7
БҚО. Жаңақала ауданы Мұқыр ауылы Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ Абжалелова Ф.Г. Бірінші санатты география пәні мұғалімі Сабақтың тақырыбы: Аустралияның географиялқ- физикалық орны Сабақтың мақсаты: білімділік: оқушыларды Аустралия материгімен таныстыра отырып олардың ерекшеліктеріне тоқталу. Дамытушылық:оқушылардың пәнге қызығушылығын оята отырып картамен жұмысты жандандыру, танымдық бейімділігін дамыту. Тәрбиелік: оқушылар өзге материк мемлекеттерімен таныса отырып өз елін, сүюге, құрметтеуге табиғатты аялауға бірін-бірі, өзін сыйлауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: интерактивті тақта, дүние жүзінің физикалық картасы, саяси картасы, атлас, контур карта. Сабақтың өткізу әдісі:сұрақ-жауап, ойын элементтері сөзжұмбақтар, СТО стратегиясы элементтері. Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі-2 мин II.Үй жұмысын тексеру-15 мин (семантикалық карта) III.Жаңа сабақ-15 мин. Картамен жұмыс, жұмбақтар, СТО стратегиясы IV.Бекіту-5мин (сөзжұмбақ, Венн диаграммасы) V.Бағалау-5мин (жетондар) VI.Үйге тапсырма -3мин §53 II Үй жұмысын тексеру (психологиялық дайындық)

45minutkz.files.wordpress.com · Web viewii.Үй жұмысын тексеру-15 мин (семантикалық карта) iii.Жаңа сабақ-15 мин. Картамен

  • Upload
    others

  • View
    15

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: 45minutkz.files.wordpress.com · Web viewii.Үй жұмысын тексеру-15 мин (семантикалық карта) iii.Жаңа сабақ-15 мин. Картамен

БҚО. Жаңақала ауданыМұқыр ауылыӘ.Жангелдин атындағы ЖОББМАбжалелова Ф.Г. Бірінші санатты география пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Аустралияның географиялқ-физикалық орны

Сабақтың мақсаты: білімділік: оқушыларды Аустралия материгіментаныстыра отырып олардың ерекшеліктеріне тоқталу.Дамытушылық:оқушылардың пәнге қызығушылығын оята отырып картамен жұмысты жандандыру, танымдық бейімділігін дамыту.Тәрбиелік: оқушылар өзге материк мемлекеттерімен таныса отырып өз елін, сүюге, құрметтеуге табиғатты аялауға бірін-бірі, өзін сыйлауға тәрбиелеу.Көрнекілігі: интерактивті тақта, дүние жүзінің физикалық картасы, саяси картасы, атлас, контур карта.Сабақтың өткізу әдісі:сұрақ-жауап, ойын элементтері сөзжұмбақтар, СТО стратегиясы элементтері.

Сабақтың барысы:I.Ұйымдастыру бөлімі-2 минII.Үй жұмысын тексеру-15 мин (семантикалық карта)III.Жаңа сабақ-15 мин. Картамен жұмыс, жұмбақтар, СТО стратегиясыIV.Бекіту-5мин (сөзжұмбақ, Венн диаграммасы)V.Бағалау-5мин (жетондар)VI.Үйге тапсырма -3мин §53

II Үй жұмысын тексеру (психологиялық дайындық)

Page 2: 45minutkz.files.wordpress.com · Web viewii.Үй жұмысын тексеру-15 мин (семантикалық карта) iii.Жаңа сабақ-15 мин. Картамен

№ Сипаттама Солтүстік Африка

Батыс Африка

Шығыс Африка

Орталық Африка

Оңтүстік Африка

1 Ең бойшаң адамдар тутси мен химилер

+

2 Африкадағы халқы көп мемлекет Нигерия

+

3 Кофе атауы шыққан Каффа деген жер

+

4 Аласа бойлы пигмейлер

+

5 Африкадағы қызыл сифиян өндіретін ел Нигерия

+

6 Найроби ұлттық паркі

+

7 Африка аймақтары

+ + + + +

8 Әлемнің жеті кереметі Ежелгі пирамида, Александр Маягі

+

9 Ұлттық паркі Крюгер

+

10 Материктегі алдыңғы қатарлы ел Оңтүстік Африка Республикасы

+

III.Жаңа сабақ1.Ой қозғау стртегиясыА) Дүние жүзінде неше материк бар? (6)Б) Қазақстан қай материкте орналасқан? (Еуразия)В) Жер бетіндегі алғашқа материк қалай аталады? (Пангея)

Page 3: 45minutkz.files.wordpress.com · Web viewii.Үй жұмысын тексеру-15 мин (семантикалық карта) iii.Жаңа сабақ-15 мин. Картамен

2. Мағынаны ажыратуЕртеде ренжіп мен ағаларға,Кетіп ем жылжып өзге жағалауғаОңтүстік жарты шарды мекен еттім,Талайлар келді көшіп паналауғаСондайлық аспан тірер тауларым жоқ,Ойпат көп шығысымда жоталар көп,Шағыл мен құм басады баурайымды,Сөнбеген өзгелердей вулканым жоқ.Тұрсам да ортасында мұхиттардыңСуына жауын-шашын қанықпадым.Оңтүстік тропигі кесіп өтіп,Келтірмей жүр шудасын бұлттардың.Менде бар жануарлар,өзге де жоқ,Қалталы аю, қалталы кенгуру көп.Мен өзім кіп-кішкене болғанымменМатерикпін сыры мен жұмбағы көп.(Аустралия)Сонымен балалар, бүгінгі жаңа сабағымызда – Аустралия материгімен танысамыз. XVIIғ. Голландық Абель Тасман Тасман аралын ашты.XVIII ғ. Ағылшын саяхатшысы Джеймс Кук жаңа Зеландия аралын, Аустралия шығыс жағалауын ашты.Аустралия – жер шарындағы ең кіші материк. Оның ауданы аралдармен қоса алғанда 7,6 м км2. Материк атауы латыннан аударғанда «оңтүстік» деген мағынаны береді. Себебі Аустралия түгелімен Оңтүстік жарты шарда жатыр. Оңтүстіктің тропик шеңбері оны дәл ортамен кесіп өтеді.Табиғат ерекшеліктері:(картамен көрсету )-Аустралия – Жер шарындағы ең аласа материк, орташа биіктігі – 215 м-Аустралия – сөнбеген жанартаулары жоқ бірден-бір материк-Аустралия – Жер шарындағы ең құрғақ материк: оның 2/3бөлігін шөлді аймақтар алып жатыр.

Page 4: 45minutkz.files.wordpress.com · Web viewii.Үй жұмысын тексеру-15 мин (семантикалық карта) iii.Жаңа сабақ-15 мин. Картамен

-Материктің басқа құрлықтардан ертерек бөлініп қалуына байланысты мұнда алғашқы сүтқоректілер (жұмыртқа салушылар мен қалталылар )мен биік ағаш эвкалиптер (биіктігі 100 м-ден асады)сақталып қалған. -Материк жағалауында ұзындығы 2300 км, ені 2 км-ден 150 км-ге жететін Жер шарындағы ең ірі маржандық құрылым- Үлкен Тосқауыл рифі орналасқан;-Аустралия материгінің жерін бір ғана ел – Аустралия Одағы алып жатыр;-Материктің теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі – Үлкен Суайрық жотасының Оңтүстігіндегі биіктігі-2228 м Косцюшко тауы, теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі – Эйр көлінің деңгейі (-16м).Географиялық орны.Аустралия оңтүстік жарты шарды басқа материктермен оқшау орналасқан. Солтүстігінде Азияның аралдарымен жалғанады. Материк жағалаулары нашар тілімделген, оңтүстік шығысында қолайлы қойнаулар кездеседі. Аустралия жағалауларын Тынық және Үнді мұхитының жылы сулары алып жатыр. Мұхитта судың беткі температурасы жазда +28оС, қыста +20оС төмен түседі.Материк жағалауларын бойлай әр түрлі пішіндегі маржандық құрылымдар көптеп кездеседі. Аустралияны жан-жақты мұхит сулары шайып жатқанымен көпшілік бөлігіне жауын-шашын аз түседі.Бұл жағалау бойымен суық ағыстардың өтуімен және материктің оңтүстік тропик үстіндегі орнымен байланысты. Ал ағыстар өтетін солтүстік шығыс жағалауларынан ылғал біршама мол түседі.Аустралия материгінің шеткі нүктелеріСолтүстікте – ЙоркОңтүстікте – Саут-Ист ПойнтБатыста – Стип ПойнтШығыста – БайронIV. Бекіту.

Материкті шайып жатқан мұхиттармен теңіздерді контур картаға түсіру.Үнді, Тынық мұхиты

Page 5: 45minutkz.files.wordpress.com · Web viewii.Үй жұмысын тексеру-15 мин (семантикалық карта) iii.Жаңа сабақ-15 мин. Картамен

Арафур, Тасман, Маржан теңізіКарпентария шығанағы, Үлкен Аустралия шығанағыВенн диаграммасын құру. Африка Ұқсастығы Аустралия1 Көп бөлігі солтүстік

жарты шарда1 Материк 1 Түгелімен оңтүстік

жарты шарда2 Оңтүстік тропик

солтүстік тропик сызығы өтеді

2 Оңтүстік жарты шардатропик сызығы

2 Оңтүстік тропик сызығы өтеді

3 Экватор, бастапқы меридиан сызығы өтеді

3 Үнді мұхиты 3 Экватор, бастапқы меридиан сызығы өтпейді

4 Атлант мұхиты 4 Жағалаулары нашар тілімделген

4 Тынық мұхиты

Сөзжұмбақ «Аустралия» шешуА ф р и к а

Б У р л а р

Д ж е й м С к у к

Т а с м а н

Э й Р

Ү л к е н с у А й р ы қ

Ү л к е н т о с қ а у ы Л

Э в к а л И п т

А у с т р а л и Я

1.Ең ыстық материк-Африка2.Оңтүстік Африкаға Нидерландиядан көшіп барғандардың ұрпақтары-бурлар3.Австралияның Шығыс жағалауын ашқан саяхатшы-Джеймс Кук4.Тасмания аралын ашқан Абель Тасман

Page 6: 45minutkz.files.wordpress.com · Web viewii.Үй жұмысын тексеру-15 мин (семантикалық карта) iii.Жаңа сабақ-15 мин. Картамен

5.Аустралияның ең төмен нүктесі-Эйр көлі6.Аустралиядағы тау-Үлкен Суайрық жотасы7.Маржанды құрылым-Үлкен Тосқауыл рифі8.Аустралиядағы 100 метрлік биік ағаш – эвкалипт9.Ең кіші, ең құрғақ материк-АустралияV.Бағалау: ЖетондарҚызыл түс- «5»Көк түс- «4»Сары түс- «3»Қара түс- «2»

VI.Үйге тапсырма: §53 Аустралияның географиялық-физикалық орны. Контур картаға Аустралияның физикалық картасын түсіру.