8
[email protected] 4 www.facebook.com/zhanargan_onir http://www.zhanarganonir.kz 5 №35 (7694) БЕЙсЕНБІ 30 тамыз 2018 жыл Әйелдің бақыты - ана болу немесе бедеулік пен белсіздік хақында 3 Мәжіліс депутаты ауданымызда болды Қамданған қапы қалмайды 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні Баршаңызды Қазақстан Рес- публикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құт- тықтаймын! Кез келген мемлекеттің тәуелсізді- гін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат Конституция. Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, әлеуметтік топ-тардың мақсаттары мен міндеттері, құқықтары көрсетіледі. Қазақстанның әрбір азаматы еліміздің негізгі заңы-ның асқақ рухы мен маңызын жақсы білуі керек. Конституцияны құрметтеу және сақтау арқылы біз Отанымызды, тарихымызды, құндылықтарымызды құрметтейміз және еліміздің дамуына, қоғамдық келісімге, бейбітшілік пен тыныштыққа қол жеткізе аламыз. Сондықтан, оны ардақтау әрбір азаматтың міндеті мен асыл парызы. Осыдан жиырма үш жыл бұрын 30 тамызда Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің құқықтық өміріндегі жасампаз жаңа дәуіріне қадам басқан еді. Содан бері қарай тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата Заң – мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, рухани жаңғыруымызға, дамудың қайнар бастауына айналды. Халық биліктің қайнар көзі, Конституция – көптің киелі сөзі. Халқымыздың қалауымен өмірге келген негізгі заңымыз біздің азаттық алғалы атқарған барлық істеріміздің алтын таразысы болып табылады. Құрметті жаңақалалықтар! Сіздерді айтулы мерекемен тағы да шын жүректен құттықтай отырып, әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Ата Заңды ардақ тұтқан өнегелі еліміз өркендей берсін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Конституциямыз ғұмырлы, елдігіміз мәңгі болсын! Мереке құтты болсын! Құрметті жерлестер! Құрметпен, аудан әкімі Наурызбай ҚАРАғОйшиН.

30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні · мемлекеттік меншік пен жеке меншік мойындалады

  • Upload
    others

  • View
    16

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні · мемлекеттік меншік пен жеке меншік мойындалады

[email protected]

4

www.facebook.com/zhanargan_onir http://www.zhanarganonir.kz

5

№35 (7694)

БЕЙсЕНБІ 30 тамыз 2018 жыл

Әйелдің бақыты - ана болунемесе бедеулік пен белсіздік хақында

3

Мәжіліс депутаты ауданымызда болды

Қамданған қапы қалмайды

30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

Баршаңызды Қазақстан Рес-публикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құт-тықтаймын! Кез келген мемлекеттің тәуелсізді-

гін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат – Конституция. Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, әлеуметтік топ-тардың мақсаттары мен міндеттері, құқықтары көрсетіледі. Қазақстанның әрбір азаматы еліміздің негізгі заңы-ның асқақ рухы мен маңызын жақсы білуі керек. Конституцияны құрметтеу және сақтау арқылы біз Отанымызды, тарихымызды, құндылықтарымызды

құрметтейміз және еліміздің дамуына, қоғамдық келісімге, бейбітшілік пен тыныштыққа қол жеткізе аламыз. Сондықтан, оны ардақтау – әрбір азаматтың міндеті мен асыл парызы.Осыдан жиырма үш жыл бұрын

30 тамызда Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің құқықтық өміріндегі жасампаз жаңа дәуіріне қадам басқан еді. Содан бері қарай тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата Заң – мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, рухани жаңғыруымызға, дамудың қайнар бастауына айналды.

Халық – биліктің қайнар көзі, Конституция – көптің киелі сөзі. Халқымыздың қалауымен өмірге келген негізгі заңымыз біздің азаттық алғалы атқарған барлық істеріміздің алтын таразысы болып табылады. Құрметті жаңақалалықтар!Сіздерді айтулы мерекемен тағы да

шын жүректен құттықтай отырып, әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Ата Заңды ардақ тұтқан өнегелі еліміз өркендей берсін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Конституциямыз ғұмырлы, елдігіміз мәңгі болсын! Мереке құтты болсын!

Құрметті жерлестер!

Құрметпен, аудан әкімі Наурызбай ҚАРАғОйшиН.

Page 2: 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні · мемлекеттік меншік пен жеке меншік мойындалады

Қоғам 30 тамыз 2018 жыл

Ата Заңымыздың халқымыз-ға қызмет етіп, қоғамымыздың қажеттіліктерін қамтамасыз етіп келе жатқанына биыл 23 жыл толды.

Әділетті өмір орнату жолындағы ізденістер бары-сында ХVІІ-ХVІІІ ғасыр-ларда Конституция өмірге келген екен. «Конституция» деген сөз латыншадан аударғанда «құрылыс» деген ұғымды береді. Оның мәнін қазақшаласақ, өміріміздің, тыныс-тіршілігіміздің, ел-жұрт болып бірігіп мемлекет құруымыздың құрылысын жасаудың механизмі деп түсінеміз.

Жалпыға мәлім, осыдан 25 жыл бұрын, яғни, 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің ғасырлар бойы армандаған мемлекеттік тәуелсіздігін жариялап, егемендігін ал-ғаннан кейін, 1993 жылы 28 қаңтарда өзінің алғашқы Конституциясын қабылдады. Бірақ, 1993 жылғы Конституция ескі әкімшілік, әміршілдік қоғам ережелеріне, көбінесе кеңестік демократиялық принциптеріне негізделгендіктен, жаңа қо-ғам өмірінің талабына сай келмегендіктен, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қай-тадан жаңа Конституция қабылдау керектігі туралы ұсыныс жасады. Жаңа Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қа-былданды. Референдумға сайлаушылардың 90 пайызы қатысып, олардың 81 пайызы Конституцияны жақтап да-уыс берді. Өйткені, жаңа Конституция халық пікірінің, ойының, мүддесінің заңдылық көрінісі болды. Сөйтіп, Қазақстан халқы Елбасымен бірге бүкіл халық болып негізгі заңды жасады.

Қазақстан Республикасының К о н с т и т у ц и я с ы н д а Президенттің, Парламенттің, Үкіметтің, Конституциялық К е ң е с т і ң қ ұ з ы р е т т е р і дәйекті түрде бейнеленген. Конституцияда Парламент және оның заң шығарушылық қызметін, Сенат пен Мәжілістің конституциялық құзыретін, депутаттардың құқықтары мен міндеттерін анықтауда өркениетті елдердің Конституцияларының ізгі үл-гілері басшылыққа алынған. Соттар мен сот төрелігіне де Конституцияда ерекше мән берілген. Республикада сот төрелігін тек қана сот жүзеге асырады. Оның ісіне араласуға жол берілмейді. Сот процесі заңмен ғана белгіленеді. Сот төрелігін іске асыруда судья тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады. Сот төрелігін іске асыру Конституцияда белгіленген демократиялық принциптер негізінде ғана жүзеге асырылады.

Бүгінде Конституцияны басшылыққа ала отырып, еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігін нығайту жо-лында ғасырлық мәні бар ауқымды істер атқарылуда. Соның нәтижесінде биік белестерге қол жеткізіп, әлем мойындаған мәртебелі елге айналдық. Конституция – елімізде-гі әрбір адам құқығының кепілі. Оның бірден бір

дәлелі – Ата Заңымыздың «Қазақстан Республикасы ө з і н д е м о к р а т и я л ы қ , зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген сөздерден басталуынан көрінеді.

Тәуелсіз еліміздің Ата Заңы бүгінде құндылығы өлшеусіз, қабілеті орасан, қастерлі кітап іспетті. Өйткені, ол халықтың жүрекпен жасаған таңдауы, елдегі тыныштық пен татулықтың, береке мен бірліктің кепілі, алтындай азаттықтың тұғыры болып саналады. Биыл еліміздің басты заңының қа-былданғанына – жиырма үш жыл. Қаншама уақыт өтті, қаншама игі реформалар іске асты. Осы аралықта қаншама өзгерістер болды, әлемдік тұрақсыздық та сынға алды. Соған қарамастан Қазақстанның Конституциясы заманның ырғағына сай келіп, халықтың игілігіне абыроймен жарап келеді. Жыл сайын 30 тамыз күні Республика Конституциясының кезекті мерекелі жылын жоғары дәрежеде атап, оның жеткізген табыстарын електен өткіземіз. Расында, біздің елдегі кез келген өмір саласының өзіндік жетістіктермен көңіл көншітерлігі қуантарлық жағ-дай. Осындай әлеуметтік тұрақтылық, саяси жаңғыру бағытындағы мәселелерге Конституцияның әсер і ерекше басым. Мемлекет басшысының тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан-ақ Конституцияның әлеуетін арттыру бойынша жүргізген мықты саясатының арқасында республикамыз әлемдегі қарқынды дамып отырған елдердің біріне айналды. Табысты істерді халық қалаулылары қабылдаған Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған декларациясынан анық байқауымызға болады. Расында, атқарылған іс ұшан-теңіз. 1995 жылы қабылданған Ата Заңымыз бірнеше

рет күрделі өзгерістерге ұшырады. Өйткені, өмір әрі қарай жалғасқан сайын, конституциялық нормаларды өзгертудің қажеттілігі туын-дап отыруы заңдылық. Мысалға, Ата Заңымызға ал-ғаш 1998 жылы орын алған өзгерістерден сот жүйесі де тыс қалған жоқ. Оған қатысты сот төрелігін жүзеге асыру кезінде алқабилерді қатыстыру мәселесі заңмен реттелді. Кейіннен, 2007 жылы қамауға алуды санкциялау мәселелері қайта қаралып, нәтижесінде бұрынғыдай қамаққа алуға санкцияны прокурор емес, сот беретін болды. Осындай қарқынмен адам құқықтарын кеңейтуге, заңнамаларды із-гілендіруге бірқатар жұмыс атқарылды.

Бүгінгі таңда еліміздің экономикасы жылма жыл өркендеуде. Серпінді тех-нологиялар жасалып, жүзе-ге асырылуда, халыққа электронды қызмет көрсету, интернет жүйесін тиімді пайдалану, электрондық сауаттылықты арттыру, қаржы рыногын жетілдіру міндеттері алға қойылды. Алдағы мақсат – Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру. Осы алға қойған мақсаттардың толық жүзеге асырылуының не-гіздері – заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, Ата Заңымыз – Конституция талаптарын мүлтіксіз орындау, Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттардың татулығы, бірлігі, конституциялық тең құқықтарын қатаң сақтау, құрметтеу.

Халқымызда «Заңға ба-ғынған құл болмайды» деген қанатты сөз бар. Ендеше, еліміздің басты заңы –Конституцияны Қазақстан Республикасының әрбір азаматы қастерлеуі, онда көрсетілген қағидаттарды қатаң сақтауы келешекте дамыған елдер қатарына қ о с ы л у д ы ң а л ғ ы ш а р т ы б о л а т ы н ы н ә р қ а ш а н д а жадымызда сақтаған жөн.

Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі,

құқықтары мен бостандықтары.Республика қызметінің іргелі

принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың

игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін

демократиялық әдістерімен, демократиялық тәсілдерімен, оның

ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру

арқылы шешу.Республиканың егемендігі оның

бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын

және бөлінбеуін қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық.

Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы

жүзеге асырады.Конституцияның ең жоғары заңдық

күші бар және ол Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылады.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік

мойындалады және бірдей қорғалады.Жер мен оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі,

басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі.

Республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы

мойындалмайды.Республиканың халықаралық

шарттарында өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының азаматын

шет мемлекетке беруге болмайды.Республика өзінен тыс жерлерде

жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепілдік

береді.Республиканың азаматы өз

азаматтығына орай құқықтарға ие болып,

міндеттер атқарады.Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар

абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды.

Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.

Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ.

Әркімнің жеке басының бостандығына құқығы бар.

Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.

Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар.

Ата Заңымыз айтады:

Конституция – мемлекеттің мызғымас темірқазығы

М.Шүкіров, Жаңақала аудандық сотының судьясы

Page 3: 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні · мемлекеттік меншік пен жеке меншік мойындалады

Мәселе 30 тамыз 2018 жыл

«Туған жер» деген кезде әрбір адамның жүрегінде тулаған шабыт пен сезім ұялайтыны анық. Себебі, адам – сол даланың, сол жердің, сол мекеннің меншігі. Туған жерге деген сезім мен махаббаттың өлшемі шектеулі болмайды. Ол шексіз. Осы бір ерекше шексіз патриоттық сезімді әрбір азаматтың қандарына дарыту үшін, сөздің ұғымын кең мағынасында түсіну үшін Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында орындалу керек міндеттердің ішіне «Туған жер» бағдарламасын ұсынды.

«Туған жер» арнайы жобасының 4 кіші бағдарламасы – «Тәрбие және

білім», «Рухани қазына», «Атамекен» және «Ақпарат толқыны» болып бөлініп, осы бағыттар бойынша әр өңір іс-шаралар атқарып жатыр.

Т ө р т к і ш і б а ғ д а р л а м а н ы ң бірі – «Атамекен» бағдарламасы өңірлердің өзекті мәселелерін анықтау мен халықтық бастамаларды ынталандыру, өңірлік жобаларды қолдау және іске асыруға мемлекеттік органдарды, халықты, бизнес-құрылымдарды, үкіметтік емес ұйымдар мен еріктілерді кіші Отанды дамытуға ынталандыруды көздейді. Жобаның негізгі мақса-ты – қазақстандықтардың бойында кіші Отанға деген жауапкершілік сезімін және әлеуметтік белсенділігін арттыру.

Біздің өңірде де елді мекендердегі азаматтар мен жастардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру мақсатында түрлі жобалар жүзеге асып келеді. Атап айтар болсақ, Меңдешев ауылдық округінде мектеп бітіргеніне 20 жыл толған түлектер

құны 850 мың теңгені құрайтын ауылға кірер жолдағы округтің паспортын жаңартты. Сонымен қоса, 10 жылдықтар ауылдың орталық саябағын абаттандыру жұмысын қолға алып, 400 мың теңге ақша бөлді. Көпжасар ауылдық округінде «Туған жерге тағзым» акциясымен 20 жылдық мектеп бітіруші түлектер «Менің жүрегім – Көпжасар» белгісін 500 мың теңгеге орнатып берді. Жаңақазан ауылдық округінің кіре беріс жеріне құны 1 млн. теңгені құрайтын қақпа орнатылды. Ауыл азаматтарының туған жеріне көңіл бөлу сапасының жоғары екенін Жаңажол ауылдық округінен де байқауға болады. Наурыз Бекмашев 1 млн. теңгеге орталық саябақтан сахна орнатса, Нұрлыбек Хайруллин ауылға кіре берістен қақпа орнатып, көше жарығын орнатуға 1,5 млн. теңге қаржы жұмсады. Пятимар ауылының бірқатар кәсіпкерлері ауыл жастарының спортқа көңіл бөлулеріне жағдай жасап, құны 1 млн. теңгеге «Street workout» көше

спорты алаңын жасақтады. Мұндай игі бастамалар Жаңақала ауылдық округінде де жалғасын тауып жатыр. «Менің жүрегім – Жаңақала» жарықты диодты композияцияны орнатуға 10 жылдық мектеп бітіруші түлектер 1 млн. қаржы жұмсаса, «Интергаз Орталық Азия» АҚ Жаңақала желілік өндірістік басқармасының ұжымы құны 1 млн. теңге тұратын «Газ қызметкерлері аллеясының» жобасын орнатты. Ауылдық округтердегі мұндай жұмыстар азаматтардың арасында қолға алынып, түрлі жобалар іске асып жатқаны көңіл қуантады. Отанға деген сүйіспеншілікті, жастардың бойында патриоттық сезімді оятуға бағытталған қозғалыстар қай жағынан да қолдау тауып жатса жақсы. Дегенмен, осындай жобалар тоқтап қалмай, сонымен қатар Бірлік, Қызылоба, Мәстексай ауылдық округтерінде де жалғасын тапса, нұр үстіне нұр болар еді. Ауылына қарап азаматын таниды емес пе?

Айтолқын АСҚАрҚЫЗЫ.

Әйелдің бақыты – ана болунемесе бедеулік пен белсіздік хақында

Бедеулік неден болады?Бедеулік – жас әйелдің бала көтере алмау дерті.

Бедеуліктің өзі екі түрлі болады екен. Біріншісі – туа біткен бедеулік, екіншісі – түрлі себептерден жүре пайда болған бедеулік.

Іштен туа біткен бедеулік – әйелдік ағзаларының жетілмей тууы, қандай да бір кемістігі болуы. Оған ешкімді кінәлі санауға болмайды. Алла солай жаратса, адам не істей алады?!

Анадан сау туып, жүре пайда болған бедеуліктің бірнеше себептері болады: түрлі ауруларға шалдығуы, қатты салқын тиюі, салауатты өмір салтын ұстанбауы, басқа да жағдайлар.

Репродуктолог-эмбриолог мамандардың айтуынша жүре пайда болған бедеуліктің бірінші және көп кездесетін түрі жасанды түсік жасатудан болады екен. Оның көбірек қауіптісі – әлі тұрмыс құрмаған жас қыздардың ойнақтап жүріп, от басып жасататын түсіктері. Олар сөзден қашып жасырын, заңсыз түсік жасатады. Оны көбіне маман емес адамдар жасайды да, толық дәрігерлік шараларды атқармайды. Оның ақыры – жас ана бала көтеру қабілетінен айырылып, бақытсыздыққа душар болады. Бұл бақытсыздыққа ата-ананың да үлесі бар. Өйткені, біріншіден, қыз баланың оң жақта отырып жүкті болуы – тәрбиеміздің айқын ақауы. Екіншіден, болары болып, бояуы сіңген жағдайда ақылға жүгінбей, қызының алғы өмірін емес, өзінің жалған намысын ойлап, түсік жасауға жол беруі. Сөйтіп, қызы да, өздері де кешірілмес күнә жасайды.

Бедеуліктің тағы бір себебі – әйел ағзаларына қатты салқын тиіп, қабынулардан болады екен.

Бұдан бөтен жеке бас гигиенасын сақтамау, құрсақ айналасындағы түрлі аурулардан уақытылы емделмеу, басқа да көптеген факторлар бедеулікке ұшыратады.

Әлемдік ақпараттарға жүгінсек, бедеуліктің көбеюіне экологиялық факторлар, тамақтану үрдісінің өзгеруі, қазіргі тағам құрамында химиялық қоспалардың көптігі, микротолқынды пештер, компьютерлер мен ұялы телефондардың күнделікті тұрмысқа көбірек енуі де әсер етіп, ауруды асқындыра түседі екен. Сондай-ақ, қазіргі жас әйелдердің материалдық, мансаптық

құндылықтарды алдыңғы қатарға қоюы да бедеулікке ұрынудың бір кепілі. Өйткені, олар осы мақсатта нағыз балалы болар жасында бала көтеруді болдырмаудың түрлі медициналық тәсілдерін жасайды. Оның соңы да кейде бедеулікке ұласады.

Әйелдің бақыты – бай болу, басшы болу, жақсы тұрмыс кешу емес, ана болу екенін ешкім естен шығармаса дейміз. Өмірде құрсағын жарып шыққан сәбиіне 62 тамыры түгел исініп, омырауын сорғызып, жүзінен мейірімін төгіп отырған анадан асатын бақытты жан бар ма?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бұдан бес жыл бұрынғы есебінде әлемде 50 миллионға жуық әйел бедеулік дертіне ұшыраған екен. Содан бергі уақыт мерзімі ішінде бұл көрсеткіштің көбейе түскені даусыз.

Белсіздік қандай дерт?Жас отауда сәби іңгәсінің естілмеуіне әйел ғана кінәлі

болмайды. Әйелі бедеуліктен аман болса, онда ерінің белсіз болғаны.

Белсіздік – ер адам ұрығының сәби көтертуге жарамсыздығы.

Өкінішке орай, жас отауда бала болмаса, бірден әйелін айыпты етеміз. Бұл ата-бабамыздан келе жатқан еркектік менмендік, өпіремдік, еркекті әйелден жоғары ұстаудың көрінісі.

Расында да, шаңырақта сәби өрбімесе, алдымен әйел өзін кінәлі санап, емделу үшін дәрігерге жүгінеді. Дәрігер әйелден ақау таппай, ерін тексеруге шақырса, оның бара қоюы екіталай. Тіпті әйелінің өтінішіне құлақ аспай, екінші әйел алуды көздейтіндер де бар.

Сөзіміз дәлелді болу үшін мысал келтірейік. Осы аудандағы жоғары білімді бір азамат «үріп ауызға салғандай» бір қызға ғашық болып, үйленді. Балалары болмады. Өзін кінәлі сезінбеген жігіт кешегі ғашық болып қосылған жарынан айырылысып, екінші рет үйленді. Бәрібір балалары болмады.

Ал, бірінші әйелі басқадан бала көтеріп, өзінің кінәлі емесіне көз жеткізді. Жоғары білімді азамат осылай еткенде, «қазақы ұғымдағы» еркектерге не дейсіз?

Қазіргі ақпараттарға сүйенсек, әйелдің бедеулігі мен еркектің белсіздігі саны қарайлас көрінеді.

Қазақстанда да азаматтардың белсіздігі көбейген. Сондықтан, балалы болмаған ерлі-зайыпты кінәні екеуінен де іздеуі керек. Одан келетін зиян жоқ. Бұған да мысал жетерлік. Бір жас отбасында біраз жыл сәби болмады. Әуелі әйелі, сосын ері тексерілді, қажетті ем-дом алды. Бір-бірін кінәлаған жоқ, дәрігердің кеңесін тыңдады. Ұзақ күттіріп «ақ түйенің қарны жарылды». Ұрпақ өрбіп, ұл да, қыз да сүйді. Қазір олар ата-әже болып отыр. «Сабыр түбі – сары алтын» деген осы емес пе?

Белсіздік неден болады?Көбіне жұқпалы аурулардан уақытылы емделмеуден

болады. Жастықта адам неге ұрынбайды? Сақтанбаған, жеңіл жүріске түскен еркек те, әйел де жыныстық жұқпалы ауруларға жиі ұрынады. Және одан емделіп, толық сауықпайды.

Белгілі хирург Серік Сүлейменов ағамыз айтқан бір әңгіме есімде.

- Бірде бір бозбала ұяла кірді. Тексеріп қарасам, гонорея жұқтырыпты. Ем жазып бердім. Соңынан қарасам, 5-6 бала кетіп барады екен. Күдіктеніп қалдым. Белгілі уақыттан кейін әлгі бозбаланы шақырып алып, тексерсем, толық сауықпаған. Неге десем, мен берген дәріні 5-6 бала бөліп ішіпті. Өйткені бәрі бір әйелден жұқтырған ғой. Бәрін шақырып алып, емдеп сауықтырып, ол аурудың зиянын ұқтырып жібердім,-деген еді.

Үлкен жүректі, білікті дәрігер ғой, байқады, жастар саулығына немқұрайлы қарамады. Дәрігердің бәрі ондай емес қой.

Балалы үй – базарБұрын қазақтың қай үйіне кірсең де, қарадомалақтар

өріп жүретін. Орта есеппен әр үйде 5-6 бала болды ғой.

Қазір ше? Әр отбасында орта есеппен 2-3 бала ғана. Неге? Әйелі әлсіз, еркегі қауқарсыз ба? Жоқ. Шектеу көп. Балалы болудан қашады. «Жас кезімізде балабасты болып отырмай, қатарымызбен қызық көрейік. Тұрмысымызды түзеп, шетелде демалып... Бала табу қайда қашар дейсіз» дейді. Қате түсінік. Дер кезінде балалы болуды репродуктолог мамандар мақұл көреді. Мамандардың пікірінше, отбасы балалы болуды 35 жасқа дейін жоспарлағаны дұрыс екен. Өйткені, жас ұлғайғасын, денсаулығы мықты нәрестенің туу мүмкіндігі кеми береді. Екіншіден, ұзақ мерзімде бала тумағасын, құрсақтың қан айналымы нашарлап, түрлі дертке ұшырау ықтималдығы көбейеді.

Қорытып айтқанда, балалы отбасы – бақытты отбасы. Алдымен, балалы болудан қашпау керек. Жасында бейнетін көргенмен, үлкейгенде солардың рахатын көреді, көп баласы көп отбасы болып, ортасында қаздай қалқып жүреді.

Екіншіден, бедеулік пен белсіздікке ұрынғандар оны қасіретке айналдырмай, дер кезінде емделгендері дұрыс.

Әйелдің бақыты – ана болу, еркектің бақыты – әке болу емес пе?! Тал бесіктеріңіз көбірек тербелсін, ағайын!

Өмірзақ АҚБАСов.

Ауылына қарап азаматын таниды«Патриотизм кіндік қаның тамған

жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады»

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың«Болашаққа бағдар: рухани

жаңғыру»бағдарламалық мақаласынан.

«Бір қозы артық туса, бір түп жусан артық өседі» деп ұғынған қазақ «Әр бала өз ырысымен келеді» деп, көпбалалы болудан қашпаған. Бойына бала бітсе, үрікпеген. «Балалы үй – базар, баласыз үй – мазар» дегені балалы үйді бақыттың ұясына балағаны еді. Жас отауға «Тал бесігің тербетілсін!» деген ақ бата осы мақсатта айтылары анық.

Қазақ баласы болмауды бақытсыздық санаған. Байбөрі атамыз бен Аналық анамыздың бар байлығын бір бала үшін тәрк етіп, сыйынар әулие іздеп, ел кезіп кетуі осының бір мысалы емес пе?

Баланы, әрине, ерлі-зайыпты болғандар тілейді. Өкінішке орай, кейбір отбасында нәресте үні естілмей жатады. Неге? «Ұлым белсіз, келінім бедеу болмасын» деген әр ата-ананың тілегі неге қабыл болмайды? Талдап көрейік. Алдымен бедеулік төркініне ой жүгіртсек.

Page 4: 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні · мемлекеттік меншік пен жеке меншік мойындалады

23 тамыз күні аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Нұрғожин және Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Есенбай Нұрлыбайұлы, аудандық соттың төрағасы, аудандық прокурор, ауылдық округ әкімдері және ауылдық округтерден жиналған билер кеңесі төрағаларының қатынасуымен алқалы жиын болып өтті.

Жиын басында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Нұрғожин:

-Бүгінгі жиынымызға Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Есенбай Нұрлыбай-ұлы бастаған топ келіп отырғандығын және жиынның басты мақсаты – қоғамдық тәртіпті, елді мекендердегі тыныштықты, бір ауыздылықты сақтау мақсатында құрылған билер кеңесінің алдағы уақытта қандай мәселелерді атқаратындағын білу, қалай ж ұ м ы с т а н у к е р е к т е г і н ақылдасу-деді. Жиын Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Есенбай Нұрлыбайұлының билер кеңесі жөніндегі баяндамасымен жалғасын тапты.

-Елбасының бастауымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» саясаты жүріп жатқандығы бәрімізге белгілі. Рухани жаңғыру жалпы біздің қазаққа жат нәрсе емес. Елбасы айтып өткендей, қазіргі заманда рухани азық жетіспей бара жатқандығы алаңдатады. Халықтың әл-ауқаты, экономикасы дамыған сайын, осы рухани жағымыз кейінге қалып бара жатқандай. Сондықтан, Елбасымыз рухани жаңғыру мәселесін көтеруі бекерден-бекер емес. Осы салада біздің сот жүйесінде де көптеген өзгерістер жүргізіліп жатқанынан хабар-дар боларсыздар. Жыл басынан бері сот саласының 7 түйінді деген жобалары жүзеге асырылып жатыр. Соның бірі «татуласу: сотқа дейін, сотта» деп аталады. Оның мәнісі жартыжылдық қорытындысында, елімізде

дауласушылықтың сотта қа-ралатын істерінің саны жыл сайын күрт өсіп отырғандығы. Республикадағы даулардың саны 2 миллионға жеткендігі. Біздің облысымызда 25 мыңның шамасында, соның ішінде азаматтық даулар 13 мың, яғни, 80 пайызды құрайды. Ал сіздің жағдайға келетін болсақ, 20 пайыздың шамасында құрап отыр. Қазіргі кезде билер соты керек, себебі қоғамдық кеңестің түпкі негізі әр жерде шоғарланған құқықбұзушылық мәселелерді, дау-дамайды шешіп, істі сотқа дейін жеткізбей медиациялық тәртіпте әрекет ету. 2011 жылы медиация деген заң қабылданған болатын. Оның мәнісі – дауласқандарды бі-тімгершілікке келтіру. Біздің тарихымызға үңілетін болсақ, өзіңіз білесіз, осындай дау-дамайларды қазақтың билері бір ауыз сөзбен шешіп, дауласып жатқандарды бі-тімгершілікпен тоқтатқан. Қазіргі кезде де азаматтық немесе қылмыстық процесте бірінші кезекте осындай татуластыру, бітімгершілік шараларына шақыру қажет. Медиация заңы бойынша медиаторлар жұмыс жүргізіп жатыр, ол медиатордың өзі бұрын бидің қызметін атқаруға тағайындалған адамдар, европалық бағытта қалыптасқан үрдіс бойынша, заң қабылданған кезде медиация деп аталып кеткен, жалпы түпкі мәні - бітімгершілік. Сонымен қатар тағы бір айта кететін жайт, қоғамдық кеңесіндегі мәселелер жөнін-

де ауылдық округтердің рей-тінгін шығару. Яғни, әрбір ауылдық округтің, ауданның р е й т і н г і с і н б о л а ш а қ т а е с е пте п , с ол ауд а н д а ғ ы құқықбұзушылықтың деңгейіне байланысты қай ауылдық округте құқықбұзушылық, сот-тасушылық көп болса, сол ауылдық округтің, ұйымдардың, лауазым иелерінің жұмыстары соғұрлым төмен бағаланады. Осы орайда ауылдық окургтің әкімдері жауапты болуы керек, өйткені әр ауыл округтерінің әкімі кеңесші ретінде қабылдану керек,-деді облыстық соттың судьясы. Жиында тағы басқа да мәселелер кеңінен талқыланып, ақсақалдар кө-кейлеріндегі сұрақтарына жауап алып, билер кеңесі керек екендігін, яғни бірден сотқа жүгінбей, сотқа дейін шешілсе тиімді, әрі дұрыс екенін айтты.

-Айта кетейік, алдыңғы аудандық сот төрағасының қатысумен өткен отырыста билер кеңесін құру жөнінде аудан әкімі тапсырма берген болатын. Сол тапсырма не-гізінде, осы ортақ келісімнің арқасында, сол билер кеңесін әрбір ауылдық округтерінен құрып, жұмысын бастауға әзір деп айтуға толық негіз бар. Сондықтан осы жерде отырған сіз бен біз болып мақсат қойып, бірлесіп жұмыстанып, істермізді алға қарай жылжытамыз деген үмітіміз бар,-деп аудан әкімінің орынбасары Ж.Нұрғожин жиынды қорытындылады.

Айару БАҚЫТовА.

30 тамыз 2018 жыл Ақпарат

Мәжіліс депутаты ауданымызда болды

23 тамыз күні Қр Парламенті Мәжілісінің депутаты Шафхат Өтемісов Жаңақала ауданына жұмыс сапарымен келді.

Жұмыс сапары барысында халық қалаулысы Қызылоба және Бірлік ауылдық округінде болып, «Ақбұлақ» бағдарламасының жүзеге асуы, мал азығын дайындау, көлтабандарға су жіберу секілді ауылдық жердегі қызу жұмыстардың барысымен танысты.

Одан әрі Бірлік ауылдық мәдениет үйіне арнайы ат басын бұрып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Басқосуда депутат Ш.Өтемісов Елбасының жүр-гізіп отырған саясатын, соның ішінде бес әлеуметтік бастама туралы Үндеуін тіліне тиек етіп, тұрғындардың түрлі ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

«Бірлік мал зауыты» ЖШС-нің директоры Қ.Ешімов Үкімет тарапынан қой малына жіті көңіл бөлу керектігін, малшы тапшылығын, жанар-жағармай құнының шарықтап тұрғанын мәселе қылып көтерді. Сондай-ақ, Сағын ақсақал ауылдан жастардың қалаға үдіре көшіп жатырғанына алаңдайтынын

айтты. Ал, мұғалімдер болса, үштілділік пен әйел адамдардың зейнеткерлік жасының ұлғаюын қолдамайтындарын жеткізіп, қа-ғазбастылықтан әлі күнге арыла алмай жүргендерін жасырмады.

А.ЫСҚАҚ.

Бітімге келу – береке бастауы

Жиынға қатысушылар алдымен «Цифрлы Қазақстан – білім саласын цифрландыру» атты көрме және мектептен тыс жұмыс орталығының оқушылары жасаған бұйымдарынан көрмені тамашалады. Тамыз кеңесі ашылмас бұрын мектеп табалдырығын аттайтын бөбектер тілектерін білдіріп, жаңа оқу жылына қадам басқалы тұрған жас мамандар ардагер ұстаздарға ізін жалғау ниетінде гүл шоқтарын ұсынды. Мәжіліс ашылып, аудандық білім беру саласының жылдық жұмыстарының қорытындысын бейнелейтін фильм көрсетілді. Содан соң білім беру бөлімінің басшысы Е.Қадыров тамыз кеңесіне әзірлеген баяндамасын жасады. Мұнан кейін сөз кезегі аудандық әдістемелік кабениетінің меңгерушісі Ринат Рамазанұлының «Адам капиталының дамуы қоғамның ғылым-білім динамизмі ретінде» тақырыбында баяндамасы тыңдалса, аудандық ата-аналар комитетінің атынан Гүлнара Пайдина және Ә.Жангелдин ЖОББМ-нің жас маманы Аққалқа Ғалимова сөз сөйледі. Аудан әкімі Н.Қарағойшин жаңа оқу жылында ұстаздарға жаңа үміттер, білім беру мазмұнында зор міндеттер артып отырғандығын жеткізіп, жаңа оқу жылы қарсаңында оқытушылар қауымына

зор денсаулық, шығармашылық табыс пен шабыт тілеп, біраз ұстаздарды марапаттады. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен Жаңақала мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Есмағұлова Гүлсара, Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің кадр жөніндегі жетекші маманы Имашева Лаура, ҚР Білім және ғылым министрлігінің алғысхатымен №3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сатыбалдиева Дания, Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері Дүйсенғалиева Әсемгүл, БҚО білім басқармасының Құрмет грамотасымен Д.Нұрпейісова атындағы ЖОББМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Төремұратова Кенже, Жаңақала аудандық ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Ильясова Гүлбаршын, Жаңақала мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі Иманбаева Гүлжан, М.Мирманов атындағы ЖОББМ-нің информатика пәні мұғалімі Қасиетова Гүлсара, Қ.Жантілеуов атындағы саз мектебінің мұғалімі Шынтаева Асыл, Е.Орақбаев атындағы ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Қойшығалиева Зәуреш, аудандық балалар бөбекжайының тәрбиешісі Базарова Анаргүл, М.Жүнісов атындағы ЖОББМ-нің математика пәні мұғалімі Абдирова Назира, Абай атындағы ЖОББМ биология пәні мұғалімі Қошпанова Нұрлы, БҚО білім басқармасының «Құрмет тақтасы» орнатылған педагог қызметкерлер №3 ЖОББ қазақ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Рахметова Айсын, Жаңақала мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі Боранбаева Гүлжан, қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін төсбелгісімен №3 ЖОББ қазақ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қазбек Қуанышұлы, қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасымен Сисекешова Эльвира марапатталды. Бір топ ұстаздар аудан әкімінің алғысхатымен және аудандық білім беру бөлімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. Сондай-ақ Жаңақала ауданының Құрметті азаматы төсбелгісімен ардагер ұстаз Ғалимуллина Нұрсұлу марапатталып, ұстаздар қауымының еңбектеріне жеміс тілеп, барша зейнеткер ұстаздардың атынан алғысын жеткізді. Жиын аудандық мәдени демалыс орталығының әншісі Қ.Айдарбековтың орындауындағы «Ұстазым» әнімен аяқталды.

Айару ЖАНҰЗАҚҚЫЗЫ.

Ұстаз еңбегі еленген күн

23 тамыз күні аудандық мәдени демалыс орталығында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» атты білім беру қызметкерлерінің аудандық тамыз кеңесі өтті. Жиынға аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім, мекеме басшылары, ардагер ұстаздар, мұғалімдер, жас мамандар қатысты.

Page 5: 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні · мемлекеттік меншік пен жеке меншік мойындалады

30 тамыз 2018 жыл Ел-жұрт

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Ж.Нұрғожин және мекеме өкілдерінің қатысуымен кеңес отырысы оздырылды. Кеңестің мақсаты – аудан әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің шараларын атқаратын мекемелер-дің қызметіне жәрдемдесу және қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру. Жиналыста аудан бойынша пробация қызметінің аға инспекторы И.Тәжиева айтылған мәселеге қатысты ауданда атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.

-«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы жанынан құрылған пробация кабинетінің жұмысы қағаз жүзінде ғана, ал атқарылып жатқан жұмыстары туралы, қабылдаулар өткізіліп жатқандығы туралы ақпарат бере алмаймыз, - деген аудан әкімінің орынбасары Ж.Нұрғожин пробация кабинеті-нің жұмыс жасауын талап етті.

Сонан соң, ауданымызда пробация қызметінің есебіндегі сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша атқарылған жұмыстар туралы

аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Е.Сапаров қосымша баяндама оқыды:

-ҚР Пробация заңнамасы бойынша бізге мекемелерден, шаруа қожалықтарынан бос жұмыс орындары туралы ұсыныс түсу керек. Алайда, ешқандай басшы сотталғандар мен мүгедектерді жұмысқа алғысы келмейді. Сондықтан бұл жұмыс баяу жүріп жатыр, - деді ол.

Сотталғандарды жұмысқа орналастыру бойынша аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Ж.Бақтыгереев те хабарлама жасады. Айта кететін жайт, пробация бойынша ауданда көлемінде 48 адам тіркеліп тұр. Оның ішінде 10 адам жұмыссыз жүрсе, 6 адам мәжбүрлі жұмысқа тартылған. Отырыс қатысушылардың пікірімен және алдағы уақытқа берілген бірқатар тапсырмалармен

қорытындыланды.

Айтолқын АСҚАрҚЫЗЫ.

Жаңақала ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу және азаматтық қорғаныс жұмыстарын жетілдіру мақсатында кешенді оқу-жаттығу дайындығы өтті. Оған БҚО Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс бөлімінің бас-шысы Максим Хайрекенов, аталған департамент өкілдері және аудандағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі комиссия мүшелері, басқа да тиісті қызмет басшылары қатысты.

Оқу-жаттығу жұмыстары 24 тамыз күні таңертеңгі сағат 08:00-де аудан әкімдігі ғимаратының кіші мәжіліс залында өткен жиналыспен басталды. Жиында БҚО ТЖД азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы М.Хайрекенов оқу-жаттығу жұмыстарының мақсат-міндеттерін түсіндіріп өтсе, мекеме басшылары өздерінің осы оқу-жаттығуға сақадай сай екендерін мәлімдеді. Одан әрі комиссия мүшелері кешенді оқу-жаттығу жоспары бойынша аудандық АҚМЖ күштері мен құралдарының және АҚҚ іс-әрекеттерінің практикалық іс-шаралырын тексеру мақсатымен ет комбинаты орталығына бет алды. Бұл төңіректе төтенше жағдайға қажетті техникаларымен бірге сап түзеп тұрған аудандық азаматтық қорғау қызметкерлері комиссия мүшелеріне АҚ-қа қажетті құрал-жабдықтарын көрсетіп, өздерінің кешенді оқу-жаттығуға дайын екендіктерін баяндады.

Мұнан кейін өрт болып, төтенше жағдай туындаған кезде эвакуациялық іс-шараның өткізілуін тексеру үшін комиссия мүшелері Жаңақала мектеп-

гимназиясының ауласына келіп тоқтады. Мектепте орналасқан төтенше жағдай дабылы естілген бойда, сыртқа ағылған ұстаздар мен мектеп қызметкерлері тез арада мектеп ғимаратын босатып үлгерді. Бұл көрініс ұжымның төтенше жағдайларға дайын екендігінің, оқыс оқиға болған жағдайдағы іс-шаралардың мектеп ұжымына таныстығының белгісі деп түсіндік.

Келесі кезекте «Жаңақала ауылынан 2 км. қашықтықта Жаңақала-Чапай бағытындағы күре жолда жол-көлік оқиғасы орын алды. «Лада-2106» және «Киа» жеңіл автокөліктері

соқтығысып, 6 адам қаза тапты. 4 адам әр түрлі жарақат алған» деген жедел оқу-жаттығу хабары келіп жетті. Оқиға орнына шұғыл жеткен жол полициясы қызметкерлері оқиға орнын қоршап, өз жұмыстарына кірісіп кетті. Жедел жәрдем бөлімшесі келіп, жарақаттанушының жарақаттарын таңып, алғашқы көмектерін көрсетіп жатса, өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері отқа оранған автокөлікті жалындаған жалыннан тез арада арашалап алды. 10-15 минут ішінде апатты жағдайды өз қолдарына алған жедел құтқару топтары да өздерінің ТЖ-ға дайын екендіктерін бір дәлелдеп берді. Бұдан кейін аталмыш топ Жаңақала ауылындағы жеке тұрғын үйдің аула-қорасында болды. Мұнда ірі қара және ұсақ малдарда бруцеллез ауруының белгілері пайда болыпты. Осыған орай аудандық азаматтық қорғаныс бөлімінің төтенше жағдайдың пайда болуына байланысты аурудың таралып кетуіне жол бермеу, күдікті жағдайларды жоюға арналған іс-әрекеттері дұрыс бағытта жасалды.

Оқу-жаттығу тәжірибесінің қоры-тындысы бойынша теория мен тәжірибе әрекеттерінде үздік танылып, төтенше жағдайлардың алдын алуда және азаматтық қорғанысты жетік меңгерген тиісті қызметтердің, ұйымдардың өкілдеріне БҚО Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы Максим Хайрекенов алғысхаттар табыстады.

Қ.ҚҰМАров.

Ауыл спорты ақсап тұрЖақында аудан әкімі Наурызбай

Қарағойшиннің жұмыс сапары Көпжасар ауылдық округінде жалғасты. Аудан басшысы алдымен тұрғындарды жеке-жеке қабылдап, мұң-мұқтажына құлақ түрді. Бұл округте аудан әкімінің қабылдауына 12 тұрғын жазылған екен. Ал оның 90 пайызы тұрақты жұмыс сұраушылар болды. II топ мүгедегі Ұлдай есімді азаматша ауласының құлап тұрғанын айтып, материалдық көмек сұрады. Мұнан бөлек ауылдағы балабақша меңгерушісі А.Хайреденова балабақша қызметкерлерінің жалақы ала алмай отырғандығын тілге тиек етті. Қабылдау аяқталғасын, Көпжасар ауылдық мәдениет үйінде дөңгелек үстел өтті. Басқосуға еңбек ардагерлері, шаруа қожалығы жетекшілері, жергілікті тұрғындар қатысты.

Жиында ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманжан Салауатов мәдениет үйі жөндеуді қажет ететінін, ауылда спорт маманының жоқтығын мәселе қылып көтерді.

-Көпжасар ауылында спорт саласы сын көтермейді, яғни кенжелеп қалды. Соңғы жылдары тіптен нашарлап кетті. Ең болмаса, ұлттық спорт түрлеріне баулитын бірде-бір кәсіби маман жоқ. Басқа ауылдарға қызғана да, қызыға қараймыз. Жалпы, спортпен шұғылдану, бұл ұрпағымыз үшін қажет дүние. Дені сау адам – елдің тірегі. Сондықтан да жаттықтырушы алдыру керек. Алдағы уақытта ауылымыздың азаматтары айбынды болғанын, қажырлы, қайратты болғанын көргіміз келеді,-деді жиын барысында зейнеткер А.Салауатов.

Ақсұңқар СӘДір.

Қызылобадағы доп додасы

Ж а қ ы н д а Қызылоба ауылында жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық о р т а л ы ғ ы н ы ң ұйымдастыруымен Халықаралық жастар күніне орай шағын футболдан жарыс өтті. Аталмыш спорттық шараға ауыл жастарынан 8 команда және көршілес Пятимар ауылынан 1 команда келіп қатысты. Жарыс өте тартысты болды.

Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар мен арнайы дипломдар табысталды. Айта кетсек, дүбірлі доп додасына Қызылоба ауылдық округ әкімі Н.Бердіғалиев пен «Тама» шаруа қожалығының жетекшісі Н.Бердіғалиев қолдау көрсетіп, демеушілік жасады.

Жалғас НЫҒМЕТов, Қызылоба ауылдық жастармен жұмыс жөніндегі

ресурстық орталығының кеңесші маманы.

Пробация қызметінің маңызы зор

Қамданған қапы қалмайды

Page 6: 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні · мемлекеттік меншік пен жеке меншік мойындалады

Ол кісі – аңыз адам. Әуелбастан жаны сірі, ары таза, тәні бекем, өзге жұрт-тан бөлектеу жаратылған тұлға. Әрине, бұл апам өзіміз үшін аңызға бергісіз болғанымен, есімі елге мәшһүр өнер майталманы емес, мемлекеттік қызметте атағы дәуірлеген «Құрмет белгісінің» иегері немесе ғылым қуған ғалым да емес, тек жай ғана ғұмыр атты кемеде адамгершілігіне тит-тей де қылау түсірмеген, бейнет пен ауыртпалықты қат-қабат көре жүрсе де жасымаған, налымаған, ешкімге лағнет айтпаған, бастысы күпір мен шүкірді, ынсап мен ысырапты тал бойына терең меңгерген сұңғыла жан. Сол қасиетіне қарай қаумалаған үлкен-кіші, ауылдас көрші-көлем, тума-туыс, жегжат-жұрағат бірауыздан «Бақ апа» деп сыйлайды.

Құдай Тағала күрделі қиындықты әуелі сол сынақты морт сынбай көтере алатын құлына ғана беретін көрінеді ғой өзі. Жаратушы ием де сол тәмсілге сүйенді ме қайдам, әлде таланы сондай ма, қайткен күнде де бейнетіне көрінген шығар, Жаңақала ауданы, Пятимар ауылында өсіп-өнген Абдушева Бақыт апамыз жиырмаға келмеген қаршадай қыз күнінде бір сәтте аяулы әкесі мен анасынан айырылады. Пя-тимардан Айтпайға Көшім арқылы қайықпен өтіп бара жатқан үлкен кісілер көктен ажал келеді де, о дүниелік болып кете барады. Мезгіл қарашаның қара суығы еді деседі көз көргендер, әйтеуір суда жұқалау мұз болыпты. Түнге салым қонаққа бара жатқан ауыл адамдарымен бірге мінген қайықтары салмақты көтере алмай аударылып, үш отбасының да үлкендері суға кетеді.

- Сол жылы өте қиын жыл болды, үш үйдің жетім қалған балалары ұлардай шулап, ауыл үлкендері қайғыдан теңселіп кетті, - деп еске алады қариялар.

Артындағы алды 17-дегі, арты емшектегі 5 жетімекті бауырына басып қала берген апамыз сол күннен бастап қиындық

пен жауапкершіліктің қамытын киіп қала береді. Жас балаларға бас-көз болып қалған Бақыт ападан 1,5 жастағы кіші бауыры Болатты асырап аламыз деп сұрап, ниет еткендер де болыпты. Алайда, ата-анадан қалған аманатты бөтенге жаутаңдатып қалай берсін көзі қиып, өзіміз бірдеңе етерміз, болмайды деп, кісі қолына да, Үкіметке де бермепті.

Қайткен күнде де тірі адам тірлігін жасап, әупірімдеп күнін көреді емес пе? Аңырап қалған бауырларын қанаттыға қақтырмауды, тұмсықтыға шоқтырмауды қолға алып, қым-қуыт тірлікпен арпалысып жүріп, бухгалтерлік мамандық алып, совхоздың жұмысына араласып, теңін тауып тұрмыс құрады. Пятимарда жұмысшы кооперативінде бас есепші болып қызмет атқарады. Әйтсе де бұл тауқымет дегенді қойсаңшы, жоғалғаны табылып, өшкені жанып, бауырлары да отау тігіп, ел қатарына іліге бастағанда, қиналғанда сүйенген жан жары Кенжеғалиев Сәулет те о дүниелік болып кете барады. Тағдырдың жазғанына не шара, жылап-еңірегеннен пайда аз, бойын қайта тіктеп, өзінен өрбіген үш баласы мен бауырларына, сонымен бірге өзіне қамқор, әрі пана болған ауылдағы қарт енесі Мүслима кейуана мен жарының әлі аяқтанбаған бауырларына да ана орнына ана, апа орнына апа, тіпті кей кезде

әкенің де қызметін атқара жүріп бүгінгідей сәулелі заманға жеткізді.

Ана үшін балаларының бақытына куә болып, олардың жақсылығына ортақтасқаннан артық еш-нәрсе жоқ. Балаларына жүрегінің бар шуағын, жылы-лығын, ақыл-ойдың қуатын арнаған Бақыт апа бүгінде еңбегінің еш кетпегеніне тәубе дейді. Қос ұлының бірі теміржолдан, бірі жеке кәсіптен нәсіп тапса, ал жалғыз қызы Сәуле Жаңақала ауданында атағы дардай білікті дәрігер. Олардан тараған ұрпағы да хал-қарекетінше өсіп-өніп келеді. Ал, бала кезден өзіне сүйеніш, тірек болған інісі Талап болса ауылда тұрады. Әрқашан екеуара барлық тіршілік толғауын талқылап, ақылдасып кеңе-седі. Қалай дегенмен, бірге туғанның аты бірге туған ғой, талай қиындық пен тауқымет кезінде де бірлесіп тізе біріктірген бауырлар бүгінде де тату.

Бүгінде өзі бағып-қаққан бауырлары мен балаларының барлығы да өз алдына бір-бір отбасы, тіпті олардан тараған ұрпақтардың өздері бөлек шаңырақ болғанына қара-мастан, сүйекке сіңген дағды ма, әлде ерте жастан артылған жауапкершіліктің табы ма, әйтеуір барлығын шамасы келгенше бақылып, қадағалап келеді. Осы қасиетіне орай замандас-достары ылғи да қаумалап, құрметтейді. Әрдайымда қай шаңыраққа да Бақыт апамыздың орны – төр. 65 жасында шөбере көрген бұл апамды шыны керек, ештеңемен таңқалдыра алмайсың. Заманның талай мәрте сан құбылған сәттері-не куә, бүгінде айналасы қаумалаған туысқандар мен жегжат-жұрағат, құдаларға толы кеудесі қазына апам сыртынан бажайлаған кі-сіге шын бақытты. Ендігі қалған ғұмырда шөберенің қолынан су ішуді нәсіп етіп, зор әупіріммен қолға енді тиген бақыты баянды болса екен.

Аслан МҰрАТҰЛЫ, Атырау облысы,

Исатай ауданы.

30 тамыз 2018 жыл6

Апа, мен сізді құрметтеймін! Еңбек еткеннің еңсесі биік

«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» дейді дана Абай. Иә, ел үшін еңбек етіп, табан етін жыртып, маңдай терін сүртіп өткен ерлер қаншама?! Сондай халыққа қадірлі, елге сыйлы азаматтың бірі Салауатов Оқас Салауатұлы еді. Ол 1948 жылы 23 тамыз күні Қамыссамар ауылдық советінде дүниеге келген. Көпбалалы отбасында тәрбиеленіп, 1956-1966 жылдары С.Меңдешев орта мектебін бітірген. Ж а л ы н д а п т ұ р ғ а н ж а с т ы қ ш а ғ ы н д а Гурьев қаласындағы Теміржол техникумына оқуға түсіп, оны ойдағыдай аяқтайды. Оқас ағамыздың 1968-1979 жылдар аралығында теміржол саласында алғашқы еңбек жолы басталып, пойыз құрастырушы, станция кезекшісі, пойыз диспечері болып жұмыс жасайды. Сол салада біраз жыл еңбек ете жүріп, өзінің еңбекқорлығымен, біліктілігімен көзге түседі. Ағамыз адал еңбектің арқасында «Өз мамандығының шебері» атты дипломмен, «Социалистік жарыстың жеңімпазы» төсбелгісімен марапатталады.

Оқас Салауатұлының Атырау, Ақтөбе қалаларындағы теміржол басқармасының «Құрмет тақталарына» суреті ілінгенін де мақтанышпен айта кетуге болады.

Оқас аға 1974 жылы жұбайы Мұқатова Гүлжиянмен шаңырақ көтеріп, дүниеге ұрпақ әкеліп, қызметін жалғастырып жатырған еді. Алайда, 1979 жылы 10 баланы дүниеге әкелген аяулы анасы фәниден бақилық сапарға аттанады. Соған байланысты, артынан ерген бауырларын тәрбиелеп, бағу үшін Мәстексай ауылына көшіп келеді. 1979 жылы Мәстексай қой совхозында инженер болып қызмет атқарады. Кейін 1980 жылы аудан орталығына көшіп келіп, ауданымыздағы сол жылдары үлкен мекемелердің бірі - аэропорт мекемесінде қызмет жасайды. Сол кездері ауданымыздың тұрғындары үлкен қалаларға тікелей тез арада қатынап, басқа қалалардан азық-түлік тауарлары, поштаға газет-журнал, хаттарды да ұшақпен жеткізіп отыратын еді. Сондай-ақ, үлкен қалаларға Жаңақала ауылынан тікелей рейстер ұшып, адамдар алыс жерлерге тез қатынап тұрған күндер болған-ды. Осы салада 20 жылдай қызметте болған О.Салауатовтың ерен еңбегі еленіп, «СССР Аэропортының құрылғанына 60 жыл» төсбелгісімен марапатталады.

Кейін аэропорт мекемесі жабылуына байланысты Оқас ағамыз 2001-2011 жылдары Жаңақала Казгидромед станциясының метрологі қызметін атқарып, зейнеткерлік демалысқа шығады. Кейіпкеріміз жұбайы Гүлжиян апаймен 44 жыл отасып, ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырады. Бүгінгі таңда олардың кіндігінен тараған перзенттері түрлі салада еңбек етіп, жанұя құрып, бақытты күн кешуде. Ал, тамырын тереңге жайған Оқас ағамыз бен Гүлжиян анамызды әулеттің қос бәйтерегі десек, артық айтқандық болмас.

Жаңақала ауданының құрметті де сыйлы азаматы, асқар таудай әке, ардақты ата Оқас ағамыз бүгінде мерейлі 70 жасқа толып отыр. Ғұмыр жасы ұзақ болып, жұбайымен бірге ұрпағының қызығын көріп, жасына жас қосыла берсін деп тілек білдіреміз.

Ақсұңқар СӘДір.

Сыбайлас жемқорлықпен кү-ресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, әлемге танылғанымызға жиырма жеті жыл өтті. Өткенімізге көз салсақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің та-мыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан

туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол - Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.

Жалпы алғанда, қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің азаюы байқалады. Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі - парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алу жағдайларының түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Яғни пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптасуы

қажет. Парақорлық мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет етуіне бөгет болып, билік және басқару органдарының беделіне нұқсан келтіреді. Заңдылық қағидаларын жоққа шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қысымшылық жасайды. Бүгінгі таңда әлеуметтік аурудың алдын алу және әшкерелеу үрдісі жылдан жылға өсе түсуде. Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Яғни бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда ғана халық сенімінің үдесінен шығатынымыз сөзсіз.

Әрбір азамат өзінің конституциялық құқығын қорғауға міндетті, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік әлемнің 30 дамыған мемлекеттер қатарына енуді көздеп отырған шақта адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

Гүлмира ГуМАровА, Жаңақала ауданы

бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ақпараттарды қабылдау

және өңдеу бөлімінің басшысы.

Жемқорлыққа енжар қарамайық

Ардагер

Page 7: 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні · мемлекеттік меншік пен жеке меншік мойындалады

7

Газет аптасына 1 рет шығадыкөлемі 2 баспатабақТапсырыс: 35Таралымы: 2424 дана

көңіл айту

30 тамыз 2018 жыл

Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС

Бас директоры рауан СӘБИТов

САТЫЛАДЫ

Хабар-ошар

Алғыс айтамызӨмірдің қуанышымен қатар қайғысы да бірге жүретіні

заңдылық. Қуанышты бөліссе көбейетіні сияқты, қайғы да көптің жанашырлық көңілі арқылы жеңілдейді екен. Жуырда асқар тауымыз, әкеміз Косточкин Виктор Николаевич дүние салып, шаңырағымыз қара жамылды. Сол кезде қайғымызға ортақтасып, қасымыздан табылып қолтығымыздан демеген, құлазыған көңілімізді жұбатқан Жаңақала желілік өндірістік басқарма басшысы Таңатаров Айдарбек Жүсіпкерейұлына және сол мекеме ұжымына ерекше алғысымды білдіремін.

Сондай-ақ қыркүйек айының бірінші жексенбісі күні тойланатын газ саласы қызметкерлерінің мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Жұмыстарыңыз жемісті, ізгі істеріңізге Алла разы болсын!

Алғыс білдіруші: отанасы рина Башенова.

«Жаңақазан ауылдық округінің «Айгөлек» бөбекжайы» МкҚк азаматтық лауазым

орындарына конкурс жариялайдыЖаңақазан ауылдық округінің «Айгөлек» бөбежайы МКҚК 1.Есепші – 0,5 бірлік тұрақты.2.Орыс тілі пәнінің мұғалімі – 0,5 бірлік тұрақты.Қойылатын талаптар: Жоғары немесе арнаулы білімінің болуы.Қажетті құжаттар тізімі:-Конкурсқа қатысу жөнінде өтініш;-Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;-Толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс-парағы;-Білімі туралы құжаттың көшірмесі;-Медициналық кітапшасы;-Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;-Соттылығы бар, жоқ екендігі туралы анықтама.конкурсқа қатысу үшін құжаттар хабарландыру жарияланған

күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде «Айгөлек» бөбекжайы, Жаңақазан ауылы, Х.Бакауов көшесі, №9 мекенжайда қабылданады. Тел: 25-2-97.

«Жаңақала ауылдық округі әкімі аппараты» ММ төмендегі тізім бойынша

конкурс жариялайды1.Жаңақала ауылдық округінің «Жауқазын бөбекжайы» МКҚ

кәсіпорнының есепшісі – 1,0 бірлік.2.Жаңақала ауылдық округінің «Балбөбек бөбекжайы» МКҚ

кәсіпорнының есепшісі – 0,5 бірлік.конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:- Жоғары немесе арнаулы орта кәсіптік білімінің болуы. Қажетті құжаттар тізімі:- Конкурсқа қатысу жөніндегі өтініш;- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;- Толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ;- Білімі туралы құжаттың көшірмесі;- Медициналық кітапшасы;- Еңбек өтілін растайтын құжаттың көшірмесі;- Соттылығы жөніндегі анықтама.конкурсқа қатысу үшін құжаттар хабарландыру жарияланған

сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайда қабылданады: Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, «Жаңақала ауылдық округі әкімі аппараты», М.Мәметова көшесі, №4 үй. Тел: 21750.

Жаңақала ауылынан М.Жүнісов көшесінде орналасқан №44 үй сатылады (тұрғын сарай). 11х15 үйдің іргетасы құйылған. Ауласы қоршалған, шарбағында тағы жазғы сарайы бар. Моншасы және аула-қорасы бар. Бағасы келісім бойынша.

Тел: 8 705 822 00 55, 8 777 616 55 77.

Құрметті аудан тұрғындары!“Цифрлық Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасын жүзеге

асыру аясында, аудан әкімі, оның орынбасарларының және аппарат басшысының қабылдауына, аудан әкімінің ресми интернет-ресурсы арқылы онлайн түрде жазыла алатыныңызды хабарлаймыз. Ол үшін төмендегі сілтеме арқылы өту қажет.

https://www.zhanakala-bko.gov.kz/kabyldauga-zhazylu

Жаңақала ауылының тұрғыны болған Ұзақбай рахматуллинді арамызда болса 75 жасқа толар еді деп сағына еске аламыз.Жан едің аңқылдаған жүрегі кең,Көз жұмып дүниеден ерте кеттің.Тағдырдың салғанына шара бар ма,Амал не, жоқсың бүгін ортамызда.

Сағына еске аламыз баршамызда.Жатқан жері жарық, топырағы торқа,

иманы жолдас болсын деп аруағына құран бағыштаймыз.

Еске алушылар: Ұлдай және күнтудаевтар әулеті.

Жаңақала ауылының тұрғындары болған, адал жар, аяулы әке Ғабит күнтудаевты бақилық болғанына 3 жыл, қайным уәкил күнтудаевты дүниеден озғанына 1 жыл толуларына орай сағына еске аламыз.Жан едіңдер орны бөлек өмірдегі,Жарқын бейнелерің өшпейді көңілдегі.Жүректегі сарғайған сағыныштар,Жас болып жанарлардан төгіледі.

Имандарың жолдас, жандарың жәннатта, топырақтарың торқа болып, ұрпақтарыңды желеп-жебеп жүргейсіңдер.

Еске алушылар: біріне зайыбы, біріне жеңгесі Ұлдай және күнтудаевтар әулеті.

Әр үйде бір рет болса да қызу өлшегіш құралдың сынған кезі болды. Ұсақ-түйек көрінгенімен, бұл да сақтану шараларын қажет ететін жайт. Өйткені, сынап өте улағыш зат болып табылады.

Ағзаға енгенде сынап барлық ішкі органдарға жиналады және қан тамырын, дем алу мүшелерін, ас қорыту, жүйке жүйелерін зақымдайды. Сондықтан сынап төгілген бөлмеде отырған адамдар тысқа шығып, терезелерін ашып қоюы керек. Өтпе жел болмас үшін, басқа бөлмелердің есіктері мен терезелерін жауып қойған жөн.

Алдымен, дәке таңғышын қиып, қызу өлшегіштің сынықтарын су құйылған банкіге салады. Сонан соң қағазбен сынап түйіршіктерін бір жерге жинап, бүріккішпен сорып алып, су құйылған банкіге құяды. Оның ішіндегі ең шағын түйіршіктерді скотчпен жабыстырып, оны да банкіге салу керек. Банкіні қақпағын жауып, сынап қабылдайтын орынға тапсырады. Кәріз жүйесіне тастауға мүлдем болмайды.

Сынап тиген еденді және басқа заттардың бетін марганец ерітіндісімен өңдей аласыз. Бұл ерітіндіден дақтар қалып қоятыны анық, алайда бұл шара міндетті түрде жасалуы қажет.

Ешқашанда сынап түйіршіктерін шаң сорғышпен жинауға болмайды. Өйткені, шаң сорғыштан өтіп шығатын ауа арқылы сынап бөлмеге одан әрі жылдам тарайды. Сыпырғымен немесе шөткемен де сыпыруға болмайды, себебі сынап түйіршіктері оданда уақ түйіршіктерге бөлініп кетеді.

Сынаппен улану белгілері: ауызда металл дәмі болуы, бас ауруы, жалпы әлсіздік, ашуланшақтық, жүрек айнуы, құсу, асқазан бұзылуы, жөтел, кеуде тұсындағы ауырлықты сезіну.

С.НҰрҒАЛИЕв, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекші

маманы.

Қызу өлшегіш сынғанда не істеу керек?

Адамдар мен мүліктерді сақтау бойынша жедел шараларды қабылдайтын құтқарушылар мен өрт сөндірушілерді шақырту телефоны - бұл әрбір адам білуге тиіс бірінші және ең маңызды «101» немесе «112» нөмірі. Кез келген телефоннан, соның ішінде ұялы қалта телефонынан дер кезінде тере отырып, сіз өзіңіздің, сіздің туыстарыңыз бен жақындарыңыздың өмірін құтқара аласыз. Алайда, өрт сөндіру бөлімдері айтулы жалған шақыртуларға да шығатын кездер болады. Өрт сөндірушілерге жалған шақыртулар адамдардың көрінген түтінді қашықтықтан жану жағдайы ретінде көрінетін өрт деп санайтын жағдайлар өте жиі кездеседі. Сондай жағдайда өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп, өртті анықтай алмайды. Сондай-ақ, бұл ең маңызды нөмір әзіл құралына айналғандай. Қандай іспен айналысуға болатынын білмейтін жеткіншектер, шұ-ғыл нөмірлерге қоңырау шалу арқылы әзілдейді. Содан кейін арнайы қызметтер қалай қызмет атқаратындығын бақылайды. Дегенмен, кез келген бұзақылыққа жол берушілер жазасыз қалмайды. Қазіргі кезде заманауи техникалық қондырғылардың көмегімен еш қиындықсыз бұзақылардың нөмірі мен мекенжайын тез арада тауып, жауапкершілікке тартуға

болады. Осындай фактілер анықталған жағдайда арнайы ішкі істер органдары барлық бұзақыларды анықтап, оларды әкімшілік жауапкершілікке, бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жазаға тартады. Әрбір шақыртудан өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері алдында адами өмір мен мүлікті құтқару міндетін жүктейтіндігін ескергеніміз жөн. Осындай жалған хабар жағдайларында сізді ең алдымен әкімшілік жауапкершілікке тартуы мүмкін. Мұндай «әзілге» 30 есептік көрсеткіш мөлшерінде және одан да көп айыппұл шығынына ұшырайсыз. Айып-пұл сомасына тек қана өрт сөндіру автокөліктерінің отын-дары мен тозуының ғана емес, сондай-ақ жалған хабарлама орнында болып, шынайы өртке уақытылы жөнелтілмегені үшін залал бағасы қосылады. Аталған әрекеттер үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 438-бабымен қарастырылады:

-мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын, полиция, медициналық жедел жәрдемді, авариялық қызметтерді көмекке жалған шақыру – жеке тұлғаларға 30 айлық есептік көрсеткіш (72150 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл

ішінде қайталап жасалған не аварияларды, өрттерді, дүлей зілзала салдарын жою кезеңінде жасалған әрекеттер – жеке тұлғаларға 60 айлық есептік көрсеткіш (144300 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, он төрттен он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған әрекеттер – ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға немесе 15 айлық есептік көрсеткіш (36075 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

«112 құтқару қызметі» - бұл арнайы шұғыл қызметтерді шақыру желісі, бұл желі бойынша құтқарушылар, өрт сөндірушілер, дәрігерлер, полиция, тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерін көмек көрсету мақсатында тәулік бойы және ақысыз шақырылады. Балаларыңызды күн демей, түн демей азаматтарды, олардың өмірлері мен денсаулықтарын қауіп-қатерден қорғап жүрген осы қызметтердің еңбегіне құрметпен қарауды түсіндіріп, дұрыс тәрбиелесеңіздер дейміз.

Е.МАМАЕв, аудандық төтенше

жағдайлар бөлімінің аға инженері,

азаматтық қорғау аға лейтенанты.

Жалған қоңырау шалу жарға жығады

Жаңақала ЖОББМ ұжымы осы мектептің директоры Оразғалиева Айсұлу Мұратқызына ағасы

Нұрболаттың,орыс тілі пәні мұғалімі Габдуалиева Баршагүл Бақтығалиқызына ұлы Бекзаттың

қайтыс болуына орай қайғырып көңіл айтады.

Page 8: 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні · мемлекеттік меншік пен жеке меншік мойындалады

Жаңақала ауылының тұрғындары Рахимов Бекболаттың немерелері, сүйікті ұлымыз Оразалыны 1-сыныпқа баруымен және аяулы қызымыз Құрманайды 1 қыркүйекте толатын 1 жасымен шын жүректен құттықтаймыз.

Бұл дүниенің ең қызығы немере,Қанат жайып өсе берсін кереге.Шаңыраққа уық болып шаншылып,Келе берсін немере мен шөбере.

игі тілекпен: әжесі Бақыт, ата-анасы Аңсар-Зухра.

Жаңақала ауылының тұрғыны, қамқор жеңгеміз, ардақты анамыз, асыл әжеміз Камбиева Светлана Қасымқызын мерейлі 60 жасымен шын жүректен құттықтаймыз.

Өз бақытын, қуанышын өзі өмірге әкелген перзенттерінің қылығынан, қызығынан іздейтін аяулы анам! Сізге әлемдегі бар жақсы тілекті үйіп-төксек те аз. Алла сізге ең алдымен мықты денсаулық берсін. Әрқашан жүзіңізден мейірім нышаны кетпей, айналаңызға нұрыңызды шашып, аналық бақытқа кенеліп жүре беріңіз!

Мереке күн нұрға толсын жүзіңіз,Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.Бала-шаға қызығына кенеліп,Ортамызда аман-есен жүріңіз.

Құттықтаушылар: қайын іні-келініңіз, ұл-қыздарыңыз, немере-жиендеріңіз.

8 Жаңарған өңір 30 тамыз

2018 жыл

Құттықтаймыз! Хат-хабар

Бір жетім бала далада қой бағып жүргенде, алдынан жылан шыға келеді. Бала жерде жатқан таяқты ала салып, жыланды өлтірмекші болады. Далада қаңғып жүрген бір диуана соны көріп қалып, оған: -Бала, бұл қасиетті жылан,

өлтірсең – әкең өледі, өлтірмесең – шешең өледі,-дейді.Бала дал болып тұрып қалады.

Сонда бала не істеуге тиіс?

Мұқыр ауылының тұрғындары, қымбатты аға-жеңгеміз Нұрғали Құрмашұлы мен Роза Өтешқызын келе жатқан мерейлі 60 жас туған күндерімен құттықтаймыз. Біз сіздерге денсаулықтарыңыздың мықты, ғұмырларыңыз ұзағынан, көрер қуаныштарыңыз молынан болсын деп тілейміз. Мерейлеріңіз үстем, қадір-қасиеттеріңіз зор болсын.

игі тілекпен: іні-келіні Ахан-Гүлбаршын, балалары Гүлсая, Нұрсұлтан, Зарина.

Мұқыр ауылының тұрғыны, жанұямыздың тірегі, асыл да қамқор әкеміз Қуанов Нұрғали Құрмашұлын 1 қыркүйек күні толатын 60 жасымен шын жүректен құттықтаймыз. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, ұзақ ғұмыр, шаңырағыңызға ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тілейміз.

Жан әке, құтты болсын 60 жасың,Біз үшін ардақты ғой алтын басың.Немереден көріңіз шөберені,Жыр алыбы Жамбылдың көріп жасын.

Анамыз Розаменен қанаттасып,Жүріңіз әр күн сайын алға басып.Сіздерді мақтан етіп біз тұралық,Мөлдір бұлақ суындай асып-тасып.

игі тілекпен: жолдасы Роза, бала-келіндері Досан, Нұржан-Гүлнұр, Наурызбек, қыз-күйеуі Данияр-Гүлзира, немере-жиендері Нұртас, Райымбек, Саяжан, Аяулым.

Жаңақала ауылының тұрғыны, шаңырағымыздың тірегі, қамқоршысы, отбасымыздың берік діңгегі, адал жар, асқар таудай әкеміз, сүйікті ата Талғар Қуанышұлын 1 қыркүйек күні толатын 55 жасымен шын жүректен құттықтаймыз. Талай асуларды табандылықпен, қиындықтарды қажырмен жеңуге үйреткен әкеміздің денсаулығы қуатты, әр атқан таңы шуақты, ғұмыры мәнді де ұзақ болғай деп тілейміз. Әрқашан күн жағымыздан көлеңке, жел жағымыздан пана боп жүре беріңіз дегіміз келеді.

Асыл әке, асқар тауым ардақты,Тәлім берген ұл-қызына жан-жақты.Әкеміздің орны бөлек біз үшін,Әке деген сөздің өзі салмақты.Көк аспанда жарқырап жұлдызыңыз,Аман болсын анамыз, ұл-қызыңыз.Әке, сіздей қамқоршы тұрған кезде,Бақытпенен өтеді әр күніміз.Бақытыңыз кетпесін басыңыздан,Әрдайым табылғайсыз қасымыздан. Жан-жарың, ұл-қызыңның тілегі сол,

Ауырмай алдымызда 100 жасаңыз.Ақ тілек, ізгі ниетпен: жан-жары Мәншүк, бала-келіні Талғат-Ақбөкен, қыз-күйеулері және немере-жиендері.

Жаңақала ауылының тұрғыны, досымыз Талғар Қуанышұлын мерейлі 55 жасымен қуана құттықтаймыз.

Тілейміз бақ пен ырыс басыңызға,Қосылсын талай жылдар жасыңызға.Құдай ұзақ ғұмыр, бақыт беріп,Жүріңіз аман-есен арамызда.

игі тілекпен: достары Бекжан-Мәншүк, Бейбіт-Айнагүл, Аян-Нұрсәуле, Оразәлі-Гүлсім, Мұхиден-Ақмарал, Сүйеуғали-Сандуғаш.

Сарыкөл ауылының тұрғыны, аяулы ана, асыл жар Оразғалиева Ділда Утепбергенқызын 50 жасымен шын жүректен құттықтаймыз. Өз бақытын, қуанышын өзі өмірге әкелген перзенттерінің қылығынан, отбасының қызығынан іздейтін аяулы анамыз! Әрқашан жүзіңізден шуақ кетпей, біздің ортамызда күліп-ойнап, шаттыққа кенеліп, бақытқа бөленіп жүре беріңіз.

Әкемізбен не көрседе бірге көрген,Қиындықты жеңісіп бірге көмген.Қуаныштың терегін бір көркейтіп,Шаңырақтың шыбығын бірге өрген.

Ана сізбен әдемі біздің үй де, Әдемі әнді ұластырар сәнді күй де. Отбасының ұйытқысы, берекесі, 100 жасаңыз әкемізбен мәңгі бірге.

Ақ тілек, ізгі ниетпен: жолдасы Нұртай, бала-келіні Нұрбек-Гүлмира, қыздары Мөлдір, Айнұр, немерелері Алихан, Анель.

Ойжұмбақ

Біл шалдың үш баласы болады. Қартайып дүние саларының алдында балаларын шақырып, қолыңдағы бар малы – 17 түйенің ½ бөлігін үлкен ұлына, 1/3 бөлігін ортаншы ұлына, 1/9 бөлігін кенже ұлына беруге ұйғарғанын айтады. Балалары малды қалай бөліп аларын білмей бастары қатады. Сөйтіп отырғандарында жандарынан желмая мініп желдіртіп бара жатқан бір ақсақалды көріп, мән-жайды түсіндіріп, әкелері өсиет еткен мөлшерде малды қалай бөлуге болатынын сұрайды. Ақсақал олардың сауалына кеңкілдей күліп алады да, тиесілі түйелерін оп-оңай бөліп беріп, желмаясына мініп кете барады. Сонда ол бұл жұмбақты қалай шешкен?

Желмая мінген жолаушы

Алаяқтың амалыБанктің алаяқ қызметкері өзі

жақсы білетін бір жігіттен:-Қараптан-қарап жүріп 3

миллион теңге ақша тапқың келе ме?-деп сұрайды.-Ойбай-ау, әрине!.. Бірақ,

қалай?-дейді қуанып кеткен жігіт.-Былай. Мен сені банктің

ақша қоры сақталатын бөлмесіне өткізіп жіберем, сен одан қанша керек болса, сонша ақша аласың. Бірақ, мынадай шартты орындауың керек. Ақша сақтайтын бөлмеге үш есіктен өтіп кіресің. Әр есіктің алдында бір-бір күзетшіден тұр. Сен шығарда күзетшілердің әрқайсысына алған ақшаңның қақ жартысын және оған қосымша 3 миллион теңгеден беріп отырасың. Яғни, бірінші есіктен шығарда күзетшіге барлық алған ақшаңның қақ жартысын және 3 млн. теңге бересің. Екінші есікке барғанда бірінші күзетшіге берген ақшадан қалғанының жартысын және 3 млн. теңге бересің. Үшінші есікке барғанда да солай етесің, яғни екінші күзетшіге берген ақшадан қалғанының жартысын және тағы 3 млн. теңге бересің. Сөйтіп, сыртқа шыққаныңда өз қалтаңда артық та емес, кем де емес, дәлме-дәл 3 миллион теңге қалуы керек. Бұл сенің өз ақшаң. Ал, ана қалдырған ақшаңнан маған қанша тиеді, оны күзетшілермен өзім бөлісе жатам, онда сенің шаруаң жоқ. Келістік пе?-дейді анау.-Келістік!-деп жігіт іске кірісіп кетеді.СҰРАҚ: жігіт банкінің қорынан әу баста барлығы қанша ақша алып шығуы

керек?

Жетім бала мен жылан