20
WWW.ASTANA-AKSHAMY.KZ Ě 26-27 (3084) ÇīÍÁ 7 ÎÁÔÑÜÈ 20 4 ÇÜÌ SHAMY.KZ 4) 0 4 ÇÜÌ ÑæòðôâìéëáìüĬ ĬïĨáíåüĬ - òáĀòé äáèæó 0 çüìĨü 3 Ĭáèáîîáî âáòóáð ùüĨáåü ѼÇ×IJ¼Ì¼Ç×IJ ĵÅÁÇÀÁÌ ÆĴɳ ǧȗȋȇʾșȢ ȇȔȇȒȇȗ ʽˆȗȓȌșșʷ ȇȖȇ ʾȇȗȢȔȋȇȘșȇȗ ɹʼʞʛʜʧʛʼ ʤʖʪʧʲʞ o ʡʡʩʜʣʤʼ ʖʢʖʯʲ ʣʜʧʜʡʜʨʼʣʜʤ ʯʲʤ ʝʧʜʡʩʜʤ ʩʩʲʩʖʠʣʲʤ ʠʜʢʖʤʖ o ʣʼʧʛʼ ʞʼ ʗʖʲʩ ʦʜʤ ʗʜʧʜʡʜʤʼ ʡʞʼ ʤʞʼʡʩʼʡ ʦʜʤ ʡʧʡʜʣʛʼʡʩʼ ʨʤʼ ʣʜʠʼʧʼʣʛʼʢʼʡ ʦʜʤ ʦʖʧʖʨʖʩʩʲ ʣʤʼ ɭʢʼʣʼʞʛʼ ʜʨʜʨʼʤʼ ʩʼʡ ʜʢʥʧʛʖʣʲʞʛʲ ʖʝʖʧʲʤʲ ʖʨʖ ʗʥʢʪʲʤʛʖ ʠʜʢʖʤʖʢʖʧʲʣʲʞʛʲ ʜʨʜʢʼ ʜʗʜʙʼ ʣʜʤ ʢʜʨʼʤʼ ʥʧʤʲ ʖʯʖʤʛʖ ʞʥʧ ɶʨʲʤʖʪ ʣʜʧʜʠʢʼ ʣʜʧʜʡʜ ʤʜʙʜʢʼ ʣʼʧʢʜʧʼʼʞ ʗʜʤ ʗʟʼʡ ʡʼʢʛʜʧʼʼʞʙʜ ʯʲʧʖʠʢʲ ʯʲʢʖʨʲ ʣʜʤ ʯʪʖʩʲ ʯʖʦʖʖʩʲʤ ʯʖʯʖ ʗʜʧʙʜʠ ɬʜʤʛʜʧʼʼʞʙʜ ʨʖʪʢʲ ʗʥʨʖʖʢʖʧʲʲʞʖ ʗʖ ʦʜʤ ʗʜʧʜʡʜ ʯʖʲʧʖʩʖʧʲʲʞʖ ʯʖʩʩʲ ʩʼʢʜʠʣʼʤ â¡Ú Û¦£ â¡¢ £¡± â¡Ú Û¦£ â¡¢ £¡± 8S' - 820 (85 - 24 585 - 04 ĭ³£« Ĥ£¤©L ª£¬¢© 7 (772) 70 32 2 70 32 3 H-PDLO LQIR#DVWDQD-DNVKDP\.N] ɧʧʨʕʣʕ ʕʡʕʧʱʣʱ ʠʻʢʻ ɯʢʕʣʕʡʞ ɹɧɸɳɧɧɳɨɬɹɵɩ ȒȖȓȓȈȎ

26 - 27 (3084) 2014-03-07

  • Upload
    -

  • View
    240

  • Download
    14

Embed Size (px)

DESCRIPTION

АСТАНА АҚШАМЫ №26-27 (3084) 7 наурыз 2014

Citation preview

WWW.ASTANA-AKSHAMY.KZ

26-27 (3084)

7 20 4

SHAMY.KZ

4)

0 4

- 0 3

S - 82 0 - 24 - 04 7 (7 72) 70 32 2 70 32 3 - - .

40-50

2www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected] www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Астана қаласында күн сайын шамамен осынша сәби жарық дүниеге келеді.

«Қазақстан» спорт сарайы. КХЛ чемпио-натының плей-офф ойындары. Бірінші матч. «Барыс» – «Автомоби-лист» (Екате-ринбург).Басталуы: 17.00-де.

Қарттар үйінде Халықаралық әйелдер күніне арналған мере-келік шара ұйым -дастырылды. Қала әкімдігі атынан осы мекеменің күтіміндегі әйел-дерге сыйлықтар берілді.

Бейбітшілік және келісім сарайында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиналыс және концерт өтеді.Басталуы: 17.00-де.

А с та н а қ а л ас ы ә к і м д і г і н і ң ұйымдастыруымен өткен шараға Қаржы министрі, топ жетекшісі Б.Сұлтанов, Өңірлік даму министр-лігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы В.Галиев, Денсаулық сақтау министрлігі әкім-шілік департаментінің директоры Ә.Жұмағалиев және республикалық ақпараттық-насихат тобының басқа да мүшелері мен жергілікті атқарушы орган басшылары қатысты.

Жиынды Астана қаласы әкімінің орынбасары Аида Балаева жүргізді.

Алдымен сөз алған Қаржы ми нистрі «Қа зақстан-2050» стратегиясы күн-нен күнге, жылдан жылға елімізді, қазақстандықтардың өмірін жақсарта түсетін нақты практикалық істер бағдар ламасы болып табылады. Бірақ қазіргі нарықтық жағдайда еңбектену керектігін әркім-ақ түсінуі тиіс» дей келе, Үкімет биыл экономика өсімін 6-7 пайыз деңгейінде қамтамасыз ететінін, бұл орайда, үстіміздегі жылдың қорытындысы бойынша халықтың жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім 14,5 мың доллардан кем болмайтынын айтты.

– 2050-ге дейінгі жылдар жеті бесжылдыққа бөлінеді, олардың әрқайсысы ортақ мақсат – дамыған отыз елдің қатарына кіруге ар-налып отыр, – деді Б.Сұлтанов. –

Ортақ шаңырағымыздың ұлт тық идеясы – Мәңгілік ел. Бұл – тәуел-сіздігіміз, қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім, еліміздің ұлттық қауіпсіздігі. Осы құндылықтардың арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, жетістік-терімізді еселедік.

Қазақстанның әлемдегі ең дамыған отыз елдің қатарына кіру тұжы рым-дамасындағы басымдықтар тура-лы айта отырып, министр инно ва-циялық индустрияландыру трендін қалыптастырудың маңыздылығын, сонымен бірге шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту қажеттігін атап өтті. «Жаһандық рейтингке сәйкес, Қазақстан бизнесті жүр гізуге ең қолайлы жағдайы бар елдер тобы-

на кіреді және біз бұл үрдісті өріс-тете түсуге тиіспіз» деген Б.Сұл-танов шағын және орта бизнес жаңа инновациялық кәсіпорындар төңіре-гінде дамуы керектігін алға тартты.

Ал, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруа шылық істері комитетінің төрағасы Владис-лав Галиев «Қол жетімді баспа-на-2020» бағдарламасы шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Кездесуден кейін азаматтардың жеке қабылдауы ұйым дастырылып, құзыретті орган басшылары тұр-ғындар көкейінде жүрген түрлі сауалдарға жауап берді.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Қаладағы еңбек ұжымдары мен білім беру мекемелерінің өкілдері алдында сөз алған Сарыарқа ауданының әкімі Ермағамбет Бөлекбаев әуелі қыз-келіншектерді мерекесімен құттықтап, мұндай кездесудің маңызды екенін айтты.

–Президент қазақстандықтарға алдағы оншақты жылға арналған стратегиялық бағытты айқындап берді. Тәуелсіздік алғалы бері еліміз қашанда алға сенімді қадам тастап, ілгерілеп келеді. Соның нәтижесінде жоғары көрсеткіштерге, толайым табыстарға қол жеткіздік, – деді ол.

Сондай-ақ жиналғандардың алдында Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеттің төрағасы Абзал Естаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаментінің директоры Гүлнәр Орынтаева, Ауыл шаруашылығы министрлігі Қайта өндеу және аграрлық азық-түлік нарығы департаментінің директоры Шаймерден Ахметов сөз сөйлеп, Елбасының «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауындағы негізгі қағидаттарға жан-жақты тоқталды.

Бетт

і дай

ынд

аған

: Ғал

ым

ҚО

ЖАБ

ЕКО

В. Д

ерек

көз

дері

: ww

w.a

stan

a.kz

, ww

w.in

form

.kz,

ww

w.ba

q.kz

3

– Қыз-келіншектер мен аналар мерекесінің қарсаңында бас қосуымыздың бір себебі – жаңа жобаларымызбен таныстыру, мүгедектер мәселесіне қатысты сұрақтарды өз орта-мызда талқылау. Бұл істің оң басуына ғана емес, әрқайсымыздың көңі лімізде үміт оятып, жігерлендіре түседі. Кең жерде кездесіп, тағдырлас адамдармен араласып, мына дүниеде жалғыз емес екендігімізге көз жеткізу арқылы бір-біріміздің жігерімізді жанимыз. Оның біздей жандарға көп септігі бар, – дейді «ДОС» тәуелсіз өмір» орталығының төрайымы Дина Ердилдинова.

Бастаңғының басты қонақтарының бірі – Аста-на қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Айтуған Омаров: «Шынын айту керек, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ортасында болған сайын, олардың рухының биіктігіне тәнті боламын. Қол-аяғы аман, дені-қары сау болса да тегіс жерде сүрінетін талай азаматтарымызға үлгі болып, өмірге деген көзқарасын өзгертуге нақ осы жандар себепкер деуге болады. Кәсіпкерлер мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жағдайымен жақсы таныс. Олардың бизнеске талпынысын түсіністікпен қабылдайды. Қолдарынан шыққан туындылары мен қызмет түрлерін нарыққа шығарып, тұтынушысын табуға көмектесуді мойнымызға алып отырмыз. Осы ретте, бірігіп жасайтын жұмыстарымыз өз нәтижесін береді деп ойлаймын» деп, өз ойымен бөлісті.

Басқосуда белгілі болғандай, тек есту-сөйлеу жағынан кемістігі бар мүгедектердің қаланың құрылыс алаңдарында еңбек етуге деген ықыласы жаңа жобалардың ашылуына түрткі болуда. Астаналық танымал құрылыс компанияларымен келісімге келе отырып, тапшы кәсіпке үйретіп, тұрақты жұмысқа орналастыруды қалалық Кәсіп-керлер палатасы жүзеге асырмақ екен.

Ал, республикалық нейрохирургия орта-лығының дәрігері Жомарт Қамаров: «Әлемдік тәжірибеде мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жеңілдету үшін нейростимулятор қондырғысы қолданылады. Құны үш миллиондық құрылғылар омыртқа жұлыны зақымданғандардың ағза-сындағы кейбір ауытқушылықтарды жояды. Оны науқастарға тегін орнатып, жүйелі түрде медициналық бақылауда ұстаймыз. Мұндай жан-дарды біздің орталықта емдеу, оңалту мәселелері де оң шешімін тауып келе жатыр» дейді.

Ойды ой қозғайды. Расында, мүмкіндігі шек-теулі жандардың арасында өмірге есесі кетіп, ашынған жан жоқтың қасы. Маңдайына жазғанға үнсіз көніп, әрекетсіз мойынсұну да бұларға жат екен. Ала таңды көзімен атырып, сырқаты жанына батқанын да айтып жатпайды. Мұндай жандар барлық ілтипат пен қамқорлыққа лайық.

Айгүл УАЙСОВА

Ақ дастарқан басында Астана қаласы Жұмыспен қамт у және әлеуметтік бағдарламалар бас-қармасының басшысы Алма Ал-тыбаева сөз алып: «Біз сіздерді мереке қарсаңында жинап, шексіз алғысымызды білдіргіміз келді. Дендеріңізге саул ық , жанұя-ларыңызға амандық тілейміз. Сіздердей ата-аналарға күллі қазақ риза. Өйткені, Ауған соғысына қатысып, қан майданның ортасын

көрген ержүрек балаларды тәр-биелеп шығардыңыздар. Олар ел алдындағы әскери борышын орын-дау барысында қаза болды. Кейін ерліктері ескерусіз қалмай, бәрі де «Қызыл жұлдыз» орденімен мара-патталды» деді.

Ақ жаулықты аналар да ақ батасын арнап, ел басындағы азаматтардың ісіне ақ жол тіледі.

Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

Жарысқа денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет салаларының қызмет-керлерінен құралған 16 команда қатысып, №17 мектеп-гимназиясының ұжымы ойынның жеңімпазы атанды. Екінші орынды республикалық балаларды оңалту орта лығының ұжымы жеңіп алса, Назарбаев зияткерлік мектебінің ұстаз-дары үшінші орынды иеленді.

Жеңімпаздар дипломдармен, арнайы кубокпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Әйел қауымын көктемнің алғашқы мере-кесі – Халықаралық әйелдер күнімен құт-тықтаған аудан әкімі: «Сіздерді көктемнің алғашқы күндеріне сәйкес келетін тамаша мерекелеріңізбен құттықтаймын. Елбасының Жарлығымен осы әдемі мейрам қарсаңында көп бала тәрбиелеп өсірген аналарға алтын және күміс алқа тапсыратын дәстүр бар. Бү-гінде олардың қатары көбейіп келе жатқаны қуантады» деп атап өтті.

Қазіргі таңда Астанада көп балалы аналардың саны 7700 болса, соның 4235-і Алматы ауданын-да тұрады екен. Биыл алты ана «Алтын алқа» еншілесе, 20-сы «Күміс алқалы» болып отыр. Марапатталғандардың ішінен 7 бала тәрбиелеп өсірген Күндей Нүркенова әжей сөз сөйлеп, алғысын білдірді. Іс-шара соңында көпбалалы аналарға бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Қымбат НҰРҒАЛИ

4www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected] www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Онда ел Президентінің «Қазақстан-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарға көңіл аудару және басқа да әлеуметтік мәселелер талқыланды. Сонымен қатар комиссияның 2013 жылғы жұмыс қорытындысы мен 2014 жылғы жұмыс жоспары бекітілді.

Жиында А.Балаева: «Құрылыс компания-ларында әлі күнге дейін кәсіподақ ұйымы деген атымен жоқ. Сонымен қатар, адам құқы-ғын бұзушылық бизнес құрылымдарында да кез деседі. Осыған байланысты Кәсіпкерлер

палатасы мен Жұмысшылар одағын мәселені бірлесіп шешуге шақырамын» деді.

Үшжақты комиссия отырысында, сондай-ақ,негізгі азық-түлік өнімдеріне бағаның жасанды өсуін болдырмау және ҚР Еңбек кодексінің нормалары мен ережелерін орындау барысы мәселелері талқыланды.

Тұрғындардың әртүрлі әлеуметтік мәселе-лерін жедел шешу жолында Астана қалалық әкімдігі комиссия отырысын жиі өткізіп тұруға даяр. Әлеуметтік маңызы бар мәселелер комиссияның 2014 жылғы жұмыс жоспарында да қаралады.

Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

«ҚазМұнайГаз» басшысы жақында өткен компанияның алқа отырысында еліміз жанар-жағармай тапшылығына ұрынуы мүмкіндігін айтқан. Әрине, бұл жағдай туындайтын болса, бензин мен дизель отынының қымбаттауына әкеліп соғады. Осы жөнінде қойған сұрағымызға «Бізде сәуір айына дейін жететін бензиннің, мамыр айына де-йінгі дизель отынының қоры бар» деп жауап берді Сауат Мұхаметбайұлы.

Былтыр «Қарталы – Астана» сол-түстік газ құбырының құрылысы бас-талуы тиіс болатын. Бірақ, бұл жұмыс басталмай жатып тоқтап қалған. Сауат Мыңбаевтың айтуынша, құбырдың жобалық-сметалық құжаттамасы қазірде дайын. Құрылыс жұмыстарының бағыты Үкіметте талқыланып жатқан көрінеді.

Аймақтарды газбен қамту бағдар ла-масы туралы «Түркістан, Қызылорда қалаларының тұрғындарына, Алма-тының маңындағы Талғар халқына газ жеткеру секілді көптеген жобалар бар» деген компания басшысы бұл жұмыстар өз ретімен жүргізіліп келе жатқандығын жеткізді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы-на сәйкес, «ҚазМұнайГаз» компаниясы жұмысшыларының жалақысы 1 сәуірден бастап 10 пайызға көтерілетінін айтты.

Аманғали ШМИТҰЛЫ

Олардың сөздерінен білгеніміздей, «ЭКС-ПО» қалашығының жалпы аумағы 175 гектар болады. Соның 25 гектары көрменің өзіне берілсе, қалғанында әлемде теңдесі жоқ ғима-раттар бой көтереді. Тұрғын үйлердің, сауда мен қызмет көрсету орындарының құрылысы ең жаңа технологиялар бойынша жүргізіледі. Құрылыс жұмыстарына пайдаланатын матери-алдар да халықаралық стандарттарға сай.

Нұрлан Қаппаровтың айтуынша, қалашықты салуға 10 мыңнан 20 мыңға дейін адам тартылса, олардың 70 пайызы отандық құрылысшылар болмақ. Тек, сфера секілді негізгі ғимарат құрылысын шетелдік мамандар атқаратын болады. «Оның себебі – сфера өте күрделі құрылыс. Қазақстандық бірде-бір компания ондай құрылысты жүргізе алмайды» деді бұл жөнінде Қоршаған орта және су ресурстары министрі.

Елорда тұрғындары Астана болашақта «ақылды қалаға» айналатынынан хабардар. Соған сәйкес, көрме қалашығында ақылды

Астана қалалық ардагерлер кеңесі Сіздерді келе жатқан 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды.

Сіздердің Отанымыздың өркендеп өсуіне, бала тәрбиелеуде, оларды мейірімділікке, отансүйгіштікке баулуда, еліміздің бірлігі мен тұрақ-тылығын нығайтуда қосқан үлес-теріңіз өте зор.

Сіздерге зор денсаулық , ашық аспан, жанұяларыңызға тыныштық тілейміз.

Амангелді СЫЗДЫҚОВ Астана қалалық ардагерлер

кеңесінің төрағасы

электр желісі, күл-қоқыс өңдеу технология-лары жұмыс істейтін болады. Тарқатып айтсақ, «Жасыл энергияға» негізделген қалашық күн мен желден қуат алып, Астананың электр желісіне тәуелді болмай-ақ, өзін-өзі жарықпен қамтамасыз етеді. Жарық үшін төлем де минимальді болмақ. Қалашық сонымен бірге жел қатты соғатын күндері өзінен артылған энергияны Астанаға беруге қауқарлы бола-ды. Әрине, тымық және бұлыңғыр ауа райы тұрғанда электр жарығы қалашыққа қаладан берілмек.

Күл-қоқыс өңдеу технологиясына келсек, қоқыс өңдеу зауыты мен әр ғимарат арасына вакуумдық жүйе салынады. Ол ғимараттардағы күл-қоқыс зауытқа түсіп, өңделеді. Зауытта ешқандай жағымсыз иіс болмайды. Онда со-нымен қатар, су да тазартылады. Ал, тазартылған су ғимараттарға қайтып келеді.

Нұрлан Қаппаровтың сөзінен тағы бір білгеніміз, қалашық аумағынан күніне 100-120 мың адам өтетіндіктен, мұнда нысандарын салатын кәсіпкерлер көл-көсір пайдаға кенел-мек. Қалашықта салынатын, ТМД елдерінде

баламасы болмайтын сауда орталығының тұтынушылары мол болатынына сенімді.

Қоршаған орта және су ресурстары ми-нистрінің айтуынша, отандық сәулетшілер канадалық компаниямен бірлесіп, қалашықты абаттандыру жұмыстарымен айналысады. Атап айтсақ, олар ұзындығы 2 шақырым болатын саябақ салады.

Қорыта айтқанда, «ЭКСПО» қалашығынан баспана бұйыратын елорда тұрғындары қай жағынан алып қарасаңыздар да бас қаланың ең жайлы ауданында тұратын болады. «Әлемде ЭКСПО көрмесінің екі түрі бар. Оның бірі – әмбебаптық, екіншісі – мамандандырылған. Екеуінің ерекшелігі, әмбебаптық көрме ны-сандарын негізінен көрмеге қатысушы елдер салады. Көрме өткеннен кейін бұл нысандар керек болмай қалып, қаңырап тұрады немесе бұзылып кетеді. Ал, тақырыптықта ол жоқ. Яғни, оның нысандарын көрмені өткізуші ел салып, олар мызғымай тұрады. Бақытымызға қарай, біз осындай көрмені өткізу құрметіне ие болдық» деді Нұрлан Қаппаров.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

а л а м ы з с т у д е н т -тер аймағына ай-налғандықтан, көп-

шілік «Встреча» деп атап кет кен ауданда жүрміз. Мұнда гүл дер үйі бар.

Көркем безендірілген де-коративті көрінісімен көз ар-байтын ғимаратқа бас сұқпай өту мүмкін емес. Бізді бірінші қабатта күлімсірей қарсы алған Бұлбұл есімді гүл ма-маны бірден раушандардың құ пиясымен таныстыра кетуді жөн көрді. Себебі, мерекенің басты нышаны – раушан. Ал-дымен алқызыл раушандардың тарихымен таныстырды.

Біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ мыңжылдықта ежелгі Қы-тайда, Янцзы және Хуан хе арал дарынан табылған рау-шан дардың негізгі отаны – Ежелгі Үндістан мен Орта Азия. «Гүл ханшайымы» ата-лып кеткен раушандардың мекені – Ежелгі Парсы елі деген де деректер бар. Не гізі-

нен, «роза» атауының шығу төркіні парсының «wrodon» сөзінен бастау алып, ежелгі грек тілінде «rbodon» деп өзгеріске түсіп, латын ті-лінде «rosa» сөзіне айнал-ған. Парсы халқы розаны – «Ал ланың гүлі және оның құ діретті сыйы» деп қадір-лесе, христиандықтар «жұмақ гүлі» деп әспеттейді. Осы деректердің барлығы гүлдің отаны Еуропа емес, Орта Азия екенін толықтай растайды.

Раушандар мұнда 20º гра-дус температурадағы тоңа-зытқышта сақталады.

Гүлдердің атауы, шығу та-рихы, табиғаты, тіпті мінез-құлқына дейін бөлек болады дейді маманымыз.

Нағыз махаббат символы-на айналған қызыл раушан-дардың өзі іштей үш топқа жіктелетінін айтты. Яғни, қою қызыл раушандар – «фо-рева янг», ақшыл қызыл – «фридом», қауызы қызыл

реңктеніп тұратындарды « а ф р и к а » д е п а т а й д ы . Кір шіксіз адал достықтың бел гі сіндей санамызда сақ-тал ған аппақ раушандарды «мондиал», «венделла» деп топ тас тырады мамандар. Отбасылық махаббаттың, нә зік тіктің белгісін таны-татын күлгін раушандар – «блаж», «свитнес», «энгейджмент», «пинк-флойд», «топаз» деп ата-лады. Бейтаныс адамдарға іс кер лік мақ сатта жұмыс ба бымен сый ланатыны – қыз ғылт сары рау шандар. Олар дың «star2000» деген түрі елімізге Гол лан дия дан жұмасына бір рет тап сы рыс-пен жеткізіледі. Сәт тілік гүлі саналатын сары рау шан дар да – «хаммер», «хотме-ренгуей», «хай оранж мед-жик» деп бөлінеді.

Екінші қабатта кішігірім жылыжайлары бар. Үй гүл-дерін өсіріп баптайтын ма-

ман дардың айтуынша, ме-реке күндері «гибускус», «чайная роза», «азалия» (альпийская роза) сынды ыдыстағы раушандар жоғары сұранысқа ие. Егер, оларды жылы үй температурасында, күніне бір рет суарып баптаса, жылдың жеті айы гүлдеп, бес жылға дейін өседі.

Мереке қарсаңында 80%-ға қымбаттайтын гүлдердің аталмыш дүкендегі бағасы көңілге қонымды. Яғни, әр гүлдің бағасы оның ұзын-дығына байланысты. Ең ар-заны – 60 см раушандар 600 теңгеден басталып, бір жарым метрлік, кісі бойымен ша-малас, қыздардың арманына айналған ұзын раушандар 1500 теңге тұрады екен. Ал, егер гүлдер үйінің тұрақты тұтынушысы болсаңыз және осы уақытқа дейін 20 000 мың теңге мөлшерінде сауда жа-сап үлгерсеңіз, сізге міндетті түрде жеңілдіктер жасалады.

5

6www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected] www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Әңгімені әлқиссасынан бастасақ, өткен ғасырдың алпысыншы жылда-рында қызыл империяның Қазақстанда жүргізген отарлау саясаты бәрімізге аян. Сағымды даламызға одақтың түкпір-түкпірінен лек-легімен ағылған орыс ұлтының өкілдері оқитын мектеп, балабақшалардың жаппай орыста-нуы ұлттың ертеңін бұлыңғырлатып тастаған. Сондай заманның талабы әсер етсе керек, тұңғышы Гүлжанды да ата-анасы сол тілдегі білім ошағында оқытты.

Мектеп қабырғасын аттағанда да Бейбітова сыныптағы өзге ұлт балаларының ішінде жалғыз қазақ қызы болатын. Сонда балаң жүректі көп нәрсе мазалайтын еді. Жоғары сыныпта өзі оқып жүрген «Қазақстан тарихы» оқулығының тым жұтаңдығы оны сол кезде-ақ Мұхтар Әуезовтің, І л и я с Е с е н б е р л и н н і ң , С ә б и т Мұқановтың тарихи романдарын парақтауға жетеледі. Осыдан кейін ғана қазақ халқының тарихы тереңде жатқанын бағамдап, жүздеген ұлт-азаттық көтерілістерін салмақтаған.

Ұлттың болашағы бұлыңғыр тартып, туған тіліміздің тұнығы шайқалып, ұлттың санасына қара бұлт үйірілген кезде жоғары оқу орнының студенті атанған Гүлжанды туған халқының ертеңі, болашағы қатты алаңдататын-ды.

Бұрыннан-ақ бойында ұшқындап жүретін қанындағы намыс осы сәт қарс айрылып, жігерін тасытқан. «Қазақты

сүй, халқыңның мүддесіне қызмет ет» деген әкесі Ғазиздың тағылымы қай кезде де санасында жаңғырып тұратын.

Сол әкесі емес пе, отбасындағы жеті баласына қазақша хат жаздырып, өздерінің қазақ болып туғандарын мақтануға үйреткен. Өзі партия қызметкері болса да ұл-қыздарының қаны қазақ болып қалғанын қалапты. «Әкемнің айналасына көп шапағаты тиген екен. Сол кезде Бестөбе кенішіндегі шахтерлардың ахуалы қиын-тын, көпшілігі өкпе ауруымен ауырады, яғни, еңбекке ерте жа-рамсыз болып қалған. Әкем сондай жандардың отбасыларын лауазымын пайдаланып, баспанамен қамтамасыз етіпті. Әкемнің жақсылығын көрген замандас тары әлі күнге маған алғысын айтудан шаршамайды. Менің де халыққа пайдам тисе, жаным ашы-са, сол әкемнен дарыған қасиет деп білем» деп ағынан жарылды ол.

. . .Хош, институтта бірде-бір пән қазақ тілінде оқытылмайтын еді. Соның салдарынан шалғай ауылдардағы қазақ мектептерін үздік бітірген студенттердің оқу үлгерімі на-шарлап кетті. Оларға бірыңғай орысша және латынша оқу бағдарламасын иге-ру қиынға соққан не қосымша көмек шаралары жасалмаған. Тіпті, орыс тілін жетік білмейтін қазақ балаларын оқудан шығару науқаны басталады.

Бұл саясаттың салқыны Гүлжанның жанына қатты батқан-ды. Тіпті, кейбір оқытушыларының «Біз қазақтардың м ә д е н и е т і н к ө т е р у г е к е л д і к , оқытуға келдік» деп, қандастарын мұқататыны мұны ілгері итермеледі, білімге құштарлығын арттырды. Қалай болғанда да ұлтының биігінен көрінер, халқын алға сүйрер аза-

мат болып қалыптасуды ойлады. Ал, әлгіндей опасыздықтардан кейін «тұяқ серпімей» қалу мүмкін емес еді.

Гүлжан Ғазизқызы алдымен медици-на институтындағы қазақ жастарының басын біріктіріп, «Оян, қазақ!» атты ұйым құруды ойлады. Бұл шешімін алғаш рет жатақханада тұратын құрбысы Сәлима Қасымоваға айтқан. Батыл бастама жолында іске бел шеше кіріскен олар оқу орны басшылығына қазақ мектептерін бітіріп келген сту-денттер үшін жалпы білім беретін пәндерді қазақ тілінде оқыту жөнінде талап қойып хат жолдады. Іле-шала қазақ жастарын ұлттық құндылықтарды қорғауға шақырып, үндеу тастады. Қос арудың өз қолдарымен жазған үндеуінде «Қазір қазақ халқын толық орыстандыру саясаты жүруде... Барлық жерде қазақ тілінің қолданыс аясын қасақана тарылтып, бірте-бірте ұлттық тілімізді мүлде жойып жіберу науқаны белең алған. Ұлттық дәстүріміз бен мәдениетіміз өгейсіп барады... Бізге ұлттық болмысымыздың болашағы үшін, туған тілімізді сақтап қалу үшін күресетін кез келді. Конституциялық құқығымызға сәйкес талап етеміз: қазақ тілі мен мәдениетіне, ұлттың дәстүрі мен діліне қысым көрсету тоқтатылсын!..» дегенге саятын жол-дар бар еді.

Целиноград мемлекеттік медици-на институты қабырғасында «Оян, қазақ!» ұйымын құру жөніндегі бас-таманы ұлтшыл студенттер қызу қолдағанымен, оқу орнынан шығып қалу қаупінен қорқып, ұйымға мүше болудан бас тартқандар да аз емес еді.

Өйткені, ол кезде қимылдағанды қалт жібермей қадағалайтын КГБ-ның дәурені жүріп тұрған. Ал, Гүлжанның бойында қорқыныштан гөрі, ұмтылыс пен сенім басым. «Мәскеудегі қазақ жастары «Жас тұлпар» ұйымын құрғаны, осындай игі істер атқарыпты» деген жақсы жаңалық бізге де жеткен. Сондықтан болар, өзімнің жалғыз еместігімді, ұлттың қамын ойлайтын буынның өсіп келе жатқанын білдім және түбі осы бастамамыздың игілігін көретінімізге көзім анық жетті» дейді кейіпкеріміз.

1968 жылдың күзінде Гүлжанды КГБ шақырды. Иә, атынан ат үркетін КГБ... Бағына орай, Ақмолаға Алма-тыдан арнайы тапсырыспен келген жоғары шенді офицер қазақ екен, он сегіз жасар қызды онша қыспаққа алған жоқ. «КГБ деген менің ойымдағыдай қаһарлы емес екен. Мені терге-ген офицердің де қазаққа жаны ашитын сияқты. Бірнеше сағатқа созылған тергеуден қайта жігерленіп, қуаттанып шықтым. Оның үстіне, үкіметке қарсы ешқандай әрекет жасамағанымды, мемлекеттік саясат-ты мойындайтынымды айттым. «Тек Қазақ КСР-ның Конституциясына сәйкес қазақтың тілі, дәстүрі мен мәдениетінің құқығын қорғаймыз деп батыл да нақты жауап қаттым» дейді ол. Осыдан кейін оқу орнында ұлттық ерекшеліктерді кемсітудің алдын алу шаралары жасала бастаған-ды. Оқу үлгеріміне байланысты институттан шығару оқиғалары мүлде тоқтады. Бұл – «Оян, қазақтың» тұңғыш жеңісі еді.

О с ы а р а д а с ә л ш е г і н і с ж а -

7

сап айтар болсақ, өткен жылы ұлт тәуелсіздігінің 22 жылдығы қарсаңында Л. Гумилев атындағы Еу-разия ұлттық университетінде «Жас тұлпар: дәстүр сабақтастығы» деген тақырыпта халықаралық ғылыми конференция болып өткен-ді.

А л қ а л ы б а с қ о с у д а б і з д і ң кейіпкеріміз сол жылдары өздері ұйымдастырған «Оян, қазақ!» ұйымының «Жас тұлпарға» ұқсас болғанын, сол кездегі жоғары оқу орындарында студенттердің көрген қиындықтарын, институттағы кейбір өзге ұлт азаматтарының қазақ жаста-рына жасаған қысастықтарынан мы-салдар келтіріп, көзіне жас алған еді.

1972 жылы институтты абырой-мен тәмамдаған Гүлжан Ғазизқызы Ақмола облысының Шортанды ауданында және елордамызда күні

кешеге дейін денсаулық сақтау сала-сында мүлтіксіз қызмет етті. Қырық жылға созылған еңбек жолының отыз жылдан астам уақытын бүгінгі Астананың денсаулық саласын нығайтуға арнаған екен.

№2 емхананың кезекші дәрігерінен бас дәрігердің орынбасары қызметіне дейін жоғарылатылды. Мұнда да бас дәрігер Анна Стрельцова зейнет де-малысына шығатын болып, орнына Гүлжанды ұсынған. Алайда, қазақы болмысы, әлде әке тәрбиесінің әсері болар, түрлі сылтаумен бас тартады. Бірақ, 1978 жылдан 1989 жылға дейін Целиноград қалалық №2 емхана бас дәрігерінің емдеу жұмыстары жөніндегі орынбасары болды. Ол осы он жылдай уақытта өз жерінде

өгейсіген қандастары үшін күресті де. Өйткені, қаладағы қазақтардың

үлесінің аздығы болар жоғарғы басшылық тарапынан тек медици-на саласында ғана емес, басқа да кәсіп орындарда қазақ кадрларына деген көзқарас әлі де болса тиісті дәрежеге пісіп жетілмеген-ді. Тек тәуелсіздік алғаннан кейін ғана барлық емдеу мекемелерінде қаракөз қазақ дәрігерлеріне деген көзқарас өзгерген еді.

1989 жылы Гүлжан Бейбітованы басшылық жаңадан ашылуға тиіс №6 емхананың бас дәрігерлігіне тағайындады. Бірақ, Целино -град тарихында тұңғыш қазақ бас дәрігері болатын денсаулық сақтау мекемесінің соңғы шегесі

қағылып бітпеді. Сондықтан бо-лар, Гүлжан бастапқыда құрылысы с а ғ ы з д а й с о з ы л ғ а н е м х а н а н ы басқарудан бас тартты. Деген-мен, сол кездегі облыстық атқару комитеті төрағасының орынбаса-ры Зәуре Қадырова мен қалалық партия комитетінің екінші хатшы-сы Бекен Әлімжановтың, қалалық денсаулық сақтау басшысы Алтын Сүлейменованың ақыл қосқан сөздері оны райынан қайтарып, қайта жігерлендірді. «Гүлжан, басы-мыз ауырып, балтырымыз сыздаса, нағыз жаны ашитын қазақ дәрігерін таппаймыз. Айналайын, қолға тиген мүмкіндікті қалт жіберуге болмайды, өз ұлтың үшін осы істі аяғына жеткіз» деген еді олар. Осындай сөзден қуат

алған Г.Бейбітова күрмеуі мың тірлікке бел шеше кірісті. Емхананың қалған кірпішін өзі қалауға тура келді. Көптеген қиындықтар мен машақаттарға төзіп, етек-жеңін де жинады-ау...

Өз маңдай терімен тұрғызған мекеменің дәрігерлерін Гүлжан Ғазизқызы ұлты қазақ мамандардан жасақтады. Бас дәрігердің орынбасарла-рынан бастап, бөлімше меңгерушілерін, салалық дәрігерлер, орта буын мамандарға дейін қандастарынан іріктеді. Десе де олардың білімі мен білігіне аса қатты мән берген. Жанға бататыны, сол тұста бірде бір денсаулық сақтау мекемесінде ұлты қазақ бөлім меңгерушісі жоқ екен. «Сонда да айналамыздағы ұлты басқа әріптестерім сыртымнан №6 емхананы «националь-ная поликлиника» деп келемеждейтінін естігем» деген Гүлжан Бейбітова көп ұзамай тәуелсіздіктің ақ таңы атқанын, қазақтың айы оңынан туғанын өзіндік бір қуанышты сезіммен тебірене оты-рып жеткізді.

Иә, жеңіс жеңіске ұласып, азат ел атандық. Сондай теперішпен, машақатпен іргесін қалаған емханасында жиырма екі жыл

басшылық еткен Гүлжан Ғазизқызы құрметті зейнет демалысына шықса да, қоғамдық жұмыстардан қол үзген жоқ. Жоғарғы санатты дәрігер, үшінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың депутаты. Марапат пен мадақтаудан кенде емес, «Құрмет» ордені мен бес бірдей медалді кеудесіне тақты. « Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы денсаулық сақтау саласының үздігі» деген төсбелгісі және бар. Қазақстан элитасының «Денсаулық сақтау» алтын кітабына есімі бірнеше рет жазылған. Ғұмырлық қосағы, қазақ журналистикасының ардагері Бәдуан Имашұлы екеуі тәрбиелеген үш ұлдан бірнеше немере сүйіп отырған шырайлы шаңырақ иелері.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Àðóæàí

Әлемдік сәулет өнерінің інжу-маржандарын көркі мен келбетінде айшықтаған бүгінгі Астанамен бірге өсіп, бірге есейіп келе жатқан жеткіншек – отбасындағы тұңғыш перзент. Түтіні түзу шыққан шаңырақта тәрбиеленгендіктен болар, ол өзінен кейінгі іні-сіңлісіне қамқор, ата-анасына қолқанат, бау-ырмал бала болумен бірге айналасындағы жақсы жандардың сөзін көкірегіне түйіп өсіп келеді.

Әкесі Айдос Әбдікерімұлы босағасына құт тұрақтап, төрінен қонақ, дастарқанынан береке арылмаған Қалибаевтар әулетінің кенжесі. Қазіргі кезде ол Республикалық «Ұланда» офицер болса, зайыбы Раушан Қанағатова – үш баланың анасы.

– Осыдан он үш жыл бұрын тұңғышымыз дүниеге келгенде қала әкімдігінен, азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінен жа-уапты азаматтар келіп, небір жылы лебіздер айтып, сыйлықтар тапсырғаны, қуанышымызға ортақтасқандары есімізде. Екінің бірінің маңдайына бұйыра бермейтін ерекше тағдыр сыйына қызымыз құрметпен қараса екен деп, оның үлгілі, тәртіпті, әдепті, білімді болып өсуіне қолымыздан келгенше тер төгіп келеміз. Ата-әжелерінің, әкесі екеуіміздің үмітімізді ақтайды деген ниеттеміз, – деді Аружанның анасы Раушан Еділқызы.

Ол өзі көп сөйлемейді. Бәзбір балалар құсап мақтануды да білмейді. Ұстаздарының, ата-анасының айтқанын бұлжытпай орындайды. Тиянақты, қолы қалт етсе кітап оқиды, би үйірмесіне қатысады екен.

Арманы асқақ. Өскенде еліміздің еңсесін, халқымыздың рухын көтеретін игі істер атқарып, Астананың қазіргі заман талабына сәйкестендірілген қалаға айналуы үшін қызмет етер білікті маман болып шығуды ойлайды. Еуропаның сәні мен шығыстың нәзік нақыштары қатар өрілген, өркениеттің сәтті қабысуы нәтижесінде ажарланып, абаттана түскен Астана-мен бірге өсіп, есейіп келе жатқанына қуанады. Келешекте адамдарды түрлі қауіп-қатерлерден құтқарып, қайырымды істер жасасам деп армандайды. Ал, жиырма бірінші ғасыр білімділер мен білгірлердің, ақылдылардың заманы бола-тынына, Елбасының жүрегінде жалыны бар жастарға деген қамқорлығы арқасында алыстағы армандарының ақиқатқа айналатынына сенеді.

«Жаңа мыңжылдық – жастардың, жаңа ақпараттық технологиялардың ғасыры. Сондықтан да біз заман көшінен қалыс қалмауға тырысуымыз керек» дейді Аружан Әбдікерімова.

Алла сәтін салса, мыңжылдықтар тоғысында туған қаршадай қыз әлі талай биіктерді бағындырады. Тек, тіл-көзден аман боп, қанаты талмай, қияларға өрлей берсінші!

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Әлемдік сәулет өнерінің і

8www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected] www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Шынар – «Болашақ» бағ дар ламасымен Ұлы -бри та нияда білім алған

ал ғаш қы тү лек тердің бірі. «30 жасқа дейінгі өмірімді тек білім алуға, із-де нуге, біліктілігімді жетілдіруге, маман ды ғымды шыңдауға жұмса-дым» дейді өзі. Әрине, елімізде «Болашақ пен» оқып келген жастар жерде қал май тыны белгілі. Шынар да жоғары лауа зым дарда жұмыс істеді. Бірақ басты мақсаты мансап қуу емес еді. Ол өз алдына кәсіп ашып, ұзақ жыл бойы жинақтаған білімін ел кәдесіне жаратуды ойлады. «Шетел-де оқып жүрген кезімде мүгедек жан-дарды жиі ұшыратынмын. Мұндай кем бағал жандар елімізде жоқтай көрінетін. Сөйтсем, албырттықпен аңғар мап пын, біздегі мүгедектердің жағ дайы тіптен мүшкіл екен ғой» дейді Шынар.

Біреуге қарайласуды өзінің адам-дық парызы санайтын Шынарды мүгедек жандардың денсаулығы бейжай қал дыр мады. Әсіресе, туа бітті ауруға шал дық қан балалардың болашағына алаң даған ол сәбилерге қалай да көмек те судің жолдарын іздес тірді. Кембағал балаларға бері-летін әлеу мет тік көмектер денсау-лы ғына демеу бола алмайтынын түйсінген Шынар ұзақ ізденудің арқасында сал ауруына шалдыққан жеткіншектерді құлан таза ауруы-нан айықтыруға болатынына көз

отырады. Ал осы бала бақ ша ашылғалы ата-аналар еш алаңсыз жұмысқа ба-ратын болған. Себебі, балалары ешкімнен кем емес, балабақшаға ба-рып қана қоймай, логопед, психолог, ЛФК-дәрігері сынды мамандардың жіті бақылауында екендігін олар да біледі.

Әзірге «Аруана» 1-7 жас ара лы ғын-дағы балдырғандарды қабылдауға ғана мүмкіндігі бар. Енді Шынар Мәлік 7 жа-стан 18 жасқа дейінгі жеткіншектерді оқытатын оңалту орталығын ашуды ойластырып жүр. Оған себеп болған балалардың өздері екен. Былтыр «Аруана» қабырғасынан түлеп ұшқан балалар мектеп табалдырығын ат-тапты. Онда оқушылар «Аруанада»

ақыл-есі түзу, жүрегі жұмсақ бо-лып келеді. Орталық ашылған бес жылдың ішінде байқағанымыз, сал сырқатына шалдыққан балалардың денсаулығы әжептәуір оңалып, ортаға бейімделгенін байқадық. Ең бастысы, дені сау балалармен қатар ойнап, өздерін олармен тең көрген балалар ешқашан өздерін кем-қор санамайды. Бұл олардың психологиясына да оң әсер етті. Ал дені сау балалар оларға қамқорлық көрсету арқылы мейі рім-ді ліктің не екенін сезінді. Оқытудың мұндай әдісі қандай балаға да тиімді екеніне көз жеткіздік» дейді Шынар Мәлікқызы.

Мұндай жобаға «Аруананың» ата-аналары да риза көрінеді. Расы мен, сал ауруына шалдыққан балалары бар отбасылардың анасы көбіне үйінде

жүргендегідей жылылықты сезіне алмаған. Инклюзивті сыныпқа барып, сау балалардан оқшауланып қалған олар жүректері жараланып, бар базы-насын Шынар апайларына жеткізсе керек.

Енді Шынардың мақсаты – бала -лар дың тілегін орындап, олар ды тең құрбыларымен қатар тәрбие -лейтін орталық ашу. Егер сауық-тыру ем-шаралары дұрыс жасалып, психологиялық-моральдық тұрғыдан қолдау көп болса, сал дертіне шал-дық қан балалалар 16 жасына қарай құлан таза жазылып кетуі мүмкін екен. Шынар Мәлікқызы да бұған нық сеніммен болашақ орта лық тың ірге та-сын қалауға кірісіп кеткен жайы бар.

Қымбат НҰРҒАЛИ

жеткізеді. «Әлемдегі, соның ішін де еліміздегі кейбір ауқатты отба сы лар дың мүгедек болып туған балалары Венгрияның Пете институтында білім алады. Бұл оқу ордасының м а м а н д а р ы с а л а у р у ы н а шалдыққан жандардың 70 пай-ызын сауықтырып шыға рады. Солардың әдіс-тәсілдерін елімізге әкелу арқы лы мен, тым бол маса, сал ауруына шалдыққан бала ларды емдеп шығару ды өзіме мақ сат етіп қойдым», дейді Шынар. Ол мұратына жету үшін аз тер төккен жоқ. Венгрияға талай мәрте барып, тіпті, екі жыл сонда тұрып келді. «Қытайдың мамандары мидың қатып қалған тамырларын жібітіп, адамның қол-аяғына жан бітіреді» дегенді естіп, аспан асты еліне де сапар шекті. Тіпті, осы үшін өзі жақсы білетін ағылшын, неміс тілдеріне қоса, қытай тілін де меңгеріп алды. Талай елдің тәжірибесін зерт-теп, мәселенің мән-жайына әбден қанық қан нан кейін Шынар осыдан бес жыл бұрын «Дені сау балалар мен

ешқайсысы Шынарды жасыта алған жоқ.

Бүгінде «Аруана» емдеу-диаг-нос тикалық орталығында 150 бала тәрбиеленуде.

Шынар Мәлік ашқан орталықтың ерекшелігі сол, мұнда сау балалармен бірге сал ауруына шалдыққандар да тәр биеленеді. Бірақ көп емес, отыз сау бала оқитын бір топта бар бол-ғаны бір-екі ғана мүгедек бала бар. Оқытудың осы тәсілі енгізілген бес жылдың ішінде кәсіпкер бірқатар нәтижеге жеткенін, балалардың бой-ын да адамгершілік қасиеттердің ұш-қы нын көбірек байқағанын айтады. «Жалпы, сал ауруына шалдыққан балалар жүріп-тұра алмаса да, олардың

денсаулығында ақауы бар балаларды бірік тіру және оқытудың инклю-

зивті әдісі» атты қанат қақты жобасын «Бизнес тің жол кар-

тасы- 2020» бағдарламасына ұсынады. Әрине, балаларды

тәрбиелейтін әрі емдеп шығаратын орталықты ашу оңай болған жоқ. Табанынан таусылып, талай мекеменің есігін тоздырды. Ол ол ма, емдеу-диагностикалық орта лы ғын ашқаннан

кейін «Балаларымыз қалай мүгедек балалармен қатар балабақшаға барады?» деп шала бүлінгендер де табылды. Алайда, бұл қиындықтардың

9

Саян Кәрімтайқызы бірнеше жыл-дан бері Республикалық балаларды оңалту орталығы мен қалалық түзеу мекемесінде бала тілін баптап, қос жұмысты да қатар атқарып жүрген жан.

– Логопедия – салыстырмалы түрде алғанда жаңадан дамып келе жатқан ғылым саласы. Бұрындары бала тілін дәрігерлер түзесе, бүгінде бұл міндетті логопед-педагогтар атқаратын болды. Сәбидің сөйлеу жүйесіндегі кемістікті түзеп, тіл ұстартуда кешенді әдістерді қол данамыз. Логопедиялық уқалау, криоуқалау (мұз бен емдік шөптер-дің ыстық тұнбасы), түрлі құрыл ғы-лармен уқалау, Су Джок терапия сы – инновациялық техно логия ларға жатады. Емдік физкультура және лого ритмика, физиотерапия емдеу әдісін толықтыра түседі, – дейді Саян Кәрімтайқызы. Бала тілін баптаудың дәстүрлі түрлері бар. Тілдің, қос ұрт-тың, еріннің қимылдарын дамытып, дұрыс тыныс алуға үйретіп, қажет болса, баланы тіл ұшымен үрлеуге де жаттықтыру қажет. Нәрестенің алақанын сипап, саусақтарын жазып, бүгіп, саусағының ұшын уқалау арқылы баланың сөйлеу қабілетінің дұрыс қалыптасуына әсер етуге болады.

Медицинада орталық жүйке жүйе-сінің сезімталдығын арттыратын ре-цепторлар анықталған. Ал, қол сау-сақтарының дамуы балалардың ойлау қабілеті және тілінің дамуымен тығыз байланыста екен. Артику ляциялық аппарат, тыныс алу аппараты және қол

моторикасы дұрыс дамығанда баланың сөйлеу қабілеті өз дәрежесінде қа-лып тасатыны дәлелденді. Бұны біздің аналарымыз бен әжелеріміз жақсы білген деп айтуға болады. «Қуыр, қуыр, қуырмаш» деп бас талып, сәбидің ала-қанын, білезігін, қолтығына дейін сипа-лап, ақыры «тығылып қалған күлкіні» тауып алып, баланы күлдіретін тақпақты айтудың маңыздылығын білген. Ал, ауыз әдебиетімізде осындай санамақ, жырлардың қаншама үлгісі бар. Алайда, оны айтып жүрген ана бар ма?!

Сол себепті де Саянның ем-домы кеңес беруімен ғана шектелмей, өз сабақтарына баланың анасын мін-детті түрде қатыстырады. Өйт кені, орталықта ем алған санаулы са ғаттың ішінде баланың тілі шығып, бірден сай-рап кетеді деу артық болар. Науқаспен жүйелі түрде жұмыс істеп, арнайы жаттығуларды күнделікті қай талаған сәтте ғана оң нәтижеге қол жеткізеді. Ол туралы «Сөйлеу тілінде ауыр бұ зы-лыстар бар балаларды оңалтуда инно-вациялық техно логиялардың қолдану», «Дизартрияны түзету жол дары» деген кітаптарында талдап жазыпты. Айта кету керек, бұл зерттеулер – логопедия саласында ана тілі мізде жарық көрген алғашқы кәсіби ба сылымдардың бірі.

Саян Кәрімтайқызы – ерекше тағдырлы жан. Дүние есігін ашқан та-лай шақалақтың кіндігін кескен акушер анасы ұзақ жылдар бойына бір сәбиге зар болыпты. Еңірегенде етегі жасқа толған жас келіншек бір күні атақты әулиенің басына барады. Содан тілегі қабыл болып, алдымен Саянды, содан кейін екі ұлын туғанда шырақшының «үш перзентің болады» деген сөзін жиі еске алатын. Саян жасынан анасының қолқанатына айналып, ізінен ерген інілерінің қамқоршысы болды. Ол кезде анасы шприцтерді қайнату үшін үйге алып келеді. Бетінен қақпайтын анасы қызының инені жастыққа тығып, «дәрі егіп» ойнайтынын қызық көретін. Отбасында тағы бір дәрігер өсіп келе жатыр деп ойлаушы еді. Алайда, Саян

үшінші сыныпқа көшкен жылы балет мектебінің өкілдері келіп, жасөспірім қыздың биге қабілетін аңғарып оқуға қабылдайды. Кім біледі, тал шыбықтай иілген талдырмаш қыз биші болар ма еді. Бірақ, өнер мектебінің бесінші сыныбында жүрген кезінде жарақат алған Саянға «билеуге болмайды» деген кесім шығарады. Содан кейін Саян бес жыл бойы балет мектебінде сүйреткен пуанттарын тастап, туған қаласы Балқашқа оралады. Ал, оныншы сыныпты бітіріп бойжетіп, мамандық таңдауға келгенде көп ойланған жоқ. Абай атындағы педагогикалық инс-титутқа оқуға түсіп, логопед-педагог болып шығады. Арада сырғып сту-дентік жылдар да өте шығады. Ұстаз-дары Саянның ғылыммен айна лыс-қанын қалап, жолдамамен инс титутта қалдырса да, тағдыры тағы да Алматы-дан алысқа алып кетеді...

Бірде ол құрбысымен Көк шетауға тойға барады. Қайтар жолында жаңа қала – Астананы көрмек болып келі-седі. Қос құрбы поездан түсе бере, «Саян!» деген дауысқа жалт қарайды. Сөйтсе, оны жолаушылар арасынан бірге оқыған курстасы танып қалып, дауыстаған екен. Көп жылдан кейін шұрқырасып табысқан курстасы жаңа елордаға жұмысқа келуге шақырады. Міне, содан бері Саян астаналық атанып, білікті маман, жоғары санатқа ие болды.

– Неврологиялық патологиясы бар балаларға түзету-педагогикалық көмек көрсету бұл күнде өзекті мәселе болып отыр. Республикалық оңалту орталығында алғашқы кезде айы-на 20-25 бала болса, бүгінде науқас балалардың саны екі есеге артып кетті. Бала тілінің дұрыс шықпауының негізінде пси холо гиялық, медициналық себептер жатыр. Тіпті, сілекейін жұтып, ас шайнап, дұрыстап дыбысын шығара алмайтын сәбилер де алдыма келеді. Бұл – аутизм, Даун синдромы бар, ДЦП және жүйке жүйесінде ауытқушылықтары бар науқас балалар.

Дизартрия деп аталатын тіл қозға лы-сының бұзылуының нышандары дені сау баланың бойында болуы мүмкін. Соның салдарынан баланың тілі был-дырап, кейбір дыбыс тарды дұрыс айт-пайды, кекештеніп тілін бұрап сөйлейді. Бұрындары бес жасқа дейін логопед-дәрігер қарамайтын. Қазір үш жастан бастап маманға тексерілуге міндеттейді. Одан ерте бастаса да артықтығы жоқ. Екі жасқа дейін баланың тілі шығып, сөйлеу қабілеті қалыптасады. Одан кейін баланың тілін түзету өте қиынға соғады. Сол үшін баланың сөйлеу дина микасы жасына сай дамуын алды-мен ата-ананың өзі қадағалағаны жөн, - дейді Саян Кәрімтайқызы. – Жыл сайын байқағаным, ден саулығында кінәраты бар сәбилер көбейіп бара-ды. Он екі мүшесінің кемістігі бар, сылбыр немесе кері сінше, қимылы шапшаң, ызақор, жүйкесінде кінәраты бар балалар да кез деседі. Сәби өсе келе, мұндай ауытқушылықтардың салдары тілінің байлануына, сөйлеу жүйесінің қалыптаспауына алып келуі мүмкін. Оны дер кезінде анықтап, мамандармен кеңесе отырып, тілін түзеген дұрыс. Мен ешқашан анасына балаңыз сөйлемейді деп айтпаймын. Осыдан бірнеше жыл бұрын мүлдем тілі шықпаған Дильназ деген қыз бала келді. Бала ашушаң, «алып кел, бер, апар» ден сөздерді түсінсе де сөйлемейтін. Үзбестен үш жыл қатарынан келіп сабақ алып, жеке-леген сөз айтуға жарап қалды. Сосын жасына сай басқа топқа ауысқан соң көз жазып қалдым. Былтыр оларды орталықтан кездестірдім. Дильназ мені танып: «Апай, мен «Ақжол тобында» мамамсыз жалғыз өзім болдым ғой» дейді. Анасы болса: «Есіңізде ме, Диль-назды сөйлейді деп айтып едіңіз ғой. Мен сонда сенбеп едім. Енді қараңыз, қызым сайрап тұр. Сол кезде күдерімді үздірмей, үмітімді ұштағаныңызға рах-мет!» деп, қуаныштан көзіне жас алды. Ал, мен үшін бұдан артық қандай алғыс бар? – деп жымиды Саян Тұрысбекова.

Айгүл УАЙСОВА

10www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected] www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Кәріліктің кәріне ұшырамас пенде болмас сірә, бұл пәниде. Мықтылығыңды байқайын, уақыт уытына бой алдырмай көр! Ондай «олжадан» алдымызда отырған кейіпкеріміз де құралақан емес екен. Кезінде ақ таңнан қара кешке дейін шапқыласа шаршамайтын екі аяқ қазір қарыс қадамның өзін ауырсы-натын жағдайға жеткен. Бас ауы-рып, балтыр сыздау жиілеген. Басқан ізінен қар еритін баяғы күні жоқ. Жалғанның әрбір жарық күніне жа-нар қарықтырғанына шүкіршілік етіп, жүріп жатқан жайы бар. Қалжыңы жарасқан қатар құрбылардың қарасы азайған. Тым болмаса телефонмен тілдесер тірі жан табылсайшы! Басқа шаруалары бастарынан асатын үлкенді-кішілі ұлықтар мұнда ат ізін салуды мүлдем ұмытқан. Әйтпесе, ел спортын дамытуға қомақты үлес қосқан даңғайыр әжелеріне жас толқын өкілдері жарыса сәлем беріп жатса, жарасар еді-ау, шіркін! Ал-да-жалда шекпенді шенеуліктердің ақылы жетіп, абыройлы ардагерді мемлекеттік марапатқа ұсына қалса, нұр үстіне нұр.

Жалғыз қызы Сәуленің қабағына қарап жапақтаған кейуананың ендігі арманы – аялап өсірген жиен немересінің үйленгенін көру. Өзінің өткен өміріне өкінбейді. Ең бастысы,

-

-

-

еліне адал қызмет етті. Толғауы тоқсан тірліктің ащысы мен тұщысын қатар татты. Сынып кетуге сәл қалған сын-дарлы сәттерде сыр бермеді. Жанына талай жара түссе де жақсы күндерден күдер үзбеді.

– Түріме қарап түбімде бір «шикілік» барын байқап отырған шығарсыңдар. Анам Жауһар Мәскеудегі КомВУЗ-ды бітірген башқұрт қызы болатын. Анажұртыма тартсам, несі айып?! Ал, әкем Дүйсенов Сұлтан Семей жақтың тобықтысы. Зайсанда қалалық тұтынушылар қоғамын басқарып тұрғанда ауы-рып, дүниеден қайтты. Онда мен небәрі үш жаста едім, - деп әңгімесін әріден бастаған Шолпан апай тағдыр тауқыметін көбірек тартқан балалық шағынан сыр шертті: «...Кейін шешем Ғайса Ноғасбаев деген облыстық халық ағарту бөлімінің меңгерушісіне күйеуге тиді. Ол мені туған қызындай бағып-қақты. Көп кешікпей отыз жетінің ойраны басталды да, өгей әкем ұсталып кетті. Сталиндік солақай саясаттың жендеттері бізді желкелеп, пәтерімізден қуып жіберді. Жалған жала жабылған байғұс басымыз арызданып ешқайда бара алмаймыз. Содан әркімнің подвалын паналап, пұшайман халге түстік. Егіз інілерім Мұрат пен Марат бұл қиындыққа шыдамай, қыршындарынан қиылды.

Екі ұлын жерлеп, еңкілдеп жы-лап келе жатқан жерінен мамам тұтқынға алынып, «Қарлагқа» ай-далды. Артында аңырап қалған Болат екеуімізді балалар үйіне жөнелтті. Неге екенін қайдам, біздің басқа ба-лалармен бірге тәрбиеленуімізге сол уақыттың тәртібі бойынша рұқсат берілмейді. Он жасқа толып, оң-солымды айыруға жараған мен үшін бұл айырылысу аса қиынға соқты. Үнемі байырымды іздеу үстінде болдым. Детдомдағы тәрбиешілердің дегеніне көнбей талай таяқ та жедім. Қорлық көрген қорғансыз күндерім еске түссе еріксіз жанарым жасқа шы-ланады. Қарақтарым, ондай қасірет енді қайталанбасын...

Сонымен қойшы, 1942 жылы анам аман-есен абақтыдан босады. Павло-дар облысының Май ауданындағы Мойка ауылына барып, әскерилердің отбасын қамтамасыз етумен айна-лысатын мекемеге жұмысқа тұрды. Ары-бері шапқылап, бізді тауып,

11www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

өзінің қасына алды. Сол жақта әйтеуір аштан өлмей, көштен қалмай мектеп бітірдім. Ертісті қыста шанамен, жазда қайықпен ендей өтіп сабаққа баратынбыз. Еркек кіндіктінің бәрі майданда. Тылда ылғи қатын-бала ғана қалды. Соғыстың тезірек жеңіспен аяқталуын тіледік күні-түні. Ере-сектермен еңбекке араласып, ерте есейдік». Шолпан Сұлтанқызы ойға шомып, ұзақ уақыт үнсіз отырды.

Өмірдің өзі шыңдаған өрімдей бой-жеткен он жетіге толғанда арман қуып алыстағы Алматыға аттанды. Ауылдан ала шыққан жарты қап кепкен нанды ертелі-кеш талшық етіп, алма бақты астанадан жоғары білім берер оқу орындарын іздеді. Ақыры эвакуация-мен Алатаудың баурайына көшіп кел-ген Севастопольдің кеме жасау техни-кумына оқуға түсті. Бірақ, жатақхана берілмеді. Көрінген бұрышта түнеуіне тура келді. Сөйтіп салы суға кетіп, жабығып жүргенде көшеде ілінген хабарландыруды көзі шалып қалды. Тау-кен институтының дайындық

бөліміне құжат қабылдайды екен. Сынақтан сүрінбей өтіп, студент атанды. Жатақханаға жайғасып, сти-пендия алып, бір жырғады-ай сонда көңілі көк жайлауға қонып.

Тау асып, тас басып кен іздеп кетер ме еді, кім білсін, егер мұның өмір-өзені басқа арнаға бұрылып кетпегенде. Кейде кездейсоқтық та көп нәрсені шешетіні талас тудыр-маса керек.

Ұлы жеңістің құрметіне Мәскеуде физкультурашылардың Бүкілодақтық шеруі өтетін болып, соған қатысатын Қазақстан делегациясын жасақтауға іріктеу басталады. Жастайынан жұмыс жасап шыныққан, сәмбі тал-дай сымбатты Шолпан үкілеген үздіктердің қатарынан табылады.

Қызыл алаңдағы қызығы мол ше-руге аттанар алдында Алматыдағы шекарашылар училищесінің база-сында жалауын көтерген жарыста ол алдына жан салмайды. Бәрінен биікке секіреді, жүгірсе жеткізбейді, лақтырған гранатасы ұзаққа ұшады...

Қимылы ширақ, шымыр қызды Алматыда жаңадан ашылған дене тәрбиесі институтының директоры

Шәміл Шәкірұлы Бекбаев өздерін де оқуға шақырады.

Бақ талайына қазақ баскетболының қарлығашы атану мәртебесі бұйырған Шолпан Дүйсенова осылайша үлкен спорттың табалдырығынан аттады. Онда қаракөз қандастарымыздың көбісі тіпті, бұндай ойын түрі ба-рынан бейхабар еді. Кейін ғой, қазақтың тұңғыш олимпиада чем-пионы Әлжан Жармұхамедов сынды жарық жұлдызымыздың жарқырайтыны. Қазіргі таңда Шолпандай саңлағымыздың ізін басар қарындастарымыздың қара көрсетпеуі өте өкінішті.

Е к і н ш і к у р с т а н и н с т и т у т командасының сапында өнер көрсете бастаған талантты ойыншының шеберлігі күннен-күнге шыңдала берді. Алғашқы бапкері Нина Андре-евна Гапченко Қазақстан баскетболы пионерлерінің бірі болатын.

Асқан қабілетінің арқасында ай-наласынан ат оздырмаған Шолпан Дүйсенова он жыл бойы Қазақстан құрамасын Одақтық жарыстарға ба-

стап шыққанын бүгінде біреу білсе, біреу білмейді. КСРО халықтарының бірінші спартакиадасында республикамыздың атынан жарыс жалауын көтеру құрметіне ие болғанын да ауыз толтыра айта кеткеніміз жөн.

Сонда ғой, дүниежүзінің бірнеше тілдерінде жарық көрген «Советский союз» журналына сүйкімді суреті басылып, шартарапқа шарлағаны.

Оның 1954-1955 жылдары КСРО-ның жастар құрамасында, кейіннен СССР-дің еңбек сіңірген спорт шеберлері атанған Галина Ярошев-ская, Нина Еремина (төрт бірдей олимпиададан репортаж жүргізген коментатор) секілді есімдері әлемге әйгілі баскетболшылармен бірге ойнағанын еске алғанда кеудемізді еріксіз мақтаныш сезімі кернейді. Социалистік елдерге емін-еркін барып жүрген оны Франциядағы халықаралық кездесуге апарма-ды. Советтік қырағы мекемелер халық жауының қызын капиталистік мемлекетке жіберуден сескенген секілді. Сөйтіп, алаңда атойлаған қазақ қызының тауы шағылып, тау-аны қайтты. Осынау келеңсіз оқиға спортпен қоштасуына себеп болды.

– Көп нәрсе көкірегімде әлі сайрап тұр, - дейді Шолпан апай өткенді емірене еске алып. – Әсіресе, 1954 жылы Ташкентте өткен Орта Азия республикала-ры спартакиадасының финалы есімнен кетпейді. Өзбекстанмен өліп-тіріліп ойнадық. Алаң иелері алқалаған жанкүйерлерінің айғайына арқаланып барын салып бақты. Есеп солардың пайдасында. Төрт ескер-туден соң жаттықтырушымыз мені демалдырғанды жөн көрді. Сірә, бесінші ескертуден қауіптенсе ке-рек. Қыздардың қатты қиналғанын көріп отырмын. Маңдайым тершіп, мазам кетті. Ұтылып жатқанымызға құдды өзім кінәлі сияқты сезіндім.

Көнбе көрінуге таяғанда біздің бапкер Николай Тунда үзіліс алды. Асығыс түрде ақыл-кеңесін айтып, қыздарымызды қайрап жатыр. Ке-нет ойындағысын бүкпесіз айтатын еркелеу мінезімен ерекшеленетін Стелла Шустрова дүрсе қоя берсін: «Қорғанысқа көшкеніміз дұрыс емес. Шабуылдың шоғын үрлеу үшін Дүйсенованы ойынға қайта қосу қажет!»

Сол сөз себеп болды ма, әлде жаттықтырушымыздың әу ба-стан ойластырған тактикасы ма, оныншы нөмірдегі Тамара Погуляеваның орнына алаңға м е н ш ы қ т ы м . М а қ т а н ғ а н ы м емес, тордағы құстай торығып зар күйімде отырғандықтан ба, білмеймін, бірден қолым «жүріп» қарсыластарымыздың торына қайта-қайта доп тоғытумен бол-дым. Нәтижесінде жеңіске жетіп, алтыннан алқа тағындық.

Баскетболды қойған соң Шол-пан Дүйсенова ұзақ жылдар бойы ұстаздық қылды. Алғашында Алматы-да, сонан соң Қарағандыда жас спорт-шыларды баулыды. Қарағандының политехникалық және кооперативтік институттарында жемісті еңбек етті. Кезінде кеншілердің «Шахтер» командасында ойнаған белгілі фут-болшы Геннадий Засименкомен отау құрып, отбасылық бақытқа бөленді.

Бар ғұмырын баскетболға ар-нап, Уайс Ахтаев, Владимир Мұхамеджанов, Арменак Алача-нян және тағы басқа аттары аңызға айналған ақберен спортшылармен аралас-құралас болғанын тағдырдың тамаша сыйы ретінде бағалайды.

Ол кісіні көп ойлар мазалайды. Солардың ең бастысы – баскетболда өз өрендеріміздің тым аздығы. Алай-да, алдағы уақыттарда дүниежүзілік дүбірлі бәсекелерде жай оғындай жарқылдайтын жастарымыздың бой көрсететініне сенімі мол.

Талғат БАТЫРХАН

12www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected] www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Тегі – Сәулебаева. Әкесінің аты – Алтай. Аспан астында «қалықтағанына» алты жылға кетіп барады.

Ақтөбеден арман қуып Ас танаға келген бұрымды қызымыз білімін Еуразия гуманитарлық институ-тында ұштапты. Қадыр атасының «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте...» деген өсиетін ту еткен Салтанат ағылшын, неміс тілдері бойынша тәлім алады оқу орнынан. Талпынысы мен талабының арқасында түрік тілін де меңгереді. Орыс тілін жасынан үйренген. Оны көкке ұшырған да көп тіл білетін қасиеті болса керек.

« Мен с т юардесса болуд ы, ра-сын айтайын, армандаған емеспін. Бірақ қызығушылығым мүлде бол-мады деуге тағы аузым бармайды. Институтты тәмамдап, аудармашы қызметінде жүрген едім. Достарымның ұсынысымен «Аir Astana» әуе компа-ниясына түйіндемемді жолдадым. Көп ұзамай үлкен мекемеден шақыру келді, талаптарының барлығының үдесінен қиналмай шықтым. Содан бері, міне, ұшақ ішіндемін» дейді Салтанат ағынан жарылып.

Қазақ атамның «Қыз бен қойдың бармайтын жері, баспайтын тауы жоқ» деген езу тартқызар сөзі бар еді ғой. Аспан аруының әңгімесіне қарап, стюардессалардың да «бар-майтын жері, баспайтын тауы жоқ-ау» деген ойға қалғанымыз рас-ты. Өйткені, ол Қазақстанның он төрт об-лысы, қос қаласын айтпағанда, Біріккен Араб Әмірліктерінің, Түркияның, Германияның топырақтарына таба-ны тиіп үлгерген. «Өзге елдерге көп ұшамыз ғой. Қаным қазақ болғаннан кейін бе, дамыған мемлекеттердің атағы алысқа жеткен қалаларында жүрсем де, туған даламның иісін сағынамын». Бұл – қазақ қызы Салтанаттың сөзі.

Көкте жүзген арудың айтуынша, стю-ардесса болу – оңай жұмыс емес. Өйткені, аспанда қалықтаған ұшақ қанша жерден қауіпсіз дегенімен, апаттың айтып келмейтіні бар. Мұны соңғы жылдарда орын алған, мұқым қазақтың қа бырғасын қайыстырған төтенше оқиғалар растай-ды. Яғни, стюардессаларды «жүрек

жұтқан б а т ы л » де сек, жан бала-сы дау айта қоймас. Екінші, межелі мекенге дейін жолаушылардың бүкіл қауіпсіздігі, жағдайы жолбикенің мой-нында, һәм назарында. Бұған Салтанат қызметіне алғаш кіріскен кездері-ақ анық көз жеткізген. Бірде әйел жолаушының кішкене ұлы жеп отырған мәмпәсиін жайсыз жұтып қойса керек. Қақалып-шашалып, ақыры, асқазаны түйнеп, отыра алмай, екі бүктеліп қалады. Өздері пәлен метр биіктікте ұшып барады, тоқтай қалып бір шара қолданатын жол көлігі емес. Салтанаттың қасындағы тәжірибелі жолбике медициналық сауа тының мықтылығының арқасында ем-дом жасап, балақайға дауасын дарытады. Осыдан кейін Салтанат та стюардессаның дәрігер де болу қажеттігіне көзі жеткен-ді. Үшіншіден, стюардесса психолог болу керек екен. Өйткені, мінездері әр түрлі жолаушы мінеді ұшаққа. Ал олардың көңілінен шығып, қызмет көрсету де зор төзімді, икемді талап етеді.

Салтанаттың арманы да таудай, білімін Италияда жетілдіргісі келеді. «Өзге елде оқыған қаракөздердің ара-сында өзге ұлт азаматының етегінен ұстап кеткендер көп. Сіз де шет мем-ле кетке жиі сапарлайсыз, енді Ита-лияда оқығым келеді дейсіз...» деп кө-кейіміздегі сауалдың шетін тартқан быз. Бірден басын шайқады.

P.S.

Асха

т РАЙ

ҚҰЛ

Келесі кейіпкеріміз, аспан-дағы тағы бір ару – Айымхан Есентаева. Ең қызығы, ол жи-ырма жеті (!) жылдан бері құ-ры лыс саласында жұмыс іс теп келеді және кәдімгі алпауыт кранның биігінде. Айымхан бұл қиын да қауіпті маман-дыққа кездейсоқ келмеген. Қарақалпақстаннан оралған қандасымыз 1988 жылы сол елдегі Нүкіс қала сында СПТУ-дың, яғни учи лищенің краншы мамандығын тәмам дайды. Ди-пломын қо лына алған күннен биіктікке ұм тылған ол осы күнге дейін ең үлкен және ауыр салмақты крандарды тізгіндеп үлгеріпті.

«Краншылардың да кәнігі мамандары болады. Мәселен, құрылыс саласындағы кран-дардың ең ұзыны – сексен метр. Ал, ол биіктікке тек бесінші санаттағы мамандарға ғана көтерілуге рұқсат берілген. Мен осы саладағы ширек ғасырдан аса ғұмырымда кран ның барлық түрін айдап көрдім» дейді Ай-ымхан Қызыл байқызы.

Аспан аруының Астанаға келгеніне он жылдан асып барады. Алғашқы жылдары «Астана-трейт» фирмасын-да қызмет еткен. Үш-төрт ж ы л д а н ке й і н « А л ь я н с -строй-инвест» құрылыс ком-па ния сына қабыл данады. Ны сан дарын неміс техноло-гиясымен тұрғызатын меке-менің жұмысшыларына та-лабы – қатал, тәртібі – нық. « К ра н ш ы ға е ң а л д ы м е н жүрек тілік пен батылдық ке-рек дер едім. Содан кейін көз-дің қырағы, өткір болғаны жөн. Сонша биікте отырып, ілмектегі тонна-тонна зат-ты межелі орынға жеткізе салу соншалықты оңай шаруа

емес. Қаптап жүрген қарақұ-рым жұмысшылардың жүріс-тұрысын жіті бақылап, бай қап отыруың қажет. Жауап кер-шілік жүгін сезіне алмасаңыз, әлдекімді майып қы луыңыз бір пәсте» дейді.

Құрылыс саласындағы кран-шы ханым бас шаһардағы талай көп қабатты тұрғын үйлерді тұрғызуға күш салды. Айталық, Кенесары көше-сінің бойындағы үйлер, сол жағалаудағы «Әлем-палас» ғ и ма рат ы , О ң т үс т і к- ш ы -ғ ы с т ұ р ғ ы н а л а б ы н д а ғ ы әсем нысандар, Бауыржан Мо мышұлы даңғылындағы зәулім үйлер Айым ханның қо лымен көтерілді, кранымен тұр ғызылды. Астананың көп-теген үйлерінің кірпішінде қол таңбасы бар, маңдай тері сіңген. Бүгінде Жасыл өлке т ұ р ғ ы н а л а б ы н д а ғ ы б е с қабат ты нысандардың іргесін қаласуда.

Аспан аруының айтуынша, кранмен кез келген күні жұмыс істеуге болмайды. Желдің жылдамдығы секундына 18-20 метрден асқанда, ауа температурасы 25 гра-дустан тө мендегенде биік т іктен т үс у ге т у ра келеді. «Бұл талапты қандай жағ-дайда да бұ зуға тыйым салын ған. Өйт кені, бо-ранды күні кранның құлап кету қаупі басым болса, қатты аязда көкке жоға рылаған сайын ауа төмендей береді» дейді ол.

Айтпақшы, Айымханның ғұмыр лық жолдасы Бақыт Сабуровтың да маман дығы – краншы. Аспанда жүріп та-ныс қан, табысқан олар бүгінде төрт ұл-қыз тәрбиелеп отыр. Осы орайда бір әзіл еске тү-

седі, кейбір қуақы қа рын дастар кранның ұшар басына шығып, жердегі құ ры лысшыларға «Менің бетімнен сүйгің кел-се, мұнда кел» дейтін көрінеді. Қы з д ы ң б е т і н е н с ү й ге н жақсы ғой, бірақ бас айнал-дыратын биіктікке ба руға қай жігіттің жүрегі дауаласын?! Кранның орта тұсына дейін өрмелеп, қайта түсіп кетеді. Айымханның да осындай шар-тына шыдаған ғой Бақыт, ша-масы...

«Мамандығыңыздың ауыр екенін мойындамайтын жан кемде-кем. Егер өмірге қайта келген болсаңыз, осы саланы таңдар ма едіңіз?» деп сұраған едік одан. «Шын айтамын, ма мандығым қатты ұнайды, биіктеген сайын рахаттана-мын, жұмысымнан ләззат ала-мын» дейді Айымхан.

...Біз қоштасып, қайтып ба-рамыз. Әне, қы рық метрлік кранның төбесінен қол бұлғап тұр.

13

Ұлттық әдебиетіміздің өрлеу дәуірі ХХ ғасыр болса, сол кезеңнің өзінде қаламгерлеріміздің шығар-маларына арқау болған қаншама қазақ қызының бейнесі сомдалды. Қазақ ро манистикасының өзі әйел бейнесінен, оның қайғысы мен мұңын суреттеуден бастауын алады (Міржақып Дулатов «Бақытсыз Жа-мал»). Осылайша, сол за-ман дағы әйелдер теңсіз ді-гімен күресті жазушылар бастап кетеді.

Одан кейін әдеби шығар-малар аренасына еңбек озат-тары, атқарған ісі арқылы белгілі бір жетістікке жет-кен қаһарман әйел дер бейнесі шығады (Бейімбет Майлин «Раушан комму-нист»). Әдебиетіміздің алыптары Мұхтар Әуезов Ұлы Абайдың әжесі мен анасын суреттеу арқылы, Ғабит Мүсірепов «Ұлпан» романын жазып, тарих-та болған әйелдердің бей-несін шығарма л арына көшіреді. Олардан бөлек, Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» романының бас кейіпкерінің бірі – Меңтай бейнесіне оқырмандардың талайы сүйсінеді.

Жазушылармен қатар ақындар да әйелдер бей-несін өлең, поэмаларын-да ұлықтайды. Олардың арасында белгілі компози-

тор Әбілахат Еспаев әнге айналдырған Садықбек Адамбековтың «Маржан қыз» өлеңі бар. Ән махаббат лирикасы тақырыбында болса да, өнер зерттеушілері әннің прототипі Маржан есімд і озат жылқышы болғанын айтады.

Сондай шығармалардың б і р і н е х а л ы қ а р а л ы қ «Алаш» әдеби сыйлы ғы-ның иегері Абзал Бөкен нің 1977 жылы жазылып, сиясы кеппей жатып «Жалын» баспасының жабық кон-курсында үшінші бәйгені алған «Сейіткүл» дастанын да қосуға болады. Онда аға шопан болып жұмыс істеген Сейіткүл Тұрсынбаеваның ақтүтек боранда бір отар қо й д ы с а қ т а п қ а л ға н жанқиярлық ерлігі баян-далады.

Біз келтірген аз ғана мысалдың өзінен қазақ әдебиетінде әйелдер бей-несі үлкен рөлге ие екені көрінеді. Ал, біз айтпай кеткен әйел-кейіпкерлер қаншама. Бірақ, ары қарай білгішсінбей-ақ қояйық. Бізге керегі, қазірде сиреп кеткен оқыр ман дардың қозғап отыр ған тақы ры-бымызға қосар пікірі. Сол мақсатпен бірнеше адамға «ұлттық әдебиетімізде ұлықтауға лайық әйелдер бейнесі бар ма?» сұрағын қойған едік. Жауаптары мынадай болды.

– Шынайы әйел бейнесін қазақ әдебиетіне көшіру үрдісі тым әріден бастау алған. Құртқа, Жібек, Еңлік, Естайдың Қорланы, Ақан серінің Ақтоқтысы, соған жалғас Жүсіпбек Аймауытовтың Ақбілегі, Мағжанның Гүлсімі, т.с.с. Осылардың барлығы қазақ қызын, ұлт анасын, қазіргі тілмен айтқанда, қазақ әйелдерін қастерлеуден, оған сүйіспеншіліктен туған бейнелер болатын. Өкініштісі, Мұхтар Әуезовтің «Қаралы сұлуынан» кейін, Сәбит Мұқановтың «Ботагөзінен» бастап қазақ аналары шолақ шашты белсенділерге айналды.

Соңғы кезде осы олқылықты орнына келтіру үшін еркін ойлы жастардың қазақ анасының бейнесін қайта қалыптастыруға ұмтылыс жасап жүргені қуантады. Мысалы, Дәурен Қуаттың «Мүйіз тарағындағы» Ұлт анасы – өте сәтті шыққан бейне.

– Мен қазақ әдебиетіндегі ұлықтауға лайықты ана, әйел бейнесінің бірі ретінде Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» романындағы Айшаның образын айтар едім. Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Шыңғыс Айтматовтар жасаған ананың, қазақ әйелінің, арудың бейнесі сияқты, Шерханның анасы да оқырманның көкейінде асқақ, адал, сұлу, қайратты адам ретінде орныққан. Айшаның бойында – 37-нің зобалаңында жарынан айырылып жесір қалған, аштық пен жоқтықта шиеттей балаларын ер жеткізген қазақ

аналарының қайсарлығы, ақыл-парасаты бар. Айшаның өмірін оқып, Шерхан-Барсханның қандай анадан туғанын түсінесіз.

Романда айтылғандай, «үш үрпек балапанын қырға да сүйреп, ойға да сүйреп, Мұртазасын күткен» Айшаның бейнесі өте шынайы. Себебі, бұл автордың ой-қиялынан туған образ емес, өмірде болған адам ғой. Айша сол замандағы қазақ әйелдерінің, аналарының көпшілігімен тағдырлас. Айшаның перзенттері үшін отқа да, суға да түсуге даяр махаббаты, керек кезінде қаталдық танытатын қайсарлығы, мойымайтын қайраттылығы қазіргі қоғамда да идеал болуға әбден лайықты деп ойлаймын.

– Мен үшін «Абай жолындағы» Зере, Ұлжан бейнелері нағыз қазақ әйелінің үлгісі саналады. Осылар жайлы айтқанда, Абайдың әжесі мен анасынан бөлек арғы атасы Айдостың бәйбішесі Айпара ана қандай еді!

Әрине, сұрағыңызға орай есімі ел ұранына айналған Домалақ пен Қарқабат, ақылы ханның өзін жаңылдырған Қарашаш аналарымыз

да еске түседі. Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы аналар галереясы, Мұхтар Шахановтың «Танакөзі», Есенғали Раушановтың «Ғайша бибісі» қандай!

Ақын болсын, жазушы болсын шығармасына негізінен өз өмірін, өз басынан кешкенді түсіретіндіктен, олардың бейнесін де өздері жазған дүниелерден көре аламыз. Мысалы, кеше ғана дүниеден өткен Фариза Оңғарсынованың өр бейнесі өлеңдерінде атойлап тұр. Оның соңынан қаулап шыққан ақын қыздардың жырларынан үлгі тұтуға боларлық мінезді байқап қаламыз.

«Астана әйелдері: ХХІ ғасыр», «Даңқ галереясы», «Үкімет адам-дары», «Елорда мақтанышы», «Табысты әйел», «Әйел – ана», «Жансерігім, жолдасым, жұлдызым», «Астана үміті» секілді тоғыз тараудан тұратын альманахта бас қалада жүріп, өмірдің сан саласында – саясат пен бизнесте, ғылым мен спортта, өнерде, оқу-ағартуда және медицинада белгілі бір жетістікке жеткен әйелдер туралы және елорданың болашақ үміттері – дарынды қарындастарымыз жөнінде баяндалады.

Тұсаукесер барысында сөз сөйлеген Парламент Мәжілісінің депутаты, кітап кейіпкерлерінің бірі Әсима Бимендина: «Астана менің өмірімде ерекше орын алады. Аз да болса Астананың дамуына үлес қосқаныма қуанамын» дей келе, бұл кітап арқылы өсіп келе жатқан қыздарымызды тәрбиелеуге болатынын айтып, оны шығарған ұжымға алғысын білдірді. Әйелдер қауымын мерекелерімен құттықтап, мол табыс тіледі.

Кітаптың тағы бір кейіпкері – осы өңірде дүниеге келіп, Ақмола темір жолына 35 жылдық ғұмырын арнаған «Құрметті теміржолшы» белгісінің иегері Күлән Сағымбаева әйелдер қауымына өнегелі сөздерін айтты.

Ұлттық академиялық кітапхананың директоры, жазушы Әлібек Асқаров әйелдер жайлы толғанды.

Альманахты басып шығарған «BG-PRINT» баспасының дирек-торы Гуля Бабулова кітаптың жарық көруіне қолдау көрсеткен адамдар мен баспа серіктестеріне алғыс хат-тар табыстады.

Кітапты шығару идеясын ұсынған жоба жетекшісі мен альманахтың бас редакторы Элита Осокина туынды-ны баспаға дайындау барысындағы әсерлерімен бөлісті.

Бетт

і дай

ында

ған:

Ама

нғал

и ҚАЛ

ЖАН

ОВ

14www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected] www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

– 8 наурыз мерекесі құтты болсын!

– Рахмет, айналайын!– Сіз үшін бұл мерекенің маңызы

неде?– Мен үшін 8 наурыз – Анаға

тағзым ету, оларды құрметтеу күні. Жалпы, әлемнің 50-ден аса елінде Аналар күні деген арнайы күн бар. Бұл күні адамдар өзін дүниеге әкелген аналарын еске алып, оларға құрмет көрсетіп жатады. Өмірде анадан ардақты, анадан мейірімді кім бар?! Бұл туралы айтудың өзі артық. Анаға тағзым дегеннің аста-рында үлкен мән жатыр. Қазақтың ұлттық ерекшелігінің бірі де – ата-ананы сыйлау, олардың алдынан кесе-көлденең өтпеу, қарсы келмеу қанымызға сіңген әдет. Өкінішке қарай, осы қасиеттерімізден айыры лың қырап бара жатырмыз. Сондықтан елімізге ана мейірімі мен махаббатын асқақтататын осындай мерекелер қажет-ақ. Кезінде мен Қазақстанда Аналар күнін белгілейік деген ұсыныспен Елбасына шыққан едім. Алдыңғы жылдан бері елімізде атап өте бастағанын естідік. Бірақ

бұл күннің қадір-қасиетін әзірше жете түсінбей жатқан сияқтымыз. Себебі, екі жыл ішінде кең көлемде аталып өте қоймады. Сондықтан әзірше 8 наурыз – мен үшін Анаға құрмет көрсету күні.

– Ал өзіңіз 8 наурызды қалай қарсы аласыз? Бұл күні қандай сыйлық алғанды жақсы көресіз?

– Біздің үйде кез келген мере-кеде дастарқан жаюлы, ет асулы, бауырсақ пісірулі тұрады. Қонақжай қазақпыз ғой. Мереке күндерінде дастарқанымыз жиылмайды. Ал енді өз басым сыйлық мәселесіне онша көңіл аудармаймын. Жастайымнан ерлерше тәрбиеленгендіктен бе, бұған аса мән беріп көрмеппін. Біреу сенің қал-жағдайыңды сұрап, қуанышыңмен бөлісіп жатса, мен үшін сыйлықтардың төресі осы. Жылы сөздер кәдімгідей көңіліңді көтеріп тастайтыны шын. Бірақ біреулер құттықтамай жатса, оған да ренішім жоқ. Жалпы өз басым ешкімге өкпелеген адам емеспін. Бұл да менің еркекше өскен мінезімнен болса керек. Әрі қазір қарбалас заман ғой. Ешкім қарап жүрген

жоқ. Бәрінің де өз тіршілігі бар. Сондықтан «сен мені мерекемен құттықтамадың, туған күнім еді, оны да ұмыт қалдырдың» деп өкпелеудің өзі артық.

– Сізді небір тағам түрін дәмді етіп әзірлейді деп естиміз. Жаңа өзіңіздің қолыңыздан дәм татқанда да осыған көз жеткіздік. Жалпы ерекше сүйіп әзірлейтін тағамыңыз қандай?

– М е н н е г і з і н е н ұ л т т ы қ тағамдарды жасағанды ұнатамын. Әсіресе, етті жіліктеп бөліп, асқанды

ерекше болды. Үйде көп ұрыс еститін де Қарагөз еді. Себебі, ол – қыз бала, ертең біреуге жар, біреуге келін болады. Сондықтан оның үй шаруасында пысық бо-луын қатаң қадағалауда ұстадым. Қарагөз қаршадайынан қамыр иледі, ыдыс-аяқ жуып, тамақ пісіруді үйренді. Әсіресе, соңғы міндетін мінсіз атқаруына ерекше көңіл бөлдім. Себебі, қыз бала тамақ пісіре алмаса, ертеңгі күні жақсы әйел

бола алмайды. Біз еуропалықтар емеспіз ғой, жартылай дайын тамақты әкеліп жей салатын. Ұлттық дәстүріміздің артықшылығы да осы қонақжайлығымызда. Қазақтың дастарқаны әрдайым жайылып тұруы керек. Ас үйінен тамақтың иісі бұрқырап тұрмаған үй – үй емес. Қонақ келмейтін, қазаны көтерілмейтін үй нағыз қу мазар дер едім. Сондықтан қызымның бой-

ына қазақтың осы қасиетін сіңіріп, қонақжай болуға, дастарқаны ашық болуға баулыдым. Құдайға шүкір, Қарагөздің шаруақорлығы ешкімнен кем түспейді. Ол тазалыққа, талғамға, тағам дайындауға келгенде алдына жан салмайды. Қашан да қолы ашық. Бұл – мен үшін үлкен мақтаныш.

– Алтыншаш Қайыржанқызы, енді балалық шағыңызға сәл-пәл саяхат жасап көрсек. Сіз қандай бала болдыңыз? Әке-шешеңіз қандай адамдар еді?

– Менің әкем жылқышы болған. Көзі ашық, көкірегі ояу адам еді. Жыр-поэмаларды сүйіп оқитын. Татардың «Алтынчеч» поэмасына ерекше қызығушылық танытып жүрген тұста мен дүниеге келіп,

жақсы көремін. Етті кастрөлге пісірмеймін. Онда ет бірінің үстіне бірі мінгесіп, дұрыс болмайды. Ал, қазанда пісіргенде ет жайылып, жақсы әрі тез піседі.

– Сіз пісірген тандыр нанның д ә м і д е т і л ү й і р е д і д е с е д і . Мәзіріңізбен бөлісе отырсаңыз...

– Ежелде шешелеріміз нанның небір түрін пісірген ғой. Тандырға нан жапқанды жақсы көретінім рас. Бұл өзі ерекше тағам. Өз басым ұнға сары май, жұмыртқа, қант, тұз қосып тек сүтке илеймін де жар-ты сағатқа ашытып қоямын. Бұл тағамды жасарда қамырға ерекше мән беру керек. Ол да тірі орга-низм секілді. Дұрыс иленбесе, шек-тен тыс ашып немесе көтерілмей қалады. Сондықтан қамырды өте жұмсақ етіп илеу керек. Бабымен пісірілген нан бір апта бойы дәмі мен бұрқыраған иісін жоғалтпайды.

– Осындай шаруақорлығыңыз жалғыз қызыңыз – Қарагөзге жұққан ба?

– Анаға барлық баласы бірдей ғой. Бірақ жалғыз қызым болғандықтан ба, Қарагөзіме деген ықыласым

15

атымды «Алтыншаш» деп қойыпты. Өзім шешемнің 45 жасында туып-пын. Анам әбден қиналса керек, мені тіпті емізе де алмаған. Содан не керек, мені саумалмен асырап-ты. Кейде «менің жарты қаным – жылқынікі» деп қалжыңдайтыным бар. Жылқыны жақсы көретінім де сондықтан шығар. Шешем де өнерге жақын кісі болған. Шет ауылда бір әнші-жыршы келді дегенді естісе, дастарқанын жайып, арнайы қонақ етіп жіберетін.

Ал мен ерке-шолжаң болып өстім. Екі ұлдан кейін жалғыз қыз болған соң ба, әкем мені ерекше еркелетті. Өзім де тентек едім. Екі ағам және үйімізде немістің жетім қалған бес баласы тәрбиеленді. Солармен бірігіп алып, ағашты ат қып мініп, ауылды шаңдатып жүрдім. Төбелес бола ма, ортада мен жүремін. Мен туып-өскен Ақмоланың Астрахан ауданы, Астраханка ауылында орыстардың үлес салмағы көп-тұғын. Олармен де ара-тұра қырылысып тұрамыз. Мектепке барғанға дейін мені әке-шешем ұлдарша киіндірді. Алғаш мектепке барғанда шешем басыма ұлдардікі сияқты құлақшын кигізіп жіберді. Өзімнің көңілім баяғыдай, мектепке жетіп бармаймын ба? Сөйтсем, бірнеше орыстың бала-сы менің басымдағы құлақшынды көрсетіп, келемеждеп шиық-шиық күліп тұр екен. Әй, бір намысымның келгенін-ай. Жетіп бардым да, біреуін шықшыттан, екіншісін сегізкөзден оңдыртпай ұрдым. Осы-лай ұруды әкем үйреткен болатын. Әлгілер алды-артына қарамай зытты. Міне, осындай төбелесқор, тентек болдым. Бірде әке-шешем қонаққа ертпей кетті деп бір асау тайды ерт-теп мініп алып, 11 шақырым жерге түнделетіп кетіп қалғаным бар. Қазір ойласам, күлкім келеді.

– Сізді мылтық атудың да шебері дейді...

– Бұл да балалық шақтан қалған бір белгі ғой. Менің ағаларым мерген болған. Елде жоқ шағын калибрлі винтовка тек менің үлкен

қалай жасалатынын менен артық ешкім білмейтін шығар осы (күлді).

– Бірақ мектепті үздік бітіріп, Мәскеудің әдебиет институтын түскеніңізге қарағанда, ақылды тентек болған сияқтысыз...

– Біздің кезімізде мұғалімдер сауатты ма, әйтеуір сол кездегі балалардың көпшілігі сабақ оқуға құмар болатын. Өзім әдебиетті ерекше ықыласпен оқыдым. Ау-ылда үлкен кітапхана болатын. Қолым қалт етсе, сонда барып әлем классиктерінің шығармаларын ақтаратынмын. Соларға еліктеп, өлең, әңгімелер жаза бастадым. Алғашқы тырнақалды дүниелерім аудандық, республикалық басылым-дарда жарияланып тұрды. Бұл менің балалық талпынысыма ерекше қанат бітіріп, жазушы боламын деген ар-маныма жол салды.

– Әңгімеміз сіз туралы және жалпы әйелдер тақырыбында болғаннан кейін мына бір сұрақты қоймай кетуге болмас: жалпы өзіңіз айтқандай, қазақта адами қарым-қатынастарға негізделген жақсы дәстүрлер бар. Солардың бірі – ене мен келін арасындағы сыйластық. Зиялы қауым орта-сында Асқар Сүлейменовтің анасы – Айтоты мен Әбіш Кекілбаевтың анасы – Айсәуле апалардың өзара сырластығы мен достастығын, олардың тектілігін, қайсарлығы мен даналығын жыр ғып айтады. Айтоты апаның алдын өзіңіз де көрдіңіз. Жалпы ол кісімен ене мен келін ретіндегі ара-қатынасыңыз қандай болды?

– Дүйім жұртқа «Әбіштің ана-сы» ретінде танылған Айсәуле Жұ мабайқызы шын мәнінде кірпияз, салиқалы, әділдікті қақ жаратын турашыл кісі еді. Ал менің енем – Айтоты да ол кісіден қалыспайтын. Екеуі де ерте жесір қалған, кейін мұңдас-сырлас болған құрбылар ғой. Апамыз асықтай кісі болса да, сөзі ірі еді. Біреуге ат

болды. Олардың қайсыбірін айтай-ын?! Бірақ текті кісі ғой. Кейін бәрін түсінді. Ол кісімен өмірінің соңына дейін сыйласып кеттік. Дүниеден озарда: «Алтыншашпен әй-шай дескен жоқпыз, бір ауыз сөзге кел-ген емеспіз» деп айтып кетуінің өзі тектілігін байқатса керек. Ол ұлым, немересі – Әлішердің қолында тұрды. Араласып-құраласып жүрдік. Байланысымыз үзілген емес. Өзіміз барып, ақтық сапарына шығарып салдық. Екі апаның да өмірден бар көрген бақыты жалғыз ұлдары еді. Баласының да, немерелерінің де қызығын көрді.

– Ал өзіңіз қандай енесіз?– Е н д і . . . ж а м а н е н е е м е с

сияқтымын (күлді). Себебі, мен балаларымның отбасына араласпай-мын. Ал қызыма «сен бұл босағадан кеткенсің, барған жеріңде тастай ба-тып, судай сің» деймін. Келіндерімді еркелетемін. Менің ұлыма ол жақсы болса, маған да жақсы де-

ген сөз. Әрине, жас болғаннан кейін кемшіліктері болады. Бірақ айтпаймын. Олардың өз өмір сүру заңдары бар. Балаларын асырап отыр. Ешкімнен кем емес тіршілік етіп жатыр. Бұдан басқа ата-анаға қандай бақыт керек?!

– Әнес ағамыз сізді «тәрбиелі келін шек, маған дворян жазу шы-лар дың жағдайын жасап отыр» дегеніне қарағанда, құдай қосқан қоса ғы ңызды ерекше құрмет тұта тын сияқтысыз...

– Ия, мен үшін Әнекеңнің орны мүлдем бөлек. Ол кісі –жазушы. Ол кісі еңбекқор. Әнекең бас ал-май жазуға бар. Тіпті айтпасаң, тамақ ішуді де ұмытып кетеді. Кейде жаным ашып: «Папасы-ау, денсаулығыңнан не қалды, жазу-ды енді қойсаңшы» деймін. Оған көнетін папамыз жоқ. «Мен жа-зуды тастасам, кім болғаным» деп балаша ренжиді. Әнекеңнің жазып жүрген дүниелері – күрделі еңбек. Сондықтан жанашырлықпен қарап, барлық жағдайын жасап беру-ге тырысамыз. Бұл үйде папа не айтты, сол болады. Ол кісі ақша мәселесіне араласпайды, анаған-мынаған жұмсап қойды деп басын қатырмайды. Ол кісіге жаңа киім алып беру дегеннің өзі – үй салу-дан да қиын. Дүкенге бармайды. Дүниеге қызықпайды. Бар есіл-дерті – тек жазу. Папамызға жағдай жасамай, не бітіреміз біз?!

– Ү й і ң і з м у з е й с и я қ т ы екен. Оның іші-сырты сіздің талғамыңызбен жасалды ма?

– Біркездері мен Зайсанда жер сілкінісінен бұзылған үйлерді тексеріп жүріп, өзімнің қалай

құрылысшы болып кеткенімді байқамай қалдым. Үй салудағы алғашқы «тәжірибемді» Алматыда саяжай салудан бастадым. Кейін Астанада кеңсе салдым. Қазіргі үйім – төртінші құрылысым деуге болады. Алдында туған ауылым – Астрахан ауылындағы ағамның үйін салуға көмектестім. Жалпы, үй салғанда оның жылылығы, коммуни кациялық желілерінің жоғары талапқа сай болуына ба-сты көңіл бөлемін. Құрылысты тұрғызатындар басқалар ғой. Ал мен басы-қасында жүремін. Құрылыс материалдарын өзім таңдаймын. Үйдің ішін безендіру – менің мойнымда.

– Мына коттедж үйіңізді қанша жылда салдыңыз?

– Сегіз жылда әрең бітірдік қой.– Үйіңізді Талапкерге тігіпсіз.

Бұл ауыл сізді несімен тартты? – Кезінде әке-шешем жәрмеңкеге

барар жолда осы Талапкер ау-ылына түнеп кететіні еміс-еміс есімде. Жалпы бұл өзі – қымызды ауыл. Жылқы ұстайды. Ауасы да таза. Есіл өзені де тиіп тұр. Біздің Әнекең – балықшы ғой. Сол кісінің де жағдайын ойладық. Екінші жағынан, туған ауылыма да қашық емес. Өз басым жақсы көремін осы өңірді.

– «Руханият» партиясының соңғы сьездерінің бірінде енді тек шығармашылықпен айналыса-мын деп едіңіз. Қазір не жазып жүрсіз?

– Мен қазір бірыңғай драма-тургия жазуға көштім. Осы салада жазып жатқан дүниелерім бар. Әлі нүктесі қойылмаған шығармалар туралы айту ерте деп ойлаймын.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

ағамда ғана болатын. Олар атып жатқанда, мен қарап қаламын ба? Қояр да қоймай жүріп, оны да үйреніп алдым. Әкемде аңшының ұзын мылтығы болды. Ағаларыммен бірге, сол мылтыққа оқ жасауды да меңгердім. Қазір мылтықтың оғы

қойса, тура дөп түсетін. Тіпті ол кісі анайы сөздерді қосып жіберсе де ерсі көрінбейтін. Үйді таза ұстау, тағам жасау жағынан өте мықты болды. Сондай адаммен қарым-қатынасымыз неге жаман болсын?! Әрине, бір кездері қиындықтар

16www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected] www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

– Сіз әлемдік деңгейдегі опе-р а ж ұ л д ы з ы с ы з . В о к а л д ы қ мүмкіндігіңіз мінсіз әрі әнді шебер орындайсыз. Сондықтан, әрбір концертіңізді асыға күтеміз. Астанада алдағы уақытта концерт беру ойыңызда бар ма?

Тынысбек, қала тұрғыны

– Р а х м е т ! Б и ы л ш ы ғ а р м а -ш ы л ы ғ ы м а ә р і Қ а з а қ с т а н ғ а келгеніме 20 жыл толды. Бұл аз уақыт емес. Соған орай, жеке кешімді өткізбекпін. Еліміздің төрі – Астанада ән салу үлкен абырой деп санаймын. Қазіргі уақытта сол концертке байланысты дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Алла қаласа, күзге жоспарлап отыр-мын. Міндетті түрде өткіземін деп үміттенем.

– Опера – күрделі классикалық жанр. Оған кез келген өнерпаз бара бермейді. Сіз қалай келдіңіз? Тағы бір сұрақ, осы жанрдың қиындығы неде және өзіміздің қазақтардың опера тыңдауға ықыласы қандай?

Жайдарлы, туристік агенттік қызметкері

– Опера – музыка өнерінің асқар шыңы. Бұл жанрдың күрделілігі – дауыс диапазонында, орындау техникасында. Көп ізденуді, жан-жақты дайындықты қажет ететін мамандық. Музыканы, тарихты, әдеби шығармаларды, ақындардың д а с т а н ы н , ө л е ң д е р і н т е р е ң түсінбесеңіз, онда жақсы әнші болу өте қиын.

Мен өмірге келгеннен-ақ, әкем менің әнші болатынымды білген сияқты. «Қызымыз өзіңе тартқан әнші болады-ау, жылаған даусын қарашы!» дейтін көрінеді анама. Өзім әнді ес білгелі айтып келемін. Мектептегі оқушылар «аузың дәу» деп мазақтайтын. Жастайымнан театрға құмар болдым. Анам Камал Қуанышқызы – Қытайдың халық әртісі. Менің өнерге келуіме сол кісі ықпал етті. Үйде ыңылдап ән айта-мын да жүремін. Бауырларым мезі болады. Анам да кейде «Түу, бұл үйде мен әншімін бе, әлде сен бе?» деп ұрсушы еді. Әкем – композитор. Қытайдағы қазақ әндерін жинап, 500 әннен тұратын «Қазақ халық әндері» деген екі томдық кітап шығарған. Менің бойымдағы талан-тымды айна-қатесіз тани білген де сол кісі. «Қызым, әншілік өнердің ең биігі, бекзаты – опера. Фортепиано-

да ойнап үйрен. Күні ертең өзің ән айтып, өзің сүйемелдейсің» дейтін.

Ал, қазақтардың опера тыңдау ықыласы төмен деп айта алмай-мын. Егерде түсінбесе, тыңдамаса, қадірлемесе біздің операмыз 80 жыл өмір сүре ме? Баяғыда-ақ, есігі жабы-лып қалар еді. Құдайға шүкір, қазіргі жаңа буын әншілері осы жанрды өз дәрежесінде жалғастырып келеді. Зиялы қауым өкілдері әрдайым театр төрінен табылады.

– Қызыңыз Аидаға бесік жырын айтасыз ба, әлде ариялар айтасыз ба?

Ғазиза, студент– Биыл Аидаға арнап, аналық

махаббатпен «Әлем бесік жырла-ры» атты жинақ шығардым. Сол әндерден қызым түрік халқының әнін сүйіп тыңдайды әрі сөзін жаттап жүр. Ыңылдап тілі келгенше айтады. Қызымыздың әр қылығына сүйсініп, бақытқа бөленіп жүрміз.

– Алдымызда көктем мерекесі, я ғ н и , қ ы з - к е л і н ш е к т е р м е н аналардың, әжелердің мейра-мы келеді. Күйеуіңізден қандай сыйлық күтесіз?

Сезім, банк қызметкері

– Сыйлықты кім жақсы көрмейді дейсіз?! Бірақ, ешкімнен еш нәрсе дәметпеймін. Керісінше, біреуді қуантқанды жақсы көремін. Жа-ным соны қалайды. Анама, қызыма, жақындарыма сыйлық жасауды жоспарлап қойдым.

– Төрткүл дүниені түгел аралап жүрсіз. Сіздіңше қай елдердің мәдениеті жоғары?

Мұхтар, кәсіпкер

– Ә р е л ө з д ә с т ү р і м е н ерекшеленеді. Бәріміз пендеміз ғой. Жер шары бәрімізге ортақ. Бірақ, көпшілік Еуропаның мәдениеті мен тарихы терең деп ойлайды. Ал, мен үшін әлемдегі ең ұлы, ең парасатты ел – Қазақ елі. Қазақтан асқан сабырлы, дана халық жоқ! Сосын тағы бір қызық жағдайды айта кетейін, біздің көрермен г ү л д і с а х н а д а т ұ р ғ а н д а береді ғой. Ал, Францияда гүлді концерттің алдында, мәдениет үйінің қызметшілері арқылы әрлеу немесе киіну бөлмесіне беріп жібереді. Кон-цертке шықпай жатып, үстеліңнің үсті түрлі конфеттер мен хаттарға, шоқ-шоқ гүлдерге толып кетеді.

Көңілің сондай көтеріліп қалады. Сахнаға шықпай тұрып-ақ сенің өнеріңді бағалайтын адамдардың күтіп отырғанын білесің. Ерекше күш-жігер береді.

– Сіз танымал әнші ғана емессіз, отбасындағы әйелсіз, анасыз. Жал-пы, сіз үшін отбасы бақыты неден тұрады? Таңдау түссе, әлемге әйгілі әншінің атақ-даңқын қалайсыз ба, әлде қарапайым қазақ анасының бақытын таңдар ма едіңіз?

Сәуле, дәрігер

– Алла тағала адам баласына ұрпақ қалдыруды нәсіп еткен. Сондықтан, ата-ана бақыты – баламен дер едім. Егерде таңдау түссе, әрине, қарапайым қазақ анасының бақытын таңдар едім. Аналық рөлді де кере-мет етіп атқарамын деп ойлаймын. Мен үшін отбасым бірінші орын-да тұрады. Өйткені, бойыма ата-анамның санамызға сіңірген жақсы қасиеттері дарыған.

– Өнегелі жолыңыз туралы деректі фильм түсіру немесе кітап жазу ойыңызда жоқ па?

Бекзат, бухгалтер

– Ондай үлкен жобаны жүзеге асыруға Мәдениет министрлігі не-месе Үкіметтің тікелей қолдауымен болмаса, өз күшім жете қоймас. Ал, өмірбаян, естелік кітапты 2003 жылдан бастап жаза бастағанмын. Екі рет компьютердің вирусынан біраз дүниелер өшіп қалып, енді қайта бастауға тура келіп тұр. Бастауын бастағаныммен, қашан аяқтайтынымды өзім де білмеймін.

– Ш е т е л г е ж и і ш ы ғ а с ы з . Оны әлеуметтік желілердегі парақшаңыздан біліп отырамыз. Бұл отбасылық саяхат па, әлде, шығармашылық жұмыстармен жүресіз бе?

Назым, мұғалім

– Е к е у і д е б а р . К ө б і н е с е шығармашылық сапармен жүремін. Құдай бұйырса, қызым өскен соң, отбасымызбен жақсылап

қыдырмақпыз. Мүмкіндіктің ба-рында саяхаттап, демалып, ел, жер көргенге не жетсін?!

– Майра апай, жастығыңыз бен сұлулығыңыздың сыры неде?

Айсұлу, мұражай қызметкері

– Ө м і р д і қ ұ л а й с ү ю і м д е , а қ ж а р қ ы н к ө ң і л і м д е , і ш к і т а з а л ы ғ ы м д а д е п о й л а й м ы н . Дұшпаным болса да, ешкімге жамандық тілемеймін. Ештеңені қ ы з ғ а н б а й м ы н . Қ ы з ғ а н ы ш – өте жаман сезім. Адамгершілік қасиетім маған әрқашан қуаныш сыйлайды. Көшеде жұрт танып жатса, қуанам. Амандасса, жылы шырай танытып, сәлемдесемін. М е н і т а н и т ы н д а р д ы ң б а с ы м бөліг і – орта буын өкілдері . Қазақтың зиялы қауымы түгел таниды деп мақтанышпен айта аламын. Әдемілікке жаным құштар. Әрдайым әдемі өмір сүруге тал-пынам.

– Астанада бала кезіңізден бас-тап, әлі күнге дейін жұбыңыз жа-зылмай келе жатқан Гүлнұр есімді құрбыңыз тұрады екен. Жалпы, сіз достықты қалай түсінесіз? Т ы ғ ы з ж ұ м ы с к е с т е ң і з г е қарамастан, достарыңызға жиі көңіл бөлесіз бе?

Жарас, оқырман

– Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен

қайғысын бөлісетін дос іздейді. Гүлнұр – шынымен менің жан досым. Оның қасында өзімді еркін сезінемін. Менің ту-

ысым сияқты болып кеткен. Оның батылдығы, қайсарлығы, тектілігі әрқашан сезіліп тұрады. Қандай да бір қиындыққа тап болсақ, бір-бірімізбен бөлісіп,

ш е ш і м і н т а б а м ы з . С о н -дай досымның болғанына мақтанамын. Өкінішке қарай, менің уақытым тығыз. Ал, уақыт бола қалған жағдайда,

қайда жүрсем де достарыммен хабарласып отыруға тырыса-мын. Қуаныш пен қайғыда бір-

бірімізге сүйеу боламыз. Көңіліміз әрдайым бірге. Алла сол доста-рымнан айырмасын! Оларға тек

жақсылық тілеймін!

Еркежан СӘТІМБЕК

Индонезияның Бали аралында өткен «Әлем аруы-2013» байқауының жеңімпазы филиппиндық Меган Янгтың орнында «шіркін-ай, қазақ қызы болғанда ғой» дейтіндер бар шығар?.. Ендеше, солай ойлайтындарға тамаша жаңалықтарымыз бар.

Жақында қазақ қызы Қытай елінде тұратын түрлі ұлт өкілдерінің ішіндегі ең сұлуы атанды. «56 ұлттың гүлі» атанған Күнбике Нұрқызы ана тілімен қатар, қытай, ағылшын тілдерін еркін меңгерген. Қытай-лықтарды таңдай қақтырған еліктей ерке сұлуымыз домбырамен әуелете ән салып, мың бұрала билегенде қошемет білдірмеген жан болмаған. Жат жұртта жарқырап, өз елінің ұлттық нақыштарын ұлықтаған сұлу қыз қазақ өнері мен мәдениетін биік деңгейде көрсете білді. Осыған дейін «Шыңжан Ұйғыр автономиялық өлкесінің аруы» байқауында бақ сынап, бас жүлдеге ие болды. Нәзіктігімен бар жанарды жаулаған Күнбике таэквон-додан спорт шебері. Келешекте танымал тележүргізуші болуды армандайды.

Небәрі 19 жасар Эльмира Әбдіразақова «Ресей аруы-2013» байқауында басына тәж киіп, сол елдің ең әдемі аруы атанды. Ол 1994 жылы Қызылжарда дүниеге келген. Үш жасында анасымен Ресейге көшкен отандасы-мыз бүгінде Кемеров облысының Междуре-ченск қаласының тұрғыны. Қазақтың кербез қызы Ресей намысын «Әлем аруы-2013» байқауында да жоғары деңгейде қорғап шықты. Ол сонымен қатар, «Мисс Спорт» сайы сында да лайықты өнер көрсетті. Әлем-дік аренада солтүстіктегі көршіміздің шаш-бауын көтеріп жүрген Эльмираның бойынан нағыз қазақ қызына тән ізгілікті көреміз.

Ажарымен айдай әлемді мойындатқан ару-ларымыздың легі мұнымен толастамайды. Саида Әділова есімді қаракөзіміз «Miss Asia Moscow-2013» жеңімпазы. Халықаралық бұл байқауға Ресей Федерациясынан – Алтай, Буратия, Қалмықия, Тыва, Хакасия, Яку-тия, ТМД елдерінен – Қазақстан, Қырғыз Түркіменстан, Вьетнам, Оңтүстік Корея мен Моңғолияның сұлулары сынға түскен. Осынша ұлттың арасынан суырылып шыққан Саиданың бойынан сайын даланың лебі еседі.

Өң мен түстей мынау өмір өтпелі,Нұрын шашқан күн күлімдеп көктегі.Арулардың мейрамымен басталған,Келді тағы табиғаттың көктемі.

Таусылмаған пенде үшін тұз-дәміАртта қалды қыстың суық ызғары.Гүл көктеммен көріктеніп, көркейсінҚазағымның қасиетті қыздары.

Шалыққан соң өнердің бұл дертіне,Жыр тізгінін жіберейін еркіне.Мына көктем көрік қосып тұрғандайАрулардың айдай әсем көркіне.

Таразылап қара сөздің салмағын,Ойларымды өлеңменен жалғадым.Қуанған соң, қалам алып қолымаАруларға ақ тілектер арнадым.

Өмір – өрнек, сендер соның мәнері,Сұлусыңдар, әсемсіңдер, әдемі.Тал бесік те қолыменен ананыңТербетілген, адамзаттың әлемі.

Тапқандай боп сәтті теңеу санамен,Аруларды ай мен күнге балар ем.Өздеріңмен әдемі ғой жер беті,Өздеріңмен көрікті ғой бар әлем.

Нардың жүгі жүктелегендей адамға.Нарық деген нар тәуекел заманда,Қуат беріп адамзатқа, гүл бітсінсендер басқан әрбір құтты қадамға.

Жаралғандай көктің шуақ күнінен, Нәр алғандай қырдың әсем гүлінен.Бұл өмірдің сәні болған аруларҚұттықтаймын келген көктем күнімен!

Көркіменен бар әлемді гүл еткен,Жүрегіне барша ақын жыр еккен.Ақ тілектер жолдап ерлер атынанҚұттықтаймын сіздерді шын жүректен! Мақсұт РАЙЫСОВ

Бала кезінен дизайнер-модельер болуды армандаған бойжеткеннің бүгінде Алматы қаласында өз мектебі мен тігін ательесі бар.

Азияның ең көрікті қыздары қатарында «Мисс дара тұлға» аталымымен танылған Әлия Шабарова мен Әсел Асқарова бар. Мәскеуде білім алып жүрген қос құрбы өз орталарында қазақ елінің ғұрыптарын дәріптейді. Бейнелеу өнері мен би әлемінде өзіндік өрнектерін қалыптастырған Әселдің басты арманы – «Астана опера» балет театры ның сахнасында самғау. Әлбетте, олардың асқақ армандары жүзеге асады. Тек ендігі таңда өзгенің емес, егемен еліміздің ертеңі үшін еңбек етсе болғаны.

Қазақ қыздары тек сұлулық байқауында ғана емес, спорт, өнер сынды басқа салалар-да да сыннан сүрінбей, ел абыройын еселеп келеді. Кеше ғана шымылдығын түсірген Сочи Олимпиадасында фристайл-акробатикадан финалдық кезеңге өтіп, әлем үздіктері арасын-да алтыншы орын иеленген, ел спортшылары арасынан аттанған ең жас спортшы Жанбота

Алдабергенованы айта кетпеу мүмкін емес. Осыдан екі жарым жыл бұрын марқұм әкесі Жанботаны гимнастика мектебіне жаздырып: «Қызым, сен Сочи Олимпиадасы ойындары-на қатысасың әлі. Сол кезде мен чемпионның әкесімін деп мақтанып отырамын» деген екен. Әкесі көре алмай кеткен жетістікке, қазақ елі ғана емес, бүкіл әлем куә болды.

Жер жаһанды жағымды жаңа-лықтарымен қуантатын ару-лардың абыройы арта берсін

деп тілейміз. Әдемі тілектің легін күні кеше ғана Болгарияда өткен «Кристаль-ные голоса» байқауында сопрано дауыста тамаша өнер көрсетіп, гран-при алған елорда лық Гүлниза Бата лова мен Грецияның Афина қаласында өткен «Bellydance oriental fashion festival» халықаралық би фестивалінде екінші орын иеленген Индира Қасымованың жеңістерімен түйіндейміз.

Нұргүл АХАНҚЫЗЫ

«2013»

«Miss Asia M

oscow2013»

17

P.S:

Ес білгелі құқық қорғау жүйесінде қызмет етуді қалаған Үрзада Абылайқызы Алматы қаласындағы милиция мектебін тәмамдаған. Арнаулы мамандар даярлайтын салада он жылдан аса қызмет етіп, қосымша экономист мамандығын игерген. Сөйтіп, Мемлекеттік тергеу комитеті құрылған тұста Зейнетақы тағайындау және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы болып жұмысқа қабылданады.

1998 жылы елордамыз Ақмола қаласына ауысқан кезде алғашқы көштен қалмай Арқаға қоныс аударған еді. Астаналық Ішкі істер департаментінің іргетасын қалауға атсалысқан нәзік жанды апайымыз күні-түні демей ерлермен бірге елорданы дамытуға, тұрғындардың қауіпсіздігін қорғауға барынша еңбек сіңірген.

– Ол кезде жағдай басқаша еді. Халықтың саны аз. Қоғамдық көліктердің де қатары санаулы. Бас қаланың қауіпсіздігі бірінші орында болуы тиіс деген

мақсатпен тынымсыз жұмыс істедік. Жас мамандарды даярладық.

Шүкір, бүгінде салада ілгерілеу бай-қалады. Астана қауіпсіз қалаға айна-лып келеді. Мұнда тыныш өмір сүруге бар лық жағдай жасалып, қоғамның ты ныштығы мен тұрғындардың қауіп-

сіздігі басты назарға алынды, - дейді Үрзада бізбен әңгіме

барысында.Үрзаданың кәсіби ма-

ман болып машықтануына Жақсылық Әбдіразақов,

Әбдіғаппар Мырзалиев, Любовь Поберей сынды әріптестерінің ықпалы

зор. Әсіресе, Мемлекеттік тергеу комитетінде қызмет-

тес болған, бүгінде зей нетке шыққан басшысы Шы рынбүбі Құманқызынан көп нәрсе үйре-ніп, тәжірибе жи нақ таған екен.

Үрзада елордаға келгелі зей-нетақы тағайындау бөлімінде

тапжылмай еңбек етіп келеді. Бү гінде Астана қаласы Ішкі істер

департаментінің Еңбекақы тө леу және зейнетақы тағайындау бөлі мінің

бастығы. Он жылдан бері департамент-те құрылған «Жігер» фольклорлық ансамблінің белсенді мүшесі. «Зей-нетке шыққан ардагерлер ұжымымен қойын-қолтық жұмыс істейміз. Еңбек демалысына шықса да, әлі күнге дейін

қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүрген азаматтармен жұмыс істеудің өзі

бір ғанибет» дейді ол. Екі қыз тәрбиелеп отырған аяулы ана ме-

реке қарсаңында елордалық басылым арқылы нәзік жанды әріптестерін де шын жүректен құттықтайтынын жеткізді.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

Қай күні болса да жұмысыңызға таң сәріден жиналып, түнімен қалың жауған қарды кешіп, аялдамадан өтетін алғашқы автобусқа отырыңыз да, терезеден тысқа көз салыңызшы. Бозарып үлгермеген қараңғылықта ең алдымен көретініңіз, жол бойындағы қара-құрым – қар күреушілер. Жалпақ күректі қарға тол-тырып, күреп жүреді, күреп жүреді. Ал, сіз жұмысқа тым ерте шықтым дейсіз...

Бас қаланың тазалығын мойнына алған мекемелердің бірі – «Астана-Тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Мұнда қызмет ететін 1453 адамның 336-сы әйел заты болса, соңғы санның 213-і тек қар күреушілер.

Кәсіпорын директоры Әзімбек Басқанбаев әңгімесінде қар күреуші қарындастардың жұмыста белсенді екенін айтады. «Қыз бала тумысынан ширақ, іске таза, айналасына мейірімді ғой. Ал біздің жұмысқа бұл қасиеттердің барлығы керек-ақ. Жұмысшы әйел-дердің тындырымдылығының, еңбек-қорлығының арқасында шаруамыз уақытында оңтайлы шешіліп, қандай қалың қармен де бетпе-бет келіп жүрміз. Мекемедегі әйел жұмысшыларды нағыз еңбекке жаралған жандар дер едім» дейді ол.

Ислам шариғатына үңілсек, жол тазалаушыларға сауап шаш-етектен жазылатынын айтады. Яғни, олар айналасының игілігіне, пайдасына қызмет етеді. Алайда, қар күреушілердің істері – елеусіз, жалақылары – мардым-сыз, көбісі болмашы тиын-тебенмен

жан бағып жүргенін жасырып қайтеміз. Қала әкімінің биылғы есеп беру жиы-нында жарыссөзге шыққан бір әйелді көзіміз шалған. «Көп балалы анамын. Мемлекеттен баспана алу үшін құзырлы орындар мені қар тазалау жұмысына шақырды. Бірақ жиырма мың теңгемен бала-шағамның нәпақасын қалай айыра-мын?» деп еді ғой бейбақ. Жарыссөзші «жиырма мың» деп жай айта салған болар, десе де, осының үш-төртеуінен әрі аспайтыны анық.

Аз-маз ақшамен Астананы ақ қардан арылтып жүрген қаракөздер, тіпті, сенбі-жексенбі дегенді білмейтін сыңайлы. Аға шебер Кенжебек Нұртазиннің айтуынша, жұмысшылардың көк мұз, ақ боранда да шаңырақтарында шалқалап жататын уақыттары жоқ. «Демалы-сымыз жоқ десе де болады, өйткені, жұмысшылар аптаның қай күнінде де жол бойынан табылады. Қардың «тасқыны» еңсерілгенде ғана тек кезек-пен демаламыз» дейді аға шебер.

Қар күреген қарындастармен ақпан-ның соңындағы бұрқасын қарлы күн-дердің бірінде жүздестік. Редак ция-мыздың оң қапталындағы Парламент, Министрліктер үйінің маңын тазалап жүрген Александр Гахтың бригадасында кілең әйелдер екен. Үсті-үстіне жауып тұрған қарға қарап жатқан олар жоқ, жалпақ күректі ақ қарға толтырып жиі сілтейді. Шаршайтын емес. Алты ай қыстың небір аяздарында жүздерін үсік шалған сықылды, қарайып-ақ кетіпті. Қимылдары – жедел, ширақ, істері – мығым. Үйреншікті жұмыстары болған

соң ба, омбы қарға тайсалмай күрек салады.

Қ а р к ү р е г е н қ а р ы н д а с т а р д ы ң сөздеріне құлақ түрсек. «Жұмысымыз таңғы алтыдан басталады. Күннің суығына, аязға, бұрқасын, боран, желге де қарамаймыз, белгіленген аумағымыздан табыламыз» дейді Татьяна Умрикина. «Біз өз жұ-мы сымыздың жауаптылығын сезінеміз. Қалалықтар жұмысына асыққанда көлік жолдары да, жүргіншілер жолы да ашық болу керек қой. Сондықтан ертерек іске кірісіп, межеден көріну – міндетіміз» дейді Анна Бородина. «Мен қар күреушілердің жұмысын әскери қызметпен пара-пар дер едім. Өйткені, сақылдаған аязда да сақадай сай тұруымыз керек жұмысқа» дейді Сәуле Бек-тұрғанова. «Жұмысымыздың ауыр екенін білемін. Бірақ біз қар күреу кезінде күліп жүруге тырысамыз. Өйткені, көңілді еңбеккерді суық та, қиындық та жеңе алмайды» дейді На-талья Поберечная.

И ә , қ ы т ы м ы р қ ы с т ы ң ызғарына шыдап, аязына

төзіп, суығына тоңған қарын дас-тардың еңбегі орасан. Екінің бірі тәуе келі жетіп, жегіле бермейтіні рас бұл жұмысқа. Нарықтық заман-да ердің ісіне именбей кіріскен және абыроймен атқарып жүрген апалар мен қарындастарға қандай құрмет те лайық-ау.

Әне, сары күртешелі қараторы әйел жолды қардан арылтып жүр...

Асхат РАЙҚҰЛ

18www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected] www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

P.S.

19

Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту

орталығы» КМК-ге хабарласыңыз! Мекенжайы:

Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3, Бизнес-орталық

ғимаратының 2-қабаты. 104,5,14,34 автобустарымен

келуге болады. Анықтама алу телефоны:

57-88-88.

15100Ò

Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐÄ Á Ð ÎÐ ÁÀÑÀÐ

ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐÄ ÎÐ ÁÀÑÀÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

-

ÎÒÎÒ

Ò

-

-

-

-

15100Ò

ÀÑÒÀÍÀ À À

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐÄ Á Ð Í ÎÐ ÍÁÀÑÀÐ

ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐÄ ÎÐ ÍÁÀÑÀÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

-

ÎÒÎÒ

Ò

-

-

-

Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мемлекеттік гранттарды беру

үшін өтінімдерді қабылдау басталғандығын хабарлайды.

Өтінім нысаны www.upp.astana.kz сайтында55-54-85, 28-59-70;

-

- --

-

--

Требуются учителя в новую школу-лицей №72. С казахским и русским языками обучения. Адрес: ул.Байтурсынова 25. Тел.: 8 701 910 65 49.

-

-

55-67-75, 55-67-74

Гәзеттің келесі нөмірі 13 наурызда шығады

20www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected] www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

– -

8

I II

Көрменің ашылуында «Назарбаев орталығы» ММ директорының ғылыми-гуманитарлық жұмыс жөніндегі орынба-сары, суретші Лейла Махат сөз сөйледі: «Бүгінгі көрмені сіз бен біз жай ғана тамашалап қоймаймыз. Біріншіден, барлық туындылардың авторлары осында. Екіншіден, Суретшілер одағынан әріптестері мен достары да келіп құрбыларына қолдау танытуда. Үшіншіден, іс-шараға жастар көп жиналған. Жастардың өнерге қызығушылық танытуы, үлгі алуы маңызды деп ойлай-мын», - деген ол жиналғандарды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Көрмеге Халық суретшілері Гүлфайрус Исмаилованың «Актрисаның портреті», Айша Ғалымбаеваның «Бауырсақтар на-

тюрморты» тәрізді танымал туындылары қойылған. Сондай-ақ, көрермен қауым А.Алпысбаева, Р.Ахметжанова, Л.Дирксен, А.Есімова, Л.Жанпейісова, Б.Зәуірбекова, С.Қаржаубаева, Н.Лигай, Н.Қиқымова, В.Слабоспицкая, А.Көлке, Т.Мажитова, М.Мырзабекова, Г.Тәтібаева, Г.Телғозиева, Н.Терещенко, А.Сүлеева сынды тағы 17 суретшінің кенепке жан бітірген, терең қиялынан туған ғажайып әлемімен таныса алады. Суреттерде нәзіктікпен қатар, күрделі тіпті, кей сәттері түсінікті бола бермейтін жүрегі сырға толы эмоциялар ұшырасады.

Ә й е л з а т ы н ы ң с ұ л у л ы ғ ы с у р е т ш і аруларымыздың қылқаламынан шыққан картиналарда айқын көрінген.

Еркежан СӘТІМБЕК

«ҚҰЛПЫРҒАН КӨКТЕМГЕ» ҚҰШТАРЛЫҚ