320
ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ Жанарбек ӘШІМЖАН «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының сериясы «Сөздік-Словарь» Алматы 2014

ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

  • Upload
    others

  • View
    38

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ

Жанарбек ӘШІМЖАН

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығыныңсериясы

«Сөздік-Словарь»Алматы

2014

Page 2: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

УДК 070ББК 76.01А 97

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы

бойынша жарық көрді

Әшімжан Ж.А 97 Панда жылаған жаз. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС,

2014.– 320 бет.

ISBN 9965-822-91-3

Белгілі қаламгер, публицист, республикалық жыр мүшәйралары- ның бірнеше дүркін жеңімпазы, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығы- ның лауреаты, халықаралық «Шабыт» фестивалінің «Гран-При» иегері Жанарбек Әшімжанның «Панда жылаған жаз» атты бұл кітабында түрлі республикалық газет-журналдарда жарияланған әсерлі эсселері мен белгілі тұлғалармен жасаған сұхбаттары, қоғамдық құбылыстар жайлы ойтолғақтары жарияланған.

Автордың көркем тілі және бейнелілігі, эсселердің тағдырлылығы кітаптың құнын одан сайын арттырады.

УДК 070 ББК 76.01

© Әшімжан Ж., 2014ISBN 9965-822-91-3 © «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2014

Page 3: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

3

І - б ө л і м

ЛА скАЛАДА ЖАйқАЛҒАН ЖАЛҒЫЗ АрША

Бабалардың киесi араға уақыт салып, өзгеше сипатта оралады екен. Ықыластан Сүгiрге көшкен кие Амангелдi СЕМБИННІҢ бойынан саңылау тапса керек. Ендi ше? 1965 жылдан бергi әлемдiк классикадағы операның сарытап беттерiнде Сембиннiң қолтаңбасы «мен мұндалап» тұр. Сол уақыттағы бүтiн зиялы қауым талантқа бас шайқаған. Басы Ғабиттен (Мүсiрепов) бастап. Осындай бiртуар таланттардың өмiрi де қайшылыққа толы болады екен-ау! Қазақстанның еңбек сiңiрген әртiсi Амангелдi Сембиннiң аңызға бергiсiз өмiрбаянын бiреу бiлсе, бiреу бiлмейді.

...Ерте көктемде, жер тебiндей бастағанда жылқышы ауылы жай- лауға қарай қопарыла көшедi. Көнерген шешен домбырасын көш бастаушыға қиыла табыстаған Нақып та жылқыларының бас-аяғын түгендеп, Арқаға ауған көшке iлеседi. Санасына күй сарыны құйылуда. Дәулескер күйшi бабасы Сүгiрдiң шалқымалары жүрегiнде күмбiрлеп тұр. Домбырасыз күнi караң. Содан да болу керек, балаларының ешбiреуi де өнерден кенде емес.

...Нақыптың жайлаудағы қонысы кiшiгiрiм өнер ошағы. Ары өткен, берi өткеннiң бiр де бiреуi бас сұқпай кетпейдi. Асығып бара жатқаны ат үстiнен бiр саптыаяқ қымыз сiмiре кетедi. Осындай қызығы көп күндердiң жазға iлiнер тұсында 8 класта оқитын ұлы Амангелдi жайлауға келдi. Әкесi ұлының келгенiне балаша қуанды. Арқасы кеңiп, қолы ұзарды. Алайда, қабағы түсiңкi Амангелдiнiң жүзiнен әкесi де бiр нәрсенi сездi. Сұрады. Ұлы да ашып салды:

– Оқымаймын. Мұғалiм Көкен кешке дейiн қағажу көрсетедi. Соғады... Сiзбен бiрге болам...

– Құп, құлыным. Қасымда бол. Екеумiз жылқы бағамыз, – дедi әкесi. Сөйтiп, қас пен көздiң арасында мәселе шешiлдi де кетті. Амангелдi таң бозынан тұрып жылқыларды түгендеп, суатқа құлатып келедi. Арқаның жайлауында желiп жүрiп айтқан әнiңдi жел ала қашады. Сағым дала. Амангелдi «Айнамкөз», «Алқоңыр», «Ақбақайларды» сызылтқанда бүтін дала тына қалғандай. Алайда, әншi баланың көкiрегiндегi басыл арманы – Алашқа аты кеткен актер болу. Шәкендей даңқты актерлардың экранда сомдаған бейнелерi ойынан бiр сәт кетпей-ақ қойды. Амангелдi ат үстiнде жүрiп жазды жарымдап қалды. Жайлауға бiрi келiп, бiрi кетедi. Сөйтiп жүргенде жайлауға жанында

Page 4: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

4

бiр топ адамы бар ақын Жақсылық Сәтiбеков келе қалсын. Демде қазан асылып, мәзір дайындалды.

Гу-гу әңгiме... өлең-жыр... ән-күй... Қонақтар болған екi күннiң iшiнде Амангелдi де өз өнерiн көрсетiп үлгердi. Өзгеше құйылған дауысқа бәрi тандай қағысты. Көптiң iшiнен ақын Жақсылық Сәтiбеков Нақып ағаға ұсынысын айтты:

– Ұлыңыздың өнерi тұнып тұр екен. Баланың бағын байламаңыз. Мен өзiммен бiрге алып кетейiн. Оқысын. Жамбылдағы «Культпро...

– Ол қандай оқу? – дедi әкесi.– Өнер әлемiне қанат қаққандарды дайындайтын ұстахана, – дедi

ақын.– Ол жерден актер болып шыға алам ба? – деп сөзге Амангелдiнiң

өзi араласты.– Сөз жоқ, – дедi Жақсылық. Әке де мақұл болды. Осы күннен

бастап, Амангелдiнiң аяғындағы керзi етiк мәңгiге шешiлдi.

* * *Жамбылдағы мәдени-ағарту училищесiн тегiс беспен аяқтаған

Амангелдi тiке Алматыға тартты. Санада баяғы арман, актер болу. Шәкен Аймановтың алдына барып, «айтқаннан қайтпан» деп отырып алыпты. Осы уақыт Мәскеудегi Бүкiлодақтық Мемлекеттiк Кинематография институтына (ВГИК) талапкерлер тiзiмi дайындалып жатқан кез екен. Амангелдiнiң өнерiне, бiр жағы қайсарлығына тәнтi болған Шәкен Айманов ұзын-сонар тiзiмнiң соңына Сембиндi тiркеп, құжаттарды талапкерлердi Мәскеуге бастап баратын «Қазақфильм» киностудиясының сценарлық бөлiмiнiң бастығы Мереке Майлинге (Бейiмбет Майлиннiң баласы) табыс еткен. Ол Қазақстанның Мәскеудегi өкiлдiгi арқылы Амангелдiнi ВГИК-тiң ректорымен жолықтыруды көздедi. Ойға алған мақсат та жүзеге асты. Бiр түйiр орысша бiлмейтiн дала баласы ректордың алдында тұр. Ректордың айтқан сөзiн түсiнбеген Сембин қатты қысылса керек. Қазақстан өкiлi ректорға «Бұл баланы тек тыңдау керек» деп қолқа салыпты. «Олай болса тыңдайық...» деген ыңғай танытады ректор. Ән салу керектiгiн түсiнген Амангелдi «әңгiменi» «Жарқ етпес қара көңiлiм неғылса да...»-дан бастайды. Одан әрi «Ақбақайға» ауысады. Кең диапазонды тенор дауыс «Қарғашқа» келiп тiрелген екен. Екi көзi бал-бұл жанған ректор дән риза:

– ВГИК мұндай таланттың адымын тарылтады. Бұл азаматтың орны – екi Ленин орденiн иемденген, бүкiл әлем мойындайтын Чайковский атындағы консерватория. Егер ол жерге қабылданбай қалса, ВГИК-ке конкурссыз түсетiн болады, – деп қайраткерлік сөзiн берiптi. Тiптi консерватория басшысына ректор өзi ертiп барады. Содан Чайковский атындағы оқу ордасына құжаттарын тапсырған 800 баланың iшiнен

Page 5: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

5

өнерi озған 25-ақ бала қабылданды. Бiреуi қазақ жылқышысы Нақыптың баласы 19 жастағы Амангелдi Сембин едi. Iле-шала екi күннен кейiн «Орыс әдебиетi мен өнерiнiң Алматыдағы онкүндiгi» басталды. Онкүндiктiң ашылу салтанатында сөйлеген КСРО мәдениет министрiнiң бiрiншi орынбасары Г. Владыкин өз сөзiн: «800 баладан суырылып шықкан 25 талапкердiң бiрi – жылқышының баласы Амангелдi Сембин қазақ өнерiнiң мақтанышы», – деп түйiндептi.

Жаңалықшыл «Қазақ әдебиетi» газетi Жамбылдағы оқу орнынан арнайы суретiн алдырып, театр сыншысы Қажығұмар Қуандықовтың А.Сембин туралы мақаласын бiрiншi болып жариялап жiбердi. Орталық Комитеттен Әди Шәрiпов бастап, Қарағанды облыстық атқару комитетiнiң төрағасы Байкен Әшiмов қоштап, студенттi ұшақпен қарсы алу қамына кiрiсiп те кеткен.

...Бұл 1964 жылдың жазы болатын.

* * *Амангелдi он бес күн жайлауда болып Мәскеуге оқуына келген.

Ақпарат құралдарынан құлағдар болған Қонаев дереу Мәскеудегi жұмыс орнында Амангелдiнi қабылдайтын болып шешiптi. Жатақханасында жатқан Амангелдi Сембин Дiнмұхамед Ахметұлының қабылдайтынын естiп, қатты қобалжыды. Қазақ ұлтының асып туған қайраткерiнiң ал- дын көру – екiнiң бiрiнiң маңдайына жазылған бақ емес. Қабылдауында болды. Бiраз әңгiмелестi. Жеке өмiрiмен танысыпты, одан арғы әңгiме өнер жайына ойысса керек. Өнердi құрметтейтiн екi басшы болса, бiрi – Қонаев. Көптеген ақыл-кеңесiн айта келе, қабылдауының соңында жас дарын Амангелдi Сембинге өз атынан 100 сом стипендия тағайындап, келешегiне толайым табыстар тiлеп, батасын берiптi. Талантқа жасаған қамқорлық осындай-ақ болар!

1970 жылы Қазақстанның 50 жылдығына арналған салтанатты мәжiлiстен кейiн 4-курс студентi Амангелдi Сембиндi ән салдырту үшiн Л.И. Брежнев Мәскеуден арнайы шақыртқан. Сахнаға көтерiлiп, қолын алды. Талант жас талғамайды.

Амангелдi Сембин жетi жыл Мәскеуде бiлiм алды. 1971 жылы оқуын абыроймен аяқтап, елге оралды. Кәсiби музыканың «отымен кiрiп, күлiмен шыққан» Сембин Қазақстанға үлкен бiлiммен келдi. Келген бетте Абай атындағы Опера және балет театрына орналасты. Алғашында Амангелдi Сембин сахнаға Е. Брусшовскийдiң «Қыз Жiбек» операсындағы Төлеген партиясын алып шыққан. Қыз Жiбек партиясын Бибiгүл Төлегенова орындады. Халық Сембинге тiк тұрып қол соқты. Әр қойылым сайын аншлаг! Көрермен Сембиндi iздеп жүрiп көретiндi шығарды. Қолпаш басталды да кеттi... Үкiметтiк концерттер мен гастрольдiк сапарлардың афишасы Сембинсiз iлiнбейдi. Б. Төле- генова, Е. Серкебаев, Р. Жамановалармен қатар қанат қаққан жас талантқа көпшiлiктiң аңсары айырықша ауа бастаған кез едi бұл...

Page 6: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

6

* * *Операның отаны – Италия, Меккесi – Ла Скала. Миландағы Ла Скала

опера театрының сахнасына шығып ән салған өнер иесiне дүниенiң төрт кақпасы түгел ашық деген сөз. Мәскеуден шығып, Францияны тамсандыра алмайсың. Ла Скала сахнасы бүтiн әлемге жолдама бередi. Мойындаттырады. Ермек, Бибiгүлдердiң табаны тимеген Ла Скалада Амангелдi Сембин екi жыл ән салды. Мұндай дәрежеге сол жылы бүкiл Одақтан үш-ақ адам қол жеткiзген, олар – эстониялық Мати Пальм, ресейлiк Юрий Статник және қазақ баласы Амангелдi Сембин.

кейiпкер монологы:«Ла Скалага Одақтың атынан барған соң, менi бәрi орыс деп

қабылдады. Қазақ деген ұлтты өңi түгiлi, түсiнде де көрмеген. Мен бұл театрға М. Төлебаевтың «Бiржан – Сара» операсын алып бардым. Бiр қызығы, итальяндықтар бұл туындыны өз шығармаларына қатты ұқсатты. Әрине, оның себебi – қайталанбас тұлға Мұқан Төлебаевтың ұлылығында.

Одақтан барған операшылардың дауыстарын Ла Скала жоғары бағалайды, бiрақ бiзде ән айту мәдениеті жетіспейді. Аты аңызға айналған театр бiздiң осы кемшілiктерiмiздi түгендеп бердi. Ән айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың қажетi шамалы.

Жалпы, Ла Скала театрының сахнасында өнер көрсету – жанның рахаты. Көрермендердiң операны қабылдауы, тыңдауы жан сүйсiнтедi. Мәселен, кез келген аула сыпырушы, көлiк жүргiзушi, аспазшы, етiкшi, басқа да маман иелерi күндiзгi қауырт тiршiлiктерiнен қол үзiп, кешкiсiн опера тыңдауға келгенде мүлде өзгерiп кетедi. Бiр жерден қателестiң бе тап басып таниды, одан соң бар беделден айырыласың. Ал одан кейiнгi жауапкершiлiктi өзіңіз сезiне берiңiз. Менiң Ла Скалада болған екі жылдық – өмірімнің ең жұлдызды сәттерi деп есептеймін. Бүтiн жұмыр жерге аты жайылған тенор Лучано Павароттидi екi жыл тыңдау – қазақ баласына Жаратқанның жасаған ерекше сыйы деп бағалаған жөн. Сол жылдарды бүгiндерi аса зор сағынышпен еске аламын.

1975 жылы Миланнан келген соң, опера театрындағы жұмысымды одан әрi жалғастырдым. Сол жылы Ермек Серкебаев, Бибiгүл Төлегено- ва, Роза Жаманова, Болат Аюхановтың бишiлер тобы және мен Франция- да бiр жарым ай гастрольде болып келдiк. Бұл да тәлiмi мол сұрапыл сапар едi. Бiр жылдан кейiн, яғни, 30-дан асқан шағымда «Қазақстанға еңбек сiңiрген әртiсi» атағын алдым. Одан кейiн менiң өмiрiмде қас дұшпаныма да тiлемейтiн қаралы күндер басталды. Жанымдағы жарым жарқабақтан итердi. Маңымдағы «майдандастардың» қойыны толы тас болып шықты. «Өлсек, қабiрiмiз бiрге» деп жүргендердiң жүрегi бiр-ақ сәтте мұзға айналды. М. Мақатаевтың «Қарғыс» атты өлеңi көз алдымда бейнелi түрде дөңгелеп бара жатты...»

Page 7: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

7

* * *Аса мәртебелi талант көше кезiп барады... Таланттың тағдыры тал

түсте ойран болады деп кiм ойлаған? Бiр күн әнсiз өмiр сүре алмайтын өнер иесiнiң сахна көрмегенiне екiншi жыл. Дауысын қорғайтын мойын орағышты Үндiстаннан алдыртып жүрген Сембиннiң сергелдеңге түскен жылдары басталды. Таң қылаң бере өз өмiрiнен бiр сәт бөлектете алмайтын Абай атындағы Опера және балет театры ғимаратының тұсынан таланттың тағы бiр таңы басталады. Күн ұзаққа осы маңда жүретiн Амангелдiнi олар күн сайын көредi. Осы жүрiсi оларға ләззат сыйлайды.

Жолдың қарсы бетiндегi еңселi ғимараттың алтыншы қабатындағы дәмханаға күн сайын бас сұғатын ақындар ғана Сембиндi жүректерiнен жоғалтқан жоқ. Ал өзгелер оны мүсiркейдi, бәзбiреулер табалайды. Ендi бiреулер «жерiнiң» кеңiгенiне масайрап жүр. Ал Амангелдiнiң санасында сол бiр төрт жол өлең күн сайын жаңғыра бередi:

«Сен бастығыңды айттың,Жағынып, жалпаңдайтұғын.Мен жастығымды айттым,Тауларды талқандайтұғын...»

Түс ауа «Тереңқұрға» тартады. Оңаша жерге барып Пуччинидiң «Богема» операсындағы Рудольф ариясын армансыз ағытады. Одан әрi аңғар ішін Вердидiң «Риголеттосындағы» Герцог партиясы аңғар iшiн жаңғырықтырады. Бұл кезде театр сахнасында да ән шырқалып жатады. Бiрақ табиғаттағы дауыс әлдеқайда әсерлiлеу. Құлаған теректiң үстiне отырып ұзақ ойланады. Есiне Мәскеудiң Үлкен театрындағы сахнаға сүрiнiп-қабынып жүгiре шыққан орыс кемпiрi түстi. Кезектi гастрольдiк сапар болатын. Сахнаға көтерiлген тенор Амангелдi Сембин рояльдiң сүйемелдеуiмен «Мама», «Ғашық солдат» әндерiн шабыттана шырқаған. Ән бiте сала сiлтiдей тынған халық жапырылып қалды. Қолында бiр шоқ гүлi бар әлгi орыс кемпiр қалтаңдап келiп Амангелдiнi «Я еще хочу жить» деп қапсыра құшақтаған. Осы сәт көз алдында сурет болып қалыпты. «Мен әлi өмiр сүргiм келедi». Қас қарая тағдырға бай талант қалаға карай жүрiп кеттi.

* * *– Аға, ашып айтыңызшы, сахнадан қол үзiп, сырт кетуге не себеп

болды?– Себеп көп қой. Ең бiрiншiсi, үйдегi «мусор» далаға шықты. Ал

менiң жеке басымның шаруасында елдiң шатағы қанша? Одан кейiн рөлден қақты. Ең алғаш Төлегеннiң партиясын қалай орындағанымды халық бiледi. Мұны КСРО Мемлекеттiк сыйлығының иегерi Байғали Досымжанов ағамыз түсiнбей-ақ қойды. Екiншi орынға сырғыта бердi.

Page 8: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

8

Сонда Байғали ағама бiр үйде қатар өскен екi бала туралы әңгiме айтып бергем. Оның бiреуi, әрине, бiр сипауы кем тұл жетiм болатын. Мен сол күйдi кешiп қалдым десем де болады. Бұдан өзге де кедергiлер белшеден келдi. Қысқасы, тобықтан қағуға келгенде шебер-ақ халық екенбiз. Соны бiлдiм.

– Екi жылдан аса жұмыссыз жүрдiңiз. Екi жыл емес, екi ай сахна көрмесе опера әншісі бар байлығынан айырылады, ал мынау нағыз... Сiздi iздегендер болды ма? Көше кезген күндерден қалған елестер бар ма? Ол да бiр өмiр ғой...

– Аласұрып Алматы көшелерiне сыймай жүрген күндердiң бiрi болатын. Бiр күнi көшеден Қалтай Мұхамеджанов ағамызбен кездесiп қалдым. «Әй, Амангелдi, берi кел!» – деп шақырды. Жағдайдың бәрiн түсiнiп тұр. «Саған қанша адамның қиянат қылғанын, қанша адамның шарап бергенiн түр-түсiне дейiн айтып бере алам. Бiрақ оларды ату қолдан келмейдi. Менiң бiр ғана өкiнiшiм – сендей асыл азаматты бүкiл ел жоғалтып алды. Осыны ойлаған сайын жүрегiм жылап қоя бередi», – деп үлкен жүректiң иесі екенін көрсеттi. Аңырып тұрып қалдым. Ендi не iстеймiн?

Жалпы менiң биiктен құлауыма мақтау, қолпаштау және көре алмаушылық себеп болды. Көмектескендер де жоқ емес. Басы бiртуар кайраткер Д.Қонаевтан бастап, М.Есенәлиев, Ө.Жәнiбеков, К.Шала- баев, басқа да азаматтарға екi дүниеде де басымды иемiн.

– Сiз Дiнмұхамед Ахметұлын кейiн iздеп барған жоқсыз ба? Амандық-саулық сұрау үшiн?

– Бұл кiсi уақыттың құрсағынан жаралған тұлға ғой. Қонаев «әлгi бала қайда?» деп жиi сұрайды екен. Осының өзi менiң әрiптестерiмнiң қызғанышын туғызған көрiнедi... Тағы сол көшеде... Бiр күнi жолай Бибiгүл Төлегеновамен ұшырасып қалдым. «Сенi Дiнмұхамед Ахметұлы сұрап едi... Сол кiсiге кiрiп шықсаңшы», – дедi. Мен ол кiсiмен әйтеуiр бiр жолығатынымды бiлетiнмiн. Сәтi түстi. Димаш ағаның құрметтi демалысқа кеткенiне екiншi жыл болатын. Үйiне бардым. Менi көрiп төбесi көкке сәл-ақ жетпей қалды-ау... Ұзақ әңгiмелестiк. Көп сырластық. Бар жағдайды түгел айтуға тура келдi.

Ол кiсiнiң де дәуренi өткен кез едi... «Арнайы шақыртпай-ақ өзiң келiп, ән салып берiп тұрсаңшы», – дедi кетерiмде. Жанарыма ұзақ қарап тұрып күрсiнгенi бүгiнгiдей есiмде қалып қойды.

Жалпы, менiң тағдырым бiр басыма жетедi. Бiрақ мұны бұрмаламау керек. І.Есенберлин менi кейiпкер етiп алды. Геройы – iшкiш. Бiр пьеса койылды – аузыма арақ құйып жатады. Мен М. Мақатаев, Ш. Қалдаяқов секiлдi биiкке көтерiлген болсам, онда арман жоқ. Амангелдi Сембиндi шетел жақсы бiледi, ал бұл есiмдi мұнда тұншықтырған. Сондықтан артық әңгiме санаға ауырлау...

Page 9: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

9

* * *Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясының жеке ән салу кафедра-

сының доцентi, Қазақстанға еңбегi сiңген әртiс Амангелдi Сембин «Өмiрге қайта келу мүмкiн болса өмiрiмдi тағы осы салаға арнар едiм, бiрақ қалай аяқталатынын бiлмеймiн» дейдi. «Тек жар тандаудан қателеспеу керек» деп сабақтады ойын.

Ашығын айту керек, Амангелдi Сембиннiң алған атағы мен шыққан биiгiнiң ара салмағы жер мен көктей. Сембин өткен опера мектебiнен Қазақстандағы бiр де бiр өнер иесi өткен жоқ десек, бәзбiреулер шамданар, алайда ақиқаты осы. Амангелдiнiң бiр ғана орны толмас өкiнiшi бар. Әйгiлi үш тенор – Лучано Паваротти, Хосе Каррерас және Пласидо Доминго есiңiзде болар. Неаполитандық әндердi орындау қабiлетi олардан бiр де кем емес едi. Арияларды солармен тең дәрежеде қабылдаттыра алған ол сол қатардан орын ала алмай кеткенiне жүрегi жылайды. Теледидарды сөндiрiп, бәрiн ұмытқысы келедi. Бiрақ...

1970 жылы Германияның, Дрезден қаласындағы сапарда түрiкмен өнерiнiң жұлдызы, КСРО халық әртiсi Мая Шахбердиеваның жас әншiге берген сарғайған қолтаңбасы үстел үстiнде жатыр: «Амангелдi! Сенiң ешкiмде кездеспейтiн бархытты дауысың Орта Азияны бүкiл әлемге таныта алады. Мен сол үшiн қуанам. Iзгi тiлекпен М. Шахбердиева».

...Шашы қырауланып кеткен орта жастағы ер адам күрсiнiп қойып, өзi дәрiс беретiн оқу орнына асыға басып келедi. Көз алдында әлем бiлетiн – үш тенор. Санада бiр ғана арман – жұмыр жердi мойындатар шәкiрт дайындау ғана қалған шығар...

«...Жақсы дауыстарды тыңдай қалсам көзiме жас тығылады. Тенор ән шырқап жатса мүлде жер-көкке сыймай кетем. «Менiң төменгi ноталарым жақсы болды» деп айта алмаймын. Ал жоғарғы, биiк ноталарым туралы ешкiмнiң таласы жоқ болу керек. Мен анамнан туғанда жоғарғы нотамен шыңғырып туғам».

* * *«Менiң тағдырым – менiң байлығым. Мен ешкiмдi мүсiркеткен

емеспiн және мен ешкiмнiң айтқанын iстеген емеспiн. Менiң конституциям – менiң жүрегiм. Егер қайта өмiр сүру мүмкiн болса мен тағы да дәл осы жолды таңдаймын».

* * *«9 мамырда 60 жасқа келемiн. Сол кезде шәкiрттерiмдi жинап,

қолдан келгенше аяқты түзеп, сахнаға таяқсыз шығып концерт бермек ойым бар. Бұл ендi Құдай Тағаланың уысындағы шаруа...»

Page 10: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

10

* * *«Өмiрi бiтпейтiн тема бар, оның аты – өмiр. Арман таусылмайды.

Ылғи да бiр нәрсе жетпей тұрады. Адам өмiрдi жеңем деп ұмтылмай-ақ қойсын. Өмiрдi жеңген адамның өмiрi өмiр емес...» Бұл – Амангелді ағаның көңіл түкпірінен шашылып түскен тіркестері еді...

* * *Алпысқа қараған шағында даңқты тенор, ҚР еңбек сiңiрген әртiсi,

доцент Амангелдi Сембин дүниеден озды. Кеңестiң кер саясаты кезiнде қоңыр дауысымен дүйім қазақты жиырма алты-ақ жасында жарты әлемге танытқан Сембин едi... Отызында орда бұзып, жұмыр жердi әнмен тербеткен оғлан әншiлер аз, тым аз. Сол аздың бірі, саздың өзі, Миланның Ла Скала театрында қатарынан екi жыл ән салған тарихтағы жалғыз қазақ – Амангелдi Нақыпұлы Сембин.

Даңқты үш тенор – Лучано Паваротти, Хосе Каррерас және Пласидо Доминголар ән салған сахнада еркін жерген Сембин. Бұған көз жеткiзу үшiн 1970 жылдардағы әлемдiк операның сарытап беттерiн бiр парақтап шықсаңыз, жеткiлiктi.

Қаза үстiнен қағыс iздеп жатқан жәйiмiз жоқ, дегенмен аса мәртебе- лi таланттың екiншi дүниеге елеусiз ғана кете барғаны өкiнiштi-ақ. Ақпарат құралдарының басым бөлiгi үнсiз қалды. Жайшылықта батыстың даңғаза дуының бел ортасында жүретiн мәдениетегi ақ жағалылар да төбе көрсетпедi. Көңiлден де, көзден де кеттi деген осы шығар...

Кейде Ықылас қобызындағы сырыл, Сүгiр шанағындағы дүбiр Амангелдi Сембиндi сайын даладан iздеп тапқандай көрiнедi. Жылқы құлағында жүрген Нақыптың ұлын берiсi Жамбыл, әрiсi Мәскеу оздырған сол киелi рух екенiне дау жоқ. Жайылмадан басталған күре жол Миланға барып тiреледi деп кiм ойлаған?!

Ән олимпiне ту тiгiп, қазақтың ән өнерiндегi тұлғалардан алған эстафеталық алауды қарт құрлықтың төрiне барып қадаған Сембиннiң тағдыры да таңғажайып. Ол туралы көрнектi жазушы I.Есенберлин әңгiме жазды, қаламгер Қ.Сәрсенбай «Сеньор Саттаров» деген хикаят жазды. Бiр пьеса қойылды, прототипi – Сембин. Қалай болғанда да Сембиннiң өмiрiне көз жүгiртiп шықсаңыз, басы бар, бiрақ толық аяқталмай қалған драмалық туынды оқып шыққандай әсерде қалатыныңыз сөзсiз.

Д.Қонаев, М.Есенәлиев, К.Шалабаев, Ш.Мұртаза, З.Нұрқадiловтен көрген қамқорлығын Амангелдi кетер-кеткенше аузынан тастаған жоқ.

...Мен ол кiсiнi Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясына жиi iздеп барып жүрдiм. Ол кiсiнiң академияда сабақ берiп жүргенiне 25 жылға таяп қалған. Жеке ән салу кафедрасының доцентi.

Page 11: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

11

Екiншi қабаттың қуысындағы бөлме. Бөлмеде жалғыз рояль, рояльдың iргесiнде концертмейстердiң сүйемелдеуiмен бiр балғын ән салып жатады. Әндi құлақ сыртымен сiңiрiп, қабырғаның жартысын алып тұрған нән терезеден сыртқа қарап бурыл шашты азамат тұрады. Ол – даңқты әншi Амангелдi Сембин. Әр аптаның дүйсенбiсiнен бейсенбiсiне дейiн осы көрiнiс қайталанатын да тұратын. Сабағы аяқталған соң әңгiме-дүкен құрамыз. Ол кiсiнiң әңгiмесiнiң өзi бiр нарға артар тең дерсiз. «Паркинсон» дейтiн кеселдiң меңдеп бара жатқанын, буын-буынды байлап жүргiзбейтiнiн айтып налиды. Сосын «Е-е, паркинсон деген бәледен жазылса мейiрiмi асқан Иоанн Павел-II, қаржысы қалтасына сыймайтын әйгiлi боксшы Мұхамед Әли жазылар едi ғой, бұл дерт жүйкенi жайлап алған» деп қояды.

Бiр жолы Амангелдi аға: «Келесi жылы менiң 60 жылдығым, Жайылмаға, Сарысуға барамыз. Сол жерде мен бойымдағы қалған-құтқанымды жинап соңғы рет ән айтам» деген-дi. Бiрақ бойды меңдеген кесел екi аяқты тұсап, қалбалақтатып, жүргiзбейтiнi сол кезде-ақ бiлiне бастаған...

Қуыстағы шағын ғана бөлме. Баяғы рояль. Сол әдемi концерт- мейстер. Жас балғын ән салып тұр. Бiрақ терезеге телмiрiп тұратын Аман аға жоқ. Аурухана төсегiне таңылғалы сол бiр әсерлi көрiнiс сап тиылды.

...Сахнадан көрiнбей кеткен Сембиндi Дiнмұхамед Қонав Бибiгүл Төлегенова арқылы неше мәрте iздетiптi. Бiрақ Амангелдi Сембин Қонаевты еңбек демалысына шыққанан кейiн ғана iздеп барғанын айтқан. Екеуi ұзақ әңгiмелескен. Арасында «Ақбақай» мен «Қарғашты» айтып берiптi. Қоштасарда Қонаев: «Амангелдi, арнайы шақыртпай-ақ өзiң келiп ән айтып берiп тұршы» деп өтiнiш жасапты. Арқаның майда желiнен ән сүзiп алған Амангелдi Сембин дәл қазiр қырқаға Дiнмұхамед Қонаевқа ән салып беруге кеткендей әсер қалдыратыны несi екен?..

...Әншiмен қоштасуға келген қаралы жиында қалың әлеуметке имам сауал тасталған. «Жақсы адам ба едi?» «Жақсы адам едi, жақсы адам едi!»

«Қарызы жоқ па?» дедi молдекең. «Керiсiнше халқы қарыздар!» деген тiркес бiраз жұрттың тiл ұшынан ұзап шыға алмады. Үш жерден буылған ақ кебiндi тiк көтерiп қаралы шеру қырқаға қарай беттей бердi.

«Жас дәурен, жас дәурен,ризамын мен саған.Жан сәулем, жас сәулем,келшi-ай маған аңсаған» (Сембиннiң ең сүйiктi әнi). Әруаққа айналып

бара жатқан әзiз әншi сол бiр әндi үнсiз шырқап бара жатқандай...

Page 12: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

12

ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ

...Қараөткелге баратын қара жолда қазақ ауыр атлетикасының айбозы Анатолий Храпатыйдың «шайтан арбасы» қирады. Дүниенің бес дүркін жеңімпазы атанған, бес мәрте кәрі құрлықты басынан асыра көтерген, 1988 жылғы Сеул олимпиадасының чемпионы, Атланта олимпиадасының күміс жүлдегері 45 жастағы құрыш Храпатыйдан қазақ жанкүйерлері қапелімде көз жазып қалды. Бұл – Ұлы қорғанның арғы жағындағы аламанның үшінші күні болатын.

...Дүниенің көзқұртына айналған әйгілі «Құс ұясы» ұлттық стадионындағы «классикалық қойылымды» Алатаудың етегінде жантайып жатып тамашалағанбыз. Бес сағатқа созылған салтанатты жиында 5000 жылдық тарихымен төрткүл дүниені таңдай қақтырған Қытай елі соңғы жылдары ғарыштық жылдамдықпен дамып бара жатқанын тағы бір дәлелдеді.

Төрт жылда бір келетін торқалы тойда тоқсан елдің басшысын төріне оздырған қытай көсемі Ху Цзиньтао «Ұяның» ұшар басына «қонақтаған» алауды тұтатуға пәрмен берген бойда, «Бір арман – бір әлем» атты ұран жамылған «аспан асты» елінің ұландары аламанның алғашқы күнінен бастап-ақ сыпырындыдан сынап жинағандай сыңғырлатып алтын-күмісті сапыруға кіріскен. Қазақ елі бұл байрақты бәсекеге 22 спорт түрінен 132 спортшыны үкілеп қосты. Жалпы Бейжіңде спорттың 35 түрінен түрлі деңгейдегі медальдар сарапқа салынды.

ХХІХ жазғы Олимпиадалық ойындардың алауы Жұңго аспанынан жұмыр жерге жарық шашып тұрған сегізінші күні, яғни, тамыздың 16-да халықаралық «Complete service» туристік агенттігі ұйымдастырған сапармен бір топ жанкүйер Бейжіңді бетке алдық. Екі күннен кейін бозкілемге шығатын еркін күрес шебері, ақтөбелік Бауыржан Ораза- лиев бір уыс тиынды әуежай босағасына шашып өтті. Кейде бап пен бақтың ұңғыл-шұңғылын ырым-сырыммен толтыруға ниеттеніп жү- ретініміз бар...

Едел-жедел тіркеле салып, әуежайдың ішіндегі әйдік теледидарға көз салдық. Экранда – екінші айналымдағы Артаев пен Коробов жұбы. Эллада аспанында атой салған Артаев әлемнің екі дүркін чемпионы, «орыс автоматы» Матвей Коробовты тізе бүктірді, есеп 10:7. Шаршы алаңның шәді тақуалары 75 келінің тағдыры осы екеуінің жекпе-жегінде белгілі болады деп болжаған. «Матвей Мәскеу асты, енді біздің Бақтиярға ағылшын Джеймс Дегейльдің діңкәсі шыдас берер ме екен?!.» – деп үзеңгі бауымыз үзіліп кетердей әуе кемесіне кердеңдей басып кіргенімізді несін жасырайық. Себебі, Артаев әлгі ағылшынның бұған дейін екі рет «ер-тоқымын» сыпырып алып, бос қоя берген еді.

Page 13: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

13

...Олимпиада астанасына дейін бес сағат. Алып лайнер Алматы әуежайынан ұзап шығысымен ұзақ ойға шомдық. Биіктік – 10 000 метр! Мұндай мұзартта зердеңе тек сеңгір жандар ғана оралса керек. Олар қазақ спортының «күлімен кіріп, суымен шыққан» баһадүрлер: Шоқыр Бөлтеков, Әбдісалан Нұрмаханов, Әбілсейіт Айханов, Әлжан Жармұхамедов, Октябрь Жарылғапов, Ғұсман Қосанов, Әмин Тұяқов, Шәміл Серіков, Жақсылық Үшкемпіров, Серік Қонақбаев, Тұрсынғали Еділов, Дәулет Тұрлыханов, Аркадий Топаев, Бақтияр Бәйсейітов, Ермахан Ыбырайымов, Болат Жұмаділов, Нұржан Сыманов, Бекзат Саттарханов... Кенет көзім алдыңғы орында отырған алпамсаға түсе кетті. Иә, дәл өзі, жасыл құрлықта жасындай жарқылдаған қазақ алыбы – Мұхтархан Ділдәбек. Екі иінінен демалып отыр. «Сұрапыл ұрыс алдында тынығып жатқан батыр ма?» – дерсің.

Саусағымды сауып-сауып жіберіп, мүмкін медальдарды санамалап қоямын. Әзірше ақ бұлттың үстінде асқақтап келе жатқаным – Ирина Некрасова, Нұрбақыт Теңізбаев, Асхат Жіткеев, Әсет Мәмбетов әкелген қос күміс пен қос қоланың қозы. Жадыма алтынның буы жайлы көне аңыз орала берді. Алтынның буы! Иллюминатордан түскен нәзік сәуле бас бармақ пен балан үйректі һәм шылдыр шүмекті сарғыш түске бояп кете береді... Иә, сәт!

Түн қараңғысы қоюлана жібектей сусып замана уысынан шығандап бара жатқан қытай елінің астанасына да жеттік! 18 миллион халықты бауырына басып Бейжің жатыр. Жай жатқан жоқ, жұмыр жердегі 205 елдің намысын найзағайдай ойнатып, бір қазанға шыжғырып жатыр.

Ертең жарыс жолына қазақтың үкілі үміті 94 келідегі ауыр атлет – Илья Ильин шықпақ!

Зілтемірдің ханзадасы

«Ат төбеліндей қазақтың намысын жанысақ» деп «Ұлы қорғаннан» «қарғып өткен» бір қауым ел бар екен. Сын сағаты таяғанда «Юианг» қонақ үйінің алдына едәуір қазақ жиналды. Ауылдан алып келген Көк туды жамылып көшке ілестік. Беталыс – Бейжің Авиация институтының спорт кешені, жолбасшымыз – бізді кеше кеште Бейжіңнің №2 терминалынан қарсы алған қытайдың Юань есімді тілмашы. Жұңгоның ұршықтай ғана ұлтшыл қызы қала тіршілігінен аз-кем ақпар берді. Көшеде халық нөпірі әдеттегіден аз. Қалада құрылыс жұмыстары тоқтатылған. Олимпиадаға байланысты сырттан келгендердің бәрін өз қалаларына қайтарған. Түнгі сағат оннан кейін Бейжің жұрты ұйқыға бас қояды екен. Қанға сіңді ғадет. Алайда, туристерге қызмет көрсету үшін ресми билік 100 мыңнан аса мемлекеттік таксиді іске қосқан. Көшедегі көліктерге шектеу қойыпты, бір күн тақ санды, келесі күні

Page 14: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

14

жұп санды көліктер жүргізіледі. Бейжіңде көліктер ағынын «жұтып» жіберетін, әрқайсысы 30-40 шақырымға созылатын ірі-ірі жеті айналма жол бар. Жол сілтеушінің сәт сайын нығырлап айтуына қарағанда, биылғы жазғы Олимпиада астанасының бір байлығы осы күре жол болса керек.

Бірді айтып бірге кетсек, ғафу өтінеміз!Спорт кешенінің алды Қарқара жәрмеңкесіндей қыз-қыз қайнап

жатыр. Дәл осы күні Бейжің университетінің «Жұмысшы» спорт кешенінде әлемнің екі дүркін чемпионы, басты үміткеріміз Серік Сәпиев жартылай финалға берілер жолдаманы тай боксшысы Манус Бумджумнонгпен сарапқа салуда. Жанкүйерлер екіге жарылды. Журналистердің дені алтын үшін арпалысатын Ильиннің ізін аңдуда. Артта алтын күтіп Алаш жатыр.

2005 жылы Доһада өткен әлем біріншілігінде 85 келіде дүниені дүр сілкіндірген Илья небары 17 жаста еді. Іле-шала Сан-Домингода салмақ ауыстырып тұрып әлемді екінші рет мойындатты. Сөзіміздің «бісмілләсін» Храпатыйдан бастағанда бір сыр бар еді. 1988 жылы Сеул олимпиадасында Анатолий жұмыр жердің темір-терсегін жиып-теріп жұлып алғанда, Сыр-Ананың бүйірі бүлк ете қалған-ды. Арада 20 жыл өткенде аспан айналып жерге түсті. Қонақбаев Мәскеуде ұрыс салып жатқанда, Түркістанда Бекзат-бесік булығып барып уанған дегенді батырдың анасы айтып еді.

Ильяның жеке бапкері Вилорий Пак мырза қызық дәйекті алға тартты. Ильиннің туған ағасы Алексей Ильин ауыр атлетикамен едәуір айналысыпты. Бүлдіршін Ильяны қалдыратын жер болмаған соң өзімен бірге жаттығу залына бірге әкелетін көрінеді. Күндердің күні алты жасар Илья қарап отырғаннан әбден запы болса керек, ағасының рұқсатымен жаттығуға кіріседі. Сөйтіп, төккен тер мен таланттың арқасында бозбала 13 жасында спорт шебері атанады. Ал әлгі Алексей мырза спорт шеберлігін орындағаннан кейін бір шүйкебасқа үйленіп, спорттан біржола қол үзіп кетсе керек. Қытайда Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды әкелген алтын ұлдың спортқа деген алғашқы қадамы солай басталыпты.

Илья атой салған спорт кешенінің төрінде тұрып осындай ойға қалдық. Енді ше? 94 келідегі бақталастардың бірінен бірі асып зілтемірге тапсырыс беруі жүйкеге едәуір салмақ түсірді. Серпи көтеруде де, жұлқа көтеруде де Илья тактикалық шабуылды үдетті. Бір ысып, бір суыдық. Енді ше? Тактиканың тауқыметінен қолдағы алтынды алақанынан сусытып алған Некрасова қыздың өкініші өзек өртеп тұр. Үтір, нүктесіне дейін тәптіштемейік, Сыр баласының әлемдік ауыр атлетиканың «менюін» алдына жайып қойып, ең құнарлы сыбағаға тапсырыс беріп отырып төрге озғанын төрдегі «темір жәшік»

Page 15: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

15

жалпы жаһанға жариялады ғой. Ильинмен бірге финалдық бәсекеге жолдама алған «жеті жауды» осал деген жан опық жейді.

Үшінші екпінімен үшкіл дүниенің үрейін алған әзірбайжан Низами Пашаевты кәрі тарих әлі талай жыр қылады.

«Бостандық аралы» мен «Ұлы қорғанның» арасын азан-қылған Йохандир Эрнандес осал «жау» ма еді? Ақтық сынға дейін өкшелеп кел- ген польяк Шимон Колецки алдағы аламанда жол торуылдамайтынына кім кепіл? Ресейлік Қажымұрат Ақаев, Роман Константинов, ирандық Асгар Ебрахими Бейжіңге тіл сындыру үшін келмегені және анық. Ал гүржі Арсен Касабиевтің алдыңғы тәуекелінен 13 келі арттырып, 231-ге тапсырыс бергенде бүкіл қазақ жанкүйерлеріне дем жетпей қалғанын несіне жасырайық. Сол Арсенді соншама тәуекелге барып, зілтемірдің астында қалуға душар еткен саяси сарсаңға түскен Грузияға деген махаббаты емес деп кім айта алады? «Жауды аяған жаралы» дейді кәрі құлақ. Алғашқы айналымдағы серпи көтеру кезінде алған жарақатына қарамастан, көзсіз ерлікке барған Илья Ильин де сөзсіз қазақ патриоты! Көк ту көтеріліп бара жатқанда қолымызды жүрек тұсына қойып тұрып өксіп-өксіп жібергенім де осы болса керек. Ұлттың мерейін асырған бұл қуанышқа әлемдік деңгейде неше сұрапыл атлеттерді дайындаған Енвер Түркелериге мың мәрте тағзым! Сөйтіп, Олимпиада маршрутының Бейжің бекетіндегі алғашқы алтынды қоржынға салып қонақ үйге қайттық.

«Ұлттық құрамаға өзгеріс керек»

Олимпиада сайын қазақ елі бокстан олжа күтеді. Олимп биігінде қазақ боксының дәстүрлі ізі бар. Бұл жолы былғары қолғап шеберлері бұрын-соңды болмаған жетістікке жетіп, он жолдама ұтып алған. 91-ге дейінгі салмақта ғана ақсадық. Боксшылардың тағдыр-талайы әмбеге аян. Жо Шы Мың сынды тәжірибелі қарсыласқа тап болып, екінші айналымнан ұзай алмаған Біржан Жақыпов (48 келі) пен Мират Сәрсембаев (51 келі), Қанат Әбутәліповке (54 келі) нендей кінә артасың? 2003 жылғы әлем чемпионы Галиб Жафаровтың шау тартқанын айтсақ, кімнің шамына тигендейміз. Мемлекеттің мейманасын тасытады деп үміт артқан талантты боксшы Мерей (60 келі) еді. Ақшалов қытай боксшысы Ху Цинды «бесінші бұрыштан» шығармап па еді! Обал-сауабы бұра тартқан төрешілерге. «Жетектегі тазы аңға жарамайтыны» рас екен, Жұңгоңыз келесі айналымда тырапай асты. Олимпиада көмбесі жақындаған сайын бүкіл қазақ «Серік!» деп ұран тастаған. Сөз жоқ, қазақ боксының тарихындағы ең талантты жігіттердің бірі де бірегейі Серік! Ал аса зор жауапкершілікпен Көк байрақты сеніп тапсырған негізгі үміткер, 64 келідегі әлемдік тәжді екі қайтара

Page 16: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

16

киген Серік Сәпиевтің шаршы алаңдағы тактикалық қателігінің бәрін төрешілерге төге береміз бе? Рас, төреші төтен кетті. Алғашқы екі жарым раундта тетіктер жосықсыз басылды. Бірақ әлгі бір Тайланд «сайқымазағы» Манус Бумджумнонгқа біздің Серік 2006 жылғы Доһадағы Азия аламанында да есе жібермеп пе еді? Онда да «төреші төпеп тастады» деп жазғанбыз. Бірақ Серіктің қарсыластарына мамандар тарапынан кешенді түрде терең талдаулар жасалды ма? Біз өткеннен сабақ алудың орнына, «Самарқаннан су кетсе» Сәпиевті сайысқа ала жүгірдік. Ойға да, қырға да салдық. Ақыры зорықтырдық. Жыл бойы ақпарат құралдары «Серік!» деп сырнай тартты. Ал сол алынбас қамалдай болып көрінген Бумджумнонгты ақтық сында сауысқанның сауырындай ғана Доминикан Республикасының жалғыз үміті Феликс Диас қалай талқандады?! Бапкерлерінің кеңесімен қарсыласының қыбын тапқан ол үшінші раундта Манустың басын Бангкокқа қарай нұсқап жіберді. Нокдаун! Бұған дейін шаршы алаңды театрға айналдырып келген Манус кенет өзі келемежге айналып сала берді. Саулығыңызды тілейміз, сэр Феликс Диас!

Тұманды Альбионның туын желбіретіп келген Джеймс Дегейльмен жекпе-жегінде Бақтияр Артаевты, тіпті де танымай қалдық. «Бар күшін Коробовқа салып жіберді ме?» деген болжамның жаны бар сынды. Жеке бапкерімен тілдескенде, Нұрлан Ақүрпеков: «Ағылшынмен айқасар алдында «денем ырқыма көнбей тұр, өзімді өзім игере алар емеспін» деп еді Бақтияр...» – деді. Тағдырдың жазуы шығар. 2004 жылы Афинының ақырғы күні күміс пен мысты місе тұтып мысымыз құрып тұрғанда, Олимптің басынан алтын шашақты күнге жанарымызды қарықтырған Бақтияр батыр ғой бұл! Одан кейінгі сан жарыстарда дәл осы Дегейліңізді екі рет жан таптырмай сабаған Бақтияр ғой бұл. Қайсыбір қандасымыз әлгі бір «...Жоға, біртүрлі «нервничать» етеді екенсің» дегенді осындай күйіп кеткенде айтқан екен ғой, қасқа!

81 келіде тәжік Жаһан Құрбановтан айласын асырған Еркебұлан Шынәлиевтің бағын да алаң иесі Чжан Сяопин байлады. Чикагодағы әлем біріншілігінде Чжанды 12 ұпай айырмашылығымен еркін ұтқан Еркебұлан Бейжің төріндегі сегіз минөтке созылған жартылай финалда төрт-ақ соққы жасады. Ханзудың қарақаттай қылғаны шамалы. Есеп – 4:4, мұндай тең нәтижеде, әрине, алаң иелерінің бәсі басым болады. Төрешіден секем алған екенсің, қарсыласыңды италиялық Роберто Камарелле сынды ұрып жық. Аса ауыр салмақтағы ақтық сында бүкіл қытай өбектеген Чжан Жилейді үшінші раундта 1,5 млрд. ханзудың алдында кескен теректей сілейтіп түсірген Робертоның ерлігіне бүкіл әлем тамсанса керек. Дегенмен небір олимпиада һәм әлем чемпиондары сүрінген бұл додада Еркебұланның қоласы өкінішіміздің орнын толтырып тұрды. Ашығын айту керек, аса ауыр салмақта

Page 17: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

17

өнер көрсеткен қазақ боксшысы Руслан Мырсатаев ХХІХ жазғы олипиадалық ойындарға «аттың жалы, түйенің қомында» жүріп барды.

Сосын жөн сұрасқан мамандардан аңғарғанымыз, «Серік те, Бақтияр да, Еркебұлан да, Біржан да» чемпиондар мен финалистерден жеңілді ғой» дегендей пікірге тоғайып жүрген сынды. Бұл ақталуға сабаудай себеп бола алмаса керек.

Ал олимпиаданың ақырғы күні таяп қалғанда қалың қазақтың көзайымына айналған сақи Сәрсекбаев Бақыт қол жеткізген алтынның буын сезінбесе, тілмен жеткізу қиын-дүр! 69 келіге әлемдік бокстың ығайы мен сығайы сыймай тұр. Бір қапталын қандасымыз Қанат Ісләм, екінші бүйірін кубалық Карлос Бантер Суарес тіреп тұр. Сәрсекбаевтың сәресін ішкізбей жүріп, ширек финалда жолдары түйіскен өзбекстандық «ежелгі жау» Ділшод Махмудовтың алтыннан үміті болмады ма, тәйірі? Бақытқа айбат шеккен Джун-Джу Кимді қосып қойыңыз. Бұл салмақта 25-ке жуық боксшы бақ сынады. Бәрін де тізе бүктірген Сәрсекбаевтың мойнындағы саф алтын сонау қырқыншы орынға таяу тұрған Қазақстанды сүйреп отырып отыздықтың ішіне кіргізді. Әр жекпе-жегі сайын тауыстай түрленіп сала берген Сәрсекбаев жайлы дәл қазір дүниенің ақпарат құралдары жазып жатыр. Біз соларға мұқият көз тігіп отырайық, ал алтын ұл той-думанды тиып келесі Лондон олимпиадасына дайындығын пысықтай бастасын.

Бейжің бәсекесіндегі ең тосын жағдай – бокс державасы аталатын Куба елінің бірде-бір алтынға қол жеткізе алмауы. Әрине, дәл қазір «Бостандық аралы» боксында дағдарыс орнап тұр. Чикагода өткен әлем чемпионатына Куба байкот жариялап, бармай қойды. Бір-екі жылдың жүзі болды, даңқты боксшылар кәсіпқой боксқа қашып кетті. Бейжіңге Кубаның сегіз жолдаманы жеңіп алған жастар құрамасының мүшелері келді. Соның өзінде төрт боксшысы финалда өнер көрсетті, төрешілердің әділетсіздігіне ұшырады. Ал Куба қабыландары Лондонда сөзсіз дүниені дүр сілкіндіреді. Және осы олимпиада моңғол боксының таңы атып келе жатқанын дәлелдегендей әсер қалдырды.

Буынып-түйініп елге қайтарда қазақ боксының ақсақалы, кезінде АИВА-ның І вице-президенті қызметін атқарған Бекет Махмұтовпен пікір сұрағанбыз. «Біздің боксшылардың бәрі жанып кетті. Мұның себеп-салдарын Алматыға барғанда мұқият сараптау керек. Ұлттық құрамаға үлкен өзгеріс керек. Жалпы бүгінгі боксқа әлемдік деңгейде реформа жасау керек. АИБА-ның басында бокстың исі мұрнына бармайтын тайпэйлік отыр, атқарушы директоры – кәріс. Ал әлемді, олимпиаданы мойындатқан боксшылар неге кәрістерге ұтылады? Гәп неде? Сондықтан біздің АИБА-да бір өкіліміз отыруға тиіс», – деп ой тұжыртты Бекет аға.

Page 18: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

18

«Өзіңнен тумай ұл болмас...»

Қазақ елі қандай байрақты бәсеке болмасын балуандарға үлкен үміт артқан. Алайда соңғы жылдары грек-рим және еркін күрес шеберлері алтын тұғырдан көріне алмай жүргені рас. Абырой болғанда, Бейжіңде Әсет пен Нұрбақыт бауырымыздың қолалары жанға медеу болды. Мұны неге айтып отырмыз? Қазір бізде шетелден спортшы шақыру «сәнге» айналып тұр. Еркін күрестің жарымы шекара асып келгендер. Марид Муталимов, Таймураз Тигиев, Лалиев, Спиридонов. Осыдан 12 жыл бұрын Ресейге олимпиада алтынын алып берген Зульфия Забированы әбден қартайған шағында Қазақстан атынан сынға салу кімге керек болды?

Әрине, Қапқаз тауының етегінен шыққан ұландар әлемдік еркін күресте өз үкімдерін жүргізіп тұр. Сөз жоқ, біздің қоржындағы 13 медальдың үшеуі сол легионерлердің еншісінде. Алайда, біз 96 келідегі еркін күрес шебері, Бейжің олимпиадасында күмістен алқа таққан Ресейден келген легионер Таймураз Тигиевтің финалдағы Ресей балуаны Ахмедовпен белдесуіне куә болып тұрып, түрлі ойда қалдық. Бұл біздің екінші алтынға қол жеткізуге тамаша мүмкіндік еді. Оған Тигиевтің әлеуеті жететін-ді, бірақ Тигиев алтын алуға тіпті де тәуекел етпегендей көрінді. Бұрынғы отандасы Ахмедовке жағдай жасаумен болды. Тіпті, тең аяқталған екінші кезеңнің жеребесі Таймураздың пайдасына шешілеген еді, ресейлік палуанның оң аяғын ұстап тұрып, «айырылып» қалды. Желке тұсымда отырған қазақ спорт журналистикасының ардагері Несіп Жүнісбаевқа жалт қарадым. Өңі өрт сөндіргендей. «Хабар» агенттігінің Бейжіңдегі арнайы тілшісі Сейітханның Амангелдісі мен Хасен Омарқұлов «дүрбілерін» дайындап бозкілемнің түбінде жатқанына жарты күн болған. Қазақ жанкүйерлері ұлардай шулап тұр. Тигиев алтынды қолдан берді. Қақпанға аяғы түссе шайнап тастап кететін қазақтың ұлдары жетіп артылмай ма? «Өзіңнен тумай ұл болмас» деген осы. Ойыма намыс отына өртеніп жүріп таэквондо тарихында қазаққа тұңғыш жүлде әперген атыраулық оғылан Арман Шілманов орала берді. Ол тіпті, олимпиялық ойындар тарихында ТМД аумағынан шыққан тұңғыш жүлдегер. Оның осы биікке көтерілуіне бар жағдайын жасап күйіп-пісіп жүрген Атырау облыстық жекпе-жек спорт түрлері федерациясының басшысы Ақаман Рысқалидың қазақ баласының қайсарлығына бас иіп жылағанын көрдік. Намыс отына өртеніп тұрып жылағанға не жетсін!

Жіткеевтен бағын асырып, Моңғолия тарихындағы тұңғыш олим- пиада чемпионы болған Тувшинбаяр Найдан неге бір-ақ күнде қаһарманға айналды? Ол – моңғолдың өз ұлы.

Page 19: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

19

Бір өзі Афиныда 6 алтын, Бейжіңде 8 алтын алған балық-адам, американдық жүзгіш Майкл Фелпсті жанынан бездіріп су түбінен алтын жинатып жүрген өз Отанына деген шексіз махаббаты болса керек. Ол небары 23 жасында қос олимпиаданың 14 алтын медаліне қол жеткізді. Рекорд! Әйгілі Әмин Тұяқовтың «рекордтар да күндердің күні тоқтайды» дегені бер еді. Сол рекордтардың алдына кесе-көлденең жататын қалжа жеген қазақтың бір баласы туар ма еді, жазған! Сейдағаңның «Шұғасы» аспаннан мақпалдап жауар күнді аңсаумен бұл олимпиаданың да шымылдығын жаптық. Көкіректе арман көп, алда – Лондан!

...Сөйтіп 16 күн бойы бүтін әлемді өз әуеніне төңкерген Бейжің мейрамы да тәмәм. Барға – қанағат, жоққа – салауат. Қазақ елі жалпы есепте – 29-орында. ТМД аумағынан алдымызға Ресейді, Украинаны, Белоруссияны және Грузияны түсіріп алдық. Біздің спорт саласына бөлетін қаржымыздың ширегін де сезінбей кенезесі кеуіп жүретін Кения мен Эфиопия да біздің алдымызда. Бәлкім, бізге өзіміз үміт артатын екі-үш спорт түрінен өзгесіне де басымдық беретін кез келген шығар...

Бітеу Пу си бір сілкінді...

Таңғажайып оқиғаларға толы болған Бейжің олимпиадасы да тарихқа кетті. Шығыстағы алып көршіміздің көп аңызының бірі айдаһарға байланысты. Өздері айрықша ардақ тұтатын сол айдаһардың тоғыз баласы бар екен. Қытайлар бұлардың ең кішісі, басы мәңгі шығысқа бұрылып қалған – Пу сиді сұмдық қадір тұтады. Пу сидің негізгі қорегі – түрлі алтын-күмісті, лағыл-гауһарлы бағалы тастар. Бірақ, Пу си – бітеу, тек жей береді, жей береді... Бұл олимпиада сол алтын-күміске малынған Пу си айдаһардың бір сілкінген шағы болды. Олимпиада тарихында Қытай АҚШ пен Ресейді қозы көш жерге қалдырып, 51 алтынмен (күміс-қоласы тағы бар) тұңғыш рет топ жарды. Мейманасы тасыған 1,5 млрд. халықтың ұран-әнінен ұйқыдағы Пи су шошып оянды. Сонау ғарыштан көрінетін Ұлы Қытай қорғанының қос қапталындағы нуда мысық аю (панда) бар дейді тілмаш қыз. Олипиаданың символының бел ортасында сол панда тұр. Тек Қытай жерінде ғана өмір сүретін осы бір сүйкімді панданың жазы болды. 16 күн бойы Бейжің көшелерінде қуыршақ пандалар әлемнің әр түкпірінен келген жанкүйерлерді қуанышқа бөледі. Ақырғы күні қытай спортшысы 51 алтынмен Бейжің олимпиадасының ұшар басына самғап бара жатқанда әлгі панда өкіріп жіберді. Панда жылаған жаз!

Алматы – Бейжің – Алматы.2008 жыл.

Page 20: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

20

МАрАЛтАй

Маралтаймен ең алғаш 1993 жылы жазда, Алматыға КазГУ-ге оқуға тапсыруға келген жылы, Абылай хан даңғылы мен Гоголь көшесінің қилысындағы «Радуга» дейтін дүкеннің жертөлесінде таныстық. Ортақ танысымыз тоқайластырған. Оңы мен солын танып үлгермеген жас бозбалаға алғашқы дидарласу қызық әсер қалдырды. Ақын мазасыздау кейіпте көрінді. Ара-тұра тісін шықырлатып қойып, күтімсіздеу қалың бұйра шашын сілкіп тастап, көзін жұмып алып өлең оқиды екен. Көнетоздау жасыл кәстөмінің етегін темекі тұқылы ойып тастапты. Кәстөм түгіл, бір-біріне өткел бермей тұрған қос қоғамның етегін әлеуметтік ағыстар шайып жатқан аласапыран шақ еді ғой. Мен бұған дейін Маралтай ақын туралы естімегем. Дәл сол тұста Нұрлан Мәукенұлы басқаратын републикалық «Жас қазақ» газетінде ақын Исраил Сапарбайдың «Қалам алып хат жаздым Маралтайға!» атты ақжарма жырлары жарияланған. Газеттің келесі санында ақын ағаның алаң жырларына Маралтай да үн қатыпты.

«Қалам алып хат жазыпсыз қағазға,Бір бет өлең бақ бола ма бағы азға.Сый бола ма күйі қашқан бәңгіге,Ми бола ма ақылы азған сабазға.........................................................Ішу керек, сіз де ішіңіз, ішем мен,Кещелерді көріп күнде күшенген.Тағдыр келіп сипағанша басымнан,Ажал келіп әкеткенше кісенмен», –

деп келетін жыр жолдары бар болатын. Маралтай әлдебір шаруамен Мақатаев көшесінің бойындағы, қазіргі «Атамұраның» кітап басу цехы орналасқан баспаханаға баратын болды. Шойын жолдың бойымен жаяу ілбіп келеміз. Діттеген жерге келгенде «сен осы қақпа алдында күт, мен жеделдетіп шығам» деген. Кезбе ақын сол кеткеннен мол кетті...

* * *Аунап ай, жылжып жыл өтті. Алғашқы талапкерлік жылдар табысты

болмады. Емтихан сынақтарынан екі жылда да етпеттеп кеттік. 1995 жылы ғана журфактың босағасынан бұлт сейілді. Студенттік билетті қолға алған шақта қалашықта Маралтай жайлы аңыз-шыны аралас әңгіме гулеп тұр екен. «Маралтай молада тұрады-мыс», «Маралтай ішпесе жаза алмайды екен», «Маралтай бақилық болыпты...» Санама сарт ете қалды. «Құдай-ау, мынау баяғы пақырыңызды баспахана қақпасының алдына «қағып» кеткен ақын емес пе!».

Page 21: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

21

...Аудиторияға бойымыз үйреніп, алғашқы семестрдің сеңі бұзылып, жер лайсаңдана бастаған көктемнің беймаза күндерінің бірінде «Маралтай қалашықта жүр екен» деген әңгіме жетті. Білім қуған бірінші курсқа бәрі таңсық. Айтып ауыз жиғанша болған жоқ, сонау Жамбылда жүрген Маралтай дауылдатып, жауындатып 5 жатақханаға кіріп келді. Баяғы Маралтаймен қайта таныстық. Әне-міне оқуларын тауысқалы тұрған Сағындық Рзахметов, Сәндібек Жұбаниязов, Бекжан Әшірбаев, Әмірхан Балқыбек, Оразәлі Баймұрат алыстан сағындырып келген ақынды 307-бөлмеде қарсы алды. Әлібек Шегебаев бастаған жас жігіттер «асай-мүсейін» реттеген боп жүрміз. Жұқа қалтамен жұпыны үстел жайылды. Жатақхана азан-қазан. Бірінен бірі жұлып әкетіп өлең оқиды. Әлібек гитарамен сызылтып әдемі әндерді салды. Отырыстың аяғы Маралтай ақынның «бенефисіне» айналып жүре берді... Маралтай суретті де шебер салады екен. Бас сұққан бөлмесінің керегесіне қас пен көздің арасында жалғыз көзді арудың суретін салады да жүре береді.

Өлеңге, өнерге деген құрметі бөлек, қауырсын қаламы қатая қоймаған бір топ жас Маралтайдың соңына ілестік. Аудиториядан мән, сабақтан сән кетті. Ал жатақхана бөлмелерінде аққу ұшып, қаз қонып жүр. ...Иә, рас, Эзоп пен Крыловты, Луначарский мен Салтыков-Щедринді жеті атамыз секілді сұраған жерінде сайрап беріп тұрған соң, Темірбек ұстаз Қожакеевтің де көңілі жай. Кейде Мәкең салып-ұрып аудиторияға кіріп келеді. Тіпті, бір жолы бізбен бірге Темірбек Қожакеевтің лекциясына келіп, артқы қатарда отырды. Ұсқыны келмей отырған ақынды ұстаз сезіп қалып: «Мына дудар бас ақын қайдан жүр? Иә, мырза, қайдан келдіңіз?» – деді. «Жамбылдан! Маралтаймын!» – деп қысқа қайырды. «Маралтай болсаң өлең оқы!».

«Аға, онда бұл аса қиын шаруа емес екен» деді де өңешін кенеп қойып,

Аядай ғана айналып болмас жасымда,Түлкіні көргем мәз болып күлген миықтан,Қаншықты көргем қорқауларменен ұйыққан,Қартайған шақта қиядан құлап өлетін,Қыранды көріп, көзінен сұмдық күй ұққам –

деп басталатын өлеңін боздатты дейсіз. «Міне, жолдастар, нағыз сатира дегеніміз осы!» – деп Темірбек ағамыз ақынға риза болып, батасын берген. Маралтай «жасақтарына» жанашырлық танытып, көп кеңшілік жасаған ұстаздарымыз – белгілі ақындар Бауыржан Жақып пен Темірғали Көпбаев. Сөйтіп, Маралтай күндізгі бөлімдегі және сырттай оқитын жігіттерді ертіп алып ақын ағалардың үйіне жорыққа шықты. Есімдеріне сырттай қанық болып жүрген көптеген ақын-жазушылармен сол тұста таныстық. Ішкі есеп те жоқ емес, таныса барып «табыспен»

Page 22: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

22

қайту. 1 мамыр күні Мұратбаев көшесінде тұратын көрнекті ақын Ұлықбек Есдәулетті туған күнімен құттықтауға шұрқырап барғанымыз есімде. Қалашыққа жақын болған соң ба, мәдениеттанушы һәм ақын Әуезхан Қодардың «Весновканың» бойындағы үйіне сан рет бардық. Жатақ комендантының көңіл-күйі болмаған кездері Маралтай жаяу-жалпылап, белшеден балшық кешіп Әбубәкір Қайран ақынның үйіне тартады. Маралтайдың меселін кері қайтарған ақынды, сірә, көрмедік, бөтекесі бос болған сол бір тар кезең – кең екен ғой... бәлки, біз жолыққан адамдардың пейілі көл-дария. Марқұм Ғабиден Құлахметтің Маралтайды өбектеп, жанқалтасына ақша тығып жатқанын сан рет көрдік.

«Кеңсайдың» қолтығындағы ұлы әруақтарға сан рет барып тәу еттік. Әлгі бір «Әдилә» дейтін әйгілі аза-жырдың сондай бір зират аралап жүрген шағында шыққанын айтты Маралтай. Тарихын баяндайды, боздатып отырып оқиды. Аза бойыңды қаза қылады. Сондай бір өң мен түстің ортасында жүрген сортаң күндердің бірінде Тараздан Маралтайды қазақтың талантты ақыны, марқұм Серік Томановтың іздеп келгенін көрдік. Ол да сол бурадай буырқанып кеткен шағында өлеңнің өркешіне қонып алып Алматыға тартатын болса керек.

– Ақ көңіл басым, ақ көңіл басым,Тоқтау болмайды-ау ақтарылғасын.Жабы тірлікті жақтан ұрғасын,Қайырлымай кетті бақ-қарындасым, –

деп байсал тартар шағында шашына қырау байлаған ақынның жырларын да тыңдадық.

Сол бір кезеңдер Маралтай Ыбыраевтың «Зоологиялық терминдер» мен «Қызыл өлеңнің» ортасында сенделіп, басын тасқа да, тауға да соғып жүрген сұрапыл шақ, өзін де, өзгені де аямай, өлеңін ғана аялап жүрген кезі екен. «Қан мен сүтке иленген» тағдырын жырға қашап, таңғы асы – Тәңірден бұйырып жүрген шағы екен. Ата-анасын, аға-бауырларын арғы дүниеге беймезгіл шақта аттандырған ақынның тағдырын ептеп сезініп қалғандай болдық. Шын мәнінде Маралтай өзінің тағдырымен де, шығармашылығымен де, жүріс-тұрысымен де әдеби ортаны өзіне жалт қаратты. Жастардың Маралтайға еліктеу дәуірі басталғандай көрінді, былай қарасаңыз тіпті де кісі қызығатын өмір емес. Екі жастың біріне келмей жақындарынан айырылған, түскен оқуда тұрақ таппаған, өз қолымен құрған ошақтың оты ерте сөнген, Жамбыл мен Алматының ортасындағы күре жолдың аңқасын кептірген кебісі жыртық кезбе тағдыр кімге үлгі болғандай? Бірақ сол тұстағы ең «модный» ақын – Маралтай! Студенттер қауымы Маралтайдың өлеңдері шыққан басылымды қолдан-қолға тигізбей оқыды. Демек,

Page 23: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

23

айыл бауы үзіліп барып қайта жалғанған, жеке отау құрғанымен есігін қай жақтан ашарын білмей тұрған қоғамның шығармашылық кеңістігінің жыртығын ауыр тағдырлар мен жақсы жырға деген жан құмарлығы ғана жамап тұрса керек.

* * *Ең алғашқы қасиетті сөз көктен түсті. Адамзатқа бағдаршам болған

– сол төрт кітап! Ал, одан кейінгі үлкен сөзді тасқа қашаған ұлы билеушілер мен баһадүрлер – Күлтегін мен Тоныкөк. Туған ай – тураған ет, бөрілі байрақты бірінен бірі ала қашқан жаугершілік кезеңдер уақыт ағысын жеделдетті. Аспан астын ақырып сұраған Көк түріктер жүзжылдықтардың апшысын алаңсыз қуырды. Алтынға малынған ұлы бабаларды арқасына мінгізген асыл тұқымды тұлпарлардың тұяғымен жазылған тарих жылдам аунады. Жебе адырнадан керіліп үлгергенше ұлы өнер Майқының көмейіне барып қонақтаған. Сөз иесін тапты, жорықтар жүйесін тапты. Жер бетін картасыз басып алып жатқан сондай бір қиянкескі шақтарда тарих санасына сөз ұстаған қолбасшылар келді. Кешегі ақырып теңдік сұраған Шалкиіз, Доспанбет, Ақтамберді, Қазтуған жыраулар мен зар-заман ақындары солардың сарқыншағы еді. Бұдан кейінгі кептің бәрі сарай маңындағы тарихшылар мен ажал аузынан аман қалып, жерошағын қыздырған темірші-ұсталарға мәлім. Ат арыған, тон тозған кезеңдер келді. Жерорта теңізі мен Ұлы қорғанның арасында алдаспанын қапысыз сермеген ұлы бабалар бірде қолдан, бірде жолдан шетінен ажал жастығына бас қойды. Қараойда қалғып кетіп, қапыда басы домалап түскен соңғы батыр-жырау Махамбет! Бекетайдың құмындағы дауыл тыншып, тілерсекке тұсау, басқа ноқта байланып, асаулық әдіра қалған өлара шақта түгел сөз Қарауылға көш түзеген. Қазақтың таңдайына біткен асыл сөз арнасын бұзып-жарып, ақтарылған қалпы ұлы Абайдың ауласына келіп түнеді. Тоқтатқан Құнанбайдың баласы. Сол Абай жазып қалдырған жалғыз кітапты ғасыр бойы таратып, талдап тарихқа қаттап кеткен ұлы тұлғаларда есеп жоқ. Атылды, асылды. Не баласыз, я моласыз қалғандары қаншама? Жан беру оңай ма? Бірінің сыртынан бірі ашыла сайрағандарын да замана желі бүгінге жеткізді. Өздері өлді, сөздері қалды. Қалай болған күнде де ұлт мұраты жолында өзінше жол тапқан Алаш арыстарының бәрінің әруақтарына мың тағзым! Кеңестің керзісін киіп жүріп алакөлеңке қоғамда қалам ұстаған шеберлер жайлы бөлек әңгіме. Жалаң аяқ жар кешті, қызыл аяқ қыр кешті. Әркім өз шеберханасында отырып алып небір сұрапыл образдар жасады. Қызыл үкіметтің тарымында жүрген қазақ халқының арман-мұратын жырлады, жазды. Қазақ әдебиетінің алтын дәуірін солар жасады. Сөздің жігін бұзбай, бұтарламай, бұра тартпай 86-дан кейінгі ұрпаққа эстафетаны сәтті тапсырып берді.

Page 24: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

24

Әрине, бұлар сөреде тұрғандар емес, тек ұлы аламанның кезекті айналымындағы бабы әрқилы жүйріктер еді. Кеңес күйреп, қазақ жеке отау құра бастаған қос жүйенің астаң-кестең ағысында тұрып үлкен міндет атқарған, бірақ лайықты бағасы әлі күнге берілмей келе жатқан, жуан ортасында Нұрлан Мәукенұлы, Әбубәкір Қайран, Ғалым Жайлыбай, Бауыржан Үсенов, Болат Үсенбаев, Светқали Нұржанов, Сабыр Адай, Бауыржан Жақып, Асқар Алтай, Нұрғали Ораз, Қайрат Әлімбек, Темірғали Көпбаев, Гүлнар Салықбай, Амантай Шәріп сынды белгілі қаламгерлер құраған буынға деген кейінгі Маралтай Ыбыраев, Жарас Сәрсек, Әмірхан Балқыбек, Бауыржан Бабажанұлы бастаған толқынның ілтипаты бөлек болуға тиіс. Себебі, әдеби процестердің алмасу кезіндегі жауапкершілікті осы екі буын өткелден әдемі алып өтті. Сарайлардың аузына қара құлып түскен шақта өлең-сөздің көшін көшеге шөгерген 90-жылғылар қандай үлкен әдеби миссия атқарғанын өздері де кейіндеу сезсе керек... Жыр жорығында шеп құрған бұл қатарда Батырболат Айтболатұлы, Сәндібек Жұбаниязов, Қазбек Құттымұратұлы, Сағындық Рзахметовтердің де есімдерін құрметпен атауға тиіспіз. Жорық шығынсыз болған ба? Өлеңнің ашық теңізіне шала керілген желкенмен сапар шеккен кезекті бір жорықта Әділ Ботпанов есімді талантты ақынның қайтпай қалғанын бізге Жарас Сәрсек ақын айтты... Мына бір өлең кезінде сол Маралтай Ыбыраев, Жарас Сәрсек, Әмірхан Балқыбек үшеуіне арналып жазылған еді.

Үш оғыланАсқақ едік, тәкәппар ек өркеуде,Қарғып өткен қиядан да, өрден де.Балаң мінез балғындарды қарсы алған,Үш оғылан көрінбейтін төрлерденАлғаш біздер Алматыға келгенде.

Жарас ақын ұсынған-ды жүрегін, Ал Маралтай аралатты жыр елін,Жорықтарға жол бастады сұрапыл,Әмір қаған Элладада жүретін.

Үш оғылан жапырағы тоналған,Медеу күтпей мейманасыз қоғамнан,Ботпановты іздеп бара жататын,Өлең атты планетадан жоғалған.

Айылдарын жимай бара жататын,Қалашықты қимай бара жататын.

Page 25: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

25

Өлеңменен өрнек салып КазГУ-ге.Алматыға сыймай бара жататын.

Үш шайырға ілесем деп жаны ізгі,(Қаншама ақын сабағынан қол үзді).Сынаптайын сырғып сынақ келгендеҚожакеев сорамызды ағызды.

...Жылдар озды, өтті уақыт қас-қағым.Алатаудан естілді үш асқақ үн,Жетісуға үш өзен кеп қосылды,Ал үш өзен үш теңізге бастады.

Жаңылмады дей алмаймыз үтірден,Алла жазған адасқан жоқ үкімнен,Бөзге бола дай-дай болып жатқанда ел,Бұл үшеуі сыйлықтарға түкірген.

Маусым, мамыр, сарша тамыз, ақпанда.Соларға еріп түстік талай сақпанға,Шалыс бассақ сол үшеуін даттаңдар,Алысқа ұшсақ сол үшеуін мақтаңдар.Бірін бірі тастамайтын қақпанға!

Сәлем жетсе Қазығұрттан, Жайырдан,Көңіл шерін «Сары бидаймен» қайырған,Алматыны неге сүйді сол ақын,Әке-шеше, бауырлардан айырған.

Өргізетін өзегінен түнде өлең,Жан жарасын жалап жазған жырменен.Алматыдан тауып алды ол өзін,Өзін іздеп кетіп еді Сүмбеден.

Сол қалашық, көз де қалған байланып,Сәл жүдеулеу.Сәкіде отыр ойланып.Кенет ақын ағыл-тегіл жылады,Өзі өлеңге, өлең оған айналып.

Page 26: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

26

* * *«Толқыннан толқын туады» дейтін ұжымдық жинақтағы жырларға

тұшына алмай жүргенде, Маралтайдың «Ай-Нұр» атты айдың қиығындай ғана тұңғыш жинағы жарық көрді. Бұл кітап оқырман үшін өлең жинағы болғанымен, Маралтай үшін – төлқұжат десе де болады. Құжат атаулыдан жұрдай ақынды мілитса сан рет ұстап алып «құжатың қане» дегенде, «міне» деп қойнынан «Ай-Нұрды» көрсеткеніне талай куә болдық. Ол кездегі қызыл жағалыларда ептеп мейірім бар еді...

Сол кітаптың іші толған зар! Маралтайдың мақамымен айтылған замана зары! Жеке басындағы тағдырды ұлттық мұраттарға ұштастыра отырып жырлады. Әдемі өрілген рухты өлеңдерге қобыз сарынын әкеліп құйды. Рас, Маралтай өлеңге өзгеше мақам әкелді. Бәлкім аласұрған ақын «тағдырымен әзілдесіп, тіресіп» жүрген кей тұстарда сәтті пішін түзіп жібергенін өзі де сезбей қалған болса керек.

«Төменде қалдым ғой,Биікке бағыт бақ болар ма екен?!Ей, аласа арман, аптықпа!Ақтық па?!Е, оны бірде кірлетіп алғам,Шомылып жүріп шаттыққа» –

деп басталатын әдемі әуезе осы ойымызға куә-дүр. Өлеңде төңкеріс жасау екінің бірінің маңдайына бұйырған бақыт емес. Маралтай төңкеріп тастады демейміз, бірақ тағдырымен өлеңді, өлеңімен тағдырын құтқарып қалды. Нәтижесінде әдебиет олжалы болды.

Ақында өкпе болмау керек, себебі әдебиетшілер, сыншылар Маралтайға өз кезінде жылы сөздерін аз арнаған жоқ. Әдеби сын атқа мініп тұрмаса да, сол тұстағы сарғайған газет тігінділеріндегі Маралтай туралы жазылған үлкенді-кішілі мақалалар там-тұмап болса да ақынға берілген баға. Біздіңше, Маралтайдың өлең жұлдызы сәтімен туды. Қатар-құрбыларымен қанаттаса жүріп шығармашылықта біраз белеске көтерілді. Адам өз тағдырын қолдан жасамаса керек. Пенде баласының ішкі өзегі ернеусіз болса тағдырекең де түлкі-бұлаңға салып, құбылып береді. Абырой болғанда, Маралтай ескексіз қайық секілді замана желімен қақпақылданып бара жатқан тағдырының «тілін» тапты. Бәлкім, «ә» десе «мә» деп тұрған иесінен тағдыр да «жалықса» керек. Ақынға ақыл айтқан адамда есеп жоқ. Бірі құлағына сыбырласа, екіншісі газет бетінде өлең арқылы мұң шақты. Қалай болғанда да, ақынды шығармашылығы ғана құтқарып қалды. Едел-жедел ес жиды, етек жапты. Қаламның қуаты әлеуметтік тауқыметтердің иірімінен шыға алмай жүрген өмірді суырып алды. Мемлекет өзі жазған жырлардың жылуын сезіндірді. Басына баспана, қолына марапат ұсынды. Қазақстан

Page 27: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

27

Жазушылар одағында ұзақ уақыт әдеби кеңесші қызметін атқарды. «Мәртебелі поэзия!» үлкен жоба бастап берді. Бүгінде ұлттық рухтың жалауына айналған Қазақ радиосында табысты еңбек етіп жүр. Мінәйі мінезіне қарамастан ағалардың алақанында келеді.

Маралтай ес жиған кезде қоғам да түзеле бастаған. Ептеп езуге күлкі үйіретін мына бір жайтты айта кетейік. Ел тәуелсіздігін алған алғашқы кезеңдерде он жылдан аса «аттан түспеген» Маралтай кезекті әңгіме-дүкен үстінде: «Өз тағдырымның қақпақылында жүріп ештеңе сезбей қалыппын... Ой Алла-ай, заман қатты қиын болған екен ғой, ә» дегені...

Біз киіз үйде туып, киіз үйде өсіп, алты жасына дейін электр жарығына жанары шағылысып көрмеген, заман ағысы ұсынған соңғы ғылыми-техникалық өркениеттермен көп есептесе бермейтін талантты ақын, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Президенттік стипендияның бірнеше дүркін иегері Маралтай Райымбекұлының шығармашылығын қопара талдап-таразылауды сыншыларға қалдырып, адами болмысы мен бұйырған тағдырына шетпұшпақтап ғана тоқталдық.

Page 28: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

28

сӘБИ(Көрнекті ақын Есенқұл Жақыпбек туралы ойтолғақ)

Есенқұл Жақыпбек!..Биологиялық жаратылысы күтпеген жерден кілт үзілгенмен, әдеби-

рухани коды келер дәуірлерге жазылған осы бір аяулы есім сонау Ақтамберді, Қазтуған, Шалкиіз заманында немесе Ілияс Жансүгіровтің жалаға толы дәуірінде, яки Жамбыл мен Кенен сөз суырған кезеңде, Қасым, Тоқаш, Мұқағалилар мұңға жүкті заманда өмір сүрген секілді әсер қалдыра береді. Неге-дүр?!.

Жетім өкпесі желпілдеп, қос қапталынан өлең боратып жүріп ХХІ ғасырдың қақпасын күзеткендіктен бе, әлде қайталанбас бітімді қарапайым қалыбына амалсыз сыйдырып, көрпесі жұқа ғұмырын кенеттен суытып, қапелімде Ұзынағаштың көшесінен көрінбей, ғайыптың құсына айналып кеткендіктен бе? Бәлки, ол шын мәнінде киелі сөз өнері жаратылған кезден бастап әр дәуірде өмір сүрген ұлылармен рухтас, мұңдас, сырлас, үндес болғандықтан шығар?

Қалай десек те, қазақ көркем әдебиеті мен саз өнерінің тарихында Суықтөбенің баурайында өмірге келіп, Алатаудың биігінен алты Алашқа өлең ұшырған Есенқұл Жақыпбек ныспылы біртуар ақынның болғаны даусыз!

Миығына мың қатпарлы сыр жасыра жүріп, әнтек жымиып қойып, өн-бойыңа жылы ағыс құятын, айдың арғы бетіндегі әлдебір тылсым әлемді алпыс екі тамырыңда ойнатып, өзі өмір сүрген уақыттың ұршығын азаматтық, әлеуметтік, лирикалық кеңістікте еркін иірген Есенқұлдай ақын санаулы һәм некен-саяқ.

Әдетте, ақын-жазушының мерейтойы қарсаңында әріптестері жылы лебіз білдіріп, шығармашылығын қопарып, аршып, талдап баға беріп жатады. Әрине, бұл адамгершілік-кісілік, сәулелі тұстарды көру тұрғысынан тәуір қадам. Жұмыр басты пенде болған соң, оның үстіне талантты шығармалар жазып жүрсең, маңайыңнан жылы сөз күтетінің де даусыз. Есенқұл ағамыздың шығармашылығы туралы тіршілігінде мақалалар аз жазылған жоқ және көп те жазылған жоқ. Көбіне журналистикаға жаңа араласып жатқан қыз-жігіттердің күнделікті күйбең тіршілік пен жаңа жыр немесе бір әннің өмірге келу тарихынан әрі аспайтын сауалдарға құрылған сұхбаттары жиі жарияланды. Олай болатын себебі де бар, өйткені түрлі жиын-кештерде Есенқұл Жақыпбектің маңайына жастар үйір болды. Тіпті, екі сылтау бір себеппен Ұзынағаштағы үйіне, редакцияға Алматыдан өнерлі жастар күн құрғатпай іздеп баратын.

Алайда, кез-келген талантты қаламгердің ең бірінші сыншысы – ақынның өзі. Ұяттан үш күн бұрын туған кез-келген қоғамда өз арыңмен

Page 29: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

29

бетпе-бет қалған ақжарма сезімдердің ғана таразы-табағы тең тартады. Қапысыз ақтарыласың, жіберген кемшіліктерің мен жеңілістеріңе опынасың, бір бас артық тұстарыңа шаттанасың. Жылайсың, күлесің, өзіңді өзің қайрайсың, сосын қайтадан тіршіліктің диірменімен кете барасың.

«Тазқара құстың тағдыры» атты өлеңдер жинағындағы Есағаңның өзі туралы, өмір жайлы, өлең хақында жазған хамсасын жиі оқимын. Оқыған сайын, оқи бергің келеді. Боямасы жоқ, қарапайым да аңғал, бір сәт ұлы, бір сәт қорғансыз, сәл нәрседен көңілі қалып, жоқ нәрсеге қуанатын, жыр жазған күні жұбанатын ақынды сол жерден табасың. Бірлік пен Ұзынағаштың ортасын жол қылып, сыбызғысының ұшына бозторғай қондырған жанармай таситын арбакештің артында жасырынып жатқан сары баланы сағынасың. Бір сәт көз алдыңызда бала Есенқұлдан дана Есенқұлға айналып бара жатады, күтпеген жерден пенделіктің бешпетін қайта киіп, тауқыметтің керзі етігін тырп-тырп сүйретіп аракідік күрсініп бара жатқан ақынмен қайта қауышасың. Батыс пен Шығыс мидай араласып, құндылықтардың орны ауысқан дәл қазіргідей найзағайға нан пісіріп жатқан алмағайып уақытта кейінгі ұрпақтың бойында адам жанын тебірентер Есенқұл-сезімнің, сәби көңілдің жоқтығына налисың. Балауса, бұлаң, риясыз, есепсіз мінездерді іздейсің...

Есенқұл Жақыпбек дүние жалғанның алдан тосар әлеуметтік «заңдылықтарына» еріксіз бағынды. Опасыз тірліктің тізгіні Есенқұл жырауды да алаңсыз ноқталады. Күрмеуге келмейтін, айналып-толғана алмайтын аядай кеңістігінде шырмалып, маталып, іштей күйзелді. Оны сондай күйзелістерден кеудесіндегі жанартау ғана құтқара алды. Жанартау-жыры атқақтаған кезде оның алдына жан шыққан емес. Жайшылықта кісі бетіне келмейтін ақын қолына қалам алғанда күллі әлемнің әміршісі секілді «ақ» дегені алғыс, «қара» дегені қарғыс, өмір өрнектері мен замана ырғағын қалауынша ойнатып, теорияның терісін илеген ғалымдар түзген әдеби нормаларға да, буын-бунағыңа да бағынбай, емін-еркін көсілетін сұрапыл сөз зергері екеніне қапысыз сенесің. Буыны артық кетіп, бунағы кем түсіп, ой қайталап, сөз қайталап, күнделікті өмірдегі ауызекі сөздермен өлеңге өзек жалғату – Есағаң жаратқан кәнігі туындыға ғана жарасады. Әгәрәки, шумақтарды шымыр иіріп әуестенген, әр буынға бір түнеп, ұйқасқа үш түнеп, бір ойды қатар қондымайтын, «екі шоқып, бір қарайтын» сақа ақындарымыз Есенқұлша сөз өретін болса, айдың жарығымен адам жанын жаралауға шебер сыншыларымыз артына шам алып түсер еді. Өйткені, ол өлеңнің бастауын ғана білген ақын. Аяқталар сәтін шабытқа тапсырған, жол-жоспар құрып бармақ бүгіп отырған шайыр

Page 30: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

30

емес. Ол ақпа-төкпе сезімнің, ақтарылып келген жырдың аңғарындағы мұрап секілді еді. Ол өлеңді кірпіш секілді қалаған жоқ, құйды!

Есағаң халық ауыз әдебиетінің жауһарларын барынша еркін меңгерген, бала күнінен Сүйінбай, Жамбыл, Құлмамбет, Үмбетәлі, Кенен бабаларымыздың бейнелі жырларымен ауызданған, өзі де айтыс өлкесінде ұзақ уақыт ат шалдырған ақын. Айтыс пен жазба өлеңді қатар өрген тұлға. Және екі бағытта да тыңдарман мен оқырманға жемісін қатар берді. Есенқұл поэзиясының қуаттылығы мен бейнелілігі, ең әуелі негізгі ұлттық қайнар бастауы сөзсіз, Жамбыл мектебінде жатыр. Жамбыл феноменін шама-шарқынша жаңа дәуір поэзиясына ұштаған дәл осы Есенқұл Жақыпбек. Әрине, өнер атаулы өзгеріске ұшырап, әдебиет теориясы сәт сайын жаңарып, әлемдік сөз зергерлерінің жеке шеберханасының әсерімен түрлі әдеби ағымдар пайда болып жатқан кезеңде жалғыз Жамбыл бабамыздың соқпағымен қалу аздық ететінін суреткердің терең түйсінгенін сеземіз. Бұл бағытта Есенқұл Жақыпбек өткен ғасыр әдебиетінің «алтын дәуірі» аталған кезең өкілдерінің қатарында Жамбыл мақамын Мұқағали музасына сәтімен жалғап әкеткені анық аңғарылады. Рас, қазақ поэзиясында Мақатаев мектебінің табалдырығынан бастау алатын сантарау жолдар бар. Ұлы ақынға еліктеп жүріп, есейіп, қалыптаса келе өз соқпағын тапқан ақындарымыз сыншыларға мәлім. Ал, Есенқұл қос ғасыр ат ауыстырып жатқан тұста көне мен жаңаның іргесін жымдастырып, Жамбыл мен Мұқағали жырларының түйіскен нүктесіне өлең өлкесіндегі өзінің боз үйін тікті. Жаңалық атаулының дені көнеден шығатынын анық сезінген Есенқұл оң мен солдан ұйытқи соққан, сәнге айналып тұрған түрлі әдеби ағымға алаңдаған жоқ. Әлемдік әдебиеттегі пішіндік, мазмұндық, пәлсапалық сипаттағы түрлі тәжірибені өз ауласына әкеліп сынап жатқан әріптестеріне тек тілектес болды. Сәтті шешімдерге қол шапалақтады. Аз уақыт алып қаладағы әдеби ортаның мейрамханасында «өз тапсырысын» да беріп көрді. Шулы қаланы шиырлап, қазығынан босап кеткен жылқы сынды еркін желіп жүрді. Талайлардың тағдырын сынап ойнаған Алматының тар көшесінде арсалаңдап Есағаң да жүрді. Қуанды. Өкінді. Таяқ та жеді. Шибөрлірге жем де болды. Таланттар тартқан тауқыметті ол да тартты. Сөйтіп жүріп достар тапты, жоғалтты да... Қамқор кейіп танытқан ағалардың шынтағын шындап сезіне де алмады, бәлки... Таң шапағын шығар аузынан күтетін жанбақылардың қатарынан болмай шықты. «Миллиондар сыйған қалаға, бір басым барады сия алмай» деп ауылға тартты да отырды...

«Аға!» деп барсаң ағаға, ағаның көңілі көкте жүр,«Бауыр!» деп барсаң бауырға, бауыры оның көк темір.Туысқанға туа жат, жолдасыңа жүре жат...» деген дегбірі қашқан

жолдар жан азабы әлгіндей қылбырауға түскен түндерде жазылған

Page 31: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

31

болу керек. Таудай басын қос иығының арасына тығып тар кеңселер- ге де кірді. Ернеуін өрмекші торлап кеткен емен есіктерді ашпады дейсіз бе?!.

Әйтпесе, «Алдына барып құнсыздың,Қадірім қашып кетті ме,Жүрегім содан шошынар...» дейтін өгейлікке өрілген өлеңді жүрек

қылы дірілдеп отырып жазар ма еді?.. «Құлағыма сыбырлайды қара кісі» дей ме Мұқағали? Есенқұл да Жаратқан Ие жағына салған киелі сөзді ұлттық бояуын

жоғалпастан халқына ұсынды. Іргетасы халық ауыз әдебиетінен қаланған, қабырғасында Мұқағали дәуірінің өрнегі бар ақсарайдың шаңырағы уақыт өте келе Жақыпбеков шешіміне ұласты. Жамбылды пір, Мұқағалиды ұстаз тұтқан Есағаңның сезімге толы сұрапыл жырлары әрқайсымыздың жүрек тұсымыздан сөйлейтін себебі де сол қарапайым қалыбында, туған топырағынан жаралғандығында болса керек.

Есенқұл ақын бір сөзінде «уақытымның көбін желбіржекендей желіп жүріп сырап қылып алдым, көп уақытым айтыспен кетіп қалды...» дегендей өкініш білдірген еді. Біздіңше, айтыс өнерінің Есағаңа тигізген ықпал-әсері аз емес. Айтыс ойды жылдам қорытуға, бейнелі кестелеуге, күрделі орамдардан қашық болуға, сөздің қалыбына сай ғажайып сазбен өрнектеуге машықтандырды. Бұған ақынның өлеңдері мен жанға жайлы әндері дәлел. Есенқұл поэзиясының халықшылдығы мен қарапайымдылығы, жалпыға бірдей ұғынықтылығы және қария- ларша ой толғауы дәл осы айтыспен тікелей байланысты сияқты. Егер айтыс сахнасына көтерілмегенде ол Сүйінбай мен Жамбылдың көмбесін астаң-кестеңін шығарып ақтарамауы да бек мүмкін...

* * *Есенқұл ағаны біз мектеп табалдырығында жүргенде білдік.

Үлкен кісілермен бірге ентелей келіп экранның алдына айтыс көруге отырғанда эфирден ең әуелі Есенқұл аға көрінетін. Сонда үлкендердің сол ақынға сұмдық тілекші болып отыратынын сезетінбіз.

1990 жылдары Қарқара жайлауында өткен Ұзақ батырдың рухына арналған айтыста қапталына келгеннің бәрін жапырғанын тайлы-тұяғымызбен барып тамашалағанбыз.

Кейін КазГУ-де оқып жүргенде жақсы ағамен жақын таныстырған марқұм, айтыстың дүлдүлі атанған Есағаңның рухтас інісі, күні кеше ғана бес күн жалғанға екі түнеп кеткен Оразалы Досбосынов еді. Содан кейінгі кезеңдерде ағаны жиі іздеп жүрдік. Тіршіліктің асау толқыны ағаш жаңқасы секілді жағалауға лақтырып тастаған тұстарда болмаса,

Page 32: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

32

ұдайы жақын жүруге, сырласуға, құшырлана оқыған жырларын естуге асық болып жүрдік.

Ердің жасы елуге келгенде Жазушылар одағындағы «Есіл дүние-ай» атты шығармашылық кешінен алған әсерді ауызбен айтып жеткізу, сірә мүмкін емес. М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрында Б.Атабаевтың режиссерлігімен өткен «Күпәйке киген поэзия» атты шығармашылық кеште болғандар әлі күнге дейін аузының суы құрып айтады.

Есенқұл Жақыпбек дүниеге сәби болып келіп, сәби күйінде кетті. Қоршаған ортасы, қоғамы дүниебөліске түсіп жатқан кезеңге сай келді. Пенде болған соң бас ауырмай, балтыр сыздамай тұрмайды. Ақтамақ қарлығаштар секілді балапандарына жем апару керек. «Өсем деген ұл мен кетем деген қыздың» жоқ-жітігін түгендеу қажет. Қысқасы, ел қатарлы дүниеге қол созу керек екен... Алайда, ақыныңыз жанбағысқа, дүние жинауға қырсыз болып шықты. Алаш жұртының айрықша махаббатына ие болған ақынның бар байлығы – өзінің қоңыр тіршілігі бар отбасы, үрім-бұтағы, жазып қалдырған кітаптары ғана екен.

Ақын қазасына ат жеткен жердің бәрінен өзегін өксік буған қалың жұрт өлеңнің иесімен қоштасуға ағылып келді. Қара жолдың жиегін бүлдіршіндер гүлге орап тұрды. Ол бүлдіршін ақын еді ғой...

Қаралы көш Ұзынағаштан ұзап кеткен-ді. Есіме ақынның «Бірлікке бара жатқанда» дейтін әйгілі өлеңі орала берді. Ол ақырғы рет өзінің Бірлігіне кетіп бара жатқан-ды...

P.S. Әдеби-рухани коды келер дәуірлерге жазылған осы бір аяулы есім сонау Ақтамберді, Қазтуған, Шалкиіз заманында немесе Ілияс Жансүгіровтің жалаға толы дәуірінде, яки Жамбыл мен Кенен сөз суырған кезеңде, Қасым, Тоқаш, Мұқағалилар мұңға жүкті заманда өмір сүрген секілді әсер қалдыра береді. Неге-дүр?!.

Page 33: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

33

реДАктор(Белгілі публицист-қаламгер Нұртөре Жүсіп туралы)

2001 жылы «Жас Алаштың» 80 жылдық мерейтойы тұсында рес- публиканың барлық өңірін аралап, оқырмандармен бетпе-бет жүз- десудің сәті түсті. Кезекті сапарда Атыраудың Дендерін тіліп өтіп, Оралдағы оқырмандармен кездесуге асықтық. Облыс орталығынан 600 шақырымдағы Бөкей Ордасына жол тартқан керуен Астраханға маңдайды тіреп барып тоқтады. Дәулеткерейдің сазы, Салықтың көзі, Жәңгірдің өзі болған Ордаңыз осы. Қазақ топырағындағы тұңғыш банк, тұңғыш мектеп, тұңғыш аурухананың қабырғасы сол Бөкей Ордасында қаланған. Шекарадағы ел газет-журналдың жеті атасын алдырып оқиды екен. Ал біз жалауын көтеріп барған басылымның жанкүйерлері Ордада жетіп артылады.

Алдын ала дайындалған ресми жүргізушілер басылым тарихын сыдыртып оқып бастаған. Кенет кездесуді Бас редактор өзі бұзды.

– Сіздерге қояр бір сауалым бар. Осы залда ұл-қыздарыңызға «Ұлан» газетін жаздыртып алатындарыңыз бар ма? – деді.

Әр-әр жерден бірлі-жарым адамдар бой көрсетті.– Өз басым «Ұланға» көз қырын салмаған адам, «Жас Алашты»

жастанып оқиды дегенге сенбеймін. Аға басылымдарға оқырманды сол балалар басылымы дайындайды. Біз сіздердің алдарыңызға тек «Жас Алаштың» шашбауын көтеріп келгеніміз жоқ, біз қазақтың дәстүрі бар тарихи ұлттық газет-журналдарының жалауын көтеріп келіп тұрмыз, – деді.

Бұл – жастар газетінің сол кезеңдердегі Бас редакторы, белгілі көсемсөзші Нұртөре Жүсіп болатын.

* * *Қап тауының етегіндегі қаба сақалды елде әлгіндей тәмсіл бар:

«Нағыз жайлы орын қылышқа – қынап, отқа – ошақ, жігітке – өз үйі. От ошақтан шығып кеткен уақытта қынабынан суырылмаған қылыш – қылыш емес, ошақтың басында отырып қалған жігіт – жігіт емес». Әрине, бұл үлкен сөз болуы мүмкін, алайда қай кезеңде болмасын, өз тағдырын жазу өнерімен байланыстырған азаматтар үшін «Жас Алаштың» ұстаханасында сөз қорыту – сұрапыл мектеп. Қалғып-мүлгіп жүріп ҚазҰУ-ді тауысқан кез-келген студенттің арманы – бір сәт болса да «Жас Алаштың» ауасымен тыныстап, ауласында жүру. Журфакпен жылы қоштасқан жылы қаламы сүрініп-қабынып жүрген пақырыңызға да атынан ат үркетін газеттің тілшісі болу міндеті бұйырды. Жалғыз эссемен «Жас Алаштың» есігін аштым. Қазақ әнін Қара теңізден әрі асырып салған, тағдыр арқалап жүріп талқаны таусылған даңқты әнші

Page 34: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

34

Амангелді Сембин туралы «Ла Скалада жайқалған жалғыз арша» дейтін мақалаға назары ауған басылым басшылығы кісі жүгіртіпті. Біз де жүгіріп бардық. «Қайда істейсің? Не істейсің? Не жазасың? Қай жақтансың?». Күткен сауалдың бірі де қойылған жоқ. «Ертең таңғы сағат 9-дан бастап руханият бөліміне іске кіріс, сөз осымен тәмәм» деді. Сөйтіп, Бас редактор Нұртөре Жүсіптің тікелей қолдауымен «Жас Алашқа» қызметке тұрдым.

* * *Жаңа редакторым сәт сайын, сағат сайын жиналыс ашатындардың

сойынан болмай шықты. Екі аптада бір немесе ай аралатып жина- латын кезде бас редактордың бөлмесі кенет идеялар фабрикасына айналып жүре береді. Бөлімдердің жұмысын қайта үйлестіріп, жаңа тапсырмалардың тізбегін түзеді. Аймақтармен байланысты сәт сайын, сағат сайын қадағалауды орынбасарға қатаң тапсырады. Экономикалық және әлеуметтік ағартушылыққа күш салуды, облыс орталықтарынан бастап, алыс аудандардағы білім беру саласындағы салғырттықтарды, бірі бастап екіншісі тастап жатқан ақжағалылардың аяқсыз қалған рефомаларының кесірінен халықтың тартып жатқан зардабын үкіметке жеткізудің сантүрлі пішінін ұсынады. Өйткені, сол бір кезеңдерде қалың бұқара әлеуметтік ағыстардың қақпақылынан аршыла алмай жүргені айдай ақиқат болатын. Ал үкімет құрамындағы жекелеген тұлғалардың іс-әрекеті, саяси кеңістіктегі ахуал жөнінде сол салаға жауапты қызметкерлерге арнайы жобалар ұсынады. Жиын аяқтала бере әр қызметкердің қалам желіне қарай қойын дәптеріне түртіп қойған тақырыптарын тарата бастайды. «Шалықтап аспанға шығып кетпеңдер, тақырып табандарыңның астында жатыр» деп жиынды тұжырады. Қойын-қонышыңды идеяға толтырып алып, есікке беттей бергенде, «ә, айтпақшы ұмытып барады екенмін...» деп тамағын кенеп қойып кезекті анекдотпен езуіңе күлкі іліп береді. Ішек-сілең қатып бөлімге келесің, бөлімге келіп жылайсың... Себебі әлгі юмордың астары толы өзің өмір сүріп отырған кезеңнің болмысы еді. Сосын қайта күлесің...

Нұрекең кейде мойнына фотоаппарат іліп алып бөлімге кіріп келеді. Объективте – Бас редактордың өзі. Жұмыс үстінде әр тілшіні жеке түсіріп жүреді. «Алаңдамаңдар, хобби ғой...» дейді де шығып жүре береді. Жай жүрмейді, суырып салып идея тастап бара жатады. Өлеңді суырып салатын ақындарды білуші едік, бөлім-бөлімді аралап жүріп, идея суырып салатын редакторды алғаш көруім... Уақыт өте келе бұған да бой үйренді. Аш қасқырдай жаланып отырғандар қалың тілші қойсын ба, идеяның иін қандырып алып, қағазға түсіреді. Ол – берісі оқырманның қорегі, әрісі – қоғамның тірегі.

Page 35: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

35

* * *Ағысқа қарсы мақалаларымен көзге түскен кербез жігітті Керекуде

жүрген жерінен Азаттыққа аз қалған тұста әйгілі Шерхан Мұртазаның «Егемен Қазақстанға» алдырғаны жайлы журналистика жылнамасында жазылыпты. Даңқты Шерағаңнан шеберханасынан дәріс алған Нұртөре Жүсіп «Жас Алашқа» аз жаңалық әкелген жоқ. Қоғам дамуына ықпал ететін қаншама өміршең айдарлар ашылды. Бір ғана «Тікелей телефонның» өзі алыстағы ағайындарды қоғаммен тура байланысқа шығарды.

Нұртөре Жүсіп тізгінді қолға алған тұста газет шаруашылығы шатқаяқтап тұрғанға ұқсайды. Тіпті шықпай қалған кезі де бар, бұл енді жекелеген адамдардың әсері емес, сол тұстағы бір-біріне өткел бермей тұрған қоғамдық-әлеуметтік кесірлердің ықпалы болса керек. Алты алашқа 6 мыңмен тарап тұрған басылымның тиражы 2000 жылдары 77 000 мыңға бір-ақ қарғыды, бұл – ақпараттық кеңістікке рең кіре бастаған тұс еді.

«Жас Алаш» – редакторлар ұстаханасы!» деген жиі айтылады. Нұрекең сол сөздің нақты жүзеге асуына жол ашты. Қызметкерлерге бір-бір қосымшаны жүктеді. Жүктеді де, «бұл – сендердің газеттерің, шығарыңдар» деді. «Мыңнан бір мезетті» – Әділ Бек Қаба, «Руханиятты» – Роза Қараева, «Жібек жолын» – Гүлнар Тәжиева, «Дәулетті» – Берік Бейсенұлы, «Рухты» – Нұржан Қуантайұлы, «Алдаспанды» – Айгүл Аханбайқызы, «Ырғақты» – Сәкен Сыбанбай, «Студентті» – Есей Жеңісұлы өз қалауларынша идеялық жағынан түрлендіріп, гүлдендіріп шығарғаны ел жадында. Әр қосымша өз саласы бойынша қоғамда орын алған ірі түйткілдерді жүйелі түрде шешуге күш салды. Сол қосымшалардың өз алдына жеке оқырмандары қалыптасты. Әйтеуір, «Ырғақ» пен «Студенттің» жоқтаушылары жыртылып айырылатын. «Ырғақ» қаншама өнер жұлдыздарының жолын ашты. «Жас Алаш» танытқан жұлдыздар» деген атпен Республика сарайында өткен айтулы өнер кеші осының дәлелі. «Жас Алаш» саяси тартыстарға да аз барған жоқ, ірі-ірі қайраткерлер мен өңір басшыларын, үкімет жетекшісін, мүшелерін іс-әрекеттеріне қарай әділетті сын тезіне алды. Ымырасыз күрестерге шықты. Алдыңда сенімді тірегің, жолбасшың, артыңда қалың оқырманың тұрса, неден ыққандайсың? Тіпті, қатты кеткен кездері аз емес. Сол тұста болу керек, Сәкен Сыбанбай әріптесіміздің «ағайлар, енді «Жас Алаш» әкесін танытқан жұлдыздар» деген де кеш өткізуге болады екен ғой...» деп әзілдегені. Бірақ, «Жас Алашқа» бәрі жарасып тұрады. Расында, сол қосымшалардың редакторлары бүгінде ұлттық ақпарат кеңістігінде әртүрлі жауапты қызметтерді абыройлы атқарып келеді.

Page 36: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

36

Белгілі суретші-карикатурист, бірнеше халықаралық байқаулардың жеңімпазы Ғалым Смағұлұлының ғажап туындыларын бас редактор газеттің ұстанымына сай тіпті шебер пайдаланады. Кей жағдайларда редактор бас мақаланың орнына Ғалымның жонарқаңды шымырлата- тын, төрелердің төбесінен түсетін саяси карикатурасын салуды жүктейді. Смағұлұлының сызбаларының өзі тиген жерін ойып түсетін сұрапыл алдаспан емес пе?!. Алдаспанды қалай сілтеу – редактордың өз құзырында... Діттеген жерге тисе – халық разы, күтпеген жерге ти- се – жанжал туады.

* * *С.Бердіқұлов атындағы журналистер арасындағы футбол турнирін

«Жас Алаштың» ұжымы асыға күтеді. Бұл – газеттің өзінің төл мерекесі саналатын. Бабы келіп тұрған команданың қақпашысы – Нұртөре Жүсіп. Алайда Нұрекеңнің қақпашылық «карьерасын» бүкіл ұжым қолқалап жүріп қойғызған. Себебі, қайсыбір жылғы Бердіқұлов аламанында Нұрекең қол қоятын қолын майып қылып алып, оң қолы бір-екі ай гипсте жүрді. «Доп ойнаған тозады, айлық алған озады» деген мәтелдің шыққаны сол тұс. Алайда спорттық бабында жүретін ұжым бірнеше аламанда топ жарды. Және редакция ғаламдық додаларда топ жарған олимпиада, әлем чемпиондарымен дос болды. Сұхбаттасты. Редактор «спорт қайраткерлерінің әлемдік деңгейдегі жетістіктері ұлттың рухын көтеруде таптырмайтын құрал» дегенді жиі айтатын. «Қазаққа демографиялық жарылыс керек» деген ұранды да «Жас Алаш» аз көтерген жоқ. Тіпті қос мыңжылдықтың тоғысында айтулы акция өткізгені ел есінде болу керек. Тіпті, бұл ұлттық ұйысудан өнер қайраткерлері де сырт қалған жоқ.

«Оймақтай ой» – Нұртөре Жүсіптің «жеке меншік» айдары болды. Осы айдар арқылы нешеме ұлттық мәселелердің қоясын ақтарды. Әлгі бір Құдайдың құтты күні көк базарға келіп, қымыз ішетін кәріс кейіпкер туралы ойтолғақ ел ішінде біраз аңыс тудырды. Қымызды ұлттық брендке айналдыруға үндеді. Мың-сан пайдасын айтыпы отырып бүкіл қазақты қымыз ішуге шақырды. Бұл – «Жас Алаш» «Қазақстан қан түкіріп тұр...» деп ұран салып тұрған кез болатын. Ақыры аты құрғыр құрт ауруының мың да бір емі – қымыз екенін мамандар дәлелдеді. Оймақтай ойдан басталған публицистикалық ойтолғақтар кейін «Біз кімнен кембіз?» дейтін кітапқа ұласты. Біраз уақыт бұрын Нұртөре Жүсіп өз оқырманына халықтық ұйысуға, ұлттық жаңғыруға үндейтін «Елес пен белес» атты кезекті кітабын ұсынды.

* * *Ұлттық ақпарат кеңістігіміздің шырайын келтіріп тұрған газет-

журналдардың бірқатар редакторлары – бір курстың түлектері.

Page 37: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

37

Қоғамда осы тегеурінді курс туралы аңыз аз айтылмайды. Осы буынның мойнына Тәуелсіздіктің алғашқы қалыптасу жылдарында аз жауапкершілік жүктелмегенін ел біледі. Әрине, идеологиялық кеңістікте ұлттық жүктемені жалғыз осы буын ғана мойнына алған жоқ, бірақ әріптестерінің арасында арқардай болып алдыңғы лектен көрінді. Көрініп қойған жоқ, қоғамның саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани дамуына мүмкіндігінше ықпал етті. Өздері басқарып отырған ақпарат құралдары арқылы ұлттық мәселелерді ашық талқыға салды. Қазақ мүддесін алдыңғы қатарға қойды. Уақытында «жер, дін, тіл, діл» деп шырылдады. Бірауызды болып, ақпараттық тұтастыққа, ұлттық мәселелерді жұмылып көтеруге үндеді. Бірі көтерген тақырыпты екіншісі іліп әкетіп, жоғары деңгейде қарастыруға күш салды. Сол айтулы көштің көлікті болуына өз күш-жігерін жұмсаған, ұлттық журналистиканың дамуына барынша мүдделі болған белгілі публицист, «Құрмет»орденінің иегері, ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, бірнеше ақпарат құралдарында басшылық жасаған, РЕДАКТОР – Нұртөре Жүсіп.

Бір кездегі Шиелінің «Еңбекші» дейтін ауылында «Алау» атты қолжазба журналдың редакторы болған 7 сынып оқушысы Нұртөре Жүсіп, араға сан жылдар салып қазақ журналистикасында өз алауын жақты. Сол алаудың жылуын сезінген, тәлімін көрген інісі ретіндегі ілтипат-сөз осылай түзілді.

Page 38: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

38

АйтЫстЫң АЛхИМИгІ

Екі-үш жылдың алды болу керек, айтыс өнерінің бүгінгі деңгейге жетуіне көп күш жұмсаған көрнекті ақын Жүрсін Ермановқа отызға жетпей опат болған Оразалы сақи Досбосынов туралы мақала жазып беруге қолқа салдық. Бірақ, Жүкең келісім берген мезгілден мақаланы кешіктіре берді. Бір-екі мәрте қоңырау шалдық. Күндердің күні Жүкең редакцияға келді, қолында «Құлмамбеттің құлыны» дейтін дегдар эссе бар.

«Әй, інім-ай, Оразалы туралы жазу маған қаншалықты азап екенін сезінесің бе? Жағымды сауып отырып Жарылқасынның баласы жайлы естелік жазу үш ұйқтасам түсіме кіріппе еді?» – деп басталатын құсни-хат жоқтаудың кешіккендегі мінәйі себебін сонда барып түсіндік. Жадымызға Әбдіраштың Жарасқанының Сағат Әшімбаевтың болмысына қашаған:

– Мақтау өлең жазайын деп жүргенде,Жоқтау өлең жазғызғаның неткенің? – дейтін эпитафия жолдары

орала берді. Тұл айғырдың құйрық тұқылындай ғана мынау бес күн жалғаннан

Оразалы шайыр Досбосыновтың көшкеніне де төрт жылдың жүзі болыпты-ау...

Қазақтың алдаспанына баланатын айтыс өнерінің тарихында 2004 жылдың 31 қазаны қаралы күн болып қалды. Сонау Кеңестер дәуірінің кемесі бодан ұлттардың РУХ атты алып айсбергіне соғылып қайрандап қалған шақта, ескі мен жаңаның тартысы шарпысып тұрған тұста кебісін өкшелей кисе де ұлттық жауапкершілікті анық сезінген қазақ руханияты Азаттықтың көк туын тіктеуге көмекке келді. «Жүрегім мен зарлымын жаралыға» деп ысқышынан от шашқан қобызын қолына алып Бекболаттың күңіренгені сол тұс болатын. Көмейіне күн сәулесі түскен Рамазан әншінің майдақоңыр әуені Алты алаштың желбіржекен жұртын өз ырғағымен әлдилеп бастаған шағы. Бұл – нарық пен наубайхананың екі ортасын жол қылған қалың бұқараның кітап патшалығынан алыстап қалған кезі еді. Сол тұста осы бір бос қалған кеңістіктің бір пұшпағындағы рухи міндетті атамұра айтыс өнері қолға алды.

Бұл, бәлкім, үлкен сөз болып шығуы да мүмкін, алайда айдың қиығындай ғана ақиқат осы.

Қайта құрудың «қызуы» буынға түсіп, қос қоғам қалың әлеуметті қақпақылға салып жатқан әлгі бір елең-алаң тұста талантының түбінде қалғып жатуды қош көрмеген баһадүрлер алдаспанын оңды-солды сермеп айтыс аламанына лап қойды. Олар осы бір арда өнерге бетбұрыс әкелуден бұрын, халықтың басылып қалған рухын көтеруді алдарына

Page 39: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

39

бағдаршам етті. Айтысты мазмұн жағынан ғана емес, пішін, түр, ұлттық ұстын, дәстүршілдік, қыл аяғы жариялылық тұрғысынан түбегейлі өзгертуге қадам жасады. Ол жемісті болды да. Мұны неге айтып отырмыз? Айтыс өнерінің бүгінгі жасауылдарына даңғыл жол салып берген сол азаматтардың біразының ғұмыры келте қайырылды. Олар: атамұра өнерге тұтқиылдан «илигайлап» кіріп, қапыда қарақшылар қолынан мерт болған жаркенттік жампоз Жандарбек Бегімбетов; елдік мұратты, ұлттық рухты Есілдің ерке ағысының арнасымен қазақ сахнасына шығарған, қапелімде ажал жастығына бас қойған Ерік Асқаров; жанына Кандагар мен Кабул ерте жара салған, әзіз басын айтысқа келіп көтерген жамбылдық қабылан Әзімбек Жанқұлиев.

Өкінішке қарай, ойда жоқ жерден құйрықты жұлдыздай Оразалы ағып түсті.

Небары жиырма бір-ақ жасында тағдыр-тұзы таусылған жамбылдық Артығали Ыбыраевтың:

– Адамдар сыйған табытқа,Ақындар бір-ақ сыймайды, – деген жыр жолдары жүректі жиі

түрткілейді.Біз кейде жалпақшешейлікке салып, шағармашылық тұлғалардың

өзіне лайықты бағасын бермей жатамыз. Қазақ өлеңінде орда бұзар шағына дейін өз орындарын айқындап кеткен, «сөз өнері дертпен тең» дегенді жеріне жеткізіп беріп кеткен қос ақынның тағдыры туралы жиі ойға қаламыз. Оның бірі – қазақ өлеңінде төңкеріс жасаған Төлеген Айбергенов, екіншісі – Тәуелсіздіктің нәсіп етуімен қазақ айтысына реформа алып келген Оразалы Досбосынов. Рас, айтыстың айшылық жерге ұзап кетуіне шығармашылық ізденіс жағынан тікелей ықпал ет- кен, уақыт өте келе бетбұрыс жасағанын өздері де сезінбей қалған саусақпен ғана санарлық азаматтарды біз ілкіде бір санамалап шыққанбыз, қайталауды да ар көрмейміз. Олар: Мұхаметжан Тазабеков, Бекарыс Шойбеков, Оразалы Досбосынов және Балғымбек Имашев. Әрқайсысы өз шамасы келгенше айтыстың сапалық деңгейін арттырды. Олардың әрқайсысының өзіндік соны соқпағы, бурыл бұйраты бар топырақтан тамыр алған таланттар.

Бүгінгі айтыс өнеріндегі өртеңге шыққан көк желектей жайқалған жас таланттардың тәлейлі болуына, қанаттары қатаюына алдыңғы буынның қосқан үлесі орасан. Екі жастың біріне келместен бір қолдан жең, бір жағадан бас шығарып бүтін мектеп қалыптастыруға бар күш-жігерлерін салған сол санаулы ғана ақындардың бел ортасында қасқа тісінің арасынан сөз бораған қарға бойлы Оразалы марқұм да жүрді.

Әсілі, қасиеті, кепиеті де бөлек Жетісу топырағы – Қыдыр кәрияның желе жортып бара жатқанда дорбасының түбі сөгітіліп, бір түйір дәні қалған жер болса керек. Ұлт руханиятына ұлы туындылар ұсынған

Page 40: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

40

кесек тұлғалар, елді-жерді қорғаудың сұрапыл үлгілерін қалдырған батырлардың тарихи шежіресі осылай демеске лажы қалдырмай отыр.

Осындай жерасты сулары секілді бірімен бірі байланысып жатқан құбылыстар өз әсерін бермей қоймайды екен. Қара жерді жарып шықпайынша өзегі тыныш таппайын ең пайдалы Гейзер суын әркім-ақ білуге тиіс. Хантәңірінің баурайын бұзып-жарып шыққан сол Гейзер суы сынды құбылыс – Оразалы еді.

– Атым Ораз болғанмен,Отыздан жасым аспаған,Иегiн сақал жаппаған,Сүйiнбаймын, Жамбылмын,Таңжарықпын Шарғынмын,Басынан сөз аспаған!Көдектен қалған бiр ұлмын,Қаймықпай сөйлер патшадан.Құлмамбеттен қалған құлынмын – Халықтың өзi баптаған, –

деп боранды күні бұйдасы тозған қайықпен теңізге сапарға шықты.Кешегі қара өлеңнен дауыл тұрғызған ұлы бабаларымыз Сүйінбай

мен Жамбылдың, Шарғын мен Таңжарықтың, Құлмамбет пен Көдек дәстүрінің бірден-бір жалғастырушысы болған, халық ауыз әдебиетінің қаймағы мен қайнарын қанып ішкен, таудың дана шалдары сақалына орап жүріп өсірген Оразалы ақын қазақ айтысына абыздардың көне сарыны мен өрдің мөлдір бұлағындай тазалықты алып келді. Суырып салма өнердің тұма табиғатын сарайларда сан рет паш етті. Ішкі мәдениеті мен бойын кернеген бұла таланты, қалақтай ғана бітіміндегі бас бермес асау мінезі Жаратушының жүрегіне құйған жылы ағысын жасандылықтан, жолбикеліктен, жәркештіктен, жарамсақтықтан ада болуға көп септесті. Жазба өлеңдердің өзінде кездесе бермейтін ішкі-сыртқы байланыстарда әдебиет сыншылары күтпеген ғажайып үлгілерге барды. Жымиып отырып небір образдар түзді. Әлеуметтік теңсіздік пен қаймана жұрттың байлығын қапыда уысына түсірген «көлденең көк аттыларды», кішкентай ғана билігін ірі қанау құралына айналдырған әумесер әкім-қараларды сан рет сын тезіне алды. Кешегі ұлт мұратын өмірлік ұстанымына айналдырған Алаш арыстарының астанасына айналған ақиқатты жыр қылды. Шымболат Ділдебаевтан қалған шындықтың ауласына түнеді. ХХ ғасырдың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың жырларындағы бекзадалықты, ақсүйектікті, әщадылықты айтыс мінбесіне мүлде өзге сипатта түрлендіріп алып шықты.

Page 41: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

41

Екінші дүниежүзілік қырғынның бас батыры Бауыржан Момышұлы мына бір тәмсілді күйіп кеткенде айтқан болуы керек: «Ақиқат, шындық дейтін бар, бірақ ол үнемі кешігіп жүреді». Осы бір ұлы батырдың ұғымы қамшының сабындай ғана қысқа дәурен кешкен Оразалы Досбосыновтың шығармашылық, азаматтық болмысында ертерек үстемдік құрса құба-құп болар еді.

«Туған ай – тураған ет» деген рас екен, арнасынан асып-тасып, қайта басылып өтіп жатқан өмір-дария қалақтай ғана Оразалы Жарылқасынұлының тарихи айтыстар жасағанын сәт сайын алдымызға әкеледі. Қайсыбір «атқа жеңіл, тайға шап» ақындар секілді бір сәттік даңққа немесе талай ақынның талқанын тауысқан темір-терсек үшін емес, саф өнердің өміршеңдігі үшін өлең оздырды.

Қадыр Мырза Әлі бірде: «Қазақтың ірі ақындарының тіл сындырып, әліп таныған мектебі домбыраның бауырынан өрбіген өлең-жырлар әлемі еді. Қазір қазақ жырына домбырадан келетін ақындар аз, ендігі жерде ондайлар азая да бермек. Бардың нарқын, жоқтың парқын білмеумен күресу керек» – деген еді. Біздіңше, бұл анықтама жазба ақындармен қатар, айтыс өнерінде айрықша ізі бар айбоздарға да арналып айтылғаны сөзсіз. Бұл тізімнің жуан ортасында орақ тілді Оразалы шайырдың барына қапысыз сенесіз.

15 қараша келген сайын жүрегіміз әлсін-әлсін орнынан ыршып түседі.

Ілгерідегі жылы бiр топ азамат ақынның туған ауылы – Райымбек ауданындағы Тегiстiкке арнайы ат басын бұрды. Оразалыны есте қалдыруға арнап үлкен айтыс өткізді. Алдағы уақытта Оразалы Досбосыновты мәңгілік есте қалдыру мақсатында жергілікті атқарушы биліктің көмегімен, мәслихат құрамы арқылы бірқатар шаралар өткізу мәселесі күн тәртібінде тұр. «Өлі разы болмай тірі байымайды» дейді халық нақылы. Ал азаматын ұлықтаған ұлттың көкжиегі кестелі. Айтыстың алхимигі – Оразалы туралы аз-кем толғанғандағы айтпақ ойымыз да осы еді. Ал жұлдызды құйрықтай ағып өтіп, мақшар таңына тап болғандар сәт сайын құлақ түбіңде «Тірілермен тірімін» деп сыбырлап тұратындай... Расында, бақиға көшкен баһадүрлер жайлы әрдайым жылы сөз айту – тірілерге міндет, парыз. Өйткені, өлгендер қайтып келмейді...

орақ тiлдi оразалы

2004 жылдың 31 қазанында қазақтың атамұра өнерi – айтыстың асылдан соққан алтын уығы шарт сынды. Күре жолда көлiк қирады. 29-ақ жастағы Алаштың атпал азаматынан қапыда солай айырылғанбыз. Етегi жасқа толған өлеңсүйер жұрт кемсеңдеп жүрiп кезеңiнен бұрын

Page 42: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

42

туған оғылан ұлды ақтық сапарға шығарып салды. Өлеңсүйер жұрт үш күн тiк тұрып жылады, үш жерден буып жер қойнына тапсырған да сол әлеумет болатын. Қаралы шеру алыптардың табы қалған Жазушылар одағынан асыл азаматтың денесiн ақ кiлемге орап тiк көтерiп алып құтты орнына қондырды. Содан берi де сынаптай сырғып үш жыл өтiптi-ау…

Оразалы Жарылқасынұлы Досбосынов 1975 жылы 15 қарашада қасиеттi аспантаулар аясында, Райымбек ауданына қарасты Тегiстiк ауылында дүниеге келдi.

Бұл өңiрдiң әрбiр тасы тұнған тарих. Тарихты тастан оқыды. Құдайдың уысында, таудың қуысында жатқан қараша үйлерде дүние есiгiн ашып, айдай әлемге ат оздырған тұлғалардың мұраларынан өмiрлiк ұстанымын тапты. Халық ауыз әдебиетiнiң жауһарларын жаны семiргенше сiңiрдi. Сiңiрiп те үлгере алмады.

ХХ ғасырдың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың қуатты да асқақ поэзиясына бас қойды. Қазақ әдебиетiнiң аса iрi классигi Бердiбек Соқпақбаевтың суатына шөл қандырды. Көрнектi ақын Еркiн Iбiтановтың ғажайып жырларының жағасынан қоныс тептi. Қара қанаттана бастаған шағында адуынды ақын Қасен Саматыровтың соңына ердi.

Мектеп жасында жүрiп-ақ үлкендердiң аузына iлiндi. Аудандық және облысты айтыстардың алдын бермедi. Сол кездерi көздерiнен от шашқан бiр топ жас таланттар ел-жұрттың айрықша ризашылықтарына бөленiп жүрдi. Олар Оразалымен қанаттасып шыққан, бүгiнде өнердiң әр саласында өз орындарын нықтай түскен Бақыт Беделхан, Есей Жеңiсұлы, Жұматай Әмiреев, Бақыт Жағыппарұлы сынды азаматтар болатын.

Өз отына өзi жанып кеткен асқақ рухты ақын iргедегi алып шыңға құлаш ұрды. Шыңға шағынды. Шыңнан қуат алды. Әсiлi, таулы өңiрдiң күн райы өте салқын келедi. Өмiр одан да суық болып шықты...

Оразалының ең алғаш жарқырап көрiнген кезi – 90 жылдардың басы. Алматыда iрi халықаралық айтыс өттi. Сол дүбiрлi додада 9 сынып оқушысы Оразалы Досбосынов атынан ат үркетiн қырғыздың халық ақыны Туғанбай Әбдиевтi тұралатып тастады. Әлгi бiр ел iшiнде аңыздай болып кеткен:

«Қолымдағы домбырам – Астымдағы ақтаңгер.Бұл сөзiмдi бiлмейтiн,Кейбiреулер мақтан дер.Мақтанбай-ақ айтайын,Астрахан да өз жерiм –

Page 43: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

43

Абылай барып шапқан жер!Моңғол да менiң өз жерiм –Қазақтар малын баққан жер!Орынбор да өз жерiм –Шоқан бабам басқан жер!Өзбек те менiң өз жерiм –Жалаңтөс Баһадүр менен,Төле би бабам жатқан жер!» –

деп шашылып түскен маржан сөз сол сахнада айтылған. Осыдан кейiн қарқарадай сөздi қалампырдай ғана жүрегiне сыйдырған шынашақтай ұлдың жалауы Алматының аспанында желбiреп сала бердi. Уақыт өте келе айтыстың көшiн күнi бүгiнге дейiн жалғыз сүйреп жүрген қазақтың қайраткер азаматы Жүрсiн Ерман жүйрiктiң шабысын жазбай таныды.

Мектеп бiтiрген соң, оқу iздеп шаһар асты. Ол да бiр қос қоғам бiр-бiрiне жол бермей жатқан қым-қуыт кезеңдер едi ғой. Алғашқы жылы оқуға iлiне алмады. Келесi жылдың да жылымық болғаны шамалы. Сондай бiр қарбаласқан кездерде жас таланттың өмiр ағымынан қалмай, өнер көшiндегi қадамының алғашқы қадасының нықтап қағылуына азаматтық қолын созған – бұл күндерi балалар басылымын бiрiктiрiп тұрған «Жас өркен» АҚ-ның президентi, белгiлi журналист Дүйсен Мүсiрәлiұлы жас Оразды қолынан жетектеп қайраткер ректор Тоқмұхамбет Садықовқа алып барды. Сөйтiп, оқуға қабылданды. Абай атындағы Алматы Мемлекеттiк Университетiнде бiлiм ала жүрiп, айтыс аламанында алқынбай шабуға дағдыланды.

Қазақ рухының теңдiгiн сан сахнадан ақырып сұрады.Бiздiң ұғымымызда сол бiр алмағайып жылдары өз қал-қадарынша

қазақ айтысында төңкерiс жасаған таланттар саусақпен санарлық қана. Олар: Мұхаметжан Тазабеков, Бекарыс Шойбеков және Оразалы Досбосынов болатын. Досбосыновтың сұрапыл да қаһармандықты ту еткен айтыстары туралы әңгiме бөлек мақаланың жүгi.

Жылы ғана жамиып қойып жүретiн орақ тiлдi Оразалының бойынан кешегi дауылпаз ақын һәм қолбасшы Ақтамбердiнiң, Қазтуғанның, ұлы Махамбеттiң, Мағжанның, Мұқағалидың рухы қапысыз табылды десек, артық айтқандық емес.

Қазақтың көрнектi жазушысы Қалихан аға Ысқақтың: «Оразалы – көненiң көзi, асылдың сынығы, халық ауыз әдебиетiнiң аса сирек кездесетiн алтын құймасы», – дегендi тегiн айтпаса керек. Асыл азамат алыптар тобының соңғы тұяғындай болып жүрген Қалихан ағамен жас ерекшелiгiне қарамастан, сырлас болып жүрдi. Бүгiнгi қазақ өлеңiндегi iрi ақындардың бiрi Есенқұл Жақыпбековпен тағдыр тоқайластырған тамаша сыйластықтың алтын үзiгiне қылау түсiрмедi.

Page 44: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

44

Досбосынов тек қана айтөбелденген айтыс ақыны ғана емес, бiр кездерде ел iшiнен аласталған халық композиторларының туындылары мен Жетiсу әндерiнiң тамаша орындаушысы болды. Бұл күнде Алашқа аты кеткен дәулескер әншiлердiң қатарында иi қанған иiрiмi бөлек дәстүрлi әндердi Оразалыдан арнайы келiп үйренгендерi аз емес.

Оразалы ақын тауқыметке белшесiнен батып жүрiп, бүтiн бiр әулеттiң бас көтерерi болды. Шыңылтыр жалған Оразалыны өз шырғасына iлiндiре алған жоқ. Өнерге шынайы да адал қызмет еттi. Мүлiк-мүкамалдан жоғары тұрды. Жалпақшешейлiкке салынбады. Қажет жерiнде халықтың сөзiн сөйледi.

Оразалының қырғыздың аузымен құс тiстеген ақындары – Элмирбек Иманәлиев және Жеңiшбек Тоқтобековпен сөз қағысы – қазақ айтыс өнерi тарихында алтын әрiппен жазылып қалатыны сөзсiз. Елдiк пен ерлiктi, болмыс пен рухты сағынғанда, қазақтың бармағы шайнауда кетiп, жан жасытарлық жағдайларды көргенде талантты ақынның таңдайынан төгiлiп түскен жауһарларды түртiп алған сол бiр таспаға қол созасың.

Қара өлеңмен өзiне өзi ескерткiш қойып кеткен Оразалы ақын «Ер-тұрманы бүтінделмеген» күйi құйрықты жұлдыздай ағып өттi.

Оразалы туралы сөз ендi басталуға тиiс. Халық жадында есiмiн мәңгiлiк қалдыру үшiн бiрқанша шараларды жүзеге асыру қажет. Мұраларын жинақтап, халқына аманат ету парыз да мiндет.

Қазақы дағды ғой, азаматтар өмiрден озған соң, iздеусiз-сұраусыз қалады. Бiр кездерi айтыстың арбасын жалғыз сүйреген Ерiк Асқаровтың есiмi қайда? Ауғанның жалынына шарпылмай келiп, жалғанның жарығынан қапыда ағып түскен Әзiмбек Жанқұлиевтың жоғын кiм iздейдi?

Ажал жастығына ерте бас қойған Оразалы шайыр Досбосынов туралы сөз осындай ойларға ерiксiз жетелеп кетедi.

Осындайда қазақ өлеңiнiң құлагерi атанған, Жетiсудың жетi арнасынан тасқындап келген өлең-жырды бiр тоспаға тоқайластырған классик ақын Iлияс Жансүгiровтiң «Өз ерiн, өз жақсысын ескермесе, ел тегi қайдан алсын кемеңгердi?» дегенi ерiксiз еске оралады. Рас, Оразалы жайлы сөз ендi басталуға тиiс. Өткен аптада бiр топ азамат ақынның туған ауылы – Райымбек ауданындағы Тегiстiкке арнайы ат басын бұрды. Олар – қазақтың атамұра өнерi – темiршiлiк-ұсталықты халықаралық масштабқа алып шыққан азаматтар, Мұқағали мұражайының алғаш ашылуына қолұшын берген – Тұрсынжан, Махмұт, Айтберген Жетенұлдары, бiр кездерi iздеусiз-сұраусыз кеткен Шалтабай, Сәдiқожа, Қапез, Қожеке сынды халық композиторларының мұралары мен Жетiсудың ән-күйлерiн жинақтап, ғылыми айналымға енгiзген белгiлi ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, доцент –

Page 45: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

45

Сағатбек Медеубекұлы, бұл күнде республикаға белгiлi болып үлгерген Оразалының әдебиет пен өнердегi тiлеулестерi – Жарас Сәрсек, Бақыт Беделхан, Әлiбек Шегебай, Тiлеулес Құрманғалиев, Бақыт Жағыппарұлы, Алмат Исәдiл, Есей Жеңiсұлы, Қанағат Әбiлқайыр, Асанқадыр Исабек, белгiлi айтыс ақындары Дәулеткерей Кәпұлы мен Балғымбек Имашев. Барған азамттардың бәрi естелiктер айтып, өлеңдер оқыды. Жас таланттардың айтысы да өз деңгейiнде өттi.

Басты мақсат – қазақ мәдениетi мен өнерiне iрi тұлғаларды берген қасиеттi аспантаулар аясындағы Кеген, Нарынқол өңiрiндегi жаңа өсiп келе жатқан жас өскiндердiң бойындағы булығып жатқан өнердi сiлкiндiру. Оразалыдай асыл азаматты өмiрге әкелген өлкеге тағзым ету. Ең негiзгiсi – отызға жетпей-ақ орда бұзған, қазақтың киелi сөз өнерiн қадiр тұтқан Оразалы Досбосыновты халық жадында, елдiң есiнде мәңгiлiк қалдыру мақсатында алғашқы қадамдарға бару. Тегiстiкте үлкен әдеби кеш және жас таланттардың аудандық айтысы болды. Осы жолдардың авторы ақын өмiрiне қатысты арнайы баяндама жасады.

Осы орайда ақынның туған жерi – Тегiстiк ауылынан Оразалы Досбосыновқа көше атын беру туралы ономастикалық комитетке арнайы хат әзiрлендi. Және асыл азаматтың ең алғашқы қадамына құт болған Тегiстiк ауылындағы Мәдениет үйiн Оразалы Досбосынов есiмiмен атау және өзi оқыған мектептен арнайы сынып жасақтау туралы ұсыныс болды. Әдеби кештi ашып берген Райымбек ауданы әкiмiнiң орынбасары Тәңiрберген Қасымберкебаев бұл ұсыныстардың жүзеге асатынына көпшiлiктiң көңiлiн сендiрдi.

Сондай-ақ, ақын мұраларын марқұм болғандарға мемлекеттiк тарапынан берiлетiн түрлi деңгейдегi сыйлықтар ұсыну жұмыстары жүзеге асырылуда.

Әрине, Оразалы iздеусiз, сұраусыз кететiн азамат емес. Артында ұрпағы, үрiм-бұтағы бар. Нұрсұлтан есiмдi азаматты, Нұрайша есiмдi бүлдiршiндi аялап, мәпелеп өсiрiп отырған, бұл күнде үлкен өнерге қадам басқан аяулы жары, белгiлi әншi – Ажар Түзелбекқызының да еңбегi орасан. Оразалының бауыры – Оңғарсын Досбосынов та мүмкiндiгiнше республикалық додаларда бақ сынап жүр.

Ақынның артында қалған мұраларын жинақтауда Оразалының замандастары, әдебиеттегi тiлеулестерi бас бiрiктiрiп үлкен шараларды жүзеге асыруға ниеттенуде. Айтыстарын компакт диск және кiтап етiп шығарып елге тарату бүгiнгi күннiң уақыт күттiрмес талабы. Бұл орайда орасан зор жұмыстар күтiп тұр. Алдыға үлкен мақсат қоймасаң, шағын шаруаларды жүзеге асыру тiптi де мүмкiн емес. Сондықтан, ешқандай жүрексiнбестен, Оразалының арнайы мұражайын жасақтауға осы бастан кiрiсуге бетбұрыс жасалды. Өйткенi, қазақ айтысында соны iз қалдырып, қапыда қалғып кеткен қарға бойлы Оразалы осы толайым шаруалардың бәрiне лайық!

Page 46: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

46

сМАтАй қоБЫЗШЫ

«Сматай, сенiң сахнадағы кейпiң бас ие бермес қазанатқа көп жақын. Менiң қобыз туралы үлкен

шығармашылыққа бұрылуыма, бәлкiм сен себепкер боларсың...»

(Тәкен ӘЛIМҚҰЛОВ)

Iшегiне ысқыш тиер-тиместен боздап қоя беретiн қазақтың қара қобызын бүтiн әлем таныды. Қазақ халқының басына түскен қайғы-қасiрет атаулы жер бетiн күңiрентiп келiп, қобыздың шанағынан мәңгiлiк шыңырау тапты. Қорқыттан жеткен қоңыр қобыздың содан берi көмейi күңiренiп, шанағы шыңғырып, қияғы боздап, шерiңдi қозғаумен келедi. Бiр нүктеден тоқсан түрлi үн шығаратын қобыз ие таңдайды. Киесi сол иесiне таңдап жүрiп қонады. Ықыластың бойындағы қасиет ұлы Жамбылбекке ауған, одан дала кезген зар бiртуар қобызшылар Дәулет Мықтыбаев пен Жаппас Қаламбаевтың бармағына бұйырды. Қорқыттағы «Жетi кептi» сезiнiп, жоғарыдағы қос тұлғаның мектебiн көрген қобызшы Сматай Үмбетбаев туралы әңгiме мүлде бөлек. Қазiр қобыз ойнайтындар көп, қобыз қонғандар кемде-кем. Сондай көзi тiрi бiрегей қобызшы, осы – Сматай.

...Алтыдан жетiге қарай аяқ басқан Сматай тiптi үлкен ұрлықы дүниелерге жауырын ашатын болды. Түнеу күнi Жаңа-Арқа жақтан жоқ iздей келген кiсiнiң бес қарасы Сматайдың жауырынынан табылды. Көлiгi қолды болған алыс-жақын ауылдағы адамдар да ауланы тоздырып, бұйымтай айтумен жүр. Айлакерлерге 60 мың сом ақшасын алдырған есепшi де қақпа алдынан қайтпай қойған соң, ерiксiз жауырын қарауға тура келдi. Суық қолдыларды жауырын жазбай таныды. Тiптi, жауырыншы балаға алыс аймақтардан ағыла бастады. Адамдар аулаға сыймай, азан-қазан болған кездер де аз емес. Осындай көптiң меселiн қайтармай жүрген көп күннiң бiрiнде Сматайдың өзiне қауiп төнсiн. Ұрлықтары ашылып қалатын қарақшылар жауырыншы баланың көзiн жоймақ көрiнедi. Өзiне ашқан қара қойдың сүйегi осылай сөйледi. Сматайдың әкесi Мұқаметжаннан да маза кеттi. Ауылдағы жөн бiлетiн абыз-қарияларды жинап, баланы жауырыннан айырмақ. Жауырын қайтару әсте оңай шаруа емес, дегенмен баланы ортаға оңашалап алған ақсақалдар бар өнерлерiн салды. Ақыры жауырыннан аластатылған Сматай жерге сұлық құлады. Содан он екi күн бойы төсек тартып қатты ауырған. Ақыры жасырын жауырын ашып, өзiне ем iздедi. Жауырынға түскен қан тамыр секiлдi иректелген iздер, «қобыз» деген сөздi түзiп шықты. Алдына бiр қара салып, жетегiне бiр жылқы алып Мұқаметжан

Page 47: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

47

шал айтулы шеберге барып қобыз шаптырып әкелiп, қасиетi бар аспапты баласының қолына ұстатты. Сматайға қобыз осылай қонған.

Сматай кейiн келе түзу мылтық, құмай тазы, құс салуға құмар болды. Арқадағы айтулы аңшылар – Сатан мен Арқабайдың қызылшысы болып жүрiп, мерген бала атанды. Сатан жауырыны жерге тимеген палуан әрi құралайды көзге атқан мерген, оның жанында анау-мынау салпаңбайлар қызылшы болып жүре де алмайды. Осындай аңшылардың мылтығын оқтап, шылбырын ұстап жүрген Сматай кейiн өзi Бетпақдаладағы үйiр-үйiр қасқырды қан қақсатқан айтулы аңшыға айналды. Киiкке тиген қасқырды алып түсудiң неше түрлi әдiсiн меңгердi. Қасқырлардың киiктерге шабуылдайтын белгiлi «үш көму» әдiсiн әлденеше рет тоқтатқан Сматай, қалта-қақпан құрудың да нағыз шеберi. Құмай тазы жүгiртуден де бiр басына жететiн өнерi бар. Әкесiнiң он сегiз қасқыр алған ақ тазысын еске алған Сматай бүгiнде қазақтың шаян құйрық тазылары азайып кеткенiне өкiндi. «Қазiргi тазы деп жүрген сидаң бұттарың Ресейдiкiмен шатыс болып кеткен» деп бiр тоқтады.

Құс салу туралы да айтары мол Сматай бидайықты айрықша құрметтейдi. Қырғи, ителгi, сұңқар, бүркiттерден гөрi қорғасындай шағын бидайықтың аңға түсу сәтi де өзгеше екен. Құс атаулының iшiнде жанары отты келетiн, қарашығына адам атаулы қадалып қарай алмайтын, бұл – бидайық екен. Мiне осындай құмарлыққа жақын болған Сматай айтулы аңшы да болған.

Сматайдың жас күнiнде ауыл жақта Бұралқы деген шешен, әкесінің туған ағасы Қасен есiмдi көп бiлетiн кiсiлер болыпты. Сол ағалардан Қорқыт туралы, Ықылас жөнiнде көп естiген. Ықылас сал-серiлiктi ұнатқан жан екен. Бұралқы сол Ықыластың қырық жiгiтiнiң бiрi болған адам. Арқа жақта «Мұңлы-Қулы» деген тау бар, сол тауда қызыл Алтай түлкi өте көп болады. Сол тауда Ықандар құс салып, тазы жүгiрткен. Небiр ұста, әншi, күйшi, палуандарымен Бестау, Ортау, Мұңлы-Қулы, Кенжебай-Самай, Қаракөл, Бозкөл, Қақпаншы, Толағай, Көмек, Қыземшек тауларын Ықылас түгел жайлаған. Сондағы Ықыластың қобызды калай боздатқанын, аузынан қандай уәлi сөздер шыққанын Қасендер Сматайға сан мәрте айтқан. Бала Сматай соларды естiп өстi. Ол сайын далада саз ойнатқан дала академиктерiнен тәлiм алды. Әйгiлi Сыр бойындағы ұлы зағип қобызшы Нышаның сарынын сезiндi. Сонымен қатар, сол абыздардан шешендiк өнердi де бойына сiңірді.

Кейiн Сматай қобызшыны қой бағып жүрген жерінен Еркеғали Рахмадиев Алматыға алдырды. Алғаш жағдайы аса мәз болмаған соң ауылға қашып кеткен кездер де болды, екiншi рет кем-кетiгiн толтырып тағы алдырды, әйгілі қобызшы осы қалада солай қалды.

Page 48: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

48

Ол Алматыға соң консерваторияда бiлiм алды. Бах, Моцарттардың классикалық симфонияларын тыңдады. Керемет! Алайда қобызда орындалатын күйлер олардан бір де кем емес. Алайда ақжағалылардың қобыздың орнын батыс аспаптарымен ауыстырып қойғаны Сматайға мүлде ұнамады. Әйтпесе, қыл қобыздан скрипканың еш артықтығы жок...

Қазақ елiнде қобызды кайта түлеткен Дәулет Мықтыбаев пен Жаппас Қаламбаев. Сол даңқты Дәулет Алматыға келгеннен кейiн Үмбетбаевқа ұстаз болды. Сондай-ақ, Сарымұқан Бабасұлынан, Төбел Басықарадан мол тәлім алды. Кейiнгiсi қобыз бен домбыраны ойнайтын бесаспап ұстаз. Қорқыттың күйлерiн, «Аққуды» сол кiсiлерден үйренген. Бабастың Сарымұқаны Сматайға арнайы қобыз сыйлаған. Бүгiндерi ол кiсiлердiң бәрi де бақилық болды.

Ендi қобыздың жасалуы туралы аз-кем әңгіме. Жалпы Сматай қобызды өзі шабады. Қобызға анау-мынау ағаштар жарамайды, сондай-ақ iшекке керек қылды да таңдай бiлу керек.

«Дәл қазір қобызға жарайтын қыл некен-саяқ, – деп қалды көңіл ауаны келіспесе маңына адам жуытпайтын тәкаппар қобызшы. – Себебi, бүгiндерi көп жылқылар көтерем. Бiр жолы мен жылқының қылын таппай, Мәскеу жаққа да барғам. Марий АССР-інде бiр Дон жылқысының құйрығына көзiм түсiп, иесіне жалынып-жалпайып ақысын төлеп қырқып алғам. Ол екi жылға жетті. Сонымен бiрге қобызға түйенің терiсiнен басқа тері жарамайды. Қобызға керектi түйенің терісін, iшегiн алу үшiн Алматының ет комбинаттарын кезiп кеткен кездер де болды. Мен осы қобызға түбегейлі бетбұрыс жасадым. Өмiрiм қобыз үнiмен әлдеқашан бiте қайнасып кеткен».

* * *Қазақ этнографиясының ерен тұлғасы Өзбекәлі Жәнiбеков Сматай-

ды айырықша құрметтедi. Өзекеңнiң ықпалымен Сматай замана желімен шетке ысырылып қалған сазген, нарқобыз секiлдi ұлттық аспаптарды қазақ халқына кайта табыс етті. Үлкен күшпен сахнаға шығарылған нарқобыз, сазген аспаптары кейiн Өзекеңнiң дәуренi өткен соң, қайтадан қалтарыста қалып қойды. Сматайдың өз қолымен жасаған сазгенi қазiргi күнi Ықылас атындағы халық аспаптар мұражайында тұр.

«Адамның тiрексiз қалуы, домбыраның тиексiз қалғанындай болады екен» дейдi Сматай аға. Өзбекәлi Сматайға ауылдан келгеннен бастап ағалық қамқорын аямай, ақыл-кеңесiн берiп жүрдi. «Ұлық болсаң – кiшiк болдың» көрiнiсi осы болса керек. Сол Өзекең төсек тартып ауырып жатқанда Сматай көңіл сұрай барады. Әңгiмелеседi, сәл үнсiздiктен кейiн Өзекең:

Page 49: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

49

– Смаш, еңбегің еленіп жүр ме? Атағыңды берген болар, – дейдi. Сматайда үн жоқ. Бәрін айтпай түсінген Өз-ағаң ауыр күрсiнiп тұрып: – Бұл жұрт атақ-даңқтың жолында бәрін таптап кете береді. Өзім де жазылып шығып қалармын, содан соң бәрін орнына қойып берем. Мендей таланттардың өмірін бұзуға болмайды, – деген. Алайда Өз-ағаң содан оңала алмады. Одан кейін Сматай елеусіз қала берді. Iрi таланттар табанға тапталуға ешқашан жол бермейді. Сұқ көздердің табасына қалмас үшiн Сматай Үмбетбаев қара қобызын қолтығына қысып бiр-ақ күнде өнер өлкесінен кетіп қалды.

Бiрде жазушы Әбiш Кекiлбаев шетелден келген қонақтарға қазақтың ұлттық қасиеттi аспабын көрсетудi мақсат тұтады. Көңiлi қобызға ауыпты. Аспапқа сай ойнайтын адамы болуы керек. Көрнекті қаламгер Сматайды арнайы алдыртады. Сол күнгi Сматай қобызының зарынан әлгi шекара асып келген қонақтар күнi бүгiнге дейiн арыла алмай жүрген көрінеді. Италия, Франция, Португалия, Чехословакия, Үндістан, Жапония, Польша, Алмания елдерiнiң сахнасында Сматай сан рет қобыз шалды. Бiрде Жапониядағы бүкiләлемдiк фестивальға Қайрат Байбосынов, Қапаш Құлышева, Сматай Үмбетбаев, басқа да бiраз өнер иелерi барады. Сондағы Сматайдың өнерiне айрықша тәнтi болған жапондар, қазақ қобызын 50 мың АҚШ долларына сатып алмақшы болады. Қайрат, Қапаш, Сматай үшеуi ақылдаса келе қобызды саудаға салмай, Қазақстанға алып кеткен.

Ал Италия сапарында сол елдiң музыка зерттеушiсi Сматайға «Қасқырдың ұлуын», «Аққуды», «Жезкиiктi» бірнеше қайтара тартуын өтініп, ақыры таспаға түсiрiп алыпты. Тіпті Периней түбегінің өкілдері Сматай Үмбетбаевтың аты-жөнiн, мекен-жайын жазып алып қалыпты. Мақсаттары – Италияның ұлы музыканты Паганинидiң тойына Қазақстаннан Сматайды арнайы шакырмақ көрiнедi.

54 жасты еңсерген Сматай қобызшының бар байлығын бүгiнгi ұрпақтың санасына сiңiрiп қалу керек-ақ. Алайда бiз өнер иесiнiң есiмiн де ескерусiз қалдырып жүрмiз. Алматының шығысындағы «Татаркаға» қаңтарылып қалған Сматай iштегi шерiмен арпалысып әуре. Ара-тұра консерваториядағы студенттер қобызшының үйіне арнайы келiп сабақ алып кетедi. Олар кеткен соң, ескі тіршілігіне қайта кiрiседi. Тiрлiгi сол – үй салу. Жалғыздың ісі өнген бе? Төрт-бес жылдан берi тырбанып бiр баспанасын бiтiре алмай әлек. Шаршауды қобыз шанағынан іздейді.

Шығармашылыққа жағдайы келгенiнше мойын бұрып жүр. Қорқыт- тың Нышан қобызшы арқылы жеткен жетi күйiн қайта жаңғырту ойында.

Қобыз сыныбына қайта оралып, шәкiрт дайындау ойында.Қобыз шығармашылығын ғылыми негiзге түсiру ойында.

Page 50: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

50

...Сматай қара қобызын боздатып Қорқыттың күйiн шалып отыр. Құйқаны шымырлатар құдiреттi үн Сматайды басқа әлемге алып кеткендей. Қос қарашығы жұмулы. Көрші ауладағы бақшасын суғарып жүрген орыс кемпiр де бар тiрлiгiн жиып қойып, мәңгiлiк мұңлы мақамға ұйып қалыпты. Бір кезде жарты әлемді жалт қаратқан таланттың жалғыз көрерменi сол бір кейуана болғаны ма?...

...Ол дүниеден баз кешiп, бойын құса билеген сәтте бiр кездегi жауырыны есiне түседi. Марқұм әкесiнiң қалың қарияларды шақы- рып жауырыннан қайырғанын да ұмытып, қара қойды алып ұрып буы бұрқыраған жаңа жауырынмен өзiнiң болашағын болжағысы келедi...

Page 51: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

51

«АЛтЫН кӨПiр» ЖӘНе МҮсЛИМА

Әуелi әруақтарға тағзым! Өткен жылы қазақ әдебиетiнiң салқар көшiне әр жылдары ақтылы қазыналарымен келiп қосылған бiр шоғыр қабырғалы сақи қаламгер бақилық болды. Олар – соғыс көрген Сағынғали Сейiтов, Желтоқсанда аузының дуасы дуанбасыларды дiлгiр еткен Сафуан Шәймерден, әңгiме сүлейi Сайын Мұратбеков, әдеби сынның титан таланты Сайлаубек Жұмабеков, түгел сөздiң түбiн Түркiстаннан қайырған Жұмабай Әбiлов, қоғамның езуiне мысқыл қыстырып кеткен Естай Мырзахметов, әдеби ошағын Моңғалияда маздатқан Биқұмар Қамалашұлы, елде қалған еңбек торысы Оңалбек Кенжебек, қазақ пен өзбектiң арасынан әдеби аула жасаған Ырысалы Жұманов, Таңжарықты тасқа жазып қалдырған Оразанбай Егеубай және Нысанбек Төреқұлов. Сол қаламгерлердiң бүтiн бiр фото галереясын қалыптастырған Сайлаубек Пернебаев та көштi бұл жалғаннан. Күнi кеше балалар әдебиетiнiң айтулы өкiлi Өтепберген Ақыпбеков сәби қалпында сағынышқа айналып кете барды. Тышқан жылы iргеден iн қаза бастаған шақта орны ойсырап қалған сол қаламгерлердiң есiмi жадымызға қайта оралды. Алла нұрларын пейiштiң бағында жамыратқай!

Ендi негiзгi әңгiмемiзге келейiк. Сонау ерте көктемде «Жас қазақ» ұлттық апталығы арнайы қаламгер қауымға арнап «әдеби рейтинг» дейтiн айдар ашқан. Басты мақсат – жазушылардың өздерiне төмендегi сауалдарды көлденең тарта отырып, тәуелсiздiктен бергi қазақ әдебиетiнiң жалпы жағдайына сараптама жасау және ең көп оқылымды авторларды анықтау едi.

1. Тәуелсiздiк жылдарынан кейiн қазақ әдебиетiне өзгеше серпiн алып келдi деген бес шығарманы атап бере аласыз ба? Прозада, поэзияда айрықша аңсарыңызды аударған сол туындылар несiмен ерекшелендi?

2. Тәуелсiздiк жылдары қазақтың қоғамдық, рухани, әдеби ойына ықпал еткен жекелеген тұлғаларды атап бере аласыз ба?

3. Соңғы оқыған кiтабыңыз?Жасы бар, жасамысы бар, бiраз қаламгерлерге сауал жолдап, сауын

айттық. Ұлт әдебиетiнiң көрнектi қайраткерлерiнiң қақпасын қақтық. Қаламгерлердi өзара пiкiр алмасуға, әдеби өмiрдiң ағысына баға беруге шақырдық. Жеке шығармашылықтарының шетiне шалғы тиiп кетсе шабаланып сала беретiн, «оқырманыма өрт қойды» деп соттың босағасын тоздыруға уақыт табатын ағалар әдеби алаңға келуден бас тартты. Тiрi қаламгерлердi қойып, әлдеқашан әруаққа айналып кеткен жазушыларды жерден алып, жерге салып, соңына шырақ алып түскен сыншысымақтардан да арзу аңсадық. Аллаху акпар, бұйырмасын!

Page 52: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

52

Қазақ әдебиетiнiң сырқаты мен сымбаты жайлы сындарлы сөздi аға һәм орта буыннан күттiк. Ондағы емеурiн – әдебиетке кейiн келiп қосылған толқынның қалам қағысын, қуатын, артық-кем тұстарын аңдау, ақыл-кеңестерiне құлақ асу едi. Сынап бағанасы нөлдi көрсеттi.

Әрине, бұл айдар белгiлi бiр мөлшерде дiттеген мақсатына бiртабан жақындады деуге де болады. Әдеби өмiр мен қоғамдық құбылыстардың ағымын жiтi бақылап, жеке шығармашылығынан бiр сәт қолы қалт еткенде саналарында шайқалып жүрген ойларын әлеуметтiң талқысына салуды жөн көрген сөз ұсталарының атын атап, түсiн түстеп кетелiк. Олар: елiмiзге белгiлi жазушылар – Герольд Бельгер, Мархабат Байғұт, Қуандық Түменбай, Дидахмет Әшiмханұлы, Дидар Амантай, белгiлi сыншы Бақыт Сарбалаұлы, белгiлi ақындар – Жәркен Бөдеш, Байбота Серiкбайұлы Қошым-Ноғай, Рафаэль Ниязбек, Аманхан Әлiм, Нұртас Исабаев, әдебиетшi Жанұзақ Аязбеков. Өз ойларын ортаға салған осы он екi қаламгердiң әртүрлi пiкiрлерi оқырман күткен бiраз сауалға жауап бердi.

Жыл бойы жарияланған пiкiрлердiң кейбiрi оқырман жадынан шығып та қалған шығар. Дегенмен, бiз редакцияға телефон шалған оқырмандардың пiкiрлерiн түртiп жүрдiк. Жарияланған пiкiрлерге қатысты келiспеушiлiктерiн де ашық айтты. Қуаттайтын тұстары да көп. Емiс-емiс еске түсiрiп көрелiк.

Қазақ әдебиетiнiң қазанында қырық төрт жылдан берi қайнап келе жатқан Герольд Бельгер салған жерден «қазақ әдебиетi құлдырады» деп бастап, Аслан Жақсылықов, Дүйсенбек Нақыпов, Роллан Сейсенбаев (рас, Роллан Сейсенбаевтың орыс тiлiнде жарық көрген «Өлiк кезген құм белдер» атты романы кәрi құрлықтағы әдебиетшiлердi едәуiр қауқылдастырып қойған) сынды қаламгерлердi алға тарта отырып, қазақ жазушыларын орыстiлдi қаламгерлерден төмен қоятынын айтқан-ды. Iле-шала бiраз «соққы» алып қалды. Қарсы шабуылға бiрiншi болып шыққан – ақын Байбота Серiкбайұлы Қошым-Ноғай. Көп ұзамай Аманхан Әлiм қолына қалам алды. Сосын: «Сонау Пушкин заманында да «әдебиет өлдi» дегендер болған. Және қазақ тiлiнде жазатын қаламгерлердiң ешкiмнен кем еместiгiне бәс тiгем», – дедi.

Байбота ақын қаламгер қауым өресiн шартты түрде үш деңгейге бөлiп қарастырып барып, кешендi түрде баға берудi алға тартты. Және әдеби сын тоқырап тұрғанын айтып қалды.

Белгiлi сыншы Бақыт Сарбалаұлы Байбота Серiкбайұлының сынға қатысты көзқарасымен мүлде келiспейтiнiн жеткiздi. Әлгi бiр Абайдың шаужайына, Мұқағалидың етегiне жармасқандарды меңзеген болу керек, Бақыт Сарбалаұлы «Сын бар да, пын бар» деп бiр-ақ қайырды.

Осылай басталған пiкiр-талас алаңы әдеби өмiрiмiздегi бiраз аужайдан хабар бердi. Шерхан Мұртазаның қайраткерлiгiне тәнтi

Page 53: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

53

екенiн айтқан Шымқаладағы көрнектi жазушы ағамыз Мархабат Байғұт Жұмабай Шаштайұлының «Жаңғырық» романы әлi өз бағасын ала алмай келе жатқанын қынжылыспен жеткiзген.

Дидахмет Әшiмханұлы тәуелсiздiктен бергi уақытта жазылған шығармалардың iшiнде Мұхтар Мағауиннiң «Ұлтсыздану ұраны» мен Тұрсынжан Шапайдың «Қазақтың жанын» жоғары бағалады.

Пiкiрiн интеллектуалдық жағынан пiшiндеген белгiлi жазушы Қуандық Түменбай өзге елдердiң тарихын қазақша сөйлетiп жатқан Қадыр Мырза Әлидi рухани тұлға ретiнде бағалай келе, бұл еңбегiн мектептерге тарату туралы ұсыныс айтыпты. Сосын: «Компьютердiң отаны – Жапония кiтап оқуға құштар. Муракамидiң кiтабы неге 150 миллионмен тарайды? Бiз не iстеуiмiз керек?» – деген сауал тастайды. Салмағы зiл-батпан сұрақ...

Дидар Амантай Алдан Айымбетов пен Ғалымжан Мұқановтың ұлттық мұраларына ие болатын ұрпақты жоқтайды.

Нұртас Исабаев аға буынмен қатар, кейiнгi iнi-қарындастары туралы да жылы лебiз бiлдiрдi.

Сонау Қостанайдан хат жолдаған әдебиетшi Жанұзақ Аязбеков бiр кездерi студенттiк өмiр табыстырған, бүгiнде қабырғалы қаламгерге айналған өз тұрғыластарының шығармашылығы жайлы сарабын ұсынды.

Алмағайып дәуiрлердi бастан өткерген Қазақстанды Шандор Петефидiң «Қасқыр жырындағы» жаралы көк бөрiге теңеген белгiлi ақын Рафаэль Ниязбектiң Азаттыққа қатысты ұғымдары талай жанды сыздатары анық.

Сауалнамаға Жәркен Бөдеш жаупкершiлiктi һәм тыңғылықты жауап бердi. Расында, Мұхтар Мағауиннiң жаншылған ұлттарды меңзеген «Құмырсқа қырғыны» – әлемдiк зобалаң. Қаптаған қара шымал құмырсқаларға жем болған, ақыр соңында илеуiн тастап үдере көшiп, жол-жөнекей қырылып қалған қоңыр құмырсқалардың әр кәлләға бiр үрей ұялатып қойды...

Бiз рейтингтiк мақсатты көздеген соң айтып өтейiк, жалпы жарияланған мақалалардың iшiнде сауалнаманың алғашқы сұрағына байланысты аты-жөнi мен туындылары ең көп аталған қаламгерлер – Мұхтар Мағауин («Ұлтсыздану ұраны» және «Құмырсқа қырғыны») және Төлен Әбдiков («Парасат майданы»). Демек, осы авторлардың шығармалары әдеби ортада үлкен сұранысқа ие деген сөз. Әрине, сауалнамаға жауап берген қаламгерлердiң бiразы Шерхан Мұртаза, Оразбек Сәрсенбаев, Тынымбай Нұрмағамбетов, Нұрлан Оразалин, Әкiм Тарази, Баққожа Мұқай, Дулат Исабеков, Әлiбек Асқаров, Жәркен Бөдеш, Темiрхан Медетбек, Мархабат Байғұт, Құлбек Ергөбек, Иран-Ғайып, Қуандық Түменбай, Есенбай Дүйсенбаев, Ұлықбек Есдәулет,

Page 54: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

54

Есенғали Раушанов, Сайлаубек Жұмабек, Тұрысбек Сәукетай, Жұма- бай Шаштайұлы, Несiпбек Дәутаев, Тоқтар Бейiсқұлов, Жүсiпбек Қорғасбек, Жәлел Кеттебек, Асқар Алтай, Ғалым Жайлыбай, Қасым- хан Бегманов, Бауыржан Жақып, Сабыр Адай, Светқали Нұржанов, Серiк Байхонов, Қансейiт Әбдезұлы, Тұрсынжан Шапай, Нұрғали Ораз, Таласбек Әсемқұлов, Амангелдi Кеңшiлiкұлы, Дидар Амантай, Әмiрхан Балқыбек, Жарас Сәрсек, Маралтай Райымбекұлы, Бауыржан Бабажанұлы, Айгүл Кемелбаевалардың шығармашылығы туралы да едәуiр пiкiрлер айтты. Алайда, сауалнамаға қатысқандардың басым көпшiлiгi Мағауин мен Әбдiктовтiң шығармалары туралы баса тоқ- талғанын айта кеткен жөн.

Қазақтың қоғамдық һәм рухани ой-санасына ықпал еткен жекелеген тұлғаларға қатысты қаламгерлердiң пiкiрi әркелкi болып түзiлдi. Бұл ретте жазушылар Мұхтар Мағауиннiң ұлт тарихына байланысты ұшан-теңiз еңбегiн, Олжас Сүлейменовтiң рухани ықпалын, белгiлi мемлекет қайраткерi Иманғали Тасмағамбетовтiң мәдениетке қа- тысты ұстанымдары мен саяси сонардан қайтпай қалған Алтынбек Сәрсенбайұлының «Таңдау жасар сәт туды» және «Тәуелсiз елде тәумендi тұлғалар болмау керек» атты қос кiтабындағы ұлттық көзқарастарды жоғары бағалайтынын ашық бiлдiрдi.

Ең қызығы, бiз қаламгерлерден 90 жылдары әдебиетке келген буын және кейiнгi жастар туралы едәуiр пiкiр күткен едiк. Қос кезең бiр-бiрiне өткел бермей тұрған тұстағы және кейiнгi толқын туралы қысқа қайырған үш-ақ қаламгер болды. Олар: Мархабат Байғұт, Жәркен Бөдеш және Аманхан Әлiмұлы.

Әлiбек Асқаровтың бүтiн бiр дәуiрдi бiр-ақ тәулiкке сыйғызып суреттеген «Социализм хикаяты» дейтiн психологиялық повесiнде Базарқан деген кейiпкер бара емес пе? Не әскерде жолы болмай, не оқуға iлiне алмай, ақыр соңында не елiне қайта алмай шақшадай басы шарадай болып, темiр жол бекетiнде қалып кететiн Базарқан. Коммунистiк режимнiң ботқасы әбден бойына сiңiп қалған Ләззат. Бұл – уақыттың алдауына түскен бүтiн ұрпақтың жанайқайы, қасiретi. Сол Базарқан бiз жоғарыда айтқан 90 жылы әдебиетке келген маңдайы тайқы толқынның құрдасы болуға керек. Оқығаны – басқа кезең, тап болғаны – басқа қоғам. Ал 90 жылдары әдебиетке келген толқын сондай алмағайып та аласапыран кезеңге тап келдi. Қос қоғам көбелерiне ши жүгiртiп, тақымына қылбұрау салып шыңғыртып жатқан тұста олар қолдарына қалам алды. Бұл – мәдениет үйлерi мал қораға айналып, кiтапханалардың есiгiне нән қара құлыптар түскен тұс болатын. Түлкi құрсақ, түбiт көңiлмен әлеуметтiк тауқыметке белшесiнен батып жүрiп шама-шарқыларынша шығармалар жазды. Жұрт жаппай наубайханаға ағылғанда олар әдебиет ауылының адал қарауылдарына

Page 55: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

55

айналды. Уақыттың асау толқынына қарсы жүздi. Олар: Думан Рамазан, Айгүл Кемелбаева, Амангелдi Кеңшiлiкұлы, Роза Қараева, Маралтай Райымбекұлы, Жарас Сәрсек, Болат Жетекбай, Әмiрхан Балқыбек, Дидар Амантай, Бауыржан Бабажанұлы, Әдiл Ботпанов, Күнсая Ерғазиева, Амангелдi Бұғыбаев, Сәбетай Сыпатаев, Нұржан Қуантайұлы, Сәндiбек Жұбаниязов, Батырболат Айтболатұлы, Жанат Әскербекқызы. Бұл – әдебиетте «алтын көпiр» деген атқа ие болып қалатын тағдырлы толқынның жадымызға түскендерi ғана.

Әмiрхан Балқыбек жауынгерлiк рухтағы поэзиясымен қатар, әдеби сында соны түрен салды. Сөздердiң этимологиясын зерттеу арқылы ұлттық әдебиеттiң көкжиегiн кеңейтуге күш салды. Осыдан бiраз жылдар бұрын ерлiк атаулы мен бекзадалықтың, ұлы мәдениеттiң түркiлерден бастау алатынын көне аңыз-әфсаналар, нақтылы тарихи деректер арқылы дәлелдеп жазған кешендi зерттеу еңбектерi – ұлт тарихының оңай олжасы емес болатын. Әдеби жорығын ежелгi Эллада елiнен бастаған Әмiрханның бұл қадамы жемiссiз болған жоқ. Жемiстi жерде дау да қоса жүредi...

Амангелдi Кеңшiлiкұлы қоғамның бет-пердесiн бiр-ақ сыпырып тастады. Аға буынның диагнозын нақ қойды. Емi жоқ сырқат!

Маралтай поэзияға өзiндiк мақам әкелдi. Жарас жадау көңiлдердi оймен емдеуге кiрiстi. «Көтерiл, Дештi Қыпшақ!» деп ұран салды Дидар. Бекболаттың қобыз ысқышына қол созғаны сол тұс болатын.

Амангелдi мен Айгүл есiк-терезесi аңғал-саңғал әдеби сынның тұтқаларына қол созды. Батырболат пен Сәндiбектiң лирикалық ағыстары қоғамның тамырына қан жүгiрттi. Талантты ақын Әдiл Ботпанов сол сұрапыл бiр жорықтарда iз-түссiз жоғалды...

Олар қазiр есiн жинады, етегiн жапты. Өздерiнен кейiнгi iнi-қарындастарына бұл буын тамаша жағдай жасады. Ауыртпалықты мойындарымен көтердi. Қыңбады. Ептеп өзгердi де... Белгiлi бiр уақыттың жауапкершiлiгiн көтерген сол буын ендi әдебиетке iрi дүниелер ұсынатын кезеңге келдi. Тәуелiз елдiң әдеби шежiресi солардың мойнында. Күтейiк! Әдебиетке бұлардан кейiн келiп қосылған толқын әл-әзiр тыңғылықты дайындықта. Бiразы аудармаға бас қойды. Жарымы жазу үстелiнде. Жасөспiрiмдерге арналған екi кинофильмге сценарий жазған (бiрi жарыққа шықты), көлемдi кiтабын баспаға әзiрлеп тапсырып, дәл қазiр елiмiздегi ең iрi театрға арнап «Сен...» атты екi актiлi мюзикл (тың жанр) дайындап жатқан Бақыт Беделханның шығармашылық еңбегiн алабөтен атаған абзал.

Қазақ мәдениетiнде академик Алдан Айымбетовтiң алатын орны – төрде. Сол Алданның iсiн жалғастырып жүрген бiр жанкештi бар, ол – «Шетел әдебиетi» басылымын шығарып жатқан талантты қаламгер Ардақ Нұрғазыұлы. Осы басылымды шығару жолында шығармашылық

Page 56: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

56

һәм психологиялық күш-қуатын сарп етiп жүрген (өзi құрылтайшы, өзi терiмшi, өзi беттеушi, өзi аудармашы, өзi корректор, өзi журналист, өзi жүргiзушi) Ардақтың еңбегi бағалануға тиiс. Төрдегi ақжағалылар оңды-солды таратып жатқан тендерлiк қаржының бiр пұшпағын осы «Шетел әдебиетi» үшiн бөлiп берсе, ұрпақ алдындағы бiр борышын өтер ме едi?..

Айтпақшы, «рейтингке» жанкүйер оқырмандардың көбi елде жүрген ақындар – Арман Қаниды, Шәкизада Әбдiкәрiмовты, Тыныштықбек Әбдiкәкiмовты, Ертай Ашықбаевты, Серiк Ақсұңқарұлын, Сабыр Адайды, Светқали Нұржановты жиi сұрайды. Аманатты жеткiзу – парыз!

Рейтинг алдағы уақытта ептеп өзге сипатта жалғасады.P.S. Мағауиннiң сегiз жасында «Тапқыр торай» атты роман жазып

атаққа шыққан Мүслима есiмдi вундеркинд немересi есiңiзде ме? Екi жасында Абайды жаттаған, үш жасында хат танып, бiр жылда үш сынып аттап оқыған. Тоғыз жасына дейiн «Робинзон Крузоны», «Қазына аралын», «Абай жолының» төрт кiтабын тауысқан, сосын Тургенев пен Чеховқа ауыз салған Мүслима! Мағауинге қалай «жазып, сызу керек екенiн» үйрететiн Мүслима! Бiздiң түйсiгiмiз – «Мүслима – жазушылыққа, әдебиетке кешендi түрде дайындалып келетiн ұрпақтың көшбасшысы» дейдi. Демек, кiтап ат басындай алтыннан да артық бағаланатын күмiс дәуiр қайта тумақ. Туады сол дәуiр. Кiтап қайта патшалық құру керек. Сол кезде халтура iнiне қайта кiредi.

Page 57: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

57

ЛАШЫҒЫ Жоқ ЛАуреАт

«Ертелi-кеш құлағымнан Әнұранның дабысы кетпейдi. Сондай бiр ғажайып әсерлерге бөленiп келе жатып кенеттен үйсiз екенiм есiме түсiп кеткенде, өн-бойыма бiреу мұздай су құйып жiбергендей тiтiркенiп кетемiн».

Талғат КҮЗЕМБАЕВ! Бұл – халқымыздың ән өнерiндегi талантты есiмдердiң бiрi де бiрегейi. Классикалық музыканың «отымен кiрiп, күлiмен шығып» жүрген кәсiби дарын қазiргi күнi Қазақтың мемлекеттiк Абай атындағы академиялық Опера және балет театрының әншiсi.

Бағын кең тынысты баритон дауыстан тауып жүрген дауылпаз ұл халықаралық додаларда қазақтың абыройын сан рет асқақтатты. Ыстамбұл, Астрахан, Тверь, Екатеринбург сахнасын салқар да тәкапар дауысымен тiтiреткен қазақ ұлына деген таңданысын орыстың өнер сыншылары тасқа жазып қалдырды.

Ән өнерi ұстаханасының қара нарларына баланатын Шахимардан Әбiлов, Қабылаш Әбiкей, Ғафиз Есiмов сынды тәлiмгерлерден өнер үйрендi. 1998 жылы Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияны бiтiрдi. Сол жылы К.Бәйсейiтова атындағы республикалық байқаудың лауреаты болды. Бұл – жас әншiнiң алғашқы жеңiсi едi. Бұдан кейiнгi атақ-даңқы бiр түйеге жүк боларлық.

Елiмiздегi жетекшi шығармашылық ұжымдар – Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптары оркестрiмен, Н.Тiлендиев атындағы «Отырар сазы» фольклорлық оркестрiмен, ҚР Қорғаныс министрлiгiне қарасты «Ұлан» эстрадалық-симфониялық оркестрiмен тығыз шығармашылық қарым-қатынаста болу – кез-келген өнер иесiнiң маңдайына қона бермейтiн бақ болса керек. Ал репертуары қазақ, орыс композиторлары және батысеуропалық шығармаларға бай Талғат Пердебекұлы жоғарыдағы даңқты ұжымдармен өз тыңдарманын салтанаты асқан сахналардан сан рет қуантты.

35 жасында Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты атанды. Қай саланың болмасын арғы-бергi тарихында отыздан асқан шағында елдiң ең iрi сыйлығана қол жеткiзген тұлғалар некен-саяқ.

Мемлекеттiк сиволымыз – Әнұранның ресми орындаушысы дәл осы бiздiң кейiпкерiмiз екенiн бiреу бiлсе, бiреу бiлмейдi. Ең қызығы сол – Қазақстанның Әнұранын айтатын әншi Талғат Күзембаев еш жерде тiркеуде болмағандықтан таяуда ғана болған парламент сайлауына да шақырылмапты. Басты лажы – лашықсыздық...

Құдайға шүкiр, қазақ өнерi талантқа кенде емес. Алайда таңдай қағып жүрген таланттардың көбi – пысықтар. Талантты пысықтар! Ал көмейi күмбез Күзембаев – «бара жатқанның балтасын, келе

Page 58: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

58

жатқанның кетпенiн» алып қалатындардың қатарынан емес екен. Бiз осыны сезiндiк.

– 1971 жылы Оңтүстiк Қазақстан облысы Бәйдiбек ауданы (бұрынғы Алғабас ауданы) Бөген кеңшарында дүниеге келгем, – деп бастады әңгiмесiн әншi. – 1988 жылы мектептi Алғабас ауылында бiтiрдiм. Бәрiмiз бала күнiмiзде Қайрат Байбосыновқа елiктеп өстiк. Сол ағамызға ұқсап домбырамен ән салдық. Кезiнде жас таланттар байқауы деген үлкен байқау болатын. Мектептi бiтiрген жылы сол байқаудың аудандық сынынан облысқа, облыстан республикалық кезеңге өтiп, Алматыдан бiр-ақ шықтым. Керемет байқау өттi. Сол байқауда бiздiң консерваторияның профессорлары, музыка саласының бiлiктi мамандары отырыпты. Олар менiң дауысымды операға таптырмайды деп тауып, «сен Қайрат ағаң секiлдi әншi болмай-ақ қой, опера театрының жанындағы екi жылдық студияға оқуға түс» деп қолқалады. Бұл – кәдiмгi Ж.Елебеков атындағы эстрада цирк колледжi, онда даңқты әншi Рамазан Стамғазиев секiлдi таланттар аз оқыған жоқ. Бiздiң ауылда опера деген атымен болмаған, алғашқыда бiртүрлi тосырқағаным рас. «Жыл өткен соң әскерге кетемiн, бiр жыл болса да оқиын» деген тоқтамға келдiм. Бiрiншi курсты бiтiрген соң, әскерге кеттiм. Омбы қаласында әскери борышымды өтедiм, әскерде Кеңес одағының әскери әндерiн айтатын музротада болдым. Алты жiгiттен құралған – үш тенор, үш баритон, жеке ансамбль болдық. Әскерде Анатолий Гапич деген ғажайып ұстаздан тәлiм алдым. Қазiр ол кiсi 70-тен асқан, әскерден кейiн екi рет кездестiм. Таяуда ғана Омбыға барған гастрольда сол кiсiмен тағы дидарластым.

Консерваторияның бiрiншi курсына музыкалық училище бiтiрiп келгендердi ғана қабылдайды. Сондықтан, әскерден келген 1991 жылы Құрманғазы атындағы консерваторияның екi жылдық дайындық курсына түстiм. Екi жылдан соң консерваторияға қабылданып, онда Шахимардан Әбiлов, Қабылаш Әбiкей, Хафиз Есiмов сынды ғажайып ұстаздардан тәлiм алдым. Сондай қазақтың бiртуар ұлдарының мектебiнен өткенiмдi өте бақытты сезiнем. Консерваторияны 1998 жылы бiтiрдiм. Тура сол жылы Алматыда К.Бәйсейiтова атындағы республикалық байқау болды. Бұл байқауға кiлең қыздар қатысқан, жiгiттерден жалғыз мен ғана. Сол байқауда үшiншi орынды алдым. Бұл – бiрiншi жетiстiгiм болатын. Сол байқаудың лауреаты ретiнде Абай атындағы Опера және балет театрына тыңдалып, оқу бiтiрген бетте театрға қабылдандым. Содан берi жемiстi еңбек етiп келемiз. Әрине, вокалдағы тәжiрибенi жетiлдiру мақсатында түрлi байқауларға қатысып жүрмiн, жемiссiз де емес.

Page 59: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

59

Президенттiң тапсырмасымен жазылған туынды

Өнер зерттеушiлердiң 2005 жылы Қазақстанның мәдени өмiрiн- дегi аса үлкен құбылыс – қазақтың көрнектi композиторы Еркеғали Рахмадиевтiң «Абылай хан» операсы болды. Бұл опера мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тiкелей тапсырмасымен жазыл- ғанын «Алпамыс», «Қамар сұлу» сынды кесек туындыларды дүниеге әкелген автордың өзi басылым беттерiнде әлденеше рет айтқан. Әйгiлi композитор 1996 жылы бастаған «Абылай хан» операсын 2005 жылы жазып бiтiрдi. Толғағы тоғыз жылға созылған туындының сахналануына да мемлекеттiк деңгейде маңыз берiлдi. Ал мемлекеттiк жауапкершiлiктi арқалаған шығарманың басты кейiпкерiн сомдау – қай актердiң болса да арманы. Ақыры Абылай хан рөлiн Талғат Күзембаев сомдады.

– 2005 жылдың күзiнде қазақтың көрнектi композиторы Еркеғали Рахмадиевтiң «Абылай хан» операсының нотасы қолымызға тидi. Сөйтiп, қойылымның дайындығы қазан айында басталып кеттi. «Абылай ханның» рөлiне iрiктеу басталды. Мәтiндi жаттау менiң ұстазым Хафиз Есiмов ағамыз екеумiзге жүктелген. Үшiншi болып Бақытжан аға Ысқақов қосылып едi, ол кiсi кейiн қайтыс болып кеттi.

«Абылай ханның» қоюшы режиссерi – бүкiл Ресейге даңқты тұлға Юрий Александров, қоюшы суретшiсi – Окунев, либреттосын қазақтың көрнектi қаламгерi – Әбiш Кекiлбаев.

Ақыры бастан-аяқ мен алып шықтым. Дайындық кезiнде Талғат Мұсабаев екеумiз дайындалдық, ол – Абылайдың жас кезiн, мен – хан болған кезiн орындауымыз керек болатын. М.Әуезов театрындағы «Абылай хан» қойылымында негiзi жүк екi актерға тең бөлiнген едi. Ақыр соңында, неге ондай шешiм қабылдағанын қайдам, «жас кезiн де, хан кезiн де бiр-ақ адам ойнау керек» деген шешiм қабылданды. Айналып келгенде күштiң бәрi маған түстi. Өте қиын болды. Менiң әрiптестерiм қай рөлдiң болса да қаншалықты азапты екенiн жақсы сезiнедi ғой. Оның үстiне бұл операда тек өлең айтып қана қоймайсың, ханның қара сөзге құрылған толғаныстарының өзiнiң қиындықтары болды. Жауапкершiлiктiң бәрiн жалғыз өзiм алып шығуға тура келдi. Операның премьерасы 2005 жылдың 19 қарашасында қойылды. Одан берi де екi-үш жылдың жүзi болды ғой. Сөйтiп, сол Абылай хан рөлiн сомдағаным үшiн 2006 жылғы 15 желтоқсандағы ҚР Үкiметiнiң № 1217 Қаулысымен Тәуелсiздiктiң 15 жылдығына орай Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты атағына ие болдым. Бұл – даңққұмарлық емес, бiрақ 35 жасында Мемлекеттiк сыйлыққа қол жеткiзген шығармашылық иесiн өз басым естiмеппiн. Мен үшiн бұл сыйлықтың жауапкершiлiгi мың батпан.

Page 60: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

60

Үш қызым есейген сайын есiм шығады...

– Менiң үш қызым бар. Зайыбым – музыкант, әзiрше баламен үйде отыр. Әңгiменiң ашығына келсек – мен дәл қазiр әлеуметтiк тауқыметтiң азабын тарту үстiндемiн. Үйленген жылдары әр жерде пәтер жалдап жүрдiк. Оқу бiтiрген соң, Байзақов көшесiндегi әртiстер тұратын жатақханадан бiр бөлме берiлген. Сонда тұрып жаттым. Кейiн отбасыма жатақхана тарлық еткен соң, пәтер жалдап кетуге тура келдi. Бiрақ сол жатақханада тiркеуде тұрдым. Сөйтсем... тiркеуде тұрдым деген аты ғана екен. Еш жерде тiркеуде жоқ екенiме үшiншi қызыма жәрдемақы алуға құжаттар жинақтаған кезде ғана көзiм жеттi. Жатақханадан менi автоматты түрде шығарып жiберiптi. Ол жатақхана бұл күндерi жеке меншiкке өтiп кеткен, тiркеу мәселесiмен айналысатын бiр келiншек «сiз тiркеуде жоқсыз, кез-келген жерге барып тiркеле берiңiз» деп қолыма бар құжатты ұстата салды. Мен осы жағдайға қатты қорланып кеттiм. Бiрнеше жыл мен тiркеуде болмаппын. Қызымның жәрдемақысы түгiл, бас қайғы болып кеттiм. Керек десеңiз, жақында ғана өткен парламент сайлауына да шақырылған жоқпын. Осыған сенесiз бе? Сайлауға дауыс берейiн деп барсам, «тiркеуде жоқсың» дейдi. Қазiргi күнi I-Алматы жақта бала-шағаммен пәтер жалдап тұрып жатырмын.

Мемлекеттiң ең жоғарғы сыйлығы маған тегiн берiлмеген шығар. Сондықтан жасаған еңбегiңнiң жемiсiн көргiң келедi. Бала-шаға өсiрiп отырмын. Құлдыраңдап өсiп келе жатқан үш қызымның кейде көз-жанарына тура қарай алмай қысыламын.

«Әнұранды орындау – тарихи жауапкершiлiк!»

– 2005 жылы 11 қаңтарда Астанада сайлауда жеңiске жеткен президент Нұрсұлтан Назарбаевтың таққа отыру рәсiмi болды. Шәмшi атамыздың даңқты «Менiң Қазақстаным!» әнi ресми Әнұран ретiнде сол жиында тұңғыш рет салтанатты түрде орындалды. Бұл әндi кезiнде бiрiншi болып орындаған – Жамал Омарова апамыз, одан кейiнгi жылдары Сара Тыныштығұлова орындап келдi.

Естуiмше, Әнұранды орындауға бәсеке өте қатты болыпты. Әншi- лер електеп көп өткiзiлдi. Әнұранды орындауға менiң бекiтiлгенiм туралы 31 желтоқсан күнi кеште бiрiншi болып сүйiншi сұраған – Шәмшi ағамыздың баласы Мұхтар Қалдаяқов. Жалдамалы пәтерде жаңа жылды қарсы алып отырып, төбем көкке екi-ақ елi жетпей қалды.

Ал Ақордада Әнұранды әйелдер хоры айтты. Арада төрт күн өткен соң Алматыдағы Республика сарайында «Қазақстан» ұлттық арнасының ұйымдастыруымен Шәмшi Қалдаяқовтың 75 жылдығына орай «Менiң Қазақстаным!» атты үлкен ән кешi болды. Сол концерттi

Page 61: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

61

мен Шәмшi атамыздың «Бақыт құшағында» әнiмен аштым. Концерт өте ғажап өттi. Соңында бiздiң театрдың хорымен (бұл хорға Шәмшi бабамыздың ұлы Мұхтар Қалдаяқов дирижерлiк еткен), мен жеке дауыста Әнұранды орындап концерттi аяқтадым. Сол концерттен соң, арнайы әнтабақ шағарылып, менiң орындауымдағы Әнұран барлық жерге тарап кеттi. Орталық стадиондағы ұлттық құрамалардың ойынында, Марат Мәзiмбаев әлем чемпионы болған кезде өзiмнiң орындауымдағы Әнұранды естiп қатты толқыдым. 1 қыркүйек күнi күллi бiлiм ошақтарында орындалады. Астана, Қарағанды, өзге де қалаларға гастрольге барғанда Әнұранды вокзалда бiрнеше рет естiдiм. Жалпы, Әнұранды орындау – тарихи жауапкершiлiк!

Ертелi-кеш құлағымнан Әнұранның дабысы кетпейдi. Сондай бiр ғажайып әсерлерге бөленiп келе жатып кенеттен үйсiз екенiм есiме түсiп кеткенде, өн-бойыма бiреу мұздай су құйып жiбергендей тiтiркенiп кетемiн. Шынымды айтсам, пәтердiң тауқыметi әбден шаршатып бiтiрдi. Дәл қазiр менiң алдымда бiр ғана мақсат тұр, ол – бала-шағамды кiсi босағасында қаңғытпау.

Алматы қаласының әкiмi, халқымыздың қайраткер перзентi Иман- ғали Тасмағамбетовке баспанасыздық тауқыметiнен құтқаруын өтiнiп екi рет хат жазғам. Мемлекеттiк сыйлықты алғаннан кейiн де қала басшысына екi рет хат жолдадым, шамасы хатым әкiмнiң қолына жетпегенге ұқсайды.

Ал тұрғын үй департаментiнiң басшылығынан «сiздiң өтiнiшiңiздi қанағаттандыруға мүмкiндiк жоқ» деген жауап келдi.

P.S. Әнұран орындалғанда салтанатты сарайларда тебiренiп тұрған ақжағалылар есiме жиi түседi. Оң қолын жүрек тұсына қойып тұрған! Ал сол гимндi айтып тұрған адамның жүрегiн түсiнетiн жан бар ма?

Page 62: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

62

ӘуеЛеП ҰШқАН АққуДЫ АяЛАр ЖАН БАр МА екеН?..

1997 жылғы Қажыгелдин үкіметінің бас бармағымен бекiтiлген Қаулы қазақ цирк өнерiн қара жамылдырды. Маңдайымызға сор болып келген оңтайландыру саясатына жетекшiлiк еткен сол үкiметтiң үскiрiк атқан көп құжаттарының бiрi «Қазақцирк» шаңырағын «Астанахолдинг» ЖШС-нiң құзырына 20 жылға жалға берумен тынған. Нәтижесiнде шiлдiң боғындай шашырап кеткен Қазақ цирк өнерiнiң тарландары сырттан келгендермен тiзе қосып өнер көрсету арқылы нан тауып жеу қамына кiрiскен. Ақыры Қарағандыдағы қайғылы жағдайға әкелiп тiредi. Цирк өнерiнiң жарық жұлдызына айналып келе жатқан өрiмдей жас Жанна Бәкенованың қапелiмде жүрегiне жара түстi. Ал жұмыр жердiң бiршама нүктелерiнде жасындай жарқылдаған ұстазы Петр Трестиндi ендiгi жерде тек еске алып қана жүрмiз.

Жанна...

Жанна Бәкенова 1983 жылы Астана қаласында туған, 9 жасында спорттық гимнастика залына әжесі алып барады. Гимнастикадан әлемдi бағындыратын мүмкiндiгi болған болса керек, тек сүйегi қатыңқырап, есейiңкiреп кеткен шақта әкелiнгенiне бапкерлерi қатты өкiнiш бiлдiрiптi.

13 жасында Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжiнiң цирк бөлiмiне оқуға қабылданады. ІІ курстан бастап цирк майталманы Петр Трестинмен айтулы цирк ареналарына шыға бастайды. Жанна мен Петр дуэтiнiң бiр ерекшелiгi – 30-40 метр биiктікте ешқандай қосалқы сақтандыру құралдарынсыз әлемдiк цирк өнерiндегi аса қауiптi трюктi аса шебер орындайды. Колледж қабырғасында жүрiп-ақ Польшада өткен «Золотой клоун» атты халықаралык байқаудың жеңiмпазы атанады. Голландияда «Көрермен көзайымы» сыйлығына ие болды. Сондай-ақ Польшадағы «Залесски циркiнде» 2-3 ай өнер көрсетедi. Қазақстанға келген Корниловтың «Жұмыр жердегi пiлдер» циркi арнайы шақыртады. Көрерменi көп дуэттiң аса қауiптi ойындары бұған дейiн алты рет көрсетiлген, жетiншi рет Мәскеудiң «Никулин циркi» құрамымен Қарағанды сапарына барғанда қайғылы жағдайға тап болды.

Петр...

Петр Трестин 1959 жылы Ташкентте туған. Ұлты – жөйіт. Туған-туыстарының бәрi Израильде тұрады. Баспанасы жоқ. «Қазақцирктiң» қонақүйiнде тұрып келген. 2000 жылдың желтоқсанына дейiн 8 ай бойы Польша циркiнде Жанна екеуi келiсiм-шартпен жұмыс iстеген.

Page 63: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

63

Қазақстанға келген соң 4 айдай жұмыссыз қалып қояды, артынша «Никулин циркiмен» келiсiмге отырып, Қарағанды, Тольятти, Омбы, Балтық бойы және Санкт-Петербург бағытына гастрольдiк сапармен шығуды жоспарлайды. Келiсiм бойынша Жанна мен Петрдiң әрбiр әуедегi ойындары 30 АҚШ долларына бағаланған, оның 10 пайызын өз «қожайындары» – «Астана-холдингке» табыс етуi тиiс. Сонымен бiрге, жоспар бойынша Жанна мен Петр Франция, Жапония, Қытай, Германиядан келген шақыртуларды қанағаттандырмақ болған.

2001 жыл. 15 сәуір. Жексенбі. 12 сағат 45 минут. «Аренада Варшавадағы «Золотой клоун» байқауының иегерлерi Жанна Бәкенова мен Петр Трестин!». Жарық сөндiрiлдi. Қиғаш жанған шам, ортаға жүгiре басып жеткен қос акробатқа түсiп тұр. Арқанның ұшындағы шеңберден ұстаған Петр мен Жаннаны көтергiш құрал әп-сәтте цирк күмбезiнiң ұшар басына бiр-ақ шығарды. 20 метр биiктiкте қауiптi де қызықты ойынның ешқандай сақтандыратын құралдарсыз орындалып жатқанын көрермендер әсте бiлген жоқ. Өздерiнiң аса қауіпті көрсетілімдерін әуеде өте сәттi орындаған қос акробат аренадан қайтуға бекiнген. Алайда бiрегей өнерге дән риза болған көрермен екеуiн аренадан жiбермей, қайталауларын өтiнеді. Саналы ғұмырын цирк өнерiне арнаған Петр Жаннаны жетектеген күйi биiкке қайта бет алды. Арқанның ұшынан ұстаған екеу цирк күмбезіне жеткен бетте төмен қарай қайта құлдиласын... Көрермендердiн ойынша акробаттар еденге жетпей кiлт тоқтауы тиiс. Жоқ... 20 метр биiктен бар салмақпен келiп еденге құлаған Петр сол жерде тiл тiртпай кеткен, ал Жанна ауыр жарақаттанды. Петр мен Жаннаны жоғары-төмен қозғап отыратын құрылғыда марқұмның жары Людмила Бушуйева отырған болатын... Бiрақ нөмірдi орындау барысында ол еш қателеспеген.

17-ге жаңа ғана келген қыздың өмiрi осылай тығырыққа тiрелді. Қолдың өзi жетi жерден сынған, шынтағы ашық сынық, аяғы морт опырылған. Омыртқа, жамбас қатты зақымданған, 3 литр қан кеткен. Осыншама жағдайды бiле тұра селт етпеуiмiз қалай. «Еңбек Заңы» бойынша «Қазакцирктiң» бүгiнгi билеушiлерi «Астана-холдинг» ЖШС-ға Жаннаға жұмыс берушi мекеме ретiнде өмiрлiк жәрдемақы тағайындаса заңға қайшы болмас еді. Басшылық жауапкершіліктен қашып отыр. Неге қатысы жоқ? Петя мен Жанна тапқан табыстарының белгiлi мөлшерiн циркке берiп отырды, сондай-ақ ойын көрсеткенде пайдаланатын құрал-саймандар цирктiкi. Сол кұралдардың техникалық қауiпсiздiк ережесiн, цирктi жалға алғандар қатаң тексерiп берулерi керек емес пе? Ал бұл құрылғылардың мерзiмi әлдеқашан өтiп кеткен...

Қауызын жаңа ашқан қызғалдаққа талай елде дүйiм жұрт тiк тұрып қол соғып, сәттiлiк тiледi. Әр сапарға шыққан сайын әжесi мандайынан сүйіп, «Алдыңнан жарылқасын» деп батасын бердi. Қаншама рет

Page 64: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

64

шет елдерден үлкен жетiстiктермен келiп, цирк өнерiнiң қайталанбас тәсiлiмен жанын шүберекке түйiп, қазақтың атын танытып жүргенде қарақаттай қызымыздың ақжолтайлап алдынан да шықпаппыз-ау. Цирк сахнасында жұлдызды iзiн тастаған Жаннаға Құдай ғұмыр берсiн. Тойған әжесi Жанна жатқан аурухана терезесi алдынан құр сүлдерiн күн сайын сүйреп өтетiн көрiнедi. Бәлкiм әже мейiрiмi Жаннаны төсегiнен тiк түрғызар...

...Ұстазының дүниеден өткенiнен Жанна күнi бүгiнге дейiн бейха- бар. Жүрегi тiлiмденбесiн деген ниет.

– Петя ағай екеумiз ендi әуеде ойнай алмайтын шығармыз. Мейлi. Бiз аңдармен де тамаша өнер көрсете бiлемiз. Бiзге аңдар алып бере ме? – дейдi Жанна. Үмiт үзiлмесе екен.

– Мен жолбарысты жақсы көрем, Петя ағай да ұнатады. Жолбарыс алғызыңыздар, – деп сәлем айтыпты жолбарыс жүректi қыз...

Page 65: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

65

ҰстА ДҮкеНi(Ағайынды Құлменовтер туралы толғаныс)

Еуропа жапырақ жамылып жалаңбұт жүргенде, жусан иiстi ұлы даланың қаһармандары тұлпарларының тiлерсегiне дейiн сауыт кигiзiп, мұздай темiр құрсанғанын әбжiл тарих аракiдiк айтып қалады.

Тас дәуiрi тасқа қатталып, қола дәуiрi темiрге тiзгiн берген сұрапыл кезеңдерде тарих сахнасына ҰСТАЛАР келдi. Сол алтын қолды iсмерлер көшпелiлер шатырының iргесiне темiр қорытатын шағын ошақтарын әкелiп құрды. Ошақ толы – өркениет. «Алтын адамның» басынан бақайшығына дейiн домалап жатқан алтын түймелер сол бiр тұрымтай дәуiрдiң куәсi. Ұядай ғана жерошақтың көрiгiн қыздырған сол ұсталар сайын даланың жал-құйрығы төгiлген тағыларын құрықтап, тұяғына – таға, езуiне – ауыздық салды. Әруақ шақырған жауынгердiң басына – кiреукелi томағап, денесiне – тоғыз қабат торғауыт, қолына – күрзi, бұтына – бүтiлдiрiк, аяғына – саптама етiк кигiздi. Сөйтiп күннiң астын бағындыруды ұстаханадан бастаған АТТЫЛЫЛАР (бәлкiм Атилла) кәрi құрлыққа дала өркениетiнiң алғашқы дәнiн апарып септi. Бiздiң сол бабаларымыздың адамзат өркениетiнiң алғашқы легiне ҮЗЕҢГI, АУЫЗДЫҚ, ТАҒА және ЖАРҒАҚ ШАЛБАРМЕН қалың қол болып кiргенi есiме түсiп кеткенде, үзеңгi бауым үзiлiп кете жаздайды! Осы ұлы мәдениеттiң иесi һәм киесi тiрiде – қазы болған, өлгенде – шаһид кеткен ұсталар.

Тарихта қарашаны қанға бөктiрген, Алашты аңға талатқан билеушi аз ба?.. Тағаның емшегi жанына батқан сол тирандардың ұлы ұсталарды қойша бауыздағанын киiз кiтаптардан оқығанда аза бойың қаза болады. Әрине, Үйсiн өркениетiнен үкiмет үйшiгiне дейiнгi аралықтағы қан-жын аралас аласапыран оқиғалар – ағысы бөлек әңгiме.

Ал бiздiң беталысымыз – керзамандарда жұлыны қолмен жұлынып, өз ошағының отына өзi балқытылған қасиеттi ұстаханалар, ұсталар!

...Осынау алмағайып ойлардың ордасына түсiп қалып, шымы жоқ тас қалада шырматылып жүрген сәттерде Алматының төрiндегi, Қажымұқан көшесiнде орналасқан нөмiрi 75 жерүйдiң ауласындағы ұстахана есiме түседi. Бұл ұста дүкенiнде – дәл қазiр мемлекеттiк деңгейде қолдау көрсетпесе, уақыт өте уыстан сырғып кететiн iрi құндылықтар, ұлы даланың бүтiн бiр өркениетi жатыр. Сол қасиетi бөлек ұстаханада көне дәуiрдiң ұлы өнерiн бүгiнге жеткiзген даңқты ағайынды ұсталар – Құлментегi Тұрсынжан, Махмұт, Айтберген Жетенұлдары, тетiгi бiр түймеге бағынған ХХI ғасырдың «техникалық ноқтасына» бас бермей, күрес жүргiзiп жатқандай әсер қалдырады...

Ағайынды үш ұста – қазақ халқының құпиясы сан қатпар темiршiлiк әлемiндегi аса iрi құндылықтары. Қажет десеңiз, олардың қолынан шыққан әрбiр тарихи жәдiгер арнайы заңмен қорғалу керек.

Page 66: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

66

Бұл ұстахананы ағайынды үшеу сонау 1977 жылы әкелерi Жетен ақсақалдың ақыл-кеңесiмен, батасымен ашқан. Аталары Омар кезiнде Жетiсуға даңқы кеткен, керектi қару түрлерiн өз қолымен соққан ұста адам болған екен. Ал ұсталардың апасы – Ажаркүл әжей ұлттық киiмдердi нақыштауда, кестелеуде, түрлi ою-өрнекке толы түскиiз тiгуде Кеген, Нарынқол өңiрiнде алдына жан салмаған шебер болған. Ұстахананың iргесiндегi шағын мұражайда Ажаркүл апаның жасаған ғажайып өрнектелген түскиiзi әлi iлулi тұр. Iсмердiң қолынан шыққан туынды арада жарты ғасыр өтсе де өң бермеген.

Ағайынды ұсталар айғайламай-ақ, аттандамай-ақ отыз жылдан берi бiр институттың шаруасын бiр өздерi атқарып келедi. Олар тек ұста ғана емес, ғылымның бар саласынан хабардар. Ғылыми жағынан өте сауатты. Темiрдi тану, табу, балқыту, құю, суару, қалыптау, тойтару, мөрлеу, әрлеу, өрнектеу секiлдi нағыз ұстаға ғана тән қасиеттердi ғылыми негiзде жолға қоюға алғашқы бетбұрысты жасаған азаматтар. Ұсталыққа атүстi емес, iшкi мүмкiндiктерiн кешендi, ғылыми һәм рухтық тұрғыдан дайындап келген тума таланттар.

Қажет кезiнде, дауылпаз бен даңғыраны кезек қағып жiберiп рух тiрiлтедi. Ақтамбердiнiң, Махамбеттiң, Шалкиiздiң, Қазтуғанның, Мағжанның, Мұқағалидiң, Олжастың жырларын жатқа оқиды. Сол арқылы әруақ шақырады! Сосын ата-бабамыздан қалған дәстүр бойынша «Менiң қолым емес, Тәңiрiмнiң қолы» деп сыйынып барып, төстiкке бармақтарын тигiзiп, күнделiктi шаруаларын бастайды.

Ағайынды Құлменовтар тек ата-бабаларымыз қолданған қару-жарақ, сауыт-саймандарды жасаумен ғана емес, қазақ халқының қобыз, даңғыра, адырна, қылқобыз, дауылпаз, шiңкiлдек және Алтай өңiрiнiң үлгiсiндегi домбыра секiлдi көне саз асапаптарын, сондай-ақ қолданыстан қалып кеткен адалбақан, кесеқап, кебеже, шара, астау сияқты тұрмыстық қолданыста философиялық астары терең ұлттық бұйымдармен қайта қауышуға мол мүмкiндiк туғызды. Әрбiр аспапты, ыдысты ғылыми негiзiн қалап отырып, жеке-жеке қайта жасап шықты.

Бiздiң заманымыздан бiрнеше мың жыл бұрынғы сақтардың, үйсiндердiң, қаңлылардың, ғұндардың рухы осы ұстаханада сайрап жатыр.

Сонау 1990 жылдары бүгiнгi мемлекет және қоғам қайраткерi, өнер жанашыры, Алматы қаласының әкiмi Иманғали Тасмағамбетов Құлменовтардың ұста дүкенiне арнайы келiп, темiршiлердiң жұмыс- тарымен танысып, ризашылығын бiлдiрiп кеткенiнен де хабарымыз бар.

Кейiнгi кездерi бұл темiршiлiк ордасына бiрнеше қаламгерлер ат басын бұрды. Әйгiлi сөз ұсталары – Олжас Сүйлейменовтi, марқұм Қалтай Мұхаметжановтi, Мұрат Әуезовтi, Герольд Бельгердi, Баққожа

Page 67: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

67

Мұқаиды, Смағұл Елубаевты, Роллан Сейсенбаевты, Әшiрбек Көпi- шевтi, Дүйсенбек Нақыпты, белгiлi тарихшылар – Мәмбет Қойгелдiнi, Әбдеш Төлеубаевты ұстаханаға қайта-қайта тарта беретiн сол ата-баба рухы болса керек.

Көне салт бойынша темiршi ұсталардың бата беру рәсiмi төстiң жанында болады. Алашқа сөз оздырған сол азаматтардың бәрi ағайынды ұсталарға төстiктiң түбiнде баталарын берiп, тiлекшi болып жүргенiн айта кетсек артық болмас. Және ағайынды ұсталар халыққа рух сыйлап жүрген дарабоз қаламгерлерге арнап өз қолдарынан шыққан ғажайып «Алмас қылыш» дейтiн сыйлық тағайындады. Алғашқы қылыш 65 жылдық мерейтойында Олжас Сүлейменовке сыйға тартылды. Мұрат Әуезовке мәдениеттегi қайраткерлiгi үшiн күмiс айбалта табыс етiлдi.

Ағайынды Құлменовтардың ұста дүкенiн шетелдiк ақпарат агент- тiктерiнiң тiлшiлерi босатпайды. Ағылшын, немiс, жапон, мажар, араб елдерiнен артынып-тартынып келген сол түсiрушi топтар ұсталар жайлы, жасаған сантүрлi бұйымдары хақында көптеген деректi фильмдер түсiрiп алып кеттi. Мұның бәрi айналып келгенде қазақ мәдениетiнiң, қазақтың темiршiлiк өнерiнiң халықаралық деңгейде насихатталуы. Жалпы шетелдiктер қазақ ұстаханасынан не құпия iздеп жүр?..

Ал бiздiң мәдениетiмiздi басқарып отырған ақжағалылардың әрекетi қарын аштырады. Олар осы уақытқа дейiн үлкен өнердi қал-қадiрiнше жолға қойып, кейiнгi ұрпаққа бауыры бүтiн, басы аман қалпында тапсыру үшiн ұшан-теңiз жұмыс iстеп жатқан ұста дүкенiнiң есiгiн де ашпаған...

Керек десеңiз, сол ұстахана орналасқан жерүй күрелудiң алдында.Тiптi, кейбiр кербездер ұста дүкенiн кәдiмгi тауар сататын магазин

деп ойлайтын көрiнедi...Ағайынды ұсталардың ауласы иi қанған идеяға толы. Соның ең

бастысы – өздерiнiң бойындағы бар темiршiлiк өнердi, отыз жылдан берi жасалған жәдiгерлердi кейiнгi ұрпаққа аманаттау; ұлттық қару-жарақ палатасын қалыптастыру; мұражай ашу. Бұл – ең бiрiншi қолдау мемлекеттiк деңгейде жүзеге асырылған жөн.

Мәмбет Қойгелді, тарихшы:– Ұсталық – бiздiң жерiмiзде сонау көне заманнан келе жатқан

өнер. Қытайда «Iле өркениетi» дейтiн ұлы ұғым бар. Сол ұғымды өз ғылымымызда осы уақытқа дейiн орнықтыра алмай келемiз. Басы Қытайдан бастау алатын ұзындығы мың шақырымға жуық, Балқашқа келiп бiр-ақ тыншитын Iле өзеннiң екi жағалауында сонау көне замандардан берi тамаша мәдениет қалыптасқан. Соның айшықты көрiнiсi – Үйсiн қорғандары. Оны бiз «Сақ қорғандары» деймiз, ал қытайлар «Үйсiн қорғандары» дейдi. Жалпы Мысыр пирамидалары

Page 68: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

68

әлемдiк мәдениетте қандай орын алса, бiздiң тарихымызда, Шығыс мәдениетiнде «Үйсiн қорғандарының» рөлi өте орасан. Ал осы қорғандардан табылған ескерткiштердiң бiрi даңқты Есiктен табылған «Алтын адам». Одан өзге Есiктен табылған әшекей бұйымдар, қолөнер туындылары 4000-ға жуық. Бұл – бiздiң эрамызға дейiнгi III-II ғасырлар. Демек, сол дәуiрде Iле бойында үлкен ұсталық өнер болғанын көремiз. Ондағы бұйым жасайтын негiзгi шикiзат – алтын болған. Бұйымдардың денi алтыннан жасалатыны тегiн емес. Бiздiң атақонысымызда алтын- ның өте көп болғанын Геродот та өз жазбаларында айтады. Молдығы сонша, алтынның құймасы ошақ басында домалап жататын көрiнедi. Ал Есiк, Шiлiктi қорғандарынан табылған бұйымдарды қарасаңыз, сол дәуiрде ұсталық өнердiң шексiз дамығанын аңғаруға болады. Ал ағайынды темiр ұсталары – Тұрсынжан, Айтберген, Махмұт Құлментегi сол Iле өркениетiнен берi үзiлмей жалғасып келе жатқан, әлемдiк деңгейде мойындалған ұлы өнердiң бүгiнгi күндегi ғажап көрiнiсi. Үшеуi де соның мұрагерлерi! Ағайынды ұсталар сол ұлы өнердi жаңа заманға бейiмдеп, жаңартуда. Бұл азаматтардың 30 жылдан бергi жасап келе жатқан еңбегi қазақ мәдениетiнiң төрiнен орын алуға тиiс. Мен бұл азаматтардың ұстаханасында жиi болып тұрамын. Барған сайын ұлы мәдениеттiң жинақы көрiнiстерiне куә болып қайтам.

Өкiнiшке қарай, ағайынды ұсталарға қоғамдық, мемлекеттiк деңгейде қолдау көрсете алмай отырмыз. Мәселен, осы ұсталардың атқарып жатқан шаруалары арнайы ұлттық бағдарлама жасауға да тұрады. Және ұсталық дәстүрдi бiлiм беру жүйесiнiң бiр тармағында қарастырған жөн болар едi. Керек десеңiз, ағайынды ұсталардың экономикалық жүйеде де өз орны бар. Өйткенi, темiршiлердiң қолынан шыққан жауһар бұйымдар туризм саласын да айналып өтпейдi. Сосын бұл азаматтарды қолдау бағытында арнайы мемлекеттiк мұражай ашылса – тарихымыздан сыр шертетiн дайын қару-жарақ палатасы болып шығар едi.

герольд Бельгер, жазушы:– Ағайынды ұсталардың қоғами, мәдени, тарихи еңбегi жайлы

сан рет жазылып, айтылды. Ағайынды темiршiлер – қазақтың рухын, ежелгi мәдениетiн дамытуда, сөз жоқ, iрi iстер тындырып келедi. Оны насихаттау, үлкен үйлерге жеткiзу бiздiң борышымыз. Мен ағайынды ұсталармен 2004 жылы, сәуiр айында таныстым. «Горный гиганттағы» ескi жерүйде орналасқан ұстаханаға бардым. Көрдiм. Қайран қалдым! Сұмдық әсерге бөлендiм! Менiң алдымда да ол ұстаханаға нешеме ұлықтар барып қайтыпты. Атқарып жатқан iстерiне рахметiн айтыпты. Сосын бәрi тек тамсанып-тамсанып қайтыпты. Ал бұларға нақты қолдау керек. Мен өзiм – немiспiн, нақты iске көштiм. Үйге келген бойда көлемдi мақала жаздым. «Эпоха» басылымында жарияланды.

Page 69: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

69

Ол газеттi бiреу оқиды, бiреу оқымайды. Сосын ел Президентi Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жаздым, әлгi мақаланың қиындысын қосып дайындадым. Сол жолы үйге жазушы Қуаныш Жиенбаев келiп қалған, аманатты Қуанышқа тапсырдым. Ол Астанаға барған бетте хатты тiркетiп, тиiстi жерге жеткiзiптi. Арада апта өтпей хат сәтiмен Президенттiң қолына түскен.

Ол хаттың мәтiнi мынау болатын: «Жоғары мәртебелi Президент мырза! Қадiрлi Нұреке! Сiзге жолдап отырған өтiнiшiмнiң тоқетерiн мақаламда айтқан болдым. Оған қосып-аларым жоқ. Осы кезге дейiн анық түсiнгенiм – халықтың, ұлттың рухын мейлiнше асқақтата көтермейiнше, iс оңға баспақ емес. Мақаламда аты аталған ағайынды үш азамат осы жолда үлкен шаруа тындырып жүргенiне өз басым көз жеткiздiм. Өнерлi, iскер, талантты Құлменовтарды мемлекет деңгейiнде қолдауымыз керек-ақ. Өтiнiшiм осы! «Ұсақ-түйекпен мазамды алды» деп сөкпегейсiз! Ұлттық рухта ұсақ-түйек болмайтынын бiлемiз ғой. Шынайы көңiлден һәм iзетпен әдебиетшi, аудармашы Герольд Бельгер! 2004 жыл, сәуiр».

Хат Нұрекеңнiң қолына түстi. Оқыды. Бұрыштаманы соқты. Сосын министрлiктер, журналистер, өзге де орындар қимылдай бастады. Бiраз шаруа атқарылды. Ұсталар үлкен насихатқа ие болды. Менiң темiршiлерге көрсеткен мақтанарлық бiр еңбегiм осы. Ол үшеуiнде де пәтер жоқ болатын. Көп ұзамай Иманғали Тасмағамбетов Алматыға әкiм болып келдi. «Ең құрығанда осы ағайынды үш темiршiнiң бiреуiне пәтер берсеңiз екен» деген мазмұндағы хатты Иманғалиға жолдадым. Тасмағамбетов өнерге жаны ашитын, түсiнетiн азамат! Хат қолына тиген бойда Имекең үйсiз-күйсiз жүрген үш жiгiтке де пәтердiң кiлтiн бердi. Бұл – менiң екiншi мақтанышым!

Таяуда ағайынды үш ұстаның «Өнер» баспасынан «Темiршi» деген фотоальбомдары шықты. Бұл – қазақ мәдениетiнде бұрын-соңды болмаған үлкен жаңалық, ерен еңбек. Талай альбомдар шығып жатыр ғой, бiрақ дәл осындай ұлы өнердi насихаттайтын энциклопедиялық еңбектi өз басым көрген емеспiн.

Бұл жiгiттердiң проблемасы осымен таусылған жоқ. Iстеген iстерi көп, мұны бiрiншi халық бiлу керек. Демек, ағайынды ұсталарға мемлекет тарапынан қолдау көрсете отырып, арнайы ұстахана соғып беру керек. Азаматтар сол ұстаханада кейiнгi ұрпаққа темiршiлiк өнердi үйрететiн арнайы мектеп қалыптастырар едi. Ешкiм мәңгiлiк емес, бәрi кетедi. Әңгiменiң ашығына келсек, ағайынды ұсталар кеткен күнi ұлы өнердiң игерiлмей қалу қаупi тұр. Сондықтан шәкiрттер дайындайтын кешендi темiршiлiк ұстахананың iргесi қаланып, талантты шәкiрттердiң басын бiрiктiрсе ғанибет болар едi...

Page 70: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

70

Әбдеш төлеубаев, археолог:– Өркениеттiң басы – металлургияда. 1970-80 жылдарға дейiн

«көне металлургияның орталығы Еуразия даласы, Ирак, Иран жерi, Қапқаз маңы, Орал тауының етегi» деп келген болатын. Ал қазiргi кезде бұдан 5500 жыл бұрын, сонау қола дәуiрiнде Қазақстан жерi көне металлургияның орталығы болғаны дәлелденiп отыр. Сондай-ақ, Қазақстан жерi тек көне металлургияның ғана емес, көне өнердiң де орталығы екенi анық. Орталық Қазақстан, Солтүстiк Қазақстан, Шы- ғыс Қазақстан, Жетiсуда сонау қола дәуiрiнде көне өнердiң түтiнi түзу шыққанын ұлы ғалым Әлкей Марғұлан тамаша етiп жазып қалдырды. Кейiнiрек Кемал Ақышев ағамыздың Есiктегi «Алтын адамды» табуы – дүниежүзiлiк өркениеттi бағалаудың жаңаша көзқарасын алып келдi. Сол арқылы қазақ жерi асыл металдардан түйiн түйген ұсталық өнердiң де орталығы болғаны ерiксiз мойындалды. Бүгiнге дейiн қазақ топырағынан үш «Алтын адам» – Есiктегi, Аралтөбедегi және Тарбағатайдың баурайындағы Шiлiктiден табылды. Соңғысы, тiптi, бiздiң заманымызға дейiнгi VIII ғасырда Иранмен ешқандай да байланыс орнамай тұрған кездегi өнер туындысы. Демек, осының бәрi – Сақтардың туындысы. Мен осы мәселелер жөнiнде, әсiресе, Айтберген Құлментегiмен көп пiкiр бөлiсемiн.

Жалпы Тұрсынжан, Айтберген және Махмұт Құлментегi – ұлттық мәдениетiмiздегi қасиет дарыған iрi ұста-қайраткерлер. Олардың өнер туындыларын жасаудағы, көне қару-жарақтарды қайта қалпына келтірудегi технологияларын өз ауыздарынан жазып алып, тарихи дерек ретiнде тiркеп, кейiнгi ұрпаққа үйретудiң қамын жасау қажет. Өйткенi сыртқы зерттеушiден гөрi, қолымен жасаған ұста өнер туындысының барлық қыр-сырын ашып бере алады.

Ұсталық – үлкен қасиет. Бұрын ата-бабамыз ұста дүкенiне тәу етiп баратын. Ағайынды темiршiлер ұста дүкенi сонау тәңiрмен, ғарышпен, бақсылықпен байланысты екенiн анық сезiнедi. Осы ұсталықты, оның маңайындағы дүниелердi зерттеу арқылы қазақ мәдениетiнiң сан қырын ашуға болады.

Әшiрбек көпiшев, өнер зерттеушi:– «Ұста» деген ұғымның ауқымы кең. Бiр ұғым – алтын, күмiс,

темiрдiң сыңғыры естiлiп тұратын темiр ұсталығына келiп тiресе, көне қойнауында халықтың рухын осы ғасырға жеткiзген сөз ұстасы дейтiн патшалық тұр. Одан әрiге кетсек, Асан-Қайғыға дейiнгi абыздардың үн ұстасы тұр. Бұдан бөлек көне дәуiрдегi Күлтегiн, Тоныкөк рухы түрлi кезеңдерде шайқалып келiп, Бауыржан Момышұлынан тұрақ тапқан батырлық ұстасы тұр. Одан тереңдей түссек, жетi атасыз қыз алыспайтын генетикалық тегi терең, бiрде-бiр түрмесi, соты болмаған

Page 71: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

71

рух ұстасы бар. Осы ұсталықты бiз тұтас қарауымыз керек. Осы кезге дейiн белгiлi деңгейде «қарағай басын шалып жүрген» «шортандарға» жем болмай келсек, сол сан-салалы ұсталықтың жемiсi. Сол сұрапыл темiршi ұсталығының аса көрнектi өкiлдерi – ағайынды Жетенұлы Тұрсынжан, Айтберген, Махмұт Құлменовтар. Бабасы – Омар да үлкен ұста болған. Бұл азаматтар туралы газет-журналдарда 1987 жылдан берi жазылып келедi. Сосын рухты, намысты қамшылайтын тұста, «Өнер» баспасы, «бiз неге iрi нәрселердi әлемдiк дәрежеде көрсете алмаймыз?» деген сауалға тiрелдiк. Бұл сауалға жауап iздеуге менi Франкфурттағы, Токиодағы, Лондондағы, Пекиндегi кiтап көрмелерi ерiксiз итермеледi. Ешкiмнiң аяғы аспаннан салбырап түскен жоқ. Сосын ағайынды ұсталар жайлы жобамды дайындап, мемлекеттiк тапсырыстар тағдыры шешiлетiн «темiршiлiк» дейтiн ұғымнан аулақ жатқан кеңселерге жол тарттым. Жобаны дәлелдеуге тура келдi. Кей тұста «соғыстық» та. «Өзге кiтап шықпай қалса да, халықтың рухын оятатын осы кiтапты шығарамын» деп бекiдiм. Ақыры мәселе шешiлдi. «Кiтаптың барлық безендiрiлуiн өзiмiз жасаймыз» деп бұлар да бекiп алды. Белгiлi ғалым Аманқос Мектептегiне өздерi тапсырыс берiп, кiтап сыртындағы «Темiршi» дегендi Орхон жазуымен бәдiздеп жазғызды. Бұл ұсталардың да мiнезi оңай емес екен. Менi кәдiмгi қызған темiрдей етiп алты-жетi рет төстiкке салып жiбердi. Бұл азаматтардың қайтпас қайсар, батыр және өте сауатты жiгiттер екенiн сонда нақ сезiндiм. Рас, кей сәтте суарылған темiрдей қайтатын кездерi де бар. Бұл кiтапты шығару жолында бiз осындай үлкен процестен өттiк. Ақыры осындай ғажап кiтап дүниеге келдi. Осы кiтап шыққан бетте Германияда үлкен көрмеге қатысты. Сонда шетелдiктер «бұл әлi игерiлмеген тың әлем ғой, мына кiтап неге ағылшынша, французша, немiсше, хансуша немесе кирилицамен жарық көремеген?» деген сауалдың астында қалдық. Мiне, ұлы даланың цивилизациясының құдiретi!

Бiздiң заманымыздан бұрынғы VII ғасырдың орта тұсында Ассирия патшасы Ашшурбанипалдың, V ғасырдың басындағы Парсының I-Дарий патшасының, V ғасырдың соңын ала даңқты Геродоттың жазбаларында мынадай сұрапыл жолдар бар: «Шығыста Тәңiртаулар, Көк таулар бар. Сол Көк таудың екi қапталында бiзге қауiп төндiретiн жауынгер һәм өнерлi халық бар. Бұл халықтардың қолынан келмейтiнi жоқ және шапқыншылықпен бүкiл жердi алуы мүмкiн!».

Шығысы – Тынық мұхитындағы Сары теңiздi тiреген, батысы – Дунайдың қақ жүрегiне дейiнгi кеңiстiктi алып жатқан ұлы өркениет бүтiн Еуропаның тiзесiн дiрiлдеткен болса, сол өркениеттiң басты қаһармандары – ұсталар. Ағайынды үшеу сол ұлы ұсталық мәдениеттiң бүгiнгi мұрагерлерi. Сондықтан бұларға Алатау баурайынан ауқымды жер берiп, үлкен ұстахана салу керек. Сол жерде әлемдiк деңгейге жауап

Page 72: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

72

беретiн темiршi ұсталығының технологиясын дамытуға, талантты шәкiрттер дайындауға жол ашу керек.

Қазақ елiнiң төрт құбыласын аралап, ескiнi бiлетiн кәрi құлақ қариялардан сұрап, жазып алып, ұсталық өнерге қатысты көне мағлұматтарды ағайынды Құлменовтар өз iс-тәжiрибесiнде пайда- ланған. Ежелгi ата дәстүрiмiзге сай баталарын алған сол дана қарттардың аты-жөндерiн бергендi жөн көрдiк.

1. Сәрсенбек ата – Кеген ауданы, Жалаңаш қыстағында 1917 туған. а) темiршi-ұста, темiрдi суғаруда жоғары деңгейге жеткенә) атбегi, саятшы, ағаш шеберi. 2. Бекен Еңгебайұлы – Кеген ауылында 1918 жылы туған, жетi

атасынан тек қуалаған темiршi-ұста. Зергер, ағаш шеберi, күйшi. 3. Нағашы атамыз Шоқпарұлы Бәзiл – Қулықтаудың Жылысай

қыстағында 1903 жылы туған. Қазақтың ыдыс-аяқ бұйымдарын жасай- тын асқан ағаш шеберi.

4. Әубәкiрұлы Қожан ата – Кеген ауданы, Жылысай ауылында 1905 жылы туған. Балуан, ат үстiндегi аударыспақ, ойынының сайыскерi, көкпаршы, аңыз әңгiмелер мен жыр дастандардың және барымтада қолданылған қару түрлерiнiң бiлгiрi.

5. Абиырұлы Әлихан ата – Шарын өзенiнiң бойындағы Сарытоғай қыстағында 1922 жылы туған. Темiршi-ұста, мылтық жасаудың шеберi, шежiрешi.

6. Бескемпiр ата – Қарқара қыстағында 1907 жылы туған. Қазақтың қару-жарақ түрлерiнен хабары мол адам.

7. Сағатбай ата – Шелектiң Жаңатұрмыс ауылында 1912 жылы туған. Қазақтың салт-дәстүрiн, ұлттық ойындарын және аңыз әңгiмелерiн көп бiлетiн қария.

8. Мәкiлқожа Иманәлiұлы Құланбайтегi – 1916 жылы туған, өнерден хабары мол адам. Саз-аспаптары және қару-жарақ түрлерiнiң қалай аталуы, жасалуы жөнiнде құнды деректер бердi.

9. Қожақов Әбдiраманұлы Нәжiмеддин – Жиделi-Байсын аймағының Құлқұдық қыстағында 1904 жылы туған.

Темiршi-ұста, пышақ, кездiк суғарудың жетiк бiлгiрi, алтын-күмiс- пен зергерлiк бұйымдар жасаған.

10. Әшiмхан Төлепбердiұлы – Алтай аймағы Қызылкүңгей қыстағы Қатынқарағай ауылында 1913 жылы туған.

а) аңшы, мерген, тас қалаушы шебер. ә) домбыра, сыбызғы, тұрмыстық бұйымдар жасайтын ағаш шеберi.

Сонымен қатар, осы аспаптарда ойнай да бiледi.

Page 73: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

73

«Дос БоЛЫП қАс қЫЛҒАННАН сАқтА, қҰДАй...»

Алматы облысы Райымбек ауданында Тянь-Шанның сәруәр сiлемiне жамбастап жатқан бiр ауыл бар. Аты – Тоғызбұлақ. Таудың қуысында, Құдайдың уысында жатқан несiбелi мекен. «Жатып қалып бiр тоқты, жайылып мың қой болған жер» деп қасиеттi қара шалдар сондай мекендi айтқан болар, әсiлi. 37-де тоғыз грамм қорғасынның құрбаны болған жетiсулық әйгiлi ағартушы һәм ақын-композитор Қапез Байғабылұлы 1896 жылы сол өңiрде дүниеге келген. Қыстауы – үш Меркiнiң сағасындағы Ақтоғай. 17 жасында Ыстамбұлға барып, бiлiм тоқып қайтқан. Кейiн ағартушылық жолын таңдап, жүрген жерiнiң бәрiнде мектеп ашып, елдi сауаттандыру iсiмен айналысты. 1937 жылы Коми АССР-нiң Ухта қаласында атылған. Шығыстың қиса-дастандарынан мол хабардар болған кiсi.

Қапездiң әндерiн жарыққа шығарған талантты әншi, Құрманғазы атындағы консерваторияның түлегi Ғалымжан Досанұлы едi, 1996 жылы 29 жасында белгiсiз жағдайда Тәшкенде көз жұмды.

Қапез 1920-25 жылы Жалаңашта мектеп ашып, сол аймақтағы жастарды оқытты. Әйгiлi академик Ақай Нүсiпбеков ең алғаш Қапезден тәлiм алған. Кейiн аудандық бiлiм беру басқармасын басқарды, үш ауданның (Нарынқол, Кеген, Ұйғыр) ағартушысы болды. Ораз Жандосов Кеген ауданына I-хатшы болып келгенде Қапездiң iскерлiгiне, шешендiгiне, ел бастауыш көсемдiгiне айрықша тәнтi болыпты. Бюро мүшесi болды.

1934 жылы қарағайдан қидырып мектеп салды. Алыс түкпiрлерден мұғалiмдер алдырды. Кейiн Қапез Байғабылов ұсталып кеткен соң Аралдағы меткептi нөмiрлеп отырып бұзып, Тоғызбұлаққа әкелiп тұрғызды. Қазiр Қапездiң атында. Бұл – ашаршылықтың аяғы, репрессияның басы қылтиған кез. 1931-33 жылдардағы ашаршылық кезiнде Қапез Қарағандыдан ауып келген 60 үйдiң басын қосып, «Облатком» деген ауыл құрды. Алдына мал салып, басына баспана бергiздi. Ол өзiне жүктелген барлық мiндеттi абыроймен атқарып шықты. Ауып келген жұртты құтты қонысқа орналастырады.

Сөйтiп, 1937 жылы 12 желтоқсанда Жоғарғы Кеңеске тұңғыш рет депутат сайлау науқаны өтедi. Жергiлiктi билiк Оңғарбаева Салиха деген сауыншы әйелдi ұсынады. Жоғарыдағылар Жалаңаш аймағындағы сайлау науқанын Қапезге тапсырады. Кiрген жерiн бесiк, шыққан жерiн есiк етiп жүретiн Қапез халықты өз сөзiне тоқтатады. Сөйтiп, сауыншы депутат атанады. Арада төрт күн өткен соң, Сыдықов Нүсiпәлi, Қайыпов Қыдық, Әбiш, Саңқай дейтiн ауданның игi-жақсылары кешқұрым Қапездiң үйiне жиналады. Қонақтарға арнап қазанға ет салынады. Патефонды ойнатып қойып, бiр бұрышта отырған Қапездiң үлкен ұлы

Page 74: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

74

Нұржiгiт апақ-сапақта ауладан шыққан тосын дыбысты естидi. Далаға шықса көршi үйдегi Кеген аудандық атқару комитетiнiң орынбасары Таубек Намазбековтi ГПУ-дiң екi жендетi алдына салып айдап барады екен. Бұл жағдайды көрген Нұржiгiт шешесiне айтады. Екi көзi төрт болып Қапездiң жары отыр. Ет пiсуге тақап қалғанда үй иесi Қапез де келедi. Үйде отырған қонақтардың бәрi жақсы таныс, бiрақ «бiздiң үйге ат iзiн салмайтын Қыдықты мұнда қай Құдай айдап келдi екен?» деген күдiк-күмәннiң ортасында қалғаны да рас. Сол аралықта есiк қағылады. Шалқалай ашылған есiктiң арғы жағынан өңi өрт сөндiргендей екi-үш адам кiрiп келедi. Бiреуi Жаркенттен келген ұйғыр, Әзизов дейтiн ГПУ-дiң нәшәндiгi. Екiншiсi хатшысы, Қарағанды жақтан ауып келген, кезiнде Қапездiң шапағатын көп көрген адам. Үшiншiсi Өскенбай Өмiржанов дейтiн Қапездiң үйiнен неше рет дәм татқан азамат. Әзизов «дереу үкiмдi оқы» деп Өскенбайды түртпектейдi. Өскенбай: «Қапез талайларға пана болған, балалардың сауатын ашқан айтулы ағартушы ғой» деп ежiктей бастағанда-ақ көзi қанталаған Әзизов Қапезге өзiн тұтқындау туралы қағазды ұсына қояды. «Бәрiн түсiнiп отырмын, бюродан жаңа ғана шыққам. Дұрыс құзғындарым, тажал бiзге де таяған екен. Ей, Өскенбай! Мыналардың iшiнде сөз түсiнетiнi сен болуың керек, балаларымды қорқытпа. Дәл қазiр екi қызым, бiр ұлым ұйқтап жатыр. Ал мына Нұржiгiт 17 жаста, ол есейiп қалған, бәрiн көзiмен көрiп тұр. Аман болса келер ұрпаққа ақиқатты осылар айтады. Ал тiнтiңдер, менде қарағайдан ойып жасаған домбырадан өзге қару жоқ. Менде тек бөрi қайратты жүрек бар. Тәуекел, көрдiк басқа салғанды. Дәтке қуат!» деп Қапез жинала бастайды. Жендеттер қолға iлiккен қағаздарды теңдеп, Қапездi алдына салып айдап әкетедi. Бұл – 1937 жылдың 16 желтоқсаны болатын. 17 желтоқсан күнi Рысбек дейтiн мiлитса Әзизовтың нұсқауымен Қапездiң ұлы Нұржiгiттi айдап әкетедi. Дүниенiң қияметiн көрген сол Нұржiгiт бүгiнде 86 жастағы ақсақал. Алматы облысы Еңбекшiқазақ ауданында тұрады. Асылдың сынығы, тұлпардың тұяғы. Көрген-бiлгенiнiң бәрiн көңiлiне жасырған үкiдей ғана қара шалдан сөз сұрадық. Кесiлген бастың қанымен жазылған тарихтың көзi тiрi куәгерi ғой...

Алты шалды бiр түнде айдап әкеттi

– «Халық жауы» деп әкемдi айдап әкеттi. Ендi мұнысы «бөрiнiң бөлтiрiгi» дегенi ғой. Алдарына салып отырып оқалылардың ортасына алып келдi. Әзiрейiлдей болып төрде Әзизов отыр. Екi жағында екi милиция. Ол екi милицияның бiрi – Рабат Мәмбетов, уақытында әкем Қапезден сабақ алған, екiншiсi Мүлкiбай – Жалаңаштың учаскелiк инспекторы. Төрде отырған Әзизов: «Ей, жалмауыз паразит, арабша

Page 75: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

75

бiлесiң бе?» дедi. «Бiлемiн, әкем менi ерте оқытқан, артынша латын келдi, оны да бiлемiн» дедiм. «Ендеше оқы мынаны!» деп төтемен жазылған қағазды менiң алдына тастай салды. Оқыдым. Хат Қытайдан келiптi. Үркiншiлiкте Кеген, Нарынқол аймағынан Қытайға бiздiң көп ағайындар ауған. Үдере көшкен қазақтардың iшiнде Айса дейтiн бiр ұйғыр кетiп едi. Өте қазымыр адам. Тiршiлiгiнде әкеммен әңгiмесi жараспаса керек. Хатты ұйымдастырған сол найсап екен. Хаттың астына «Оразалы» деп жалған қол қойып, тiке Әзизовке жiберiптi. Самауырдан су ақса, «Самарқанды су алды» деп қара түндi қаптататын Әзизовке бұдан артық қандай iлгек керек? Хатпен танысып болған соң менi жендеттер наганымен ұрып-соғып мырзақамауға отырғызды. Ақыр соңында Әзизов «ГПУ-дың басшысы менi ұрып-соқты» деп бiреуге тiс жарып айтатын болсаң, мен сенi өзiм атып өлтiрем, шешеңе де айтушы болма» дедi де бес-алты күннен соң, менi босатты. Шешем екеумiздi әкеммен 15 минөт сөйлестiрдi. Iшкi істер министрлiгiнен үлкен пәгөндiлер келдi. Әкем алашақ-берешегiнiң бәрiн қағазға түсiрiп бердi. Сосын шешеме «ерiңе айтар сөзiң бар ма?» дедi. Шешем: «Балаларды оқудан шығарып жiбердi, ол аздай үйден қуып жатыр» дедi. Әкем: «Үйден қуса ауаткомға бар, балаларды оқудан шығарса аудандық оқу бөлiмiне бар. Қазiр менiң орнымда Мұса Яхияров дейтiн ұйғыр отыр. Айдалып бара жатқанда ақырғы айтқан өтiнiшiмдi жұтпас. Нұржiгiт ендi сен оқу iздемей-ақ шешеңнiң бiр жағына шығыс, қалғаны Құдайға аманат» дедi. Әкемдi сол айдағаннан Жаркентке апарды, одан Шамалған асырды, кейiн шүйдесiне шитi мылтықтi тiреп отырып Коми АССР-iнiң Ухта қаласына апарып бiрақ жауыпты. Сол кеткеннен мол кеттi. Екi аралықта соғыс басталды, менi соғысқа алмай Қарағандыға, КАРЛАГ-қа айдады. Нарынқол, Кеген және Ұйғыр ауданынан бай-құлақтың тұқымы деп 1500 адамды қойдай иiрiп әкелiп тас көмiрге салды да жiбердi. Сосын бiр күнi шахтадан қашып шықтым. Түкiргенiң – таскөмiр. Нан жеу керек, бiр бөлке – 150 сом тұрады. Еңбек қылып нан тапсам деп базарға бардым. Мына қызықты қараңыз, Қарағандының базарында бiздiң ауылдан айдалып кеткен Сейсебай дейтiн құмалақшы шал отыр. Бұл кiсiнiң қалай қуғындалғанын бала күнiмiзде естiгенбiз. Әйгiлi Мәртөбенiң үстiнде бас қосатын алты шал бар едi. Бiр күнi сол шалдардың бiреуi түс көрiптi. Оны келесi бiр ақсақал «ендеше түптiң түбiнде совет өкiметi құлап, басқа өкiмет орнайды екен» деп жориды. Қалғандары «Аллаху акбар» деп бет сипап, қоштап бередi. Жотаның басындағы осы әңгiменi iргеде бұғып жатқан орманшы естiп қалып, дереу КГБ-ға жеткiзген. Iле-шала алты шалды қара мәшинеге салып алып кеттi, содан ол кiсiлер iз-түссiз кеткен. Солардың iшiнде кеткен Сейсебай шал алты жылын өтеп, сол Қарағандыға жер аударылған кезi екен. Қарғандыда кездескенiм сол шал. Әлмерек деген жалғыз баласы

Page 76: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

76

Октябрь колхозында есепшi едi. Ол менiң әкемдi жақсы бiлетiн. Сосын «Ассалаумағаләйкум Жәке-ау, мен Әлмерегiңмiн ғой» деп құшақтай алдым. Сейсебай сол жерде талып жығылды. Айналада жүрген адамдар «мынау бiздiң құмалақшымызды талдырып қойды» деп менi жазғырып, киiмiмнiң дала-даласын шығарды. «Мен бұл кiсiнiң баласымын» дедiм. «Шал айтсын» дедi. Хан базардың iшiндегiлер су бүркiп Сейсебайды тiрiлтiп алды. Сосын ол кiсi: «Ол – менiң ұлым, тимеңдер!» дедi. Сонда Сейсебай 88-де екен. Шал менi жетектеп отырып жататын жерiне алып келдi. Ол үй Қарағандыдан сегiз шақырым жерде, Нұра өзенiнiң жағасындағы Тельман дейтiн колхозда екен, бiр кемпiрдiң үйi. Жол-жөнекей болған жағдайдың бәрiн айттым. «Қайран, Қапез! Ол да ұста- лып кеткен екен ғой...» деп жолда көзiнiң жасын бiр сығып алды. Сосын: – Сен ендi Әлмерексiң, менiң баламсың. Қазiр барған үйде солай айт, – дедi. Солай айттым. Түйенiң сүтiн бердi. Ұстарамен шашымды алып, жуындырды. Шалдың үйiнде 15 күн жатып, тынықтым. Сосын мен: «Жәке-ау, сiз маған ере алмайтын секiлдiсiз. Мен ендi осы Қарағандыдан жаяу тартып отырып Жалаңаштың желкесiндегi Тоғызбұлаққа жетуiм керек. Жол жағдайын қағазға түсiрiп беретiн адам табыла ма?» дедiм. Сейсебай шал тiлдей хат жазып берiп: «Осыдан заулап отырып қашқан бойда Ақтоғайға барасың. Жолда ұсталып қалмасаң, бес-алты қонып Қарқаралыға жетесiң. Қарқаралының бөктерiндегi үлкен тауға шық, аяғың бүлдiрген мен малинаға боялады. Күнi бойы сол бүлдiргендi жеп жат, қас қарайғанда таудан төмен сырғанап түссең, Қарқаралы ауданы- ның үстiнен шығасың. Ауылдың шетiне iлiккен бетте «Бурабай шалдың үйi қайсы?» десең, кез келгенi көрсетiп бередi. Тоқсанның төртеуiне келiп отыр. Сақалы белуарына түскен, екi әйелi бар көнекөз. Мына хатты сол Бурабай қартқа берсең, саған Жалаңашқа барар жолдың кестесiн сызып бередi» дедi. Бұрын Бурабай да түрмеде болған екен. Құлжаға неше рет барып қайтыпты. Содан жаяу-жалпылап Қарқаралыға жеттiм. Шалдың үйiн тауып бардым. Үйiне кiрдiм. Қазанда сары iрiмшiк қайнап жатыр. Бурабай шал төрде жатыр екен, тiзе бүгiп сәлем берген соң хатты ұсындым. Оқыды «Арабша бiлесiң бе?» «Бiлем». Сақалы белуарына түскен Бурабай шал сонау Қарқаралыдан Жалаңашқа дейiн барар жолдың жоспарын келiстiрiп тұрып арабша жасап бердi. Кәдiмгi жалғыз аяқ, аткештiнiң жолына түзiлген карта. Қолыма төрт тараптың бағытын бiлдiретiн компас бердi. «Қарағым, негiзгi бағытта күннiң шығысын бетке ал, оң қолыңда түстiктi бетке ал, сол қолыңда артыңа қарап батыс бағыттан тайма. Күндiз тынығып, түнде айдың жарығымен ғана жүрiп отыр. Арбаның, көлiктiң жолына түспе, жалғыз аяқ жолмен жүр, мiне жолың!» дедi. Тарттым да кеттiм.

Page 77: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

77

соғыстың аяқталғанын Жаркентте жатып естiдiк

Қарқаралыдан шығып, Жданов колхозына тақай бергенде бұршақ құйып жiберді. Ағашты қалқалап жата қалдым. Сол сәт ту сыртымнан екi адам келiп қалды. Бiреуi ұзындау, тегi орысқа ұқсайды, екiншiсi аласа бойлы қазақ жiгiтi. Сөйтсем, олар Кузбастың шахтасынан қашып келе жатқан мен сияқты қашқындар екен. Олардың шыққанына бiр айдың шамасы болыпты. Қазақ жiгiтi – Қырғызстаннан, татар жiгiт – Семейден. Бұршақ басыла бере Қарқаралы жақтан үш салт атты көрiндi. Бас киiмдерi жылтылдап келедi, КГБ-нiң адамы екенi алыстан-ақ менмұндалап тұр. Таяп келгенде-ақ қамшыларын үйiрiп салды. «Соғыстың қайнап тұрғаны анау, сендердiң қашып жүргендерiң мынау» деп сабалап ала жөнелдi. «Соғысқа жiбермесе қайтiп барамыз?» дедiм. Алдарына салып алып Жданов колхозының бастығының үйiне әкелдi. Қасымдағы екi жiгiттi екi бригадирге бердi. Менi колхоз бастықтың үйiне қалдырды. Сол жерде жиырма күндей болдық. Қырманға шықтық, бидай сапырдық. Қара жұмысқа әбден жегiлдiк. Менi үй иесiнiң бәйбiшесi кiрпiк қақпай бақылап жүредi. Бiр күнi колхоз бастықтың ағайыны, үлкен бiр беделдi адамның асы болды. Сөз ұстаған адамдардың мәзiрiн сауындатып тұрып таратады ғой. Жан-жақтан көп адамдар келдi. Түйесi де, биесi де сойылды. Қашудың бұдан артық ретi келмейтiнiн сездiм. «Олар тойға айналғанда, бiз қойға айналайық». Әлгi екi серiгiме «бүгiн түнде қашуымыз керек, ас болып жатқан үйдiң төменгi жағында, ақырғы киiз үйдiң iргесiндегi шидiң түбiнен үш рет ысқырамын» деп хабар айтып қойдым. Уәде бойынша үш рет ысқырған бетте шидiң түбiне арқаларында дорбалары бар, екеуi келдi. Асқа келгендердiң қонаға қалғандары аттарын матастырып байлап қойыпты. «Басқасына тимеңдер, мына тор биенi шешiңдер» дедiм. Алдына мен мiндiм, менiң артым Тұрапбай, одан соң татар мiндi. Судан өтiп алған соң тор биенiң шылбыр-тiзгiнiн түрiп, қайтып қарсы бетке айдап жiбердiк. Жылқыны алып кетсек, қуғынның көкесi сонда болады. Оларға адам емес, ат керек. Содан түнде айдың жарығымен жүрiп отырамыз, кейде елсiзде күндiз де жүремiз. Сөйтiп, Алматыға жеттiк. Қырғызстанның жiгiтiн тауар таситын пойызға салып жiбердiм. Татар Семейде тұратын әкпесiне кеттi. Мен он бiрiншi күн дегенде, Шет Меркiнiң қабағына iлiндiм. Сәт Қазақстанның жұрты бiр алаңқай- ға кәртөшке егiп қойыпты. «Туған топыраққа жеттiм бе?» деп бiр түп картопты қазып жiберiп, қабық-сабығымен шикiлей қаршылдатып жеп жiбердiм. Тоғызбұлаққа, үйге келдiм. «Халық жауының» әйелiне үй-жай бере ме? Бiр лашықта отыр екен. Терезенi шүберекпен түрiп қойыпты. Iштен Мәйкө, Шөке деген екi қарындасымның дауысы шығады. Мәйкө Қарағандының ФЗО-сынан бiр ай жүрiп келiптi.

Page 78: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

78

Жылап-сықтап көрiстiк. «Дауыстарыңды қатты шығармаңдар, қашып келдiм. Мен екi шешеме жолығып, беттерiнен сүйем, сосын қайта ұстап әкетсе де өздерi бiлсiн» дедiм. Өз шешем Жiбекке, құлағыма сырға өткiзiп бауырына басқан үлкен шешемнiң алдына келiп жығылдым. «Сенi қайта айдап кетедi ғой» деп екеуi де жылап қоя бердi. Сосын үлкен шешем «колхоз бастық Тұрғанбекке барып амандас, сені алып қалса сол алып қалады» дедi. Iргедегi Жуантөбеге бардым. Көрiстiк. «Қайран Қапезiмнiң баласы-ай! Сенiң де көрмегенiң қалмады ғой» деп ол өксiп кеттi. Шәйдi ауызға ала бергенде сөмкесi мен наганын салақтатып Мүлкiбай дейтiн мiлитса да жеттi. Ол келе сала «Саған iздеу салғалы бiр ай болды, одан берi қайда жүрсiң?» «Жолда жүрдiм, аң секiлдi жорттым, мал сияқты жайылдым. Келдiм, шешелерiмнiң бетiнен сүйдiм. Ендi не iстесең, соны iсте». Мүлкiбай: – О, Құдайдың құдiретi, – дедi колхоз бастыққа қарап тұрып. – Әкесiн де айдап апарып өткiзiп едiм, бiрақ Қапездiң баласын айдаймын деген ойымда болып па едi. Ендi амал жоқ, бұл баланы Жалаңашқа алып кетемiн, – дедi. Тұрғанбек Баймұқан дейтiн шаруашылық бастығына бұрылып: «Жақсы жүрдек атты ер-тоқымымен алып кел, Қапездiң баласы мiнiп барсын» дедi. Оның қолынан басқа не келсiн?..

Сонымен тау мен таста қашып жүрген «халық жауларының» тұқымдары Жалаңашта үш ай жаттық. Күнде әкелетiнi бiр қағаз. Кiлең жала. «Басымды алыңдар, тiлiмдi кесiңдер, бiрақ мұндай жалалы нәрсеге қол қоймаймын. Кiнәм болса мойныма қойып тұрып атыңдар» дедiм. Тепкiлеп ала жөнелдi. Содан 1944 жылдың 6 қарашасында қырбақ қар жауған, сол қырбақпен алты адамды этаппен айдап отырып Ұйғыр ауданына қарасты Қырғызсайға өткiздi. Жолда Шошанайға қондық. Әкемдi ұстап әкетердiң алдында көршiмiз Таубек Намазбековтi екi жендеттiң айдап әкеткенi жайлы баяндадым ғой. Сол Таубек ақталып шығып, Шошанайда колхоз бастығы екен, сол үйге қондық. Менi көрiп шешесi мен әйелi жылады. Сосын Таубек: – Әкең айдалып бара жатқанда «елге аман оралсаң, ұлымның бетiнен үш қайтара сүйшi» деп аманат айтып едi, ол аманатын орындадым, – деп бетiмнен сүйдi. – Мен ертең бiр тандыр нан пiсiртiп Қырғызсайдағы түрмеге барамын. Мiлитсаның бастығымен сөйлесейiн, – дедi. Бiздi Қырғызсайға апарып жапты. Ертесi күнi сағат он шамасында Таубек әйелi екеуi келдi. Нанды молынан әкелiптi. Маған сегiз жыл кесiлгенмен Таубек хабардар. Ол мiлитсаның бастығымен тату көрiнедi, екеуi сөйлестi. Хатшысы менiң аузымнан шыққанның бәрiн жазып алды. Сосын КСРО-ның Бас прокуроры Вышинскийге арыз жазды. Жедел жететiн түрде жөнелттi. Оның ақшасының бәрiн Таубек төледi. Сонымен бiз этаппен айдалған күйi Жаркентке өттiк. Бiз соғыстың аяқталғанын сол Жаркентте жатып естiдiк. Бiр жыл өткен соң Вышинскийден хабар жетiп менi босатты.

Page 79: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

79

Ең ақырғы рет Талдықорғандағы қант зауытының iргесiнде колониядан босап шықтым.

Әндер қалай жазылған?1931-33 жылдардағы сталиндiк геноцид тұсында аштыққа ұрынған

халықтың қайғы-қасiретiн Қапез осы «Айхай» әнiне арқау еткен. Әндi өзiнiң сенiмдi достарының ортасында, көбiне үйде жеке отырғанда ғана орындаған екен. Бұл әндi оған Ораз Жандосов, Ыдырыс Көшкiнов, Нұрбек Балабеков, Майлы Ормановтар ғана айтқыза алған.

Айхай

Аналары айрылған, баласынан,Айрылған балалары анасынан.Жетiм, жесiр, жетiмек ашыққан соң,Сабанның дән iздейдi арасынан.

қ-сыАйхай, ауыр күн-ай!Жазатын күн бар ма екен бауырымды-ай.Айхай! Қазағым-ай, арылар күн бар ма екен азабыңнан?!.

Күнiң қайда кешегi ән iздеген,Сайрандап, сауық құрып, сән iздеген.Қара түнге тап болдың күндiз-түнi,Iнiнен сұр тышқанның дән iздеген.қ-сыҚара түнек қаптады аспанымды, Қайтейiн аш мұңынан басқа мұңды,Мұңаймаңдар, бауырлар, мұңаймаңдар,Көтеретiн күн туар бастарыңды.

қ-сыАйхай, ауыр күн-ай!Күн туар жазатұғын бауырыңды-ай.Айхай! Қазағым-ай, күн туар арылатын азабыңнан.

1937 жылы күзде бiр-бiрiн сатпауға уәделеспек болған бiр топ зиялылар Қапездiң үйiнде бас қосады. Әңгiменi қалай бастаудың жөнiн таппай отырған жұртқа Қапез «Дүние-ау» әнiн айтып бередi. Сөйтiп, ән арқылы серттескен дейдi сарытап тарих. Бiрақ, 1937 жылы бәрi ұсталып, алды ату жазасына, арты итжеккенге айдалып кетедi.

Page 80: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

80

Дүние-ау

Жапалақ жалп етедi жар басында,Немене жоқтың күнi бар қасында.Дос болып қас қылғаннан сақта Құдай,Қасқыр да қас қылмайды, дүние-ау, жолдасына.

қ-сыАқтоғай, Кеңсу, Арал, Орта Меркi,Айдында аққу жүзсе елдiң көркi.Адамдар бүгiн тату, ертең араз.Берген соң бұзылмасын, дүние-ау, ердiң сертi.

Қасқыр да қас қылмайды жолдасына, Болмаса бiр арамдық өз басына.Жер бетiн топан қаптап кетсiн мейлi,Түбiнде өзен ағар, дүние-ау, арнасында.

Бұл – Қапездiң 1937 жылы айдалып бара жатқанда шығарған әнi. Қапезбен бiрге 300-ге жуық адам Кегеннен Қырғызсайға, одан Алматыға айдалған. Ел-жұрт Қырғызсайға дейiн жаяу ерiп барады, сонда Қапез жол бойы осы әндi айып барған дейдi көзкөргендер. «Қапездiң әнi» «халық жауы» болып айдалғандармен бiрге Барнауылға, Иркутскiге, Ухтаға, тiптi Мурманскiге дейiн жеткен.

қапездiң әнi

Алаш қонған ақ боз үй бос қалды ма?Жетiм-жесiр қасында дос қалды ма?Өкiнбейiн десем де өзегiм өрт,Өтiп кеттi-ау дүние қас-қағымда.

қ-сыАй, әзәзiлге сендiң бе?Айтқанына көндiң бе?«Халқым» деген Қапездi,«Жау» деп ұстап бердiң бе?Итжеккенге айдаған, Әзизовтiң әлегi.Бұлбұл құстай сайрағанБұл Қапездiң әнi едi.Илигай-оу....

Page 81: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

81

Бұл – Қапездiң өзiн, елi мен жерiн таныстырған әнi. Әнге арқау болған жер – Жетiсудың қайталанбас ұлы ақыны Iлияс Жансүгiровтiң жырларындағы әйгiлi үш Меркi – Қапездiң туаған өлкесi. Бұл ән қазiр ел iшiнде кеңiнен айтылып жүр.

Меркi

Бiздiң ауыл шұрайлы, Тоғызбұлақ, Семiрген тұра алмайды, өгiз құлап.Кейбiр жаман тамшыға, жете алмайды, Дәметiп жаратқаннан, теңiз сұрап.

қ-сыАхоу, Орта Меркi, Шет Меркi,Меркi, Меркi, Қарқара,Кегенменен жердiң көркi.

Бiлiм алдым Ыстамбұл, қаласынан,Алаштың тәлiм бердiм, баласына.Өлгеннен соң құр жылар, тiрiсiнде,Кiм жетер азаматтың, бағасына.

Он жасымда қайтейiн, бала болдым,Он бесте жолымды iздеп, дала қондым.Отызымда ағайын, ашыққан соң,Бiр өзiм алпыс үйге пана болдым.

P.S. Бүгiнгi күнi дәстүрлi әншiлердiң iшiнде Қапездiң қазынасын халыққа жеткiзушi өнер иелерi некен-саяқ. Қапез мұраларын мықтап қолға алған талантты әншілер Рамазан Стамғазиев пен Ғалымжан Досанұлы. Ғалымжан екi жастың бiрiне келмей бақилық болды. Бiрақ Қапездiң әндерiн алғаш кәсiби деңгейде орындап, жаздыртып кеткен сол Ғалымжан. Қазiргi кезде ғажайып әншілер Рамазан Стамғазиев, Тілеулес Құрманғалиев, Ардақ Балажановалар баба мұраларын кәсіби сахналарда орындап жүр. Тәуба!

Page 82: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

82

БiртуАрДінмұхамед Қонаев хақында

Ұлтарағыңнан сыз өтiп, ұстараңнан жүз кетiп тұрған сұрқай шақта Жаратқанға жалбарынып бiр ұл сұрадың, қазақ!

Алаш арыстары атқа қонған ХХ ғасырдың басында бармағы шайнауда жүрген қаймана қазақтың бесiгiне қаһары бөлек Құдай құлдыраңдатып бiр ұл берген. Сосын құлағының түбiне ақ қанатты перiштелер «Дiнмұхамед! Дiнмұхамед! Дiнмұхамед!» деп үш мәрте айқай салыпты. Сол ұл шыңылтыр жалғанның шырғасына iлiнбей 40 жыл қазақ қоғамының босағасын күзеттi. Қыштан құйған Кремльден ақырып болмаса да, аһ ұрып жүрiп теңдiгiңдi сұрады.

Бағын тағына байламаған патшалардың асылы – Қонаев!Қазақтың Ары мен Ұятына баланған – Қонаев!Тәумендi тағдыр кешiп жүрiп, Тәуелсiздiгiңдi аңсады.Тәспi тартқан тәуелсiз шалдар қазiр сөздерiн осылай сабақтап жүр.

Тұлпар-ғасыр тақымнан «бұлт» еткен шақта өз үйiн 18 000 теңгеге жекешелендiргенiн де сол шалдар айтты...

Шын таудың алыстаған сайын шыңға айналатыны рас болып шықты. Қонаев туралы тұғырлы сөз ендi басталатынға ұқсайды.

Ұшар басына көз жетпес Қонаев шыңына – 95 жыл....Бүгiн бозала таңда бiздiң шаңыраққа қошқардай бiр ұл бердiң,

Жасаған!Кебiсiн өкшелей киген кәрi шешем сүлдерiн сүйретiп перзентханаға

қарай жүгiрдi. Жол бойы «Дiнмұхамед! Дiнмұхамед! Дiнмұхамед!» деп азан шақырып келедi.

«қонаев Брежневке де өтiнiш жазған»

Анатолий Иванұлы горЬяИНоВ. Дiнмұхамед қонаевтың жеке оққағары. кгБ қызметкерi. Димаш Ахметұлының қауiпсiздiгiн қамтамасыз еткен арнайы бөлiмшенiң бастығы болған:

– Мен 1966 жылдан бастап КГБ-ның тергеу бөлiмiнде жұмыс iстедiм. 1972 жылы комитеттiң кадр жөнiндегi басшылары менi 9-бөлiмге ауыстыратынын, Қазақстанның бiрiншi хатшысы, саяси бюро мүшесi Қонаевтың қауiпсiздiгiн осы бөлiмше қамтамасыз ететiнiн айтты. Басшылыққа сенiмдi ақтайтынымды айттым. 1972 жылы 28 сәуiрде сағат 16.00-де Қонаевтың қабылдауына келдiм. Ол кезде үкiмет үйi ескi алаңда болатын. Қонаевтың кеңсесi – төртiншi қабатта. Қабылдау бөлмесiнде Зинаида Хасанқызы, қарсы кеңседе көмекшiсi – Дүйсетай Бекежанов отырды. Қонаевтың кеңсесiне үш адам кiрдiк – бастығым, Дүйсетай және мен. Кiрген бетте әскери түрде келгенiмдi баяндадым. Орнынан тұрып келiп қарсы алды. Бетпе-бет отырып сөйлестiк.

Page 83: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

83

Бiрiншi сауалы «iшiмдiкке қалайсың?» болды. «Кiм iшпейдi, iшемiн» дедiм. «Қанша iшесiң!» «Көңiл-күйге қарай». «100 грамм, 200, 300, ...жарты литр iшесiң бе?». Алғашқы әңгiме солай көңiлдi басталған. Бiр кезде «жұмыс iстеймiз бе?» дедi. «Iстеймiз, Димаш Ахметұлы!» дедiм. Сол 1972 жылдың 28 сәуiрiнен бастап өмiрiнiң соңына дейiн Қонаевтың қасында болдым. Димекең зейнеткерлiкке шыққанда мен де өз өтiнiшiмдi жазып, жұмыстан кеттiм. Қонаев кеткен күнi менiң көмекшiлерiм Амангелдi Шабдарбаев, Паберес, Абдуллин, жүргiзушiлер құрамы, аспазшы, Қонаевтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз еткен қызметкерлер түгел жұмыстан кеттi. Бұлардың бәрi де КГБ-ның мектебiнен өткен офицерлер. Мен 1988 жылға дейiн сол кiсiнiң үйiнде тұрдым. Ақырғы кезге дейiн сырлас, сыйлас болдық.

Мен ол кiсiге жан-тәнiммен берiлiп қызмет еттiм. Қарамағымдағы жiгiттер де аянған жоқ. Күндiз-түнi амандығын, саулығын тiледiк. Қонаев өз басындағы жеке көңiл-күйдi қызмет бабына араластырған емес. Әрбiр азаматпен жеке-жеке сөйлесетiн. Өзiн мойындата бiлдi. Бюрократ болған жоқ. Қаншалықты ұлық болса, соншалықты кiшiк болды. Қарамағындағыларды телефонмен өзiне шақыртып алуды мәнсап санамайтын. Тiптi бөлiмдерге дейiн кейде өзi баратын. Орта Азия республикаларының бәрi Қонаевты лидер санады. Жиi ақыл-кеңес сұрап тұрды.

Әрине, ауыр кезеңдер болды. Мәселен, Хрущевпен жұмыс iстескен кез. Абырой болғанда, Хрущевтiң билiгi ұзаққа бармады. Брежневпен және саяси бюро мүшелерiнiң бәрiмен жақсы болды.

Қонаев егiстiк кезiнде Қазақстанды мiндеттi түрде екi рет аралап шығатын. Мұның сыртында зауыт-фабрикалар тағы бар. Нанның оңай келмейтiнiн жанымен түсiнген адам.

Мен өзiм басқарған салаға қатысты сан алуан әңгiме айтуға болады. Бәлкiм, құпия да ұстау керек шығар...

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы кезiнде мен жанында болдым. 1986 жылы 5 желтоқсанда бiз Мәскеуге бардық. Зуһра Шәрiпқызына операция жасалды. Ол сол жолы Горбачевқа жұмыстан кету жөнiнде өтiнiш алып барғанын мен алдын ала сездiм. Маған бұл жөнiнде оққағар Алмас Абдуллин, көмекшi Бекежанов та айтқан жоқ. Бiр кезде Қонаев маған: «Менiмен бiрге Кремльге барасың ба?», – деп сұрады. Мен: «Ондай мәселемен бара алмаймын», – дедiм. Ойымның астарын Қонаев бiрден түсiндi. Сосын Қонаев: «Онда бiз Зуһра Шәрiпқызына кiрiп шыққан соң Кремльге барамыз», – дедi. Бекежанов елшiлiкке кеттi. Мен Мәскеудегi өкiлдiкте қалдым. Бiр кезде Алматыдан телефон шалынды. «Дүйсеке, қалай? Қожайын қағазды алып кiрдi ме?», – дедi бейтаныс дауыс. «Дүйсетай жоқ» дедiм. Тұтқа қойылды. Демек, Димекең өтiнiштi анық алып барған. Бұл жөнiнде Дүйсетай да жақ ашқан жоқ. Бiз 14 желтоқсан күнi Зуһра Шәрiпқызын Мәскеуден алып

Page 84: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

84

келдiк. 15-i үйде болдық, 16-сы 15 минуттық пленум, 17-18-i көтерiлiс. Сол көтерiлiстi де Горбачев Қонаевқа жапты. ЦК-ның кадрлар жөнiндегi хатшысы Разумовский келгенге дейiн кiм бiрiншi хатшы болатыны белгiлi-тұғын, ол өзiмен бiрге Колбиндi алып келдi. Одан кейiнгi жағдай бәрiмiзге мәлiм. Шетiмiзден қудаландық, партиядан шығарылдық.

Димаш Ахметұлы 1974 жылы мамырда инфаркт алған. Сол кезде Қонаев Брежневке де жұмыстан кету жөнiнде өтiнiш жазған. Бiрақ Брежнев қабылдамады.

«Жүрегiмнiң жартысы Алакөлде қалды»

– Александр Владимирұлы гойкоЛоВ, Дiнмұхамед қонаев- тың аспазы және жүргiзушiсi болған. қазiргi күнi отставкадағы офицер. Өмiрiнiң соңына дейiн қонаевтың қасында көмекшiсi, аспазы, жүргiзушiсi болған. Алып адамның ақтық демi үзiлген Алакөл сапарында дәл осы саша есiмдi самдағай орыс жiгiтi болған.

Александр гойколов: Саяси бюро мүшелерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн әр азаматқа жүктелген мiндеттер болатын. Мен негiзiнен тамақтану мәселесiмен айналыстым. Ол кезде саяси бюро мүшелерiнiң қорғаныс, транспорт, тамақтану мәселелерiнiң бәрi қауiпсiздiк комитетiне қарайтын. Мен комитеттiң нұсқауымен жоғарыдағы қызметке 1979 жылы келдiм. Содан бастап демi үзiлген сәтiне дейiн 16 жыл Қонаевтың жанында болдым. Ал мұндай жауапкершiлiкке ие болу үшiн қаншама сүзгiден, сынақтан өту керектiгiн iшiңiз сезiп отырған шығар. Мен шаруа отбасында дүниеге келгем. Қонаевпен етене жақын жұмыс iстеймiн деген ой өңiм түгiл түсiме де кiрмеген. Ол кiсi екеумiз бiрде әкелi-балалы адамдардай, бiрде өмiрлiк дос секiлдi тағдыр кештiк. «Халыққа жақын жүргеннiң қадiрi қашпайды» дегендi жиi қайталайтын. Өзi де өмiрi халықтан алшақтаған емес. Қиналған кездерiмде сол кiсiнiң ақыл-кеңестерiне жүгiнем.

Желтоқсан оқиғасы Қонаев үшiн қиын кезең болды. Желтоқсан оқиғасынан кейiнгi жылдар, тiптi ауыр тидi. Желтоқсан оқиғасы кезiнде мен ол кiсiнiң жанында болдым. 16 желтоқсан күнгi кеште Михаил Горбачевтiң Димаш Ахметұлына телефон шалғаны да жадымда. Ол кiсi өз үйiндегi демалатын шағын бөлмеде жеке дәрiгерi Ахат Әмiнұлы- ның нұсқауы бойынша денешынықтыру шаруаларымен айналысып жатқан. Өз кезегiнде телефон тұтқасында Горбачев алаңдағы жағдайға байланысты Қонаевты айыптағанға ұқсайды. Шын мәнiнде Қонаев ондай арандатушылыққа баратын адам емес. Ол өз ұлтын шексiз сүйдi. Кез келген жағдайда жол таба бiлдi. Барлық жағдайға жiтi сараптама

Page 85: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

85

жасай алатын. Сондай көрегендiгi Қонаевты сантүрлi тығырықтан алып шықты.

Қонаевтың жады сұмдық күштi болатын. Жекелеген кәсiп иелерiнiң аты-жөндерiн, атқарған жұмыстарын ешқашан ұмытпайтын.

Кез келген адамның деңгейiне түсiп әңгiмелесе алатын. Жазушымен де, жұмысшымен де, саясаткермен де, тарихшымен де, бақташымен де тең дәрежеде сөйлесетiн. Қазақтың тарихын, салт-дәстүрiн жақсы бiлетiн. Соншалықты данышпан бола тұра Қонаевтың асқақтап сөйлеген сәтiн көргем жоқ. Димаш Ахметұлы юморды өте жақсы қабылдайтын.

Димаш Ахметұлы: «Мен капитализмде дүниеге келдiм, коммунизм- де өмiр сүрдiм, қайтадан капиталистiк қоғамда дүниеден өтетiн шы- ғармын» дегендi жиi айтатын. Солай болды да.

Зейнеткерлiкке шыққаннан кейiн де Қонаев елдегi әлеуметтiк жағдайды өз тарапынан жiтi сараптап отырды. Негiзiнен нақтылы дерек-дәйекке жүгiнетiн. Өзi басқарған тұстағы Қазақстан жайлы нақтылы көрсеткiштермен бiрнеше деректi кiтап жазды. Ел iшiн жиi аралап, ақсақалдармен, ел азаматтарымен жиi кездесiп жүрдi. Жұмыстан қолы қалт еткенде жары екеуi Алатаудың етегiне барып аз-кем серуендейтiн.

Қонаевтың жары – Зуһра Шәрiпқызы жайлы әңгiме мүлде бөлек. Екеуi бiрiн-бiрi толықтырып тұрған әлем едi. Зуһра Шәрiпқызы үлкен мәдениеттiң, ақыл-ойдың иесi, Қонаевтың тiрегi болды. Әрине, ол кiсi Қонаевтың ел басқару iсiне, жекелеген кадрлық ауыс-түйiске араласқан жан емес.

Ал Қонаевтың тамақтану мәселесiне келетiн болсақ, негiзiнен дәмдi басылған палауды жақсы көретiн. Шығыстық ерекшелiктердi қатаң сақтай отырып кейде палауды өзi пiсiретiн. Манты тағамын өте жақсы көретiн. Кейде Димаш Ахметұлына Зуһра Шәрiпқызы татардың құлама секiлдi ұлттық тағамдарын да жасап беретiн. Бұл – кәдiмгi қазақтың бесбармағы секiлдi тағам. Ал Димекеңнiң қазақтың кәдiмгi асылған етiне деген сүйiспеншiлiгi бөлек болатын.

Мен Қонаевпен сан сапарға шыққам. Бiрақ ең соңғы Алакөл сапары менiң жүрегiмнiң жартысын жұлып кеттi. Бұл сапардың алдында ғана Димаш Ахметұлын Шымкент қаласында болған үлкен iс-шараға шақыртқан, соған қатысып қайтқанбыз. Сол аралықта Мұхаметжан Тынышпаевтың айтулы тойы болатын болды. 1993 жылы 19 тамыз күнi бiз Қонаевтың жеке дәрiгерi Ахат Әмiнұлы, Димекең үшеумiз жолға жиналдық. Жол бойы Қонаев Үшаралға тоқтап, қымызханада үлкен ақсақалдармен жүздесiп, әңгiмелестi. Сосын Тiк-тiк өзенiнiң бойындағы резиденцияда бiр күн қондық. Сол жерге Қызылащы кеңшарының төрағасы жолдасымен келiп, елдiң дәм-тұзы ретiнде былқыған жылқы етiн әкелiп, ауыз тигiздi. Төрағамен ұзақ әңгiмелестi. Қызылащы кеңшарының құрылуы, басқарған басшылары, олардың

Page 86: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

86

қол жеткiзген табысы жайлы Димаш Ахметұлы нақты деректермен сөз тарқатты. «Черкасская оборона» ауылында болып, Тынышпаевтың тойына қатысты. Мектептiң лентасын қиды. Кеңшар басшысы Қонаевтың кемел жадына айрықша таңдай қақты. Көп ұзамай бiз Алакөлдiң Жоңғар Алатауы жағында орналасқан демалыс үйiне тоқтадық. Үшаралдан Алакөлге келе жатқанда көлiк iшiнде Димекең басын Қызылащы кеңшары төрағасының иығына қойып ұйықтап кеттi. Алакөлде 3-5 күнге демалуды Димаш Ахметұлы алдын ала жоспарлап жүрген. Демалыс үйiнде керемет бильярд үстелi болатын. Димаш Ахметұлы бильярдты өте жақсы ойнайтын, аз-кем бильярд ойнадық. Катермен көлге шығып серуендедiк. Көңiл-күйi жақсы болатын. 22 тамыз күнi Димаш Ахметұлы кенеттен «жиналыңдар, Алматыға қайтамыз» дедi. Кешқұрым болып қалған. Жолға шығардың алдында тамақтанып жатқанбыз. Димаш Ахметұлы асқа тәбетiнiң жоқтығын, сәл демалатынын айтты. Аз уақыттан соң, Ахат Әмiнұлы Димаш Ахметұлының жағдайын бiлуге кiрген. Iле-шала қайта шығып, Димекеңнiң жағдайы болмай тұрғанын айтты. Жүгiрiп жеттiм. Ахат Әмiнұлы медициналық шаралардың бәрiн жасап жатыр. Димаш Ахметұлы сөйлеуден де қалып кетiптi. Мен кеуде тұсын басып, қолдан тыныстандыруға әрекеттендiм. Аузынан үрледiм. Жүрек талмасы ұстаған екен. Тағдырдың басқа салғанына нендей айла-амал қыласың? Қолымыздан ештеңе келмедi...

«тынышпаевқа бармау – көргенсiздiк»

Фарида Насреддинқызы НЫҒМАтуЛЛИНА, 1935 жылғы, қарағанды облысының тумасы. Фарида апай табаны күректей 23 жыл Дiнмұхамед Ахметұлының жеке шаштаразы болып қызмет iстеген. қазiргi күнi Алматы қаласы әкiмшiлiгiнiң бiрiншi қабатындағы шаштаразда қызмет етедi.

Фарида Нығматуллина: Мен үкiмет үйiне жұмысқа 1970 жылы келдiм. Ол кезде үкiмет үйi ескi алаңда болатын. Бүгiнгi Алматы қаласы әкiмшiлiгi орналасқан бұрынғы резиденция жаңа салынып жатқан. Үкiмет үйiнiң шаштаразында ерлердiң шашын қиятын екi маман жұмыс жасайтын. Менiң Қонаевтың жеке шаш қиюшысы қызметiн атқаруым күтпеген жерден болды. Бiрде Қонаевтың жеке оққағары келдi, қазақ жiгiтi едi. «Қабылдау бөлмесiне барамыз» дедi. Кiмге, не үшiн баратынымызды айтпады. Сәлден соң жоғарғы қабатқа көтерiлiп, Дiнмұхамед Ахметұлының қабылдау бөлмесiне келдiк. Сонда барып жағдайға қанықтым. Қонаевтың өз кеңсесiне кiргенде қатты толқып кеттiм.

«О, қарындас келiп қалыпты ғой!» дедi. Қазақша. Мен, тiптi, сол кезде амандасқан-амандаспағаным да есiмде жоқ. Оққағары орындық,

Page 87: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

87

айна орналасқан шаш қию бөлмесiн көрсеттi. Қобалжығаннан ба, реңiм қызарып кетiптi. Артынша бөлмеге Димаш аға кiрдi. Шаш қиятын орындыққа отырды. Қолым дiрiлдеп тұр. Менiң қобалжып тұрғанымды сезсе керек, «қысылма, қатардағы азаматтардың шашын қалай қиып жүрсең, дәл солай қия бер» дедi. Бiрден шаруама кiрiсiп кеттiм. Атымды, туған жерiмдi, әке-шешемдi, бала-шағамды, бәрiн тәптiштеп сұрады. Шашын да қиып жатырмын, сауалына да сәтiмен жауап бердiм. Содан бастап мен Қонаевтай ұлы адамның тұрақты шаштаразы болдым.

Жанарбек Әшімжан: Жалпы Дiнмұхамед Ахметұлының шаш қоюда өзiндiк ерекшелiгi, сәндiк үлгiсi болды ма?

Фарида Нығматуллина: Жоқ, ол кiсi соншалықты ол мәселеге көңiл бөлген емес. Негiзiнен төбе тұсын қалдырып, жан-жағын жұқартатын. «Өзiңе қалай қолайлы, солай ала ғой» дейдi. Шаш қиғызуға келген сайын мiндеттi түрде бала-шағамның, әке-шешемнiң, ағайын-туыстың амандығын сұрайтын. Зейнеткерлiкке шыққанға дейiн шашын екi аптада бiр рет тұрақты түрде алғызып тұрды.

Шетелге жолсапарға шығарда немесе демалысқа барарда шаш қидыртатын. Сосын сол жолсапардан келген соң, «сiздiң жұмыс жоспарыңыз орындалу үшiн мен ешкiмге шашымды қидыртпадым, әйтпесе саяси бюроның мүшесi ретiнде Кремльдiң кез-келген шаш- таразын шақыртуға құқым бар» деп қалжыңдап қоятын.

Жанарбек Әшімжан: 1986 жылы қызметтен кеткен соң да ол кiсiнiң шашын сiз қиып тұрдыңыз ба?

Фарида Нығматуллина: Иә. Бүгiнгi Алматы қаласы әкiмшiлiгi орналасқан бұрынғы резиденцияға 80-жылдары көштiк. Сол ғимарат- тың бiрiншi қабатында арнайы үкiметтiк шаштараз болды. 1986 жылдан соң ол кiсi сол шаштаразға келiп шаш қидыртып жүрдi. Бiр де бiр рет ескерту жасаған емес.

Жанарбек Әшімжан: Қонаевтың ең соңғы рет келiп шашын қидырған сәтi жадыңызда ма?

Фарида Нығматуллина: Ондай қасиеттi адамның әрбiр сәтi кез-келген жұмыр басты пенденiң жадында мәңгi қалады. Бұл – 1993 жылдың 19 тамызы болтын. Алакөлге демалуға жиналып жатқан кезi екен. Сол күнi шаштаразға өзi телефон шалды. Сосын: «Фарида, бүгiн менiң шашымды үйге келiп қиып берсеңiз, менiң шақыртқаным үшiн сiзге ешкiм ұрыспай ма?», – дедi. Мен: «Неге ұрсады? Қандай жағдай болса да мен сiз үшiн қызмет етуге дайынмын», – дедiм. Александр Гойколов дейтiн жеке аспазы және жүргiзушiсi болатын. «Онда сiздi Саша барып алып кетедi» дедi. Мен барлық аспаптарымды алып үкiмет үйiнiң алдына шығып тұрдым. Сәлден соң Саша келдi. Жолда Саша Димекеңнiң Мұхаметжан Тынышпаевтың мерейтойына жиналып жатқанын айтты. Үйiне келген соң емен-жарқын қарсы алды. Сосын шашын алып жатқан сәтте мен: «Димаш Ахметұлы, сiзге жол жүру

Page 88: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

88

ауыр болмай ма?» – дедiм. Ол кiсi: «Әрине, ауыр болады, бiрақ мен шыдаймын. Бiз бәрiмiз жас күнiмiзде Тынышпаевты үлгi тұттық. Инженер болуды армандадық. Тынышпаев – қазақтан шыққан тұңғыш инженер, темiржолшы. Петерборда оқыған. Ондай ұлы азаматтардың тойына бармау парықсыздық, көргенсiздiк болады», – дедi. Ептеп қобалжулы секiлдi көрiндi. Шашын алып болған соң, қалтама ақша салды. Қысылып қалдым. Қарсылық бiлдiрiп ақшаны қайырып беруге ұмтылып едiм, «Фарида менiң қолымды қайтарма, менiң зейнетақым сенiң айлығыңнан жоғары, бала-шағаңның қажетiне жарата ғой» дедi. Ол кiсiнiң зейнетақысы – 700, менiң айлығым – 160 сом болатын. Қонаевты соңғы рет көргенiм сол. Арада үш күн өткен соң қайталанбас ұлы басшының бақилық болғанын естiдiм... Алакөлде...

«Бiрде қонаев көк базарға барды...»

сергей Михаилұлы корНееВ. 1951 жылы Алматы қаласында туған. 1976 және 1982 жылдары Дiнмұхамед қонаевтың негiзгi қызметтiк «ЗиЛ» автокөлiгiнiң жүргiзушiсi болған. қазiргi күнi отставкадағы офицер.

сергей корнеев: 1976 жылы қауiпсiздiк комитетi басшыларының тарапынан Қонаевтың жеке жүргiзушiсi мiндетiн қалтқысыз атқару жөнiнде ұсыныс түстi. Мен оған дейiн сол комитетте қызмет еткем. Сөйтiп, мен Қазақстанның бiрiншi хатшысы, қазақ халқының қайта- ланбас ұлы перзентi Дiнмұхамед Қонаевтың жеке жүргiзушiсi болдым. «ЗиЛ» – Қазақстандағы жалғыз көлiк, бұрын мұндай мәшиненi айдап көрмегем. Қауiпсiздiк, көлiктi игеру, iрi адамдармен қалай сөйлесу мәселелерi бойынша Мәскеуде арнайы тәжiрибеден өттiм. Ал Димекеңмен жүзбе-жүз танысуым өте қызық болды. Жүргiзушiлiкке үмiткерлердiң саны төртеу болатын. Бiздi басшылар Зуһра Шәрiпқызы мен Димаш Ахметұлы серуендеп жүрген жерге алып келiп таныстырды. Неге екенiн төртеудiң iшiнен Қонаев менi таңдап алды. «Сенiң атың кiм?», – дедi. «Сергей», – дедiм. Маған алғашқы айтқан сөзi «О, Сереке!» болды. Содан бастап менi өмiрiнiң ақырына дейiн «Сереке» деп атап кеттi. Осы ат өзiме де бiртүрлi жағымды. Алғаш рөлге отырған күнi-ақ менiң бүкiл өмiрбаянымды бiлiп болды.

Мен алғашқы күнi ұлы адамды, бiр елдiң басшысын тасып жүрге- нiмдi сездiм. Бiрiншi күнi келiп рөлге отырғанда көзiм бақырайып, иығым қушиып қаттым да қалдым. Жонарқамды қара тер басып кететiн. Димаш Ахметұлы қысылып отырғанымды сезетiн болу керек, баурап әңгiмеге тартады.

Жалпы, маңайындағы әрбiр азаматтың отбасылық, өмiрлiк, кәсiптiк жағдайын тереңдеп бiлу ол кiсiнiң дағдысы болатын. Көп азаматтарды

Page 89: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

89

жүзбе-жүз ғана емес, аты-жөнiне дейiн жадына сақтайтын. Үлкен-кiшi демей бәрiне бiрдей иiлiп тұратын.

Жанарбек Әшімжан: Димекеңнiң көзiн көргендер «Қонаев бiр адамға дауыс көтерiп ұрысқан жан емес» дейдi. Рас па?

сергей корнеев: Рас. Өйткенi ол кiсi дауыс көтере алмайды. Өте сұңғыла адам, бәрiн ақылмен, сабырмен жеткiзедi. Бiрде мынадай жағдай болды: бiз саяжайдан шығып, Науаимен төмендеп келе жатқанбыз. Көлiкте Димаш Ахметұлы, комиссар және мен. Жол полициясының бәрi хабардар. Жүйткiп келемiз. Қиылыстағы сақшылардың бәрi жолды тазалап қойған. Бiр қиылысқа келгенде бұлғақтап келе жатқан үлкен тракторды алыстан көзiм шалды. Қолын шекесiне қойған сақшы қиылыста бiздi шығарып салып тұр, артында келе жатқан тракторды ол көрiп те тұрған жоқ. Әлгi трактор тоқтайтын емес. Бiз де жүйткiп келiп қалдық, әлгi трактор бұлғақтаған күйi үлкен жолға бiр-ақ шығып кеттi. Мен де тежегiштi басып үлгердiм. Димаш Ахметұлы артқы орындықтан қапсырыла маған қарай құлады. Менде зәре жоқ. Түрлi ой санамнан жүгiрiп өттi. Қастандық болуы да ғажап емес. Бiрақ Димекеңдей данаға қастандық ойлайтын жан баласы жоқ шығар! Сосын тракторды айналып өттiк. Киiмiн түзеп орнына қайта отырды. Тракторға қарап «рөлiне ие болмай ма?» дедi де қойды. Ары қарай жұмысқа тартып отырдық. Өздерiнiң мiндетi болған соң, кейiн жол сақшылары ол жағдайды тексерiптi, әлгi тракторшы араққа сылқия тойып алған көрiнедi. Ал қайсыбiр қайырымсыз басшы болса, әлгi тракторшыға «геноцид» орнатып жiберер едi.

Жанарбек Әшімжан: Ал Қонаев шетелдерге, Мәскеуге сапарға шыққанда жүргiзушiлер де жүре ме?

сергей корнеев: Жоқ. Ол кiсiнiң Мәскеуде өз көлiгi және жүргiзу- шiсi болды. Бiз тек Қазақстан бойынша ғана жүрдiк. Шетелдердегi сапарларда Қонаевты алып жүрудi арнайы қызмет өкiлдерi үйлестiрiп отырды.

Жанарбек Әшімжан: Ал Зуһра Шәрiпқызының жеке көлiгi болды ма?сергей корнеев: Жоқ, Зуһра Шәрiпқызын таситын мемлекеттiк

көлiк болған жоқ. Ол кiсi негiзiнен үй шаруасындағы адам болды. Ал тау етегiне серуенге шыққанда, Димекеңнiң көлiгiмен шығып жүрдi. Жал- пы, Зуһра Шәрiпқызы Димаш Ахметұлының жұмысына ешқашан қол сұққан емес. Екеуi тату-тәттi өмiр сүрдi. Отбасылық көңiл-күй барлық уақытта қалыпты, көңiлдi болды. Өз басым екi үлкен кiсiнiң жабырқау- лы кезiн көргем жоқ. Күнделiктi жұмысқа алып кетерде Зуһра апай бiрге шығып, бiзбен амандасатын. Димекеңе саулық тiлеп шығарып салатын. Димаш Ахметұлы философиялық астары қалың күлдiргi анекдоттарды жақсы көрдi. Осыны сезген мен Димекеңнiң көтерiңкi көңiлiн одан әрi асқақтату үшiн қызықты анекдоттар жинайтын болдым. Таңертең жұмысқа келе жатқанда бiрiншi бала-шаға амандығын сұрайды. Сосын

Page 90: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

90

«Ал ендi буы бұрқыраған жаңа анекдоттарыңнан айта отыр» дейдi. Шамам келгенше мен де ақтарылам.

Жанарбек Әшімжан: Сiз үлкен жауапкершiлiктi арқалаған шопыр- сыз. Iшiмдiк мәселесiне қалай қарадыңыз?

сергей корнеев: Қалыпты. Той-томалақта ептеп ұрттадым. Ал қызмет бабында аузыма тигiзген емеспiн.

Жанарбек Әшімжан: Димекеңнiң аңшылыққа аңсары айрықша болған көрiнедi. Аңға шыққанда Қонаевты сiз алып жүрдiңiз бе?

сергей корнеев: Иә, ол кiсi өте күштi аңшы болды. Мерген! Бiрақ аңшылықтың заңдылықтарын ешқашан бұзған емес. Қанша аңсары ауып тұрса да аңшылық мерзiмнiң басталуын күтетiн. Аңшылық мерзiм басталғаны туралы басылымдарда жарияланған сәтте барлық құжаттарын дайындап, кесiмдi ақшасын төлеп барып аңға шығатын. Бiр күнi Қарашеңгелге аңға кетiп бара жатқанбыз. Ол жақта қырғауыл өте көп. Жолда ағызып бара жатқанда алдымыздан бiр қырғауыл ұшып шығып бiздiң көлiкке соғылып қалды. Сонда Димаш Ахметұлы: «О, Сереке, аңшылықты сәл ерте бастап жiбердiң», – деп күлдi. Ал Димаш Ахметұлы жөн-жосықсыз аңды ата бермейтiн. Аңшылығының сертi – бiр қабан, бiр-екi қырғауыл. Тау-тасты жаяу аралағанды жақсы көретiн.

Жанарбек Әшімжан: Кейде Димекең iс-сапарда қарамағындағы- лардың үйлестiрген протоколына бағына бермейтiн көрiнедi.

сергей корнеев: Ондай жағдайлар болған. әл-Фараби көшесiнде үлкен ата-апалар жол бойында қол көтерiп Димаш Ахметұлына талай хат берген. Жол бойында кiшкентай бүлдiршiндер тұрса түсiп, амандасып маңдайларынан сипайтын. Кортеж-партежге қарамайды, «тоқта!» дейдi. Бiттi. Бiр қызық жағдайды баяндап берейiн. «Алматы базарларында баға өсiп кеттi» деген әңгiме Димекеңе жеткен көрiнедi. 1979 жылы болатын. Күн жексенбi едi, саяжайда болатынбыз. Ол кiсiлер серуендеп жүрдi. Бiз өз шаруамызбен айналысып жатқанбыз. Кенет Димаш Ахметұлы «Волганы» дайындаңдар, жүремiз!» дедi. Қайда? Не үшiн? Белгiсiз. Жол сақшылары, кезекшi бәрi демалып жатыр. Қарапайым киiнiп алған. Әбден көлiкке отырғанда барып «көк базарға тарт!» дедi. Комисар екеумiз бiр-бiрiмiзге қараймыз. Амал жоқ, көк базарға келдiк. Сақшылар әбден көк базарға келгенде ғана хабардар болды. Димаш Ахметұлы базарға кiрiп көкөнiс, азық-түлiктiң бағасымен өзi танысып шықты. Сәлден соң барып сатушылар Қонаев екенiн танып аң-таң. Ертесi қызметке келе сала баға мәселесiн орнықты қылды.

Алматы қаласының сәулетiне салтанат қосқан жалғыз тұлға – Қонаев. Брежневпен достығын қазақ халқының мұратына жұмсаған, ұлттың кемелденуiне арнаған қасиеттi адам.

...Сөйтiп мен 1982 жылдың соңында қауiпсiздiк комитетiне қайта келдiм. Одан кейiн де ол кiсiмен өте тығыз қарым-қатынаста болдық.

Page 91: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

91

І І - б ө л і м

сАясИ Портреттер

«қАЛАМПЫр»

Бүгiнгi кейiпкерiмiз саясат тақтасындағы нәзiк жыныстылардың iшiндегi жұмбақ жан – Айткүл Байғазықызы Самақова ханым. Ай жарықта яки шаңқай түсте былайғы көзге көп көріне бермейді, алайда басқару тетіктеріне едәуір ықпалды. 1949 жылы ақпан айының екiншi жұлдызы күнi Алматы қаласында туған. Жанұялы, бiр ұлы бар.

Жамбыл қаласындағы Технологиялық институтты тәмәмдаған Айткүл Байғазықызының бағын Кеңес кезiндегi партиялық қызыл билет ашты десе де жарасады. Қызыл жалауды сүйiп тұрып, тiзе бүгіп адал ант берген Самақова жас та болса партияның бiраз билiк эшелонында өмiрiн өткiздi. Аудандық, қалалық билiк деңгейiнде ұстап үйренген былғары сөмке, Айткүл ханымды Жоғары партия мектебiнiң дәлiзiне алып келдi. Атағынан ат үркетiн әйдiк мектептегi үш жыл (1983-1986 жж.) кейiпкерiмiздiң қайраткерлiк масштабын кеңейтiп, ауқымды алаңдарға алып шықты. Бұдан соң, Самақованың дәуiрлеу кезеңi басталды, министрлiк пен Президент әкiмшiлiгi дәлiздерiндегi сайрап жатқан сансыз iз осыған дәлел. Кейiн ҚР Парламентiнiң жоғары палатасы – Сенат төрағасының орынбасарлығына келiп табан тiредi.

Жалпы, Айткүл Байғазықызы Президент сенiмiне кiрген адамдар- дың қатарынан саналады. 1999 жылғы ҚР Президентiн сайлау кезiнде Самақова ханым айрықша белсендiлiк танытты және уақыт өте келе осы іс-қимылының бәсіресін де алды. 1999 жылдың қаңтарында вице-спикерлiк лауазымнан, ҚР Президентi жанындағы отбасы және әйелдер жөнiндегi ұлттық комиссияның төрайымы мiндетiне ауысты.

Ел iшiнде «портфельсiз министр» деген лақап аты бар жұмбақ жаныңыз осы.

Балғымбаев үкiметiнiң тұсында Қырымбек Көшербаев, Серiк Бүр- кiтбаев, Жәнiбек Кәрiбжанов, Александр Павлов мырзалар қызмет- терiнен жоғары-төмен «жылжытылып» жатқанда ілкідегі орнына «тастай батып, судай сiңiп» жылы орнын суыта қойған жоқ.

Page 92: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

92

Одан кейiнгi Қасымжомарт Тоқаев үкiметiнiң «аласапыранынан» аман қалған да осы бір қалампыр тектес жұмбақ жан. Кемелұлының кеңсесінен зейнеткерлердiң жадында «мәңгiге» қалған Наталья Коржованың басы салбырап шыққанын, ал Қайырбек Сүлейменов, Бауыржан Мұхамеджанов мырзалардың екi қайтара қызметiне кел- генін бiледi. Бұдан кейiнгi Тоқаев үкiметiмен тiресіп баққан «Жас түркiлердiң» тағдырын айналып өткен Айткүл Самақова әлi сыр бермей келеді.

Самақова ханымға өз тарапымыздан табиғатын ашу үшiн «Қалам- пыр» деп айдар тақтық. Таратып айтайық, қалампырдың сабағы өте қатты, өзге гүлдерге қарағанда қайсыбiр алғашқы бұрқасындарда қауыздары қақырап-қақырап ұшып кетпей шыңылтыр аяз келгенше шыдас беретiн өсiмдiк. Сонымен бірге, қалампырдың қауызында да гүл- ге тән нәзіктік байқала бермейдi. Өзге гүлдер секiлдi ашық-шашық емес, сөре төрiнде мығым да жинақы тұрады. Кез келген гүл павильонына кiрiп барғанда бiрден көзге түсіп назар аударта қоймайтын өсiмдiк те осы. Ал ғайыптан тайып сiзге осы гүл тарту етiле қалса, өзге гүлдерден гөрi ең ұзақ сақталатынына, күресінге лақтырылып кеткен жағдайда қауызы сабағынан оңай ажырамайтынына көзiңiз жетеді. Қалампырдың қауызында, яғни iркес-тiркес иiнтiресе жапсарласқан жапырақшалары арасында әлдебiр сыр тығылып жатқандай әсер қалдырады. Қалампыр ауа райының ыстығынан гөрi, салқынын қалайды.

Расында, ҚР Президентi жанындағы және әйелдер жөнiндегi ұлттық комиссияның төрайымы Айткүл Самақова ханымның сырын iшiне бүгiп жүретiнi ақиқат.

Оңайлықпен ақтарыла қоймайды. Журналист атаулыдан ат-тонын ала қаша қоймаса да өзін өте кербез ұстайды. Қайсыбыр ақжағалылар сынды өзiнен лауазымы төмендерге бұйырыңқырап, ал өзiнен жоғарылармен тиiсiнше иiліңкіреп сөйлейтіндердің қатарынан емес. Әрине, мiнезi барынша қатқыл, бiрақ қажет жерiнде сына бiлетiн шеберлiгі де жетерлiк. Бейнелеп айтқанда, Айткүл Байғазықызын билiк элитасының көлеңкесiнде көзге түспей өскен гүлге теңеуге әбден болады.

Бұл кiсi екі тізгін бір шылбыр ұстаған кезеңдегі болмысын кейінгі ұрпаққа тарихта бала саудасымен қалдырып отырған жәйi бар. Шекара асқан шараналарды саудаға салу «жобасының» «бас продюсерiне» БАҚ өкiлдерi өре түрегелiп, қатты қарсыласқан. Алайда «портфельсiз министр» өз мақсатына сәтiмен жетiп келедi.

Сондай-ақ, тұлғаны зерттеу барысында тапқан дереккөздері ел парламенті қабылдаған «Неке және отбасы туралы» Заңның 76-бабын, яғни қорғансыз балаларды сыртқа сату мәселесін күшiнде қалдыру

Page 93: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

93

үшiн күндiз-түнi бiр тынбай жұмыс жүргiзген Айткүл Самақова ханым екенін дәлелдегендей. Бiрақ халық қалаулылары бұл жобаға екi мәрте қарсылық көрсетіп бақты, соған қарамастан жоба көпшілік дауыспен қолдау тапты.

Айткүл Байғазықызының кез келген ақпарат құралдарында жарияланған фотосуретіне, болмаса көгiлдiр экраннан бейуақыт көрсетiп қалған бейнесiне көз салыңызшы! Жанарын бiр нүктеге қадаған күйi ешкiмге сыр бермей, өз ойымен жеке қалған жанды көресiз. Ашылып сөйлемеген қалпы, қысқа-нұсқа жауап берiп бір мезгiлде дәлізде сырғи басып шығып бара жатқанын байқайсыз. Ел жадында үнемі қайталанатын осы бір сурет қана қалған. Билік табалдырығындағы образын ол осылай қолмен жасап жүргенiн ептеп болса да байқаған шығарсыз.

Жоғарыда сурет деп қалдық қой. Расында, Айткүл Самақованың қарашығынан «Менің суық реңдi суретiмдi шегiне жеткiзiп бейнелеп берген қылқалам шеберi, шенеунiктiк келбетімді де аша алады» дейтін ой ұшқыны байқалатындай. Қалай болған күнде де Айткүл Байғазықызның мойнында, сүйегiне таңба түсірмес үшiн бар қай- раткерлiгiн сарқа жұмсар үлкен шаруа тұр.

Нәзiк бел мұны көтере алар ма екен?!

Page 94: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

94

той тойЛАМАйтЫН тҰЛҒА

Билiктiң ашамайына аяқ артқан әкiм-қараларымыздың бiразы тойға үйiр. Тiптi, кейбiр шенеунiктерiмiздiң «ғарыштық жылдамдықпен» өс- кен қызмет жолына қарасаңыз, той өткерудегi белсендiлiгi ықпал ет- кендей әсер қалдырады... Тiптi, сол той мәселесiне келгенде шатқаяқтап қалмас үшiн арнайы ұстап отырған кеңсе иелерi бар сияқты. «Той – Құдайдың қазынасы» дейдi. Сәтiмен тойланатын, тұлымды ұлы – Ұрымды алып, бұрымды қызы – Қырымды жайлағандай ойландыратын тәлiмi бөлек той болады. Мысалы, ой олимпiнiң иесi ұлы Абайдың, жыр жампозы Жамбыл сынды iрi тұлғалардың жеке есiмдерiне телiнген тойлар, қара жердi қарс айырып шығып, аспанға атқақтаған қара алтынның ғасырлық тойы, киелi Түркiстанның, тамырынан тарихтың иісі аңқыған қасиеттi Тараздың 2000 жылдық торқалы тойы... Әлеуметтi айран-асыр ағылдырып, бiрақ сағындырып жеткен мұндай киелі тойдан толайым рух аласың. Әлiпбиге бас қойған жас ұрпаққа мұндай тойлар тарихи сабақ. Көмбесі көрiктi тойдан бөрiктi ой түйiп қайтасың.

Ал, ендi адамға рух бермек түгiлi ұнжырғаңды түсiрiп, шаршатып, мезi етiп жiберетiн тойлар аз емес. Айшылық жерден әртiс алдырып, аста-төк ас iшiп, аяқ босатудан аспайтын, тойдан тәбәрiк ретiнде соңында түйiп қалар тәлiмi жоқ, мұздай ерiп, судай сiңiп кететiн ламбадалық лап етпе рухы төмен тойлар да жоқ емес. Бiр түн батыстық әуендермен миыңды ашытып, бала-шағаны желпiндiрiп қойып соңына «халықаралық реңк» берiп жiберетiн де тойлар бар. Бұған рухыңды аласартар рулық тойларды қосып қойыңыз. Бiр сайға жүз киiз үй тiгiп тастап қапелiмде пайда болған «батырлардың» тойларын жадыңыздан шығармаңыз. Жалпы, ел iшiнде мына рәуіштегі сөз ара-тұра бой көрсе- тiп қалады: «үлкен байрақты тойларда үлкен ақшалар «шайылады». Мұның анық-қанығына көз жеткiзген ешкiм жоқ, дегенмен «жел соқпаса, шөптiң басы қимылдамайды» дегенді тегін айтпаса керек...

Орағытып алып келген ойымыздың дiңiне дүрбi салайық. Бетке алған келiстi кейiпкерiмiз – бірнеше облыс пен Елордада тізгінін ұстаған Өмiрзақ Шөкеев. Шөкеев, әсіресе Қостанай облысында қызмет атқарғанда нағыз шаруқор әкім ретінде айрықша көзге түсті. Алысқа ат шаптырып, қонақ алдырып, кермесiне шылбыр тiзiлген тойлы ауылдан бiртүрлi сән-салтанаттың, шат-шадыман шаттықтың лебi есiп тұрады. Кей облыстың көңiл-күйiнiң барометрiн де осы той бiлдiрiп жататын жайттар аз емес. Ал, Алаштың ардақты ұлдары Ахмет Байтұрсынов пен Мiржақып Дулатовты дұниеге әкелген Қостанай өңiрi бұл орайда бiртүрлi көңiлсiздеу сияқты көрiнетiнi рас. Осы өңiр әкiмiнiң қанаттастарынан артықшылығы да осында. Әйтпесе, астығымен

Page 95: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

95

мейманасы тасып отырған солтүстiк аймаққа әкiм болып келген Өмiрзақ Естайұлы той десе өзге тiрлiктi түрiп қойып, тайлы-таяғымен кiрiсетiн оңтүстiк өңiрден барды.

Өзгелердiң кейде Өмекеңдi «Шымтанай» деп қоятыны бар. Нағыз қазақы шенеунiк. Жалпысында той өткерсе, осы кiсi кiрiссiн. Түркiстан топырағынан түлеп ұшқан Өмiрзақ Шөкеев Мәскеу көрген жiгiт. Дала мен қала мәдениетiн тел емген. Орыс қаласынан оңды iлiм алған азамат ат жалын ерте тартып мiндi. Оның Президент аппаратындағы, Министрлер кеңсесiндегi және Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмшiлiк үйiндегi әсерлi жылдары ерте жемiс бердi. Екі жастың біріне келмей Экономика министрi қызметiне тағайындалды. Екi жыл өтiсiмен өз жетекшiлiгiндегi министрлiктiң арнасын кеңейтiп, сауданы қосып алды. Одан кейiн де мұнай мен қаржы каналдарының ағыстарын андыды.

Кез келген билiк иесiнiң ерте жетiлуiне оған дейiн жоғары билiк дәлізінде жусап үйренiп қалған белгiлi бiр тұлғалар ықпал ететiнi мәлім. Осы мақсатта Өмiрзақтың өрiс жаюына өткел болған адам ретiнде белгiлi қаржыгер-реформатор Дәулет Сембаев жиi ауызға iлiнедi. Олай болса, Дәулет Хамитұлының сенiмi өз иесiн адаспай тапты.

Экономика ғылымдарының кандидаты Өмiрзақ Естайұлы қазiргi күнi ең ықпалды тұлға. Өз саласының нағыз бiлгiрi. Саяси ойындарға өте сақ, көзге көрінбейтін саяси жүрістерден бойын аулақ ұстап жүретiн және сенiм үдесiнен шыға бiлетiн қайраткер. Ол солтүстікті басқарып тұрған тұста бiздiң көп шенеунiктер шабуылдап Астанаға қарай шабады да жататын, ал Қостанайдың әкiмi көп уақытын егiс алқаптарында, шаруашылық орындарында өткiзетінін сезетінбіз. Әлеуметтік ағыс- тардың арасынан табылған бос уақыт болса сергектікке баулитын теннис алаңынан табылады. Футбол мен хоккейге де теріс қарамайды.

Сарапшы мамандардың пікіріне құлақ ассаңыз, Естайұлы есепке жүйрік. Бөлiнген қаржыны мақсатты жұмыстарға, халықтың әлеуметтiк тұрмысына жұмсауға үйренген. Шектен асып жер иеленiп жүрген Терещенко секiлдi алпауыттарды ашық майданға шақырып жүрген бiрден-бiр билiк өкiлi. Уақытында «ағымдағы астық бағасы шаруаның еңбекақы, маңдай терiн де ақтамайды» деп ақырып теңдік сұраған да осы кiсi. Отандық өнiмдердi елге жеткiзу жолында отқа түсiп жүретiн бiрден-бiр ұлтқа бүйрек бұратын тұлға.

Той тойлауды көп жаны сүйе бермейтiн Шөкеев Қостанайға шырай кiргiздi. Бiр ашылып, бiр жабылып, есік-терезесінен жел гулеп, басынан сантүрлi оңтайландыруларды өткiзген тағдыры бөлек Торғай өңiрiнің тамырына да тiршiлiк нәрін қайта тамызғандай болған. Бұл күндері мемлекеттік аса лауазымды қызметтерде жүрген Өмірзақ

Page 96: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

96

Естайұлының Қостанайды басқарған тұсын неге екпін салып отырмыз. Бейнелеп айтқанда, Қазақстан астығының сапалы һәм құнарлы бөлiгiн берiп жатқан Қостанай өңiрiнiң табиғаты сол елдi басқарып отырған әкiмi мiнездес. «Сырнайлатып-кернейлетiп, қызылды-жасылды жаса- нып алып, қазан асып, той өткiзгенше, бұрқасынға ұрындырмай бидайымды жиып алғаным жөн» дегенге дәйiм жығылып жүредi. Солтүстікті басқарып тұрғанда некерлерiн ертiп өзi кiндiк қаны тамған оңтүстiкке барып шаруашылық саласына байланысты тәжiрибе алмасып қайтты. Қалай болғанда да сорпаның бетінде, сөздің өтінде жүретін Шымқаладан үйренетін тұстар көп қой...

1998 жылдың шiлiңгiр тамызында төрттағандап тұрған Қостанай облысына барып, төрт жылға жеткiзбей табанға тұрғызды. Қазiр алдыңғы облыстардың қатарынан саналады.

Page 97: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

97

«ДИЗАйНер»

Билiктiң жалына жармасып келе жатқан шендi-шекпендi әкiм-қаралардың iшiнде атқарған шаруалары халық санасына аса сiңiмсiздеу, алайда, атқа қонған азаматтардың алқа-қотан мәжiлiсiнде есiмi ала-бөтен аталатын шенеунiктер бар. Шалбай Құлмаханов мырзаға осы қатардан ойып тұрып орын беруге болады. Қазақ политехникалық институтынан инженер-құрылысшы мамандығы бойынша сауат сын- дырып шыққан Шалбай мырза қарапайым құрылысшыдан бастап, республикалық деңгейдегi үлкен құзырлы орындардың бiразында тер тектi. Шынын айту керек, Шалбай мырза Алматы шаһарына қарыздар. Оңтүстiк астанадағы құрылыс мекемелерiнiң мектебiнен алған дәрiстер (1963 жылдан бастап 1982 жылға дейiн) Құлмахановты әкiмшiлiк орындарында жұмыс iстеуге икемдi, қатқан шенеунiк етiп шығарды. Алматы қаласы және Әуезов аудандық атқару комитетi кеңселерінде өткен дәмдi дәуiрлер республикалық көлемдегi лауазымдарға жол сiлтедi. Нәтижесiнде Шалбай Құлмаханов Солтүстiк Қазақстан облысының атқару комитетiнен бiр-ақ шықты. Iле-шала бұл сапар Ақтөбе қаласында жалғасты. Осыдан бастап кейiпкерiмiздiң жалауы анабір жылдарға дейін еш төмендеген емес.

Шашына қырау түсiрген iлкiдегi жылдардан гөрi, бiздi Шалбайдың соңғы уақыттардағы атқарған қызметтерi қызықтырады. Өмiрiне шуақ сыйлаған әсем Алматыға Шалбай Құлмаханов 1994 жылдың шыбынсыз жазында әкім болып келіп, 1997 жылы аман-сау кетті. Сол жылдар шежіресін тыңдасаңыз, әлгі бір кісі айтқандай 150 емес, мыңдаған жылдарға кететін тарихы бар көне шаһар базарлар туралы әфсананың салмағын әлсiретпей айтып бередi. Базар атаулыға сүрiнiп жығылар дәуір сол кісінің тұсынан басталады. Әрине, заман талабы да сол болса керек. Сол кезде қала халқы сүйген құлына ат қойғандай, Шалбайға «Базарком» деген айдар тақты. Өз берекесi өзiнен артылып жататын Алматыға басшылық еткен Құлмаханов «Базарком» деген атқа кiр келтiрмей кеттi. Жазиралы жылдардың жемiсi шығар, Шалбай мырза әкiм кезiнде жеке бизнесiн де «жайқалтып салды» деген сөздер желдей есiп жүр. Алматыдағы атынан ат үркетiн кейбiр жеке медициналық орталықтар, мейманхана, саунаға қатысты әңгiме бола қалса, бiр ұшы жаңылмай барып Шәкеңе жетiп жығылады. Сөйтiп, киелі қалаға басшылық жасаған Құлмаханов есiмiн тарихқа базар жағдайымен жазып қалдырды.

Кейiн ҚР Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетке төраға болып келдi. Жалпы, мiнез-құлқы төтенше жағдайларға толы болып жүретiн Құлмаханов төтенше жағдайлар саласына бөтен реңк бере қойған жоқ. Сол уақыттары Өскеменде, Көкшетауда, Атырауда, өзге де аймақтарда

Page 98: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

98

ормандар өртенiп, ауылдарды су басып жатты. Әрине, Жаратқаннан келген жарлыққа шара жоқ, Тәңiрдiң тарттырған азабына қарсы тайлы-тұяғыңмен тосқауыл қоя алмайсың, алайда, төтенше жағдайларға байланысты осы салаға тоқтаусыз құйылып жатқан қаржы аймақтардағы ернеуінен асып құйылып жатқан арналарға бөгесін болар ма еді...

Бұдан кейiн саясат сапарындағы аумалы-төкпелi тағдырларға толы Нұрқадiлов пен Құлмаханов соқпағы қайта түйiстi. Ат ауыстырған екеу осыдан кейiн едәуiр жүз шайысып қалғаны туралы қоғамдық пікірдің көрігі қызып жатты. Құлмаханов көштi бастап Жетiсуға кеттi, Заманбек Қалабайұлын Алматыға деген ерекше махаббаты алып қалды. Бiрақ жас мөлшерлерінде екі жыл ғана айырмашылық бар қаңтарда туған қос қыран бір-бiрiмен ат құйрығын кесісіп кеткендей әсер қалдырды. Заманбек Нұрқадiлов Құлмахановқа кезінде қолдау көрсеткені үшін эфир арқылы қалың жұртқа еңсесi түсiңкіреп отырып жеткізді. Өкiндi! Ал өз кезегінде Құлмаханов: «Нұрқадiлов басшылығы кезiнде Талдықорған өңірі бiлте шаммен өмiр сүрдi» деп бірақ қайырды. Айтылған жәйлардың ара салмағын уақыт өзi таразылап берер. Мына жайды айрықша айтқымыз келедi: қалың бұқара Талдықорғанның еңсесi көтерiлiп, қолы аузына жеткенін Құлмаханов беделіне әкеліп телуде. Ал енді бұл орайдағы біздің уәж былай: оңтайландыру саясатының ұр тоқпағына жауырынын төсеген Талдықорған облыстық мәртебеден айырылғаннан кейін біраз жылдар бойын тіктей алмады. Сан салалы зауыттардың мұржасынан шығатын түтіндер сап тыйылды. Әр ауылдарға жарықты ала қашатын электр желілерінің бойынан қуат кетті. «Ильич шамын» білте шам ауыстырған осы бір үш-төрт жыл Талдықорған аймағына басыбүтін өзгеріс керек екенін анық сездірді. Өгейлеу болып қалған өлкені Елбасының өзі бас болып айрықша назарға алды. Облыс орталығы Талдықорғанға көшірілді. Үкіметтік жобалар жүзеге асырылып, кәсіпорындар іске қосыла бастады. Ал осындай қамқорлыққа бөлене бастаған аймаққа қандай әкім келсе де «балтырын байпақ қысқан бай ұлындай» беделге ие болатыны сөзсіз еді.

Рас, қантамырында құрылыс түйіршіктері ойнақ салып жүрген Құлмаханов шашылып қалған ғимараттарға тез арада жан бітіре бастады. Бұл, сөз жоқ, үкіметтен бөлінген қаржының күшімен жүзеге асырылған толайым шаруа еді. Алайда, іле-шала Жеті өзеннің сағасына ту тiккен Құлмахановқа «Дизайнер» деген лақап ат қосақталды. Себебi, Талдықорған жерiндегi жаңаланған ғимараттардың сыртқы бетiне ғана қан жүгiрiп, iшкi көрiнiсi таз қалпында қалғанынан болса керек. «Өзгесiнен гөрi, өзi отыратын үйдi қатырды» деп жүрді қалың қараша. Мезгіл өте келе сынаптай сырғыған уақыт сол ғимараттардың сыртын сылып тастап қайта жасалғанын да көзіміз көрді.

Page 99: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

99

Ұлан-ғайыр Алматы облысын билеп отырған бурыл шашты Шалбай мырзаның келесі бір үлкен қателiгi – басым көпшiлiгi қазақтар тұратын облыстың iс-қағаздарын орыс тілінің ордасына айналдырғаны. Өзi Балқаш ауданындағы нағыз қазақы қаны тамып тұрған Құйған ауылында дүниеге келдi. Сөйтіп, қазағы қалың өлкедегі көзі қара тілі сары әкімге айналды. Бiр адамды жолда қалдыратын қазақшасы бола тұра, орысшаға келгенде опырыла кететiнi көңiл күйзелттi. Мінбеге көтерiлген бетте баяндама атаулыны бастан-аяқ тек мемлекеттiк тiлде тәпсiрлеп шықса, ертең бүкiл аудан қазақша ән салып жүре бермес пе еді?!. Ал, бiз ара-тұра қазақша тұздықтап қойып, тiлiмiздi майыстырып орысша сөйлеуге бейiмбiз. Жетісу – бір кездері Құлмахановтың кезекті бір қызметтік жолында ат шалдырған орманы қалың Солтүстiк Қазақстан облысы емес, тiлi де, дiлi де, табиғаты да ерекше қасиетті өлке болатын!

P.S. Шалбай Құлмахановтың өнер дегенде жұлып берер өзегi бөлек

дегендi көп естiмеймiз. Абырой болғанда әкiмге ұпай әкелетiн облыстық театр бар. Талдықорған өңірінде көптің көзінге түспей жүрген таланттар жетерлiк. Құлмаханов қоржынындағы тiлдей қағаздардан әлгi өнер иелерiнiң мұң-мұқтажы туралы жазылған сөйлемдердi оқығымыз келедi. Құрылыстан қолы қалт еткенде өнер мен мәдениетке көңiл бөлсе, көпшiлiк дән риза. Ашылмаған аралдарды сахнаға алып шықса – Алашқа қызмет еткенi. Ал, сол сахнаға көтерiлген өнерпаздардың тек қошқар мүйiздi оюлы киiмдерiн ғана жылтыратып берсе, ежелгi «дизайнер» атыңызды қайта тiрiлткенi...

Page 100: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

100

«тҰйҒЫН»

Алғаш айтыс сахнасынан қанаттанған қаршадай ұл қазақ өнерiне үлкен олжа алып келдi. Ағаш домбыраның шанағын шаңға көмген бөлек болмысты азаматқа бiр кездерi «қарға бойлы Бекболат» деп те айдар тағып едi елі. Алайда, дәстүрлi халық әндерiмен дәм-тұз жарастырған Бекболаттың кейпi өзгесiнен гөрi тастүлекте мығым отырған, қос жанарынан от шашкан тектi де тәкаппар тұйғын құсқа көп жақындайды. Көк сеңгiрдi көп сүйе бермейтiн өткiр көздi түйғын, қарашығына кылау түсiргiсi келген құс атаулыны кез келген ендiктен қиып түсетiндiгiмен ерекшеленедi. Құсбегiлiкпен айналысатындар жақсы бiледi, бүркiт, қаршыға, қырғи секiлдi сәруәр құстардан гөрi, тұйғынды қолға үйрету аса зор қиыншылық туғызады. Тұйғынның қанаты шексiз кеңiстiктi, еркiндiктi сүйедi. Ал, тiлiн тапқан жағдайда сұсын жанарына жиған соққысы сойқан тұйғын көздегенiн алмай тынбайды. Салмағы өте ауыр. Дауысы өзгелерден едәуiр бөлек.

Тұйғын мiнездес Бекболат сөз жоқ – ұлттық құбылыс. Алаш баласы Азат рухты iздеп шарқ ұрғанда Бекболат ұлтқа керек көне мақамды Қорқыт қобызының қияғынан тапты. Сан түрлi сайранды кештерде ысқышынан от шашқан Бекболат қобызы қазақ баласының жүрегiне толайым рух құйды, құйқаны шымырлатар шербет сазды қайта тiрiлттi. Кенет тұрмыстың тауқыметінде жүрген қалың әлеуметтің санасын сонау ғасырлар қойнауынан талып жеткен үн осып өтті.

Бекболат дауысындағы халық әндерi алыс-жақын шет елдерге қазақ жұртының аманатын сан мәрте арқалап барды. Нартай Бекежановтың көмейiнен тауып алған ноталар тiзбегiн шегiне жеткiзе жаңғыртты. Мұның түйiнi – «Елiм менiң» әнi болатын. «Көкіл» күйі көмейден Ақтамбердінің жыры болып төгілді. Ұлттық рух сілкініп барып тоқтады. Қазақ топырағының әр аймағындағы халық әндерiн ныспысын бұзбастан құраған попури арқылы Бекболат Тiлеуханов бүтiн ұлттың ойын бiр көмейден жеткiздi. Осы арқылы бұқара алдында жалауы желбiреп, абыройы асқақтады. Бұл кезде Қазақстандағы мәдени аураны батыстың бармақтай скрипкасының шеберi Дүйсен Қасейiнов билеп отырған. Ел iшiн скрипканың сызылған үнi аралап жүрген кезде де, оған дейiн де қоғамдық пiкiр халыққа қолайлы ой ұсына қоймады. Ел жүйкесi сабауға түскен тулақтай жұқарып жүрiп, ұлт өнерiнiң қадiрiне жете бiлетiн бiлiктi маманды сарыла күттi.

Қалтасына қошқар мүйiздi ою салып жүретiн министр Өзбекәлi Жәнiбеков, мәдениетке идеология мiнбесiнен үн қосқан Михаил Есенәлиев, Тұран даласын қорғап қалған құранды ерге құмай қондырмаған Iлияс Омаровтар туралы сағынышқа толы құсни хаттардың қолдан қолға өтiп, тозғанша оқылғаны да жадымызда.

Page 101: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

101

Қайран халық асты-үстiне шығып, өрiс ауыстырып жатқан қоғам салмағына жаншыла жүрiп, ұлыларын осылай сағынған.

«Өзiңнен зор шықса, екi кезiң сонда шығады». Кутовой деген көлденең көк атты қапелiмде қайран елдiң сағынышын сарқып iшiп кеттi. Ұлардай шуладық та қалдық.

Ендi екi аяғынан тұра бергенде бұра тартатындардан тарыққан қазақ мәдениетi Қасейiновке көп үмiт артты. Бекер обалы не, Дүйсен Қасейiнов дүйiм елдi емiрентiп тастамаса да ептеп жұмыс iстеген болды. Бiрақ сахнада ұлт аспаптарынан гөрi батыстық аспаптар сайран салды. Қазақ театрлары таз қалпында қалып, өзге мәдени ошақтар, дүниесiн түгендеп алды.

Жұмыр жердегi бiрталай аты озған елдер өз ұпайларын мәдениет саясаты арқылы жинап жатыр. Мәдениет саясаты ұлтты түрлi моральдық апаттардан аман алып қалатынын кәрi тарих әлденеше рет дәлелдедi.

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан кейiн әдiлетсiздiкпен билiк басына келген Колбин келе сала көлбеңдеп, ең бiрiншi Жазушылар одағына барды. Неге? Одан кейiн құрамында 100-ге жуық өнерпазы бар әйгiлi Құрманғазы атындағы Ұлттық оркестрдiң репертуарына шұқшиыпты. Арғы жағын өзiңiз саралай берiңiз. Қауашақты бiр-екi аударып-төңкерсеңiз, ақиқат өзi қылаң бередi...

Бекболат Мәдениет комитетiне төрағалыққа барғанда бүтiн ел қалпағын аспанға атып қуанған. Қуаныштарының дiңi сол – өнерге өзегiн жұлып беретiн адам келдi деп марқайды. Жазған халық өнер биiгiне ту тiккен азаматын, әкiмдiк қызметте де сол деңгейден көргiсi келедi. Бiрақ күнгейi мен терiскейi, бұралаңы мен қалтарысы көп шенеунiктiк жолда сантүрлi кедергiлер де кездесетiнi аян. Оның үстiне iлгерiде ыздиып сөйлеп, үрлеп iшетiн әкiмдiк әлемге сахнадан барып топ ете қалған адамға тiптi қиын.

«Халық айтса, қалт айтпайды» дейдi. Ат үстiнде жүрген кешегi өнерпаз, бүгiнгi төраға Бекболатқа жұмыс iстетпей жүргендер бар деседi. Ендiгi бiр қоғамдық пiкiр – «Бекболатта шенеунiктiк тәжiрибе әлсiздеу» дейдi. Келесi бiр жаны бар сөз мынадай: «Бекболат көп жағдайларда «жасанды таулармен» алысам деп қажып жүр».

Жалпы, кез-келген қоғамда нағыз мәдениет пен ойын-сауық мәде- ниетi қатар жүретiнi белгiлi. Әрине, Бекболаттың бүйрегi нағыз ұлтқа керек мәдениетке бұрылатыны анық. Алайда, жеме-жемге келгенде Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары Төлеген Мұхамеджанов «сценарийiндегi» ойын-сауыққа толы «ламбадалық» мәдениет өтiмдiлеу болып кетедi. Дегенмен, бұл да өнер, бiрақ бұл бұқара санасына сiңбестен сахнада ерiп кетiп жататын мұз секiлдi әсер де бередi. Қысқасы, қазiр қоғамда екi мәдениет тайталасып тұр. Бiрi –

Page 102: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

102

үлкен де болса Мәдениет комитетiнiң төрағасы Бекболат Тiлеухан санасындағы дәстүрлi заманауи ұғымдар.

Екiншiсi – Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары Төлеген Мұхамеджа- нов санасындағы классикалық ағыстар мен «ламбадалық» кескiндер.

P.S. Араға әлденеше жыл салып қайта сараптаңызшы! Қайсысы озып,

қайсысы тозып барады? Бiз мына мәселенi шегелей айтқымыз келедi: мысалы, ұлттық мәдениет саясатына керi ықпал еткiсi келетiн топтар бар. Сондай-ақ, бүгiнде әлем назарын аударып отырған дiни экстремистiк топтар сияқты мәдениет ауласына да тас лақтырушы бөгде ойлы, бөтен пиғылды адамдар да жеткiлiктi. Сондықтан, мемлекетiмiздегi мәдениет саясатын iшкi, сыртқы һәм экономикалық саясат деңгейiне көтергенде ғана көңiл тыныш таппақ.

Қазiргi кезде мәдениет құр ғана өнер немесе ойын-сауық емес, сара идеология. Егер бiз дәл осы мәдениет арнасында қателiк жiберiп алсақ, орасан шығынға ұрынған болар едiк. Осы тарапта мәдениет саласын басқарған, басқарып жүрген жоғарғы билiктегi ықпалды азаматтар Бекболаттай жiгiттердi алтын асықтай қолда шиiрiп ұстап отырса, ұтарымыз аз болмас едi...

Page 103: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

103

«БАНДЫНЫ қуҒАН қАйЫрБек»

Алуан түрлi бояуға толы уақыт ағымы толғағы жеткен, пiсiп-жетiлген тағдырлы тақырыптарды кейде осылай өзi ұсынып жатады. Қазiргi күнi Қазақстандағы iшкi iстер саласы маңайында ұйыған әңгіме көп. Сондықтан Iшкi iстер министрi қызметіне екiншi қайтара келген Қайырбек Сүлейменовтің тақырыбына қайта оралудың ретi келiп-ақ тұр. Қай уақытта болсын қоғамдық тәртiптi қалыпты ұстап тұру үшiн майдан қыл суырғандай ептiлiк және сақтық керек. Бұған «қызыл жағалы» қырандардың өз анттарына адалдығын тіркеп қойыңыз.

Бiр кездерi iшкi iстер қызметiнiң кеңiстiгi тек ішкiштер мәселесiмен шектелiп қалып, iрi шаруаларға шендей алмай, тасырқап қалған өлiара кезең болған. Сондай сәттерде бұл салаға төңкерiс қажет болды. Сол шақта төрт жылдан аса Ішкі iстер министрлiгiнiң қосын сүйреген Сүлейменов мырзаның орнын Болат Ысқақов ауыстырған. Алайда, Болат Ғазизұлы болдырып тұрған бұл салаға шырай кiргiзе алмады. Амал жоқ, Қазақстан Республикасының бүгiнгi бас полициясы Қайыр- бек Шошанұлымен қайтадан жылап көрiсуге тура келдi. Жалпысында Қайырбек Сулейменовтiң жеке кәсiби шеберлiгiне сүйсiнушiлер қатары жетiп артылады. Шәк келтiрушiлер де жоқ емес.

Новосiбiр топырағында кiндiк қаны тамып, алғашқы еңбек жолы сол қаладағы көпiр салу құрылысынан басталған, кейiндерi Свердловскiдегi заң институтында жоғары бiлiм алған, екi елдiң билiк желiнiн тел емген Қайырбектiң өз өмiр тәжiрибесiнен түйсiгiне түртiп алған бiлiктiлiгi бiр басына жетiп артылады. Куйбышев қаласында аға тергеушi болып жүрген жерiнен жеңгемiз Лариса Николайқызы Келина ханым екеуiнiң өзара түсiнiстiгi нәтижесiнде жүзi суық генерал түпкiлiктi Отанына табан тiредi. Iрi қызметтерде iстедi. Қазiр Елбасының елегiнен өткендердiң көш басында түр. Бүгiн «ақ» дегенi – алғыс, «қара» дегенi – қарғыс» бiлдей министр. Қызметтiк формада жүргенде өңi сұмдық суық, ашық айқастарға бара қоймайды, өз әрiптестерi (министрлер) арасында өте мәдениеттi, ал ендi саласынан гөрi намысына тиетiн мәселелерге байланысты үстел тоқпақтағанда тоқтату қиын шаруа.

Өткен жылы ел Президентi Нұрсұлтан Назарбаев коррупция мен қылмысқа қарсы күрестiң нәтижесiне байланысты республикалық жиын өткiзген. Сол жолы Бас прокурор Юрий Хитрин мен министр Сүлейменов алқа мүшелерiн көне деректермен көз алдарқатамыз деп ұятты болған жағдайы бар.

Ел президенті Нұрұлтан Назарбаев: «Нақты мәлiметтердi жасырып, жаман үйренгенсiңдер» деп үрейлерiн ұшырды. Ақыр аяғында екеуi де атшаптырым залдан алғыс емес, сөгiс арқалап шықты. Онсызда қоғамды жегіқұрттай жеміріп бара жатқан жеңұшынан жалғасушылық,

Page 104: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

104

парақорлық ауыр қылмыстар сол тұста тіпті дендеп кеткен кез болатын, тiптi осы мәселеге құқық қорғау орындарының өздерiн сендiре алмай, есеңгiреп қалғандар да болды. Сөйтiп жүргенде министр Сүлейменов ғайыптан тайып, «Мың бiр түндегi» диуана Гарун аль-Рашидтiң кейпiне енiп, киiмiн езгертiп бiр «КамАЗ» қарбыз тиеп жолға шықсын. Жаманатты болып жүретiн жорналшылардың болжамына осы жолы көзi жеттi... Алматыдан Астанаға жеткенше жол торыған Қайрекеңнiң бөлтiрiктерi генерал отырған «КамАЗ»-дың жүргiзушiсiнен 225 АҚШ доллар көлемінде пара алған. Астанаға барған бетте жедел жиын шақырып, қол астындағыларының сiлiкпесiн шығарды. Iшкi есепке жүйрiк Сүлейменов қапысын тауып осылай көзге түскен. Анығын айтқанда, Қайырбек Шошанұлы өз ойындағы сценарийдi әдемi ойнап шықты десе де болады. Расында полициялардың параға жақын екенiн министр бұрыннан-ақ сезуі тиiс. «Қарбыз операциясымен» өзiнiң беделін көтерем деп, министр мырза өз саласының шиқанын қанатып алғанын сезбей қалды. Тiптi, бұл тәсiлдi қарапайым жұрт жай дақпырт деп те қабылдады. Керiсiнше, Қайырбек Сүлейменовтың қайсыбiр басылымға берген сұхбатындағы өзiне қатысы бар ресторан кәдiмгiдей әңгіме туғызды...

Алматыда террористік акт жасамақ болған қарулы ұйғыр экстремис- тiк тобының жойылуымен Қайрекең өзiне ұпай жинамақ та болды. Бiрақ мұнда қалың бұқара Сүлейменовті емес, Алматы қаласының бас полициясы, генерал Қалмұхамбет Қасымовтың еңбегін айрықша атап жүрді. Жалпы, ішкі істер мәселесіне байланысты жайлардың атағы да, шатағы да Қайырбек Шошанұлына тиесілі екені және рас.

Сөз жоқ, Шығыс Қазақстандағы қазақ жігітінің қазасына қатысты қазақтар мен шешендер арасындағы қақтығысты, Қызылжардағы казактардың бас көтеруін министр сәтті басып тастады. Дегенмен, Қазақстандағы қоғамдық тәртiп әлi үрейлi қалыпта тұр. Ендi, қайта оралған Қайырбек тақырыбының негiзгi қазығына келейiк. Қайырбек Сүлейменовке Республиканың iшкi iстер министрi қызметi берiлген екен, ол Қазақстан азаматының үстiнен құс ұшырмауға мiндеттi. Қоғамдық тәртiптi қалыпты ұстау – кәсiби жұмысы. Ал, елiмiздiң паспорты iспеттес тұлғаларды, ұлт мақтаныштарын сақтау – Сүлей- менов аппаратының мемлекеттiк парызы.

Қазiр бiздiң байрағымызды биiк ұстап жүрген азаматтарымыздың басына бәйге тiгу науқаны әлi аяқталған жоқ. Қаңғыған оқтар ұлттың уықтарын бiр-бiрден қаусатып жатыр.

Өзiнiң палитрасына қара бояу жаққысы келмейтiн қылқалам шеберi Бексейiт Түлкиев жұмбақ өлімiмен бүкiл ұлттың жүрегiне қара дақ салып кеттi. Қылмыскерлер әдеттегiдей таптырмады. Әйгiлi суретшi Мағауия Аманжолов ай-күннiң аманында жоғалып, iз-түзсiз кеттi.

Page 105: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

105

Полиция бейхабар. Бiртуар спортшы оралдық оғылан Серiк Шайхиев қапелiмде мерт болды. Қандықол қыр асып кетті.

Сидней олимпиадасында «аруақтап» жүрiп атой салған Ермаханды тас-талқан етiп сабадық. Тып-тыныш. Дене жарасы жазылғанмен, ұлт жүрегiне түскен жара қайдан жазылсын?!

Бiр күрсiнiп қалып, терең дем ала бергенде өңменiме тағы бiр қорғасын қадалды. Қазақ боксының абызы, алып қүрлықты алты айналсаң да таба алмайтын Алаштың алып бәйтерегi найқалмастан құлап сала бердi. «Алыптар, әсiлi шайқалмастан осылай құлайды екен ғой». Қазақы ұғым ендi амал жоқ осылай қалыптаса бастады. Жүректе – Әбдiсалан, ойда – Ермахан. Бандыны қууға тиiс Қайырбек қамсыз отыр.

Соңғы уақыттардағы құйқа шымырлатар қорқынышты оқиғалар- дың шытырман жағдайда аяқталуы амалсыз қалам ұшына iлкiдегi ойларды иiрiп әкелiп отыр. Өзге ұлттар мемлекет атына абырой әкелетiн тұлғаларды шетелден шақыртып әлек, бiз болсақ санаулы саңлақтарымызды атып «бiтiре» алмай әлекпiз...

Iшкi iстер министрлiгi тарапына да осы мақсатта оң ниетпен сез бағыттып отырмыз.

Бiз Ішкі істер саласын неге сөз етіп отырмыз? Гәп мынада: Қазақстанда қылмыс әлемiнiң аты белгiсiз апайтөс авторитеттерi ендi басқаны қойып, саясат аренасына араласа бастаған секiлдi. Қоғамдық ағым осы бетiмен кете беретiн болса, аз күнде саясат кардиограммасы қылмыстық кландар осiнен айналып тұратын болады...

Page 106: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

106

«қАрШЫҒА»

Базары тарқамаса да, саяси сүрлеуі сыр берiп калатын шенеунiктер болады. Осындай билiк иесi ретiнде Жармахан Тұяқбай туралы соңғы уақыттары жиi айтылып кеттi. Жармахан Айтбайұлының кiсi кызығарлық өмiрбаянына үңiлсеңiз, кейде таң қаласыз. Асанбай Асқаров мектебiнен кеңiстiкке көтерiлген Жармаханның қызметтiк карьерасы 1987 жылдардан бастап «ғарыштық жылдамдықпен» қарыштап өстi десек, артық болмас. Ыстық өңiрде дүниеге келгенмен, суық кеңселердегi қызметтерге етi үйренiп кеткен Тұяқбай мырзаның күнгейлі-теріскейлі билiк жағрафиясы да әр алуан. Тіпті Каспий бойына, үстіртке де барып тiреледi. Прокурор мантиясын киiп машықтанған Жақаң екi жылдан аса «патшалық құрған» Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң де қазанын ашып-жауып отырды. Ал, 1999 жылғы 10 қазандағы ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң екiншi шақырылымы Жармахан Айтбайұлының саяси қайраткерлiгіне жол ашты. 2000 жылдың желтоқсанының бiрiншi жұлдызында депутаттардың 72 пайыз дауысына ие болып, Мәжiлiс төрағасы лауазымына сайланды.

Төменгi палатаның төрiнде отырған, прокурорлық мiндеттiң барлық деңгейін бағындырған осы азаматтың кейінгі кездерi қоғамдық, мемлекеттiк деңгейде ықпалы азайып бара жатқандай әсер қалдыра ма, қалай? Қауашағымызды аударып-төңкерiп мынадай ойдың ұшығын ұстадық: Тұяқбай тұғырын төмендетiп жүрген бiрден-бiр фактор – үлкен үйде қабылданатын белгiлi бiр шешiмдерге шеп құрып қарсылық көрсетуi сияқты. Осы қылығы үшiн жоғары билiктегi астыртын әңгiменiң темiрқазығына айналып жүрген жағдайы да жоқ емес. Осының бәрiне бүгiнгi кейiпкерiмiздiң жеке мiнез-құлқындағы қайсарлық мемлекеттiк қызметiне кедергi келтiрiп жүргенiн Жармахан мырза сезiне бермейдi-ау...

Саясат – керек жерiнде кербезденiп, қажет жерiнде қақ бөлінгенді, көздеген мүддеңдi көмбеге жеткiзу жолында өзгенiң ығына қарай жығыла салуды қалайды. Ал, Мәжiлiс төрiнде төрелiк жасап отырған Жармахан Тұяқбайдың болмысы «жемтiгiн» астына басып, тас-түйiн бекiнiп отырған Қаршығаға көп жақын. Жанары өңменiңнен өтетiн қаршыға-сұс билiк өкiлi үшiн саяси шешiмдерде шиеленiстерге жиi алып барады, қыл аяғы әрiптестерiнiң де пiкiрiн өзгертуге мәжбүр етедi. Сәтiмен сынбаған жерде саясаткердiң мақсатына жетуi екiталай. Осы орайда Жармахан Айтбайұлы соқталы мәселелерде мәмiлеге бара қоймайды деп айтуға болады. Алайда, тұғырында тапжылмай отырып, маңайына сақ қарайтын қаршыға тектес Парламент төрағасы мемлекетшiлдердiң қатарынан ойып орын алатыны сөзсiз. Бiрақ мемлекеттiң қалыптасу жолында сыртқы күштердiң қысымына

Page 107: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

107

тойтарыс беруде, принциптен ауытқу қажеттiлiгiнде, «жағдайлардан» амбициясын аман алып өтуде Жармахан Тұяқбайдың жалпы табиғаты сыр берiп қалады деп болжауға болады.

Қабылданбай, Парламент қоржынында қақталып жатқан заң жоба- ларының артында жасырынып жүрген мүдделерді ашуға мүмкiндiгiн жұмсаса спикердің жарағаны. Бiз мұны жоғары билiкке «ләппай, тақсыр» деп жағыну үшiн айтып тұрған жайымыз жоқ. Дегенмен, кейбiр шегiнiстердiң жеңiлiс еместiгiн, керек кезiңде иiле бiлгеннiң де бiр биiкке алып шығатынын қайтара еске саламыз. Бұған мемлекет басшысының iшкi-сыртқы қысылтаяң сәттерден сүрлеу тауып кететiн самдағай саясатын үлгi етiп қойсаңыз да болады. Iлкiдегi ойды бiз емес, ресми Бейжiң баспасөзi түртiп қойған.

Қалай дегенмен де Мәжiлiс төрағасы Жармахан Тұяқбай мырза бел- гілі бір кезеңге дейін мемлекет басшысының ең сенiмдi адамы болып келдi. Сонымен қатар, өзіне жүктелген міндеттердi де қалтқысыз атқарды. Біраз уақыттан берi Жармахан Айтбайұлы қызметiнен «жылжытылады» деген әңгiме желдей есiп, күшейіп тұр. Бұл билік басындағылардың астыртын әңгімелерінен шыққан рас сөз бе, әлде саясаткерлерің батыл болжамдары ма? Бәлкім, спикердің жеке көңіл-ауанында бүгінгі қоғамдық өмірге, саяси жүйеге деген көңіл толмаушылық бар ма? Мұны аса мәртебелі уақыт-ағзам көрсетеді. Тегiнде «жел соқпаса шөптiң басы қимылдамайды» деген ау... Түйiндей келгенде, медицина ғылымының қабырғасынан қанаттанған Марат Оспанов Мәжiлiс төрағасы лауазымын атқарып жүрiп, депутаттар пiкiрiне дұрыс диагноз қоя бiлетiндiгiмен бағаланды. Дипломатиялық мүмкiндiктерi мен саяси «ауытқу» шеберлiгi және ақсүйек болмысты Марат Тұрдыбекұлының жетекшiлiгiндегi Мәжiлiс төрағалығын ешкiмге айырбастамастай көрiнетiн. Жауапкершiлiгi алты атанға жүк боларлық әлгi орынды халық қалаулылары Жармахан Тұяқбай мырзаға сенiп тапсырды. Сол тұста «Бұл – саясаткерлердiң терең көрегенділігі болды» деген салқынқанды серкелер. Арада өткен екi жарым жыл уақыт ендi алдымызға мынадай сауал тастап отыр: ішкі-сыртқы ықпалды топтардың қақпақылындағы Қазақстанның саяси тақтасындағы Жармахан Тұяқбайұлының жүйке-жүйесі қай тұсқа дейін шыдас берер екен? Бәріне көндіге ме, әлде морт сына ма? Ал саяси алаңды тастаяқтай қағыстырып үйренген әккі де ықпалды ойыншылар Африка аңызағындағы жал-құйрықты, қанжар мүйiздi гнулардың суатқа құлауын күткен қолтырауындардай су астында баспағып әлдекімнің сабырын тексеріп жатыр. Бәлкім Қаршыға құсымыз лас жерлерге қайрандап қалмай қанатын зәу көкке салар ма екен...

Page 108: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

108

екІЖҮЗДІЛІк

Мемлекет басшысының ұлт зиялыларымен ай сайын болмаса да жыл сайын, жыл аралатып жүздесіп, емен-жарқын әңгімелесіп тұратын дәстүрі бар. Елдік, ұлттық мәселелерді ортаға салып, ақылдасып шешімін бірлесіп іздеуге таптырмайтын жиын. Сол дәстүр бойынша ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әр сала бойынша көрнекті тұлғаларды жиып, емін-еркін әңгіме-дүкен құрды. Жиынның ұзын-ырғасы үш сағаттан аса уақытқа созылды. Әрине, бұл жиында елдік мәселелерге араласып, өзінің пікірін ашық білдіріп жүретін Бексұлтан Нұржекеұлы, Нұрмахан Оразбек, Сайын Мұратбеков сынды тұлғаларды көре алмадық. Елбасымен жүздесуде елуден аса шығармашылық иелері болды.

Белгіленген уақытта жиын болатын ғимараттың ауласына Прези- дент нөкерлерімен келді. Келді де «кілең мықтылар жиналыпты» ғой деп топ бастаған серкелермен амандасып шықты. Бұдан кейінгі жүз- десу ғимаратта жалғасты

– Сiздермен сиректеу болса да кездесiп, пiкiр алысып тұратынымды бiлесiздер. Тәуелсiздiгiмiзге 13 жыл болды. 13-те атқамiнiп, 13-те отау құратын елмiз. Зауыттар қаңырап бос қалған да заман болды. Шәйiн есiгiнiң алдына қайнатқан адамдарды да көрдiк. Демократияға қарай қадам басып келеміз. Әрине, бұган шыдам керек. Ешкімнің аузына қақпақ болып, қара құлып салып жатқан жағдайымыз жоқ. Ойын еркiн айтып жатқандар да жоқ емес. Маңайымыздағы елдерге көз жiберiңiздершi, қырғыз бен өзбек арасындағы бiр ғана кикiлжiңде 360 адам опат болды. Кавказ анау болып жатыр. «Бұлар ел болмайды, бөлiп-жарып әкетейiк» дегендер де болды. Әйтеуiр, елдi шашпай-төкпей осы жағдайға жеткiздiк.

«Менiң бiрiншi ұстанымым – экономика, екiншi – саясат» дегенді ұдайы айтып келем. Қазақстан үшiн ең маңыздысы – iшкi-сыртқы қауiпсiздiк. «Елiмiзде 45 дiни конфессия бар» деп кеуде соғып жүрмiз. Бiрақ, кiм болса сол мешiт салып жүр. Сол мешiттердi кiм болса сол басқарып отыр. «Халифат құрамыз» деп алауыздық тудырып жүрген «Хизбут-тахрир» сияқты дiни ұйымдар аз емес.

«Мәдени мұра» бағдарламасы туралы да көп әңгiмелер бар.Тұрғын-үй реформасын қолға алып жатырмыз. Бұл туралы үкiметке

ылғи айтамын. Жасайтынын жасайды да, жасамайтынын халыққа жеткiзбейдi. Осы мәселеге қатысты пiкiрлерiңiздi бiлейiн.

Шымкентке барған сапарымда ақсақалдар сайлауға қатысты пiкiрлерiн айтып жатыр. Басқа қазақ жоқ, Құдайдың берген қазағы осы. Сол қазақты аман сақтайық. Сiздермен осындай соқталы мәселелер төңiрегiнде сөз қозғасақ... Мен халықтың жалдап алған адамымын.

Page 109: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

109

«Кемеңгермiн, қайраткермiн, данышпанмын» деп жүрген адам емеспiн. Елдiң қызметiнде жүрген адаммын. Пiкiрлерiңiздi ашып айтыңыздар, – деп Президент өтiмдi пiкiрлерге өзi жол ашып берген.

Бұдан артық қандай мүмкiндiк керек? Елдiн алдында не деп жүрсiң, Президенттiң алдында не демексiң? Президенттiкi «сол сөздерiңдi өз құлағыммен естiсем» деген сыңай сияқты. «Осы жолы зиялы қауым елдiң сөзiн айтуға тиiс» деген әлгi бiр үмiт жанықтырып, ентелей қалдық. Алайда...

«Есiм ханның ескi жолы, Қасым ханның қасқа жолы, Нұрекеңнiң нұрлы жолы!». Кезiнде сiз туралы осылай жазғам, Нұр-аға!» деп, қаламына хан қайырылып қарайды деп жүрген Қабдеш Жұмаділов сынды Халық жазушысы әрiден бiр-ақ қайырған.

Ақселеу Сейдiмбек «Ораза намаз тоқтықта» деп барып, әлденеге күмiлжiп тоқтап қалды.

«Соңғы бес жылда бес қазақ театрын ашып бердiңiз, сол жетпей ме!» деп Есмұхан Обаевта ес қалмады.

Дулат Исабеков: «Мәдениет министрлiгiне қарайтын 46 мекеме бар екен, соның екеуi Алматыда. Бiз далада қалдық. Бюджеттен алатын қаржымыздың жартысы Астанамен екi арадағы пошталық қызметке кетедi. Одан қалса, Мәдениет министрлерiн құттықтап үлгере алмайсың, ауысады да жатады. Тым тәуiр басқарып отырған кейбiр облыс әкiмдерi демде орнын өзгертедi де кетедi. Осы кадр саясатына қалыпты қарасаңыз. Одан кейiн, «археологияны бетке ұстап, мола қазушылар қаптап кеттi. Сосын өз атындағы көшеде қыдырып жүретiн «ергежейлiлер» қаптап кеттi. Осыған үкiмет тарапынан бiр бақылау болса», – деп сөзiн тәп-тәуiр бастаған. Бiрақ, соңындағы «Кеменi дауыл шайқаса, теңiзшiлер капитанға жүгiредi» деген Паустовскийдiң сөзi бар. Бiздiң тiрегiмiз де, қорғанышымыз да, шекарамыз да сiзсiз, Нұр-аға!» деген сөзi біртүрлі шынайы шықпады. Өйткені, Дулат мырзаның мемлекет басшысына қатысты айтқан ащы сын пікірлері ақпарат құралдарында сайрап жатыр. Содан кейiн, Дулат Исабеков мырза: «Қазақстан аумағында өмiр сүрiп жатқан 300 мың қытай бар екен» дей келе, «Жаркент пен Нарынқолда аузында бiр тiсi жоқ кемпiрлерге қытайлар жер үшiн үйленiп жатыр» деп қойып қалды. Осы сөз, бiртүрлi көктүйнекше қадалып өңменiмiзге тұрды да қалды. Белгiлi жазушы елдің шетінде, желдің өтінде тау сағалап өз күндерін өздері көріп жатқан халықтың алдында iлкiдегi сөзi үшін жауап беруі керек. Нақты дәлелдерге құрылмаған долбардың, қаңқудың қайда апарып соғатынын Исабеков неге аңдамайды? Нарынқол мен Кеген дейтін киелі өлкеде қаншама алтын құрсақты аналар, ақсақалды аталар өмір сүріп, ұрпақ өсіріп, немере-шөбере сүйіп жатыр! Райымбектей ұлы бабаны ұран қылған, Бердібек пен Мұқағалидай ұлы қаламгерлерді дүниеге әкелген

Page 110: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

110

ел ешқашан шекарадан ұшып өткен шіркейді де басындырған емес. Исабеков сол қияндағы аудандарға соңғы рет қашан барып апалардың аузындағы тістерін санапты? Шөп орып, кетпен шауып адал еңбек етіп жүрген халықтың тіршілігімен танысып па? Әлде таулы өңірді мұқату үшін Исабековтің аузына өзіміздің «политтехнологтар» сөз салып беріп отыр ма?

Қысқасы, Президентпен кездесуге келген үлкендi-кiшiлi «қайрат- керлерiмiздiң» көбi жалаң мақтау, көпiрме мадақтан әрi аспады. Әсiлi, Президентке сұлу сөзбен қамал соғып берiп жүргендер толып жатыр емес пе? Мемлекет басшысы зиялы қауымды мақтау сөз айту үшiн жинаған жоқ шығар. Неге бiздiң зиялы қауым екiжүздi? Республикалық деңгейде шығатын әртүрлі басылым беттерінде сол қаламгерлер мемлекет басшысына жолыға алмай жүргендей таусыла сөйлеп, сарсыла сыбап жатады. Сол жазушылардың Президент жайлы, ел басқарып отырған азаматтар туралы, елдегі саяси-әлеуметтік қайшылықтар хақында, ретті-ретсіз реформалар жөнінде ашыла сайрағанын сан рет оқыдық. Оны ақпарат құралдарының бетінде көкпар ғып тарта бергенше алдына келіп отырған Елбасына неге айтпайды? Ел Президенті оларға «өз пікірлеріңізді ашық ортаға салыңыздар!» деп тұрған жоқ па? Біздің ұлтқа тірек болады деп жүрген зиялыларымыз неге көзiне қамшы тиген жабағыдай жасқаншақтай бередi? Әлгі шешендер әр жерде әрқалай сайрап жүрген қызыл тiлдерін неге Елбасының алдында кесiп тастап кетпейдi? Әншейiнде, көсiле сөйлеп көпіріп, есіле сөйлеп есіріп жүретiндерi қайда бұлардың? Мемлекет басшысы «iштегі шерлерiңдi шығарыңдар» дедi. Осындай мүмкiндiк туып тұрғанда, олар жауырды жаба тоқымай, елдiң сөзiн жеткiзуi тиiс едi ғой. Айта алмайсың ба, ең құрығанда үндемей қал. Үндемей қалу да – үлкен пiкiр. Ең құрығанда үндемей қалу қолдан келмедi...

Мысалы, Мұхтар Мағауин, Қойшығара Салғара, Амангелдi Айталы, Яхия Әубәкiров, Темiрхан Медетбектер үндемей-ақ қалды ғой. Осылардың үндемей қалуының өзi, бiртүрлi iшкi қарсылықтарын меңзегендей көрiндi бiзге.

Алайда, айтпай қалғандар да жоқ емес. Смағұл Елубай, Мұрат Әуезов, Сейiт Қасқабасовтың көңiлi алаң, халыққа деген ой-ниеттері адал екен. Ел сенген көп зиялылар ардан тайып кеттi.

Смағұл Елубай тiлiп-тiлiп тұрып айтты. «Ойсырап жатқан тұстарымыз бен қайшылықты мәселелердi айтпасақ, қаламгерлiгiмiзге жол болсын. Нұр-аға! Елге келгенiме екi ай болды. Көп жылдар Еуропада тұрдым. Туған топырақта жүрiп қорланғаннан артық қорлық жоқ екен. Тiлдiң бейшара күйге түскенiн көрiп, жағамды ұстадым, зығырданым қайнады. 15 жыл болды, «Тiл туралы» Заңды жөнi түзу құжатқа айналдыра алмай итшiлеп келемiз. Қай кеңсеге кiрсең де өз

Page 111: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

111

азаматтарымыз алдынңан орысша шүлдiрлеп шығады. Оларда не НАМЬIС, не АР жоқ. Шенеунiктерiмiз ана тiлiнде сөйлеуге арланатын секiлдi.

Бiз қайда бағыт алып бара жатырмыз? Бiз қай көшке iлесiп бара жатырмыз, осыған жауап берсеңiз? Үкiмет қайда қарап отыр?

Кезiнде ұлттық мүдденiң аяққа тапталуының ақыры 1986 жылғы оқиғаға әкелiп тiреген. Осы бетiмен кете берсек, аздан кейiн халық көшеге шығып кетедi».

Қызмет бабымен батыста жортып жүрген бөрi азуын осылай көрсеттi. Оның азуын ешкiм қағып алған жоқ. Керiсiнше, Президент жиын аяқталған соң әлгiндегi жағымпаздарды емес, дәл осы Смағұлды қолтықтап алып, сөйлесiп бара жатты.

Одан кейiн сөз алған белгiлi мәдениеттанушы, тектiнiң тұяғы Мұрат Әуезов: «Батыс аймақтардағы облыстарға мұнай компанияларын сатып алған қытайлақтар дендеп енiп барады. Оларға сатылып жатқан мұнай өнеркәсiптерiне кiм қол қойып отырғаны тағы белгiсiз.

Соңғы кездердегi iшкi саяси ахуалдарға байланысты қатқыл қадам- дар жасауға жол бермеуiңiздi сұраймыз. Сiздiң кекшiл болмауыңызды қатты өтiнемiз. Сiздiң ұлықтығыңыз осында, құрметтi Президент мырза!» – деп, өз ойын салиқалы да салмақты жеткiздi.

Белгiлi әдебиетшi, профессор Сейiт Қасқабасов та аянып қалған жоқ.«Екеумiз бiр ауылданбыз, Нұреке! Мен – Қаскелеңнен, сiз –

Шамалғаннан. Бала күнiмiзде сол өлке алма баққа толы едi. Бүгiнде соның бiрi де қалмады. Алма бақтың бәрiн қырқып, отап тастадық. Алатаудың етегiне салынған алып коттедждер бөктерлеп Қаскелеңге қарай келе жатыр. Ауа бүлiндi. Абай көшесiне түссеңiз тұншығып қаласыз. Осыған тоқтам бола ма?

Екiншi мәселе, гуманитарлық жетi институт бар. Соңғы кездерi соларды жоғары оқу орындарын қосу, яки тарату туралы әнгiмелер бар. Осыған алаңдаушылық бiлдiремiз», – дедi профессор.

Белгiлi тарихшы Мәмбет Қойгелдi: «Қазақ халқының санасына өзгерiс керек. Санада өзгерiс болмай, саяси һәм ұлттық мұраттарға ешқашан жете алмаймыз», – дедi.

Осы жиында оқыстан «аузынан апат» болған адам – Мұхтар Шаха- нов болды. Депутаттық мандаттан басы айналып жүрген Шаханов: «Нұреке, қызметте өзiңiз өсiргендер жұмысын сәл төмендеткенге, өзiңiзге шабуыл жасап жатыр», «мына бiздердей зиялы қауымның арасында ондайлар жоқ» деп жәмпең қақты. Мұнысы соңғы уақытта ел аузында жүрген Жармахан Тұяқбай, Ораз Жандосов, Алтынбек Сәрсенбайұлы, Григорий Марченко, Әлихан Бәйменов, Төлеген Жүкеев, Ғалымжан Жақиянов, Заманбек Нұрқадiлов, Жаннат Ертiлесова сынды азаматтардың шалғайына жармасқаны болуы керек. Осы пиғылы,

Page 112: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

112

бiртүрлi, сырт көзге «Құрметтi менiң Президентiм! Мен сiзге екi дүниеде адалмын» деп ант-су iшiп, құрдай жорғалағандай әсер қалдырды. «Аттыға еремiн деп, жаяудың таңы айырылыпты» дегендей, Шыңғыс Айтматовқа еліктеп орысшаға елтiп, ақыры «әлемге таныла алмай», ауламызға аңқайып қайта оралған Мұхаң, Президенттiң алдында «өлең оқимын» деп тағы қиғылық салды. Ақыры шыдай алмай кеткен болуы керек, Президент: «Мұхтар, айғайлама!» деп тыйып тастады. Бәрi жан жақтан жеңiнен тартып, етегiнен басып, «шөре-шөрелеп» жатып, әрең тоқтатты. «Мұхтар Мағауин жарық күнде Шахановтың артына неге шырақ алып түстi?» десек, осындай мінезіне шыдамайды екен ғой...

Мұхтар Шаханов Қырғызстаннан келгеннен кейiнгi елмен қауышу кешiнде: «Бiз Тәуелсiздiктi көп жылдар аңсадық, бiрақ дәл осындай жемқорлыққа белшесiнен батқан Тәуелсiздiктi аңсаған жоқ едiк қой...» – деп Республика сарайына жиналған жұрттың құлағын қайшылатып қойғаны күнi кеше болатын. Ал, бүгiн Президенттiң алдында басқаша сайрап тұр. Сонда қалай? Біздің зиялы деп жүрген мүйізі қарағайдай ағаларымыз елдiң алдында олай, Президенттiң алдында былай сөйлей ме? Ай күннің аманында аласұрып жүрген Шахановқа халықтан – ұпай, Президенттен сөлкебай керек пе? Неге біз айға қарап бір, күнге қарап екі сөйлейміз?

Page 113: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

113

тАПсЫрЫстЫ ӨЛІМ кІМДерДІңтАЛқАНЫН тАуЫстЫ?

Айдың-күннiң аманында арыстай азамат ажал жастығына бас қоюда. Тарландарымызға тасадан тас атып, тал түсте талқанын тауысып жүргендерге қашан тоқтам болады? Қармақты құйрығымен қағып ойнап жүрген жайындардың жолын кесуге құқық қорғау қызметкерлерi неге дәрменсiз? Тапсырысты орындаушы қандықол қақпанда жатса да, неге тапсырыс берушi беймәлiм болып кете барады? Кiсi қолынан тағдыры күл-күмiрә болып кеткен бейкүнә жандар соңдарына осындай бiтеужара қалдырып кетiп жатыр.

Iргемiздегi Ресейде тапсырыспен кiсi өлтiру оқиғасы күн сайын көбейiп барады. Билiктегi шенеунiктер, дума депутаттары қарауылға iлiнiп жатыр. Тiптi, нысанаға журналистер іліне бастады. Бiрi подъезде, бiрi көлiгiнде, ендi бiрi саяжайында... әйтеуiр, естiсең төбе шашың тiк тұрады. Жүйкемiздi жүн етiп, тiлiмiздi безеп мұны неге айтып отырмыз? Соңғы уақыттарда Қазақстанға Ресейдiң ықпалы күшейiп бара жатқаны анық аңғарылуда. «Ауылы аралас, қойы қоралас» дегендей... Тақырыпты аздап саясатпен тұздықтасақ, бiраз мәселенiң шетi көрiнедi. Ортақ валюта сыбысын ақырына дейiн саумалап, сыналағысы келетiн топтар жоқ емес. Осындай қалаймақанда Қазақстан шикiзатын өз пайдаларына асырғысы кеп жүрген Ресей олигархтарының айла-амалы да аз күмән туғызбайды. Нарықтық алашапқында нан табуды басты нысана еткендер сол жолда барын асынып, бақанын алып, барлық iс-әрекетке баратынын уақыт көрсетiп отыр. Бүған дәлел – Мәскеу мен Петербор көшелерiндегi теңкиiп-теңкиiп жатқан тапсырысты өлiмнiң құрбандары. Сол қанға мелдектеген өлi денелерден ақшаның иiсi шығады. Адал ақша жөнiнде сөз жоқ. Әңгiме соңы адам өлiмiне әкелiп тiрейтiн айналымдағы қан атқақтап тұрған арам ақша төңiрегiнде болып тұр. Мәселен, «Қазақстанға АЭС салып беремiз» деп, бүтiн бiр мемлекет атынан сөйлеп жүрген орыс олигархтары көздеген мүдделерiне жету жолында бар күштерiн жұмсайды.

Қазақстан өз азаттығын жариялаған осы азғана жылдар ішінде елiмiзде қаншама тұлғалар қорғасын «жұтып» кетті? Қазақстанның қауiпсiздiк саласы мен iшкi iстер қызметкерлерiнiң құс ұйқылы болғаны абзал. Өйткенi, «батпандап кiрiп, мысқалдап шығатын» бұл дерт кiрпiк қақсаң болды, қара жамылдырып кетедi.

Жұмыр жердi жетi айналсаң да таба алмайтын тұлғаларымызға жасалған қастандықтар осы күдiктi ұлғайтып, қауiп бұлтын зорайта түсуде. Ал, ертең Колумбиядағы наркобаронның һәм Гонконгтағы гангстердiң тәжiн киген тажалдар өз арамыздан шығып, Қазақстан аумағын шеңгелiне алып, шемен болып қатса ше?! Мiне, осындай

Page 114: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

114

үрейлер үрпиiп-үрпиiп iнiнде жатқан жалдамалылар жайлы ой қозғауға жетелейдi.

Қазiр қастандық атаулы Қазақстанның әр аймағынан бой көрсете бастады, әсiресе Ресеймен шекаралас облыстардағы топтардың мүдде қайшылықтарының ақыры ақым қазуға әкелiп тiреуде.

Әлеуметтiк сананың шылауында кеткен өз орынбасары Кимнiң тапсырысымен талқаны таусылған бiр кездегi құрылыс алпауыты Мильграмның қазасы тоқсаныншы жылдардың ортасында қала жұрт- шылығының үрейiн алған. Осы тапсырысты орындаған Салахатдиновтiң қарақшылық тобы одан кейiн де Ресей мен Қазақстанда неше адамның қанын мойнына жүктедi. Араға үш-төрт жыл салып барып қолға түскенмен, Салахатдинов салған лаң Алматыны қорқыныш апанының аузына апарып тiреп қойды. Себебi, халық «тапсырыспен кiсi өлтiру» деген пәленi алғаш сол кезде естiген...

Одан кейiн ұлттың уықтары бiр-бiрден пырт-пырт сына бастады... Соңғы уақыттардағы ақыры құмға сiңген судай сұйылып кете беретiн қылмыстық оқиғалар қапыда көз жазып қалған жайсаңдарға қайта бiр оралудың ретiн келтiрiп тұрғандай.

Түбi бiр түрiк елiнен туған жерге келiп, қазан көтерген Мұстафа Өзтүрiк едi. Мәрмәр теңiзiне кiндiгiн жуғанмен, туған Отанға қарай-қарай ержеткен перзент жат елде шығыс жекпе-жегi өнерiмен қазақтың атын сан мәрте аспандатқан. Әйгiлi Брюс Лимен қанаттасып өнер көрсеткен ұл елге оралғанда, таэквондо өнерiне иман құйылғандай әсерде қалып едiк. Туған жерде қазақтың қарадомалақтарының басын қосып, мектеп ашты. Қайрат, Бексейiт секiлдi тектi жiгiттердi маңына жиды. Мұстафа көтерген көк байрақтың астында қазақ ұландары талай рет ұлт абыройын асқақтатып қайтты. Тiптi, шығыс жекпе-жегiн құрсақтан меңгерiп шыққан елдiң ерлерiн татамидiң бесiншi бұрышына қаңғыртып жiберген қазақтың бiлектi жiгiттерi аз емес. Халық «Мұстафадай серкесi бар спорт ешқашан сергелдеңге түспейдi» деген сенiмге әбден бой үйреткен. Түрiк халқының данагөй басшысы Тұрғыт Өзал мырза да Өзтүрiктiң өнерiн бас бармақпен бағалағаны тегiн емес. Мұстафамен табақтас болғандар да Өзтүрiктiң мәдениет пен саясат төңiрегiнде тым тәуiр әңгiме өрбiтетiн шешендiгiн жырдай қылып айтады. Сол ұлдың қазасын естiгенде анасы Нұрилә: «Отанға барып опық жейдi» деп үш ұйықтасам түсiме кiрген бе едi? Ұлымның сүйегiн Түркияға алдырыңдар», – деп қатты кейiпті. Iле-шала атпал азаматтың өлiмiне «астан уланған» деген сараптама жасалды. Бойын у жайлаған сүйектiң құнын кiмнен сұрағандайсың? Сол күнi киiз үйде Мұстафаны айнала қоршап, тамақтанып отырған тоғыз адамның бүгiнде қазақтың аты мәшһүр ұлдары екенiн әркiм-ақ бiледi...

Page 115: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

115

Өзтүрiктiң жанарынан дүние дөңгелеп бара жатқанда сол киiз үйде- гi арыстың аузына иман су ала жүгіргендер өмiрiне араша түсе алма- ды-ау...

Мұстафаның осы өлiмi сұраусыз, күдiктi өлiмдей көрiнедi де тұрады...

Сол күдiктi Бексейiт Түлкиевтiң қазасы да қоюландыра түстi.Шығыс жекпе-жегiн бiлегiне, қылқаламын жүрегiне жасырған

бiртуар перзент Бексейiт Түлкиевтiң қазасы да қазақ халқының аза бойын қаза қылды. Мұстафадай мәрт жандардың жанында Бексейiттей белдi жiгiттер ғана жүре алса керек едi. Мұстафаның қисаймаған жалауын кейiндерi шетелдерге Бексейiт көтерiп барып жүрдi. Самдағай қазақ балаларының шапшаң қимылына сүйсiнген белгiлi қытай кино жұлдызы Джеки Чанның да Бексейiттей ұстазға ризашылығын бiлдiргенiн естiгенбiз.

Бейнелеу өнерiнде «Сүрбойдақтың арманы», «Күнге бет алған керуен», «Сәйгүлiктер», «Жекпе-жек», «Шыбын жан», «Әке», «Қас- қасу», «Ұйықтап жатқан бала» атты тамаша картиналар мен «Ұлы көш» атты әйгiлi эпопеялық туынды қалдырған қылқалам шеберiнiң әлi де берер дүниесi мол едi. Палитра бетiне жағылған сансыз бояудың iшiндегi қара ноқат өмiрiне нүкте болып таматынын сездi ме екен, есiл ер? Өкiнiшке қарай, 1998 жылдың 14 сәуiрiнде қандықол қарақшылар сұп-сұр кенептiң бетiне өмiр бедерiн қондырған жүректiң ту сыртынан пышақ ұрды. Осы орайда мынандай ой келедi: он адамға оңай берiспейтiн жекпе-жек шеберi көлденең көк аттылардың құрған торына қалай түсiп қалды? Әсiлі, сол оқиға қалай болып едi? Аңыз-ақиқаты аралас Бексейiттiң бұлдыр-бұлдыр қазасы туралы бiзге емiс-емiс талып жеткен деректер бүй дейдi: Бексейiт сол күнi өз көлiгiмен қасына қарындасын ертiп, ықшамаудандардағы бiр танысының үйiне барған. Алтыншы, әлде жетiншi қабат... Қарындасын көлiкке қалдырып: «Мен бес-жетi минутта шығуға тиiспiн», – деп ескертiп кеткен кеткен-мыс. Бұған қоса, Бексейiт қарындасына: «Егер айтқан уақытта шықпасам, тиiстi орындарға жедел хабар», – дегенге саятын сөз айтқан-мыс. Алайда, бiртуар суретшi ол үйден айтқан уақытында аман-есен оралған. Қарындасын үйiне апарып тастап, одан соң өз пәтерiне жол тартқан. Оқиға сол өз үйiнiң тұсында, көлiк қоятын гараждың iшiнде болған. Оқиғаның қайғылы жағдайда аяқталғаны – қылмыскерлердiң Түлкиевтi өлтiруге арнайы дайындалып келгенiнен хабар бередi. Сонымен бiрге, Бексейiтке өзiнiң жақсы танитын адамдары қастандық жасағаны туралы аңыз-шыны аралас әңгiмелер ел iшiнде жиi айтылады.

Бексейiт пышаққа түскеннен кейiн гараждың iшiнде әлденеге айналып, бiраз аласұрып жүрiп қалғанға ұқсайды. Осы тұста томпақтау бiр нәрселер бар. Кейiндерi оқиғаға қаныққандар «Бексейiтке қол

Page 116: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

116

салғандар – өзiнiң жанында жүргендер» деп жүрдi, сол болжам тегiн емес-ау... Бұл қылмыс та «жабулы қазан...» күйiнде қала бердi.

Ай-күннiң аманында тағы бiр суретшi Алматының кақ ортасында көзден ғайып болды. Көрнектi суретшi Мағауия Аманжолов өз шеберханасынан шығып, қайтып оралмады. Осы күнге дейiн не өлi, не тiрi екенi белгiсiз. Бұл жерде бiз «Мағауия Аманжоловқа да әлдекiмдер тапсырыс бердi» дегендi айтқымыз келiп отырған жоқ. Бiрақ, ел аман, жұрт тынышта бiлдей бiр азамат неге iзiм-қайым жоқ болып кетедi? Бұл суретшiнiң әлеуметтiк тағдырынан да ептеп хабарымыз бар. Өмiрiнiң соңында өз шеберханасында тағдыр кешкенi де мәлiм. Тұрғылықты жайы – Суретшiлер одағының жертөлесіндегі шеберхана. Соңғы жүрiп өткен көшесi – Фурманов және Әйтеке би көшелерiнiң қиылысы. Одан кейiнгiсi мүлде белгiсiз.

Бiр танысым бiрде: «Осы Аманжоловты әлдекiмдер ұрлап әкетiп, полотнолар жазғызып, өз пайдаларына асырып жүрген жоқ па?» дегенi бар едi. Астапыралла! Солай болуы да мүмкiн бе?

Өткен жылдың 14 шiлдесiндегi Алаштың арда азаматы, қазақ боксының алып дiңгегi Әбдiсалан Нұрмахановтың қазасы қалың қазақты қара жамылдырып кеттi. Қазақ боксының жас қаһармандарын шетел ареналарында атой салдырған Әбдiсалан өз босағасында фәни дүниемен қош айтысты.

Кейiнгi олимптiк һәм әлемдiк биiктiктерге ту тiккен жетiстiктердi Нұрмаханов мектебiнiң тәлiмi деген абзал.

Аркадий Топаев, Ермахан Ыбырайымов, Болат Жұмәдiлов, Нұржан Сманов, Болат Ниязымбетов, Василий Жиров секiлдi былғары қолғап шеберлерiн шыңға сүйреген шарболаттың да қалай сынғанын көрдi халық. Жел шайқаса да шайқалмайтын алып ағаштың құлағаны да ауыр болады екен. «Батыр – бiр оқтық» дегенге амалсыз сенеді екенсiң. Оқиғаға алдын ала тыңғылықты дайындалған қылмыстық топ нысанаға алған адамын күн ұзаққа торуылдап жүрiп, ақыры алып тынды. Талай сананы есеңгiретiп кеткен Нұрмаханов басындағы оқиғаны ақпарат құралдары сол мезетiнде-ақ егжей-тегжейлi жазды. Жылға созылған қылмыстық оқиға ақыры ашылды. Қылмысты 1977 жылы туған шибөрi, бессайыс спортымен айналысқан, бұрын сотталған Владимир Коневтiң жетекшiлiгiндегi қарақшылық топ жүзеге асырғандығын құқық қорғау қызметкерлерi дәлелдеп шықты. Iс барысында 5-7 адамнан тұратын бұл қылмыстық топтың бұрын да талай тонаушылық iспен айналысқаны белгiлi болды. Нәтижесiнде, Әбдiсалан Нұрмахановтың өлiмi бойынша iс қозғаған сот өкiлдерi айыпкер орындығында отырған қылмыскерлерге мынадай үкiм шығарған: қылмыстық топқа жетекшiлiк еткен Владимир Коневтi 25 жылға бас бостандығынан айырды, оқиғаға қатысы бар Тұмаровқа 20 жыл, Малдыбековке 10

Page 117: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

117

жыл, ал, Нұрмаханов иелiк ететiн уақытша автотұрақтың қызметкерi Ермұханбет Сейiтовтi (Әбдiсаланның үй-жайын көрсетiп берген осы) 7 жылға бас бостандығынан айырды. Алайда, Сейiтовке шығарылған үкiмге Нұрмахановтар отбасы риза еместiгiн ашық бiлдiрген. Сөйтiп, сөмкедегi 200 мың теңге үшiн ұлттың маңдайына бiткен асыл азаматтың алтын басы сұлқ құлады. Ал, тергеу нәтижесi көрсеткенiндей, «қарақшылар қандай адамға қастандық жасағанын өздерi де бiлмейдi-мiс». Осы оқиға орын алғаннан кейiн «Нұрмаханов тапсырыспен өлтiрiлдi» деген сөз бұқара арасында желдей есiп жүре бердi. Алайда, сот барысында тергеушiлер «тапсырыспен жүзеге асқан өлiм» деген күдiк тергеу барысында дәлелденген жоқ» деп мәлiмдедi.

Арыстай азаматынан айырылған Нұрмахановтар отбасы – жесiрi – Күлпаш, ұлдары – Әбдiлдә, Асқар, қызы – Данара өң мен түстей оқиғаға әлi сенбейді...

Жоғарыда Алматы қаласында болған оқиғалардың бiр парасын ғана оқырман назарына ұсындық. Бұдан өзге де сыр берген тұстарымыз аз емес. ҚР Орталық мұрағатының директоры Марат Хасанаевқа жасалған қастандық күнi бүгiнге дейiн демiн iшiне алып жатыр. Тергеушiлер қанша түртiншектегенiмен мұрағат басшысын бақиға аттандыру ар- қылы «бай болып, барша мұратына» жеткендер туралы сезiк келтiрер таңба да таба алмады.

Батыс Қазақстан облысының оза шапқан бiр ұлы Асқар Шайхиев едi. Самбо күресiнен әлем бiрiншiлiгiнiң төрiне қазақ туын алқынбай жеткiзiп чемпион атанған Асқардың да рухын аспанға ұшырып жiбердiк. Әлi талай шыңды бағыңдыратын батырдың да өлiмiнен еш дерек жоқ.

Осы өңiрге аты мәлiм азамат Оралбек Қожагелдиевтiң адам айтса нанғысыз азапты өлiмiн кейiнгi ұрпақ естiмесе екен...

Ақтөбе облысынан да адамға кезенген мылтықтың дауысы ара-тұра естiлiп қалып жатады. Тағдыры қақпақылға түсiп, ақыры кұпия жағдайда көз жұмған журналистен де ел-жұрт хабардар.

Жалпы, Ресеймен шекаралас өңiрлерде тапсырыспен өлтiрiлгендер жайлы жиi айтылып қалып жатады. Себебi, осы аймақта екi елдiң iрi қылмыстық топтарының мүдделерi тоғыса алмай, аяғы қаруға жүгiнiп жататынға ұқсайды. Әлгiндей қылмыстық топтар кейде көздеген мақсаттарына жету жолында белгiлi спортшылардың беделiне иек артатын көрiнедi. Сондай-ақ, батыс облыстарға Ресей жақтан арнайы тапсырыс орындайтын құралайды көзге ататын мерген «гастролерлер» жиi келетiн көрiнедi... Таяуда ғана Маңқыстауда «Ойл констракшн» мұнай компаниясының басшысы Хайролла Оспановты жалдамалылар өз подьезiнде атып кеттi. Бұған дейiн президенттiк аппаратта жауапты қызмет атқарған Оспанов ауруханада көз жұмды. «Маңқыстаумұнайгаз»

Page 118: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

118

компаниясының жетекшiлерi қылмыскерлердi тауып берген адамға аса жоғары көлемде сыйақы беретiндерiн айтты. Сонда да шағын ғана қалада орын алған ауыр оқиғаның шегiне ешкiм жете алмай жатыр. Ендi, осы қастандықтан мұнайдың иiсi шықпай ма?

«Адам аулау» ойынынан оңтүстiк өңiр аман-есен деп тiптi де айта алмаймыз. Ырың-жырыңы көп бұл облыстағы ел білетін тұлға, дене шынықтыру колледжiнiң директоры Мардан Сапарбаев едi. Аймаққа аты мәшһүр Марданның да жанын жол торығандар жаһаннамға жiбердi. Артына ауыр сызат салып кеткен бұл оқиғаның да сайда саны, құмда iзi жоқ. Осыдан бiраз ғана уақыт бұрын Шымкент қаласындағы арақ-шарап шығаратын бiрнеше зауытқа иелiк ететiн Юрий Ким деген кәсiпкердi жалдамалылар тапа-тал түсте атып кеттi. Әйтеуiр, абырой болғанда – Оңтүстiк Қазақстан облыстық iшкi iстер басқармасының қызметкерлерi Кимдi өлтiрген киллердi қолға түсiрдi. Жанына қысым келген жандайшап кәсiпкердi өлтiруге тапсырыс берген адамның да атын айтып бердi. Киллер тапсырысты «сәттi» орындағаны үшiн 1000 АҚШ долларын алған. Мыңдаған адамдарға жұмыс тауып беріп отырған адамдардың өмірі осылай кенеттен үзілуде.

ҚР Парламентiнiң депутаты, белгiлi қаржыгер Қаратай Тұрысовтың басындағы жағдайды дұшпанның да басына бермесiн. ҚР Мемстандарт төрағасының орынбасары қызметiн атқаратын ұлы Нұрлан Тұрысов пен келiнi, Энергетика және минерадцы ресурстар министрлiгiнiң бас маманы Баян Атабаеваны қылмыскерлер пәтерiнде жайратып, халық қалаулысының отбасына қара жамылдырып кеттi. Жарты жыл болды, қару асынған алаяқтардан бiр хабар жоқ.

«Әй, әлгi жауыздардан еш хабар жоқ па?» деп ақырғы күніне дейін Қаратай Тұрысов ақсақал алаңдаумен өзі жалғаннан көшті. Қандай ауыр! Тағдыр тауқыметi Қаратайдай ұлт қайраткерiнiң қабырғасын қаусатып, жанын мұқалтқан соң, кiмге барып, не дегендейсiң?

Алды-артыңа қаратпай, алдына салып алып қуып келе жатқан уақыт-ағзамның қалтарыс-бұлтарысында қаншама тағдыр қанға мелдектеп кетті десеңізші...

Page 119: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

119

«МеНІң суретІМДІ ПАрЛАМеНтке ІЛМеңДер...»(Жолсапар)

Бес сағатқа жуық әуе кеңiстiгiн тiлiп өткен алып лайнер Ыстамбұл- дағы «Ататүрiк» әуежайына Анкара уақытымен таңғы сағат 7.30-да келiп қонды. Астана мен Анкара арасындағы уақыт айырмашылығы небәрi төрт сағат қана.

Қазақстаннан келген журналистер делегациясын әуежайдан Қа- зақстанның Түркиядағы елшiлігiнiң бас консулы А.Әбутәлiпов мырза қарсы алды. Елшiлiк Анкарада болғанымен, консулдық әзiрше Ыстам- бұлдағы кеңседе екен. Әуежайдан шыққан көлiк керуенi министр ҚР Ақпарат министрі Сауытбек Абдрахманов бастаған журналистер тобын Ыстамбұлдың оңтүстiк шығысында орналасқан «Дедеман» қонақүйiне алып келді. Аз-кем дем басқаннан кейiн бағдарламамен таныстық. Тарихы осман арғымақтарының тұяғымен жазылған тарихи орындардың бағдарламада молдығы бiздiң көңiлiмiздi қуантты. Жалпы, Ыстамбұлдың әр тасын түртiп қалсаңыз, тарихтан сыр ақтарып салатындай. Сан жорықты басынан өткерген, тарихы тағдырға шыланған осынау көне шаһарда бүгiнгi күнi 15 миллионға жақын халық тұрады. Бүтiн Қазақстанның халқы бiр ғана қалада орналасқан. Бiр Ыстамбұлдың өзiнде төрт мың мешiт бар.

«Долма бақша» сарайы, әйгiлi Аясофия жане Сұлтан Ахмет мешiтi, «Доп қапы» сарайы, Османның етегiн әркiм бiр жұлмалап, ит талағандай еткен жаугершiлiк заманда әлеуметтiң таңдайына су тамызған жерасты бассейнi, патшалар шатырын тiккен Малта шөкi төбесi мен «Жұлдыз» саябағы, қыл аяғы «Бешикташ» пен «Галатасарай» футбол командаларының стадиондарына дейiн Ыстамбұлда киелi орындар болып саналады. Осы тарихи орындарға түрiктiң еңкейген кәрісiнен еңбектеген баласына дейiн күн сайын келiп тәу етедi. Ат жалын тартып мiнген әрбiр түрiк баласы түрiк болып туғанын керемет мақтан тұтады. Дүкендерде, ғимараттарда, үйлердiң балкондарында, көлiктiң маңдайшаларында, көше қиылыстарында, зат салатын дорбаңыздың сыртында жиі көзге ұшырайтын бiр нәрсе бар, ол – түрiк халқының жалауы. Түрiк жастары жалаудың астында осылай тәрбиеленiп жатыр. Кез келген түрiк азаматы сiздi, мейлi ол алпауыт кәсiпкер болсын, қарапайым жүргiзушi болсын, күтушi болсын, өз елiне деген шексiз патриоттығымен таңқалдырған болар едi.

Бұл жөнiнде кейiнiрек айтатын боламыз. Ендi аз-кем алған әсер- лермен де бөлiсе отырайық.

Page 120: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

120

«Долма бақша» сарайы

Бұл алып сарай (бүгiнгi күнгi тiлмен айтқанда, президент резиденциясы) Осман империясының соңғы патшаларының бiрi – сұлтан Әбдiлмәжиттiң уақытында салынған. Осман тарихын атшаптырым сарайға алтын әрiптермен жазып кеткен Әбдiлмәжит 20 жасында патша болып, 38 жасында дүниеден өткен. Өз қолымен тұрғызған сарайда бес жыл ғұмыр кешiптi. Осман тарихында бүтін Еуропа құрлығын түгел аралап шыққан патша да осы – Әбдiлмәжит. Өзі өте алып тұлғалы болған көрiнедi, бойы 2 метр 30 сантиметр.

Сарай құрылысы 1843 жылы басталып, 1856 жылы аяқталған. Сарай орналасқан аймақтың жалпы аумағы 110 мың шаршы метр болса, ғимарат 45 мың шаршы метр жердi алып жатыр. Оны тамашалауға күнiне 2000 адам келiп-кетедi екен. Туристер үшiн кiру құны – 50 АҚШ доллары. Негiзiнен «Долма бақша» сарайы Түркия парламентiнiң қадағалауында.

Әбдiлмәжиттен кейiн сарайда өмiр сүрген екiншi патша – сұлтан Абдулазиз. Бұрын бұл сарайдың орнында II Махмұт патшаның ағашпен салған сарайы болған. Долма бақша сарайы XIX ғасырдың орта тұсында салынғандықтан, пiшiнi еуропалық сәулет үлгiсiне көп жақын. Ондағы 285 бөлме, 43 зал және 6 түрiк моншасы күнi бүгiнге дейiн мұрты бұзылмастан, қаз-қалпында сақталған. Түрiк халқы үшiн аса киелі болып саналатын бұл сарай екi ғимараттан тұрады. Бiр бөлiгiнде патшалар сырттан келген қонақтарды қабылдап отырса, екінші бөлiгiнде сарайда қызмет атқарған адамдардың отбасылары тұрған. Сырттан келген аса мәртебелi қонақтар ресми сапармен келгенде, патшаға сыйлық ретiнде түрлi суреттер берiп отырған. Қазiргi күнi онда сол суреттердiң 600-i сақтаулы. Бейнелеу өнерiнiң жауһарлары саналатын бұл мұралардың ең көлемдiсi – жиырма төрт шаршы метр. Бір түнде бүкiл кемелердi таудан асырып әкелiп, Ыстамбұл шаһарын бағындырған 21 жастағы Фатық Сұлтан Мехмет патшаны бейнелеген ғажайып туынды да осы сарайда сақталған.

Мәрмәр теңізiнiң жағалауына орналасқан ғажайып сарайдың шығыс жақ бөлiгiндегi ғимаратта үкiмет адамдары мен мүфтият кеңсесi қатар орналасқан.

Сондай-ақ, сарай iшiндегi айрықша маңызы бар бөлме – патшадан қалған кiтапхана. Кiтапханада қазiргi күнi 10 000-нан астам кiтап қоры сақталған. Iлгерiде бұл кiтапхана жергiлiктi халық пен алыс-жақын шетелдерден келген туристерге қызмет жасамаған көрiнедi. Осыдан үш ай бұрын Әбдiлмәжит патшаның ұрпағы бар кiтаптың бас-аяғын жинастырып, сарай игiлiгiне жаратыпты. Сарай кiтапханасында

Page 121: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

121

сақталған кiтаптардың басым бөлiгi – әдеби туындылар. Олар негiзiнен немiс, француз және түрік тiлiнде жазылған шығармалар.

Жалпы, Осман тарихынан ойып тұрып орын алған патшалардың өмiрiнен мол мағлұмат беретiн тарихи ғимаратты аз уақыт iшiнде танып-білу мүмкiн емес. Сарайдағы экспонаттардың 95 пайызы – түпнұсқалар. Дегенмен, ерiксiз мойын бұрғызып қарататын экспонаттарға назар аударуға тырыстық. Сондай сыйға тартылған бағалы мүлiктердiң бiрi – Наполеон патшаның роялi мен Александр патша сыйға тартқан аю терiсi. Бұдан да өзге алтынмен апталып, күмiспен күптелген, әлемнiң әр тарапынан келген түрлi құнды сыйлықтарды көруге болады. Осы сыйлықтардың өзi-ақ Осман империясының атынан ат үркетiн беделiнен аз хабар бермесе керек.

«Долма бақша» сарайында төрт патшалықтың ғұмыры өткен.Құрбан айт пен Ораза айт мерекелерi осында аталып өтiлетiн

болған. Соңғы рет мұнда түркi мемлекеттерi басшылары саммитiнiң салтанатты кешi болған, одан кейiн қолданылған емес.

НАТО-ға мүше елдердiң айтулы басқосулары да осы сарайда өткізіліп тұрады.

Түрiк халқының келешегiн кемелдендiрiп кеткен Мұстафа Кемал Ататүрiк «Долма бақша» сарайына 1927 жылы келiптi. Негiзгi астана Анкараға көшiрiлгендiктен, Ататүрiк бұл сарайдағы кеңсесiн Ыстамбұлға келген кезiнде ғана пайдаланып отырған. Ататүрiк өмiрiнiң көбiн Анкарада өткiзген, алайда ақтық демi 1938 жылдың 10 қазанында, таңғы сағат тоғыздан бес минут өткенде осы сарайда таусылған. Сондықтан, сарайдағы сағат тiлдерiнiң бәрi 9 сағат 5 минут уақытты көрсетiп тұр. Ататүрiк «Долма бақша» сарайына қайтыс боларынан апта бұрын ғана келiп жатқан екен.

Бiздiң елдегi тұтынушыларға «Рамстор» супермаркеті етене таныс. Осы «Рамстор» сауда үйi әлемнiң барлық елдерiнде жұмыс iстейдi. Сол «Рамстордың» қожасы – түрiк халқының Коч династиясы. «Метро сити» – Түркиядағы ең iрi сауда орталығы. Мұның да иесi алпауыт Коч отбасы. Оның жылдық табысының өзi Қазақстанның жылдық бюджетiнен екi жарым есе көп, яғни 6 миллиард АҚШ доллары. Бiр ғана «Коч холдинг» бiр жылдық табысымен Ресей халқын үш жыл асырай алады екен. Осы сауда орталықтарын алғаш үйлестiрiп, әлемдiк деңгейде қанат жаюына ықпал еткен негiзгi қожасы үлкен Коч бiраз уақыт бұрын бақилық болыпты. Ол әлемдегi байлардың iшiнде 47-орында тұр. Қазiр барлық шаруаны үйлестiрiп отырған немересi.

Түркияда ұлттық басылым ретiнде саналатын 13 газет бар. Солардың iшiнде таралымы жөнiнен екiншi орында тұрған – «Заман» газетi. Күнделiктi шығатын басылымның қазiргi таралымы – 420 мың дана. Әрине, 70 миллион халқы бар Түркия үшiн бұл таралым аз болуы

Page 122: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

122

да мүмкiн. Алайда, Түркияда газеттер арасындағы бәсекелестiк қатты дамыған. Басылымдәр негiзiнен нарыққа бейiмделген.

«Заман» газетi өз пiкiрiн еркiн бiлдiретiн басылымдар қатарына жатады. Ең бастысы, газет саяси-экономикалық тұрғыдан тәуелсiз. Дәл қазiргі уақытта «Заман» Алмания, Испания, Грекия, Америка, Англия, Австралия, Румыния, Македония және Болгария елдерiне тарайды. Басылым негiзiнен экономикалық бағытқа көп көңiл бөледi. Күніне бiр нөмiрде түрлi бағытты қамтитын 500 жаңалық жарияланады. Оның 150-i суретке құрылған мәлiметтер. Сондай-ақ, «Заман» газетiнiң жанында бiрнеше ақпараттық-сараптамалық агенттiк бар. Бұл агенттiктер күнiне 11 жергiлiктi телеарнаны 48 аймақтық телеарнаны тосын һәм тың ақпараттармен қамтамасыз етiп отырады. 25 елде тiлшiлер қосыны жұмыс істейді. Жалпы, газеттiң Ыстамбұлдағы штабында 750 журналист жұмыс iстейдi, шетелдерде 100-ден астам меншiктi тiлшiлері бар, 6 баспаханасы бар.

Ақпаратпен қамтамасыз ететiн агенттiк жетекшiсi бiзге: «Сiздердiң Иракта әскери контингенттерiңiз бар емес пе? Бiздiң ол жерде арнаулы тiлшiлерiмiз бар. Қаласаңыздар, солар туралы толық мағлұматтарды бейнетаспа түрiнде де, басылымдық нұсқасын да дайындап бере аламыз», – дедi. Мәселен, түрiк журналистерi Парсы шығанағындағы бiздiң әскери контингентiмiз туралы бiр суреттi 100 АҚШ долларына бағалады.

* * *«Антанталықтар» әр тұстан анталап, осман империясына шабуылға

шыға бастаған шақта, Жаратқан түрiк халқына бiр ұл сыйлаған. Ол – осы Ататүрiк болатын. Әсiлi, әңгiме Анадолы туралы болғанда, сөз Мұстафа Кемал Ататүрiктен басталуға тиiс едi. Ататүрiк – Түркия парламенттiк республикасының тұңғыш президентi. 1923 жыл, 29 қазан – түрiк тарихында алтын әрiппен әдiптелген күн. Еуропаның iргесiне барып қазық қаққан түрiк халқының саяси сахнадағы салтанатты шеруi де Ататүрiктен басталады. Еңсесi еңкейiңкiреп кеткен елдiң шекарасын «жетi өлшеп, бiр кесiп» берген де Ататүрiк. Этникалық жағынан ала-құлалығы бар елдi таза түрiктiк құрылымға иiп әкелген де осы тұлға. Алғаш Ататүрiк қалыптастырып берген Ата заң да жарты ғасырдан астам түрiк халқының тамырына су құйып берiп келдi. Соның айқын дәлелi шығар, Қара теңiз бен Мәрмәр теңiзiне жағалай малдас құрған бүтiн түрiк халқы үшiн Ататүрiк есiмi жалаумен егiздес ұғым секiлдi әсер қалдырады. Қай кеңсеге барыңыз, мейлi ол үкiмет үйi, аумақтық уәлилiктер болсын, яки алпауыт кәсiпкердiң мекемесi болсын, зауыт, фабрика болсын, төрiнде тек Ататүрiктiң суретi iлiнiп тұрады. Тiптi,

Page 123: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

123

етiкшiнiң дүңгiршегiнен де көзiмiз шалып қалды. Ел президентi Сезер мырзаның әйдiк суретiн емге таппайсыз.

Қай елде болсын парламенттiң орны ала-бөтен. Бiздiң Түркия парламентi орналасқан үйге жолымыз түстi. Түркиядағы соңғы парламент сайлауы 2002 жылдын 3 қарашасында болған. Парламент спикерi жолсапарда екен. Министр Сауытбек Абдрахманов бастаған журналистер тобын спикердiң орынбасары Салих Қапусуз мырза қабылдады. Қапусуз Түркияның саяси элитасының диiрменiн айнал- дырып отырған Ақ партияның өкiлi екен. Парламенттегi Әдiлеттi даму партиясы фракциясының жетекшiсi де – спикердiң орынбасары. Фракция жетекшiсi Осман империясының өте әдiлеттi және гуманистiк бағыттағы басқарылымын мақтан тұтатынын айтты. Түркияда бiр палаталы парламент. Парламентте бес жүз елу бес депутат бар. Екi партиялық фракцияға бөлiнедi. Олар – Түркияның премьер-министрi Ережеп Тайып Ердоғанның басшылығындағы Әдiлеттi даму партиясы (Ақ партия) мен республикалық халықтық партия. Соңғысы – оппозициялық партия. Парламенттегi басымдыққа ие – Ақ партия, олардың құрамында 368 депутат бар. Оппозициялық партияның өкiл- дерi – 172 адам. Парламент орналасқан ғимараттың құрылысы 1939 жылы басталып, 1961 жылы аяқталған. Ғимарат аустриялық сәулетшi Хольц Майстер Клеменстiң басшылығымен салынған. Екiншi дүние- жүзiлiк соғыстың салдарынан ғимарат құрылысы 22 жылға созылған. 1996 жылы мәжiлiс залы толықтай жаңартылған екен. Мәжiлiс залының төбесiне үлкен-үлкен 16 люстра iлiнген. Бұл түркi тiлдес 16 халықтың символдық белгiсi үшiн әдейi таңдап алынған. Парламентте билiк партиясы сол жақта, оппозициялық партия оң қапталда отырады. Ара-тұра депутаттар арасында төбелес те болып қояды. Сонымен бiрге, парламентте халыққа арналған арнайы ауқымды лоджия бар. 300-ден астам адам сыяды. Әрбiр түрiк азаматы парламенттегi саяси-әлеуметтік маңызы басым заң жобаларының талқылауларына қатысып, өз үндерiн бiлдiре алады. Соңғы рет халыққа арналған мiнбе Кипр мәселесiне қатысты талқылауда лық толған.

Әлгiнде Ататүрiктiң суретi туралы әңгiме қозғап қалғанбыз. Бүтiн Анадолыда тек Түркия парламентiнде ғана Ататүрiктiң суретi iлiнбеген. Парламент тарихымен таныстырып жүрген маман бiзден: «Осы жерден нендей айырмашылық көрiп тұрсыздар?» – деп сұраған. Бiз ештеңе аңғара алмадық. Аңдасақ, парламентте бүкiл Түркия халқы төрiне қойып жүрген Ататүрiктiн суретi жоқ екен, және парламентке суретiн iлгiзуге Ататүрiктiң өзi қарсы болып: «Егер парламентте менiң суретiм iлiнiп тұратын болса менің мысым басып кетуі мүмкін. Ал бұл жағдай депутаттардың халық үшін аса маңызды құжаттарды қабылдауына

Page 124: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

124

да кедергі келтiреді. Сондықтан, менiң суретiмдi парламентке iлмеу- лерiңiздi өтiнемiн», – деп өсиет қалдырыпты.

Аясофия – Түркияның ұлттық құндылықтарының бiрегейi. Осы елге келген жолаушылар мен туристер Аясофия мешітіне соқпай кетпейдi. Мешіттің салынғанына шамамен 1500 жыл болған. Әйгiлi «Топ қапы» сарайы да осы Аясофиямен жапсарлас орналасқан. Жалпы, «Топ қапының» iшiнде сұлтандардың өмiрiнен ақпар беретiн 500-ге жуық бөлме және 15 монша бар. Таныстырушылар ол бөлмелер сұлтандардың әйелдерiне арналып салынғанын айтты. 500 бөлмеде – 500 әйел. Бұл сарайда нешеме сұлтандардың дәуiрi өткен. Сондықтан, таныстырушы әр сұлтанның өмiр сүрген дәуiрiне жеке-жеке тоқталған жоқ. Сұлтанға әйел болғысы келетiн қыз балаларды жас күнiнен бастап осы сарайға әкелiп, дайындайтыны жөнiнде қызық дерек естiдiк. Бiр сұлтанға – 500 әйел. Алайда, сұлтанның соншама әйелi болғанымен, сұлтан көбiсiн жүзбе-жүз көрмеген де сияқты. Негiзiнен сұлтанға әйелдердi жанарларының әдемiлiгiне қарап таңдап отырған деседi. Болашақ әйелдер бүлдiршiн күнiнен бастап сарайда тәрбиеленген. Соншама әйелдiң iшiнен сұлтанға ұнағаны – Роксалана есiмдi қыз екен. Ал өзге аймақтардан әкелінген, алайда Сұлтан әйелдікке қабылдамаған қыздар оның көмекшiлерiне немесе жоғары лауазымды қызметкерлерге үйлендiрiлiп отырған. Сарайдағы жоғары лауазымды қызметкерлердің балалары он екiден он алты жасқа дейiн осы сарайда тәрбиеленiп, кейiн облыстарға, аймақтарға басшы болып кетiп отырған. Төрт-бес жыл әкiмдiк қызметте болған олар кейiн қайтадан сарайға келiп, министрлiк қызмет атқарады.

Бiз «Топ қапы» сарайымен жапсарлас орналасқан Аясофия мешiтiмен де түгел танысып шықтық. 537 жылы ашылған мешiт кемi екi-үш рет күрделi жөндеуден өткiзiлiптi. Негiзi, Аясофия – Византия империясының әйгiлi шiркеулерiнiң бiрi болған. Кейiн Осман империя- сы жаулап алғаннан кейiн қайта жасақталып, мешiтке айналдырылған. Ұзындығы 100 метр, енi 70 метр, биiктiгi мен мешiт күмбезiнiң диаметрi 56 метр. Төбесiнiң басым көпшiлiгi алтынмен апталған. Сұлтан Мехмет алғаш Византияны жаулап алған шақта ең бiрiншi намазын дәл осы Аясофияға келiп оқыған екен. Және бұрынғы шiркеудi мешiтке айналдырған кезде көп өзгерiстерге жол бермеген. Қазiр христиандық қолтаңбалар айқын бiлiнiп тұр. Тек намазға шақыратын мiнбенi ғана салдырған. Түркия мешiттерiнiң iшiнде қабырғаларға негiзiнен пайғамбардың аты көп жазылады. Күллi мұсылман қауымының iшiнде ең үлкен жазу да осы Аясофия. Бұл жазудын биiктiгi жетi метр. Аясофия Осман империясының қолына өткеннен кейiнгi iстеген шаруасы – он алтыншы ғасырда Мимар Синан есiмдi түрiк сәулетшiсi бiр жанына қарай қисайып бара жатқан алып ғимаратты тоқтатқан. Ол – түрiк

Page 125: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

125

халқының тарихындағы ең ұлы сәулетшi болған. Негiзi Леонардо да Винчи мен Мимар Синан екеуi бiр дәуiрде өмiр сүрген көрiнедi. Елдегi аңыз-әңгiмелерге қарағанда екеуi бiр-бiрiн таныған секiлдi. Сол Мимар Синан салған ғимараттар Түркияда жетiп артылады. Өткен жылы Түркияда болған жер сiлкiнiсi кезiнде сол ғимараттардың бiрде-бiрiнiң қылпығы қисаймапты. XX ғасырдың сәулетшiлерi жеткен жетiстiктер мен қолданған тәсiлдердi Мимар Синан өз дәуiрiнде айтып кеткен екен. Аясофияның тап iргесiнде жерасты бассейнi бар. Бұл бассейннен халық жаугершiлiк кезеңдерде су iшiп отырған. Бассейндi салуға уақытында 40 мың құл жұмылдырылған екен. Сол 40 мың құлдың көбi осы бассейннiң құрылысы кезiнде жан тапсырыпты. Жерасты бассейнi 1609 жылы басталып, 1617 жылы бiткен.

* * *Еуропаны кезiп жүрген Ер түрiктiң бөрi ұлдарының бiрi – Түркия

Республикасының премьер-министрi Ережеп Тайып Ердоған. Бұл елде президенттен гөрi премьерiңiздiң беделi жоғары. Президенттi де, премьердi де парламент сайлайды. Соған қармастан, түрiк халқы өте саясатшыл. Кез келген жерде саясат пен спорт тақырыбының көрiгiн қыздырып отырғаны.

Ердоған билiкке келген тұста әлемдiк саясаттың кәрi құлақтары кәдiмгiдей әбіржіп қалған едi. Себебi, Ердоғанның жетекшiлiгiндегi жеңiске жеткен партия исламдық бағыттағы құрылым болатын. Алайда, айқын басымдықпен жеңiске жеткен партия жетекшiсi Түркияның iшкi-сыртқы саясатын мүлде түрлендiрiп жiбердi. Еуропаға қадам басты. Алпауыт елдермен әмпәй-жәмпәй. Әскери қорғанысын одан сайын күшейтiп алды. НАТО-ның құрамындағы елдердiң iшiндегi ең әскерi көп ел де осы Түркия. Жалпы, әскери күшi 1,5 миллион болса, оның 600-i НАТО-ның қарамағында.

Ердоғанның елдегi беделi өте жоғары. Айналдырған екi жылдың iшiнде бiрнеше ірі реформа жасап үлгердi. Сол реформалардың жетiстiгi шығар, аз ғана мезгiлде Ердоған ықпалды мемлекет басшыларының iшiнде ондыққа кiрдi. Дәл қазiр бүтiн Түркия «Ердоған бiздiң әкемiз» деп отыр. Еуропалық Одаққа мүше болудың алғышарттарын жасап та үлгердi. Кипр мәселесiнде де аз абырой жиған жоқ. Қысқасы, тек түрiк халқының ғана мүддесi үстемдiк құрып тұр.

Түрiк лирасының құны онша адам қызығарлықтай болмай тұрғаны жасырын емес. I АҚШ доллары – I миллион 400 мың түрiк лирасы. Сондықтан, Түркияда миллионер болу онша қиын шаруа емес. Мәселен, «Егемен Қазақстан» газетiнiң бас редакторы Жанболат Аупбай ағамыз 100 АҚШ долларын ауыстырып, 140 миллион 400 мың түрiк лирасымен демде-ақ «миллионер» болып шыға келдi. Ендi

Page 126: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

126

Ердоған ақша айналымында реформа жасамақ ниетте. Яғни, түрiк банкнотындағы алты нөл алынып тасталмақшы. Айналымға жаңа банкноттар енгiзiлгенiмен, ескi ақша бiр жыл бойы айналымда жүредi. Бұл халық қолындағы ескi банкноттарды айналымнан шығару үшiн және халыққа қолайлы болу үшiн жасалмақшы екен. Түрiк тiзгiнiн қолына берiк ұстаған Ердоған өз ұлты үшiн жатпай-тұрмай еңбек етiп жатыр. Мұны халық та сезiнiп отыр. Әлгiндей iскерлiгiн жоғары бағалаған кейбiр электорат Ердоғанды «екiншi Ататүрiк» деп те атап қояды. Жалпы, түрiк халқының әлеуметтiк жағдайы жаман емес сияқ- ты. Түрiк қоғамында тұрғын-үй мәселесi де шешiлген. «Екi қолында бiр күрегi» бар түрiк халқы Түркияның келешегi үшiн жұмыс iстеуде.

Ердоғандай көсемi бар түрiк халқының бақыттан басы айналып отыр.

Түбi бiр туысқан елдiң Еуропада үстемдiк құрып отырғанын көрiп, бiз де тәубә дестiк.

Алматы – Ыстамбұл – Бұрса – Анкара –

Ыстамбұл – Алматы.

Page 127: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

127

І І І - б ө л і м

сҰхБАттАр

қАһАрМАН(Екінші дүниежүзілік қырғынның батыры

Қасым Қайсеновтпен сұхбат)

Жанарбек Әшімжан: Ата, тарихқа «Ұлы Отан соғысы» деп енген қырғынға да 61 жылға аяқ басыпты. Сол соғыстың бел ортасында болған даңқты батырларымыз да уақыт өткен сайын азайып барады. Жалпы соғыс атаулыдан сабақ алатын тұсы бар ма?

қасым қайсенов: Мен өте қиын соғысқа қатысқан адаммын. Соғыстың алдында төрт жыл Мәскеуде КГБ-ның, Кеңес Одағы қорғаныс министрлiгiнiң диверсиялық барлау мектебiнде оқыдым. Бұл құпия мектеп. Онда бiзге кiмдер сабақ бердi, кiмдер оқытты, мектеп Мәскеудiң қай көшесiнде орналасқан, бұл жағы да беймәлiм. Сол мектептi бiтiрген жылы соғыс басталып кеттi. Кеңес өкiметiнiң сол кездегi басшылары соғыстың кiммен және қашан болатынын алын ала бiлген. Бiрақ әзiрлiгi өз деңгейiнде болмаған. Жау тұтқиылдан басып кiрдi. Көптеген жiрiмiз жау қолында қалды. Жау қолында қалған кеңес адамдарынан топ құрып партизандық күреске шығуы керек болды. Сол шаруаны жүзеге асыру үшiн дайындаған адамдары бiз болып шықтық. Украинада, Белоруссияда көптеген әскери округтер бар болатын. Соғыс басталысымен әрбiр округ майдан штабына айналды. Мен 1941 жылы 19 желтоқсан тұңғыш рет Украинаның жау жайлаған жерiне диверсиялық топтың командирi болып парашютпен ну орманға түстiм.

Жанарбек Әшімжан: Қанша адам едiңiздер?қасым қайсенов: 10 адам. Ол 10 адамның әрқайсысы әр кәсiптiң

иелерi болатын. Бiреуi мина қоюшы, екiншiсi аудармашы, үшiншiсi мерген, төртiншiсi телефонист дегендей. Украина жерiнiң басым бөлiгi орманды алқап, сонау Карпатқа дейiн қалың жыныс. Украинаны екiге бөлiп тұрған Днепр өзенi. Басында бiздi сол Днепрдiң шығысына тастамақ болған, бiрақ шатастырып батыс жағына тастады. Бiрiншi түскен жерiмiз Виница облысының аумағы. Германиямен шекаралас орналасқан облыс. Бiз кеңес адамдарының киiмiн киiп жүрген адамбыз. Және жергiлiктi жерден Кеңес Одағын қолдайтын адамдарды iздеуiмiз керек. Оның үстiне Украинаның өзiнде кеңестiктердi ұнатпайтын

Page 128: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

128

ұлтшылдар тобы көп болды. Белуардан қар. Төрт жарым қыс сондай азапта, аш-жалаңаш, жаралы болып жүрдiк.

Жанарбек Әшімжан: Сiздердiң мiндеттерiңiз – Кеңес Одағының идеологиясына шексiз берiлген коммунистердi тауып, партизан отрядын құру ғой.

қасым қайсенов: Әрине. Мен сiздерге бiр қызықты айтайын. Бiз алғаш Виница қаласында бiр беделдi коммунистпен таныстық. Сол коммунист бiзге бiр қызық әңгiме айтты. Сол Виницада Александр Жовтис деген азамат тұрыпты, өзi 1923 жылы туылған екен. Ұлты – еврей. Соғыс басталған кезде сол Жовтис бас сауғалап шығысқа қашып кеткен көрiнедi. Екiншi рет кездескенiмiзде әлгi коммунист маған: «Вася, әлгi Жовтис сенiң туған отаныңа барыпты», – дедi. Сөйтсек, ол Жовтис қазiргi түрлi саяси орталарда бой көрсетiп жүретiн Евгений Жовтистiң әкесi екен. Александр Жовтис Қазақстанға келген соң педагогикалық институтына оқуға түсiптi. Одан оны соғысқа алып кететiн болған соң тау-кен институтына оқуға ауысыпты. Бұл институттың студенттерiн соғысқа алмайтын. Соғыс аяқталған соң қайтадан педагогикалық институтқа ауысыпты. Кейiн ғылым докторы, профессор болды.

Жанарбек Әшімжан: Ата, тақырыптан ауытқып бара жатқан сияқтымыз?

қасым қайсенов: Тақырыптан ауытқып бар жатқан ештеңе де жоқ. «Жовтистiң соғысқа қандай қатысы бар?» дейсiңдер ғой. Мұның бәрi тарих, кейiнгi ұрпақ жадына жазып алуы тиiс. Сол Александр Жовтис 1986 жылғы Желотоқсан көтерiлiсiнен кейiн Қазақстанға Колбин келгенде, Колбиннiң сенiмiне кiрiп алып, осындағы қазақтың көптеген қайраткер ғалымдарының соңына шырақ алып түскен. Өмiрбек Жолдасбеков бастаған жиырма шақты академиктiң төбесiне әңгiр таяқ ойнатып, қудалаған. Сонда мен Өмiрбек Жолдасбековке араша түсiп, қорғадым. Жолдасбеков менi өмiрiнiң соңына дейiн сыйлап, жақсы көрiп өттi. Мен ешкiмдi өмiрi ұлтқа, нәсiлге бөлген адам емеспiн. Осы уақытқа дейiн қазақ, орыс, украин тiлдерiнде 34 кiтап жазыппын. Сол кiтаптарда тек қана соғыс туралы ғана емес, бейбiт өмiрдегi осындай оспадарсыздықтар да айтылған. Бұл ендi жол-жөнекей айтып жатқан әңгiме ғой. Бастапқыдағы сөзiмiзге қайта оралайық.

Тағдыр менi ең қатал, ең қиын жағдайға түсiрдi. Жау тылы – бұл фашистiң қатал армиясының нағыз қайнаған жерi. Қыстың қақаған боранында орман паналайсың. Мұз жастанып, қар жамыласың. Тау сағалайсың. Сөйтiп жүрiп соғыстық. Бұл жақтан гөрi менi Украинада халық көп бiледi. Бәрi менi «Вася» дейдi. Мен туралы украиндар кино түсiрдi, кiтап шығарды. Осындай қатал тағдырға тап болсақ та, «қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледi» деген рас екен. Мен алғаш соғысқа Павлодар қаласынан аттанғам. Жұрт 23 сәуiрдi «Қайсеновтiң

Page 129: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

129

туған күнi» деп тойлап жатады. 1938 жылы 23 сәуiрде өмiрлiк жарым Асыл екеумiз Павлодарға қызметке барған күнiмiз. Мен Павлодар облыстық бiлiм беру басқармасында инспектор болып жұмыс iстедiм. Екеумiз ерте үйлендiк, отау тiккенiмiзге 76 жыл болыпты. Соғысқа сол жерден шығарып салды.

Жанарбек Әшімжан: Үйiңiздiң төрiне Сталиннiң суретiн iлiп қойыпсыз. Бұрынғы үйiңiзде де iлiнiп тұрушы едi. Соғыс кезiнде Сталинмен кездестiңiз бе?

қасым қайсенов: Мен Сталинмен жүзбе-жүз кездескен емеспiн. Сталиндi сендер жер-көкке сыйғызбай жамандайсыңдар.

Жанарбек Әшімжан: Бұл жамандаған емес, қазақтың сүт бетiне шыққан қаймақтарын қырып жiберген адамға тарихтың берген бағасы ғой, ата.

қасым қайсенов: Бiрақ Сталин бүкiл дүниежүзiнiң тiзесiн дiрiлдететiн мемлекет құрып кеттi. Ол дүниежүзiн фашизмнен азат етiп кеттi емес пе. «Халықты қырып жiбердi» дейсiңдер. Рас, көп адам қырылды, айдалды. Осының бәрiн Сталин жалғыз өзi iстедi ме? Оның жанындағы Хрущев, Молотов қайда жүрдi? Сүт бетiне шыққан қаймақтарымызды сыртынан көрсетiп берген өзiмiздiң қазақтар ше? Сол кездегi саяси қылмысты, террорды жасырып-жабу үшiн жалғыз Сталиндi нысанаға алып қойды емес пе? Мұны неге жасырамыз? Өткендi жамандай беру дұрыс емес. Өткен өмiр қанша жаман болса да, бәрiбiр бiздiң басымыздан кешкен тарихымыз. Владимир Карпов деген бар. Ұлы Отан соғысының батыры. Екеумiз соғыста кездесiп, дос болған адамбыз. Былтырғы жылы осында бiр делегацияны басқарып келiптi. Теледидардан көрiп таныдым. Кездесе алмадым, өзi елдерден «Вася бар ма, тiрi ме» деп сұрастырыпты. Арнайы сыйлық берiп кетiптi. Медеу аудандық әскери комиссариатының адамы әкелiп бердi. Сол Владимир Карпов Сталин жайлы екi кiтап жазды.

Жанарбек Әшімжан: Ұлы Отан соғысының тарихына қарап отырсаңыз, аты аңызға айналған Примак, Тканко, Каупак, Феодоров есiмдi партизандар жадыңызға оралады. Сiз солдарды көрдiңiз бе?

қасым қайсенов: Солармен қоян-қолтық араластық, қасында жүрдiм. Мен солардың қол астында болдым. Олар партизан соғысының көсемдерi, жақсы немесе жаман жағыңа солар ықпал етедi. Солардың әруағына күнi бүгiнге дейiн басымды иiп, тәу етiп отырамын. Мен қайда барсам да сондай iрi адамдарға кез болдым. Сендер батырлықты адам күнiбұрын ойлап, жоспарлап жасайды деп ойламаңдар. Отаныңды шексiз сүйсең, сол жолда бойыңдағы бар қасиеттi аямасаң, ел үшiн ерлiк көрсетсең, батыр атанасың. Өлең халық «батыр» деп атайды. Және мен өзiм iстеген ерлiктердi батырлық деп есептемеймiн. Мен бар болғаны төрт жыл оқыған оқудағы жиырма шақты ұстазымның үйреткен

Page 130: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

130

әдiс-тәсiлдердi бұлжытпай орындап отырдым. Олардың барлығы да шетелдерде диверсиялық және террор жұмыстарын жүргiзген тұлғалар. Менiң сұрапыл соғыстан тiрi келуiме, осылай даңқты адам болуыма әсер еткен солардың тәжiрибесi. Жау тылында мен көрмеген қиындық болды деп айту қиын. Ылғи қантөгiс, қоян-қолтық ұрыс, жекпе-жек. Қазiргi теледидардан көрсетiлiп жатқан қанқасап кинолар менiң өмiрiм сияқты. Сендер оны керемет рахаттанып көресiңдер.

Жанарбек Әшімжан: Таяуда қайсыбiр жиында сiздiң қазiргi көрсетiлiп жатқан нешетүрлi киноларды, телеарнаның басшыларын қатты сынға алып сөйлегенiңiздi көрiп қалдық.

қасым қайсенов: Ендi ше? Қазiр бала-шағамен қатар отырып теледидар көре алмайтын халге жеттiк. Осы соңғы 10-15 жылда елiмiздi жаулап алған кино өндiрiсiндегi сантүрлi жауыздыққа тәрбиелейтiн киноларды айналымға шығарып отырған бiр-ақ адам.

Жанарбек Әшімжан: Ол кiм?қасым қайсенов: Мен оны бiлемiн. Өздерiң тауып алыңдар. Ол

қазақ ұлтына, болашағына қаскүнемдiк жасап отыр. Сол бiр адам он жылдан берi телевизиялық диверсиялық жұмыс жүргiзiп келедi. Қаржының бәрi теледидардың маңайында екенiн бiлiп алған. Елдегi кинотеатрлардың жүйесiн құрып алған. Одан түскен қаржы мүлде басқа бiр елдiң бүкiләлемдiк қорына барып түседi.

Сол кинодағы бiрiн-бiрi өлтiрiп, бауыздап, қырып жатқан қай елдiң адамдары? Қай ұлттың өкiлдерi? Еркектерiнiң қолында қос-қостан тапанша, әйелдерiнiң қолында қос-қостан қанжар. Көзiне қан қатқан жұрт. Сондай қанды қырғынды бастан кешiрiп келген менiң өзiм әлгi киноларды көрiп отырып жаным түршiгедi. Тiптi, сол жат пиғылдағы киноларды қазақ тiлiне аударып берiп жатқан арналар бар. Ал бiздегi ақпарат құралдары мұндай нәрселерге жай ғана қарайды. Бұл жағдайды үкiмет мүшелерiнiң бәрi бiледi. Депутаттар күнде көрiп жүр. Солар неге жұмған аузын ашпайды?

Қазiргi отырған осы тау баурайындағы үлкен үйдi президент Н.Назарбаевтың өзi арнайы салдыртқан. Алматыдағы резиденциясына шақырып, кiлттi өз қолымен табыс еттi. Тағдырдың санқилы сынағынан аман өтiп келдiк. Құдайға мың да бiр тәуба. Мемлекет басшысы 90-ға таяған шағымда елеп-ескерiп, қолыма үйдiң кiлтiн ұстатқанда жан-жүйем қатты толқыды. Мен бұрын өлең жазғанмын. Әлгiндей толқыныс үстiнде де мынадай бiр ауыз өлең оралды:

Тағдыр менi талай рет қуантты,Тағдыр менi талай рет жылатты.Ақырында бала берiп, бақ сыйлап,Тағдыр өзi менi осылай жұбатты.

Page 131: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

131

Асыл апаларың соғыс уақытында «Социалистiк Қазақстанда» жұмыс iстеген. Сол апаларың маған арнап кiтап жазған. Кiлттi берген кезде Нұрсұлтан мен Иманғалиға апаларың жазған кiтапты бердiм. Рахметiмдi айттым.

Жуырда осы үйге ескiрген алтын жұлдызды жаңартып беру үшiн Мемлекеттiк хатшы Оралбай Әбдiкәрiмов келдi. Отырып қонақ болды, шәй iштi. Оған да телеидеологияның терiс жақтарын, кейiнгi ұрпаққа берiп жатқан тетiр қырларын айттым. Сосын Оралбайға «Ертiсбаевқа сәлем айт, тым құрыса мына киноны түзесiн» деп сәлем айтып жiбергенмiн. Ақпараттың басына Ертiсбаев жаңадан министр болып келiптi. Сол Ертiсбаев оппозияцияға қатысты айтқан бiр пiкiрiнде «ұят, ар, намыс қайда?» деп айтқан. Өзi министр болып келгеннен кейiн маған хат жазыпты. Ұлты – қазақ, қазақ болып тұрып өзiнiң тiлiн бiлмеу не деген сұмдық?! Өзiнiң ары, ұяты, намыс қайда? Сол Ертiсбаевқа байланысты ашық хаттар президентке бiрiнен кейiн бiрi жазылып жатыр. Бұл тегiн болмауға керек деп есептеймiн.

Page 132: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

132

«ЖИҒАН-тергеНІН АрқАЛАП кетІПтІ ДегеНДІестІгеМ Жоқ»

(Қоғам және мемлекет қайраткері Амалбек Тшановпен сұхбат)

– Амалбек қозыбақұлы, сіз ұзақ жылдар аймақта басшы болдыңыз, депутат та болдыңыз. көп жылдар ел басқару ісінен қол үзген жоқсыз. кейінгі жылдары ірі саяси қозғалыстардың ортасынан табылып жүрдіңіз. саяси-әлеуметтік мәселелерге қатысты сын-ескертпелерді де аз білдірген жоқсыз. осының бәрі лауазымды қызметтерден қол үзіп қалған адамның билікке деген өкпесінен туаған іс-әрекеттер ме, әлде...

– Мен өз пікірімді әркез ашық білдіріп келген азаматпын. Бірақ әр нәрсе өз орнында тұруы керек. Мәселен, бір ғана мысал келтірейін, бұрын Есеп палатасы Жоғарғы Кеңестiң қарауында болған. Қазiргi Есеп комитетi ғой. Сол комитет тiкелей Парламенттiң қарауында болуы керек. Өйткенi, Парламент өзi тексерiп, өзi шешiм шығарып отыруы керек. Бюджеттi қабылдадық па, ол қалай жұмсалып жатыр, қайда жұмсалып жатыр, бiз соның бәрiн бiлiп отыруға тиiспiз. Қазiр Есеп комитетiн бiз қадағалай алмаймыз. Неге? Сонда не, Парламент сенiмсiз бе? Әлде, үкiмет халықтiкi емес пе? Үкiметтiң позициясы Парламенттен неге бөлек болуы керек, мен осыны түсiнбеймiн. Үкiмет Парламенттi өзiнен төмен көредi. Заманбек Нұрқадiлов сендерге берген сұхбатында «телефонды көтермейдi» дептi ғой, ол бер жағы, Парламент депутаттарының мiнiп жүрген кезекшi көлiктерiнiң өзi 90-жылдардағы ескi «Волгалар». Үкiметтегiлердiң ондай көлiктiң бар екенiн ұмытқанының өзiне он жыл болды, ал депутаттар соны мiнiп жүр. Көлiктi де айтпағанда, бiздiң жұмыс кабинетiмiздiң өзi сын көтермейдi. Аядай ғана бөлмеде көмекшiмiзбен бiрге отырамыз. Жеке отырып адам да қабылдай алмайсың. Бiзден экономикасы неше есе төмен деген Қырғызстанның өзiнде ондай емес, олар парламентке барлық жағдайды жасап қойған. Қит етсе, депутаттардың айлығын алға тартамыз, сынауға келгенде, соларды алдыға сап қоямыз. Бұл не үшiн, кiм үшiн керек? Бiзге өзiнiң жеке басының қамымен жүретiн Парламент керек пе, жоқ халық үшiн жұмыс iстейтiн Парламент керек пе, осы төңiректе ойлануға тиiспiз.

Егер бiзде бәрiн Парламент бақылап, бiлiп отырса, коррупция да болмас едi. «Арам ақшаны заңдастырамыз» деп шала шабылып, сырт көздiң алдында күлкiге қалмас едiк. Парақорлықтың белең алып тұрғаны да, сыбайлас жемқорлықтың дес бермей отырғаны да осы, бақылаудың жоқтығынан деп ойлаймын.

Page 133: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

133

– Шикiзат саласына қатысты келiсiм-шарттардың ашық болуын қалайтын топтар аз емес. осыған байланысты арнайы акция да өттi, бiрақ неге нәтиже болмады?

– Осы жерде «Парламенттiң құзыры» деген нәрсе тағы да алдыңнан шығады. Қазiргi жағдайда үкiмет қалай шешсе, үкiмет қалай жасаса, солай қалып отыр. Үкiмет басқа бiреу үшiн, Парламент өзгелер үшiн жұмыс iстейтiн сияқты. Неге халықтан жасырын болуға тиiс, мен осыны түсiнбей-ақ қойдым. Айналдырған 14-ақ миллион халықпыз. Соншама байлық бар. Сол байлықтың «қай тиыны қайда кетiп жатыр?» деген мәселе ашық болуы керек қой. Неге сол жабық? Оның артында кiмдер тұр? Ешкiм бiлмейдi. Бiрақ, бiр нәрсе анық – ешқашан, ештеңе «жабулы қазан» күйiнде қалмайды. Түптiң түбiнде бәрі ашылады. Жалпы, бұл дүниеде ашылмай қалатын нәрсе жоқ. Бүгiн болмаса, ертең ашылады. «Жиған-тергенiн о дүниеге арқалап әкетiптi» дегендi естiгем жоқ.

– оның үстiне, Үкiмет өз мақсатын «алпауыт» партиялар арқылы жүзеге асырып жатыр ғой...

– Өздерiңiз жақсы бiлесiздер, Парламенттiң негiзгi құрамы «Отан» партиясының мүшелерiнен тұрады. Ал, сол «Отанның» үкiметтiң айтуымен жүретiнi ешкiмге де құпия емес. Үкiмет «мына заңға байланысты былай дауыс бересiң» десе, олар соны қалтқысыз орындайды. Сосын Машкевичтiң ықпалындағы Азаматтық партия бар. Азаматтық партияның қатарында жүрген кейбiр ғалым ағаларымыз кешiрсiн, бiрақ мен мына нәрсенi айтайын. Азаматтық партия «өндiрiстiк партия» деп есептеледi ғой. Егер соған бiр кiрсе, өмiр бойы өндiрiсте жұмыс iстеген Амалбек Тшанов кiретiн едi. Бiрақ, кiрген жоқ. Мен не үшiн кiрмеймiн? Себебi, онда тазалық жоқ. Қазақстан байлығының бiр бөлiгiн осындай топтар шетелге жөнелтiп жатыр. Анда-санда итке сүйек тастағандай етiп, «қайырымдылық көмек» жасаса, бәрiмiз қол шапалақтап, жалбақтап кетемiз. Жасырып жаппай-ақ ақиқатын айтар болсақ, бiз үнемi алдап-арбаудың құрбаны болып келе жатырмыз. Осыны қанша рет айттық, нәтиже жоқ. Осыдан-ақ Парламенттiң құзырының үкiметтiкiнiң бақайшығынан да келмейтiнi көрiнiп тұр. Мысал үшiн, Парламент өз құлшынысымен бiр заңды бердi делiк. Егер үкiмет қаламаса, қайткенде де сылтау тауып, «мынау болмайды» дейдi. Бiттi. Қандай керемет заң болса да, үкiмет қарсы болса, әртүрлi сылтаумен өткiзбей тастайды. Ал, мәжiлiсте өз көзқарасын ашық бiлдiре алатын 15-20-дай ғана депутат бар. Қалғандары «Отанның», Азаматтық партияның және Аграрлық партияның сойылын соғушылар. Мәжiлiс депутаттарының 60-65 пайызы солар.

Күнi ертең сайлауда жазған халық тағы да сол үкiметтiң мүддесiн қорғайтын партияларға дауыс бередi. Өйткенi, олардың қолында

Page 134: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

134

қаржы бар, қор бар, бар болғаннан кейiн жарнаманы қатырып тұрып жасайды. Ал, халық соны бiлiп тұрып, соларды «қолдайды». Сөйтедi де, «қалаулылар халықтың қамын ойламайды» деп аттандап, шұбырып көшеде жүредi. Мұның бәрiн бiр жаулық ниетпен айтып отырғам жок, «үкiмет – халыққа жау» деп те отырғам жоқ, бiрақ үкiметтiң iс-әрекетiнiң халықтың әлеуметтiк жағдайына қайшы екенi анық. Негiзi, шешiлмейтiн мәселе жоқ қой, ал бiзде шеше алмайтын мәселе көп. Оның анық-қанығын бiлу қиын емес. Қажет болса, шетелден сарапшылар шақырайық, қанша ақшаның қайда кетiп жатқанын тексертейiк, шикiзат келiсiм-шарттарының бәрiн көтерейiк. Кеше араб елдерiнде болғанда да осы мәселе сөз болып қалды. «Арабтарда ақша көп» дедiм ғой жаңа. Солар айтады: «Қазақстанға инвестиция тартқымыз-ақ келедi. Мұсылман елi. Мүмкiндiк те бар. Бiрақ, қалай бiр жобаға араласа бастаймыз, солай пара сұрайтындар табыла кетедi», – дейдi. Олар мұндай нәрсенi түсiне алмайды. Осы жағынан алғанда, Қазақстанды «парақорлық дамыған» елдердiң қатарына жатқызуға болады. Мұны дәлелдеу қиын да емес. Мысалы, бiр мекемеге кiрiп көрiңiзшi. Бiр анықтама алу үшiн алпыс адамға кiресiң. Оның өзiнде ала алсаң жақсы. Бiреуi бiреуiне, екiншiсi үшiншiсiне допша тебедi. Сосын пара бермей көр. «Парақорлықты жоямыз» деп мiнберлерден сөйлегенде, алдымызға жан салмаймыз. Жақсы бағдарламалар да бар. Бiрақ, бiрде-бiрi орындалмайды. Өйткенi, жүйе жоқ, негiз жоқ.

– сол негiздi жасауға алғышарттар да жасалып жатқан жоқ па?!.

– Бұл, ендi өте қиын сұрақ. Кiмдi кiнәлауымыз керек, кiнәнi қайдан iздеуiмiз керек? Ешкiм бiлмейдi.

– Жер кодексiне байланысты Иманғали тасмағамбетов үкiметi отставкаға кететiн кезде, сiз жасырын дауыс беру комиссиясының мүшесi болдыңыз. сол кездегi депутаттардың арасындағы ахуал туралы не айтасыз?

– Жалпы, жердiң бәрi бөлiнiп қойған ғой, бұл Заң сол бөлiнген жерлердi заңдастыру үшiн ғана керек. Бiрақ, бiзде алдаусырататын әңгiме көп қой. Мысалы, «шетелдiктер келсе, сенiң жерiңдi арқалап алып кете ме, қалады бәрi» деп алдаусыратады. Арқалап кетпейдi, әрине, бiрақ сол жердiң дүниесiн алып кетедi. Ал, қарапайым халықтың құнарлы жердi сатып алуға жағдайы жоқ.

Сiздердiң бiлгiлерiңiз келiп тұрған мәселеге келсек, комиссия құрамында 5 адам болдық, бесеуi бес аймақтан, iшiнде басқа ұлт өкiлдерi де бар. Жасым үлкен болған соң, дауысты санап жатпадым, бiрақ қарап тұрдым. 55 депутат «Үкiметке сенiм бiлдiрмеймiз» деп дауыс берiптi. Мұндайды күтпеген кейбiр депутаттар демдерiн iшiне тартып, сiлейiп отырып қалды. Кейiн Тасмағамбетов мырза осы мәселеге орай маған

Page 135: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

135

кiнә артты деп естiдiм. Бiр емес, екi емес, 55 депутатты «айтқаныма көндiрiп, айдағанға жүргiзетiн» мен кiм едiм, сонша? Мен бар болғаны 77 депутаттың бiрi ғанамын. Сосын, шындығын айтқанда, мен үшiн үкiметтi кiм басқарса да бәрiбiр. Ол Тасмағамбетов бола ма, Ахметов бола ма, одан маған келiп-кетер ештеңе жоқ. Ертең Серiкбаев, арғы күнi Дүкенбаев келсiн, маған бәрiбiр. Тек, жұмыс iстесе болғаны. Халыққа сөз емес, iс керек. Әркiм кiнәнi өзiнен iздесiн. Ал, «ондай депутаттарды ендi өткiзбеймiз» деп екiленiп жүргендерге айтарым бiреу-ақ: сайлау бiр адамның қолында болса өткiзбей-ақ қойсын. Бiрақ, халықтың отар қой емес екенiн де естен шығармайық. Мысалы, кейбiр партиялардың жетекшiлерi «бәлен аймаққа барып едiк, екi күн iшiнде бәленбай мың адам бiздiң партияға мүше болды» деп жар салып жүр, соларға таңданбасқа шарам жоқ. Сонда не, халық иiрiп әкелiп тоғыта беретiн мал ма?

– халық демекші, сiз кезінде Парламенттегi белсендi депутаттың бiрі болдыңыз. елге де жиi шығасыз. соған қарамастан, сайлауға түскенде 50,7 пайыз ғана дауыс жинапсыз...

– Мен қызметтен кеткеннен кейiн екi жылдай жұмыссыз жүрiп, ел жаққа сайлауға түскенде бiр-ақ бардым. Сәл шегiнiс жасайын, Жамбыл облысының әкiмдiгiнен кеткеннен кейiн екi жылдай қызметсiз жүрдiм. Сөйтiп жүрiп, кандидаттық диссертация қорғадым, бiлiмiмнiң асып-тасып бара жатқанынан емес, ғылыми тұжырымдарымды, әр кезде жарияланған ғылыми мақалаларымды бiр тиянақтап қояйын деген оймен жаздым. Әйтпесе, қазiр әкiм бола салып, «ғылым докторы», министр бола салып, «академик» болып жатқандар аз емес. Тiптi, таяқ лактырсаң, генерал мен академикке тиетiн жағдайға жеттiк. Ұлттық Ғылым академиясы жабылып тынды. Айналып келгенде, зиялы қауым өкiлдерi атанып жүрген ғалым ағаларымыз өздерiнiң соншалықты принципсiздiктерiн көрсеттi. Жалпы, бiздiң ақсақалдарымыз ежелден-ақ «бiрде олай, бiрде былай» ғой. Жел қай жақтан соқса, бағытын солай қарай бұра қояды. Кеше, тiптi, қырғыздар: «Ғылым академиясын неге жаптыңыздар?» – деп сұрап жатыр. Күледi тiптi. Не дейсiң? Академияны жауып, бiр түнде академиктi қаптатып жiбердiк. Есiмiн ел мақтан етiп жүретiн кейбiр ғалымдарымыз академияның құлағанына налудың орнына, академик атанғанына мәз. Кiлең «академиктер» тұратын бұл қандай мемлекет? Неше жылғы еңбектің бәрi зая кеттi. Айтып-айтпай не керек, корреспондент-мүше бола алмай жүрген қайдағы-жайдағылардың бәрi қазiр «академик».

Сәл ауытқып кеттiм-ау деймiн, жаңағы дауыс мәселесiне келейiк. Бiздiң округтен бiр мандатқа тоғыз адам таластық. Оның iшiнде екеуi «Отан» партиясының белсендi мүшелерi, қала, облыс денгейiндегi шенеунiктер. Облыс әкiмiнiң орынбасары, қала әкiмiнiң орынбасары...

Page 136: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

136

Алты жылдай сыртта жүрiп ауылға алғаш барсам да, бiрiншi турдың өзiнде 57,8 пайыз дауыс алдым. Ал, қалған сегiзi жабылып жүрiп 38 пайыз жиды. Бiрақ, дауысты екi күн санап, ақыры 50.7-ге түсiрдi ғой. Осындай жағдайларды болдырмау үшiн, сайлау әдiл өтуi үшiн заңды реттеу керек. Онсыз болмайды. Бiздегi сайлау жүйесi, айналып келгенде, мектептер мен ауруханалар арқылы жүргiзiлiп келе жатыр. Мұғалiм директорынан, медбике бас дәрiгерден қорқады, ал олардың өзi әкiмдерге бағынышты.

Жалпы сайлау кезiнде сайлаушы мен үмiткердiң құқығын бұзып, әкiмшiлiк құқықты бұзған адамдарды тайраңдатып қоя бермей, қатаң шара қолдану керек. Қажет болса түрмеге де отырғызу керек. Және мұның барлығы да заңмен бекiтiлiп, заңмен реттелгенi жөн.

– Үкiметтiк партиялар бiрiгуi керек дегенге қалай қарайсыз?– Барлығының илегенi бiр терiнiң пұшпағы болғаннан кейiн,

бiрiккендерi дұрыс қой.– Пiкiрi сәт сайын өзгерiп тұратын әрiптестерiңiз туралы не

айтасыз?– Әрiптестерiм туралы ештеңе демей-ақ қояйын, бұл мәселенi

әркiмнiң ар-ұятына, намысына қалдырайық. Теледидарда жүрегiңдi езiлтiп сөйлеп тұратын әрiптестер бар, жылап жiберуге шақ қаласың. Ал, шын мәнiнде, сөз бен iстiң арасында алшақтық көп. Ақпарат құралдары арқылы ышқынып сөйлегенмен, iс жүзiнде түк тындырмай жүргендер де бар. Парламентте қай мәселенi болсын, депутаттың бос айқайы емес, дауысы ғана шеше алады. Кiмнiң кiм екенiн халық бiледi, бiз де бiлемiз кiмнiң кiм екенiн. Бiрақ, оны газет бетiнен айтпай-ақ қояйын.

– сiз әкiм болып жүргенде «жөнге келмегендердi кабинетiне кiргiзiп алып ұрады екен, содан «боксер» атанып кетiптi...» дейдi ғой, сол қаншалықты рас?

– Негiзi, боксер екенiм өтiрiк емес. Спорт шеберiмiн, Қазақстанның құрамасында өнер көрсеттiм. Бiрақ, құдайшылығымды айтайын, қандай қызметте жүрсем де бiрде-бiр қызметкерге тырнағымның ұшын тигiзген жан емеспiн. Ал, жаңағы «ұрады екен», «соғады екен» деген әңгiме мен Шымкентте әкiм болып жүргенде шыққан.

Өмiрде қатал адам емеспiн, бiрақ қызметте өте қатаңмын, талапшылмын. Жұрт содан аңыз жасайды. Әйтпесе, дәлелдеу қиын емес қой, кез келгенi келiп, «менi ұрып едiң ғой» деп көзiме шұқысын. Тiптi, бiр күнi телефон арқылы сөйлесiп қалғанда, Президент: «Амалбек, сен тағы бiр әкiмдi ұрғансың ба?» – дейдi. Соның алдында ғана «Спиртзаводтың директорын сабапты» деген лақап тараған. Жер жеткiзбесiн, ол азамат бүгiнде марқұм болып кеттi. Жұмысын тәп-

Page 137: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

137

тәуiр iстеп жүрдi. Бiр күнi жанымдағы нөкерлерiмдi ертiп, зауыттың жұмысымен танысуға бардым. Бәрi бет-бетiмен кеткен. Тәртiп жоқ...

– сосын ұрып жiбердiңiз бе?– Жоқ, бiрақ сiлiкпесiн шығарып тұрып талап еттiм. Менiң осындай

талапшылдығым әлдекiмдерге ұнамайтын болуы керек, сосын «Амалбек адам сабайды екен» деп кейбiр әумесерлер пыш-пыш етiп, өздерiнiң «қызметтерiне» кiрiседi. Өсек айту, сыбырлап жүрiп сөз тасу – олардың екiншi «қызметi» сияқты. Дүниедегi ең жаман нәрсе осы – жоғарыға сөз тасу, өсек айту. Сондай сыбырлақтар пышылдап жүрiп, Президентке мен туралы терiс әңгiмелердi тасудай-ақ тасыды. Сөйтiп, менiң «жаман» екенiмдi мемлекет басшысына «дәлелдедi» де. Қызметтен шеттетiлгенiм де сондай өсек таситындардың «еңбегі» ғой.

Бiрде, тiптi, мынадай жағдай болды. Құрылыс министрi болып iстеп жүрген кезiм. Жолда кетiп бара жатыр едiм, Президенттiң көмекшiсi телефон соғып, Президенттiң сөйлескiсi келетiнiн айтты. Жолда сөйлескендi ыңғайсыз көрiп, кабинетке барып, қайыра телефон соқтым. Бiраз әңгiмеден соң Президент: «Амалбек, осы сенiң қызметте қатар жүрген достарыңның арасында неге жауың көп?» – деп сұрады. Жалпы, өз басым «жау», «жаулық» дегендi түсiнбеймiн. Президентке де осыны айттым. «Жауым жоқ» дедiм. «Ешкiмге қиянат жасаған адам емеспiн. Ал, маған жау болғысы келiп жүргендерге келсек, оның бәрi қызғаныштан, көреалмаушылықтан туған әңгiме шығар», – дедiм. Президент те «солай болса, солай шығар» деп келiскендей болды. Кейiн бiлдiм кiмдердiң сөз тасып жүргенiн.

– Жамбыл облысының әкiмдiгiнен кетуiңiзге бизнесмендердiң ықпалы болған дейдi, сол қаншалықты рас?

– Жоқ, бизнесмендердiң еш ықпалы болған жоқ. Керiсiнше, мен үнемi бизнесмендердiң жағында болдым.

1995 жылы 6 қазан күнi облысқа әкiм болып келдiм. Қарашаның 28-iнде бүкiл облыстағы 900-ге жуық бизнесменді жинап, мәжіліс өткіздім. Сол жерде «бизнес ошақтарын алты айда бір-ақ рет, онда да облыстық салық басқармасы арқылы ғана тексерсiн» деген шешiм шығардым. Қай жағынан алғанда да, маған кәсiпкерлердiң өкпесi болмауға тиiс. Ал, қызметтен босату мәселесiне келсек, оның бәрi жала болатын. Оны кейiн дәлелдеп шықтым. Ал, әлгi «Казправдаға» шыққан мақала арнайы тапсырыспен жазылған. Бiр ғана нәрсе айтайын, сол мақаланы жазған Козлов деген қазiр қайда кеттi? Бiлдей бiр мемлекетгiк басылымның бас редакторының орынбасары, Тәртiптiк Кеңестiң мүшесi қас пен көздiң арасында жоқ болды, бiр-ақ түнде көшiп кеттi. Ешкiм iздеген де жоқ. Оны неге ешкiм iздеген жоқ? Козлов сол мақаланы жазғаны үшiн

Page 138: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

138

пәленбай мың ақша алды. Бiрақ, ертең артының ашыларын бiлдi, бiлдi де қашып кеттi.

– сiздiң қызметтен кетуiңiздi Өмiрбек Байгелдiнiң кадрларын «қырқып» тастағаныңызбен де байланыстырады...

– Келген соң жұмыс барысымен таныстым. Байқасам, кадрлардың көпшiлiгi бүгiнгi заманның талаптарымен жұмыс iстеуге бейiм емес. Сосын жасы келiп калған ағаларымыздың бiразын ауыстыруға тура келді. Ал, Өмекеңмен арамызда жаман әңгiме болған емес. Үстiне шапан жауып аттандырғам, «орынбасарларымды босатып жiбердi» деп өкпелесе өкпелеген шығар. Бiрақ, менiң ондай ұсақ-түйек әңгiмеге құлақ түрiп жүруге уақытым болған жоқ. Жұмысбасты болдым. Өзiм де ұйықтағам жоқ, елдi де ұйықтатқам жоқ. Алғашқы кезде күн-түн демей жұмыс iстеуге тура келдi. Тiптi электр жарығы жоқ, шаммен отырып жұмыс iстеген де кез де болды, оны жамбылдықтар жақсы бiледi.

– Бiрақ, сiз Жамбыл облысының әкiмдiгiнен «басқа кызметке ауысуыңызға байланысты» емес, «қызмет бабын асыра пайдалан- ғаныңыз үшiн» кеттiңiз...

– Мен өзiмнiң таза екенiмдi толық дәлелдеп шықтым.Жамбылға келгенде, Шымкенттен бiр ғана Болат Жылқышиевтi

алып келдiм. Мен Шымкенттi басқарып тұрғанда, ол аудан әкiмi болатын. Қолынан iс келетiн азамат. Ал, алдында Президенттен сенiмдi үш адамды алып келуге рұқсат сұрағам. Болатты алып келгеннен-ақ айқай көтердi. Ал, негiзiнде Болаттың тегi Жамбылдан, менiң ешқандай туысым да емес.

– Жамбылда әкiм болып тұрғанда серiк қонақбаевты аппарат жетекшiсi етiп апардыңыз. кейiн даңқты боксшы Алматыға қайтып кеттi. екi боксер шығыса алмай қалған жоқсыздар ма?

– Шығыспай қалған ештеңемiз жоқ, өзiмнiң бауырым ғой. Серiк, өздерiңiз бiлесiздер, дүниежүзiне аты мәшһүр спортшы. Бұрын комсомолда жұмыс iстеген. Сосын, өзiнiң туып-өскен жерiне келсiн, тәжiрибе жинасын, әкiмшiлiк қызметке аралассын, үйренсiн деген ниетпен Жамбылға шақырғам. Кейiн отбасылық мәселеге орай Алматыға қайтты. Казiр араласып тұрамыз.

– Бiр өңiрден шыққан төрт азамат – қалық Абдоллаев, сарыбай қалмырзаев, Зауытбек тұрысбеков және сiз жиi шығыспай калады деседi. Шынында да солай ма?

– Шынын айтқанда, мен бала-шағамның ортасында, өзiммен-өзiм жүрген адаммын. Менiң оларда шаруам жоқ. Кездескенде аман-сәлемiмiз түзу, той-томалақта кездесiп қаламыз. Сарыбай менi көрсе, «көке» деп келiп амандасады. Түнеугүнi Зауытбек 60 жылдық тойыма келiп кеттi. Тойға достар келмегенде, кiмдер келедi? Әркiм әрқалай айта бередi ғой.

Page 139: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

139

Жамбылда әкiм болып тұрғанымда, Зауытбек Шымкентте болды. Сол жылдары Шымкентте жарық болмай қалған. Жамбылда ГРЭС бар ғой. Сонда кейбiр аузы жеңiл адамдар: «Амалбек пен Зауытбектiң арасы нашар екен. Сондықтан Амалбек бiзге ГРЭС-тен жарық бермей отырған көрiнедi», – деп көйiттi. Арандатқылары келдi. Тiптi, шымкенттiктер ереуiлге шығып, қала әкiмiнiң үйiне тас лақтырып, Жамбылдың көлiктерiн өткiзбей қойған кездер болды. Сосын менiң басылым бетiнде үн қатып, «ешқандай да араздықтың жоқ екенiн», «Шымкенттiң жарығының Жамбылдың ГРЭС-iне қатысты емес екенiн» айтуыма тура келдi. Ол кезде ГРЭС тоқтап тұрған. Жамбыл облысының өзi жарықты Қырғыздан алатын.

– талантты суретшi Бексейiт түлкиевтi таразға алдырып, «Ұлы көштi» салдырдыңыз. қасыңызға ертiп жүрдiңiз. сол Бексейiттiң жұмбақ қазасы туралы не айтасыз?

– Бексейiт менiң жақыным ғана емес, туған бауырымдай едi. Бiздiң ауылдан Тоқболат Тоғысбаев, Ерболат Төлепбаев бастаған 19 КСРО Суретшiлер одағының мүшесi шыққан. Бексейiт солардың бiрi болатын. Талантты едi. Қасыма алдырып, «Ұлы көштi» салдырдым. Мен шетелде жүр едiм, келсем Бексейiт қаза болыпты. Қазiр оның қазасы туралы ешкiм ештеңе бiлмейдi. Ол тамаша таэквондошы да едi ғой, бәлкiм сол тарапта бiр кiлтипан болған шығар.

– сол «Ұлы көштi» мемлекет басшысына сыйлау үшiн сал- дырдыңыз ба?

– Иә, Президентке сыйлау үшiн арнайы салғызғам. Ондай туынды өте аз, тiптi әлемде санаулы ғана. Казiр «Ұлы көштің» түпнұсқасы Алматыдағы Президент резиденциясында iлулi тұр.

– Шымкентте сiздiң ұйымдастыруыңызбен салынған үлкен мешiт бар. Аты да сiздiң есiмiңiзге байланысты қойылған екен...

– Иә, бар. Ол мешiт 1992 жылы салынған, «Амали-Салих» деп аталады. Мен сол жылдары трестiң бастығы болатынмын. Барлық құрылыс материалдарымен көмектестiм. Бұл – Қазақстан тәуелсiздiк алғаннан кейiнгi республика көлемiнде салынған алғашқы мешiт. Бiрақ, кейбiреулер ол туралы айтқысы келмейдi. Мешiт өте әдемi салынған. Құрылыс жұмыстарын бастамас бұрын Шымкент қалалық сәулет мекемесі бастығының бір орынбасары мен бір имамды Орта Азия елдеріне жіберіп, эскиз жасап әкеліңдер дедім. Солар жасап әкелген эскиздерге қарап отырып керемет бір жобасын жасап шығардық та, сол жобамен салдық Мұндай сәулеттік негізде салынған мешіттер республикада санаулы ғана.

– сәулет туралы сөз қозғап қалдыңыз ғой, сiзге құрылысшы ретiнде Алматы мен Астананың қазiргi кескiн-келбетi ұнай ма?

Page 140: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

140

– Өзiм құрылысшы болғандықтан, сәулет, құрылыс мәселесi менi толғандырмай қоймайды. Бүкiл өмiр жолым құрылыспен байланысты болғандықтан, бәрiн көрiп-бiлiп отырмын. Астанадағы ғимараттар кiлең әйнектен, шеттен келген материалдардан салынып жатыр. Материалдық-техникалық базасы бар ма, жоқ па, әйтеуiр, лицензия алған кез келген мекеме салып жатыр. Сырттай қарағанда, бәрi әдемi, бәрi керемет сияқты. Ал, сол ғимараттардың сапасына қарап жатқан ешкiм жоқ. Оны реттеп отырған нормативтiк құжаттар да жоқ. Осы құрылыс мәселесi туралы бұрын да айтып жүргенмiн, сайлаушылардың алдында да айтқам. Бiзде 50-60 жылдан берi қалт-құлт етiп тұрған «хрущевкалар» бар. Сол үйлер құлаудың азақ алдында тұр. Егер үкiмет дер кезiнде қолға алып, шара қолданбаса, Құдай бетiн аулақ қылсын дейiк, жер сiлкiне қалса, түгi қалмайды. Қаншама мектеп, аурухана бар... Кез келген құрылыс адам өмiрiмен байланысты. Мейлi үй болсын, мейлi мектеп болсын. Сондықтан, құрылысқа деген көзқарас соған сай болуы керек. Олай болмағанда, оның арты үлкен қасiретке алып келетiнiне менiң еш күмәнiм жоқ. Егер анау-мынау жағдай бола қалса, оған басқа түгiлi, Заманбек Нұрқадiловтiң агенттiгiнiң де әлi келмей қалады. Бұдан басқа да мәселе толып жатыр. Қыстың күнi ешқандай талапты сақтамай, қалай құрылыс жүргiзiп жатқандарын өзiмiз көрiп, бiлiп жүрмiз. Кезінде осы мәселенiң бәрiн ескере келiп, Парламент палаталарының бiрлескен отырысында премьер-министр Даниал Ахметовтiң атына депутаттық сауал жолдадым. Ахметов құрылысшы болғаннан кейiн түсiнетiн шығар дегем, бiрақ, олай болмай шықты. Тiптi, депутаттық сауалыма жауап та берген жоқ.

Бiр ғана мысал айтайын. Мына Алматыдағы Жiбек жолы көшесiн жауып тастап, үлкен супермаркет салып қойыпты. Құдай бетiн аулақ қылсын, егер анау үйлерде өрт болатын болса, айналасына мәшине кiре алмайды. Ал, қала әкiмi Храпунов соны бiле тұра, неге ондай шешiм қабылдады? Әлде, «бiлмей» қабылдады ма? Сейфуллин көшесiнiң бойында «Жерұйық» деген мейрамхана бар. Жаяу жүргiншiнiң жолын бiтеп тастаған. Оның артында кiм тұр? Ешкiм бiлмейдi. Жалпы, әлгiндей кемшiлiктер үшiн кiмдi кiнәлауымыз керек?

– Жамбыл облысына барған бетте спортқа ден қойдыңыз. Ақыры «тараз» командасын бiр жылда чемпион етiп шығар- дыңыз...

– Ол кезде халықтың ұнжырғасы түсiңкi едi ғой, сол бұқараның көңiлiн көтеру керек болды.

Алдымен, театрға бардым. Бiрiншi орыс труппасына, сосын қазақ труппасына бардым. Жағдайларымен таныстым. Театр ғимаратына күрделi жөндеу жасаттым. Тiптi, репетицияларына дейiн барып қатыстым. Киiм тiктiртiп бердiм. «Қандай мұң-мұқтаждарың бар?» –

Page 141: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

141

деп едiм, «ешқайда шықпай қалдық, гастроль ұйымдастырып берсеңiз», – дедi. Бiр айға гастрольге жiбердiм. Сол еңбек еш кеткен жоқ, театр Жамбылдың 150 жылдығына байланысты республикалық байқауда «Қобыланды» койылымымен «Гран-придi» жеңiп алды.

Сосын, спортқа ден қойдым. Турнир кестесiнде 12, 14-орындардан көтерiле алмай жүрген «Тараз» футбол командасының жағдайын жасадым. Жiгiттермен кездесiп, жақсылап әңгiмелестiк. Олар маған өздерiнiң талаптарын қойды, мен өз талаптарымды қойдым. «Бiрiншi орын аласыңдар» дедiм. Жiгiттер айтқан уәдесiнде тұрды, сол жылы-ақ бiрiншi орын алды. Қайта мен, сол кездегi экономикалық жағдайдың қиындығына орай берген уәдемдi толық орындай алмадым. Келесi жылы екiншi орын алды. Мен футболға барған соң, орынбасарларым да, басқа ел де көп жиналатын болды. Тiптi, «Тараз» ойнаған күнi бүкiл аппарат көшiп баратын. Одан кейiн «Тараздың» топ басына шыққанын көрмеппiн.

– Шымкентте тоқтап қалған Шәмшi қалдаяқов фестивалiн Жамбылға әкелiп жалғастырдыңыз. Бiрақ, сiзден кейiн әкiм болған сарыбай қалмырзаев: «Әркiм өзiнiң сүйiктi композиторына арнап фестиваль өткiзе берсе, не болады?» деп, байқауды жауып тастады. көңiлiңiзге келген жоқ па?

– Келгенде кандай! Қатты ренжiдiм. Мәселе Шәмшi Калдаяқовта емес. Одан басқа композиторлар да бар ғой. Бiрақ, бәрiмiз де Шәмшiнiң әнiмен өскен жоқпыз ба? Мен бұл фестивальдi Шәмшi қайтыс болған соң алты айдан кейiн ұйымдастырдым. Ол кезде Еркеғали Рахмадиев министр болып тұрған. Менде бiр ғана ой болды, ол – ұлттықкомпозиторды бетке ұстап, «Азия дауысына» қарсы айбат шеге алатын ұлттық фестиваль өткiзсек деген ой. «Азия дауысының» бiзге берiп жатқан түк те тағылымы жоқ қой. Құр әншейiн шоу-бизнес.

Шәмшi фестивалiн алғашқы жылы өткiзгенде, жақын шетелдерден келiп қатысты. 1997 жылы нағыз халықаралық фестиваль етiп өткiздiм, жетi елден келдi. Ол үшiн қаншама еңбек еттiк. Әр елге Шәмшi әндерi мен оның нотаға түсiрiлген нұсқасын жiбердiк. Ой, қайсыбiрін айтасың. Бiраз реттелiп қалып едi, мен кеткен соң фестивальдiң өтуi тоқтап қалды. Бiздiң ең үлкен ауруымыз осы, бiр басшы кетсе оның iсiн екiншiсi өлiп бара жатса жалғастырмайды. Керiсiнше, жақсы бiр бастама болса, соны жаңа бағытта, алдыңғысынан асырып орындау керек қой. Жоқ, жалғастырмайды.

– Бiраз жыл билiкте жүрдiңiз. Бiрнеше үкiметтi көрдiңiз. сiз қай премьер-министрдің ісін жоғары бағалар едіңіз?

– Бiзде ұзақ уақыт отырған премьер жоқ қой. Менiң ойымша, өзіне жекешелендiрiп алу саясаты мен бiрбеткейлiк жұмысы болмағанда Қажыгелдин iстi iлгерi жылжытуға әжептәуiр қабiлетi бар азамат еді.

Page 142: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

142

Онда бiрiншiден, басқару жүйесiндегі тәжiрибесi аз болды, екiншiден, тек өзiне қажет министрлiктермен ғана жұмыс iстеді. Егер Қажыгелдин барын салып, адал жұмыс iстегенде тәуiр премьер болар едi...

– сiз қажыгелдинмен көршi тұрдыңыз ғой...– Иә, көршi тұрдық. Бiрақ, Қажыгелдин де, сол үйде тұратын басқа

лауазымды адамдар да ол үйлерiнде тұрақты тұрмайтын, келiп-кетіп жүретiн.

– құрылыс министрi болдыңыз, қала басқардыңыз, облыс әкiмi болдыңыз. қазiр билiктi аңсамайсыз ба?

– Алла әркiмге әртүрлi қабiлет бередi. Бiреу жақсы ғалым, бiреу жақсы сөйлей алады, бiреу ұйымдастырушы. Осылардың үшiншiсiне жатам. Өйткенi, өмiр бойы ұйымдастырушы салада жұмыс iстедiм. Өмiрiмдi өндiрiсте өткiздiм. Бiрақ, өмiр болған соң, кемшiлiк болады. Ешкiм де перiште емес. Қателескен тұстарым деп айта алмаймын, кемшiлiк болған шығар...

Парламентте де бiраз акиқатты айтуға шамам келдi. Тiлiм қышып тұрады. Бiрақ, сәл қаттырақ сөйлесем, былайғы жұрт «өй, бұл Тшанов билiктен кеткеннен кейiн ашынып сөйлеп жатыр» деп ойлайды.

– Үлкен кiсiлердiң көзiн көрдiңiз. сiздi қонаев пен Асқаровқа жақын болған деседi...

– Қонаев та, Асқаров та – өмiрге адал болып келiп, адал қалпында кеткен жандар. Асқаровтың Шымкентке жасаған жақсылықтарын оңтүстiктiң халқы екi дүниеде ұмытпайды. Асанбай ағамен жақын араласып тұрдым. Ол кiсiнiң 75 жылдық мерейтойы менiң Жамбылда жүрген кезiме дөп келдi. Өзiм тiкелей қолыма алып, өзiм ұйымдастырып, өткiздiк.

Ал, Дiнмұхаммед Қонаев – күллi қазақтың маңдайына бiткен ұлы адам. Ол кiсi мен үшiн – идеал. Қонаев фәнидiң өзiнен перiште болып өттi. Ондай адамдар қазiр жоқтың қасы. Тағдырдың жазуы сол болды ма, мен ол кiсiнiң қабылдауында бiр-ақ рет болдым. Алайда, Димекең зейнеткерлiкке шыққаннан кейiн араласып тұрдық. Туған күнiнде барып тұратынмын. Қазiр кайтыс болған күнiнде шаңырағына барып тұрамын. Димекеңнiң қазақ үшiн iстеген шаруасын таңды таңға ұрып айтсаң да тауыса алмайсың ғой.

– Жеке көлiгiңiздi өзiңiз жүргiзедi екенсiз, жүргiзушiңiз жоқ па?– Жоқ, өзiм жүргiзем.– күзетшiлерiңiз ше?– Мен күзетшiнi неғылам? Құдайға шүкiр, емiн-еркiн жүрiп-тұрам.

Бiрақ, қазiр жаппай күзетшi ұстау белең алды ғой, мен ондайға үзілді-кесiлдi қарсымын. Президенттiкi дұрыс, ол ендi бүкiл дүниежүзiлік нормада бар. Үкiмет басшысын да, тiптi, үкiмет мүшелерiн түсiнуге болады. Ал, басқаларға не жорық? Қазiр қай мекемеге барса да, тiптi

Page 143: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

143

бiреудiң үйiне барсаң да, алдыңнан күзетшi шығады. Сосын өтiп көр. Қит етсе, «бәрi халық үшiн», «халық үшiн жүрмiз» дейді. Сөйтедi де сол халықтан өздерiн бөлiп-жарып, күзетшiмен жүредi. Халықтан неге жасырынады? Көшеде жүрсе де, жабық ғимараттың iшiнде жүрсе де, күзетшi ертiп жүредi. Онысы және бiреу болса жақсы ғой. Қазiргiдей техника мен технология дамыған заман, көзiңдi жоям деген адам күзетшiңмен қосып жойып жiбередi. Ажал келсе, қамалыңа қарай ма?

– Пайғамбар жасына жетiп қалдыңыз. Жақсыны да, жаманды да көрдiңiз. Өмiрдегi ең үлкен өкiнiшiңiз не?

– Өмiрiмдегi ең үлкен өкiнiшiм – қапыда ұлымнан көз жазып қалғаным. Ата-ана үшiн баласынан айырылғаннан артық қасiрет жоқ екен. Жалғыз ұлым – Нұрғалиымның қазасы қабырғамды қайыстырып кетті. Әлi өзiме өзiм келе алмай жүрмiн. Мына жалған өмiрде адам баласының өмiрiнен қымбат ештеңе жоқ екенiн түсiндiм. Мына өмiрде қандай жақсы іс iстесем де сол балам үшiн, балам елдің алдында ұятқа қалмасын деп iстеп едiм. Балама үлгi болсам деп едiм. Тәрбиелесем, оқытсам дедiм. Аллаға шүкiр, екi қызым бар. Бiрақ, қанша дегенмен, «қыз – жат жұрттық» қой. Қыздарымнан немерелерiм бар. Тәуба деймiн. «Жоққа – салауат, барға – қанағат». Не iстеймін? Тағдыр солай жазған шығар.

Page 144: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

144

«ҰЛттАН БИІк БоЛМАңДАр»(Қоғам қайраткері, «Халық қаһарманы», армия генералы

Сағадат Нұрмағамбетовпен сұхбат)

Жанарбек Әшімжан: Сiз қазақ мемлекетiнiң тұңғыш Қорғаныс министрi қызметiн атқардыңыз. Бұл – Қазақстан тәуелсiздiкке жаңадан қадам жасай бастаған кез болатын. Саяси ахуал да шатқаяқтап тұрған уақыт. Сондай қысылтаяң кезде ең ауыр салмақ он екi де бiр нұсқасы жоқ әскери саланы қалыптастыруға түсетiнi белгiлi. Әңгiмемiздi осыдан бастасақ.

сағадат Нұрмағамбетов: Дұрыс айтасыздар, ол кезде жағдай өте қиын болатын. Естерiңiзде болса 1991 жылдың желтоқсанында әйгiлi «Беловеж нуында» кездесу болды. Сонда дүниенi тiтiреткен бiр империя таратылды. Сол жылдың 21 желтоқсанында бұрынғы одақтас республикалардың басшылары Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен Алматыдағы резиденцияда бас қосты. Бұл жиынға тек Грузия мен Балтық бойы елдерiнiң басшылары ғана келген жоқ. Мен сол жиынның ортасында болдым. Екi тәулiк бойы әңгiме болды. Республикалардың бәрi бiрiмен-бiрi байланысып жатыр. Бiр зауыт анда, бiр зауыт мұнда дегендей. Түйменi басқа елде жасаса, иненi басқа жерде жасайды. Бұл да бiр саясат едi ғой. Н.Назарбаев «саяси тұрғыдан бөлiндiк, ал экономикалық жағдай қалай болады?» деген сауалды қабырғасынан қойды. Бiр адам орнынан тұрып осы мәселеге қатысты бiр ауыз сөз айта алмады. Сосын сол жылдың 30 желтоқсанында Н.Назарбаев бастап бiр топ адам Минскiге бардық. Мен ол кезде мемлекеттiк қорғаныс комитетiнiң төрағасы болатынмын. Нақты бөлiнiс сол жерде болды. Украина, Молдавия, Әзiрбайжан елiнiң өкiлдерi «ендi бiзге одақтас әскер керегi жоқ, бүгiннен бастап армия өзiмiзге бағынады» деп әңгiменi шорт үздi. Бiз бәрiн асықпай шешуге тырыстық. Бiз «Ресеймен бiрiккен армия жасақтаймыз» деген ұсыныс айттық.

Жанарбек Әшімжан: Мұндай ұсыныс неге сiздердiң тарапта- рыңыздан айтылды?

сағадат Нұрмағамбетов: Оның астары тереңде. Армияны өз қолыңа алу үшiн бiлiктi кадрлар керек. Ол кезде қазақтан бiр полк командирi болған емес. Ойлаңыздаршы, осыдан кейiн өзге ұлтқа «сен бiзге бағынасың» деуге шама бар ма? Мұнда бәрiн сабырмен, ақылмен шешу қажет болды. Сондықтан бiз асықпадық. Бiз ең бiрiншi Ресей өз армиясын құрсын, одан кейiн бiз құрамыз деген ойға бекiдiк.

Кейiн ақылдастық, онда сыртқа шығарылмайтын құпия мәселелер де болды. Әскери саладағы күллi мүлiк-мүкәмал (бiздегi мүлiктер баяғы Орта Азия әскери округiнен қалған) «ұстағанның аузында, тiстегеннiң қолында» кетпеу үшiн не iстеу керек? Украиндар әр ел өз

Page 145: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

145

антын беру мәселесiн айтты. Бiз «уақытында сiздер ант бергенсiздер, сол сақталады» дедiк. «Қазақтар бәрiн алып қоймақшы» деген у-шудың басы шыға бастаған, бiрақ халық та, басқа да осы ұсынысқа тоқтады.

Жанарбек Әшімжан: У-шу қайдан шықты?сағадат Нұрмағамбетов: Әскердiң өз iшiнен шықты. Бәрi өз

елдерiне кеткiсi келдi. Ол кезде шендiлердiң көбi орыс, украин, белорус ұлтының өкiлдерiнен болатын. Соларды тыныштандырдық. Президентпен бiрге барлық гарнизондарды аралап шықтым. «Ешкiм сендерге тимейдi, атақтарыңды, ақшаларыңды аласыңдар, қайта ант бермейсiңдер» дедiк. Ендi не iстеу керек? Астыртын өзге елде борыштарын өтеп жүрген қазақ жiгiттерiн шақырттық, кейбiрi өздерi келдi. Сосын соларды бiртiндеп анда-мұнда қоя бастадық. Ең бiрiншi Алматы полкiнiң командирi етiп Әлихан Жарболовты тағайындадық. Алматы – астана, бар пәле осы жерден шығуы мүмкiн. Одан кейiн өзге жiгiттердi өсiре бастадық, Бақытжан Ертаевты дивизия командирi етiп қойдым. Ол бұрын Германияда полк басқарған, өте тәжiрибелi маман. Түркiменстанда дивизия командирi қызметiн атқарып жүрген Мұхтар Алтынбаевты алғызып, оны әуе қорғаныс күштерiнiң қолбасшысы етiп қойдық. Ол уақытта ұлты қазақ генерал сол ғана болатын. Кейiн әуе күштерiнiң қолбасшылығына Мәсiмовты қойып, Алтынбаевты авиация қолбасшысы етiп қойдық. Кавказ жақтан жiгiттер келдi. Iрiктеп отырып бәрiн жинадық, сосын Ресейде бiздiң жiгiттердi оқыту жөнiнде қолқа салдық. Олар қарсы болды. «Күнi кешеге дейiн Африканың, Азияның өкiлдерiн оқыттыңдар, бiздi неге оқытпайсыңдар» деп кесiп айтуға тура келдi. Дугинин дейтiн бас штабтың бастығымен бiр тәулiк сөйлесiп, ақыр соңында тек қазақтарға ғана келiсiм бердi. Жас жiгiттердi Мәскеудегi, Түркиядағы әскери академияларға оқуға жiбердiк. Осы Алматыдағы әскери училищеде 80 пайыз өзге елден келгендер оқитын, қазақтар бес-ақ пайыз. Неге? Өйткенi нұсқауды тiкелей Мәскеу беретiн. Сосын училищенiң бастығын алып, орнына Тасболатовты тағайындадым. Оған «тек қазақ балаларын оқытасың, шамасы келмей жатса үйретесiң» деп астыртын мiндеттеуге тура келдi, ол кезде полковник болатын. Бiрiншi жылы 65 пайыз қазақ балалары түстi, қазiр училищеде 90 пайыз қазақтар оқиды. Ал қазiр әскери маман жетпейдi деген мәселе жоқ, шетiнен генерал болып отыр. Бiз күллi әскери мүлiктi солай сақтап қалғанбыз.

Жанарбек Әшімжан: Қазiр генералдардың көбеюi екiншi проб- лемаға айналған жоқ па? Дереккөздерi бойынша 38 генерал бар көрi- недi.

сағадат Нұрмағамбетов: Ол бiр кездегi дерек қой, олардың көбi жастары толған соң кеттi. Қазiр қанша генерал барын бiле бермеймiн, бiрақ мәселенi дұрыс қойып отырсыңдар. Бұл мәселенi мен баяғыдан

Page 146: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

146

айтып жүрмiн. Генералдық атақты кiм көрiнгенге тарата беруге болмайды. Iлгерiде дивизия командирiнiң өзiне екi жылға дейiн генералдық шен бермейтiн. Қазiр әскерде де, ҰҚК-да да, IIМ-де де, прокуротурада да кiлең жалтыратып генералдық оқа тағып алғандар, ол жағын қысқарту керек. Сапаға көңiл бөлу керек қой. Бұл мәселенi президент те бiлiп отыр.

Жанарбек Әшімжан: Бәрi де салыстырмалы түрде. Бiз бейбiт ел болғанмен жан-жағымыз бiз секiлдi бейбiт емес. Кейбiреулерiнiң бөгде ойы да жоқ емес. Мәселен көршi өзбек халқының саны бiзден екi есе көп, ал олармен салыстырғанда бiздiң қарулы күштердiң жағдайы қалай?

сағадат Нұрмағамбетов: Не, өзбектер бiздiң жерiмiзге бас салады дегiлерiң келiп отыр ма? Бұл – бос сөз. Ел болған соң көз аларту болмай қоймайды. Ол түгiлi бiзден қырғыздардың да көңiлi бар ма деп қалам. Бiр басылымнан қырғыздың Назарәлиев дейтiн әйгiлi наркологының сөзiн оқып қалдым. Ол «Торғайдың iргесiндегi бiр жердi баяғы кеңестер уақытында сарыбағаштар (оның айтуынша бұл Ақаевтың руы көрiнедi) 18 байталға қазақтарға сатып жiберген» деп жазыпты. Күлдiм де қойдым.

Бiреуге баға бергенде өте сақ болу керек, өйткенi мұның астарында саясат та бар. Мен өзбектердi қазақтармен салыстырғым келмейдi. Оларда терроризмнiң, экстремизмнiң бары анық. Сондықтан әскери қуатын арттырғысы келетiн шығар, бiрақ мен оларға баға бермеймiн. Ал бiз iрi әскери округтi ұстап қала алдық, қазiр жағдайымыз қалыпты. Кадрлар өстi. Әскери реформа жасалып жатыр. Ел басына күн туа қалса, бiр қадақ жер үшiн жанын қиятын азаматтар бар. Мен төрт жыл Венгрияда бас қолбасшының бiрiншi орынбасары болдым. Ол кезде әскери дайындық күнi-түнi жүргiзiлетiн. Кеңес әскерiне қарсы тұратын күш жоқ едi, егер бұйрық бола қалса, бiлмеймiн, бәрiн талқандайтын едi. Қазiр мүлде басқа жағдай, сондықтан көп армияның қажетi жоқ. Ең тиiмдi жол – стратегиялық одақтас болу. Дегенмен, осы ұлан-байтақ жердi ұстап тұру үшiн қай аймақта қандай әскер ұстау керектiгiн бiлу керек. Дәл қазiргi жағдайда екi-үш мемлекет жабылса да ешкiмдi жеңе алмайды. Мәселен, АҚШ Иракты жеңдi дей аласыздар ма? Қанша қаржы, күш жұмсады? Соңғы деректер бойынша АҚШ-тың 1560 әскерi қаза болды, нешесi жарақаттанғанын ешкiм бiлмейдi. Бiраз мемлекеттi көмекке шақырды, ақыр соңында не болды? Испания әскерiн алып кеттi, ендi Италия, Польша, Украина әскерiн алып кетпекшi. Шекара мәселесiн шешiп алдық, ендi бiз Ресеймен әскери стратегиялық әрiптес болуымыз керек. Себебi, бүкiл техниканы солардан аламыз, кадрларымыз да солармен байланысты.

Page 147: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

147

Жанарбек Әшімжан: Парсы шығанағына Қазақстан да өз әскерiн жiбердi. Бұл мәселеде кезiнде парламенттiң өзi екiге жарылған болатын. Осы әскери қадамның дұрыс-бұрыстығын нақты айтып берсеңiз?

сағадат Нұрмағамбетов: Жалпы, кiшкентай соғыстар болған жерде үлкен тәжiрибелер болатынын ұмытпауымыз керек. Қазiр ЕурАзЭс-тiң құрамындағы Ресей, Белорусия, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжiкстан елдерiнiң ұжымдық келiсiмi бар. Мұның бәрi тәжiрибе үшiн керек нәрсе. Иракқа әскер жiбермеген ел некен-саяқ. Бұл – үлкен саясат. Бiз көпвекторлы саясат ұстанамыз деймiз ғой. Осы тұрғыдан келгенде бұл мәселе өзiн-өзi ақтады. Мұның сыртында тәжiрибе алу керек дегендей.

Жанарбек Әшімжан: Сiз Ұлы Отан соғысына қатыстыңыз. Дүниедегi ең жаман нәрсе – соғыс. Осы аты жаман нәрсенiң сабақ алар жағы бар ма?

сағадат Нұрмағамбетов: Бәрi қираған, өлген-жiткен, жылаған-боздаған нәрседен нендей сабақ алуға болады? Соғыс уақытында барлық халық бiте қайнасып кетедi. Достық күшейедi. Негiзi «соғыс прогресс бере ме?» – деген сауалдарыңның жаны бар. Бiз мұны немiстермен соғыста көрдiк. Олар соғысқа мықтап дайындалған. Соғыстан кейiн Кеңес одағы Германияның көп тәжiрибесiн алды. Соғыстан кейiн Қазақстанның өзiнде неше зауыттар салынды? Күлкiлi болса да айтайын, егер соғыс болмаса осыншама зауыттар Қазақстанда болмас едi. Кеңес өкiметi салмас та едi. Сол салынған зауыттардың қазақтарға пайдасы тимесе залалы тиген жоқ.

Жанарбек Әшімжан: Шығысымыздағы ұлы көршiмiз күн өткен сайын әскери қуатын арттырып барады. Сағат санап, сәт санап көбейiп жатқан халқының саны анау. Осы арнасынан шiреп келе жатқан күш-қуатын Қытай мемлекетi келешекте қайда жұмсамақ деп ойлайсыз?

сағадат Нұрмағамбетов: Бұл үлкен мәселе. Мұндай сауалға мен жауап бермеймiн.

Жанарбек Әшімжан: Үлкен мәселенiң жауабын үлкен азаматтардан алсақ деп сiзге арнайы келiп тұрмыз ғой...

сағадат Нұрмағамбетов: Қытай – үлкен ел. Мен Қытайда бес рет болғанмын. Бiрiншiден, Қытайға рахмет айту керек. 1 миллиард 300 миллион халықты төкпей-шашпай ұстап тұрғаны үшiн ғана рахмет айтуымыз керек. Бұл – Қытайдың ең үлкен жетiстiгi. Егер соншама халық аш-жалаңаш босып кетсiншi... тiптi елестету мүмкiн емес. Ақылмен ұстау жағынан, адам ресурсына ие болу жағынан Қытайдың саясаты күштi. Олардың ядролық қаруы бар, бұл ел ешкiмнен қорықпайды. Ал бiздiң жер асты байлығымыз кiмнiң болса да көзқұрты болатыны сөзсiз. Сондықтан ұлы көршiге байланысты саясатты ақылға, сабырға жеңдiрген жөн деп есептеймiн. Кiмге болса да сақ қараған дұрыс қой.

Page 148: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

148

Жанарбек Әшімжан: Қазiргi күнi жұмыр жерде түрлi үлкендi-кiшiлi соғыстар жүрiп жатыр. Жалпы, соғыс атаулыда әдiлеттiлiк бар ма?

сағадат Нұрмағамбетов: Соғыстың бәрi әдiлетсiз, әдiлеттi соғыс деген өмiрi болмайды. Бiреудiң жерiне басып кiрiп халқын қыра бастасаң, бұдан қандай әдiлет iздеуге болады? «Әдiлеттi және әдiлетсiз» соғыс деген марксизмнен қалған қағида. Қазiр жер бетiнде болып жатқан соғыстардың бәрi әдiлетсiз соғыстар. Шамасы жеткен ел етектегi елдi басып-жаншып жатыр.

Жанарбек Әшімжан: Өзiңiздiң жеке басыңызға қатысты әдiлет- сiздiктер болған жоқ па? Мысалы, ұлттық кемсiтушiлiк дегендей.

сағадат Нұрмағамбетов: Мен 19 жасымда командир болдым, мүлде жас кезiм ғой. Маған бағынатын адамдар 40-50 жастағы азаматтар. Бәрi соғыстың бел ортасында шыныққандар. Өмiр көргендер, оларды бағындырудың қандай азап екенiн сезiнiп отырған боларсыңдар. Мен Краснодардан Берлинге дейiнгi шайқастың барлығын бастан кештiм. Қаншама адам опат болып кеттi. Иық тiрестiрiп жүрiп соғыстық. Менi 1945 жылдың қазанында Антонов дейтiн дивизия командирi шақырды, ол кезде аға лейтенантпын. «Сен рота командирi боласың» дедi. Мен: «Менде үш взвод командирi бар, солардың iшiнен өте тәжiрибелi Менделевский жолдасты ұсынамын» дедiм. Антонов: «Сенiң ақыл-есiң дұрыс па, сен әскери адамсың ғой?! Мен оны емес, сенi шақырып тұрмын, болмайды екенсiң атамын» деп салды. «Есть!». Бұрылдым да кеттiм, соғысты сол кiсiмен аяқтадым. Небiр полк, батальон басқарғандар өлiп кеттi. Мен қол астында болған үш полк командирi опат болды.

Оқ пен оттың ортасы болған соң, түрлi жағдайлардың болатыны анық, бiрақ мен жеке басыма осындай әдiлетсiздiк жасалды деп айта алмаймын. Себебi, республикалардан офицерлер өте аз болды. Мен тығылып, қашып жүрсем өздерi-ақ атып тастар едi. Мен шабуылдың өтiнде болдым, Құдайға мың мәрте тәубә, аман қалдым. Өстiм.

Жанарбек Әшімжан: Ұлы батырымыз Бауыржан Момышұлымен қарым-қатынасыңыз қалай болды?

сағадат Нұрмағамбетов: Бауыржан Момышұлымен Алматыда екi-үш рет кездестiм. Менiң округiме де келген. Проблемалық ұрыстардың қыр-сыры туралы әңгiмелестiк. Қазақ-жiгiттерiн өсiрiп, оқыту қажеттiгiне қатысты бiраз мәселелер қозғадық. Әлгiнде сiздер әдiлетсiздiк туралы айттыңыздар. Небiр әдiлетсiздiктер соғыстан кейiн барып болды. Мәселен, соғыс бiткен соң небiр алтын асықтай қазақ жiгiттерi армиядан кеттi. Өсiрмейдi, жағдай жасамайды. Көбiне өзге ұлттың өкiлдерi көтерiлiп кеттi. Шынын айту керек, ондай алалау болды.

Page 149: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

149

Мен бiр округте 16 жыл орынбасар болып iстедiм. Осыншама жыл орыстың бiреуi отырған жоқ, бәрi көтерiлiп кетедi. Сосын «менiң мүмкiндiгiмдi пайдаланғыларың келмесе мен де армиядан бiржола кетем» дедiм. Содан соң барып қозғалыс басталды. Бiрiншi Үндiстанға жiбермекшi болды, сосын Вьетнамға дедi, ақыр соңында Венгрияға жiбердi. Кереев дейтiн керемет азамат болып едi. Жоғары әскери эшелонда жүрген қазақтардан генерал-лейтенант екеумiз ғана болдық. Өте талантты жiгiт болатын. Оны Вьетнамға жiберген. Кейiн Вьетнамнан ауырып келiп бiр апта мейманханада жатып қайтыс болды. Не болғанын бiлмеймiн.

Жанарбек Әшімжан: Сондай әдiлетсiздiктердiң бiрi Бәукеңнiң басында да болды ғой?.. Кеңес одағының батыры деген атақ бермедi дегендей.

сағадат Нұрмағамбетов: Ол жағын бiлмеймiн. Соғыста болмаған адамдар бұл мәселенi түсiне бермейдi. Бiр жерден бiрдеңенi оқып алады да, оны одан әрi қоздатады. Мен сiздерге түсiндiрейiн, егер батыр атағын бермесе, оның орнына Қызыл ту орденiн немесе Ленин орденiн бередi. Батыр атағына ұсынылғандар қаншама електен өтедi. Оны бiрiншi армияның әскери кеңесi қарайды, ерлiктерiн санамалайды, зерттейдi. Құжаттар армиядан өткен күннiң өзiнде үмiткердiң тағдырын майданның әскери кеңесi шешедi. Мұның кiлтипаны көп.

Мен министр болып тұрған кезiмде, 1995 жылы Ұлы Отан соғысының 50 жылдығы қарсаңында батырлық атақ алуға кiмдер құжат жiберген, кiмдер алмаған деген мәселемен Мәскеуге сұрау салғам. Бiр жағы президент аппаратына да деректер керек болды. Сонда менiң алдыма тiзiм келiп түстi. Шымкенттегi Сарыағаш ауданында тұратын Меңдiғалиев дейтiн азамат бар, оның баласы да әскери адам, полковник. Шығыс Қазақстаннан бiр қазақ бар екен, атын ұмытып тұрмын, кезiнде батальон командирi болған. Сосын Қарағанды облысынан Куликов деген азамат және Рахымжан Қошқарбаевтың тiзiмi жүр, бiрақ осы төртеуiне де ешкiм түсiндiрме бермеген. Сөйтсек, батырлық атақтан үмiткерлерге түсiндiрме бермеген себебi – бәрi (Куликовтан басқасы) ертеректе ордендермен марапатталып қойған екен. Ал талап бойынша орден алғандарға батыр атағы берiлмейдi. Ақыры 50 жылдықта белгiлi партизан Қасым Қайсеновке, Куликовқа және батырлығын дәлелдейтiн еш құжаты жоқ, әйтеуiр соғыста болған бiр ұйғырға батыр атағы берiлдi. Бiз көпұлтты елмiз деп айта беремiз, осы саясат үшiн берiлген де болар. Әңгiме батыр атағына тiрiсiнде қол жеткiзе алмай кеткен Бәукеңнен шығып кеттi ғой. Бұл атақтың сыры осындай.

Жанарбек Әшімжан: Әлгiнде «бiз неге көпұлтты мемлекетпiз» деп айта беремiз деген мәселенiң шетiн шығардыңыз. Осы әңгiменi дамытып айтсаңыз.

Page 150: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

150

сағадат Нұрмағамбетов: Бiздiң теле-радио, газет-журналдар таңның атысынан кештiң батысына дейiн «бiзде 130 түрлi ұлттың өкiлдерi тұрады» деп сайрайды да жатады. Түсiне бiлген адамға осы мақтаныш па? Олардың ата-бабасы осы топырақтан түлеп ұшып па? Олардың бәрiнiң өз тарихи отандары бар. Ал менiң тарихи отаным – Қазақстан! Бұл қазақ ұлтының ғана отаны, қалған ұлттар – диаспоралар. Менiң Қазақстаннан басқа барар жер, басар тауым жоқ. Өлсем сүйегiм осында қалады. Менде Қазақстанда тұратын ұлттардың саны мен тарихына байланысты анықтама бар. Қай ұлттың қанша өкiлi тұратынына дейiн бiлем, мәселен қазiр басқаны айтпағанда 300 мыңдай немiс қалыпты. Қазақтар қазiр 57-58 пайыз, әрине бұл аз. Сондықтан «анау не айтып қояды, мынау не айтып қояды» деп тығылып, қорқақтай бермей қазақтың мүддесiн ашық қорғау керек. Ұнамағандарға, әнеки, есiк ашық. Оларға ешкiм «кет» деп тұрған жоқ, ал осы елде тұрады екен, қазақтың мәдениетiн, тiлiн, дәстүр-салтын сыйласын. Өзге ұлттардың Қазақстанға сиып, тату-тәттi өмiр сүрiп отырғаны – қазақ ұлтының қанға сiңдi кеңпейiлдiлiгi. Бiздiң қазақ бiрде-бiр ұлттың маңдайынан шерткен емес, керiсiнше өзiнiң көзiн өзi шұқиды... Ыру-дыру болып бөлiнiп жүргенi.

Қазақ ұлтының мүддесiн қорғау жолында телеарналар да жан аямауы тиiс қой. Ұят та болса айтайын, абыройымызды әзiрше «Қазақстан» телеарнасы жауып тұр. Ал «Хабар» арнасы, iлгерiде «тек мемлекеттiк тiлде тарайды» деп құрылған «Еларна» ұлт мүддесiнiң бiр жағына неге шығыспайды? Телеарналардың денi бүлiнiп бiттi. Менi «Хабар» арнасына сұхбатқа шақырып қалды, сонда арнаның қызметкерлерiне, «сұхбатқа келмей-ақ қойсам деп едiм, мен айтпасам сендерге кiм айтады?» деген оймен әдейi келдiм дедiм. «Ойбай, дұрыс-дұрыс» дедi де қойды. Кiмнен және неден қорқамыз? Әрине, қазақ рушылдық болмаса, ұлтшылдық деген мәселеге аса құштар емес қой. Руыңды бiлгеннiң қандай ұяты бар, бiрақ бiз рушылдықты қатты асқындырып, кейбiр шолақбелсендiлер, тiптi саясатқа айналдырып жiберген жағдайы бар. Есiме газеттен оқыған бiр жағдай түсiп отыр. Мына Қырғызстанның Таласында екi ру тұрады екен, сол екi рудың бiреуi Ақаевтың әйелiнiң руы екен. Майрам Ақаеваның руынан шыққандар бастық болу керек, екiншiсi жұмысшылар тобы екен.

Сосын осы руға қатысты тағы бiр жайтты айтайын. Мен бiр жолы Шымкентке барып қалдым. Сайлау кезi болатын. Шәй үстiнде өзiн депутаттыққа ұсынған бiр азамат (атын айтпай-ақ қояйын, ел бiлетiн азамат) «сiрә, мен депутат бола алмайтын шығармын» дедi. «Неге?» деймiн ғой. Сөйтсем, «менiң қолымнан келмейдi емес келедi, бiрақ менiң руым мұнда аз» дейдi. Бұл дұрыс емес. Қазақстан – қазақ ұлтына ортақ отан, нағыз қайраткер азамат қай аймақтан болсын халықтың

Page 151: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

151

қолдауына ие болуы керек. Рудың, тайпаның қолтығына барып тығылып, елдi бетперде қылып арандатқанды қою керек. Мәселен, Тоқтар Әубәкiров мандатты Қызылордадан жұлып түстi ғой. Азамат! Сондықтан қазақ баспасөзi осындай iндеттерге қарсы күрессе, дұрыс болар едi.

Жанарбек Әшімжан: Мемлекеттiң әскери қанаты қалыптасу кезеңiнде сiз президенттiң қасында болдыңыз. Қазiр сiзге мемлекет басшысы хабарласып, ақыл-кеңес сұрап, ой бөлiсiп тұра ма?

сағадат Нұрмағамбетов: Президентпен жылына бiр рет кездесiп тұрамыз. Өте ашық кiсi. Ара-тұра домбыра тартып, өлең айтып қояды. Сөйлеп отырған адамның сөзiн бөлмей аяғына дейiн тыңдайды. Өзiнiң де ақылы жетедi ғой. Ол кiсiнi мен көп жылдан берi бiлемiн. Жұмыс мәселесiнде өте қатал. Президенттiң маған ұнайтын қасиетi – алдына барғанда амандық-саулықтан кейiн бiрден iске кiрiседi. Бiрден шешiлуi тиiс мәселенi қабырғасынан қояды. Талап етедi. Дұрысын дұрыс дейдi, қатесiн қате дейдi. Ал кейбiреулердiң қабылдауында отырасың, ортаңқол қызмет – қолдың кiрi, бiрақ өзiн мемлекет басшысы секiлдi сезiнедi.

Қазiр ендi елорда Астанаға көшiп кеттi, бiрақ былтыр 80 жылдығымда өзi арнайы телефон шалып, құттықтады. Емен-жарқын сөйлестiк. Ол кезде Астанада мемлекет басшыларының басқосуы болып, тойға келе алған жоқ.

Жанарбек Әшімжан: Жоғарыда ұлттық мүддеге байланысты, кей- бiр иi қанбай тұрған мәселелердiң шетiн шығардыңыз. Сол түйткiл- дердi президентке айттыңыз ба?

сағадат Нұрмағамбетов: Ол жағдайларды президентке құлаққағыс қылмаппын. Басқа жерлерде айтып, үн қатып жүрмiн ғой.

Осы ретте мына жағдайды да айта кетейiн. Қазiр билiкте отырған шенеунiктердiң көбi қазақша сөйлемейдi. Теледидарды қосып қалсаң, шүлдiрлеп орысша сөйлеп отырғаны. Ана тiлiнде сөйлегiсi келмей кердеңдейтiндердiң бәрiн суретiмен жариялап, «кеше кiм болдың, бүгiн кiмсiң?» деп алқымдарынан алу керек. Олардың көбiнiң әке-шешелерi кешегi қарапайым шаруа адамдары. Ауылдың айран-iркiтiне семiрiп, ақыр соңында өз ұлтына мұрнын шүйiрiп жүрген жiгiттер аз емес қазiр. Мен өзiм Ақмола облысынанмын. Бiздiң ауыл Қосым және Ағаш, Көл, Қосайдар деген таза қазақ ауылы болатын. Бiр кездерi шешiм шығарып солардың бәрiн қосып колхоз қылып, бәрiн күшпен орыстар орналасқан селоға көшiрдi. Тұрғаны тұрды, тұрмағаны быт-шыт болып кеттi. «Байсың деп» малдарын тартып әкеттi. Халық қырылып қалды. Бiз сондай зобалаңды көрiп өстiк. Мен халықпен көп кездесiп жүрем, шетелдерде боламын. Қазiр кейбiр кеуде соғып жүретiндерге таң қаламын. Осынша дүниенi өздерi жасап, қалыптастырып қойғандай

Page 152: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

152

жүредi. Олар бұған дейiнгi ұрпақтың жасап кеткендерiн пайдаланып отырғандарын ұмытпасын. Ептеген байлығы бар азаматтар халықтан алыстап барады. Бұл – барып тұрған ақылсыздық.

«Қазақстан наркомдары» дейтiн кiтап бар менде. Соған көз салсаңыз соғысқа дейiн наркомдардың 30-40 пайызы қазақ ұлтының өкiлдерi болатын. Мен 1945 жылы Берлиннен Қазақстанның 25 жылдық тойына (бұл кеңестiк тарихтың ойлап шығарғаны) келдiм. Сонда мен қазақтың қайраткер азаматтарын көрдiм, әңгiмелестiм. Ұлты үшiн жанын құрбан ететiн жiгiттер едi. Қазiргi жас жiгiттер олардың пұшпағына да тұрмайтындай әсер қалдырады. Халықтан қашып жүретiн шенеунiктер менi түрлi ойға жетелейдi. Мен өзiм 54 жыл армияда болдым. Қазақша оқығам жоқ. Қалың орыстың ортасында өстiм. Керек десең, түстi де орысша көресiң. Мен де «әскери адаммын ,қазақшаға нашармын, бiрден орысшаға көшейiк» деп сендерге бұлдансам, бұл нағыз сорлылық болар едi.

Жанарбек Әшімжан: Осыдан ай ғана бұрын Қырғызстанда төңкерiс болды. Қырғызстан әскерi халыққа еш қарсылық көрсеткен жоқ. Сiз әскери адамсыз. Талай операциялардың басында болдыңыз. Жалпы, сондай толқуларды әскери күшпен басып-жаншу қаншалықты әдiлеттi деп ойлайсыз?

сағадат Нұрмағамбетов: Қырғызстандағы жағдайды тоқтатуға болатын едi. Ақаев қашып-пыспай халыққа бару керек едi. Өзiнiң халқы өзiнiң президентiн өлтiре ме? Халықпен келiсiмге келiп, сайлау әдiлетсiз өткен жерлерде қайта сайлау өткiзу керек едi. Бұл – Ақаевтың ең басты кемшiлiгi.

Жалпы, үкiмет үйi мен президент резиденциясын қорғай алмаған деген не деген сұмдық. Ол қандай басшы екенiн бiлмеймiн. Қандай ақылы бар басшы елiн, отанын тастап қашады?

Жанарбек Әшімжан: Сiз 1986 жылғы оқиға кезiнде Алматыда болдыңыз ба?

сағадат Нұрмағамбетов: Ол бiр алмағайып күндер едi ғой. Ол кезде мен «Есентукийде» демалып жатқанмын. Кешке қарай демалатын бөлмемiзге келдiк. Бiр уақытта хабар келiп жеттi. Үйге телефон шалайық десек, «Алматымен байланыс» жоқ дейдi. Ендi не iстеу керек? Әрине, елге қайту керек. Алматыға билет жоқ, әдейi iстеп қойған ғой. Үшiншi күн дегенде елге зорға жеттiк. Келсек, бәрi тынышталып, басылып қалыпты.

Жалпы, қазақ халқымен дұрыстап сөйлессе, ол да болмайтын едi. Халықтың ашу-ызасы ақтарылып түспес едi. 8 миллион халықтың iшiнде ел басқаратын қазақтың бiр ұлы тумап па?!. Мұның бәрi Мәскеудiң саясаты. Бiрақ сол Желтоқсан оқиғасы бүкiл Кеңестер одағындағы республикалардың бәрiне сабақ болды. Ол шақ қазақтың басына бабалар рухы келiп қонақтаған кез едi ғой...

Page 153: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

153

«қАЛАМгер АқИқАт ҮШiН кҮресеДi...»(Қоғам қайраткері, көрнекті ақын-драматург Нұрлан Мырқасымұлы Оразалинмен сұхбат)

Жанарбек Әшімжан: Сiздiң таяуда Алматыдағы резиденцияда мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болғаны- ңыздан хабардармыз. Әңгiменi сол кездесуде қозғалған мәселелерден бастасақ...

Нұрлан оразалин: 21 мамыр күнi елбасы менi Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы ретiнде қабылдады. Әңгiме өте жылы шырайда өрбiдi. Кесiп айтайын, қабылдау барысында алабөтен бiреулердiң үстiнен ғайбат айтып, уақытымды текке жоғалтқаным жоқ. Әдеби кеңiстiкке, құрылтайға дайындық барысына байланысты ойға алған мәселелердi рет-ретiмен баяндап бердiм.

Өткен жылы «Қазақ әдебиетiнде» жарияланған әдебиет туралы сұхбаты президенттiң iшкi қажеттiлiгінен туған нәрсе. Одан берi де бiршама уақыт өттi. Жалпы, қоғам дамуы iрi тұлғалардың түрлi құбылыстарға деген көзқарасының жиынтығынан құралатынын анық сезiнуiмiз керек.

Мен өз тарапымнан Жазушылар одағының басынан кешiп жатқан оң өзгерiстермен бiрге, проблемаларын да айттым. Әсiресе, соңғы кездерi жиi айтылып жүрген әдебиеттi дамытудың ұлттық бағдарламасы жөнiнде кешендi түрде сөз болды. Сондағы қадау-қадау мәселелерге қатысты президент өз пiкiрiн бiлдiрдi. Әдебиеттiң өркендеуiне мұрындық болатын осындай бағдарламадағы мақсатымыздың тым болмағанда 60-70 пайызы жүзеге асып жатса, үлкен жеңiс болар едi. Сол кездесуде осындай iшкi сенiмiме қанат бiткендей болып шықтым. Әсiресе, жастар әдебиетiне қатысты, жас қаламгерлерге қамқорлық, «жаңа кезеңдегi жаңа әдебиет қалай болу керек?» деген мәселе төңiрегiнде көп ой қозғалды. Әңгiме барысында президент конституциялық өзгерiстерге орай қаламгерлердiң көзқарасына аса мән беретiнiн аңғартты. Расында Елбасы президенттiк құзiретiнiң бiразын парасатты түрде парламентпен бөлiсуi ел күткен жағдай. Мен бұл мәселеге қатысты негiзгi ойымды жеткiздiм ғой деп ойлаймын.

Жанарбек Әшімжан: Ал мемлекет басшысымен кездесуде Жазу- шылар одағының ХIII құрылтайы жайлы сөз болды ма?

Нұрлан оразалин: Құрылтай жайлы әңгiме болды. Қашан, қайда, қалай өтетiнiн тәптiштеп сұрады. Елдегi жазушылардың саны, олардың ұлттық құрамы туралы да әңгiме болды. Сосын құрылтайдың берекелi және түсiнiстiк жағдайында өтсе деген тiлегiн жеткiздi. Әрине, әдеби көзқарастардың келiспеушiлiгi ұдайы болып тұрады, соның өзi шығармашылық мүддеде тоғысып, миллиондаған аудиторияның

Page 154: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

154

алдында бет тырнасып, бiр-бiрiңдi жығып берiп жатпай, жазушылардың абырой-беделiн көтеретiн құрылтай болса деген ниетiн жасырмады.

Жанарбек Әшімжан: Сiз мемлекет басшысын құрылтайға шақыр- мадыңыз ба?

Нұрлан оразалин: Менiң тарапымнан ондай ұсыныс болды. Өкiнiшке қарай президенттiң iссапарлар кестесi өте тығыз екен. Соған қарамастан, мемлекет басшысы бұл құрылтайға айрықша мән берiп отырғанын қадап айтты.

Жанарбек Әшімжан: Осы орайда алдағы сәрсенбi күнi болатын жазушылар құрылтайына дайындық барысын қысқа ғана тұжырып кетсеңiз?

Нұрлан оразалин: IV пленумның шешiмi бойынша бiз бұл құрылтайға республиканың түкпiр-түкпiрiндегi қаламгерлердiң бар- лығын жинап жатырмыз. Жекелеген шығармаларға қатысты мәселелер пленумдарда, одақтың жанрлық кеңестерiнде жиi талқыланады. Бұл құрылтайдың мақсаты – дәуiр алмасып, кезең кезеңге орын берiп жатқан тұста барлық қаламгерлердiң басын қосып отырып, жаңа кезеңдегi әдебиетiмiздi кемелдендiрудiң жаңа концепциялық бетбұрысын, бар-жоғымызды бiр айқындап алудың сәтi түсiп тұр. Ұжымдасып отырып, осы сауалдарға оң жауап табудың сын сағаты соқты. Жазушылардың абырой-беделi осыдан көрiнетiн болады. Ал бұл үдеден шығу оңай шаруа емес.

Шетелдерден қонақтар келедi. Облыстардан 250-ге тарта жазушы- ларымыз келедi. Астананың өзiнде 70-тiң үстiнде қаламгерлерiмiз бар. Олардың бәрiн қонақ үймен, тиесiлi көлiктермен қамтамасыз ету керек. Ұйымдастыру шаралары қызу жүрiп жатыр. Ал әңгiменiң негiзгi арқауы – әдебиет, әдебиеттiң мұң-мұқтажы болу керек.

Республика бойынша қазiр 700-ге тарта жазушы бар, нақтылап айтсақ, 670-тiң үстiнде. Өкiнiшке қарай, екi құрылтайдың аралығында 105 қаламгерден айырылып қалдық. Жасы, жасамысы бар, әрқайсысы бiр-бiр шығармашылық тұлғалар болатын. Солардың дүниеден өтуi ұлтымызға орны толмас қаза болғаны күмәнсiз. Және сол азаматтарды ақырғы сапарға арулап шығарып салған жалғыз мекеме де осы – Жазушылар одағы. Айтар ауызға оңай, ал қамшының сабындай қысқа ғұмырдағы ең ұлы шаруа – шығармашылығын халқына арнаған аяулы азаматтардың қадiрiне жете отырып, ақыреттiк мiндетiн абыроймен атқарып, жер қойнына тапсыру. Сәулет, сурет, ән өнерiндегi қаншама азаматтар iздеусiз-жоқтаусыз дүниеден өтiп жатыр... Өйткенi – шығармашылық адамдарының басым көпшiлiгiнiң жағдайы әзiрге ауыр. Мұны жасырып-жабуға болмайды.

Жанарбек Әшімжан: Жазушылар одағы – қоғамдық ұйым, мем- лекеттен қаржы алмайды. Ал құрылтай өткiзу орасан зор қаржыны талап етедi. Көмек қолын созып жатқан тиiстi орындар бар ма?

Page 155: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

155

Нұрлан оразалин: Әр облыстан келетiн делегат жазушылардың құрылтайға келiп-кету шығынын көтерудi облыстық әкiмшiлiктер ұйымдастырып отыр. Құрылтайдың негiзгi ауыртпалығын жеңiлдетiп, ұйымдастыру шараларына қол ұшын созған Алматы қаласының әкiмi Иманғали Тасмағамбетов мырза. 70 қаламгерге бас-көз болып отырған Астана қалалық әкiмшiлiгiнiң иығына да оңай салмақ түсiп отырған жоқ. Үкiмет тарапынан да қолдау баршылық. Ең басты қолдау мемлекет басшысы тарапынан болып отырғанын баса айтқым келедi.

Жанарбек Әшімжан: Соңғы кездерi қайсыбiр қаламгерлер орыс тiлдi басылымдар арқылы «Жазушылар одағы әлi күнге ескi сарынмен жұмыс iстеуде» деген сыни пiкiрлерiн айтып жүр. Бұған қатысты не уәжiңiз бар?

Нұрлан оразалин: «Тойдың болғанынан боладысы қызық» дегендей, құрылтай дабысы естiлгелi түрлi әңгiмелер айтылуда. Кейде болмағанды болды, жоқты бар деп, елдi адастырып, өтiрiк ақпарат таратушылар жоқ емес. Мұның бәрi сол әңгiмелердi таратып жүрген топтың маңайындағы жiгiттерге өте жайсыз нәрсе. Ерте ме, кеш пе, шындық өз мiнбесiне шығады. Ал Жазушылар одағының қоғамдық ұйым ретiнде өтпелi кезеңнiң қиындығын қалай өткергендiгiн қаламгерлердiң өздерi айтып отыр. Қаншама мақалалар жазылды! Көзқарастар ашық айтылуда. Бұл тақырыпқа қызығушылар сол көзқарастарды екшей отырып, өздерiне керектi ақпараттарды алуына болады. Мен оның бәрiн қайталап жатқым келмейдi. Осыдан бiраз уақыт бұрын «Жас қазақ» газетiнде Еренғайып Қуатайұлы екеумiздiң сұхбатымызда алыпқашпа әңгiмелердiң бәрiне жауап берiлген. Шығармашылық үйi, «Қаламгер» кафесi, одақ орналасқан үй туралы әңгiмелер айтыла-айтыла жауыр болған тақырыптар. Шындығында ешқандай мүлiк ешқайда кеткен жоқ, бәрi орнында. Тек сол ғимараттарды кезiнде алып кеткiсi келген әрiптестерiмiздiң терiс пиғылы жүзеге аспай қалды. Одақ төңiрегiнде жайсыз әңгiме таратып жүргендер де солар. Олар кешегi өздерi күйретiп, қиратып кеткен дүниелердiң қайта қалпына келiп жатқанын көтере алмауда. Одақтың мүлiктерiн пышақтың жүзiнде бөлiп жiберген солар ендi келiп, араға он жыл салып, реваншистiк мiнез көрсетiп жатыр. Пiкiр айтады екен, елдi адастырмай, әдiлiн айтсын. Бiзде де бiраз құжаттар бар, қажет болса көтеремiз. Одан не пайда? Жазушы жазушыны ғайбаттап қайда барады?

Ал, «шығармашылықпен аз айналысып, негiзiнен шаруашылыққа ден қойып кеттi» дейтiндер бар. Бұл – нарықтың заманы. Осындай алмағайып кезеңде одақтың жылжымайтын дүние-мүлiктерiн қайтарып алу керек болды. Одақтың шығармашылықпен айналысуына жағдай жасайтын негiзгi арқауы – материалдық құндылықтар. Ұстағанның

Page 156: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

156

қолында, тiстегеннiң аузында кеткен дүниелердi толық қайтарып алу кезеңi аяқталды. Қазiр Шығармашылық үйi де, «Қаламгер» де күрделi жөндеуден өттi, түгел iске қосылды. Қазiр одақ орналасқан негiзгi ғимарат күрделi жөндеуден өтiп жатыр. Анығында одақ әлдекiмдер айтқандай «тек шарушылықпен ғана айналысып» келген жоқ. Қаншама пленумдар өттi, оның iшiнде 70 жылдыққа орай өткiзiлген үлкен Пленум бар. Төрткүл дүниеден жазушылар келдi, осының бәрi Жазушылар одағының беделiмен, жиған-терген қаржысымен өткен шаралар. ЮНЕСКО деңгейiнде өткен Махамбеттiң 200 жылдығы, Алматыдағы пленум, конференциялар, Дулат Бабатайұлының 200 жылдық салтанатты жиындары, Мүсiреповтiң, Мұстафиннiң 100 жылдығына орай өткен жиындар. Жекелеген ақын-жазушылардың мерейтойлары, кештерi. Мен есiме түскенiн ғана айтып отырмын. Екi құрылтай арасындағы елдiң есiнде қалған өзге де шараларға неге бiз көз жұмып қарауымыз керек? Бұларды шығармашылық игiлiк емес деп кiм айтады? Солардың бәрi қазақ әдебиетiнiң бiр-бiр алыптарына, көркем әдебиеттiң насихатына арналған шаралар.

Мұның сыртында жаңа шыққан әңгiмелер, өлеңдер, драматургиялық туындылар одақтың шығармашылық кеңестерiнде талқыланып жатыр. Олардың денi түрлi сыйлықтарға ұсынылды, жеңiп те келдi. Жыл сайын балалар әдебиетiне қатысты дәстүрлi байқайлар өтуде. Балалар әдебиетiне орай жеке Пленум болды.

Одақ – жазушылардың өз ерiктерiмен құрылған ұйым. Осы одаққа келiп «менiң мынадай ойым бар, анау былай болса, мына шаруа дұрыс орындалмай жатыр» деген ұсыныс айтып, сол ұсыныстары жүзеге аспай жатса кiнәлауға болады. Одаққа тас боратып жатқандардың денi соңғы бес жылдың iшiнде жазушылардың бiрде-бiр пленумына, жиналыстарына бас сұқпағандар. Шақырсаң, келмейтiндер. Өздерiн әдебиеттен, одақтың жұмысынан жоғары қоятындар, өздерiн өте жақсы көретiндер. Неге және кiмге өкпелейтiнi белгiсiз. Өздерi қатыспаған талқылауларды, жиындарды жоққа шығару, болмадыға есептеу оппоненттердiң ежелгi қаруы ғой. Ақ-қарасын айтуды құрылтайға қалдырайық. «Одақ ескi тәсiлмен жұмыс iстейдi» дегендердiң ең құрығанда бiреуi келiп жаңа ұсыныс айтып па? Жоқ!

Жанарбек Әшімжан: Ал сiздер қандай тәсiлмен жұмыс жүргiзiп жатырсыздар?

Нұрлан оразалин: Бiз қолда бар, уақыт өзi екшеген тәсiлмен жұмыс iстеп отырмыз. Бұл ұйым өткен ғасырдың елең-алаңында, 30-жылдары өмiрге келдi. Сол кездегi тоталитарлық құрылым мен партия одақты өздерiнiң идеологиялық қаруы ретiнде құрды. Мәскеуде Горький бастаған, бiзде Сейфуллин, Жансүгiров бастаған арыстарымыз бұл ұйымның жұмысын өз ұлтының әдебиетiне қарай

Page 157: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

157

бейiмдей бiлдi. Әрине, жазалаушылық етек алған кезеңде Жазушылар одағының қолымен Мәскеуде Булгаковтарды қалай қудаласа, бiзде Байтұрсыновтарды, Жұмабаевтарды солай қудалағанын бiлемiз. Бұл – тоталитарлық қоғамның зымиян саясатын жүзеге асырудың айла-тәсiлi болатын. Әр кезеңде әрқалай iс-қимылдар болды. Дегенмен кейiн жылымық келген жылдары Жазушылар одағы өз әлiнше әдебиеттiң дамуына көп мүмкiндiктер жасады. Белгiлi қалыптасқан үлгi бар. Күнi бүгiнге дейiн жазушылармен жұмыс iстейтiн құрылымның қуаттысын ешкiм ойлап таба қойған жоқ. Клубтар мен бiрлестiктер бар, әрине, бiрақ Жазушылар одағы секiлдi тегеурiндi, бүтiн қаламгерлердiң басын бiрiктiретiн қоғамдық ұйым әзiрше жоқ. Бiз өз мүмкiндiгмiзше сол ұймның жұмыс тәсiлiн жетiлдiруге күш салудамыз.

Негiзiнен Қазақстандағы шығармашылық одақтардың денi тұн- шығып қалды. Ғимараттарынан айырылып қалды. Солардың iшiнде еңсесiн тiктеп, заман ағымына iлесе алған жалғыз ұйым – Жазушылар одағы.

Одаққа мен басшы болып келген 1996 жылғы жағдаймен бүгiнгi ахуалды салыстырып көрiңiздер, жер мен көктей.

Жанарбек Әшімжан: Құрылтайдың көмбесi көрiнгелi «Жазушылар одағының бүгiнгi басшылығы «заңсыз отыр» деп сөз таратушылар бар. Бұған не дейсiз?

Нұрлан оразалин: Рас, соңғы кездерi кейбiр әрiптес-оппоненттердiң аузымен түрлi басылымдар мен мiнбелерде ондай пiкiрлер айтылып жүр. Ондай даурықпа сөзге мынандай тұжырым айтуға болады: бiрiншiден, ұйым 700-ге тарта қаламгерлердiң басын құрайды. Оның 380-i – Алматы қаласында, 70-i – Астана қаласында, қалған 250-ден астамы облыстарда. Құрылтайға мол қаржы керек. Шығын көздерiн табу оңай емес. Екiншiден, екi құрылтай аралығында бұрынғы басшылықтың атүстi, шалағай шешiмiнiң салдарынан қолды болып кетiп, араға көп жыл салып, ұйым иелiгiне зор күшпен (3,5 жарым жылдай соттасудың нәтижесiнде) әзер оралған ғимараттарды күрделi жөндеуден өткiзiп, iске қосу қиындығы тұрды.

Осы кезең iшiнде бұрынғы әдеби қор басшылығының (араға он жыл салып «реванш» алу мақсатында ел iшiн шулығандатып жүрген) тiкелей жауапсыз әрекетiнiң нәтижесiнде азып-тозып, iстен шыққан Жазушылар ұйымының иелiгiндегi ғимараттар бiрiнен соң бiрi күрделi жөндеуден өттi. Шешуi қиын мәселенiң бiрi орталық үйдiң күрделi жөндеуi едi. Бюджеттен қайта-қайта қаржы сұрау – жайсыз дүние. Қоғамдық ұйымды қаржыландыруға болмайды деген «пешенеге жазылған жазу» тағы бар. Ақыры инвестиция таптық. Қазiр күрделi жөндеу жүргiзiлуде. Үшiншiден, ғимараттарды 49 жылға ұзақ мерзiмдiк жалға алу, оны заңдастыру, iске қосу, қалыпты

Page 158: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

158

жағдайда күтiп ұстау, ыждаһаттылықпен қатар, бiраз қаржыны керек ететiнi белгiлi.

2005 жылдың ақпанынан берi ұйым күшiмен «Әдебиет айдыны» атты апталық үзбей шығуда. Одақ жанынан құрылған «Ан Арыс» баспасы да жаңа-жаңа қатарға қосылып келедi.

Жуықта өткен Пленумда құрылтайдың аз-кем кешiгуiнiң осындай объективтi, субъективтi себептерiн алға тарта отырып, басшылық Басқарма алдында есеп бердi. Қаулы қабылданып, кезектi ХIII Құрылтайдың өту мерзiмi белгiлендi.

Құрылтайға әзiрлiк жүргiзу үшiн әрi пленум қаулысында көр- сетiлген «Жарғыға түзетулер мен өзгерiс енгiзудi жүзеге асыру» мақсатында жұмысшы тобы құрылған болатын. Осы жұмысшы тобының мәлiмдеуiнше, «Құрылтай мерзiмiнiң кешiгуiне» орай одақ басшылығының құқын бейлегитимдi санау нормалары Жарғыда жоқ. Сондықтан олардың бұл айтып жүрген әңгiмелерi негiзсiз. Жарғымен жақсы танысып, оны «Қоғамдық ұйымдар туралы» заңмен салыстыра отырып, басқарма мен басқарма жұмысына заңдық тұрғыдан түсiнiктеме берген бiлiктi заңгерлер де оппоненттердiң пiкiрi орынсыз екенiн ескерттi.

Құрылтай – басқарманы, басқарма – төрағаны сайлағаны; төрағаның ұсынысымен секретариат құрамы сайланғаны қандай ақиқат болса, өз тарапында секретариаттың нәтижелi жұмыс iстегенi де, екi құрылтай аралығында бiр қыдыру iс тындырғаны да сондай ақиқат. 6 сәуiр күнi өткен Пленум басшылық есебiн тыңдай келе, бiрауыздан секретариат жұмысына оң баға бердi. Құрылтай шақыру мерзiмiн 6 маусымға деп белгiледi.

Жанарбек Әшімжан: «Жазушылар одағы саяси сипатқа да ие болу керек» деген пiкiр қаншалықты салмақты?

Нұрлан оразалин: Одақтың басшысы жазушыларды алға салып, саяси партиялар секiлдi елдiң iшiн алатайдай бүлдiру дейтiн мәселеге мен өзiм тұлабойыммен қарсымын. Және «Жазушылар одағының басшысы үркiтiп-қорқытып, үкiметтiң бермес ақшасын тартып алуы керек, жазушылардың беделi сонда артады» деген пiкiрлер – астамшылық, керек десеңiз мәдениетсiздiк. Бұл Кеңес одағының соңғы бiр кездерiнде болған.

Бiрақ Жазушылар одағы ұлттық мәселелерде жерге қарап қалған тұсы жоқ. Жазушылар одағының Әдебиетшiлер үйiнде тiл тағдырына араша сұрап жанұшырғаны шындық па? Шындық! Сосын жер туралы үлкен дау болған кезде жазушылар қауымы бұл мәселеден шет қалған жоқ. Одақта Сапабек Әсiп ақсақалдың жетекшiлiгiмен жер туралы арнайы комиссия жұмыс iстейдi. «Жер сатылу керек, сауда көзiне айналуға тиiс» деген мәселе алғаш шыға бастағанда-ақ үлкен тегеурiн

Page 159: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

159

танытқан төр – Жазушылар одағы болатын. Жазушылардың үндеуi сол тұста 13-14 басылымның бетiнде жарияланды. Сөйтiп бұл мәселе төрт-бес жылға шегерiлген де кезi болған. Одан арыға бiздiң күшiмiз жетпедi...

Жалпы кез-келген шығармашылық одақ тәрiздi бiздiң де өз жарғы- мыз бар. Жарғыға сәйкес жұмыс жүргiзу – ұйымның басты мұраты. Соған қарамастан, бiз кейбiр маңызды саяси мәселелерге өз тарапы- мызыдан баға берiп, араласып отырамыз. Ұлттық мұраттарды аяқасты ететiн пиғылдарға жандүниесiмен қарсы тұруға қаламгерлердiң ары да, ұяты да жетедi.

Ал саяси мiнбелерден сөйлеп жүрген жекелеген қаламгерлердiң саясатпен айналысуға, елдiк сипатта өз сөзiн айтуға толық консти- туциялық құқы бар.

Бiзде «суреткер билiкке ылғи оппозицияда болу керек» дейтiн ұғым бар. Бұл бiр кездерi Ресей секiлдi империялық елдерде көп айтылатын. Ал Ресейдiң империялық кескiнiне қарсы болмаған ұсақ ұлттар аз ба?

Ал сен бас-аяғыңды жаңа-жаңа бүтiндеп келе жатқан кезде, iшiңе кiрiп алып, бөлшектегiсi келетiн әлемдiк мүдделер толып жатыр. Жаһанданудың сан түрлi терезелерi ашылып кеттi. Ал сондай алмағайып уақытта ұлттың iшкi дiңгегiн сақтап қалу үшiн күресу – суреткердiң басты мiндетi. Бiздiң саяси мiнбелерде жүрген жекелеген қаламгерлерiмiз сол күрес жолында жүр. Мен бiлетiн айдай бiр шындық – майдан даласында ақиқат үшiн жалғыз қалғанша күресетiн бiрден бiр тұлға – жазушы!

Жанарбек Әшімжан: Жазушылар одағының өзге елдермен шығар- машылық, iскерлiк байланысы қай деңгейде?

Нұрлан оразалин: Әрине, анабiр жылдардағыдай қоян-қолтық, сұрапыл байланыстар жоқ. Қазiр әркiм өз қазанында қайнап жатыр. Осы байланысты күшейту мақсатында бiрнеше қоғамдық ұйымдар құрылды. 90-жылдардың басында Шыңғыс Айтматовтың басшылығымен Орта Азия халықтарының мәдени ассамблеясы құрылған. Мен сол ас- самблеяның Қазақстандағы өкiлеттi орынбасарымын. Осы ұйымның тiкелей мұрындық болуымен алғашқы кездерi Қырғызстанда, Өзбек- станда, Қазақстанда жиi-жиi бас қосып жүрдiк. Кейбiр мәселелер Орта Азия елдерiнiң заңдық жүйесiне, iшкi-сыртқы саясатындағы параметрлерге келiп тiрелiп қалады. Кейде Түркiменстан, Өзбекстан секiлдi көршi елдерiмiздiң есiк-терезелерiн тарс бекiтiп алған кездерi де болды. Осындай кедергiлердiң әсерiнен Орта Азия елдерiндегi әдеби байланыс ойдағыдай болмай тұр. Оның үстiне көршi мемлекеттердегi шығармашылық одақтардың бiразы дағдарысқа ұшырап отыр.

Page 160: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

160

Жанарбек Әшімжан: Мәскеудегi Жазушылар одағы да қазiр тоз-тоз болып бөлiнiп кеткенi, өзара дүрдараз екенiн «Литгазетадан» оқыдық.

Нұрлан оразалин: Рас, Мәскеудегi бiр кезде атынан ат үркетiн одақ тоз-тоз болып бөлiнiп кеткенi шындық. Жазушылар бiр-бiрiмен алысып, жоқтан өзгеге соттасып, жаға-жыртысып өз абырой беделдерiн өздерi төмендетiп алды. Әлi күнге дейiн соттасып жатыр. Бұл «ауру» өзге республикаларға да жұқты. Қырғызстандағы одақ төртке бөлiнiп, ақыры қайта бiрiктi. Сол ауыр тауқыметтер бiздi де соқпай өткен жоқ. Бiз де бөлiнудiң қарсаңына келдiк. Әдеби қор болып бiр, Жазушылар одағы болып екi бөлiндiк. Екеуi екi құрылым болды, сөйтiп әдеби қор бүкiл дүние-мүлiктi өз иелiгiне алып кеттi. 1996 жылы Жазушылар одағы бiртiндеп тарап бара жатқан. Басында бiр мүлiгi жоқ, басында үйi жоқ, тарамағанда не болды? Бәрiн әдеби қор алып қойған. Ал әдеби қор өз кезегiнде өзге қайырымыдылық қорларымен теңелiп қалған. Мүшелiк мiндеттен алыстап кеткен. Ал сол тұста Жазушылар одағы тарап кеткенде, бiздiң бөтен пиғылды әрiптестер үшiн бар мәселе «шешiлетiн» едi. Олардың өкiнiшiне қарай, бiз тоз-тоз болып тұрған дүниелердi бiртiндеп қайта жинап алдық. Осы дүниелердi жинап алу жолында әдеби қорды таратып жiбердiк. Бұрын әдеби қорды сақтау үшiн әр жазушының қаламақысының 10 пайызы қорға келiп құйылатын. Уақыт талабы ол қордың көзiн суалтып жiбердi. Бiз сөйтiп кеткен мүлiктердi тiртiнектеп жүрiп жинадық. Ал соншама күреспен, жүйкеге түскен салмақпен келген бүгiнгi жағдайда ештеңе болмағандай болып көрiнедi.

Сол кешегi «Алматы жазушылар одағын құрамыз» деп жүргендердiң пиғылы алабөтен. Мен кейде солардың көкейiнде «анау 1996 жылғы кеткен қызғаныштың қызыл итi ойнақ салып жүрген жоқ па?..» деген күдiк құшағында қалатыным бар. Олардың мақсаты қай жолмен болса да Жазушылар одағының ғимаратын уысына түсiру ғой...

Жанарбек Әшімжан: Осы жағдайлардан мемлекет басшысы ха- бардар ма?

Нұрлан оразалин: Мемлекет басшысы барлық жайттан хабардар ғой... Мұндай ұсақ-түйек нәрселердi айтып ол кiсiнiң уақытын алу әбестiк болар едi.

Жанарбек Әшімжан: Сұхбатымызды қазақ әдебиетiнiң бүгiнгi және ертеңгi бағыт-бағдары, жоғалтқан-тапқан үрдiстерi туралы ойыңызбен аяқтасақ?

Нұрлан оразалин: Тәуелсiздiкдiң алғашқы жылдары әдебиетке көп қиындық алып келдi. Құндылық, баға, көзқарас мүлде өзгерiп кеттi. Жазушылар өздерiн өздерi тани алмай қалды. Сол жылдары байтал түгiл бас қайғы кезеңдер болды. Сондай қиыншылықтарға қарамастан,

Page 161: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

161

соңғы 17 жылдың бедерiнде тәуелсiздiгiмiздi бекiтумен бiрге, өзгеше ойлайтын мүлде жаңа ұрпақтың буыны қатайды. Әдебиетке деген жаңа көзқарастар айшықталды. Олардың санасында бодандық туралы ұғым ада-күде жоқ. Демек, жас әдебиетшiлер көз алдында өткен өзгерiстердi әлдеқайда еркiн, мүмкiндiгiнше терең, психологиялық талдаулары нанымды, ең бастысы уақыт бедерiн нақ беретiн ажарлы, көркем, кесек, жанрлық өлшемi әрқилы туындыларды өмiрге әкеле ме деген үлкен сенiм үдесiнде отырған жайымыз бар. Бұл пiкiр «аға буын шаршап-шалдығып, қатардан қалып отыр екен» деген күдiк тудырмауы керек. Мемлекет басшысы жиi айтатын Драйзер шығармаларындағы кейiпкерлердiң iс-әрекетiмен сипатталатын күнгейлi-көлеңкелi заман- ды бiздiң жазушылар ендi ғана басынан өткеру үстiнде. Құдайға шүкiр, қазiр қазақ өлеңi өте жақсы. Ендi нәзiк те қатал құбылыстарға толы проза бүр жарып келедi. Мен өзiм жанымдай жақсы көретiн интеллектуалдық әдебиеттiң ауылы әзiрше алыстау секiлдi. Мұндай туындыларды жазу негiзiнен философ-жазушылардың еншiсiнде.

Page 162: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

162

«МҰрАЛАрЫМДЫ МеМЛекет сҰрАсА ҒАНА БереМiН»(Этнограф, өнер зерттеуші Жағда Бабалықпен сұхбат)

Жанарбек Әшімжан: Тәңiрқұты дейтiн қасиеттi ұғым бар. Осы жайында, әсiресе, шекараның арғы жағынан келген қандастарымыз тәуiр бiледi. Бұл ұғымды сiз кейiн бiраз зерттедiңiз. Тiптi осы ұғымға қатысты басыңыздан қызық оқиғаларды да өткердiңiз. Әңгiмемiздi осыдан бастаған жөн болар.

Жағда Бабалық: Тәңiр дегенiмiз – Жаратушы, Алла, Құдай деген сөз. Сол Тәңiрдiң жiберген ұлтқа көсем бола алатын, халыққа қамқор бола алатын адамын Тәңiрқұты деймiз. Қазақта президент деген сөздiң неше түрлi синонимi бар. Мысалы, елбасы, көсемi, күн көсем, шыңғұз (Шыңғыс дегенi шыңғұз ғой), патша, хан деген сияқты. Осылардың қатарында Тәңiрқұты да бар. Бiздiң жыл санауымыздың басында кейбiр түркi тектес халықтар өз хандарын Тәңiрқұты деп атаған. Бұл – мен жасаған сөз емес, тарихи сөз. Ойлы адамға Тәңiрқұты өте мағыналы сөз. Әуелi мен сендерге бiр тарихи оқиғаны айтып берейiн. 1946 жылы мен әскерде едiм. Қобық дейтiн жерде полк командирiнiң орынбасары қызметiн атқарып жүргем.

Жанарбек Әшімжан: Қытайда ғой?Жағда Бабалық: Иә, Қытайда. Мына Тянь-Шанның солтүстiгiнде

негiзiнен бес аймақ жатыр. Аймақ дегенiмiз – облыс. Сол бес аймақтың бiрi – Тарбағатай. Тарбағатайдың қарамағында жетi аудан бар. Соның бiрi Қобық деп аталады. Бiз осы жерде гарнизонның құрамында болатынбыз. Яғни, барлау жұмыстарын жүргiземiз. Аймақты күндiз-түнi кiрпiк қақпай күзетуiң керек. Аудан орталығы онша үлкен емес, шағын ғана қалашық. Қалашық шетiнде шағын мазар бар. Мазардың сырты шынымен қапталған, өте әйбәт, көркем жасалған. Ауылдың бұзық балалары соның шынысын iстiкпен аршып, сындырып тастапты. Бұған жаны шыдамаған жергiлiктi халық – моңғолдар наразылық бiлдiрiп, бас көтердi. Шу шығарды. Бiр күнi менi полк командирi шақырып алып, шуды басуды, мазарды қалпына келтiрудi тапсырды. Мазарды жөндеуге қажет заттарды алдыруға бiрнеше адамды облыс орталығына жөнелттiм. Олар бiр жұмада келдi. Бiз мазарды қатырып тұрып жөндеп бердiк. Сол Қобық ауданында буддистердiң бiр дiни орталығы бар. Соның бiр мүшесi мазарды қалпына келтiру жұмыстарын жiтi қарап жүрдi. Бiз оны көңiлдегiдей жасадық, ол қабылдап алды. Сол екi арада мен бұл кiсiмен танысып қалдым. Өзi ақылды адам екен. Қазақша мақалдап тұрып сөйлейдi. Сәтi келген тұста мен: «Мазардың iшiнде жатқан кiм?» деп сұрақ қойдым. Ол: «Шәлбән Геген» деп жауап бердi. Шәлбән – аты, Геген – моңғолша «тiрi құдай» деген сөз екен, титул ғой. Содан мен күлдiм де: «Мырзам, тiрi құдай өле ме екен?» дедiм.

Page 163: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

163

«Жоқ, ол өлген жоқ, – деп үн қатты тақуа. – Ол бiзге өкпелеп кетiп қалған, қайтып келедi». Содан мен қарсы сұрақ қойған жоқпын. Бiраз уақыт өткен соң ол кiсiге жолығып: «Сонда бұл кiсi қашан келедi?» деп сұрадым. «Ол келгенiн айтпайды, бiз оны iздегелi 20 жыл болды, қай шаңыраққа келедi – оны өзi бiледi, бiз тек оны табуымыз керек» дедi бұ кiсi. Бақсам, олар бұл адамды былай iздейдi екен: әр шаңыраққа келген ұлдың тiзiмi жасалады. Ол бектiң үйi ме, әлде байдың үйi ме немесе құлдың үйi ме, бәрiбiр. Сонда бұлар әлгi назары ауған баланы жетi жасқа жеткенше бақылайды. Оның қалай жылайтынын, қайтiп тамақ iшетiнiн, қалай күлетiнiн, ой-өрiсiн, бәрiн қадағалайды. Бұл 1946 жыл екенi естерiңде ме?

Жанарбек Әшімжан: Иә-дүр.Жағда Бабалық: Содан мен 1952 жылы Тарбағатай аймағына әкiм

болып бардым. Әкiм болып барғанымда маған «Шәлбән Геген қайтып келiптi» деген хабар келдi. Бiр баланы тапқан екен. «Кiм, қандай бала?» деп қатты қызықтым. Бiлгiм келдi. Бардым. Жергiлiктi оқыған-тоқыған моңғолдардан оған барудың жөн-жоралғыларын сұрап бiлiп алдым. Барлық жоралғысын жасап Гегеннiң алдына бардым. Сол уақытта әлгi бала 11 жаста, мен барғанда ол тақта отыр екен. Тақтан түсiп, менiмен амандасты. Екеуiмiз ұзақ әңгiмелестiк. Мен тыңдап отырмын, ол көп нәрсе айтты. Сол уақыттағы саясатты, шаруашылықты, елдiң әл-ауқатын бес саусақтай бiлiп отыр.

Жанарбек Әшімжан: Ұлты моңғол ғой.Жағда Бабалық: Әрине. Мен оны қатты берiлiп тыңдадым. Ол ұзақ

сөйледi. Сөйтiп, жас баланың әңгiмесiне тәнтi болып қайттым. Бiр жыл өткен соң жоғары жақтан «Қобық ауданын автономиялы аудан етiп құру керек» деген бұйрық түстi. Облыс бастығы ретiнде маған баруға тура келдi. Үлкен жиналыс болды. Ығай-сығайдың бәрi сөйледi. Мен де сөз алдым. Жиналыс тараған соң әлгi жерде ойын-сауық басталып кеттi. Жаз. Жайлау. Қасымда әлгi Геген бар. Оны төңiректеп бiрнеше лама қалмай жүрдi. Ебiн тауып екеуiмiз тауға барып, оңаша әңгiме-дүкен құрдық. Ол өз халқы жөнiнде көп нәрсе айтты. Олардың надандығы, мүсәпiрлiгi бұ кiсiнi қатты алаңдатады екен.

Бiр-екi жылдан кейiн мен Қазақ автономиялы обылысына әкiм болып бардым. Осы қызметте жүргенiмде «сен ұлтшылсың, халықты Қазақстанға көшiргелi жүрсiң» деп жала жауып, жалғыз күнде жұмыстан алып, еңбекпен түзету колониясына апарып жапты.

Жанарбек Әшімжан: Колония қай жерде едi?Жағда Бабалық: Үрiмжi қаласында. Жанарбек Әшімжан: Қай жылы?Жағда Бабалық: Ол 1958-61 жылдар ғой. Үрiмжiнiң трактор

зауытында жұмыс iстедiм. Сәтi келдi де, менi босатты. Құжат дайындау

Page 164: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

164

мәселесiмен көшеде жүгiрiп жүргенмiн, алдымнан ұзын бойлы қара жiгiт шыға келдi де, құшақтай алып иiрiп-иiрiп жерге қоя қойды. Қара кәстөм-шалбар киген, мойнында тоқпақтай галстугi бар. Жап-жас жiгiт. Танымай тұрмын. Күлдi. Сөйтсем, әлгi Шәлбән Геген екен, оны соңғы рет көргенiм сол.

Жанарбек Әшімжан: Жаңағы Шәлбән Гегеннiң кейiнгi тағдырынан хабарыңыз бар ма?

Жағда Бабалық: Қазiр ол тiрi, өкiмет орындарында өте беделдi қызмет атқарады.

Жанарбек Әшімжан: Қытайда ғой?Жағда Бабалық: Иә, Қытайда. Қытайдағы беделдi адамдардың

бiрi болып жүр. Моңғолдардың Тәңiрқұтын iздеу дәстүрi өте жақсы. Табуы одан да жақсы. Бiрақ бiр керағарлығы – тапқан баланы тек дiни бағытта ғана тәрбиелейтiнi. Соның кесiрiнен ол өзге ғылымдардан қол үзiп қалады.

Жанарбек Әшімжан: Ал сiздiң пайымдауыңызша, қазақта сондай Тәңiрқұтылар кiмдер?

Жағда Бабалық: Баршылық. Бiрақ бiз аналар сияқты iздемеймiз, соның кесiрiнен олар бала кезiнде жоғалып кетiп жатыр. Бiзге аман-есен жеткендерi тым аз. Менiң санауымда бесеу-ақ: Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов, Абай Құнанбайұлы, Мұстафа Шоқай және Қаныш Сәтбаев. ХХ ғасырдағы қазақтың Тәңiрқұтылары осылар. Ендi бiз жаңағы жұрт сияқты өз Тәңiрқұтыларымызды iздеуiмiз керек. Мүмкiн ол бесiкте жатыр, мүмкiн жүгiрiп жүр... 1964 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Қарасу деген жерде 4-сыныпта өте жақсы оқып жүрген қазақтың бiр баласын орыстар оқытамыз деп алып кетiп, қайтып қайтармай қойды.

Жанарбек Әшімжан: Оның қазiр қайда екенi белгiсiз бе?Жағда Бабалық: Белгiсiз, ешкiм бiлмейдi. Жанарбек Әшімжан: Ресейге алып кетiп пе едi?Жағда Бабалық: Қайда әкеткенiн бiлмеймiз. Кейiннен орыстар

Талдықорғаннан тағы бiр баланы Новосiбiрге алып кетiптi. Ол ғажайып физик болып шықты. Бiрақ аты қазақ болғанымен оның әйел-баласы орыс екен... Жалпы жандүниесi орыстанып кеткен ғой.

Жанарбек Әшімжан: Қытайда дәл сондай тағы бiр қазақ баласы бар дейдi ғой?

Жағда Бабалық: Иә, ол – Қытай жерiнде туған өзiмiздiң қарадомалақ. Оны мен өз көзiммен көрмегенмiн. Ол 11 жасында қытай тiлiнен қазақшаға бiр кiтап аударған. 12 жасында математикадан мемлекеттiк олимпиаданың жеңiмпазы атанған. Қытай мемлекетiнен бiрiншi орын алу деген оңай дейсiңдер ме? Бүтiн қытай бойынша сурет салудан екiншi орын алған. Ал ендi қытайлар бұл баланы алақанға

Page 165: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

165

салып бағып-қағып, тәрбиелеп, қолдарынан шығармай отыр. Баланың әке-шешесi осы жаққа өттi деп естiдiм. Ал баланы қытайлар алып қалған. Менiң айтайын дегенiм, ана тұрған Америка елден ерекше неге дамып кеттi? Себебi, Америка әлемдегi әлгiндей басы бар адамдарды кәдiмгiдей тердi. Iздедi, қолына түсiрдi, қонаққа шақырды, оқуға шақырды, жұмысқа шақырды. Сонымен тәңiрдiң берген дарындыларын жинау арқылы алға шығып кеттi. Қазiр дәл осы тәсiлдi орыс та, қытай да қолданып отыр. Ал бiз өз дарындыларымыздың қадiрiн әлi ұққан жоқпыз. Қытайлар бүкiл адамды былай деп үшке бөледi: бұрын ойлап, бұрын шешетiн адам; артынан ойлап, артынан шешетiн адам және түк ойламай, түк шешпейтiн адам. Ал әл-Фараби бұрын ойлап шешетiн жанды адам дейдi. Артынан ойлап, артынан шешетiн адамды құл дейдi. Түк ойламай, түк шешпейтiн адамды хайуан дейдi. Ал осыны журналистика тiлiмен айтсақ, былай болады: тәуелсiз ойлылар, тәуелдi ойлылар және мәңгүрттер. Қазiр бiз дарынды балалар мектебi дегендi ашып отырмыз. Ниетiмiз жақсы-ақ. Бiрақ әлгi мектепке жүздеген немесе екi жүздеген баланы алып келемiз. Бiзге тәңiр дарынды балаларды өйтiп берген жоқ. Олардың саны өте аз. Аз екен деп тастап қоюға тағы болмайды. Iздеу керек, iздеу...

Жанарбек Әшімжан: Дарынды балаларды iздеу дәстүрi негiзiнен моңғолдардан шыққан болды ғой?

Жағда Бабалық: Менiң қолымдағы дерек бойынша, мұның тарихы буддизмде жатыр. Бұл дәстүр 1256 жылдан бастау алады.

Жанарбек Әшімжан: Тәңiрқұтын шырақ алып iздеп, тауып жүрген сол елдiң даңқы неге шықпайды?

Жағда Бабалық: Оның себебi, олар Тәңiрқұтын бiр ғана дiни салаға бұрып жiбередi. Өзге ғылымнан хабарсыздау болып қалады.

Жанарбек Әшімжан: Ал бiз, тәңiрқұтымызды қалай iздеп табуымыз керек?

Жағда Бабалық: Ол үшiн әуелi ауылда тұратын ақсақал, көне- көздермен дұрыс жұмыс жүргiзу қажет. Ауыл мектептерiн дұрыстап бақылау керек.

Жанарбек Әшімжан: Сiз қытай жерiнде жоғары билiкте тұрған кезiңiзде осы тәсiлдi қолданып көрмедiңiз бе?

Жағда Бабалық: Ол уақытта менде ондай iс атқаруға мүмкiндiк болған жоқ. Жұмысбасты болдым.

Жанарбек Әшімжан: Сiздiң көп қуғын-сүргiн көргенiңiздi ептеп бiлемiз. Сол аңызға бергiсiз әңгiмеңiздi оқырмандарыңыздың өз аузыңыздан естiген жөн секiлдi.

Жағда Бабалық: Мен Қытайда төрт рет қамалып шыққан адаммын. Бәрi де саяси мазмұнда, ұлтшылдық бағыттағы қудалаулар. Шыңсысай деген адам 11 жыл Шыңжаң өлкесiн басқарды. Бiздiң қазақтар сол

Page 166: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

166

Шыңсысайға қарсы қару алып 1940 жылдан бастап соғысқан. Ол кезде оқушымын, қолыма қару алмасам да сол қандастарға тiлектес болдым. 1943 жылы Үрiмжiде студент болып жүрген кезiмде мен ұлт-азаттық ұйымын құруға атсалыстым. Сол ұйымға қатысқан адамдардың бәрiн ұстап әкеттi. Менi «бандит, басбұзар» деп қамады. Екi арада Шыңсысай ауысып, орнына Ужыңшың деген адам келдi. Сол кiсi менi түрмеден шығармақшы болған екен, бiрақ менiң қылмысым ауырлау болды. Сөйтiп, Ужыңшың «бұл бандит емес, партизан екен» деп жазамды сәл жеңiлдеттi. Сөйтiп, мен 8 айдан кейiн Ужыңшыңның уақытында 1945 жылы босап шықтым. Шыққан соң, Тарбағатайға келiп ұлт-азаттық ұйымын қайта құрдым. Артынша тағы қуғын басталған соң тауға шығып кетiп, соғысқа араласып кеттiм. Сол уақытта Оспан батырдың нағыз атқа қонған кезi болатын. Өзiмiздiң батыр өзiмiзге қарсы соғысып жатқан. Бiрақ мен ел арасында «Оспан батырдiкi дұрыс» деп мадақтап жүрдiм. Менi аңдып жүрген жансыздар «бұл Оспанды ұлықтаушы» деп жоғарыға жеткiзiптi. Сөйтiп, мен екiншi рет қамалдым. Сегiз ай жатқаннан кейiн өзге қылмыстарым жоқ болғандықтан кешiрiм етiп босатты. Түрмеден шыға сала ұлт-азаттық армиясының бас штаб саяси басқармасының орынбасары етiп бiр-ақ көтердi. Сол жерде көп уақыт iстедiм. Мұның бәрiн «қуғынды көп көрiпсiз» дегеннен кейiн айтып тұрмын.

Кейiн автономиялық аймақты басқарып тұрғанда «ұлшыл, оңшыл, сен Қытайдағы, Моңғолиядағы және Қазақстандағы қазақтардың басын бiрiктiрiп әкетпексiң» деп тағы қамады. Сол тұста бес жарым жыл отырдым, түрмеден шыққаннан кейiн 1961 жылы туған Отанға бас сауғаладым.

Жанарбек Әшімжан: Тiке Алматыға келдiңiз бе?Жағда Бабалық: Тура осында келдiм.Жанарбек Әшімжан: Сiз Оспан батырды бетпе-бет көрдiңiз ғой?Жағда Бабалық: Көрдiм. Ол өз алдына бөлек, ауқымды тақырып. Отанға келгеннен кейiн Кеңестiң КГБ-сы менi айрықша ресми

бақылауға алды. Шекара жақтағы аудандарға жiбермейтiн. Келгеннен кейiн түрлi жұмыстар iстедiм. Мал бақтым, пошта тасыдым. Сосын 1963 жылы Хрущевқа бар жағдайды айтып ресми хат жаздым. Арада көп ұзатпай «Орталық комитет бақылауға алсын! Үй берiлсiн және жұмыспен қамтамасыз етiлсiн» деп бiр-ақ күнде бұйрық түсiптi. ОК үй бердi, өздерiнiң штатымен «Мәдениет және тұрмыс» журналына жұмысқа орналастырды, сол жерден зейнеткерлiкке шықтым. Мәсе- ленiң бәрi хатты жiбергеннен кейiн он күннiң iшiнде шешiлдi.

Жанарбек Әшімжан: Сөйтiп, КГБ-ның бақылауынан құтылды- ңыз ғой?

Page 167: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

167

Жағда Бабалық: Жоқ. Одан кейiн де «үш әрiптiң» жiтi бақылауында тұрдым. Қатты қадағалауда жүрдiм. Редакциядағы жұмыс үстелiмнiң үстiнде екi телефон тұрады. Бiреуi жұртпен сөйлесетiн телефон, екiншiсi жұртпен болған сөздi тыңдайтын телефон. Әр сенбi сайын таң бозынан үйдегi телефон шырылдайды. Көтеремiн. Арғы жақтан бейтаныс дауыс: «Бүгiн-ертең қайда боласыз?» дейдi. «Осындай үйге қонаққа барамын» деймiн. Баратын жердiң мекен-жайын түгел түртiп алады. Келесi сенбi тағы сол дауыс. «Ертең қайда барасың?» «Кiсi өлiмiне». Тағы да мекен-жай жазу. Бұл – сенбi сайын қайталанатын үрдiс. 1970 жылдары Мақаншыдағы бiр туысымыздың қайтыс болғаны жайлы жеделхат келдi. Барайын десем, КГБ рұқсат бермедi. Қайта-қайта мазаларын ала бердiм. «Онда ұшақпен барасыз» дедi. «Мақұл» дедiм. Үржарға ұшақ қонады екен, соған мiндiм, түскен соң туыстарым қарсы алды. Сосын бiр кiсiлер «мына адам сiздiң қасыңызда бiрге болады» дедi. Менен гөрi жастау жiгiт екен. Сол салпақтаған күйi ол менiмен бiрге жүрдi. Жаназа шығарылды, елдiң алды қайтты. Қарасам, әлгi «қамқоршым» есiктiң алдында жалғыз қалыпты. Үйге бөлек дастархан жасатып, әлгi кiсiнi шақырдым. Үйге кiрдi. Арақ алғыздым. Қырлы стаканға толтыра құйып ұсынып тұрып: «Айналайын, азаптанып қайтесiң? Мен өмiрбаянымды айтайын, сен түсiрiп ал. Сосын анау жазғы үйде жатып тынықсайшы» дедiм. Қызарып кеттi. Бiрақ кеткенше сол үйден шықпады. Алматыға ұшатын кезде шығарып салып, қолын бұлғаған күйi қалды.

Осы Алматыда полковник Балтабай деген бар. Ол менi ашық аңдитын. 1997 жылы едi. Бiр күнi келе жатсам, тура алдымнан бетпе-бет шыға қалғаны. Амандасқаннан кейiн: «Бәке-ау, 1961 жылы 18 қыркүйекте шекарадан өттiм. Арада қазақ мемлекетi құрылғанға дейiн 30 жыл өттi, сонша жыл аңдыдыңдар. Ендi тәуелсiз елмiз, әлi аңдып жүрсiңдер. Айтыңдаршы, сонда қандай қылмысым үшiн аңдып жүрсiңдер?» дедiм. Әбден күлiп алды да: «Мен кiнәлi емеспiн, бiзге «өте қауiптi адам, көзден таса қылмаңдар» деп бұйырды, жүзiңiздi топырақ жасырғанша бiз аңдуға мiндеттiмiз» дедi.

Жанарбек Әшімжан: Сiздi қазiр де аңди ма?Жағда Бабалық: Қазiр басылып қалған сияқты.Жанарбек Әшімжан: Қытаймен байланыс жасап тұрасыз ба?Жағда Бабалық: Мен 1989 жылы бiр рет барып келдiм. Бiр-екi

туыстардың үйiне тоқтадым. Кенет Қытайдың арнаулы орындарының төрт-бес адамы келiп: «48 сағаттың iшiнде шекарадан шығуыңыз керек», деп қуып шықты.

Жанарбек Әшімжан: Қытайдың қуғынында, Кеңестiң бақылауында болғаныңыздан хабардармыз. Бiрақ «Бабалық шал АҚШ-тың да назарында болған» деген деректi естiп таң қалдық.

Жағда Бабалық: Мен ол жаққа өмiрi барған адам емеспiн. Бiрде-

Page 168: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

168

бiр америкалықпен тiлдесiп көргенiм жоқ. 1965 жылы «Бүтiн кiшi ұлттар латын қарпiн қабылдасын» деген Қытайдың саясаты етек алды. Сөйтiп, бұрынғы мәдениеттi, жазба дүниелердiң тамырына балта шабу арқылы жаппай сауатсыздандырмақ болды. «Кiшi ұлт» деп саналатын 64 ұлт болды. Мен ол уақытта облыстың бастығы болатынмын. Кезек бiздiң облысқа келгенде мен: «Бiз латынды қабылдамаймыз. Араб қарпiнен бас тартсақ тартайық, бiрақ таңдауды өзiмiз жасаймыз. Бiздiң Отанымыздағы қандастар кириллицаны пайдаланып жатыр, сондықтан бiз таңдау жасағанша сол кириллицаға көше тұрамыз» деп бүтiн облысты көшiрдiм де жiбердiм. Сонда америкалықтар «латынды қабылдай қоймады, ғаламдануға кедергi жасады» деп менiң үстiмнен 150 беттен тұратын дерек жиған. Сол кiтапты оқысаңыз, төбе шашыңыз тiк тұрады. «Жұдырықтай шалды үш империя қуғындапты» деп жүргендерi сол болу керек.

Жанарбек Әшімжан: Ендi өзiңiздiң неше жылдан берi айналысып келе жатқан кәсiбiңiзге қарай ойыссақ. Этнография саласын салалап тұрып зерттедiңiз. Уақыт доңғалағы ол ғылымдарды кенжелендiрiп бара жатқаны жасырын емес. Мұның сыртында, сiз 3000-нан астам өсiмдiктiң түрiн, атауын, қасиетiн бiлесiз.

Жағда Бабалық: Ол 3000 емес, одан көп қой. Ғылыми зерттеулер бойынша мына Кавказда өсiмдiктiң 6000-нан астам түрi бар. Ал Қазақстанда өзiмiздiң мөлшерiмiз бойынша 10 000 түрлi шөп бар деп есептеймiз. Дәл қазiр мен 89 жасқа келдiм, бәрiнiң атын атап беруге күш-қуатым жетпейдi. 150-ден астам жусан тектес өсiмдiктiң атын қағазға түсiрдiм. Өсiмдiктер әлемi туралы жазған деректерiм жетедi.

Жанарбек Әшімжан: Сонда сiздi өсiмдiк әлемi несiмен қызық- тырды?

Жағда Бабалық: Айналайындар-ау, оның бәрiн бiлуiмiз керек қой. Ол өсiмдiктiң әрқайсысының тасасында қазақтың сөздiк қоры жатыр. Бiздiң тiлiмiздiң қуаттылығы, байлығы – сайын далада жайқалып жатқан сол өсiмдiктер.

Этнография – өте үлкен ғылым. Тармағы, саласы көп, барлық ғылымға қол сұғып жатады. Таяуда менiң «Егемен Қазақстанға» «Жылқының өң-түсi» деген мақалам шықты. Бұл – жылқы жануарының өң-түсiне ғана қатысты әңгiменiң бiр ғана қыры. Менiң айналысып жүрген саламды таңды таңға ұрып бiтiре алмайсың. Этнографиялық құндылықтарға байланысты менiң жазған дүниелерiм қат-қат болып жатыр, жалпы салмағы 150 келi болады. Ол дүниелердi осы күнге дейiн сақтап келгенiм үшiн жазықты емеспiн, себебi қалай сақтау керектiгiн бiлмеймiн. Егер мемлекет өз қамқорлығына аламын десе берер едiм. Ал егер сол дүниелерге мен иелiк қыламын, сенiң өмiрiңдi мен жалғаймын

Page 169: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

169

деген жан болса шықсын майданға. Ал жол-жөнекей келiп сұраушылар бар, сонша күш-қуатымды сарп етiп жинаған дүниелердi мен неге әлдекiмге ұстата салуым керек? Әңгiменi осымен аяқтайық.

Жанарбек Әшімжан: Желтоқсан оқиғасы туралы шердiң шетi басталса, әңгiменiң бiр ұшы өзiңiзге барып тiреледi. Желтоқсан кезiнде Сәбетқазы Ақатай екеуiңiз үлкен шаруалардың басында жүргенiңiздi бiреу бiлсе, бiреу бiлмейдi.

Жағда Бабалық: Сәбетқазы Ақатайдың жылын берген кезде «Алаш үнi» дейтiн газетке бұл жағдайдың шетiн ептеп жазғам. 17 желтоқсан күнi бiр адам қайтыс болып мен көтерiлiске қатыса алмадым. 18-i күнi де сол үйде болдым. Бiрақ бiздiң балаларымыз алаңға барып, болған жайдың бәрiн хабардар етiп отырды. Қасымда Қалдыбай Қанафин деген ақсақал болған. Екеумiздiң аузымыздан қатқыл сөз шығып кетсе керек, әлдекiм 19-ы күнi үйге телефон шалып, менiң көшеге шығып тұруымды бұйырды. Бұйрық бойынша мен Жароков пен Бөгенбай көшелерiнiң қиылысына шықтым. Iшiнде үш қазағы бар жеңiл көлiк келдi де, менi салып ала жөнелдi. Қай жер екенiн бiлмеймiн, бiрнеше қабатты ғимараттың екiншi қабатына көтерiлдiк. «Сiз бүй депсiз, сүй депсiз» деп олар менi бiрден сұрақтың астына алды. «Қонаевтың орнына орыс емес, бiр қазақты қойғанда осындай болмас едi» дедiм шыдамай. Қойшы, ашық айтысқа кетiп қалдым. Ертеңiнде олар және келiп алып кеттi. Және айтыс болды... 1987 жылы 7 қаңтар күнi маған Сәбетқазы Ақатай жылап келдi. Ол бұл мәселе туралы менен гөрi көбiрек бiледi екен. Оқиғаның iшiнде жүрiптi, бiрқанша нәрсенi көзiмен көрiптi. Екеуiмiз асханаға кiрдiк те, әңгiмемiздi ешкiм естiмес үшiн сарқыратып суды ағызып қойдық. Сол жерде әңгiмелестiк. Әңгiменiң тоқ етерi мынау болды: бiз алаңға қанша адамның шыққанын, оның қаншасы өлгенiн, қайтыс болғандардың қаншасы әйел, қаншасы ер адам екенiн анықтап қағазға түсiретiн болып келiстiк. Сонымен мәтiнiн Сәбетқазы жазды. Оқиғаның сәтi түскен жерiн фотоға да түсiрiп алдық. Осы материалды бiз алдымен Африкаға, Чехияға жөнелттiк. Алматыға Мажарстаннан Иштван Қоңыр келiп қалған екен, сол арқылы Венгрияға да жiбердiк. Құдай сәтiн салып Америкадан бiр қазақ келе қалыпты, әлгi хатты оған да бердiк. Қытайға жолдап едiк, о жақтан қайтып хабар келмедi. Америкадан келген қазақты Жазушылар одағы шақырыпты. Өзi жас жiгiт екен. Оған хатты өз қолыммен бердiм. Одақтың маңы толған адам, қайсысы КГБ, қайсысы басқа екенiн аңғару қиын. Хатты «Социалистiк Қазақстан» газетiне орап алғанмын. Бiр уақытта бiр топ адам одақтың екiншi қабатындағы «Қаламгер» дәмханасына кiрдi. Мен де соңынан ере жөнелдiм. Ана кiсi дәмханаға кiрмей, әжетханаға қарай бұрылды,

Page 170: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

170

соңынан мен де кiрiп бардым. Кiрдiм де, шамаданының үстiне хатты тастай салдым. Ол маған жалт қарады. Мен көзiмдi қыстым да шығып кеттiм.

Жанарбек Әшімжан: Ол хат жарық көрдi ме?Жағда Бабалық: Баспасөзге шыққан. Еуропаның бiрнеше елiнде

жарияланды. Тек Африка мен Қытайға жiберген хатымыз жарияланбай қалды. Сөйтiп, бiз осылай бiрқанша шет елге желтоқсан оқиғасы туралы хабар тараттық. Осы iс-әрекеттен кейiн бiз ұлттық «Азат» азаматтық қозғалысын құрдық. Қозғалыстың алғашқы тұғырнамасын Сәбетқазы екеуiмiз жасадық. Кеңсай жақта Сәбетқазының саяжайы бар едi, сонда отырып жұмыс iстедiк. Бiрақ оның маңайы толы ағаш болды, бiреу-мiреу жаныңа келiп тыңдап тұрса да бiлмей қаласың. Оны ұнатпай бейiттiң қасынан тап-тақыр жерден бiр саяжай сатып алдық. Онда бiраз уақыт жұмыс iстеп көрдiк, ұнамады. Оны және сатып жiберiп, Боралдайдан жаман қора сатып алдық. Ол жерде бiр-екi ай жұмыс iстеп, 1987 жылдың күзiнде Алматыны тастап, Балқашқа кеттiк. Сол жерде бiр ай тұрып жұмыс iстедiк. Жасаған құжаттарымызды түгелiмен құмға көмiп кеттiк. Бiр жылдан кейiн барып қазып алдық. Сол жерде қозғалыстың тұғырнамасын жазу үшiн тапжылмай екi жыл жұмыс iстедiк. «Азат» қозғалысы құрылды, өрледi, ыдырады, мен соның барлығына қатыстым. Одан кейiн «Алаш» партиясын құрдық. Бiрақ бiз ештеңе iстей алмадық. Қолымыздан түк келмедi. Бiр нәрсенi айту керек, «Азат» қозғалысын құрған кезде Орталық Азия елдерiнiң кiлең ұлтшылдарымен кездесiп тұрдық. Тiптi Алматыда бiрнеше үлкендi-кiшiлi жиындар өткiздiк.

Жанарбек Әшімжан: Жиналыс астыртын болушы ма едi?Жағда Бабалық: Кейбiреуi ашық болды. Бiз негiзiнен екi жерде

– Алматы мен Бiшкекте кездесiп тұрдық. Талқыланған мәселелердiң iшiнде Орта Азияны бiрiктiру идеясын бәрi қолдады. Тiптi «шекараны ашып жiберу керек» деген де сөздер айтылды. Бiрақ тiлге келгенде бәрiмiз қаймығып қаламыз.

Жанарбек Әшімжан: Желтоқсан оқиғасы туралы Мұхтар Шаханов Мәскеуде, Кремльде бүтiн әлемнiң алдында жайып салды.

Жағда Бабалық: Иә.Жанарбек Әшімжан: Сол Мұхаң оқыған мәтiндi «бiреулер жазып,

аузы дуалы ақын Мұхтар Шахановтан үлкен мiнбеден жария етуiн өтiнген» деседi. Сiздiң бұдан хабарыңыз бар ма?

Жағда Бабалық: Жоқ, хабарым жоқ. Бiрақ бiз әлгi шет елге жiберетiн хатымызды қайраткер деген қазақтың 17 адамына апарып берген болатынбыз. Соның бiреуi Шаханов едi. Тағы бiреуi Олжас Сүлейменов, сосын шұбартаулық бiр шал болды, атын ұмытып тұрмын,

Page 171: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

171

кейiннен сол хатты алдық деп осы үшеуi ғана мойындады. Қалғаны мойындамай қойды. Шошып кетiп өртеп жiберген сияқты.

Жанарбек Әшімжан: Сәбетқазы ағаның соңғы өмiрi туралы да жақсы бiлесiз ғой?

Жағда Бабалық: Әрине, ол ұлт үшiн көп еңбек еттi. Орта Азияны бiрлестiру жөнiнде құнды ойлар айтып жүрдi. Оның ұйымдастыру қабiлетi жақсы едi. Сосын бiр айтатын мәселе, әлгiндей идея ұстанған өзбек, тәжiк, әзiрбайжан, қырғыз халқының ұлтшылдары көп қуғын-сүргiн көрдi. Ал Қазақстанда саяси қуғын болған жоқ. Бiрақ ол азаматтардың бiреуiн де есiктен қаратқан жоқ.

Жанарбек Әшімжан: Сiздер ұлт үшiн көп еңбек еттiңiздер. Бiрақ дiттеген мақсаттарыңызға жете алмаудың негiзгi себебi неде екен?

Жағда Бабалық: Себептер өте көп... Жалпы қазақ халқы асси- миляцияға ұшырап кеткен екен... Бәрi де орысша сөйлейдi, сол тiлде ойлайды. Қысқаша айтқанда, құл болып кеткен. Құлдықтан шығару үшiн көп уақыт қажет болды. Оған бiздiң шамамыз жетпедi. Бұған әкiмшiлiк жүйе араласуы қажет екен. Ендi осы тұстан тоқтай қалайық.

Page 172: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

172

«АрқАН ҮЗiЛiП кетiП АМАН қАЛҒАН хАЛЫқПЫЗ...»

«Алматыға Шерхан Мұртаза келдi» дегендi құлағымыз шалып қалған. Парламенттен кеткелi Шерағаңды сағынып жүрген ел көп.

Бiржағы Шерағаңа барып қолын алып сұхбаттассақ деген ой қылаң бердi. Таптық. Аз-кем бильярд ойнадық. Шерағаң – тың. Бильярдтың шарын ұршықша иiредi екен. Шарды бiр қолмен-ақ атып түсiредi. Арасында сұхбаттастық.

Жанарбек Әшімжан: Шераға, бiраз уақыт болды ел көзiнен алыстап

кеттiңiз. Ел-жұртыңыз өзiңiздi сағынып қалғандай. Халiңiз қалай, аға?Шерхан Мұртаза: Зейнеркерлiкте жүрген адамның халi қалай

болады? «Зейнеткер» дей ме бiздi?.. Соғыстан бастап бейнетшiл болдық, ол кезде мен тоғызда болатынмын. «Сол көрген бейнетiңнiң зейнетi осы» дейдi ғой. Өздерiң де көрiп отырсыңдар ғой... Аштан өлiп, көштен қалып жатқан ешкiм жоқ секiлдi, сонысы ғана жанға медеу. Бұл заманда кiмге өкпелейсiң, өкпелейтiн жан баласы жоқ. Заманның келбетi осы болса оған не iстей аласың?

Жанарбек Әшімжан: Зейнетақыңыз қанша?Шерхан Мұртаза: Әйтеуiр зейнет кiтапшама «ерекше еңбегi

үшiн зейнетақы тағайындалсын» деп жазып қойыпты. Сондағы тағайындағаны – 12 мың теңге болатын. Қазiр мықтағанда 15 мың болған болу керек.

Жанарбек Әшімжан: Көп жылдар елiмiздегi беделдi ақпарат құралдарында басшылық еттiңiз. «Шерағаң барған жерге шыр бiтедi» деген де сөз бар ел iшiнде. Ал бүгiнгi ақпарат кеңiстiгiн жiтi бақылап отырасыз ба?

Шерхан Мұртаза: Ол заман мен бұл заманды салыстырып айтып күнәға қалатын жағдайым жоқ, айналайын! Басылымның көбейгенi дұрыс секiлдi, бiрақ көдедей болған көп газет-журнал. Олардың қайсыбiрiн оқып, баға берiп отырасың? Көзiм шалып қалғанын кейде қараймын, оқимын. Ал «барлығын бiрдей қамтып оқимын» деп айта алмаймын. Бiз жұмыс iстеп жүргенде Қазақстанда басты-басты екi-үш газет болды. Қазiр Шымкенттiң өзiнде 100-ден астам газет шығады екен, не бәле? Топан! «Сабан» дейдi оның атын. Ал жұрттың одан қандай тәлiм-тәрбие алып жатқанын мен бiлмеймiн.

Бiздiң үйге келетiнi – «Егемен Қазақстан», жыл сайын өздерi жаздырып бередi. Өзге газеттердi дүңгiршектерден сатып аламын.

Жанарбек Әшімжан: Қылышынан қан тамып тұрған кезеңдерде де ащы сындарға бардыңыз. Аға, сiздiң кiсiлiгiңiздiң, редакторлығыңыз- дың, қайраткерлiгiңiздiң басты ұстыны неде?

Page 173: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

173

Шерхан Мұртаза: Бұл жағының қандай құпия сыры бар, ол жағында шаруам жоқ. Дегенмен, бұл – әр адамның ар-ожданына, дүниеге көзқарасына, алған бiлiмiне, тәрбиесiне байланысты болса керек. Мен газетке де, журналға да, телерадиоға да басшылық жасадым. «Қазақ әдебиетiн» тоғыз жыл басқардым. Бүгiнгi «Жас Алаш» ол кезде «Лениншiл жас» болатын, онда бiраз жыл болдым. «Социалистiк Қазақстан», «Жалын», «Жұлдыз», телерадио жағын да қамтыдық. Мен «Лениншiл жасқа» редактор болып келгенде тиражы небары 30 мың ғана болатын. Кейiн 150 мыңға дейiн жеттi. Төрт-бес мың тиражбен шығатын «Жұлдыздың» таралымы 255 мыңға жетiп жығылды. «Правда» газетi өзiнiң бас мақаласында «16 республиканың iшiнде ұлт тiлiнде шығатын әдеби басылымдардың ең озығы «Жұлдыз» деп жазды. Демек, шығармашылық ұжым негiзiнен халыққа жақын болуды мақсат тұтқан болу керек. Әрине, үкiмет төбеңнен қылышын төндiрiп тұрды. Мен «сол үкiметке қарсы шықтым, төңкерiсшi болдым» деп айта алмаймын. Соған қарамастан, негiзгi жанашырымыз – оқырманның көңiлiн аулауға, сөзiн сөйлеуге, пайда келтiруге тырыстық. Өкiмет пен партияның саясатының арасында жасырып-жауып ұлттық мұраттарды айттық. Бiздiң кезде де жағымпаздар аз болған жоқ, әрине. Бүгiнгi күнi де жағымпаздар шаш-етектен! Қазiр басылымдарды қарасаң, бiрiншi бетiнде сөз жоқ президенттiң бiрнеше суретi, iшкi бетте қаптаған министрлер, толып жатқан әкiмдер. Халық өзi бiр кастаға бөлiнiп кеткен секiлдi. Күрек-кетпен ұстаған, мал баққан қара шаруаның суреттерiн көп көрмеймiн. Халықтың көз алдында кiлең бiр элита! Солардың заманы!

Жанарбек Әшімжан: Сiз депутаттық мандатты өткiзiп берген соң елге кеттiңiз. Жуалыға. Баспасөзден, тедедидардан қоғамдағы болып жатқан түрлi құбылыстарға қатысты пiкiрiңiз көп естiле бермейдi. Қаламгер әрiптестерiңiзден, зиялы дейтiн қауымыңыздан алыстап қалған жоқсыз ба? Ашығын айтсақ, өзiңiз секiлдi үнi өктем шығатын тұлғалардың көлеңкеде қалуы әлдекiмдер үшiн қолайлы да секiлдi. Әлде олай емес пе?

Шерхан Мұртаза: Оның рас. Осы Алматыда қазақ бауырларымыз секiлдi әркiмнiң босағасында жүрдiк. Жертөледе де тұрдық. Көрмеген азабымыз жоқ. Кейiн Төлебаев көшесiнен тәп-тәуiр пәтер алдық. Көршiм – ОК-ның хатшысы Кәкiмжан Қазыбаев болды. Кейiн сол үйден ай-күннiң аманында айрылдық. Қазақ – көшпелi ұлт. Жазда – Жуалыда, ауылда боламын. Арғы жағы тау, Ақсу-Жабағылы – жердiң жұмағы. Қос қапталында Төле би, Түлкiбас аудандары орналасқан. Бергi жағы өзiмiздiң Мыңбұлақ. Сол жақты жаз бойы атпен аралаймын, қымыз iшем. Қыста – Астанада. Ал «Мұртаза басыбүтiн елге көшiп кетiптi, тасбүркенiп батып алыпты» деген – лақап.

Page 174: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

174

Жанарбек Әшімжан: «Үлкен үйдегi» әдебиет пен мәдениет өкiл- дерiнiң президентпен, өзге де басшылармен болатын жиындарынан соңғы кездерi сiздi мүлде көрмейтiн болдық» дегенiм ғой.

Шерхан Мұртаза: Атам қазақ: «Шақырмаса бармаңдар, шақыр- ғаннан қалмаңдар, Өзi болған жiгiттiң етегiнен шалмаңдар», – деген. Шақырмаса, мен неге баруым керек? Неге жылтыңдауым керек? Сол жерге барып жалпаңдап, жағымпазданып «иә-иә» деп бас изеп отыруым керек пе? Жоқ әлде табағын жалауым керек пе?

Жанарбек Әшімжан: Ақпарат кеңiстiгiн басқарғаннан кейiн бiрнеше мәрте депутат болдыңыз. Көптеген мәселеге араластыңыз? «Депутаттық мiндетiңiздi қалтқысыз орындадыңыз» десек, артық болмас. Сол кездегi парламент пен бүгiнгi парламенттi салыстырып айтып бере аласыз ба?

Шерхан Мұртаза: Мен телерадионың басшылығынан қызметтен кеткен соң, қатарынан үш шақырылымда депутат болдым. Өзi қызық, бастапқыда газет-журнал, теледидарды басқарып тұрғанда билiктiң маған деген көзқарасы селкеусiз болды. Депутат болған соң ұлттық мәселелерге қатысты ащы сындар айттым. Әсiресе, тiл мәселесiнде. Конституциядағы «Мемлекеттiк тiл – қазақ тiлi, орыс тiлi соның деңгейiнде қолданылады» деп жазылған. Мен соның екiншi бөлiгiне тiкелей қарсы болдым. «Мемлекеттiң иесi – қазақ, қазақ тiлi де үстемдiк құру керек» дедiм. «Айыр тiл жыланда ғана болады» деп жұрттың көпке дейiн айтып жүргенi сол кез. Бiраз адамдар қолдаған болды, бiрақ тiзеге басып отырып өткiздi. Әлi күнге дейiн солай болып жүр. Бiр түсiнгенiм – парламентiң де ала-құла болады екен. Ұлт үшiн жаны күйiп, күйзелген депутаттар санаулы ғана.

Айталық, иманды болғыр Елтай Ерназаров дейтiн басында бөркi, үстiнде шапаны бар қазақтiлдi президиумда қоқырайып төраға болып отырады. Жұмған аузын ашпайды. Ал жанында отырған Голощекин дейтiн еврей сөйлейдi. Мәселенiң бәрiн сол шешедi. Билiктiң бәрi соның қолында. Ал ол кезiнде қазақтың малын тартып алып, бейбiт заманда ұлттың жартысын қырып жiберген. Одан кейiн «тың игерем» деп Хрущев келдi. Қазақтың санын 28 пайызға дейiн төмендетiп жiбердi. Қазақ тiлiнiң, ұлттық мүддесiнiң рөлi бейнелi түрде айтқанда осындай. Бiз жойылудың аз-ақ алдында қалған халықпыз. Ол – тоталитарлық кезең болатын. Тәуелсiздiк алдық. Тәубә! Бiрақ төбемiзден бiреу «ұлттық мүденi қозғама» деп төнiп тұр ма?

Жанарбек Әшімжан: Жоқ!Шерхан Мұртаза: Ендеше, неге бұқпантайлап отырмыз?Жанарбек Әшімжан: Үш шақырылымда депутат болған сiзден

солардың жауабын сұрап тұрғам жоқ па?

Page 175: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

175

Шерхан Мұртаза: Ал бүгiнгi парламент жайлы не деуге болады? Жұрт «парламентiң парламент емес, карманный» деп айтып жүр ғой. Көптiң айтқан сол сөзi шындыққа жақын-ау деп қаламын. Таяуда ғана Кәрiм Мәсiмовты үкiмет жетекшiсi етiп бiрауыздан, 100 пайыз қолдаған сол парламенттегi қалаулылар емес пе? Ал оның қазақ тiлiнде екi сөздiң басын құрап айта алмайтынын ерiнбеген ел айтып жүр. Бәрi оның ұлттық мұратқа қызмет ететiнiне күмән келтiрiп отыр. Шындығына келсек, оны депутаттарсыз-ақ, парламентiңмен санаспай-ақ сайлай салуға болады. Бiр-ақ адам сайлайды ғой! Ал мынау өзiмiзше демократияға жақындаған түрiмiз. Ал өз iшiңде қалаулылардың қалай-қалай шайқақтайтынын, олардың басым көпшiлiгi жұмған аузын ашпайтынын бiлiп тұрып қайта-қайта менен бүгiнгi парламенттi сұрай бересiңдер...

Бiз дарға асайын деп жатқан кезде Құдайдың құдiретiмен арқан үзiлiп кетiп, аман қалған халықпыз. Сол бiр нәубет кезеңдерден бойымызда қалған үлкен үрей бар. Болмайтын нәрседен секемшiл болып алдық. Оның ақыры аласапыран жағдайларға алып келдi. Шыбындай қырылғаннан сақтасын. Бiрақ бейбiт заманның өзiнде оқ атылды. Кiсi өлiмдерi болды. Ал обал-сауап деген болады. Бұл – көпе-көрнеу қиянат. Адам өлтiрiп күн көру – өте қиын. Кейiн оның сұрауы болады. Қорлығын көредi! Ол тегiн қалмайды. Мен соңғы кездерi ептеп мешiтке баратын адаммын. Бұ дүниеде құтылып кеткенмен ондайлардың соры о дүниеде қайнайды. Азабын тартады. Мен саған қарсы шықсам, сен менi бас салып атасың ба? Алдымен, менiң ақ-қарамды дәлелде. Атып өлтiре салу – әлсiздiктiң, қорқақтықтың белгiсi. Мысалы, Алтынбек Сәрсенбайұлын атып өлтiрген немесе атуға бұйрық берген адамдардың төрт құбыласы тең болып жүр дейсiң бе? Жоқ! Ол кәззаптардың тiзесi күндiз-түнi дiрiлдейдi. Олардың жетi ұрпағына дейiн қарғыс кетедi. Тұқымдары тұздай құриды. Осында отырып олардың ұйқысы шала екенiне менiң көзiм анық жетедi. Әрине, олардың билiкте, тағы бiр жерлерде, сауықхана, мауықханаларда ойнап-күлiп жүруi мүмкiн. Бiрақ бәрiнiң жаны өлiп қалған. Сырт бейнесiнен-ақ бiлуге болады олардың жүрiс-тұрысын.

Жанарбек Әшімжан: Әлгiнде өзiңiз айтқан қазақ тiлiнiң көсегесi әлi көгермей келедi. Мұның себебi неде деп ойлайсыз?

Шерхан Мұртаза: Себебi – билiкте отырғандардың бiрен-сараны болмаса, басым көпшiлiгi орысша тәрбиеленгендер. Президент «қазақша сөйлеңдер!» дейдi. Ал президенттiң айтқанын маңайындағылар орын- дап отыр ма? Жоқ! Бiрде-бiреуi орындап отырған жоқ. Есiктен шыға бере айтылған сөз айтылған жерiнде қалды. Жиналыс бiткеннiң бәрi орыс тiлiнде жүредi. Басшыдан бастап қосшыға дейiн орысша баяндама жасайды. Қазақ үкiметiнiң кiндiгi орыс тiлiмен бiрге байланып туған. Мәселенiң түп қазығы осында.

Page 176: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

176

Жанарбек Әшімжан: Таяуда ғана үкiмет ауысты. Сол ауыс-түйiске көзқарасыңыз қалай, аға?

Шерхан Мұртаза: Қайдан бiлейiн? Соншалықты ауыс-түйiс болып кеттi демеймiн. Шахматтың рокировкасы секiлдi тiрлiк қой. «Бiр ауыз қазақша бiлмейтiн адам үкiметке жетекшi болды» деп естiдiм. Бiр ауыз қазақша бiлмейтiн адамдар үкiметте баяғыдан келе жатыр. Ертiсбаев дейтiн журналистердiң министрi қазақша керемет бiледi дейсiң бе? Ұялғаннан қазақша сөйлегенсидi. Қазақ тiлiне жарымаған адам мәдениетке қалай басшы болады? Жалпы тумысынан ақсүйек болу қиын шаруа ғой.

1970 жылдары болу керек мен Дiнмұхамед Қонаевтың қабылдауында болдым. «Қызыл жебе» дейтiн романымды қолтығыма қыса барғам. Жадырап жақсы қарсы алды. Тұрар Рысқұловты қалай жазғанымды сұрады. Сосын өзi «оның мынадай iстерi болған» деп кейбiр детальдарды айтып бердi. Шiренiп отырған жоқ. Имашев дейтiн идеология жөнiндегi ОК-ның хатшысы болатын. Жуан кiсi. Орындығы айналмалы едi. Сол алдына келген адамға орындығында отырып айналып-айналып барып қарайтын.

Құсайынбек Әмiров дейтiн көзi көрмейтiн большевик болған. Сталиннiң тұсында 18 жыл айдауда болды. Сол кiсiмен пiкiрлес едiм. Ол менi Шелек жаққа, Қонаевтың нағашыларына алып барған. Сөйтiп мен Қонаевтың нағашылары туралы шағын кiтапша жаздым. Қонаевтың әкесi Шелекте татар байының приказчигi болып жүрiп Байыр дейтiн кiсiнiң қызын алған. Содан Қонаев туған. Ахметжан дейтiн нағашысы ақтармен соғысқан батыр адам. Дiнмұхемдтiң атасы – Жұмабай болыс болған. Жұмабайдың әкесi Қонай дейтiн – кезiнде Абайдың елiнде болған. Тұрғылықты жерi – Балқаштың бергi бетi екен. Құсайынбектiң өтiнiшiмен айдың қиығындай ғана кiтап жазу арқылы бүтiн бiр әулеттiң тектiлiгiн сездiм. Бiрақ ол кiтапты Қонаевқа алып барып атақ-абыройға ие болған емеспiн. Таяуда сол кiсi 95-ке толды. Мұны неге айтып отырмын? Қазақтың қабағы салыңқы кездерi менiң есiме тектi, қасиеттi адамдардың iс-әрекеттерi жиi оралады.

Жанарбек Әшімжан: Шама-шарқыңызша қазақ әдебиетiне өз үлесiңiздi қостыңыз. Түрмеден кем соқпаған кезеңде Тұрар Рысқұлов- тың бейнесiн сомдадыңыз. Кейiнгi кездерi жеке шығармашылығыңыз- да алабөтен жаңалықтар бар ма? Не жазып жүрсiз?

Шерхан Мұртаза: Дүниеден Әбiлахат Еспаев дейтiн композитор өткен. Опера театрының қасындағы М.Әуезовтiң ескерткiшiн айналып жүредi екен. Iргедегi орындықта мен секiлдi үш зейнеткер шал күнiге әңгiмелеседi екен. Iшiндегi бiреуi «ана айналып жүрген Еспаев, неге айналып жүр екен, ә» дейдi. Екiншi бiреуi «кәдiмгi композитор ма, ол бiздiң Шудан ғой» дейдi. «Жоқ, ол Арқаның жiгiтi» дейдi үшiншiсi.

Page 177: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

177

Сөйтiп таласып қалады. Iшiндегi бiреуi «әй, өзi жүр ғой әне, қызылшеке болмай-ақ өзiнен сұрамайсыңдар ма?» дейдi. Сосын Еспаевты шақырады. Келедi. Амандасады. Шалдар: «Сен өзi қай жақтансың? Руың кiм?», – дейдi. Еспаев: «Мен – Қазақстаннанмын, алқаш деген руданмын, көп тараған елмiз, Қазақстаннан да жырақ кеткенбiз», – дептi Еспаев. Сосын шалдар: «Ал ендi не жазып жүрсiң?», – деп сұрапты. Сонда Еспаев: «Мәңгiрiп, Мұхаңды айналып, бас жазып жүрмiн», – дейдi. Әрине, мен жазып жүргем жоқ. Аракiдiк бiрнәрселер түртiп жүрмiн. Әңгiмелер жазамын. «Қазығұрт» баспасының президентi Темiрғали Көпбаев дейтiн бауырым алты томымды шығарып едi, ендi жетiншi том етiп тұтас әңгiмелерiмдi шығарып жатыр.

Жанарбек Әшімжан: Ал бүгiнгi қазақ әдебиетiнiң аужайын бақылап, сараптап отырасыз ба?

Шерхан Мұртаза: Жоқ. Өйтiп айта алмаймын. Кiтаптар мықтағанда бiр-екi мың тиражбен ғана шығады. Ол бiзге жете бермейдi. Сондықтан «кiмнiң не жазып жатқанын жiтi қадағалап отырмын» деп айта алмаймын. Газет-журналдарда шығып жатқан рецензияларды көрем, ал ол қай тұрғыда жазылып жатыр? Ол да жауабы қиын мәселе. «Шөп те өлең, шөңге де өлең» дегендей, әртүрлi кiтаптар шығып жатады.

Жанарбек Әшімжан: «Соңғы кездерi тамсанып оқыған дүниелерiңiз болды ма?» деген сауалға жауап ала алмай отырған ғой бiздiкi.

Шерхан Мұртаза: Менi тамсандыра қою өте қиын, айналайын! Бiлмеймiн неге екенiн. Әлде жүрегiм тастан жаралған ба? Мейiрiмсiздеу адаммын ба, бiлмеймiн. Онша балқи қоймаймын. Дегенмен, тәп-тәуiр жазатын жiгiттер бар. Мысалы, Мархабат Байғұт, Нұрғали Ораз секiлдi жазушылардың шығармалары ептеп менi жiбiттi. Семейде Айгүл Кемелбаева дейтiн талантты қыз бар. Сол қыздың жазғандары да жақсы әсер қалдырды.

Жанарбек Әшімжан: Жасыңыз бiразға келiп қалды. Дүниенiң күнгейiн де, терiскейiн де көрдiңiз. Жаяу да болдыңыз, атты да болдыңыз. Жалпы жас ұлғайған сайын адам бойында қандай сезiмдер басым болады екен? Бәлкiм ептеген өкiнiш те бар шығар...

Шерхан Мұртаза: Ол жағын бiле бермеймiн. Таяуда мен «Егемен Қазақстанның» өтiнiшiмен екi мақала жаздым. Екеуi де өмiрден кетiп қалған адамдар. Бiрiншiсi – Камал Смайылов. Екеумiз қатар жүрдiк, заманымыз бiр болды. Оттаған сай-саламыз әртүрлi болса да, түбiрiмiз бiр едi. «Құрдасың, замандасың өмiрден өтiп кеткен сайын адасқан қаз секiлдi айдалада қаңқылдап жүргендей күй кешесiң» деп жазғанмын. Сонда «Егеменнiң» президентi Сауытбек Абдырахманов: «Аға, сiз жалғыз қалдым» демеңiз, жабырқамаңыз», – деп қабағын қатуландырып ескерту жасады. Үндеген жоқпын. Арада бiраз уақыт өткен соң редакциядағылар Тұтқабай Иманбеков туралы тағы өтiнiш

Page 178: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

178

айтты. «Әттең тонның келтесi-ай...» деген мақала жаздым. Өзi ақын, журналист, сазгер адам едi. Сол мақаламда да әлгi «жалғыз қалғандай, адасып қалғандай күй кешесiң» деген сөздi тағы қайталап жiберiппiн. Әлгi Сауытбектiң айтқан ескертпесi жадымнан шығып кетiптi. Газеттiң президентi айтқан ескертпенi ескерусiз қалдырғаныма қарағанда жады, ес деген кете бастаған болу керек. Сондықтан бойымда қандай сезiмдердiң ерсiлi-қарсылы ағып жатқанын айыра бермеймiн. Бiрде бетiн берсе, бiрде жонын берiп тұрған кезең ғой.

«Өкiнiш бар шығар» деп қалдың ғой. Өткен iске өкiну деген менде жоқ. Шығармаларым қалай жазылды солай қалды.

Жанарбек Әшімжан: Ал жазған режимнiң рельсiне тура келмей қалып, жарияланбай қалған шығармаңыз болды ма?

Шерхан Мұртаза: «Қызыл жебе» деген романның үшiншi кiтабы «Жұлдыз көпiр» деп аталады. Сол шығарманы «Жұлдыз» журналы басамыз деп қабылдап алған. Кейiн жарияланатын болып баспаға жiберiлген. Журналдың сүйiншi данасы шыққалы жатқанда нөмiрдi тоқтатты. Әлi түптелмеген, жеке парақ күйiнше пышаққа салып турап тастады. Ол кезде «Жұлдыздың» бас редакторы жарықтық Бекежан Тiлегенов едi. Соған iшiм удай ашыды. Цензураның қылышын жалаңдатып тұрған шағы едi ғой. Талай таяқ жедiк. Газет-журналды басқарып тұрған кездерi баспаханадан нөмiрдi жiбермей, талай шы- рылдатқан кездер болды.

«Лениншiл жасты» басқарып тұрған кезде талай рет баспаханадан сүйiншi дананы ұстап алып, тиражды тоқтатып тастаған кездер де болған.

Жанарбек Әшімжан: Сонда сол күйi газет шықпай қалушы ма едi?Шерхан Мұртаза: Жоқ. «Шықпаса шықпасын, тұрсын! Ертең

қалың оқырман «газет неге шықпай қалды?» деп шулайды. Сондықтан қолыңнан «номер арестован» деген қолхат бер. Халықтың алдында жауапкершiлiктi тең бөлемiз», – деп мен де езеуреп қоймаймын. Сосын амал жоқ жiбередi. Бiрақ екi-үш сөйлемдi алып тастайды.

Жанарбек Әшімжан: Рахмет Шераға! Денiңiзге саулық, отбасы- ңызға амандық тiлеймiз!

Page 179: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

179

«еЛiМ-АйЛАП» ӨткеН ӨМiр»

Астанада Алашорданың 90 жылдығына орай iрi мәдени шара болды. Бұл айтулы шараға Қазақстанның түкпiр-түкпiрiнен, алыс-жақын шетелдерден құрметтi меймандар келiп қатысты. Алашорданың мерейлi тойына Түркиядағы қандасымыз, белгiлi қаламгер Қасен Оралтай да келген. Кейін Алматыға аялдаған азғантай уақытта Қасен Оралтайды арнайы iздеп барып, амандық-саулық сұрап, аз-кем сұхбат құрған едiк. Тағдырдың айдауымен сонау бір зобалаң жылдары қиыр қонып, шет жайлап кеткен, атажұртынан алыста өмір сүрген сол бір жанары шоқтай, жүрегі оттай ғазиз жан бүгінде ортамызда жоқ. Біраз жыл бұрын бақилық болды, сүйегі де шетте қалды.

Жанарбек Әшімжан: Әңгiмемiздi сiздiң «Елiм-айлап» өткен өмiр» атты деректi кiтабыңыздан бастасақ. Бұл кiтапта бiр кездерi Шығыс Түркiстаннан үдере ауған Қалибек бастаған көш жайлы ғана емес, кiтап соңында Қазақстандағы көрнектi тұлғалар жайлы да алуан пiкiрлер келтiрiлген. Жалпы осы кiтапты жазуға не түрткi болды?

қасен оралтай: «Елiм-айлап» өткен өмiр» 1999 жылы ең алғаш Ыстамбұл қаласында 1000 данамен басылған. Кейiн кiтаптың жарымы Түркiстанның Яссауи атындағы қазақ-түрiк университетiне жеткiзiлдi. Сол тұста әлдекiмдердiң тарапынан «бұл кiтапта Қазақстанның жоғары дәрежелi шенеунiктерi жайлы тетiр пiкірлер бар» деген шағым түсiптi. Сөйтiп, университетке жеткен 500 кiтаптың таралуына тыйым салынды. Сосын мен бұл кiтапты келген-кеткен кiсiлер және пошта арқылы жiбере бастадым. Кейiн академик Мұрат Жұрынов «бұл кiтапқа тыйым салудың ешқандай ретi жоқ» деген соң ғана, оқырманға ептеп жата бастады. Ал екiншi басылымы 2005 жылы «Бiлiм» баспасынан жарық көрдi, бұл ұзын-ырғасы 4500 тиражбен тарады. Бұл көркем әдебиет емес, өмiрде болған, нақты деректерге құрылған кiтап. Бәрiн ашық жазуға тырыстым. Мен 28 жыл «Азаттық» радиосында қызмет еттiм, сонда барлық деректердi күн-айымен түртiп жүретiнмiн, сол күнделiктердiң көмегi тидi. Басты мақсат – 1945 жылы Шығыс Түркiстандағы Еренқабырға тауының бөктерiндегi Қызыл өзенде басталған көтерiлiстiң салдарын көпшiлiкке жария ету болатын. 1947 жылдың күзiнде орыс қолбасшылары мен үш аймақ әскерлерiнiң текпiнi бiздi қайтып қытайлармен тiл табысуға мәжбүр еттi. 1916, 1930, 1937 жылдардағы орыстардың қазақтарға iстеген зобалаңын жақсы бiлемiз. Шығыс Түркiстанның атын жамылып мысықтабандап келе жатқан орыс коммунизмiнен бас сауғалап, антикоммунист Қытаймен бiрлесуге мәжбүр болдық. 1947 жылы орыстар басқарған үш аймақ әскерiмен соғыса отырып, үш аймақ пен Қытай әкiмшiлiгi арасындағы

Page 180: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

180

шекараның шығысына қарай өттiк. Бiрақ, 1949 жылдың аяғында бүкiл Қытайда бiз қарсы шығып жүрген коммунистiк режим орнады. Олардың бiзге салатын лаңын жақсы бiлемiз. Сосын Такламакан шөлiн басып, Гималай тауын асып, жолда Қытай әскерлерiнiң шабуылына жетi рет тап болып, 1951 жылы Үндiстанға жеттiк. 1954 жылы Түркияға бардық. 1967 жылы мен Германиядағы «Азаттық» радиосына жұмысқа тұрдым. Содан 1995 жылдың шiлдесiне дейiн жұмыс iстедiм. Осының бәрi тарих, шама келгенше соларды жазуға тырыстым.

Жанарбек Әшімжан: Сiздiң әкеңiз Қалибек пен Оспан батыр жайлы ел iшiнде түрлi әңгiме бар. Екеуi де Шығыс Түркiстанның азаттығы жолында күрескен тұлғалар. Тiптi, «Оспанның қолын ойсыратып, Қалибек көштi Үндiстанға бастап кеттi» деген де сөздер аракiдiк айтылып қалады.

қасен оралтай: Оспан батыр өзiнiң қарулы iс-қимылын 1939 жылдары Алтайдан бастады. Алғашқыда Гоминдан өкiметiне қарсы соғысты, ал 1949 жылдан кейiн коммунистiк Қытайға қарсы соғысты. Кейiн қолға түстi, 1952 жылдың 28 сәуiрiнде Үрiмжiде атылды. Ал Қалибек бастаған қол көтерiлiстi 1945 жылы Шығыс Түркiстанның Еренқабырға тауының бөктерiнен бастады. Ол көтерiлiс сол жылдың күзiне дейiн ұласты, күзде Шығыс Түркiстан үкiметiмен бiрлестi. Менiң әкем 1947 жылға дейiн Сауан ауданының әкiмi болып қызмет iстедi. 1947 жылы орыс коммунизмiнiң ықпалына төзбей шығысқа қарай ойысты.

Оспан iс-қимылды Алтайдан бастаған, одан Құмылда, Баркөлде жалғастырды. Ал бұл аралық пен Қалибек күрес жүргiзген Қаратаудың арасы кемi 1000-1500 шақырым жол. Оның үстiне екi арада қытай әскерi тұр. Олардың бiр-бiрiне жақындасуы мүмкiн емес едi.

1951 жылдың аяғында бiз жылжи-жылжи Тибет шекарасына таяу жерге бардық. Ол кезде Оспан батыр Махай, Шыңхай өлкесiнде едi. Әкем менi «Оспанға барып амандас, қаласа Үндiстанға қарай бiрге асайық» деген өтiнiштi жеткiзудi аманаттады. Мен ол кезде 17 жаста едiм, бардым. Батырға амандастым, Қалибек әкемнiң өтiнiшiн жеткiздiм. Бiрақ, Оспан батыр елдi тастап кетудi қаламады. «Ешқайда қозғалмаймын, соғыс амалдарын одан әрi жүргiзе беремiн» дедi. Өте қауiптi кезең болатын. Содан екi-үш айдан соң Оспан коммунистiк қытай әскерiнiң кезектi бiр шабуылында қолға түстi. Қытайдың екiншi әскерi бiзге шабуылдады, бiз Гималай тауына шығуға мәжбүр болдық.

Жанарбек Әшімжан: Қалибек бастаған көштегi адамдардың саны неше едi?

қасен оралтай: Көш екi жақтан басталды: бiлетiндер Баркөл құмы жақтағы көштiң саны – 50 мың шамасында дейдi. Ал Қалибек бастаған көште, ғалымдардың дерегi де осыған саяды, 1800 түтiн болған. Ал

Page 181: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

181

осыншама түтiннен жол бойы қырыла-қырыла Үндiстанның Кашмир өлкесiне 172 адам ғана жеттiк. Жол-жөнекей шығын өте көп болды, менiң бiрге туған сегiз бауырымның алтауы жолда жан тапсырды.

Бiз Үндiстаннан 1954 жылы Иракты, Сирияны басып өтiп Түркияға бардық. Үркiншiлiкпен ауған 172 адамнан бөлек, бiзге дейiн 1940 жылдары Үндiстанға, Пәкiстанға келiп қоныстанған қазақтар бар екен, ұзын-ырғасы 1300-дей қазақ Түркияға келдiк.

Алғаш барғанда жейтiн тамақ, қоныстанатын орын жоқ. Түрiк үкiметi әр жанның басына 60 құрыштан ақша бердi, оған екi нан келедi. Бiз бiр үйде төрт жан болдық, 240 құрыш алдық. Әкем ол жерде саудамен айналысты. Қолдан қолғап, малақай тiгiп саттық. Сол сауданың арқасында әкем ауқатты болды, жетi рет қажыға барды. Өмiрiнiң соңын тақуалыққа арнады, балаларын отаншылдық, ұлттық мұраттарға тәрбиеледi. Мен Түркияда ұлтшылдықты, Алаш идеясын көксеген бiрнеше айлық журнал-газеттер шығарғам. Сол газеттердi шығаруға әкем Қалибек қаражат жағынан көп көмектестi. Әкем 1985 жылы 16 қараша күнi 77 жасында қайтыс болды.

Жанарбек Әшімжан: Кейiнгi жылдары Қытайға жол түстi ме?қасен оралтай: Кейiн Қытай үкiметiнiң шақыртуымен Қытайға үш

рет бардым. Алғаш 1984 жылы бардым, ол кезде совет пен Қытайдың саяси қарым-қатынасы нашарлап тұрған болатын. Мен антикоммунист болған соң, «дұшпанымыз ортақ» деген мағынаны меңзеп шақырған болу керек. Одан кейiн 1988 жылы тағы барып қайттым. Ал Қазақстан өз тәуелсiздiгiн жариялағаннан кейiн 1992 жылы арнайы Алматыға келiп, Үрiмжiге ұшақпен ұшып бардым. Ондағы мақсатым – бiр кезде сол топырақтан қуғын көрiп кеткен бала бүкiл дүниенi шарлап келiп, тәуелсiз Қазақстаннан келдi дегендi сезiндiру болатын. Үрiмжi әуежайындағы траптан әдейi басыма қазақ қалпақ, кеудеме Қазақстан жалауының белгiсiн тағып түстiм. Сосын қарсы алғандарға «мен Еуропадан емес, тәуелсiз Қазақстаннан келiп тұрмын, ақ қалпағым басымда, көк байрағым төсiмде» дедiм. Сол жолы бiр қазақ жiгiт солқылдап тұрып жылады. Ол жiгiттiң аты-жөнi кiтабымда толық жазылған.

Жанарбек Әшімжан: Сiз зейнеткерлiкке шыққанға дейiн «Азаттық» радиосында қызмет еттiңiз. Радиоға жұмысқа қалай қабылдандыңыз?

қасен оралтай: Радио әкiмшiлiгi газетке қазақ, түрiкпен, өзбек, қырғыз тiлдерiн бiлетiн жас журналистердi жұмысқа қабылдайтыны туралы жарнама берiптi. Мен ол кезде НАТО-ның Измир қаласындағы өкiлдiгiнде iстейтiнмiн, «Азаттыққа» өзiм туралы таныстыру қағазын жiбердiм. Менi ұйғырлар аяқтан шалып, көп кедергi келтiрдi. Сөйтiп, жүргенде башқұрттың даңқты ғалымы, кезiнде Әлиханмен, Мағжанмен, Мiржақыппен мүдделес болған, заманында Ленинмен де кездескен Ахметзәки Уәлиди менi қолдап радио әкiмшiлiгiне хат жазыпты. Сосын

Page 182: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

182

менi америкалықтар «Азаттық» радиосының штаб-пәтерi орналасқан Мюнхень қаласына шақырды. Үш ай сынақ мерзiмiмен жұмысқа алды.

Жанарбек Әшімжан: Жалпы «Азаттық» раиосының сол кездегi көздеген мақсат-мұраты, идеологиялық бағыты не едi?

қасен оралтай: «Азаттық» радиосы өмiр-бақи коммунизмге қарсы болды. Бұл радио Кеңестер одағындағы 16 республикаға және «Варшава шартына» мүше бес елге 21 тiлде хабар тарататын. Басты мақсат – цензураға шырмалған елдерге тек шындықты бүркемелемей жеткiзу болатын.

Жанарбек Әшімжан: Бөгде империалистiк көзқарас болған жоқ па?қасен оралтай: Жоқ. Негiзгi мақсат – бұғаудағы елдi дұрыс

ақпаратпен қамтамасыз ету. Әрине, бұғаудағы елдердiң азаттық алуын көздемедi деп айта алмаймын. Бұл бағытта мен өзi бас болып бiрнеше шаралар, хабарлар жасадым. Мәселен, бiз Алашорданың құрылған күнiне орай және Қазақстанда аттары аталмайтын алашордашыларға қатысты көптеген хабарлар дайындадық. Ленин мен Сталиннiң аз ұлттарға тәуелсiздiк беру жөнiндегi ең алғашқы бiрiккен декларациясын алға тарта отырып, радио мiнберiнен «әр халық өз тағдырын өзi белгiлеуi керек» дегендi ашық айттық.

Жанарбек Әшімжан: Сiздер Алаш көсемдерi жайлы мәлiметтердi қайдан алып тұрдыңыздар?

қасен оралтай: Әрине, мәлiметтер өте аз болды. Түрлi кiтап- ханалардағы деректердi құрап-сұрап күн кештiк. 1967 жылдың аяғында Алашорда үкiметiнiң 50 жылдығын бiз Мюнхень қаласында әжептәуiр атап өттiк. Ұйымдастырушысы өзiм болған соң, баяндаманы да өзiм жасадым. Сол баяндаманы кейiн түрiкшеге аударып, Түркияға жiбердiм. Ол Измирде шығатын «Ұлттық әрекет» журналында Әлихан Бөкейханның айшықты суретiмен үлкен мақала болып басылды. Бұл жалпы шетелде «Алаш» деген айдармен басылып шыққан тұңғыш мақала болатын. Бiз Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхаметжан Тынышпай, Мұстафа Шоқай, Мiржақып Дулат, Омар Қарашұлы, ағайынды Халел және Жанша Досмхамедтер, Райымжан Марсықұлы жайлы, бәрiнiң тiзiмiн жасап алғанбыз, әрқайсысы туралы әр ай сайын тiзбектi екi-үш мақаладан берiп тұрдық. Ең көп жарияланғаны – Мағжан Жұмабай, сол тұста бiр кiтабы шыққан болатын. Сөйтiп, 42 жыл бойы Алашорда көсемдерiн үзбей берiп келдiк. Әртүрлi деректердi, радиодағы хабарларымды пайдалана жүрiп, 1973 жылы «Алаш – Түркiстан түрiктерiнiң ұлт азаттық ұраны» атты кiтабымды Ыстамбұл қаласында басып шығардым. Бұл кiтапты түрiк оқырмандары өте жақсы қабылдады.

Жанарбек Әшімжан: Аға көңiлiңiзге келмесiн, сiз туралы Қазақ- станда түрлi пiкiрлер бар. Мәселен, сiздi кейбiреулер «ЦРУ-дың тыңшысы» дейдi.

Page 183: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

183

қасен оралтай: «Азаттық» радиосының алдында, 1961 жылы «Шығыс Түркiстан – қазақ түрiктерiнiң ұлт азаттық күресi» атты кiтап жазғам. Измир қаласында басылып шықты. 1962 жылы Түркияда «Үлкен түрiк елi» атты айлық журналдың он екi санын шығардым. «Коммунизммен күрес» дейтiн газет шығардым. «Азаттық» радиосына қабылдаудағы басты себептiң бiрi – менiң антикоммунист екендiгiм және қаламгерлiк тәжiрибемнiң қалыптасуы. «Азаттық» радиосы 1953 жылы құрылғанда ЦРУ-дың қаражатымен құрылған, 1970 жылға дейiн сол ұйымның басқаруында болды. 1970 жылдан соң «Азаттық» АҚШ конгресiнiң басқаруына өттi. Ал бiздiң мiндетiмiз – әр күн сайын хабарлар дайындау. Iстеген iсiмiздi күн сайын радиодан айтып тұрдық, мақала, кiтап етiп жаздық. Бiздiң қызметтiң ешқандай құпия жағы болған жоқ. Ал «ЦРУ-дың тыңшысы» дегендi айтып жүргендерге берер менiң жаубым осы.

Жанарбек Әшімжан: Алда сантүрлi алапаттарды бойына жасырған қасиеттi Желтоқсан айы келе жатыр. Сол 1986 жылғы қазақтардың көтерiлiсi Еуропаға қандай сипатта жеттi?

қасен оралтай: Мен ол кезде қазақ редакциясының басшысының орынбасары болатынмын. Бастығымыз Жәркен Бабыш демалысқа кетiп, мен жауапты болып қалғам. 1986 жылғы Желтоқсан көтерiлiсiнiң дабысы бiзге жеткенде күн бейсенбi едi. Сол күнi «Азаттық» радиосының президентi «Рождество» мерекесiне орай дәм берiп жатқан. Бәрiмiз қабылдау залында тұрғанбыз, Орта Азия iстерiмен шұғылданатын Браун дейтiн әйел: «Қасен, АҚШ-тың Мәскеудегi елшiлiгенен хабар келдi, Қазақстанда топалаң болып жатыр, Қонаевты орнынан алып орнына Колбин дейтiн орыс келiптi, соған қазақтар қарсылық бiлдiруде», – дедi. Жүгiрiп жоғары шығып, бүкiл дүниеге хабар бердiк. Сол күнi кешке Батыстың ең iрi ақпарат құралдары «70 жылдық құрсауда бiрiншi болып қазақтар көрiндi» деп Желтоқсан көтерiлiсiн теледидардың ең бiрiншi хабары етiп бердi. Өкiнiштiсi, – «ақпарат деректерiнiң келтiруiнше, көтерiлiске шыққандар – нашақорлар, маскүнемдер және Қазақстанның оңтүстiк өлкесiнiң мафиясы» көрiнедi деп қосып қойды. Ал «Азаттық» радиосының қазақ бөлiмi осы ақпаратқа қарсы тойтарыс беру амалдарын жасады. Түрлi бұлақтардан анықтап алып, «оның бәрi жалған, бұл кеңестiк ақпарат жүйесiнiң әдiс-айласы» деп бiз мәлiмдедiк. Дәл сол уақытта Франция- да да студенттердiң ереуiлi болып жатқан мезгiл едi. Онда ешқандай қырғын жоқ, бәрi бейбiт түрде. Бiз осы ереуiлдi салғастырып отырып бердiк. Мен кейiн «Желтоқсан оқиғасы: 17-18 желтоқсан» деген шағын кiтабымда осы оқиғаның салдарын бастан-аяқ баяндағам.

Жанарбек Әшімжан: Сiз кiтабыңызда «Қазақстанның тәуелсiз ел болғанын «Азаттық» радиосы арқылы шеттегi қандастарға тарату менiң ғана бағыма бұйырған екен» деп жаздыңыз.

Page 184: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

184

қасен оралтай: Ол рас. 1991 жылы 1 маусымда, Кеңес одағы қирамай тұрғанда мен мұнда келiп кеткем. Сол жылы желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсiздiгiн жариялады. Бұған дейiн қырғыз да, өзбек те, тәжiк те, түрiкпен де өз тәуелсiздiгiн жариялап қойған. ГКЧП болды. Қазақстан – үнсiз! 16 желтоқсан – дүйсенбi едi, бiз ол күнi жұмыс iстемейтiнбiз. Бiрақ, Қазақстандағы тiлшiмiз Қиял Сабдалинге «сағат 17.00-ге дейiн қандай да бiр жаңалық болса кеңсеге хабар бер, одан кешiксең, үйге хабарлас» дедiм. Кешкi сағат сегiздерде Қиял: «Аға, сүйiншi! Ақ түйенiң қарны жарылды. Екi-үш адам қалыс қалды, бiр-екеуi қарсы болды, қалғандары Қазақстанның тәуелсiздiгiн жариялады», – деп үйге телефон шалды. Содан 42 минөт өткен соң, Түркия теледидары «бiз Қазақстанның тәуелсiздiгiн мойындаймыз» деп бәрiнен бұрын бiрiншi болып мәлiмдедi. Бiр қызығы, оған дейiн тәуелсiздiгiн жариялап қойған ОртаАзиядағы өзге елдер жайлы Түркия ләм-мим деп үн қатпай отырған. Көп ұзамай Қазақстанның тәуелсiз ел болғанын жүрегiм атқақтап, тұла бойым толқып отырып бүкiл әлемге радио арқылы тұңғыш хабарлаған мен болатынмын.

Ол кезде «Социалистiк Қазақстанның» өзi бiрiншi бетiнiң аяқ жа- ғындағы оң жақ бұрышына «шеттегi қандастарымыздың қуанышында шек жоқ, тәуелсiздiктi құттықтап жатыр» деп қана жазды. Ал басқа қазақ басылымдарының бiрде-бiрi тәуелсiздiктi өз деңгейiнде жариялай алмады. Бұл туралы жазушы Жақсылық Сәмитұлы «шопандар тойын дабыраң қылып хабарлайтын қазақ басылымдары ел тәуелсiздiгi туралы мардымды үн қатпады» деп жазды. Бұдан артық не деуге болады?

Жанарбек Әшімжан: «Елiм-айлап» өткен өмiр» атты кiтабыңыздың соңғы жағында Қазақстандағы қаламгерлер қауымы, өзге де саяси қайраткерлер жайлы топтама пiкiрлерiңiз бар. Жекелеген тұлғаларға қатысты сол ой-пiкiрлерiңiз қаншалықты орнықты деп ойлайсыз?

қасен оралтай: Алғаш келiп жүргенде сол зиялылардың әрқайсымен арнайы жеке кездесiп сөйлестiм, керемет разы болдым. Бәрi батыр, шетiнен ұлтшыл, қазақ қоғамының жанашырлары. Ал елдiк мәселелер қозғалған келелi жиындарда бәрi басын мойнына тығып, қазақ қоғамына қатысы жоқ адамдар секiлдi отырады екен. Жасқаншақ! Соның бәрiн, өзiм көрген жағдаяттарды жаздым. Мәселен, бiзге, Еуропы қазақтарына Олжас Сүлейменов қатты ұнайтын. «АЗиЯ» кiтабының қазақша нұсқасы бiздiң қолымызға тимедi, сосын ағылшыншасынан аударып алып, радиодан неше мәрте бердiк. 1989 жылы Олжас Раиса Горбачеваға iлесiп Лондонға барыпты, арнайы iздеп барып кездестiм. Қазақшасы өте жақсы екен, «биыл жазда жайлауға шығып, қазақшамды бұдан да дамытам» дедi. Қуанып қалдым. Мәшинеге «бiсмiллә» деп отырады, «бiсмiллә» деп түседi екен. Өте жақсы әсер қалдырды. Ал

Page 185: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

185

кейiн қайсыбiр мәселелерге қатысты ақылдассақ деп әлденеше рет iздедiм, қашқақтайды. Осындай тұлғалар менi қатты таңдандырды. Сосын пiкiрiмдi ашық жаздым.

Жанарбек Әшімжан: Кейбiр азаматтарға қатысты тым ұсақтап, ауыл үйдiң маңайынан батпақтап шыға алмай қалған тұстарыңыз жоқ деп ойламайсыз ба?

қасен оралтай: Мен ешқашан ұсақтаған емеспiн. Қай кезде де елдiк, ұлттық мұраттарды көздеп келемiн.

Жанарбек Әшімжан: Сол ұлттық мұраттар жолындағы күресiңiздi туған жерге, атажұртқа бiржола көшiп келiп жалғастыру туралы ойланып көрген жоқсыз ба?

қасен оралтай: Мен осымен Қазақстанға 15-16 рет келуiм. Мен әрбiр минөт сайын отанның iшiндемiн. 10 минөт сайын итернетке кiрiп, Қазақстан жайлы ақпараттарды қарап отырамын.

Қыста – Германияда, жазда – Түркияда тұрамын. Қыста Германияда тұруымның себебi – ол жақтың медицинасы өте сапалы, оның үстiне жеңiлдiгiм бар. Түркияда теңiз жағасында жағажайым бар. Менiң жасым биыл 75-ке келе жатыр, әкемнiң қабiрi – Түркияда. Сол әкемнiң жанында қалғым келедi. Туған жерге көшiп келе алмауымның басты себебi осы.

Алғаш Қазақстан тәуелсiздiк алған бетте көшiп келу туралы ой болған, келген соң көп нәрселердi сараптап қарадым. Оның үстiне ресми орындар маған бiртүрлi қарағандай әсер қалдырды. Және мен туралы терiс пiкiр таратушылар билiк дәлiзiнде аз емес көрiнедi. Қаламгерлердiң iшiнде де екiжүздiлер бар.

Жанарбек Әшімжан: Қазiр шеттесiз. Дегенмен, Қазақстандағы саяси-әлеуметтiк ахуалдарды да өз тарапыңыздан сараптап отыратын шығарсыз?

қасен оралтай: Мен өз әлiмше бүкiл дүниенiң геосаяси ахуалын жiтi бақылап тұрамын. Қазiр дүниенiң бәрi шытырманданып тұр ғой. Қазақстанның солтүстiгiнде 7200 шақырым ешқандай тау-тасы жоқ жазық шекара Ресеймен шектесiп жатыр, оңтүстiк-шығыста 1200 шақырым шекара Қытаймен шектеседi. Алкөлдiң маңындағы шұрайлы жер абайсызда қолдан сусып кеттi. Өзбекстанмен де шендесетiн тұстар аз емес. Өзбек өте өзiмшiл халық. Олардың пиғыл-ниетiн Алла оңғарсын.

Өз топырағында қазақ саны аздау болып тұр, оның үстiне маңызды орындардың көбiнде орыс ұлтының өкiлдерi отырғанға ұқсайды. Бiраз уақыт бұрын Еуропадағы сарапшылар Қазақстандағы ұлты қазақ саяси элитаның басым көпшiлiгi қазақ тiлiн бiлмейтiнi туралы жазды.

Page 186: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

186

Ал менiң анық байқаған, жанға қатты батқан мәселе – мемлекеттiк тiлдiң өгей күйi. 17 жылдан берi қазақ тiлi мемлекеттiк дәрежеге көтерiле алмапты. 2005 жылы келгенде де, былтыр келгенде де Алматы әуежайын алты айналып қазақша газет таба алмадым. Ал Қазақстанның ең iрi қаласы Алматының халықаралық әуежайынан қазақ тiлiндегi басылымды таба алмау ұят iс қой.

Жанарбек Әшімжан: Отбасылық жағдайыңыз жайлы аз-кем айта кетсеңiз?

қасен оралтай: Бес балам бар едi, бiреуi қайтыс болды. Құдайға шүкiр, екi ұл, екi қызым, қыздардан алты немерем бар. Үлкен ұлымның аты – Жәнiбек, екiншi ұлымның аты – Бөгенбай, ұлдан сүйген немеремнiң аты – Наурызбай.

Page 187: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

187

«сАйЛАу – қАЗАқтЫң сорЫ...»(Көрнекті қаламгер, жазушы-аудармашы

Герольд Бельгермен сұхбат)

Жанарбек Әшімжан: Гер-аға, әдеби-мәдени өмiрiмiздегi түрлi құбылыстарға қатысты ойларыңызды басылым беттерiнен жиi оқимыз. Оқырман қауымды, әсiресе, саяси-әлеуметтiк мәселелерге байланысты батыл байламдарыңыз көбiрек қызықтыратынға ұқсайды. Сондықтан сұхбатымызды қоғамдық өмiрiмiздегi әлеуметтiк мәселелер төңiрегiнде өрбiтсек. Алда тағы бiр сайлаудың төбесi қылтиып тұр. Аңдасақ, ауыл халқы науқан көрiгiн қыздырып тұрған сайлау үйiнен гөрi наубайханаға баратын жолға көбiрек алаңдайтын секiлдi. Жыл айналмай аулаңа келiп тұратын сансыз сайлау әлеуметтi тым сансыратып жiберген жоқ па?

герольд Бельгер: Мен тұңғыш рет сайлауды 1947 жылы көрдiм. Содан берi алпыс жыл уақыт өтiптi. Алпыс жылдың iшiнде талай сайлаулар болды. Осыншама уақыт iшiнде бiр оңған әдiл сайлау көрген емен.

Бұл да сол кезектi сайлаудың бiрi. Ең қызығы – бұл апыл-ғұпыл, асығыс, жұрттың ойында жоқ, аяқ астынан жүзеге асырылатын науқан болмақ. Маған сондай әсер қалдырды. Сондықтан мен бұл сайлауға саяси, рухани, тiптi, адами жағынан да соншалықты үлкен мән бере алмаймын. Менiң түсiнiгiмде бұл – халықты алдаудың тағы бiр кезектi сәтi ғана. Халықтың өзi де сайлаулардан әбден мезi болды. Шаршады!

Сайлаудың барысын дабысы басталғалы байқап отырмын. Халықтың өзi кiмге, қалай дауыс берерiн бiлмей дал. Бұқара әбден шатасып болды. Iлгерiде сайлаушылар тым құрығанда, жекелеген тұлғалардың өмiрбаянын зерттеп, сараптап барып дауысын беретiн. Ештеңе шешпесе де... Ендi партияларға бермек. Қазiргi партиялардың саны жетеу екен. Ол жетеудiң iшiнде де көп партиялар жасанды, қуыршақ. Менiң ойымша өзiнiң жеке пiкiрi, ұстанымы жоқ, дүниетанымы шолақ сол жандар депутат болып ешкiмдi қарық қылмайды. Партиялардың тiзiмiн де қарадым, шекесi қызып тұрғаны шамалы. Сол партиялардың тiзiмiне қарасаңыз, адам шошиды. Олардың бiразын мен өте жақсы бiлем, бiразы танысым. Ал олардың ешқайсысын танымайтын, көрмеген ауылдағы ағайындар қайтып дауыс бермек? Ал ертең ауылға нұсқау қалай түседi, дауыс солай шешiледi. Сөйтiп ақыр соңында тағы халық сорлайды. Мен сайлаудың бүтiн механизмiн, қалай дауыс беретiнiн түгел бiлемiн. Сондықтан мен бұл сайлауға үлкен күмәнмен қараймын.

Оның үстiне бұл сайлаудың өту мерзiмi 18 тамызға белгiленгенi менi түрлi ойға қалдырады. Халықтың тең жарымы демалыста, қалған бөлiгi жұмыста, базарда, саяжайда, ауылдағылар жем-шөптiң қамымен

Page 188: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

188

қырда. Кiм дауыс бередi? Яғни, жоғарыда қанша пайыз белгiлесе, сонша болады деген сөз. Осы елдiң азаматы, жазушы, бiр кездегi депутат есебiнде, сайлау механизмiнiң қалай өтетiнiн бiлетiн адам ретiнде осы пiкiрлердi айтуға менiң толық құқым бар.

Жанарбек Әшімжан: Сiз өзiңiз ХIII шақырылымда депутат бол- дыңыз ғой?

герольд Бельгер: Болдым. Павлодар облысынан түскенмiн. Мен сiзге бiр қызықты айтайын. Сол уақытта Павлодар облысының бiр ауданында қайсыбiр үмiткерге 106 пайыз дауыс берiптi. Әкiмнен бастап, ауылбасыға дейiн бәрi «жоспарды асыра орындағанына» дән риза. Сосын мен әкiмге «90, 100 пайызға мен сенем, ал 106 пайыз болуы мүмкiн емес қой» дедiм. Қызды-қыздымен кейбiреуi екi реттен дауыс берген шығар. Бiрақ бұл масқара ғой! «Қорқыт» десе, осылай қорқыта ма? Сондықтан халықтың көзiн ашу керек. Бiрақ мен ары ойлап, берi ойлап «сайлау – қазақтың соры» деген тоқтамға келдiм. Рас, сайлау – қазаққа сор, нәубет болды. Сайлаудың бәрi жасанды. Үлкен бастық – ортаншыға, ортаншы – кiшiге, кiшi – шолақ белсендiге, шолақ белсендi – одан арыға. «Шаш» ал десе, бас алып жүрген ел. Сосын мен бiлетiн бiр мектептер болған. Ол мектептерге кешке қарай бастықтар бiр қап бюллетень алып келедi. Оны мектептiң директоры түн қараңғысында жәшiкке салып қояды. Салмаса, жұмыстан қуылады. Онымен қоймай, мектеп директоры класс жетекшiлер арқылы ата-аналарға қысым жасап, дауысын күшпен бергiзген жағдайларды да көргенбiз. Қызметтiң құлы болып жүргендер сөйтiп қылмыс жасауда. Бiрақ бiр кептi айтайын: бәрi өзгередi, уақыт та, саясат та, адам да. Сол кезде бiзде жаппай сот процестерi басталады. Халықтың дауысынан бастап ұлттың байлығын ұрлағандардың бәрi сотталады. Бұған дейiнгi сайлаудағы белсендiлердiң денi түрмеге түседi.

Мен сәуегей емеспiн, бiрақ Қазақстан жағдайында сайлау мәселесi 20-30 жылға дейiн осы бағытынан айнымайды. Ал шетелдегi сайлаулардың тазалығына менiң көзiм жеткен. Германиядағы сайлау кезiнде бел ортасында болдым.

Жанарбек Әшімжан: Әлгiндегi партиялық тiзiмге қатысты пiкiрi- ңiздi шолақ қайырып жiберсек.

герольд Бельгер: Иә, партиялар ұзын-сонар тiзiмдер ұсынып жатыр. Бiр партия сексен, бiрi отыз, ендi бiрi жүз жиырма деген сияқты. Солардың өздерi «кем дегенде сексенi өтедi, отызы өтедi, жиырмасы өтедi» деп күнiбұрын даурығып жүр. Өтпейдi! Өйткенi жоғарыда бәрi есептелiп қойған. Ана партиядан – бiреу, мынадан – бiреу, «оппозициялық партиядан да бар» деп шетелге ұнау үшiн жасанды партиялардың құрамынан үшеу-төртеу өтуi мүмкiн. Мәселе сонымен бiтедi. Сөйтiп «әлауләйың» бiтiп, «хәлауләйың» жалғаса бередi. Ал кейбiреулер ренiштерiн дауыс бермеу арқылы бiлдiрiгiсi келедi.

Page 189: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

189

Бермесең берме! Қазiргi конституция бойынша бiр адам дауыс берсе сайлау өттi деп есептеледi. Ал әйелiн ертiп келiп дауыс берсе, сайлау 100 пайыз өттi деген сөз. Бұрын 50 пайыз, қосымша бiр адам дауыс бергенде ғана сайлау өттi деп есептелетiн.

Жанарбек Әшімжан: Ал оппозициялық партияларға қатысты көзқарасыңыз қалай? Олардың бiздiң елiмiздегi ықпал ету тетiгiн қай деңгейде деп бiлесiз?

герольд Бельгер: Мен өзiм ешқандай партияда жоқпын. Менi үгiттейтiн, өз партияларына тартқысы келетiндер бар. Партияға кiруден саналы түрде бас тартқам. Менiң жазушылық қаламым кез келген партияның мiнбесiне бергiсiз.

Жанарбек Әшімжан: Сiзге нақты қандай партиялардан ұсыныс түсiп едi?

герольд Бельгер: Бiрiншi мен жоғарыда айтқан, өзiм сыйлайтын азаматтар ұсыныс бiлдiрген. Одан бөлек Нәрiкбаевтың партиясы, «Руханият» та қолқа салған. Менiң пiкiрiмше, жазушы ешқандай партияда болмауы керек. «Болды да партия, ел iшi бүлiндi» дегендi Абай баяғыда айтқан.

Ал Назарбаевтың «саяси жүйеге ықпалды екi-ақ партия болуы керек» деген пiкiрiн өз басым қатты қолдаймын. Мен мұны он жылдан берi қақсап келемiн. Көп партиялы болу, билiк басындағыларға өте ыңғайлы. Бiрiн бiрiне айдап салып, бөлiп-жарып, былықпай жасауға қолайлы. Қоғамның дамуына ықпал ету үшiн екi-ақ партия жетедi: билiктiң және оппозиция. Сосын оппозицияны қудалауды тоқтату керек.

Сосын таңның атысынан кештiң батысына дейiн бiр партияны өбектей берудi қою керек. Мұндай жарнаманың екiншi қыры бар. Теледидарды қосып қалсаң, радионы басып қалсаң, газет-жорналды ашып қалсаң – «Нұр Отан». Содан барып халықтың iшiнде қарсылық туады. Күштеу, зорлаудан әбден запы болған халық барып дауысын өзге партияға бередi. Билiктегiлер мұны бiлмей отырған жоқ, сөйте тұра осындай қауiптi қадамды одан әрi жалғастыруда. Бұл – мемлекетке жаны ашымастық. Таяуда бiр мектепке бардым. Оқу iсiнiң меңгеру- шiсiмен әңгiмелесiп қалдым. «Бiз бәрiмiз «Нұр Отандамыз» дейдi. «Қалай?» дедiм. «Жоғарыдағылар осы партияға мүше болмасаңдар, айлықтарыңды бермеймiз» дедi. Сосын жаппай мүше болыпты. Ай сайын жарна төлейдi екен. Дәрiгерлер де солай. Мiне, бiздегi демократияның сыйқы. «Демократия» деген сөз кiм көрiнгеннiң айтуға хақы жоқ. Ол ұғым тек мемлекет басшысының аузынан ғана, оның өзiнде жылына екi-ақ рет айтылу керек: Тәуелсiздiк және Конституция күндерi ғана.

Жанарбек Әшімжан: Осыдан бiраз уақыт бұрын болған консти- туциялық өзгерiстерге нендей баға бересiз?

Page 190: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

190

герольд Бельгер: Менiң ызамды келтiретiн бiздiң заңгерлер. Оның iшiнде менiң таныстарым, достарым аз емес. Депутат кезiмiзде бiрге отырғанбыз. Солар күнi кешеге дейiн «бiздiң конституциямыз өзiнiң қуатын әлi тауысқан жоқ» деп мақала жазып келген. Кенеттен Назарбаев «конституцияға өзгерiс енгiзу керек» деп едi, әлгi заңгерлерiмiз «иә, иә, өзгерту керек» деп бұлт етiп аунап түстi. Демек, заңгерлерге сенiм жоқ, оның үстiне заң дегенiңiз ғылым болмай қалды. Он жылдан берi конституциялық реформа қажет екенiн мен де жағым талмай айтып жүрмiн. Ақыры билiктiң өзi де түсiндi. Жасады. Бiрақ ол реформа емес, рипорма болып шықты. Баяғы Салтыков-Щедрин айтатын рипорма. Бiздiкi сондай болып тұр. Мұның бәрi көзбояу. Оған байланысты мен сiзге мынадай мысал айтып берейiн: Бiр қарны жуан Мифель есiмдi немiс iшi ауыра берген соң дәрiгерге барыпты. Дәрiгер Мифельден сұрайды:

– Не жейсiң? – Түшпара.– Нешеу жейсiң? – Жүз тал!– Азайту керек, әйтпесе ауырып қаласыз!Содан Мифель үйiне келе сала: – Әй, Фрау, бүгiннен бастап маған 99

түшпара жаса, бiрақ үлкендеу болсын, – дептi.Бiздегi өзгерiс те сондай болып тұр. Бiр түшпараны парламентке

бердi, есесiне Ақ Орда өзiне 99 түшпара қалдырды, бiрақ үлкендеу.Сосын ассамблеяға бөлiнген 9 депутаттық мандат туралы. Бұл

ешбiр заңға, конституцияға сәйкес келмейтiн нәрсе. Оларды не халық сайламайды, не өздерi депутат есебiнде саналмайды. Соқырiшек секiлдi бiрдеңе.

Жанарбек Әшімжан: Бұған дейiнгi парламенттердiң iшiнде өзiңiз жоғары бағалайтын қалаулылар құрамын қай шақырылымнан байқаған болар едiңiз?

герольд Бельгер: Ең ықпалды, ең дұрыс, демократияға жақындау, халықтың мүддесiн айтқан депутаттар ХII шақырылымда болды. Бұл – 1992-93 жылдар. Олар өте белсендi болды, билiкке онша ұнай қоймаған соң оларды таратып тынды. Одан кейiн бiздер келдiк, ХIII шақырылымның депутаттары. Бiр жыл отырдық, бiр жылдан кейiн бiздi де таратты. Себебi – бiз үкiмет жетекшiсiнен бастап, үкiмет мүшесiне дейiн сiлiкпесiн шығардық. Сосын билiк бiзден де шаршады. Одан кейiн қалталы, суперқалталы парламент деп кете бердi ғой. Ал ендiгiсi қалай болатынын бiлмеймiз, бұл тiптi үлкен дамбалдың iшiндегi кiшкене қалта болып қалады-ау... Ал осы соңғы шақырылымдағы депутаттардың iшiнде Тоқтар Әубәкiров пен Амалбек Тшаннан өзге есiмдi тағы атай алмаймын.

Page 191: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

191

Тағы менiң қынжылысымды тудыратын – әйел депутаттар. Опа-далапын жағып, сәнденiп келдi. Аракiдiк айнаға қарап қойып, қылымсып отырды. Саусақтары тетiктен кеткен жоқ. Ақшасын алып қана жүрдi. Олар – Тэтчер, Меркель болса бiрсәрi, кiлең роботтар. Дұрыс, әйелдi сыйла, бағасын бер, бiрақ әйел екен деп қолынан келсiн-келмесiн билiкке сүйрей беру – көргенсiздiк. Әрине, қолынан iс келетiн, елдiң мұңын айтатын әйел азаматтар жоқ емес. Мәселен, Ақұштап Бақтыгереева сынды. Бiрақ оларға парламентте орын жоқ.

Мен қазақтардың ортасында өстiм. 66 жыл болыпты. Сол 66 жылдың iшiнде қазақ қатты өзгердi. 1941 жылы мен алғаш көрген қазақ пен қазiргi қазақтың арасы жер мен көктей. Ол кездегi қазақтардың ұялы телефоны болмаса да, сауаты кем болса да, керемет ақжарқын, ең бастысы сенiмдi едi. Қазiргi қазақтар маған тұрлаусыз, бiреудi алдап-арбауға икемдi, көптеген ұлттық қасиеттерiнен айырылып бара жатқандай көрiнедi. Қазақты сол қасиетiнен айырып жүрген – билiктiң нақ өзi.

Жанарбек Әшімжан: Соңғы кездерi елiмiзде түрлi саяси-әлеуметтiк оқиғалар орын алды. Саяси топтар бiрiн-бiрi аяусыз жаныштауға көштi. Бiлетiндер «бұл «мылтықсыз майданның» негiзгi мақсаты – тақ таласы» дейдi. Бұған сiз қандай пiкiр бiлдiресiз?

герольд Бельгер: Бiз күнде кешқұрым академияның iргесiндегi Шоқан ескерткiшiнiң жанында бес-алты шал серуендеймiз. Олар тегiн шалдар емес, бәрi оқыған, ел басқарған, даңқтары дардай шалдар. Менiңше, сол шалдар бiрдеңе бiледi. Бәрiн сараптап жүредi. Сол бәрiн сүзгiден өткiзiп жүретiн бiздiң өзiмiз кейде «көп нәрсенi бiлмеймiз-ау» деген түсiнiкке келiп қаламыз.

Қараңыз, қоғам топ-топқа бөлiнген. Ол кландардың өз көсемдерi бар. Ол көсемдердiң арасында өзара «соғыс» жүрiп жатыр. Байқауымызша сол топтардың жеке-жеке «ЧСС»-i (частная силовая структура) бар көрiнедi. Демек, қазiр билiк үшiн күрес астыртын жүрiп жатыр.

Менiң Назарбаевқа ешқандай өкпе-ренiшiм жоқ. Кезiнде менi көтердi. Жазушы ретiнде мемлекеттен алатынымды алдым, «Парасат» орденiн алғашқылардың бiрi болып мен алғам. Менiң Нұрекеңмен ешқандай араздастығым жоқ, жеке басын сыйлаймын. Мендегi үлкен қауiп мынада – ертең Нұрекең кеткен жағдайда маңайындағы жiгiттер бiр-бiрiмен қырқысып, бiрiнiң басын бiрi алып, халықты бiраз әуре-сарсаңға салады. Екi ортада қара халықты сорлатып қояды. Рахат Әлиевтiң лаңы сол жағдайлардың басы. Мен Рахат Әлиевке қатысты тереңдетiп айтқым келмейдi. Араласқан, көрген адамым емес. Суреттен ғана. Бiрақ оларға қазақ ұлты, Қазақстан, мемлекет, тәуелсiздiк деген ұғымның құны көк тиын екенiн iшiм сезедi. Мен билiктiң басында жүргендердiң iшiнде «мынаның жүрегi «қазақ» деп соғады» дейтiн

Page 192: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

192

азаматтарды айта алмас едiм. Көбiсiнiң есiл-дертi – жекеменшiк бизнестерiнiң, үрiм-бұтағының байлығының бүтiндiгi.

Жанарбек Әшімжан: Гер-аға, сонда сiз билiк баспалдағында жүргендердiң iшiнде «осы азамат ел басқаруға лайық» дейтiн тұлғаны атап бере алмайсыз ба?

герольд Бельгер: Мен бұл сұраққа жауап бере алмаймын. Кеше Путиндi ешкiм де бiлген жоқ. Путин билiкке келiп керемет басқарып кеттi, ендi орыстар «Путинсiз күнiмiз қалай болады екен?» деп жүр. Түркiменбашыны алыңыз. Мәңгiлiк деген Ниязовты, оның құндылықтарын үлгi тұтқан түркiмендер жаңа келген басшыларын жер-көкке сыйғызбай мақтап жатыр. Осы орайда мен «Назарбаевқа балама жоқ» деген пiкiрге ежелден қарсымын. Балама жоқ деген сөз, қазақтың сорлылығы, бейшаралығы.

Жалпы президенттiң маңайындағылар денi өздерiнiң мемлекет басшысы алдындағы сенiмiн жоғалтып алды. Президент ешкiмге сенбейтiн жағдайға жеткен секiлдi. Бұл да үлкен бiр жағдайға алып келетiн нәрсе.

Әсiлi Нұрсұлтан Назарбаев тумысынан ерекше дарынды, талантты адам. Құдай оған байыптылықты, сұңғылалықты үйiп-төгiп берген. Қазiргi күнi президенттi мақтайтын, мемлекет басшысы туралы роман, повесть жазатындар жетiп артылады. Ертең президент кете қалса сол роман, поэма жазғандар терiс айналып кетедi. Мен оқта-текте президенттi мәдениеттi, сыпайы түрде сынаймын. Өзге ұлттың өкiлi болған соң кейде ыңғайсызданам. Ал ертең президент туралы түзу сөз айтатын жалғыз мен болам. Ал қасында жүрген жандайшаптардың барлығы ертең Нұрекеңдi сатып кетедi. Оған менiң әлдеқашан көзiм жеткен. Мен ешқашан ол кiсiге ода жазғаным жоқ.

Жанарбек Әшімжан: Соңғы уақытта ел iшiн алабөтен дүрлiктiрген оқиға – «Нұрбанк» iсi. Осы бiр шым-шытырық құбылыстан зиялы қаламгер ретiнде қандай ой түйдiңiз?

герольд Бельгер: Мен қазақ қоғамындағы саяси және әлеуметтiк салмағы басым былықтың басы осыдан басталады деп есептеймiн. Кейбiр басшыларға былық болып жүрген ұнайды. «Нұрбанк» оқиғасы – қоғамның iшiнен шiрiп, былығып жатқанын анық көрсететiн сұмырай саясат. Саясат жабық болған жерде осындай сұмдық жағдайлар орын алды. Қоғамдағы шатақтың басы. Егер сол шатақтың себебiн, салдарын, ең соңында нәтижесiн халыққа жариялап берсек, онда үмiт отының ептеп жанғаны. Одан өзгелер сабақ алады. Егер жауырды жаба тоқып, мәселенiң бәрiн Курбатов секiлдi бiр генералдың мойнына ғана iлiп (мен оны ақтап отырғаным жоқ), артында тұрған қалың топтың бетпердесiн сыпырмастан, ағзадағы ауруды сыртқа шығармай, iште

Page 193: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

193

ұстап қалсақ – бiткенiмiз. Онда мұндай iстiң жетi атасы қайталанады. «Ауруын жасырған өледi» дегендi мен емес, сенiң ата-бабаң айтқан.

Жанарбек Әшімжан: Қоғамдық дамудағы осындай шегiнiстерге алып келген келеңсiздiктер өзiңiздiң шығармашылығыңызда қанша- лықты көрiнiс тауып жүр?

герольд Бельгер: Соңғы жылдары мен үш роман жазып шықтым. Оның iшiнде өзiм дұрыс деп есептейтiнiм – «Кезбенiң үйi» дейтiн шығармам. Бұл – қазақ пен немiстiң қарым-қатынасын, тағдырын суреттейтiн туынды. «Раритет» дейтiн баспа екiншi басылымын шығаруда және Германияда жарық көруде. Аз ғана уақыттың iшiнде сол романға үш елде он үш рецензия жазылды. Одан кейiнгi романдарым – «Тұйық су» және «Ыдырау» деп аталады. Осы екi романда сiз айтып отырған бүгiнгi қоғамдағы келеңсiздiктер көркемдiк жағынан анық суреттеледi. Бiздiң қоғамымыздың тыныс-тiршiлiгi түгелдей сол романда өте ащы жазылған. Әттең осы шығармаларды бiреу бiледi, бiреу бiлмейдi.

Жанарбек Әшімжан: Айтпақшы, сол «Тұйық су» дейтiн шығар- маңыз биыл мемлекеттiк сыйлыққа ұсынылды емес пе?

герольд Бельгер: Ұсынылды. Мен Мемлекеттiк сыйлыққа екi рет түскем. Алғашқыда «Кезбенiң үйiн» ұсынғам. Болмады. Сосын «Тұйық сумен» бағымды сынадым, тағы болмады. Тiптi, соңғы романды оқыған бiр қазақ жоқ. Сосын Мемлекеттiк сыйлыққа қатысты пiкiрiмдi «Начнем с понедельника» газетiнiң үш нөмiрiнде жарияладым. Түңiлгенiмдi айттым. Ендiгi жерде сыйлыққа түспейтiнiмдi мәлiмдедiм. Және мен сыйлыққа түскендердi саралау комиссиясының мүшесiмiн. Сол комиссиядан бас тартатынымды тағы ашық айттым. Себебi – сыйлық беруде әдiлдiк жоқ. Ешкiм ұсынылған шығармаларды оқымайды. Авторлардың шыққан тегiне, телефон сыңғырына қарай дауыс берiледi. Ал Мемлекеттiк сыйлыққа түскен шығармаларды бастан-аяқ оқып, көз майын тауысып пiкiр бiлдiруге дайындалатын бүкiл Қазақстанда екi-ақ «ақымақ» бар екен. Бiрiншiсi – мен. Комиссияға алғаш мүше болғанда мен бүкiл авторлардың кiрпiштей кiтаптарын түгел астын сызып отырып оқып шығып, жиналысқа пiкiр айтуға келдiм ғой. Сөйтсем, «ой, Гера, сен қызық екенсiң, шығармаларды ешкiм оқымайды, бәрi кiмге дауыс беретiнiн бiлiп алған, одан да бiрден дауыс беруге көшейiк» дейдi. Таң-тамаша болдым. Сол секiлдi биылғы комиссияның құрамындағы «ақымақ» Мұрат Әуезов болды. Ол сыйлыққа ұсынылған шығармалардың бәрiн оқып шығып, сол кiтаптардың бәрiн қорапқа салып әкелiп, жиналыста әр авторға өз пiкiрiн дайындап келген ғой.

Жанарбек Әшімжан: Жазуышының бүгiнгi қоғамдағы рөлiн қалай бағамдайсыз?

Page 194: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

194

герольд Бельгер: Сөз жоқ, жазушының қоғамдағы рөлiн арттыру керек. Жазушыны шеттетiп тастаған билiктiң өзi. Керек кезiнде көтердi, тәуелсiздiктiң алғашқы жылдары ұрандатты. Жалаулатты. Тәуелсiздiк алғаннан кейiн қаламгер қауым керек болмай қалды. Бұған бiрiншi – қоғам, екiншi – билiк, үшiншi – жазушылардың өздерi кiнәлi. Себебi – жазушылар билiктiң ығына қарай жығылып кеттi. Белсендiлiгiн төмендетiп алды. Абырой-беделден жұрдай болды.

Бiздiң жазушылар кейде президенттiң қабылдауында болады. Соны керемет мақтан көредi. Менiң түсiнiгiмде, «жазушы маған келiп, менiмен сөйлестi» деп президент мақтануы керек секiлдi. Кезiнде Хемингуэйге өз елiнiң басшысы «таңғы асты өзiңiзбен бiрге отырып iшейiк» деп тiлдей шақырту жiберiптi. Сонда Хемингуэй «мен онымен қалай, қайтып, қай тақырыпта сөйлесемiн? Уақытым шектеулi» деп шақыртудан бас тартқан. Ал даңқты Фолкнер өте бiр адам таңданарлық қызық себептердi алға тарта отырып, ел басшысының шақыртуынан бас тартқан кездерi болған.

Ал бiздiң жазушылардың түсiнiгi – құлдық түсiнiк, құлмыз. Жанарбек Әшімжан: Сiз де құлсыз ба?герольд Бельгер: Мен ендi құлға жақындау шығармын...

Page 195: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

195

«МеНiң сАясАтЫМ – ӨНер»(Белгілі әнші, қоғам қайраткері Нұрлан Өнербаевпен сұхбат)

Жанарбек Әшімжан: Соңғы уақыттары редакциямызға келiп жатқан сансыз хаттардың бiр парасы сiзге қатысты. Қалың көрермен, оқырман «Өнербаев қайда, немен айналысып жүр?» деген сауалды жиi жолдайды.

Нұрлан Өнербай: Өнербаев ел iшiнде. Қазiр жеке шығармашы- лығыма көп көңiл бөлiп жатырмын. Кейiнгi жылдары жеке концерт беруге үзiлiс жариялағам. Осы мүмкiндiктi пайдаланып, елге, облыстарға концерт қойып қайту жоспарланып жатыр. Тамыз айында Шымкент қаласына бармақпын, Маңғыстау облысынан да шақырту алдым. Күз айларының бiрiнде Алматыдағы Республика сарайында үлкен концерт беру жоспарымда бар.

Жанарбек Әшімжан: Таяуда елге барып қайтыпсыз. Жалпы, халықтың әлеуметтiк, мәдени өмiрiне де көз сала қайтқан боларсыз?

Нұрлан Өнербай: Туған жерiмде өткен айда болып қайттым. Бiздiң жақта, оңтүстiкте жиын-терiм ерте басталады. Ауылдағылар қарбалас, қызыл қырман. Астыққа орақ салыныпты. Қыстың қамын жасауда. Әрине, қазбалай берсең әркiмнiң iшiнде бiр-бiр қыжыл бар ғой. Бiрақ, ел өз күнiн өзi көру қамына түбегейлi кiрiсiптi. Ел өзi қамданбаса, ешкiм ешқайдан әкелiп бермейтiнiн түсiнгенге ұқсайды.

Жанарбек Әшімжан: Бiраз жыл театрда табысты жұмыс iстедiңiз. Әншiлiк жолда да сүйкiмiңiз жоқ емес. Кейiн «Қазақ радиосы» секiлдi iргелi шаңырақты басқардыңыз. Жалпы, өнер жолынан басшылық қызметке келгенде iшкi жандүниеңiздегi өзгерiстi, жауапкершiлiктi қаншалықты сезiндiңiз?

Нұрлан Өнербай: Мен еңбек жолымды театрдан бастадым. Академиялық театрда бас режиссердiң бiрiншi көмекшiсi, труппа жетекшiсi секiлдi жауапкершiлiктi қызметтер атқардым. Сол кезден бастап мен кез келген нәрсеге жауапкершiлiкпен қарауға дағдыландым. Сол жауапкершiлiк кейiн менiң шығармашылығымда да жетекшi рөл атқарды. Әр жеке әннiң өзiне жауапкершiлiкпен қарадым. Бiр концертте кемiнде 23-25 ән айтылады. Кейбiреулер «бiр концертте төрт-бес ән өтiмдi болса, халық соған iлесiп кетедi» деп ойлайды. «Бiр құмалақ бiр қарын майды шiрiтедi» деген тегiн емес. Мен содан бойымды аулақ ұстадым.

Сөйтiп, жеке шығармашылығыммен, өзiме өзiм ғана жауап берiп жүрген кезде менi басшылық қызметке шақырды. Радиоға келген кезде де «қолымнан не келедi, не iстей аламын, ел қалай қабылдайды, жасаған тiрлiгiмiз оңала ма?» деген жауапкершiлiгi мол сауалдар тұрды. Жалпы, қазақ халқының не нәрсеге де кешiрiммен қарап, жеңiлдiктер берiп

Page 196: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

196

отыратын үлкен қасиетi бар. Соған қарамастан, қолыңа алған екенсiң, сол тiрлiктi түбiне дейiн жеткiзуiң керек. Кез келген басшының бiрiншi мiндетi – ұйымдастыру. Көрiп те, бiлiп те жүрмiз, кейбiр басшылық қызметте отырған азаматтар «бүкiл шаруаны өзiм бiтiрiп отырмын» деп ойлайды. Мүлде олай емес. Үлкен шаруаны бiлiгi үлкен ұжым жасайды. Ал сол ұжымға iрi шаруа бiтiру үшiн жағдай жасау – басшының мiндетi. Радиоға келгенде менiң негiзгi алдыма қойған мақсатым – 80 жылдан астам тарихы бар, қашаннан қалыптасқан дәстүрi бар ұжымда бұрынғы аға буынның үлгiсiн ала отырып, жастарды сол радиоға сiңiстiру болды. Сол дәстүрдi жалғастырып кететiн жастарды топтастыру. Қолымнан келгенше сол үдеден көрiндiм ғой деп ойлаймын.

Жанарбек Әшімжан: Рас, Қазақ радиосының тарихы, дәстүрi терең. Дегенмен, алғашқы кезде қалыптасып қалған қағидалар мен бұзылмай тұрған сеңге де тап болған шығарсыз?

Нұрлан Өнербай: Бiз негiзiнен тыңдарманның талғамына қарай жұмыс iстедiк. Бұрыннан қалыптасып қалған ұзын-сонар хабарлардың етек-жеңiн қысқарттық. Себебi – ағыны, екпiнi қатты бүгiнгi қоғам ондай жайылып отыратын бағдарламаларды қабылдамады. Сондықтан азғантай ғана уақыттың iшiнде көп мәлiмет алатындай, заман талабына жауап беретiндей жанды радиоға айналу керек болды. Елiмiздегi коммерциялық радиолар әлгiндей пiшiнде жұмыс iстеп отырғанда, бiздiң «жоқ, бiз ежелгi дәстүрiмiзден айнымаймыз» деп сiресiп қалғанымыз ағаттық болар едi. Сондықтан Қазақ радиосы бүгiнгi заман талабына сай желiлерде жұмыс iстеу керек деген ұғымға тiрелдiк. Радионы түгелдей озық үлгiдегi «FM» желiсiне шығардық. Ең ұзақ хабар 15-20 минуттан асқан жоқ. Ал жолы, жөнi бөлек бiр сағаттық хабарларды басыбүтiн жойып жiберген жоқпыз, демалыс күндерге, түнгi уақыттарға кестеледiк. Ал негiзгi уақыттарды лезде таралатын бағдарламаларға жұмсадық.

Жанарбек Әшімжан: Қазақ радиосына сiз келгенге дейiн қазақ және орыс тiлiндегi бағдарламалардың үлес салмағы қандай болып едi?

Нұрлан Өнербай: Бiз келген 2001 жылдары радиохабарлардың үлес салмағы – 50х50 шамалас болатын. 2005 жылдары қазақтiлдi хабарлардың үлесi – 75 пайыз, өзге тiлдегi хабарлар – 25 пайыз болды. Қазақ радиосы – қазақ тiлiнiң, мәдениетiнiң насихатшысы болған соң қазақ тiлiне көп көңiл бөлдiк.

Жанарбек Әшімжан: Халық радиодан көбiне жедел ақпаратпен қатар, әндердi тыңдауға әуес. Жалпы, эфирден берiлетiн әндердi сұрыптау мәселесiн қалай жолға қойдыңыздар?

Нұрлан Өнербай: Абай атамыз «Өнерге әркiмнiң-ақ бар таласы» дейдi. Кейiнгi кезде екiнiң бiрi әншi болып кеттi. Тiптi қаржылы

Page 197: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

197

азаматтар да ән айтатын болды. Ал Абай әлгiндей сөздi айтқанда, сахнаға талассын демеген болар. Рас, өнерлi болуға ешкiмнiң кедергi келтiруге құқы жоқ. Бiрақ кейбiреулер арзанқол дүниелерiмен сахнаға таласуды шығарды. Ал сахна – парктегi би алаңы емес. Сахнадағы болып жатқан түрлi шараларды өз қандастарымыз ғана емес, шеттен келгендер де көредi. Қазақ өнерiнiң деңгейiн сол арқылы бағалайды. Бұл жерде мен айтып отырған сахнаны Қазақ радиосының эфирi деп те түсiнуiмiз керек. Сондықтан бiз радиода корпорация басшылығының шешiмiмен құрамында елге аты мәлiм азаматтармен қатар, кейiнгi буын өкiлдерi де бар 11 адамнан құралған көркемдiк кеңес құрдық. Олар басы Роза Бағланова апамыздан бастап жастардың орындаған әндерiнiң әуездiлiгiн, сөз тазалығын, әншiнiң орындау шеберлiгiн жiтi қадағалап отырды. Саздың көркемдiлiгiмен өтiп кетiп жүрген тiлi мүкiс әншiлер де болды. «Ғ», «р» қарiптерiне тiлi келмейтiн әншiлер бар. Сосын қазiр тек әншi ғана емес, сазгер де көбейiп кеттi. Солар өздерiнiң ортаңқол әндерiн даңқты әншiлердiң дауысымен өткiзiп жiберуге тырысты. Қандай әйгiлi әншi болса да бiз соған тосқауыл қойдық.

Жанарбек Әшімжан: Адамның бәрi пенде. Кейбiр өзi, сөзi жақсы әрiптестерге көңiлжықпастықпен қараған кездерiңiз болды ма?

Нұрлан Өнербай: Бәлкiм сол көңiлжықпастық жасамағанымыздан шығар, бiз қызметтен кеткенде артымыздан сөздi қарша боратқан кiсiлер болды. Солардың бәрi – уақытында ортаңқол дүниелерiн эфирге өткiзе алмағандар.

Жанарбек Әшімжан: «Теле-радиоларда әншiлердi алалау бар» дейдi бiлетiндер. Жалпы, сiздiң тұсыңызда осындай жағдайлар болды ма?

Нұрлан Өнербай: Бiздiң негiзгi мақсатымыз қазақтың төл өнерiн насихаттау болғандықтан, көп ретте әнге қойылатын талаптарды толық сақтаған өнер иесiн алаламауға тырыстық. Әрине, жұрттың бәрiне бiрдей жағу мүмкiн емес. Өкпешiлдер де аз болмаған шығар...

Жанарбек Әшімжан: «Қазақстан» арнасы арқылы елдiң iлтипа- тына бөленген үлкен-үлкен жобалар жасалды. Халықтың iшiнде қалып кеткен көне сарындардың қайта оралуына күш салдыңыздар. «Мәңгiлiк сарын», «Iнжу-маржан» соның нәтижесi. Сол кездерде болу керек, «Қазақстан» телерадио корпорациясы ұйымдастырған «Ән мен әншi», «Сағыныш» концерттерiне Мақпал, Роза секiлдi даңқты әншiлер шақырылмайды» немесе «эфирлерден әндерi берiлмейдi» дегендей әңгiме ел iшiнде гуiлдеп кеттi. Бұл қаншалықты рас?

Нұрлан Өнербай: Мен ешкiммен атаққа таласқан емеспiн. Ешкiммен бас араздығым да жоқ. Роза Рымбаева мен Мақпал Жүнiсоваға бiзде ешқандай алалау болған жоқ. Бiз ұйымдастырған

Page 198: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

198

шараларға ол кiсiлердi ұдайы шақыруға тырыстық. Бiз корпорацияға келген кезде бұл мекеменiң заңдық құжаттарының өзi ретсiз болатын. Мәселен, корпорация тiркеуде жоқ болып шықты.

Жанарбек Әшімжан: Сондай қалай? Мемлекеттiң тiркеуiнде болмаған ба?

Нұрлан Өнербай: Болмаған. Корпорацияның деңгейi соған дейiн түскен. Бiз барлық жарғылық қорын, тiркеу қағазын заңдық негiзде жүйелеп, реттедiк. Заңға сүйенiп жұмыс iстейтiн болған соң, эфирге шығатын барлық авторлармен, әншiлермен, копозиторлармен келiсiм-шартқа отыруымыз керек болды. Мiне, осы тұсқа келгенде бiздiң көптеген әрiптестерiмiз «неге мен оған қол қоюым керек, олар менi пайдаланғысы келiп жүр ме?» деген секiлдi түсiнiспеушiлiк танытты. Бiз ешкiмдi де пайдаланған жоқпыз. Өйткенi, бiз қызмет жасап жүрген кезде тұтқұйылдан әлдекiмдер: «Бiз Қазақстан және Ресей әншiлерiнiң құқын қорғайтын мекемемiз, сондықтан әншiлер бiздерге мынадай сомада қаражат төлеу керек», – деген әңгiме шығара бастады. Бiздiң атымызға ауыр-ауыр сөздер айтты. Бұл мәселенi парламентке дейiн көтердiк. Сосын парламенттен бiзге: «Әдiлет министрлiгi арқылы корпорацияның жанынан арнайы ұйым құрып, әншiлермен келiсiм-шартқа отырыңыздар», – деген ұсыныс келдi. Сосын бiз құрдық. Және сол ассоциация бiздiң корпорациямен келiсiм-шартқа отырды. Ал менiң кейбiр әрiптестерiм «оған кiрмеймiз, оны өзiмiз-ақ құрып аламыз» деп қарсылық бiлдiрдi. Ал Мақпал мен Роза әрiптестерiме қатысты екi-ақ мысал айтайын. «Қазақстан» – мемлекеттiк тапсырысты орындап отырған бiрден-бiр телерадио корпорация. Сондықтан мемлекеттiң саясатын насихаттауға бiз мiндеттiмiз. Ал жаңағы өздерiңiз сұраған әншiлердiң бiрi бәрiмiзге белгiлi бiр жағдайдан кейiн сахнада өзi құрамында бар партияның атынан сөз сөйлеп, өзiнiң жеке басының жағдайын айтып кеттi. Бұл үшiн басымыздан сипамайтыны белгiлi. Сосын бiз Мақпалға: «Сiз мұндай әңгiмеңiздi саханада айтпайсыз, егер айтатын болсаңыз, бiздiң концертке шығуға рұқсат жоқ», – дедiк. Ендi Розаға қатысты. Жеңiстiң 60 жылдығына байланысты «Соғыстан қайтқан солдаттар» деген мемлекеттiк шараны Абай атындағы Опера және балет театрында өткiзу бiзге тапсырылды. Ал соғыстың 60 жылдығына арналған кеште әйгiлi «Әлия» әнi қалай айтылмау керек? Бiз алдын ала өзiмен келiсiп, Розаны осы әнмен бағдарламаға қостық. Сахнаға Роза Бағланова апамыздан бастап бәрiмiз әскери киiм киiп шықтық. Тура концерт өтетiн уақытта Роза Рымбаева келмей қалды. Кеш «Әлиясыз» өттi. Ал «мен әскери киiм киiп сахнаға шықпаймын» деген – ешқандай ақталарлық себеп емес. Екiншi жағдайды айтайын. Шәмшi ағамыздың әнi гимн болатынына орай сүйiншi концерттi өте аз ғана уақыттың iшiнде ұйымдастыру керек болды. Ал Роза Рымбаева

Page 199: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

199

Шәмшiнiң көптеген әндерiн орындайды. Сосын бiз өзiне алдын ала телефон шалдық. 15 күн бұрын келетiнiн, тiптi, қандай әндердi орындайтынын да айтты. Өйткенi бiз сол концерт өтетiн күнi халыққа таралатын арнайы ән жинағын шығардық. Онда әншiлердiң аты-жөнi, қандай ән орындайтыны түгел жазылған. Тура концерт болатын күнi Роза Рымбаева Республика сарайындағы күндiзгi дайындыққа келiп, «мен ол әндi айтпаймын, басқа ән айтамын, маған билiк жүргiзбеңдер» деп қиғылық салды. Бiз концерттiң бүкiл сценарийiн жазып, дискiлерiне дейiн шығарып қойдық. Ал сол бiр ғана себеп үшiн дайын тұрған 500 дискiнi жойып, қайта шығарғанымызды ел бiле ме екен? Оған қаншама қаржы кеттi? Ол менiң жеке концертiм емес, мемлекеттiк деңгейде өтiп отырған соң, оның бүкiл жауапкершiлiгi корпорация басшылығына келiп тiреледi. Болған-бiткенi осы ғана. Әрине, танымал болған соң халықтың құлағы өнер адамдарына түрулi жүредi. Мен де өзiмнiң танымалдығымды алға салып әртүрлi әңгiмелердi айта берсем, менi де тыңдайтын ел табылады. Бiрақ бұдан не ұтамыз?

Жанарбек Әшімжан: Осыдан бiр-екi жыл бұрын Республика сарайындағы концерттердiң ұйымдастырылуына қатысты ащы пiкiр айтыңыз. Сарайда ұйымдастырылатын концерттердiң шығынын қазақ әншiлерiнiң қалтасы көтермейтiнiн, қазақ әндерiн насихаттап жүрген өнерпаздарға жеңiлдiк көрсетуi төңiрегiнде сөз қозғап қалдыңыз.

Нұрлан Өнербай: Мен өз концертiмдi өткiзу үшiн алдын-ала, яғни, 4-5 ай бұрын оңтайлы күн iздеймiн. Өйткенi, осы уақыт аралығында Ресейдiң және Қазақстанның бiзге беймәлiм әншiлер сахнаны алып алады. Болмаса жиын, мәжiлiстер жоспарланып қояды. Сахна халық- тың жиналатын сүйiктi орны болғандықтан бұл жерге де жүйелiлiк, тәртiп орнату керек деп санаймын. Тәртiптi әншiлер арасында да орнатса артық болмас. Қазiр ел сағынатын әншiлер естен шығып бара жатқан сияқты. Жалпы, осы мәселелер төңiрегiнде арнайы жоспар болуы керек. Аға буын, орта буын әншiлерiнiң концертiн неге жоспарлап қоймасқа? Сiз елiмiздегi кез келген сарайға немесе үлкендi-кiшiлi клубқа барып бiр жылдық жоспарын сұраңызшы, құдай бiледi, барлығы да жерге қарайды. Бiзде мұндай жоспар жоқ. Бүгiн ешкiм жоспармен жұмыс жасамайтын болған. Мен кез келген өнер ошағына барып, «жеке концертiмдi тегiн өткiзiп Бер» деп айта алмаймын. Қазiр заман басқа. Бiрақ мемлекет тарапынан кiшкентай болса да көмек болу керек. Яғни, сахнаның жалдық құнына жеңiлдiк жасау керек. Тағы бiр мәселе, қазақ әнi бүгiнде насихатталу жағынан әлi қағажу көрiп келедi. Жаңа өздерiң айтқан Досымжан Таңатар, Бейбiт Сейдуәлиевалар концерт өткiзедi. Оны сол концертке барған көрермен ғана бiледi. Өкiнiшке қарай одан былайғы жұрт бейхабар. Сол жас таланттар әрi-берiден соң қазақ өнерiн дәрiптеп жатыр ғой. Олар неге республика деңгейiнде

Page 200: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

200

насихатталмайды? Неге жазылмайды? Бiздiң сарапшыларымыз, сын- шыларымыз қайда? Жас әншiлер өсiп жатыр ма, әлде өшiп жатыр ма? Неге ол талқыланбайды? Әркiм өз басымен қайғы болып кеткен. Қалай күнiн көрсе, солай күнiн көрсiн деген оймен әншiлердi бетiмен жiберiп қойған.

Жанарбек Әшімжан: Сiз әншiсiз, актерсiз. Сонымен бiрге асабалық та өнерiңiз бар. Жұрт сiздi министрлердiң, тiптi мемлекет басшысы қатысқан үлкендi-кiшiлi жиындарды басқарады деп айтып жатады. Жалпы, өнер адамдарының тойдан табылуы әуелгi дәстүр ме, әлде...

Нұрлан Өнербай: Мен тойға барамын, барғанмын және бара беремiн. Той – ұлттық дәстүр. Қазақ тойды өмiр бойы жиған-тергенiн салып тұрып жасайды. Игi жақсыларды шақырады. Алыстан ат жiберiп те қонақ алдырады. Содан кейiн тойымды ел айтып жүрсiн деп «сен тұр, мен атайын» мәшһүр өнерпаздарды шақыртады. Ал мұндай тойдың атқарылуы шын өнерпазға тапсырылса, бiз неге немқұрайлы қарауымыз керек?! Жасыратыны жоқ, мен мемлекет басшысы қатысқан тойларды да, мемлекеттiк шараларды да жүргiздiм. Кез келген қарапайым ғана қазақтың жұпыны ғана шаңырағындағы шiлдеханаға елбасы келетiн болса, ол бiрден мемлекттiк сипат алады. Демек, президент қатысқан кез келген тойды мемлекеттiк деңгейде өткен iс-шара деп қарау керек. Ал мұндай шараның өтуi мен сияқты өнерпазға сенiп тапсырылса – үлкен құрмет. Үлкен мәртебе! Кез келген қазақ тойын жұрт көңiлiнен шығатындай өткiзiп берудi өтiнедi. Мұндайда мен неге той иесiнiң көңiлiне қаяу түсiремiн?!

Жанарбек Әшімжан: Тойдан қандай тағылым алдыңыз? Нұрлан Өнербай: Кейбiр тойларға елiмiздiң ғана емес, басқа

республиканың да азаматтары қатысады. Сондықтан менiң ойымша, той басқаратын кез келген асабаның санасында бiрiншi ұлттық мүдде тұруы шарт. Тойға келген әлгi қонақтар сын көзбен қарайды. Мiне, сонда асабалар той иесiнiң мүддесi емес, ұлттық мүдденi ойлауы қажет. Мен қолымнан келсе, ұлтымның бар игi қасиеттерiн, бар жақсы дәстүрлерiн көрсетуге тырысамын. Сырттан келгендер қазақтың тойының тек iшiп-жеумен, улап-шулаумен ғана өтпейтiнiн айтып жүретiн болсын. Ал мұндай жұмыс менiң қолымнан келiп жатса, неге той жүргiзуден қашуым керек?

Жанарбек Әшімжан: Көп тойларда өнер көрсететiн өнерпаздар тек ақша үшiн келетiнiн көрсетiп алатын секiлдi.

Нұрлан Өнербай: Бүгiнгi әншiлердiң тiкелей табыс көзi – әндерi. Оның басқа табысы жоқ. Ендеше, неге ол тойдан табыс табудан ұялуы керек? Өткiзе алса, жылына бiр рет жеке концертiн ұйымдастырады. Ал басқа уақытта бәрiнде айналысатын тiрiлiгi осы. Қазақ той жасамай

Page 201: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

201

тұра алмайды. Ал той әншiсiз, күйшiсiз тағы өтпейдi. Егер тойға өнерпазды шақырдың ба, оның еңбегiн бағала.

Жанарбек Әшімжан: Ендi көп оқырман сұрап жүрген мәселе жөнiнде. Өткен сәуiр айында елдi дүрлiктiрген «Қазақстан» ұлттық арнасы төңiрегiндегi оқиғаға уақыт өте келе корпорация басқармасының мүшесi ретiнде қандай баға бересiз?

Нұрлан Өнербай: Бұл сауалға мен былай ғана жауап берейiн. Бiз ол жерге сұранып келген жоқпыз. Бiз өзiмiздiң жеке шығармашылық жұмыстарымызбен айналысып жүрген кезiмiзде корпорацияға жұмысқа арнайы шақырды. Келдiк. Жұмыс iстедiк. Аз жұмыс iстелген жоқ. Бiз ол жерде ең бiрiншi ұлттық мүддеге жұмыс iстеуге тырыстық. Бiздiң ортақ идея «Мәңгiлiк Қазақстан» атты үлкен жобаға топтасты. Кез келген хабарымыздың өзегi, дiңi – «Мәңгiлiк Қазақстан» болды. 4,5 жылдың iшiнде көп жұмыс атқарылды. Бiр ғана мысал, радио мен телеарнаның техникалық жабдықтары соңғы үлгiдегi технологиямен жарақталды. Радио түгелiмен компьютерлiк жүйеге көштi. Бiз келген кезде телеарнада үш камера мен бiр ғана монтаж үстелi бар едi. Қарапайым қазақ отбасы осы уақыт аралығында «Қазақстан» телеарнасының өсу деңгейiн көрдi. Ал бiзде ол жерден кетпеймiз деген ой әсте болған жоқ. Тек жасалған еңбегiмiздiң аз да болса бағасы берiлуi керек едi. Дұрысын – дұрыс, бұрысын – бұрыс деп. Осыны ести алмай зар болдық қой.

Қазтуғанша айтқанда «Бiзден бiр қалған Едiл жұрт, қайырлы болсын сiздерге» дегiм келедi.

Жанарбек Әшімжан: Сiздiң ойыңызша, мәдениет саласын басқа- ратын адам қандай болуы керек?

Нұрлан Өнербай: Мен өнер жолын театрдан бастадым. Ол кезде ұжымдық өнерге деген көзқарас ерекше болатын. Әрине, ол мәдениет саласын басқарып отырған Өзбекәлi Жәнiбек сияқты ағамыздың арқасы деп бiлемiн. Ал қайсыбiр министрлердiң осы деңгейге көтерiле алмағанына қынжыламын. Сiздерге өзiм естiген бiр мысал айтып берейiн. Қазiр Қазақстан өнерпаздарының халықаралық додаларға қатыспайтындары некен-саяқ. Францияда жыл сайын өнердiң әр саласы бойынша халықаралық фестиваль өтiп тұрады. Фестивальдi ұйымдастырушылар әр елдегi түрлi өнер ошақтарына шақырту жiберiп тұрады. Шамасы келгендер қатысады. Соңғы жылдары ұйымдастырушылар шараға екi шарт қосыпты. Жүлде алғандар фестиваль бiткен соң өз елiнiң туын көтерiп шығады және Әнұраннан үзiндi орындайды. Осыдан 3-4 жыл бұрын Франциядан Қазақстанға шақырту келедi. Министрлiк оған барып қатысатын ұжымның қаржысын таба алмағандықтан, облыстарға сұрау салыпты. Ақыры Қостанай облысындағы «Костанайский зори» деген ансамбль барады. Бұл ансамблдiң басым бөлiгi басқа ұлттың өкiлдерi болса керек.

Page 202: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

202

Фестиваль соңында бұлар әлгi екi шартқа келгенде: «Қазақстанның туын көтермеймiз, Әнұранын орындамаймыз», – деп қарсылық бiлдiрiптi. «Кешiрiңiздер, бұл фестивалдiң шарты, неге шықпайсыздар?», – десе: «Бұл бiздiң ту емес, бiз ол елдiң сүтiмен қоректенген жоқпыз» дептi. Бұл не? Бұл – сатқындық! Дәл осындай бассыздық сыртта жүрген көптеген өнерпаздарымыздан кетiп жатпағанына кiм кепiл?

Жаңағы әңгiменi сол елдегi дипломаттар «бұлар бiздi масқаралады ғой» деп жыларман болып айтты. Мұны естiгенде мен жерге кiрiп кете жаздадым.

Жанарбек Әшімжан: Сiз танымал адамсыз, басшылық қызметте де болдыңыз. Ендi танымалдығыңызды пайдаланып саясатқа келу ойыңызда жоқ па? Мәселен, сайлауға түсу деген секiлдi...

Нұрлан Өнербай: Әзiрге ондай ойым жоқ. «Егер саясатпен сен айналыспасаң, саясат сенiмен айналысады» дейдi. Бiрақ менiң қолымнан келетiн жұмыс – ұлтымның өнерiне қызмет жасау. Ұлт өнер арқылы қалыптасады, өнерiмен сақталады. Егер өнерiн дамытуға үлес қоса алсақ, мен үшiн бұдан үлкен саясат жоқ. Менiң саясатым – өнер.

Жанарбек Әшімжан: Сонда сiз әрiптестерiңiздiң, яғни, өнер адамдарының саясатқа араласуын онша құп көрмейсiз ғой?

Нұрлан Өнербай: Мен ән салып жүрiп депутат болсам, онда әндi қоюым керек шығар. Өздерiң бiлесiңдер, депутат болып алып, өнермен жағаласып жүргендер бар. Мен осы ағалардың жолын қайталағым жоқ. Және «Өнербаев депутат та болған» деген сөз үшiн барғым келмейдi.

Жанарбек Әшімжан: Сiздiң театрдан, кинодан қол үзгенiңiзге бiраз уақыт болыпты. Араға бiраз уақыт салып кейбiр өнерпаздар театрға қайта барып жатады. Сiзде де осындай ой немесе шақыртулар болып жатқан жоқ па?

Нұрлан Өнербай: Мен театрда 12 жыл жұмыс iстедiм. 15 спектакльде негiзгi рөлде ойнадым. Қолымнан келгенше образдар сомдадым. Қатарларымнан қалып қойдым деп айта алмаймын. Бiрақ бiр өкiнiш әлi есiмнен кетпейдi. Тәуелсiздiк алып ұлттық рух жаңғырған тұста театрда да сондай сiлкiнiстер болып жатты. Әуезов театрына ұлт ұпайын түгендейтiн, батырлар, iрi-iрi тарихи тұлғалар жайлы көптеген нұсқалар түстi. Мен солардың бiреуiн сомдағым келiп едi, өкiнiшке қарай, оған мүмкiндiк болмады.

Жанарбек Әшімжан: Кiмдi?Нұрлан Өнербай: Ақанды ойнағым келдi. Сол кезде Ақанның

«Қорлан» әнi қалай туғаны жайында жақсы пьеса келiп түстi. Мен театрдың көркемдiк кеңесiнiң мүшесi едiм. Сол пьесаны көркемдiк кеңес талқылап жатқанда iштей «қабылданып кетсе екен» деп тiлеп отырдым. Бiрақ, «ол әндi айтатын әншi театрда жоқ» деген пiкiрмен шығарма қабылданбай қалды.

Page 203: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

203

Жанарбек Әшімжан: Әншi шынымен жоқ па едi?Нұрлан Өнербай: Ендi көркемдiк кеңестiң сол кездегi басшысының

шешiмi солай болды. Жанарбек Әшімжан: Ол кездегi басшы кiм едi?Нұрлан Өнербай: Әзiрбайжан Мәмбетов! Театр гастрольге шығады. Ауыл көрермендерi қызық қой,

спектакльге тоймайды. Соңынан «концерт қойыңдар» дейдi. Спектакль бiткен соң соңынан концерт беремiз. Ондай кезде әншiлер қатарының бiрiншiсi болып мен тұрамын. Ал Ақан туралы пьеса «әншi жоқ» деген тұжырыммен қабылданбай қалғанда мен iштей қынжылдым. Осы оқиғадан кейiн басқаша шешiм қабылдадым. Театрдан кеттiм. Басқа жол таңдадым. Әрi осы кезде мен әншi ретiнде таныла бастағам. Жан-жақтан шақыртулар көп болды.

Жанарбек Әшімжан: Ал киноға түсуге шақырды ма?Нұрлан Өнербай: Менi киноға шақырды деп айта алмаймын.

Дегенмен, мен 10 жыл бойы дубляж жасауға қатыстым. 700-ге жуық фильмнiң дубляжын орындадым. Өнердiң бұл түрiнiң көптеген қыр-сырын меңгердiм.

Жанарбек Әшімжан: Сiз өнерде кiмдi үлгi тұттыңыз?Нұрлан Өнербай: Серке Қожамқұлов пен Әнуар Молдабековтi.

Әнуар ағаның еңбекорлығы көп адамға үлгi болды. Бұл кiсi ертең болатын спектакльге қатысу үшiн бүгiн театрға қонатын. Әрi образға кiрген кезде бүкiл дүниенi ұмытып кетедi.

Жанарбек Әшімжан: Қазiр театрға барып тұрасыз ба?Нұрлан Өнербай: Өте сирек барамын. Уақыт аз. Жанарбек Әшімжан: «Қазақстан» ұлттық арнасынан бiрге кеткен

қыз-жiгiттердiң қалдары қалай? Олармен араласып тұрасыз ба?Нұрлан Өнербай: Бiз жұмысқа келгеннен бұрын да дос-жаран едiк.

Осы достығымыз жұмыстан кеткеннен кейiн де жалғаса бередi.

Page 204: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

204

қурАйШЫ(Қазақтың тұңғыш кәсіби сыбызғышысы

Талғат Мұқышевпен сыр-сұхбат)

Астана-жұртқа мәлім әфсана-аңыздарда, жыр-дастандарда сыбызғы аспабы жайлы аз айтылмайды. Қаракөздің жолында, Тайшық ханның қолында кетуге серт берген, қырық қыз бен мыстанның айласына арбалып зәңгі басы зынданға түскен Алпамысты шыңырудан суырып алған ненің күші? Әрине, Кейқуат айдаған қалың серкенің мүйізінен жасалған сыбызғының сазы. Екі дүниенің арасын шаң қылған, қара жердің бетін қан қылған Ескендір Зұлқарнайынның қос мүйізін айдай әлемге паш еткен, даңқты әмірші-би қолбасшыны жарық жалғанмен қош айтыстырған ненің құдіреті? Ескендірдің мүйізін көріп қойып қапыда қу медиен бетпаққа айдалған шаштараздың қолындағы қурай екенін тәтті аңыз таңдайға салды. Жаугершілікте қолға түскен Саймақ батырдың қолын кісеннен босатқан да сыбызғы. Патшаның тоқалын сыбызғысының үніне ессіз ғашық қылған, сол ғашықтық сазымен батырды қамаудан құтқарып қана қоймай, тоқалдың өзін сарайды тастап шығуға мәжбүр еткені жайлы «Саймақтың Сарыөзені» дейтін сыбызғы күйі сызылтып отырып бүгінге жеткізді. Қашқар қақпасының топшысын ағытқан ұлы Шоқан ажал жастығына бас қойған шақта кіші әкесі Қанқожа мен Тулақ қобызшы ауыр қазаны шәр Шыңғысқа сыбызғының азалы күйімен естiрткені жарты әлемге жария. Қазақтың басынан ауған аумалы-төкпелі қанқұйлы кезеңдерді бір сәтке болса да ұмыттырған осы сыбызғы еді. Сол аспапты алмағайып уақыттарда Ахмет Жұбанов пен Болат Сарыбаев алтынмен аптап, күміспен күптен, тарихтан аршып алып бодан Қазақстанның босағасына сол сүйеп кеткен. Ойықтарын шаң басқан қайран қурай содан бері біраз жыл үрленбей қалған. Кенет әлеуметтік ағыстардың арнасында бір батып, бір шығып келе жатқан қарашаның құлағына әдемі әуен жетті. Бұл әуенді жеткізген қазақтың тұңғыш кәсіби сыбызғышысы, қурайдың құпиясын УФА-дан қайырған, Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториядан класс ашқан бірегей талант – Талғат Мұқышев. Көмей дауысы мен ауыз жаңғырығын аспаптың үн дыбысына ұштастырған, тіл қуысындағы тәтті сазды тіс арқылы сыбызғыға берген, сөйтіп алты Алашты сазға бөлеген Талғатқа қоғамның бет бұратын кезі келген сыңайлы. Ол қу ағашпен Франция, Германия, Италия, Швейцария, Мысыр, Оңтүстік Корея, Қытай, Түркия, Ресей, Башқұртстан, Өзбекстан, Қырғызстан жұртын сан рет таңдай қақтырды. Біз бүгін сыбызғы мектебін қайта жаңғыртуға

Page 205: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

205

күш салып жүрген, ҚР Мәдениет қайраткері, өнер зерттеуші Талғат Кәріпжанұлы Мұқышевпен сыбызғы төңірегінде аз-кем сырласуды жөн көрдік. Әлқисса!

Жанарбек Әшімжан: Тәке, сыр-сұхбатымызды сыбызғының негiзгi шығу тегiн бастасаңыз? Жалпы, сыбызғы аспабын нақты бір ұлтқа теліп айтуға бола ма?

талғат Мұқышев: Сыбызғы – үрлемелi аспаптардың iшiндегi ең көнесi. Жалпы үрлемелi аспаптар, мейлі ол флейта, дутка болсын барлығының тегі қамыс, қурайдан бастау алады. Алдыңғылары Еуропада ерте реставрацияланып кәдiмгi классикалық түрге көшкен. Өнер зерттеуші Тымат Мерғалиевтің «Қазақ халқының күйлерi мен орындаушылары» атты еңбегiнде сыбызғы сонау ғұндарда, көшпелілер заманында пайда болғаны айтылады. Ол кісі бұл деректі қытай жазбаларынан алыпты. Көшiп-қонып жүрген ғұндардың шатырларынан сыбызғының мұңды, сазды дыбыстары естiлiп жатады екен. Ахмет Жұбанов «Тылсым табиғатты суреттейтiн үн» деп сыбызғыға үлкен баға берген. Сыбызғы бастапқыда қурайдан жасалған. Қурай ХХ ғасырға дейiн жетті. Кейiн ХХ ғасырда Башқұртстанда, Қазақстанда оркестрлер ашылды. Сосын Ромененко сынды шеберлер сыбызғыны ағаштан жасай бастады. Ағашқа көшу себебi – аспап табиғатқа байланысты өзгермейдi және оқушыларға да үйретуге жеңiл. Жалпы, сапасы жағынан алғанда, қалай десек те қурайдың дыбысына жетпейдi. Нағыз табиғи дыбысты береді. Қурайдың отаны – Башқұртстан, біз үшін домбыра қандай қасиетті болса, башқұрттар үшін сыбызғы дәл сондай сипатқа ие.

Жанарбек Әшімжан: Біздің ұлттық саз өнерiмізде сыбызғы аспабы не себептi кенжелеп, тіпті жоғалудың аз-ақ алдында қалды? Бұған кешегі қызыл империя бодандығының қаншалықты ықпал-әсері болды?

талғат Мұқышев: Қазақта классикалық өнердің кәсіби негізін қалаушы – Ахмет Жұбанов. Ол кісі кезінде Ысқақ Уәлиев, Оспанғали Қожабергенов сынды дәстүрлі сыбызғышыларды шақырып, солардың дәріс беруіне жол ашқан. Ысқақты оркестрге солист ретінде жұмысқа қабылдаған. Сыбызғының кенжелеп қалуына Кеңес үкiметiнiң кертартпа саясаты өз ықпалын тигiзбей қалған жоқ. Классикалық үлгiде еуропалық шығармаларды ойнаған аспап – аспап болып саналды да, оған шамасы жетпеген аспаптар аспап дәрежесiнде саналмады. Мысалы, сондай солақайлықтың кесірінен сырнай аспабы ысырылып, орнын баян басты, сыбызғыны флейта тықсырып шығарды, «Отырар сазы» ашылғанға дейін қыл қобыз прима қобызға жол беріп келді. Қазақтың негізгі классикасы – күй, бiрақ керзаман оны есепке алмады. Сыбызғы үшін Ахмет Жұбанов көп күресті. Консерваторияда қосымша

Page 206: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

206

сыныптар ашты, дәрiс оқыды, аяғы ұзаққа бармады. Кейін 60-70 жылдары Болат Сарыбаев кірісті, ол кісінің қазақтың фольклорлық аспаптарын қалпына келтiрудегi еңбегi ерекше. Сол жемiстi һәм жалғасты еңбектiң арқасында фольклордың шыңына жеткен – Нұрғиса Тiлендиев. Ол кiсi жетекшiлiк еткен оркестiрдің өзi этнографиялық «Отырар сазы» оркестрi деп аталды. Ол кiсi жетiген, сазсырнай, сыбызғы тәрiздi көне аспаптардың басым көпшілігін оркестрге енгізді. Ол аспаптарды тек халыққа таныстырып қана қойған жоқ, сонымен қатар нақты тәжiрибе жүзiнде iске асырды. Тілендиевтің ұлылығы сол – сазсырнай, сыбызғы сынды аспаптарға арнап шығарма жазуға ықпал етті және осы аспаптарда арнайы орындаушыларды кәсiби деңгейге көтердi.

Жанарбек Әшімжан: Ендi өзіңізге қарай ойыссақ. Сіз қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби, арнайы осы салада білім алған сыбызғышысыз. Бұған дейін сыбызғы үрлеген дәстүрлі өнер иелерінен сіздің айырмаңыз – бұл аспапқа кәсіби және ғылыми мазмұн бердіңіз. Қурайға деген қызығушылық қалай пайда болды?

талғат Мұқышев: Кез келген қазақ домбыра шертеді. Мен де домбырадан бастадым. Талдықорған қаласындағы Қ.Байсейiтов атындағы училищенi үрлемелi тромбон класында білім алдым. Сыбызғыға мойын бұруымыз себепсіз емес. Шығыс Қазақстан облысында кәсiби деңгейде арнайы музыкалық бiлiмi болмаса да өнерге жақын сыбызғы орындаушылар көп болды. 1970 жылға дейiн Шанақ Ауғанбаев деген ақсақал кәсіби деңгейде тартып келдi. Сол кiсi сыбызғыны Шығыс өңiрiнде көп насихаттады. Алғаш пластинкаға сыбызғы күйлерiн жазған сол кiсi болатын. Оған дейiн сыбызғы күйлерi жазылмаған.

Өнерге жақын адамдар қамыстан, қурайдан кесiп алып, әуеннiң басын шалып жүретiн. Бұл бiзге бала күнiмiзде қатты әсер етті. Сыбызғыға аңсарым қатты ауды. Қ.Байсейiтов атындағы училищенi бiтiргеннен кейiн, сыбызғыны iздей бастадым. Консерваторияға түскенде, 1986 жылы сыбызғы тартуды бiлмесем де әр әуеннiң басын шалып жүрдім. Кейiн сыбызғы тарихын зерттей бастадым. Болат Сарыбаев, Ахмет Жұбанов еңбектерiн көп оқыдым. Энциклопедияларда «Сыбызғы Башқұртстанның ұлттық аспабы» деген дерек бар. Бұл қазақа жат аспап емес, бірақ башқұрттар сыбызғыны бірінші аспап деп санайды. Башқұртстан – қурайдың отаны. Башқұртстанда да домбыра бар, бiрақ бiздегi сыбызғы сияқты жетiлмей қалған. Қобыз бар, жыр-дастандарында айтылады, аты бар, заты жоқ. Консерваторияда жүргенде Ишмурат Iлбәков есімді Башқұртстанның Еңбек сіңірген әртісі келiп оқуға түстi, домбыра класына. Сыбызғыны кәсiби деңгейде ойнағанына таң қалдым. Сыбызғының мүмкiндiгiнiң шексіз екенiне көзiм жеттi. Сол кездерi

Page 207: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

207

консерваториядан Башқұртстанға сыбызғыны меңгерiп келуге бiр адам жiберу керек болды. Кезінде Шоқан Уәлиханов сыбызғы туралы үлкен еңбек жазып, Петербор мұражайына қалдырған. Сыбызғыға Абай аса мән берген. Кезiнде Райымбек батырдың әкесi Хангелдi де осы аспапта ойнаған. Әлкей Марғұланның жазбаларында да сыбызғыға қатысты деректер көп. Осының бәріне мән бере келе консерватория ректоры Дүйсен Қасейiнов бастап, кафедра меңгерушiсі Айтқали Жайымов, өзге де оқытушылар қоштап Башқұртстанға менi жiбердi. УФА Мемлекеттік ұлттық консерваториясында 1990-94 жылдары кәсіби білім алдым. Бір жыл сонда қызмет етіп, 1995 жылы елге келдiм.

Жанарбек Әшімжан: Ілкіде башқұрттардың сыбызғыға деген құрметінің ерекше екенін айтып қалдыңыз. Башқұртстан әлі күнге дейін автономиялық республика. Сонда олар отарлаушы елдің саяси сынақтарынан ұлттық қурайларын «сындырып» алмай қалай аман алып келеді?

талғат Мұқышев: Олар аспапты өсiмдiктiң шығу тегiмен атайды. Яғни, ұлттық аспабын қурай дейді. Бiз домбыраны ағаш немесе қобызды тобылғы демеймiз. Бiзде аспапқа арнайы ат берсе, олар шығу төркiнiмен байланыстырады. Неден жасалса, сонымен атайды. Сыбызғы жайлы Құдайберген Жұбановтың еңбектерiнде де айтылады. Ойнау тәсілі, ойығы қазақы сыбызғыдан аумайды, тек күйлері ғана өзге. Бiз домбыра күйлерін жалықпастан тыңдай береміз ғой, олар да сыбызғыдан ұзақ уақыт күй тыңдайды.

Бізге сыбызғы үйреткен мамандардан: «500 жыл бойы орыстың боданында болсақ та, біздің башқұрт болып сақталып қалғанымыз сыбызғының арқасы, қурайдан айырылған күні бәрінен айырыламыз» дегенді естіп мен қатты қайран қалдым. Сосын сыбызғыға саясаттың салқыны тимейтін себебі де бар. Өйткені бұл аспапты арнайы шеберлер жасамаған, орындаушылардың өзi шебер болған. Башқұртстанның даласы қурайға толы. Кез келген өнерпаз, жолаушы, шопан, дихан жол-жөнекей қурайды ойып алып ойнай берген. Башқұрттар биiн де, әнiн де сыбызғының сүйемелдеуiмен орындайды. Бізде де сыбызғыға қосылып ән айтушылар жайлы дерек бар.

Жалпы, Башқұртстанда музыка мектебі жүйелі жұмыс істейді. Кеңес кезіндегі жетiстiк сол – әр ауылда музыка мектебi болып еді. Сол жүйе сақталған. Арнайы сыбызғы зерттеушiлер, профессорлар, композиторлар бар. Қазір УФА консерваториясы даңқты «Салауат» операсын жазған Загир Исмагилов деген композитордың атында. Алғаш ол кiсi Мәскеуге оқуға түсуге барғанда қурай тартып барған. Кейін «Қурайдан операға дейiн» деген еңбек жазған.

Сосын 1925 жылы Париж қаласында дүниежүзiлiк әншiлер байқауында Әмiре Қашаубаевпен бiрге барып, жүлделi орын алған

Page 208: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

208

даңқты Юмабай Исәнбаев деген қурайшысы болған. Башқұртстанда Юмабай Исәнбаев атында жыл сайын халықаралық сыбызғышылар байқауы өтiп тұрады. Мен 2004 жылы осы байқауға қатысып, лауреат атанғам. Тіпті башқұрттар қурайдың суретiн өздерiнiң ұлттық елтаңбасында бейнелеген. Жыл сайын «Қурай байрамы» деп аталатын ұлттық мереке өтеді. Сол күнi қурайшылар көшеге сыймай кетеді. Оған өзiм куә болғанмын. Бұл мереке, әсіресе өз салт-дәстүрлерiнен алыстап орыстанып, татарланып, бара жатқан аймақтарда өтедi. Бұл да елдікті жоғалтпаудың бір алғышарты.

Жанарбек Әшімжан: Жыл сайын осы ұлттық мерекені Башқұрт- станның президенті Муртаза Рахимов өзі ресми түрде ашып, ел алдын- да қурайшыларға үлкен құрмет көрсетеді. Солай емес пе?

талғат Мұқышев: Дәл солай! Президент пен Мәдениет министрі сол шараның басында болады. «Қурай байрамы» күнтiзбеде ұлттық мереке ретiнде белгiленген. Бiз де арнайы бір күнді домбыра мерекесiне арнасақ керемет болар еді.

Жанарбек Әшімжан: Тәке, сiздiң УФА-дан алып келген кәсiби бiлiмiңiздi бiздiң мәдениеттің маңайында жүрген ақ жағалылар қалай пайдалануда? Бiздiң қоғам кәсіби сыбызғышыны өзі iздедi ме, әлде қоғамның сұранысын қанағаттандыру жолында өзiңiз iс-әрекеттер жасадыңыз ба?

талғат Мұқышев: Мен Башқұртстаннан келген соң сол кездегі ректор Дүйсен Қасейінов маған сыбызғышылар класын ашып бердi. Бiр жылдан кейiн ол кiсi министрлiкке кетiп қалды. Бiрақ өнерден қол үзген жоқ, қолдау жасап отырады. Ол кiсi менi 1997 жылы Кореяда өткен дүниежүзiлiк үрлемелi аспаптар байқауына жiбердi. Сол жерде жүлдегер болып қайттым. Бұл байқауға дүниежүзінен өкілдер келіп қатысты. Сол байқауда сыбызғыдан басқа дауыс қосып ойнайтын ешқандай аспап болған жоқ. Яғни, сыбызғыға адамның көкірек дауысын қосып ойнағанда, Кореяның ұлттық шығармашылық орталығының басшысы Хан дейтін азамат қайран қалды. Бір аспаптан екі үн шығару – некен-саяқ кезігеді. Одан кейiн менi бұл байқауға 7-8 жыл қатарынан құрметті қонақ ретiнде шақырып тұрды.

Жанарбек Әшімжан: Қытай, жапон сынды шығыс халқында сыбызғы тектес аспап қалай дамыған?

талғат Мұқышев: Оларда үрлемелі аспап қатты дамып кеткен. Жыланның терісімен аптап, бақаның терісімен күптеп небiр аспап- тың түрiн жасайды. Ал сыбызғылары бiзден сәл өзгешелеу. Оларда аспаптардың түрлерi жетiлiп кеткен десек болады. Ұлттық ерекшеліктерін тін дыбыстар шығарады. Содан кейiн Сiбiр халықтарында, Алтайда, Моңғолияда, Түркiменстанда, Башқұртстанда, Қырғызстанда сыбызғы аспабы күні бүгінге дейін орындалып жүр.

Page 209: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

209

Жанарбек Әшімжан: Сыбызғының өз үнiне орындаушының кө- мей, көкірек дауысын қосуды сіз Башқұртстаннан меңгердiңiз бе? Сыбызғының осы бір сұрапыл да нәзік тұсы жайлы тарқатып айтып берсеңіз.

талғат Мұқышев: Үрлемелі аспапта көмеймен ән салу, сыбызғыға үн қосып ойнау үлкен мектеп болып саналады. Оқыған кезде шын ниетiңмен мән беруiң керек. Бiрден үйренiп кетпейсiң, сыбызғының өзін толық меңгеріп болған соң ғана, ІІІ-ІV курста көмей қосуды меңгере бастайсың. Сыбызғыға үн қосып ойнаудың өзiнiң де әдiс-тәсiлдерi бар. Сыбызғы үнiнiң кереметi – көмей дауысының қосылуында жатыр. Сыбызғының өзiн ғана көмей дауысынсыз ойнасаң, жәй бiр ысқырған баланың дыбысы сияқты болып шығады. Сондықтан да көмей дауысын қосып ойнауда үлкен мән жатыр. Кезiнде Қытайда, Башқұртстанда, Моңғолияда көмей дауысын қосып ойнамаған адамды сыбызғышы деп санамаған. Бұл Сiбiр халықтарының барлығына тән нәрсе, мұны бiз ертедегi шамандықпен байланыстырамыз. Сiбiр халықтарында көмеймен жырлайтын болса, алтайлықтар домбыраға қосып дастан айтады. Қос дауыстап ән-жыр айту өзiмiздiң Қызылордада сақталған. Хакас халықтары жетiгенге қосып ән айтады. Үрлемелi аспаптар бiзде кенже дамыған. Ал біздің ән-жырымыз кәсiби деңгейге әлдеқашан кеткен. Бiзде көне көмей дауысын қосу өнерi сонау жыраулардан келе жатқан дәстүр болып саналады.

Жанарбек Әшімжан: Аспаптарда да әр халықтың өз ойнау ерекшелiгi әртүрлi. Мысалға ұйғыр халқының кернейiн тыңдасаң, аза бойың қаза болады. Дүниенің зар-мұңын жинап алғандай. Бәлкім азаттық аңсайтын болар... Қазақтың қара домбырасы салт-дәстүр, жөн-жоралғы, сайын даланы, аққу-қаздың сұңқылын, дүбiрлеген ат тұяғының үнiн көз алдыңызға әкеледі. Ал тас қалада тасырқап жүргенде сыбызғы тыңдасаң, туған Қазақстаныңның бүкіл табиғатын көз алдыңа әкеледі. Мұның сыры неде?

талғат Мұқышев: Қайбiр жылы Францияға бардық, Алматы күндері өттi. Францияға алғаш баруым. Сонда Рейн қаласы әкiмiнiң орынбасары, өнердi құрметтейтін азамат екен, мен өнер көрсетiп болған соң сыбызғыны ұстап көрiп, өзi үшiн бiр шығарма орындауымды өтiндi. Сонда әлгi азамат «мен Қазақстанда болмасам да, сыбызғының үнi арқылы қазақ халқының, қазақ даласының қандай екенiн көрiп тұрмын» дедi.

Жанарбек Әшімжан: Өзіңіз жетекшілік ететін сыбызғы класында шәкiрт тәрбиелеу мәселесі қашалықты өз жемісін беріп жатыр?

талғат Мұқышев: Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваториядан басқа жерде сыбызғы класы жоқ. Оның үстіне маған бір-екі баладан ғана түседі, себебі – училищелерде класс жоқ. Дегенмен, Талдықорғанда,

Page 210: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

210

Астанада бiраз шәкiрттер бар. Бүгiнде Аманжол Әбутәліп деген шәкiртiм Талдықорған филармониясында сыбызғышы. Эстрадалық ансамбльдерде, «Сазген» ансамбiлiнде ойнап жүрген шәкірттерім бар. Қалай дегенмен де, бізге мектеп-училище-консерватория бағытында жүйе керек. Жылына бір шәкірттен дайындағанның өзінде 5 жылда 5 шәкірт, 10 жылда 10 шәкірт болады. Ол дегеніңіз, біздің сыбызғы өнерінің дамуына үлкен көмек. Ал мектептер ашылу үшін кішкентай балалардың үйреніп кетуі неғайбыл. Сыбызғы аспабы бұл үрлеу арқылы орындалады. Башқұрттар қыздарды бұл салада көп оқытпайды. Неге десеңіз, сыбызғыны үрлеу үшін күш керек. К.Байсейiтова атындағы мектепте арнайы сыбызғы класы жоқ, тек қосымша ретiнде ғана жүредi. Бірақ қазiргi кездерде сыбызғышыларға сұраныс та көп және сыбызғыға қарсы шығып жатқан, қадірін түсінбейтін, бағалай алмайтындар да бар. Осы жағы қынжылтады.

Жанарбек Әшімжан: Не себепті қарсы шығады?талғат Мұқышев: Кеңес үкіметінің тәрбиесінде қалған, сол

кезеңнің көзқарасымен қарайтын адамдар. Олардың пікірінше, шетелдің аспаптары, музыкасы алдыңғы сапта тұру керек. XVI-XVII ғасырда Шығыс Қазақстан өңірінде сыбызғы тартысы болған, ол кешегі 1960 жылға дейін келген. Бұл тарихты қайда қоямыз? Өнерде қанша үлкен орындары болса да, сыбызғыны шын мәнінде аспап ретінде тани алмай жүргендерге не деуге болады? Сондай кереғар көзқараспен біздерге кедергі жасағысы келеді. Ол маған, немесе осы сыбызғының маңайында жүрген адамға емес, ол халыққа жасалған кедергі, халыққа жасалған қиянат деп түсінемін. Ахмет Жұбановтың, Болат Сарыбаевтың еңбектеріне қарсы келген деп түсінемін.

Жанарбек Әшімжан: Шоу-бизнес пен эстраданың егіні жайқалып тұрған кезеңде шертер, сазсырнай, жетіген, сыбызғы сынды аспаптар- ды замана ағымына қалай ілестіруге болады? Сіздіңше, сыбызғыны эстрадаға кіріктіруге бетбұрыс жасаған дұрыс па?

талғат Мұқышев: Сыбызғыны эстрадада ойнауға қарсы емеспін. Заман талабынан ешқайда асып кете алмайсың. Жапондар «Дәстүрі- мізді сақтай отырып, Еуропаны жетік меңгеруіміз керек» дейді. Біз де дәстүрімізді сақтай отырып, бүгінгі күннің талабын игеруіміз керек. Бірақ, «дәстүрімізді сақтай отырып» деген мәселені ұмытпаған абзал.

Ең бастысы, қандай өнерге болмасын насихат керек. Мәселен, «Ел» продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен жыл сайын өтетін «Мәңгілік сарын» дәстүрлі музыка фестивалі үрмелі аспаптарды насихаттауда үлкен рөл атқарды. Бұл жалғыз ғана шара, бұған да шүкіршілік.

Жанарбек Әшімжан: Лауазымды азаматтар тарапынан сыбызғыға қызығушылық танытып, қолұшын берейік, насихатын арттыруға жағ- дай жасайық деген жағдайлар болды ма?

Page 211: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

211

талғат Мұқышев: Кезінде көп ұсыныстар айтылды. Президенттік оркестрге шақырылдым. Сол оркестрге Б.Тілеуханов жетекшілік етіп отырған жылдары екі жыл жұмыс істедім. Мемлекет басшысының алдында да талай өнер көрсеттік. Бір жылдары Астана қаласында «Көне Тұран әуендері» деген фестиваль болды. Сол фестивальге қатысқанымда Мырзатай Жолдасбеков, Өмірбек Байгелді, Ақселеу Сейдімбек ағаларымыз келіп, қатысып көрді. Өнерімізді жоғары бағалады. Бір күні Алматыда жүрсем, Өмірбек Байгелді ағамыз қоңырау соғып, кездесуге шақырды. Қонаев ескерткішінің алдында кездестік. Содан ол кісі мені «Алтын адам» табылған – Есік қаласына ертіп апарды. Біраз қонақтар бар екен. Киіз үй тігіліп, қазан асылыпты. Сыбызғының әсем үнін тыңдады. Сонда үлкен ұсыныстар айтты. «Домбыра, қобыз, сыбызғы үшеуі ошақтың үш бұтындай. Біраз кенжелеп қалған, үлкен деңгейге жеткізу керек» деп ұсыныстар айтты. Өнеріме оң бағасын беріп, риза болғанын жеткізіп, үстіме шапан жауып құрметтегені бар.

Жанарбек Әшімжан: Қайсыбір жылы «Мәңгілік сарын» идеясының жетекшісі Ғалым Доскен дәстүрлі ән фестиваліне сыбызғышыларды жинапты. Талғат Мұқышев арқылы даңқты сыбызғышы ақсақал Кәлек Құмақайұлын алдыртып, аузындағы тістерін бүтіндеп беріп, сыбызғы үрлетіпті» дегенді естіп қатты қайран қалдым. Осы рас па?

талғат Мұқышев: «Мәңгілік сарын» – бүгінгі таңда дәстүрлі өнеріміздің жоқтаушысы, насихатшысы, дәстүрлі әндеріміздің дамы- тушысы болып отыр десем, артық айтпағандығым. Кез келген нәрсе тектен-тек бола қоймайды. Әр жоба басқарушысына, ұйымдастыру- шысына байланысты. Ғалым Доскен мырзаның әркімнің қолынан келе бермейтін азаматтық істері туралы ұзақ айтуға болады.

«Мәңгілік сарын» басында ашылғанда, Моңғолиядан көшіп келген атақты сыбызғышы Кәлек Құмақайұлымен кездесіп, сол кісінің орындауындағы бүкіл күйлерді таспаға және нотаға түсіріп, кітап шығару ойымда болды. Сол кісіден тәлім алып, батасын алдым. Жалпы, сыбызғы тарту үшін ең бірінші тіс керек. «Мәңгілік сарынға» шақырған кезде Кәлек ағай қартайып, тісі түсіп сыбызғы ойнай алмай қалған кезі еді. Сосын Ғалым Доскенге: «Аға, ол кісінің тісі түсіп қалған, ойнай алмайды» дедім. Ғалекең: «Алып кел ондай кеудесі қазынаға толы абыз ақсақалдың әдемілеп тісін салдырып береміз, фесивальға қатыстырамыз» – деді. Бұл азаматтық емес пе? Бірақ, сыбызғы жасанды тіспен бәрібір ойналмайды. Кәлекең келді, «Мәңгілік сарынның» «Жәдігер» деген жүлдесін алды. Егемендік алғаннан кейін Қазақстандағы сыбызғы өнерін алғаш дамытқан Кәлек ағай болатын.

Бірде Ғалым ағаға «Кәлек ағайдан үйренген Моңғолиядағы Баян-Өлгей қазақтарының сыбызғы күйлері туралы ғылыми негіздемесі бар,

Page 212: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

212

«Сыбызғы сыры» атты кітап жазып едім...» – дедім. Сөйтіп, бірден сол кітаптың шығуына көмектесті. Бұл – Қазақстандағы тұңғыш сыбызғы күйлерінің жинағы. Өйткені, домбыра күйлерінің жинағы, Батыс, Шығыс, Арқа, Жетісу күйшілік дәстүрі дейміз. Ал сыбызғыға байланысты Ахмет Жұбанов ағамыз түсіріп беріп кеткен, «Ғасырлар пернесі» атты ұжымдық жинақтағы 10 күйден басқа қазына жоқ.

Одан кейін Тәлиға Бекхожина мен Абдулхамит Райымбергенов 5-6 күйден түсірген, олардың өзі жеке сыбызғыға арналған күйлер емес.

Жанарбек Әшімжан: Біздерде үлкен-үлкен өнер ұжымдары бар. Сол оркестр, ансамбльдер тарапынан сыбызғышыларға сұраныстар түспей ме?

талғат Мұқышев: Сұраныс көп. Жеке солист ретінде болмаса, оркестрге көп ұсыныс жоқ. Бірақ негізгі фольклорлық ансамбльдерде екінің бірі сыбызғышы іздейді. Жұбанов мектебінде сыбызғыдан қосымша оқыған бір шәкіртім «Сазген» ансамбілінде сыбызғышы болып істеп жүр. Солардан кәсіби сыбызғышы балаларыңыз болса деген ұсыныс түсті.

Жанарбек Әшімжан: Біздегі эстрада әншілері өздерінің әндерін әрлеу бағытында сіздің еңбегіңізге жүгіне ме?

талғат Мұқышев: Кезінде Бағлан Омаров деген өңдеуші өз әндерін әрлеуге сыбызғы қосқан. Бейбіт Оралұлы да біраз әндерінің ішіне ұлттық бояу беру үшін сыбызғы пайдаланды.

Жанарбек Әшімжан: Әншілерді тойларға көп шақырады. Ал сыбызғышыларды тойларға шақыратын сәттер бола ма?

талғат Мұқышев: Болып тұрады, бірақ көп емес. Кейде ұлттық аспаптармен, ұлттық әндермен ғана өтетін тойлар болады. Шақыртулар болып жатса, неге бармасқа?!

Жанарбек Әшімжан: Башқұрт сыбызғышыларымен соңғы кездегі қарым-қатынасыңыз қалай? Шығармашылық байланыстарыңыз бар ма?

талғат Мұқышев: «Мәңгілік сарын» аясы үлкен жоба. Домбыра- шылар да, қобызшылар да, әншілер де қатысады. Фольклорлық аспаптардың арнайы тарауы болады, сонда біз Алтай аймағынан, Башқұртстаннан, Түркіменстаннан, Қырғызстаннан үлкен сыбызғы- шыларды шақыртып, күй тартыстық. Сол жақта оқыған курстастарым, сабақ берген азаматтар, бір бөлмеде, бір нанды бөлісіп жеген студент достарыммен әлі күнге дейін қарым-қатынас жасап, сөйлесіп тұрамыз. Олар атақты сыбызғышылар, халық әртістері.

Жанарбек Әшімжан: Өзіңіз сыбызғы оясыз ба?талғат Мұқышев: Сыбызғышының көбі орындаушы ғана емес,

шебер. Әр сыбызғышының өз құпиясы болады. Түркімендер қамыстың буынымен есептеп жасайды. Мен өзім ептеп қурайдан жасаймын.

Page 213: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

213

Сыбызғының ән-күйлері әр түрлі, әр бөлек болады және сыбызғыны күйге ыңғайлап жасайды. Дыбыс ойықтарын, дыбыс қатарларын әр ел өз әуендеріне ыңғайлап жасайды.

Жанарбек Әшімжан: Сыбызғының нотаға бағынбай кететін тұс- тары бар ма?

талғат Мұқышев: Нотаға бағынады, бірақ сыбызғының күйін тыңдап, сыбызғының құпияларын нота бойынша білмей, сыбызғыны жетік деңгейде ойнап кету мүмкін емес. Сыбызғының табиғаты бөлек. Оған күйшілік деңгеймен жақындау керек. Әншілік орындаушылық көзқараспен де қарау керек. Өйткені, үрлемелі аспап болғандықтан, іштен әуен шығып тұру керек. Сыбызғы адамның тұтас бір мүшесі, жалғасы секілді болуы тиіс. Сыбызғының үні іштен, көмейден шығады. Үрлемелі екен деп, үрлей берудің де қажеті жоқ. Ол халықтың мұңын, табиғатын, зарын адаммен бірге жасаған аспап.

Жанарбек Әшімжан: Кәсіби сыбызғышы ретінде жеке есептік концерт беру ойыңызда жоқ па?

талғат Мұқышев: Әл-әзір жоқ. Дәстүрлі музыкаға деген көзқарас көңілдегідей болмай тұр. Жалпы, болашақта үлкен концерт беру жоспарымда бар. «Сыбызғы сазы» деген аудиотаспам шықты, кітабым шықты. Жеке компакт дискімді шығаруды жоспарлап отырмын. Ал сыбызғыны іздеп келетін халық Республика сарайына сыймай кетеді дегенге көзім де жетпейді, көңілім де сенбейді.

Page 214: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

214

қоБЫЗШЫ(Өнер қайраткері Сматай Үмбетбаевпен сұхбат)

Жанарбек Әшімжан: Ел iшiнде «әйгiлi Ықылас қобыз шалғанда кiрпiк шешендер iнiнен шығып тұрып тыңдайды екен» деген аңыз-шыны аралас әңгiме бар. Осы қаншалықты рас?

сматай Үмбетбай: Бұл ешқандай аңыз емес, болған оқиған. Оны менiң әкем өз көзiмен көргенiн маған әңгiмелеп берген. Бiздiң жақта Араб деген тау бар. Бiр күндерi сол тауға Ықылас келiптi. Ықаңның қобызын тыңдау үшiн таудың етегiне дүйiм ел жиналады. Сол заманда 18 000 қой бiткен Шоман Сәрсембет деген, 19 000 қойы бар Әлi атты әйгiлi байлар болған екен, сол кезеңнiң демеушiлерi ғой. Сол азаматтар шаршап жүрген халық бiр жасап қалсын деп 150 бие сауып, жүздеген қой сойып сауын шақыртады. Сонда Ықылас бес күн бойы қобыз шалыпты. Бес күн бойы бiр күйi екiншi күйiне қосылмаған екен. Өзi шешен, өзi алпамсадай зор дауысты жiгiт бес күн бойы Ықаң тартқан күйлердiң тарихын жиналған әлеуметке айқайлап айтып отырған көрiнедi. Сонда Ықаңның қобызына елтiгенi соншалық, бiр-екi адам дәретiн жiберiп қойыпты деседi, бiреуiнiң аты Бақа екен. Халық жиналған жерде кiрпiк шешеннiң ұясы бар көрiнедi. Ықылас қобыз шалғанда кiрпiлер iнiнен шығып, тұмсықтарын шошайтып алып тұрып тыңдапты. Қобыз үнiне елтiп кеткендерi соншалық Ықаңа қарай жақындай берiптi. Әлден уақыттан кейiн қобызды айнала кiрпiлер қаптап кетiптi. Тiптi, жағалай малдас құрғандардың шапандарының етегiне дейiн өрмелеп кеткен ғой. Сонда Ықаң «бұл адамның азғыны ғой, тимеңдер, айыздары қанған соң өздерi кетедi» деген екен. Осыған әкем өле-өлгенше таңдай қағып кеттi.

Ендi өз басымнан өткен бiр қызықты айтайын. Мен қобызды үйде ұдайы шалып жүрем. Бiраз уақыт бұрын бiздiң үйдiң iргесiнен бiр тесiк пайда болды. Ерен санағам жоқ. Бiр күнi қобыз шалып бiткен соң аулаға шықсам, ит бiр нәрсенi дөңгелетiп жүр. Жақындап барсам кәдiмгi кiрпiк шешен. Әлгi кiрпiнi бiраз жерге апарып тастаймын, қобыз шалып бiткен соң қайта келiп алады. Кейiн сол кiрпiнi ұлым Жасұлан асырады. Мiне, қобыздың киесi қайда жатыр!

Жанарбек Әшімжан: Ендi әңгiменi бүгiнгi қобызшыларға қарай бұрсақ. Бел ортасында жүрмесеңiз де аңысын аңдып байқап жүрсiз. Қобыз шалу мәдениетi, қобызшылық мектеп қалай қарай ауып барады?

сматай Үмбетбай: Мен қазiргi қобызшылардың iшiне шендеп кiре алмаймын. Менi сонау жылдары қылшылдап тұрған шағымда осы аждаһа қалаға шақыртты. Рахмет! Соңында додаға салды да жiбердi. Қандай кiсiлерден тәлiм алғанымды бәрi бiледi. Мен мақтанбай-ақ қояйын, бiрақ көненiң өзiн көрмесем де көзiн көрген адаммын. Жастарға берер тәлiм-тәрбием әлi де жетерлiк. Бiрақ, «осындай бiр азаматты

Page 215: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

215

бiр кезде алдыртып едiк, қазiр не күйде екен?» деп хал-жайды сұрап жатқан бiреуi жоқ. Бәрi өзiнiң мансабының құлы болып кеттi. Бiлiмдi азаматтарымыз өздерiнiң iшкен-жегенiне өздерi тәнтi болып, өздi-өзiн қызықтап кеттi. Өнердi, оның iшiнде осы қобыз өнерiне көңiл аударып жүрген азаматтар некен-саяқ. Теледидар мен радиодан берiлiп жатқан ән-күйлердi жiтi бақылап отырамын. Басын жарып, көзiн шығарып тартатын орындаушылар көбейдi. Қиыс кеткендi қиып түсетiн үлкен ақсақалдарымыз бұл жағынан жұмған аузын ашпайды. Сырттан келген ербеңбайларды ұлттық құндылықтардын жоғары қоятын ағым пайда болды. Өнер әлемiн талғамсыз ұрпақ жайлап барады. Жылауық әндер шыға бастады. Айтпайын десең – өркен жайып кетiп барады. Ағылшыннан, америкадан бiреу келсе соған жалбақтап жүрген жұрт. Маған бiр азаматтар шетелдiң музыкасы басылған бiрнеше күйтабақтарды сыйға тартты. Тыңдадым. Қырық құрау бiр дүние, бiрiнен бiрi ұрлап жүрген ел. Iшiнде қазақ күйлерiнiң де детальдары жүр. Шетелмен байланыс жасап, екi ортадан қаржы тауып жатқан делдалдардың заманы болып кеттi. Ал мен ол шетелiңде талай болғам. Қазақтың қара қобызына талайын табындырғам.

Жанарбек Әшімжан: Кейiнгi кездерi сiздi консерваториямен қарықатынасыңыз жоқ па? Сiздi тәлiмгерлiкке шақырмады ма?

сматай Үмбетбай: Басында бiр азаматтар бар мүмкiндiнiмдi жастарға берудi мақұл көрiп қолдаған. Едәуiр еңсем көтерiлiп қалып едi. Кейiн бәрi хабарсыз кеттi. Шамасы қазақшылықтары басып кеткен болу керек.

Жанарбек Әшімжан: Дегенмен қобыз класында оқитын кейбiр жастардың сiздiң үйге келiп дәрiс алып жүргенiн ептеп естiп қаламыз.

сматай Үмбетбай: Рас, келiп сабақ алатын жастар аз емес. Ептеп қолдарын түзегiсi келедi. Iшiнде талантты жастар да бар. Бiрақ, мына үй- дi он жыл болды салып бiтiре алмай әлекке түсiп жатырмыз. Жеңгеле- рiң – мұғалiм, сабақтан келе сала ол да бiр жағыма шығысады. Қобыз шалу үшiн ең керегi бас бармақ, сол бас бармағымды ағаш жаншып кетiп бiраз уақыт қиналдым да. Балта мен балғадан қол босай қалған кезде жастарға қолымнан келгенше тәлiм беремiн. Консерваторияның ұстаздарымен де ара-тұра кездесiп тұрам. Әңгiмемiз жарасымды, олар менiң тәуiр қобызшы екенiмдi айтады, жер-көкке түсiрмей мақтайды, ал нақты iске келгенде түк нәтиже жоқ. Әлi күнге дейiн еңбегiм еленерлiк бiр атақ алмаппын. 1987 жылы марқұм Өзбекәлi Жәнiбеков ағамыз менi Ықылас атындағы мұражайға шақырды. Сол жерде көп жұмыстар iстедiк. Өзекең адамның еңбегiн керемет бағалайтын тұлға едi, маған атақ алып берем деп жүрген кезде дүниеден өтiп кеттi. Шаппай алар бәйгем талайдың тақымында кеттi. Ал атақ-даңқты ешқашан сатып алмаймын. Сатып алу маған – ар. «Асылды тот баспайды» дейдi

Page 216: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

216

қазақ. Дұрыс түсiнiңiздер, мен өзiмдi асыл таспын деп тұрғаным жоқ, менiң асыл тасым – кешегi қайталанбас қара шалдардан алып қалған ұлы мектеп. Сол даланың академиктерi кезiнде консерваторияның даңқты профессорларын жөнге салып, қате шалыстарын түзеткенiн өз көзiммен көргем. Ал олар Ықыластың өзiнен, балаларынан үйренген абыздар. Асылық айтты демеңдер, Қазақстан аумағында сол шалдардың мектебiн бойына сiңiрiп қалған қобызшы болса маған аты-жөнiн айтыңыздаршы? Мен өзiм ары ойлап, берi ойлап таба алмадым. «Қазақстанның осындай жерiнде бәлен деген мықты қобызшы бар екен» дегендi есiтiсем, табанымнан тозып сол адамды iздеп тауып, қобызын тыңдағам. Сонау Қарақалпақстанның әйгiлi қобызшыларын да көрдiм, бiр-екеуi үйiме келiп дәм татып кеткен.

Жанарбек Әшімжан: Соңғы кездерi қолынан келгендер ұлттыз аспаптарды эстрадаға икемдеп жатыр. Осы үрдiс қасиеттi қара қобызға да келдi. Заман ағысы десек те, осыған байланысты өзiңiздiң түйiп қойған ойыңыз бар шығар?

сматай Үмбетбай: Бiреудiкi бiреуге таңсық болған заман ғой. Айналып келгенде дәстүрлi өнерге эстраданы жамап-жасқап жатқандардың да ойы бөтен емес. Олар да өз әлiнше өнер үшiн еңбек етiп жатыр. Ал шындығына келсек, қобыз үнi ешқандай өлшемге сыймайды, өзге аспаптарымыз да солай. Қазiр бұл турасында пiкiр айта бастасаң жамырап шығатындар жетерлiк. Бәрiн көрiп, бiлiп отырмын. Бұл мәселе жайында аузымен құс тiстеген профессор, академиктер айтсын. «Татарканың» бiр қуысында үйiн салып бiтiре алмай жатқан адамның сөзiм кiмге дәрi? Кiм тыңдай қояды?

Жанарбек Әшімжан: Қобыз ысқышынан ышқынып шыққан өзiңiздiң бiрнеше күйлерiңiз бар. Соның iшiндегi айрықшасы – «Желтоқсан» деген күй. Осы күй жөнiнде аз-кем айта кетсеңiз?

сматай Үмбетбай: Ол күйдi шығармасқа менiң лажым болмады. Мына халықтың iшiне шемен жиналмасын деп тiлеңiздер. Оның ақтарылуы өте жаман болады. Халықтың жансарайы кең, үрген жел сияқты кете бередi. Үре бересiң, кете бередi. Бiрақ оның да шегi болады ғой, күндердiң күнi жарылады. Ал ол шемен жарылған кезде оған ешкiм ие бола алмайды екен, менiң түсiнгенiм осы. «Желтоқсан» күйiнiң айтатын тағлымы сонда. Шындықты айтатын ауыз жаман, адам жаман, ал қасиеттi қара қобызды не деп жазғырасың?

Жанарбек Әшімжан: Сiздiң орындауыңыздағы күйлер iлгерiде радиодан тәуiр берiлiп тұратын едi, соңғы кездерi мүлде сиреп кеттi. Не себептi?

сматай Үмбетбай: Ол күйлер ертеректе жазылған, жырық-жырық қобызбен тартылған күйлер едi. Мiне, қазiр елудiң жетеуiне келiппiн. Кешегi Топай, Басықара, Ерденбай, Сармұқан, Дәулет секiлдi дәулескер

Page 217: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

217

қобызшылардан сабақ алдым. Солардың барлығының қобыз шалуын, қобыз трихын бiр жүйеге келтiрiп, бәрiн жинақтадым. Сосын осыдан төрт-бес жылдың алдында мен радиодағы азаматтарға: «Күйлердi жаңалайын, қазiргi берiлiп жатқан дүниелер ескiрдi ғой» деп өтiнгем. Бiрақ соның сәтi түсе қоймады. Бiздегi радиолар көбiне тек күйдiң өзiн ғана жазып алғысы келедi. Күй болады, сосын оның тарихы болады. Таспаға тарихсыз жазылған күйдiң сiңiмдiлiгi аз. Сондықтан қобызбен тартылатын күйлердi жазған кезде оның шығу тарихын да түртiп алғанның артықтығы болмас деп есептеймiн.

Осыдан бiраз уақыт бұрын Францияға бардым. Үй салып жатқан адамның қолы қайбiр оңып тұрсын, қатып кетедi. Қолқалап қоймады. Бiр жағынан ақша да керек болды, сосын осы тобан қолыммен Парижге бардым. Қасымда Саян Ақмолда деген жас жiгiт бар. Қолымда аттың жалы, түйенiң қомында ала салған қобызым. Ол қобыз қоңыр күйге келедi, тiк күйге келмейдi. Сол жерде француздар тiк күйдi тартуымды өтiнiп қоймады, ал тiк күйге Саяндiкi келiп-ақ тұр. Ақыры болмаған соң тiк күйдi тарттым. Тартып болған соң бөлмелердi аралап қарап жүрмiз. Әр бөлмеде қолдарында магнитафондары бар бес-алтыдан адам отыр. Ана бөлмедегi – түрiктер, мынада – француздар, одан кейiнгiсiнде – ауғандар, келесiсiнде ирандар деген секiлдi кете бередi. Сөйтсем, олар дыбыстық деталь iздеп жүргендер көрiнедi. Топшылауымша қара қобыздың дыбысын таспаға жазып алып өз елдерiне алып бармақ. Игiлiктерiне жаратпақ. Сол күнi кеште менде бiр дүлей тылсым күш пайда болды. Бүкiл кешегi қағысын үйренген қасиеттi қобызшы шалдар жадымнан кетпей қойды. Кiсi баласын жақтырмаймын, жатын бөлмеме келгендердiң бәрiн қуып шықтым. Содан үш күнге дейiн өзiме өзiм келе алмадым. Ертесi үлкен сахнада концерт қойдық. Әйтеуiр есiмде қалғаны күй тартып жатып Саян талып қалды. Өзi тәуiр қобызшы. Сөйтiп ысқышынан от шашқан қара қобыздың сарынынан шетелдiктер де бiр нәрсе iздейтiн көрiнедi. Саян екеумiздiң неше сарынымызды алғанын бiлмеймiн. Әйтеуiр қобыздың қасиетiне француздар сол жолы айрықша таңдай қақты.

Айтпақшы, бiраз уақыт бұрын «Қазақстан» телеарнасындағы Саян жүргiзетiн «Қазақтың 100 күйi» деген хабарына барып күй тарттып бердiм.

Жанарбек Әшімжан: Аға, сiздiң қобызшылығыңыздан бөлек, жауырын қарайтын тағы бiр үлкен қасиетiңiз бар екенiн жақсы бiлемiз. Ашығын айтқанда, жауырын қарау – ата-бабамыздан келе жатқан үлкен киелi нәрсе. Қазiр жауырыннан қашып жүрген сияқтысыз. Солай ма?

сматай Үмбетбай: Рас, мен жауырын қарайтын өнерiм бар. Ертеректе, бала күнiмде бiздiң жақта үш нәрсе жоғалды. Бiр жолы алты бойы жоғалған әйелдi таптым. Жауырынға Майқұдық деген

Page 218: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

218

жермен қоса, үйдiң нөмiрiне дейiн дәл түстi. Менiң жауырыншы атым содан шыға бастады. Үйден шығып кеткен жас баланың сүйегi көп уақыт табылмапты, соны таптым. Сосын сонау Қарағанды, Жезқазған, Жамбыл, Алматыдан жоқ iздеп келгендер көбейдi. Жауырыншы болған соң қас та көп болады екен. Бiр күнi бiреудiң көп кiлемi жоғалды. Оны таптым, бiрақ әкем: «Балам, осы жауырын бiр күнi сенiң жаныңды жаһаннамға бiр-ақ жiбередi, жауырынды таста» дедi.

Кейiн ерлi-зайыптылардың арасындағы бiр-бiрiне деген сенiм- сiздiктерiн жауырыннан қарап беруiн өтiнетiн ұсақ-түйек нәрселер көбейiп кеттi. Киiм-бұйымы жоғалған жұрт есiктiң алдын босатпайды. Ақшасын тықпалап неше байлар келедi. Сосын сол жауырыннан бойлы аулақ ұстай бастадым. Ең соңғы рет Рақымжан Қошқарбаев келiп жауырын қаратты. Өзi ауырыңқырап жүр едi, сол ауруын жауырыннан қарауын қатты өтiндi. Үлкен батырымыз. Жауырынға шыққан шындықты айттым, екi-ақ жылдық ғұмыры қалған екен. Ол кiсiге ауырлау айтып та қойған секiлдiмiн. Бiрақ жауырынның о бастағы сертi сол – жауырынға шығып тұрған ақиқатты ашып айтпасаң өзiңе ауыр болады. «Көбейтуге болмай ма?» дедi Рақаң. «Ғұмырды ұзарту мүмкiн болса жауырынға түсер едi ғой» дедiм. «Егер аман қалып, Алла тағала күш-қуат берiп, қайта тыңайсам мен сенi...» деп тоқтап қалды. Өкiнiшке қарай, екi жылдан кейiн батыр дүниеден өтiп кеттi. Жатқан жерi жарық болсын, марқұм менi керемет жақсы көрушi едi.

Сондай қатты қысылған кезде жол тауып беретiн менiң жауырын деген нәрсем болды. Жауырын арқылы буылып-түйiлiп қалған арқамды ыдыратып жiберетiн қасиеттi қобызым болды. Кейiн жаным үшiн жауырынды қойдым.

Жанарбек Әшімжан: Ендi қобыз өнерiнiң келешегi қалай болады деп болжайсыз?

сматай Үмбетбай: Қобыз шалатындар жоқ емес, бiрақ бәрi бiрдей керемет таланттар деп айта алмаймын. Рас, жақсы қобызшылардың да, шалысы бөлек дарындардың да қатары үзiлмейдi. Бiрақ дарынсыздық та қалмайды. Шын таланттарды бүркемелеп, батыстық даңғазаға елiгушiлер қатары күн санап өсiп барады. Сондықтан қасиеттi қобыз сол қос өркениеттiң ортасында қысылып, демiгiп қала ма деген қорқыныш басым екенiн тағы жасыра алмаймын.

Жанарбек Әшімжан: Ауыл жаққа барып тұрасыз ба? Қазiр ауылда кешегi өткен қобызшы шалдардың сарқыншақтары бар шығар?

сматай Үмбетбаев: Ауыл жаққа соңғы жылдары көп барып жүргенiм жоқ. Қазiр ауылда кешегi қобызшылардан ештеңе де қалған жоқ. Маған қобыз үйреткен ақсақалдар ол кезде 80-ге таяп қалған, мен мүлде бала болатынмын. Абыздардың қыр соңынан қалмай жүрiп үйрендiм. Менiң алдымда сол шалдардан үйренген Оспан деген азамат

Page 219: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

219

болған. Бiрақ соншалықты қобыз өнерiнiң iшiне шенеп кiрiп кете алмады. Ал қобызға бүтiн болмысыңмен берiлмесең кейiн бәрiбiр ұшып кетедi. Тырнақтың ұшымен iлiккен нәрсе бәрiбiр кетiп қалады екен. Жүрекке нығыздалып тұрып сiңген сарын ешқашан жоғалмайды. Мен түн жарымда шырт ұйқыдан ояна кетiп қобыз тартқым келедi. Түн iшiнде қобыз тартқан адамды көрдiңдер ме? Ал мен тартам. Бала-шағам үйренген, ал көршi-қолаң бұдан шошиды.

Жанарбек Әшімжан: Қайбiр жылы сiзге сәлем бере келгенде үй салып жатыр едiңiз, ара-балтаңыз әлi қолыңыздан түспептi?

сматай Үмбетбаев: Бұл үйдi айналып-толғанғалы оншақты жылдың жүзi болды. Бекболат билiкке өнер арқылы келген оғландардың бiрi ғой ғой, сол азаматтан аз-кем көмек сұрағам. Қолұшын бердi. Сөйтiп аннан-мұннан құрап қиюын келтiрiп жатқан жағдай. Арасында шаршағанда қобызды бебеулетiп-бебеулетiп аламын. Содан кейiн қу тiршiлiк қайта жалғасады. Бұл дүние кеуде тұсың тыншығанда барып бiрақ тоқтайды екен.

Page 220: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

220

«қЫЗМетсiЗ қАЛҒАН кҮНi теАтрҒАкҮЗетШi БоЛАМ»

(Театр сыншысы, қоғам қайраткері Әшiрбек Төребайұлы Сығаймен сұхбат)

Жанарбек Әшімжан: Аңдасақ, аға жасына әркiм әрқалай келе- тiнге ұқсайды. Жер ортасын артқа тастаған алпысқа кiсiлiгiңiзбен, ақсүйектiгiңiзбен әдемi келдiңiз. Мерейтойыңыз құтты болсын!

Әшiрбек сығай: 60-қа келгеннiң алды да, арты да мен емес. «Алпыс – тал түс» деп алдаусыратып та жатамыз. Жалпы, мерейтой – кернейлету, сырнайлату емес, есеп беру. Норвегияның ұлы драматургы Ипсон «шығармашылық адамы әрбiр 20 жыл сайын есеп берiп отыру керек» дейдi. Халықтың алдындағы жауапкершiлiктi сезiнесiң. Ал Данченконың тәмсiлi бойынша әрбiр он жылда есеп беру керек көрiнедi. Екi данышпанның мезгiлi әртүрлi болғанымен, ойы бiр жерден шығып тұр. Менiңше, шығармашылық адамы әр он жыл сайын есеп берiп отырса, артық болмайды. Адамның өмiрi шексiз емес, кiсi табиғаты тез тозады. Ал бүгiнгiдей қоғамдық-әлеуметтiк құбылыста екi есе тозады. Көзiңдi аштың, зулап өмiр өтедi. Әрине, селкiлдеп қалған жағдайым жоқ. Дегенмен, қырық, елудегi шығармашылық қуаттың десi басым. Бұрын басы сынық қаламмен-ақ қағазға төне сүссең, қазiр күй талғайсың, әйтеуiр жазбаудың жолдарын iздеуге дайын тұрасың. Ал мерейтой – сондай жайларды жуып-шайып, тазартып, серпiлтiп, көремендердегi рухпен қайта ширығатын кезең бе деп ойлаймын. Құдайға тәубә, ақпарат құралдары аз насихаттап жатқан жоқ. Мен бәрiн қырып жiбердiм демеймiн. Дегенмен, осы уақытқа дейiн өз әлiмше бiраз еңбек еттiм, 11 кiтап, мыңнан астам мақала жазыппын. Мұның сыртында қоғамдық жұмыстар бар дегендей.

Сенiң бүкiл болмысың жазған-сызғаныңнан көрiнiп тұрады. Көрермен мен оқырманды ешқашан алдай алмайсың. Олар сенiң шын сөйлеп отырғаныңды, яки өтiрiк жылмиып тұрғаныңды, бәрiн-бәрiн бiлiп қояды. Сондықтан әрбiр он жыл сайын халық алдында есеп берiп отырған оң ғой деп ойлаймын. Ал расында бiз мерейтой өткiзудi мәртебе, мадақ көретiн жастан өтiп кеттiк.

Жанарбек Әшімжан: Дегенмен, әр он жыл сайын есеп берiп отыру әрбiр шығармашылық иесiнiң қабiлетiне де байланысты ғой. Кейбiреу мерейтойдан мерейтойға сыбай-салтаң келiп жатады дегендей...

Әшiрбек сығай: Әрине, қабiлетке тiкелей байланысты. Мен елу жылдығыма алты кiтаппен келсем, алпысқа тағы бес кiтаппен келдiм. Бұл театр сыншысы үшiн оңай шаруа емес. Өйткенi, бiз негiзiнен фактологиямен жазамыз. Осы орайда мен прозашыларға қатты қызы- ғам. Рахат! Атты Алатауға қаңтарып, түйенi Қаратуға шөгерем десе

Page 221: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

221

де өз қолында. Қиял кеңiстiгi шексiз. 16 беттен қайырса да, 36 беттен қайырса да өзi бiледi. Мен мұқатып отырғаным жоқ, үлкен прозадағы мүмкiндiк рас басқа. Ал менiң саламда таза дерек ойнайды. Көрген қойылымың, көзге түскен әртiсiң, режиссердiң шешiмi, сол шеңберде өз мүмкiндiгiңдi көрсетесiң. Пiшiнi жағынан қысқа, нұсқалыққа жетелегенмен, ойыңды сарқып айтуға мүмкiндiк бермейдi.

Жанарбек Әшімжан: Сiз бiр қарағанда, барлық азаматтармен жақсы қарым-қатынаста жүргендей әсер қалдырасыз. Беделсiз де емессiз. Ендi бiр талқылауларда бетiң бар, жүзiң бар демей талқандап сынап жатасыз. Сонда бұл сiздiң сыншылығыңыздың шынайылығы ма, жоқ обьектiнiң кiлтiн дөп басу да ма?

Әшiрбек сығай: Мен өзiм адамдарды шексiз жақсы көрем. Айналамды өте құрмет тұтам. Кез келген адамның қызметiне, қабiлетiне қарамастан, қатты есептесемiн. Ал талантты адамдарға деген ойым да, құметiм де бөлек. Көрек көзге екiншi адамды қасақана кеудесiнен итергiм келмейдi. Ал шығармашылыққа келгенде ұлтқа, халыққа пайда-зиянына қатысты әңгiмеге келгенде, екi туып бiр қалғаным болса да қатып қалам. Өйткенi мен үшiн сол сәтiнде айтылмаған пiкiрдiң құны көк тиын. Ал кемшiлiктi дер кезiнде айту айып па? Бұл – жанашырлық. Бiр адамның көңiлiне қарап, бүкiл қоғамды ластау – қылмыс! Жеке бас пайда үшiн қоғамға залал келтiрудi үлкен айып деп бiлем. Көмейге келген пiкiрдi керi жұту менде болмайды, ол – мәкүрiк. Ал жекелеген адамдардың көңiлi екi-үш күннен кейiн басылады, оңаша қалып ойланады. Таразылайды. Кейбiреуi сыртымнан ғайбаттайды. Ол әр адамның өз арына байланысты. Ал осы сыншылықпен айналысқаныма 40 жыл болыпты, қанға сiңдi әдетiмдi жасандылыққа, есеп-қисапқа құрған емеспiн.

Жанарбек Әшімжан: Осы кәсiби сыншылығыңыздан немесе тiке айтып салатын турашылдығыңыздан зәбiр көрмесеңiз де зиян шеккен кезiңiз болды ма?

Әшiрбек сығай: Соншалықты жанымды ыстық темiрмен қарып өттi дейтiндей ештеңе бола қойған жоқ. Сыбыр-күбiр, жыбыр-жыбыр болмай қалмайды. Өнер мен мәдениет адамдары тез күйiнiп, тез ашуланшақ келедi. Артынан тез кешiрiм сұрай қояды. «Бұл қайдан шыққан дәу» дегендер болды. «Сен менi сынадың» деп амандаспай кеткендер, доқ көрсеткендер болды. Жалпы, сынды кiм жақсы көредi? Сен мың жерден Белинский, Добролюбов бол, бәрiбiр сынағанды жақсы көрмейдi. Әзекеңдер де өкпелi болып жүрдi. Мен алғашқы жазып жүрген кездерде мұндай жағдайларға едәуiр екпiн беретiнмiн. Кейiн бәрiн түсiнiстiкпен қабылдауға тырыстым. Әрбiр жазған-сызған шаруаларымда бос сөз айтуға ырық бермедiм. Оларды сынау үшiн сен мәселенi өздерiнен де жақсы бiлiп тұруың керек. Соның әсерi шығар

Page 222: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

222

уақыт өте келе бәрi де менiң кәсiбiме түсiнiстiкпен қарай бастады. Санаса бастады.

Жанарбек Әшімжан: Сiз сыншылықтың соншалықты машақатын бiле тұрып, осы жолды саналы түрде таңдап алдыңыз ғой?

Әшiрбек сығай: Мен сыншылықты саналы түрде таңдадым. Негiзi мен актерлықты бiтiргем. Сосын «актер боған соң Ноғайбаевтай, Жантөриндей, Қуанышбаевтай, Молдабековтей болу керек қой» деп ойладым. Бой десең бой, түр десең түр, дауыс десең дауыс бар. Менiң интелеллектуалдық қабiлетiм болғанмен, Қобыландыға, Сырымға, Отеллоға, Гамлетқа сай пiшiнiм болмаса неге мен көрермендi алдауым керек? Мен сияқты орта бойлы актерлар толып жүр. Мен актерлық шеберiк сабағынан бестен басқа баға алған емеспiн, нанбасаңдар мұғалiмiм Хадиша апайдан сұраңдар. Екiншi курста оқып жүргенде ой келдi. Қойылым көп, сын шықпайды. Бiздiң кезiмiзде де сыншы көп болған емес. 1967 жылы ақпан айында II курста оқып жүрiп «Лениншiл жасқа» «Өнерде әркiмнiң өз соқпағы бар» деген көлдей мақала жаздым. Оралхан Бөкеев бөлiм бастығы, досым Сағат Әшiмбаев әдеби қызметкер екен. Мақаламның бiр жерiне қол тигiзбептi. Екеуi мақалаға жоғары баға бердi, одан әрi осы сыншылықты жалғастыруға бел байладым. Сағат пен Оралхан қол соғып отырды, мен сымдай тартылып жазған үстiне жаза түстiм. Сол екi жiгiттi тегiн еске алып отырғаным жоқ, сондай ұлы азаматтармен дос қылған тағдырыма ризамын. Сағат екеумiз түйдей құрдас едiк, 20 жыл жұбымыз жазылмай бiрге жүрдiк. Екеумiз келе жатқанда жұрт сүйсiнетiндей достықта болдық. Сыншылығымның қалыптасуына Құдайдан кейiн сол азаматтардың да себi болған шығар. Менiң орнымда басқа жiгiттер болса, бұл саланы тастап кетер едi. Әйтпесе, режиссер немесе жазушы болып кетуiм де мүмкiн болатын.

Жанарбек Әшімжан: Режиссерлыққа талпынып көрген кезiңiз болды ма?

Әшiрбек сығай: Мен осы институттың қабырғасында жүрiп «Жалбыр», «Бөлтiрiк бөрiк астында», «Батқан кеменiң бейбақтары», «Ромео-Джулетта» секiлдi бiрнеше қойылымдар қойдым. Режиссер- лықтың теориясын ешкiмнен кем бiлем деп айта алмаймын. Бiрақ мен үшiн сыншылық құндылау, қымбаттау болды.

Жанарбек Әшімжан: Сiз қойылымды көрiп отырғанда бiрiншi көрермен ретiнде әсер аласыз ба, жоқ әлде көрiп отырып кәсiби сыншылығыңыз қызметiне кiрiсiп кете ме?

Әшiрбек сығай: Жалпы, кәсiп деген өте қиын. Алып қашып отырады. Көрермен болып, араға бiр дуал қойып отырып қарайыншы десең де болмайды. Кәсiбилiкке шек қоя алмайсың, көрмейтiн жердi көрiп қаласың. Актердың құр сөздi жаттап алып, сылдырып тұрғанын, iшкi жандүниесiнiң ұйқтап жатқанын байқап қалам. Ойсыз сөйлеп

Page 223: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

223

тұрғанын бiле қоям. Сахнаны даңғазаға айналдырып жiберсе, жаным күйiп кетедi. Мен балеттi де, теледидарды да жақсы түсiнем. Бiрақ «Әшiрбек театрдан басқа саланы сынап нан тауып жептi» дегендi естiдiңдер ме? Жоқ! Өнерде келе жатқаныма 42 жыл болса, соның 40 жылын таза театр сыншылығына арнаппын. Қойылым көрiп отырған сыншы тыныш отыра алмайды. Ол режиссердiң де, актердiң де, композитордың да, суретшiнiң де шаруасын қатар атқарып отырады. Бәлкiм бұл дұрыс та емес шығар, ол жағын бiле бермеймiн. Бейқам отыра алмаймын, он рет көрген қойылымды жаңа көргендей қараймын. «Түу, iшегiң көгерiп кетедi ғой» деп Дулат Исабеков күледi маған. Солтүстiк Қазақстанда Ғабеңнiң 100 жылдығында тапжылмай отырып сегiз «Қозы Көрпеш – Баян Сұлуды» көрiп шықтым. Сол фестивальға өзiм Египеттен ұшып келгем. Каир фестивалiне қатысқан елу елдiң қойылымын тағы қарадым. Одан үйге келiп бiр күн қонып, Дулаттың фестивалiне кеттiм. Сондай бiр ай тынбай қойылым көрiппiн. Бұл сыншылық сондай жанкештiлiктi қажет етедi.

Жанарбек Әшімжан: Сiз бiр басыңызға жететiн лауазымды қызметтердi атқардыңыз. Мәдениет министрiнiң бiрiншi орынбасары да болдыңыз. Қыл аяғы мемлекеттiк қызметтi өз еркiңiзбен тастап кеткендердiң алғашқысы да сiз болуыңыз керек. Жалпы, осы қызмет дейтiн нәрсе өнер адамына қаншалықты пайда яки зиян әкеледi?

Әшiрбек сығай: Егер орынтақты орнымен игере алсаң, әумесерлiк- ке ойысып кетпесең, қызметтiң де өзiндiк пайдасы бар. Өмiрдi жете сезiнiп, әсiресе, азаматтарды тереңiрек танисың. Мен таза өзiмнiң кәсiбiме, театр мен музыкаға қатысты саланы басқардым. Теориялық жағын бiлу өз алдына, ұйымдастырушылық қабiлетiңдi үлкен сынақтан өткiзесiң. Өнер туралы тосылмай сөйлей беруiме сол қызметтiң де пайдасы көп тидi. Қолыңа түсе бермейтiн құнды дүниелердi көп оқисың. Мен бес-алты кiтапты сол министрдiң орынбасары қызметiнде жүрiп жаздым. Көбiне түнде жаздым, әлi күнге сол дағдымнан айнығам жоқ.

Сол жылдары атқарған жұмыстармды осы күнi өнер саласында жүрген азаматтардан сұрасаңдар айтып бередi, өзiм айтсам ыңғайсыздау болады. Бiрақ жаман болды ма, жақсы болды ма, театр мен музыкаға қатысты тұтас 20 жыл екi рет орынбасар, өнер басқармасының бастығы болған менiмен тiкелей байланысты болды. ЦК-да бес жыл бойы шығармашылық одақтардың жұмысын қадағалап отырдым. Халық әртiстерi болған азаматтардың қағаздарының барлығын мен толтырдым. Iрi тұлғалардың неше түрлi қақтығыстарын, мiнездерiн де көрдiм. Қызғаныш, iштарлықтың да сан мәрте куәсi болдым. Өнер академиясына ректор болып келген кезде де, атын айтпай-ақ қояйын, бiр профессор алдыма келiп екiншi профессорды ағаш атқа терiс мiнгiзгенi. Ол шығып кетiсiмен, келесi бiреуi келiп ана бiреудi жамандайды. Сосын

Page 224: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

224

мен нүктенi басып қалып жамандалып жатқан адамды шақыра қоям. «Сiз бiлiп жүрсiн деп айтып едiм» дейдi. Артық ақпаратты басыма тыққылап неғылам мен? Осындай жағдай екi рет орын алды, сосын сап тыйылды. Пыш-пыш әңгiменi жаным қаламайды. Өкпесi түсiп кетсе де бетпе-бет отырып айтылған ақиқатты артық көрем.

Жанарбек Әшімжан: Сiз Мәдениет минстрiнiң бiрiншi орынба- сарлығынан өз еркiңiзбен бас тартып, кетiп қалдыңыз. Сонда министр- лiк қызметке тағайындамады деп өкпелеп кеттiңiз бе?

Әшiрбек сығай: Мен қызметтен бiрде-бiр рет ескерту алған адам емеспiн. Өкпе деуге келе қоймас, түңiлiп, торыққаным рас. Екi рет орынбасар болдым, бiр рет алты жыл, бiр үш жыл. Пенде болған соң лауазымға қатысты пиғыл санаңның бiр түкпiрiнде бүк түсiп жататыны тағы ақиқат. Ал министр болып келген адамның бiлiгi, бiлiмi менен оқ бойы озып тұрса, мен үндемей отыра беретiн едiм. Ол менiң қол астымда iстеген, сырын бес саусақтай бiлем, бұл саланы көтере алмайтынына да көзiм жетедi. Түскi сағат 12-ге дейiн жаңа министрдi әкелiп таныстыр- ды, түстен кейiн мен қызметке шыққам жоқ. Болған бiткен сол ғана. «Шығармашылық жұмысқа ауысуыма байланысты менi өзеркiммен қызметiмнен бостауыңызды сұраймын» деп арызымды жазып, сол кездегi үкiмет жетекшiсi Терещенко болатын, соның көмекшiсiне берiп кеттiм. «Жақсы өсiп келе жатқан жiгiт, қызынбасын» деп менi екi ай бойы қызметтен босатпады. Сонда мен шенеунiктiгiмнiң онша мықты еместiгiн, орынтаққа сонша құмар еместiгiмдi анық байқадым.

Жанарбек Әшімжан: Меңзеп тұрғаныңыз Әшляев қой?Әшiрбек сығай: Нақ өзi. Оның жеке басында менiң шаруам жоқ.

Аңқылдап қалған жақсы жiгiт. Республикадағы елу театрды, жиырмадан астам филормонияны, неше кiтапхана, мұрағат, клубтарды басқаратын масштабындағы адам емес, шамасы келмейдi. Мұның сыртында қаншама жұмыстар бар? Ақыры тоғыз ай ғана отырып, қызметтен кеттi. Мен оны анық сезгем.

Жұрт қызық, қызметтен кетсе, бүкiл дүние сол орынтақпен бiрге көшетiндей, далада қалатындай күй кешедi. Маған қазiр өзiм жыға тани бермейтiн көптеген азаматтар келедi, амандасады. «Есiңiзде ме, кезiнде маған пәтер алуыма, жатақханаға тұруыма қолұшын берiп едiңiз ғой» дейдi. Елге көптеп шақырады. Аралаймын, көрем.

Жанарбек Әшімжан: Ал бүгiнгi мәдениеттiң құлағын ұстап отырған ақжағалылардың iс-әрекетiне қаншалықты көңiлiңiз толады?

Әшiрбек сығай: Мен қазiргiлердi онша сезiнбеймiн, сондықтан айта алмаймын. Егер олардың атқарып жатқан шаруаларынан хабарым болса, айтар едiм. Қамқорлығын да сезiнiп жатқаным шамалы.

Мерейтойлардан көре бермеймiн. Қазақтың қаншама атпал азаматтары бақилық болып жатыр? Олардың бiреуiнен мәдениеттiң

Page 225: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

225

құлағын ұстап отырғандарды көргем жоқ. Бұрынғы министрлер торқалы той, топырақты өлiмде жиi бой көрсетушi едi. Әйтеуiр теледидардан «анамен, мынамен кездестi, қазақ тiлiн сұмдық сөйлеп қалды» деп жатады. Мен оны қазақ тiлi деп тiптi де есептемеймiн.

Жанарбек Әшімжан: Ендi ептеп театр жағына ойыссақ. Бүгiнгi драматургияның сапалық көрсеткiшi, қойылымдардың қоғамдағы ор- ны, берер тағылымы қай деңгейде деп есептейсiз?

Әшiрбек сығай: Мен ойымды бүкпей айтатын адаммын, қойы- лымдардың бүгiнгi жағдайына көңiлiм қоңылтақсиды. Бүкiл республи- каға даңқы кеткен, оқиға болған бiр қойылымды айтыңыздаршы? Жоқ. Ал бұрын ондай қойылымдар қатар аз болмайтын. Бiз Айтматовтың «Ана-Жер-Анасына» екi жыл жүрiп зорға кiргенбiз, билет жоқ. Кезiнде көрермендердiң көптiгi сонша, театрлардың есiк-терезесiн сындырып кеткен кездер болған. Адам да, заман да өз орнында.

Жанарбек Әшімжан: Сiздiң пiкiрiңiз осылай түзiлдi. Ал «Туран- дот ханшайым», «Өмiрзая», «Қазақтар» секiлдi қойылымдарға көрер- мендердiң үздiксiз барып жүргенiн көремiз. Жалпы, Әуезов театрын- дағы қойылымдарда көрермендер лық толып отырады. Мұны нендей жағдайлармен түсiндiруге болады?

Әшiрбек сығай: Мына қызықты қараңыздар, осыдан бес жыл бұрын жағдай басқа болатын. Мен адам жиналмай қалып, болмай қалған қойылымдардың куәсi болғам. Ал қазiр кез келген қарабайыр қойылымға барыңыз, орын таппайсыз. Кассада ұзын-сонар кезек. Бұл не құбылыс? Көрермен бүгiнгi қойылымдардан әлi де болса дән iздеп жүр. «Ғайыптан тайып жақсы нәрсеге кез болып қаламыз ба?» деп жүрген көрермендер бар. Ал бiздiң режиссерлар кешегi сол қалып, сол ритм, сол ырғақпен ертеңгi күнге қадам басса, бүгiнгi көрерменнен де айырылып қалады.

Жанарбек Әшімжан: Әлгiндегi күн сайын театрдан табылатын тұрақты көрермендер бүгiнгi күннiң геройын iздеп жүрген жоқ па?

Әшiрбек сығай: Дұрыс айтып отырсыңдар, iздеп жүр. Тәуелсiздiк алғалы 15 жыл болды, ал бiздiң сахнамызды тыпыр еткiзбей ұстап келе жатқан сол баяғы тарихи қойылымдар. Бүгiнгi күннiң геройы қайда? Рас, пьеса да – көркем шығарма, көркем шығарманың толық пiсiп-жетiлуi үшiн уақыт аралығы керек. Бiрақ осыншама уақыт iшiнде бiр қойылым шықпауын нендей жағдаймен түсiндiруге болады? Бiр ғана Желтоқсан көтерiлiсiне қатысты үлкен нәрсе жасауға болмай ма? Мәселе өте көп.

Жанарбек Әшімжан: Сонда осы 15 жылдың iшiнде бiр тәуiр қойылым болмады деп кесiп айту бiр тараптан қиянат болмай ма, аға? «Сiз бүгiнгi театр өнерiне талапты өте жоғары қойып алып, сол биiктен түсе алмай жүрген жоқсыз ба?» деген ой ғой бiздiкi...

Page 226: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

226

Әшiрбек сығай: Ендi жазылып жатыр. Iзденiстер бар. «Қазақ- тардың», «Томиристiң» жазылуы соның айғағы. Ал сахнаның өз шындығы болатынын бiздiң режиссерлар есiнен шығарып алды. Ал талапты ешқашан әлсiретуге болмайды. Бұл әдебиетке де қатысты жайт. Бiз талапты барынша әлсiретiп алдық. Қазiр бұрынғы партком да, профком да, райком да, горком да, кеңшар директоры да, бәрi жазушы болып кеттi. Бүкiл өмiрiн жазушылыққа арнаған Кекiлбаев- пен, Мағауинмен, Жұмәдiловпен, Нұрпейiсовпен бiрге аты белгiсiз партократтар да жазушы болып жүр. Бұрын лауазымды қызмет еткен, қазiр зейнетте отырған кейбiр үлкен кiсiлер «соңғы кездерi осындай естелiк-мемуар жазуды ермек қылып жүрмiн, оқып бершi» деп маған келедi. «Ой, сiздердiң жазғандарыңызға менiң өрем жете бермейдi, мен кiлең кәкiр-шүкiрдi оқимын, ал сiздер өте кесек турайсыздар ғой» деп құтылам.

Жанарбек Әшімжан: Аға, «актерға керек бiрiншi қасиет кескiн-келбет» дегендi сiз екi сөзiңiздiң бiрiнде айтасыз. Расында фактура бiрiншi орында ма? Мәселен, Қасым Жәкiбаевтың қасиетi неде?

Әшiрбек сығай: Актерлық өнерде жетпiс пайыз сыртқы кескiн-келбетке тiкелей байланысты. Екi иығына екi кiсi мiнгендей тұрқымен Ыдырыс, Нұрмахандар күркiреп сахнаға шыға келгенде, денемiз дiр ете қалатын. Көрермен сахнада өзiңде жоқты табу керек. Ал кейде шәпету ғана актерлар iрi-iрi рөлдердi сахнаға алып шыққанда, бiртүрлi сендiрмейдi. Не дауыс, не өң жоқ, шиқ-шиқ етедi.

Жанарбек Әшімжан: Сiз қырық жылға жуық ұстаздықпен айналысып келесiз. Сiздiң шәкiрт тәрбиелеуде нендей негiздерге сүйенесiз? Әшiрбек Сығайдың шеберханасының артықшылығы жайлы айтып өтсеңiз?

Әшiрбек сығай: Мен ең бiрiншi ұстазым – өзiмнiң жүрегiм, түйсiгiм, табиғи қалпым. Өзiмдi тыңдаймын, өзiмнiң қателiгiмдi сараптаймын. Мен әркiмнiң мектебiнiң шөре-шөресiне айналып кетсем, өзiмдi жоғалтып аламын. Мен өзiмнiң сезiнгенiмдi ғана оқушыларыма айтамын. Ал Станиславскиден жылт еткiзiп бiрнәрсе алып, Шекспир- ден ұрлап, Мольерге қол салу менiң табиғатыма жат. Ал ендi «мен керемет мектеп қалыптасытырып қойдым» деп тағы айта алмаймын. Менiң ұғымымда мектеп деген өте үлкен ұғым. Станиславскийдiң өзi мектеп қалыптастыра алды ма, жоқ па, бұл да ойланатын мәселе. Әрине, бұл менiң өз пiкiрiм. Ұрпақ аламасып отырады, уақытпен амалсыз санасуға тура келедi. Уақытпен бiрге сенiң де өзгеруiңе тура келедi.

Жанарбек Әшімжан: Сiз өнерге қатысты ғана емес, қоғамдағы саяси-әлеуметтiк мәселелерге қатысты да үлкен мiнбелерде ащы

Page 227: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

227

сын айтып жатасыз. Бұл сiздiң саяси ахуалға да ебiңiздiң бар екенiн бiлдiрмей ме?

Әшiрбек сығай: Кезiнде маған бiр азаматтар келiп менi Оңтүстiк Қазақстан облысынан депутаттыққа түсуiмдi өтiндi. Қаржылық, моральдық жағынан үлкен қолдау көрсететiндерiн айтты, мен үзiлдi-кесiлдi қарсы болдым. «Отан» партиясы да өзiне мүшелiкке сан мәрте шақырды. Өзге партиялардан да ұсыныстар болған. Жалпы, саясат жүрген жерде шынайылық болмайды. Мiндеттi түрде бiреудi сатып, бiреудiң сөзiн сөйлейтiн сияқты болып тұрасың. Бiр жағынан үлкен мәжбүрлiкке де барасың. Мен ондай болғым келмедi. Мен кезiнде «коммунистiк партияға опа қылыппын да, ендi басқалары қалып па?» дегендi ашық айтқам. Рас, коммунистiк партияға мүше болдым. Қызметке алатын болды да, менi партияға табан астында өткiздi. Ал шындығына келсем саясаткерден, театр сыншылары көп болғанын қалаймын. Бәрiнен ұлы мәртебелi театрдың құны мен үшiн өте жоғары. Ал парламенттегi ұйқтап отырған депутаттарды көргенде, ашуым қозып кетедi. Егер шын мәнiнде депутаттыққа ұмтылып, қалаулы болғанда парламентте бiраз мәселеде ақырып теңдiк сұрайтыныма көзiм анық жетедi. Оған бiлiмiм де, бiлiгiм де, кiсiлiгiм де жетедi ғой деп ойлаймын.

Жалпы, мен өз тағдырыма ризамын. Қуаныш Сұлтановтың маған «Әшiрбек қызметсiз қалған күнi не iстер едiң?» деп сауал қойғаны бар. Бұл – 1980 жылдары едi, ол ЦК-да мәдениет бөлiмiнiң бастығы, мен нұсқаушы болатынмын. Жауабын сол жерде бердiм. «Қызметсiз қалған күнi кез келген театрға барып күзетшi болам» дедiм. Бұл менiң ешқандай боямасы жоқ шын сөзiм.

Page 228: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

228

«ӨНерДегi ШоЛАқБеЛсеНДiЛiкке қАрсЫМЫН»(Театр қайраткері Тұңғышбай Жаманқұловпен сұхбат)

Жанарбек Әшімжан: Соңғы жылдары өзiңiз орындап жүрген «Өнер адамы» атты әндi халық үлкен iлтипатпен қабылдады. Жалпы осы ән сiздiң тағдырыңыз ба? Әндi арнайы тапсырыспен жаздырдыңыз ба?

тұңғышбай Жаманқұлов: Ақан серiнiң «Ән ауруым – не тыңдамай, не қосылмай өте алман» дегенi бар. Менiң әнге деген құмарлығым бала кезден қалыптасқан. Мектепте ән айттым. Өнер адамы болуды армандадым. Алайда өнерге деген талапты өте биiк қойғандықтан жүрегiм дауаламай, қорқыңқырап жүрдiм. Мектептi өте жақсы бiтiрдiм. Кейiн Тараздағы гидромелиаративтiк құрылыс институтына оқуға түстiм. II курсты бiтiргеннен кейiн өнер жағы жеңiп кетiп, Өнер институтына оқуға келдiм. Содан берi осы көкпардың соңындамын.

Менiң әнге деген талабым жоғары болғанымен, ән айтуды кәсiп қылғам жоқ. Сөзiне, мағынасына, жүрекпен үндестiгiне, айтылып жатқан кезеңiне, қоғамның сол уақыттағы көңiл-күйiне қатты мән берем. Менiң Алматыда, облыстық театрларда жүзге жуық шәкiрттерiм бар. Әзiл-сықақ театрларында жүргендердiң 80-90 пайызы менiң шәкiрттерiм. Солардың iшiнде Қадырғали Көбентай дейтiн ән жазатын шәкiртiм бар. Сол Есенқұл Жақыпбектiң кiтабын қарап отырып, менiң болмысыма келедi-ау деген осы «Өнер адамы» атты өлеңге ән жазып, өңдеуiн өздерi жасап, «аға, мына әндi сiз айтуыңыз керек» деп алып келдi. Орындадым. Рас, халықтың жүрегiне жақсы ұялап кеттi.

Себебi, дәл сол кезде менiң басыма бұлт үйiрiлiп, қиянат көрiп, жазықсыз жапа шегiп жүргенiмдi менiң шәкiрттерiм де көңiлiне ауыр алды. Оның үстiне оппоненттерiмнiң маған жасаған қиянаттары елдiң алдында өтiп жатты ғой. Бiрақ мен бұл әндi арнайы тапсырыспен жаздырғам жоқ.

Жанарбек Әшімжан: «Оппонент» деп қалдыңыз. Бұл өзi не нәрсе? Түбi қайдан басталған дау? Жеке араларыңыздағы бас араздықты халықтың алдына өзерiңiз сүйреп шығарған жоқсыздар ма?

тұңғышбай Жаманқұлов: Құдайға шүкiр, жеке бастың әңгiмесiн шешетiн күш-қажырым да, азаматтығым да жетедi. Ал бұл теке-тiрес – өнер жолындағы талғамымның, актерлық, режиссерлық шешiмде- рiмнiң, талғамдық таразыларымның менiң алдымдағы ағаларыммен сай келмеуi.

Жанарбек Әшімжан: Сонда сiз бұл көзқарас қайшылығын кемел- денген шағыңызға дейiн ағалардан жасырып келдiңiз бе?

тұңғышбай Жаманқұлов: Мұны жасырып келдi деуге болмайды. Ол кезде бiз iнi болдық, өзiмiздiң жолымызды табуға күш салдық.

Page 229: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

229

Ағаларымызды аға тұттық, қолына су құйдық, шәй әкелiп бердiк, iнiлiк iзеттiң бәрiн жасадық. Аға түгiлi, бiз Елубай Өмiрзақов, Серке Қожамқұлов, Құрманбек Жандарбеков сынды аталарымызды да көрдiк. Үлгi тұттық, аузымызды ашып тыңдадық. Одан кейiнгi буынға да қызмет еттiк. Келе-келе шығармашылық адамы қалыптасып, өзiнiң жолын таба бастайды. Заманына қарай талап та өзгередi. Аталардың, ағалардың жолымен жүре беру – суреткерлiк емес, көшiрме. Олардың жолын бағалай отырып, сен өз жолыңды салуың керек. Ал «осы жол- мен ғана жүру керек» деген шамшыл, билеп-төстегiсi келген ағаларға мен қарсы шықтым. Бетпақтанғам жоқ, «сiздердiң жолдарыңыз өз миссиясын атқарды, рас, сiздердiң көрермендерiңiз сiздердi аңсайды, бiрақ бiздiң өз көрермендерiмiз бар, бұрынғы бет-беделмен бүгiнгi көрермендi алдау мүмкiн емес, олар жаңашылдықты, тың көзқарасты қажет етедi» деп мәдениеттi түрде күреске шықтым.

Жанарбек Әшімжан: Сiз күреске жалғыз шықтыңыз ба, әлде артыңызда алқалаған тобыңыз болды ма?

тұңғышбай Жаманқұлов: Тобым болды, бiрақ топтың iшiнде серкесi болады ғой. Мен – үрiкпейтiн, қорықпайтын, батыл айтатын серкесi болдым. «Былай айтсам, ана рөлдi бермей қояды-ау» деп ыққам жоқ. Менiң қағидам – кезiнде айтылмаған сөздiң атасы өледi.

Жанарбек Әшімжан: Сiз сонда театрға басшылыққа келгеннен кейiн ғана ашық күреске шықтыңыз ғой?

тұңғышбай Жаманқұлов: Ол алдында да солай болған. Бұл 1993 жылы театрға басшылыққа келген кезде өршiп кеттi. Өйткенi менiң ұстанымдарымды, көзқарасымды бiлетiн оппоненттерiм менiң басшылыққа келуiмдi қаламады. Бұл – ұрпақ алмасудағы шетiн мәселелер, ал менiң ағаларым мұны трагедия жасады, мен тек проблема жасадым. Сөйтiп, жұмысымды жасай бердiм.

Мен таетрға келген кезде жас кейiпкердi жастар, жасы ұлғайған кейiпкердi үлкендер орындады. 60-қа келгенше Қаракөздi, 70-ке келгенше Сырымды ойнағандарға тыйым салынды. Жас рөлдi жастар ойнау керек. Мәмбетовтiң тұсында қаһармандық, натуралистiк ұстын белең алды. Сахнада ботадай боздап жылау, көздiң жасын көлдей төгу, көрермендi егiлдiру, езiлдiру. Оның бәрi уақытында бағаланды, мiндетiн атқарды, шерiн тарқатты. Ендi, қашанғы жылау керек?

Жанарбек Әшімжан: Сонда сiз классикадан қаштыңыз ба?тұңғышбай Жаманқұлов: Мен классикадан қашқан жоқпын,

керiсiнше сол классиканы қазiргi заманға лайықтап, жаңа режиссерлық шешiм әкелуге есiк аштым. Бұрынғы басшылықтың, үлкен ағала- рымыздың шамшылдық билiгiн ыдыратып, Болат Атабаев, Қайрат Сүгiрбеков сынды жаңашыл режиссерларға күш салдым. Ана ағалардың кезiнде құмығып, тұншығып жүрген сол режиссерларға ешқандай

Page 230: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

230

тыйым салғам жоқ. Өйткенi, бұрын бұл театрда «былай қоясың, мына рөлдi анаған бересiң» деген билеп-төстеу болған.

Жанарбек Әшімжан: Демек, сiздiң де рөлден қағылған кезiңiз болды ғой?

тұңғышбай Жаманқұлов: Менi рөлден қаққан кездер болған жоқ. Режиссер да өз қойылымының тәуiр, салмақты болғанын қалайды, сондықтан маған аға режиссерлар рөлiн амалсыз берген. Мәселен, маған Сырымды бердi, ол үшiн домбырамен өлең айта алатын актер керек болды.

Жанарбек Әшімжан: Сырымды неше жасыңызда ойнадыңыз?тұңғышбай Жаманқұлов: 30-дан асқан кезiмде ойнадым. Соның

өзi оларға сұмдық тәжiрибе болып көрiндi. Баспасөзде «дауысы қарлыққан екен, осындай да Сырым бола ма?» деп ол Сырымды қабылдамаған да кездер болды. Сырым адам емес пе? Сүйгенiн тартып алып, «кет қуарған, елден без!» деп қуып жатса, дауысы қарлықпақ түгiл, инфаркт болуы мүмкiн ғой.

Жанарбек Әшімжан: Жалпы, сiздiң театрдың басшылығынан ке- туiңiзге не ықпал еттi?

тұңғышбай Жаманқұлов: Мен бұл театрға жаңалықтың дәнiн септiм. Жаңа талғам орныға бастады. Iрi-iрi қойылымдар қойылды. Жаңа заман туса да бұрынғы психологиядан арылмаған ағаларымыз атын атауға қорқатын Абылай хан, Жүсiпбек, Мағжан секiлдi тарихи ақтаңдақтар қайта оралды. Бiздiң эрамызға дейiн өмiр сүрген Едiл патша, Томирис секiлдi ұлы тұлғаларға арналған қойылымдар қойылды. Бiраз жоспарым орындалмай қалған. ХIV ғасырда Шу бойындағы Жәнiбек пен Керей құрған хандыққа қатысты арнайы Қалихан және Шахимардан ағаларға тапсырыспен жаздырған «Қазақтар» атты пьесаны айтып жүрiп өткен жылы қойдым.

Ендi iлкiдегi сауалыңызға келейiк. Мен кез келген қызметкердiң жүзiне тiке қарай алам, ешкiмнiң алажiбiн аттап, нақақ қиянат жасағам жоқ. Әдiлдiк орнатуға тырыстым. Ол әдiлдiкке қарсылар менi ұнатпады, олар менiң алдымдағы ағаларға сүйкiмдi болған, iнiлерi болған үш-төрт-ақ адам. Ал өнерде бiреуге емес, сахнаға сүйкiмдi болу керек. Актердiң жауапкершiлiгiн күшейттiм. Өмiрде арақ iшiп, көрiнгенге күлебағуды, орынсыз ырбаңды тыйдым. Халықтың алдына шығу үшiн пәтiк керек. «Мен театрдан зорлық-зомбылықтың күшiмен кеттiм» деп айтуға да, айтпауға да болады. Жазықсыз жапа шектiм. Мен бұл театрды ең қиын кезде басқардым. Ине-жiпке, түйреуiшке, жағармайға, тiптi, гримдi сүртетiн қағазға ақша жоқ кезде. Сөйтiп, шамам келгенше театрды, 300-ден астам қызметкердi құлдыраудан, моральдық зардаптардан алып шықтым. Сол жылдары өзге театрдың актерлары босып кеттi. Опера театрының бишiлерi автобусқа төлейтiн тиындары болмай, тамағы

Page 231: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

231

болмай, билеп тұрып аштан құлағандары болды. Бұл ақиқатты Болат Аюханов айтқан. Сол кездерi актерлар үшiн жоғарыдағылардың есiгiн тоздырып жүрiп, айлығын бiр күн кешiктiрген емеспiн. Оған қоса 40-қа таяу адамға ең қиын кезеңде пәтер алып бердiм. Мен театрдың басшылығынан кеткенде үй алудың кезек дәптерiн жауып кеттiм. «Әуезовтiң 100 жылдығы» деп шырылдап жүрiп 30 миллион теңге бөлгiзiп 1996 жылы театрға жөндеу жүргiздiм. Арада он жыл өткен соң тағы жөнделiп жатыр. Қазiргi күрделi жөндеу 365 миллион теңгеге жасалуда, сонда да ақша жетпейдi.

Қазiргiдей жайма-шуақ кезде театрды басқарудың ешқандай қиын- дығы жоқ.

Ақыры менiң оппоненттерiм құзырлы орындарға театрдың қамы үшiн емес, менi кетiру үшiн жетi-сегiз жыл қылқылдап жүрiп, өз армандарына жеттi. Мен оған өкiнгем де жоқ.

Жанарбек Әшімжан: Ел iшiнде «Жаманқұловтың тұсында театр коммерциялық нысанға айналып кеттi» деген де сөз болды. Бұл қаншалықты рас?

тұңғышбай Жаманқұлов: Осы әңгiменiң негiзi бар ма, ойлаң- даршы? Театр базар болып кеттi ме? Сол кездегi «Турандот» деген мейрамхана күнi бүгiнге дейiн тұр.

Жанарбек Әшімжан: Сол кездерi «Жаманқұлов шетелден автокөлiк әкелiп сатып жатыр» деген де әңгiме шықты...

тұңғышбай Жаманқұлов: Ол тiптен өтiрiк. Мен шетелден қалай көлiк әкелем? Керiсiнше, мен осындағы «Daewoo» деген компанияның басшыларын демеушiлiкке көндiрiп, театрға екi автобус, бiр ауыр, бiр жеңiл автокөлiктi тегiн алдырдым. Оның алдында Мәмбетов мiнген жалғыз қара «Волга» ғана жүретiн, қалғаны қирап сарайда тұрды. Мен сол қирап тұрған көлiктердiң өзiн қайта жасатып, iске асырдым. Кейiн мен кеткен соң, ол көлiктердiң бәрi сатылды.

Жанарбек Әшімжан: Бүгiнгi репертуарлық саясатқа көңiлiңiз тола ма?

тұңғышбай Жаманқұлов: Осыдан бiр-екi жыл бұрын театрдың репертуары майдаланып, 60-жылдары облыстық театрларда қойылған дүниелердi қайта қойған кездер болды. Мұның бәрi театрдың жұмысы, оны бәлендей жамандауға болмайды. Дегенмен, iлгерiде түсiп қалған «Абай» секiлдi қойылымдар баяғы режиссерлық шешiммен қайта қойылды. Оның қажетi бар ма едi? Осындай нәрселердi жиналыстарды, сұхбаттарымда ашық айтам. Бұл театрда менiң сұхбатымды оқымайтын адам жоқ. Қайсыбiр газетке «Мен бұл театрдан қуса да кетпеймiн, өйткенi менiң жүзiм жарқын» деген сипатта сұхбат бергем, соның астын сызып тұрып дәлiздегi тақтаға iлiп қойыпты. Әдейi. Және ол тақтада өтiрiк мақтаған, тапсырыспен жазылған мақалалар да iлiнiп тұрады.

Page 232: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

232

Дегенмен, қазiр жаман емес. Жалпы, репертуарға байланысты театрдың басшысын жамандауға болмайды. Пьеса жоқ болса не iстейдi?

Жанарбек Әшімжан: Әлгiнде бiр сөзiңiзде актерлардың құрамы туралы айтып қалдыңыз. Театрдың дәл қазiргi актерлық құрамына қандай пiкiр бiлдiресiз?

тұңғышбай Жаманқұлов: Қазiргi актерлық труппаның негiзгi 80-90 пайызы жастар. Ол да менiң кезiмде жасалған саясат. Бүгiнгi басшылықтың тұсында да театрға бiраз жастар келдi. Мен керiсiнше, бiраз үлкен кiсiнi «апа», «ата» деп жүрiп зейнеткерлiкке жiбердiм. Кейбiрiмен келiсiм-шарт бойынша жұмыс iстедiм.

Жанарбек Әшімжан: Бiраз бұрын елге аты кеткен үлкен актерлар сiздiң үстiңiзден арыз түсiрдi. Сот болды. Сiз әйгiлi әртiстердi «профнегодный» деп жұмыстан босатқанбысыз, әйтеуiр бiр үлкен шу болды ғой.

тұңғышбай Жаманқұлов: Оның бәрi өтiрiк. «Профнегодный» дегендi ойлап шығарған менiң оппоненттерiм. Олар әлгi белсендi әртiстердi, былайша айтқанда, өз мақсаттарына таптырмас құрал ретiнде пайдаланған. Мен ол кезде кезектi еңбек демалысында болғам.

Жанарбек Әшімжан: Сiз сотта жеңiлiс таптыңыз ғой. Әлгi әртiстер соттың шешiмiмен театрға қайта оралды емес пе?

тұңғышбай Жаманқұлов: Сотта менi жеңiлдiрдi ғой, не iстейсiң? Бiзде ондай да жағдайлар болады. Заң бойынша жасалған нәрсенi жоғарыдан зорлықпен жеңдiрттi. Судьялар сатылды, сендерге осы ақиқатты айтайын ба?

Ешқайсысы репертуарда жоқ, тiптi, бiреуi әлi күнге дейiн қазақша бiлмейдi. Және бұл шешiмдi мен емес, арнайы комиссия шығарған, яғни, олар аттестациядан өтпей қалғандар. Менiң мақсатым – сол әртiстердiң бәрiн қуу емес, заңға бағындыру болған. Әртiс заты не бала-шағамен, не театрмен болуы керек. Және олардың денi институтта сабақ беретiн.

Жанарбек Әшімжан: Соңғы кездерi, әсiресе, «Көшпендiлер» фильмi түсiрiле бастаған тұста сiздiң үнiңiз актерлардың iшiнде ерекше естiлдi. «Көшпендiлер» жайлы пiкiрiңiздi бiр емес бiрнеше мәрте айттыңыз. Жалпы, бiзге бүгiнгi кино саясаты төңiрегiнде көкейiңiзге түйiп жүрген мәселелердi айтсаңыз?

тұңғышбай Жаманқұлов: Жалпы, өнердi басқаруға болмайды. Өнердi қақпайлау емес, қаупайлау керек. Қазiр бiздiң киноның басында жүргендер бастық болады, қақпайлайды. Басты кiнә осында. Қазiр қазақ киносының басында Сергей Әзiмов дейтiн амбициясы Алатаудай адам отыр. Өзi документалист, бұрын үлкен ұжыммен жұмыс iстемеген, өзi режиссер, өзi түсiрушi болған. Ал осындай азамат басқарып отырған кино өндiрiсi төңiрегiнде қандай толымды пiкiр айтуға болады? Топ

Page 233: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

233

құрып, киностудияны айнала қоршап алғандар. Өздерi кино түсiредi, өздерi актер таңдайды. Киноның маңайы шым-шытырық саясат.

Ал «Көшпендiлердiң» түсiрiлуiне, ақша бөлiнуiне Әзiмовтiң ешқандай қатысы жоқ. Бұл идеяны алғаш президентке бұрынғы министрлер айтқан. Баққожа Қасымжанов дейтiн «Қазақфильмнiң» бұрынғы басшысының да еңбегi бар. Идея толық пiсiп-жетiлiп, ақша бөлiнген тұста Әзiмов келiп қонжиды. Керек десеңiз, «Көшпендiлер» тiкелей президенттiң қамқорлығымен жүзеге асырылған дүние. Ал бiз оның жұлым-жұлымын шығардық.

Баяғыда Нұрекеңнiң: «Кино мамандарына Абылай хан туралы фильм түсiрiңдер дегенiме төрт жыл болды, олар әлi таласып жатыр, ендi не болар екен?», – дегенiн өз құлағыммен естiгем. Ақыры фильм түсiрiлдi, алайда онда ағайындық, жең ұшынан жалғасу кең етек алды. Мұндай пиғыл орын алған жерде өнер тумайды. Әрине, рөл жөнiнде менiң еш өкпем жоқ. Құдайға шүкiр, америкалық режисерлер менi рөлсiз қалдырмады. Ойнадым. Менi бiздiң жiгiттер сызып тастаған жерiнен солар тауып алды. Оқиға кездейсоқ болған. Америкалықтар Қазақстанға келедi де актерлер iздей бастайды. «Сардар» деген фильмдi тамашалап отырып менi көрiп, «мынау қайда, табыңдар» дейдi. Өйткенi «Көшпендiлерге» түсетiн актерлердiң фотосуретi арасында мен жоқпын. Қойшы, сонымен фильм түсiрiлетiн кезде Әбiлқайырды емес, Уәли сұлтанды сомдайтын болдым. Ақыры бастапқы шешiм қайта қабылданды. Сөйтiп, Әбiлқайырды кинода үш рет ойнадым. Мәселе онда емес, менi қынжылтатыны мынау: «Көшпендiлер» – жылда бола беретiн жоба емес. Оның үстiне президенттiң өз ықыласымен атқарыл- ған шара. Соған осындай жауапсыздықпен қарағандары жаныма ба- тады, намысым келедi. Киноға түсiрмей қойса да шындықты қорықпай айттым: «Әрқайсыңда екi машина, базарға – мерседес, тауға – джип. Қаржыны шаша бермеңдер, жетпей қалады, америкадан топырлатып шақыра бермеңдер, бiзде де мықты актерлер көп», – дедiм. Тым құрыса, Абылай ханға қазақтың жас жiгiтiн түсiру керек едi. Абылай хан менiң рөлiм деп отырған жоқпын. «Көшпендiлерде» оның жастық шағы ғана бейнелендi емес пе? Ал Әбiлқайыр – менiң рөлiм. Бiрақ оның соғыс алдындағы дайындығы, билердi шақыруы сияқты көптеген тұстарын қысқартып тастады.

Жанарбек Әшімжан: Неге?тұңғышбай Жаманқұлов: Белгiсiз. Есесiне жоңғарлар әрекетi

көбейiп кеттi. Сосын мен жiгiттерге «бұл фильмдi «Көшпендiлер» демейiк, «Ғалдан Сереннiң қазақ елiне жасаған соңғы шабуылы дейiк» дедiм. Бiрақ фильм жақсы.

Жанарбек Әшімжан: Өзiңiзге ұнады ма?

Page 234: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

234

тұңғышбай Жаманқұлов: «Көшпендiлер» фильм ретiнде ұнады. Бiрақ тарихтан мақрұм, ата дәстүрден жұрдай жастарға көруге болады. Ал тәуелсiз мемлекет болып қыруар қаржы бөлген фильм ел күткендей болмады.

Және менiң төңiрегiмде «Жаманқұлов ақшаға таласыпты» деген де әңгiмелердi көбейттi. Оның бәрi өтiрiк. Мен ақшаға таласқан жоқпын. Мұндай жел сөздi менiң қарсыластарым әдейi таратып жүр. Рас, «Көшпендiлерге» түскеннен кейiн мен он мың доллар алдым. Өмiрiмде кинодан мұндай ақша алып көрген емеспiн. Әлгi менiң қарсыластарым менi үлкен кiсiге дейiн жамандаған. Кино түсiру алаңына елбасының өзi келдi. Алдынан шығып амандастық. «Өй, Тұңғышбай сенi былшиып семiрiп кеттi деп едi, нормальный екенсiң ғой» дедi. «Аға, мен баяғыдан осылаймын» дедiм. Осы театрдан кетерiмде де «Нұреке, менi қабылдаңыз» дедiм. Қабылдады.

Жанарбек Әшімжан: Қабылдауын не үшiн өтiндiңiз?тұңғышбай Жаманқұлов: Түсiнiсу керек болды. Маған сенiм

артқаны үшiн рахмет айтайын дедiм. Жанарбек Әшімжан: Абылай хан рөлiн қазақ сомдауы керек едi

дедiңiз. Сiздiңше, оның рөлiне кiмдер лайықты едi? тұңғышбай Жаманқұлов: Iздесе табылады ғой. Жанарбек Әшімжан: Аттарын айтсаңыз...тұңғышбай Жаманқұлов: Егер мен режиссер болсам, Дулыға

Ақмолдаев, Ерлан Бiләл, Жастар театрындағы Рахман сияқты көптеген жас актерлардан таңдар едiм. Тiптi, облыстық театрларда да мықты-мықты мамандар бар. Мен америкадан актер шақырылғанына қарсы емеспiн. Бiрақ, олар басты рөлде емес, Ғалдан Серен, Ораз сияқты рөлдерде ойнауы керек едi. Ал басты рөлдерде қазақтар болса, қандай ғанибет! Қысқасы, бiз президенттiң тапсырмасын орындай алмадық.

Жанарбек Әшімжан: Соңғы 10-15 жылда киноға жаңа толқын келдi. Маман ретiнде айтыңызшы, осы толқын өз мақсатын қаншалықты орындады? Жалпы, «Жаңа толқынның» беталысы қандай?

тұңғышбай Жаманқұлов: Киноға жас мамандарды тарту Олжас Сүлейменовтiң тұсында басталған. Ол кiсiнiң бастамасымен бiр топ жасты Мәскеуге оқуға жiберiлдi. Оқуды бiтiрiп келген жастар лап етiп көрiндi. Олар – Ардақ Әмiрқұлов, Талғат Теменов, Сатыбалды Нарымбетов сияқты жiгiттер. Бұлар кезiнде жарқырап көрiндi де бiрден тоқтап қалды. Кезiнде «Отырардың күйреуiн», «Абайды» түсiрген Ардақ Әмiрқұлов қазiр неге фильм түсiрмейдi? Өйткенi, Ардақ ана директордың алдына иiлiп бармайды. Директордың айтқанына көне бермейдi.

Page 235: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

235

Жанарбек Әшімжан: Бүгiндерi көп қазақ көрермендерi бiле бермейтiн фильмдер шетелден жүлде алып келiп жатыр. Мұның себебi неде?

тұңғышбай Жаманқұлов: Бұл да кино басшыларының кесiрi деуге болады. Бiзде қазiр кинопрокат жоқ. Кино көрсетiлмейдi. Кинотеатрлардың барлығын сатып жiберген. Басшылар шырылдап жүрiп оларды алып қалуы керек едi. Қазiр сендер Әуезов театры маңынан дүңгiршек көрдiңдер ме?

Жанарбек Әшімжан: ?..тұңғышбай Жаманқұлов: Мен директор болып тұрған кезiмде

маңындағы жердi театрдың меншiгiне құжатты түрде алып алғанмын. Қазiр ол жер қаланың да меншiгiне жатпайды.

Жанарбек Әшімжан: Алматыда оншақты кинотеатр бар. Барлығы да кiлең шетел фильмдерiн көрсетедi. Қазақ киносын насихаттауға соларды көндiруге болмай ма?

тұңғышбай Жаманқұлов: Жекеменшiк кинотеатрларды ұстап тұру оңай емес. Олар көп қаржы шығарып, жөндедi. Техникалық құралдар сатып алды. Миллиондаған ақша кеттi. Ендi оны қайтару керек. Қалай қайтарады? Шетелдiк кинолар көрсетедi. Егер қазақ киносын көрсетсе, сен барасың, мен барамын. Басқа кiм барады? Шетелдiк киноға келгендей қазақ киносына халық қаптап келмейдi. Сондықтан, кинотеатр иелерi үшiн қазақ киносы пайдасыз. Бұл – бiр. Екiншi, егер кинотеатр иесiнiң намысы болып, тым құрыса, күнiне бiр сағат қазақ киносын көрсетуге болады ғой. Өкiнiшке қарай, олай iстеп отырған бiр кәсiпкер жоқ. Ал солай жасауға мұрындық болып отырған кино басшылары және жоқ.

Жанарбек Әшімжан: Желтоқсан оқиғасына байланысты түсiрiлген Қалдыбай Әбеновтiң «Аллажар» фильмi туралы ел iшiнде жылы пiкiрлер көп айтылады. Тiптi кейде оның көрсетiлуiне де тыйым салынуда. Жалпы, осы фильм жөнiнде пiкiрiңiз қандай?

тұңғышбай Жаманқұлов: Мен ол фильмдi жақында көрдiм. Маған ұнады. Аз қаржыға түсiрiлсе де, шетелдiк фильмдер деңгейiнде түсiрiлген өте жақсы фильм екен. Ал бұл туындының шеттетiлiп жүргенiн мен де түсiнбеймiн.

Басы ашық бiр әңгiме, бүгiнгi қазақ киносының басында отырған жiгiттер бюджеттен бөлiнген қаржыны өзiне ұнайтын режиссерлерге ғана бередi. Ал ол Сергей Әзiмовке ұнайтын немесе соның айтқан «идеясы» бойынша кино түсiредi. Оқырман қауым менi дұрыс түсiнсiн, мен жiгiттердiң өкiметтiң берген ақшасына жол-жөнекей қожайын болып, қақпайлап, өзге iскер режиссерларды шетке тебетiнiне қынжыламын. Әйтпесе, мен ешкiмнiң ештеңесiн де қызғанбаймын. «Болса, қазаққа болсын» деп жүрген азаматтың бiрiмiн.

Page 236: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

236

Жанарбек Әшімжан: Сiз эфирлерде, газет-журналдарда ащы-ащы пiкiр бiлдiресiз. Сiздi жан-дүние бүгiнгi өнердегi келеңсiз iстердiң оппозициясы секiлдi көрiнедi. Солай ма?

тұңғышбай Жаманқұлов: Менiң айтып отырған әңгiмелерiм бүгiнгi заманға, саясатқа қарсы ма? Қарсы емес. Мен өнерде жүрген шолақ белсендiлерге оппозициямын, егер оны оппозиция десек. Оппозиция деген сөздi қазiр бiрден саясатпен байланыстыра қоятын болдық. Бұл сөздiң түбi – басқаша ойлайтын адам. Яғни, суреткер ретiнде менiң талғамым бөлек.

Жанарбек Әшімжан: Сiз ұлтшылсыз ба?тұңғышбай Жаманқұлов: Ұлтшылмын. Елiмiз тәуелсiздiк алғанда

бөркiмдi аспанға атып қуанғанмын! Желтоқсанда алаңға шықсам, ұлтшылдығымнан шықтым.

Жанарбек Әшімжан: Алаңға кiм-кiм бардыңыздар?тұңғышбай Жаманқұлов: Әзiрбайжан Мәмбетов екеумiз бардық.

Ол кiсi мәшинасын жiберiп қойған екен, менiң жаман жигулиiм болған, Әзекеңдi салып алдым да үйiне қарай тартып отырдым. Алаңның тұсына келгенде, топ адамды көрдiк те бардық. «Аға, ақыл айтыңызшы» деп бiр топ жас ортасына алды да кеттi. «Айналайындар, тәртiпсiздiкке бармаңдар, арандап қалмаңдар, өркениеттi түрде қарсылық көрсетiңдер, қарындарың ашса үйлерiңе барып тамақ iшiп, қайтып келiңдер» дегенiмде маңдайыма бiр кесек тас тарс етiп тидi. «Қайтып келiңдер» деген сөзiм үшiн менi кiм ұрды? Әрине, «үш әрiп» ұрды. Қан жоса болдым да қалдым. Мiне, тыртығы әлi күнге дейiн тұр. Ес жиғанымда «Мәмбетовтi штабқа алып кеттi» деп естiдiм. Ол кiсiнiң басын жарып, тепкiлеп ауруханаға түсiрiптi.

Жанарбек Әшімжан: Кейiннен сұраққа тартылдыңыздар ма? тұңғышбай Жаманқұлов: Тартылғанда қандай, үш ай тергелдiк.

«Ешкiмдi танымаймын, бiлмеймiн» деп құтылдық. Сол кезде танылып қалған кезiм ғой, соттай қоймайтын шығар деп сендiм.

Жанарбек Әшімжан: Осы танымалдықты бұлдаған кезiңiз бол- ды ма?

тұңғышбай Жаманқұлов: Танымалдығымды ешқашан бұлдаған емеспiн. Танымалдылығымның кейде рахатын көрем. Театрды басқар- ған кезде 100 пайыз танымалдылығымның пайдасы тидi. Кез келген министрге кедергiсiз кiрiп барамын. Кiрiп барамын да театрға ақша сұраймын. Қиын кезеңдерде театр қызметкерлерiнiң мүддесi үшiн сондай да жолдарға бардым.

Жанарбек Әшімжан: Ақшаға тәуелдiсiз бе?тұңғышбай Жаманқұлов: «Ақша керегi жоқ, мен оны жақсы

көрмеймiн» десем, адам болғаным. Ақша керек. Ақша дегенiмiз – еркiндiк, тәуелсiздiк.

Page 237: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

237

Жанарбек Әшімжан: Естуiмiзше, сiз бай-қуатты тұрасыз. Ал театрдан актер ретiнде алатын жалақыңыз мардымсыз болар. Ақшаны қайдан табасыз? Бизнесiңiз бар шығар?

тұңғышбай Жаманқұлов: Мен қасқыр сияқтымын. Бөрi азығы жолда. Бала-шағамның азығын жол-жөнекей қарпып жүрiп табам.

Жанарбек Әшімжан: Той басқарасыз ба?тұңғышбай Жаманқұлов: Басқарамын. Ол мен үшiн бiр жағы

пайда көзi.Жанарбек Әшімжан: Сiз кинода көптеген тарихи рөлдердi сом-

дадыңыз. Дегенмен, «шiркiн-ай осы рөлдi ойнасам» деген тiлегiңiз бар ма?

тұңғышбай Жаманқұлов: Актерде ондай арман көп болады. Түрiм келе ме, келмей ме, онда шаруам жоқ, Шыңғысханды ойнағым келедi. Басқа да әлемдiк деңгейдегi тұлғаларды ойнағым келген. Өнерге келу де – ерлiк, өнерден әдемi кете бiлу де ерлiк. Бiрiншi ерлiктi көбiмiз жасаймыз, ал кету ерлiгiн жасай алмай жүрмiз. Мен Жамбылда өте жақсы оқып жүрiп ерлiкпен өнерге келдiм деп есептеймiн. Содан берi өнердегi әдiлетсiздiкпен әлi күресiп келемiн.

Жанарбек Әшімжан: Бұл күрестiң қалай аяқталатынын iшiңiз сезе ме?

тұңғышбай Жаманқұлов: Әдiлеттiкпен аяқталады.

Page 238: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

238

«тАҒДЫр МеН оқИҒАсЫЗ ҮЛкеН кИНо туМАйДЫ»(Кино режиссері Серiк Жармұхамедпен сұхбат)

Жанарбек Әшімжан: Соңғы кездерi елiмiзде кинофестивальдер жиi өтiп жүр. Таяуда ғана «Шәкен жұлдыздары» болды. Ендi «Еуразия» кинофестивалi екiншi рет өткiзiлiп отыр. Екеуi де халықаралық мәртебеге ие. Халықаралық фестивальдердiң бiздiң елiмiзде жиi бола бастауы Қазақстанның ТМД аймағында үлкен кино орталыққа айналғанын бiлдiре ме?

серiк Жармұхамед: Олай деп айту қиын шығар. Мұндай нәрсе- лердiң бәрiнiң артында дәл қазiр саясат тұр деп есептеймiн. Ал аз ғана уақыттың iшiнде қос бiрдей халықаралық фестивальдiң болуы тегiн емес. Алда президент сайлауы келе жатыр. Бұл – үлкен саяси дода, ал мұндай мәдени шаралардың белгiлi деңгейде саяси қырлары да жоқ емес. Жалпы алғанда, ондай фестивальдердiң болғанының еш зияны жоқ. Бiрақ «Орта Азияда қазақ киносы ұлттық деңгейге көтерiлiп кеттi, бұл фестивальдер соның айғағы» деу – жаңсақтық. Бiрақ президенттiк сайлаудан кейiн мұндай ауқымды шаралар бiр-екi жыл түк болмағандай кiлт тоқтап қалмай ма деген де ой жоқ емес. Қазiр көзге көрiнетiн шаралардың бәрiне келсiн-келмесiн саяси рең берiп жатырмыз. Бүгiнгi таңда адам уақыттан қалып қойды. Уақыттың iшкi ағысының қуаты сондай – бүгiнгiң ертеңгi күнге меже бола алмайды. Себебi, уақыт бiздiң жоспарымызға көнбейтiн жағдайға жеттi. Мына «ойбай шаптың» айналасынан аттап шыға алмай тұрғанымыз да сол.

Әр ғасырдың басы осындай топалаңдарға толы. Және бiздiң ұлттық дiлiмiз де сәл нәрсенi алаулатып-жалаулатып кетуге тым бейiм. Кинода да осындай жағдай. 1990 жылдары кино өндiрiсiне «жаңа толқын» келген кезде, «ойбай, бұл жаңалық!» деп жалаулата жөнелдiк. 10 жыл жалаулаттық. Далақтап олай шаптық, бұлай шаптық. Абай айтпақшы, «екi көзiмiз аспанда, шапанымыз атымыздың артын жауып қалды». 15 жыл өткен соң «ойбай-ау, мыналар түк те бiтiрмептi ғой, бұлар ұлттық киноға не бердi?» деп әлгi «жаңа толқынды» ағаш атқа терiс мiнгiзiп жатырмыз. Бұл ендi ұлттық болмаса да, шығыстық менталитет.

Жанарбек Әшімжан: Бүгiнгi қазақ киносының төрiне шыққан сол «жаңа толқынға» деген сiздiң өзiңiздiң көзқарасыңыз қалай?

серiк Жармұхамед: Бұл толқында киногерлер ретiнде өсу бар. Бәрi Ресейде, Соловьевтiң мектебiнен тәлiм алып келдi. Авторлық стильдi тәуiр меңгердi. Ал авторлық кино француздарда 1960 жылдары Годардың кезiнде басталған.

Жанарбек Әшімжан: Авторлық кино деген не ұғым?серiк Жармұхамед: Авторлық кино ешқандай саясатқа да, адамға

да бағынбайды. Не қалайсың, соны жасауға қақың бар. Ал сол авторлық

Page 239: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

239

кино түсiруге кез келген режиссер құқылы ма? Оған да бiз мән бермедiк. Мүмкiндiгi және қаржысы бар режиссер авторлық кино жасайды, бiттi. Мәселен, сонша мақтап жүрген Серiк Апрымовтың «Соңғы аялдама», «Ақсауат» фильмдерi маған тегi ұнамайды. Бұл өз ұлтыңды мансұқтау арқылы көзге түскен туынды дер едiм. Кинода «типтiк дәрежеге көтерiлу» деген бар. Ал сол Апрымовтың киносындағы штрихтарды типтiк қатынас дей аласыздар ма? Шығыстық канондарға салып көрiңiзшi, бiреуiне де келмейдi. Ал шетелде ол фильмдер – экзотика. Сол фильмдер арқылы шетел бiздiң халықты африкалықтар ретiнде қабылдауы да мүмкiн.

Жанарбек Әшімжан: Апрымов бар, тағы бiрнеше режиссерлердiң туындылары жыл сайын шетелден жүлде әкелiп жүр. Сонда ол туындыларға сыйлықты экзотика үшiн бере ме?

серiк Жармұхамед: Көбiне сол үшiн бередi. Сол фильмдердiң «Гран-при» алып келгенi бар ма? Жоқ. Тек жекелеген рөлдер үшiн, ынталандыру бағытында берiп жатады. «Көрмегенге көсеу таң» демекшi, оны елге алып келiп жалаулатамыз. Себебi, бұл толқынды кино өндiрiсi тұрғысынан алып қарасақ өсу бар. Бұл өсу «жаңа толқын» болмаса да орын алатын едi. Себебi, Аймановтың, Қожықовтың, Қарсақбаевтың iзiн алып келе жатқан режиссерлер киноны бiр орнында тұрғызып қоймас едi. Бейнелеп айтқанда, жүгерi өсiрушi оны өндiрудiң жаңа сорттарын шығарды деген сияқты. Дегенмен, «жаңа толқынды» бас салып жамандай беруге де болмайды. Сондай-ақ «жаңа толқынның» iс-әрекетiне қол шапалақтап, даңғазаланудың да керегi жоқ. Менiңше, кейiнгi режиссерлердiң жаппай авторлық кино түсiруге қақысы жоқ қой деп ойлаймын.

Сатыбалды Нарымбетов – кинода көп жүрген режиссер. 1980 жылдары әр режиссердiң дебют жасауына мүмкiндiк туды. Сол кезде жұрт жалғыз дебютына малданып жүргенде, Нарымбетов бес-алты дебют жасады. Бiрақ ол кезде Сатыбалды өзiн-өзi таба алмаған. Авторлық кино түсiре бастағалы ғана Нарымбетовтың екiншi тынысы ашылды. Өзгеше ойлау жүйесiн алып келдi. Қазiргi уақыттың iшкi түйсiгiн дөп таба алды десе де болады.

Жанарбек Әшімжан: «Барлық режиссерлердiң авторлық кино түсiруге құқы бар ма?» дедiңiз ғой. Ал кинематограф тұтас авторлық киноға көшiп кетсе, онда көрерменге кiм кино жасап бередi?

серiк Жармұхамед: Рас, бұл күрделi мәселе. Халыққа не керек? Халыққа жақсылықты уағыздау керек. Кинодан асқан үлкен идеология жоқ. Менiңше, әдебиет те идеология бола алмайды. Кино әшейiн шәй iшiп отырып-ақ санаңды жаулап алады. Еңбектеген сәбиден, еңкейген қартқа дейiн кино көредi. Ауылдағы үлкен кiсiлердiң өзi көрген сериалдарынан өз ауылының кейiпкерiн тауып алып отыратыны да

Page 240: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

240

содан. Өзi адам жүрген жерде бес-алты ғана проблема бар ғой. Сол проблемаларды көрермен өз бойынан да көрiп қалуы мүмкiн. Сондай-ақ мультфильмдер де балалардың назарын айрықша жаулап барады. Бұрынғы балалар «пық» деп қана атушы едi, қазiргi бала ес бiле сала қос қолын түйiп алып «дү-дү-дү-дү-дүт» деп атады. Бiр тараптан бұл нәрселер патриоттық, елдi қорғау тұрғысынан дұрыс та болуы мүмкiн. Бiрақ ұлттық мәдениеттен аулақтау сусындаған баланың есейе келе өз ұлтына өзi жат болып кететiнi рас. Мысалы, бiздiң балаларымыз үшiн Әмен Хайдаровтың классикалық мультфильмдерiнен гөрi батыстың атыс-шабысқа толы мультфильмдерi әлдеқайда қызық. Өйткенi, батыстық туындылардың iшкi ырғағы басым, жас сананы үйiрiп әкетуге бейiм тұрады. Әңгiмемiздiң басы «авторлық кино» дегеннен шығып кеттi ғой. Сондықтан қандай нәрсе болса да ең бiрiншi өлшем – ұлттық идеология болуы керек. Киноны қалыпқа келтiрмей, ұрпақты тәрбиелеу – қиын мәселе. Бұл – киноның артықшылығынан емес, таңның атысынан кештiң батысына дейiн санаңның төрiне келiп малдас құрып отырып алатын экранның қуаттылығы. Сен қарайсың ба, қарамайсың ба, экран сенiмен есептеспейдi.

Жанарбек Әшімжан: Әңгiменi ұлттық киноға қарай бұрсақ...серiк Жармұхамед: Бiздiң тiлге қатысты көзқарасымыз секiлдi,

ұлттық киноға деген түсiнiгiмiз де шалағайлау. Өйткенi, кино көбiне-көп ауылдан келгендердiң емес, орысша тәрбиеленген, барлық ұғымды орысша қалыптастырған адамдардың қолында болады. Әлiмсақтан солай. Сосын олар кино түсiргенде ауылға, ұлтқа тән ұғымдардан гөрi әлемдiк канондарға көбiрек ұмтылады. Сондықтан бiзде ұлттық кино бар ма? Болуы мүмкiн бе? Қандай жағдайда болады? Бұл үлкен проблемалық сауалдар. Бiрақ дәл қазiргiдей алашапқын уақытта ұлттық киноны қалыптастыру, әй, мүмкiн емес шығар.

Жанарбек Әшімжан: Айтпақшы, таяуда ғана түсiрiлiп бiткен «Көшпендiлер» фильмiн көрдiңiз бе?

серiк Жармұхамед: Көрдiм. «Көшпендiлер» түсiрiлiп бiткелi әңгiме ауаны бiр дамылдаған жоқ. Түрлi көзқарастар айтылып жатыр. Белгiлi бiр мөлшерде ол туындының халықаралық аренада өзiнiң көздеген мақсаты да бар шығар. Ал егер әңгiменi ұлттық киноға, қазақ ұлтына қарай бұрсақ, онда бұл фильмнен ұлттық құндылықтарды iздеудiң керегi жоқ. Қазақтың тарихын, хандық дәуiрiн iздеп әуре болмаңыз. Ғұндар дәуiрi ме, одан бергi заман ба, белгiсiз. Әйтеуiр көшпелi ел, олардың да билiгi болған екен, ханы болған екен, сайын даланы жайлаған екен деген ғана түсiнiк. Сондықтан «Көшпендiлердiң» басына «Тәжiкфильм» немесе «Түркiменфильм» деп қойсаңыз да еш айырмасы жоқ. Бұл картинаның сценарийi туралы да үлкен таластар орын алды. Сәкен Жүнiсов бiр-екi рет тулап қалды. Мен ол сценариймен танысқам,

Page 241: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

241

100 пайыз басыбүтiн көшiрiп алды деуге келмейдi. Дегенмен, оқиға желiстерi ұқсас. Мұның бәрi режиссураға, драматургияға байланысты.

Бiрақ фильмнiң негiзгi мақсаты орындалған секiлдi. Көрермен ақшасын төлеп барады. Прокат мәселесiн жолға қойып алған сияқты, естуiмше, қазiрдiң өзiнде шетелдiк үш-төрт телеарна сатып алған көрiнедi. Кино өндiрiсi дегенiмiз – қайнап жатқан қанбазар. Мұнда жалғыз адамның идеясы немесе ықпалы түгел өте бермейдi. Түсiру алаңының маңайында миллиондаған ақша айналып жүредi. Ал үлкен ақша жүрген жерде үлкен тартыстар да болады. Және бүгiнгi уақыттың өзi – ақшаның құлы. Адамды уақыт, уақытты ақша билеп тұр. Мәселен, алғашқы кезде «Көшпендiлердi» түсiруге келген шетелдiк мамандардың әрқайсысына 100 жеңiл көлiк алып берiптi. Қонақ үйден бәрiне люкс алып бердi. Бәлкiм, белгiлi бiр мүдделер үшiн бұл да керек болған шығар.

Жанарбек Әшімжан: Сiздер «жаңа толқын» деп атап жүрген режиссерлердiң бiразына «неге көрермен көретiн фильм түсiрмей- сiздер?» деп сұрағанбыз. Сөйтсек, олардың ұғымынша көрермен көретiн кино – сериалдар, қарабайыр дүниелер екен. Расында олай емес қой?

серiк Жармұхамед: Әрине!Жанарбек Әшімжан: Көрерменге арналған кино дегенiмiз де

көркемдiк деңгейi жоғары, сапалы дүниелер емес пе?серiк Жармұхамед: Шынын айтқанда, халық қандай киноны

көретiнiн сол режиссерлердiң өздерi де түсiнбейдi. Олар «халық та мен сияқты түсiну керек» деп ойлайды. Өнердiң қай саласы болса да халық үшiн емес пе?

Жанарбек Әшімжан: Мәселен, Шәкен Айманов, Сұлтан Қожықов, Абдолла Қарсақбаев, одан кейiнгi бел ортасында сiз, Амангелдi Тәжi- баев, Шәрiп Бейсембаев, Мұрат Омаров жүрген буынның арасында жалғастық бар едi. Қазақ кино мектебi бар-жоғын айту қиындау, бiрақ ұрпақ жалғастығында бiрiздiлiк бар сияқты едi. Ал «жаңа толқын» келген тұста сол жалғастық үзiлiп қалды. Мұның себебi неде?

серiк Жармұхамед: Олар алғаш қысылып-қымтырылмастан «киноның жаңа дәуiрiн бастадық, қазақ киносы бiзден басталады» дегендi ашық айтты. Плюрализм. Әркiмнiң өз пiкiрiн айтуға құқылы. Бiрақ киноның дамуы мен тарихына қатысты бағаны тарихшылар мен сыншылар беру керек. Алғаш «жаңа толқынның» аяқ-қолын жерге тигiзбей мақтадық. Қазiр газет-журналдарға қарасаңыз, оларды мансұқтап жатыр. Және уақытында тақиясын аспанға атып мақтағандар қазiр «бұлар қате iстеген екен ғой» терiс пiкiр айтып жатыр. Бұған не дейсiздер, ендi?

Page 242: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

242

Мен бiр қызық жағдайды айтайын. Мойындайық, мойындамайық, қазақ киносының классикасы – «Қыз-Жiбек». Сол «Қыз-Жiбектi» бастағанда Ғабит Мүсiрепов сценарийiн алып келдi. Басында бас салып мақтады, ақыр аяғында жарамайды деп алып тастады. Ғабиттiң сценарийiнде кино көштен басталатын. Оның бәрiн алып тастады.

Жанарбек Әшімжан: Жаратпаған кiмдер?серiк Жармұхамед: Ол кезде Олжас төраға болып отырған. Сосын

көркемдiк кеңесте өмiрi илiге қоймайтын Асқар Сүйлейменов болды. Тағы бiраз мамандар болған. Кейiн фильм сәттi болып шықты. Бiрақ мұны жасаған Олжас та емес. Қожықов – философ-режиссер, бiрақ ол өзiнiң орнын тапқан жоқ. Сондықтан бұл Сұлтан Қожықовтың өз киносы деп айту тағы қиын, себебi, «Қыз-Жiбек» Сұлтанның ойлау жүйесiнен басқа фильм болып шықты. Сұлтан жазуға шебер, бәрiн философияға құрады. Мысалы, Жiбек пен Төлегеннiң отауда оңаша отырған кезiнде моншақтарды шашып жiберетiн тұсы бар ғой. Мұның философиялық астары сұмдық, ендi. Осыны ойлап шығарған Сұлтекеңнiң өзi. Мiне, осындай детальдар бар, ал жалпы алғанда бұл туынды Қожықовтың ойлау жүйесiнен алыстау. Менiңше, ол ойлай бiледi, көре бiлмейдi. Мәселен, Қожықовтың «Қыз-Жiбекке» дейiнгi фильмдерi тартпада жарамай қалды. Ал «Қыз-Жiбектен» кейiн түсiрген «Қажымұқаны» дүрiлдеп кету керек едi, олай болмады. Шындығында нашар дүние болды. Сұлтекеңе еш шек келтiрiп тұрғаным жоқ, бiрақ «Қыз-Жiбектен» өзге түсiрген фильмдерiн Қожықовтiкi деп ешкiм айтпайды. «Қажымұқан» анау болды. Сонда бұл фильм қайдан келдi? Осы сауалды iлгерiде марқұм Камал ағадан сұрадым. Сонда Камекең «мынауыңның жаны бар, мұны зерттейтiн нәрсе екен» деген-дi. Сол «Қыз-Жiбекте» басынан аяғына дейiн екiншi режиссер болған Виктор Пұсырманов едi. Одан да сұрадым. Ол да үнсiз. «Қазақ киносының нөмiрi бiрiншi режиссерi, философ – Қожықов екенiн бiлем, бiрақ мынау қалай?» деп әлгi сауалды Асанәлi Әшiмовке де қойғам. «Әрқайсымыз рөлдердi өзiмiз дамытып әкеттiк қой, бiрақ жаңағы мәселе бойынша ойланбаппын» дедi.

Жанарбек Әшімжан: Сонда кiмдiкi?серiк Жармұхамед: Бiлмеймiн.Жанарбек Әшімжан: Бәлкiм, актердың, оператордың, жалпы түсi-

ру тобының жеке шеберлiктерiнен жиналған шығарма болар? серiк Жармұхамед: Әйтеуiр, осы жағы маған жұмбақ. Рас, ұжым-

дық жұмыс болғаннан кейiн ондай да болады. Бiрақ киноның өзегiн басынан аяғына дейiн шып-шырғасын шығармай ұстап отыру – таң- қаларлық жағдай. Әйтеуiр сол кiсiлерде керемет бiр адам түсiнбейтiн тылсым дүниелер бар едi. Абдолла Қарсақбаев фильмнiң монтажына ешқашан қатыспайтын. Сосын ол кiсi нағыз ұлттық тәрбиеден шыққан

Page 243: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

243

тұлға және режиссерлiк импровизация ғажап едi. Мен 1977 жылы Мәскеудiң жоғары курсын бiтiрiп келгенде «Алпамыс мектепке барады» атты фильмге мен екiншi режиссер болып бардым. Аталған картинаның режиссуралық сценарийi – ұжымдық жұмыс. Мұнда бас оператор – Әбiлхан Қастеевтiң ұлы Әбiлтай Қастеев болды. Жасы жетпеген Алпамыс үйде қалып, Қалиханның мектепке барып қайтып келе жатқанын, екеуiнiң бiрiншi кездесуiн түсiрмекпiз. Сценарий бойынша бәрi жаман емес, Қалихан мектеп киiмiмен келе жатыр, «бүгiн сендерге ненi оқытты?» деп алдынан Алпамыс қораның iшiнен жүгiрiп шығуы керек. Осы эпизодты түсiрудi Абдолла маған тапсырды. Бәрiн түсiрiп шықтық. Сағат үштерде Абдолла Қарсақбаев келдi. Түсiргенiмiздi көр- сеттiк. «Қалиханды қайтiп киiндiрiңдер?» дедi. Түсiндiрiп жатырмыз. Сосын өзi Қалиханның көйлегiнiң түймелерiн қисық түймелеп, аяқ киiмiн мойнына асып, сөмкесiн екi аяғымен тепкiлетiп қойды. Мiне, Абдолланың импровизациясы баланың психологиясын осылай тiрiл- тiп жiбердi. Ал кино түсiрiлiп бiткеннен кейiнгi мәселелерге аралас- пайды. Егер фильм жасау процесiнiң басынан аяғына дейiн өзi жүретiн болса, ұлттық киноның көкесiн Қарсақбаев жасар едi.

Жанарбек Әшімжан: «Сценарий түзетiлу үшiн жазылады» деген қағиданың рас болғаны ғой?

серiк Жармұхамед: Кино түсiру алаңында қанша адам жүрсе, әрқайсысының басында сонша сценарий жүредi. Әлгi түпнұсқа басыбүтiн түрленiп кететiн кездер аз емес. Ал ортаңқол ленталар қайдан шығады? Ол сценарийден ұзап шыға алмаған кезде болады. Кейде ортаңқол ғана режиссердiң едәуiр жақсы фильмдерi болатын кездер де аз емес. Бұл киноға қатысы бар барлық мамандардың жеке шеберлiктерiнiң бiр нүктеде тоғысқандығының әсерi.

Жанарбек Әшімжан: Ендi сiздiң жеке шығармашылығыңызға қарай ойыссақ. Өзiңiз сценариймен қалай жұмыс iстейсiз?

серiк Жармұхамед: Менiң ең алғашқы фильмiм Тынымбай Нұрмағамбетовтiң «Екi мая шөп» деген ғажайып әңгiмесiне құрылған «Сәрсенбiнiң сәтiнде» деген картина болатын. Ақкөңiл қазақ. Ағасы ауданда iстейдi. Мұнда ойнаған жалғыз ғана сөз. Ағасы iнiсiн ауданға шақыртатын жалғыз ауыз сөз. Сол сол-ақ екен, iнiсi «аудандағы ағам менi бастық қылмағанда, кiмдi бастық қылады?» деп өз бетiнше әрекеттенiп кетедi. Тракторларды алғызады, курсанттарды жинайды. Бәрiн жұмысқа жегедi. Сөйтсе, ағасы iнiсiн ауданға мүлде басқа шаруамен, апасының қызы күйеуге шықпақшы екен, соған екi-үш күн көмектес деп шақыртыпты. Мiне, комедияның детальдары осы ғана. Бұл – Лаврентий Сонның тапқаны, таза драматургия. Маяның түбiнде әңгiмелесiп жатқан екi адамның әңгiмесiн жеке-жеке оқиғаға құрып шықты. Мысалы, сол таза ұлттық фильм болды. Сценарийiн Лаврентий

Page 244: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

244

жазған. Бұған қырғыз режиссерi Болат Шәмшиев те қызыққан. Соның сценарийi бiтуге таяғанда, Болат Шәмшиев келе қалды. Тынымбайдың әңгiмесiн де, Соның сценарийiн де Болаттың қолына ұстата қойдым. Оқып шықты. Сосын «мұның бәрi далбаса, бiр аптадан кейiн мен саған қатқан сценарий жазып берем» дедi. Содан Болатым үш ай жоғалып кеттi. Ақыры Лаврентийдiң сценарийiмен түсiрiлдi. Басты рөлге Мейiрман Нұрекеевтi алдым. Менiң досым Ғадiлбек Шалахметов ол кезде бас редактор болатын, соның ықпалы болды ма, бұл туынды Олжасқа қатты ұнады. «Литгазетада» «Многообещающий режиссер» деген пiкiрiн бiлдiрдi. Олжас «жас» деп отырған Жармұхамедов ол кезде қырыққа келiп қойған. Менiң кинодан алған жалғыз атағым осы және сол жетедi.

Мен түсiрген фильмдерiмде актердi өте сәттi таңдадым. Мен кейiпкердiң iшкi жан дүниесiне ену үшiн iрi планмен жұмыс iстегендi тәуiр көрем, ал iрi түсiрiлiмдi кез келген актер ұстай алмайды. Бiрiншi фильмге Нұрекеевтi, екiншi «Өтелмеген парыз» фильмiне Әнуар Молдабековты таңдаған себебiм сол. Құр iс-қимылдан гөрi актердi iрi планға шығару көп нәрсенi ұқтырады. Мәселен, «Өтелмеген парыздағы» басты рөлге Нұрмұхан Жантөрин қатты түскiсi келген. Олжасқа барып «сценарийдi оқыдым, маған қатты ұнады, соған түскiм келедi» дептi. Олжекең шақыртты. «Фильмдi алып қояр ма екен?» деп күдiктенiп барғам. Ондай да болады. Сөйтсем, Олжас Жантөриннiң өтiнiшiн айтады.

Жанарбек Әшімжан: Ол кезде сiз актер таңдап қойып па едiңiз?серiк Жармұхамед: Жаңбырбаевты, Молдабековтi және Жантө-

риндi сынақтан өткiзiп қойғанбыз. Сосын «Олжеке, бұл бұйрық па?» дедiм. Олжас: «Жоқ, мiндеттi емес, ерiк өзiңде. Мен өтiнiшпен келгенiн ғана айтып тұрмын» дедi.

Жанарбек Әшімжан: Егер кино саласының басшылығы «осы актердi аласың» деп мiндеттесе...

серiк Жармұхамед: Алмасқа амалың жоқ. Маған ұнағаны Молдабеков болды. Болмаған жағдайда Жаңбырбаевты ойластырып қойғам, онда iшкi иiрiм болмағанмен кескiн-келбет бар едi. «Жантөрин- дi алмай жүрген Жармұхамедов ақымақ шығар» деуi мүмкiн, ол – қазақ киносының тарихындағы үздiк үштiкке кiретiн актер. Бiрақ Нұрмұхан сол тұста «Өзбекфильмнiң», «Тәжiкфильмнiң» фильмдерiнде басма- шыларды көп ойнады. Қозғалысында сол басмашылардың iс-қимыл- дары қалып қойды. Жалт қарайды, шалт қимылдайды дегендей. Байқасаңыздар, «Сұлтан Бейбарыста» да Жантөриндi iрi планда тек көзiн ғана көрсетедi. Жаулау, басып алу көзқарасы ол Бейбарысқа келедi. Ал мұнда жүрегi ашып салатын, немересiн iздеп жолға шыққан абыз шал керек болды.

Page 245: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

245

Жанарбек Әшімжан: Ол кезде Әнуар Молдабековтiң жастау кезi болу керек, иә?

серiк Жармұхамед: 46-да болатын. Әнуар «осы кинода мен әкемнiң жүрiс-тұрысын, қимыл-қозғалысын түгел қайталадым» дедi. Сосын мен емес, Әнуардың тапқан тапқырлығын айтайын. Фильмде шалдың қалаға, Досхан мен қыздың үйiне келетiн тұсы бар. Үшеуi шәй iшiп отырады. Бiр уақытта Әнуар дастарханның үстiнде ойланып отырып, нанның үгiндiсiн алақанымен бiр жерге жинап отырады. Жинап болған соң, оны алақанына салады. Сосын алақанындағы наның үгiндiсiн аузына салады. Бұл әрбiр қазақтың дастарханында болатын таныс көрiнiс қой. Мiне, кинодағы ұлттық деген ұғым осы. Мәселен, «нан қадiрлi, нан құдiреттi, нан пайғамдардың тамағы» деп сан рет айтсаң да, экранда ұлттық сипатқа илiктiре алмас едiң. Ал Әнуардың бұл әрекетi үлкен философиялық түйiн болып шықты. Дәл осыны өзi тапты. Сосын түсiру басталмай тұрып «менi асықтырма, таспам кетiп жатыр деп аянба» дейтiн.

Жанарбек Әшімжан: Осы «Өтелмеген парыз» – сiздiң халыққа ең танымал фильмiңiз. Осы картинаны түсiру барысында түпнұсқа сценарийден ауытқушылық болды ма?

серiк Жармұхамед: Бұл Төлен Әбдiктiң үш беттiк «Қыз Бәтiш пен Ерсайын» деген әңгiмесi болатын. Кинода әңгiме басыбүтiн өзгерiп кеттi. Смағұл Елубай жазған сценарийдiң 40 пайыздайы өзгердi. Қысқасы, сценарийге табан тiреп тұрып қалу мүмкiн емес. Мысалы, Дулат Исабековтың «Гауһартасынан» керемет фильм шығаруға болатын едi. Ал мұнда Бейсенбаев пiшiнмен қалып кеттi, iшкi желiсiн түзеп алып кете алмады. Онда таңылған нәрселер көп. Мен кереметпiн деп тұрғаным жоқ. Мәселен, менi көп ешкiм режиссер демейдi. Және айтқанын да қаламаймын. Мұның бәрi өзiңдi жарнамалауға да байланысты. Соның әсерiнен ортаңқол дүние аспандап, атауға тұратын фильмдер атаусыз қалып кетедi. Мысалы, Кврикадзенiң «Өлместiң оралуы» деген жақсы фильмi болды. Егер соны аспандатып әкеткенде нағыз ұлттық кино қорының төрiнен орын алар едi. Бiрақ оны кино деп ешкiм атаған жоқ. Сондай-ақ Болат Мансұровтың «Сұлтан Бейбарыс» фильмi өте әдiл бағасын алу керек едi. Оның «Құлагерiнiң» қазақшасын жасауға мен ептеп араласқам. Сондағы Iлияс Жансүгiровтiң Құлагердi суреттейтiн өлеңi менiң қолқаммен енгiзiлдi. Мен осындай нәрселердi киноға жасаған еңбегiм деп түсiнем. Бұл – классикалық фильм. Ол да ортаңқол болып қалды. Мұндай елемеушiлiктiң артында жекелеген адамдардың қарапайым ғана пендешiлiгi, жалған амбициялардың текетiресi тұр.

Жанарбек Әшімжан: О баста «Өтелмеген парыздың» аяқталуы басқаша болған көрiнедi. Сол туралы аз-кем айтып өтсеңiз.

Page 246: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

246

серiк Жармұхамед: Бiз фильмдi екi-үш түрлi аяқтағанбыз және үш нұсқасын да түсiрiп қойғанбыз. Бiр нұсқасында шал немересiмен кездесiп аяқталатын. Бұл «бай болып барша мұратына жеткен» ертегiнiң сықпытына жақындау болды. Оның бәрi алынып тасталып, картина өзгеше аяқталды. Ең соңында шал зираттың басына келiп, асықты моланың басына қояды. Асықты зиратқа тастату Олжастың ұсынысы едi. Олжекең «мұнда асық басты рөл ойнау керек» деп қоймады. Ал мен өз басым бұл тәсiлдi онша қалай қоймағам. Осы үшiн сыншылар «екi аяғымды бiр етiкке тығатын шығар» деген де ой болған. Ал қай қазақ, қай мұсылман моланың басына барып асық қоюшы едi? Бiр қызығы, мұны ешбiр сыншы байқамай қалды. Және моланың басында, тастың үстiнде асықтың шашылып жатқаны iрi планмен көрсетiлетiн тұсы болған. Мен қулық жасап Олжасқа көрсетiп алған соң, ол тұсты кесiп тастадым. Бәлкiм, сол тұсын сақтап қалғанда, одан да тереңiрек болар ма едi... Қалай болғанда да бұл көрiнiс өзiн философиялық жағынан ақтап кеткен сияқты.

Жанарбек Әшімжан: Зираттың басында ақсақалдың Құран қайтаратын тұсы бар. Ол коммунистiк кезең. Осы көрiнiс атеистердiң «елегiнен» қалай аман қалып қойды?

серiк Жармұхамед: Дiнге деген көзқарас оңбай тұрды ғой, бiрақ жауын-жауынның арасынан өтiп кеттiк. Мысалы, ақсақалдың апаттан қайтыс болған баласын жерлеп жатқанда, молданың айтатын «қандай адам едi?», «қарызы жоқ па едi?» деген сөзiн экранда iрi түсiрiлiммен көрсеттiк. Бұл ешбiр кинода болмаған жағдай. «Өтелмеген парыз» фильмi 1985 жылы түсiрiлген, биыл 20 жыл болыпты. «Ұлттық кино дегенiмiз не?» деген тақырыпта ұлт туралы терең толғана алатын азаматтардың басын қосып, ұлттық киноға лайық бес-алты фильмдi талқылатса деген ойым болып жүр. Даттасын, мақтасын, мәселе онда емес, мамандар тек ұлттық деген ұғымның аражiгiн ажыратып берсiн. Бұл кейiнгi әжептәуiр киногерлерге сабақ болатын едi.

Жанарбек Әшімжан: Аға, соңғы кездерi кино өнерiнен неге шеттеп кеттiңiздер?

серiк Жармұхамед: «Жаңа толқын» сәл кеудемсоқтау болды. Өздерi 15-20 шақты адам, бiр-бiрiмен қоғамдасып, топ құрып кеттi. Мәскеудiң авторитетi – Соловьев, ал ол жақсы жайылған дастарханның үстiнде «бiздiң балалар – данышпан» дейдi. Бiттi. Киноның бәрiн соларға беретiн болды. Мәскеуден келгендер оларды «о, мыналар керемет» дейдi, ал Мәскеуден келiп пiкiр айтқан адам бұл жақтағы киноның басында жүрген адамдар үшiн заң. Алғашқы толқыннан кейiнгi Шәрiп Бейсенбаев, Виктор Пұсырманов, Амангелдi Тәжiбаев, Болат Шманов және мен. Қазiр осы төрт-бес режиссер не ары емес, не берi емес,

Page 247: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

247

екi ортада қалып қойды. Одан кейiнгi Ардақ Әмiрқұловтың өзi кино саласына әрең сыйып жүр. Оның «Жас Абайын» Бауыржан Нөгербек орынсыз сынады. Ол сын емес. Ал «Жас Абай» едәуiр жақсы фильм едi. Ал алғашқы түсiрген «Отырардың күйреуi» фильмi – 100 пайыз Куросаваның «Жетi самурайына» елiктеу. Бiр жолы монтаждағылар «күнде түсiру алаңына кеткенде «Жетi самурайды» бiр көрiп кетедi» деп қалды. Сосын мен әдейi екi фильмдi салыстырып отырып қарап шықтым. Тiптi бүтiн түсiрiлiмдердiң мерзiмiне дейiн дәлме-дәл сәйкестендiрiлген тұстарын аңғардым, бiрақ мұны ұрлық деуге тағы келмейдi. Оны ешбiр адам айтқан жоқ. Жалпы тағдыр мен оқиғасыз үлкен фильм жасау мүмкiн емес. Егер ұлттық идеологияның деңгейiне жететiн кино шығарса, дәл қазiр әсер етiп отырған қандай да бiр сыртқы экспансияны тықсырып шығарар едi. Өйткенi, кино – мемлекеттiк индустрия. Себебi, ұлттық киноға шөлiркеп отырған аудиторияның салмағы басым болып тұрғаны тағы шындық.

Жанарбек Әшімжан: Соңғы 15 жылда сiзге қатты ұнаған фильм болды ма?

серiк Жармұхамед: Кейiнгi түсiрiлген дүниелердi бәрiн бiрдей мұқият көрдiм дей алмаймын. Және «осы кино керемет айызымды қандырды» дейтiндей кино көре алмадым. Бiрақ Дамир Манабаев, Ардақ Әмiрқұлов өзiн толық көрсете алмай жүр ғой деп ойлаймын.

Жанарбек Әшімжан: Бiр жиында Дулат Исабеков ағамыз «неше жыл болды, көркем туындыға лайық кейiпкер таба алмай жүрмiн» деген пiкiр бiлдiрдi. Сiздiңше, әдебиетте болсын, кинода болсын бүгiнгi заманның кейiпкерi кiм болу керек деп есептейсiз?

серiк Жармұхамед: Бұл туралы ойланып көрмеппiн. Дегенмен бүгiнгi күнi уақыттың уысында кетiп, өзiн-өзi таппаған адам жайлы кино түсiруге болады. Мәселен, өзiн таппай бүгiнгi заманның жасы жайлы. Басын тауға да, тасқа да ұрды. Бизнеске барды. Қайта келдi. Бұл уақытты көрсететiн нәрсе болар едi. Сосын «Болашақ» стипендиясымен шетелге оқуға барып жатқан жастар жайлы тәуiр кино түсiруге болады. Жартысы келдi, жартысы қалды. Арасында тiлiн ұмытқандар да бар. Баяғы Бейiмбеттiң кейiпкерлерi секiлдi, келгенде жартысы ағылшын акцентiмен сөйлейдi. Бұл – саяси ағым мансұқтау емес, бар болған киноөнер арқылы уақыттың тамырын дөп басу.

Жанарбек Әшімжан: Қазақ киносының ардагерi ретiнде бүгiнгi «Қазақфильм» киностудиясының жұмысына, басшылығына қандай баға берер едiңiз?

серiк Жармұхамед: Сергей Әзiмов басқарып отыр ғой. Жақсы азамат, iскер, ұйымдастыра алады, мүмкiн қаржылы шығар. Бiрақ ол өте бiлгiр басшы емес. Баяғы Iлияс Омаров, тiптi бертiн келетiн болсақ,

Page 248: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

248

Сламбек Тәуекел де емес. Дәл қазiр киноның басында демагогтан гөрi ұлттық идеологияны түсiнетiн, соған жаны ашитын ұлтшыл тұлға болу керек. Мәселен, Сергей ұлттық идеология туралы айта ма? Айтпайды. Себебi, ол ұғым өзiнде жоқ, болмайды да.

Жанарбек Әшімжан: Осы киноның, жекелеген киногерлердiң маңайында айқай-шу көбейiп кеттi. Одақтың басшылығына таласып топ-топ болып жүрген жұрт. Бәрi қазақ киносының жолында құрбандар сияқты. Солай ма?

серiк Жармұхамед: Бiрақ әлгiндей жекелеген талас-тартыс әлi де жалғаса бередi. Ал анығына келетiн болсақ, бұл – таза пендешiлiктен, жеке бас араздығынан туған күңкiлдер. Мұның кино өнерiне мысқалдай қатысы жоқ.

«Қазақфильмге» келген әр басшының тұсында әртүрлi тiзiмдер жасалады. Жағымды, жағымсыз деген секiлдi. Жағымдылары басшы- лыққа жақындау жүредi, кешегiндей халықаралық фестивальдерге шақырту алып, төрiнде отырады. Жағымсыздары үйiнен ұзап шыға бермейдi.

Жанарбек Әшімжан: «Жағымды» тiзiмге кiру үшiн не iстеу керек? серiк Жармұхамед: Кейде оған кездейсоқ та кiрiп кетесiң. Кейде

солармен бiрге жүрiп, бiрге тұруың керек. Ол тiзiмге кiрудiң жолдары көп.

Page 249: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

249

«қИЫН кеЗеңДерДе Де ортАқ ИДеАЛДАрЫМЫЗДЫ ҰМЫтПАуЫМЫЗ керек!»

(АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ричард Хоугландпен арнайы сұхбат)

Жанарбек Әшімжан: Құрметті елші мырза, сіз бұған дейін де Орта Азия елдеріндегі мемлекеттерде елшілік қызмет атқардыңыз. Демек, сізді Орта Азия жөнінде маман деуге толық негіз бар. Осы аймақта тұратын халықтардың жалпы мәдени, әлеуметтік, экономикалық және саяси ахуалына сіздің нақты қазіргі қалыптасқан көзқарасыңыз қандай? Еуразия кеңістігі бойынша Қазақстанды қазір Батыс Азияға жатқызғысы келетін тұжырымдамалар пайда бола бастады. Сіз мұны қалай сараптар едіңіз?

ричард хоугланд: 1991 жылы тәуелсіздік алғалы бері Орталық Азияның әрбір елі өздерінің төл тарихы мен мәдениетіне, қалыптасқан дәстүр-салтына негізделген ерекше бет-бейнесін қалыптастырып келеді. Сонымен бірге, әрқайсысы өзінің саяси және экономикалық даму жолын таңдап алды. Олардың кейбірі, мәселен Қазақстан, айтарлықтай жетістікке жетті.

Ал Қазақстанның геосаяси спектрда қай жаққа жататындығына келер болсақ, меніңше, Қазақстанның өз байламына жүгінген дұрыс болар еді. Қазақстан Еуропа да, Азия да емес, ол – Еуразия. Жағрафиялық жағынан да, мәдени тұрғыдан да алып қарасақ, бұл сөзіміз рас болып шығады. Қазақстанның 140 ұлт пен ұлыстың Отаны болып отырғанының өзі оның аймақтағы ерекше орнын паш етеді. Біз АҚШ туралы айтқанда, «сан ұлттың қайнаған қазаны» деген тіркесті жиі қолданамыз, дәл осыны Қазақстанға қаратып айтуға да болады. Америка Құрама Штаттарының барлық тұрғындарын «америкалықтар» деген сияқты Қазақстанның халқын «қазақстандықтар» десек жарасады. Бұл – шынымен де, жаһан халқы ешқашан ұмытпайтын үлкен жетістік.

Жанарбек Әшімжан: Сіз бір сөзіңізде Қазақстандағы оппозициялық күштермен жолығып, ұзақ пікірлескеніңізді айтып қалдыңыз. Олардың талап-тілектеріне қатысты сіз қандай ой қорыттыңыз? Тарихта «әр дәуірдің өз демократиясы бар» деген түсінік жоқ емес. Демек, осы тұста «қандай да бір саяси мәселе күшпен шешіледі» деген ұғым тумай ма?

ричард хоугланд: Шындығында, мен көптеген саяси партиялар- дың және әлеуметтік қозғалыстардың басшыларымен, сол сияқты «оппозициялық» журналистермен кездесіп тұрамын (бұл менің дипломат ретіндегі міндетім ғой!), бірақ олардың бірде-бірі, қайталап айтамын, бірде-бірі маған ешқандай талап қойған емес. Олардың саяси ұстанымдарын бар ынта-ықыласыммен тыңдап, осы түрлі көзқарастағы

Page 250: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

250

пікірлер жиынтығын саяси сараптамама енгізіп, АҚШ үкіметіне жеткізіп отырамын.

Ал демократия жайлы сөз қозғар болсақ, АҚШ болсын, басқа болсын, ешқандай үкімет ешқашан демократияны күшпен орната алмақ емес. Шынтуайтына келгенде, бұл – «демократия» ұғымына кереғар түсінік, себебі, «демократия» – «халықтың дауысы» деген сөз. Демократия ұлттық нормалар мен мәдени салт-дәстүрмен араласып, сан алуан жолдармен көрініс табатынын айта кеткен абзал. Мәселен, Түркиядағы демократия Жапониядағы демократиядан өзгеше, Үнді- стандағы демократия мен Оңтүстік Африкадағы демократия бір-біріне ұқсамайды. Бразилиядағы демократияны Чехиядағы демократиямен салыстыра алмайсыз. Бұл елдердің әрқайсысы бір-бірінен мүлде өзгеше, бірақ әрқайсысының өз демократиялық соқпағы бар. Қазақстан да демократиялық ел ретінде, өз жолымен дамып келе жатқанына кәміл сенімдімін.

Жанарбек Әшімжан: Америка құрлығы алғаш ашылған кезде мұхиттың арғы бетіне Еуропадан көптеген халықтар ағылып барып қоныстанды. Өте көне мәдениет иесі саналатын үндістердің қан ортасында тұрып, әуелі «Том ағайдың лашығының» іргесін қаладыңыздар. Төрт ғасырдың ішінде қазіргі Құрама Штаттар қандай өркениетті адамзат тарихының сахнасына шығарды деп ойлайсыз?

ричард хоугланд: Америка Құрама Штаттарының негізін қалаған – батысеуропалықтар екені рас. Олардың басты жетістіктерінің бірі – олар осы ұлы экспериментке қосылғысы келгендердің барлығына есіктерін ашып тастады. Американың тарихынан хабары бар адам мұның ешқашан оңайға соқпағанын жақсы біледі, себебі әрбір алдыңғы толқын «Америка экспериментінен» өз орнын табуға ұмтылған жас ұрпақты қарсы алуға құлықсыз болды.

ХХ ғасырдың басында Шығыс және Оңтүстік Еуропадан келген- дер толыққанды америкалық болу үшін күресті. Әрине, содан соң афроамерикалықтар, испантектестер, Шығыс және Оңтүстік Азиядан шыққандар терезесі тең америкалық болу жолында күресті және әлі де күресіп жатыр.

Меніңше, Америка халқының 2008 жылғы қарашада Барак Обама- ның өздерінің президенттері етіп сайлауы – бұл «ұлы эксперименттің» ең үлкен жетістігі болды. Қазанның 26-сында Қазақстан халқы ассамблеясында сөйлеген сөзінде Президент Назарбаевтың көпұлтты Қазақстан АҚШ-тың «қайнаған қазанын» үлгі ретінде ұстанады деген сөзін көпшіліктің қолдағанын көріп қатты сүйсіндім.

Жанарбек Әшімжан: Жақында ғана АҚШ президенті Барак Обама «Нобель» сыйлығына ие болды. Әлемдік ақпарат құралдарында бұл туралы әртүрлі алыпқашты пікірлер айтылды. Венесуэла президенті

Page 251: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

251

Уго Чавес тіпті: «Обамаға бейбітшілік бойынша «Нобель» сыйлығын ұсыну – ойын басталмай жатып «мен барлық матчтарды жеңіп аламын» деп өзеуреген бейсбол ойыншысына қорытындыны күтіп жатпастан-ақ бәйгені ұстата салғанмен бірдей әрекет» деп баға берді. Обама алған сыйлыққа байланысты америка жұртшылығының жиынтық көзқарасы қандай?

ричард хоугланд: Қазанның 9-ында бейбітшілік жөніндегі Нобель сыйлығын алғанын естігенде президент Обаманың қатты таңқалғанын және өзін қатты ыңғайсыз сезінгенін білеміз. Сол күні жұрт алдында сөйлеген сөзінде президент Обама: «Сөздің ашығын айтайын, бұл – жеке менің жетістіктерім үшін берілген сыйлық емес, бүкіл әлемдегі ұлттардың шабыттандыруымен әрекет еткен Америка басшылығының ұстанымын қолдау шарасы деп түсінемін.

Шынымды айтсам, өзімді бұл сыйлықты алу құрметіне ие болған шешуші тұлғалардың қатарында тұруғы лайықты емеспін деп санай- мын. Бұл ерлер мен әйелдер өздерінің бейбітшілік үшін күрестегі ержүректігімен бүкіл әлемді және мені шабыттандырды.

Мұнымен қоса бұл сыйлық – осы ержүрек тұлғалар және Америка халқы құрғысы келетін әлемнің және біздің мемлекетті құруға негіз болған құжаттарда көрсетілген мұраттарға жетуге бағытталған бейбіт әлемнің көрінісі. Тарихтан білетінім, бұл сыйлық белгілі бір жетістіктерді марапаттау үшін ғана берілмеген. Ол белгілі бір себептердің жиынтығына серпіліс беру үшін табыс етіліп отырған. Міне, сондықтан да мен бұл сыйлықты қабыл аламын, себебі, бұл сыйлықты серпінді әрекеттерге – ХХІ ғасырдағы ортақ қауіп-қатерге қарсы тұруға жасалған үндеу деп түсінемін», – деген еді.

Жанарбек Әшімжан: Дүниеде екі саяси жүйенің текетіресі кезінде атеизмді жақтаған Кеңестер Одағы ақыры ыдырап тынды. Сөздің бісмілләсін Құдайдан бастайтын АҚШ жеңіске жетіп, әлемде ең құдіретті мемлекетке айналды. Сіздіңше, дін қандай рөл атқарды?

ричард хоугланд: Мына сұрағыңыз өте қызық, бірақ тым күрделі екен! Әлемдегі барлық ірі діндердің ортақ құндылықтары бар, сол құндылықтардың бірі – адам өмірін қастерлеу; кәрі мен жасты, бала мен ересекті жеке тұлға ретінде қадірлеу, сондай-ақ әрбір отбасын, олардың кең ауқымдағы әлеуметтік үлгісі – қауымдастықтарды, және ақыр соңында бүтін бір ұлтты құрметтеу. Егер мемлекет (кез келген мемлекет!) өзін адами құндылықтардан жоғары қоятын болса, ол ақыр соңында мемлекет ретінде өмір сүрмей, жойылып кетері кәдік.

Иә, шынымен де Америка Құрама Штаттарының іргесін қалаған «Құрушы әкейлер» XVIII ғасырдағы Батыс Еуропадағы ағартушылық философия дәстүріне, анығын айтқанда, діни-философиялық интел- лектуалдық қозғалыстың құндылықтарын негізге ала отырып әрекет

Page 252: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

252

еткен еді. Соның нәтижесінде кейбір кездері АҚШ-ты «христиан мемлекеті» деп сипаттайтындар бар. Дегенмен, ХХ ғасырдың соңына қарай біз, Құрама Штаттар, «мұсылман мемлекеті», «иудейлер мемлекеті», «буддистер мемлекеті» және жер шарындағы басқа да діндердің отанына айналдық.

Осыған сүйене отырып мен барлық ұлы діндерге орын берілген бостандық концепциясы тоталитарлық бақылау концепциясын жеңіп, өміршеңдігін паш етті деп тұжырым жасай аламын. Бірақ 1991 жылғы тарихи оқиғалардың орын алуына басқа да көптеген алғышарттар болғаны айқын. Тарихшылар Кеңестер одағының салыстырмалы түрде шапшаң күйреуінің қандай себептері болды деген сұрақ төңірегінде әлі талай жыл пікір таластырар. Бірақ біз бір маңызды фактіні ешқашан ұмытпауымыз керек: Кеңес одағының көп олқылықтары болғанымен, оның сондай-ақ көп жетістіктері де болды. Тарих дегеніміз – өмірдің өзі сияқты өте күрделі ұғым. Ақтық тарихи тұжырым шығарылғанға дейін, бәлкім, ғасырлар өтетін шығар.

Жанарбек Әшімжан: Дүниедегі әрбір ұлт өз жандүние ерекшелігін зерттеуге айрықша көңіл бөледі. Дәл осы тұрғыдан алғанда Америка өз жанын қалай түсініп, ұлт ретінде өзіне қандай баға береді? Қысқасы, АҚШ неғылған ел?

ричард хоугланд: Мынауыңыз да тым терең мағыналы сұрақ екен. 1630 жылы Еуропадағы ірі дінбасылардың бірі Джон Уинтроп Англиядағы діни қудалаудан бас сауғалау үшін өзінің жақтастарын бастап Солтүстік Америка жерінде қоныс аударады. Қазіргі Масса- чусетс штатының аумағына жайғасып алған соң Уинтроп ізбасарла- рына: «Біз бүкіл жұрттың көзі бірден бізге түсетін қыр үстіндегі қала сияқты болатынымызды естен шығармауымыз керек», – деген. «Қыр үстіндегі қала» тіркесінің Америка дүниетанымының бір бөлігіне айналып кеткені сондай, содан бері төрт ғасырға жуық уақыт өтсе де бұл Америка Құрама Штаттарының идеалистік келбетін сипаттау үшін интеллектуалдық ортада жиі қолданылып келеді. «Қыр үстіндегі қала» деген – Америка тұрғындары тегінен оптимист әрі идеалист халық деген мағынаны береді.

Біз жиі сүрінеміз әрі құлаймыз, біз сұмдық халықаралық қателіктерге бой алдырамыз, бірақ ақыр соңында нәсіліне, дініне, шыққан тегіне қарамастан, әрбір американ азаматының бойындағы адами құндылықтар ұлтымызды бәз-баяғы идеалистік Темірқазығына – мемлекетімізді құруға негіз болған құндылықтарына бәрібір қайта оралтады. Демек, сіздің сұрағыңызға бір сөзбен жауап берер болсам, Америка деген – «идеалистердің» отаны.

Жанарбек Әшімжан: Қазіргі дағдарыс барысында Америкадан басқа да жетекші күштер пайда болды. Бұл қатарда Қытай, Ресей,

Page 253: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

253

Бразилия сынды мемлекеттер ерекше аталып жүр. Бәсекелестіктің жаңа дәуірі адамзат дамуының бағытын қалай белгілейді деп ойлайсыз?

ричард хоугланд: Расында біз тарихи өзгерістердің ең бір қызықты кезеңінде тұрған сияқтымыз, солай емес пе? Қысқартып БРИК деп атап жүрген елдер (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай) шешуші экономикалық ойыншыға айналып келеді. Дамыған елдердің «үлкен сегіздігі» біртіндеп «үлкен жиырмалыққа» жол беретін сияқты. Бұрынғының «жеке клубтары» қатарларын толықтыруға мәжбүр, оның себебі анық – шынайы өмір «бірбеткей идеологияның» өзін ысырып барады. Меніңше, біз өзара кереғар құндылықтардың дихотомиясын талап еткен ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қатаң биполярлық жүйені артқа тастап, ортақ құндылықтарды бірлесіп іздейтін көп- полярлы ХХІ ғасырдың есігін ашып отырмыз.

Обама әкімшілігі бұл өзгерістерді қуана қарсы алады және оның дамуына барынша күш салады. Президент Барак Обама мен Мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон елдің сыртқы саясаты прагматизм мен сыйластыққа құрылған және ортақ құндылықтарға негізделген көпжақты саясат болатынын ашық айтты, және бұған өз әрекетіне жауапты әріптесіміз – Қазақстанға деген сыйластық та кіреді.

Ашық айтуға рұқсат етіңіз. Біздің елдің президенті мен мемлекеттік хатшысы сияқты мен де прагматикалық идеализмді қызу қолдаймын. Бірақ, шынайы өмірде кейде келіспеушіліктердің кездесетінін және әрдайым күрмеуі қиын мәселелердің болатынын мойындауымыз қажет. Бұл – адам табиғатының бір бөлігі, бұл – дипломатияның шынайы бет-бейнесі. Бір нәрсенің басын ашып айтқым келеді, қиын кезеңдер туа қалғанда біз ешқашан ортақ идеалдарымызды ұмытпауымыз керек. Бұл шындығында өте маңызды. Бізді біріктіретін нәрсе бізді бөліп тұрған нәрседен әрдайым күшті екенін естен шығармау керек.

Жанарбек Әшімжан: АҚШ-тың Орта Азияға, әсіресе, Қазақстанға қатысты негізгі саяси және экономикалық ұстанымын аз да болса шынайы жеткізіп бере аласыз ба? Ресей мен Қытайдың Орта Азияға қатысты саяси мүдделеріне қандай баға бересіз?

ричард хоугланд: Енді бұл сұрағыңызға құлшына жауап беремін! Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген 1991 жылдан бері АҚШ-тың негізгі саяси және экономикалық мүдделері өзгерген жоқ. Біз әрдайым Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі мен егемендігін барынша қолдап келеміз. Біз, сондай-ақ, әрдайым Қазақстан үкіметінің елдің барша халқын баянды бейбітшілік пен гүлденуге жетелейтін саясатын толық қолдаумен келеміз.

Рұқсат етсеңіз, мына бір жайтты айтып өтейін. Биыл жазда Президент Назарбаевтың АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Уильям Бернспен кездесу барысында айтқан бір сөзі көкейімде

Page 254: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

254

жатталып қалыпты. Ол кісі қазақ халқының шығыс пен солтүстіктегі империялардың үстемдігінен ғасырлар бойы жапа шеккенін айта келе әлдекімдердің Қазақстанды және оған көрші жатқан елдерді «ықпал ету аймағы» деп көрсетуге ұмтылып жүргеніне қарамастан, қазіргі сәтте Қазақстан тәуелсіз мемлекет және азат халықтардың Отаны ретінде өзінің тәуелсіздігін әрдайым қорғай алатынын баса айтқан еді.

Америка Құрама Штаттары үкіметінің ішкі өзегі – шынайы келбеті қандай? Біз, АҚШ, әрқашан Қазақстанның толық тәуелсіздігін қолдаймыз. Сөзіміз әрдайым бір жерден шығып отыруы керек пе? Әрине, жоқ, өмірдің шынайы көрінісі сөзімізге дәлел. Бір-бірімізбен келіспей жатқан жағдайда, пікірімізді парасатты түрде және бір-бірімізге деген құрметпен жеткізіп отырсақ құба-құп. Өзара қарым-қатынасымыздың ойлы-қырлы жолдарынан биік тұрайық. Сарабдал стратегиялық әріптес ретінде бізді ортақ стратегиялық табыстарға жеткізетін шынайы ымыраға апарар жол тауып отырайық.

Жанарбек Әшімжан: АҚШ белгілі бір аймақтарға аса ірі саяси-әскери операциялар бастарда «құдіретті құтқарушы» ретінде көрінеді. Кейін ұзақ жылдарға ұласқан операция аяқталып, шынжыр табан танктер мен әуе кемелері тиісті нысандарын тастап шығып бара жатқанда әлгі елдердің әлеуметтік-экономикалық ахуалы мүлде құлдырап, қайыршылық күйге түсіп жатады. Ал шын мәнінде АҚШ демократия орнатушы ма? Құтқарушы ма?

ричард хоугланд: Меніңше, бұл ұғымның жаңсақтығын дәлелдей- тін тарихи фактілер де бар. Ұлы Отан соғысынан кейін (оны Батыста «Екінші дүниежүзілік соғыс» деп атайды) Америка Құрама Штаттары «Маршалл жоспары» деген атпен белгілі Еуропаны қайта құрудың тарихта болып көрмеген жоспарын ұсынды, бұл жоспар тек Одақтас мемлекеттерді (нацистік Германия бастаған коалицияға қарсы күрескен мемлекеттер тобы – ред.) емес, сондай-ақ «Кіндік мемлекеттерді» де (құрамына Германия, Жапония және Италия кірген нацистік одақ – ред.) қайта құруды мойнына алды. Біз дәл осындай көмек жоспарын Жапонияға да ұсындық. Жарты ғасыр өткен соң Батыс Еуропа мен Жапонияның экономикасы даму деңгейі жөнінен әлемде алдыңғы орынға шықты, ал олардың халқы тұғырлы демократияда азат ғұмыр кешіп жатыр. Олардың ісі неге оңға басты? Себебі, «жеңілгендер» деп аталып жүрген мемлекеттер нағыз алуан пікірлі демократияның бүр жаруына мүмкіндік берді. Соғыстан кейін жоғарыдан қатаң бақылау орнатқан елдер көп табысқа жете алмады.

Жанарбек Әшімжан: Ұлы классиктің «Әлемді сұлулық құтқарады!» деген сөзі бар. Америка дүниедегі ең бай ел, бай елдің жандүниесі де бай болуы керек. Адамзат баласында мейірім азайып бара жатқан

Page 255: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

255

осынау алмағайып шақта америкалық адамгершілік шешім қандай деп ойлайсыз?

ричард хоугланд: Қазақстанның әрбір азаматын Американы көріп қайтуға шақыратындай күш-қайратым мен жағдайым болса деп армандаймын. Әлбетте, сіздерді Вашингтон мен Нью-Йоркті, Чикаго мен Сан-Францисконы және басқа да ірі қалаларымызды аралауға шақырар едім.

Бірақ, өте-мөте маңыздысы – мен сіздерді алып еліміздің өн бойында шашырап жатқан шағын қалаларға алып барар едім. Міне, дәл сол жерден сіз «орташа америкалық азаматты» кездестіресіз, мемлекетіміздің өкпесі мен жүрегі, беломыртқасы да солар. Дәл сол жерден сіз өздерінің жергілікті қауымдастықтарында саяси тұрғыдан белсенді жандарды кездестіресіз, міне, солар жергілікті әлеуметтік мәселелерді шешу үшін, өздерінің және маңайындағы жерлестерінің тұрмысын жақсарту үшін уақыттарын сарп етіп жүр. Америка Құрама Штаттарының қуаты – біздің азаматтарымыздың бойында тумысынан орныққан үлкен бір қасиеттің болуында. Ол – азаматтардың бір-біріне деген қамқоршылдық сезімі, жерлестерінің өмірін жақсарту мақсатында жергілікті басшылықпен ынтымақтаса жұмыс істеуге, сондай-ақ әлем халықтарының өмірін жақсартуға құлшынысы. Бұған кәміл сенімдімін. Біз түп негізі адамдық қасиетті құрметтеуге жетелейтін, әлеуметтік тұрғыдан ойлай білетін еріктілердің еліміз деп білемін.

Жанарбек Әшімжан: Қазір дүниедегі ең үлкен өзекті проблема – кітап оқымау. Барлық дамыған елдердің өзінде бұл мәселе өз шешімін таппай тұр. Жалпы, кітап оқымаудың адамзатқа әкелетін зияны қандай деп мөлшерлейсіз? Бұған Америка алаңдай ма?

ричард хоугланд: Сіздің алаңдаушылығыңызды жақсы түсінемін. Заманауи технологиялар, әсіресе интернет, ұлы әдеби дәстүрді үйренуге деген құлшынысымызды түбірімен өзгертіп жатыр. Біз жаңа технологиядан қорықпауымыз қажет, себебі, әрдайым өткенді болашаққа бейімдеп алудың жолдарын жақсы білетін жаңа буын өсіп отырады.

Сонымен бірге, біз жұрттың бәрі бірдей кітап оқуды жақсы көре бермейтінін мойындауымыз керек. Қарапайым көпшілік күн сайын жай ғана жұмыстарына барып, сосын үйлеріне қайтып, достарымен сауық-думан құруға ғана дағдыланған. Және мұнда тұрған ешқандай сөкеттік жоқ. Десе де, маңызды рөл ойнайтын аз ғана топ әрқашан да өткеніміздің ең ұлы ілім-білімдерін іздеп тауып, бұл ұлы мәдени жәдігерді болашаққа жеткізудің жолдарын тауып отыратынына сенімдімін.

Page 256: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

256

Жанарбек Әшімжан: Америка ұлы қаламгерлердің отаны. Сіз- дердің елде жазушының орны бұрын қалай болды? Қазір қалай деп есептейсіз?

ричард хоугланд: Кей кездері жазушылар қауымы реформа жасауда шешуші рөл атқарып жатады. ХХ ғасырдың басында жазушы Сиклейр Луистің жазған кітаптары тікелей жаңа заңдардың қабылдануына түрткі болды, бұл жұмысшылар мен олардың отбасыларына арнап шынайы әлеуметтік реформалардың жүргізілуіне, сөйтіп бүкіл Америкада әлеуметтік жағдайдың жақсаруына ықпал етті.

Алайда, кез келген қоғамдағы ұлы жазушылардың тарихи рөлі тым ұзақ мерзіммен өлшенеді, тіпті кейде олардың мұрасы бірнеше онжылдықтар өткен соң ғана кәдеге асып жатады. Біз білетін мәдениеттердегі алыптарды алып қарайықшы: Батыста – Шекспир, Қазақстанда – Абай мен Әл-Фараби, Ресейде – Пушкин және басқа да әдебиет майталмандары. Өздері өмір сүрген уақытта олар белгілі бір дәрежеде әйгілі болды және белгілі бір дәрежеде ықпал етті. Десе де, өз мәдениеттерінің тамыры тереңде жатқан құндылықтарын сөз еткендіктен, олар араға ғасырлар салып өз мәдениеттерінің емес, бүкіл ғаламның, адамзат мәдениетінің шамшырағы құсап қайта тұтанды.

Қай жерде өмір сүріп жатса да, қазіргі жай-күйі қандай болса да, адамзаттың ең озық ойшылдары болашақта тек өздерінің мемлекетіне емес, күллі дүниенің дамуына ықпал ете алатын мұра қалдырады деген сенім жүрегімде нық орын алған.

Осындай терең мағыналы, ой қозғайтын сұрақтар қойып, жеке көзқарасым мен ел басшылығының ресми ұстанымын көсіле жеткізуіме мүмкіндік бергені үшін «Қазақ әдебиеті» газетінің редакция алқасына шын жүректен алғыс айтамын! Мен үшін бұл бір үлкен құрмет болды, сол үшін сіздерге ризашылығым шексіз!

Жанарбек Әшімжан: Елий мырза, арнайы уақыт бөліп, сұхбат бергеніңізге алғыс айтамыз! Ісіңізге табыс тілейміз!

Page 257: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

257

«қАЗАқФИЛЬМге» кӨЗ АЛАртЫП отЫрҒАНМҮДДеЛi тоПтАр БАр...»

(Белгілі режиссер Талғат Теменовпен сұхбат)

Жанарбек Әшімжан: Таяуда өзiңiз сан мәрте кино түсiрген, қазанында қайнаған «Қазақфильм» киностудиясында ауыс-түйiс болды. Әңгiмемiздi сол ауыс-түйiске қатысты көзқарасыңыздан бастасақ?

талғат теменов: Мен Сергей Әзiмовтi жақсы бiлемiн. Ол азды-көптi жұмыс iстедi. Сөздiң ашығын айтатын болсақ, ол – документалист. Ресейде көркем фильм мен деректi фильм түсiретiн студиялар екi бөлек. Бұл екi саланың ойлау жүйесi де өзге. Ал бiз көркем фильм мен деректi фильмдi араластырып, қойыртпақ етiп жiбердiк. Бiздегi қателiк сол – деректi фильмдi көркем фильмге басқарттық. Сондықтан, Сергей Әзiмовтiң iстегенi де, жiберген қателiктерi де баршылық. Ал мамандығы менеджер, өзi ВГИК-тi бiтiрген Анар Қашағанованың келуiн мен өз басым құптаймын. «Үлкен жаңалық бола ма?» деген де үмiтiм жоқ емес. Себебi, кез-келген режиссер – эгоист, өз дегенiнiң тұтқыны, ал менеджер – жағдайды ауқымды, кешендi түрде қарастырады.

Жанарбек Әшімжан: Ш.Айманов бастаған алыптар тобының көзiндей болып тұрған «Қазақфильм» киностудиясының басы соңғы кездерi оқиғаға толы. Шығармашылық дауды былай қойғанда, әлеу- меттiк дауларға, жер дауына шырмалып қалды. Киностудияны көшiру туралы әңгiме айтылуда. Бұған не дер едiңiз?

талғат теменов: Бiз көп нәрсеге бiр күннiң биiгiмен қараймыз. Мәселен Тегерандағы Ресей елшiлiгiнiң жерi бiрнеше гектар. Кезiнде ол жерде Грибоедов елшi болған. «Елшiлiктiң аумағы өте үлкен екен, жартысына Ресейдiң супермаркетiн салайық» деп жатқандарды көрген де, естiген де емеспiн. «Мосфильмнiң» аумағы бiрнеше шақырымға созылып жатыр. «Мосфильмнiң» бiр шетi мен екiншi шетiнiң арасы бес-алты аялдама. Киностудияның iшiнде шағын автобустар қатынай ды. Бұл – даңқты Ресейдiң ұлы қазынасы. Оған ешкiм қол сұға алмайды. Сол секiлдi «Қазақфильм» орналасқан аумақтың бағасы тонналаған алтынға, маржанға, гауһарға айырбастамайтын жер. Неге бiз осындай тарихи аумаққа бүгiнгi күннiң талабымен қараймыз? Кезiнде киностудия бүгiнгi Қалдаяқов пен Төле бидiң қилысында тауықтың күркесiндей ғимаратта болған. Дiрмұхамед Ахметұлы Қонаевтың (ол кiсiге Алланың нұры жаусын) тiкелей қамқорлығы, «Қазақфильм» Орта Азиядағы «Голливуд», «Болливуд» секiлдi үлкен орталық болса екен» деген ұлы ниетiнiң арқасында салынған аса үлкен студия. Киностудия арқылы Алматыда бiр ықшам аудан «Қазақфильмнiң» атымен аталады. Көздi тарс жұмып, сондай тарихи орынды көшiру туралы ойлаудың өзi – үлкен жауапсыздық, ұлы әруақтардың алдында кешiрiлмес күнә! Тарих алдында қиянат!

Page 258: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

258

Сол «Қазақфильмге» қатысты жоғарыға көптеген хаттар жазылды. Зиялы азаматтар өздерiнiң наразылығын бiлдiрдi. Бiр қызығы, сол жоғарыға жазылған хатқа қол қойғандардың iшiнде «Қазақфильм» киностудиясының сол кездегi директоры Сергей Әзiмов қол қойған жоқ. Демек, мемлекеттiң сол киностудияны басқаруға жiберген адамының өзi сол қара шаңыраққа жанашырлық танытпады. Жалпы, «Қазақфильмдi» көшiру – болашақ ұрпақтың алдында жасаған бiздiң үлкен қылмысымыз болады. Сондықтан, қазақ киносының алтын дәуiрiн жасап берген және жалғастыратын мұндай тарихи орынды мүдделi топтардың қолына беруге мемлекеттiк деңгейде тосқауыл қою керек.

Жанарбек Әшімжан: Сiз қарсылығыңызды бiлдiрдiңiз бе? Қол қойдыңыз ба?

талғат теменов: Жоқ. Мен ол кезде Алматыда болмадым, iс- сапармен шетте жүргем.

Жанарбек Әшімжан: Демек, «Қазақфильмнiң» орнына қызығып отырған үлкен мүдделi топтар бар ғой?

талғат теменов: Мұнда үлкен қалталы топтар бар. Сол қалталы топтың қамы үшiн ұлттық қазынаны үлестiрушiлердi адам да, тарих та кешпейдi. «Қазақфильм» – қазақ халқының рухани шекарасы, ал шекараны бұзғандар ешқашан жазалусыз қалған емес. Ал егер сол «Қазақфильмге» көз қадап отырған мүдделi топтар «бiз киностудияның бiр мүлiгiне зиян келтiрмеймiз, гүлдендiремiз, дамытамыз» десе, ол адамның жүрген iзiн сүюге бармыз. Ал олар керiсiнше ол жерлерге қонақ үйлер, супермаркеттер, мейрамханалар салады.

Жанарбек Әшімжан: Ол қандай мүдделi топтар?талғат теменов: Бiлмеймiн, бiлмеймiн! Мен «Қазақфильмнен»

кеткелi екi жыл болды.Жанарбек Әшімжан: Қазақстандағы театрлардың проблемасы

шаш-етектен. Аймақтағы қайсыбiр театрлардың жеке ғимараты да жоқ. Осындай әлеуметтiк қолбайлауларға репертуарлық жұтаңдық та аз соққы емес. Әңгiмемiздi театр жағына қарай ойыстырсақ?

талғат теменов: Қазақстандағы қордаланып қалған iрi мәселелердiң бiрi – қазақ театрларының жағдайы. Опера, балет, эстрада, сәулет, бейнелеу және кино өнерiмен салыстырғанда, ең кенжелеп, көштiң соңында қалғаны театр өнерi болып тұр. Әсiлi, «мына сала тоқтап тұрсын, мына сала дами берсiн» деуге ешкiмнiң қақы да, құқы да жоқ. Жоғарыда мен атын атап кеткен саланың бәрi қазiргi күнi белгiлi деңгейде халықаралық масштабқа шығып кеткен. Ал, театр өнерi бүгiнгi қоғамда мәдени өмiрiмiздiң аса iрi саласы ретiнде бағаланбайтыны менi таң қалдырады. Өткен ғасырдың зиялы қауымы үйiне кiтап жинайтын, бүгiнгi интернетке иленген жастар сол кiтап жиған ғұламаларға қандай көзқараспен қарайтын болса, театр өнерiне де дәл солай мұрын

Page 259: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

259

шүйiредi. Тiптi, архаизмге айналған өнер деп түсiнедi. Өткен ғасырда театр – алдыңғы қатарда тұрды. Қазақ театрларын былай қойғанда, орыс, ұйғыр, немiс, өзбек, кәрiс театрларының ашылуы осы ойымызға дәлел. Парламент «Мәдениет туралы» заң қабылдады, меценаттық және кино туралы құжат дайындауда. Ал күнi бүгiнге дейiн театр туралы бiр құжаттың қабылданбауының өзi осы өнердiң өгейсiп тұрғанын көрсетедi. Бұл өнердiң дәл осылай құлдырауына бiрнеше себеп бар. Әзiрбайжан Мәмбетов қалыптастырған мектептiң аса iрi өкiлдерi Асанәлi Әшiмов, Әнуар Молдабеков, Торғын Тасыбекова, Фарида Шәрiпова, Ыдырыс Ноғайбаев, Әмина Өмiрзақова, Қасым Жәкiбаев, Әнуар Боранбаев сынды бiртуар актерлер теледидардың қат кезiнде театр өнерiнiң халыққа жетуiне бар күш-жiгерлерiн салды. Театр өнерi өстi, өндi. Уақыт өте келе теледидардың дамуына байланысты және үкiметтiң қырын қарауының нәтижесiнде театр өнерi кенжелеп қалды. Екiншi себеп, режиссураға қатысты. Мысалы, Мәмбетовтiң заманында Жақып Омаров, Қадыр Жетпiсбаев, Райымбек Сейтметов, Чапай Зұлқашев, бүгiнгi Ерғали Оразымбетовтер Әзекеңнiң көлеңкесiнде қалып қойды. Өкiнiшке қарай, жаңа буын режиссерлер шықпай қалды. Әзiрбайжан Мәдиұлы қазақ театр өнерiне соншалықты құндылықтар бере тұра, өзiне лайық iзбасар дайындай алмады. Дайындаған шәкiрттер өзiнiң биiгiнен аспады. Үшiншi себеп, драматургияға байланысты. Кезiндегi Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсiреповтен басталған алтын жылға – Әлжаппар Әбiшев, Шахмет Құсайынов, Қалтай Мұхаметжанов, Сәкен Жүнiсовтерден кейiн драматургтер сұйылып кеттi. Яғни, пьеса жазу бiр кездерде «мода» болса, кейiн қол болмай қалды. Кейiнгi жазушылардың бәрi Мұхаң, Ғабең бағындырған эпикалық, романтикалық биiктiң етегiнде қалды. Ал осы уақытта әлемдiк драматургия әлдеқайда самғап кеттi. Бiздiң драматургтер әлi сол тас, қола дәуiрiнен батпақтап шыға алмай жүр.

Өнерге деген осындай өгейлiктiң нәтижесiнде бесiктен белi шық- паған, әнi екi нотадан, дауысы үш нотадан тұратын әншiлер жұлдыз болды. Билетi 2000-3000 теңгелiк концертте Республика сарайына 3,5 мың адам жиналады, ал билетi 200-300 теңгелiк театрға ешкiмнiң келмеуi осы ойымызға дәлел.

Жанарбек Әшімжан: Осы репертуарлық жұтаңдықтың, театр залындағы селдiрлiктiң себебiн сiз өзiңiз басқарып отырған театр ұжымынан, басшылығынан iздеп көрмедiңiздер ме?

талғат теменов: Бiз қолымыздан келетiн жағдайдың бәрiн жасап жатырмыз. Негiзгi себеп жоғарыда айтқан режиссура мен драматургияның ақсақтығы болса, ең басты себеп – қоғамдағы негативтi құбылыстардың, өзгерiстердiң ықпалы деп бiлем. Жұрт сантүрлi қолдан жасалған саны бар, сапасы жоқ юмористикалық отаулардың арзан күлкiсiне мастанып жүр. Көрерменнiң өзi де бойкүйездiкке,

Page 260: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

260

жалқаулықа бой үйретiп алды. Жұлдыздардың орны ауысып кеттi. Бiз соңғы 15 жылдан бергi ұрпақты тәрбиелеу тетiгiн саналы түрде қолдан шығарып алдық. Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдарындағы әлеуметтiк таршылықтың соңы, жасы бар, жасамысы бар, таланттардың театрдан кетуiне әкелiп тiредi. Таланттардың театрды тастап шығуынан бастап театрдың құнсыздану дәуiрi басталды.

Ал театрларға әкiмшiлiк тетiктiң әсерiмен түрлi жоғары оқу орындарындағы студенттердi, жасанды көрермендердi күштеп, айдап әкелумен театр өнерi ешқашан алға жылжымайды.

Жанарбек Әшімжан: Сiз осы жағдайлардың бәрiн бiлдiңiз. Театрға басшылыққа келдiңiз. Өзiңiз саусақ бүгiп отырып санамалап берген жағдайларға қарсы күресудiң жолын қарастырып көрдiңiз бе?

талғат теменов: Мен осы театрға басшы болып келгенге дейiн театрға қатысты әлгiндей жағдайларды бiлген емеспiн. Менiң жастар театрына басшы болып келгенiме екi-ақ жыл болды. Әрине, театрға келген соң бiраз өзгерiс жасауға күш салдым. Құдайға шүкiр, бiздiң театр қазiргi күнi халықаралық деңгейдегi театрлардың кез-келгенiмен салыстыруға болады. Театр ғимаратының iшi-сырты бастан-аяқ күрделi жөндеуден өттi. Iшкi-сыртқы тәртiп жолға қойылды. Тоқтап қалғанына 15 жыл болған Орта Азия халықтарының театр фестивалiнiң бiздiң театрда қайта жалғасуы – үлкен жаңашылдық. Сол кездегi мәдениет министрiнiң орынбасары Ермек Аманшаевтың тiкелей көмегiнiң арқасында Түркiменстан, Әзiрбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан секiлдi жетi мемлекеттiң театрлары бас қосқан фестиваль жастар театрынан басталды.

Бiздiң театрда би залы, спорт залы, кинозал, мәжiлiс залы, актерларға арнап салынған асхана, бильярд бөлмесiне дейiн жасақталған. Актер- лардың жалпы көңiл-күйiне әсер ететiн мұндай қосымша шарулар Еуропа театрларында да кездеспейдi. Актерлар таңғы сағат 9.30-дан 10.30-ға дейiн бимен айналысады. Одан кейiн жас-кәрi демей спорт залына барып спортпен шұғылданады. Бұл ұйықтап жүретiн актерлардың өз бабында жүруi үшiн жасалған жағдайлар.

Мұның сыртында күндiзгi қойылымдарға қатысқан актерлардан бастап жарық түсiрушiге дейiн бiр уақыт театр асханасынан тегiн тамақтанады.

Жанарбек Әшімжан: Бұл әлеуметтiк жағы. Ал театрдың негiзгi кескiн-келбетiн көрсететiн репертуарлық-шығармашылық мәселесiн қалай жолға қойдыңыздар?

талғат теменов: Бұл бағытта да өзгерiс жоқ емес. Мен келгенге дейiн театр актерларының орта жасы 46-47 болса, қазiргi жұмыс iстейтiн актерлар құрамының орта жасы 25-26, яғни, актерлық құрамның 70 пайызы жастар. Тәжiрибе алмасу бағытында сырттан режиссерлер келiп қойылым жасауда. Мысалы, өткен жылы режиссерлер Талдықорғаннан,

Page 261: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

261

Қырғызстаннан келген, биыл Өзбекстанның белдi режиссерi келiп қойылым қойды. Бұл барлық театрларда бар үрдiс.

Жанарбек Әшімжан: Жалпы театрда қойылатын пьесалар қалай таңдалады? Сiздерде репертуарлық кеңес жұмыс iстей ме?

талғат теменов: Авторлар ең алдымен көркемдiк кеңес пен репертуарлық алқаның таразысынан өтедi. Мен алғаш театрға басшы болып келгенде театр ұжымына қойған алғашқы сауалым мынау болатын: «Бiздiң театрдың Әуезов театрынан не айырмашылығы бар және бет-бейнемiз қандай болу керек?». Әрине, труппамыз, режиссерымыз, бухгалтерлiк реквизиттерiмiз басқа. Одан өзге ше? Мысалы, бiзде бiр кездерi Бикен Римованың қарттар үйiндегi үш кемпiрдiң тағдыры туралы қойылымы жүрдi. Театрдың аты – Ғ.Мүсiрепов атындағы академиялық балалар мен жастар театры. Мен Бикен апамды драматург ретiнде жоққа шығарып отырғам жоқ, әңгiме – сол кiсiнiң жазған проблемасы жастар театрының репертуарына сәйкес келе ме? Бұл бiр ғана мысал. Сосын жастар театрындағы қойылымдардың басты геройы – балалар мен жастар ғана болу керек. Сол жағдайдан кейiн ғана бiздiң театрдың бет-бейнесi өзгере бастады. Таяуда бiр режиссер келiп «мен «Король Лирдi» сахналаймын» дейдi. «Король Лир», «Ричард-III», «Ваня ағай» бiздiң репертуар емес, сiз одан да көрерменге «Ромео мен Джулеттаны» ұсыныңыз, бұл бiз үшiн әлдеқайда жақынырақ болады» дедiм.

Жанарбек Әшімжан: Сiз көрермендi әлеуметтiк жiкке осылай бөлiп тастадыңыз. Ал қазiргi күнi сiз басқаратын театрға жастардан гөрi егде адамдар жиi баратынға ұқсайды. Оның үстiне жастар театрының көрермендерi классиканы немесе тарихи қойылымдарды көрмеу керек пе?

талғат теменов: Бiздiң театр өз көрермендерiне екi мезгiл қызмет көрсетедi: күндiз – балаларға және кешке – жасөспiрiмдерге. Дұрыс айтасыз, кешкi қойылымға тек жастар ғана емес, егде адамдар да келедi. Соған қарамастан менiң репертуарлық кеңеске қоятын басты талабым – қойылымның негiзгi кейiпкерлерi жастар болу керек.

Бiр мәселенi баса айта кетейiн, былтыр Мәдениет және ақпарат министрi драматургтерге қомақты грант тағайындады. 10 000 АҚШ долларын құрайтын. Сол гранттарды жеңiп алған адамдарды мен жақсы бiлем. Менiң жалғыз тiлегiм – сол 10 000 долларға лайық пьеса жазылса деген ой. Қазақтың «әп-әдемi ән едi, пұшық айтып қор қылдының» керi келмес пе екен деген үрей менде жоқ емес. Алғашқы премьераға көршi-қолаң, ағайын-туыс келiп болған соң өмiршеңдiгiн жойып, сахнадан түсiп қалып жатса, масқараның көкесi сонда болады. Мұның бәрiн уақыт көрсетедi және көзi қарақты азаматтардың денi әлiптiң артын мұқият қадағалап отыр.

Жанарбек Әшімжан: Ара-тұра өзiңiз қолға қалам алып, драма- тургияға араласасыз. Өзiңiз пьеса жазасыз, өзiңiз қоясыз. Бұл сiздiң драматургтерге деген көңiл толмаушылықтан туындаған жайт емес пе?

Page 262: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

262

талғат теменов: Көңiл толмаушылық та жоқ емес. Мен осы театрға келгелi екi пьеса жаздым: бiрi «Алма бағы», екiншiсi кешегi қойылған «Мулен Ружға» шақыру». «Алма бағындағы» көтерiлген проблемалар әлi күнге өз маңыздылығын жойған жоқ. Бақытжан Момышұлы ағамыз түнеу күнi «мен осы қойылымнан шыққан соң, жұма намаздан шыққандай керемет күйге бөленiп отырдым» деп қалды. Бұл – мен үшiн үлкен баға. Бұл пьесаның өзге қойылымдарға қарағанда әлеуметтiк жүгi бөлек, қаны тамып тұрған мәселелер. Мәселен, осы пьеса жазылған соң қоғамда ауыр жағдайлар орын алды. Осы пьеса қойылғаннан кейiн Заманбек Нұрқадiловтi атты, Алтынбек Сәрсенбаевты атты. Кешегi Алматының төрiндегi проблемалар «Алма бағынан» кейiн көтерiлдi. Бұл не? Бұл деген сөз – шығармашылық түйсiктiң қоғамдық өмiрiмiздегi әлгiндей жағдайларды алдын ала сезiну. Соны болдырмау үшiн күресу. Өнердiң мақсаты – бiреудi жазалу, бiреуге жол көрсету емес, қоғамдық құбылыстарды болжау, айтып келмейтiн жамандықтардан айықтыру. Менiң пьеса жазуға отырардағы басты мақсатым – түйсiгiм жеткен жерге дейiн тiршiлiк иелерiнiң қоғам, адамгершiлiк, iзгiлiк, құндылық туралы сезiмдердi ояту. «Мулен Руждағы» басты мұрат та – ақшаға құл болған заманда өнер адамдары арасындағы тазалықты, iзгiлiктi сақтап қалу.

Жанарбек Әшімжан: Сiз жастар мен балалар театрында қызмет ететiн актерларға нендей талаптар қоясыз? Мәселен, қарамағындағы актерлардың тойларға барып өнер көрсетуiне, әртiстiң асаба болуына қарсы театр басшылары бар.

талғат теменов: Мен таяуда Қарағандыда iссапармен жүргенде Мәскеудегi бiр таныстарым телефон шалып: «Бiзге тез арада эпизодқа түсетiн екi актер керек, жолкiресiн, тәулiктiк ақысын және екi күнге 400 АҚШ долларынан төлеймiз...», – дедi. Едел-жедел отыз жылдан берi Мәскеуде болмаған екi актердi Ресейге ұшырып жiбердiм. Сондықтан, мен «киноға түсем, бағдарлама жүргiзем» дейтiн әртiстерге ешқандай шек қоймаймын, керiсiнше әртiстерге әлгiндей жолдармен өзiм көмек көрсетем. Кешкi қойылымнан кейiн актер қайда барады, қайда тұрады, өзiнiң жұмысы. Тек әртiстердiң актерлық дайындығына, жұмысқа жауапкершiлiгiне қатаң талап қоямын. Қойылым мен кино түсiру алаңы қатар келiп қалған жағдайда да түсiнiспеушiлiк болған емес. Мұның бәрi айналып келгенде – театрдың имиджi деп түсiнуге де болады. Бәрiмiз бiр терiнiң пұшпағын илеп отырғандықтан, театрға зиян келтiрмеу жағын қадағалаймын.

Жанарбек Әшімжан: Өткен жылдары Жастар театрының iргесiнен әсем бiр ғимарат бой көтерiп, кейiн түп орынмен жоқ болып кеттi. Сол ғимарат жайлы Алматыда едәуiр шу да болды. Соның жәй-жапсарын өз аузыңыздан айтып бермес пе едiңiз?

талғат теменов: Ол мен басшылыққа келмей тұрғанда тұғызылған ғимарат. Театрдың тап iргесiндегi орынды ойып алып тұрғызылған бұл

Page 263: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

263

ғимарат – Алматы қаласының бұрынғы әкiмi Виктор Храпуновтың қызының казиносы болатын. Iшiнде казиносы, мейрамханасы бар үш қабатты ғимарат салынып бiтiп, ашылуына аз ғана уақыт қалған кезде бiздiң бағымызға қарай Алматыға Иманғали Тасмағамбетов әкiм болып келдi. Әкiм бiздiң театрға келген кезде сол ғимаратты көрдi, сосын «мәдени орталықтың iргесiнде мұндай жын-ойнақ болмау керек» деп, түп орнымен тып-типыл етiп жоқ қылды. Қазiргi күнi онда жас бүлдiршiндерге арналған әсем қалашық салынған.

Жанарбек Әшімжан: Мәдениет қайраткерлерi туралы сөз бола қалса жадымызға бiрден Өзбекәлi Жәнiбеков, Михаил Есенәлиев, Iлияс Омаровтар оралады. Бүгiнгi таңда қазақ мәдениетiне жанашыр тұлғалар қатарында кiмдi айрықша атаған болар едiңiз?

талғат теменов: Әрине, қазақ мәдениетiнде Жұмат Шаниннiң орны бөлек. Iлияс Омаров қазақ өнерiне пайда әкелер талантты кезiнде көшеден iздептi дегендi де естiгенбiз.

Ал қазiргi күнi өнер мен мәдениетке жанашыр жанның бiрi де бiрегейi ретiнде өз басым Иманғали Тасмағамбетовтi жоғары бағалаймын. Елордамызға Күлтегiннiң көк тасының көшiрмесiн әкелудiң өзi үлкен рух серпiлiсi болды. Сарайшықтың, одан да өзге тарихи мұражайлардың қалпына келуiне үлкен ықпалын тигiздi. Тiптi, өзiнiң өмiр-бойы жинаған тарихи жәдiгерлерiн де «қазақ өнерiнiң бiр жыртығын жамаса екен» деп мұражайға өткiзiп бердi. Қаншама жастардың кiтабы «Отырар кiтапханасы» сериясымен жарық көрдi. Бiзде сондай азаматттардың қазақ мәдениетi үшiн атқарып жатқан тiрлiктерiн көре алмайтын да бар көрiнедi. Мен соған таңдай қағам. Тiптi, соларды аяймын...

Жанарбек Әшімжан: Сiз «Көшпендiлердi» түсiрдiңiз ғой, «Қазақ- фильмнiң» қазiргi кино түсiру әлеуетi қай дейгейде?

талғат теменов: Бұл орайда мен екi нәрсенi айтайын. Бiрiншiсi, «Еуразия» кинофестивалi, ол – бiздiң ажарымыз, бет-бейнемiз, алыс-жақын ағайынның бас қосатын жылына бiр болатын аламан жарысы. Бiрақ, бiз сол жарысқа тұлпарларымыздың жоқтығынан мәстектер, тiптi есектерiмiздi қатыстырып жүрмiз. Ресейде телевизиялық фильмдердi есептемегенде, 300-ден астам көркем фильм түсiрiлдi. Бiзде үш-төрт-ақ кино. Төрт жыл бұрын басталған «Мұстафа Шоқай», «Махамбет» кинолары әлi бiтпей тұр.

Жанарбек Әшімжан: Демек, бұл «Қазақфильмнiң» кино өндiрiсi әлсiз және соншама қаржы шығарып өткiзiп жүрген «Еурзия» фестивалi қазақ кино өндiрiсiне пайда әкелудiң орнына, тек өзгелердiң өнерiн дәрiптеу үшiн ғана өткiзiлiп жүр деген сөз ғой?

талғат теменов: Ең бiрiншi бұл бiздiң халықаралық иммиджiмiздiң қалыптасуына үлес қосуда.

Page 264: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

264

Жанарбек Әшімжан: Таяуда қасиеттi Желтоқсан көтерiлiсiне 21 жыл болады. Сiз Желтоқсан жайлы бiрiншi кино түсiрген адамсыз. Естуiмiзше, сол «Қызғыш құс» киносын түсiруде кедергi де аз болмағанға ұқсайды. Әңгiмемiздi осы жайында аяқтасақ.

талғат теменов: Мен оның алдында, 1988 жылы «Адамдар арасындағы бөлтiрiк» киносын түсiрдiм. Бұл – Желтоқсан көтерiлiсiнен кейiн, адамдар бет-бейнесiн өзгертiп, сатқындық терiсiн жамылған кез едi. Бiздiң арқа сүйеп жүрген үлкен ағалардың өзi ұлтты сатып кеттi. Мен сол адамдардың жыртқыштығын, найсаптығын аңның бейнесiмен, Құрмаш-сынды бейкүнә қазақ баласының қорғансыздығын суреттеуге тырыстым. Ал «Қызғыш құс» 1991 жылы, Желтоқсан көтерiлiсi туралы түсiрiлген тұңғыш кино. Бұл киноны түсiру жоландағы азапты кезеңдердi мен айтпайын, сен сұрамай-ақ қой. Мәскеуден ешкiмнiң қолы жетпей жүрген Нонна Мордюкованы шақырттық. Кинода Желтоқсан кезiнде түсiрiлген тарихи таспалар пайдаланылған болатын. Ол таспаларды КГБ-ның мұрағатынан алуға көмектескен Иманғали Тасмағамбетов болатын. Кино түсiрiлiп бiттi, таспалар салынған 12 темiр қобдиша Мәскеуге жөнелтiлгелi тұрған жерде, «Қазақфильмнiң» тура алдында тапа-тал түсте көлiк отқа оранды. Жүргiзушi жiгiт апта бұрын жұмысқа орналасқан екен. Оның кiмнiң тапсырмасын орындап жүргенiн қайдан бiлейiн? Сөйтiп, таспалардың жарымынан астамы балқып кеттi. Қолда бар дүниелермен «Қызғыш құс» жарыққа шыққан. Қазiрiгi Желтоқсанға қатысты көрсетiлiп жүрген тарихи таспалардың бәрi «Қызғыш құстан» алынған. Желтоқсан туралы түсiрiлген тұңғыш кино, оны ешкiм айтқысы да келмейдi. Және «Желтоқсан көтерiлiсiнiң қаһарманымын» деп мемлекеттен атақ-даңқ сұрап жүргендерге, әлеуметтiк мүдделерiн ойлап жүргендерге таң қаламын. Оларды аяймын. Ал Желтоқсан – қазақ үшiн ерлiктiң, елдiктiң символы болып қалу керек емес пе?

Page 265: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

265

«АрМАНЫМ – ЖАБАйЫ АттЫ БӘйгеге қосу...»(Қоғам қайраткері, атбегі Жұмахан Шортанбаевпен сұхбат)

Соңғы алты-жетi жылдың iшiнде республика аумағында ат спорты сәт санап қарыштап дамып келедi. Атынан ат үркетiн түрлi лауазым иелерiнiң өзi кейiнгi кездерi ат жүгiртудi кәсiп қыла бастады. Жүйрiк аттарды атақ-даңқ үшiн ұстайтын ақшалылар да аз емес. Ал ендi жылқы жануарына құлай берiлген, өзiнiң тағынан бұрын жүйрiктiң бабына көбiрек көңiл бөлетiн азаматтар да баршылық. Олар – нағыз атбегiлер. Солардың бiрi – Жұмахан Шортанбаев дейтiн азамат. «Шортанбаев» дегенде ең бiрiншi облысқа мәлiм мiлитса емес, републикаға даңқы кеткен әйгiлi атбегi жадымызға оралады. Бәйек болып шабандоз баланың басынан сипап тұрғанын талай бәйгелерде көзiмiз көрген. Құлагерлерге құлай берiлгенi сонша – атының алдын кесiп өткен жанға көпке дейiн бала секiлдi өкпелеп жүредi. Шешiлiп сөйлей қоймайды. «Жүйрiктерiмнiң жұмбағын жария етiп алармын» дей ме, өзiн журналист атаулыдан аурағырақ ұстайды. Негiзгi қызметi – Талдықорғанда. Таяуда сол кiсi Алматыға келдi дегендi естiп, қала iргесiндегi Райымбек ауылына арнайы iздеп бардық. Жүйрiктерiне жабу жауып, аулада арғымақтарымен әбiгер болып жүр екен. «Ассалумағәләйкум, атбегi!» деп сәлем бердiк. Аттарын жайғастырып болған соң шенге шеңгелденген кәсiбiне қатысты емес, нәсiбiне бұйырған атбегiлiкке байланысты аз-кем әңгiме тиегiн ағытты.

Жұмахан Шортанбаев: Мен көпбалалы отбасында өстiм, 14 ағайындымыз. Құдайға тәубә, қазiр он бiрi аман-есен. Әке-шешем өмiр бойы шопан болған кiсiлер. Әскерден келген соң милиция мектебiне түстiм. Iшкi iстер саласында қызмет iстеп келе жатқаныма отыз жыл болыпты. Қойшының баласы болған соң жастайымыздан атқа әуес болдық. Мен Тағай дейтiн атамның қолында тәрбиеленгем. Маған дейiнгiлердiң денi қыз болған. Мен босанғанда атам бiрiншi болып сүйiншi сұрап келген адамға үстiне кiлем жауып ту биесiн жетектетiп жiберiптi. Сосын атқа әуес болсын деп тумаған байталдың құйрығына менiң кiндiгiмдi байлап, жылқының сауырынан өткiзiптi. Сонда әлгi байтал тыпыр етпегенiн айтады үлкендер.

Бала күнiмнен «Алпамыс батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр» жырларын жатқа оқыдым. Әсiресе, Байшұбар, Тайбурыл, Қарақасқа секiлдi сәйгүлiктердi суреттеген жолдары жадымда әлi сайрап тұр.

Менi атам алғаш бес жаста ат жалын тартқызды. Жастайымнан атбегi болдым. Талай жүйрiктердi баптадым. Атқа отырған қазақтың кесiн-келбетi мүлде бөлек болып кетедi ғой!

Жанарбек Әшімжан: Атбегiлiк – қазақ ұлтының ұстыны бөлек айтөбел өнерi. Оның екiнiң бiрiне қона бермейтiн, туа бiтетiн қасиет екенiн қариялар жиi айтады. Расында солай ма?

Page 266: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

266

Жұмахан Шортанбаев: Жылқы малының қасиетiн әркiм дұрыс түсiне бермейдi. Бұл жануар өте сезiмтал. Жүйрiк, сұлу атты мiнгендi қай қазақ жақсы көрмейдi? Жүгiретiн аттың жауырыны, тұяғы, мойыны, жамбасы, көкiрегi қандай болу керек? Осыған қатысты сабақтың бәрiн мен шалдардан және өмiрдiң өзiнен алғам. Сондықтан болар, жылқыны ғылыми тұрғыдан зерттеп жүрген ғалымдардың өзi аракiдiк бiздiң уәжiмiзге жығылып жатады. Кейде «мына бiр аттың қанаты бар екен» деген де әңгiмелер айтылады. Әрине, жылқыда қанат болмайды, бiрақ қайсыбiр жүйрiк аттардың бүйiрiнде артық сүйек болады. Құлынды қарнына емес, көкiрегiне ұстайтын биелер бар. Мысалы, кезiнде менде құлынын көкiрегiне жасырған қара бие болды. Сол биенi туардың алдында көкпарға салдық, кейiн туды. Содан туған құлын төрт аяғы төсiн ұрған сұмдық жүйрiк ат болды. Әсiлi, артқы аяғын алдыңғы аяғынан асырып басатын құлындар өсе келе жүйрiк болады. Және бiр жәйт – жүйрiктiк көп жағдайда айғырға емес, шешесiнiң таза қандылығына байланысты болып келедi.

Жанарбек Әшімжан: Таза қанды арғымақ деген қандай болады? Олардың елiмiздегi қазiргi жай-күйi қалай?

Жұмахан Шортанбаев: Бiздiң есiмiзге «таза қанды арғымақ» дегенде бiрден ағылшын, түркiмен аттары түседi. Ал нағыз таза қанды ат – абсент. Сол абсенттiң әлi күнге дейiн сақталған қараторы, қараторғай деген даңқты тұқымдары бiзде бар. Бiрақ Қазақстанда оларды жасырын ұстайды. Аттың жүйрiктiгi сыртқы пiшiнi, сұлулығы, сымбаттылығына байланысты емес. Бәйгеге барсаң аламанның алдында сүмiрейген, сүлдерi түсiңкi, бойын жасырын ұстайтын бiр аттар болады. Сол аттардың артқы сүйектерi, алдыңғы аяқтары мен тұяқтарында үлкен айырмашылықтар бар. Кейiн қарасаң аламанның алдын шаңдатып көмбеге бiрiншi болып сол ат келедi.

Ал соңғы кездерi бiзде аттың жанын түсiне бермейтiн азаматтар ат ұстауды әдетке айналдырды. Ал жүйрiк ат ұстау – байлыққа, шен-шекпенге байланысты емес.

Жанарбек Әшімжан: Кезiнде сiздiң аламан атаулының алдын бермеген, қуғанда құтқармайтын, қашқанда жеткiзбейтiн желмен жарысқан «Буян» деген жүйрiгiңiз болып едi. Сол аттың тұқымы жайлы ел iшiнде аңызға бергiсiз әңгiмелер айтылып жүрдi.

Жұмахан Шортанбаев: «Буян» – болмысы бөлек ат едi ғой! Қасқа ат. Дегерестен шыққан едi. Ол данчак болған, яғни, қазақ пен орыс атының будандастыруынан пайда болған тұқым. Сол «Буян» бiрнеше жыл осы Қазақстандағы таза қанды аттардың өзiн шаң қаптырып кеттi. Үлкен бәйгелерде озып шыққан мақтаулы аттардың өзiн бiр айналымға кейiн қалдырып кеткен кезi болды.

Мен сол «Буянды» жабағы кезiнде базардан бiр түрiктiң баласынан

Page 267: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

267

сатып алғам. Базардың кiребiрiсiнде тұр екен, көзiме бiрден оттай басылды. Сауырына көзiм түстi. Жүгiретiн ат болатыны анық-ты. «Дегерестiң тұқымы ма?» деп түрiк баладан сұрадым. Ол: «Бiлмеймiн, әкем үйде ауырып жатыр, дәрiге ақша керек болған амалсыздан сатқалы тұрмыз», – дедi. 1985 жылы болатын. Бала жабағыны 15 мың рубльге бағалады. Мен баланың қолына 15 емес, 20 мың рубль ұстаттым. Сосын: «Жадыңнан шығарма, осы жабағы айтулы жүйрiк болады, бiрiншi бәйгесiн саған беремiн», – деп құлынды алып кеттiм. Жанымдағылар «Жұмахан жаман бiр жабағыны сатып алды» деп маған күлдi. Көп ұзамай сол жабағы атбегiлердi шулатты. Бiрiншi бәйгеде «Урал» мотоциклiн жеңiп алды. Сөзiмде тұрып, әлгi бәйгенi түрiктiң баласына бергем. Одан кейiн «Буян» бiрнеше автокөлiктi жеңiп алды.

Жанарбек Әшімжан: «Буяннан» тұқым алып қалдыңыз ба?Жұмахан Шортанбаев: Жүгiретiн аттарды биеге салмайды. Кейiн

уақытты өткiзiп алып, тұқым ала алмай қалдым. Айғырлығы өте қатты едi, биелердi көрсе үстiндегi адамымен қоса шайнай жаздайтын. Кейiн туысқан iнiмiз «Буянды» екi күн сiлiкпесiн шығарып шауып, артынан аш қалдырып қойыпты. Содан буынып өлiп қалды. Кейiн әлгi туысқанымыз да аттан құлап қайтыс болып кеттi. Аттың терi деген де оңай нәрсе емес қой. «Буяннан» айырылған күнi iшiм алай-дүлейленiп, аза бойым қаза болды. Сосын кәдiмгi аузына май салып, ақым қазып, арулап жерледiм.

Жанарбек Әшімжан: Жұмеке, соңғы жылдары бәйге аттарының шаруашылықтары қарыштап дамып келедi. Әсiресе, Алматы облы- сында. Ал өзге аймақтардағы атбегiлермен байланысыңыз бар ма?

Жұмахан Шортанбаев: Бәйге атының бағын бiрнеше жыл бойы алға сүйреп келген республикадағы жалғыз аудан – Қарасай ауданы. Көкбастауда өтетiн дәстүрлi Президент кубогiнiң дәл сол жерде өтуi тегiн емес. Айтпақшы, президент Н.Назарбаевтың өзi де атқұмар. Жас күнiнде жылқыға көп мiнгенiн атқа отырысынан-ақ байқауға болады. Нұрекеңнiң қазiргi күнi керемет күрең жорға, торы жорға секiлдi аттары бар. Және жылқы үстiндегi адамның отырысын бiрден сезедi. Жүйрiк атқа тақымы бос сөлбiрейген бiреу мiнсiншi, аударып кетедi.

Соңғы кездерi Ақтөбе облысы, Талдықорған өңiрi, Оңтүстiк Қа- зақстан, Жамбыл облысының жiгiттерi бәйге аттарына үлкен көңiл бөле бастады. Там-тұмдап байланыс жасап тұрамыз.

Жанарбек Әшімжан: Байқаймыз, кейбiр ақшалы азаматтар атты өз атақ-даңқтары үшiн ұстайтынға ұқсайды. Бәйге аттарын бизнес көзiне айналдырып жүрген байшыкештердi де бiлемiз. Ақшалы адамның атқа деген көзсiз құмарлығының аяғы абыройсыздыққа алып келетiн кездерi де бола ма?

Page 268: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

268

Жұмахан Шортанбаев: Бұл сөзiңiздiң жаны бар. Атқа дұрыс отыра бiлмейтiн бәзбiр жiгiттер ат ұстауға әуес. Өзi атқа отыра алмайтын, жылқы малын сезiне бермейтiн адаммен жұғыса алмаймын. Сосын менiң өзiмше түйген бiр тұжырымым – түрлi билiк орындарында да атқа отыра бiлетiн, қазақылығы басым, екi тiзгiн бiр шылбырды тең ұстай алатын азаматтардың отырғаны ләзiм.

Ақшасы көп, қалтасы қалың бизнесмендер асыл тұқымды аттарды сатып алып, көптеген таза қанды жылқылардың құрып кетуiне жол берiп алды. Ат жүгiртудi кейбiр жаңа қазақтар бизнеске айналдырып жiбердi. Бұл келеңсiздiк 1995 жылдан 2004 жылға дейiн ұласты. Бәйгеден келген атты бiрден аукционға салып, бiр байдан екiншi бай бағасын асырып әлекке түсiп жатқанын неше рет көрдiм. Аламанның алдын бермей жүрген сол аттар кейiн байдың қолына барғанда шаппай қойған кездерi де болған. Ат жүгiртудiң де өз сертi бар. Мен ондай байшыкештердiң бiразын бiлемiн. «Ойбай, бәленнiң аты анабiр бәйгеден келiптi» деп ұлардай шуладық. Оларға ат емес, атақ керек болды. Сондайлардың кесiрiнен тұқымы бөлек нешеме тұлпарлар қырылып қалды. Тiптi бiр ғана аламанды жеңiп алу үшiн аттың күшiн уақытша арттыратын дәрiлердi пайдаланып, ақыры арғымақтардың өлiмiне алып келген кездер де аз болған жоқ. Әлгi дәрiнiң керi әсерiнен көптеген жақсы аттардың тамыры жарылып, жүгiруден қалды. Мен мұны қарынбайлардың қылқұйрықты жүйрiктерге жасаған қылмысы деп бағалаймын. Атбегiлiктiң алғышарты ақша емес, егер атты дұрыс баптай бiлсең ақша өзi-ақ келедi. Бiрақ сол бәйге аттарының бағын байлап, сорын қайнатқан ақшалы жiгiттердiң көбi түрлi апаттарға душар болды.

Жаркент, Талғар, Еңбекшiқазақ аудандарында шағын жылқы зауыт- тарын ашып, асыл тұқымды жылқыларды Америкаға, Германияға сатып жатқан азаматтар бар бар көрiнедi. Соларға тосқауыл қою керек. Ал шетелдiктердiң қазақ жылқысына деген аңсары күн өткен сайын айрықша ауып келедi.

Шын атбегi жақсы аттарды ешқашан саудаға салмайды. Мен үшiн шын жүйрiктердiң бағасы жоқ! Оны маңайымдағы атбегiлер де бiледi. Ал қазақы салт-дәстүрге салып, қимас жүйрiгiмдi сыйлауым мүмкiн.

Жанарбек Әшімжан: Ал қөңiл қимаушылықпен жүйрiк атты сыйға тартқан кезiңiз болды ма?

Жұмахан Шортанбаев: Болды. Кенже ұлым үйленгенде «Ақжал» деген жүйрiктi құдама жабулап тұрып сыйлауға тура келдi. Құс секiлдi керемет ат болатын. Сонда жiгiттер: «Жұмахан аға «Ақжалды» сыйға тартып жiбердi», – деп бiразға дейiн таңданып жүрдi. Ал құдаға аса зор сый жасау – ата қазақтың жолы, жөнi. Кейiн құдам «атты сатып берсеңдер» деп өтiндi. Сыйға берiлген жылқы, амал жоқ. Атты

Page 269: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

269

сататын кезде менiң баруға дәтiм шыдамады. Сатып алушылар сонау Маңғыстаудан келген екен, жiгiттер жүйрiктi 15 мың АҚШ долларына бағалап сатыпты. Бұл – 2001 жылы болатын. Ақшаны конвертке салынған күйi құдаға апарып бердiк.

Кейiн естiдiм, «Ақжал» батыс өңiрлердегi аламандарда бiрнеше рет топ жарыпты.

Мен өзiм жүйрiктерiмнiң қиналып тұрғанын көргiм келмейдi. Менiң бiр жүйрiгiм көз алдымда қазыққа жаншылып қалды, содан бiразға дейiн аза бойым қаза болып жүрдi. Мәселен, мен жылқының етiн жемеймiн, қымызын iшпеймiн. Өзiм қой жылы туғанмын, қойдың да етiн жемеймiн. Мұның бәрi менiң атамнан қалған тәрбие.

Жанарбек Әшімжан: Жұмеке, аттарды қолдан будандастырып, тұқымын асылдандырудың қаншалықты артықшылығы немесе кем- шiлiгi бар?

Жұмахан Шортанбаев: Жылқы дейтiн – жатқан ғылым ғой. Бiрақ өздерiнiң күнкөрiсiнен аса алмай кеткен айтулы ғалымдарымызды жылқы жағдайына көңiл бөлмедiң деп қалай айыптайсың? Соңғы жылдары ғана мемлекет тарапынан асыл тұқымды аттарға ептеп көңiл бөлiне бастады. Жылқының тұқымын асылдандыруды мақсат тұтқан жiгiттерiмiздiң басым көпшiлiгi алғашқы кезде селекциямен айналыспады. Бұл мәселеге соңғы жылдары ғана көңiл бөлуде. Ендiгi жерде селекциямен кешендi түрде айналысу өз жемiсiн бере бастайды. 2008 жылдан бастап Қазақстанда керемет жүйрiк аттар шығады, бұған күмәнiңiз болмасын! Егер нағыз бiлгiр мамандар болса, қолдан будандастырудың пайдасы ұшан-теңiз.

Жанарбек Әшімжан: Билiк тұтқасында отырған көптеген лауазым иелерiнiң атқа деген көңiлi алабөтен екенiн бiлемiз. Байрағы бөлек бәйгелерде аттарын астыртын аламанға жiберiп, сыртынан бақылап отыратын ақжағалыларды көзiмiз шалып қалады.

Жұмахан Шортанбаев: Ол рас, елге мәлiм үлкен азаматтардың көбi жылқы ұстайды. Жүйрiк жүгiртедi. Құлыбаевтардың жүйрiк аттарға деген құмарлығы өте жоғары. Сондай-ақ олар асыл тұқымды иттерге де көңiл бөледi. Сонымен қатар, Алматы қаласының әкiмi Иманғали Тасмағамбетов асыл тұқымды аттардың үлкен жанашыры ғой деп ойлаймын. Өйткенi, ол кiсi де аттың бабын, болмысын, тегiн өте жақсы бiледi. Жылқы ұстайды. Баптайды.

«Қазақстан темiржолының» басшысы Ерлан Атамқұлов – жылқыға жаны ашитын азамат. Өзi атқұмар. Байқасаңыз, соңғы 2005-2006 жылдары болған бәйгелердiң бәрiн «Рахат-Паластың» жүйрiктерi жеңiп алып жүр. Ерланның аттары тiптi бүкiл Ресейдiң жүйрiктерiнiң iшiнде екiншi болып келдi. Ал нағыз асыл тұқымды жүйрiктер – Ресейде. Түркiмендердiң аттары далада қалды. Демек, орыс аттарының бабы жақсы.

Page 270: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

270

Ұзынағашта Орынтай дейтiн үлкен атбегi бар. Жылқыға жан-тәнiмен берiлген, жаны ашитын азаматтардың бiрi. «Рахат-Палас» жүйрiктерiнiң бапкерi – сол Орынтай. Сондай бiлгiр мамандар мол болса, қазақ жүйрiгiнiң де болашағы өте зор. Атбегiлiк деген – үлкен қасиет! Ертең Орынтай секiлдi бiлгiр бапкерлердi ел-жұрт шам алып iздейтiн болады. Тарпанов дейтiн үлкен атқұмар азамат болған. Қайтыс болды. Сол кiсi кезiнде маған «зейнетке шыққанда сiз менiң жылқы зауытыма директор болып келесiз» деп қолқа салып жүретiн.

Алматы облысының әкiмi Серiк Үмбетов те атқұмар. Ол кiсiнiң де шабысы бөлек жақсы бәйге аттары бар. Серiк Әбiкенұлының «Нұрқасқа» деген Ресейден алып келген керемет жүйрiгi болған. Сол «Нұрқасқа» бiр жылда тоғыз автокөлiк алып едi, жарықтық. Бәйгеден бәйгеге есiн тез жинап, қалыбына тез келе қалушы едi. Жамбыл ауданындағы бiр аламанда тайып кетiп, аяғын мертiктiрiп алған, кейiн өлiп қалды. Ол сәйгүлiктi де жер қойнына арулап тапсырды.

Әкiмдердiң көбi жылқы ұстайды ғой, бiрақ үлкен бәйгелерге әкiмдердiң үкiлеп ат қосқанын өз көзiммен көрген емеспiн. Бәлкiм, жасырын қосатын да шығар. Жалпы жылқы жаратылысынан өте тылсым жануар. Сондықтан болар, атбегiлер жылқы тұқымына қатысты артық-кем әңгiмелердi өте құпия ұстайды. Бәйге аттарының бабын көп жария ете бермейдi.

Жанарбек Әшімжан: Оның құпиясы неде?Жұмахан Шортанбаев: Қорқады. Ат баптаудың тұрақты кестесiн

көшiрiп алуы мүмкiн. Оның үстiне ұры-қары көп. Мәселен, менiң «Латхан» деген ғажап асыл тұқымды жүйрiгiм болған. Сұлу! Атбегiлер ол аттың ата-тегiн, қайдан шыққанын, қалай жүгiретiнiн бәрiн бiлетiн. Үлкен бәйгеге баптап жүргенде әлгi арғымағымды ұрлап кеттi. Iз-түссiз жоғалды. Ол атқа мен Ресейге дейiн iздеу салғыздым. Ат баптаушылардың журналистерге де бар сырын ашыла айтпайтыны сондықтан.

Жанарбек Әшімжан: Қазiр қанша ат баптап отырсыз?Жұмахан Шортанбаев: Тайпалған төрт жүйрiгiм бар – «Сүлiкқара»,

«Торғай», «Мальчик», ал соңғысына әлi есiм қоймадық. Бұл аттардың шығу-тегi, тұқымы жайлы ақпарат бере алмаймын. Таяуда бiр кеденшi жiгiттер «бiр атыңызды сатып алсақ» деп келiптi. Үлкен ақшаға. Әсiресе, «Мальчиктi». Сөйлескем жоқ. Iнiлерiм: «Жұмахан ағадан екi дүниеде ат сатып ала алмайсыздар», – деп әңгiменi шорт үзiптi. Мен үшiн жалпақ дүниеде жабыларымның құны ешнәрсемен теңеспейдi. Ат – менiң кiшкентай өмiрiмнiң үлкен бiр бөлшегi.

Алыс сапардан келгеннiң өзiнде ең бiрiншi жүйрiктерiмнiң жалынан бiр сипап барып үйге кiрем. Бұл дағдымды шешем марқұм да қойғыза алмады. Айтпақшы, шешем 1997 жылы қайтыс болған.

Page 271: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

271

Сонда анамыздың жаназасын шығарып, жерлеуге әкетiп бара жатқанбыз. Зиратқа жақындай бергенде сүйектi алып келе жатқан көлiктiң алдын менiң үш сәйгүлiгiм шапқылап келiп кес-кестеп алғаны. Көлiктi жүргiзбейдi. Сосын көлiктен ыршып түсiп аттарға бардым. «Жiберiңдер! Шешемiздi жайлы орнына жайғастырайық», – деп жалдарынан сипадым. Жасаураған жанарлары шарасынан шығып кеткендей күй кештiм. Бұрылып жүре бердi. Шешем марқұм кейде үйде адам болмағанда сол жүйрiктерге өзi шөп салып, су беретiн. Еркелететiн! Қолынан дәм татқан сондай бiр асыл жанның дүниеден кетiп бара жатқанын жылқылар да түсiнген ғой! Осы жайт көпке дейiн менiң есiмнен шықпай жүрдi.

Жанарбек Әшімжан: Жұмеке, шыныңызды айтыңызшы, егер сiз- дiң алдыңызға мынадай таңдау қойылса: екi генералдық шен немесе екi сәйгүлiк. Қайсысын таңдар едiңiз?

Жұмахан Шортанбаев: Сөз жоқ, қос сәйгүлiктi таңдаймын! Жанарбек Әшімжан: Жұмырбасты пенде болған соң армансыз

болмайды. Атбегiнiң арманы да атқа қатысты болар?Жұмахан Шортанбаев: Менiң бала күнiмнен берi келе жатқан бiр

арманым бар. Бiздiң ата-бабамыздың жерi – Бақанас өңiрi. Өзiм ысты деген руданмын. Сол Бақанастың сары даласында жабайы аттар өте көп. Өздерi топ-тобымен жүредi. Ешкiмге ұстатпайды. Тек атып қана алуға болады. Арманым – сол жабайы аттың бiреуiн ұстап, баптап, бәйгеге қосу. Ол жабайы аттарда бiр сүйем де қазы болмайды. Даланың кәдiмгi ешқашан ноқта көрмеген керемет тағы жүйрiктерi ғой. Бiрнеше рет алыстан дүрбiмен қарадым. Және бiр қызығы – олар көз көрмес, құлақ естiмес жерлерде төлдейдi. Адамның иiсiн олар үш шақырым жерден сезедi. Сол жабайы аттың бiреуiн қолға түсiрудi күндi-түнi ойлаймын

Шiркiн, бiр жабайы атты ұстап, бәйгеге қоссам, атбегiлiктi бiржола қояр едiм...

Page 272: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

272

І V- б ө л і м

ҰЛЫ ҒАЛЫМНЫң соңҒЫ ЖҰМБАҒЫ

«Ғабдұлғани! Ғабдұлғани! Ғабдұлғани!» Бұл – Әлима ананың құрсағынан жаралған қазақ жұртының ұлы қазынасы, жұмыр жердiң тiлмашы, жетi жұрттың тiлiн, жетi қат жердiң сырын аңдаған даңқты Қаныш СӘТБАЕВТЫҢ азан шақырып қойған ныспысы. Құлақ түбiне үш мәрте айғайлаған әйгiлi Төртуылдан шыққан Құрмантай абыз деседi.

Балағын балдыр жуған Баянтаудың бағы басым екен. Сал мен серi сеңдей соғылысқан қасиеттi Кереку де сан тағдырды бастан кештi. «Баянауыл басынан бұлт кетпейдi…» дейтiн әлгi бiр әсерлi де ауа жайылған ғажайып ән сол дәуiрдiң куәсi. Десек те, Қыдыр кәрияның желе жортып бара жатқанда дорбасының түбi сөгiтiлiп кеткен жер сол Баянауыл болар, сiрә. Алақандай ауылдан Алаштың аспанында қазақ ғылымының төбесiнен құс ұшырмаған он алты данышпанның шамшырағы жанып тұр. Бұл «академиялық бiлiмдi әкеден алған» (Б.Әшiрбаев) академиктердi саусағымыз жеткен жерге дейiн санап үлгерген есiмдер ғана.

Бүгiнгi әңгiме он алты қыз әнге қосар оқымыстының iшiндегi төресi, ғұлама ғалым, жетi қат жер астындағы сырын iшiне бүгiп жатқан қойтастардың ебiн тапса да да, жүрек кенiндегi кесепаттың емiн таппай кеткен шәр геолог Қанекең, Қаныш Имантайұлы Сәтбаев турасында. Анығында, ұлт мұратына қажет қазынаны қайламен қазып, қаламмен жазып қалдырған ұлы ғалымның соңғы өмiрi хақында.

Бiз өткен нөмiрiмiзде ұлы Мұхаңның «соңғы жұмбағы» жайлы баян еткенбiз. Қанекеңнiң де тағдыры «социализм жемiсiн орақпен орып, шегесiн балғамен қаққан» сол бiр реңсiз режимнен тiптi де аулақ кетпейдi.

қанекеңнiң де соңғы жетi жылын

«Жадының өзi бiр академия едi»– Қаныш Сатпаев – Жаратқан иемiздiң қазақ ұлтының маңдайына

берген сыйы. Биологиялық заң бойынша Қанекеңдей ұлы адамдар жүз жылда бiр туады. Мен ол кiсiнi тұңғыш рет 1946 жылы Алматыдан Қазақ ғылым академиясының филиалы ашылған кезде көргенмiн. Әскерден жаңа келген кезiм. Аспирантураға түсуге талпынып жүргем. Лия Соломоновна дейтiн Швецарияның үлкен академигi, медицина

Page 273: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

273

саласының ғұлама ғалымы Кеңес елiне көмектесуге келген болатын. Дүниежүзi бойынша қан мен мидың арасындағы барьердi зерттеп даңқы шыққан ғұлама, бiрнеше елдердiң академигi едi. Оны Кеңестiң «шаш ал десе, бас алғыштары» ұстап алып «КАРЛАГ»-қа қамап тастапты. Сосын Қаныш Имантайұлы «КАРЛАГ»-тың бастықтарымен сөйлесiп, әлгi ғалымды босаттырып алды. Жамбыл қаласынан академия атынан шағын баспана алып берiп, сол жерден лабаратория құрып берген. Академияның филиалы құрылғанда әлгi кiсiнi арнайы шақырып, президиумның төрiне отырғызғаны көз алдымда. Қуғында жүрген адамға солай көмектесiп, азаматтық қолұшын берген. Қанекеңнiң бұл iсi нағыз ерлiкпен пара-пар едi. Содан бастап ол кiсiге деген менiң көзқарасым да бөлек болды. Бiрiншi рет ол кiсiнiң үлкен жүректігiне, ұлылығына сонда таң қалғанмын.

Бойы екi метрге жуық тұлғалы кiсi едi, сол тұлғалы болмыстың iшi толы ұлылыққа және қамқорлыққа толы болды. Баппен, асықпай сөйлейтiн. Медицина тақырыбында сөйлессең – дәрiгер секiлдi сөйлеседi, вирусология жөнiнде тiлдессең – соның маманы сияқты ақтарылатын. Геологпен – геологша, биологпен – биологша дегендей. Соның бәрiн қай уақытта оқып үлгергенiне таң қалушы едiм. Медицинаға байланысты бiлмеген тұстары болса, қысылмай «мынау не деген нәрсе?» деп сұрайтын.

Ол кiсiнiң жадының өзi бiр академия едi ғой. Ақсақ Темiр Алтын Орданы қиратуға бара жатқанда Ұлытауда тасқа жазып қалдырған жазуы болған. Сол жәдiгердi Қанекең тауып эрмитажға тапсырған. Мен ол жәдiгердi Петерборда өз көзiммен көрдiм, артында «Қаныш Сәтпаев тапсырған» деген жазу бар. Ұлы ғалымның iрi қайраткерлiгi осылай басталған. Қоңыр ғана дауысымен ән айтатын. Студент болып жүрген кезiнде-ақ қазақтың жыр-дастандары, әндерi жөнiнде үлкен зерттеу мақалалар жазған. Кейiн геология саласына кеткеннен кейiн қолы тимей кеткен болу керек.

«Лондонға да, Стокгольмге де бармаймын»– 1957-58 жылдары Қанекең гипертониямен ауыра бастады, бұл –

қан қысымының көтерiлуiне байланысты болатын науқас. Сол кездерi Бреннер дейтiн бiлiктi дәрiгермен дос едiм. Үкiмет Қанекеңнiң жүрегiн емдеу үшiн сол Бреннердi арнайы бөлiп қойған. Канекең Киров көшесiнде тұратын, күндiз болсын, кеш болсын шақыртатын. Бреннер «бiрге ақылдасайық» деп менi ертiп апаратын. Мен ол кезде қазiргi «совминнiң» ауруханасында тұрақты кеңесшi едiм. Барамыз. Ем-домымызды жасаймыз. Өте әңгiмешiл адам едi, мен барғанда әңгiменiң тиегiн ағытады. Әйелi Таисия Алексеевна «бұл кiсiге тыңдайтын адам керек, ағаң үшiн негiзгi дәрi – әңгiме, әңгiме айтса қан қысымы өз-өзiнен төмендейдi» дейтiн. Бiр өкiнiштiсi, уақытында көп жайттарды жазып

Page 274: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

274

алмаппын. Өткен уақыт есте қалған деректердiң бiразын тоздырып жiберiптi. Сөйтiп жүрiп арада бiраз жыл өттi.

Бiр күнi көмекшiсi телефон шалып, «сiздi Қаныш Имантайұлы тосып отыр» дедi. Сосын кеңсесiне бардым. Қанекең насыбай ататын, бiр түйiрiн ернiнiң астына салып қояды. Қарап отырамын. Түкiрмейдi. «Iшке жұта ма?» деп ойлаймын. Таң қаламын да қоямын. «Әй, осы насыбайдың өңешке зияны тиедi-ау» деп те күдiктендiм. Сол ойым ақыры жаман болып шықты.

Жастығыма қарамастан, менi «Сәке» деушi еді. «Сәке, мен сырқаттанып отырған секiлдiмiн, сенiң салаңа жақын болу керек, қашан тексерiлсем болады?» дедi. «Сiз қай уақытты айтсаңыз, сол мезгiлге дайынмын» дедiм. Ертесi ұлы ғалымға таң азанмен аш қарында келiп тексеру жүргiздiм. Өңештiң төменгi жағында қылтамақ басталып, тiптi бiраз жерге жетiп қалыпты. Қылтамақ деген – рак, өңештiң қатерлi iсiгi. Осы аты жаман ауру үшiншi сатысына дейiн көтерiлiптi. Бұл өзi қазақта атам-заманнан келе жатқан ауру болса керек. Дереу бас дәрiгерге айттым, ол үкiметке хабарлады. Дiнмұхамед Қонаев бастап бәрi хабардар болды. Димекең Қаныш Имантайұлын айырықша құрмет тұтқан. Қанекеңнiң тұсында академияда сессия болған кезде Димекең мiндеттi түрде келiп қатысатын. Екеуi кеңселерiне кiрiп шәй iшетiн. Кеңесетiн. Айналасы бiр сағаттың iшiнде бәрi ауруханаға келдi. Ақылдастық. «Не амал қыла аламыз?» деп бәрi аласұрды да қалды. Қайсысы айтқаны есiмде жоқ, үкiметтен келгендердiң бiреуi «Мәскеуге барып қаралу керек» деп қалды.

Сол күнi емес, екi күннен кейiн жиналып Мәскеуге кеттiк. Мен бiрге бардым, бұл – 1960 жылдары. Бардық. Ол жақта мен бiлетiн Тагир Иосифович дейтiн рентгенолог профессор бар едi, барлық құжаттарды сол кiсiге тапсырдық. Қанекең тағы да тексеруден өттi. Ақыры «Сайым Балмұхановтың қойған диагнозы» деген қорытындыға келдi. Ол кезде КСРО денсаулық сақтау министрi Сергей Курашов болатын. Қанекең ол кiсiні жақсы таниды, Томскiде бiрге оқыған екен. Қанекең «бұл Курашов емес Құрышов, аты – Серәлi, шоқынған татар» деп қалжыңдап отыратын. Сол Курашовтың кеңсесiнде консилиум болды. Iшiнде Вишневский дейтiн даңқтысы бар пышақтарын жалаңдатып бес-алты профессор келдi, хирургтер болды. Жиналған мамандардың бәрi де операция жасауға болмайтынын, кешiгiп қалғандығын айтты. Ендiгi амал – тек сәулемен емдеу. Сол аралықта Курашов ВЧ арқылы жоғары жақпен сөйлестi. Кiммен сөйлескенiн бiлмедiм. Көп уақыт өтпестен Курашов: «Мен жаңа жоғарыдағылармен сөйлестiм, Қаныш Имантайұлының таңдауына қарай не Стокгольм, не Лондонда ем күтiп тұр. Қасына қызын және дәрiгерiн ертiп жүруiне рұқсат етiледi, барлық шығынды үкiмет көтередi» дедi. Қанекең «мен ертеңге дейiн ойланып жауабын берем» дедi. Қонақүйге келдiк. Ол уақытта Қанекеңнiң

Page 275: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

275

«Москва» мейманханасының оныншы қабатында үш бөлмелi тұрақты үкiметтiк люкс болатын. Себебi, Қанекең жай академик емес үлкен академияның президиум мүшесi, Лениндiк сыйлық жөнiндегi комитет мүшесi, Жоғары кеңестiң тағы бiр ықпалды мүшесi. Сондықтан айына Мәскеуге екi-үш рет баратын, келген сайын сол жерге түсетiн. Қонақ үйде сол кездегi Химия институтының директоры Әбiкен Бектұров, Бөпежан Аяпбергенов, әйгiлi Шапық Шокин отыр, академияның вице-президентi Бәйiшев бiздердi күтiп отыр екен. Елден алып келген қазы-қартамен тамақтандық. Дастархан басында Қанекең: «Осындай деп маған үкiм шығарды, екi елдiң қай жерiне бару керектiгiн таңдайтын Сайекең ғой, дегенмен мен түнiмен ойланып шешiмiмдi ертең айтамын» дедi. Бәрi тарап кеттi. Бөпежан Байбаламұлы түнiмен қасында болған едi, сол кiсi «Қанекең түнiмен дөңбекшiп ұйқтамады, тұрып жүредi, насыбай атады» дедi. Таңертең сағат сегiзде келдiк. Шәй үстiнде Қанекең: «Мен әлгi айтқан екi елге де бармаймын. Қазақтар арасында қылтамақ ауруы көп. Ал менiң жұрттан не артықшылығым бар? Сол қандастарым елде-ақ емделiп жатыр ғой, мен де туған елде емделемiн. Бәрiн де көтеремiн, елден бөлектенiп емделгiм келмейдi. Не де болса Сайекемнiң өзi емдесiн, Алматыда емделемiн» деген шешiмiн айтты. Бәрiмiз қайран қалдық. Не деген ұлылық! Мұндай сөздi кiм айта алады? Екiншi рет Қанекеңнiң әлгiндей алыптығына таң қалдым.

Осы күнi Қанекеңнiң тырнағына татымайтын шенеунiктер «басы ауырып, балтыры сыздаса» ата-бабасынан қалған мұрасы секiлдi үкiметтiң ақшасын жанқалтасына басып алып Батысқа тұра жүгiредi...

Сөйтiп, кейiн қайттық. Елге келген соң үш жыл бойы ұлы ғалымды мен емдедiм. Жұмысы да жақсы жүрдi. Жеке өмiрiмде, яки медицина ғылымында бiтiрген шаруам ептеп бар болса бар шығар, дегенмен мен Қаныш Имантайұлының қызметiне жараған тiрлiгiмдi, өмiрiнiң соңына дейiн жанында болғанымды – өмiрiмде атқарған үлкен шаруам деп түсiнем.

«кунцевода екiншi ұлы қазақ көз жұмды»

– 1964 жылғы күздiң қара суығы үдей бастаған кез болатын. Қанекең Әдеттегi жұмыс бабымен Мәскеуге кеткен. Арада апта өтпей менi Мәскеуге шақыртты. Дереу Мәскеуге жол тарттым. Барсам, Қанекең ауруханада жатыр екен. «Сайеке келдiң бе?» дедi. Амандық-саулық сұрасты. – Әйгiлi академиктермен бiрге отырып тамақтанып едiк, қызмет көрсетушiлер дастарханға саңырауқұлақ әкелiп қойған екен. Саңырауқұлақ жеу әдетiмде жоқ едi, дәм ауыз ти деп қоймаған соң бiр түйiрiнен дәм таттым. Iле-шала дәретханаға барып, үстi-үстiне құстым. Қасымдағы орыс академиктер де ауырған көрiнедi. Дегенмен, мен қатты уланып қалған сияқтымын, – дедi. Сол саңырауқұлақтан ұшынғаннан

Page 276: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

276

бiр ай ауруханада жатты. Уланып қалғаннан кейiн жүрегi де сыр берiп қалды. Мен бақылап қарап жүрдiм, дәрiгерлер iшек-қарнын тазартты, қан құйды. «Елге кетсек, қалған емдi сол жақтан алсам» дегендей болған. Сәл жақсы болғандай көрiнiп едi, қас қылғандай уланғанның әсерiнен қылтамақ қайта қозып кетiптi. Ескi ауруы қайталап өңештен жоғары көтерiлiп бiраз жерге барып қалыпты. Қайта емдеуге күш жетпейдi. Химиямен емдеп көрiп едiк, оның да көмегi болмады. Қыздары келiп-кетiп жүрдi, Бөпежан Аяпбергенов жанымыздан бiр сәт шыққан жоқ. Сол жатқаннан Қанекең үш ай Мәскеуде жатты. Бақилық боларынан бiр апта бұрын төсек тартып жатып қалды, оған дейiн тiк жүрiп келген. Кремльге қарасты Кунцево ауруханасы табиғаты ғажап жерде орналасқан едi. Ол ауруханада жатып емделуге Қазақстаннан он адамға ғана рұқсат беретiн. «Совмин» ауруханасының басшысы, екi орынбасары және Орталық комитеттiң үш хатшысы секiлдi жоғары лауазым иелерiне ғана рұқсат етiлетiн, соның iшiнде Қаныш Имантайұлы да бар едi. Ауласы да кең. Көп уақытын сол аулада серуендеп жүрiп өткiзетiн. Аурудың бетi қатты екенiн iштей сезген де шығар, бiрақ бiзбен ауру туралы әңгiме айтпайтын. Соңғы күнге дейiн өлiм туралы бiр ауыз сөз айтқан емес. Бiрақ, әлгi саңырауқұлақты жегенiне кетер-кеткенше өкiндi. «Өмiрiм де жемейтiн едiм, жалпы саңырауқұлақты жек көретiн едiм, содан-ақ қор болдым ғой» дегенi әлi күнге құлақ түбiмде тұр. Осы сөздi қайта-қайта айта беретiн. Жанында болғандарды қазiр ұмытып отырмын, бәрi белгiлi ғалымдар. Олар бiр айдың iшiнде жазылып кеттi. Қанекеңдiкi өте қиын болды.

Мейiз есiмдi қызы қазiргi күнi бар, соңғы екi сағатта жанында сол қызы болды. Маған телефон шалған да сол Мейiз. Мен келдiм, ес-түсiн бiлмей жатыр екен. Үш-бес минуттан кейiн кеудесiнен жаны ұшып кеттi. «Ұлы адамдардың соңғы сөзi» дейтiн ұғым бар ғой, бiрақ мен Қанекеңнiң соңғы сөзiн ести алмадым. Аузын жыбырлатып бiр нәрсе айтқысы келдi, айта алмады. Сөйтiп, қазақ халқынан шыққан екiншi қайталанбас ұлы адамының ақтық демi сол Мәскеу iргесiндегi ауруханада үзiлдi. Несiн айтасың, бүкiл ұлттың есеңгiреп қалғандай кезi едi ғой. Сүйегiн ұшақпен елге алып келдiк. Бұл – 1964 жылдың 31 қаңтары болатын.

...Соңғы үш айда мен жанында болдым. 1932 жылғы қырғыннан бастап көптеген әңгiмелердiң тиегiн ағытты. Сол бiр алмағайып нәубет күндерi Қанекеңнiң әкесiн, әкесiнiң екi ағасын «халық жауы» деп түрмеге жапқан екен. Бәрi сол түрмеде қайтыс болыпты. Бiр жолы маған қиналыңқыраса да «Әкемдi түрмеде ұрып өлтiрген көрiнедi» дегендi ерiн астымен құпиялап айтқаны бар.

Ауылдың кiсiлерi әкесiнiң денесiн ұрлап әкетiп жерлептi. Қанекеңнiң содан ептеп хабары бар екен, 1955 жылдары әкесiнiң жатқан жерiн Бөпежан Аяпбергенов арқылы iздеп тауыпты. Аяпбергеновке айтып

Page 277: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

277

әкесiнiң басына құлпытас орнатыпты. Қаншалықты үлкен адам болса да кейiнге дейiн артынан «үш әрiптiң» жансыздары қалмай жүрдi ғой. Бойды билеп қалған сол үрейден әкесiнiң басына да бара алмағанын айтып налығаны бар. Кейiн ол кiсiнiң өзiн де қуғынға салды. «Алашорданың мүшелерi» деп Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев және Ахмет Жұбановты бiрiнiң артынан бiрiн партиядан шығарғаны есiмде. Тiптi, академиядан барлық атақ-даңқтарын, марапаттарын алу туралы Мәскеуге де жазған жандайшаптар болған. Бүгiнгi политехникалық университеттi ол уақытта тау-кен институты деп атайтын. Қазiргi Достық даңғылының жоғарғы бөлiгiнде тау-кен институтының үлкен аудиториясы болатын. Сол жерде үлкен жиын болды, сол жиында Қанекеңдi партиядан шығарды. Содан екi-үш күннен кейiн Мәскеуге кеттi, сонда «жанында шығарып салған бiр адам болмапты» дегендi естiгем. Сол кеткеннен Мәскеуде екi жыл болды.

«Куликово шайқасы» – жалған туынды...»– Аурухана ауласында серуендеймiз. Қаныш Имантайұлының

жадының күштiлiгi сондай – ескi хисса-дастандарды жатқа айтып отыратын. «Қияттан шыққан Мамай» дегендi бiрiншi рет сол кiсiден естiгем. «Кәдiмгi ер Мамай, хан Мамай – Шыңғыстың ұрпағы, Қияттан шыққан ғой» деп айтып отыратын. Сосын «Өлдiң Мамай, қор болдың» деген тiркестi таратып, талдап айтып бергенi жадымда. Себебi, Мамай орыстардан жеңiлген жоқ, Тоқтамыстан жеңiлгенi тарихи шындық. Қанекең бiр жолы көңiлi шат-шадыман болып отырғанда мына жайтты айтып берген: әйгiлi «Куликово шайқасы» туралы орыс поэмасының желiсi дұрыс емес, мүлде қате деректерге құрылған шығарма. Себебi, Мамай орыстармен соғыста әскерiнiң оннан бiрiн, яғни жалдамалыларын ғана кiргiзген. Шолғыншылар арқылы «Тоқтамыс келе жатыр» деген хабарды естiп әскерiнiң толық құрамын соғысқа кiргiзбей кейiн кетiп қалған. Куликово шайқасында Мамай жеңiлген жоқ. Мамай Қап тауының етегiндегi шайқаста орыстардан емес, Тоқтамыстан жеңiлген.

Жалпы, Қанекең «Мамайдың қазақтар үшiн жақсылығы көп болған» деп едi.

Сосын, Қанекең «сен Ақтөбенiң перзентiсiң ғой, сондықтан мына дерек те жадыңда жүргенi дұрыс» деп төмендегi әңгiменiң тиегiн ағытқаны бар. Ақтөбе деген – Мамайдың үлкен қызының бейiтi. Хан Мамай сол аймақты жайлап тұрған кезi екен. Бiр сұлу қызы болыпты, сол қызын Қырымды билеп тұрған ханның баласына бермек болып жүргенде қызы науқастан қайтыс болады. Содан Мамай қызын жерлейдi, жерленген жерiне жүз шақырым жерден кесек борды түйемен әкелiп, зиратын тұрғызады. Содан үйiлген бортастар ерiп, үлкен тау болып қалған көрiнедi. Ел iшiнде «Ақтөбе» деген атаудың солай пайда болғаны туралы әңгiме бар.

Page 278: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

278

ҰЛЫ ЖАЗуШЫНЫң соңҒЫ ЖҰМБАҒЫСағат жөндеушi мен дәрiгердiң құпиясын ашу мүмкiн емес

Серiгi жоқ Бiр Алла назары түскен пендесiн қаншалықты артық жаратса, соншалықты тағдыр сыйлайтындай ма, қалай?! Iлкiдегi бiр алакөлеңке кеңседен Алашқа аты кеткен тұрлаулы тұлғалардың беймәлiм қырлары туралы үзiп-жұлқып әңгiме естiгенiмiз бар. Қаламға үйiр қарқарадай ғана топ «аяққа ас құйып, сабына қарауыл қойған» сол бiр алмағайып күндер туралы әңгiменi бастайды да аяғына жеткiзбей шорт кеседi. Бойларын үрей байлап қалған ба, аракiдiк жан-жағына жалтақ-жалтақ қарап қояды.

...Бiз шүрiппе мен ұңғыны айыра алмайтын ұрпақпыз. Сол үшiн де бақыттымыз. Есесiне бiзге бағы мен бәсi, соры мен шерi қатар аққан ұлы тұлғалардың басында түрлi оқиғалардың түмен-түмен болып көшкенi жайлы құсаға толы құсни-хаттар жеттi. Қорғасынның салмағындай салмағы жоқ телпекбайлар тезекке бола тең атаның ұлын ұрын келгендерге ұстап берген заман жайлы ақпарды оқыдық. Етегiнен қос уыс бидай шыққаны үшiн ағасын итжеккенге айдатқан ауылнайлар заманы болыпты. Құбыласынан құт ауған шаңырақтың iргесiн құсық-құсық құрығымен түртiп ашқан Құрымбайлар билiк құрған көрiнедi. Бұл ауылдарда, уездерде ұйыған тағдырлар деседi.

...Ал ұлы тұлғалардың арасындағы шарпысқан тағдырлар да өз ал- дына бiр әңгiме. Уақытында сиясауыты қаннан арылмаған тұлғалар- дың ұрпақтары жүр арамызда. Алтын басты азаматтарды ту сыртынан оққа байлап бергендерге де баймыз. Ал «ажал жоққа бiр себеп» болып, қанды қасаптан аман қалғандардың кейiнгi тағдыр-талайы қалай бол- ған? Осы мақсатпен бiз iлгерiндi-кейiндi бiртуар ұлы тұлғаларымыз- дың соңғы өмiрi, тiптi ақтық демi үзiлген кездегi беймәлiм тұстар жайлы там-тұмдап оқырманға ақпар жеткiзсек деп түйдiк. Мейлi, қанша ай аунап, жыл жүгiрсе де ұлт жүрегiнде аракiдiк күрсiндiрiп салатын бiр шемен қатып тұр. Мәселен, Шәкен Айманов, Қаныш Сәтпаев, Мұхтар Әуезов (кейбiр деректер Күләш Бәйсейiтованың да ақтық демi Мәскеуде үзiлдi дейдi) секiлдi ұлт уықтары мұнаралы Мәскеуде опырылып түстi. Және тiзiм бұл ұлы есiмдермен ғана шектелiп қалмайды. Сонау сорасы аққан жылдардан күнi бүгiнге дейiн беймәлiм жағдайда бейiтке айналған айтулы азаматтар аз емес. Солардың өлiмiнiң бәрi кездейсоқ па?.. Кеше ғана күнi еңкейiп кеткен Мұстафа Өзтүрiк, Бексейiт Түлкиев, Серiк Шайхиевтердiң құлпытастары бiр құпияны жасырып тұрғандай. Осы орайда «Жас қазақ» апталығы бiртуар бақилық тұлғаларға тағзым ретiнде және олардың беймәлiм қырларын оқырманға таныстыру бағытында «Жұмбақ өлiм» атты жаңа айдар ашып отыр.

Page 279: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

279

Қош, сонымен бүгiнгi ұлы тұлғамыз – Шыңғыстау мен Шұбартау қатар толғатқанда Қарауылды қақ жарып шығып, адамзаттың сөзұстарына айналған Мұхтар Омарханұлы ӘУЕЗОВ. Кейде ақтық демi Мәскеуде үзiлген Әуезовтiң де өлiмi пенде баласын түрлi ойға жетелейдi. Бiз Осы жайтпен ұлы Мұхаңның перзентi Мұрат Әузовке хабарласқанымызда, «мен дәл сол кезде Мәскеуде оқып жүр едiм, бiрақ маған ол жағдайларды баяндау ауыр болады ғой» деген-дi. Десе де, асылдың сынығына қолқа салдық.

«сен Ыстықкөлге кел» деп қалып едi әкем...»

– Жалпы, мына нәрсенi ұдайы жадымызда ұстауымыз керек. Бiздiң әкемiз өмiр-бойы қуғынға ұшырап келген адам деуге болады. 1947 жылы «Абай» романы үшiн Сталиндiк сыйлықты алған. Ол кезде бұл сыйлық ең үлкен сыйлық болып есептелетiн. Соған қарамастан, 1951 жылдары салқындық басталды. Сол жылы әкем Бiшкек (бұрынғы Фрунзе) қаласында үлкен жиында сөз сөйлеп, «Манасты» қорғап қалған. Себебi, сол уақытта эпостардың iшiнде «Манасқа» айырықша шабуыл басталған. Ал бiздiң әкемiз жас шағыннан-ақ «Манас» эпосын ұңғыл-шұңғылына дейiн зерттеген. Және мұның ақыры қалай аяқталатынын да жақсы бiлген. Ол туралы Валентина Николаевнаға жазған хаттарында айтылады. Әкем өмiрiнiң соңғы күнiне дейiн Алашордадан бастап қалыптасқан қоғамдық идеалдарынан ешқашан бас тартқан емес.

Бұған қоса тағы бiр мәселенi айтпай кетуге болмайды. 1949 жылы Семейде ашық түрде ядролық сынақтар басталған. Әкемiз осы жағдайға саналы түрде қарсылық бiлдiрген. Кейiн де 1957 жылы Жапонияда өткен үлкен жиында ядролық сынақтарға қатысты қатты сын айтқан. Үлкен сөз болған. Әкем мен Қаныш Сатпаевтың арасында сынақ туралы, Семей елiнiң ауыр жағдайы әңгiме болған. Сосын Қанышқа «сiз Мәскеуге бара жатырсыз, барған бетте осы мәселенi Курчатовқа кiрiп айтыңыз, ол үнi жеткен жерiне дейiн дабыл қақсын» деп өтiнiш бiлдiрген. Қанекең бұл мәселенi Курчатовқа айтқан. Сонда Курчатов: «Ядролық сынақтарды тоқтату менiң қолымнан келмейдi, оны Берия шешедi. Дегенмен, мен сынақтың ашық емес жабық жағдайда болуын мәселе етiп көтерейiн» дептi. Бiрақ Кеңес уақытындағы әскери өнеркәсiптiк кешен әкемiздiң әлгiндей белсендiлiгiн тiптi де қалаған жоқ. Ақыры Қанекеңе де, әкеме де қатты қуғын басталған. Iлгек iздеген. Сол жылдары Қанекең өзi геолог бола жүрiп «Едiге» эпосын бастырған, тосын пiкiрлер айтып жүрген. Соны сылтау етiп қазiргi ұйғыр театры орналасқан ғимаратта (бұрынғы КГБ-ның қарсы бетiнде) әкем мен Қанышты жиналысқа салған. Жиналыстан соң даңқты деп жүрген зиялыларымыздың өзi екеуiнiң жанына жоламай, айналып қашыпты.

Page 280: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

280

«Бiттi, бұлар халық жауы, ұстайды, құриды» деген ғой. Екеуi бiрiн-бiрi шығарып салған. Бұл жөнiнде белгiлi жазушы Қалмұқан Исабаев жақсы зерттеген. Бұл – 1951 жыл. Содан кейiн әкемдi қуғындауға атсалысқан белгiлi адамдар да болған. Бұған жазушылар да араласқан, соның нәтижесiнде әкемдi тұтқындау туралы астыртын шешiм шығарылған. Мұны КГБ-ға жұмыс iстейтiн КазГУ-дың студентi (жақсы азамат болған болу керек) астыртын Әнуар Әлiмжановқа жеткiзген. Сөйтiп, Әнуар Әлiмжанов бастаған жiгiттер Қалибек Қуанышбаевтың депутаттық құжатымен ұшаққа билет алып, сөйтiп лекциядан шыққан бетте әкей үйге бұрылмастан тiке Мәскеуге ұшып кетедi. Ол жақта әкемнiң адал достары көп едi. Дәл осындай қуғында Қаныш Имантайұлы да жүрген, ақыры ол да елден кетуге мәжбүр болған.

1953 жылы Сталин қайтыс болды. Хрущев билiкке келдi, Қазақстанға Пономарев бiрiншi хатшы болды. Iле «Қазақ зиялыларының қос алы- бы – Қаныш пен Мұхтар елге оралу керек, ендi олар қуғын көрмейдi» дегендей әңгiмелер жандана бастады. 1955 жылы сәл басылғандай көрiндi ғой, ал негiзiнде басылған жоқ. Әкемнiң жаулары өте көп болды. Бiреуi әкемнiң iс-әрекетiнен саясат iздесе, екiншiсi шығармашылық қызғаныш танытты дегендей.

Әкем өмiрiнiң соңғы төрт-бес жылын ғана ептеп еркiн сезiнгендей болды, яғни 1956 жылдан кейiн. Себебi, 1955 жылы ағым әлi белгiсiз болатын. 1958 жылы Ленин сыйлығын алғаннан кейiн аздаған сенiмдiлiк пайда болды. Лениндiк сыйлықпен ол кезде Қазақстанда ешкiм марапатталмаған, тiптi күнi кешеге дейiн ол сыйлықты ешкiм алған жоқ.

Әкем жыл сайын Ыстықкөлге сапар жасайтын, 1956 жылы бауырым Ернар екеумiз сол сапарға қатысқанбыз. Сапарда әкем қырғыздардың ұлы манасшысы Саяқбай Қаралаевтың ауылын тауып алып, сол ауылдағы манасшыларды, бүркiтшiлердi бiзге тәрбие ретiнде көрсеттi. Әңгiмелерге куә болдық, бiрiн түсiндiк, бiрiн түсiнбедiк. Әкем жан тыныштығын Шолпан-Атадағы кiшкентай ғана демалыс үйiнде та- батын. Жыл бойы «Ыстықкөлге қашан жетер екенбiз?» деп армандап шығатын. Қазiр ол үй мұражайға айналған.

1959 жылы мен мектептi бiтiрiп әкемнiң ақылымен Мәскеу университетiнiң шығыстану факультетiне тапсырып, оқуға түстiм. Негiзi әкем араб тiлiн қалаған. Оған мүмкiндiк болмады.

Сөйтiп, әкемнiң Мәскеудегi жылдары басталды. Әкем Мәскеуге жылына бiрнеше рет келiп-кететiн. 1953 жылдары әкеме пана болған достарына келетiн. Оның үстiне әкем Ленин сыйлығы комитетiнiң мүшесi болды. Татар ақыны Мұса Жәлелдi қорғап, сыйлық алуына тiкелей ықпал еттi. Жас жазушы Шыңғыс Айтматовқа араша түстi. Өйткенi «кiшкентай әңгiмеге бола қалай сыйлық беремiз?» дегендей

Page 281: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

281

дау болған. Башқұрт ақыны Мұстай Кәрiмдi, Дағыстанның даңқты ақыны Расул Ғамзатовты қатты қолдаған. Жалпы, Мұхтар Омарханұлы аз ұлттардың жазушыларын Мәскеудiң төрiнде жан аямай қорғаған.

«кiрген iз бар, шыққан iз жоқ...»

Осы мақаланы дайындау барысында бiз Мұхтар Әуезовке ең алғаш нақты диагноз қойған мәттақам маман Алматы қаласында тұрады дегендi естiдiк. Сосын iздедiк. Таптық. Шипасы артқан қарт Сайым Балуанұлы БАЛМАХАНОВ дейтiн шүйкедей кiсi екен. Академик атағын 1967 жылы алыпты. «Қазiр елдегi академик бiткеннiң ең кәрiсi Салық Зиманов екеумiз шығар, сiрә» деп бiр қайырды. 1922 жылы Ақтөбе облысы Темiр уездiк қаласында туыпты. Қазiр – 83-те. Тың.

Сайым қарияның уақытында Мәскеудегi «Жас тұлпар» ұйымына тiлекшi болғаны туралы деректi құлағымыздың шалғаны бар. Әңгiме арасында оны да сұрай отырдық. – Мәскеуде оқитын қазақ жiгiттерi «Жас тұлпар» деген ұйым құрыпты, басшысы Мұрат Әуезов екен» дегендi алғаш ұлымнан естiгем. – Келешек қалай болып кетер екен деп тұрған кез едi ғой. Қиянда жүрген жастардың бастамасына тiлекшi болғаным рас. Қаржылай көмектесiп қырып жiбердiм демеймiн. Дегенмен, сол кезде белсендi жастарға Америкадан кiтаптар әкелiп берiп тұрғаным рас, – дедi. Сөздiң дәмiн кiргiзiп сөйлегендi ұнататынға ұқсайды. Одан ары келген бұйымтайымызды айттық. Шағында денсаулық саласының делбесiн ұстаған дегдар қария көзiлдiрiгiн бiр көтерiп қойып, тарих доңғалағын керi айналдыра жөнелдi:

– Өткен ғасырдың 60-70 жылдары iрi қайраткерлерiмiздiң, зиялы қауымның арасында қатерлi iсiк қатты белең алып кеттi. Сол уақытта мен көптеген iрi тұлғаларымыздың қасында болдым. Аз ғана шегiнiс. Бiр жолы мен Ыстықкөлде емделiп жатқанмын. Әйгiлi композитор Ахмет Жұбанов менi iздетiптi. Үлкен кiсi iздеткен соң бар шаруамды жиып қойып тiке Ахмет ағамызға келдiм. Ол кiсi: «Емделiп жатқан жерiңнен алдырғаныма кешiрiм сұраймын, үлкендiгiмдi пайдаланғаным болар. Сiрә, менде бiр ауру бар сияқты, соңғы уақытта өзiмдi қолайсыз сезiнiп жүрмiн. Денсаулығымды бастан-аяқ тексерiп берсең...» деп өтiнiш жасады. Түгел тексерiп шықтым. Ахмет Жұбановтың ауруы өңештiң қылтамағы, яғни рак болып шықты. Оңай ауру емес қой, айтуға қысылдым. «Шырағым маған тiке айт, екi рет түрменiң аузынан қайтқан адаммын, қорқатын ештеңем жоқ» дедi. Ол уақыттағы кiсiлер керемет қайратты едi ғой. Сосын аты жаман ауруды майдалап, жұмсақтап жеткiзiп, «Мәскеуге барып емделесiз бе, қайтесiз?» дедiм. Сонда Ахаңның: «Қап-қараңғы бiр үңгiрлер болады. Аузында аңдардың кiрген iзi бар да, шыққан iз жоқ. Айналайын, мен Мәскеуге емделуге

Page 282: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

282

кеткен кiсiлердiң бiразын бiлем. Кеткен iз бар, қайтқан iз жоқ. Мен ол жаққа бармаймын. Сен өзiң емде, өздерiңе сенем» дегенi бар едi. Мұхаң туралы әңгiме сол ойға ерiксiз оралтады екен. Сол жылдары мен қазiргi президенттiң жанындағы ауруханада (ол кездерi «совминнiң ауруханасы» деп аталатын) кеңесшi болып қызмет ететiнмiн. Ол кезде iшкi тәннiң ауруы, яғни эндоскопия мен гастроскопты (қарын iсiгi) анықтайтын құралдар жоқ болатын. Оны кейiн жапондар ойлап тапты.

Бiр күнi маған «Мұхтар Омарханұлын операцияға дайындап жатырмыз, асқазанын қарап берiңiз» деп телефон шалды. Мұхаң өте толық кiсi едi. Бiрiншi өңешiн тексердiм. Қарын жағы тым үлкендеу екен, сосын iшқұрлысын жөндеп тексере алмай кешiрiм сұрадым. «Ендi, қарнымыздың көлемi осындай едi» деп қалжыңдады. Сөйтiп келесi аптаға дайындалды. Келесi аптадағы тексерудi ертемен, таңғы сағат жетi жарымнан бастап қарадым. Қарынның жұтқыншағына кететiн жағында, ұлтабарға жақын жерiнде жасушаның түйiршiктелiп өскен төрт-бесеуi бар екен. Мұны медицина тiлiнде «полип» дейдi. Бұршақтан үлкендеу, шиенiң көлемiндей болады. Мұхаң «iсiк пе?» дедi. Жоқ. «Iсiк пе?» деп екiншi рет дауысын зорайта сұрады. – Жоқ, – деп сендiре айттым. Сенiңкiремегендей болды. Жазушылар қатты алаңдап келiп жүрдi. Сосын консилиум болды, яғни мамандар жиналып аурудың тағдырын шешедi. Емдеу керек пе, операция жасау керек пе дегендей. Сол жиында мен: «Бұл кiсiде қазiр қатерлi iсiк жоқ, полип – iсiктiң басы болып есептеледi, бiрақ қазiр еш қауiп жоқ» деп тiке қадап тұрып айттым. Үгiттеушiлер көп болды ма, кейiн «Мәскеуге емделуге кеттi» деп естiдiм. Арада көп ұзамай «Мұхаң қайтыс болды» деген хабар келдi. Ол кiсi Мәскеуге кеткен кез маусымның орта шенi, ыстық уақыт болатын. Өзi салмақты адам. Сондықтан Мұхаңның денсаулығын сол жердегi дәрiгерлер кемiнде бiр апта Мәскеудiң табиғатына жерсiндiрiп, алдын ала дайындау керек едi. Олар оны жасамаған. Қазiр аттарын ұмытып қалдым, белгiлi-белгiлi хирургтер болатын. Мәселен, Алматыда тәжiрибелi хирургтер бiрден жадыңызға оралады ғой, сол сияқты әр жерде белгiлiлер болады. Олардың ешқайсысы ұлы жазушының науқасына араласпаған. Мұхаңды операция үстелiне жатқызған дәрiгердiң қолы ауырлау адам екен.

Кремльдiң ауруханасындағы кiсiлердi жақсы танимын, кейiн мен Мәскеуге барғанда сол азаматтардан Мұхаңның ауруы жөнiнде сұрастырдым. Николай Николаевич Блохин деген Медицина акаде- миясының президентi екеумiз тату едiк. Кейiн ол досым да бақилық болып кеттi. Бiр жолы сол кiсiнiң саяжайында әңгiмелесiп отырғанда Блохин өте бiр жаман сөз айтты... ...Ендi не дегенде... «вашего писателя и нашего писателя зарезали» дедi. Екеумiз де үнсiз қалдық...

Page 283: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

283

Оның үстiне наркоз уақытында кейбiр препараттар болмапты, ендi «шығасыға кiресi себеп» дейдi. Бәлкiм сол препараттар болса, әлгiндей жағдайлар болмас па едi?!. Жүрек тоқтап қалған ғой. Кейбiр тәжiрибелi хирургтер ондай жағдайда қабырғаны сөгiп жiберiп, тiке жүрекке массаж жасайды, мұндайда жүрек 90 пайыз қайта қалпына келедi. Электрошок та қойылмаған. Тiптi жүрек қағысын көрсетiп тұратын ирек сызықтар да дәрiгер жанарынан қиыс қалған көрiнедi. Қысқасы әлгi дәрiгердiң қолынан Мұхаңды аман алып қалатын соңғы екi мүмкiндiк те келмеген ғой. Ол хирург турасында Николай Блохиннiң «фельдшерлiк деңгейдегi ғана маман» дегенi бар. Әсiлi, сол сөзде жан бар-ау...

Кейiн мамандар сол операцияны талқылаған. Бiрақ, «қарға қарға- ның көзiн шұқымайдының» керi болған секiлдi. Бәлкiм, Мұхаң өз адамдары болса басқаша болар ма едi... Бәлкiм, тағдырдың жазуы солай болған шығар.

Ең қызығы, Мұхаңа операция Кунцово деген ауруханада жасалды. Дегенмен, нағыз қиын операцияларды қаланың өзiнде жасайтын. Кунцово ауруханасы негiзiнен демалуға өте қолайлы аймақта орна- ласқан. Онда уақыт өткiзуге болмайтын немесе екiншi кезектегi операцияларды ғана жасайды. Мұхаңа операцияның Кунцовада жасалғанына бiз айырықша таң қалдық. Ол уақытта iшкi күдiк-күмәнды тек ерiн астымен ғана айтамыз ғой. Бiрақ Мұхаңның өлiмiнен кейiн «осы кiсiнiң тағдырына шын жанашыр адам болмады-ау...» дегендей әңгiмелер ара-кiдiк айтылып қалып жүргенi рас. Оны Құдайдан жасырғанмен адамнан жасыра алмайсың...

Диагноз: Полип.Түбi грек тiлiнен шыққан, poly – көп, plus – аяқ деген мағына бередi.

Бұл атауды көне грек дәрiгерi, ежелгi медицина iлiмiнiң реформаторы Гиппократ (б.д.д. 460-377 жылдары өмiр сүрген) ұсынған. Қазiргi кезде бұл шырышты қабық (ас қорыту, зәр жолдары және тыныс алу органдары, жатыр) үстiнде пайда болып келе жатқан түрлi денелердi анықтайтын термин. Денелердiң көптеп пайда болу жағдайын «полипоз» деп атайды. Полип деген қатерсiз iсiк түрiнде пайда болған түрлi пiшiндегi денелер.

Шырышты қабық (мұрын қуысының, жатырдың, асқазанның, т.б.) эпителияларынан пайда болған қатерсiз iсiктер кейде тез бiлiнiп қанайды, екiншi ракалды түрi тез арада операция арқылы алуды талап етедi.

Полиптiң үш түрлi формасы бар: құбырлы, талшықты және құбырлы-талшықты.

Аденомалар жараға айналмай тұрғанда ешқандай бiлiнбейдi, тек көбiрек суланады. Полип эрозияға айналған жағдайда қанап, су бөледi.

Page 284: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

284

Ағзада калий мен белок тым азайып кететiнi сондықтан екен. Ең қауiптi полип ретiнде қатерлi iсiкке айнала бастаған түрi саналады. Ал мамандар Мұхтар Омарханұлының науқасы бұл жағынан аман-есен болғандығын айтады.

«күрескердiң жүрегi – қоянның жүрегi емес қой»

Мұрат Мұхтарұлы ӘУЕЗОВ: – Әкем соңғы жылдары Қазақстанның оңтүстiк өңiрлерiн көбiрек сапарлады. «Өскен өркен» соның нәтижесi. 1961 жылы маусымның басында оңтүстiктегi сапарынан кейiн Мәскеуге келдi, өзi толық адам едi, одан да ерекше толық болып келдi. Ол кезде мен екiншi курста оқитынмын. Келетiнiн маған алдын ала хабарлап айтқан. Әуежайдан бiр топ жазушылар күтiп алды. Iшiнде Тәкен Әлiмқұлов бар, ол кiсi Жазушылар одағының Мәскеудегi бюросын басқаратын. Әдеттегiдей «Москва» қонақүйiнiң алтыншы қабатындағы нөмiрге аялдады. Алматыдағы дәрiгерлер «полип» деген диагноз қойыпты. Бұл аса қауiптi ауру емес. Бiр бөлiгiн алып тастағанның өзiнде асқазан қайта қалпына келедi. Кремльдiң жанындағы Кунцово ауруханасында жататын болды. Менiң қасында көбiрек болғанымды қалады. Ол әкемнiң күнделiгiнде де жазылған. Мен емтихан тапсырып жатқан кезiм. «Сабағың аяқталған соң көлiк тосып қиналмай ауруханаға күнде таксимен келiп жүр» деп әкем келген бетте маған қомақты қаржы берiп қойды. Мен күн құрғатпай барып тұрдым. Екi күнде бiр әкемнiң хаттарын поштаға барып салып тұрам. Тахауи Ахтановқа, Әбдiжәмiл Нұрпейiсовке, елде жатқан өзге де жазушы, зерттеушiлерге әдебиет туралы үлкен-үлкен толғаныстарын жазды. Өзiн өте сергек ұстайтын. Өлiм болады деген әкемнiң үш ұйықтаса түсiне кiрмеген. Екеумiз отырып алып ел-жер туралы әңгiме айтамыз. «Емтиханым аяқталған соң мен Семейге барып келсем» деп өтiнiш айттым. Әкем өте ырзашылықпен мақұлдады. Сосын Қарауылда Кәмен Оразалин деген кiсiге және Семей қалалық атқару комитетiндегi бiр әйел адамға хат жазды. Ол хаттар Бөрiлiдегi мұражайда сақтаулы. «Ұлым Мұрат әкесi- нiң туып өскен жерiн көргiсi келедi. Бәрiн егжей-тегжейлi түсiндiрiң- дер, көрсiн, танысын, араласын. Ақсақалдарға сәлем берсiн». Кәмен ағаға жазылған хаттың мазмұны осыған саятын. Сосын әкем екеумiз келiсiп алдық. «Елге барған соң сәт сайын, сағат сайын күнделiк жүргiзесiң. Көргенiңнiң бәрiн қағазға түсiресiң, мен ауруханадан шыққан соң бiрден Ыстықкөлге, Шолпан-Атадағы саяжайға барам. Екеумiз сол жерде кездесемiз, сен көргенiңнiң бәрiн маған оқып бересiң» деп тапсырма бердi. Ол мен үшiн алғашқы сын едi, мен сол сапарға жан-тәнiммен дайындалып жүрдiм. Сөйтсем, Кәмен қарияға жазған хат әкемнiң қолына ең соңғы рет қалам ұстаған сәтi екен ғой,

Page 285: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

285

бұл 1961 жылдың 25 маусымында жазылған хат болатын. Әкемдi соңғы көрген де мен. Өте көңiлдi болатын, риясыз күле қоштастық.

Әкемдi 40 сағат бұрын операцияға дайындауға алып кеттi. Бұл әкеме жасалған үшiншi операция едi. 26 маусым күнi Валентина Николаевна Алматыдан келдi. Онда да ешқандай үрей жоқ, тек операциядан кейiн көңiлi көтерiңкi болсын, әкемнiң қасында болайын деп келген ғой. Оның үстiне өзi суретшi адам, сезiмтал кiсi. Бiр жолы әкем бiр сығанға бал аштырыпты. Сонда ана аузың түскiр сыған әкеме «үшiншi рет пышаққа түскенде жағдайыңыз қиын болады» дегендей болжапты. Әлде әлгi сығанның сөзi Валентина Николаевнаның жадына сақталып қалды ма екен?..

Мен 27 маусым күнi қытай әдебиетi тарихынан емтихан тапсырып, өте көңiлдi шыққанмын. Валентина Николаевнаға телефон шалып, сол баяғы дәстүр бойынша такси ұстап ауруханаға баратынымды айттым. Iле-шала «әкең операция үстелiнде қайтыс болды» деген хабар жеттi. Азан-қазан болды да кеттi. Тәкен аға Әлiмқұловтың жылағанын көрсеңiз... Ол кiсi қатты қайғырды.

Алматыға хабар жiбердiк. Ернар бауырым пойызбен келген, ол естiмеген болатын. 17 жаста едi, естiген бетте «дәрiгердi өлтiрем» деп жер-көкке сыймай жер тепкiлеп жылады.

Қазақстаннан Ғабит Мүсiрепов, Сәбит Мұқанов, Ғабиден Мұстафин, Әбу Сәрсенбаев бастаған делегация келдi. Бәрiн ұйымдастырып жүрген Тәкен аға.

Кейiн әкемнiң өлiмiне қатысты мынадай байлам жасады: полиптi аламыз деп iшiн ашқан, ашқан кезде қылтамақ (рак) бар екен дейдi. Сосын консилиум қылтамақты алып тастау туралы шешiм қабылдаған көрiнедi-мiс. Осыған сену қиын. Бiрiншiден, операция үстiнде қыл- тамақты көзбен тану мүмкiн емес. Екiншiден, ондай жағдайда бiр мезетте екi операцияны жасау тағы санаға сыймайтын шаруа. Оның үстiне ол кезде қылтамаққа операция жасау ешқандай тәжiрибеде болған емес, қазiр де өте қиын. Сондықтан тек асқазанға ғана операция жасап, кейiн жазылған соң барып мамандар әкемнiң өзiмен ақылдасуы тиiс едi. Ендi өздерiнше гуманистiк көзқарас танытқан сыңайы ғой.

Операция ұзын-ырғасы алты сағатқа созылған. Алты сағат наркозда жатқан. Ол уақыттағы наркоздың өзi сапасыз. Сонымен не керек, соңғы шешiмдi «наркозға шыдамай жүрек тоқтап қалды» деп шығарды ғой. Бiрақ қанша денелi болса да әкемiздiң жүрегi өте мықты едi. Жас күнiнде күреспен, футболмен кәсiби айналысқан адам. Арақ iшу, ұзақ преферанс ойнау деген болған емес. Темекiнi 1947 жылы қойып кеткен екен. Күнде таңғы сағат алтыда тұрып, Шындос деген итiн ертiп алып таза ауада қыдырыстауды ұнататын. Қанша зобалаңды бастан өткiзсе де,

Page 286: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

286

жүрек жағынан тегi қиналған адам емес. Өзi өте күрескер кiсi болатын. Күрескердiң жүрегi – қоянның жүрегi емес қой. Ол кiсiнiң жүрегi бақи дүниеге тозбаған күйi кеттi. Өзiн өте жақсы күттi, жиi қаралып тұрды. Әкемiздiң тiсi тап-таза, маржандай болған. Ыстықкөлде демалып жүргенде Ернар екеумiз тiсiмiздi тез-тез тазалай салып, кетуге асығып тұрамыз, сонда әкем тiстi қалай тазалау керектiгiн үйрететiн. Ол кiсi тiсiн ұза-а-а-ақ тазалайтын.

Ендi әкемнiң өлiмiне қатысты халықтың жүрегiнде бiр күдiктiң тас болып қалғаны рас. Не деуге болады? Шешем марқұм әкемнiң өлiмiнен кейiн «сағат жөндеушi мен дәрiгердiң құпиясын ашу мүмкiн емес» деп жиi айтып отыратын. Бәлкiм сол сөз рас та шығар...

«Әзiрше асқынбаған ауру болса мен пышаққа түспеймiн»

«Мұхтар жолы» романының авторы, жазушы Дүкенбай Досжан да ұлы жазушының қазасы туралы екiұдай ойда екенiн жеткiздi:

– Мен Мәскеу асып оралмай қалған кейбiр бабаларымыздың басындағы оқиғаларға қатысты күдiгiмдi Смағұл Сәдуақасовтан бастағым келедi. Мен ол кiсiнiң өмiрiнiң соңғы кездерiндегi жағдайларды бiраз зерттеп оқыдым. Сонда «Смағұл Сәдуақасов Волга-Дон каналын қазысып жүргенде iш сүзегiнен қайтыс болған» деген дерек бар. Бұл басыбүтiн қате дерек. Себебi, мен өзiмше зерттеу жүргiздiм. Негiзi Смағұл Садуақасов 1934 жылы Волга-Дон каналының құрылысына бара жатқан жолда, Мәскеуде ауырады. Ортаңқолдау ауруханаға түседi, сол жерде ортаңқол дәрiгер емдеймiн деп өлтiрiп алады. Менiң осы тұста НКВД араласты ма деген күдiгiм бар. Олар адам өлтiрудiң түрлi тәсiлдерiн меңгерген ғой. Мен «Абақтыны» жазар кезде Мағжан Жұмабаевтың жатқан камерасын көруге, Бутырка түрмесiндегi iс-қағаздармен танысуға бiраз ұмтылыс жасағанмын. Сол кезде менiң қолыма «Сәдуақасов Мәскеуде ауруханаға түсiп қайтыс болды» деген қағаз түстi. Сол құжаттарға қарап отырып, мен «Сәдуақасовтың қазасы кiсi қолынан болды ма?» дегендей күдiк құшағында қалдым. Менiң зерттеп жүргенiм Мағжан Жұмабаев пен Жүсiпбек Аймауытовтың Бутырко түрмесiндегi халi болғандықтан iлкiдегi құжатқа көп назар бөлмеп едiм. Қош деңiз.

Ендi 1961 жылға келейiк. Сол жылдың маусымында Мұхаң әйгiлi Кунцово ауруханасына түстi. Ресейдiң тұңғыш президентi Борис Ельциннiң жүрегiне операцияны сол ауруханада жасаған.

«Кремльдiң даңқты ауруханасы деп есептеледi екен, ендеше Мұхтар Омарханұлына неге ортаңқолдау, ендi ғана кандидаттық қорғайын деп жүрген хирург операция жасайды?» деген күдiктi осы тұста айтуға болады. Екiншiден, наркоздың мөлшерiн бастапқыда аз берiп, соңыра

Page 287: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

287

қайта молайтып адам айтса, нанғысыз масқарашылдыққа ұрынған. Мұның бәрi шындық. Ақыр соңында ұлы тұлға оянбай кеткен.

Негiзi Мұхаңның «әзiрше асқынбаған ауру болса мен пышаққа түспеймiн» деген сөзi менiң күнделiгiмде бар. Мұхаң бұл сөздi уақы- тында досы Ғайса Сармұрзинаға айтқан екен, мен Сармұрзинаның өз аузынан жазып алғанмын. Ол кiсi Мұхаңды Мәскеуге шығарып салған адамдардың бiрi. Жалпы, Мұхаңның қазасы төңiрегiнде күдiк келтiретiн, жүрек шымырлататын жағдайлар аз емес. Уақыт өткен сайын жүрек түбiндегi жара аршыла бередi. Ақиқат жайлар үстемдiк құратыны тарихи заңдылық. Сондай қайғылы жағдай бiртуар академик Қаныш Сатпаевтың да басында болған. Ол кiсi де Мәскеуде көз жұмды. Неге? Осы мәселелерде көктүйнектелiп тұрған бiр жағдаяттардың бары анық...

P.S. «Ей, тәкәппар дүние,Маған да бiр қарашы!Танимысың сен менi,Мен ҚАЗАҚТЫҢ баласы». Кейде Мәскеуге қарай рельстердi шiрей

аққан составтардың мұржасынан даңқты Қасым Аманжоловтың осы бiр өлең жолдары будақ-будақ етiп көшiп бара жатқандай көрiнедi. О несi екен?..

Page 288: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

288

V- б ө л і м

қЫсқА тоЛқЫНДАҒЫ ойЛАр

Қоғамымызда болып жатқан түрлі саяси-әлеуметтік һәм мәдени-рухани құбылыстарды ой елегінен өткізіп отырып, сан-сапалақ әсерлер- де қаласың. Қолдайтын, қуаттайтын, алақайлап бөркіңді аспанға ататын оқиғалар аз емес. Ал қайығыңды қайраңдатып кететін қайшылықтар да жеткілікті. Кітап мүжіген бір данышпан «Ауыздықталған ит артымен үреді» депті. Сірә, бұл түсініктің іргесі бізден алыстау шығар. Себебі, елдегі саяси түзім туралы, қоғамның өзегіндегі жегіқұрт жайлы, басы оқиғаға толы жекелеген тұлғалар төңірегінде, ұйқысы қашқан ұлттық құндылықтар хақында, шалақазақ шенеуніктердің кеңсесінде шыңғырып жатқан мемлекеттік тіл төңірегінде қазақ баспасөзінде аз айтылып жатқан жоқ. Бір қызығы, ұлтқа қатысты мәселелердің дені тек қазақ тіліндегі газет-журналдарда ғана көтеріледі... Тіпті қатты айтылып жатқан тұстар бар. Ал ақиқаттың ауласында түнеп жүрген ішкі мәдениеті берік журналисті, тәуелсіз сарапшыны, диалогқа шыққан қоғам қайраткерін кенеттен жау көру – үлкен осалдық болар еді. Әрине, дәл осы кезеңдерде сұрапыл деректерді ұсынып жаңалық ашу әсте мүмкін емес. Бірақ, көңілге кірбің түсіретін бір жайт – әділ сынға тиісті құзырлы мекемелер тарапынан неге жауап берілмейді? Күн сайын парламент пен үкіметке бағытталған түрлі мәселелерді көтерген қаншама ашық хаттар жарияланып жатады. Ашық хаттың астында иінтіресіп тұрған өнер қайраткерлері мен қарапайым еңбек ұжымдары, дәрігерлер мен мұғалімдер тек саяси науқандарда ғана керек пе? Мұның дұрыс-бұрысын, ақ-қарасын ажыратып (қайсыбір Ашық хаттар тіпті орынсыз жолданып жатады), жауап қайырмау – электораттың ішкі көңіл-күйін бұзатынын үкімет мүшелері немесе идеологтар неге сезінбейді? Әлде билік пен бұқараның арасына алакөлеңке орнатып қою арқылы өз ұпайын түгендеп жүрген мүдделі топ бар ма? Жалпы, халықты саяси немесе әлеуметтік «жобалар» арқылы тыныштандыру яки тынышын бұзу үрдісі өтіп барады. Бұған себеп – бұқара қауым қатты саясиланып алды, саяси сауаттандырған биліктің өзі. Таксистен тараншыға дейін, моншашыдан диханшыға дейін, наубайшыдан етікшіге дейін саяси соқпақта еркін пікір алыса береді. Әйдік базда көң ойып, мал қоралап жүргендер мәселені кешкі

Page 289: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

289

аста әрі қарай жалғастырады. Сараптамалары – сабаудай! Ал әлеумет қандай жағдайда саяси ұйыққа тіреледі? Мұның жауабын сарытісті оқырман философиялық трактаттар мен саяси киізкітаптардан алғаусыз табады...

Бірде Сергей Михалковқа профессор: «Сұрақ белгісі дегеніміз не?» деп сауал қойса керек. Сонда қаламгер: «Ол – қартайған леп белгісі» деп үн қатыпты. Мәселе, Михалковта емес, гәп – біздің қоғамдық өміріміздегі қаптаған қалың әлеуметтік тауқыметке маталған сұрақ белгілері мен жарқын болашақты бейнелейтін леп белгілерінде болып тұр. Қараша жұрт осы екі тыныс белгісінің арасында сеңдей соғылысып жүр...

Енді сәл-пәл білім саласы жайлы. Ел Азаттығын алғалы білімнің құлағын ұстаған міністірлер он саусақтың саласына жетіп қалды. Бірі бастаған реформаны екіншісі іліп әкету шенеуніктердің тұлғалық болмысына үлкен нұқсан келтіреді... Әркімнің өз «соқпағы» бар. Ал мұның салдарын айналып келгенде мектеп қабырғасындағы оқушылар тартуда. Ең үлкен қателік – мектеп оқулықтарын дайындауда болып тұр. Әсіресе, бастауыш сыныпқа арналған оқулықтарды кім қалай дайындайды, оны қандай құрылымдар қадағалайды, авторлар қалай сараланады, бұл жағы бізге беймәлім. Бізге анығы – оқушыларды былай қойғанда, ата-аналары үрім бұтағымен жабылып жатып екінші сыныптың математика оқулығындағы есеп амалдарын он ойланып, тоғыз толғанып зорға шешетіндігі. Ұяттың күшімен бүкіл отбасы жабылып еңсерген есепті, оқушыдан қалай талап етесің?

Сосын мейлі қала, мейлі дала мектептері болсын, көзге ұрып тұратын кемшілік – патриоттық-отансүйгіштік сезімдерге тәрбиелейтін бағыттардың әлсіздігі. Біздің пайымымызша, ұлтқа, Отанға деген сезім оқушыларды мектеп алдына иіріп қойып, Әнұранды айтқызумен ғана өлшенбесе керек. Бұл орайда бізге мемлекеттік деңгейде кешенді бағдарлама қажет екені анық.

Ұлттық біртұтас тестілеу жүйесі туралы әралуан пікір бар. Ақпарат құралдарында бұл мәселе жөнінде мамандар пікірі, журналистік зерттеу мақалалары сан рет жазылды. Жүйенің өзін ақтап жатқан тұстары да бар болу керек. Алайда, жыл сайынғы бірыңғай ұлттық тестілеу кезінде республика бойынша түрлі тұрмыстық-әлеуметтік себептермен жиырма пайыз оқушы тестке қатыспай қалады екен. Ал тестке қатысып, қолына сертификат алмаған оқушыға келер жылдардың, түрлі оқу орындарының есігі тарс жабық деген сөз.

Кітаптарға байланысты. Соңғы кездері эфирлерде, басылымдарда ауылдық жерлердегі кітапханаларды қайта қалпына келтіру мәселесі қатты сөз болуда. Расында, өркениет өзегінен техно әуен іздеген ұрпақ соңғы кезде кітаптан қатты алыстап кетті. Әлгі бір оңтайландыру

Page 290: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

290

кезінде аузына қара құлып салынып, көпестің көрпесінің астында қалған қайсыбір ауылдағы кітапхана қорын жаппай отқа тамызық ретінде пайдаланғаны туралы жан шошытар мақала оқып едік. Қойын кітапшамызға Гейне қарттың «Кітаптарды өртегендер, ерте ме, кеш пе, адамдарды да өртейді» дегенін сонда түрткен болуымыз керек. Кейін бұл қатарды Имам Шәмілдің: «Кімде-кім кітапты масқараласа, кітап оны масқаралайды» деген даналығы толықтырды. Уақыт кітап патшалығына қайта жақындауды талап етіп тұрғандай. Тарихта қағанағы қарқ, саға- нағы сарқ небір қағанаттарды кітап құлатқаны мәлім. Демек, кітапқа ғашық ұрпаққа ұлт болашағын, тарих тегершігін сеніп тапсыруға болатындай. Заман талабынан аттап қайда бағыт аласың?! Алайда, компьютерден оқыған кітаптан гөрі, қолға алып оқыған кітаптың ләзаты бөлектеу екені ләзім.

Герадот абыздың Скифтерге қатысты даңқты аңызы бізді жиі мазалау керек шығар, шамасы. Скифтер көсемге еріп дүниені жаулауға аттанады. Жер ортасына барып жаугершілікті бір түйіндеген скифтер сан жылдардан кейін аса үлкен сағынышпен өз еліне келіпті дейді. Ал жауынгерлердің елде қалған жарлары құл-құтандармен әуейіленіп кетіпті. Сосын жеңімпаз скифтерді құлдан туған ұрпақ қару-жарақпен қарсы алады. Сұрапыл ұрыстар жүреді. Қиян-кескі майдандар артта қалады. Ақыр соңында қылышқа көнбеген құл-құтанның ұрпағы бабаларының арқасына батқан дойыр қамшыға ғана тоқтапты-мыс... Құлдың соры – қамшы!

Жаһандану дәуірі біздің ұрпақтың алдына сантүрлі мәдениет ұсынуда. Осынау бұралаңы көп өмір жорығында біздің ұрпағымызды бір құтқарып қалса, кітап қана құтқарады. Әлемге өз әмірін жүргізе алатын жалғыз құдірет – кітап!

Page 291: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

291

АЛАңНАН ӨрБiгеН ой

Түп атасы Оғызға, ұлы атасы қобызға барып тiрелетiн ҚАЗАҚ ұлтының ТӘУЕЛСIЗДIГI қозыкөш жерге барып қалғанын тарихтың құмсағат тiлi көрсетiп тұр. Тәуба айтатын тұстар аз емес екен. Мiнезiнде мина жасырылып жататын қазақ халқы саяси-әлеуметтiк сапырылыстардан гөрi өзiне рух сыйлаған сәттердi көбiрек еске алатынға ұқсайды. Жұрт Махамбеттiк рухты сағынып жүргенде Қажымұқандағы қуат иесiн қапысыз тауыпты. Дәулескер балуан Дәулет Тұрлыханов қалыптастырып кеткен ұлы ерлiк тұғырында екен. Жеңiс биiгiнде тұрып зау көкке көтерiлiп бара жатқан көк туға қарап жылаған қазақ баласын көрдiк. Алаштың асықтай ұлы Болат Жұмәдiлов әлемдi ауыздықтағанда кебiсiн өкшелей киген кейуана немересiн атқа отырғызып сүйiншiге жiбердi. Бесiншi құрлықта атой салған Алаш ұлдары белдегi қазақтың жанарын жасқа шылады. Сиднейдiң сәруәр аспанында Бекзат-ғұмыр екi дүниеге жететiн сый жасап кеттi. Сағи шалдың сақалына орап өсiрген ердiң сойы – Ермахан! Алыптар шайқасында шәр жұрттың бармағын шайнауға тастамаған Мұхтарханның гүрзi жұдырығынан айналдым! Құмыра бел батыр Бахтиярдың Құдайлар елiнде жасаған салтанаты Тұманбай ақынның тұма жырына ерiк бердi. Ұлы – Ұрымды, қызы – Қырымды жайлаған астана жұрттың мейманасын тасытты. Әлемнiң иiнiн қазақтың ақтамақ қарлығашына баланған Әлия Жүсiптiң буыны босатты. Ильин зiлтемiрдi тiк көтерiп әлемнiң ең биiк нүктесiне апарып тастай салғанда «Ильич шамы» келгендей мәре-сәре болғанымызға да көп өткен жоқ. Өз Отанымызда Түркиядан 6:0 болып ұтылып жатқанда қазақтың көңiлiн Нұрбол мен Саматтың салтанатты ойыны жұбатты.

Классикалық музыканың төрiн күзеткен Жәния Әубәкiровадан асқан қай бекзадаң бар? Рамазанның Парижден салған әнi Үндiстанға жетiп жығылғанда Әмiренiң рухы әуелеп ұшқан алты қаздың қанатында қайта оралғандай әсер қалдырды. Еркiн Шүкiмановтi Жәнiбектен қалған жақұт демей көрiңiз! 15 жасында мұхиттың арғы жағын күйге көмген Мұрагер Сауранбаевтай бекзат ұл ердiң қасы екен. Азаттық айы iрге қаққанда, жүрек төрiнде қатталып жатқан осындай қуаныштардың жетегiнде кететiнiң рас. Бұл – Тәуелсiздiк алаңынан түлеп ұшқан ойлар!

Айтпақшы, қазақтың екi жағдайда ерекше айбаттанып, жасанып кететiнiн байқадық: бiрiншi – Азаттық айы төрге озғанда, екiншi – қазақ ұланы жал-құйрығы төгiлген шу асауды ауыздықтап мiнгенде. Асқар Сүлейменов қадiр тұтқан қазанат қазақ қоғамын мәңгiлiк қорып жүргендей көрiнетiнi тағы бар.

...«Тәуелсiздiк алғанымызға...» деп басталатын әуенге әлдиленiп жүргенiмiзге 14 жыл болыпты. Сол 14 жылдың iшiнде өз ағысын таппай келген ұлттық мәселелер де аз емес.

Page 292: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

292

Тәуелсiздiк мерекесi таяған сайын жаныңды жаралар Желтоқсан көтерiлiсiнiң зiлмауыр жауапкершiлiктерi алдыңнан атой салып тағы шығады. Сосын үйде тыншып отыра алмай ата-бабаның әруағын ауызға алып оққа сүйенген арқар секiлдi алаңға барасың. Қайрат, Ербол, Сәбира, Ләзәттардың рухын iздейсiң. Таппайсың. Осылай өтiп жатқан өмiр-керуен...

P.S. «Оққа сүйенген арқар» дегеннен шығады. Ұңғысынан түтiнi сейiлмейтiн мәттәқам аңшының оғынан кейiн арқар жануар тура екi сағат төрт аяғынан тiк тұрады дейдi бiлетiндер. Сосын оқтың уы жайлаған сүлдерiн сүйреп құлама жартастың ұшар басына шығады екен. Ұшар шыңға аман жеткен арқар сол биiгiнде қалады дейдi. Уақыт-ағзам қазақтың басына сан түрлi сойқанды салды. Ал «оққа сүйенген» Алаш баласы басына салған баспақты тiк көтерiп келе жатыр ма?..

Page 293: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

293

сӘтсІЗ сӘрсеНБІ

Сәрсенбі күні Қазақстан ұлттық құрамасы Алматыдағы Орталық стадионда беларусьтерді қабылдап тас-талқан болып жеңілді, есеп – 1:5. Бұл – 2010 жылы футболдан Оңтүстік Африка Республикасында өтетін әлем біріншілігіне іріктеу ойындары болатын. Сөйтіп, жеңіліске еті үйренген қазақ футболы тағы бір ірі есепті өз тарихына түртіп алды.

...2001 жылы Азия Футбол Конфедерациясынан арқанын үзіп шыққан ел футболының бағы УЭФА жалауының астында жанады дегенге, әрине, көңіл тіпті де сенген жоқ. Тек, жанкүйерлер ұлттық құраманың Еуропа алаңдарында доп дөңгелететініне, одан қалса Алматы стадионынан ғаламдық аяқдопта жалынан сипатпай тұрған даңқты футболшыларды көретініне ғана масайрап жүрді. Ал аяқдоп мамандарын жосытып өргізген, ел футболын саяси ұпай жинауға айналдырған, Орталық стадионға жиналған халықты саяси ұрандармен көлеңкелеген сол тұстағы федерация басшысы Р.Әлиевтің спорт жанкүйерлеріне берген уәдесі даңғаза күйінде қалды. (Бұл пікірді Әлиевтің төбесінен құс ұшпай тұрған әл-дәруан кезінде де тасқа қашап қалдырғанбыз).

Ұжымдық аламанда ұпайдан шашау шығармайтын кәрі құрлық ұлттық құрамамыздың маңдайынан сипаған жоқ, солай болатынын сезгенбіз де. Әрине, бұл жағдайға спорт мамандары «қалыптасу кезеңі» деп баға беріп жатты. Үлкен қаржы шығарып «ел футболшыларының аяғын түзейміз» деп сырттан бапкерлер шақырттық. Ресейлік Леонид Пахомовқа үміт артқанбыз, қазақтың қаржысын сарқып алып ол кетті. Алания алаңында қартайған «қосмекенді» Сергей Тимофеев келді, қарпып тағы кетті. Голландиядан Арно Пайперске қолқа салдық, қызғалдақтан бал жинаған арадай бөтекесін толтырған ол ақыры Амстердам асты. Қазақ футболын Мәскеуден басқарып отырған Әділбек Жақсыбековтің қос атты күймемен алдырған Бернд Шторк өз жұмысын Тұманды Альбионда «тұншықтырудан» бастады. Ахуал әлгіндей, екі ойында өз қақпамызға 10 (!) доп жібердік. Ақыры дерек-дәйектің шеті шыққан екен, тарқатайық. Қазақстан ұлттық құрамасы өз тарихында 116 кездесу өткізіпті. 116-ның 30 ойынында жеңіске жетсе, 28 кездесуді тең аяқтаған. 58 ойында біздің футболшылар жер шұқып қалды. Сол 116 ойында біздің құрама қарсыластар қақпасына 128 доп енгізсе, улап-шулап жүріп өз қақпасынан 184 (!) допты алып шыққан. Ал кебісін өкшелей киген Қазақстан Футбол Федерациясы УЭФА шатырының астына кіргелі 52 матч өткізді, оның 32-сі – ресми ойындар. Ұлттық құрамамыз осы 32 ойынның үшеуінде ғана (Андорра, Сербия, Армения) жеңіске жеткен, 4 ойынды тең өткізген, қалған 25 кездесуде тас-талқан болып жеңіліпті. Ұлттың жалауы көтерілген 32

Page 294: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

294

ойында қарсыластар қақпасына небәрі 23 доп енгізсек, өз қақпамызға 66 доп жіберіппіз. Қарсыластар алдында 22 ойында ірі есеппен тізе бүгіппіз. Қойын дәптеріңізге түртіп қойыңыз, 0:3 есебімен – он бір мәрте, 0:4 есебімен – бес рет, 1:5 есебімен – үш рет, 2:5 есебімен – екі рет, 0:6 есебімен – бір рет.

Сәтсіз болған сәрсенбідегі ойынды баяндап қайтеміз? Андағайлаған Александр Глеб бастаған қарсыластар біздің қорғанысымызды шұрық-тесік етіп кетті. Үкілеп жүрген Давид Лория өзіне бағытталған доптың «көңілін» қалдырған жері жоқ. Ауыр да болса айтайық, құрамында үш-ақ қазақ ойнаған біздің қақпаның алдында «ит кіріп, құс ұшып» жүр.

Бүгінгі футболды қаржы қамырша илеп тұр. Барлық белдеуде басынан бақайшығына дейін қаруланған беларусьтер мен Қазақстан ұлттық құрамасына құйылып жатқан қаржының айырмасы жер мен көктей. Біздің футболшылардың өн-бойынан мұнайдың исі аңқиды... Алатын жалақысынан басың айналады. Тепкен добынан зәрең ұшады.

ТМД алаңдарында біздің тәбетіміз қырғыз бен тәжікке ғана дұрыс- тау сынды.

Қазақ өлеңінің ақсақалы Әбділда Тәжібаев:– «Қайратым» деп мен жүрмін, Қайрат қылмай сен жүрсің» –

деген өлең жолдарын не күйде жазғанын тағы бір сезіндік. Тұманбай Молдағалиев пен Шерхан Мұртазаның Орталық стадионға ат ізін салмай кеткенінің мінәйі себебін тапқандай болдық. Төртінші гол қақпа торында тулап жатқанда үміттері желге ұшқан 20 мың жанкүйер бесінші допты күтпестен, есікке лап қойды. Біз Сейдахмет аға Бердіқұловтың «Шұға жауған күнін» сағындық.

Қ.Мұңайтпасов атындағы Алматының Орталық стадионынан Көк туды жамылып, Әнұранды шырқап шығатын күн бар ма!..

Page 295: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

295

коНЬкИІң қАйрАуЛЫ, ШАңҒЫң МАйЛАуЛЫ...

Сары құрлықтың саңлақтары Арқа мен Алатаудың ақ қарын аршып, көк мұзының көбесін сөгіп алтын-күміс теруге жиналып болды. Ертең жоқ, арғы күні төрткүл дүние «Астана-Арена» стадионындағы VІІ қысқы Азия ойындарының ресми ашылу салтанатына куә болмақ. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Азиада алауын тұтатып, Астана мен Алматының қошқар мүйізді қоржынындағы 69 медальді сарапқа салуға пәрмен береді.

Төрт жылда бір келетін биылғы қысқы Азия дүбірінде саршұнақ аязда салым салып үйренген 27 елдің 4 мың 1 жүз 35 үміткері бақ сынамақ. Суық мезгілдегі ыстық ақпараттарды Оңтүстік Кореяның KBS және MBS, Қытайдың CCTY, Швецияның IES телеарналары тікелей эфир арқылы кәрі құрлығыңызға да, сары құрлығыңызға да таратады. Ресми ашылу 15 мемлекетте тікелей эфир арқылы көрсетілмек. Қағаз-қаламын асынған 2000 журналисті және қосып қойыңыз.

Мәнерлеп сырғанаушы Абзал Рақымғалиев көтеріп шығатын Көк Тудың астында өнер жарыстыратын қазақ спортшыларының ұзын саны – 167. Алаң иесі – Алаш жұрты, алайда үміт – үркек... Күні кеше Азиаданың айналасындағы ақ жағалылар Ақордадағы дайындықты пысықтаған кеңесте үштіктен шаң береміз деп уәде берді.

Несі бар, бап пен бақтың бәсі алшысынан түссе, Есілдің жағасы мен Алатау аңғарлары алтын-күміске толы. Таныс өңір, таныс маң, таныс аймақ! Қалың әлеумет шаңғыларыңның табанын қойдың майымен майлап берді. Алтайда сырғанаған шаңғы Алатауда неге жүйткімесін? Жүйткиді! Темірден түйін түйген ұсталар конькилеріңді қайрап берді. Жүгіріңдер! Имек садақтың адырнасын кере түс, «түйменің көзі...» дегенді бабалар айтқан! Ине-жіптен жаңа шыққан тұғырларың әне! Алысқа секіріңдер! Қалың әлеумет бәтіңкелеріңді байлап берді, таяқтарыңның ұшындағы шайба қарсыластың қақпасында туласын! Бәйгенің алдында келіңдер! 1996-дағы Харбиндегі қаһар қайда? Иә, Аруақ! Біздің бата осы! Сосын біз алтынға малынған сендердің сары аязда ақ өлеңмен жырлайтын боламыз.

Міне, сендердің жанкүйерлерің – қазақ жазушыларының тілегі осы! Кеше Әбділда ақын солай жанкүйер болған, бүгін Тұманбай ақын жолдарыңды тосып отыр. Сейдахметтің Шұғасы, бәлкім, қыста да мақпалдап тұрып жауар. «Қалауын тапса!..»

Иә, сәт...

Page 296: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

296

ПАВЛоДАр тҰр ПАВеЛДi еске АЛЫП...

«Тарих жолына қарағанда келiмсек жұрт күштi болса, тұрғын жұрт аяқ асты азып-тозып жоғалмақшы. Тұрғын жұрт күштi болса, келiмсек жұрт сiңiп, тұрғын жұрттың түрiне түсiп, бөтендiгi жоғалмақшы». Әрбiр қарпi айбат шегiп тұрған рухы биiк бұл тiркес «аталы жұртымыздың, ауданды ұлтымыздың әруақты һәм бас басылымы» «Қазақ» газетiнiң 1913 жылғы алғашқы нөмiрiнде жарияланған. Бар тағдырын тоғыз грамм қорғасынға табыстаған ардақты әкелерiмiздiң бұл жанайқайы арада 93 жыл өтсе де құлақ түбiмiзде тұр. Бұл кептi неге қозғап отырмыз? Жонын Шыңғыстауға тiреген, Қамығуын Қаратау кептiрген, Құлақкүйiн Алатау келтiрген, Ұлар даусы көмген Ұлытаудан ту алған, Балқашқа ауыздық алып, нән Каспийге ат суарған қазақ даласының қайсыбiр қасиеттi жерлерi өз тарихи атауларын асыға күтуде.

Рас, тауфих сыйлаған 15 жылда ономастика саясатында қол жеткiзген тарихи оқиғалар аз емес. Еуразия кiндiгiнде қайта түлеген Астана, Гурьев шалдың қармағынан босап шыққан Атырау, балығы таудай тулаған әулиелi Ақтау, сан тарихты тоқайластырған Тараз iлкiдегi сөзiмiзге iлгек. Жаңа ныспыда жасанып шыққан қияндағы ауыл-аудандар да аз емес. Дегенмен, бетi берi қарамай тұрған Петропавл, есте жоқ ескi заманды еске салып тұрған Павлодар, жалынан сипатпай тұрған Степногорск, Щучинск, Рудный, Лисаков, Зырян, Курчатов, Сарань, Шахтинск секiлдi тiлiң күрмелiп зорға айтатын бөгде тiлдегi атаулар бiртүрлi көңiлiңдi олқы соқтырып тұрады.

Қазақстанда 47 қала салған бiртуар ұлы қайраткер Дiнмұхамед Қонаевқа бұйырмаған Лениногор қаласы қазаққа үш қайнаса сорпасы қосылмайтын Риддер дейтiн алманның атына телiнгенде, бармағымыз шайнауда кеткендей күй кешкенбiз...

Елiмiздегi қалаларға тарихи атауларын қайта оралту мәселесiн мелекеттiк деңгейде қарастыру үшiн тиiстi орындарға дабыл қағып отырып, ел-жұрт болып осы бір ұлттық мәселенің мәнісін бірге іздеген абзал...

Page 297: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

297

қоҒАМ ЖӘНе ЖурНАЛИст

Сауалды осылай қабырғалатып қоюдың жөнi де жоқ емес. Затынан бұрын аты жеткен демократия ақпарат құралдары өкiлдерiнiң кәсiби қызметтерiнiң арнасын кеңейтiп-ақ бердi. Нәтижесiнде журналистердiң ресми тiлдерiнiң сеңi бұзылды. Кеңестiң шөмiштiң сабына қарауыл орнатқан цензорлық кезеңiнен запы болған қалам иелерi, бүгiндерi өткiр тақырыптарға ашық та батыл баруда. Мүмкiндiгiнше сынға құрылған мақалалар алдыңғы шепке шықты. Мұндай сәтте көбiне лауазым иелері сын садағына ілінуде. Ал біздің көптеген шенеуніктеріміз сын көтере алмайтын дәрежеде. Ақпарат құралдарынан өздеріне қатысты мәселе қозғалып, нақты аты-жөндері атала қалса, «ер-тоқымдарын» бауырына алып тулайды. Сосын, телефонның арғы құлағында отырып алып қорқыту, үркiту әрекеттерiне барады. Тiптi, қазiр журналистердiң жеке басына бәйге тiгiлiп жатқан жағдай да жоқ емес. Алды атылып, соңы соққыға жығылып, жоғалып кетiп жатқан жайлар да әлсiн-әлсiн қылаң бере бастады. Төрт-бес жылдың алдында «журналист аулау» операциясы көршi Ресей елiнде катты белең алған. Алыс-жақын шетелдерден де келтiрер дәйек жетiп артылады. Кеше таңсық болып келген тақырып ендi бiзге келiп жеткендей. Демек, қоғамдағы журналистердiң ықпалы бәзбiреулерге кедергi келтiредi деп кесiп айтуға негiз бар.

Қазақстан жағдайында журналистер құқын қорғайтын құзырлы орын жоққа тән. Аты дардай Қазақстан Журналистер одағы бұл бағытта дәрменсiз. Өзге қысымдардан өзiн қорғап алса, сол олжа...

Тiптi, бiзде журналист құқын заңдық тұрғыда қорғай алатын арнайы бапты алты айналсаңыз да таппайсыз. Ол түгiлi басы сергелдеңге түскен жеке тұлғаны қорғайтын адвокаттың өзiн қорғайтын заң бар ма деген занды сауал туады.

Елбасы бiр алқалы мәжiлiсте билiк тетігіндегілерге қаратып: «Журналистер тарапынан қойылған сауалдарға үш күн iшiнде жауап беруге мiндеттiсiңдер және журналистердiң кез келген салаға араласу құқын ешкiм шектеуге тиiс емес» деп ашық айтқан. Бұл талапты да орындап жатқан шенеунiктер шамалы. Сосын, бiздiң ықпалды мекемелер, министрлiктер өз салалары бойынша ши шыққан жерлерге журналист атаулыны араластырмауға тырысады. Одан кейiнгі жерде ақпарат құралдарының өкiлдерi оқиғаны зерттеуге, қажеттi деректердi iздеуге өздерi кiрiседi. Ал, осы жолда қаншама қарсылықтарға жолығатынын сiз сұрамаңыз, біз айтпайық...

Page 298: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

298

Қысқасы, «бiздiң коғамда журналистер құқын кiм қорғайды?» деген қорғансыз сауал көше кезiп жүр. Атынан ат үркетiн шендi-шекпендi шенеунiктерiмiз мүмкiндiгiнше журналистердi тықсыруға шебер. Шамасы келсе, «сатып» алуға бар, оған көнбесе жолында жатып алуға да пейіл. Шенділердің қолы жағасында жүрген журналистер аз емес. Ақтөбелік журналист Дәулет Төлегеновтің қайғылы жағдайдағы өлiмi бiраз жайдан хабар берсе керек.

Сонымен, коғамымыздағы түрлi оқиғалар ортасында жүрген жур- налистердiң құқын кiм қорғайды? Осы тақылеттес әлеуметтiк жүгi ауыр бiр сұрақ қоғамды кезіп жүр.

Page 299: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

299

АНАЛАр МейрАМЫ

Адамзат баласын арбасына салып алып жүйткіп бара жатқан жұмыр жерді бір сәтке иітіп, аялдататын айтулы мереке – Аналар мейрамы! Дәл осы күні әлеуметтік ағыстардың арнасынан аршылып, әр күн сайын кеудеңде тулап жататын Анаға деген мейірімді, жарға деген махаббатты, әкпе-қарындасқа деген бауырмалдықты ресми бекітесің. Әулеттің арулары жиналып, арқа-жарқа боласың. Өткенге ой жіберіп, болашаққа көз тастайсың. 11 құрсақ көтеріп, жол ортада жолбасшысынан айрылған кейуананың тағдыр-тауқыметі көз алдыңа келеді... Бірін-бірі жетелеп жүріп өскен қыздардың езуінен табылған күлкі – олжаның үлкені!

Өмірдің өзі ұсынған талап-тілектердің бір жағына шығысып, көшіңнің көлікті, сәбиіңнің бөрікті болуын тілеп, күн сайын жолыңды тосатын қосағың жайлы сезімнің орны алабөтен. Жар таңдауға барған жалаңаяқ кездерің есіңе түссе ше...

...Дүние дейтін ұлы даңғылдағы даңғайыр бекет – ҚазГУ қалашығы. Жастықтың жалауын аз ғана уақыт желбірететін аялдамаң – 5-жатақ- хана. Келешектің бас жоспарын құрып, үлкен өмірге жолдама ұсына- тын – журналистика факультеті. Тағдырекемнің таңдауы түсіп, 1995 жылы журналистика факультетіне түскен 60 студенттің қатарына мен де іліндім. Бірінен-бірі өткен таланттар. Шетінен тілші, шетінен шайыр! Бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай болып шүйіркелесіп кеттік. Аудитория – шағын парламент, жатақхана – кіші театр.

Өмір дейтін сұрапыл жорықта жаныңа серік болып, күнгейіңді көлеңкелемей, теріскейіңді шуаққа бөлер, тас төбеңе бұлт қонақ- татпайтын ұяң қыз курстас, болашақ әріптес болып шықты. Қасы-көзі қиылған, қара шашы иыққа құйылған арудың аты-жөні – Самал Айдаболова, Қабанбайдың қызы. Қарашаның қара суығында қол ұстасып болашаққа бірге баруға, жол-жөнекей кезігетін қиындықтарды бірге жеңуге, бір-бірімізге демеу болуға серт байластық. ІІІ-курсты бітірген жылы жазда әулеттің ақсақалы Рахымжан атам бастап, нағашы апам Беделхан қостап, ырым-сырымын шешем Күлипа түгендеген «қалың» қол құда түсіп, Алакөлден ұшқан аққуға сырға тағып келді. Қарашаның қарлы бір күнінде Алматыда дүрілдетіп той жасадық, той асабасы – бүгінде белгілі ақын, журналист, аяулы дос – Жұматай Әміреев болды.

Самал алғашқы кезде тәп-тәуір өлең жазатын, кейін бір үйге бір ақын жетеді деп шешкен болу керек, таза журналистикаға түсті. Қызмет бөліскенде мен шығармашылық бөлмені алып, ол асүйге кетті. Құдайға тәубе, әзірге қошқардай екі ұлдың анасы, ошағымыздың берекесі,

Page 300: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

300

шешеміздің мерекесі. Ұлдарымыз – Ақтамберді, Дінмұхамед, Қасым бұл күндері, иншалла, жігіт болып қалды.

Самал Мейрамқызы әулетіміздің отанасы ғана емес, өз ісінің білгірі, танымы мен таланты ұштасқан тележурналист. Бір кездері «Хабар» радиосында, «31 арнаның» «Информбюро» ақпараттар қызметінде жұмыс жасаған, бүгінде «Алматы» телеарнасы арқылы көпшілікке көзайым болған «Тіл сақшысы» бағдарламасының жүргізушісі. Қазіргі күні микрофон қажаған қолын жаялық жууға әзірлеп жүр...

Классик ақын Қадыр Мырза Әлінің мынадай өлеңі бар:«Ауыр,Тойдың өзіндеАзаматтың жүгі тым.Бір үзіліс кезіндеБәйбішеңе, жігітім:«Қатарыңның ең әсем,Ең сұлуы – өзің!» де.Демедің бе?Демесең,Дәм болмайды сөзіңде.

Сөйлегенде қамықпа,Айтпадым деп ұлы сөз.Керек кейде халыққаҰлы сөзден жылы сөз!».

Рас, кеш кірсе таң ататын осынау қат-қабат тіршілікте үйден гөрі түзде көп жүресің, ерте кетіп, кеш келесің. Сондай алыс сапардан ойға алған шаруаларың еңсеріліп, шаңыраққа келе жатқанда алдыңнан анаң, жарың, ұрпағың күтіп отыратыны қандай ғанибет! Қоғамдық өміріміздің қаймағын келтіріп тұрған, әрине, мерекелі күндер. Сондай мерекелі күндерде отымыздың басына, қоршаған ортамызға жарық беріп тұрған АНАЛАРҒА айтар ұлы сөз де, жылы сөз де жетерлік.

Мерекелеріңіз құтты болсын аналар, арулар!

Page 301: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

301

«ПАтохтЫң ЖИеНШАрЛАрЫ»

Бiр кездегi күңгiрт кеңселерде жүргiзiлген жекешелендiру саяса- тының соқтасы бiртiндеп ақтарылып жатыр. Қазақстанға жемiсiн төгiп тұрған мәуелi кәсiпорындар шетiнен кертiлiп кеттi. Сапалы кәсiпорындардың салалы бұтақтары бiртiндеп бырт-бырт үзiлдi. «Ұстағанның қолында, тiстегеннiң аузында» кеттi. Аяғы оңтайлан- дыруға ұласқан жекешелендiрудiң азабын жергiлiктi ұлт ендi қанша уақыт тартатыны бiр Құдайға ғана аян.

Көнтерi кәсiпорындар мен «желiнiнен» шикiзат тамшылаған алып зауыттар көз алдымызда «мәдениеттi» түрде бопсаға түстi. Бiр мысал, Шымкенттегi алып ШНОС-тың 20-ақ миллион АҚШ долларына «ұзатылып» кеткенiн қандай аргументтермен ақтауға болады? Негiзгi бағасы – 1 миллиард доллар. Сондай-ақ, бiрнеше миллиард мұнай қоры бар «Әлiбек-мола» мұнай кенiшiнiң 2-ақ миллиондық құнын кiмнен даулайсың? Кетпеннiң басын бассаң, сабы қазақтың басына тиедi. Жекешелендiрудiң сол тұстағы басты «құжаты» – қолтырауынның сауыр терiсiнен әдiптелген қапшық толы «көк қағаз» дегендi әлсiн-әлсiн естiп қаламыз. Кiрген iз бар, шыққан iз жоқ. Ал атын берiп, жүгенiн ұстап қалған қазақ қоғамы әлi күнге босағасынан сығалап тұрған мына сауалдың жауабын таба алмай дал: «Қазақ жерiнiң асты-үстiндегi қазынасы һәм дәулетi мен байлығы кiмдердiң қолында?»

Жоғарғы ағысы астаң-кестең осы сауал елiмiздегi «түкiрiгi жерге түспей тұрған» мегахолдингтер жайлы ой қозғауға мәжбүрледi.

Жалпы, бұған дейiн Қазақстандағы мегахолдингтер туралы жағым- ды-жағымсыз әңгiмелер тоғыз қабат торғауытты кеңселерде болмаса, ел алдында ашық айтыла бермейтiн. Өткен жылдың қараша айындағы жаңа парламенттiң шақырылымында отандық мегахолдингтер жайлы сөз бiрiншi рет мемлекет басшысының аузынан айтылды. Президент алпауыт мегахолдингтердiң еншiлес мекемелерiнiң кейбiр жағдайда отандық орта және шағын бизнестiң дамуына тұсау салып отыр- ғанын сынға алған. Iле-шала ақпарат құралдары бұл тақырыпты өртеңге тиген оттай iлiп ала жөнелдi. Әрине, әңгiменi қоғамға iшкi қыжылы бар баррикаданың арғы жағындағы ақпарат құралдары ұлттық компаниялардың шаужайына жармасудан бастады. Ұлттық компаниялардың ауласына негiздi-негiзсiз саяси «бұдыры» бар бiрнеше кесек лақтырылды.

Әсiлi, мегахолдингтер жайлы әңгiменiң арнасынан асып-төгiлуiне, бiрiншi, Қазақстан аумағындағы трансұлттық корпорациялардың, ұлттық компаниялардың, iрi қаржылық-өнеркәсiптiк топтардың, шетелдiк инвесторлар бақылауындағы кәсiпорындардың халықтан қараңғыланып, жабық түрде жұмыс iстеуi ықпал еттi. Сондай-ақ,

Page 302: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

302

бiр кездегi жекешелендiру саясатының салқыны да жоқ емес. Ал ең бастысы, «қайыру» бермей, бақылаудан шығып кеткiсi келетiн мегахолдингтер соңғы кездерi елiмiздiң саяси өмiрiне мықтап ықпал етуге көше бастағаны анық аңғарылды. Әр мемлекеттiң белгiлi деңгейде өз буржуазиясы болатынына ешкiм шәк келтiрмейдi. Ал егер өнеркәсiптiк-қаржылы топтар елдiң саяси иiрiмiне қада қағып, билiкке қарай ұмтылып, мемлекетке өз үкiмiн жүргiзуге айла-шарғы жасаса ше? Ең үлкен қауiп осы болуға керек. Бiздегi мегахолдингтерден сондай пиғыл анық байқалып қалды. Қазақстанның саяси өмiрiндегi соңғы уақыттарда орын алған теке-тiрестер осының айғағы. Тiптi мұның ақыры қаржылық-өнеркәсiптiк топтардың арасындағы ымырасыз ақпараттық соғысқа ұласқан жайы бар.

Нақты дереккөздерiнiң келтiруiнше, елiмiздiң жалпы iшкi өнiмiнiң 80 пайызын «Қазақстан темiржолы», «ҚазМұнайГаз», «Қазақтелеком», «Қазақмыс» сияқты ұлттық компаниялармен қатар, терезесi шетелдiк инвесторларға қарап тұрған «Теңiзшевройл», «Испаткармет», «Қазақ- мыс», «Қазақстан алюминийi», «Қазхром» және «Қазцинк» секiлдi iрi кәсiпорындар құрайды екен. Экономикалық көрсеткiштер үшiн бұл жағымды-ақ жаңалық. Ал сарапшылар жалпы iшкi өнiмнiң жағдайына малданып отырған да, мегахолдингтердiң мiнберге өрлеп бара жатқанын айтады. Қалай дегенмен де, дәл қазiр холдингтер мен мегахолдингтердiң, қаржылық-өнеркәсiптер мен олигархтардың ара- жiгiн ажыратып, «мiндеттерiн» айшықтап беретiн уақыт келген сияқты. Себебi, «басынан құс ұшырмайтын» мегахолдингтердiң бауырына қаржылық-саяси топтар «жұмыртқа» сала бастады. Кейбiрi өздерiне ақпараттық кеңiстiк қалыптастырып үлгердi. Құзырлы тетiктерге «сенiмдi» адамдарын өткiзуге де құзiреттерi жетедi. Тiптi үкiметтi «ашса – алақанында, жұмса – жұдырығында» ұстап, билiкке айтқанын өткiзiп отырған топтар да жоқ емес. Ашығын айтқанда, iлгерiндi-кейiндi көрiнiс бере бастаған қаржылық-саяси топтардың «күн тәртiбiнде» мемлекеттiк пиғыл мен ұлттық құндылықтар әл-әзiр көрiнiс таба қойған жоқ. Түпкi мақсат – билiк. Алаңдаушылықтың үлкенi осы.

Мұнай кенiштерi мен энергетикалық кешендердi жанқалтасына салып алып, «ноқтаға басы сыймай» кеткен Ресейдегi саяси-қар- жылық топтардың тағдыры не болды? Ельциннiң тұсында Ресейдiң бар жақсысын талан-таражға түсiрiп, пышақ үстiнен бөлiп алған олигархтар мемлекеттiк машинаға ашық ықпал еткенi белгiлi. Тiптi Ельциннiң сайлау компаниясының ауы мен бауына кеткен қаржының Борис Березовскийдiң әмиянынан шыққаны кейiн анықталды. Қазiр Березовский қайда? 2003 жылғы Ресейдегi үлкен сайлау алдында коммунистерге қаржы құйып, ақыры абақтаға тоғытылып кеткен

Page 303: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

303

алпауыт мұнай магнаты Михаил Ходорковский тағдырының астары неде? Шетелге қашып құтылған Берзовский мен Гусинскийден нендей сабақ алуға болады? Тықыр таянғанын сезген Чукотка қожайыны Роман Абрамович Англияның «Челси» клубын сатып алу арқылы капиталының бiр бөлiгiн неге шетелге шығарып тыныш тапты? Осы саулдарды ұстап тұрған бiр саяси желi бар... Олигархтардың санасына үрей ұялатып, «авторитар» атанған Путиннiң бұл қадамдарын, әрине, ақтап алуға екiбастан болмайды. Десе де, шектен асқандардың iс-әрекетi Путиндi осындай қатал шешiмдерге баруына мәжбүрледi.

Бiздегi жағдайдың асқынып тұрған түгi жоқ. Алайда, соңғы кездерi елдегi саяси ахуал ептеп күрделене бастағаны жасырын емес. Мегахолдингтердi бетперде қылған саяси-қаржылық топтар осындай «өлара» кезеңдi өздерiнiң пайдасына асырғысы келетiндей. Бұл «айсбергтiң» бетi ғана. Топтар арасындағы тартыс неге өршiп барады? Саяси-қаржылық топтар неге саяси делбеге ұмтылады? Олигархтар «басынан бақайшығына» дейiн неге ақпарат құралдарымен қарулануда? Сарапшылар пiкiрi қарапайым. «Бармақ бастымен» алатын жаңа мемлекеттiк нысандар таусылды. Бүгiн болмаса ертең мегахолдингтердiң «тәртiбiн» мемлекет қолына алуы мүмкiн. Бизнес- терiне қауiп төнедi. Одан шығудың жолы бiреу – режимдi рельстен шығару арқылы билiк тетiктерiн құрсау».

қаржылық топтар туралы

Елдегi қаржылы-өнеркәсiптiк топтар туралы сөз бола қалса тiл ұшына бiрiншi болып Еуразиялық өнеркәсiптiк топ оралады. Қазақ- станның түрлi-түстi индустриясының денi осы топтың қазанында балқытылып жатыр. Қожайындары Лондоннан дүрбi салып отырған әйгiлi үшеу – Александр Машкевич, Алиджан Ибрагимов және Патох Шодиев. Бұлардың азаматтықтары туралы да әңгiме көп. Қалаған уақытында Қазақстан аумағынан табылатын «Еуразиялық үштiк» Қазақстанның түстi металдарын өз бiлгендерiнше қорытып, өңдеп, шетелдерге сатуда. Және Еуразиялық өнеркәсiптiк топтың тамырына барып құятын өзге де еншiлес компаниялары жетiп артылады. Шегелеп айтқанда бұл топ Қазақстан экономикасының түрлi салаларында (транспорттық, банктiк құрылым) еншiлес компаниялар жүйесiн қалыптастырып алған. Бұл мекемелер ел iшiнде «Патохтың жиеншарлары» деп аталады. Еуразиялық топ атала қалса, ойға Азамат- тық партия мен «Экспресс-К» газетi қоса оралады. Бұлардың тамырына қан жүгiртiп жатқан екiбастан «Евразийский банк». Демек, қаржылық топ Қазақстандағы саяси мүдделерiн осы органдар арқылы қорғап жатқан жағдайы бар. Әлгi бiр «саяси-қаржылық топтар айналасын неге

Page 304: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

304

ақпарат құралдарымен қымтауға бейiл? Неге жекелеген партияларды және саясаткерлердi шынжырлап ұстап отыр? Шын мәнiнде ақпарат кеңiстiгi қаржылық топтарға экономиканың металлургиялық немесе мұнай өндiру секторын дамыту үшiн керек пе?» деген сан сауалдың басы осы тұста шошаң етiп тағы шыға келедi. Неге?

Бiр дерек. Өткен жылдың 17 маусымында «Мегаполис» апталығында белгiлi публицист, Президент сыйлығының иегерi Ахас Тәжутовтың Еуразиялық өнеркәсiптiк топқа байланысты «Экономика кiмнiң бақы- лауында болса, үкiметке тапсырысты сол бередi» атты сараптамалық мақаласы жарияланды. Ертесi белгiлi публицист қызметiнен кеттi. Тәжутовтiң артында тұрған медиа-холдинг бұл мәселеге тiптi де араласқан жоқ. Тажутов Еуразиялық топтың құрбаны болып кете барды. Яғни бұл топтың билiкке де ықпалы жоқ емес. Әсiресе, түрлi-түстi өнеркәсiп ошағынан түлеген Даниал Ахметов үкiметiне. Ресми емес дереккөздерiнiң айтуынша, Еуразиялық топтың елдегi кадрлық мәселелерге де ықпалы бар көрiнедi. Қалай болғанда да, елiмiздiң саяси кеңiстiгiне осы топтың ықпалы кеңiрдектен...

Есiгiне «қара құлып» салынған ҚДТ лидерлерiнiң бiрi Асылбек Қожахметов «бiздi саяси ағымға көңiлi толмайтын бизнесмендер қаржыландырады» деп аузынан қағынғаны күнi кеше болатын.

Қазақстандағы айтулы қаржылық топтың бiрi – Нұржан Сұбхан- бердиннiң жетекшiлiгiндегi «Казкоммерцбанктiң» қалтарысында се- кiлдi. Мұнда негiзiнен ел iшiнде «жас реформаторлар» деп аталатын топ шеп құрған. Бiр кездегi «КЕГОК», «Қазақтелеком», темiржол, авиация салаларын басқарғандар қазiр осы топта. Сәуегейлер «отындық мыс, мырыш және фосфор өндiрiсi осы топтың бақылауында» дегендi күмiлжiңкiреп айтып қалады. Сондай-ақ, билiктiң ығындағы саяси сарапшылар «Казком» мен «Ақ жол» партиясының арасында қаржылық қарым-қатынас бар» дегендi жиi айтады. Бiрқатар тәуелсiз басылымдар да осы банктiк құрылымға телiнiп жүр. Бұл топтың «31 канал» медиа-холдингiне де көңiлдерi бар сияқты. Бұл әңгiменiң басы парламент сайлауында шыққан. Өткен жылдың соңғы айларында болған Қазақстан қаржыгерлерiнiң IV конгресiнде Қазақстанның аса iрi банктер өкiлдерi бiрлескен мәлімдеме жасаған. Мәлiмдеменiң ұзын-ырғасы мынаған саяды: «Бiз банктердiң саяси партияларды қаржыландыруына жол бермеу керек деп санаймыз. Билiк пен банктердiң қарым-қатынасы саяси партиялардың бiр-бiрiне шабуылдауы арқылы емес, үкiмет, Ұлттық банк және ҚР Қаржылық бақылау агенттiгi мен банк секторы арасындағы байыпты диалог шеңберiнде реттелуi керек деген пiкiрдемiз». Мәлiмдеменiң астында Сұбханбердиннiң де, «Евразийский банктiң» қожасы Машкевичтiң де қолы қойылған...

Page 305: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

305

Ұзақбай Қарабалиннiң басшылығындағы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы да iрi қаржы топтарының қатарына жатады. 40 шақ- ты еншiлес мекемелерi бар. «Рауан-медиа» медиа-холдингi осы компа- нияның ауласында. Iлгерiде Ресейдiң «НТВ» телекомпаниясының базасында Қазақстаннан телекомпания ашуға әрекеттенген де дәл осы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы болатын. Аталған кәсiпорынның бұл пиғылы ненi аңғартады? Экономикалық ендiктегi ең iрi мұнай секторының саяси мақсаттарға шылануына не себеп? Бұл арнасын шiреп аққан мұнай құбырларының «сығымдылығын» саясат айдынын- да сынап көру ме? Гәп басқада...

Қысқасы, 2004 жылғы үлкендi-кiшiлi саяси оқиғалар елiмiздегi қаржылық-өнеркәсiптiк топтардың түпкi мақсатын ептеп долбарлап берген секiлдi. Көздеп отырған мақсат – қандай жолмен болса да бiрiн-бiрi ығыстырып шығарып, саяси кеңiстiкке көтерiлу. Қаржылық топтар арасындағы ерсiлi-қарсылы саяси ағыстар ерiксiз осындай ойға жетелейдi. Ерiксiз...

Page 306: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

306

қАЗАқ МИЛЛИАрДЫНЫң қоЖАйЫНДАрЫ...

3+1=$28 000 000 000...Сонымен, АҚШ-тың әйгiлi «Форбс» журналы әлемдегi ең бай

деген 671 миллиардердiң биылғы рейтингiн жария еттi. Мұрнынан тiзiлген миллиардерлердiң тiзiмiне самарқау ғана көз жүгiртiп, өте шығуға да болатын едi. Әдеттегiдей. Алайда Қазақстанның бар байлығын жанқалтасына салып алып, кәрi құрлықта сайран салып жүрген үшеудiң – Патох Шодиев, Алиджан Ибрагимов және Александр Машкевичтiң ақшалы монстрлар қатарында жүргенi жүрек тұсы- мызды қозғап жiбердi. Сонымен, Қазақстанға 1991 жылдары жалғыз қапшықпен келiп, Еуразиялық өнеркәсiптiк тобын құрған үшеу араға 14 жыл салып әлем байларының санатына кiрдi. Анығында, «өлара» шақта сал орамалша жыртысқа түсiп кеткен қазақ қазынасы атышулы үшеудi тарихқа тiркедi.

Әсiлi, әлемдiк қаржы қазанына дүрбi салып отырған сарапшылар миллиардерлер рейтингiне қатысты көп үн қата қоймайтын. Биылғы тiзiмге мамандар алабөтен екпiн берiп отыр. Шетелдiк агенттiктер «Қазақстан және Украина миллиардерлерi тұңғыш рет «Форбс» тiзiмiнде» деп жаһанға жар салды. Сонымен, Қазақстаннан үш миллиардер ресми түрде тiркелдi. Аз ба, көп пе? Салыстырмалы түрде айтайық, мысалы, 1,5 миллиард тұрғыны бар Қытайда (Гонконг пен Тайванды қоспағанда) небәрi екi-ақ миллиардер тiркелiптi. Ал солтүстiктегi көршiмiз – Ресей миллиардерлердiң саны жөнiнен АҚШ-тан кейiнгi екіншi орында. 1997 жылдары Борис Березовскиий, Михаил Ходорковский, Вагит Алекперов, Рем Вяхирев, Владимир Потанин және Владимир Гусинскийдiң есiмдерi миллиардерлердiң жуан ор- тасында жүретiн. Кейiн тiзiмде бұлардан тек Владимир Потаниннiң аты ғана қалыпты.

2003 жылы әлем бойынша 476 миллиардердiң тiзiмi жарияланса, биыл бұл көрсеткiш 671-ге бiр-ақ жетiптi. Мамандар бұл секiрiстi АҚШ-тан тыс жерлердегi доллар бағамының төмендеуi және ғаламдық экономиканың дамуымен байланыстыруда. Яғни, екi жылдың iшiнде «жаңа есiмер» қатары 215-ке өсiп кеткен. Әрқайсысының байлығы 1 миллиардқа бағаланған Еуразиялық-өнеркәсiптiк топтың көсемдерi (бұл топтың құрамында хром, көмiрi өндiрiсi, құрылыс компаниялары мен банктiк құрылымдар бар) 671 байдың iшiнде, 620 орынға жайғасыпты. Қанат жайып алған «үштiктiң» Оңтүстiк Африкада да өз мүдделерi бар. Еуразиялық топтың бас кеңсесi Брюссель мен Лондонда орналасқан. Олардың жеке iс-қағаздарында Қазақстан азаматы және Алматы қаласының тұрғындары екенi тәптiштелiп жазылған. Және Өзбекстанда туған Патох Шодиев пен Қырғызстанда туған Александр Машкевичтiң азаматтықтарына қатысты қозғалған әңгiмеден аттап

Page 307: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

307

кетуге болмайды. Мәселен, америкалық журнал 51 жастағы Шодиевтiң Қазақстанмен қатар Бельгия азаматы, ал Машкевичтiң Қазақстанмен қоса Израиль азаматы екенiн жазады. Ал ересек екi ұлы әзiрден-ақ Еуразиялық топтың жұмыстарына араласа бастаған Ибрагимовтың азаматтығы жайлы дерек көрсетiлмеген. Осы қос азаматтығы бар олигархтардан келер қауiп турасында және мұның Қазақстан Конституциясына мүлде қайшы келетiнi туралы қазақстандық ақпарат құралдары неше рет дабыл қаққан. Алайда бұл мәселеге байланысты өкiлеттi орындар тарапынан ешқандай түсiнiктеме берiлмедi. Ләм-мим деген жан болмады.

Александр Машкевичтiң АҚШ-тағы орыс тiлдi эммигранттарға тарайтын «Новое русское слово» басылымының бас редакторы Валерий Вайнбергке берген сұхбатында «Сiздiң Ресейдегi еврей ұлттық мәдени орталығын басқаратыныңыз белгiлi, осыған Қазақстанның, Израильдiң және Бельгияның азаматтығын иелену керi әсерiн тигiзбей ме?» деген сауалға «Қазақстанның бас еврейi» («Га Арец» газетi, Израиль), «оған таң қалатын түк те жоқ» деп жауап берiптi. Ол ол ма, кешегi филолог, бүгiнгi алпауыт Машкевичтiң дәл сол эммигранттық басылымда: «Барлық еврейлер үшiн Израиль мемлекетi – қасиеттi тарихи отан. Израильдiң гүлденуi үшiн мен қолымнан келген мүмкiндiгiмнiң бәрiн жасаймын. Бiз Израильдiң көпжылдық әскери бағдарламасына көмектесудемiз, бұл салаға мен аз қаржы салып жатқан жоқпын» деп ағынан жарылған. Мiне «қуырдақтың көкесi».

Қазақстан энергетикасын ен жайлап кеткен әйгiлi бельгиялық «Трактебель» компаниясының елiмiзге келуiне осы Еуразиялық топтың тiкелей қатысы болды деген әңгiме тегiн болмауға керек. Бұған Бельгияның белдi Le Soir басылымында журналист Жоан Кондижцнiң 2003 жылдың 14 мамырында жарияланған мақаласында дәлел жетедi. Автор «Қазақстанның газ құбыры жүйесiн өз бақылауларына алу үшiн «Трактебель» компаниясы 85 миллион АҚШ долларын жұмсады. Оның 30 миллионын Қазақстан үкiметiне заңды түрде берiлсе, 55 миллион доллар комиссиялық тәсiлмен «қазақстандық үштiкке» төлендi. Олар – қазақстандық Алиджан Ибргаимов, ресейлiк Александр Машкевич және тегi өзбек белгиялық Патох Шодиев» делiнген. Шетелдiк басылым бұл үшеуiне 55 миллион долларды – «ақыл-кеңес» бергенi үшiн төленгенiн айтады. Қазақстан энергетикасының түтiнiн түзу шығара алмай басы дауға iлiккен «Трактебель» 1999 жылы елiне қайтты. Кейiн Бельгияның және Швейцарияның тергеу орындары iс қозғап, «55 миллион Бельгияға қайтты ма?» дегенге сауалға жауап iздеген. Тықыр таяған шақта «Трактебель» басшылығы 1998 жылға дейiн бельгиялық компанияның Қазақстандағы филиалын басқарған Николас Атериносқа «алаяқтық жасады» деп шүйлiктi. Басына бұлт үйiрiлген Атеринос Le Soir газетiне берген сұхбатында: «Трактебельдiң» жемқорлыққа

Page 308: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

308

белшесiнен батқаны барша жұртқа мәлiм. Артыма шала байлататын мен емес, мен небәрi осы компанияның қатардағы шенеунiгi ғанамын» деп мәлiмдеп және өзiн-өзi ақтап алған. Қысқасы, Еуразиялық топ туралы «ертеден салса кешке озып, беткейден салса төске озып» айтуға болады. Осы мәселеге байланысты әлеуметтанушы Әзiмбай Ғали мырзаның пiкiрін сұрағанбыз. Әлеуметтанушы бүй дейдi: «Менiң жамандағым келмейдi. Әрине, шетелдiк капитал – шетелдiк капитал. Бiзге олар салықты дұрыс төлесе, заңдарымызға бағынса болды. Әрине, миллиардер қазақтан шықса жақсы едi...».

Ендi әлемдегi болат пен құрыштың iрi «бароны» (Қазақстандағы болаттың да қожасы осы) Лакшми Миттал туралы аз-кем сөз. Британияда тұратын тегi үндiстандық Миттал «Форбстың» негiзгi кейiпкерi болды. Байлардың тiзiмiнде 62-орында тұрған Миттал әйгiлi Билл Гейтс (оның байлығы – 46,5 миллиард) және даңқты қаржыгер Уоррен Баффеттен (44 миллиард) кейiнгi 3-орынға бiр-ақ секiрдi, яғни «ИспатКарметтiң» қожасының байлығы 18,8 миллиард доллардан 25 миллиардқа жетiп жығылған. 54 жастағы магнаттың әлемдiк кәсiпорындардағы жұмыс күшi – 165 мың адамды құрайды. Оның 50 мыңы Қазақстанда жұмыс iстейдi. Қазақстандық «митталшылар» басым бөлiгi аз уақыттан кейiн жұмыссыз қалуы да мүмкiн. Себебi, Лакшми Миттал компанияның кiрiс бөлiгiн ұлғайту үшiн таяуда 45 000 адамды қысқартатынын мәлiмдеген. Париждегi бес жұлдызды отельде қызы Ванишидiң үйлену тойын бес күн жасап, 60 миллион доллар жұмсаған, Австралияның даңқты әншiсi Кайли Миноугты шақыртып ән салдырған Митталдың жай-күйi осылай болып тұр. ...Айтпақшы, «болат жағалы» Миттал мен Еуразиялық үштiктiң байланысы туралы қызық деректер бар. 2002 жылғы 20 қаңтарда Би-Би-Си «Миттал Қазақстандағы металлургиялық комбинаттарға иелiк ету үшiн «ақыл-кеңес» бергендерге 100 миллион доллар немесе 64 миллион фунт стерлинг төлеген» деген ақпар таратты. Лакшми Митталдың өзi бұл комиссиялық сыйақының Патох Шодиевтың тобына бергенiн растаған. Яғни, Миттал мырза Би-Би-Си-ге берген сұхбатында: «Бұл комиссиялық сыйақы олардың белгiлi бiр кезеңдерге көрсеткен қызметi үшiн берiлдi» деп шорт кесiптi. Мiне, айтқымыз келген әңгiменiң ұзын-ырғасы осы.

Арнасын мұз құрсап, ернеуiнен асқан Сырдариядан кесiрiнен белуардан су кешiп жатқан халықтың жай-күйi анау. Ай-күннiң аманында шахтадағы жарылыстан жарты ауылдың қара жамылып қалғаны да күнi кеше. Қайырымы жоқ балқытылған болаттан кенезесi кеуiп, кек буып отырған Темiртаудағы кеншiлер ақтарылудың аз-ақ алдында. Ауыз суға жарымай, шетiнен ауру меңдеп жатқан батыстағы елдiң тiршiлiгi де естен екi елi шықпайды.

...Ал қазақстандық алпауыттар (?) әлемдегi миллиардерлердiң жуан ортасына барып орнықты.

Page 309: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

309

команданте

Команданте! Бұл – кәдiмгi Куба көсемі Фидель Кастро. Азуын айға бiлеген АҚШ-тың алты басшысымен саяси тартысқа түскен. Кеңестер Одағының алты көсемiмен саяси һәм достық қарым-қатынаста болған Фидель. Джон Кеннеди де, Мао Цзедун да, Леонид Брежнев те әлдеқашан тарих қойнауына кеттi. Өмiрiн өлiм биiне айналдырған Че Гевараның да дәуiрi ықылымда суалған. Ал 13 тамызда 80 жасқа толатын Кастро әлi ат үстiнде. Атлант мұхиты бiр толқыса шайып кететiндей көрiнетiн осы бiр жайынның желбезегiндей ғана мемлекеттiң күрескер басшысының патшалық құрып отырғанына 47 жыл. Фидель Кастро билiкке келген кезде туған нәрестенiң ғұмыры жарты ғасырға таяп қалыпты. Әлқисса...

«Куба көсемi Фидель Кастро мемлекет басқару өкiлеттiгiн, бас қолбасшылықты және Куба коммунистiк партиясының жетекшiлiгiн денсаулығына байланысты уақытша туған iнiсi Рауль Кастроға тапсырды». Апта басында «Бостандық аралынан» осындай ақпар сау ете қалғаны сол, дүние солай қарай бұрылып сала бердi. Рауль Кастро – Кубаның қорғаныс министрi болатын.

Фидель Кастро Алехандро Рус немесе жай ғана Команданте туралы аз-кем сөз. Президенттiктi де, премьерлiктi де, төңкерiсшiлер көсемдiгiн де қолына берiк ұстаған Фидель Кастро 1926 жылдың 13 тамызында Кубаның Орьенте провинциясында Биран елдi мекенiнде дүниеге келген. Әкесi – Испаниядан келген иммигрант. Сол кездiң өзiнде-ақ әкесi iрi қант плантациясына иелiк еткен ауқатты жан.

Фидель мен бауыры Рауль алғашқы бiлiмдi Сантьяго қаласындағы католиктер интернатында алған. Кейiн Гаванада бiлiмiн шыңдай жүрiп спортпен айналысты. 1944 жылы Гаванада ең таңдаулы спортшы болды. Кейiн заң ғылымдарының докторы атанған Кастро 1950-жылдары кедейлердiң құқын қорғаған. Куба халықтық партиясына өткеннен соң саяси жұмысқа белсене араласты. 1952 жылы осы партияның атынан Куба ұлттық конгресiне депутаттыққа ұсынылған, алайда генерал Батиста бастаған төңкерiсшiлер билiкке келiп, елде сайлау өтпей қалды. Партияның жұмысынан да мән кеттi. Сосын осы партияның бұрынғы мүшелерiнен топ құрған Фидель елде Батистаның режимiне қарсы күрес бастайды. Тiптi қарулы қақтығыстарға дейiн барған. Сосын билiк Фидель Кастроны әскери трибуналға салады. Сотта Батистаның диктатурасын қатты сынға алған Фидель: «Менi тарихтың өзi ақтап алады», – деп қайсарлық танытады. Қайсарлыққа қарайтын билiк пе, сот Кастроны 15 жылға бас бостандығынан айырады да жiбередi. Алайда 1955 жылдың мамырында қоғамдық толқулардың әсерiнен билiк Фидельге рақымшылық жасайды. Қапастан шыққан бетте Кастро бiрден

Page 310: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

310

Мексикаға кетедi. Сол жақта қол жияды. Партизандық күрес жүргiзедi. Ақыры 1959 жылдың 1 қаңтарында генерал Батиста режимiнiң күл-талқанын шығарып билiкке келдi. Содан берi АҚШ-тың иегiндегi ресми Гавана Фидель Кастроның социалистiк сақалына ораулы. Кеңестер Одағымен де тонның iшкi бауындай болды. Тiптi Фидель Л.Ломоносов атындағы Мәскеу университетiнiң құрметтi профессоры, халықаралық Ленин сыйлығының лауреаты. Ол аз десеңiз Кеңес Одағының батыры. Ендi Куба көсемiнiң алмаған сыйлығы жоқ. Бiрақ сол сыйлықтардың iшiндегi айдарлысы – АҚШ-тың түпкiлiктi халқы, яғни, тағдыр-талайлы үндiстердiң 2003 жылы арнайы Кастроға берген «Қыран қауырсыны» болса керек. Үндiстердiң бұл мәртебелi сыйлығын АҚШ-тан тыс жерде туған тұлғалардың iшiнде бiрiншi болып алған осы Куба көсемi және әлемдiк деңгейдегi билеушiлердiң бiр де бiрiне әл-әзiр бұл сыйлық бұйырмай тұр. Ал Фидельдiң мола үстiне мемлекет құрған АҚШ-қа деген саясаты әмбеге аян.

«АҚШ» дегеннен шығады. «Бостадық аралының» атасы ЦРУ тарапынан жасалатын қастандықтан сақтану үшiн жеке өмiрiн өте құпия ұстаған. Билiкке келгеннен күнi кешеге дейiн Кастроға 600-ден астам қастандық ұйымдастырылыпты. Бiрi – Фидельдiң сүйiктi ермегi – су астындағы аңшылық кезiнде орын алса, екiншiсi – көсемдi таспаға түсiрушi репортердiң камерасына тапанша орнату арқылы жасалған. Солардың iшiндегi оншақты қастандықты АҚШ сенаторларының өзi амалсыздан мойындаған-мыс.

Жалпы, Куба көсемi туралы сөз болғанда оның соншалықты шешендiгi алдыңғы шепке шығады. Сақалы бурыл тартпай тұрған шағында халықтың алдында 15-16 сағат қағазға қарамай сөйлеген кезi болыпты. Жадының қуаттылығы сонша, қайсыбiр жылғы қайсыбiр фермадағы бақташының аты-жөнi есiне сақталып қалады екен.

Фидельдiң саяси күрескерлiгiнiң ұңғыл-шұңғылын түгел шолып отырып, оның өмiрiнде елеулi орын алған әйелдер жайлы айтпай кетсе Кастроның билеушiлiк қыры бiртүрлi олқы соғып тұрар едi. Команданте жайлы таңғажайып дүниеге бергiсiз деректер диктатор өмiрiнде өзi құлай сүйген үш әйел болғанын айтады. Бiрiншiсi – Мирта Диас Баларт, кәдiмгi Кастроның өзi атынан аударып, билiгiн тартып алған Батиста үкiметi мүшесiнiң қызы. Одан туған Фиделито есiмдi баласы кейiн Кубаның атом энергиясы агенттiгiн басқарған, бiрақ не себептi екенi белгiсiз, оны қызметтен бiр-ақ күнде алып тастайды.

Екiншi әйел – Нати Ревуэльта – Гаванада 50-жылдары ең сұлу әйелдердiң бiрi болған. Фидельдiң Нати ханымнан туған Алина есiмдi қызы 1993 жылы белгiлi себептермен Кубадан қашып кетедi.

Page 311: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

311

Кубадан қашқаннан кейiн Алина «Кастроның қызы – қудаланушының естелiктерi» атты кiтап жазып шықты. Онда Алина өзi және Фиделитодан бөлек, Кастроның Делив Сото атты әйелден бес баласы бар екенiн жазады. Тiптi аттарын да келтiрген: Алекс, Александр, Алехандро, Антонио және Анхелито.

Ал Кастроның өмiрiндегi үшiншi әйел – Селия Санчес, ол көп жылдар Куба көсемiнiң хатшысы және көмекшiсi болған. Ол туралы – «Селия Санчес 1980 жылдардың ортасында өзiн өзi өлтiрдi» деген ғана дерек бар, алайда Бостандық аралында «Санчестi Фидельдiң бауыры Рауль Кастро өлтiрдi» деген әңгiме күнi бүгiнге дейiн айтылатын көрiнедi. Фидель Кастроның «донжуандығы» соншалық, кейде Гавана көшесiн аралап жүрiп, өзiне ұнаған әйелдi көмекшiлерi арқылы алдыратын да сәттер болады екен. Кезiнде Лаврентий Берия жайлы аңыз-шыны аралас осындай әңгiме көп айтылатын едi. Фидель Кастроның билiкқұмарлығы мен әйелқұмарлығының арасы қарыс қадам ғана десе де болғандай.

Кубадан басын ала қашқан Карлос Монтанер секiлдi диссидент жазушылар мен Марсело Фернандес сияқты дәрiгерлер Фидель Кастро жайлы, оның денсаулығына қатысты көп деректер айтады. Бұл жөнiнде ЦРУ-дiң жинаған ақпары да аз емес. Сондай мәлiметтердiң бiрi – 79 жастағы билеушiнiң денсаулығы сыр бергелi бiраз уақыт болғанын алға тартады. Тiптi, АҚШ-тың барлау қызметiндегi ақпарда Фидельдiң паркинсонмен ауыратыны жайлы дерек келтiрiлген. Кәдiмгi Йоанн Павел-II мен Мұхамед Әлидi меңдеген буын, ес ауруы.

Қызық. Бұл Кастроңыздың билеушiлiк дертiнiң меңдегенi сонша, тiптi, елдегi танымал тұлғалардың өзiн ауыздықтап отырады екен. Мысалы, халыққа танымалдығы қатты артып кеткен Кубаның ұлттық арнасында екi актердi қуу туралы жарлық берiптi. Кейде билiкте «өзiмбiлемдiкке» салып ұзақ отырудан сондай да ауру пайда болады екен.

Ендi бұл кiсi туралы қызықты да қожанасырлау деректердi таңды таңға асырып келтiруге болады. Жарты ғасырға жуық билiкке дәнекерленiп қалған қаба сақалды қарттың денсаулығы сыр берген соң, оқырманға аз-кем түсiнiктеме берейiк деген ниет қой бiздiкi...

P.S. Айтпақшы, Кастро кария 80 жасқа толған тойына 78 елден 2 300 қонақ шақырып, «бiр шәугiм шәй» бердi. Жағдай мынадай болды. Операция үстелiне кетiп бара жатып Фидель өз қолымен: «Менiң 80 жылдық тойым 2 желтоқсанға ауыстырылды, осы күнi Куба мемлекетi қарулы күшiнiң құрылғанына 50 жыл толады», – деп тiлдей хат жазып, өкiлi арқылы әлеуметке жария еттi.

Page 312: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

312

қЫЛМЫс ӘЛеМi, кӨЛеңкеЛi экоНоМИкА ЖӘНе «тӘЖДiЛер» НеМесе «ҮШтiк АЛЬяНстЫң»

АқЫрЫ қАйДА АПАрАДЫ

...Қысқа шашты, қырма сақалды шетелдiк көлiк мiнген алпамсадай-алпамсадай жiгiттер. Тобымен келедi, тобымен кетедi. Ел көзiнен тасалау жүретiн сол жiгiттерге барған жерiнде жұрт жапырыла төрiн ұсынады. Базар мен ойын-сауық орындарының және қаржылы кеңселердiң қожайындары ол жiгiттердi көрсе, тiзелерi дiрiлдеп қоя бередi. «Рэкет!» Былайғы елдiң оларға қойған аты осы.

Кеңес қабырғасының нән кiрпiшi қазақ қоғамының басына құлап кеткендей мең-зең күй кешiп, «ендi қалай болар екен?» деп ауыл-елдiң абдырап тұрған шағы. Бұл – ескi дәуiр мен жаңа қоғам ат ауыстырып жатқан 1990 жылдар болатын. Таспадан ғана таныс қылмыстық топтардың сарқыншағы Қазақстанда да ептеп бiлiне бастаған. Бұл арада iрi қылмыстық топтар мен рэкетир ұғымының ара салмағын ашып алған да жөн. Себебi, базар жағалап, өзбектiң өрiк-мейiзiнен тапқан ақшаға бөлiске кiрген «рэкетсымақтардың» iс-әрекеттерi iрi «шаруалармен» айналысып жүрген қылмыстық топтарға (олар шекарадан өтетiн тауарларды да бақылағаны жасырын емес) аз селкеу түсiрген жоқ. Осы «қылықтары» үшiн белгiлi бiр топтар жазасын да алған көрiнедi. Ауылдан келген өрiмдей жастарды шеңгелiне iлiндiрiп әкеткен сол бiр алмағайып күндер еске түссе, талай жанның қабырғасы қайысады. Iрi қалалар мен орталықтарда ұйымдасқан қылмыстық топтар құрылып, базарлардың, фирмалар мен мекемелердiң үстiнен үкiм жүргiзбекке әрекеттенiп, көнбегенiмен «есеп айырысатынын» ұзынқұлақтан ести- тiнбiз. Қирап түскен Кеңес одағы мен тәуелсiз Қазақстан арасында орын алған азғантай ғана ащы кеңiстiктi криминалды күштер өз ыңғайларына пайдалануға әрекеттенген. Пайдаланды да. Қытай асқан мал терiлерi мен түрлi-түстi металдарға және шеттен келген арақ-шарап өнiмдерiне Қазақстанның iрi қылмыстық топтары бақылау жасағаны туралы деректер де жоқ емес.

Барар бағытын айқындап жатқан қазақ елiнiң ол кездегi ахуалы – күзетшiсi жоқ, бiрақ iшi мүлiкке толы үйдi еске түсiретiн едi. Естуiмiзше, қылмыстық топтар сол шақта есiк-терезесi аңғал-саңғал елдiң мемлекеттiк мүкәмалын жыртысқа салушылардың есiгiн босат- паған көрiнедi. Сондай-ақ, қылмыстық топтар сол тұстағы бұлың- ғырланып, тұманытып тұрған саяси ахуалды да өз қажеттерiне оңтай- лы пайдаланыпты-мыс.

Page 313: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

313

Өндiрiстiк секторларды жекешелендiру арқылы елдiң саяси жағдайына ашық ықпал еткiсi келген топтар болғанын емiс-емiс естiп қаламыз. Өткен ғасырдың 90-93 жылдары ел-жұрт олар жайлы сыбырлап қана айтатын. Сол қылмыстық топтар қалай пайда болды? Басында тұрғандар кiмдер едi? Құқық қорғау органдарына бас бермеген бұл қандай күш? Бүгiнгi тағдыр-талайы қалай? Бұл туралы iшкi iстер органдарының өздерi де толық мәлiмет бере бермейдi... Десе де, қазiргi уақытта осы төңiректе әңгiме қозғауға ептеп мүмкiндiк бар. Мамандар ТМД аумағында 90 жылдары қалыптаса бастаған қылмыстық топтардың ұшар басында негiзiнен бұрынғы кәсiби спортшылар және қылмыс әлемiндегi авторитеттер, шенеунiктер, көлеңкелi экономиканың өкiл- дерi, құқық қорғау органдарының қызметкерлерi болғанын айтады. Мәселен, «Репутация» коммуникативтi технологиялар орталығының қылмыстық топтарға қатысты кәсiби мамандармен жүргiзген зерттеу- лерiнiң кестесiне назар салсаңыз, бiраз жайдан хабар бередi.

«Осы түрлi саланың өкiлдерi ұйымдасқан қылмыстық топқа қалай бас бiрiктiрген?» деген сауал туатыны анық. Уақыт доңғалағын керi айналдырсаңыз, мұның екi тәсiл бойынша жүргiзiлгенiн байқауға болады: бiрiншiсi, ықпалды кәсiпкерлердi қоқан-лоққы жасап, қор- қыту арқылы бағындыру, екiншi, мемлекеттiк және құқық қорғау саласындағы қызметкерлердi коррупциялық жолмен «байлау». Тiптi, сол кездерi бопсаға түскен бизнесмендердiң қылмыстық топқа қатысы бар шенеунiктерден әбден зәрезап болғанын екi дүниеде жасыра алмаймыз. Санасын үрей билеген кәсiпкерлер тапқан-таянғанының белгiлi бiр бөлiгiн ықпалды күштерге амалсыз аузынан жырып берiп отырды. Жаңа қалыптаса бастаған кәсiпкерлер өздерiн қорғап қалудың жалғыз-ақ жолы осы екенiн түсiнсе керек. Ашығын айтар болсақ, ел iшiнде «ол кезде құқық қорғау органдарының өздерi қылмыстық топтарға тәуелдi болатын» деген әңгiме бар...

Сондай-ақ, сарапшылар «үштiк альянстың» бiр-бiрiмен қоян-қолтық жұмыс iстемегенiн, қылмыстық топқа қатысы бар жемқор шенеунiктер мен құқық қорғау қызметкерлерi «негiзгi жұмыстарды» кеңселерде отырып жүргiзгенiн, сондықтан көбiне кәсiби спортшылар мен қылмыс әлемiндегi беделдi тұлғалар ел көзiне жиi түсiп, ауызға iлiккендiгiн айтады. Әрине, «альянс» құрамындағы тараптар өз «рөлдерiн» ол кездерi «мiнсiз» орындады. Ортақ мақсат – қалайда пайда табу. Шенеунiктер жеке лауазымын асыра пайдалану арқылы қылмыстық топтарға «қамқор» болды. Мемлекеттiң, қоғамның бақылауына ырық берместен «көлеңкелi қаржыларды» тиiстi арнасына

Page 314: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

314

үлкен лауазым иелерi жөнелтiп берiп отырғанын дереккөздерi айтады. Негiзгi ядро екiбастан қылмыс әлемiндегi тұлғалар болғаны анық. Бүгiнгi белшемiзден батып отырған коррупцияның тамыр жаюына және қоғадай жапырылып, қысқа күнде қырық қайталайтын «көлеңкелi экономиканың» «гүлденуiне» сол кездегi атынан ат үркетiн қылмыстық топтардың ықпалы болмай қалған жоқ.

Мемлекеттiң қауiпсiздiк органдары ұйымдасқан қылмыстық топ- тардан келер қауiптi 1994 жылдары ғана сезiне бастады. Сөйтiп, құқық қорғау органдары қылмыс әлемiндегi жекелеген iрi тұлғаларды астыртын «аулау» науқанына көштi. Шетiнен абақтыға тоғытты. 1994 жылдың қысында Орталық базардағы майда «рэкеттердi» мал тиегендей шетiнен жабық көлiкке тоғытып әкетiп жатқанын да көргенiмiз бар. Таяқтың бiр ұшы кеңселерде отырған көлеңкелi экономиканың көсемдерiне тиетiнi анық. Қылмыстық топтардың серкелерi «байтал түгiл бас қайғы болып» жатқанда, «ақжағалылар» бастарын ала қашып, жасырын iс-әрекеттерiн (заңсыз тауарларды тасымалдау, қозғалмайтын мүлiктерге қожалық жасау) жедел заңдастыруға көштi. Сөйтiп, қойын-қонышы көлеңкелi бизнестiң ұясына айналған қайсыбiр шенеунiктер шаңырағы ортасына түскен социалистiк қоғамнан нарықтық экономиканы құрушылардың жуан ортасына сiңдi де кеттi. Олардың артына шырақ алып түсуге сол кездегi Қазақстанның құқықтық жүйесiнiң тiптi де қауқары жоқ болатын. Елiмiздегi ғалымдар мен тәжiрибелi мамандар ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөнiнде толыққанды арнайы құжаттың жоқтығын, қабылдайтын мезгiлдiң әлдеқашан келiп жеткенiн айтады. Бiздiң елiмiзде ұйымдасқан қылмысқа қарсы заңдық нормалардың күнi бүгiнге дейiн айқындалмағаны рас. Сарапшылардың пiкiрiнше, бұл БҰҰ-ның қылмыстық топтарға қатысты конвенциясына да сәйкес келмейтiн көрiнедi. БҰҰ-ның бас хатшысы 1993 жылы жасаған баяндамасында: «Ұйымдасқан қылмыс – қылмыс әлемiндегi тұлғалардың экономикалық мүдделерге бағындырылған iс-әрекетi» деп баға берген.

Бiздiң қоғам 1998 жылы қабылданған «Жемқорлықпен күрес туралы» заңға малданып жүргенге ұқсайды. Бiрақ, заңгерлер «бұл құжатта негiзгi заңдық нормалар коррупция ұғымын айқындауға бағытталғанын, қылмыстық топтарға тiптi де қатысы жоқ екенiн» тiлге тиек етедi.

Осының да әсерi шығар, қазiргi күнi Қазақстандағы кейбiр қылмыстық топтар әлi күнге экономикалық және әлеуметтiк, тiптi әкiмшiлiк тараптан қамтамасыз етiлетiн көрiнедi. Қойнына сұржылан

Page 315: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

315

жасырған қоғамның ақыры қайда апарып соғатынын шетелдегi «басынан бақайшығына» дейiн қаруланып аузынан от шашқан, билiкке ықпалын жүргiзе бастаған қылмыстық топтардың iс-әрекетi-ақ әшкерелеп бередi.

Шетелдiк ұйымдасқан қылмыстық топтар

Алпауыт қылмыстық топтар жайлы сөз бола қалса, жұмыр жердегi мәттақам елдердiң бiразынан маза кетедi. Қылышынан қан тамған әйгiлi «Триада» – аспан асты елiнiң негiзгi «бас ауруы». Әлемдiк қылмыстық топтардың iшiнде тамырын тереңге жайған төресi де, көнесi де осы «Триада». «Қатыгездiк пен қаталдықтың «жетi атасы» осы топтың «әлiпбиiнде» деседi бiлгiштер. Басын Қытайдың «Ұлы қорғанына» сүйеп жатқан бұл мафиялық құрылымның аяғы АҚШ-тан шығып жатыр. Негiзгi кәсiбi – есiрткi саудасы, порнобизнес, ойын-сауық орталықтарын қадағалау, жезөкшелер саудасы, бопса, өсiм жолымен қаржы талап ету, адам ұрлау және аудио-видео өнiмдерiн заңсыз сатып пайда табу.

Жапонияның даңқты «Якудзасының» қылмыстық синдикаты берiк құрылымға ие. Табыс көздерi – өсiммен ақша талап ету, ойын-сауық орындарын тонау, түнгi клубтардың қожайындарын бопсалау, қару-жарақ саудасы, амфетамин саудасы. Сондай-ақ, «якудзалықтардың» мемлекеттiң қаржы секторымен де тығыз байланыстары бар.

«Коза Ностраның» тамырланған жерi Апенин түбегi болса да, АҚШ-та осы мафияның 24 «отбасы» (ресми түрде осылай аталады) бар. Мәселен, бiр ғана Нью-Йорктың өзiнде 5 «отбасы» орналасқан. Бұл топтың басты табыс көзi – мемлекеттiк нысандарға қарақшылық жасау, iрi көлемде қаржы жымқыру, құмар ойындар, порнография, жезөкшелер саудасы, адам тонау. АҚШ-та осы топтың жылдық табысы 300 млрд. франкты құрапты, яғни сол елдiң жалпы iшкi өнiмiнiң 1,1 пайызын деген сөз. Бұл – 1987 жылғы көрсеткiш.

Италияда аты шыққан негiiзгi қылмыстық топтардың саны – төртеу. Сицилия аймағындағы «Коза Ностра», Неапол iргесiндегi «Каморра», «Ндрангета» (Калабри) және «Сакра» (Апулии). Әр кланның өз тарихы, дәстүр-салты бар. Негiзгi кәсiптерi – есiрткi және адам саудасы, контрабанда, қару-жарақ сату, қарақшылық,т.б.

Латын Америка елдерiнде қылмыстық топтарға тiзгiн берген ел – Колумбия мен Мексика. Перу мен Боливияның көкнәрiне қожалық ететiн бұл елдер «өнiмдерiнiң» негiзгi бөлiгiн (75 пайызын) АҚШ асырады.

Page 316: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

316

Мексикадағы қылмыстық топтар тек қана есiрткi транзитiнiң өзiнен жыл сайын 15 млрд. АҚШ доллары көлемiнде пайда табады екен. Бұл аталған елдiң ЖIӨ-нiң 5 пайызын құрайды деген сөз.

Түркиядағы қылмыстық топ екiншi дүниежүзiлiк соғыстың қарсаңында құрылған. «Өкiл әкесiнiң» лақап аты – Баба, Италиялық мафиямен тiкелей қарым-қатынаста болып, опиум саудасымен айналысқан. Бұл елдегi қылмыстық топтардың саяси ықпалы да жоқ емес. Бiрi – «Сұр қасқырлар» – пантуркизм қозғалысын жақтаса, екiншiсi – күрдтердiң сепаратистерiн қолдайды. Бiтiспес екi топтың таяу маңда ымыраға келер түрi көрiнбейдi. Ыстамбұлда бұл екеуiнен өзге де бiрнеше қылмыстық топтар бар.

Жоғарыда аталған аузымен құс тiстеген елдер жылдар бойы ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы күрестi аяусыз-ақ жүргiзiп келедi. Күрес күшейген сайын, қылмыстық топтардың да әрекетi үдеп барады.

түйiн

Дүниежүзiлiк валюта қоры әлемдегi «жуылатын» ақшаның жылдық қорын 500-ден 1500 млрд. долларға дейiн бағалап отыр. «Лас» ақша өндiрiлетiн аймақтар, мемлекеттер – қылмыстық топтар үшiн ең қолайлы орталық болып табылады. Өндiрiсi дамыған мемлекеттердiң бастамасымен құрылған қаржылық тұрақтандыру мекемесi осындай орталықтардың тiзiмiн жасапты, олардың саны – 42. Бұл орталықтардың активтерi 5 трлн. долардан астам. Демек, әлемдiк байлықтың 3 пайыздан астамы қылмыстық топтардың уысында деген сөз.

Page 317: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

317

МАЗМҰНЫ

І - б ө л і мЛа скалада жайқалған жалғыз арша ............................................................... 3Панда жылаған жаз .......................................................................................... 12Маралтай ........................................................................................................... 20Сәби ................................................................................................................... 28Редактор ............................................................................................................ 33Айтыстың алхимигі ......................................................................................... 38Сматай қобызшы .............................................................................................. 46«Алтын көпiр» және Мүслима ....................................................................... 51Лашығы жоқ лауреат ........................................................................................ 57Әуелеп ұшқан аққуды аялар жан бар ма екен?.............................................. 62Ұста дүкенi ...................................................................................................... 65«Дос болып қас қылғаннан сақта, Құдай...» .................................................. 73Бiртуар ............................................................................................................... 82

І І - б ө л і мсАясИ Портреттер

«Қалампыр» ...................................................................................................... 91Той тойламайтын тұлға.................................................................................... 94«Дизайнер» ....................................................................................................... 97«Тұйғын»........................................................................................................... 100«Бандыны қуған Қайырбек» ........................................................................... 103«Қаршыға» ........................................................................................................ 106Екіжүзділік ........................................................................................................ 108Тапсырысты өлім кімдердің талқанын тауысты? ......................................... 113«Менің суретімді парламентке ілмеңдер...» ................................................. 119

І І І - б ө л і мсҰхБАттАр

Қаһарман .......................................................................................................... 127«Жиған-тергенін арқалап кетіпті дегенді естігем жоқ» .............................. 132«Ұлттан биік болмаңдар» ................................................................................ 144«Қаламгер ақиқат үшiн күреседi...» ............................................................... 153«Мұраларымды мемлекет сұраса ғана беремiн» ........................................... 162«Арқан үзiлiп кетiп аман қалған халықпыз...» .............................................. 172«Елiм-айлап» өткен өмiр» ............................................................................... 179«Сайлау – қазақтың соры...» .......................................................................... 187«Менiң саясатым – өнер» ............................................................................... 195Қурайшы ........................................................................................................... 204Қобызшы ........................................................................................................... 214«Қызметсiз қалған күнi театрға күзетшi болам» .......................................... 220«Өнердегi шолақбелсендiлiкке қарсымын» .................................................. 228«Тағдыр мен оқиғасыз үлкен кино тумайды» .............................................. 238«Қиын кезеңдерде де ортақ идеалдарымызды ұмытпауымыз керек!» ...... 249

Page 318: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

318

«Қазақфильмге» көз алартып отырған мүдделі топтар бар...» .................... 257«Арманым – жабайы атты бәйгеге қосу...» .................................................... 265

І V - б ө л і мҰлы ғалымның соңғы жұмбағы ...................................................................... 272Ұлы жазушының соңғы жұмбағы ................................................................... 278

V - б ө л і мҚысқа толқындағы ойлар ................................................................................ 288Алаңнан өрбiген ой .......................................................................................... 291Сәтсіз сәрсенбі ................................................................................................. 293Конькиің қайраулы, шаңғың майлаулы... ...................................................... 295Павлодар тұр Павелдi еске алып... ................................................................. 296Қоғам және журналист .................................................................................... 297Аналар мейрамы............................................................................................... 299«Патохтың жиеншарлары» .............................................................................. 301Қазақ миллиардының қожайындары... ........................................................... 306Команданте ....................................................................................................... 309Қылмыс әлемi, көлеңкелi экономика және «тәждiлер» немесе «үштiк альянстың» ақыры қайда апарады .................................................... 312

Page 319: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

Жанарбек ӘШІМЖАН

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығыныңсериясы

ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ

Редакторы Б. БайғұлТехникалық редакторы А. ТлеукееваКомпьютерде беттеген Л. Садықова

Корректоры Г. Сыдықова

Page 320: ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7469.pdfӘн айту мәдениетi жетiспеген жерде сахнаға шығып арамтер болудың

Басуға қол қойылды 18.07.2014. Қаріп түрі «Times New Roman». Офсетті басылым.

Пішімі 60х90/16. Шартты баспа табағы 20.Таралымы 2000 дана. Тапсырыс №

«Сөздік-Словарь» ЖШС, Қазақстан РеспубликасыАлматы қ-сы, Жандосов көшесі, 7-11.

Тел.: +7 (727) 274 59 23E-mail: [email protected]

Тапсырыс берушінің дайын файлдарынан басылып шықты.

ЖШС РПБК «Дәуір», 050009,Алматы қаласы, Гагарин д-лы, 93а. E-mail: [email protected], [email protected]