14
№64 (28792) 6 СƏУІР СƏРСЕНБІ 2016 ЖЫЛ АҚПАРАТТАР аєыны Елімізде 2020 жылға дейін 7 мың шақырым жол жөнделмек. «ҚазАвтоЖол» ҰК басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Əліповтің айтуынша, бұл жолдар алдағы 4 жылда «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында жүзеге аспақшы. Ол үшін мемлекеттік бюджеттен 27 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген. Қазақстанның мұнай- сервистік компаниялары одағына Малайзияның Hadid Engineering компа- ниясы енді. Ол үшін аталған одақ пен шетелдік кəсіпорын басшылығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойыл- ды. Мамандардың пікірінше, малайзиялық компанияның одаққа енуі бизнесті басқару саласына инвестицияның жəне жаңа технологиялардың жеткізілуіне, сондай-ақ, эко- номикалық ойлаудың дамуына септігін тигізбек. Астанада құны 25 млрд. теңгеден асатын 5,5 мың нысан заңдастырылды. Бұл заңдастыру жəне мүлікті жария ету акциясы аясында жүзеге асты. Сондай-ақ, бүгінгі күні қалада 127 млрд. теңгеден астам қаражатты заңдастыру жөнінде 59 декларация ұсынылып отыр. Иран кəсіпкерлері Ақтөбе облысында қой ша- руашылығын дамытпақ. Осы ретте облыс əкімі Бердібек Сапарбаев пен «Агро Ай Групп» серіктестігінің бас директоры Тавакол Эбрахими кездесіп, бизнес- қоғамдастықтарының ын- тымақтастық перспектива- ларын талқылады. Өз кезегінде ирандықтар 40 гектар жылы- жай мен мал шаруашылығын дамытуға арналған ферма салуға ниетті екенін атап өтті. Ақмолада 1,8 миллион тонна астық экспортқа шы- ғарылды. Облыс əкімі Сер- гей Кулагиннің айтуынша, өткен жылғы ауа райының қолайсыздығына қарамастан, тұтастай алғанда, облыс тиісті агротехникалық шара- ларды өз деңгейінде өткізу ар- қылы егіннің орташа шығым- дылығын гектарына 11,6 цент- нерге жеткізген. Ал қамбаға 4,7 миллион тонна астық құйылған. Қызылордада аутизм- мен ауыратын балаларға арналып оңалту орталығы ашылмақшы. Əзірге Сыр өңірінде Бүкілəлемдік аутизм туралы ақпарат тарату күніне орай алғаш рет марафон ұйымдастырылды. Айта кетейік, бүгінде аймақта 23 бала аталған дертке шалдық- қан. Шығыс Қазақстанда балаларға арналған ойын- сауық орталығы ашыл- ды. Орталық Курчатов қала- сында «Бизнестің жол кар- тасы-2020» мемлекеттік бағ- дарламасының бірінші ба- ғыты бойынша жүзеге асты. Жоба – жергілікті кəсіпкердің бастамасы. Демалыс нысаны 120 млн. теңгеге салынды. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды. Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан». Alatau Invest Capital мен Қостанайдағы AllurGroup компа- ниясы арасында инвестиция тар- ту жəне стратегиялық серіктестік жөніндегі меморандумға қол қойылды. Екіжақты меморандум жолаушылар автомобильдері, жеңіл коммерциялық жəне ауыр жүк машиналары, автобустар өндірісін ілгерілету, Қостанайда жалпы ауданы 400 гектар бо- латын индустриялық аймақты дамыту, ғылыми-зерттеу жəне конструкторлық база құру бағыттарына инвестиция тарту мəселелерін қамтиды. – Біз ең ірі қазақстандық AllurGroup инновациялық ком- паниясымен Қостанайдың индус- триялық аймағы аясында ав- токөлік өндірісін дамыту үшін бірлесіп жұмыс істейміз. Бұл толық орындалатын міндет. Мы- салы, SsangYong Nomad марка- лы автомобильдердің отандық бөліктері бүгіннің өзінде шамамен 40 пайызға жетті, коммерциялық модельдерде бұл деңгей 50 пай- ыз болады. Біз Қазақстанда өндірілетін қосалқы бөлшектердің түрін көбейтпекпіз, демек, біздің елімізде шығарылатын автомо- бильдердің қазақстандық бөлігін арттырсақ дейміз, – деді Alatau Invest Capital-дың басқарушы серіктесі Қайрат Сатыбалдыұлы. AllurGroup директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевтің айтуынша, ком- пания 2018 жылдан бастап Қостанайдағы индустриялық аймақ аясында, соның ішінде экспортқа шығару үшін жылына 40 мың автомобиль құрастыруды жоспарлап отыр. – 2022 жылға дейін өнім шығарудың ортақ көлемі 700 мил- лиардтан астам теңгені құрайды, оның ішінде 7 жылдың ішінде тек экспорт көлемі шамамен 418 мил- лиард теңге болады. Бұл жоспар- ларды іске асыру үшін 500-ден астам жаңа білікті жұмыс орнын құру қажет болады, ал жергілікті өндіріс деңгейі 50 пайызға жетеді, – деді Андрей Лаврентьев. Меморандумға қол қою шарасына қатысқан Қостанай облысының əкімі Архимед Мұхамбетов инвестиция тарту жөніндегі меморандум зауыт жұмысына жаңа серпін беретінін айтты. – Индустрияландыру бағ- дарламасы бойынша облыста 81 инвестициялық жоба жүзеге асырылады, соның ішінде 4 жоба автомобиль жасау ісіне қатысты. AllurGroup зауыттары тұрақты дамып келеді, олар өндірісті ретке келтіріп, автомобиль жасауды да- мытуда инвестиция тартып қана қоймай, бүкіл аймақтың дамуына жағдай жасайды», – деді Архимед Мұхамбетов. Аталған жобалар Кеден одағы елдерінде ғана емес, халықаралық нарықта Қазақстанның бəсекеге қабілеттілігін арттыруға бағыт- талған. ҚОСТАНАЙ. Alatau Invest Capital машина ќўрастыру ґндірісін ќолдайды Қазақстан Президентінің мақаласы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит аясында АҚШ- тың The Hill атты күнделікті саяси газетінде жарияланды. Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, іс-шара аясында өткен кездесулер қауіпті ядролық ма- териалдар айналымын бақылау мəселесіндегі ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтерді, ал АҚШ Президенті Барак Обаманың осы саммиттерді шақырудағы көш- басшылығы ядролық қауіпсіздікті нығайту ісіне нақты үлес қосты. «Дегенмен, саммиттер серия- сының қорытындысын шығара отырып, халықаралық қоғам- дастық ядролық қатер азайма- ғанынның, керісінше ұлғайып бара жатқанын мойындауы тиіс. Трансұлттық террорлық ұйым- дардың өсіп-жетілуі жəне өңірлік қақтығыстар ескеруге тиіс жаңа проблемаларды тудыруда», – делінген мақалада. Нұрсұлтан Назарбаев Кеңес Одағынан қуаты жөнінен əлемдегі төртінші ядролық арсеналға ие болып қалған Қазақстанның тəжірибесіне назар аударды. «Жері ядролық қару сынау үшін полигон ретінде пайдаланылған, 500 ядролық сынақтың салда- рынан 1,5 миллионнан астам азаматы мен ауқымды терри- ториясы радиацияға ұшыраған еліміздің тарихи тəжірибесі бізді қауіпсіздікті басқаша түсінуге алып келді», – деп атап өтті Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы Қазақстан халқының қолдауы арқасында кеңестік Семей ядролық полигоны жабылғанын, содан кейін еліміз өз аумағындағы барлық ядролық қарудан бас тартқанын айтты. «Қару жəне ядролық мате- риалдар қорын жою өңірімізге қауіпсіздік пен тұрақтылық əкелді. Алайда, əлдеқайда берік қауіпсіздік барлық тараптың өзара қауіпсіздігіне бағытталған құ- рылымдар арқылы ғана қамтама- сыз етілуі мүмкін», – делінген мақалада. Нұрсұлтан Назарбаев мұндай үдеріс Орталық Азияда сенім шараларын жүзеге асырудан басталғанына назар аударды. Бұл ынтымақтастық кейіннен Орталық Азияны ядролық қарудан ада өңір ретінде жариялауға ықпал етті, нəтижесінде өңір барынша тұрақты бола түсті. «Ядролық қару бұдан бы- лай Орталық Азияда ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторы болып саналмайды», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы еліміздің тəжірибесі ядролық қару мəселесін барынша кеңінен талқылау үшін жағдай жасауға мүмкіндік бергенін айтты. Қазақстанның бірегей тарихы Иранның АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция жəне Германиямен ядролық проб- лема бойынша келісім əзірлеу жөніндегі бастапқы келіссөздеріне септігін тигізді. Бұл ретте Қазақстан Президенті алаңдаушылық тудырып отырған жайттың – қару жасауға мүмкіндік беретін деңгейге дейін уранды ба- йыту ісінің тамырына балта шабу қажеттігін айрықша атап өткен. Бұл үшін Қазақстандағы Атом энергиясының халықаралық агент- тігі тарапынан төмен байытылған уранның əлемдегі тұңғыш банкі құрылуда, ол ядролық отынды кез келген елге жеткізуді сенім- ді түрде қамтамасыз етіп, сол арқылы байытуға арналған баға- сы қымбат тұратын жəне тұрақ- сыздандыратын қондырғыларды əзірлеу мен жасауға деген қажет- тілікті жояды. Нұрсұлтан Назарбаев ядролық сынақтардың барлығына тый- ым салу қажеттігін тағы да атап айтты. «Біріккен Ұлттар Ұйымы 29 та- мызды, Семей полигоны жабылған күнді Ядролық сынақтарға қарсы күрестің халықаралық күні деп жариялады. Қазақстандағы ядро- лық сынақтардың ауыр салдар- лары жəне Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт- тың (ЯСЖТШ) тезірек күшіне ену қажеттігі туралы біз баста- машылық еткен АТОМ жоба- сында халықаралық деңгейде айтылған, оның идеяларына 100-ден астам елдің қарапайым тұрғындары қолдау көрсетті», – делінген мақалада. Жапониямен бірге ЯСЖТШ жөніндегі шолу конференция- сының тең төрағасы ретінде Қазақстан бұл мəселе бойын- ша ілгерілеушілікке қол жеткізу үшін жұмыс жүргізуге ниетті. Нұрсұлтан Назарбаев барлық мемлекеттерді, əсіресе, ЯСЖТШ- ның күшіне енуіне ықпал ететін елдерді жауапкершілік танытып, тиісті қадамдар жасауға шақырды. «Сынақтарға тыйым салу бар- лық мəселені өзінен өзі шешпейді. Бірақ келісімнің күшіне енуі біздің əлемдегі ядролық қаруды жою жөніндегі түпкілікті мақсат жолындағы тағы бір елеулі қадам болмақ», – деп түйіндеді Мемлекет басшысы. Малайзияныѕ «жасыл» технологиялары Қайрат ƏБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан». Қарағанды облысында су тасқынының алдын алу шаралары қызу жүріп жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің маман- дары мен əкімдік қызметкерлері, тіпті жер-жердегі тұрғындардың өзі жағдайды күндіз-түні бақылап, не нəрсеге болса да сақадай сай отыр. Бірақ, соған қарамастан, қарғын судың ырыққа көнбей, тосын мінез танытып жатқан оқиғалары оқтын-оқтын естіліп қалып жатыр. Мəселен, Шет ауданындағы Нұра- Сарысу бассейнінің Төменгі Нарбақ су қоймасында бөгет бұзылып, республикалық маңыздағы «Қызылорда – Павлодар» жо- лының 796 шақырымы тұсында асфальттің 5-6 метр бөлігін су шайып кетті. Тиісті орындардың мамандары аталған жолда автокөліктердің барлық түрле- рінің қозғалысына шектеу қойды. Қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында жол бойына бекет те орнатылған. Қазір су Жаңаарқа ауданындағы Сарысу өзені аң- ғарында орналасқан Бидайық су қоймасына кетіп жатыр. Бұдан əрі артық су табиғи жолмен Сарысу өзеніне құйылады. Сондай-ақ, өңірдегі Шерубай- Нұра жəне Мойынты өзендерінде де су көтеріліп, елді мекендерді су алу қаупі сақталып отыр. Дегенмен, төтенше жағдайлар жөніндегі ма- мандар жағдайды толық бақылауда ұстап отырмыз деп сендірді. Қазіргі уақытта облыста күрт еріген қар суының жолын аршу бойынша шұғыл жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл іске құтқару қызметі мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмылдырылған. Қарағанды облысы. Ќарєын су ќатаѕ баќылауда тўр ЯДРОЛЫЌ ЌАТЕР ЌАЙТСЕ АЗАЯДЫ? Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит: ілгері бастаған жол» мақаласы туралы хабарлады. «ƏЛЕМ. ХХІ ЄАСЫР» МАНИФЕСІ Бұған дейін хабарланға- нындай, Америка Құрама Штаттарының астанасы – Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит аясында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Əлем. ХХІ ғасыр» манифесі жарияланған болатын. Бұл мани- фест Қазақстан басшысының Карнеги қорының штаб-пəтерінде АҚШ-тың қоғам жəне саяси қайраткерлерімен өткен кездесуі кезінде жан-жақты талқыланған еді. Бүгінде манифесті халықаралық қоғамдастық, сондай-ақ, өз еліміздің жұртшылығы да зор серпіліспен құп алып отыр. «Əлем. ХХІ ғасыр» манифесіне қазақстандықтардың үнқосуын 2, 3, 4, 5, 6, 7 беттерден оқи аласыздар. Жақында ЭКСПО-2017 халықаралық ма- мандандырылған көрмесінің комиссары Рəпіл Жошыбаевтың Малайзияға сапары болды. Тасқынға – тосқын Фракцияныѕ алєашќы жиналысы Парламент Мəжілісінде Төрағаның орынбасары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі Гүлмира Исімбаева- ның төрайымдығымен «Нұр Отан» партиясының Мəжілістегі фракциясының алғашқы жина- лысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Сапар бары- сында Малайзия Министрлер ка- бинетінің бас хатшысы Али Хамсамен, Энергетика, жасыл технологиялар жəне су ресурс- тары министрлігінің бас хатшы- сы – «ЭКСПО-2017» Малайзия бөлігінің комиссары Лу Джимен, жергілікті ғылыми жəне іскер топтардың өкілдерімен кездесу- лер ұйымдастырылды. Малайзия үкіметінің ғи- маратында өткен кездесу- де А.Хамса мен Р. Жошыбаев екі елдің сауда-инвестициялық жəне ғылым салаларындағы ынтымақтастығына қатысты өзекті мəселелерді, оның ішінде «жасыл» технологиялар мен «ЭКСПО-2017»-ге малайзиялық туристерді тарту бағыты бой- ынша мəселелерді, сондай-ақ, халықаралық мамандандырылған көрмеге малайзиялық компа- нияларды кеңінен қатыстыру мүмкіндіктерін талқылады. Бас хатшы Астанада көрменің өтуі технологиялық ағын мен ғы- лыми базаның нығаюына септігін тигізіп, Қазақстанның халық- аралық сахнадағы беделін артты- руға оң ықпал ететінін атап өтті. Фракция жетекшісі Гүлмира Исімбаева: «Ағымдағы жылдың 24 наурызында Елбасы, пар- тия Төрағасы Н.Ə.Назарбаев Саяси кеңес бюросының оты- рысында жəне фракция жина- лысында партия мен депутаттар корпусының негізгі міндеттерін атап өтті. Естеріңізге салып өтейін. Біріншіден, Үкіметпен бірлесе отырып, Бес институт- тық реформаны іске асыру жө- ніндегі Ұлт Жоспарын заңна- малық қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыру; екіншіден, партияның сай- лауалды бағдарламасын сапа- лы жəне уақтылы іске асыруды қамтамасыз ету; (Соңы 10-бетте). (Соңы 10-бетте).

«ƏЛЕМ. ХХІ ЄАСЫР» МАНИФЕСІ · №64 (28792) 6 СƏУІР СƏРСЕНБІ 2016 ЖЫЛ АҚПАРАТТАР аєыны Елімізде 2020 жылға дейін

  • Upload
    others

  • View
    8

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: «ƏЛЕМ. ХХІ ЄАСЫР» МАНИФЕСІ · №64 (28792) 6 СƏУІР СƏРСЕНБІ 2016 ЖЫЛ АҚПАРАТТАР аєыны Елімізде 2020 жылға дейін

№64 (28792)6 СƏУІР

СƏРСЕНБІ2016 ЖЫЛ

АҚПАРАТТАРаєыны● Елімізде 2020 жылға

дейін 7 мың шақырым жол жөн делмек. «ҚазАвтоЖол» ҰК басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Əліповтің ай туынша, бұл жолдар алда ғы 4 жылда «Нұрлы Жол» бағ дар ламасы аясында жүзеге аспақ шы. Ол үшін мемлекеттік бюджеттен 27 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген.

● Қазақстанның мұнай-сервистік компаниялары одағына Малайзияның Hadid Engineering компа-ниясы енді. Ол үшін аталған одақ пен шетелдік кəсіпорын б а с ш ы л ы ғ ы а р а с ы н д а ынтымақтастық ту ралы меморандумға қол қойыл-ды. Мамандардың пікірінше, малайзиялық компанияның одаққа енуі бизнесті басқару саласына инвестицияның жəне жаңа технологиялардың жеткізілуіне, сондай-ақ, эко-но микалық ойлаудың дамуына септігін тигізбек.

● Астанада құны 25 млрд. теңгеден асатын 5,5 мың нысан заңдастырылды. Бұл заң дастыру жəне мүлікті жария ету акциясы аясында жүзеге асты. Сондай-ақ, бүгінгі күні қала да 127 млрд. теңгеден астам қара жатты заңдастыру жөнінде 59 декларация ұсынылып отыр.

● Иран кəсіпкерлері Ақтөбе облысында қой ша-руа шылығын дамытпақ. Осы ретте облыс əк імі Бердібек Сапарбаев пен «Агро Ай Групп» серіктестігінің бас директоры Тавакол Эбрахими кездесіп, бизнес-қоғамдастықтарының ын-тымақтастық перспек тива-ларын талқылады. Өз кезегінде ирандықтар 40 гектар жылы-жай мен мал шаруашылығын дамытуға арналған ферма салуға ниетті екенін атап өтті.

● Ақмолада 1,8 миллион тонна астық экспортқа шы-ғарылды. Облыс əкімі Сер-гей Кулагиннің айтуынша, өт кен жылғы ауа райының қолай сыз дығына қарамастан, тұтастай алғанда, облыс тиісті агротехникалық ша ра-ларды өз деңгейінде өткізу ар-қылы егіннің орташа шы ғым-дылығын гектарына 11,6 цент-нерге жеткізген. Ал қамбаға 4,7 миллион тонна астық құйылған.

● Қызылордада ау тизм-мен ауыратын балаларға арна лып оңалту орталығы ашыл мақшы. Əзірге Сыр өңірінде Бүкілəлемдік аутизм туралы ақ парат тарату күніне орай алғаш рет марафон ұйымдастырылды. Айта кетейік, бүгінде аймақта 23 бала аталған дертке шал дық-қан.

● Шығыс Қазақстанда ба лаларға арналған ойын-сауық орталығы ашыл-ды. Орталық Курчатов қала-сында «Бизнестің жол кар-тасы-2020» мемлекеттік бағ-дарламасының бірінші ба-ғыты бойынша жүзеге асты. Жоба – жергілікті кə сіп кер дің бас тамасы. Демалыс ны са ны 120 млн. теңгеге салын ды.

Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары,

«ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының

деректері бойынша дайындалды.

Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА,«Егемен Қазақстан».

Alatau Invest Capital мен Қостанайдағы AllurGroup компа-ниясы арасында инвестиция тар-ту жəне стратегиялық серіктестік жөніндегі меморандумға қол қойылды. Екіжақты меморандум жолаушылар автомобильдері, жеңіл коммерциялық жəне ауыр жүк машиналары, автобустар өндірісін ілгерілету, Қостанайда жалпы ауданы 400 гектар бо-латын индустриялық аймақты дамыту, ғылыми-зерттеу жəне конс трукторлық база құру бағыт тарына инвестиция тарту мəселелерін қамтиды.

– Біз ең ірі қазақстандық AllurGroup инновациялық ком-паниясымен Қостанайдың индус-триялық аймағы аясында ав-токөлік өндірісін дамыту үшін бірлесіп жұмыс істейміз. Бұл толық орындалатын міндет. Мы-салы, SsangYong Nomad марка-лы автомобильдердің отандық бөліктері бүгіннің өзінде шамамен 40 пайызға жетті, коммерциялық модельдерде бұл деңгей 50 пай-ыз болады. Біз Қазақстанда өндірілетін қосалқы бөлшектердің түрін көбейтпекпіз, демек, біз дің елімізде шығарылатын авто мо-бильдердің қазақстандық бөлігін арттырсақ дейміз, – деді Alatau Invest Capital-дың басқарушы серіктесі Қайрат Сатыбалдыұлы.

AllurGroup директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевтің айтуынша, ком-пания 2018 жылдан бастап Қостанайдағы индустриялық аймақ аясында, соның ішінде экспортқа шығару үшін жылына

40 мың автомобиль құрастыруды жоспарлап отыр.

– 2022 жылға дейін өнім шығарудың ортақ көлемі 700 мил-лиардтан астам теңгені құрайды, оның ішінде 7 жылдың ішінде тек экспорт көлемі шамамен 418 мил-лиард теңге болады. Бұл жоспар-ларды іске асыру үшін 500-ден астам жаңа білікті жұмыс орнын құру қажет болады, ал жергілікті өндіріс деңгейі 50 пайызға жетеді, – деді Андрей Лаврентьев.

Меморандумға қол қою шарасына қатысқан Қостанай облы сының əкімі Архимед Мұхам бетов инвестиция тарту жөніндегі меморандум зауыт жұмысына жаңа серпін беретінін айтты.

– Индустрияландыру бағ-дар ламасы бойынша облыста 81 инвестициялық жоба жүзеге асы рылады, соның ішінде 4 жоба автомобиль жасау ісіне қатысты. AllurGroup зауыттары тұрақты

дамып келеді, олар өндірісті ретке келтіріп, автомобиль жасауды да-мытуда инвестиция тартып қана қоймай, бүкіл аймақтың дамуына жағдай жасайды», – деді Архимед Мұхамбетов.

Аталған жобалар Кеден одағы елдерінде ғана емес, халықаралық нарықта Қазақстанның бəсекеге қабілеттілігін арттыруға бағыт-талған.

ҚОСТАНАЙ.

Alatau Invest Capital машина ќўрастыру ґндірісін ќолдайды

Қазақстан Президентінің мақаласы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит аясында АҚШ-тың The Hill атты күнделікті саяси газетінде жарияланды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, іс-шара аясында өткен кездесулер қауіпті ядролық ма-териалдар айналымын бақылау мəселесіндегі ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтерді, ал АҚШ Президенті Барак Обаманың осы саммиттерді шақырудағы көш-басшылығы ядролық қауіпсіздікті нығайту ісіне нақты үлес қосты.

«Дегенмен, саммиттер се рия-сының қорытындысын шы ғара отырып, халықаралық қоғам-дастық ядролық қатер азайма-ғанынның, керісінше ұлғайып бара жатқанын мойындауы тиіс. Трансұлттық террорлық ұйым-дардың өсіп-жетілуі жəне өңірлік қақ тығыстар ескеруге тиіс жаңа проб лемаларды тудыруда», – делін ген мақалада.

Нұрсұлтан Назарбаев Кеңес Одағынан қуаты жөнінен əлемдегі төртінші ядролық арсеналға ие болып қалған Қазақстанның тəжірибесіне назар аударды.

«Жері ядролық қару сынау үшін полигон ретінде пайдаланылған, 500 ядролық сынақтың салда-рынан 1,5 миллионнан астам азаматы мен ауқымды терри-ториясы радиацияға ұшыраған еліміздің тарихи тəжірибесі бізді қауіпсіздікті басқаша түсінуге алып келді», – деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының қолдауы арқасында кеңестік Семей ядролық полигоны жабылғанын, содан кейін еліміз өз аумағындағы барлық ядролық қарудан бас тартқанын айтты.

«Қару жəне ядролық мате-риалдар қорын жою өңірімізге қауіпсіздік пен тұрақтылық əкелді. Алайда, əлдеқайда берік қауіп сіздік барлық тараптың өзара қауіп сіздігіне бағытталған құ-рылымдар арқылы ғана қам тама-сыз етілуі мүмкін», – делінген мақа лада.

Нұрсұлтан Назарбаев мұндай үдеріс Орталық Азияда сенім шара ларын жүзеге асырудан бастал ғанына назар аударды. Бұл ынты мақтастық кейіннен Орталық Азияны ядролық қарудан ада өңір ретінде жариялауға ықпал етті, нəтижесінде өңір барынша тұрақты бола түсті.

«Ядролық қару бұдан бы-лай Орталық Азияда ұлттық қауіп сіз дікті қамтамасыз ету факторы болып саналмайды»,

– деді Нұрсұлтан Назарбаев.Мемлекет басшысы еліміздің

тəжірибесі ядролық қару мəселесін барынша кеңінен талқылау үшін жағдай жасауға мүмкіндік бергенін айтты. Қазақстанның бірегей тарихы Иранның АҚШ, Ресей, Қы тай, Ұлыбритания, Франция жəне Германиямен ядролық проб-ле ма бойынша келісім əзірлеу жөніндегі бастапқы келіссөздеріне септігін тигізді.

Бұл ретте Қазақстан Президенті алаңдаушылық тудырып отырған жайттың – қару жасауға мүмкіндік беретін деңгейге дейін уранды ба-йыту ісінің тамырына балта шабу қажеттігін айрықша атап өткен. Бұл үшін Қазақстандағы Атом энергиясының халықаралық агент-тігі тарапынан төмен байытылған уранның əлемдегі тұңғыш банкі құрылуда, ол ядролық отынды кез келген елге жеткізуді се нім-ді түрде қамтамасыз етіп, сол ар қылы байытуға арнал ған баға-сы қым бат тұратын жəне тұрақ -сыз дан дыратын қондыр ғыларды əзірлеу мен жасауға деген қажет-тілікті жояды.

Нұрсұлтан Назарбаев ядролық сынақтардың барлығына тый-ым салу қажеттігін тағы да атап айтты.

«Біріккен Ұлттар Ұйымы 29 та-мызды, Семей полигоны жабылған күнді Ядролық сынақтарға қарсы күрестің халықаралық күні деп жариялады. Қазақстандағы ядро-лық сынақтардың ауыр салдар-лары жəне Ядролық сынақтарға жап пай тыйым салу туралы шарт-т ың (ЯСЖТШ) тезірек күші не ену қажеттігі туралы біз бас та-машылық еткен АТОМ жоба-сында халықаралық деңгейде айтылған, оның идеяларына 100-ден астам елдің қарапайым тұрғындары қолдау көрсетті», – делінген мақалада.

Жапониямен бірге ЯСЖТШ жөніндегі шолу конферен ция-сының тең төрағасы ретінде Қазақ стан бұл мəселе бойын-ша ілгері леушілікке қол жеткізу үшін жұ мыс жүргізуге ниетті. Нұрсұлтан Назарбаев барлық мемлекеттерді, əсіресе, ЯСЖТШ-ның күшіне енуіне ықпал ететін елдерді жауап кер шілік танытып, тиісті қадамдар жа сауға шақырды.

«Сынақтарға тыйым салу бар-лық мəселені өзінен өзі шешпейді. Бірақ келісімнің күшіне енуі біздің əлемдегі ядролық қаруды жою жөніндегі түпкілікті мақсат жолындағы тағы бір елеулі қадам болмақ», – деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Малайзияныѕ «жасыл» технологиялары

Қайрат ƏБІЛДИНОВ,«Егемен Қазақстан».

Қарағанды облысында су тасқынының алдын алу ша ралары қызу жүріп жатыр. Төтенше жағдайлар депар та ментінің маман-дары мен əкім дік қызметкерлері, тіпті жер-жердегі тұрғындардың өзі жағ дайды күндіз-түні бақылап, не нəр сеге болса да сақадай сай отыр.

Бірақ, соған қарамастан, қарғын судың ырыққа көнбей, тосын мінез танытып жатқан оқиғалары оқтын-оқтын естіліп қалып жатыр. Мəселен, Шет ауданындағы Нұра-Сарысу бассейнінің Төменгі Нарбақ су қоймасында бөгет бұзылып, республикалық маңыздағы «Қызылорда – Павлодар» жо-лы ның 796 шақырымы тұсында асфальттің 5-6 метр бөлігін су шайып кетті. Тиісті орындардың м а м а н д а р ы а т а л ғ а н ж о л д а автокөліктердің барлық түр л е-рінің қозғалысына шектеу қойды. Қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақ сатында жол бойына бекет те орнатылған. Қазір су Жаңаарқа

ауда нындағы Сарысу өзені аң-ғарында орналасқан Бидайық су қоймасына кетіп жатыр. Бұдан əрі артық су табиғи жолмен Сарысу өзеніне құйылады.

Сондай-ақ, өңірдегі Шеру бай-Нұра жəне Мойынты өзен дерінде

де су көтеріліп, ел ді ме кендерді су алу қаупі сақталып отыр. Дегенмен, төтенше жағ дайлар жөніндегі ма-мандар жағдайды толық бақылауда ұс тап отырмыз деп сендірді.

Қазіргі уақытта облыста күрт еріген қар суының жолын

аршу бойынша шұғыл жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл іске құтқару қызметі мен жергілікті атқарушы органдардың қызмет керлері жұмылдырылған.

Қарағанды облысы.

Ќарєын су ќатаѕ баќылауда тўр

ЯДРОЛЫЌ ЌАТЕР ЌАЙТСЕ АЗАЯДЫ?

Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит: ілгері бастаған жол» мақаласы туралы хабарлады.

«ƏЛЕМ. ХХІ ЄАСЫР» МАНИФЕСІ

Бұған дейін хабарлан ға-нындай, Америка Құрама Штат тарының астанасы – Ва шинг тон қаласында өткен Ядро лық қауіпсіздік жөніндегі саммит аясында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың

«Əлем. ХХІ ғасыр» манифесі жарияланған болатын. Бұл мани-фест Қазақстан басшысының Карнеги қорының штаб-пəтерінде АҚШ-тың қоғам жəне саяси қайраткерлерімен өткен кездесуі кезінде жан-жақты талқыланған еді.

Бүгінде манифесті халықаралық қоғамдастық, сондай-ақ, өз еліміздің жұртшылығы да зор серпіліспен құп алып отыр. «Əлем. ХХІ ғасыр» манифесіне қазақстандықтардың үнқосуын 2, 3, 4, 5, 6, 7 беттерден оқи аласыздар.

Жақында ЭКСПО-2017 халықаралық ма-ман дандырылған көрмесінің комиссары Рəпіл Жошыбаевтың Малайзияға сапары болды.

● Тасқынға – тосқын

Фракцияныѕ алєашќы жиналысы

П а р л а м е н т М ə ж і л і с і н д е Төрағаның орынбасары, «Нұр Отан» партиясы фракциясы ның жетекшісі Гүлмира Исімбаева-ның төрайымдығымен «Нұр Отан» партиясының Мəжілістегі фракциясының алғашқы жина-

лысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспа сөз қызметі.

Сапар бары-сында Малайзия Министрлер ка-би нетінің бас хат шысы Али

Хам самен, Энергетика, жасыл техно логиялар жəне су ресурс-тары министрлігінің бас хатшы-сы – «ЭКСПО-2017» Малайзия бөлігінің комиссары Лу Джимен, жергілікті ғылыми жəне іскер топтардың өкілдерімен кездесу-лер ұйымдастырылды.

Малайзия үкіметінің ғи-маратында өткен кездесу-де А.Хам са мен Р. Жошыбаев екі ел дің сауда-инвестициялық жəне ғы лым салаларындағы

ынты мақтастығына қатысты өзекті мəселелерді, оның ішінде «жасыл» технологиялар мен «ЭКСПО-2017»-ге малайзиялық турис терді тарту бағыты бой-ынша мəселелерді, сондай-ақ, халық аралық мамандандырылған көр меге малайзиялық компа-нияларды кеңінен қатыстыру мүмкіндіктерін талқылады. Бас хатшы Астанада көрменің өтуі технологиялық ағын мен ғы-лыми базаның нығаюына сеп тігін тигізіп, Қазақстанның халық-аралық сахнадағы беделін артты-руға оң ықпал ететінін атап өтті.

Фракция жетекшісі Гүлмира Исімбаева: «Ағымдағы жылдың 24 наурызында Елбасы, пар-тия Төрағасы Н.Ə.Назарбаев Саяси кеңес бюросының оты-рысында жəне фракция жина-лысында партия мен депутаттар корпусының негізгі міндеттерін атап өтті. Естеріңізге салып өтейін.

Б ір іншіден, Үкіметпен

бірлесе отырып, Бес инсти тут-тық реформаны іске асыру жө-ніндегі Ұлт Жоспарын заңна-малық қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыру;

екіншіден, партияның сай-лауалды бағдарламасын сапа-лы жəне уақтылы іске асыруды қамтамасыз ету;

(Соңы 10-бетте). (Соңы 10-бетте).

Page 2: «ƏЛЕМ. ХХІ ЄАСЫР» МАНИФЕСІ · №64 (28792) 6 СƏУІР СƏРСЕНБІ 2016 ЖЫЛ АҚПАРАТТАР аєыны Елімізде 2020 жылға дейін

6 сəуір 2016 жылwww.egemen.kz2

ЕЛБАСЫ МАНИФЕСІ: Атыѕ ґшсін, сўм соєыс!

Елбасының мəлімдемесін те-ледидардан тыңдап, ауыр ойға қалдым. Бір-бірімен асыр салып, алаңсыз ойнап жүрген шөберелеріме қарадым. Тұла бойым шымыр етті. Тіл-ауызды еріксіз байлап тастай-тын əзірейіл келіп қалғандай қор қы-нышты күй кештім. Бірнеше жыл ға созылған соғыстағы жауын гер лік жорықтарымды, от пен оқ тың ара-сында жүрген күндерімді, ұй қысыз өткен түндерімді, өмір мен ажал беттескен кездерді, жауға қарсы ержүректікпен шайқасқан қару-ластарымды, ауыр ұрыстарда қаза тапқан есіл ерлерді еске түсірдім.

Араларымызда қазақ та, орыс та, еврей де, армян да, əзербайжан да, ондаған ұлттың өкілдері болып еді. Бір анадан, бір əкеден туғандай тату-тəтті, арамыздан қыл өтпейтін сырлас, мұңдас едік. Əзіліміз де, қалжыңымыз да жарасып тұратын. Бізді біріктірген, ел болашағы үшін жан қиярға ұмтылдырған ұлы күш – ортақ Отанымыз, мамыражай жатқан бейбіт еліміз-тұғын. Қазір ше, түсініксіз бір заман... «Бір-біріне би болған өңкей қиқым» (Абай) ұғы-нықты сөзге құлақ асудан қалып ба-рады. «Аталы сөзге ер тоқтар, елдің кегін ер жоқтар» деген қадір-қасиет жоғалды. Адам гершіліктің құны ар-зандап, оның орнын арзанның жілігі татымас бір дүниелер басты.

Басқаны қайдам, 90-ды еңсерген өзім еңсем езіліп, талай таңды ұйқы-сыз атырып жүрмін. Кəріліктен емес! Бір күні Жер-Ананың ауыр қайғыдан көкірегі қарс айырылып, көз жасы қанға айнала ма деген ой маза бермейді. Өйткені, біздің буын бейбіт өмірдің тəтті дəмін айрық ша сезінеді. Бүгінгі күні адам өлтіру тауық сойғаннан да оңай. Теледидардан небір қатыгездіктерді көрген бала ертең қаруға жүгіретіні, кісі қанын мойнына жүктеуді ар, на-мыс көрмейтіні айтпаса да түсінікті. Мұхиттың арғы жағынан, Еуро-падан келген «үлгі-өнегелер» төрткіл дүниеге жегіқұрттай таралып, күш-ті мен тістінің дəурені жүріп тұр-ған кез. Олар үшін қан төгу, өзге-нің жерін нақақтан басып алу, дін, ұлтаралық кикілжіңдерді өршіту арқы лы баюдың жолына түсу түк те емес. Миллиондаған босқындардың тағдырына, қалалардың қирауына, тіпті, тұтас елдер мен халықтардың жойылуына бас ауыртпайды. Ақша да сайтан секілді əзəзіл: азғырады, аздырады, тура жолдан тайдырады.

Бағымызға берген Нұрсұлтан қарағым сонау Американың төрі нен маңдайы жарқырап, қырандай да-уысы саңқылдап, алмас қылыш тай жарқылдап сөйлегенде, қария лы-ғымды ұмыттым. Жас балаша масай-радым. Бəз біреулер бабы шаппаса да, бағы жанып, ел билеп отырғанда, мың болғыр айналайын, айбынымызды асырды. Қазақстанның, халқының! Бұдан асқан марапат та, абырой да жоқ. «Елдестірмек – елшіден, жау-лас тырмақ – жаушыдан» деп атамыз қазақ текке айтпаған. Алла тағала дүниенің төрткіл бұрышындағы адам зат нəсілінің бəрін тең етіп жа-рат қан. Халықаралық жағдайды шие леністіріп. Соғыс өртін тұтан ды-рып отырған – жетекші державлар! Патшамыз өте дұрыс айтады, өткен ғасырлардың қателіктерін қайталауға жол берілмеуі тиіс.

Біз фашизмді ұясында талқан-да дық. Автомат, винтовка асынып жүріп-ақ жеңдік. Өйткені, рухы-мыз мықты болды. Қазір адам зат тағдырын жалғыз-жарым адам ше-шуге қауқарлы. Есепсіз қарулануға жұм салған теңдессіз қаражат аш-құрсақ балалардың, жетім-жесір лер-дің мұқтажына, аты жаман ауру лар-дан емдеуге жұмсалса, тепе-тең дік, əділеттілік, бауырмалдық, иман-дылық деген осы емес пе?

Адамзат үлкен қатердің алдын-да тұрғанын Басшымыз жеткізе ай-тып, басқаларға жол нұсқап берді. Атың өшкір сұм соғыстың болма-уын тілейік!

Қожатай НЕКІБАЕВ,соғыс жəне еңбек ардагері.

ПЕТРОПАВЛ.

– Ғазиз аға! Іздеп отырғаны-мыз да өзіңіздей ел ағаларының ой-пікірі емес пе?! Сəл күте тұры ңыз. Қа зір сізге барамын, дедім мен көтерің кі көңілмен. Кездескен сəт те Ғ.Хаймулдин Елбасы сөзі нен ұққан-түйгенін былайша жеткізді.

– Мен ең алдымен Қазақстан басшысының Кеңес Одағы тара-май тұрған кезде Семей ядро лық сынақ полигонын жабу жөнін дегі шығарған Жарлығы ерлікке пара-пар іс болғанын айтқым келеді.

Бұл ядролық қарудан əлем ді азат ету жөніндегі тұңғыш қадам болғанымен ерекшеленеді. Əрі бұл күн Қазақстан басшы сы -ның ұсынысы бойынша Ядро лық қарусыздану жө нін дегі халық-аралық күн болып бел гі ленді. Сондай-ақ, бұл күн адам зат қа жаппай қырып-жоятын ядролық қаруды қолдану шексіз қасірет əкелетінін алғаш рет ұғындыра алған тарихи күн болуымен де айрықша. Бұған қоса, менің ойым-ша, 29 тамызды тұм са табиғатты

бұзбай, оның байлығын қорша ған ортаға зиян келтірмей тиімді түрде игеру мен пайдалану ды мең зеген, бақытты ғұмыр кешуді көксеген күн деп те түсінуге болады. Бұл осындай бағыт тағы бағдарламаның бастау көзі тəріздес.

Ал АҚШ-тың Вашингтон қаласында ядролық қарусыздану тақырыбында өткізілген сам-митте Елбасымыздың сөзіне əлемдегі ең мықты, ең жақсы дамыған өркениетті мемлекет басшыларының түсіністікпен

құлақ асуы, біздің Президенттің ядролық қарусыздану жөніндегі айтқан сындарлы ұсыныстарының қабылдануы, шын мəнінде, атап айтуға тұрарлық мəселе. Менің ойымша, бұл жалаң ұғым емес. Жалаң ұсыныс та емес. Мұның арғы жағында қазақ деген халық-т ың, қазақ деген ұлттың өкілі нің сөзі əлемдік деңгейде қабыл-данып, əлемдік деңгейде мойын-далды деген терең түсінік жатыр. Өзгені қайдам, өз басым дəл осы сəтте өмірге қазақ болып туғаным үшін шексіз бақытты сезінгендей күйге түстім.

– Ғазиз Усағалиұлы, Қазақ-стан басшысының осы сам-митте қарулануға байланыс-ты халықаралық терроризмді бірлесіп ауыздықтау жөніндегі ой-пікірі мен ұсынысы туралы не айтар едіңіз?

– Елбасымыз əлемдік ауқым-дағы терроризм көріністері бірінші кезекте адамдарды қырып-жоюды мақсат ететінін, терроршылар

арам пиғылдарын іске асыру үшін қарулануды көздейтінін атап көрсетті. Терроризмнің бас-ты мақсаты – қарулану. Жай қару бол са да ештеңе емес-ау, кесірлер, тіпті, атом қаруларын қолдануға дейінгі іс-əрекеттерге бара алаты-нын аңғартып жүр. Елбасы атап көрсеткендей, ажал себетін қару мен оны дамыту технологиялары ірі державалардың қосарланған стандарттарының салдарынан бүкіл əлемге тарауда. Олардың террор шылардың қолына уақыт өте келе түсуі əбден мүмкін. Қазақ -стан басшысы əлемнің ірі мемле-кет басшыларының назарын осы мəселенің алдын алуға аударды.

– Қазақстан Президенті сам-митте адамзатқа «XXI ғасыр: Соғыс сыз əлем» атты кең ауқым ды бағдарлама қажет еке-нін алға тартты. Бұған не дейсіз?

– Əлемдегі көшбасшы мем-лекет басшылары бұл ұсыныс ты қолдағаны Қазақстан басшы сы-ның ұсынысы олардың да ойы нан

шыққанын көрсетеді. Əлем де адамдардың тыныш, соғыс сыз өмір сүруінен артық еш қан дай құндылық, ешқандай рахат жоқ. Тек бір ғана Қазақстан халқы-ның ғана емес, барша əлемдік қауымдастықтың болашағын ойлаған, XXI ғасырда өмір сүре-тін жəне жұмыс істейтін өске-лең ұрпақтың тағдырына алаң-даушылық білдірген Нұрсұлтан Назарбаевтың бай парасатына аса тəнтіміз. Абай атамыз айт-қан: «Адамзаттың бəрін сүй, бауы рым деп» келетін өлең шу-мақ тары дəл осындайда еске түсе ді. Н.Ə.Назарбаев өзге мем-лекет басшылары мен əлемдік ли дерлердің назарын ядролық қарусыздану жөнінде қашанда ақыл мен парасатқа жүгіну артық тық етпейтініне аударды. Сірə, бұдан артық ізгілікті, бұдан артық парасаттылықты таба алар ма екенбіз. Əй, қайдам?!

– Əңгімеңізге рахмет.

ƏңгімелескенТемір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

ОРАЛ.

Аќыл мен парасат адамзатты саќтайдыТілшілер қосынының телефоны шылдыр ете түсті. Телефон құлағын көтерген кезде арғы жақтан есімі елге елеулі азамат, ел мен жердің тыныштығы мен амандығын тілеп зыр жүгіріп жүрген жана шыр жан, облыстағы үкіметтік емес экологиялық ұйымдар қауым дас-тығының төрағасы Ғазиз ХАЙМУЛДИННІҢ таныс дауы сы естілді. Амандық-саулық сұрасқан соң іле-шала ол кісі Елба сы ның АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткізілген саммитте сөй леген сөзінен айрықша əсер алғанын айтып берді. «Мен саған Елбасының осы ақыл мен парасатқа толы толғанысынан алған əсерім мен көкейге келген ой-пікірімді айтсам ба деп едім. Содан соң оны «Егеменге» жолдасаң дұрыс болар еді. Соған қалай қарайсың?» деді ол.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Еуропаның төрінде өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте əдеттегідей Қазақстанның бейбіт əлем тұтастығы тура-лы ұстанған берік ұс-танымын тағы бір мəр те нақтылап бер ді. Адам-затты қырып-жою мақ-са тын да сақталатын ядролық қару дан бас тар-тудан басталған Қазақ елінің салиқалы ұстанымы бүгінде күллі əлем куə болып жүр ген дей, əлемді ядролық қарусыз дандыру мəселесіне қатысты бар лық басқосулар мен жиындар-да жасалған мəлімдемелер, қырғи-қабақ болған ядролық державалар арасындағы араағайындық, бітімгерлік пен бейбіт келіссөздерге шақырған игі бастамаларға ұласып келеді. Қазір де халықаралық қауымдастық «Қазақстан» десе, ядролық қарусыз-дан дыру мен халықаралық экстре-мизмге қарсы ашық тосқауыл қоюмен қатар, бейбітшілік пен дамуды мақсат еткен ел ретінде бізді тани бастады.

Мемлекет басшы сының АҚШ

астана сында тұрып, барлық адамзаттың жарқын келе-шегіне кепіл бо лар лық «ХХІ ға сыр: Со ғыссыз əлем» ат ты кең ауқым ды бағ дар лама түзу ді ұсынуы – жал пы-адам зат тық қауіпсіздік пен тұрақ ты лық үшін жасалған жарқын қадам. Экстремистік топтардың ға на емес, қазірде алып ел дердің өзі əлем дік эконо ми калық дағ дарыс жағ дайында жүйкесі шы-

тынап, сəл нəрсеге бола аунап түсудің аз-ақ алдын да тұр. Ір гелес елдердің ахуалын көзі міз көріп отыр. Ұлтаралық қаты нас, конфессияаралық кикіл-жің, коммерциялық мүдде деген мəселе ушығып барады. Міне, осындай алмағайып кезеңде Ел басы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзек ті проблемалардың алдын алу тұр ғысында жасаған əрбір ұсы нысы, айтқан əрбір пікірі адамзат келешегі үшін аса маңызды сапа ға ие екені айтпаса да түсінікті.

Асанəлі ƏШІМОВ,Қазақстанның халық əртісі.

АЛМАТЫ.

Əр бастамасы əлем игілігі їшін їлгі Бүгінгі əлем алаңдаушы-

лық туғызатындай жағдайда қа лып тұр. Қиялдың өзін таң ғал дыратындай жаңалық ашып, жаңа технология жа-сап жат қанымызбен, бейбіт өмір дің кепілдігін ала алмай отырғанымыз жасырын емес.

Қазақстан Республикасы-ның Президенті Нұрсұлтан Назар баевтың «Əлем. ХХІ ғасыр» мани фесімен танысып, үлкен ойға қалдым. Қашанда бейбіт өмірдің бағасын жете түсіндіріп келе жатқан Мемлекет басшысы бұл жолы да əлемдік мəселені дер кезінде көтеріп отыр. Осы манифесінде Елбасы қауіп-қатер келтіретін ядролық қарудан бас тар-ту, соғыстардың алдын алу жө нін де үлкен ұсыныстарын білдірді.

Мен Семей ядролық сынақ алаңында туып-өстім. Ядролық жары лыстардың жерлестеріме тигізген зардабын бір адамдай білемін. Қырық жыл бойы ядролық жарылыстардан көз ашпай кел-ген қазақ жеріндегі сынақтардың бір күнде тоқтатылуы əлемді дүр сілкіндірген тарихи оқиға бол ғанын ешкім де жоққа шығара алмасы анық.

Адамзатқа аса қауіпті атом аж даһасының аранына құм құюға əлем елдері арасында алғашқы бо лып Қазақстанның батыл қадам жасауы Елбасы Нұрсұлтан Назар баевтың

саясат кер лік көре ген дігі, хал -қының қамын же ген көсемдігі деу орын ды. Қиын да күр-де лі кезеңде Семей яд ро лық сынақ алаңын жабу туралы Жарлыққа қол қойған Мемлекет басшысының бұл қада мы ерлікке пара-пар еді.

Шыны керек, қы лы шынан қан тамып тұрған коммунистік пар тияның, КСРО əскери-өн-дірістік ке шенінің, Одақтың өк тем дік ықпалына қара мас-

тан 1991 жылы 29 тамызда Семей ядролық полигонын жабу арқылы Президент бейбіт дамудың жəне қарусызданудың қазақстандық ұстанымын əлем ге əйгіледі десек, артық айт қандық бола қоймас. Бұл қадам ды Нұрсұлтан Əбішұлының «Қа-зақ стан халқы өзінің тарихи мін детін ойдағыдай аяқтады» деп бағалауының өзі көкейде көміліп жүрген адамзаттық асыл ойдың жүзеге асқанын көрсетсе керек.

Елбасы Н.Назарбаев татулық тың, достықтың, бірліктің бəсі қашанда биік екендігі туралы ұдайы айтып келеді. Сондай үй лесімді саясаттың арқасында елімізде тыныштық пен бірлік қалыптасып отырғанын басқа этнос өкілдері айқын сезінуде. Мем лекет басшысы еліміздегі бейбіт өмірдің əлемдегі жағдай лармен қанаттас өрбитінін сезінеді. Сол үшін де əлемдегі бейбіт өмірдің тұғырының берік

болуына өзіндік үлес қосып келе жат қанын айту орынды.

«Менің «Əлем. ХХІ ғасыр» мани фесім ХХІ ғасырда өмір сүріп, жұмыс істеу ке-рек болатын өске лең ұрпақтың тағ ды рына шынайы алаң даушылықтан туындап отыр. Біздер, мемлекет басшылары мен саясат-керлер, адамзаттың болашағы үшін зор жауапкершіліктеміз. Көптеген тар жол, тай ғақ кешулерден өткен адам жəне сая-саткер, Семей ядролық полигонын жабу туралы күрделі шешім қабылдаған мемле-кет қайраткері ретінде, мен əлемдік лидер-лер мен бүкіл халықаралық қоғамдастыққа ақыл-парасатқа жүгініңдер деген табанды өтінішпен қайырылып отырмын. Адамзатты ажал сепкен соғыс қатерінен əрқашан арылту үшін қолымыздан келгеннің бəрін жасауымыз керек. Біз үшін қазір жəне таяу болашақта бұдан көкейкесті міндет жоқ», – деген Елбасы сөзі əрқайсымыздың көкейімізде бекем орныққаны абзал.

Қару қолдану қашанда қатер лі. Сондық-тан өзара келісім мен татулыққа жететін ештеңе жоқ. Елбасы манифесі осын-дай иман дылыққа бастар іргелі істердің ұйытқысы болғай.

Зоя ҚАЖИАҚБАРОВА, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік

мемлекеттік университетінің аға оқытушысы.

АҚТӨБЕ.

Ќару ќолдану ќашанда ќатерлі

Page 3: «ƏЛЕМ. ХХІ ЄАСЫР» МАНИФЕСІ · №64 (28792) 6 СƏУІР СƏРСЕНБІ 2016 ЖЫЛ АҚПАРАТТАР аєыны Елімізде 2020 жылға дейін

6 сəуір 2016 жыл www.egemen.kz 3

БЕЙБІТ ҐМІРГЕ ЇНДЕУ

– Америкада өткен ІV Ядро лық қауіпсіздік жөніндегі саммиттен қандай сабақ алу ке-рек деп ойлайсыз жəне бұл жиын ның аталған мəселе түйінін шешудегі ықпалы туралы не айтуға болады?

– АҚШ-тың астана-сында өткен бұл сам-мит, сөз жоқ, əлем дік деңгейдегі маңызы аса зор жиынның бірі болды. Дəл қазіргі уақытта жер бетін ядролық жəне жап-пай қырып-жоятын қару түрлерінен тазарту үшін бір жағадан – бас, бір жеңнен қол шығаратын бірлік керек. Бұл шетін мəселе турасында əлем жұртшылығының қатты алаңдап отырғаны тегін емес. Уақыт өт кен сайын бейбіт өмірге қауіп төн дірген қақтығыстар, қырғи-қабақ соғыстар бүгінгі таңда жер бетіндегі мамы-ражай тіршіліктің жар қабағында тұрғанын аңғартып келеді. Ал сам-митке келсек, бұл жиын – осы қауіп-қатердің алдын алуда алғы шепте тұрған бірден-бір тас қамал жəне

ол зор саяси күшке ие қорғаныс.

АҚШ президенті Барак Обама ның осы саммитте «Біз ядролық қауіпсіздік бойынша жаңа байланыс тобын құрамыз, бұл 30-дан астам елдердің жоғары деңгейдегі сарапшы-лар тобы, олар біздер қол жеткізген өзара іс-қимылды ұстап тұру,

бұл жұмысты жүзеге асыру жəне алдағы жылдардағы ілгерілеуді ұстап тұру үшін тұрақ ты негізде кездесіп тұрады», – деуі жаһандық бұл жиынның қаншалықты ықпалға ие екенін байқатады.

– Ядролық қауіпсіздік жө нін-дегі келесі саммиттің Қа зақ станда өту мүмкіндігі қа н шалықты ықтимал деп ойлайсыз?

– Ядролық қауіпсіздік жө нін -дегі бұл саммит Қазақстан ның жəне де оның Көшбасшы сы Нұрсұл тан Назарбаевтың əлемдік қо ғам дастық алдында аса зор абырой-бедел-ге ие екенін көрсетті. Елбасының

жаһандық жиында баяндама жасап, «Əлем. ХХІ ға сыр» атты манифесін жариялауы – адамзат баласын алапат қырғындардан арашалап қалудан туған ізгі ниеттің жемісі екендігі рас.

Əлбетте, ядролық қарудан бас тартқан тұңғыш мемлекет ретінде б іздің еліміздің əлемді жап-пай қырып-жоятын қарулардан ада ету саясатына қосқан үлесі сүбелі. 2010 жылы өткен алғашқы саммиттің өзінде əлем елдерінің көшбасшылары Қазақстанның ядролық қауіпсіздік саласындағы жетекші рөлін айрықша атап өткен болатын. Демек, ядролық таратпау ісінде біз əлі де көшбасшы мемле-кеттер қатарындамыз.

Енді сұрағыңызға нақты жа-уап ретінде Елбасының Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит аясын-да қазақстандық БАҚ өкіл дерімен болған брифингте айтқан сөзін келтірсем де жет кілікті болар еді. «Мұндай келіссөздер қорытындысы бойынша БҰҰ аясында шешімдер қабылданады. Əрбір мемлекеттің бұл бағытта қабылданып жатқан шаралар жөнінде айтуға мүмкіндігі бар. Мəселен, атом энергиясымен жұмыс істейтін нысандар қауіп-сіздігін қамтамасыз ету, ядролық материалдардың терроршылар қолына түсуіне жол бермеу шара-лары жөнінде айта алады. Біздің ел полигонды жауып, аса ірі ядролық арсеналдан бас тартқанын ескерсек, осындай келесі кездесу Қазақстанда өтуі мүмкін», – деген болатын онда Нұрсұлтан Назарбаев.

– Елбасы Нұрсұлтан Назар-баевтың саммитте сөйлеген сөзі, яғни «ХХІ ғасыр: соғыссыз əлем» бағдарламасы ядролық қарудан ада қоғам қалыптастыру ісіне қаншалықты əсер етеді деп ой-лайсыз?

– Жалпы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қа-былд анған Ядролық қару дан ада əлем құру туралы жал пыға ортақ декларацияны са рапшылардың 95 пайыздан астамы Қазақстан ның халықаралық аренадағы шешу ші жетістіктерінің бірі ретінде қарас-тырғаны да көп нəр сені аңғартса керек.

Ал саммит жиынына келсек, Мемлекет басшысы төрткіл дү-ниеге адастырмайтын тура жол-ды нұсқай білді. Елбасы: «ХХІ ғасырда адамзатқа өзін өзі демили-таризациялау жағына қарай шешім-ді қадам жасауы қажет. Бізде мұндай басқа мүм кіндік болмайды. Бұлай жаса маған жағдайда плане-та радиоактивті материалдардың ора сан зор тіршіліксіз үйіндісіне ай на лады. Біздің планетамыз бірегей, бізде басқа ондай планета жоқ жəне болмайды да», деп əлем халықтарының жүрегіне жететіндей етіп айтты.

Жалпы, Мемлекет басшы сының ядролық қарусыз əлем орнату ісіне қосып келе жатқан орасан зор үлесі əлемдік қоғам дастық тарапынан лайықты баға сын алады деп нық сеніммен айта аламын.

Əңгімелескен Қайрат ƏБІЛДИНОВ,

«Егемен Қазақстан».

ҚАРАҒАНДЫ.

Əлемді əлдилеген əсерлі əѕгімеЕлбасының ІV Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит-те сөйлеген сөзі туралы пікірлер тасқыны толастар емес. Олардың бəрі де дүниежүзілік деңгейдегі танымал тұлғаның озық ойы мен берік ұстанымы, батыл ұсынысы мен байыпты саясаты ядролық қарудан ада əлем орнату ісінің іргетасын одан əрі бекіте түскенін айтады.Осы орайда, əлемдік деңгейде əңгіме қозғаған саммит жайындағы өзінің ой-пікірімен «Нұр Отан» партиясы Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орын-басары Қадиша ОСПАНОВА былайша бөлісті.

Қазір же тек ші державалар ара-сындағы қарама-қайшы лықтар олардың ұзақ мерзімді қарсы тұрушылығына ұласып кетуі мүм-кін бе деген сұрақ алқымнан алып тұрған заманда адамзатқа «ХХІ ғасыр: соғыссыз əлем» кең ауқымды бағдарламасы қажет. Елбасы Н.Назарбаев өз манифесінде осы мəселені өте түбегейлі жəне батыл айта білді.

Жалпы алғанда, біздің елде бейбіт шілікті сақтау бойынша көп теген жұ мыс тар атқарылды. Сон дықтан, Ел басы-ның бұл салада кеңінен əңгіме қоз ғауы өте орынды деп білемін. 1989 жылы 20 қарашада КСРО Жоғарғы Кеңесі Семей по-лигонын жабу мəселесін қарау туралы қаулы шығарды. Кейін қалыптасқан құбылмалы саяси ахуалға қарамас тан, Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы 29 тамызда Семей по-лигонын жабу туралы атақты Жар лыққа қол қойды. Бұл турасында Олжас Сүлейменов:

«Мен мұны ерлікке бағалаймын. Сол тари-хи сəттен бері яд ро лық сынақтарға қарсы күрес біздің елі міздің сыртқы саясатын айқындап берді. Қазақстан əлемдегі ядро ға қарсы күрестің негі зін қалаушы мем ле кеттердің біріне айнал-ды. «Невада-Семей» қозғалысы əлемдегі бес полигонды жабу туралы миссиясын орында-ды», – деген болатын.

Семей ядролық полигоны – 40 жылғы азапқа толы халқымыздың қасіреті, басынан кешкен трагедиясы. Тағдырдың жазуымен Семей жері ядролық сынақ тарды өткізу алаңы ретінде таңдап алынды. Семей, Павлодар, Қарағанды облыстарының аумағы мұқият зерттеліп, нəтижесінде полигонды Семей қаласынан 130 шақырым қашықтықта салу туралы шешім қабылданды. Осы уақыт ішінде

Кеңес Одағы ғалымдары жаңа ядролық қаруды жасап шығару жолында тынбай жұмыс жасап жатты.

Əрине, 40 жыл бойы полигон-да жасалған сынақтардың зар дабы өте ауыр болды. Жүз деген əуе, жер үсті, жер асты жарылыстарының салдарынан Семей ай мағы аса үлкен экологиялық апатқа ду-шар болды. Сынақтардың зарда-бы тиген территорияның ауданы

304 000 шаршы шақырымға жетті. Радиациялық сəулеленуге ұшыраған халықтың саны 1 мил-лионнан асты. Соның ішінде аса көп зардап шеккен Абай мен Абыралы аудандарының тер-риториясы болды.

Міне, антиядролық қозғалыс құрылған кез-де оның мүшелерінің алдында Семей ядролық полигонын жабу, əлемдегі бес полигондағы сынақтарды тоқтату жəне кейін оларды жабу сияқты өте үлкен мақ саттар тұрды. Бақыты-мызға орай, Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың қолдауымен Семей ядролық полигоны жа-былды. Құрылуы тұтас халықтың серпілуіне септігін тигіз ген Халықаралық антиядролық қоз ғалыстың белсенді мүшелері ядро лық сынақтарды тоқтатуға өлшеусіз үлес қосты.

Еліміз ядролық қарусыз өмір ді таңдады. Міне, Елбасымыз Н.Назарбаевтың адамзатты ажал сепкен соғыс қатерінен əрқашан арылту үшін қолымыздан келгеннің бəрін жасауымыз керек, біз үшін қазір жəне таяу болашақта бұдан көкейкесті міндет жоқ деуінде үлкен мəн бар.

Мұқаш ЕСКЕНДІРОВ, Қазақстанның Еңбек Ері, «Қазфосфат»

ЖШС бас директоры.

Жамбыл облысы.

Бейбітшіліктіѕ берері мол

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ Н.Ə.НАЗАРБАЕВТЫҢ ВАШИНГТОНДАҒЫ ЯДРОЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ САММИТТЕ СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

САРАПШЫЛЫҚ САУАЛДАМА

Сарапшылардың

Сарапшылардың

Сарапшылардың

Сарапшылардың

ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаев Вашингтондағы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі сам-

мит аясында жариялаған жаһандық ауқымдағы ықтимал соғыс қатері туралы мəселенің

қойылуын уақтылы санайды.

ХХІ ғасырдағы аса үлкен проблемалардың бірі ядролық терроризм қатері, сондай-ақ, ядролық жəне радиоактивті материалдардың заңсызайналымы болып табылады дегенмен келіседі.

Мемлекет басшысы Н.Ə.Назарбаевтың өлім себетін қаруларды ғарыш кеңістігінде, Əлемдік мұхиттың түбі мен бейтарап суларда, сондай-ақ Арктикада орналастыруға тыйым салатын іргелі шешім қабылдайтын уақыт жетті деген тезисімен келіседі.

ҚР Президентінің ғылым жаңалықтарын жаппай қырып-

жоятын қарудың жаңа түрлерін жасау үшін пайдалануға тыйым

салатын халықаралық келісім мен БҰҰ реестрін жасау туралы

ұсынысын қолдайды.

ЖАҺАНДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ҚАБЫЛДАП ЖАТҚАН ШАРАЛАРҒА БАҒАМ

Сарапшылар ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаев бастамашылық

танытқан халықаралық «АТОМ» жобасы барған сайын халықаралық қолдауға ие бола

түсуде деп санайды. Сарапшылар Мемлекет басшысыН.Ə.Назарбаевтың Жаһандық Стратегиялық Бастама-2045 Жоспарын жасау жөніндегі баста-маны уақтылы жəне көкейкесті санайды.

Сарапшылар Астана экономикалық форумы алаңында G-Global аясында жасалған Бүкілəлемдік дағдарысқа қарсы жоспар əлемде кең қолдау тауып отыр деген ұстаныммен келіседі.

Сарапшылар 2015 жылдың та-мызында Қазақстанда төмен байытылған уран банкін ор-

наластыру туралы МАГАТЭ-мен арадағы келісім жаһандық

қауіпсіздікті нығайтуда маңызды қадам болды деп

есептейді.

Сарапшылар БҰҰ туы астындағы халықаралық терро-

ризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл танытатын біртұтас жаһандық желі құруды тиімді

шара ретінде бағалайды.

Сарапшылар ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың ядролық қауіпсіздік жөніндегі осындай саммитті Қазақстан аумағында өткізу туралы идеясын қолдайды

Сарапшылардың блиц-сауалдамасын электронды пошта арқылы 2016 жылдың 1 жəне 2 сəуірінде Қазіргі заманғы даму институты жүргізді. Сауалдамаға түрлі салалардан: мемлекеттік органдар өкілдері, ҮЕҰ өкілдері, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері, ЖОО оқытушылары – барлығы 95 сарапшы қатысты

Page 4: «ƏЛЕМ. ХХІ ЄАСЫР» МАНИФЕСІ · №64 (28792) 6 СƏУІР СƏРСЕНБІ 2016 ЖЫЛ АҚПАРАТТАР аєыны Елімізде 2020 жылға дейін

6 сəуір 2016 жылwww.egemen.kz4

ЕЛБАСЫ МАНИФЕСІ: Иə, біздің елдің

ə л е м д і я д р о л ы қ жəне басқа да жап-пай қырып-жоятын қарудан азат ету ісі-не қосып келе жат -қан үлесі өте зор. Қ а з а қ с т а н ж ə н е оның басшысы бей-біт шілік жолында өзін дік ұстанымынан танбай , табанды түрде күресіп келе жатқан ел екенін жуырда болған Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте тағы бір мəрте дəлелдеді.

Саммитте сөйлеген сөзінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев əлемде ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан мемлекет басшысы ретінде ғаламдық деңгейдегі мəселелердің түйінін тарқату жөнінде келелі ойлар айтты.

«ХХ ғасырдың екінші жар-ты сында ядролық қауіпсіз-дік жөніндегі табысты келіс-сөздердің нəтижесінде АҚШ пен Ресейдің ядролық арсеналдары айтарлықтай қысқарған болатын. Бес ядролық держава атом қаруын сынау мораторийін жариялады жəне оны ұстанып келеді. Пла-нетаны жойып жіберу қатері едəуір азайды. Қауіпсіздіктің өңірлік жүйесін құру үдерісі жеделдеді», дей келе, Елбасы бүгінгі күнде бұл мəселенің бас-қаша сипат ала бастағанына алаңдаушылық білдірді.

Мəселен, дəл қазіргі уақытта терроризм қаупінің асқынып тұрғанын еске алсақ, ядролық жəне басқа да қырып-жоятын қарулардың теріс пиғылдылардың қолына түсу ықтималдығы əлем халқын алаңдатпай қоймайды. Мұндай алапат қауіп-қатердің жолын кесу үшін ауқымды бағдарлама қабылдап, онда қарастырылған міндеттерді барша əлем болып жұмыла атқаруға шақырды Елбасы.

А л П р е з и д е н т т і ң о с ы саммитте ұсынған «ХХІ ғасыр: соғыссыз əлем» атты бағ дарла-ма сы бұл істе өзінің лайықты бағасын алып, мəселенің түйінін

шешуде маңызды рөл атқарады деп сенемін. Өйткені, бұл құжатта əлемдік ауқымдағы мəселені шешудің жолдары терең зерттел іп , жан-жақты қарас-тырылған. Елба-сының «Планета тағы да бүкіл адамзат ү ш і н қ а с і р е т т і

салдарлары бар «қырғи-қабақ соғыстың» өткір жүзінде тербеле бастады», деуі тегін емес. Міне, осы ащы шындық тұрғысынан қара ғанда, бұл бағдарлама өзінің өкілеттілігімен, өзектілігі жəне өміршеңдігімен ерекшеленеді.

Мемлекет басшысының жаһандық жиында мəселені халықаралық деңгейде қозғап, өткір де ұтымды ұсыныстар айтқанын əлемдік қоғамдастық лайықты бағалайды деп сеніммен айта аламын.

«Енді өлім себетін қаруларды ғарыш кеңістігіне, Əлемдік мұхит тың бейтарап суларының түбіне, Арктикаға орналастыруға тыйым салатын жаһандық шешім қабылдаған жөн. Жаппай қырып-жоятын жаңа қару түрлерін жасау үшін ғылыми жаңалықтарды пайдалануға тыйым салатын халық аралық құжат əзірлеп, оны орындауды міндеттеу маңызды. БҰҰ-да жаппай қырып-жоятын қару жасау жəне жетілдіру үшін пайдалануға болатын ғылыми жаңалықтардың Тіркеу реестрін құрған абзал», деді Елбасы өзінің «Əлем. ХХІ ғасыр» атты манифесінде. Яғни, Қазақстан мен оның басшысы əлемді ядролық тажалдан арашалап алу ісінде күрескерлік бағыттан еш жаңылмай келе жатқанын осы жолғы жаһандық саммитте тағы бір мəрте дəлелдеді.

Темірғали КӨКЕТАЙ,профессор, «Халықаралық

қазақ тілі» қоғамы Қарағанды филиалының төрағасы,

«ХХ ғасырдың аса көрнекті адамы» атағының иегері.

ҚАРАҒАНДЫ.

Мемлекет бас-шысы Нұрсұлтан Назарбаев жуыр-да Америка Құрама Штаттарында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке қатысты. Елбасы 51 мемлекеттің жетек-шілері, ірі сая сат-керлері мен өкілдері қатысқан айтулы жи-ында алқалы сөз айтты. Тəуелсіз Қазақстанның бейбітсүйгіш ел ретіндегі төл ұстанымына айналған атом сынағын тоқтату һəм ядролық қарусыздану жөніндегі ұсыныстарын жеткізді.

Президент ең бастысы, жойқын қарудың терроршы-лар қолына түсіп кету қаупі барлығын ерекше атап көрсетті. Расында, бұл əлемдік деңгейдегі апаттың орын алуына түрткі бо-латын ықтимал жағдайлардың пайда болуына алып келеді. Яғни, адамзат үлкен сын-қатер-дің алдында тұр. Бұл ретте, біздің Елбасымыз əлем тарихындағы соғыстың өлшеусіз зардабы мен қасіреті туралы нақты де-ректерге де тоқталды. Қаншама қиыншылықты бастан өткерсе де, əзірге адам баласы қырғи-қабақ жанжал мен соғыстан бас тарт қан жоқ. Сондықтан да со-ғыс қаруы уақыт өткен сайын жетілдіріліп, жаңа техноло гия-лық мүмкіндіктерге ие болды.

Бірақ, бұл жер-жаһан қауіп-сіздігінің кепілі бола алмайды. Кез келген құралдағы ақау неме-се техникалық қателік əлемнің астаң-кестеңін шығаруы мүмкін. Сол себепті де ядролық қарудан

тыс аймақтарды сақ-тап қалудың жəне оны кеңейте түсудің маңызы ерекше . Мұндай аймақтардың ең «жасы» орталық-азиялық кеңістік екені мəлім. Құрыл-ға нына 10 жыл тол-ған аймақтың орта-сында орналасқан Қазақстанның тəуел -

сіздіктің елең-ала ңын да ядролық қуатты қарудан бас тартқанына барлығымыз қуандық. Əсіресе, семейлік аға йын ның қуанышы ерекше болды.

Оның себебі түсінікті де. Жаппай қырып-жоятын қарудан алғаш рет бас тартқан жəне əлемді ядролық қарусыздануға бастаған мемлекет ретінде елімізде жыл сайын атаулы іс-шаралар өтіп, атом қуатын бейбіт мақсатқа жұмсау жобалары қолға алынды. Мəселен, Төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімге қол қойылды. Бұл елімізге деген сенім жəне Қазақстан тарапынан зор жауап-кершілік деп ойлаймын.

Қорыта айтқанда, Қазақстан-ның ядролық қарусыздану саласындағы бастамаларын əлем халқы қолдайды. Биылғы саммитте де Қазақстан тара-пынан бастамаларға көптеген мемлекеттердің қолдау көрсетіп, бір үдеден табылғанына куə болдық.

Анатолий ВОЛЧЕНКО,«Семей-Невада» халықаралық

қозғалысының ардагері.

СЕМЕЙ.

Елбасы Н.Назар-баев АҚШ-та сөй-леген сөзінде Жер шарында бейбіт-шілікті сақтау, адам-з а т б о л а ш а ғ ы н а алаңдап қана қой-май, осы бағытта жұ мыстар атқару қ а ж е т т і г і н а й т -ты, яғни ол нақты жа салуы тиіс ша-раларды ұсынды. Мысалы, алдымен «XXI ғасыр: соғыссыз əлем» кең кө лем-д і бағдарламасын дайын-дап, жүзеге асыру керектігін көлденең тартты. Құжаттың негізгі үш бағытын да атап көрсетті.

Бірінші қазіргі заман дағы соғыста жеңімпаз бол май-тындығын айтты. Бұл – соғыс отын үрлеп отырған бірқатар мемлекеттерге ой салатын пікір. Барлық елде, барлық мемлекетте ғылыми-техникалық жаңғырулар орын алып не-месе ақпараттық кеңістіктен өзге бір елдің осы саладағы жетіс тіктері туралы естіп-біліп отыр ған елдердің қай-қайсы да бірі жасаған қаруды екіншісі жасай алады. Сондықтан, бұл соғыстарда барлығы да же-ңіліс табады, нақтырақ айт-сақ, Жер ғаламшарындағы тіршілікке қауіп төнеді, жер, ел деп кескілесіп жүрген сол «майдангерлердің» жерін де, елін де ешкім, яғни өздері де,

ұрпақтары да қы зық-тай алмауы мүмкін.

Ядролық, биоло-гиялық, химиялық қарулардан ел мен жерге ие болатын есі дұрыс ұрпақ-тың қалуы мүмкін бе? Екінші жəне үшінші бағыттар осы алғашқы ба-ғытты қуаттап, ол үшін кел і с імдер

мен үнқатысулар жасалуы қажеттігін айтып тұр. Соны-мен қатар, Нұрсұлтан Əбішұлы бейбітшілікті сақтау, елдердің өзара ымыраласып ілгері жыл-жуы үшін қажетті тұтастық алгоритмдерінің бес негізгі бағдарын саралап берді. Өткен ғасырлардағы қателіктерді қайталамай, сан миллиондаған адамның білек пен тілек бірік-тіріп, жердің жəне оның тұр-ғындарының мазасын қашы-ратын жайттармен біріге күресуі ғана адамзатты қауіпсіз тірлікке жеткізбек.

Елбасының «Əлем. XXI ғасыр» манифесі соғысты бол-дырмаймыз, бейбітшілікті сақтап қалуға атсалысамыз деген өзге елдердің де азаматтары тарапы-нан қолдау табады деп сенемін.

Ақмарал ЗЕЙІЛОВА,Маңғыстау облыстық

ғылыми- əдістемелік орталығының директоры.

АҚТАУ.

– Елбасының АҚШ-тағы сам-митте сөйлеген сөзін дүниежүзі жоғары бағалап отыр. Мемлекет басшысы ұсынған ядролық қарудан азат əлем құру идеясы-на қатысты сіз не дер едіңіз?

– «Қырғи-қабақ соғыстың» адамзат баласына ауыр қасіреттен басқа əкелгені жоқ. Адам өмірге келгенде қызық көрсем, мына ғаламда өз орнымды тауып, бақытты өмір сүрсем, ел-жұртқа пайдасы тиетін азамат болсам деп келеді. Діни фанатизм миын улағаны болмаса, жалпы адамзатқа керегі осы. Осы тұрғыда Қазақстан Президенті Н.Ə.Назарбаев əлем-дегі барша мемлекеттің басшы-ларына үлгі болатындай баста-ма ұсынды. Қазіргідей соғыста

жеңімпаздардың бол-майтындығын, түбі бəрі опық жейтіндігін ең басты үш қағидатпен дəлелдеп берді. Со-ғыс десе есі кеткен қатыгез біреулер бол-маса бейбітшілікті қалайтын əлем хал-қы Қазақстан Прези-дентінің ұсынысына ұйитындығы белгілі. Əлемдегі тартыс со-ғыс пен шешілмейді. Елбасының пік ірі осыны айғақтап отыр.

Ядролық қаруды таратпау тура-лы шарт өзінің міндеттерін орын-дай алмай отыр. Ажал себетін қару мен оны дайындау технологияла-ры ірі державалардың қосарланған

стандарттарының сал-дарынан бүкіл əлемге тарауда. Олардың тер-роршылардың қолына түсуі – уақыт өте келе əбден болуы мүмкін нəрсе.

Халықара лық тер-ро ризм қаһарлы си -патқа ие болды. Ол жекелеген ел дер дегі б ірлі -жарым акті -лерден Еуропа, Азия

жəне Африка мемлекеттеріне қарсы кең ауқымды террорлық агрессияға айналып үлгерді. Миллиондаған босқын, қалалар-дың қирауы, құнды тарихи ескерткіштердің жойылуы – осының бəрі əдеттегі көрініске

айналуда. Экономикалық санкция-лар мен сауда-саттық майданы да қалыпты құбылыс болып отыр.

Планета тағы да бүкіл адам-зат үшін қасіретті салдарлары бар «қырғи-қабақ соғыстың» өткір жүзінде тербеле бастады. Дүние əзірше өткен төрт онжылдықтың оң инерциясының арқасында сақталып тұр, деп атап көрсетті Елбасы. Бұл – өте алаңдататын жағдай.

– Қазір екі мемлекет жанжал-дасса, біздің Елбасынан төрелік күтетіндей жағдай қалыптасып келеді. Сіз қалай ойлайсыз?

– Қазір əлемді дағдарыстан бөлек, «қырғи-қабақ соғыстар» қалжыратып тұр. Оны алысқа бармай-ақ кешегі ТМД елдерінің өмірінен анық көруге болады. Ресей мен Украинаның арасындағы текетіреске дүниежүзі алаңдай бас тады. Қазір Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасында оқтын-оқтын оқ атылып, арғы түбі бір ағайын бір-бірінің жағасына

жармасып қояды. Əзербайжан мен Армения баяғы ескі даудың қоламтасын үрлеп, Таудағы Қарабақ үшін соғыс жағдайында тұр. Бейбіт келісімге келуге соншалықты тырыспайды.

Осындай жағдайда біздің Мемлекет басшымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың баян-ды саясатына сүйсінесің. Жан-жағымыздағы көршілерімізбен аралықтағы шекарамыз бекемдел-ген діктен, жер дауы жоқ. Қай-қайсымен де айрандай ұйыған тату көршіміз.

Нұрсұлтан Əбішұлының ты-ныш тықты сақтауға қосқан үле-сін əлемдегі барша мемлекет бағалайды, кесіміне құлақ түреді. АҚШ-қа арнайы сапар соның айғағы. Дүниежүзі халқына ажал шақыратын аждаһа соғыс емес, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын тыныштық керек. Біздің Елбасы осы мақсатта қызмет етіп жүр.

ƏңгімелескенБақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Оңтүстік Қазақстан облысы.

Жаћан ќўлаќ тїрген баєдарламаХалық бейбітшілікті қалайды. Бірақ, бүгінде əлемді соғыс вирусы кезіп жүр. Кеше ғана тату-тəтті отырған қос мемлекет аяқ астынан бүлініп, бір-біріне қару кезейтін күйге түсті. Жақында Мемлекет басшысы Америкаға барып, əлемдік аренада «XXI ғасыр: соғыссыз əлем» деген бағдарлама қажеттігін айтты. Осыған байланысты біз экономика ғылымдарының докторы, профессор Қамбар МҰСАБЕКОВКЕ жолығып, ойын білген едік.

Ќосќан їлесіміз ќомаќты

Сенім мен жауапкершілік

Бізге бґліну емес, бірігу кґмектеседі

Page 5: «ƏЛЕМ. ХХІ ЄАСЫР» МАНИФЕСІ · №64 (28792) 6 СƏУІР СƏРСЕНБІ 2016 ЖЫЛ АҚПАРАТТАР аєыны Елімізде 2020 жылға дейін

6 сəуір 2016 жыл www.egemen.kz 5

БЕЙБІТ ҐМІРГЕ ЇНДЕУ

Н.Ə.НАЗАРБАЕВТЫҢ «ХХІ ҒАСЫР: СОҒЫССЫЗ ƏЛЕМ»БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ 3 ҚАҒИДАТЫ

Бірде-бір қазіргі заманғы соғыста ешкім жеңімпаз

болмайды жəне бола да алмайды, онда бəрі де жеңіледі.

Мемлекеттер арасындағы барлық талас-

тартыстарды реттеу жолында бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін теңдей жауапкершілік, өзара құрмет жəне ішкі іске

араласпау қағидаттарына негізделген бейбіт үнқатысулар мен

конструктивті келіссөздер болуы керек.

Жаңа соғыста жаппай қырып-жоятын қару

қолданудан қашып құтылу мүмкін болмайды. Бұл бүкіл

адамзаттың жойылуына алып келеді. Жəне бұл үшін кім жауап беретінін анықтау

да мүмкін болмайды, анықтайтын адам да

табылмайды. Бұл ықтимал қауіп-қатерді аксиома ретінде түсіну қажет.

Соғыстар мен жанжалдар

вирустарын жою бойынша ұлттардың

үйлесімді жəне жауапкершілікті

іс-қимылы

Еуразиялық интеграция институты дайындаған

– Мүкəрам Мыр-зат қызы, Прези-дентіміздің батыл байламы мен зор ерік-жігерінің арқасында Қазақстан – көлемі ж ө н і н е н əл ем н ің төртінші ядролық ар-сеналынан өз еркі мен бас тартқан ел. Содан бері арада ширек ғасырға жуық уақыт өтсе де, алға қой ған ұстанымымыздан айныған емес-піз. Жаһандық қауіпсіздікті сақтау, бейбіт келісімдерді нығайту бағытындағы бас ты қағидаттар өзара сенімге, түсі-ністікке негізделген. Соның бір дəлеліне Вашингтонда өткен саммитті атауға болады.

– Иə, Мемлекет басшысы ке-мел көрегендігін, көп векторлы сындарлы саясатын халықаралық қатынастар саласында да мойын-датқан. Қазақстан осыдан 25 жыл бұрын əлемде алғашқы болып Семей ядролық сынақ полиго-нын біржола жауып, адамзат қауымдастығының зор ілтипаты мен үлкен сүйіспеншілігіне бөленгені белгілі. Елбасының əр сөзі мен іс-əрекеті өзара үйлесіп, əлем құрылымының өзекті мəсе-лелерімен, нақты проблемалары-мен тығыз сабақтасып отырады. Өйткені, өзара сенімге, түсіністікке, достыққа, əріптестікке негізделген жаһандық, өңірлік бейбітқатар өмір сүру қағидаты өміршеңдігін ешқашан жойған емес. Өкініштісі сол, мемлекеттер арасындағы та-лас-тартыстар, шиеленістер саяси

келісімдер арқылы шешілудің орнына, қит етсе, қару кезенетін жағдайға тап болдық. Уақыт алға озған сай-ын бүл үрдістің күр-делене түскенін бай-қаймыз. Қазір сөз-дің емес, нақты іс-қимыл дардың уақы-ты. «Қазақстан-2050: Стра те гия сы – қа -лыптасқан мемлекет-

тің жаңа саяси бағыты» Жол-дауында ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері қатарында жаңа тұрақсыздық қаупінің күшейе түсуінің аталуы тектен-тек емес. Əлемдік экономика дағдарысынан ес жия алмай жатқанымызда барлық талас-тартыстарды адам қанының төгілуімен шешетін болсақ, ертең əдепкі көрініске айна лып кетуі ғажап емес. Оның салқыны демографиялық теңге-рімсіздік, азық-түліктің, энер-ге ти каның жетімсіздігі, судың тап шылығы, табиғи ресус тар-дың сарқылуы, өркениет құнды-лықтарының дағдарысы секілді əлеуметтік түйінді мəселе лерді бірлесіп шешудің орнына бытыраң-қылыққа соқтырып отыр. Міне, Елбасы осындай ұшқыр ой тастап, милитаризмнің адамдардың сана-сы мен мінез-құлқына тереңдеп еніп кетуінен сақтандырады, алдын алуға үндейді.

Бүгінде əлем жұртшылығы, барша адамзат аса алаңдаулы. Өйт кені, ортақ үйімізде ажал себе тін қарулардың зор арсена-лы жинақталғаны еш құпия емес.

Ғылым жетістігі негізінде ойлап табылған жаппай қырып-жоятын ядролық, химиялық, биологиялық қаруларға қарсы тұратын күш біреу-ақ. Ол Елбасымыз атап көрсет-кендей, мемлекеттер арасын дағы барлық талас-тартыстарды реттеу үшін бейбітшілік пен қауіпсіздікке тең жауапкершілік, өзара құр мет жəне ішкі іске араласпау қағи-даттарын қалыптастыру қажет. Бүгінде ғаламшардағы ядролық қарудың жалпы жиынтық қуаты Хиросима мен Нагасакиге тасталған бомбаның қуатынан 113 мың есе асып түседі екен. Осыған қарап-ақ ядролық қарусыздану мəселесінің ХХІ ғасырдың басты тақырыбына неге айналып отырғанын шамалай беруге болады.

– Олай болса, Нұрсұлтан Əбіш ұлы ұсынған «Əлем. ХХІ ғасыр» атты манифестің негізг і ерекшеліктеріне тоқтала кетсеңіз?

– Елбасының Вашингтонда Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте айтқан ұсыныстарына қатысушылар да, сарапшылар да қызу қолдау білдірді. 50 елден кел-ген делегаттар алдында саммиттің алғы сөзі Президентімізге берілуі халықаралық аренадағы зор беделін танытса керек.

Сұрағыңызға тоқталатын бол-сам, биік мінберден кең ауқым-ды бағдарлама қажеттігін а тап көрсетіп, құжаттың бас ты басым-дықтарын атап берді. Бірін шіден, жаппай қырып-жоятын қарудан толықтай азат əлемге қарай дəйек тілікпен ілгерілеу. Оның ма ңызды қадамдарына Қазақ-стан өмірінен мысалдар аз емес. Былтыр еліміздің бастамасы бой-ынша БҰҰ Бас Ассамблеясы осы мəселе шеңберінде жалпыға ортақ декларация қабылдаған.

Сондай-ақ, Қазақстан аумағында МАГАТЭ туы астында төмен байытылған ядролық отын банкі құрылды. Осы жерде саммит-ке қатысушылардың еліміздегі төмен байытылған уран банкіне қатысты бірлескен мəлімдеме қабылдағанын айта кету артық бол-мас. Мұның өзі ашық нарық немесе төмен байытылған уран жеткізудің өзге де тетіктері тұрақсызданған жағдайда елдерге ядролық отын жеткізу кепілдігін қамтамасыз ету жөніндегі жаһандық күш-жігердің бір нəтижесі екенін атап өткен жөн.

Президент жаһандық анти-ядролық қозғалыс құруды маңыз-ды міндет ретінде атады. Қазақ-стан бастамашылық еткен, халық-аралық қолдауға ие «АТОМ» халық аралық жобасы осы мақсатқа арналған. ХХІ ғасырда өмірлік іс-əрекеттің тəсілі ретінде соғыстың түп-тамырын біртіндеп жойып, орнықты əлемнің географиясын қалыптастыру идеясын ұсынды. Кең ауқымды халықаралық ынты-мақтастыққа кедергі келтіретін əскери блок тар секілді рудиментін еңсеру қажеттігін алға тартты. Шынында да, əскери блоктарға бейбітшілік пен қауіпсіздікке жеке жауапкершілігін сезіне бермейтін мемлекеттер еніп кетсе, оның сал-дарын ойлаудың өзі қорқынышты. Өздерінің күш, қару басымдығын жеке мүддесіне пайдаланып жүрген елдер жоқ емес.

Уақыттың қандай күрделі кезе-ңінде болса да дұрыс шешім қабыл-дай білетін Мемлекет басшысы ның бұл мəлімдемесіне бейбітсүйгіш адамзат қызу үн қосары анық.

ƏңгімелескенӨмір ЕСҚАЛИ

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.

А й т у д ы ң ө з і ауыр... Адамзат ойы-ның жемісі игілікке айналудың орнына, неге жаппай қырып-жоятын қару жасауға бағытталады? Бұл өзі, сайып келгенде, ақылға сыймайды ғой. Біздің Қазақстан, Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Назар-баев əлемге осы ны қа пер леп келе жатқаны кө ңі лі-мізге əрдайым қуаныш ұялатады. Ядролық қарудан бас тарту ту-ралы шешім қабылдаған Қазақ-стан о баста-ақ халықаралық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі əлемдік қоғамдастықтың күш-жігеріне белсенді түрде қосылды жəне өзінің аждаһа қаруды та-ратпау туралы ұстанымын ашық түрде жария етті. Жер-Ананың тыныштығы үшін Қазақ елі тəуелсіздік жылдары талай бас-тама көтерді.

Міне, кеше ғана бейбіт шілік-сүйгіш адамзат тағы да біздің Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың «Əлем. ХХІ ғасыр» атты мани-фесіне құлақ түрді. Бұл талайды толғандырып, тебіренткені сөзсіз. Өйткені, əңгіме Жер-Анамыздың амандығы, адам заттың амандығы, тыныштығы туралы болып отыр. Елбасы ұсын ған бағдарлама ойлы, саналы кім-кімді де бей-жай қалдырмағаны шүбəсіз деп есептеймін. Атом энергия-сымен жұмыс істейтін нысан-дар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ядролық материалдардың терроршылар қолына түсуіне жол бермеу шаралары жай-ында алаңдаушылықпен ай-тылуы бізді, шалғайда жатқан ауыл тұрғындарын да ерекше толқытты.

Елбасының: «Бұл үшін бүкіл халықаралық қоғамдастықтың бірлескен нақты жұмысы қажет. Мен террорлық ұйымдарға қатысы бар əркімді бақылауға алуға болатын бірыңғай əлемдік желі құру қажет деп санаймын», дегені оның əлемдік деңгейдегі қайраткер екенін бүкіл жаһанға тағы əйгіледі.

Мен мəдениет қызметкері ретінде барлық əріптестеріммен бірге байтақ еліміздің əлемдегі бейбіт тірлікке қосып келе жатқан үлесі жəне адамзаттың амандығы жолындағы күресі жайында халық арасында кеңінен əңгімелеп, тұрғындармен жан-жақты пікір-лесіп отырамыз. Ірі ядролық держава – КСРО-ның орнында жаппай қырып-жоятын қарулары бар 4 тəуелсіз мемлекет – Ресей, Қазақстан, Украина жəне Беларусь пайда болғаны көпшілікке мəлім. Ресейді қоспағанда, олар 1991 жылғы желтоқсанда қабылданған Алматы декларациясына сəйкес, КСРО-ның құқықтық мұрагері бо-лып қалды. Жаңа тəуелсіз мемле-кеттер алдында жоғарыда аталған қауіпті мұра ны қайтпек керек?

– деген күрделі мəселе тұрды. Сол кезде еліміз аумағында ірі ядролық қару ар-сеналы шоғыр лан-дырылған болатын.

Оның үстіне, хи -миялық жəне био -логиялық қару өн ді-рісіне қатысты елеулі əлеует жи нақ талған еді. Мұн дай жағдай ел бас шылығынан

қысқа мер зім де ядролық сала-дағы мем лекеттік саясатты түбе-гейлі қайта қарастыруды талап етті. Елбасымыздың алдында қиын таңдау тұрды. Ядролық қаруды сақтау жаңа тəуелсіз мемлекеттің халықаралық ұс-танымы үшін айрықша қиын салдар, қауіптер əкелер еді. Біз дің мемлекетіміздің ядро-лық қаруды таратпау тура-лы болашақтағы саясатының негізі болған алғашқы қадам Елбасының Жарлығымен 1990 жылы, Кеңес Одағы əлі күшінде тұрған кезде, Семей ядролық полигонының жабылуы болды. Қазақстан басшысының батыл да шешімді əрі тағдыршешті бастамасын бүкіл Отанымыз жұртшылығы қолдады. Міне, осындай ерен батылдық, ке-лешек жарқын тағдырымызға негіз қалаған үлкен қадамды жұртымыз лайықты бағалайды.

Тəуелсіздік жылдарындағы шежіреміз бізге тыныштықтың қадірін терең ұғындырады ғой. Мұны білуге тиіспіз. 1991 жылы Беларусьтің, Қазақстанның, Ресейдің, Украинаның басшы-лары Алматыда Стратегиялық ядролық күштер туралы декла-рация қабылдап, онда ядролық қауіпсіздікті тиісті деңгейде ұстауда қандай да бір болма-шы кемшілікке жол бермеу мақсатында бұрынғы КСРО-ның ядролық арсеналына бір лесіп бақылау жасаудың тетігін бел-гіледі, сол арқылы олар стра-тегиялық шабуыл жасау қаруын қысқарту саласында бұрын ғы КСРО-ның халықаралық мін дет-темелеріне адалдықтарын паш етті.

Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне адалдығы 1995 жылдың 21 сəуірінде ел аумағынан ядролық қарудың толықтай шығарылуымен қуат-тала түсті. Ал сол жылдың 30 ма-мырында Семей ядролық сынақ полигонындағы соңғы ядролық оқтұмсық жойылды. Осы сəттен бастап Қазақ жері ядролық қарудан мүлдем тазартылды. Еліміз басшылығы бұл қадамдарға бас-көзге қарамай, жайдан-жай бара салған жоқ. Əлемдік қоғам-дастықтағы ядролық қаруы бар беделді мемлекеттердің өзінің қауіпсіздігіне деген толықтай кепілдігін алып барып барды.

Халықаралық тəжірибе көрсетіп отырғандай, əскери əлеуетті еселей түсу мемлекеттің

қауіпсіздігін қамтамасыз ету-ге кепіл бола алмайды, қайта, керісінше, тұрақсыздандырушы факторға айналады. Сондықтан, Қазақстан халықаралық қауіп-сіздікті нығайту жөніндегі əлемдік қоғамдастықтың күш-жігеріне белсенді түрде қосылып, өзінің ядролық қаруды таратпау тура-лы ұстанымы дұрыс екендігіне еш күмəнданбайтынын ашық білдірді.

Қазақстан Орталық Азияны ядролық қарудан азат аймақ деп жариялау туралы жобаға да қосылды. Ядролық қаруды таратпау режімін нығайтуға бағыт талған азат аймақ құру жө-ніндегі Орталық Азия мемле кет-терінің бастамасы 1997 жылғы 28 ақпандағы Алматы декларация-сында жария етілді.

2001 жылғы 29-30 тамыз-да Алматыда «ХХІ ғасыр – ядро лық қарудан азат əлем жолын да» атты халықаралық конференция болды. Форум Семей ядролық полигоны жа-былуының 10 жылдығына жəне Қазақстан тəуелсіздігінің 10 жылдығына арналды. Алқалы жиынға əлемнің 9 елінен 300-ден астам көрнекті саяси жəне қоғам қайраткерлері келді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сөзінде осы конференцияның өткізілуі 10 жыл бұрын халықтың еркі бойынша ірі ядролық полигондардың бірін жапқан, əлемге ядролық қарудан ерікті түрде бас тартудың бұрын-соңды болмаған үлгісін көрсеткен біздің еліміздің күш-жігерін халықаралық қоғамдастық та-рапынан тану əрі сенім білдіру фактісі екенін атап өтті.

Немесе 2014 жылдың 24-25 наурызы күндері Голландияның Гаага қаласында Мемлекет бас-шыларының ядролық қауіп сіздік жөніндегі үшінші сам миті де аталған бағыттағы Қа зақ станның көшбасшылық рөлін айқындай түсетін факт болып табылды. Ядролық қару сызданудың қазақ-стандық жолымен күллі əлем мемлекеттері жете таныса түсті.

2012 жылы 29 тамызда Астана-да халықаралық анти ядролық конференция өтті. Президентіміз аталған форумда «ATOM» жо-басын ұсынған болатын. Бұл жоба «Сынақты тоқтату – біздің мақсатымыз» дегенді білдіреді. Яғни, бейбітшілік пен ядролық қарусыздану жолындағы күресті аға буынның жас ұрпаққа лайық-ты аманаттауын көздейді. Бұл бағдарламамен бүкіл əлем жұрт-шылығы таныс.

Міне, Жер-Ананың жүрегі аман соғуы үшін Қазақ елінің, оның Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мығым ұмтылы-сынан кейбір мысалдар осын-дай. Қазақстан əлем халқына соғыс деген қырсықтың ешқашан жеңімпазы болмайтынын түсін-діріп келеді. Иə, біз мұның бəрін білуге, бағалауға тиіспіз.

Мейірман ШƏКЕНОВ,Жұбан ауылдық

кітапханасының меңгерушісі.

Батыс Қазақстан облысы.Ақжайық ауданы.

Ынтымаќтастыќпен ґмір сїрубїгінгі кїні адамзаттыѕ басты проблемасына айналып отыр

Біз М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің проректоры, PhD докторы Мүкəрам ТАЙЖАНОВАМЕН Елбасының Ядролық қауіпсіздік мəселелеріне арналған саммитте көтерген бастамалары төңірегінде ой бөліскен едік.

Жер-Ананыѕ жїрегі аман соќсын

Page 6: «ƏЛЕМ. ХХІ ЄАСЫР» МАНИФЕСІ · №64 (28792) 6 СƏУІР СƏРСЕНБІ 2016 ЖЫЛ АҚПАРАТТАР аєыны Елімізде 2020 жылға дейін

6 сəуір 2016 жылwww.egemen.kz6

ЕЛБАСЫ МАНИФЕСІ: ЕЛБАСЫ МАНИФЕСІ:

– Я д р о л ы қ қауіпсіздік жөніндегі саммиттен бұрын Қазақстанның бұл орайдағы саясатына қатысты ойыңызды айтсаңыз.

– Қазақстан еге-мендік алған күн-нен бастап əлемдік қауымдастық алдында өзіндік даму бағытын, саяси ұстанымын айқындап алды. Қазақ деген əу бастан бейбітшілік сүйген, ырысын ынтымақпен арт тырған ел . Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Тəуелсіз қазақ елінің тізгінін қолына алған сəттен бастап, жоғарыда айтып өткен ұлттық қасиеттерімізді төрткіл дүниеге танытып үлгерді. Əлем тарихында алғаш болып ядролық қарудан бас тарттық. Кеңестік кезеңде ядролық қару сынағына айналған Семей по-лигоны жабылды. Оның зар-дабы мен зияны бүгінге дейін қалай болып еді? Əлі қаншама ұрпақтың тамырына балта шабады десеңші? Елбасымыздың салиқалы саясатының өміршеңдігі осын-да, кесапатты қарудан бас тарту шешімі ұрпақ саулығын ойлау-дан, ұлт болашағына алаңдаудан қ а былд анды д еп б і л ем і з . Əйтпесе , ядролық қаруының

барына мақтанатын ел-дер жетерлік. Əри не, олардың ішкі-сыртқы сая сатына сын айту-дан аулақпыз. Дей тұр-ғанмен, бүгінгі жаһан-дық қалыптасқан жағ-дай ядролық қару ды сақтаудың зардабы зор екендігін, ол дегенің үрім-бұта ғыңның ба-сын бəйгеге тігу екен-

дігін аңғартып отыр.– Енді саммит жөнінде айт-

саңыз.– Қазақстан əлемдік арена-

да өзінің ядролық қаруға деген қарсылығын тұрақты əрі табанды түрде танытып келеді. Жəне бұл көзқарастағылардың алдыңғы легінде десек, қателеспейміз. Соған сəйкес əлемдік күн тəртібіндегі мəселенің шешілуінде ерекше рөл атқарамыз. Елбасымыздың кешегі АҚШ-та өткен саммит-те қақ төрден орын алуы – осы сөзіміздің айғағы.

Елбасымыз саммиттен соң БАҚ өкілдеріне арналған бри-фингте «АҚШ Президентінің бастамасымен өткізілген сам-миттер елеулі пайдасын тигізді. Бүгінде бүкіл əлем бойынша планетаны тұтасымен əлденеше рет жоюға жеткілікті өте көп ядролық қару бар. Сондықтан,

қарусыздану мəселесі біздің жəне ұрпағымыздың болашағын ай-қындайды», деп мəлімдеді. Өзіңіз байқағандай, Елбасымыздың бұл мəлімдемесі ядролық қаруды сақтап отырғандарға арналып отыр. Ұрпағының болашағын ойлайтын елдер түптің-түбінде қарусыздануға қол жеткізуі тиіс.

– Өзіңіз айтып өткен бри-фингте Елбасымыз терро-ризм турасында пікір білдірген еді. Сол жайындағы ойыңыз қандай?

– Күннен-күнге террорлық əрекеттердің көбейіп бара жатқаны дүниежүзін алаңдатып отырған жайт. Қаншама бейбіт тұрғындар жапа шегіп, өлім құшып жатыр. Ал онымен күресу, тамырына түбегейлі балта шабу мүмкін болмай отыр. Қайткен жағдайда мүмкін болуы мүмкін? Əрине, əлем елдері біріккенде, жұдырықтай жұмылғанда ғана. Елбасының: «Мен террорлық ұйымдарға қатысы бар əркімді бақылауға алуға болатын бірыңғай əлемдік желі құру қажет деп санаймын», деген пікірі осы бірігіп күресудің ауадай қажеттігін аңғартады.

ƏңгімелескенЕржан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

ҚЫЗЫЛОРДА.

Жауапты жїкті Жауапты жїкті жўмыла кґтерген жґнжўмыла кґтерген жґн

Адамзат тарихын-да ауыр зар даптарға ұластырған соғыс аз болмаған . Əлем əл і і р і л і -ұсақты сондай соғыстың зардабын тар-тып келеді. Енді бейбіт тұрғындар өміріне қауіп төндіретін ХХІ ғасырда да болмаса екен дейтін і зг і т ілек адамзатты алаңдатып отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтондағы Ядролық қауіп-сіздік жөніндегі IV саммит мін-берінен «Əлемге тыныштық керек!» дегеніндей, адамзат бейбіт өмірді қалайды.

Рас, бұл тек біздің Елбасын ғана толғандырып отырған мəселе емес, бұл – жаһан жұртшылығының ты-нышын кетіріп, түнде – ұйқыдан, күндіз күлкіден айырған ең шетін мəселе. Нұрсұлтан Назарбаевтың алаңдаушылық білдіруінің де себебі осында.

Тегінде табиғи апаттан өзге қандай да бір дау-жанжал да, қауіп-қатер де адамдардың қолымен жаса-лары даусыз. Оған өткен ғасырдағы

соғыстар дəлел бола алады десек, қазіргі ХХІ ғасырда да сон-дай қиыншылықтар кездесіп отыр. Соған қарамастан , барша адамзат бейбітшілік үшін байыптылықпен жəне табандылықпен күрес жүргізсе ғана зіл батпан зардабының алдын алуға бола -тын секілді. «Біз ба-

ла ларымыз бен неме ре леріміздің бола шағы туралы ойлауға тиіспіз. Өткен ғасырлардың қасіретті қателіктерін қайталауға жол бер-мей, əлемді соғыс қатерінен түп-кілікті арылту үшін бүкіл əлем үкіметтерінің, саясаткерлерінің, ғалымдарының, бизнесмендерінің, өнер қайраткерлерінің жəне мил-лиондаған адамдарының күш-жігерін жұмылдыру қажет. Іс-əрекетсіз оты-ру немесе бітімгершілік қызметпен айна лысқан кейіп көрсету əлемдік апатпен барабар», деп Елбасы жаһан жұртына үндеу тас тады.

Əрине, Нұрсұлтан Назарбаев тегіннен-тегін шырылдап отырған

жоқ. Əлемді үлкен қауіп-қатер бұлты тұмшалап тұр. Сол себептен, «Əлем. ХХІ ғасыр» атты манифесінде ХХІ ғасырда өмір сүретін жəне жұмыс істейтін өскелең ұрпақтың тағдырына шына йы алаң даушылы-ғын «Біз дер, мемлекет басшы-лары мен саясаткерлер, адамзаттың болашағы үшін зор жауапкершілік ар қа лап отырмыз. Көптеген тар жол, тайғақ кешуден өткен адам, саясат-кер ретінде, Семей ядролық поли-гонын жабу туралы күрделі шешім қабылдаған мемлекет қайраткері ретінде мен əлемдік лидерлер мен бүкіл халықаралық қоғамдастыққа ақыл-парасатқа жүгініңдер де-ген табанды талаппен қайырылып отырмын. Адамзатты ажал сепкен соғыс қатерінен мүлде арылту үшін қолымыздан келгеннің бəрін жасау-ымыз керек. Біз үшін қазір жəне таяу болашақта бұдан көкейкесті міндет жоқ», деуінің астарынан ұғына ала-мыз.

Шындығында, ұлты басқа тілегі бір, тілі басқа жүрегі бір əр адам үшін бейбіт өмірге жететін ештеңе жоқ.

Юрий КУСТАДИНЧЕВ,«Возраждение» болгар

этномəдени бірлестігінің төрағасы, Атырау облыстық мəслихатының

депутаты.

АТЫРАУ.

Бейбіт ґмірге Бейбіт ґмірге ештеѕе жетпейдіештеѕе жетпейді

Бүгінгі күні əлем елдері АҚШ-та өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммиттің салмағын сараптауға кірісті. Оң пікір мен солақай көзқарас қатар жүреді дегенімізбен, əркім сақасының ыңғайына қарай көздейді. Қазақ елінің ядролық қаруға деген қарым-қатынасы бесенеден белгілі. Десе де, біз мұхиттың арғы бетіндегі дүбірлі жиынға қатысты саясаттанушы Нұрхан ЖƏЛИЕВТІҢ пікірін білген едік.

Н.Ə.НАЗАРБАЕВТ ЫҢ «ХХІ ҒАСЫР: СОҒЫССЫЗ ƏЛЕМ» БАҒДАРЛАМАСЫ:

əлемдік қоғамдастықтың 5 біртұтас іс-қимыл алгоритмі

БІРІНШІ

ЕКІНШІ

ҮШІНШІ

ТӨРТІНШІ

БЕСІНШІ

Ядролық жəне басқа да жаппай қырып-жоятын қару түрлерінен толықтай азат əлемге қарай дəйекті қадам

ХХІ ғасырда соғысты тіршілікке қатер төндіретін құбылыс ретінде дəйектілікпен аластай отырып, орнықты əлем географиясын қалыптастыру қажет

Соғыссыз əлем – бұл, бірінші кезекте, халықаралық қаржы, сауда-саттық жəне даму салаларында жаһандық бəсекелестіктің əділетті парадигмалары

ХХІ ғасырда милитаризмнің жаһандық қауіпсіздікке қатер төндіріп, кең ауқымды халықаралық ынтымақтастыққа кедергі келтіретін əскери блоктар секілді рудиментін еңсеру керек

Халықаралық қарусыздану үдерістерін жаңа тарихи жағдайларға бейімдеу маңызды

Еуразиялық интеграция институты дайындаған

Page 7: «ƏЛЕМ. ХХІ ЄАСЫР» МАНИФЕСІ · №64 (28792) 6 СƏУІР СƏРСЕНБІ 2016 ЖЫЛ АҚПАРАТТАР аєыны Елімізде 2020 жылға дейін

6 сəуір 2016 жыл www.egemen.kz 7

Халыќ «ќырєи-ќабаќ соєысты» ќаламайды

БЕЙБІТ ҐМІРГЕ ЇНДЕУ

Елбасы Н.Назарбаев қатысқан АҚШ астанасы – Вашингтондағы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі сам-митте Қазақ стан ядролық қаруды таратпау режімін қолдауға жəне жаһандық я д р о л ы қ қ а у і п с і з д і к т і нығайтуға қосқан үлесі үшін марапатталды.

АҚШ президенті Барак Обаманың бастамасымен 2010 жылдан бері өткізіліп келе жатқан биылғы саммит əлемнің елуден астам мемлекет, үкімет жəне халықаралық ұйым басшыларының ба-сын қосты. Онда əлемдік көшбасшылар ядролық қауіпсіздікті нығайту, радиоак-тивті материалдарды сақтау мен ұқсату жəне ядролық қаруды таратпау секілді өзекті мəселелерді талқылады.

Саммит аясында АҚШ-тың ядролық энергетика институты Қазақстанның жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау жəне атомсыз əлем құрудағы танытқан белсенділігін, Халықаралық ядролық отын банкін өз жерінде орналастырғанын жоғары бағалап елімізді арнайы мара-паттады.

С о н д а й - а қ , А т о м ө н е р к ə с і б і саммиті барысында ұйымдастырылған « E X P O N I S - 2 0 1 6 » к ө р м е с і н д е «Қазатомөнеркəсіп» ҰАК» АҚ табиғи уранды өндіру, дайын өнім күйіне

жеткізу, оны есепке алу мен бақылау жəне қорғау жүйелерімен таныстырды. Айта кету керек, мұндай жүйе тек Қазақстанда ғана қолданылады. Ұлттық ком-пания АҚШ энергетика министрлігімен бірлескен б а ғ д а р л а м а л а р а я с ы н -да уран өндіруші жəне өң-деуші кəсіпорындар үшін табиғи уранды есепке алу, бақылау моделін жəне оның

физикалық қорғаныс жүйесін əзірлеуде. Сонымен бірге, уран өндіруші елдер, əсіресе, уран нарығындағы жаңа мемле-кеттер үшін МАГАТЭ-нің халықаралық ұсынымын дайындау ісіне қатысуда.

Еске сала кетсек, 2015 жылдың 27 тамызында Астанада Қазақстан Рес-публикасы мен МАГАТЭ арасында Төмен байытылған уран банкін құру ту-ралы келісімге қол қойылған болатын. Жобаның басты мақсаты — МАГАТЭ-ге мүше мемлекеттерге кепілді ядролық отын жеткізіп беру арқылы бейбіт атом энергетикасын дамытып, ядролық қаруды тараптау режімін нығайта түсу.

Рахат МƏДІБЕКОВ,«Қазатомөнеркəсіп» ҰАК»

АҚ қызметкері.

ШЫМКЕНТ.

Е л б а с ы Н ұ р с ұ л т а н Назарбаевтың Американың т ө р і н д е д ү н и е ж ү з і с а я -саткерлерінің алдында сөйлеген сөзін естіп, көрген соң түйген ойым мынадай: бұл қадамды жаһандық ынтымақтастыққа бастар жол деп бағалау керек. Өйткені, үлкен мінберден болашақ үшін əңгіме айтар алдында, əр адам өзінің ісімен үлгі бола білсе ғана оны ел тыңдайды, мойындайды.

Бұл ретте, 100-ден астам этнос өкілдері тұратын Қазақстанда ынтымақтың ұйытқысы орнағанын бүгінде көзіқарақты көп елдер біледі. Бұған мысал жетіп ар-тылады. Құдайға шүкір, бұл күнде еліміз бейбіт тірлік кешу-де. Сақтанатын бір нəрсе бар, ол – халықаралық терроризм. Ол

үшін «Ырыс алды – ынтымақ» деген даналықты ұстанған лəзім. Сонда түрлі жолмен ел арасында туындауы мүмкін жайттарға тыйым болады.

Тағы бір ерек ше айта кетер жайт, Қазақстан – бірінші болып

ядролық қарудан бас тартқан ел. Мұны əлем халықтары қуана құптап отырғаны рас. Сондықтан, Мемлекет б а с ш ы с ы ү л к е н мінберден ұлағатты сөз айтты. Соны дүниежүзі саясаткерлері мойындап, бағаласа, нұр үстіне нұр болмақ.

Доғдыргүл МОЛДАҚАЛЫҚОВА,

Жамбыл аудандық аурухананың бас дəрігері.

Алматы облысы, Жамбыл ауданы.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қашанда халықаралық өзекті мəселелер талқыланған биік мінбелерден замананың түйткілді тұстарын тарқатуға қатысты өзінің өміршең ой-п ік ірлер ін батыл ортаға салып келеді. Кеша ғана біз жəне барша əлем халқы осындай əдемі сəттің куəгер і а тандық , тұшымды пікірлерге тəнті бол дық. Бұл – АҚШ төрінде өткен ғ а л а м д ы қ я д р о -л ы қ қ а у і п с і з д і к саммитінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлеп, бүгінгі күннің ең өзекті деген мəселелерін кең көлемде тарқата талқылап, қауіпсіз болашақ құрудың алғышарттарын ұсынуы болды.

Ж а ң а ғ а с ы р т ы н ы ш с ы з , мазасыз басталды. Осыған өкініш білдірген Елбасы бұл мəсе лелер мен қиындықтардың кездейсоқ емес екендігін, оны адамзаттың өз қолымен жасап отырғандығын, сондықтан, ашу мен бəсе ке лестікке салынып, қаруға жүгінудің қажеті жоқтығын, керісінше, сабыр мен ақылға бой алдырып, барлық мəселені саналы жəне бейбіт түрде шешуге ұмтылу қажеттігін айтты.

Ядролық қару дегеніміз, адамзат санасының жетілгендігінің, ғылыми-технологиялық жасам-паздықты игере алғандығының көрінісі. Бірақ, осы ізгі жетіс-тіктерді тек ізгілікке жұмса ғанда ғана ол сəтті, ол құнды. Бірақ, ядролық қару жасау арқылы жер бетіне қауіп төндіру – ешкім қолдамайтын іс, ешкімнің алдында кешірілмейтін күнə. Осы мақсатта Елбасының бастамасымен біздің еліміз ядролық қару арсеналынан

баса тартып, атышулы сынақ полигондарын жабу ға қол жеткізді. Н.Назарбаевтың бұл саладағы бастамалары – əлем елдеріне үлгі.

Саммитте Н.Назарбаев бүгінгі Қазақстанның ядролық қарусыз өркендеп, дамып жатқандығын ж е т к і з і п , а л ы п державаларды ауыз-б і р ш і л і к к е , ө з а р а түсіністік орнатуға шақырды. Сондай-ақ, бүгінгі таңда барша ел үшін бас ауруға айналған лаңкестермен күрес удің оңтайлы жолы ретінде тер-

роризмге қарсы бір ыңғай желі құру керектігін айтып, ядролық қарудың терроршылар қолына түсу мүмкіндігінің бар екендігіне о р а й , о н ы б о л д ы р м а у д ы ң , қауіптің алдын алу қажеттігін талқылады. «Əлем. ХХІ ғасыр» атты манифесін жариялау арқылы адамзатты болашақ үшін жауапты екендіктерін естен шығармауға шақырды.

Қай ел үшін де бейбітшілік, тыныштық бас ты мақсат деп білеміз. Оқ пен от тұмшалап, жой-қын жарылыстар орын алып, аш-жалаңаш босқындар легі Жер шарын шарлаған тынышсыз заманда күні ертең өз елінің, өз отбасының, бала-шағасының, жеке өзінің тағдыры қандай боларын ешкім болжай алмайды. Сондықтан, əлем жұртының көкейіндегі арман да, мақсат та, аузындағы əңгіме де біздің Елбасымыз арқылы айтылды деп білемін.

Пəния САРМУРЗИНА,Маңғыстау облыстық мəдениет

басқармасы басшысының орынбасары.

АҚТАУ.

Баќытты болашаќтыѕ алєышарты

– Орал Тоқтарұлы, АҚШ-та өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте Қазақстан П р е з и д е н т і ж а р и я л а ғ а н манифестің маңызы неде деп ойлайсыз?

– Е л б а с ы Н ұ р с ұ л т а н Назарбаевтың АҚШ астана-сы – Вашингтонда өткен сам-митте сөйлеген сөзі бүкіл елдің жүрегіне қуаныш ұялатты. Бұл – Қазақстанның тəуелсіз ел ғана емес, əлемдік саясатта ойып тұрып орын алған мемлекет екенінің көрінісі. Өйткені, жер-жаһанды ядролық қарудан азат ету жөніндегі бастаманың бірден-бір авторы Нұрсұлтан Əбішұлы болатын. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Семей ядролық сынақ алаңын жауып қана қоймай, бүкіл əлемді ядролық қарудан бас

тартуға үндеді. Бұл нəтижесіз емес. АҚШ-та, ҚХР-да бірқатар сынақ алаңдарының жабылуына негіз бол-ды.

Өздеріңізге белгі-лі , жыл сайын 29 тамызда дəстүрлі түрде бейбітшіліктің ордасына айналған е л і м і з д е , с о н ы ң ішінде Семей қала-сында ядролық қарусыз əлем құруға байланысты ауқымды шаралар өткізіледі. Мемлекет басшысы ядролық қарусыз əлем кеңістігін кеңейту идея-сын табанды түрде жүзеге асы-рып келеді. Қазіргі кезде ұлы державалардың жетекшілері Қ а з а қ с т а н П р е з и д е н т і н і ң

бастамасына қолдау көрсетіп, бейбітшілік саясатын дамыту мен ілгерілету жөнінде өзара келісімдерге келудің өзектілігін анық түсінді. Бұл – ел абыройы.

Елбасының бейбітшілік сая-сатын отандастарымыз, соның ішінде азаматтық қоғам өкілдері де терең түсінеді əрі халыққа та-ратуда өздерінің үлестерін қосып жүр. Мəселен, таяуда өткен жас-тар форумында жаппай қырып-

жоятын қатерлі қару-лардан бас тарту идея-сы өскелең ұрпақ са-насынан берік орын алуы туралы айтылды. Өйткені, бүгінгі зама-науи фильм дер мен интернет материал-дары, компьютерлік ойын бағдарламалары жастарды агрессияға тəрбиелеп жатқа-н ы н ж а с ы р а а л -

маймыз. Осы орайда, Қазақ с-тан жастарын ізгілікке, иман-дылыққа, еңбекқорлық пен бейбітсүйгіштікке тартудың маңызы үлкен. Əлбетте, ешкім ядролық қаруды басқарудың экстремистік ұйымдарға көшуін қаламайды.

– Вашингтон саммитінде

ядролық қарудың адамзат бала-сы мен оның игілігіне берілген бірегей планета үшін қатерлі жол болуы мүмкін екені ай-тылды...

– Қазақстанның «Мəңгілік Ел» саясатының маңызы да осында. Еліміздің ядролық қарусыздану жөніндегі бастамасын бүкіл əлемге жеткізуге күш салуы елдің ғана емес, тұтас географиялық аумақтар мен жер-жаһанның тағдыршешт і мəселес імен ұштасады. Атом қаруын бейбіт мақсатта, өндірістік қуатты еселеу қызметіне пайдалану жөніндегі саммитте көтерілген мəселелер Қазақстан мен əлемдік деңгейдегі көшбасшы саясаткерлер ойының ортақ арнасына айналды. Сон-дай-ақ, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлғасы тағы да əлемдік деңгейдегі жоғары саяси мұраттарымен танылды.

Қоғамдық келісім мен тұрақ-тылық – бейбітшілік кепілі. Қазіргі аумалы-төкпелі заман-да түрлі саяси-экономикалық мүдделер қақтығысының алаңына айналған мемлекеттер үшін бейбітшіліктің маңызы қандай екенін айқын көруге болады. Сондықтан, саммит шешімдері əлемнің кез келген бұрышы үшін

маңызды. Бұл мəселеде зерттеу, талдау жұмыстары жүргізілуде. Бірақ, Қазақстан өз тарихында атом қаруының зардабын тартқан, бейнеті мен азабын көрген ел ретінде болашағының атомсыз бо-луын қалайды. Біз ширек ғасырда тəуелсіз ел, жаңа Қазақстанды құрдық. Енді оны сақтауымыз қажет. Бұл үшін ядролық қарусыз əлем құрудың қаншалықты өзекті екенін өзіңіз де бағамдай аласыз.

– Саммит аясында екіжақты кездесулердің де маңызы зор ғой?

– Əлбетте. Елбасымыз сам-мит аясында Жапония премьер-министрі С.Абэмен кездесу өткізді. Хиросима мен Нага саки ядролық қару зардабын тартқан Семеймен тағдырлас қалалар болғандықтан, жапон мен қазақ халқының мұң-мұқтажы бір. Бұл ретте, соңғы жылдары екі ел арасындағы ядролық қарусыздануды жақтау саласындағы байланыс жаңа биікке көтерілгенін айта кет-кен лəзім. Жапония атом зар-дабын тартқан біздің халыққа медициналық көмек көрсету мақсатында орасан жұмыстар атқарды.

Əңгімелескен Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

СЕМЕЙ.

Жаћандыќ ынтымаќтастыќќа бастар жол

Ќауіпсіздікке ќарымды ќадамСемей ядролық сынақ алаңы əлемдегі ең ірі əрі жергілікті тұрғындарға жойқын зардабы ти-ген полигондардың санатында болғандықтан, аталған сынақ алаңын жабу үдерістерінен ядролық қарусызданудың бүгінгі нəтижелі биігіне дейінгі қазақстандық бастамаларға семейліктер əрдайым сер-гек қарап, кең қолдау көрсетіп келеді. Осы орайда, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Орал ШƏРІПБАЕВПЕН əңгімелескен едік.

Page 8: «ƏЛЕМ. ХХІ ЄАСЫР» МАНИФЕСІ · №64 (28792) 6 СƏУІР СƏРСЕНБІ 2016 ЖЫЛ АҚПАРАТТАР аєыны Елімізде 2020 жылға дейін

www.egemen.kz8 6 сəуір 2016 жыл

Адам біреуден зорлық, яки на-қақ қиянат көріп, бірақ сол сəтте əділ дікке қол жеткізе алмайтынын білген жағдайда ашынғаннан ама-лы құрып, сосын күпті көңілін көн-шітер соңғы үміті ретінде «сотқа беремін» дейді. Осы сөзді айтудың өзі қиянат көрген адамның көңі-ліне сəл жеңілдік тудырары да анық. Өйткені, «жəбірленушіні сот ақтайды, жəбірлеушіні сот сот-тайды» деген сенім басым тұрады. Сол сияқты, өзін лауазымдық жа-ғы нан жоғары, əлеуметтік, яки тұр мыстық немесе материалдық жағы нан бай-қуатты санап жүрген біреу екінші біреумен жанжалда-сып, оны сол сəтте басып-жаншып тұқыртып алғысы келгенімен, анау əділдігін алға тартып болмай қойса жəне бұл оған есесі кет іп ұтылғанын байқаса, намыс тан ба, ызақорлықтан ба көгеріп жары-лардай болып: «Тұра тұр бəлем, əлі көзіңді көгертіп түрмеде шірі-темін, соттатамын!» дейді. Сөйтіп, екеуі нің де айтқаны орындалатын-дай көрінеді. Бірақ алғашқыда екін-ші мысалдағы адамның қаһа ры іске аспайтын кіжіңдей ғана əсер қалдырады. Өйткені, нақақ қия нат шеккен адам сотқа барса, айт қаны жүзеге асатыны белгілі дейміз. Себебі, заң біздің сана мыз ға осы əділдіктің ғана салтанат құ ратынын сіңіріп тастаған. Қалай да, қашанда нақақ қиянат көрген адам жапа шекпеуі қажет. Алайда, бұл қағаз жүзіндегі шындықтың кө рі нісі ғой. Ал нақты өмірде қалай?

Əрине, нақты өмірде өзгешелік көп. Өйткені, көпшілік ана лау-азымы жоғары, қолында билігі бар, ақшасы мол байдың дегені бо латынын айтады. Расында, со-лай ма? Олай емес десек, оған қан-дай нақты дəлел бар? Сол сияқты, бұ ған келісер болсақ, оны немен дəлелдей аламыз? Жұрттың де ні мұ ның алғашқысына да, соңғы-сына да келіспейтіндіктері сөз сіз жəне екеуіне де келісетіндер аз еке-ні тағы рас. Сонда бұл адам дар дың көзін нақты ақиқатқа қалай жет-кізуге болады? Егер даулас қан екі жанның да айыбы болып тұр ған жағдайда оларға ақиқатты ұғын-дыру мүмкін бе?

Нақты жағдайда мүмкіндік аз. Сондықтан, адам айыпты ма, айып -сыз ба, дұрыс па, жоқ па, кінəлі ме, кінəсіз бе, оның бəрін заң ай -қындайды. Заң осы даудың шеші -мін тауып, оған түпкілікті, əйтеуір, бір нүкте қою үшін қажет. Со сын сот заңға сүйеніп шешім шы ғарды дейді, бітті. Бұл орайда, осындай жағдайларда заңды сөз бұйдалыққа, қағазбастылыққа, сот істі қарау-ды ұзақ сергелдеңге ай нал дыр мас үшін сот жүйесіне де өз герістер енді. Өзгеріс тіптен көп. Бір ғана бес сатылы сот жү йе сі нен бірден үш сатылы сот ама лына ауысудың өзі неге тұрады. Ол ел үшін жаңалық қана емес, ең бастысы, тараптарға əділ дікке тез қол жеткізудің оңды жолы деп қарастырылуда. Осыған орай ал ғашқы саты – аудандық сот-тың, екін ші саты – облыстық апел-ля ция лық соттың жəне үшінші саты – Жо ғарғы Соттың кассациялық мəр те бесі артып, əрқайсысының дəр мені күшейді.

Ал бұрын бұл салада аудандық сот судьясының шығарған шешімі Жоғарғы Соттың шешімдеріне жұрт тың күмəнін келтіретін жайт-тарды туғызатыны бар еді. Себе-бі, ертеректе аудандық сот тың екі адамды соттаған ісін об лыстық ап пеляциялы, кассациялық сот-тар қолдап, бірақ Жоғарғы Сот-қа келгенде, əлгі істің шикілігі бай қалып, екі жігіттің жазықсыз сотталғаны анықталып, аудандық сот шешімі бұзылып, қайта қарау-ға облысқа жіберілген болатын. Жоғарғы Соттың аталған істі қа-раған қылмыстық алқа отыры-сының қаулысы бойынша облыс-тың апелляциялы алқасы бұл істі одан əрі жете толыққанды зерт-теп, зерделей келе Жоғарғы Сот ал қасының тапқан қателігі дұрыс еке нін, аудандық сот тек қудалау органының бір жақты шала тек-серісіне сай теріс үкім шығарғанын ашып, шешім күшін жойды. Одан əрі не болды дейсіз ғой. Одан əрі нағыз қызықтың көкесі орын алды.

Облыстық кассациялық алқа Жо ғарғы Соттың да, облыстық апел ляциялық алқасының шешімін де дұрыс емес, өйткені, олар аудан-дық сот судьясының шешім күшін жою да қателескен деп тауып, істі бұ рынғы бəз қалпына түсірді. Бұ-ған, əрине, бəрі де наразы болды, бірақ бұл істі қайта қараған Жо-ғарғы Соттың жаңа құрамдағы қыл мыстық істер бойынша алқасы ен ді істі алдында қараған облыстық апелляциялық соты да, Жоғарғы

Соттың бірнеше судьялары да те-ріс шешім шығарған, сондықтан, аудандық соттың үкімі өзгеріссіз қалдырылсын деп, дəу нүкте қойды. Сөйтіп, аудандық соттың тоқпағы мықты екен, облыстық, Жоғарғы Сот судьяларының уəждерін қай-тарып тастады. Бұл ештеңе емес, бəрі нен бұрын жұрт енді кімге сенім артарын білмей қалды. Өйт кені, тағы бір жаңа құрамдағы қыл мыс-тық істер алқасы осы істі тағы бір

мəрте қарар болса, басқа шешім қа был дан басына кім кепілдік бере алады?

Ал аталған іске байланыс ты бастапқы шешімді шығарған ау-дан дық соттың судьясы бірден ауысып кеткен. Бұл істі тергеген тергеушінің өзі қылмысқа ша ты-лып, сотталған дейді. Жалпы, жа-зық сыз соттауға «заңды жағдай» жа саған құқық қорғау органдары өкілдерін олардың келеңсіздігінен тас қапасқа қамалып, тағдырлары тəрк болған екі баланың көз жасы жібермеген секілді. Мұны текке мысалға келтіріп отырған жоқ-пыз. Біздің елде мұндай жағдай қайталанбауы тиіс. Сондықтан да, Мемлекет басшысы əділдік тек сот-тарда ғана салтанат құруы қажет деп атап көрсетті. Бұл сөздің мəні де, маңызы да зор. Адамның бəрі бірдей, сондықтан да, біздің елдің Ата Заңы бойынша бірде-бір адам жазықсыз жапа шекпеуі қажет. Ал оны қамтамасыз ете алатын тек сот қана.

Елбасы бұл туралы айтудай-ақ айтып келеді. Бірақ, əділдік ауы-лы ның төбесі қашан көрінеді деп көпшілік əлі алаңдаулы. Өйткені, қазір адам біткеннің көзі ашық: та-рихтан та, саясаттан да, құқықтан да хабары мен ақпараты мол. Жаман мен жақсыны қалай тез айырса, дұрыс пен бұрысты да тез ажыра-тады. Демек, ешкім ештеңеге ал-дана қоймайды. Бірақ, қандай озық қоғам болмасын, адамдар арасын-да жоғарыдағыдай дау туындамай тұрмайды. Ал дау шешімін табуы тиіс дейміз. Онда да əлгі көкірегі ояу, көзі ашық жандардың көзін жеткізу үшін даудың нүктесіне еш-кім шүбə келтірмеуі керек. Алай-д а, оған қол жеткізу оңай емес. Өйт кені, əркім өзінікін ғана жөн дейді. Бірақ, шындығына келген-де, олардың бірінің ғана ақиқаты басым екені даусыз. Сонда оны қайткенде, қалай айыруға болады? Жəне екінші тараптың көзін оған қалай жеткізуге болады? Демек, қайткенде, қалай ғана қара қылды қақ жаратын əділдікті орната алуға болады дейміз, біз де. Мұның қазіргі күні бір амалы табылды ма?

Жоғарыда айтқанымыздай, əділдіктің соттарда салтанат құра-ты нын Елбасымыз шегелеп ай-тып берді. Енді сол əділдікті ор-нату үшін не жетпей тұр? Əлде қазір əділдікті əділетсіздікпен ай-ырбастап алған адамдар қатары көбейіп бара ма? Олай десек, онда қандай сот болмасын бекітілген заң шеңберінен шығып кете алмайтын-дай, яғни тура шешім ғана шығаруға мəжбүр қылатын құқықтық тетіктер қамтамасыз етілген амалдар іске асатын күн туа ма, өзі? Осы шетін мəселе төңірегінде реті келгенде біз Жоғарғы Соттың Төрағасы Қайрат Мəмимен ашық əңгімелескен едік. Ол біздің көкейімізде жүрген күпті мəселеге орай: «Міне, қазір сол күнге, сол сəтке де келіп жеттік. Қазір гі уақытта заң үстемдігін қам-тама сыз ету үшін нақты іс-шара-ларды жүзеге асыру кезеңі басталды. Ал ондай шаралар Ұлт Жоспарында көрсетілгені баршаға аян. Өзіңіз айтқандай, адам дар кейде сот істі заңды қара ған жоқ, заңсыздық орын ал ды дейді. Олар оны неге айтады? Заңсыздықтар орын ала-тын жағдайлар болуы мүмкін ғой. Міне, енді байқасаңыздар, осын-дай заңсыздықтарға жол берілмеуі үшін қажетті тетіктер жаппай қарас-тырылып отыр», деді.

Расында, байқар болсақ, Ұлт Жоспарына сай қазір тараптарға сотқа жүгіну мен судьяларға сот ісін қарау оңтайлы болуы үшін сот жүйесінде күрделі жаңалықтар пайда болғаны анық байқалады. Мұндағы алға тартылып отырған 11 қадамның барлығы да заңды түрде реттелді. Жəне оны азамат-тар құқының талапқа сай қор ғалуын

оңтайландыру үшін көп теген заңдарға өзгерістер мен толық-тырулар енгізілді. Сөйтіп, уақыт талабына толық сəйкес келе тін жаңа Азаматтық процестік кодекс пен «Жоғары Сот кеңесі туралы» жаңа заң қолданысқа енді. «Сот жүйесі жəне судьялардың мəртебесі туралы» Конституциялық заңға, Қылмыстық-процестік кодекс пен Əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске тиісті өзгерістер енгізілді. Осылайша, бүгінде барлық деңгейдегі соттар жаңа қылмыстық жəне қылмыстық-процестік заң-нама бойынша жұмыс істеуге кірісті. Ал мұндай жаңалықтар бұ рын болмады ма дерсіз. Болды. Бірақ заман ағысы бір орында тұрмайды ғой, даму үрдісі зор. «Сол дамуға сай біздің де негізгі мақ-сатымыз – əділдік. Ендеше, мына

заңдарымыз да заман ағы мы на сай пайда болған кедергілерді жойып, тек сот əділдігін жүзеге асыруды ғана үдете түседі. Бұл, біздің көп-тен бергі межеміз – ұлттық сот жүйесіне деген халықтың жəне қоғамның сенімін арттыра беру», дейді Төраға.

Жоғарыда аталған мысалға бай -ланысты Төраға үш сатылы сот-тың басымдықтарына кеңінен тоқ-талып өтті. Қандай өзгеріс болса да, қандай заң шықса да, оның бəрі тек халық мүддесіне сай қызмет етуге тиіс. Сол айтылғандай, сот жүйеміз бес сатылы ма, үш сатылы бола ма, мəселе, о да емес. Халыққа ең бастысы құқының талапқа сай қорғалғаны, даудың жоғарыдағы заңдарға сай əділ шешілгені керек. Демек, үш сатылы дегенде адамдар одан не ұтады деген заңды сұрақ туындайды? «Иə, не жасалса да, ол алдымен халықтың игілігіне асуы қажет. Сотта əділдікке жетудің бір-ақ жолы бар – əділ шешім. Ал мұндай жолдың тарихы əріден басталатын, əбден тəжірибеден өткен көрнекті бағыты өмірде қол-данылып жатыр. Соның бірі – үш буынды сот жүйесі. Үш буынды сот жүйесі Еуропаның көптеген дамыған елдерінде қалыптасқан үрдіс. Демек, бұл – бəріміз өте көп айтатын, яғни əділдікке жетудегі өте қажетті құрылым болып та-былады. Осы құрылым арқылы біздің ойлаған басты мақсатымыз не? Басты мақсат – сот сатыларын мейлінше азайту арқылы азамат-тарды əуре-сарсаңға салмай, сот əділдігіне қолжетімділікті артты-ру! Демек, үш сатылы сот жүйесі іс бойынша сот шешімінің же-дел қабылдануына негіз қалайды. Ендеше, бұдан былай сотқа түс кен істердің басым көпшілігі бірінші жəне екінші сатыдағы, яғни, аудан дық, облыстық жəне оған теңестірілген соттарда өзінің түп-кілікті шешімін таба бермек. Бұрын облыста адамдарды əрлі-берлі сабылтып қоятын, яғни бірінің шешімін бірі қайталайтын аппе-ляция мен кассация қатар жұмыс істеген еді. Енді бұл кемшілік қай-таланбайды.

Осылайша, апелляциялық саты облыстық сотта қалып, ал касса ция-лық саты Жоғарғы Соттың құзы-рына берілді. Мұның пайдасы сол, ол сот шешімдерінің жедел əрі са-палы орындалуына мол мүмкіндік тудырады. Істі негізсіз созу, түрлі бұлтаққа салу сияқты келеңсіздікті жойып, кейде соттардың атына ай-тылатын əлгі «іс заңсыз қаралды» деген секілді небір алыпқашпа сөздерге тұсау салғызады. Сөйтіп, бұл аталған құрылым бүгінгі заман

талабынан туындаған оңтайлы ұстаным екендігін халықтың разы-лығына бөлену арқылы дəлел-дейтіні анық. Өйткені, осы жаңа-лықтың арқасында бірінші жəне апелляциялық сатыдағы соттардың рөлі күшейеді. Істі қарауда тара-зы ның əділдік басы ғана тартады, демек, оның маңыз-дылығы мен мəртебесі де арта түседі» дейді Қайрат Əбдіразақұлы.

Демек, қазіргі уақытта заң дары-мыздың əлеуеті артып, маңызы күшейді. Қылмыстық саясатқа бай ланысты төрт бірдей Кодекске өзгертулер мен толықтырулар да енді. Соған сай, міне, сот жүйесін реформалауға байланысты бірнеше қадамнан тұратын нақты амал-дар да көрсетілді. Бірақ бұлар қанша жерден «алтынмен апта-лып, күміспен күптелгенмен»

оларды жүзеге асыра алатын маман дар болмаса, əлі де біраз уақытымызды жоғалтатынымыз рас-ау. Осыған орай судьялық лауазымға үміткерлерге алдымен қатаң талап қойылатыны бекер емес. Бұл өте маңызды мəселе. Кейін бармақ тістеп, сан соқпас үшін судьялыққа бірден дұрыс адамды іріктеп, таңдап алған жөн. Көпшілік күтетіндей, судьялыққа сотқа жүгінген əр тарапқа мынау ақ, мынау қара деп ақиқатты тура ай-тып бере алатын білікті де, білімді жан тағайындалғаны керек. Бұл мақсатта кең көлемді жұмыстар жүргізілді. Мысалы, жоғары заңгерлік білімі бар, адамгершілік ұстанымы берік, кемінде бес жыл сот отырыстарының хатшысы, судьяның, прокурордың, адвокаттың консультанты (көмекшісі) неме-се заңгерлік мамандығы бойынша кемінде он жыл жұмыс өтілі бар үміткерлер судьялық қызметке таңдалынады. Үміткерлер үш кезеңнен тұратын біліктілік ем-тихандарын тапсырады. Бірінші кезеңде еліміздің заңдарын білуге арналған компьютерлік тестілеуден өтеді. Екіншісінде, сот практика-сына қатысты сұрақтарға жауап береді. Содан кейін психологиялық тестілеу жүргізіледі. Көрдіңіз бе, мұндай талаптар тек судья болатын үміткерлерге қойылатын сынақтар. Ол осы талаптарға сай келмесе, су-дья бола алмайды.

Судьялыққа кандидат үшін бұрын еңбек өтілі екі жыл ғана бо-латын. Қазір олай емес, алдында айтқанымыздай, талап күшейді. Демек, енді бес жыл мерзім қажет етіледі. Ал тағылымдамадан өту бір жыл болды. Ол тұрақты түрдегі жəне еңбекақы төленетін тағылымдама. Яғни, кандидат өзінің жұмысынан босатылып, тағылымдамадан өтуге тиісті. Жаңадан тағайындалған жас судьялар үшін бұлайша бір жылдық сынақ мерзімін енгізу – сот саласындағы маңызды жаңалық. Олар сынақ мерзімі кезеңінде əкімшілік, күрделі емес қылмыстық жəне азаматтық істерді қарайды. Сынақ мерзімі аяқталған соң, оның нəтижелері облыстық соттың жал-пы отырысында талқыланады. Оң қорытынды алған жағдайда, кəсіби деңгейіне қарай Сот жюриінің біліктілік комиссиясы баға береді.

Демек, біліксіз, тəжірибесі жоқ, тура шешім шығара алмай-тын адам судьялыққа келе алмай-ды. Оған жол жоқ екен. Өйткені, сапалы сот төрелігін жүзеге асы-ру – осынау ауыр еңбекті таңдаған адамның кəсіби деңгейіне жəне адами қасиеттеріне тікелей бай-ланысты болып отыр. Əр даудың

артында адам тағдыры тұрады. Оны ешуақытта естен шығармаған жөн. «Сондықтан, біздер дамыған елдердің осы бағыттағы тəжірибесін терең зерделеп, үлкен талдау жаса-дық. Сөйтіп, ақыр аяғында судья лауазымына кадрларды іріктеу мəселелері бойынша осындай мəні зор, мазмұны ерекше өзгерістер енгізілді», дейді Қ.Мəми.

Алайда, кемшіліксіз адам жоқ дегенімізбен, судьялардың білмей қалып қателесуі мүмкін емес. Демек, олар қате шешім шығарса не біліксіздіктен, не сыбайластық жемқорлық жетегінде кеткендіктен деп түсінеміз. Бұл сенімге селкеу түсіреді. Оған жол бермеу мақсатында, дейді Төраға, Елбасы тапсырмасына сəйкес, Жоғарғы Соттың жалпы отырысында Сот жюриінің жаңа

құрамы бекітілген. Мұндай жүйе Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ыстамбұл жос-парын орындау мақсатында іске асырылып отыр. Бұл құрылым қазіргі таңда жұмыс істеп жүрген судьялардың кəсіби қызметіне баға береді. Сонымен қатар, судьяның орнынан түсу құқығын растау, оны тоқтату мəселелерін жəне оларға қатысты тəртіптік істерді қарайды. Бұл не деген сөз? Мұны тарқатып айтар болсақ, яғни Сот жюриінің құрамы біліктілік жəне тəртіптік ко-миссиялардан тұрады. Олар жұмыс істеп жүрген судьяның кəсіби қыз-метіне баға береді. Біліктілік комис-сиясы 7 судьядан тұрады, олар дың құрамында облыстық сот тар дың екі судьясы, Жоғарғы Соттың екі судьясы жəне доғарыста жүрген бұрынғы үш судья болады.

Енді осы біліктілік алқасы əлгі судьялыққа үміткерлер бір жыл тағы лымдамадан өткеннен кейін, олардан біліктілік емтиханын қа-был дайды. Ал судьялық қызметке та ға йындалғандар бес жылдан кейін осы біліктілік алқасында тағы да ем тихан тапсырады. Сондай-ақ, аудан дық соттардың төрағаларына, облыстық соттардың алқалық төр-аға ларына жəне облыстық соттар-дың төрағалары лауазымдарына тағайындалатын адамның да осы біліктілік алқасында емтихан тап-сыруы қарастырылып отыр. Демек, судьялардың кəсіптік деңгейі үнемі бақылауда деген сөз.

Сонымен қатар, судьялардың кəсіби қызметіне баға тұңғыш рет судья лауазымын атқарған алғашқы жылғы жұмыс нəтижелері бойынша беріледі. Мұндай баға беру əрбір бес жыл сайын өтеді. Судьялық өтілі жиырма жылға толған су-дья кəсіби қызметін мерзімдік баға лаудан босатылады. Бұған қоса тəртіптік комиссия деген бар. Тəртіптік комиссия 9 судьядан тұрады. Оның құрамына аудандық жəне оған теңестірілген соттардың үш судьясы, облыстық жəне оған теңестірілген соттардың 3 судьясы жəне Жоғарғы Соттың 3 судьясы енген. Тəртіптік комиссия судьяның орнынан түсу құқығын растау, судьяға қатысты тəртіптік іс қозғау мəселелерін қарастырады. Судьяға қатысты материалдарды тəртіптік комиссияда қарауға облыстық сот пен Жоғарғы Соттың жалпы отыры-сы төралқасының шешімдері негіз болып табылады. Ал Сот жюриі судьяға қатысты материалдар-ды жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштері негізінде қарайды.

Сол сияқты, судьялардың əдептілігін де бақылайтын жаңа Əдеп кодексінің жобасы қазіргі уақытта дайын. Бұл Кодекстің бір ерекшелігі, азаматтар судьяның іс-əрекеттеріне көңілдері толмаған жағдайда, Жоғарғы Сот жанындағы Сот жюриіне шағымдануға құқылы. Мұны аз десеңіз, осыларға қоса Судьялардың этикалық кодексінде судьяларға Президент, халық та-рапынан қойылған талаптардың барлығы ескерілді. Кодекс жо-басы Бангалор қағидаты мен ең үздік халықаралық тəжірибенің негізінде жасалды. Осы жаңа ко-декс судьялардың кезектен тыс жетінші съезінде қабылданады деп күтілуде. Көрдіңіз ғой, судьяларға тік тұрып, тура қызмет істеуден басқа бұлтаруға шама жоқ. Өйткені, тап осылай судьялар есептілігін күшейту, жұмыс істеп жүрген судьялардың біліктілігін мерзімдік бағалау, азаматтарға судьялардың əрекетіне қатысты Сот жюриіне шағымдану мүмкіндігінің берілуі – олардың кəсіби тəртібін нығайтады.

Бұған қоса, Сот төрелігі инс-титутын дербес оқу орны ретінде Мемлекеттік басқару академия-сынан бөлу сот жүйесі үшін білікті кадрларды даярлауға жəне қызметтегі судьялардың біліктілігін

арттыруға мүмкіндік беретіндігі əбден зерделенген екен. Аталған институт Жоғарғы Сот жанынан қайта құрылып, судьялардың білік-тілігін арттыруда тұрақты жұ мыс істеуді қамтамасыз етеді. Ака-демия түрінде жоғары оқу орнын қай та құру еліміздің «Білім тура-лы» Заңының талаптарына сəйкес келе ді. Академия қызметінің негізгі бағыты – мамандандырылған ма-гистратурада жоғары білімнен кейін гі бағдарламаны жүзеге асы-ру, судьялар мен сот жүйесі қыз-меткерлерінің кəсіби деңгейін арт тыру, сот қызметі саласында ғы лы ми зерттеулерді жүргізу. Осы мақ сатқа орай, Академияны үш институттың: Заң институты (мамандандырылған магистра-тура), Судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арт-

тыру институты жəне Ғылыми-зерттеу институты базасында құру көзделінген. Білім беру меке месі-нің мұндай моделін құру респуб-ликамызда судьялар корпусын даярлау жəне қайта даярлауды жетілдіруге тың серпін береді деп есептейміз. Ол тек жаңадан қыз-мет ке кірісетін судьяларды ғана дайын дап қоймайды, бүгінгі күні жұмыс істеп жүрген судьялардың да кəсіби деңгейін көтерумен ай-налысады. Сондықтан, Сот төрелігі академиясының Жоғарғы Соттың жанынан ашылғаны тиімді болмақ.

Иə, біз «Сүрінбейтін тұяқ жоқ» дегенімізбен, жығылғанға жұды-рық та жұмсамайтын халық екен-дігіміз рас. Бірақ, жоғарыда келті-ріл ген мысалға сай қылмыстық істегі алғашқы тергеу кезінде та-лай дөрекілік пен заңсыздықтың орын алып жататынын жұрттың бəрі біледі. Сондайда, сотқа дейінгі айыптау кезеңінде азаматтардың құқын қорғау қалай жүзеге асы-рыл мақ? Ұстаудың, күштеп қамау-дың ақ-қарасын кім айырып бер-мек деп жұрт жарыса сұрайды. Енді, Қай рат Əбдіразақұлының айтуына қара ғанда, мұны тер-геу судьясы жүзе ге асырады. Ұлт Жоспарының 22-қадамында адам-ның жəне азамат тардың конс ти-туциялық құқын шектейтін бар-лық тергеу қызметі жө нін дегі өкілеттікті тергеу судьясына бір-тіндеп ауыстыру көзделген. Сон-дықтан, тергеу судьясы күзетпен ұстауға санкция беру, үй қамаққа отыр ғызу, медициналық мекеме-ге күшпен қамау жəне тағы бас-қа шара лардың заңдылығын тек-середі. Бұған қоса, ол тексеру, тінту, алу жəне жеке адам ды тін-ту əрекеттерін жүзеге асы руға құ қылы. Прокурорлар мен бір ге аза мат тарымыздың құқық тарын қор ғауды қадағалайды əрі ауыр немесе аса ауыр қылмыстардан бөлек істер бойынша кепілзат көлемін анықтайды. Осылайша, ол сотта айыпталушы мен қорғаушы арасындағы теңгерімді қамтамасыз етіп, тергеу процесі кезін дегі заң -дық негіздер мен құқық тар дың сақ -талуын жүзеге асыруы тиіс. Со ны -мен қатар, сот алды на бар ған да кей-біреулердің бұ рын берген жауабы-нан бас тарта ты ны бар. Осындай дə лел сіз деректерді азайтып, істің сот қа бұлтартпас айғақтар негі зін-де жетуін қамтамасыз ету – тер-геу судьяларының басты міндеті көрінеді.

Əділдіктің нақ сотта ғана сал-та нат құру үрдісін кеңейту мақ-сатымен кезінде алқабилер соты да құрылғаны рас. Дегенмен, қазіргі күні осы алқабилер соты талап дең гейінен табылып келе ме де-ген сұрақ та көпшілікті мазалай-тын секілді. Мүмкін, алқабилерден өзге, мəселен, өз ұлтымыздың ерек-шелігіне лайықты етіп сот үлгісін жасау керек пе еді? Өйткені, сонау бұрынғы билер сотының əділдігіне орыс шаруалары да жүгінгені тарих-тан белгілі ғой. Ендеше, қайсыбір адамдарды ежелден қалыптасқан еліміздің дəстүрлі құқық нормала-рын сақтай отырып, қазақ сотын құру мүмкіндігі ескерілмей қалған жоқ па деген ой да мазалайды екен. Бұл орайда Төраға: «Бұрынғы билер сотының құрамын қазіргі қоғамға алып келейік деу – айтуға ғана оңай. Ол бүгінгі сот жүйесіне сол қалпында кіріге алмайды. «Алайда, біздің сот билер салған сара жолды, əділеттікті ту еткен турашылдықты, адалдық пен шыншылдықты берік ұстанған, имандылығы ба-сым сенімдерінен рухани қуат аламыз. Қазіргі судьялар ұлы билеріміздің əділ сотта көрсеткен үлгі-өнегесінен мол тағылым алуы-на еш кедергі жоқ. Біз қай жағынан да Төле би, Қазыбек би, Əйтеке бидің əділ билігінен таймауы-мыз керек. Бізге ең бастысы – осы

ұлы билер қалдырып кеткен əділ биліктің өнегелі жолы. Дегенмен, қазақ елінің дəстүрлі құқығының кейбір ережелері жаңғырып келеді. Айталық, ХХ ғасырдың басына дейін келіп жеткен «Еселеп айып төлеттіру» – еліміздің жаңаша жа-сал ған Қылмыстық кодексінен орын алды деп айта аламын. Кодекс-тегі мемлекеттік қызмет пен мем-лекеттік басқару мүдделеріне қарсы жемқорлық жəне өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар, соның ішінде парақорлыққа делдал болу, пара беру, пара алу қылмыстары үшін лауазымды тұлға он еседен сек-сен есеге дейінгі теңге мөлшерінде айып тартады. Міне, мұның өзі дəстүрлі құқықтың кейбір нор-малары бүгінгі заңнамадан орын алғанын көрсетпей ме?!» дейді.

Иə, сонымен халық қазір əділ-дік ті соттан ғана іздейді. Сот қана соңғы сөзді айта алады. Сондықтан да, Елбасы жұрт іздеген əділдік сотта ғана табылатынын баса айт-ты. Бұл орайда еліміздің Жоғарғы Соты өзге соттарымыз бастау ала -тын əділдіктің шын мəніндегі қай-нарына айналды десек, артық айт-қандық емес шығар. Оған соңғы жылдары сот жүйесінде атқарылған орасан жұмыстар куə. Жоғарғы Соттың қазіргі Төрағасы Қайрат Əбдіразақұлы кезінде еліміздің Бас Прокуроры, Парламент Сена-ты ның Төрағасы секілді беделді қызметтерді атқаруда халық пен мемлекет мүддесінің абыройын асқақтата түскен білікті басшы, мемлекетшіл абзал азамат. Оның отандық сот саласында көптеген реформалардың жүзеге асуына белсене атсалысқаны дүйім жұртқа белгілі жəне əлі де ат үстінен түспей келеді.

Ал енді биыл еліміздің Тəуелсіз-ді гіне 25 жыл толғалы отыр. Осы тəуелсіздік жылдарындағы елі міз-дің сот жүйесінің басты жетістіктері қандай екендігі турасында ол: «Əлбетте, дүниежүзінде, қай мем-лекетте болмасын əділдікті жүзеге асыратын сот орындары ғана. Біз-дің елде əділдік айту бағзы заман-нан, өзің айтқандай, сонау сұң-ғы ла да шешен билерімізден бері қарай жалғасып келеді. Демек, соттардың əділдікті орнату қағи-даты ешуақытта үзілмейді. Ол сол үшін де сот. Біздің бəріміздің үлкен мақсатымыз бар, ол – халық пен елдің игілігін арттыру. Сол арқылы елімізді қуатты мемлекетке ай-налдыра алу. Бірақ бұл оңай емес. Өйткені, ел тəуелсіздігінің осы жылдар ішінде белін жазған эконо-микамыз төрт аяғын тең басып тұра алуы керек. Ол үшін бар сала, бар адам бір кісідей бір бағытта жұмыс істеуі тиіс. Мемлекет басшысы сот жүйесіне ерекше көңіл бөлуінің арқасында, ширек ғасырға жуық уақытта айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. Алдымен сот жүйе сі өз алдына тəуелсіз болды. Тəуел сіз-дігімізді баянды еткен осы уа қы т-тан бері еліміздің құқықтық жү йесі, соның ішінде ең өзектісі – сот төре-лігін заман талабына сай жаң ғыр ту жылдар бойы жүргізілді», деді.

Иə, расында Елбасының ұдайы сын дарлы тапсырмасының ар-қа сында, отандық сот жүйесі ха лық аралық стандарттарға сай дамып келеді. Ғаламдық бəсекеге қабілеттілік индексінің «Соттардың тəуелсіздігі» инди-каторы бойынша Қазақстанның рейтингісі жыл сайын жақсаруда. Мəселен, 2015 жылғы дерек бой-ынша, еліміздің осы рейтингтегі көрсеткіші 86 орыннан 72 орынға көтеріліп, 14 позицияға жақсарды. 140 елдің сот жүйесі сы н ға түскен əлемдік рейтинг бо йын ша, бұл – жақсы көрсеткіш. Тағы бір мысал. Дүниежүзілік Банк тің рейтингісінде соттардың жұ мысы «Келісімшарттардың орын далуын қамтамасыз ету» инди каторы бойынша бағаланады. Осы ин-дикатор бойынша өткен жылы Қазақстан өз көрсеткішін 5 по зи-цияға жақсартып, 189 елдің ішінде 9-шы орынды иемденді.

Қазақстандық сот корпусының біліктілігі мен кəсібилігін 2015 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы жүргізген тəуелсіз əлеуметтік зерттеу нə ти -желері де растап отыр. Сауалда-маға жауап бергендердің 71,3 пайы-зы судьялар жұмысына қана ғат-танушылық білдірген. Бұл – елімізде заң үстемдігін қамтамасыз етудегі маңызды көрсеткіштердің бірі. Мемлекет басшысының бастамасы-мен жасалып жатқан сот жүйесіндегі реформалардың нəтижесінде сот-тар дың жұмысы жаңа сапалы дең-гейге көтерілді. Осылайша, не-ғұрлым кəсіби, ашық, қолжетімді, сапалы жəне тəуелсіз сот жүйесі нығайып, еліміздің кез келген аза-маты заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа нық сеніммен жүгінуіне мол мүмкіндік туғызылғанын көрдік. Бұл жетістіктер əділдікке жетудегі нақты сот кепілі екендігін тағы да дəлелдей түседі.

Александр ТАСБОЛАТОВ,«Егемен Қазақстан».

СОТ КЕПІЛІ

«Қазақстандық сот төрелігі мен құқық тəртібі жүйесі ашықтық жəне кəсібилік тұрғысындағы жаңа сапаға ие бол-ды. Қазақстандықтар мен бизнес субъектілерінің құқықтарын сотта қорғау деңгейі ендігі жерде ЭЫДҰ мемлекеттерінің жоғары стандарттарына сəйкес келеді».

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Парламенттің VI шақырылымдағы бірінші сессиясының

ашылуында сөйлеген сөзінен.

Мемлекеттік мəселе

Page 9: «ƏЛЕМ. ХХІ ЄАСЫР» МАНИФЕСІ · №64 (28792) 6 СƏУІР СƏРСЕНБІ 2016 ЖЫЛ АҚПАРАТТАР аєыны Елімізде 2020 жылға дейін

6 сəуір 2016 жыл www.egemen.kz 9

АЌМОЛА – ЫРЫСТЫ АЙМАЌАЌМОЛА – ЫРЫСТЫ АЙМАЌ

– Мемл е к е т б а сшы сы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев 2015 жылдың наурыз айында белгілеген бес институттық ре-форманы басшылыққа алған Ақмола облысы үстіміздегі жыл-дың 1 қаңтарынан «100 нақ ты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыруды бастады, – деді Сер-гей Витальевич. – Қазақстан Рес публикасы Президенті жа-нын дағы Орталық коммуника-циялар қызметінде Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері 30 наурыз күні баспасөз мəслихатын өткізіп, жалпыұлттық жоспардың барлық бағыттары бойынша кеңінен түсінік берді. Енді сіздерге өңірлік деңгейдегі атқарылған жұмыстар туралы баяндап беруге рұхсат етіңіздер.

Өңір басшысы Ұлт Жоспарын жүзеге асыру міндеттері кеңі-нен əрі тиянақты түрде талқы-ланғанын айта келіп, оның негізгі бағыттары бойынша жан-жақты жəне толық ақпарат берді. Біз бір сағаттан астам уақытты ал-ған мəжілістегі мəселелердің бар лығын тізбелемей , жур-налистер қойған сұрақтарға қ ай т а рыл ғ ан жауап т арды

іріктеп сөз етуді жөн көрдік.Аймақ басшысының айтуын-

ша, аграрлық сектор – өңірлік iшкi өнiмнiң жалпы көлемiнiң төрттен бiрiн өндiретiн об-лыс экономикасының негiзгi саласының бiрi. Сонымен қатар, өңiрде мал шаруашылығы да жақсы дамып отыр. Облыста жалпы қуаты 27,6 мың iрi қара малға арналған 31 бордақылау алаңы жұмыс iстейдi. Бұлардың қазiргi кездегi қуаты 65 пайыз-ды құрайды . Биылғы жылы Ерейментау ауданындағы «Жаңа Береке» ЖШС 3 мың бас iрi қараға арналған бордақылау алаңы ашылмақ . Сондай-ақ , Зерендi ауданындағы «Щучье сүт зауыты» ЖШС қуатын 3 мың басқа дейiн ұлғайту көзделген. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыста ет өндiрiсi 12,1 пайызға артты.

«Ырыс» бағдарламасының ая-сында жалпы саны 1200 бас сауын сиыры бар 14 тауарлы-сүт фер-масы жұмыс істеп тұр. Осындай қолға алынған шаралардың нəти-жесiнде сүт өндiрiсi 28 пайызға өскен. Қажеттi жемшөп қоры да жасалған.

Көктемгi дала жұмыстарына дайындық та тыңғылықты жүр-гізілуде. Өткен жылғы ауа райы-ның қолайсыздығына қара мас-тан, облыста егiннiң орташа шы ғымдылығы гектарына 11,6 центнерден айналып, 4,7 милли-он тонна астық жинап алынған. Осыған орай , облыстан тыс жерге 1,8 миллион тонна астық экспортқа шығарылды. Биылғы жылы ақмолалық диқандар 4,7 миллион гектар жерге дəн сiңiрудi көздеп отыр. Оған қажеттi 520 мың тонна тұқым қоры жаса-лыпты. Сондай-ақ, 3,3 миллион гектар алқапқа немесе егiстiктiң жалпы көлемiнiң 75,3 пайызы-на ылғал үнемдеу технология-сы енгiзiледi. Машина-трактор паркiн жоғары өнiмдi техникамен жаңарту қарқынды жүргiзiлуде, дедi С.Кулагин.

Ақмола облысында мем ле-кеттiк-жекеменшiк серiктестiк аясында 24 миллиард теңге көлеміндегі 52 жобаны жүзеге асы ру жоспарланып отыр екен.

– Бiрiншi кезеңде жетi жоба-ны iске асыруды көздеп отырмыз. Бұл тұрғыда жетi балабақшаның құрылысы ескерiлген, яғни бұл нысандар бойынша құжаттардың толық топтамасы дайындалып, инженерлiк-коммуникациялар тартылды. Ал, қалған жоба лар инженерлiк желiлердiң даяр-лығына қарай жүзеге асырыла-ды. Сондай-ақ, Еуропа Қайта құру жəне даму банкiмен ын-тымақт а с тық а я сында 1 8

мил лиард теңгеге тұрғын үй-ком муналдық шаруашылық са ла-сындағы үш жобаны iске асыру жос парланып отыр, – дедi облыс əкімі.

Журналистер Көкшетау қа-ласында жылу электр орталы-ғын салу мəселесі қашан шеші-летіні жөнінде сұрақ қойды. Бұл туралы облыс əкімі израильдiк жəне қытайлық компаниялар бұл маңызды нысанды салуға ниет танытып отырғанын хабарлады.

– Қазір Көкшетауда құны 126 миллиард теңге болатын ЖЭО-ның құрылысы бойын-ша əріптес компаниялардың ұсыныстарын қарастыру да-мыз . Бүгiнде аталған жоба-ны жүзеге асыруда израильдiк «ALLENERGYHoldingLTD» ком -паниясы iлгерi келе жатыр. Бұл компания Көкшетауда энер-гия өндiру нысанын, сондай-ақ, Сарыадыр көмiр кен орны маңында 400 МВт қуаты бар қосымша электр стансасын салу-ды ұсынды, – дедi əкiм.

Сонымен қатар, ол қалада газ таратқыш қондырғыларды қал пына келтiру жұмыстарына тоқталды. Сергей Витальевичтің сөзiне қарағанда, Көкшетауда жалпы ұзындығы 58 шақырымға созылған 227 газ тарату желiсi бар. Бүгiнде 75 қондырғы жұмыс iстеп тұрған көрiнедi. Биылғы жоспарда 10 желiнi қалпына келтiру қарастырылған. Аталған бағдарлама мiндеттi түрде орын-далады, дедi ол.

– Біз Еуропа банкімен ком-муналдық инфрақұрылымды дамыту жəне экологияны жақ-сарту мақсатында су жəне жы-лу жүйелерін инвестициялау жө ніндегі жобаларды атқаруға мүдделеспіз. Менің тапсырмам бойынша Көкшетау қаласының əкімдігі осы салалар бойынша банкпен жұмысты белсенді түрде бастап кетті. Сонымен бірге, біз Степногор, Атбасар, Ерейментау,

Державин, Макин қалалары мен Аршалы кентіндегі су жəне жы-лумен қамту нысандарының құрылысы мен қайта құрылуын сіздердің банк арқылы қаржы-ландырылуына ұсыныс білдіреміз. Біздің тарапымыздан несиелік ресімдеу құжаттарын дайындауға қатысты жұмыстар жүргізіледі, – деді өңір басшысы.

Еуропа Қайта құру жəне даму банкі Ресей жəне Орталық

Азия инфрақұрылымдары де-партаментінің жетекші банкирі Бахтияр Файзиев өз кезегінде қа зіргі күні ұсынылған барлық жобалардың қаралып жатқандығын атап өтті. Соның ішінде, Көкшетау қаласын сумен қамту жөніндегі жоба қанатқақты болуы мүмкін.

Еуропа Қайта құру жəне даму банкі өкілдерімен кездесу бары-сында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын толық көлемде қар жыландыру жөніндегі өзге де жобалардың таныстырылы-мы өткізілді.

Жас Жас мамандармамандардыѕ дыѕ аймаќтыќ аймаќтыќ байќауы байќауы

Облыстық филармонияда «World Skills Kazakhstan» аймақтық байқауының жеңімпаздарын марапат-тау шарасы болып өтті. Оған облыс аумағындағы кəсіптік-техникалық мамандықтарға оқытатын оқу орындарының 100-ге тарта оқушылары қатысты.Елбасының өткен жылғы Қа-

зақ стан халқына Жолдауында кəсіптік білім беру жүйесін дамы-ту мəселесіне жете көңіл бөлу қа-жеттігі аталып өткен еді. Бүгінде əлемнің 72 елін қамтып отырған жұмысшы мамандары арасындағы «World Skills» байқауына Қазақстан 2014 жылдан қатысады. Жұмысшы мамандығының мəртебесін арт-тыруға бағытталған бұл шара біздің елімізде де қызу қолдау тауып отыр. Əрбір екі жылда өткізіліп тұратын халықаралық жарысқа іріктеу бо-лып саналатын аймақтық байқауда 14 мамандық бойынша үміткерлер бақ сынасты. Олардың арасында металл дəнекерлеу технология-сы, шаштараз ісі, кірпіш қалау, аспаздық, мектепке дейінгі бала тəрбиесі, токарьлық іс, тағы басқа бүгінде ең бек нарығында үлкен сұранысқа ие мамандықтар бар.

Облыстық білім басқармасының басшысы Балым Ізбасарова байқау жеңімпаздарын құттықтап, ар-найы дипломдармен марапатта-ды. Аймақтық жарыста жеңіске жеткендер таяу арада Астанада өтетін республикалық біріншілікке қатысатын болады. Ал, онда жеңіс тұғырына көтерілгендер биыл жаз-да Сан-Паулуда өтетін əлемдік конкурсқа жолдама алады.

Еске сала кетейік, осыдан екі жыл бұрын өткен əлемдік са-йыста степногорлық колледж оқу шысы Əділет Тəкежанов «То-карьлық іс» аталымы бойынша жүл дегер атанған болатын. Бүгінгі аймақтық жарыс қорытындысы бойынша республикалық жəне əлемдік конкурстың жүлдегерлері толыға түседі деген үміт ұялатады.

Қорғалжын қорығында орна-ласқан интерактивті сапар-орта-лық қазақстандықтар мен ше-телдерден жылына 2000 туристі қабылдайды. Бұған қоса, 2011 жылдың қаңтар айында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын туристік-ақпараттық орталық құрылды. Ақпараттық орталықтың сайтынан 3 тілдегі кез келген ақ-паратты алуға болады. Осының нəтижесінде, Астана, Қарағанды жəне шетелдік туристік фирмалар-мен əріптестік байланыстар ор-натылған.

Орталық Азияда баламасы жоқ қорық айна көлдер мен сай-ын далалық 543171 гектарлық екі экожүйені қамтиды. Қайталанбас табиғаты, жануарлар əлемінің байлығымен ерекшеленетін Теңіз-Қорғалжын көлдері 1976 жылы халықаралық Рамсар тізіміне, ал 2007 жылы ІВА орнитологиялық жүйесі аймағына енгізілген . Сондай-ақ, нысан 2008 жылы ЮНЕСКО-ның халықаралық табиғи мұра тізіміне алынып, 2012 жылдың шілдесінен Қазақстанның бірінші биосфералық резерва-ты саналады. Қорық өсімдіктің 60 тұқымының 374 түрін, су мекенділерді қосып есептеген-де, жануарлардың 1400 түрін біріктіреді . Құстардың 347 түрі кездессе, олардың 60-ы «Қызыл кітапқа» енгізілген. Қор-ғалжын əлемге белгілі қызыл қоқиқаздардың мекені екендігін бөлектеп айтуға болады.

– Қорғалжын халқымыздың қонақжайлық дəстүрлерін кеңінен қамтыған аймақ, – деді бізбен əңгімесінде аудандық кəсіпкерлік, өнеркəсіп жəне туризм бөлімінің басшысы Гүлшат Қарағожина. – Ауданымызда жекеменшік 6 шағын қонақүй бар. Бұлар бір ме-зетте 50 адамға дейін қабылдай алады. Осы орайда, кластерлік жобаның жолашары санала-тын «Пана» жеке кəсіпкерлігіне

ризашылығымызды білдіреміз. Қазір Бибінұр Əлімжанова бас-қаратын қонақүй кешені дəре-жесіндегі нысан БҰҰ бағ дар ла-масымен құрылған еді. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамынан алынған 6 миллион теңгеге өз қаржысын қосқан кəсіпкер ұлттық нақышта толық жабдықталған көпқанатты киіз үй, үш шағын қонақүй, асхана тұрғызды. Ту-ристер мен саяхатшыларға ұлттық тағамдарымыз, қымыз, айран, сүт ұсынылып, отағасы Марат Əлім-жанов ұйымдастырған «Дударай» фольклорлық ансамблі қызмет көрсетеді.

Ауданда іссапарда болға-ны мызда біз де осында қон-ғанбыз. Ұлттық киімдегі Əлім-жановтар ізетпен төрге озды-рып, тапсырыстағы тағамыңыз дайын болғанша ел аңыздарын жаңғыртып, домбыраны күм-бірлетіп отырады екен. Шетел-дік қонақтар көңіл жадыра-тар шашумен қарсы алына-ды, ұлттық салт-дəстүрлердің көр сетілуі ұмытылмас əсерге бөлейді. Қонақтар демекші, пікір кітабынан Еуропа, Америка, Жа-пония, Австралия, тіпті, Жаңа Зе ландиядан келген туристердің əртүрлі тілде жазған алғыстарын оқып, қайран қалдық. Шетелдіктер Əлімжановтарды туризмді дамы-тудың ресурстық сайтынан

тауып алатын көрінеді. Сондай-ақ, ауданға ұзақ мерзімді жұмыс бабыман келгендер үш мезгіл тамағымен айына 35 мың теңге төлейді екен.

Өңірге танымал азамат Ербол Балтабеков Біртабан көлінің маңайынан «Бал-Мырза» ат спорты сауықтыру орталығын пайдалануға беріпті. Мұнда ағаштан қиылып салынған эли талық үш үйдің жаса-уы көздің жауын алады. Жыл бойы жұмыс істейтін орталықта бірнеше ба ғытта туристік-сауықтыру қызметі көрсетіледі.

Сапар барысында ұлттық киім мен көрпеше, қалта, қамзол, тағы басқа бұйымдарды тігуші Райхан Қасымның, əсем əшекей-алқаларды, моншақты сөмкелерді, саналуан гүлдерді жасайтын Гау-һар Қасымованың шағын шебер-ханасындағы ыждағатты жұмысқа риза болдық.

Қорғалжын аудандық əкімдігі мемлекеттік қорықпен бірлесіп өткізетін «Қоқиқаз» фестивалі маңызды оқиға саналады. Дəстүрлі түрде əрі ауқымы кеңейіп отырған шара табиғат байлығын сақтап, молайтуда қоғамдық ықпалдың күшеюіне де септігін тигізуде. Былтырғы фестиваль Қазақстан Конституциясының 20 жылдығы мен Қазақ хандығының 550 жылдығына орайластырылып ұйымдастырылыпты . Яғни , «Ақ мола облысының туристік кластерді дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған шеберлік-жоспарындағы» жобаның тəр-биелік тəлімі артып отыр де-ген сөз. Бұған қоса, фестиваль нұсқаушы-гидтердің сынақ-дəрісіне де айналған.

Жалпы, аудан туристік ба-ғыт тағы ауқымды шараларды ұйымдастыру орталығына ай-нала бастағаны діттеген түпкі мақсаттың орындалатынына сенім қалыптастырады. Мұнда былтыр «Қорғалжын бренді» кəдесыйлар акциясы, Қызылорда облыстық кəсіпкерлік жəне туризм басқармасының тəжірибе алмасу семинары, Дүниежүзілік туризм күніне орай рафтинг (су туризмі) сайысы өткізілуі, халықаралық «SES аға сеньор» ұйымынан гер маниялық тəжірибелі сарап-шы Гюнтер Дресстің шеберлік сабағын өткізуі, биыл да осындай шаралардың жалғасып жатқаны жақсы ойларға бастайды. Сондай-ақ, ел туризміне ерекше екпін беретін ЭКСПО-2017 көрмесі қорғалжындықтардың игі қадамын өрістете түсетіні анық.

Қорғалжын ауданы.

Бетті дайындаған «Егемен Қазақстанның» Ақмола облысындағы тілшісі Бақберген АМАЛБЕК.

Сенімге соны серпінСенімге соны серпін

Кеше «Ақмола Медиа Орталығында» Ақмола облысының əкімі Сергей Кулагин «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының» Ақмола облысында орындалу ба-рысы туралы» тақырыбында баспасөз мəслихатын өткізді. Бұл шараға республикалық, облыстық, аудандық ақпарат құралдарының аккредитацияланған 40 журналисі мен облыстық басқармалардың, ведомстволардың басшылары қатысты.

Еуропа банкімен Еуропа банкімен ынтымаќтастыќынтымаќтастыќ

Ќорєалжын – экологиялыќ Ќорєалжын – экологиялыќ жəне этнотуризмдік мекенжəне этнотуризмдік мекен

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауларында экономикамызды, мемлекетіміз бен қоғамды нығайтуды көздейтін белсенді бағыттарды күн тəртібіне шығарып келеді. Солардың қатарында туризмді дамытуға қатысты кластерлік жүйені қалыптастыру айрықша тапсыр-ма саналады. Бұл тұрғыда бірқатар шаруалар атқарылуда. «Қазақстан Республикасында туристік саланы дамытудың 2020 жылдарға арналған тұғырнамасында» елімізде ірі бес туристік кластер құру жоспарланған. Астана кластері елор-дамыз бен Ақмола облысын біріктіреді. Мұнда Қорғалжын ауданы мен ЮНЕСКО тізіміндегі Қорғалжын мемлекеттік табиғат қорығы ерекше орын алады.

Ақмола облысының əкімі Сергей Кулагин Еуропа Қайта құру жəне даму банкінің өкілдерімен кездесті.

Page 10: «ƏЛЕМ. ХХІ ЄАСЫР» МАНИФЕСІ · №64 (28792) 6 СƏУІР СƏРСЕНБІ 2016 ЖЫЛ АҚПАРАТТАР аєыны Елімізде 2020 жылға дейін

www.egemen.kz10 6 сəуір 2016 жыл

– Берік Тұрсынбекұлы, «Самұрық-Қазына» қорының компаниялары үшін жекешелендіру бағдарламасы қандай стратегиялық маңызға ие? Жəне оның холдингтің екі жыл бойы бел сенді түрде жүзеге асырып келе жат қан бизнес трансформациясы бағ дар ламасымен өзара байланысы қандай?

– Трансформация бағдарламасы ая-сында біздің Қор операциялық холдинг жағдайынан стратегиялық деңгейге өтуді мақсат етіп отыр.

Басқаша айтқанда, Қор болашақта ен-ші лес компанияларының операциялық қыз метімен айналыспайтын болады. Ком паниялар жеке құндарын өсіру, үз-д ік атану жұмыстарын өз қолдарына ала ды.

Ал Қор қызметінің негізі жаңа құнды қалыптастыру болады. Бүкіл əлем бо-йынша стратегиялық холдингтер екі бағытқа баса мəн береді: еншілес ком-паниялардан түсетін табысты арттыру жəне жаңа, болашағы бар жобаларға инвестиция салу, яғни тиімді «стар-таптарды» іздеу. Мұның айқын мы-салы ретінде сингапурлық Temasek мемлекеттік қорының тəжірибесін келтіруге болады.

Ал жекешелендіру бағдарламасы трансформация мақсаттары үшін жұмыс істейді, себебі ол холдингке табысты арттырып, қандай мағынада алып қарасаң да «нарықтық» ұйым атануға мүмкіндік береді. Жекелей алғанда жекешелендіру Қор құрамынан бейінді емес активтерді, яғни кірісімізді төмендетіп, артық шығын тудыра-тын, жалпы алғанда холдингті түсім көрсеткіштері бойынша кері тартатын кəсіпорындарды шығаруды білдіреді.

Сонымен қатар, жекешелендіру трансформацияның басты мақсат тары-ның бірі – «Самұрық-Қазына» АҚ құ ры -лымын оңтайландыруға жəрдем деседі. Сондай-ақ, жекешелендіру жал пы алғанда Қазақстан экономикасы үшін пай далы болмақ: жаңа жеке кəсіп орын-дардың пайда болуы елдегі нарық тық эко номиканың негіздерін нығайтып, жеке бизнестің дамуына күш береді.

– Алайда, Қор жеке секторға өзінің ең нашар деген кəсіпорындарын беріп отырған жоқ қой?

– Əрине. «Самұрық-Қазына» АҚ жеке секторға экономиканы əртараптандыру жəне жаңа салаларды дамыту бойын-ша мемлекеттік бастамалар аясын-да құрылған компанияларды ауда-рып отыр. Бұл – аяққа тұрған, табыс-ты, тиімді кəсіпорындар. Аталған өндіріс терді мемлекеттің дүниеге əкеліп қана қоймай, біртіндеп дамытып, же-тілдіргенін түсіну маңызға ие. Бұлай істеу сол кездері неге мемлекеттің ғана қолынан келді? Оның бірқатар объек тивті себебі бар. Бұл – осындай ауқым дағы жобалар үшін қазақстандық бизнес өкілдерінің тəжірибесі мен қаржы лық мүмкіндіктерінің болмауы; страте гиялық серіктестеріміздің, яғни инвесторлардың мемлекеттік кепіл бол маған жағдайда қолайлы шарттар бой ынша жұмыс істеп, қаржыландыру ұсынуға дайын болмауы. Объективті түрде айтқанда, сол жылдары аталған жо ба лардың көпшілігін дөңгелетіп əкетуге жеке бизнестің шамасы жетпес еді. Қазір бұл компанияларды эконо-миканың одан əрі дамуы үшін нарықтық ортаға ауыстыруға болады, ауыстыру қажет.

Сонымен қатар, табысты түрде жұмыс істеп отырған, бірақ Қор компа-ниялары қызметінің саласына тіке лей қатысы жоқ кəсіпорындар мен меке-мелер де жекешелендіріледі. Мəсе лен, «Қазақстан темір жолы» ҰК» акцио-нерлік қоғамы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік жəне коммуникациялар ака-демиясын бəсекелестік ортаға шығарып жатыр. Көлік академиясы байырғы тарихы, абыройлы профессорлары, қуатты академиялық дəстүрі бар беделді жоғары оқу орындарының бірі. Алайда оның ұлттық теміржол ком па ния сының функцияларына тікелей қа тысы жоқ. «ҚТЖ» алдында оқыту емес, жүк жəне жолаушылар тасымалын қам тамасыз ету мақсаты тұр. Міне, осы се бепті бұл актив жекешелендірілуі керек.

– Сіз Қор компанияларының бір бөлігін жекешелендіру бүкіл ел эконо-микасын əртараптандыруға жəне

бəсекелестікке қабілеттілігін арт-тыруға жұмыс істейді дедіңіз. Өз пі-кіріңізді дəйектей кетесіз бе?

– Түсіндірейін. Мен Қордың ең қуатты жəне табысты кəсіпорындарын жекешелендіру, тіпті қазір біз бастап жатқан ішінара жекешелендіру бол-сын, бəсекеге ең қабілетті секторлардың жылдам дамуы үшін экономикада қажетті жағдай туғызады деп айтар едім. Ең табысты деген əлемдік тəжірибе осыған меңзейді.

Жекешелендіру бағдарламасын əзір леу барысында сингапурлық үкі-меттің «Yellow Pages Rule» қағи далары зерттелді. Аталған бағдарлама аясында кезінде бүкіл əлемге танымал «Темаsек» мемлекеттік холдингі трансформация-дан өткен болатын. «Yellow Pages Rule» қағидалары, жекелей алғанда, жеке бизнес-құрылымдар қатарынан кем дегенде бір бəсекелес бар сала-лардан мемлекеттің шығуын білдіреді. Сингапурда осындай жағдай қамтамасыз етілген кезде, ел экономикасының өсімі аса қуатты қарқынға ие болды.

Аталған тəжірибе аса пайдалы бо-лып шығып, көптеген мемлекет жаң-ғырту барысында оны басшылыққа алып, үлкен табыстарға қол жеткізді. Қазақстан 2014-2015 жылдары одан əрі жаңғырту үшін ауқымды жекешелендіру мен трансформация қажетті талап бо-лып табылатын экономиканың даму деңгейіне жетті. Өз компаниялары арқылы мемлекет қана емес, жеке инвес-торлар да ұлттық экономиканың, оның əртараптандырылуының, бəсекелестікке қабілеттілікті арттырудың өсім драйвері бола алады.

Қор жүргізіп отырған жекешелендіру бағдарламасы одан əрі жаңғырту үшін ең қолайлы деген жағдаймен қамтамасыз ететін осындай нарықтық ортаны жыл-дам қалыптастыруға көмекке келеді. Нəтижесінде, осының бəрі Қазақстанға əлемнің бəсекеге ең қабілетті елдерінің қатарына жылдам кіруге жол ашады.

– Қордағы жекешелендірудің алғашқы кезеңі қалай өтті? 2014-2015 жылдары қандай объектілер сатыл-ды жəне олардың қайсысы ең үлкен сұранысқа ие болды?

– Жекешелендірудің екінші толқыны аясында 2014-2015 жылдары жалпы со-масы 63,1 млрд. теңгені құрайтын 38 актив сатылды. Олардың қатарында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың 22, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-тың 7, «Қазақстан Инжиниринг» АҚ-тың 4 жəне «Самұрық-Қазына» ҰƏҚ» АҚ-тың, «Қазатомөнеркəсіп» ҰАК» АҚ-тың жəне «Самұрық-Қазына» жылжымай-тын мүлік қоры» АҚ-тың бір-бірден активі болды. Сонымен қатар, өздеріңіз білетіндей, 13 миллиард теңгеден астам қаржыға «KEGOC» АҚ-тың «халықтық IPO-сы жүргізілді.

Қордың бірде-бір сатылған актив бойынша бағаны арзандатпағанын осы арада айта кетуім жөн болар. 2014 жыл бойынша сатып алу бағасы бастапқы бағадан 6,9 пайызға, ал 2015 жылы 4 пайызға жоғары болды. Егер жал-пы ел бойынша активтерді сатудан түскен түсімді қарастырсақ, «Самұрық-Қазынаның» келіп түскен қаражаттың жалпы көлеміне қосқан үлесі 78 пайызға тең, бұл ел бойынша тіркелген 80,5 мил-лиард теңге көлеміндегі түсімнің 63,1 миллиард теңгесін құрайды.

– Бағдарламаны жүзеге асырудың алғашқы кезеңінде қандай да бір қиын дықтар болды ма? Бағдар лама-ның бірінші кезеңінен соң сату меха-низм дері жетілдірілді деген деректер бар.

– Айтарлықтай қиындық туындаған жоқ, алайда 2016-2020 жылдарға ар нал-ған жекешелендірудің Кешенді жаңа

жоспарының жетілдірілген əдістері не-гізінде дайындалғаны рас. Көп ретте бұл Қор активтерін сатуда барынша айқындықты қамтамасыз ету талаптары-мен, инвесторлардың кең ауқымын тар-ту қажеттілігімен жəне қызығушылық танытқан бизнесмендерге барынша көп ақпарат берумен байланысты болды. Жоспар «Самұрық-Қазына» қорының объектілерін бекітілген екі тізім бойын-ша сатуды қарастырады.

Өткен жылдың соңында Қазақ-стан Республикасының Үкіметі жеке-ше лендіру бағдарламасының екінші кезеңінің Кешенді жоспарын бекіту туралы қаулы қабылдады. Аталған кезең аясында бəсекелестік ортаға мем-лекеттік жəне квазимемлекеттік сектор-дан 783 активті беру жоспарланып отыр. Олардың 217-сі «Самұрық-Қазына» компаниялар тобына кіреді.

Біздің активтерді жаңа Кешенді жоспар бойынша сату екі топқа бө лін-ген. Бірінші топқа (Тізім 1) ең ірі де-ген, басымдыққа ие 44 қор активі кірді. Оларды барынша айқындықты жəне процестің бақылауда болуын қам тама сыз ету үшін тəуелсіз кеңесшілерді жұмыл-дыру арқылы сату жоспарланып отыр. Аталған 44 активтің жетеуі 2020 жылға дейін IPO-ға шығарылатын болады.

173 компаниядан тұратын активтер-дің екінші тобы жеңілдетілген тəртіппен, көп ретте электрондық аукцион əдісі арқылы саудаға шығарылады. Бірақ мұнда да бəрі барынша айқын жүреді. Активтердің екінші тізімін сату бойынша жұмыс 2016 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

– «Бірінші тізімге» кіретін объек-тілер мен кəсіпорындар қан дай қағидалар бойынша жекеше лен-дірілетін болады? Бұдан мемлекет мүддесі зардап шекпей ме?

– Активтердің аталған тобы бойынша ауқымды дайындық жұмыстары жүруде, одан əрі «жол карталарын» жəне сатуға шығарудың жоспар-кестелерін дайындау үшін тəуелсіз кеңесшілер іске жұмылдырылуда. Кəсіпорындардың барлық ерекшеліктерін ескеріп, Қор үшін қолайлы жекешелендіру шарттарын ұсынуды мақсат еткен ауқымы жағынан аса зор талдау жұмыстары жүріп жатыр. Мүдделі «ойыншылар» тарапынан болуы мүмкін қандай да бір айла-амал немесе лоббизмді жоққа шығару үшін мұның бəрін Қазақстан Республикасы Пре-мьер-Министрінің төрағалық етуі мен Экономиканы жаңғырту жөніндегі мем-лекеттік комиссия бақылауға алып отыр.

Сондай-ақ, аталған кəсіпорындар тобын жекешелендіру барысында мем-лекет мүддесі ешқандай зиян шекпейді деп сендіре аламын. Мысалы, IPO-ға шығарылады деп жоспарланып отырған 7 активтің əрқайсысы бойынша акциялардың 25 пайыздан аспайтын көлемі ғана жекешелендірілетін болады. Қалай болғанда да аталған жеті ком-панияның бақылаушы пакеті мемле-кеттің, «Самұрық-Қазына» қорының қолында қалады.

– «Халықтық IPO» бағдарламасын тоқтату туралы шешім не себепті қабылданды? «Самұрық-Қазына» қорының қандай компанияларының ак циялары болашақта IPO-ға шыға-рылады деп жоспарланып отыр?

– «Халықтық IPO» бағдарламасын тоқтату туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдады. Өз тарапымнан Қорда біздің IPO жүр-гізуге мүдделі екенімізді атап өткім келеді. Жекешелендірудің кешенді жоспарына сəйкес Қордың 44 ірі активі-нің 7-еуін 2020 жылдың соңына дейін IPO-ға шығару жоспарланып отыр. Олардың қатарында «Қазақстан темір жолы», «Самұрық-Энерго», «Тау-Кен Самұрық», «Қазпочта», «Эйр Астана» жəне басқалар бар.

Əлемдік тəжірибеге сүйенсек, кез кел ген компанияның ашық IPO-ға шы-ғуы əрқашан да акциялар саудасы нан үлкен түсім алуға мүмкіндік береді, сонымен қатар компания айқынды-ғының қайталанбас жоғары деңгейіне қол жеткізіліп, ұйым туралы ақпарат жарияланады, ал активтің өзі ең нақты, шынайы нарықтық бағалауға ие болады, себебі ол сұраныс жəне ұсыныс балансымен анықталады. Сондай-ақ, классикалық IPO механизмі – көпшілік мақұлдаған əлемдік стандарт жəне ол аталған процеске жеке тұлғалардың қатысуына тыйым салмайды.

Сондықтан, қарапайым қазақ стан-дықтар жақын арада аталған компа ния-лардың ортақ иелерінің қатарына кіріп, соның арқасында қор нарығында жақсы ақша таба бастайды деп ойлаймын.

– Əңгімеңізге рахмет.

ƏңгімелескенМарат АҚҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан».

Мемлекеттік мəселе

Жекешелендіру – Ќазаќстанныѕ дамуына арналєан объективті ќажеттілік

Мемлекеттік компаниялардың кең ауқымды жекешелендірілуін жүзеге асыруға Қазақстан экономикасы əбден дайын. Бұл – экономиканың бəсекелестікке қабілеттілігін арттыруға апарар тура жол. Мемлекеттік компаниялардың жекешелендірілуі мен транс-формациясы – Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия жəне басқа да бірқатар мемлекеттердің экономикалық кереметінің негізінде жатқан пайдалы тəжірибе. «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді оңтайландыру жөніндегі басқарушы директоры, басқарма мүшесі Берік БЕЙСЕНҒАЛИЕВ бұл тəжірибені Қазақстанда қолдану үшін барлық жағдай жасалып отыр деген пікірде.

Малайзияның Энергетика, «жа-сыл» технологиялар жəне су ресурс-тары министрлігіндегі кездесуде Л.Джи Малайзияның биомассадан эко-логиялық таза отын өндіру саласын-дағы соңғы технологиялық талдама-лары мен күн энергетикасындағы шешім дерін ұсынуға дайындығын жəне Қа зақстанда күн панельдері мен олар дың компоненттерін бірлесіп өндіру мүмкіндігін, сондай-ақ өз елі нің жаңартылмалы энергия көздері сала-сындағы бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге мүдделі екендігін хабарлады. Бас хатшының айтуынша, Малайзияда энерготиімді құрылыс пен тұрмыстық жəне өнеркəсіптік қалдықтарды қайта өңдеу, «жасыл» көліктерді, оның ішінде қоғамдық көліктерді дамыту салала-рында жаңа технологиялар сəтті іске асырылуда.

Сапар аясында «SEDA» баламалы энергетика көздерін дамыту бойынша агенттігі, «GreenTech» ғылыми-зерттеу орталығы, «Petronas» мемлекеттік мұ-най-газ компаниясы, «MATRADE» Сырт қы сауданы дамыту корпорация-сы, «MIDA» инвестицияларды дамыту агенттігі, «МАТТА» Ұлттық турис тік қауымдастығы жəне т.б. құры лым дар өкілдерінің қатысуымен дөңге лек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел басын дағы талқылаулар барысында ЭКСПО-2017 к е з е ң і н д е і с к е р т о п т а р д ы ң ө з қызметтерін таныстыру рəсімін өткізуге жоғары қызығушылығы бар екені атап көрсетіліп, малайзиялық туристік операторлармен ынтымақтастықты кеңейтудің мүмкіндіктері қарастырылды жəне көрмеге осы елден туристер тарту мəселесі егжей-тегжей сөз болды.

Кездесу қорытындысы бойын-ша, «МАТТА» ұлттық туристік қау-ым дас тығымен жəне «GreenTech»

ғы лыми-зерттеу орталығы мен Ын ты-мақ тастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

«GreenTech-пен» ынтымақтастық Астанада БҰҰ-ның «Жасыл техноло-гиялар» мен инвестициялық жоба-лар орталығын құру аясында ерекше маңызды болып табылады. Мем ле кет-жекеменшік əріптестігі тетігін қол дану, жобалардың тиімділігін баға лау мен оны одан əрі «жасыл» технологиялар са-ласында коммерцияландыру бойынша Малайзия тарапының үлкен тəжірибесі бар екендігін атап өткен жөн.

Р.Жошыбаев Малайзияда оқи-тын қазақстандық студенттермен кездесуінде оларды шетелдерде халық-аралық көрмені насихаттауға бел-сенді түрде атсалысуға шақырды. Кездесуден кейін қазақстандық студент-тер халықаралық мамандандырылған көрмесін қолдау флэш-мобын өткізді.

Сапар нəтижелер і бойынша ЭКСПО-2017 комиссары Ма лай зия ның ең ірі жəне беделді «ASTRO AWANI» те леарнасының жаңалықтар бағ дар ла-ма сына сұхбат берді.

«Егемен-ақпарат».

үшіншіден, «Нұрлы Жол» бағ дар-ла масын іске асыруға жəне мемлекет бөл ген қаражаттың тиімді жұмсалуына қатаң партиялық бақылау жасауды күшейту;

төртіншіден; халықтың өзекті мə се-лелерін анықтауға жəне шешуге жан-жақты көмек көрсету;

бесіншіден, Қазақстан халқы Ас сам-блеясымен тығыз өзара іс-қимыл жасау;

алтыншыдан, орталықтағы жəне жергілікті жерлердегі фракциялардың жұмысы халықтың көкейкесті пробле-маларын нақты шешуге, кері байланыс-ты нығайтуға бағытталуы қажет», – де-ген болатын, дей келіп, бұл міндеттерді орындау үшін фракция сапалы заңдар шығару қызметіне баса көңіл бөлу қажеттігін атап өтті.

Фракция туралы ережеге сəйкес, жи на лыста Асқар Базарбаев, Ирина Аро нова, Нұртай Сабильянов фракция жетек шісінің орынбасарлары болып сай ланды.

Фракция шешімімен фракцияның жа-нындағы үш консультативтік-кеңес ші

органдар: Экономикалық саясат жөнін-дегі кеңес; Əлеуметтік кеңес; Өңір лік сая сат жəне мəслихаттармен жұ мыс жө н індегі кеңестер құрылды.

Экономикалық саясат жөніндегі кеңесті депутат Бейбіт Мамраев, Əлеу меттік кеңесті депутат Шауқат Өте мі сов, Өңірлік саясат жəне мəсли-хат тар мен жұмыс жөніндегі кеңесті депутат Серік Сейдуманов басқара-тын болды.

Сонымен қатар, фракция жиналы-сы «Нұр Отан» партиясының Мəжі ліс-тегі фракциясының жанындағы «Нұр-лы Жол» инфрақұрылымды дамы ту-дың 2015-2019 жылдарға арнал ған мемлекеттік бағдарламасын іске асы-руға Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры нан бөлінетін қаражаттың жəне бюд жеттік қаражаттың мақсатты жəне тиім ді жұмсалуына бақылау жүргізу бойын ша комиссияның жеке құрамы бе-кі тілді, сондай-ақ оның келесі ба ғыт тар бойынша басшылары сайланды:

«Əлеуметтік инфрақұрылымды да-мыту» комиссиясын депутат Ирина Аронова; «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын, сумен

жəне жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту» комиссиясын депутат Берік Оспанов; «Индустриялық, энерге-тикалық инфрақұрылымдарды дамыту, шағын жəне орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау» комиссиясын де-путат Нұртай Сабильянов; «Көлік-ло-гистикалық инфрақұрылымды дамыту» комиссиясын депутат Мұхтар Тінікеев; «Агрөнеркəсіп кешені субъектілерінің бəсекеге қабілеттілігін арттыру» комис-сиясын депутат Жексенбай Дүйсебаев басқаратын болды.

Мə жі лістегі фракция мүшелерін «Нұр Отан» партиясының сайлауалды «Қа зақ стан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жа сам паздық» бағдарламасын іске асы-ру бойынша қабылданып жатқан іс-ша-ралар жөнінде партия хатшысы Наталья Годунова хабардар етті.

Сонымен қатар, отырыста фрак ция-ның ағымдағы қызметінің мəселелері қа ралды.

Жиналыстың жұмысына Пре зи дент пен Үкіметтің Қазақстан Рес пуб ли ка-сының Парламентіндегі өкілдері қа-тысты.

Фракцияныѕ алєашќы жиналысы

Жаѕа ўйымныѕ тўсауы кесіледі

Сəуір айының 28-і күні Астана қаласында Ислам Ын-ты мақтастығы Ұйымына (ИЫҰ) мүше елдер министрлер кон ференциясының Азық-түлік қауіпсіздігі жəне ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі 7-сессиясы өтеді. Соның шеңберінде Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы (АҚИҰ) құрылып, оның Бас ассамблеясының құрылтай сессиясы ұйымдастырылмақ. Осыған орай, кеше Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мəслихаты өткізілді. Оќырманын

тапќан ќаламгерРауан ҚАЙДАР,«Егемен Қазақстан».

Ол кісі Қазақ мемлекеттік университетін 1969 жылы бітірген. Еңбек жолын республикалық «Парасат» (бұрынғы «Мəдениет жəне тұрмыс») журналында 1968 жылы əдеби қызметкерліктен бастап, кейін бөлім меңгерушісі болды. 1980 жылы «Қазақстан əйелдері» журналына бөлім меңгерушісі болып ауысты. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінің Баспа істері жөніндегі департаментінде бас маман əрі жаңадан жарық көрген кітаптарды насихаттау-мен айналысқан. «Қазақ əдебиеті» газетінде «Кітап əлемі» қосымшасының редакторы болғанын да естеріңізге сала кетсек дейміз.

Алғашқы əңгіме, новеллалары облыстық «Дидар» (бұрынғы «Коммунизм туы») газеті мен «Қазақстан əйелдері» журналында тұрақты жарияланып тұрған. Төл туындыларымен қатар аудармамен де айналысқан. Солардың ішінде, Украин жазушысы В.Дроздың, эстон Е.Ермановтың, əзербайжан Анардың, латыш Д.Рукшаненің, армян жазушыларының жекеле-ген шығармаларын, X.Андерсеннің ертегілерін, латынамерикалық қаламгер Ж.Амадудың «Құм жағалаудың капитандары» атты романын қазақ тілінде сөйлеткен де осы кісі. Жазушы кезде-су барысында өзінің туындыларына кеңінен тоқталып, олардың дүниеге келуіне түрткі болған түрлі жағдайларды оқырман қауыммен бөлісіп, əсерлі əңгімелері арқылы кештің көркін кіргізе түсті. Солардың қатарында, «Сезімтал жүрек», «Тағылымды тағдырлар», «Тойға келген келіншек» сияқты шоқтығы биік шығармалары арқылы Шəрбану Бейсенова өз оқырманын тапқан. Жиынды ақын Маржан Ершу жүргізіп, əдебиет əлеміндегі нəзік жандылар, олардың еңбектері жайлы сыр шертті.

«Шəрбану – өткен ғасырдың 70-жылдарының орта тұсында шығармашылық өмірін журналис-тикадан бастап, біртіндеп əдебиетке келген, қалам қызметін сыпайы бастап, əдепті мінезбен, даурықпасыз жалғастырып келе жатқан бүгінгі көрнекті жазушыларымыздың бірі», – деген академик Серік Қирабаев. Əрине, біз де бұл пікірмен толық келісеміз. Кездесу кешінде осы ойымызды одан сайын нақтылай түскендей болдық. Шығармашылық адамы үшін жазылған дүниесі тасада қалмай, оқырманы іздеп жатса, одан асқан бақыт жоқ та шығар.

(Соңы. Басы 1-бетте).

Малайзияныѕ «жасыл» технологиялары

Биыл барша елорда оқырмандары үшін Ұлттық кітапханада «Бұл кітап əлемі...» атты кітап айлығы басталғанын хабарлаған болатынбыз. Оның аясын-да кітапхана ұжымы 62 іс-шара өткізгелі жатқанын да жеткіздік. Соның алғашқысы кеше өтті. Дəлірек айтсақ, жазушы, халықаралық «Алаш» əдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шəрбану Бейсеновамен кезде-су кеші болды.

Еламан ҚОҢЫР,«Егемен Қазақстан».

Брифингте Ауыл шаруа-шы лығы вице-министрі Ермек Көшербаев жаңа ұйымның құры-лымы, оның жұмыс жоспары ту-ралы айтып берді. Оның сөзі не қарағанда, ұйымның бас кең сесі Астана қаласында орналасып, алғашқы үш жылда оған Қа-зақстан төрағалық етпек.

«Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымын құру бас тамасын 2011 жылы Ислам Ынты мақтастығы Ұйымы Сырт-қы істер министрлері кеңесінің 38-сессиясында Мемлекет басшы сы көтерген болатын. Екі жыл дан кейін ИЫҰ-ға мүше мем-лекеттердің 30 сарапшысы Астана қаласында өткен үкіметаралық са-рапшылар отырысында жарғылық құжаттың жобасын келісті. Бү гін-де құрылғалы отырған ұйымның жарғысын оған мүше 24 мемле-кет бекітіп, қол қойды», – деген Е.Көшербаев АҚИҰ-ның саяси емес, экономикалық ұйым бола-тынын атап өтті.

Жаңа ұйымның атқаратын жұмысына тоқталған Вице-ми-нистр: «Астанада өтетін құрыл-тай сессиясында негізгі бағыт-бағдар айқындалады. Жалпы, АҚИҰ-ға мүше мемлекеттер де ауыл шаруашылығын, азық-түлік қауіпсіздігін жəне биотеx-нологияны тиімді дамыту көз-деліп отыр. Соның аясында əртүрлі аспектіде техникалық ноу-хау қолданылып, тың тəжіри белер іске асырылмақ. Одан бөлек, тұрақты əлеуметтік байла нысты қамтамасыз ету, топы рақтың сорлануы, орман алқап тарының азаюы жəне шөл-шөлейт мəселелеріне қатысты түйт кілдерді шешуге де күш жұм салады. Сондай-ақ, ұйым азық-түлік қауіпсіздігінің резер-він құру арқылы мүше мемле-кеттерге қажетті жедел жəне ізгілікті көмекті анықтау əрі ұсыну мақсатында аталған

салада бағалау жəне монито ринг жүргізуді, соған орай теxно ло-гиялармен алмасу арқылы ортақ ауыл шаруашылығы қағи дат-тарын үйлестіріп, жүзеге асыруды жоспарлауда», – деді.

Өз кезегінде Сыртқы істер министрлігі Жалпыазиялық ынтымақтастық департаментінің директоры Əлібек Бақаев қа-зіргі таңда Астанада өтетін іс-ша раға 27 мемлекет пен 6 ха-лық аралық ұйымның өкілдері қаты сатындарын растағанын, 28 сəуірге дейін олардың қатары арта түсетінін айтты. Сон-дай-ақ, ол бүгінде ұйымның жарғысын Қазақстан мен Нигер Республикасының ратифика-циялағанын жеткізіп, «Аталған құжаттың толық жұмыс істеуі үшін оны кем дегенде тағы 8 мем-лекет ресімдеуі тиіс», – деді.

Сонымен қатар, баспасөз мəслихатында ИЫҰ-ға мүше елдер министрлері конференциясының 7-сессиясында Бас ассамблеяның төрағасын, орынбасарын жəне хатшылықтың бас директо-рын сайлау мəселесі қаралып, ұйымның қаржылық процедурасы мен алдағы 5 жылдық жоспары бекітілетіні белгілі болды.

(Соңы. Басы 1-бетте).

Page 11: «ƏЛЕМ. ХХІ ЄАСЫР» МАНИФЕСІ · №64 (28792) 6 СƏУІР СƏРСЕНБІ 2016 ЖЫЛ АҚПАРАТТАР аєыны Елімізде 2020 жылға дейін

6 сəуір 2016 жыл www.egemen.kz 11

Əлем ғалымдарын таңғалдырған таңғажайып ғылыми жаңалық үстіміздегі жылдың 11ақпанында дүниежүзіне жария етілді. Ол ту-ралы бізден алдымен сүйінші сұраған «Егемен Қазақстанның» көзіқарақты оқырманы – əл-Фа-ра би атындағы Қазақ ұлттық уни-верситетінің профессоры, физика-математика ғылымдарының док-торы, университеттің механика-математика факультетінің деканы

Мақтағали Бектемісов еді. «Бұл жаңалық сіздердің газетте бұдан бірнеше жыл бұрын жарияланған «Эйнштейн» мақаласының («Егемен Қазақстан», 2002 жыл, 2 тамыз, авто-ры – Сауытбек Абдрахманов) ақырғы нүктесін қойды», деген көңілді про-фессор: «Ең қуаныштысы – «қара ойықтардың» қауышуын тіркеген ғалымдар арасында біздің Дархан есімді бауырымыз бар», деді. Міне, сол Дархан Туенбаев кеше ғана Алматыға келді. Қазақ ғалымдары мен студенттері алдында алғашқы семинар-тренингін өткізіп үлгерген PhD докторанты, Техас қаласындағы екі бірдей университеттің (!) сту-дентінен сұхбат алудың сəті түсті.

– Дархан, алдымен, біздің га-зет жəне оның 200 мыңнан астам оқырманы сен үшін жəне сенің əлемдік ғылымдағы аса ірі ғы-лы ми жаңалыққа зерттеуші қа-зақ ғалымы ретінде қолұшын бергенің үшін өте қуанышты екенін жеткізгіміз келеді.

– Рахмет...– Түсінікті болу үшін оқыр-

манға өзіңіз қызмет ететін ғы-лы ми топ – LIGO (Лазерлік ин-терферометриялық грави та ция-лық-толқындық обсерватория) туралы айтып берсең?!

– LIGO – 1997 жылы АҚШ-та дүниеге келген өте ауқымды кол лаборация, яғни ғылыми қа-уымдастық. «Лайго» – жалғыз Аме-рика құрлығында ғана емес, бүкіл дүниежүзінің осы саладағы ғылыми зерттеушілердің басын ресми түрде біріктіруімен танылған ғылыми ұйым. Обсерваторияны құру туралы идея 1989 жылы туған, ал, 1994 жылы алғашқы грантқа ие болып, бүгінгі обсерваторияның алғашқы қазығын қақты.

– Қауымдастыққа қалай кірдің? Оның қабылдау талғамы мен тала-бы зор болған шығар?

– Мен сол коллаборацияның құ-ра мына кіретін америкалық уни-верситеттің студенті болып шықтым. Сол себепті де, оның аса қиындығы бола қойған жоқ. Техас жазығындағы Рио Гранд университеті (University of Texas Rio Grande Valley) осы коллаборацияның белсенді зерттеу-шілер тобының қатарында жүр.

– Обсерватория гравитациялық толқынды анықтаған бойда оны жариялауға асықпаған сыңайлы. Оған не себеп?

– 2016 жылдың 11 ақпанында біз алғаш рет қоғам алдында əйгілі гравитациялық толқынды тіркегеніміз туралы ресми мəлімдедік. Ол рас, əйгілі толқынды біздің бақылауымыздағы детекторлар 2015 жылдың 14 қыркүйегінде алғаш рет «жазып алған» еді. Оқиғаны өте құпия жағдайда ұстадық. Себебі, əлем ғалымдарын дүр сілкіндіретін «жүз жылдық» маңызы бар жаңалықты тек қана коллаборацияның құрметті мүшелеріне нақтыланғаннан кейін ғана айту жүктелген. Əрі бұл тосын дыбыстық белгінің нағыз грави-тациялық толқынның өзі екеніне көзімізді түпкілікті жеткізуіміз де керек еді. Сол себепті де, ресми жа-рия ету алдында кеңістіктен келген тосын белгінің болмысы өте мұқият сараптаудан өтті.

LIGO-ның құрамына əлемнің 100 университетінен іріктелген зерт-теушілер кіреді. Біз бен сіз тал қы -лап отырған жаңалықты сол кол-лаборацияның белгілі дауысқа ие болған құрметті өкілдерінен құралған комитет, сол комитеттен іріктелген жалғыз адам, яғни – спикер ғана жа-рия ете алады. Тəртіп солай.

– Ғаламдық жаңалыққа тікелей өзіңнің қатысың барын сезіну қан-дай екен?

– Дəл сол сəтте мен əріптесім Нэйдл екеуміз обсерваторияда болғанбыз, əрі дəл осы оқиғаның боларын көптен күткенбіз. Алғашқы сəтте толқынның

тіркелгені туралы обсерваторияның ішіндегі телевизиялық жүйе арқылы тікелей көрсетілді. Менің қызметім гравитациялық толқынды анықтайтын детектор құрылғыны калибрлеу. Яғни ол өлшем приборлары техникасының қимылын реттеу деген сөз. Мəселен, электронды өлшем қондырғысы вольттың мөлшерін көрсетеді дейік. Оны сандық өлшемдерге айнал-дырамын. Ғылыми топ мəлімет нəтижелерін сараптағанда біздің

детекторлық айнамыздың бір се-кунд өлшемінде қанша жиілікке жылжығанын байқауы тиіс. Сол 1000 зерттеушінің ішінде бұл аспектімен айналысатын топтағы он адамның бірімін.

– Осы арада жалпы оқырманға кеңістіктегі «қара ойықтарды» («черная дыра») туралы аздаған түсінік беріп өтсең?

– Кеңістікте оны ешқандай да қуатты оптикалық телескоп анықтай алмайды. Кеңістіктегі екі «қара ойық» бір-бірімен жанасып иірімге түскенде гравитациялық толқын пайда бола-ды. Жарық сəулесі түзу түскенімен белгілі бір кедергіден майы сары сөзсіз. «Қара ойықтың» қуат-күші

сол – шеңбердегі жарықтың өзі оның өрісінен шыға алмай қалады. Сондықтан, ол ғылымда «қара ойық» аталған. LIGO-ның негізін қалаушы оқымыстылар Кип Торн, Рейнер Вайсс, Роналд Древер мен оның мүдделестері жүз жылдан соң белгі берген «қара ойықтардың» түйісуі арқасында болған гравитациялық толқынды шын мəнінде ғылымдағы үлкен жеңіске балайды. Қазір əлемнің əр бұрышында дəл сол Америкадағы Хэнфорд (Вашингтон штаты) пен 3000 километр жердегі Ливингстон (Луизиана штаты) қалаларындағыдай орасан зор болмағанымен соған ұқсас детектор қондырғылар орнатуға қы-зы ғушылық танытып отыр.

– Сен əлемдік сол жаңалықтың басы-қасында жүрген сəтте Қа-зақстандағы əріптестермен бай-ланысудың орайы келмеді ме?

– Өкінішке орай, менің дүние-жүзілік маңызы бар ол обсерватория-да қызмет істейтінімді Қазақстанда ешкім білмейді. Алматыға келген соң əл-Фараби атындағы ұлттық универ-ситетте ғалымдармен, студенттермен, өзім бір кезде дəріс алған физ-мат мектебінің оқушыларымен аталған оқиғаға байланысты семинар-тре-нинг өткіздім. Жүздесуде LIGO ту-ралы, оның қызметі, гравитациялық толқын, біздің кеңістіктен жет-кен дыбыстық белгіні детектор арқылы қалай тіркегеніміз туралы айтып бердім. Профессорлардан оқушыларға дейін – барлығы бірдей өте көп қызықты сұрақтар қойды. Бəріне əлімнің жеткенінше жауап бердім. Сол лекциядан соң менімен байланысуға құмартқан азаматтардың саны күрт көбейді...

– Физика пəнінен белгілі бір жайт – гравитациялық толқын десе əйгілі физик Альберт Эйнштейн еске түседі...

– 1915 жылы Эйнштейн өзінің жалпы салыстырмалылық теориясын ашты. Сəл уақыт өткізіп барып, 1916 жылы ол бұл теорияның ізін түбінде гравитациялық толқын жалғайды деп жазып кетті. Ғаламда осындай толқын бар деп түйді. Жүз жылдан соң ғалымның айтқаны дəлелденді. Оның жалпы салыстырмалылық тео риясы бойынша айтып кеткенін біздің ұрпақ бүгін дəлелдеп жатыр. Эйнштейн барша физиктердің пірі...

– Дархан, сəл шегініс жасайық: детектор тосын дыбыстық белгіні қабылдаған соң ол туралы бірден жария етпей уақыт оздырудың жайы сенімсіздіктен тумаған шы-ғар деген ой мені мазалап отыр?

– Коллаборацияның белгілі бір қызмет ережелеріне сəйкес қатаң қойылатын талаптары бар. Онда, тіпті, біздің тосыннан қойылатын сұрақтарға қалай жауап қайтаруымыз керектігі де анықталып қойылған. Біздің қауымдастықтан тыс жүрген мүдделі ғалымдардың өзі «Əлемдік жаңалықтың кешігіп жариялануына не себеп?» деп мазасызданғаны жəне бар. Оның жауабы былай: мəселен, бұл арада алғашқы тіркелген белгі-мен тұспа-тұс сəтте Жер шарының бір бөлігінде жер сілкінісі болу-

болмауының да маңызы бар. Өйткені, біздің сезімтал құрылғымыз олардың бірін де қалт жібермей тіркеп тұрды. Белгілі бір ғылыми топ «лайгоның» қырағылығын тексеру үшін сырттан əдейілеп дыбыстық белгілер жіберуі де əбден мүмкін. Сондықтан да, он сан ғалымдарымыз кеңістікте дəл сол сəтте не болғанын анықтау үшін белгілі параметрлерді өлшеп, зерт-теп, бəріне дəлме-дəл көз жеткізуі тиісті еді. Осының барлығы белгілі бір уақыт кезеңін басынан өткізді. Істің жайын өте-мөте мұқият сүзгіден өткізіп, екшеп алғаннан кейін ғана коллаборация спикері Габриела Гон-залестің ұйғарымымен обсервато-рия директоры Девид Райтзи БАҚ арқылы халық алдына шықты. Əлем жұртшылығын ең соңғы таңғажайып жаңалықпен құлағдар етті.

– Тағы бір маза бермей отырған сауал – бұған дейін Эйнштейннің бұл ілімін дəлелдеуге талпынған ға лымдардың болмағаны ма?

– Болған. Ғылымда қандайда бір жаңалық нақты өлшеніп, дəлденген соң ғана жариялыққа ие болатыны бар. Əлгінде айттым ғой, біздің нақты жауабымызды жариялау үшін төрт айдай уақыт кетті. Өйткені, тарих-та, ғылымда дейікші, гравитациялық толқынға қатысты түрлі оқиғалар тіркелген. «Қара ойықтардың» бірігуін көзімен «көрген» ғалымдар да бар. 60-шы жылдардың ортасын-да əйгілі америкалық физик Жозеф Вебер ең алғаш рет сенімге əбден жақын тəжірибе жасаған ғалым. Ол көлемі белгілі өлшемдегі аллю-миний цилиндр қондырғы арқылы жасаған тəжірибесінің нəтижесінде гравитациялық толқын жиілігін «ұстағанын» дəлелдеп шыққандай еді. Алайда, көптеген ғалымдар бел гілі уақыт арасында ғалымның қондырғысының кеңістік толқыны белгісін тіркеуге қауқарсыздығын анықтап берді. 2014 жылы Халық-аралық BICEP-2 ғалымдар қа уым-дастығы Жердің полюсінде ор на-тылған қуатты телескоптың «жаз-баларына» сүйеніп өте маңызды

мəлімдеме жасады. Онда кеңістік жаратылып, ауқымын кеңейте бас таған кездегі гравитациялық толқын бел гілері байқалғаны ту-ралы болжам айтылды. Алайда, қаншама се німді мəліметтер мен қуатты өл шегіш қондырғылардың көмегіне сүйеніп отырған əлем ғалымдары ол жаңалықты тез ара-да жоққа шығарды. Тосын дыбыс бар болғаны ғарыш қалдықтарының шуы екен. Біздің «лайгоның» шешімін қазір еуропалық, жапондық, үндістандық, италиялық салалық ғалымдар қауымдастығы мақұлдап отыр. Біз өз мəлімдемемізде, мен ғылыми қауымдастықтың мү-шесі болғандықтан солай айтуға құқылымын, кеңістіктегі екі «қара ойықтың» бірігуі арқылы жерге жет-кен белгі-дыбысты өте қағылез ай-налы детекторлар арқылы тіркеуге алдық деп жарияладық. Қарапайым тілмен жеткізсек – 1,3 миллиард жа рық жыл бұрын кеңістіктің бір бұрышында сондай бір оқиға өткен, «қара ойықтардың» қауышқан... Соның толқыны бізге 2015 жылдың 14 қыркүйегінде жетті! Төрт айдан соң нақтыланған мəлімет əлемге жа-рия етілді.

– О-оо... ал, керек болса... өте күр делілеу екен... Оны айтасың, біз кеңістікте талай-талай «қа-ра ойық» қабысып, толқын ұр-ып жатқанынан хабарсыз да шы-ғармыз?

– Əлем кеңістігінде ғарыштық апаттар болған, болып та жатады... Біз адамзат ие болған ең қуатты, өте сезімтал қондырғы арқылы соның бірінен ғана жеткен толқынды тап-жылтпай ұстадық. Қай кезде өткенін əлгінде айттым... Сөйтіп, ғылымда астрономдар айтып жүрген «қара ойықтар» бірігуінің жиілік мөлшерін айқындадық. Осы оқиға болған тұста Жер бетінде біздің Ханфорд пен Ливингстондағы жəне GIO-дағы (Германия) үш құрылғы ғана үзіліссіз жұмыс істеп тұрды. Соңғы неміс обсерваториясының дыбыс жиілігін сезіну қуатының арақашықтығы 600 метр болғандықтан, толқынды мүлт жіберуі кəдік. Ал, біздің де-тек торлардың дыбыс жиілігін ба-қы лайтын өріс қашықтығы 4 ша-қырымға дейін жетеді. Италиядағы біздің далалық детекторымызға ұқсас обсерватория биыл іске қосылады. Жапондар да жыл аяғына дейін дəл осындай қондырғыны іске қосуға қамданып жатыр.

– Дəл қазір LIGO коллаборация-сы ғылыми қауымдастығы нендей іспен шұғылдану үстінде?

– Қазір үзіліс жасадық. Таяу мезгілде жаңа маусым басталады. Осы арада ғылыми жұмысқа барлығы 14 мемлекеттің университеттері атса-лысып жүргенін атап өтуге тиіспін. Соңғы оқиғаға байланысты тарихи де-рекке барлығы 1000-ға жуық адамның аты-жөні айшықтап жазылды. Оның ішінде негізгі 10 адамнан тұратын бізде калибршілер тобы бар.

– Жеке архивіңдегі суреттеріңді көргенде сені құдды Қаратаудың етегіндегі жазықта отырғандай сезіндім. АҚШ-пен табиғатымыз қандай ұқсас еді?! Ол жерде үп еткен жел мен жүгірген аң, ұшқан құстың табиғи шуы қағілез детектордың дыбыс жиілігінің ай-насына «жазылып» қалмай ма?

– Иə, ол рас. Ұқсастық көп... Та-биғи тосын дыбыстардың əрқай-сының өз детекторы бар... Олар қа-телеспейді.

– 2011 жылдан АҚШ-та тұрып жатқаныңа қарағанда ол елге бо-йың да, ойың да үйренген шығар. Жеке өмірің туралы айтшы?

– Əуелі студенттер жатақ ха на-сында тұратынмын. Қазір обсер-ваторияның меншігіндегі жайлы пəтердемін. Тамақты көбіне күріш пен картоптан... өзім істеймін, кейде палау пісіремін. Мамам секілді ет аса алмаймын. Уақыт айырмашылығына байланысты Алматымен – үймен, тек сенбі, жексенбі күндері ғана скайп арқылы сөйлесіп тұрамын. Қыдыруға, басқа қалаларға бара беруге уақыт тапшы. Жасым 31-де...

– Диссертацияңның тақырыбы?– Тікелей өзім қызмет атқа рып

отырған əлемдік LIGO қондыр ғыла-рының калибрлеу мəселесі...

– Елге қайтатын уақыт белгі-лен ген бе?

– Бəрі де диссертацияның бітуіне жəне əлемдік жобаның ауқымына бай ланысты.

– Əңгімең үшін үлкен рах-мет. Дəм-тұз тартса əлі де кез-десіп сұхбаттасатын жайымыз бар секілді... Іске сəт!

Əңгімелескен Талғат СҮЙІНБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.––––––––––––––

LIGO обсерваториясына қатысты суреттер Дарханның

өз архивінен алынды. Алматы бөлімшесіндегі суретті

түсірген Юрий БЕККЕР.

Сəті түскен сұхбат Өнер

Кітап көкжиегі

1916 жылы əйгілі физик Альберт Эйнштейннің салыстырма-лылық теориясына сүйеніп жасаған гравитациялық толқын туралы болжамы араға 100 жыл салып америкалық обсер-ваторияда дəлелденді. Астрономия ғылымында жаңа ғасыр басталды. Оның көшбасшылары қатарында қазақ физигі Дархан ТУЕНБАЕВ та бар.

РЕДАКЦИЯДАН: Халықаралық LIGO ғалымдар қауымдастығының мүшесі, Техас жазығындағы Рио Гранд университеті (University of Texas Rio Grande Valley) PhD докторанты жерлесіміз Дархан Туенбаев сəуір айының 5-6 күндері Астанада алдымен Назарбаев Университетте, одан соң Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде лекция оқып, семинар-тренинг өткізеді.

Америкада «ќара ойыќтарды»ќауыштырєан ќазаќ

Өмір ЕСҚАЛИ,«Егемен Қазақстан».

Бірінші күні өнерсүйер қ а у ы м м ы ң б ұ р а л ғ а н биші лердің қатысуымен классикалық хореогра-ф и я н ы , с п е к т а к л ь д е р -ден үзінділер тамашала-ды. «Жанасу», «Арулар ше руі», «Калифорниялық көкнəр», «Шығыс алауы», тағы басқа хореографиялық миниа тюралар зор ықы-л а с п е н қ а б ы л д а н д ы . Бельгиялық хореограф Р и к а р д о А м а р а н т е н і ң «Gaia» қойылымында жер шарының жаратылуы жайлы əпсана жұмбақ сырға толы табиғаттың құбылыстарымен шендестіру арқылы шынайы бейнеленіп, сырлы əуенге

ұласқан көркем сəттерге толы болды.

Екінші күні жұртшылық назарына театрдың үздік қойылымдарынан құралған дивертисмент ұсынылды. Мұнда классикалық, қазіргі заман жəне ұлттық би мəнерлері керемет үйлесім тауып, қазақстандық балет өнерінің құдіреті, жеткен жетістіктері мен бағындырған белестері паш етілді. «Əлем» балеті көрермендерді ерек-ше күйге бөлеп, басты рөлді сомдаған Назерке Ахметтің өнеріне ерекше қол соқты.

– Жас өнер ұжымының əлемдік балет өнерінің шы ңын бағындыруға де-ген ұмтылысы шетелдің талғампаз көрермендері тара-пынан да лайықты бағаланып

келеді. Оған ондаған мем-лекеттерде гастрольдік са-парларда болғанымызда көзіміз анық жетті. Осы жолы «Əлем» алғашқы көпшіл ік спектакл інен «Gaia» атты соңғы туындыға д е й і н қ а з а қ с т а н д ы қ , ресей лік, америкалық хо-р е о г р а ф т а р д ы ң б а т ы л эксперименттерінің же-тістіктерін, өткен ғасыр-лардағы мол мұра мен ХХІ ғасырдағы көзтартар қойылымдарды ұсындық,–деді БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында хореографиялық ұжымның бас режиссері Мүкарам Авахри.

Петропаволдықтар екі күн бойы сұлу сазбен көм керілген би ғаламатын тамашалады.

ПЕТРОПАВЛ.––––––––––––

Суретті түсірген Талғат ТƏНІБАЕВ.

«Астана балет» ќызылжарлыќтарды єажайып би ґнерімен таѕдай ќаќтырды

«Астана балет» театры тұңғыш рет гастрольдік сапармен Қызылжар өңірінде болып, «Астана балет GALA» атты ауқымды бағдарлама ұсынды.

Раушан ТƏУІРХАНҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан».

Қаламгер өткен ғасырдағы қазақ азаттық қозғалысының көш басында тұрған, 30-шы жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбанына айналған аяулы ұлдарының өмірі мен қызметі жайында əр жылдары жазған зерт-теу еңбектерін «Түнектен оралған есімдер» деген төрт кітапқа топтастырған еді. Аталған кітаптар тоталита-ризм дəуірінде ұмыт болған шынайы тарихымыздың көмескі беттерін ашуға жəрдемдеседі.

Алаш қозғалысының 100 жылдығына, Əлихан Бөкейханның 150 жыл-дығына, 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына, Тəуелсіздіктің 25 жылдығына орай бүкіл азаттық күрескерлерінің рух-тарына арналып шығарылған бұл төрт томдықтың «Төрт күлік» атты алғашқы кітабы

таяуда Алматыдағы «Рух БГ» баспасынан жарық көрді.

Кітапқа автордың ұлт көсемі, Алашорда автономия-сы үкіметінің тұңғыш бас-шысы Əлихан Бөкейхан, Алашорда автономиясының Батыс бөлімшесіндегі үкімет басы Жанша Досмұхаме-дов, Түркістан автономия-сы үкі метінің басшысы, халықаралық қозғалыс қайраткері Мұстафа Шоқай жəне Кеңес өкіметі платфор-масында езілген елді про-греске жеткізуді көздеген қайраткер, қазақтан шыққан тұңғыш кеңестік елші Нəзір Төреқұлов туралы жазған зерттеу мақалалары мен баспасөз өкілдеріне берген сұхбаттары енген.

Ал, 30-шы жылдардағы қуғын-сүргінде саяси жазаға ұшыраған тарихи тұлғалар жайында жазылған «Іргетас» атты ек інші к ітабында қаламгер кеңестік саяси репрессиялар жылдарын-да жапа шеккен оншақты

тұлғаның өмірі мен қызметін арқау еткен.

Сондай-ақ, бұл еңбекте а в т о р қ а з а қ т а р ү ш і н тұңғыш «Əліппе» кітабын жазған ағартушы, ұлттық қ о з ғ а л ы с т ы ң о ң т ү с т і к өңірдегі белсендісі, ғалым, з е р т т е у ш і Қ . Қ о ж ы қ о в , А.Байтұрсынов репрессияға ұшырағаннан кейін т іл ғ ы л ы м ы с а л а с ы н д а ғ ы жаңа кезеңнің бастауында тұрған ғалым Қ.Жұбанов, «Қазақстан» газетінің ре-дакторы Е.Бұйрин, əскери дəрігер, ұстаз, ғалым, қоғам қайраткері Х.Досмұхамедов, заңгер Ж.Ақбаев, кеңестік қызметкер А.Серғазиев, кеңестік ұранмен ұлтқа қызмет етуге ұмтылған қырғыз азаматы Т.Жанұзақов сынды азаттық күрескерлері туралы тың мəліметтер келтірген.

Қ а л а м г е р ж а з у ш ы тарихтағы «ақтаңдақтар» жайында 40 жылдан бері қалам тербеп келеді. Ол өзінің осынша уақыттан бергі зерттеушілік қызметі барысында жазған түрлі мақалалары мен сұхбаттарын осы төрт кітапқа жинақтаған. Соның үшінші кітабы – «Үш пері» деп аталады.

Мұнда да Қазақ елінің кеңестік тарихында өзіндік е р е к ш е о р ы н д а р ы б а р Т.Рысқұлов, С.Қожанов, С . С ə д у а қ а с о в с ы н д ы қайраткерлердің тұлғалық бейнелері арқау болған.

Автор аталмыш жинақта осынау танымал тұлғалардың күрескерлік бейнелерін мейлінше жан-жақты зерт-теп, біле түсуге талпыныс жасайды. Олардың қазақтың елдік мəселелеріне, ұлттық мүдделеріне қызмет ету жолдарына деген өзіндік көзқарасын білдіреді. Ең бастысы, бүгінгі ұрпақтың тəлім алуы тиіс тұстарына ерекше тоқталады.

«Тїнектен оралєан есімдер»

Жазушы Бейбіт Қойшыбаев өткен ғасырдың 80-ші жылдарының ортасында жариялылық пен қайта құру саясаты өріс алған шақта тарихтағы «ақтаңдақтар» жайында қалам тербей бастаған бо-латын. Ол репрессияға жазаға ұшыраған тарихи тұлғалар тағдырын зерттеп, олардың күрес жолда-рын жаңғыртуға ерекше көңіл бөлді. Зерттеулерін тереңдете келе, жекелеген қайраткерлер туралы деректі кітаптар шығарды. Алаш қозғалысы жай-ында ауқымды еңбектер жазды.

Page 12: «ƏЛЕМ. ХХІ ЄАСЫР» МАНИФЕСІ · №64 (28792) 6 СƏУІР СƏРСЕНБІ 2016 ЖЫЛ АҚПАРАТТАР аєыны Елімізде 2020 жылға дейін

6 сəуір 2016 жылwww.egemen.kz12

Марат АҚҚҰЛ,«Егемен Қазақстан».

«Ембімұнайгаз» АҚ құрамындағы «Қайнармұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармаларының, «N Block BV», «North Caspian Development», «Потенциал Ойл» ком панияларының жетекші геолог мамандары, сейсмологтары, геофизиктері аталған шараның ойдағыдай өтуіне атсалысты. Конференцияға Атырау облысының əкімі Нұрлан Ноғаевтың жəне Жолдасқали Досмұхамбетовтің ұрпақ-тарының қатысуы жиынның мəнін барын-ша аша түсті. Өңір басшысы тəуелсіз ел экономикасының күретамырына айналған мұнай-газ саласының жергілікті өңірдегі сүбелі үлестеріне жан-жақты тоқталды.

«Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының жаңа жобалар жəне технологиялар жөніндегі орынбасары Əнуар Жақсыбеков өзінің кіріспе сөзінде геолог-мамандарды кəсіби мерекелерімен құттықтап, майталман мұнайшы Ж.Досмұхамбетовтің өмір жолына тоқталды.

– Жолдасқали Досмұхамбетов теориялық білімін практикамен шебер ұштастыра білген маман, талапшыл басшы еді. Мəскеу мұнай институтын жəне КСРО Мұнай өндірісі акаде-миясын үздік аяқтаған соң, білімі мен білігін Ембі өндірісінің жан-жақты дамуына арнады. 1966 жылы Оңтүстік Маңғышлақтағы мұнай кəсіпшіліктері мен «Өзен», «Жетібай» кен алаңдарын барлауға қосқан зор үлесі үшін Ж.Досмұхамбетовке жəне басқа мұнайшыларға Лениндік сыйлық берілді. Қазақстандық гео-логтарды келешекте тағы да ірі жаңа жо-балар күтіп тұрған еді. 1975 жылы күзде «Саратовнефтегеофизика» кəсіпорнының ма-мандары Жолдасқали Ахметұлына болашағы мол геологиялық нүктелердің сызбасын көрсеткенде, ол бұрғыланатын жаңа ұңғыма «теңіздей толқыған мол өнім берсін» деп, жаңа кенішке «Теңіз» атауын ұсынады. Шын мəнісінде кəнігі геологтың айтқаны ай-дай келіп, əлемдегі алып кеніш осылайша əйгіленді. Теңіз кен алаңын ашқандары үшін бір топ қазақстандық геологтар республика Мемлекеттік сыйлығын алды.

Əнуар Еркінұлы конференцияда сондай-ақ Ембі кен алаңдарының геологиялық-барлау жұмыстарының бүгінгі тынысынан жан-жақты мəліметтер бере отырып, алда тұрған жоспарға кеңінен тоқталды.

– Компания жыл сайын 100 млрд. теңгеден астам қаражатты ел қазынасына аударып келеді. 2015 жылы Ембі өндірісінде 2 823 мың тонна өнім өндірілді. Бүгінгі таңдағы əлемдік қаржы дағдарысына қарамастан, компания басшылығы мұнайшылар қатарын қысқартпауды, оларға көрсетілетін əлеуметтік жеңілдіктерді толықтай сақтауды жіті назарда ұстап отыр. Біз қорды толықтыру жəне шикізат базасын өсіру мақ-сатындағы геологиялық-барлау жұмыстарын жалғастырудамыз. Жақсы нəтижелерге де қол жеткізіп отырмыз. Ғасырдан астам жер қойнауын игеріп келе жатқан «Ембімұнайгаз» АҚ бойынша өзекті мəселенің бірі – мұнай-газ қорын молайту. Ағымдағы жылдың ақпан айында С.Нұржанов атындағы кен алаңының солтүстік-шығыс қанатындағы жəне Лиман блогы мен Аққұдық кенішіндегі геологиялық-барлау жұмыстарының қоры тындыларын жарияладық. Аталған

жұмыстар болашақта С.Нұржанов, Аққұдық, Оңтүстік-Шығыс Новобогат кен алаңдарының өнім беру мүмкіндіктерін арттырып, «қара ал-тын» көрсеткішін өсіруге жол ашады. Сонымен қатар, «Ембімұнайгаз» АҚ кен алаңдарындағы бес блокта геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізу мақсатында Энергетика министрлігімен келісімшарт ресімдеу жұмыстары қолға алыну-да. Мақсат 5500-7500 метр тереңдіктегі тұзасты қабаттарына іздеу-бұрғылау жұмыстарын жүргізу. Ол Ембінің мұнай-газ қорын айтар-лықтай молайтуға мүмкіндік беретін ауқымды жұмыс. Əрине, жаңа жұмыстарды қолға алғанда бұл тереңдіктердің біз үшін толық зерт-телмегендігіне қатысты геологиялық, қар жылық қиындықтарға кездесуіміз мүмкін. Алайда, тұзасты қабаттарынан мұнай кен орындарын іздестіру арқылы қор деңгейін арттырамыз де-ген ембілік геологтардың бастамасы – бүгінгі заманның талабы. Нəтижесінде жаңа кен орын-дары іске қосылып, жаңа жұмыс орындары ашы-лады, өндірістің тынысы кеңейеді, – деді Əнуар Жақсыбеков.

Конференция барысында Атырау қаласын-дағы Ж.Досмұхамбетов атындағы лицей дирек-торы Фаруза Шаңгереева, «Қазақстан мұнайшы-геологтарының қоғамы» қоғамдық бірлестігінің тең-президенті Қосан Тасқынбаев жəне басқалар сөз сөйледі. Шарада «АтырауГео-2015» баянда-малар жинағы, «Мақат кен алаңына – 100 жыл. Қазақстан мұнай өндірісінің қалыптасуы мен дамуы», «Қазақстан мұнай-газды бассейні жəне оларды игерудің келешегі», «Геологтардың өмір баяндары» атты жаңа кітаптардың тұсауке-се рі өтіп, туындылар көпшілікке таныстырыл-ды.

Екі күндік мерекелік шараның қорытын-дысында табысты еңбектерімен ерекше-ленген бір топ мамандарға Инвестициялар жəне даму министрлігі Геология жəне жер қойнауын пайдалану комитетінің, «КазЭнерджи» ассоциациясының, «Қазақстан мұнайшы-геологтарының қоғамы» қоғамдық бірлестігінің жəне «Запказнедра» Атырау аймақтық инспекциясының медалі, төсбелгілері, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табыс етілді. Марапатқа ие болғандардың қатарында «Жы-лы ой мұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқар-масы басшысының геология жəне игеру жө-ніндегі орынбасары Балмаш Жақсыбаева, «Ембімұнайгаз» АҚ геология бөлімінің басшы-сы Ғалия Ерниязова, «Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы геология жəне игеру бөлімінің басшысы Бауыржан Үмбетияров, компания маркшейдерлік қызметінің жетекшісі Хамит Манғыбаев, «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы №2 Оңтүстік-Батыс Қамысты мұнай-газ өндіру цехының геологы Ақсұлу Айдарова, ардагер-зейнеткерлер Парух Əжі-ғалиев, Зəуреш Құспанғалиева, Жақсылық Тас-қынбаев, бизнес жəне құқық колледжінің оқы-тушысы Қалжан Қаржауова жəне басқалар бар.

«Ембімұнайгаз» АҚ Құрмет грамотасы Ембі кен алаңдарын ашуға үлкен үлес қосқан алты ардагер-геологқа табыс етілді. Ал, «Үздік гео-лог» атағын 2015 жылдың қорытындысы бойын-ша Қазақ ғылыми-техникалық университеті гео-логия жəне мұнай-газ кафедрасының доценті Якуб Нұғманов иеленді.

АТЫРАУ.

Серік НЕГИМОВ,Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

«Соның ішінде өткен жылы өлкелік партия комитетінің атынан ҚазПИ-дің алдына күрделі міндеттер де қойылған. Бұл жағдайда жақсы маман жетістірудің қиын болуы да рас. Оқудың сапасы ойдағыдай болмаған кездері де болуы, əлде де жоқ емес. Бірақ сол қиын жағдайдың ішінде жүріп-ақ, сол қиындықпен күресе отырып-ақ, мына 13 маманды Қазақстанның кеңес жұртшылығына бүгін табыс етіп отырмыз.

Жойылмайтын кемшілік бол-майды. Бұлардың ішінде оқудағы кемшілікті іс үстінде жоя жүргендері де, əлі де жоя алатындары да бар. Бұл 13-тің тең жартысы тек оқып қана жүргендер емес, тіл-əдебиет құры лысына белсене қатысып, жа-рысқа түсіп жүргендер, газет-жур-нал беттерінде қаламының ізін көр-сетіп жүргендер. Ысмайылұлы Ес-мағамбет, Алтынбекқызы Мыр-зай, Ғабдоллаұлы Мəлік, Байшы-мырұлы, Дайрабайұлы, Мейір-бекұлы сияқтыларды біздің мəдени жұртшылығымыз біліп те қалған болатын. Бұлардың əдебиет сыны жөнінде мақалалары, өлеңдері, əңгімелері бар, баспадан шықты. Бұлар мұндай еңбекті бұдан былай одан да гөрі өндірер деп сенеміз.

Бүгін Қазақстан жұртшылығына 13 маманды тапсыра отырып, олар алған білімдерін іске асыра алар, көптің күткеніндей жеміс берер, социалистік ұлт мəдениетін құру жұмысында бұлар үмітті ақтап, шын қайраткер болар деп сенеміз».

Қ.Жұбанов осылай деп ағынан ақтарылып, үміт отын маздатқан.

Кеңес Одағының Батыры, КСРО Педагогика ғылымдары акаде -миясының академигі, оқы мыс ты, əскери-мемуарист Мəлік Ғабду-линнің курстасы, Абай атын дағы Қазақ педагогика институтында 1931-1935 жылдарда бірге оқыған Мырзай Алтынбекова (1915-2013) өз естелігінде: «1932 жылы қазақ тілінің білгір маманы Құдайберген Жұбанов бізге келіп, лекция оқи бастады. Сырттай естіп, көруге құштар болып жүрген ұстаздың сырт келбетіне қарап отырудың өзі бір ғанибет еді. Оның үстіне ізетшілдігі, сөз мəнері, өзін асқақтатпай төмен ұстай білуі – оның ішкі дүниесінің де тазалығын аңғартып тұратын. Тұңғыш профессордың қазіргі қазақ тілінің жай-күйінен дəріс оқыған əр сəті біздерді таңғалдырғаны сонша, бəріміз демімізді ішімізге тартып, қыбыр етпей тыңдап қалыппыз. Тіпті, қоңыраудың соғылғанын да байқамағанбыз ғой. Сонда бəрімізден батыл Мəліктің: «Ағай, біз демалысқа шықпаймыз, тоқтамай сөйлей бе-ріңізші», дегені бар. Əрине, бұл өті-ніш қабылданды. Ұстаз əңгімесін тұ-тас айтып шықты.

Біз Жұбановтың маңына көбі-рек үйіріліп, оның ғылым, білім жайындағы əңгімесін көп тыңдадық. Біздің əрқайсымыздың мінез-құлық, білімге деген ынта-ықыла сы мызды түгел аңғара білген ұста зымыз 1935 жылы институтты бітір генімізде «13 жас күш» деген мақаласын жазған-ды.

Ол уақытта ҚазПИ-де арнау-лы жатақхана жоқ. Бізге төбесінің кре сін жұлып алып тастаған ескі шіркеуден орын берді, бəріміз оқуды бітіргенше сонда тұрдық. Асхана, тамақ жағы да нашар. Күніне 400 грамм қара нан, айына 4 сом стипен-дия аламыз. Осы қиындықтың бəріне қарамастан біз институтта оқып, білім алып жүргенімізге мəз, сон-шама риза, бақытты едік. Онымызға жебеуші болған қазақ халқының маңдайына біткен əдебиет, мəдениет саңлақтары – Сəкен Сейфуллин, Молдағали Жолдыбаев, Мұхтар Əуезов, Шарафий Əлжанов, Санжар Аспандияров, Құдайберген Жұбанов, Сəрсен Аманжолов сынды топ-жарғандардың дəрісін оқып, алды-мызда жүргені ме, əлде... Ал сту-денттер арасындағы шаралардың ұйым дастырушысы жас та болса Мə лік еді. Сабақтан қалу, не кешігу

дегенді білмедік жəне институттың түрлі қоғамдық жұмысына да бел-сене араласамыз. Мəлік екеуміз қабырға газетін шығарамыз. Ол жетпесе, жастығымызға, əлімізге қарамай, орталық газет-журналдарға араласуға ұмтыламыз. «Лениншіл жас», «Пионер» газеттеріне өлең, əңгіме жазамыз. Олар кейде жарыққа да шығып тұрады.

Мəлік өзінің соншама кішіпейіл, ақжарқын мінезімен курсқа ғана емес, бүкіл институттың сүйіктісіне айналып кетті. Оны «Мəлік» деп шақырғандар болса, əрдайым: «Əу, жаным!» деп жауап беретін», – дейді.

Осы нөмірде ҚазПИ-дің ди-ректоры Сақайұлы (Сакаев) өз мақаласында «ұлт кадрларын дай-ындау» жолында «күшті жігермен қызмет істер деген зор сеніммен» Ғабдоллаұлы Мəлікті, Ысмайылұлы Есмағамбетті, Дайрабайұлы Орда-ны, Алтынбекқызы Мырзайды, Мейірбекұлы Қаныбекті, Байшы-мырұлы Оразды ерекше атап көр-сетеді. Ал Мəлік Ғабдоллаұлы «Ұлы міндет – алдымызда» дейтін пікі-рінде: «Мен ҚазПИ-ді он тоғыз жа-сымда бітіріп отырмын. ҚазПИ-дің қабырғасында жүргелі үш жарым жылдай уақыт болыпты. Төрт рет бəйге алдым. ҚазПИ-дің маған бер-ген жемісін – еңбекшілер көпшілігіне беру, міне, міндет осы! Мен бұл міндетті ақтаймын» деп жазыпты.

Есмағамбет Ысмайыловтың: «Бүгін бозторғайдай шырқап қа нат қақтым... Шырқап көтеріліп, қалық-тап көк жүзінде жас қанатымды сермеймін» дегенінде қайтпас қай-сар лық, мұқалмас жігер, бұрқы раған қуат, ізгі мұрат бар.

Сол бір жылдарда, яғни 1930-1937 жылдарда ҚазПИ-де əдебиет, мəдениет, ғылым тарихында жар-қын із қалдырған көсемдер тобы ұстаз дық еткен екен. Ақыл-ойдың ордасы, таза, шынайы кісілікті, білікті зиялылар ортасы десеңізші! Олар мына бір тарихи суреттегі (Қазақ стан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві, қор 1864) Санжар Аспандияров, Сəкен Сейфуллин, Мұхтар Əуезов, Телжан Шонанұлы, Мол дағали Жолдыбайұлы, Сəрсен Аманжоловтар. Бұлар Ұлт, Жер, Тіл, Ұрпақ тағдыры, Рух жасампаздығы үшін бір мақсатта, бір тілекте жұ мы-ла жан аямай қызмет істеген ар дақ -тылар, білгірлер мен дүлдүлдер еді.

Осынау ұлы тұлғалардың бейнесі шоғырланған тарихи суреттің жо-ғарғы жағында ҚазПИ-дің дирек-торы Шəміл Сақаев (ұлты я татар, я башқұрт), директордың орынбасары Дүйменов жəне доцент Митрофан Семенович Сильченко (1898-1970). Ол 1917 жылы Воро неж діни се-минариясын, 1924 жылы Воронеж мемлекеттік универ сите тінің педа-гогика факультетін тəмам даған. 1931 жылдан бастап ҚазПИ-де дəріс бер-ген. Мəлік Ғабдул иннің көрсетуінше, академик М.С.Сильченко лекция оқу ба рысында қазақ студенттерін орыс ті лі не де жан-тəнін салып, əрбір ой-ы ның, əрбір сөйлемінің бөлшегін, ма-ғы насы мен мəнісін терең, жетік тү -сін дірген майталман ұстаз еді дейді.

Қазақ білімпаздары С.Асфен-дияров, Т.Шонанұлы, М.Жол-дыбайұлы, С.Сейфуллин М.Силь -ченкоға қазақ тілін үйретіп, кө кейіне құйған, ұлт фольклоры мен əде-биетінің мəселелерін зерттеуіне мү-мкіндік тудырған.

Мұнан соң əмбебап оқымысты, өзі дəрігер, өзі тарихшы, өзі педагог,

ғылымның ірі ұйымдастырушысы Асфендияров Сан жар Жафарұлы (1889-1938). Ол Петерборда 1912 жылы əскери-меди циналық акаде-миясын тəмам даған. Н.Нариманов атындағы Шы ғыс тану институтының дирек торы, Мəскеу мемлекеттік универ ситетінің Шығыс тарихы бойын ша профессор, Бүкілресейлік Орта лық Атқару Комитетінің хат-шысы, 1928-1933 жылдарда ҚазПИ мен Алматы мемлекеттік медицина институтының директоры, ҚазАССР Денсаулық сақтау Халық комиссары, КСРО ҒА Қазақ филиа лы төрағасының орынбасары. Ұлттың ұлы тұлғасы, ке-мел қайраткер С.Асфендияров ұлт-тық ғылыми кадрларды жақсарту, қазақтың ұлттық мəдениетін дамыту, ғылыми тілді қалыптастыру, халық шығармашылығын қастерлеу (жи-нау, жариялау, зерделеу), сонымен қатар ғылыми-зерттеу қызметкерлері мен қазақ зиялыларының жаңа легі арасындағы табиғи байланыс орнату – ғылыми басты ұстанымы болған. Бұл сол жылдардағы қазақ студенттерінің рухани кемелділікке жетуіне, шұғыл есеюіне жойқын əсер еткен. ҚазПИ-дің директоры С.Асфендияров 1929 жылы жаратылыстану-химия факультетінің 1-ші курсына қабылданған Қажым Жұмалиевті белгілі бір жазушының қалауымен тіл-əдебиет факультетіне ауыстырғанда шын мəніндегі əде биет тарихын жасаушыларды тəр биелеу біздің басты нысанамыз деп қадап айтқан екен.

Əрі қарай төменгі қатарда солдан оңға қарай сипаттасақ, алдымен про-фессор (1934), көрнекті педагог əрі психолог, 1932-1937 жылдардағы пе-дагогика кафедрасының меңгерушісі жəне педагогика факультетінің де-каны Шəрəпи Əлжанов (1901-1937). Дарынды, дарабоз Ш.Əлжанов 1918 жылы Шортандының бастауыш училищесін аяқтаған, 1920 жылдан бастап қызыл əскер қатарында болып соғысқа қатынасқан, Қазақ полкінің əскери комиссары, мұнан соң уездік атқару комитеті төрағасының орын-басары, уездік милицияның бастығы, 1925 жылы Мəскеудегі əскери-педагогикалық курста оқыған. 1932 жылы Ұлттар ағарту институтының педагогика мамандығы бойынша аспирантурасын аяқтаған. Орыс, қазақ тілдерінде жүйрік сөйлеген. Қайраткер Əди Шəріповтің өзінің ұстазы Ш.Əлжановтың ұстаздығы, шешендігі, рухани тазалығы жөнін-де естелігі бар. Профессор Шəрə-пи Əлжанов «Абайдың педа гоги-калық туралы көзқарасы», «Ұлт мектептері қазіргі кезеңде», «Ес жəне есте қалдыру мəселелері», «Ой мəселелері», «Халық ағарту қызмет-керінің білімін көтеру жайында бас-ты материалдардың жинағы» дейтін еңбектер қалдырған.

Сəрсен Аманжолов (1903-1958) – 1930 жылы Орта Азия мемлекеттік университетін тəмамдаған. 1931-1958 жылдарда ҚазПИ-де оқыту шы, доцент, профессор, қазақ тілі кафе-драсының меңгерушісі, 1934-1936 жылдарда Қазақтың Ұлт мəдениеті ғылыми-зерттеу институтының ғалым хатшысы, директоры. 1937-1942 жыл-дарда СССР ҒА Қазақ филиалының тіл жəне əдебиет секторының мең-герушісі, 1946-1958 жылдарда Қазақ ССР ҒА Тіл жəне əдебиет инс ти-тутында академиялық сөздік пен тер-минология бөлімінің меңгерушісі. Ұлы Отан соғысының ардагері.

Ұлы суреткер Мұхтар Əуезов Құдай берген Жұбановты «ірі

оқы мысты» деп əділ сипаттап, ойын былайша өрістетеді: «Өздігінен оқып, ғылым-білімнің əр саласы-нан да əжептəуір хабардар болған Құдайберген сонау ерте уақыттардың өзінде, 20-жылдар ішінде математи-каны, физиканы, логиканы, психо-логияны, рефлексологияны тесіле зерттеді.

Сол жылдарда Құдайберген жа-пон тілін зерттеді. Оның себебін сұрағанда ол былай деп жауап беретін: «Қазақтың тілі, тарихы жөнінде қытай тілінде көптеген де-ректер бар. Оларды оқу үшін қытай тілін зерттеу керек. Ол өте қиын, көп уақытты керек етеді. Ал жа-пон тілі болса, о да оңай емес, бірақ қытай тіліне қарағанда, ол едəуір жеңілдетілген жəне жапондықтар қытай тіліндегі ғылыми еңбектердің бірқатарын өз тіліне аударып алған. Мен сол тіл арқылы қытайдың қазақ туралы жазылған деректерін оқимын ба деймін». Шынында да ол бұл жұмыста біраз табысқа жеткен. Ал батыс тілдерінен: неміс, француз, ағылшын тілін сөздікпен пайдала-натын. Маған неміс білімпаздары Кизеветтер мен Раманның шығыс му-зыкасы туралы жазған кітаптарынан мақалалар аударып беретін. Əл-Фарабидің, Қашғаридің, Мұрағидің, Халелдің еңбектеріндегі музыка туралы айтқандарын маған үнемі түсіндіріп, соларды пайдалану керектігін айтатын.

Құдайберген осындай өзінің кең дүние тану, терең ғылымдық мағлұматы арқасында азғана уақыт ішінде көптеген еңбектер жазды. 1932 жылы Алматы қаласына қайта кел-геннен кейін, ол педагогикалық инс-титутта тілден профессор əрі СССР Ғылым академиясының қазақ стандық филиалында ғылыми қызметкер бо-лып істеді».

Осылайша, толғаған алғыр, зейін-ді, еске сақтау, оқу-тоқу, ойлау қа-білеті керемет сұңғыла Əуезовтің өзі «Библияны» грекше сайратып, дереу орысшаға аударған жəне түркі тілдерін жетік білген-ау! Бұған араб-парсы тілдерін қосыңыз! Неткен өре-лілік! Неткен білімпаздық! Неткен құштарлық!

Сəкен Сейфуллин (1894-1938) – мемлекет қайраткері, ақын, əдебиет тарихшысы, мемуарист, көсем-сөзші, қазақ əдебиетінің классигі. Қазақ АССР Халық комиссарла-ры Кеңесінің төрағасы Қазақстан Жазушылар одағы бас шыларының бірі, «Еңбекші қазақ» газеті мен «Əдебиет майданы» журналының редакторы.

Молдағали Жолдыбаев (1887-1937) – ағартушы, педагог-əдіскер. 1919 жылы Жымпиты уезі ревко-мының төрағасы, 1920-1922 жыл-дарда Орал губерниясы атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1922-1924 жылдарда Қазақ АССР Оқу Комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтың төрағасы. КПСС Орталық Комитеті жанындағы Марксизм-ленинизм институты Қазақ филиалының қызметкері.

Телжан Шонанұлы (1894-1937) Ырғыз уезі Аманкөл болысында туған. 1912-1916 жылдарда Орынбор мұғалімдер семинариясында оқыған. Ұстаздық, шығармашылық іспен шұғыл данған. 1929 жылдарда Қазақ АССР Халық ағарту комис са риа-тында қызмет еткен. Ұлт ұстазы Ах-мет Байтұрсынұлы бас қарған Оқу-лықтар жазу комиссиясында бол ған. ҚазПИ мен Қазақ мемлекеттік уни-верситетінде дəріс оқыған. «Қазақ тілінің оқу құралы» (1926, 1933), «Тіл дамыту» (1930), «Қазақ жер мəселесінің тарихы» (1926) дейтін айтулы еңбектер жазған. Замана тудырған тұлғалар тəрізді Шығыс тілдерін жəне неміс тілін білген. Энциклопедиялық эрудициясы ора-сан, ойы қуаты білімдар ғылыми-əдістемелік сектор меңгерушісі Телжан Шонанұлы 1935 жылы ҚазПИ-ді бітірушілерді білім-ғы-лым нəрімен сусындатқан. Ұлтын сүй ген парасат иесінің «ел қазақ, тіл қазақтікі, сондықтан мектепте оқу тілі қазақ тілі де болу керек» деген өміршең қағидасы бар.

Телжан Шонанұлынан кейін қазақ əдебиетінің классигі, даңқты «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы, көрнекті оқымысты-педагог Мұхтар Əуезов жайғасқан. Мұнан соң, 1931-1935 жылдарда Əдебиет кафедрасының меңгерушісі, профес-сор М.П.Баталов (1901-1935). Ол 1934 жылы жарияланған «Қа зақ фолькло-ры мен əдебиеті жөнін дегі очерк-тер» кітабының (М.С.Силь ченкомен бірігіп) авторы. С.Сейфуллиннің «Қызыл ат» деген поэ масын орысша сөйлеткен. Ол 1920-1922 жылдарда Орынбор губко мында, 1922-1925 жылдарда Қазақ Халық ағарту комис-сариаты мен газет редакциясында, сондай-ақ 1924-1930 жылдарда Қазақ өлкелік медицина техникумының ди-ректоры болған.

Түйіп айтқанда, ҚазПИ-дің іргетасын қалаған Алаш елінің əйгілі ұстаздарына жəне олардың дəрісін, тəрбиесін, ұлылығын болмысына дарытқан, шапағатын көрген айтулы шəкірттеріне мың да бір тағзым!

АСТАНА.

Зерде Мерей

13 ЖАС ОЄЫЛАН

«Дүние – үлкен көл, заман – соққан жел», деп ұлы Абай айтқандай, көлдей толқып, желдей зу-лап, судырлап, бұлдырлап замандар өтсе де, шыңға біткен шынардай күн келбетті жақсының тұлғасы ірілене бермек, жарығы-жақсылығы өрістеп, өркендемек. Бір сəт тарихқа ой жүгіртсек, «Лениншіл жас» газетінің 1935 жылғы 14 қаңтар күнгі №12 санында жарияланған білімпаз Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың «Он үш жас күш» дейтін мақаласында: «Қазақстанның мемлекеттік педагогика институтын бітіріп шығып отырған осы 13 кісі сондайлық қымбат адамдар екені даусыз. Бұлар осындай бақытты кезеңде, абыройлы кезеңге тап болған жастар. Тіл-əдебиет жұмысының жоғары дəрежелі маманы болған 13 адам сан жағынан біздің қазіргі тілегімізге сəйкес, əрине, аз, бірақ сол аз болуымен қатар, үлкен олжа, төңкерістен бұрын тіл-əдебиет жөнінен мамандығы бар 13 емес, бір де бір адамымыз болмай-тын. Төңкерістен кейін де, тіпті, кешеге шейін – 1932 жылға шейін – бізде бұл жұмыстың ба-сында жоғары дəрежелі білімі бар адам болып көрген емес. Кітап жазатын да, оқытатын да, жоғары мектептерімізде сабақ беретін де, емге əдебиет-тіл мəселелерінде сарапшы-эксперт бо-латын да – бəрі де семинарияда оқыған, орташа мағлұматтылар ғана болатын», дейді. Содан соң ойын төмендегідей жалғастырады.Жеті ќат жер астынан

ќазына іздегенембілік геологтар кəсіби мерекелерін атап ґтті

Сəуір айының алғашқы жексенбісінде қазақстандық геологтар өздерінің төл мерекелерін атап өткені белгілі. Ал Атырауда өткен мейрамның биылғы ерекшелігі – Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұнайшысы, Лениндік сыйлықтың, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО-ның құрметті мұнайшысы, көптеген кен алаңдарын, оның ішінде əлемге кең танымал Теңіз кенішін ашқан Жолдасқали Досмұхамбетовтің 100 жылдығымен орайластырылды. Оны ұйымдастырушы – Қазақстан мұнайшы-геологтарының қоғамы екі күнге созылған жи-ынды «Жаңа мезозойлық мұнай көкжиектері» атты семинармен бастады. Басқосудың бас демеушісі «Ембімұнайгаз» АҚ болғандықтан, шара компанияның бас кеңсесінде өтті.

Ж а у һ а р ж ы р л а р ы м е н жұр тын сусындатқан ақиық ақынның өлмес мұрасын ұлықтау «мен қазақпын» де-ген əрбір жанға асыл парыз ғой. Осыған орай, Қызылорда қаласындағы химия-биоло-гия бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «Мұқа-ғали – мəңгілік ғұмыр» атты əдеби-сазды кеш өткізілді. Кеш барысында мектептің 7-9-сынып оқушылары ақиық ақын поэзиясын жүрегімен сезініп, нақышына келтіре мəнерлеп жатқа оқыды.

С о н д а й - а қ , қ а л ы ң

оқырманға белгілі, ақынның шоқтығы биік туындысы «Ақ қулар ұйықтағанда» поэ-масын жас өрендеріміз ше-бер сахналап, əртістік ерек-ше қабілеттерін байқатты. Əдеби кеште ақынның сөзіне жазылған «Бақыт деген», «Туған жер», «Саржайлау», «Есіңе мені алғайсың» əндері шырқалып , көпшіл ікт ің көңілінен шықты. Ақын рухы-мен сырласу ретінде оқушылар Г.Сəбитова «Өлеңнен сені ізде-дім», А.Сексенбаева «Мұз ба-лақ ақын Мұқағали», А.Оңал-баев «Поэзия алыбы Мұқағали

атамызға» атты өз өлеңдерін оқыды.

Кеш соңында Мұқағали поэ-зиясын сүйіп оқитын мектеп мұғалімдері ақын поэзиясының дəуір талғамайтын мəңгі поэ-зия екендігін айта келіп, жас-тық шақтарын еске алып, ақын өлеңдерін жатқа оқыды. Жас маман Жасұлан Шектібаев ақын рухына өз шығармасын арнады.

Тағылымы мол дүние əрқа-шан көңілге жылы ұялап, естен кетпейді. Ақын поэзиясына бас иген шəкірттеріміздің сəби жүректен шыққан үндері жыр сүйер қауымның жүрегіне жетті. Мұқағали поэзиясының құдіреттілігі де осында!

Мира ДӨНЕНҚОЖАЕВА,Назарбаев зияткерлік

мектебінің қазақ тілі мен əдебиеті пəндері бірлестігінің

жетекшісі.

ҚЫЗЫЛОРДА.

Руханият

Мəѕгілік єўмырҚазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырлары-мен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген ұлтымыздың біртуар ақыны Мұқағали Мақатаевтың биыл да мерекелі жылы.

қайраткері.

«Егемен Қазақстан».

Page 13: «ƏЛЕМ. ХХІ ЄАСЫР» МАНИФЕСІ · №64 (28792) 6 СƏУІР СƏРСЕНБІ 2016 ЖЫЛ АҚПАРАТТАР аєыны Елімізде 2020 жылға дейін

6 сəуір 2016 жыл www.egemen.kz 13

келесідей мазмұндағы 1.9-1-тармақпен толық тырылсын:

1.9-1. Заемды беруге байланысты алынуға жа-татын комиссиялар мен өзге төлемдердің толық тізімі жəне де олардың мөлшерлері:

______________________________________;______________________________________.1.12.1-тармақ келесі редакцияда берілсін:1.12.1. Заем жəне сыйақы бойынша мерзімі

кешіктірілген берешек пайда болған жағдайда, Банк Заемшыға Шарт бойынша төлемдерді жа-сау қажеттілігі туралы жəне Заемшының Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауының салдары туралы Шарттың 3.3.3-тармағында қарастырылған əдіспен жəне мерзімде ха-барлама жібереді жəне Заемшы хабарламада көрсетілген мерзім ішінде Берешекті өтеу бой-ынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда, Банк мынадай əрекет жасауға құқылы:

1.20-тармақ алынып тасталсын. келесідей мазмұндағы 2.4.1-тармақпен

толықтырылсын: 2.4-1. Шотты қолма-қол ақшамен жəне

қолма-қол ақшасыз толықтыру кез келген күні жүргізілуі мүмкін. Егер Шарт бойын-ша берешекті өтеу мақсатында Шот мереке немесе демалыс күні толықтырылса, сондай берешектің өтелуі тұрақсыздық айыбы алын-бай одан кейінгі жұмыс күні жүргізіледі. Бұл ретте, Заемды пайдалану үшін сыйыақы Заемды қайтару бойынша берешектің нақты өтелу күніне дейін есептеле береді, оның ішінде олардың салдарынан Шарт бойынша берешекті өтеу одан кейінгі жұмыс күні жүргізілетін мере-ке жəне (немесе) демалыс күндері жəне Заемды қайтару бойынша берешек сомасымен бірге сондай жұмыс күні төленуге жатады.

3.2.3-тармақ келесі редакцияда берілсін:3.2.3 Заемшы төмендегідей жағдайлардың кез

келгенінде осы Шарттың талаптарын бұзған жағдайда Кредиттік лимиттің күшін жою жəне Заемшыдан Қазақстан Республикасының заңнамасында жəне осы Шартта белгіленген тəртіппен берешектердің барлық сомаларын мерзімінен бұрын өтеуді талап ету: 1) Заемшы Заемды алуға жəне оған қызмет көрсетуге байланысты, оның ішінде өзінің қаржылық жағдайы туралы, шынайы емес ақпаратты бер-ген фактілерінің анықталуы; 2) Заемшы оның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің иегері болып табылатын заңды тұлғаның

Банк алдындағы кез келген міндеттемелері бойынша мерзімі өткен берешегінің болуы; 3) осы Шартқа сəйкес берілген Заем жəне Заемды пайдаланғаны үшін сыйақы бойынша күнтізбелік 40 (қырық) күннен асатын мерзімі өткен берешектің пайда болуы; 4) Банк уəкілетті органның нормативтік-құқықтық актінің та-лаптарына сəйкес жүргізетін мониторинг нəтижелері бойынша анықталған Заемшының қаржылық жағдайының нашарлауы; 5) Заемды мақсатына сай пайдаланбауы; 6) Заемшы жəне/немесе кепіл беруші жауапкер ретінде сот процесіне тартылған болса жəне/немесе Заемшының мүлігіне, оның ішінде Заемшының банктік шотында орналастырылған ақшаға, өндіріп алу жəне/немесе тыйым салынған болса; 7) Банктің осы Шартты тиісінше орын-дауына əсер ететін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының өзгерілуі; 8) кепіл берушінің қайтыс болуы (оның қабілетсіз деп танылуы); 9) кепіл құрамының өзгерілуі, кепілдің нашарлануы (жойылуы, зақымдалуы, құнсыздануы);

3.3.2 -тармақ келесі редакцияда берілсін:3.3.2. Заемшының жазбаша өтініші бойынша

айына бір реттен жиі емес үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жазбаша түрде Заемшының Шарт бойынша берешегін өтеу есебіне кезекті келіп түсетін ақшаны бөлу туралы ақпаратты (негізгі борышқа, сыйақыға, комиссияға, тұрақсыздық айыбына, айыппұлдар мен төлеуге тиісті өзге де сомаларға, мерзімі кешіктірілген төлемдерді көрсетумен) ақысыз беру;

3.4.1-тармақта «тарифтердің, комиссиялар мен басқа шығындардың» деген сөздер «комис-сиялар мен басқа төлемдердің» деген сөздерге ауыстырылсын;

3.4.4-тармақтың 3) тармақшасы «,уəкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сəйкес» деген сөздермен толық-тырылсын;

7.5-тармақ «Шарттың» деген сөзден кейін «,оның ішінде Шарттың орындалу талаптары,» деген сөздермен толықтырылсын;

Аталған өзгерістері ескерілген Үлгілік шарттың толық мəтінімен, сондай-ақ, толы-ғырақ ақпаратпен интернет желісіндегі Банктің: www.halykbank.kz веб-сайтынан таныса аласыздар. Барлық туындаған мəселелер бойынша: 8-727-259-07-77 теле-фон ға хабарласуға болады.

ҚҰЛАҚТАНДЫРУ

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17 мекенжайы бойынша орналасқан «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы (Қоғам) осымен өзінің акционерлерін Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, 010000, Қабанбай батыр даңғылы, 15, Hilton Garden Inn Astana отелі, «Гарден» конференц-залы, 1-қабат мекен-жайы бойынша 2016 жылдың 24 мамырында 10 сағат 00 минутта мынадай күн тəртібімен акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өткізілетіндігі туралы хабардар етеді:

1. Қоғамның есеп комиссиясының құрамы туралы;2. 2015 жылға арналған жылдық қаржылық есепті бекіту;3. Қоғамның өткен қаржылық жылдың таза кірісін бөлудің тəртібі мен Қоғамның

бір акциясына шаққандағы дивидендтің мөлшерін айқындау;4. Қоғамның 2015 жылға арналған жылдық есебін бекіту;5. Акционерлердің Қоғам мен оның лауазымды адамдарының іс-əрекетіне арыздары

жəне оларды 2015 жылы қараудың қорытындылары туралы мəселені қарау;6. Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқармасы мүшелерінің 2015 жылғы

сыйақысының мөлшері мен құрамы туралы ақпарат;7. Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқармасының 2015 жылғы жұмысы тура-

лы ақпарат;8. Қоғамның Жарғысына өзгерістер енгізу туралы.Акционерлерді тіркеудің басталу уақыты – 2016 жылдың 24 мамыры 9 сағат 00

минут.Акционерлерді тіркеудің аяқталу уақыты – 9 сағат 45 минут.Кворум болмаған жағдайда акционердің қайталама жылдық жалпы жиналысы осы

күн тəртібімен осы мекенжай бойынша 2016 жылдың 25 мамырында 10 сағат 00 ми-нутта болады.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқы бар акционерлердің тізімі жасалған күні мен уақыты – 2016 жылдың 22 сəуірі 23 сағат 59 минут.

Акционерлер күн тəртібінің мəселелері бойынша материалдармен жиналыс өткізілетін күнге дейін кем дегенде 10 күн бұрын Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, 13-қабат, 1313-кабинет мекенжайы бойынша Қоғамның ғимаратында жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сондай-ақ www.kmgep.kz. сайтында таныса алады.

ХАБАРЛАНДЫРУ «Элеватормельстрой» акционерлік

қоға мы (Алматы қ., Қожамқұлов к-сі, 163) акционер лердің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлайды.

Жиналыс 2016 жылғы 6 мамырда сағат 15.00-де «МСМП-12» филиалының əкім-шілік ғимаратында мына мекенжайда болады: Алматы қ., Сүйінбай даңғылы, 314. Жина лысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2016 жылғы 6 сəуірдегі жағдай бойынша жасалады.

Күн тəртібі:1. 2015 жылғы нəтижелері туралы

есеп;2. Ішкі аудит қызметінің 2015 жылғы

есебі;3. 2015 жылдың қорытындысы бойын-

ша таза пайданы бөлу;4. Жарияланған акциялар санының

көбеюі туралы;5. 2016 жылға аудиторлық ұйымды

сайлау;6. «Элеватормельстрой» АҚ акция-

лары шы ға ры лымының проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

7. Директорлар кеңесінің жаңа құра-мын сайлау.

Жиналым болмауы жағдайында қайта-лама жиналыс сол мекенжайда 2016 жылғы 13 мамырда сағат 15.00-де өткізіледі.

ОБЪЯВЛЕНИЕА к ц и о н е р н о е о б щ е с т в о

«Элеватормельстрой» (г. Алматы, ул. Кожамкулова, 163) объявляет о прове-дении годового общего собрания акци-онеров.

Собрание состоится 6 мая 2016 года в 15.00 часов в административном здании филиала «МСМП-12» по адресу: г.Алматы, пр.Суюн бая, 314.

Списки акционеров, имеющих право на участие в собрании составляются по состоянию на 6 апреля 2016 года.

Повестка дня:1. Отчет о результатах за 2015 год;2. Отчет службы внутреннего аудита

за 2015 год;3. Распределение чистой прибыли по

итогам 2015 года;4. Об увеличении количества объяв-

ленных акций;5. Выборы аудиторской организации

на 2016 год;6. Внесение изменений и допол-

нений в проспект выпуска акций АО «Элеватормельстрой»;

7. Выборы нового состава Совета ди-ректоров.

В случае отсутствия кворума, по-вторное собрание состоится по тому же адресу 13 мая 2016 года в 15.00 часов.

Жамбыл облысы əкімдігі, өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясы жəне Жамбыл облысының этномəдени бірлестіктері Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, болгар этномəдени орталығының басшысы

Олег Григорьевич ДЫМОВТЫҢқайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарына орны толмас қайғыларына ортақтасып шын ниеттен көңіл айтады.

«Қаражанбасмұнай» АҚ ұжымы ардагер мұнайшы, белгілі мемлекет жəне қоғам қайраткері

Нұрлыхан Өтеуұлы БЕКБОСЫНОВТЫҢқайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Филология институтының ұжымдары филологиялық пəндерді оқыту əдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Раушан Құрбанқызы Тохтамоваға туған бауыры

СƏБИТТІҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Қазақстан «Чернобыль ардагерлері» одағы Алматыдағы чернобыльдік офицер-лер одағының төрағасы Серікхан Кенжебекұлы Серікбаевқа анасы

Нұрқайла ƏБДЕКЕҚЫЗЫНЫҢқайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Ақмола облысының əкімі Сергей Кулагин кезекті жұмыс са-парымен Зеренді, Сандықтау, Атбасар аудандарында бо-лып, көктемгі су тасқынының қаупі жоғары елді мекендерді аралады. Əсіресе, Атбасар ауданының Жабай өзені маңындағы елді мекен-дер айрықша назарға алынды. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

– Биыл өңірде қар көп түсті. Сол себепті су тасқынының қау-пі де жоғары. Алдыңғы жыл-дағы жағдай қайталанбас үшін дайындық жұмыстарын ерте бастап кеттік. Қазіргі кезде қалаға Жабай өзенінен қауіп төніп тұр. Осыған орай өзен жағасын бойлай ұзындығы 5,6 шақырым, биіктігі 4-7 метр бөгет тұрғызылуда. Оған 12 экскава-тор тартылған. Оған қоса қауіпті аймақтардағы тұрғын үйлер мен əлеуметтік нысандардың маңы құм толтырылған қаптармен қоршалды. Апаттың алдын

алу жұмыстарына тұрғындар да бір кісідей атсалысуда, – деді Атбасар ауданының əкімі Андрей Никишов əкімге берген есебінде.

Облыс əкімі С.Кулагин ал-дымен көктемгі су тасқынының алдын алу шараларына көмек көрсетіп жүрген халыққа алғы-сын айтты. Бұл апатпен көп болып күреспесек, ертең оның ауыр салдарымен күресуге тура келеді, дей келе əкім Атбасар ауданындағы су тасқынының алдын алу шараларына жуыр-да 20 миллион теңге қаржы

бөлінгенін, оған қоса бірер күнде тағы 20 миллион теңге қаражат босатылатынын атап өтті.

Сондай-ақ, өңір басшы-сы осы күні Сандықтау ауда-нының маңындағы Жабай өзені үстімен өтетін көпірдің беріктігін тексертіп, төтенше жағдайлар картасына енгізілген өңірдегі жалпы жағдаймен та-нысты. Сандықтау ауданының орталығы Балқашын селосы-нан шығаберісте ТЖ бойын-ша су тасқынының алдын алу шараларына жұмылдырылған

апаттық-құтқару жəне ком-муналдық сала техникала-ры жұмыс барысындағы сы-нақтан өткізілді. Осы жерде ол ауданның төтенше жағдай қызметкерлерімен жүздесіп, су қоймасы мен өзендерге жақын орналасқан елді мекендердегі жағдайды күні-түні бақылауда ұстауды тапсырды.

– Қазір жағдай өте күрделі. Даладағы қар толық еріген жоқ. Зеренді, Сандықтау, Атбасар аудандары əлі қар құрсауында жатыр. Əсіресе, Атбасар ауда-нында осы мезгілде мұндай қар көлемі болған емес. Сондықтан, күн-түн демей сəуір айының бел ортасына дейінгі қауіпті күндерді ойдағыдай өткізуіміз керек. Ол үшін су басу қаупі бар елді мекендерге, əлеуметтік ны-сандар мен тұрғын үйлерді аман сақтап қалуға барлық күшті жұмылдырып, тиісті керек-жа-рақпен қамтамасыз етіп, дайын отыруымыз қажет, – деді облыс басшысы.

Ал, Ақмола облыстық ТЖД жаңадан тағайындалған басшы Алексей Советов өңір басшысы-на жуық күндері республикадан тиісті қол көмегі жететінін баян-дады. Атап айтқанда, Атбасарға Алматы жəне Қызылорда об-лыстарынан қосымша 100 адам жəне 19 арнайы техника көмекке келмек екен.

Ақмола облысы.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,«Егемен Қазақстан».

Қазіргі кезде Қуанышбек ақсақал зайыбымен, яғни он бала тəрбиелеп өсірген батыр ана Майрамен бірге қыстақта шаруашылық басында құлауға айналған үйді жөндеп өмір сүріп жатқан жайлары бар. Ал, қыстақтан 14 шақырым жердегі Қарасу бөлімшесінде баласы Игілік Оспанов тұрады екен. Оның да өз отбасы, үш баласы бар. Былтыр көктемде орын алған қарғын су салдары-нан бүлінген үйлердің жайын анықтау үшін облыс орталығы Қарағандыдан арнайы комис-сия келіп, ақсақалдың атына тіркелген екі үйді де тұруға жа рам сыз деп тапқан. Содан Қарасу бөлімшесіндегі құлауға айналған үйлер қайта салынса, соның ішінде Игіліктің де бас-панасы қалпына келтіріліпті. Алайда, 14 шақырым жердегі екінші бас пана ескерусіз қалған. Басында іргетасының орны қазылып қойылғанымен, іс əрі қарай жылжымапты.

Жалпы, былтыр Қарасу елді мекеніндегі үйлердің жарам-сыздығы мен құрылыс ны-сандарын қалпына келтірудің қаншалықты негізді екендігін анықтау мақсатында «Транс-Инженеринг КГД» компа-ниясының мамандары шақыр-тылыпты. Техникалық са-раптама негізінде балшықтан қаланған 26 тұрғын үй құ-латылып, оның орнына бюд-жет есебінен жаңа баспаналар тұрғызылған. Ал, қолдарында иелік құжаттары жоқтарына қарғын судан зардап шеккен-дер үшін құрылған облыстық

қоғамдық қор есебінен 4,4 мил-лион теңге өтемақы да төленіп берілген. Тіпті, облыс əкімі Нұрмұхамбет Əбдібековтің өзі келіп, жаңа қонысқа ие болғандарды құттықтағаны ба-сылым беттерінде жазылды да. Оның ішінде екі жаңа қыстақ тұрғындары да бар. Сондай жаңа қонысқа ие болғандардың бірі «Жібек жолы» ЖШС шаруа қожалығының жетекшісі Марат Минуаров былай деп ағынан жары лыпты: «Көрсетілген қол-дау үшін рахмет, біз өте ба-қыт тымыз. Өйткені, жаңа бас-панаға суық түсер алдында кірейін деп отырмыз. Соншама қобалжыған едік, бірақ бекер екен». Иə, кейбіреулер үшін мұндай қобалжу бекер болса, екіншілер үшін қақаған қыс-тың алдында бұл нағыз сынақ болғаны рас. Ел-жұрт болып қиындықтан шығу үшін қол-ұшы беріліп жатқанда, «Сана би» шаруа қожалығының иесі Қуанышбек Оспанов мұндай қолдаудан сырт қалып қойғаны өкінішті, əрине. Ол өзінің елеусіз қалған жағдайына шағымданып, бұрынғы Мəжіліс депутаты Рауан Шаекиннің атына да хат жазады. Артынша депутаттан аудан əкімдігіне хат келген. Онда не айтылғаны белгісіз, əйтсе де əкім бастаған топ шаруашылық басына барып, са-лынуы тиіс үйдің орнына жөндеу жұмыстары үшін деп 1 миллион 100 мың теңге көлемінде қолдау көрсетілетіндігін мəлімдепті. «Менің келіспеуге ешқандай лажым болған жоқ. Келісіп, үй құжатының барлығын ау-дан дық көмек жасайтын қор-ға өткіздім, ал аудандық қор облысқа жіберіпті. Енді

ешқан дай көмек ала алмай отыр-мын. Өз үйімді үйтіп-бүйтіп жөн дедім де, қыстап шықтым», дейді Қуанышбек ақсақал.

Су шайып кеткен жолдардың жайын, осында жүргізіліп жат-қан құрылыстардың барысын облыс əкімінің өзі арнайы келіп көріпті. Жəне де бұл мəселені об-лыс басшысы жіті бақылауында ұстаған. Алайда, шалғайдағы қыстақ тұрғыны Қуанышбек Оспанов назардан тыс қалып қойғанын өңір басшысы біле ме екен? Ақсақалдың үй салу-ға қатысты өтінішін қарап шық қан ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жəне жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы М.Жайымбетов арызданушының тұрғын үйлерін салу бойынша жұмыс жүргізу үшін аудандық құрылыс бөлімінің тарапы-нан «Стройпроект-Караганда» ЖШС-на жобалау-сметалық құжаттама əзірлеуге өтінім беріл гендігін хабарлапты. Мем лекеттік сараптаманың оң қо рытындысына сəйкес əзір-ленген жобалау-сметалық құ-жат тама болғанымен, бюд-жеттік өтінім берген кез-де құжаттамаларды əзірлеу бойын ша көрсетілген қызметке ақы төлеуге жəне инженерлік-геологиялық іздестіру жүргізуге берілген өтінімді облыстық қар-жы басқармасы қабылдамай тастаған. Мұндағы басты уəж құжаттарды рəсімдеу кезінде үйдің біреуін өтініш иесі ұлына сыйға тартқандығы анықталғандығы. Бір адамның атына екі үй салуға болмай-ды деген шешімнің себебін Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы əкімінің орынбасары былайша түсіндіреді: «Себебі, төтенше жағдайда зардап шек-кен адамдарға көрсетілетін кө-мек ең төменгі қажеттілікті өтеу керек деп айтылған. Бір үйін баласының атына ауыс-тыру мақсатымен маусым айы-ның аяғында сыйға тартқан. Сондықтан да оны облыстық қаржы басқармасының маман-дары заңға қайшы деп тауыпты. Төтенше жағдай өтіп кеткеннен

кейін ресім жасалғандықтан, бұл сыбайлас жемқорлыққа жа-тады дейді». Сонда дейміз-ау, айдаладағы қыстақта құлауға айналған бас панада екі қарт адамды қыстың қысылтаяңына қалдыру қандай заңда қаралған?

Егер Ақтоғай ауданы əкімі орынбасарының жауабына жүгінсек, онда аудандық құ-ры лыс бөлімі тарапынан еш-қандай кедергі келтірілмеген. Қайта ақсақалдың тұрғын үй салуға қажетті құжаттарының барлығын əзірлеп те беріпті. Бұл ретте Қуанышбек Оспановтың қыстақтағы баспанасын күрделі жөндеп беруге қажетті 1 мил-лион 100 мың теңге алу жайы түсіндірілген. Оны облыстық қайырымдылық қорынан алу керек болса, оған қажетті құ-жат тар жинақталуда екен. Əри не, барлық іс-əрекеттерге нақты құжаттар қажет екені даусыз. Алайда, сол құжаттар жинақталғанша, құрылыс мате-риалдары мен тасымал құны өсіп кетпесіне кім кепіл. Жалпы, бұл жерде облыстық қайырымдылық қорынан ақша беріле ме, жоқ па, оны кім шешетіні тағы белгісіз. Өткізілген тұрғын үй құжаттары кері қайтарыла ма, жоқ əлде жаңасы ресімделе ме, ол жағы да беймəлім күйінде қалып отыр. Оның үстіне, қазір тағы да көктем келіп, қарғын су кейбір өңірлерді мазалап отырғанын көріп отырмыз. Былтырғы мə-селе «жабулы қазан жабулы» күйінде қалып қоя ма, деген күдік те жоқ емес. Əлі күнге не баспанасының жөнделмегеніне, не қайырымдылық қорынан бөлінуге тиісті қаржы бөлін-бегендігіне налып, Оспановтың хат жазатындай жөні де бар. Өйткені, үй құжатының бар-лығын тиісті орындарға өткізіп те қойған.

Осылайша, Қарағанды облы-сы Ақтоғай ауданындағы «Сана би» шаруа қожалығының иесі Қуанышбек Оспанов тұрғын үй құжаттарының барлығын об-лыстық қайырымдылық қорына өткізіп, өңір басшылығы тара-пынан бір қолдау бола ма де-ген үмітпен отырған жайы бар. Əрине, үміт үзілмейді.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан əрі – Банк) «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 6 ақпандағы № 61 санында, 2015 жылғы 19

маусымдағы №114 санында жəне «Казахстанская правда» газетінің 2013 жылғы 6 ақпандағы № 44-45 санында, 2015 жылғы 19 маусымдағы №114

санында мемлекеттік жəне орыс тілінде жарияланған, сондай-ақ интернет желісіндегі Банктің: www.halykbank.kz веб-сайтында орналастырылған Үлгілік банктік заем шартының (бұдан əрі – Үлгілік шарт) талаптарына

мынадай өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды:

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз:

Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: [email protected].

Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. Электронды пошта: [email protected].

Тасқынға – тосқын

«Егеменге» елден келді

Апат аймаєы алаѕдатуда

Су аяєы ќўрдымєа кетпей ме?Қалай көктем басталды дегенше еліміздің əрбір өңірінде қарғын су тасқынынан зардап шегетін елді мекендер аз болмайды. Жыл сайын қайталана беретін осындай су тасқыны былтыр Қарағанды об-лысы Ақтоғай ауданы Қарабұлақ ауылдық округ аймақтарында да орын алғаны белгілі. Осындағы «Сана би» шаруа қожалығының иесі Қуанышбек Оспанов өзінің сол су тасқынынан зардап шеккенін айтып, бұзылған баспанасын əлі күнге жөндеп бермегеніне налып, редакциямызға арнайы хат жол-дапты.

Page 14: «ƏЛЕМ. ХХІ ЄАСЫР» МАНИФЕСІ · №64 (28792) 6 СƏУІР СƏРСЕНБІ 2016 ЖЫЛ АҚПАРАТТАР аєыны Елімізде 2020 жылға дейін

6 сəуір 2016 жылwww.egemen.kz14 Талбесік

Оқыс оқиға

www.egemen.kz14

Сур

етт

ерді

түс

ірге

н Ш

үкір

ШАҚ

АЙ.

Меншік иесі:“Егемен Қазақстан”

республикалық газеті”акционерлік қоғамы

ПрезидентСауытбек АБДРАХМАНОВ

Вице-президент – бас редакторЖанболат АУПБАЕВ

Вице-президентЕркін ҚЫДЫР

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А.

АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-07-87.БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87 Электронды пошта: egemenkz@maіl.ru. Интернет-редакция: [email protected]Алматыда: факс (727) – 273-07-87, электронды пошта – [email protected]

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР:Астана – 8 (717-2) 37-54-21;Ақтау – 8 (701) 593-64-78;Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75;Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70;Атырау – 8 (712-2) 31-74-13;

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91;Қарағанды – 8 (777) 949-64-77;Қостанай – 8 (714-2) 21-01-42;Қызылорда – 8 (701) 772-70-74;Орал – 8 (775) 336-47-57;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11;Павлодар – 8 (718-2) 54-31-56;Тараз – 8 (726-2) 43-37-33;Шымкент – 8 (701) 362-63-76;Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ: Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, [email protected] Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, [email protected]

Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.А

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы

5 қаңтарда Қазақстан Республи касының Мəдениет жəне

ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қа зақ стан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009

Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 7 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921

Таралымы210 932 дана.

Газет мына қалалардағы:010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС,050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС,100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Типография Арко» ЖШС,110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС,120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС,130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС,030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС,160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС,140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС,080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС,090000, Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС,040000, Талдықорған қ., Алматы қаласы, Мұқанов к-сі, 223 В, «Алматы-Болашақ» АҚ,070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №64 ek

Нөмірдің кезекші редакторы

Талғат РАЙЫМБЕК.

Талғат БАТЫРХАН,«Егемен Қазақстан».

«Күлкі – күштілердің қаруы», «Кү ле білгеніміз – өмір сүре біл-гені міз», «Өмір бар жерде – юмор бар»...

Кезінде қазақ сатирасының са-рабдал қазысы атанған Темірбек Қожакеев бізді осылай оқытатын. Əншейінде қарасы көрінсе алты қырды айналып қашатын студент-тер қатал профессорымыздың са-ба ғында екі езулерін жия алмай қа латын. Қызықты лекцияның «қызуымен» тіпті, оның журфак-ты ашса – алақанында, жұмса – жұдырығында ұстайтын дөкей декан екені есімізден шығып кететін.

Ал, енді осы Темкеңнің «теп-кісіне» шыдаған шəкірттерінің талайы кейін баспасөздің баһа-дүрі атанғаны белгілі. Елорда ендігіндегі ең беделді оқу орда-ла рының бірінен саналатын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі «Кəу-сар» мəдени-танымдық бір лестігі ұйым дастырған «Əн мен əзіл» атты кө ңілді кеште көпшілікті күлкіге ке нелткен Көпен Əмір-беков те солар дың сойы нан.

Əңгіме тізгінін əдеттегідей өз қолына алған аталмыш рухани та ғылым отауының жетекшісі, Қазақ станның еңбек сіңірген əр тісі Кенжеғали Мыржықбаев кезде-суге келген қадірлі қонақтың Қо-жанасыр бабасынан мирас қылған қалжың қоржынын ақтарып, көрермен қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Көргені бар Көпекең көзі

қа рақты оқырманға жақсы таныс «Мың бір мысалынан» үзінділер оқып үздіккен жоқ. Есесіне есім-дері елге танымал Оспанхан Əу бəкіров, Шона Смаханұлы, Са дықбек Адамбеков, Қалтай Мұхамеджанов, Шəмші Қалдаяқов, Қажытай Ілиясов секілді Алашқа аты кеткен алдыңғы буын ағалары туралы əзіл-шыны аралас əдемі естеліктер айтты. Олардың қоғам қотырын қанын шығара қасыған тікенек тілді туындыларының əлі күнге дейін өміршеңдігін атап өтті. Ұзақ жылдарғы үзілістен кейін республикалық «Айқын» газетінің қосымшасы болып жа-рық көріп жатқан «Араның» ре-дакторы ретінде қазіргі таңда қат ты белең алған жемқорлық, па рақорлық, сыбайластық сияқты ке сапаттардың тамырына бал-та шабылмай мемлекеттігімізді нығайту ісі ілгері баспайтынын жеткізді.

Əсерлі кеш дауысы көк те да-мылдаған Кенжеғали Мыр жық -баевтың орындауындағы Мəриям Жагорқызының «Дудар-ай», Сыдық Мұхамеджановтың «Əй-теуір сол қыз – бір сұлу» , Шəм-ші Қалдаяқовтың «Əнім сен едің» жəне тағы басқа əлеумет сүйіп тыңдайтын тамаша əндермен əдіп-теліп отырды.

Кездесу соңында сахнаға көте р -ілген университет ректоры Ерлан Сыдықов қабырғалы қалам герге жиналған жұртшылық аты нан ризашылығын білдіріп, шығар-машылық табыс тіледі.––––––––––––––––

Суретті түсіргенЕрбол ЕРДЕНБЕК.

Бəрекелді! Міне, ғажап!

Солай ма? Масқара!

Кґпен кїлкіге кґмді

Бақберген АМАЛБЕК,«Егемен Қазақстан».

Осыдан бірнеше күн бұ-рын қазақстандық төрт ауыр х а л д е г і а д а м ғ а д о н о р л ы қ ор гандарын ауыстыру от -асы жасалды. Осы оқиғаға бай ланысты транспланто -лог Талғат Хайдаров пен об-лыстың бас неврологы Мак-шарип Мартазанов «Ақмола медиа орталығында» брифинг өткізді. Журналистермен бас-қосудың Көкшетауда өткі зі-луінің өзіндік сыры бар еді. Өйт кені , жүрек талмасына

ұшыраған алпыс жастағы қа ла тұрғынының етжақын туыс-тары трансплантацияға рұқ-сатын берген.

Донорлық органдарды алуға астаналық дəрігерлер бригада-сы арнайы келген. Ал, тікелей алмастыру Астана қаласындағы онкология жəне трансплантация орталығында жүзеге асырылып-ты.

Облыстың бас неврологы Макшарип Мартазанов сырқат-тың ауруханаға өте ауыр жағ-дайда жеткізілгенін айтады. Əрі қарай өмір сүруі мүмкін де емес екен. Əйткенмен, оны бар

күш-мүмкіндікті жұмылдырып емдеген. Тіпті, ми жұмысы тоқ-таған кезде де. Енді бұл жү-рек тің екінші өмірі Алматы қа-ласы тұрғынының кеудесінде жалғасуда.

Дəл осындай жағдай 2015 жылдың қыркүйек айында орын алып, Көкшетау қаласы тұрғынының жүрегі алмастырыл-ды. Осындай сəтті тағатсыздана тосқан қыз балаға ота Үндістанда жасалған.

Ақмола облысы.––––––––––

Суретте: дəрігер М.Мартазанов.

Жарыстар жаѕєырыєы

ҚАЗАҚ КҮРЕСІ. Аста-нада қазақ күресінен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүл-десі үшін «Қа зақстан барысы» респуб ликалық турнирінің қалалық іріктеу жарысы өтті.

С а й ы с қ а 3 8 б а л у а н қатысты. Белдесулер күні бойы өтіп, кешке қарай екі ба луан анықталды. Финалда Айбат Сейтен мен Айтуар Абдулов «Қазақстан барысы» республикалық тур ниріне жолдама алды. Енді олар бірнеше жылдан бері жыл сай-ын дəстүрлі түрде өткізіліп, халықтың қызығушылығына бөленген турнирге Астана қаласының атынан қатысатын болады.

ШАХМАТ. Біріккен Араб Əмірліктерінің Абу Даби қа-ла сында Азия кубогы үшін командалық жарыс өтіп жа-тыр.

Бұл сынға Қазақстан құ-ра масы сапында Ри нат Жұ-мабаев, Əнуар Есма ғамбетов, Мұр тас Қажы ғалиев, Рус-там Хус нутдинов, Пётр Кос-тенко, Ди нара Сəдуа қа сова, Жансая Əб ді мəлік, Мə дина Дəулетбаева, Гүл мира Дəу-летова мен Шол пан Жы л -қайдарова қа тысуда.

Дүйсенбі күні Қазақстан ко мандасы ұпай саны бойын-ша бірінші орында келе жат-қан Өзбекстанды 3:1 есебімен ұтты. Қазір турнир кестесінде Өзбекстан, Қытай, Вьетнам, Қазақстан, Үндістан бір-бір-лерінің өкшесін басып келе жа тыр. Ерлер жарысында Үн дістан, Қытай, Моңғолия, Иран мен Қазақстан шахмат-шылары жүлделі орынға та-ласуда.

КАРАТЭ-ДО. Польшаның Быдгощ қаласында VII əлем чем пионаты аяқталды. Бұл до-дада Мөлдір Жаңбырбай мен Нұржан Ақпанбет əлем чемпи-оны атанды.

Қазақстан спортшылары тағы бір жарыста еліміздің на-мысын қорғап, Əнұранымызды шырқатты. АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өт кен халықаралық Junior Chempionship, USA Open жəне Ozawa Cup турнирлерінде кара тэшілеріміз 3 алтын, 6 күміс жəне 5 қола медальді жеңіп алды.

КҮРЕС. Эстонияның Тал лин қаласында жастар ара сында күрес түрлерінен халықаралық турнир өтті. Оған 20 елден 1800 спортшы қатысты.

Грек-рим күресінен Айдос Сұлтанғали 60 кило салмақ дəрежесінде жеңімпаз атан-са, 84 килода Бағдат Үсенов қола медальді иеленді. Ал, 74 килода Айдос Мұхан бесінші орыннан көрінді.

«Егемен-ақпарат».

Ќырдыѕ ќырмызы ќызєалдаќтары

Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА,«Егемен Қазақстан».

Қостанайда 10-сыныпта оқитын 17 жастағы қызға екі кештің арасында ва-гон ның үстіне шығу қызық көрініпті.

Ол вагонның үстіне көтерілгенде, 27 000 вольттық электр тогы ұрады. Періште қағып, аман қалған қыз құ-лаған жерінде бір сағаттай жатып қалады. Оны кешкісін өзіне бекітілген аймақты аралап жүрген күзетші кездейсоқ

тауып алады. Қыз шырылдап жатыр екен. Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары зарар шегушіні вагонның үстінен бір жарым сағат дегенде түсіріп алды. «Жедел жəрдеммен» қалалық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілді.

– Электр жарақатының салдарынан қыз денесінің 30 пайызы күйіп қалған. Күйік дендеп кеткендіктен, жағдайы да ауыр, – дейді Қостанай қалалық

ауруханасының бас дəрігері Самат Шү-менбаев.

Оқушы өзінің вагонға неге шыққанын нақты айта алмайды, «вагонға шығу қызық көрінді», дейді. Дегенмен, өзі де «ит көй-лекпен туған» екен. Əйтпесе, 27 000 вольт соққан адамның тірі қалғаны жоқ.

– Вагонның үстінен жасөспірім қыз не көре қояйын деді екен? Онда ток сымының жалаңаштанып қалғанынан хабары болмаған-ау, – дейді Қостанай

ірілендірілген дистанциялық жолының инженері Сергей Соломатов.

Облыста өткен жылы да осыған ұқсас оқиға орын алған болатын. Шалғышы стансасында мектеп бітірушілер сэлфи жасауға келісіп, астық тиейтін вагонның үстіне шығады. Онда балаларды электр тогы ұрып, қаза болған еді. Абайламаса, ажал кез келген тұстан аузын ашады.

ҚОСТАНАЙ.

Талғат СҮЙІНБАЙ,«Егемен Қазақстан».

Алматыда банк терминалының қабырғасын небəрі 3 секунд-та қақырата ойып, бар соманы дорбаға салып үлгерген жас жігіт қылмыс əлеміндегі рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.. . Алай да, бұл Гиннестің рекорд-тар кітабына кіру үшін болған бəсекелестік жарыс емес еді. Қимылына көз ілеспес əккі ұры сондайлық тез қимыл танытқанына қарамастан, дүкеннің қырағы күзетшілерінің құрығына түсті. Полиция да уақытты көп созбай, «рекордшының» дүкен алдында тосып тұрған əріптесінің қолына кісен салды.

Енді қылмыскерлер темір тор-дың аржағында 5 жыл жазасын өтейді.

Қаладағы барлық терми нал-дарға иелік жасайтын банк өкіл-дері соңғы екі жылда Алматыда

дəл осыған ұқсаған 86 тонаудың болғанын айтады.

Күні кеше əлеуметтік же лі-лерге салынған екі бейне-үзін-діге қатысты Kaspi Bank-тің бас пасөз орталығы банкомат-тар арқылы жасалған есеп айы-ры судың клиенттерге, сондай-ақ, терминал иелеріне залалы тимейтіні туралы мəлімдеді. Мəлімдемеде «соңғы аптада бол-ған қарақшылық екі шабуылда 750 мың теңге қолды болды. Алайда, бұл арада клиенттердің есеп айырысу операциясы ұр-лыққа дейін жасалғаны қа перге алынады. Банк мүлкінің қирауы мен банк шығындарын өтеу, ұсталған ұрыларды жазалау Қазақ стан Республикасының Заң дары аясында жүргізілді», – делінген.

Соңғы кезде Алматыда əрқилы ұрлық жасау өршіп тұр...

АЛМАТЫ.

27 000 вольттыќ ток ўрєан оќушы ќыз аман ќалды

Спорт

Ресей астанасының Қызыл алаң жиегінде орналасқан «Қонақтар ауласы» аумағындағы басты тұғырында өткен ап-талықта 200 елдің өкілдері бақ-тарын сынады. Сол сайыста Семейдің 15 жəне 16 жастардағы екі оқушы қызы сəн үлгілерін көрсететін қыздар арасындағы таңдаулы 20 модельдің қатарына кірді. Жюри мұнда қыздардың модельдік параметрлеріне ғана емес, сонымен қатар олардың

табиғи сұлулықтарына да қараған көрінеді. Нəтижесінде көрсетілімде тамаша өнер көрсеткен семейлік қыздар ба-рынша қатаң сынақ өткелегінен сəтті өтіп, Пьер Карденнің өзінің коллекцияларын таныстыру сал-танаты төрінен орын алды.

Енді олардың алдарында Парижді бағындыру мақсаты тұр.

Мұрат АЙТҚОЖА.

Жїректіѕ екінші ґмірі

Семей қаласының екі бірдей оқушы қызы айды аспанға бір-ақ шығарып, Мəскеуде өткен жоғары мода апталығында үздіктер қатарынан табылды. Осы сында Динара Баймұратова мен Диана Бақтиярқызы француздың атақты модельері Пьер Карденнің киім үлгілерін киіп көрсететін супермодельдер қатарынан орын алды.

Семейдіѕ екі ќызыКарденніѕ коллекциясын кґрсетуге ќатысты

Банкоматты 3 секундта їптегенўры мен оныѕ əріптесі ќолєа тїсті