12
ǴǬ" ʽǧǰǫǧ" ʽǧǿǧǴ" 86' (85 585 ĭ³£« Ĥ£¤©L ª£¬¢© HPDLO LQIR#DVWDQDDNVKDP\N] WWW.ASTANA-AKSHAMY.KZ Ě92 ÒÆÊÒÆμ 19 ÓÁÍÜÈ ÇÜÌ ÑæòðôâìéëáìüĬ ĬïĨáíåüĬòáĀòé äáèæó çüìĨü Ĭáèáîîáî âáòóáð ùüĨáåü +33°..+31° +22°.. +20° Çæì âáĨüóü íæî çüìåáíåüĨü òïìóġòóĄëùüĨüò íò Ëġî ùüĨôü òáĨáó íéîôó Ëġî âáóôü òáĨáó íéîôó Ëġî ĪèáĬóüĨü òáĨáó íéîôó ÂĪì ëġîäĄ æĦ üòóüĬ áôá n& çüì ÆĦ òôüĬ óæíðæñáóôñá n& çüì ʤ˳˵˘ˮ˘ ೪˘ˬ˘˳ˮ˞˘ ˞˘ ˲˟˳˱˶˙ˬˤ˪˘˭ˣ˞೮ ˙˘˳೪˘ ˘˶˭˘೪˵˘˲ˮ˞˘೦˞˘˥ ˭ˬ˧˪˵˧ ˢ˘˲ˤ ˟˵˶ ˮ˘˶೪˘ˮ ˙˘˳˵˘ˬ೦˘ˬ ˯˵˲ ʥˬ ϮϬϭϰ ˢˬ˞೮ ϯϬ ˭˘˶Ͳ ˳˭ˮ˞˘ ೪˘˙ˬ˞˘ˮ೦˘ˮ ˘ˣ˘೪˳˵˘ˮ ˀ˟˳˱˶˙ˬˤ˪˘˳ˮ೮ ˘ˣ˘˭˘˵˵˘˲ˮ˘ ˯˲˘ˬ˭˘ˮ˞˘˲೦˘ ˢഉˮ˟ ˘ˣ˘೪˳˵˘ˮ ˀ˟˳˱˶˙ˬˤ˪˘˳ˮ˞˘ ˵˲˶೦˘ ೪˵ˤ˲˺˘˵ ˙˘˲ ˘˞˘˭˞˘˲೦˘ ˯ˬ˘˲˞೮ ˭ˬ˧˪˵˧ ˢ˘˲ˤ ˟˵˶˧ˮ˟ ˙˘˥ˬ˘ˮ˳˵ ˲˘೪˭˾ˬ೪ ˢ˘Ͳ ˳˘˶ ˵˶˲˘ˬ ˀ ʯ˘೮ ˾˟೮˙˟˲˧ˮ˞˟ ˢ˲˛˧ˣ˧ˬ˟˵˧ˮ ˙˯ˬ˘˞ Заңға сәйкес ақша; бағалы қағаздар; заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі; мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа да адамға рәсімделген жылжымай- тын мүлік; құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ, өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Респуб- ликасы аумағында тұрған үйлер; сол секілді Республика аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жыл- жымайтын мүлік заңдастырылатын болады. Мүлікті жария етуге ұсыну үшін 2014 жылғы 1 қыркүйек пен 2015 жылғы 30 қараша аралығында құжаттар қабылданбақ. Жалпы, рақымшылық аясында мүлікті жария ету рәсімі 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін созылады. Тәртіп бойынша, өтініштер арнайы құрылған комиссия мен салық органдарында отыз күн ішінде қаралатын болады. Елорда азаматтырының өтінішін қарау үшін Астананың үш ауданын- да әкімдіктің жанынан құрылған комиссия жұмыс істейді. МYЛIКТI ЖАРИЯЛАУFА МYМКIНШIЛIК ЖАСАЛДЫ ƼɅǂNJLJǎƼDž ƼɅNjƼnjƼǎ Оның айтуынша, мем- лекетіміздің азаматтары жылдан-жылға артып келеді. Мәселен, ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында халқымыздың саны 124,1 мың адамға көбейген. Ал, жалпы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырсақ, 256,3 мың адамға өсіппіз. Бала туу көрсеткіші де былтырға қарағанда 2,5 пайызға артқан. Өлім-жітім 5 па- йызға азайған. džʓƽǁDžƲNj džǁLJǁLjƲǃ Еліміздегі халықтың саны 2014 жылдың 1 шілдесіне 17 284,9 мың адамды құрады. Соның ішінде қалалықтар – 9 523,1 мың (55,1%), ауылдықтар – 7 761,8 мың (44,9%). Кеше Орталық коммуникациялар қызметінің брифингіне келіп, Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік секторлардағы даму көрсеткішін, демографиялық ахуалын сандар тілімен сөйлеткен Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайылов осын- дай мәліметтерді келтірді. ɷ ɱʤʣʧʨʞʨʩʬʞʵʧʱ ʠʣʻʣʛ ɧɷɴɧɲɧɴ ɳɬɷɬɱɬɲʌɱ ʌɸɿɧɷɧɲɧɷ 8

92 (3149) 2014-08-19

  • Upload
    -

  • View
    234

  • Download
    5

Embed Size (px)

DESCRIPTION

АСТАНА АҚШАМЫ №92 (3149) 19 тамыз 2014

Citation preview

Page 1: 92 (3149) 2014-08-19

WWW.ASTANA-AKSHAMY.KZ

92 19

+33°..+31°+22°.. +20°

З аңға сәйкес ақша; бағалы қ а ғ а з д а р ; з а ң д ы т ұ л ғ а н ы ң жарғылық капиталына қатысу үлесі; мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа да адамға рәсімделген жылжымай-тын мүлік; құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ, өздері орналасқан, жария ету субъектісіне

меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Респуб-ликасы аумағында тұрған үйлер; сол секілді Республика аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жыл-жымайтын мүлік заңдастырылатын болады.

Мүлікті жария етуге ұсыну үшін 2014 жылғы 1 қыркүйек пен 2015 жылғы 30 қараша аралығында құжаттар қабылданбақ. Жалпы, рақымшылық аясында мүлікті жария ету рәсімі 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін созылады.

Тәртіп бойынша, өтініштер арнайы құрылған комиссия мен салық органдарында отыз күн ішінде қаралатын болады.

Елорда азаматтырының өтінішін қарау үшін Астананың үш ауданын-да әкімдіктің жанынан құрылған комиссия жұмыс істейді.

МYЛIКТI ЖАРИЯЛАУFА МYМКIНШIЛIК ЖАСАЛДЫ

Оның айтуынша, мем-лекет іміздің азаматтары ж ы л д а н - ж ы л ғ а а р т ы п келеді. Мәселен, ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында халқымыздың саны 124,1 мың адамға көбейген. Ал, жалпы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырсақ, 256,3 мың адамға өсіппіз. Бала туу көрсеткіші де былтырға қарағанда 2 ,5 пайызға артқан. Өлім-жітім 5 па-йызға азайған.

Еліміздегі халықтың саны 2014 жылдың 1 шілдесіне 17 284,9 мың адамды құрады. Соның ішінде қалалықтар – 9 523,1 мың (55,1%), ауылдықтар – 7 761,8 мың (44,9%). Кеше Орталық коммуникациялар қызметінің брифингіне келіп, Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік секторлардағы даму көрсеткішін, демографиялық ахуалын сандар тілімен сөйлеткен Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайылов осын-дай мәліметтерді келтірді.

8

Page 2: 92 (3149) 2014-08-19

2www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Астана автопарктерінде 890 автобус жұмыс істейді.

Конгресс-холда Шекарашы-лар күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Тәуелсіздік сарайында «Хиросима мен Нагасаки» атты көрмесі өтеді.Басталуы: сағат 10.00.

№5 көпшілік кітапханада «Тарих беттері: Қазақстан әдебиетінде» PR-акциясы өтеді.Басталуы: сағат 15.00.

-

Бас статистің айтуынша, көрсеткіш былтырғы дәл осындай кезеңмен салыстырғанда 13,5 пайызға өскен. Орташа жалақының мөлшері жағынан мұнайлы өлке – Маңғыстау мен Атырау облыстары көш бастап тұр. Батыс өлке тұрғындарының орта табысы 222 мың теңгені

Тарқатып айтсақ , құ рылыс ко м п а н и я л а р ы н д а е ң а л д ы -мен т ұ рғын үй ғимараттарын салудың үш жылдық тәжірибесі б ол ы п , ке м де ге н де ж ү з де н аз емес пәтерд і пайда л ану ға б е р у і т и і с . Со н ы м е н қ ата р, үлескерлер құрылыспен айна-лысатын компанияда жер телімі және лицензиясы барына көз жеткізуі керек. Бұлардан бөлек құрылысты жүргізетіндер жер теліміне жергілікті атқарушы о р г а н н а н р ұ қ с а т қ а ғ а з ы н а лып, эскизд ік жұ мыс жоба-сын мақұл дау ы, мемлекет тік сараптамадан өтуі шарт. Осы-лардан кейін құрылыс нысанын

пайдалануға берілуін растай-тын акт жасалуы міндетті.

«Альбаракат» ЖШС-на кел-сек, қала әкімдігінде жүргізілген мониторинг барысында осы ком-пания еш рұқсатсыз пәтер сату-мен айналысқаны анықталды. Ол жө нінде Құ рыл ысшыл ар қауымдастығы дабыл қаққан. Елорда тұрғындары да «Аль ба-ракаттың» жұмысы жайлы білгісі келіп, әкімдікті жиі мазалайтын. Содан кейін әкімдік арнайы ко-миссия құрып, тексеріс жүргізген. Оның қорытындысында бұл ком-пания «Прага» және «Шаржа» тұрғын үй кешендерін инвестици-ялау келісімшарттарын бекіткені

анықталды. Алайда, «Шаржа» құрылысына қажет рұқсат құ-жаттары алынбаған. Оның үс-тіне, осы тұрғын үй кешеніне ар налған жер телімі «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында «Елор-да даму» ЖШС-не берілген болып шықты.

Қорыта айтқанда, үлескерлер а қ ш а л а р ы н ж ы л ж ы м а й т ы н мүлікке салмастан бұрын «Аль-баракат» секілді құрылыс ком-панияларының құжаттарын қарап алса игі. Қала әкімдігі де осыған шақырады.

Аманғали ШМИТҰЛЫ

-

-

-

маңайлайды екен. Одан кейін орналасқан Астана қаласындағы орташа жалақы – 182 мың, Алматы қаласында 158 мың теңгені құрайды. Әлихан Асханұлының айтуынша, ауылшаруашылық өндірісінің үлес салмағы басым облыстарда тұрғындар табысы басқа өңірлерге қарағанда төменірек. Ондай облыстардың қатарына Ал-маты, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары жатады.

Таяуда жаңартылған ресми деректер бойынша еліміздегі жұмыссыздар саны – 163,4 мың. Ал, жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халыққа шаққанда 5,1 пайызды құрап отыр. Жұмыспен қамту органдарында шілде айында 59,2 мың адам тіркелген. Ал, деректерін дәп басу мүмкін емес, яғни еш жерде тіркелмегендердің арасындағы жұмыссыздық шамамен 0,3 пайыз деп болжанып отыр.

Page 3: 92 (3149) 2014-08-19

3www.astana-akshamy.kz

Бетт

і дай

ынд

аған

: Оры

нбек

ӨТЕ

МҰР

АТ. Д

ерек

көзд

ері:

www.

asta

na.k

z, ww

w.in

form

.kz,

baq.

kz

– Ұмсын Нұржігітқызы, Оқу-шылар сарайында бүгінде жаңа оқу жылына балаларды қа был-дау науқаны жүріп жатқанын білеміз. Мектеп оқушыларының қосымша білім алып, өнер үйренуге қызығушылығы қандай?

– Қызығушылық – өте жоғары. Бізде қазір 109 үйірме болса, соның ішінде кейбір үйірмелерге 2000-3000 балаға дейін жазылып жата-ды. Бірден 15 үйірмеге қызығып, тіркелген балаларымыз да болған. Жалпы, балалардың ынтасы – күшті. Көбісі бірнеше үйірмеге қатар қатысуға өтініп жатады.

– Қандай үйірмеге құлшыныс басым?

– Дәл қазіргі жағдай бойынша, балалардың ең көп жазылып жатқан

үйірмесі – суда жүзу, ағылшын тілі, мұзда сырғанау, үлкен теннис, тағы басқалар. Мұндай үйірмелерге негізінен жыл сайын сұраныс көп болады.

– Ал орын толмай жататын үйірмелер бола ма?

– Рас, ондайлар бар. Мысалы, өндірістік-техникалық «Робото-техника», «Радиоэлектроника», «Бастапқы техникалық шығар-машылық», «Кеме үлгісін жасау» секілді үйірмелерге балалар аз ке-леді. Бұл үйірмелер ақысыз қабыл-дайды. Бірақ, сонда да осы салаға қызығушылық төмен болып отыр.

– Оқушылар сарайы жалпы неше бала қабылдай алады?

– Біздің мекеме бір жылда 10 мыңдай баланы қамти алады. Өткен

жылы шамамен 9 мыңнан астам бала үйірмелерге қатысып, қосымша білім алды.

– Ата-ана л ард ың қаперіне сал сақ, мұндағы үйірмелердің тө лемақысы қандай? Кімдерге жеңілдік жасалады?

– Жаңа да айтып өттім, бізде ақысыз үйірмелер бар. Ал жал-пы ақылы үйірмелердің бағасы 5000-7000 теңге ара лығында . Оның өзінде баланың әлеуметтік жағдайына қарай жеңіл д іктер қарастырылған. Мысалы, жетім бала лар, мүмкіндігі шектеулі бала-лар, дарынды балалар, көпбалалы от басынан шыққан балалар үшін төлеамақы қысқартылады.

Нәзира САЙЛАУҚЫЗЫ

- Қыркүйек айы да жақындап қалды. Білім күнінде басына ақ бантик байлап, жүздері бал-бұл жайнап, мектепке асығып

бара жатқан қыздарды көргенде, «Шіркін, менің де көз қуаныш-

тарым өсіп келеді. Бір күні қолдарынан жетектеп, мектепке кіргізіп, алғашқы

ұстазға тапсырамын ғой» деп армандайтын едім. Енді, міне, сол арманым да орындалып жатыр. Алты жастағы Рухшона есімді үлкен қызымыз биыл №57 орта мектептің бірінші сы-ныбына барғалы отыр. Дайындығымыз басталып та кетті. Мектепалды даярлық тобының 20 күндік оқуының жарты-сына жуығы өтті. Жазып-сызуды, әдемілеп сурет салуды да үйренді. Ұйқыдан бізден бұрын оянып алып, мектепке жинала бастайды. Тәртібі де өзгеріп сала берді. Есік алдына шығып ойнауды сиретті. Қазір сабақтан келе сала үйдегі сіңлісін отырғызып қойып, мұғалім болады. Апайы үйреткендердің бәрін соған айтып, екінші жағынан жиған білімін қайталап отырады. Партада отырып, сабақ оқып жүрген оған да, қылықтарын сүйсіне бақылап жүрген бізге де қызық.

- Басқа балаларымыз оқу бітірсе, тек Бекжан есімді ұлымыз биыл 9-сыныпқа көшті. №70 мектеп-лицейде оқиды. Үлгерімі – жақсы. Тоғызыншы сыныпты аман-есен

аяқтап, Щучинск қаласындағы Әскери академияға түскісі келеді.

Арманына жету үшін, спорт жағынан шынығуды да еш ұмытпайды.

Жалпы, жаңа оқу жылына тамыздың ортасынан бастап дайындаламыз. Оқушылар бірыңғай форма киетіндіктен, мектеп киімін таңдауға бұрынғыдай көп уақыт кетпейді. Кеңсе тауарларын, керекті заттардың бәрін алып қойдық. Оқуға сақадай сай боп отырмыз.

- Ұлым Мәди Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектепте оқиды.

Биыл 11-сыныпқа көшті. Мектеп бітірер уақыт жақындаған сайын үй ішінің қобалжуы күшейе түседі. Әрине, бұл Ұлттық бірыңғай

тестілеуге байланысты. Өткен жылы ұлымыз күні-түні кітаптан

бас алмай дайындалғандықтан, жазда оқудан тынығып, демалуға рұқсатымызды берген едік. Енді қыркүйекте бұл қарбалас тағы басталады ғой. Болашақтағы қалауы – экономика саласы. Сондықтан да бесінші пәнге географияны таңдады. Жоғары оқу орнын шетелде оқығысы келеді. Биыл оған шет тілін толық игеруіне жағдай жасап, оқу жағынан да, психологиялық жағынан да жан-жақты қолдау көрсетуге бар күшімізді саламыз.

Дайындаған: Мәдина ЖАҚЫП

Әр қатысушыға лотерея билетінің нөмірі ретінде ұтысқа қатысатын тіркелу нөмірі беріледі. Сәтті нөмір сәйкес келген велошабандоздарға сыйлықтар тарту етілмек.

Велошеруге Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен «Астана» велокомандасының велошабандоздары қатысады.

Астана күні қарсаңында болған алдыңғы бұқаралық вело-шеруде қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің өзі бастап, Серік Сәпиев, Илья Ильин, Бақтияр Артаев секілді Олим-пиада чемпиондары қолдау көрсеткен болатын.

Астана қаласы ІІД жол-патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Жол қозғалысы ережелерін қатаң бұзу фактілерін анықтауға бағыт-талған рейдтік шара барысында көлікке мас күйінде отырған жүргі-зушілерге баса назар аударды. Осы ретте 25 мас жүргізуші анықталып, жазаға тартылды.

Сонымен қатар, 261 жыл дам-дықты шамадан тыс асыру, 97 қа-

уіпсіздік белдігін тақпау, 23 жаяу жүргіншілерге жол бермеу, 19 апат тық жағдай тудыру, 15 қарсы бағытқа шығып кету фактілері тіркелді. Және тексеру барысында 13 жүргізушінің құжаттары болмаған.

Жалпы рейдке басқарма аппа-ратының 37 қызметкері қатысып, 486 ЖҚЕ бұзушылық анықталды. 34 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

Page 4: 92 (3149) 2014-08-19

4www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Астана қа ласының Әділет басқармалары кез келген мем-лекеттік орган сияқты, өзінің қызметінде Констит уцияны бас шылыққа ала отырып, жұмы-сын үйлестіреді, ұдайы түрде тұрғылықты халыққа заңгерлік кеңестер мен құқық тық көмек көрсетіліп келеді. Жыл басынан бері АХАТ саласы бойынша тікелей Әділет мекемелерімен 15 мыңнан ас там, ал Халыққа қызмет көр-

сету орталықтары арқылы ке ліп түскен азаматтардың өті ніш теріне сәйкес 24 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетіліп отыр. Айта кету керек, егер әр азамат тек заңмен жүріп, конституция белгілеп берген құқығын біліп, заң алдында жауап-ты болған кезде ғана өз құқығын сақтай алады.

Ата Заңымыз анықтап бер-ген демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мем-

лекетімізде әрқашан тату лық пен бірлік, бейбітшілік пен тұрақтылық болғай! Мемле ке тіміздің арқауы болған, мәні мен маңызы жоғары, ел ты ныш тығының кепілі – Ата заңы-мыздың мерейін үстем ету, дә ріп теу біздің борышымыз!

Бақытжамал БАЗАРБАЕВА, Астана қаласы Есіл аудандық

Әділет басқармасының бөлім басшысы

Бас бармағым – атам, үйдің данасы. Балаң үйрек – әжем, ошақ анасы. Ортан терек – әкем, отау панасы. Шылдыр шүмек – шешем, шаңырақ ажары. Кішкентай бөбек – мен, бәрінің базары.Мүмкіндігі шектеулі балалардың

жазу техникасын меңгерудегі қиындықтарының бірі – қолдың моторикасының бұзылысы, саусақ бұлшық еттерінің дамымауы, білезіктеріндегі ұсақ бұлшық еттерінің қимылға икемсіздігі. Саусақ ұшында көптеген акупунктурлық нүктелер болады, осы нүктелерге массаж жасау арқылы, адамның ішкі құрылысына да әсер етуге болатынын маман-дар анықтап отыр. Дәрігерлердің зерттеулері бойынша, «бас бармақ» ми қызметін арттырады, «балаң ү йрек » асқазан жұ мысының жақсаруына, «ортан терек» ішек құрлысына, «шылдыр шүмек» бауыр мен бүйрекке, «кішкентай бөбек» жүрек-қан тамырларының және ас қорыту жүйесінің реттелуіне оң әсерін тигізеді. Баланың қолын ұстай отырып, саусақтарына ат қойып, оларды бірге бүгіп-жазып ойнау баланың көңілін ғана аулап қоймай, балалардың бірлесіп қайталауына, ды-быстарды дұрыс айтуына, айтылған жырды есте сақтауына, психикалық демалуына таптырмайтын әдіс.

Әр саусақтың қарапайым қимылын жасату арқылы баланың дыбыстарды

Жалпы саны 1200 оқушыға арналған 3 қабатты мектеп Керей-Жәнібек хандар көшесі мен Түркістан көшесі аумағында орналасқан. Бүгінгі таңда мек-теп құрылысы аяқталса да, жан-жағы абаттандырылып жатыр. Ішіне тазалық жұмыстарын жүргізіп, жиһаздарды орналас-тыру ғана қалыпты. Осы айдың 25-іне дейін аталмыш жұмыстар толық аяқталып, мектеп алғашқы қоңырауын соғуға дайын болады деп күтілуде.

Қазірдің өзінде 14 инте рак-тивті тақта әкелінген. Лицей математикалық бағытта бол-ғандықтан, олардың үшеуін ма тематика кабинетіне қою жос парланған. Жаңа заманға ла йықтап салынған оқу қабинет-терінен бөлек, мұнда 580 шаршы метрлік спорт зал, 280 орынды қамтитын акт залы мен бір мезет-те 408 бала тамақтана алатын ас-хана бар. Сонымен бірге, мектеп ауласындағы он шақты спорттық алаң денешынықтыруды үздіксіз өткізуге өте ыңғайлы жасалған.

Мектепке қарасты шағын ау-дандарда тұратын оқушыларды қабылдау 10 тамыздан басталды. Осы уақыт ішінде 535 бала оқуға өтініш білдірген. Көпшілігі – бастауыш сынып оқушылары. Ең қызығы, қабылдау бөлімінің құжат жинап қана қоймай, әр баланың қандай өнері барын сұрастырып, сол арқылы 1 қыр-күйектегі мерекелік бағ дар ламаны дайындап жатқан жайы бар.

Қажет оқулықтармен қамта-масыз ету үшін келіп түскен өтініштерді мектеп әкімшілігі қалалық Білім басқармасына хабарлап отырады. Мектептегі бірде-бір ба л а оқулықсыз қалмайды. Ал, өзге мектептен ау ыс у шылар оқулықтарын оқыған жерінен арқалап келеді.

Келушілер міндетті түрде та-мыздың 20-сынан кейін мате-матикадан сынақ тапсырады да, нәтижесі бойынша үздіктері тереңдетілген сыныптарға топ-тастырылады.

Мұғалімдер арнайы дайын-далған тест сұрақтарына жа-уап беріп қана жұмысқа алы-нады. Қазіргі таңда сынақтан 25 оқытушы сүрінбей өткен. Олардың дені – бірінші және жоғары санатты мұғалімдер. Сондай-ақ, Өскеменнен келген жас маман жұмысқа орналасқан. Директордың айтуынша, ол өзіне берілген 5-6-сыныптардың есептерін қиналмастан, екі-үш минутта қатесіз шығарып берген. Ұстаздарды жұмысқа қабылдау қыркүйекке дейін жалғасатын көрінеді.

«Міндетті төрт сағатқа тағы бір сағатты қосып, математи-к а н ы 2 - с ы н ы п та н б а с та п терең детіп оқытуды көздеп отырмыз. Сондай-ақ, жоғары оқу орын дарындағы профес-сорлармен байланыс орнатып, оқушылар олардан аптасына екі рет болса да дәріс алса де-ген ой бар. Оның бәрін жаңа оқу жылы басталғанда ретімен ы ң ға й л ас т ы ра м ы з » дей д і мектеп-лицейдің директоры Раушан Көшебаева.

А й т п а қ ш ы , қ ы р к ү й е к те бұдан бөлек тағы 3 жаңа мек-теп өз жұмысын бастамақ. Атап айт қанда, Сарайшық көше-сіндегі №74 мектеп-гимназия, Ш.Қалдаяқов көшесіндегі №73 физика-тех ника лық лицей және Еңбекшілер мен Орын-бор көшесінің қиылысындағы №75 көп бейінді мектеп-гим-назия. Соңғысы аралас болса, қалғандары таза қазақ мектебі.

Мәдина ЖАҚЫП

дұрыс айтуын қадағалап, мәнерлеп сөйлеуін дамытып, сөздік қорын байытамыз. Саусақ ойындарының нәтижесінде баланың сөйлеу тілі жетіледі, қимыл қозғалысы, икемділігі артады, логикалық ойлауы дамиды, дүниетанымы кеңейеді.

Өзім саусаққа арналған жатты ғу-ларды жиі-жиі қолданамын. Балалар жаттығуларды аса қызығушылықпен орындайды. Ұсақ қол моторикасы машығын үзбей, күніне 5-10 минут уақыт бөле отырып жүргізу қажет. Осы мақсатта әртүрлі ойындар мен жаттығуларды қолдануға болады. Саусақ қимылдарын жақсарту үшін таяқшалармен ойналатын ойындар қолданылады.

Қол моторикасының дамуына әсер ететін қарекеттер: қолмен ер-мексазды жұмсарту, алақанға са-лып, саусақ ұшымен тасты, шарикті айналдыру, жуан жіпті түймелер,

шарлар, моншақтардан өткізу, түрлі-түсті жіңішке сымды катушкаға орау, қайшымен қию, әртүрлі мате-риалдарымен сурет салу (қаламмен, қарындашпен, түрлі-түсті бояу, гу-ашьпен, көмірмен, түрлі-түсті бор-лармен т.б), моншақ жасау, бисер-лермен жұмыс, сіріңкемен суреттер, әріптер құрау, сол және оң қолмен бір мезгілде қорапқа ілгектерді салу, трафаретпен әріптер, геометриялық бейнелер, сызықтар салу, қолды уқалау(массаж). Осындай ойындар арқылы саусақ қозғалысын дамытуға болады. Әсілі, дана халқымызда «Бес саусақ бірікпей, ине ілікпейді» деген мақал бар. Халық айтса, қалып айт-пайды.

Динара ӘЛМЕШОВА,Астана қаласы бала-

лар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік

мекемесінің тәрбиешісі

Басбармағым атам үйдің данасы

Page 5: 92 (3149) 2014-08-19

5www.astana-akshamy.kz

Арман:

– Елордамызға еліміздің түрлі аймақтарынан жастардың арман қуып келіп жатқаны баршамызға аян. Бүгінгі таңда Астана қаласы тұрғындарының саны 880 мың адам болса, соның ішінде 14 пен 29 жас ара лығындағы жастардың саны 250 мың нан асады. Яғни, жал пы қала тұр ғын дарының 31пайызын жастар құрап отыр. Олардың 85 040-ы студент жас-тар болса, 55 181-і – жоғары оқу орындарының студенті, ал 29 859-ы колледждерде білім алады.

Клара ҚАНАТҚЫЗЫ:

– Астана қаласының әкімдігі жастардың жұмыссыздық деңгейін төмеңдету, жұмыспен қамту және оларды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау мақсатында белсенді шаралар жүргізуде. Оның ішінде: лайықты жұмыс іздеуге жәрдемдесу, кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, ақы лы қоғамдық жұмыстар, сондай-ақ жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғаудың қо сымша шаралары, атап айтсақ, жастардың оқудан бос уақытында ақылы қоғамдық жұмыстар, кәсіптік дипломнан кейінгі тәжірибесіне арналған «Жастар практикасы» және халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылып келеді.

2014 жылдың бірінші жарты жылдығында жұмыспен қамтуға 2660 жас өтініш жасаса, олардың 941-і жұмысқа орналас тырылған. Ал, қоғамдық жұмыстарға - 740, кәсіби даярлау курстарына - 296, жастар практикасына - 204 және нысаналы топтарға арналған әлеуметтік жұмыс орындарына 56 қыз бен жігіт қатысты.

– Ағымдағы жылдың бірінші жар-тыжылдығында «Жұмыспен қамту - 2020: жол картасы» бағдар ла-масына қатысуға 758 жас өтініш жасады. Бағдар лама екі бағыт бо-йын ша: «Оқыту және жұмысқа ор -налас тыруға жәрдемдесу», «Ин-фра құрлымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты да-мыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» арқылы жүзеге асы-рылады. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың белсенді шараларының бірі - еңбек нарығының сұранысына сәйкес колледж және жоғары оқу орындарын бітірген түлектер ара сынан жұмыссыз азаматтарды Жастар практи ка-сына тарту болып табылады. Бағ-дар ламаның мақсаты түлектердің алғашқы жұмыс тәжірибесін жинақ-тауына, кәсіби білімдерін артты-

руына, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және жұ-мысқа орналасуға ықпал ету.

Бағдарламаға қатысушыларға еңбекақы респуб ликалық және жер-гілікті бюджеттер есебінен тө-ле неді және қатысудың ең көп мерзімі 6 айдан аспауы керек. Бұл бағдарламаға қатысушы ларға 18 АЕК көлемінде айлық еңбекақы төленеді. Жастар практикасы олардың меншік нысанына қара-мас тан, барлық жұмыс беруші лерде ұйымдастырылады.

Биыл жергілікті бюджет есебінен 600 және «Жұ мыспен қамту - 2020: жол картасы» бағдар ла масы шеңбе-рінде республикалық бюджет есебінен 400 түлек жастар практикасы бағ-дарламасына қатысады деп жоспар-лануда.

Жұмыссыз азаматтарды, оның іші нде жастарды жұмысқа орна-ластыру мүм кіндіктерін кеңейту мақсатында Ас танада бос орын-дар жәрмеңкесі және оқушылардың кәсіптік бағдар беру бо йынша бір-қатар іс-шаралар өткізілуде.

Жыл басынан бері осындай 8 жәр-меңке өткізілді. Оның ішінде «Нұр Отан» пар тиясы қалалық филиалы-мен бірлесіп ұйымдас ты рылған мүм кіндігі шектеулі тұлғаларды жұ-мысқа орналастыру; туризм сала-сындағы мамандарға арналған және өз бетiнше жұмыспен айналысушы азаматтарды жұмыспен нәтижелi қамтылуға тарту мақсатындағы жәрмеңкелерді ерекше атап өтуге болады.

Жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша іс-шаралардың бірі ретінде

құрылған www.job.astana.kz пор талы қызмет көрсетеді. Сайт жұмыс-сыздардың проблемаларын шешуде пәрменді құрал болып табылады, өйткені, мұнда бос орындар мен іздену шілер туралы ақпаратты орналастыру тегін.

Сонымен бірге, Астана қаласы әкім дігінің Жұ мыс пен қамту бас-қар масында айына бір рет мем-ле кет тік және орыс тілдерінде «Ел ор даның еңбек нарығы» газеті шы ғып тұрады. Басылымның не гізгі мақ саты – жұмыссыздардың, оның ішінде жас тардың арасында құ қық-тық сауаттылықты арт тыру, жұ мыспен қамту, мамандық алу, уа-қыт ша жұмыспен қамтамасыз ету жөнінде толық ауқымды ақпаратпен қамтамасыз ету.

Серік:

– Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасы өзара іс-қимыл жүргізу мақ-сатында ата-аналар аудито риясын қамту арқылы жас тарды кәсіптік оңалту жо басы бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарын бекітті. Сол бағытта жұмыстар ат қарылуда.

Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша мағлұмат беру және жұмысқа орналастыру мәселесін одан әрі қарастыру мақ сатында мектеп, колледж және жоғары оқу орындары түлектері арасында жыл сайын сауалдама жүргізіледі.

Кәсіптік бағдар беру іс-шараларын, бос орындар жәр меңкесін тұрақты өткізу, оның ішінде оқушыларға сауалдама жүргізу жастардың еңбек нарығында сұранысқа ие маман дық тарды таңдауына ықпал етеді. Со-нымен қа тар, жұмыссыздарға, оның ішінде жастарға бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың белсенді ша-ралары, «Жұмыспен қамту 2020: жол картасы» бағдарламасы және еңбек заңдары бойынша ақпа раттық-түсініктеме беру жұ мыс тары жалғасуда.

Құралай:

– Бұл тұжырымдаманы жастардың жылдар бойы күткені белгілі. Онда маңызды мәселелер тысқары қалмай, түгелдей қамтылды. Мәселен, бұл құжатта жастарды жұмыспен, қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, қайта оқыту мен қайта даярлау сынды негізгі проблемалардың барлығы да көтеріліп отыр.

Бүгінгі жастарға, әрине, сапалы білім алып, оқу бітірген соң өмірден өз ор-нын таба білуі қажет. Жастардың мақсаты мұнымен бітпейтіні шындық. Қалталарында дипломы бар, екі қолына бір жұмыс тапқан жастардың барлығы дерлік отбасын құрып, шаңырақ көтеруді мақсат етеді. Осындай өзекті мәселелердің барлығы да мемлекеттік жастар саясатын дамыту тұжырымдамасында басты назарға алынды. Біз сонымен бірге баспана мәселесіне қатысты ұсыныстар енгізіп, жастардың ипотекалық несие алуына 50 пайыздық жеңілдіктер беру мәселесін алға тарттық.

Аяулым БАЛТАБАЕВА:

– Бала тәрбиесі – қай кезде бол-масын адамзатты толғандыратын өзекті мәселе. Мұнда білім мен тәрбие бір-бірінен алшақтатылмай, бірге іске асырылған кезде ғана мақсатқа жетуге болады. Мектепте білім нәрімен қаруланған ұрпақтың одан әрі жетілуіне, жан-жақты тұлға бо-лып қалыптасуына, шығармашылық шыңға жетуіне қосымша білім беру мекемелерінің атқарар рөлі зор. Осы мақсатта аула клубтарын ашу және оның жұмысын ұйымдастыру тек қана бала үшін емес, алдымен қоғам үшін маңызды.

Аула клубтары – қазіргі уақыт та балалардың бос уақытын ұйым дас-тыруда тиімді тәрбие ошағының бірі. Осы аула клубтары балалардың бейімділіктерін те рең детіп, сан қырлы дамуға, ой пікірін қалып тас-тыруға, ұштауға мүмкіндік бере отырып тәрбиелейді.

Аула клубтарының қызметі жас-тар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың азаюына, балалар ден саулығының жақсаруына және олардың өмірлік белсенділіктерінің артуына, өзара достық пен қазақ-стандық патриотизмнің ұлғаюына тікелей ықпал етуде.

Қазіргі таңда аула клубтары қызығушылық танытқан мем ле-кеттік мекемелер, құқық қорғау органдары, ҮЕҰ және жастар ұйымдарымен қалалық деңгейдегі жастар саясатын жүзеге асырудағы бағыттар бойынша тығыз әріп-тестік орнатуда.

Аула клубтарының қызметін қаржыландыру жыл сайын ұлғаюда. Атап айтсақ, аула клубтарының қ ы з м е т і н қ а р ж ы л а н д ы р у ғ а 2012 жылы – 40 037 771 теңге; 2013 жылы – 56 583 348 теңге; 2014 жылы – 57 000 000 теңге қарастырылды. Сондай-ақ, аула клубтары тәрбиеленушілерінің қатысуымен қалалық деңгейде дәстүрлі түрде көптеген мәдени-бұқаралық, спорттық іс-шаралар өткізіліп келеді.

«Аула клубтары» әлеуметтік жобасы соңғы үш жылда жүйелі түр де жүзеге асырылып келеді. 2014 жыл дың қорытындысы бо-йынша қала аумағында Астана қа-ласының жас тар саясатын қолдау мемлекеттік қорына қарасты 10 – «Абд укар», «Арман», «Арыстан», «Архат», «Асар», «Есіл», «Жеңіс», «Момышұлы», «Сұңқар» және «Шағала» аула клубтары жұмыс істейді. Аталмыш аула клубтары жас елордалықтар үшін көп функционалды мәдени-спорт орталықтарына айналып отыр. Жыл бойы аталған аула клуб тарына 3 мыңға жуық жас тар тылады. Астанада алдағы уақытта тағы 5 аула клубын құру жоспарланған.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Маржан:

Page 6: 92 (3149) 2014-08-19

6www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Екінің біріне, әлде бәріне таныс дерек: Шәкен Ниязбеков – Әулиеата өңірінің тумасы, баһадүр Бауыржан Момышұлына жиендігі бар көрінеді. Орта мектепті бітіргеннен кейін Ленинградтағы В.Мухин атындағы жоғары көркемөнер өнеркәсіптік училищесін тәмамдаған. Студент шағында Эрмитаж, Исаак соборы және Петродворецті қалпына келтіру жұмыстарына қатысыпты. Суретші Әбілхан Қастеевті өзіне ұстаз санай-

ды. Жоғарыдағы санаулы сөйлемнің өзі Шәкен Оңласынұлының шын бейнесін ашуға жеткіліксіз екені хақ. Даңқ пен дақпырттан алысырақ жүруді қалаған ол өзі жайында да аз-маз ғана айтыпты көзі тірісінде. Соларға сүйенсек, суретші ғұмырына ғажаппен қатар азаптың да, мара-патпен қатар машақаттың да мол жазылғанын байқаймыз.

«Ғажап» деп бекер айтқанымыз жоқ, бір басына суретшілік, қолөнер шебері, өнертапқыш сынды үлкен қасиеттер тоғысқан талант иесінің

«Волга» жеңіл автокөлігінің дизай-нын жасауға қатысқаны көбімізге беймәлім. Мұнымен қоса, оның кәдімгі теледидар пультінің де өзіндік сызба-нұсқасын жасағанына сенесіз бе? Бұл сонау 1964 жылы болған. Ленинградтық студент Шәкен Чехос-ловакияда өткен өнертапқыштардың халықаралық байқауына қатысады ғой. «Глобус» атты еңбегі кіл мықтылар бақ сынасқан байрақты бәсекеде бас жүлдені қанжығалайды. Одақтық басылымдар жарыса жазған онысы кейінірек Ленинградтағы

көрмеге де қойылады. Өкінішке қарай, «Глобус» қолды болып, жоғалып кетеді. Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті кіріскен іс көп ұзамай ашы-лып, Жапонияның сұғанақ қолдығы әшкере болыпты. Олар қылмыстың өтеуіне авторға жиырма мың рубль төлеген екен. Осылайша өзгелер иеленіп кеткен «Глобусымыз» кейін күллі әлем халқының қолын ұзартты. «Мен бұл жаңалықты 1960-61 жылда-ры академияда оқып жүргенде ашқан едім, - дейді суретшінің өзі бір сөзінде. –Электрониканың техникалық ба-

засы әлі қалыптаспаған болатын. Дүниежүзіндегі барлық телевизор атаулы лампа арқылы жұмыс істейді. Осы лампаларды алмастыру арқылы телевизордың экранын үлкейтетін әдіс ойлап табу туралы халықаралық конкурс жарияланды. Мен үй ішінде айналып тұратын телевизор ой-лап таптым. Оған «Глобус» деп ат қойдым. Оның басты ерекшелігі – үйдің кез-келген бұрышында отырып, пультті басып қалсаңыз, экран өзінен-өзі айналып, сізге қарап тұра қалады».

Page 7: 92 (3149) 2014-08-19

7www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Көзі т іріс інде «Соншалық мақтана қоярлықтай дәнеңем жоқ. Былайғы өмірі аққан судай сыл-дырап өтіп жатқан көп қазақтың бірімін» деп ағынан жарылған даңқты суретші тағдыр теперішін жасы-нан көрген. Шәкен Ниязбековтің ғұмырына қатысты тағы бір айты-ла бермейтін сыр: шежірелі Тараз шаһарында дүниеге келген оның жеке құжатында туған жылы мен ай-күні «1938 жылдың 12 қарашасы» деп жазылған. Ал шындығында ол 1935 жылы туған екен. Яғни, біз қылқалам шеберін бақандай үш жылға жасартып жіберіппіз. Мұның құпиясын Шәкен Ниязбеков өз аузымен былай деп айтқан: «Мен шала туыппын, тіпті, кірпігім де қимылдамайды екен. Ағайын-туғандар «Бұл шақалақ, сірә, адам бола қоймас» деп, куәлік алуға да асықпаған. Құдайдың қуатымен өлмей, тірі қалыппын. Үш жасқа толғанымда әрең тілім шығыпты. Ағайындар: «Ойбай-ау, мына бала өлмейді екен, бұған куәлік алайық!» деп адам санатына қосыпты. Одан кейін бес жасқа толғанға дейін аяғымды баса алмай «мешел бала» атанғаным тағы бар…»

Ө м і р і о с ы л а й б а с т а л ғ а н Ш.Оңласынұлы он екі жасқа толғанда әкесі мен анасы араларына алты ай салып, бір жылда қайтыс болады. Содан кейін ағалы-қарындасты қос мұңлық туыстарынан пана табады. Бұл – соғыстан кейінгі тұрмыстық ахуалдың ауыр тартқан жылдары. Әр шаңыраққа келген қара қағаздың қайғысы әлі сейіле қоймаған тұс. Оңласыннан қалған екі перзентті қарындасы қанатының астына алып, қамқорлық танытып жүрген. Тағдырдың ісіне дауа бар ма? Ол да тосыннан көз жұмады. Қараусыз қалған тұлдыр жетімдерді өкімет интернатқа орналастырыпты.

араға екі жыл салып, осы шаһардағы С у р е т ш і л е р ж ә н е д и з а й н е р -лер академиясына түседі. Мұны табан аудармай алты жыл оқыған суретші дипломын алып, Алматыға оралады. Сол кездегі астанадағы көркемсурет училищесіне оқытушы болып орналасқан Шәкен Ниязбеков Бүкілодақтық жетістіктер көрмесін өткізетін мекеменің бас суретшісі қызметіне тағайындалады. 1970-80 жылдары Қазақ КСР Суретшілер одағын басқарады, Алматы қаласының Бас суретшісі де болады. Осындай лауазымды қызметтерді атқарған суретші шығармашылық табыстар-дан да құралақан емес. «Волоколам бағытында. Генерал И.Панфилов пен Б.Момышұлы», «Құрманғазы», «Көбік шашқан»,«Жамбыл», «Сы-рым Датов», «Ана болу бақыты» сынды көркем полотноларды дүниеге әкелді.

Шәкен Ниязбековтің Мемлекеттік тудың авторы екені әмбеге аян. Ал Қазақстанның бірегей айшықты нышанының нобайы қалай жасалды? Көк байрағымыздағы бейнелер қалай таңдалды? Сындарлы байқаудан, жоғары деңгейдегі талқылаулардан қалай өтті? Бұл сауалдардың жауабын Шәкен Оңласынұлы кешеге дейін әңгімелеп кетті. «Тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдарымыз еді. Президент аппаратынан белгілі тіл жанашыры Ербол Шәймерденов ха-барласып, Мемлекеттік Туға байқау жарияланғанын айтты және оған қатысуымды өтінді. Осыдан кейін, барлық жұмысымды ысырып, тудың жобасына кірісіп кеттім. Мемлекеттік Тудың байқауына бірнеше елден үміткерлер қатысты. Оның ішінде ТМД елдері, Германия, Түркия, Моңғолияның өкілдері де бар.

Күнделікті жейтін ас-ауқаттың өзі мұңға айналған күнде аппақ бор қайдан болсын?! Балалық шағы осын-дай алағай да бұлағай таңдармен дөп келген Шәкең қиялындағы суретті кәдімгі кеуіп қалған ақ балшықпен айшықтайды екен. Бірде интернатта бірге оқитын Виссарион Ли дейтін кәріс досы: «Ленинградтағы сурет салу мектебінде оқысақ қайтеді?» дейді. Қиындықпен жанылған жігердің жемісі ғой, екеуі өмірлерінде көрмеген қалаға бір-ақ күнде тартып кетіп, В.Мухин атындағы жоғары көркемөнер өнеркәсіп училищесіне құжат тапсырады. Өнердің «май-ын ішіп, жілігін шаққан» маман-дар қабылдаған емтиханнан Шәкен өтіп кетеді де, досы сүрінеді. 1958 жылы оқу орнын үздік тәмамдаған ол

Байқауға қатысушыларға жарты жыл уақыт берілді. Ұзақ уақыт ой үстінде, толғаныста жүрдім. Әрине, Мемлекеттік Ту – біздің елдігіміздің, тәуелсіздігіміздің белгісі. Өзгелер біздің туымызға қарап-ақ өткеніміз бен болашағымыздың болмысын түсінсе деген ойда болдым. Талай кітапты ақтардым. Халқымыздың өткен тарихын парақтап шықтым. Өзге елдердің туларын зерттедім» деген еді автор.

Байқауға барлығы 600 үміткер, 1200-ден астам жұмыс қатысады. Ал Шәкен тудың 35-тен астам нұсқасын жасайды. Не керек, соңғы талқылауға бес-алты-ақ тудың жоба-сы өтеді. Солардың ішінен Шәкен Ниязбековтің нұсқасын көрген марқұм Өмірбек Жолдасбеков: «Біз

әр үйінде бір-бір бүркіт бар» деп жазыпты. Далалықтар – сөзсіз, біздің ата-бабаларымыз, қазақтар. Қыран құсты қазақ қана сонау шыңнан балапан кезінде әкеліп, асырайды. Қыранды бағындыру қазақтың ғана қолынан келеді. Сондықтан, біздің Мемлекеттік Туымызда қыран құстың көрініс табуы – заңды нәрсе» деген Шәкен.

1992 жылы 4 маусым күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы

туралы тарихи құжат қабылданды. Екі күннен кейін, 6 маусым күні Алматыдағы Парламент үйі мен Президент резиденциясының дәл маңдайында көк Ту желбіреп тұрды...

Адам баласының фәнидегі игілікті ісі оның шырағы іспетті жанып тұрады деседі. Ал қазақтың Астана-сында, Ақордасында, әр мекемесінде, тіпті, байтақ даласында, түу ғарышта да Шәкеннің шырағы жарқырап тұр.

Асхат РАЙҚҰЛ

іздеп таба алмай отырған ту осы емес пе?» дегенде, жұрт шу ете қалады.

Суретші соңғы кеңес тақағанда ұсынып отырған туына біршама өзгерістер енгізгенін айтқан. Оның естеліктеріне сүйенсек, ондағы ою алғашында қызыл түсті болған, кейін алтын түске ауысты. Күн мен қыран тудың шет жағында еді, оны Елбасының ұсынысымен орта-сына ауыстырады. Міне, Шәкен Ниязбековтің жобасы соңғы кеңестен де сүрінбей өтті!

Бір сөзінде қылқалам шебері «Мемлекеттік Туда үш-ақ мәселе көрініс тапқан. Біріншісі – оның түсі. Екіншісі – ортадағы күн мен қыран. Үшіншісі – қошқар мүйізді ою» дегені есімізде. Авторға «Не себепті қыран құсты таңдадыңыз?» деген сұрақ қойылғаны сол тұста ғой. «1269 жылы Италиядан шығып, қазақ даласын кесіп өтіп, Құбылай ханның ордасына барған, сонда 17 жыл тұрған Марко Поло деген сая-хатшы «Әлемдегі қилы оқиғалар» атты кітабында: «Далалықтардың

Page 8: 92 (3149) 2014-08-19

8www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

30.08 / 11 00 , 12 00

29.08

29-30.08

22.08

29.08

30.08

30.08

30.08

01.09

01.09

01.09

01.09

24.09/ 09 00

24.09/ 15 00

27.09/ 17 00

27.09/ 16 00

27.09/ 16 00

27-29.09/ 09 00

27-31.09/ 09 00

28.09/ 17 00

28-31.09/ 10 00

29.09/ 10 00, 17 00

29.09/ 10 00

29.09/ 16 00

29.09/ 10 00

30.09/ 10 00

30.09/ 10 00

27.08

27.08

27.08

28.08

28.08

28.08

28.08

29.08

28-29.08

29.08

29.08

29.08

30.08

30.08

01.09

10-30.08

14-29.08

20.08-10.09

ТАМЫЗ

Page 9: 92 (3149) 2014-08-19

9www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

3

15 ()

15 ( )

15 ( )8

3

15 ()

15 ( )

15 ( )8

Page 10: 92 (3149) 2014-08-19

10www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

________________________

12.08.2014

______________________

3

15 ()

15 ( )

15 ( )8

3

15 ()

15 ( )

15 ( )8

3

15 ()

15 ( )

15 ( )8

Page 11: 92 (3149) 2014-08-19

11www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КМК-ге хабарласыңыз! Мекенжайы:

Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3, Бизнес-орталық ғимаратының 2-қабаты.

104,5,14,34 автобустарымен келуге болады. Анықтама алу телефоны:

57-88-88.

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

Ò

______________________________________

12.08.2014

12.08.2014 279/39-V

№ 110-1028 20.06.2014 № 252/36-V 27.06.2014

Page 12: 92 (3149) 2014-08-19

12www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Астана биыл да осы айтулы күнді айрықша атап өтті. Спорт күніне арналған шара-лар 12 тамыз күнінен-ақ басталып кетті. Шаралардың алғашқысы қазақ күресінен әйелдер арасындағы қалалық чемпионат болды.

Елбасы Жолдауындағы меженің бірі – 2020 жылға дейін бұқаралық спортпен айналысатын қазақстандықтардың санын 30 пайызға дейін

жеткізу болып айқындалғаны белгілі. Осы рет-те Астана қаласында бұқаралық спортқа ден қойған тұрғындар қатары күн санап көбеюде. Спорт күніне арналған барлық шараның басым бөлігі осы бұқаралық спортқа бағытталды. Атап айтсақ, Алматы және Сарыарқа аудан-дарында тұрғындар арасындағы «Көңілді старт» жарысы, көру қабілеті шектеулі адамдар арасындағы «100 шаршылы дойбы» бойынша ашық біріншілік, әуесқойлар арасында үстел теннисінен, шағын-футболдан, алғаш рет жағажай волейболынан турнирлер, теннистен

әуесқойларға, 12 жасқа дейінгі балаларға және ардагерлерге арналған турнирлер, шахмат-тан, тоғызқұмалақтан блицтурнирлер, тағы басқа көптеген жарыстар өз деңгейінде жақсы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Толқын» спорт кешенінде академиялық есуден, бай-дарка мен каноэ есуден, желкен спортынан біріншіліктер өтті.

Спорт күні қарсаңында арнайы өткізілген бірнеше дәрежелі додалар да бар. Солардың қатарында Муайтайдан ересектер арасындағы Қазақстан кубогын, жасөспірімдер арасында

каратэ-додан Астана қаласының чемпионатын және 2005-2006 жылы туған балалар арасында футболдан Астана қаласының біріншілігін ерекше атауға болады.

Астаналықтар мен қала қонақтары 17 тамыз күні «Дәулет» ұлттық теннис орталығында Спорт күніне арналған салтанатты шараға куә болды. Шараны ашып берген ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы барша қазақстандықтарды Спорт күні кәсіби мерекесімен құттықтады.

Министр Қазақстанның спорт саласындағы

жарқын жетістіктер мен алдағы үлкен мақсаттар жайында айта келіп: «Бүгін спортшылар мен жаттықтырушылар үшін ғана емес, дене тәрбиесі мен спортты насихаттайтын барша қазақстандықтар үшін ерекше мереке. Еліміздің намысын қолдан бермей, даңқын еселеп жүрген ұл-қыздарымызды барынша қолдап, лайықты деңгейде бағалай білу біздің ұдайы назарда ұстайтын игі ісіміздің бірі болмақ» деп сөзін түйіндеді.

Шара барысында спортсүйер қауым атақты Жақсылық Үшкемпіровпен және Қазақстан ба-рысы – Мұхит Тұрсыновпен жүзбе-жүз кездесті және таэквондо мен бірнеше спорт түрлерінен шеберлік көрсетілімдерге куә болды. Солардың ішінде «Bar Bars» клубының стрит-воркаут бойынша көрсеткен өнерлері көпшіліктің көңілінен шықты. Ұжымдық жаттығулардан соң қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды.

Ос ы н д а й шара л ар а р қ ы л ы қ а л а д а ғ ы бұқаралық спортқа бет бұрушылар еселене түсері анық. Салауатты өмір салтын наси-

хаттап, жастардың белсенді дене шынықтыру мәдениетін қалыптастыруға Астанадағы игі істер көп септігін тигізеді. Өткен жолы Аста-нада қала тұрғындарын жұмылдырған бірнеше велошерулер болды. Сол велошеруге көпшілікті қала әкімінің өзі бастап шықты. Жас қаланың жұрты да спортқа бейім. Қалада бой көтеріп жатқан қаншама спорт орындары болашақ жеңімпаздарды биікке жетелейді. Астана – еліміздегі көптеген ұғымдардың анықтамалығы, сонымен қатар, Астана – спорт қаласы.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ