12
86' (85 585 ĭ³£« Ĥ£¤©L ª£¬¢© HPDLO LQIR#DVWDQDDNVKDP\N] :::$67$1$$.6+$0<.= Ě 19 ÒÆÊÒÆμ 18 ÁĭÐÁÎ ÇÜÌ 6 +$0<.= Î ÇÜÌ ÑæòðôâìéëáìüĬ ĬïĨáíåüĬòáĀòé äáèæó çüìĨü Ĭáèáîîáî âáòóáð ùüĨáåü ǭǧǸǹǧǷ ǹǧDzǧǰʹȂ ǹǧǷǯǼ Çæì âáĨüóü íæî çüìåáíåüĨü ïĦóġòóĄë íò ÓáĦ áóôü òáĨáó íéîôó Ëġî âáóôü òáĨáó íéîôó Ëġî ĪèáĬóüĨü òáĨáó íéîôó ÂĪì ëġîäĄ æĦ üòóüĬ áôá n& çüì ÆĦ òôüĬ óæíðæñáóôñá n& çüì -11°..-8° -12°.. -11° 6-7-беттерде ʤ˳˵˘ˮ˘ ೪˘ˬ˘˳ ഉ˪˧˭˞˧˛˧ˮ˧೮ ೪˯ˬ˞˘˶˭˟ˮ ʶ˟೮˟˳ ഉ˳˪˟˲˧ˮ˧೮ ʤ˶೦˘ˮ˳˵˘ˮˮ˘ˮ ˾೦˘˲ˬ೦˘ˮˮ˘ Ϯϱ ˢˬ ˵˯ˬ˶ˮ˘ ˯˲˘˥ ˟ˬ˯˲˞˘ˬ೪ ˢ˘˶ˮ˛˟˲Ͳˤˮ˵˟˲ˮ˘˻ˤ˯ˮ˘ˬˤ˳˵˟˲ ˾˧ˮ ˵˘೦ˬ˭˞ ˾˘˲˘ˬ˘˲ ˵˪˧ˣ˧ˬ˞˧ âÛĈ)ààâ f å×&ÿăÞ mǀƼLJƼljǗɍ ǍNJɍȽǗ ƽƼǎǗnjǗ} ʶ˟ˮ˟˳˘˲ ˘˳˭ˬˮ೮ ˀ˟˳˟˥ ˣ˟˲˵˵˟˶˾˧ˬ˟˲˧ ˢ˘ˣ˙˘ˬ˘˲ˮ˞˘೦ ˙˟˥ˮ˟˳˧ ǂƼǍɅƼljǔƼɅ ǁLjǁǍ ǂƼɍƼǔǗLJ ƽNJLJǏȽƼ əljǀǁDžLjƲlj ǀǤǜǭ ǎƼǍǎƼljƽǁdžNJƾ ljǜǣǜǬǝǜǡǞ ǯǩǤǞǡǬǭǤǮǡǮȂǩȂɎ ǦȂǴȂ ȾǷǧǷǨǤ ɆǷǣǨǡǮǦǡǬȂ ʫ˲˵˟೮ ϭϵ ˘೪˱˘ˮ˞˘ ˳˘೦˘˵ ϭϬϬϬͲ˞˟ ʤ˳˵˘ˮ˘ ೪˘ˬ˘˳ˮ೮ ഉ˪˧˭˧ ʰʻ˃˘˳˭˘೦˘˭˙˟˵˯˚˵˧೮ ˟ˬ˯˲˞˘ ˵˲೦ˮ˞˘˲˭˟ˮ ˟˳˟˱ ˙˟˲˶ ˪˟ˣ˞˟˳˶˧ ˵˟˞˧ ಉ˵˪˧ˣ˧ˬ˟˵˧ˮ ˯˲ˮ ʶ˯ˮ˛˲˟˳˳Ͳ˺˯ˬˬ ˳˘˲˘˥ ʶ˟ˮ˟˳˘˲ ˪˾˟˳˧ ϯϮ 6-7-беттерде 10-бетте 2-бетте

№19 2014-02-18

  • Upload
    -

  • View
    237

  • Download
    7

Embed Size (px)

DESCRIPTION

АСТАНА АҚШАМЫ №19 (3077) 18 ақпан 2014

Citation preview

Page 1: №19 2014-02-18

19 18

-11°..-8°-12°.. -11°

6-7-

бетт

ерде

6-7-

бетт

ерде

10-б

етте

2-бе

тте

Page 2: №19 2014-02-18

2www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

. АҚШ-та Президенттер күні аталып өтілді. Бұл ұлттық патриоттық мереке Американың қос президенті Джордж Вашингтон мен Авраам Линкольнді еске алуға арналып, 1782 жылдан бері өткізіліп келеді. Ақпан айының үшінші дүйсенбісінде аталып өтілетін мереке күні ресми демалыс күні болып бекітілген.

Жапонияда тағы да қалың қар түсті. Қар құрсауының салдарынан көптеген отбасылар үйлерінен шыға алмай қалған. Осы жағдайға байланысты мектептерде сабақ тоқтатылған. Табиғат апатының салдарынан 17 адам қайтыс болып, бір мыңнан аса адам түрлі жарақаттар алған.

Сауд Арабиясының астанасында метро құрылысы басталды. Жалпы ұзындығы 176 шақырым болатын жерасты жолында 85 станса болмақ. Метрополитен 2018 жылы толықтай пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Бельгия астанасында қоғамдық көлік жүргізушілері жол қозғалысын бөгеп, ереуілге шықты. Олар 2012 жылы автобус кондукторын ұрып өлтірген қылмыскерге шығарылған сот үкіміне наразылық білдірген. Қаладағы қоғамдық көліктің 80 пайызы осы күні жұмысқа шықпай қойды.

633 Екі дүние сардары, пайғамбарлардың падишасы, адамзаттың асыл тәжі, ардақты елшіміз – Мұхамед Мұста-фаға (с.ғ.с.) арналған биылғы Мәуліт мерекесі салауат айтудан басталды. Ондағы әр жол, әр тармақ тыңдар-

манды тағылым тереңіне тартып, таным көкжиегін кеңейтумен болды.

Әзірет Сұлтан мешітінің бас има-мы Серікбай Ораз, белгілі профессор Дихан Қамзабекұлы сынды дін ма-мандары мен ғалымдар адамзаттың

Астанада тен-нистен «Чел-ленджер» сериясының халықаралық турнирі бастал-ды. Жүлде қоры 75 мың доллар-ды құрайтын жарысқа әлемнің 20 елінен спорт-шылар қатысуда.

Орталық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Шәкен Аймановты еске алуға арналған кеш өтеді.Басталуы: 15.00-де.

Биыл қаңтар айында Астана қаласы бойынша жалпы ауданы 94 612 шаршы метрді құрайтын осынша пәтер пайдалануға берілді.

(Жалғасы. Басы 1-бетте)

Қаладағы мектептер мен мекеме-лерде «Ерлік сабақтары», кездесулер мен концерттер ұйымдастырылды. 15 ақпан күні Ауғанстан соғысын бастан кешкен елордалық жауын-гер-интернационалистер алдымен «Хазірет Сұлтан» мешіті мен хрис-тиан шіркеуінде болып, жат елде қаза болған майдандастар рухына дұға бағыштады.

Ауғанстан соғысында қаза бол-ған қазақстандықтарға арналған республикалық ескерткіш жанында өткен гүл шоқтарын қою рәсімінде

Астана қаласы мәслихатының хат-шысы Сансызбай Есілов Ауғанстан соғысы жайлы тағылымды сөз ай-тып, жауынгер-интернационалис-терге, сол соғыста құрбан болған жауынгерлердің аналарына қала әкімдігі және мәслихат депутаттары атынан зор денсаулық, отбасылық амандық тіледі. Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев пен Мәжіліс депу-таты, жауынгер-интернационалист Бақытбек Смағұл, Астана қаласының «Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Кенже-беков жиналған жұртшылық алдын-

да сөз сөйлеп, интернационалдық борышын өтеу барысында ерлікпен қаза тапқан қазақстандықтарды еске алып, елге оралып бүгінде еңбек май-данында жүрген майдандастарына жүрекжарды лебіздерін жеткізді.

Бейбітшілік және келісім са-райында өткен патриоттық кеш пен концерт жауынгер-интер на-ционалистердің және олармен бірге келген отбасы мүшелерінің көңілін көтерді. Жауынгер-интер-националистерге арналған шаралар легі Тәуелсіздік сарайында өткен мерекелік дастархан мәзірімен аяқталды.

-

ұстазы, асыл пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жайында, оның өнегелі өмірі мен келісті, көркем мінезі туралы, бізге қалдырған шексіз мұрасы мен сүн-нет тері төңірегінде баяндама жасап, тың жаңалықтардан хабардар етті. «Меломен» тобы, Жәкен Омаров, Бейбіт Құшқалиев сынды әншілер діни-иләһи әндерімен кештің сәнін ашып, ажарын ашты. Сондай-ақ, театр әртістері студенттердің көме-гімен сахналанған «Жақсы істе жа-рысайық» атты тағылымды көрі ніс көпшіліктің қошеметіне ие болды.

Осыдан бір жарым ай бұрын «muslim.kz» сайтында жарияланған «Менің пірім – пайғамбарым» атты шығармашылық бәйгенің жеңім-паздары да осы күні айқын далды. Оларға жүлде сыйлықтары тапсы-рылып, дипломдармен марапат-талды. Белгілі профессор Дихан Қам забекұлы шығармашыл жас тар-дың қаламынан алдағы уақытта асыл дүниелерді күтетінін жеткізді.

Кеш соңында Мәуліт мерекесіне орай ұйымдастырылған қайырым-дылық шарасынан түскен қаржы көмекке зәру жандарға таратылды.

Асхат РАЙҚҰЛ

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драмалық театрын да «Абай» трагедия сы сахналанады.Басталуы: 18.30-да.

Page 3: №19 2014-02-18

3www.astana-akshamy.kz

Бетт

і дай

ынд

аған

: Ғал

ым

ҚО

ЖАБ

ЕКО

В. Д

ерек

көз

дері

: ww

w.a

stan

a.kz

, ww

w.in

form

.kz,

ww

w.ba

q.kz

Тұсаукесер рәсіміне Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрының дирек-торы Сұлтан Сраилов, «Рауан» баспа үйінің бас директоры, белгілі журналист Ғабит Мүсіреп және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Жаңа басылымның бас редакторы Олжас Сәндібектің айтуынша, қалың оқырманға әзірге екі мың данамен жол тартқан үнжария негізінен ұлт мүддесін, тұлғалар бейнесін, тарихтың ақтаңдақ қатпарларын ай шықтауды көксейд і . «Төрд ің» бетінде қазақ халқының қамын жеген ата-баба лары-мыздың өнегелі өмір жолын жас ұрпаққа дәріптейміз, тәуелсіз мем ле кетіміздің бірлігі мен экономикасының тұрақты дамуына, ұлтаралық татулығына, ұрпақ тә р б и ес і н е б е й -ж ай қ а рамай т ы н , ел ү шін т у ған арда азамат тард ың еңбегін алаш жұртына паш етеміз. Әу бастағы және алдағы мұратымыз да осы. Замандастарымыздың жарқын істері мен шыққан белестері де журнал

Аса аспандап кеткен баға жоқ сияқты. Ай сайынғы төлемдердің түбіртектері де келе бастады. Апыл-ғұпыл конверттерді ашып, өткен айдың қа-ғаздарымен салыстырдық. Өзгермепті. Демімізді бір алдық. Содан жанталасып банкпен хабарластық. Алаңдайтынымыз, несиеміздің пайызы. Ондағылар жауап беруден жалтарды, яғни, ағылшынша айтқанда, «no comments». Күдікті көңілді көп ұзамай жалақы көтеріле ме деген үміт жұбатады.

Рас, бұдан да жаман күнде тойға барғанбыз. Дүкендердің бос сөрелері үйреншікті көрініс болатын. Талонмен нан алып, таң атпастан сүттің кезегіне тұрған кездеріміз де болды. Бәрі де өтті. Уақыт өте бере тапшылық дегенді ұмыттық. Ит басына іркіт төгілген күн келді деуге болатындай. Алайда тағы бір рет доллар дүр сілкінгенде неге әбіржіп қалдық?

Меніңше, таршылықта жұтамаған жұрт, мол-шылықта өмір сүре білмейтінін көрсеткендей болды. Өкінішке қарай, осы жылдары үнемді болу, ысырап етпеу өмір салтымызға айналмады. Бардың берекесін келтіріп, жоқтан бар жасап, артылғанын ауыстырып қоюдан жаңылдық. «Түстік өмірің болса, кештік мал жина» деген қазақтың балалары бір күндік тойға риза болып, шет елдің жағалауларында демалып, қымбат мәшине мінгенге мәз болды. Мал шашпақтың жаңа түрлері дәстүрімізге енді. Өкініштісі, осыған бой түзедік. Жөні осы екен дедік. Оның бір себебін діни сенімнің әлсіздігінен де көремін. Шын мұсылман болмысымыз – ысырапқа қарсы болатын, обал-сауапты білетін.

Бірде Нұх пайғамбар раввинді шақырып алып, екі аптадан кейін жерді топан суы басады деп хабарлапты. Тосын хабарды жұртына жеткізген раввин: «Судың астында өмір сүруге икемделу керек. Екі аптадай уақытымыз бар» деп тоқетерін айтыпты. Әзіл-шыны аралас осы тәмсілдің айтар ойы өте өзекті. Керек болса, топан су басқанда да жаңа жағдайға икемделгеннің абзалын ай-тады. Жаңа жағдай демекші, теңгенің деваль-вациясы – күнделікті өмір салтымызға кейбір түзетулер енгізудің сәтті себебі. Күнделікті кіріс-шығыстарымызды қайта қарап, артығынан ары-лып, үнемшілдіктің мін емес, обал-сауапты түсіну парасаттылық екеніне сенгенде экономикалық өзгерістердің бізді айналып өтетініне сенімім мол.

[email protected]

ұжымының назарынан тыс қалмайды» дейді О.Сәндібек.

Оқырман «Төр» журналының алғашқы санынан қазақтың ақырғы ханы һәм батыры Кенесары хан туралы Мағжан Жұмабаевтың толғауын, Сидней олимпиадасының чемпи-ондары Бекзат Саттарханов пен Ермахан Ыбыраймовқа арналған ақын жырларын, есімі елге белгілі кәсіпкер, меценат Оралбек Ботпайдың сыр-сұхбатын және тағы басқа құнды дүниелерді оқи алады. «Төрелігін айтыңыз», «Төресөз», «Төрдің көркі», «Төрлетіңіз», «Төрге лайық», «Төртұлға», «Төрдің талқысы», «Төрдегі толғам» атты айдарлары бар басылымның келесі нөмірі қазақ өнерінің майталманы Құрманбек Жандарбекұлына арналмақ.

Журналдың мазмұны мен сапасына жоғары бағасын берген Ғабит Мүсіреп мы-надай алмағайып заманда журнал шығару оңай еместігін алға тартып, отандық жур-налистика саласына менеджерлік жұмысты қолға алатын мезгіл жеткенін атап өтті.

Нұргүл АХАНҚЫЗЫ

Жоба аясында мектеп гар-деробында жарықтандырудың энергиялық тиімді жүйесі ор-натылады. Онда 2 электр энер-гиясын есептеу құ ралы мен қозғалысты немесе адамның болуын сезетін 5 жарық ди-одты таратқыштары бар шам іске қосылады. Жүйе толық ор-натылғаннан кейін бір ай өткен соң люминесцентті және жарық диодты шамдардың энергия тұтыну көлемдерін өлшейтін есептеу құралдарына талдау жасалатын болады.

Аталмыш жобаны «Қазақ-энергосараптама» акционерлік қоғамы «ГРИНТЭК» ЖШС-мен бірлесіп іске асырады.

Нақтырақ айтсақ, №4 емхананың 14-16, 25-28,31-32 учаскелерінің, сондай-ақ №5 емхананың 51-56 учаскелерінің тұрғындары сарыла кезек күтпей, қайта тіркелу тәртібі бойынша жаңа денсаулық сақтау мекемесіне бара алады.

Естеріңізге сала кетсек, 2013 жылдың желтоқсан айында Жамбыл мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы аясында бес қабатты емхана ғимараты пайдалануға берілген болатын. Заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған мекемеде 22 бағыттағы дәрігер маман қызмет көрсетеді.

Page 4: №19 2014-02-18

4www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

-

Елдің ертеңі – білімді, салауат-ты ұрпақ. Ендеше, әрбір жас жеткіншегіміз халықаралық

стандарттарға сай білімді болуы шарт. Елбасы өзінің жасампаз Жолдауында Қазақстандағы үш тұғырлы тіл сая-сатын заман талабына сай меңгеріп, ендігі өсіп келе жатқан ұрпағымыздың үш тілді меңгеріп қана қоймай, өз ана тілін құрметтеп, бәрінен де жоғары ұстауға шақырды.

Қазақстанның әлемдегі ең дамы ған 30 елдің қатарына кіру тұжы рым-да масында алдағы жұмыстың ұзақ мерзімді басымдықтары белгіленген. Осыған орай, елордалық балалардың құқылары мен бостандықтарын сақтау және қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан шаруа аз емес. Атап айтсақ, Астанада 95 263 мектеп оқушысы бар. Оның ішінде білім беру мекемелерінде 1074 жетім бала, 1060 тұрмысы нашар отбасы балалары, көп балалы отбасынан шыққан 6 269 бала тіркелген. Бүгінгі таңда бұлардың барлығына қолдау қажет. Осы орайда,

Астана қаласының әкімдігі тұрмысы төмен отбасыларға қамқорлық жасап келеді. Мәселен, олар мектепте тегін тамақтанады. Киім-кешек, жол жүру билеттерімен қамтамасыз етілген. Бұл санаттағы балалар жазғы демалыс кезінде сауықтыру лагерьлерінде тегін демалады. Өмірде қиын жағдайға тап болған, шиеттей балалары бар отба сы ларға біздің басқарманың ұйым дас тыруымен «Мектепке

Елбасы айтқандай, дамыған 30 елдің қатарына кіру жолында бүгінгі жас ұрпақты ертеңгі өз ұлтын сүйетін, болашақта еліне қызмет ететін білім ді, білікті азамат етіп тәрбиелеу ұстаз-дар дан үлкен жауапкершілік пен табан дылықты талап етеді. Ұлттың бүгінгі күні де, болашақта да рухани-адамгершілік білім беру бағытында су-сындап өсуі керек. Біздің тәлімгерлер осыны жақсы түйсінеді.

«Мәңгілік Ел – ата-баба лары-мыз дың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық» деген Нұрсұлтан Назарбаевтың жан толқытарлық бұл сөзі әрқайсымыздың санамыздан берік орын алып, жүрегімізде жазы-лып, сақталып тұруға тиіс.

Елбасы Жолдауындағы 10 бағытта айтылған мәселелер және сол жолда атқарылуға тиісті іс-шаралардың бәрі ең әуелі халқымыздың санасына терең сіңірілуі керек. Сонда ғана әркім нің мемлекет алдындағы, өз ұлты ның алдындағы жауапкершілігі де арта түсер еді. Елдікті, ұлттық қасиет ті сақтап қалу үшін не істеу керек ті гін Елбасы Жолдауында нақты айтып, жол көрсетіп берді. Мен әлем нің озық елдері арасындағы Ота ны мыз дың баянды болашағы ғана қазақ стандықтарды мәңгілікке бірік-тіретініне сенімдімін.

Римма ИМАНҒАЗИНОВА, Балалар құқықтарын қорғау

жөніндегі басқарманың басшысы

жол», «Қайырымдылық» акция-лары арқылы жәрдем көрсетіледі. Сонымен бірге, 2011 жылдан бері бас қалада тұрмыс қиындығына тап болған кәмелетке толмаған ба-лаларды әлеуметтік оңалту және бейімдеу мақсатында Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы жұмыс істейді. Ата-ананың қамқор-лы ғынсыз қалған балаларға, олардың ата-аналарына және заңды өкілдеріне әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету мақсатында орталық жаны-нан «Отбасыларға қолдау көрсету» қызметі ашылған еді. Аталған орта-

лықта ашылған кезеңнен бастап 2560 бала қабылданса, бүгінде мұнда 14 бала тәрбиеленуде.

Қазақстан Республикасы Прези-ден тінің Жолдауында білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің әлеуметтік жәрдем қоржындарын қайта қарастырып, қызмет кер лердің еңбекақыларын арттыруды қамтамасыз ету тапсы-рылды. Осы құжат аясында түсіндіру

жұмыстарын жүргізу мақсатында ұжыммен кеңес өткіздік. Сондай-ақ, Астана қаласы әкімдігінің «Кәме лет -ке толмағандарды бейімдеу орта-лығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ұйымдастырылған жи-налыста Жолдаудың стратегиялық жоспарлары, басты бағыттары, оған жетудің жолдары мен принциптері туралы сөз болды. Басқармаға қарасты Кәмелетке толмаған бала-лар ды бейімдеу орталығының тәр-бие ленушілерімен де кездесіп, оларға ҚР Президентінің Жолдауында айтылғандай, спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, денсаулыққа қауіп-ті аурулардың алдын алу сияқты маңызды мәселелер түсіндірілді. Ел-ба сының қазақ тілін дамыту, әсіресе, мемлекеттік тілде сабақ оқы татын білім мекемелерінің санын артты-руды міндеттегенін айта отырып, Орталық тәрбиеленушілеріне қазақ тілін жетік меңгерудің маңыздылығы мен өміршеңдігі ескертілді.

Астана қаласы Балалар құқық-тарын қорғау басқармасының жанынан құрыл ған «Жүректер үндестігі» клу бының мүшелерімен, «SOS Астана балалар ауылының» қызмет кер лері мен, елордадағы кәсіптік-тех ни ка лық кол ледж дердің педагог тарымен Астана қаласы Балалар үйінің ұжымымен кезде-сулер ұйымдастырып, жыл сайын еліміздегі білім беру мен тәр бие саласына баса көңіл бөлетінін, қазақ -стан дық қоғамның шешуші құн-ды лық та рын бекітетін жаңа құжат

-

– «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі екендігін жеткіздік.

Мәңгілік Ел болу мәселесі біздің өз ұрпақтарымызға айта жүрер, қалдырар да мәңгілік аманатымыз болуы керек. Өйткені, қоғамның болашағы білімді жастардың қолында.

Page 5: №19 2014-02-18

5www.astana-akshamy.kz

К ә с і п ке р л е рд і қ а р ж ы л ы қ жағынан қолдау – Мемлекет бас-шысы Нұрсұлтан Назарбаевтың күні кешегі Үкіметтің кеңейтілген о т ы р ы с ы н д а ғ ы та п с ы р мас ы екенін атап өткен Абылай Иса-бекұлы теңгенің жаңа бағамы кәсіпкерлерге не беретініне тоқталды.

Оның айт у ынша , айырбас бағамының өзгеруі – экспортқа

Оның мәлімдеуінше, биылғы жыл-дың 1 қаңтарға дейінгі есеп бойын ша елімізде халық саны 17 165,2 мың адамды құрады. Соның ішінде қала тұрғындарының саны – 9 450,1 мың (55%), ауыл тұрғындарының саны – 7 715,1 мың адам (45%). Бұл өткен жылдың сәйкес кезімен салыстырғанда халық саны 255,4 мың адамға өскенін білдіреді.

Брифинг барысында Әлихан Смай-ылов республиканың табиғи өсімі туралы айта келе, алдағы міндеттер туралы да қысқаша баяндады.

«Президент Жолдауына байла-нысты статистика органдары ста-тистика лық көрсеткіш жү йесін тұрақты түрде қайта қарастырады. Агенттіктің 2014 жылға арналған статистикалық нысандарын қайта қарау нәтижесінде респонденттерге есептік жүктеме тағы 12 пайызға қысқартылды. Жолдауда айтылған

мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жұ-мыспен қамту, оларға қолжетімді ин-фрақұрылым құру негізінде агенттік биылдан бастап мүгедектік бойынша ересектерге бір бөлек және балаларға бір бөлек жаңа зерттеу енгізді. Осы зерттеулердің нәтижесінде мүгедектігі бар тұлғалардың ағымдағы ахуалын сипаттайтын жаңа көрсеткіштер алы-нады. Бұл бар мәселелерді шешуге мүмкіндік береді және әлеуметтік сая-сат саласында бұдан арғы шешімдерді қабылдау үшін негіз ретінде қызмет етеді» дейді ол.

Сонымен, статистикалық көр сет-кіштердің тиісті жүйесін ке ңейту бо-йынша жұмыстар жүргі зілуде. Биылғы жоспар бойынша күн, жел және ги-дроэнергетика сияқты жаңартылатын энергия көздерін қолдану объектілері бар кәсіпорындарда жаңа зерттеу енгі-зілмек.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

бағытталған салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, қайта өңдеу өнеркәсібінің кейбір сала-ларында, соның ішінде отан-дық өндірушілерге импортты алмастыруға қарқын береді. Әсі-ресе, Кеден одағына мүше өзге елдермен нарықта иық тірестіруге мүмкіндік береді.

Ұлттық кәсіпкерлер палата-сының елге инвестиция тарту

жоспары да бар. «Тек Ұлттық қор немесе Зейнетақы қоры есебінен кәсіпкерлерді қаржыландырып, алысқа ұзай алмаймыз. Бұрын

мемлекетімізде инвестиция тар-тумен арнаулы комитет айна-л ы с а т ы н . О с ы и н с т и т у т т ы жаң ғырт у ойымызда бар. Біз

әлемд ік тәжірибені зерт теп, Түркияда осыған ұқсас агенттік барын білдік. Соның басшысы-на хабарласқанбыз. Ол бізбен сөйлескеннен соң 20 ақпаннан кейін Қазақстанға келетін бол-ды. Коркмаз мырза әлемге әй-гілі фирмалармен келіссөздер жүргізіп, Түркия еліне инвести-ция тартуға мол еңбек сіңірді. Соның нәтижесінде Түркияда «Coca-cola», «Mercedes» т.б. осындай белгілі компаниялардың филиалдары пайда болды. Соны Коркмаз мырза қарамағындағы 25-30 адаммен іске асырды. Біз ол кісіні кеңесші ретінде ша қыр-мақпыз.

Негізінен, елімізде инвестиция-лармен айналысатын «KAZNEX INVEST» АҚ бар. Міне, осы ак-ционерлік қоғамның жұмысын жандандыру арқылы инвестиция тарту агенттігін құруға болады» деді Абылай Мырзахметов.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Page 6: №19 2014-02-18

6www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

-

-

-

-

Хан Абылайдың немересі, Қасым сұлтанның бел ба-ласы, Ер Кене 1802 жылы Көкше тауында дүниеге

келген. Абылайдың отыз ұлының ішіндегі ең кішісі Қасымның от-басында ұлы Қазақ мемлекетінің ұлық билігі мен азаттығын қайтару идеясы ерекше маздаған. Қасым төренің жеті бірдей ұлының ішінде Кенесарының болмысы биік еді. Рухы биік жаратылған оғлан жасы-нан халық даналығын бойына сіңіріп өсті. Туған халқының салты мен дәстүрін біліп, дуалы ауыз билер мен шешендердің тәлімімен егескенді елдестіретін бітімшілік қасиеті де бір бойынан табылды. Әділетті ту еткен, ерік-жігері асқан, ержүректілігімен ерекшеленген сұлтанды «был храбр до-нельзя», яғни, «көзсіз батыр» деп ХІХ ғасырдың ортасында Ресей зерттеушісі Л.Мейер таң қалған екен. Оны орта бойлы, шымыр денелі деп суреттейді. Мысалы, халық көсемінің сыртқы келбетін А.Смирнов деген зерттеуші былайша сипаттайды: «Кенесары был невысокого роста, худощав; черты его лица напоми-нали калмыкский тип; узкие глаза сверкали умом, энергией и даже лукавством» дейді. Ал, орыс геогра-фы, Торғай өңірі қазақтарының эт-нографиясы мен тарихын зерттеуші А.Добросмыслов та батырдың бол-мысына тәнті болып: «Этот султан был человек энергичный, реши-тельный, обладавший к тому же недюжиным умом» деп жазады.

Кенесары Қасымұлы Қазақ хандығын қайта құрып, оның он жыл бойында орнықты тірлігін қамтамасыз етуіне өмірін арнады. Белгілі зерттеуші Семей облысының өлкетанушысы Н.Коншин: «После гибели в Туркестане султана Ка-сыма Аблайханова и его сыновей Саржана и Исеньгелды (1836 и 1840 годы- авт.) во главе казахско-го движения стал их брат Кенесары Касымов. Это был выдающийся во всех отношениях человек, стояв-ший много выше своих сподвиж-ников, навсегда умевших выйти из узкой сферы личных и родовых отношений. Только в лице Кене-сары мы встречаем в истинном смысле национального казахского «героя», мечтавшего о политиче-ском объединений всех казахов» деп жазады.

Деректерге жүгінсек, 1837-1947 жылдар аралығында патшалы Ресей отарлау саясатының «шығыс» не-месе «азияттық» векторларының күшейе бастаған тұсы еді. Егер, 1810-1822 жылдары Кіші жүзден 600 мың

десятин жері бар Новоиленцкий ауданын тартып алса, 1835 жылы 3 400 мың құнарлы десятин жері бар Новолинейный ауданын көрші Орынбор губерниясына қосып береді. 1822 жылы хан билігі жойылғаннан кейін Орта жүзде, Солтүстік-Шығыс Қазақстанда округтық приказдар құрылымы арқылы Ресей империя-сы әскерінің дендеп енуі басталды. 1837 жылы патша далалықтар үшін 1 рубль 50 копеек бірыңғай үй алымын ендіреді.

Кенесары патша жасағының қазақ ауылдарына әлсін-әлсін шапқыншылығынан кейін, алғашқы округтық приказдарын Көкшетау мен Ақмолаға құрмақ болған кезеңдерде қарсылық көрсетеді.

О р ы н б о р ш е к а р а л ы қ комиссиясының бастығы Г.Генске пат-ша отрядтарының қазақ ауылдарына себепсіз соқтығу оқиғаларын ашумен жеткізеді. Бұл жайт Астана қаласының мемлекеттік мұрағатының мате-риалдарында былайша көрсетіледі: «в 1831 году, выступившая из Кокчетава команда в числе 500 человек, под предводительством Алексея Максимовича, разграбила вторично аулы султана Саржана…, причем убиты 450 человек». Осы хатта 1842 жылы наурызда есаул Сотниковтың отряды хан ауылына шабуыл жасап, 100 адамды өлтіріп, 15-ін тұтқындап, бір мың түйені, үш мың жылқыны, тоғыз мың қойды ай-дап кеткені туралы айтылады. Мұның бәрі қазақ даласында ұлт-азаттық қозғалысының басталуына себеп болған еді.

Ол патша өкіметінің алысты арбаған отарлық мүдделеріне қарсылығын өз жерінде орын алған оқиғаларды ай-тып, талабын білдірген зілді хаттарын жолдаумен бастады. «С каждым днем захватывая наши земли, на них закладывают укрепления и этим до-водят население до отчаяния. Это не только для нашей будущности, но и для сегодняшнего существо-вания опасно» деп жазады.

К е н е с а р ы с ұ л т а н н ы ң қ о л ы патшаның шекаралық бекіністеріне және әскери отрядтарының керуеніне шабуыл жасай бастайды. 1837 жылы Петропавловскіден Ташкентке бет алған сауда керуенін алып бара жатқан 6 урядник пен 48 сібір казактарынан тұратын хорунжий Рытовтың от-рядын талқандайды. Патша билігін жақтаған билер мен сұлтандардың қонысын талқандайды. 1838 жылы Кенесары батыс-сібір генерал-гу-бернаторына өз адамдарын жібереді. Онда Ақтау бекінісін құртып, Ақмола приказын жоюды, Омбыда тұтқында

отырған адамдарын азат етуді талап етеді. Алайда, хан талабы аяқсыз қалады, жіберген елшілері жазаланып, ауыр жұмысқа жегіліп қояды. 1841 жылы Кенесарының әкесі Қасым сұлтанның асында үш жүздің өкілдері Кенесарыны хан көтерді. Сөйтіп, ата-бабамыздың тәуелсіз қазақ хандығын құру арманы Абылай хан өлгенінен кейін алпыс жыл өткенде жүзеге асырылады. 1844 жылы оны жалпы қазақтың ханы ретінде Орталық Азияның барлық билеушілері мойын-

дайды. Ол туралы А.Добросмыслов былай деп жазады: «Бухара и Хива ведут ожесточенную борьбу из-за обладания Коканом, и владельцы того и другого ханства заискивают расположения Кенесары, посылая к нему посольства и подарки, и признают его ханом киргизских орд». Бұхар әмірі және Хиуа ханы Кенесарыға зеңбірек, қару-жарақ пен оқ-дәрі беріп көмектеседі. Бұған қоса, соңғысы сұлтанға өз жерінде еркін көшіп-қонуына рұқсат береді.

Кенесары қолы күшейіп, әскер қатары молыға бастайды.

Көтерілісшілер арасында орыс-тар мен башқұрттар, өзбектер мен қарақалпақтар, татарлар және по-ляктар болды. Олардың кейбірі қазақ ханының ерекше сенімі мен шынайы құрметіне ие болып, жауапты қызмет атқарды. Мысалы, Кенесарының жеке хатшысы бұрынғы орыс солда-ты болса, кіші інісі Наурызбайдың жеке жалшысы Николай Губин деген екен. Орыс солдаттары Бедашев пен Манкин хан әскерінің отрядта-рын басқарды. Татар Алим Ягудин әскери кеңестің мүшесі болса, өзбек Сайдақ қожа Оспанов он жыл бой-ына ханның елшілік қызметін адал атқарған. Л.Мейер айтқандай: «К ха-рактеристике Кенесары надо при-бавить еще то, что он ... обращался с русскими пленными очень снисхо-дительно... Факт этот подтвержден

многими примерами. Вообще он имел великий дар привязывать к себе людей.... у него сражались... несколько русских беглых».

Әрине, көтерілісшілердің басым көпшілігі қазақтардан тұрды. Қалың бұқараны бастағандар үш жүздің алдына шыққан билері мен батырла-ры, тіпті, сұлтандары да болды. Олар Ағыбай, Аңғал, Байсейіт, Байтабын, Бұғыбай, Бұхарбай, Жанайдар, Жеке, Толабай, Жоламан, Иман, Сұраншы, Танаш және басқалары.

Ұ л т а з а т т ы қ с о ғ ы с ы н жүргізу үшін Кенесары бірегей орталықтандырылған мемлекет құрып, басында өзі тұрды. Құрамы батырлар мен би-сұлтандардан тұратын Кеңес құрды. Бірақ, соңғы сөз хандікі болатын. Хандықты ерек-ше сенімді, ханға шын берілген аза-маттардан жасақталған – жасау-ылдар арқылы басқарды. Олар сот, шаруашылық, елшілік, салық және әскери мәселелерді шешті. Жасауыл-дар орталықтандырылған хан билігінің жарлықтарын сөзсіз орындалуын қадағалады, өзіне қарастылардың көңіл-күйін барлап, жайылымдардың дұрыс бөлінуін бақылады. Тиімді басқару нәтижесін береді, барым-та мен өзара тартыс жойылады. Мемлекеттік рәміздер қабылданды. Мысалы, хандықтың туы жасыл түсті болды.

Салықтың қосымша түрлері енгізілді. Олар мал, қару-жарақ пен ат әбзелдері түрінде төленді. Шаруалар жиналған өнімінің оннан бір бөлігін берді. Көтерілісшілерге арналған азық патша өкіметімен тәркіленетін. Көтерілісшілерге азық жеткізген саудагерлерді жазалаушы отрядтар аяусыз жазалайтын. Сол себепті Кенесары егін салған қазақтарды қолдап отырды. Саудагерлердің керуендерінен айтарлықтай түсім болатынын білгеннен кейін оларды то-науды доғарып, тиісті шекараларымен

Page 7: №19 2014-02-18

7www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

кедергісіз айналысуына жағдай жасап, тіпті қосымша күзет береді. Барлық қаражат Орта Азия базарларынан қару-жарақ сатып алуға жұмсалды.

Кенесары 20 мың әскерден соғысуға жарамды тұрақты армия жасақтады. Оны ондыққа, жүздікке, мыңдыққа бөлді. Ерекше ерлігімен көзге түскендерге «жүзбасы», «мыңбасы» атағын берді. Айырықша мергендер отрядын құрды. ХІХ ғасырдың орта-сында біздің даланы зерттеген британ зерттеушісі Т.В.Аткинсон: «Кенеса-ры готовил из киргизов прекрас-ных бойцов. Многие говорили мне, что именно необычайная ловкость в обращении с копьем и боевым топором позволяла джигитам Кене-

сары столь успешно воевать с пре-восходящими силами противника. Имея хороших офицеров, киргизы могли бы составить лучшую кавале-рию в мире» деп жазды.

Ол өз әскеріне жылдам хабар жеткізетін айрықша жүйе жасады. Үнемі соғыс ісіне оқыту тәжірибесін алғаш рет хан Кене енгізді. Оны қашқын орыс солдаттар, татар-башқұрттар атқарды. Хан әскері қатал тәртіпті ұстанды. Ота нын сатқандар мен күзетте тұрып ұйықтағандар аяусыз жазаланды. Қару-жарақ арнайы орындарда сақталды. Алғаш рет шағын зеңбірек жасау ісі жолға қойылды. Қалың қол «Абылайлап» жауға шабатын. Ол туралы халық фольклорының мына жолдары куә. Оны сұлтан А.Жантөрин «Орынбор листогы» газетіне 1885 жылы жариялаған екен.

«Мы во время Кене-хана Бушевали как бура.Пуще снежного бурана Та для нас была пора.С криком «Хан Абылай!» бро-

салисьЗаграждая путь врагам».Кенесары тыңшыларды ұтымды

пайдалана білген. Олар қазақ ауыл-дарында саудагер, молда кейпінде жүрген. Жазалаушы әскердің жоспа-рын алдын ала біліп, ханға жеткізіп отырған. Қазақ жеріндегі көтеріліс

отынан патша да үрейлене бастай-ды. Ресей императоры Николай І осы көтерілісті басу мәселесін күн тәртібінде ұстайды. 1843 жылы 27 маусымда қазақ ханы-на қарсы ірі жорық ұйымдастыру жөнінде өкім шығарады. Оның бұрыштамасына «бір мемлекетте екінші мемлекет болуы мүмкін емес» деген кәрлі нұсқау жазады. Ханның басы үшін үй басы салығына түсетін 3 мың рубль тағайындайды. Көтерілісшілерге қарсы 300 адам-нан тұратын әскери старшина Лебедовтың отряды жіберіледі. 1843 жылы сұлтандар А.Жантөреұлы мен Б.Айшуақұлы бастаған екінші топ атқа қонады. Сонымен қатар, Омбыдан, Петропавловскіден және Қарқарадан қосымша әскери от-рядтар қосылады. Екі тараптың шайқастары бітпейді. Осы сәтте Долгов пен Герн бастаған екі елші ханға келеді. Олар ханды патшаға бағынуға шақырады. Николай Кон-шин былай деп жазды: «борьба против русской власти после устройства в южных степях ряда укреплений стала трудной». Осы-лайша патша әскерлері қысқан Кенесарының қолы Сарыарқаны та-стап Жетісуға ауады. Жетісуда Виш-невский бастаған артиллериялық команда хан қолына қарсы әскери күшін төгеді. Басымдық алып бара жатқан патша әскерінің екпінімен көтерілісшілер Іле өзенінің оң жағалауына қарай құлайды.

Кенесары қолы Қоқан ханының ы қ п а л ы н д а б о л ғ а н А л а т а у қырғыздарын бетке алады. Ондағы мақсаты патша мен Қоқан ханына қарсы күресте күш біріктіру еді. Ол қырғыздарға: «Мен мұнда жаула-сып, қан төгейін деп емес, қазақ пен қырғыздың күшін біріктіріп, Қоқан езгісінен азат етуге келдім» дейді. Алайда, қырғыз манаптары қазақ сұлтанының сөзін тыңдамайды. Алғашқы шайқаста Кенесарының қолы ойсырая жеңіледі. Ол туралы мұрағат құжаттарынан басқа 1846 жылы А.Янушкевич күнделігінде бы-лай деп жазады: «Кроме убитых на поле боя около тысячи людей, две с лишним тысячи попало в плен, в том числе пять султанов, за кото-рых победители требуют выкуп». Бұл қырғыздар тарапынан бұрын-соңды болмаған өрескелдік, ханды ашық қорлағандық еді. Тұтқындарды ж а у д ы ң қ о л ы н д а қ а л д ы р у ғ а х а н ш ы д а м а й д ы . О м б ы н ы ң мұрағаттарындағы материалдарға жүгінсек: «Для выручки которых Кенесары стал собирать все иму-щество в аулах, какое кто имеет, и собранное послано было на выкуп пленных. Поголовный сбор этот, а также снабжение одеждою и прочими потребностями воро-тившихся тысячи человек, почти

вконец разорили аулы привержен-цев Кенесары...»

Шекарада болған қақтығыстардан соң, 1847 жыл сәуірде бейбіт келісім жасауға деген талпыныстан кейін Кенесары 10 000 қолымен қырғыз жеріне келеді. Бейтаныс таулы жерде қазақтар жаудың қоршауында қалады. Әскери кеңесте құрсаудың бір шетін бұзып, ханды аман алып шығуды ұсынады. Ханның жауабын оның баласы Сыздық сұлтан былай деп жеткізеді: «Егер қол бастаған менің өзім қашқындық жолға түссем, онда халқыма қайтіп хан болам?».

Жағдай ушыға түседі, мыңдаған жауынгері бас сауғалап қашып кетеді. Қырғыздар тау өзенінің ар-насын бұрып, атты әскерді сусыз қалдырады. Үш тәулікке созылған қанды қырғында мыңдаған баты-рымен бірнеше есе артық Алатау қырғыздарының соққысына тойта-рыс береді. Ақырында Тоқмақтың түбіндегі Майтөбеде 30 сұлтанымен Кенесары қолға түседі.

Л.Мейер қазақ әскерінің үш күндік жанталас соғысы туралы былай деп жазады: «Трое суток он храбро отбивался, в надежде, что при-дут Сибирские киргизы (казахи Среднего жуза-авт.) на выручку. Но этих последних задержало русское начальство, так что на третьи сутки ему пришлось идти на пролом, при-чем погибли все его сподвижники, а он сам со многими султанами взят в плен и умер мучительной смер-тью». Ал, орыс ғалымы Н.Середа ханның ақырғы күндері туралы тіпті, былай деп жазады: «Мне приходи-лось слышать от разных киргиз Тургайской области, Кенисара был взят в плен, и прежде, чем предать мучительной смерти, кара-кирги-зы в течении сорока ночей клали с ним лучших красивых девушек, в надежде получить от них таким путем батырей, не уступающих в дикой отваге, хотя и злейшему их врагу, великому батыру Кенисаре Касымову...Кенисара … не по-желал иметь сношений ни с одной из девиц».

Қырғыздар қазақ жауынгерлерінің бастарын Қоқан ханына жібереді. Оларды Ташкент базарындағы ұзын ашаға іліп қоюға бұйрық береді. «Е... е... ее... Алла-ай!» деп басталатын Нысанбай жыраудың жоқтауы жұрттың жүрегін мұңға бөлеп, жанын тебірентті:

Кенекем менің кеткен соң,Заманым қалды тарылып. Халық иесі хандарданЖетім қалдық айрылып.Балдағы алтын ақ берен Тасқа тиді майрылып. Кемшілік түсті басыма Көрінгеннен қаймығып...Кенесары кеткен соң, Иесіз қалды тағымыз.

Я.Полферов Нысанбай ақынның жоқтауын тыңдағандардың сезімін дәл бере алған деп ойлаймын: «По смуглым лицам слушателей стру-ились обильные слезы, а порой вырывался стон...Казалось, что вся природа рыдала вместе с этой безутешной песнью».

Хан Кене халықтың есінде атақты қолбасшы, көрнекті мемлекет қайраткері, және дипломат ретінде қалды. Патша хан билігін жойған кезінде үш жүздің басын қосып, аз уақыт болса да қазақ мемлекеттігін қалпына келтірген тұлға. Ол туралы М.Красовский ХІХ ғасырдың орта-сында былай деп жазады: «Неиз-вестно как пошли бы дальнейшие дела в подвластных нам степях, ежели бы остался в живых Ке-нисара Касимов. Энергичная личность эта могла успокоиться только смертию. В 1847 году...он был замкнут кара-киргизами (кыргызами-З.Е.), отбивался от них геройски, но наконец схвачен и зверски убит».

Ресейдің әскер тарихы бойын-

ша ірі маманы И.Иванов азаттық көтерілісі басшысының ерлігіне таң қалып: «Справедливость требует воздать должное, и хотя Кенисара до своей смерти был врагом Рос-сии, я не погрешу против своей родины, если назову его «по-следним батырем степи». Басштаб офицерлерінің бірі В.Потто Кенеса-рыны «сильно поколебал влияние России» деп, оны имам Шәмілмен салыстырады. Оның өзге әріптесі Н. Фомаков: «Умный, отважный потомок Аблая, хан..., успел все покушения сибирских отрядов против себя сделать тщетными, так как приобрел в этих странах не-которую славу как предводитель» деп жазады.

Ерлігі елу жұртқа аңыз болған Ер Кененің қайсарлығы мен қайраткерлігін орыс жазбагерлері осылайша мойындаған.

Зиябек ҚАБЫЛДИНОВ, тарих ғылымының докторы,

профессор, «Еуразия» ғылыми-зерттеу

орталығының директоры

Page 8: №19 2014-02-18

8www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

«Қазақстан мүгедектер кон-федерациясы» – ғаріп жандарға б а ғ ы т т а л ғ а н ә л е у м е т т і к инновациялық жобалар мен жаңа технологияларды жүзеге асыруда тәжірибе жинап, өз міндеттерін адал атқарып келе жатқан республикалық қоғамдық бірлестік.

Шетелдегі әлеуметтік бағыттағы бағдарламалардың тиімділігі түрлі үкіметтік емес ұйымдардың белсене қатысуымен арта түсетіні белгілі. Расында да мүмкіндігі шектеулі жан-дарды кәсіби даярлау және жұмысқа орналастыру орталықтарын ашу ісі осы азаматтардың қатысуынсыз тиянақты орындалуы қиын шаруа.

Сонымен бірге, мүгедек жан-дарды жұмысқа орналастыратын сарапшы мамандарды даярлау жолға қойылмайынша, мүгедектерді жұмыспен қамтудағы ылғи да тап болатын кедергілерден құтыла ал-маймыз. Сарапшы немесе жетекші, тәлімгердің қажеттілігі мынада.

ҚОҒАМДЫҚ ИНСПЕКЦИЯ ҚАЖЕТ

Жалпы кез келген адамның жаңа ортада жұмыс істеп, ұжыммен тез тіл табысып кетуі уақыт пен біліктілікті қажет етеді. Егер ж ұ м ы с қ а қ а б ы л д а н ғ а н а д а м кембағал жан болса, оның екі есе ауыртпалығы бар екенін есімізде тұтуымыз керек. Куратор-жетекші мүгедек жан жұмысқа толық төселгенше кеңес, көмек беріп отырса, біраз қиыншылықты оңай еңсерер еді.

Астана қаласындағы барлық 1-ші,

2-ші топ мүгедектерінің «Әлеуметтік электрондық төлқұжатын» жасау – көптен ойда жүрген мәселенің бірі. Онда арнайы сауалнама жүргізіп, олардың өмір сүру жағдайын жақсартуға, денсаулығын оңалтуға қатысты барлық жайттардың қамтылғаны жөн. Ең бастысы, осы арқылы мүгедек жандардың бар мүмкіндіктерін біліп, жұмысымызда ескеретін боламыз. Кім үйде оты-рып еңбек еткісі келеді, қайсысы кәсіпорындарда қызмет атқаруға

д а й ы н е к е н і н а н ы қ т а й м ы з . Мүгедектердің жұмысқа қатынау мәселесін де осы сауалнама арқылы білуге болады.

Кедергісіз, қолайлы орта құру мәселесі елордалық мүгедектер үшін аса маңызды. Астана қаласының Б і л і м б е р у б а с қ а р м а с ы м е н бірлесіп, Қазақстан мүгедектер конфедерациясының қоғамдық бақылау жұмыс тобы «Қолайлы Астана» әлеуметтік жобасы аясын-да білім беру мекемелерінде сауал-

нама жүргізді. Сонымен қатар, 151 ғимаратты тексеріп, сараптамадан өткізді. Нәтижесінде 81,46 пайызы (123) жартылай қолайлы, 13,90 пайыз (21) мүлдем қолайсыз, 4,64 пайызы (7) бейімделген деген қорытындыға келдік. Сонымен қатар, 35 пандус салынуы керек, ал салынған 23 көлбеу еш жарамсыз деп ұйғарылды.

Жоба шеңберінде халыққа қызмет көрсету орталықтарын, спорт кешендерін, тағы басқа бірқатар әлеуметтік нысандар-ды тексердік. Тексеріс кезінде өтініш жасаған ұжымдарға көлбеу сызбалары даярланып, құрылыс нормативтері туралы кеңестер берілді. Осы жобаны ақырына дейін жеткізіп, мекеме басшыла-рына әрі кешен иелеріне қойған талаптарымызды іс жүзінде тиімді әрі жедел орындату үшін қала әкімдігі мен прокуратурадан қолдау керектігіне көзіміз жетті.

Б ұ л р е т т е А с т а н а қ а л а с ы әкімдігімен және прокуратурамен бірлесе қоғамдық тексеру инспек-циясын құруды ұсынғым келеді. Бұл ісіміздің оң нәтижесіне қол жеткізуге жол ашылып, мүмкіндігі шектеулі жандардың тұрмысы жақсарып, елордамыз кедергісіз қалаға айналар еді.

Жадырасын СӘДУАҚАСОВ, 1 топтағы мүгедек

АХАТ мекемелері «Неке және от-басы туралы» кодекстің талаптарына сай адам өміріне қатысты жеті түрлі деректі, яғни, баланың тууын, бала асырап алу, неке қию, некені бұзу, азаматтың тегін, есімін, әкесінің атын өзгерту және азаматтардың қайтыс болуын тіркейді.

Жаңа туған балаға «жеке тұлға» ақпараттық жүйесі бойынша жеке сәйкестендіру нөмірі беріледі.

Қазіргі таңда шаңырақ көтерген жас отбасылар некеге тұру туралы өтініштерін интернет арқылы элек-тронды түрде тіркей алады. Бұл бөлім қызметкерлерінің де, тұрғындардың да уақытын үнемдейді.

Бүгінде халықтың табиғи өсімі артып, адам өлімі төмендеп келеді. Әсіресе, қала тұрғындарының саны қарқынмен өсуде. Есіл аудандық Әділет

ҚҰЖАТТАРЫМЫЗДЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ТОЛТЫРАЙЫҚ

басқармасының АХАТ бөлімінен өткен жылы дүниеге келген 3982 мың сәбиге туу туралы куәлік берілсе, 1754 неке тіркелді.

Ұ л т ы қ а з а қ а з а м а т т а р д ы ң балаларының есімдері мен тектері таза өз тілімізде, алфавиттегі ұ, ө, қ сынды қазақ әріптерімен жазылуда. Айта кетерлігі, жас отбасылардың көпшілігі ұлдарына Әлихан, Әбубәкір, Нұрәлі, Ерсайын, Нұрсұлтан, Алпа-мыс, Асанәлі, Бексұлтан, Шыңғыс, Төлеби, Бейбарыс, ал қыздарына Айа-ру, Айшабибі, Дәрия, Парасат, Дариға, Айғаным, Қарақат, Нұрғайша, Рақия,

Бибіфатима, Тоғжан, Айзере, Жібек сынды қазақы есімдер беруде.

Өзге топырақтан тарихи Отанына қайтқан қандастарымыздың жеке басын куәландыратын құжаттарына аты-жөндерін толық жазу мәселесі жиі қиындық тудыратын. Мұндай келеңсіз жағдайлар негізінен бұрынғы Қытай азаматтарының құжаттарын толтыруда кездесетін еді. Олардың есімі үш иеро-глифтен аспайды ғой. Қазіргі уақытта еліміздің «Неке және отбасы туралы»

ата-анасының бірінің тегіне өзгертуге рұқсат етіледі. Ата-анасы заңды түрде ажырасқан жағдайда, ол өзіне туған кезде берілген тегін сақтайды. Егер ата-аналары некенің бұзылуын АХАТ органында тіркемей бөлек тұрса, бала-мен бірге тұратын әкесі немесе анасы тегін бергісі келсе, АХАТ органы бұл мәселені баланың мүддесіне қарай және баладан бөлек тұратын әкесінің не-месе анасының пікірін ескере отырып, шешім қабылдайды.

Ата-ананың тұрғылықты жерін анықтау мүмкін болмаған, ата-аналық құқыларынан айрылған не шектелген,

баланы күтіп-бағудан, тәрбиелеуден дәлелсіз себептермен жалтарған жағдайларда, олардың пікірін ескеру міндетті емес. Егер некенің бұзылуы АХАТ органында тіркеліп, баламен бірге тұратын әкесі немесе анасы өзінің тегін бергісі келсе, АХАТ органы екеуінің біреуінің пікірін ескермейді. Бала бір-бірімен некеде тұрмайтын адамдардан туса және әкесі заң жүзінде анықталмаса, баланың тегін анасы өтініш жасаған кездегі тегіне өзгертуге рұқсат етіледі. Бір ескерерлігі, он жасқа толған баланың аты мен тегі ресми өкілдердің қатысуымен алынған келісіммен ғана өзгертіледі.

Туу туралы куәлікті толтыру негізінен ата-ананың тілегі бойынша жүзеге асады. Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуда кеңестік тәртіптен қалған -ов, -ев, -ова, -ева, -ин, -ина, -овна, -евна, -ович, -евич аффикстері алып тасталады. Ал, олардың орнына -ұлы, -қызы деп жа-зылады. Ұлты қазақ азаматтардың аттарын қос мүше жүйесімен де жазуға болады. Мұндай жағдайда әкесінің аты оның тегін ауыстырады және міндетті түрде бірінші жазылады, содан кейін өз аты тұрады.

АХАТ бөлімі қызметкерлері ата-аналарға мынаны ескертеді: Кейбір қандастарымыз ұл-қыздарының құжатын толтыруда әкесінің атын орыс тілінде, тегін қазіргі жүйемен жаздырып, бірізділікті сақтамай жата-ды. Біз – тәуелсіз, егемен қазақ еліміз, сондықтан, барлық құжаттарымыз тек қазақ тілінде, ұлттығымызға тән толты-рылса деген ниеттеміз.

Бақытжамал БАЗАРБАЕВА, Есіл аудандық Әділет басқармасы

АХАТ бөлімінің басшысы

Кодексінің 184-бабы, 3-тармағына сәйкес, оралмандардың туу туралы акт жазбаларын Қазақстанда қайта қалпына келтіру реттелді.

Бүгінде оралмандар Қытайдағы төлқұжаты негізінде Қазақстанда жеке басын куәландыратын құжат ала алады. Содан кейін азамат өзінің тұрғылықты тіркелген мекен-жайы бойынша АХАТ мекемесіне келіп, тиісті құжаттарды ұсынады. Өткен жылы Есіл аудандық Әділет басқармасы АХАТ бөлімі 17 оралманның туу туралы куәлігін қайта қалпына келтірді.

Бала 16 жасқа толғанға дейін ата-анасының өтініші бойынша тегін

Page 9: №19 2014-02-18

8www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Page 10: №19 2014-02-18

10www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

- Диас, ғылым саласына зейініңіз қалай ауды?

- Бала кезімде үлкендерге сұрақ қойып, мазалай беретінмін. Көбіне адамдар жайлы сұраймын. Олардың кітапта жауабы жазыла бермейтін іс-әрекеттеріне өзімше жауап іздейтінмін. Психологияға құмар едім, алайда, өсе келе химияға аңсарым ауды.

Мектепте үздіктер қатарында болған жоқпын. Тіпті, бірінші сыныптың өзін үш қайтара оқып, он шақты мектеп ауыстырдым. Бірақ, өсе келе жараты-лыстану ғылымдарына қызыққаным сонша – жалпы орта мектептердегі оқу бағдар ла масы жалықтыра баста-ды. Кейін досым ның ақылымен, өз қалауыммен тереңдеу білім беретін лицейге ауыстым. Өмірлік ұста зыма айналған сынып жетекшім Гүлнәр Кенже бай қызы математикаға деген алабөлек зейінімді байқап, ғылымға бағыт сілтеді.

- Қай елде білім алдыңыз?- Магистрлік білім алу үшін біраз

оқу орындарын шолып шықтым.

- Өзіміздегі білім сапасымен салыс тыр ғанда айырмашылық бар ма?

- Айтарлықтай айырмашылық жоқ. Бізде де білікті мамандар жетерлік, алайда, салалық базамыз әлсіздеу. Бакалаврды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де бітірдім. Қара шаңырақтың мен үшін ұлағаты көп. Ұстаздарым Гри-горий Мун, Галина Сафарғазықызы, кванттық химиядан дәріс берген Есен Едашұлы ағайдың тәлімдері мәңгілік азық болардай.

Көп замандастарым шетелде оқуға құмартады. Егер өз еліміздегі білім сапасын қазіргі деңгейінде сақтап дамытсақ, біздің университеттер де әлемдік аренада бой көрсете алады.

- Елге оралғасын табысты қызмет тілемей, уақытыңызды біржола ғылымға арнауға бел буыпсыз...

- Бүгінде Назарбаев университетінде «Research and innovation system», яғни, күн энергия зертханасында кіші ғылыми қызметкермін. Еуропада оқып жүріп-ақ, осы университетте жұмыс істеуім керектігін түсіндім. Қазір поли-мерге қатысты жобаларды іске асырып жатырмыз. Алғашында дәріні поли-

мермен қаптау технологиясын қолға алдық. Нано өлшемді дәрі құтылары инженерлік тәсілмен жасалды. Ал, екінші негізгі жұмысымыз – полимер-ден жасалған күн батареялары.

- Бұл ізденістеріңіз қызық екен. Күн батареялары жөнінде тарата айтсаңыз...

көп жейді. Біз осындай мәселелерді негізге ала отырып, кремнийді по-лимермен алмастыру мүмкіндіктерін іздестірудеміз.

- «ЭКСПО-2017» көрмесіне қандай жобалар ұсын ды ңыздар?

- Біз біраз ұсыныстар айттық. Менің ұсынған бірінші жобам – ғимараттардың қасбеттерінің бояғыштарына катализатор қосу. Ка-тализатор (титан оксиды) өте арзан және ол ауадағы зиянды қалдықтарды жояды. Екінші ұсынысым – ауадан газ жинау. Гелий, азот сынды таза газ-дарды ауадан сүзіп алу құрылғысын орнатуға болады. Бұл жаңалық емес, ондай құрылғы тәжірибеден өтіп, пайдасы дәлелденген.

Меніңше, «ЭКСПО» – ең әуелі ғылыми тұрғыда нәтиже беруі тиіс. Мысалы, Ресейдегі «Сколковоға» ғылымды көтеру үшін миллиондаған ақша бөлді. Алайда, онысы әлі мар-дымды нәтиже бермеді. Сондықтан, бізге тиянақты ғылыми әзірлік қажет.

- Болашақта түбегейлі полимер материалдарын нысанаға аласыз ба, әлде басқа бағытта да ізденгіңіз келе ме?

- Полимерден бөлек өзімнің жеке авторлық бірнеше жобамды да қатар алып жүрмін. Оның бірі – бүгінде отандық ғалымдарымыздың мақұлдауынан өтіп, Америкадағы « О R AU» с а ра п ш ы л а р ас с о -циациясына жолданған қағазды қайта өңдеу жобасы. Күллі әлемді алаңдатқан қағаз мәселесі мені де бей-жай қалдырмады. Осы орайда, қолданған қағазды бояуынан та-зарту жобасын іске асыруды жөн көрдім. Егер көміртек газын сұйық күйінде жылытса, ерекше фазаға ай-налады. Бұл фазада ол мықты еріткіш қасиетке ие. Арнаулы құрылғыда жасалған тәжірибеміз оң нәтижесін берді. Екінші авторлық жобам – «Рахмет» деп тіл қататын қоқыс жәшігі. Бұл жұмысты «start up» бизнес моделінің аясында дамытқым келеді. Қаласаңыздар «В контак-те» әлеуметтік желісінен «akyl-d» бетшесін ашып, өнертабысыммен танысуларыңызға болады. Әзірше тек ғимараттардың ішінде қолданысқа жарайды.

- Сіздің жобаларыңыз қоршаған ортаны қорғауға арналған екен. Қоғамға қатысты тағы қандай сұрақтар мазалайды?

- Мені адамдардың уайымсыз-қамсыз жүруі алаңдатады. Жақында ғана «1984» және «О, дивный но-вый мир» атты желісі антиутопияға негізделген екі кітап оқып шықтым. Іштей түйгенім, адам бұл өмірде тар шеңберге қамалып қалмауы тиіс. Біздің қоғамның бойында тұйықтық, жасқаншақтық басым. Өз ой-пікірімізді тек әлеуметтік желілерде, форумдарда ғана емес, қоғамдық орындарда еркін жеткізуге машықтануымыз керек.

- Әңгімеңізге көп рахмет!Нұргүл

АХАНҚЫЗЫ

жағынан егжей-тегжейлі зерттелген, қазір кең қолданылатын материал – кремний. Кремнийдің шикізаты елімізде жетіп артылады. Үштөбеде кремнийді өндіріп, Өскемендегі ар-найы зауытта 99,9999 дәрежесіне дейін тазартады. Ал, Астанадағы «Astana Solar» зауыты дайын фото-

-

-

«Полимерлік химия» саласына қызықтым. Достарыма айтар бір кеңесім, ешқашан университеттердің жалпы рейтингісіне сүйенуге бол-майды. Салалық мамандықтардың деңгейіне қарап таңдау шарт. Мыса-лы, Ұлыбританиядағы мен оқыған кішігірім ғана Шеффилд қаласының университетінде екі бағытта мықты мамандар даярлайды. Олар – халықаралық қарым-қатынастар және жаратылыстану факультеттері. Жара-тылыстану факультетінің ішінде химия кафедрасы жоғары деңгейде білім беретін базалық орталық болып табы-лады. Мен аталмыш университеттің «Polymers for advanced technologies» мамандығын тәмамдадым.

- Еу ропада көптеген қазақ жастары білім алуда. Шеффилд университетінде отандастарымыз көп пе?

- Шеффилдте жиырмаға жуық қазақстандық студент білім алдық. Оның ішінде химия факультетінде жалғыз өзім болдым. Алайда, көршілес Манчестер қаласында екі жүзге жуық, Лондонда мыңнан аса қазақстандық оқыды.

- Қазіргі таңда дүниежүзі ғалымдары күн батарея ла ры ның тиімділігін арттыру жолдарын қарастыруда. «ЭКСПО-2017» көрмесінің де бас ты тақырыбы – болашақ энергиясы. Ал, болашақ энергиясы желден, күннен алынады. Күн батареялары түрлі ма-териалдардан жасалады. Технология

электр модульдерін құрастырып, нарыққа шығарады. Алайда, крем-нийден жасалған күн батареялары технология жағынан дамыса да, энергиялық жағынан тиімсіздеу. Экологияға да азды-көп зияны бар. Оны өндіру барысында әртүрлі химикаттар ауаны ластап, отынды

Page 11: №19 2014-02-18

11www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақ-стан Республикасындағы жергілікті мем-ле кеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шіл-дедегі, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 тамыздағы № 1064 қаулысымен бекітілген Астана қаласының бас жос парын іске асыру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік қажеттілік үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы» Астана қаласы әкім-ді гінің 2011 жылғы 25 қазандағы № 37-1101қ қаулысына мынадай өзгерістер:

жоғарыда көрсетілген қаулының 1-тар ма ғындағы «2012 жылғы 20

қаңтарда» деген сандар мен сөздер «2015 жылғы 15 мамырда» деген сан-дармен және сөздермен ауыстырылсын;

жоғарыда көрсетілген қаулыға қосым-ша ның 22-тармағында:

«Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі» деген бағандағы «21-318-082-736» деген сандар «21-318-082-1042» деген сандармен ауыстырылсын;

«Ауданы, га» деген бағандағы «0,0550» деген сандар «0,0442» деген сан дар мен ауыстырылсын.

2. «Астана қаласының Ішкі саясат бас қар масы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде оны бұқаралық ақпарат құрал да рында жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.М. Хорошунға жүктелсін.

Әкiм И. Тасмағамбетов

17.02.2014

Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы (бұдан әрі-Бас-қар ма) халық арасында құқықтық сауат ты лықты арттыру мақсатында бас қар мамен бірге құқықтық түсіндіру жұмысы шеңберінде заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайын-дауы), сақтауы, қайта өңдеуі және

өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсетеді. Толық мәліметтермен мына байланыс телефондарына қоңырау шалу арқылы +7 (7172) 55-69-04, 55-69-14. немесе www.upp.astana.kz сайтына кіріп таныса аласыз.

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

Концерт переносится на

21 апреля

Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КМК-ге хабарласыңыз! Мекенжайы: Астана қаласы, Брусиловский

көшесі, 17/3, Бизнес-орталық ғимаратының 2-қабаты. 104,5,14,34 автобустарымен келуге болады.

Анықтама алу телефоны: 57-88-88.

55-66-35

Page 12: №19 2014-02-18

12www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected] www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Футбол сарапшылары аталған ойындардың алғашқысы ең қызықты әрі ең тартысты кез-десу болатыны туралы әлеуметтік желілерде жарыса айтып жатыр. Тағдыр ағылшын премьер-лигасы мен Испания біріншілігінің марғасқаларын тағы да тар жолда табы-стырды. Былтыр мадридтік «Реалмен» бір топқа түскен Пеллегринидің шәкірттері сол кезде де испандарға жол беріп, жарысты ерте аяқтаған болатын. Енді олар сондағы есені қайтаратын сәт туды деп отыр. Ал «Барсе-лона» бүгінгі ойынға тас-түйін дайын. Мес-си, Неймар, тіпті Пуйоль да жарақатынан айығып үлгерді.

Сондай-ақ, ертең «Милан» мен «Атлети-ко», «Арсенал» мен «Бавария» клубтары алғашқы матчтарын өткізеді. Олардың да тамаша футбол қойылымын көрсететініне әбден сенуге болады. Аталған төрт ойынның қарымта кездесуі наурыздың 11-12 күндеріне жоспарланған.

Ал 25-26 ақпан күндері «Зенит» пен «Бо-руссия», «Олимпиакос» пен «Манчестер Юнайтед», «Галатасарай» мен «Челси» және «Шальке» мен «Реал Мадрид» алаңға шығады. Жауапты ойын 18-19 наурыз күндері өтеді.күндері өтеді.

16 күнге созылатын қысқы олим-пиадада бүгінге дейін 166 медаль өз иелерін тапты. Оның ішінде Германия 7 алтын, 3 күміс, 2 қоламен жалпы командалық есепте бірінші болып тұрса, екінші және үшінші орындарға Голландия (5-5-7) мен Норвегия (5-3-6) орналасқан. Сондай-ақ, алғашқы ондықта Швейцария, Ресей, Канада, АҚШ, Польша, Қытай, Белоруссия бар. Бір ғана қола жүлдеге қол жеткізген Қазақстан олимпиадашылары Укра-инамен бірге – 25-ші сатыда. Біздің алдымызда – Хорватия. Олардың еншісінде – 1 күміс.

Қ а р а т е ң і з ж а ғ а л а у ы н а жиналған үш мыңға жуық спорт-шы жалпы құны 49 млрд долларға ұ й ы м д а с т ы р ы л ы п о т ы р ғ а н тарихтағы ең қымбат ақ олимпиада-да өнер көрсету бақытына ие болды. Олардың арасында Қазақстаннан барған елу шақты қыз-жігіт те бар. Бұған дейін Норвегия, АҚШ, Канада секілді мемлекеттер жал-пы қорытынды бойынша бірінші орынға тұрақтау мүмкін деген болжам айтылып келген болатын. Тіпті жарыс қожайындарының да аянып қалмасын жұрт алдын-ала сезген. Оған себеп те бар. Өйткені, орыстар Ванкувердегі ойындарда 11 орынды қанағат етуге мәжбүр болған-ды. Енді олар қолда бар мүмкіндікті пайдаланып, өз жерінде өтіп жатқан олимпиадада ақтық демдері қалғанша айқасқа түспек.

Бұл – Ресейдің сонау 1980 жылғы жазғы олимпиададан кейінгі қолға алып алып отырған ірі спорттық ойындары екенін көбіміз білеміз. Естеріңізде болар, Жақсылық Үшкемпіров, Серік Қонақбаев, Шәміл Серіковтей саңлақтарымыз биіктен көрінген сол бір олимпиадаға әлемнің бірнеше елі байкот жа-

риялап, ортақ ойда тоғыспаған саяси көзқарастарына байла-

нысты қатысудан бас тартқан болатын. Сондықтан,

тәуекелмен мойынға алып, биылғы ойындарды өткізу алпауыт елдің өзіне психологиялық тұрғыдан қ и ы н д ы қ т у д ы р у ы мүмкін еді. Оның үстіне

қазір Ресей үшін хоккей-ден ерлер құрамасының

олимпидадағы нәтижесі зор алаңдаушылыққа негіз болып отыр.

Себебі, олар КСРО-ның қабырғасы сөгілгелі әлем біріншілігінің бірнеше дүркін жеңімпазы бола тұра ақ ойындарда әлі де болса алтынға қол жеткізе алмай келеді. Тіпті осы жолы да топтық турнирде АҚШ-қа жол беріп, Словакияны әупірімдеп жүріп ұтқан алаң иелері ¼ кезеңге өтетін тікелей жолда-мадан қағылып, енді олар ширек финалда Финляндияға қарсы ойнау үшін алдымен норвегиялықтармен сынға түседі. Мәнерлеп сырғанаушы Плющенконың жарақатына бай-ланысты жарыс жолынан шығып қалғаны да Ресейге ауыр соққы

финалға тікелей жолдама алған болатын. Яғни, бұл – кем дегенде төртінші орын деген сөз! Расымен, ешкім күтпеген оқиға. Өрімдей спортшыларымыз енді Голландия, Қытай және Ресей құрамаларымен бірге 21 ақпан күні жүлдеге таласа-тын болады.

Бір қызығы, Сочи олимпиада-сына қатысатын мемлекеттердің біразы жүлдеге ілінген спорт-шылары үшін сыйақы дайындап отыр. Қазақстанның бірінші орын алған атлетке 250 000, күміс пен қола жүлдегерлерге тиісінше 150 000 және 75 000 АҚШ доллары көлемінде ақша беретінін естігенбіз. Бірақ ақша үлестіру жағынан біз екінші орында екенбіз. Әзірбайжан мемлекеті алтын алған спортшы-ларына 510 000 АҚШ долларын ұсынатыны туралы уәде берген. Екінші орындағыларға 255 000 берсе, үштікке іліккен атлеттерге 130 000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы тағайындаған. Осы елден ақ олимпиадаға бес-ақ спортшының қатысып жатқанын ескерсек, аталған қомақты қаржының мем-лекет бюджетінің қалтасынан шығу

болды. Осы он күн ішінде орыс құрамасының мойнына 4 алтын, 7 күміс, 5 қола медаль ілініп үлгерді.

Ал, алтыншы ақ олимпиадасына қатысып жатқан Қазақстан бұған дейінгі қысқы ойындарда 1 алтын, 3 күміс, 2 қола жүлдеге қол жеткізген еді. 1994 жылы Лиллехаммер қаласында Владимир Смирнов шаңғы спортынан 1 алтын және 2 күміс еншілеп, төбемізді көкке жеткізген болатын. 1998 жылы Наганода өткен ойындарда Владимир Смирнов тағы да қола жүлдеге ілініп, абыройымызды асқақтатты. Сол жолы конькиші қызымыз Людмила Прока-шева да үшінші сатыдан көрінді. 2002 жылы Солт Лейк Сити мен 2006 жылы Туриндегі олимпидадан қанжығамыз бос қайтқан болатын. Ал, келесі қысқы ойындар 2010 жылы Канаданың Ванкувер қаласында өтіп, Қазақстан құрамасы Елена Хрусталеваның бір ғана күмісін қанағат етіп қайтты.

Биылғы олимпиадада біздің спорт-шылардан кем дегенде 2-3 жүлде күткеніміз рас. Соның ішінде Алек-сей Полторанин, Денис Кузин, Де-нис Тен сияқты жігіттерімізге де-ген сенім ерекше болатын. Алайда, бабымыз келіссе де, бағымыз бол-май, орта жолда сүріндік. Деген-мен, Азия ойындарының жеңімпазы, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Денис Тен өз мойнына алған міндетке жауапкершілікпен қарап, Қазақстанның абыройын сақтап қалды. Ал өзі тілшілерге берген сұхбатында тамаша түс көріп жатқандай күйде жүргенін айтып, әлі де болса Сочидегі жетістіктің әсерінен айыға алмай жүргенін байқатты. Бұл бізді де бақытқа бөлеген болатын. Мәнерлеп сырғанаудан бөлек, еліміздің атлеттері сапынан тәуір нәтиже көрсеткен шорт-трекшілеріміз болды. Олар өз тобында 6 минут, 57,153 секундтық нәтижемен екінші келіп, жартылай

мүмкіндігі өте аз екенін байқаймыз. Ал, Беларуссия үш үздікке 150 000, 75 000, 50 000 АҚШ долларын дайындап отыр. Қазіргі уақытта олардың қоржынында 3 алтын, 1 қола болғандықтан елде 500 000 АҚШ доллары өз иелерін күтіп тұр деуге әбден болады. Италия өз жүлдегерлеріне 140 мың, 75 мың және 50 мың еуро берсе, Украина алтын медаль үшін бюджеттен 125 мың (1 млн гривен) көлемінде сыйақы тағайындап, күміс және қола жүлдегерлеріне 85 мың (680 мың гривен) мен 58 мың (470 мың гривен) шамасында ақша ұсынбақ. Сонымен қатар, Ресей (4 млн, 2,5 млн, 1,7 млн рубль), Франция (30 000 , 20 000, 13 000 еуро), Финлян-дия (30 000, 15 000, 10 000 еуро), Армения (30 000, 20 000, 10 000 еуро), Германия (20 000, 15 000, 10 000 еуро), АҚШ (25 000, 15 000, 10 000 АҚШ доллары) және Канада (20 000, 15 000, 10 000 АҚШ доллары) жүлдеге ілінген өз спорт-шыларын өкпелетпейміз деп отыр. Ал, Оңтүстік Корея болса, олим-пиада ойындарында орын алған атлеттерін бір жолдық сыйақымен емес, 22 жыл бойы 923 доллар көлемінде ай сайын төленіп оты-ратын жәрдемақымен қамтамасыз етпекші. Өкініштісі сол, Швеция, Хорватия, Ұлыбритания және Нор-вегия мемлекеттері жүлдеге ілінген спортшыларына арнап ешқандай көмек көрсетпейтінін мәлімдеді. Ал, олардың қысқы спорттағы жігіттері мен қыздарының мықтылығы қаншалықты екенін күллі әлем біледі.

Осылайша олимпиаданың он күні өте шықты. Қазақ елінің қазіргі даласын тек теңге мен Теннің көлеңкесі кезіп жүр...

Бетт

і дай

ынд

аған

: Нұр

исла

м Қ

ҰСП

АНҒА

ЛИ