14
Армысың ардақты поэзия сүйер қауым! Саф өлеңнің жүйрігі, ақиық ақын, қазақ поэзиясының мұзбалағы, Мұқағали Мақатаевтың 84 жасқа толуына орай ұйымдастырылған “Мұқағали Мақатаев - ХХІ ғасыр ақыны” атты танымдық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі 7 “А” сыныбы жетекшісі:Алибекова Тарбия Кантургановна

Мұқағали ХХІ ғасыр ақыны

  • Upload
    -

  • View
    472

  • Download
    9

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: Мұқағали ХХІ ғасыр ақыны

Армысың ардақты

поэзия сүйер қауым! Саф

өлеңнің жүйрігі, ақиық

ақын, қазақ

поэзиясының мұзбалағы,

Мұқағали Мақатаевтың

84 жасқа толуына орай

ұйымдастырылған

“Мұқағали Мақатаев -ХХІ ғасыр ақыны”

атты танымдық тәрбие

сағатымызға қош

келдіңіздер!

Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі

7 “А” сыныбы жетекшісі:Алибекова Тарбия Кантургановна

Page 2: Мұқағали ХХІ ғасыр ақыны
Page 3: Мұқағали ХХІ ғасыр ақыны

«Өзге емес, өзі айтады, өз

жайында»:"Ей, безілдектер, Сендеремессіңдер маған баға беретін! Нағыз бағалаушылар әлі алда. Жылдар өтеді, жаңа ұрпақтар келеді, біздің әрқайсымызды өз орнымызға солар қояды.Ежелден солай болып келген, солай болады, бола береді де.Мен ХХІ ғасыр ұрпақтарының құрдасымын.Бәлкім,одан әрідегі ұрпақтардың туысымын да ..."

Page 4: Мұқағали ХХІ ғасыр ақыны

Сергіту сәті.Мұқағали өмірі мен шығармашылығынан сұрақтарға жауап беру.

“Өрмекші торы” ойыны1.Мұқағалидың шын есімі?

2.Мұқағали дүниеге келген ауыл?3. Мұқағалидың анасының есімі?

4.Мұқағалидың қандай әндерін білесің?5.Мұқағали өмір сүрген жылдар?

6.Мұқағалидың қандай өлеңі саған ұнайды?7.Мұқағалидың туған күні?8.Мұқағалидың туған жері?

9.Мұқағалидың әкесінің есімі?

Page 5: Мұқағали ХХІ ғасыр ақыны

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,Жыр жазсам, жұртым, елеңдестің.

Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,- депақынның өзі жырлағандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей ұрпақтан -

ұрпаққа жалғасып келеді.

Армысыздар, құрметті қонақтар мен оқушылар!Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден,-деп жырлаған Мұқағали Мақатаев биыл 84 жасқа толып отыр. Жыл керуені алға

жылжыған сайын М.Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала

түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық –шынымен бақытты халық.

Page 6: Мұқағали ХХІ ғасыр ақыны

Мақатаев Мұқағали

Мақатаев Мұқағали (Мұқаметқали) Сүлейменұлы (1931жылғы, Алматы облысы Райымбек ауданы

Қарасаз ауылы – 27.03.1976ж.Алматы қаласы)–ақын.

Балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарына тұстас келді. Ол XX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ

поэзиясының дамуына үлкен үлес қосқан ақиық ақыны.Әкесі соғыста қаза тауып, анасы мен әжесінің

тәрбиесінде өсті. 1948-1949 жылдары ҚазМУ-дың филология факультетінде оқыған. К.Маркс

атындағы кеңшарда (қазіргі «Текес») ауылдық кеңес хатшысы, мектепке мұғалім болды. 1952-1962

жылдары Қарасаздағы бастауыш мектепте орыс тілінің мұғалімі, Қазақ радиосында диктор, Шалкөде

ауылында Қызыл отау меңгерушісі, Нарынқол ауданында «Советтік шекара» газетінің (қазіргі «Хан-

тәңірі», жауапты хатшысы, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде,

«Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»), «Жұлдыз» журналдарында әдеби қызметкер.

Жазушылар одағында поэзия бөлімінің кеңесшісі қызметтерін атқарды.1970 жылы Жазушылар

одағына мүшелікке қабылданып, 1973-1974 жылы Мәскеудегі Әдебиет және өнер институтында

оқыды. Ақынның тұңғыш өлеңдері «Қырман басында», «Қойшы бала - Әкітай» аудармасы «Советтік

шекара» газетінде жарияланды (1949ж). «Інімнің ойы», «Шебер» өлеңдері «Жастық жыры» атты

жинаққа енді (1951ж). Мұқағали шығармалары оқушының жүрегіне сәуле түсіреді. Өйткені ақын

туған жерін, туған халқын, ана тілін жанындай сүйді.Оның кез келген шығармаларынан жердің, елдің

биік рухы сезіледі. Алғаш Мұқағали талантын бағалаған Ә.Тәжібаев: «Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау

жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!»-деген еді («Қазақ әдебиеті», 18.3.1960ж.).

Мақатаевтың «Ильич», «Ақ қайың әні», «Ару-ана», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Қырандастар»,

Чили-шуағым менің», «Шекарада», «Большевиктер», «Өмірдастан», «Арман», «Шолпан», «Досыма

хат», «Отаным, саған айтам», «Райымбек! Райымбек!»,«Қашқын», «Моцарт.Жан азасы» атты поэма-

толғаулары бар. 650-ден астам лирик. өлеңдерінде адам өмірінің мәні, әсемдік пен сұлулық, тазалық,

ерлік, елдік, туған жер турасында терең толғаған.

Page 7: Мұқағали ХХІ ғасыр ақыны

МҰҚАҒАЛИ: БҮГІН МЕНІҢ ТУҒАН КҮНІМ,ОЙ, ПӘЛІ - АЙ!

МЫНА АДАМДАР НЕГЕ ЖАТЫР ТОЙЛАМАЙ?!БАНКЕТ ЖАСАП БЕРЕ ЕДІМ ӨЗІМ - АҚ,

ТӘҢІРДІҢ БІР ЖАРЫТПАЙ - АҚ ҚОЙҒАНЫ - АЙ.МЫНА ДҮНИЕ НЕГЕ ЖАТЫР ҮНДЕМЕЙ,

АЛАУЛАТЫП ТОЙДЫҢ ШОҒЫН ҮРЛЕМЕЙ.ҚҰШАҚ - ҚҰШАҚ ГҮЛ ШОҚТАРЫН ЛАҚТЫРЫП,

«МЫНАУ ШАПАН,МЫНАУ АТЫҢ, МІН» ДЕМЕЙ.

МЫНАУ ЖҰРТҚА ЖАҚПАДЫ МА ӘЛДЕНЕМ?!БЕКЕР ӨМІР СҮРГЕНІМ БЕ ӘЛДЕ МЕН?

ХАЛҚЫМ,СЕНІҢ ҚАСИЕТІҢДІ БІЛЕМ ДЕП,

БОСҚА ӨМІРІМ ӨТТІ МЕ ЕКЕН ӘУРЕМЕН?!АЙТАМЫН ДЕП ҚУАНЫШЫҢ, МҰҢЫҢДЫ,

БАСҚА АРНАҒА БҰРДЫМ БА ӘЛДЕ ЖЫРЫМДЫ?!МЕН БӘРІБІР ӨЗІҢМЕНЕН БІР БОЛАМ,ӨЗЕГІҢНЕН ТЕПСЕҢ ДАҒЫ ҰЛЫҢДЫ.

(ОҚУШЫ САХНАДАН КЕТЕДІ).

Иә, Мұқағали – ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды. Хан тәңірдің биік шоқтығындай болған Мұқағали аға! Жатқан жеріңнен, туған топырағыңнан тұрып, бір сәт болса да орал, арамызда бол!(Сахнада Мұқағали образындағы оқушы шығады).

Page 8: Мұқағали ХХІ ғасыр ақыны

Әсем Мұхамеджанова өзінің ”Жырының жалғасы бар" атты өлеңі

Қасиетті Қарасаз туған жерің,

Киелі топырағында өстің-өндің!

Бабамыз Райымбектей ерді берсе,

Поэзияға Мұқағалидай ақын бердің!

”Қайран, Қарасазым-ай,"-деп жырладың

Өлеңмен шығып еді сан мұңдарың!

Ән мен жырың халқыңды бас идірткен

Құйғытқан құлагері қара сөздің!

Тау ұлысың, тауға қарап өсіп ең,

Жырларыңды жүрегіңмен жазып кең !

Жыры болып халқың үшін туғансың,

Жыр тетігін ағытып бір кетуші ең!

Бүгін сенің туған күнің, бір тойың,

Жеткізе алсам өз ойымды өлеңмен.

Өлең, жыр боп өмір сүрдің жан аға,

Өлең болып өттің мына өмірден!

Page 9: Мұқағали ХХІ ғасыр ақыны

ЖАЗЫЛАР ЕСТЕЛІКТЕР МЕН ТУРАЛЫ,БІРЕУЛЕР ЖАН ЕДІ ДЕР ӨР ТҰЛҒАЛЫ.БІРЕУЛЕР ТҰЛПАР ЕДІ ДЕР ДЕ МҮМКІН,БҮТІНДЕЛМЕЙ КЕТКЕН БІР ЕР-ТҰРМАНЫ.

ДЕП СОНАУ ЕЛЕНБЕЙ ЖҮРГЕН ЕРТЕ КЕЗІНІҢ ӨЗІНДЕ ІЛГЕРІ ҰЛЫ АҚЫНДАРША ДӨП БАСЫП ДӘЛ БОЛЖАП ӨЗІНІҢ АЙТҚАНЫНДАЙ МҰҚАҒАЛИМЕН БІРГЕ ЖҮРГЕН, КӨРІП-БІЛГЕНДЕРДІҢ ІШІНДЕ ҚҰЛАШ-ҚҰЛАШ ЕСЕЛЕП ЕСТЕЛІКТЕР ЖАЗБАҒАНЫ КЕМДЕ-КЕМ.

ЕСТЕЛІКТЕРДЕН ҮЗІНДІЛЕР.

Нағиман Батанқызы(Ақынның анасы)

Қырық бес жасында қыршын кеткен оның күллі қазақтың баласы боларын,ардақты

ақыны атанарын,құдай ақы,туған шешесі мен де,өмірлік жары да,туған бауырлары да

білгеміз жоқ.Көпшілік ел де кезінде білмеген шығар...Енді қарап отырсам,тыңдап

отырсам,Мұқағалиымды аспанға көтеріп,өзі өлген соң еліне танытқан құдайдың берген

таланты,өлеңінің қуаты шығар.Бұған да тәубе.Өзі тіршілігінде көрмеген құрмет пен

қошаметті артында қалған біз-отбасы,жары мен балалары,бауырлары болып көріп

жатырмыз.Қайсыбірін айтайын.Алатаудай айбарлымды ойласам,өзегім от болып

жанады.

Page 10: Мұқағали ХХІ ғасыр ақыны

Лашын Әзімжанова(Ақынның зайыбы)Мұқағалидың тілі бай,халық тілі еді ғой.

Ол халқын қалай сүйсе,халық та оны солай сүйді.Оған-жырларына жазылып жатқан белгілі композиторлардың да,әуесқой композиторлардың да әсем

әндері,қолына қалам алған ақындардың арнау өлеңдері,суретшілердің жасап жатқан бірінен-бірі өтетін Мұқағали портреттері,тағы басқа да

дүниелері бәрі-бәрі куә.Олардың қай-қайсысы да халық сүйіспеншілігінің белгісі болса керек.Лауреаттықты „жоғарғы топ," мықты ағалары қимаса

да,ел-жұрты ыстық ықыласына бөлеп,әлдеқашан шын бағасын,зор құрметін беріп те қойған.Мұқаң халқына піріндей сенді.

Фариза Оңғарсынова

Мұқағали-біздің заманымыздың поэзия дүниесіндегі құбылыс.

Егер ол құбылысты біз бірден байыбына барып,дөп басып,тани алмасақ,бұл-өнердегі заңдылық.

Ол-әсіре қызыл бояудың жылт етпе құбылуы емес,жақындаған сайын алыстап,жақындаған сайын жан дүниеңді сан күйге бөлеп

жүрек лүпілімен сезім құдіретінен құйылған қанық бояуымен құпиялана түседі.

Поэзияның әрі таймас сұлулығы да,барған сайын ынтызарыңды құрта түсетін құдіреті де осы болуы керек.

Page 11: Мұқағали ХХІ ғасыр ақыны

Нұрғиса Тілендиев

1975-жылдың күзі.Ол кезде Мұқағали еш жерде жұмыс істемей,үйде шығарма жазып жатқан.Неге екенін қайдам,інімді арнайы іздедім.

Ақыры таптым.Екеуара кең-мол әңгімелескен соң мен оған аға ретінде қолқа салдым:-Мұқаш батыр!Мен сенің өлеңдеріңнің қуаттылығын енді ғана толық түсініп, енді ғана танығандаймын.Әр сөзің халыққа жақын әрі ұғынықты,қарапайым.Ендеше неге өз

халқың аузынан тастамай айтып жүретін әнге айналдырмасқа оны? Бұған қалай қарайсың.Мен бұрын-соңды әннің сөзін жазған ақын емес едім,аға...Осының өзі қалай болар

екен...Ол әжептәуір ойланып қалды.Мен қайталап қолқа салдым.Бұл жолы қарсылық

көрсеткен жоқ.Тек ауыр күрсінді.Сонда не ойлады екен?Бұл күнде иісі қазақ аса жоғары бағалап, құрметпен айтатын„Сарыжайлау,"„Сәлем

берем Жетісуға,"Сөнбейді,әже,шырағың,"„Есіңе мені алғайсың",„Болмасын соғыс,болмасын,"„Кел еркем,Алатауыма,"

„Домбыра-досым "және басқа да көптеген әндер әрі жедел әрі сәтті туған дүниелер еді.

Page 12: Мұқағали ХХІ ғасыр ақыны
Page 13: Мұқағали ХХІ ғасыр ақыны

• " Үнсіз сергіту"2 қатарға қағаздар таратылады, алдын-ала

тақырып беріледі (әр қатарға).

• “Мұқағалидың өмірі”

• “Мұқағалидың өлеңдері”

• Бір-біреуден сөз жалғастырып жазып береді, одан артық жазуға болмайды

• ( 1 сөз).

Page 14: Мұқағали ХХІ ғасыр ақыны

Қорытынды

Көп адам дүниеге бой алдырған ,Бой алдырып , аяғын көп шалдырған .

Өлді деуге сияма, ойлаңдаршы ,Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?-деп Абай атамыз

жырлағандай, 45 жыл ғана қысқа ғұмыр ішінде халқына өшпес із қалдырған ғасыр ақыны Мұқағали жырларынан

біраз сусындағандай болдық . Әрине , ақынның мол , таусылмас мұрасын бір күнде , бір сағатта оқып білу мүмкін

емес . Ақын шығармалары ұрпақтан-ұрпаққа тарап , жалғасын таба береді . Олай болса хантәңірі атанған ақиық

ақын Мұқағали Мақатаевтың «МҰҚАҒАЛИ ХХІ ғасыр ақыны «

аттыәдеби-танымдық сағатымызды аяқтаймыз .