8
[email protected] ОБЛЫСТЫҚ ҚОғАМДЫҚ-САяСИ гАЗЕТ Орал өңірі www.oraloniri.kz Газет 1917 жылдың 28 шілдесінен бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған Сейсенбі, 23 тамыз 2016 жыл №104 (20356) + 34 0 С + 20 0 С МәСЕЛЕ АҚпАРАТ КЕРуЕн САРАй ҚОШ БОЛ, МЕДЕТЖАн! ҮЗДІК МЕКТЕпКЕ – 18 МЛн. 287 МЫң ТЕңгЕ 2 БІРДЕй ФОРМА, БІРЫңғАй БАғА АРМАн БОЛЫп ТұР... 8 3 Мешітте құрбандық шалынбайды Оралда 30 спорт алаңы САлынбАҚ Биыл Құрбан айт күндері мешіттерде құрбандыққа шалынатын малды союға рұқсат етілмейді. 12-14 қыркүйек аралығында болатын мұсылмандардың аталмыш қасиетті мере- кесіндегі діни рәсімді орындау (құрбандық шалу) кезіндегі тазалық шаралары мен санитарлық талаптарды сақтау мақсатында құрбандық малын сату және сою арнайы белгіленген орындарда ғана жүргізіледі. ҚМДБ БҚО өкілдігінің хабарлауынша, құрбандық малын сату және сою мына ме- кенжайларда жүзеге асырылады: Үздік тауарлар көрме-байқауы өтеді Тамыздың 26-сы күні облыстық қазақ драма театрында «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтеді. Байқау «Өндірістік мақсаттағы үздік та- уарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымда- ры бойынша өткізіледі. Өңірлік деңгейдегі байқаудың ұйымдастырушысы облыстық кәсіпкерлер палатасының хабарлауын- ша, көрмеге 20 шақты кәсіпорын қатысып, өнімдерін көрсетпек. Олардың ішінде ірі және орта кәсіпорындар, жеке кәсіпкерлер де бар. Жыл сайын аталмыш байқауға «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы», «Род- ник» фирмасы, «Гидромаш-Орион МЖБК», «Алтимстройдеталь», «Наноблок» компа- ниялары тұрақты қатысып келеді. Биыл көр- ме-байқауға «Батысмұнайгазжабдықтары» ЖШС, «Ашығалиев С. С.» ЖК, «Жұмағұлова Б. М.» ЖК және өзгелері өз өнімдерін алғаш рет ұсынбақ. мозайкасы Жаңалықтар 1. “Ел ырысы” базары (Орал – Самара тас жолында орналасқан, қатынайтын автобустар №6, 13, 39, 45); 2. “Кублей” ЖШС (орналасқан жері Рыбцех, 55, қатынайтын автобустар №7, 17); 3. “Орал шұжықтары” ЖШС (мекенжайы Промзона көшесі, 16, қатынайтын автобустар №1, 4, 5, 33, 35); 4. “Заря Востока” базары (Зашаған кенті, Орал – Саратов тас жолының бойында орналасқан, қатынайтын автобустар №2, 7, 45); 5. “Құспанов С” ЖК (мекенжайы Ақтөбе көшесі, 295-үй, қатынайтын автобустар №29, 43). 4-5 Суреттерді түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

Орал өңіріoraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2016/08/104.pdf · [email protected] Орал өңірі ОБЛЫСТЫҚ ҚОғАМДЫҚ-САяСИ гАЗЕТ Газет

  • Upload
    others

  • View
    26

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: Орал өңіріoraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2016/08/104.pdf · oral_oniri@inbox.ru Орал өңірі ОБЛЫСТЫҚ ҚОғАМДЫҚ-САяСИ гАЗЕТ Газет

[email protected]

ОБЛЫСТЫҚ ҚОғАМДЫҚ-САяСИ гАЗЕТОрал өңіріwww.oraloniri.kz

Газет 1917 жылдың 28 шілдесінен бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған

Сейсенбі,23 тамыз 2016 жыл№104 (20356)

+ 34 0С

+ 20 0С

МәСЕЛЕ

АҚпАРАТ

КЕРуЕн САРАй

ҚОШ БОЛ, МЕДЕТЖАн!

ҮЗДІК МЕКТЕпКЕ – 18 МЛн. 287 МЫң ТЕңгЕ

2

БІРДЕй ФОРМА, БІРЫңғАй БАғА АРМАн БОЛЫп ТұР...

83

Мешітте құрбандық шалынбайды

Оралда 30 спорт алаңы САлынбАҚ

Биыл Құрбан айт күндері мешіттерде құрбандыққа шалынатын малды союға рұқсат етілмейді.

12-14 қыркүйек аралығында болатын мұсылмандардың аталмыш қасиетті мере-кесіндегі діни рәсімді орындау (құрбандық шалу) кезіндегі тазалық шаралары мен санитарлық талаптарды сақтау мақсатында құрбандық малын сату және сою арнайы белгіленген орындарда ғана жүргізіледі.

ҚМДБ БҚО өкілдігінің хабарлауынша, құрбандық малын сату және сою мына ме-кенжайларда жүзеге асырылады:

Үздік тауарлар көрме-байқауы өтедіТамыздың 26-сы күні

облыстық қазақ драма театрында «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтеді.

Байқау «Өндірістік мақсаттағы үздік та-уарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымда-ры бойынша өткізіледі. Өңірлік деңгейдегі байқаудың ұйымдастырушысы облыстық кәсіпкерлер палатасының хабарлауын-

ша, көрмеге 20 шақты кәсіпорын қатысып, өнімдерін көрсетпек. Олардың ішінде ірі және орта кәсіпорындар, жеке кәсіпкерлер де бар. Жыл сайын аталмыш байқауға «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы», «Род-ник» фирмасы, «Гидромаш-Орион МЖБК», «Алтимстройдеталь», «Наноблок» компа-ниялары тұрақты қатысып келеді. Биыл көр-ме-байқауға «Батысмұнайгазжабдықтары» ЖШС, «Ашығалиев С. С.» ЖК, «Жұмағұлова Б. М.» ЖК және өзгелері өз өнімдерін алғаш рет ұсынбақ.

мозайкасыЖаңалықтар

1. “Ел ырысы” базары (Орал – Самара тас жолында орналасқан, қатынайтын автобустар №6, 13, 39, 45);2. “Кублей” ЖШС (орналасқан жері Рыбцех, 55, қатынайтын автобустар №7, 17);3. “Орал шұжықтары” ЖШС (мекенжайы Промзона көшесі, 16, қатынайтын автобустар №1, 4, 5, 33, 35);4. “Заря Востока” базары (Зашаған кенті, Орал – Саратов тас жолының бойында орналасқан, қатынайтын автобустар №2, 7, 45);5. “Құспанов С” ЖК (мекенжайы Ақтөбе көшесі, 295-үй, қатынайтын автобустар №29, 43).

4-5

Суреттерді түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

Page 2: Орал өңіріoraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2016/08/104.pdf · oral_oniri@inbox.ru Орал өңірі ОБЛЫСТЫҚ ҚОғАМДЫҚ-САяСИ гАЗЕТ Газет

[email protected]Сейсенбі, 23 тамыз 2016 жыл

АҚПАРАТ

АЖ/ТҚҚ Заңының 3-бабы 1-тармағы келесі мазмұнмен 13), 14), 15), 16) және 17) тармақшалары-мен толықтырылды:

– лизинг беруші ретінде лизинг-тік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;

– ломбардтар;– бағалы металдармен және

асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен опера-цияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;

– жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асы-ру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;

– төлемдер қабылдау бойынша операторлары.

Адвокаттарды қоспағанда, АЖ/ТҚҚ Заңының 3-бабы 1-тармағының 7), 12), 13), 14), 15) және 16) тар-мақшаларында көрсетілген қар- жы мониторингі субъектілері «Ха-барламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабар-ламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабар-ламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар-ды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаң-тардағы №4 бұйрығына сәйкес, Комитетке қызметті жүзеге асыру-ды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама жіберуге мін-детті.

2016 жылдың қыркүйек-қара-шасында Комитетпен түсіндіру шаралар, сондай-ақ хабарлама-ларды қабылдау өткізуі жоспарла-нып отыр.

Аудиторияны қалыптастыру мақсатында, жоғарыда көрсетіл- ген қаржы мониторингі субъекті-лерінің өкілдерің, [email protected], [email protected] электрондық мекенжайларына ке- лесі ақпаратты: ұйымның атауы, тіркеу мекенжайы, өкілдің Т.А.Ә., телефон нөмірлерін жолдауыңыз-ды сұраймыз.

Жұмыс кездесуінің күні және уақыты туралы ақпарат Сіздер- мен көрсетілген байланыс дерек- теріне байланысты қосымша ха-барланады.

Сұраулар бойынша телефонда-ры: 8 (7172) 74-92-26; 74-97-39; 74-97-49; 74-97-52.

Қаржы мониторингі субъектілерінің

тізімі кеңейтілдіҚазақстан Республика-

сы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі коми-теті (бұдан әрі – Комитет) 2016 жылдың 20 сәуірінен бастап, 2009 жылғы 28 та- мыздағы Қазақстан Респуб-ликасының «Қылмыстық жолмен алынған кірістер- ді заңдастыруға (жылыста-туға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңына (бұдан әрі - АЖ/ТҚҚ Заң) өзгерістер енгізуімен бай-ланысты қаржы мониторин-гі субъектілерінің тізімінің кеңейтілуі туралы хабар-лайды.

Бұл туралы сенбі күні “Нұр Отан” партиясы БҚО фи- лиалы ғимаратының мә-

жіліс залында өткен “Білімді ел – мәңгі ел” атты тамыз кеңесінде айтылды. Облыстағы барша ұстаз-дың басын қосатын алқалы жиын-ға облыс әкімі Алтай Көлгінов, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева, білім бе-ру ұйымдарының басшылары мен мұғалімдер қатысты.

– Ұлтты ұстаз тәрбиелейді. За-манауи оқушының ішкі әлемін ер- кін түсінуі үшін мұғалім шексіз ақпараттық кеңістіктерді еркін игере алуы тиіс. Бұл – заман та- лабы. Оқушыларды білім кеңісті-гінде ғылыми-техникалық шығар- машылығын арттыруда робот тех- никасының маңызы зор. Осы бағытта Назарбаев зияткерлік мектептерімен «Робот техникасы» бағыты бойынша байланыстар орнатылуда. Ағымдағы жылда 160 педагог «Робот техникасы» кур- сы бойынша біліктіліктерін арт- тырса, осы технология бойынша облыстық дарынды балаларға ар- налған мамандандырылған қазақ- түрік мектеп-лицей-интернаты ба-засында 35 педагог біліктілік курс-тарынан өтті. Облыстық бюджет есебінен облыстағы 125 мектепке робот техникасы кабинеттерін са-тып алуға 365 млн. теңге қаржы қарастырылды. Ағымдағы жылы білім ошақтарына бейнебақылау камераларын орнатуға жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылып, 319 нысанға 4700 бейнебақылау камералары орнатылды. Өңіріміз- де жеке балабақшалар санын кө- бейтуге ерекше көңіл бөлу қажет. Өйткені бар жағдай жасалып жат- қанымен, балабақшаға деген сұ-раныс өзекті күйінде қалып отыр. Қазіргі күнде 20 826 бүлдіршін ке-зекте тұрса, оның 17600-і Орал, 2238-і Ақсай қаласынан. Сондық-

тан өз ісін ашқысы келетін жан- дарға жеке балабақша ашып, кә- сібін көркейтуге мүмкіндіктер бар. Біз де өз тарапымыздан қолдау көрсетуге дайынбыз, – деп білім саласындағы біраз мәселені тілге тиек еткен облыс әкімі Алтай Сей- дірұлы Рио олимпиадасында елі- міздің көк туын желбіреткен ба-тысқазақстандық спортшыларды оқытқан ұстаздарға құрмет көр-сетті.

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің атынан батыс- қазақстандық ұстаздарды құттық-таған ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева елімізде білім саласының ширек ғасырда қол жеткізген жетістік-терін атап өтті.

Облыстық білім басқармасы-ның басшысы Айгүл Мыңбаева- ның айтуынша, облыстың білім беру саласындағы бюджеті 2015 жылғы 42,2 млрд. теңгеден 2016 жылы 53,1 млрд. теңгеге өсті. Со-ның ішінде республикалық бюд- жеттен 3,0 млрд. теңге мектепке дейінгі балалар және кәсіптік-техникалық білім беру ұйымда-рында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға, білім беру нысандарын күрделі жөн-деуге, колледж оқушыларына шә-кіртақы мөлшерін өсіруге бөлінді.

Республикалық бюджеттен 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап бі- лім беру саласы қызметкерлері-нің орташа жалақысы 29%-ға де- йін өсуіне байланысты еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделін ен- гізуге 10,9 млрд. теңге көлемінде трансферттер бөлінді. Ағымдағы жылы шетел инвестициясы есебі-нен Орал қаласында жастар жә- не оқушылар сарайын ашу жос- парлануда.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 10 білім

беру нысанына жалпы сомасы 1548 млн. теңгеге күрделі жөн- деу жүргізілуде, соның ішінде 1005 млн. теңгесі республикалық бюджеттен, 543,8 млн. теңгесі жергілікті бюджет есебінен қарас- тырылған. Жергілікті бюджет қа- ражаты есебінен бір білім беру нысанына 159,7 млн. теңгеге, шетел инвестициясы есебінен екі білім беру нысанына 527,0 млн. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргі-зілуде. Оқу орындарының мате-риалдық-техникалық базасы ай-тарлықтай жақсаруда, білім беру ұйымдарын компьютерлік техни- камен жарақтандыруға жергілік- ті бюджеттен 259,8 млн. теңге бө-лінді.

«Нұрлы жол» бағдарламасы бо- йынша ұлттық қор есебінен Шың-ғырлау ауданында 290 орындық бөбекжай құрылысы аяқталуда, шетел инвестициясы есебінен Бөрлі ауданы Бөрлі ауылында 140 орындық бөбекжай пайдалануға берілді. Сонымен қатар шетел ин- вестициясы есебінен Ақсай қа-ласында 320 орындық бөбекжай құрылысы басталды.

Мемлекеттік-жеке меншік әріп-тестік шеңберінде 1210 орындық төрт балабақша құрылысының жо- балық-сметалық құжаттары жасақ- талуда, соның ішінде Орал қала-сында екі балабақша (360 және 290 орындық), Ақжайық ауданы Чапаев ауылында (280 орындық) және Сырым ауданы Жымпиты ауылында (280 орындық). Мек-тепке дейінгі білімді қамтамасыз етуде бизнес өкілдерін қатысты- ру бойынша атқарылған шаралар-дың нәтижесінде 2010 жылы үш жеке мектепке дейінгі ұйым бол- са, 2016 жылы олардың саны 24 бірлікке дейін артты. Жеке бала- бақшалар саны барлық балабақ-шалардың 5%-ын құрайды.

Мектепке дейінгі ұйымдардың желісін дамыту және тәрбиемен қамтудағы көрсеткіштердің ар-туына қарамастан, Ақжайық, Бөр- лі, Жаңақала, Зеленов, Сырым, Тасқала, Теректі аудандары мен Орал қаласында мектепке дейін- гі тәрбие мен оқытуды ұйымдас-тырудағы қажеттілік сақталып отыр.

Елімізде жаңартылған білім бе-ру мазмұны бағдарламасына кө-

кешендер сатып алуға баспалар- ға сұраныс жасалған.

Облыстағы білім беру саласы-ның бүгіні мен келешегі туралы орамды ойлар айтылған тамыз кеңесінде жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге елеулі үлес қосқан ұстаздарға ҚР Білім және ғылым министрлігінің марапаттары та-быс етілді. Бөрлі ауданы, Ақсай қаласындағы №4 орта мектебінің мұғалімі Екатерина Тэн, облыстық балалар мен жасөспірімдер ту-ризм және экология орталығы- ның қосымша білім беру педаго-гы Светлана Петченко, Ә. Молда- ғұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің мұғалімі Гүлжиһан Тас-қарина, Батыс Қазақстан индус-триалды колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Марья Сисенғалиева “Ы. Алтынса- рин” төсбелгісімен, сондай-ақ об-лыстық білім басқармасының бө-лім жетекшісі Надежда Лебедева, Ақжайық ауданы, Абай атындағы мектеп-гимназиясының директо-ры Светлана Оразова “Білім беру ісінің құрметті қызметкері” төс-белгісімен марапатталды.

Тамыз кеңесінде республика-лық “Үздік педагог” байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазда- рына да сый-сияпат тапсырылып, құрмет көрсетілді. Олардың қа-тарында мектепке дейінгі білім беру ұйымдары бойынша Бөрлі ауданы №3 мектепке дейінгі бала-лар ұйымының педагог-психоло- гы Ботагөз Еділбаева, орта білім беретін ұйымдар арасында облыс-тық дарынды балаларға арнал- ған қазақ-түрік лицейінің гео-графия пәнінің мұғалімі Айсәуле Сидарова, техникалық және кә- сіптік білім беретін ұйымдар ара-сында Орал ақпараттық-техно-логиялар колледжі химия және биология пәндерінің оқытушысы Жазира Бисалиева бар. “Орта білім беретін үздік ұйым” байқауының жеңімпазы атанған Ә. Молдағұ- лова атындағы №38 мектеп-ли-цейіне 18 млн. 287 мың теңгенің сертификаты мен бейнекамера табыс етілді.

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИҚЫЗЫ,

«Орал өңірі»

Үздік мектепке – 18 млн. 287 мың Теңге Өңірімізде білім беру

саласында көптеген жоба жүзеге асып, игі істер жа-салуда. Ендігі кезекте жаңа оқу жылынан бастап, әр ай сайын бір күнді «педагог күні» деп белгілеп, облыс әкімі өзі бастап, қала, аудан әкімдері қостап, білім ошақтарына барып, мұғалімдер мен шәкірттердің жағдайын өз көздерімен көріп, кей-бір толғандырып жүрген мәселелері туралы сөйлеспек ниетте. Өңір басшысының бұл ұсынысы ұстаздар қауымының көңілінен шықты.

шу стратегиясы жүзеге асырылу-да. Білім беру жүйесінде бұл мұ-ғалімдердің жұмысына жаңа та-лаптар қояды.

2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап еліміздің 30 мектебінде Назарбаев зияткерлік мектебінің тәжірибесін тарату мақсатында 12 жылдық білім берудің жаңа бағ- дарламасы апробациядан өтті, оның ішінде біздің облысымыз- дан екі мектеп – Орал қаласының М. Ықсанов атындағы №36 орта мектебі мен Теректі ауданының Шаған орта мектебі осы бағытта жұмыс жасауда.

2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап білім берудің жаңартыл- ған жүйесі кезең-кезеңімен енгізіл-мек. Ағымдағы жылдың жаңа оқу жылынан бастап бірінші сыныптар бес күн оқитын болады. Аудан-дық (қалалық) білім бөлімдері- нің болжамды мәліметі бойынша 1 қыркүйекте 6-7 жастағы 11467 оқушы бірінші сыныпқа қадам баспақ ниетте. Жаңартылған бі- лім беру мазмұнына көшуге бай- ланысты бастауыш сынып және пән мұғалімдерінің біліктілігін арт- тыру курстары ұйымдастырыл-ды. Жаңа бағдарламаға сәйкес оқулықтар мен оқу-әдістемелік

Суретті түсірген Виктор ПРЕДЫБАЙЛО

Page 3: Орал өңіріoraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2016/08/104.pdf · oral_oniri@inbox.ru Орал өңірі ОБЛЫСТЫҚ ҚОғАМДЫҚ-САяСИ гАЗЕТ Газет

[email protected] Сейсенбі, 23 тамыз 2016 жыл

ҚоҒАм

Осы орайда жұма күні кешке таман 17 ұлттың басын қосып отырған покатиловтықтар шал-ғайдағы Шағатай ауылының де-легациясын, аудан қонақтарын қара домбыра үнімен, ақтан дәм ұсынып, қарсы алды. Қонақтар қатарында аудандық мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Жа- наргүл Хұсаинова, жастар ре-сурстық орталығының басшысы Мирхат Ибраев болды.

Ауыл әкімі Лунара Сердалиева барлығына қош келдіңіз айтып, мәдениет үйінің кеңсесіндегі дөңгелек үстелге жайғастырды. Басқосу барысында қос әкім өңірлерінің тарихын, экономи-касын, табиғатын жіпке тізіп, өл- келерінен белді-белді азамат-тардың шыққанын тілге тиек ет-ті. Жақсы отырыстың аяғы кон-церттік бағдарламаға ұласты.

Шағатайлықтардың сапары

Теректі ауданында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы шеңберінде ауылдық округтер ара-сында тәжірибе алмасу бағытындағы мерекелік шаралар уақтылы жүзеге асып жатыр.

Облысымыздағы спорт са-ласының дамуын баян-даған бейнероликпен

ашылған шара барысында спорт ардагерлеріне құрмет көрсетілді.

– Әрбір мемлекеттің Туы екі жағ-дайда көтеріледі. Біріншісі, Мем- лекет басшысының басқа елге жа-саған ресми сапары барысында, екіншісі спортшыларымыз жеңіс-ке жеткен кезде. Биылғы мереке олимпиада ойындарымен тұспа-тұс келіп отыр. Қазақстандық спортшылар Рио олимпиадасын-да жақсы жетістікке қол жеткізді. Оған біздің жерлестеріміз де өз үлестерін қосты. Бұл, әрине, біз үшін мақтаныш. Күні кеше, түннің бір уағы болғанына қарамастан, Қадыр орталығына барып, даңқ-ты жерлесіміз Данияр бауыры-мызға қолдау көрсеттік. Сөйтіп, оның олимпиада жеңімпазы атан-ғанының куәсі болдық. Сонымен қатар Екатерина Ларионова да елі-міздің абыройын асқақтатты. Бұл – батысқазақстандықтардың ор- тақ жетістігі.

Сенбі күні «Атаме- кен» лагерінде спорт күні мерекесіне арналған сал- танатты шара өтті. Өңір спортшыларын атаулы мерекемен облыс әкімі Ал-тай Көлгінов құттықтады.

Алдыңғы турда Талдықорған-ның «Жетісу» командасымен өт- кен матчпен салыстырғанда, ба-тысқазақстандықтар құрамында айта қаларлықтай өзгеріс бола қойған жоқ. Ойын барысында қос команда да сақ ойнауға ты-рысты. 57-минутта шешуші сәт туды. «Шахтердің» айып алаңын-да «Ақжайықтың» шабуылшысы Мирослав Лечичке қарсы ойын тәртібі бұзылып, қақпаға пеналь-ти белгіленді. Мұны парагвай- лық легионер Фредди Коронель мүлт жіберген жоқ.

Сөйтіп, сырт алаңда 1:0 есебі-мен жеңіске жеткен «Ақжайық» ұпай санын 17-ге жеткізді. Алай-да премьер-лигада қалу үшін бұл әлі аз. Өйткені 10-11-орындағы «Шахтер» мен «Тараздың» енші-сінде сәйкесінше 24 және 22 ұпайдан бар. Оларға қуып жету үшін қалған ойындарда жеңіс үшін жанталасуға тура келеді.

Қазақстандық маман Вахид Масудов жаттықтыратын батыс-қазақстандықтар келесі кезде-суін 26 тамыз күні өз алаңында «Таразбен» өткізеді.

«Ақжайық»«Шахтерді» ұтты

Футболдан премьер-лига командалары ара-сында ел чемпионатының кезекті турында Орал-дың «Ақжайығы» Қара-ғандыда жергілікті «Шахтермен» шеберлік байқасты.

лы Орал қаласының өзінде көп қабатты үйлердің аулаларында 30 спорт алаңы салынады. Бұл бұ-қаралық спорттың дамуына да мүмкіндік беретіні анық, - деді өз сөзінде Алтай Сейдірұлы.

Содан кейін өңір басшысы үз-дік спортшылар мен жаттықты-рушыларды өзінің алғысхатымен марапаттады. Олардың арасын-да жастар арасында шахматтан әлем чемпионы, халықаралық дә- режедегі спорт шебері Жанат Са- йын, шорт-тректен жасөспірім- дер арасында ІІ қысқы олимпиа-да ойындарының қола жүлдегері Анита Нагай, бокстан жасөспірім-дер арасындағы ІV «Азия балала- ры» халықаралық спорттық ойын- дарының жеңімпазы Нұрсұлтан Нұриддинов, грек-рим күресінен кадеттер арасындағы Азия чем- пионатының күміс жүлдегері Дәу-лет Ларионов, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Рио олимпиа- дасына қатысушылар А. Дергунов пен А. Ергучевтің тәлімгері Алек- сандр Аккунишников, жеңіл атле-

тика бойынша бапкер, олимпиа- даға қатысушылар Г. Шейко мен П. Репинаның жаттықтырушысы Рустам Куватов бар. Сондай-ақ спортты жүйелі түрде насихатта-ғаны үшін өңіріміздегі ақпарат құ- ралдарының басшылары мара-патталды.

Өз кезегінде салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкер- лерінің кәсіптік одағы облыстық филиалының төрағасы Айдар Ба-тырханов спортшыларды, спорт мекемелеріндегі кәсіподақ қыз-меткерлерін аталмыш ұйымның төсбелгісімен, құрмет грамотасы-мен, алғысхатымен марапаттады.

Шара барысында аудандардан келген балалар мен жасөспірім-дер спорт түрлері бойынша сын- ға түсті.

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОв,«Орал өңірі»

Суретті түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОв

Акцияға облыс бойынша шамамен 15 550 адам қа-тысып, 72 дана техника

жұмылдырылды. 720 тонна қоқыс пен 530 текше метр қураған ағаш кесіліп, тазартылды. Соның ішін-де Орал қаласы бойынша 3 300 адам қатысып, 10 дана техника жұмылдырылып, 50 тонна қоқыс қалдықтары шығарылды, сондай-ақ 30 текше метр қураған ағаш та-зартылды.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды рет-теу басқармасының алдында өт- кен салтанатты жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Ар- ман Өтеғұлов, «Заман» ассоция-циясының төрағасы Айгүл Түр-

30 СПоРТ АлАңы САлынбАҚЕлбасы республикамызда спорт-

ты, соның ішінде бұқаралық спортты дамыту бағытында тиісті шаралардың қолға алыну керек-тігін айтқан болатын. Сол бағытта өңірімізде де қажет шаралар алы-нуда. Мәселен, шорт-трек, бенди, хоккей, шахмат, бокс, күрес сын-ды спорт түрлері облысымызда жақсы дамуда. Мұндай жағдайға жетуімізге спорт ардагерлерінің, бапкерлердің қосып жүрген үлесі көп.

Жалпы, спортпен айналысуды әркім өзінен бастауы керек. Осы сәтті пайдаланып, 4 қыркүйекте өтетін көпшілік жүгіру және қала күніне орай 9 қыркүйекте бола- тын велошеру шараларына ша-қырғым келеді. Оған біз де, яғни мемлекеттік қызметшілер де қа-тысамыз.

Біз алдағы уақытта балалар мен жасөспірімдер спортының дамуы- на жете мән беретін боламыз. Соған орай облыс орталығы мен аудандарда спорт алаңдарын салу жоспарда бар. Мысалы, келер жы-

«Болашақ» – «Таза орман! Таза жағалау!» ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 игі іс» ат-

ты қайырымдылық іс-шаралары акциясы аясында өткен сенбі күні облыс көлемінде «Болашақ» – «Таза орман! Таза жағалау!» экологиялық акциясы өтті.

кина, ҚазИИТУ ғылыми-білім ке- шенінің проректоры Гаухар Қа- йырлиева сөз сөйлеп, акцияға қа-тысушыларға алғыстарын білдірді.

Шара аясында Жайық өзенінің жағалауы ғана емес, Үлкен және Кіші Өзен, Шаған, Деркөл, Елек өзендері және де мемлекеттік ор-ман қорының орман алқаптары да тазартылды.

Аталған акция облыстың бар-лық аудандарында өткізілді. Жә-нібектіктер акцияға белсенді үлес қосты. Аудан бойынша 3000 адам жұмылдырылып, 53 тонна қоқыс қалдықтары тазартылған. Шың-ғырлау ауданы бойынша 1 200 адам белсенділік танытса, 16 техника жұмылдырылып, Утва өзенінің жа-

ғалауы, Сырым ауданында 2 300 адам қатысып, Өлеңті, Бұлдырты, Шідерті, Аңқаты өзендерінің жа-ғалаулары тазартылды. Бөрлі ау-данында 569 адам қатысып, 32 бірлік техника жұмылдырылып, аудан орталығы мен Жайық, Бе-резовка, Қанай, Утва өзендерінің жағалаулары жиналды.

Орал қаласының аумағында Жайық өзенінің жағалауы Чапаев атындағы Затон көшесі аумағы- нан бастап, Коминтерн шағынау-данына дейін жалғасты. Орман-ды қатты қалдықтардан тазарту жұмыстары Хан тоғайы, Перева-лочная тоғайы, 1, 2-саяжай аумақ-тарында атқарылды. Облыстағы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік ме-кемелерінің жұмысын да атап өту қажет. Орман күзетінің 120 мама-ны 12 бірлік техникамен мемле-кеттік орман қоры аумақтарын

тұрмыстық қатты қалдықтардан тазартты.

Бұл шарада мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің ұжымдары бір кісідей атсалысты. Облыстың су қоймаларында ба- лық шаруашылығымен айналыса-тын табиғат пайдаланушылар да акциядан тыс қалған емес. Олар-дың күшімен облыстағы 15 су қой-масының жағалаулары тазартыл-ды.

Келешек ұрпаққа табиғи бай-лығымыз – орман мен судың құн- ды қасиеті мен қажеттілігін наси-хаттай отырып, болашақта осын-дай шараларды дәстүрлі түрде өт-кізу қажет деп есептейміз.

Батыс Қазақстан

облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды

реттеу басқармасы

Оралда

Page 4: Орал өңіріoraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2016/08/104.pdf · oral_oniri@inbox.ru Орал өңірі ОБЛЫСТЫҚ ҚОғАМДЫҚ-САяСИ гАЗЕТ Газет

Сейсенбі, 23 тамыз 2016 жыл4 [email protected]

мәСеле

Жазғы демалыстың аяқталып, балалардың мектепке баратын күндері де жақын қалды. Қаладағы сауда нүктелерін араласаңыз, баласына мектепке киім іздеп, сеңдей соғылысқан ата-ананы көзіңіз шалады. Адамдардың қарасы, әсіресе, орталық базардың маңайында көп. Себебі түсінікті де, мектеп формасына қолжетімді баға осы жерде. Ал ірі сауда орталықтары мен арнайы киім дүкендеріндегі баға қарапайым халықтың қалтасына біраз салмақ түсірері анық.

Бірдей форма, бірыңғай баға АРмАн болыП ТұР...

Мектеп формасы қандай болуы керек?

Жыл басында ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен оқушылар арасындағы әлеуметтік теңсіздік пен діни алауыздықтың алдын алу бағытында орта білім беру ұйымдарына міндетті мектеп формасы талап етілген болатын. Ал бұл талап бойынша оқушылар-дың мектеп формасында қандай шарттар сақталуы тиіс екенін бі-лесіз бе?

Ең алдымен зайырлылық си-патта болуына мән беріңіз, киім-нің пішіні классикалық үлгіде, бірыңғай түсті, үш түстен артық және тым ашық түстердің болма-уы ескерілуі қажет. Мектеп фор-масы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді. Ер бала-лардың мектеп формасының топ-тамасына дара костюм (бешпет), жакет, мерекелік және күнделікті жейде (қысқы ауысымға тоқыма жакет пен жылы жейде), кең тұ-ратын әрі аяқтың тобығын жаба-тын шалбар кіреді. Ал қыз баланың үлесіне бешпет, жилет, белдемше (юбка), классикалық жейде (қысқы ауысымда тоқыма жилет, жылы жейде, сарафан) және кең тұра-тын әрі тобықты жабатын шалбар

тиесілі. Сондай-ақ мектеп фор-масына спорттық киімдерді (аяқ киім, футболка, спорттық костюм) қосыңыз. Әр мектептің қалауы бойынша мектеп формасының үстіңгі бөлігі мен галстукке эмбле-ма немесе жапсырмалар тағуға рұқсат етіледі. Алайда жарақат алуға ұрындыратын ұсақ-түйек заттардың тағылуына, әр түрлі конфессиялардың діни белгілерін енгізуге жол берілмейді.

Қай жерде, қанша тұрады?

Орталық базар алаңында ашыл- ған мектеп жәрмеңкесіндегі баға-лар өзге дүкендермен салыстыр-ғанда ақылға қонымды. Бұл жер-де Қытайдың қара базарынан, Алматының барахолкасынан, Қы-тайдың Гуанчжоу өлкесінен, Қыр-ғызстаннан әкелген тауарларды жиі кездестіресіз. Өкінішке орай, сапа жағынан Ресей өнімдерінен қалыс қалады. Айталық, бастауыш сыныптың ер балаларына арнал-ған костюмнің орташа бағасы 12-13 мың теңгені құрайды. Бұл сомаға бешпет пен жакет, шалбар (кейбірінде қос шалбардан) кіре-ді. Түркияның тауары сыртқы түрі керемет болғанымен, іші синте-

тика, қыста салқын, жазда ыстық тартады. Киімнің өлшеміне қарай бағасы да арта береді. Ал бұл топ-таманы дарадан сатып алсаңыз, бір шалбардың құны 4500-6000 теңге аралығында, бешпетіңіз де 5-6 мың теңгенің айналасы, жа-кет 1500-2000 теңге. Ақ жейденің бағасы 3500-ден сапасына қарай 8 мың теңгеге дейін өсе береді. Спорттық костюмнің ең арзаны – 4500-8000 мың теңге аралығы. Аяқ киімдердің таза былғарыдан жасалғандары 8 мың теңгеден жо- ғары, егер жасанды теріден жа-салған болса, 3000 теңгеден оңай табасыз. Спорттық аяқ киімдер-дің төмен бағасы – 4 мың теңге. Қыздардың да киімдері осы ша-масында. Бастауыш сыныптың қыздарына арналған сарафандар 4000 теңге, ақ жейде 3000 тең-геден басталады, ал белдемше-лер 3500-6000 теңгеден сатылуда. Оған өзге де шұлық, бантик, гал-стук, белбеу секілді аксессуар-

ларды қоссаңыз, әрқайсысы кем дегенде 2000 теңгені құрайды. Осы ұсақ-түйекті саудаласаңыз, 10 мың теңге ақшаңыздан қалай қағылғаныңызды байқамай қала-сыз. Сондай-ақ базар аумағында-ғы «Школа», «Адал», «Ресей жәр-меңкесі» дүкендеріндегі мектеп киімдерінің бағасы жоғарыдағы көрсеткіштермен бірдей деуге бо-лады.

- Біреулер қалтасына қарап киім таңдайды. Арзанның аты – ар-зан. Тез тозады, тігістері сөгіліп, түстері тез оңғыш келеді. Дүкен-нің ашылғанына төрт жыл болды, тауарларының барлығы Ресейден әкелінеді. Сапалары орташа, аса керемет дей алмаймын, алайда бізге сын айтып келген адамдар кездеспеді. Бағасы базармен бір-дей. Тұрақты клиенттеріміз бар, - дейді «Школа» балалар киім дү-кенінің Галина есімді сатушысы.

Әрине, қолжетімді көрінген бұл сомадағы киімдердің сапасы

да соған сай. Төзімділігі әрі кетсе бір жылдан аса алмайды. Денеге жәйлі әрі бір кигенде құйып құй-ғандай үйлесе кететін, матасының құрамында синтетикасы жоқ, ті-гістері түзу әрі тура пішілген киім-дер әлдеқайда қымбатырақ.

Мысалы, алысқа бармай-ақ сол маңдағы «Атриум» сауда үйіндегі оқушылар киімдері «аспандағы айды сұрайды». Бір ғана бешпеттің құны 23-25 мың, шалбары 15-16 мың, жейдесі 8-12 мың, аяқ киім-дердің ең арзаны 8-10 мыңнан, спорттық аяқ киімдер 9-10 мың теңгеден басталады. Қыздардың сарафандары 10-12 мың, белдем-шелері 9-10 мың, жейденің ең арзаны 8 мың теңгеден табасыз. «City Center» сауда орталығында-ғы бағалар да осы құралыптас. Өйткені бұл сауда орындарындағы тауарлар Түркия, Ресей, Германия, Италия елдерінен тасымалдана-ды. Есесіне бұл киімдердің сапа-сы киюге төзімді, қанша жуылса

Киім атаулары

Базар, сауда үйлері («Лаура», «Рашид», «Адал», «Школа»,

«Ресей жәрмеңкесі»,«Мектеп жәрмеңкесі»)

( теңге)

«Мектеп формасы» арнайы дүкені

(«Спецодежда»)(теңге)

«Атриум», «Сити Центр» сауда орталықтары

(теңге)

Ер балалар костюмі 12000-13000 13300-20700 30000-35000

Бешпет (ұл/қыз) 5000-9000 5900-10800 20000-25000

Сарафан (қыз) 4000-8000 7300-8000 10000-15000

Жакет (ұл/қыз) 1500-3000 5900-7000 5000-10000

Ақ жейде (ұл/қыз) 2000-5000 3000-5000 5000-8000

Белдемше (юбка) 3500-5000 5800-7000 6000-15000

Шалбар (ұл/қыз) 4000-7000 4600-7000 12000-15000

Спорттық костюм (ұл/қыз) 4500-10000 8300-10000 15000-20000

Футболка (ұл/қыз) 1000-3000 1200-2000 3000-10000

Аяқ киім (ұл/қыз) 3000-9000 – 10000-20000

Спорттық аяқ киім (ұл/қыз) 3000-8000 – 10000-20000

Page 5: Орал өңіріoraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2016/08/104.pdf · oral_oniri@inbox.ru Орал өңірі ОБЛЫСТЫҚ ҚОғАМДЫҚ-САяСИ гАЗЕТ Газет

Сейсенбі, 23 тамыз 2016 жыл[email protected] 5СПоРТ

Айжан НАСИХАТ, қала тұрғыны:- Барлық мектепке ортақ бірыңғай мектеп формасын

енгізетін уақыт келді деп ойлаймын. Әуелден айтылып келе жатқан даулы мәселе болғанымен, арнайы заң бол-мағандықтан, әркім өз қалауынша киініп жүрді. Биыл білім министрінің бұйрығымен міндеттелді. Бүгінде қала мектеп-теріндегі киім үлгісі әр мектепте әр түрлі. Бұл мектеп үшін жақсы болғанымен, оқушы басқа мектепке ауысқан кез-де тағы да сол мектептің формасын тіктіруге тура келеді. Ата-ана тағы да сол үшін қалтасын жұқартады. Мысалы, 2-сыныпқа баратын ұлыма тек күзгі мектеп киімін алуға 25 мың теңге қаржы жұмсадым. Бұған сөмке мен спорттық киімдерді, оқу құралдарын қоспаңыз. Мен анау-мынау дү-кендерден емес, базардан ең арзанын алдым. Бұл деген масқара емес пе? Отбасында отағасының ғана жұмысы бар. Сонда көп балалы отбасылардың балалары қайтпек?

Бәріне ортақ, жалпы үлгідегі мектеп формалары отандық өндіріс орындарында дайындалса, жалпыкөпшілікке қолже-тімді, базарларда саудаға шығарылса, қарайған жұрт сол жер-ден алар еді.

Нұрғайша, қала тұрғыны:- Қызым – қаламыздағы №38 мектептің оқушысы. Оқу

жылының соңында ата-аналар жиналысында бірауыздан келісіп, мектеп формасын қаламыздағы «Мектеп форма-сы» («Спецодежда») дүкенінен сатып алатын болып келістік. Бұл жерден жакетті 5800 теңгеге, белдемшені 5900 теңгеге, бешпетті 10000 теңгеге, жылы жемпірді 4 мың теңгеге сатып алдық. 25 мың теңге ақшам тек төрт дана киім алуға ғана жетті. Бір артықшылығы, дүкендегі киімдерді жыл бойына сатып ала беруіңізге болады. Сапасында сөз жоқ, өте жақсы тігілген. Артық қылау таппайсың. Өкінішке орай, бағасы шарықтап тұр, оқу жылы жақындаған сайын бағасы да өсіп жатыр. Әлі спорттық киімдері мен оқу құралдарын алу ке- рек, оның да бағасы күйіп тұр. Құзырлы мекемелер мектеп формасын әр мектеп бойынша емес, Қазақстан бойынша бірыңғай етіп, барлық сауда нүктелерінде бірыңғай бағамен шығаруды қолға алса, құба-құп болар еді.

Жанат, қала тұрғыны:- Қызым №43 мектептің 4-сыныбына барады. Мектептің

келісімі бойынша «Мектеп формасы» («Спецодежда») дү-кенінен барып киім алдық. Бұл жердегі бағалар көңіліме қонбады. Өте қымбат. Осы жерден қызымның белдемшесі мен ақ жейдесі, жакетіне 15100 теңге жұмсадым. Одан бөлек бешпетін 10800 теңгеге алдым. Осыдан бір ай бұрын барғанда бешпеттің бағасы 9800 теңге болатын. Өзге киімдердің де бағалары 700-1000 теңге аралығында шарықтап кетіпті. Кә-сіпкерлердің ата-аналардың қалтасын қағып, аяқ астынан тез байығысы келген шығар. Бұл әрекеттерін ұят деп санаймын.

Зәуре ҒҰМАРОВА,облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:- Биыл ҚР Білім және Ғылым министрлігінің арнайы бұй-

рығы бойынша мектеп формасы барлық орта білім беру ұйымдарына міндеттелді. Алайда әр мектеп ата-аналар жиналасының жалпы қорытындысы бойынша қандай үлгіні қалайды, таңдау өздерінде. Сондай-ақ киімді базардан ба, дүкеннен бе, тапсырыс беріп алдырады ма, оған біздер араласа алмаймыз. Нарықтық экономикаға байланысты әр кәсіпкер бағаны өздері қадағалайды. Дегенмен аз қамтыл-ған отбасының балаларына, жетім және қорғаншылықтағы балаларға жалпыға бірдей білім беру қорынан қаржы бөлініп, мектепке баруға көмектесеміз. Сондай-ақ «Мектепке жол» шарасы барысында да демеушілердің көмегімен бұл мәсе-лені шешіп келеміз.

Рио-де-Жанейро қаласындағы атақты «Маракана» футбол стадионында ХХХІ жазғы олимпиада ойындары салтанатты түрде жабылды.

да, өңін жоғалтпайды, екі-үш жыл қатарынан үздіксіз киюге жа-рамды. Бұдан кейін қаламыздың «Мектеп формасы» («Спецодеж-да») дүкеніне бас сұқтық. Бұл жер-дегі баға да қалтаға жеңіл соқпа-сы анық, бірақ сапаға жоғары мән берілген. Дегенмен отандық өнімнің иісі мұрынға да келмейді, жапсырмадағы өлшемдер қазақша жазылғаны болмаса, тауарлар Ресейдің Новосібір облысында тігілген.

Сонымен...Киімді қай жерден сатып алған

тиімді? Егер базардан алсаңыз,

бастауыш сыныптағы бір ұл-қызы-ңызды киіндіруге кететін шығын шамамен 25-30 мың, арнайы мек-теп формасы дүкенінде 45-60 мың, ірі сауда орталықтарында 70-90 мың теңгені құрайды. Бұл ең төменгі көрсеткіштер және бұған оқу құралдары мен мектеп сөм-келерін қоспаңыз.

Осылайша, қала бойынша ба-ғаларды сараптап көрдік. Енді қа- лай таңдайсыз, қайсысын қалай-сыз, «көрпеңе қарай көсілу» өз еркіңізде.

Ләззат ШАҒАТАЙ,«Орал өңірі»

Оған осы олимпиадада өнер көрсеткен, әлі ел-деріне қайта қоймаған

спортшылар қатысты. Олардың арасында Қазақ елінің өкілдері де болды.

Рио олимпиадасына әлемнің 207 елінен 11544 спортшы қаты-сып, 306 медаль жиынтығы сарап- қа салынды. Жарыс қорытынды-сында барлығы 86 мемлекеттің өкілдері жүлдеге қол жеткізді. Ал Вьетнам, Пуэрто-Рико, Сингапур, Бахрейн, Кот-д’Ивуар, Косово, Фиджи және Иордания сынды сегіз бірдей елдің спортшылары алғаш рет алтын жүлдені иеленді. Бұл олимпиада өрісінің кеңейіп, бәсекелестіктің күшейіп келе жат-қанын көрсетеді. Жалпы медаль-дар саны жөнінен АҚШ спортшы-лары 46 алтын, 37 күміс, 38 қола, барлығы 121 жүлдені жеңіп алып, командалық есепте 1-орынды ие- ленді. Спортшылар арасында аме- рикалық жүзу шебері Кэти Леде-кидің бір өзі төрт алтын, бір күміс медальді жеңіп алып, елінің ме-рейін асырды. Сондай-ақ америка-лық тағы бір жүзу шебері Майкл Фелпс алтын медаль санын 23-ке, ямайкалық желаяқ Усэйн Болт 9-ға жеткізді.

Салтанатты рәсім барысында Бразилия халқының тарихы, салт- дәстүрлері мен өнері барша әлем- ге паш етілді. Ән мен би, театр-ландырылған көріністер стадион-дағы халыққа айрықша әсер сый-лады. Сондай-ақ олимпиаданың ең жарқын көріністері әлем на-зарына ұсынылды. Олардың ара-сына қазақстандық дзюдошы От-гонцэгэг Галбадрах пен әйелдер күресінен батысқазақстандық Ека- терина Ларионованың жеңісті жұ-лып алған сәттері енгізілді.

Бұдан кейін дәстүр бойынша Халықаралық олимпиада комите- тінің президенті Томас Бах мара-фонның жеңімпаз-жүлдегерлеріне медальдарын салтанатты жағдай-

да табыс етті. Сондай-ақ олимпиа-да комитетінің жаңа мүшелері та-ныстырылды. Белсенді еріктілер де ұмыт қалған жоқ.

Грекия мемлекеті және олим-пиада әнұрандары орындалды. Олимпиаданың қасиетті байрағы Токио мэрі Юрико Коикэге табыс етіліп, Жапония астанасы таныс-тырылды.

Рио олимпиадасын ұйымдас-тыру комитетінің басшысы Кар-лос Артур Нузман осы олимпиа-да ойындарын жоғары деңгейде өткізуге үлес қосқандардың бәрі- не ризашылығын білдірді. «Әлем-де бейбітшілік болсын. Бәсеке- лер тек спорт алаңдарында өтсін», деді ол. Халықаралық олимпиа-да комитетінің президенті Томас Бах Рио олимпиадасын ұйымдас-тырушылар мен оған қатысқан барлық мемлекеттер өкілдеріне алғысын айтып, Рио ойындарын жабық деп жариялады.

Айта кетейік, Қазақстаннан Рио олимпиадасына 26 спорт түрінен 104 спортшы қатысып, бақ сы-

Қош, Рио! АлдА – Токио!

нады. Қазақстандықтар барлығы 17 медальмен (3 алтын, 5 күміс, 9 қола) ел спорты тарихында кү-міс және жалпы жүлделер саны жөнінен рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, жалпы есепте 22-інші орыннан көрінді. Қазақстан қор-жынына соңғы екі жүлдені бокс-шылар түсірді. Қыздар боксынан 75 келіге дейінгі салмақта Дари-ға Шәкімова жартылай финалда 2012 жылғы Лондон олимпиада- сының әрі әлем чемпионы, атышу-лы америкалық Кларесса Шилдс- ке есе жіберіп, қола жүлдені ие-ленді (кейін дәл осы К. Шилдске ең үздік боксшы ретінде олим- пиада тарихында алғаш рет Вэл Баркер кубогы табыс етілді. Ал ерлер арасында 1936 жылдан бері беріліп келе жатқан кубокты бұл жолы өзбек боксшысы, қазақ-стандық Біржан Жақыповты ұтқан Хасанбой Дусматов алды). Аса ауыр салмақта Иван Дычко да жар-тылай финалда ұлыбританиялық Джо Джойстан аса алмай, екі мәр-те қатарынан олимпиада ойын-дарының қола жүлдегері атанды. Қыздар бәсекесін қоса есептеген-де, қазақстандық боксшылар бір алтын, қос күміс, екі қола, барлығы бес жүлдені еншіледі.

Енді алда 2020 жылы 24 шілде – 9 тамыз аралығында Жапония астанасы Токиода өтетін ХХХІІ жазғы олимпиада ойындары тұр. Оның бағдарламасына жаңадан каратэ сынды спорт түрлері ен-гізілмекші. Демек, Қазақстан үшін де медаль алатын мүмкіндіктер молая түспекші.

Ендеше, жеңісті күндерде кез-десейік.

Ғайса БӘЙМЕН

Page 6: Орал өңіріoraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2016/08/104.pdf · oral_oniri@inbox.ru Орал өңірі ОБЛЫСТЫҚ ҚОғАМДЫҚ-САяСИ гАЗЕТ Газет

[email protected]Сейсенбі, 23 тамыз 2016 жыл

ел-ЖұРТ

«100 нақты қадам» Ұлт жоспа-рында Елбасымыз: «Қазір қазақ-стандық мемлекеттік қызметті да- мытудың жаңа кезеңі бастау ал-ды. Менің Жарлығыммен Мем-лекеттік қызмет істері жөніндегі министрлік, оның құрылымында – Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл- дың ұлттық бюросы құрылды. Осылайша тек мемлекеттік қыз-мет жүйесі ғана емес, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы іс-қимыл та- нытатын, яғни жемқорлық көрі-ністерінің барынша алдын алуға бағдарланған жүйе де жаңғыр-тылып отыр. Бұл жерде жемқор-лықпен күрестің өзі барынша дә- йекті бола түседі және жүйелі сипатқа ие болады», – деген еді.

Сонымен қатар соңғы жылдары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңдары ая-сында құқықбұзушылыққа қарсы әрекет қатаңдай түскені белгілі. Елбасы бекіткен 2015-2025 жыл- дарға арналған сыбайлас жем- қорлыққа қарсы стратегияның ықпалы түрлі мемлекеттік орган-дарда, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік, кәсіпкерлік са- ла мекемелерінде айрықша бай-қалады. Заңбұзушылықтың алдын алуға байланысты дөңгелек үстел, семинар, есеп жиындары, БАҚ арқылы ағарту шаралары үздік- сіз қолға алынуда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының БҚО бойынша департаменті былтыр 250 қылмыстық құқықбұзушылық-ты анықтады. Ал бұл көрсеткіш- тің мемлекетке тиген залалы ора-сан зор. Латын тілінен алынған «corruptio» сөзінің этимология- лық төркіні «параға сатып алу», «пара» деген мағынаға саяды. Рим империясы дәуірлеп тұрған кез-дің өзінде-ақ «corrumpire» түсіні- гі болған. Яғни «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау» деген түсініктің аясында құқыққа қарсы іс-әрекет- ті білдірген. Ерте заманнан-ақ, ла-уазымды адамдардың, саяси қай-раткерлердің сатқындығы қатаң айыпталып отырған.

Тұрғындардың құқықтық сауа-ты бекем бола түскен сайын сы-

Жемқорлық – індет, оны жою – міндет!

Жемқорлықтың жолын ЖұмылА кеСкен Жөн

Cыбайлас жемқорлық – қоғамның көлеңкелі тұсында тамыр жайып отыратын ауыр індет. Ширек ғасыр ішінде әлемге танылып келе жатқан мемлекетіміздің кең қанат жаюына тұсау болып отырғанын мойындауға тиіспіз. Де-мократия тетіктері мығым орнығып келе жатқан елімізде әрбір адамның моральдық-құқықтық теңдігі қорғалуы үшін барлық жағдай жасалуда.

байлас жемқорлыққа қарсы күрес күшейе түсетіні анық. Мемлекет- тік саясатты тиімді жүргізуге зор кесел келтіріп отырған парақор- лықтан аулақ жүру, құқықбұзу-шылықты әшкерелеу – баршаға міндет. Бұл ретте мемлекеттік ап-паратта жүргізіліп жатқан рефор-малар бүгінде оң нәтиже беруде. Мемлекеттік қызметкерлердің бі- ліктілігі мен қабілеті терең талдау жүргізілетін конкурстар арқылы бағалануда, мамандардың ман-саптық өсу жолы да таза болуына қатаң талап қойылуда.

Қазіргі уақытта қоғамдық ба-қылау институттарының құзыреті күшейтілуде. Халықаралық және ұлттық деңгейде сыбайлас жем-қорлық деректерін талдау арқылы қылмыстық құқықбұзушылықтың

алдын алуға қатысты зор жұмыс- тар жүргізілуде. Әрине, бұл іске қоғам тарапынан зор қолдау қа-жет. Ол үшін мемлекетіміздің әр- бір азаматы Қазақстан Республи- касының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адам-дардың құқықтарын, бостандық- тарын, абыройы мен қадір-қасие-тін құрметтеуге міндетті. Жеке мүддесінен гөрі ел қамын ерте ойлаған жан парақорлық секілді жаман қасиеттен аулақ болатыны анық.

Бейбіт ИРМЕНОв,Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық

бюросы БҚО департаменті жедел басқарма

басшысының орынбасары

Алдымен әдеп жөнінде- гі кеңес хатшылығының меңгерушісі Жақсат Мұ-

ратов өткен мәжілісте айтылған барлық ұсыныстар толығымен орындалғаны жөнінде хабарлады. Ал облыс әкімі аппараты басшы-сының орынбасары, әдеп жөнін- дегі уәкіл Арман Жалмағамбетов- тің еңбек демалысында жүруіне байланысты оның бірінші жарты- жылдық бойынша атқарылған жұ- мыстар туралы есебін тыңдау ке-лесі отырысқа шегерілді. Кейін аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлі-мінің басшысы Қуантай Шарипов- ке берілген «қызметке толық сәй- кес еместігі туралы» ескертуді мерзімінен бұрын алып тастау ту-ралы Бөрлі ауданы әкімінің жол- даған ұсынысхаты қаралды. Мем- лекеттік қызмет істері министр-лігі БҚО бойынша департамен-тінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Мирболат Нұр- тазин уәкілетті органның мұн- дай мазмұндағы ұсынысхаттар- ға министрдің өзі «жұмсақтық та-ныта» бермеу керегін айтқанын жеткізді. Кеңес мүшелері де жаза- ға тартылған мемлекеттік қызмет-кердің кейінгі тәртібін, еңбекте- гі белсенділігін дәлелдейтін нақ-ты негіздемеге сүйену қажеттігін тұжырымдап, әкім ұсынысын ма-құлдамады.

Кеңес отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлт- тық бюросының БҚО бойынша де- партаментінің Бөрлі аймағы бо- йынша ауданаралық басқармасы-

Жалған актіге қол қойған Жуырда облыстық мәслихаттың кіші мәжіліс залында

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Батыс Қазақстан облысындағы әдеп жөніндегі кеңесінің отырысы өтті.

ның ұсынысы негізінде Пугачев ауылдық округінің әкімі Талғат Қазжановқа қатысты тәртіптік іс қаралды. Ауыл басшысы атқарыл-маған қызмет түрі бойынша рә- сімделген жалған актіге қол қой-ған. Әдеп жөніндегі кеңес ауыл- дық округі әкімі Талғат Қазжанов-қа «қызметіне толық сәйкес емес-тігі жөнінде ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдануға Бөрлі ауданының әкіміне ұсыныс жа-сайтын болып шешті. Ал Терек- ті ауданындағы Достық ауылдық округінің әкімі Байзолла Жұма-баевқа да еңбекақы төлегенде заңнама талаптарын бұзғаны үшін «ескерту» жазасын тағайындауға аудан басшысына ұсыныс беріле-ді.

Мәжілісте Бөрлі ауданы әкімі-нің орынбасары, тәртіптік комис-сия төрағасы Жаңабай Қаналин баяндама жасады. Оның айтуын-ша, қаңтар айында Ақбұлақ ауылы тұрғындарының шағымына қатыс- ты аудандық экономика және қар-жы бөлімінің бас маманы Абдеева-ға қатысты комиссия тарапынан тексеру жүргізілгенімен, оның еш- қандай тәртіптік теріс қылыққа бармағаны, ҚР Мемлекеттік қыз-мет туралы заңының 50-бабының, 1-тармағында көрсетілген заңсыз әрекетті жасамағаны анықталған. Ал Ақсай қаласы әкімінің көмек-шісі Ернар Бижановқа Бөрлі ау-даны прокурорының ұсынысы не- гізінде қала әкімінің 2016 жылғы 6 маусымдағы №45 өкімімен «қыз- метіне сәйкес еместігі» туралы тәртіптік жаза қолданылған. Айып-талушы тәртіптік теріс қылық жа-

сағанын мойындаған. Кейін об-лыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу бас-қармасы басшысының орынба-сары, тәртіптік комиссия төраға- сы Ақылбек Аманғалиев жыл ба-сынан бері мекемеде жеті мем-лекеттік қызметкер түрлі деңгей- дегі тәртіптік жазаға тартылғанын айтты. Алдағы уақытта комиссия жұмысын тиісті деңгейде ұйым-дастыру жөнінде кеңес тарапынан сәйкесінше ұсыныстар жасалды.

Кеңес отырысында Теректі ау-даны прокуратурасының өкілі Ри- нат Сундуковтың хабарламасы тың-далды. Оның мәлімдеуінше, мем-лекеттік бағдарлама ауқымында берілетін қаржылай көмекті алу мақсатында ауданда 49 жас ма- манның жолдаған өтінішін аудан- дық комиссия «негізсіз» қанағат-тандырмаған. Бірақ прокуратура өкіліне кеңес отырысына қатыс- қан аудандық комиссия мүшеле-рінен Теректі аудандық экономи-ка және қаржы бөлімінің басшы- сы Альмира Төлегенованың ор- нықты уәж айтуына байланысты бұл мәселеге қатысты тәртіптік іс- ті қарау тоқтатылды. Дәлелге жү- гінсек, жыл басынан комиссия қа- рауына жас мамандардан 146 өті- ніш түскен. Оның 69-ы қанағаттан-дырылған. Биыл осы мақсатқа бө-лінген бюджет қаржысы отызына ғана үлестіруге жеткен. Ал 49 жас маманның келісімшартқа сәйкес үш жылға дейін қызмет етуге құ-лық танытпағаны немесе жұмыс- қа тұрақты орналаспағандықта-ры туралы жәйттің анықталуына байланысты өтініштері мақұлдан-баған.

Нұртай ТЕКЕБАЕв,«Орал өңірі»

Аталмыш іс-шара барысында заңсыз есірткі сақтауға байла-нысты алты іс тіркеліп, қаралған. Сонымен қатар қарасора тек-тес өсімдікті өсіріп, қопсытып, дайындағандар әшкереленіп, соған қатысты екі іс тіркеліп отыр. Бұл жөнінде аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Тимур Айтуғанов мәлімдеді.

Тамыздың 8-і күні жедел іс-шара барысында 1969 жылы ту-ған Ақсуат ауылының тұрғыны К. есімді азаматтың ауласынан то- ғыз түп қарасора табылған. Қыл-мыстық кодекстің 300-бабы 1-бө-лімі және 296-бабы 2-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Енді қарасора өсірген тұрғын екі жылға дейін бас бостандығы-нан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар осындай оқиға Феодоров ауылдық округі, Қабылтөбе ауы-лында орын алды. 1954 жылы туған Б. деген азамат ауласында 56 түп қарасора өсірген. Бұл іс ауыр қылмыстар санатына жа- татындықтан, күдіктіге сегіз жыл-

Маусым айында басталған «Көкнәр» жедел алдын алу іс-шарасы қазан айының аяғына дейін созылады.

Аулаңызда өскен шөптенАбАй болыңыз

ға дейінгі жаза кесілуі бек мүм-кін.

– Егер аулада есірткі тұқымдас шөп өсіп тұрса, көзін жойған жөн. Олай болмаған жағдайда жауап- қа тартамыз. Жуырда Жайық ауылында осындай жағдай орын алды. Екі тұрғынның ауласын-да қарасора өсіп тұрғандығы анықталды. Ол шөптердің есірт-кіге жататынын ескерткен тәр-тіп сақшылары ҚР «Әкімшілік құ- қықбұзушылық туралы» кодек-сінің 420-бабына сәйкес шөпті жоюға үш күн уақыт берді. Кейін белгіленген мерзімде осы ескер-туді орындамаған үй иелеріне 10 айлық көрсеткіш негізінде, яғни 21 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, – деді аудан-дық ішкі істер бөлімінің басшы-сы, полиция подполковнигі Ти-мур Тауфиқұлы.

Қазіргі уақытта ауданда 14 келіден астам кептірілген анаша тәркіленді.

Әділет ӘЛІБЕКҰЛЫ,Теректі ауданы

Page 7: Орал өңіріoraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2016/08/104.pdf · oral_oniri@inbox.ru Орал өңірі ОБЛЫСТЫҚ ҚОғАМДЫҚ-САяСИ гАЗЕТ Газет

[email protected] Сейсенбі, 23 тамыз 2016 жыл

хАбАР-ошАР

«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: о[email protected]

Газет облыстық «Орал өңірі» газетi редакциясының компью­терлiк орталығында терiлiп, беттелдi."Полиграфсервис" ЖШС баспаханасында басылды. Л.Толстой көшесі, 27/6. Телефон: 50-51-46Индексі: 65533 Таралымы: 14 444, 2 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады.Корректорлар: Н. СҰЛТАНОВА, Д. ШАНКИШеВА, Ж. ЖАЙЛАУОВАКезекшi редактор: А. ТӨЛЕуҒАЛИЕвА

Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС

Бас директорЖантас Набиоллаұлы САФуЛЛИН

Бас редактор Бауыржан Файзоллаұлы ҒҰБАЙДуЛЛИН

Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілген

Бас редактор 51-25-80, Бас редактордың орынбасарлары 24-17-08, 54-18-08.

Редакция алқасы: Есенжол ҚЫСТАуБАЕв,Сырымбек ТҰяҚОв (бас редактордың орынбасарлары),

Жаннат ЕСПОЛАЕвА (жауапты хатшы),Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОв (қоғамдық-саяси бөлім),Нұртас САФуЛЛИН (гуманитарлық бөлім).

Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пайдала-нылмаған хат авторларына жауап қайтарылмайды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауапты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi редакция көзқарасын бiлдiр-мейдi. Редакция тапсырысымен жазылмаған мате-риалдар үшін қаламақы төленбейді. «Орал өңірінде» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басу-ға болмайды. Мақалалар электрондық нұсқада қабыл-данады.

белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.Ж

Жауапты хатшы 54-38-22.Жарнама қабылдау

тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 54-04-90.

е-mail: [email protected]

Телефондар:

Жарамсыз деп танылсын

2011 жылғы 28 қарашада «КарТел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген жер иелену жоспарына сәйкес «МемЖерҒӨО» БҚ ЕМК Бөкей ордасы ауданының жер қатынас- тары бөлімшесінде жасалған (ЗК №0176022) мемлекеттік акттің (кадастрлық код 08-126-035-066) жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.

- құқықтық статистика басқармасының арнайы есепке алу бөлімінің аға прокуроры (қызметкердің бала күтімі демалысындағы мерзіміне) - 1 бірлік (C-OGP-7 категориясы).

Еңбекақысының көлемi мен шарттары қолданыстағы заңнамамен анықталады (ай сайын 96 735,34 теңгеден басталады).

Біліктілік талаптары:1) білімі – жоғары кәсіби, нақты мамандық-

ты қызметтік бағытқа сәйкес келуі тиіс;2) денсаулық жағдайы бойынша құқық қор-

ғау органдарында қызмет өткеруге жарам-дылығы;

3) нақты лауазым бойынша функционал-дық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы.

4) прокуратура органдарындағы немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдар-дағы 2 жылдан кем емес, немесе мемлекеттік қызметтегі 3 жылдан кем емес, немесе осы санаттағы нақты лауазымның қызметтік ба-ғыттарына сәйкес келетін саладағы 4 жыл- дан кем емес жұмыс өтілі болуы тиіс.

Құжаттарды қабылдау орны:Қазақстан Республикасы Бас прокуратура-

сы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Батыс Қазақстан об-лысы бойынша басқармасы, мекенжайы: Орал қаласы, Достық даңғылы, 197-үй, телефон: 8 (7112) 51-12-36, факс: 8 (7112) 50-75-14.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өт- кізу жөніндегі соңғы хабарламаны жарияла-ған күннен 5 жұмыс күні ішінде.

Конкурс келесі құжаттардың негізінде жүргізіледі:

1) осы ережеге 2-қосымшаға сәйкес ны- сандағы өтініш;

2) осы ережеге 3-қосымшаға сәйкес ны-сандағы сауалнама;

3) осы ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (тұрғылықты тұратын мекенжайы мен телефонын, оның ішінде байланыс теле-фонын көрсете отырып) толтырылған кадр есебі жөніндегі жеке іс-парағы;

4) жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы ерлі-зайыптарын көрсете отырып, осы ере-жеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша

толтырылған қолмен немесе басылып жазыл-ған толық өмірбаяны;

5) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың нота- риалдық куәландырылған көшірмесі;

6) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

7) еңбек қызметін растайтын құжаттың но- тариалдық куәландырылған көшiрмесi;

8) әскери билеттің немесе әскерге шақыру учаскесiне тiркелгені туралы куәліктің кө- шірмесі;

9) 3х4 үлгідегі (3 дана) сурет;10) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қи-

мыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қа- зақстан Республикасының заңына сәйкес азаматтың және оның жұбайының (зайыбы-ның) табыстары мен мүліктері туралы декла-рацияны тұратын жері бойынша мемлекет-тiк кiрiс органына табыс еткенін растайтын құжаттар;

11) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды өт- кізу кезінде жарамды, шекті мәннен төмен емес қолданыстағы заңнаманы білуге арнал- ған компьютерлік тестілеудің нәтижелері;

12) прокуратура органдарында қызмет өт- керуге жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссиялардан медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтудің және міндетті арнайы тексеріс қоры-тындылары;

13) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарының сотты-лығы жоқтығы, сот тәртібімен соңғы бір жылдың ішінде қасақана әкімшілік құқықбұ-зушылық жасағаны, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны ту-ралы анықтама;

14) соңғы жұмыс (оқу) орнынан мінездеме.Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне,

кәсiби деңгейіне және іскерлік беделіне қа- тысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми (акаде-миялық) дәрежелер мен атақтардың берiлуi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияла-нымдар туралы құжаттардың көшiрмелерi) қосымша ақпарат бере алады.

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы»

ММ, келесі мекенжай бойынша: Орал қаласы, Достық даңғылы, 197-үйде орналасқан, пошталық индексі 130000, телефон: 8 (7112) 51-12-36, факс: 8 (7112)

50-75-14, келесі бос лауазымдарға конкурс жариялайды:

Жабық типті акционерлік қоғам «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.», Қазақстан бөлімшесі келесі құрылыс жобалары бойынша қоғамдық тыңдау

өткізу жөнінде хабарлайды:

1. Антитеррорлық қорғаныс жүйесі ГКДҚ-2. Қоршау. ҚМГКК, БҚО.2. Антитеррорлық қорғаныс жүйесі ЕМӨС. Қоршау. ҚМГКК, БҚО.Қоғамдық тыңдау 2016 жылы, қыркүйек айының 15-інде өткізіледі. Мекенжайы: Ақсай қаласы,

Промзона, «Казбургаз» ғимараты (бас кеңсе), №218 конференц-бөлмесі.Қоғамдық тыңдауларының басталу уақыты: сағат 15.00-де. Қатысушыларды тіркеу сағат 14.30-

да басталады. Жоғарыда аталып кеткен жобалар бойынша, қоршаған ортаға ықпал ету бағасы жөніндегі мате-

риалдар ҚПО сайтының келесі сілтемесінде орналасқан:http://kpo.web-design.kz/ru/ustoichivoe-razvitie/socialnaja-otvetstvennost/sotrudnichestvo-s-

mestnym-naseleniem/obshchestvennye-slushanija.htmlБүкіл мүдделі тұлғалар қоршаған ортаға ықпал ету бағасы жөніндегі материалдармен танысып,

сұрақтар қойып, ескерту мен ұсыныстарын осы мекенжайға жіберуге болады: Ақсай қаласы, Пром-зона, Қарашығанақ сауда ғимараты, 212-бөлме. Келесі қызметкерлерге хабарласуыңызға рұқсат: И.Ю Цыколяк (тел. нөмірі: 8 71133 66332, электронды мекенжайы: [email protected]) немесе Р.С. Шай-марданов (тел. нөмірі: 8 71133 6 6331, электронды мекенжайы: [email protected]).

ҚазИИТУ ғылыми-білім кешенінің ректораты, профессорлық-оқытушылар ғылыми кеңес құрамы аудит бөлімінің бас маманы Гүлжамал Нәсіпқызы Қуанышқалиеваға інісі

Нұрғазы Нәсіпұлы Қуанышқалиевтіңмезгілсіз қайтыс болуына байланысты орны толмас ауыр қайғысына ортақ- тасып, көңіл айтады.

“Жайық Пресс” ЖШС мен “Орал өңірі” газеті редакциясының ұжымы “При- уралье” газетінің фототілшісі

Медет Сүндетұлы Досымовтыңкенеттен қаза болуына байланысты отбасына қайғырып, көңіл айтады.

Қазталов ауданы Қазталов ауылының тұрғыны болған асыл жар, ардақты аға, асқар таудай әкеміз Асқар Хайрханұлы Хасанов арамызда болса, 27 та-мыз күні 70 жасқа толар еді.

Тәрбиең өзің берген мол мұрадай,Сан күйді шертіп тұрған домбырадай.Ағайын, дос-жаранға сыйлылығың,Көргенде өзге жұрт та таңғалады.

Өмірде күндер кешіп жарасымды,Жинадың зерделі ой мен бар асылды.Әлі де ұзақ жасап ортамызда тойлар едік,Бағындырып өзіңмен сан асуды.

Әкешім, біз сізбенен мақтанамыз, марқаямыз,Сағынып бір өзіңді ойлап еске аламыз.Тағдырдың жазғанына көнбес едік,Өмірге қайта оралу қолымыздан келсе егер де.

Әкеміздің туған күнінде еске ала отырып, жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын дейміз.

Сағына еске алушылар: зайыбы Күләш, қарындасы Балқия, бала-келіні, қыз-күйеу балалары, немере-жиендері

«Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі төмендегі азаматтық

қызметкерлердің бос орындарын иеленуге ашық конкурс жариялайды

Мұғалім-логопед – 3 бірлік (1 бірлік қазақ тілінде, 2 бірлік орыс тілінде)

Еңбек пәні мұғалімі – 1 бірлік (бала күту демалысы кезеңіне)

Информатика пәні мұғалімі – 1 бірлік (бала күту демалысы кезеңіне)

Үміткерлердің біліктіліктеріне қойыла-тын талаптар: жоғары педагогикалық білім, педагогикалық еңбек өтілінің бар болуы, де-рбес компьютерде жұмыс істей алуы, педа- гогика және психология негіздерін білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:- Конкурсқа қатысу туралы өтініші (меке-

меде толтырылады)- Жеке басын куәландыратын құжаттың

көшірмесі- Кадр есебі жөніндегі толтырылған жеке

іс парағы- Білімі туралы құжаттардың көшірмелері- Еңбек қызметін растайтын құжаттың кө-

шірмесі немесе еңбек кітапшасы- Міндетті медициналық тексеруден өт-

кендігін растайтын құжаты

Қажетті құжаттар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады:

Орал қаласы, Жеңіс ықшамауданы, 26-үй. Анықтама телефоны: 22-72-41, кадр бөлімі.

Батыс Қазақстан облысының білім саласындағы бақылау департаменті ұжы- мы Батыс Қазақстан облысы білім саласындағы бақылау департаментінің бас- шысы Светлана Меңдіғалиқызы Бахишеваға інісі

Ғалымжан Меңдіғалиұлыныңқайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Қызылорда облысы Жосалы кенті №27 орта мектебінің 1983 жылғы түлектері, сыныптастары

Құдабаев Қайрат Әлиакбарұлыныңдүниеден өтуіне байланысты отбасына, туған-туыстары мен жақындарына орны толмас қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

Біз үлкен жүректі азамат Қайратты жүрегімізде мәңгі сақтаймыз.

Page 8: Орал өңіріoraloniri.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2016/08/104.pdf · oral_oniri@inbox.ru Орал өңірі ОБЛЫСТЫҚ ҚОғАМДЫҚ-САяСИ гАЗЕТ Газет

«Орал өңірі» газетінің

100 жылдығына

339күн қалды

Құттықтаймыз!

8 кеРуен САРАйСейсенбі, 23 тамыз 2016 жыл [email protected]

Шыңғырлау ауданы Лубен ауылының тұрғыны, келініміз Рәзия Қошқарбайқызы НАуРЫЗБАЕВАНЫ 55 жасқа толған мерейтойымен құттық-таймыз!

Ата-ана батасы бар, текті елдің келіні ең,Ақ босағаң мақтанады сенімен.Бейнет көрмей, қызығы мол өмірдеӘлі талай асулардан асыңыз!

Тілек білдіруші: Наурызбаевтар әулетінің атынан Төлеуғали-Сәулеш

Қабырғамызды қайыстырып, аққан жұлдыздай Медет әріптесіміз ортамыздан ғайып болды. От пен суды тілсіз жау деп жиі айтамыз. Бауырымыздың ажалы судан келді. Өткен сенбіден бері барша әріптестерім бір-біріне қайыр болсын айтып, біразы Медеттің жарқын бейнесін суреттеп, әлеуметтік желіде қоштасты. Жексенбіде мәңгілік мекеніне апарып, қара жердің қойнына тапсырдық. Өзінің әкесі, басқа да ағайын-тумасы жерленген жер, Ақжайық ауданы, Жайық ауылының маңындағы қорымға қойылды.

Медетті аудандық редакциядан “Приуралье” газетіне бет құрушы қызметіне, одан әрі өз қалауымен фототілшілікке ауыстырған кездегі қуанышты сәттері көз алдымда. Ерекше қағілез, ақкөңіл, тәртіпті жан еді. Әрдайым кәсіби біліктілігін арттыруға ынталы болды. Жұмысты жан-тәнімен беріліп жасайтын. Табиғатты, яғни туған жерді ерекше сүйетін. Өн бойынан есіп тұратын қарапайымдылығын барлығы құрметтейтін. Ол өзінің еңбекқорлығы мен көркем мінезі арқасында бәріне ерекше сыйлы болды. Мекеменің дамуы-на, ұжымның ауызбіршілігіне зор үлес қосқан азамат.

Бұл жарық дүниеде Медеттің өмірі қысқа болды. Бірақ ен-дігі екінші өмірі ұзақ боларына сенемін. Ол оған қажеттінің бәрін атқарып үлгерді. Қалғаны біздің еншімізде. Медет-жан, біздер, әріптестерің, қарап қалмаймыз. Сенің мерейің үшін қызмет етеміз. Анаң, жарың, қызың әлі талай сен үшін мақтанатын болады.

Қаза қайырлы болсын! Жатқан жерің жарық, топырағың торқа болсын, Медетжан!

Жантас САФуЛЛИН,“Жайық Пресс” ЖШС-ның бас директоры

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің ұйым-дастыруымен Орал қаласындағы «Ивушка»

балалар туберкулез санаторийіне облыстық орталық мешітінің бас имамы Руслан Сұлтанов арнайы ат басын бұрып, «Мектепке жол» қайырымдылық шарасын жасады.

Шараға өкіл имам Руслан Сұлтанов, Тәжіден Батырұлы атындағы Орал қалалық мешітінің найб имамы Талғат Есқалиев қатысты.

Руслан Тыныштықұлы балаларды келе жатқан білім мерекесімен құттықтап, санаторийде емделіп, тәрбиеленіп жатқан жасөспірімдерге «Білім, достық, татулық, мейірім» жайында уағыз айтып, көпшілікке кеңінен түсіндірді. Білім мерекесі қарсаңында барша сәбиді қуанту мақсатында балаларға оқу құралдары мен киім-кешектерді табыс етті.

Руслан Тыныштықұлы қасиетті Құран-кәрімді оқып, дұға жасады. Бар-ша сәбидің қуаныштары қойнына сыймай, ақ тілектерін арнап, «Ивуш-ка» облыстық балалар туберкулез санаторийінің бас дәрігері Әлия Қабиболлақызы өз ризашылығын білдірді.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Балалар қуанған күн

Қош бол, Медетжан!

Ажал қас пен көздің арасында деген сол екен ғой. Өткен жұма күні кешкі сағат алтыларда біз сені соңғы рет көріп тұрғанымызды қайдан білейік.

Ғайса, Сырымбек және осы жолдардың авторы көлігі-мізді күтіп, «Жайық Престің» бірінші қабатында отырғанбыз. Сол күні жұмысымыз ерте бітіп, үйлерімізге уақытында қайтатын болғасын ба, көңілді едік. Төртінші қабаттан сен де түсе қалдың. Әдеттегідей елгезек қалпыңмен бәрімізге ақжарқын амандастың. Бұл жолы ертесін алыс ауданға шұ- ғыл іссапарға кетіп бара жатқансың. Сол арада қалта телефоның безілдеп қоя берді. Асығыс сөйлеп, әлдекімге «Міне, келе жатырмын, міне, келе жатырмын» - деп үсті-үс- тіне жауап қайтардың. Арқаңда жолқапшығың, ішінде фо-тотілшінің саймандары қаршығадай қағілез денең қылаң қағып, тыпыршып тұрдың, асығып тұрдың. Сол арада көлік келіп, бәріміз сыртқа ақтарылдық. Анадай жер озып барып, «Ағалар, қалай қарай барасыздар?» - дедің қайырылып. Асығып айттың... Әзілдесетін әдетімізге басып, «Тасқалаға тартып бара жатырмыз» - дедім. «Ойбой, жолымыз бөлек екен, мен Карев көшесіне қарай барамын» - деп тарта жө-нелдің. Бәріміз ду күліп, «Кел, кел, отыр, жеткізіп тастай- мыз» - деп әрең тоқтаттық. Қуанып, мәз-мейрам болып, ортамызға қойып кеттің. Карев көшесіне келгенде «Әрі қарай өзім барамын» - деп түсіп қалдың. Түстің де, адым-дай жөнелдің. Әлденеден кешігетіндей, бірдеңеден құр қалатындай жүгіре басып бара жаттың. Көрген-баққаны- мыз осы. Келесі күні қаралы хабар жетті сумаңдап. Отызға да толмаған ғұмырың Барбастаудың тұңғиығында сені тап-жылмай күтіп жатқан ажалға асыққан екен ғой.

Елгезек қалпың, «ағалап» тұратын кішіпейілділігің, жұ-мысыңа деген адалдығың естелік болып қалды енді. «Фо-тотілші Медет» деп өткен шақпен айтылатын есімің қалды әріптестеріңнің арасында. Асығып бара жатқан қалпыңды тоқтата алмаған өкініш қалды. Барбастаудың басына бар-ғызбасы неге барғызды екен деген әттең-ай, қалды. Бақұл бол, Медет...

Есенжол ҚЫСТАуБАЕв

Суреттер Медет ДОСЫМОВТЫң фотомұрағатынан алынды