17
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және «Үш тұғырлы тіл» мәдени жобасы аясында «ПОЛИГЛОТ» жобасын жүзеге асыру. Ағылшын тілі – қазіргі заманда жаһандық тіл. Бұл тілде әлемнің көптеген елінде сөйлейді. Қазіргі заманауи мектептерде ағылшын тілі пәні міндетті пән ретінде оқытылады. Күні кеше ағылшын тілі пәні кестедегі негізгі пән ретінде 1 сыныптан бастап оқытыла бастады. Неліктен біздер ерте жастан шетел тілін оқи бастадық? Осы тілде оқып үйрену үшін бе? Немесе кітапта берілген мәтіндерді аударуға ма? Әлде ұстазымыздың сөздерін түсініп, сол үшін жақсы баға алу үшін бе? Мүмкін басқа шетелдің азаматтарын түсініп, олармен әр түрлі тақырыптарда әңгімелесе алу үшін керек пе? Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру — бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек. 2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі керек» — деп айтқан еді. Мектеп табалдырығынан бастап жоғарғы оқу орындарында ағылшын тілін үйрету айрықша мәртебеге ие. Ағылшын тілінің Қазақстандағы рөлінің арта түсуі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін іске асыру мәселесін маңызды ете түсуде. Тіл үйренудің ешқандай зияны жоқ, керісінше пайдасы ұшан-теңіз. Туған тіліңді білуге тиісті емессің, міндеттісің дер едім. Ал басқа мемлекеттің алдында өз еліңнің дәрежесінің биік екенін мойындату үшін, жеті тілді жетік меңгеру артық етпейді.

balkhash.goo.kz · Web viewБастауыш сынып мұғалімдері 12 жылдық оқуға көшуге ағылшын тілін білу керектігі туралы

  • Upload
    others

  • View
    11

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: balkhash.goo.kz · Web viewБастауыш сынып мұғалімдері 12 жылдық оқуға көшуге ағылшын тілін білу керектігі туралы

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және «Үш тұғырлы тіл» мәдени жобасы аясында «ПОЛИГЛОТ» жобасын жүзеге

асыру.

Ағылшын тілі – қазіргі заманда жаһандық тіл. Бұл тілде әлемнің көптеген елінде сөйлейді. Қазіргі заманауи мектептерде ағылшын тілі пәні міндетті пән ретінде оқытылады. Күні кеше ағылшын тілі пәні кестедегі негізгі пән ретінде 1 сыныптан бастап оқытыла бастады.

Неліктен біздер ерте жастан шетел тілін оқи бастадық? Осы тілде оқып үйрену үшін бе? Немесе кітапта берілген  мәтіндерді аударуға ма? Әлде ұстазымыздың сөздерін түсініп, сол үшін жақсы баға алу үшін бе? Мүмкін басқа шетелдің азаматтарын түсініп, олармен әр түрлі тақырыптарда әңгімелесе алу үшін керек пе?

Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру — бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек. 2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі керек» — деп айтқан еді. Мектеп табалдырығынан бастап жоғарғы оқу орындарында ағылшын тілін үйрету айрықша мәртебеге ие. Ағылшын тілінің Қазақстандағы рөлінің арта түсуі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін іске асыру мәселесін маңызды ете түсуде. Тіл үйренудің ешқандай зияны жоқ, керісінше пайдасы ұшан-теңіз. Туған тіліңді білуге тиісті емессің, міндеттісің дер едім. Ал басқа мемлекеттің алдында өз еліңнің дәрежесінің биік екенін мойындату үшін, жеті тілді жетік меңгеру артық етпейді.

«Тіл – халықтың тарихы, шежіресі, халықтың күллі өмірінің жаңғырығы мен ізі, онан сол тілді жасаушы халықтың арманы мен үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады. Тіл – адам қатынасының аса маңызды құралы. Тіл – адам баласы қоғамының өмір сүруінің жəне дамуының қажетті шарты. Ол əрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады»,- деп К.Аханов айтқандай, тіл – біздің өміріміз бен қоғамымыздың ажырамас бөлігі. Қазіргі Қазақстанда тіл мəселесіне көп мəн беріледі. Əсіресе, үш тұғырлы тіл туралы айта кеткен жөн. Елбасымыз «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны алғаш рет 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XII құрылтайында жария етіп, 2007 жылғы жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мəдени жобаны кезең- кезеңмен іске асыруды ұсынды [1]. Бұл жоба бойынша Қазақстан халқы үш тілде сөйлейтін жоғары білімді ел ретінде бүкіл əлемге танылуы тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі жəне ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі. 

Page 2: balkhash.goo.kz · Web viewБастауыш сынып мұғалімдері 12 жылдық оқуға көшуге ағылшын тілін білу керектігі туралы

2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы (слайд № 2,3)2012-2013 оқу жылында «Үш тұғырлы тіл» мәдени жобасы аясында ағылшын тілі пәнінің білім сапасын арттыру БАҒДАРЛАМАСЫ құрылған болатын. Бағдарлама жаңалығы: Бастапқы кезеңде бастауыш және орта буын оқушыларының ағылшын тілін оқытудағы алмасуын қамтамасыз ету.

Осы бағдарлама төңірегінде дәстүрлі ағылшын тілі фестивальдары өткізіліп тұратын. Ағылшын тілі фестивалінің мақcаты - тілге қызығушылықтарын арттыру, оқушылардың зияткерлік және тілдік белсенділіктерін жоғарылатуға ынталандыру, ой-өрістерін кеңейту және мәдени деңгейлерін көтеру.

Орта және жоғары буында ашық «Ағылшын тілінен КВН», «Аустралия» тақырыбында елтану викторинасы, мұғалімдер арасында «Көптілділік қазіргі білім беру басымдықтарының бірі ретінде: жағдайы мен болашағы» тақырыбында дөңгелек стол жоспарланып, өткізілді.  

  18 ақпан күні Ынтыкбекова Г.Қ.  ағылшын тілі фестивалі аясында ағылшын тілінен «KVN club in Еnglish» атты интеллектуалды сайыс өткізді. Бұл сайысқа 5-7 сынып қыздар мен ұлдар тобы қатысты.

Сайыс оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, оқушылардың сөздік қорын молайту және лексико-грамматикалық білімдерін дамыту. Оқушылардың  сөйлеу дағдыларын дамыту, және топтық және жекелей жұмыс істей білуге дағдыландыру.

Ойын барысында оқушылар өздерінің ағылшын тілінен білімдерін көрсетіп, қуантты. Ойын нәтижесінде ұлдар “Real boy” тобы жеңіске жетті. 

             

 Келесі кезек бастауыш сынып мұғалімдеріне келді. Бастауыш сынып мұғалімдері ағылшын тілі және еңбекке баулу сабақтарына кіріктіріп сабақ өткізгеніне 3 жыл болды.

Page 3: balkhash.goo.kz · Web viewБастауыш сынып мұғалімдері 12 жылдық оқуға көшуге ағылшын тілін білу керектігі туралы

«Қағаздан гүл шоғын жасау» тақырыбында ағылшын тілімен кіріктірілген еңбек сабағы өткізілді...

    19 ақпан күні 4 «А» сыныбында ағылшын тілі фестивалі аясында қағаз және қатырма қағазбен жұмыс «Қағаздан гүл шоғын жасау» тақырыбында ағылшын тілімен кіріктірілген еңбек сабағы өткізілді. Сабақты бастауыш сынып мұғалімі Мағауина Г. Е. өткізді.

Сабақтың мақсаты: Қағазбен жұмыс істеулерін жетілдіру, дамыту. Сыйлық жасау арқылы оқушыларды сыйластыққа, әсемдікке, әрбір адаммен дұрыс қарым-қатынас жасауға, үнемділікке тәрбиелеу. Ағылшын тіліндегі түстер атауын қайталау, еңбек сабағында қажетті құрал-жабдықтарды ағылшын тілінде қайталау, сонымен қатар, ағылшын тіліндегі көктем, сыйлық, гүл шоғы сөздерімен оқушылардың сөздік қорларын молайту. 

Оқушылар сабақта ағылшын тілінде сергіту сәтін жасап, берілген тапсырманы жақсы орындап шықты. Сабақ жақсы әдістемелік деңгейде өтіп, өз мақсатына жетті. Оқушылар ағылшын тіліндегі білімдерін көрсете білді.

 

Ағылшын тілімен кіріктіріліп өткізілген «Еңбек - бәрін жеңбек» атты сыныптан тыс сайыс сабақ

   19 ақпан күні «Үш тұғырлы тіл» апталығының аясында Жексембаева П.Ж. 3-ші сыныптар арасында «Еңбек - бәрін жеңбек» атты сыныптан тыс сайыс сабақ өтті. Сайысқа «Бірлік» және «Білім» тобы қатысты.

Сайыстың мақсаты: еңбек сабағы бойынша өткен білімді тиянақтау, ағылшын тілін қаншалықты меңгергендігімізді анықтау. Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Page 4: balkhash.goo.kz · Web viewБастауыш сынып мұғалімдері 12 жылдық оқуға көшуге ағылшын тілін білу керектігі туралы

Ойын жақсы әдістемелік деңгейде өтті. Оқушылар өзінің білімдерін жұмбақты ағылшын, қазақ тілдерінде шешу арқылы көрсете білді. Мұғалімдер өз тарапынан ойын сценарийін сауатты құрған, интербелсенді тақтаны қолданып гиперсілтеме, бейнероликтерді  қою арқылы өздерінің флипчарттарын құрды.

Ойын бірнеше кезеңнен тұрды. Ойын нәтижесінде 3 "А" сыныбының тобы жеңіске жетті.

«Ағылшын тілі фестивалі» аясында 4 «А» сыныбында «Аппликация. Қағаздан құрақ құрау» тақырыбында ашық сабақ өткізілді...

Ақпан айында дәстүр бойынша мектебімізде «Үш тұғырлы тіл» мәдени жобасы төңірегінде «Ағылшын тілі фестивалі» өткізіледі. Осы фестиваль аясында 4 «А» сынып мұғалімі Аманбекова Г.М. «Аппликация. Қағаздан құрақ құрау» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Page 5: balkhash.goo.kz · Web viewБастауыш сынып мұғалімдері 12 жылдық оқуға көшуге ағылшын тілін білу керектігі туралы

Сабақтың негізгі мақсаты: құрақ түрлерін таныстырып, өздері құрай білуге үйрету, дайындау жолдарын меңгерту. Үнемділікке, ұқыптылыққа, талғампаздыққа, іскерлікке, ата-бабымыздың салт-дәстүрін білуге тәрбиелеу.Сабаққа қызығушылығын және өздігінен ойлау қабілетін арттыру. Теориялық білімдерін іс жүзінде көрсетуге ықпал ету, практикалық іс-әрекеттерін қалыптастыру. Ағылшын тілінде еңбекке баулу сабағына қажетті құралдарды, түстерді қайталап, жаңа сөздермен сөздік қорларын молайту, ол сөздерді практика жүзінде қолдануды үйрету.Оқушылар сабақта құрақ құрау әдісімен бейнематериал арқылы тамашалап, танысты, сабақта ұлттық нақышта жасалып, ұсынылған құрақ көрпелер, жастық, төсеніштер көрнекілік ретінде өзінің бояуларымен сабақтың сәнін кіргізді.Ағылшын тіліндегі patchwork, spring, triangle, rectangle, circle сөздерімен танысты. 

 «Қағаздан аппликация арқылы ашық хат жасау» тақырыбында ағылшын тілі пәнімен кіріктірілген еңбекке баулу сабағы

   23 ақпан күні Ахметжанова А.С. 1 «А» сыныбында «Қағаздан аппликация  арқылы ашық хат жасау» тақырыбында ағылшын тілі пәнімен кіріктірілген еңбекке баулу сабағын өткізді.  Сабақтың мақсаты: Қағазбен жұмыс істеудің әдіс-тәсілімен таныстыру. Қағаздан аппликация  арқылы ашық хат  жасау. Желіммен жұмыс істеуге

Page 6: balkhash.goo.kz · Web viewБастауыш сынып мұғалімдері 12 жылдық оқуға көшуге ағылшын тілін білу керектігі туралы

үйрету. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Саусақ машықтарын дамыту. Ой-өрісін кеңейту, еңбексүйгіштікке баулу.Ағылшын тілінде еңбекке баулу сабағына қажетті құралдарды, түстерді қайталап, жаңа сөздермен сөздік қорларын молайту, ол сөздерді практика жүзінде қолдануды үйрету.

 

2 сынып оқушылары арасында зияткерлік «Тапқыр болсаң озып көр!» сайысы

   М. П. Русаков атындағы ЖББ №2 мектеп-интернатында «Үш тұғырлы тіл» фестивалінің аясында 2 сыныптар арасында «Тапқыр болсаң озып көр!» сайысы болып өтті.

Бұл сайыстың мақсаты: Ағылшын тілін түсінуді үйрету; алған білімдерін қолдана білу; ой-өрісін кеңейту; логикалық ойлауды дамыту; тілдік, зияткерлік, танымдық қабілеттерін

дамыту;  Топта жұмыс істеуді білу; ағылшын тіліне қызығушылығын арттыру; қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.  

Сайыс өз деңгейінде өтті. Сайыс бірнеше кезеңдерден құрылған, осы кезеңдер барысында оқушылар ағылшын тілінен алған білімдерін көрсете білді. Оқушылар сайыста белсене қатысып, қызығушылықтарын көрсетті.  Сайыс нәтижесінде екі сынып та тең дәрежеде қатысқандары үшін бірдей бағаланды.

 

Page 7: balkhash.goo.kz · Web viewБастауыш сынып мұғалімдері 12 жылдық оқуға көшуге ағылшын тілін білу керектігі туралы

1 "Ә" сыныбында "Геометриялық фигуралардан аппликация жасау” тақырыбында ашық сабақ өтті...

    24 ақпан күні Елеубекова А.Б. 1«Ә» сыныбында «Геометриялық фигуралардан аппликация жасау» тақырыбында ағылшын тілі пәнімен кіріктірілген еңбекке баулу сабағын өткізді.  

Сабақтың мақсаты: Қағазбен жұмыс істеудің әдіс-тәсілімен таныстыру. Қағаздан аппликация  арқылы ашық хат  жасау. Желіммен жұмыс істеуге үйрету. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Саусақ машықтарын дамыту. Ой-өрісін кеңейту, еңбексүйгіштікке баулу.

Ағылшын тілінде еңбекке баулу сабағына қажетті құралдарды, түстерді қайталап, жаңа сөздермен сөздік қорларын молайту, ол сөздерді практика жүзінде қолдануды үйрету.

 

1 Б, 2 Б сыныптарында еңбек пен ағылшын тілінен кіріктірілген ашық сабақты біріктіріп өткізді.Сабақтың тақырыбы: Орнамент в казахской национальной одежде. Сабақтың мақсаты: оқушыларға ұлттық киімдер туралы түсінік беру, олардың түрлерімен таныстыру.

Page 8: balkhash.goo.kz · Web viewБастауыш сынып мұғалімдері 12 жылдық оқуға көшуге ағылшын тілін білу керектігі туралы

Дамытушылық: оқушылардың ұлттық бұйымға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.Тәрбиелік: оқушылардың сабақ барысында халықтың өнерін, салт-дәстүрді бағалай білуге, шеберлікке тәрбиелеу.

24 ақпан күні «Австралия» тақырыбында 8-10 сыныптар арасында елтану викторинасы өтті. Масқаты: Авcтралия елі бойынша оқушылардың, атап айтқанда елдің тарихы, салт-дәстүрі туралы білімдерін кеңейту. Елдің әлеуметтік-мәдени жағынан

заманауи бейнесін ашып көрсету. Оқытатын тілге деген оң көзқарастары мен қызығушылығын арттыру. Сонымен қатар, оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдыларын дамыту; логикасын дамытып, жеке және топпен жұмыс жасауды дамыту. Барлық ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралары өткізіліп болған соң, соңғы қорытынды іс-шара «Көптілділік қазіргі білім беру басымдықтарының бірі ретінде: жағдайы мен болашағы» тақырыбында дөңгелек стол болды.

Ақпан айының 27 күні мұғалімдер арасында «Көптілділік қазіргі білім беру басымдықтарының бірі ретінде: жағдайы мен болашағы» тақырыбында

Page 9: balkhash.goo.kz · Web viewБастауыш сынып мұғалімдері 12 жылдық оқуға көшуге ағылшын тілін білу керектігі туралы

дөңгелек стол өтті. Дөңгелек стол жұмысында бастауыш сынып, жаратылыстану-математика пән бірлестігінің мұғалімдері ат салысты. Бастауыш сынып мұғалімдері 12 жылдық оқуға көшуге ағылшын тілін білу керектігі туралы сөз қозғады, ал жаратылыстану-математика пәндер бірлестігі келесі оқу жылында осындай тәріздес кіріктірілген сабақтарды өткізуге жөн көрді. Сонымен қатар, қоғамдық пәндер бірлестігінің жетекшісі Нукербекова Қ. И. және орыс тілі мұғалімі Ильина Г.А. тарих, орыс тілі пәндерінен сабақ өткізуде қандай жаңалықтар енгізілу жоспарланып отырғаны туралы айтты.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасыӘзірлеу үшін негіздеме "Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы;Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Қазақстан халқына Жолдауы; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы "Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму" атты Қазақстан халқына Жолдауы;"100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет" Ұлт жоспары

Page 10: balkhash.goo.kz · Web viewБастауыш сынып мұғалімдері 12 жылдық оқуға көшуге ағылшын тілін білу керектігі туралы
Page 11: balkhash.goo.kz · Web viewБастауыш сынып мұғалімдері 12 жылдық оқуға көшуге ағылшын тілін білу керектігі туралы

Осыған орай мекептің даму бағдарламасының бір негізгі жобасының бірі «Үш тұғырлы тіл» мәдени жобасы аясында «ПОЛИГЛОТ» жобасын қайта қарастырып, өзгерістер енгізілуі көзделді. Мақсаты: Ынтымақтастық арқылы, өзін-өзі дамыту мен жетілдіруге ұмтылатын, барлық жағдайларда үш тілде коммуникативтік қызметі байланысты қызмет түрлерін жүзеге асыра алатын, бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік жағынан өзін-өзі анықтауға қабілетті көптілді , жан-жақты дамыған тұлғаны дамыту. Орыс, ағылшын тілі пәндерінің білім сапасы жоғарлауына себеп болатын, ағылшын тілі, орыс тілі, мектеп мұғалімдерінің кәсіптік және әдістемелік деңгейлерін көтеру.Міндеттері:

1. «Үш тұғырлы тіл» мәдени жобасы аясында «Ағылшын тілі, орыс тілі пәндерінің білім сапасын көтеру» тақырыбында конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізу.

2. Мектеп мұғалімдерінің қысқа мерзімді сынақ ісін қамтамасыз ету. 3. 1-4 сыныптарында ағылшын тілімен кіріктірілген технология,

дүниетану пәндерін өткізілуін, оның ішінде орыс тілінде білім алатын сыныптардың әдебиеттік оқу пәні қазақ тілімен кіріктіріп өткізілуін қамтамасыз ету.

4. 5 сыныптарда информатика, математика пәндеріне ағылшын тіліндегі терминологиялық түсініктерді енгізу арқылы өткізу.

5. 6 сыныптарда география пәніне ағылшын тілін кіріктіру. 6. 7 сыныптарда физика пәнін ағылшын тілімен кіріктіріп өткізілуін

қамтамасыз ету. 7. 5 сыныптарда денешынықтыру сабақтарына орыс тілін кіріктіруді

қаматамасыз ету.

Page 12: balkhash.goo.kz · Web viewБастауыш сынып мұғалімдері 12 жылдық оқуға көшуге ағылшын тілін білу керектігі туралы

8. 6 сыныптарда дүниежүзі тарихы пәніне орыс тілін кіріктіру арқылы өткізуді қамтамасыз ету.

9. Оқушылардың біртұтас педагогикалық ортасын құру мақсатында семинарлар өткізу, білім берудің үзілуін жою.

10.Ағылшын тілі, орыс тілдерін оқытуда бастауыш және орта буынның нәтижелі алмасуын қамтамасыз ету.

11. Ағылшын, орыс тілін оқытуда мұғалімдерге шығармашылық еркіндігін қамтамасыз ету.

12. Ағылшын, орыс тілі бойынша оқушылардың зерттеу қызметіне жағдайын қамтамасыз ету.

13. Пәнге қызығушылығын арттыру, ой-өрісін кеңейту, пәнге деген позициясын белсендіру мақсатында барлық сыныптар арасында сыныптан тыс іс-шаралар өткізу.

14. Оқушылардың ағылшын тілі, орыс тілі пәндері бойынша білім сапасы және үлгерімін бақылау мөлшерлер жүйесін құру.

15. Ағылшын, орыс тілін оқудағы мониторинг қызметін құру. 16. Білімді бақылау жаңа жүйесін енгізу: сынақ, ұпай-рейтингтік, тесттік

технологиялар элементтері, қоғамдық көрініс.Жоба қатысушылары: 1-11 сынып оқушылары, тіл пәндерінің, бастауыш сыныптар, физика, информатика, математика, дене шынықтыру, тарих пән мұғалімдері.Қазіргі таңда: бастауыш сынып мұғалімдері ағылшын тілінің А1 деңгейін меңгерген және информатика пән мұғалімдері информатика сабағында терминология арқылы ағылшын тілін енгізу тақырыбында курстарынан өткен. Еңбекке баулу, информатика пәндері бойынша сөздіктер бар, бастауыш сыныптар сабақтарында сергіту сәттерінің шағын жинағы, сабақтар кешені, дисклер, сонымен қатар буклеттер бар. Басылымдар ішінде: Қарағанды облысы ОӘО ұйымдастырған конференция, «Заманауи білім» журналы, «Әдістемелік вернисаж» жіберіліп, басылған сабақ әзірлемелері.

Осы бағдарламаны былтырғы оқу жылында Мектеп күніне көрсеттік.

Кемшілігіміз: Тек мектепішілік деңгейде өтеді, осы тақырып төңірегінде түрлі деңгейлерде конференция, жобаларға қатыспаймыз, сабақты жүйелі түрде өткізбейміз. Сонымен қатар, өзіміздің сабақтарымызда қолданатын, көмекші құрал ретінде оқу-әдістемелік кешенінің аздығы. Қорыта айтатын болсақ, көптілді білім беру бағдарламасы аясында үштілді меңгеру тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейде көтерілуіміз керек. Бұл оқушылардың халықаралық жобаларға қатысуын кеңейту, шетелдік әріптестермен ғылыми байланыстарын нығайтуға, шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет. 

Page 13: balkhash.goo.kz · Web viewБастауыш сынып мұғалімдері 12 жылдық оқуға көшуге ағылшын тілін білу керектігі туралы

«Балқаш қаласы М. П. Русаков атындағы  жалпыбілім беретін  № 2 санаторлық  мектеп-интернаты» КММ

Педагогикалық кеңес «Бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру мақсатында үштілде оқытуды кезең-кезеңімен енгізу»

Баяндама

__________________________________________________________________

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және «Үш тұғырлы тіл» мәдени жобасы аясында «ПОЛИГЛОТ» жобасын жүзеге асыру.

Директордың ақпараттандыру ісінің орынбасары, ағылшын тілінің мұғалімі Рахимберлина Н. С.

Балқаш, 2016 жыл