37

2016-2017 - КГУ им.А.Байтурсынова ...ksu.edu.kz/files/folder_2/sprav-put/spravochnik-putevoditel_stud... · және алғашқы кәсіби іргетасты

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: 2016-2017 - КГУ им.А.Байтурсынова ...ksu.edu.kz/files/folder_2/sprav-put/spravochnik-putevoditel_stud... · және алғашқы кәсіби іргетасты
Page 2: 2016-2017 - КГУ им.А.Байтурсынова ...ksu.edu.kz/files/folder_2/sprav-put/spravochnik-putevoditel_stud... · және алғашқы кәсіби іргетасты

2

Мазмұны

Ректордың жолдау сөзі 3 1. Университет жөнінде жалпы мәліметтер 4 2. А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ құрылымы 8 3. I курста әскер қатарына шақырылатындар үшін жаднама 9 4. Білім берудің кредиттік технологиясы жөнінде қысқаша ақпарат 10 4.1 Жалпы ережелер 10 4.2 Студенттердің білім нәтижелерін бақылау және бағалау жүйесі 11 4.3 Академиялық қарыз 14 4.4 Келесі курсқа көшіру. Көшіру балын есептеу 14 4.5 Студентті оқудан шығару 15 4.6 Оқу төлем ақысы 16 4.7 «Дене шынықтыру» пәні 17 4.8 Кәсіптік практикалар 18 4.9 Ауыстыру және қайта қабылдау ережелері 19 4.10 Академиялық демалыс 20 4.11 Студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыру 21 5. Студенттердің құқықтары мен міндеттері 22 6. Студенттік өзін-өзі басқару 24 7. Тәжірибе жұмысы 26 8. «Білім орталығы» ақпараттық білім беру орталығы 28 9. Бастапқы дәрігерлік-санитарлық көмек орталығы 29 10. Білім беру кредиті 30 11. Кредиттік технология бойынша сырттай оқу нысанының оқу үрдісін ұйымдастыру

31

12. Қашықтықтаң білім берудің технология бойынша сырттай оқу нысанының оқу үрдісін ұйымдастыру

33

13. Студенттердің академиялық икемділік 37 Қорытынды 37

2016-2017 оқу жылы

Page 3: 2016-2017 - КГУ им.А.Байтурсынова ...ksu.edu.kz/files/folder_2/sprav-put/spravochnik-putevoditel_stud... · және алғашқы кәсіби іргетасты

3

Қымбатты бірінші курс студенттері!

Бүгінгі күнде сіздердің алдарыңызда өмір жолыңызды дұрыс бағытқа бағыттайтын «мамандықты таңдау» деген жауапты кез келіп жетті.

Сіз, облысымыздың жетекші, көп жылдың дәстүрі бар, ғылыми негізі терең, білімі жоғары ЖОО-на түсіп, дұрыс шешім қабылдады-ңыз.

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік универси-теті – тамырын тереңге таратқан, заманауи, серпінді дамушы,

Қазақстан республикасының жетекші университеттерінің бірі. ЖОО-ның даму қарқыны болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді.

Біздің университетіміздің басты мақсаты, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, жоғары білікті мамандарды даярлау. ҚМУ-дың негізгі игілігі , сіздерге жол ашып, өздігінен дамуыңызға және алғашқы кәсіби іргетасты қалауға жәрдем көрсететін, тәжірибесі мол, жоғары білікті профессорлық-оқытушылардың талмай жұмыс жасауы болып табылады.

Университетіміздің спорт үйірмелері, студиялары, клубтары шығармашылық мүмкіндіктеріңізді жетілдіруге септігін тигізеді. Студенттік өміріңізді одан да қызықты етіп, өздігінен басқарудың негіздерінің қыр-сырларын үйренуге Жастар бастамаларын дамыту орталығы көмек теседі.

Сіздерге оқуда табыс және ақ жол тілеймін!

Ректор Хұсаин Хасенұлы Валиев

Page 4: 2016-2017 - КГУ им.А.Байтурсынова ...ksu.edu.kz/files/folder_2/sprav-put/spravochnik-putevoditel_stud... · және алғашқы кәсіби іргетасты

4

1. Университет туралы жалпы мәліметтер А.Байтұрсынов атындағы Қостанай

мемлекеттік университеті 1992 жылы тамыз айында Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетінің № 662 Қаулысымен Кустанай педагогикалық институтының негізінде өзінің жарты ғасырлық даму тарихымен құрылды. 2000 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен Қостанай мемлекеттік университетіне Қостанай ауылшаруашылық институты қосылды. 2004 жылы наурызда Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің №181 2004 жылдың 4 наурызындағы бұйрығымен Қостанай педагогикалық институты университеттің құрамынан шығарылды.

Университеттің миссиясы: Аймақтық инновациялық университет – білім беру, ғылыми және мәдени орталығы, жоғары құзыреттілікті кадрлық әлеует көзі.

Университет құрамында бакалавриаттың 33 мамандығы бойынша 6000-нан астам студент оқитын жеті факультет: гуманитарлық-әлеуметтік (ГӘФ), ақпараттық технология (АТФ), инженерлік-техникалық (ИТФ), тарих және құқық (ТҚФ), экономикалық (ЭФ), аграрлық-биологиялық (АБФ), ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы (ВМШТФ) бар.

Оқу-тәрбие үрдісі жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрамымен жүзеге асырылады. Университет штатындағы 200-ден астам ғылыми дәрежесі, атақтары бар адамдар, оның

Page 5: 2016-2017 - КГУ им.А.Байтурсынова ...ksu.edu.kz/files/folder_2/sprav-put/spravochnik-putevoditel_stud... · және алғашқы кәсіби іргетасты

5

ішінде ғылым докторлары болып табылады. Кейбір бірқатар пәндерді оқытуға академиялық жоғары ЖОО-ның ғалымдары және біздің еліміздің ғылыми-зерттеу институттарының, Ресейдің және жақын шет елдердің ғалымдары шақырылады.

Университетте қазіргі уақытта мамандарды бәсекелестік тұрғыда дайындау үшін жаңа білім технологиялары, мультимедиялық, компьютерлік кластар, лингафондық кабинеттер, техникалық құрал-жабдықтар қолданылады. Университетте қырықтан астам мамандандырылған компьютерлік кластар жалпы локальді жүйеге қосылған.

Студенттер және оқытушылардың игілігінде қазіргі заманға лайық жарық, жылы аудиторияларымен 5 ғимарат бар, шеберлік орындары, тренажер, спорт және мәжіліс залдары, көптеген тамақтандыру пункттері, медициналық орталық, студенттік жатақханалар жұмыс істеп тұр. Университетте қазіргі заман талаптарына сай «Білім орталығы» атты ішкі ақпараттық-білім кешені жұмыс істейді.

Университетте ішкі ақпараттық-білім порталы құрастырылып, үнемі

жаңартылып отырылады http://ksu.edu.kz/ Порталға электронды кітапхана,

студенттің жеке кабинеті, емтихандық сессия кестесі, хабарландыру тақтасы және т.б. туралы білім беру процессіне қажетті материалдар енгізілген.

Ресми сайтта және ішкі ақпараттық білім беру порталында бұдан басқа студенттің оқу жоспары, оның электронды сынақ кітапшасы және оқу процесі бойынша басқа да ақпараттар берілген студенттің жеке

Page 6: 2016-2017 - КГУ им.А.Байтурсынова ...ksu.edu.kz/files/folder_2/sprav-put/spravochnik-putevoditel_stud... · және алғашқы кәсіби іргетасты

6

кабинеті орналасқан. Интернет арқылы немесе университеттің локальді жүйесіне қосылған кез-келген компьютер арқылы студенттің жеке кабинетіне кіруге болады. Әрбір оқу корпусында ақпараттық терминалдар бар. Студенттің жеке кабинетіне қол жеткізу үшін өзіңіздің эдвайзеріңізден логин мен пароль алуыңыз қажет.

Университеттің ресми сайтында ректордың, проректорлардың, декандардың виртуальді қабылдау сайттары орналастырылған, онда Сіз түрлі мәселелермен өз сұрақтарыңызды қоя аласыз және міндетті түрде жауап ала аласыз.

Студенттік өмір – әр адам өмірінде ең маңызды және есте қалатын кезең. Студенттік өмір қалай қызықты болса, оқу үрдісі де соғұрлым толыққанды болады. Студенттер ҚМУ-нде білім алуда бір жақты маман ғана болмай, жан-жақты жеке тұлға болып қалыптасады. Олардың фестивальдерге, КВН, концерттерге, жарыстарға қатысуы таланттарынан басқа кәсіптік дағдыларын да дамытады, лидерлік қасиеттерін ашуға көмектеседі, команда жұмысындағы әдістерді меңгеру, бір-бірімен қатысу тәсілдері өз-өздеріне деген сенімділікті қалыптастырады. Сондықтан университеттік білім біздің студенттеріміздің осындай жарқын мінез-құлықтарын, бастамашылдықтарын, стереотиптерін өзгертуді, жаңашылдықты, перспективасын қалыптастыруды қамтамасыз етуі керек.

Университет өмірінде студенттер, оқытушылар және қызметкерлердің көпшілік спортының дамуы мен спорттық-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруға көп назар аударылады. Бұл үшін барлық жағдайлар жасалған. Студенттер стадионы, спорт залы, күрес және тренажер залдары, арнайы медициналық топтардың сабақтары үшін залдар, шаңғы базасы студенттер игілігіне жұмыс істеп тұр. Университет студенттері тәжірибелі жаттықтырушылардың көмегімен спорттық деңгейлерін секцияларда спорттың барлық түрінен көтеруге мүмкіндігі мол. Дене шынықтыру және спорттық дайындау орталығында Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген жаттықтырушылары, кәсіби жоғары және І категориялы жаттықтырушы-оқытушылар, халықаралық дәрежедегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының спорт шеберлері қызмет етеді.

Студент жастардың рухани және адамгершілік қалыптасуы әрқашанда университет

Page 7: 2016-2017 - КГУ им.А.Байтурсынова ...ksu.edu.kz/files/folder_2/sprav-put/spravochnik-putevoditel_stud... · және алғашқы кәсіби іргетасты

7

оқытушыларының назарында болады. Студент болу – тек қана оқу емес, сондай-ақ, өзіңіздің творчестволық қабілеттеріңізді ашуға және дамытуға мүмкіндік береді. «Өнер» студиясы оларға осындай мол мүмкіндіктер жасайды. Бұл – облысқа белгілі көркемөнерпаздың «Бадрисафа» би ансамблі, әншілер, домбырашылар, ақындар үйірмелері. Университеттің бірде-бір салтанатты жиыны «Өнер» студиясының әртістерінсіз өтпейді. Университеттің және қаланың мерекелік концерттік алаңдарында «Өнер» студиясының тәрбиеленушілері әрқашанда жоғары белесте.

Жоғары адами моральдық, азаматтық пен патриотизмді студенттер бойына дарыту мақсатында олардың жандүниесінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін университетте «Ахметұрпақтары» дебаттық клубы, КВН-қозғалыстары, интеллектуалды клубы, «Жасыл Ел» - экологиялық қозғалысы және т.б. жастар студенттік ұйымдар жұмыс жасайды.

Ал университетте өткізілетін КВН-дер – ерекше әңгіме. Факультеттердің көңілділер және тапқырлар клубы командаларының жарыстары әрқашан ауқымды іс-шаралар болып табылады. Әзіл-қалжың, юмордан басқа көңіл көтеруге не керек?

Университеттің шығармашыл бастамалары бар студеннтері облыстық, республикалық деңгейде дебаттық қозғалыстың көшбасшысы аталған «Ахметұрпақтары» атты дебаттық клубқа біріккен. Клуб отырысында студенттердің білімділігің артатың өзекті саяси, экономикалық, әлеуметтік, философиялық тақырыпта мәселелер талданады.

Интеллектуалды клуб мүшелері университеттің «Спарта» атты жиынтық командасы құрамында «Тапқырлар шайқасында» екі дұркін облыстық чемпион аталды, бұның өзі А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ студенттерінің жоғарғы деңгейін көрсетеді.

ҚМУ-нде оқуды оңай деуге болмайды. Дегенмен, студенттер бәріне үлгереді: оқуға, ғылыммен айналысуға, демалуға, сондай-ақ өз таңдаулары бойынша белсенді де көңілді бола алады. Жалпы студент болу – қызық!

Page 8: 2016-2017 - КГУ им.А.Байтурсынова ...ksu.edu.kz/files/folder_2/sprav-put/spravochnik-putevoditel_stud... · және алғашқы кәсіби іргетасты

8

2. А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ құрылымы

Ректорат (корпус 1, 3 этаж) Ректор Валиев Хұсаин Хасенұлы 51-11-95

Оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор

Абсадыков Алмасбек Ахметұлы 51-11-00

Ғылыми жұмыс және сыртқы байланыстар жөніндегі проректор

Жарлыгасов Женіс Бахытбекұлы 51-11-60

Подразделения и службы

Академиялық мәселелер бойынша департамен- тінің директоры

Исмаилов Арман Оразалыұлы 39-06-20

Білім беру менеджменті мен бақылау басқармасының бастығы

Чехова Татьяна Ивановна 51-11-30

Ғылым және оқу орнынан кейінгі білім басқармасының бастығы

Коваль Андрей Петрович 51-16-64

Қашықтан оқыту орта-лығының директоры Божевольная Наталья Витальевна 55-73-60

Тіркеу бөлімінің бастығы Жикеев Азамат Айтпайұлы З9-06-24

Тіркеу бөлімінің бастығының орынбасары Кубекова Нуржамал Капбасқызы 53-80-09

Жастар бастамалар даму орталағының директоры

Беркенова Гүлнар Сейтжанқызы 39-06-11

Факультеттер Гуманитарлық-әлеуметтік факультеті (ГӘФ)

Декан Берденова Сауле Жалгасовна 51-11-44

Тарих және құқық факультеті (ФИП)

Декан Турлубеков Батырхан Салимович 51-11-53

Ақпараттық технологиялар факультеті (АТФ)

Декан Медетов Нурлан Амирович 51-11-98

Экономикалық факультет (ЭФ)

Декан Васильчук Елена Васильевна 55-84-50

Аграрлық-биологиялық факультеті (АБФ)

Декан Калимов Ниязбек Ерханович 55-84-63

Инженерлік-техникалық факультеті (ИТФ)

Декан Есимханов Саят Бакытович 55-85-17

Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультеті (ВМШТФ)

Декан Исабаев Азамат Жаксибекович 55-85-68

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ ғимараттары Ғимарат № Мекен-жайы Факультеттер Вахта телефондары

1 1а 1б

Байтұрсынов көш, 47

ГӘФ АТФ ТҚФ

51-11-19

2 Абай көш., 28 ЭФ, АБФ 55-85-47

3 Абай көш., 28 ИТФ 55-85-15

4 Маяковский көш., 99/1 ВжАӨТФ 55-84-88

Page 9: 2016-2017 - КГУ им.А.Байтурсынова ...ksu.edu.kz/files/folder_2/sprav-put/spravochnik-putevoditel_stud... · және алғашқы кәсіби іргетасты

9

3. I курста әскер қатарына шақырылатындар үшін жаднама

1-ші курсқа қабылданған қалалық емес барлық жастарға (Қостанай қаласы

мен Қостанай ауданында тұратындардан басқалары), бас ғимараттың (Байтұрсынов көш., 47) 213-кабинетіне бару керек және аудандардан есептен шығуға және тіркелген анықтамаларына есептен шыққаны туралы белгі қою үшін анықтамалық алу қажет. Бұдан кейін Қостанайдың ҚӘК (Маяковский көш., 107) әскери есебіне тұру керек және де Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарына шақырылу мерзімінің ұзартылуын рәсімдеу үшін анықтама мен жеке куәлігімен 213 - кабинетке бару керек.

Қостанай қаласында немесе Қостанай ауданында әскери есепте тұрған бірінші курстықтарға Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарына шақырылу мерзімінің ұзартылуын рәсімдеу үшін тіркелген анықтама және жеке куәлігімен 213 - кабинетке бару керек.

213 каб. – 1б корпус, Байтұрсынов көш.,47. – Зайнуллина Динара Аділжанқызы.

Page 10: 2016-2017 - КГУ им.А.Байтурсынова ...ksu.edu.kz/files/folder_2/sprav-put/spravochnik-putevoditel_stud... · және алғашқы кәсіби іргетасты

10

4. Кредиттік оқыту технологиясы жөнінде қысқаша мәлімет

4.1 Жалпы ережелер

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде

студенттер кредиттік технология оқыту бойынша білім алады.

Кредиттік оқыту технологиясы – бұл таңдаулы білім траекториялары

және білімді кредит түрінде есепке алу, білім арқылы өзін-өзі тану және

шығармашылық даму деңгейін арттыруға бағытталған білім беру

технологиясы.

Кредит – білім алушы/оқытушының оқу уақыты көлемінің үйлестіру

өлшем бірлігі. Бір кредит білім алушының академиялық кезең аралығындағы

бір аптадағы аудиториялық жұмысының 1 академиялық сағатына тең.

Академиялық кезең - жоғары оқу орнында 15 аптаға созылатын семестр

түрінде оқытудың теориялық кезеңі.

Оқытудың кредиттік технологиясы 1-ші курстан соңғы курсқа дейінгі

жинақталған кредит есебінің өсімінің жиынтығы болып табылады.

Оқу аптасына 6 күн өткізіледі: дүйсенбіден сенбіге дейін.

Дәріс, практикалық (семинар) сабақтардың ұзақтығы 50 минутты, «Дене

шынықтыру» пәні бойынша лабораториялық және практикалық сабақтардың

ұзақтығы 100 минутты (50 минуттан 2 сабақ) құрайды.

Белгілі бір логикалық жүйе бойынша студент оқитын курстар тізімі білім

беру бағдарламалары деп аталады.

Барлық пәндер міндетті және элективті болып бөлінеді:

Міндетті компонент –Типтік оқу жоспарымен белгіленген

студенттерге міндетті түрде оқытылатын пәндер.

Таңдау компоненті – (элективті пәндер) – жоғары оқу орындарының

ұсынысымен кез-келген академиялық кезеңде студенттерге өз бетімен

таңдатылатын және оқытылатын пәндердің тізімі.

Бірінші курс студенттерінің пәндерді таңдауы оқу жылының басына

дейін, ал жоғары курс студенттері үшін екінші семестрдің ортасында жүзеге

асырылады.

Пәндерді таңдағаннан кейін студенттің жеке оқу жоспары (ЖОЖ)

құрылады.

Page 11: 2016-2017 - КГУ им.А.Байтурсынова ...ksu.edu.kz/files/folder_2/sprav-put/spravochnik-putevoditel_stud... · және алғашқы кәсіби іргетасты

11

Жеке оқу жоспары – құрамына студент жазылған оқу пәндері және

кредит сандары немесе академиялық сағаттар кіретін жұмыс оқу

бағдарламасы негізінде студенттің өзіне ғана жыл сайын құрылатын құжат;

жеке оқу жоспары жекелеген студенттің оқу траекториясын көрсетеді.

Әрбір топқа эдвайзер бекітіледі. Эдвайзер – білім алушының оқу

траекторияларын таңдауына көмектесетін (жеке оқу жоспарын жасау үшін)

оқыту кезеңі бойында білім бағдарламасын меңгеруіне мамандыққа сәйкес

академиялық жетекші функцияларын атқаратын оқытушы.

Назар аударыңыз!!! Сіз әрқашанда өзіңізді қызықтырған кез-келген

сұрақ бойынша өз эдвайзеріңізге жолығып кәсіби жауап аласыз.

Эдвайзер өзінің тобымен және жекелеген студенттермен кеңестер

өткізеді. Эдвайзер кеңесінің кестесін Сіз факультеттің ақпараттық тақтасынан

табасыз.

Студент бітіртуші кафедраның меңгерушісіне немесе факультет

деканына бас тарту жөніндегі дәлелді өтінішін ұсынып, өзінің эдвайзерінен

бас тартуына құқылы.

Барлық пәндер сіз «Білім орталығынан» алатын немесе ақпараттық білім

порталында http://ksu.edu.kz/portal/құжаттар каталогінен электронды

формада таба алатын оқу-әдістемелік кешендермен (ПОӘК) қамтамасыз

етілген. ПОӘК табу туралы дәл ақпаратты Сіз пәнді жүргізетін оқытушыдан

аласыз. Бірінші сабақта оқытушы Сізге силлабус беруі керек.

Назар аударыңыз!!! Егер Сіз силлабус алмасаңыз, топ старостасынан

немесе пәнді жүргізетін оқытушыдан сұраңыз.

ПОӘК студент үшін жасалады және мынадай құжатттардан

құралады: пән бойынша оқу бағдарламасы (Syllabus); дәріс кешені;

практикалық (семинар) сабақтың жоспары; пәнді оқу бойынша әдістемелік

нұсқаулар, лабораториялық жұмыстардың, курстық жұмыстардың (жоба)

орындалуы, студенттердің оқу жетістіктерін бағалау және бақылау өздік

жұмыстарының материалдары.

Силлабус – құрамына оқытылатын пән туралы мәлімет, пәннің

мақсаты мен міндеттері, оның қысқаша мазмұны, тақырыптар мен әр

сабақтың өздік жұмысының тапсырмалары, кеңес уақыттары, оқытушы

талаптары, бағалау критерийлері, рубежді бақылау кестесі және

әдебиеттер тізімінен құралған пәннің оқу бағдарламасы.

Page 12: 2016-2017 - КГУ им.А.Байтурсынова ...ksu.edu.kz/files/folder_2/sprav-put/spravochnik-putevoditel_stud... · және алғашқы кәсіби іргетасты

12

4.2 Студенттердің оқудағы жетістіктерін бағалау мен қорытындылау жүйесі Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау - әр түрлі бақылау тапсырмаларының негізінде белгілі бір пән бойынша студенттердің білім нәтижелерін бақылау (жазба жұмыстары, тестілеу, практикалық жұмыстар, портфилио, ауызша сұрақтар және т.б.); ол ағымдағы бақылау, рубежді бақылау және қорытынды бақылау болып бөлінеді. Үлгерімнің ағымдағы бақылауы - әр тақырып бойынша және/немесе семестр бойындағы сабақтарда оқытушы өткізген оқу пәнінің бөлімі бойынша студенттің білім нәтижесін жүйелі тексеру. Үлгерімнің рубежді бақылауы – сабақ беретін оқытушының бекітілген академиялық күнтізбеге сәйкес студенттің білім нәтижесін мерзімді тексеруі. Рубежді бақылау колоквиум, жазбаша бақылау жұмысы, аудиториялық немесе аудиториялардан тыс сабаққтарда тестілеу. Қорытынды бақылау – оқу пәні оқытылып біткеннен кейін академиялық кезеңнің аяқталуы бойынша, аралық аттестация кезінде өткізілетін білім алушылардың оқудағы жетістіктерін тексеру; қорытынды бақылаудың өткізілу формасы емтихан болып табылады: ауызша, жазбаша, тестілеу. Назар аударыңыз!!! Бақылаудың барлық түрі, оладың тапсырылу уақыты силлабуста көрсетілген. ПОӘК-нде рубежді бақылау мен емтиханға дайындалу үшін сұрақтар берілген. Студенттің келмеген барлық сабақтары оқытушы белгілеген уақытта өтелуі тиіс. Семестрлік рейтинг қойылғаннан кейін келмеген сабақтарды өтеуге студент жіберілмейді!!! Білім алушылардың барлық оқу жетістіктері әрбір орындалған тапсырма үшін 100 балдық шкала бойынша бағаланады (сабақтағы жауап, үй тапсырмасын орындау, бақылау жұмысын орындау және т.б.), аттестация бойынша жұмыстардың түрлеріне барлық бағалардың қорытынды есебі орта арифметикалық есептеумен жүргізіледі. Емтиханға 50 %-дан кем емес семестрлік рейтинг алған студенттер ғана жіберіледі. Назар аударыңыз!!! Студент емтиханға пән бойынша келесі себептер бойынша жіберілмеуі мүмкін:

1. Курстық жұмыстың (жоба) орындалмауы және қорғалмауы; 2. Төмен семестрлік рейтинг (ең жоғарғы семестрлік рейтингтің 50 %-нан

кем болғанда); 3. Оқу төлем ақысы бойынша талаптардың орындалмауы.

Бұған қоса оқытушы ведомостегі «баға» деген жолға «жіберілмеді» деп жазады және бұл қанағаттанарлықсыз деген бағамен тең болып табылады.

Page 13: 2016-2017 - КГУ им.А.Байтурсынова ...ksu.edu.kz/files/folder_2/sprav-put/spravochnik-putevoditel_stud... · және алғашқы кәсіби іргетасты

13

Студенттердің білім нәтижелерін бағалау жүйесі

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Балдардың сандық

эквиваленті

%-дық көрсеткіші

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А А-

4,0 3,67

95-100 90-94

5 - «өте жақсы»

В+ В В-

3,33 3,0

2,67

85-89 80-84 75-79

4 – «жақсы»

С+ С С- D+ D

2,33 2,0

1,67 1,33 1,0

70-74 65-69 60-64 55-59 50-54

3 – «қанағат-лық»

F 0 0-49 2 – «қанағат-сыз»

Назар аударыңыз!!! Қорытынды бақылау түрі бойынша

«қанағаттанарлықсыз» баға алған студент жазғы семестр кезінде немесе келесі академиялық кезеңдерде ақылы түрде сол пәнді қайта өтуге және тапсыруға құқылы. Анықтамамен құжаттық дәлелденген себепті кейбір жағдайларда тіркеу бөлімімен келісім бойынша деканның өкімімен жеке тәртіпте емтихан тапсыруға рұқсат етіледі. Семестр бойынша студенттердің сабаққа қатысу мониторингі өткізіледі. Топ старосталары мен оқытушылар студенттердің сабаққа қатысуы туралы мәліметті ай сайын деканатқа тапсырып отырады. Студент әрдайым сабаққа келмесе, пән бойынша көп көлемде аттестацияланбаса университеттен шығарылуы мүмкін. Жазғы семестр ақылы негізде академиялық қарызы бар студенттерге, қайта қабылданғанда, яғни академиялық демалыстан шыққанда жұмыс оқу бағдарламасындағы пәндер бойынша айырмашылық болса, басқа ЖОО-нан, бір мамандықтан басқа мамандыққа ауысқанда, жеделдетіп қосымша оқу үшін ұйымдастырылады. Жазғы семестрдің ұзақтығы 6 аптаға дейін болады. Студенттердің жазғы семестрде пәндерді оқуға жазылуын деканаттың және эдвайзерлердің тартылуымен белгілі бір уақытта сабақ басталғанға дейін тіркеу бөлімі жүзеге асырады. Студент емтихандық сессия аяқталғаннан кейінгі алғашқы аптада тіркеу бөліміне арнайы түрде жазғы семестрге қатысу туралы өтініш береді.

Page 14: 2016-2017 - КГУ им.А.Байтурсынова ...ksu.edu.kz/files/folder_2/sprav-put/spravochnik-putevoditel_stud... · және алғашқы кәсіби іргетасты

14

Назар аударыңыз!!! Жазғы семестрде оқу ақылы болады. Жазғы семестрдің ұзақтығы 6 апта, кредиттік көлемі 12-ден аспайды. Студенттердің білімін бақылау жүйесін ұйымдастырудың барлық мәселелері мен олардың нәтижелерін есептеумен тіркеу бөлімі айналысады. Назар аударыңыз!!! Тіркеу бөлімінде әр факультетке бекітілген маман әрқашан Сізге көмектеседі және кеңес береді. Тіркеу бөлімі 1-корпуста 130-кабинетте (факультеттер: ГӘФ, ТҚФ, АТФ), 2-корпуста 108-кабинетте (факультеттер: ЭФ, АБФ, ИТФ, ВМШТФ). 4.3 Академиялық қарыз

Қорытынды бақылауға студенттің жіберілмеуі, емтиханда «қанағаттанарлықсыз» деген баға алуы немесе дәлелсіз себептермен емтиханға келмеуі нәтижесінде пайда болған студенттің қарызы академиялық қарыз болып табылады.

Сессияның қортындысы бойынша академиялық қарыздары бар студенттер оқытудың кредиттік технологиясында оқудан шығарылмайды.

Көшіру балын алған, бірақ академиялық қарызы бар білім гранттарының иегерлері болып табылатын студенттер білім грантын жоймай-ақ, академиялық қарызы бар пәндерді ақылы түрде қайта оқуға және тапсыруға тиіс.

Академиялық қарызды жою жазғы семестр кезінде немесе келесі курсқа көшу үшін жеткілікті GPA балын алғанда келесі семестрлерде қосымша жүзеге асырылады.

4.4 Келесі курсқа көшіру. Көшіру балын есептеу

Көшіру балының тиісті мөлшерін жинаған студенттер ректордың бұйрығымен келесі курсқа көшіріледі. Студенттің оқу жылындағы қорытынды үлгерім деңгейі пәндер бойынша қорытынды бағалар мен кредиттердің алымының суммасының оқытудың ағымдық кезеңдегі кредиттердің суммасына қатысы ретіндегі есептелетін GPA көшіру балы түрінде бағаланады, яғни

n

nn

KKK

UKUKUKGPA

...

...

21

2211 , бұл жерде

K1, K2, ..., Kn – оқылатын пәндердің кредиттік көлемі; U1, U2, .., Un, – пәндер бойынша қорытынды бағалар (0-ден 4-ке дейін);

n – оқу жылында оқылған пәндердің көлемі. Егер GPA бекітілген балға сәйкес келсе, деканат қанағаттанарлықсыз бағалары

болса да студенттерді келесі курсқа көшіре алады: 1-курстан 2-курсқа көшу үшін

Page 15: 2016-2017 - КГУ им.А.Байтурсынова ...ksu.edu.kz/files/folder_2/sprav-put/spravochnik-putevoditel_stud... · және алғашқы кәсіби іргетасты

15

GPA көшіру балы 1,33-тен; 2-ші курстан 3-курсқа 1,67-ден; 3-курстан 4-курсқа және келесі курстарға 2,00-ден кем емес болуы керек.

Семестр бойынша GPA есебінің үлгісі

№ Пән Кредиттер

көлемі

Әріп жүйесі бойынша бағалау

Балдардың сандық

эквиваленті

% Дәстүрлі жүйе

бойынша бағалау

1 Экология және тұрақты даму

2 С- 1, 67 60 3–қанағат.

2 Информатика 3 В+ 3.33 86 4-жақсы

3 Химия 3 А- 3,67 92 5-өте жақсы

4 Қазақ тілі 3 С 2,0 67 3–қанағат.

5 Физика 2 В+ 3,33 86 4-жақсы

6 Математика 3 С- 1,67 63 3–қанағат.

7 Биология 2 В- 2,67 77 4-жақсы

Барлығы 18

63,218

67,2*267,1*333,3*20,2*367,3*333,3*367,1*2

GPA

Бекітілген көшіру балын жинамаған студенттер қайта оқу курсына қалады. Қайта оқу курсына қалған студент бұрын қабылданған жеке оқу жоспары бойынша немесе берілген тәртіппен жасалған жаңа жеке оқу жоспарымен оқуға құқылы.

Курсқа көшіру балын алған және келесі курсқа көшірілген, бірақ академиялық қарызы болған жағдайда сәйкес пәндерді ақылы түрде оқуы және академиялық қарызын жоюы тиіс.

Білім беру гранттарының иегерлері болып табылатын студенттер қайта оқу курсына қалдырылса, оқу грантын жоғалтады және оқуын ары қарай ақылы негізде жалғастырады.

4.5 Студенттің оқудан шығарылуы

Студент университеттен келесі себептер бойынша шығарылуы мүмкін:

өз еркімен;

оқу пәнін меңгермегені (аттестациядан өтпеу, сабаққа келмеу), ішкі o тәртіп ережесін сақтамағаны (қоғамдық орында темекі шегу, ішімдік

ішкен күйде келу), жатақханада тұру тәртібін бұзғаны үшін; университет

Page 16: 2016-2017 - КГУ им.А.Байтурсынова ...ksu.edu.kz/files/folder_2/sprav-put/spravochnik-putevoditel_stud... · және алғашқы кәсіби іргетасты

16

Уставын бұзғаны үшін;

жеке ісін және оның маңызды құжаттарын тапсырмағаны үшін (ҰБТ

және КТ сертификаттары, аттестат, диплом және т.б.);

оқу төлем ақысы жөніндегі келісім-шартты сақтамағаны үшін;

басқа ЖОО-на ауысуы себепті.

Қорытынды аттестацияда (ҚА) «қанағат-сыз» баға алған үшін;

ҚА-ға келмеген үшін;

ҚА-ға жіберілмеген үшін. 4.6 Оқу төлем ақысы

Студент өзінің оқуының төлем ақысын уақытымен төлеуге міндетті. Оқуға «Центр Кредит» банкінің № 6 есеп-касса бөліміне («Турист» қонақ үй ғимараты), сондай-ақ осы банктің Қостанай облысындағы кез-келген филиалына төлеуге болады. «Центр Кредит» банкінің № 6 есеп-касса бөлімінің жұмыс уақыты күнде сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс: 13.00-14.00, демалыс күндері – сенбі, жексенбі. Студент бас корпустың 133-кабинетінен (бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімінің қаржылық тобы оқу төлем ақысы бойынша кез-келген кеңес ала алады: Ахметқалиева Гүльнар Тлемісқызы).

Грант иегерлері болып табылатын студенттерге ақпарат Назар аударыңыз!!! Стипендия алу үшін «Центр Кредит» банкінің төлем

карточкасын алуды рәсімдеу керек. Сол үшін «Турист» қонақ үй ғимаратының «ЦентрКредит» банктің есеп-касса бөліміне келесі құжаттар ұсыну қажетті: 1) жеке

куәлік оригиналы (ИИН), 2) оқу орнынан анықтама және 1-ші жыл қызмет жасаған үшін 600 теңге көлемінде төлену керек. Одан кейін карточкамен, жеке куәліктің көшірмесімен, мемлекеттік оқу грантының тапсырылуы жөніндегі анықтамамен қыркүйектің 20-на дейін бухгалтерлік есеп және есеп беру бөліміне (бас корпустың 133-кабинеті, т. 39-06-18) 20 қыркүйекке дейін бару керек. Жеке куәлікті және карточканы ауыстырғанда

бухгалтерлік есеп және есеп беру бөліміне міндетті түрде хабарлау керек.

Page 17: 2016-2017 - КГУ им.А.Байтурсынова ...ksu.edu.kz/files/folder_2/sprav-put/spravochnik-putevoditel_stud... · және алғашқы кәсіби іргетасты

17

4.7 «Дене шынықтыру» пәні «Қосымша оқу түрлері» циклы бойынша «Дене шынықтыру» пәні міндетті пән болып табылады. Бұл пәннен сабақ 1, 2 курста аптасына 2 сағаттан 2 рет болады. Оқу жылының басында бірінші курс студенттері міндетті түрде қорытындысы бойынша студенттің медициналық топтары, яғни арнайы дайындық тобы кіретін негізгі топ, «босатылды» диагнозы бар және арнайы медициналық топтар анықталатын медициналық бақылаудан өтеді. Негізгі топтың студенттері дене шынықтыру сабағында (жеңіл атлетика, атлетикалық гимнастика (пауэрлифтинг, ауыр атлетика), күрес (қазақша күрес, самбо, дзюдо), баскетбол, волейбол, мини-футбол, үстел теннисі, шаңғы спорты мамандандырылған спорт түрлерін таңдай алады.

«Босатылды» диагнозы бар және арнайы медициналық топ арнайы даярланған спорттық құралдарға жасалған оқу бағдарламалары бойынша шұғылданады. Спорттың келесі: жеңіл атлетика, атлетикалық гимнастика (пауэрлифтинг, ауыр атлетика), күрес (қазақша күрес, самбо, дзюдо), баскетбол, волейбол, мини-футбол, үстел теннисі, шаңғы спорты, тоғызқұмалақ, шахмат сияқты Дене шынықтыру және спорттық дайындау орталығында спорт клубындағы секцияларға қатысатын және спорт түрі бойынша команданың негізгі құрамына кіретін студенттер дене шынықтыру пәнінен босатылады. Назар аударыңыз!!! Егер Сіздің денсаулығыңыз жарамаса, Сіз деканатқа Бастапқы дәрігерлік-санитарлық көмек оталығы куәландырған ДКК анықтамасын көрсетуіңіз керек (Абай пр. 28/3, т. 55-85-81), сонда Сіз емдік дене шынықтырумен немесе арнайы медициналық топта жаттығатын боласыз.

Page 18: 2016-2017 - КГУ им.А.Байтурсынова ...ksu.edu.kz/files/folder_2/sprav-put/spravochnik-putevoditel_stud... · және алғашқы кәсіби іргетасты

18

4.8 Кәсіптік практикалар Әрбір мамандық бойынша практиканың түрлері (оқу, өндірістік,

технологиялық және т.б.) білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандартымен анықталады. Оқу жоспарындағы оқытылатын басқа пәндер сияқты практика да міндетті түрде өткізілуі керек. Практика бойынша студенттер дифференциальді сынақ тапсырады. Практика бойынша бағалау және кередиттер саны курстан курсқа өту кезінде GPA көшіру балын санағанда есептеледі.

Назар аударыңыз!!! Егер сіз практика өтпесеңіз немесе одан сынақ алмасаңыз, онда ол академиялық қарызға саналады және оны бітіретін курсқа дейін жоюға міндеттісіз.

Әр практика бойынша кафедра оқытушылары жұмыс оқу бағдарламаларын, оның өткізілуі, тапсырмалар мен есеп жазу бойынша талаптар, күнделік жазу және сынақ тапсырылуы жөнінде көрсетілген әдістемелік нұсқаулар жасайды. Практиканың басталуының алдында әрқашан конференция өткізіледі, онда Сіз практика бойынша барлық қажетті материалдар мен құжаттарды ала аласыз. Кәсіптік практика аяқталған соң білім алушылардың есептері тыңдалатын қортытынды конференция өткізіледі.

Page 19: 2016-2017 - КГУ им.А.Байтурсынова ...ksu.edu.kz/files/folder_2/sprav-put/spravochnik-putevoditel_stud... · және алғашқы кәсіби іргетасты

19

4.9 Студенттерді ауыстыру және қайта қабылдау ережелері Студенттердің ауысуы – курстан курсқа, бір білім беру мекемесінен

келесісіне, бір оқу түрінен келесіге, бір мамандықтан келесі мамандыққа, ақылы оқу негізінен мемлекеттік білім беру гранты оқу негізіне ауыстыру түрлерінде жүзеге асырылады. Күндізгі оқу түрінің ауыстыру және қайта қабылдау жөніндегі өтініштері жазғы және қысқы каникул кезінде бес жұмыс күні ішінде кезекті акдемиялық кезеніне дейн білім беру мекемесінің жетекшісімен қаралады. Сырттай оқу түрінің студенттерінің өтініштері бір ай ішінде қабылданады, бірақ бес күн кезекті емтихандық сессияның басына дейін қарастырылады. Бірінші академиялық кезеңнің оқу жоспарының барлық талаптарының орындалуы мен аралық аттестацияның (емтихандардың) тапсырылуы қайта қабылдаудың міндетті талабы болып табылады. Ауыстыру және қайта қабылдау кезінде бұрынғы академиялық кезеңдерде оқылған пәндердің оқу жоспары бойынша пән айырмашылықтары анықталады. Сол курсқа ауыстыру және қайта қабылдау егер оқу жоспарындағы айырмашылық міндетті компоненттің бес пәнінен аспаған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

Студенттер қайта қабылдану мен басқа ЖОО-на ауысуы мүмкін, егер жеке оқу жоспары бойынша бірінші академиялық кезең толық меңгерілген болса.

ЖОО-нан шығарылған студент оқудың кез-келген түріне, кез-келген мамандыққа және кез-келген ЖОО-на оқудан шығарылу уақытынан тәуелсіз білім алушылардың қатарына қабылдана алады.

Қайта қабылдау немесе ауыстырылған кезде бұрын оқылған акдемиялық кезеңде жұмыс оқу жоспарынның пәндері академиялық айырмашалық болып анықталады

Білім алушылар қайта қабылданып немесе ауысып келгенде келесі курс пререквизиттерге сәйкес құрастырылады.

Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарында оқу кезінде қызмет атқаруға шақырылған кейін, өз курсына қайта қабылдананды. Бұндай жағдайда ЖОО-ны ағымдағы оқу жөнінде тапсыратын прериквизиттер тізімін белгілейді.

Меңгерілген кредиттер, білім беру бағдарламасын салыстыру арқылы, меңгерген пәндер мазмұны,көлемі, қалыптасқан білім, біліктілік, дағдылық пен құзреттілік және оқу нәтижесі есептеледі.

Оқу пәндері бойынша меңгерілген кредиттер есептелгенде қорытынды бақылау түрі есепке алынады.

Page 20: 2016-2017 - КГУ им.А.Байтурсынова ...ksu.edu.kz/files/folder_2/sprav-put/spravochnik-putevoditel_stud... · және алғашқы кәсіби іргетасты

20

Басқа оқу орнына ауысқысы келетін білім алушы ректордың атына ауыстыру жөнінде еркін түрде өтініш береді және ауысуға мөрмен бекітілген жазбаша келісім алып, ауысатын ЖОО-ның жетекшісіне жолығады.

ЖОО-ның жетекшісінің атына берілген ауыстыру жөніндегі өтінішке төмендегі құжаттардың көшірмелері қоса беріледі:

- оқу жұмысы жөніндегі проректоры, тіркеу бөлімі бастығының қолы қойылған және мөрмен бекітілген транскриптің;

- оқу гранты иегерінің куәлігі (егер болса); - оқыған университеті ректорының атына жазылған өтініштің көшірмесі

(ректордың қолымен және мөрімен). Мемлекеттік оқу гранты негізінде оқитын студенттер мемлекеттік оқу грантың сақтап басқа ЖОО-на ауысуға құқылы.

Студент мемлекеттік оқу гранты негізінде бір ЖОО-нан келесісіне, бір курсқа төмен, басқа мамандыққа немесе ұлттық ЖЖО-на ауысқан жағдайда ол оқу грантынан айырылады.

Білім алушылардың қатарына қабылдану және оқу жоспарындағы пән айырмашылықтарын жою тек ақылы негізде жүзеге асырылады !!!

Оқу төлем ақысын төлемегені үшін семестр бойында оқудан шығарылған ақылы негізде білім алушылар төлем ақы бойынша қарыздарын өтесе, оқудан шығару уақытынан бастап төрт аптаның ішінде қайта қабылдануға құқылы. 4.10 Академиялық демалыс

Академиялық демалыс – білім алушы денсаулығына байланысты, сондай-ақ аяғы ауыр және босанғаны себепті, сонымен бірге Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарына шақырылуы себепті білім беру мекемесіндегі өзінің оқуын уақытша тоқтату кезеңі.

Академиялық демалыс дәрігерлік-кеңес комиссиясының (ДКК) шешімі негізінде 6 айдан 12 айға дейін беріледі.

Академиялық демалыс берудің мүмкіндігі туралы дәрігерлердің шешімін шығару үшін студент А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің Бастапқы дәрігерлік-санитарлық көмек орталығына өзі қаралған медициналық мекемеден аурудың тарихы жөнінде анық көшірме әкеледі. ДКК демалыс берудің қажеттілігіне қорытынды шығарады.

Студент академиялық демалысты рәсімдеу үшін ректордың атына өтініш береді және ДКК немесе Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарына шақыру туралы анықтаманы көрсетеді.

Ректор студентке академиялық демалыс беру туралы және оның басталуы мен аяқталу уақыты көрсетілген үш күн аралығында бұйрық шығарады.

Page 21: 2016-2017 - КГУ им.А.Байтурсынова ...ksu.edu.kz/files/folder_2/sprav-put/spravochnik-putevoditel_stud... · және алғашқы кәсіби іргетасты

21

Студент академиялық демалыстан шығарда ректордың атына өтініш береді және өзі қаралған емдеу мекемесінен денсаулық жағдайы туралы, бұл маман бойынша оқуды жалғастыра беру мүмкіндік қорытындысымен, ДКК анықтамасын әкеледі.

Академиялық демалыстан шыққан студент оқу жоспарындағы пәндердің айырмашылығын ақылы негізде жоюы керек. Студент ағымдағы сабақтармен бірге айырмашылықтарды жою үшін семестр бойындағы сабақтардың бәріне де қатысады, ағымдық бақылаудың барлық түрін тапсырады және емтихан тапсыруға рұқсат алады немесе айырмашылықтарды құрайтын пәндерді жазғы семестр кезінде оқиды.

4.11 Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру

Білім алушылардың өздік жұмыстары (БӨЖ), бұл – оқытушының қатысуынсыз студенттің жаңа білім мен дағдыларды белсенді де мақсатты түрде меңгеруі.

Білім алушылардың өздік жұмыстарына келесі жұмыс түрлері жатады: - зертханалық және практикалық сабақтарда өздік жұмыстарын орындау; - өздік жұмысының кестесіне сәйкес оқу материалын жасау (конспект,

оқулық және ғылыми әдебиеттер бойынша); - реферат, баяндама, рецензия, әдебиеттерді шолу және басқа жұмыс

түрлерін жазу; - шет тілдерінен аударма жасау; - оқу-зерттеу жұмыстарын (төменгі курстарда) және ғылыми-зерттеу

жұмыстарын (жоғарғы курстарда) орындау. Кредиттік технология оқыту бойынша білім алушылардың өздік

жұмыстары екіге бөлінеді: студенттердің өздік жұмыстары (БӨЖ) және студенттердің оқытушының жетекшілігімен өздік жұмыстары (БОӨЖ).

Өздік жұмысының барлық көлемі білім алушыдан күнделікті талап етілетін тапсырмалармен бекітіледі.

БОӨЖ білім алушының оқытушымен байланысты жасалатын аудиториядан тыс жұмыс түрі болып табылады. ОЖБӨЖ оқу сабақтарының жалпы кестесіне кірмейтін жеке кесте бойынша орындалады.

БОӨЖ-ге оқу бағдарламасының неғұрлым қиын мәселелері, үй тапсырмалары, курстық жобалар (жұмыстар), семестрлік жұмыстар бойынша бақылаулар, есептер мен БӨЖ-дің басқа түрлері кіреді.

Page 22: 2016-2017 - КГУ им.А.Байтурсынова ...ksu.edu.kz/files/folder_2/sprav-put/spravochnik-putevoditel_stud... · және алғашқы кәсіби іргетасты

22

5. Студенттердің құқықтары мен міндеттері

Студент құқыққа ие:

жеке оқу жоспарын табысты орындаған жағдайда, қосымша жазғы

семестрде жедел, қосымша оқудың қажеттіліктерін қанағаттандыру және

оқу бағдарламаларындағы айырмашылықтарды жою үшін (бұл жағдайда

білім алу мерзімі қысқаруы мүмкін) кемінде ұзақтығы 6 аптаға дейінгі 12

кредиттік қосымша жазғы семестрге жазылуға;

ақылы негізде тиісті курстарды қайтадан меңгеруге;

емтихан бағасымен келіспеген жағдайда, апелляцияға өтініш беруге;

заң бекіткен тәртіп бойынша ақылы оқу негізінен мемлекеттік білім беру

гранты оқу негізіне, бір жоғары оқу орнынан екіншісіне, бір мамандықтан

екіншісіне қайтадан қабылдануға және ауысуға;

кітапхананың ақпарат қорлары мен университеттің ақпараттық білім беру

порталын тегін пайдалануға;

өзінің жеке көзқарасы мен нанымын еркін білдіруге;

эдвайзерден және университеттің барлық қызметкерлерінен студентті

қолдайтын кеңес алуға.

Студенттер келесі міндеттерге ие:

таңдаған мамандығы бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыны

меңгеруге;

жоғары оқу орны Жарғысын, ішкі тәртіп Ережелерін қатаң сақтауға;

сабақтарға үнемі және тиімді түрде дайындалуға;

барлық аудиториялық сабақтарға қатысуға, өзіндік жұмыстар бойынша

тапсырмалар тапсыру кестесін қатаң сақтауға;

сырқаттануына байланысты сабаққа қатыса алмаған жағдайда уақытында

анықтама әкелуге;

оқу-әдістемелік әдебиеттер мен мүлікке ұқыпты қарауға;

студенттер мен оқытушыларға мейрімді және төзімді болуға;

сабақ уақытында ұялы телефондарын сөндіріп қоюға;

өзінің денсаулығын ойлауға, рухани және дене тәрбиесімен шыңдалуға.

Міндеттерін бұзған студенттерге тәртіптік шаралар қолданылады.

Студенттерге кепілдік беріледі:

келісімшарт негізінде оқу жағдайында гранттар алуға:

Page 23: 2016-2017 - КГУ им.А.Байтурсынова ...ksu.edu.kz/files/folder_2/sprav-put/spravochnik-putevoditel_stud... · және алғашқы кәсіби іргетасты

23

* ректор гранты «МӘРТЕБЕ»,

білім алудың барлық кезеңдеріне

100% жеңілдік, «Алтын белгі» оқу

үздігі төс белгісі бар түсушілерге

университет жатақханасында тегін

тұруға.

* білім алудың 1 жыл кезеңіне

100 % жеңілдіктегі ректордың

«МЕРЕЙ» білім беру гранты спорт,

ғылым және мәдениет аясындағы

республикалық және халықаралық

деңгейдегі жарыстардан,

фестивальдардан немесе конкурстардан жетістіктері бар университетке түсуші

тұлғаларға қарастырылған.

спорт, ғылым, мәдени саласында белгілі нәтижеге жеткен, Торғай

аймағынан университеттің күндізгі оқу нысанында оқитын білім алушылар,

академик Кенжеғали Сағадиевтін толық оқу кезеңіне – 100% төлем ақы гранты

беріледі.

білім алудың барлық кезеңдеріне 100% жеңілдіктегі А.Байтұрсынов

атындағы ҚМУ-нің ректорының гранты 90 баллдан кемемес (қазақ және орыс тіл

пәндерінің баллдары есепке алынбайды) ҰБТ сертификаты бойынша

университетке төлем ақылы негізінде түсуші тұлғаларға қарастырылған.

білім алу төлем ақысы бойынша жеңілдіктер:

* білім алу бағасының 50 % көлеміндегі «КАМКОР» жеңілдігі, жатақханада

тегін тұру – ата-анасының екеуі де жоқ абитуриенттерге беріледі (балалар

үйлері мен интернаттардың тәрбиеленушілеріне).

* білім алу бағасының 25%, 50%, 100 % көлеміндегі «ТАБЫС» жеңілдігі

спорт, ғылым, мәдени саласында белгілі нәтижеге жеткен жетістіктері бар

абитуриенттерге бір оқу жыл кезеңінде жылсайын беріледі.

* білім алу бағасының 100 % көлеміндегі «ҮЗДІК GPA-4.0» жеңілдігі семестр

қорытындылары бойынша GPA (4.0) жоғары балын алған Университет білім

алушысына конкурс бойынша беріледі.

* білім алу бағасының 25% көлеміндегі «КӨМЕК» жеңілдігі 1 оқу жыл

кезеңіне бір отбасынан екі және оданда саны артық білім алушыларға беріледі.

Page 24: 2016-2017 - КГУ им.А.Байтурсынова ...ksu.edu.kz/files/folder_2/sprav-put/spravochnik-putevoditel_stud... · және алғашқы кәсіби іргетасты

24

6. Студенттік өзін-өзі басқару

Жастар істері бойынша комитет (ЖІК) –

қызметі студенттердің жеке бас

сапаларын дамытуға бағытталған

университет студенттерінің өзін-өзі

басқару органы.

Қазақстандық қарқынды даму

жағдайында болашақ маманның

белсенді өмір сүру позициясының

қалыптасуында студенттік өзін-өзі

басқаруды бағалау қиын. Сонымен бірге, студенттік өзін-өзі басқару жан-

жақты университет өміріне қатысты шешімдер қабылдауға студенттердің

қатысуымен түсіндіріледі. Университеттің білім беру жүйесінде әкімшіліктің

немесе профессорлық-оқытушылық құрамға көрінбейтін немесе кемшілік

болып қабылданбайтын кейбір кемшіліктерді анықтау студенттерге жеңіл

болады. Бұл – маңызды демократиялық бастаудың бірі болып табылады.

ЖІК құрамында келесі бағыттар бойынша бөлімдер пайда болды –

ұйымдастырушылық, ақпараттық, оқу-сараптамалық, инновациялық, жұмысқа

орналастыру, жатақхана кеңесі және Қазақстан халықтарының студенттік

ассамблеясы.

Студенттік өзін-өзі басқару органдары болып саналады:

ЖОО-ң көлемінде – жастар іс бойынша Комитеті;

факультетте - студенттік деканат,

жатаққанада – жатаққана кеңес.

Студенттік өзін-өзі басқару жұмысының негізінде «теңбе-тең» принципі

жатыр. Студенттік өзін-өзі басқару алған білімді жандандырады және оны

студенттік аудиториялар ортасына таратады. Бұл – ең сенімді бұқаралық

ақпарат жүйесі. Мәдени көңіл көтеру іс-шаралары неғұрлым көбірек

өткізіледі. Сондай-ақ, ғылыми шығармашылық және спорттық конкурстар,

әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу, корпоративтік менеджмент те

сыртта қалмайды. Жатақханадағы қоғамдық тәртіпке әкімшілік бақылау

жатақхананың студенттік кеңесімен жүзеге асырылады. Студенттік активтің

өкілдері аула сыпырушы, балташы, жинаушылардың жұмыстарын атқарады

және бұл университет әкімшілігі тарапынан мүмкін болып отыр.

Әр факультеттегі студенттік деканат және біртұтас ұйымдастыру

құрылымы әрекет еткенде студенттер бюрократтық қарым-қатынасқа

Page 25: 2016-2017 - КГУ им.А.Байтурсынова ...ksu.edu.kz/files/folder_2/sprav-put/spravochnik-putevoditel_stud... · және алғашқы кәсіби іргетасты

25

бармайды. Ректормен болатын кездесулер ресми емес, студенттік жобалар

бойынша шешімдер шығарылатын әкімшілікпен бірлесе мәселелер шешілетін

шын мәніндегі диалогтік алаң болып табылады. Мәселелерді осылай шешу

тәсілі өзінің тиімділігін көрсетті. Меңгерген дағдыларды пайдалана отырып

студенттер бірте-бірте жұмыс істеуге үйренеді, бұл оларды жалпы студенттер

бұқарасынан айқындайды.

Коммуникациялық икемділік, көпшілік алдында сөйлеу өнері,

мақсаттарды шешу үшін сындық және сараптау көзқарастарын

қалыптастыруды дамыту үшін университетте «Ахмет ұрпақтары» дебат клубы

жұмыс істейді.

7. Тәрбие жұмысы

Page 26: 2016-2017 - КГУ им.А.Байтурсынова ...ksu.edu.kz/files/folder_2/sprav-put/spravochnik-putevoditel_stud... · және алғашқы кәсіби іргетасты

26

Университетте 2010-2015 жылдарға бағыттылған, бәскелестікке дайын

еліміздің азаматы мен жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелейтің тәрбие

жұмысының Қонцепциясы қабылданаған. Бұл Концепцияда жастармен жұмыс

жасау үшін төрт бағыт белгіленген: рухани-моральдық тәрбие, патриоттық

тәрбие, салауатты өмір сүру тәрбиесі, бәсекелесттік қасиеттерді

қалыптастыру. Ол үшін үниверситетте арнайы орталықтар бар-«Тұлғаны

тәрбиелеу Орталығы» және «Діни зерттеу Орталығы».

Тәрбие секторының жұмысы ақпараттық насихаттау, мәдени саясаттану,

патриотты студенттің әлеуметтік негізін қалыптастыруға бағытталған. Бұл

қойылған міндеттерді іске асыруда ректорат және Жоғарғы студенттік кеңес,

Жасыл ел, студенттердін құрылыс отрядттары, Жас Отан атты қоғамдық

үйымдар мен университет оқытушылары ат салысады. Ақпараттық насихаттау

жұмысында үлкен рольді «Білім жарысы» атты студенттік газет атқарады.

А.Байтұрсынов атындағы университет студенттерінің қәсіп үйымының

міндеті- әлеуметтік жағдайы төмен және жетім студенттерді қолдау болып

табылады.

Университетте негізгі қағиданның бірі «Бәрі үшін спорт», бұнда әр білім

алушы өзінің жеке денсаулық мүмкүндігіне сай жеке даму бағыттын таңдап ,

айналысатын спорт түрін таңдайды (10 бағыттан ).

Университте 3 мұражай бар - университет тарихының мұражайы,

А.Байтұсынов мұражайы және археологиялық мұражай. Сонымен қатар,

университетте студенттердің тұлғалық қасиеттерін қалыптастыратын,

интерактивті теренинг пен волонтер дайындайтын практикалық психология

Орталығы және университеттің шығармашыл шеберханасы саналатын«Өнер»

студиясы жұмысын атқарады. Бұл студияда, студенттер тегін өз

мүмкіндіктері мен хореографиялық, вокалдық, инструменталды өнерін және

көркем оқу мен ақындықпен айналысады.

Page 27: 2016-2017 - КГУ им.А.Байтурсынова ...ksu.edu.kz/files/folder_2/sprav-put/spravochnik-putevoditel_stud... · және алғашқы кәсіби іргетасты

27

8. Ақпараттық білім беру орталығы

Университетте қазіргі заман талабымен жабдықталған және жобаланған 4 абонементті («Оқу әдебиеті», «Ғылыми әдебиет», «Мемлекеттік тілдегі әдебиет», «Университет ПОҚ басылымдары»), оқу залдарын, Интернет және дәріс залдарын, лингафон кабинетін, әдеби қонақжайды қамтитын ақпараттық-білім беру орталығы «Білім орталығы» жемісті жұмыс істейді. Бұнда жеке жұмыс жасауға арналған кабиналар да бар. Электронды кітап беру енгізілді. Оқу залдары ашық қолжетімділік жағдайында жұмыс істейді, қорды сақтау мақсатында өртке қарсы қақпа орнатылған. Оқырмандармен кітапханашы-консультанттар жұмыс істейді.

Орталықтың қызметі: профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттерге ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру, пайдаланушылардың ақпараттық мәдениетін көтеру, қазіргі технологиялар негізінде олардың жұмыс дағдыларын дамыту. Осы міндеттерді орындау үшін АБО «Білім орталығында» қазіргі заманғы компьютер, ұйымдастыру техникасы мен аппараттық бағдарлама құралдарымен жабдықталған барлық керекті тамаша материалдық-техникалық база және кәсіби сауатты ұжым бар. Жыл сайын кітапхана қоры 20 мың дана басылымдармен толығады, 320 атаулы газет пен журналға жазылу жүргізіледі.

Интернет залда жоғары жылдамдықтағы жеке желі бойынша Интернет

жүйесіне қолжетімділік бар. Назар аударыңыздар!!! Абонементтер мен интернет-зал жұмысының

тәртібі: күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін; оқу залдары: күн сайын 9.00-ден 19.00-ге дейін; сенбіде 9.00-ден 14.00-ге дейін; демалыс – жексенбі. Айдың соңғы жұмыс күні – санитарлық күн!!! Мекен-жайы: «Білім орталығы» АБО : Абай даңғылы, 28. Тел. 55-85-23, 53-78-75. Электронды мекенжай: [email protected]

Page 28: 2016-2017 - КГУ им.А.Байтурсынова ...ksu.edu.kz/files/folder_2/sprav-put/spravochnik-putevoditel_stud... · және алғашқы кәсіби іргетасты

28

9. Бастапқы дәрігерлік-санитарлық көмек орталығы Университетте бастапқы дәрігерлік-

санитарлық көмек орталығы жұмыс істейді. Орталық үш мекен-жай бойынша орналасқан:

- Бас ғимарат Байтұрсынов көшесі, 47, 101 каб., т. 51-11-63, жұмыс уақыты: күн сайын 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері – сенбі, жексенбі; фельдшер және медбике қабылдау жүргізеді, емдеу - егу кабинеттері бар.

Абай даңғылы, 28/3 (емдеу-сауықтыру орны, 55-85-81), жұмыс уақыты: күн сайын 8.00-ден 17.00-ке дейін; түскі үзіліс 12.00-ден 13.00-ге дейін; демалыс күндері – сенбі, жексенбі; терапевт, фельдшер және медбике қабылдау жүргізеді; емдеу - егу кабинеттері бар.

- Наурыз шағын ауданы, Ветеринария факультетінің ғимараты, Маяковский көшесі, 99/1, т. 55-85-75, жұмыс уақыты: күн сайын 8.00-ден 17.00-ге дейін, түскі үзіліс 12.00-ден 13.00-ге дейін, демалыс күндері – сенбі, жексенбі; фельдшер қабылдау жүргізеді, емдеу - егу кабинеттері бар.

Университет №1 емханамен шарт жасасқан, онда студенттер тегін тексеруден өтеді, анализдер тапсырып, дәрігер-мамандардан кеңес ала алады.

Студеттерге тегін қаралу үшін жылда бір рет флюрографиялық жылжымалы пункті жұмыс істейді.

Page 29: 2016-2017 - КГУ им.А.Байтурсынова ...ksu.edu.kz/files/folder_2/sprav-put/spravochnik-putevoditel_stud... · және алғашқы кәсіби іргетасты

29

10. Білім беру несиесі

Білім алудың барлық кезеңдерінде «жақсы» және «өте жақсы» бағаларының эквивалентіне сәйкес және ҰБТ/КТ қорытындылары бойынша 65 балдан кем емес баға алған, көп балалы (толық емес, аз қамтылған) отбасыларынан шыққан, жетім (ата-ананың қамқорлығынсыз қалған), мүгедек (ата-аналары мүгедек немесе зейнеткер студенттер) болып табылатын күндізгі бөлімнің студенттеріне Альянс Банк арқылы бір жылға 9%-дық жеңілдікпен білім беру несиесін рәсімдеуге болады.

Ақылы негізде оқитын студенттер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанынан құрылған «Финансовый центр» АҚ-ның кепілдемесі бойынша білім несиесін ала алады. Қазіргі уақытта білім несиелері осы бағдарламаға қатысатын екінші деңгейлі ірі банктерден беріледі.

Негізгі талаптары: - жеңілдік кезеңінің бар болуы + оқу мерзімі +

жұмысқа орналасуға 6 ай беріледі; - несиені мерзімінен бұрын өтеуге шектеулер

қойылмайды; - кепілдемелік қамтамасыз ету қажет емес; - ең төменгі пайыздық төлем. Қосымша ақпарат алу үшін «Финансовый центр»АҚ-на хабарласа аласыз.

Телефондары: 8(7172)91-19-44 (45,46,47) Е-mail: fincenter@ fincenter.kz Веб-сайт: www. fincenter. kz

Сондай-ақ, сізге «Финансовый центр» АҚ Қостанайдағы серіктес банктерінен немесе А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ экономика және қаржы бөлімінен т. 51-11-92 (бас маман - Каражанов Ақшал Ахметұлы) мәлімет алуға болады.

Page 30: 2016-2017 - КГУ им.А.Байтурсынова ...ksu.edu.kz/files/folder_2/sprav-put/spravochnik-putevoditel_stud... · және алғашқы кәсіби іргетасты

30

11. Кредиттік технология бойынша сырттай білім нысанының оқу үрдісін ұйымдастыру

Сырттай білім беру нысанының оқу үрдісін жоспарлауда қолданылатын

негізгі параметрлер келесілер:

Оқу жылында ұзақтығы әрқайсысы 4 аптадан тұратын ұзақтығы 2 апта

болатын, 1-курста 1 апта қосымша бекіту сессиясы жоспарланады. Оқу-

емтихандық сессия кезінде теориялық оқыту (алғашқы 3 апта) -

аудиториялық сабақтар (дәрістер, практикалық, семинарлық және зертханалық)

және аралық аттестация емтихандық сессия (соңғы апта). Емтихандар саны көп

болған жағдайда аралық аттестация соңғы аптаның екінші жартысында

басталуы мүмкін. Әр пән бойынша алдыңғы оқу-емтихандық сессия кезінде

(соңғы аптасында) 1 академиялық сағат көлемінде бекіту дәрісі өткізіледі.

Академиялық қарыздар мен жұмыс оқу жоспарларындағы пәндердің

айырмашылықтарын жою үшін күндізгі оқу нысанының студенттеріне арналған

талаптар бойынша жазғы семестр ұйымдастырылады. Жазғы семестрдің

ұзақтығы 2-6 апта, оның мерзімі мамандықтың академиялық күнтізбесімен

анықталады.

Жеке білім беру бағдарламасын жоспарлау типтік оқу жоспары және

элективті пәндер каталогіне сәйкес студентпен жүзеге асырылады. Көктемгі оқу-

емтихандық сессия кезінде факультеттің эдвайзердің көмегімен студент келесі

оқу жылына жеке оқу жоспарын құрастыруға негіз болатын пәндерге жазылу

формасын толтырады. ЖОЖ оқу жылының соңына дейін студент өзі реттейді.

Факультет деканымен бекітілген ЖОЖ оқу жылының соңына дейін, арнайы

журналға тіркеліп студентке берілуі керек.

Нарықтық сұраныс пен жобалаған қабылдау жоспары бойынша,

бірінші жылы оқитын студенттерге арнап дайындайтын кафедра білім

беру бағдарламалық құрастырады (саны 2-ден 4-ке дейін).

Кафедраның және қабылдау комиссиянын техникалық хатшысынан

бірге абитуриенттер білім алу бағдарламасын таңдайды, соған сәйкес оқу

ісі жөніндегі деканның орынбасары (эдвайзер) бірінші жылы оқитын

студенттерге жеке оқу жоспарын құрастырады, ал декан факультеті бекітеді.

Студенттердің жеке оқу жоспары бекіту сессиясында қолға беріледі.

Жеке оқу жоспарлары студенттерге бекіту сессиясы кезінде беріледі.

ОКТ жағдайында сырттай оқу нысанының студенттерінің білімдерін

бағалау сессия аралығы кезінде және бақылаудың ағымдық және қорытынды

Page 31: 2016-2017 - КГУ им.А.Байтурсынова ...ksu.edu.kz/files/folder_2/sprav-put/spravochnik-putevoditel_stud... · және алғашқы кәсіби іргетасты

31

түрлері бойынша оқу-емтихандық сессия кезінде балдармен бағалау арқылы

өткізіледі.

Әр пән бойынша кем дегенде бір семестрлік тапсырма орындау

жоспарланады. Семестрлік тапсырмалар алдыңғы сессияның бекіту

сабақтарында студентке беріледі. Сырттай оқитын студент орындалған

семестрлік тапсырмаларды факультет маманына тапсырады. Семестрлік

тапсырманы орындамаған жағдайда студент сәйкес пәннен емтиханға

жіберілмейді.

Студенттің ағымдық үлгерімін бағалау және жедел бақылау үшін, оқу

үрдісінің барысымен және сапасымен студенттердің семестр ішінде екі

аттестациясы өткізіледі. Білім алушының барлық жетістіктері 100-

баллдық шкала бойынша бағаланады.

Студенттердің бірінші ішкісеместрлік аттестациясы семестрлік

тапсырмаларды орындау және қорғау негізінде оқу-емтихандық сессияның

бірінші аптасында өткізіледі.

Студенттердің екінші ішкісеместрлік аттестациясы оқу сабақтарын

өткізу барысында ағымдық бақылау қорытындысы емтихандық сессия алдында

үш күннің ішінде өткізіледі.

Оқу-емтихандық сессияны өткізу барысы. Білім алушы мамандықтың

академиялық күнтізбесіне сәйкес оқу-емтихандық сессияға қатысуға міндетті.

Сабаққа келгенде студенттер өздерінің оқу-емтихандық сессияға

қатысуларын деканатта тіркелулері керек.

Студентте емтиханға келгенде «сессияға жіберілді» штампы бар

сынақ кітапшасы болуы қажет. Берілген пән бойынша жіберу рейтингісінің

оңды бағасын алмаған студент емтиханға жіберілмейді.

Әрбір оқу-емтихандық сессияның соңында (күзгі немесе көктемгі)

оқытушымен қойылған бағалардың толықтығы мен дұрыстығын тексеру

үшін, үлгерімнің (GPA) орташа балын қарау және өзінің келесі әрекетін

талқылау үшін сынақ кітапшасын деканатқа студент өзі ұсынуы қажет.

Академиялық қарызы бар болған жағдайда жазғы семестрге қатысуға

өтініш рәсімдеумен оны жазғы семестрде жою туралы сұрақ студентпен

талқыланады.

Көктемгі оқу-емтихандық сессия келесі курсқа көшіру сессиясы болып

табылады. Оның соңында студент оқу жылы үшін үлгерімнің (GPA) орташа

балын қойдыру, сондай-ақ оны келесі курсқа көшіруін анықтау және келесі оқу

жылына студенттің жеке жоспарын құрастыруды рәсімдеу үшін сынақ

кітапшасымен деканатқа келуі қажет.

Page 32: 2016-2017 - КГУ им.А.Байтурсынова ...ksu.edu.kz/files/folder_2/sprav-put/spravochnik-putevoditel_stud... · және алғашқы кәсіби іргетасты

32

Студенттің келесі курсқа көшуі мүмкін еместігі жағдайында үлгерімнің

(GPA) орташа балын көтеру үшін жазғы семестрге қатысуға өтініш жазады және

жазғы семестрдің соңында студент келесі курсқа көшудің мүмкіндігін, қайталап

оқыту жылына қалдыру немесе университеттен шығарылуын анықтау үшін тағы

да деканатқа келеді.

Келесі курсқа көшіруде немесе қайталап оқыту жылына қалдыру

жағдайында келесі оқу жылына студенттің жеке оқу жоспарын құрастырылып,

рәсімделеді.

Емтиханға немесе оқу-емтихандық сессияға келмеген студенттің өтінішін

қарастыру. Егер дәлелді себептер жағдайында (студенттің ауыруы, іс-

сапарға шығуы) емтиханға келмесе, сәйкес құжаттармен дәлелденгенде

(емханалық қағаз, келуі және кетуі пункттері белгіленген іс-сапарлық куәлік)

факультет деканының өкімімен тіркеу бөлімінің келісімімен оған емтихан

тапсыру үшін жеке мерзім белгіленеді. Дәлелді себепсіз емтиханға келмеу

«қанағаттанарлықсыз» бағаға теңестіріледі.

Дәлелді себеппен түгел немесе бөлшектеп оқу-емтихандық сессияға

қатыспаған студентке жіберілген күндердің көлеміне сәйкес факультет

деканының ұсынысы негізінде оқу-емтихандық сессия мерзімі университет

ректоры бұйрығымен ұзартылуы мүмкін.

Дәлелді себепсіз оқу-емтихандық сессияға келмеген студенттер сессия

аяқталғаннан кейін екі аптаның ішінде ішкі тәртіп Ережесін бұзғаны үшін

университеттен шығарылады немесе олардың өтініштері бойынша қайталап

оқыту курсына қалдырылуы мүмкін.

Page 33: 2016-2017 - КГУ им.А.Байтурсынова ...ksu.edu.kz/files/folder_2/sprav-put/spravochnik-putevoditel_stud... · және алғашқы кәсіби іргетасты

33

12. Қашықтықтан оқыту технологиясын қолданып сырттай оқу ұрдісін үйымдастыру

Қашықтықтан оқыту технологиясын қолданып сырттай оқу ұрдісін

жоспарлауда келесі қағидаларды бар:

Оқу жылында 2 оқу-емтихандық сессия жоспарланады әр қайсысы 2 апта,

ал 1 курста қосымша тағы 1 апта бекіту сессиясы бар.

Бекіту сессия кезінде, бірінші курс студенті эдвайзермен танысып бірінші

семестірде оқытылатын пәндер бойынша лекцияларға қатысады.

Осы уақытта «Қашықтықтан білім беру технологиясының негіздері» атты

пән бойынша лекция мен практикалық сабақтарға қатысып, студенттер

қашықтақта оқыту Moodle жүйесінің ережесін зерттейді және жүйеге кіру үшін

Логин, Пароль алады. Сол себептен, бірінші курс студенттері бекіту сессиясына

қатысуы МІНДЕТТІ!

Оқу-емтихандық сессия кезінде студент университетте болуы керек. Оқу-

емтихандық сессиясының бірінші аптасында, студент келесі семестірде

оқытылатын пәндердің бекіту лекцияларына қатысуы керек, ағымдағы

семестірдің курстық жұмыстарын қорғайды, ағымдағы семестірдің семестірлік

аттестациясын алады, сол бойынша студенттің емтиханға жіберілгені/

жіберілмегені анықталады.

Екінші аптада, ағымдағы семестірдің пәндері бойынша аралық

атестациясы өткізіледщі.

Сессияаралық кезеңде студент Moodle қашықтықтан оқыту жүйесі

бойынша жұмыс жасайды:

- өздік тұрғыда пәнді меңгереді;

- оқытушылардан on-line және off-lineкеңестерін алады;

- Moodle жүйесінің арнайы функционалы арқылы оқытушыларға тексеруге тест

жұмыстарын, бақылау және курстық жұмыстарды жібереді;

- жіберген тапсырмаға оқытушы қойған бағасымен танысады (баға Moodle

жүйесінде орындаған тапсырмалар файлы еңгізілгеннен кейін 10 жұмыс кун

ішінде қойылуы керек);

Ескерту! Оқу-емтихандық сессияға дейін студент толық берілген

тапсырмаларды, тест, бақылау, курстық жұмыстарды тапсыруға тиісті. Егер

студент орындаған бақылау тапсырмалары бойынша (соның ішінде курстық

жұмыс, тест) алған баллы орта арифметикалық- 50 балл болса ғана (максималды

балл – 100) емтиханға жіберіледі.

Page 34: 2016-2017 - КГУ им.А.Байтурсынова ...ksu.edu.kz/files/folder_2/sprav-put/spravochnik-putevoditel_stud... · және алғашқы кәсіби іргетасты

34

Егер пән бойынша курстық жұмыс жоспарланған болса, оның қорғауы оқу-

емтихапндық сессияның 1 аптасында университетте өткізіледі.

Оқу-емтихандық сессияның уақытын оқу ұрдісінің кестесінде көруге

болады, оны қашықтықтан оқыту Moodle жүйесінің www.ksu.edu.kz адресі

бойынша табуға болады (ссылка бойынша Оқыту →Қашықтықтан оқыту)

Оқу жоспарының пәндері бойынша академиялық қарызды және

айырмашылықты жою үшін жазғы семестір үйымдастырылады. Жазғы

семестірде пәндерді оқу үшін алдын ала жазылуы деканаттар мен эдвайзердін

ұсынысы бойынша тіркеу бөлімінде жүргізіледі. Студент көктемдік сессия

аяқталған сон жазғы семестірге қатысуы жайында арнайы формада тіркеу

бөліміне арыз жазуға тиісті.

Ескерту!!! Жазғы семестірде оқу ақылы. Жазғы семестірге шығарылатын

кредит көлемі 12 аспауы керек.

Жеке білім беру бағдарламасын жоспарлау типтік оқу жоспары және

элективті пәндер каталогіне сәйкес студентпен жүзеге асырылады. Көктемгі оқу-

емтихандық сессия кезінде факультеттің эдвайзердің көмегімен студент келесі

оқу жылына жеке оқу жоспарын құрастыруға негіз болатын пәндерге жазылу

формасын толтырады. ЖОЖ оқу жылының соңына дейін студент өзі реттейді.

Факультет деканымен бекітілген ЖОЖ оқу жылының соңына дейін, арнайы

журналға тіркеліп студентке берілуі керек.

Бірінші курс студенттеріне ЖОЖ эдвайзермен абитуриенттің қабылдау

комиссиясында таңдаған білім алу бағдарламасы негізінде жасалады.

Сырттай,қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқитын студенттердің

білімбағалары сессия аралықкезеңінде өткізіледі (ағымдағы және рубеждік

бақылау) жәнеоқу-емтихандық сессия кезінде (курстық жұмысты қорғау,

емтихандар). Бар бақылау тапсырмалары баллдық кундізгі оқу жүйесі бойынша

бағаланады.

Әр пән бойынша рубеждік бақылаудың екі тапсырмасынан кем

орындалуы жоспарлану керек(тест,бақылау жұмысы, т.б.). Тапсырмалар Moodle

жүйесінің қашықтық курстар беттерінде орналастырылған. Осы жерде пән

бойынша оқу-әдістемелік материалдар да бар.

Қашықтықтан оқыту курсы тәулік бойы қолжетімді және бекіту сессияның

бірінші күні ашылады (1 семестр үшін) немесе оқу-емтихандық сессиясының

бірінші күнінен бастап (2 – 6 семестр үшін) ашық. Студент орындаған

тапсырмаларын арнайы Moodle жүйесінің функционалы арқылы тапсырады.

Пән бойынша бар бақылау тапсырмаларды студент сессияның басына дейін

тапсыру керек, тапсыру мерзімі пәннің силлабусында 9 кестеде

Page 35: 2016-2017 - КГУ им.А.Байтурсынова ...ksu.edu.kz/files/folder_2/sprav-put/spravochnik-putevoditel_stud... · және алғашқы кәсіби іргетасты

35

(Тапсырмаларды орындау және тапсыру) белгіленген. Бар оқу жетістіктері 100-

баллдық жүйемен бағаланады.

Студенттің ағымдағы жетістігін оқу-емтихандық сессияның бірінші

аптасында семестр аралық аттестация өткізіледі. Семестр аралық аттестация

нәтижесі әр пәннің орындалған бақылау тапсырмалардың, тест, курстық

жұмыстын қорғау (егер оқу жоспары бойынша бар болса) нәтижесіне

байланысты болып келеді. Семестраралық аттестацияның нәтижесіне

байланысты студенттің емтиханға жіберілуі мен пәннің қорытынды байланысты

келеді. Оқу-емтихандық сессияны өткізу барысы. Білім алушы мамандықтың

академиялық күнтізбесіне сәйкес оқу-емтихандық сессияға қатысуға міндетті.

Сабаққа келгенде студенттер өздерінің оқу-емтихандық сессияға

қатысуларын деканатта тіркелулері керек.

Студентте емтиханға келгенде «сессияға жіберілді» штампы бар

сынақ кітапшасы болуы қажет. Берілген пән бойынша жіберу рейтингісінің

оңды бағасын алмаған студент емтиханға жіберілмейді.

Әрбір оқу-емтихандық сессияның соңында (күзгі немесе көктемгі)

оқытушымен қойылған бағалардың толықтығы мен дұрыстығын тексеру

үшін, үлгерімнің (GPA) орташа балын қарау және өзінің келесі әрекетін

талқылау үшін сынақ кітапшасын деканатқа студент өзі ұсынуы қажет.

Академиялық қарызы бар болған жағдайда жазғы семестрге қатысуға

өтініш рәсімдеумен оны жазғы семестрде жою туралы сұрақ студентпен

талқыланады.

Көктемгі оқу-емтихандық сессия келесі курсқа көшіру сессиясы болып

табылады. Оның соңында студент оқу жылы үшін үлгерімнің (GPA) орташа

балын қойдыру, сондай-ақ оны келесі курсқа көшіруін анықтау және келесі оқу

жылына студенттің жеке жоспарын құрастыруды рәсімдеу үшін сынақ

кітапшасымен деканатқа келуі қажет.

Студенттің келесі курсқа көшуі мүмкін еместігі жағдайында үлгерімнің

(GPA) орташа балын көтеру үшін жазғы семестрге қатысуға өтініш жазады және

жазғы семестрдің соңында студент келесі курсқа көшудің мүмкіндігін, қайталап

оқыту жылына қалдыру немесе университеттен шығарылуын анықтау үшін тағы

да деканатқа келеді.

Келесі курсқа көшіруде немесе қайталап оқыту жылына қалдыру

жағдайында келесі оқу жылына студенттің жеке оқу жоспарын құрастырылып,

рәсімделеді.

Емтиханға немесе оқу-емтихандық сессияға келмеген студенттің өтінішін

қарастыру. Егер дәлелді себептер жағдайында (студенттің ауыруы, іс-

Page 36: 2016-2017 - КГУ им.А.Байтурсынова ...ksu.edu.kz/files/folder_2/sprav-put/spravochnik-putevoditel_stud... · және алғашқы кәсіби іргетасты

36

сапарға шығуы) емтиханға келмесе, сәйкес құжаттармен дәлелденгенде

(емханалық қағаз, келуі және кетуі пункттері белгіленген іс-сапарлық куәлік)

факультет деканының өкімімен тіркеу бөлімінің келісімімен оған емтихан

тапсыру үшін жеке мерзім белгіленеді. Дәлелді себепсіз емтиханға келмеу

«қанағаттанарлықсыз» бағаға теңестіріледі.

Дәлелді себеппен түгел немесе бөлшектеп оқу-емтихандық сессияға

қатыспаған студентке жіберілген күндердің көлеміне сәйкес факультет

деканының ұсынысы негізінде оқу-емтихандық сессия мерзімі университет

ректоры бұйрығымен ұзартылуы мүмкін.

Дәлелді себепсіз оқу-емтихандық сессияға келмеген студенттер сессия

аяқталғаннан кейін екі аптаның ішінде ішкі тәртіп Ережесін бұзғаны үшін

университеттен шығарылады немесе олардың өтініштері бойынша қайталап

оқыту курсына қалдырылуы мүмкін.

Қашықтық технологияларды қолдана отырып оқу процесінің техникалық

қолдауы қашықтық оқыту Орталығымен жасалады. (тел.55-73-60, имя в Mail.Ru

Агенте [email protected]).

Қашықтық технологияларды қолдана отырып оқытуға студентте міндетті

түрде болуы керек:

- Windows XP или выше, пакет Microsoft Office 2007 или новее (MS Word,

MS Excel, MS PowerPoint), интернет браузер Mozilla Firefox или Google Chrome

және типтік бағдарлама камтамасыз ету компьютерде жұмыс істеу білу;

- мультимедиа проигрыватель;

- наушники, микрофон, web-камеру;

- интернетке шығу.

Page 37: 2016-2017 - КГУ им.А.Байтурсынова ...ksu.edu.kz/files/folder_2/sprav-put/spravochnik-putevoditel_stud... · және алғашқы кәсіби іргетасты

37

13. Студенттердің академиялық икемділігі

Академиялық икемділік – бұл өз оқу орнында немесе басқа оқу орнында

оқуды жалғастыруға игерген білім беру бағдарламаларды міндетті түрде кредит

ретінде қайта есептеулеп, белгіленген кезеңге: семестр немесе басқа ЖОО-на

бір оқу жылға (ел ішінде - ішкі академиялық икемділік немесе шетелдік -

сыртқы академиялық икемділік) білім алушылардың қозғалысы.

Білім алушылардың академиялық икемділігі ЖОО аралық

ынтымақтастық келісімдер аясында, айырбастау, стипендиялық

бағдарламалар, халықаралық бағдарламалар, меморандумдар студенттік

айырбас, стажировка өту (тілдік оның ішінде) және зерттеу тәжирибе, сондай-

ақ жазғы сесместрге қатысу мақсатында жүзеге асырылады.

Барлық туындайтын сұрақтармен Сізге академиялық икемділік

координаторымен байланысуға болады: факультете – оқу жұмыс жөніндегі

орынбасары; университет бойынша – тіркеу бөлімінің басшысы Исмаилова

Анара Сабырқызы (каб. 130, бас ғимараты, телефон 39-06-24).

Қорытынды

Студент, сен ЖОО мен мамандық таңдауда қателескен жоқсың. Сенің

болашақтағы шығармашылық қабілетің сапалы дайындығыңа, оқу үрдісіне

белсенді түрде қатысуыңа байланысты. Жақсы мамандар әрқашан жұмыс

табады. Оқуда, студенттік өмірде жетістіктер мен жарқын болашақ тілейміз!