті ұялы телефонға жібереді. Теле-фон дағы қолтаңба суса мырға шалдыққан адамның өзін-өзі қадағалап отыра тын күнделігі қызметін ат қа рып, тамақ ішер алдында инсулиннің мөлшерін есеп тейді және жинақталған мәлі меттердің барлығын өзге де ақпарат иесіне жібере алады.

Бұл заманауи құрылғы «Өз кәсібіңді құр» байқауына қаты-сып, 100 мың доллар грантын иеленуге үмітті.

Жиынға басқарма басшысының орынбасары Сәбит Әбдірайымов, Салауатты өмір салтын қалып тас-тыру орталығының директоры Ма-рат Құрманов және Онкологиялық

директоры Янг Хо Хонг, «Авив Ко» ЖШС бас директоры Хайун Оу, тағы басқалар бар. Кореялық маман-дар Астана қаласының денсаулық сақтау жүйесімен таныса келе, Оқу-клиникалық орталығымен өзара тиімді әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Сондай-ақ, отандық мамандарымызға за-манауи медициналық құрыл ғыларда ота жасау жағынан тә жіри белерімен бөлісті.

Бұл құрам еуропалық елдер-дің нормаларына сәйкес әзір-ленді және Ресей мен Бела-русьтегі автомобильдегі ал ғаш-қы медициналық көмек қобди-шасының құрамына сай келеді екен.

Сонымен көлікте алып жүретін алғашқы медициналық көмек қобдишасының жаңа құрамына нелер кіретінін біле жүргеніңіз артық болмас. Біріншіден бұл – сутегі тотығының 3% ерітіндісі (1 флакон), көлемі 5м *10 см за-

рарсыздандырылған және 7м*14 см зарарсыздандырылмаған дәке бинті (1 данадан), зарарсыз-дандырылған медициналық дәке салфеткалары (1 дана), за рар-сыздандырылған таңу пакеті (1 дана), зарарсыздандырылған медициналық гигроскопиялық мақта 50 г. (1 дана), қан тоқтат-қыш жгут (1 дана), бактерицидті лейкопластырь (5 дана), ме-ди ци налық лейкопластырь (1 дана), эластикалық түтікшелі бинт № 1, 3, 6 (бір бірден), зарар-сыздандырылмаған меди цина лық қолғаптар (1 жұп) және ұшы доғал келген қайшы болуы шарт.

Қазір жаңа медициналық қоб-дишаның бағасы аспандап тұр. Сондықтан жүргізушілер ес-кісінің құрамына жаңасын қосып, жаңартып алуына да болады.

Бетт

і дай

ынд

аған

: Қы

мбат

НҰР

ҒАЛИ

диспансердің бас дәрігері Мұхтар Төлеутаев қатысып, қатерлі ісік ау-рулары жөнінде мағлұматтарымен бөлісті.

Олардың айтуынша елімізде,

жыл сайын онкологиялық ауру-лардан 17 мың адам көз жұмады екен. Оның 42 пайызы – еңбекке жарамды жастағылар. ҚР Стати-стика агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, республикада қатерлі ісік ауруына шалдыққандар саны былтырғы жылмен салыстырғанда өскен. Айталық, 2013 жылы 100 адамға шаққанда 194,1 құраса, 2014 жылы 197,8 құраған.

Ал Астана қаласында обыр ауруы көрсеткіштері төмендеді дейді мамандар. Мысалы, қатерлі ісік ауруына шалдыққандар саны 2013 жылы 100 адамға шаққанда 172,3-ті құраса, 2014 жылы 100 адамға шаққанда 165,8-ді құраған.

Онкологиялық аурулардың ішін-де жатыр мойны обыры ерекше алаңдатып отыр. Бұл әйелдер ара сында сүт бездері обырынан кейін екінші орында. «Әйелдер көбі не дәрігерге ауру әбден асқын-ғанда келеді. Өлімге алып келуінің басты себебі де осы» дейді Он-ко логиялық диспансердің бас дә рі гері. Ал егер сырқат алғашқы кезеңде анықталса, одан құлан-таза айығуға болады екен. Сондықтан мамандар әр адам денсаулығына жауапкершілікпен қарап, дер ке зін-де дәрігерге қаралуға кеңес береді.

Тэгудің Фатима ауруханасы-нан келген бұл мамандар әлемдік деңгейде көптеген жетістіктерге жеткен үздік дәрігерлер болып

танылады. Елордаға ат арытқан деле-гация құрамында белгілі хирург, про-фессор Хай Чанг Чо, «Кореялық Ко медициналық туры» ЖШС бас

Page 9: 14 (3218) 2015-02-07

9www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

– Қадырғали аға, «Қазақстан» ұлттық арнасының «Таңшолпан» б а ғ д а р л а м а с ы н а а л д а ө т к е л і жатқан «Жоғалтып алма сен мені» атты шәкіртіңіз Ершат Қайырхан екеуіңіздің концертіңіз жайлы сұхбат бергенде тіл және ұлтжандылық мәселесін қозғаймыз д е п с і з . Д е с е к т е , ө з і ң і з д і ң «Фейсбуктегі» парақшаңызға: «Күнделікті күйбең тірлік... Мар-дымсыз жалақы... Дүние – уға, ақша – суға айналған заман. Шаршадыңыз ба? Онда концертке келіңіздер» деп жазып қойыпсыз. Осы сөзіңізге сүйеніп, концерттің басым бөлігін лирикалық әндер ала ма деп топшы-лап отырмыз.

– Концертте лирикалық әндер де орындалады. Бірақ мынаны айтып өткен жөн, концерттік бағдарламамыз іріктелген поэзиядан тұрады. Оның бәрін лирика деп айтуға келмейді. Мы-салы, Бауыржан Жақып тағы осы сын-ды ақындардың өлеңдеріне жазылған әндерді лирика десек жарасады. Ал, Гүлнәр Салықбай мен Маралтайдың сөздері – ірі. Бұлардың өлеңдері адамға ой салады, басқа бір әлемге жетелейді. Концертте осы аталғандар мен өзге де ақындардың сөздеріне жазылған әндер орындалып, азаматтық пен лирикалық поэзия қатар өріліп отырады.

Жалпы, кешіміз өте қызықты бола-тынына сенімдіміз. Осы концерттік бағдарламамен бұрынғы он алты облыстың он бесін аралап шықтым ғой деймін. Халық өте жылы қабылдады. Концертте іріктелген поэзия мен лири-кадан бөлек, өзім актер болғандықтан жеке монологтар түрінде әзіл-сықақ та айтылады. Оның үстіне біз екі гита-рамен шығамыз. Екі гитара болғанда, екеуі екі түрлі бұрауда, қазақы гармо-нияда болады.

– Қазақы гармония дегеніңізді түсінбедік. Гитарада ондай да бола ма?

– Баяғыда театр институтында ем-тихан тапсырғанымда вокалдан оны концертмейстерлер қабылдайтын. Оны гитарамен тапсырайын деп шештім. Гитараны тартқанымда маған: «Сен орысша тартып отырсың» деген ескерту жасалды. «Неге орысша, бәрі осылай тартады ғой» десем, «Андағы ойнап отырғаныңыз орыстың аккорды, гармониясын қазақшаландырыңыз» деді. «Оған қалай келтіреді?» деп сұрап едім, өздері фортепианода көрсетіп берді. «Енді сіздер неге олай ойнамайсыздар?» деген сұрағыма «Бізге олай ойнауға болмайды» деп жауап берді. Сөйтсем, қазақы гармо-нияны көрсетуге тыйым салынған. Әлі күнге дейін консерваторияда оны оқытпайды...

Келденбай Өлмесеков деген этно-граф болды. Сол кісі сотталған 100 әнді, ноталарды тапты. Кәдімгі ойнауға болмайтын, совет өкіметі тыйым салған әндерді. Сол секілді тыйым салынған қазақы аккордтар бар. Оларды қазақы гармония деп атайды. Біз гитараны осы гармонияда тартамыз. Дәурен Қуат деген журналист ініміздің бұған: «Мен сіздердің гитараларыңызды тыңдаған кезде, маған гитара емес, қобыз аңырап тұрғандай болып естіледі» деп, бер-ген бағасы бар. Сондықтан, оны есту керек. Арасында екінші гитараға домбыраның элементтері де қосылады. Сонда гитара қазақтың ұлттық аспабы секілді әсер етіп отырады.

– Сізді кейбіреулер бард әнші деп жатады. Осы бард ұғымы жөнінде ойыңызды тарқатсаңыз.

– Бард ұғымын бір кезде зерттегенім бар. «Сотталған» әндерге қатысты терминдердің ішінде ол ұғым кездеседі. Бұл сөз ежелгі түркі тілінде ақын

деген мағынаны білдіреді. Яғни, әнді өзі шығарып, өзі орындайтын адамды бард дейді. Бірақ, бізге оны шотландтардың сөзі, сайқымазақ деген мағынада деп беріп жіберген. Кәдімгі өзіміздің сөзімізді өзімізге мазақ қылып қайтарды...

Өзіме келсем, мен – бард емеспін. Мен ән мәтінін өзім жазбай, әнді ақындардың өлеңдеріне жазамын. Әннің сөзін де, әнін де өзі шығарып орындайтын бір-ақ адам болды, әзірге соңғысы да деп ойлаймын, ол – Табыл-ды Досымов. Қалғандары бард емес.

– Сонда әлдебір орындаушылар секілді әніңізге өзіңіз сөз жазған кездеріңіз болмады ма?

– Ондай кезең болды. Сөзің де, әнін де өзім жазған шығармаларым бар. Олар белгілі бір ортада орындалды. Бірақ, бұл әндерді сахнаға шығаруды мақсат тұтпаймын. Мұндай әндерді өзім үшін жаздым. Бір-ақ рет, 1999 жылы ғой деймін қазірде марқұм болып кеткен Есенқұл Жақыпбек, Әбілда Аймақ секілді ақындар сұрағаннан кейін сахнада орындап бердім.

– Сіздің өзіңіз айтқан ақын Есенқұл Жақыпбектің өлеңіне жазылған «Өнер адамы» деген елге танымал әніңіз бар. Сонда бұл өлеңді ақынның кітабынан оқып, ән жаздыңыз ба? Жалпы, алғашқы әніңізден хабар берсеңіз.

– Иә, бұл өлеңді ақынның жыр жинағынан тауып, ән жаздым. Әрбір өткізген кешім осы әнмен ашылады. Содан кейін Бауыржан Жақыптың сөзіне жазылған «Кім кінәлі?» де-ген ән кештің басында орындалады. Өйткені, бұл алғашқы жазған әнім болып есептеледі.

– Жалпы, ән жазу өнеріне қалай келдіңіз?

– Ән жазамын деген үш ұйықтап тұрсам да, түсіме кірмепті. Ең алғаш 1991 жылы Әбүйірбек Тінәлиевтің «Фаризаға» деген әні шыққанда соны жатақханада гитараға салып

алып, айтып жүретінмін. Әшірбек Сығай марқұм ол кезде біздің ректор еді. Сол кісі көрді де, Мұқағалидың 60 жылдығына мені алып барды. Алып барып, Жүрсін Ерманға тыңдатты. Жүрсін тыңдап, мені гитара-мен айтыстың арасына «салып» жіберді. Бірінші қатарда отырған Фариза апайға бұл әннің әсер еткенін байқадым. Кейіннен Шалкөдеде тағы орындадым. Фариза апай сол кезде Әбүйірбек ағадан бұл әнді Қадырғали орындасыншы деп сұрады. Әнді басқаша трактовкаға салып, жеткізгеннен кейін орындауым ұнаған болуы керек. Әнді айтқанда айқайламадым, қоңыр дауыспен монолог оқығандай орындадым.

Содан кейін маған әнін ұсынушылар көбейді. Шынымды айтсам, бұл әндерден жалығып кеттім. Соңында өзіме керекті әуендерді іздей бастадым. Сөйтіп жүріп өзім ән жазып кеттім. 1995 жылы компо-зиторлар конкурсына алғаш рет қатысып, лауреат болдым.

– « Т е р і с қ а қ п а й » т е а т р ы н д а өзіңізбен бірге жұмыс істеген Ұлан Нүсіпәлиев бүгіндері Қазақ ұлттық өнер университетінде сабақ беріп жүр. Өзіңіздің қазіргі кәсібіңіз қандай?

– Мен еш жерде жұмыс істемей, тек қана өзімнің шығармашылығыммен айналыса-мын. Сосын Ершат Қайырхан деген күйші шәкіртім бар. Соны тәрбиелеп жүрмін. Тек қана ән айтуға, гитара ойнауға емес оны ғылымға баулып жүрмін. Мақала жазуға, жалпы өнерді түсінуге. Себебі, өнертану – қазірде кенже қалған ғылымның бірі. Баяғыда бұл салада Бағыбек Құндақбаев деген білгір болды. Оның өзі қайтыс бол-ды. Одан кейін бір іліп алары Әшірбек ағамыз еді, ол да келмес сапарға кетті. Қалғандары қолдан жасалған ғылыми қызметкерлер деп ойлаймын.

– Бұрынғы әріптестеріңізбен бірге гастрольдерге шығып, « Т е р і с қ а қ п а й » т е а т р ы н жаңғырту ойларыңызда жоқ па?

– Д ә л қ а з і р с о н ы жаңғыртатындай қажеттілік туып отырған жоқ. Оған

көрермен жинау да қиын. Халықтың өзі арзан күлкінің соңынан қуып кетті ғой бұл күнде. Нарықтан, базардан шаршаған халыққа арзан күлкі әлдеқайда жақын ғой деп ойлаймын. Оған ешкімді жазғыруға болмас. Мен Ре-сейде де, Қытайда да концерттер бердім. Ол жақтағы көрермендермен салыстырғанда, біздің көрермендердің мәдениеті төмен. Көрермен болу үшін де сауаттылық керек.

– Бард болмасаңыз да, бір сұрақ қойғымыз келіп отыр: осы Астанада жыл сайын бардтық әндер фестивалі өтіп жа-тады. Соған қазақтар қатыспайтынына қынжыламыз. Осы секілді фестивальдерге қатысуға сізді шақырған жоқ па?

– Шақырған жоқ. Өскеменде екі рет гитаристердің фестивалі болды, соған шақырды. Бүкіл қазақ гитаристері соған қатысты. Былтыр өткен екінші фестиваль біріншісінен керемет болды. Оған кәсіби гитаристер келіп, мастер-класс өткізді.

– Жалпы өзіміздің қара көздерімізден шыққан, өзіңіз сияқты гитараны шебер тартатын адамдар қаншалықты көп? Әлде аз ба?

– Бізде гитараны шебер тартатын керемет гитаристер бар. Біреуі – Ершат Қайырхан деген менің шәкіртім. Ол гитарамен күй орындайды. Жанынан күй шығарады. Мысалы, «Секен Тұрысбек» деген күйді жазды. Секен ағамыздың өзі бұл күйді тыңдап, таңғалды. Ершатқа батасын берді. Бауыржан Жылқыбаев деген жігіт бұрын гитараны еуропалық стильде тартса, бізбен араласқаннан кейін қазақы гармонияға көшті. Қытайдан келген Ербол Әбен деген алапат гитарашы бар. Ол бір ерекше құбылыс

деп айтсақ болады. «Абсолютті слух» дейді ғой, онда сондай

бар. Біз солармен де араласып, арасында концертке шығарып тұрамыз.

– М е н і ң т а ғ ы б і р байқағаным: сіз қазірде көзі

тірі ақындардың өлеңдеріне ән жазасыз. Қоржыныңызда

дүниеден өтіп кеткен ақындардың сөздеріне жазылған әндеріңіз бар ма?

– Марат Отаралиевтің «Шулаңдар, дос-тарым» деген өлеңіне ән жаздым. Бұл – біраз жыл хит болды, әлі де – солай. Мені

танитындардың біразы сол ән үшін ғана тойға шақырады. Ол ақынның өлеңіне тағы ән

жазайын десем, кітабын таба алмай жүрмін. «Шулаңдар, достарымды» «Қазақ әдебиеті» әлде басқа басы-лымнан ба оқып, қолма-қол көшіріп алғанмын. Мұндай атаумен Алматыда кеш те өткіздім. Жақында қолыма Әділ Ботпановтың кітабы тиді...

М а ғ ж а н Ж ұ м а б а е в т ы ң «Қайың» деген өлеңіне ән жаздым. Оны гитара, домбыра, қобызды қосып орындадық. Ол ән Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрындағы «Шолпанның күнәсі» спектаклінде пайдала-

нылады. – Жақында ғана дүниеден

өтіп кеткен көрнекті ақынымыз И б р а г и м И с а н ы ң с ө з і н е

жазылған, ел сүйіп тыңдайтын «Елге сәлем» деген әніңіз бар. Осы

әннің туу тарихын айтып берсеңіз. – Бұл әнді ылғи концертімнің соңында

орындаймын. Ибрагим ағамызбен қатты араласқан едік. Бір күні «Кітабыңыз бар ма?» деп едім, «Үйде кітабым жоқ. Бірақ, машинкаға басылған өлеңдер бар» деді. Соларды сұраттым. Он шақты өлеңін әкеп тастағаннан кейін, арасынан «Елге сәлем» деген өлеңді тауып алдым. Ол әннің жазылғанына да жиырма жылдан асып кетті.

– Әңгімеңізге рахмет. Жақсы әндеріңіз елдің құлағына жете берсін!

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

КОРЕРМЕННIНСАУАТЫНКОТЕРУIМIЗ КЕРЕК

Page 10: 14 (3218) 2015-02-07

10www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

«Мектеп психологтарына арналған әдістемелік құралдар жиынтығын» шығару барысында осы сұрақтардың жауабын табуға тырыстық. Жасыратыны жоқ, көбіміз психо-логия деген ғылым барынан бейхабармыз. Қазіргі кезде тұрмысымызға там-тұмдап ене бастаса да аса мән беріп, баланың даму барысында білікті мамандардың кеңесінің қажеттігін ескермейміз. Себебі, кеңестер одағының білім беру жүйесінде оқушының ішкі дүние танымы, ішкі күйзелісі болуы мүмкін емес деген қағида қалыптасқан бола-тын. Баланың үлгерімі ақсап, құрбыларымен тіл табыса алмаса, оны жеке басының кінәсі деп мінейтін. Оқуға ықыласы бол-маса, онда жалқаулығынан көріп, көмек қолын созудың орнына жасөспірімді

сынап-мінеп, ашық айыптап жататын. Осылай ша, көпшіліктің талқысына түсуден қашқақтайтын бала іштен тынып, қоғамның қауқарсыз бір мүшесіне айналып шыға келетін. Қазіргі күнде педагогика осындай ойсырап тұрған олқылықтың орнын толтыру бағытында мектеп психологтарын көмекке шақырып, нәтижелі жұмыс жүргізуде. Бұл, әсіресе, ақпараттар ағынының нөпірі басқан, көптеген құндылықтарымыз кейін шегінген заманда аса қажет. Өйткені, қоғам өзгеріп, құныдылықтар ауысса да адам ба ла сының болмысы өзгерген жоқ. Кез келген бала өзінің қалаған қажеттіліктерін жүзеге асырып, өзі қалаған игілікке қол жеткізгісі келеді. Олар да әрбір жасаған ісі үшін ерсектерден мақтау алып, жақын-

дарының сүйіспеншілігіне бөленгісі ке-леді. Өздерін ересек сезініп, өзгелердің де өзімен санасқанын ұнатады. Бүгінгі баланың да алдында түрлі қиындықтар мен қатерлер кездеседі. Оларға да таңдау жасауға тура келеді. Кейде оның дұрыс не бұрыс екенін пайымдап жатуға өресі жетпей қалады. Ал жас буын өкілдерін өмір дің қиыншылықтарынан қалай қор-ғаймыз? Дұрысы, оларды ерте жасынан жауапкершілікке баулып, қиындықтарға шыдас бере алатындай етіп тәрбиелеген жөн бе? Жалпы, жас өреннің жан-жақты тәрбиесіне бағытталған әмбебап тәсіл бар ма?!

«Бар!» деп айтуға болады. Мұндайда мектеп психологы көмекке келе ала-ды. Бұл дегеніміз, баланың тәрбиесінің қиын дығы емес, бала тәрбиесіне аса мән бергендігінің белгісі деп қабылдауымыз керек. Рас, осы күнге дейін педагогтары-мыз психологтың «міндетін» атқаратын. Өйткені, олардың өмірлік тәжірибесі, мейірімі мен жанашырлығы оқушылар үшін биік қамалдай көрінетін. Алайда, қазіргі қоғамдық қатынастардың күрделенуіне сай оқушы мен ұстаздың орны мен оларға деген талап та өзгерді. Яғни, баланың пси хо логиялық денсаулығы қоғамның экономикалық-әлеуметтік және саналы жетістіктерін сипаттайтын маңызды көр-сеткіші ретінде бағаланады. Осы саладағы жұмыстар ретін жүйелендіру мақсатында жазылған мектеп психологтарына арналған әдістемелік құралдар ішінде «Мектеп пси хологының жұмыс кітабы», «Мектеп

психологының ата-аналармен жұмыс дәптері», «Мектеп психологының пе-дагогтармен жұмыс дәптері», 1-4 сы-нып тарға арналған «Оқушылардың психологиялық жұмыс дәптері» төл тілі-мізде жазылған алғашқы еңбек екенін айта кету керек. Сала мамандарының іс-әрекетін сауатты ұйымдастыруда бағыт-таушы тиімді құрал ретінде бағаланып отыр. Педагог тер мен ата-аналармен бір-лескен іс-әрекеттерін үйлестіру, балалар психологиясындағы өзгерістерді бағалау – мектеп психологының басты міндеті. Осы міндеттерді ойдағыдай атқаруға мүмкіндік беретін психодиаг ностика, психологиялық түзету, психологиялық түсіндіру сияқты маманның іс-қимылының мазмұндары сипатталған. Мектеп психологының педа-гогтармен, ата-аналармен жұмыс ерекшелігі де осы топтамада баяндалады.

Психолог қызметі - оқушылардың, ата-аналардың немесе педагогтардың сұра-нысынан туындайтын нақты мәселелерді шешуге бағытталса, аталмыш қызметтің тағы бір басты мақсаты – оқушылардың жан-дүниесінің саулығына, олардың кемел толысуына, білім алудағы қызығушылығына ықпал етіп, тұлғаның дамуындағы әрбір кезеңдегі күрделі асулардан өтер жолын жеңілдетіп, олардың рухани кемелдігіне қол ұшын бермек.

Гүлзада ОРАЗОВА, «Білім-2050» шығармашыл

педагогтерінің одағы» қоғамдық бірлестігі төрайымы

1. Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 2013 жылғы 11 наурызда сағат 15.00-де Астана қаласы Бейбітшілік көшесі 11, 547-кабинетте жолаушы-лар мен багажды автомобильмен қалааралық, облысаралық тұрақты тасымалдау маршруттары-на қызмет көрсету құқығына конкурс өткізетіндігі туралы хабарлайды.

2. Конкурсқа төмендегі қалааралық, облыс-аралық және қала маңы маршруттардың лоттары (пакеттерi) шығарылады:

№1 лот. «Астана қ. – Жезқазған қ.» марш-руты, жөнелтілім уақыты 15.00 сағат.

№2 лот. «Астана қ. – Лисаковск қ.» марш-руты, жөнелтілім уақыты 18.00 сағат.

№3 лот. «Астана қ. – Тараз қ.» маршруты, жөнелтілім уақыты 22.30 сағат.

Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан,

меншiк құқығындағы немесе өзге де заңды негiздердегі тұлғалар барлық лоттар (№ 1, 2 және 3) бойынша келесі көлік құралдарымен қатысуға құқылы:

ІІІ классты қалааралық автобустар, жүргізуші орнын қоспағанда 16-дан артық отыратын орны болу керек. Автобустардың саны: негізгі – 1-ден, қосымша автобус – 2-ден кем емес.

4. Маршруттарға қызмет көрсету құқығына Куәлік беріледі, Куәлік кемiнде үш жыл мерзiмге беріледі.

Паритеттік тасымалдаушылар сәйкесінше Жамбыл, Қарағанды және Қостанай облыста-рынан анықталады.

5. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi

Бейбітшілік көшесі 11, 545-каб. мекен-жайы бо-йынша ұсынуы тиiс.

6. Конкурстық құжаттар жиынтығының құны: ақысыз.

7. Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және конкурсқа қатысуға өтiнiм-дердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2015 жылғы 24 ақпан, сағат 18.00-ге дейін.

8. 2015 жылғы 13 ақпан Бейбітшілік к-сі, 11, 545-каб. мекен-жайында конкурстық комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiнде конкурс алдындағы конференция өткiзедi.

9. Анықтама алу үшiн телефон № 556745, не-месе Бейбітшілік к-сі, 11, 545-каб. хабарласуға болады.

Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

«Астана қаласы мәслихатының аппа-раты» ММ Астана қаласы мәслихаты

аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

заңнаманың, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан

Республикасының Заңы мен Ар-намыс кодексі нор-

маларын бұзу мәселелері бойынша үндеулер үшін сенім телефоны нөмірін

хабарлайды: 55-66-35

Page 11: 14 (3218) 2015-02-07

11www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

244-060 244-061

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ

ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

2015 жылғы 10 ақпан мен 14 ақпан аралығында «Стоматология» ОКО» ЖШС-де Астана қаласы Алматы, Сарыарқа, Есіл аудандары бойынша тегін протездеу үшін келесі санаттағы азаматтарды алдын ала жазу жүргізіледі:

1. ҰОС соғысы ардагерлері, соған теңестірілгендер;2. Жасы жеткен зейнеткерлер, мүгедектер;Мекенжайы: Астана қаласы, Қ. Мұңайтпасов көшесі, «Қазақстан» спорт кешенінде сағат 09.00-ден бастап.Құжаттар: ҚР жеке куәлігі, зейнеткер куәлігі, мүгедектігін растайтын куәлік. Анықтама тел.: 37-03-73.

Тұтынушыларға және өзге де мүдделі тұлғаларға реттеліп қөрсетілген қызметтерді (тауарлар-ды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі табиғи монополия субъектісінің қызмет көрсетуі бойынша жыл сайынғы есепті өткізу қағидаларына сәйкес «Астана су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны тұрғындарды, кәсіпорындарды және ұйымдарды сумен жабдықтау және кәріздендіру қызметтерін көрсету бойынша жыл сайынғы есебі өткізілетіндігін хабарлайды.

Субъектінің атауы: «Астана су арнасы» МКК.Жыл сайынғы есептің өткізілетін уақыты және орны: 2015 жылғы 5 наурыз сағат 15.00-де, Астана

қаласы, Абай даңғылы 103 (мәжіліс залы).Реттелетін қызмет көрсетулердің түрлері: су шаруашылығы және кәріздендіру жүйесі қызметтері.

«051 Қызметі» мемлекеттік мекемесі бос қызмет орындарына қабылдау жүргізетінін хабарлайды: Заңгер (G-10 санаттағы 1 орын); бағдарламашы (G-12 санаттағы 1 орын), аудармашы (декреттік демалыс уақытына) (G-10 санаттағы 1 орын), эксперт (декреттік де-малыс уақытына) (G-7 санаттағы 1 орын). Лауазымдардың негізгі талаптары: жоғарыдағы айтылған мамандықтар бойынша жоғарғы немесе орта-кәсіптік білім. Ақпарат үшін теле-фондар: 57-41-26, 8-701-335-23-46.

1)Саяси партиялармен және қоғамдық-саяси ұйымдармен жұмыс бөлімінің бас маманы (D-О-4 санаты, 1 бірлік, негізгі қызметшінің бала күту демалысында болу кезеңіне). Лауазымдық еңбекақысы қызмет атқарған жылдарына байланыс-ты 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Саяси партиялар мен қоғамдық-саяси ұйымдардың қалалық бөлімшелерінің жұмыстары жөнінде ақпарат жинау және талдау. Қоғамдық және ғылыми-практикалық шаралар өткізу. Саяси-партиялар және қоғамдық ұйымдар жөнінде база орталығын жүргізу және анықтамалық-ақпараттық материалдар дайындау. Бөлімнің құзырына қатысты мәселелер бойынша қала әкімінің қаулылары мен әкімдіктің өкімдерінің жобаларын әзірлеуге, концептуальдық құжаттарды дайындауға қатысу.

Конкурс үміткерлеріне қойылатын негізгі талаптар: Гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық саласындағы жоғары білім.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық саласындағы ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:1) белгіленген нысандағы өтініш; 2) 3х4 үлгідегі суретпен белгіленген нысанда толтырылған са-уалнама; 3) нотариалдық куәландырылған білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 4) нотариалдық куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Рес-публикасы азаматы жеке куәлігінің көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сер-тификат (немесе нотариатты куәландырылған көшірмесі).

Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарланды-ру БАҚ-та («Вечерняя Астана» және «Астана ақшамы») соңғы жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі - 11, «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің № 542 кабинетте қабылданады.

Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын құжаттар тізбесіндегі 3) және 4) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.

Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды құжаттарды қабылдау мерзiмiнде құжат тігілетін мұқабада орналастырылған күйде қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей беруі қажет. Құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабар-ландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы теле-фондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асы-рылуы мүмкін.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінде үміткерлерді әңгімелесуге шақырған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясының отырысына бай-қаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Бай-қаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредит-телген бұқаралық ақпарат құралдарының, бас-қа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бір-лестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси пар-тиялардың өкілдері, уәкілетті органның қыз-меткерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу бас-талуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда аталған ұйымдарға тиесілілігін растайтын құ-жаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынуы қажет.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткерлер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана, Алматы, Атырау, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Өскемен, Орал, Петропавл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Талдықорған, Ақтөбе, Ақтау және Шымкент қалаларындағы аймақтық тестілеу орталықтарында белгіленген тәртіппен өтеді.

D-O-4 cанаты үшін тестілеу бағдарламасы: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституци-ясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тура-лы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi

Электр энергиясы нарығындағы бағаның өзгеру іне байланысты « Астанинска я-ЭнергоСбытовая Компания» ЖШС тұты ну-шыларды Астана қаласы бойынша 2015 жылдың 1 ақпанынан бастап электр энергиясына тарифтің өсетіндігі туралы хабардар етеді.

Электр энергиясының босатылатын тарифі:

- тұрғындар үшін -1 кВт/с. үшін 11,24 (ҚҚС-сыз);

- басқа тұтынушылар үшін - 1 кВт/с. үшін 13,74 (ҚҚС-сыз).

Тәулік аймақтары бойынша сараланған тарифтер.

Екі мөлшерлемелі есепке алу жүйесі кезінде (тұрғындар үшін):

3,60ты қоса);

16,18 ты қоса).

үш мөлшерлемелі есепке алу жүйесі кезінде (басқа тұтынушылар үшін):

13,74

28,03

6,03

Электр плитасын пайдаланатын жеке тұлғалар (тұрғындар) үшін тұтыну көлеміне тәуелді сараланған тарифтер:

9,06

15,11

1 кВт/с. үшін 18,88

электр плитасын пайдаланбайтындар үшін:

9,06

15,11

1 кВт/с. үшін 18,88

Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы»

КМК-ге хабарласыңыз! Мекенжайы: Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3, Бизнес-орталық

ғимаратының 2-қабаты. 104,5,14,34 автобустарымен келуге болады.

Анықтама алу телефоны: 57-88-88.

Page 12: 14 (3218) 2015-02-07

12www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Ел үшін атқа қонған сол уақыт 1942 жылдың 19 мамыр еді. Дәл осы таңда атам Алтынбек Тілеспаев отан үшін жанын шүберекке түйіп қазіргі Семей облысының Ақсуат ауданынан соғысқа аттанған. Атам сол кеткеннен қайтып оралмаған. Мүмкін жеңіс жолында жүрегін бомба қылып атқан шығар.

Ал екінші атам Рүстем Мәліков сол сегізінші гвардиялық дивизияның жауынгері болып майданға аттанды. 1943 жылдың желтоқсан айынан кейін ол кісі де хабар-ошарсыз кетіпті.

Осы ауыр кезеңнің куәгері, соғыс сойқандарын көзбен көріп көкейге түйген жауынгер атамның қалған тұяғы Қайырхан Алтынбеков есінде қалған оқиғаларды естелік кітабында: «Міне, күнделікті тіршілігімен шағын егінші ауылы күн артынан күн өткізіп жатты. Күн сайынғы газеттен совинформбюроның хабарын оқимыз. Соғыс өрті кеңейіп, лаулап барады. Майданға атанатын азаматтардың тізімін алып, оларға он күндік жол азықтарыңмен даяр отырыңдар деп ескертілген. Азық болғанда дайындайтыны бидайдан талқан түйіп, оны майға шылап, ауасын қысып шығарып дорбаға салып қояды. Бар-жоғы

осы ғана. Елдің санасын үрей торлаған, елеңдеумен отырады» деп ертеңі жұмбақ бұлыңғыр күндерді тізбектеген.

Ел басына күн туып, сәби жылап, шаңырақ шағылған сол сәттерде «Отан үшін отқа түссең күймейсің» дегенді сана-сына сіңірген аталарым атқа қонды. Жанын аямай қару ұстап, қарсы келген жаудың бетін қайтарды. Бұл уақыттарда соғысқа аталарым аттанғанда апаларым да зор еңбек сіңірген. Артта қалған елді бірілікке шақырып, жетім баланы ер жеткізді. Үміттің құла таңы бір күні атып, Жеңіс туы желбірейтініне күмән келтірмеді. Біз – ба-тыр, дана, ақын халықтың ұрпақтарымыз. Мен жаңбырдай бораған оққа кеудесін тосып, ел мен жерді қорғаған аталарыммен мақтанамын.

Ұлы Отан соғысының майдангерлерін Жеңістің 70 жылдық мерекесімен құттықтаймын. Елімізде бейбітшілік бола берсін деп тілеймін.

Азел АЛТЫНБЕКОВА,Райымбек батыр атындағы

№50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы

денсаулығына байланысты азаматтық қызметке ауысып, мал шаруашылығымен айналысқан. 1980-1985 жылдар аралығында комсомол жас-тар бригадасын басқарып, өмір жолына енді қадам басқан талай жасты тәрбиелеп, өмірлік ұстазына айналған. Тарихи ерліктер жасайтын шақтағы талай жастың ел тірегі болып өсуіне өзінің адал еңбегімен үлгі болған.

Сондай-ақ, 1983-1984 жылдары 2 жыл қатарынан «Халық шаруашылығын дамыту-да жеткен жетістіктері үшін» КСРО Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесі бас комитетінің қола және күміс медальдары-мен марапатталған. 1990 жылы бесжылдық міндеттерін тиісті орындағаны үшін «Он екінші бесжылдық екпіндісі» белгісімен, сонымен бірге, Ұлы Жеңістің мерейтойлық медальдары-мен марапатталған.

Ел үшін жасалған ерлік ешқашан ұмытылмақ емес. Убайдулла Сағынұлы да әр жылдары Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың, cондай-ақ облыс, аудан әкімдерінің алғыс хатымен марапатталып отырған. Ол зайыбы Өтеуліқызы Нәзиямен бірге 11 бала тәрбиелеп өсірген.

Жақсы ісімен ел есінде қалған ер бақытты деуші еді. Өткен өмір жолы өнегеге толы атам-дай адамдардың өмірі кейінгі ұрпаққа үлгі.

Қайсар БАҚТЫБАЙ,№54 мектеп-лицейінің

10-сынып оқушысы

Нағашы атам 1928 жылдың 15 тамызында дүниеге келіп, 2009 жылдың 14 сәуірінде өмірден өтті. Ол соғыс басталғанда не-бары 13 жаста болса да, күні-түні тын-бай еңбектенгенін айтып отыратын. Мен ол кезде атамның әңгімелерін ертегіше қабылдайтынмын. Қазір өзім 15 жастамын. Сол әңгімелерді қазір есіме түсіремін де, біз сол аталарымызға ұқсап қызықты ойыны-мызды, тәтті ұйқымызды қиып үлкендердің жұмысын істей алар ма едік деп ойлаймын. Иә, оларды осындай ауыртпалыққа төзуге жетеле-ген Отанға, елге деген сүйіспеншілік, Жеңіске деген сенім еді. Ол кездің балалары осындай қасиетімен жанқияр ерліктің ер басына жүре бітетін қасиет екенін дәлелдей алды. Оның үстіне атамның әкесі мен ағасы да Ұлы Отан соғысына шақырылып, кейін хабарсыз кеткен.

«Ерлік білекте емес, елін сүйген жүректе» дегендей, атам соғыстан кейін 1947-1949 жылдар аралығында Бершүгір шахтасында зобойдағы проходщик болып жұмыс жасаған. 1949 жылдың 15 сәуірінде әскер қатарына алынып, 1953 жылдың 15 қыркүйегінде оралған.

«Сын ерді шыңдайды, қорқақты қинайды» деген екен қаһарман атамыз Бауыржан Момышұлы. Өмірдің талай сы-нында шыңдалған нағашы атам Убайдулла Сағынұлы әскерден соң милиция қатарында қызмет етіп, 1959 жылы «Мінсіз қызметі үшін» ІІІ дәрежелі медалін иеленген. Кейін