7

baldauren-kapchagay.kzbaldauren-kapchagay.kz/uploads/BaldaurenDarynyKz.docx · Web view6. Қатысушы командалар жетекшілері Байқаудың қорытынды

  • Upload
    others

  • View
    5

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: baldauren-kapchagay.kzbaldauren-kapchagay.kz/uploads/BaldaurenDarynyKz.docx · Web view6. Қатысушы командалар жетекшілері Байқаудың қорытынды
Page 2: baldauren-kapchagay.kzbaldauren-kapchagay.kz/uploads/BaldaurenDarynyKz.docx · Web view6. Қатысушы командалар жетекшілері Байқаудың қорытынды

6. Қатысушы командалар жетекшілері Байқаудың қорытынды кезеңінің өткізілу орнына дейін және кері қайту жолындағы, оның өткізілуі барысындағы қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін толық жауапкершілікте болады.

III. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

7. Байқауды дайындау мен өткізу бойынша жұмысты координациялау және жүзеге асыру үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.

8. Ұйымдастыру комитеті Байқаудың қорытынды кезеңін дайындауға және өткізуге тікелей басшылықты жүзеге асырады, қазылар алқасының құрамын, Байқаудың қорытынды кезеңін өткізу бағдарламасын, қатысушы- командалардың тізімін бекітеді.Байқаудың қорытындысын шығарады және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттайды. Жүлдегерлер тізімін «Балдәурен-Қапшағай» сайтына орналастырады.

9. Қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын тексереді және бағалайды, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.

10. Байқау екі кезеңде өткізіледі: 2 1) бірінші кезең (іріктеу) –ағымдағы жылдың 24 мамырына дейін «Балдәурен-Қапшағай» РОСО өткізіледі; 2) екінші кезең – республикалық қорытынды (тікелей) ағымдағы жылдың 3-5 маусымы аралығында «Балдәурен-Қапшағай» РОСО базасында өткізіледі;

11. Қорытынды кезеңде - зерттеу және жоба жұмыстары қорғалады. Қорғауға авторға (бірлескен авторға) баяндама үшін 8-10-минут уақыт беріледі.

12.Байқаудың іріктеу кезеңіне республиканың білім беру мекемелерінен іріктелген, құрылған құрама командалардан жас ерекшеліктеріне сәйкес әрбір бағытқа зерттеу жұмысы немесе жобасын (кіші жастағы топ - 2-4 сыныптар, ересек жастағы топ - 5-8 сыныптар) және әр топтан бір жетекші ұсынады.

13. Байқаудың республикалық іріктеу кезеңіне тіркелу ағымдағы жылдың 24-мамырына дейін ұйымдастыру комитетіне жазбаша өтінімдер негізінде жүзеге асырылады (1-қосымша).

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Алматы облысы, Қапшағай қаласы, Қапшағай суқоймасының солтүстік-батыс жағалауы, «Балдәурен-Қапшағай» РОСО, тел. 8-727-727-90-70, 8-777-684-39-60,e-mail: [email protected]

14. Қорытынды кезеңге өткен қатысушылардың толық тізімі «Балдәурен-Қапшағай» РОСО-ның сайтына орналастырылады: www.baldauren-kapchagay.kz

15. Байқауға ұсынылған жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

16. Аппеляция қарастырылмайды.

Page 3: baldauren-kapchagay.kzbaldauren-kapchagay.kz/uploads/BaldaurenDarynyKz.docx · Web view6. Қатысушы командалар жетекшілері Байқаудың қорытынды

17. Зерттеу жұмыстары мен жобаларды қорғау слайд түрінде (егер макет болған жағдайда макет арқылы) өткізіледі. Қатысушы жұмысының электронды нұсқасын өзінде ұстауы тиіс. Үшінші күні Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау және қорытындылау.

18. Байқаудың қорытынды кезеңін өткізу барысында команда жетекшілері үшін кіші және орта буындағы оқушылардың зерттеу және әлеуметтік жобалар мәселелері бойынша семинар жоспарланған.

IV. Байқауға ұсынылатын жұмыстардың ресімделуіне қойылатын талаптар

19. Байқауға 2-8 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары келесі бағыттар бойынша қабылданады:

1-бағыт:«Тілдердің үштұғырлығы» (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі);

2-бағыт:«Көркем әдебиет» (қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті);

3-бағыт:«Сандық ресурстар» (математика, қолданбалы математика);

4-бағыт:«Ғаламшар ғажайыптары» (физика, космос, техника);

5-бағыт:«Адам денсаулығы» (биомедицина, медицина);

6-бағыт: «Туған жерге тағзым»(тарих, өлкетану, дүниетану, этномәдениеттану);

7-бағыт: «Жаратылыстану ғылымдары» (химия, биология,жаратылыстану, экология);

8-бағыт: «Ақпараттық технологиялар» (информатика, робототехника);

9-бағыт:«Астанаға -20 жыл» (көркем еңбек, архитектура,)

10-бағыт: «Әлеуметтік жобалар» (барлық сала бойынша).

20. Әрбір бағыт бойынша зерттеу жұмыстары теориялык, эксперименттік, ойлап тапқыштық негізде болады. Жұмыс қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады. Жұмыстың көлемі 15 беттен аспауы керек. Беттерін нөмірлеу және жиегін қалдыру міндетті.

21. Әрбір жұмыста таңдалған тақырыптың мақсаты мен пайдалылығы, автордың қосқан үлесі, нәтижесі, құндылығы мен кемшілігі көрсетілген жетекшісінің және маманның пікірі болуы керек.

22. Жұмысты ресімдеуге қойылатын талаптары:

1) жұмыс мәтіні компьютерде WORD, 14 әріп, 1,5 жоларалық, солдан шегініс – 2см терілген болуы және мыналардан тұруы керек: - титул парағы; - мазмұны; - түйіндеме (аннотация) – жұмыстың негізгі мазмұнын қысқаша баяндау (жұмыстың қандай тілде жазылуына байланысты); - кіріспе – жұмыстың өзектілігін көрсетеді және тақырыпты, оның мақсаты мен

Page 4: baldauren-kapchagay.kzbaldauren-kapchagay.kz/uploads/BaldaurenDarynyKz.docx · Web view6. Қатысушы командалар жетекшілері Байқаудың қорытынды

міндеттерін, өткізу орнын таңдауын негіздейді; - негізгі бөлім: материалдар мен зерттеу әдістері; эксперименттік бөлім; жұмыстың қорытындысы мен оны талқылау; - әдебиеттерге шолу жасау зерттеу мәселесі бойынша (отандық және шетелдік) әдеби мағұлматтарға қысқаша талдау жасап тұрады; - қорытынды (тұжырымдамалар, ұсыныстар); - қолданылған әдебиеттер тізімі.

2) титул парағында мыналар көрcетіледі: - жұмыс орындалған білім беру ұйымының толық атауы; - жұмыстың тақырыбы; - бағыты; - орындаушы (аты-жөні, сыныбы, мектебі, (қаласы) ауданы, облысы); - жұмыстың жетекшісі (аты-жөні, ғылыми дәрежесі, қызметі, жұмыс орны); - жұмыс орындалған жыл.

23. Байқаудың қорытынды кезеңінде қатысушылар өз зерттеу жұмыстарын және шығармашылық жобаларын қорғау үшін көрнекі материалдар, сызбалар, суреттер немесе макеттер дайындаулары қажет.

V. Жеңімпаздарды қорытындылау және марапаттау

24. Байқау жұмыстарын бағалау келесі белгілер бойынша жүзеге асырылады:

- жұмысты орындаудағы жеке орындаушылық деңгейі (авторлық ұжымның әр мүшесінің қосқан үлесі);

- шығармашылығы, өзіндік ізденіс нәтижесі;

- тақырыпты аша білу қабілеті мен зерттеутереңділігі;

- сұрақтарға жауаптардың толықтығы;

- уақыт регламентін сақтауы.

25. Байқауды қорытындылау финалды өткізу барысында жүзеге асырылады. Жеңімпаздар әрбір секция бойынша екі жас тобы бойынша анықталады:

1) 2-4 сынып оқушылары;

2) 5-8 сынып оқушылары.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Балдәурен-Қапшағай» РОСО-ның I, II, III дәрежелі дипломдарымен және грамоталарымен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

VI. Қаржыландыру

26. Іс-шараны қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асырылады.

27. Байқауға қатысушылар мен жетекшілердің іссапар шығындары (тамақтануы, жатын орны және келу/кету жолы, экскурсия шығындары және ұйымдастыру жарнасы жеке қатысушыға-5000 (бес мың теңге), егер командалық жұмыста-8000 (сегіз мың теңге) екі қатысушы болған жағдайда) жіберуші жақтың есебінен төленеді.

Page 5: baldauren-kapchagay.kzbaldauren-kapchagay.kz/uploads/BaldaurenDarynyKz.docx · Web view6. Қатысушы командалар жетекшілері Байқаудың қорытынды

Республикалық «Балдәурен дарыны» байқауына қатысуға

ӨТІНІМ парағы

ОблысАудан, қала Ауыл Білім беру ұйымы атауыҚатысушының Тегі, Аты, Әкесінің аты толығыменБайланыс телефоны (үй, ұялы)Сыныбы Оқу тілі Бағыты Зерттеу жұмысы немесе әлеуметтік жоба (жұмыс) тақырыбы Жұмысқа қысқаша аннотацияЖетекшісінің аты-жөні Байланыс телефоны (үй, ұялы) электронды поштасыҒылыми жетекшісінің аты-жөні