26
Ақмола облысы Астрахан ауданы Старый Колутон ОМ Paint графикалық редакторында сурет салу . Секциясы: Информатика Орындаған: Мейрманова Асем, 7 “А” сынып оқушысы Жетекшісі: информатика пәнінің мұғалімі Алтанбек Бауыржан Астрахан 2017 жыл

Paint графикалық редакторында сурет салу

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: Paint графикалық редакторында сурет салу

Ақмола облысыАстрахан ауданы

Старый Колутон ОМ

 Paint графикалық редакторында сурет салу

.Секциясы: Информатика

Орындаған: Мейрманова Асем, 7 “А” сынып оқушысы

Жетекшісі: информатика пәнінің мұғалімі Алтанбек Бауыржан

Астрахан 2017 жыл

Page 2: Paint графикалық редакторында сурет салу

Аннотация Зерттеу мақсаты: Бейнелерді өңдеу мен редакторлеудің мүмкіндіктерін пайдалана отырып растырлық суреттер құруды үйрену, ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, Сурет салу құралын пайдалана-қолдана білу.

Зерттеу міндеттері: Ғылыми-зерттеу жұмыс арқылы компьютерде графикалық бейне суреттерді салуға және оларды өңдеу түрін тереңдетіп дамыту. Электронды оқулықтарды пайдалана білуге үйрену және өзіндік жұмыстарға бағыт бере отырып техникалық ақпаратты басқарушы рөлін атқару. Қазіргі технологияның дамуына байланысты өзіндік ізденіс шығармашылыққа жетелеу.

Зерттеу болжамы:

Қазіргі кездегі информатиканы оқыту бағдарламаларының талаптарына сай техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану қажеттігі туындап отыр. Соған байланысты мен компьютерде өз бетімше ізденіп, зерттеу жұмысын жүргізе алуды, сурет салу құралдарын пайдаланып келешекте көркемдеуші маман иесі бола аламын деген үміттемін.

Зерттеу пәні: Информатика Зерттеудің әдістері: Зерттеу жұмысын түсіндіру, ақпарат жинау, практикалық тұрғыдағы жұмыстар;

Зерттеу нәтижесі мен қорытындысы:Paint графикалық редакторында сурет салу құралдарымен, түрлерімен таныстыра отырып, құрал-саймандарды тиісті орында қолдануға үйрену. Компьютер көмегімен құрылатын графикалық ақпараттарды өңдеп, одан әрі дамыту.

Page 3: Paint графикалық редакторында сурет салу

Мазмұны•Кіріспе

•Теориялық бөлім

•Практикалық бөлім

•Қорытынды.

•Қолданылған әдебиеттер.

Page 4: Paint графикалық редакторында сурет салу

Біз, «Ақпараттық технологиялар дәуірі» деп аталатын XXI ғасырда өмір сүреміз. Егер сіз компьютермен таныс болмасаңыз, күнделікті жұмыста оның көмегіне жүгінуге үйренбесеңіз, онда өмірге бейімделмеуініз әбден мүмкін. Себебі қазіргі қоғамда компьютерлер барлық жерде қолданылады.

Операциялық жүйесіз аксессуарларды (диск, тышқан, принтер) және қолданбалы программаларды (графикалық, мәтіндік, редактор, ойындар) басқару қиын. Сондықтан операциялық жүйе негізгі программа болып табылады.

Компьютер көмегімен құрылған кескіндер компьютерлік графика деп аталады. Компьютерлік графика - әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы болып табылады. Компьютерде кескіндерді өңдеу үшін арнайы программалар – графикалық редакторлар пайдаланылады. Қазіргі кезде компьютерлік графикамен жұмыс жасауға арналған көптеген программалық құралдар бар. Графикалық редакторда әр түрлі фигуралармен жұмыс жасау икемділігін, қолының жылдам қимылдауын, сызықтардың әдемі де айшықты болып сызылуын қалыптастырады.

Page 5: Paint графикалық редакторында сурет салу

Алғашқы мағлұматтар Қазіргі заман талабына сай оқушылардың талап биігінен көрініп білім алуда үздіксіз ізденуге қалыптастыру үшін, осы жобамда оқытудың басты талабы қандай ғылым саласында да, ақпараттық технологияны меңгеру, оған бейімделу, оны күнделікті өмірде пайдалану екендігі айқын. Қазіргі таңда ақпараттық технологиялар түрлі салаларға дендеп еніп барады. Графикалық редакторда бейнелеу өнеріндегі перспективалық (көрініс заңдылығы) заңдылық элементтерімен жұмыс жасап үйренуге тиістіміз. Жалпы сурет салу көп сатылы болып келеді. Көрініс заңдылығы графикада міндетті түрде қамтылады, бұнда сурет нақты, әрі табиғи түрінде шығады.

Page 6: Paint графикалық редакторында сурет салу

Графикалық редактор - графикалық бейне түріндегі суреттерді салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа. Қазіргі кезде нүктелік (немесе растрлық) және векторлық деп аталатын графикалык редакторлардың екі түрі белгілі. Нүктелік графикалық редакторларда кез-келген сурет пиксельдер деп аталатын нүктелерден тұратын кішкене бейнелер (мозаика) арқылы салынады, ал нүктелердің әрқайсысы түрлі түске бояла алады.

Paint (Paintbrush) - Windows жүйесінің стандартты программалар тобына кіретін қарапайым нүктелік графикалық редактор. Paint өзінің мүмкіндіктері жағынан профессионалды графикалық редакторлардан біршама төмендеу болғанымен ол едәуір күрделі әрі тартымды, түрлі-түсті және ақ-қара суреттерді, схемаларды, сызбаларды (чертеждер) даярлауға мүмкіндік береді. Бұл редакторды игеру онша қиын емес, оның құрамында сурет салу, сызу және оларды өңдеуге арналған стандартты қарапайым аспаптар жиыны бар, дайындалған бейнелер файлдардың кең тараған графикалык форматында сақталады.

Page 7: Paint графикалық редакторында сурет салу
Page 8: Paint графикалық редакторында сурет салу
Page 9: Paint графикалық редакторында сурет салу

Құрал таңдап алу

Paint графиктік редакторында 16 құрал пайдаланылады. Олардың міндеттерін білу үшін маус нұсқағышын құралдың үстіне орналастыру керек. Сонда ішіне олардың міндеттері жазылған кішкене төртбұрыш шығады.

Page 10: Paint графикалық редакторында сурет салу

Графикалық редактордың мүмкіндіктері.

Графикалық редактордың мүмкіншілігінің көп екенін жеткізу және құрал-саймандарды тиісті орында қолдануға үйрену үшін мен осы жобамда сурет салу ерекшеліктерін, тәрбиелік мүмкіндіктерін ұштауды ойластырып отырмын. Сурет салу қолды жаттықтыруда адамның қиялын ұштауда таптырмайтын құрал-әдіс. Жұмыс жасау әр түрлі фигуралармен жұмыс жасау икемділігін, қолының жылдам қимылдауын, сызықтардың әдемі де айшықты болып сызылуын қалыптастырады.

Белгілі бір заңдылықтар жүйесінде жасалынған қисық сызықты және геометриялық фигуралар бейнесін белгілі бір тәсілге (стильге) келтіру арқылы алынған түрлі-түсті өрнекпен қандай да бір заттың әшекейленуі. Сурет салуды жетік үйрену үшін оның техникасын, әдістемелік жолдарын ғана білу жеткіліксіз. Ол үшін талмай сурет кескіндемелерін салып, күннен күнге тәжірибе жинақтап, тер тегуге тура келеді.

Page 11: Paint графикалық редакторында сурет салу

Кез-келген аспаптарды таңдау үшін соның белгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны шерту жеткілікті. Осыдан кейін таңдап алынған аспаптың бейнесі (белгісі) айқын түспен ерекшеленеді.

Аспаптар тақтасының төменгі жағында сызықтар қалыңдығын анықтайтын терезе орналасқан. Сызықтар қалыңдығын таңдап алған соң, соның көмегімен түзу сызықты, доғаларды, тіктөртбұрыштар мен эллипс контурларын сызуға болады. Сызықтың қалыңдығы сондай-ақ мыналарға да әсер етеді:- аэрозоль баллонының сиясының ені;- өшіргіш (ластик) ені;- бояуыш немесе қылқалам (кисть) ені.

Жұмыс аумағы - салынатын графикалық бейне орналаса алатын экранның тіктөртбұрышты ауданы (бөлігі). Егер де мөлшері жұмыс аумағынан да үлкен сурет салынса, онда терезе шеттерінде жылжу сызғыштары пайда болады. Олар экран бетінде жылжи отырып, бейненің кез келген бөлігін көруге мүмкіндік береді.

Page 12: Paint графикалық редакторында сурет салу
Page 13: Paint графикалық редакторында сурет салу

Түстер палитрасының көмегімен екі түрлі түс таңдауға болады: негізгі-бұл түстер біз сурет салатын түс және қосымша – бұл фон түсі. Программа іске қосылғанда сурет салатын түс –қара , фон түсі- ақ болып орнатылады.

Палитраның сол жағында айқасқан екі төртбұрыш орналасқан. Жоғарғысы сурет түсі, ол түстің үстінде маустың сол жағын басу арқылы таңдалады, төменгісі – фон түсі, ол түстің үстінде маустың оң жағын басу арқылы таңдалады.

Page 14: Paint графикалық редакторында сурет салу
Page 15: Paint графикалық редакторында сурет салу
Page 16: Paint графикалық редакторында сурет салу

Практикалық бөлімМақсаты:

Редактордың құрылымымен таныстыру, дұрыс пайдалана білу және командаларды орындай алу қызметін меңгеру;

Көрнекілігі:. компьютер, слайд, т.б.

Байланыс: Информатика сабағының технология пәнімен байланысы.

Жұмыстың барысы:

1. Компьютермен жұмыс жасау әрекеті:

2. Сурет салу әзірлеу кезендері;

3. Графикалық редактормен сурет салу.

Page 17: Paint графикалық редакторында сурет салу
Page 18: Paint графикалық редакторында сурет салу
Page 19: Paint графикалық редакторында сурет салу
Page 20: Paint графикалық редакторында сурет салу
Page 21: Paint графикалық редакторында сурет салу
Page 22: Paint графикалық редакторында сурет салу
Page 23: Paint графикалық редакторында сурет салу
Page 24: Paint графикалық редакторында сурет салу

Қорытынды Қорыта айтқанда сурет салу дәлдік, есеп, тендік, теңдеу, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, парасаттылық, жылулық, сұлулық, ойлылық, ақылдылық, зеректік, көңілге шабыт, шаттық ұялатады, ептілікке, іскерлікке, шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды, тәрбиелейді. Қазіргі кездегі информатиканы оқыту бағдарламаларының талаптарына сай техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану қажеттігі туындап отыр. Соған байланысты мен компьютерде өз бетімше ізденіп, зерттеу жұмысын жүргізе алуды, Сурет салу графикалық құралдарын пайдаланып келешекте көркемдеуші маман иесі бола аламын деген үміттемін.

• Келешекте осы ойымды әрі қарай дамытып, жаңадан бұдан да керемет суреттерді салып, Қазақстанның атын бүкіл әлемге жар етуді армандап, сол арманға жетуге бар күшімді саламын.

Page 25: Paint графикалық редакторында сурет салу

Пайдаланған әдебиеттер:•Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Даулетқұлов А.Б.

•Жаңа информациялық технологиялар. Алматы “ЖТИ” 2003 жыл.

•Ермеков Н., Стифутина Н. Алматы “Атамұра” 2003 жыл. Алматы

“Атамұра” 2007 жыл.

•Ермеков Н., Кузина Е., Крепп Л., Пилипенко С. Алматы “Атамұра” 2003

жыл. Дидактикалық материалдар.

•Энциклопедия.. “Алматы кітап” ЖШС. 2005 ж. Т.Х.Ғабитов,

И.Н.Тасмағанбетов, Р.Н.Нұрғали, И.С.Төлендиев, Ә.А.Асқаров, Ғ.Есім,

Б.Сағындықұлы.

•Щевчук Е.В., Кольева Н.С. Алматы “Мектеп” 2008 жыл. Информатика

негіздері №1, №3. 2008 жыл.

Page 26: Paint графикалық редакторында сурет салу

Назарларыңызға рахмет!