26
АҚПАРАТТАР аєыны Биыл «ҚазАгро» ұлттық холдингі агроөнеркəсіп сала- сы бойынша 528 жобаны қар- жыландырады. Сонымен қатар, жалпы құны 320,4 млрд. теңгені құрайтын аталған инвестициялық жобалар арқылы 16 мыңға тарта жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Өткен жылы Air Astana компаниясы 4 миллионға жуық жолаушы тасымалдаған. Сондай-ақ, тасымалдаушы серік- тестік 2015 жылы 47,7 млн. дол- лар көлемінде пайда тапқан. Биыл əуе компаниясы халықаралық рейстер санын арттыруды көздеп отыр. Мəселен, осы жылы Air Astana Ұлан-Батор жəне Тегеран қалаларына қатынайтын ұшақ- тарды іске қоспақшы. Жазушы-драматург Əкім Тарази Ұлттық кітапханаға мыңға жуық кітап сыйлады. Ол: «Өзімде бары 4 мың кітап еді, бүгін мыңға жуығын осы кітап- ханаға тапсырдым», – деді. Айта кетейік, жазушы сыйлығының ішінде өзі жазған кітаптар мен жеке кітапханасының құнды мұралары бар. Оңтүстік Қазақстанда бүгінгі күнге дейін 1,7 млн.-ға жуық тұрғын үй табиғи газбен қамтылды. Бұл 3 млн.-ға жуық халықтың 57,7 пайызын құрайды. Еске сала кетсек, оңтүстіктегі ауыл-аймақты көгілдір отын- мен жабдықтау жұмыстары – «Бейнеу–Бозой–Ақбұлақ» жəне «Газли–Шымкент» бағыттары бойынша іске асырылуда. Ақмола облысында қуат- тылығы тəулігіне 60 тонна болатын май зауыты іске қо- сылды. Облыс əкімдігінің бас- пасөз қызметі хабарлағандай, «Бота» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тəулігіне 200 тонна май дəнін қайта өндіріп, жоға- ры сапалы өсімдік майын шы- ғарады. Жаңа өндіріс орны 25 адамды жұмыспен қамтыды. Кəсіпорын 252 млн. теңгеге салынған. Ондағы заманауи құ- рылғылар Германия мен Түр- киядан əкелінген. Қызылорда облысында іскер əйелдер кеңесі өтті. Он- да кəсіпкер қыз-келіншектер осы жылда атқарылатын жұмыс- тар жайын баяндап, алдағы мін- деттерін пысықтады. Жалпы, кеңестің негізгі мақсаты өз ісін жаңа бастаған əйелдерге қол- дау көрсету, аймақтың іскер, əлеуметтік-белсенді нəзік жан- дылардың мəртебесін көтеру, олардың кəсіпкерлік бастамала- рына қолұшын созу, экономи- калық мүмкіндіктерін арттыру болып табылады. Оралда полиция бөлімше- сіне электронды кезек жүйесі орнатылмақшы. Бұл жоба көлік құралдарын тіркеуге, жүргізуші куəліктерін беруге жəне əкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өндіріс рəсімдерін атқаруға бай- ланысты тұрғындарға қызмет көрсету сапасын жақсартады. Сондай-ақ, электронды жүйе адамдарды кезекке өзі қойып, реттік нөмірді береді. Маңғыстауда су тұшыту зауытының қуаты төрт есеге артады. Енді аймақ халқының 30 пайызы сапалы əрі тазартылған ауызсуға қол жеткізбек. Өйткені, Ақтаудағы «Каспий» зауытына жаңа қондырғылар алынып, су тұшыту көлемі төрт есеге дейін ұлғайтылды. Зауытқа келетін теңіз суы мұнай қалдығы мен қоқыстардан əбден тазартылып, 5 түрлі сүзгіден өткізіледі. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды. (Соңы 3-бетте). №17 (28745) 28 ҚАҢТАР БЕЙСЕНБІ 2016 ЖЫЛ Бірлік! Тұрақтылық! Жасампаздық! «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVII съезі 2016 жылдың 29 қаңтары. Астана. Тəуелсіздік сарайы Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан». «Анди» ЖШС-нің сүттік ба- ғыттағы гольштин-фриз тұқымды 474 қашарды алыстағы Амери- каның Айдахо штатынан алып келгені күні кеше сияқты еді. Сол кезде мұхит асып келген сиыр- ларды көріп, іштей жерсініп кетсе дұрыс-ау деген ойға қалғанымыз да рас. Жақында осы серіктестікте болғанымызда мұхит асып келген құнажын қашарлардың екінші рет бұзаулап, сүт бұлағын ағызып қана қоймай, табынды толықтыруға мүмкіндік беріп жатқанын көріп сүйсіндік. Темір-бетон бұйымдарын шығаратын зауыттың бұрынғы қосалқы шаруашылығының ізін- де құрылған бұл серіктестік қала маңындағы №39 теміржол бекеті аумағында орналасқан. Серік- тестік басшысы Мəди Қабақ- баевтың əңгімесіне қарағанда, бұл серіктестік 1998 жылдан бері мал шаруашылығымен айналы- сып келеді. Бұған дейін зауыттың қосалқы шаруашылығында біраз мал өсіріліп, өнімдері қала халқына ұсынылған. Алайда, олардың бəрі де өнімділігі төмен жергілікті малдың тұқымы болатын. Бұлай нарықтық қатынас жағдайында бəсекелестікке төтеп бермек түгілі, табыс табудың өзі мүмкін еместігін байқаған шаруашылық құрылтайшылары мен басшы- лары мал тұқымын жақсартуға бағыт ұстады, Елбасының ауыл шаруашылығы кешендерін да- мыту туралы бағдарламалары ая- сында жаңа жобаны жүзеге асы- руға қадам жасады. Сөйтіп, 2011 жылы серіктестік қолға алған бұл жоба еліміздің үдемелі инно- вациялық-индустриялық даму бағдарламасына енді. «Қаз- АгроҚаржы» АҚ-тың қаржылан- дыруы арқылы шетелден жет- кізілетін сиырлар үшін жоба- лық қуаттылығы 500 ірі қара тұратын тауарлы-сүт фермасын салды. Қазіргі заманғы талапқа сай жабдықтар орнатып, іске қосты. Осы шаруалар аяқталған соң, асыл тұқымды сауын сиырлар алу- дың қамына кірісті. Американың Айдахо штатынан асыл тұқымды гольштин-фриз сүтті сиырын са- тып алуға несие бөлді. Жобаның құны 1079,4 мың теңге тұрады. Соның 916,5 миллион теңгесін «ҚазАгроҚаржы» АҚ несиелеп отыр. Қалған қаржыны құрыл- тайшының өзі салды. – Мұндай малды алғандағы мақсатымыздың өзі сүт өндіруде əлемдік бəсекелестікке дайын болу ғой. Бұл аталған мал тұқымының дүниежүзінде сүт өндіру жөнінде генетикалық қуаты өте жоғары. Бір сиыр жылына 7 мың литрге дейін сүт береді, – дейді серіктестік ди- ректоры Мəди Қабақбаев. Тауарлы-сүт фермасында мал- ды жайлау, сауу автоматты түрде атқарылады. Мұнда 40-қа жуық адам жұмыс істейді. Бір мезетте 28 сиыр автоматпен сауылатын орында ауысымына екі сауыншы жұмыс істейді. Өңір өмірі Сїт бўлаєын аєызєан (Соңы 9-бетте). Самат МҰСА, «Егемен Қазақстан». Ауқымды архивтік құжаттар ауқымының негізінде əзірленген серия 1990-2014 жылдар- ды қамтиды жəне мемлекеттік тілдегі – 20, орыс тіліндегі 20 томнан тұрады. Алғашқы бес том 1990-жылдарға арналған əрі оның əр томы екі жылды қамтиды. 2000 жылдан бас- тап 2014 жылдың оқиғаларын сипаттайтын қалған 15 томның əрқайсысы бір жылдың оқиғаларын береді. Өзінің мазмұны мен техникалық орын- далуы жөнінен «Хроника» бүкіл кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі баламасы жоқ басылым екенін атап өткен жөн. Əр томға кітаптың өзі жəне дербес ақпараттық өнімдер болып саналатын мультимедиалық компакт- диск кіреді. Басылымға мына дерек айрықша құндылық береді: кеңестерді, іскерлік кездесулерді, ірі қоғамдық-саяси акцияларды, ел өңірлеріне жасалған жұмыс сапарларын, шетелдер- ге сапарларды, т.б. қоса алғанда, онда Елбасының күнделікті жұмысы күн сайынғы пішім бойынша көрініс тапқан. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының сөйлеген сөздерінің, Президенттің белгілі бір кезеңдегі заңдары мен жарлықтарының тізбесі, түрлі анықтамалық ақпарат берілген. Көрнекілеу бола түсуі үшін Н.Ə.Назарбаев қатысқан едəуір маңызды іс-шаралар фото- жəне бей- нематериалдармен дəйектелген, мұның өзі оқырмандардың суреттеліп отырған оқиғалар ауанына толығырақ бойлауына мүмкіндік береді. Оқырмандардың танысуына көбірек мүмкіндік туғызуды қамтамасыз ету мақсатында материалдар, сондай-ақ, Мемлекет басшысының «Ақорда» ресми сайтында да қайталана ұсынылады (http://www.akorda.kz). Қазіргі кезде 2015 жылға арналған кезекті том басуға əзірленуде, ол осы жылдың соңына қарай жарық көреді. Тұтасымен алғанда, «Хроника» Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың көпқырлы қызметінің призмасы арқылы берілген Қазақстанның ең жаңа тарихы жөніндегі құнды құжаттамалық дереккөз бо- лып табылады. Серияны саяси ғылымдар докторы, про- фессор М.Б.Қасымбеков басшылық жасайтын авторлық ұжым шығаруда. Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан». Серіктестіктің бас директо- ры Ғалымжан Елеуов орталық жұмысымен таныстырды. Бұл жобаның құны – 774154,296 мил- лион теңге. Орталық осы заман- ғы озық медициналық қондыр- ғылармен жəне аппараттармен жарақтандырылған. Мұнда ба- лалар мен ересектерге көптеген ауру түрлері бойынша арнаулы амбулаториялық жəне стацио- нарлық медициналық көмек көрсе- тіледі. Мұнда Германиядан, Швей- цариядан, Израильден, Чехия- дан, Түркиядан, Кореядан кəсіби біліктілігін жетілдіріп келген маман дəрігерлер жұмыс істей- ді. Оңалту орталығында еңбек ететін 303 қызметкердің 102-сі дəрігер, оның он төрті медици- на ғылымдарының докторы мен кандидаты, отыз алтысы жоғары санатты дəрігер болып табылады. Орталық пайдалануға берілгеннен бері 4277 адам медициналық оңал- тудан өткен. Бұл мемлекет-жеке- меншік əріптестігі негізінде іске қосылған медицина мекемесі. Алдағы уақытта осындай тағы екі емдеу мекемесі мемлекет-же- кеменшік əріптестік негізінде пайдалануға берілмек. Өңірде медициналық кластер құру жəне медициналық туризмді дамыту көзделуде. Содан кейін Мемлекеттік хатшы «Каспий плюс» ЖШС-і- не атбасын тіреді. Кəсіпорын тау-кен жəне өндіру өнеркəсібі үшін əртүрлі бекіткіш бұйымдар өндірісімен айналысады. Серік- тестік директоры Жандос Пангереевтің мəлімдеуінше, кəсіп- орын жылына 10 мың тонна бекіт- кіш бұйымдар шығарады, 1000 тонна металл өңдейді. Жобаға 500 миллион теңге қаржы са- лынған. Қазір мұнда 30 адам еңбек етеді. Кəсіпорындағы заманауи станоктардың əрқайсысы оннан астам темір өңдеу жəне жону операцияларын атқарады. Қазір кəсіпорынның қуаты қандай да күрделі қосалқы бөлшектерді шығаруға, металл өңдеу саласында Қазақстанның аумағында бəсекеге қабілеттілікті жəне импорт алма- суды ұлғайтуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік хатшы мен өңір басшысы Қ.Жұбанов атын- дағы өңірлік мемлекеттік универ- ситетінің Студенттер сарайын- да өткен «Менің жетістігім – Тəуелсіздіктің жетістігі» атты аймақаралық жастар форумына қатысты. Форумға еліміздің батыс аймақтарынан, көршілес Қызыл- орда, Ресейдің Орынбор облыстары- нан делегаттар келді. Аймақаралық жастар кездесулерін өткізу – жас- тар саясаты бағытындағы Қа- зақстан мен Ресейдің екіжақты интеграциясының жарқын үлгісі деуге болады. Жастар жиынының шымылдығы егемен еліміздің тəуелсіздік алған 25 жыл ішінде жүріп өткен жолы мен қол жеткен табыстары туралы бейнефильммен ашылды. Онда əлем мойындаған Қазақстанның экономикалық-саяси даму бағыттары баяндалған. ● Оймақтай ой Анық бақ: кірсіз ақыл, мінсіз сөз, адал еңбек. Шəкəрім ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ. Жастар – елдіѕ ертеѕі Ақтөбе өңіріндегі жұмыс сапарының екінші күні Мем- лекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықова мен облыс əкімі Бер- дібек Сапарбаев алдымен 2013 жылы пайдалануға берілген 155 кереуеттік «Дару клиникасы» медициналық оңалту орта- лығы» ЖШС-іне барды. Президенттіѕ кїнделікті ќызметі – ел жылнамасында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Қызмет хроникасы» серия- сының 20-шы томы жарық көрді. Сайлау-2016 – Қуандық Тұрғанқұлұлы, Мемлекет басшысының Пар- ламент Мəжілісі депутаттары- ның кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойғанына, міне, бір апта уақыт өтті. Ортсайлаукомның осы уақыт ішінде атқарған жұмысы туралы айтып берсеңіз. – Шынымен де, бір апта уақыт өтті. Десек те, осы уақыт аралы- ғында біз біршама жұмыс атқар- дық. Біріншіден, Комиссия отыры- сында сайлау үдерісін ұйымдасты- ру үшін қажетті бірінші кезектегі нормативтік-құқықтық актілерді бекіттік. Сонымен қатар, біз 18 шет мемлекеттің Ортсайлауком- дарының бірінші басшыларына шақырулар жіберіп, халықаралық байқаушылардың қызметін регла- менттейтін құжаттар қабылдадық. Екіншіден, сайлау науқанын ұйымдастыру мен өткізу мəселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді. Бұл жиында біз алдағы электораттық науқанның барлық қырларын нақты талқыладық жəне электораттық үдерістің барлық қатысушыларына сайлау заңнамасы бойынша егжей- тегжейлі түсінік бердік. Үшіншіден, халықты алдағы сайлау туралы ақпараттандыру жөнінде ауқымды жұмыс басталды. Аталған жұмыс шеңберінде сайлаушылардың сай- лау күні дауыс беруге келуі үшін қазақстандықтардың азаматтық белсенділігін арттыруға баса назар аударылады. Бір апта ґтті. Атќарылєан жўмыстыѕ ауќымы ќандай? Ќазаќстан Республикасы Орталыќ сайлау комиссиясыныѕ тґраєасы Ќуандыќ ТЎРЄАНЌЎЛОВПЕН əѕгіме (Соңы 2-бетте).

«Нұр Отан» - Egemen · Жазушы-драматург Əкім Тарази Ұлттық кітапханаға мың ға жуық кітап сыйлады. Ол: «Өзімде

  • Upload
    others

  • View
    28

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

  • АҚПАРАТТАРаєыны● Биыл «ҚазАгро» ұлттық

    холдингі агроөнеркəсіп сала-сы бойынша 528 жобаны қар-жыландырады. Сонымен қатар, жалпы құны 320,4 млрд. теңгені құ райтын аталған инвестициялық жобалар арқылы 16 мыңға тарта жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

    ● Өткен жылы Air Astana компаниясы 4 миллионға жуық жолаушы тасымалдаған. Сон дай-ақ, тасымалдаушы серік-тестік 2015 жылы 47,7 млн. дол-лар көлемінде пайда тапқан. Биыл əуе компаниясы халықаралық рейстер санын арттыруды көздеп отыр. Мəселен, осы жылы Air Astana Ұлан-Батор жəне Теге ран қалаларына қатынайтын ұшақ-тарды іске қоспақшы.

    ● Жазушы-драматург Əкім Тарази Ұлттық кітапханаға мың ға жуық кітап сыйлады. Ол: «Өзімде бары 4 мың кітап еді, бүгін мыңға жуығын осы кі тап-ханаға тапсырдым», – деді. Айта кетейік, жазушы сыйлығының ішінде өзі жаз ған кітаптар мен жеке кітап ханасының құнды мұралары бар.

    ● Оңтүстік Қазақстанда бүгінгі күнге дейін 1,7 млн.-ға жуық тұрғын үй табиғи газбен қамтылды. Бұл 3 млн.-ға жуық халықтың 57,7 пайызын құрайды. Еске сала кетсек, оңтүстіктегі ауыл-аймақты көгілдір отын-мен жабдықтау жұмыстары – «Бейнеу–Бозой–Ақбұлақ» жəне «Газли–Шымкент» бағыттары бойынша іске асырылуда.

    ● Ақмола облысында қуат-тылығы тəулігіне 60 тонна болатын май зауыты іске қо-сылды. Облыс əкімдігінің бас-па сөз қызметі хабарлағандай, «Бота» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тəулігіне 200 тонна май дəнін қайта өндіріп, жо ға-ры сапалы өсімдік майын шы-ға рады. Жаңа өндіріс орны 25 адамды жұмыспен қамты ды. Кəсіпорын 252 млн. теңге ге салынған. Ондағы заманауи құ-рыл ғылар Германия мен Түр-киядан əкелінген.

    ● Қызылорда облысында іскер əйелдер кеңесі өтті. Он-да кəсіпкер қыз-келіншектер осы жылда атқарылатын жұмыс-тар жайын баяндап, алдағы мін-деттерін пысықтады. Жалпы, кеңестің негізгі мақсаты өз ісін жаңа бастаған əйелдерге қол-дау көрсету, аймақтың іскер, əлеуметтік-белсенді нəзік жан-дылардың мəртебесін көтеру, олардың кəсіпкерлік бастамала-рына қолұшын созу, эконо ми-калық мүмкіндіктерін арттыру болып табылады.

    ● Оралда полиция бөлім ше-сіне электронды кезек жүйесі орнатылмақшы. Бұл жоба көлік құралдарын тіркеуге, жүргізуші куəліктерін беруге жəне əкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өндіріс рəсімдерін атқаруға бай-ланысты тұрғындарға қызмет көрсету сапасын жақсартады. Сондай-ақ, электронды жүйе адамдарды кезекке өзі қойып, реттік нөмірді береді.

    ● Маңғыстауда су тұшыту зауытының қуаты төрт есеге артады. Енді аймақ халқының 30 пайызы сапалы əрі тазартылған ауызсуға қол жеткізбек. Өйткені, Ақтаудағы «Каспий» зауытына жаңа қондырғылар алынып, су тұ шыту көлемі төрт есеге дейін ұл ғай тылды. Зауытқа келетін теңіз суы мұнай қалдығы мен қоқыс тардан əбден тазартылып, 5 түрлі сүзгіден өткізіледі.

    Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары,

    «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері

    бойынша дайындалды.

    (Соңы 3-бетте).

    №17 (28745)28 ҚАҢТАРБЕЙСЕНБІ2016 ЖЫЛ

    Бірлік! Тұрақтылық! Жасампаздық!

    «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVII съезі

    2016 жылдың 29 қаңтары. Астана. Тəуелсіздік сарайы

    Сатыбалды СƏУІРБАЙ,«Егемен Қазақстан».

    «Анди» ЖШС-нің сүттік ба-ғыттағы гольштин-фриз тұ қымды 474 қашарды алыстағы Аме ри-каның Айдахо штатынан алып келгені күні кеше сияқты еді. Сол кезде мұхит асып келген сиыр-ларды көріп, іштей жерсініп кетсе дұрыс-ау деген ойға қалғанымыз да рас. Жақында осы серіктестікте болғанымызда мұхит асып келген құнажын қашарлардың екінші рет бұзаулап, сүт бұлағын ағызып қана қоймай, табынды толықтыруға мүмкіндік беріп жатқанын көріп сүйсіндік.

    Темір-бетон бұйымдарын шы ғаратын зауыттың бұрынғы қосалқы шаруашылығының ізін-де құрылған бұл серіктестік қала маңындағы №39 теміржол бекеті аумағында орналасқан. Серік-тестік басшысы Мəди Қабақ-баев тың əңгімесіне қарағанда, бұл серіктестік 1998 жылдан бері мал шаруашылығымен айналы-сып келеді. Бұған дейін зауыттың қосалқы шаруашылығында біраз мал өсіріліп, өнімдері қала халқына ұсынылған. Алайда, олардың бəрі де өнімділігі төмен жергілікті малдың тұқымы болатын. Бұлай нарықтық қатынас жағдайында бəсекелестікке төтеп бермек түгілі, табыс табудың өзі мүмкін

    еместігін байқаған шаруашылық құрылтайшылары мен басшы-лары мал тұқымын жақсартуға бағыт ұстады, Елбасының ауыл шаруашылығы кешендерін да-мыту туралы бағдарламалары ая-сында жаңа жобаны жүзеге асы-руға қадам жасады. Сөйтіп, 2011 жылы серіктестік қолға алған бұл жоба еліміздің үдемелі инно-вациялық-индустриялық даму бағдарламасына енді . «Қаз-АгроҚаржы» АҚ-тың қаржы лан-дыруы арқылы шетелден жет-кізілетін сиырлар үшін жоба-лық қуаттылығы 500 ірі қара

    тұратын тауарлы-сүт фермасын салды. Қазіргі заманғы талапқа сай жабдықтар орнатып, іске қосты. Осы шаруалар аяқталған соң, асыл тұқымды сауын сиыр лар алу-дың қамына кірісті. Аме ри каның Айдахо штатынан асыл тұқым ды гольштин-фриз сүтті сиырын са-тып алуға несие бөлді. Жоба ның құны 1079,4 мың теңге тұрады. Соның 916,5 миллион теңге сін «ҚазАгроҚаржы» АҚ несие леп отыр. Қалған қаржыны құрыл-тайшының өзі салды.

    – Мұндай малды алғандағы мақсатымыздың өзі сүт өндіруде

    əлемдік бəсекелестікке дайын болу ғой. Бұл аталған мал тұқымының дүниежүзінде сүт өндіру жөнінде генетикалық қуаты өте жоғары. Бір сиыр жылына 7 мың литрге дейін сүт береді, – дейді серіктестік ди-ректоры Мəди Қабақбаев.

    Тауарлы-сүт фермасында мал-ды жайлау, сауу автоматты түрде атқарылады. Мұнда 40-қа жуық адам жұмыс істейді. Бір мезетте 28 сиыр автоматпен сауылатын орында ауысымына екі сауыншы жұмыс істейді.

    ● Өңір өмірі

    Сїт бўлаєын аєызєан

    (Соңы 9-бетте).

    Самат МҰСА,«Егемен Қазақстан».

    Ауқымды архивтік құжаттар ауқымының негізінде əзірленген серия 1990-2014 жылдар-ды қамтиды жəне мемлекеттік тілдегі – 20, орыс тіліндегі 20 томнан тұрады. Алғашқы бес том 1990-жылдарға арналған əрі оның əр томы екі жылды қамтиды. 2000 жылдан бас-тап 2014 жылдың оқиғаларын сипаттайтын қалған 15 томның əрқайсысы бір жылдың оқиғаларын береді.

    Өзінің мазмұны мен техникалық орын-далуы жөнінен «Хроника» бүкіл кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі баламасы жоқ басылым екенін атап өткен жөн. Əр томға кітаптың өзі жəне дербес ақпараттық өнімдер болып саналатын мультимедиалық компакт-диск кіреді.

    Басылымға мына дерек айрықша құндылық береді: кеңестерді, іскерлік кездесулерді, ірі

    қоғамдық-саяси акцияларды, ел өңірлеріне жасалған жұмыс сапарларын, шетелдер-ге сапарларды, т.б. қоса алғанда, онда Елбасының күнделікті жұмысы күн сайынғы пішім бойынша көрініс тапқан. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының сөйлеген сөздерінің, Президенттің белгілі бір кезеңдегі заңдары мен жарлықтарының тізбесі, түрлі анықтамалық ақпарат берілген. Көрнекілеу бола түсуі үшін Н.Ə.Назарбаев қатысқан едəуір маңызды іс-шаралар фото- жəне бей-нематериалдармен дəйектелген, мұның өзі оқырмандардың суреттеліп отырған оқиғалар ауанына толығырақ бойлауына мүмкіндік береді.

    Оқырмандардың танысуына көбірек мүмкіндік туғызуды қамтамасыз ету мақсатында материалдар, сондай-ақ, Мемлекет басшысының «Ақорда» ресми сайтында да қайталана ұсынылады (http://www.akorda.kz).

    Қазіргі кезде 2015 жылға арналған кезекті том басуға əзірленуде, ол осы жылдың соңына қарай жарық көреді.

    Тұтасымен алғанда, «Хроника» Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың көпқырлы қызметінің призмасы арқылы

    берілген Қазақстанның ең жаңа тарихы жөніндегі құнды құжаттамалық дереккөз бо-лып табылады.

    Серияны саяси ғылымдар докторы, про-фессор М.Б.Қасымбеков басшылық жасайтын авторлық ұжым шығаруда.

    Сатыбалды СƏУІРБАЙ,«Егемен Қазақстан».

    Серіктестіктің бас директо-ры Ғалымжан Елеуов орталық жұ мы сымен таныстырды. Бұл жоба ның құны – 774154,296 мил-лион теңге. Орталық осы заман-ғы озық медициналық қондыр-ғы лармен жəне аппараттармен жа рақ тандырылған. Мұнда ба-лалар мен ересектерге көптеген ауру түр лері бойынша арнаулы амбу ла ториялық жəне стацио-нарлық медициналық көмек көр се-тіледі. Мұнда Германиядан, Швей-цариядан, Израильден, Чехия-дан, Түркиядан, Кореядан кəсі би біліктілігін жетілдіріп кел ген маман дəрігерлер жұмыс істей-ді. Оңалту орталығында еңбек ете тін 303 қызметкердің 102-сі дəрі гер, оның он төрті медици-на ғы лым дарының докторы мен канди даты, отыз алтысы жоғары санат ты дəрігер болып табылады. Орта лық пайдалануға берілгеннен бері 4277 адам медициналық оңал-ту дан өткен. Бұл мемлекет-жеке-меншік əріптестігі негізінде іске қосылған медицина мекемесі. Алдағы уақытта осындай тағы екі емдеу мекемесі мемлекет-же-кеменшік əріптестік негізінде пайдалануға берілмек. Өңірде медициналық кластер құру жəне медициналық туризмді дамыту көзделуде.

    Содан кейін Мемлекеттік хат шы «Каспий плюс» ЖШС-і-не атбасын тіреді. Кəсіпорын тау-кен жəне өндіру өнеркəсібі үшін əртүрлі бекіткіш бұйымдар

    өндірісімен айналысады. Серік-т е с т і к д и р е к т о р ы Ж а н д о с Пангереевтің мəлімдеуінше, кəсіп-орын жылына 10 мың тонна бекіт-кіш бұйымдар шығарады, 1000 тонна металл өңдейді. Жоба ға 500 миллион теңге қаржы са-лынған. Қазір мұнда 30 адам еңбек етеді. Кəсіпорындағы зама науи станоктардың əрқайсысы оннан астам темір өңдеу жəне жону операцияларын атқарады. Қазір кəсіпорынның қуаты қандай да күрделі қосалқы бөлшектерді шығаруға, металл өңдеу саласында Қазақстанның аумағында бəсекеге қабілеттілікті жəне импорт алма-суды ұлғайтуға мүмкіндік береді.

    Мемлекеттік хатшы мен өңір басшысы Қ.Жұбанов атын-дағы өңірлік мемлекеттік универ-ситетінің Студенттер сарайын-да өткен «Менің жетістігім – Тəуел сіздіктің жетістігі» атты ай мақ аралық жастар форумына қатысты. Форумға еліміздің батыс аймақтарынан, көршілес Қы зыл-орда, Ресейдің Орынбор облыстары-нан делегаттар келді. Аймақаралық жастар кездесулерін өткізу – жас-тар саясаты бағытындағы Қа-зақстан мен Ресейдің екіжақты инте грациясының жарқын үлгісі деуге болады. Жастар жиынының шымылдығы егемен еліміздің тəуелсіздік алған 25 жыл ішінде жүріп өткен жолы мен қол жеткен табыстары туралы бейнефильммен ашылды. Онда əлем мойындаған Қазақстанның экономикалық-саяси даму бағыттары баяндалған.

    ● Оймақтай ой

    Анық бақ: кірсіз ақыл, мінсіз сөз,

    адал еңбек.

    Шəкəрім ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ.

    Жастар – елдіѕ ертеѕі

    Ақтөбе өңіріндегі жұмыс сапарының екінші күні Мем-лекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықова мен облыс əкімі Бер-дібек Сапарбаев алдымен 2013 жылы пайдалануға берілген 155 кереуеттік «Дару клиникасы» медициналық оңалту орта-лығы» ЖШС-іне барды.

    Президенттіѕ кїнделікті ќызметі – ел жылнамасында

    «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Қызмет хроникасы» серия-сының 20-шы томы жарық көрді.

    Сайлау-2016

    – Қуандық Тұрғанқұлұлы, Мемлекет басшысының Пар-ламент Мəжілісі депутат тары-ның кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойғанына, міне, бір апта уақыт өтті. Ортсайлаукомның осы уақыт ішінде атқарған жұмысы туралы айтып берсеңіз.

    – Шынымен де, бір апта уа қыт өтті. Десек те, осы уақыт ара лы-ғын да біз біршама жұмыс атқар-дық. Біріншіден, Комиссия отыры-сын да сайлау үдерісін ұйым дас ты-ру үшін қажетті бірінші ке зек те гі нормативтік-құқықтық акті лер ді бекіттік. Сонымен қатар, біз 18 шет мемлекеттің Ортсай лау ком -дарының бірінші басшы ла ры на шақырулар жіберіп, халық аралық

    байқаушылардың қызметін рег ла-менттейтін құжаттар қабылдадық.

    Екіншіден, сайлау науқанын ұйым дастыру мен өткізу мəсе лелері бойынша семинар-кеңес өткізілді. Бұл жиында біз алдағы электораттық науқанның барлық қырларын нақты талқыладық жəне электораттық үдерістің бар лық қатысушыларына сайлау заң намасы бойынша егжей-тегжейлі түсінік бердік. Үшіншіден, халық ты алдағы сайлау туралы ақпарат тандыру жөнінде ауқымды жұмыс басталды. Аталған жұмыс шең берінде сайлаушылардың сай-лау күні дауыс беруге келуі үшін қазақстандықтардың азаматтық белсенділігін арттыруға баса назар аударылады.

    Бір апта ґтті. Атќарылєан жўмыстыѕ ауќымы ќандай?Ќазаќстан Республикасы Орталыќ сайлау комиссиясыныѕ тґраєасы Ќуандыќ ТЎРЄАНЌЎЛОВПЕН əѕгіме

    (Соңы 2-бетте).

  • www.egemen.kz2 28 қаңтар 2016 жыл

    (Соңы. Басы 1-бетте).

    Думан АНАШ,«Егемен Қазақстан».

    Шығыс өңірінің жұртшылығы кезектен тыс Парламент Мəжі лісі мен барлық деңгейдегі мəсли хат-тар сайлауларына күллі отандас-тарымен бірге бірауыздан қолдау көрсетті. Алтай мен Алакөл ара -сында жатқан алып өңірде Елба-сы Жарлығына үн қосушы лар қатарында жекелеген тұр ғын дар да, қоғамдық ұйымдар мен ме-кемелер де бар. Мəселен, Шы-ғыс Қазақстан облыстық кітап -ханашылар қауым дасты ғының өкілдері мемлекетке дағ дарысқа қарсы тұру үшін жаңа тетік қажеттігін айтады. Яғни, əлем-дік дағдарыстың күрделі кезе-ң інде Қазақ станға Мəжіліс пен мəс лихат сынды саяси институт-тардың қуаттана түскені керек.

    – Экономикада қатты күй-зеліске жол бермеу үшін кəсіби деңгейі жоғары, қандай жағдайда да икемділік таныта білетін мықты мамандар керек. Сон-дық тан, бұл сайлау дағдарысқа қарсы шаралар мен Президенттің «Нұрлы Жол» бағ дар ламасының жүзеге асырылуын жедел детеді, – дейді кітапханашылар қауым-дастығының өкілі, облыстық Пушкин атындағы кітапхана ди-ректоры Қабиба Ақжігітова.

    Облыстық Азаматтық альянс

    өкілдері де осы ойда. Қазақстан Азаматтық альянсының өңірдегі ресми өкілі болып табылатын облыстық ұйым бірқатар үкі меттік емес ұйымдардың басын бірікті-реді. Аталған альянс өңір лік жəне рес пуб ликалық деңгейде түрлі топтар дың мүдде лері ескерілген бірыңғай стра те гиялық жұмыстар жүргізетін дігімен ерекшеленеді. Ұйым мүше лерінің айтуынша, жаһан дық дағдарыс салдарының алдын алуға һəм күрделі кезеңді тиім ділік пен еңсеруде алдағы сай-лау нау қаны ның маңызы ерекше болмақ.

    – Ауқымды өзгерістер дəуірі бас талып келеді. Біз оған əрдайым əзір болуымыз тиіс. Парла-мент депутаттарының бастама-сы 5 институттық реформа ая-сындағы «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын тиімді жүзеге асыруды көздейді. Біз аталған дағдарысқа қарсы шаралар төңірегінде бірге қимылдауымыз керек, – деді Шығыс Қазақстан облысы бой-ынша Азаматтық альянсының төрағасы Олег Чернышов.

    Ол облыстағы мемлекеттік емес сектор жетекшілерінің пікірі кезектен тыс сайлауды өткізуді қолдайтындығын көрсеткенін, өзге де азаматтық институттар-ды саяси-экономикалық маңызы зор науқанға бір кісідей қатысуға шақыратынын жеткізді.

    Бұл саяси шарадан өңірдің этномəдени бірлестіктері де тыс қалмайды. Облыстық Дос-тық үйі – қоғамдық келісім орталығында өткен дөңге лек үстелде этномəдени ұйымдар-дың жетекшілері Президент-тің Парламент Мəжілісі нің 5-шақырылымдағы депутат-тардың өкілеттігін тоқтату жəне ағымдағы жылдың 20 науры-зына кезектен тыс сайлау өткізу туралы Жарлығына қатыс ты ой-пікірлерімен бөлісті. Өңір-дегі Қазақстан халқы Ассам блея-сының хатшылық меңгерушісі Асқар Нұрғазиев Президент шеші-мінің зиялы қауым мен ғылыми ортада, еңбек ұжымдарында, кəсіп керлер арасында үлкен қол дауға ие болғандығын, осы орайда, облыс көлемінде тұрып жатқан 110 ұлттың өкілі мен 14 Дос тық үйінің депутаттар

    кө тер ген бастамаға əу бастан қолдау көрсеткенін айтты.

    Мемлекет басшысының əр үндеуі қоғам тарапынан, соның ішінде этномəдени ұйымдар та-рапынан үлкен қолдауға ие бо-лып келеді. Қазақстан халқы Ассам блеясының мүшелері мен өңір дегі этностардың қоғамдық ұйым дарының жетекші лері бұл сай лаудың ел бірлігі мен тұ тас ты-ғын сақтауға жəне арттыруға ерек-ше үлес қосатындығын атап өтті.

    – Бұл бүгінгідей алмағайып уа қытта дер кезінде жəне дұрыс жасалған қадам болды. Сон-дықтан, сайлаудың ел дамуын-дағы алар өзіндік орны бар, – деді облыстық орыс этномəдени бірлестігінің жетекшісі Николай Зайцев. Ол Елбасының елдік сөздеріне əрқашан құлақ салып, одан замана лебін аңдап отыраты-нын, алда баршаға сын болатын

    уақыт туып келе жатқанын, сондықтан көрпеге қарай көсіліп, қаржыны үнемдеудің, жұмыс орындарын сақтап қалудың маңызды екенін атап өтті.

    – Біздің еліміз дамудың əртүрлі ауыр кезеңдерін өткерді. Біз көптеген қиындықтарды ең-се ріп, жетістіктерге жеттік. Сон-дық тан, бұл кезеңді де артқа тас тап, көздеген мақсаттары-мыз ға жетуге деген сенімім кə-міл. Сондықтан, Қазақ стан ның бір тұтас халқы ретінде Прези-ден тімізге əрдайым қолдау көр-сетеміз, – деді Н.Зайцев. Сон -дай-ақ, «Вайнах» чешен-ин -гуш этномəдени бірлесті гінің төрайымы Татьяна Кагер манова, Қазақстан халқы Ассам блея-сының мүше сі Лео Шик, славян этномəдени қоғамы ның жетекшісі Александр Яковлев пен өзге де этномəдени бірлестіктердің өкіл-дері алдағы саяси науқанды қызу қолдай тындықтарын білдірді.

    Жиын соңында шығысқазақ-стан дықтарды сайлауға бір кісі-дей қатысуға шақырған үн деу қабылданды. Сонымен бірге, Қазақстан халқы Ассам блея сы-ның мүше лері, этномəдени бір-лестіктер жетек шілері мен Дос-тық үйінің қызметкерлері «Үй ішімізбен дауыс береміз! Көше-мізбен дауыс береміз!» атты ак-цияны бастауға уағдаласты.

    ӨСКЕМЕН.––––––––––––––

    Суретті түсірген Ғылымбек СƏБИТОВ.

    – Еліміздегі сайлаушылар саны қанша болды?

    – «Сайлау туралы» Заңға сəй-кес əр жылдың 1 шілдесіне жə-не 1 қаңтарына қарай жергілікті атқа ру шы органдар сайлаушылар ту ралы мəліметтер береді. Сон-дық тан, қазіргі уақытта барлық ау-мақ тық сайлау комиссияларында жə не Ортсайлаукомда сайлаушы-лар тізімдері бар. Тізілімге сəйкес, еліміздегі сайлаушылар саны 9 миллион 792 мың адамды құрайды.

    Қазіргі кездегі басты міндет – еліміздің əрбір азаматы өзінің конституциялық құқығын пайда-лануы үшін əрбір учаске бойынша сайлаушылардың дұрыс тізімдерін қалыптастыру. Бұл ретте сайлау-шылар тізімдерін жасау – үздіксіз үдеріс екенін атап өткім келеді. Осыған байланысты тізімдер біз бекіткен күнтізбелік жоспарға сəйкес сайлаушылардың таны-суы үшін сайлау комиссиялары-на 28 ақпанға дейін ұсынылады. Сонымен бірге, сайлаушылар тізім дерін толықтыру жұмысы дауыс беру күні де жүргізіледі. Сайлау шылар тізімдерінің дұрыс-ты ғына жергілікті атқарушы ор-ган дар жауапты. Жəне бұл міндет-ті шешу үшін барлық ресурстар қол данылып отыр. Сонымен қатар, еліміздің əрбір азаматын азамат-тық белсенділік танытуға шақыр-ғым келеді. Осыған байланысты біз сай лаушыларға арналған тиісті үн-деу қабылдап, жария еттік. 4 нау-рыздан бастап өз сайлау учаске сі не барып, өздерін сайлаушы лар ті-зімдерінен тексерулеріне болады.

    – Ағымдағы экономикалық жағдаят тұрғысында талқыға түсетін мəселелердің бірі қаржы мəселесі болып табылады. Бізге сайлау науқанына жұмсалатын шығыстар құрылымы туралы айтып бере аласыз ба?

    – Мəжіліс депутаттарын жəне барлық деңгейдегі мəслихаттар депутаттарын сайлауды өткізуге 7 миллиард 985 миллион 300 мың теңге қажет етіледі. Электораттық науқанға жұмсалатын қаражаттың ішіндегі шығындардың 53%-ын сайлау комиссиялары мүшелеріне тө ленетін еңбекақы құрайды. Бұл рет те, заңнамаға сəйкес, мемлекет-тік қызметші болып табыла тын сайлау комиссияларының мүше-леріне еңбекақы төленбейді. Бі рақ, оларға мереке жəне демалыс күн-деріндегі жұмысы үшін үстемеақы төленеді.

    Жалпы, сайлау комиссия лары-ның мүшелеріне еңбекақы төлеу Еңбек кодексіне сəйкес нақты жұ мыс уақыты үшін табель ге сай жүргізіледі. Ал екінші негіз-гі маңызды шығыстар тармағы – бұл мəслихаттар депутаттығына канди даттардың сайлау алдындағы үгітін жүргізуге арналған шы-ғындар. Ол – 17,4 пайыз.

    Елімізідің заңнамасына сəйкес мемлекет кандидаттарға БАҚ-та ең төмен көлем мөлшеріндегі үгіт жүргізу үшін қаражатты тең бөлу кепілдігін береді. Əрбір кан дидатқа теледидардан 15 минут тық сөз

    сөйлеуге, радиодан 10 минуттық сөз сөйлеуге, сондай-ақ, баспа басылымдарында көлемі 0,1 бас-па табақтан аспайтын екі мақала жариялауға қаражат беріледі.

    Жалпы алғанда, тек осы екі бап бойынша ғана электораттық науқанға бөлінген қаражаттың 70%-дан астамы жұмсалатын бо-ла ды. Шығыстардың қалған бөлі-гі – бюллетеньдерді басып шы ға -руға, дыбыс жəне бейнеро лик терді əзірлеуге жəне оларды кейін нен те-ледидар мен радиода ай налдыруға, билбордтарды, сыртқы жарнаманың əртүрлі элементтерін орналастыруға жəне басқаларына жұмсалады.

    – Алдағы кезеңде Орталық сайлау комиссиясы қандай мəсе-лелерге баса көңіл бөлмек?

    – Алдағы кезеңде біз үш бағытқа барлық күш-жігерімізді бағыттаймыз. Бірінші бағыт – сая-си партиялармен жұмыс. Сай лауға қатысуға ниет білдірген барлық саяси партиялар өздерінің съез-дерін өткізіп, партиялық тізім дерін бекітуге жəне бізге ұсынуға тиіс. Бұл ретте, барлық облыстар мен Астана жəне Алматы қала лары нан өңірлік филиал өкілдері нің съезд жұмысына қатысуы міндетті шарт болып табылады.

    Осыдан кейін біз тізімге енгі-зіл ген əрбір адамды тексеруді ұйым дастырамыз. Аталған ресім Конс титуциямызда жəне сайлау заң намасында регламенттелген. Конституцияға сəйкес жасы 25-ке толған, Қазақстан Респуб-ликасының азаматтығында тұра-тын жəне оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Мəжіліс депутаты бола ала-тынын естеріңізге сала кетейін. Сондай-ақ, аталған адамдар салық жəне басқа да мемлекеттік орган-дар тарапынан тексеріледі.

    Тұтас алғанда, кандидаттарға қойылатын талаптар мен оларды кейіннен тексеру жалпыға бірдей

    əлемдік тəжірибе болып табыла-ды жəне демократиялық елдердің барлығында қолданылады. Барлық тексерулер аяқталған соң, біз саяси партияның тізімін тіркейміз жəне оған сайлау алдындағы бəсекеге жол беріледі.

    Екінші бағыт – сайлау комис-сия ларының қызметін ұйым-дас тыру. Осы күндері барлық жергілікті баспа басылымдарында учаскелік сайлау комиссиялары мү шелерінің тізімі жарияланды. Кейбір учаскелерде əртүрлі се-бептерге байланысты бос орындар болды жəне біз заң нормаларына сəйкес мəслихаттармен бірлесе отырып оларды жаптық. Енді округтік жəне аумақтық сайлау ко-миссиялары бойынша да осындай жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, жақында біз барлық өңірлерде сайлаушылардың өз учаскесінің орналасқан жері тура-лы алдын ала ақпарат алуы үшін сайлау учаскелерінің шекараларын жариялауды ұйымдастырмақпыз.

    Үшінші бағыт – əдіс теме-лік қамтамасыз ету. Біз барлық өңір лерде сайлау комиссия лары-ның мүшелеріне арналған се-минарлар ұйымдастыруды жос-парлап отырмыз. Бұдан басқа республикалық БАҚ-тар басшы-лары үшін Парламент Мəжілі сінің депутаттарын сайлау бойынша үгіт науқанын өткізу мəселе лері жөнінде семинар ұйымдас ты-рылатын болады. Аталған семи-нар барысында интернетте жəне əлеуметтік желілерде үгіт жұ-мысын жүргізу мəселесі жеке қаралады. Сондай-ақ, үгіт жұмы-сын жүргізу мəселелері бойын-ша сайлау науқанына қатысатын саяси партиялардың өкілдеріне арналған тренинг де өткізіледі.

    Жалпы, біздің негізгі наза-рымызды аударатын мəселелер топтамасы, міне, осындай. Осы-лармен қатар, халықаралық ұйым-дармен халықаралық байқауға қатысты жұмыс жүргізілуде. Сайлау үдерісінің барлық қатысу-шыларына жəне тағы басқаларына арналған əдістемелік құралдар ба-сып шығару мəселесіне баса көңіл бөлініп отыр.

    – Əңгімеңізге рахмет.

    Əңгімелескен Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,

    «Егемен Қазақстан».

    Бір апта ґтті. Атќарылєан жўмыстыѕ ауќымы ќандай?

    Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,«Егемен Қазақстан».

    Кеңесте ОСК мен аумақтық сайлау комиссияларының сайлау науқанын ұйымдастыру жөнін-дегі ағымдағы қызметі қарал ды. Ортсайлауком мүшелері өзде-рі жетекшілік ететін мəселе лері мен бағыттары бойынша атқар-ған жұмыстары туралы айтып берді. Сайлау науқаны бастал ған кезеңнен бері ОСК Парла мент Мəжілісі мен мəслихат тар сай-лауы жөніндегі күнтізбе лік жос-парларын жəне сайлау құ жат-тарының нысандарын бекіту тура-лы, сондай-ақ, шет мемлекет тер, ха лықаралық ұйымдар мен шет -ел дік БАҚ-тар өкілдері қыз мет -терінің кейбір мəселелері ту ра лы қаулы қабылдағаны атап өтілді.

    Орталық сайлау комис сия-сының мүшесі Татьяна Охлоп-ко ваның айтуынша, шет мем-лекеттердің жəне халық аралық ұйымдардың байқау шы лары Сыртқы істер министр лігінің ұсынысымен ғана аккре дит-теледі. «Дегенмен, қазірдің өзін-де бірқатар халықаралық ұйым еліміздің Сыртқы істер мин-истрлігіне сайлауға қатыса тын-дық тарын ауызша қуаттады, – деді ол осы жайында. – Олар дың қатарында Шанхай ынты мақ-тастық ұйымы, Еуропа Кеңесінің

    Парламенттік Ассамблеясы, сон-дай-ақ, Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі бар. Бұл ұйымдар біздің сайлауға бай-қау жүргізуге ниетті екендігін білдіріп, қазіргі уақытта канди-даттарын іріктеуде».

    Сонымен бірге, Комиссия мүшесі Орталық сайлау комис-сиясының төрағасы 18 мем-лекеттің сайлау комиссияларының бірінші басшыларына шақыру жібергенін, ал еліміздің Сыртқы істер министрлігі 18 халықаралық ұйымға, сонымен қатар, осы ұйымдардың аясында 112 мем-лекетке шақыру жібергенін атап өтті. «ҚР Сыртқы істер министрлігі бізге 98 мемлекеттің аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің тізімін берді. Тұрақты немесе уақытша аккредиттелгендігі ту-ралы куəлігі бар олар қазірден бастап сайлауға байқау жүргізуге кірісе алады», – деді Т.Охлопкова.

    Ал Орталық сайлау комис-сиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоостың хабардар етуінше, Мəжіліс пен барлық деңгейдегі мəслихаттар депутат-тары сайлауларының электорал-ды үдерісіне ешқандай шағым түспеген. «Қазірге қандайда бір мəселеге байланысты шағым түсе қойған жоқ. Дегенмен, Орталық сайлау комиссиясына хаттар

    Жоспардыѕ іске асырылу жайы пысыќталды

    Кеше Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың төрағалық етуімен Комиссияның Парламент Мəжілісі мен мəслихаттары депутаттарының сайлауын əзірлеу мен өткізу жөніндегі іс-шаралардың жос парын іске асыру бары-сы туралы жұмыс кеңесі өтті.

    түсуде. Бірақ, олар электорал-ды үдеріске қатысты емес. Олар негізінен əлеуметтік, тұрмыстық қиыншылықтарды қамтиды. Бұл барлық электоралды науқанда орын алатын əдеттегі құбылыс сияқты», – деді ол.

    Орталық сайлау комис сия-сының мүшесі Лəззат Сүлеймен өзіне жүктелген мəселелерді айта келіп, соған қатысты қолға алынған іс-шараларға тоқталып өтті. «Көрнекі ақпарат ретінде 757 билбордты орналастыру жө-нінде ОСК төрағасының шеші мі шыққан болатын. Оның бірін-ші кезеңін Астана мен Ал маты, сонымен қатар, облыс орта-лықтарында орналастыруды аяқтап қалдық. Ондағы ақпа-раттар сайлаушыларға сайлаудың қай күні өтетіндігінен мəлімет бере ді. Бұл билбордтар «Сайлауда өз таң дауыңды жаса!» деген ұран-мен дайындалған. Жұмыстар алдағы күндері де жалғасын та-бады», – деді Л.Сүлеймен.

    ОСК төрағасы Қ.Тұрғанқұлов Л.Сүлейменнен аталған билборд-тардың қашан толығымен ілініп болатынын сұраған еді. «Бұл бағытта біз жұмыс істеп жатыр-мыз. Бұл жұмыстарды 2-3 күннің ішінде толығымен аяқтаймыз», – деп жауап берді.

    Кеңес барысында қызметтің негізгі жəне шұғыл міндеттері мен бағыттары анықталғаннан кейін ұйымдастыру жұмысының басым бөлігі тікелей өңірлерге ауысатыны атап өтілді. Қазіргі уақыт та барлық өңірлерде сай-лау учаскелерінің шекара лары мен учаскелік сайлау комис-сия ларының құрамы туралы ха-барларды жариялау аяқтал ған. Ал округтік сайлау комис сия-ларының құрамы мен орналасқан жерлері, шекаралары көрсетілген сайлау округтерінің тізімдері бұқаралық ақпарат құралдарында 30 қаңтардан кешіктірілмей жа-рияланатын болады.––––––––––––––

    Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

    Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,«Егемен Қазақстан».

    Бүгінгі таңда осы заңнама шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыс барысын-да сайлау заңдылықтарын сақтау аса маңызды. Рас, əр үміткер өзінің саяси

    бағдарламасын газет арқылы жан-жақты жеткізуге, теледидардан ашық əңгіме өрбітуге талпынады. Соның барлығында сайлау туралы заңнаманың бұзылмауы талап етіледі.

    Өз кезегінде сөз алған Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының

    басшысы Ғалиасқар Сарыбаев сай-лауалды үгіт-насихат жұмыстарында үміткерлердің бұқаралық ақпарат құрал дарында құқықтары сақталып, барлығына бір ретті мүмкіндік бері-лет індіг іне кепіл д ік болатынын жеткізді. Эфирге шығу, басылымдар-да жариялау ақылы негізде келісімшарт арқылы жүргізіледі. Жалған ақпарат таратуға, ар-намысқа тиюге қатаң ты-йым салынады.

    Парламент Мəжілісінің Кезектен тыс сайлауы Қазақстан Республикасы

    Орталық сайлау комиссиясы бекіткен кестеге сəйкес жүргізілетінін əкімдік хабардар етті. Осылайша депутаттыққа үміткерлердің сайлауалды жұмысы бас талды. Барлық үміткер, заңнама талабы бойынша, сайлау комисси-яларында тіркелуі тиіс. Облыста депутаттықтан үміткерлерді сайлаудың 44 округінің шекарасы анықталды. Жалпы, Жетісуда 918 аумақтық сайлау комиссиясы бар. Сайлау науқаны ашық түрде жүр гізілетіні белгілі. Ал журна-листер сол жұмыстың жариялылығын қамтамасыз етуі тиіс.

    Алматы облысы.

    Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан».

    Брифинг барысында Елбасының Жар-лығына сəйкес, Қазақстан Рес пуб ликасы Парламенті Мəжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтетіндігіне бай-ланысты бүгінгі күнге дейін еліміздің барлық өңірінде партия филиалдары сая-си кеңестерінің кеңейтілген отырыстары өткендігі, ол жерлерде партияның сайла-уалды бағдарламасының жобасы алдын ала талқыланып, съезд делегаттарының құрамы бекітілгендігі белгілі болды. Партия хатшыларының айтуларына қарағанда, егер партия мүшелерінің саны бүгінде 970 мыңға жуықтаса, съез-ге қатысуға солардың ішінен 600-ден астам делегат сайланыпты. Ал жалпы, партияның кезектен тыс XVII съезіне 2 мыңнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр екен.

    Қ.Жұмашев «Нұр Отан» партиясы еліміздегі ең ірі саяси күш ретінде бұл сайлауға міндетті түрде қатысуды көз-деп отырғанына тоқталды. «Осы съезд, əрине, өзінің тарихи маңыз дылығымен ерекшеленеді. Өткен кезең дерді сара-лайтын болсақ, партия өзінің алға қойған міндеттерін орындап, көптеген мəселені мерзімінен бұрын шешіп, енді алдағы 5 жылдыққа жаңа мақсаттар мен міндеттер қоюды көздеп отыр. Бүгін, осы съездің қарса ң ында партия Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен «Нұр Отанның» Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді. Оған аймақтық делегациялардың өкілдері, партияның аймақтық жəне аумақтық фи-лиалдары төрағаларының бірінші орын-басарлары, Орталық аппарат басшылары қатысады. Бұл дегеніміз – Саяси кеңес өкілдерінің пар тия мыздың барлық фи-лиалын қамти тындығы. Олардың жал-пы саны – 100 адам. Біз олардың басын қос қан кезде, съездің негізгі жұмыс-шы органдарымен Сайлауалды бағдар-ламаны бекітіп, оны съездің қарауына ұсына тын боламыз», – деді Қ.Жұмашев.

    Сонымен қатар, ол мұндай ау қым ды саяси науқанға дайындық жұмыстары жер-жерде жүргізіліп жатқанын айта келе, съезд өткізу туралы шешім қабыл-данғаннан кейін еліміздің өңірлерінде өткен саяси кеңестердің кеңейтілген отырыстарына партияның белсенді мүшелері, партия жанындағы қоғамдық ұйым дардың, партиялық бақылау комис сиясының «Жас Отан» жастар қанатының өкіл дері қатысып, онда Сайлауалды тұғыр нама жан-жақты талқыланғанын жеткізді.

    Ал Ф.Қуанғанов та Сайлауалды бағ дар ламаның Саяси кеңестің кеңей-тілген отырысында талқыланып, көп-шілік назарына ұсынылатынын, оның өзегінде Елбасының 5 институттық ре-формасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» мен Ұлт Жоспары, «Қазақстан-2050» Стратегиясы, «Нұр-лы Жол» бағдар ламасының негіз гі қа-ғи далары мен басымдықтары жатқа нын тілге тиек етті. Брифинг бары сын да, сон дай-ақ, «Нұр Отан» пар тия сы ның Жар ғысына сəйкес, Саяси кеңес тің құзы-ретіне партияның сайлау науқан дарына қатысуы жəне партия съезінің күн тəртібін қалып тастыруға байланысты мəселелерді қарау жататыны айтылды.

    Соған байланысты партияның Сая-си кеңесінің кеңейтілген отырысын да Сайлауалды бағдарламаның жобасы нан бөлек, Парламент Мəжілісі депутат-тарын сайлау жөніндегі партия лық тізім, партияның кезектен тыс XVII съезінің мандаттық, есептік, ре дак-циялық кеңестер жəне хатшылық сын-ды жұмысшы органдары төңірегін-дегі мəселелер қозғалмақ екен. Соны-мен қатар, партия хатшылары өз сөз-дерінде партиялық тізімнің құрамына Қазақстанның əлеуметтік-экономика-лық, мəдени-рухани дамуына үлес қосып жүрген азаматтардан бөлек, бола-ша ғынан үлкен үміт күттіретін білікті де білімді, креативті жастардың да кіретініне сенім білдірді.

    Съезге ќатысушылар саны – 2 мыѕ адам

    «Нұр Отан» партиясының Баспасөз орталығында партия хатшылары Фархад Қуанғанов пен Қаныбек Жұмашевтің қатысуымен брифинг өтті.

    Жариялылыќќа жарќын жол Орталық коммуникациялар қызметінің Талдықорғандағы филиа-

    лында «Сайлау туралы» Заңның БАҚ-тарда сақталуы бойынша баспасөз мəслихаты болып өтті. Онда Алматы облысы əкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев журналистерге «Сайлау туралы» заңды жан-жақты түсіндіріп берді.

    Шыєысќазаќстандыќ ўйымдарсайлау науќанына белсене ќатысуєа шаќырды

    САЙЛАУ-2016

  • www.egemen.kz 328 қаңтар 2016 жыл

    (Соңы. Басы 1-бетте).

    Форумды кіріспе сөз сөйлеп ашқан облыс əкімі Бердібек Сапарбаев бүгінгі жастар жиынын Нұрсұлтан Назарбаев айқындап берген басым бағыттарды орын-дау, аймақтардың экономикасын да мыту, аймақтар арасында ын-тымақтастықты нығайту мақса-тында жасалған маңызды қадам ретінде бағалады. Елбасының бас тамасымен қолға алынған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының бес институттық реформасын жүзеге асыруға жастарды белсенді тар-ту жəне олардың шығармашылық əлеуетін дамытуға ықпал ету- мемлекеттік органдардың бас ты міндеті екенін атап өтті. Мем-лекет басшысы Нұрсұлтан Назар-баевтың «Қазақстан жаңа жа-һандық нақты ахуалда: өсім, ре-формалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап көр-сетілгеніндей, жастарға зор жауап-кершілік жүктелетінін алға тарта сөйледі. Сондай-ақ, ел келешегінің кемелділігі жастардың терең білім алып, білікті маман болып шығуы,

    сөйтіп, Тəуелсіздіктің тұғырлы бо-луына елеулі үлес қосуы арқылы қалыптасатынын жеткізді. Бұл бағытта елімізде жастарға қолайлы жағдайлар туғызылып отырғанын атап өтті. Соның бір көрінісі ретінде «Болашақ» мемлекеттік бағ дарламасына тоқталып, көп-теген жастардың шетелдерде білім алып келгенін, жастардың қо ғамға қажетті азамат болып

    қалыптасуына алғышарт жасай-тын басқа да бағдарламалардың жүзеге асырылып жатқанын тілге тиек етті.

    –Тəуелсіздік жылдары егемен елге аянбай қызмет ететін, алғыр да жүректі жастардың тұтас толқыны өсіп-жетілді. Сондықтан да əлемдегі өркениетті елдер қа тар ында болу үшін жігерлі, жаңа шыл идеялармен қаруланған, білім ге құштар, ұлттық

    құндылық тарды бойына сіңірген жастарды тəрбиелеу қажет. Бұл елімізді əлем дегі дамыған 30 елдің қа тары нан орын алуға жеткізеді, – деді өңір басшысы.

    Мемлекеттік хатшы Г.Əб ді-қалықова мемлекет тарапынан өскелең ұрпақты тəрбиелеуге баса назар аударылып отырғанын, елімізде жастардың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар мен тиімді жұмыс істеу үлгісі жасалғанын, қала мен аудандар-да жастардың ресурстық орта-лықтары құрылғанын атап өтті. Ол елімізде «Болашақ», «Жасыл ел», «Дипломмен –ауылға!», «Жастар тəжі рибесі» «Серпін» жобалары табыс ты жүзеге асырылғанын, Елба сының қолдауымен 2017 жылы тегін кəсіптік-техникалық білім беруді көздейтін жаңа жоба-ның бастау алатынын мəлімдеді.

    – Елбасы адами капиталды дамыту – Қазақстанның қазіргі заман ға сай қалыптасуы мен өсуінің басты шарты ретінде əр-дайым жастардың рөлін ерекше атауда. Бəсекеге қабілетті ада ми капиталды тəрбиелеу, əсіре се, жастардың белсенділігі арқы лы «Қазақстан-2050» Стратегия-сында белгіленген мақсаттар ға қол жеткізе аламыз. 25 жыл дық

    Тəуелсіздік тарихында Қазақ стан халқының əлеуметтік-эконо ми-калық əл-ауқаты артып, ішкі саяси, ұлтаралық, дінаралық тұрақтылық қамтамасыз етіліп, халықаралық қаты настарды нығайта отырып, білім, ғылым, мəдениет салаларын-да толағай табыстарға қол жет-кіздік, – деді Гүлшара Наушақызы.

    Форумда студенттік, жұмысшы жəне ауыл жастарының, этно-мəдени бірлестіктердің өкіл дері, жас кəсіпкерлер мен тəуел сіз дік құрдастары сөз алып, Тəуел сіздік жылдары қол жеткен жетіс тіктер жайлы əңгіме өрбітті. Тəуел сіз дік-тің 25 жылдығына арнал ған шара-да ел, Отан, туған жер ту ралы пат-риоттық əндер шырқа лып, жастар жүрегіне жол тапты, отаншылдық сезімге жігерлен дірді.

    Шара барысында респуб лика -лық деңгейде өткізілетін «Спорт -сыз бір күн жоқ» спорт тық, «Бола-шақтың 25 идеясы» ғылы ми, «25 қайырымды іс» қайырым дылық, «Экотренд-04» эколо гиялық жəне «Бабалар ізімен» ұлт тық мəдени шығармашылық мара фон дары бас-тау алды. Алқалы жиын соңында форумға қатысу шылар еліміздің жастарына Үндеу қабылдады.

    Ақтөбе облысы.

    ‒ Сүндет Смаханұлы, алғашқы сұ рақ-ты жеңіл өнеркəсіп, мақта, тоқыма сала-сының дамуынан бастасақ. Осы саланың алға жылжуы жөнінде мемлекет тарапы-нан қандай шаралар жасалуда?

    ‒ Тəуелсіздік алған жылдарда еліміздің жеңіл өнеркəсіп саласы, оның ішінде мақта, тоқыма өндірісі біраз тұралап қалғаны рас. Қазақстанда 1992 жылға дейін жеңіл өнеркəсіп жақсы жұмыс істеген. Тоқсаныншы жылдардың басында нарықтық экономикаға байланысты жіпті өз елімізде иіріп, матаны өз елімізде тоқып, теріні өз жерімізде илеп, киімді де өз жерімізде тіккеннен көршілес елдер мен алыс-жақын шетмемлекеттерден сатып алған тиімді деген сылтаулармен жəне желеулермен қолда бар өндіріс орындарын, зауыттар мен фабрикаларды жекеменшікке өткізуге жол берілді.

    Кеңес уақытында бұл салада Қазақстанда 402 000 адам жұмыс істеген. Одаққа белгілі Жамбылдағы жеңіл жəне тоқыма өнеркəсібі институты мен оның филиалы ретінде ашылған қазіргі Алматы технологиялық университетінде жас мамандар даярланған. Қазіргі уақытта жеңіл өнеркəсіп саласының мамандарын дайындайтын бірден-бір оқу орны М.О.Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті. Ал рес-публика көлемінде бүгінде барлық жоғары оқу орындары осы сала бойынша жылына үш мыңға тарта маман дайындайды.

    Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев жеңіл өнеркəсіп саласын жаңғыртуда үлкен көре-гендік танытып келеді. Қазіргі таңда заман талабына сай ел дамуына қажетті инно-вациялық бағдарламалар қабылданып, іске асырылуда. Шиті мақтаны қайта өңдеу, тоқыма өндірісі мен тігін өнеркəсібін дамыту мақсатында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құру жөнінде шешім қабылданды. 2006 жылдың 6 шілдесінде «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже бекітіліп, маңызды құжатқа қол қойылды. АЭА-ның негізгі мақсаты тоқыма өнеркəсібіндегі дайын бұйымдарды өңдеп дамыту; ел экономикасының əлемдік жүйесіне кіруін жандандыру; Қазақстанға дайын тоқыма өнімдерін өндірушілерді тар-ту; жоғары техникалық өндірістер құру жəне өндірілетін тоқыма өнімдерінің сапасын жақсарту болып табылады.

    Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың тапсырма-сына сəйкес Үкімет тоқыма кластерін дамыту жоспарын бекітті. Сонымен қатар, мақта са-ласын дамыту туралы заң жобасы əзірленді. Бұл заң шаруалардың мүддесін қорғау, фер-мерлер мен шиті мақтаны қабылдайтын зауыттардың арасындағы байланысты айқын жəне əділ белгілеу, шиті мақтаны теру кезіндегі шаруалардың басты мəселесіне айналған бағаны тұрақтандыру мəселелерін қарастырады.

    – Еліміздегі шиті мақта шаруашы-лығының ауқымдылығы, жай-күйі тура-лы не айтасыз? Осы жұмыстармен айна-лысатын өндіріс орындары жеткілікті ме?

    – Əлемде шиті мақтаны өндіретін жетпістен астам ел бар. Біздің елде шиті мақта егу, талшығын өңдеу жұмыстарымен Оңтүстік Қазақстан облысы ғана ай-налысады. Яғни шиті мақтаға қатысты барлық өндіріс орындары сол аймақта орналасқан. Жоғарыда атап өткеніміздей, ел дамуына байланысты қабылданған шешімдерге сəйкес шиті мақта саласы да қарқынды дамуда. 2010 жылдан бері шиті мақта талшығын өз елімізде өңдеп келеміз. Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың бастамасымен негізі қаланған «Меланж», «Ютекс», «South Textilene, Oxy Textile, «Хлопкопром-целлюлоза» кəсіпорындары жылына 10 мың тоннадан артық мақта талшығынан жіп иіріп, мата тоқиды. Шығарған дайын бұйымдар Франция,

    Италия, Балтық жағалауы мем ле кеттеріне экспортталады.

    Елімізде егілген шиті мақтаның көле мі өңдеу фабрикалары үшін жеткілікті. Жұмыс-шылардың айлық жалақысы 90-120 мың теңге көлемінде. 2005 жылдан бері өндіріс орындары мен фабрикаларды, шаруаларды қорғау мақсатында мемлекеттік бюджет-тен 10 миллиард теңге көлемінде субсидия бөлінеді. Мақтаарал ауданында соңғы тех-нологиямен жұмыс жасайтын жылына 78-80 мың тонна шиті мақтаны өңдейтін зауыт салынған. Жылына 7-8 мың тонна сапалы ұрық дайындайтын мемлекеттік кəсіпорын іске қосылды.

    Еліміздегі шиті мақта өндірісінің қарқынды дамуына байланысты 2005 жылы Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты құрылды. Қарамағында қажетті зертханалар, ғылыми-зерттеу бөлімдері, түрлі эксперименттік орталықтары бар. Ғылыми институттың зерттеуі нəтижесінде жаңадан шығарылған шиті мақта сорттары аймақтағы егіс алқаптарында егілуде.

    – Еліміздегі шиті мақта сорттары тура-лы айттыңыз. Жалпы, Оңтүстікте қандай сортты талшық түрлері егіледі, олардың қандай қасиеттері бар?

    – Əлемде шиті мақта сорты өте көп. Талшықтың үш түрі бар. Олар ұзын талшықты, орта талшықты жəне қысқа талшықты болып бөлінеді. Осының ішінде Оңтүстікте орта талшықты, Өзбекстанда бұрыннан келе жатқан АнБауят-8, С-4727 секілді шиті мақта сорты отыз жылдан бері егіліп келеді. Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жұмысының нəтижесінде алынған жаңа сорттар ПА-3031, ПА-3044, М-4005, М-4077, М-4011 қазіргі таңда көп аудандарға жерсіндіріліп егілуде. Өнімнің көлемі, талшықтың сапасы, шығымдылығы бойынша Өзбекстанның ескі сорттарына қарағанда, артықшылықтары көп. Орта талшықты отандық өнімнің шы ғым-дылығы – 41,7%, үзілу ұзындығы – 28,4мм, беріктігі – 5,1кг., талшықтың ұзындығы – 42,7мм. Гектарына өнімділігі – 32-35 цент-нер. Осындай көрсеткіштердің арқасында еліміз шиті мақтаны өңдеп, өндіруден əлем елдерінің ішінде 13-15 орындарда келеді.

    – Соңғы жылдары шиті мақта баға-сына деген шаруалардың реніші жиі бай-қа ла тыны жасырын емес. Жиын-терін кезінде бұл мəселенің шешімі қалай болмақ?

    – Сұрағыңыз өте орынды. Шиті мақта шаш-етектен жұмыс күшін қажет ететін өнім. Суғару, гербицидтер мен пестицидтерді сатып алу, түрлі өңдеу жұмыстары тағы басқаларын қоспағанда əдепкі шығын шаруаның қалтасына түсері анық. Бұл көп қаржыны талап етеді. Өткен жылдың бірінші терімі шаруалар үшін жаман емес. Қабылдау пункттеріндегі шиті мақтаның тоннасы 100-105 мың теңгеден басталды. Жылдағы зерт-теу жұмыстары бойынша терімнің соңына қарай 135-145 мың теңге көлемінде бола-ды деген болжам бар. Шиті мақта бір қар жауғанша теріле береді, күннің көзі ашық болса қауашағы ашыла береді. Əрине, шаруаларға барынша бағаның көтеріңкі болғаны тиімді. Биылғы баға жылдағыдан салыстыра қарағанда жоғары деп айтуға болады.

    – Расында бұл сала үлкен өндірісті қажет ететіні белгілі. Бұл ретте шиті мақта са ласында əлі де түйіні шешілмеген қандай мəселелер бар деп білесіз?

    – Мəселе деген барлық салада бар, бірақ көзге көрінбейтін дүние. Ең біріншіден, шиті мақта өндірісін қарқынды дамы-ту үшін мемлекеттік бағдарлама жасап, шаруаларға субсидияның мөлшерін көбейту қажет. Екіншіден, мемлекеттік қабылдау пункттерін көптеп ашып, шикізаттың

    тоннасын шаруаның межелеген бағасына дейін жеткізсе, онда бұл үлкен көмек болары сөзсіз. Шаруа мен мемлекет жылда өзгермелі экономикаға байланысты баға мəселесінде бір шешімге келсе дейміз. Өйткені, қабылдау бөлімдері шаруаның шығынын ескермей, бағаны өздері белгілейді. Жасыратыны жоқ, жылда өнім алатын топырақтың сорлануы мен егістік алқаптарды құнарландыру бойын-ша шаруаға техникалық көмек көптеп қажет. Жаңа инновациялық технологияларды пайда-ланып, мол өнім жинап жатқан шаруаларға бір реттік дотация беру қарастырылса да артық етпейді.

    Өзіміздің елде егіліп-жиналатын шиті мақ таның мөлшері жеткілікті. Өз шикіза-ты мызды қазір Қытайға тасымалдаймыз. Алайда басты мəселенің бірі – жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту. Бұл да оңтайлы шешімін табар еді. Айталық, жеке-меншік қабылдау бөлі міндегі жұмыс мерзімі 3-4 ай болса, қалған мерзімде олар жұмыссыз. Егер мемлекеттік өндірістерді ашатын болсақ жыл он екі ай адамдарға да тұрақты жұмыс табылар еді.

    Ара-тұра тоқыма фабрикалары да тоқтап қалады. Себебі, шикізаттың жоқтығы. Өз жерімізде егілген шиті мақтаны шетелдер-ге сатуды тоқтатып, елімізде орналасқан кəсіпорындарда өңдеп, дайын бұйымды көптеп шығарсақ Қытай мен Түркияның, Еуропаның қымбат тауарларынан біршама тəуелсіз болуға жол ашылады.

    Сөз жоқ, Оңтүстіктегі жоғарыда аталған фабрикалар қолғап, шұлық, көрпе тыс, сүлгі, т.б. түрлі өнімдерді өндіруде. Бірақ оған еліміздегі сұраныстың аздығынан, са-палы тауар, шетелдерге шығарылып, са-тылуда. Мұндай өнімдердің өз жерімізде өндірілетінін барша жұрт біле бермейді. Сондықтан тапсырыс мөлшері тым аз. Осындай өнімдерге еліміздегі аурухана-лар, интернат үйлері, қарттар үйі, жоғары оқу орындарының жатақханалары, дема-лыс орындары мен ірі-ірі компаниялар мен ұжымдар көптеп тұтынса өнімнің қолданыс аясының да кеңеюіне септігін тигізер еді. Мұндай мəселелерді шешу үшін сөз жоқ, мемлекеттік бағдарлама мен мемлекеттік бақылау бүгінгі таңда аса қажет.

    – Тоқыма саласында біраз қиын шы-лықтар барлығы белгілі. Ал жаңадан құры лып жатқан өндіріс орындары аяқтан тұрып кету үшін бүгінгі таңда қан-дай шаралар жасалу қажет?

    – Бүгінгі таңда елімізде тоқыма саласымен Алматы, Жамбыл жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы тоқыма кəсіпорындары ғана айналысады. Алматыдағы химиялық талшықтан, оның ішінде жасанды жə-не синтетикалық талшықтан жасалатын бұйымдар өндірілсе, Жамбылдағы кəсіп-орындар негізінен жүн талшығынан жасал-ған жіптер мен одан тоқылған маталар, дайын бұйымдар шығарылады. Ал оңтүс-тік тегілер шиті мақта талшығынан жасал-ған күнделікті тұрмыста қолданылатын көп теген бұйымдарды жасап шығаруда. Бұл кəсіпорындардың барлығы да жекеменшіктің иелігінде. Кəсіпорындағы машиналардың барлығы дерлік шетелдік станоктар. Өз

    елі мізде мүлдем шығарылмайды. Соңғы инновациялық технологиямен жасалған станоктардағы өнімдер өте сапалы. Бүгінде біз елімізде автокөліктер құрастыра бастадық. Шетелдің өндірістік машиналар шығаратын «Рейтер, Труслер» фирмаларының филиалда-рын өз елімізден ашсақ, онда алдағы уақытта индустриялық-инновациялық даму жолы-на түскен Орталық Азия мемлекеттерінің көшбасшысына айналар едік.

    Қазіргі таңда барлық мемлекеттер-де өндіріске қажетті машиналар, станок-тар, басқа да керек-жарақтар шеттен та-сымалдануда. Бұл шығарылған өнімнің өзіндік құнын тым жоғарылатып жібереді. Шетелдіктер бізге өз машиналарын лизинг-ке бермейді, мемлекетаралық келісімдер жоқ. Тасымалдайтын делдалдар өте қымбат бағамен əкеледі. Осы мəселені жүйелі түрде мемлекет шешсе біраз шаруаның басы қайырылған болар еді.

    – Жеңіл өнеркəсіп саласындағы ғылы-ми жетістіктер қай деңгейде? Олардың өндірістерде қолданылу жай-күйі қалай?

    – Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шиті мақта сортының жаңа түрлерін жасаумен, сапалы талшық өндіру жұмыстарымен, ауыл шаруашылығының басқа да өнімдерін шығарумен ұдайы айна-лысып келеді. Алматы ғалымдары негізінен мата, киім саласына көбірек ден қойған. Жамбылдағы ғалымдар жүн маталарын зерт-теп қажетті киімдерді жасаумен, сонымен қа тар, тері илеу, былғары, аяқ киімдермен айна лысады. Мұнда жақсы цехтар, фабрика-лар бар шылық. Нарыққа жақсы тауарларын шы ға рып жатқан жайлары да бар. Оңтүстік ға лым дары жіп жасау, мата тоқу, киім тігу, ма ши на лардың механизмдерін жетілдіру сияқ ты т.б. жұмыстарды дамытуды қолға алған.

    Барлық ғалымдар да өндіріске инно ва-циялық жаңалықтарын енгізумен шұғыл-данады. Жоғарыда аталған жетістіктер ғылы-ми ізденістердің арқасында болып жатқан дүниелер. Ғалымдарды қолдау мемлекетте жақсы жолға қойылса өндіріс орындарының экономикалық əлеуеті, техникалық жағдайы өте жақсы болар еді.

    – Енді осы салаға қатысты өзіңіз айна-лы сатын ғылыми жұмыстар жайлы сөз етсек. Қандай зерттеу жұмыстары жүргі-зілді?

    – Ғылымның техника саласы бойынша жұмыстар жасаймын. Оның ішінде ме-ханика жəне машина жасау, математика бағытындағы ізденістер. Жеңіл өнеркəсіп саласындағы машиналардың механизмдері мен теориясы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргіземін. Ғылыми зерттеулерім шиті мақта талшығының құрамындағы ірі қиқым-қоқыстарды тазалау, шиті мақта талшығын алғашқы өңдеу машиналарын жетілдіру, шиті мақтаны тазалау процесінің дина-микасы жəне тағы басқаларды зерттеуге арналған.

    Өнертабыстық жұмыстар бойынша Германия, Ресей, Украина, Белоруссия, Эстония, Латвия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тəжікстан сияқты мемлекеттерден алынған бірнеше өнертабыстық, инновациялық, еуразиялық патенттер, 100-ден астам ғылыми мақалаларым бар. Халықаралық конферен-цияларда, Томсан Рейтерстің импакт-фактор журналдарында бірнеше мақалаларымды жа-рияладым. Үш инновациялық зерттеулерім жаңалық ретінде жеңіл өнеркəсіп сала-сындағы өндіріс орындарына енгізілген. Бүгінде нəтижелі жұмыс істеп келеді.

    Болашақ мамандар үшін «Шиті-мақ-та талшығын алғашқы өңдеу əдістерін же-тілдіру», «Энергосберегающие автомо би-ли» деген монографиялар мен «Тоқы ма өндірісінің материалтануы», «Конструк ция-лық материалдар технологиясы» атты оқу құралдары жарық көрді.

    Əңгімелескен Нұрлан МАНСҰРОВ,

    журналист.

    АСТАНА.

    Жастар – елдіѕ ертеѕі

    Конференцияға Ресей Сауда-өнеркəсіп палатасының (СӨП) вице-президент і Дмитрий Курочкин, Еуразиялық эконо-микалық комиссияның (ЕЭК) Экономика жəне қаржы саясаты жөніндегі алқасының (министр) мүшесі Тимур Сүлейменов, Қазақстан елшілігінің Ресейдегі кеңесші-өкілі Болат Иманбаев, «Kaznex Invest» Экспорт жəне инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ басқарма төраға-сының орынбасары Əсел Ерға-зиева, Оңтүстік Қазақстан об-лысы əкімінің орынбасары Са-парбек Тұяқбаев, «Шымкент» əлеуметтік-кəсіпкерлік корпо-рациясы (ƏКК) басқармасының төра ғасы Талғат Алпысбаев, «Тобыл» ƏКК басқармасының төрағасы Арман Əлиев, Еура-зия даму банкінің (ЕАДБ) бас қа рушы директоры Нико Варде петян, Ресей аумақтық сауда-өнер кəсіп палаталарының өкілдері, қазақстандық жəне ресей лік кəсіпкерлер қатысты.

    Шараның басты мақсаты екі-жақты инвестициялық ынты мақ-тастыққа қатысушылардың өзара іс-қимыл пішімін жетілдіру, Қазақстан-Ресей бизнестері үшін үнқатысу алаңын ұйымдастыру, сондай-ақ, жаңа бірлескен кə-сіп орындар қ