48
ТҮРКІСТАН МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ 7 МЕЙІРБИКЕ ІСІ ЖӘНЕ ТУЫСТАС ПӘНДЕР ЦИКЛДІК ӘДІСТЕМЕЛІК КОМИССИЯСЫ «МЕДБИЛІК ІСІ НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІНЕН ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ Бөлім 5 Реабилитология негіздері Тақырып 5.3.1 Неврологиядағы реабилитация. Инсульт, жұлын жарақаттарындағы реабилитация. Мамандығы : 0302000 - «Медбикелік іс» Біліктілігі: 0302033 – «Жалпы практикадағы медбике» Курс: 3 Семестр:

реабилитация онлаин урок

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: реабилитация онлаин урок

ТҮРКІСТАН МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

№7 МЕЙІРБИКЕ ІСІ ЖӘНЕ ТУЫСТАС ПӘНДЕРЦИКЛДІК ӘДІСТЕМЕЛІК КОМИССИЯСЫ

«МЕДБИЛІК ІСІ НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІНЕН ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ

Бөлім 5Реабилитология негіздеріТақырып 5.3.1Неврологиядағы реабилитация. Инсульт, жұлын жарақаттарындағы реабилитация.

Мамандығы : 0302000 - «Медбикелік іс»Біліктілігі: 0302033 – «Жалпы практикадағы медбике»Курс: 3Семестр: VІ

Әзірлеген «Медбикелік ісі негіздері» пәнінің оқытушысы: Бабаханова Г. А. 2 № 7 Мейірбике ісі және туыстас пәндер циклдік әдістемелік комиссиясының мәжілісінде талқыланып бекітуге ұсынылған. Хаттама №_____ ______________ 2016 жылЦӘК төрайымы ____________ Бабаханова Г. А.

Page 2: реабилитация онлаин урок

Сабақтың тақырыбы: Неврологиядағы реабилитация. ОЖЖ жарақаттарындағы реабилитация. Сабақтың түрі: тәжірибелік сабақ Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар :TBL (team-based learning–кіші топтарда оқыту), Web-квест (Web-Quest) технология, симуляциялық технологиялар.

Белгіленген технологияларды іске асыру әдістері :Әдістер Негізгі мақсаты Тәсілдер Мотивация

1. Проблема-лық баяндау

Зерттелетін оқу материа-лында әр түрлі проблема-ларды ашып беру, олардың шешу жолдарын көрсету

Проблеманы қою, анализ, себеб-салдарын анықтау

Өзіндік ойлауды, жылдамдылықты, шығармашылықты дамытуға ықпал етеді.

2. Зерттеуші-лік

Студенттерді проблема-ларды өзіндік дайындауға және шешуге біртіндеп даярлау, ақпаратты теория-лық және тәжірибелік жи-нау кезінде шығармашы-лық, өзіндік жасау, жарату ықыласын арттыруға ба-ғытталған тапсырмалар беру.

Эвристикалық әңгімелесу, топта талқылау, дәлелдеу, салыстыру, жалпылау.

Өзіндік ойлауды, әр бір жұмысқа шығармашылықпен жанасуды дамытады.

3.Глоссарлы оқыту әдісі

Негізгі түсініктерді, тер-миндерді жалпылау, есте сақтау, ассоциативты есте с ақтауды дамыту.

Ақпаратты талдау, жалпылау, термин, түсініктерге анықтама беру.

Есте сақтау дамиды, ақпаратты талдау, жалпылау, гипотеза құру қабілеті қалып-тасады.

4. Пәндік-тіл-дік біріктіріл-ген оқыту әдісі - CLIL

Ақпаратты, сабақты игеру барысында екінші, үшінші тілді меңгеру (орыс, ағылшын тілдері)

Үй тапсырмасында берілген Интернет сайттарындағы орыс тіліндегі ақпараттар-ды игеру, қазақша түсіндіріп демон-страциялау; кейбір медициналық тер-миндерді ағылшын тілінде айту.

«Тілдердің үштұғырлығы» мəдени жобасын жүзеге асыру

5. Құзырет-тілік оқыту әдісі

Әр түрлі мәселелерді шеше алу қабілеті

Дайын ақпаратты игеру емес, студент алдынға қойылған мәселелерді шешу үшін өздігінше ақпа-ратты іздеуі, зерттеу-шілік бағытта жұмыс істеуі.

Құзыреттілік жанасудың ең негізгі мақсаты: болашақ маманның ақпараттануы емес, оның мәселелерді шеше алу қабілеті дамиды.

6. Кәсіптік-бағытталған оқыту әдісі

Дидактика, психология, ин-форматика, медицинаның реабилитология салалары-ның ең соңғы жетістіктерін қолдану, оқыту мазмұны-ның ақпараттық сыйымды-лығын жоғарлату

Интернет сайттары-нан реабилитология саласындағы соңғы жаңалықтарымен танысу, реабилита-ция әдістерін игеру.

Оқу үрдісінің оқу-әдістемелік жабдықталуы, студенттердің жоғары ойлау белсенділігін қамтамасыз ету.

7. Алгоритм-дік оқыту әдісі

Тәжірибелік іс-әрекеттерді орындау және кейбір

Студенттерге жан-жақты нұсқамалық

Дидактикалық материалды (үлгі,

Page 3: реабилитация онлаин урок

зерттеушілік қызмет түрін жүзеге асыру

(инструктаж) беру; тапсырмаларды орындау үлгілерін көрсету, алгоритм-дерді қатаң сақтауын қадағалау, бағалау.

алгоритм) құрастыру; жаңа алгоритм іздестіруді ұсыну.

8. Анимация-ланған сор-бонка әдісі

Оқу материалының кейбір элементтеріне студенттердің зейінін шоғырландыру; сабақты пысықтау.

Сұрақ-жауаптар жазылған анимация-ланған сорбонкалар дайындалып, студент-тер сұрақтарға жауап беріп білімін тексереді

Студентерде қызығу-шылық ояту, есте сақ-тауды күшейту; өтіл-ген тақырыпты пы-сықтауға кететін уақытты үнемдеу; өзіндік бақылау, өзін-дік тексеру, өзара бақылау білік-терін қалыптастыру.

9. Кластер құрастыру

Ақпаратпен жұмыс істей алу, талдау жүргізу; негізгі түсініктерді анықтау.

Берілген тапсырма-ларға сай кластер құрастыру, оқытушы-ның сұрақтарына жауап бере алу

Ақпараттық сауатты-лықты көтеру, күрде-лілігі әр түрлі деңгей-дегі кез-келген ақпа-ратпен жұмыс істеуде өзіндік аналитикалық және бағалау жұмыс-тарын жүргізу қабілеттерін дамыту.

Білімділік : І деңгей. Инсульт, бас ми және жұлын жарақаттары туралы түсінік беру; себептерін, кли-никалық көріністерін түсіндіру; инсульт кезінде, бас миының және жұлын жарақатының асқынуынан пайда болатын омыртқа жотасының зақымдануы кезіндегі ребилитация ке-зендері туралы мәлімет беру. Күтім ерекшеліктерін түсіндіру.Асқынулар туралы статистикалық мәліметер келтіру.ІІ деңгей . Инсульт, бас ми және жұлын жарақаттарында пациенттерге күтім жасауды, оңалту шараларын, асқынулардың алдын алуды үйрету. Күтім дағдыларын орындау техникасы, пациенттің және өзіндік қауіпсіздік ережелері бойынша білім және біліктіліктерін пысықтау. ІІІ деңгей. Неврологиялық пациенттерге күтім жасау және оңалту жүргізумен байланысты болған науқастың мәселелерін анықтау, мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру. Болашақ кәсіптік қызметте медбикеге қажет болған тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру. Дамытушылық:

- студенттерде манипуляцияларды ұқыптылықпен, жауапкершілікпен, дәлділікпен орындауды қалыптастыру;

- пәнішілік, пәнаралық байланыс жасай алу қабілетін дамыту.Тәрбиелік:

- стандарттар, алгоритмдермен жұмыс істей алу, пациенттің өміріне жауапкершілікті түсіну, өз тәртібін талдай алу сияқты маңызды тұлғалық-кәсіптік қасиеттерді дамыту;

- өз кәсібінің әлеуметтік маңыздылығын түсіну, мамандығына тұрақты қызығушылық таныту;

- кәсіптік міндеттерді тиімді орындауға қажетті болған ақпарат іздеуді жүзеге асыру; командада жұмыс істеу, әріптестерімен, басшылықпен тиімді қарым-қатынас жасауды тәрбиелеу.

Page 4: реабилитация онлаин урок

Студент білуі керек: - неврологиялық науқастардың негізгі және потенциалды мәселелерін;- қауіп факторы және инсульттің пайда болуының тікелей себептерін;- пациенттің мәселесін анықтау қағидаларын;- емделоушінің ми қанайналымының бұзылуы кезінде басым, қазіргі және потенциалды

мәселелерді ескере ортырып, медбикелік күтімді жасау ерекшеліктерін;- біріншілік оңалту шараларын;

Істей алуы қажет: - пациенттің өзімен және оның туыстарымен әңгімелесуді;- пациенттің қозғалмалылығы бұзылуына алып келетін түрлі аурулармен, мидың қан

айналымының бұзылуының асқынған түрімен байланысты жағдайларда медбикелік үрдісті ұйымдастыру мен күтімді жүзеге асыруды;

- медбикелік күтім сапасын бағалауды;- пациентті және оның туыстарын күту мен өзін-өзі күту әдістерін үйретуді;

Неврологиядағы реабилитация. ОЖЖ жарақаттарындағы

реабилитация

Асептика және антисептика

Аурухана ішілік инфекция мәселелері

Зарарсыздандыру және залалсыздандыру

Медициналық этика және деонтология

Пациенттерді жасанды тамақтандыру.

Науқастың функционалдық жағдайын бақылау

Медбикелік үрдіс

Жеке бас тазалығы. Ойылудың алдын алу.

Дене биомеханикасы. Медициналық эргономика. Қосалқы

заттар, көтеретін құралдар.

Пациенттің төсектегі қалыптары

Page 5: реабилитация онлаин урок

Жүйке жүйесі, Бас ми, жұлын құрылысы. Вегетатив жүйке жүйесі. Бас ми нервтері

Қалыпты физиология

Сыртқы ортада кең таралған патогенді микроорганизмдер

Дәрілерді енгізу жолдары. Инъекцияға арналған дәрілік

формалар.

Неврологиялық терминдер. Рецепт жазу

Жасуша мен тіндердің зақымдануы. Қан айналым бұзылулары.

Инфаркт. Инсульт.

Жүйке жүйесі физиологиясы. Бас ми, жұлын қызметтері; қозғалғыш және сезімтал өткізгіш жолдар.

Фармакология

Латын тілі

Патологиялық анатомия

Микробиология және вирусология

Қалыпты анатомия

Page 6: реабилитация онлаин урок

Уақыты : 180 мин.

Сабақтың жабдықталуы : Көрнекіліктер: Фантомдар : науқастарға күтім жасау дағдыларын бекітуге арналған робот-симулятор Халл, Сьюзи; Сабақты жүргізуге қажет заттар: пациенттерді қозғалтуға арналған эргономиялық заттар; балдақтар; таяқтар, арба; пациентке арналған эрнгономиялық киім; параллель брусья, жүруге арналған баспалдақ; эрготерапия, кинезотерапия жүргізуге арналған заттар.

Үлестірме материалдар : Тесттер, тапсырмалар.Техникалық оқу құралдары : Мультимедиалық кешендер : (Интерактивті тақта, телевизор, ДVД ).Сабақ барысында қолданылатын оқу-әдістемелік құралдар :

Негізгі әдебиет :1. Муратбекова С.К. «Основы сестринского дела» - Кокшетау, 2012г 2. Нурманова М.Ш. және т.б. Сборник стандартов сестринских технологий по дисциплине

«Основы сестринского дела» г. Алматы «Sunnur» ТОО, 2011 г.

Атеросклероз, гипертония ауруы кезінде медбикелік үрдісті

ұйымдастыру. Пневмониялар кезінде күтім жасау.

Педиатриядағы медбикелік күтім

Жедел бас ми қан айналым бұзылыстары. Инсульттар. Жұлынның жарақаттары.

Тромбофлебиттер.

ДЦП. Хромосомды аурулар. Даун синдромы.

Хирургия және реанимациядағы медбикелік күтім

Неврологиядағы медбикелік күтім

Терапиядағы медбикелік күтім

Медициналық психологияПсихогигиена, психопрофилактика, психотерапия. Соматогения, психо-гения, ятрогения туралы түсінік.

Page 7: реабилитация онлаин урок

Қосымша әдебиет:3. Г. А. Бабаханова Медбикелік ісі негіздері. Оқу құралы. ІІ –бөлім., 2015ж.

Сабақты екі технологиямен өту жоспарланған: яғни TBL (team based learning–кіші топтарда оқыту) және Web-квест (Web-Quest) технологиясы.

Қазіргі таңда әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты технология деп TBL саналады. TBL (team based learning–кіші топтарда оқыту) әдісі – студентте топта жұмыс істеу дағдысын дамытуға мүмкіндік беретін оқытудың топтық әдіс. Бұл топтық бағыттап оқыту әдістерінің басты ерекшелігі: әр студенттің қабілетін, дарынын дамыту, ұжымдағы әрбір мүшені оқыту және әркімге ортақ жұмыстағы бір-бірінің көмегі, ізгілік пен ынтымақтастық болып табылады. Топта бағыттап оқыту әдістерінде оқытушы мен студенттің іс-әрекеті алмасып отырады. Оқытушының іс-әрекетін, қызметін ұжым атқарады. Яғни жаңа білімді меңгерту, тапсырмаларды орындауда, бір-бірінің жұмыстарын саралап, бағалауда, талдауда өздері жетекшілік етеді. Оқытушы ұйымдастырушы, ақыл кеңесші рөлін атқарады. Топта оқыту кезінде топтың әрбір мүшесіне мынадай талаптар қойылады:

жеке өз бетінше оқуы тиіс; тақырып бойынша жеке тест орындауы тиіс; топ үшін жауапты болу қажет, әрқашан дайындықпен келу керек, себебі топтың ұпайы

әрбір студенттің дайындық деңгейіне байланысты болады;Бұл әдіс медик студенттердің зерттеу жүргізуін, топта жұмыс істеуін, өздерінің білімдері мен дағдыларын тәжірибеде қолдануын дамытуға мүмкіндік береді.

Web-Quest-студенттердің танымдық, зерттеушілік қабілетін дамытуға бағытталған әдіс болып, ақпараттың басым бөлігі интернет қорынан алынады. Алғаш рет «веб-квест» (Web-Quest) терминін 1995 жылда Сан-Диего (АҚШ) университетінің профессоры Берни Додж (Bernie Dodge) ұсынды.

Педагогикада Web-Quest – ролдік ойын элементтерімен сипатталатын проблемалық тапсырма, Интернет-жоба түрі, оны орындау үшін интернет желісінің ақпараттық қоры қолданылады.

Web-Quest технологиясын қолданудың негізгі мақсаты: Жаһандық компьютерлік желілерде ақпараттық қызметтің негізгі компоненттерін дамыту, студенттердің білім деңгейін тереңдетіп, түрлендіріп және оларды интеграциялау. Бұл технологияны енгізу студенттердің өздігімен оқуына септігін тигізеді, оқыту мотивациясын жоғарылатады, студенттерде аналитикалық және шығармашылық ойлау дағдыларын дамытады.

Веб-квесттердің ерекшелігі, студенттерге өзіндік немесе топтық дайындалуға берілген ақпараттың басым бөлігі немесе барлығы әр түрлі веб-сайттарда орналасқан. Студенттерге белгілі бір тақырып бойынша ақпарат жинау, берілген тапсырмаларды шешу тапсырылады. Ақпарат көздері бойынша сілтемелердің бір бөлігін оқытушы береді, кейбіреулерін студенттер ақпарат желісінен өздері анықтайды. Квест аяқтаған соң студенттер тақырып бойынша өздерінің веб-парақтарын ұсынады, немесе электронды, ауызша т.б. түрде шығармашылық жұмыстарын ұсынады. Веб-квест бұл жай ғана жүйеден ақпарат іздеу емес, студенттер тапсырма орындау барысында ақпаратты жинайды, сараптайды, жүйелейді, өз көзқарастары тұрғысынан қорытынды жасайды. Түрлі дереккөздерінен алынған ақпаратты өңдеудің бұл түрі

Page 8: реабилитация онлаин урок

студенттердің шығармашылық ойлауының дамуына және оқу материалының мазмұны мен керекті көлемін игеруге негіз болады.Тақырып күрделі, көлемді болғандықтан студенттерге үй тапсырмалары Веб-квест түрінде берілген.

Додж веб-квесттердің келесі түрлерін ажыратады:- орындалу мерзіміне қарай: қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді (қысқа мерзімді –

әдетте аудиторлы бір сабақ кезінде орындалады, ұзақ мерзімді- аудиториядан тыс бір неше күндерде орындалады);

- пәндік мазмұнына қарай: монопроект және пәнаралық веб-квесттер;

TBL технологиясы бойынша сабақтың кезеңдері:

1- кезең. Тапсырмаларды алдын ала беру.Аудиториядан тыс/жеке - студенттерге сабақтың тақырыбы бойынша өзіндік дайындалуға арналған теориялық сұрақтар және тәжірибелік дағдылар тізімі беріледі.

2- кезең. Жеке дайындығын бағалау тесті. Аудиторлы/жеке. Әр бір студент тақырып бойынша дайындалған әр түрлі деңгейдегі тест сұрақтарына жауап береді.

3- кезең. Топтың дайындығын бағалау тесті. Аудиторлы/топтық. Топқа жеке дайындығын бағалау тестілері беріледі. Тестке топ студенттері талқылау, келісімге келу арқылы жауап беруі тиіс. Екі тесттің нәтижесінен кейін жалпы топтың және оның әрбір мүшесінің жеке бағасы анықталады.

4- кезең. Оқытушының қосымша түсіндірмелері. Аудиторлы/оқытушымен бірге. Топтық тестілеуден соң әрбір топ мүшелері түсініксіз сұрақтар бойынша оқытушыдан мәлімет алады.

5- кезең. Топтық тәжірибелік тапсырмалар. Аудиторлы/топтық. Бұл ең маңызды кезең. Студенттерге болашақ кәсіптік жұмыстарында жиі кездесетін мәселелерге, жағдайларға ұқсас болған ситуациялық есеп (сценарий) беріледі.

Тәжірибелік сабақтың аяқталу кезеңінде топтар есеп береді, бұл студенттердің тапсырманы орындау барысында жаңадан не үйренгендігін көрсетеді. Әрбір топ жұмысына талдау жасалады. Осы әдістердің арқасында топтық оқыту үрдісіндегі жеке студенттің және топтың үлесін, рөлін талдауға, бағалауға мүмкіндік туады. Топ болып талқылайды, қорытынды жасайды.

Сабақтың хронокартасы

№ Сабақ бөлімдерінің атауы Сабақтың ұзақтығы

І Ұйымдастыру сәті 2-3 мин

ІІ Тақырыпқа мотивациялық сипаттама беру 2-3 мин.

ІІІ Студенттердің теориялық білімін бақылау, үй тапсырмасын тексеру 25-30 мин.

ІV Тәжірибелік дағдылардың орындалу техникасын түсіндіру және демонстрациялау

25-30 мин.

V Студенттердің өзіндік жұмысына әдістемелік бағдар беру 5 мин.

VІ Студенттердің өзіндік жұмысы 95 мин.

VІІ Сабақты қорытындылау 10 мин.

Page 9: реабилитация онлаин урок

VІІІ Үйге тапсырма 5 мин

Сабақтың барысы :

І Ұйымдастыру кезеңі -2-3 мин. Студенттердің киімдерінің сырт көрінісіне, сабаққа қатысуына, бөлменің тазалығына көңіл бөлу. Журналды толтыру. ІІ Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау -3-4 мин. Тақырыптың мотивациялық сипаттамасы:

ДДҰ мәліметтеріне қарай , жылда әлемде әр 100 мың адам санына 100-300 инсульт жағдайы кездеседі. Инсульттар, жұлын жарақаттары халықтың мүгедектікке алып келуінің негізгі себептерінің бірі болып саналады, инсульт алған пациенттердің 1/3 бөлігі өзіне күтім тапшылығынан басқа адамдардың көмегін қажет етеді, тағы 20% өзіндік жүре алмайды; тек әр 5-ші пациент еңбек қызметіне қайта оралады.

Жыл сайын Қазақстанда 49 000-нан астам инсульт тіркеледі, инсульттан кейінгі мүгедектер саны 300 000-нан асты. ОҚО-да өткен жылда 9 ай көлемінде 3400-ге жақын инсульт байқалды, Түркістан қаласы бойынша бұл көрсеткіш 330 жағдайды құрады. Пациенттердің 60% мүгедек болып қалады. Сонымен қатар Қазақстанда балалар мүгедектігінің көрсеткіштері өсіп жатыр. Біздің ауданда мүгедек балалар саны 1400 құрайды, олардың ішінде басым бөлігі - неврологиялық патология.

Медициналық оңалтуды Қазақстанда 219 денсаулықсақтау мекемелері жүргізеді, олардың ішінде ең көбі ОҚО-да (барлық мекемелердің 15%). Біздің аймақта медициналық мекемелер арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері медициналық оңалту мамандарына сұраныс жоғары екенін көрсетті.

Неврологиялық және нейрохирургиялық оңалту жүргізуде әр түрлі мамандар – неврологтар, физиотерапевттер, психолог и психиатрлар, логопедтер, эрготерапевттер, кинезотерапевттер және т.б. қатысады. Неврологиялық оңалту жүйке жүйесінің жарақаттары және операцияларынан кейін, шеткі жүйке жүйесінің ауруларында, инсульттар, парез және параличтерде жүргізіледі.

Оқу-оңалту орталығында сабақтар оңалтудың негізгі екі бағыты бойынша - кинезотерапия және эрготерапия бойынша жүргізіледі. Бүгінгі күнде кинезотерапия пациентті физикалық оңалтудың негізгі әдістерінің бірі болып саналады, оның негізгі мақсаты - пациентті қимыл-әрекет көмегімен емдеу. Оқу оңалту орталығы кинезиотерапияға, яғни қалыппен емдеу, арнайы активті және пассивті жаттығуларға арналған тренажерлермен жабдықталған. Эрготерапияның мақсаты - жоғалған ұсақ моториканы қалпына келтіру, пациентті қалыпты өмір сүруге бейімдеу, тәуелсіз болуға көмектесу.

Күрделі және ерте кезден сауықтыру шараларын алдын алуда медбикелердің жұмысы өте маңызды. Науқастардың арасында өлімнен аман қалғандардың 70-80% мүгедек болып қалып жатыр және оның 1/3 толықтай ортаның көмегіне, яғни, ұзақ уақытты, қымбат әлеуметтік-медициналық сауықтыруға тікелей тәуелді болып қалады.

Жоспар бойынша сабақ TBL, Веб-квест технологиясымен өтеді. TBL технологиясына сай сабақтың кезеңдері:

1- кезең. Тапсырмаларды алдын ала беру.Аудиториядан тыс/жеке - студенттерге сабақтың тақырыбы бойынша өзіндік дайындалуға арналған теориялық сұрақтар және тәжірибелік дағдылар тізімі беріледі. Топшаларға веб –квест сабақтан 3 күн алдын берілген, яғни орындалуы бойынша бұл ұзақ мерзімді квест, пәндік мазмұнына қарай пәнаралық (анатомия, физиология, неврологиядағы мейіргер ісі, кәсіптік шеті тілі пәндері қамтылады);

Page 10: реабилитация онлаин урок

Веб-квест құрылымы:

Есептің жалпылама тұжырымдамасы: Жыл сайын Қазақстанда 49 000-нан астам инсульт тіркеледі, инсульттан кейінгі

мүгедектер саны 300 000-нан асты. ОҚО-да өткен жылда 9 ай көлемінде 3400-ге жақын инсульт байқалды, Түркістан қаласы бойынша бұл көрсеткіш 330 жағдайды құрады. Пациенттердің 60% мүгедек болып қалады. Сонымен қатар Қазақстанда балалар мүгедектігінің көрсеткіштері өсіп жатыр. Біздің ауданда мүгедек балалар саны 1400 құрайды, олардың ішінде басым бөлігі - неврологиялық патология.

Медициналық оңалтуды Қазақстанда 219 денсаулықсақтау мекемелері жүргізеді, олардың ішінде ең көбі ОҚО-да (барлық мекемелердің 15%). Біздің аймақта медициналық мекемелер арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері медициналық оңалту мамандарына сұраныс жоғары екенін көрсетті.

Күрделі және ерте кезден сауықтыру шараларын алдын алуда медбике қызметкерлердің жұмысы өте маңызды. Науқастардың арасында өлімнен аман қалғандардың 70-80% мүгедек болып қалып жатыр және оның 1/3 толықтай ортаның көмегіне, яғни, ұзақ уақытты, қымбат әлеуметтік-медициналық сауықтыруға тікелей тәуелді болып қалады.

Өзекті тапсырма:Инсульттар, жұлын жарақаттарында пациенттерге реабилитация жүргізу.

Тапсырманы шешу мәнмәтіні (контекст) Сіз неврология бөлімшесі, мамандандырылған оңалту орталығы, амбулаторлық-емханалық қызметтің аймақтық медбикесіз. Инсульттар, жұлын жарақаттары кезінде пациенттерді оңалту мәселесі бойынша веб-квестте ұсынылған орыс және ағылшын тіліндегі сайттардан ақпарат жинаңыз.

Шешімге алып келетін тапсырмалар: Интернет қоры:

http://www.cardioneurology.ru/rekomendatsii-po-reabilitatsii-vosstanovleniyu-posle-insulta/ http://www.three-sisters.ru/reabilitation/reabilitatsiya-posle-ishemicheskogo-insulta/https://azbyka.ru/zdorovie/reabilitaciya-posle-mozgovogo-insultahttp://www.ayzdorov.ru/lechenie_insylt_reabilitaciya.phphttp://insult.by/raznoe/85-posturalnyj-drenazh-i-drenazhnaya-gimnastikahttp://sosudy.pro/dostupno-ob-insulte/reabilitatsiya-pri-insulte/111-osnovy-reabilitatsii-bolnykh-s-insultomhttp://www.golovazdorova.ru/insult/lechebnaya-fizkultura-posle-insulta.htmlhttp://www.golovazdorova.ru/insult/pravostoronnij-ishemicheskij-insult.htmlhttps://www.youtube.com/watch?v=hO5Fs3A_TuYhttps://www.youtube.com/watch?v=jiwOFfVi9FMhttp://englex.ru/dialogues-with-a-doctor-in-the-hospital/Мәселені шешу:

1. Интернет қорын пайдалана отырып ОЖЖ анатомиясы, физиологиясы; инсульттар, жұлын жарақаттарының этиологиясы, патогенезі, клиникалық белгілері туралы ақпарат жинап презентация дайындау;

2. Жиналған ақпаратты топшада талқылап, төменде көрсетілген кестедегі глоссарийді толтыру:

Термин АнықтамаАнестезия

Афазия ГемипарезИнсульт

Моноплегия

Page 11: реабилитация онлаин урок

ГемиплегияТетраплегия

КинезотерапияЭрготерапия

Вернике-Манн қалпы

3. Кестедегі терминдерді, предложения ағылшын тіліне аудару, жаттау

Инсульт

Невропатолог

Артериалды қысым

Әлсіздікті сезіну

Ба айналуды сезу

Менің басым айналып жатыр.

Мен өзімді нашар сезініп тұрмын.Өтінемін, «жедел жәрдем» шақырыңыз-шыСізге диетаны сақтау қажет. Мен Сіздің қан қысымыңызды/ дене қызуын/ тамыр соғуын анықтаймын.Сіздің қан қысымыңыз төмен/ қалыпты/ жоғары/ өте жоғарыСіздің дене қызуыңыз қалыпты/ жоғары/ өте жоғары

Мен Сізге егу жасаймын4. Ми қан айналымы бұзылысы кезінде медбикелік үрдістің ұйымдастырылуы. 5. Инсульт кезінде медбикелік мәселелер бойынша кластер құрастыру

6. Инсульт, ОЖЖ жарақаттары кезінде оңалдыру бағдарламасы7. Жедел ми қан айналым бұзылуларында пациенттерді емдеу және реабилитация жүргізу.

- күтім бойынша жалпы шаралар;- асқынулардың алдын алу: ойылулар, контрактуралар, тромбоэмболиялық

асқынулар;- науқасты тамақтандыру;

8. Физикалық реабилитация негіздері. Кинезотерапия туралы түсінік.9. Эрготерапия туралы түсінік. Өзіндік күтім дағдыларын қалпына келтіру.

Келесі дағдыларды орындау:

А. пациенттің функционалдық жағдайын бағалау; Б. Гемиплегиясы бар пациентті Фаулер, «арқасымен жату» қалыптарына ауыстыру.

Инсульт кезінде медбикелік мәселелер

Page 12: реабилитация онлаин урок

С. Пациентті қалыппен емдеу.Д. Аяқ-қолдарға арналған пассивты қимыл-әрекеттер жасау.Е. Пациентке дұрыс жүруді үйрету. Параллель брусья көмегімен жүруді үйрету. Баспалдақпен төмен және жоғары жүруді үйрету.Ж. Эрготерапиялық тәсілдерді көрсету.

ІІІ. Студенттердің теориялық білімін бақылау, үй тапсырмасын тексеру

2- кезең. Жеке дайындығын бағалау тесті. Аудиторлы/жеке. Әр бір студент тақырып бойынша дайындалған әр түрлі деңгейдегі тест сұрақтарына жауап береді. Осы кезеңде студенттердің теориялық білімі веб-квестте берілген тапсырмалар, презентация арқылы бағаланады.

Тест1. Дене жартысының салдануы аталады: А. моноплегия В. гемиплегия С. гемипарез Д. тетраплегия Е. параплегия 2. Жұлынның көкірек бөлігінің жарақаттарында байқалады (бірнеше жауап болуы мүмкін): А. қолдардың салдануы В. аяқтардың салдануы С. қабырғааралық бұлшықеттердің салдануы Д. тыныс бұзылулары Е. дененің жартысының салдануы Ж. Кіші жамбас мүшелері қызметінің бұзылулары 3. Инсульттарда реабилитацияның екінші кезеңі жүргізіледі : А. неврология бөлімшесінде В. санаторийлерде С. емханалардың оңалту кабинеттерінде Д. жандандыру бөлімшесінде Е. мамандандырылған реабилитациялық орталықтарда4. Инсульттан соң дененің сал болған жағында болатын өзгерістер (бірнеше жауап болуы мүмкін): А. бұлшықеттердің жартылай салдануы В. бұлшықеттер тонусының жоғарлауы С. бұлшықеттердің толығымен салдануы Д. бұлшықеттер тонусының төмендеуі Е. сезімталдықтың жоғарлауы Ж. бұлшықеттер атрофиясы5. Тыныс жолдары обструкциясының алдын алу үшін жүргізілетін шараларға жатады, тек біреуінен басқалары: А. алынбалы тіс протездерін алып тастау В. дренаждық қалып беру С. ауыз қуысын шырыштан тазалау Д. құсық массаларының аспирациясын болдырмау Е. тілдің артқа ығысуын болдырмау6. Терең тамырлардың тромбозының алдын алу шараларына жатады, тек біреуінен басқасы : А. антикоагулянттар тағайындау В. аяқты серпінді таңғышпен таңу С. төсектің бас жағын көтеріп, аяқ жағын түсіру Д. бұлшықет жаттығулар жасау Е. эмболияға қарсы шұлықтарды пайдалану

Page 13: реабилитация онлаин урок

7. Пассивты жаттығуларды бастайды: А. сау аяқ-қолдан В. салданған аяқ –қолдың ірі буындарынан С. сау аяқ-қолдың ұсақ буындарынан Д. сал аяқ –қолдың ұсақ буындарынан Е. екі қолдың ұсақ саусақтарынан8. Вернике- Манн қалпында пациенттің аяқ-қолдарының қалпына тән (бірнеше жауап болуы мүмкін): А. сал қол шынтақта бүгіледі В. қол ұшы денеден алшақ тұрады С. аяқ буындары жазылады Д. аяқ тізеде бүгіледі Е. қол ұшы денеге қысылады Ж. қол буындары жазылады9. Пневмонияның алдын алу шараларына жатады, тек біреуінен басқасы: А. әр 2 сағат сайын пациенттің төсектегі қалпын ауыстыру В. тыныс гимнастикасын жасау С. кеудеге массаж жасау Д. бөлмені желдетіп тұру Е. төсектің бас жағын көтеріп, аяқ жағын түсіру10. Кинезотерапия әдістеріне жатады (бірнеше жауап болуы мүмкін): А. пирамидаларды қолдану В. пассивты жаттығулар жасау С. қалыппен емдеу Д. резеңке дөңгелекпен жаттығу жасау Е. активты жаттығулар жасау

Жауаптар екі нұсқада жазылады, біреуі топшада қалады, екіншісін оқытушыға береді

1. ОЖЖ анатомиясы, физиологиясы; инсульттар, жұлын жарақаттарының этиологиясы, патогенезі, клиникалық белгілері туралы студенттердің презентациясы

Инсульт дамуының кауіпті факторлары Ішкі қауіпті факторлар:

1. Реттелетін «өзгертуге болатын»- Қан қысымы гипертензиясы (диастолалық ҚҚ-с.сб.б 100 мм), қант диабеті, жүрек

соғысының бұзылысы, семіздік, гиперхолестеринемия;2. Реттелмейтін:

- Адам жасы, жынысы, тұқым қуалаушылық белгілері-инсульт, миокард инфарктісі, гипертониялық аурулар т.б;

Сыртқы қауіпті факторлар:1. Реттелетін «өзгертуге болатын»- Қозғалыссыз өмір сүруі, зиянды әдеттері (шылым шегу), ас тұзының көп қабылдануы,

ауыз қуысы арқылы контрацептивтердің ұзақ уақыт қабылдануы2. Реттелмейтін:- Эмоциялық стресс, үй –тұрмыстық және әлеуметтік-экономикалық жағымсыз

жағдайының әсерлері, экологиялық ерекшеліктер

Инсульттің пайда болуының тікелей себептері1. Артерия кысымында тез әрі жылдам пайда болатын ауытқулар (денеге тусетін

ауырлык, психоэмоционалды күш, тойып тамактану, ішімдікті пайдалану);2. Жүрек жумысының тез әрі жылдам пайда болатын декомпенсациясы, әсіресе, журек

соғысының бұзылуы кезінде;3. Қан ұюының жіті пайда болған бұзылыстары.

Инсульттің екі түрі бар:

Page 14: реабилитация онлаин урок

- Геморрагиялық инсульт- қан тамырының жарылуы салдарынан миға қан кету;- Ишемиялық инсульт – тамырдың тромбпен бітелуі салдарынан мидың белгілі

аймағына қан келудің тоқтауы.

Инсульттар сана бұзылуларымен, бұлшықеттерде қимыл-әрекеттердің бұзылуларымен, сөйлеу бұзылулары, сезімталдық бұзылуларымен, кіші жамбас астары мүшелері қызметінің бұзылуларымен (еріксіз несеп және нәжіс бөлінуі) сипатталады. Бұзылған қызметтердің қайта қалпына келуі инсульттан соң біршама уақытқа созылады, пациент үйіне стационардан қайтқан соң ерекше күтімді қажет етеді. Бұлшықеттерде қимыл-әрекеттердің толығымен жоғалуы - плегия, сал болу; қимыл-әрекеттердің жартылай жоғалуы – парез деп аталады. Параличтердің орналасуына қарай бірнеше түрлері бар:

- гемиплегия- дененің бір жартысының салдануы;- параплегия- екі қол немесе екі аяқтың салдануы;- жоғары моноплегия – бір қолдың салдануы;- төменгі моноплегия – бір аяқтың салдануы.

Жұлынның зақымдалуы әр түрлі жарақаттарда, қабыну процестерінде ісіктерде, қан айналым бұзылуларында т.б. байқалады.Жұлын зақымдалуының белгілері:

1. Қимыл-әрекет бұзылулары - әдетте екі жақты болады. Қимыл-әрекет бұзылулар сипаты жұлынның зақымдалу деңгейіне байланысты. Жұлынның мойын аймағының жарақаттары тыныстың тоқтауына, пациенттің өліміне алып келеді. Жұлынның көкірек бөлігінің жарақаттарында аяқтардың салдануымен қатар қабырғааралық бұлшықеттердің салдануы және тыныс бұзылулары байқалады.

2. Сезімталдық бұзылулары – әдетте салданған аяқтарда сезімталдықтың барлық түрлері жоғалады.

3. Висцералді-вегетативті бұзылулар – жиі жамбас мүшелері қызметінің бұзылуларымен сипатталады. Сонымен қатар, әсіресе сезімталдығы төмен аймақтары ұлпаларында қан айналым, лимфа ағысы нашарлайды. Мұның барлығы жазылуы қиын болған ойылулардың жылдам дамуына әкеледі.

Параплегия немесе тетраплегия (екі қол-аяқтардың салдануы) кезінде жұлынның зақымдалу деңгейіне байланысты пациентте келесі функциялар жартылай немесе толығымен жоғалады:

- Сезімдерді (ауырсыну, температура, қысым, сипау, вибрация) қабылдау;- Ұсақ моторлы қимыл-әрекеттерді (жазу, тігу, пышақ, қасықпен пайдалану) орындау;- Ірі моторлы қимыл-әрекеттерді (қолды немесе аяқты көтеру, жүру т.б.) орындау;- Дене температурасын тұрақты ұстау;- Тепе-теңдікті сақтау;- Кіші жамбас астары мүшелері қызметін (несеп және нәжіс бөлу) бақылау.

3 глоссарийді толтыру:Термин Анықтама

Анестезия Сезімталдықтың жоғалуыАфазия Сойлеудің бұзылуы

Гемипарез Дене жартысының жартылай салдануыИнсульт Жедел бас ми қан айналымының бұзылуы

Моноплегия Бір қол немесе бір аяқтың салдануыГемиплегия Дене жартысының салдануыТетраплегия Екі қол-аяқтың салдануы

КинезотерапияЭрготерапия

Вернике-Манн қалпы

4. Кестедегі терминдерді, сөйлемдерді ағылшын тіліне аудару, жаттау

Page 15: реабилитация онлаин урок

Инсульт A stroke

Невропатолог A neurologist

Артериалды қысым Blood pressure

Әлсіздікті сезіну To feel weak

Бас айналуды сезу To feel dizzy

Менің басым айналып жатыр. I feel dizzy.

Мен өзімді нашар сезініп тұрмын. I am not feeling well.Өтінемін, «жедел жәрдем» шақырыңыз-шы

Please, call an ambulance

Сізге диетаны сақтау қажет. You have to keep to a dietМен Сіздің қан қысымыңызды/ дене қызуын/ тамыр соғуын анықтаймын.

I’m going to take your blood pressure/temperature/pulse.

Сіздің қан қысымыңыз төмен/ қалыпты/ жоғары/ өте жоғары

Your blood pressure is low / normal / rather high / very high.

Сіздің дене қызуыңыз қалыпты/ жоғары/ өте жоғары

Your temperature is normal / a little high / very high.

Мен Сізге егу жасаймын I’m going to give you an injection.

5. Инсульт, ОЖЖ жарақаттар кезінде оңалдыру бағдарламасы

Оңалдыру бағдарламасының орындалу қағидасыАуру немесе жарақаттың алғашқы күндерінен бастап ерте кезеңде жүргізілген оңалдыру шаралары (наукастың жалпы жағдайы мүмкіндік берсе) бұзылған қызметтердің тез арада және толықтай қалпына келуіне көмектеседі, екіншілікті асқынулардың дамуының алдын алады.Реттілік — оңалдыруға көрсеткішін белгілеу, сұрастыру және клиникалық байқау, сонымен қатар, психологиялық және әлеуметтік тексеру кезінде пациенттің нақты жағдайын бағалау, оңалдыру мақсаты мен міндетін белгілеу, жоспарын құру , оңалдыру арқылы қойылған мақсатқа жету. Қалыпқа келтіру емінің ұзақтығы мен жүйелілігіне оңалдыру шараларының дұрыс ұйымдастырылуы арқасында ғана қол жеткізуге болады. Ол неврологиялық немесе травматологиялық бөлімшеде басталады, одан әрі аурухананың оңалдыру белімшесінде немесе оңалдыру орталығында жалғасады.Үздіксіздік — қалыпқа келтіру емі аурудың пайда болған кезеңінен бастап адамның коғамға толығымен қосылуына дейін жүргізілуі керек.Кешендік — оңалдыру барысында емдеу, емдеу-алдын алу жоспарының, емделушінің жұмысқа қабілеттілігі, жұмысқа орналасуы, оқытылуы және басқа біліктілікке үйретілуі, әлеуметтік қамсыздандыру сұрақтары, еңбек және зейнетақы заңнамасы, емделушінің отбасымен, қоғамдык өмірмен қарым-қатынасы сияқты сұрақтар шешіледі. Оңалдыру шараларының кешенді ем дұрыстығын невролог, травматолог, ЕДШ әдіскерлері, логопед-

Page 16: реабилитация онлаин урок

афазиологтар, физиотерапевтер, психотерапевтер, т.б. сияқты жоғары байқап мамандар қамтамасыз ете алады.

Жедел ми қан айналым бұзылуларында пациенттерді емдеу және реабилитация жүргізу

1- кезең - 3-4 апта (стационарлы) – емдеу неврологиялық бөлімшеде жүргізіледі, бөлімшеге пациент «жедел жәрдем » бригадасымен жеткізіледі. 2 - кезең –1-3 ай мамандандырылған реабилитациялық стационарларда емдеу және реабилитация. Мұндай стационарларға пациент инсульт алғаннан соң 4 айдан кейін жіберіледі. 3- кезең – 2-4 ай емханалық орталықтар, емханалардың оңалту кабинеттері немесе мамандандырылған санаторийлер жағдайларында амбулаторлы реабилитация.6. Ми қан айналымы бұзылысы кезінде медбикелік үрдістің ұйымдастырылуы.

Жүйке жүйесі аурулары және жарақаттарында пациенттерді оңалтуда медбикелік үрдіс кезеңдерін жүргізу.

I кезең – медбикелік тексеру. Жалпы қарау және сұрастыру кезінде медбике ауруға немесе жарақатқа жергілікті

реакция белгілеріне зейін аударады, оларды бағалайды: – бұлшықеттер атониясы; – бұлшықеттер спастикасы; – ауырсыну; – қимыл-әрекет бұзылулары - паралич (плегия), парез;– сезімталдық, көру, есту, сөйлеу, есте сақтау бұзылулары. Өзіндік қозғала алу, өзіндік күтім жасау (киіну-шешіну, өзіндік тамақтану т.б.), айналасындағылармен қарым-қатынас жасау сияқты факторлар, физиологиялық қызметтерін реттей алу, өз тәртібін бақылау, оқытудың тиімділігі бағаланады

Зерттеулер: бұлшықеттер тонусын, дене бөліктерінің айналымын, буындарда қимыл-әрекеттерді, сіңір рефлекстерін, пульсті, АҚҚ; тыныс алу жиілігін анықтау.

II кезең – пациенттің мәселелерін анықтау. Үй тапсырмасында берілген кластерлер тексеріледі. Екі топша тапсырманы өзара бағалайды.

Приоритетты – қазіргі: – қимыл-әрекеттердің мүлдем болмауы немесе шектелуі, буындарда қимыл-әрекеттердің бұзылуы;– ауырсыну; – бұлшықеттер атониясы; – бұлшықеттер спастикасы; – сезімталдықтың, көрудің, естудің, сөйлеу, есте сақтаудың бұзылуы;– ішкі мүшелер қызметінің бұзылуы;– өліп қалудан қорқу.

Потенциалды:

Инсульт кезінде медбикелік мәселелер

Page 17: реабилитация онлаин урок

– бұлшықеттер атрофиясы, буындарда қимыл-әрекеттердің шектелуі, контрактура, буындардың анкилозы; – ойылу, іркілісті пневмония даму іш қату, тромб түзілу қауіпі; – ұзақ уақыт төсекте жатуынан ағзаның қорғаныс күштерінің төмендеуі;– өліп қалудын қорқу.

III кезең – медбикелік араласуларды жоспарлау. – реабилитация кезеңін анықтау;– қозғалу тәртібін анықтау (дәрігер тағайындайды); – физикалық реабилитацияның мақсаттарын, міндеттерін тұжырымдау;– реабилитация әдіс-тәсілдерін, түрлерін, заттарын таңдау; – физикалық жаттығулар, массаж жүргізуге дайындау (физикалық реабилитация мәселелері бойынша пациентті және жанұя мүшелерін оқыту, кеңес беру).

IV кезең – жоспарды жүзеге асыру.1) ЕДШ – жаттығулар жасауды үйрету (пациентке немесе оған күтім жасаушыға):

– зат алмасу процестерін жақсарту, ішкі мүшелер жағынан әр түрлі асқынулардың алдын алу үшін тыныс жаттығуларын жасау;– спастикалық контрактуралар, бұлшықеттер атрофиясын алдын алу, бұлшықеттер тонусын жақсарту мақсатында қалыппен емдеу; – сау бұлшықеттерге жаттығулар жасау (жалпы қан айналымын жақсарту, рефлекторлы әсер ету мақсатында);– зақымдалған бұлшықеттерге аяқ-қолдың дистальді аймағынан бастап пассивты жаттығулар жасау, аяқ-қол қызметін қалпына келтіру (медицина қызметкері немесе күтім жасаушы жүргізеді); – жергілікті қан айналымын, аяқ-қол қызметін жақсарту мақсатында пассивты – белсенді жаттығулар жасау (пациент сау аяқ-қолымен зақымдалған аяқ-қолдарына жасайды); – бұлшықеттерді нығайту үшін сау аяқ-қолдармен қарсыласушы, статикалық жаттығулар (эспандер, доптарды қолданумен) жасау.

V кезең – күтім нәтижесін бағалау, қимыл белсенділігі, өмір салты туралы

ұсыныстар беру. Қайта тексеру жүргіземіз: – бұлшықеттер тонусын, күшін, иілгіштігін; – буындардың қозғалғыштығын;– сенсорлы бүзылыстарды.Қимыл белсенділігі, өмір салты туралы ұсыныстар береміз:– жаттығулар жасау (гантелдермен, таяқтармен, доптармен т.б.);– механотерапия;– физиотерапия;– өзіндік массаж, массаж жасау;– спорттық-қолданбалы жаттығулар (сереуендеу, терренкур (арнайы ұйымдастырылған маршруттар бойымен уақыты мен қашықтығы мөлшерленген жаяу жүріспен емдеу), мөлшерленген жүру немесе жүгіру, жүзу, велосипед, шаңғы).Салауатты өмір салтына жатады:– рационалды тамақтану;– белсенді өмір салты;– гигиена ережелерін сақтау; – еңбек және демалу тәртібін сақтау;– зиянды әдеттерден бас тарту.

3- кезең. Топтың дайындығын бағалау тесті. Аудиторлы/топтық. Топқа жеке дайындығын бағалау тестілері беріледі. Бұл тесттер жеке дайындығын бағалау тесттерімен бірдей болып, тестке топ студенттері талқылау, келісімге келу арқылы жауап беруі тиіс.Тест

Page 18: реабилитация онлаин урок

скретч-бланк түрінде дайындалған. Екі тесттің нәтижесінен кейін жалпы топтың және оның әрбір мүшесінің жеке бағасы анықталады.

4- кезең. Оқытушының қосымша түсіндірмелері. Аудиторлы/оқытушымен бірге. Топтық тестілеуден соң әрбір топ мүшелері түсініксіз сұрақтар бойынша оқытушыдан мәлімет алады.

ІҮ. Тәжірибелік дағдылардың орындалу техникасын түсіндіру және демонстрациялау-20-25 мин.Оқытушы келесі дағдыларды демонстрациялайды:

1. Пациентті қалыппен емдеу.2. Аяқ-қолдарға арналған пассивты қимыл-әрекеттер жасау.

Жүйке жүйесінің аурулары және жарақаттары емінде емдік дене шынықтыру ерекше орын алады. Физикалық жаттығулар орталық жүйке жүйесінің күшті тітіркендіргіші болып саналады және ми қыртысында жүйке процестерін өзгертіп олардың сапасына әсер етеді. Бұл қимыл белсенділігінің толыққанды функционалды қайта қалпына келуіне, емделу мерзімдерінің қысқаруына, физикалық және еңбектік реабилитацияның жылдам жүруіне әкеледі.

Егер ауру ағымы асқынбаса, ишемиялық инсульт кезінде массаж бен ЕДШ-ны аурудың 2-4-ші күндерінен бастайды, геморрагиялық инсульт кезінде кештеу, яғни 6-8-ші күннен бастайды. Белсенді гимнастика ишемиялық инсультта 7-10 күннене кейін, геморрагиялық инсультта 15-20 күннен кейін бастайды. Белсенді реабилитация мүмкін болмағанда (сергектену деңгейі төмендегенде, пациентпен қарым-қатынасты қиындататын ауыр сөйлеу бұзылулары) пассивты реабилитация, яғни қалыппен емдеу, пассивты жаттығулар, тыныс жаттығулары, уқалау жүргізуге болады. Инсульттың ерте қалпына келтіру кезеңінде реабилитациялық шараларға жатады:

1. Қалыппен емдеу,2. кинезотерапия, рефлекторлы жаттығулар, координациялық гимнастикамен қоса;3. сезімталдық бұзылуларын түзету (коррекция);4. әлеуметтік-тұрмыстық реабилитация;5. логопедпен жұмыс;6. психоэмоционалды бұзылуларды түзету;7. физиотерапевттік ем.

Инсульттан соң дененің сал болған жағында бұлшықеттердің тонусы жоғарылайды. Аяқтың жазатын бұлшықеттері және қолды бүгетін бұлшықеттер антагонист бұлшықеттерден күштірек болғандықтан, ем алмаған жағдайда, біртіндеп белгілі бір тұрақты дене қалпы қалыптасады. Бұл қалыпта қол шынтақта бүгіледі және қол ұшы денеге қысылады, ал аяқ жазылған қалпы салдарынан жүрген кезде жарты айды суреттейді, жүру қиындайды (Вернике-Манн қалпы). Осындай қалыпты болдырмау үшін сал болған қолды мезгіл-мезгіл әкеткен қалыпта, шынтақ және білезікте бүгіп, ал аяқты жамбас, тізеде бүгу қалпында жайғастыру қажет.

Мүмкіндігінше пациенттің арқасымен жатуды қысқарту қажет, өйткені бұл қалыпта бұлшықет тонусының жоғарылауы және ойылу даму қауіпі жоғарылайды.

Гемиплегиясы бар пациентті ішімен немесе бір қырымен жатқызу қажет. Көпшілік пациенттер сал жағымен жатуды ұнатады. Мұндай қалыпта жату қарсы көрсетілімге жатпайды, бұл кезде пациенттің қалпы:

- пациенттің басы шамалы төмен қарай бүгілген;- сал болған қолы денеге тура бұрышпен жоғары қарай созылады, алақаны жоғары

қарайды;- сау қолы дененің жанында болуы немесе оны артқа қарай әкету керек;

Page 19: реабилитация онлаин урок

- сау қолды алдынға қарай созуға болмайды, өйткені сал болған қол бұлшықеттерінің шектен тыс созылуы байқалады;

- жамбас және тізеде бүгілген сау аяқтың астына жастық қойылады;- сал болған аяқты жамбаста жазып тізе буынында шамалы бүгеді.

Арқасымен жатқан кезде:- сал болған қолды денеден жанына қарай әкетеді, шынтақта қол бүгіледі, алақан жоғары

қарайды;- сал болған аяқ тізеде шамалы бүгіледі, тізе астына валик қойылады; - аяқ басын бүгу мен жазу арасындағы орта қалыпта ұстап, жұмсақ валик көмегімен тіреп

қояды;Пациенттің төсектегі қалпын әр 2 сағат сайын ауыстырады. Пациенттің жалпы жағдайы

жақсарғанда және қан қысым көрсеткіштері тұрақты болғанда пациентті өздігінен төсектегі қалпын өзгертуге үйретеді.

Контрактураларды болдырмау үшін пациентті мүмкіндігінше ерте кереуетте отырғызу қажет. Бұл кезде арқаны тік ұстап, аяқтар жамбаста 90º бұрышта бүгіледі. Пациенттің төсекте ұзақ мерзім басын көтеріп жартылай отыруын болдырмау қажет, өйткені бұл қалыпта бұлшықет тонусының жоғарылауы байқалады.

Қалыппен емдеу.Қалыппен емдеу, яғни парез болған аяқ-қолдарға ерекше қалып беру бұлшықет

гипертониясын төмендетуге, контрактура дамуының алдын алуға және иық буынында ауырсынулардың алдын алуға бағытталады. Науқасты арқасымен және сау қырымен жатқызуға болады.

Сурет. 1 Науқасты арқасымен жатқызу Сурет 2 Науқасты сау қырымен жатқызу

Емнің созылу уақыты бұлшық ет тонусына байланысты болып келеді. Егер бұлшықет тонусы жоғары болмаса, арқасымен және сау бүйірімен жатқан кезде парез болған қол-аяқтардың қалпын әр 1,5-2 сағатта өзгерту қажет. Ал тонус жоғары болғанда арқасымен жату қалпымен емдеу 1,2-2 сағатқа, сау бүйірімен жату -30-50 минутқа созылады. Науқас арқасымен жатқан кезде парез болған қол шынтақта жазылады, 90º-та денеден әкетіп керует жанындағы үстелдегі жастыққа алақаны жоғары етіп қояды. Науқастың қолтық астына клеенкамен қапталған мақта валик қойылады; саусақтар жазылады. Қол ұшымен білекті лангетаға таңу жасап бекітеді. Парез болған аяқ тізеге 15-20º-қа бүгіледі, тізе астына валик қойылады. Аяқ басы жұмсақ матамен қапталған ағаш жәшікке (етікше) тіреледі. Уқалау күнделікті жүргізіледі, 10 минуттан бастап 10-15 күн ішінде 20 минутқа дейін созылады. Инсульттан сон алғашқы айында науқасқа уқалау тек арқасымен жатқан немесе сау қырымен жатқан қалпында орындалады.

КинезотерапияҚимыл-әрекет бұзылыстары бар пациенттерді оңалтудың негізгі әдістерінің бірі болып

кинезотерапия (емдік гимнастика) саналады, кинезотерапияны инсульттың жедел кезеңінде, пациенттің жалпы жағдайы, санасы және гемодинамикасы жақсарғанда бастау қажет. Қимыл-әрекет толығымен жоғалғанда (плегия) аурудың бірінші күндерінен бастап пассивты гимнастика жаттығуларын жасау қажет. Пассивты әрекеттерді емдік гимнастика әдіскері жүргізеді, пациентке күтім жасаушылар күніне 2-4 рет әр буында жеке-жеке қайталайды.

Page 20: реабилитация онлаин урок

Қимыл-әрекет қарқынын біртіндеп жоғарлатып, олардың саны әр бір буынға 5-10 және одан көп болуы мүмкін. Бір уақытта сау және салданған аяқ-қолдарға жеңіл уқалау жүргізіледі: қолда уқалауды иықтан, ал аяқта бөксе және саннан бастайды 

Активты гимнастиканы қалпына келе бастаған бұлшықеттерден бастайды.

Аяқ-қолдарға арналған пассивты қимыл-әрекеттер жасауИық буынына пассивты қимылдар жасау:

1. Науқасты сау қырымен жатқызыңыз.2. Салданған қолды шынтақта бугіңіз.3. Бір қолыңызбен иық буынынан, екінші қолыңызбен шынтақтан ұстап иық буынында

90º бұрышта жоғары көтеріңіз және төмен түсіріңіз. 4. Іс-әрекеттерді 2-4 рет әр буында жеке-жеке қайталаңыз. 5. Қимыл-әрекет қарқынын біртіндеп жоғарлатып, олардың санын әр бір буынға 5-10

ретке жеткізіңіз.

Сурет 3. Иық буынында пассивты қимылдар

Төсекте пассивты имитация жасау

1. Науқасты арқасымен жатқызыңыз.2. Салданған аяқты тәзеде және жамбаста бүгіңіз.3. Бір қолыңызбен тәзеден, екінші қолыңызбен тобықтан ұстап төсекте пассивты жүру

имитациясын жасаңыз. 4. буынында 90º бұрышта жоғары көтеріңіз және төмен түсіріңіз. Іс-әрекеттерді 2-4 рет әр

буында жеке-жеке қайталаңыз. 5. Іс-әрекеттерді 2-4 рет әр буында жеке-жеке қайталаңыз. 6. Қимыл-әрекет қарқынын біртіндеп жоғарлатып, олардың санын әр бір буынға 5-10

ретке жеткізіңіз.

Сурет 4.Төсекте жүрудің пассивты имитациясы

Page 21: реабилитация онлаин урок

Сур 5. Сирақты бүгетін бұлшықеттер Сур 6. Білекті бүгетін бұлшықеттер үшін жаттығу үшін жаттығу

Сур 7,8. Алақанды және саусақтарды босаңсытуға арналған жаттығулар

Сур 9,10. Салданған қол бұлшықеттерін босаңсытуға арналған жаттығулар

Отыру қалпында орындалатын жаттығулар- Пациентті отырған қалпында білектердің ішке қарай бүгілуін болдырмай дұрыс

қалыпта сақтауын қадағалау (сурет 11); - шынтақты сыртқа қарай айналдыру, алақандарын жоғары ұстау. Бұл ерікті

бақылауға болатын іс-әрекеттер. Науқасқа сау қолының қимылдарын салданған қолымен қайталауды сұрау қажет (сурет 12).

сурет 11 сурет 12- Егер пациент бұл жаттығуларды орындай алмаса, алдымен қол саусақтарын

«құлыптау» сияқты ұстап, сау қол көмегімен салданған қолдың білегін сыртқа қарай айналдырудан бастауға болады. (сур. 13)

- Пациентке алақандарын жанастырып, қол ұшын жан-жақа қарай бүгуін сұраңыз.- Бұл кезде барлық саусақтар жазылған қалыпта болуы керек. Сау қолымен салданған

қол әрекеттеріне шамалы қарсылық көрсету қажет. (сур. 14)

сурет 13 сурет 14 сурет 15

- Жаттығу соңында саусақтар ұшы бір-бірімен жанасқан қалпында болады, ал алақандарды бір-бірінен ажыратады.

Page 22: реабилитация онлаин урок

- Пациенттен саусақ ұштарын бір-біріне тығыздап жанастыруын сұраңыз (сур. 15) - Пациент үстелге қолдарын орындықта отырады. Қол ұштарын «құлыптау» әдісімен

ұстап қолдарын шынтақта жазып қолдарын алдына қарай созады. Содан соң екі қолын жоғары көтереді. (сур. 16)

- Пациентке жоғары көтерілген қолдарына қарауын және білекті айналдыруын сұраңыз. Салданған қол білегін сыртқа қарай , ал сау қол білегін ішке қарай айналдыруы қажет (сур. 17)

- Пациент қол ұштарын «құлыптап» қолдарын шынтақ буынында жазып алдына қарай созады. Пациент қолдарын жан-жағына қарай созады, денесін алдына және қол қозғалысына қарама-қарсы жағына қарай еңкейтеді. (сур.18)

Сур 16 сур 17 сур 18

- Салданған қолын сыртқа қарай, ал сау қолын ішке қарай айналдыруы қажет.- Пациент отырады, қолдары «құлыптанған», шынтақ буынында жазылған және

алдына қарай созылған, қолдарын оң және сол жаққа қарай қозғалтады.

Инсульттың алғашқы күндерінен бастап, қарсы көрсетілімдер болмағанда, пациенттің жалпы жағдайы және жүрек-қан тамыр жүйесінің жағдайы мүмкіндік бергенде (тыныс жетіспеушілігі, гипертермия, тахикардия, артериалды гипотония болмағанда) пациентті горизонталды қалыптан вертикалды қалыпқа ауыстыруға болады - отыруға үйрету ұсынылады (ишемиялық инсультта 4-10 күннен кейін, миға қан құйылу кезінде -3-4 аптадан соң).

Алғашқыда пациент күніне бір неше рет 3-5 минут төсекте жартылай отыру қалпында болады, бас жағы 30º-қа көтеріледі. Бұл кезде пульстің жиіленуі минутына 10-20 соққыдан аспауы қажет. Содан соң 2-3 күн ішінде пациенттің бас жағын 90º-қа дейін көтеріп, отыру уақытын 15 минутқа дейін ұзарту қажет. Пациент төсегінде өзіндік отырғаннан соң, аяқтарын төмен түсіріп отыруды үйретеді. Бұл кезде пациенттің арқасына жартылай жұмсақ қояды, парез төсегінде отыру қалпында бір неше минут отырады, бірақ аяқтарын төмен түсіріп отыруды жаттығулардың 4-5-ші күнінен бастап рұқсат етеді. Төсегінде аяқтарын төмен түсіріп отыру уақытын біртіндеп көбейтеді, 10-15 минуттан бастап пациенттің жағдайына қарай 1-2 сағатқа дейін жеткізеді.

Қимыл-әрекеттердің қалпына келуі жедел және ерте қалпына келу кезеңінде (алғашқы 6 ай), әсіресе ерте қалпына келу кезеңінің бірінші жартысында (алғашқы 3 айда) қарқынды жүреді.

V. Студенттердің өзіндік жұмысына әдістемелік бағдар беру-5 мин

VІ Студенттердің өзіндік жұмысы- 100 минӨзіндік жұмыс симуляциялық орталықта (виртуальді палата) және оқу –оңалту орталығында орындалады. Виртуальді палатаға бару Реабилитацияның бірінші кезені неврологиялық стационарда жүзеге асырылады, бұл кезең 3-4 аптаға созылады. Екі топшаға екі робот-симулятор бекітіледі, симулятор бағдарламасына функционалды жағдай көрсеткіштері енгізілген (пульс, АҚҚ, тыныс жиілігі).

Page 23: реабилитация онлаин урок

5- кезең. Топтық тәжірибелік тапсырмалар. Аудиторлы/топтық. Бұл ең маңызды кезең. Студенттерге болашақ кәсіптік жұмыстарында жиі кездесетін мәселелерге, жағдайларға ұқсас болған ситуациялық есеп (сценарий) беріледі. Топтық жұмыс 4 принципке негізделеді:

1. Маңызды мәселе (проблема)- студенттер нақты жағдайларға мүмкіндігінше жақындатылған мәселелерді шешеді. Студенттер мәселені шешу жауабын ақпарат көздерінен (оқулық, Интернет) алуға мүмкіндігі болмауы қажет. Мәселені шешу жолдары дискуссия, талқылау, талдау арқылы анықталады.

2. Бірдей мәселе. Барлық топтар бірдей мәселені шешеді. Топтар әр түрлі шешім қабылдауы мүмкін.

3. Нақты шешім. Әр топ талдау, талқылау барысында нақты бір шешім қабылдайды. 4. Бір уақытта есеп беру. Екі топ бір уақытта есеп береді, бір уақытта жұмыстары

бағаланады, содан соң топ студенттері өз шешімін түсіндіреді және негіздейді.

Ситуациялық есепПациент А., 51 жаста., дүкенде жұмысшы болып істейді. Жұмыс кезінде жүк көтергенде бірден бозарып, ес-түссіз құлады. «Жедел жәрдем » дәрігері қан қысымының жоғары көрсеткіштерін 180/100 мм с.б. анықтады. Пациент қабылдау бөліміне жеткізілді. Невропатолог пациентті тексеріп келесі диагноз қойды: Жедел ми қан айналымы бұзылуы. Оң жақты гемиплегия. Пациент неврология бөлімшесіне жатқызылды. Түскен кезде : пациенттің санасы сақталған, шамалы қозу байқалады. Оң қол-аяқтарында қимыл-әрекеттер жоғалған. Сол қолымен басын ұстап өз мәселелері туралы айтуға әрекет жасайды, бірақ сөздері түсініксіз. ҚҚ 180/90 мм с.б.

Тапсырмалар: Тапсырма № 1. Пациенттің функционалды жағдайын бағалау;Тапсырма № 2. Гемиплегиясы бар пациентті Фаулер қалпына ауыстыру.Тапсырма № 3. Гемиплегиясы бар пациентті «арқасымен жату» қалпына ауыстыру.Тапсырма № 4. Пациентті қалыппен емдеу.Тапсырма № 5. Күтім бойынша шараларды, оларға қажет заттарды атап көрсету.Тапсырма № 6. Пациентке дұрыс жүруді үйрету. Параллель брусья көмегімен жүруді үйрету. Тапсырма № 7. Баспалдақтан көтерілу және төмен түсу. Тапсырма № 8. Қол саусақтарының ұсақ моторикасын қалпына келтіруге арналған эргономиялық әдістерін көрсету

Тапсырма № 1. Пациенттің функционалды жағдайын бағалау;

КӘРІЖІЛІК АРТЕРИЯСЫНАН ТАМЫР СОҒУДЫ АНЫҚТАУМақсаты: тамыр соғудың негізгі қасиеттерін анықтау, жүрек-қан тамырлары жүйесінің

жағдайын бағалау.Қолдану көрсетілімдері: науқастың жағдайын бақылау.Тамыр соғуын зерттейтін жерлер: кәріжілік, шынтақ, ұйқы, самай, тізе асты, сан, аяқтың

сыртқы артериялары.Тамыр соғу параметрлері: ритмі, жиілігі, толысуы, кернеу күші, көлемі.Дайындаңыз: сағатты (секундомерді), қағазды, қызыл түсті қаламсапты, қызу парағын.

Іс-әрекет алгоритмі:1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз, тамыр соғуын

анықтайтын жерді табыңыз.2. Науқасқа ынғайлы қалыпты, отыру немесе жату босансыған жайлы қалыпты, сабырлы

жағдайды беріңіз.3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.4. Бір мезгілде өз қолыныздың саусақтарымен науқастың білезігінен қамтып алып

(кәріжілік білезік буыны аймағын) былай ұстаңыз, 2, 3, 4 саусақтардың жұмсақ жастықшасы білектің алақан (ішкі) бетінде кәріжілік артериясының проекциясында болуы керек (үлкен саусақтың негізінде), 1 саусақты білектің сыртқы бет жағына

Page 24: реабилитация онлаин урок

орналастырыңыз. Кәржілік артериясы кәржілік сүйегінің біз тәрізді өсіндісі мен кәріжілік бұлшық етінің сіңірі арасынан пальпациялынады.

5. Кәріжілік күре тамыр аймағын ұстаңыз. Оны сәл кәріжілік сүйегіне қарай қысыңыз, тамыр соғатын жерді анықтаңыз, қаннын тамырлар бойымен қозғалуына байланысты иілмелі соғу толқының сезесіз.

6. Науқастың оң және сол қолы күре тамыры қабырғасының кезеңді тербелісін салыстырыңыз. Тамыр соғу сәйкестігін анықтаңыз. Сәйкестілік – бұл екі қолдағы тамыр соққысы толысу бойынша тура келеді (егер де тамыр соғу сәйкестігі болса, онда бір қол бойынша сипаттама беріледі).

7. Тамыр соғу реттілігін анықтаңыз. 8. Тамыр соғу жиілігін анықтаңыз.9. Тамыр соғу толысуын бағалаңыз.10. Тамыр соғу кернеу күшін анықтаңыз.11. Тамыр соғуды зерттеу мәліметін қызу парағына – графикалық эдіспен, қызыл түспен, ал

бақылау қағазына – сандық әдіспен жазыңыз.12. Науқасқа зерттеу нәтижесін хабарлаңыз.13. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту:- қалыпты тамыр соғу ритмін екі қолдан бірдей сыйпалаумен табылады, ересек адамда

тыныштық жағдайда тамыр соғу жиілігі минутына 60-80 соққы құрастырады;- тамыр соғу ритмі тамыр соғу толқының арасындағы аралық бойынша аңықтайды. Егер

де күре тамыр қабырғасының тамыр соғу тербелісі әрбір тең аралық уақытта пайда болса, онда тамыр соғуы ретті. Тамыр соғу реттілігі бұзылғанда, тамыр соғу толқынында ретсіз алмасу тамыр соғуы ретсіздігі байқалады;

- тамыр соғу жиілігін анықтау (егер де тамыр соғуы ретті болса). 1 минут ішіндегі тамыр соғу толқынының (соққынын) санын есептейді, сағат бойынша секундомерде уақытын қадағалап байқайды:

- қалыптағы тамыр соғу 1 минутта – 60-80 соққытамыр соғу 1 минутта 80 соққыдан көп болса – жиі – тахикардия.тамыр соғу 1 минутта 60 соққыдан аз болса – жәй – брадикардия.

ҚАН ҚЫСЫМЫН ӨЛШЕУМақсаты: қан қысымының көрсетілімдерін анықтау және зерттеу нәтижесін бағалау; жүрек

қан-тамырлар жүйелерінің функционалды ерекшеліктерін анықтау.Қолдану көрсетілімдері: науқастың жағдайын бағалау.Мүмкін болатын асқынулар: қолдағы артерияны ұзақ қысқаннан ауру сезімі болады.Дайындаңыз: тонометрді, фонендоскопты, қағазды, қаламсапты, қызу парағын.

Іс-әрекет алгоритмі:1. Науқасқа емшараның мақсатын түсіндіріңіз, алдымен осындай емшара жүргізілгенін

анықтаңыз, қандай нәтижелер болғанын науқас біле ме, өзін қалай жүргізу керек, қандай сезім болу керек.

2. Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз, отыру немесе жату салмақты босаңсыған қалыпта, науқастың қолы жазылған қалыпта жатады (алақанмен жоғары), аппаратпен бір деңгейде. Артериальды қысымды әдетте 1-2 рет арасына 2-4 минут салып өлшейді.

3. Тонометрдің манжетасын науқастың жалаңаштанған иығына, шынтақтың иілген жерінен 2-3 см жоғары жүрек деңгейінде, оның арасына 1 саусақ өтетіндей қылып қондырады; манжетаны иыққа ілмек көмегімен (ілмек, жабысқыш лента) жұмсақ ұлпаны қыспай бекітіңіз.

4. Манометрді манжетамен бекітіңіз, оны манжетаға бекітіп, тілдің қалпын (сынап бағанасы) шкаланың нөл белгісімен турасын тексертіңіз.

5. Шынтақ шұңқыры аймағындағы шынтақ артериясынан тамыр соғуды анықтаңыз, фонендоскопты осы жерге қондырыңыз (фонендоскоптың басының қысуы сабырлы болуы керек, онда мәліметі басқаша көрсетіледі).

Page 25: реабилитация онлаин урок

6. Алмұрт тәрізді баллоншадағы вентилді жауып, манжетаға баллоншамен ауаны толтырыңыз. Шынтақ артериясындағы пульсация жоқ болып кеткенше және манометр қалыптан жоғары (немесе осы пациентте) 20-30 мм сынап бағанасын көрсеткенше.

7. Вентильді ашыңыз және ақырын манжетадан ауаны жаймен босатып қоя беріңіз. Бағананың немесе тілдің жылдамдығының түсірілуін қараңыз, көрсеткіштер жылдамдығы 2 мм сынап бағанасынан өзгеріп отырады. Бір мезгілде көңіл қойып артериядағы дыбысты тындаңыз және манометрдің көрсеткішін қадағалаңыз.

8. Бірінші дыбыс пайда болған мезгілде манометрдің көрсеткішін белгілеңіз (жүрек жиырылған мезгілдегі артериальды қысымның көлемі) – систолалық қан қысымы және дыбыс жойылған мезгілде (жүректің босаңсыту мезгілдегі артериальды қысым) – диастолалық қан қысымы; манжетадан толығымен ауаны шығарыңыз.

9. Науқастың қолынан тонометрдің манжетасын шешіңіз.10. Мәліметті сандық жазу түрінде бақылау парағына және бөлшек түрінде қызу парағына

жазыңыз (алымы – систолалық қысым, бөлімі –диастолалық қысым).11. Емшараны қайталап, алынған мәліметті салыстырыңыз.12. Фонендоскоптың басын 2 рет 70% спиртпен зарарсыздандырыңыз.13. Науқасқа өлшеген қан қысымының нәтижесін хабарлаңыз.

ТЫНЫС АЛУ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЖИІЛІГІН ЕСЕПТЕУМақсаты: тыныс алу жиілігін анықтау, алынған нәтижені бағалау.Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің функционалды жағдайын бағалау.Дайындаңыз: секунді тілі бар сағатты, қызу парағын, көк стерженді қаламсапты.

Іс-әрекет алгоритмі:1. Пациентке емшара барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.2. Гигиеналық деңгейде қолға тазарту жүргізіңіз.3. Пациентке ыңғайлы қалып беріңіз (жату). Сізге оның кеуде торының жоғарғы бөлігін

және ішін көру қажет.4. Кәріжілік артериясынан тамыр соғуды зерттегендей етіп оң қолыңызбен пациенттің

білезігінен ұстаңыз (пациент тыныс алу жиілігін ерікті түрде өзгертуі мүмкін, сондықтан зерттеу мақсаты- пулсті анықтау деп айту қажет).

5. Пациенттің ұстаған қолын кеудесіне (кеуде түрімен дем алуда) немесе эпигастрии (төс шеміршегі мен кіндік аралығы) аймағына (іш түрімен дем алуда) қойыңыз.

6. Секундомерді қолдана отырып, бір минуттағы демді ішке алу немесе демді шығару санын есептеңіз.

7. Дем алу қозғалысының жиілігін, тереңдігін және ритмін бағалаңыз.8. Пациентке дем алу қозғалысының жиілігін есептегеніңізді түсіндіріңіз, нәтижесін

айтыңыз.9. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.10. Қызу парағына мәліметті тіркеңіз.Ескерту:- дем алу қозғалысының жиілігін пациентке байқалмайтындай есептеңіз;- 1 минуттағы дем алу қозғалысының саны – дем алу қозғалысының жиілігі деп аталады

(ДҚЖ);- дені сау ересек адамның қалыпты дем алу қозғалысының жиілігі тыныш қалпында

минутына 16-20 –ны құрастырады;- тыныс алу қозғалысының жиілігі жүрек соғу жиілігімен орташа 1:4 қатынасында;- дене температурасы 10С жоғарылағанда, дем алу қозғалысы 4 санға жиіленеді;Брадипноэ

– 1 минуттағы дем алу жиілігі 16 саннан кем, сирек.- Тахипноэ – 1 минутта 20-дан көбірек жиілік, жиі дем алу жиіленеді.

Тапсырма № 2. Гемиплегиясы бар пациентті Фаулер қалпына ауыстыру.

Гемиплегиясы бар пациентті Фаулер қалпына ауыстыруПациентті жатқызу бір медбикемен орындалады.

Page 26: реабилитация онлаин урок

Мақсаты: төсектегі пациентке жайлы қалыпты жасау.Қолдану көрсетілімдері: ойылудың даму қауіп-қатері, жеке бас тазалығын қамтамасыз

ету қажеттілігі, төсекте дәрет сындыру, төсектегі еңжарлы және еріксіз қалыптағы пациент, пациентті тамақтандыру, тыныс алу және жүрек-қан тамырлар жүйесі аурулары.Дайындаңыз: жастықтарды, көрпеден жасалған валикті, табанға арналған тіректі, резиналы жартылай допты, функциональды немесе жәй кереуетті.

Іс-әрекет алгоритмі:1. Пациентке жатқызу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.2. Пациентке психологиялық жайлы жағдайды қамтамасыз етіңіз (палатаға бөтен

адамдарды кіргізбеңіз). 3. Пациенттің жағдайын және айналадағы жағдайды бағалаңыз. Кереуеттің тежеуін

(тормозын) бекітіңіз (егер де ол болса).4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.5. Медбике тұрған қыр жағындағы поручендерді (тұтқаларын) түсіріңіз (егер де ол болса).6. Кереуетті көлденең жағдайға келтіріп, пациентті кереуеттің бас жағына қарай

жылжытыңыз.7. Пациент кереуеттің ортасында арқасымен жатқанына көзіңізді жеткізіңіз, жастықты

алыңыз.8. Пациенттің бас жағын 45-600 бұрышпен көтеріңіз (900 – жоғарғы Фаулер қалпы, 300 –

төменгі Фаулер қалпы), немесе 3 жастықты салыңыз: кереуеттегі тік отырған адам Фаулер қалпында болады (жоғарлату қалпы өкпедегі ауа алмасуды жақсартады және пациенттің қарым қатынасына ыңғайлы жағдай жасайды).

9. Сал тартқан қолы астына жастық салыңыз немесе кереует жанындағы кішкене үстелге сал тартқан қол басы мен білегіне тірек, шынтақ астына жастық қойыңыз.

10. Босаған қол басы қалыпты жағдайда орналастырылады: алақанды сәл төмен қаратып жазыңыз, саусақтар аз-кем бүгіледі. Қол басын осылай резиналы доптың жартысы үстіне қойыңыз.

11. Спастикалық қол басы үйреншікті қалыпта орналастырылады: егер қол басы алақанмен төмен тұрса, саусақтар аз-кем жазылады; егер жоғары тұрса – саусақтар еркін жатады.

12. Пациенттің тізесін бүгіңіз, астына жастық не бүктелген көрпе салыңыз.13. Аяқ бастарын 90°-қа келтіріңіз, гемиплегия кезінде пациенттің табанын жұмсақ

көпшікпен тіреу қажет. Қатты тірек бұндай пациенттердің бұлшық ет күш қуатын көбейтеді.

14. Пациенттің ыңғайлы жатқанына көзіңізді жеткізіңіз. Қырындағы тұтқаны көтеріңіз.15. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Тапсырма № 3. Гемиплегиясы бар пациентті «арқасымен жату» қалпына ауыстыру.

Гемиплегиясы бар пациентті «арқасынан жату» қалпында орналастыруПациентті жатқызу бір медбикемен орындалады.

Мақсаты: төсекте жайлы қалыпты жасау.Қолдану көрсетілімдері: Функционалды не қарапайым кереуетте түнгі және күндізгі

демалу кезінде; дене ойылуы не контрактура даму қаупі бар жағдайларда; төсекте орындалатын гигиеналық шараларда, дене қалпын басқа қалыпқа ауыстырулар алдында орындалады.Даярлаңыз: функциональды кереуетті, 4 валикті, 2 кішкентай жастықтарды, қол ұшына арналған 2 валикті, аяққа арналған тіректі, резиналы жартылай допты.

Іс-әрекет алгоритмі:1. Пациентпен сенімді қарым қатынасты орнатыңыз.2. Пациенттің жағдайын және оның жағынан басқа жаққа ауысуына көмектесу мүмкіндігі

барлығын бағалаңыз.3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.4. Кереуеттің тежеуін (тормозын) бекітіңіз.5. Кереуеттің бас жағы горизонтальды қалыпқа ауыстырыңыз. 6. Сал тартқан иығы астына жастық не бүктелген сүлгіні қойыңыз.

Page 27: реабилитация онлаин урок

7. Сал тартқан қол шынтақтан жазылып, алақанымен жоғары қаратып кеудеден алшақтау қойыңыз, немесе сал тартқан қолды кеудеден көтеріп, шынтақтан бүгіп қол басын кереует басына жақын орналастырыңыз.

8. Сал тартқан қол басына жоғарыда айтылған қалыптардың бірін қолданыңыз.9. Сал тартқан сан астына шағын жастық қойыңыз.10. Сал тартқан тізеден 30 °-қа бүгіңіз, астына жастық қойыңыз.11. Аяққа тірек ретінде жұмсақ жастық қойыңыз, аяқ басы 90 °-тай қалыпта болады.12. Пациенттің ыңғайлы жатқанына көзіңізді жеткізіңіз.13. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Тапсырма № 4. Пациентті қалыппен емдеу.

Тапсырма № 5. Күтім бойынша шараларды, оларға қажет заттарды атап көрсету.

- Пациенттің функционалды жағдайын бағалау: әр 2 сағат сайын жүрек соғуы мен тыныс жиілігін анықтау. Қалыпты көрсеткіштер өзгерген жағдайда дәрігерге хабарлау керек.

- Тыныс жолдары обструкциясының алдын алу. Оның себептері: тілдің артқа ығысуы; құсу массаларының аспирациясы; жөтелу рефлексінің төмендеуі және бронхтарда қақырықтың жиналуы. Сондықтан алдымен тыныс жолдарының өткізгіштігін тексеріп, алынбалы тіс протездерін алып тастау, ауыз қуысын шырыштан тазалау қажет. Аспирацияны болдырмау үшін пациентті бір қырымен жатқызу қажет. Дәрігердің тағайындауымен оксигенация оттегі бетперде немесе назальді катетер көмегімен. Науқасқа назальді катетер қойылса, медбике оның орнынан жылжып кетпеуін және ылғалдандырғыш бөтелкенің ішінде судың таусылып қалмауын бақылап отыру қажет

- Іркілісті пневмония және бронхиттің алдын алу- төсек тәртібіндегі пациенттерде байқалады. Өкпенің төменгі аймақтары тыныс алу кезінде толығымен жайылмайды, төменгі аймақтарға ауа жетіп бармайды. Мұрын қуысы, тыны, бронхтарда шырыш жиналып, микробтардың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай туады. Сондықтан төсектің бас жағын көтеру; күніне 2 реттен кем емес мұрын, ауыз қуыстарын тазалау; сілтілі ингаляциялар, қақырықты түсіретін микстуралар беріледі; кеудеге күнара қыша қойылады, тәулігіне 2 рет кеудеге уқалау жүргізіледі; активті және пассивті тыныс гимнастикасын орындау, резенке шар үрлеу ұсынылады. Науқасты әр екі сағат сайын төсекте бұрып отыру керек. Жалпы жағдайы жақсарысымен оның қозғалысын белсендендіру керек: алдымен төсекте арқасына жастық қою арқылы бірнеше минут отырғызып, содан соң күніне бірнеше рет қайталауы керек. Егер науқастың есі толық болса, оған онда бірінші күннен бастап тыныс алу гимнастикаларын жасату керек. Сонымен қоса, жалпы және вертикулярлы массаж жасау керек жұдырықтың қырымен арқасынан тоқылдату (дірілдеткіш массаж). Бұл өкпедегі іркілулердің алдын алып, қақырықтың бөлінуіне көмектеседі. Массажды 5-10 минуттан әрбір 4 сағ сайын жасайды.

- Шырышты қабат пен теріге күтім жүргізу Ауыз және мұрын қуысын күніне 2 рет күтім жасау: Пациенттерде иммунитеттің төмендеуі салдарынан терінің қорғаныс қызметі

әлсірейді. Әр түрлі патогенді микробтар тері арқылы еніп іріңді қабынуларға алып келеді, сондықтан тері тазалығын мұқият сақтап, сабындап жылы сумен жуу қажет. Жиі терлейтін ауыр халдегі пациенттер, сана жоғалуы байқалған пациенттерде еріксіз несеп және нәжістің бөлінуі ерекше назарды қажет етеді.

Баздану мен ойылудың алдын алу ойылу пайда болуы мүмкін жерлерді камфорлы спиртті 10% ерітіндімен, салицил қышқылының 1—2% спирттік ерітіндісімен, 40% этил спиртімен күніне 2 рет сүрту. Күнде таңертеңгі уақытта Ватерлоо шкаласы бойынша ойылудың даму қауіпін бағалау.

- Дененің қалыпты температурасын ұстау -Дене температурасының кенет өзгеруі, әсіресе, оның көтеріліп кетуі қауіпті жағдай белгісі ретінде қарастырылады. Температураны әр 4 сағат сайын өлшеп отыру керек. Инсультпен ауыратын науқастың

Page 28: реабилитация онлаин урок

қалтырауы көбінесе пневмония немесе қуык індетінің себебінен болады. Дене температурасының 38°С жоғарылауы мидың зақымдануын күшейтеді.

- Терең тамырлардың тромбозының алдын алу- жатқан науқастарда қан айналым баяулайды, бұл тромбтардын пайда болуына әсер етеді. Аяқ тамырының тромбозы дамиды (көбінесе сал болып қалған аяқта). Бұл асқынулардың алдын алу үшін антикоагулянттар белгіленеді. Геморрагиялык инсульт кезінде аяқты серпінді таңғышпен тану немесе эмболияға қарсы шұлықтарды пайдалануды ұсынылады. Бір күн ішінде таңғышты немесе шұлықты кем дегенде 30 мин-тан 2 рет шешіп отырады. Әдетте сирақты тізеге дейін немесе бөксеге дейін таңып қояды. Сауықтыру емінсіз сирақтағы терең тамырлардың тромбозы сал болып қалған науқастардың 70%-да байқалады, соның ішінде өкпе артериясының тромбоэмболиясынан туындағын 2—3% жағдай өлімге себеп болады.Контрактураны ескерту- Контрактуралардың алдын алу үшін пассивті ЕДШ аурудың 1-ші күнінен басталады. Пассивті жаттығуларды сал болған аймақта қимыл-әрекеттер толығымен жоғалған жағдайда да 3-4-ші күннен бастау қажет; Жедел кезеңде қан қысымының өзгерулерін болдырмау үшін жаттығулар ұсақ буындардан басталады. Қан қысымының тұрақты көрсеткіштерінде, жедел кезеңнен соң жаттығуларды ірі буындардан бастап, содан соң ұсақ буындарда орындайды. Белсенді қимыл-әрекеттерді алдымен сау жағымен орындайды, пациент бұл кезде қимыл-әрекеттерді сал болған аяғы немесе қолымен ойша қайталауы (идеомоторлы гимнастика) қажет, бұл белсенді қимыл-әрекеттердің пайда болуына ықпал етеді. Арнайы гимнастиканы тыныс жаттығуларымен кезектестіру қажет. Гимнастиканы 15-20-минуттан күніне 3-4 рет жүргізеді. Барлық қимыл-әрекетттерді байсалды, бір қалыпты ауырсынусыз орындау қажет, қатты қимыл-әрекеттер және ауырсыну бұлшықет тонусының жоғарлауына алып келеді.

- Тамақтандыру - ауыр жағдайында да тамақтандыруды 1-2-ші тәуліктерде жүргізеді. Алғашқы тамақтандыру кезінде пациентте жұту рефлексінің бұзылулары бар-жоқтығы анықталады. Бұл үшін пациенттің ауызына шай қасықпен суық суды құйып жұтынуын сұрайды. Пациент суды жеңіл жұтса және шашалмаса жылы, сұйық тамақпен тамақтандыруды жалғастырады. Сана бұзылулары болмағанды, жұту қызметі бұзылмаған пациенттерге алғашқы 2-3 тәулікте сұйық тағам (сорпа, шырындар), содан соң жұмсақ немесе езілген тағамдық заттар беріледі. Жұтудың жартылай бұзылуларында тамақ ботқа тәрізді консистенцияда болуы керек. Пациентті жәймен, кіші үлестермен, үзілістермен тамақтандыру қажет. Тамақтың тыныс жолдарына түсіп кетпеуін бақылау қажет. Кома кезінде сүнгі көмегімен немесе парентералді жолмен тамақтандырады.

- Салданған аяқ-қолдарға күтім жасау- Дененің дұрыс жайғасуына көңіл бөлу қажет. Зақымдалған қол ұшын міндетті түрде шынтақтан жоғары қою қажет. Салданған аяқ сыртқы қарай бұрылуын болдырмау үшін валик немесе жастықтарды қолданады.

- Сезімталдық бұзылуын естен шығармау қажет. Ол ауырсыну және температураны сезбейді, зақымдалған дене аймақтары қандай қалыпта жатқанын түсінбейді. Сондықтан пациентті жоғары температура (жылытқыш) және үшкір, кескіш заттар әсерінен сақтау қажет. Пациенттің тасымалдау қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажет.

- Қуық қызметінің бұзылулары- жиі жұлын жарақаттарында дамиды. Несеп ұстамауды төмендету, тұрақты уретралді катетер қоюдан мүмкіндігінше қашу.

Тапсырма № 6. Пациентке дұрыс жүруді үйрету. Параллель брусья көмегімен жүруді үйрету.

Инсульттан соң дене қалпы. Пациентке дұрыс жүруді үйрету.Жүруді үйрету мақсаты: жоғалған жүру автоматтық дағдыларын қалпына келтіру. Жүру пациент үшін тиімді, қауіпсіз болуы керек. Жүру кезінде пациент басын көтеруі, аяғына, жерге емес, алдына қарауы керек.

Қимыл әрекет жасау, қозғалудан алдын пациентке тепе-теңдікті сақтауды үйрету қажет. Инсульт алған пациентте қалыпты жүру өзгереді: пациент жүру кезінде салданған аяғында тізесін бүге алмайды. Сол себепті салданған аяқ жүргенде артта қалып кетеді. Пациентте еріксіз ерекше жүру түрі қалыптасады: пациент сау аяқ осьі айналасында денені айналдыру арқылы салданған аяқты пассивті түрде алдына қарай жылжытады. Аяқ тізе буынында түзу

Page 29: реабилитация онлаин урок

болып қалады және аяқ басын жерден көтеру үшін аяқ сыртқа қарай бұрылады. Мұндай пациенттің жүруі қолайсыз болып келеді. Жүргенде салданған аяқты жылжыту үшін жартылай тәрізді суреттеп белгілі бір күш жұмсауына тура келеді. Бұл әрекеттер салданған аяқта бұлшықет тонусының одан сайын жоғарылауына алып келеді.

Сур. 19. Алдын-ала жаттығу жасалмай пациентте ерекше жүру түрі қалыптасады.

Жүрудің келесі түрі бүйіріне қарай жүрумен сипатталады. Мұндай жүру түрін сау қолымен таяққа сүйеніп жүретін пациенттер қолданады. Бірінші болып алдына қарай таяқты жылжытып, таяққа қарай сау аяғын жылжытыды. Салданған аяқты сау аяғына қарай жылжытқанымен, шамалы артта болады. Жүру қызметі қимыл-әрекет қызметтерінің негізгісі болып саналады. Жүру қызметінің қалпына келтіруге инсульттың алғашқы күндері, апталары ерекше көңіл бөлу қажет. Жүру қызметін қалпына келтірудің келесі кезеңдерін ажыратуға болады:1) пассивты (салданған аяқты инструктор немесе күтім жасаушы қозғалтады) және активты (егер парез болған аяқта қимыл-әрекеттер бар болса) – төсекте жүруді имитациялау;2) жүруді үйретуге дайындық кезеңі, оған жатады: а) төсекте өзіндік отыруды үйрету; б) екі аяқта тұруды үйрету; в) кезекпен сау және парез болған аяқта тұруды үйрету; г) орнында тұрып жүруді үйрету.

Содан соң жүру дағдыларын үйрету келесі кезеңдерден тұрады: - инструктор көмегімен жүру;- балдақпен жүру;- таяққа сүйеніп жүру, мүмкін болған жағдайда таяқсыз жүру.

Дұрыс жүруді үйрету үшін өкше іздері көрсетілген жол қолданылады, парез жағында «аяқ іздері» арасына биіктігі 5-15см болған тақтайшалар орнатылады. Осындай жол Вернике – Мани қалпын өзгертуге («қол сұрайды – аяқ орады») мүмкіндік береді. Жүру қалпына келудің белгілі бір деңгейінде тегіс жерден баспалдақпен, топырақ үстінде, қиыршық тас үстінде жүруді, көлікпен пайдалануды үйрету керек.

Сур. 20 Төсекте жүрудің активті Сур. 21. Парез аяқ басының салбырап имитациясы қалуын болдырмауға арналған құрылғы

Page 30: реабилитация онлаин урок

Сур.22. Әдіскер көмегімен жүру Сур. 24. Аяқ іздері сызылған жол

Сур.23 3– тіреуіші бар таяқпен жүру Сур.24. Аяқ іздері бар, парез жағында аяқ іздері арасында биіктігі 5-15 см ағаш тақтайшалары бар жол үстінде жүру.

Пациентке дұрыс жүруді үйрету үшін параллель брусьямен қолдануға болады. Ол пациентке денесінің сау жағына қарай сүйенуіне көмек береді. Бірақ біртіндеп жүру жаттығулары кезінде дене салмағын салданған жағына қарай түсіруі қажет. Параллель брусьяны сау қолы көмегімен тұру кезінде тірек ретінде қолдануға болмайды. Брусья пациентке жазылған қолдарға тіреумен дене қалпын дұрыс ұстауға, тепе-теңдік сақтауға көмек беруі керек.

Жаттығу кезінде айнаны қолдану.Дененің толық бейнесін көруге мүмкіндік беретін үлкен айна дұрыс «тұру» қалпын

реттеуге және дене салмағын зақымдалу жағына қарай ауыстыруды жаттықтыруда көмек беруі мүмкін.

Инсульт алған пациенттерге иықтарды, бас, денені вертикалды қалыпта дұрыс ұстауын үнемі ескертіп отыру қажет. Бұл жағдайда айна визуалды бақылауды қамтамасыз етеді. Әсіресе бұл сезімталдық бұзылулары бар пациенттер үшін пайдалы.

Барлық уақытта салданған аяқтың тізе буыны және салданған қол қосымша зейінді қажет етеді.

Параллель брусья көмегімен жүруді үйрету Тізе буынында бүгу және жазу қимыл-әрекеттерін жаттықтыру, тізенің шектен тыс

жазылуын болдырмау. пациент вертикалды қалыпта тұрады, аяқ басы параллель, өкшелер еденге тығыз

жанасқан, екі аяқ тізеде шамалы бүгілген, бірақ сау аяқ бір қадам алдында орналасқан.; салданған аяқ тізе буынында шамалы бүгілген, пациент оны тізеде жазып, содан соң

қайтадан жеңіл бүгу қалпына әкеледі. пациент салданған қолмен тұтқаны ұстайды, қол ұшы сыртқа қарай бұрылған; медбике пациентке салданған аяқты алдына қарай қоюына көмек береді. (сур.25)

Page 31: реабилитация онлаин урок

сурет 25

Тапсырма № 7. Баспалдақтан көтерілу және төмен түсу. Баспалдақпен жоғары және төмен қозғалу.

Пациентке биік болмаған (5-10 см) баспалдақтармен жоғары және төмен екі аяқтармен кезектесіп қозғалуын үйрету қажет.

Пациент тұтқаларды ұстайды. Сау аяғын көтеріп жоғары тұрған баспалдаққа қойып қалпын сақтайды.

Сау аяғын жазып баспалдаққа салданған аяғын көтереді. Аяқтарын тізеде шамалы бүгіп салданған аяқты қайтадан төмен тұрған баспалдаққа

түсіреді. (сур. 26)

Сурет 26. Баспалдақпен жоғары және төмен қозғалуЕскерту: Баспалдақпен тұруды жаттықтырған кезде барлық әрекеттерді сау аяғымен бастау керек. Біраз уақыттан соң, бұл жаттығуларды қайталай отырып салданған аяқты бірінші болып баспалдаққа қою қажет.

Сур 27 Арнайы баспалдақпен жүру

Тапсырма № 8. Қол саусақтарының ұсақ моторикасын қалпына келтіруге арналған эргономиялық әдістерін көрсету

Өзіндік күтім дағдыларын қалпына келтіруАяқ қызметін қалпына келтіру және жүруді үйретумен қатар қол қызметін қалпына

келтіру және жүруді үйретумен қатар қол қызметін қалпына келтіру жаттығуларын жасау

Page 32: реабилитация онлаин урок

қажет. Қол саусақтарын жаттықтыру үшін ұсақ заттармен (кубиктер, пирамидалар), пластилинмен сабақтар жүргізіледі. Өзіндік күтім дағдыларына үйретудің бірнеше кезеңдері бар: алдымен өзіндік күтім дағдыларына (өзіндік тамақтану, бетін жуу т.б), содан соң өзіндік киініп – шешіну, әжетхана, жуынатын бөлмемен пайдалануды үйрету қажет. Мұндай жағдайда әртүрлі техникалық құрылғылар (ауруханада және үйде) көмек береді: жуыну бөлмесі, әжетханадағы тұтқалар, ағаш үстел т.б.

Сур 28 Сур 29 Сур 30Сур 28. Таяқ көмегімен қолға жаттығу жасау Сур 29. Саусақтарға арналған жаттығулар Сур 30. Қасықты ұстауға арналған құрылғылар

Сурет 31. Қол саусақтарына арналған жаттығулар

Сурет 32. Пирамидалар көмегімен Сурет 33. Резеңке кольцо білекке арналған жаттығулар

Сурет 34. резеңке дөңгелекпен жаттығулар

Page 33: реабилитация онлаин урок

Дағдылар чек-листтермен бағаланады

Веб-квесттерді нақты интернет желісіне жайғастыру студенттің жақсы оқу нәтижелеріне қол жеткізуіне мотивацияны жоғарлатады.

Студенттердің жұмысын бағалау критерийлері

  Үздік Жақсы Қанағаттанарлық

Тапсырманы түсінуі

Жұмыс тапсырманы толық түсінгенін көрсетеді

Жұмыста тақырыпқа тікелей қатысы бар және сонымен қатар тақырыпқа қатысы болмаған ақпарат көрсетіледі; шектеулі ақпарат көздері қолданылған

тақырыпқа тікелей қатысы болмаған ақпарат көрсетіледі; тек қана бір ақпарат көзі қолданылған, жиналған ақпарат қа талдау жүргізілме-ген, бағаланбайды.

Тапсырманы орындау

Әр түрлі кезең жұмыстары бағаланады; қортындылар дәйектелген; барлық ақпараттың тақырыпқа тікелей қатысы бар; ақпарат көздерінен дұрыс дәйексөз алынған; мәліметтер сенімді ақпарат көздерінен алынған.

Кейбір ақпарат сенімді ақпарат көздерінен алынған емес; ақпараттың бір бөлігі тура емес немесе тақырыпқа тікелей қатысы жоқ

Ақпарат кездесоқ іріктеп алынған; ақпарат тура емес немесе тақырыпқа тікелей қатысы жоқ; сұрақтарға жауап толық емес; ақпаратты бағалау және талдау әрекеттері жоқ

Жұмыс нәтижелері

Ақпарат анық, айқын және қисынды ұсынылған; барлық ақпараттың тақырыпқа тікелей қатысы бар; айқын, жақсы құрылымданған және редакцияланған. Ақпаратты сыни талдау және бағалау, айқындама көзқарас анықтау демонстрацияланады.

Ақпарат анық, құрылымдалған; жұмыс қызықтыратындай дайындалған; Өзіндік көзқарас және ақпаратты бағалау толық айқындалмаған. Жұмыс басқа студенттердің жұмысына ұқсайды.

Ақпарат қисынды құрастырылмаған, қызықтарындай емес; қойылған сұрақтиарға нақты жауаптар жоқ.

Шығармашыл жанасу

Мәселені шешудің әр түрлі жолдары көрсетілген. Жұмыс өзіндік даралығымен ерекшеленеді және топшаның көзқарасын білдіреді.

Мәселеге бір көзқарас демонстрацияланады; салыстырулар бар, бірақ қортынды жасалмаған.

Студент ұсынылған ақпарат көздерінен мәліметті тек жүктеп алған; мәселеге сыни көзқарас жоқ; жұмыс веб-квест тақыроыбымен аз байланысқан.

Тақырыпты пысықтау – анимацияланған сорбонка

VII Сабақты қортындылау - 10 мин:

Page 34: реабилитация онлаин урок

Студенттердің аты-жөні

Жеке дайындығын

бағалау25%

35%

Топтық тәжірибелік тапсырмалар.

35%

5%

Пре

зент

ация

Глос

сари

й

Ағы

лшы

н ті

лінд

е те

рмин

олог

ия

Ауы

зша

сұра

у

Жек

е те

ст

Топ

тыңқ

тес

т

СӨ

Ж т

апсы

рма

№ 1

СӨ

Ж т

апсы

рма

№ 2

СӨ

Ж т

апсы

рма

№ 3

СӨ

Ж т

апсы

рма

№ 4

СӨ

Ж т

апсы

рма

№ 5

СӨ

Ж т

апсы

рма

№ 6

СӨ

Ж т

апсы

рма

№ 7

СӨ

Ж т

апсы

рма

№ 8

Ө

зара

бағ

алау

Жал

пы б

аға

1.2.

VIIІ Үйге тапсырма – 5 мин. Тақырыбы : Перифериялық жүйке жүйесі ауруларындағы реабилитация Өзіндік дайындалуға арналған сұрақтар :

1. Перифериялық жүйке жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері;2. Перифериялық жүйке жүйесі ауруларының негізгі белгілері, себептері;3. Перифериялық жүйке жүйесі жарақаттарының негізгі көріністері;4. Перифериялық жүйке жүйесі ауруларында және жарақаттарында пациенттерге күтім у

ерекшеліктерін, реабилитация негіздері.

Ұсынылған әдебиеттер Негізгі әдебиет:

1. С. Қ. Мұратбекова Мейірбике ісінің негіздері., А., 2010ж.;2. Мейірбике ісі негіздері пәне бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының

жинағы Нурманова М.Ш. және т.б., Қарағанды: ЖК «Ақ Нұр баспасы», 2012 ж.3. Мухина С.А., Тарновская И.И. «Мейіркеш ісінің негіздері» пәніне практикалық

басшылық. М.,2008ж;

Қосымша әдебиеттер:1. Мейірбике ісі негіздері Т.П. Обуховец, О.В. Чернова Феникс. Ростов-на- Дону 2011ж2. Т.П.Обуховец Мейірбике ісі негіздері Практикум-Ростов-на-Дону. «Феникс»2005