11
«Арайлы» балабақшасы Ерте жастағы балалардың сенсорлық қабілетін дамыту (Тәрбиешілерге кеңес) Дайындаған: Жүсіпбекова.Р.М

сенсорлық тәрбиенің мәні

  • Upload
    -

  • View
    67

  • Download
    3

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: сенсорлық  тәрбиенің  мәні

«Арайлы» балабақшасы

Ерте жастағы балалардың сенсорлық қабілетін дамыту

(Тәрбиешілерге кеңес)

Дайындаған: Жүсіпбекова.Р.М

Зеренді селосы 2016 жыл

«Ерте жастағы балалардың сенсорлық қабілетін дамыту».

Page 2: сенсорлық  тәрбиенің  мәні

Мақсаты: Балаларды заттардың сенсорлық қасиеттеріне зейіндерін аударуға үйрету, біркелкі нысаналардың көлемі, пішіні, түсі бойынша ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаудың қарапайым жолдарын қалыптастыру, заттардың ерекше қасиеті ретінде түсті, көлемді, пішінді атап көрсете білуге үйрету. Баланың сенсорлық саласын кеңейту, қабылдауын, назары мен пәндік – манипуляциялық іс - әрекетін дамыту. Зат құралдарымен әрекет жасауларын, ұсақ қол моторикасын дамыту. Заттардың ерекше қасиеті ретінде түсті, көлемді, пішінді атап көрсете білуге тәрбиелеу.

Міндеті: Ұсақ қол қимылдарын, құрал – жабдықты, заттармен іс- әрекетті, бекітілген әлеуметтік тәжірбиелерін дамыту. Заттардың түсі, пішіні, өлшемі мен басқа да қасиеттерін бағдарлауын қалыптастыру, құрал – жабдықты қолдану барысында ойлау қабілеттерін дамыту. Балалардың талабы мен әуестігін, түрлі заттармен әрекет ету ниеттерін мадақтау.

Сенсорлық тәрбиенің мәні

Page 3: сенсорлық  тәрбиенің  мәні

Ұрпақ тәрбиесін жаңа құндылықтар негізінде жетілдіру – қоғам алдында тұрған ауқымды істердің бірі, сол себепті де мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ақыл-ойын дамытуда жаңа көзқарастар негізінде талдау – кезек күттірмейтін іс. Баланың алғашқы бес-алты жас кезеңі оның дамуындағы ең жауапты кезең, себебі осы кезде баланың ақыл-ой қабілеттері, сенсорлық дамуы, эстетикалық сезімдері қалыптасады. Бала тұлғасының мұндай қасиеттері қызық -ты да мазмұнды сабақ, еңбек және ойын әрекетінде қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі баланың бойына ақыл-ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл-ой еңбек мәдениетін дарыту ең алдымен балаға сенсорлық тәрбие беруден бастау алады. Мектепке дейінгі педагогика тарихының әр түрлі даму кезеңдерінде бұл мәселе бойынша көптеген ғалымдар Я.А.Коменский, Ф.Фребель, М.Монтессори, О.Декроли, Е.И.Тихеева және т.б. балаларды заттардың қасиеттері мен ерекшеліктерін таныстыратын әр түрлі дидактикалық ойындар мен жаттығуларды жасады. Мектепке дейінгі балаларға сенсорлық тәрбие беру, заттардың формасын, түсін, көлемі мен басқа да ерекшеліктері мен қатынас- тарын зерттеуге бағытталған қабылдау әрекеттерінің нәтижесінде қалыптасқан кез келген түсініктер, келешекте кейіп мәніне айналуы қажет. Біздің алды -мызда үш жасар бала делік. Бұл - өзінің ерекше ішкі дүниесі, өзіндік тілегі, әдеті, талғамы бар, көп жағдайда өз дербестігін көрсетіп, оны табандылықпен сақтай алатын адам. Ол жүруді, қол сілтеп әр түрлі қимыл жасауды ғана емес, сонымен бірге киім -дерді, ыдыс-аяқты, басқа да көптеген заттарды қолдану тәсілдерін де игереді, яғни сәбидің сенсорлық дамуының қарқынды кезеңі басталады. Сенсорлық даму ақыл -ой тәрбиесінің негізі – сенсорлық тәрбие арқылы жүзеге асады. Ол баланың сезімдік тәжірибесінің дамуын және баюын қамтамасыз етеді, заттар-дың қасиеті мен сапасы туралы түсінігін қалыптастырады. Сенсорлық тәрбие дегеніміз – бұл түйсік пен қабылдаудың дұрыс бағытта дамуы. «Сенсор» сөзі латынның «Sensus» - «сезім», «түйсік», «қабылдау», «түйсіну қабілеті» деген сөздерінен шыққан. Дүниені тану түйсінуден, қабылдаудан басталады. Түйсігі мен қабылдауы мол адамның қоршаған дүние жайлы көзқарасы кең, жан-жақты келеді. Сөйтіп, баланың сенсорлық мәдениті, оның түйсігі мен қабылдауының даму деңгейі ойдағыдай дамыған таным қызметінің алғышарты болып табылады. Сенсорлық бейімделу – организмнің сыртқы ортаның әр түрлі жағдайына бейімделу қабілеттілігі. Сенсорлық тәрбиеге екі ұғым кіреді:зер салып ойлау және ақыл-ой күштеріПсигологиялық тұрғыдан қарастырар болсақ, ойлау деп заттар мен құбылыстардың арасындағы табиғи байланыстарды және қатынастарды бейнелейтін психикалық процесті айтады.Ол білмеуден білуге қарай бағытталған ой қозғалысының адам миында бейнеленуі. Ой- түйсіну, қабылдау, елестеуден алынған сезімдік деректердің адам миы арқылы өңделуі, мәнге айналуы. Ойлау - барлық адамдарға тән туында түсінік. Жеке адам даму процесінде тәрбиеге қоятын міндеттерге сай жедел дамитын ойлаудың нақты

Page 4: сенсорлық  тәрбиенің  мәні

жақтарын немесе түрлерін қалыптастырады. Тәрбиешінің міндеті ойлау түрлерінің мәнін терең түсінуі, оларды тұтас педагогикалық процесте шебер қолдана білуі, балалардың ақыл - ой қабілетінің дамуына әсер ету тәсілдерімен жеке зерттеуі қажет. Ойын - балалар үшін оқу да , еңбете .В.Сухамлинский «Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес.Ол дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын -ұшқын білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты», -деген ой айтқан. Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық дамуын қалыптастыруда қол -данып жүрген танымдық ойындарды іс - тәжирбе ретінде ұсынамын. Психолог -тар баланың сенсорлық қабілетін дамытуда зейін үлкен қызмет атқарады деп санайды. Зейін қойып тыңдау - дұрыс ұғуды түсінуді қамтамасыз ететін фактор- лардың бірі. Ол туралы психолог Қ.Жарықбаев былай деген: «Адамға тән әрекетінің кез келген түрінде зейін орын алмаса , оның нәтижелі болуы мүмкін емес. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз - айналадағы объекті- лердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу». Бұдан баланың сенсорлық қабілетін дамытуда баланың зейінін тәрбелеуді ойын арқылы ұйымдастырудың маңызы зор деген қорытындаға келуге болады. Сенсорлық даму – бұл бала жасына, тәжірибесінің молаюы мен тәрбиелік ықпалдарының әсеріне байланысты ойлау әрекетінде пайда болатын сан және сапалық өзгерістердің жиынтығы. Мектепке дейінгі шақта білімнің қорлануы шапшаң қарқынмен жүреді. Таным процестері жетіледі, бала сенсорлық әре-кеттің қарапайым әдістерін меңгереді. Баланың сенсорлық дамуын қамтамасыз ету оның барлық кейінгі іс-әрекеті үшін зор маңызы бар. Сенсорлық дамыту әлеуметтік ортаның ықпалымен жүзеге асырылады. Ол айналадағылармен араласу барысында тілді қарым – қатынас құралы ретінде пайдаланып, соны -мен бірге қалыптасқан ұғымдар жүйесін игереді. Сенсорлық тәрбиені неғұрлым тиімді оқыту мен тәрбиелеу негізінде жүзеге асырылады. Қазіргі педагогика ғылыми ақыл – ой дамуының негізгі көрсеткіштері – білімдер жүйесін игеру, олардың қорын жинау, шығармашылық ойды дамыту және жаңа білімдер алуға танымдық қызмет әдістерін меңгереді деп есептейді. Сенсорлық тәрбие – адамның таным қабілетін дамытып, білім қорын игеруіне жол ашатын тәлім – тәрбиенің негізгі бір саласы. Сенсорлық тәрбие арқылы балалардың оқып, білім алуына іс-әрекетін бағыттау – сана - сезімінің дамуына, ғылыми негіздерін меңгеруіне бағыт – бағдар бере отырып, жеке тұлғаны қоғамның өркениетті даму бағытына сай жан – жақты тәрбиелеудің құрамды бөліктерінің бірі. Сенсорлық тәрбие – тұлғаның жан – жақты дамуының негізі. Сенсорлық даму еңбек өнімділігін арттыруға, еңбектің шығармашылығына зор ықпал жасайды. Ең бастысы, ол ғылым мен техниканың, мәдениттің жедел дамуының қайнар бұлағы екендігін үнемі есте ұстағанымыз жөн. Мамандардың айтуы бойынша, балалардың сенсорлық дамуы - олардың айналасындағы заттарды алдымен сыртқы қасиеттеріне, яғни заттың түсіне,

Page 5: сенсорлық  тәрбиенің  мәні

пішініне, көлеміне, дәміне, иісіне қарай қабылдауы. Мектеп жасына дейінгі кезең – балалардың сезу мүшелерін дамытуға ең қолайлы шақ. Үш – төрт жастағы баланы сенсорлық тәрбиелеуде оның көру, есту, дәм сезу секілді қабілеттерін күшейту үшін оның түрлі ақпарат алуына жағдай туғызу қажет. Осылайша сезім мүшелеріне әсер ету арқылы баланың миының жұмысы жақсарады. Сонымен сенсорлық тәрбие барысында сәбидің жалпы әлемді сезіне білуіне, болашақта өзін қоршаған орта туралы толыққанды ақпарат алуына оң әсерін тигізеді. Бүгінде педагогикалық тәжірибе сенсорлық тәрбие кеңінен қолдануда. Айталық 2-3 жастағы бала түстерді ажырата білуі үшін оған негізгі жеті түстің біріне ғана боялған заттарды көрсету керек. Бала сенсорлық тәрбиеде біршама жетістікке жете бастаса, жаттығуларды күрделендіре түсуге болады. Жаттығулар, ойындар өте қызықты болуы шарт. Ерте балалық шақ – балалардың дене мүшелерінің және жүйелердің әсіресе ми функциясының дамуының ерекше кезеңі. Бас ми қабығының функция- сы тұқымдық бойынша тіркелгенмеген, олар қоршаған ортаның ағзаларымен өзара қарым – қатынас жасау нәтижесінде дамитыны дәлелденген. Қазіргі кездегі балада, дене түйсігі арқылы, есту сезімдерінде кемшіліктер бар. Яғни ол қоршаған әлемді сызықты, бір жақты қабылдауы мүмкін. Сондықтанда сенсорлы жүйе сандары қаншалықты көп, баланың тәрбие және оқыту үрдісіне араласса, оның дамуы жоғары және тиімді жүреді. Қазіргі өмірдің технологиясы балалардың сенсорлы тәжірбиесін дефицитін құрап, оны визуальді және виртуальді образдар ауыстырған. Балабақшадағы бала алғашқы жылынан бастап айналасына қарап, заттарды, суреттерді көріп таңданады. Баланың бойында бір нәрсені көруге, білуге, үйренуге деген сезім пайда болады. Осы сезімді әрі қарай дамытып ұштастыра білуіміз керек . Ерте жастағы ( 3 жасқа дейінгі) сенсорлық тәрбие - тәрбиенің негізі болып саналады. Осы орайда профессор Н.И.Шелованов (ерте жасты) - сенсорлық тәрбиенің (алтын шағы) деп атады. Баланың өсуі мен дамуы үшін сенсор-лық тәрбиенің маңызы зор, орны ерекше. Сенсорлық тәрбиені таңертеңгі қабылдаудан бастап күн тәртібі бойынша жүзеге асыру қажет. Ал серуен кезінде табиғат құбылыстарына, олардың қасиеттеріне көңіл аударуға болады. Түскі тамақ кезінде, «тамақ ыстық, сусын дәмді, тосап тәтті екен» - деп үнемі қарапайым сөздермен тәрбиелеу қажет. Нәтижесінде бұл жастағы балалар балабақшаға тез үйреніп , өздерін еркін сезінеді. Біртіндеп баланың жас ерекшеліктеріне қарай дидактикалық ойындар арқылы іске асырылады («Не жоқ?», «Ненің дауысы?», «Түсіне қарай тап?» т.б) Ойындар арқылы сабырсыз, ашуланшақ, өзімшіл, ұялшақ, жасқаншақ балаларды байсалды, сабырлы, көпшілікпен бөлісуге, өз ойын еркін айтуға үйретуге болады . Ата- аналар үйде балалардың киімінің түсіне немесе жеген жеміс – жидектерінің көлемі мен түсіне және дәміне, ішкен тамағының ыстық немесе салқын қасиеттеріне баланың көңілін аудару арқылы сезім мүшелерінің дұрыс дамуына ат салысу қажет. Бұған немқұрайлылық танытуға болмайды . Өйткені баланың

Page 6: сенсорлық  тәрбиенің  мәні

ақылды, парасатты, сабырлы, тияанақты және денсаулығының дұрыс болуы бірден - бір сенсорлық тәрбиенің дұрыс қалыптасуына байланысты . Сөзімді қорта келе, сенсорлық тәрбие балабақшадағы барлық сабақтармен тәрбие жұмысының дұрыс қалыптасуының бірден-бір құралы деп білемін. Құрметті ата-аналар әріптестер жас бүлдіршіндердің денсаулығы зор, ой -өрісі жақсы дамыған азамат болуы үшін баланың сәби шағынан бастап сенсорлық тәрбиені қолға алайық.

Page 7: сенсорлық  тәрбиенің  мәні