16
Тақырыбы: «Залым ғалым атындағы қала» Мазмұны: І. Кіріспе …………………………………………………………………............... 1.1. Курчатов қаласы туралы мәлімет………………………………………......... ІІ. Негізгі бөлім………………………………………………………………......... 2.1. И.В. Курчатов кім? ………………………………………………………….... 2.2.И.В.Курчатов әкелген жаңалық........................................................................ 2.3. Семей қаласындағы Курчатов атындағы көше……………………………... ІІІ. Қорытынды …………………………………………………………............... ІV.Пайдаланған әдебиеттер…………………………………………………….... V.Қосымшалар.....................…………………………………………………….... Аннотация Бұл жұмыс ШҚО аумағындағы өткізілген ядролық сынақтың қалай келуі мен оған жетекшілік еткен ғалымның өмірі мен оның жоспарлаған жұмыстары, оның адам өміріне, табиғатқа әкеліп тигізген зардаптары туралы кең көлемде деректер келтіріле отырып зерттелінген. Оқушы өзіне таныс қаланың, көшенің атауларын ескере отырып, қазақ даласына ауыр сынақ алып келген залым ғалымның үлкен қалаға, көшеге аты берілуі дұрыс еместігі туралы тың материалдармен тақырып өзектілігі ашылған. Зерттеудің мақсаты: Қазақ даласына ауыр сынақ алып келген залым ғалымдардың аттары берілуі дұрыс еместігі туралы түсінік бере отырып, қазақ даласына қазақтан шыққан зиялы, ғалымдардың аттары берілуі керектігіне көз жеткізу. Қазақтың ғалымдарының өмірін насихаттау,ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Зерттеудің ғылыми болжамы: Ата-бабамыздан қалған даланы сақтай отырып, қазақ жеріндегі үлкен қала, көше, мәдениет үйлерін тек қазақша атаулармен беруді қолдау,әрі дамыту, ұлттық мәдениетіне тәрбиелеу. Зерттеудің негізгі кезеңдері:

Мазмұны: 2.3. Семей қаласындағы Курчатов атындағы көшеdar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2019/03/Кунслямова-ММ.pdf · бауырсаққа

  • Upload
    others

  • View
    18

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Тақырыбы: «Залым ғалым атындағы қала»

Мазмұны:

І. Кіріспе …………………………………………………………………...............

1.1. Курчатов қаласы туралы мәлімет……………………………………….........

ІІ. Негізгі бөлім……………………………………………………………….........

2.1. И.В. Курчатов кім? …………………………………………………………....

2.2.И.В.Курчатов әкелген жаңалық........................................................................

2.3. Семей қаласындағы Курчатов атындағы көше……………………………...

ІІІ. Қорытынды …………………………………………………………...............

ІV.Пайдаланған әдебиеттер……………………………………………………....

V.Қосымшалар.....................……………………………………………………....

Аннотация

Бұл жұмыс ШҚО аумағындағы өткізілген ядролық сынақтың қалай

келуі мен оған жетекшілік еткен ғалымның өмірі мен оның жоспарлаған

жұмыстары, оның адам өміріне, табиғатқа әкеліп тигізген зардаптары туралы

кең көлемде деректер келтіріле отырып зерттелінген. Оқушы өзіне таныс

қаланың, көшенің атауларын ескере отырып, қазақ даласына ауыр сынақ

алып келген залым ғалымның үлкен қалаға, көшеге аты берілуі дұрыс

еместігі туралы тың материалдармен тақырып өзектілігі ашылған.

Зерттеудің мақсаты: Қазақ даласына ауыр сынақ алып келген залым

ғалымдардың аттары берілуі дұрыс еместігі туралы түсінік бере отырып,

қазақ даласына қазақтан шыққан зиялы, ғалымдардың аттары берілуі

керектігіне көз жеткізу. Қазақтың ғалымдарының өмірін

насихаттау,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Ата-бабамыздан қалған даланы сақтай

отырып, қазақ жеріндегі үлкен қала, көше, мәдениет үйлерін тек қазақша

атаулармен беруді қолдау,әрі дамыту, ұлттық мәдениетіне тәрбиелеу.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

1.Бірінші кезең: И.В.Курчатов туралы, И.В. Курчатовтың қазақ жеріндегі

қалаға, көшеге атының берілуі туралы материал жинақтау, қосымша

материалдар көзін іздеу.

2. Екінші кезең: Жинақталған материалдарды қорыту, жүйелеу.

3.Үшінші кезең: Зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы нақты нәтижелер алу,

жинақталған материалдары дайындап ұсыну

Зерттеу әдістері: Жинау, талдау.

Алынған мәліметтер негізінде жасалған қорытынды:

Жұмысты орындау кезінде оқушы нанға,

бауырсаққа байланысты ырымдар туралы түсініктерін қалыптастыра

отырып, нанды қастерлеуге деген сезімі оянды. Бұл жоба салт-

дәстүр бойынша ұсыныстар дайындауға бағытталған.

Жинақтау – құрылымдық бөлімінде бауырсақтың құрамы, жасалу жолдары,

әртүрлі бауырсақ түрлерін пісіруге арнап жинақ кітапша шығару.

Алынған жұмыстың іс жүзінде қолданылуы:

— дүниетану, әдебиеттік оқу сабақтарында Невада-Семей қозғалысы,

Дегелеңдегі жарылыс, т.с.с тақырыптарын оқыту кезінде пайдаланады;

— Сыныптан тыс тәрбиелік іс-шараларға, тәрбие сағаттарға пайдалануға

болады.

І. Кіріспе бөлім

Курчатов қаласы - бұрынғы Семей сынақ

полигонының орталығы. Шығыс Қазақстан

облысының батысында орналасқан. Қала ауданы

– 11000 га. Әкімшілік орталығы – Курчатов

қаласы.

Курчатов қаласының құрамына Курчатов

қаласының өзі, Дегелен бекеті (2 км) және Молдары селосы (3-4км) кіреді.

Көрсетілген тұрғын пункттері ерікті емес, және есепке кірмейді. Курчатов

қаласы Павлодар облысының Ертіс өзенінің сол жағалауында құрғақ

агроклиматты зонада жазық бозалы-бетегелі дала кіші зонасына орналасқан.

Мұнда климат күрт континентті. Оған тән: көктем-жазғы мерзімде

құрғақшылық, жыл бойына атмосфералық жауын-шашынның мөлшері

жеткіліксіз әрі тұрақсыз, жыл бойына әсіресе көктем мезгілінде желді

болады, жазды жоғары, қыста төмен ауа температурасы тән

Қалада үш ескерткіш бар:

• Жеңіс ескерткіші

• Курчатовқа арналған ескерткіш

• Әскери құрылысшыларға арналған ескерткіш

1990 жылы қала халқа 200 мың адамды құрады. Курчатов

сынаушылардың бас лабораториялық-эксперименттік базасы болып саналды.

Қаланың тұрғын үй қоры 175056 кв.м, оның 69500 әскерилерге арналды.

Қалада грунталған қону жолымен аэродром, 10 тонналық сүт зауыты, 143

тонналық нан зауыты, тәулік бойы өнімдер, 1150 орындық 8 мектепке дейінгі

мекеме, 3000 орындық мектеп, 50 койкалы әскери госпиталь, дәрігерлік-

санитарлық бөлім, «Болшевичка» тігін фабрикасының филиалы, ұсақ

кәсіпорындар мен кооперативтердің бірқатары болды. Радиактивті

газадардың сынақтан соң жер бетіне тастау 1989 жылғы 19 ақпандағы ядроға

қарсы күшті қозғалыс «Невада- Семей» пайда болуына себеп болды.

2017 жылғы 1 қаңтар жағдайына қала халқы 12 277 адамды құрайды,

2016 жылмен салыстырғанда саны 190 адамға артты. 2017 жылдың басына

ұлттық құрамы: қазақтар -6740 адам (54,9 %), орыстар – 4922 адам (40,1 %),

татарлар – 176 адам (1,43 %), немістер – 163 адам (1,33 %), украиндар – 118

адам (0,96 %), беларустар – 28 адам (0,23 %), шешендер – 5 адам (0,04 %),

әзірбайжандықтар – 16 адам (0,15 %), корейлер – 16 адам (0,13 %), ұйғырлар

– 7 адам (0,07 %), өзбектер – 20 адам (0,16 %), басқа ұлттар – 62 адам

(0,50%).

Қазіргі таңда Курчатов қаласы халқының келесі типі құрылған: 0-14

жас – 19,8%, 15-49 жас – 58,6%, 50 жастан жоғары – 12,6%. 60 жастан

жоғары тұлғалар үлесі 9 %. Ерлер саны 47,9 %, әйелдер – 52,1 % құрайды.

2017 жылғы 1 қаңтар жағдайына қаланың экономикалық белсенді

халқы 7 310 адамды құрады, оның ішінде жұмыспен қамтылған – 6 908 адам,

жалдамалы жұмысшылар – 6 400 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 508

адам.

Курчатов қаласында қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру

мекемелерінен «Күншуақ» және «Журавушка» атты балабақшалар бар.

Сондай-ақ, қалада №1, 2, 3 жалпы орта білім беретін мектептер бар.

Курчатов қаласында спорттық-туристік бағытта жұмыс жасайтын

«Скала» аула клубы әрекет етуде, оның негізгі қызмет түрі Шығыс Қазақстан

аумағы бойынша велосапарларды ұйымдастыру, альпинизм, сонымен қатар

әскери іс. Клуб тәрбиеленушілері жыл ішінде облысымыздың аумағында

Едрей тауларына бірнеше тәулік барысында ұзақ қашықтықтарға велосипед

сапарларын жасайды.

ІІ.Негізгі бөлім

2.1. И.В. Курчатов кім?

Игорь Васильевич Курчатов – 1902 жылы

30 желтоқсанда Оңтүстік Уралдағы Сим зауыты

қаласында жер өлшеушінің отбасында дүниеге

келген. 1912 жылы оның отбасы Крым қаласына

көшті. 1920 жылы Игорь Таврия университетінің

физика-математика факультетіне оқуға түсті. Ол

университетте көптеген мықты ғалым мұғалімдер

істегендіктен Курчатовтың білімін жан-жақты

жетілдіре түсуіне үлкен мүмкіндік болды. Ол

дипломын қорғап, оқуын аяқтаған соң Баку

қаласына барып, сол жақта жұмыс істей бастады.

Ол Әзірбайжан политехникалық институында физика кафедрасының

ассистенті болып жұмыс істеді. Оған өзінің жұмысы ұнады. 1925 жылы ол

Петроград қаласына жұмыс барысымен ауысып, сол жерде академик Иоффе

Физика-техникалық институтында 1-ші разрядты ғылыми қызметкер болып

жұмыс атқарды.

Жиырмасыншы жылдардың аяғында Курчатов диэлектриктер

физикасымен белсенді түрде айналыса бастады. Оның бұл жұмысы

сегнеэлектрика саласын өте үлкен үлес қосты. Оның жақын достарының

айтқан естеліктері бойынша ол пікір таластырғанды жақсы көріпті. Сондай-

ақ, есте сақтау қабілеті өте жоғары және әзілдескенді өте жақсы көрген екен.

Совет одағының физигі, атом бомбасының «әкесі» деуге болады. Атом-

энергия институтының негізін салушы, алғашқы директоры болған.

Өкінішке орай И.В.Курчатов арылмас науқастыққа шалынды. 1960

жылы 7 ақпанда академик Харитонның шипажайында көз жұмды.

И.В. Курчатовтың атқарған жұмыстарын Кеңес үкіметі жоғары

бағалады. Ол – үш мәрте Социалистік еңбек Ері (1949, 1951, 1954), Ленин

сыйлығының лауреаты (1957), төрт мәрте Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

(1942, 1949, 1951, 1954).

2.2. И.В.Курчатов әкелген жаңалық.

Ядролық зерттеу полигонын құру туралы шешім ССРО Министрлер

Кеңесінің және КОКП Орталық комитетімен 1947 жылы 21 тамызда

қабылданды.Полигон «Оқу полигоны» ауызша аталды, шифр әскери бөлім

52605. Полигонның қалыптасуы Москва облысының Звенигород қаласында

басталды. Алғашқы әскери бөлімдер мен жеке бөлімшелер 1947 жылғы 1

маусымнан бастап Павлодар облысының Майский ауданының Молдары

поселкесіне қоныс аудара бастады. Полигон Қазақстан Республикасының

Семей, Павлодар, Қарағанды облыстарының аумақтарында орналасқан.

Аталған облыстардың тәртібіне 54%, 39% және 37% полигон аумағы тиіс

келген. Полигон сынақтарына дайындық жұмыстары 1949 жылғы шілде

айында аяқталды. Сол жылдың 29 тамыз айында ССРО-да алғаш ядролық

құрылғының сынағы өткізілді. Сынаққа тікелей ғылыми жетекшілік И.В.

Курчатов атқарды. 1953 жылғы 12 тамызда полигонда алғаш термоядролық

құрылғы, 1955 жылы 22 қарашада – сутегі бомбасы сыналды. Ядролық

сынақтар ядролық жарылыс құрылғылары және қарулардың үлгілерін сынау

мақсатында өткізілді. Кейіннен халық-шаруашылық мақсатта өткізілді.

Полигон күрделі ғылыми-зерттеу кешені болып саналды. Құрылымы

жағынан ол базалық Курчатов қаласынан тұрды.

Сынақ алаңдары құрылысымен қатар сынақ алаңынан 130 км Семей

қаласынан батысқа қарай орналасқан тұрғын әкімшілік орталық салына

бастады. Алғашқыда тұрғын қалашық әскери гарнизон қызмет істеді, Семей-

Конечная бекеті теміржол магистралі құрылысының аяқталуынан соң

айрықша құпиялылығына байланысты «Москва-400» атауына ие

болды. Өткен ғасырдың 60-шы жылдары қалаға КССРО-ны ядролық қаруға

ие қылған, елімізде ең алғаш атом бомбасы мен сутегі атом бомбасын

сынаған ғалым И.В. Курчатовтың атын берді.

Қаланың тарихы ядролық қару базасының құрылу тарихымен

ажырамас байланыста.

Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей

маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы

сынақтан азап шекті.

1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың

зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы

1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-

қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім

құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі

қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына

қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді.

Басқа ядролық державалармен салыстырғанда, Қазақстан аумағында

қиратқыш әлуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болды.

Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес

Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық

объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл

қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай

тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге

мүмкіндік беретін.

Қазақстан стратегиялық қару-жарақ пен оны жеткізу құралдары

орналастырылған жай ғана орын болған жоқ. Біздің елде жайласқан сұмдық

әскери-техникалық әлует қуаты жағынан тұтас бір индустрия, өзіндік бір

«мемлекет ішіндегі мемлекет» еді.

КСРО-ның ыдырауы нәтижесінде Қазақстан толық әскери ядролық

циклды: ядролық қаруды сынау, жаңғырту және өндіру циклын жүзеге

асыру мүмкіндігі алды.

Сол ядролық сынақ полигондарының бірі – Семей полигоны Кеңес

Одағының аса маңызды стратегиялық объектісі болды.

Осынау полигонның кемел инфрақұрылымы: Курчатов қаласын (Семей

– 21), реакторлар кешенін, «Балапан», «Г» (Дегелеңдегі сейсмокешен), «Ш»

(«Тәжірибелік алаң» дейтін) сынақ алаңдарын, толып жатқан басқа да ұсақ

тәжірибелік алаңдарды қамтиды.

Семей ядролық полигонның осынау тәжірибелік алаңдарында 456

ядролық жарылыс жасалды. Осынау сынақтар атом қаруының қиратқыш

қаруын айтарлықтай арттыруға ғана емес, оның жаңа түрлерін де жасауға

мүмкіндік берді.

Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық

елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып

жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары

радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы

ескертілмеген де еді.

Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана

ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу

аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне,

орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін

адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды.

Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып

жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Кейінірек сынақ алдында

уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып

орала бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап

кеткен қабырғаларды көрді.

Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы

шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең

ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды.

Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров

басқарды.Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір

жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі – иондалатын радиацияның

ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі.

1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және

Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған

басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп

келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы,

лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы

алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті.

Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі

ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше

көп келеді.Мамандардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және

қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен

байланысты.

Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл

радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады.

Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа

металдар әрттүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді.

2.3. Семей қаласындағы Курчатов атындағы көше

Қазіргі таңда біздің қаламызда да аты залым ғалымның атындағы

көшеде бар. Ол көше қаламыздың солтүстік –шығыс бөлігіне орналасқан.

1912-1964 жылдар аралығында бұл көше Крайная көшесімен аталса, 1964

жылдың желтоқсанынан бастап, Курчатов көшесі деп аталады. Аталған

көшенің тұрғындары көп жылдар бойы сол көшеде тұратындықтан, көшенің

осылай аталуына үйренісіп кеткен екен. Тек біздің қойған сауалдарымыздан

кейін ғана, бұл ойланатын дүние екендігін айтып жатқандар бар.

ІІІ. Қорытынды

Курчатов қаласының қазіргі әл-ауқаты жаман емес. Қаланың

экономикалық әлеуетін толық іске асырып, жер асты қазба байлықтарын

дұрыс пайдалана білсе, бұл өлке әлі-ақ гүлденіп кететін болады.

Семей ядролық полигон территориясының 95 пайызын ауыл

шаруашылығына пайдалануға беруге болатынын Ұлттық ядролық орталық

мамандары көптеген жылдар бойғы зерттеу нәтижелеріне орай көз жеткізді.

Ал қалған 5 пайыз жер ол тікелей ядролық сынақ жасалған жерлер.

Ондай аумақтарды пайдалануға мүлде болмайды деп саналады. Қазіргі

уақытта бұрынғы сынақ алаңында болған жерлердің зерттеліп, тексеруден

өткен бөліктері халықтың өтініші бойынша ауыл шаруашылығы үшін

пайдалануға беріліп жатыр. Негізінен мал шаруашылығымен айналысатын

қожалықтар – Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы мен Семей

қаласының және Павлодар облысы Май ауданының шаруа қожалықтары .

Сонымен қоса болашақта АЭС құрылысы бойынша қала

тұрғындарының азаматтық мәселесі де ойландырады. Мысалы, Байқоңырда

орын алған жағдайлардан баршамыз хабардармыз. Ғарыш айлағындағы

тұрғындардың конституциялық құқығы қаншама рет бұзылды. Ресей

Байқоңыр ғарыш айлағын жалға алды. Курчатовта стратегиялық нысан

салып, оны бірлесіп игеретін болса, Байқоңырдың кебін киуіміз әбден мүмкін

екенін де жоққа шығаруға болмайды.

Басқа-басқа адамзат баласына орасан зор қауіп төндірген, қазақтың

жері мен еліне өлшеусіз қасірет әкелген ғалымның атын алған қаланың

атауын өзгертеуді кешіктірмеу керек. Әрине ол Кеңестер Одағы кезінде

ғылымға өлшеусіз үлес қосты деп есептелді. Бірақ ол ашқан жаңалық

адамзатты қырып-жоюға арналған еді. Сол үшін барлық мемлекеттік

силықтар мен атақтарды алып, барлық жағдайы жасалды. Кеңес Одағының

саяси басшылары елді өркендетудің орнына жаппай қырып жоятын қаруды

иеленудің жолында барын салды. Осы жолда халықтың байлығы мен өмірін

де аяған жоқ. Ақыры өздерінің түбіне жетіп тынды.

Семей полигоны арқылы қазақ халқын сынақтың нысанына

айналдырды. 40 жыл бойғы сынақтар кезінде жүздеген мың адам радияция

салдарынан ауруға ұшырап, көз жұмды. Жас сәбилер өмір есігін аша салып

шетінеп кетті. Өз-өзіне қол жұмсап жатқандар осы күнге дейін тиылар емес.

Экологияға келген зиянда өлшеу жоқ. Еуразия құрлығының кіндігі

орналасқан Дегелең сынды Сарыарқаның шоқтықты да қастерлі бір тауын

күлге айналдырды.

Бүгінгі егемен ел ретінде қазаққа өлшеусіз қасірет әкелген залым

ғалымның атын жерімізден, халықтың санасынан мүлде өшіру керек.

Техника және философия ғылымдарының кандидаты, абайтанушы, Асан

Омаров былай деген екен: - Ғалым ретінде айтарым, Курчатовтың ғылыми

тұрғыдағы еңбегінің бар екені рас. Бірақ ол қазақтың қаншама ұрпағының

азап тартуына әкеліп соққан Семей полигонының негізгі ұйымдастырушысы

екендігін ұмытпауымыз керек. Өз басым оны Сахаров, Харитон секілді кеңес

ғалымдарының қатарына қоя алмаймын. Курчатов ядролық атом

бомбасының күш-қуаты қаншалықты болатынын жақсы білген шығар, бірақ

оның жүздеген мың ұрпақтардың қатерлі ісік ауруларына ұшырап, өмірден

мезгілсіз өтуіне салғырт қарағанын қалайша жоққа шығара аламыз?

Курчатовтың басты кінәсі осында. Ол - полигон ошағындағы жергілікті

тұрғындардың денсаулығына орасан зор зияны тиетінін, қаншама адамның

қырылатынын біле тұра, қауіпсіздік шараларын қарастыру керектігі жөнінде

әскери қолбасшылардың бірде-біреуін хабардар етпеген адам.

Осы орайда біз Курчатов қаласына барып 40-50 шақты адамдармен

сұхбаттасып, сауалнама алған едік. Қазіргі қала тұрғындары да осы пікірмен

толық келіседі. Қалаға қазақтан шыққан ата-бабаларымыздың аты берілсе

дейді. Себебі Курчатов қала атына ие болтаныдай қазақ даласына Ыбырай,

Абай, Ахмет, Әлихандар сияқты білім, ғылым сәулесін емес, бүкіл аймаққа

өшпес, айықпас дерт әкелген. Осының негізінде оқушылар Курчатов

қаласының тұрғындары арасында сауалнама жүргізді.

ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ КҮНДІЛІГІ

Зерттеу тақырыбы: «Залым ғалым атындағы қала»

№ Мерзімі Жұмыс

мазмұны

Зерттеу

әдәстері

Ескерту

1 Курчатов

қаласымен танысу

Қалаға

саяхат

2 И.В.Курчатов

тың өмірімен

танысу

Оқулық,мәлі

мет жинақтау,

баяндама

дайындау, бақылау

Баяндама

жасау әдісімен

танысу

3 1 тәжірибе Бақылау,

оқулық, күнделік

бақылау

дәптерімен жұмыс

Қалаға

Курчатов атауы

не үшін

берліді?

4 2 тәжірибе Бақылау,

оқулық, күнделік

бақылау

Қазіргі

таңда Курчатов

атындағы

дәптерімен жұмыс қандай

нысандар бар?

САУАЛНАМА

1. И.В. Курчатов кім?

2. И.В. Курчатовтың қандай еңбегін білесіз?

3. И.В. Курчатов қаласында тұрған сізге ұнай ма?

4. И.В. Курчатов атауымен қаланың аталғаны дұрыс деп есептейсіз бе?

5. Қаланың Курчатов атауын өзгертуді қолдайсыз ба?

Сауалнама қорытындысы

№ Сұрақ + -

1 И.В. Курчатов кім? 43 7

2 И.В. Курчатовтың қандай еңбегін

білесіз?

43 7

3 И.В. Курчатов қаласында тұрған

сізге ұнай ма?

50 -

4 И.В. Курчатов атауымен қаланың

аталғаны дұрыс деп есептейсіз бе?

2 48

5 Қаланың Курчатов атауын өзгертуді

қолдайсыз ба?

50 -

1 2 3 4 5

иә 86 86 100 96 100

жоқ 14 14 4

иә; 1; 86 иә; 2; 86

иә; 3; 100 иә; 4; 96

иә; 5; 100

жоқ; 1; 14 жоқ; 2; 14 жоқ; 3; 0 жоқ; 4; 4 жоқ; 5; 0

иә

жоқ

IY. ҚОРЫТЫНДЫ

Мектепте бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлға ретінде

өздігінен дамуы мен тәрбиесіне және оқу жұмысын мұғалім, оқушылар мен

ата- аналардың ынтымақтастығы, гуманизациялау принциптері негізінде

ұйымдастыруға ерекше мән беріліп отырған қазіргі кезеңде бағалаудың рөлі,

қызметтік түбегелі өзгеріп, ол тәрбиелеуші, дамытушы, бақылаушы және

басқарушы қызмет атқаруы тиіс.

Бұл технологияны қолдану жүйесінде қамтамасыз ететіндей

мүмкіндіктер мол. Себебі бұл жүйеде:

- тәжірибе жүргізу барысында күнделікті бақылап бағалауды және

мұның барысында байқалған өзгерістерді оқушылар күнделіктеріне белгілеп

отырады және бұл жұмыс бастауыш сыныптан басталуы тиіс;

- мұғалім тарапынан жүргізілетін жұмыс оқушыларға оқу нәтижесінде

бақылап бағалаудың дағдысын қалыптастырады;

- бүкіл бақылау – бағалау үрдісі әрі оқушыда өзінің және сыныптас

жолдастарының оқу нәтижесіне деген жоғарғы жауапкершілік сезімін

тәрбиелейді.

- ғылыми зерттеу- ізденушілік жұмысын жүргізу барысында ата-

аналар өз тараптарынан көмек көрсете білді

Ғылыми зерттеу- ізденушілік жұмыстарын қолданудың түпкі

мақсатының бірі оқушыларда жинақтаған материалды , өткізілген

тәжірибелерді талдап, одан қорытынды шығару, мәнді- мәнсіздерін

ажырату, бақылаған өзгерістерге қорытынды жасай отырып, аймақтық

компонентпен байланыстырып логикалық, ғылыми, практикалық әдістері

мен тәсілдері анық көрінеді.

Ғылыми зерттеу- ізденушілік жұмыстарындағы ең басты нәрсе –

дүниетану сабағы барысында және сабақтан тыс уақытта оқушылардың жоба

жұмыстарын ұйымдастыру тәжірбиесін талдау, оның тиімділігін анықтау.

Ғылыми зерттеу- ізденушілік жұмыстарында мұғаліммен бірге

оқушыларда ғылыми жобаға жан-жақты дайындалуына және оны табысты

өткізуіне, шығармашылық ізденісіне жол сілтеуге және дүниетану сабағы

бойынша шеберлігін шыңдай түсуіне өзіндік үлес қосады. Аталған сабақ

бойынша жүргізілген зерттеу жұмысының сапасы мен тиімділігі оның

мақсаты мен нәтижесінің сәйкестігі бойынша анықталуы тиіс. Сабақ

барысында мұғалімнің және оқушының іс-әрекетткерінің жиынтығы

әрдайым белгілі нәтижеге жетуге қандай жолмен, қандай әдіс-тәсілдер және

жұмысты ұйымдастыру арқылы жетудің мүмкіндігі мұғалімнің теориялық

және практикалық білім деңгейіне, шеберлігіне, шығармашылық ізденісіне

тәуелді түрліше көшілетін мәселе.

V.ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. ҚР 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы. Астана,

2005 жыл

2. Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы. 2007, наурыз

3. «12 жылдық білім» Республикалық ғылыми - әдістемелік және

ақпараттық – сараптамалық журнал 2006, № 4

4. Бабанский Ю.К.. Методы обучения в современной общеобра-

зовательной школе. - Москва: Просвещение, 1985. - 208 с.

5. Жексенбаева Ү.Б. «Зерттеушілік оқыту технологиясы» (Бастауыш

мектепке)

6. Жексенбаева Ү.Б. «Организация научно-исследовательской

деятельности школы»

7. Жексенбаева Ү.Б. «Мен зерттеуге үйренемін дәптері».

8.М.Жұмабаев. Педагогика. - Алматы: Анатілі, 1992. -160 б.

9. Г.Қ.Нұрғалиева. Педагогиканық логикалық-құрылымдық курсы, -

Алматы, 1996.

10. Кенжеғұлова А. Жаңа тақырыпты материалдандырылған әрекет

түрі бойынша меңгерту. /А.Кенжеғұлова. //Бастауыш мектеп.- 2001.- №4.- 14

б.

11Кириллова Г.Д. Теория и практика урока в условиях развивающего

обучения. /Г.Д.Кириллова.-М.: Просвещение, 1990.- 159 с.

12. Лернер И.Я. Проблемное обучение. /И.Я.Лернер.-М.: Знание, 1974.

13.М.И. Теория и практика проблемного обучения. /М.И.Махмутов.-

Казань, 1972.- 72 с.

14.Муштакова М.З. Система развивающего обучения глазами завуча.

/М.З.Муштакова. //Начальная школа.- 1997.-№6.- 12 с.

15. Қасенбаева Л. Тиімді әдіспен./Л.Қасенбаева.//Бастауыш мектеп.-

1998.-№3.-30-31 б.

16. Занков Л.В. Дидактика и жизнь. /Л.В.Занков.- М.:Просвещение,

1968.- 176 с.

17. Занков Л.В. Беседы с учителями. /Л.В.Занков.-М.: Просвещение,

1970.-200 с.

18. Қ. М. Нағымжанова, Н.М. Нұрғазиева «Бастауыш білім берудегі

жаңа технолгиялары» Медия-Альянс 2005ж.

19. «Бастауыш мектеп» 2006ж. №3, 2010ж.№2

20. «Мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыс» Алматы 2003ж