15
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Байтоғас ауылы, Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектебінің АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы СЕРІКҚЫЗЫ ДИДАР АӘД кабинетінің ашылуы және ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кешінің сценарийі І жүргізуші Құрметті ардагерлер,қонақтар ,ұстаздар және оқушылар! Жерлесіміз, Ауғанстан соғысының ардагері Кітапбаев Еркінбек Ахметұлы атындағы алғашқы әскери дайындық кабинетінің ашылу салтанатына қош келдіңіздер! Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалсын ІІ жүргізуші -Армысыздар Ауған жерінде шыңдалған қайсар жүректі ,ағалар! І жүргізуші -Армысыздар тау тұлғалы ауған соғысының ,ардагерлері! І жүргізуші Елбасымызт Н.Ә.Назарбаевтың «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін,осы заманғы білім беру жүйесі қажет деп атап өткеніндей,Елбасы қамқорлығымен білім сапасын әлемдік стандарт деңгейіне жеткізудің басты нысаны жаңа заманға лайық жаңа мектеп.Сондай мектептің бірі біздің ауылымызда бой көтерді. ІІ жүргізуші Болашақ Отан қорғаушы ұландардың Отанына деген патриоттық сезімі отбасынан, оқыған мектебінен бастау алады. Мектепте ұландарды отансүйгіштікке,әскери өнерге баулитын бірден-бір пән алғашқы әскери дайындық пәні.Ұрпақты патриотизмге баулуда соғыс ардагерлерінің ролі әрқашан жоғары І жүргізуші Мектептің алғашқы дайындық кабинетін жабдықтауға 200 мың теңгеден аса демеушілік жасаған Еркінбек ағамызға алғысымыз шексіз. ІІ жүргізуші Еркінбек аға ауылымыздың тумасы .1985 жылдың сәуір айынан 1987 жылдың мамыр айына дейін интернационалдық борышын атқарды .

БІЛІМ-ҒЫЛЫМ ПОРТАЛЫ · Web viewМектеп ұжымы мен оқушылары атынан сізге алығысымызды білдіреміз. Бүгінгі

  • Upload
    others

  • View
    2

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: БІЛІМ-ҒЫЛЫМ ПОРТАЛЫ · Web viewМектеп ұжымы мен оқушылары атынан сізге алығысымызды білдіреміз. Бүгінгі

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Байтоғас ауылы, Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектебінің АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы СЕРІКҚЫЗЫ ДИДАР

АӘД кабинетінің ашылуы және ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кешінің сценарийі

І жүргізушіҚұрметті ардагерлер,қонақтар ,ұстаздар және оқушылар!Жерлесіміз, Ауғанстан соғысының ардагері Кітапбаев Еркінбек Ахметұлы атындағы алғашқы әскери дайындық кабинетінің ашылу салтанатына қош келдіңіздер!Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалсынІІ жүргізуші-Армысыздар Ауған жерінде шыңдалған қайсар жүректі ,ағалар!І жүргізуші-Армысыздар тау тұлғалы ауған соғысының ,ардагерлері!І жүргізушіЕлбасымызт Н.Ә.Назарбаевтың «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін,осы заманғы білім беру жүйесі қажет деп атап өткеніндей,Елбасы қамқорлығымен білім сапасын әлемдік стандарт деңгейіне жеткізудің басты нысаны жаңа заманға лайық жаңа мектеп.Сондай мектептің бірі біздің ауылымызда бой көтерді.ІІ жүргізушіБолашақ Отан қорғаушы ұландардың Отанына деген патриоттық сезімі отбасынан, оқыған мектебінен бастау алады. Мектепте ұландарды отансүйгіштікке,әскери өнерге баулитын бірден-бір пән алғашқы әскери дайындық пәні.Ұрпақты патриотизмге баулуда соғыс ардагерлерінің ролі әрқашан жоғарыІ жүргізушіМектептің алғашқы дайындық кабинетін жабдықтауға 200 мың теңгеден аса демеушілік жасаған Еркінбек ағамызға алғысымыз шексіз.ІІ жүргізуші Еркінбек аға ауылымыздың тумасы .1985 жылдың сәуір айынан 1987 жылдың мамыр айына дейін интернационалдық борышын атқарды . Ардагер аға «Ветеран Афганской войны» орденімен, «За отвагу», «Воину-интернационолисту», «Ветеран войны в Афганистане», «70 лет вооруженных сил СССР» ,«От благодарного Афганского народа, «Ветеран боевых действий», «Ұрыс әрекетінің ардагеріне» медалдарімен және «Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 20 жыл» «В память 25 лет окончания боевых действий в Афганистане» мерекелік медальдармен марапатталған.І жүргізуші Еркінбек аға қазіргі таңда туған жері Байтоғас ауылының тұрғыны. Ауылымыздың құрметті азаматы. Ардагер ағамыз жанұясында 2-қыз,1-ұл тәрбиелеп отырған ардақты әке.

Page 2: БІЛІМ-ҒЫЛЫМ ПОРТАЛЫ · Web viewМектеп ұжымы мен оқушылары атынан сізге алығысымызды білдіреміз. Бүгінгі

ІІ жүргізушіЖаңа мектебіміздегі биылғы жылдың үлкен жаңалығы ардагер ағамыз атындағы алғашқы әскери дайындық пәні кабинетінің ашылу салтанатына құттықтау және педогогикалық кеңестің шешімін жариялау үшін сөз мектебіміздің директоры Мухатова Гүлнар Асылбекқызына беріледі. І жүргізушіКелесі құттықтау сөз Тарбағатай ауданының білім беру бөлімінің әдіскері Болысбаев Сәрсенбек Советбекұлына беріледі. ІІ жүргізушіҚұттықтау сөз Тұғыл ауылдық округінің әкімі Әділ Егинбаев мырзаға беріледіІ жүргізушіҚұттықтау сөз ардагер ұстаз ___________________________________беріледі.Құттықтау сөз ________________________________________________беріледі.І жүргізушіКелесі кезекті сіздердің құрметтеріңізге 5 сыныптың орындауында патриоттық ән: _______________________________________________________________________ІІ жүргізуші Еркінбек ағамыз Алғашқы әскери дайындық пәніне арнап 200 мың теңгеге оқу автоматын сатып алды. Енді көптен оқушыларымыз ұстап көруді армандап жүрген оқу қаруын Еркінбек ағамыздың өзі табыс етсін.Оқу қаруын табыстау рәсіміІ жүргізушіҚазақ осы –ашық жарқын қабағы,Қонақ келсе шабылып бір қалады.Байқа да тұр саған да ол кетерде,Ат міңгізіп ,жібек шапан жабады.Еркінбек ағамызға мектебіміздің директоры Г.А.Мухатова өз отбасының және мектеп ұжымының атынан алғысын білдіріп, шапан жаппақшы.Шапан жабу рәсіміІІ жүргізушіҚұтты болсын алтын діңгек ақ ордамОрындалды осы сәтте сан арманЖақсылықтың лентасы қиылып, Қуаныштан шаттанады балдырғанАлғашқы әскери дайындық кабинетінің лентасын қию рәсімі!Лента қиюға ортаға Ардагер Еркінбек ағамыз шақырамыз.І жүргізуші Қызыққа әркімдағы асығады,Мұндайда көңіл жүрек тасынады.Ал ,енді ұлтымыздың дәстүрімен,Мерекенің шашуы шашылады.

Page 3: БІЛІМ-ҒЫЛЫМ ПОРТАЛЫ · Web viewМектеп ұжымы мен оқушылары атынан сізге алығысымызды білдіреміз. Бүгінгі

ІІ жүргізушіАта-ананың тілегі,Баласына арналар.Ақ үмітті тілегі,Келешекке саналарЖүректен шыққан сөздері,Батаменен жалғанар.Бата беруді ауылымыздың ақсақалы, _______________________атамызға береміз( АӘД кабинетінің ашылуы лента қию рәсімінен кейін ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кешіне ұласады. Өтетін орны: мектептің АКТ залы )

Ауған Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына арналған Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу-кешіМақсаты: Оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу;Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету;Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.Көрнекілігі: Слайд, видеолар, ардагерлердің суреттері. Барысы:1-жүргізуші Құрметті Кітапбаев Еркінбек Ахметұлы, сіздің жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде қосып жатқан үлесіңіз зор! Бүгінгі жасалынып жатқан игі іс соның айқын дәлелі! Мектеп ұжымы мен оқушылары атынан сізге алығысымызды білдіреміз. Бүгінгі сіздің атыңызға беріліп жатқан АӘД пән кәбинетінің ашылу салтанатын «Мың алғыс сізге,ардагер!» атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кешімен жалғастырсақ! 2 - жүргізуші: Құрметті ардагерлер,қонақтар, ұстаздар және оқушылар!  «Мың алғыс сізге,ардагер!» атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!                        Өткенін ескермеген өшеді,                        Өткенін қастерлеген өседі, - демекші, берер тәлімі мол тарихтың тірі куәгерлері бүгін біздің ортамызда!1–жүргізуші:Жаулардан қарсы келген жасқанбағанЖасаған ерлігіне мастанбаған.Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,Тарихта ардагерлер асқан бағаң – деп батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен

Page 4: БІЛІМ-ҒЫЛЫМ ПОРТАЛЫ · Web viewМектеп ұжымы мен оқушылары атынан сізге алығысымызды білдіреміз. Бүгінгі

жерлестеріміз біздің ортамызда. Бүгінгі кешке қатысушы қонақтарымызбен таныс болыңыздар! 

________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 2-жүргізуші - 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс–зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі–Ауған соғысы.1-жүргізушіАуған соғысы 1979 жылдың 27 желтоқсанында КСРО қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. Соңы аяқталмас соғысқа ұласқан бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес оған сырт мемлекеттердің қатысуымен ұзаққа созылды.Статистикаға сүйенсек:10 жылға созылған ауған соғысында КСРО бойынша қайтып оралмаған жалпы адам шығыны – 14453 - ке жетті.Ал Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 924 - і қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті.1000 жауынгерден астам өз жеріне оралып, алған түрлі дене жарақаттарының кесірінен ауырып қаза болды. Сол оралмаған жауынгерлерімізді орнымыздан тұрып еске алайық:Еске алу (1 мин үнсіздік)2-жүргізушіБұл соғыстың абырой әпермейтінін түсінген Кеңес үкіметінің басшылары Ауғанстандағы барлық әскерді екі жылдың ішінде алып шығу туралы бір шешімге келді. 1989 жылдың 15 ақпанында қолбасшы, генерал - лейтенант Б. Громов “Кеңес әскері Ауғанстан жерінен толықтай шығарылды” деп мәлімдеді.Бүгінгі таңда елімізде 10000 - ға жуық ауған соғысының ардагерлері бар.Олардың 3000-дайы мүгедектер қатарында.Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың ауған соғысы туралы: « Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма?» - деген ойлы сөзі бар.Бұл соғыс жайлы шындық талай жылдар бойы тұмшаланып келді. Тек еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана шындықтың беті ашылды. Осы орайда  «Ауған соғысы» туралы бейнебаяннан үзінді көруге шақырамыз.1-жүргізуші:КСРО әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шыққан күнін атап өту қарсаңында «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауына қатысты Мәжіліс депутаты, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл жастарды ел үшін еңбек етуге шақырады.

Page 5: БІЛІМ-ҒЫЛЫМ ПОРТАЛЫ · Web viewМектеп ұжымы мен оқушылары атынан сізге алығысымызды білдіреміз. Бүгінгі

«Ең алдымен айтарым, адам баласын жақсылыққа үміттендіріп, жақсылыққа жетелеген лазым. Жамандықтың бір кілті ашылса, адамның да, қоғамның да қалған

өмірі күреспен өтеді. Елбасының Жолдауы Қазақстанның әлемдік деңгейдегі беталысы мен бағытын айқындап берді. Президентіміз Жолдауын жастарға арнады. Шын мәнінде, бүгінгі жастар өзгеше. Тәуелсіз елдің төл перзенттері, санасы тәуелсіз, ойы озық, білімі асқақ азаматтар. Жастар жауапкершілікпен қатар, ауыртпашылықты да сезінуі керек,»- дей келе Ауған соғысының ардагері бүгінгі еңбек майданын кешегі ауған соғысына теңеді. 2-жүргізуші:- Сіздердің құрметтеріңізге арналған ән шашуымызды қабыл алыңыздар8-сынып оқушысы Республикалық «Жас Толқын» ән байқауының І орын жүлдегері Айтышева Томирис Асқарқызының орындауында ән:  «Отаным -Қазақстан »1-жүргізушіАуған соғысының қасіреті кімдердің жүрегін жараламады десеңізші?! Азаматтық борышын атқаруға әскерге кетіп, табытпен оралғандары қаншама? Осындай ағаларымыздың хатынан үзінді. 9 сынып оқушысы аудандық көркем-сөз байқауларының жүлдегері Төлеуханова Қарлығаш. Монолог «Жауынгер хаты» (Күй орындалып, слайд қосылып тұрады.)             «Жауынгер хаты» (авторы М.Сергеев.)           

Page 6: БІЛІМ-ҒЫЛЫМ ПОРТАЛЫ · Web viewМектеп ұжымы мен оқушылары атынан сізге алығысымызды білдіреміз. Бүгінгі

Бауырым, бұл хатымды аласың ба?        Ауғанның тауларының арасында,        Бораған қорғасын оқ бас көтертпей,        Жатырмыз ессіз-түссіз жар астында.        Қоршаудамыз, барады айдан асып,        Анталаған жаулармен тайталасып,        Іздеп жатқан ел де жоқ артымыздан, Шер-қайғыңды енді кімге айта аларсың?        Күңіреніп, күрсінеді Ауғанстан,        Жігіттер де шаршады сұм соғыстан.        Түн ортасы басталар қанды қырғын,         Жарылыстан-жарылыс – күл боп ұшқан.         Күні өтеді осылай жастығымның,         Жолдасымның естідім ақтық үнін.          Қансырады, құлады командирім,          Бірақ сырын алдырмай жатты күліп.

            Күліп жатты жалғанның барлығына,            Өспей жатып жасыл гүл солды сонда!            Көтергенмен рухын жауынгердің,            Іште қалды-ау өкпесі тағдырына!            Басқа салды, біз көндік, амал қанша?            Тартысамыз дұшпанмен ала алғанша.            Қай бұрышта қалады бас домалап,            Алла білер, жортатын сапар қанша?            Кейде ойлайсың, сұм ажал алып кетсе,            Қопарылып, өртеніп жанып кетсем,            Бауырым, дән риза мен болар едім,            Осы хатым еліме барып жетсе!            Түсімізге енеді ақ қорымдар,            Дегендей ме, сездіріп сақ болыңдар.            Бәрімізде бір арман қоршаудағы;            «Сүйегіміз қалмаса екен жат қолында!»

Page 7: БІЛІМ-ҒЫЛЫМ ПОРТАЛЫ · Web viewМектеп ұжымы мен оқушылары атынан сізге алығысымызды білдіреміз. Бүгінгі

1–жүргізуші:Құрметті қонақтар, ендігі кезекте келешегіміз бен жарқын болашағымыздың жасаушысы, жалындаған жас ұрпақтың арнауын назарларыңызға ұсынамыз.5-сынып1.Қыраным қалқып көгімде,Еркіндік тұңған елімдеТыныштық үшін күрескен Ағалар соғыс шебінде

2.Намыстың қаның төкпелепАжалмен келген бетпе-бетТайдыра алмаған ерліктен Айнала толы отпен оқ3.Ерлігінменен дарасынТуралық жолын табасын

Бұлтартпай қатал бұйрықтанБетке алған ауған даласын4.Қиындық құрсау айналаАлдыртпай күшке, айлағаСүрінді жолдан қанша ер Қанжардай тасқа қайрала5.Даңққа данғыл бөлене

Ерлігі көпке еленеТағдырдан алған үлесіҰрпаққа болған өнеге6.Жасымаған жаудан мыңАзаптан ауыр туған мұңЕрліктің асқан үлгісіАрдагерлері ауғанның 7.Сіздерден үлгі аламызЕрлікке құштар санамыз Сұрапыл күннің куәсіЕркінбектей ағамыз8.Арнадық асыл жыр көпкеЕрліктер сыймас бір беткеЛайықтысыздар әрқашанЖас ұрпақ жасар құрметке

6-сынып 1. Өтер жылдап, ауқып тағы алыстапТағдыр талай тауқыметін табыстар.Өздеріңді жырлап өтер ұрпағыңАуғандағы азап шеккен арыстар2. Армысыздар, ауғандық жауынгерлер Жырым бар жараланған, жаныңды емдер .Өлгендердің жәннәтта болсын жаны ,Тірілерің мың жаса , дәуірлеңдер!3.Ерлік қылған ағаларым , аспан асты , жер үсті,Біз сәндікке кимегенбіз деп шалбар мен бөріктіОтан ана алдындағы өтеймін деп борышты,Аттандыңдар, атқардыңдар соғысты.4. Отан үшін оққа тосып кеудеңді,Ерлігіңді, өрлігіңді ер көрді .Бірге аттанған бауырларың жер жастанды , жерлендіЖебейді олар әруағымен сендерді.

Аналардың көл боп аққан көз жасы,Жетім- жесір тағдырларын ойлашы .Сол күндерді көрмесін бұл халқымыз,Елі үшін құрбан болған ер басы.5.Баласы батыр туғаннанДенесін сумен жуғаннанБатыр да халық қазақпызКіндігін түйіп буғаннанДаламен бірге қайнасыпКөкпенен бірге жайнасыпКөршімен тату, жауына қатуҚарасаң егер байқасыпТамыры терең кететінЖайнаған дархан мекенімБар ма екен шіркін жалғандаҚазахияма жететін

Page 8: БІЛІМ-ҒЫЛЫМ ПОРТАЛЫ · Web viewМектеп ұжымы мен оқушылары атынан сізге алығысымызды білдіреміз. Бүгінгі

7. Осындай елді құрағанБабадан қалған мұраданЖастарға сарқыт ерлігіСел болар ақса жыраданЕл үшін өткен батырларШайырлар менен ақындарКүш пенен түйсік, ақылдыБағындыра алған дарындарОлардың ерлік тәліміХалқына айқын мәлімдіҰғына алса керектіҚазіргі ұл - қыз хәліңді8. Атойлап шапқан батырларРухын қайрап ақындарҰрпағым аман болсын депҚыршынбасын деп жатырданЕл үші қиып құр жандыҰстанған елміз бір заңдыБиікке қойған қазақпызАр - ұятпенен ұждандыЖауына күшін көрсетіпІзіне ерген ел сеніпЖастарға бүгін аманатЖасалған істер белсеніпБабалар салған сара жол Өшпейтін мәңгі дара жолҰрпаққа бүгін аманатҚорғай біл халқым пана бол 

Page 9: БІЛІМ-ҒЫЛЫМ ПОРТАЛЫ · Web viewМектеп ұжымы мен оқушылары атынан сізге алығысымызды білдіреміз. Бүгінгі

2–жүргізуші:«Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізу – біз үшін бір ғанибет. Оқушыларды толғандырып жүрген сұрақтар бар шығар ,олай болса кезекті оқушыларға берейік.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________

 1–жүргізуші:   15 ақпан 1989 жылы 40- армияның Ауған жерінен генерал Боир Громовтың шығуы еді. Шын мәнінде оқиға басқаша болған. Соғыс бітсе де шекаралар мен негізгі құрамалар қалдырылған. Соңғы шығушы қазақстандық офицер Виктор Харичев басқарған шекарашылар. Олар ешқандай сән – салтанатсыз. Құшаққа алған гүлдерсіз Ауған жеріндегі соғыстың ақырғы нүктесін қойды. Өкінішке орай бұны әркім біле бермейді.Ауғанстан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 29 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге елінің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп–құрметтеу–біздің борышымыз.2-жүргізуші:- Өтер жылдар, айлар тағы алыстапТағдыр талай тауқыметін табыстар.Өздеріңді жырлап өтер ұрпағыңАуғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмтылмақ емес.

1-жүргізушіЕрлік-елдің туы.Ер қуаты- қару болса,ел- қуаты батырлары,   сақадай  сарбаздары мен сардарлары.Халық қашанда қаһарман ұлдарын пана тұтқан.Отан үшін күрес,ерге тиген үлес.Халықтың осы даналығы қайдажүрсек те,қашанда жүрек дәптерінде,сана сахнасында сақтаулы жүрсе,қазақ баласы азаматтық парызын адал ақтауды ұмытпас.Ауған қаһармандарын қадірлеп,құрметтеп,рух жасампаздығымен жаңартайық.2-жүргізушіМен қазақпын, Ұланымын елімнің,Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.

Page 10: БІЛІМ-ҒЫЛЫМ ПОРТАЛЫ · Web viewМектеп ұжымы мен оқушылары атынан сізге алығысымызды білдіреміз. Бүгінгі

Ұланымын туын көкке көтерген,Болашаққа алға бастап жетелер.Қиындығын қазағымның әрқашанҚайыспайтын қара нардай көтерер-дей келе сіздердің құрметтеріңізге арналған ән шашуымызды қабыл алыңыздар!6-сынып оқушыларының орындауында ән: «_____________________» 1-жүргізушіКешіміздің қорытынды сөзін мектебіміздің директорына   береміз  .2-жүргізуші:Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір - түкпірінде еңбек етуде.Аяулы ағалар, уақыт тауып келгендеріңізге рахмет! Сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз! Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін!

Page 11: БІЛІМ-ҒЫЛЫМ ПОРТАЛЫ · Web viewМектеп ұжымы мен оқушылары атынан сізге алығысымызды білдіреміз. Бүгінгі
Page 12: БІЛІМ-ҒЫЛЫМ ПОРТАЛЫ · Web viewМектеп ұжымы мен оқушылары атынан сізге алығысымызды білдіреміз. Бүгінгі