9
Астана қаласы М. Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақмола колледжінің ІІ санатты информатика пәні оқытушысы Мухтарханова Багдагуль Диханбаевна Ашық сабақтың әдістемелік жоспары Тақырыбы: Windows- тың стандартты қосымшасы Пән: _ Информатика негіздері және есептеу техникасы Мамандық, тобы: ҒС-14/1 Күні: 16.10.2014ж. Сабақ түрі: Тәжірибелік сабақ Сабақтың мақсаттары: Windows- тың стандартты қосымшаларында жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру; Өзін-өзі бағалау, өзара бағалау арқылы өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға көмектесу; Студенттердің тәжірибелік жұмыс жасауына, тиянақты орындауына жағдай жасау; Болашақта алған білімдерін өз мамандықтарында қолдана білуге баулу Әдістері: Кембридж әдісі бойынша, топтық жұмыс, «ББҮ» стратегиясы. Сабақ жабдығы: ТҚЕ плакаты, ДК, тақта. Пәнаралық байланыс: Ағылшын тілі, сурет, әдебиет Күтілетін нәтиже: Топтасып жұмыс істей білуге Өз ойын еркін жеткізе біледі. Шығармашылық қабілеті дамиды. Компьютерде дұрыс жұмыс жасай біледі. Сабақ барысы

45minutkz.files.wordpress.com  · Web viewPaint . WordPad. Топтардың басшысы сайланады. Жұмыс түрі: «Ыстық орындық» әдісі. Екі

  • Upload
    others

  • View
    9

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web viewPaint . WordPad. Топтардың басшысы сайланады. Жұмыс түрі: «Ыстық орындық» әдісі. Екі

Астана қаласы М. Тынышпаев атындағы ҚазККА

Ақмола колледжінің ІІ санатты информатика

пәні оқытушысы Мухтарханова Багдагуль Диханбаевна

Ашық сабақтың әдістемелік жоспары

Тақырыбы: Windows- тың стандартты қосымшасыПән: _ Информатика негіздері және есептеу техникасы

Мамандық, тобы: ҒС-14/1

Күні: 16.10.2014ж.

Сабақ түрі: Тәжірибелік сабақ

Сабақтың мақсаттары:

Windows- тың стандартты қосымшаларында жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру;

Өзін-өзі бағалау, өзара бағалау арқылы өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға көмектесу;

Студенттердің тәжірибелік жұмыс жасауына, тиянақты орындауына жағдай жасау;

Болашақта алған білімдерін өз мамандықтарында қолдана білуге баулу

Әдістері: Кембридж әдісі бойынша, топтық жұмыс, «ББҮ» стратегиясы.

Сабақ жабдығы: ТҚЕ плакаты, ДК, тақта.

Пәнаралық байланыс: Ағылшын тілі, сурет, әдебиет

Күтілетін нәтиже: Топтасып жұмыс істей білуге Өз ойын еркін жеткізе біледі. Шығармашылық қабілеті дамиды. Компьютерде дұрыс жұмыс жасай біледі.

Сабақ барысы

І Ұйымдастыру. Студенттердің сабаққа дайындығын тексеру және студенттерді түгендеу

ІІ Үй жұмысын тексеру:

Топ екіге бөлінеді: Paint

WordPad.

Топтардың басшысы сайланады.

Жұмыс түрі: «Ыстық орындық» әдісі

Екі топтан бір- бір студент шығады кезекпен үйге берілген тапсырма бойынша сұрақтар қояды.

1. Операциялық жүйе түрлері?2. Операциялық жүйе дегеніміз?3. Файл дегеніміз не?4. Бума дегеніміз не?5. Жарлық /ярлык/ дегеніміз не?

Page 2: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web viewPaint . WordPad. Топтардың басшысы сайланады. Жұмыс түрі: «Ыстық орындық» әдісі. Екі

6. Операциялық жүйенің негізгі міндеттері, оларды ата?7. Иерархия дегеніміз не?8. Операциялық жүйені кластарға бөлу?

ІІІ Жаңа тақырыпты зерделеу

Жоспар

WordPad ; Күнтізбе; Блокнот; Калькулятор; Paint Нығайту: Windows жүйесінің стандартты программалары құрамына бір топ программалар жиыны кіреді. Олар бірсыпыра жұмыстардың орындалуын қамтамсыз етеді мысалы: - мәтіндік құжаттар дайындау;- графикалық бейне - көріністерді даярлау және оларды өңдеу, түзету; -жұмыс уақытын жоспарлау және ұйымдастыру; - математикалық есептеулерді орындау және т.б. Бұл қосымша программалар «Стандартты» тобында орналасады.

Бағдарламаларды іске қосу жолы:

Бастау Пуск

Барлық бағдарламалар Все программы

Стандарттық Стандарные

Таңдаулыны аламыз

Page 3: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web viewPaint . WordPad. Топтардың басшысы сайланады. Жұмыс түрі: «Ыстық орындық» әдісі. Екі

WordPad терезесі

WordPad редакторының батырмалары

WordPad мәтіндік редакторыWord Pad мәтіндік құжаттарды дайындауға мүмкіндік береді. WordPad мәтіндік құжатты пернелерде теріп, дискілерде сақтауға, өңдеуге , қаріпін өзгертуге, құжат ішінде символдарды іздеу және ауыстыру әдістерін іске асыруға, графиктік суреттерді қосуға, оның беттерінің параметрлерін өзгертуге және қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді.

Блокнот Блокнот - кішігірім мәтіндік файлдармен жұмыс істеуге арналған редактор. Блокнот

мәтінді форматтамай тек қана оның сөздерінен тұратын файлдарды дайындауды және дискіде сақтайды.

КүнтізбеКүнтізбе - бұл жұмыс уақытын жоспарлауға мерзімдік жоспар жасауға, кездесулер мен телефон жоспар жасауға, кездесулер мен телефон соғу кестелерін құрстыруға арналған шағын программа.

КалькуляторКалькулятор - программасы бүгінгі күндері кеңінен пайдаланатын компьютерлік

калькулятор болып табылады. Программа екі режимде жұмыс істейді:  

- стандартты (жады бар қарапайым калькулятор)- ғылыми (қиын да күрделі есептеулер жүргізуге арналған калькулятор) режимі болып табылады. 

Paint Paint сурет салу бағдарламасы әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, редакциялауға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламалардың көмегімен қарапайым суреттен бастап,күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады.

 

Page 4: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web viewPaint . WordPad. Топтардың басшысы сайланады. Жұмыс түрі: «Ыстық орындық» әдісі. Екі

Paint редакторыМеню

Құралдар жиыны

Сурет салу алаңы

Түстер палитрасы

Paint редакторында 16 құрал-сайман бар

Ерікті аймақты белгілеу құралы- бұл қисық (дұрыс емес)пішінді үзіндіні таңдау қызметін атқарады.

Белгілеу құралы деп аталады - суреттің тіктөртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады.

Өшірігіш/түрлі түсті өшіргіш- бұл суркттердің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған.

Құю(заливка) құралы- бұл тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды.

Түс таңдау құралы- бұл кескінің немесе фон түсін суреттің кез-келген нүктесінің түсіне өзгертеді.

Масштаб құралы- бұл суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді.

Қарындаш- бұл кез-келген сызықты әр үрлі жуандықта сызықта сызуға арналған.

Кисть - ерікті сызықтарды салуға арналған. Кистінің қажетт түрін таңдап алуға болады.

Бүріккіш- пульверизатор эфектісіне жетуге мүмкіндік береді.

Жазу- бұл сурет ішіне мәтін орналастырады.

Сызық- түзу сызықтар салуға арналған.

Қисық- тегістелген сызықтарды салуға мүмкіндік береді.

Тік төртбұрыш- тіктөртбұрыштар салуға арналған.

Page 5: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web viewPaint . WordPad. Топтардың басшысы сайланады. Жұмыс түрі: «Ыстық орындық» әдісі. Екі

Көпбұрыш- еректі пішінді Тұйық көпбұрыштар салады.

Элипс- шеңбер және элипс салуға арналған.

Бұрыштары дөңгеленген тіктөртбұрыш, бұрыштары дөңеленген тік төртбұрыш бұрыштары дөңгеленген квадраттар мен тік төртбұрыштар салуға мүмкіндік береді.

Сызықтың қалыңдығын,кисть түрін немесе төртбұрыштың типін тағайындауМұны құралдар жиынының тура астыңғы жағындағы арнайы аймақта жасауға болады.

Кескінің түсін таңдауСурет салатын түсті таңдау үшін,палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына маус нұсқағышын орналастырып,сол жақ батырмасын шертіңдер.

Фонның түсін таңдауФонның түсін таңдау үшін,палитрадағы қажетті түске маус нұсқағышын орналастырып,оң жақ батырмасын шертіңдер.Бұл саты фонды пайдаланып обьектілер жасайтын құралдармен жұмыс істегенде қажет.

4.Тәжірибелік жұмыс: №1 тапсырмаWordPad мәтіндік редакторында жұмбақты жазып шешімін жаз

Бір көзіңмен «кідір» дейді,Бір көзім «жүгір» дейді.Бір көзім «абайла» дейді«Қарап ал маңайға» дейді (Бағдаршам)

№2 тапсырма Білгенің дұрыс! мақал- мәтел жалғасын тауып WordPad мәтіндік редакторында жаз.1. Қыс азығын....................................................жаз жина2. Жаңа айдан.................................................... жақсылық3. Сәуір болмай................................................. тәуір болмас4. Түске дейін мүйіз.......................................... түстен кейін киіз5. Қылышын сүйретіп....................................... қыс келер6. Еңбек түбі береке............................................көптің түбі мереке

№1 тапсырма Paint редакторында орындаңыз

«Жұлдыз» қалай жасалды?Қожанасырдан біреу:-Қожеке,осы жаңа ай туғанда, ескі айды не қылады?-деп сұрайды.Қожанасыр сонда:-Жаңа айтуғанда, ескі айды майдалап жұлдыз қылады да, шырағым,- депті.

Page 6: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web viewPaint . WordPad. Топтардың басшысы сайланады. Жұмыс түрі: «Ыстық орындық» әдісі. Екі

Мәтінде не туралы айтылғанын анықтайды.1. Сол мәтінде берілген заттың атын анықтап графикалық редакторда сызамыз.2. Берілген затты сызу үшін графикалық редактордан мына құралдарды пайдалануымыз керек:1. Шеңбер;3. Жұлдызша4. Көк түсті бояу; Жауабы

№2 тапсырма Paint редакторында көңіл-күй белгішелерін салыңыз

Тәжірибелік сабақты қорытындылау. Екі топ бойынша орындалған жұмыс тақтадан көрсетілінеді

Батырмалар сөйлейді екі топ кестені толтырып жауап жазады.

5. Үй тапсырмасы: Е.Қ. Балапанов. Жаңа ақпараттық технологиялар 17-19 беттер.Өзіндік жұмыс: Шығармашылық жұмыстың жобасын графикалық редакторда салып келу 1. «Бөгде планеталықтар» 2. «Менің жанұям»  3. «Туған ауылым» 

Page 7: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web viewPaint . WordPad. Топтардың басшысы сайланады. Жұмыс түрі: «Ыстық орындық» әдісі. Екі

6. Бағалау : «ББҮ» стратегиясы бойынша топ басшылары өз топтарын балдық жүйе арқылы бағалайды.

Топ басшыларын оқытушы бағалайды.Paint тобының

студенттері

«Ыстық

орындық»

әдісі

Қосымша

ізденген

Тәжірибелік

жұмыстары

үшін

Жалпы балы

WordPad тобының

студенттері

«Ыстық

орындық»

әдісі

Қосымша

ізденген

Тәжірибелік

жұмыстары

үшін

Жалпы балы

Оқытушының қолы ___________________________________

Page 8: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web viewPaint . WordPad. Топтардың басшысы сайланады. Жұмыс түрі: «Ыстық орындық» әдісі. Екі