46

вертуальная выставка

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: вертуальная выставка
Page 2: вертуальная выставка

Сапарғали Бегалин

(1895-1983)

Қазақ балалар әдебиетінің ақсақалы

Page 3: вертуальная выставка

Өмірбаяны

Сапарғали Бегалин 24 қараша 1895 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Дегелең ауылында туылған. Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, ақын әрі жазушы. Сапарғали Бегалин алғаш ауыл молласынан оқып хат таныған. 1913 жылы Семей қаласындағы орыс-қазақ училищесіне түсіп сонда оқыған. Жасында жыршылардан терме, салт жырларын, айтыс өлеңдерін жатқа алған. Соның әсерімен шығармашылық жолын өлең жазудан бастаған.

Оның "Қазақ қыз-бозбалалары" деген тұңғыш өлеңі 1914 жылы "Айқап" журналында басылған. "Қыран кегі" (1943) "Цимлян теңізі" (1953) "Таңдамалы" (1956), "Сырлы қайнар" (1963) т.б. өлеңдер мен поэмалар жинағы жарық көрген. Сонымен қатар балаларға арналған прозалық шығармалар, "Замана белестері" атты роман (1975 ж) жазған. Қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, зерттеу саласында ұзақ жылдар еңбек етті. Сапарғали Бегалин 1983 жылы дүниеден өтті.

Page 4: вертуальная выставка

Шығармалары:

Page 5: вертуальная выставка

Ыбырай Алтынсарин

(1841-1889)

Қазақтың көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф,

фольклоршы.

Page 6: вертуальная выставка

Өмірбаяны

Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин, - туып-өскен жері - Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай. Осы өңірде, Тобыл өзенінің жағасынан топырақ бұйырған. Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі (1850). Мектепті бітірген соң, Орынбор шекара комиссиясында әскери старшина болып қызмет атқаратын үлкен әкесі Балғожа Жаңбыршыұлының хатшысы болады (1857-1859). Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады. 1860 жылы Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балалары үшін мектеп ашу тапсырылады, әрі сол мектепке орыс тілінің мұғалімі болып белгіленеді. 

Ыбырайдың бүкіл өмірін арнаған ағартушылық-педагогтық қызметі осылай басталады. Тікелей өзінің араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін және интернат салып, 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады. 

Page 7: вертуальная выставка

Шығармалары:

Page 8: вертуальная выставка

Бердібек Соқпақбаев (1924-1991)

Қазақ балалар әдебиетінің классигі, тамаша жазушы

Page 9: вертуальная выставка

Бердібек Соқпақбаев (13.10.1924 жылы туған, Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостобе селосы) — қазақ жазушысы. Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітірген соң (1949) Нарынқол ауданында мұғалім болды. «Жүлдыз», «Балдырған» журналында, Қазақстан Жазушылар одағында түрлі қызмет атқарды (1952–70). «Бұлақ» (1950) өлеңдер жинағы, «Он алты жасар чемпион» (1951), «Бақыт жолы» (1952), «Алыстағы ауылда» (1953), «Балалықшаққа саяхат», «Дала жүлдызы» (1960), «Аяжан» (1963, орыс тілінде 1965), «Гауһар» (1966) повестерін жазды. «Менің атым Қожа» (1957) кітабы балалардың сүйіп оқитын шығармасына айналып, орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды.

1963 жылы «Қазакфильм» студиясы «Менің атым Қожа» кітап бойынша киносценарийді экранға шығарды. «Балалық шаққа саяхат» атты повесі бойынша жазылған киносценарийі де фильмғе түсірілді (1965).

Өмірбаяны

Page 10: вертуальная выставка

Шығармалары:

Page 11: вертуальная выставка

Қадыр Мырза Әлі (1935-2011)

Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Әнұранының сөзін жазған

авторлардың бірі. 

Page 12: вертуальная выставка

Қадыр Мырза Әли 1935 жылы Орал облысында дүниеге келді. Балалық шақтан бастап ол қазақ әдебиетті жақсы көрді. 1958 жылда ол мемлекеттік жоғарғы оқу орнында оқуыны бітірді. Оқудан соң ол Балдырған деген газетте жұмыс істеді.

1973 жылда ол Қазақстанның жазушылардың одақты басқарды. Оның тұнғыш жинақтылығы 1959 жылда жарыққа шықты. Сол уақыттан бастап ол көп өлеңдерді мен жинақтылықтарды жазды. Оларға «Жаңғалақтар», «Данышпан», «Ноян Қоян», «Алуан Палуан», «Ой Орманы» және тағы басқа шығармалар жатады. 1994 жылда дарынды жазушы үкіметте жұмыс істеді. 2011 жылда жазушы Алматы қаласында қайтыс болды.

Өмірбаяны

Page 13: вертуальная выставка

Шығармалары:

Page 14: вертуальная выставка

Мұзафар Әлімбаев

1923 ж.

 Қазақ балалар әдебиетінің қаламгері, ақын, прозашы,

аудармашы, сыншы

Page 15: вертуальная выставка

Мұзафар Әлімбаев 1923 жылы 29 қазанда Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы Маралды ауылында дүниеге келген. ҚазМУ-ді тәмамдаған. Тырнақалды өлеңі он бес жасында Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінде жарық көрген. Соғыс жылдарында республикалық, облыстық және майдандық газеттерде басылып тұрды.

1948 жылы армиядан оралған соң, «Пионер» журналында поэзия бөлімін басқарады. 1956–1958 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, Бас редактордың орынбасары. 1958 жылы «Балдырған» журналы ашылған күннен 1986 жылға дейін журналдың Бас редакторы болды. 

Өмірбаяны

Page 16: вертуальная выставка

Шығармалары:

Page 17: вертуальная выставка

Қастек Баянбаев 1936 ж.

Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты,

қазақтың көрнекті ақыны

Page 18: вертуальная выставка

Қастек Баянбаев 1936 жылы 15 қарашада Алматы облысының Алакөл ауданындағы Талдыбұлақ деген жерде дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінде білім алған. 1960 жылдан бастап Алакөл аудандық, 1965 жылдан бастап Алматы облыстық газет редакцияларында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып істеген. 1971–1995 жж. «Жазушы» баспасында редакция меңгерушісі, «Жалын» баспасында Бас редактор қызметтерін атқарған. 

Балаларға арналған «Арғымақ» атты алғашқы жинағы «Жазушы» баспасынан жарық көрген. Өлеңдері бастауыш сынып оқулықтарына, көмекші құралдарға еніп, кейбіріне әндер жазылған, ертегілері бойынша мультфильмдер түсірілген, орыс, украин, белорус, өзбек, болгар, молдован, түрікмен, әзірбайжан, литван және басқа тілдерге аударылған.

Өмірбаяны

Page 19: вертуальная выставка

Шығармалары:

Page 20: вертуальная выставка

Райхан Мәженқызы 1956 ж.

Page 21: вертуальная выставка

Райхан Мәженқызы 1956 жылы 7 мамырда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыжаз ауылында туған. 1978 жылы Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің математика факультетін тамамдаған.

Еңбек жолын Сарыжаз орта мектебінде хатшы-референт болудан бастаған. 1978–1979 жылдары Сарыжаз орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі, 1979–1994 жылдары Алматы қаласындағы республикалық «Мектеп» баспасының физика-математика редакциясында редактор, 1994 жылдан бері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспа бағдарламаларын қалыптастыру және кітап өнімдерінің сапасын бақылау бөлімінің бастығы болып қызмет атқарған.

Өмірбаяны

Page 22: вертуальная выставка

Шығармалары:

Page 23: вертуальная выставка

Ермек Өтетілеуұлы (1938-2006)

Page 24: вертуальная выставка

Өмірбаяны

Ермек Өтетілеуұлы 1 қаңтарда 1938 жылы Ақмола қаласында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты филология факультетінің орыс тілі мен әдебиеті бөлімін бітірген. 1962–1964 жж. Целиноград (қазіргі Ақмола) облысы, Қорғалжың аудандық газетінде қызмет істеген. 1964–1974 жж. республикалық «Балдырған» журналында, 1974–1976 жж. «Жазушы» баспасында редактор, ал 1976 жылдан бастап «Жалын» баспасында аға редактор, бөлім меңгерушісі болып істеді.

Ақынның алғашқы өлеңдері алпысыншы жылдары жарық көре бастады. Жекелеген әңгіме, өлеңдері орыс, болгар, украин, грузин, армян, азербайжан, татар тілдеріне аударылған. Біраз өлеңдері балаларға арналған басылымдарға, қазақ мектебінің оқулықтарына енген.

Page 25: вертуальная выставка

Шығармалары:

Page 26: вертуальная выставка

Ескен Елубаев 1942 ж.

Қазактың көрнекті ақыны, Халықаралық «Алаш» әдеби

сыйлығының лауреаты

Page 27: вертуальная выставка

Өмірбаяны

Ескен Елубаев 1942 жылы 18 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Отар стансасында туған. 1958 жылы Отар стансасындағы №29 теміржол орта мектебін бітірген. ҚазМУдің филология факультетін 1966 жылы тамамдаған. 

1966 жылдан бастап «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде, «Жалын», «Өнер», «Балауса» баспаларында, «Балдырған» журналының бас редакторының орынбасары болып қызмет істеген. Негізінде балаларға арнап жазады. Оның «Болатбек» пьесасы республикалық қуыршақ театрында қойылған. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (1994). Ұлттық «Астана – Бәйтерек» конкурсының екі дүркін бірінші жүлдегері (2007–2008), Халықаралық «Дарабоз» бәйгесінің екінші жүлдегері (2008). «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған, Мемлекеттік грант иегері.

Page 28: вертуальная выставка

Шығармалары:

Page 29: вертуальная выставка

Сұлтан Қалиұлы

1943 ж.

Көрнекті балалар ақыны, Халықаралық «Алаш» әдеби

сыйлығының лауреаты

Page 30: вертуальная выставка

Сұлтан Қалиұлы 1943 жылы Жамбыл облысының Жамбыл ауданының «Пионер» колхозында дүниеге келген. Сұлтан Қалиұлын жұртшылық балалр ақыны ретінде біледі. Оның отызға тарта кітаптары болмаса, дені балалрға арналған. Біраз өлеңдері оқулықтарда жарияланған. Жекелеген өлеңдері литван, эстон, молдавия, украин, беларусь, грузин, армян, азербайжан, өзбек, туркмен, корей, ұйғыр тілдеріне аударылған. Бір кітабы орыс, бір кітабы қырғыз тілдерінде жарық көрген. Сондай-ақ Сұлтан Қалиұлы К.Чуковский, а. Барто, С. Михалков, Р. Ғамзатов, Ян Бжехва, К. Тәңірқұлов, Қ . Мұхаммади, М. Миршаков, Б. Асаналиев, Т. Самудинов сияқты шетел ақындарының өлеңдерін қазақшаға аударған. Сәбілер мен бүлдіршіндердің, балдырғандар мен жас жеткіншектердің көрнекті төл ақыны Сұлтан Қалиұлының бұл кітабына ауыл балаларының қызықтары жайындағы өлендері мен поэмалары еніп отыр.

Өмірбаяны

Page 31: вертуальная выставка

Шығармалары:

Page 32: вертуальная выставка

Әлдихан Қалдыбаев

1939 ж.

Белгілі балалар жазушысы. Қазақстан Республикасының

еңбек сіңірген мәдениет қызметкері.

Page 33: вертуальная выставка

Өмірбаяны

Әлдихан Қалдыбаев 1939 жылы 3 қазанда Жамбыл облысының Шу ауданындағы «Кербұлақ» ұжымшарында дүниеге келген. 1963 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1963 жылы Қызылорда облысының Арал ауданындағы Бөген орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған.

1965 жылдан Жамбыл облыстық телевизия және радио хабарларын тарату жөніндегі комитетінде редактор, облыстық «Еңбек туы» газетінде әдеби қызметкер, Жамбыл облыстық партия комитетінің нұсқаушысы болып қызмет атқарды. 1976-1995 жылдары облыстық «Еңбек туы» (кейін «Ақ жол») газеті редакторының орынбасары, облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы болған. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтары облыстық ұйымдарының төрағасы болған.

Page 34: вертуальная выставка

Шығармалары:

Page 35: вертуальная выставка

АбдрахманАсылбеков

1938 ж.

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ барды ертегіні термек үшін»

Page 36: вертуальная выставка

Өмірбаяны

Абдрахман Асылбеков 1938 жылы Жамбыл облысының Талас ауданына «Үшарал» ауылында туған. ҚазПИдің тарихфилология факультетін бітіргеннен кейін мектепте мұғалім болған. Аспирантурада оқыған, облыстық газетте, республикалық Қазақ радиосында, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде қызмет жасаған.

Сондайақ, «Жазушы», «Жалын» баспаларында, Қазақстан Жазушылар одағындағы көркем әдебиетті насихаттау бюросында, Қазақстан Жазушылар одағының Жамбыл облыстық бөлімшесінде, республикалық «Әділет», «Мәдениет», «Заң», «Көзқарас» газеттерінде қызмет істеген. «Заңгер» журналында бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, ҚР Бас Прокуратурасының «Құқықтық Қазақстан» газетінің Бас редакторы болған

Page 37: вертуальная выставка

Шығармалары:

Page 38: вертуальная выставка

Асқаржан Сәрсеков (1950-2006)

Page 39: вертуальная выставка

Асқаржан Сәрсек 1950 жылы 21 қазанда Жамбыл облысы, Ақбұлым ауылында туған. 1967 жылы Жамбыл қаласындағы Жамбыл атындағы орта мектепті бітірген. Еңбек жолын 1973 жылы облыстық «Еңбек туы» (қазіргі «Ақ жол») газетінде корректор, газет шығарушы болып бастаған.

1981 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін сырттай оқып аяқтап, тілшілік қызметке ауысқан. «Жалын» баспасынан 1976 жылы «Мереке», 1981 жылы «Қарға мен Қарлығаш» атты кітаптары жарық көрген. Сондай-ақ балаларға арналған «Міне, қызық керемет», «Қарақшылардың қимас досы», «Жаман ойын» кітаптарының және «Айша бибі» жыр дастанының авторы.

Өмірбаяны

Page 40: вертуальная выставка

Шығармалары:

Page 41: вертуальная выставка

Совет Әлімқұлов (1938-1987)

Page 42: вертуальная выставка

Совет Әлімқұлов 22 ақпан 1938 жылы Жамбыл облысы, Луговой станциясында туған. 1958 жылы Жамбыл қаласындағы мәдениағарту училищесін бітірген. Аудандық мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі, аудандық газеттерде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, редактор қызметтерін атқарды. Тырнақалды туындысы 1958 жылы Жамбыл облыстық «Еңбек туы» газетінде жарияланды. 1974 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін сырттай оқып бітірген. 

Өмірбаяны

Page 43: вертуальная выставка

Шығармалары:

Page 44: вертуальная выставка

Әдібай Табылдиев 1926 ж.

Page 45: вертуальная выставка

Әдібай Табылдиев 1926 жылы 2 қаңтарда Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы «Жаңа тұрмыс» ауылында дүниеге келген. 1944–1968 жж. ауыл мектептерінде пионер вожатый, оқытушы, оқу ісінің меңгерушісі (1944–1950), мектеп директоры (1950–1957), 1969–1980 жылдары «Қазақ совет энциклопедиясының» Бас редакциясында педагогика, тіл-әдебиет редакцияларының меңгерушісі, 1980 жылдан бері ҚазМҰУ-де жалпыпедагогика және этностық педагогика кафедрасында этнопедагогика, педагогика және оқыту-тәрбиелеу әдістемелері бойынша дәріс беріп келеді. Ы.Алтынсарин атындағы сыйлықтың иегері болды (2001). Қазақ КСР және КСРО оқу ісінің озаты, бірнеше медальдар мен Құрмет Грамоталарының иегері.

Өмірбаяны

Page 46: вертуальная выставка

Шығармалары: