22
9.1. Ағартушылық дәуір саяси-қүқықтық ойының негізгі белгілері мен ерекшеліктсрі. 9.2. Вольтер, Монтескье және Руссоның саяси-қүқықтық көзқарастары. 9.3. Якобиншілдердің саяси-қүқықтық идеялары. 9.1. Орта ғасырларда католик шіркеуі абсолютизмді және феодалдық тәртіптерді қызғыштай қорғады. Монархиялық шексіз билік пен әлеуметтік теңсіздіктің бәрін құдай жаратты, бұлар құдай ісі деген соқыр сенімді халық арасында кеңінен таратты және қолдады. Қайта өрлеу мен Реформациядан кейін-ақ Еуропаның көптеген елдерінде алдыңғы қатарлы жазушылар мен ойшылдар феодалдық құрылыс пен оның орнатқан тәртіптерін сынай бастады. Олар ғылым мен оқуды дінге қарсы қойды, бас көтеріп келе жатқан буржуазия мен халықтың басқа да топтарының мүдделерін қорғады. Феодализмнен капитализмге өту дәуіріндегі осындай жалпы ықпалды мәдени-гуманистік қозғалыс Ағарту деп аталып, оның өкілдері тарихқа XVIII ғасырдың ағартушылары деген атпен енді. Ағартушылық бағыттың кең өркен жаюына ағылшын және американ буржуазиялық революцияларының идеялары да едәуір ықпал етті. Ағартушылық бағыт сол дәуірдегі жас буржуазия мен халық бұқарасының феодалдық құрылыс пен оның идеологиясына қарсы күрестегі құрамды бөліктерінің бірінен саналды. Ағартушылықтың басты мазмұны әлеуметтік-адамгершілік идеалдар мен оны іске асырудың жолдарын іздестірумен сипатталады. Адам қасиеттерін құрметтеуді, қараңғылық пен бойкүйездікті жеңуді, рационалды білімді халык арасына кең таратуды басты мақсат еткен агартушылар ең алдымен, феодалдық тәртіптер мен шіркеу үстемдігін жоюды талап етті. Олардың феодалдық тәртіптерге қарсы, жеке кәсіпкерлердің еркіндігі мен адам бостандығын және құқықтарын қорғау және адамды, қоғамды шіркеу мен

Ағартушылық дәуір саяси

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: Ағартушылық дәуір саяси

9.1. Ағартушылық дәуір саяси-қүқықтық ойының негізгі белгілері мен ерекшеліктсрі.9.2. Вольтер, Монтескье және Руссоның саяси-қүқықтық көзқарастары.

9.3. Якобиншілдердің саяси-қүқықтық идеялары.

9.1. Орта ғасырларда католик шіркеуі абсолютизмді және феодалдық тәртіптерді қызғыштай қорғады. Монархиялық шексіз билік пен әлеуметтік теңсіздіктің бәрін құдай жаратты, бұлар құдай ісі деген соқыр сенімді халық арасында кеңінен таратты және қолдады. Қайта өрлеу мен Реформациядан кейін-ақ Еуропаның көптеген елдерінде алдыңғы қатарлы жазушылар мен ойшылдар феодалдық құрылыс пен оның орнатқан тәртіптерін сынай бастады. Олар ғылым мен оқуды дінге қарсы қойды, бас көтеріп келе жатқан буржуазия мен халықтың басқа да топтарының мүдделерін қорғады. Феодализмнен капитализмге өту дәуіріндегі осындай жалпы ықпалды мәдени-гуманистік қозғалыс Ағарту деп аталып, оның өкілдері тарихқа XVIII ғасырдың ағартушылары деген атпен енді. Ағартушылық бағыттың кең өркен жаюына ағылшын және американ буржуазиялық революцияларының идеялары да едәуір ықпал етті.

Ағартушылық бағыт сол дәуірдегі жас буржуазия мен халық бұқарасының феодалдық құрылыс пен оның идеологиясына қарсы күрестегі құрамды бөліктерінің бірінен саналды. Ағартушылықтың басты мазмұны әлеуметтік-адамгершілік идеалдар мен оны іске асырудың жолдарын іздестірумен сипатталады. Адам қасиеттерін құрметтеуді, қараңғылық пен бойкүйездікті жеңуді, рационалды білімді халык арасына кең таратуды басты мақсат еткен агартушылар ең алдымен, феодалдық тәртіптер мен шіркеу үстемдігін жоюды талап етті. Олардың феодалдық тәртіптерге қарсы, жеке кәсіпкерлердің еркіндігі мен адам бостандығын және құқықтарын қорғау және адамды, қоғамды шіркеу мен абсолютизм езгісінен азат ету жолындағы айтқан ой-пікірлері мен үндеулерінің аса зор маңызы болды.

Ағартушылық әр елдің қоғамдық-тарихи ерекшеліктеріне қарай әртүрлі мазмұнда және сипатта көрінді. Франциядағы ағартушылықтың көрнекті өкілдері Ф. Вольтер, И. Монтескье, Ж. Руссо, Дидро, Мелье, Г. Морелли, Г. Бабеф және тағы басқалар болды. Олар өз заманы үшін озық идеялар ұсынды, бұл идеялар күні өткен дәстүрлерді жойып, неғүрлым прогресшіл тәртіптерді енгізуге бағытталды.

Европадағы ағартушылықтың басты идеяларының бірі адам құндылықтарын қадірлеумен қатар, социалистік идеялар да ұлы ойшылдар қозғаған тақырыптардың біріне айналды. XVIII ғасырдың он бойында социалистік мұратты білдіретін әдеби шығармалар оған дейінгі бүкіл дәуірге қарағанда көбірек жазылды. Бұлардың қатарына француз ағартушылары Г. Мореллидің "Табиғат кодексі немесе оның заңдарының нағыз рухы", Г. Маблидің

Page 2: Ағартушылық дәуір саяси

"Азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы", Г. Бабефтің "Теңдік" және тағы басқа еңбектерді қосуға болады.

Жеке меншікке жан-тәнімен қарсы болған Бабеф сол кезде өмір сүріп тұрған халықтық емес мемлекеттік құрылысты құлатып, "халықтық мемлекет орнықтыру" идеясын батыл жақтады. Оның ойы бойынша, мұндай мемлекетті қастандық жолымен өзінің жақтастарының — яғни тендікті жақтаушылардың шағын тобы мен революционерлер дайындаған халық көтерілісі орнатады. Оның "Теңдік" манифесінде көрстілген "біз қоғамдық меншікке немесе дүние-мүліктің ортақтығына ұмтыламыз. Мұнан былай жерге жеке меншік жоқ, жер ешкімнің де меншігі емес. Біз жердің жемісін бәріміз де пайдалануды талап етеміз, солай еткіміз келеді және жердің жемісі ортақ" болуы адамдардың барлығын тұрпайы теңестіруге әкеліп соғатын қоғамдык құрылысты білдірді.

Агартушылық ойдың дамуына энциклопедистердің де қосқан үлесі аз болған жоқ. Энциклопедистер атауының пайда болуына жазушы әрі философ Дени Дидро бастаған бір топ ағартушылардың 1751 жылдан бастап "Ғылым, өнер және кәсіп энциклопедиясын" шығаруы себеп болды. Оның авторлары қатарында Вольтер, Руссо және басқа да белгілі ойшылдар болды. Олар сол дәуірдегі ғылыми білімдер мен алдыңғы қатарлы озық идеяларды бір жүйеге келтіруді және мазмұндауды, оны оқырманға көптеп таратуды мақсат етіп қойды.

Озық идеялар ретінде феодалдық-абсолюттік тәртіптер мен шіркеу үстемдігін сынайтын ойларды негізге алған олар, адамның бүкіл өмір әрекетінің негізінде дін емес, парасаттылық, оқу-ағарту және ғылым жататынына ерекше назар аударды. Олар дін мен шіркеуді сынады, монархтардың жеке билігін, сословиелік артықшылықтарды, шаруалардың феодалдық міндеткерліктерін, басқа да ескірген тәртіптерді айыптады. Адамзат үшін мәдениет құндылығын баса көрсеткен олар сөз, баспасөз және ар-ождан бостандықтарының берілуін талап етті. Адамдардың заң алдында ғана тең болуы мүмкін екендігін ескерген олар заңның күштілігі мен әділеттілігіне ерекше назар аударды. Энциклопедияның басшысы Дидро "заңдар жақсы болса, мінез де жақсы, ал зандар кесапатты болса мінез де кесапатты" деп жазды.

Энциклопедистер халықтың табиғи құқықтарын жүзеге асыру үшін мемлекеттік басқару тәсілін өзгертуге, заңдарды реттеуге көп көңіл бөлді. Олар бүкіл француз қоғамы (ұлты) сословиеге бөлінген артықшылығы мен құқықтары шектелген "азаматтардан" емес, заң алдында тең құқылы, тең міндеттері бар ерікті азаматтардан тұруға тиіс деп жариялады.

Француз ағартушылары өз еңбектерінде қоғам мен табиғаттың арақатынасы, қоғамның қозғаушы күші, теңсіздіктің себептері, діни наным, адам құндылықтары сияқты сұрақтарға жауап іздеді. Олар қоғам дамуының нәрін парасаттылық пен саналылық, білімділік пен адамның жан-жақты қалыптасуымен байланыстырып, "әлемді пікір билейді" деген қорытындыға келді.

Ағартушылық идеялары Франциямен қатар Италия, Англия, Германия, Ресей, Голландия, Солтүстік Америка және тағы басқа елдерде кең қанат жайды. Ағартушылықтың гуманистік-адамгершілік идеялары мемлекет пен құқық туралы

Page 3: Ағартушылық дәуір саяси

ғылымның даму бағыттарына, әдістеріне және мазмұнына зор ықпалын тигізді. Олардың озық ойлы идеялары ұлы француз революциясын дайындауда және оның барысында маңызды роль атқарумен қатар, оның идеологиялық алғы шарты қызметін де абыроймен атқара білді.

9.2. Француздың ұлы ойшылы және әдебиетшісі Франсуа Мари Аруэ Вольтер европалық Ағартудың жұрт таныған дем берушісі және көсемі болып табылды. Ол арнайы саяси-құқықтық еңбектер жазған жоқ. Бірақ оның шығармаларында мемлекет, саясат, құқық және заң туралы көзқарастар көрініс танытты. Сол дәуірдегі феодалдық қоғамның әлеуметтік-құқықтық және идеологиялық қайшылықтарын батыл сынға алған Вольтердің сол қоғамға дейінгі ойшылдардың көзқарастарынан басты ерекшелігі — бостандық рухы, гуманизм және әділдік болды. Оның пікірі бойынша әлеуметтік зорлық түп-тамырымен жойылуы тиіс, ал оның ең басты көріністері адамгершілікке жатпайтын күштеу әрекеттері, үстемдік, қараңғылық және сананы тұншықтыру.

Әлеуметтік зорлық пен қараңғылықтың басты тірегі мен жауапкершілігін Вольтер шіркеуден іздеді. Оның шығармашылық еңбегінің көп бөлігі де шіркеуге қарсы аяусыз күреске арналған. Өзінің соқыр сенімі мен жауыздық әрекеттерін жүргізген құдайды ол тиранға теңейді. Шіркеу қызметкерлерін арам-тамақтар мен қаңғыбастар ретінде қарғайды, діни қуғындау мен фанатизмді аяусыз сынға алады. Ол католиктік шіркеуге қарсы "сұмырайды таптаңдар" деген ұран көтерді және құдайдың барлық уақытта табиғат құбылысы мен адамның әрекетіне араласу жөніндегі шіркеу ілімін әшкереледі, дегенмен ол атеист болған жоқ. Ол дінді халық үшін, халықты бағынышты жағдайда ұстау үшін қажет деп есептеді.

Вольтер барлық бостандықтың өмірлік бастауы болып табылатын ар-ождан және сөз бостандығын діни қараңғылық пен сенім тұншықтыруда деп есептеді. Ол католик шіркеуіне дұшпандық көзқараста және онымен аяусыз күресте болғанымен, дін мен діншілдікті жоққа шығармайды. Вольтердің "егер құдай болмаса, оны ойлап табу қажет болар еді" деген қанатты сөзі де бар.

Вольтер сонымен бірге демократиялық идеяларды да жақтай қойган жоқ. Бостандық пен білімді және адамгершілікті жоғары бағалаған ол еңбекші халықтың ауыр тұрмысы мен оны жақсартудың жолдарын және қоғамды демократиялық негізде қайта қүру мәсслелерін қарастырмады. Демократия мен халық билігін тобыр билігі ретінде есептеді. Бірақ табиғи құқықтар, бостандық, тендік оның қызу қолдаған мәселелері болды.

Вольтердің ойынша жеке түлғаның бостандығы қоғам бостандығы ретінде емес, оның өзіне тиесілі бостандығы ретінде ғана қарастырылды. Жеке бас бостандығының негізгі кілті ретінде сөз және баспасөз бостандығын аддыңғы орынға қояды. Оның католик шіркеуі тұншықтырған ар-ождан бостандығы туралы идеясы да осы қатардан орын алған. Жаңа заман сипатының негізгі ерекшелігінің бірі еңбек бостандығы да Вольтер көзқарасынан тыс қалмаған.

Page 4: Ағартушылық дәуір саяси

Яғни, еңбек бостандығы "әркімнің оз қалауы бойынша неғүрлым жоғары бағаға өз еңбегін сата алуы, өйткені еңбек те әр адамның жеке меншігі болып саналады".

Вольтер нағыз бостандықты адамдар бір-бірінен тәуелсіз болғанда, олар автономды субьектілер болып қалыптасқан кезде ғана көреді. Бұл жағдай автономды еріктердің бейберекет қақтығысы мен қоғамдағы тәртіпсіздікті туғыза қоймайды. Өйткені, адамдардың белгілі бір әрскетінде бір-біріне деген тәуелділігі сақталады және осы қатынастар бұл кезде басқаша сипат алады. Вольтердің ілімі бойынша, "Бостандық тек заңға тәуелді болуды білдіреді". Оның бұл сөзі кейіннен "құқық үстемдігі" идеясы ретінде бүкіл Батысқа белгілі болды. Кейбір ойшылдар сияқты Вольтер бостандық пен еркіндікті бір-біріне қарама-қарсы қоймайды. Ол еркіндікті саяси-құқықтық мәннің шеңберінде, яғни барлық адамдардың тең дәрежедегі азаматтығы және заң арқылы өзін қорғай алуы ұғымында түсінеді. Алайда, Вольтер мүліктік теңдікгі жақтай қоймайды, оның көзқарасы бойынша қоғамдық игіліктер мәселелері жағынан дауыс беруге кез-келген адам емес, тек меншік иелері ғана құқылы. Ол әсіресе, жеке меншіктің мызғымастығына, жеке адамның бас бостандыгына және заңмен тиым салынбаған іс-әрекеттің барлығымен айналысу мүмкіндігіне көбірек мән берді.

Бостандық және еркіндік туралы ойларын Вольтер феодалдық қоғамды реформалау туралы ұсыныстарында пайдаланды. Ол сословиелік артықшылықтарды жоюды, шіркеу соттарын таратуды талап етті және мемлекеттік басқару жүйесіндегі басты орындарды иеленген аристократияны бюрократиямен алмастыру қажеттігін айтты.

Мемлекеттік басқару формасында абсолютті монархияға бүйрегі бүрған Вольтер революциялық сілкіністер қажеттігін дс жоққа шығармайды. Бірақ ол абсолютті монархияның "ағарту-шылық" болғанын қалайды. Король тағында "ағартушы монарх" отырғанда ғана саяси қүрылыс игілікті болып табылады. Білімді және ақылды патшаға, сонымен бірге, қайырымды, кешірімді және жомарттық қасиеттер де қажет. Терең білімді, адамгершілігі мол билеуші ғана елдегі әлеумсттік-экономикалық және құқықтық қайшылықтарды жоюға қабілетті, яғни Вольтердің ойынша абсолюттік монархиялы билік өз күшін әлі де әлеуметтік игілік үшін жұмсай алады. Вольтер философ билеген абсолютті монархияның осындай әрекеттер жасай алатынына сенді.

Ол мемлекеттік басқару формалары мен билік институттарын және оның іс-қимылдарын маңызды деп таппады. Яғни, оның пікірінше мемлекет құрылысының ең жақсы түрі Англиядағы сияқты тежеулі конституциялық монархия болып табылады. Вольтер үшін әлеуметтік-саяси және құқықтық принцинтердің ең маңыздысы бостандық, меншік, заңдылық және адамгершілік болып саналды. Оның саяси-құқықтық және ағартушылық идеялары бүкіл Европа мен Америкаға кеңінен таралды.

Шарль Луи Монтескье — француз ағартушылығының көрнекті өкілдерінің бірі, танымал заңгер және саяси ойшысы. Ол құқықтану, саясатпен қатар философия, этика, әлеуметтану, тарих, саяси экономия, жаратылыстану ғылымдары, әдебиет пен өнер және дін мәселелеріне арналған көлемді

Page 5: Ағартушылық дәуір саяси

шығармалар қалдырды. Оның мемлекет, саясат және құқықтануға арналған басты үш еңбегі: "Парсы жазбалары" (1721), "Римдіктердің қуаттылығы мен құлауының себептері туралы пікірлер" (1734) және жиырма жыл бойы жазған "Заңдар рухы туралы".

Францияның феодалдық-абсолюттік тәртібі аяусыз сыналған "Парсы жазбалары" бір жылда сегіз рет жарық көрді. "Римдіктердің қуаттылығы мен құлауының себептері туралы пікірлерінде" Монтескьенің ағартушылық және антидеспоттық идеялары Ежелгі Римнің қоғамдық, саяси және рухани өмірінің тарихи зерттеу тәжірибесімен және дәлелдерімен бекітіледі. Кең көлемде және жан-жақты жазылған "Зандар рухы туралы" еңбегі Монтескьені саяси және құқықтық ойдың бүкіл әлемдік тарихындағы танымал классиктердің қатарына шығарды. Сол кездегі қоғамдық құрылыс пен шіркеудің қарсылығына тап болған бұл шығарма тиым салынған кітаптар тізіміне енгізілді.

Монтескьенің саяси-құқықтық теориясының басты тақырыбы және онда қорғайтын басты құндылығы — саяси бостандық. Оның аталған шығармасында бостандықты қамтамасыз етудің қажетті шарттары ретінде әділ заң мен мемлекеттік құрылымның тиімді жұмыс істей алуын қамтамасыз ете алатын зандар қарастырылады.

Монтескье барлық заңның бастауы жеке оқиғалардан туындайды, соның салдарынан жеке заңдар басқа заңдармен байланысады және жалпы заңдармен өзара тәуелділікте болады дейді. Табиғи заңдар адамдардың тіршілік әрекетіне байланысты олардың ішкі өмірі негізінде қалыптасады, яғни адам табиғатының қасиеттеріне қарай табиғи зандар пайда болады. Монтескье бұндай зандарға адамдардың бейбіт тұруға ұмтылысын, өзіне қажетті азық-түлікті табуын, адамдардың бір-біріне көмегін және олардың қоғамдағы тыныштық өмірін қосады.

Француз ойшылы Гоббстың адамдардың әуелгі кезден-ақ бір-біріне дұшпандық ниетте және бірін-бірі билеуге ұмтылғандығы туралы қателігін арнайы атап көрсетеді. Монтескьенің ойынша адамдар алғашқы кезде әлсіз, қорғансыз, батылдығы жеткіліксіз болған және басқалармен бейбіт қарым-қатынаста болуға, тең өмір сүруге ұмтылған. Адамдар қоғамға біріккен кезден бастап қана өздерінің әлсіздігі туралы ойларды ұмыта бастаған, олардың арасындағы тендік жойылып, жеке адамдар және халықтар арасында соғыс әрекеттері басталған. "Осындай соғыстардың пайда болуы деп жазды ол, адамдар арасында заң шығаруды қажет етті".

Халықтар арасындағы қарым-қатынасты белгілейтін, (халықаралық құқық) билеушілер мен басқарушылар арасындағы қатынасты айқындайтын (саяси құқық) және барлық азаматтар арасындағы қатынастарды белгілейтін (азаматтық құқық) зандар пайда болды. Бір қоғамда және сол қоғамдағы заңдармен өмір сүретін адамдардың қажет етуі себепті мемлекет құру қажеттілігі туыңдайды.

Зандардың шығуына қажетті қатынастарға әр халықтың өзіндік сипаты мен ерекшелігінің ықпалы бар екендігіне де Монтескье назар аударады. Сирек жағдайда болмаса бір халықтың заңы екінші халыққа жарай бермейді. Бұл туралы

Page 6: Ағартушылық дәуір саяси

кейіннен қазақтың ағартушы-ғалымы Шоқан Уәлиханов та "Сот реформасының жазбасы" туралы еңбегінде айтады.

Монтескье, сонымен бірге, мемлекет белгілеген заңдардың табиғаты мен принципі оның географиялық жағдайы мен ерекшелігіне, жер көлемі мен табиғатына (ыстық, суық, шөл, тропиктік), топырақ құрамына, тұрғындардың өмір салтына (егіншілер, малшылар, көшпелілер т.б.), халықтың санына, елдің байлығына, әдет-ғүрыптарына сәйкес келу қажеттігін атап көрсетеді. Монтескье зандардың шығуына азаматтық жағдайда құрылған үкіметтің билік етуі мен табиғаты шешуші ықпал ететіндігін айтады.

Монтескье басқарудың республикалық, монархиялық және деспоттық формасын көрсетеді. Басқарудың аталған түрлеріндегі заң шығару принциптері мен бұл заңдардың кімге тиімді екендігін, сондай-ақ бұл заңдар жағдайында халықтың теңдігі мен бостандығы қандай дәрежеде болатындығын дәлелдеуге тырысады. Басқарудың әр формасы өз құрылысын сақтауға қабілетті заңдар шығаратындығына назар аударады. Монтескьенің пікірінше, басқару түрінің өзі мемлекеттің жер көлеміне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Ол биліктің үлкен мемлекеттер үшін деспоттық, орта мемлекеттер үшін монархиялық, шағын елдер үшін демократиялық түрі тиімді деп есептейді. Монтескье заң мен бостандық қатынасы мәселесіне арнайы көңіл бөледі, ол саяси бостандық туралы заңның екі түрін атап көрсетеді. Біріншісі — мемлекеттік құрылымдағы саяси бостандықты қамтамасыз ететін зандар, екіншісі -азаматтардың саяси бостандығын қамтамасыз ететін заңдар. Бұл жерде әңгіме саяси бостандықтың заң жүзінде бекітілуі мен оның жүзеге асу мүмкіндігі туралы болып отыр. Саяси бостандық бұл аспектілерсіз жарым-жартылай, қауқарсыз және қорғансыз болып шығады. Бұл туралы Монтескье "...еркін мемлекеттік құрылымда азамат бостандық ала алмаса немесе азаматтың бостандығы сақталмаса, яки қорғалмаса, мемлекеттік құрылысты бостандығы бар құрылым деп атауға болмайды" деп жазды.

Оның ілімінің едәуір бөлігі "билікті бөлу" концепциясына арналған. Локктың билікті бөлу идеясын одан әрі дамытқан Монтескье мемлекеттік билікті теріс пайдалану жағдайында саяси бостандық бос сөзге айналатындығын, сондықтан да мемлекеттік билікті заң шығару, атқару және сот билігіне бөлу қажеттігін айтады. Билікті бөлудің басты мақсаты — өкімет билігін теріс пайдалануды болдырмау. Биліктің бөлінуі мен олардың теңдігі және әрқайсысының жосықсыз әрекеттерді өзара тыйып отыруы саяси бостаңдықты мемлекеттік құрылымда қамтамасыз етудің басты шарты болып табылады.

"Егер,— деп жазды Монтескье, заң шығару және атқару билігі бір адамның қолына шоғырланса, бостандық болмайды, өйткені, монарх немесе сенат өзі тиімді пайдалана алатын заңдар шығарады". Сот билігі заң шығару және атқару билігінен бөлінбеген жағдайда да бостандық бола алмайды, өйткені судья өзі шығарған және орындаған заңдар бойынша ғана әрекет етеді. "Заңда міндеттелмеген істі ешкімнің де күшпен орындатуға өкілеттігі жоқ және заң тиым салғанды істеуге де мәжбүр етуге де болмайды".

Page 7: Ағартушылық дәуір саяси

Монтескье сонымен бірге саяси бостандық ойына келгеннің бәрін істей беру еместігін де атап көрсетеді. "Бостандық — заң мен ерік берілген нәрсенің бәрін істеу құқығы". Монтескьенің заңдар туралы ілімінің құрамды бөлігі оның зандарының әртүрлі разрядтары (түрлері) туралы тұжырымдары болып табылады. "Адамдар,— деп атап көрсетті ол, әртүрлі заңдармен, табиғи құқықтармен, құдайлык құқықтармен (діни құқық), шіркеу құқығымен, халықаралық құқықпен, жалпы мемлекеттік құқықпен, жекелеген қоғамдағы азаматтық құқықпен, отбасы құқығымен басқарылады".

Монтескье заң құрастыру мен заң шығару техникасының түрлеріне арнайы көңіл бөледі. Заң шығарушы ең алдымен, заңның нақты, қарапайым және қысқа болу ережесін басшылыққа алуы тиіс. Заң сөздері мен терминдері барлық адам үшін түсінікті бір ғана ұғымда болуы шарт.

Монтескье шығармаларындағы заң теориясының талдаулары заң шығару тарихының тәжірибелеріне сүйеніп жасалған. Ол римдіктердің заң шығару ілімін, Франциядағы азаматтық зандардың пайда болуы мен өзгерістерін және басқа елдердің құқық тарихын жан-жақты зерттеген және пайдаланған. Оның "заңдар рухы" және билікті бөлу туралы ілімі одан кейінгі саяси-құқыктық ойдың, әсіресе құқықтық мемлекет теориясы мен практикасының дамуына едәуір ықпалын тигізді.

Жан Жак Руссо саяси және құкықтық ілімдер тарихындағы жарық жұлдыздардың бірі. Оның саяси-құқықтық және әлеуметтік көзқарастары "Адамдар арасыңдағы теңсіздіктің пайда болуы мен негіздемесі туралы ойлар", "Саяси экономия туралы", "Мәңгі әлем туралы ойлар" және "Қоғамдық келісім немесе саяси құқық принциптері туралы" шығармаларында көрініс тапқан. Оның қоғам, мемлекет, құқық мәселелері туралы ілімі халықтың егемендік идеясы мен принципін қорғауға негізделген. Сол кездегі кең тараған табиғи жағдай ұғымын Руссо адамзаттың әлеуметтік, саяси-құқықтық және рухани өмірінің қалыптасуы мен дамуы туралы көзқарастарын дәлелдеуге пайдаланады.

Табиғи жағдайда, Руссоның ілімі бойынша, жеке меншік болмайды, барлық адам еркін және тең. Ал алғашқы теңсіздік адамдардың табиғи әрқилылығынан, яғни дене қабілеттерінен ғана. Жеке меншіктің және әлеуметтік теңсіздіктің пайда болу себебінен табиғи теңдік бұзылып, кедейлер мен байлар арасында күрес басталған. Руссо бұл туралы "теңдіктің жойылуына адамдар тарихыңдағы ең бір ауыр кезең — күштілердің әлсіздерді, байлардың жарлыларды ұрып-соғуы мен тонауы басталды, ауыр күнәға батқан адамзат ұрпағы кейін қайтар жолды да таба алмады және дәулеттілер бұл мүмкіндіктен қайта айрылғысы да келмеді" деп жазды. Байлар үшін өз мүдделерінің заңдылығын бұзбастан мұндай жағдайдан шығудың бірден-бір жолы барлық адамдар бағынышты болатын мемлекеттік билік пен заң орнату туралы келісім жасау болды.

Шарт арқылы жасалған мемлекет пен заңдар "әлсіздерге жаңа жол салды, байларға жаңа күш берді, табиғи бостаңдықты қайта келместей етіп жойды, меншік пен теңсіздік туралы мәңгілік заң шығарды". Жеке меншіктегі теңсіздікке саяси теңсіздіктің қосылуы Руссо ілімі бойынша, деспотизмдегі абсолюттік

Page 8: Ағартушылық дәуір саяси

теңсіздікке алып келді, ал деспот алдында өзінің құлдығы мен теңсіздігі жағынан барлық адам тең.

Қоғам мен мемлекет дамуының адамзат үшін теріс, зиянды және қате бағытына қарама-қарсы Руссо өзінің "халықтар мен билеушілер арасындағы нағыз келісім — саяси организм" құру концепциясын ұсынады. Бұл концепция бойынша әркім өзінің жеке мүддесі мен тұлғасын, өзінің барлық күшін жалпы игілік пен жалпы ерікке бере отырып, тұтастың бөлінбес бөлігіне айналады. Жекелеген адамдардың келісімдік қатынастарға кіруі шартты ұжымдық бүтінді құрайды.

Руссоның қоғамдық шарт концепциясындағы басты идеясы оның осы концепцияға сай құрылған мемлекеті. Осы мемлекеттің саяси қатынастары мен заңдары ғана табиғи жағдайдан азаматтық жағдайға ауысуын әділдік пен құқықтық және сана тұрғысынан ақтай алады. Руссо қоғамдық шарт концепциясында теңдік пен меншік мәселелеріндегі қайшылықтарды шешудің жолдарын іздестіреді. Феодаддық қоғамда өмір сүру құқығы заңға емес, күштілікке негізделгенін және әлсіздердің өз құқықтарын қайтаруға кез-келген уақытта құқылы екендігін айтады. Мемлекет пен оның заңдарындағы жалпы ерік үстемдігін қолдаған Руссо әртүрлі жеке ассоциацияларды, партияларды, топ-тарды аяусыз сынға алады. Өйткені олардың еркі өз мүшелері бойынша жалпы, ал мемлекет бойынша жеке ерікті білдіреді. Бұл азаматтардың нағыз жалпы еркіндігін қалыптастыру процесіне қайшы келеді, яғни "дауыс берушілер қанша адам болса сонша емес, қанша ұйым болса соншалықты".

Руссоның ойынша егемен ("Егемен" бұл жерде "билік" мағынасында айтылып отыр) өзі шығарған зандарға бағынышты емес. Халық үшін міндетті заңдар, тіпті қоғамдық шарт та егемен үшін міңдетті болып табылмайды. Егемен "судьядан да заңнан да жоғары" тұрады. Егеменнің адамдарға кешірім жасау, жазадан босату туралы құқықтарын айта келіп, Руссо оны рөлін тым жоғары бағалайды. Яғни егеменнің билігі адамдарды өмір және өлім туралы тағдырын да шеше алады. Егер билеуш [ "сенің олімің мемлекет үшін қажет деп тапса, ол олуі тиіс".

Руссоның созімен айтсақ, қоғамдық шарт мемлекет қүзы т рына оның барлық мүшелерінің үстінен шексіз билік бере [-

Жалпы срік бойынша бағытталған бүл билікгі Руссо егемендік деп атайды. Бүл оның жалгыз ғана иесі халықтар егемендігін білдіреді. Халық ретінде бүнда қоғамдық шарттың барлық мүшслсрі, (қоғамның ерекше әлеумсттік топтары емес) ересек ер адамдар айтылады. Жалпы еріктің нагыз корінісі, иесі, егемені халық болып табылады. Сондықтан да Руссоның айтуынша "адам еркі емес, билік қана қолдан қолға көшеді". Осы сөзінің негізінде Руссо биліктің окілдік формасын және мемлекеттік биліктін бөлінуі туралы принцип пен идеяны теріскс шығарды. Атқарушы билікті кімнің атқаратынына қарай Руссо басқа-" рудың демократия, аристократия жоне монархиялық түрлерін 'қарастырады. Оның барлық формаларында егемендік исн заң шыгару билігі халықтың қолында

Page 9: Ағартушылық дәуір саяси

болады. Руссо дсмократиялық басқару шагын мемлекеттер үшін, аристократиялық басқару брташа мемлекеттер үшін, ал монархиялық билік ірі мемлекет-тер үшін тиімді екендігін ескертеді. Оның ойы бойынша халық басқару формасын өзгертуге гана емес, қоғамдық келісімді тоқтатуға жөнс оздеріне табиги бостандықтарын қайтаруға да қүқылы.

Руссо зандарды төрт түрге — саяси, азаматтық, қылмыстық жоне салт-дәстүрлер мен қогамдық пікірге боледі. Қоғамдық шарт тақырыбына тек саяси зандар ғана кіретіндігін атап көрсс-теді. Ксз-келген зандар жүйесінің басты мақсаты — бостандық ' пен тендік. Бостандықтың өзі де тендіксіз өмір сүре алмайды. "Сондықтан да,— ден жазды Руссо, материалдық зат күші әр-дайым тендікті жоюға үмтылады, ал заң күші әрдайым оны қорғауға тырысуы тиіс".

Зандардың күші мен ықпалы сол елдің географиялық жағ-дайы мен табиғатына, түрмысына, халықтың әдет-ғүрпына да байланысты. Сондықтан да халықтың қажетті даму деңгейіне жетпеген заңдарды үсына беруге болмайды. "Ерте қабылданған заңдар барлық еңбекті зая кетіреді". Руссо I Петрдің реформа-ларын асығыс қабылданған әрекеттер ретінде сынға адды.Зандар жүйесін жасау — үлы да, мөртебелі және тереңбілімді, көп күшті қажет ететін ауыр еңбек. Заң жасау үшінмсмлекет пен халықтың бар тынысы, оның мүмкін болар қажет-тіліктері мен ықтимал зардаптары, әрбір түлганың жалпы қүқы-ғы терең ойластырьшуы тиіс. Руссо үлы заң жасаушылармемлекеттің негізін салушы қайраткерлер, саясат жөне қүқықсаласындағы рсформаторлар деп біледі. Ол мүіщай үлы заң жа-ч Л.СО \

еаушыларды егемен немесс магистратура емес мемлекетті қүру-шылар деп түсіңдіреді және заң шыгарушы билікті "мемлекеттің жүрсгі" ретіңде сипаттайды.

Мемлекеттік қүрьшыс пен отанга қауіп төнген төтенше жагдайда "заңның қасиетті күшін тоқтатуға" жоне "қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді диктаторға ерекше акті арқылы міндеттеуге" болады. Бірақ диктаторлық бшііктің мүндай мерзі-мін Руссо қысқа мерзімге гана беруге болатындығын қатаң ескертеді.

Ж. Ж. Руссоның мемлекетті үйымдастыру принциптері мен қоғамдық шарт туралы концепциясы және жалиы ерікті біл-діретін заң мен заң шығару билігі туралы ілімі мемлекеттік-қү-қықтық ойдың жөне олеуметтік-саяси тәжірибенің одан кейінгі дамуына терең ықпалын тигізді. Оның саяси-қүқықтық қағи-далары мен түжырымдамалары үлы француз революциясын дай-ындау мен откізу кезінде оның идеялық қызметін атқарды.

9.3. XVIII ғасырдың соңында Франция бастан кешкен үлы буржуазиялық революция жоне Якобиншілдердің саяси-қүқық-гық идеологиясы доуіріндеіі

Page 10: Ағартушылық дәуір саяси

қоғамдық сананың ажырамас жоне қүрамдас болігі. Жироңдистердің корольмен келісімге келу әре-кеті Париж жүмысшылары мен қолонершілері арасында револю-цияның тағдырына деген абыржу туғызды. Революцияны одан әрі жалғастыру үшін республика жариялау жолында насихат жүргізілді. Бүл жүмыстарды Яков монастырына жиналған саяси клубтың мүшелері оз мойындарына адды. Якобиншілдер деп аталған бүл клубтың мүшслері революцияны соңына дейін жеткізуді жақтады. 1793 жъшы 2 маусымда окімст билігі халық-тыц қалың бүқарасына, қала халқының кедейлері мен шаруа-ларга сүйенген буржуазияның неғүрлым революцияшыл топта-рының қолына өтті.

Революция тағдыры үшін алаңдаушылық якобиншілдерді зорлыққа итермеледі. Олар революцияны сақтаудың бірден-бір жолы оның дүшпандарына қарсы аяусыз террор үйымдастыру деп білді. Кезек күттірмейтін шараларды тез арада жүзеге асыру үшін бшііктің зорлық тәсілдері іске қосылды. Якобин дикта-турасы революцияға үлкен қауіп тонген кезде орнады. Сырттан жөне іштен тонген қатер тсррорлықты қажст етті. Ойткені батыл шаралар ғана революцияның жеңістері мен республиканы қүтқара алатын еді.

Якобиншілердің жүрт таныған коссмдері Жан Поль Марат пен Максимилиан Робесньердің саяси-қүқықтық идсялары сая-

си омірдіц аласапыран кезеңінде қалыптасты және жүзеге асы-рылды.Жан Поль Марат "Қүлдық бүғауы" (1774) және "Қылмы-стық заң шығару

жоспары" (1780) еңбектерінде десиотизм мен оның қайнар коздерін, деспоттық билікті орнату қүралдары мен өдістерін, оның зардаптарын жәнс оған қарсы күрсс жолдары мен формаларын басты тақырып етіп алды. Деспотизмнің пайда болуын Марат адамдардың билік стуге қүштарлыгынаи және жеке түлғаның кош бастауға үмтылысынан кореді. Мүндай "Қүштарлық пен үмтылыс адамға тумысынан біткен "билікті теріс пайдалану және адамдар арасындағы қүлдықтың бастауы-ның негізі" осында жатыр.

Мараттың үгымы бойынша деспоттық билік түрі дүниегс зорлық нотижесіңце келгсн. "Мемлекст өзінің иайды болғаны үшін зорлық әрекеттері алдында борышты, мемлскет негізін қшіаушылардың борі дерлік жолы болғыш қарақшьшар". Мемле-кеттің қарақшылық әрекетпен пайда болу жолы ағартушылық-тың олеуметтік философиясында ксң тараған мемлекеттің пайда болуының шарттық концепциясына қайшы келеді. Ж. П. Марат кслесі еңбсгінде бүл турасында ағартушылар пікіріне қосылатын-дыгып білдіреді.

"Жақсы қүрылымды мемлскет" орнықтырудағы басты шарттардың бірі — бүқаралық билікті көптеген лауазымды адам-дар арасында бөлу болып табылады. Олардың бәрі халық алдын-дағы жауапкершілікті сезіне отырып, бір-бірінен тәуелсіз және бір-бірін тең дорежеде тежеп отыруы тиіс. Ж. П. Мараттың сенімі бойынша "жақсы қүрылымды мемлекеттегі" жоғары билік халық қолында болады. Халық озінің өкілдері арқьшы егемен жөне жоғары заң шыгарушы.

Page 11: Ағартушылық дәуір саяси

Шығарган заңдарының бүлжытпай орындалуын халық озі гана қадағалайды. Халық игілінің ең бастысы — Мараттың ілімі — бойынша бағынышты халықтың қүқықтық жағдайы, яғни адамдар қүқыгы. Саяси қоғамның игі мақсаты да адамдар қүқығын қамтамасыз ету және қорғау.

Марат жекс тұлғалар қүқыгын табиғи жоне азаматтық қүқықтар деп боледі. Оның біріншісі табиғи түрде қалыптасса, екіншісі табиғи қүқықтардан шыққан. Осындай құқықтардың билік айтушы қогам,— деп таниды Марат. Адам құқықтарын қоғам орнықтырады, қоғамдық шарт нотижссінде олар қасиетті жоне бүлжымайтын сипатқа ис болады. Адам қүқықтары "адамдардың қандай да бір нәрсені қажст стуінен" туындайды.

Мешгексттік-күқықтық тортіптерді реформалау арқылы гана деспоттық режимді жоюга болмайтындығына көзі жеткен Марат халық бүқарасының күрссі мсн стихиялық халық бүлігінс сенім артады. Оның басты үміті — бүқараның көтерілісі, стихия-лы халыктық бүлік, үстемдік жүргізуші мырзаларды жазалау, олардың зорлық-зомбылығын түп-тамырымен жою. Бірақ бүқа-раның үйымдаспаған наразылығы мсн қарсылығы "түпкі нәти-жегс жеткізбейтін жоне тез жаншылатын" бүлікке айналады. Ха-лық каһарына мінген мүндай жағдайда оның жсңіліске үшы-рамауы үшін бүл күресті бастай алатын, үйымдаспаган тобыр-дың өрекеттерін бір арнаға, бір мақсатқа жүмьшдыра білетін батыл да, ақылды жеке түлга қажет.

Қантогіс арқылы келген жеңісті қолдан шығармау үшін Марат ешкандай аяушылықтың қажетсіздігін, жауды аяу жеңісті қолдан беру болып табьшатындыгын, жеңісті үстап түрудың бір-ден-бір қүралы дикгаторлық билік екендііін айтады. Ж. П. Марат бүл идсясын революция жылдарында батыл үгіттейді және одан ары дамытады. Оның айтуы бойынша, диктаторлық билік "сат-қындар мен тоңкерісшілерді қүрту" үшін қажет. Бүл туралы Ма-рат "біз үшін ең маңыздысы революция жеңістсрін қоргау болып табылады" деп жазды.

Және оны якобиншілдер жан-тәнімен жақтады, оның идея-лық косемі Ж. П. Марат болды. Якобин диктатурасы рево-люцияға үлкен қауіп тонген кезде орнады. Революцияға оранған Франция жау мемлекеттердің қолында қалды, ішкі контррево-люция да бас котерді. Ағьшшын флоты солтүстіктен және Же-рорта теңізінен шабуьшдап Тулонды басып алды. Елдің оңтүс-тігівде және батысывда король билігін жақтаушылар бүлік шығарды, ірі сауда және онеркөсіпті қалалар Марсель, Бордо, Лион солардың қолына кошті. Рсволюция жеңістеріне шын монівде аса зор қауіп товді. Осывдай жағдайда контрреволю-ииямен, басқыншьшармен және революцияға теріс пиғьшда болғандармен аяусыз күресу үшін революциялық диктатураның тотенше тортібі — қатал тежеусіз окімет билігі орнады.

Марат пен Робеспьердің идеясымен якобиншілдер револю-циялық басқару орнатуды жариялады, оның басты мівдеті революцияны қоргау және қүтқару болды. Окімет бшіігі Кон-вент еайлаган қоғамдық қүтқару комитстінің қолына

Page 12: Ағартушылық дәуір саяси

көшті, оны Робеспьер басқарды. Революцкя жауларымен күресу және олар-ды жазалау үшін жалпы қауіпсіздік комитеті қүрылды. Револю-

циялық трибуншщың қызметі кеңейтіліп, контрреволюционер-лер мен алыпсатарларды олім жазасына кесу туралы заң қабылданды. Революциялық трибунал туралы декретте оның міндеттері мен өкіддіктері заң жүзінде бекітііщі. Революциялық трибуналда барлық қылмыстың жазасы өлім жазасы болып белгіленді жәнс контрреволюционерлерді халық жауы ретінде айыптау үпіін өрбір әділетті және білімі бар адамның моральдық сенімі, ауызгаа, жазбаша түрлі дәлелдемелері жсткілікті болды.

Якобиншілдердің революциялық террор мен қанды кек туралы шаралары Мараттың "тамшы қанның тогілуі қанды апатты болдырмау" амалдары ретінде түсіндірілді. Ол "бостандық деспотизмі" корольдік деспотизмді аумалы-токпелі мезетте күш-пен гана жоя алады, дер кезінде шабылган бастар қогам жаула-рын үзақ уақытқа дейін тойтара алады және халықтарды қайыр-шылық пен тонаушылықтан, соғыс қасіретінен жүздеген жылдар бойы қүтқара алады деп үміттснді.

Марат Париж Коммунасының Кеңесіндс 1793 жылы 1 маусымда сойлеген созінде азаматтарды толық оділеттілікке қол жеткізгенше, оздерін толық қауіпсіздендіргенше күштерді бірік-тіруге және қаруларын тастамауға шақырды. "Еркін халық озінің сайлаған окілдеріне оздерінің окілеттіліктерін орындауды, оз қүқықтары мен мүдделерін қорғауды сеніп тапсырып отырғанда, оз борыштарына адал болып отырганда, олардың екілдерін қадірлеуге, олардың оз мііщеттерін іске асыру барысында комек-тесуге міндетгі. Бірақ бүл окілдер азаматтардың сеніміне қиянат корсетіп, қүқықтарын саудаға салып, олардың мүдцелсріне опа-сыздық жасайтын болса, қинаса, тонаса, олтіруге ниеттснсе, халық озінің окілдігін қайтарып алып және сатқындарды жаза-лап, оздерінің амаңдығын сақтауы тиіс". Осылай болу қажет екендігіне халықты сендіре білген Ж. П. Марат "оз отанына адаті болмағандарды жазалауды талап етіндер, мақсаттарыңа жеткен-ше тізе бүкпеіщер жоне қаруларынды тастамандар" деген үран котсрді. Ол революция жеңістерін тетенше әрекеттермен, жаза-лаумен, репрессиямсн қорғап қалуға үміттенді. Бірақ рсволю-циялық тсррордың шектен тыс қаталдыгы мен тотснше шара-лары Мараттың жеке оміріне жоне революция ісіне балта болып шабылды.

Якобиншілдердің корнскгі басшьшарының бірі Максими-лиан Робеспьер саяси-қүқықтық тақырыпта арнайы ірі еңбектер жазган жоқ. Оның саясат, мемлекет жоне қүқық мәселелері жөніндегі ойла-

Page 13: Ағартушылық дәуір саяси

ры мен көзқарастары якобиншілдер қозғалысыньщ саяси жетскшісі және идеологы ретінде революциялық заң актілерін дайындау мен Конвентте жасаған баяндамалары мен сөздерінде айқын көрінеді.

Үсақ буржуазиялық қүрылысты мақсат еткен Робеспьср же-ке меншікті қоргау идеясынан әрі шыға алмады. Оның револю-циялық қызметінің бүкіл бойында буржуазиялық мемлекеттік-қүқықтық идеалының мазмүны егабір өзгергсн емес. Ребес-пьсрдің мінсіз мемлекет туралы концепциясы Руссо мен Мон-тескъе шығармаларының ықпалында пайда болған. Ол Руссоның табиғи қүқықтар, басқару формасы, өкілдік жүйе, жеке меншік шекарасы туралы жөне т.б. ілімдерін одан әрі дамытты.

Робесньердің саяси-қүқықтық козқарастары жиынтыгының түпкі мәні — мемлекеттік билік, оның басқару аппараты мен қүрылымының принциптері жоне қызметі туралы қағидалар бо-лып табылады. Робеспьер ойынша, саяси одақтың түпкі негізін-де үш бастау болу керск. Олардың біріншісі — азаматтардың табиги қүқықтарын қамтамасыз ету және қорғау, олардың бар-лық қабілеттерін дамыту, екіншісі — азаматтардың заң шыгару мен басқару ісіне қатысу қүқығы, үшіншісі — мсмлекеттегі халық билігінің мойындалуы. Халық барлық жағдайда да өз тагдырын оздері шешуге қүқылы. "Егер қоғамның бір мүшссі ез-гі корсе, онда бүкіл қоғам езгіде деп түсіну керек, ал егер қоғам езгіге үшыраса, онда орбір қоғам мүшссінің езгіге үшыраганы".

Робеспьер алғашқы кезде, халықтың, бүкіл азаматтардың бостандыққа ие болуы мемлекеттік мсксмелер мен заңдардың ортүрлі болуынан емес дегсн қорытынды жасады. Бірақ революцияның одан орі дамуы мен терендеуінен ол басқарудың түрлі формаларының әлсумсттік-саяси мазмүнының үқсас емес екендігін аңгарады және мемлекеттік биліктің монархиялық нринципте үйымдастырьшуына батыл тойтарыс беріп, елдің рсспубликалық қүрьшысын жанын сала қорғайды.

1793 жылдың соңына дейін Робеспьер бүқаралық билікті жүзеге асырудағы диктаторлық өдіске батыл наразъшық білді-реді. Бүл кезде ол бостандық пен еркіндікке кепілдік берудің алгышарты революция жауларына қарсы қатал жазалау жүргізу емес, республикалық мемлекеттік-қүқықтық мсханизмдердің сенімді жүмыс істеуі деп білді. "Конституция туралы" сойлегсн созіндс ол Конвентті билікті болуді жүзеге асыруға, заң шыға-рушы мекемені өкімшілік аипараттан болуге, барлық лауазымды адамдардың окілеттік кызмст мерзімін азайтуды үсыиды.

Елдегі революциялық оқиғаларға байланысты, Робеспьер конститупиялық жоне революциялық үкімет концепциясын жа-сайды. Осы конценцияны үсыну барысында оның саяси-қүқық-тық идеялары едөуір өзгерістергс үшырайды. Робеспьердің билік етудің авторитарлык түріне кеңіл қоюы айқын біліне бастайды. Оның ойынша, конституциялық үкіметтің мақсаты — қүрылып біткен

Page 14: Ағартушылық дәуір саяси

республикалық қүрылысты сақтау, ең бастысы азаматтық бостаидықпен айналысу, азаматтарды билікті теріс пайдалану-ынан қорғау жоне т.б. "Конституция — жеңімпаз және ол беибіт еркіндіктің режимі".

Революциялык үкімет Робеспьерге басқа мағынада көрінсді. Бүл үкімет төтенше жағдайларда әрекет етуге арналган, ягни революция жауларына қарсы күрес болып табылады. "Револю-ция дегеніміз — бостандық жауларына қарсы соғыс." Бүл күрес Робеспьерді биліктіц диктаторлық режимін жақтауга ықпал етті..

Революция жеңісі үшін алаңдаушылық батыл төтенше шара-ларды қолдануды қажет етті. 1793 жьшы жирондистерге ниеттес контрреволюционер әйел Мараттың үйіне кіріп, оған қанжар сүгып олтірді. Оның өлімі революция үшін орны толмас ауыр қазаға айналды жоне якобиншілдер революциялық үкімет қүру-ға мөжбүр болды. Бүкіл үкімет билігі Конвент сайлаған қоғам-дық қүтқару комитетіне берілді. Бүл комитетті М. Робесиьер басқарды.

1793 жьшы 17 қыркүйекте "Күмәнділер туралы Декрет" қа-былданганнан кейін рсволюция жауларына қарсы якобиншіл-дердің революциялық тсрроры басталды. 1794 жылы 10 маусым-да "Революциялық трибунал туралы декреттің" 7-бабында бар-лық белгіленген жазаның олім жазасы болып табылатындығы" ерекше атап көрсетілді. Якобинпіілдср көсемдерінің бірі Эбер, Шомет, Дантон және тағы басқалар халық жауы деп жария-ланып. өлім жазасына кесілді. Якобиншілдердің рсволюциялық терроры нәтижесінде мындаған адам революциялық трибунал-дың қүрбаны болды.

Революциялық үкіметтің төтенше әрекеілерінің қаншалық-ты қауіпті екснін жақсы түсінген Робеспьер, мүның халық игі-лігі үшін жасалып жатқандығын үғындыруга тырысты. Ол революциялық террорды елді сақтап қалудың және рсспуб-ликалық-конституциялық қүрылысты орнатудың бірдс-бір жолы деп түсіндірді. Революциялық террорды ақтау үшін Робеспьер бүл режимгс мынадай анықтама берді: "Бостандық жауларын

террормен түншықтырыңыздар — еіздер республиканың негізін салушылар рстінде дүрыс істеген болып есептелссіздер". Оның якобиншілдердің қаңды қырғынын моральдық жагынан ақтауы Робеспьсрдің саяси-қүқықтық ойларындағы қайшьшықтардың бірінен саналады.

Якобиншілдердің жіккс бөлінуі мен террорлық әрексттсрі олардың негізгі тірегі кедейлердің қолдауынан айырды. Ойткені. якобиншіддер байлар мсн алыпсатарларга қарсы кедейлердің бас котеруіне де ауыр соққы берді жоне қала мен ауыл кедейлерінің талаптары толық қанагагтандырылмады. Осы кезде революция-лық үкіметкс қарсы Конвент қойнауыңца контрреволюциялық қастандық пиғылы қалыитасты. Оған қоғамдық қүтқару коми-тетінін кейбір мүшелері дс қатысты. Дайындалып жатқан қас-тандықтың алдын алуға Робеспьер кеш қалған еді. 1794 жылы 27 шілдеде контрреволюциялық төңксріс нәтижесінде

Page 15: Ағартушылық дәуір саяси

Робеспьер жоне оның жақтастары қамауга алынып, келесі күні олар ешбір сотсыз өлтірілді. "Отан үшін уақыт күттірмес қажеггілікте ғана қолданьшатын революциялық террор" олардың өздеріне қарсы балта болып шабылды. Робеспьер трагедиясы, якобин диктатура-сының трагедиясы қалыптасқан жагдайдың заңды қорытындысы еді.