29
БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

Білім беру ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің кейбір мәселелері

  • Upload
    wesley

  • View
    271

  • Download
    18

Embed Size (px)

DESCRIPTION

Білім беру ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің кейбір мәселелері. Білім беру ұйымдарының қызметін реттеуде қолданылатын негізгі нормативтік құқықтық актілер: 1. ҚР білім туралы Заңы (27 шілде 2007 ж. №319); - PowerPoint PPT Presentation

Citation preview

Page 1: Білім беру ұйымдарының қызметін  құқықтық  реттеудің кейбір мәселелері

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҚҰҚЫҚТЫҚ

РЕТТЕУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

Page 2: Білім беру ұйымдарының қызметін  құқықтық  реттеудің кейбір мәселелері

Білім беру ұйымдарының қызметін реттеуде қолданылатын негізгі нормативтік құқықтық актілер:

1. ҚР білім туралы Заңы (27 шілде 2007 ж. №319); 2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға

арналған мемлекеттік бағдарламасы (ҚР Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген);

3. Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары (ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы №452 қаулысымен бекітілген);

4. Жалпы oрта бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесi (ҚР Yкiметiнiң 2005 жылғы 11 наурыздағы №224 қаулысымен бекiтiлген);

5. Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары (ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы №77 қаулысымен бекітілген);

Page 3: Білім беру ұйымдарының қызметін  құқықтық  реттеудің кейбір мәселелері

6. Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген, 2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі);

7. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №127 қаулысымен бекітілген);

8. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы №1119 қаулысымен бекітілген);

9. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы №1119 қаулысымен бекітілген);

10. «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы №1119 қаулысымен бекітілген);

Page 4: Білім беру ұйымдарының қызметін  құқықтық  реттеудің кейбір мәселелері

11. «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы №1119 қаулысымен бекітілген);

12. Негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспары (ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген, 2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі);

13. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі (ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген);

14. Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормалары (ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы №97 бұйрығымен бекітілген);   

15. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары (ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген);

Page 5: Білім беру ұйымдарының қызметін  құқықтық  реттеудің кейбір мәселелері

16. Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидалары (ҚР Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы №528 бұйрығымен бекітілді);

17. Білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің үлгі қағидалары (ҚР Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 6 сәуірдегі №148 бұйрығымен бекітілді).

18. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу ережесі (ҚР Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі №468 бұйрығымен бекітілген);

19. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу жөніндегі нұсқаулық (ҚР Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 6 сәуірдегі №151 бұйрығымен бекітілген).

Page 6: Білім беру ұйымдарының қызметін  құқықтық  реттеудің кейбір мәселелері

Бастауыш білімнің, негізгі орта білімнің, жалпы орта білімнің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:      1) жұмыс оқу жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкестігі;      2) жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі олардың жалпы санының (бастауыш білім – 20%-нан; негізгі және жалпы орта білім – 30%) кем болмауы;      3) білім алушылар контингентіне шаққанда бір білім алушыға толық оқу цикліне саны кемінде (бастауыш білім және негізгі орта білім – 15 бірлік; жалпы орта білім – 25 бірлік) басылымнан келетін оқу әдебиеті қорының болуы;      4) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы;      5) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы;      6) меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық және материалдық емес активтердің болуы;

7) негізгі және жалпы орта білім үшін интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен, оқу-зертхана жабдықтарымен жарақтандырылуы.

Page 7: Білім беру ұйымдарының қызметін  құқықтық  реттеудің кейбір мәселелері

Ұйымның негізгi мiндеттерi:      оқушылардың бiлiм беру бағдарламаларын игеруi үшiн жағдай жасау;      оқушылардың тиiстi МЖБС-да көзделген деңгейден төмен емес бiлiм, машық пен дағдыларды алуын қамтамасыз ету;      жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және дене бiтiмi мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, жеке тұлға ретiнде дамуына жағдай жасау жолымен зердесiн байыту;      азаматтылық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына деген сүйiспеншілiкке, мемлекеттiк рәмiздердi құрметтеуге, халық дәстүрлерiн қадiрлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көрiнiстерге төзбеушiлiкке тәрбиелеу;      оқушылардың республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмiрiне араласу қажеттiлiгiн, жеке тұлғаның өз құқықтары мен мiндеттерiне саналы көзқарасын қалыптастыру;      әлемдiк және отандық мәдениет жетiстіктерiне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерiн зерделеу; мемлекеттiк, орыс және шетел тiлдерiн меңгеру;      оқытудың жаңа технологияларын енгiзу, бiлiм беру ұйымдарының қызметін ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желiлерге шығу.

Page 8: Білім беру ұйымдарының қызметін  құқықтық  реттеудің кейбір мәселелері

Жеке тұлғаның қажеттiлiктерi мен мүмкiндiктерi ескерiліп отырып, бiлiм беру бағдарламалары мынадай: күндiзгi, сырттай, кешкi, қашықтықтан оқыту, экстернат нысандарында игерiледi.      Денсаулық жағдайына қарай ұзақ уақыт бойы жалпы бiлiм беретiн мектепке бара алмайтын азаматтар үшiн үйде немесе емдеу ұйымдарында жеке тегiн оқыту ұйымдастырылады.

Page 9: Білім беру ұйымдарының қызметін  құқықтық  реттеудің кейбір мәселелері

Мемлекеттік оқу орындарындағы оқушылар мен тәрбиеленушілердi оқулықтармен қамтамасыз ету:      жыл сайын оқулықтарды мектеп кiтапханалары арқылы қайтарымды негiзде тегін пайдалануға беру жолымен;      оқулықтарды бөлшек саудада сатып алу жолымен жүзеге асырылады.      Мектеп кiтапханаларынан қайтарымды негізде оқулықтарды тегін пайдалануға жыл сайын мыналар:      интернат ұйымдарының тәрбиеленушiлерi;      жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; мүмкiндiктерi шектеулi, мүгедек, бала күнiнен мүгедек балалар;      мемлекеттiк әлеуметтiк атаулы көмек алуға құқығы бар отбасының балалары;      көп балалы отбасылардың балалары;      жан басының кiрiсi ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасынан төмен мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмек алмайтын отбасының балалары;      денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы емдеу ұйымдарында жалпы орта бiлiм беру бағдарламалары бойынша оқитын балалар алады.

Page 10: Білім беру ұйымдарының қызметін  құқықтық  реттеудің кейбір мәселелері

Ұйымда сабақ кестесiн оның басшысы немесе оны ауыстыратын адам бекiтедi.  Кестеде оқу сабақтарының күнделiктi саны, ұзақтығы және ретi көрсетiледi. Ұйымдағы сабақтың ұзақтығы - 45 минут (орнын толтыра оқыту сыныптарында - 40 минуттан аспайды). Ұйымның талаптарына балаларды бейiмдеу процесiн жеңiлдету мақсатында 1-сыныптарда оқу жүктемесiн бiртіндеп өсiре отырып, оқу сабақтарының "сатылы" режимi қолданылуы тиiс:      1-тоқсанда ұзақтығы 35 минуттан - 3 сабақ, 2-тоқсаннан бастап әрқайсысының ұзақтығы 35 минуттан - 4 сабақ.     

Page 11: Білім беру ұйымдарының қызметін  құқықтық  реттеудің кейбір мәселелері

Ұйымды басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, аталған Ережеге және ұйымның жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.  Ұйымды алқалық басқарудың нысандары педагогикалық кеңес, оқу-әдiстемелiк кеңес, қамқоршылық кеңесi және басқалар болып  табылады.

Ұйымды тiкелей басқаруды құрылтайшы тағайындайтын директор жүзеге асырады.      Ұйымның директоры үш жылда бiр рет бiлiм беру саласындағы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы белгiлеген тәртiппен аттестаттаудан өтедi.      Мемлекеттiк ұйымның директорына оның лауазымын ұйымда немесе одан тыс жерде басқа басшы лауазымдармен (ғылыми және ғылыми-әдiстемелiк жетекшіліктен басқа) қоса атқаруға болмайды.

Page 12: Білім беру ұйымдарының қызметін  құқықтық  реттеудің кейбір мәселелері

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары

Лауазымдардыңатауы

Мектеп алдындағы дайындықты қоса алғандағы сыныптар (сынып жинақтауыштарының) санына қарай штат бірліктерінің саны

6-ғадейін

6-10 11-13 14-16 17-20 21-29 30 жәнеодан да

көпДиректор 1 1 1 1 1 1 1Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары - 0,5 1 1 1 1,5 2

Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары - 0,5 1 1 1 1,5 2

Директордың шаруашылық жұмысы жөніндегіорынбасары

- - - - 1 1 1

Шаруашылық меңгерушісі 1 1 1 1 - - 1Бас бухгалтер - - - 1 1 1 1Бухгалтер 1 1 1 1 1 1 2Педагог-психолог 0,5 1 1 1 1 1,5 2Аға вожатый 0,5 0,5 0,5 1 1 1 1Медбике 0,5 0,5 0,5 1 1 1,5 1,5Кіші медициналық қызметші - - - 0,5 0,5 0,5 0,5

Кітапхана меңгерушісі - - - 1 1 1 1Кітапханашы - 0,5 0,5 - - - 1Іс қағаздарын жүргізуші 0,5 0,5 0,5 1 1 1 1

Хатшы - - - 1 1 1 1Ғимараттарға кешенді қызмет көрсететін және жөндейтін жұмысшы (әрбір ғимаратқа)

1 1 1 1 1,5 2 2

Күзетші 3 3 3 3 3 3 3Әрбір ғимаратқа вахтер 1 1 2 2 2 2 2

Page 13: Білім беру ұйымдарының қызметін  құқықтық  реттеудің кейбір мәселелері

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібі      Бастауыш білім беру ұйымдары даярлық деңгейіне қарамастан, кезекті оқу жылының 1

қыркүйегіне дейін білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумақтарындағы алты (жеті) жасқа толған барлық балалардың бірінші сыныпқа қабылдануын қамтамасыз етеді.     Балаларды қабылдау үшін мынадай құжаттар қажет:      1) баланың заңды өкілдерінен өтініш;      2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;      3) денсаулық жағдайы туралы анықтама (медициналық паспорт);      4) тұратын жерінен анықтама немесе тұратын жерін растайтын басқа құжат;      5) 3x4 көлеміндегі фото — 2 дана.      Бастауыш білім беру ұйымының бірінші сыныбына баратын балалардың заңды өкілдерінен өтініш қабылдау ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 30 тамызы аралығында жүргізіледі.     Бастауыш білім беру ұйымының бірінші сыныбына қабылдау кезінде емтихандар, тестілеулер, сынақтар, конкурстар жүргізілмейді (жеке меншік мектептерді қоспағанда).      Мектепке дейінгі мекемелерде болмаған немесе мектепалды даярлықтан өтпеген балалар үшін білім беру ұйымдары оқу жылы басталғанға дейін даярлық курстарын ұйымдастырады.     Білім алушылар қатарына қабылдау білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі.    Сыныптарды даярлық деңгейі және даму дәрежесі бойынша жасақтауға рұқсат етілмейді. Бұл ретте сыныптағы шекті сыйымдылық 25 білім алушыдан аспайды.

Page 14: Білім беру ұйымдарының қызметін  құқықтық  реттеудің кейбір мәселелері

Бастауыш білім беру деңгейін аяқтаған білім алушыларды, негізгі орта білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы сыныптарына қабылдау білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен құрылатын комиссияның шешімімен жүзеге асырылады және заңды өкілдердің мүдделері ескеріле отырып аталған ұйымға бекітілген аумақта тұратын барлық білім алушылардың қол жеткізуі қамтамасыз етіледі. Негізгі орта білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын жекеменшік білім беру ұйымдарының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы сыныптарына қабылдау Білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартына сәйкес білім беру ұйымы мен білім алушының заңды өкілдерінің арасында жасалған ақылы негізде білім беру қызметтерін көрсетуге арналған шарттың ережелері ескеріле отырып жүзеге асырылады.

    Бейінді мектептің оныншы немесе он бірінші сыныптарына қабылдау оқытудың бейінін таңдау кезінде білім алушының қызығушылығы, бейімі мен қабілеті ескеріле отырып, білім алушының тұратын аумағын ескерместен баланың заңды өкілінің келісімімен білім алушының жеке өтініші және негізгі орта білім деңгейі туралы мемлекеттік үлгідегі құжатының болуы негізінде жүзеге асырылады.

Page 15: Білім беру ұйымдарының қызметін  құқықтық  реттеудің кейбір мәселелері

Құжаттарды қарастыру мерзімі қажетті құжаттарды тапсырған уақыттан бастап бір жұмыс күнін құрайды.      Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін ұйымдарға құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау барлық санаттағы азаматтар үшін мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін болып табылады.     Құжаттарды қабылдау демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.      Алдын ала жазылу және жеделдетіп ресімдеу қарастырылмаған.

Page 16: Білім беру ұйымдарының қызметін  құқықтық  реттеудің кейбір мәселелері

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқыту ұйымдастырылады. Аталған қызмет денсаулық жағдайына байланысты уақытша немесе үнемі білім беру ұйымдарына бару мүмкіндігі жоқ жеке тұлғаларға ұсынылады. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 3 жұмыс күні.     Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.     Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен күн сайын сағат 8.00-ден 17.00-ке дейін жүзеге асырылады.      Алдын ала жазылу және жедел рәсімдеу қарастырылмаған.

Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:      1) медициналық көрсеткіштер бойынша мүгедек баланы үйде оқыту қажеттілігі туралы қорытынды: жергілікті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарындағы Дәрігерлік-консультациялық комиссия береді;      2) мүгедек баланы үйде оқыту үшін білім беру бағдарламасы түрінің қорытындысы мен ұсынысы: тұрғылықты мекенжайы бойынша психологиялық – медициналық – педагогикалық консультация (ПМПК) береді;      3) білім беру ұйымы директорының атына ата-ананың еркін нысанда жазған өтініші;      4) мемлекеттік қызметті алушы ата-аналарының біреуінің жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмесі;      5) мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар көшірмесі;      6) мекенжай анықтамасы;      7) ата-аналардың жұмыс орнынан анықтама.

Page 17: Білім беру ұйымдарының қызметін  құқықтық  реттеудің кейбір мәселелері

Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары№ Білім салалары және оқу пәндері Сыныптар бойынша апталық сағат саны Жүктеме, сағат

1 2 3 4 Апталық  ЖылдықИнварианттық компонент

I Тіл және әдебиет 8 9 11 11 39 13181 Сауат ашу (оқу, жазу) 7 - - - 7 2312 Қазақ тілі - 4 4 4 12 4083 Әдебиеттік оқу - 4 4 4 12 4084 Орыс тілі - - 2 2 4 1365 Шетел тілі* 1 1 1 1 4 135II Математика 4 4 5 5 18 6086 Математика 4 4 5 5 18 608

III Жаратылыстану 1 1 1 1 4 1357 Дүниетану 1 1 1 1 4 135

IV Адам және қоғам 1 1 1 1 4 1358 Өзін-өзі тану 1 1 1 1 4 135V Өнер 2 2 2 2 8 2709 Музыка 1 1 1 1 4 135

10 Бейнелеу өнері 1 1 1 1 4 135VI Технология 2 2 2 2 8 27011 Еңбекке баулу 2 2 2 2 8 270

VII Дене шынықтыру 2 2 2 2 8 27012 Дене шынықтыру 2 2 2 2 8 270

Инварианттық оқу жүктемесі 20 21 24 24 89 3006Вариативтік компонент

Мектеп компонентіТаңдауы бойынша сабақтар 2 2 3 3 10 338

Оқушы компонентіЖеке және топтық консультациялар, дамытушылық сипаттағы сабақтар

2 2 2 2 8 270

Вариативтік оқу жүктемесі 4 4 5 5 18 608Оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі 24 25 29 29 107 3614

Page 18: Білім беру ұйымдарының қызметін  құқықтық  реттеудің кейбір мәселелері

Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспары№ Білім салалары және оқу пәндері Сыныптар бойынша апталық сағат саны Жүктеме, сағат

5 6 7 8 9 Апталық  ЖылдықИнварианттық компонент

I Тіл және әдебиет 11 10 10 10 9 50 17001 Қазақ тілі 3 3 3 3 1 13 4422 Қазақ әдебиеті 3 2 2 2 3 12 4083 Орыс тілі 2 2 2 2 2 10 3404 Орыс әдебиеті 1 1 1 1 1 5 1705 Шетел тілі 2 2 2 2 2 10 340II Математика және информатика 7 7 6 6 6 32 10886 Математика 6 6 - - - 12 4087 Алгебра - - 3 3 3 9 3068 Геометрия - - 2 2 2 6 2049 Информатика 1 1 1 1 1 5 170

III Жаратылыстану 1 4 6 8 8 27 91810 Жаратылыстану 1 - - - - 1 3411 География - 2 2 2 2 8 27212 Биология - 2 2 2 2 8 27213 Физика - - 2 2 2 6 20414 Химия - - - 2 2 4 136IV Адам және қоғам 2 4 4 4 5 19 64615 Қазақстан тарихы 1 2 2 2 2 9 30616 Дүниежүзі тарихы - 1 1 1 1 4 13617 Адам. Қоғам. Құқық - - - - 1 1 3418 Өзін-өзі тану 1 1 1 1 1 5 170V Өнер 2 2 - - - 4 13619 Музыка 1 1 - - - 2 6820 Бейнелеу өнері 1 1 - - - 2 68VІ Технология 1 1 1 1 3 7 23821 Технология 1 1 1 1 1 5 17022 Сызу - - - - 2 2 68VIІ Дене шынықтыру 2 2 2 2 2 10 34023 Дене шынықтыру 2 2 2 2 2 10 340

Инварианттық оқу жүктемесі 26 30 29 31 33 149 5066Вариативтік компонент

Мектеп компонентіФакультативтер, таңдау курстары 4 2 3 3 3 15 510

Оқушы компонентіЖеке және топтық консультациялар, дамытушылық сипаттағы сабақтар 2 1 2 2 2 9 306Вариативтік оқу жүктемесі 6 3 5 5 5 24 816Оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі 32 33 34 36 38 173 5882

Page 19: Білім беру ұйымдарының қызметін  құқықтық  реттеудің кейбір мәселелері

Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары

№ Білім салалары және оқу пәндері Сыныптар бойынша апталық сағат саны Жүктеме, сағат

10 11 Апталық  ЖылдықИнварианттық компонент

Бейіндік пәндерІ Тіл және әдебиет 12 12 24 8161 Қазақ тілі 2 2 4 1362 Қазақ әдебиеті 2 3 5 1703 Орыс тілі 2 2 4 1364 Орыс әдебиеті 2 1 3 1025 Шетел тілі 4 4 8 272ІІ Адам және қоғам 6 6 12 4086 Қазақстан тарихы 2 2 4 1367 Дүниежүзі тарихы 2 2 4 1368 Адам. Қоғам. Құқық 1 1 2 689 Өзін-өзі тану 1 1 2 68

Бейіндік емес пәндерІІІ Математика және информатика 5 5 10 34010 Алгебра және анализ бастамалары 3 3 6 20411 Геометрия 1 1 2 6812 Информатика 1 1 2 68ІV Жаратылыстану 4 4 8 27213 Биология 1 1 2 6814 География 1 1 2 6815 Физика 1 1 2 6816 Химия 1 1 2 68V Технология 1 1 2 6817 Технология 1 1 2 68VІ Дене шынықтыру 3 3 6 20418 Дене шынықтыру 2 2 4 13619 Алғашқы әскери дайындық 1 1 2 68

Инварианттық оқу жүктемесі 31 31 62 2108Вариативтік компонент

Мектеп компонентіҚолданбалы курстар 6 6 12 408

Оқушы компонентіТаңдау курстары 2 2 4 136Вариативтік оқу жүктемесі 8 8 16 544Оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі 39 39 78 2652

Page 20: Білім беру ұйымдарының қызметін  құқықтық  реттеудің кейбір мәселелері

Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жаратылыстану-математика бағыты бойынша жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары

№ Білім салалары және оқу пәндері Сыныптар бойынша апталық сағат саны Жүктеме, сағат10 11 Апталық  Жылдық

Инварианттық компонентБейіндік пәндер

І Математика және информатика 6 6 12 4081 Алгебра және анализ бастамалары 3 3 6 2042 Геометрия 2 2 4 1363 Информатика 1 1 2 68ІІ Жаратылыстану 9 9 18 6124 Биология 2 2 4 1365 География 2 2 4 1366 Физика 3 3 6 2047 Химия 2 2 4 136

Бейіндік емес пәндерІІІ Тіл және әдебиет 7 7 14 4768 Қазақ тілі 1 1 2 689 Қазақ әдебиеті 2 2 4 136

10 Орыс тілі 1 1 2 6811 Орыс әдебиеті 1 1 2 6812 Шетел тілі 2 2 4 136ІV Адам және қоғам 5 5 10 34013 Қазақстан тарихы 2 2 4 13614 Дүниежүзі тарихы 1 1 2 6815 Адам. Қоғам. Құқық 1 1 2 6816 Өзін-өзі тану 1 1 2 68V Технология 1 1 2 6817 Технология 1 1 2 68VІ Дене шынықтыру 3 3 6 20418 Дене шынықтыру 2 2 4 13619 Алғашқы әскери дайындық 1 1 2 68

Инварианттық оқу жүктемесі 31 31 62 2108Вариативтік компонент

Мектеп компонентіҚолданбалы курстар 6 6 12 408

Оқушы компонентіТаңдау курстары 2 2 4 136Вариативтік оқу жүктемесі 8 8 16 544Оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі 39 39 78 2652

Page 21: Білім беру ұйымдарының қызметін  құқықтық  реттеудің кейбір мәселелері

ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ ӘКІМШІЛІК БӨЛМЕЛЕР№ Құрал-жабдықтар атауы Өлшем бірлігі Саны1. Директор кабинеті:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері ж-тама 1

Ақпараттық LCD-панель дана 1

Компьютер (жүйелі блок, орыс және қазақ алфавитіндегі пернетақталар, монитор, «жүгірткі» манипуляторы, принтер, белсенді дыбыс колонкалары, UPS үздіксіз қорек блогы)

ж-тама 1

Кілем дана 1

Айналмалы жұмыс креслосы дана 1

Жұмсақ жиһаз ж-тама 1

Теледидардың астына қоятын жиһаз дана 1

Компьютерге арналған жанама құрылғысы бар жазу үстелі дана 1

Жиналыс өткізуге арналған сопақша үстел дана 1

Жартылай жұмсақ орындықтар дана 12

Өртке төзімді сейф дана 1

Теледидар дана 1

Телефон/факс дана 1

Көпфункциялық шкаф дана 1

Киімге арналған шкаф дана 1

Page 22: Білім беру ұйымдарының қызметін  құқықтық  реттеудің кейбір мәселелері

2. Қабылдау бөлмесі

Компьютер (жүйелі блок, орыс және қазақ алфавитіндегі пернетақталар, монитор, «жүгірткі» манипуляторы, принтер, белсенді дыбыс колонкалары, UPS үздіксіз қорек блогы)

ж-тама 1

Компьютерге арналған жанама құрылғысы бар жазу үстелі дана 1

Орындық дана 1

Телефон/факс дана 1

Көпфункциялық шкаф дана 1

Киімге арналған шкаф дана 1

Page 23: Білім беру ұйымдарының қызметін  құқықтық  реттеудің кейбір мәселелері

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру жүйесінің педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының біліктілік сипаттамасы

Білім беру ұйымының директоры (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта): Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының " 

Білім туралы " , " Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы " , " Қазақстан Республикасындағы тіл туралы " , " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы " , " Неке және отбасы туралы " , " Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы " , " Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы ", " Арнайы әлеуметтік қызмет туралы ", "Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы " Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды; еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.        Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Page 24: Білім беру ұйымдарының қызметін  құқықтық  реттеудің кейбір мәселелері

Білім беру ұйымы директорының оқу ісі және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта)

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының " Білім туралы " , " Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы " , " Қазақстан Республикасындағы тіл туралы " , " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы " , " Неке және отбасы туралы " , " Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы " , " Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы ", " Арнайы әлеуметтік қызмет туралы ", "Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы " Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; еңбек туралы, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.        Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, педагогикалық жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.

Page 25: Білім беру ұйымдарының қызметін  құқықтық  реттеудің кейбір мәселелері

Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің мақсаты – білім беру ұйымдарында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы  әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету. Психологиялық қызмет орта білім беру ұйымдарының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Білім беру ұйымдарының педагог-психологының «Психология және педагогика» мамандығы бойынша жоғары кәсіби білімі немесе «Практикалық психология» мамандығы бойынша қайта даярлаудың арнайы факультетінде алынған қосымша білімімен педагогикалық білімінің, «Психология» қосымша мамандығымен жоғары педагогикалық білімі болу керек. Психологиялық қызметтің құжаттамасы:1) білім беру ұйымының басшысымен бекітілген Психологиялық қызметтің күнтізбелік жұмыс жоспары;2) психологиялық диагностикалау бағдарламаларын, психологиялық тренингтерді, аталған білім беру ұйымдарының басшылары бекіткен дамыту және түзету жұмыстары;3) білім саласындағы уәкілетті органмен бекітілген психологиялық сабақтардың, тренингтердің және басқа да жұмыс түрлерінің әдістемелік әзірлемелері;4) психодиагностикалық әдістемелердің деректер банкі мен тізбесі;5) білім алушылардың психологиялық дамуының жеке карталары; топтық психологиялық портреттері;6) психологиялық тексерудің нәтижелері, қорытындысы мен ұсынымдары;7) білім беру ұйымы басшысының мөрімен бекітілген психологиялық қызметтің жұмыс түрлерін (психодиагностикалар, дамыту, түзету, ағартушылық, сараптамалық, әдістемелік жұмыстарды, жеке және топтық консультация беру, психологиялық қызметке сұраныс беру) есепке алуды тіркеу журналы;8) Белгіленген кезеңдерге (тоқсан, жартыжылдық, бір жыл) берілетін Психологиялық қызметтің жұмысы туралы талдамалық есептер.

Page 26: Білім беру ұйымдарының қызметін  құқықтық  реттеудің кейбір мәселелері

Білім беру ұйымдарының ішкі тәртібі Білім беру ұйымдарының қызмет режимін ескере отырып (білім алушылар мен тәрбиеленушілердің

тәулік бойы болуы, олардың белгілі бір уақытта ғана болуы, оқу сабақтарының ауысымдылығы және білім беру ұйымының өзге де жұмыс ерекшелігіне қарай) білім беру ұйымының әкімшілігі педагог және өзге де қызметкерлердің жұмыс және демалыс уақытының режимін белгілейді.

Білім беру ұйымының ішкі тәртіп ережесінде:     білім беру ұйымының әкімшілігі және педагогтерінің білім алушылармен және тәрбиеленушілермен өзара қарым-қатынасы;     оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың тәртібі;     білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім алуы және өмірі мен денсаулығын сақтау, балалардың құқықтарын қорғау үшін жағдайлар;      ұйым қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;      білім беру ұйымы жұмысының басталу және аяқталу уақыты, олардың арасындағы үзілістер;      білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу сабақтарының ұзақтығы қамтылуы тиіс.Білім беру ұйымының әкімшілігі қызметкерлердің, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, сонымен қатар олардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің білім беру ұйымының ішкі тәртібіне қолжетімділігін және таныстыруды қамтамасыз етеді.

Page 27: Білім беру ұйымдарының қызметін  құқықтық  реттеудің кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасында уақытша тұратын тұлғалардың (босқындар, пана іздеген адамдар, консулдық лауазымды тұлғалар, дипломатиялық мекемелердің қызметкерлері, Қазақстан Республикасында көші-қон заңнамасына сәйкес жұмыс істейтін еңбек мигранттары) балалары мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу үшін білім беру ұйымдарына қабылданады және Қазақстан азаматтарымен бірдей құқықтарға ие.

16 жасқа дейінгі балалардың ата-аналары немесе заңды өкілі шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар өз баласын білім беру ұйымдарына оқуға берген кезінде тұратын жерінде тіркелгені туралы белгісі бар Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға құқық берілген құжатты ұсынады:      шетелдік - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;      азаматтығы жоқ тұлға - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;      босқын - босқынның куәлігі;      паналатуды іздеуші тұлға - паналатуды іздеуші тұлғаның куәлігі;      оралман - оралман куәлігі немесе көші-қон органдарының анықтамасы.

Білім беру ұйымдарының басшылары шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың балаларын олардың шет елде алған білім деңгейіне, білімі туралы құжаттарына сәйкес тиісті сыныптарға қабылдайды.      Білім туралы құжаттары жоқ болған жағдайда қалалық (аудандық) білім бөлімі комиссия құрып, үміткердің білім деңгейін анықтайды. Білім алушылардың қатарына тіркеу комиссиясының шешімі негізінде білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен жүргізіледі.

Page 28: Білім беру ұйымдарының қызметін  құқықтық  реттеудің кейбір мәселелері

Жалпы орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ негізгі орта, жалпы орта білім алуды аяқтағаннан кейін өткізіледі.

ОЖСБ кешенді тестілеу нысанында қағаз жеткізгіш сияқты қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен жазбаша тапсырмаларды қолдану арқылы өткізіледі.     Тапсырмалар жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының негізінде әзірленеді, олардың мазмұны аталған бағдарламалардың шеңберінен шықпауы тиіс.     9 (10) сыныптарда ОЖСБ рәсімдеріне міндетті түрде қазақ тілі және уәкілетті орган жыл сайын белгілейтін 3 пән енгізіледі.     Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 20.     Тестілеуге 4 пән бойынша 120 минут (2 сағат) беріледі.     ОЖСБ-ның нәтижесі әрбір дұрыс жауап үшін 1 балмен бағаланады.

Page 29: Білім беру ұйымдарының қызметін  құқықтық  реттеудің кейбір мәселелері

Назарларыңызға рахмет!