28
2-БӨЛІМ. ДӘРІСТІК КЕШЕН 1-модуль. Компьютерлік графика Глоссарий (анықтама, сөздік); Түзу - векторлық графикадағы элементерлық объекті. Линиатура - Растр торының жиілігі дюймдегі (lpi) сызықтар санымен өлшенеді. RGB - RGB түстік моделі. Бұл моделде мониторлар және телевизорлар жұмыс жасайды. Үш компоненттен тұрады (қызыл, жасыл және көк). CMYK - CMYK түстік моделі. Бұл моделді экрандық емес, басып шығаратын суреттерді жасау кезінде қолданады Төрт компоненттен тұрады (ақ, қызыл, жасыл және көк). HSB - HSB түстік моделі. Кейбір графикалық редакторлар HSB түстік моделімен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. RGB моделі – компьютерге, CMYK моделі – типографияға ыңғыйлы болса, HSB моделі – адамға ыңғайлы. Ол қарапайым және түсінікті. HSB моделінде үш компонент бар( түстің өңі, түстің қоюлығы, түстің ашықтығы). BMP(BitMap) – Microsoft корпорациясымен жасалған Windows жүйесінде қолдануға негізделген растрлық формат. PCX – PC Paint Brush, бағдарламасына арналып Zsoft фирмасымен жасалған растрлық форматтарының алғашқыларының бірі. TIFF-(Tagged Image File Format) – Сканерленген суреттерді сақтау үшін Aldus фирмасымен арнайы жасалған. 27

комп графика лекция.doc

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: комп графика лекция.doc

2-БӨЛІМ. ДӘРІСТІК КЕШЕН

1-модуль. Компьютерлік графика

Глоссарий (анықтама, сөздік);

Түзу - векторлық графикадағы элементерлық объекті.

Линиатура - Растр торының жиілігі дюймдегі (lpi) сызықтар санымен

өлшенеді.

RGB - RGB түстік моделі. Бұл моделде мониторлар және телевизорлар жұмыс

жасайды. Үш компоненттен тұрады (қызыл, жасыл және көк).

CMYK - CMYK түстік моделі. Бұл моделді экрандық емес, басып шығаратын

суреттерді жасау кезінде қолданады Төрт компоненттен тұрады (ақ, қызыл,

жасыл және көк).

HSB - HSB түстік моделі. Кейбір графикалық редакторлар HSB түстік

моделімен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. RGB моделі – компьютерге,

CMYK моделі – типографияға ыңғыйлы болса, HSB моделі – адамға ыңғайлы.

Ол қарапайым және түсінікті. HSB моделінде үш компонент бар( түстің өңі,

түстің қоюлығы, түстің ашықтығы).

BMP(BitMap) – Microsoft корпорациясымен жасалған Windows жүйесінде

қолдануға негізделген растрлық формат.

PCX – PC Paint Brush, бағдарламасына арналып Zsoft фирмасымен жасалған

растрлық форматтарының алғашқыларының бірі.

TIFF-(Tagged Image File Format) – Сканерленген суреттерді сақтау үшін Aldus

фирмасымен арнайы жасалған.

PSD- Adobe PhotoShop бағдарламасының өзінің форматы.

JPEG(Join Photographic Expert Group) – бұл форматта алғаш рет суреттің

сапасын кемітіп сығу принципі жүзеге асты. Ол суреттегі адамның көзіне

көрінбейтін (немесе нашар көрінетін) бөліктерді өшіріп тастауға негізделеді.

CIF(Graphic Interchange Format) – CompuServer (бүгінгі America Online

бөлімшесі) фирмасымен аумақтық желілерде растрлық суретті жіберу үшін

арнайы жасалған.

27

Page 2: комп графика лекция.doc

CDR –CorelDraw иллюстрияциялық программасының форматы болып

табылады, бірақ кезектегі версия программасына өзгертулер енгізіледі.

PDF (Portable Document Format)- әмбебап формат Adobe System фирмасында

электрондық дакументті тарату үшін жасалған.

DCS( Desktop Color Separations ) Quark Inc компаниясы шығарған. әлемге

әйгілі Xpress баспа жүйесінің жұмысы.

Дәріс -1. Компьютерлік графика ұғымы

Дәрістің мақсаты: Компьютерлік графиканың негізгі ұғымдарын қарастыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1 Компъютерлік графика түсінігі.

2 Даму кезеңдері.

3 Қолданылу аймақтары.

Дәрістің тезисі: Бағдарламалық аппараттық есептеуіш комплекстер көмегімен

суреттерді жөндеу, жасау құралдарын, әдістерін зерттейтін бөлімді–

компьютерлік графика деп атаймыз. Оған адам көре алатын монитор

экранындағы немесе сыртқы тасушыдағы (қағаз, кинопленка, мата т.б)

көшірмелер ретіндегі адам көзбен көре алатын суреттердің барлық формалары

кіреді.

Векторлық беине көлемді еи\мес жадыдан орын алады.

Векторлық бейненің сапасын жоғалтпай жеңіл түрде масштабтауға және

басқасын қозғамай кез келген элементін жөндеуге болады.

Кемшіліктері:

Бейнені фотографикалық сапада ала алмайды.

Кейбір кездері қағазға басылмайды немесе қағазда онша емес болып

бейнеленіледі.

Нүктелерден тұратын растрлық суреттер үшін ұзындық бірлігіне келетін

нүктелер санын білдіретін рұқсат ету түсінігі маңызды болып табылады.

Онда:

Түп нұсқалыққа рұқсат ету

28

Page 3: комп графика лекция.doc

Экрандық суретке рұқсат ету

Баспа суретке рұқсат ету

Әр түрлі форматтағы растрлық, векторлық графика әр түрлі әдіспен

сақталады.Суреттің өлшемі жеке жазба ретінде сақталады, ал суреттің

барлық видео пикселдерінің түсі бір үлкен деректер блокы ретінде

сақталады.

Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:

1. Компьютерлік графика деген не?

2. Инженерлік графика деген қандай графика? Айырмашылықтары қандай?

Әдебиеттер: 1,2,6.

Дәріс -2. Компьютерлік графика түрлері

Дәрістің мақсаты: Компьютерлік графиканың түрлерін қарастыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1 Компъютерлік графика түрлері.

2 Векторлық, растрлық, фрактальді графика.

3 Графикалық файлдардың форматтары. Графиктік бейнелерді сақтау

форматы.

Дәрістің тезисі:

Компьютерлік графиканың классификациясы. Суретті форматтау

әдісіне байланысты компьютерлік графика растрлық, векторлық, фракталдық

деп бөлінеді.

Растрық графика – суретті компьютерде нүктелер (пикселдер) жиыны

ретінде көрсету форматы. Осындай суреттерге мысалға, сканерленген суреттер

және сызбалар жатады.

Растрлық графика бағдарламалары: Paint, Fractal Design Painter, Corel

Photo Paint, Adobe Photo Shop.

Артықшылықтары:

29

Page 4: комп графика лекция.doc

Пикселдер өлшемі кішкене болған кезде растрлық сурет жай суреттен

кем көрінбейді.

Растрлық суреттер принтрмен оңай шығарылады.

Кемшіліктері:

Растрлық суреттерді сақтау үшін жадының көп көлемі қажет.

Растрлық суреттердің масштабталу мүмкіндіктері шектеулі, мысалы

айландыру және басқадай ауыстырулар.

Векторлық графика – Сурет қарапайым геометриялық фигураларға

жіктеледі- квадрат, дөңгелек, эллипс, түзу, және қисық сызық т.б.

Векторлық грапиканың программалары:CorelDraw, Adobe Illustrator

Артықшылықтары

Векторлық беине көлемді еи\мес жадыдан орын алады.

Векторлық бейненің сапасын жоғалтпай жеңіл түрде масштабтауға және

басқасын қозғамай кез келген элементін жөндеуге болады.

Кемшіліктері:

Бейнені фотографикалық сапада ала алмайды.

Кейбір кездері қағазға басылмайды немесе қағазда онша емес болып

бейнеленіледі.

Фрактальдық графика - Виртуалдық кеңістікте обьектілердің

көлемді модельдерін құру әдістерін зерттейтін үш өлшемді (3D) графика

жеке пән болып саналады.

Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:

1. Графиканың түрлерін атап беру

2. Айырмашылықтарын атап беру

Әдебиеттер: 1,2,6.

Дәріс -3. Компъютерлік графикада түстермен жұмыс істеу әдістері

Дәрістің мақсаты: Түс үлгілерін оқып үйрену.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1 Түс ұғымы.

30

Page 5: комп графика лекция.doc

2 Түс палитралары.

3 Түсті басқару жүйелері.

Дәрістің тезисі: Суреттің көріну әсерін күшейту және ондағы ақпараттың

көлемін жоғарлату құралы ретінде түс компьютерлік графикада өте маңызды.

Сәулелі немесе бейнелейтін обьектілерден көзге түскен жарықты талдау

нәтежесінде адамның миында түсті сезу қалыптасады. Түсті сезгіш жүйкелер,

әр қайсысы бір ғана түсті қабылдайтын – қызыл, жасыл немесе көк, үш топқа

бөлінеді деп есептелінеді. Қай топтың болсада жұмысының бұзылуы

дальтонизм – түсті теріс қабылдау, пайда болуына әкеледі.

Түстің тобы, үш <<таза >> түстердің (қызыл, жасыл, көк) және олардың

туындыларының (ағылшын тілді әдебиетте RGB – Red, Green, Blue

аббревиатурасын қолданады) сәулеленуі қалыптасады.

RGB түстік моделі. RGB моделі түсінуде өте қарапайым. Бұл моделде

мониторлар және телевизорлар жұмыс жасайды. Қандай болсын өң үшін

негізгі компоненттен тұрады деп есептелінеді: қызылдан, жасылдан және

көктен.

CMYK түстік моделі. Бұл моделді экрандық емес, басып шығаратын

суреттерді жасау кезінде қолданады. Олар өтпелі емес бейнеленген жарықта

көрінетіндігі мен ерекшеленеді. Қағазға бояу қаншалықты көп салынас,

соншалықты

HSB түстік моделі. Кейбір графикалық редакторлар HSB түстік

моделімен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. RGB моделі – компьютерге,

CMYK моделі – типографияға ыңғыйлы болса, HSB моделі – адамға ыңғайлы.

Ол қарапайым және түсінікті. HSB моделінде үш компонент бар: түстің өңі,

түстің қоюлығы, түстің ашықтығы. Бұл үш компонентті басқара отырып

қалған екі моделмен жұмыс жасағандағыдай көп түс алуға болады.

Түстік палитра – бұл түс қандай кодпен кодталғаны туралы ақпарат

сақталатын деректер кестесі. Бұл кесте графикалық файлмен қатар жасалады

және сақталады

31

Page 6: комп графика лекция.doc

Компьютер үшін түстік кодтаудың ең ыңғайлы әдісі – 24 разрядты True

Color. Бұл режімде түстік құрауыштарын R (Қызылды), G (Жасылды), B

(Көкті) кодтауға бір байттан бөледі. Әр құрауыштың ашықтығы 0 – 255 ке

дейінгі санмен анықталады және 16,5 миллион түстің қайсы бірі болсын

компьютер 3 код бойынша шығарады. Бұл жағдайда түстік палитра қажет

емес. Себебі 3 байттың ішінде пикселдің өңі туралы жеткілікті дерек

сақталады.

Түстерді сәйкестіру үшін компьютерлік графиканың жөндеу

қадамдарында түстерді басқару жүйесі қолданылады. (Color Management

System – CMS).Бұндай жүйелерде түстік деректермен алмасу кезінде барлық

құрылғыларға қажетті обьективті параметрлер жиыны бар.

Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:

Қорғауға берілген реферат тақырыптары:

1. Түсті сипаттау әдістері

2. Грассман заңы

3. Гетенің табиғи түстер шеңбері

Әдебиеттер: 4,7

Дәріс -4. Графикалық редакторлар. Графикалық кескіндерді сақтау

форматтары

Дәрістің мақсаты: Компьютерлік графиканың негізгі ұғымдарын қарастыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1 Графикалық редактордың интерфейсі және жұмыс істеу режимі.

2 Графикалық кескіндерді сақтау форматтары

Дәрістің тезисі:

Әр түрлі форматтағы растрлық, векторлық графика әр түрлі әдіспен

сақталады. Суреттің өлшемі жеке жазба ретінде сақталады, ал суреттің барлық

видео пикселдерінің түсі бір үлкен деректер блокы ретінде сақталады.

Ең жиі кездесетін графикалық кескіндерді сақтау форматтары:

32

Page 7: комп графика лекция.doc

BMP(BitMap) – Microsoft корпорациясымен жасалған Windows жүйесінде

қолдануға негізделген растрлық формат.

PCX – PC Paint Brush, бағдарламасына арналып Zsoft фирмасымен жасалған

растрлық форматтарының алғашқыларының бірі.

TIFF-(Tagged Image File Format) – Сканерленген суреттерді сақтау үшін Aldus

фирмасымен арнайы жасалған.

PSD- Adobe PhotoShop бағдарламасының өзінің форматы.

JPEG(Join Photographic Expert Group) – бұл форматта алғаш рет суреттің

сапасын кемітіп сығу принципі жүзеге асты. Ол суреттегі адамның көзіне

көрінбейтін (немесе нашар көрінетін) бөліктерді өшіріп тастауға негізделеді.

CIF(Graphic Interchange Format) – CompuServer (бүгінгі America Online

бөлімшесі) фирмасымен аумақтық желілерде растрлық суретті жіберу үшін

арнайы жасалған.

CDR –CorelDraw иллюстрияциялық программасының форматы болып

табылады, бірақ кезектегі версия программасына өзгертулер енгізіледі.

PDF (Portable Document Format)- әмбебап формат Adobe System фирмасында

электрондық дакументті тарату үшін жасалған.

Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:

1. Компьютелік графиканың кескіндерін сақтаудың қандай форматтары

бар?

2. Айырмашылықтарын атап беру

Әдебиеттер: 1,2,6.

Дәріс - 5,6,7. Векторлық графиканың негізгі ұғымдары. Векторлық

графикамен жұмыс істеу программалары. Corel Draw бағдарламасы

жайлы түсінік

Дәрістің мақсаты: CorelDraw бағдарламасының ерекшеліктерін студенттерге

таныстыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1 CorelDraw бағдарламасына түсінік.

33

Page 8: комп графика лекция.doc

2 CorelDraw бағдарламасының артықшылықтары.

3 CorelDraw бағдарламасын пайдалану ортасы.

Дәрістің тезисі: Corel Draw суреттік графика жұмысына арналған

интеграцияланған объектілі – бағытталған бағдарламалар пакетін құрайды.

«Біріккен кешен» ұғымын былай түсінуге болады. Corel Draw 9 әр түрлі

көптеген міндеттерді шешуге бағытталған бағдарламалардың кешенін

құрайды. Бірігуін мына мағынада түсіну керек: бұған кіретін бағдарламалар

мәліметтермен жеңіл алмаса немесе әр түрлі әрекеттерді сол және басқа да

мәліметтермен бірізділікпен орындай алады.

Біздің дәрістер курсымыз Corel Draw суреттерді дайындау

бағдарламасы-қуатты пакеттің бір ғана құрылымына арналған.

Суретті графика машиналық графиканың қолданбалы тармағын

құрайды. Суретті графика аймағына суреттер, жарнамалық хабарламалар,

қыстырмалар және т.б көркем өнімдер деп атауға болатындардың бәрі жатады.

Суретті графиканың объектілері басқа қолданбалы объектілерден өзінің

алғашқылығы мен ерекшеленеді – олар суретшінің немесе дизайнердің

қатысуынсыз автоматты түрде кейбір бастапқы мәліметтермен құрыла

алмайды. Олардан айырмашылығы диаграммалар (іскерлік графика), сызбалар

(инженерлік графика), функцияның графикасы (ғылыми графика) сияқты

графикалық тәсілін ұсынады.

«Объектілі-бағытталған» терминін мына мағынада түсіну керек,

бейнені құру және өзгерту үрдісінде орындалатын барлық операцияларды,

қолданушы бейненің семантикалық-жүктелген элементтер-объектілермен

жүргізеді.

Екінші ерекшелігі мынада: объектілердің әр стандартты кластарына

сәйкесінше басқарушы параметрлердіғң немесе кластардың атрибуттарының

бірегей жиынтығы қойылады.

Үшінші ерекшелігі мынада: Объектілердің әр стандартты кластарына

стандартты операциялардың тізімі анықталған. Corel Draw 9-тың объектілі-

бағыты қолданушыға жұмыста шексіз икемділік береді. Бейненің жеке

34

Page 9: комп графика лекция.doc

объектілерді ерекшелеуге және жұмыстың кез-келген кезеңінде өзгертуге

болады.

Windows стандарттарына сәйкес тақырып жолының астында меню өте

күрделі, яғни саны көп меню ішіндегі менюлер мен командалар. Жұмыс

кеңістігінің сол жақ бөлімінде жұмыс тәртібін (режим) таңдауға арналған

элемент интерфейсі-құралдар тақтасы (Toolbox) орналасқан. Таңдау тәртібі

құралдар тақтасындағы кез-келген батырмаға тышқанға шерту арқылы

орындалады.

Құралдардың кейбір батырмаларының төменгі оң жақ бұрышынд

үшбұрыш жабдықталған, ол дегеніміз бұл батырмамен бірнеше құралдар

байланыстылығын көрсетеді.

Меню жолынан кейін құралдық жол (Toolbars) орналасу мүмкін. Кез-

келген құралдық жол тәуелсіз тақта түрінде экранның кез-келген жерінде еркін

жағдайда да болуы мүмкін.

Ол үшін жолақтың сол жақ бөлігіндегі аймақты екі сызықпен басып

алып және сәйкес тақырыппен тақта түрін алған жолды орналастыру қажет.

Қайтадан жолға айналдыру үшін тақырыпты басып алып және оны жоғары

орналастыру керек.

Сол және басқа жолдарды шығару Windows (Терезе) менюі Toolbars

(Құралдық жолдар) командасы арқылы шақырылатын Options (Параметрлер)

диалог терезесіндегі Customize (Баптау) бөлімінде қамтамасыз етіледі.

Стандартты құралдар тақтасында (Standart) файлдарды ашуға,

файлдарды ашуға, файлдарды сақтауға, алмасу буфері жүйелерінің

операциялары және т.б сәйкес жиі орындалатын командалар-басқару

элементтері орналасқан.

Стандартты тақтадан төмен Атрибуттар тақтасы (Property Bar) немесе

қасиеттер тақтасы орналасқан. Ол ерекшеленген объектінің және стандартты

операциялардың басқару параметрлеріне сәйкес келетін, оларды таңдалған

құралдың көмегімен орындауға болатын барлық басқару элементтерінің

жиынтығын ұсынады.

35

Page 10: комп графика лекция.doc

Corel Draw терезесінің төменгі бөлігінде қалып-күй жолы (Status Bar)

бар. Онда жұмыс үрдісіндегі ерекшеленген объект жайлы мәліметтер шығады.

Жұмыс кеңістігінде суреттеме орналасатын баспа бетінің бейнесі көрініп тұр.

Көлденең орналасқан айналдыру жолағының сол жағында беттен бетке

көшуге болатын, беттің атымен аталған батырмалар мен таңбашалар, яғни

навигатор деп аталатын басқару элементі орналасқан.

Айналдыру жолақтары, координаталық сызғыштар (координаталарды

өлшеу үшін). Түйісілетін терезе (Dockers) ерекше роль атқарады. Докерлер

бағдарламасының функциясына кіруді қамтамасыз етеді. Әр түрлі міндеттер

үшін әр түрлі докерлер арналған, олар оннан астам. Оларды қажет кезінде

ашады.

Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:

Қорғауға берілген реферат тақырыптары:

1. CorelDraw бағдарламасында жұмыс жасау.

2. CorelDraw бағдарламасында құралдары.

3. CorelDraw бағдарламасында мәтіндермен жұмыс.

Әдебиеттер: 4,6,7

2-модуль. Web-дизайн құралдары

Глоссарий (анықтама, сөздік);

Пиксель - cуреттің экрандық көшірмесі үшін растрдың элементарық нүктесі.

Move - Ерекшеленген облыстарды жылжыту құралы.

Lasso - Еркін формадағы облыстарды ерекшелеу құралдары.

Magic Wand - Бір түсті облысты ерекшелеу құралдары.

Crop - Суреттің шет жақтарын көрсету құралы.

Slice - Суретті фрагменттерге бөлетін құралдар.

Healing Brush - Суреттерді өңдеу құралдары.

Дәріс: 8,9,10. Растрлық графиканың негізгі ұғымдары. Растрлық графикамен

жұмыс істеу программалары. Adobe Photoshop бағдарламасының

ерекшеліктері

36

Page 11: комп графика лекция.doc

Дәрістің мақсаты: Растрлық графикамен жұмыс істеу бағдарламаларымен,

соның ішінде Adobe PhotoShop бағдарламасын таныстыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1 Adobe PhotoShop бағдарламасына түсінік.

2 Adobe PhotoShop бағдарламасының артықшылықтары.

3 Adobe PhotoShop жұмысының негізгі тәсілдері.

Дәрістің тезисі: Пакеттердің әйгілі мүмкіншіліктері кеңейтілген және жаңа

пакеттер қосылған.

1. PhotoShop және Image Ready құрамына тез қарап шығу және

суреттер тобын басқару модулі енген. Алғашында басқадай жасаушылардың

утилиталары қажет болған, мысалы ACDSee немесе ThumbsPluse.

2. WBMP форматындағы, қалтаға салатын компьютерлерде (PDA)

қолданылатын инфорт және экспорт филтрі қосылған. Бұл форматтың қатаң

шектеулерін ескере отырып суретті оптимилизациялау автоматты түрде

жүріледі, сонымен қатар суреттің сапасын ең ...... мөлшерде кемітеді.

3. Бірнеше суреттерді немесе суреттің көшірмелерін бір параққа

қоятын құрал пайда болды. Оның сыртында бұл құралды суреттерде алдын ала

миниатюр ретінде көруге мүмкіндік беретін Web галерияларды жасауда

қолданады.

4. PhotoShop 7 ге алғаш рет топтасып жұмыстауға арналған құралдар

енді<<каробколық>> версиясының құрамына әр түрлі қолданушылардың

барлық Adobe өнімдеріне қатынауды қамтамасыз ететін After Cast серверлік

кеңейтілуі енді, егер қолданушының біреуі файлға өзгеріс енгізссе онымен

бірге жұмыс істейтін адамдардың барлығы оны көреді. Бірақ After Cast баптау

жүйелік админстратордың жұмысы, сондықтан PhotoShopты үйде ғана

қолданатын адамдар бұл құралмен таныс емес.

5. Кисть (аэрограф) баптауының 12 параметірі бар. Бұл алдыңғы

версиясына қарағанда 3 есе көп. Бұл дәстүрлі сурет (живопис) салу

құралдарын нағыз түрде жасай алады. Шаблон ретінде әр түрлі растрлық

37

Page 12: комп графика лекция.doc

суреттер қолданылады. Суреттің прагменттері негізінде текстура жасау

құралдары жетілген.

6. Healing Brush жаңа құралы пайда болды. Оны Clone Stamp

құралының жетілдірілген түрі ретінде немесе суреттің бетіндегі әр түрлі

артефактерды жоғалту құралы ретінде қолдануға болады. Бұл жағдайда

жарықкөлеңке ойыны және түп нұсқаның текстура суреті толығымен

сақталады. Жасаушылар Healing Brush құралын портреттік суреттердегі шаң

басқанда кішкене жарақаттарды сондай-ақ, әжімді, меңдерді жасыруға

қолдануды ұсынады.

7. Сырттай түскен жарықты жасыруға болатын AutoСolor құралы

қосылды. Бұл құралды қолдану сандық және қарапайым камераклармен

жасанды жарық кезінде алынған суреттерді жөндеуді жеңілдетеді.

Сканерленген негативтерден маскаларды өшіру кезінде AutoСolor жақсы

нәтиже береді. PhotoShop құрамына алғаш рет дұрыс жазуды тексеру құралы

енді.

8. Web гарафикамен жұмыс жасауға арналған Image Ready

бағджарламасы жаңарды. Image Ready-де анимацияларды басқару өзгерген.

Сондықтан алғашқы версияларына қарағанда қарапайым болады. Интернетке

тараеуға арналған графиктерді оптимилизациялау құралдары жетілдірді.

Бұрын бұл модуль жұмысы сынау обьектісі болған және Web мастерлерге

басқа фирмалардың өнімдерін қолдануға тура келеді. PhotoShop және Image

Ready <<шығу кезінде >> қарсылас бағдарламалық өнімдер жөндеуге

файлдарының көлемінен көп айырмашылық жоқ файлдарды береді.

Құралдар панелі. Пиктограммасы экранда көрініп тұрған құралды

активтендіру үшін оның пиктограммасына шертіңіз. Кейбір

пиктограммалардың жанында кішкентай бағыт белгісі орналасқан. Оған

шерткен кезде сол топқа кіретін құралды таңдап алуға болатын қалқып

шығатын палитра ашылады.

Пернетақта көмегімен құралдарды шақыру өте ыңғайлы. Егер сіз пернелер

комбинациясын ұмытып қалсаңыз курсорды құралдың пиктограммасына

38

Page 13: комп графика лекция.doc

апарып бірнеше секунт күте тұрсаңыз қалқып шығатын мәтін оны есіңізге

түсіреді. Пиктограммасы жасырылған бір топқа кіретін құралдарды кезектеп

шақыру үшін Shift пернесін және сәйкес келетін <<ыстық>> пернені басыңыз.

Сондай-ақ Alt пернесін басып тұрып көрініп тұрған құралдың

пиктограммасына шертуге болады.

Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:

Қорғауға берілген реферат тақырыптары:

1. Abode PhotoShop бағдарламасын қолдану технологиясы.

2. Суретті өңдеу әдістері.

Әдебиеттер: 5,10

Дәріс: 11,12. Анимация құру құралдары Flash– технологиясы.

Дәрістің мақсаты: Adobe PhotoShop бағдарламасының интерфейсін қарастыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1 Шығу тарихы.

2 Графикалық кескіндердің түрлері.

3 Анимацияның түрлері.

Дәрістің тезисі:

FLASH бағдарламасының шығу тарихы

FLASH бағдарламасы алғаш рет 1996 жылы пайда болды. Оның ең

бірінші екі нұсқасы өте ыңғайсыз болды. Өйткені олар векторлық графика

негізінде анимацияны жылдам құра алмады. Үшінші нұсқасында көптеген

қосымша құрал – саймандар пайда болды,осының әсерінен Интернетте FLASH

құралдары арқылы жасалынған сайттар пайда бола бастады. Бірақ бұл

бағдарлама тек төртінші нұсқасы жасалған кезде ғана танымал болды. Оған

қуатты иілгіш құрал – ActionScript тіл сценариі қосылды. Осы кезде FLASH

технологиясы негізінде жасалынған Web – сайттарының саны күрт өсті. Ал

2000 жылдың тамыз айында Macromedia компаниясы шығарған FLASH

бағдарламасының бесінші нұсқасы жарық көрді. Бұл бағдарламаға Безье

39

Page 14: комп графика лекция.doc

қисықтарын меңгеру үшін жаңа құрал – саймандар, көптеген кітапханалар

қосылды. Бұл кітапханаларды әр кезде кез келген адам қолдана алатын болды.

Графикалық обьектілермен жұмыс

Векторлық графика

FLASH бағдарламасымен танысуды әдетте бірнеше кезеңге бөледі

және оның алғашқысы графикалық редакциялау және салу модулінің

мүмкіндіктерімен танысу болып табылады. FLASH бағдарламасы растрлық

емес векторлық кескіндермен іс - әрекет жасайды.

Растрлық кескіндер

Барлық кескіндер компьютерде екі түрлі тәсілдермен ұсыныла алады.

Әрбір нүктенің кескіні үшін дәл түсі көрсетіледі. Бұл жағдайда барлық

кескіндер тізім түрінде сақталады. Оның әрбір пункті бұл кескіннің бір

нүктесінің түсін анықтайды.

Мұндай тәсіл фотосурет сияқты кескіндерді нақты бейнелеуге

мүмкіндік береді, егер кескіндерден тұратын нүктелердің өлшемі біршама

кішкентай болса. Мысалы, егер компьютерге сканер арқылы нақта фотосуретті

енгізсе, онда алынған кескіннің сапасы сол кескіннің қанша нүктеге

бөлінетіндігіне тура байланысты болады. Бұл параметр «шешу» деп аталады

және бір дюймге сәйкес келетін нүктелердің санымен өлшенеді. Жоғарыда

айтылған кескін растрлық кескін деп аталынады. Оның артықшылығы да,

кемшілігі де бар. Растрлық кескін файлының өлшемі нүктелердегі кескіннің

биіктігі мен еніне байланысты. Демек, толық экранды суреттердің

файлдарының өлшемдері соншалықты үлкен, оларды Интернеттен жүктеу

тіпті қолайсыз. Егер даын растрлық кескіндер болса, бізде оның өлшемдерін

масштабтау жолымен ұлғайтуға мүмкіндігіміз жоқ, себебі әрбір жеке нүктенің

ұлғайю эффектісіне байланысты пішіннің көзге көрінетін бұрмалануы пайда

болады.

Вектролық кескіндер

Мына және басқада себептерге байланысты кескіндерді векторлық

көрсетуімен пайдаланған жиі орынды болып табылады. Бұл жағдайда әрбір

40

Page 15: комп графика лекция.doc

нүктенің түстерін жүйелі атап шығудың орнына, файлда суретте қандай

обьектілер орналасқаны туралы ақпарат болады.

Әрине, кескін неғұрлым қарапайым болса, оның векторлық ұсынылуы

соғұрлым тұтас бола алады. Аталмыш жағдайда біздің бейнелеуіміз тым тұтас

болды. Себебі барлық кескіндер бір графикалық қарапайымдылықта тұрған.

Әдетте біз едәуір күрделі кескіндермен де жұмыс жасаймыз. Оларды

графикалық қарапайымдылықтар жиынтығы түрінде елестету онша қиын емес.

Бұл түзүлер, Безье қисықтары, шеңбер доғалары, әртүрлі фигуралар және тағы

басқа болуы мүмкін. Осы аталғандардың барлығы графикалық

қарапайымдылықтардан құралған кескіндердіңконтурларын жасайды. (2-

сурет)

Бірақ мұндай контурлар тек қана кескіннің “қаңқасы”. Кескін толық

болу үшін векторлық графикада әрбір контурдың ішін бір түспен толтырады.

Бұдан мынадай қорытынды шығаруға болады: векторлық формат толық түсті

фотографиялықтардан гөрі салынған кескіндердің суретін дәл беру үшін

келеді. Бірақ, фотографияларды векторлық форматта көрсетуге болмайды деп

айтуға болмайды. Фотографияда түстер көп болса, векторлық көрсетілуі

сапалы болса, файлдың өлшемі әрі түсі бояулар және ұсақ контурлардың

көптігінен өте үлкен болып кетеді. Сонымен растрлық кескіндерге қарағанда

векторлық форматта ұсынылған кескіндердің өз артықшылықтары және

кемшіліктері бар. Бірақ, векторлық графиканың редакциялаудың

қарапайымдылығы, кескіннің масштабына байланысты емес файлдың үлкен

емес өлшемдері және тағы басқа сол сияқты қасиеттері көп жағдайда оны

керекті етеді. Интернетте векторлық кескіндердің көпшілік мақұлдаған

стандарты әлі жасалған жоқ.

FLASH стандартын де – фактостандарты деп есептеуге болады. Бұған

қосымша FLASH бағдарламасы анимациялар және интерактивті

композициялармен жұмыс істеуге мүмкіндік туғызады.

Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:

1. FLASH редакторындағы кескіндердің түрлері

41

Page 16: комп графика лекция.doc

2. Анимацияның түрлеріне мысал келтіру

Әдебиеттер: 1,2,6,9

Дәріс: 13. HTML құралдарымен Web-кескіндерді өңдеу

Дәрістің мақсаты: Үш өлшемді графиканың ерекшеліктерін студенттерге

таныстыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1. Суретті құжатқа қою

2. Графикалық кескіндерді өңдеу тэгтері

Дәрістің тезисі: Суретті құжатқа қою.

Бұнда А элементі арқылы мультимедиялық файлға сурет арқылы

сілтеме жасауға болады. Ол келесі түрде жазылады:

< A href = “ http :// Travel Del. Com/video/ Midle Sea.avi ” >

</A >

Екінші жолы Web параққа арнайы элементтерді қолдану арқылы

орындалады. Ол элементтер:

IMG, APPLET, OBJECT, EMBED, BGSOUND

Қарапайым сілтеме келесі түрде құрылады:

<A href=” көшу адресі”>

Сілтеме мәтіні

</A>

Мысалы:

< A href =”review.html”> шолу </A>

Шолу сөзіне шерткенде review.html құжатына көшеді. Басқа торапқа

көшу үшін <BASE> тегі қолданылады:

<BASE href=”http: // имя сервера / имя каталога /”> жазылады және де

қандай да бір файлға сілтеме <A> тегі арқылы жүзеге асырылады.

<A href =” файл аты“> гиперсілтеме мәтіні </A> сілтемелерді

безендіру үшін style атрибуттары қолданылады, келесі түрде жазылады: <A

href=”# 5-бөлім “

42

Page 17: комп графика лекция.doc

Style =”font – weight:bold; font – variant: small – caps”>

5-бөлім. мәтін

</A>

Шрифтердің қоюлығы = - сызу варианты.

Түстері:

link – активтелмеген сілтемелер түсін орнатады.

vlink – қаралған сілтеме түсін орнатады.

alink – тышқан көрсеткіші апарылып көрсетіп тұрған сілтеме түсін

орнатады.

Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:

1. HTML тілінің графикалық кескіндерді құжатқа қою тэгтерін ата

2. HTML-құжатта кескіндерді өңдеудің қандай жолдары бар?

Әдебиеттер: 1,2,6

Дәріс–14,15. Macromedia Flash бағдарламасы құралдарымен Web-

кескіндерді өңдеу

Дәрістің мақсаты: 3D Studio Max бағдарламасының интерфейсін қарастыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1. Macromedia Flash бағдарламасының мүмкіндіктері

2. Macromedia Flash бағдарламасының саймандар панелі.

Дәрістің тезисі:

FLASH бағдарламасы мүмкіндіктері:

Біріншіден, ол бізге кескінді жеңіл салуға мүмкіндік береді. Бұл

жағдайда ол сызықтардың түзу сызылуын бақылайды және де

пайдаланушының қозғалыстарын түзейді. (бұл өте актуалды, егер суретті

графикалық планшетпен емес, тышқанмен салса). Көпқабатты кескіндерді де

жеңіл жасауға болады.

43

Page 18: комп графика лекция.doc

FLASH бағдарламасын пайдалана отырып, мәтіндік информацияны

құрастыруға болады, және бұл бағдарлама пайдаланушы кейбір мәліметтерді

енгізе алатындай формалар жасай алады. Бұл пайдаланушылық формалар

HTML құралдары жасайтын формаларды еске түсіреді және солар сияқты іс -

әрекет жасай алады. Мәтіндік өрістер қарқынды өзгере алады. Одан басқа да

әртүрлі қосымша мүмкіндіктері бар (мысалы, кернинг және тренинг үшін

инструмент өте ыңғайлы).

FLASH бағдарламасы арқылы әр түрлі анимациялар құруға болады.

Осында траекториямен обьектілерді жылжыту үшін, морфинг үшін (морфинг

дегеніміз бір обьектінің формасын басқаға айналдыру), бір обьектінің

бөліктерінің тәуелсіз анимациясы үшін қолайлы инструменттер бар.

Анимацияның басқа түрлері үшін де инструменттер бар. Бірнеше қабатты

қолданудың арқасында тек қана қозғалыстағы немесе формаларын өзгертетін

обьектілерді анимациялау ыңғайлы; бұл жағдайда компьютер статикалық

обьектілерді қайта салуға өзінің ресурстарын кетірмейді. Одан басқа басқару

элементтерінің көмегімен (мысалы, батырма, меню және тағы басқа)

қолданушымен жеңіл қарым – қатынас ұйымдастыруға болады. Бұл

элементтер арқылы анимацияны басқаруға және, мысалы, интернеттен қажетті

ресурстарды жүктеу кезінде сервермен қарым – қатынас жасауға да болады.

FLASH бағдарламасы арқылы жасалынған анимация дыбыспен де

сүйемелдене алады. Және бастапқы фонограмма үзіліссіз болса да керекті

кадрларды белгілі бір дыбыстық эффектілермен жеңіл синхронизациялауға

болады. Сондай – ақ кез келген қолданушының оқиғасына дыбыс қосуға

болады (мысалы, тышқанның батырмасын немесе компьютердің

пернетақтасының пернесін басқан кезде).

FLASH бағдарламасы арқылы автоматты түрде FLASH роликтері

қолданылатын веб – беттері үшін HTML кодын генерациялауға болады және

бұл жұмыстың нәтижесін басқа таралған форматтарға да экспорттауға болады.

Мысалы, анимацияланған GIF – файлын алуға немесе бағдарлама сияқты

жүктелетін бөлек орындалатын роликтің файлын құруға болады. Бұндай іске

44

Page 19: комп графика лекция.doc

асыру тәсілінде FLASH роликтерінен бағдарламаларды жіберуге болады. Бірақ

бірде – бір бағдарлама не нәрсені де сидыра алмайды. FLASH жүйесінде

ыңғайлы интерфейс болғанымен, онда графикалық редакторлардың

мамандандырылған кейбір әдеттегідей мүмкіндіктері жоқ. Мысалы, FLASH

бағдарламасында AdobePhotoShop бағдарламасы сияқты көлеңке түсіру және

фильтрлерді қолдана алмаймыз. Сондай – ақ үш өлшемді обьектілерді құру

инструментариийі жоқ (мысалы, 3D StudioMax бағдарламасында сияқты) және

дыбысты редактрлеу мүмкіндіктері тым нашар.

Егер сіз өзіңіздің ролигіңіз үш өлшемді сценалар немесе редактрленген

дыбысты қолданғыңыз келсе, онда болашақ роликтің фрагменттерін

мамандандырылған бағдарламалар арқылы алдын – ала өңдеп алу дұрыс

болады. Дегенмен FLASH бағдарламасы (әсіресе графика – анимациялық

бөлімінде) кәсіби бағдарламалық пакеттерге өте жақын мүмкіндіктер ұсынады.

Ал кейбір жағдайларда әуелі олардың көзқарасы жағынан қолдану

ыңғайлылығы бұл көп жақты бағдарламаны құрастырушылардың негізгі

мақсаты болады.

FLASH бағдарламасының ескі нұсқаларында сценарийлардің

командалары бірден кез келген програмист емес адамға өте оңай және

ыңғайлы болған.

Бір қызығы, басқа көп бағдарламалардан гөрі кейбір қарапайым

операцияларды FLASH бағдарламасында орындау әлдеқайда ыңғайлы. Бұл

қоланушы интерфейсінің алдын – ала ойластырылғанның арқасында.

FLASH бағдарламасының құралдар панелі

FLASH бағдарламасының негізгі терезесінде құралдар панелін,

роликпен жұмыс істейтін жұмыс үстелін және қосымша панелдерді көруге

болады.

Енді құралдар панелімен таныссақ. Суретте көрсетілгендей ол төрт

бөлімнен тұрады. Жоғалғы бөлігінде обьектіні салу және трансформациялау

үшін Tools (құралдар) деген құралдар орналасқан. Сонан соң кескінді

басқаратын құралдар орналасқан, яғни View (вид) Оларға: “руки” (Hand tool)

45

Page 20: комп графика лекция.doc

және “лупа” (Zoom tool) арқылы оның масштабын үлкейтуге немесе

кішрейтуге болады (кішрейту үшін жұмыс үстеліне тышқанды Alt пернесін

баса отырып шерту керек) Бұл екі құрал роликтің кескінін ғана басқарады, ал

оның мазмұнына әсер етпейді. Ары қарайда құралдар панеліне түс таңдайтын

Colors (түстер) құралдары орналасқан. Бұл арқылы контурдың және бояудың

түсін оңай таңдауға болады. Ең ақырғы ол Options (параметрлер) құрылады.

Өзін-өзі тексеруге тапсырмалар:

1) Flash редакторының мүмкіндіктерін атап беру

2) Flash редакторының құралдар сайманы панеліндегі саймандарды атап беру

Әдебиеттер тізімі: 6, 9

46