7

Click here to load reader

2105

Embed Size (px)

DESCRIPTION

555555555555555555555555555555555555555555555555555555555мммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммм

Citation preview

Page 1: 2105

1

Көкшетау қалалық №7 «Айша –мектеп бақшасының

Тәрбиешісі Март Бахытжанқызы (мектепалды даярлық тобы)

«Алтын күз» Мақсаты:

Балалардың күз туралы түсініктерін молайтып, бұл жыл мезгілінің ерекшелігін көрсету. Олардың ой-өрістерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, көңіл-күйлерін көтеру.

Балалардың күз мерекесіне деген қызығушылықтарын арттырып табмғатты аялауға, әсемдікті көре білу және оны сезінуге

тәрбиелеу. Кейіпкерлер: Жүргізуші, күз ханшайымы, қоян, аю, жемістер мен көкөністер, шал, кемпір, қыз, ит, мысық, тышқан.

(Музыка әуенімен балалар залдың екі жағынан кіреді, жарты шеңбер болып тұрады)

Жүргізуші:

Сары жібек көйлегін желбіретіп, Жапырақтарын ағаштың селбіретіп,

Тойға бөлеп елімді күзім келді Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.

-Құрметті қонақтар, ата-аналар, балалар міне күз мезгілі де ортамызға оралды, бүгінгі ойын-сауық кешімізге қош келдіңіздер! Көңіл-күйлеріңіз жақсыма? Оны шапалақпен

білдіріп қояйық!!!

Олжас:

Бұлттар төніп, жерге шөгіп,

Дымқыл тұман басады, Өңі тайып,

Дала нұры қашады,

Айтыңдаршы балалар

Бұл қай кезде болады? Балалардың жауабы: -Күз мезгілінде!

Ән: «Күз келгенде»(Балалар орындарына отырады)

Page 2: 2105

2

Жүргізуші:-Балалар күз мезгілі қандай тамаша, қандай береген! Сендерге күз мезгілі ұнайды ма? Ендеше күз туралы өлең оқып

беріңдерші! (Сабина,Мансур,Диана,Маша,Айдана,Саша) Тақпақтар:

Сабина Қарашы күз келді, күз келді Сары алтын жауыпты іздерді,

Құс біткен керуен тізеді Көңілсіз еткен күз енеді.

Мансур

Еңбек қызып қырларда,

Бидай толды қырманға

Алтын таулар секілді

Сап-сары боп тұрғанда Диана

Мен шиемін, шиемін, Күннің көзін сүйемін, Қышқыл шырын менде бар

Төмен басты иемін. Маша

Мен құлпынай, құлпынай Дәмім тәтті құлпынай, Бәрі мені сүйеді

Бал татимын шіркін-ай! Айдана

Ой балалар, балалар,

Қоңырқай күз болыпты,

Қурап жапырақ солыпты, Ел егінін орыпты,

Саша

Жарып шыққан қауызын, Дән- өмірлік азығың

Жегеніңде ақ нанды, Нәрге толы ауызың Айналайын диқаннан

Егін егіп, нан жиған Сары алтындай сары күз,

Жарқыраған жомарт күз

Жүргізуші: - Күзгі, күзгі әуен, Күзгі әуен не деген,

Тамашалап келіңіздер, Әсем биін көріңіздер!

Би: «Күзгі вальс»

(музыка әуені ойналып ортаға Аю келеді) Жүргізуші:-Балалар, бізге кім келді?! Қараңдаршы.

Балалар:-Бұл Аю! Аю:-Сәлеметсіңдер ме балалар!? Мен қайда келдім өзі? Мұнда не болып жатыр?

Page 3: 2105

3

Балалар:- Алтын күз кеші! Аю: -Алақай, күз дегенің тамаша емеспе! Мен орманда Маша

қызды іздеп жүріп осы кештің үстіне тап болдым ,ал сендер ойын ойнағанды ұнатасыңдарма?

Балалар:-Иа, тіпті жақсы көреміз! Аю:-Менде жақсы көремін,жаңа орманнан көп жемістер жинап алдым, қане ойнайықшы!

Ойын: «Ненің дәмі» Жүргізуші:-Қандай тамаша ойын, рахмет саған Аю! Ал біздің

балалар да саған күз туралы тақпақтарын дайындаған! Тақпақтар: (Алия,Леша,Алдияр,Елжан,Аян)

Алия

Жатыр дала жалтылдап, Жаз шуағын мол құйды Күн астында алтын дән

Тербеледі, толқиды, Толықсыған тасқындай

Көкжиекпен ұштасып Күн астында ақ бидай, Билейді қол ұстасып.

Леша

Мен жаңғақпын, жаңғақпын

Жеміс толы иінім, Жұмсақ жасыл түйінім, Бірте, бірте қатайып

Өзгерер сыртқы киімім.

Алдияр

Мен қиярмын, қиярмын Дәмім тілді үйірген Мен тұздалған күйімде.

Жаңа піскен кезімде жейді бәрі сүйсіне.

Елжан

Пісетін кезім дәл күзде, Мезгілсіз мені сен үзбе.

Ауызыңнан кетпес бал дәмім Менің атым – шабдалы.

Аян:

Жайдары күз жарқын күз Аяулы күз алтын күз,

Дәнге толып кең далам Дариядай шалқыған.

Аю: -Рахмет балалар, маған өте ұнады! сендер жалғастыра беріңдер, сау болыңдар балалар! Мен Маша қызды тауып алайын!

(Музыка әуені ойналып, ортаға алмасын қуып Маша қыз келеді) Маша қыз:(көңілденіп қатты дауыспен) Алақай, алақай

алмамды ұстап алдым!!! Ой мұнда не болып жатыр?Мен қайдамын?! Жүргізуші:-Сәлеметсіңбе, Маша қыз! Біз балалармен «Алтын

күз»кешін тойлап жатырмыз! Бізге қош келдің!

Page 4: 2105

4

Маша қыз:-Тамаша, менің де сендермен көңіл көтеруіме болама?

Балалар:-Иа болады! Маша қыз:(себеттегі алмаларын көрсетіп) -Балалар мен көп

алма жинадым, міне өзі сондай тәтті,қып-қызыл! Мен олармен қысқа тосап жасаймын! Ал сендердің аналарың үйде тосап жасайма?

Балалар: -Иа жасайды! Маша қыз:-Ал алма туралы сендер не білесіңдер?

Жүргізуші:-Біздің балалар әдемі ән біледі! Ән: «Мен алманы жақсы көремін»

Маша қыз: -Тамаша балалар, маған әндерің өте қатты ұнады!

Сондықтан мына себеттегі алмаларымды сендерге сыйға тартамын! (жүргізушіге береді). Жүргізуші:-Рахмет саған Маша қыз! Балалар, бұл алмалардан

топқа барған соң дәм татасыңдар. Маша қыз:-Менің көңіл-күйім сондай керемет! Мен қонақтарға

жұмбақ жасырғым келіп тұр! Жұмбақ-ойын:

1. Қалпағы бар дөңгелек,

Сары гнүлмен қоршаған. Қарай-қарай күнге ерек,

Мойны талып шаршаған (Күнбағыс)

2.Жазда жайнайды,

Күзде жайрайды (жапырақ)

3.Көкпеңбек еді көктемде

Қызарды күз жеткенде? (Алма)

4.Жер астында басы бар, Жер үстінде шашы бар.

(Сәбіз)

Маша қыз: -Сендердің аналарың да сендер сияқты ақылды екен, менің барлық жұмбақтарымды шешті! Енді менің үйіме қайтатын уақыт жетті, сау болыңдар балалар!

(Залдың ішінде әдемі күзгі әуен естіліп, ортаға күзгі байлықтарын ерте келген күз Ханшайымы кіреді)

Ханшайым:

Алтын, алтын сары алтын, Жарқыраған күз болам!

Сары жібек жамылған,

Жомарт мезгіл мен болам, Қойным толы дәмді нан,

Тәттім де бар әр түрлі,

Page 5: 2105

5

Жемістерім тағы бар Жеп тауыса алмайсың!

Бәрін тауып беремін Молшылыққа сенемін!

Ханшайым: -Сәлеметсіңдерме балалар! Сәлеметсіздерме қонақтар!

Балалар: Сәлеметсізбе күз Ханшайымы! Ханшайым:-Балалар көңіл-күйлерің қалай?Міне мен де сендердің араларыңы келіп жеттім, мен құр қол келмей өзіммен

бірге байлықтарымды ала келдім! Қане менің байлықтарым өнерлеріңді көрсетіңдерші!

Қарбыз : Амиран

Сыртым қатты, ішім тәтті Мен домалақ қарбызбын

Шар секілді сәнім де Үйіремін, тартамын

Бал шекердей дәмім де

Тәбетімді ашамын. Алма: Амина

Пісіп тұрған алмамын, Тамсандырар бал дәмім,

Жерге сілкіп түсірме,

Ісіп кетер маңдайым.

Жапырақ:Алима

Алтын,алтын,сары алтын Мен жапырақ боламын,

Күз келгенде би билеп Шыр айналып ұшамын.

Бұршақ:Нұрали

Мен бұршақпын,бұршақпын,

Түймедеймін кішкене Ұнаймын мен бәріне

Дәмді тағамдарыммен

Сый жасаймын бәріне.

Мақта-Лейла

Мақтамын мен мақтамын, Жұмсақ, жұмсақ мақтаның

Арасында мен өстім, Мақта теру бұл жақта

Әліппесі еңбектің. Жүргізуші: -Тамаша, күз байлығы деп осыны айт! Келіңіздер қонақ болыңыздар, төрге шығыңыздар!

Жүргізуші: Балалар, қоңырқай күз де

келіпті, Ел егінін орыпты, Қурап жапырақ солыпты,

Жеміс біткен көкөніс

Бау-бақшада толыпты,

Еңбекқор біздің атамыз, Көктемде шалқан егіпті, Күз жеткенде ол шалқан,

Үлкен болып өсіпті.........

Page 6: 2105

6

Ертегі: «Шалқан» (Кейіпкер) Шалқан-Олжас

Шал-Әбілмансур Кемпір-Айдана

Қызы-Сабина

Ит-Мансур

Мысық- Лейла Тышқан-Нұрәли

Хормен:-«Еңбек етсең ерінбей. Тояды қарның тіленбей»,- Жүргізуші: Иә балалар дұрыс айтасындар ерінбей еңбек етуіміз

керек,атамыз да шалқанын өсіріп мол өнім алды, сондықтан да «Жомарт күз» дейміз. Балалар қараңдаршы біздің ортамызда

басқа да көкөніс пен жемістер бар, қане оларды ортаға шақырайық!

Темірлан-қызанақ

Мен қызанақ, қызанақ, Піскен кезде қызарам, Көз тартамын түсіммен

Томат шырын берем мен Бар адамды сүйсіндірем!

Әбілмансур -сәбіз

Мен сәбізбін, сәбізбін, Тәтті менің шырыным

Мені жеген адамдар, Бойлары ұзын қараңдар!

Жер астында басым бар, Жер үстінде шашым бар!

Мақсат-пияз

Мен пиязбын,пиязбын Боламын мен дәмдеуіш,

Барлық,барлық тағамға Көкөністер ішінен Мен пайдалы адамға.

Алихан-бидай

Нан анасы –бидаймын

Елге астық сыйлаймын Дәмім толып піскенде

Қауызыма сыймаймын.

Page 7: 2105

7

Дана-алмұрт

Мен алмұртпын,алмұртпын

Аузындамын бар жұрттын, Дәмім менің тамаша Қараңдаршы оңаша.

Жүргізуші: -Өте жақсы, күз осындай берекелі де мерекелі де бола берсін! Күз ханшайымы:-Балалар, ал мен сендерге өзімнің қызықты ойынымды ала келдім, қане

ойнайық! Ойын: «Картоп жинау» Жүргізуші:-Ал енді, күз Ханшайымына арнап дайындаған көңілді биімізді тамашалайық!

Би: «Күнбағыстар» Күз Ханшайымы: -Керемет, керемет балалар мен сендерге бүгін өте риза болдым!

Сендер сондай өнерлісіңдер! Ал қазір менімен бірге қосылып менің әуенді әнімді айтасыңдарма?! Балалар:Иа айтамыз!

Ән: «Алтын күз» Хормен: «Күз өте тамаша!»

Ханшайым: -Балалар маған бәрі де ұнады, билерің де, әндерің де тамаша болды, менің қоштасатын кезім келді, келесі кездескенше сау болыңыздар! Жүргізуші:- Құрметті ата-аналар, қонақтар күз сіздерге де осындай берекелі де мерекелі

болсын,денсаулықтарыңыз мықты боп, жұмыста табыс, еңбекте жеміс тілейміз! Осымен біздің ойын-сауық кешіміз аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға көптен-көп рахмет!