13
М.МӘМЕТОВА АТЫНДАҒЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ АШЫҚ САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ: PREZI.COM БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ПРЕЗЕНТАЦИЯ ЖАСАУ ПӘН МҰҒАЛІМІ: АУХАНОВА Л

Prezi.com бағдарламасымен презентация жасау

  • Upload
    -

  • View
    1.962

  • Download
    7

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: Prezi.com бағдарламасымен презентация жасау

М.МӘМЕТОВА АТЫНДАҒЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

АШЫҚ САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ: PREZI.COM БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ПРЕЗЕНТАЦИЯ ЖАСАУ

ПӘН МҰҒАЛІМІ: АУХАНОВА Л

ҚЫЗЫЛОРДА 2015 ЖЫЛ

«Бекітілді»

Page 2: Prezi.com бағдарламасымен презентация жасау

_______ __________ (қолы) (аты-жөні)

______________________ (күні)

Сабақтың технологиялық картасыІ блок «Мақсаттылық»

Пән атауы: Веб бағдарламалау және интернет технология

Мамандығы:1304000- «Есептеуіш техникасы және бағдарламалық қамсыздандыру»

Тобы: ЭЕТ-И-13 Күні: 16.10.2015 Оқытушының аты-жөні: Ауханова Лилия

Сабақтың тақырыбы: Prezi.com бағдарламасымен презентация жасауҚұзыреттілікті қалыптастырудағы сабақтың негізгі мақсаты:

Базалық оқушыларға веб сервистің көмегімен сызықтық емес құрылыммен мультимедиялық интерактивті презентацияларды құру,Prezi бағдарламасының артықшылығын көрсете отырып, бағдарламаның мүмкіндіктерімен таныстыру;

Кәсіптік Ақпараттық мәдениетке, кәсіби сауаттылыққа тәрбиелей отырып, болашақ мамандығына байланысты кәсіби бағыт беру, Prezi бағдарламасында жұмыс жасауды меңгерту;

Коммуникативтік Дербес компьютерді еркін қолдануды;Интернет желісін дұрыс пайдалануды;Prezi.com бағдарламасында жұмыс жасауды;

Проблеманы шешу

Prezi бағдарламасының мүкіндіктерін пайдалану:- Суреттер енгізу;- Аудио жазбалар енгізу;- Видео жазбалар енгізу;

Сабақтың міндеттері: Білімділік Prezi бағдаламасында презентация жасауТәрбиелік Нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге дағдыландыру, өз білімін пайдалану, өз көзқарасын білдіру, шешім қабылдау және ол үшін

жауапты болуДамытушылық есте сақтау қабілеттерін дамытып, қызығушылығын ояту, білім-білік дағдыларын қалыптастыру

Сабақтың типі: Жаңа білімСабақтың түрі: ЗертханалықОқытудың технологиясы: КОТ, ДСОТ, сұрақ-жауап әдісі, түсіндіре-баяндау әдісі, кері байланысБолжам етілетін нәтиже: интерактивті мультимедиялық презентациялар жасауҚалыптасатын Білім Білік Дағды

Prezi.com бағдарламасының мүмкіндіктері туралы білімдері қалыптасады

интерактивті мультимедиялық презентациялар жасаудың мүмкіндіктері

Prezi.com бағдарламасында сурет, аудио, видео жазбаларды енгізу жолдары

Пәнаралық байланыс: Компьютерлік технология, вет-технология, интернет құралдары ІІ блок «Сабақтың жабдықталуы»

Қолданылатын дидактикалық материалдар:

Таратпа материалдар

Негізгі әдебиеттер Қосымша әдебиеттер ОӘК

№18 зертханалық жұмыс

    Prezi.com сайты      http://dop.uchebalegko.ru/docs/index-4452.html?page=35

Веб бағдарламалау және интернет технология оқу-әдістемелік құрал

Қолданылатын техникалық құралдар: Интерактивті тақта, дербес компьютер, ноутбуктер

ІІІ Блок «Ұйымдастыру – рефлекциялық»

Page 3: Prezi.com бағдарламасымен презентация жасау

І. Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру, мотивация

Оқытушы іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті Күтілетін нәтиже Оқыту технологиясы

ІІ. Сабақтың тақырыбыМақсаттың қойылуы

-Оқушылармен сәлемдесу;-Аудитория тазалығын қадағалау;-Сабаққа қажетті құралдарын тексеру;-Сабаққа назарларын аударту;-Дәптер тексеру;-Электрондық оқулықтағы №1,4,6,7,11,12,14,16 тапсырмаларды орындай отырып, өткенді қайталау;-Интерактивті тақтаны пайдаланып оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру;-мультимедиялық интерактивті презентацияларды құру жолдары туралы толық түсіндіру;-Интерактивті тақтаның көмегімен   тақырыптар қоюды, аудио, видео, сурет қою жолдарын көрсету;

-Оқытушымен сәлемдесу;-Аудиторияны сабаққа дайындау;-Сабаққа дайындық жасау;-Сабаққа назарларын аудару;- Электрондық оқулықтағы №1,4,6,7,11,12,14,16 тапсырмалардың сұрақтарына жауап беру;-Оқушылар өзара қателерін жөндеу;-Оқушылар интерактивті тақтадан жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсінеді;- мультимедиялық интерактивті презентацияларды құру жолдары туралы толық мағлұмат алады;-Интерактивті тақтадан тақырыптар қоюды, аудио, видео, сурет қою жолдарын көріп түсінеді және жұмыс жасау жолын үйренеді;

-Аудитория сабаққа дайын;-Сабақ құралдары дайын;-Оқушылар сабаққа дайын.-Оқушылар өткен тақырыптар бойынша білімдерін еске түсіреді.-Тез әрі дұрыс жауап беруге үйренеді.-Жаңа сабақтың мақсаты мен міндеті айқындалады;- мультимедиялық интерактивті презентацияларды құру жолдары туралы толық түсінік болады;- Prezi.com бағдарламасымен презентация жасау жолдарын біледі;- Prezi.com бағдарламасында тақырыптар қоюды, аудио, видео, сурет қою жолдарын біледі;

КОТ, ДСОТ, сұрақ-жауап әдісі, түсіндіре-баяндау әдісі, кері байланыс

ІІІ. Білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыруға керекті білімдер

-№18 зертханалық жұмысты орындауға таратпалар беріледі;-Зертханалық жұмыстың мақсатын түсіндіреді;-Зертханалық жұмысты орындау барысында қолданылатын қажетті құрал-саймандарды көрсетеді;-Интерактивті тақтадан зертханалық жұмыстың бір тапсырмасын орындау жолын түсіндіріп көрсетеді;-Зертханалық жұмыста берілген тапсырмаларды жеке орындауға уақыт береді;-Зертханалық жұмыстарды бақылау, жеке дара кеңес беру жұмыстарын жасау;

-№18 зертханалық жұмысты орындауға таратпаларды алады;-Зертханалық жұмыстың мақсатын түсінеді;-Зертханалық жұмысты орындау барысында қолданылатын қажетті құрал-саймандарды нақтылайды;-Интерактивті тақтадан зертханалық жұмыстың бір тапсырмасын орындау жолын түсініп көреді;-Зертханалық жұмыста берілген тапсырмаларды жеке орындайды;-Зертханалық жұмысты орындау барысында қиындықтарды оқытушыдан кеңес алады;

-Prezi.com бағдарламасы туралы түсінік болады;- Prezi.com бағдарламасында презентация құруды біледі;- Prezi.com бағдарламасында тақырыптар қоюды, аудио, видео, сурет қою жолдарын біледі;

КОТ, ДСОТ, сұрақ-жауап әдісі, түсіндіре-баяндау әдісі, кері байланыс, иллюстрация, ой қозғау

ІҮ. Алған білімді бекіту -Зертханалық жұмыстарды тексеру;-Зертханалық жұмысты орындалу барысын сұрау;-Қателерін анықтау және жөндеу

-Зертханалық жұмыстың орындалуын түсіндіреді;-Кеткен қателіктерін анықтайды, талдайды және жөндеу жұмыстарын жасайды;

-Оқушылар орындаған зертханалық жұмыстың нәтижесін көреді;-Жіберген қателіктерін ескеріп, қорытынды жасай алады;-Сабақ барысында көрсеткен белсенділігі мен

КОТ, ДСОТ, сұрақ-жауап әдісі, түсіндіре-баяндау әдісі, кері байланыс, иллюстрация, ой

Page 4: Prezi.com бағдарламасымен презентация жасау

жұмыстарын жасату;-Жасалған жұмыстың нәтижесі бойынша қосымша тапсырма беру;

-Жасалған жұмыстың нәтижесі бойынша қосымша тапсырманың нәтижесін береді.

жұмыстың нәтижелері, қосымша тапсырманы орындағаны бойынша бағаланады.

қозғау

Ү. Білімді бақылау, бағалау

-Жасалған зертханалық жұмыстарын тексеру;-Зертханалық жұмыстар бойынша қосымша сұрақтар беріледі;-Бағалау парағына әрбір кезең бойынша белгі қою арқылы бағаланады

-Жасалған зертханалық жұмыстарын көрсетіп, бағалау парағына белгі қойылады;-Оқушылар өтілген тақырып бойынша теориялық сұрақтарға жауап береді;-Зертханалық жұмыстар бойынша қосымша сұрақтарға жауап береді;-Бағалау парағына түскен белгілер бойынша бағаланады

-Оқушылар орындаған зертханалық жұмыстың нәтижесін көреді;-Жіберген қателіктерін ескеріп, қорытынды жасай алады;-Сабақ барысында көрсеткен белсенділігі мен жұмыстың нәтижелері, қосымша сұраққа жауап беру арқылы бағаланады

КОТ, ДСОТ, сұрақ-жауап әдісі, түсіндіре-баяндау әдісі, кері байланыс, иллюстрация, ой қозғау

ҮІ. Қорытынды

ҮІІ. Үй тапсырмасын беру

Теориялық тапсырма: Prezi.com бағдарламасында сызықтық емес құрылыммен мультимедиялық интерактивті презентацияларды құру (СӨЖ)Шығармашылық тапсырма: «Менің отбасым» тақырыбында презентация құру

І. Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру, мотивация 1.1.Өткенді қайталау: «Информатика, 11 сынып» электронды оқулығындағы тапсырмалар арқылы оқушылар өткен тақырыптар бойынша білімдерін тексеру (бағалау парағына белгі соғу):

Page 5: Prezi.com бағдарламасымен презентация жасау
Page 6: Prezi.com бағдарламасымен презентация жасау

ІІ. Сабақтың тақырыбы. Мақсаттың қойылуы:- Prezi.com бағдарламасы туралы толық түсіндіру;- Prezi.com бағдарламасында презентация құруды үйрету;- Prezi.com бағдарламасында тақырыптар қоюды, аудио, видео, сурет қою жолдарын үйрету;

Prezi.com — бұл веб-сервис, осы веб сервистің көмегімен сызықтық емес құрылыммен мультимедиялық интерактивті презентацияларды құруға болады. Веб-сервисте мультимедиялық материалды өңдеу үшін Prezi.com сайтында тіркеуден өту керек. Тіркелген соң, презентациялық үлгінің біреуі таңдалып, материал өңделеді. Таңдау беті келесідей кескіннен тұрады. (Сурет 1)

Сурет 1. Prezi презентациялық үлгіні таңдау бет

Page 7: Prezi.com бағдарламасымен презентация жасау

Презентациялық бет таңдалғаннан соң, беттің қажет деп табылған бөлігіне мультимедиялық материал орнатудан бастаймыз. Төмендегі суретте мәтін өңдеу құралының көмегімен мәтінді теріп, мәтінге қажетте барлық параметрлерді орнатамыз. Көрсетілген пиктограммалардың көмегімен мәтінге қажет деп табылған параметрлер қойылады. (Сурет 2)

 

Сурет 2. Мәтінді теру және мәтінге параметрлер орнату беті

Prezi веб-сервисінің меню жолы үш топқа бөлінеді. 1.  Фреймдер орнату беті2.  Аудио, видео, сурет кою беті3.  Тақырыптар қою бетіОсы үш менюдің көмегімен презентациялық материалдың интерфейсін, дизайнын жақсартуға болады.1. Фреймдер орнату менюінің көмегімен презентациялық беттерді құрылымға бөлуге, мазмұны жағынан, логикалық құрылымы бойынша топтастыруға болады. (Сурет 3)

 

Сурет 3. Фреймдерді орнату менюі

2. Көмегімен материалға аудио, видео, сурет, диаграмма, Power Point материалын қоюға болады. (Сурет 4)

 

Page 8: Prezi.com бағдарламасымен презентация жасау

Сурет 4. Аудио, видео, сурет кою беті

 3. Тақырыптар қою менюінің көмегімен байланыстырушы құралдарды, тақырыптарды мазмұнына қарай топтастырып қолдануға болады

Сурет 5. Тақырыптар қою беті

 Презентациялық материал құрылымы мен интерфейсі дайын болған соң, файлды сақтау, толық рәсімдеу қажет етіледі. Ол келесі батырмасының көмегімен орындалады.

(Сурет 6.)

Page 9: Prezi.com бағдарламасымен презентация жасау

Сурет 6. Файлды экспорттау

Дайын болған презентацияларды белгілері арқылы мазмұнымен, байланыстырып, топтастыруға болады.Презентацияларды құру барысында дигараммалар қолдану үшін дайын дигараммалар үлгілері ұсынылады. Диаграмма үлгісі таңдалғаннан кейін диагармма бөліктерін ақпаратпен толтыру қажет етіледі. (Сурет 7.)

Сурет 7. Диагарммалар құру беті

Page 10: Prezi.com бағдарламасымен презентация жасау

Өзіндік жұмыс тапсырмаларының тақырыптары:

1. Қызылорда туған жерім2. Қазақ хандығына 550 жыл3. Отбасы-тәрбие бастауы4. Ана- өмір шырағы5. Ел айбыны - рәміздер6. Наурыз-жыл басы7. 1- қыркүйек білім күні8. Ер есімі-ел есінде9. Ұстаз-ұлағатты тұлға10.Спорт-денсаулық кепілі11.Қазақстан Ассамблеясына 20 жыл12. Арайлытаңдай сұлу Астана!13. Менің Қазақстаным!

ІҮ. Алған білімді бекіту

Зертханалық жұмыстың орындалуы бойынша қосымша тапсырмалар беру:1.аудио жазба енгізіңіз2.видео жазба енгізіңіз 3. фреймдер қойыңыз

Ү. Білімді бақылау, бағалауБағалау парағы арқылы бағалау

ҮІ. ҚорытындыСұрақ-жауап:1. Prezi бағдарламасының PowerPoint бағдарламасынан айырмашылығы қандай?2. Аудио жазбаларды енгізу жолдарын атаңыз?3. Видео жазбаларды енгізу жолдарын атаңыз?4. Сурет қою жолдары атаңыз?5. Фреймдерді енгізу жолдары?

ҮІІ. Үй тапсырмасын беруТеориялық тапсырма: Prezi.com бағдарламасында сызықтық емес құрылыммен мультимедиялық интерактивті презентацияларды құру (СӨЖ)Шығармашылық тапсырма: «Менің отбасым» тақырыбында презентация құру

Page 11: Prezi.com бағдарламасымен презентация жасау