28
Жоспар 1 Кіріспе................................................ ....................................................... ..3 Ι тарау. Заңды тұлғаға жалпы құқықтық сипаттама..........................8 1.1 Заңды тұлға ұғымы және оның белгілері........................................8 1.2 Заңды тұлғаны құру, қайта құру................................................... ..10 1.3 Заңды тұлғаны тарату негіздері.............................................. ..14 2 Қорытынды 3 Пайдаланылған әдебиеттер............................................. .....................17

Реферат по Гп

  • Upload
    -

  • View
    83

  • Download
    13

Embed Size (px)

Citation preview

Жоспар

1 Кіріспе.........................................................................................................3

Ι тарау. Заңды тұлғаға жалпы құқықтық сипаттама..........................8

1.1 Заңды тұлға ұғымы және оның белгілері........................................8

1.2 Заңды тұлғаны құру, қайта құру.....................................................10

1.3 Заңды тұлғаны тарату негіздері................................................14

2 Қорытынды

3 Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................17

Кіріспе

Азаматтық құқық жеке құқық саласы болып табылады. Азаматтық заңдармен

тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге

де мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар

реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушалары

азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет. Құқықтар мен міндеттердің иесі болу

білу, азаматтық айналымда құқықтың дербес дербес субьектісі ретінде

қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке тұлғаға ғана емес, заңды

тұлғаларға да тән.

Заңды тұлға дегеніміз- меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару

құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері

бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке

құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта

талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.

Заңды тұлға дербес балансы немес сметасы болуға тиіс және заңды тұлғаның

өз атауы жазылған мөрі болады.

Заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес деп бөлінеді.

Коммерциялық ұйым пайда табуды көздейді. Кіріс түсіру мақсаты болып

табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін

заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады.

Азаматтық кодекстің 41-бабына сәйкес заңды тұлға өз қызметін

жарғысы не құрылтай шарты деп аталатын құрылтай құжаттары негізінде

жүзеге асырады. Заң құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның басқа құрылтай

құжаттары болуы мүмкін. Сонымен қатар, коммерциялық емес ұйымның

құжаттары: 1) мекеме үшін – меншік иесі (меншік иелері) бекіткен ереже

(жарғы) және меншік иесінің (меншік иелерінің) заңды тұлға құру туралы

шешімі; 2) қор, тұтыну кооперативі, коммерциялық емес акционерлік қоғам,

қауымдастық (одақ) нысанындағы өзге де ұйымдық- құқықтық нысанындағы

заңды тұлғалар бірлестігі үшін –– құрылтайшылар бекіткен жарғы және

құрылтай шарты; 3) қоғамдық бірлестік, діни бірлестік үшін –– жарғы болып

табылады.

Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына

(үлесіне) бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп

есептелетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым

шаруашылық серіктестігі болып танылады.

Тақырыптың өзектілігі. Заңды тұлғалар – азамттық құқық субьектілері

ішінде ерекше орын алады. Яғни, олар Қазақстан экономикасының дамуына

өте үлкен үлес қосады. Заңды тұлғалардың көптеп құрылуы халықты

жұмыспен қамтамасыз етуге көмегін тигізеді. Салық- мемлекеттің тіршілік

ету көзі, ал заңды тұлға бірден –бір салық төлеуші субьект..

Зерттеу мақсаты- заңды тұлғалардың құрылуы, оның түрлерінің бір-

бірінен ерекшелігі, олардың заң арқылы қорғалуы, ел экономикасының

жоғары деңгейде дамуына әсер ететінін көрсету, және түрлеріне жеке-жеке

тоқталу, олардың жарғылық капиталының құқықтық реттелуін,

қаржыландырылуы, құрылтай құжаттары туралы түсінік беру.

Жоғарыда аталған мақсаттарға сай мынандай міндеттер қойылды:

- Шаруашылық серіктестік туралы ұғымның теориялық негізін

зерттеу.

- Шаруашылық серіктестік түрлеріне байланысты мәселелерді

ауқымды түрде көтере отырып, талдау және зерттеу жүргізу.

Диплом жұмысының зерттеу пәніне заңды тұлғалардың жарғылық

капиталы жатады. Заңды тұлғаларды құру, қайта құру, тіркеу, тарату,

құқықтық пайда болатын қоғамдық қатынастар танылады, бұл қатынастар өз

кезегінде зерттеу пәні болып табылады.

Зерттеудің әдістемелік негізі болып түрлі таным тәсілдерін қолдану

саласына, мәні мен құрылымына, ғылыми теорияларға негізгі талаптарды

анықтайтын философиялық білімдер жүйесі табылады. Осы аталған жұмыста

көзделген мақсаттарға жету үшін жалпы ғылыми және жеке ғылыми таным

тәсілдері пайдаланылды. Жалпы ғылыми тәсілдер ретінде диалектикалық

тәсіл, ұғымдардың бөліктерін, жекелеген белгілерін талдау мен жүйелеу

тәсілдері қолданылды.

Зерттеу барысында сонымен қатар құқықтық зерттеудің арнаулы

тәсілдері: салыстырмалы құқықтану, сот тәжірибесін талдау тәсілі,

формальдық-логикалық тәсілдер және тағы басқалары қолданылды.

Диплом жұмысының тақырыбын зерттеу кезінде ғылыми және

ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен қатар нормативтік құқықтық актілер де

қолданылды.

Қазақстан Республикасының заңнамалар жүйесінде заңды тұлғалардың

және оның түрлерінің жарғылық капиталын құқықтық реттеуге ерекше көңіл

бөлінеді. Құқықтың негізгі қайнар көзі болып Қазақстан Республикасының

Конституциясы табылады. Заңдық күші тұрғысынан алғандағы келесі бір акті

- Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі. Ол жалпы сипатты

иеленетін нормативтік актілер қатарына жатады. Егер қандай да бір мәселе

арнаулы нормативтік актілер мен шаруашылық серіктестік заңдарымен

реттелмесе, онда Азаматтық Кодекстің нормалары қолданылады. Қазіргі

уақытта ҚР-да заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы келесідей арнайы

құқықтық нормативтік актілермен реттеледі:

-«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы » Қазақстан Республикасы

Президентінің Заң күші бар Жарлығы;

-«Шаруашылық серіктестік»туралы ҚР-сы Президентінің жарлығы;

-Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік

туралы ҚР-ның серіктестігі;

-«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

-«Банкроттық туралы»Қазақстан Республикасының Заңы ;

-.«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ;

- «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы т.б

Диплом жұмысқа жаңалық ретінде қосар ұсынысым былайша көрініс

береді. Қазақстан Республикасындағы өндірістің дамуына орай заңды

тұлғалар қоғамда ерекше орын алатындығы мәлім. Бұл қатынастарды

құқықтық реттеудің күрделілігі осы саладағы нормативтік-құқықтық

актілердің көптігімен сипатталады.

Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, 3-тараудан,

қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Ғылыми әдебиеттерде заңды тұлғаларға көп көңіл бөлінген. Атап

айтқанда, аталған тақырыпты зерттеу барысында А.ГДиденко, Ю.Г.Басин,

Д,А.Колбасин, Ғ.Тулеуғалиев, Ғ.А.Жайлин секілді ғалымдардың еңбектері

қолданылды.

Ι тарау. Заңды тұлғаға жалпы құқықтық сипаттама

1.1 Заңды тұлға ұғымы және оның белгілері.

ҚР-ның Азаматтық Кодексінің 33-бабында көрсетілгендей заңды

тұлға дегеніміз- меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару

құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері

бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке

құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта

талапкер және жауапкер бола алатын ұйым. 1

Заңды тұлға дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс және заңды

тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады. Заңды тұлға-азаматтық құқықтық

қатынастардың субьектісі. Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны

мынадай белгілері бойынша айқындайды:

- Ұйымдасқан бірлігі

- Мүліктік оқшаулығы

- Дербес мүліктік жауапкершілігі

- Азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы

Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі, оның өзіне тән қасиеті

болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды. Ұйымдасқандық бірлігі

заңды тұлғаның ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы

айқындалады. Заңды тұлғаның жоғарыда келтірілген анықтамасында оның

белгілері көрсетілген: оқшау мүлкінің болуы, осы мүліктен өз міндеттемесі

бойынша дербес жауапкершілігі болуы, өз атынан азаматтық құқықтарға ие

болып, оны жүзеге асыруы, сотқа талапкер және жауапкер ретінде қатысуы.

Заңды тұлғаның жоғарыда аталған белгілерін қарастырайық. Оқшау

мүлкі дегеніміз шаруашылық қатынастарына дербес түсуі үшін ұйымның тек

қана басқа ұйымдардың ғана емес, сондай-ақ мемлекеттің мүлкінен де оқшау

мүлкі болуы керек дегенді білдіреді.

Азаматтық айналымда өз атынан сөйлеу қабілеті- бұл өз атынан

азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие болу, талапкер және жауапкер

ретінде жауап беру мүмкіндігі. Ұйымның осы құқығы оның жарғысымен,

ережесімен немесе аталған ұйымды құру туралы актісімен көзделеді.

Заңды тұлғаны өз міндеттемелері бойынша дербес мүліктік

жауапкершілігі-оның оқшау мүлкінің салдары. Атап айтқанда, кәсіпорын

өзіне тиесілі барлық мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап береді.

1 Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі 33-бап, 1-тармақ,13-бет

Меншік иесіне оның мүлкіне міндеттемесі бойынша кәсіпорынның

жауапкершілігі болмайды. Құрылтайшының әрекеті салдарынан болған

банкроттық жағдайын есептемегенде жауап бермейді. 2

Заңды тұлға ұйымдық біртұтас болуы керек. Ұйымдық біртұтас болу

ұжымдық құрылымның біртұтас құрылым ретіндегі қызметін қамтамасыз

етеді. Аталған белгі заңды тұлғаның мақсаттары мен міндеттерін, оның

құрылымын, құзыретін, қызмет анықтаудан құжаттарында өзгеше айтылмаса,

жарғы не құрылтай шарты мен жарғысы негізінде жүзеге асырады.

Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуы керек, өйткені

мұндай құжаттың болуы заңды тұлғаның оқшау мүлкін және мүліктік

дербестігін білдіреді, әрі белгілі бір дәрежеде қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік

баланстың дербестігі сол, онда заңды тұлғаның мүлкі, барлық түсімдер,

шығындар, активтер мен пассивтер көрініп тұрады. Жалпы заңды тұлға

азаматтық құқықтық заңмен танылған бірыңғай субьектісі ретінде күрделі

құрылым деп есептеледі.

Заңды тұлғаның құқық субъектілігі дегеніміз, онда құқық

субъектісінің қасиеті болуы, яғни құқық қабілеттілігі және әрекет

қабілеттілігі болуы.

Құқық қабілеттілігі арнаулы және жалпы болады. Арнаулы құқық

қабілеттілігі дегеніміз, заңды тұлғаның жарғыда көзделген қызметінің

мақсатына сай келетіндей азаматтық құқықтары мен міндеттері болады.

Мұндай жағдайда жарғыда олар айналысуға құқықты қызмет түрлері

көрсетіледі. Осыған байланысты, ҚР АК 159-бабында былай делінген:

«Заңды тұлғаның осы Кодексте, өзге де заң актілерінде немесе құрылтай

құжаттарында нақты шектелген қызмет мақсаттарына қайшы келетін етіп

жасаған, не оның органының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған

мәмілесі, егер мәміледегі басқа тараптың мұндай жолсыздықтар туралы

білгені немесе күнілгері білуге тиіс болғаны дәлелденсе, заңды тұлғаның

немесе оның құрылтайшысының (қатысушысының) мүлік иесінің қуынымы

бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін».4 Арнаулы құқық қабілеті бар

заңды тұлғаның мысал ретінде қазыналық кәсіпорынды атауға болады.

Қазыналық кәсіпорынның шаруашылық қызметі жарғыда бекітілген

2 "Мемлекеттік кәсіпорындар"туралы 1995 ж ҚР Президентінің Жарлығының 30 бабы

4 ҚР Азаматтық Кодексі 05.06.2006ж. 159-бап,11-тармақ

мақсаттарымен және міндеттерімен айқындалады. Арнаулы құқық

қабілеттілігі сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдарға да: мекемелерге,

қоғамдық бірлестіктерге, қоғамдық қорларға, тұтыну кооперативіне, діни

бірлестіктерге, заңды тұлғалардың қауымдастық немесе одақ нысанындағы

бірлестіктеріне тән. Жалпы құқық қабілеттілігі бар заңды тұлғалар өз

кезегінде, кез келген қызметпен айналыса алады, кез келген азаматтық

құқығы және соған қатысты міндеттемесі болады. Коммерциялық емес

ұйымға жататын (шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдар) көптеген заңды

тұлғалардың жалпы құқық қабілеттілігі болады.

Азаматтық заңдарда заңды тұлғаның құқық қабілеттілігінің пайда

болуы және тоқтатылуы туралы ереже белгіленген. ҚР азаматтық кодексінде

заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі туралы былай делінген: «Заңды тұлғаның

құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған

кезде тоқтатылады. Айналысу үшін лицензия алу қажет болатын қызмет

саласында заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі сондай лицензияны алған

кезден бастап пайда болып, ол қайтарып алынған, оның қолданылу мерзімі

өткен немесе заң құжаттарында белгіленген тәртіппен жарамсыз деп

танылған кезде тоқталады»

Заңды тұлғаның азаматтық айналымға қатысуы үшін тек қана құқық

қабілеттілігі емес, сондай-ақ әрекет қабілеттілігі де керек. Азаматтарға

қарағанда заңды тұлғалардың ерекшелігі олардың құқық және әрекет

қабілеттілігі бір мезгілде пайда болып, бір мезгілде тоқтатылады. ҚР

Азаматтық кодексінің 37-бабында былай делінген: «Заңды тұлға заң

құжаттары мен құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары

арқылы ғана азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне міндеттер қабылдайды».

Заңды тұлғаның органы – бұл заңмен, жарғымен немесе құрылтай

құжаттарымен көзделген лауазымды тұлғалар (бас директор, директор,

президент, бастық, меңгеруші, төраға) және ұйым қатарында солармен бірге

әрекет ететін лауазымды тұлғалардың алқалары (мысалы, акционерлік

қоғамды –– директорлар кеңесі, ал кооперативтік және қоғамдық ұйымдарда

–– басқарма, кеңес секретариат) заңды тұлғаның еркін білдіріп, оны жүзеге

асырады.

ҚР Азаматтық кодексде заңды тұлғалардың жекелеген түрлеріне

қатысты органдардың құралы мен олардың құзыреті айқындалады. Мысалы,

толық серіктестіктің ішкі мәселелері жөніндегі шешім барлық

қатысушылардың жалпы келісімі бойынша қабылданады, сенім серіктестігін

ісін басқаруды толық серіктестіктер жүзеге асырады,акционерлік қоғамның

жоғары орғаны оның акционерлерінің жалпы жиналысы болып табылады.

Акционерлік қоғамның атқарушы органы алқалық (басқарма) немесе жеке-

дара (директор, бас директор, президент) болуы мүмкін. Ол акционерлік

қоғам қызметіне күнделікті басшылықты жүзеге асырады және директорлар

кеңесі мен акционерлердің жалпы жиналысына есеп береді. Қоғамның басқа

да органдарының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен белгіленген

ерекше құзыретіне кірмейтін барлық мәселелерді шешу акционерлік

қоғамның атқарушысы органының айрықша құзыретіне жатады. Өндірістік

кооперативті басқарудың жоғары органы оның мүшелерінің жалпы

жиналысы болып табылады.

Фирмалық атау –– коммерциялық ұйым болып табылатын заңды

тұлғаның тіркелгеннен кейінгі атауы. 1883 жылғы 30 наурызда қабылданған,

1993 жылдың 16 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы да мүшесі болып

табылатын өнеркәсіптік меншікті қорғау туралы Париж конвенциясының 8-

бабына сәйкес фирмалық атау Конвенцияға қатысушы елдердің барлығында

арнаулы тіркеусіз қорғалады. Демек, заңды тұлғаның фирмалық атауды оны

тіркемей-ақ, пайдалану фактісіне қарай, пайдалануға құқығы бар деген сөз.

Заңды тұлғаның фирмалық атауды тек қана өзі пайдалануға құқығы

бар, бөтен бір фирмалық атауды заңсыз пайдаланатын тұлға фирмалық

атаудың құқық иесінің талап етуі бойынша мұндай атауды пайдалануды

тоқтатуға және келтірілген залалдың орнын толтыруға міндетті. Заңды

тұлғаның фирмалық атауды пайдалануға байланысты құқықтары мен

міндеттері заңдарда белгіленеді.

1.2 Заңды тұлғаны құру, қайта құру

Азаматтық кодекске заңды тұлғаларды құру жөнінде жалпы

ережелер енгізілген, сол арқылы оның түрлерінің жекелеген нормалары

нақтыланады. Кодексте заңды тұлғаның құрылтайшысы хақында арнайы бап

енгізілген. Азаматтық кодекстің 40-бабына сәйкес заңды тұлғаны бір немесе

бірнеше құрылтайшы құруы мүмкін. Мүлікті шаруашылық жүргізу немесе

оралымды басқару құқығымен иеленетін заңды тұлғалар меншік иесінің

немесе ол уәкілдік берген органның келісімімен басқа заңды тұлғалардың

құрылтайшылары бола алады.

Азаматтық кодекс құрылтай құжаттарының түрін және міндетті

реквизиттері мен басқа да оған қойылатын талаптарды айқындайды.

Азаматтық кодекстің 41-бабына сәйкес заңды тұлға өз қызметін

жарғысы не құрылтай шарты деп аталатын құрылтай құжаттары негізінде

жүзеге асырады. Заң құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның басқа құрылтай

құжаттары болуы мүмкін. Сонымен қатар, коммерциялық емес ұйымның

құжаттары: 1) мекеме үшін – меншік иесі (меншік иелері) бекіткен ереже

(жарғы) және меншік иесінің (меншік иелерінің) заңды тұлға құру туралы

шешімі; 2) қор, тұтыну кооперативі, коммерциялық емес акционерлік қоғам,

қауымдастық (одақ) нысанындағы өзге де ұйымдық- құқықтық нысанындағы

заңды тұлғалар бірлестігі үшін –– құрылтайшылар бекіткен жарғы және

құрылтай шарты; 3) қоғамдық бірлестік, діни бірлестік үшін –– жарғы болып

табылады.

Коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарының талаптары

коммерциялық емес ұйымның өзінің, оның құрылтайшыларының

(қатысушыларының) орындауы үшін міндетті.

Коммерциялық емес ұйымның құрылтай шарты мен жарғысы

арасында қарама-қайшылық болған жағдайда: 1) егер олар

құрылтайшылардың ішкі қатынастарына қатысты болса, құрылтай

шартының; 2) егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның үшінші тұлғалар

мен қатынасы үшін маңызды болса, жарғының талаптары қолданылуға тиіс.

Бір адаммен құрылған коммерциялық және коммерциялық емес

ұйым тек жарғы негізінде ғана емес істей алады. Азаматтық кодекстің 41-

бабының 3-тармағына сәйкес шаруашылық серіктестікпен өндірістік

кооперативтің құрылтай құжаттарында олардың қызметінің мәні мен

мақсаттары белгіленуге тиіс.

Құрылтай құжаттарының қатарына құрылтай шарты енгізілген

жағдайда Азаматтық кодекстің 41-бабындағы талаптар сақталуы керек,

сонымен бірге онда көрсетілген ережелер мен шектеліп қалмайтындығы

ескерілген.

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңның 22-бабы.3

3 "Коммерциялық емес ұйымдар туралы"Заңы 16.02.2001

Заңды тұлғаның жарғысында: онда оның атауы, тұрғылықты орны, оның

органдарын құру тәртібі және олардың құзіреті, оның қызметін қайта құру

мен тоқтату ережелері белгіленеді.

Егер заңды тұлғаны бір адам құрса, онда оның жарғысында мүлікті

құру және кірістерді бөлу тәртібі де белгіленеді.

Жарғыда заңдарға қайшы келмейтін басқа да ережелер болуы мүмкін.

Бір заңды тұлғаның құрылтай шарты мен жарғысы арасында

қайшылықтар болған жағдайда:

1) егер олар құрылтайшылардың ішкі қатынастарына қатысты болса,

құрылтай шартының;

2) егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның үшінші тұлғалармен

қатынастарында маңызы болса, жарғының ережелері қолдануға тиіс.

Барлық мүдделі адамдар заңды тұлғаның жарғысымен танысуға

құқылы.

Заңды тұлғаны қайта құру (қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару,

өзгерту) оның мүлкін меншіктенушінің немесе меншік иесі уәкілдік берген

органның , құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешімі бойынша,

сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкілдік берілген

органның шешімі бойынша, не заң құжаттарында көзделген реттерде сот

органдарының шешімі бойынша жүргізіледі. Заңдарда қайта құрудың басқа

да нысандары көзделуі мүмкін.

Заңды тұлға – жинақтаушы зейнетақы қорын, сақтандыру (қайта

сақтандыру) ұйымын, арнайы қаржы компаниясын қайта құру зейнетақымен

қамсыздандыру, сақтандыру қызметі және секьюритилендіру туралы

заңнамада көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.

Акционерлік қоғамдарды қайта ұйымдастыру Қазақстан

Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заң актісінде белгіленген

ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады. Қайта құру ерікті түрде

немесе ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін. Заң құжаттарында көзделген реттерде

ықтиярсыз қайта құру сот органдарының шешімі бойынша жүзеге асырылуы

мүмкін.

Егер заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші, ол уәкілдік берген орган,

құрылтайшылар немесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында қайта

құруға уәкілдік берілген органы заңды тұлғаны қайта құруды сот органының

шешімінде белгіленген мерзімде жүзеге асырмаса, сот заңды тұлғаның

басқарушысын тағайындайды және оған осы заңды тұлғаны қайта құруды

жүзеге асыруды тапсырады. Басқарушы тағайындалған кезден бастап заңды

тұлғаның ісін басқару жөніндегі өкілеттік соған ауысады. Басқарушы сотта

заңды тұлғаның атынан әрекет етеді, бөлу балансын жасайды және оны

заңды тұлғаны қайта құру нәтижесінде туындайтын құрылтай құжаттарымен

бірге соттың бекітуіне береді. Аталған құжаттарды соттың бекітуі жаңадан

пайда болған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін негіз болады.

Заңды тұлға, біріктіру нысанында қайта құрылатын реттерді

қоспағанда, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар тіркелген кезден бастап

қайта құрылған деп есептеледі.

Заңды тұлғаны оған екінші бір заңды тұлғаны біріктіру жолымен

қайта құрған кезде, заңды тұлғалардың мемлекеттік регистріне біріктірілген

заңды тұлға қызметінің тоқталғандығы туралы жазба жасалған кезден бастап

олардың бірінші қайта құрылған деп есептеледі.

Заңды тұлғаларды қосқан кезде олардың әрқайсысының құқықтары

мен міндеттері өткізу құжатына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаға

ауысады. Заңды тұлғаны екінші бір заңды тұлғаға біріктірген кезде

біріктірілген заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері өткізу құжатына

сәйкес соңғысына ауысады.Заңды тұлғаны бөлген кезде оның құқықтары мен

міндеттері бөлу балансына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаларға

ауысады.Заңды тұлғаның құрамынан бір немесе бірнеше заңды тұлғаларды

бөліп шығарғанда, бөлу балансына сәйкес олардың әрқайсысына қайта

құрылған заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері ауысады.Заңды

тұлғаның бір түрін екінші түрдегі заңды тұлғаға өзгерткен кезде

(ұйымдық-құқықтық нысанды өзгерткенде) қайта құрылған заңды

тұлғаның құқықтары мен міндеттері өткізу құжатына сәйкес жаңадан пайда

болған заңды тұлғаға ауысады.

Қайта құрылған заңды тұлғаның мүліктік құқықтары мен міндеттері

жаңадан пайда болған заңды тұлғаға қосылған немесе біріктірілген кезде –

өткізу актісіне сәйкес, бөлінген және бөліп шығарылған жағдайда – бөлу

балансына сәйкес ауысады. Өткізу актісі мен айыру балансында қайта

құрылған заңды тұлғаның барлық несие берушілері мен борышқорларына

қатысты, барлық міндеттемелері бойынша, соның ішінде тараптар дауласқан

міндеттемелер бойынша да құқықты мирасқорлығы туралы ережелер болуға

тиіс. Өткізу актісі мен бөлу балансын заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші

немесе заңды тұлғаны қайта құру туралы шешім қабылдаған орган бекітеді

және құрылтай құжаттарымен бірге жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды

тіркеуге немесе нақтылы бар заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарына

өзгерістер енгізу үшін олар құрылтай құжаттарымен бірге тапсырылады.

Құрылтай құжаттарымен бірге тиісті өткізу актісінің немесе бөлу

балансының тапсырылмауы, сондай-ақ оларда қайта құрылған заңды

тұлғаның міндеттемелері бойынша құқықты мирасқорлығы туралы

ережелердің болмауы жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды мемлекеттік

тіркеуден бас тартуға әкеліп соқтырады. Егер заң құжаттарында немесе қайта

құру туралы шешімде өзгеше көзделмесе, мүлік (құқықтар мен міндеттер)

құқықты мирасқорына ол тіркелген кезден бастап ауысады. Заңды тұлғаның

мүлкін меншіктенуші немесе заңды тұлғаны қайта құру туралы шешім

қабылдаған орган бұл туралы қайта құрылатын заңды тұлғаның несие

берушілеріне жазбаша түрде хабарлауға міндетті. Бөлінген және бөліп

шығарылған кезде құрылатын заңды тұлғаның несие берушісі осы заңда

тұлға борышқоры болып табылатын міндеттемелердің мерзімінен бұрын

тоқтатылуын және келтірілген залалдың орны толтырылуын талап етуге

құқылы.

1.3 Заңды тұлғаны тарату негіздері.

Заңды тұлғаны тарату –– заңды тұлғаның құқықтары мен

міндеттерін мирасқорлыққа өткізбей тоқтату тәсілі. Тарату ерікті түрде

немесе ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін.

Заңды тұлғаның мүлкін меншіктенушінің немесе меншік иесінің

уәкілдік берген органның шешімі бойынша, сондай-ақ құрылтай

құжаттарында шешім қабылдауға уәкілдік берілген заңды тұлға органның

шешімі бойынша заңды тұлға кез келген негіз бойынша таратылуы мүмкін.

Ал ықтиярсыз тарату сот шешімімен: 1) банкрот болған; 2)заңды

тұлғаны құру кезінде заңдардың түзетуге келмейтін сипатта бұзылуына жол

берілуіне байланысты оны тіркеу жарамсыз деп танылған; 3) заңды тұлғаның

жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызмет үнемі жүзеге асырылған; 4)

тиісті рұқсат алынбаған (лицензия) қызметті, не заң құжаттарына тыйым

салынған қызметті жүзеге асырған, не қызметін заңдарды бірнеше рет немесе

өрескел бұза отырып жүргізген жағдайда; 5) заң құжаттарында көзделген

басқа да жағдайларда таратылуы мүмкін. 5

Заңды тұлғалардың жекелеген түрлерін тарату мемлекет уәкілеттік

еткен тиісті органның шешімімен, заң құжаттарында қаралған негіздер

бойынша жүзеге аса алады. Заңды тұлғаны тарату оның мүлкінің меншік

иесінің (уәкілетті органының) немесе заңды тұлғаның тиісті органының

тағайындаған тарату комиссиясымен жүзеге асырылады. Тарату жөніндегі

комиссия тарату кезеңінде заңды тұлғаны басқарады және оның атынан

әрекет етеді

Тарату комиссиясы болатын тарату жөнінде Әділет органдарына

хабарлайды, тарату комиссиясы заңды тұлғаның таратылғаны туралы және

оның несие берушілерінің талаптарын мәлімдеу тәртібі мен мерзімі туралы

ресми баспасөзде жариялайды. Бұл мерзім тарату туралы хабар жарияланған

кезден бастап екі айдан кем болмауы керек.

Несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру жөнінде АК-тің 51-

бабында айтылған, әрі онда мынадай кезек бойынша жүргізілетіндігі

келтірілген:

1) бірінші кезекте - таратылатын заңды тұлға өміріне немесе

денсаулығына залал келтіргені үшін жауапты болған азаматтың талаптары

тиісті мерзімді төлемдерді капиталға айналдыру жолымен

қанағаттандырылады;

2) екінші кезекте - несие берушілердің қамтамасыз ету сомасы

шегінде таратылатын банкроттың мүлкін кепілге салып қамтамасыз етілген

міндеттемелері жөніндегі талаптары қанағаттандырылады;

3) үшінші кезекте - еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін

адамдардың еңбегіне ақы төлеу және авторлық шарттар бойынша сыйақылар

төлеу жөніндегі есеп айырысу жүргізіледі;

4) төртінші кезекте - бюджетке және бюджеттен тыс қорларға

міндетті төлемдер жөнінде берешек өтеледі;

5) бесінші кезекте - заң құжаттарына сәйкес басқа да несие

берушілермен есеп айырысылады.

Таратылатын заңды тұлға мүлкінің жеткіліксіз болуына байланысты

несие берушілердің қанағаттандырылмаған, сондай-ақ тарату балансын

5 ҚР"Банкроттық туралы "Заңы 09.01.2008ж

бекіткенге дейін мәлімделмеген талаптары өтелген деп есептеледі. Егер

несие беруші талап қойып сотқа жүгінбесе, несие берушілердің тарату

комиссиясы мойындамаған талаптары да сот шешімімен несие берушіге

қанағаттандырудан бас тартылған талаптар да өтелген деп есептеледі.

Заңды тұлғаны таратудың жеке жағдайы оны банкрот деп жариялау

болып табылады. Банкроттық - борышқордың соттың шешімімен танылған

оны таратуға негіз болып табылатын дәрменсіздігі. Демек, заңды тұлғаның

банкрот деп танылуы оның дәрменсіздігіне қатысты, яғни борышқордың

несие берушілердің талаптарын өзіне тиесілі мүлік есебінен өтеуге

мүмкіншілігінің болмауы. Заңды тұлғаның банкротқа ұшырауы оның

таратуына негіз болады. Дәрменсіздігі заңды тұлғаны тартудағы негізгі

мақсат оған несие берушілердің мүдделерін қамтамасыз ету. Таратылатын

борышқордың мүлкі барлық несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру

үшін жеткіліксіз болған жағдайда активтер оларға әділ етіп бөлінеді.

Азаматтық кодекске сәйкес, жеке кәсіпкердің және заңды тұлғаның

банкроттығы болады. Бірақ, мекемелер мен қазыналық кәсіпорындарға

банкроттық қолдануға тиісті емес, өйткені, олар несие берушілердің

талаптарын орындау үшін ақша қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда,

олардың міндеттемелері бойынша қосымша (субсидиарлық) жауапкершілікті

тиісті мүліктің меншік иесі көтереді. Ерікті банкроттық борышқордың

еркімен сотқа арыз беруі арқылы сот шешімімен танылады немесе несие

берушілердің бақылауына негізделген өтініш пен сотсыз-ақ жүзеге асады. Ал

мәжбүрлеу тәртібімен болатын банкроттық несие берушінің, сондай-ақ заң

актілерінде көзделген жағдайларға сәйкес өзге де адамдардың сотқа өтініш

беруі немесе «Банкроттық туралы» заң талаптары арқылы мүмкін болады.

Борышқор Азаматтық кодекске сүйене отырып өзінің дәрменсіздігіне

байланысты банкроттық туралы іс қозғауды сұрап сотқа өтініш бере алады.

Борышқор өзін тарату жөніндегі сотқа жүгінгенде қолдағы мүлкі бойынша

несие берушілердің талабын қанағаттандыра алмайтындығын, яғни дәрменсіз

екендігін сотқа беретін өтінішінде баяндауы тиіс.

Егер борышқор үш ай ішінде өз міндеттемелерінің орындалуын

қамтамасыз ете алмаса, онда несие беруші борышқорды банкрот деп тану

жөнінде сотқа өтініш жасайды.

«Банкроттық туралы» заңның 35-бабына сәйкес, банкроттық туралы

сот мынадай қаулылардың бірін қабылдай алады:

1) борышқорды банкрот деп тану және конкурс жүргізу туралы

шешім;

2) борышқорды банкрот деп танудан бас тарту туралы шешім;

3) өтініш жасалған жағдайда оңалту рәсімімен қолдану туралы

ұйғарым;

4) іс жүргізуді қысқарту туралы ұйғарым.

Банкроттық рәсімдердің мейлінше маңызды рәсімі борышқорға төлем

қабілеттілігін қалпына келтіруге мүмкіндік жасау және оны таратудан аман

алып қалу болып табылады. Бұл орайда бұған тек борышқордың өзі ғана

емес, көп жағдайда несие берушінің өзі, тіпті қоғамның өзі ынталы болады.

Борышқорға төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мақсаты үшін

оңалту рәсімі қолданылуы мүмкін.

Оңалту рәсімі деп –– дәрменсіз борышқорға оны таратылудан сақтап

қалу мақсатымен борышқордың төлем қабілетін қалпына келтіруге

бағытталған сот не соттан тыс рәсім арқылы қолданылатын кез келген қайта

құрушылық, ұйымдастыру-шаруашылық, басқарушылық, инвистициялық,

техникалық, қаржы-экономикалық, құқықтық және заңдарға қайшы

келмейтін өзге де шараларды айтады.

Оңалту рәсімі тек коммерциялық ұйымдарға қатысты ғана

қолданылады және екі жылдан аспауы керек.Аталған рәсімді қолдануға

борышқордың өзі өтініш жасауы мүмкін, және оның мүлкінің иесі

(мемлекеттік кәсіпорынға қатысты) немесе несие беруші де сондай құқыққа

ие болады.Оңалту рәсімін жүзеге асыру үшін сот кепілімен қамтамасыз

еткен талаптардың жалпы сомасының 50 пайызынан,сондай ақылы несие

берушілер талаптарының жалпы сомасының 50 пайызынан асатын болса

онда несие берушілердің келісімі қажет.Оңалту рәсімі несие берушілердің

келісімімен тағайындалған оңалтуды басқарушысы жүзеге

асырады.Дәрменсіз борышқорды банкрот деп жариялағанда оны тарату

конкурус тәртібімен жүзеге асырылады,сол үшін де конкурустық

басқарушысы тағайындалады.Банкроттық тарату сот арқылы айқындалады

және ол алты айдан аспауы керек.

Таратылған заңды тұлғаның мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда, егер

заңда өзгеше белгіленбесе, ол несие берушілер арасында тиісті кезекпен

қанағаттандырылуға жататын талаптардың сомаларына қарай бөлінеді.

Тарату комиссиясы несие берушінің талаптарын қанағаттандырудан

бас тартқан не оларды қараудан жалтарған жағдайда, несие беруші заңды

тұлғаның тарату балансы бекітілгенге дейін тарату комиссиясына талап

қойып сотқа жүгінуге құқылы. Соттың шешімі бойынша несие берушінің

талаптары таратылған заңды тұлғаның қалған мүлкі есебінен

қанағаттандырылуы мүмкін. Заңды тұлғаның несие берушілернің талаптары

қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкі, егер заңдарда немесе заңды

тұлғаның құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, оның бұл мүлікке

заттық құқықтары бар немесе заңды тұлға жөнінде міндеттемелік құқықтары

бар меншік иесіне немесе құрылтайшыларына (қатысушыларына) беріледі.

Таратылатын заңды тұлға мүлкінің жеткіліксіз болуына байланысты

несие берушілердің қанағаттандырылмаған, сондай-ақ тарату балансын

бекіткенге дейін мәлімделмеген талаптары өтелген деп есептеледі.

Егер несие беруші талап қойып сотқа жүгінбесе, несие берушілердің

тарату комиссиясы мойындамаған талаптары да, сот шешімімен несие

берушіге қанағаттандырудан бас тартылған талаптар да өтелген деп

есептеледі.

ҚР-ның Азаматтық Кодексінің 33-бабында көрсетілгендей заңды

тұлға дегеніміз- меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару

құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері

бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке

құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта

талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.

Заңды тұлға дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс және заңды

тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Ι.Нормативтік құқықтық актілер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995ж. 7.10.1998 жылы

№284-1 Заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізелген.

2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім)

27.12.1994жыл.

3. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

16.01.2001 ж.

4.«Банкроттық туралы»Қазақстан Республикасының Заңы 21.01.1997 ж.

5.«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

15.05.2003 ж.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

Заңды тұлға

Орындаған: Кененбаев О. Тексерген: з.ғ.м., аға оқытушы Шаймуханова Жайна Тлеукенқызы

Талдықорған 2012 ж