қысым 7 б ашық сабақ

Preview:

Citation preview

Сабақтың өтілу моделі

VIІ Қорытын -

дылау

ІІІ Үй тапсыр-

масын қайталау

Есептер шығару

V

ІV Жаңа

материалды меңгерту

VIІІ

Бағалау

І

Тақырыбы

ІІ

Мақсаты

VIЖаңа

материалды бекіту

Сабақтың тақырыбы: Қысым. Қысымның қатты

денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі.

Паскаль заңы

МақсатыМақсатыОқушыларға белгілі бір бетке түсетін қысым жайлы тұжырымдау. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі туралы материалды меңгерту, эксперименттік зерттеу әдістерін игеруге көмектесу, түсіне білуін қамтамасыз ету, Паскаль заңы туралы түсінік беру; Ә) Белгілі бір бетке түсетін қысым, қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңын күнделікті өмірде, формуласын есеп шығаруда қолдана білуге үйрету;Б) оқушыларды өз бетінше жұмыс жасауға, шығармашылық ізденіске, физикадан алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.

1. Физикада күш деген сөзді қалай түсінесің?2. Серпімділік күші дегеніміз не және формуласы?3. Демормация деп нені айтамыз?4. Дененің салмағы дегеніміз не?5. Қандай күшті үйкеліс күші деп айтамыз?6. Деформацияның неше түрі бар?7. Ауырлық күші ...8. Қандай үйкеліс түрлері болады?9. Гук заңы қалай тұжырымдалады?10. Бір түзудің бойымен қарама-қарсы жаққа қарай

бағытталған екі күштің теңәрекетті күші неге тең?11. Масса дегеніміз не?

Өткен тақырыпты қайталау

Оқушылардан матрица әдісі бойынша сұрақ – жауап алу

Қызығушылықты ояту

Жаңа сабақБіз күнделікті тұрмыста қайшы, ине, пышақ сияқты алуан түрлі құралдарды пайдаланамыз. Алайды олардың әсері осы күш түскен беттің ауданына тәуелді болатынын байқай бермейміз. Мысалы, матаны ұшы доғал инеге қарағанда, үшкір инемен тесу оңай; өткір пышаққа қарағанда өтпейтін пышақпен кесу қиын.

Сол себепті құралдардың кесетін жүзінің ауданын кішірейтіп, өткірлеу үшін әр уақытта да оларды мұқият қайрауға тырысамыз. Сондықтан құралдар мен аспаптардың әсерін есептегенде бір дененің басқа бір денеге түсіретін күшінің мәнін ғана емес, осы күш түсірілетін беттің ауданын да білу маңызды.

Сол сияқты адамның қармен жүруі қиын, өйткені ол қадам басқан сайын қарға омбылайды. Ал аяғына шаңғы байлаған адам қар үстімен жеңіл жүре алады. Мұның себебі не? Шаңғы мен де шаңғысыз да адам қарды өзінің салмағына тең бірдей күшпен басады. Бірақ ол күштің бұл екі жағдайдағы әрекеті бірдей емес, себебі шаңғы бетінің ауданы адамның табанының ауданынан жиырма еседей үлкен, сондықтан ол шаңғымен тұрғанда қар бетінің әрбір шаршы сантиметр ауданын шаңғысыз тұрғандағыдан гөрі жиырма еседей аз күшпен басады.

Мынадай тәжірибе қарастырайық. Жіңішке төрт аяғы бар үстелшені төңкеріп, ыдыстағы құмның үстіне қояды да, оны массасы 5 кг гір таспен бастырады. Бұл жағдайда үстел құмға батпайды. Ал үстелшенің жоғары қаратып, үстіне сондай гір тас қойғанда, оның аяғы құмға батып кетеді.

Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы қысым деп айтамыз.

ГЛОССАРИЙ

Қысым – давление – pressureКүш – сила – powerАудан – площадь – areaПаскаль заңы – закон Паскала – Pascals law

ХБЖ-да қысым Паскальмен өлшенеді.

211мНПа

гПа=100 Па=102 ПакПа=1000 Па=103 ПаМПа=100000 Па=106 Па

Қатты денелер өзіне түсірілген қысымды бір бағытта ғана жеткізеді

Сұйыққа немесе газға түсірілген

қысым осы сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз

беріледі.

ПАСКАЛЬ

ЗАҢЫ

F

F

1. Үшкір иненің ұшының ауданы 0,000006 см2. Инеге 3 Н күш түсірсек, қысым қандай болар еді?

2. Бетке 45 кН күш түсіріп 2 кПа қысым алсақ, ауданы қандай болған?

3. Массасы 32 т төрт білікті жүгі бар вагонның рельске түсіретін қысымын есептеңдер. Доңғалақтың рельспен жанасу ауданы 4см2.

4. Асфальт төсеуде қолданылатын машина каток тірегінің ауданы 1500 см2, түсіретін қысымы 300 кПа екенін біліп, әрекет ететін күшті анықта.

5. Массасы 80 кг спортшы шаңғыда тұр. Әр шаңғының ұзындығы 2 м, 8 см. Спортшы қарға қандай қысым түсіріп тұр.6. Жерге тиіп тұрған бетінің ауданы 1,5 м2, көлемі 6 м3 гранит текше топыраққа қандай қысым түсіреді? (ρ=2600 кг/м3)

1. Қысым деп нені айтамыз?2. Қысымның формуласы ...3. Қысымды арттырып немесе кемітуге бола ма? Ол үшін не істеу керек?4. Қатты дене қысымды қалай жеткізеді?5. Сұйықтар мен газдар неліктен қысымды барлық жаққа бірдей жеткізеді?6. Паскаль заңы қалай тұжырымдалады?

Сабақты қорытындылау сұрақтары

Рефлексия

Мен бүгінгі сабақтан нені үйрендім?

Үйге тапсырма

Күнделікті енді ашайықҮй тапсырмасын жазайық. Қысымнан алған білімді,Ұмытпай есте сақтайық. § 32; 33 15 – жаттығу

Сабақ аяқталды.Сабақ аяқталды.РахметРахмет

Recommended