16
ASTANA INNOVATIONS ǹǧDzǧǰʹȂ ǹǧǷǯǼ ǼǧǰǺǧǴǧǹǹǧǷ زDzǬdzʵ ɅƼǏƲNjǍƲǃ ɅƼLJƼljǗɍ ɅƼljƼǎɅƼɅǎǗ ǂNJƽƼǍǗ 86' (85 585 ĭ³£« Ĥ£¤©L ª£¬¢© HPDLO LQIR#DVWDQDDNVKDP\N] :::$67$1$$.6+$0<.= Ě 28 ÂÆÊÒÆμ ÎÁÔÑÜÈ ÇÜÌ 6+$0<.= ÜÈ ÇÜÌ ÑæòðôâìéëáìüĬ ĬïĨáíåüĬòáĀòé äáèæó çüìĨü Ĭáèáîîáî âáòóáð ùüĨáåü Çæì âáĨüóü íæî çüìåáíåüĨü ïĦóġòóĄë íò ÓáĦ áóôü òáĨáó íéîôó Ëġî âáóôü òáĨáó íéîôó Ëġî ĪèáĬóüĨü òáĨáó íéîôó ÂĪì ëġîäĄ æĦ üòóüĬ áôá n& çüì ÆĦ òôüĬ óæíðæñáóôñá n& çüì -2°..-0° -8°.. -7° 2-бетте ˌ˯೪˘ˮ ˄ഉˬˤ˺˘ˮ˯˚˵೮ ˁ˯˵ ˲˟˹˯˲˭˘˳ ˵˶˲˘ˬ ˢ˘ˣ˙˘ ˘˵˵ ˟೮˙˟˛˧ˮ˟ ʹ ϭϱϬ ˢˬ ʶ˟˾˟ ೪˘ˬ˘ ഉ˪˧˭˧ ʰ˭˘ˮ೦˘ˬˤ ˃˘˳˭˘೦˘˭˙˟˵˯˚ ˈ˘ˬ೪˘˲˘ˬ೪ ˪˲˭˟ˬ˟˲ ˙˲˯˳ˮ೮ ˙˘˳ ˺˘˵˾˳ ʦˤ˳˟ˮ˵˟ ʧ˯ˮ˳˘ˬ˟˳ ʸ˯˳˳˟˲˵˘ˬ˟˳˵˧ ೪˘˙ˬ˞˘˞ ʪ೮˛˟ˬ˟˪ ˳˵˟ˬ˛˟ ˯˵˲೦˘ˮ ೪˯˳ ˵˘˲˘˱ ʤ˳˵˘ˮ˘˞˘ ϮϬϭϳ ˢˬ ˵˟˵˧ˮ ˑʶˁʿʽ ˪˲˭˟˳˧ˮ˟ ˞˘˥ˮ˞೪˵೮ ೪˘ˬ˘˥ ˙˯ˬ˱ ˢ˘˵೪˘ˮ ˵˶˲˘ˬ ഉ೮˛˧˭˟ˬ˟˳˵˧ ƾǤǭǡǩǮǡ ƿǪǩǭǜǧǡǭ LJNJǍǍǁnjǎƼLJǁǍ ǑǜǧǷɆǜǬǜǧǷɆ ǦʔǬǨǡǧǡǬ ǝǺǬǪǭǷǩǷɎ ǝǜǭ DZǜǮǴǷǭǷ ʺ˘˭˲ ˘˥ˮ೮ ˳˯೮ˮ˘ ೪˘˲˘˥ ˑʶˁʿʽͲϮϬϭϳ ˪˲˭˟˳˧ˮ˟ ˬ˘˥೪˵˘ˬ೦˘ˮ ˣ˘˭˘ˮ˘˶ˤ ˮ˳˘ˮ˞˘˲˞೮ ೪˲ˬ˳ˮ ˙˘˳˵˘˭˘೪˾˭ˣ ʫ˶˲˯˱˘ˮ೮ ˞˘˭೦˘ˮ ˭˟˭ˬ˟˪˟˵˵˟˲˧ˮ˟ˮ ˬ˛˧ ˘ˬ˘ ˯˵˲˱ ˪ˬ˧˪ ೪˯ˣ೦˘ˬ˳ˮ˞˘೦ ˭ഉ˳˟ˬ˟ˬ˟˲˞˧ ˵˙˟˛˟˥ˬ˧ ˾˟˾˟˭˧ˣ ʽˬ ˾˧ˮ ˙˧ˣ ϮϬϭϳ ˢˬ ˤˮ˵˟ˬ˟˪˵˶˘ˬͲ ˞ ˵˲˘ˮ˳˱˯˲˵˵೪ ˢ˥˟˛˟ ˵˯ˬ೪˵˘˥ ˪˾˟˵˧ˮ ˙˯ˬ˘˭ˣ ʰ˭˘ˮ೦˘ˬˤ ˃ʤˁʺʤʤʺʥʫ˃ʽʦ, ʤ˳˵˘ˮ˘ ೪˘ˬ˘˳ˮ೮ ഉ˪˧˭˧ êIĝ ĠYĨĠěģ ĢěĜěĚěģ ĠĤĦIģě ėIġĚIģIĝĚěĦ ƽǁǀǁLJǍʓǃ 8-9-беттерде 4-бетте 12-бетте

№28 (3085) 2014-03-13

  • Upload
    -

  • View
    233

  • Download
    8

Embed Size (px)

DESCRIPTION

АСТАНА АҚШАМЫ №28 (3085) 13 наурыз 2014

Citation preview

Page 1: №28 (3085) 2014-03-13

ASTANA INNOVATIONS

28

-2°..-0°-8°.. -7°

2-бе

тте

,

8-9-

бетт

ерде

4-бе

тте

12-б

етте

Page 2: №28 (3085) 2014-03-13

2www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Кеше қала іргесіндегі Күйген-жар кентінде жергілікті тұрғын-да рмен кездесу өткізілді. Алматы ауданының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында ашық есік күні ұйымдастырылды. Аталмыш шаралар барысында көптеген адам дар құқықтық т ұрғыда өздерін тол ған дырған сауалдарға жауап алды.

Бүгін акцияға қатысушы маман-дар ЕЦ-166/22 түзету мекемесінің сотталғандарына тегін құқықтық кеңес береді. Сонымен қатар, сағат

15.00-де Астана қаласының №6 кәсіптік-техникалық колледжінің студенттерімен кездесу өтеді.

Ал ертең акцияның соңғы күні сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін «Нұр Отан» халықтық демо-кра тиялық партиясының Астана қалалық филиалының ғима ра-тында қала тұрғындарын қабылдау жүргізіледі. Әділет депар та-ментінің ғимаратында жас жұбай-лар ға арналған ашық есік күні ұйым дастырылады. Бұл шара сағат 15.00-де басталады.

592

-

-

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Жа-лын жұтқан Жанна д’Арк» пьесасы сахналанды.

Конгресс-холда «Армысың, әз На-урыз!» атты мерекелік концерт өтеді. Кіру тегін.Басталуы: 17.00-де.

«Қазақстан»Орталық концерт залында «Жан жылуы» атты қайырымдылық концерті өтеді.Басталуы: 19.00-де.

Астана қаласы бойынша 2014 жылдың ақпан айында осынша түрлі санаттағы жаңа кәсіпорын мен ұйым тіркелді.

-

-

2014 жылдың 19 наурызында сағат

10:00-ден 14:00-ге дейін Астана қаласының Жұмыспен

қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Нұр Отан» партиясы

Астана қалалық филиалымен бірігіп Кенесары көшесі, 32

мекенжайы бойынша «Кон-гресс холл» ғимаратының

фойесінде мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған Бос

жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізеді.

Сіздерді бос жұмыс орын-дары жәрмеңкесіне белсенді

қатысуларыңызды сұраймыз.Анықтама телефондары:

212714, 87785028196, 87012725288. e-mail:

[email protected]

Жиынды ашқан Тәртіптік кеңес төрағасы Тілеген Қаскин ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын бұзған лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік істер қаралатынын айтты. Атап айтқанда, Астана қаласы бой-ынша экология департаментінің басшысы, Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасарлары, Орталық

кеден зертханасының бөлім басшысы, Астана қаласы Сот актілерін орындау департаментінің басшысы және мекеменің сот орындаушыларына қатысты тәртіптік істер қаралды.

Отырыстың қорытындысы бойынша нақты шешімдер қабылданып, мемлекеттік орган басшыларына тиісті ұсыныстар енгізілді.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

Астана қаласының әкімі И.Тасма ғам бе-товтың 2014 жылғы 19 ақпанда халықпен есептік кездесуі барысында «Интернаци-ональный» тұрғын алабының тұрғыны, зейнеткер Қожантай Байкенов әкімге сауал жолдап, күрмеулі жайдың түйінін шешуді сұраған болатын.

И.Тасмағамбетов құрметті қонаққа елордада қолға алынған ірі екі жобаны таныстырып өтті. Нақтырақ айтсақ, жол-көлік инфрақұрылымы мен энергия үнемдеу технологиясын енгізу туралы тың бастамалардың жолға қойылғанын жеткізді.

Сонымен қатар, «ЭКСПО-2017» көрмесіне дейін халықаралық әуежай, авто және теміржол бекеттерінің де құрылысы басталады.

Қолға алынған кешенді жобалардың ішінде қалаішілік жолдардың жағдайы да қарастырылады. Оның ішінде қайта жөндеуді қажет ететін жалпы ұзындығы 19 шақырымды құрайтын 4 көше бар. Сонымен қатар, көлік қозғалысына ITS біржүйелік басқаруды енгізудің бірінші кезеңі 2014 жылдың мамыр айында қаладағы 42 қиылысқа орнатыла-тыны жоспарда бар. Осы жоба аясында 6

кезеңнен тұратын 402 бағдаршам орнату жұмыстары да жолға қойылып отыр. Яғни, ITS жүйесін енгізу көліктерден бөлінетін зиянды қалдықтардың мөлшерін 12-14 пайызға дейін кемітеді деген сөз.

Көрме уақытында бір мезетте мыңдаған қонақты қабылдай алатындай жағдай жасалмақшы. Соған байланысты қаламызда бүгінге дейін халықаралық стандартқа сай бес жұлдызды бірнеше мейманхана бой көтерген. Әлі де құрылысы аяқталып бітпегендері мен жоба күйінде тұрғандары да баршылық. Бірақ, олардың барлығы 2017 жылға дейін пайдалануға беріледі. Инвестициялық қолдаудың аясында күші 50 МВт болатын күн көзінен қуат алатын электр станса-сы мен 60 шақырымдық веложол да ел игілігіне беріледі деп күтілуде. Сондай-ақ, қаладағы адамдардың қауіпсіздігі үшін

бірнеше бейнекамера орнатылатын болды.

Өз кезегінде Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Гон-салес Лоссерталес: «Құшақ жая қарсы алғандарыңыз үшін мен де сіздерге рахметімді айтқым келеді. Қала күн өткен сайын дамып келе жатыр. Өздеріңіз білетіндей, менің келгендегі мақсатым – қаладағы құрылыс қарқынымен та-нысу. Себебі, қорытынды шешімімізді шығарып, көрмеге қатысушы елдерге шақырту жіберетін кез жетті. Құрметті, әкім мырза, өзіңіздің баяндамаңыздан кейін көп нәрсеге көзім жеткендей болды. Біз күткен межеден көріне білдіңіздер деп толықтай айта аламын. «ЭКСПО»-ның жетістігі көрме мезгілінде емес, одан кейін байқалатын болады әлі» деп айрықша сенім білдірді.

Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

(Басы 1-бетте.)

Мәселе мынада, тұрғынжайдан 50 метрден кем қашық-т ы қ та қ а з а н д ы қ орна лас қан, яғни, ү й қазан дық тың сани тар лық-қорғау а й м а ғ ы н д а т ұ р. Қазіргі уақыт та күл үйіндісіне қоршау о р н а т у ж ұ м ы с -тары жү ргізіліп, қазандықтағы ағым-

дағы жағдайды жақсарту жөніндегі ұсыныс тар қарастырылды: су қыздыру қазан дық тарын ауыстырылып, сұйық отын қолдану, сонымен қатар, барлық қазандықтарға келесі жылыту маусы-мына дейін шаңнан, газдан тазалау

қондырғыларын (циклондар) орнату көзделген.

Кездесу барысында тұрғындар қала басшысына жалпы және жеке тұрғыдағы түрлі сұрақтар қойды. Тұрғындар қозғаған әр мәселе егжей-тегжейлі зерттелгеннен кейін тиісті шаралар қабылданады.

Бұдан басқа, «Интернациональ-ный» тұрғын алабындағы «Ескен дiр» кешенінде аула клубы ашылды. Жалпы ауданы – 400 шаршы метр. Мекемеде күрес, теннис, би, жаттығу залдары, электронды кітапхана және ардагерлер мен зейнеткерлерге арналған үстел ойындары (шахмат, дойбы) үшін жабдықталған демалыс бөлмесі бар.

Сағи ОРАЛ

Page 3: №28 (3085) 2014-03-13

3www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

– Вирусты А гепатиті тура-лы жалпы мәлімет беріп, оны алдын алудың жолдарын айтсаңыз.

– Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімет-терінше, бұл – адамдардың ара сында ең көп таралатын жұқ палы ау ру. Шамамен алғанда жыл сайын әлем де

осы ауруға 1,4 млн адам шал-ды ға ды. Алдымен адамның бауыры зақымданып, бұл жағдай сарыауруға апарады. Оның таралу жолы жалғыз – науқастанған адамнан басқа адамға жұғады. Бұл вирус пен көбінесе 14 жасқа дейін гі бала-лар ауырады. Сыр қат та ну шы-лардың 50 пайыздан астамы осы жастағы балалар болғаннан кейін статистика осылай дейді.

Оны алдын алу үшін арнау-лы шара – вакциналау қол да-нылады. Астана қаласында

2005 жылдан бастап жоспарлы түрде 2 жасар сәбилерді им-мундау жүргізіледі. Ол вакцина жергілікті бюджет есебінен сатып алынады.

– Мектеп оқушылары арасында аталмыш вирус-тың өршуіне байланысты қандай шараларды қолдан-ды ңыздар?

– Мектептерді сумен жаб-дық тау жүйесін, эпидемияға қарсы режимді бақылауды күшейт тік. Одан басқа бұрын екпе жасалмаған 1,2,3,4 сынып-

тар дың оқушыларын, сондай-ақ, олармен қатынаста болған жоғары сынып оқушыларын иммундау шешімі қабылданып, іске асырылуда.

– Ал, ересек адамдарға екпе жасау қарастырылған ба?

– Вирусқа қарсы екпе жасат-қы сы келетін үлкендерге «OpenClinic» емханасына барып, ақылы түрде екпе жаса-ту ға кеңес береміз.

Аманғали ШМИТҰЛЫ

Бетт

і дай

ынд

аған

: Ғал

ым

ҚО

ЖАБ

ЕКО

В. Д

ерек

көз

дері

: ww

w.a

stan

a.kz

, ww

w.in

form

.kz,

ww

w.ba

q.kz

, ww

w.24

.kz

-

-

-

Биыл астаналықтар мейрамға ерекше ықылас танытуда. Бұл күні өтетін бұқаралық серу-ендер мен концерттерге қаланың көркем

безендірілген көрнекіліктері де ерекше көрік қосып тұрары анық. Бүгінде қаладағы оқу орындары, қоғамдық ойын-сауық орталықтары мен маңызды мекемелердің ғимараттары ұлттық нақыштағы өрнектермен әшекейленген. Бірнеше сәулет нышаны орнатылып, көше бойлары ұлттық ою-өрнектермен безендіріле бастады. Сондай-ақ, көшелерден өзгеше формадағы небір мүсін түрлерін кездестіруге болады.

Жалпы, мерекеге орай, Астанада қырыққа жуық іс-шара өтеді және бірнеше киіз үй тігіледі деп жос-парлануда. Ал, сахналандырылған басты қойылым «Қазақ елі» монументі жанында көрсетілмек. Мейрамға байланысты қалада қауіпсіздік шарасы күшейтіліп, көлік қозғалысы да шектелмек. Сонымен қатар, сауда ойын-сауық орталықтары да Наурыз тойына арнайы бағдарламаларын ұсынатын болады. Әрине, бұл күні ұлттық ойындар, спорттық сайыс-тар да ұйымдастырылады, жиналған жұрт ыстық бауырсақ пен наурыз көжеден ауыз тиеді.

Сондай-ақ, Наурыз – жаңару мен жасару, тазару мерекесі. Бұл айда табиғат түлеп, жердің тоңы жібіп, жылғалар суға толғанда қалалық коммуналдық шаруашылықта да көктемгі қарбалас басталады. Бұл жағынан да астаналықтар бейқам отырған жоқ. Су тасқынына қарсы жұмыстар пысықталып қойылған. Барлық техника күштері маңызды науқанға толық дайын. Қазір қала бойынша 836 арнаулы техниканың көмегімен тәулік бойына тыным таппастан қар тазар-ту жұмыстары жүргізілуде. Қыс түскелі бері 2 млн 633 мың 307 текше метр қар шығарылған. Күн күрт жылы-нып, қар қатты еріген жағдайда суды сорғымен айдап шығарып, шалшық жиналатын тұстарға құм төгіледі. Ондай мақсатқа 5000 тонна құм-күл сияқты инертті материалдар дайындалған. Өте дұрыс! Той болатын шаһар тап-таза болуға тиіс!

Бұл – қаладағы №1 емхананың тұрақ ты өткізетін дәстүрі. Әйелдер мерекесі қарсаңында өткендіктен бо-лар, осы жолы дәрігерлер жүкті және жаңа босанған әйелдерді толғандырып жүрген сұрақтарға жауап берді. Шараға жас баласы бар ата-аналар белсене қатысты. Олар нәрестенің өсіп-жетілуі жөнінде, тамақтандыру, ойнату, ой-өрісін дамыту жөніндегі мамандардың кеңесіне жүгінді.

Емхананың учаскелік дәрігері Шол-пан Сахиеваның айтуынша, жаңа босан-ған әйелдер күйзеліске жиі ұшы рай-ды екен. Соның алдын алу үшін ақ халат ты лар арнайы дәрістер оқып, бола шақ ана ларға ақыл-кеңестерін айт-ты. «Кей бір отбасылар жас босанған әйелді қам қор лыққа алудың орнына бар шаруаны соның мойнына артып

қояды. Баласын да бағып, үйдің күйбең тіршілігін де жайғаған әйел қалжырамай қайтсін?! Егер шаршау ұзаққа созыла берсе, оның соңы күйзеліске ұшыратуы мүмкін. Сондықтан, қол-аяғын жаңа бауырына алған әйелге жақындары жанашырлықпен қарап, көмектесуі ке-рек. Халқымыз бала қырқынан шыққанға дейін әйел адам күтімде болуы керек деп тегін айтпаған. Ал, егер ана күйзеліске түссе, емханаға келуі керек. Мұнда ар-найы психолог-мамандардың, отбасын жоспарлау жөніндегі дәрігерлердің көмегін ала алады» дейді Шолпан Сахиева.

Шараның соңында дәрігерлер емха-на ға келушілердің сұрақтарына жауап беріп, қолдарына қажетті ақпараттар топтасқан кітапшалар ұстатты.

Қымбат НҰРҒАЛИ

Ол үшін қатысушылар www.blogiada.kz сайтына тіркеліп, ұсыныс білдіруі қажет.

Әр кезеңге 2 ай беріледі. Алғашқы кезеңде 32 блогер іріктеліп алынып, келесісіне үздік шыққан 16-сы өтеді. Осылайша екі айда екі есе кеміп отыратын блогерлердің ішінен финалға 4 мықтысы іріктеліп, нәтижесінде жыл үздігі анықталады.

Байқаудың талабы бойынша блогерлер әр аптада арнаулы тақырыптарға сай жазба жазуы қажет. Бұл жазбалар техникалық және мазмұндық тұрғыда бағаланып, орташа бағалар бойынша рейтингі түзіледі.

Алғаш рет ұйымдастырылып отырған байқаудың демеушісі – Қазақстан софтверлік компаниялар Ассоциациясы Президенті Азаматхан Әміртай блогиада жеңімпазына 1 млн теңге көлемінде сыйақы тағайындап отыр. Байқау қорытындысы жыл соңында 6 желтоқсанда жарияланатын болады.

Шынар ШӘКЕН

[email protected]

Page 4: №28 (3085) 2014-03-13

4www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

ASTANA INNOVATIONS

Қанатқақты жобада бір не ше кешенді жүйе топтас ты рыл-

ған. Атап айтқанда, «Қалалық жедел басқару орталығы», «Интел лек-туалдық бай ланыс орталығы», «Жол жүру ережесін бұзу оқиғаларын фото-бей не құрыл ғыларға түсіру жүйесі», «Бейнебақылау жүйесі», «Ресурспен қамтамасыз етуді бақылау жүйесі», «Қауіп сіз авто-бус», «БАҚ және әлеу мет тік медиаға талдау жасау» және «Шұғыл байла-ныс терминалы».

Қала тіршілігін кешенді қамтама-сыз ету жүйесінің басты мақсаты – қауіпсіздікті қамтамасыз ететін салалар дың жұмысын тиімді үйлес-тіріп, олардың жылдамдығын және төтенше жағдайларда шұғыл шешім қабылдауын арттыру. Қоғамдық тәр тіпті сақтаудың тиімді шарала-ры ин но ва циялық технологиялар негі зінде ұйымдастырылмақшы. Осындай соны жүйені енгізген әлемнің дамыған мемлекеттерінде ауыр қылмыс түрі 30 пайызға азайып, қылмысты ашу 50 пайызға артқан екен. Елорда да осы деңгейге жетуді көздеп отыр. Демек, жоба қолданысқа енген кезде қала тұрғындарының қауіпсіздігі арта түседі деген сөз.

Іргелі жобаның тағы бір көздегені – моральдық этикаға жатпайтын вандализм сияқты іс-әрекеттердің алдын алып, қоғамдық мәдениетті сақтау. Сонымен қатар, қаланың қай шетінде болсын, ақпараттарды жылдам алғызуға мүмкіндік туып, бейнеоқиғалар мен мұрағаттарға қолжетімділік арттырылатын болады.

көмекке келетін болады. Қазіргі қалада орна тыл ған байыр ғы бағ-дар шам дар қай жолда көлік тің көп тұрғанына қарамай, белгіленген уақыт бойынша жанып-сөнетіні белгілі. Ал егер «ақылды бағдар-шам дар» іске қосылса , қай бағыт та кептеліс көп, алдымен сол бағыт тағы көліктерді азайта-тын болады. Бұл бағдаршамдар жолау шылар көлігіне ерекше көңіл бөліп, солардың ыңғайына жұмыс істейтінін айта кеткеніміз жөн. Өйткені, құрылғылар бір орта лық-тан басқарылатын болады.

«Ақылды бағдаршамдар» алды-мен Сарыарқа, Тұран даңғылдары мен Қонаев, Достық, Сарайшық, Сығанақ көшелерінде орнатылады деген мәлімет бар. Алғашқы кезде 42 бағдаршам іске қосылмақ.

Айтпақшы, жоба барысында автобустар зырылдап, жолаушы-ларды діттеген жеріне жылдам апарып қана қоймай, адамдардың қауіпсіздігін де сақтауға үлес қоса-тын болады. Себебі, жоба бой-ынша автобустар тегістей бей-некамералармен жабдықталады. Сондай-ақ, 500-ге жуық мекеменің маңайында барлығы 30 мыңға тарта бейнебақылау камерасы орнатылмақ.

« Ин т е л л е к т у а л д ы қ көл і к жүйесі» жобасы «ЭКСПО» халық-ара лық көрме сі басталғанға дейін толық іске қосы лады. Осы кезде қаланың орта лық көшелеріндегі 304 жол қиы лысы, ал 2017 жылдан кейін шағын аудандардағы 56 жол қиы лы сын дағы қозғалыс «ақылды бағдар шам дар мен» реттеледі.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

Бұған қоса, қандай да бір дағдарысты жағдай туа қалған жағдайда бұл тура-лы жұртшылықты неғұрлым тезірек хабардар ету де – осы жобаның басты мақсатының бірі.

Кешенді жоба бастан-аяқ бірыңғай құрылғылық-бағдарламалық жүйе-мен жабдықталмақ. Яғни, қаланың қауіпсіздігіне жауапты барлық құры-лым дардың жұмысы бір жерден үй-

«Интеллектуалдық көлік жүйесі» жобасы бірнеше кезең бойынша іске асырылады. Бұл өзі тұрғындарға нағыз ке рек ті жоба болғалы тұр. Олай дей ті німіз, қазір қала тұрғын-дарының «жанды» жері – көлік-тер дің кептелісі. Астана қаласы көлік тің көптігі жағынан Мәскеу, Вашингтон, Берлин секілді ірі мега-по лис терді озуға шақ тұр. Көлік кепте лісі дегеніңіз өзекті мәселенің бірі қалада. Жаңа жолдар салынып, бары кеңейтіліп жатса да кептелек ырық берер емес. Елорда халқы көбей ген сайын машиналардың саны да арта түсетіні белгілі. Осы кепте ліс-тен уақытымызды сағаттап шығын-дап жататынымыз бар. Әсіре се, таңертеңгілік және кешкілік кеп те ліс-тер де межелі жерге жетудің өзі мұң. Ал егер «Интеллектуалдық көлік жүйесі» жобасы толыққанды жүзеге асы рылса, кептелістен құтылатын күн де алыс емес. Бұл жобаның артық шы лығы сол, қоғамдық көлік – авто бус тарға басымдық беріледі. Оларға арналған жеке жолақтар белгі ле неді. Осылайша, қаланың бір шеті нен екіншісіне орта есеппен 20 минутта жетуге мүмкіндік туады.

Әрине, автобустардың діт те ген жеріне жылдам баруына жолақ-тар ды жүргізу ғана жеткілік сіз. Оған «ақыл ды бағ дар шамдар» да

лес тіріліп, нақты әрі дәйекті ақпарат қоры қалыптасатын болады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін кешенді жүйені жүзеге асыру бары-сында мамандар әлемдегі көптеген елдердің тәжірибесін зерттеп, тиім-ді лігіне баса назар аударған екен. Енді осы жобаның кейбір салаларына жеке-жеке тоқтала кетейік.

Бүгінде «Smart Astana» жобасын жасаушылар негізгі күшті жоғарыда аталып өткен «Қауіпсіз қала» мен «Интеллектуалдық көлік жүйесін» жүзеге асыруға жұмылдыруда. Алғаш қы кезеңін биылғы жылдың аяғында қолданысқа енгізу жоспар-ланып отыр.

Қауіпсіздікті ерекше назарда ұста-ған мамандар Астананы тәулік бойы бақылауда ұстауға бекінді. Ол үшін қаланың барлық бұрышына бейнека-мералар орнатылады. Оларды жаңадан құрылатын Жедел басқару орталығы жіті қадағалауына алмақ. Қаланың қауіпсіздік жағдайына байла нысты ақпараттардың барлығы осы орта-лықтың дерек қорына келіп түсетін болады. Тіпті, жарық, су, инже нерлік желілердегі ақаулар туралы мәліметтер Жедел басқару орта лы ғында өңделіп, шешім қабыл дауға тиісті мекемелерге шұғыл жет кі зі летін болады.

Page 5: №28 (3085) 2014-03-13

5www.astana-akshamy.kz

Бетт

і дай

ынд

аған

: Әді

лбек

ЖАП

АҚ

Өтініш 8 наурызда жолданып, 2 күнде жауап берілді.

Өтініш 27 ақпанда түсіп, 8 күнде жауап берілді.

Өтініш 27 ақпанда жолданып, 4 күнде жауап берілді.

Он күн бұ рын балам дүниеге келді. Перзентханадағы дәрігеріміз мекенжай бойынша бекітілген учаскелік педиатор ФКУ (фенилкетонурия) талдамасын жасау керектігін айтқан болатын. Мен білсем, пе-диатор оны үйге келіп жүргізуі тиіс. Өйткені баламыз әлі қарақұлақтанған жоқ, сыртқа шығару қауіпті. Алайда, біздің №6 емхана, керісінше, өзіміздің келуімізді талап етуде. Қайткеніміз дұрыс?

Бауыржан

188-көшедегі 19-үй, 1-кіреберіс тұрғындарының атынан хабарла-сып тұрмын. Бірнеше ай болды, жауын суының тоспасынан су сорғалап тұр. «Тұрмыс» пәтер

иелері кооперативіне бірнеше рет айттық . Шара қол данса қайсы? Шатырдағы қар ерісе, кіреберіс суға толып қала ма деп қорқамыз. Үйде кәртең

кісілер көп тұрады. Шалшық суға бірнешесі жығылып, жазым бола жаздады.

Қуаныш БИҒОЖИН

Сарыкөл көшесіндегі №3, 21 бағыттағы автобустар тоқтайтын жерге жан-жағы қалқаланған аялдама қашан орнатылар екен? Жауын-шашында, сары шұнақ аяз, үскірік желде ықтайтын жер таба алмай қиналамыз. Балала-рымыз №70 мектепке дейін жету үшін автобуспен осы аялдамадан қатынайды.

Асланбек БИМҰХАНОВ

Балаларым №54 мектеп-лицейде бастауыш сы-

ныптарда оқиды. Мектепте осы жылы ақша жинау жиілеп кетті. Гүлге деп бір, жөндеу жұмыстарына деп екі жинай-ды. Кітапқа және сұратады. Сонда мектептерге бюджеттен осы мақсатқа қаражат бөлінбей ме? Ол аздай, қыркүйектен бері бастауыштың әр сыныбын 4-5 реттен «Мега», «Аружан» ойын-сауық орталықтарына а л ып бара д ы. Ә р ба л адан 2000 теңгеден ақша жинап, мектептің тікелей міндетіне

түк қатысы жоқ осындай ша-раларды ұйымдастыру олардың әдетіне айналды. Жаңа жыл мерекесіне әр балаға 7000 теңгеден береміз. Неғылған б і т п е й т і н н а у қ а н ө з і ? Сіздерден өтінерім, білім беру мекемелерін қадағаласаңыздар екен. Жемқорлықтың жолын кессеңіздер. Мектепте әр түрлі отбасынан шыққан балалар оқиды. Кейбіреулері ақша таба алмағаны үшін жылап та қалады. Оны ескеріп жатқан директор жоқ.

Ата-ана

«Билайн» байланыс операторының бас кеңсесі мен Қазақстан-Ресей университетінің арасындағы жерді ыңғайластыруға болмай ма? Айтайын дегенім, «Билайн» кеңсесінің көлік қоятын жері тар, келушілердің санына есептелмегені көрініп-ақ тұр. Ал, университет алдында орын жеткілікті болса да, аумағын қоршап тастаған. Осының салдарынан жүргізушілер көліктерін қалай болса солай тастап кете салады. Нәтижесінде жол бойында кептелек пайда болады.

Қала тұрғыны

,

*

,

*

Сауал 6 наурызда жолданып, 2 күнде жауап берілді.

Өтініш 22 ақпанда жолданып, 10 күнде жауап берілді.

Page 6: №28 (3085) 2014-03-13

6www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Елбасы өзінің жыл сайынғы Жолдауларында бизнеске

ерекше назар аударып келеді. Бұл шағын және орта бизнестің дамуына барынша қолдау жасау керектігін және осы бағытта атқарылатын жұмыстардың өзектілігін көрсетеді. Демек, жалпы кәсіпкерлік саласын дамыту бойынша тиісті шаралар қабылданатыны және тың бастама-ларды ынталандырудың жаңа жүйесі жасалып, отандық кәсіп кер лерді қолдаудың тетіктері жетіл дірілетіні анық. Нәтижесінде, шағын және орта бизнесті дамыту – ХХІ ғасырдағы Қазақстанды индус триялық және әлеуметтік жаңғыр ту дың басты құралы болып қалады. Осы орайда, айта кететін жайт, шағын және орта бизнесті дамытуда жас кәсіпкерлердің әлеуетіне сенім арту керек және осы бағытта жұмыстарды жандандыру арқылы жастарға мол мүмкіндіктердің болатынына сеніміз мол.

Жастар арасында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың әртүрлі аспектілері бірнеше нормативтік-құқықтық құжаттармен реттеледі. Соның бірі – қолданыстағы «Мемлекеттік жастар саясаты ту-ралы» заңда жастар саясатындағы негізгі міндеттер мен қағидаттар тізбектелген. Алайда, мұнда

кәсіпкерлік тақырыбы мүлдем қозғалмайды, жастарды кәсіпкерлік қызметке тарту басты бағыттардың бірі ретінде айтылса да, мәселенің мәнісі терең қарастырылмаған. Сондықтан, жастар кәсіпкерлігін да-мыту бағытында, ең бастысы, заңды жетілдіру керек. Себебі, жастар кәсіпкерлігінің бүгінгі жағдайы ту-ралы айтқан кезде, шешімін таппаған көптеген мәселелер ойға оралады. Атап айтсам, инфрақұрылымдық және ақпараттық тұрғыдан қам та-ма сыз ету, арзан және қолжетім-ді қаржылай қолдау, субсидия-лар мен гранттар, несиелеудің мемлекеттік кепілдендірілген жүйесі, салық жеңілдіктері, ірі кәсіп орындар тарапынан жастар кәсіп кер лігін қолдаудың кешенді шара лары анықталып көрсетілгені орынды. Осылайша, бизнестің да-муына тосқауыл болып отырған құқықтық нормаларды жойып, уақыт талабына сай бизнеске барынша қолайлы ортаны қалыптастыруға болады. Сондықтан, осы бағыттағы салалық заңдар базасын уақыт та-лабына қарай жетілдіру мәселесі күн тәртібінде тұр. Сол кезде ғана жастарға көрсетіліп отырған қолдау бір реттік немесе науқандық сипатта болмайды.

Қазіргі таңда Парламент Мәжі-лі сінің қарауында «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жастар саясаты туралы» жаңа заң жобасы жатыр. Алайда, онда жастар арасындағы кәсіпкерлікті қолдау шара-лары қарастырылмаған. Біз өз кезегінде ұсыныстарымызды заң жобасын әзірлеген тиісті мемлекеттік органға берген болатынбыз. Ол ескерусіз

қалды. Парламент Мәжілісіне және Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және жолдадық. Бұл бағыттағы ұсыныстар әзірленіп отырған «Кәсіпкерлік кодексі» жобасына да ұсынылды. Болашақта ұсыныстар қарастырылып, қолдау табарына сенімдіміз. Өз та-рапымыздан бұл бағыттар бойынша жұмыстар жалғаса береді.

Еліміздегі кәсіпкерлікті дамы-ту мәселелерін айтқанда, алдымен салалық бағыттарда саралап алуымыз қажет. Себебі, осы уақытқа дейін нақты зерттеулер жүргізілмеген. Мәселені кешенді шешудің жолдары ұсынылса, жас кәсіпкерлер үшін бағыт-бағдар болар еді.

Кейде ересек кәсіпкерлер «Жас-тар кәсіпкерлігі деп бөле-жармай,

кәсіпкерлік субъектісінің барлығын бірдей қолдау керек» деп бізге қарсы келіп жатады. Дұрыс, бәрін қолдау керек. Бірақ, мәселені мемлекеттік деңгейде және еліміз үшін пайдалы тұрғысынан қарау қажет. Ол үшін жастар арасында кәсіпкерлікті на-сихаттай берген абзал. Мәселен, «Кәсіпкерлер күнін» белгілеуге

болады. Мерекені жыл сайын атап өту, әрине, пайдалы. Себебі, мереке аясында кәсіпкерлердің ел эконо-микасына қосқан үлесі ескеріліп, марапатталады. Әрі жастарға өнеге болатындай жетістікке жеткен кәсіпкердің бейнесін қалыптастырар едік. Менің ойымша, «Кәсіпкерлер күні» деп Ұлттық кәсіпкерлер па-латасы туралы заңның қабылданған мерзімі – 4 шілде немесе Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылған күні – 9 қыркүйекті белгілеуге болады.

Статистика агенттігінің 2014 жыл-дың 1 қаңтарындағы деректеріне сүйен сек, елімізде 1 529 мың шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркел-ген. Оның 863 мыңы ғана бел сен-ді жұмыс істейді. Демек, жар ты-сына жуығы қимыл-қаре кет сіз. Жыл сайын ашылып жатқан кәсіп кер-лік субъектілерінің саны ның артуы көрсеткіш емес, егер олар дың өмір-шең дігі болмаса. Олай болса, жұмысы тоқтап қалған кәсіпорындардың мәселесін анықтап, олардың санын барынша азайтуды қолға алған жөн.

Елбасы жыл сайынғы Жолдау-ында бизнесті қолдау керектігін айтады. Президент бір сөзінде «...Еңбек етуші халықтың 60%-ы шағын және орта бизнесте жұмыс істеген кезде Қазақстан тұрақ-тылыққа қол жеткізетін болады» деген еді. Сондықтан, дамыған елдердегідей шағын және орта биз-несте жұмыспен қамтылғандардың үлесін 26%-дан 60%-ға дейін көтеру керек. Бұл ретте, шағын және орта бизнесті дамытуда ел тұрғындарының 26%-дан аста-мын құрайтын жастардың үлкен әлеуетіне назар аударған орынды.

Мақсат ҚОЖАМБЕК, Қазақстанның жас кәсіпкерлері

қауымдастығының төрағасы

Page 7: №28 (3085) 2014-03-13

7www.astana-akshamy.kz

Көп жағдайда ел азамат-тары заңды күшіне енген сот актілерін орындау-дан бас тартып жатады. Ендігі жерде мәжбү рлеп орындаудың бір шарасы – борышкердің Қазақстаннан шығуына уақытша шектеу қою. Сот орын даушысының қаулысы Қазақстан Рес-публикасының аза маттық іс жүргізу заң на масында б е л г і л е н г е н т ә р т і п п е н соттың санкциялауына жа-тады.

Борышкерлерге қатысты

қолданылатын бұл шектеу аз уақыт ішінде тиімділігін көрсетті. Астанада жыл ба-сынан бері «Бүркіт» базасы бойынша борышкерлерге қатысты 467 рет шетелге шығуға тыйым салынды. Мәселен, Ахметов есімді азамат Тү ркия мем ле ке-тіне ұшу кезінде елорда әуежайында ұсталды. Оған 156 мың теңге алимент қарызын толық өтегеннен кейін ғана елден тысқары шығуға рұқсат берілді. Ал, 430 мың теңге көлемінде

алимент төлемеген Ысқақов есімді азамат шетелге са-пар шеккелі тұрған жерінен жолына тосқауыл қойылды. Сондықтан, әрбір азамат сот шешіміне құрметпен қарап, уақытылы алимент төлемеудің салдары жеке басына, қыз метіне нұқсан келетінін тү сінген абзал.

Салтанат ТҮЙЖАНОВА,

Астана қаласы прокуратурасының

басқарма прокуроры

Өздеріңізге белгілі, Қаржы полиция-сы академиясы 1999 жылдан бастап қаржы полициясы және кеден орган-дарына арнаулы мамандар даярлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және оны іске асыру мақсатында ака демия бірқатар шараларды жүзеге асыруда. Мәселен, таяуда елордаға Түркия Ұлт тық полиция сы Бас штабының қыз меткерлері келді. Бас штабтың Заңсыз табыстарға қарсы күрес бас қармасы бастығының орынба-сары Сейфулла Буджак пен бөлім бастығы Огузжан Мутлу жедел қыз-мет керлердің біліктілігін арттыру курстарына қатысты. «Заңсыз жол-мен алынған пайданы және оның ізін жасыруды тексеру» тақырыбында лекция ұйымдастырылып, тренингтер өткізілді.

Шара барысында жалған плас-тика лық карталарды жасау тәсіл дері,

заңсыз жолмен алынған табысты ай-қындау, тәуекелділікті талдау, ақшаны жылыстатуды заңдастыру әдіс тері, мемлекеттік сатып алу саласын дағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарды ашу жолдары қарастырылды.

Осы білім ордасында сондай-ақ, «Қа зақстан Республикасының ве-домс тволық жоғары оқу орындарында заманауи кәсіби білім берудің өзекті мәселелері мен даму болашағы» тал-қыға түсті. Оқу үдерісін жетілдіру мақ сатында қолға алынған біліктілікті арттыру курстарына профессорлық-оқытушылық құрам қатысты. Бас-қосуда білім берудің ғылыми-ұйым-дастырушылық мәселелері, тәрбие жұмыстарын жетілдіру, заң білімін заманауи кезеңінде модернизациялау мәселелері көтерілді.

Әйгерім АБЖАТОВА,Қаржы полициясы

академиясының бас маманы

Жай жүрмейсің. Жарықтық Жұматай Сабыржанұлынша айтқанда, «ішіңде бір-деңе уілдеп тұрғаны» жақсы. Іштей өлең оқып тұрғанбыз. Өлеңнің Қадырға сай қатаң қалыппен құйылған ырғағын бірде жүріп, сосын қайта кідіретін көлікке орай әрі-бері ретсіз итінген дене қозғалысымен үйлестіре алмай әлекпіз.

Ойша қайталап жатқанымыз Қадыр Мыр-за Әлидің мына шумағы еді:

Құсбегі қарттар көп мұнда,Құмарлығы әлі қанбаған.Қазақтың үйі жоқ мұнда,Қарлығаш ұя салмаған.

Қарлығаш әрбір сенені,Баспанам дейді кіретін.Бір үй жоқ мұнда себебіЕсігін жауып жүретін.Көк шынылы зәулімдері аспан тіреген

Астана көшесінде келе жатып шеттерінен бүркіт баулитын шалдар тұратын ауылды көзге елестету рахат. Жаңа ғана есігіндегі екі кілттің әрқайсысын екіден айналдырып жауып кеткен бөлмең мен ауылдың ашық-шашық сенегін салыстырсаң және рахат.

Қалта қағар ұрылардың ғана біздің ұлттан сайланып шыққанын көргенде, осы құрғыр автобустан түсіп қалғымыз келді. Жаз бойы Астанада жаяу жүргенбіз. Қазір қыс. Көшеде аяз бетті қариды. Ал автобустағы ұят бетті күйдіреді. Манағы өлеңді енді қайтіп іштей қайталай алар ма екенсің, одан гөрі қалтаңа ие бол, Қайнеке?

... Бір үй жоқ мұнда себебі,Есігін жауып жүретін.Әрлі-берлі шайқалақтаған автобус тағы бір

аялдамаға тоқтап жатты.Қайнар ОЛЖАЙ

«Ішіңде бірдеңе уілдеп тұрсын» деген осы.Біздің Әмен Хайдаров атамыз сияқты

жапонның Хаяо Миядзаки деген анимация режиссері: «Қимастық – ең көп тараған сезімнің бірі, әрі адамды адам ететін нәр-сенің алдыңғысы» депті. Жаңа заманның қа-ласында тұрып бұдан елу жыл бұрын Қадыр ақын сипаттаған ауылдың қасиетін еске алуымыз да сол қимастық сезімінен шығар.

Сәлден соң қимастық сезім екі шумақ өлеңмен бірге жайына қалды. Назарымыз мүлде басқаға ауды. Ойымыз да дереу солай қарай ойысты.

...Төрт қатар болып тізіліпті. Әр қатарда жетіден екен. Сонда ұзын саны 28. Жоқ, бір кезде Мәскеуді қорғаған 28 батыр емес. Мыналар Астанада. Солдат та емес. Сап түзеп бірге тұрған да жоқ. Сап түзеп бірге тұратын жер болса, ол - тек түрменің ауласы болар еді. Себебі, бұлар - ұрылар. Әзірге қатар тұрған – суреттері. «Сақ болыңдар, бұлардың біреу-міреуін байқасаңдар, дереу полицияға хабарлаңдар» деп жар салып тұрған жарқағазға шапталған. Жарқағаз қоғамдық көліктің ішіне жапсырылған. Қарадық та таң қалдық.

Біріншіден, тепсе темір үзетін жігіттер. Көшеде әлдебір жағдайда кездессе, кез-келгеніне «бауырым, көмектесіп жіберші» дейтін азаматтың түрлері. Ал, жарқағазға сенсек, бәрі баукеспе ұры. Қоғамның азға-нын байқатып, көзге ұрып тұрған осы жар-қағаздан 28 ұрыны қайдам, өзіміз ұялдық.

Екіншіден, тегіс қазақ жігіттері. Мәскеуді қорғаған 28 батырдың, депутаттардың, министрлердің, чемпиондардың, студент-тердің, әнші-әртістердің, тіпті экранға шығатын айташылардың арасында түрлі ұлт өкілдері аралас жүретін елде тұрамыз.

Page 8: №28 (3085) 2014-03-13

8www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

ХІХ ғасырдың екінші жартысында патшалық Ресей Қазақстан аймағын толық қаратып алғаннан кейін хандық билікті жойып, басқаруды өз жүйесіне сәйкес реформалауға кіріскен еді. 1860 жылдары жүргізіле бастаған сот реформасы империяның осы кең көлемдегі отаршылдық саяса-тына тікелей қатысты болды. Оның мақсаты қазақ тұрмысында ежелден келе жатқан, өзінің тиімділігін талай ғасыр дәлелдеген билер сотын жоюға бағытталған болатын.

Осы мәселеге арналған Шоқан Уәлихановтың «Сот реформасы туралы жазба» атты еңбегі – сол кездегі құны бүгін де биіктемесе, әсте төмендемеген, қазақтың саяси құқықтық, әлеуметтік-экономикалық ойының теориялық және практикалық жағынан асқар шыңы. Бұл – орысша оқып, орыс ортасында өсіп, орысша тәрбиеленіп, Еуропа мәдениетін ұстанғанымен, автордың жасынан ұлттық рухани бұлақтан барынша сусындаған, кейін оны жетілдіре түскен, өз халқының адал перзенті екенін дәлелдеген шығарма.

Бұл жазба бір жарым жылдан астам тынымсыз ізденістердің нәтижесінде дүниеге келген болатын. Ресейдің саяси-әлеуметтік, экономикалық ахуалынан, осы қитұрқы саясатқа тікелей қатысты сот реформасынан жан-жақты хабар-дар, бұл кездері атағы шетелдерге де мәлім болып қалған Шоқан Уәлиханов жергілікті әкімшілік арнайы құрған экспедиция құрамында 1862 жылғы жаз айларында Орталық және Солтүстік Қазақстанда, Көкшетау, Ақмола, Ат-басар, Баянауыл және Қарқаралы округтерінде болып, қазақтардың құқықтық қарым-қатынастарын зерт-теп, әдет-ғұрып туралы материалдар жинап, жүргізілмекші реформа жай-ында билердің, бай-сұлтандардың пікірлерімен танысқан-ды.

Халық пікірінің маңыздылығына лайықты мән беріп, Шоқан оның шынайы көрінісін жеткізу үшін іс барысындағы барлық жағдайға нақты, әрі егжей-тегжейлі шолу жасайды. Ең әуелі халықтың пікірі қалай, сот ре-формасы жөніндегі ұсыныстар қандай жағдайда жиналғанын баян етеді. Экспедиция кезінде жиналған матери-алдарды сарапқа салады. Реформаны талқылау кезінде 92 әртүрлі мәселелерді қамтыған ұсыныстар түскен болатын. Бұл пікірлер көп томдық шығармалар жинағының 5-томынан орын алған. Оларды Шоқан өз еңбегінде барынша пайдаланды. Мысал үшін, Көкшетаудан түскен мынандай ұсыныстарды келтіре кеткен артық болмас: «3. Би игі жақсы, халық арасында адалдығымен белгілі, халық заңдары мен салтта-рын жақсы білетін және сот пен тергеуде болмаған, жасы 25-тен асқан қазақтардан сайланады. 4. Билер істерді халық заңдары мен салттарының негізінде шешеді. Ол үшін дала заңдарының біздердің ана тілімізде басылып шығуын қалаймыз. 5. Билер өз шешімдерінде халықтың салтынан ауытқитын бол-са, айыппұл салынады, ал алаяқтық танытса, сотқа тартылады. 6. Билердің шешімдері кітапқа қырғыз тілінде жазылуы және ол әр бидің қолында болуы тиіс» [2, 119]. Осын-

-

-

дай талаптар, әсіресе, халықтық дәстүрді және заңды білетін, адамгершілігі жоғары, елге танымал деген билерге аса қажет қасиеттер округтардан түскен ұсыныстардың барлығында бар еді.

А л а й д а , Ш о қ а н қ а р а п а й ы м халықтың бұл аса маңызды іске енжар қатысқанын атап көрсетеді. Оның себептерін ол былай түсіндіреді: біріншіден, қазақтардың сауатты бөлігі ғана ұғынатын мәселелерге көпшіліктің дайын еместігі, білімсіздігі; екіншіден, тез арада жауап талап етілетін ереженің жұртшылыққа ал-дын ала түсіндірілмегендегі; үшіншіден, орыс үкіметіне сенімсіздік салдары-нан да қазақтардың салғырттыққа бой алдырғандығы. Өйткені, орыс бастықтарының әрбір әрекетін қазақтар арасында көбіне бостандығымызға, тұрмысымызға қол сұғатын озбырлық деп қабылдау дәстүрге айналған бо-латын.

Шоқан Уәлиханов ұсынылып отырған мәселенің барынша дұрыс шешілуін аңсады. Сондықтан, ол қазақтарға қатынасында әдетке ай-налып кеткен ықылассыздықтың сал-дарынан ғана аймақтық басқарма жанындағы бұрынғы комитет сұлтан-билердің және басқа «ақсүйек» қазақтардың пікірлерін ешбір сыни бағасыз-ақ өз жұмыстарына басты негіздеме етіп қабылдап, тереңнен тамыр алған салғырттықтан халық үшін түкке керегі жоқ, тек қазақтың мәртебесі жоғары тобы қол жеткізуге тырысатын зиянды жаңғыртулар мен өзгерістерді өз жобасында қайта бекіткенін сынайды. «Қоғамдағы дәрежесі биік таптың пікіріне халықтың шынайы қажеттілігін теріс бұрмалаушы ретінде қарау керек, өйткені атақты не бай адамдардың мүддесі, тіпті жоғары өркениетке қол жеткізгендер қоғамында да басым жағдайда көпшіліктің мүддесімен қастасып, қарсы келіп жатады» де-ген Шоқан бүкіл ұлттың мүддесі, қатал әділеттікке жүгінгенде жеке қауымның пайдасынан жоғары болуы керек деп есептеді [1, 84]. Сөйтіп, табиғатында демократ Шоқан ақсүйектер мен ауқатты адамдардың, жоғары мәртебелі қауым адамдарының мүддесі көбіне көпшіліктің мүддесіне қайшы келетінін ойда ұстауды қажет деп санайды.

Өзіне жүктелген тапсырманы қатаң ескере отырып, Шоқан облыс басқармасы мен округтік приказдардың іс қағаздарынан алынған санақ пен тарихи деректерді барынша пайда-ланады. Реформа мәселесін нақты мәліметтермен, болжамдармен түсіндіреді. Қазақтың билер соты жөніндегі мол білімін толықтай жайып салады.

Ұ л ы ғ а л ы м н ы ң к л а с с и к а л ы қ шығармасында өз кезіндегі толып жатқан келелі мәселелер сөз болады. Халқымыздың ұлттық табиғаты, оның әдебиеті, ділі, діні, ағарту және т.б. туралы маңызды да мәнді пікірлер жетерлік. Оларды бір мақалаға сыйғызу мүмкін емес. Сол себепті өзі қазақ қауымына аса қажет деп есептеген халықтық сипаттағы экономикалық және әлеуметтік реформалар туралы тұжырымдамаларын еске түсірумен шектеліп, негізгі тақырыбымыз – сот

реформасы туралы мәселеге көшкенді жөн көріп отырмыз.

Ш о қ а н У ә л и х а н о в ж а л п ы реформалардың ішінде ең бірінші адам тұрмысын жақсартуға оң ықпал ететін реформалар пайдалы дей отырып, қоғамдық жаңарудың

қозғаушы тетігі, тарихи дамудың ең басты бағыты, қоғамның барлық мүшелерінің материалдық жағдайын өсірудің бірден-бір жолы ретінде экономикалық және әлеуметтік реформаларға ерекше мән береді. Бұлардай «соншалықты маңызды қоғамдық мәселе жоқ» деп санайды. «Біздің қазіргі уақытымызда, - деп жазды Шоқан, - халыққа етене жақын әрі ең маңыздысы болып, оның ең толғақты қажеттіліктеріне тікелей қатысты экономикалық және әлеуметтік реформалар есептеледі, ал саяси реформалар тиісті экономикалық формаларды жүргізу құралы ретінде орын алады, өйткені әрбір адам жекеше түрде және бүкіл адамзат ұжым болып өз дамуында бір ғана соңғы мақсатқа – өзінің материалдық тұрмысын ж а қ с а р т у ғ а т а л п ы н а д ы , о с ы тұрғыдан прогресс (ілгерілушілік) аталатын нәрсе анықталады» [1, 84]. Шоқан ойынша, осы мақсатқа

қандай да болса кедергі келтіретін реформа зиянды деп саналады.

Осы жерде мынандай бір мәселеге ар-найы тоқтай кеткенді жөн көріп отыр-мыз. Кейбір ғалымдарымыздың, әсіресе экономист мамандардың арасында алдымен экономика, сонан соң саясат деген жалған түсінік бар. Меніңше, бұл – қате пікір. Біріншіден, қоғамның негізгі салаларын бірінен бірін бөлуге болмайды. Қоғам – тұтас дүние. Екіншіден, экономикалық сала өз- өзінен дамымайды. Оны ұйымдастыру, басқару қажет. Оның ұдайы өсуіне ықпал ететін объективті жағдайлармен қатар, субъективті факторлардың да қажет екенін ұмытпауымыз керек. Экономиканың дамуы адамдардың санасы мен қабілетіне, ақыл-ойы,

көңіл-күйі мен ықыласына, біліміне, белсенділігі мен еңбекқорлығына бай-ланысты. Сол себепті қандай да бір экономикалық құбылыс, үдеріс болма-сын, оларды талдауды, анықтауды әр уақытта нақтылы жеке адамның, жеке топтың іс-әрекеті мен қызметінің жемісі ретінде қараған жөн.

«Сот реформасы туралы жазба» атты еңбектің аса бір мәнділігі, оның бүгінгі күн үшін де әсте төмендемеген ерекше маңыздылығы автордың жалпы рефор-ма атаулыны жүзеге асыруда қажетті-қажетті деген ғылыми-әдістемелік қағидаларға жан-жақты тоқталғанында болып отыр. Шоқан реформаларды жүргізуде әр халықтың қоғамдық тарихи үдерістерінің ерекшеліктерін, олардың халықтың мүддесі мен материалдық мұқтажына, тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпына сай келуін ескеру қажет екенін атап көрсетеді. Ол өзіне етене таныс, сонымен тәрбиеленіп, өсіп-өнген заң қаншалықты олпы-солпы болғанымен, сырттан телінген немесе жоғарыдан

ұсынылған заңнан гөрі түсінікті де айқын екеніне ешқандай күмән жоқ дейді. Заң ісінің ең алдымен адам тұрмысына, оның тәрбиесіне, санасына және тағы басқа көптеген факторларға сәйкес келуінің қажеттігін алға тартады.

Осы бағыттағы ойын ары қарай тарқата келе Шоқан реформаға қоғамдық қажеттілік болғанда ғана жүзеге асады деп, ағылшын фило-софы, саяси және экономикалық либерализмнің теоретигі Джон Стю-арт Милльдің қандай да болмасын қауымның адамдарына жаңа құкық бер-местен бұрын бұл қауым адамдарының ақыл-қабілетін, өнегелілігін және саяси сана сезімділігін ғылыми тұрғыда мұқият зерттеуі керек дегенін орынды санайды. Сөйтіп,

жоғарыдағы қоғамдық қажеттілік деген ұғымға адамдардың ақыл-қабілетін, өнегелілігін, жоғары саяси санасын сыйғызады.

Шоқан Уәлиханов заң шығарушылар мен реформаторлар қоғам мүддесін көздеп келгені, бірақ қоғамның дамуына не залал, не пайда екені жайындағы ұғым әр дәуірде әртүрлі болғанын, тіпті әлі күнге дейін де көптеген тағылық бол-жам орын алып отырғанын, ал ғылым мұның жаңсақтығын, ешқандай негізсіз екендігін толық дәлелдегенін атап көрсетеді. Қандай да болмасын рефор-ма қоғамның мұқтажы мен қаражаты белгілі болғанда ғана кездейсоқтыққа ұшырамай, діттеген мақсатына жете ала-ды дейді. Бірақ осыларды білмегендіктен, қажеті жоқ жаңа өзгерістер, реформалар бұрын да, кейін де туатындығын атап көрсетеді. «Егер түрлі реформалар-ды енгізу кезінде өсімдіктерді егу үстінде қолданылатын тәсілдерді ауыл шаруашылығындағы сияқты бұлжытпай басшылыққа алатын

Ә.ҚАСТЕЕВ. «Шоқан». 1951 жыл

Page 9: №28 (3085) 2014-03-13

9www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

болсақ, бұл тұрғыдағы қателіктерден құтылу оңай. Бұл әдіс бойынша, біріншіден, өсімдіктердің өзін толықтай зерттеу қажет, содан кейін оның қандай топырақта өсіп-өнетінін, қанша жарық, жылу және сол сияқтыларды талап ететінін білу керек» деген Шоқан пікірін бүгін де ескеріп жатсақ, әсте артық болмас еді [1, 85].

Шоқан реформа қоғамдық организм жан жақты дами алатын мызғымас прогресс заңына негізделіп жасалғанда ғана ұтымды бола алатынын, сондықтан қандай да болмасын өзгерістерді ұластырып, орын тептіріп, әрі сақтап қалу үшін қабылдағалы отырған ре-форма сол халықтың ұлттық мінез-құлқына сай келуі қажет деп санады.

Тіпті қазақтың еуропалық реформаны қабылдайтын қабілетін арттыру үшін оған алдын ала білім беру арқылы ой қабілеті мен жүйке жүйесін жетілдіру керек деуі жайдан-жай емес еді. Бұл жағдайдан тыс жасалған өзгерістің бәрі де зиянды, әрі жағымсыз аномалиялық құбылыс ретінде қауымды айықпас дертке шалдықтыратынын ескертеді. Сондай-ақ, қисынсыз теорияға не-месе өзге халықтың өміріне негізделіп, зорлықпен ырықсыз жасалған реформа адам баласын жойқын апаттарға душар етіп келеді дейді. Бұған кезінде қоғамда аномалдық яғни ауытқушылық жағдай да туғызған Бірінші Петрдің реформа-сын мысалға келтіреді.

-

Осындай аса маңызды әдістемелік қағидаларды жалғастыра түсіп, Шоқан Уәлиханов ежелгі халықтық үлгідегі билер сотына, оның керемет

ұлттық қасиеттеріне тоқталады. Мұны тереңірек түсіну үшін туындыдағы халықтың қалыпты өсуі үшін ол дамудың қандай сатысында болмасын өзін-өзі қорғауы, өзін-өзі сақтауы, өзін-өзі билеуі және өзіндік соты болуы керек деген аса бір маңызды қағидасының «өзіндік сот» дегеніне арнайы тоқтай кетсек. «Өзіндік сотты» айтқанда автор ежелден қалыптасқан, көшпелі өмір тұрмысына сай келетін әдет-ғұрып, салт-санаға негізделген сот жүйесін, яғни билер сотын айтып отыр.

Қазақ қоғамында би атағына көтерілу қандай да бір формальді сайлаудың өткізілуіне және оның басқарушы үкімет тарапынан бекітілуіне себепкер болған емес, тек заңгерлік білім, шешендік өнер мен соттық салт-дәстүрдегі терең

танымның өзара орайластырылуы қажет. Мұндай адамдар туралы дақпырт тұтас далаға тез жайылып, олардың есімдері барлығына және әрқайсысына танымал болады. Сөйтіп, би атағы соттық және қорғаушылық істегі па-тентке айналады. Осындай атағы бар билердің балалары заңгерлік тәжірибе мен тиісті білімге ие бо-лып билік жүргізгендеріне Шоқан көптеген мысалдар келтіруге бо-латынын айтады. ХVII ғасырдың соңынан келе жатқан Қазыбек бидің Бекболат, Тіленші және Алшынбай сияқты ұрпақтарын атап өтеді.

Қазақ қоғамында би болу үшін халық арасында әділдік, шешеңдік жағынан танылған адам болуы керектігі, бидің билігі ұнамаған адамның екінші бидің төрелігіне жүгінуге құқы барлығы және тағы басқа фактілерге сүйене отырып, Шоқан қазақтар арасында ашықтығы, демократиялық принциптері ертеден етене таныс, өз тілінде өтетін билер сотын үкіметтің жобалап отырған

мировой (бітістіруші) сотының алғашқы жобасымен салыстыра оты-рып, алдыңғысы әділдікке әлдеқайда жақын екенін атап көрсетті. Оның пікірінше, қазақты орыс заңымен соттауға болмайды, жалпы алғанда, мировой сотты пәк таза сот деп айтуға да және қалайда бұл қалпынан артықты күтуге де болмайды. Егер қазақ өз құлқынын, қарабасының қамын ойлаған шенеуніктердің ырқымен би тағайындауды сайлау арқылы жүргізсе, онда сот әділеттігі деген кім көрінгеннің қолжаулығы болып, ақшамен пұлдап, әртүрлі жылпостық жолмен, сот тәртібінен, юстициялық құқықтық жөн-жосығынан бейха-бар малды байлардың, атақты саудагерлердің қолына көшіп кетеді.

Жоғарыдағы ойларды жалғастыра түсіп Шоқан өзге көрші халықтардың заңдарына қарағанда, қазақтың әдеттегі құқығының адамгершілік жағы басымдау екенін нақты мысал негізінде көрсетеді. Қазақ заңында еуропалық жаңа кодекстердегідей сіресіп сескендіретін шаралар жоқ. Мысалы, ол қазақта дене жазасының

жоқтығы, рулық дәстүрдегі өзара көмек (мысалы, барымтадан зардап шеккенге, малдары жұтқа ұшырағандарға) тағы басқаларымен көптеген ұлттардың заңдар жүйесінен ерекшеленетінін айтумен қатар, әдеттегі құқықтың «көленкелі жағын да» (мысалы, отбасының дәстүрі бойынша қыздарын тым ерте күйеуге шығаруы, тіпті кейде ықтиярсыз беруі, атастыру, қалың мал, әмеңгерлік, қылмыс жайлы құқығында кісі өлтіргеннің төлем төлеуі және басқалар) атап көрсетеді. Соңғыларды өркениетке жат құбылыс деп таныды.

Билер сотының маңызы мен ерекше сипатын көрсету үшін Уәлиханов ста-тистика мен өзге де нақты деректерге сүйеніп отырып, сот істерін жүргізудің және билер соты мен бітістіруші сот құрылымын егжей-тегжейлі салыс-тыра талдайды. Билер сотының ең басты артықшылығын оның қоғамдық өмірді қабылдау динамикасының ашықтығынан, формальдық бұғауында еместігінен, болып жатқан қоғамдағы өзгерістерді нәзік сезінетіндігінен көрінеді. Билер соты істі некен-саяқ бол-маса, жалғыз шешпейді, оған қатысатын

адамға шек қойылмайды, ал тіпті кейде олар ақтаушы да болып көрінеді және бидің шағым жасауға да құқы бар деп жазды. Шоқанның терең сенімі бой-ынша формализм мен бюрократизм «халықтың жанды күші талап ететін күнделікті өзгерістер ағымына» тежеу болады.

Қазақ билерін ресми түрде ешкім сайламады және бекітпеді. Еуропадағы ақындар, ғалымдар, адвокаттар сияқты билердің маңызы жеке беделге негізделді. Халық қалағанда ғана би билік жүргізе алады. Бедел жойылғанда билік те дәрежеден айырылады. Бидің шешіміне әрқашан да шағым жасауға болады, ал ми-ровой судьяның шешімі белгілі жағдайда ақтық шешім болып табылады. Билердің барлық ісіне жариялық дәстүр болса, мировой судья болса азаматтық істі ғана жария жүргізеді. Билер соты қараған барлық іске адвокатура қатыстырылады. Ал мировой соттың іс қарауында адвокат тек азаматтық іске ғана қатыстырылады.

Билер соты ауызша, көпшілік ал-дында жария жүргізіледі және барлық жағдайларда қорғаушылық қызметке жол беріледі. Оның халық арасында құрметке ие болғаны соншалық, бүгінге дейін ешқандай тәртіптік шара қолдануды талап етпеді және етпейді де.

Бұл салыстырулар сол кездегі қолданыстағы Қылмыстық, Азаматтық сот ісін жүргізу заңдарының нақты баптарына сүйене отырып жасалған. Содан байқалғанындай, қазақтың билер сотының мировой соттан артықшылығы басым. Шоқанның пікірінше, би-лер сотының басты ерекшелігі онда немқұрайлылық пен әртүрлі рес-ми кертартпалықтың жоқтығында. Бұған үлгілі деген Англияның өзінде көптеген заңгерлер мен мемлекет адамдары ағылшынның «мировой сот» мекемелерінің жағдайына толық қанағаттанбайтынын, британдық соттың кемшілігін көрсеткен белгілі ағылшын, француз және неміс заңгерлерінің де

пікірін мысалға келтіреді. Қазақтың әдет-ғұрыпын өте жақсы

білген Шоқан осылай билер сотының артықшылығын жан-жақты баяндай оты-рып: «Ресей өз ұлдарының қатарында байырғы орыс тұрғындарының өмір сал-тына қарама-қайшылықты өмір кешетін славяндық орыс тайпасы салттары мен өнегесіне мүлдем кереғар өнегелері мен ғұрыптары бар өзге дінді және бұратана халықтарға да ие. Жоғарыда баяндалған себептерге байланысты христиандық әрі отырықшы орыс халқына арна-лып жобаланған қайта жаңғыртудың ешқандай пайда әкелмейтініні және де ол көшпенділерге, Еуропа мен Азиялық Ресейдің қаңғыбас бұратаналарына тұтастай қолданатын болса, мән-мағынасыз болатыны түсінікті» деген қорытындыға келеді [1,83].

Шоқан ежелгі халық сотының үлгісіне қосатын ешқандай жаңалық, өзгеріс таба алмауын, орыстың ықпалына қарамастан бұрынғы қалпын сақтап қалуын, орыс мекемелері мен заңдары да оның ежелгі, қарапайым үлгісін өзгерте алмауын қазақтың ежелгі сот билігі халықтың бүгінгі даму кезеңіне сай

екенін дәлелдейтін даусыз шындық деп түйіндейді. Осындай себептер-мен ол билер сотын белгілі мерзімге дейін өз қалпында қалдырылуына шешуші ықпал етеді. 1864 жылғы 4 наурызда К.К.Гутковскийге жазған хатында Шоқан: «Мен билер сотын еш өзгерісіз қалдыру керектігі ту-ралы жазба жібердім. Менің жобам қабылданып, билер соты бұрынғыша қалатын болды» деп жазды [2,155-156].

Халық мүддесі мен мұратын асқақ ұстаған Шоқан ненің қауіпті екенін терең түсінді. Сондықтан билер сотының бұрынғыша қалуына барын салды, жақсы мағынада консерватор болды. Ол тек халықтың мұң-мүддесін ойлаудан, ежелгі билер сотының жағымды жақтарының басымдығын түсінгеннен туған еді. Алайда, Шоқан өзін халықшылдардың тар шеңберіндегі, яғни халықтардың тағдырын алдын ала кесіп-пішіп қоятын, олар ешбір бөгдеге қатыспай өзімен-өзі дамиды деп топшылайтындар то-бына жатқызудан аулақ болған жөн деп ескертеді. Керісінше, өзінің берісі еуропалық, әрісі жалпы адамзат бала-сына тән ғылым-білім бұлағынан нәр алу жолындағы бөгеттермен батыл күрескер екенін ашық айтып, бұл дамуға, мәдениетті өрістетуге ұмтылу – халықтың түпкі мақсаты екенін қадап айтады. Бұл мақсаттан Шоқанды ешкім, ешнәрсе, ешқашан да бұра алмағанына оның жарқын өмірі толық дәлел бола алады.

Шоқан Уәлиханов қайтыс болғаннан кейін жүргізілген сот реформасының т ә ж і р и б е с і ж а з б а д а а й т ы л ғ а н ұсыныстардың шындығын растай түсті, өміршеңдігін көрсетті. Бұрын да халықтың тарихи даму үдерісін, ұлттық ерекшеліктерін ескермей реформалаудың қауіпті де зиянды екені талай дәлелдеген еді, кейін сан рет дәлелденді. Бұл, әсіресе кеңестік дәуірде ерекше байқалды. Басқаны былай қойғанда, жергілікті халықтың тұрмыс-шаруашылық жағдайымен санаспай

жүргізілген бір ғана ұжымдастырудың өзі миллиондаған адамдарды ашаршылыққа ұшыратып, өмірлерін қиғаны естен кете қойған жоқ. Кеше ғана жоғарыдан, Мәскеуден танылып жүргізілген қайта құрудың қанша материалдық және рухани құндылықтарымызды қиратқаны әлі көз алдымызда.

Қазіргі еліміздің тәуелсіздік жағдайында да жаһанданудың алыс-жақынды біле бермейтін күшімен өз мүмкіндіктерімізді барынша есеп-

ке ала бермей, сан ғасыр серік болып келе жатқан мәдени қазыналарымызға тереңдеп бармай, шетелдік нұсқаларға жан-жақты парасаттылықпен қарамай, шектен тыс еліктеу, кейде оны сол күйінде қабылдау бой көрсетіп қалады. Сондықтан, олардың да ұзаққа бара бермейтіні белгілі.

Қоғам дамуының прогресті жолын қолдаушы, демократиялық бағытты ұстанушы Шоқан Уәлихановтың қоғамдағы жалпы реформаларға, сондай-ақ нақты сот реформасына қатысты айтылған тамаша ойлары мен толымды тұжырымдарын, ғылыми әдістемелік мәні зор қағидаларын қоғамымыздың сан түрлі саласында тиімді де пайымды пайдалана білсек, ұтарымыз да, табысымыз да көп болар еді.

Пайдаланылған әдебиеттер1. Шоқан Уәлиханов.Көп томдық

шығармалар жинағы. 4-том. –Алматы: «Толағай группа». 2010.- 496 б.

2. Шоқан Уәлиханов. Көп томдық шығармалар жинағы. 5-том. –Алматы: «Толағай группа». 2010.- 528 б.

12 ақпан 2012 жыл

-

Page 10: №28 (3085) 2014-03-13

10www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Жарты әлемге бір ғасыр билік жүргізген ұлы Моң ғол империясының

негізін салушы Шыңғысханның анасы Өэлүн Олхнуд (тарихшылар олхнудтарды уақ деп жүр) тай-пасының қызы екені сол заманда (1240 жылы) жазылған “Моң ғол-дың құпия шежіресі” атты кі тапта көрсетілген.

Ал, Шыңғысханның мұрагер төрт ұлы – Жошы, Шағатай, Үгедей, Толы (Тулуй) Қоңырат руының

игі жақсысы Дөй шешенінің қызы Бөрте апамыздан туғанын да кө-біміз жақсы білеміз.

Жалпы, Шыңғыстың немере, шөберелерінен азды-көпті уақыт ірілі-ұсақты ұлт-ұлыс билемегені жоқ. Әрі олардың көбісінің ана-лары бүгінгі қазақ ұлтын құраған тайпалардың қызы екені де мәлім. Алайда, солардың арасында әлемге аты шыққан үш хан, әскери қол-басшы бар. Олар – Тулуйдың бәй-бішесі керей қызы Соргагтани

Бекиден туған Мөңке, Хубылай, Хулагу (Хұлақа) хандар. Тарих-шылардың айтуынша, Соргагтани Бекидің ақылдылығы Өлүн мен Бөртеден әлдеқайда артық болған. Атақты тарихшы Карпини “Бұл ханым татарлар ортасында кере-меттей беделді” деп жазса, Рашид-әд-Дин: “Ол – кереметтей ақылды, әлемдегі барлық әйелдерден ерекше дара тұлға” деп бағалаған. Ал, сол кезде Кіші Азиядан шыққан атақты дәрігер Бар Хэбрэс: “Ол – барлық

балаларын мемлекет билігін кере-меттей ұстауға тәрбиелеген дана ханшайым” деп жазады.

Тулуй өлген соң Соргагтани Бекиді Үгедей хан ата жолымен әмеңгерлікке алмақ болғанда “Төрт бала тәрбиелеу – ханым болудан да мәртебелі, жауапкершілік талап ететін жұмыс” деп, бас тартады. Мұнан соң Үгедей Соргагтаниді ұлы Гүюкке қаратпақ болады. Ол Гүюкке тұрмысқа шығудан да бас тартқан. Мақсаты – үш ұлын пат-ша болуға лайық етіп тәрбиелеу еді. Ол мақсатына жетті де. Үлкен ұлы Мөңке атасы Шыңғысханның мұрагері болып, ата жұртында хан тағына отырды. Хубылай бүкіл Қытайды бағындырып, Юань мемлекетін құрды. Хулагу Иран, Ирак, Сирияға билік жүргізіп, Мысырға шабуыл жасау кезінде Бейбарыс сұлтаннан ғана жеңілгені тарихқа аян.

Ал, Үгедейдің екінші әйелі, Гүюк ханның шешесі – меркіт қызы Ту-ракина да мықты адам болған. Ол Үгедей өлген соң (1240 жылы) оның балаларының өте жас болуын пайдаланып, Шыңғысханның кіші ұлы Тулуйдың (Толы) балалары хан тағына таласады. Қалайда заңды мұрагерлікті өзгеге бермеу үшін Туракина хатын мемлекет ісіне ықпалды нояндардың басын қосып құрылтай өткізеді. Тура-кина хатынның беделінен ыққан нояндар хан тағын Тулуйдың бала-ларына беруге батпай, ханымның өзіне (Туракинаны) мемлекет ісін уақытша басқарту жөнінде шешім

қабылдайды. Бұл туралы Рашид-әд-Дин «Үлкен ұлдардың анасы Ту-ракина хатын қулық жасап, ханның ағайын-туыстарымен ақылдаспай, өзі біліп, мемлекет билігін иеленіп алды. Ол түрлі сый-сияпат беру арқылы ханның туыстары мен ноян дардың көңілін тапқандықтан, барлығы солай жапырылып, билігіне көнді» деп жазады. Бірақ, Шың-ғысханның басқа балаларынан та-раған ұрпақтарынан оған қарсы болғандар аз болмаған.

Бұйра көлді мекендеген Шың-ғысханның кенже інісі Отчигин қол жинап, тақты күшпен тартып алуға дейін әрекеттенеді.

Бірақ, Туракина асқан мықты-лығының арқасында кішкентай ұлы Гүюктің атымен бес жыл бойы тақты ешкімге бермей, ұлы Моңғол импе-риясына жеке-дара билік жүргізді.

Баласы Гүюк тек бес жылдан соң ғана ат жалын тартып мініп, таққа отырды. Гүюкті таққа отырғызу құ рылтайын тыңғылықты әрі бұлтарыссыз заңды жүргізуге бар күшін салған Туракина хатын шығыстан Отчигин ноянды, ба-тыстан Шағатайдың ұрпақтары Қаракүлік, Есенмөңке, Байдар, Есентемірді, Еуропада соғыста жүрген Жошының ұлы Батуды шақыртады. Сондай-ақ, құрылтайға орыстың Суздаль губерниясының губернаторы Ярослав, Қытайдан, Кореядан, Бағдаттан, Исемайльден, Франциядан өкілдер қатысқан. Тіпті, Рим папасы католик дінінің елшісі ретінде Плано Карпины бастаған елшісін жіберген. Бұдан Туракинаның мемлекет басқару ісіне жетіктігін, саясатқа жүйріктігін аңғару қиын емес.

Мұның барлығы – дала сұлула-рының парасаттылығының айқын айғағы. Әйтсе де, біз қазақ ана ла-рының парасаттылығы жайында сөз болғанда Томиристі, Домалақ енені, Ұлпанды үлгі тұтсақ та, жо ғарыдағы ақ желектілерді еске ал майтынымыз өкінішті.

Бодаухан ТОҚАНҰЛЫ

Рауаят –1.Ақыл, жөн, жоба.2.Кез, уақыт.“Қоспанның оған қатты ренжіген кездері де

бар, бір рауаят түңіліп те кеткен. (Т.Ахтанов)Пәруай – сана, сезім, ес, қапер.“Тым құрыса пәруәйсыздықты мына

алақұйын Әмірге берсең етті.” (М.Әуезов)«Халықтың сөзі, тіпті, пәруайына кіріп

шықпайтын тәрізді.» (А.Нұрманов)Қарғы (қарғыбау) – Иттің мойнына

тағатын жалпақ қайыс. Қарғы тағу.«Мойнына күміс қарғылы тайдай тазы

тұрып алып, алдыңғы екі аяғын көсіліп жіберіп, төсін жерге тигізе керілді. (С.Бегалин)

Ауысп. Қарғы тағу – түрлі атақ лауа-зым иелерінің алған шен-шекпен, айырым белгілерін келекелеп айту.

«Би, старшын мойнына,Жезден қарғы тағынды» (Дулат Бабатайұлы) Қарғыбау – 1. Құда түскен адамның бола-

шақ келін болудың белгісі ретінде қыз дың қолына таққан білезігі не мойнына таққан алқасы.

Қарғыбау тағу - осыған байланысты өтетін рәсім.

2. Біреудің затын сұрап алып, уақытша пайдаланған үшін қайтарған кезде беретін сыйақы.

Боқташақ – түкке тұрмайтын, кәкір-шүкір.“Анау ойдағы ауылда он баласы бар, бірақ,

асырай алмай көпсініп, “өңкей боқташақ” деп, қарғап-сілеп жүргендері қанша.” (Оралхан Бөкей)

Боқырау (боқырауын) – қар жауып, суық түсе бастаған кез. Күздің соңғы айы.

Page 11: №28 (3085) 2014-03-13

11www.astana-akshamy.kz

Қазақстан Республикасы Тәуел-сіздігіне 10 жыл толуына орай жа-сал ған жалпыұлттық үндеу нәти-жесінде 2001 жылы ел Үкі метінің қау лысымен Л.Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік (ұлттық ста-тусына кейіннен ие болды - А.Қ.) уни- верситетінің ғылыми кітап ха на сы-ның негізінде «Отырар кітап ха-насы» ғылыми орталығы құрыл ған болатын. Сол үндеуге атса лысқан және жаңадан ашылған меке менің кітап қорын байытуға үлес қосқан адамдардың арасында аталмыш жоғары оқу орнының доценті Гүл-жауһар Болатова да болды. Осы игілікті ісін Үкімет жоғары бағалап, Алғыс хатпен марапаттады.

Үнемі жақсы істің қасынан та-былатын оқытушы Қазақстан Кә-сіподақтар федерациясынан да осындай марапат көрді. Еңбеккер қауымның құқығын қорғайтын ұйым Гүлжауһар Жамбылқызын кәсіби мерекелері кезінде өткен іс-шараларға белсене қатысқандығы үшін елеп-ескерді. Одан бөлек, Білім және ғылым министрлігі Жастар ісі комитеті оған студент жастарды оқыту мен тәрбиелеудегі ерен еңбегі мен білім беру саласының өркендеуі жолында адал қызметі үшін алғыс жариялады.

Негізі атқарып жүрген жұмысы да осы. 1997 жылдан бері Аста-наны ң же тек ш і оқ у орны – Л .Гумилев атындағы Еу разия ұлттық университетінде дәріс беріп келе жатқан ол бірнеше буын жур-налис терді тәрбиелеп шығарды. Қазір де болашақта бұқаралық ақ-

парат құралдарына баратын, жазу-сызуға бейім жастарды кәсіптеріне керек болар теориялық біліммен қаруландырып келеді. Үш жылдай бұрын Журналистика және саясат-тану факультеті деканының студент-термен жұмыс жөніндегі орынба-сары қызметіне тағайындалып, шәкірттерінің тәрбиесі жағына да үлкен көңіл бөліп келе жатыр.

Студенттеріне айтар сөзі бірде – қатты, бірде тәтті болса да, шәкірттері

Басқосуда мұражай директоры, ақын Несіпбек Айтұлы сөз сөйлеп, ұлт қай-рат керінің тарихи тұлғасы жөнінде әңгі-меледі. «Бұл жинаққа Сәкеннің замандасы, үзеңгілесі Ілияс Жансүгіровтен бастап, інілері Қасым Аманжоловтың, Сырбай Мәуленовтің және орта буын, кейінгі толқын ақындардың көрнекті қаламгерге арнаған өлең-жыр, толғаулары топтасты-рылды. Арда ақынның 120 жылдық мерей-тойына орай әзірге мың данамен оқырманға жол тартқан ғибраты мол бұл кітап Сәкен

Сейфуллинге өлеңнен орнатылған тағы бір ескерткіш деп білеміз» деді ол.

Ақын Нұрғожа Ораз Сәкен өлеңдерін саралап, шығармашылығын әңгімеледі. «Ол заманының қысымынан кең көсіліп жаза алмады, айналасы «Маяковскийге еліктеп, өлеңнің мәнерін бұзды» деп орынсыз айып-тады. Алдағы уақытта оның тек лирикалық өлеңдерін жинақтап, жарыққа шығару ке-рек» деген ұсынысын да білдірді Н.Ораз. Сенат депутаты Оралбай Әбдікәрімов анасы келін болып түскенде ауылға қонақ болып

келген серіні көргенін асқан ілтипатпен еске алып отыратынын айтты.

Қазақстанның еңбек сіңірген қай-раткері Қасен Абаев орыс тіліндегі ар-науын тарту етіп, отандық суретшілердің «Сұңқар Сәкен» тақырыбындағы кар-тиналарын жинақтап, елордада көрме ұйымдастыруға уәде етті. Белгілі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Серік Оспанов «Сәкеннің музыкалық мұрасы» атты еңбектің көп ұзамай жарыққа шығатынын сүйіншіледі.

Тағы бір айта кетерлігі, бүгінде Қа-рағанды облысының әкімдігі Сәкен Сей фуллиннің 120 жылдық мерейтойы-на әзірлік жұмыстарын бастап кеткен. Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов те аталмыш шараны ел-ор дада өз деңгейінде атап өтуге арнайы тап сырма берген.

Нұргүл АХАНҚЫЗЫ

Санкт-Петербу рг т ың талғампаз көрермені алды-мен қазақ өнерінің інжу-маржаны «Біржан-Сара» операсын тамаша л ад ы. Бұл шығарманы атақты ән шілер Ахмед Ағади мен Нұржамал Үсенбаева қосы-лып шырқады. Астана әртіс-терінің сахналаған «Ат-тила» операсы да көрер-меннің көңілінен шықты. Бұдан басқа аста налықтар әлемдік хореография жау-һарларының үздік балет қойы лымдарын көрсетті.

қату сөзіне еш ренжімейді. Бірнеше шәкіртімен сөйлескенімізде олардың әңгімелерінен ұстаздарын анала-рындай көретіндігін байқадық. «Гүлжауһар Жамбылқызы бізді «ботақан», «құлыншақ» деп атап, жиі еркелетіп тұрады» дейді олар.

Гүлжауһар Болатованың тағы бір қыры – оның ғалымдығы. Кіш -кентайынан Ақан сері мен Бір жан салдың әндерін құлағына сіңі ріп өскен «Арқаның кербез, сұлу Көк-

ше тауының» қызы ән әуез ді лігімен қатар сөздеріне мән беріп келді. Өсе келе атақты жер лесі, жазушы Сәкен Жүнісовтың шығар маларымен сусын-дап, жаны әде биетке жақын екендігін сезді. Содан Қазақ мемлекеттік уни-вер сите ті нің филология факультетіне түсіп, үздік дипломмен тәмамдады. Онымен қанағаттанбай, осы оқу ор ны жанындағы аспирантураны аяқ тады. Оны бітірісімен Қазақ мем-лекеттік сәулет-құрылыс академия-сында бес жылдай аға оқытушы, доцент болып қызмет істегеннен кейін қазіргі жұмыс орнына келді.

Ғылыми еңбектері де сол ке-зеңде, яғни Л.Гумилев атындағы Еу разия ұлттық университетіне қыз метке келгеннен бастап шыға бастады. Аспирантураны аяқтарда қорғаған диссертациясының тақы-рыбы «Қазақтың үй іші әдет-ғұрып өлеңдері» деп аталса, «Салт жырларындағы тәрбиелік үрдіс-тер» еңбегі де сонымен өзектес. Соңғы еңбектерінің бірі – «Соғыс жылдарындағы мерзімді баспа сөз-дегі «Отанды қорғауда» газетінің орны» мен «Қазақ жауынгерлерін отансүйгіштік рухында тәрбиелеуде майдандық басылымдардың рөлі» еңбектерінен Ұлы Отан соғысы тақырыбын біраз зерттегені көрініп тұр. Соның ішінде жауынгер ата-ларымыздың үлгісінде қазіргі ұр-паққа тәрбие беру тақырыбы қы-зықтырғаны аңғарылады.

Осы еңбектерінен басқа әр жур-налист білуге тиіс тақырыптар қоз-ғалған «Отандық журналистика та рихы» курсы бойынша әдістемелік нұс қаулығын, «Айқап» журналында әдеби материалдардың берілуі» еңбектерін атап өтуге болады.

Осындай еңбектерді жазған соң Чехия Республикасында «Еуропа жоғары білім беру кеңістігіндегі Болон процесі» бағдарламасы ая-сында ғылыми тағылымдамадан өтіп, ұстаздық шеберлігін ұштай түс ті. Сол шеберлігін ұрпақ тәр бие-сіне аямай жұмсап жүр.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Page 12: №28 (3085) 2014-03-13

12www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected] www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Ұзыннан ұзаққа созылған кірпіш ангар бір қарағанда тып-тыныш көрінгенмен, іші тынымсыз тіршілікке толы. Есікті ашқанымыз сол, иттердің ырылдап, абалап үргені тыныштықты бірден бұзды. Бізді қарсы алған Александра Мирвалиева өзін ит-тер мекенінің директорымын деп таныстырды. Өзінің айтуынша, өткен жылы сәуір айында ғана осы араға көшіп келген. «Бұған дейін жарты жылдай уақыт қаладан елу шақырым қашықтықтағы қонысты паналадық. Қаңыраған ангарды дос-тарымыз уақытша пайдалануға берді. Арнаулы торлы шарбақтар салып, қарауымыздағы иттерімізді көшіріп алдық» дейді ол.

Бүгінде мұнда 80 ит, 22 күшік бағылуда. Шалғайда орналасқан кездері келушілер сирек болса, қазір аптасына үш-төрт итті асырауға алып кететіндер бар. Әсіресе, күшіктерге деген сұраныс өте жоғары көрінеді.

-

Сонымен, ангарды аралауға мүмкіндік алдық. Иттердің бойға үрей тудырған үрісіне бойымыз үйрене бастады. Жан-дарынан өткен сайын, әр ит бірінен-бірі асып, секіріп таласуда. Кенет алабай тұқымдас иттің ырылдаған дауысы селт еткізді. Александра бұл иттерді тек уақытша ғана ұстайтынын айтты. Өйткені, күтімді көп қажет ететін алабай тұқымын асырау оңай шаруа емес.

Иттер мұнда түрлі жолмен келеді. Жуынды тіміскілеп, тоңып жүргендерін балалар тауып әкелсе, кейбірін қожайындары әкеліп тапсырады екен. «Тіпті, «Алып кетіңіз» деп қоңырау ша-латындар да бар. Әрине, бос орын болса,

ешқайсысынан бас тартпаймыз» дейді ит асыраушылар.

Осы кезде түрлері де, түстері де бірдей

т о р ғ а қ а м а л ғ а н иттерді көзім шал-ды. «Бұлар - бір қанденнен туған ұрғашы күшіктер.

Оларды сыртқы

ұ қ с а с т ы ғ ы н а қ а р а п «түлкілер» деп атаймыз. Өздері де түлкі мінезді сияқты, жеке-жеке жүрсе – өте сақ, екеулеп жүрсе де кез келген нәрсеге төтеп беруге әзір» дейді иттердің қамқоршысы Александра. Ол әрбір иттің қайдан келгенін, қандай аурумен ауыратынын, қандай тағамды ұнататынын, – бәрін бес саусағындай біледі.

« К е й б і р и т т е р д і б і р торға қос-қостан қамаймыз. Олардың мінезі әртүрлі. Т а ғ д ы р л а р ы д а б ө л е к . Кейбіреулері көршілерімен сыйы-сып, бейбіт тіршілік етеді. Екіншілері – бір-бірімен өрттей өш. Ондайларды бір-бірінен алшақ орналастыруға ты-рысамыз. Жаңа келіп түскен иттерге кешенді емдеу шаралары жүргізіледі. Ит панасының өз ветеринарлық дәрігері бар» дейді бізбен әңгіме барысында А. Мирвалиева.

Торлы ұяларды жағалай жүріп, ірі төбетке көзім түсті. Оның аяғы жарақаттанған сияқты, таңып тас-тапты. Теңселген қалыппен торға қарай жақындап, бізді иіскей жөнелді. Белгілі болғандай сүйкімді төбетті жазда даладан тауып алыпты. Ол мешел ауруына шалдыққан әрі буын-дарында ісік бар екен. Шамасы, иесі далаға қуып жіберген.

«Ал мына иттің аты - Хани. Оның омыртқасын зақымданған. Байқап қарасаңыз, артқы аяғын сүйреп жүреді. Байғұс ит еріктілердің қамқорлық көрсетуі арқасында

ғана тірі қалды. Дене жарақатына қарамастан, бұлардың көңіл-

күйлері көтеріңкі. Құйрығын бұлғаңдатып адамдармен тіл табысқысы кеп тұрады. «Мені бұл жерден алып к е т і ң д е р ш і » д е г е н д і айтқысы келеді сендерге» дейді осында жүрген күтуші қыздардың бірі.

Одан әрі жүре бердік. Келесі тордағы итті Ле-мур деп таныстырды бізге. Қабағандығы с о н ш а , қ а с ы н а келгеннің бәрін тістеп,

маңына жолатпайтыны көрініп тұр.

М ұ н д а а с ы л т ұ қ ы м д ы и т -тер де бар. Оларды Рафиз есімді жігіт күтіп-бағады. Екі мезгіл тамақтандырып,астын тазалайды. Сенбі-жексенбі күндері бес-алты адам әлгілерді серуенге шығарады. Мұндай «шаруашылықты» алып жүрудің өзі өте қиын. Азық-түлікке ғана ай сайын 120 мың теңге жұмсалатын көрінеді.

– Біздің «шаруашылық» әрдайым

ағаш үгінділеріне, вакцинаға, азық-түлікке тағы басқа қажетті заттарға мұқтаж. Ыдыс-аяқтар, тостағандар, шелектер, қысқасы, ескірген, артық шаруашылық заттары болса, іске жаратар едік. Біреулерге керексіз, бірақ лақтырып тастауға қимайтын ағаш тақтайларының қалдықтары болса, бізге берулерін сұраймыз. Олардан тым болмаса ангарды жылыту үшін отын әзірлер едік, – дейді Александра.

Бүгінде «Вконтакте» әлеуметтік желісінде ит-тер мекенінің арнаулы парақшасы ашылған. Онда тұрғындардан көмек сұрап, қажетті ақшаны аудару үшін банк есепшоттары көрсетілген. Көзбен көргендей, тұрғындардың көбі бейжай қарамай, мүмкіндігінше ақша аударуда. Күріш, қарақұмық пен сүйек-саяқ апарып беретіндер де көп. Жуырда ғана екпе жасау үшін көмек сұрағанда халықтан 140 мың теңге жиналыпты.

Салпаңқұлақтылардың барлығы уақтылы дәрігердің тексеруінен өткізіледі. Өйткені, олар-ды асырап алушылар аз емес. Мәселен, соңғы екі аптада оннан астам күшік пен 8 ит жаңа иесін тапқан. Мамандығы экономист болғанымен бұл жануарлардың тағдырына бейжай қарай алмайтын Александра алдағы уақытта иттерді серуенде-туге арналған биік қоршау көтеруді жоспарлап отырғанын айтады.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

р . .

е е п ң л ,

Page 13: №28 (3085) 2014-03-13

13www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

11.03.2014 06.02.2014

11.03.2014

11.03.2014

11.03.2014

Page 14: №28 (3085) 2014-03-13

14www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

1. ( , , )2.

3.4.

5. ( )6. ( )

7.:

19801980

1974

1961

19881988

1993

1986 ,

1961198819631988

55-66-35

55-69-81.

Page 15: №28 (3085) 2014-03-13

15www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

-

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

Page 16: №28 (3085) 2014-03-13

16www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected] www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

– Алғашқы жыр жинағың құтты болсын! Көп күттірген кітабыңның «әттеген-ай» дегізетін тұстары болды ма?

– Б о л д ы м , т о л д ы м д е у – таланттың қас жауы. Суреткер көзі тірісінде өзінің ең мықты шығармасын жаза алмай кетеді. Ішкі «әттеген-айсыз» биікке көтерілу мүмкін емес. Өзіңді қамшылау аб-зал. Әрдайым жаңа ізденісте болу керек. Мұқағали «ақын болсаң, қарағым, алысқа аттан» деп осы жайтты меңзеген, шамасы. Тек, «керек тастың ауырлығы жоқ» деген ізденіс қазақтың «үйрен де жирен» қағидасымен қабылданса игі.

– Топтамаңның атауына тоқталып кетсең. Неліктен «Жу-сан қыз»?

– Жусан Қыз – аңсар, менің ішкі аңсарым. Бала күннен қалыптасқан о б р а з . М е н і ң м ә р т е б е л і жастығымның символы. Маған ғана тиесілі әлем. Ол әлемнің есігі тек таза жандарға ашық.

– К і т а п т ы ң с ы р т қ ы мұқабасына семейлік атақты суретші Талғат Татиевтің карти-насы пайдаланылыпты. Суретті өзің ұсындың ба? Жинақтың м а з м ұ н ы м е н қ а н ш а л ы қ т ы үндеседі?

– Талғат аға ерекше талант. Оның суреттері әлемнің ірі мұражайларында, жеке жидашы-ларда сақтаулы. Картинаның аты «Көктем. Келін». Негізгі фонда біз сәукеле киген, шытыра моншақ таққан бойжеткенді байқаймыз. Бұрала билеп тұрған тәрізді. Түсіне назар аударыңыз, жусан түстес. Мен ағама «Жусан Қыз» де-ген өлеңімді оқып бергенде, осы суретті көрсетті. Бірден қолқа салдым, мұқабаға орналастырайын деп. «Сол үшін көрсетіп отыр-мын ғой» деді. Қазір аталмыш сурет Шығыс Қазақстан өнер

мұражайының негізгі қорында сақтаулы. Жалпы, ақындардан гөрі суретшілермен көп араласамын.

– Жақында ғана бақилық бол ған Фариза апамыздан көзі тірісінде лайықты бағаңды ал-дың. Өз пікірінде «Әр мықты-ның жанына жақын жүрген болып, атағын шығаруға үйір емес. Алтайдың кербұғысын-дай өзімен-өзі жүріп, өлең патшалығына өлермендігімен емес, шынайы өнерімен аттаған, өзіндік әлемі бар ақын» деп пікір білдірді. Жалпы сенің жет-кен жетістіктерің жөнінде дау-дамайларға осындай пайымды пікірлер тосқауыл бола алды ма?

– Дау-дамай? Ішінде пышақ айналмайтындардың ұсақ, майда сөздері шығар. Ондай пендешілікке тосқауыл қоямын деп тырашта-ну күлкілі ғой. Апам маған де-ген ақ сөзін, адал ниетін танытты бұл пікірмен. Тасып бара жатқан көркеуделерді өзім орындарына қоя аламын. 21 жаста «Дарын-ды» қай ақын алыпты. Соған іші күйгендер ғой. Тұз жала-сын. Бұл орта мені ашындыра бермесін. Мықтымын дегені мені жылатсын. Дау керек пе сізге?! «Шабыт» фестивалінде жүлде ала алмай қалғаны үшін Фари-за апаға қоңырау шалып, басы артық сөзге барған жастар жүр Астаналарыңызда. Мен әдеби ортаның нендей дүние екенін ерте көріп жиіркенгем. Жақын тұтқан, жақсы көрген ақын достарымды әдейі ренжітіп алыстаттым. Өзімді сақтау үшін. Өзгені таза қалпында есте сақтағым келеді.

– Жинақтың алғысөзінде қаламы қарымды Маралтай ағамыз Алтайдан Атырауға қарай арна салған батыр деген-дей пікір білдіріп, «Азамат – ұлт поэзиясын болашаққа жеткізер алаугер» деп тамаша бағалапты.

Арқаңа ауыр жүк салып қойған жоқ па?

– Ағалардың сенімін ақтау – парыз. Баяғыда Мұхтар Шаха-нов ағам «сенен үлкен дүниелер ғана күтемін» дегендей немесе Тыныштықбек ағаның «сіз «Ақ-шам хаттарын» жаза бастадыңыз» деген секілді пікірлері шынында да ауыр міндет. Бірақ бұл ақжарма сөздер биікке ұмтылдырады ғой. Жақсы жазуға тырысасың.

– Өлеңдерің сынға ұшырады м а , с ы н д ы қ а н ш а л ы қ т ы қабылдайсың?

– Сын деген – шығарманың көркемдік жағын саралау. Асқар Сүлейменов секілді ұлы тұлға өткен қазақ әдебиетінде, білесіз. Сынның төресі. Асқар ағаның жан досы Төкен Ибрагимовтың сын мақалалары ерекше. Асекеңнің шәкірті Таласбек Әсемқұлов та сынның майталманы. Мен осы уақытқа дейін бір жаннан ғана сын естідім. Ол аяулы әпкем, ақын Гүлнәр Салықбай. Сын болғанда да, бір күні қоңырау шалып, өлеңдерім туралы лебізін айтты. Сондағы сыны: мынандай екі-үш әдемі өлеңдеріңді оқыдым, осылай жазып жүре ғой! Жалпы маған тұлға ретінде әсер еткен, менің қатты қадірлейтін санаулы ғана «жалғыздарым» бар. Соның бірі осы әпкем. Мен өзіме-өзім өте қатал сыншымын. Ең бастысы сол. Өзіме әрдайым көңілім толмайды.

Егер өлеңдерімді алдағы уақытта сынаймын дегендер болса, алғыс қана айтамын. Уақыт тауып оқып шығуға уәде берем (күлді).

– Жауһар жырларыңмен жасақталған жинағың оқырман қауымның жүрегінен жол тап-сын деп тілейміз. Әңгімеңе рах-мет!

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Құлын жастан еру болып көшке мен,Құтпан айғыр үйірінде өскен ем.

Ұшып бара жатқандағы тырнаға,Әкем анау, ат үстінен «Қош!» деген.

Бұзау тісін қорғасынмен жалатқан,Қабағынан қырма боран жаратқан.Тазқарадан тайлақ жүнді айырып,Бие сауым шешетайға сабатқан.

Ақ шетеннен жасатпаған құрығын,Ат пен қамшы құдай оған,

Бір ұғым!Жануардың жалын үнсіз құшады ол,

Баппен ғана шешіп өмілдірігін.

(Қамшыгерім,Сөзін ұққан көргеннің,

Қадіріне жете алам ба кермеңнің?..)Бір қағытып қоятыны бар және

Қалжын айтып уытындай ерменнің.

Жүрек түріп қоңыр желге – күбірге,Аңсағаны дөң асқан бір дүбір де...

Ақтаңдақтай жұлдыздарға, ағатын,Ұзақ қарап отырады іңірде.

Делебесі – жарбай таулар, жасыл дүз,Жасыл дүзге жаба-салма көшіргіз!

Көп айтпайтын оның нәзік сөздері –Мама бие, саба желін, сосын...

Күз!

Мар теке жел қамыс басын ырғамай,Күз келді, әке!

Мүлгіп-қалғып тұрған ай....Сенің күзің өлеңіме айналды,

Ұшып бара жатқандағы тырнадай.

* * *Өскеменнің түндерінде мұң бар-ды,Өзен бойы өркеш-өркеш құм қалды.

Жыл да ардақты,Жылға да ақты тоқтамай,

Көз етімен көсегендей ылғалды.

Жайпау шағыл, жарбақ тастар, жасыл маң,

Жендет-тозаң көлеңкемді қашырған.Көкжиектен жаңбыр иісі бұрқырап,Алай-дүлей жапырақтар шашылған.

(Өскеменім – менің өміргүлім ең,Әр дертіңе таба алсамшы бүгін ем.)

...Андыздарын аялаған Ертіс-шал,Аңыз айтып жатады ылғи түнімен.

Мұны, мейлі, өлең деңіз, сөз деңіз,Өзен кешіп өскесін бе, өзгеміз...

Шалдан екеу – ақ шағала және мен,Екеуміз де жоқ іздеген кезбеміз.

Жалмап-жұтып кетпесе егер мені сұм,Аян саған жеңілісім, жеңісім.

Бақ шаба ма, бап шаба ма, білмеймін,Ақ шағала, сен аман бол сол үшін!

Жоқ қуаныш, қайғы да жоқ, жоқ күмән,Білетінім, бұл ән емес ақтық ән.

Білетінім, бір сапарға аттандым,Көзім алды – қою-қою көк тұман.

Ара-тұра есінейді ауыш қыр,Жүрегімде толқын атқан дауыс тұр.Ақ шағала, мүлде адасып кетсем мен,Жол сілте де, Ертісіммен қауыштыр.

Азамат ТАСҚАРАҰЛЫ:

-

-

--

-

-

«ЖУСАН ҚЫЗ» – МЕНІҢ МӘРТЕБЕЛІ ЖАСТЫҒЫМНЫҢ СИМВОЛЫ