40

Аты - dar-uchitelya.rudar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/01/Ғылыми-жоба.pdfҒылыми жұмыстың негізгі мақсаты: Домбыра аспабының

  • Upload
    others

  • View
    22

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: Аты - dar-uchitelya.rudar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/01/Ғылыми-жоба.pdfҒылыми жұмыстың негізгі мақсаты: Домбыра аспабының
Page 2: Аты - dar-uchitelya.rudar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/01/Ғылыми-жоба.pdfҒылыми жұмыстың негізгі мақсаты: Домбыра аспабының

Аты-жөні:

Ғазизов Батырхан

Сыныбы:

5 «а» сыныбы

Page 3: Аты - dar-uchitelya.rudar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/01/Ғылыми-жоба.pdfҒылыми жұмыстың негізгі мақсаты: Домбыра аспабының

«Нағыз қазақ қазақ емес,

нағыз қазақ - домбыра» Қадыр Мырзалиев

Page 4: Аты - dar-uchitelya.rudar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/01/Ғылыми-жоба.pdfҒылыми жұмыстың негізгі мақсаты: Домбыра аспабының
Page 5: Аты - dar-uchitelya.rudar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/01/Ғылыми-жоба.pdfҒылыми жұмыстың негізгі мақсаты: Домбыра аспабының

Мақсаты:

Қазақстан Республикасы президенті

Н.Назарбаевтың “Мәдени мұра”

бағдарламасында ұлттық құндылықтар мен

этникалық ерекшеліктерді қолдау ерекше орын

алғандығы белгілі. Осы орайда көшпелі

халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан

домбыра аспабына байланысты құпиясын

ашып, сырына қанығу.

Page 6: Аты - dar-uchitelya.rudar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/01/Ғылыми-жоба.pdfҒылыми жұмыстың негізгі мақсаты: Домбыра аспабының

Ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты:

Домбыра аспабының тарихы

және түрлерімен танысу

Қазақ мәдениетінің дамуында домбыра

аспабының алар орны

Ғылыми тұрғыда зерттеу арқылы

көрсету.

Page 7: Аты - dar-uchitelya.rudar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/01/Ғылыми-жоба.pdfҒылыми жұмыстың негізгі мақсаты: Домбыра аспабының

Зерттеу

кезеңдері

Зерттелудің әдіс-тәсілдері:

материалдарды жинақтау,

ақпарат көздерінен мәлімет алу,

тұжырымдау.

Қорытынды кезең:мақсаттың

орындалуы,болжамның

дәлелденуі,жобаны қорғау.

Дайындық

кезеңі: Тақырыпты,

мақсатын,әдіс-

тәсілдерін

меңгердік

Теориялық кезең: әдеби,

тарихи кітаптарды оқыдық , қажетті

деректерді

жинақтадық

Page 8: Аты - dar-uchitelya.rudar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/01/Ғылыми-жоба.pdfҒылыми жұмыстың негізгі мақсаты: Домбыра аспабының

Зерттелу

жұмыстың

ғылыми

болжамы:

Оқушылар

халықтың рухани

өзегі - домбыра

аспабының

құндылығын

түсінеді

Тілінің тірегі,мәдениетінің құндылығы

жоғары болғандығын

біледі. Танымдық,

қызығушылықтары,

Ой-өрістері артады.

Page 9: Аты - dar-uchitelya.rudar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/01/Ғылыми-жоба.pdfҒылыми жұмыстың негізгі мақсаты: Домбыра аспабының

Зерттеудің жаңалығы мен өзіндік үлесінің

дәрежесі:

Домбыра аспабының құндылығы

Домбыра аспабының

маңыздылығын ашуға өз

үлесімізді қосу.

Page 10: Аты - dar-uchitelya.rudar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/01/Ғылыми-жоба.pdfҒылыми жұмыстың негізгі мақсаты: Домбыра аспабының

« Мәдениет, дәстүр және даралық Дәстүр мен мәдениет – ұлттың генетикалық коды.

Патшалықтың, төңкеріс дүмпуі мен тоталитаризмнің барлық

ауыртпалығы мен қиыншылықтарына қарамастан, біздің еліміздің

аумағында тұратын қазақтар және басқа да халықтардың өкілдері

өздерінің мәдени ерекшеліктерін сақтай алды.

Тәуелсіздік жылдарында, жаһандану мен вестернденуге қарамастан,

біздің мәдени іргетасымыз беки түсті.

Қазақстан – бірегей ел. Біздің қоғамда әртүрлі мәдени элементтер бір-

бірімен біріккен және бірін-бірі толықтырып тұрады, біріне-бірі нәр

беріп тұрады.

Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы

әралуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени

игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек.

Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады.

Қазақстан Республикасы президенті Н.Назарбаев

«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан

мемлекеттің жаңа саяси бағыты

Page 11: Аты - dar-uchitelya.rudar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/01/Ғылыми-жоба.pdfҒылыми жұмыстың негізгі мақсаты: Домбыра аспабының

«Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру

бойынша Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Ә. Назарбаев

өзінің баяндамасында:

Көп ғасырлы мәдениеттің тіршілігі

топырақта тыныстап жатса, тарихи өткені

шырынмен қоректенсе, сонда ғана ұлттық жаңғырту

орын алады»-дей келіп, «Әрбір мемлекеттің

өркениеттілігін оның мәдени мұраға деген

көзқарасына қарай танып-бағамдауға болады. Демек,

Қазақстанның мәдениет саласындағы мемлекеттік

саясатына екі түрлі міндет жүктелді: бірі: - өзіндік

этникалық мәдениетті дамыту мен қолдауға

бағытталған шаралар кешенін нығайту, екінші жағы

– төл мәдениетті оңтайлы өрістете отырып,

жалпы адамзат мәдениетіне ену үшін тиімді жағдай

жасау

Page 12: Аты - dar-uchitelya.rudar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/01/Ғылыми-жоба.pdfҒылыми жұмыстың негізгі мақсаты: Домбыра аспабының

Мазмұны

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1.1. Домбыра жайлы аңыздар

1.2. Домбыра тарихы

1.3. Домбыра түрлері

1.4. Зерттеу жұмысымда қол

жеткізген деректерім:

ІІІ. Қорытынды

Ұсыныстар

Пайдаланылған әдебиеттер

Page 13: Аты - dar-uchitelya.rudar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/01/Ғылыми-жоба.pdfҒылыми жұмыстың негізгі мақсаты: Домбыра аспабының

І Кіріспе

Егемендi елдiң шаттық үнiне қазақ өнерiнiң үнiне қосылып, үйлесiмi жарасып,

жалғасын тауып жатқаны да баршамызға белгiлi.

Дүние жүзiнде әртүрлi кезеңдер болып жатыр, «дағдарыстар келедi, кетедi, ал

мәдениет-мәңгiлiк» деп Мәдениет және ақпарат министрi кезінде Мұхтар Абрарұлы

Құлмұхамед нақтылай атап өткен болатын. Сондықтан да мәдениет саласы өсiп,

талаптанған тау асардың кебiн киiп, өркендеуiне ешнәрсе де кедергi болмасы айдан

анық.

Мәдениет атам заманнан келе жатыр, «Балаға басқұр қалдырғанша, тозбас

дәстүр қалдыр», деген нақыл өмiрiмiздiң куәсi iспеттес. Бiздiң де ата-бабалар осы

мәдениеттiң айналасын шолып өткенi, сонау тарихи уақиғалардан оқып бiлiп

жүрмiз. Мәдениеттiң бiр саласының ұшпағына қазақ салтында бiрге қайнасып,

қиялына қанат бiтiрiп, арманның көкжиегiн алысқа жетелейтiн өлмес киелi

өнерiмiз, қанымызбен бiрге сiңуде. Қазақ халқы да мәдениет пен тарихты егiз

ұғымдай сезiнуде үлкен бiр тағылымды, тәрбиелiк нышанды үрдiс жалғасын

орынды тауып келедi. «Құсты самғататын - қанаты, адамды самғататын - таланты»

дегендей, әсiресе қазақ халқы өнер десе iшкен асын жерге қоятыны абзал, Абай

атамыз айтқандай тарқатар болсақ, бiздер өлеңмен дүние есiгiн ашамыз, әрi соңғы

сапарға да, әдет-ғұрыптың бiр белесi жоқтауменен шығарып саламыз.

Осы өнер демекшi, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқаны, соның iшiндегi

ұлтымыздың көне аспаптарының бiрi – домбыра

Домбыра - қазақтың халық аспабы. Домбыра - қазақ халқының әрбір үйінде

болуы міндетті және қажетті аспап болып есептелген. Бұл музыкалық аспаптың

пайда болу тарихы ғасырлар қойнауына кетеді

Page 14: Аты - dar-uchitelya.rudar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/01/Ғылыми-жоба.pdfҒылыми жұмыстың негізгі мақсаты: Домбыра аспабының

Домбыра — ертеден келе жатқан қазақ халқының ең сүйікті,

ел арасына кең тараған, түрлі шежіреге бай музыкалық аспабы. Ол

ұлттың тарихында қарапайым халықтың қуанышы мен қайғы-

қасіретін тең бөлісіп, қазақтың басын торлаған ауыр кезеңдерінде

жұбаныш бола білген алып та ұлы аспап. Домбыра — жазу-сызу мен

қазақтың қаламы мен сахнасының қызметін тең атқарған аспап.

Ішекті аспаптардың ең көне түрі — домбыра.

Сазсырнай Жетіген

Қылқобыз

Шаңқобыз Асатаяқ Дауылпаз

Page 15: Аты - dar-uchitelya.rudar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/01/Ғылыми-жоба.pdfҒылыми жұмыстың негізгі мақсаты: Домбыра аспабының

1.2. Домбыра жайлы аңыздар

1.4. Зерттеу жұмысымда

қол жеткізген деректерім:

1.1. Домбыра тарихы

1.3. Домбыра түрлері

Page 16: Аты - dar-uchitelya.rudar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/01/Ғылыми-жоба.pdfҒылыми жұмыстың негізгі мақсаты: Домбыра аспабының

Домбыра - қазақ халқының өте ерте және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық

аспабы. Көне Шумер тілінен аударғанда «кішкене садақ» деген мағына береді. Алматы

облысы, Жамбыл ауданы аумағынан шамамен 2,5 ғасыр бұрын табылған таста қашалған

суреті мен 16 ғасыр бұрын Мысыр еліндегі Нахт қабіріне салынған пішінінен еш

өзгермеген. Қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспап ішекті, шертпелі аспаптар

тобына жатады.

Аспап әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып жасалады. Тоғыз, он бір, он төрт, жиырма

төрт пернесі болады. Күй арнайы құлақтарымен келтіріледі. Аспап үні қоңыр, құлаққа

жағымды әрі жұмсақ болып келеді.

Домбыра - сан ғасырлардан бері сырын сақтап, қазақ даласында кеңінен танымал аспап.

Домбыра аспабының екі ішекті түрінен басқа үш ішекті, қос жақты, кең шанақты,

шіңкілдек немесе «Балақай домбыра» деген түрлері бар.

Домбыра аспабында халық күйлерін ғана емес, батыс және шығыс классикалық

шығармаларын, танымал туындыларын орындауға болады.

«Домбыра» атауының шығуы жайлы таластар көп. Солардың бір қатары: «Дембира»

деген қыз атынан шыққан болуы керек деп те топшалайды, себебі шығыс елдерінде

қастерлі, қасиетті нәрсеге немесе кейбір көпшілік орынға әйел адамның есімін беру

үрдісі бар. Пішіні домбыраға ұқсас, төрт ішекті шертпелі асап үнді халықтарында

«тампура» деп аталады. Ішекті шертпелі аспап «пандура» гректерде бар. Сонымен

нақты атауы қайдан шыққаны әзірге белгісіз.

Page 17: Аты - dar-uchitelya.rudar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/01/Ғылыми-жоба.pdfҒылыми жұмыстың негізгі мақсаты: Домбыра аспабының

Тарихқа көз жүгіртер болсақ, Алматы облысы, Жамбыл

ауданындағы Майтөбе жайлауында тастан табылған таңбалы

тастағы билеп жүрген төрт адам мен домбыра суретінің

осыдан 6 мың жыл бұрын қашалып жасалғанын зерттеушілер

дәлелдеген. Тастағы суретті 1986 жылы профессор С. Ақатаев

этнограф Жағда Бабалықұлының көмегімен тапқан.

Page 18: Аты - dar-uchitelya.rudar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/01/Ғылыми-жоба.pdfҒылыми жұмыстың негізгі мақсаты: Домбыра аспабының

Алты алашқа сүйінші сұрап, шартарапқа

шаттана хабарлайтын қазыналы олжаға

отандық ғылым қол жеткізді. Түркі

бабалар Vғасырда қолына ұстап күй

толғаған абыз домбыра Алтай тауының

бір сырлы үңгірінен табылды! Қазақ саз

аспабының бірегейі құдіретті қара

домбыра біздің заманымыздың – V

ғасырында жасалған төлтума бейнесімен,

міне, біздің қолымызға түсіп отыр.

Бұл – қазіргі мәлімет бойынша әлемдегі

шертпе саз аспабының ең көнесі

Page 19: Аты - dar-uchitelya.rudar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/01/Ғылыми-жоба.pdfҒылыми жұмыстың негізгі мақсаты: Домбыра аспабының

Дегенмен домбыра әр аймақта әр түрлі болып келеді. Солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарда домбыра көлемі

шағын, жеті-тоғыз пернелі болса, Батыс Қазақстан аумағында кездесетін домбыра шанағы жұмыр, мойны ұзын, он

екі, он төрт пернелі болып келеді.

Домбыра аспабының негізгі екі түріне байланысты аспапта күй орындаудың екі түрі «төкпе» мен «шертпе»

қағыстары қалыптасқан. Сазды күйлер Арқа өңірінде, ал төкпе күйлер батыс аймақтарда кең таралған.

Домбыра шертудің «сұқпа» (сұқ және орта саусақпен шертіп ойнау), «жап тақымта» (ішекті бос күйінде қағып,

пернені басып отыру), «іліп-қақпай» (ішекті іліп қағу), «теріс қақпай» (жоғары-төмен) деп аталатын түрлері бар.

Домбыра аспабының екі ішекті түрінен басқа үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, шіңкілдек немесе «Балақай

домбыра» деген түрлері бар.

Ал енді музыка мен домбыраның арасындағы байланыс не? Біреуі аспап болып, екіншісі сол аспапта ойналатын

шығарма болса, олар қалай үндеседі? Егер әнші болса, онда үш түрлі үйлесім бір арнаға шоғырлану қажет.

Сондықтан күйге арналған домбырада да әншіге керекті домбырада да айырмашылық бар. Оны әрбір өнерпаз,

мейлі ол шебер болсын, мейлі орындаушы болсын бажайлап білуі қажет.

Күйге арналған домбыраға қойылатын талап:

1. Әр пернедегі дыбыс таза шығуы керек, әрі осы дыбыстардың деңгейі айнымайтын және бір-бірімен

үйлесімділігі де таза болуы қажет

2. домбыра жинақы, қоңыр үнді болуы керек, сонда қазақ күйлерінің ішкі жан-дүниесін, тілін кімде де болса

тыңдай, түсіне алады. Дарылдаған шарқыш үнді домбыра адам құлағына түрпідей тиіп, кез келген шығарманы

құрдымға жібереді. Оның үстіне мойны жуан, ұстауға ыңғайсыз ішектерінің қаттылығы қолыңды ауыртып әрі іліп

тұрса ойнаушының мазасы кетеді.

Жақсы домбыраның тағы бір сыны — ол ойнауға өте жеңіл болуы, әсіресе пернені қуалай ойнағанда

саусақтардың ешбір қиындықсыз жеңіл, әрі қозғалуы. Мұны бір сөзбен айтқанда бауыры жұмсақ домбыра дейді.

Қазіргі кезде жалғыз домбыраның 20- дан астамтүрлері бар

Page 20: Аты - dar-uchitelya.rudar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/01/Ғылыми-жоба.pdfҒылыми жұмыстың негізгі мақсаты: Домбыра аспабының

Кұрманғазы Сағырбайұлы (1848-1889) - композитор-күйші, қазақтың

аспапты музыка өнерінің классигі. Құрманғазы Қазақстанның музыка

мәдениетінде айрықша орын алады. Егер сіз қазақ даласының тынысы мен

жүрек соғысын, шексіз өлкедегі алып-қашпа жел әнін білгіңіз келсе, ат

тұяғының дүбірінен қуаныш тасқынын сезгіңіз келсе, қазақ халқының

рухани күшін биіктігін, мықтылығын танығыңыз келсе - Құрманғазы күйін

тыңдаңыз.

Нұрпейісова Дина (1861-1955) - дәстүрлі өнер өкілі, композитор және

орындаушы, ұлы Құрманғазының шәкірті, ҚазССР-нің халық артисі. Динаның

шығармашылығы қазіргі мен өткенді жалғастырады. Оның өнер жолы екі кезең

аралығындағы байланыстырушы буын болып табылады. Бұл өтпелі кезең

күрделілігімең қарама-қайшылығымен, халық өміріндегі қоғамдық -саяси ірі

оқиғалармен (1916 жылғы ұлт азаттық қозғалысы, революция, Ұлы Отан

соғысы, соғыстан соңғы қалпына келтіру) ерекшеленеді. Дина өзінің

ұстаздарынан үйрене отырып, домбыра шеберлігін соғыстан соңғы бейбіт

кезеңдегі ұрпаққа үйретеді.

Қазанғапұлы Тәттімбет (1815-1860)Қазақтың күйші - композиторы, шертпе күй

орындаушылық мектебінің негізін қалаушылардың бірі Тәттімбет Қазанғапұлы.

Page 21: Аты - dar-uchitelya.rudar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/01/Ғылыми-жоба.pdfҒылыми жұмыстың негізгі мақсаты: Домбыра аспабының

Қос ішек

Ертегі - аңыз

Тарихтың тоғыз тарау шежіресі

Ақсақ құлан

Шайтан тиек

Page 22: Аты - dar-uchitelya.rudar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/01/Ғылыми-жоба.pdfҒылыми жұмыстың негізгі мақсаты: Домбыра аспабының

АҢЫЗ ЖӘНЕ 1500 ЖЫЛ БҰРЫНҒЫ ДОМБЫРА. Домбыра аспабының қалай пайда болуына байланысты қазақ

халқының ортасында сақталған аңыз аса мол. Солардың біразын Б.Сарыбаев (Қазақтың музыкалық аспаптары.

Алматы, 1978), Қ.Жұбанов (Исследования по казахскому языку. Алма-Аты, 1966), Ө.Жәнібеков (Алтын домбыра //

Қазақ әдебиеті. 1984, 6-қаңтар), А.Сейдімбек (Күй шежіре. Алматы, 1997) еңбектерінде жақсы көрсеткен.

Домбыра және домбыра күйі туралы сөз қозғағанда осы зерттеушілердің еңбектеріне сүйенеміз. Ақселеу

Сейдімбек «Күй шежіре» еңбегінде осы аңыздардың екеуіне ерекше назар аударады. Соның бірі Шығыс Қазақстан

облысындағы Күршім ауданының тумасы Арғынбек Қилыбаев ақсақалдың айтуымен хатқа түскен «Қос ішек»

күйінің аңызы.

«Ертеде бір аңшы жігіт болыпты, – деп айтылады «Қос ішек» күйінің аңызы. – Сол аңшы жігіт биік таудың

қиясын, қалың қарағайдың арасын тұрақ еткен бұғы-маралды аулап, кәсіп етсе керек. Бірде жолы болып, биік

таудың қиын қиясынан теңбіл марал атып алады да, маралды етекке түсіру үшін ішек-қарынын алып тастайды.

Содан, арада айлар өткенде, аңшы жігіт аң атуға ұрымтал жер еді ғой деп, баяғы теңбіл маралды атқан жерге

соқса, құлағына бір ызыңдаған дауыс естіледі дейді. Барлап қараса, өткенде атқан маралдың ішегін қарға-құзғын

іліп ұшқан болу керек, қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалғанын көреді. Ызыңдаған дыбыстың сол

ішектен шығып тұрғанын аңғарады. Қарағайдың бұтақтарына керіле кепкен ішекті сәл ғана жел тербесе ызыңдап,

жанға жайлы дыбыс шығарады. Оның өзі бірде уілдеп, бірде сарнап, енді бірде сыңсып жылағандай болып, аңшы

жігітті алуан түрлі күйге бөлейді. Сол жерде аңшы жігіт «қой мына қос ішекке тіл бітейін деп тұр екен, бір амал

жасайын» – деп, ішекті үйге алып келеді де, бір аспап жасап, соған қос ішекті тағады. Содан тартып көрсе,

шынында да қос ішекке тіл біткендей сұңқылдап қоя береді. Бұл үн аңшы жігіттің ғана жанын жадыратып

қоймайды, тыңдаған жанның бәрін ұйытады. Осылайша домбыра көптің сүйіп тыңдайтын аспабына айналады»

(А. Сейдімбек Күй шежіре. Алматы, 1997, 192-бет).

Page 23: Аты - dar-uchitelya.rudar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/01/Ғылыми-жоба.pdfҒылыми жұмыстың негізгі мақсаты: Домбыра аспабының

Қазақ аңызы осылай десе, осыдан XV ғасыр бұрын жасалған Алтай жотасының бір

үңгірінде сақталып бізге жеткен кәрі домбыра шанағының сыртқы бетіне бұғының,

бұланның суреттері ойып салынған. Ол аз десеңіз домбыраның басы бұғының,

бұланның басы. Сонда деймін-ау, бұл кездейсоқтық па, әлде тарихи шындық па?

Аңыз не айтса, мына кәрі домбыра бітім тұрпатымен соны дәлелдейді. Бірін-бірі

толықтырып, бірін-бірі дәлелдеп аңызда айтылған әңгіменің ақиқатын айғақтап

тұрғандай. Осы аңыздың жалғасы сияқты аңыз-әңгімені этнограф Ө.Жәнібеков

ағамыз өз еңбегінде келтірген. Бұл аңыз бойынша, домбыраның шанағына тарихтың

тоғыз тарау шежіресі құйылыпты-мыс. Тарихтың сол шежіре-сыры шығып кетпесін

деп, домбыраның өн бойына тоғыз тосқауыл перне тағылыпты. Домбыраның

мойнының жіңішкеріп, шанағының үлкейіп кетуі содан еді дейді. Күндердің күнінде

көне өсиетке ынтық бір дана қарт тарих сырын танып-білу үшін домбыраның

құлағын тесіп – тыңдайтын, ішегін тағып – сөйлейтін етеді. Содан былай домбыра

шанағынан тоғыз тарау сыр ақтарылатын болыпты дейді (Жәнібеков Ө. «Алтын

домбыра». «Қазақ әдебиеті» газеті. 1984, 6-қаңтар). Ал мына көне домбырада тоғыз

перне. Үшеу, бесеу, жетеу, жиырма бір емес, тоғыз перне. Аңыз бен кәрі домбыра

екеуі тағы да бірін-бірі толықтап, бірін-бірі дәлелдеп тұр.

Page 24: Аты - dar-uchitelya.rudar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/01/Ғылыми-жоба.pdfҒылыми жұмыстың негізгі мақсаты: Домбыра аспабының

«Ақсақ құлан» аңызы. Қаһарлы қаған ұлының өлімін кімде-кім естіртетін

болса көмекейіне қайнап тұрған қорғасын құюды бұйырады. Сол кезде

ешкімнің жүрегі дауаламай тұрғанда домбырашы келіп «Ақсақ құлан» күйімен

естіртеді. Екі көзінен жас аға тыңдаған қаһарлы қаған: «Құй мынаның

көмейіне!» деген бұйрық береді. Домбырашы орнынан ұшып тұрып: «Дат

тақсыр! Мен емес, мына домбыра ғой Сізге естірткен», – дейді. «Олай болса,

домбыраның шанағына құй, қорғасынды!», – дейді қаған. Содан бері қазақ

домбырасының шанағына тесік пайда болыпты-мыс. Бұл – Жошы қаған дәуірі.

Біздің жыл санауымыздың ХІІІ ғасырдың басы. Дәлірек айтсақ, 1220-1227

жылдар шамасы. Ал мына көне домбыра V ғасырдың мұрасы. V ғасыр

домбырасының шанағында тесік жоқ. Аңыз бүй дейді. Олай болса, «Ақсақ

құлан» күй аңызы тарихи шындықтың айшықты да, анық ақпаратын бізге

жеткізіп тұр.

Page 25: Аты - dar-uchitelya.rudar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/01/Ғылыми-жоба.pdfҒылыми жұмыстың негізгі мақсаты: Домбыра аспабының

Ертеде бір хан болыпты. Оның жалғыз қызы бар екен. Хан қызын өзі сияқты хан баласын

атастырып қояды. Қыз бойжеткенде кедей жігітке ғашық болып, көңіл қосып жүреді екен. Мұны

білген хан жігітті дарға астырады. Жігіт өлгенен кейін қыз мезгіліне жетпей бір ұл, бір қыз табады.

Ел сөзінен сескенген ханжаман атқа қалмаудың амалын іздеп, қос бүлдіршіннің көзін жоюды

астыртын мыстан кемпірге тапсырады. Сәбилерді көз-көрмес құлақ –естімес жерге апарып, биік

ағаштың басына қызды шығысқа, ұлды батысқа қаратып іліп кетеді. Нәрестелердің көз жасы

тамған ағаш бұтақтары суалып, қуара бастайды. Қос жүрек соғуын тоқтатқанда, бәйтерек те өсуін

тоқтатады. Ел ішіндегі өсек-сөз, өтірік өкпеге шыдамаған қыз, егізін іздеп жолға шығады. Бармаған

жері, баспаған тауы қалмайды. Қатты шаршап діңкесі қатқан қыз әбден қурап, қабығы түсіп шіруге

айналған биік ағаштың түбіне қисая кетеді. Оны бір сүйкімді саз, сиқырлы әуен оятады. Құлақ

түріп тыңдаса, “ән салып ” тұрған қасындағы биік ағаштан күмбірлеген үн естіледі. Қыз күндіз

егізін іздеп, түнде осы ағаштың түбіне келіп, көңіл жұбатып, тынығып жүреді. Бір күні айналаға көз

салмақ болып, басына шығам деп, ағашты құлатып алады. Ағаш жуан түбінен басына дейін қуыс

екен. Жіңішке басының екі жағында бұтақтан-бұтаққа керіліп қалған ішектерді көреді. Бұл қыздың

екі баласынан қалған жұрнақ еді. Батыс жағыгдағы ішек бостау, шығыс жағындағы ішек қаттылау

тартылыпты. Шертіп көрсе, керемет үн шығады. Қыс байғұс бостау тартылған ішектің үні мұңды

шығатындықтан ұлым-Мұңлық, тым зарлы шығатындықтан қызым-Зарлық деп ата-ана қойып,

күндіз түні қасынан тастамай күй шығарып, ел кезіп, егізін іздеп кеткен екен.

Page 26: Аты - dar-uchitelya.rudar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/01/Ғылыми-жоба.pdfҒылыми жұмыстың негізгі мақсаты: Домбыра аспабының

Ертеде бір хан болыпты. Оның жалғыз қызы бар екен. Хан қызын өзі сияқты хан баласын

атастырып қояды. Қыз бойжеткенде кедей жігітке ғашық болып, көңіл қосып жүреді екен. Мұны

білген хан жігітті дарға астырады. Жігіт өлгенен кейін қыз мезгіліне жетпей бір ұл, бір қыз табады.

Ел сөзінен сескенген ханжаман атқа қалмаудың амалын іздеп, қос бүлдіршіннің көзін жоюды

астыртын мыстан кемпірге тапсырады. Сәбилерді көз-көрмес құлақ –естімес жерге апарып, биік

ағаштың басына қызды шығысқа, ұлды батысқа қаратып іліп кетеді. Нәрестелердің көз жасы

тамған ағаш бұтақтары суалып, қуара бастайды. Қос жүрек соғуын тоқтатқанда, бәйтерек те өсуін

тоқтатады. Ел ішіндегі өсек-сөз, өтірік өкпеге шыдамаған қыз, егізін іздеп жолға шығады. Бармаған

жері, баспаған тауы қалмайды. Қатты шаршап діңкесі қатқан қыз әбден қурап, қабығы түсіп шіруге

айналған биік ағаштың түбіне қисая кетеді. Оны бір сүйкімді саз, сиқырлы әуен оятады. Құлақ

түріп тыңдаса, “ән салып ” тұрған қасындағы биік ағаштан күмбірлеген үн естіледі. Қыз күндіз

егізін іздеп, түнде осы ағаштың түбіне келіп, көңіл жұбатып, тынығып жүреді. Бір күні айналаға көз

салмақ болып, басына шығам деп, ағашты құлатып алады. Ағаш жуан түбінен басына дейін қуыс

екен. Жіңішке басының екі жағында бұтақтан-бұтаққа керіліп қалған ішектерді көреді. Бұл қыздың

екі баласынан қалған жұрнақ еді. Батыс жағыгдағы ішек бостау, шығыс жағындағы ішек қаттылау

тартылыпты. Шертіп көрсе, керемет үн шығады. Қыс байғұс бостау тартылған ішектің үні мұңды

шығатындықтан ұлым-Мұңлық, тым зарлы шығатындықтан қызым-Зарлық деп ата-ана қойып,

күндіз түні қасынан тастамай күй шығарып, ел кезіп, егізін іздеп кеткен екен.

Page 27: Аты - dar-uchitelya.rudar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/01/Ғылыми-жоба.pdfҒылыми жұмыстың негізгі мақсаты: Домбыра аспабының

Жаумен күрестен, ұзақ жолдан шаршап -шалдығып келе жатқан батыр

жолда кездескен ауылға тоқтап, демалмақшы болады. Жар жағасындағы

көлеңкеге отырған батыр ағаштың бөлігін кесіп алып, оған аттың қылын

тартып, өзі жасаған аспаптан дыбыс шығармақшы болады. Бірақ аспап дыбыс

бермейді. Оны батыр қасына қояды да, ұйықтап қалады. Бір кезде оянса,

аспаптан өздігінен дыбыс шығып жатыр екен дейді. Аспапты қолына алып

қараса, домбыраның басына, шектің астына салынған ағаш кертпені көреді де,

мұны шайтанның ісі деп шешеді. Сонан бері, халық арасында бұл "шайтан

тиек" деп аталып келеді. Ат қылынан тартылған шекті, тиексіз аспаптар ерте

кезде қолданылған.

Page 28: Аты - dar-uchitelya.rudar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/01/Ғылыми-жоба.pdfҒылыми жұмыстың негізгі мақсаты: Домбыра аспабының
Page 29: Аты - dar-uchitelya.rudar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/01/Ғылыми-жоба.pdfҒылыми жұмыстың негізгі мақсаты: Домбыра аспабының

Ал енді екі түрлі домбыраның музыкалық мінездемесіне келейік. Батыс

Қазақстанда тараған қауақ домбыраның (біз қазіргі оркестрлерде қолданылып

жүрген домбыра жайлы емес, байырғы Атырау өңірінің домбырасы жайлы

айтып отырмыз) ішіндегі сфералық (домалақ) кеңістік дыбысқа қосалқы

акустикалық қасиеттер дарытады. Батыс Қазақстан күйлерінің ерекше

кеңдігін, тыныстылығын, серпінділігін осымен түсіндіруге болады. Ал қалақ

домбыраның ішкі кеңістігі сфералық емес, кубтік тұрғыда. Сондықтан

дыбысы қою бұйра болып келеді. Ішкі кеңістіктің осы екі түрі де музыкалық

қажеттіліктен туған. Дауылды күйлер шыңыраудан жарып шыққан бұлақтай

таза, қол батпайтын шымыр дыбысты талап етсе, сылқым шертісті күйлер,

тәтті, бұйра дыбысты қажет етеді.

Домбыра детальдарына келетін болсақ, бұлардың да өзіне тән жеке атаулары

болған. Шанақ, мойын, құлақ, тиек сияқты терминдерді екінің бірі біледі.

Сонымен қатар, домбыра детальдарының ұмыт болған атаулары да көп.

Мәселен, домбырада үш тиек болады. Біріншісі – ішек бекітілетін, шанақтың

түбіне орналасқан «өкше тиек» («кепіл», «түйме» деген қосалқы аттары бар).

Екіншісі – шанақтың үстінде тұрып, ары-бері жылжытылатын негізгі тиек

жай ғана «тиек», «шайтан тиек» деп те аталды. Үшіншісі – мойын мен

құлақтың ортасында тұрған «табалдырық тиек».

Page 30: Аты - dar-uchitelya.rudar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/01/Ғылыми-жоба.pdfҒылыми жұмыстың негізгі мақсаты: Домбыра аспабының

Ал домбыраның құлақтары бекітілетін қалақша – «алақан» деп аталады.

Кейде төменгі қоңырау бұрауда үстіңгі ішек жасанды дыбыс шығара бастайды.

Осы жасанды дыбысты (фальш) жою үшін көне домбырашылардың ойлап тапқан

тамаша амалы – «алтын асық» деп аталатын қосалқы тиек және бар. Ол

табалдырық тиектің жанында тұрады да керегінше арлы-берлі жылжытылып

отырады. Домбыраның беті кейде «бет тақтай» немесе «қақпақ» деп те аталады.

Ендігі сөз пернелері жайында болмақ. Қазірде, қазақ музыкатануында

домбырадағы

перне саны жайлы бірнеше пікір бар. Біреулері тоғыз перне десе, біреулері он бір

перне дегенді айтады. Баз біреулері домбырада жылжымалы он төрт перне болған

дейді.

Халық поэзиясында кездесіп отыратын «домбырам тоғыз перне» немесе

«домбырам екі шекті он төрт бунақ» деген тіркестер өте көне заманда

домбыраның тоғыз немесе он төрт пернесі ғана игерілген кезде айтылып, кейіннен

деректік мәні жойылып тұрақты эпитетке айналып кеткен тіркестер болуы мүмкін.

Перненің санын бұндай дерекке

қарап емес, күйдің құрылысына, ауқымына қарап санау керек. Көне ортағасырлық

домбыра күйлерінде қазіргі жиырма перненің барлығы және қазіргі домбырада

жоқ үш қашаған перне кездеседі. Жиыны – жиырма үш. Яғни, қазақ домбырасы

аспап ретінде қалыптасып болған кезде жиырма үш

пернесі болған. Және осы пернелердің әрқайсысының аты болған..

Page 31: Аты - dar-uchitelya.rudar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/01/Ғылыми-жоба.pdfҒылыми жұмыстың негізгі мақсаты: Домбыра аспабының

Қазіргі кезде жалғыз домбыраның 20- дан астамтүрлері бар: 1.ән және күй домбырасы

2.торсық

3.тұмар

4. кең шанақты (екі нұсқасы)

5. балдырған

6. балашық

7. шіңкілдек

8.аша

9.үш ішекті

10. қуыс мойын

11.шертер

12.оркестр домбыралары

13.қоңыр дауысты домбыра (альт)

14.жіңішке дауысты (прима)

15.ащы дауысты (секунда)

16.бас домбыралар (екі нұсқасы)

17.іші ішекті

18.әмбебат домбыра

19.бүктемелі домбыра

20. өкшеқұлақ домбыра

21. контрабас

22.домбыра- тенор

Page 32: Аты - dar-uchitelya.rudar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/01/Ғылыми-жоба.pdfҒылыми жұмыстың негізгі мақсаты: Домбыра аспабының

Шіңкілдек. Халқымыз өз ұрпағының келешегін кеңінен ойлаған. Оның бойына жастайынан

еңбек тәрбиесін, адамгершілік сезімін, патриотық рух себумен қатар, эстэтикалық тағылым

да беріп отырған. Тіпті, эстэтикалық тәлім-тәрбие ең бірінші орында тұрған десек те болады.

Нәрестесін жұбатқан ана «Әлди-әлди бөпегім» деп ән салады. Тілі шыға бастағанда түрлі

сөздерді айтқызып үйретеді

Халықтың бұл игі дәстүрі бүгін де жалғасын тапты. Сол шіңкілдекті қазір «Мұрагер»

этнографикалық ансамблі сәтті пайдаланып жүр. Тенор домбыраның жетілдірілген

домбыраның үлісі бойынша «Балақай» домбыраның екі түрі дүниеге келді.

Iші ішекті. Мұндай домбыралар күйші қолдарымен шебер домбырашылардың ізденісімен

туған. Аспаптың үнің дыбыстық ерекшелігін жетілдіруге халық өнерпаздарының бұл

жаңалығы күйшілік орындаушылық өнерге ерекше ықпал етіп оның дамуына игі жерін тигізгені

даусыз. Іші ішекті домбыра жасаушы шеберлер ішекті кейде мойын мен шанақтың ішінен

одан кейін арнайы жаслаға өкшетүйме ықпалы қақпақ пен мойнының астынан жүргізіп құлаққа

жағады. Мұндай да құлақ екеу болады.

Әмбебап домбыра. Бұл домбыраларының шанағы жұқа тегіс болады Мойны 4 қырлы

шашағының 2 жақ бетіне де мен тағылады. Пернелері жеке-жеке байланады. 4 құлақты

бұрай арқылы шектер дербес күйге келтіріледі. Мұндай домбыралар көбінесе сол құрлы

сондай-ақ он қолымен тартатын күйші домбыраға арналып жасалған әмбебеп домбыраның

үні шанағы кен домбыраның үніне қарағанда бәсен де әлсіз.

Үш ішекті домбыра. Қазақ аспаптың муз-да көнеден пайдаланып келе-жатқан аспабының бірі

2 ішекті домбырадан ертерек пайда болған. Шертер 3 ішекті 1 тиекті тіпті 3 ішекті домбыра

осы шертнер мен ққатар өмірге келген. Бұл домбыраның 2 ішеті домбыр түрінен еш өзгешілігі

жоқ. Ерешілек тек ішек санында. Елішін 3 ішекті домбырада ойнаушыларазболмаған олар әр

ішекті теріп тартып әр қайсысын жеке-жеке шертіп ойнаған 3 ішекті домбыраларғаарнап

шығарған күйлерді тындағанда олардың өзіндік ерекшелігі бірден аңғырылады. Бұл салада

қазірше азды көпті еңбектеріп жүргендерде көп емес. Олар күйші комлар, өнер зерттеушілер

Уәле Бекенов, Ермұрат Үсенов.

Page 33: Аты - dar-uchitelya.rudar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/01/Ғылыми-жоба.pdfҒылыми жұмыстың негізгі мақсаты: Домбыра аспабының

Альт домбыра

Прима домбыра Тұмар,бас домбыра Ән және

күй домбырасы

Page 34: Аты - dar-uchitelya.rudar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/01/Ғылыми-жоба.pdfҒылыми жұмыстың негізгі мақсаты: Домбыра аспабының

Бүктемелі домбыра. Елкезіп серілер құрыптыңдау мысын ән-жырға өлең-күйге бөліп

жүрген өнерпаз қапшыққа салып қанжығыға байлап алуға немесе қолына ұстауға ыңғайлы да

ықшамды домбыра жасап алған. Мұндай домбыралардын мойыны алмалы салмалы кейде

бүктемелі болады. Осындай домбыралардын үлгілері көп. Дыбыстық ауқымы құрылысы-

құрылымы жөнінең әдеттегі домбыралардан еш айырмасы жоқ. Алып жүруге ыңғайлы.

Өкшеқұлақ домбыра. Бұл домбыраның ерекшелігі құлағында. Бұл құлақ өкше түйменің де

қызыметін атқарады. Домбыра үнінің бір тоңға көтеріп төмен түсіру қажет болса, мұны

өкшеқұлақты бұрау арқылы жүзеге асыра алады. Өкшеқұлақты бұрағанда екі ішек те бірдей

күйге келеді. Бұл сахнада тұрған әншілік немесе күйшінің уақытын үнемдейді.

Қазақ күйлерінің және әннің дыбыстық қуатын арттырып, оның ұлттық бояуын, ішкі

динамикасын, кейбір аса күшті екпін мен ығақты қажет ететін тұстарын одан сайын күшйте

түсуде ерекше қызмет атқаратын басқа да домбыралар – контрабас, бас, альт, прима, секунда

және тенор деп аталады.

Бұл аспаптардың бәрі де домбыраның негізінде жасалған.

Контрабас. Бұл үш ішекті пернелі аспап. Пернелері жезден жасалып, мойынға тұрақты

отырғызылған. Шанағы 7-9-11 шанақшадан, ал қақпағы 6-8 қақпақшадан құралыстырып,

жымдастырылады. Құлақтары мен ішектері, түймелер арнайы цехтар мен шеберханаларды

дайындалып, сонда құрастырылады.

Бас. Үш ішекті пернелі. Мұның да шанағы мен қақпағы контрабастікіндей 7-9 шанақшадан, 6-

8 қақпашадан құрастырылады. Бірақ көлемі сәл кішілеу болады.

Альт. Бұл да үш ішекті ал перне саны 19. Бет қақпағы 3-6 қақпақшадан, шанағы 7

шанақшадан тұрады.

Домбыра-тенор. Оркесрт құрамында да, жеке де ән сүйемелдеп, күй тартуға арналған

домбыраның бұл түрі ел ішіне өте кен тараған. Тіпті қазақтың әр үйінде бар деп нық айтуға

болады. Ішегі екеу. 7 шанақшадан құрастырылған шанағы мен төрт, кейде алты қақпақшадан

жымдастырылған қақпағы және жіңішкелеу ұзын мойны домбыра-тенорға өзгеше тұрпат,

ерекше сән беріп тұрады.

Page 35: Аты - dar-uchitelya.rudar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/01/Ғылыми-жоба.pdfҒылыми жұмыстың негізгі мақсаты: Домбыра аспабының

Әлемнің көптеген еліне тараған ысып ойналатын саз аспабы

қобыздың өзін б.з. Х ғасырдан бері қолданыста болған деген

тұжырым айтылады. Сондықтан да қобызды ыспа аспаптардың

атасы деп атайды. Ал, шертпе аспаптардың ең көнесі және атасы

абыз домбыра екендігі ғылыми тұрғыдан дәлелденіп отыр деуге

негіз бар. Еуразияның қос құрлығында домбыра аспабы мол

тарағанын көрсететін тілдік дерек жеткілікті. Түркі тектес қазақта

– домбыра, қарақалпақ, ноғайда – домбыра, тувада – дамбыра,

қырғызда – дүңгір, түркіменде – тамдыра, өзбекте – тамбур, орыста

– домра, ауғанда – дамбура, иракта – тунбур, монғол тектес

халықтарда – домбыр, буряттарда – домбыр, қалмақтарда –

дүңгірмә. Бұл атаулардың осылай қалыптасуы – домбыра аспабы

еуразия халықтарының ортасына қаншалықты дәрежеде танымал

екендігін көрсетеді.

Page 36: Аты - dar-uchitelya.rudar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/01/Ғылыми-жоба.pdfҒылыми жұмыстың негізгі мақсаты: Домбыра аспабының

Домбыраны - ата дәстүрінің желісін үзбей

халқымыздың асыл мұрасы ретінде бағалап,

оларды көздің қарашығындай сақтап, ілгері

дамытып отыру өркенді де өнегелі іс.

Домбыра аспабын дәріптеп, мектептерде жаңа

пән ретінде енгізілсе , жас бүлдіршіндердің мектеп

қабырғасында ұлт мәдениетінің нәрімен

адамгершілік асыл қасиеттер үлгісін санаға

сіңіруіне жағдай жасалар еді деген тұжырымға

келдік.

Page 37: Аты - dar-uchitelya.rudar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/01/Ғылыми-жоба.pdfҒылыми жұмыстың негізгі мақсаты: Домбыра аспабының

Қара қылды қақ жарған домбыраның да алар жолы, таудай талабы мен

шабыттың шыңының жетелейтiнде осы домбыра. Өнерге ұмтылмай өрге баспасы

аңық, талаптының адам бойындағы асыл қасиеттердiң көзiн ашуыда осыған

байланысты, бойыңа өнердiң исi сiңiп, жан дүниең рухани бай болса ғана, елiңнiң

мәдениеттi, бiлiмдi өнерлi азаматы бола алатының анық.

Өнер бар жерде халық бар, домбыра да алар орыны ерекше, қазiргi заманға

сай домбыраның да эстрадаға қосу үрдiсi, күн өткен сайын молаюда, оның

орындалу репертуары да қалындай түсуде, оны дүние жүзi мойындауда,

теледидардан көрiп жүрген «Ұлытау тобы», Асылбек Еңсепов т. б. алсақ,

Құрманғазының «Адайын» тамаша орындайтынын көрiп тыңдап отырғанда

арқанды желпiндiруi анық. Домбыраның әлемдегi мойынсынуы қазақ үшiн

үлкен мәртебе.

Сөйткен, домбырамыз әр қазақ үйiнiң төрiнде тұрса мақтаныш емес пе.

Кейбiр кiсiлер бар, домбыраны тарта алмаймыз деп, төрге iлмейдi, оны бiл, бiлме,

ол мiндеттi емес, бұл қазақ екенсiң домбыра жоғарда тұруы тиiс, ол киелi, үйiңiзге

қонақ келсе де домбыра артық болмайды, өйткенi, қонақ аз отырып көп сынайды,

аспапты көрсе көңiлi хош болады, ол дегенiң ұлттың қаймағының белгiсi

болатыны айдан анық. Ахмет Байтұрсынұлы: «Ұлы туып ұлы жолда қызмет

етсе, онан зор ұлтқа бар ма ырыс» - деген? сөзді бекер айтпаса керек. Тәуекелдiң

кемесi суға кетпесiне шүбә жоқ, домбыра киесiн түсiрiп алмайық халайық!

Page 38: Аты - dar-uchitelya.rudar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/01/Ғылыми-жоба.pdfҒылыми жұмыстың негізгі мақсаты: Домбыра аспабының

Ұсыныстар:

1. Домбыра сыры жайлы ғылыми еңбектер

кітап болып басылып, көпшілікке ұсынылса;

2. Домбыра жайлы аңыздар кішкентай

көрермендеріне теледидарлардан көрсетілсе;

3. Ұлттық аспабымыз «Қазақтың қара

домбырасын» насихаттау жұмыстары

кеңінен жүргізіліп, әр үйдің төрінде ілулі

тұрса.

Page 39: Аты - dar-uchitelya.rudar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/01/Ғылыми-жоба.pdfҒылыми жұмыстың негізгі мақсаты: Домбыра аспабының

Қолданылған әдебиеттері: 1. Сарбаев Б. Қазақтың музыкалық аспаптары. Алматы, 1978 «

2. Жәнібеков Ө. Алтын домбыра /Қазақ әдебиеті. 1984, 6-қаңтар.

3. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа

саяси бағыты бағдарламасынан

4. "Жұлдыз" журналы, 1989, №5

5. Сартқожаұлы Қ. Ертеортағасырдан жеткен атадомбыра.// «Жалпы

тіл білімі және түркі тілдерінің өзекті мәселелері» Халықаралық ғылыми-

теориялық конференция материалдары. Астана «Астана полиграфия» АО

баспаханасы. 2010. 34-41 бб.

6. Қазақ ССР энциклопедиясы. IV том Алматы, 1979 ж.«Кітап»

баспасы.

7. Т. Жаубасова . Ән-күй аспаптары Алматы, «Алматыкітап»2001 ж.

8. Ж. Бектұров «Домбыра мұңы» Алматы «Өлке» 1998 ж.

9. Қазақ музыкасы: Антология, 5 томдық 2- том «Орта ғасырдағы

қазақ музыкасы» Алматы ; «Қазақпарат» -2005 жыл

Page 40: Аты - dar-uchitelya.rudar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2018/01/Ғылыми-жоба.pdfҒылыми жұмыстың негізгі мақсаты: Домбыра аспабының