15
Бұл жұмысты хатха йога гимнастикасы арқылы балабақша тәрбиеленушілерінің денсаулығын нығайту, қимыл белсенділігін арттыру, жүрек қан тамырларының қызметін жақсарту мақсатымен жасадым. «Балдырған» балалар бөбек бақшасының әдіскері Хасенова Айжан Лұқманқызы

Балабақшада Хатха йога

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: Балабақшада Хатха йога

Бұл жұмысты хатха йога гимнастикасы арқылы балабақша тәрбиеленушілерінің денсаулығын нығайту, қимыл белсенділігін арттыру, жүрек қан тамырларының қызметін жақсарту мақсатымен жасадым. «Балдырған» балалар бөбек бақшасының әдіскері Хасенова Айжан Лұқманқызы

Page 2: Балабақшада Хатха йога

Кіріспе

Хатқа иога - иоганың ежелден келе жатқан түрі. Сондықтан бүгінгі күнде иоганың бұл түрі бүкіл әлемде кең тараған. Хатқа иоганың бірнеше элементтері бар: ол элементтер «Асаналар» деп аталады. Асана – ол денені арнайы бір қалыпқа қою және ұстау жаттығулары. Бұл жаттығулар адамның денесін күшті және шымыр қылып дамытады және денеге женілдік береді. Асаналарға хатха иоганың бастапқы курсында үйретеді. Тыныс алу жаттығулары – пранаяма деп аталады. Бастапқы хатқа иогада тыныс алуға көп назар аударылмайды, көбінесе баланың зейініне көңіл бөлінеді. Өйткені жаттығу кезінде дененің белгіленген бір нүктесіне зейін қою қажет.

Хатха иоганың бастауыш сатысы жеңіл жаттығулардан басталады, өйткені балалар әлі ауыр жүктемеге дайын емес. Бірінші кезде жаттығулар арқылы адам ағзасын шынықтыру және төзімді ету қажет. Хатха иогада әр жаттығу белгілі бір дене мүшесіне арналады: омыртқаны түзету, іш пен арқа бұлшықеттерін және бұындарын дамыту жаттығулары болып бөлінеді. Хатха иогада «Асана» жаттығулары адамның денсаулығын жақсартады және әр түрлі ауруларға ағзаның төзімділігін арттырады. Хатха иоганың кез келген жаттығулар жиынтығына релаксация кіреді.

Page 3: Балабақшада Хатха йога

Жаттығулар кешені

«24 асана» жаттығулар жиынтығы жеңіл жаттығулардан құралған, күнделікті өмірде қолдануда теңдестірілген жүйені құрайды. Бұл жиынтық сегіз бөліктен құралады әрқайсысына 3 түрлі жаттығу енгізілген. Әр асана қимылсыз жағдайда 30-дан 120 секундқа дейін жасалады. 24 асана жаттығуларын жасағанда дене тұрысын бірден бала нақты келтіре алмаса ештеңе етпейді, біртіндеп үйренуге болады. Біраз уақыт өткен соң дене мүшелері икемдірек болатыны білінеді. Өз демін басқаратын адам , өмірлік қуатын (прана) басқара алады.Йогалар оны пранаяма деп атайды. Бұл жаттығулар жиынтығында жеңіл пранаяманы қолданамыз : дем алып , 1-ден 9-ға дейін демімізді кідіртеміз демімізді шығарып тағы 1-ден 9-ға дейін санаймыз . Әрбір асана жинағы түсті бейнелеуді қамтиды. Ойша денені басынан аяқтың ұшына дейін берілген түспен толтырамыз, немесе айналаның бәрі сол түспен боялғанын елестетеміз. Жаттығуларды орындау барысында денені бос ұстау қажет. Бұл жаттығуларды талтүсте орындау қолайлы.Жаттығу уақыты 12 минуттан кем болмауы керек. Ескерту: Егер баланың мойын омыртқасында ақау болса, мойын және омыртқаға салмақ түсіретін жаттығуларды орындамағаны дұрыс. Ондай жағдайда дәрігермен кеңесуді ұсынамын.

Қызыл түс1. Оң аяқты артқа жамбас айналасымен бүгіп, табанды бөксе бойымен қайырамыз.

Сол аяқты дененің алдына бүгіп қоямыз.Қолды тізеге қоямыз, бас бармақ пен сұқ саусақты түйістіреміз. Омыртқамен басты тік ұстаймыз.

Page 4: Балабақшада Хатха йога

2. Денені 1 асанадағыдай қалыпта ұстаймыз, оң және сол аяқ қалпын ауыстырамыз. Пранаяманы орындаймыз. Денені қызыл түспен толтырамыз. Денені бос ұстаймыз.

3. Оң аяқты шапқа қарай бүгеміз, сонан соң сол аяқты қасына қоямыз, екі аяқты да демалыс күйінде ұстауға тырысамыз.

Қызғылт сары түс

4. Алдыңғы дене қалпынан бастап, сол аяқты алға қарай созамыз. Сол аяқ табанын бас бармақ және сұқ саусақпен ұстап, басымызды тізеге, шытағымызды еденге тигізіп денені босатамыз.

5. Алдыңғы дене қалпын сол мен оңды ауыстырып жасаймыз, денемізді бос ұстап, демімізді қадағалаймыз және ойша өзімізді қызығылт сары түспен қоршаймыз.

6.Екі аяқты алға қарай созамыз, бақайларымызды бас бармақ және сұқ саусақпен ұстаймыз, басымызды тізеге қарай түсіреміз, тізені түзу ұстаймыз.

Page 5: Балабақшада Хатха йога

Сары түс

7. Етбетімізбен жатамыз, аяғымызды, денемізді жоғары көтеріп қолымызбен арқамызды тірейміз . Омыртқаны түзу ұстап, аяқтың арасын ашпай жоғары созамыз. Сары түсті елестетеміз.

8. Аяғымызды басымызға қарай түсіреміз, сонан соң қолымызды түсіріп алақанымызды еденге тигіземіз.

Page 6: Балабақшада Хатха йога

9. Аяғымызды түсіріп, етбетімізбен жатамыз. Қолымызды екі жаққа алақанымызды еденге тигізіп қоямыз. Әр бұлшықетімізді босатып, теңізде жүзіп келе жатқандай елестетеміз.

Жасыл түс

10. Аяқты астымызға бүгіп отырамыз.Қолды тізеге алақанымызды астына қаратып қоямыз. Жасыл түсті елестетеміз.Әр қалыпта терең тыныс алып демаламыз. Денені бос ұстаймыз. 

11. Алдыңғы қалыптан артқа қарай шалқайып, басымызды еденге тигіземіз, алақанымызды кеуде тұсында түйістіреміз.

Page 7: Балабақшада Хатха йога

12. Алдыңғы қалыптан денені қолдың көмегісіз көтереміз алға қарай еңкейіп маңдайымызды еденге тигіземіз. Алақанымызды еденге тигізіп басымыздың қасына қоямыз.

Көгілдір түс

13.Алдыңғы қалыптан аяқты артқа созып, қолымыздың көмегімен денемізді көтереміз.

Page 8: Балабақшада Хатха йога

14. Аяғымызды көтеріп артқа қарай бүгілеміз, аяғымызды қолымызбен ұстап тартамыз. Көгілдір түсті елестетеміз.

15. Тізені бүгіп тұрамыз, денені алға қарай еңкейтіп, маңдайымызды еденге тигіземіз.Қолымызды бүгіп шынтағымыз бен алақанымызды еденге тигіземіз.

Page 9: Балабақшада Хатха йога

Күлгін түс

16. Алдыңғы қалыптан денені алға қарай жылжытамыз. Саусақтарымызды қарақұсымызда түйістіріп үшбұрыш құраймыз.Басымыз еденге тиіп тұрады. Денені ақырын көтереміз, тізені бүгулі түрде ұстаймыз. Сонан соң аяқты жоғары қарай созып денені қолдың күшімен ұстаймыз.

Page 10: Балабақшада Хатха йога

17. Алдыңғы қалыптан төмен қарай түсеміз. Бүгіліп тізені басымызға тигіземіз, қолды еденге қойып басымызды қолымызға қоямыз, осы қалыпта сегіз рет дем аламыз.Санамызды күлгін түспен толтырамыз.

18. Түзу отырамыз, қолды тізеге қоямыз, алақанды төмен қаратамыз..

Page 11: Балабақшада Хатха йога

Ашық күлгін түс

19. Сол жамбасқа отырып, оң аяқты сол жақ аяқтың тізесіне қоямыз. Сол қолымызды бүгілген оң аяқтың тізесінің астына өткіземіз, оң қолды артқа қарай жіберіп екі қолды қосамыз. Омыртқаны шама келгенше түзу ұстаймыз. Басымызды солға бұрамыз- демімізді ішімізге аламыз, басымызды оңға бұрамыз-демімізді шығарамыз.

20. Алдыңғы жаттығуды оң мен солды ауыстырып қайталаймыз. Ашық күлгін түсті елестетеміз.

21. Алдыңғы қалыптан табанымызды бір-біріне тигізіп қолымызбен ұстаймыз. Тізені еденге қарай түсіреміз.

Page 12: Балабақшада Хатха йога

Ақ түс

22. Алдыңғы қалыптан оң аяқты алға қарай созамыз, сол аяқты оң аяқтың үстіне қоямыз. Алға қарай еңкейіп оң аяқты бас бармақ пен сұқ саусақтың көмегімен қысамыз. Ақ түсті елестетеміз.

23. Алдыңғы жаттығуды оң мен солды ауыстырып қайталаймыз.Осы асаналар баланың бұлшықеттерін дамытып, дене мүшелерін нығайтады. 24. Соңында Лотос қалпын қабылдап, қолды алақанымен жоғары қаратып тізеге қоямыз .

Page 13: Балабақшада Хатха йога

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Құмарбаева, А.   Хатха - йога гимнастикасы [Мәтін] / А. Құмарбаева // Бала мен балабақша = Ребенок в детском саду. - 2012. - №2. - Б. 27-28. 

2. Платохина Л.И. Хатха-йога для детей: кн. Для учащихся и родителей. - М.: Просвещение, 1993.- 160с.

3.  Харазян Э. Тай-ди (древнекитайская оздоровительная гимнастика).- Тверь, 1989, Б.14

4. Тетерников Л.И. Рациональная йога. - М.: Знание, 1992.Б.94-99