30
№34 Ш. УӘЛИХАНОВ ОРТА МЕКТЕБІ Хром Аульбеков Бегайдар 10 сынып

Хром

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: Хром

№34 Ш. УӘЛИХАНОВ ОРТА МЕКТЕБІ

ХромАульбеков Бегайдар

10 сынып

Page 2: Хром

МЕНІҢ ТҰЖЫРЫМЫМ ДҰРЫС ПА?(ДҰРЫС-Д , ҚАТЕ-Қ)1. Мырыш ІІ топтың негізгі топшасында орналасқан2. Сыртқы энергетикалық деңгейінде 2е бар3. Мырыш жай заттармен әрекеттескенде

тотықтырғыш қасиет көрсетеді4. Мырыш қиын балқитын металл5. Мырыш негіздік қасиет көрсетеді6. Zn атомы ядросының құрамында 30р+,35n 30е бар7. Мырыш сумен әрекеттескенде гидроксид түзеді8. Мырыш қышқылдардан сутекті ығыстырады9. Мырыш азотпен сутекпен әрекеттеспейді10. Мырыш темірден жасалған бұйымдарға қорғаныш,

қаптамалар жасау үшін қолданылады

Page 3: Хром

ЖАУАПТАРЫ:

1. - Қ2. - Д3. - Қ4. - Қ5. - Қ

6. - Д7. - Қ8. - Д9. - Д10. - Д

Page 4: Хром

Хром (Chromіum), Cr — элементтердің периодтық жүйесінің V1Б тобындағы

химиялық элемент, р. н. 24, а. м. 51,996. Тұрақты төрт изотобы

50Cr(4,31%), 52Cr (83,76%), 53Cr (9,55%), 54Cr (2,38%) бар. Олардың

ішіндегі маңыздысы жасанды жолмен алынған радиоактивті

изотопы 51Cr .

Page 5: Хром
Page 6: Хром

Хромды 1797 ж. француз химигі Л.Н. 

Воклен крокоит  минералының

құрамынан ашқан.

Page 7: Хром

Хром кең тараған элемент. Жер қыртысындағы салмақ мөлшері. 2*10–3%. Өнеркәсіптік маңызды минералы —

хромит, оның бай кендері Солтүстік Оралда, Кавказ сыртында, Батыс Қазақстанда кездеседі. Батыс

Қазақстандағы кені Ақтөбедегі хром қосылыстары заты мен ферроерітінді затын хроммен қамтамасыз етеді.

Табиғатта таралуы

Page 8: Хром

Табиғатта таралуы

Page 9: Хром

АлынуыӨнеркәсіпте хромды пирометаллургиялық және алюминтермиялық жолмен алады.

Хромды теміртасты көмірмен қатты қыздырғанда хром мен темірдің

тотықсыздануы жүреді: FeO× Cr2O3 + 4C = 2Cr +Fe +4CO

Таза хромды алу үшін хром оксидін алюминиймен тотықсыздандырады:

Cr2O3 + 2Al = Al2O3 +2Cr

Page 10: Хром

Хром — ақ, сұр түсті, қатты, ауыр балқитын металл, балқу t 1910C,

қайнау t 2480C тығыздығы 7,14 г см3. Морт сынғыш. Электр және жылу

өткішгіштігі төмен.

Физикалық қасиеті:

Page 11: Хром

Химиялық қасиеті:Жоғарғы температурада хром оттекте, жанып, оксид Cr2O3 түзеді:

4Cr+3O2=2Cr2О3

Хром фтор мен хлормен шабытты әрекеттеседі. Қатты қыздырылған хромнан хлорды өткізгенде қоңыр қызыл түсті хром(ІІІ) хлориді алынады:

2Cr + 3Cl2 = 2CrCl3Қыздырылған су буымен әрекеттеседі:

2Cr+3H2O = Cr2O3+3H2

Page 12: Хром

Металдық хром қыздырғанда күкіртпен, азотпен, фосформен, көмірмен, кремниймен және бормен әрекеттеседі. Мысалы:

2Cr+N2 = 2CrN хром нитриді(ІІІ)

2Cr+3S = Cr2S3 хром сульфиді(ІІІ)

Page 13: Хром

Тотығу дәрежелері +2, +3, +6, кейде +1, +4, +6. Қосылыстары күшті тотықсыздандырғыш,

тотығу дәрежесі +6 болатын қосылыстары (хром ангридриді CrO3, хроматтар) тотықтырғыш. Сұйық қышқылдардан сутекті ығыстырады.

Хром қосылыстары

Page 14: Хром

Хром (III) оксидіCr2O3 + 6HCl → 2CrCl3 + 3H2O

Cr2O3 + 2KOH → 2KCrO2 + H2O,

Cr2O3 + Na2CO3 → 2NaCrO2 + CO2↑

Cr2O3 + 3KNO3 + 2Na2CO3 → 2Na2CrO4 + 3KNO2 + 2CO2↑

Cr2O3 + 2Al → Al2O3 + 2Cr

Page 15: Хром

Хром (VI) оксиді2CrO3 + H2O → H2Cr2O7

CrO3 + 2KOH → K2CrO4 + H2O

4CrO3 + 3S → 2Cr2O3 + 3SO2↑

CrO3 + H2O → H2CrO4

Page 16: Хром

Хромит, хромитті теміртас — тотықтар класына жататын минерал. Химиялық формуласы: FeCr2O4. Қатты 

Моос шкаласы бойынша 4,5 — 5,5, тығыздығы 4,5 — 5 грамм/куб сантиметр.

Кубтық сингонияда кристалданады, жіктілігі нашар, түсі қара, сызығы сарғыш қоңыр, магниттік қасиеті бар. Хромит

магманың бөлшектеніп жіктелу барысында пайда болып, кейде өте негізді тау жыныстарының (перидотит, дунит)

арасында кездеседі. Оны феррохром, бояу, отқа төзімді кірпіш алуда қолданады.

Хромитті теміртас

Page 17: Хром

Хромит Ол магманың бөлшектеніп жіктелу барысында пайда болады. Хромит көбінесе жалбыраған ұя тәрізді, линза тәрізді және бағана тәрізді формалар түрінде кездеседі. Кейде шашыранды түрде аса негізді жыныстардың арасында кездеседі.Табиғи өзгеру зонасында хромит химиялық берік минерал болып табылады. Хромит минералы феррохром алу үшін қолданылады. Феррохромнан жоғары сапалы хромды және хромникельді болат алады. Металдарды тот баспас үшін оларға хром жалатады. Хромитті химия өнеркәсібінде жоғары сапалы бояу алу үшін, отқа төзімді кірпіш жасау үшін де қолданады.

Page 18: Хром

Хромит кен орындарының 99%-ы Мұғалжар тауларында кездеседі. Кемпірсай және Дөң тобына

жататын кен орындары жоғары сапалы рудалармен әйгілі. Қазақстан хромит кенінің барланған қоры мен жылдық өндірілетін мөлшері жөнінен дүние жүзінде екінші орынға шықты. Олар тоттанбайтын болат

қорытуға қажет. Хром әлемнің 40 еліне шығарылады. Хромит кендері Қостанай, Шығыс Қазақстан

облыстарында да ашылды. ТМД елдеріндегі хромиттің 97 %-ы Қазақстанда өндіріледі. Оның 21 кен орны

есепке алынған. Жалпы қоры 430 млн т.

Хромит кен орындары

Page 19: Хром

Алынуы

Өнеркәсіпте хромды пирометаллургиялық және алюминтермиялық жолмен алады. Хромды теміртасты көмірмен қатты қыздырғанда хром мен темірдің тотықсыздануы жүреді:

FeO Cr2O3 + 4C = 2Cr +Fe +4CO Таза хромды алу үшін хром оксидін алюминиймен

тотықсыздандырады: Cr2O3 + 2Al = Al2O3 +2Cr

Page 20: Хром

Ақтөбе Хром Қосындылары Зауыты – хром қосындыларын өндіруге мамандандырылған кәсіпорын. Ақтөбе

қ-нда орналасқан. 1995 жылдан “Ақтөбе хром қосындылары зауыты” акционерлік қоғамы (АҚ). Зауыттың бірінші кезегі 1957 ж. іске қосылды. Толық жобалық қуаты 1960 ж. игерілді. 1963 ж. екінші кезегі іске қосылып, кәсіпорынның қуаты үш есе артты. 1965 ж. хром ангидридін өндіретін бөлімше мен күкіртті натрий цехы пайдалануға берілді. 1966 ж. мемлекеттік комиссия реактивті тұздар цехын қабылдап алды. Оның өндірістік алаңында 1974 ж. алюмо-хромфосфат қоспасы өндірісі ұйымдастырылды. Бұдан соң да өндірістің өзекті буындарында технологияны жетілдіру, еңбек жағдайын жақсарту, өндірісті автоматтандыру мен механикаландыру, өндіріс қалдықтарын пайдалану саласында жарақтандыру жұмыстары атқарылды. Зауытта натрий монохроматы және натрий бихроматы, хром ангидриді, хром тотығы, хром малмасы және күкіртті натрий өндірістері жұмыс істейді. Зауыттың өнімдері 31 шетелге (АҚШ, Жапония, Англия, Бельгия, Франция, Германия т.б.) шығарылады. Кәсіпорынның жылдық қаржы айналымы 3003,9 млн. теңге. Жеке меншік түрінде басқарылады. Акциясының 31%-і мемлекет қолында.

Page 21: Хром

Ақтөбе облысындағы Дөн кен-байыту комбинаты Кемпiрсай кен орнынан хромит

өндiрумен қатар хром концентраты және ұнтақталған тауарлы көміртекті хром

өндіріледі.

Page 22: Хром

Хроматтар

калий хроматы натрий хроматы

Page 23: Хром

Хроматтар— хром қышқылының (H2CrO4) тұздары. Оларға калий хроматы (K2CrO4), натрий хроматы

(Na2CrO4), т.б. жатады. Сондай-ақ хроматтарға изополихром қышқылының тұздары изополи-хроматтар. да

кіреді. Хроматтар сары не қызғылт сары түсті заттар. Оларға қышқылмен әсер еткенде қос хром қышқылының

тұздары — дихроматтар (натрий дихроматы Na2Cr2O7, т.б.) түзіледі. Дихроматтар ерітіндісі қышқылдық реакция,

хроматтар ерітіндісі сілтілік реакцияны көрсетеді. Лабораториялық практикада қолданылатын манызды хроматтарға K2CrO4, K2Cr2O7, техникада Na2CrO4,

Na2Cr2O72H2O хроматтарын жатқызуға болады. Хром қоспасымен лабораторияда шыныдан жасалған ыдыстарды

тазартады. Геологияда — хром қышқылы тұздарынан түзілетін минералдар тобы.

Page 24: Хром

Хроматтардың ең көп тараған түрі — корокоит (грек. krokos — “шафран”, қызғылт сары). Қызғылт қорғасын

кентасы деп те аталады. Химиялық құрамы: Pb[CrO4],

моноклиндік сингонияда кристалданады, түсі ашық қызғылт, қатт.

Моос шкаласы бойынша 2,5 — 3, тығыздығы 6,1 грамм/куб сантиметр.

Табиғатта бастапқы кентас минералдары арасында және

сыйыстырушы тау жыныстарының жарықтарында призма тәрізді

кристалдар және друзалар түрінде кездеседі. Крокоит тотығу

белдемдерінде қорғасын кентастарының ыдырауы нәтижесінде пайда болады

Page 25: Хром

Қолданылуы

Page 26: Хром

Бағалау критерийлері

1. Жұмыстың тереңдігі мен күрделілігі. 2. Көрнекіліктің әсемдігі мен

ұқыптылығы. 3. Түстің үйлесімділігі мен қамтылуы. 4. Тақырыпты түсінгені және қорғауы.

Page 27: Хром

Тест1. Ең қатты металлА) темір Б) хром В) мырыш2. Хромның никельмен құймасыА) дихром Б) нихром В) метахромиттер 3. Жер қыртысындағы хромның мөлшеріА) 0.03% Б) 0.006% В)0.003%4. Хромның бай кен орныА) Жезқазған Б)Ақтөбе В)Қарағанды

5. Екідайлы оксидті көрсет.А) Cr2O3 Б) CrО В) CrO3

6.Қиын балқитын жасыл хром оксидіА) Cr2O3 Б) CrО В) CrO3

7. Хромды ашқан химикА)Д.Менделеев Б) Л.Воклен В)Ф.Гарбер8. Хром қышқылының тұздары қалай аталады?А)Хром қышқылдары Б)Дихром В)Хроматтар9. Дихроматтың түсіА)Қызыл,сары Б)Көгілдір,сары В)Ақшыл көк10. Хром қай топта орналасқан элемент?А) VIII Б) VII В)VI

Page 28: Хром

ЖАУАПТАРЫ:1. - Б2. - Б3. - Б4. - Б

5. - А6. - А7. - Б8. - В

9. - А10. - В

Қорытындылау25 – 32 – “5”16 – 24 – “4”08 – 15 – “3”0 – 7 – “2”

Page 29: Хром

Электронды -баланс әдісімен теңестіріңдер

K2Cr2O7+HCL KCL+CrCL3+CL2+H2O

“Кім жылдам?”

Page 30: Хром

Үйге тапсырма: § 43 № 5

жаттығу