96
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚАЗАҚСТАН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ Ж А Р Ш Ы ЖУРНАЛЫ АЙ САЙЫН ШЫҒАТЫН ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ЖУРНАЛ 1992 ЖЫЛДАН БАСТАП ШЫҒАДЫ (№286-287) 11-12 ҚАРАША- ЖЕЛТОҚСАН Алматы 2016

Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N11-12-2016.pdf · 2018-08-28 · АЙ САЙЫН ШЫҒАТЫН ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ

  • Upload
    others

  • View
    23

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

ҚАЗАҚСТАН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ

Ж А Р Ш Ы ЖУРНАЛЫ

АЙ САЙЫН ШЫҒАТЫН

ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ

ЖУРНАЛ

1992 ЖЫЛДАН БАСТАП

ШЫҒАДЫ (№286-287)

11-12 ҚАРАША-

ЖЕЛТОҚСАН

Алматы

2016

Ақылдастар алқасы

Ақылдастар алқасының төрағасы НАМЕТОВ А.М., ветеринария

ғылымдарының докторы, профессор,

ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі

Ақылдастар алқасы

төрағасының орынбасары

КЕНЕНБАЕВ С.Б., ауыл

шаруашылығы ғылымдарының

докторы, профессор, ҚР ҰҒА

құрметті мүшесі

Ақылдастар алқасының мүшелері

А.М. Абдыбекова, ветеринария ғылымдарының докторы;

Т.Е. Айтбаев, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА корреспон-

дент-мүшесі;

Қ.Ж. Аманжолов, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор;

Н.Ә. Әмірғалиев, география ғылымдарының докторы;

Р.К. Бекбаев, техника ғылымдарының докторы, профессор;

Б.Р. Ирмулатов, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент;

Г.Н. Қайырова, биология ғылымдарының кандидаты;

Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, ҚР АШҒА

президенті, РАШҒА академигі;

Г.Т. Мейірман, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі;

Б.М. Мұқанов, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор;

Р.А. Оразалиев, биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА, РАШҒА,

УАҒА академигі;

С.Ы. Өмірзақов, техника ғылымдарының докторы;

Ж.Ә. Паржанов, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор;

А.С. Рзалиев, техника ғылымдарының кандидаты;

Ш.С. Рсалиев, биология ғылымдарының докторы;

А.С. Сапаров, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы;

Т.Ч. Тултабаева, техника ғылымдарының докторы;

И. Үмбетаев, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА корреспон-

дент-мүшесі, ҚР АШҒА академигі

Журнал Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат

министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінде

30.10.2009 ж. есепке алынып, №10448-ж куәлігі берілген

М А З М Ұ Н Ы

Жаршы, №11-12 – 2016 _______________________________________________________ 3

Жеміс және жүзім шаруашылығы

Қаирова Г.Н., Долгих С.Г. Қазақстандағы жеміс және жидек дақылдарының вирус-

сыз отырғызу материалдарын өндірудың жағдайы мен болашағы

Kairova G.N., Dolgikh S.G. State and prospects of production of virus-free planting mate-

rial of fruit and berry crops in Kazakhstan

9

Мақта және күріш шаруашылығы

Үмбетаев И., Тағаев А. Мақтаның түп санына байланысты өнімділіктің өзгеруі

Umbetayev I., Tagaev A. Change the cotton yield from plant population 13

Оспанбаев Ж.О., Садықов С.С. Күріш дақылының өніп-өсуіне тамшылатып суару-

дың тигізетін әсері

Ospanbaev Zh.O., Sadykov S.S. Features of height and development of plants of rice at

tiny irrigation

16

Тоқтамысов Ә.М., Шермағамбетов К., Елеуова Э., Тәуіпбаев Б. Арал өңірі жағда-

йында минералдық тыңайтқыштардың күріш өнімінің қалыптасуына әсері

Toktamisov A.M., Shermagambetov K., Eleuova E., Tauipbaev B. Influence of fertilizers

on crop formation rice in the Kazakh Priaralye

20

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Яхияханқызы Н., Бөрібаева Л. Қазақстанның оңтүстік-шығысында минералдық ты-

ңайтқыштардың көкөністік жүгерінің өнімділігіне әсері

Boribayeva L., Yakhiyakhanqyzy N. Influence of mineral fertilizers in the yield of vegeta-

ble maize in the South East of Kazakhstan

24

Есимов Ұ.О., Ермекбаев Б.Ө., Салпиев Р.Қ. Қытайбұршақ дақылын арамшөптерден

қорғау және топырақтағы гербицидтердің қалдығын анықтау

Esimov U.O., Ermekbaev B.O., Salpiev R.K. Soybean weed control and determination of

herbicide residues in soil

28

Биғараев O.Қ., Махмаджанов С.П., Үмбетаев И., Қостақов А., Гусейнов И.Р. Қар-

быздың өсуі мен дамуына тыңайтқыштардың әсері

Bigaraev O.K., Mahmadzhanov S.P., Umbetayev I., Kostakov A., Guseinov I.R. Effect

of fertilizer on the growth and development of watermelon

34

Рысбек Ш.Қ., Бөрібаева Л. Қазақстанның оңтүстік-шығысында органикалық және

минералдық тыңайтқыштардың картоптың өнімділігіне әсері

Rysbek Sh.Q., Boribayeva L. Effect of organic and mineral fertilizers on the yield of pota-

toes in the South-East of Kazakhstan

38

Тағаев А., Қостақов А. Топырақты өңдеудің қарқындылығы

Tagaev A., Kostakov A. The intensity of tillage 43

Жайсамбекова Р.А. Суармалы жерде су қорын арттыру әдістері

Jaisambekova R.A. Methods of increasing water resources on irrigated lands 46

М А З М Ұ Н Ы

_______________________________________________________ Жаршы, №11-12 – 2016 4

Жакашов А.М., Қарлыханов О.К., Тәжиева Т.Т. Қазақстанның оңтүстік облыста-

рындағы жайылым жерді суландыру

Zhakashov A.M., Karlyhanov О.К., Tazhieva T.T. Irrigation of pastures in the South of

Kazakhstan

52

Мусин Ж.А., Аманбаев А. Жамбыл облысындағы су саласының жағдайы және ауыл

шаруашылығы өндірісінің өнімділігін арттыру шаралары

Musin Zh.А., Amanbayev A. The state of the water industry of Zhambyl region and measu-

res to improve agricultural productivity

58

Қалдарова С.М., Батырбаев А.А., Расманбетов Т.А., Жабаев К.Е. Алматы облысы

Панфилов ауданының жағдайлары үшін тамшылатып суару әдісін пайдалану бары-

сында алма бағын суару тәртібін жасау

Kaldarova S.M., Batyrbayev A.A., Rasmanbetov T.A., Dzhabayev K.E. Irrigation regime

of apple orchard under drip irrigation for the Panfilov district conditions of Almaty

region

62

Құдайбергенова И.Р., Күртебаев Б.М., Мамучев Р.А., Рысмаханов Н.К.,

Киценко М.Д. Жамбыл облысы жағдайында ағаш-сүректі және бұталы өсімдіктер-

ді жер асты суаруға арналған технологияны әзірлеу

Kudaibergenova I.R., Kurtebaiev B.M., Mamuchev R.A., Rysmakhanov N.K.,

Kitcenko M.D. Development of subsoil irrigation technology of wood and shrub crops

for Zhambyl region conditions

70

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

Даниленко О.В., Аманжолов Қ.Ж., Тамаровский М.В. Әулиекөл, шароле тұқымда-

рының төлін енесінен ажыратқанға дейін жайылымда жем беріп өсіру нәтижелері

Danilenko O.V., Amanzholov K.Zh., Tamarovsky M.V. Results for fattening calves on

pastures Auliekol and Charolais breeds to weaning

75

Аманжолов Қ.Ж., Ахметова Ғ.М., Бейсенов А.К.Етті ірі қара бұқашықтары ұшасы-

ның морфологиялық құрамы

Amanzholov K.Zh., Akhmetova G.М., Beisenov A.K. Morphological composition of

carcasses of calves of beef cattle

79

Күзембайұлы Ж., Паржанов Ж.А. Әр түрлі қой тұқымдары саулықтарының жыл

маусымына байланысты шөл жайылымы отының қоректік заттарымен қамтамасыз

етілу деңгейі

Kuzembaiuli Zh., Parjanov Zh.A. The level nutritious substances pasture forage different

breeds of ewes depending on the season

83

Сарбаканова Ш.Т., Латыпова З.А., Аубекерова Л.С., Маманова С.Б., Касымова К.Т.

Алатау тұқымды сиырлардың генотиптерін BoLA-DRB3 локусы бойынша анықтау

Sarbakanova Sh.Т., Latypova Z.A., Aubekerova L.S., Mamanova S.B., Kassymova К.Т.

Determination of the genotypes of cows Alatau breed by BoLA-DRB3 gene locus

89

ҚР АШМ АҚПАРАТЫ

Жаршы, №11-12 – 2016 _______________________________________________________ 5

Мемлекет басшысы астық жинау науқанының табысты аяқталуына байланысты еліміздің агроөнеркәсіп кешені

еңбеккерлеріне құттықтау жолдады

http://mgov.kz/kz/

Қазақстанда жиын-терін науқаны аяқталып келеді. Бұл – ауыл еңбеккер-лері, агроөнеркәсіп кешені және бүкіл еліміз үшін азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейін айқын көрсететін аса маңызды оқиға.

Биылғы науқан нәтижесін Тәуелсіздіктің 25 жылдығына тамаша тарту деп бағалауға болады. Өйткені, бұл жолы жиналған астық мөлшері – осы кезең-дегі ең ірі жетістіктің бірі.

Астықтың жалпы көлемі 23 миллион тоннадан асты, бұл – былтырғыдан бір жарым еседей артық көрсеткіш.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының диқандары 5 миллион тоннадан астам астық алды. Қарағанды облысында миллион тоннадан астам астық жиналып, бұрын-соңды болмаған көрсеткішке қол жеткізілді.

Ауыл шаруашылығы саласындағы өзге дәнді дақылдар бойынша да жиын-терін науқанының нәтижелері көңіл қуантып отыр. Қызылорда облысын-да күріштен рекордтық өнім алынды. Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қа-зақстан облыстарында көкөніс пен бау-бақша дақылдарының өнімділігі едәуір артты. Майлы дақылдар көлемі 1,2 есе ұлғайып, соңғы бес жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетеді деп болжануда.

Осының барлығы мейлінше мол тер төгуді, ұдайы қамқорлықты, зор қа-жырлылықты, білім мен тәжірибені талап ететін саланың бірі – егін шаруа-шылығының табысты дамып келе жатқанын даусыз дәлелдейді. Бұл саладағы азаматтардың бәрін құттықтап, бірден жеміс бере қоймайтын жер төсіндегі бейнетті еңбектері үшін зор алғыс білдіремін!

Өткен ширек ғасыр ішінде ауыл шаруашылығының қалай өркендегенін, Қазақстанның аграрлық держава ретіндегі өз жағдайын жақсартып қана қой-май, азық-түлік нарығындағы жаңа белестерді игеріп келе жатқанын көріп отырмыз.

Осы жылдарда мемлекетіміз агроөнеркәсіп кешеніне жүйелі түрде қол-дау көрсетудің тиімді мүмкіндігін тапты. Қазір ол стратегиялық басымдық ретінде қарастырылып отыр.

Біз бірлесе күш жұмылдырып, халқымыздың өсіп-өркендеуіне септігін тигізетін, туған өлкеміздің шынайы әлеуетін көрсететін ауыл шаруашылығын жаңғыртудамыз.

Қазіргі заманда жоғары технологиялы қуатты агроөнеркәсіп кешені елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өлшемі болып саналады.

Біз Қазақстанда диқандардың адал еңбегі барынша бағаланып, ауыл ша-руашылығы инвестицияға қолайлы, жаңа жобаларға, жастарымыздың күш-қуатына өріс ашатын келешегі бар салаға айналуы үшін барлық жағдайды жа-

саймыз.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі +7 (7172) 555-765 [email protected]

ҚР АШМ АҚПАРАТЫ

_______________________________________________________ Жаршы, №11-12 – 2016 6

Қытайлық аулау құралдарын сатуға және тасымалдауға тыйым салынды

http://mgov.kz/kz/

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы минис-

трі А. Мырзахметов Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына

әкелуге шектеу қойылған аулау құралдарын Қазақстан Республикасы аума-

ғында сатуға тыйым салды.

Бүгінгі таңда балық шаруашылығы мәселелерінің бірі моножіптер

мен моноталшықтардан жасалған торлар болып отыр. Аталған материалдан

жасалған тор-аулар бір рет қолданылған соң іске жарамсыз болып қалады

және бағасы арзан болуы себепті, балықшылар тарапынан ұдайы өзен-көл-

де, суатта қалдырылады.

Ведомствоның аумақтық инспекциялары күн сайын заңсыз орнатыл-

ған және лақтырып тасталған ауларды алу үшін су айдындарына тралдау

жүргізіп отырады. Бұл бағыттағы жұмыстар, әсіресе, көктем айларында, ба-

лық уылдырық шашатын маусымда қарқын алады.

Осы тыйым салынған балық аулау құралдарының еркін саудасына

жол бермеу мақсатында АШМ «Еуразиялық экономикалық одақтың кеден

аумағына әкелуге тыйым салынған су-биологиялық ресурстарын олжалау

(аулау) құралдарының өткізілуіне (сатылуына) тыйым салу туралы» ҚР Үкі-

меті қаулысының жобасын әзірледі.

Аталған жоба сауда-саттық саласына өкілетті орган ретінде Ұлттық

экономика министрлігіне келісу үшін жолданды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі

+7 (7172) 555-765

[email protected]

ҚР АШМ өңірлерді дамытудың өзекті мәселелері бойынша кеңестің қорытындысын шығарды

http://mgov.kz/kz/

Ауыл шаруашылығы министрлігінде ҚР Премьер-министрінің орын-

басары – Ауыл шаруашылығы министрі А.И. Мырзахметовтің облыс әкім-

діктерімен өңірлердің агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың өзекті мәселе-

лері бойынша өткізген кеңес қорытындысы бойынша брифинг өткізілді.

Ағымдағы жылдың 31 тамызынан 21 қыркүйекке дейін Ауыл шаруа-

шылығы министрі іс жүзінде барлық облыстың әкімдігінде кеңес өткізді,

150-ден астам мәселе қарастырылды, оның 80-нен астамы бойынша нақты

шешімдер қабылданды және бұл мәселелер кеңес отырысы барысында ше-

шілді, қосымша пысықтауды талап ететін жүйелі сипаттатағы мәселелер бо-

йынша (шамамен 70) министр сәйкесінше тапсырмалар беріп, олар хаттама-

ҚР АШМ АҚПАРАТЫ

Жаршы, №11-12 – 2016 _______________________________________________________ 7

ға енгізілді және министрліктің сәйкес ведомстволары мен құрылымдық

бөлімшелеріне орындалу үшін жолданды. Бұл тапсырмалардың барлығы

министрдің ерекше бақылауында.

Мәселелердің көбісі, шамамен 45-і ветеринариялық қауіпсіздік сала-

сындағы мәселелерді қозғайды: ЖАО мемлекеттік ветеринариялық құры-

лымдардың құқықтарын анықтау, құлақ биркасы мен ветеринариялық пре-

параттардың жетіспеушілігі, ауру жануарларды шығарып тастау мен көзін

жою сомасының орнын толтыруға қосымша қаржыны талап ету және т.б.

Осы және басқа да мәселелерді шешу үшін ветеринария саласында облыс

әкімдіктері мен министрліктің сәйкес бөлімшелеріне тапсырмалар беріліп,

олар ерекше бақылауға қойылды.

30-дан астам сұрақ мал шаруашылығы саласын, инвестициялық суб-

сидиялауды және басқа да бірқатар бағытты қосымша қаржыландыру қа-

жеттілігіне, сонымен қатар АӨК субсидияландыру механизмін жетілдіруге

байланысты болды. Олардың біразы кеңес кезінде шешілді.

Жекелеп айтқанда, әкімдіктерге 2016-2017 жж. экономикалық өсімді

ынталандыру мен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету шеңберінде асыл тұ-

қымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімді-

лігін және сапасын арттыруды субсидиялауға қосымша қажеттілік бойынша

2016 ж. соммасы 30,2 млрд теңге болатын бюджеттік өтінім беріліп, ол то-

лық көлемде мақұлданды. Сонымен қатар, инвестициялық салым кезінде

агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін субсидиялау бойынша бағдарламаны

іске асыруға республикалық бюджеттен қосымша шамамен 12,7 млрд теңге

бөлінетіні туралы хабарланды. Бүгінгі күні 2016-2018 жж. арналған респуб-

ликалық бюджет туралы заң қабылданды, жақын күндері аталған бюджеттік

қаражат аймақтарға жеткізілетін болады.

10 сұраққа жуық (АӨК субъектілеріне арналған кредит бойынша аса

көтерілген сыйақы мөлшерлемелері, кредиттеуге берген өтінімдерді ұзақ

қарау, кредит беруге көп құжат тізімі туралы) «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ құзыре-

тіне кірген. Осылар бойынша А. Мырзахметов «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ басшы-

ларына тиісті тапсырмалар берді, сондай-ақ олар хаттамаларға енгізілді жә-

не қазіргі уақытта министрдің айрықша бақылауында.

Бұдан басқа, батыс аймақтарда өткен селекторлық кеңестерде балық

шаруашылығын дамыту мәселелері қарастырылды.

Сондай-ақ, кеңестің қатысушыларымен жер қатынастары, орман ша-

руашылығы, тұқым шаруашылығы, асыл тұқымды мал шаруашылығы, жал-

пы сипаттағы трансферт бағдарламалары бойынша, өңірлерді маманданды-

ру Схемасын пысықтау бойынша, қой шаруашылығы мен ешкі шаруашы-

лығын дамыту бойынша, сүт пен жүн қабылдау пункттерінің жетіспеуі жә-

не т.б. сұрақтар бойынша бюджеттік қаражатты қолдану саласында заңна-

маны жетілдіру сұрақтары қаралды.

Министрдің облыс өкілдерімен кездесулері мәселелерді айтуға ғана

емес, бастысы шешімдер іздеуге бағытталған. Жаңа форматтағы кеңестер

ҚР АШМ АҚПАРАТЫ

_______________________________________________________ Жаршы, №11-12 – 2016 8

енді тұрақты негізде министрлікте өтетін болады. Оның үстіне, бұл ми-

нистрлік пен жергілікті атқару органдары арасындағы тиімді ынтымақтас-

тықты құруға түрткі болады.

Мәселелі сұрақтарды талқылау бойынша өңірлермен осыған ұқсас ке-

ңестерге оң бағаны, сондай-ақ, облыстар әкімдігінің өкілдері де берді.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі

+7 (7172) 555-765

[email protected]

Қазақстанда ауыл шаруашылығы өндірісі субъектілеріне арналған геопортал іске қосылды

http://mgov.kz/kz/

Геопортал Қазақстанды және оның ауыл шаруашылығы өндірісін

климаттық өзгерістерге бейімдеу мақсатында жасалып, іске қосылуда.

Ақпарат фермерлер, Қазақстан өңірлерінің атқарушы билік органда-

ры, ауыл шаруашылығында қызмет ететін мамандар үшін барынша қажет.

Қазақстан астық дақылдарының аса ірі экспортқа шығарушысы бо-

лып табылады. Алайда, республиканың ауыл шаруашылығымен айналыса-

тын аудандары түгелге жуық жерді өңдеудің дағдарысты аймақтарына жа-

тады, ауа райы қолайлы жылдары (гидрометеорологиялық жағдайлар тұр-

ғысынан қарағанда) жоғары өнім алынады, ал құрғақшылық жылдары өнім-

нің маңызды бөлігі шығынға ұшырауы мүмкін.

Қазақстанға, әсіресе, ауыспалы климаттық жағдайда құрғақшылық

мониторингіне арналған геопортал өте қажет. Оны пайдалану климаттық

өзгерістердің әсерін жеңілдету бойынша дер кезінде шара қолдануға ықпа-

лын тигізеді.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің, астық өнімділігін болжаудың, ыл-

ғалдылық қорын, қар қабатын, құрғақшылықты, биоқауіптіліктерді баға-

лаудың мониторингі бойынша ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер

«ҰҒЗТО» АҚ-да 1990 жылдардан бері жүргізіліп келеді және көпжылдық

деректер базасы жинақталған. Тек осы бақылаулар мен зерттеулердің ар-

қасында ғана геопортал сияқты өзекті жобаны құру мүмкін болып отыр.

Айта кетерлігі, жоба Қазғарыштың «Ұлттық ғарыштық зерттеулер

мен технологиялар орталығы» АҚ-ның БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ)

мен Америка халықаралық ынтымақтастық агенттігімен (USAID) ынты-

мақтастықта және олардың қолдауымен жүзеге асырылды.

Ақпарат ҚР Премьер-министрінің ресми сайтынан алынған.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі +7 (7172) 555-765 [email protected]

Жеміс және жүзім шаруашылығы

Жаршы, №11-12 – 2016 _______________________________________________________ 9

ӘОЖ 634.1/7.8:581.143.6

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕМІС ЖӘНЕ ЖИДЕК ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ ВИРУССЫЗ ОТЫРҒЫЗУ МАТЕРИАЛДАРЫН ӨНДІРУДЫҢ ЖАҒДАЙЫ

МЕН БОЛАШАҒЫ

Г.Н. ҚАИРОВА, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты,

С.Г. ДОЛГИХ, биология ғылымдарының кандидаты

«Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

е-mail: [email protected]

Түйінді сөздер: жеміс; биотехнология; молекулалық маркерлер.

Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруі мемлекеттің ауыл

шаруашылығы өндірісінде ауыл шаруашылығы өнімдерін отанымызға экс-

порттайтын басқа мемлекеттер жағынан бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Бұл толықтай жеміс-жидек дақылдарының отырғызу материалдарына, соған

қоса жүзімге де қатысты. Жеміс, жидек және жүзім шаруашылықтарының

тиімділігі олардың экономикалық қуаттылығы негізінен отырғызылатын

материалдың вирустық және микоплазмалық инфекциясының сапасына

қарай анықталады. Ғалымдардың көпшілігі жемісті дақылдар вирустары-

ның көптеген мемлекетте кең таралғандығын айтады. Жемісті дақылдардың

өндірістік сорттарының көбі бір немесе бірнеше вируспен зарарланатыны

анықталды, кейбір сорттардың зарарлануы 100%-ға дейін жетеді. Аталған

жағдай Молдова, Белоруссия, Қазақстан, Ресей және Украинада орын алып

отыр. Қазақстанда алманың латентті вирустармен зарарлануы 50%-ға жете-

ді және одан жоғары сынақтан өтетін өсімдіктер санына байланысты. Ви-

рустар кешенінен алмада жиі кездесетіні (50%-дан жоғары) ACLSV және

(алма жапырағының хлоротикалық теңбілділігі) ASGV (алма діңінің ізбе-

дерлілігі) үйлесімі болып табылады.

Көптеген мемлекетте (АҚШ, Италия, Ұлыбритания, Голландия, Жаңа

Зеландия, Франция, Польша) клондық микрокөбейту арқылы жеміс және

жидек дақылдарының сауықтырылған отырғызу материалдарын шығару бо-

йынша өндіріс одан ары мұндай отырғызу материалдарының арту тенден-

циясы бар өнеркәсіп негізіне қойылған. Аталған мәселені өсімдіктерді

клондық микрокөбейту көмегімен шешуге болады, соған байланысты клон-

дық микрокөбейту тиімділігін арттырудың әділ қажеттілігі туындайды [1].

Биотехнологиялық әдістерді тәлімбақ шаруашылығында қолдану өсім-

діктерді сауықтырудың тиімділігін 100%, көбейту коэффициентін 5-10 есе

және жаңа сауықтырылған сорттар мен түрлердің өндіріске енгізілуін 2-3

жылға жеделдетуге мүмкіндік береді [8].

Жеміс және жүзім шаруашылығы

_______________________________________________________ Жаршы, №11-12 – 2016 10

Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ҒЗИ-дың өсімдік биотехноло-

гиясы саласындағы ғылыми зерттеулері, диагностикалық сараптамалары

мен, вирустық инфекциялардың сәйкестендірілуі қазіргі заманауи ИФТ ин-

дикаторлары, ПТР әдістері негізінде жүргізіледі (1-кесте). Өсімдіктерді ви-

рустық инфекциялардан сауықтыру термо және химия терапия тіркесуімен

апикалды меристема арқылы жасалады. Қазақстанның ішкі нарығында ви-

руссыз отырғызу материалдарына қойылатын талаптарды қанағаттандыру

үшін биотехнология зертханасы қазіргі кезде алма, қылқансыз қара таңқу-

рай (ежевика), құлпынай, жүзімнің базисті, базалық және репродукциялық

аналық өсімдіктерін отырғызу мәселесі бойынша жұмыс атқаруда.

1. Алманың шырынмен таралатын вирустарын шөпті индикаторлармен және

ИФА әдістерімен сәйкестендіру

Индикатор Телітуші

Арм. 18 62-396 Б7-35 Б16-20 Жетісу 5

Chenopodium quinoa, ИФТ АЖХТ АЖХТ,

АДШ АЖХТ

АЖХТ,

АВІ АЖХТ

Cucumis sativus L., ИФТ мозаика мозаика мозаика мозаика мозаика

Cucurbita maxima Duch, ИФТ мозаика мозаика мозаика мозаика мозаика

Мысалы, алманың клонды телітушілеріне шырынмен таралатын ви-

рустарды сәйкестендіру индикаторлармен және ИФТ әдістерімен жүргізіле-

ді. Алманың 5 клонды телітушісінде алма жапырағының хлоротикалық тең-

білділігі (АЖХТ), мозаикалар, ағаш діңінің вирусты шұқырлануы (АВШ)

мен ізбедерлілігі (АВІ) вирустарының бар екені анықталды.

Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ҒЗИ-да сауықтырылған жеміс

дақылдары мен жүзімнің вируссыз көшеттерін өсіріп шығарудың келесі са-

тылардан тұратын биотехнологиясы жасалды [2, 3, 7]: клонды іріктеу, ин-

дикаторларда тексеру, ELISA сараптамасы, ПТР, зарарланған өсімдіктерді

құрғақ ауа термотерапиясы әдісімен сауықтыру, in vitro жағдайында микро-

егу, химиялық терапиямен үйлескен апикалдық меристемаларды жасанды

өсіру. In vitro арқылы көбейтілген микроклондалған өсімдіктерінде химера-

ларды іріктеу мақсатында ДНҚ тұрақтылығы молекулалық маркерлер арқы-

лы тексеріледі.

Көпжылдық жұмыстардың нәтижесінде қылқансыз қара таңқурай,

құлпынай, жүзім, алманың клонды телітушілерінің базалық аналық және

алманың аналық қалемшелі бағы отырғызылды. Құрастырылған жеміс-жи-

дек дақылдарын микроклонды көбейту регламенті модификацияланған жә-

не патенттелген сатылардан тұрады [4-6].

Алма сорттарын жасанды қоректік ортаға енгізу алдында шаруашы-

лық-биологиялық белгілері бойынша ең жақсы клондары таңдалады. Сорт-

тар әр түрлі клондық өзгергіштікке ие, сонымен қатар белгілі Апорт сорты-

ның көптеген клоны белгілі. Апорттың ДНҚ сорттық полиморфизмі 10 мо-

лекулалық ISSR маркерлерінің көмегімен зерттелді (2-кесте).

Жеміс және жүзім шаруашылығы

Жаршы, №11-12 – 2016 _______________________________________________________ 11

2. Апорттың молекулалық клондарының сипаттамасы

Апорттың

клоны

Үзінділердің өлшемі, пн Ақпараттық

үзінділердің саны, пн

маркерлер маркерлер

М3 М8 М9 М12 М3 М8 М9 М12

Есік (ескі бақ)

200,

280,

350,

480,

700

200,

330,

470,

580,

800

300,

400,

500

200, 300, 370,

460, 500 - - - -

СЭ тамырлық

аналық бағы

(помологиялық

бақ)

150,

200,

280,

320,

380,

450,

900

350,

580,

800

300,

400,

500,

700

100, 200, 300,

330, 370, 460,

500, 600

320,

380,

450

- - -

М°

ҚазЖжЖШҒЗИ

жылыжайы

200,

280,

500,

550,

700

350,

470 400

100, 300, 330,

370, 460, 500,

550, 600, 680

550 - - 550,

680

6-8 (помология-

лық бақ)

150,

200,

280,

350,

600,

480,

700,

900

200,

350,

470,

580

300,

400,

500,

600,

700

100, 130, 200,

240, 280, 300,

350, 370, 460,

500, 600

600 - 600

130,

240,

280

Жеке сектордан

таңдалған

формалар

150,

200,

280,

360,

700,

900

350,

580,

800

300,

400

100, 200, 300,

330, 370, 460,

500, 600

360 - - -

10-2 (помология-

лық бақ) 200

350,

580,

800

- 100, 200, 300,

370 - - - -

Апорттың 7 клонының ДНҚ-сын амплификациялау кезінде ұзындығы

200-ден 2500 пн дейін 183 ампликон алынды. Апорттың полиморфизмін

сипаттайтын 20,2% құрайтын 37 ампликон анықталды. Апорт клондарының

генетикалық сараптамасына өте белсенді ақпарат беретін маркерлер М3,

М4, М8, М12, М13 және UBC 881, олар бойынша көп мөлшерде ерекше

ампликондар белгіленді.

Сонымен, клонды өзгергіштікті молекулалық-генетикалық бағалау-

мен қоса жеміс-жидек дақылдарының вируссыз отырғызу материалдары-

ның өндірісі жетілдірілді.

Жеміс және жүзім шаруашылығы

_______________________________________________________ Жаршы, №11-12 – 2016 12

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Бъядовский И.А. Влияние различных регуляторов роста на коэффи-

циент размножения и сохранность клоновых подвоев яблони в культуре in

vitro // Садоводство и виноградарство. – №1. – 2011. – С. 28-31.

2. Долгих С.Г. Биотехнология диагностики вирусных болезней, оздо-

ровления и размножения плодовых культур в Казахстане: монография. –

Алматы, 2007. – 225 с.

3. Долгих С.Г., Билибаева А.Е. Технология оздоровления посадочного

материала винограда / Материалы международной научно-практической

конференции «Современные технологии, экологические и экономические

проблемы в промышленности и АПК». – Алматы, 2012. – С. 19-21.

4. Долгих С.Г., Гусакова Л.С. Способ укоренения винограда in vitro.

Патент №61335 от 22.09.2008.

5. Долгих С.Г., Каирова Г.Н., Исин М.М. и др. Клональное микрораз-

множение яблони сорта Апорт: лабораторный регламент. – 2014. – 28 с.

6. Избасаров Д.С., Долгих С.Г. Способ выращивания саженцев семеч-

ковых культур in vitro. Патент №46336, 2004.

7. Каирова Г.Н., Долгих С.Г. Технология производства безвирусного

посадочного материала сортов и подвоев яблони. Рекомендация. – Алматы,

2014. – 37 с.

8. Минаев В.А., Верзилин А.В., Высоцкий В.А. Эффективность кло-

нального микроразмножения и качество оздоровленного подвойного мате-

риала яблони // Садоводство и виноградарство. – №4. – 2005. – С. 12-14.

Түйін

Алманың, жеміс дақылдары – қылқансыз қара таңқурай, бүлдірген

мен жүзімнің вируссыз отырғызу материалдарының өндірісі туралы мәлі-

меттер берілген. Апорт сортының клондарын генотиптеу бойынша ақпарат

көрсетілген.

Резюме

Приведены данные о производстве безвирусного посадочного мате-

риала яблони, ягодных культур – ежевики бесшипной, земляники и вино-

града. Приводятся молекулярные данные по генотипированию клонов

Апорта.

Summary

Data on production are provided in article virus-free planting material of

apple trees, berry cultures – blackberries torn less, strawberry and grapes. Mole-

cular data on genotyping of clones of Aport are provided.

Мақта және күріш шаруашылығы

Жаршы, №11-12 – 2016 _______________________________________________________ 13

ӘОЖ 633.511:631.527.8/.671

МАҚТАНЫҢ ТҮП САНЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ӨНІМДІЛІКТІҢ ӨЗГЕРУІ

И. ҮМБЕТАЕВ, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы,

ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, А. ТАҒАЕВ, ауыл шаруашылығы

ғылымдарының кандидаты

«Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

е-mail: [email protected]

Түйінді сөздер: отандық мақта сорттары; мақтаның орналасу жиілігі; өнім-

ділік.

Мақтаның орналасу жиілігі өнімділікті арттырудың ең маңызды агро-

техникалық шарттарының бірі болып табылады. Өнімділікті арттыру үшін

мақта орналасуының қолайлы жиілігін анықтаудың маңызы зор, себебі

өсімдіктің қоректену аумағының тұқым қалыптастыру фазасындағы шешу-

ші ролі бар. Мақта шаруашылығында мақта қозасының орналасу жиілігін

үш мүшелік кестемен өрнектеу қабылданған. Мұндағы бірінші сан, әдетте,

қатар арасының енін білдіреді, екінші сан қатардағы ұялар арасындағы қа-

шықтықты және үшіншісі өскіндерді сирету кезінде әрбір ұяда қалатын

өсімдіктердің санын білдіреді.

Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі немесе өзге агротехникалық тәсіл-

дің тиімділігі оның соңғы нәтижеге немесе ауыл шаруашылығы дақылының

өнімділігіне тиісті әсерімен (ықпалымен) айқындалады.

Мақтаның қалыпты дамуы мен өнімділігінің артуын қамтамасыз ету

үшін қоршаған орта жағдайын қолайлы етіп ұйымдастырудың және дақыл-

ды өсірудің биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келетін агротехникалық

шаралардың жүйесін сақтаудың үлкен маңызы бар.

Мақта өнімділігі өнімді өсімдіктердің саны, бір бұтадағы көсектердің

(қауашақ) саны, бір көсектің орташа салмағы, өсімдіктердің 1 га орналасу

жиілігі және өсімдіктердің ұяшықта орналасуы сияқты факторларға байла-

нысты болады.

Жер асты суы жердің беткі қабатына жақын жатқан ашық-сұр топы-

рақ жағдайында, мақтаның жаңа сорттарының биологиялық ерекшеліктері-

не байланысты жаңа егу үлгісін жасап шығару негізінде дақылдың өнімділі-

гі егу үлгісіне және өсімдіктердің орналасуына қарай өзгеріп отыратыны

анықталды.

Сондықтан да мақтаның сорттық ерекшеліктеріне байланысты, өсім-

діктің орналасуының әр түрлі кестесі мен өсімдіктің түп санының өзгеруін

отандық М-4005 және М-4011 мақта сорттары сабақтарының өсуіне, дамуы

Мақта және күріш шаруашылығы

_______________________________________________________ Жаршы, №11-12 – 2016 14

мен өнімділігіне әсерін зерттеу бойынша, Қазақ мақта шаруашылығы ҒЗИ

тәжірибелік алқабындағы орташа сортаңданған сұр топырақ жағдайында

ғылыми-зерттеу жұмыстары 3 456 м2 көлем аумақта жүргізілді.

Өсімдіктің орналасу жиілігі артқан сайын, басты сабақтың биіктігі,

өнім бұтақтарының саны мен оның орташа ұзындығы кеми береді. Сондай-

ақ, мақта қозасының құрылымындағы өзгерістер мыналармен анықталды:

жиі егілген егістерде, орташа есеппен алғанда, бір өсімдікке қорек алаңы

қысқарады, жарықтың түсуі нашарлайды, ал жемістердің пайда бола баста-

уымен жүйектердегі ауаның температурасы біршама төмендейді. Осы фак-

торлардың бәрі мақта қозасының құрылымына әсер етеді.

Мысалы, бірінші кестедегі зерттеу нәтижесі бойынша, М-4005 сорты-

ның астарында, ең жоғары өнімділік 3-нұсқада анықталды, яғни гектарына

шаққанда 34,1 центнерді құрады (егіс тізбегі – 90×10-1, орналасу жиілігі

гектарына 111,0 мың дана). Екінші жоғары өнімділік 4-нұсқада анықталып,

өнім гектарынан 32,1 центнерді құрады (70×10-1; 138,7 мың дана), ал одан

кейінгі өнімділік 2-нұсқада бақыланып, гектарына шаққанда 30,8 центнерді

құрады (90×12-1; 92,5 мың дана).

Жалпы төмен өнімділік бақылау нұсқасында, яғни бірінші нұсқа бо-

йынша анықталды, өнімділік гектарынан 28,5 центнерден алынды, мұнда

егіс тізбегі 90×15-1 болса, орналасу жиілігі гектарына 74 мың дананы құра-

ды (1-кесте).

1. Өсімдіктің орналасу жиілігіне байланысты отандық М-4005 сортының өнімділігі

№ Нұсқа

Орналасу

жиілігі,

мың

дана/га

Көсек

саны,

дана

1 көсектің

орташа

салмағы, г

Мақта шикізатының

өнімділігі, ц/га

қайталау орта-

ша І ІІ ІІІ

1. 90×15-1 74,0 9,8 3,2 28,1 28,4 29,0 28,5

2. 90×12-1 92,5 9,2 3,6 29,6 31,5 31,3 30,8

3. 90×10-1 111,0 9,0 3,4 33,5 35,2 33,6 34,1

4. 70×8-1 138,7 7,7 3,0 31,3 32,3 32,7 32,1

Мақтаның өнімділігін есептеу көрсеткендей, дақылдың өнімділігі егу

үлгісіне және өсімдіктердің орналасуына қарай өзгеріп отырады.

Ал өсімдіктің орналасу жиілігі бойынша М-4011 сортының аясын-

дағы ең жоғары өнім екінші нұсқада (гектарына 36,3 центнер, егіс тізбегі

90×12-1, орналасу жиілігі гектарына 92,5 мың дана) алынды. Өнімділік кө-

лемі бойынша келесі кезекте үшінші нұсқа болды, мұнда өнімділік гектары-

на 35,4 центнерден алынды (90×10-1; 111 мың дана), ал 4-нұсқада өнімділік

33,2 центнерді құрады (70×12-1; 138,7 мың дана), ал ең төмен өнім бақылау

нұсқасында, гектарына шаққанда 30,6 центнерден алынды. Қатараралықтар

енінің ұлғаюымен және өсімдіктердің жеке-дара орналасуы жағдайында бір

қауашақтағы мақта шикізаты салмағының артқандығы байқалды (2-кесте).

Мақта және күріш шаруашылығы

Жаршы, №11-12 – 2016 _______________________________________________________ 15

2. Өсімдіктің орналасу жиілігіне байланысты отандық М-4011 сортының өнімділігі

№ Нұсқа

Орналасу

жиілігі,

мың

дана/га

Көсек

саны,

дана

1 көсектің

орташа

салмағы, г

Мақта шикізатының

өнімділігі, ц/га

қайталау орта-

ша І ІІ ІІІ

1. 90×15-1 74,0 10,1 4,0 29,2 31,4 31,2 30,6

2. 90×12-1 92,5 9,8 4,2 35,2 36,7 37,0 36,3

3. 90×10-1 111,0 9,1 3,5 35,1 35,9 35,2 35,4

4. 70×8-1 138,7 8,0 3,0 32,5 33,7 33,4 33,2

Кең қатарлы егістерде бір ұяшықтағы өсімдік санының артуымен

мақта шикізатының өнімі де кеміді. Осыған орай, мақта шикізаты өнімінің

көлеміне егістің әр түрлі үлгілері мен қатараралықтар енінің белгілі бір ық-

палы болады. Өсімдіктерді орналастырудың үлгілерін реттеу жолы мен егі-

летін сорттардың биологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып, мақта-

ның дамуы мен оның өнімділігін басқаруға болады.

Қорыта айтқанда, гектарға шаққандағы түп саны 111,0 мың дана,

өсімдіктің орналасу жиілігі 90×10-1 кестесі мен мен гектарға шаққандағы

түп саны 92,5 мың дана, орналасу жиілігі 90×12-1 кестесі отандық М-4005

және М-4011 екі мақта сортының дамуы мен өнімділігіне оңтайлы әсер ет-

кені тәжірибе жүзінде айқындалды.

Түйін

Мақалада сұр топырақ жағдайындағы өсімдік орналасуының әр түрлі

кестесі мен өсімдіктің түп саны жиілігінің мақта өнімділігіне тигізетін әсері

қарастырылған.

Резюме

Рассматривается влияние разных схем посева и густоты стояния на

урожайности хлопчатника в условиях сероземных почвах.

Summary

This article examines the impact of different schemes of crop and plant

density on the yield of cotton in a gray soils.

Мақта және күріш шаруашылығы

_______________________________________________________ Жаршы, №11-12 – 2016 16

ӘОЖ 633.18:631.6

КҮРІШ ДАҚЫЛЫНЫҢ ӨНІП-ӨСУІНЕ ТАМШЫЛАТЫП СУАРУДЫҢ ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІ

Ж.О. ОСПАНБАЕВ, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы,

С.С. САДЫҚОВ, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты

«Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу

институты» ЖШС

e-mail: [email protected]

Түйінді сөздер: тамшылатып суару; қарашірік; азот; фосфор.

Дүние жүзінде жерасты суының азаюы, әсіресе орталық Азия жағда-

йында климаттық жағдайға тығыз байланысты болып отыр. Айтылған жағ-

дайдан шығудың негізгі жолдарының бірі – күріш дақылына суды үнемдеп

қолданатын тәсілді ойлап тауып, оны өндіріске қолдану қажет болып отыр.

Соңғы кезде қолданылып жүрген технологиямен күрішті суарғанда, гекта-

рына 25-35 мың м3/га су жұмсалады. Бұл – өте қыруар көрсеткіш.

Республика көлемінде күріш егілетін алқаптың көлемі 108 мың/га.

Осы көлемде дақылды өсіру үшін жыл сайын (90-100 күнде) 3 млрд м3 су

жұмсалады. Соңғы 50 жылда соның әсерінен Арал мен Балқаш өңірінің эко-

логиялық жағдайы нашарлады, ыза су топырақ бетіне көтеріліп, тұздану жә-

не қайта тұздану үдерістері орын алып келеді.

Осы айтылған олқылықтарды болдырмау мақсатында көптеген жаңа

бағыттағы технологияны өндіріске енгізіп, жер жағдайын қалпына келтіру

жұмыстары ойластырылуда. Соның бірі – күрішті тамшылатып суару тех-

нологиясын қолданып, көптеген ауыл шаруашылығы дақылын (соя, жүгері,

күздік бидай және т.б.) өсіру арқылы жердің экологиялық жағдайын жақ-

сарту қазіргі кезде өзінше жеке бағыт алып отыр. Жаңа технологияның ар-

тықшылығы, онда чек толығынан суға бастырылмайды, арам шөптерге қар-

сы гербицид қолданылмайды және күріш азот тыңайтқыштарымен арнайы

таспамен өсімдік тамырына қажетті уақытында беріледі, сондықтан да тәсіл

тиімді болып саналады.

Қазақстанның оңтүстігінде суармалы жерде өсірілетін жарма дақыл-

дарының бірі күріш болып табылады. 2012 жылдан бастап Қазақ егіншілік

және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ суармалы егіншілік бөлімінің тәжірибелік

жерінде тамшылатып суару технологиясын қолданып, күріш, майбұршақ,

жүгері, қант қызылшасы және т.б. егіліп келеді. Атқарылып жатқан ғылы-

ми-тәжірибелік жұмыстың басты мақсаты – күрішті және т.б. дақылдарды

тамшылатып суару тәсілін тексерістен өткізіп, оны өндіріске енгізу.

Жұмыс жүргізілген жердің негізгі топырақ жамылғысы – ашық қара

қоңыр топырақ. Тәжірибе аймағының өңделетін топырақ қабатының қара-

шірік мөлшері 2,06%, жалпы азот 0,144%, жиынтық фосфор 0,070% көрсет-

ті. Жылжымалы қоректік элементтер құрамы бойынша тәжірибе аймағының

Мақта және күріш шаруашылығы

Жаршы, №11-12 – 2016 _______________________________________________________ 17

топырағы жылжымалы фосформен, сілтілі гидролизденген азоттың өте аз

мөлшерімен, ауыспалы калийдің көп мөлшерімен қамтылғаны анықталды.

Күрішті егу негізінен Қытай елінен шығарылған сепкішпен орындал-

ды. Сепкіш бір жүріп өткенде, жамылғы үлдірді керіп жайып (екі жағын то-

пырақпен қымтап), тұқымды осы жамылғы үлдірді тесе отырып сеуіп өтеді

және су жүретін таспаны жайып, жерді тегістеп отырады. Чекті бастырып

суарудың нормасы бақылаудағы нұсқада орта есеппен 30 мың м3/га тең бо-

лады. Ғылыми жұмыстың барлық түрі (өсімдіктің өніп-өсуі, фазалардың қа-

лыпты болуы) және дақылдың түсімін анықтау арнайы әдістемелік нұсқауға

сәйкес жүргізілді. Күріш піскеннен кейін САМПО 180 комбайнымен оры-

лып, бастырылды.

1-кестеде көрсетілген мәліметтер бойынша, күріштің көгі жамылғы

үлдірді қолданған нұсқада 23 мамырда, ал чекті сумен бастырып еккен жер-

де 30 мамырда шықты, яғни бірінші нұсқада 7 күн ерте көктеп шықты.

Сол сияқты, күріштің түптену фазасы да ерте, 15-17 күнде өтті. Ал су-

мен бастырып өсірген нұсқада бұл фаза кеш болды.

1. Күріштің фенологиялық өсіп-дамуы

Суару

ерекшелігі

Өсу кезеңдері

көктеп

шығуы түптенуі

сабақ-

тануы

ұрықтың

пайда болуы

сүттеніп

пісуі

қамырла-

нып пісуі

толық

пісуі

Бастырып

суару 30.05 01.07 27.07 18.08 01.09 17.09 05.10

Топырақтың

жоғарғы қаба-

тын жамылғы

үлдірмен там-

шылатып

суару

23.05 23.06 17.07 05.08 21.08 10.09 30.09

Топырақтың

төменгі қаба-

тын жамылғы

үлдірмен там-

шылатып

суару

23.05 25.06 25.06 09.08 22.08 10.09 30.09

Күріштің өсу кезеңдерінің түрлі айырмашылығы Ару сортында бай-

қалды. Аудандастырылған басқа Бақанас, Маржан сорттарымен салыстыр-

ғанда, оның түптену кезеңі 3-5 күн ерте басталып, 13-17 күн ерте пісті. Там-

шылатып суару тәсілін қолданудың күріш өнгіштігіне әсері 61-72%-ға жетті

және бұл көрсеткіш жекелеген сорттарда олардың биологиялық ерекшелік-

теріне тығыз байланысты өзгерді.

Дақылды бастырып суарғанда, оның тамыр жүйесінің өсу бағыты то-

пырақтың төменгі қабатына қарай (18-34 см), ал тамшылатып суару тәсілі-

мен өскенде, тамыр жүйесі топыраққа терең бойлап (32-56 см) дамиды. Ең

жоғары көрсеткіш, яғни тамыр жүйесінің өсуі топырақтың төменгі қабатын

тамшылатып суару нұсқасында болды (сурет).

Мақта және күріш шаруашылығы

_______________________________________________________ Жаршы, №11-12 – 2016 18

Күріштің тамыр жүйесінің түптену, ұрықтану және толық пісу фазаларындағы

суару тәсілдеріне байланыстылығы

Тексерілген тәсілдер бойынша, суару түрлеріне өсімдік биомассасы-

ның жиынтығы тығыз байланысты болды. Ең жоғары көрсеткіш биомасса-

ның жиынтығы бір м2 жерде, өсімдікте болады, ол дақылды тамшылатып

суару нұсқасында болатыны көрінді.

2. Күріш өнімінің құрылымдық көрсеткіштері

Суару тәсілі Түптенуі Масақ

дәнінің

саны

1 000 дәнінің

салмағы,г

Дәннің

сабанға

қатынасы жалпы өнімділігі

Бастырып суару 2,1 1,9 39,1 32,5 0,24

Топырақтың жо-

ғарғы қабатын

жамылғы үлдір-

мен тамшылатып

суару

16,7 15,2 63,9 35,3 0,38

Топырақтың тө-

менгі қабатын

жамылғы үлдір-

мен тамшылатып

суару

18,9 16,4 62,0 34,7 0,38

Сол сияқты, күрішті суару тәсілдерінің айырмашылығы оның өнімі-

нің құрылымына, атап айтқанда, түптену түріне, масақтағы дән санына жә-

не 1 000 дәнінің массасына әсерін тиізді (2-кесте).

Күрішті тамшылатып суару нұсқасында 1 000 дәнінің салмағы мен

басқа құрылымдық көрсеткіштері дақылды бастырып суару нұсқасынан жо-

ғары болды. Бұл көрсеткіштер күріш өнімділігіне жақсы әсер етіп, соңғы

алынған өнімнің жоғары болуына әсер етті.

Күрішті тамшылатып суарудың пайдалы жақтары 2012 және 2013

жылдары анық көрінді, дақылдың өнімі 48,5-58,6 ц/га болды (3-кесте).

1 – бастырып суару;

2 – топырақтың беткі қабатын

тамшылатып суару;

3 – топырақтың төменгі қабатын

тамшылатып суару

Мақта және күріш шаруашылығы

Жаршы, №11-12 – 2016 _______________________________________________________ 19

3. Күріштің өніміне суару тәсілдерінің әсері

Суару тәсілі 2012 ж. 2013 ж. 2014 ж. Орташа өнім,

ц/га

Бастырып суару 29,1 17,4 32,2 26,2

Топырақтың жо-

ғарғы қабатын жа-

мылғы үлдірмен

тамшылатып суару

48,5 49,3 59,4 52,4

Топырақтың тө-

менгі қабатын жа-

мылғы үлдірмен

тамшылатып суару

20,3 58,6 50,8 43,2

Р, % 3,6 4,5 4,9 -

НСР 0,95 2,9 5,6 7,0 -

Жалпы алғанда, бастырып суару нұсқасында 3 жылда күріштің орта-

ша өнімі 26,2 ц/га, ал топырақтың жоғарғы және төменгі қабатын жамылғы

үлдірмен тамшылатып суарғанда, 43,2-52,4 ц/га жетті. Ең тұрақты күріш

өнімін жыл сайын топырақтың жоғарғы қабатын жамылғы үлдірмен там-

шылатып суару нұсқасы көрсетті.

Қорыта айтқанда, күрішті тамшылатып суару жүйесінде су мөлшері

гектарына 8-10 есе аз жұмсалады, күріштің көгі ерте жетіліп өседі, түптену

және ұрықтану фазалары қалыпты жетіліп, жалпы өнімге пайдалы әсерін

тигізеді.

Түйін

Жамылғы үлдірді қолданып, топырақтың беткі қабатын тамшылатып

суару тәсілінде күріш дақылын суаруға кететін су 8-10 есе аз пайдаланыла-

ды және егілген тұқым белсенді түрде өніп шығады, өсімдік қалыпты жағ-

дайда өсіп жетіледі, соның әсерінен өнім жоғары болады.

Резюме

Капельное орошение с применением мульчирующей пленки способ-

ствует 8-10-кратному сокращению расхода поливной воды, создает условия

к появлению ранних и дружных всходов риса, интенсивному росту и разви-

тию растений, повышению урожайности.

Summary

The article presents the results of a study on the effect of different irriga-

tion methods on growth and development, formation of the rice crop. Drip irriga-

tion using mulch contributes 8-10 times reduction in irrigation water flow, crea-

tes optimal conditions for the emergence of early and amicable shoots of rice in-

tensive growth and development of plants, improving productivity.

Мақта және күріш шаруашылығы

_______________________________________________________ Жаршы, №11-12 – 2016 20

ӘОЖ 633.18:631.811

АРАЛ ӨҢІРІ ЖАҒДАЙЫНДА МИНЕРАЛДЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫҢ КҮРІШ ӨНІМІНІҢ

ҚАЛЫПТАСУЫНА ӘСЕРІ

1Ә.М. ТОҚТАМЫСОВ, ауыл шаруашылығы ғылымдарының

докторы, 1К. ШЕРМАҒАМБЕТОВ, жетекші ғылыми қызметкер,

2Э. ЕЛЕУОВА, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты,

1Б. ТӘУІПБАЕВ, магистрант

1«Ы. Жақаев атындағы күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты»,

2Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Түйінді сөздер: тыңайтқыш; Райкат старт; Нитрабор; Келик К+Si; карба-

мид; аммофос; ингибитор.

Бүгінгі таңда Қызылорда облысының экономикасын дамытуда егінші-

лік саласының маңызы зор. Күріш осы өңірдегі басты дақыл болғандықтан,

оның егіс көлемі 75-80 мың гектардың маңайында тұрақталып, одан жыл

сайын шамамен 340-350 мың/т күріш салысы өндіріледі. Облыстағы ауыл

шаруашылығы саласының негізгі мәселелерінің бірі – топырақ құнарлылы-

ғын арттыру, минералды тыңайтқыш түрлерін тиімді пайдалану және сапа-

лы өнім алу мақсатында антропогендік жағдайда ластанған егіс топырағы-

ның жалпы экологиясын жақсарту. Қызылорда облысы жағдайында күріш

егісіне тыңайтқыштарды ғылыми негізде жүйелі бергенде, дән өнімі 60-

80 ц/га-дан жоғары алынатын мүмкіндік ашылады.

Соңғы жылдары мемлекет тарапынан минералды тыңайтқыштарды

субсидиялау үлкен көлемде жүргізілуде. Соның нәтижесінде тыңайтқыш-

тарды қолдану жылдан-жылға арта түсуде. Соған қарамастан, өнім мен

оның сапа деңгейінің өсу өрісі әлі де төмен. Бұған негізгі себеп – тыңайт-

қыштарды қолдану жүйесінде кездейсоқтықтың көп болуы. Шаруашылық-

тар қолына түскен қолжетімді минералдық тыңайтқыштарды қолдануда.

Негізінен, облыс егістігіне карбамид, аммоний сульфаты, аммиак селитра-

сы, суперфосфат, аммофос тыңайтқыштары қолданылады. Алайда, бұл ты-

ңайтқыштар ғылыми тұрғыда негізделген мөлшерде беріле бермейтіні бел-

гілі.

Күріш өнімін өндіруде топырақтың табиғи құнарлылығын арттыру-

дың және соның деңгейіне сәйкес тыңайтқыш жүйелерін жетілдіре түсудің

маңызы зор. Сондықтан инновациялық жетістіктердің өндіріс алаңына ке-

дергісіз жол тапқаны дұрыс. Сол бағытта Ресейдің «Агроплюс» компания-

сымен бірігіп, институттың тәжірибе учаскесінде күріштің Маржан және

Айсәуле сорттарына арналған жаңа заманауи минералдық қоректену техно-

логиясы зерттелді.

Мақта және күріш шаруашылығы

Жаршы, №11-12 – 2016 _______________________________________________________ 21

Зерттеу нысаны мен әдістемесі

Ғылыми-тәжірибелік зерттеу жұмыстары 2016 ж. Ресейдің «Агроплюс»

компаниясының қатысуымен Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашы-

лығы ҒЗИ-да күріштің Маржан және Айсәуле сорттарымен жүргізілді.

Тәжірибе жүргізілетін жерден топырақ алынып, ол жердің агрохимия-

лық картасы жасалды (топырақ құрамындағы қарашіріктің мөлшері, тұзды-

лығы, қоректік элементтердің мөлшері), күрішке қолданылған тыңайтқыш-

тар; аммофос, карбамид, Нитрабор, Келик K+Si және Райкат старт.

Алғы дақыл – күріш. Күзде сүдігер 23-25 см тереңдікте жүргізілген,

көктемде тәжірибе жасалатын атыздарға мала жүргізіліп, тегістеліп, ты-

ңайтқыш берілді. Тыңайтқыш дискімен (БДТ-7) 10-12 см тереңдікке енгізі-

ліп, тырмаланып, тұқым себуге дайындалды. Күріштің Маржан және Айсәуле

сорттарының тұқымдары Райкат старт биологиялық препаратымен өңделді,

тұқым себер алдында аммофос, карбамид тыңайтқыштары берілді. Тә-

жірибе жүргізу барысында фенологиялық бақылау жүргізілді, түптену, тү-

тікшеге шығу және толық піскен кезде өсімдік үлгілері алынды.

Соңғы уақыттары заман талабына сай минералдық тыңайтқыштар

қолданыла бастады. Солардың бірі – Нитрабор тыңайтқышы. Құрамында

14,1% нитратты азот (N-NO3), 1,3% аммоний азот (N-NH4), 25,6% кальций

(CaO), 0,3% бор (B) бар. Бұл тыңайтқыштың құрамындағы бор (B) микро-

элементінің өсімдікке калий, кремний сияқты элементтерді пайдалануға

әсері болады.

Келик K+Si – келик калий кремния тыңайтқышының құрамында ка-

лий мен кремний элементтері хелатты түрде болады. Бұл тыңайтқыштың

құрамындағы кремний элементі күріштің жапырақ ауданын үлкейтеді, фо-

тосинтездің жүруін жылдамдатады, органикалық заттың түзілуіне оң әсер

етеді, ауруға қарсы иммунитетін күшейтеді, күріштің жатып қалмауына кө-

мектеседі, топырақтағы және тыңайтқыштың қажетті элементтерін сіңіруін

жақсартады, фосфор жетіспеген жағдайда оны алмастыра алады. Одан бас-

қа, күріштің тұзға төзімділігін арттырады және гербицидтің жайсыз әсерін

төмендетеді.

Райкат старт препаратымен күріш тұқымын өңдегенде, тұқымның өн-

гіштігі мен өсу энергиясы артады, өсімдіктің тамыры өте жақсы дамиды.

Зерттеу нәтижелері

Күріштің Маржан және Айсәуле сорттарының тұқымы Райкат старт

биологиялық препаратымен (1 т тұқымға 1 литр р.с.) өңделіп, күріш 28 ма-

мыр күні себілді.

Фенологиялық бақылау

Сорттың

атауы

Егілген

күні

Көктеп

шығуы Түптенуі

Түтікшеге

шығуы

Бас

шығаруы

Толық

пісуі

Маржан 28.05 07.06 02.07 27.07 04.08 06.09

Айсәуле 08.05 07.06 01.07 26.07 03.08 04.09

Мақта және күріш шаруашылығы

_______________________________________________________ Жаршы, №11-12 – 2016 22

Негізгі тыңайтқыш есебінде күріштің

екі сортына бірдей аммофос 100 кг/га, кар-

бамид 100 кг/га, ал күріштің 4-5 жапырағы

шыққан кезде карбамид 100 кг/га берілді.

Күріш дақылына 5-6 жапырақ кезінде Ни-

трабор тыңайтқышымен 100 кг/га, ал 6-8 жа-

пырақ кезінде Келик K+Si микротыңайтқы-

шымен үстеп қоректендірілді. Тәжірибе екі

нұсқа бойынша жүргізілді, яғни чектің жар-

тысына тыңайтқыш берілсе, жартысына бе-

рілген жоқ (1-сурет).

1-суреттен көруге болатындай, Келик

K+Si және Нитрабормен өңделген нұсқада

күріштің түптенуі, бойы, биомассасы әлде-

қайда жоғары болады. Дәл осындай жағдай

күріштің түтікшеге шығу фазасында да қай-

таланып отыр.

1-сурет. Маржан және Айсәуле сорттары

Күріш дәні қамырланған кезде

өсімдік алынды, 2-суреттен көрінетін-

дей, Нитрабор, Келик K+Si тыңайт-

қыштарымен өңделген нұсқалардың

түптенуі жоғары, бойы ұзын, дәні то-

лық, тамыр жүйесі толық жетілген. Өң-

делмеген нұсқада тамыр өз жұмысын

тоқтата бастаған, ал Нитрабор, Келик

K+Si берілген нұсқада дақыл тамыры

әлі тірі, қажетті қоректік элементтерді

топырақтан алуда (3-сурет).

Сонымен бірге, азот тыңайтқы-

шын күріштің өсу дәуірінде тиімді пай-

далану (оның топырақтың төменгі қа-

батына шайылып кетпеуі) үшін, азот

тыңайтқышымен бірге ингибитор ни-

трификаты тежегіштерін қолданып тә-

жірибе жүргізілді. 2-сурет. Айсәуле сорты

Ингибитордың 2 түрі (нитропирин, дициондамид) бойынша тәжірибе

қойылып, дақылдың түптенуі, түтікшеге шығуы, бас шығаруы фазаларында

топырақ пен өсімдіктерден сынама алынып, талдау жасалуда.

Мақта және күріш шаруашылығы

Жаршы, №11-12 – 2016 _______________________________________________________ 23

3-сурет. Айсәуле және Маржан сорттарының тамырлары

Күріш дақылы толық піскеннен кейін әр нұсқадан биометриялық тал-

дауға өсімдік алынады және барлық көрсеткіштері бойынша мәліметтер

алынып, өнімі толық дәлелденеді.

Түйін

Мақалада «Агроплюс» компаниясымен бірігіп жүргізілген ғылыми

жұмыстардың мәліметтері бойынша күріш дақылының минералдық қорек-

тену технологиясы жасалып, соның нәтижесінде сапалы және өнімі жоғары

күріш алуға болатыны дәлелденіп отыр.

Резюме

В результате проведенной НИР совместно с компанией «Агроплюс»

разработаны технологии минерального питания риса, которые позволят по-

лучить высокие качественные урожаи.

Summary

As a result of research work together with the company «Agroplus» deve-

loped technology of mineral nutrition of rice, which will provide high-quality

rice harvest.

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

_______________________________________________________ Жаршы, №11-12 – 2016 24

ӘОЖ 635.1:631.8:574.51

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫСЫНДА МИНЕРАЛДЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫҢ КӨКӨНІСТІК

ЖҮГЕРІНІҢ ӨНІМДІЛІГІНЕ ӘСЕРІ

Н. ЯХИЯХАНҚЫЗЫ2, магистрант,

Л. БӨРІБАЕВА1, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты

1«Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу

институты» ЖШС, 2Қазақ ұлттық аграрлық университеті

e-mail: [email protected]; [email protected]; [email protected]

Түйінді сөздер: көкөністік жүгері; тыңайтқыш; биомасса; өнімділік; сапа.

Көкөністік жүгері (Zea mays L. Convar. Saccharata Korn.) аса маңызды

дақылдардың бірі болып табылады. Жүгері дәнінің құрамында 4% ақуыз, 4-

8% қант, 12-15% крахмал, 1,2% май және көптеген дәрумен, әсіресе В1, В2,

РР, аскорбин қышқылы бар. Көкөністік жүгері дәнінің дәмі оның сүттеніп

пісу кезеңінде ерекше дәмді болады. Бұл кезде дәндегі судың мөлшері 70-

72%, ал суда еритін декстрин тәріздес жалпы қанттар мөлшері олардың

мөлшерінің 50%-ын құрайды. Бұл көкөністік жүгеріні диетикалық тамақта-

нуда аса маңызды етеді.

Көкөністік жүгері қайта өңдеу өндірісінде көп қолданылады. Бүгінгі

таңда көкөніс шаруашылығын әртараптандыру мәселесі өзекті болып табы-

лады. Тұрғындарды кең ассортиментті көкөніс өнімдерімен қамтамасыз

етудің денсаулыққа пайдасы өте көп. Осы орайда қоректік заттарға аса бай

көкөністік жүгерінің адамның тағамдық рационындағы алатын орнын ке-

ңейту қажет. Бұл үшін көкөніс өсірумен айналысатын шаруашылықтарға

көкөністік жүгерінің жоғары өнімді сорттарын және сорттық агротехноло-

гияларын, оның ішінде минералдық қоректену жүйесін ұсыну қажет. Мұн-

дай зерттеулер бұрын жүргізілмегендіктен, осы бағыттағы ғылыми жұмыс-

тар өзекті болып табылады.

Зерттеудің мақсаты

Зерттеу жұмысының мақсаты – Қазақстанның оңтүстік-шығысы жағ-

дайында көкөністік жүгері дақылының жаңа сорттарын шаруашылық-құн-

ды қасиеттері бойынша бағалап, үздіктерін анықтау, олардың жоғары өнім-

ділігін және үздік сапасын қамтамасыз ететін оңтайлы минералдық қоректе-

ну жағдайын анықтау.

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №11-12 – 2016 _______________________________________________________ 25

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында көкөністік жүгерінің 7 сор-

ты және буданы аудандастырылған. Осы сорттардың ішінде тек 1 ғана отан-

дық сорт бар (Балшекер, 2014 ж.). Бұл, әрине, өте аз.

Зерттеу нысандары мен әдістері

Ғылыми-зерттеу жұмыстары Қазақ картоп және көкөніс шаруашылы-

ғы ҒЗИ көкөніс дақылдарын өсіру технологиясы және тұқым шаруашылығы

бөлімінің тәжірибе танаптарында жүргізілді.

Тәжірибе танабындағы топырақ түрі – күңгірт қара-қоңыр топырақ.

Қарашірік мөлшері топырақтың өңделетін жоғарғы қабатында 3,0% шама-

сында, жалпы азоттың мөлшері 0,19-0,20%, жалпы фосфор 0,18-0,20%, жал-

пы калий 2,4-2,7% аралығында. Топыраққа сіңірілген негіздердің жиынты-

ғы 19-20 мг-экв/100 г құрайды. Топырақ ерітіндісінің реакциясы әлсіз сілті-

лі болып келеді (рН 7,2-7,3). Топырақтың көлемдік массасы – 1,1-1,2 г/см3.

Көкөністік жүгері егістігінде минералдық тыңайтқыштардың (азот,

фосфор және калий) әр түрлі 4 нормасы зерттелді: N0P0K0; N45P45K45;

N90P90K90; N135P135К135.

Азот тыңайтқыштарының түрлерінен аммоний селитрасы (34,5% ә.з.),

фосфор тыңайтқыштарынан қос суперфосфат (46% ә.з.), калий тыңайтқыш-

тарынан күкірт қышқылды калий (50% ә.з.) қолданылды.

Тәжірибедегі көкөністік жүгерінің агротехникасы Қазақстанның оң-

түстік-шығысындағы тау бөктері аймағы үшін әзірленген ҚазККШҒЗИ ұсы-

ныстарына сәйкес жүзеге асырылды. Танаптық тәжірибелерде көкөністік

жүгерінің әр түрлі жаңа сорттары өсірілді. Көкөністік жүгерінің тәжірибе

танабындағы отырғызу үлгісі мынадай болды: қатарлардың аралығы –

70 см, өсімдіктердің бір қатардағы аралығы – 35 см. Дақылдың тұқымын се-

бу 20 мамыр күні жүзеге асырылды.

Көкөністік жүгерімен жүргізілген тәжірибелерде дәстүрлі классика-

лық әдістемелер қолданылды: агрохимия зерттеулері әдістемелігі (Юдин,

1980); егіс тәжірибесі әдістемелігі (Доспехов, 1985); көкөніс және бақша

шаруашылығындағы тәжірибе жұмыстары әдістемелігі (Белик, 1992). Фено-

логиялық байқаулар Руденко әдісі арқылы жүргізілді. Биометриялық зерт-

теулер кезінде өлшемдер фенологиялық байқаулар жүргізілген кезеңдерде

жүргізілді. Биометриялық өлшемдерді жүргізу үшін тәжірибе мөлтектерін-

де қатарынан қоректену алаңы бірдей 10-25 өсімдіктен (көкөністік жүгері-

нің даму кезеңіне байланысты) тұратын 5 нүкте айқындалды. Тәжірибелер-

де келесі биометриялық көрсеткіштер есепке алынды: жүгері өсімдіктерінің

биіктігі мен жалпы салмағы, сабақ пен жапырақ саны, сабақтар және жапы-

рақтардың массасы, 1 өсімдіктегі собық саны және массасы, 1 гектарға шақ-

қандағы өнімділік.

Көкөністік жүгерінің өнімділігін есептеу тәжірибенің барлық 4 қайта-

лануында жаппай өлшеу әдісімен жүргізілді.

Көкөністік жүгері собығының сапалық көрсеткіштерін анықтауда мы-

надай әдістер қолданылды: құрғақ зат – таразылау әдісі (кептіру); жалпы

қант – Бертран әдісі; С дәрумені – Мурри әдісі; нитраттар – потенциометр-

лік (ион-селективті электродтар қолдану) әдіс.

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

_______________________________________________________ Жаршы, №11-12 – 2016 26

Зерттеу жұмыстарының нәтижелері

Зерттеу нәтижелері көкөністік жүгері өсімдіктерінің минералдық қо-

ректену жағдайына байланысты түрлі деңгейде өсіп-жетіліп, биомасса қа-

лыптастыру қарқыны бойынша біршама ерекшеленетінін көрсетті. Дақылға

жүргізілген соңғы биометриялық өлшемдер 1-кестеде келтірілді.

Тәжірибенің тыңайтылмаған бақылау нұсқасында көкөністік жүгері

өсімдіктері баяу өсіп, биомассасы бойынша тыңайтылған тәжірибе нұсқала-

рындағы өсімдіктерден біршама төмен болды. Атап айтқанда, мұнда өсім-

діктердің орташа биіктігі 147 см, 1 өсімдіктегі қалыптасқан жапырақ саны,

орташа алғанда, 19 дана, ең үлкен жапырақтың ені 5,4 см, ал ұзындығы

56 см, 1 өсімдіктегі собық саны 4 дана, собықтың орташа есеп бойынша ені

3,8 см, ал ұзындығы 23 см болды.

1. Көкөністік жүгері өсімдіктерінің минералдық тыңайтқыштар мөлшеріне

байланысты биомасса қалыптастыруы (дәннің сүттеніп пісу кезеңі)

Тәжірибе

нұсқасы

Өсімдік

биіктігі,

см

Жапы-

рақ

саны,

дана

Жапы-

рақтың

ең үлкен

ені, см

Жапы-

рақтың

ең үлкен

ұзынды-

ғы, см

Бір өсім-

діктегі

собық-

тардың

орташа

саны, дана

Собықтың

орташа

есеп

бойынша

ені, см

Собықтың

орташа

ұзындығы,

см

N0P0K0 147 19 5,4 56 4,0 3,8 23

N45P45K45 164 23 6,5 67 5,0 4,6 26

N90P90K90 175 25 7,3 72 5,5 4,9 28

N135P135К135 193 28 8,2 74 6,0 5,3 30

Көкөністік жүгері егістігіне минералдық тыңайтқыштарды енгізу

өсімдіктердің қоректену жағдайын біршама жақсартып, олардың жақсы же-

тілген биомасса қалыптастыруына әсерін тигізді. Топыраққа N45P45K45 енгіз-

генде өсімдіктер бойшаң болып, олардың орташа биіктігі 164 см құрады, 1

өсімдіктегі қалыптасқан жапырақтардың барлық саны 23 дана, 1 өсімдіктегі

собық саны 5 дана болды. Егістікке N90P90K90 бергенде, өсімдіктер одан да

жақсы жетілді. Бұл нұсқада жүгері өсімдігінің биіктігі 175 см, ал қалыптас-

қан жапырақ саны 25 дана, собық саны орташа есеппен 5,5 дана болды. Та-

напта минералдық тыңайтқыштардың үш мәрте, яғни тәжірибедегі ең үлкен

нормасын қолданғанда, өсімдіктердің биометриялық көрсеткіштері жоғары

болды. Мұнда жүгері өсімдіктері өте биік (193 см), көп жапырақты (28 да-

на) болды. Сонымен қатар, бұл жерде 1 өсімдікте 6 дана собық қалыптасқа-

нын және олардың салыстырмалы түрде ірі болғанын (ені 5,3 см, ұзындығы

30 см) атап өту керек. Тыңайтылған нұсқаларда 1 собықтағы дәндердің ор-

таша саны 335-384 дана болды. Ал 1 000 дәннің орташа салмағы 390-515 г

құрады.

Көкөністік жүгері өсімдіктерінің мықты өсіп-жетілген биомассасы нә-

тижесінде дақылдың өнімділігі артты. Тыңайтылған нұсқаларда собықтар-

дың өнімі бақылауға қарағанда жоғарырақ болды.

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №11-12 – 2016 _______________________________________________________ 27

Тәжірибедегі төмен өнім тыңайтқыш берілмеген бақылау нұсқасында

алынды. Мұнда қабығынан тазартылған (қабықсыз) собықтардың өнімділігі

5,4 т/га құрады (2-кесте).

2. Көкөністік жүгерінің тыңайтқыштардың нормаларына байланысты өнімділігі

Тәжірибе

нұсқасы

Тәжірибенің қайталануы

(өнімділік, т/га) Собық

өнімі, т/га

Қосымша өнім

I II III IV т/га %

N0P0K0 5,2 5,7 6,0 4,8 5,4 - -

N45P45K45 7,0 6,3 6,7 6,1 6,5 1,1 20,37

N90P90K90 7,4 8,2 7,8 7,3 7,7 2,3 42,59

N135P135К135 9,1 8,5 7,9 8,0 8,4 3,0 55,56

Р, % 3,06

ЕТЕА05, т/га 0,69

Жүгері дақылының егістігінде минералдық тыңайтқыштардың шағын

(N45P45K45) және орташа (N90P90K90) нормаларын қолдану собықтардың өнім-

ділік деңгейін, сәйкесінше, 6,5 т/га және 7,7 т/га дейін арттырды. Бұл нұсқа-

ларда 1,1-2,3 т/га немесе 20,37-42,59% қосымша өнім алынды. Ал енді ми-

нералдық тыңайтқыштардың көтеріңкі нормалары (N135P135К135) берілген

нұсқада жүгері өсімдіктерінің өнімділігі тәжірибе бойынша ең көп болды.

Мұнда 1 га шаққанда, 8,4 т/га собық өнімі қалыптасты. Минералдық ты-

ңайтқыштардың үш еселенген нормасы көкөністік жүгерінің бақылаумен

салыстырғанда 3,0 т/га (55,56%) қосымша өнімін алуға әсерін тигізді.

Тыңайтқышсыз бақылаумен салыстырғанда, тыңайтылған нұсқаларда

собықтардың өнімділігі қоректік элементтердің нормаларына қарай, тиісін-

ше, 20,37; 42,59 және 55,56% жоғарылады.

Тәжірибе нәтижелерін қорытындылағанда, көкөністік жүгерінің егіс-

тігінде минералдық тыңайтқыштарды қолдану аса тиімді болып табылады.

3. Көкөністік жүгері собықтарының минералдық тыңайтқыштардың нормаларына

байланысты сапалық көрсеткіштері

Тәжірибе нұсқасы Құрғақ заттар, % С дәрумені, мг% Жалпы қанттар, %

N0P0K0 30,70 11,9 2,00

N45P45K45 32,78 11,9 2,00

N90P90K90 33,10 11,9 2,52

N135P135К135 32,08 11,9 2,50

Минералдық қоректену жағдайы көкөністік жүгерінің сапалық көр-

сеткіштеріне оң әсерін тигізді. Собықтардағы құрғақ заттар мен қанттардың

мөлшері артты.

Қорыта келгенде, көкөністік жүгері егістігінде минералдық тыңайт-

қыштар жоғары тиімділік көрсетті. Дақылдың өнімділігі өсіп, өнімнің сапа-

сы жақсарды.

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

_______________________________________________________ Жаршы, №11-12 – 2016 28

Түйін

Мақалада Қазақстанның оңтүстік-шығысы жағдайында минералдық

тыңайтқыш нормаларының көкөністік жүгері өсімдіктерінің өсіп-жетіліп,

биомасса қалыптастыруына және собықтардың өнімділігіне әсерін зерттеу

нәтижелері берілген.

Резюме

Представлены результаты исследований по изучению влияния разных

норм минеральных удобрений на рост и развитие, формирование биомассы

растений овощной кукурузы и урожайность початков в условиях юго-восто-

ка Казахстана.

Summary

The article presents the results of studies on the effect of different rates of

mineral fertilizers on the growth and development, the formation of plant bio-

mass and yield of vegetable corn cobs in a south-east of Kazakhstan.

ӘОЖ 633.853.52:632.954

ҚЫТАЙБҰРШАҚ ДАҚЫЛЫН АРАМШӨПТЕРДЕН

ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТОПЫРАҚТАҒЫ ГЕРБИЦИДТЕРДІҢ ҚАЛДЫҒЫН АНЫҚТАУ

Ұ.О. ЕСИМОВ, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты,

Б.Ө. ЕРМЕКБАЕВ, аға ғылыми қызметкер, Р.Қ. САЛПИЕВ,

ғылыми қызметкер

«Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

e-mail: [email protected]

Түйінді сөздер: қытайбұршақ; экологиялық қауіпсіздік; гербицидтердің ыды-рау динамикасы.

Қытайбұршақ – өте құнды, тағамдық және ақуызы мол малазықтық

дақыл. Дәнінің құрамында 37-48% ақуыз, 19-22% май, 17,3% көмірсулар,

көптеген минералды тұз бен дәрумен бар. Табиғатта бірде-бір дақыл қытай-

бұршақ сияқты тіршілік кезеңінде соншама ақуыз бен май жинай алмайды.

Ескере кетер жай, қытайбұршақ ақуызы өзінің құрамы жағынан барлық

өсімдіктн алынатын ақуыздарға қарағанда жалғыз толық бағалы ақуыз бо-

лып саналады.

Қытайбұршақ өнеркәсіпте және техникалық мақсатта кеңінен қолда-

нылады, ал мал азығы ретінде көк балаусасын жүгерімен араластырып сүр-

лем дайындағанда, аса бағалы ақуызды азық болып табылады.

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №11-12 – 2016 _______________________________________________________ 29

Қытайбұршақ дәнінен 1 000-нан астам тағам түрі дайындалады. Да-

қылдың мал азығы қорын нығайтудағы маңызы да зор. Қытайбұршақ күн-

жарасын мал азығына қосу оның сапасын 5-10% көтереді және пайдалану

тиімділігін жоғарылатады. Сондықтан бүгінгі таңда қытайбұршақ күнжара-

сы мал және құс азығына қосылатын міндетті қоспа компоненті болып есеп-

теледі.

Қазақстанда қытайбұршақ оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда

шамамен 90 мың гектар аумақта өсіріледі.

Қытайбұршақтың дұрыс өсіп-дамуы үшін топырақты мұқият даярлау-

дың маңызы ерекше. Қытайбұршақ танаптарында егу алдында және қатар-

аралықтарды өңдеу тек арамшөптерді жойып қана қоймай, сонымен қатар

өсімдік тамырында түйнек бактериялардың түзілуіне және олардың атмос-

ферадан азотты фиксациялауына оң әсерін тигізеді. Дақылды өніп-өсу кезе-

ңінде 2-3 рет қопсыту әрбір өсімдіктегі түйнек бактериялар санын бір рет

өңдеуге қарағанда 15,9-56,8% арттырады. Топырақты гербицидпен өңдеу

түйнек бактериялардың дамуына кері әсерін тигізбейді, демек олардың түзі-

луін арттырады.

Мәдени дақылдар үшін гербицидтерді қолданудың қауіпсіздігі фито-

токсикологиялық әсері жоқтығымен және соңғы өнімде қалдық заттардың

жинақталмауымен расталуға тиіс. Нарықты пестицидтермен қамтамасыз

ететін фирмалар препараттардың жоғары тиімділігімен қатар, олардың то-

пырақтағы белсеңділігі мен ыдырауы бойынша оңтайлы көрсеткіштеріне

кепілдік береді. Препараттардың топырақта ыдырау кезеңі: Ураган форте –

60, Дуал голд – 50, Фабиан – 50, Базагран – 50, Зеллек супер – 50 тәулік

[1, 4].

Гербицидті қолданудың негізгі аспектісі оның экологиялық қауіпсіз-

дігі болып табылады. Күрделі органикалық зат бола отырып, гербицидтер

тірі ағзаларға токсикологиялық, мутагендік және тератогендік әсерін тигізе-

ді. Гербицидті зерттеуге бағытталған ғылыми ізденіс жұмыстары олардың

токсикологиясы мен теріс әсерін төмендетуге бағытталған. Зерттеу жүргі-

зілмеген жағдайда топырақта, су қоймаларында және ауыл шаруашылығы

өнімдерінде гербицидтердің метаболиттері жинақталып, экологиялық ас-

пектілерге айтарлықтай қауіп тудырады.

Қандай да бір пестицидті пайдаланудың токсикологиялық аспектіле-

рін реттеуші негізгі белгі (критерий) өнім мен топырақтың құрамындағы

препараттың қалдық мөлшері болып табылады.

Фитосанитарлық шараларды жүргізу кезінде химиялық препараттар-

ды қолданудың тиімділігі мен экологиялық қауіпсіздігі олардың қоршаған

ортаға әсерімен және ондағы қалдығымен анықталады. Шашылғаннан соң

гербицидтер топыраққа түседі, өсімдік бойына сіңеді, буланып кетеді және

олардың белгілі бір мөлшердегі қалдығы сол ортада қалып қояды.

Сонымен бірге, гербицидтердің ыдырау қарқыны топырақ микроағза-

ларының белсенділігіне де байланысты. Бірақ, гербицидтерді қолдану кезін-

де олардың қалдық мөлшері топырақтың төменгі қабатына сіңуі секілді мә-

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

_______________________________________________________ Жаршы, №11-12 – 2016 30

селе туындайды. Гербицидтердің негізгі тасымалдаушысы топырақтағы су

болып табылады. Топырақтағы су ағындарымен гербицидтер жер асты суы-

на жылжуы арқылы қоршаған ортаға қауіп төндіреді. Жоғарыдағы айтыл-

ғандарға қарап, қандай да бір гербицидті пайдалану белгісі ретінде оның

экологиялық қауіпсіздігін атап көрсету керек. Гербицидтердің экологиялық

қауіпсіздігінің көрсеткіші ретінде көп жағдайда шектік рұқсат етілген кон-

центрациясының нормативтік көрсеткіштері алынады.

Бойко А.Т., Карягин Ю.Г. [2] пікірлерінше, дақылды себуге дейін та-

напты 3 рет өңдеу және өніп-өсу кезеңінде гербицид бүрку, тек қана 1 рет

өңдеуге қарағанда қытайбұршақ өнімділігін 28,6% көтерген. Бірақ, тәжіри-

белер көрсеткендей, қопсытудың тиімділігі жоғары болуына қарамастан,

дақыл танаптарында арамшөптер көп мөлшерде қалады, олардың тұқымы

тек көктемде ғана емес, жаз бойы да өседі. Қатараралықты механикалық өң-

деуде арамшөптер мәдени өсімдіктер қатарында және қорғалу аймағында

сақталып, қытайбұршақтың өсіп-дамуына зиян келтіреді. Сондықтан олар-

ды танапта толық жою үшін гербицидтер қолдану керек.

Суармалы егістік жағдайында, әдетте, қытайбұршақ егістігінде арам-

шөп көп болады. Бұл дақыл арамшөпке өте сезімтал келеді, бір шаршы метр

жерде 6 астық тұқымдас немесе 4 қос жарнақты арамшөп болса немесе 3

қосжарнақты астық тұқымдас шөп болған жағдайда, егістік өнімі төмендей-

ді. Арамшөптердің зиянды әсері қытайбұршақ дақылы жер бетіне шыққан-

нан кейін 20-25 күн өткенде басталады, осы кезде дақыл мен арамшөп ара-

сында суға, жарық пен қоректік элементтерді пайдалануда бәсекелестік бас-

талады. Сондықтан қытайбұршақ дақылының өнімін төмендетпеу үшін,

арамшөптерге қарсы агротехникалық және химиялық жою әдістерді жүйелі

түрде қолдану қажет.

Осы мақсатта Алматы облысы Талғар ауданының Байсерке-Агро ша-

руашылығы жағдайында егістік тәжірибелер жүргізілді. Топырақ типі –

ашық сұр түсті, құрамында 2,1% қарашірік бар.

Алғы дақылы – күздік бидай егістігі. Күзде егістікті жинап алғаннан

кейін жер сыдыра жыртқышпен өңделіп, 10-14 күннен кейін 22-25 см терең-

дікке соқамен жыртылды.

Көктемде ауыр тырмамен өңделіп, тұқым себер алдында қопсыту мен

тырмалау жүргізілді. 2016 ж. ерекшелігіне қарай, яғни көктемнің ерте шы-

ғуына байланысты, қытайбұршақ дақылы сәуірдің үшінші онкүндігінде се-

білді («Luna» буданы, қатараралығы 45 см). Тіршілік кезеңі бойы қатарара-

лықтар екі рет қопсытылды.

Шаруашылық жағдайындағы қытайбұршақ егістігінде таралған негіз-

гі арамшөптер: ермен жапырақты ойран шөп (Ambrosia artemisiifolia L.),

ошаған (Datura stramonium), гүлтәжі (Amaranthus retroflexus), алабұта (Che-

nopodium album), тауық тары (Echinochloa crus-galli), қара алқа (Solanum

nigrum), көпжылдық шөптерден далалық шырмауық (Convolvulus arvensis),

егістік қалуен (Cirsium arvense) және бірен-саран басқа біржылдық шөптер

кездесті [3, 5].

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №11-12 – 2016 _______________________________________________________ 31

Қытайбұршақ дақылын өсіру кезіндегі агротехникалық шаралар, яғни

себер алдындағы өңдеу мен өскін жер бетіне шыққаннан кейінгі қатарара-

лықтарды екі рет қопсыту арамшөптер өскінінің 70 пайызын жойды.

Қытайбұршақ дақылы егістігіндегі арамшөптерді жою үшін мынадай

гербицидтер сыналды: себуге дейін немесе өскін жер бетіне өніп шыққанға

дейін Дуал голд 960, э.к.+Ураган форте 500 с.е. (1,3+2,0 л/га); қытайбұр-

шақтың 2-3 нағыз жапырағы пайда болғанда базагран, 48% с.е. 2 л/га+Фа-

биан, с.д.т. (100 г/га), ал астық тұқымдас арамшөптерге қарсы, соның ішін-

де биіктігі 20-30 см қамыс басқан жерге 300 л суға ерітілген Зеллек супер

(0,8-1,0 л/га) қолданылды. Топырақ арқылы берілген гербицидтер арамшөп-

ті 75-90%-ға жойды. Өте тиімді көрсеткіштер Дуал голд 960, э.к.+Ураган

форте 500 с.е. (1,3+2,0 л/га) гербицидтерін қолданған нұсқаларда болды.

Қытайбұршақтың 2-3 нағыз жапырағы шыққан кезде жеке телімдерде

Базагран, 48% с.е. 2-3 л/га мөлшерінде сыналды, бұл препараттың әсерінен

арамшөптер, әсіресе ошаған мен ермен жапырақты ойран шөп 80-85%-ға

жойылды. Егістікті бірыңғай астық тұқымдас арамшөптер (тауық тары, мы-

сыққұйрық және жатаған бидайық) басқан жерде Зеллек супер 0,8-1,0 л/га

мөлшермен арамшөптер 2-4 жапырақты, ал дақыл 3-5 жапырақты кезде,

маусымның бірінші онкүндігінде сыналды. Бұл жағдайда бір және көпжыл-

дық астық тұқымдас арамшөптер 96,3 пайызға жойылды.

а) б)

Қытайбұршақ егістігінде тыңайтқыштарды қолданудың арамшөп өсуін тежеуі:

а) дақыл өскінінің 3-5 жапырақты кезеңі; б) өсу кезеңі

Гербицидтер мен олардың қоспалары қолданылған нұсқалардағы қы-

тайбұршақ дақылының дән өнімділігі механикалық өңдеумен салыстырған-

да 25-30% жоғары болғаны егістік тәжірибе нәтижелерінен байқалады. Гер-

бицидтердің биологиялық тиімділігі нұсқалар бойынша 70-90% құрады.

Қытайбұршақ тұқым себілгеннен кейін, яғни өскіндері шықпай тұ-

рып, Дуал голд 960, э.к. + Ураган форте 500 с.е. (1,3+2,0 л/га) препаратта-

рын қолданғанда 90-95%-ға жойылды және бұл қытайбұршақтың 3-5 жапы-

рақтары кезеңінде (а-суреті) арамшөптердің өсуін тежеп тұратыны анық-

талды. Өсу кезеңдерінде жоғарыда айтылған гербицидтерді қолданған кез-

дегі тиімділігі б-суретінде көрсетілген.

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

_______________________________________________________ Жаршы, №11-12 – 2016 32

Қытайбұршақ дақылының өсу кезеңдерінде гербицидтерді қолданған-

да, бір айдан кейін арамшөптер 90-95%, екі айдан кейін 87-90%, егін жинау

алдында да 85-88% жойылғаны анықталды.

Қытайбұршақтың сабағы мен дәнінде және топырақ қабаттарында гербицидтердің

ыдырау динамикасы, мг/кг

Герби-

цид

түрі

Өсі

мд

ік

мүш

есі

Анықтау кезеңі,

тәулік

ЕЖ

КШ

Анықтау кезеңі, тәулік

30 60 90

топырақтың қабаты, см

л/г

а,

г/г

а

30

60

90

0-5

6-1

0

11

-20

0-5

6-1

0

11

-20

0-5

6-1

0

11

-20

Дуал

го

лд

960

, э.

к.+

Ур

аган

фор

те 5

00 с

.е.

сабақ

дән

1,0

-

0,02

0,01

жоқ

жоқ

0,02

0,3

0,2

0,05

1,0

0,05

із

жоқ

жоқ

жоқ

Баз

агр

ан, 4

8%

с.е

.

2 л

/га

+ Ф

аби

ан,

с.д

.т. (1

00 г

/га)

сабақ

дән

1,6

-

0,02

із

жоқ

жоқ

0,1

0,4

0,2

із

0,1

із

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

Зел

лек

су

пер

(0,8

-1,0

л/г

а)

сабақ

дән

0,5

-

0,01

із

жоқ

жоқ

0,1

1,0

0,3

жоқ

0,1

із

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

Қазіргі гербицидтердің ассортименті егістікті арамшөптерден тиімді

қорғауды қамтамасыз етуге қабілетті. Гербицидтердің қызметі арамшөптер-

ді жою ғана емес, сонымен бірге мәдени дақылдардың нақты мүмкіншілік-

терін айқындау үшін алғышарттарды жасау екенін де ескерген жөн. Сон-

дықтан гербицидтерді қолдану егістіктің арамшөп басуының төмендеуі бо-

йынша ғана емес, сондай-ақ өнімнің көлемі мен сапасына әсері бойынша да

бағалануы қажет (кесте).

Қытайбұршақ дақылындағы гербицидтердің қалдық мөлшерінің құра-

мы топырақтағы у қалдықтарының концентрациясымен тікелей байланыс-

ты. Қытайбұршақтың жапырақ массасындағы у қалдығының барынша көп

құрамы анықтаудың алғашқы мерзімінде болғанын талдау көрсетіп отыр.

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №11-12 – 2016 _______________________________________________________ 33

Препараттардың түрі, мерзімі, әрекет етуші заты мен қолдану мөлше-

ріне байланысты қалдық саны 0,02-1,0 дана/кг өсімдік құрғақ массасының

шегінде болды.

Өнімді жинар алдындағы үлгілерде у қалдығы табылмады, ЕЖКШ

(МДУ) Ураган форте 500 с.е және Дуал голд 0,02 мг/кг, ал Базагран, Фа-

биан, Зеллек супер 0,1 мг/кг тең болды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Балашов Л.Л. Учет фенологических наблюдений в опытах с герби-

цидами. Методика полевого опыта. – Сельхозгиз, 1976.

2. Бойко А.Т., Карягин Ю.Г. Соя – высокобелковая культура. – Алма-

ты, 2004. – 22 с.

3. Дробышева Н.И. Комплексная защита посевов сои от сорняков //

Земледелие. – 1999. – №3. – С. 27.

4. Методические указания по полевому испытанию гербицидов в рас-

тениеводстве. – М., 1981. – С. 3-27.

5. Яковлев В.В. и др. Борьба с сорняками при возделывание сои // Зем-

леделие. – 2003. – №1. – С. 28.

Түйін

Қытайбұршақ егістігін арамшөптерден қорғау жұмыстарының нәти-

желері берілген. Басымдық танытқан арамшөп түрлері мен олардың зиян-

дылығы анықталған. Гербицидтер мен олардың жанама қоспаларының био-

логиялық тиімділігі және ыдырау кезеңдері зерттелген.

Резюме

Приведены результаты исследований по борьбе с сорняками в посе-

вах сои. Установлены доминантные виды сорных растений и критические

пороги их вредоносности. Изучена биологическая эффективность и перио-

ды распада гербицидов и их баковых смесей.

Summary

The article presents the research results of weed control in soybean crops.

Established dominant types of weeds and the critical thresholds of their harmful-

ness. Studied the biological effectiveness and the periods of the collapse of herbi-

cides and their tank mixtures.

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

_______________________________________________________ Жаршы, №11-12 – 2016 34

ӘОЖ 631.52:632.61

ҚАРБЫЗДЫҢ ӨСУІ МЕН ДАМУЫНА ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫҢ ӘСЕРІ

БИҒАРАЕВ O.K., ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты,

С.П. МАХМАДЖАНОВ, бөлім меңгерушісі, И. ҮМБЕТАЕВ, ауыл

шаруашылығы ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі,

А. ҚОСТАҚОВ, И.Р. ГУСЕЙНОВ, ауыл шаруашылығы

ғылымдарының кандидаттары

«Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

e-mail: [email protected]

Түйінді сөздер: қарбыз; көлем; жеміс; тізбек; салмақ; тыңайтқыштар.

Оңтүстік Қазақстан облысының климаттық жағдайы мен топырағы

бақша дақылдарынан жоғары өнім алуға өте оңтайлы. Қарбыз көптеген да-

қыл, әсіресе, ОҚО жағдайында мақта қозасы үшін пайдалы алғы дақыл бо-

лып табылады. Өйткені, соңғы жылдары жоңышқа алқаптары азайып кетті,

оның орнына бақша дақылдары өсірілуде. Бақша дақылдары, соның ішінде

қарбыз қоза, дән үшін жүгері, маш сияқты дақылдар мен көкөністердің

өнімділігін арттырады. Республикада бақша дақылдары әр жылы 30 мың

гектардан астам алқапқа егіледі, қарбыз жалпы егіс алқабының 35-40%-ын

иеленген.

Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылған селекциялық же-

тістіктердің Мемлекеттік тізіміне 2016 ж. қарбыздың 21 сорты, 12 буданы,

соның ішінде «Қазақ мақта шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС селекциясының Күз-

дік қарбыз сорты да енгізілген. Қарбыздың Достық-10 сортына 2016 ж. па-

тент алынды. Осы тұста қарбыздың отандық сорттарына сипаттама бере

кеткен жөн.

Күздік сорты – өнімділігі конкурстық сынақтың көпжылдық орташа

мәліметі бойынша 430,0-450,0 ц/га. Минералды тыңайтқыштарды енгізумен

бір уақытта жиі суаруды қажет етеді, егіс ерте мерзімде жүргізіліп, қатар-

аралық өңдеу жұмыстарын жиі жүргізген жағдайда суармалы егіншілік ай-

мағында өнім көлемі 90-95 ц/га артады. Күздік сорты суаруға бейім, суару

саны өніп-өсу кезеңінде 3-4 рет болуға тиіс. Орташа кешпісер сорттар то-

бына жатады, өскін пайда болғаннан жемістерінің пісіп жетілуіне дейінгі

мерзім 95-110 күнді құрайды. Тауарлық өнім шығымы 90-94%. Пәлектері-

нің ұзындығы 2,4-2,8 м, кең әрі көп тілімді алақанды жапырағы ірі болып

келеді. Жемісі қысқа эллипс пішінді, жемісінің орташа салмағы 12,0-

15,0 кг. Фузариоз ауруына күшті дәрежеде шалдығуы 1 балды құрайды. Бір

түптегі жеміс саны 4-5 дана. Тасымалдауға төзімді.

Достық-10 сорты – өнімділігі конкурстық сынақтың көпжылдық ор-

таша мәліметі бойынша 410,0-430,0 ц/га. Минералды тыңайтқыштарды ен-

гізумен бір уақытта жиі суаруды қажет етеді, егіс ерте мерзімде жүргізіліп,

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №11-12 – 2016 _______________________________________________________ 35

қатараралық өңдеу жұмыстарын жиі жүргізген жағдайда суармалы егінші-

лік аймағында өнім көлемі 60-70 ц/га артады. Пісіп жетілу мерзіміне таяған-

да суаруға болмайды, өйткені жемістері жарылып кетеді. Ертепісер сорттар

тобына жатады, өскін пайда болғаннан жемістерінің пісіп жетілуіне дейінгі

мерзім 85-90 күнді құрайды. Тауарлық өнім шығымы 90-95%. Пәлектерінің

ұзындығы 2,0-2,5 м, кең және көп тілімді жапырағы ірі. Жемісі қысқа эл-

липс пішінді, жемісінің орташа салмағы 12,0-15,0 кг. Қабығы орташа, тығыз

және мықты. Балдыры ашық қызыл түсті. Тұқымы ұсақ, қара дақтар түскен

қоңыр түсті. 1 000 дана тұқымының орташа салмағы 50 г. Фузариоз ауруына

күшті дәрежеде шалдығуы 1 балдық көрсеткіш деңгейінде. Бір түптегі же-

міс саны 4-5 дана. Тасымалдауға төзімді.

Қазақ мақта шаруашылығы ҒЗИ-да қарбыздың Күздік және Достық-

10 сорттарына көп факторлы тәжірибе жүргізіліп, онда әр түрлі егіс тізбе-

гінде түрлі тыңайтқыш мөлшерін енгізу сынақталды.

Тәжірибенің мақсаты – осы екі фактордың ОҚО жағдайында Күздік

және Достық-10 қарбыз сорттарының өсуі мен дамуына әсерін зерттеу.

Әдістемелігі және материалдар

Бақылаулар мен есептеулер мемлекеттік сорттық сынақ әдістемелігі

мен «Көкөніс және бақша өсірудегі тәжірибелік жұмыстар әдістемелігі» [1]

негізінде жүргізілді. Зерттеу нысаны – қарбыздың отандық Күздік, Достық-

10 сорттары. Алынған мәліметтер Б.А. Доспехов әдісімен өңделді [2].

Зерттеу нәтижелері

Мәліметтерді сараптау барысында тыңайтқыштарды N120P100K70 мөл-

шерінде енгізгеннен кейін жемістің орташа диаметрі артқандығын байқауға

болады. Көлемі жағынан ең үлкен диаметрі 17,5 см жемістер тыңайтылған

алқапта егіс тізбегі 1,8×0,9 м әр ұяшыққа бір өсімдіктен қалдырылған астар-

да алынды. Тыңайтқыштарды енгізу Күздік қарбыз сорты жемістерінің ор-

таша салмағына айтарлықтай әсер еткен жоқ. Орналасу жиілігін гектарына

14,3 және 20,4 мың өсімдікке дейін арттыру егіс тізбегі 1,8×0,7 м және әр

ұяшықта екі өсімдіктен өсірілген нұсқадан басқа нұсқаларда жемістердің

орташа диаметрін айтарлықтай төмендетпеді. Тыңайтқыш енгізілмеген әр

ұяшыққа екі өсімдік егілген егіс тізбегі 1,8×1,8 м нұсқада жемістердің ең ірі

орташа салмағы 3,5 кг құрады (1-кесте).

Алынған мәліметтерді сараптай келе, орналасу жиілігін 20,4 мың да-

на/га өсімдікке дейін арттыру жемістердің орташа салмағының төмендеуіне

ықпал ететіндігін атап өту керек. Қарбызды тыңайтқыш енгізбей өсіру же-

містің орташа салмағының 2,2 және 2,3 кг-ға дейін төмендеуіне алып келді.

Егіс тізбегі мен өсімдіктердің орналасу жиілігіне тәуелсіз тыңайтқыш енгізу

зерттелген қарбыз сорттарының негізгі пәлек ұзындығының артуына жағ-

дай жасады. Күздік сортында пәлектерінің барынша үлкен (240 см) ұзынды-

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

_______________________________________________________ Жаршы, №11-12 – 2016 36

ғы егіс тізбегі 1,8×0,7 м болған тыңайтқыш енгізілген нұсқада алынды. Ен-

гізілген тыңайтқыш мөлшеріне тәуелсіз өсімдіктердің жиілігін 20,4 мың да-

на/га орналастыру негізгі пәлек ұзындығының төмендеуіне ықпал етті.

1. Тыңайтқыштарды енгізудің Күздік қарбыз сортының пәлек ұзындығына,

жемістерінің көлеміне және салмағына әсері (2013-2015 жж.)

Егіс

тізбегі

Тыңайтқыш

мөлшері, кг

Түп саны,

мың

дана/га

Жемістің

диаметрі,

см

Жеміс

салмағы,

кг

Пәлектің

орташа

ұзындығы,

см

1,8×0,9×1

Тыңайтқышсыз

N120P100K70

N120P100K.70 + N60P50K70

7,9

16,1

16,6

17,5

2,9

2,7

3,0

181

209

200

1,8×1,8×2

Тыңайтқышсыз

N120P100K70

N120P100K.70 + N60P50K70

7,9

16,1

16,8

17,2

2,9

2,4

3,0

223

219

230

1,8×0,7×1

Тыңайтқышсыз

N120P100K70

N120P100K.70 + N60P50K70

10,2

16,7

17,3

17,2

3,3

2,9

3,1

194

207

240

1,8×1,4×2

Тыңайтқышсыз

N120P100K70

N120P100K.70 + N60P50K70

10,2

16,7

17,4

16,3

3,5

2,6

2,7

157

181

194

1,8×0,5×1

Тыңайтқышсыз

N120P100K70

N120P100K.70 + N60P50K70

14,3

16,2

17,4

16,7

2,9

2,8

3,0

177

194

198

1,8×1,0×2

Тыңайтқышсыз

N120P100K70

N120P100K.70 + N60P50K70

14,3

17,2

17,2

16,5

3,1

2,8

2,6

166

199

194

1,8×0,35×1

Тыңайтқышсыз

N120P100K70

N120P100K.70 + N60P50K70

20,4

16,5

17,4

16,2

2,2

2,7

2,7

124

172

176

1,8×0,7×2

Тыңайтқышсыз

N120P100K70

N120P100K.70 + N60P50K70

20,4

15,6

16,3

16,2

2,3

2,5

2,8

121

177

174

Достық-10 қарбыз сортында өсімдіктерінің өсіп дамуы едәуір мықты,

өйткені бұл сортқа тыңайтқыштың әсері Күздік сортымен салыстырғанда

өзгеше.

Қарбыздың Достық-10 сортының егіс алқаптарында тыңайтқыштар

енгізу тыңайтылмаған астармен салыстырғанда негізгі пәлек ұзындығының

артуына жағдай жасады. Пәлектерінің барынша үлкен ұзындығы 346 см-ге

тең өсімдіктер тыңайтқыш N60P50K70 мөлшерінде енгізілген егіс тізбегі 1,8×

×1,4 м нұсқасында алынды. Түп саны 7,9 мың дана/га, егіс тізбегі 1,8×1,8 м

тыңайтылған алқапта ең ірі жемістер (диаметрі 20,3 см) алынды (2-кесте).

Жемістерінің ең жоғары салмағына егіс тізбегі 1,8×0,9 м және түп саны

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №11-12 – 2016 _______________________________________________________ 37

7,9 мың дана/га, тыңайтқыш мөлшері N120P100K70 болған нұсқада қол

жеткізілді.

2. Тыңайтқыштарды енгізудің Достық-10 қарбыз сортының пәлек ұзындығына,

жемістерінің көлемі мен салмағына әсері (2013-2015 жж.)

Егіс

тізбегі, м

Тыңайтқыш

мөлшері, кг

Түп саны,

мың дана/га

Жемістің

диаметрі,

см

Жеміс

салмағы,

кг

Пәлектің

орташа

ұзындығы,

см

1,8×0,9×1

Тыңайтқышсыз

N120P100K70

N120P100K.70+N60P50K70

7,9

17,1

18,6

17,9

3,5

3,8

3,5

232

288

286

1,8×1,8×2

Тыңайтқышсыз

N120P100K70

N120P100K.70+N60P50K70

7,9

19,3

20,3

19,1

3,2

3,7

3,7

281

268

300

1,8×0,7×1

Тыңайтқышсыз

N120P100K70

N120P100K.70+N60P50K70

10,2

18,3

17,6

19,8

3,3

3,4

3,2

296

275

312

1,8×1,4×2

Тыңайтқышсыз

N120P100K70

N120P100K.70+N60P50K70

10,2

17,3

18,6

18,1

3,0

3,5

3,1

301

312

346

1,8×0,5×1

Тыңайтқышсыз

N120P100K70

N120P100K.70+N60P50K70

14,3

17,0

16,5

17,1

2,7

3,0

3,4

298

311

335

1,8×1,0×2

Тыңайтқышсыз

N120P100K70

N120P100K.70+N60P50K70

14,3

18,3

17,3

18,6

2,8

3,1

3,4

250

317

332

Тәжірибе нәтижелері

Достық-10 қарбыз сортының егісінде тыңайтқыштар енгізу алынған

жемістердің ірілігі мен салмағына оң әсері болғанын көрсетеді.

Алынған мәліметтерден тыңайтқыштардың әр түрлі мөлшерінде және

түрлі егіс тізбегінде қарбыз сорттарының өсіп-дамуы түрліше болғанын кө-

руге болады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Белик В.Ф. Методика опытного дела в овощеводстве и бахчевод-

стве. – М., Агропромиздат, 1992. – С. 64-228.

2. Доспехов Б.А. Методика полевого опыта. – М.: Колос, 1980. –

С. 169-184.

Түйін

Тәжірибе нәтижесінде анықталғандай, Күздік қарбыз сортында өсім-

діктердің түп санын гектарына 20,4 мың данаға арттырғанда, жемістің орта-

ша салмағының төмендейтіні, ал тыңайтқыш енгізілмеген алқапта жемістің

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

_______________________________________________________ Жаршы, №11-12 – 2016 38

орташа салмағы 2,2-2,3 кг-ға төмендейтіні белгілі болды. Тыңайтқыштарды

енгізудің Достық-10 қарбыз сорты өсімдіктерінің өсіп-дамуына әсерін зерт-

теу нәтижелері жемістердің ең жоғары салмағына егіс тізбегі 1,8×0,9 м және

түп саны 7,9 мың дана/га, тыңайтқыш мөлшері N120P100K70 болған нұсқада

қол жеткізілгенін көрсетті.

Резюме

При проведении опытов можно отметить снижение средней массы

плода при увеличении густоты стояния растений до 20,4 тыс. шт/га, посев

арбуза без внесения удобрений привел к снижению средней массы плода до

2,2 и 2,3 кг на сорте Күздік. Влияние удобрений на рост развитие сорта Дос-

тық 10 показал, что максимальная масса плода оказалась на варианте с по-

севом арбуза по схеме 1,8×0,9 м и густотой стояния – 7,9 тыс. шт/га при

внесении N120P100K70.

Summary

During the experiments can be noted decrease in the mean fetal weight by

increasing plant density to 20.4 thousand units/ha crop of watermelon without

fertilizers has led to a decrease in average fetal weight and 2.3 to 2.2 kg per grade

Kuzdіk. Influence of fertilizers on growth development of varieties of Dostyk-10

showed that the maximum fruit weight was on variant with watermelon planting

scheme 1,8×0,9 m and a plant stand 7.9 thousand units/ha in making N120P100K70.

ӘОЖ 635.21:631.8:574.51

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫСЫНДА ОРГАНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МИНЕРАЛДЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫҢ КАРТОПТЫҢ

ӨНІМДІЛІГІНЕ ӘСЕРІ

Ш.Қ. РЫСБЕК2, магистрант, Л.А. БӨРІБАЕВА

1, ауыл

шаруашылығы ғылымдарының кандидаты

1«Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС,

2Қазақ ұлттық аграрлық университеті

e-mail: [email protected]; [email protected];

[email protected]

Түйінді сөздер: картоп; тыңайтқыш; тұқым; өнімділік.

Картоп маңызы өте зор қоректік өнімдердің қатарына жатады. Картоп

құрамында крахмал, ақуыз, дәрумендердің және т.б. адам денсаулығына өте

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №11-12 – 2016 _______________________________________________________ 39

қажетті қоректік қоры бар. Түйнектері С дәруменімен қатар, адамның қан

айналымы мен жүйке жүйесін аурудан сақтайтын В1, ағзаның дұрыс дамуы-

на әсер ететін РР дәрумендері, В2, А дәрумендері бар. Картоптың тәуліктік

нормасы ағзаның В1 дәруменіне деген қажеттілігін 10-15%, РР 15%, В2 және

А дәруменіне деген қажеттілікті 1-2% қамтамасыз етеді. Түйнектерде каль-

ций, темір, йод, калий, күкірт және басқа заттардың минералдық тұздары

кездеседі.

Қазақстанда картоптың егістік көлемі 190 мың га шамасында. Осы ал-

қапқа отырғызу үшін жыл сайын 600-650 мың тонна тұқымдық картоп қа-

жет. Картоп дақылының орташа өнімділігі 14-16 т/га құрайды. Бұл төмен

деңгей болып табылады. Осы орайда, өнімділікті арттыру үшін тұқымдық

картоп сапасының маңызы өте зор.

Бүгінгі таңда республикада картоптың 100-ге жуық сорты пайдалану-

ға жіберілген, оның ішінде 50 отандық сорт бар. Соңғы жылдары Қазақ кар-

топ және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (ҚазККШҒЗИ)

картоптың жаңа сорттарын шығаруда үлкен еңбек атқаруда. Картоп дақы-

лының өнімділігін арттыру және түйнектерінің сапасын жақсарту үшін құн-

ды белгілері бар жоғары өнімді жаңа сорттарды пайдалану, өсірудің қар-

қынды технологиясын енгізу, картопты дұрыс жинау мен оны сақтау тәрті-

бін қадағалау қажет. Жаңа сорттардың басым бөлігі тұқым шаруашылығы-

ның жеткілікті деңгейде жолға қойылмауынан картоп өндірушілерге жет-

пеуде. Қазіргі кезде шаруашылықтардағы тұқымдық картоптың өнім қалып-

тастыру әлеуеті, сапалық көрсеткіштері және сақталғыштығы көп жағдайда

төмен болып келеді.

Картоп тұқымының сапасы оның әр түрлі аурулардан сауықтырылуы-

на, сорттық ерекшеліктерге, өсіру технологияларына және басқа да фактор-

ларға тығыз байланысты. Бұл жерде негізгілердің қатарына картоп өсімдік-

терінің минералдық қоректену жағдайы жатады. Осы орайда жергілікті то-

пырақ-климат жағдайында тұқымдық картоптың сапалық көрсеткіштері

мен сақталғыштығы жоғары мол өнімін алу мақсатында органикалық және

минералдық тыңайтқыштардың оңтайлы мөлшерін анықтаудың маңызы

зор. Минералдық қоректену жағдайын жақсарту арқылы тұқымдық картоп-

тың сапалы да мол өнімін алу және осы негізде дақылдың отандық жаңа

сорттарының тұқым шаруашылығын дамыту аса өзекті мәселе болып табы-

лады.

Жоғарыдағы аталған мәселелерді ескере отырып, тұқымдық картоп

бойынша ғылыми зерттеулер жүргізілді.

Жұмыстың мақсаты – Қазақстанның оңтүстік-шығысы жағдайында

картоптың отандық жаңа сорттарының тұқымдық өсімдіктерінің оңтайлы

минералдық қоректену жүйесін әзірлеу арқылы тұқымдық түйнектердің

өнімділігін, сапалық көрсеткіштерін және сақталғыштығын арттыру.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары ҚазККШҒЗИ көкөніс дақылдарын өсіру

технологиясы және тұқым шаруашылығы бөлімінің тәжірибе танаптарында

жүргізілді.

Тәжірибе танабындағы топырақ түрі – күңгірт қара-қоңыр топырақ.

Қарашірік мөлшері жоғарғы қабатта 3,0% шамасында, жалпы азот мөлше-

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

_______________________________________________________ Жаршы, №11-12 – 2016 40

рі – 0,19-0,20%, жалпы фосфор – 0,18-0,20%, жалпы калий – 2,4-2,7%. Ке-

йінгі анықтауларға қарағанда, 100 г топыраққа сіңірілген негіздердің жиын-

тығы – 20,3 мг-экв/100 г. Топырақ ерітіндісінің реакциясы бейтарапқа жа-

қын, рН көрсеткіші 7,2-7,3. Топырақтың көлемдік массасы – 1,1-1,2 г/см3.

Картоп дақылына органикалық (көң, құс саңғырығы, сабан, гумат,

биогумус) және минералдық (азот, фосфор және калий) тыңайтқыштардың

нормасы зерттелді.

Азот тыңайтқыштарының түрлерінен аммоний селитрасы (34,5% ә.з.),

фосфор тыңайтқыштарынан қос суперфосфат (46% ә.з.), калий тыңайтқыш-

тарынан күкірт қышқылды калий (50% ә.з.) қолданылды.

Тәжірибедегі картоптың агротехникасы Қазақстанның оңтүстік-шы-

ғысындағы тау бөктері аймағы үшін әзірленген ҚазККШҒЗИ ұсыныстарына

сәйкес жүзеге асырылды.

Танаптық тәжірибелерде Қазақстанның оңтүстік-шығысында (Алма-

ты облысы) пайдалануға рұқсат етілген (аудандастырылған) картоптың Ақ-

сор сорты өсірілді.

Картоптың тәжірибе танабындағы отырғызу сұлбасы: қатарлардың

аралығы – 70 см, өсімдіктердің бір қатардағы аралығы – 25 см. Тұқымдық

картоп алқапқа мамыр айының І онкүндігінде отырғызылды.

Танаптық тәжірибелер мен зертханалық зерттеулер мынадай дәстүрлі

классикалық әдістемелерді қолданып жүргізілді: агрохимия зерттеулері

әдістемелігі (Юдин, 1980); егіс тәжірибесі әдістемелігі (Доспехов, 1985); кө-

көніс және бақша шаруашылығындағы тәжірибе жұмыстары әдістемелігі

(Белик, 1992).

Фенологиялық байқаулар Руденко әдісі арқылы жүргізілді.

Биометриялық зерттеулер кезінде өлшем фенологиялық байқаулар

жүргізілген кезеңдерде жүргізілді.

Биометриялық зерттеулерді жүргізу үшін тәжірибе мөлтектерінде қа-

тарынан қоректену алаңы бірдей 10-25 өсімдіктен (картоптың даму кезеңіне

байланысты) тұратын 5 нүкте айқындалды. Тәжірибелерде келесі биоме-

триялық көрсеткіштер есепке алынды: картоп өсімдіктерінің биіктігі және

жалпы салмағы, сабақ пен жапырақ саны, сабақтар мен жапырақтардың

массасы, түйнек саны және массасы, 1 гектардағы өнімділігі.

Картоптың өнімділігін есептеу тәжірибенің барлық 4 қайталануында

жаппай өлшеу әдісімен жүргізілді.

Картоп түйнектерінің сапалық көрсеткіштері мынадай әдістермен

анықталды:

құрғақ зат – таразылау әдісімен (кептіру);

крахмал – Бертран әдісімен:

жалпы қант – Бертран бойынша;

С дәрумені – Мурри бойынша;

нитраттар – потенциометрлік (ионселективті электродтар қолдану).

Зерттеу жұмыстарының нәтижелері картоп өсімдіктерінің минерал-

дық қоректену жағдайына байланысты әр түрлі деңгейде өсіп-жетіліп, даму

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №11-12 – 2016 _______________________________________________________ 41

қуаттылығы бойынша біршама ерекшеленетінін көрсетті. Картоп бойынша

биометриялық мәліметтер 1-кестеде берілді.

1. Тыңайтқыштардың картоп өсімдіктерінің биомасса қалыптастыруына әсері

Тәжірибе

нұсқасы

Өсімдік

биіктігі,

см

1 өсімдік-

тегі сабақ

саны, дана

1 өсімдік-

тегі жапы-

рақ саны,

дана

1 түптегі

түйнек

саны,

дана

1 түптегі

түйнектердің

жалпы

салмағы, г

Бақылау

(тыңайтқышсыз) 46 4,5 168 7 382

N150P90K120

(минералдық ая) 61 5,5 285 12 593

Көң, 40 т/га + гумат,

3 л/га 63 5,7 277 12 605

Құс саңғырығы,

7 т/га + гумат, 3 л/га 55 5,0 246 9 487

Көң, 40 т/га + сабан,

2 т/га + N30 64 6,0 304 13 651

Құс саңғырығы,

7 т/га + сабан, 2 т/га

+ N30

57 5,4 251 10 520

Биогумус, 5 т/га 60 5,5 265 11 576

Тәжірибенің бақылау нұсқасында картоп өсімдіктері баяу өсіп, био-

массалары бойынша көрсеткіштер тыңайтылған нұсқалардағы өсімдіктер-

ден біршама төмен болды. Атап айтқанда, мұнда өсімдіктердің орташа биік-

тігі 46 см, 1 өсімдіктегі қалыптасқан сабақ саны, орташа алғанда, 4,5 дана,

ал олардағы жапырақтардың жалпы саны орташа 168 дана, 1 түптегі түйнек

саны 7 дана, ал олардың жиынтық массасы 382 г болды. Тұқымдық мақсат-

тағы картоп егістігіне минералдық тыңайтқыштарды толық күйде (NPK) ен-

гізу өсімдіктердің қоректену жағдайын күрт жақсартып, олардың қуатты

түрде жетілген биомасса қалыптастыруына оң әсер етті. Бұл нұсқада өсім-

діктер бойшаң болып, олардың орташа биіктігі 61 см құрады, ал 1 өсімдік-

тегі қалыптасқан сабақ саны 5,5 дана, жапырақтардың жалпы саны орташа

285 дана, 1 түптегі түйнек саны 12 дана, ал олардың жалпы салмағы 593 г

тең болды.

Картоп егістігіндегі топыраққа органикалық тыңайтқыштар енгізу де

өте тиімді болды. Мұнда өсімдіктер жақсы өсіп-жетілді. Көң, 40 т/га+ гу-

мат, 3 л/га берілген нұсқада картоп өсімдіктерінің биіктігі 63 см, сабақ саны

5,7 дана, жапырақ саны 277 дана, 1 түптегі түйнек саны 12 дана, олардың

жиынтық массасы 605 г құрады. Ал көң (40 т/га) мен сабан (2 т/га) және N30

берілген нұсқада картоп өсімдіктерінің дамуы одан да жоғары болды: биік-

тігі 64 см, сабақ саны 6,0 дана, жапырақ саны 304 дана, 1 түптегі түйнек са-

ны 13 дана, ал олардың жиынтық массасы 651 г құрады. Топыраққа құс саң-

ғырығын (7 т/га) гуматпен, сабанмен бірге енгізу өсімдіктердің дамуына оң

әсер етті. Бұл нұсқаларда мынадай көрсеткіштер алынды: биіктігі 55-57 см,

сабақ саны 5,0-5,4 дана, жапырақ саны 246-251 дана, 1 түптегі түйнек саны

9-10 дана, ал олардың массасы 487-520 г. Биогумус (5 т/га) органикалық ты-

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

_______________________________________________________ Жаршы, №11-12 – 2016 42

ңайтқышы да өсімдіктердің жақсы дамуына әсер етті. Мұнда өсімдіктердің

биіктігі 60 см, сабақ саны 5,5 дана, жапырақ саны 265 дана, 1 түптегі түйнек

саны 11 дана, ал олардың массасы 576 г болды.

Сонымен, органикалық және минералдық тыңайтқыштар тұқымдық

картоптың қоректену жағдайын жақсартып, соның нәтижесінде олардың

жақсы дамыған биомассасын қалыптастыруына ықпалын тигізді.

Картоп өсімдіктерінің қуатты дамыған биомассасы өз кезегінде да-

қылдың өнімін арттыруға әсерін тигізді. Атап айтқанда, тыңайтылған нұс-

қаларда түйнектердің жоғары өнімі қалыптасты.

Танаптық тәжірибе бойынша ең төмен өнім тыңайтқышсыз бақылау

нұсқасында алынды. Мұнда картоптың өнімділігі 19,4 т/га құрады. Дақыл-

дың егістігінде минералдық тыңайтқыштарды N150P90K120 нормасымен қол-

дану (минералдық ая) 28,9 т/га картоп өнімінің алынуын қамтамасыз етті.

Минералдық тыңайтқыштарды қолдану есебінен бақылаумен салыстырған-

да 48,97% қосымша өнім қалыптасты.

Картоп дақылын органикалық тыңайтқыштармен тыңайтудың өнімді-

лікті арттыруда тиімділігі жоғары болды. Көң, 40 т/га + гумат, 3 л/га енгі-

зілген нұсқада картоп өнімділігі 29,7 т/га болды, бұл бақылаудан 53,09%

көп. Көңге (40 т/га) қосып сабан (2 т/га) мен N30 қолданған нұсқада картоп

өнімділігі одан да жоғары болды – 32,0 т/га. Топыраққа құс саңғырығын

(7 т/га) гумат пен сабанға қосып енгізу де картоптың бақылаумен салыстыр-

ғанда өнімінің өсуіне оң әсерін тигізді. Бұл нұсқаларда қосымша өнім

27,84% және 31,96% құрады. Картоп танабына 5 т/га мөлшерінде биогумус

беру түйнектердің өнімін 8,9 т/га немесе 45,88% көтерді (2-кесте).

2. Органикалық және минералдық тыңайтқыштардың картоп өнімділігіне әсері

Тәжірибе нұсқасы Қайталаным, т/га Орташа

өнім,

т/га

Қосымша өнім

I II III IV т/га %

Бақылау

(тыңайтқышсыз) 18,5 20,1 19,7 19,2 19,4 - -

N150P90K120

(минералдық ая) 29,6 27,0 30,6 28,3 28,9 9,5 48,97

Көң, 40 т/га + гумат,

3 л/га 28,5 30,4 29,2 30,8 29,7 10,3 53,09

Құс саңғырығы,

7 т/га + гумат, 3 л/га 26,2 24,2 25,8 23,1 24,8 5,4 27,84

Көң, 40 т/га + сабан,

2 т/га + N30 33,8 31,5 30,2 32,6 32,0 12,6 64,95

Құс саңғырығы, 7 т/га +

сабан, 2 т/га + N30 24,3 26,7 25,4 26,1 25,6 6,2 31,96

Биогумус, 5 т/га 27,4 28,9 30,3 26,5 28,3 8,9 45,88

Р, % 3,65

ЕТЕА05, т/га 2,27

Cонымен, картоп егістігінде органикалық және минералдық тыңайт-

қыштарды қолдану өте тиімді агрохимиялық шара болып табылады. Түй-

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №11-12 – 2016 _______________________________________________________ 43

нектердің өнімділігі бақылаудағы өніммен (19,4 т/га) салыстырғанда 27,84-

64,95% артты.

Түйін

Мақалада Қазақстанның оңтүстік-шығысының жағдайында картоп-

тың минералдық қоректену жағдайына байланысты өсіп-жетіліп, биомасса

қалыптастыруы мен әр түрлі органикалық және минералдық тыңайтқыш-

тардың түйнектердің өнімділігіне әсері бойынша зерттеу нәтижелері баян-

далады.

Резюме

Изложены результаты исследований по изучению роста и развития,

формирования биомассы картофельных растений в зависимости от условий

минерального питания культуры, влияния различных видов органических и

минеральных удобрений на урожайность клубней в условиях юго-востока

Казахстана.

Summary

In the article contains the results of research on the of growth and

development, formation of the biomass of potato plants, depending on the

mineral nutrition of the culture condition, the effect of various types of organic

and mineral fertilizers on the yield of tubers in the conditions of the southeast of

Kazakhstan.

ӘОЖ 631.6.626.87

ТОПЫРАҚТЫ ӨҢДЕУДІҢ ҚАРҚЫНДЫЛЫҒЫ

А. ТАҒАЕВ, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты,

А. ҚОСТАҚОВ, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты,

ҚР АША корреспондент-мүшесі

«Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС е-mail: [email protected]

Түйінді сөздер: топырақ жырту тереңдігі; су қашыртқылары; тұздар құрамы.

Еліміздің оңтүстік аймағындағы мақта шаруашылығы агроөнеркәсіп кешенінің негізгі саласы болып есептеледі. Мақта – өзінің экспорттық әле-уеті жағынан астық дақылдарынан, соның ішінде бидайдан кейін тұратын техникалық дақыл.

Қазір таңда мақта егістігін әртараптандыру бойынша мақта дақылы 2016 ж. 83,0 мың гектар жерге өсіріліп отыр. Ал 2015 ж. 76,9 мың гектар жерге өсіріліп, орташа түсім гектарынан 28,5 центнерден айналды.

Бүгінде қазақ мақтасының әлемдік нарықта өзіндік орны бар. Себебі, сапасы жағынан кез келген елдің өнімінен кем түспейді. Ауыл шаруашылы-ғы ғылымындағы инновациялық технологиялар өндіріске енгізіліп, нәтиже-сінде мақта шаруашылығының алға қарай дамуы байқалып отыр.

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

_______________________________________________________ Жаршы, №11-12 – 2016 44

Мақта шаруашылығын одан ары дамыту үшін осы өңірдегі сортаң-данған жерді қалпына келтіру іс-шараларын қарқынды жүргізу қазіргі таңда өте өзекті мәселе болып отыр. Сондықтан сортаңданған жердің мелиоратив-тік жағдайын жақсартуда түрлі агротехникалық әдістерді қолдану шарала-рының тиімділігін анықтау бойынша Қазақ мақта шаруашылығы ҒЗИ тәжі-рибелік алқабында арнайы зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары кезінде топырақтың су өт-кізгіштігін арттыру арқылы күрделі сор шаюдың тиімділігін көтеру мақса-тында топыраққа терең өңдеу жасалды.

Топырақтың терең қабатын әр түрлі тереңдікте өңдеу іс-шараларынан тұратын зерттеу жұмыстары 12 гектар алқапта алты нұсқада, 3 қайтарымда жүргізілді. Бірінші және екінші нұсқаларда күрделі сор шаю жұмыстары то-пырақты 30 см, 3 және 4-нұсқаларда 40 см, ал 5 және 6-нұсқаларда 35 см тереңдікте жыртумен бірге, соқалардың қайырмасын алып тастау арқылы 60 см тереңдікте терең қопсыту жұмыстары жүргізілді.

Бірінші, үшінші және бесінші нұсқаларда әр 20 м, ал екінші, төртінші және алтыншы нұсқаларда әр 40 м сайын уақытша су қашыртқылары алын-ды. Терең қопсытудың арқасында топырақтың көлем салмағы 10-12 пайыз-ға төмендеп, су өткізгіштік дәрежесі жоғарылады. Егер кәдімгі жер жырту-дан кейін топырақтың су өткізгіштігі 6 сағатта 18-20 мм болса, терең қоп-сытудан кейін бұл көрсеткіш 3-4 есеге дейін жоғарылады.

Барлық нұсқада күрделі сор шаю екі бөлініп, гектарына 6 мың текше метр суару мөлшерінде жүргізілді.

Топырақ қабатын әр түрлі тереңдікте өңдеудің зиянды тұздар құрамына әсері

Нұ

сқа

Агротехникалық іс-шара Тұздардың құрамы,%

Жер жыр-

тудың те-

реңдігі, см

Су қашыртқы-

ларының ара

қашықтығы, м

сор шаюға дейін сор шаюдан кейін тұзды

қалдықтар-

дың шайы-

луы, %

тұзды

қалдық

зиянды

тұздар

тұзды

қалдық

зиянды

тұздар

1. 25 20 2,298 1,284 1,516 0,814 34,0

2. 25 40 2,326 1,605 1,355 0,921 41,7

3. 40 20 2,264 1,381 1,238 0,755 45,3

4. 40 40 2,286 1,440 1,314 0,827 42,5

5.

35

(60 см

қопсыту)

20 2,326 1,109 1,106 0,628 52,4

6.

35

(60 см

қопсыту)

40 2,263 1,321 1,228 0,785 45,7

Кестеден байқауға болатындай, сор шаюдың жоғары тиімділігі топы-рақты терең жырта отырып, уақытша су қашыртқыларының ара қашықты-ғын жақын (20 м) алған нұсқаларда көрінді. Бұл агротехникалық әдістер то-

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №11-12 – 2016 _______________________________________________________ 45

пырақтағы тұздардың мөлшерін едеуір төмендеткені байқалады. Тұздардың жақсы шайылуы топырағы терең қопсытылған және уақытша су қашыртқы-лары жақын, әр 20 метрден алынған 5-нұсқада айқындалды. Сонымен бірге, 2-нұсқада тұздардың шайылуы топырақтың жоғарғы қабатында байқалды, ал төменгі қабатында тұздардың мөлшері бұрынғы көрсеткіште қалды. Бұл нұсқада бұрынға жер жырту тәсілі қолданылған және уақытша су қашырт-қылары жасалмаған болатын.

Тәжірибе жұмыстарының нәтижелері бойынша, тұзды қалдықтардың ең көп шайылуы 5-нұсқада анықталды, яғни тұзды қалдықтар шайылуының жоғары пайыздық көрсеткіші 52,4 пайызға жоғарылады. Бұл нұсқада тұзды қалдықтардың құрамы сор шаюға дейін 2,326%-ды құраса, сор шаюдан ке-йін бұл көрсеткіш 1,106%-ға дейін төмендеген. Себебі, бұл нұсқада 35 см тереңдікте жерді жыртумен бірге топырақты 60 см тереңдікте қопсытып, әр 20 м сайын уақытша су қашыртқылары алынған еді.

Кейінгі тиімділік 6-нұсқада анықталды, мұнда тұзды қалдықтар ша-йылуының жоғары пайыздық көрсеткіші 45,7 пайызға жоғарылады. Бұл нұсқада тұз қалдықтардың құрамы сор шаюға дейін 2,363% құраса, сор шаюдан кейін бұл көрсеткіш 1,228%-ға дейін төмендеген. Бұл нұсқада 35 см тереңдікте жерді жыртумен бірге топырақ 60 см тереңдікте қопсыты-лып, әр 40 метр сайын уақытша су қашыртқылары алынған.

Осындай нәтижелер 3-нұсқада да анықталды, яғни тұзды қалдықтар-дың құрамы сор шаюға дейін 2,264%, сор шаюдан кейін 1,238% көрсеткішті құрады. Бұл нұсқада 40 см тереңдікте жерді жырту шаралары жүргізіліп, әр 20 м сайын уақытша су қашырғыш арықтар алынды.

Тәжірибе жұмыстары нәтижелерінің төмен көрсеткіші 2-нұсқада анықталды, мұнда тұз қалдықтары 2,326 пайыздан 1,355 пайызға дейін тө-мендеп, тұздардың шайылуы 41,7 пайызды құрады. Бұл нұсқада жер жырту 25 см тереңдікте жүргізіліп, ара қашықтығы 40 м сайын уақытша су қа-шыртқыларын алу бойынша іс-шаралар жасалған.

Жүргізілген зерттеулердің нәтижесіне сүйене отырып, мынадай қоры-тынды жасауға болады: күшті сортаңданған жердің агромелиоративтік жағ-дайын жақсартуда ең тиімді агротехникалық әдіс – топырақты 35 см терең-дікте жыртумен бірге, 60 см тереңдікте қопсыту арқылы уақытша су қа-шыртқыларын әр 20 м сайын ала отырып, сор шаю мөлшерін екіге бөліп, 6 мың текше метр мөлшерінде суару тиімділік танытады.

Түйін

Мақалада сортаңданған жердің мелиоративтік жағдайын жақсарту бо-йынша жүргізілген топырақты өңдеудің қарқындылығын зерттеудің нәти-желері берілген.

Резюме

Приведены результаты исследований по интенсивности обработки почв для улучшения мелиоративного состояния засоленных земель.

Summary

The article presents the results of soil treatment intensity research for rec-lamation of saline lands.

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

_______________________________________________________ Жаршы, №11-12 – 2016 46

ӘОЖ 631.6; 631.95

СУАРМАЛЫ ЖЕРДЕ СУ ҚОРЫН АРТТЫРУ ӘДІСТЕРІ

Р.А. ЖАЙСАМБЕКОВА, техника ғылымдарының кандидаты

«Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

e-mail: [email protected]

Түйінді сөздер: суармалы жер; су қоры; мелиоративтік жағдай; техникалық

жағдай; су шығыны; өнімділік.

Жамбыл облысының 50%-ға жуық суармалы жері Аса және Талас

өзендері алабында орналасқан, олардың ауданы қазіргі кезде 105,86 мың га

құрайды. Аталған өзендер алабында облыстың бес (Жуалы, Жамбыл, Бай-

зақ, Талас, Сарысу) ауданының суармалы жері орналасқан. Қазіргі кезде,

игерілген суармалы жердің ауданы өсіп, 94 мың гектарға жетті. Бірақ, жал-

пы Қазақстан жағдайындағыдай, Аса-Талас алабында суармалы жерді пай-

далану тиімділігі айтарлықтай жоғарыламай, олардан алынатын табыс ауыл

шаруашылығы еңбеккерлерінің шығынын кей жылдары толық өтемей отыр.

Қазақ су шаруашылығы ҒЗИ қызметкерлері арнайы зерттеулердің негізінде

аталған жағдай гидромелиоративтік жүйелерде су-жер ресурстарын тиімсіз

пайдалануға тікелей байланысты екендігін анықтады. Сол себепті, суарма-

лы жерде су тапшылығы артып, топырақ құнарлылығының төмендеу үдері-

сінің қарқыны жеделдеуде. Осыған байланысты, суармалы жерде өсірілген

дақылдардың өнімділігі ХХ ғасырдың 80-жылдарындағы өнімділіпен са-

лыстырғанда 1,5-2 есеге дейін төмендеді. Мысалы, кезінде облыста негізгі

дақыл саналған қант қызылшасының өнімділігі қазір 144-174 ц/га аралы-

ғында [1].

Аса-Талас өзендері алабында орналасқан суармалы жердің өнімділі-

гін арттыру мақсатында Қазақ су шаруашылығы ҒЗИ қызметкерлері көп

жылдан бері ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Жүргізілген зерттеу

нәтижелері қарастырылып отырған аймақтағы суармалы жер өнімділігінің

төмендігіне тікелей әсер ететін факторлар, су тапшылығының өсуі мен то-

пырақ құнарлылығының төмендеуі, суару жүйелерінің техникалық жағда-

йының нашарлауы, суармалы жердің тұздануы, сілтіленуі мен сортаңдануы,

топырақ қабатындағы қоректік элементтер мен органикалық заттардың ке-

муі екендігін анықтады.

Зерттеу мәліметтерін сараптау Аса-Талас өзендері алабындағы суар-

малы жердің экологиялық-мелиоративтік жағдайы мен өнімділігіне, су ре-

сурстары мен олардың сапасына тікелей байланысты екендігін көрсетті.

Сондықтан Аса және Талас өзендерінің су қоры мен олардың минералды-

лығының динамикасы зерттелді. Себебі, қарастырылып отырған алапта

ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруға пайдаланатын су қоры шектеулі

және негізінен Қырғыз Республикасы аумағынан келетін су көлеміне тіке-

лей байланысты. Мысалы, Талас өзенінің жалпы су қоры орташа сулы жы-

лы 808 млн м3 болса, оның 716 млн м

3 (88,6%) Қырғыз Республикасының

аумағынан келетін судан тұрады. Қазақстан аумағынан Талас өзеніне қо-

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №11-12 – 2016 _______________________________________________________ 47

сылған су мөлшері 92 млн м3. Қарастырып отырған өзендердің су қоры кө-

лемінің жылдық динамикасы суармалы жер ауданының кемуіне әсерін ти-

гізді. Мысалы, 1995 ж. суаруға пайдаланған су көлемі 907 млн м3 болса, қа-

зіргі кезде ол 1,5-2 еседей кеміп кеткен. Сондықтан 2011 ж. 93 854 га жерді

суару үшін алынған су мөлшері 656,1 млн м3 болды. Бұл көрсеткіш жоспар-

ланған су мөлшерінің 84% құрады [3].

Суару кезеңінде су тапшылығының орын алуы Қырғызстан аумағы-

нан келетін су мөлшерінің азаюымен қатар, түрлі дәрежедегі каналдардың

техникалық жағдайының нашарлығына тікелей байланысты. Себебі, суару

суын тасымалдайтын каналдар әр түрлі меншік қарамағына берілген. Оң-

түстік гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясының мәліметі бойын-

ша, осы каналдардың иелері меншік түрі бойынша 4 топқа бөлінген (1 –

республикалық, 2 – коммуналдық, 3 – жеке, 4 – иесіз). Сондықтан су тасы-

малдайтын каналдардың техникалық деңгейі түрлі дәрежеде болуда.

Салыстырмалы сараптау техникалық жағдайы жоғары каналдар негі-

зінен ресубликалық меншіктегі, ал техникалық жағдайы төмендері жеке

меншіктегі және иесіз каналдарда екенін көрсетті. Мысалы, республикалық

меншіктегі шаруашылықаралық каналдардың 112,38 км қанағаттанарлық,

28,5 км қанағаттанғысыз күйде, ал жеке меншіктегі шаруашылықаралық

каналдардың 23,5 км қанағаттанарлық, 59,91 км қанағаттанғысыз күйде.

Сондықтан су-жер қорларының тиімділігін арттыру су тасымалдайтын ка-

налдардың меншік түрін нақтылап, оларға деген талапты күшейтуді қажет

етеді.

Осы талап орындалып, су тасымалдайтын каналдар негізінен мемле-

кеттік меншік түріне өтсе, олардың техникалық жағдайы жақсарып, суару

суының каналдардағы шығыны кеміп, олардың пайдалы әсер коэффициенті

(ПӘК) жоғарылайды. Қазіргі кезде Байзақ және Жамбыл аудандарының су-

ландыру желілерінің ПӘК 0,7 шамасында. Бұл көрсеткіш суару суын канал-

дармен тасымалдау барысында өзендерден алынған су мөлшерінің 30%-ы

шығын болатынын көрсетеді.

Суару суының мөлшеріне әсер ететін тағы бір фактор – ауыл шаруа-

шылығы дақылдарын суару тәртібі мен технологиясы. Мысалы, қазіргі кез-

де ауыл шаруашылығы дақылдарын суару режимі қатаң сақталмайды. Сон-

дықтан суару нормасы топырақ ылғалдылығына сәйкес келмейді де, топы-

рақтың тамыр өсетін қабаты шектен тыс ылғалданады, суару суының сүзілу

шығыны артып, судың пайдасыз шығынының мөлшерін арттырады. Қазіргі

кезде қолданылып жүрген суару технологияларын (жүйектеп, атыздап) қол-

дану барысында суармалы жерге берілген судың 40-50%-ы сүзілуге және

суармалы жерден тыс тастауға шығын болады.

Сондықтан суару суының тиімділігін арттыру жаңа су үнемдегіш тех-

нологияларды Аса-Талас алабына бейімдеп, өндіріске енгізуді қажет етеді.

Мұндай технологиялардың бірі – ауыл шаруашылығы дақылдарын жүйек-

ара суару технологиясы. Бұл технология басқа технологияларға қарағанда

қосымша көп шығынды қажет етпейді. Оны қолдану судың булану шығы-

нын 2 есеге, сүзілуді 30-50%, тастанды шығынды 50%-ға дейін кемітуге

мүмкіндік туғызады.

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

_______________________________________________________ Жаршы, №11-12 – 2016 48

Мұндай көрсеткіштерге тамшылатып суару технологиясын қолдану

барысында да қол жеткізуге болады. Бірақ, ол көп шығынды қажет етеді.

Кеткен шығын алынған өніммен көп жағдайда 8-10 жылдан соң ақталады.

Сонымен қатар, тамшылатып суару технологиясын қолдану барысында оны

тұрақты күтіп, қадағалап тұру қажет. Сондай-ақ, тамшылатып суару техно-

логиясын тек нақты жағдайда ғана қолдануға болады. Яғни, оларды тұзды

және тұздануға бейім жерде қолдануға болмайды. Жүйекара суару техноло-

гиясын кез келген жағдайда қолдануға болады.

Суармалы жердегі суды пайдалы пайдалану коэффициентінің көрсет-

кіші суару технологиясына байланысты өзгереді. Қазіргі таңда көп қолда-

ныс тапқан суару технологиясы, жүйектеп суару болып саналады. Бұл тех-

нологияны қолдану барысында, суды суармалы жерде пайдалану коэффи-

циенті 0,55-тен аспайды. Сондықтан зерттеу нәтижелері, Аса-Талас алабын-

дағы суару жүйелерінің ПӘК-нің мәні 0,3-0,35 шамасында болатындығын

көрсетті.

Аса-Талас өзендері алабындағы суару жүйелерінде ПӘК мәнінің тө-

мендігі, олардың техникалық жағдайының нашар екендігін байқатып, 70%-

ға дейін судың шығын болатындығын анықтауға мүмкіншілік туғызды.

Шығын болған су, негізінен жер асты су қорын арттырып, олардың орнала-

су деңгейін жоғарылатады. Оны Жамбыл облысының суармалы жерінің ка-

дастрында келтірілген мәліметтер растайды.

Осы себептер Аса-Талас өзендері бойындағы суармалы жер ауданы-

ның кемуіне әсерін тигізді. Мысалы, ХХ ғасырдың 90-жылдарының басын-

да қарастырылып отырған аймақта, Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-

мелиоративтік экспедициясының мәліметі бойынша, 105,6 мың га болса, қа-

зіргі кезде 70,80 мың га ғана қолданыста (1-кесте).

1. Аса-Талас алабында қолданыстағы суармалы жердің ауданы, мың га

Өзен

Жалпы

суармалы жер

ауданы

Қолданыстағы

суармалы жер

ауданы

Пайдаланылмаған

суармалы жер

мың га %, жалпы

ауданнан

Талас 66,4 35,25 31,15 46,9

Аса 39,2 35,55 3,65 9,3

Барлығы: 105,6 70,80 34,80 33,0

Келтірілген мәліметтерді сараптау барысында ең көп пайдаланбаған

суармалы жер көлемі Талас өзені бойында орналасқан гидромелиоративтік

жүйелерде екендігі анықталды. Бұл аумақта пайдаланылмаған суармалы

жер мөлшері жалпы суармалы жердің 46,9% құрайды. Ал Аса-Талас ала-

бында ол 33,0% құрайды.

Пайдаланылмаған суармалы жер мөлшерінің өсуіне топырақ тұзда-

нуының артуы да ықпалын тигізуде. Оған Оңтүстік Қазақстан гидрогеоло-

гиялық-мелиоративтік экспедициясының мәліметтері дәлел бола алады

(2-кесте).

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №11-12 – 2016 _______________________________________________________ 49

2. Аса-Талас алабындағы суармалы жердің тұздану дәрежесі

№ Аудан атауы

Барлық

суармалы

жер

Соның ішінде

тұздан-

баған

әлсіз

тұзданған

орташа

тұзданған

қатты

тұзданған

1. Жамбыл 44,3 35,3

79,7

6,7

15,1

1,7

3,8

0,6

1,4

2. Байзақ 32,8 24,6

75,0

6,4

19,5

1,5

4,6

0,3

0,9

3. Жуалы 10,1 9,1

90

0,2

2,0

0,3

3,0

0,5

5,0

4. Талас 13,5 5,2

38,5

4,7

34,8

2,3

17,1

1,3

9,6

5. Сарысу 4,9 1,8

36,7

2,7

55,1

0,3

6,1

0,1

2,1

5 аудан бойынша

барлығы:

105,6

100

76,0

72,0

20,7

19,6

6,1

5,7

2,8

2,7

Ескерту: алымында – мың га; бөлімінде – суармалы жерден %.

Мәліметтерді сараптау барысында қазіргі кезде тұзданбаған суармалы

жердің мөлшері 72% шамасында екендігі анықталды. Ал қалған суармалы

жер әр түрлі дәрежеде тұзданған. Ең көп тұзданған жер мөлшері Талас және

Сарысу аудандарында кездеседі. Мысалы, Талас ауданында тұзданбаған

жердің аумағы 5,2 мың га немесе 38,5% құрайды, ал қалған суармалы жер

әр түрлі дәрежеде тұзданған. Бұл мәліметтер Аса және Талас өзендерінің

төменгі ағысында топырақтың тұздану үдерісінің жедел түрде өтіп жатқан-

дығын көрсетеді.

Суармалы жердегі суды пайдалы пайдалану коэффициентінің көрсет-

кіші суару технологиясына байланысты өзгереді. Қазіргі таңда көп қолда-

ныс тапқан суару технологиясы жүйектеп суару болып саналады. Бұл тех-

нологияны қолдану барысында суды суармалы жерде пайдалану коэффи-

циенті 0,55-тен аспайды. Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша, Аса-Та-

лас алабындағы суару жүйелерінің ПӘК мәні 0,3 шамасында болады (3-кес-

те).

3. Аса-Талас өзендері алабындағы суармалы жүйелердің ПӘК-і

Аудан Суарылған жер

ауданы, га

Суаруға алынған

су көлемі, м3/га

Суару

жүйесінің

ПӘК-і

Суару мөлшері, м3/га

брутто нетто

Байзақ 26 455 5 930 0,30 3 260 1 790

Жамбыл 34 280 5 730 0,31 3 260 1 790

Аса-Талас өзендері алабындағы суару жүйелерінде ПӘК мәнінің тө-

мендігі олардың техникалық жағдайының нашар екендігін байқатып, 70%-

ға дейін судың шығын болатындығын анықтауға мүмкіндік туғызды. Шы-

ғын болған су негізінен жер асты су қорын арттырып, олардың орналасу

деңгейін жоғарылатады. Оны Жамбыл облысы суармалы жерінің кадас-

трында келтірілген мәліметтер растайды (4-кесте).

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

_______________________________________________________ Жаршы, №11-12 – 2016 50

4. Суармалы жердің жер асты суы деңгейіне байланысты таралуы, га

№ Аудан Жер асты суының орналасу тереңдігі, м

<1,0 1-1,5 1,5-2,0 2,0-3,0 3,0-5,0 >5,0

1. Байзақ 2 800 3 700 4 500 10 102 10 300 1 400

2. Жамбыл 6 999 8 850 3 400 7 448 12 600 5 000

3. Жуалы - 120 840 2 210 1 250 5 705

4. Сарысу - 690 1 215 2 095 943 -

5. Талас 473 850 1 050 3 750 5 500 1 800

5 ауданның жинағы 10 272

9,7

14 210

13,5

11 005

10,4

25 605

24,2

30 593

29,0

13 905

13,2

Ескерту: алымында – га; бөлімінде – жалпы суармалы жер ауданынан %.

Кадастрда келтірілген мәліметтерді сараптау нәтижесі Аса-Талас өзен-

дері алабында орналасқан 105,6 мың га жердің 9,7% жер асты суының дең-

гейі 1 метрден жоғары екендігін көрсетті [2]. Ал 48,1% cуармалы жерде жер

асты суы 1-3 метр тереңдікте орналасқан. Сондықтан 57,8% суармалы

жердің мелиоративтік жағдайы мен сумен қамтамасыз етілу дәрежесіне жер

асты суы тікелей әсерін тигізеді. Сондай-ақ, Аса-Талас алабындағы суарма-

лы жерде жер асты суының минералдылығы бойынша таралу ауданы анық-

талып, сарапталды (5-кесте).

5. Жер асты суының минералдылығы бойынша таралу ауданы, га

№ Аудан Жер асты суының минералдылығы, г/л

<1,0 1,0-3,0 3,0-5,0 >5,0

1. Байзақ 18 730 7 413 5 051 1 608

2. Жамбыл 26 179 11 296 6 622 -

3. Жуалы 9 300 300 525 -

4. Сарысу 140 3 120 1 683 -

5. Талас 3 785 6 188 2 067 1 383

5 ауданның жинағы 58 134

55,0

28 317

26,8

16 148

15,3

2 991

2,8

Ескерту: алымында – га; бөлімінде – жалпы суармалы жер ауданынан %.

Келтірілген мәліметтерді сараптау Аса-Талас алабындағы суармалы

жердің 81,8% жер асты суының минералдылығы 3 г/л аспайтындығын көр-

сетті. Сондықтан осы жерде жер асты суын суармалы жердің мелиоративтік

жағдайы нашарламауына байланысты субирригацияға еркін пайдалана бе-

руге болады.

Жер асты суын субирригацияға пайдалану үшін, оларды иондар мен

тұздар құрамы бойынша бағалап, сараптау қажет. Сараптау негізінде жер

асты суының минералдылығы Аса және Талас өзендерінің төменгі ағысын-

да жоғары екендігі анықталды. Мысалы, Талас ауданының суармалы жерін-

де жер асты суының минералдылығы 21,309 г/л-ге жетеді. Жер асты суы-

ның ең төмен минералдылығы Жамбыл ауданының суармалы жерінде орын

алған. Бұл ауданның жер асты суы минералдылығының төмендігі мен сапа-

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №11-12 – 2016 _______________________________________________________ 51

сының жоғарылығы оны субирригацияға пайдаланған кезде суармалы жер-

де топырақтың тұздануы мен сортаңдану үдерісінің болмауын қамтамасыз

етеді. Жамбыл ауданының суармалы жеріндегі жер асты суының сапалылы-

ғы SAR көрсеткішімен расталады. Себебі, оның мәні Жамбыл ауданының

жер асты суында 9-дан кіші.

Байзақ ауданының суармалы жерінде жер асты суының минералды-

лығымен SAR көрсеткіші өседі. Мысалы, Көкөзек аулының суармалы же-

рінде жер асты суының минералдылығы 3,199 г/л құрайды, ал SAR-дың мә-

ні 14,0-ке өседі. Сондықтан Байзақ ауданының суармалы жерінде топырақ-

тың тұздануы мен сортаңдануы орын алып отыр.

Зерттеу мәліметтерін сараптау барысында Аса-Талас өзендері ала-

бында ыза суын субирригацияға пайдалану суару суы мөлшерін 30-50%-ға

дейін кемітуге мүмкіндік туғызады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Жамбыл облысы суармалы жерінің 2011 ж. мелиоративтік жағда-

йы туралы ақпараттық есеп. – Шымкент, 2012. – 78 б.

2. Кадастр мелиоративного состояния орошаемых сельхозугодий

Жамбылской области. – Тараз, 2007. – 24 с.

3. Мухамеджанов В.Н., Мусекенов М.М. Современное состояние и

пути повышения эффективности орошаемого земледелия / Рациональное

использование водных ресурсов при орошении, водоснабжении и ис-

пользование водных ресурсов при орошении, водоснабжении и обводнении.

/ Сборник научных трудов. – Тараз: ИЦ КазНИИВХ, 1999. – С. 5-11.

Түйін

Суармалы жердегі су тапшылығын жою, топырақ құнарлылығын арт-

тыру, суару технологиясын жетілдіру, су тасымалдайтын жүйелердің техни-

калық жағдайын жақсартуды жер асты суын субирригацияға пайдалану ар-

қылы іске асыруға болатындығы қарастырылған.

Резюме

Показано, что улучшения водообеспеченности орошаемых земель

можно достичь путем повышения плодородия почв, совершенствования

технологий орошения и улучшения технического состояния оросительных

каналов различного порядка и использования грунтовых вод на субиррига-

цию.

Summary

As a result of complex studies in irrigated systems: the development of

technology integrated use of irrigation water and groundwater in accordance with

their level of occurrence of mineralization and to increase the moisture content

and stability of irrigated systems.

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

_______________________________________________________ Жаршы, №11-12 – 2016 52

ӘОЖ 657.62:627.83:626.114:631.585

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ОБЛЫСТАРЫНДАҒЫ ЖАЙЫЛЫМ ЖЕРДІ СУЛАНДЫРУ

А.М. ЖАҚАШОВ, ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі,

О.Қ. ҚАРЛЫХАНОВ, техника ғылымдарының докторы,

ҚР АША академигі, Т.Т. ТӘЖИЕВА, техника ғылымдарының кандидаты

«Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС e-mail: [email protected]

Түйінді сөздер: пилоттық учаскелер; жайылым; сумен жабдықтау; суланды-ру; гидрология.

Қазақстан аумағында 187 млн га жуық жайылым жер бар. Біздің елі-

міз осы көрсеткіш бойынша дүние жүзінде Австралия, Аргентина, Бразилия

және АҚШ-тан кейін 5-орында тұр. Қазіргі таңда статистика бойынша, ха-

лық мекендеген жерді қоса есептегенде, ауыл шаруашылығына тағайын-

далған жердің 85 млн га алқабы жайылымға қолданылады. Осы жердің

26,5 млн га топырақтың қатты азуына ұшыраған. Әрине, мұндай жағдай

қатты алаңдатады [1].

Сонымен қатар, республикадағы 100 млн га жайылымға қолдануға ар-

налған жер суландырылмағандықтан пайдаланылмайды. Табиғи судың қай-

нар көздері сумен 40 млн га жайылым жерді ғана қамтамасыз ете алады.

Қалған жер инженерлік құрылымдар арқылы суландырылады. Қазақстан

мемлекеті сумен аз қамтамасыз етілгендігімен ерекшеленеді, жайылым же-

рінің де сумен қамтамасыз етілуі төмен. 1990 жылға дейін елімізде 35 000

шахталы құдық және 38 000 құбырлы құдық, жалпы ұзындығы 12 000 км су

құбырлары жұмыс істеп тұрды [1].

Кез келген экологиялық аймақ сияқты, жайылымға пайдаланатын жер

де су алғыш құрылым түріндегі (шахталы құдық, құбырлы ұңғыма, ыза

суының қазбасы) судың қайнар көзі болмаса іске аспайды. Көшпелі мал ша-

руашылығының келешекте дамуын ескеріп, жайылымдардың экожүйесін

тиімді пайдалану үшін, табиғи шөп өсетін жердің сулылығына баға беру тү-

йінді болып табылады.

Қазіргі кезеңде су құрылымдарының нақты техникалық жағдайы бел-

гісіз. Құдықтарды қалпына келтіруге болатындығына зерттеу жүргізіп,

олардың техникалық жағдайына баға беру керек. Республиканың жайылым

жеріндегі құдықтарын қалпына келтіруге кететін шығынды анықтау үшін,

құдықтарды толық түгендеуден (инвентаризация) өткізіп, құжаттау қажет.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде су алғыш құрылымдардың

техникалық жағдайын және орналасуын талдау негізінде авторлар жайы-

лым экожүйелерінің сулылығына баға берді. Жайылымдарды суландыру

үшін суатты құдықтарды малды айдайтын жолға жақын орналастыру керек.

Төмен дебитті құдықтар бір-біріне жақын орналасуы қажет.

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №11-12 – 2016 _______________________________________________________ 53

Қазақстанның оңтүстік 4 облысының пилоттық учаскелері бойынша

жайылым экожүйелерінің сулылығына баға беру жүргізілді. Алматы облы-

сы Балқаш көлінің Шығыс жағалауында №1 пилоттық учаске; Жамбыл

облысы Бетпақдала үстіртінде №2 пилоттық учаске, ОҚО облысындағы

Оңтүстік Қызылқұмда №3 пилоттық учаске, Қызылорда облысындағы Сол-

түстік Қызылқұмда №4 пилоттық учаске орналасқан.

Жайылым жерді сумен қамтамасыз ететін нысандардың техникалық

жағдайы келесі белгілермен (критерий) бағаланды: құрылымның орналас-

қан орны (облыс, аудан, құдықтың аты, географиялық координаталары, те-

ңіз деңгейінің үстіңгі белгілері), су қайнар көзінің түрі (артезиандық, ыза

су, жер асты), құрылымның түрі (ұңғыма, шахталы құдық, ыза суының қаз-

басы), суды тұтынушылар (саны, құрамы, қажетті су көлемі), зерттеу жүр-

гізген күн, үлгіні алған кездегі қоршаған ортаның климаттық жағдайы (ауа-

ның температурасы t, °С, судың температурасы t, °С), су алғыштың техни-

калық жағдайы, су қайнар көзінің тереңдігі, су қайнар көзіндегі су қабаты-

ның биіктігі, су қайнар көзінің дебиті (л/с), жағалата орналастырылатын құ-

бырдың диаметрі, қолданыстағы су көтергіш (түрі, қозғалтқыштың марка-

сы), қолданыстағы су жинағыш резервуар және суатты алаңшалар (сыйым-

дылығы, материалы, өлшемдері, резервуардың техникалық жағдайы, суатты

астаулар және төсеніштер).

Егістік жерге зерттеулер жүргізуде жайылымды сумен қамтамасыз

ететін әр су қайнар көзінің координаталары анықталып, олар пилоттық

учаскелердің топографиялық картасына түсірілді. Техникалық жағдайларды

байқап-көру нәтижелері бойынша актілер жасалып, түсірілген сурет мате-

риалдары жинақталды. Жинақталған материалдар негізінде пилоттық учас-

келердің сулылығы жөнінде карта жасалды.

Шахталы құдықтарды көзбен шолу негізінде пилоттық учаскелер бо-

йынша жер асты суының орналасу тереңдігіне талдау жүргізілді. Бірінші

пилоттық учаске бойынша (Балқаш көлінің шығыс жағалауы) диаметрі

1 200 мм жағалата орналастырылған темір бетонды құбырлары болатын

8 шахталы құдық зерттелді.

Бұл жерде су көтергіш механизмдер ретінде негізінен помпалық бен-

зинді сорғылар қызмет етеді, ал су жинағыш резервуарлары төрт кубтық

темірбетоннан жасалған астау мен суатты алаңшалар түрінде көрсетіледі

(1-сурет).

Зерттеу жүргізілген аумақтағы су алғыш құрылымдардың су деңгейі

1-2 м болғанда, жер асты суының тереңдігі 5-12 м болады. Құдықтардағы су

деңгейі Лепсі өзені ағысының гидравликалық байланысына қарай ауытқи-

ды. Институттың зертханасында су алғыш құрылымнан алынған су үлгіле-

рінің құрамына химиялық талдау жүргізілді, осы талдаулардың көрсетуін-

ше бірінші пилоттық учаскедегі судың минералдануы орташа есеппен 0,2-

1,5 г/л аралығында ауытқиды. Бұл СТ ҚР ГОСТ Р 51232-2003 ж. норматив-

тік құжаттағы малды суару шарттарына сәйкес келеді.

2-пилоттық учаскеде (Бетпақдала үстірті) диаметрі 1 200 мм жағалата

орналастырылған темірбетонды құбырлары болатын 11 шахталы құдық

зерттелді. Бұл жерде су көтергіш механизмдер ретінде негізінен помпалық

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

_______________________________________________________ Жаршы, №11-12 – 2016 54

бензинді сорғы қызмет атқарды, ал төрт кубты темірбетоннан жасалған

астау мен суатты алаңшалар ретінде су жинағыш резервуарлар көрсетілді

(2-сурет).

1-сурет. «Жұмағұлов» шахталы құдығы (№1 пилоттық учаске)

Зерттеу жүргізілген аумақтарда су алғыш құрылымдардың су деңгейі

0,5-3 м болған кезде жер асты суының тереңдігі 0,5-3 м аралығында ауыт-

қыды. Сулы деңгейжиектің тереңде орналаспауы 2-3 м деңгейдегі су тіре-

уіш ретіндегі суды өткізбейтін сазды топырақтардың болуымен түсіндіріле-

ді, бұл көктем мезгілінде еріген қардан және жаңбыр суының есебінен сулы

деңгейжиектің қалыптасуына септігін тигізеді. Орташа есеппен судың ми-

нералдылығы 2,4-5 г/л құрайды, бұл ірі қара мен ұсақ малды суару шартта-

рына сәйкес келеді.

2-сурет. «Майтепкен» құдығы (№2 пилоттық учаске)

№3 пилоттық учаске (оңтүстік Қызылқұм) бойынша диаметрі

1 200 мм жағалата орналастырылған темірбетонды құбырлары болатын 7

шахталы құдық және диаметрі 2 000 мм болатын құбырлы ұңғымалар зерт-

телді. Бұл жерде су көтергіш механизмдер ретінде негізінен помпалық бен-

зинді тереңдік сорғылар қызмет атқарды. 2-3 төрт кубты темірбетоннан жа-

салған астау мен суатты алаңшалар ретінде су жинағыш резервуарлары көр-

сетілді (3-сурет).

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №11-12 – 2016 _______________________________________________________ 55

3-сурет. «Көкқұдық», «Талыбекқұдық» шахталы құдықтары (№3 пилоттық учаске)

Зерттелген аумақтарда су деңгейі 1-6 м болатын су алғыш құбырлар-

дағы судың орналасу тереңдігі 11-18 метрге жетті. Жер асты суының ор-

наласу деңгейі сулы деңгейжиектің ыза және артезиандық типтес жер асты

суы түрінде болуымен сипатталады. Пилоттық учаскеде дебиті 3-4 л/с

болатын өздігінен құйылатын 4 термалды ұңғыма бар (4-сурет). Шахталы

құдықтар суының минералдылығы орташа есеппен 0,3-4,2 г/л құрайды.

Өздігінен құйылатын термалды ұңғымалардағы судың минералдылығы ор-

таша есеппен 0,8-4,2 г/л құрайды. Судың минералдылығы ұсақ және ірі қара

малды суару шартына сәйкес келеді.

4 пилоттық учаскеде (солтүстік Қызылқұм) диаметрі 1 200 мм жағала-

та орналастырылған темірбетонды құбырлары болатын 4 шахталы құдық

зерттелді.

4-сурет. Өздігінен құйылатын «Жосалы» және «Уәлихан» термалды ұңғымалары

(№3 пилоттық учаске)

Бұл жерде су көтергіш механизмдер ретінде негізінен помпалық бен-

зинді сорғылар қызмет етеді, ал төрт кубты темірбетоннан жасалған астау

мен суатты алаңшалар ретінде су жинағыш резервуарлары көрсетілген.

Зерттелген аумақтарда су деңгейі 2-4 м болатын су алғыш құбырлардағы

судың орналасу тереңдігі 12-14 м болады (5-сурет). №3 пилоттық учаскеде-

гідей, жер асты суының орналасу деңгейі ыза және артезиандық түрдегі жер

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

_______________________________________________________ Жаршы, №11-12 – 2016 56

асты суы бассейнінің болуымен сипатталады. Судың минералдылығы орта-

ша есеппен 0,3-4,2 г/л құрайды, бұл ұсақ және ірі қара малды суару шарты-

на сәйкес келеді.

5-сурет. №4 пилоттық учаскедегі шахталы құдықтар

Жайылымдық аумақтағы әр жеке учаскенің сумен қамтамасыз еті-

луінің ықтимал дәрежесі бойынша, осы аумақтың су ресурстары бағалан-

ды [2]:

1. Ауданының едәуір бөлігінен тұщы немесе ащылау, алайда жарам-

ды болатын, су бекеттерінің дебиті 0,5 л/с құрайтын жер асты және жер беті

суын алуға болатын аумақты сумен жақсы қамтамасыз етілген деп санауға

болады. Шаруашылықтың су тұтынуына сәйкес су бекеттерінің учаскенің

жайылымдық ауданы бойынша орналасуы алдын ала ізденістерді айтарлық-

тай қажет етпейді.

2. Ауданының едәуір бөлігінен пайдалануға жарамды болатын, су бе-

кеттерінің дебиті 0,1 л/с (8 м3/тәулік) асатын жер асты және жер беті суы

алынатын аумақ сумен қамтамасыз етілген аумақ болып саналады. Кейбір

жағдайда жаңа су бекеттерінің орналасуы күрделі болмайтын алдын ала із-

деністердің жүргізілуін қажет етеді.

3. Аумақтың кішігірім бөлігінің ауданында пайдалануға жарамды, су

бекеттерінің дебиті 0,05 л/с (4 м3/тәулік) асатын, ал қалған аумақ ауданында

бекеттер дебиті 0,05 л/с төмен болатын, жер асты немесе жер беті суы алы-

натын аумақ сумен әлсіз қамтамасыз етілген аумаққа жатады. Жаңа су бе-

кеттерінің орналасуы алдын ала арнайы ізденістердің жүргізілуін қажет ете-

ді.

4. Аумақтың кішігірім бөлігінің ауданында пайдалануға жарамды, су

бекеттерінің дебиті 0,05 л/с (4 м3/тәулік) төмен болатын, ал қалған аумақ ау-

данында мүлдем болмайтын, жер асты немесе жер беті суы алынатын аумақ

сумен өте әлсіз қамтамасыз етілген аумаққа жатады. Жаңа су бекеттерінің

орналасуы алдын ала арнайы күрделі ізденістердің жүргізілуін қажет етеді.

Сонымен қатар, пайдалануға жарамды жер асты және жер беті суы

болғанымен, мүмкін болатын су бекеттері бір-бірінен өте алшақ орналаса-

тын аумақ сумен әлсіз және өте әлсіз қамтамасыз етілген аумаққа жатады,

яғни мұндай жағдай малдың қалыпты түрде суарылуын қамтамасыз етпей-

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №11-12 – 2016 _______________________________________________________ 57

ді. Егер дебиті жоғары болатын су бекеттері салынса, онда осындай аумақ-

тардың сумен қамтамасыз етілу дәрежесі жоғары болуы мүмкін.

Жоғарыда келтірілген мәліметтер бойынша, сумен қамтамасыз етілу

дәрежесі бағасының нақтылығы, дұрыстығы тек қана материалдың санымен

ғана анықталып қоймайды, сондай-ақ шөктіру құрылымының күрделілігіне,

гидрогеологиялық және геоморфологиялық жағдайына байланысты болады.

Жер беті суының ағысын бағалаудың нақтылық дәрежесі жер беті гео-

морфологиясының күрделілігімен және гидрографиялық желінің ерекше-

ліктерімен анықталады. Алайда, осы негізгі факторлар ерекшеліктерінің мұ-

қият талдауы пилоттық учаскелердің сумен қамтамасыз етілуінің нақты ба-

ғасын беруге мүмкіншілік береді.

Пилоттық учаскелер бойынша жайылымдарды суландыру үшін су ал-

ғыш құрылымдарға жүргізген талдаудың нәтижесінде №1 пилоттық учаске

сумен жақсы қамтамасыз етілген аумақ ретінде; №2 – сумен қамтамасыз

етілген аумақ ретінде; №3 – сумен жақсы қамтамасыз етілген аумақ ретінде;

№4 – сумен әлсіз қамтамасыз етілген аумақ ретінде сипатталады.

Мал айдалатын жол мен қарқынды пайдаланылатын жайылымдық ау-

мақтардың ауданы бойынша, қазіргі кезде пайдаланып отырған су алғыш

құрылымдар арқылы пилоттық учаскелердің сулылығы бағаланады:

№1 пилоттық учаскенің (Балқаш өзенінің шығыс жағалауы) сулылығы 60%;

№2 пилоттық учаскенің (Бетпақдала үстірті) сулылығы 80%; №3 пилоттық

учаскенің (Оңтүстік Қызылқұм) сулылығы 60%; №4 пилоттық учаскенің

(Солтүстік Қызылқұм) сулылығы 20% құрайды.

Гидрологиялық сипаттамасына жүргізілген талдау нәтижесінде жайы-

лымдық мал шаруашылығын қарқынды дамыту үшін сумен көбірек қамта-

масыз етілген аумаққа №1 пилоттық учаске (Балқаш өзенінің шығыс жаға-

лауы) және №3 пилоттық учаске (Оңтүстік Қызылқұм) жататыны анықтал-

ды. Пилоттық учаскелердегі су алғыш құрылымдары пайдаланылады және

құдықтардың дебитінің параметрлері жоғары 0,3-0,4 л/с болады. №2 пилот-

тық учаске жеткілікті суландырылады, су алғыш құрылымдардың техника-

лық параметрі жақсы деп сипатталады, бірақ басқа пилоттық учаскелерге

қарағанда құдықтардың дебитінің параметрлері төмен (0,03-0,05 л/с). №4

пилоттық учаскеде барлық су алғыш құрылым жұмыс істеп тұрғанымен,

отарлы мал шаруашылығы үшін жайылым ретінде пайдаланылмайды. Сон-

дықтан бұл учаскені отарлы мал шаруашылығын дамытуға ұсынуға болады.

Осы учаскедегі құдықтардың техникалық параметрлері жақсы деп сипатта-

лады, дебитінің параметрлері 0,2-0,3 л/с аралығында ауытқиды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Қарақов Б. Жайылым жайы калай? // Егемен Қазақстан. – 2015. –

№215 (28 693). – 6-б.

2. Муравьев А.Г. Руководство по определению качества воды полевы-

ми методами. – СПб.: Крисмас+, 2004. – 385 с.

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

_______________________________________________________ Жаршы, №11-12 – 2016 58

Түйін

Мақалада Оңтүстік Қазақстан облысындағы негізгі жайылым жерге

ұқсас пилоттық аудандарда жүргізілген зерттеулердің материалдары ұсы-

нылған. Су алғыш құрылымдардың сумен жабдықталуына, сулылығына,

техникалық сипаттамасына баға берілді. Пилоттық аудандардың гидрогео-

логиялық сипаттамалары келтірілді.

Резюме

Представлены материалы обследования пилотных участков, анало-

гичных основным пастбищам Южного Казахстана. Дана оценка техничес-

ких характеристик водозаборных сооружений, водообеспеченности и об-

водненности. Приведены гидрогеологические характеристики пилотных

участков.

Summary

In article given commercial art investigation of pilot region, basic analo-

gous pasture South Kazakhstan. Valuation technical description water intake

structure, available water supply, water availability. To cite an instance hydra-

geological description pilot region.

ӘОЖ 631.587

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ СУ САЛАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

ӨНДІРІСІНІҢ ӨНІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ШАРАЛАРЫ

Ж.А. МУСИН, техника ғылымдарының кандидаты,

А. АМАНБАЕВ, аға ғылыми қызметкер

«Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

e-mail: [email protected]

Түйінді сөздер: суару каналдары; гидротехникалық құрылымдар; тариф; су

ресурстары; су қоймасы; су өткізу қабілеті.

Су шаруашылығы Жамбыл облысы экономикасының негізгі саласы-

ның бірі болып табылады. Халықтың тіршілік көзі және қоршаған табиғи

ортаның тұрақтылығы осы саланың дамуына байланысты. Бұл саланың ша-

руашылық қызметінде суару каналдары мен гидротехникалық құрылымда-

рының тозуынан су көп мөлшерде шығындалуда. Ирригациялық жүйенің әр

түрлі бөліктерін иеленген меншік иелерінің бір-бірімен келісілмеген, бақы-

ланбайтын әрекеттерінен су беруде іркілістер орын алып, гидротехникалық

құрылымдарда апат жиіледі. Осының нәтижесінде су жеткізу қызметінің та-

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №11-12 – 2016 _______________________________________________________ 59

рифі өсті. Екінші жақтан, облыстың агроөнеркәсіптік кешенінің су секторы

көбінесе мемлекеттер арасындағы Шу, Талас және Аса өзендері сияқты

трансшекаралық су көздері ағынының бөлінуіне де байланысты. Жер беті

су ресурстарының 80%-ға дейінгі мөлшерін су секторы осы Шу, Талас және

Күркіреусу (Аса өзенінің негізгі тармағы) трансшекаралық өзендерінен ала-

ды, олардың негізгі ағыны Қырғызстан аумағында қалыптасады. Осы өзен-

дердің жалпы жылдық ағыны 4 106 млн м3, соның ішінде Қырғызстан Рес-

публикасынан келетін ағын 3 139 млн м3, ал Қазақстан Республикасының

аумағында қалыптасатын ағын бар болғаны 967 млн м3 немесе жалпы ағын-

ның төрттен бір бөлігінен төмен мәнді құрайды.

Жамбыл облысындағы суару каналдарының [1] жалпы ұзындығы

4 082,383 км, оның ішінде магистралды және шаруашылық аралық каналдар

1 978,238 км (49%), ішкі шаруашылық желілер 1 794,191 км (44%) құрайды.

Коллекторлық-кәріздік желілердің ұзындығы – 284,854 км (7%), ірі гидро-

техникалық құрылымдардың саны – 16, бөгендер мен тоғандар саны – 127.

Ұзындығы 1 978,238 км болатын магистралды және шаруашылық канал-

дардың 1 166,378 км (59%) республикалық мемлекеттік меншікке тиесілі,

704,66 км (36%) коммуналдық мемлекеттік меншікте, су тұтынушылардың

ауылдық тұтынушылық кооперативтеріне (СТАТК) 19,5 км (1,2%) тиесілі,

30,2 км (1,5%) суару каналы жеке меншікте, иесіз қалған каналдар ұзын-

дығы 53,3 км (2,3%) құрайды. 284,854 км коллекторлық-кәріздік желілердің

63,9 км (22%) республикалық меншікте, 44,7 км (16%) жеке меншікте,

176,2 км (62%) – иесіз қалған желілер. Жалпы, суаруға жыл сайын тұтыну-

шыларға 650-ден 750 млн м3

дейінгі көлемде су беріледі. Бөгеттерді жөн-

деуге берілетін елеулі мемлекеттік күрделі қаржыларға қарамастан, облыс-

та ірі су қоймалары толық қуатпен жұмыс істей алмайды: Тасөткел бөге-

нінде жиналатын су көлемі 500 млн м3

аспайды, ал оның жобалық шамасы

620 млн м3 құрайды.

Каналдардың техникалық жағдайының қанағаттандырмайтын күйде

болуының тікелей нәтижесі суды тасымалдауда оның көп мөлшерде шы-

ғындалуы болып табылады. Су шығыны кейбір су шаруашылығы жүйеле-

рінде 50%-ға дейін жетеді. Бұл ыза суы деңгейінің көтерілуіне және жердің

қайталап тұздануының салдарынан суару алқаптарының азаюына соқтыра-

ды. Жүргізілген талдаудың көрсетуінше, суару жүйелерінің ПӘК 0,45-0,50

аспайды. Бұл каналдардағы судың жартысынан көбі танапқа дейін жетпей-

тінін көрсетеді. Қазіргі уақытта су саласындағы мемлекеттік және жеке ин-

вестициялардың деңгейі жеткіліксіз болуда. Мемлекеттік бюджеттен ағым-

дағы жөндеу жұмыстарына және су шаруашылығы жүйелерін қалпына кел-

тіруге бөлінетін қаржы оларды пайдаланудың ең төмен талаптарына ғана

сай деңгейде сақтауға мүмкіншілік береді әрі туындайтын мелиоративтік

мәселелерді толық көлемде шешпейді. Жергілікті бюджеттің мүмкіндігі

шектеулі болғандықтан, осы мақсатты қаржыландыру көлемі жеткіліксіз.

Өте сирек жағдайда болмаса, жеке сектор инвестицияларды бөлмейді.

Бұл мәселенің шешімі 2014 ж. 4 сәуірде ҚР Президентінің №786 Қау-

лысымен бекітілген Қазақстанның су ресурстарын басқарудың Мемлекеттік

бағдарламасын іске асыру шеңберінде табылады [2].

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

_______________________________________________________ Жаршы, №11-12 – 2016 60

Қазіргі уақытта ҚР АШМ Су ресурстары комитеті мен «Қазсушар»

РМК жүйелі суарудың қолданылмайтын, алайда талап етілген жерін қайта

қалпына келтіру индикаторы бойынша, Жамбыл облысының 76 054 га алқа-

бында қолданылмайтын суармалы жерді қалпына келтіру шараларын

жүргізуде.

Тағы бір басты мәселе – суарма суын беру тарифі. Қазіргі тарифтер

суару жүйелерін пайдаланудың және техникалық қызмет көрсетудің жыл

сайынғы шығынын толық өтемейді, сондай-ақ ағымдағы тарифтер суды

үнемдеуге және су ресурстарын тиімді пайдалануға ынталандырмайды.

Осыған байланысты, суарма суын беру қызметін төлеудің көлемдік жүйесі-

нен гектарлық жүйесіне ауысу ұсынылуда. Төлеудің ұсынылатын жүйесі су

шаруашылығы кәсіпорындарына өздерінің материалдық-техникалық база-

сын нығайтуға, суару жүйелерін ретке келтіруге және олардың жалпы қар-

жылық жағдайын жақсартуға мүмкіншілік береді. Сонымен қатар, монопо-

лияға қарсы ведомствода жыл сайын тарифтерді қорғап, бекітудің қажетті-

лігі болмайды.

Облыстағы су саласының нашарлауы шаруашылық айналымынан

суармалы жердің шығып қалуына әкеп соқтырды. Мысалы, қолдағы суар-

малы жердің 250,0 мың га-дан бүгінгі таңда 229,6 мың га ғана тіркелген,

оның 126,7 мың га алқабына облыстың коммуналдық кәсіпорындары қыз-

мет көрсетуде, 59,2 мың га «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалының қарама-

ғында. Иесіз қалған көптеген ішкі шаруашылықтың науалы суарғыштары

бұзылған, ал суару желілері негізінен топырақты арналы каналдардан тұра-

ды. Ішкі шаруашылық тізбегінің суару жүйелеріндегі суарма суын тиімді

басқару және пайдалану жүйелерінің болмауы судың нормадан тыс, көп

мөлшерде шығындалуын тудырады және өнімнің бәсекеге қабілеттілігін тө-

мендетіп, оның өзіндік құнының құрылымында суару шығынының үлесін

арттырады.

Облыстың вегетациялық кезеңде туындайтын тағы бір мәселесі бірле-

сіп пайдаланылатын мемлекетаралық су шаруашылығы көздерінен судың

тұрақсыз берілуінің салдарынан туындайтын суарма суының жүйелі тап-

шылығы болып табылады. Мысалы, Шу өзені бойынша соңғы үш жылда

ережеге сәйкес суарма суының алынбай қалған көлемінің орташа мәні

169,0 млн м3 тең, бұл жыл сайын 45% құрайды. Талас өзені бойынша суар-

ма суының алынбай қалған көлемі 127,0 млн м3 немесе 22%. Осының салда-

рынан облыста жыл сайын суармалы жердің шамамен 21,0 мың га пайдала-

нылмай қалады.

Бұл тәуелділікті азайту және облыстың аграрлық секторын толық кө-

лемде су ресурстарымен қамтамасыз ету мақсатына Шу мен Талас трансше-

каралық өзендері бойынша ең бірінші міндетке жүйелік қайта құру, су ша-

руашылығы нысандарының және жергілікті су көздерінің маусымдық ағы-

нын шоғырландыруға арналған жергілікті кіші бөгендерінің жергілікті құ-

рылысы жатады.

Осыған байланысты, жалпы көлемі 99,0 млн м3 болатын Қордай, Мер-

ке және Талас аудандарында 4 су қоймасының құрылысы қарастырылуда.

Бұларға Қордай ауданында Ырғайты мен Қалғұта өзендеріндегі, Мерке ау-

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №11-12 – 2016 _______________________________________________________ 61

данында Аспара, Талас ауданында Талас өзендеріндегі су қоймалары жата-

ды. Қордай ауданында қолданыстағы Қарақоңыз су қоймасының көлемін

екі есеге дейін арттырып, яғни 18,5 млн м3 дейін жеткізіп, қайта құру қарас-

тырылуда. Осы ауданда Қақпатас магистралды каналының құрылысымен

бас су тоғаны құрылымының қайта құрылуы көзделуде. Осы қайта құру жұ-

мыстары су шығынының азаюына және каналдардың су өткізу қабілетінің

артуына мүмкіндік береді. Байзақ ауданында Талас су торабының бас тоған

құрылымында суды есепке алу мен суды таратудың автоматтандырылған

жүйесі ендіріліп, Базарбай магистралды каналында қайта құру және жаң-

ғырту жұмыстары басталды. Осы жұмыстар каналдың ПӘК артуымен, ау-

дандағы суармалы жердің 8,0 мың га-дан астам алқабының сумен қамтама-

сыз етілу деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Жуалы ауданының Көк-

сай өзеніндегі ұзындығы 20,6 км каналдың құрылысымен бас тоған құры-

лымының қайта құрылуы аяқталды. Бұл Қырғыз тарапына тәуелді болмай,

1 684 га алқапты сумен кепілді түрде қамтамасыз етуге және болашақта там-

шылатып суару технологиясын пайдаланып, 1 500 га енгізуге, су-электр

станциясы каскадын салуға мүмкіншілік берді. Жамбыл ауданында Теріс

өзенінде бас құрылым құрылысымен Раис магистралды каналын қайта құру

жұмыстары және Шу ауданындағы Тасөткел су бөгенінің сейсмикалық тө-

зімділігін арттырудың екінші кезегі көзделуде.

Осы қарастырылған шаралар облыстың суға тәуелсіздігін жоюды

қамтамасыз етуге мүмкіншілік береді. Сонымен қатар, каналдардың ПӘК

0,55-тен 0,75-ке дейін жеткізіледі, бұл суарма суын үнемдеу технологияла-

рымен қатар, өсімдік шаруашылығының жалпы өнімінің өндірісін екі есе

арттырып, 84 млрд теңгеге дейін жеткізеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Жамбыл облысының 2011-2015 жж. даму бағдарламасы (2011 ж.

18 тамызда №38-3 облыстық мәслихаттың шешімімен бекітілген). – Жам-

был, 2011.

2. Қазақстанның су ресурстарын басқарудың Мемлекеттік бағдарла-

масы (2014 ж. 4 сәуірде ҚР Президентінің №786 Қаулысымен бекітілген). –

Астана, 2014.

Түйін

Мақалада Жамбыл облысындағы су саласының жағдайы және ауыл

шаруашылығы өндірісінің өнімділігін арттыру шаралары қарастырылған.

Резюме

Расматриваются состояние орошаемого земледелия Казахстана и

меры по повышению продуктивности сельскохозяйственного производства.

Summary

Input a word in the article the condition of irrigated agriculture of Kazakh-

stan and measures to increase agricultural productivity.

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

_______________________________________________________ Жаршы, №11-12 – 2016 62

ӘОЖ 631.67

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПАНФИЛОВ АУДАНЫНЫҢ ЖАҒДАЙЛАРЫ ҮШІН ТАМШЫЛАТЫП СУАРУ ӘДІСІН

ПАЙДАЛАНУ БАРЫСЫНДА АЛМА БАҒЫН СУАРУ ТӘРТІБІН ЖАСАУ

С.М. ҚАЛДАРОВА, техника ғылымдарының кандидаты,

А.А. БАТЫРБАЕВ, ІІІ категориялы конструктор,

Т.А. РАСМАНБЕТОВ, К.Е. ЖАБАЕВ, ІІ категориялы

конструкторлар

«Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

e-mail: [email protected]

Түйінді сөздер: суару тәртібі; суару мөлшері; суару мерзімі; ауыл шаруашы-

лығы дақылы; эвапотранспирация; пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК); там-шылатып суару.

Аумақтың климатына тән ерекшеліктерге күншуақтылық, құрғақшы-

лық және континенталдық жатады. Топырақтың күндіз күнмен қарқынды

жылынуы және түнде оның айтарлықтай салқындауы жылдың жылы кезе-

ңіндегі тәуліктік температуралардың үлкен ауытқуларын айқындайды. Кли-

маттың континенталдығы бір маусымның келесі маусымға өту кереғарлы-

ғының (контрастность) себепшісі болады. Тұрақсыз суық қыс құрғақ, жылы

көктемге тез өтеді, көп ұзамай көктем ыстық, құрғақ жазға ауысады.

Шілденің орташа температурасы +24,0оС, абсолюттік максимумы +41

оС.

Зерттелген аумақтағы қыс, әдетте, қарашаның екінші онкүндігінен

басталады. Қысқы кезең тұрақсыз болып келеді, елеулі суықтар

жылымықтарға ауысады. +5оС-қа дейін жететін оң температура да сирек

болмайды. Желтоқсанның бірінші онкүндігінде айқындалатын тұрақты қар

жамылғысының биіктігі 20-30 см-ге жетеді. Қаңтар айының ең төмен

орташа айлық температурасы -8,9оС, абсолюттік минимумы -42

оС.

Көптеген ауыл шаруашылығы дақылының өніп-өсу кезеңінде 100-

190 мм жауын-шашын түседі. Олардың ең жоғары мөлшері сәуір-мамыр ай-

ларында байқалады. Жаз өте құрғақ, жауын-шашынның ең төмен мөлшері

жаздың аяғында, күздің басында түседі. Жаркент метеостанциясы бойынша

орташа көпжылдық климаттық көрсеткіштер 1-кестеде көрсетілген.

Топырағы. Қазақстан Республикасы жер қорының табиғи-ауыл ша-

руашылығы аудандастырылуы бойынша массивтің аумағы топырағы кәдім-

гі сұр болатын, тау бөктерлі-шөлді-далалы аймақтың Оңтүстік Қазақстан

провинциясына жатады.

Массивтің топырақ жамылғысы үлкен алуантүрлілікпен ерекшелен-

бейді, мұнда топырақтың келесі типтері таралған: кәдімгі сұр топырақ, шал-

ғынды сұр топырақ. Механикалық құрамы бойынша ауыр саздаққа және

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №11-12 – 2016 _______________________________________________________ 63

малта тастары болатын жеңіл сазға жатады. Мұндай топырақтардың капил-

лярлығы жоғары, өсімдік сіңіре алатын ылғал қорының болуымен, ылғалды

елеулі ұстап қалу қабілетімен сипатталады, сонымен қатар сүзілу қабілеті

өте төмен болады.

1. Жаркент метеостанциясы бойынша негізгі орташа көпжылдық климаттық

көрсеткіштер

Көрсеткіші Айы

Жыл I II III IV V VI VII VIII IX X XI XII

Ауаның салыс-

тырмалы ыл-

ғалдылығы, %

76 75 65 50 49 49 51 50 51 59 71 77 60

Ауаның темпе-

ратурасы, оС -8,9 -5,7 3,5 12,8 18,1 22,2 24 22,8 17,4 9,9 0,9 -5,9 9,3

Атмосфералық

жауын-шашын,

мм

12 11 13 17 20 24 22 12 11 13 16 13 184

Ыза суы 3 м төмен тереңдікте орналасады және олар көмір қышқыл-

ды агрессияға ие.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын суару тәртібінің негізгі элементте-

рі: суару нормасы – бір гектарға шаққандағы өсімдікке өніп-өсу кезеңінде

қажет болатын судың мөлшері, суару мөлшері – бір гектарға шаққандағы

бір суаруда өсімдікке берілетін судың мөлшері, суару мерзімдері мен саны.

Су тұтыну жиынтығы және суару мөлшері. Су тұтыну жиынтығы

(эвапотранспирация) – өніп-өсу кезеңінде топырақ бетінен булануға және

өсімдіктің транспирациясына кететін танаптағы судың жалпы шығыны. Су

тұтынуы өсімдіктердің топырақтан алатын ылғал қорынан, өніп-өсу кезе-

ңіндегі атмосфералық жауын-шашыннан, ыза суының (жер бетіне жақын

орналасқан жағдайда) капиллярлық толықтыруынан және суарма суынан

құралады.

Эвапотранспирация (су тұтыну жиынтығы) биоклиматтық әдіспен

мына формула бойынша анықталады:

ЕТcrop=КоКв ЕТ0, (1)

мұндағы ЕТcrop – ауыл шаруашылығы дақылының эвапотранспирациясы,

м3/га;

Ко – микроклиматтық коэффициент;

Кв – өсімдіктің ролін сипаттайтын биологиялық коэффициент;

ЕТ0 – уақыттың айлық интервалындағы буланғыштық, Н.Н. Иванов-

тың формуласымен анықталады:

Е=0,018(25+t)2×(100-а), м

3/га, (2)

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

_______________________________________________________ Жаршы, №11-12 – 2016 64

мұндағы t – ауаның температурасы, оС;

а – ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, %.

Суару мөлшері ауыл шаруашылығы дақылының эвапотранспирация-

сы мен осы дақылдың табиғи ылғалмен қамтамасыз етілуі арасындағы

айырма ретінде анықталады. Ыза суы терең (3 метрден асатын) орналасқан

және топырақтары тұзданбаған суармалы жерде бұл көрсеткіштің мәні мы-

на тәуелділікпен анықталады:

М= ЕТcrop - Wa - Pef, (3)

мұндағы М – ыза суы терең (>3 м) орналасқан және тұзданбаған топырақ-

тардағы суару мөлшері (нетто), м3/га;

ETcrop – ауыл шаруашылығы дақылының эвапотранспирациясы, м3/га;

Wa – өсімдіктер пайдаланатын топырақ ылғалының өнімді қоры, м3/га;

Pef – өніп-өсу кезеңінде түскен атмосфералық жауын-шашын, м3/га.

Суару мерзімдері әр түрлі әдіспен анықталады: топырақтың ылғалды-

лығы бойынша, өсімдіктің даму фазалары мен кезеңдері бойынша, метеоро-

логиялық көрсеткіштерді пайдаланатын есептік биоклиматтық әдіс бойын-

ша және т.б.

Суару тәртібі алма бағының мысалында қарастырылған және аумақ-

тың табиғи ылғалдануы (табиғи ылғалдану коэффициенті Ку=0,13) [3]

ескеріліп, ыза суы терең (≥3 м) орналасқан, топырақтары автоморфты ор-

таша саздақ болатын, сумен әр түрлі қамтамасыз етілуіне (50, 75, 95%)

Алматы облысы Панфилов ауданының агроклиматтық аймағы үшін жасал-

ған.

1. Алма бағының суару мөлшері 2008 ж. 4 тамызда ҚР СРК №138

Бұйрығымен бекітілген «Отраслевые нормативы удельных затрат воды при

регулярном и лиманном орошении по ВХБ РК» [4] сәйкес қабылданды (2-

кесте).

2. Алма бағына арналған суару мөлшерінің (брутто-танап) нормативтік мәндері

Ку Суарылатын дақыл Өсу ықтималдығының деңгейі, %

50 75 95

Өлшенген орташа суару мөлшері брутто-танап, м3/га

0,10-0,15 Алма бағы 8 150 9 100 10 450

Нормативтерде суару мөлшері суды танапта пайдалану коэффициен-

тінің ηполя [4] өлшенген мәндері ескеріліп анықталды.

Алматы облысы үшін бұл коэффициенттің мәні ηполя=0,76 деп қабыл-

данды, осы мәнді пайдаланып, тамшылатып суаруды пайдалану барысында,

яғни ПӘКкап ор = 0,95 [5] болған кездегі нетто суару мөлшері және брутто-

танап суару мөлшері есептеледі (3-кесте).

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №11-12 – 2016 _______________________________________________________ 65

3. Алма бағына арналған тамшылатып суаруды пайдалану барысындағы

нетто және брутто-танап суару мөлшерінің мәндері

Ку Суарылатын дақыл Өсу ықтималдығының деңгейі, %

50 75 95

Суару мөлшері, нетто, м3/га

0,10-0,15 Алма бағы 6 190 6 900 7 950

Тамшылатып суаруды пайдалану барысындағы суару мөлшері, брутто, м3/га

0,10-0,15 Алма бағы 6 520 7 280 8 360

2. Нормативтерде [4] қабылданған суару мөлшері жер бетімен суару

жағдайына арнап есептелген, ылғалдану ауданының коэффициенті Кк.о=1.

Тамшылатып суаруды пайдаланған кезде суарылатын учаскенің [7]

ылғалдануы жергілікті (нүктелік) сипатқа ие болады. Алма бағын отырғы-

зудың 1 м×3,5 м сұлбасы бойынша Кк.о коэффициентінің мәні 0,67-ге тең бо-

лады [5]. Ылғалдану ауданының коэффициенті ескерілген суару мөлшерінің

мәндері 4-кестеде көрсетілген.

3. Нормативтерде [4] қабылданған суару мөлшері тамыр жүйесі толық

қалыптасқан, жеміс беретін бақ үшін есептелген. Қарқынды бақ жағдайын-

да ағаштың тамыр жүйесі толық көлемде өніп-өсудің 4 жылынан бастап қа-

лыптасады.

4. Ылғалдану ауданыгың коэффициенті ескерілген суару мөлшерінің мәндері

Ку Суарылатын дақыл Өсу ықтималдығының деңгейі, %

50 75 95

Суару мөлшері, нетто, м3/га

0,10-0,15 Алма бағы 4 150 4 620 5 330

Тамшылатып суаруды пайдалану барысындағы суару мөлшері, брутто, м3/га

0,10-0,15 Алма бағы 4 370 4 880 5 600

Отырғызғаннан кейінгі алғашқы үш жылда тамыр жүйесінің көлемі

біртіндеп өседі, сондықтан топырақтың есептік ылғалдану қабаты және суа-

ру мөлшері нормативтік мәндерден төмен болады (5-кесте).

5 . Тамшылатып суаруды пайдалану барысындағы суару мөлшері, брутто, м3/га

Ку Суарылатын дақыл Өсу ықтималдығының деңгейі, %

50 75 95

Өніп-өсудің I-II жылдары

0,10-0,15 Алма бағы 3 280 3 660 4 200

Өніп-өсудің III жылы

0,10-0,15 Алма бағы 3 930 4 390 5 040

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

_______________________________________________________ Жаршы, №11-12 – 2016 66

Өніп-өсудің бірінші жылында көшеттерді отырғызған соң олардың

жақсы өсіп кетуі және тамырлануы үшін 3-4 рет суару қажет.

4. Суару тәртібі ұғымына өсімдік үшін топырақтың үйлесімді ылғал-

дылығын қамтамасыз ететін, дақылдың жалпы су тұтынуын, суару мөлше-

рін, суару мерзімдері мен санын анықтау жатады.

Тамшылатып суару жағдайында суару тәртібі өніп-өсу кезеңіндегі ал-

ма бағының онкүндік су тұтыну тапшылығына (ішкі вегетациялық таралуы)

байланысты. Ауыл шаруашылығы дақылдарының суару мөлшерінің тара-

луы вариациялық-статистикалық әдістің негізінде, алмалардың даму жыл-

дары бойынша қамтамасыз етілуі әр түрлі жылдар (50, 75, 95%) үшін жасал-

ды.

6-кестеде алма бағындағы алма ағаштарының даму жылдары бойын-

ша қамтамасыз етілуі әр түрлі жылдар (50, 75, 95%) үшін, суару мөлшерінің

онкүндікті ішкі вегетациялық таралуы келтіріледі.

6. Алма бағы үшін суару мөлшерінің онкүндік бойынша таралуы

Қа

мта

ма

сыз

етіл

уі,

% Мамыр Маусым Шілде Тамыз Қыркүйек

Ба

рл

ығы

I II III I II III I II III I II III I II

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16

Суару мөлшерінің маусым ішінде онкүндік бойынша таралуы, %*

50

0

3

4

6

8

10

12

13

12

11

9

7

5

0

10

0

75

2

4

5

6

8

9

10

11

10

9

8

7

6

5

10

0

95

0

4

5

7

8

10

11

12

11

9

8

6

5

4

10

0

Өніп-өсудің I-II жылы, м3/га

50

0

98

,4

13

1,2

19

6,8

26

2,4

32

8

39

3,6

42

6,4

39

3,6

36

0,8

29

5,2

22

9,6

16

4

0

3 2

80

75

73

,2

14

6,4

18

3

21

9,6

29

2,8

32

9,4

36

6

40

2,6

36

6

32

9,4

29

2,8

25

6,2

21

9,6

18

3

3 6

60

95

0

16

8

21

0

29

4

33

6

42

0

46

2

50

4

46

2

37

8

33

6

25

2

21

0

16

8

4 2

00

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №11-12 – 2016 _______________________________________________________ 67

6-кестенің соңы

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16

Өніп-өсудің III жылы, м3/га

50

0

11

7,9

15

7,2

23

5,8

31

4,4

39

3

47

1,6

51

0,9

47

1,6

43

2,3

35

3,7

27

5,1

19

6,5

0

3 9

30

75

87

,8

17

5,6

21

9,5

26

3,4

35

1,2

39

5,1

43

9

48

2,9

43

9

39

5,1

35

1,2

30

7,3

26

3,4

21

9,5

4 3

90

95

0

20

1,6

25

2

35

2,8

40

3,2

50

4

55

4,4

60

4,8

55

4,4

45

3,6

40

3,2

30

2,4

25

2

20

1,6

5 0

40

Келесі өніп-өсу жылдары, м3/га

50

0

13

1,1

17

4,8

26

2,2

34

9,6

43

7

52

4,4

56

8,1

52

4,4

48

0,7

39

3,3

30

5,9

21

8,5

0

4 3

70

75

97

,6

19

5,2

24

4

29

2,8

39

0,4

43

9,2

48

8

53

6,8

48

8

43

9,2

39

0,4

34

1,6

29

2,8

24

4

4 8

80

95

0

22

4

28

0

39

2

44

8

56

0

61

6

67

2

61

6

50

4

44

8

33

6

28

0

22

4

5 6

00

*Ескерту: Суару мөлшерінің онкүндік бойынша таралуы (%)ұсыныстар5а [3] сәйкес

қабылданды.

Тамшылатып суару тәртібі су тұтыну тапшылығының сумен қамтамасыз етілуінің 95%-

дық жылы бойынша, ең шиеленіскен жыл үшін температураға қатысты есептеледі [6].

7. Алматы облысы Панфилов ауданы Айдарлы ауылдық округіндегі СКО жеміс бағының

№4 сорғы станциясы бойынша суарма суына деген қажеттілік есебі

Ау

ыл

ша

руаш

ыл

ығы

дақ

ыл

ы

Ау

дан

ы, га

Суару мөлшері,

брутто-танап,

м3/га

Танапқа берілетін судың

көлемі, м3

Су

ар

у ж

үй

есін

ің П

ӘК

Алынатын судың көлемі, м3

50% 75% 95% 50% 75% 95% 50% 75% 95%

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12

Өніп-өсудің I жылы

Алма

бағы 438 3280 3660 4200 1436640 1603080 1839600

0,98

1465959,18 1635795,92 1877142,86

Өніп-өсудің І

жылындағы өсіп-даму

суаруы

250 300 350 109500 131400 153300 111734,694 134081,63 156428,57

Барлығы: 1546140 1734480 1992900 1577693,88 1769877,55 2033571,43

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

_______________________________________________________ Жаршы, №11-12 – 2016 68

7-кестенің соңы

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12

Өніп-өсудің II жылы

Алма бағы

438 3280 3660 4200 1436640 1603080 1839600 0,98 1465959,18 1635795,92 1877142,86

Өніп-өсудің III жылы

Алма

бағы 438 3930 4390 5040 1721340 1922820 2207520 0,98 1756469,39 1962061,22 2252571,43

Келесі өніп-өсу жылдары

Алма

бағы 438 4370 4880 5600 1914060 2137440 2452800 0,98 1953122,45 2181061,22 2502857,14

5. Суарма суына деген қажеттіліктің есебі бастапқы мәліметтер бо-

йынша есептеледі, яғни әр танаптың ауданы, суару мөлшері (брутто-танап)

бойынша танапқа берілетін судың көлемі анықталады. Алынатын судың кө-

лемі суару желісінің ПӘК-ін ескеріп анықталады (7-кесте).

Қорытынды

1. Суару тәртібі деген – өсімдікке ылғал жеткізудің ең қолайлы жағ-

дайларын қамтамасыз ететін суару мөлшері, мерзімдері мен суару санының

жиынтығы.

2. Суару тәртібі топырақта үйлесімді су, ауа және осыларға байланыс-

ты болатын қоректілік пен жылу режимдерін қамтамасыз етуге тиіс, соны-

мен қатар ыза суының көтерілуіне және топырақтардың тұздануына жол

бермеуі керек.

3. Бау-бақша шаруашылығы үшін тамшылатып суару жүйесі ең оң-

тайлы болып табылады. Бұл әдістің артықшылығы топырақтың су, қоректік

және ауа режимдерін реттестіру мүмкіндігі болып табылады.

4. Тамшылатып суару көшеттерді отырғызған соң көп ұзамай, қалың

және талшықты тамыр жүйесінің дамуына, ағаштың жер бетіндегі бөлікте-

рінің қарқынды өсуіне және алманың сортына байланысты тез арада (3-4

жылда) қарқынды жеміс беруге септігін тигізеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Ибатуллин С.Р., Кван Р.А., Парамонов А.И., Балгабаев Н.Н. Нор-

мирование орошения в водохозяйственных бассейнах Казахстана. – Тараз,

2008. – 122 с.

2. Ибатуллин С.Р., Кван Р.А., Парамонов А.И., Цхай М.Б., Калдаро-

ва С.М. Рекомендации по эффективному использованию водных ресурсов

на орошение сельскохозяйственных культур в агроформированиях (для юж-

ного региона). – Тараз: КазНИИВХ, 2005.

3. Кван Р.А., Вышпольский Ф.Ф., Парамонов А.И., Жданов Г.Н., Ма-

гай С.Д., Баранов Р.Н. Оросительные нормы сельскохозяйственных культур

в Казахстане (рекомендации). – Джамбул: КазНИИВХ, 1989. – 75 с.

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №11-12 – 2016 _______________________________________________________ 69

4. Отраслевые нормативы удельных затрат воды при регулярном и

лиманном орошении по водохозяйственным бассейнам Республики Казах-

стан. Нормативно-методическое обеспечение развития отраслей Агропро-

мышленного комплекса / КазНИИВХ. – Астана, 2008. – 71 с.

5. Отчет о НИР по бюджетной программе 238 «Регулирование

использования и охраны водного фонда, обеспечение функционирования

водохозяйственных систем и сооружений» подпрограмме 103 «Охрана и

рациональное использование водных ресурсов» по теме «Разработка

укрупненных норм водопотребления и водоотведения» (заключительный). –

2015. – 286 с.

6. Ресурсосберегающие энергоэффективные экологически безопас-

ные технологии и технические средства орошения: справ. – М.: ФГБНУ

«Росинформагротех», 2015. – 264 с.

7. Система капельного орошения: Инновационный патент РК

№28782 / Калашников А.А., Жарков В.А., Ангольд Е.В., Мамучев Р.А., Кал-

дарова С.М. Заявитель и патентообладатель ТОО «Казахский научно-

исследовательский институт водного хозяйства» №2013/1469.1; заявл.

31.10.2013; опубл. 15.08.2014. Бюл. №8.

Түйін

Тиімді суару тәртібі ауыл шаруашылығы дақылдарының өніп-өсу ке-

зеңі бойы суды тұтынуының үйлесімді жағдайларын тудырады. Суару тәр-

тібі топырақты ылғалдандыру тереңдігін, топырақтың үйлесімді ылғалды-

лығының жоғарғы және төменгі шегін анықтайды. Суару тәртібі өсімдіктің

биологиялық ерекшеліктеріне, суарылатын учаскенің климаттық, топырақ-

тық және гидрогеологиялық жағдайларына, суару әдістері мен техникасына

сәйкес есептеп анықталады.

Резюме

Рациональный режим орошения создает оптимальные условия водо-

потребления сельскохозяйственных культур в течение вегетации. Режим

орошения определяет глубину увлажнения почвы, верхнюю и нижнюю гра-

ницы оптимальной влажности почвы. Режим орошения устанавливают рас-

четным путем в соответствии с биологическими особенностями растений,

климатическими, почвенными и гидрогеологическими условиями орошае-

мого участка, способом и техникой полива.

Summary

Rational irrigation mode creates optimum conditions of water consumption

of crops during vegetation. Irrigation mode determines depth of soil moistening,

the top and bottom of optimum soil moistening. Irrigation mode determines by

calculation according to biological features of plants, climatic, soil and hydrogeo-

logical conditions of the irrigable zone, irrigation method and technology.

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

_______________________________________________________ Жаршы, №11-12 – 2016 70

ӘОЖ 631.67

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА АҒАШ-СҮРЕКТІ ЖӘНЕ БҰТАЛЫ ӨСІМДІКТЕРДІ ЖЕР АСТЫ СУАРУҒА

АРНАЛҒАН ТЕХНОЛОГИЯНЫ ӘЗІРЛЕУ

И.Р. ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА, Б.М. КҮРТЕБАЕВ, ауыл

шаруашылығы ғылымдарының магистрлері, Р.А. МАМУЧЕВ,

ІІ дәрежелі конструктор, Н.К. РЫСМАХАНОВ,

М.Д. КИЦЕНКО, ІІІ дәрежелі конструкторлар

«Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС e-mail: [email protected]

Түйінді сөздер: жер астымен суару; жер астымен суару жүйесі және құрыл-

ғысы; көшет; суару мөлшері; тыңайтқыштарды беру мөлшері; көшеттерді

орналастыру схемасы.

Жамбыл облысының климаты континенталдығымен сипатталады, қы-

сы жылы, көктемі ылғалды, жазы ыстық, күзі жылы және құрғақ. Жамбыл

облысы метеостанциясының көрсеткіші бойынша, орташа жылдық ауа тем-

пературасы +6,9 – +9,5°С; 10°С-тан асатын оң температуралардың жиынты-

ғы 3 300-3 400°С құрайды.

Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 250-330 мм, соның ішін-

де 128-172 мм жылдың жылы мезгілдерінде (IV-IX) жауады. Жылдың аяз-

сыз кезеңі 150-180 күнге жетеді. Көктемгі суық сәуір айының үшінші он-

күндігінде аяқталып, күзгі суық қыркүйек айының үшінші және қазан айы-

ның бірінші онкүндігінде басталады. Технология тау етегіндегі шөлейт ай-

мақтарға арнап әзірленді, Ку=0,20.

Ағаш, жидек және басқа да дақылдардың көшетін өсіру үшін жер ас-

тымен суару технологиясына арналған жер астымен суару жүйесі дайын-

далды (№30068 инновациялық патенті) [1, 2].

Жер астымен суару жүйесінде көшеттерді оңтайлы су мен қоректік

режимдермен қамтамасыз ету, сондай-ақ сапалы көшет тамыр жүйесінің қа-

лыптасуына және өсімдіктердің алаң бірлігінде мол өсіп-шығуына ықпал

ететін арнайы құрылғыларда тығыз орналастыру схемасы пайдалана оты-

рып орналастырылды.

Жер астымен суару жүйесі (1, а-суреті) сумен жабдықтау көзінен 1,

сорғы стансасынан 2, жеткізу 3, тарату 4 мен суару 5 құбыры желілерінен

және көшеттерді жер астымен суару құрылғысынан (1, б-сурет) тұрады.

Суару құбыры желілерінің ұзындығы көшеттерді орналастыру схемасына

сәйкес.

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №11-12 – 2016 _______________________________________________________ 71

Жер астымен суару құрылғысы (1, б-сурет) себеттен 7, су құятын 9

және шығаратын 10 тесіктері бар суару түтігінен 8 тұрады. Себетте топырақ

11 және көшет 12 болады, ал түтіктің су шығаратын тесіктерін қажет болған

жағдайда бітеуішпен бекітіп қояды.

а) б)

1-сурет. Жер астымен суару жүйесі (а) және құрылғысы (б)

Жер астымен суару жүйесі мен құрылғысының жұмысы төмендегідей

[3-5]. Су сумен жабдықтау көзінен сорғы стансасына жеткізу және тарату

құбыр желілері арқылы жеткізіледі, ары қарай суару құбырларымен жер ас-

тымен суару құрылғыларының түтікшелеріне барып құйылады. Топырақта

оңтайлы су мен қоректік режимдерін жасау үшін себетке орналастырылған

көшетті суару үдерісі іске асырылады. Тамыр жүйесінің қалыптасуы аяқ-

талғаннан кейін көшет себетімен және жер астымен суаруға арналған құ-

бырларымен бірге ашық жерге отырғызылады. Сонымен қатар, көшеттерді

жер астымен суаруда қолданылған түтіктер суару элементі ретінде пайдала-

нылып, суару мен тарату желісіне жалғанады. Көшет орналастыру ағаш

отырғызу схемасына сәйкес жүзеге асырылады.

ҚазСШҒЗИ тәжірибелік-өндірістік учаскесінде тәжірибелік сынау

үшін жеміс ағаштарының көшеттерін жер астымен суару жүйесі жасалды

(2-сурет).

Жер астымен суару жүйесінің артықшылықтары мынадай:

жер астымен суаруға арналған себетте орналасқан түтікшелерді ве-

гетациялық суаруда пайдалану, сондай-ақ суару суымен тыңайтқыш, ми-

кроэлементтерді және биостимуляторларды беру мүмкіндігі;

тамыр жүйесі қалыптасқан көшеттерді себетте жер астымен суару

жүйесімен бірге ашық топыраққа орналастыру мүмкіндігі;

жер астымен суару жүйесінде суару элементі ретінде пайдаланылған

түтіктермен көшеттерді көшеттіктен алқапқа орналастырғанда ашық топы-

рақта суару мүмкіндігі.

Жер астымен суару жүйесі мен құрылғысы себетте орналасқан көшет

матералдарын көшеттікте тығыз орналастыру өсімдіктердің алаң бірлігінде

мол өсіп шығуына ықпал етеді. Сол себепті, себеттерде орналастыру көшет-

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

_______________________________________________________ Жаршы, №11-12 – 2016 72

тікте құнарлы топырақ қоспаларының қажетті мөлшерін қысқартады, еңбек

шығынын төмендетеді, еңбек жағдайын жақсартады және т.с.с.

2-сурет. Жеміс ағаштарының көшеттерін жер астымен суару жүйесі

Жер астымен суару жүйелерінде неміс технологиясы бойынша да-

йындалған «Қазкаучук» ЖШС-нің (Қызылорда қ.) кеуекті құбыршектері

пайдаланылған.

Жер астымен суаруда жеміс ағаштарын өсіру технологиясы мынадай

бөліктерден тұрады:

1. Топырақты дайындау.

2. Көшеттермен және жер астымен суару элементтерімен жабдық-

талған себеттерді суару жүйесінде тығыз отырғызу схемасы бойынша орна-

ластыру.

3. Суару жүйесін жер астымен суару элементтерімен жабдықталған

себетті жалғау арқылы жер астымен суару жүйесін жинақтау (монтаж).

4. Қоректендіру және суару.

5. Арамшөптерге, зиянкестер мен ауруларға қарсы күрес.

6. Көшеттері бар себеттерді қазып алып, оларды жеміс бағы үшін қа-

былданған схемаға сәйкес қолдану.

Топырақты дайындау оны мәденилендіруге қажетті жұмыстардан тұ-

рады, сондай-ақ қажет болған жағдайда жоспарлау және жер жырту, сон-

дай-ақ органикалық және минералды тыңайтқыштарды енгізу қарастырыл-

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №11-12 – 2016 _______________________________________________________ 73

ған. Ары қарай себеттерге арналған шұңқырды қазу, көшеттермен және жер

астымен суару элементтерімен жабдықталған себеттерді суару жүйесінде

тығыз отырғызу схема бойынша орналастырылады және суару жүйесін жер

астымен суару элементтерімен жабдықталған себетті жалғау арқылы жер

астымен суару жүйесіне жинақтайды.

Жер астымен суару учаскесін суару кезінде топырақ ылғалдылығы

70-80% шамасында болуы қажет. Тәуліктік суару мөлшері климаттық жағ-

дайы мен топырақтың ылғалдылық деңгейіне қарай 35-130 м3/га аралығын

құрайды. Су шығыны су есептегіштің көрсеткішімен тіркеліп отырды.

Жас баққа органикалық тыңайтқыштар ағаштардың тамыр жүйесінің

діңгегінде бес сантиметрлік өскін пайда болған кезде беріледі.

Жас бақтағы минералды тыңайтқыштардың мөлшері N, Р2О5 және

K2O 60-90 кг/га тұрады. Аммоний нитратын маусымның басында ағаш

отырғызу кезінде құрғақ түрде қоректендіру ретінде бір рет және жаз бойы

жер асты суару жүйесі арқылы тамырына 10 л суға 25-30 г мөлшерінде ері-

тінді күйінде екі-үш рет береді. Болжамды бүрлену кезінде «Novalon» пре-

параты 500-1000 л/га мөлшерінде беріледі. Суару суымен «Байкал ЭМ-1»

препараты бірнеше рет беріледі [6].

Жас көшеттікті аурулар мен зиянкестерге қарсы бүрку бүкіл өніп-өсу

кезеңінде өткізіледі.

Жемісті көшеттерді өсіру кезінде жер асты суару технологиясын сақ-

таған жағдайда өніп-өсу кезеңінде өсімдіктер мен олардың тамыр жүйелері-

нің өсуі және дамуы үшін жақсы жағдай байқалды.

Жер астымен суару кезінде алма ағашының тамыр жүйесі неғұрлым

жинақы болып табылады. Кемінде диаметрі 1 мм болатын түбір түкті фрак-

цияларының жалпы ұзындығының массасы атыз бойымен суарылған тамыр

жүйелерімен пайыздық мөлшермен салыстырғанда көбірек.

Жер астымен суару өткізгіш түктерінің артықтығы арқасында жер бе-

тіндегі бөлігінің белсенді өсуіне ықпал етеді. Жер астымен суаруда өсіріл-

ген ағаштардың биіктігі жер бетімен суарылған көшеттерден 8,6%-ға биік.

Жер астымен суару учаскесіндегі ағаштарда қалыптасқан бұтақтардың саны

5-6 данадан артық, ал жер бетімен суару учаскесіндегілер 3-4 данадан ас-

пайды. Жапырақ бетінің ауданы бірдей болғанымен (0,8-0,88 м2), жер асты-

мен суару учаскесінде жапырақтардың бет ауданы үлкен (30,6 см2

дейін),

сондай-ақ олардың саны (171 дана) жер бетімен суарылатын учаскедегі ал-

ма ағаштарының жапырақ санынан (288 дана) азырақ.

Жер астымен суару технологиясын тамыр жүйесінің сапасын арттыру

үшін және бір ауданда тығыз отырғызу арқылы орналастырылған көшет са-

нын арттыру үшін көшеттіктерде енгізуге ұсынуға болады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Пат. №2532339 Российская Федерация. Способ капиллярного оро-

шения / Петренко Л.П.; заявитель и патентообладатель Петренко Л.П. –

№2013136937/13; заявл. 06.08.2013; опубл. 10.11.2014. Бюл. №31.

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

_______________________________________________________ Жаршы, №11-12 – 2016 74

2. Церлинг В.В. Диагностика питания сельскохозяйственных культур:

Справочник. – М.: Агропромиздат, 1990. – 235 с.

3. Enciso-Medina J., Unruh B.L., Henggeler J.C., Multer W.L. Effect of

row pattern and spacing on water use efficiency for subsurface drip irrigated

cotton // Transactions of the ASAE. – 2002. – Vol. 45, issue 5. – Р. 1397-1404.

4. Finger L., Wang Q.J., Malano H., Chen D., Morris M. Productivity and

water use of grazed subsurface drip irrigated perennial pasture in Australia //

Irrigation science. – 2015. – Vol. 33, issue 2. – Р. 141-152.

5. Lamm F.R., Manges H.L., Stone L.R., Khan A.H., Rogers D.H. Water

requirement of subsurface drip-irrigated corn in northwest Kansas // Transactions

of the ASAE. – 1995. – Vol. 38, issue 2. – Р. 441-448.

6. Parvizi H.; Sepaskhah A.R. Effect of drip irrigation and fertilizer regi-

mes on fruit quality of a pomegranate (Punica granatum (L.) cv. Rabab) orchard

// Agricultural water management. – 2015. – Vol. 156. – Р. 70-78.

Түйін

Жер астымен суару әр түрлі конструкциялы гидробұрғылардың көме-

гімен немесе тұрақты жерге орнатылған перфорацияланған полиэтилен құ-

бырларынан құралған ылғалдандырғыштардың көмегімен іске асырылады.

Жер астымен суару әдісін қолданғанда, минералды тыңайтқыштарды топы-

раққа суару суымен қоса береді.

Резюме

Внутрипочвенное орошение осуществляют с помощью гидробуров

разнообразных конструкций или уложенных стационарно в почву увлажни-

телей из перфорированных полиэтиленовых труб. При внутрипочвенных

способах орошения минеральные удобрения подают в почву с водой при

поливе.

Summary

Subsurface irrigating is carry out by means of hydraulic drills of various

constructions or moisturizers made from the perforated polyethylene pipes are

laid stationary to the soil. At subsurface irrigating ways, mineral fertilizers give

to the soil with water along with watering.

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

Жаршы, №11-12 – 2016 _______________________________________________________ 75

ӘОЖ 636.22/28.082

ӘУЛИЕКӨЛ, ШАРОЛЕ ТҰҚЫМДАРЫНЫҢ ТӨЛІН ЕНЕСІНЕН АЖЫРАТҚАНҒА ДЕЙІН ЖАЙЫЛЫМДА

ЖЕМ БЕРІП ӨСІРУ НӘТИЖЕЛЕРІ

О.В. ДАНИЛЕНКО, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты,

Қ.Ж. АМАНЖОЛОВ, М.В. ТАМАРОВСКИЙ, ауыл шаруашылығы

ғылымдарының докторлары

«Қазақ мал шаруашылығы және мал азығы өндірісі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

е-mail: [email protected]

Түйінді сөздер: ірі қара мал; әулиекөл, шароле тұқымдары; бұзау; жем беріп

өсіру.

Әлемдік тәжірибеде етті ірі қара мал тұқымдарын 3 категорияға бө-

леді: майда, орташа және ірі. Майда тұқымға галловей жатады. Бұл тұқым-

ның ет өндірісінде маңызы шамалы. Ірі сиырларының тірілей салмағы 400-

420 кг аралығында, ал бұқаларының тірілей салмағы 600-650 кг құрайды.

Қазақстанда галловей сиыры негізінен экстенсивті жағдайда таулы

және тау бөктері жайылымдарында өсіріледі. Қазақстанның жағдайында

кең таралған ірі қара мал тұқымы – отандық қазақтың ақбас сиыры, ангус

және герефорд. Етті тұқымға жататындар – әулиекөл, шароле және лиму-

зин.

Әулиекөл сиыры соңғы жылдары мол сұранысқа ие, сондықтан осы

тұқым Қазақстанның барлық аймағында кең тараған. Оның қазақтың ақбас

сиыры тұқымынан айырмашылығы оның қарқынды өсуінің ұзақтылығында.

Сондықтан бұл тұқымды қарқынды, орташа қарқынды және экстенсивті

жағдайда өсіру өте тиімді. ҚР АШМ мәліметі бойынша, республикалық Әу-

лиекөл сиыры палатасында 40 мыңнан астам асыл тұқымды мал тіркелген.

Етті ірі қара мал тұқымының түрін көбейтуде ірі қара мал тұқымының

жеке ерекшеліктері мен әр түрлі аймақта өсіру, жетілдіру, бордақылау және

жайып семірту технологиясын енгізу басты роль атқарады.

Осыған байланысты, Қазақстанның солтүстік аймағында төлді әр түр-

лі жағдайда ұстау мен азықтандырудың (енесінен ажыратқанға дейін бірге

ұстап) маңызы зор. Тәжірибе «Диев» ЖШС агрофирмасында, әулиекөл же-

текші асыл тұқымды табынында жүргізілді. Бұл жерде 2,5 мыңнан астам әу-

лиекөл тұқымының асыл тұқымды малы, Канададан әкелінген 420 бас ша-

роле тұқымы және олардан алынған төл шоғырланған. Агрофирма жағда-

йында табынды ұдайы өсіру технологиясы бойынша әулиекөл мен шароле

тұқымдарының негізінен маусымдық – турлық бұзаулауы (ақпан және нау-

рыз айларында) жүзеге асырылады. Сиырдың бұзаулауы ангар типтес сиыр

қорада жүргізіледі. Бұл ангар қоралар 2×3 м торлармен жабдықталған. Қо-

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

_______________________________________________________ Жаршы, №11-12 – 2016 76

раға сиыр бұзаулауға 7-10 күн қалғанда орналастырылады және бұзаулаған

соң осынша уақыт бұзауымен бірге астына сабан төселген, төсеніштің үс-

тінде жатады. Содан кейін сиырларды бұзауымен бірге үлкен топқа қосады.

Ал бұзауларды сиыр қорада демалдыру және жем беру үшін секцияға

(әр бұзауға 1,5 м2) бөледі. Әр секция шөп, жем, минералды заттар салатын

ақырмен және мал суаратын астаумен жабдықталған. Бұзауларды азықтан-

дыру фронты 30-35 см. Төсеніш әр күні ауыстырылып, сабан қосылып оты-

рады.

Қыста-ерте көктемде бұзаулаған сиырларды екі секцияда қораның

сыртқы алаңында ұстайды. Бұл бұзауларды енесіне жылы күндері режим

бойынша жіберуді қамтамасыз етеді. Қыста-ерте көктемде туған бұзаулар

жайылымға отыққан, жетілген күйінде шығарылады. Бірақ, 5-6 айлығында

енесімен бірге жүрген бұзаулар жайылым шөбінің құрғақ болуына, өнімді-

лігінің азаюына, енесінің сүті азаюына және жасы өскен сайын азыққа деген

сұранысы артады. «Диев» агрофирмасы жағдайында жүргізілген малды ұда-

йы өндіруге байланысты көпжылдық бақылау жоғарыдағы аталған жағдай-

лардың олардың өсуі мен дамуына әсері зор екендігін көрсетті.

Зерттеудің мақсаты – әулиекөл және шароле тұқымы бұзауларының

енесінің сүтін еміп жүрген кезіндегі өсіру технологиясы элементтерін, келе-

шекте олардың генетикалық әлеуетін, тәуліктік қосымша салмағын және

енесінен ажыратқан кездегі тірілей салмағын жоғары кластық талаптар дең-

гейіне жеткізуді қамтамасыз ету.

Тәжірибе зоотехникалық әдістемелерге сәйкес 4 сиыр тобында, жоға-

рыда аталған тәжірибедегі мал тұқымдарына байланысты жүргізілді. Тәжі-

рибеде қатарлас, негізінен қыста және көктемде туған 167 бұзау болды. 2-4

топтағы төлге енесінен ажыратқанға дейін қосымша жайылымнан бөлек,

1,5 кг сұлы-арпа араласқан жем беріліп тұрды, ІІ-ІІІ топтағы төл шаруашы-

лықта қабылданған технология бойынша енесімен бірге болып, ешқандай

жем берген жоқ.

Тәжірибенің нәтижесі кестеде көрсетілген.

Бұзаулардың сүт еміп жүрген кезіндегі өсу динамикасы

Топ, тұқым,

технология Көрсеткіш

Жы

-

ны

сы

Жасына байланысты өсу динамикасы

туған

кезінде

4 айлы-

ғында

6 айлы-

ғында

8 айлы-

ғында

1 2 3 4 5 6 7

I әулиекөл, жем-

сіз, бұқашықтар

(n=28), ұрғашы

бұзаулар (n =26)

Тірілей

салмағы, кг

е 29,3±0,77 127,4±3,2 178,0±3,4 225,2±3,8

ұ 27,5±0,54 119,2±2,7 168,4±3,2 211,5±3,3

Тәуліктік

қосымша

салмағы, г

е - 817 843 787

ұ - 764 820 718

II әулиекөл, жем

берілген, бұқа-

шықтар (n=25),

ұрғашы бұзау-

лар (n= 22)

Тірілей

салмағы, кг

е 29,6±0,66 126,1±3,2 179,2±4,3 240,3±4,5

ұ 27,0±0,58 116,8±3,7 167,3±4,1 223,4±4,3

Тәуліктік

қосымша

салмағы, г

е - 804 885 1 018

ұ - 748 842 935

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

Жаршы, №11-12 – 2016 _______________________________________________________ 77

Кестенің соңы

1 2 3 4 5 6 7

III шароле, жем-

сіз, бұқашықтар

(n =17), ұрғашы

бұзаулар (n =15)

Тірілей

салмағы, кг

е 39,8±0,86 140,8±3,5 192,8±4,2 241,7±4,3

ұ 37,5±0,93 133,0±3,7 183,5±4,0 228,8±4,1

Тәуліктік

қосымша

салмағы, г

е - 842 867 815

ұ - 796 842 755

IV шароле жем

берілген, бұқа-

шықтар (n =18),

ұрғашы бұзау-

лар (n=16)

Тірілей

салмағы, кг

е 38,4±0,80 139,7±3,7 191,6±4,0 254,2±4,1

ұ 37,0±0,65 132,4±3,9 182,9±3,8 240,1±4,0

Тәуліктік

қосымша

салмағы, г

е - 844 865 1 043

ұ - 795 843 953

Шароле тұқымына лайықты, туған кездегі бұзауларының салмағы ірі

болды: бірінші туымнан алынған бұзаулардың орташа салмағы бұқашық-

тарда 39,1 кг және ұрғашы бұзауларда 37,2 кг құрады. Бұл әулиекөл қатар-

ластарынан 9,7 және 10,0 кг көп. 4-6 айлығына дейін өсірілген бұзаулардың

қарқынды өсуінде тәжірибедегі топтар арасында шамалы айырмашылық

болды. Тәуліктік қосымша салмағы бойынша 6 айлық шароле тұқымы бұ-

зауларында бұл көрсеткіштің бұқашықтарда 22 г және ұрғашы бұзауларда

29 г көп болатындығын көрсетті. 6 айлығында әулиекөл тұқымы бұзаулары

тірілей салмағы бойынша шароле тұқымының қатарластарынан, сәйкесін-

ше, 13,6 және 15,4 кг кем болды.

Бұзауларға жайылымда жем берудің олардың өнімділігіне оң әсері

бар екендігін байқалды. 2 айдың ішінде әулиекөл бұқашықтарының тәулік-

тік қосымша салмағы 1 018 г, ұрғашы бұзауларынікі 935 г құрады. Ал шаро-

ле тұқымының бұл көрсеткіші, сәйкесінше, 1 043 және 953 г болды.

Енесінен ажыратылған кездегі әулиекөл тұқымы бұқашықтарының

(I және II топ) тірілей салмағы 232,3 кг, ұрғашы бұзауларынікі 216,9 кг, ал

шароле тұқымынікі (III және IV топ), сәйкесінше, 248,1 және 234,6 кг құра-

ды. Бұл жаста әулиекөл тұқымы бұқашықтарының (II топ) тірілей салмағы I

топтағы 15,1 кг, ұрғашы бұзаулардан 11,9 кг (td=2,2-2,6; P<0,01) артық бол-

ды. Ал IV топтағы шароле тұқымы бұзауларының тірілей салмағы III топ-

пен салыстырғанда 12,5 және 11,3 кг (td=2,0-2,1; P<0,01) көп болды.

Өсу жылдамдығы жем жеген топтағы бұзауларда тәуліктік қосымша

салмағының өсу кезеңінде жоғары болды: әулиекөл тұқымының еркек бұқа-

шықтарында (878 г қатарластарымен салыстырғанда 816 г) 7,6%, ал ұрғашы

бұзауларда, сәйкесінше (818 г және 767 г), 6,6%. Жем берудің нәтижесінде

аздап төмендеу тиімділік шароле бұзауларында болды: тәуліктік қосымша

салмағы 899 және 846 г, 841 және 797 г (немесе 6,9 және 6,1%). Біздің ойы-

мызша, бұл қоршаған орта жағдайына шет елден әкелінген малдың көнді-

гуіне көп факторлы жағдайдың әсерінен болуы мүмкін.

Жүргізілген тәжірибелерді қорытындылай келгенде, бір жағдайда қыс

мезгілінде-жайылымда екі етті ірі қара тұқымының бұзауларын өсіру олар-

дың өсу жылдамдығында шамалы айырмашылықтың бар екендігін көрсетті.

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

_______________________________________________________ Жаршы, №11-12 – 2016 78

Тірілей салмағындағы айырмашылық негізінен шароле тұқымы бұзаулары-

ның туған кездегі салмағының үлкен болатындығына байланысты.

Жайылым кезінде 2 ай бойы жем беруді енгізу төлді толыққұнды

азықтандыруды жақсартты. Осыған байланысты, олардың өсуі мен дамуы

және экономикалық көрсеткіштері жалпы жақсарды. Қарапайым есептеу

нәтижесі: желінген жем мөлшері (әр бұзауға 90 кг) мен өнімнің әрбір бірлі-

гіне (1 кг – 15,1 тг) шығын мөлшері 1 359 теңгені құрайды. Тәжірибедегі бұ-

заулардың тірілей салмақ қосымы орташа есеппен 11,3-15,1 кг (5,7-7,6 кг

сойыс салмағына), көтерме сатылу бағасы 700 тг – 1 кг. Бұл кіріс бөлігін

4,0-5,3 мың теңгеге және қосымша таза пайданы әр бұзауға 2,6-3,9 мың тең-

геге жеткізуге мүмкіндік береді.

Түйін

Солтүстік Қазақстан жағдайында салыстырмалы түрде әулиекөл тұ-

қымы бұзауларының өсу динамикасы және олардың қатарластары, шет ел-

ден әкелінген шароле тұқымының бірінші тума сиырларынан алынған бұ-

заулар сүт пайдалану кезінде әр түрлі технологиялық жағдайда зерттелді.

Енесінен ажыратқанға дейін 2 ай бойы жем беріп асырау әулиекөл тұқымы

бұқашықтарының тірілей салмағын 15,1 кг (6,7%), шароленікін 12,5 кг

(5,2%), сәйкесінше, ұрғашы бұзаулардікін 11,9 (5,6%) және 11,3 кг (4,9%)

арттырды. Әр бұзауға қосымша пайда 2,6-3,9 мың теңгені құрады.

Резюме

В условиях Северного Казахстана в сравнительном аспекте изучена

динамика роста телят аулиекольской породы и их сверстников, родившихся

от импортированных шаролезских коров-первотелок, при различной техно-

логии выращивания в молочный период. Подкормка концентратами на

пастбище за 2 месяца до отъема позволила повысить живую массу аулие-

кольских бычков на 15,1 кг (6,7%), шаролезских – на 12,5 кг (5,2%), телок –

на 11,9 (5,6%) и 11,3 кг (4,9%), соответственно. Дополнительная прибыль

составила 2,6-3,9 тыс. тенге на 1 теленка.

Summary

Under the conditions of Northern Kazakhstan, in the comparative aspect

studied the dynamics of the growth of calves Auliekol breed and their peers born

from imported Charolais cows, heifers, at different cultivation technologies in the

dairy season. Feeding concentrates on pasture for 2 months. before weaning, has

improved the live weight of calves Auliekol 15.1 kg (6.7%), Charolais 12.5 kg

(5.2%), heifers 11.9 (5.6%) and 11.3 kg (4.9%), respectively. Additional income

was 2.6-3.9 thousand. tenge for 1 calf.

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

Жаршы, №11-12 – 2016 _______________________________________________________ 79

ӘОЖ 636.22/28

ЕТТІ ІРІ ҚАРА БҰҚАШЫҚТАРЫ ҰШАСЫНЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ

Қ.Ж. АМАНЖОЛОВ1, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы,

Ғ.М. АХМЕТОВА1, ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі,

А.К. БЕЙСЕНОВ2, РhD-докторант

1«Қазақ мал шаруашылығы және мал азығы өндірісі ғылыми-зерттеу

институты» ЖШС, 2Қазақ Ұлттық аграрлық университеті

e-mail: [email protected]

Түйінді сөздер: жергілікті ірі қара мал; әулиекөл тұқымы; қазақтың ақбас

сиыры; еттің морфологиялық құрамы; сұрыпты ет; сүйек; сіңір.

Еттің морфологиялық құрамы негізінен сұрыпты еттің 1 кг сүйекке

шаққандағы шығымын, сұрыпты еттің арасындағы майдың мөлшерін, қара

кесек еттің мөлшерін, І және ІІ сұрыпты еттің мөлшерін дұрыс анықтауға

мүмкіндік береді. Сондықтан ол еттің сапалық көрсеткіштеріне, атап айт-

қанда, химиялық құрамына тікелей әсер етеді.

Суытылған ұша өлшемдерінің де ұшаның еттілігін анықтауға әсері

мол. Сол себепті, соңғы кездері ұшаның толық еттілігін және санның етті-

лік коэффициентін анықтау үшін ұша өлшемдерін алып, осы көрсеткіштер-

ді анықтау малдың ет өнімділігін анықтаудың үрдісіне айналды [1-4].

Тәжірибедегі бұқашықтардың ұша өлшемдерінің көрсеткіштері 1-кес-

теде берілген.

1. Тәжірибедегі бұқашықтардың ұша өлшемдерінің көрсеткіштері (n = 3)

Ұшаның толық еттілігі (ұша салмағының ұша ұзындығына қатынасы

×100) жалпы ұшаның еттілігін сипаттайды, ал санның еттілік коэффициенті

(сан етінің мол бөлігі орамының сан ұзындығына қатынасы) ұшаның ет мол

жиналатын құнды бөлігінің жақсы дамығандығын көрсетеді.

1-кестеде көрсетілгендей, 15 айлық бұқашықтар ұшасының толық ет-

тілігі 87,25-96,43% құрады.

Көрсеткіш Жергілікті

мал

Әулиекөл

тұқымы

Қазақтың

ақбас сиыры

Топ I II ІІІ

Бұқашықтардың жасы, ай 15 15 15

Суытылған ұшаның салмағы, кг 158,60 175,80 189,00

Өлшемі (см):

ұша кеудесінің ұзындығы

112,89

113,25

120,90

сан ұзындығы 70,75 70,66 75,49

ұшаның ұзындығы 181,77 183,64 195,99

санның орамы 92,45 93,67 106,04

Ұшаның толық еттілігі, % 87,25 95,73 96,43

Санның еттілік коэффициенті 1,23 1,32 1,40

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

_______________________________________________________ Жаршы, №11-12 – 2016 80

Бұқашықтардың тұқымдық ерекшеліктеріне байланысты ұшаның то-

лық еттілігі айтарлықтай өзгерді. Жергілікті ірі қара малдың бұқашықтары-

на қарағанда, әулиекөл және қазақтың ақбас сиыры бұқашықтарында ұша-

ның толық еттілігі, тиісінше, 9,72-10,52% артық болды. Бұл әулиекөл және

қазақтың ақбас сиыры бұқашықтарын қарқынды өсірген кезде жергілікті ірі

қара мал бұқашықтарына қарағанда ұшадағы бұлшық ет ұлпаларының жақ-

сы жетілетіндігін көрсетеді.

Ұша теңдей екіге бөлініп, жарты ұша бес табиғи анатомиялық бөлік-

терге бөлінді: мойын, арқа-қабырға, иық-жауырын, бел және сан. Жарты

ұшадағы анатомиялық табиғи бөліктердің абсолюттік және үлес салмағы

2-кестеде көрсетілген.

2. Тәжірибедегі бұқашықтардың жарты ұшасындағы 5 табиғи-анатомиялық

бөліктің абсолюттік және үлес салмағы

2-кестеде көрсетілгендей, бақылау тобындағы (I топ) жергілікті ірі қа-

ра мал санының үлес салмағы 34,21% құрады, ал II-ІІІ топтағы әулиекөл жә-

не қазақтың ақбас сиыры тұқымының бұқашықтарында бұл көрсеткіш, тиі-

сінше, 36,71-37,42% болды. Бұл етті ірі қара мал бұқашықтарында сан еті-

нің мол болатындығын көрсетеді.

Етті ірі қара мал бұқашықтары ұшасының артқы ширегінің салмағы

едәуір ауыр болады. Ғалымдардың пікірінше, етті ірі қара мал тұқымдарын-

да бұл көрсеткіш ұшаның 47,3-49,3% құрайды.

Тәжірибедегі бұқашықтар ұшаларының алдыңғы және артқы ширегі

3-кестеде келтірілген.

3. Тәжірибедегі бұқашықтардың жарты ұшасы ширегінің арақатынасы

Көрсеткіш Топ

I II ІІІ

Тәжірибе соңындағы жасы, ай 15 15 15

Алдыңғы ширек, % 54,72 54,01 53,29

Артқы ширек, % 45,28 45,99 46,71

Көрсеткіш Топ

I II ІІІ

Жасы, ай 15 15 15

Салқындатылған жарты ұшаның

орташа салмағы, кг 77,70 86,60 93,50

Анатомиялық мүшелері:

мойын, кг

%

5,58

7,18

6,99

8,07

7,25

7,75

арқа-қабырға, кг

%

25,12

32,33

25,89

29,90

27,44

29,35

иық-жауырын, кг

%

13,82

17,79

13,89

16,04

15,14

16,19

бел, кг

%

6,60

8,49

8,04

9,28

8,68

9,28

сан, кг

%

26,58

34,21

31,79

36,71

34,99

37,42

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

Жаршы, №11-12 – 2016 _______________________________________________________ 81

3-кестеде көрсетілгендей, I топтағы жергілікті ірі қара мал, ІІ топтағы әулиекөл және ІІІ топтағы қазақтың ақбас сиыры тұқымының 15 айлық бұ-қашықтары ұшасының артқы ширегінің үлес салмағы, тиісінше, 45,28, 45,99 және 46,71% құрады.

Қорыта айтқанда, етті ірі қара мал бұқашықтарын 15 айға дейін өсір-генде, олардың артқы ширек бөлігінің үлесі басым болды. Бұл 15 айға де-йінгі аралықта етті ірі қара мал бұқашықтары ұшасының артқы ширегінің жақсы дамығандығын көрсетеді.

Тәжірибедегі бұқашықтардың жарты ұшасының морфологиялық құ-рамы 4-кестеде көрсетілген.

4. Сол жақ жарты ұшаның морфологиялық құрамы

Тәжірибедегі әулиекөл және қазақтың ақбас сиыры тұқымдарының 15 айлық бұқашықтарында 1 кг сүйекке шаққандағы сұрыпты еттің шығымы жергілікті ірі қара мал қатарластарымен салыстырғанда әлдеқайда мол бол-ды. Етті ірі қара мал тұқымы бұқашықтарында бұл көрсеткіш 4,27-4,95 кг болса, жергілікті ірі қара малда бұл көрсеткіш 3,97 кг құрады. Әулиекөл тұ-қымының бұқашықтары сұрыпты етінің шығымы жергілікті ірі қара мал бұ-қашықтарымен салыстырғанда 7,5%, ал қазақтың ақбас сиыры бұқашықта-ры сұрыпты етінің шығымымен салыстырғанда 24,7% артық болды. Біздің пайымдауымызша, қазақтың ақбас сиыры бұқашықтарының 15 айлығында-ғы ет шығымының әулиекөл тұқымы бұқашықтарынан артық болу себебі қазақтың ақбас сиыр тұқымының тез жетілгіштігіне, соның нәтижесінде бұлшық еттерінің тез өсуіне байланысты болуы әбден мүмкін.

Жарты ұшадағы сұрыпты еттің абсолюттік салмағы мен үлес салмағы 5-кестеде келтірілген.

Қазақтың ақбас сиыры тұқымы тез жетілгіш ірі қара мал тұқымына жатады, сондықтан болар, І сұрыпты еттің мөлшері жергілікті ірі қара мал-дың бұқашықтарымен салыстырғанда әрі әулиекөл тұқымы бұқашықтары етіне қарағанда ерекше көп болды. Мысалы, бұл көрсеткіш жергілікті ірі қа-ра малда 28,01 кг құраса, әулиекөл тұқымы бұқашықтарында 31,18 кг, ал қа-зақтың ақбас сиыры тұқымы бұқашықтарында 38,95 кг құрады. Сондықтан шұжық өндірісінде жергілікті ірі қара мал бұқашықтары мен әулиекөл тұ-қымы бұқашықтарын пайдаланған тиімді. Ал қазақтың ақбас сиыры бұқа-шықтарының етін сауда базарларында халық тұтыну үшін сату ыңғайлы, өйткені еттің тауарлық түрі мен сапасы жоғары.

Көрсеткіш Жергілікті

ірі қара мал Әулиекөл тұқымы

Қазақтың ақбас сиыры

Топ I II ІІІ

Салқындатылған жарты ұшаның салмағы, кг

77,70 86,60 93,50

Оның ішінде: сұрыпты ет, кг %

60,14 77,40

68,28 78,85

74,53 79,71

сүйек, кг %

15,64 20,13

16,43 18,97

15,47 16,54

сіңір, кг %

1,92 2,47

1,89 2,18

2,00 2,13

1 кг сүйекке шаққандағы сұрыпты ет, кг 3,97 4,27 4,95

«Ет көздігінің алаңы», см2 59,45 68,29 74,27

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

_______________________________________________________ Жаршы, №11-12 – 2016 82

5. Жарты ұшадағы сұрыпты еттің абсолюттік салмағы мен үлес салмағы

Тәжірибедегі бұқашықтардың жоғары, І және ІІ сұрыпты етінің шы-ғымдылығы 6-кестеде көрсетілген.

6. Тәжірибедегі малдың жарты ұшасындағы еттің сұрыптық құрамы, %

Көрсеткіш Жергілікті

ірі қара мал Әулиекөл тұқымы

Қазақтың ақбас сиыры

Топ I II ІІІ

Малдың жасы, ай 15 15 15

Еттің барлығы, кг 49,42 58,46 62,06

Оның ішінде: жоғары сұрып, кг %

10,10 20,44

11,31 19,35

11,07 17,83

І сұрып, кг %

28,31 57,28

31,18 53,33

36,95 59,53

ІІ сұрып, кг %

11,01 22,28

15,97 27,32

14,04 22,62

Ұшадағы жоғары сұрыпты еттің мөлшері ірі қара малдың тұқымдық ерекшеліктеріне аса өзгеріс келтірмейтіндігін көрсетті. Өйткені, жоғары сұ-рыпты еттің мөлшері 10,10-11,07 кг құрады. Ерекше өзгеріс тек І сұрыпты етте ғана болды. Бұған 6-кестеде келтірілген І сұрыпты ет мөлшерінің 28,31-36,95 кг болғандығы дәлел. Бақылау тобына қарағанда, әулиекөл тұ-қымы бұқашықтарының І сұрыпты етінің мөлшері 10,14% артық болса, қа-зақтың ақбас сиыры бұқашықтарында бұл көрсеткіш 30,52% құрады. Сон-дықтан ірі қара малдың тұқым ерекшеліктерін ескере отырып, майлылығы аз, диеталық жас сиыр етін алу үшін бұқашықтарды 15 айлығына дейін қар-қынды өсіріп етке тапсыру тиімді. Өйткені, осы кезде олардың етінің сапа-сы биологиялық, химиялық тұрғыда толық жетілген ет қатарына жатады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Аманжолов К.Ж., Кульмухамедов А.И. Мясная продуктивность от-кормочных бычков в зависимости их весовых кондиции // Вестник сельско-хозяйственной науки Казахстана. – 2003. – №11. – С. 51.

Көрсеткіш Топ

I II ІІІ

Сұрыпты еттің орташа салмағы, кг 62,06 70,17 80,53

Оның ішінде: жоғары сұрыпты ет, кг %

10,10 16,27

11,31 16,12

11,07 13,75

I сұрыпты ет, кг %

28,01 45,13

31,18 44,43

38,95 48,37

II сұрыпты ет, кг %

11,01 17,74

15,97 22,76

14,04 17,43

ет арасындағы май, кг %

6,78 10,92

6,18 8,81

9,55 11,86

еттің сыртындағы май, кг %

3,94 6,35

3,64 5,19

4,92 6,11

сіңір, кг %

1,92 3,09

1,89 2,69

2,00 2,48

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

Жаршы, №11-12 – 2016 _______________________________________________________ 83

2. Ланина А.В. Мясное скотоводство. – М.: Колос, 1973. – С. 14-120. 3. Ростовцев Н.Ф., Черкащенко И.И. Промышленное скрещивание в

скотоводстве. – М.: Колос, 1971. – С. 78-81. 4. Черкащенко И.И., Кибкало Л.Е. Населению – больше дешевой теля-

тины // Молочное и мясное скотоводство. – М., 1972. – №8. – С. 21-22.

Түйін

Етті ірі қара бұқашықтары ұшасының морфологиялық құрамын те-реңдете зерттеу нәтижесі қатарлас жергілікті мал бұқашықтарының көрсет-кіштерімен салыстырғанда сұрыпты ет шығынының жоғары болатындығын көрсетті. Майдың мөлшері етті ірі қара бұқашықтарының сұрыпты етінде қатарлас жергілікті мал бұқашықтарымен салыстырғанда анағұрлым артық болды.

Резюме

Углубленное исследование морфологического состава туши бычков мясных пород показало, что выход мякоти-мяса по сравнению с бычками-аналогами местного улучшенного скота был значительно выше. Выход межмышечного жира была выше у бычков мясных пород, чем у их аналогов местного улучшенного скота.

Summary

An in-depth study of the morphological composition of carcasses of calves meat breeds showed that the yield of flesh-meat than steers of local counterparts improved cattle were significantly higher. Out intermuscular fat was higher in bulls meat breeds than their improved local cattle.

ӘОЖ 636.084/.087

ӘР ТҮРЛІ ҚОЙ ТҰҚЫМДАРЫ САУЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖЫЛ МАУСЫМЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ШӨЛ

ЖАЙЫЛЫМЫ ОТЫНЫҢ ҚОРЕКТІК ЗАТТАРЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ ДЕҢГЕЙІ

Ж. КҮЗЕМБАЙҰЛЫ, Ж.А. ПАРЖАНОВ, ауыл шаруашылығы

ғылымдарының докторлары

«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу

институты» ЖШС e-mail: [email protected]

Түйінді сөздер: қазақтың құйрықты қойы; ордабасы қой тұқымы; тірілей сал-

мағы; құрғақ заттар; азық өлшемі; жайылым азығы.

Ауыл шаруашылығы малын азықтандырудың олардың өнімділігі мен

өнім сапасына тигізетін әсерін көптеген ғалым зерттеген [1-3].

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

_______________________________________________________ Жаршы, №11-12 – 2016 84

Нарықтық экономика жағдайында қой шаруашылығының бәсекеге қа-

білеттілігі мен экономикалық тиімділігі өндірілетін өнімнің мөлшері мен

сапасына тығыз байлынысты.

Қазіргі кезде шөл аймағы азық ресурстарын тиімді пайдалану, онда

өсірілетін малдың өнімін өндіру технологияларын жасау, оның ішінде рес-

публика шөл аймағының негізгі малы – етті-майлы қой шаруашылығын өр-

кендетудің тиімді технологияларын жасау республика аграрлық саясаты-

ның басты бағыттарының бірі.

Жайылымда өсетін мал ретінде қойды толыққұнды азықтандыру құ-

рама азықтар, ақуызды-дәруменді-минералды қоспалар, премикстер және

басқа да азықты байытатын қоспаларды пайдаланусыз мүмкін емес. Алайда,

ет бағытындағы қазақтың құйрықты қойы, жаңадан шығарылған ордабасы

тұқымды қой үшін жайылым жағдайында толыққұнды азықтандыруды

ұйымдастыру жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары жеткіліксіз және ғы-

лыми негізделмеген.

Сондықтан шөл жайылымдары жағдайында қойларды толыққұнды

азықтандыру технологиясын жасау, әр түрлі жергілікті, дәстүрлі емес азық

түрлерін пайдалану жұмыстарының өзектілігі жоғары.

Ғылыми-шаруашылық тәжірибе жұмыстары қазақтың құйрықты және

ордабасы қой тұқымдары саулықтарымен жүргізілді.

Тәжірибедегі буаз саулықтарды толыққұнды, нормаға сәйкес азықтан-

дыруды ұйымдастыруға қажет саулықтардың жайылым азығын пайдалану

мөлшері мен олардың қоректік заттармен қамтамасыз етілуін анықтау үшін

зерттеу жұмыстары жүргізілді (1-кесте).

Жүргізілген тәжірибелер нәтижесінде қазақтың құйрықты және орда-

басы қой тұқымдарының буаз саулықтары жусанды-қараотты-түрлі шөпті

қыс жайылымдарынан күніне, сәйкесінше, 2,25 және 2,41 кг табиғи ылғал-

дылықтағы жайылым отын жейтіні анықталды.

Саулықтар жайылым отының құрғақ зат концентрациясы бойынша

орта есеппен 49,56 және 53,04% мөлшерінде қамтамасыз етіледі. Буаз сау-

лықтардың жайылым азығының жалпы және энергетикалық қоректілігі бо-

йынша, сәйкесінше, 53,55-57,42% және 54,29-58,11% мөлшерінде қамтама-

сыз етілетіні анықталды. Қыс кезіндегі жайылым азығының құрамында про-

теин мөлшері салыстырмалы түрде төмен болатындықтан, қамтамасыз етілу

деңгейі 37,74-тен 40,5%-ға дейін болып, буаз саулықтарды қажетті заттар-

мен қамтамасыз етуді ұйымдастыру үшін қосымша азықтандыру қажет еке-

нін көрсетті.

Малды азықтандыру үшін шаруашылықтардың азық қорында бар

жемдерден жемдік азық қоспасы жасалды (2-кесте).

1 кг жемдік құрама азық құрамында: құрғақ заттар 855 г, азық бірлігі

1,0 кг, алмасу энергиясы 9,46 МДж, қорытылатын протеин 90,5 г, кальций

2 г, фосфор 2,7 г.

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

Жаршы, №11-12 – 2016 _______________________________________________________ 85

1. Қылшық жүнді қой тұқымдары буаз саулықтарының жайылым азығын пайдалану

мөлшері мен олардың қыс кезінде қоректік заттармен қамтамасыз етілу деңгейі

Саулықтардың қоректік заттармен қамтамасыз етілу

деңгейінің көрсеткіштері

Қазақтың

құйрықты

қойы

Ордабасы

тұқымды

қойы

Саулықтардың жайылым азығын пайдалану мөлшері, кг 2,25 2,41

Пайдаланылған жайылым азығының құрамында:

Құрғақ заттар

азықтандыру нормасы бойынша, кг 2,30 2,30

нақты пайдаланылған мөлшері, кг 1,14 1,22

қамтамасыз етілу деңгейі, % 49,56 53,04

Азық өлшемі

азықтандыру нормасы бойынша, кг 1,55 1,55

нақты пайдаланылған мөлшері, кг 0,83 0,89

қамтамасыз етілу деңгейі, % 53,55 57,42

Алмасу

энергиясы

азықтандыру нормасы бойынша, МДж 17,50 17,50

нақты пайдаланылған мөлшері, МДж 9,50 10,17

қамтамасыз етілу деңгейі, % 54,29 58,11

Қорытылатын

протеин

азықтандыру нормасы бойынша, г 155 155

нақты пайдаланылған мөлшері, г 58,5 62,7

қамтамасыз етілу деңгейі, % 37,74 40,45

Кальций

азықтандыру нормасы бойынша, г 9,5 9,5

нақты пайдаланылған мөлшері, г 14,3 15,3

қамтамасыз етілу деңгейі, % 150,52 161,05

Фосфор

азықтандыру нормасы бойынша, г 6,2 6,2

нақты пайдаланылған мөлшері, г 1,6 1,7

қамтамасыз етілу деңгейі, % 25,81 27,42

2. Жемдік азық қоспасының құрамы мен қоректілігі

Жемдік азық көрсеткіші Өлшем бірлігі Салмағы, пайыз есебімен

Әр түрлі дән қалдығы % 50

Мақта қауызы % 10

Бидай жармасы % 25

Арпа жармасы % 15

Жайылым азығында жетіспейтін қоректік заттармен қамтамасыз етіп,

буаз саулықтарды толыққұнды азықтандыруды ұйымдастыру үшін пре-

микспен байытылған толық рационды құрама азық рецептісі жасалды (3-

кесте).

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

_______________________________________________________ Жаршы, №11-12 – 2016 86

3. Буаз саулықтарға арналған толық рационды құрама азықтың құрамы мен

қоректілігі (1-рецепт)

Құрама азық компоненті Салмағының пайызы есебіндегі

мөлшері

Жоңышқа пішені 15,0

Астық тұқымдас-түрлі шөпті пішен 22,0

Жантақ пішені 15,0

Қамысы басым түрлі шөпті пішен 15,0

Жемдік құрама азық 30,0

Азықтық диаммонийфосфат 1,0

Ас тұзы 1,0

Саулықтарға арналған премикс (2-рецепт) 1,0

Барлығы: 100,0

1 кг толық рационды құрама азық құрамындағы:

құрғақ заттар, г 887

азық бірлігі, кг 0,60

қорытылатын протеин, г 60,5

алмасу энергиясы, МДж 7,80

кальций, г 4,8

фосфор, г 2,5

каротин, мг 26

Мақта және мақсары шроттарының қоректілік құндылығы кешенді

жоғарылатылып, олардың ақуыздық, көмірсулық және энергетикалық қо-

ректілігін арттырудың әдісі жасалды. Ол үшін май өндіру кәсіпорындары-

ның қосалқы өнімдері болып табылатын күнжара, шрот немесе қауыз (ше-

луха) осы өндірістің тағы бір қосымша өнімі – фосфатидті концентратпен

(лецитин) байытылып, фосфатидті концентрат алынады.

4. Буаз және қозылы саулықтарға арналған премикс №2 (1 т құрама азық құрамына

1% қосу есебімен)

Компонент №2 рецепт бойынша

Дәрумендер:

А, млн ХБ

D, млн ХБ

200

20

Микроэлементтер:

кобальт, г

мырыш, г

Бидай кебегі (толықтырғыш), кг

100

400

1 000 дейін

Алайда, бұл концентраттың айтарлықтай кемшіліктері бар, оның құ-

рамында өңдеу барысында жайылып кететін ең қажетті амин қышқылы –

лизин жетіспейді. Одан басқа, бұл азық құрамында малға өте қажет жеңіл

қорытылатын көмірсулар (ЛПУ) мөлшерінің аздығына байланысты, мал ра-

ционының тиімді қант-протеин қатынасын (1:0,8-1:1,5) қамтамасыз ету

қиындық туғызады. Бұл мәселе қант өндірісінің қосымша қалдығы болып

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

Жаршы, №11-12 – 2016 _______________________________________________________ 87

есептелетін құрғатылған қызылша сығындысын (жом) пайдалану арқылы

толық шешіледі. Оның үстіне, қызылша сығындысының құрамында лизин

мөлшері жеткілікті. Құрғақ қызылша сығындысын аммонийлеу үдерісі

(аммиакты сумен өңдеу) оның құрамындағы протеин мөлшерін арттырады.

Қоректілік құндылығы ақуызды-көмірсулы-энергетикалық азықтық концен-

трат байытылған құрғақ сығындымен салмағы бойынша 2:1 мөлшерінде

араластырылады. Араластыру үдерісінде жаңа азықтық концентратты каро-

тинмен байыту мақсатында салмағының 10% мөлшерінде жоңышқаның

шөп ұнын қосу керек.

Осындай жолмен алынған қоректілік құндылығы жоғары ақуызды-кө-

мірсулы-энергетикалық азықтық концентраттың рецептісі 5-кестеде көрсе-

тілген.

5. Ақуызды-көмірсулы-энергетикалық азықтық концентрат рецептісі

Компонент Өлшем

бірлігі

Салмағының пайызы

есебіндегі құрамы

Шрот немесе күнжара (мақта, мақсары және т.б.) % 48,0

Фосфатидті жемдік азық % 12,0

Аммонийленген құрғақ қызылшы сығындысы % 30,0

Жоңышқаның шөп ұны % 10,0

Барлығы: % 100,0

1 кг азықтық концентрат құрамындағы:

азық өлшемі кг 0,92

алмасу энергиясы МДж 9,29

қорытылатын протеин г 212,5

құрғақ заттар г 895,3

шикі протеин г 277,4

шикі май г 53,1

шикі клетчатка г 131,5

азотсыз экстрактивті заттар г 378,2

күлді заттар г 55,1

кальций г 5,96

фосфор г 6,93

каротин мг 8,1

Зерттеу нәтижелерінен қазақтың құйрықты және ордабасы тұқымды

буаз саулықтары қыс маусымында шөл жайылымдарынан, сәйкесінше,

2,44 кг және 2,67 кг азық пайдаланатыны белгілі болды.

Әр түрлі азық түрімен және мөлшерімен қосымша азықтандырылған

буаз саулықтардың тірілей салмағының өзгерісі 6-кестеде берілген.

Жүргізілген тәжірибе жұмыстары көрсеткендей, буаздығының соңын-

да ең жоғары тірілей салмағы бойынша қазақтың құйрықты саулықтары

(68,05 кг) және ордабасы тұқымды саулықтар (70,33 кг) ерекшеленіп, жаңа-

дан жасалған қоректілік құндылығы жоғары ақуызды-көмірсулы-энергети-

калық азықтық концентратпен қосымша азықтандырылған саулықтардың

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

_______________________________________________________ Жаршы, №11-12 – 2016 88

жалпы орташа тәуліктік қосымша салмағы, сәйкесінше, 251,4 г және 239,0 г

құрап, саулықтардың қоңдылығы жоғары болатыны анықталды.

6. Азықтандыру деңгейіне байланысты тәжірибе топтарындағы саулықтардың

тірілей салмағының динамикасы

Тәжірибе

тобы

Қылшық

жүнді қой

тұқымдары

Тәжірибе кезеңіндегі саулықтардың тірілей және

орташа тәуліктік салмағы, кг

күзгі

қашырым

кезінде

тәжірибе

басында

буаздығы-

ның

соңында

тірілей

салма-

ғының

өсімі

орташа

тәуліктік

қосымша

салмақ, г

I бақылау

(дәстүрлі

технология)

қазақтың

құйрықты

қойы

58,80±0,36 55,60±0,19 60,45±0,14 4,85 97,0

ордабасы

құйрықты

қойы

62,50±0,33 58,38±0,29 63,17±0,20 4,79 95,8

II тәжірибе-

лік (премикс-

пен байы-

тылған толық

рационды

құрама азық)

қазақтың

құйрықты

қойы

58,35±0,20 55,21±0,23 66,96±0,19 11,75 235,0

ордабасы

құйрықты

қойы

63,17±1,89 58,95±0,28 69,58±0,18 10,63 212,6

III тәжірибе-

лік (БУЭКК-

пен байы-

тылған толық

рационды

құрама азық)

қазақтың

құйрықты

қойы

58,63±0,26 55,48±0,17 68,05±0,21 12,57 251,4

ордабасы

құйрықты

қойы

62,55±0,28 58,38±0,24 70,33±0,23 11,95 239,0

Жүргізілген тәжірибе жұмыстарының нәтижелері қылшық жүнді буаз

саулықтарды қыс мерзімінде толыққұнды азықтандыруды ұйымдастыру

үшін буаздығының соңғы 7-8 аптасында (орташа соңғы екі айда) жасалған

қоректілігі жоғары ақуызды-көмірсулы-энергетикалық азықтық концентрат

қосылған толық рационды құрама азықпен күніне мал басына 1,5 кг мөлше-

рінде қосымша азықтандыру саулықтарды барлық қоректік затпен қамтама-

сыз етіп, өнімділігін көтереді деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Жумадилла К. Убойные качество овец каргалинского типа казах-

ской курдючной полугрубошерстной породы // Исследования, результаты. –

Алматы: КазНАУ, 2005. – №4. – С. 52-54.

2. Зарпуллаев Ш.Н. Особенности формирования мясности чистопо-

родных и помесных ягнят // Вестник с.-х. науки Казахстана. – 1985. – №9. –

С. 125-128.

3. Производство и переработка баранины: Справочник / сост.

А.Б. Лисицын, В.П. Лушников. – Саратов: ИЦ «Наука», 2008. – 418 с.

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

Жаршы, №11-12 – 2016 _______________________________________________________ 89

Түйін

Мақалада қылшық жүнді буаз саулықтарды қыс мерзімінде толыққұн-

ды азықтандыруды ұйымдастыру үшін қоректілігі жоғары ақуызды-көмір-

сулы-энергетикалық азықтық концентрат қосылған толықрационды құрама

азықпен қамтамасыз ету өнімділігін арттыратындығы жөнінде баяндалған.

Резюме

Показано, что обеспеченность полноценным комбикормом с добавле-

нием высокопитательного белково-углеводно-энергетического кормового

концентрата повышает производительность суягных грубошерстных овце-

маток в зимний период.

Summary

In the paper stated to increase productivity to ensure a complete feed with

the addition of fat-based protein-carbohydrate-energy feed concentrate coarse

wool of pregnant ewes in the winter.

ӘОЖ 619:616-006

АЛАТАУ ТҰҚЫМДЫ СИЫРЛАРДЫҢ ГЕНОТИПТЕРІН BoLA-DRB3 ЛОКУСЫ

БОЙЫНША АНЫҚТАУ

Ш.Т. САРБАКАНОВА, З.А. ЛАТЫПОВА, биология ғылымдарының

кандидаттары, Л.С. АУБЕКЕРОВА, С.Б. МАМАНОВА, ветеринария

ғылымдарының кандидаттары, К.Т. КАСЫМОВА, ветеринария магистрі

«Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» ЖШС

e-mail: [email protected]

Түйінді сөздер: лейкоз; гистосәйкестіліктің басты кешені; BoLA-DRB3 гені;

аллель; генотип.

Лейкоз, лейкемия (грек. leukos – ақ) – қан түзетін органдар жүйесінің

қатерлі ісіктері. Ісік жілік майындағы торшалардың тоқтаусыз өсуімен және

сол жердегі қалыпты қан жасалу үдерісінің бұзылуымен сипатталады. Лей-

козды зерттеу жұмыстары бойынша алғашқы мәліметтер 1845 ж. адамдар-

дың көк бауыр және лимфалық лейкемиясын сипаттап анықтаған Р. Вир-

ховтың зерттеулерінен бастау алады. Кейінірек жылқының лейкемиясы

анықталды. Лейкозбен шошқа, ит, мысық, қой, ешкі, тауықтар, сондай-ақ

піл, маймыл, бұғы, елік ауырады. 29 үй және жабайы сүтқоректінің түріне,

сондай-ақ құстардың көптеген түріне лейкемияға балау жасалады [2].

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

_______________________________________________________ Жаршы, №11-12 – 2016 90

Гистосәйкестіліктің басты кешені (ағыл., MHC – major histocompatibi-

lity complex) – сүтқоректілердің геномында орналасқан лейкоциттердегі ан-

тигендер жүйесі. ХХ ғасырдың 70-жылдары ірі қара малда гистосәйкесті-

ліктің басты кешені бар екені анықталды [3]. 1978 ж. әлемдік зертханалар-

дың ғылыми қызметкерлері Халықаралық жиналыста ең алғаш BoLA – Bo-

vine Leukocyte Antigenes номерклатурасы қабылданды [5]. BoLA гені 23-ші

хромосомада орналасқан [4].

BoLA-DRB3 – ағзаның вирустық инфекцияға қарсы жауап беретін

бастапқы иммундық гендерінің бірі. Осы геннің әр түрлі аллельдері ірі қара

малдың лейкоз вирусына ықпал ететін персистентті лимфоцитозына төзім-

ділігін түзу үшін бірдей емес қызмет атқарады.

*11, *23, *28 (Т – төзімді аллельдер) аллельдерін алып жүруші жа-

нуарлар лейкозға өту кезінде гематологиялық кезеңге бейім емес, ал гено-

типтерінде *22, *24, *16, *8 (С – сезімтал аллельдер), керісінше, гематоло-

гиялық ауру жануарлардың қатарында жиі кездеседі. Б (бейтарап) аллель-

дердің персистентті лимфоцитозға төзімді немесе сезімтал аллельдермен

байланысы жоқ [1].

Зерттеу материалдары мен әдістері

Зерттеу жұмыстары ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан-

ның лейкозға төзімді ірі қара малының отандық түрлерін бағалау критерий-

лерін жасау» №4644/ГФ4 гранттық жобасы бойынша ҚазҒЗВИ микроағза-

лардың молекулярлық генетикасы, биохимиясы және иммунология зертха-

насында және 2016 ж. маусым айында академик И.Г. Петровский атындағы

Брянск мемлекеттік университетінің биотехнология және экология иннова-

циялық ғылым-білім орталығында жүргізілді.

Зерттеу жұмысының мақсаты

BoLA-DRB3 локусы бойынша генотиптің сүтті бағыттағы ірі қара

малға әсерін зерттеу, денсаулығына байланысты аналық мал табынынан

шығып қалған жануарлар генотиптерінің орналасуын талдау зерттеу мақса-

ты болып табылады.

BoLA-DRB3 локусын генотиптеу қан сынамаларын полимеразды тіз-

бек реакциясымен (ПТР) қоса рестрикті фрагменттің ұзындық полиморфиз-

мін (РФҰП) зерттеу әдістерімен жүргізілді. Жамбыл облысының мал ша-

руашылықтарынан алатау ІҚМ тұқымының ішінен 10 сиырдың қан сынама-

лары зерттелді. ІҚМ қандарынан стандартты әдістеме арқылы АмплиПрайм

фирмасының «ДНК-Сорб-В» реагенттер жиынтығы көмегімен ДНҚ бөліп

алынды.

BoLA-DRB3 генінің полиморфизмін ПТР-РФҰП әдісімен геннің

фрагментін 284 н.ж. ұзындықта HLO30 және HLO32 праймерлерін және

Rsa I, Hae III және Bst IV эндонуклеазаларын қолдану арқылы амплифика-

ция, рестрикция жұмыстары жүргізілді. Рестрикциялық ДНҚ фрагменттері

бромид этидиі қосылған агарозалық гельде электрофорездеу әдісімен анық-

талды.

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

Жаршы, №11-12 – 2016 _______________________________________________________ 91

Зерттеу нәтижелерін талдау

Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерден таза алатау тұқымды ірі

қара малының аллельдері мен генотиптерінің таралуы бойынша ерекшеле-

нетіні анықталды. Жұмыс барысында 10 алатау тұқымды сиырдың қан сы-

намаларынан ДНҚ бөлініп алынды.

1-сурет. Қан сынамаларынан бөліп алынған ДНҚ-ның электрофореграммасы

1-суретте көрсетілгендей, барлық 10 қан сынамасынан таза ДНҚ бө-

ліп алынды. Сынамалар ПТР жүргізуге бөліп алу тазалығы мен мөлшері, са-

ны бойынша сәйкес келеді.

BoLA-DRB3 геніне арналған праймерлерді пайдалана отырып, 284 ж.н.

фрагментін алу мақсатында ПТР қойылды. ПТР қою барысында тоңазыт-

қыштан шыққан ДНҚ сынамалары бөлме температурасында жылытылып,

MICRO120 Hettich Zentrifljgen D-78532 центрифугасында 14 000 айн/мин

10 минут центрифугадан өткізілді. 1-кестеде келтірілгендей, ПТР қоспасы

дайындалып, арнайы температуралық режимді аппаратқа белгілеп, ампли-

фикация қойылды.

1. ПТР қоспасының құрамы

Негізгі компонент 1-сынама үшін 10 сынама үшін

H2O 11,3 мкл 113 мкл

Буфер × 10 dream Tag 2 мкл 20 мкл

dNTP – дезоксиробонуклеотидтер 2 мкл 20 мкл

HLO30 праймер 0,25 мкл 2,5 мкл

HLO32 праймер 0,25 мкл 2,5 мкл

Tag полимераза 0,2 мкл 2 мкл

Барлығы: 16 мкл 160 мкл

Терцик қондырғысына арнайы температуралық режимдермен 1 сағат

30 минут амплификацияланды. Амплификация өнімдерінің бар-жоқтығын

1% агарозалық гельде электрофорез әдісімен тексерілді.

RsaI, Hae III, Bst IV ферменттерін қолданып, 284 ж.н. фрагменттері

рестрикцияға ұшыратылды. Рестрикция қою барысында рестрикциялық

қоспалар дайындап алынды, олардың құрамдары 2-кестеде көрсетілген.

1 2 3 4 5 6 7 8

9 10

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

_______________________________________________________ Жаршы, №11-12 – 2016 92

2-сурет. Амплификация өнімдеріндегі BoLA-DRB3 гендік 284 ж.н.

фрагменттерінің электрофореграммасы

Термостатта 60 минутқа Rsa I және Hae III эндонуклеазалармен да-

йындалған рестрикциялық қоспалар 37°C, ал Bst IV 60°C температураға қо-

йылды. 2. Рестрикциялық қоспа құрамдары

Rsa I-мен

рестрикциялық

қоспа құрамы

Hae III-мен

рестрикциялық

қоспа құрамы

Bst IV-мен

рестрикциялық

қоспа құрамы

1. H2O – 4,5 мкл H2O – 4,6 мкл H2O – 5,6 мкл

2. SEB буфері – 1 мкл SEG буфері – 1 мкл SEG буфері – 1 мкл

3. Rsa I – 0,5 мкл Hae III – 0,4 мкл Bst IV – 0,4 мкл

4. ПТР қоспа – 4 мкл ПТР қоспа – 4 мкл ПТР қоспа – 3 мкл

Барлығы: 10 мкл 10 мкл 10 мкл

Рестрикция өнімдеріне полиакриламидті (ПААГ) гельде электрофорез

жүргізілді. Нәтижелері 3-5-суреттерде көрсетілген.

3-сурет. Rsa I рестрикция өнімдері 4-сурет. Hae III рестрикция өнімдері

BoLA-DRB3 гендерінің орналасу жиілігі мен аллельдерінің бөлінуі 3-

кестеде лейкозға төзімді аллельдер гомозиготалы (Т/Т) және гетерозигота-

лы генотиптер (Т/Б), лейкозға сезімтал аллельдері бойынша гетерозиготалы

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

Жаршы, №11-12 – 2016 _______________________________________________________ 93

(С/Н), бейтарап аллельдер бойынша гомозиготалы (Б/б) және гетерозигота-

лы генотиптер (Б/Т) бойынша көрсетілген.

5-сурет. Bst IV рестрикция өнімдерінің электрофореграммасы

3. Алатау тұқымды сиырлардың BoLA-DRB3 локусының аллельді полиморфизмі

сынама

ДНҚ

ЭФ ПТР

RsaI Hae III Bst IV Аллель

фрагмент тип фрагмент тип фрагмент тип

1. ++ ++ 141, 104, 39 g 167, 65, 52 a 112, 87, 85 e

gae/gae

11/11

Т/Т

2. ++ ++

141, 39, 54, 50

111, 69, 104

141, 39, 51*, 50

141, 39, 104

111, 69, 54, 50

f

m

e

g

h

167, 65, 52 a 112, 87, 85

199, 85

e

a

gae/haa

11/12

Т/Н

3. ++ ++ - - - - - - -

4. ++ ++

234, 50

141, 90*, 50

141, 93, 50

l

q

s

167, 52, 65

219, 65

a

b 284 b

lab/sbb

36/19

Н/Н

5. ++ ++ 111, 104, 69 m 167, 65, 52 a 199, 85

284

a

b

mab/maa

22/32

С/Н

6. ++ ++ 141, 39, 54, 50

284

f

o

219, 65

167, 52, 65

b

a 284 b

fab/obb

10/28

Н/Т

7. ++ ++ 141, 39, 51*, 50

111, 69, 104

e

m 167, 65, 49* c

199*, 85

196*, 85

a

c

есс/есс

7/7

Н/Н

8. ++ ++ - - - - - - -

9. ++ ++ - - - - - - -

10. ++ ++ - - - - - - -

Қосымша: С – сезімтал, Б – бейтарап, Т – төзімді

Бір жануардың BoLA-DRB3 локусы бойынша С және Б қатынасында-

ғы аллельдер кездесетін болса, төмен өнімділікпен ерекшеленеді. Геноти-

пінде төзімді бір аллель мен сезімтал бір аллельдің (Т/С) болуы өнімділік

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

_______________________________________________________ Жаршы, №11-12 – 2016 94

сапасы мен иммунитеті жақсы жануарлардың көрсеткіші болып табылады.

Т-аллель жақсы иммунитеттің маркері болып табылса, С-аллель жоғары

өнімділіктің көрсеткішін білдіреді. Осыған байланысты, сезімталдықты

анықтайтын *8, *16, *22, *24 аллельдердің кездесу жиілігін және төзімді-

лікті анықтайтын *11, *23, *28 аллельдерді салыстырмалы түрде зерттеу

лейкоз ауруының ауқымды таралуында маңызды болып отыр.

Қорытынды

Жұмыс барысында лейкоздың таралуын анықтайтын BoLA-DRB3 ло-

кусының төзімді (Т) және сезімтал (С) аллельдерінің алатау тұқымды сиыр-

ларында кездесу жиілігі анықталды.

Еліміздің мал шаруашылығы фермаларында жоғары өнімді және пер-

систентті лимфоцитозға төзімді жануарларды талдау кезінде генетикалық

әдістің маңызын ескеру қажет. Қазіргі замануи ДНҚ-талдау лейкозды ерте

балауға және лейкоздан табынды жылдам сауықтыруға мүмкіндік береді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Ковалюк Н.В. Молекулярно-биологические методы для оздоровле-ния стад крупного рогатого скота от лейкоза // Ветеринария. – 2008. – №2. – С. 22-26.

2. Симонян Г.А., Хисамутдинов Ф.Ф. Ветеринарная гематология. – М.: Колос, 1995. – 256 с.

3. Amorena B., Stone W.H. Serologically defined SD locus in cattle // Science. – 1978. – V. 201. – Р. 159-160.

4. Beever J.E., Lewin H.A., Barendse W., Andersson L. and et al. Report of the First Workshop on the Genetic Map of Bovine Chromosome 23 // Animal Genetics. – 1996. – V. 27. – P. 69-75.

5. Spooner R.L. Oliver R.A., Sales D.I., McCoubrey C.M. and et al. Ana-lysis of alloantisera against bovine lymphocytes. Joint report of the 1st Internatio-nal Bovine Lymphocyte Antigen (BoLA) Workshop // Animal Blood Groups and Biochemical Genetics. – 1979. – V. 10. – P. 63-135.

Түйін

Мақалада алатау тұқымды сиырлардың BoLA-DRB3 генінің полимор-физмін зерттеу нәтижелері келтірілген. ПТР-РФҰП әдісімен талдау арқылы BoLA-DRB3 генінің аллельдері анықталды. Алатау сиырларының BoLA-DRB3 локусының генотиптері сипатталды.

Резюме

Представлены результаты изучения полиморфизма гена BoLA-DRB3 у коров алатауской породы. Определены аллели гена BoLA-DRB3 методом ПЦР-ПДРФ. Определены генотипы по локусу BOLA-DRB3 у коров алатау-ской породы.

Summary

The article presents the results of a study of polymorphism BoLA-DRB3 gene in Alatau breed cows. Аlleles of BoLA-DRB3 were defined by PCR-RFLP. Genotypes were determined by the locus BOLA-DRB3 Alatau breed cows.

Ғалым мерейі

Жаршы, №11-12 – 2016 _______________________________________________________ 95

ИРЗАҒАЛИЕВ ҚОСЫБЕК САЛТАНАТҰЛЫ 70 жаста

Ирзағалиев Қосыбек 1946 ж. 2 қарашада Гурьев облысы (қа-

зіргі Атырау) Қызылқоға ауданында дүниеге келді.

Еңбек жолын 1964 ж. кеңшарда шопандықтан бастаған ол

1970 ж. Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік институтын, 1982 ж.

Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Институтты бітіргеннен

кейін Қызылқоға ауданы Абай атындағы совхозда ферма зоотех-

нигі, 1972-1977 жж. кеңшар комсомол комитетінің хатшысы, об-

лыстық комсомол комитетінде нұсқаушы, бөлім бастығы, 1977-

1990 жж. облыстық партия комитетінде нұсқаушы, аудандық пар-

тия комитетінің хатшысы, облыстық партия комитетінің бөлім бастығының орынбасары,

инспекторы; 1990-2002 жж. облыстық агроөнеркәсіптік комитеті төрағасының бірінші

орынбасары, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары; 2002-

2007 жж. ҚР АШМ Атырау облыстық аумақтық басқармасы (кейіннен инспекция) мем-

лекеттік мекемесінің бастығы қызметтерін атқарды. 2008 ж. Атырау мұнай және газ ин-

ститутында аға оқытушы, ал 2012 ж. бастап Қазақ қой шаруашылығы ҒЗИ-да қосарлау

негізінде бас ғылыми қызметкер болып, облыстағы еділбай қойын өсіретін «Сүйіндік»,

«Мақаш» атындағы асыл тұқымды қой зауыттарында ғылыми жұмыстар жүргізіп келеді.

Ол облыс ауыл шаруашылығының экономикасын нығайтуда, әсіресе, мал тұқымының са-

пасын жақсартуда селекциялық-асылдандыру жұмыстарын жүргізуде нәтижелі қызмет

етуде.

Оқытушылық қызметінде ол студенттерді білімділікке, біліктілікке, адамгершілікке

тәрбиелеп, сапалы маман дайындауда абыройлы еңбек етіп жүр. Дәріс оқитын пәндері-

нен студенттерге арнап 32 оқу-әдістемелік жиынтық пен көрнекті құралдар шығарды.

Оның қатысуымен облыста қаракөл және еділбай қойларының 3 зауыттық сүлесі, 1 түйе

типі және 6 зауыттық желі шығарылды, және 8 патенттің иегері. Ғылыми жетекшілігімен

2 кандидаттық диссертация қорғалды. 60-қа жуық ғылыми мақаласы жарық көрді.

2000 ж. ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаттық, 2010 ж. «Атырау өңіріндегі

еділбай қойларын жетілдіру және олардың жаңа түрлерін шығарудың теориялық негізде-

рі» тақырыбына докторлық диссертациясын қорғады. «Еділбай қойы Сүйіндік зауыттық

сүлесінің өнімділік қасиеттері» және «Атырау өңірінің еділбай қойы» атты кітаптарын

шығарды.

Облыс ауыл шаруашылығы бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы, ҚР ұлттық ат

спорты федерациясының мүшесі және Ұлттық ат спорты ойындарының жоғары дәрежелі

төрешісі. «Атырау арғымақтары» атты кең форматты кітаптың авторларының бірі.

Қосыбек Салтанатұлы қай салада еңбек етсе де, тек абырой биігінен көрініп отырды.

Өзінің іскер маман, басшы, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары азамат екенін таныта

білді.

Ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік «Ерен еңбегі үшін», «Тыңға 50 жыл»

мерекелік, Авиация генерал-майоры Т. Бигелдинов медальдарымен, Республикалық кә-

сіподақтар одағының «І дәрежелі Еңбек даңқы» белгісімен, Ауыл шаруашылығы ми-

нистрлігінің, бірнеше рет облыстық маслихаттың Құрмет Грамоталарымен және облыс

әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Атырау облысы Қызылқоға және Құрманғазы

аудандарының Құрметті азаматы.

Қой шаруашылығы ҒЗИ ұжымы

Ғалым мерейі

________________________________________________________ Жаршы, №11-12 – 2016 96

СҮЛЕЙМЕНОВ МАРАТБЕК ЖАҚСЫБЕКҰЛЫ 60 жаста

ҚР паразитология ғылымының білікті маманы, ветеринария ғы-лымдарының кандидаты, доцент, ҚР ЖҒА корреспондент-мүшесі Сүлейменов Маратбек Жақсыбекұлы 60 жасқа толады. Маратбек Жақсыбекұлы 1956 ж. 21 қарашада Алматы облысы Жамбыл ауда-ны Қаракастек ауылында дүниеге келген.

1979 ж. Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік институтын, 1987 ж. академик К.И. Скрябин атындағы Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу гельминтология институтының (Мәскеу) аспирантурасын бітірген. 2007 ж. Батыс Қазақстан «Евразия» тілдер және басқару институтын

мемлекеттік басқару мамандығы бойынша бітірген. Ветеринария ғылымдарының канди-даты (1990); доцент (2000); ҚР ЖҒА корреспондент-мүшесі (2001); профессор (РЖА, 2014).

М.Ж. Сүлейменовтың еңбек жолының 35 жылы Қазақ ҒЗВИ паразитология зертхана-сында өтті, аға зертханашы, кіші, аға ғылыми қызметкер, зертхана және бөлім меңгеру-шісінен директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары лауазымына дейін көте-рілді. 1993-2014 жж. паразитология саласы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының ғы-лыми жетекшісі болды. Паразитология зертханасының ғылыми қызметкерлерімен бірле-се отырып, жануарлардың аса қауіпті инвазиялық ауруларын алдын ала балау, емдеу үшін диагностикумдар мен емдік препараттар жасап, өндіріске ұсынды.

2014 жылдың 15 шілдесінен бастап ҚР БҒМ Ғылым Комитеті «Зоология институты» РМК бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары болып қызмет істейді.

Сүлейменов М.Ж. 315 ғылыми еңбегін жариялады: 9 кітаптың (монография, сөздік-тер, оқулық), КСРО-ның 2 авторлық және 1 «ноу-хау» куәлігінің, 35-тен аса ғылыми ұсы-ныс, нұсқаудың және әдістемелік оқу құралының авторы, Қазақстан Республикасының өнертабысқа берілетін 54 алдын ала және инновациялық патентінің иегері, диагностика-лық, емдік және алдын алу препараттарына 11 нормативтік-техникалық құжат дайындап бекіткен. Тікелей ғылыми жетекшілік етуімен 3 ғылым кандидатын дайындап шығарған.

Ғалым Халықаралық INTAS жобасының грантымен жұмыс істеді. Шетелдік ғылыми ұйымдардың шақыруымен Болгария, Қытай Халық Республикасы, Германия, Түркияда және ТМД елдерінде болып, ғылыми баяндамалар жасады. Ғылыми мақалалары АҚШ, Греция, Венесуэла, Қытай, Моңғолия және ТМД елдерінде жарияланды.

М.Ж. Сүлейменов ғылыми жұмыстарын қоғамдық еңбекпен ойдағыдай ұштастыра бі-леді. 1980-1987 жж. аралығында институт комсомол комитетінің хатшысы, кәсіподақ жә-не партия бюросының мүшесі; ауыл шаруашылығы ғылымдарының ғылыми-сараптама-лық «Жаршы» журналының редакциялық алқа мүшесі болды, институттағы зертханалық докторлық және кандидаттық диссертацияларды алдын ала қарау кеңесі төрағасының орынбасары қызметін де атқарған. Орта Азия және Қазақстан зоологтар қоғамының пара-зитология бөлімі төрағасының орынбасары, Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институ-тының жыл сайынғы шығарылатын ғылыми еңбектерінің редакциялық кеңесінің мүшесі, ғылыми-әдістемелік кеңестің төрағасы және орынбасары болды. Ресейдің АШҒА ветери-нариялық паразитология үйлестіру кеңесінің ТМД мемлекеттерінен ұсынылған мүшесі, Ресейдің Халықаралық «Паразитология» журналының редакциялық кеңесінің мүшесі.

Қазақстан ғылымына сіңірген еңбегі үшін ҚазАШҒА, Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының, «ҚазАгроИнновация» АҚ Құрмет грамоталарымен, алғыс хат-тарымен, Ресейдің АШҒА медалімен, Европаның ғылыми-өндірістік консорциумы ко-миссиясының шешімімен А. Нобель атындағы медальмен марапатталды. Қазақтың пара-зитология ғылымына үлес қосқан абыройлы азаматтың ғылымда өзіндік орны бар. Ол қай лауазымда қызмет етсе де, адамгершіліктен, кішіпейілділіктен, парасаттылықтан ай-ныған емес.

Құрметті Мәке, бүгінге дейін тындырған ісіңіз, ғылым жолында шыққан биігіңіз – барлығы өз еңбегіңіздің жемісі. Сіздің әр жетістігіңіз көз алдымызда өтіп келеді. Жұба-йыңыз Зәуре екеуіңіз үш бала, төрт немере тәрбиелеп отырған бақытты отбасысыздар.

Маратбек Жақсыбекұлын 60 жасқа толған мерейтойымен құттықтай отырып, зор ден-саулық, ғылымда шығармашылық табыс, баянды бақыт, талмас қайрат, шаңырағына шат-тық, отбасына бірлік, береке тілеймін.

ҚР БҒМ Ғылым комитеті «Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ» РМК бас директоры, профессор,

ҰҒА корреспондент-мүшесі А.Р. САНСЫЗБАЙ