20

2 3 Құттықтаулар - Kazmineralskazminerals.info/uploads/files/pdf/1774_kk.pdfмәміле жасау туралы келістік. Сөйтіп, жыл өткен сайын

  • Upload
    others

  • View
    18

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: 2 3 Құттықтаулар - Kazmineralskazminerals.info/uploads/files/pdf/1774_kk.pdfмәміле жасау туралы келістік. Сөйтіп, жыл өткен сайын
Page 2: 2 3 Құттықтаулар - Kazmineralskazminerals.info/uploads/files/pdf/1774_kk.pdfмәміле жасау туралы келістік. Сөйтіп, жыл өткен сайын

2 3

KAZ Minerals Инфо № 6 (26) желтоқсан 2018

Құттықтаулар

Құрметті әріптес-тер!

Өткен жы-лы компания-мыздың үш қызметкерінің қазасына алып келген екі қай-ғылы жағ-дай орын ал-ды. Олар шіл-де айында

Артемьев шахтасында және желтоқ-сан айында Орлов шахтасында бол-ды. Биыл алдыңғы жылдарға қараған-да жағдай жақсарды. Дей тұрғанмен, қауіпсіздік техникасы саласында атқа-рар істер ұшаң-теңіз.

Қауіпсіздік – бұл бізді толғанды-ратын басты мәселе және компания-ның басты құндылығы. Кез-келген жа-затайым оқиғаның алдын алуға бола-ды. Мен бұған сенімдімін. Әріптестер, біздің кәсіпорындар барлық жұмыс-тарды қауіпсіз атқарғанда ғана жұмыс істеуі керек. Егер аздаған қауіптің ық-тималдығы болса, мен басшылардан жұмыстарды бірден тоқтатуын талап етемін. Біз қауіпсіздік ережелерін бұр-малау мүмкін болмайтындай жағдай жасауымыз керек.

Жалпы биыл біздің компаниямыз өзінің стратегиялық мақсатына же-ту жолында табысты жұмыс істеді. Біз жылына 300 мың тонна мыс өндіру ме-жесіне таядық. Бозшакөл мен Ақтоғай өздерінің 100%-дық қуатына жетті. Ақ-тоғай КБК кеңейту жобасының құры-лысына кірістік. Баимская жобасын са-тып алу жөніндегі трансформациялық мәміле жасау туралы келістік.

Сөйтіп, жыл өткен сайын біз уә-делерді нәтижеге айналдырып, бұдан да биік мақсаттарды алдымызға қоя-мыз. Жетістіктерді қанағат тұтпаймыз. Компанияның қуатын сақтап тұру үшін үнемі күрделі міндеттер қажет.

Әрқайсыларыңыздың қосқан үлес-теріңіз үшін алғыс айтамын және бо-лашақ жетістіктерге бірге жетеміз деп үміттенемін.

Сіздерді Жаңа жылмен құттық-таймын! Үйлеріңізден бақ-береке кет-песін. Сіздерге және туған-туыстары-ңызға денсаулық тілеймін!

Олег Новачук, KAZ Minerals

Соңғы он жылда өміріміз күрделі өз-герді. Өзгеріс-тер күнделікті тіршілігімізге де енді – азық-түлік түрлері-нен бастап ақ-парат алма-судағы жаңа технологиялар, баламалы энер-гия көздері-

не дейін және т.б. Дегенмен заманауи тенденцияларды таңдасақ та, еңбек өнімділігі мен прогресске қатысы жоқ кейбір игі дәстүрлерді сақтап қалдық.

Сондай дәстүрлердің бірі, балалық шағымыздың басты мерекесі – Жаңа жыл. Әрине, мәселе бұл посткеңестік аумақта кеңінен тойланатын мереке екендігінде емес. Біз Жаңа жылдан си-қыр күтеміз, шыршаны безендіріп, ту-ған-туыстарымызға сыйлықтар ала-мыз. Көбінесе Жаңа жыл өткен жыл-ды қорытындылап, жаңа жылға жоспар құратын кез.

Мереке қарсаңында біз күнделікті тіршілікте назардан тыс қалатын ма-ңызды мәселелерді ойлаймыз. Өзіміз және жақындарымыз үшін маңызды бір нәрсе істеуге мүмкіндік туады.

Қымбатты достар, дәстүрді сақ-тай отырып, барлықтарыңызға қосқан үлестеріңіз бен 2018 жылдың кәсіби міндеттерін орындауға қатысқанда-рыңыз үшін алғыс айтамын. 2019 жыл кәсіби және жеке даму тұрғысында 2018 жылдың жалғасы болып, әл-ауқа-тымыздың артуына негіз болады деп үміттенемін.

Жаңа жылда дендеріңіз сау, көңіл-күйлеріңіз көтеріңкі болсын. Әрда-йым туған-туыстарыңыздың сүйіс-пеншілігіне бөленіп жүріңіздер.

Жаңа жылда өзіміз үшін қымбат адамдарға арнап игі істер жасайық.

Эльдар Мамедов, KAZ Minerals Management

2018 жыл аяқталып қал-ды. Өтіп бара жатқан жылы негізгі міндет-тер мен алға қойған мақсат-тарды орында-дық деп айту-ға болады. Бұл барлық қыз-меткерлердің - өндірістік сек-тордан бастап,

әкімшілік қызметкерлерге дейінгі ма-мандардың еңбегінің жемісі.

Қазіргі кезеңнің өзінде Қазақстан-ның түсті металлургиясына қосқан біздің үлесіміз туралы айтуға болады. KAZ Minerals компаниясының жұмыс істей бастаған кезінен бастап оны на-рықта танып қана қоймай, тау-кен жә-не байыту саласының көшбасшысы ретінде қабылдайды. Ұлттық кадрлар-дың замануи жабдықтарды пайдала-нуы – жоспарлы көрсеткіштерді орын-даудың, тіпті асыра орындаудың күре-тамыры.

Дегенмен алда жаңа белестер, жаңа 2019 жыл және ондаған жылдар бойғы бірлескен жұмыстар күтіп тұр. Біз кез-келген қиындықтардан өтіп, жақын уа-қытта үлкен табыстарға жетеміз деген сенімдемін. Бұл әл-ауқатымызға оң әсер ететіні сөзсіз.

Құрметті әріптестер, сіздерге алғыс айта отырып, келе жатқан 2019 жыл-мен құттықтаймын, өздеріңізге және туған-туыстарыңызға мықты денсау-лық, бақыт және береке тілеймін!

Сергей Леу, Бозшакөл

Page 3: 2 3 Құттықтаулар - Kazmineralskazminerals.info/uploads/files/pdf/1774_kk.pdfмәміле жасау туралы келістік. Сөйтіп, жыл өткен сайын

2 3

№ 6 (26) желтоқсан 2018 KAZ Minerals Инфо

Сіздерді Қа-зақстан Рес-публикасының Тәуелсіздігі күнімен және алдағы Жаңа жылмен құт-тықтаймын!

Өткен жыл біз үшін оңай болма-ды. Өкінішке қарай, жұмыс орындарын-

дағы қауіпсіздік арттыру мақсатында түрлі процедураларды енгізіп жатқа-нымызға қарамастан, бірнеше әріп-тесіміз қайтыс болды. Отбасылар енді мерекелерді туған-туыстарынсыз өткі-зетінін біле тұра жылды қорытынды-лау қиын.

2019 жылы өндірісте жарақат бол-майды деп үміттенемін. Біз қолымыз-дан келгеннің бәрін істеуге дайынбыз. Ең бастысы – сіздердің қолдаулары-ңыз. Әріптестер түсініп, қолдау көр-сетпесе, кез-келген істе табыс болмай-ды. Іс-қызметіміз жоғары өндірістік көрсеткіштермен және қауіпсіз еңбек-пен ерекшеленеді деп үміттенемін!

Жаңа жыл - жаңа үміттер мен ба-тыл жоспарлардың уақыты. Олардың барлығы іске ассын. Сіздерге мықты денсаулық және отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!

Ильсур Даутов, Шығыстүстімет

Құттықтаулар

Алдағы Жа-ңа жылдың ке-луімен құттық-таған ізгі тілек-терімді қабыл алыңыздар!

Дәстүр бой-ынша біз атқа-рылған істерге баға беріп, бо-лашаққа жос-пар құрамыз. Биыл біз тек өт-кен жылды ға-

на қорытындылап отырған жоқпыз. Біз Бозымшақтың тарихындағы тұтастай онжылдықты еңсердік. Биыл біз үшін мерейтойлы жыл және ол «10 жыл бір-ге» деген ұрнамен өтті.

Әрине, өткен жылғы барлық жетістіктерге біз бірге жеттік. Кәсіп-орынымыздың табысы – бұл ком-панияның және KAZ Minerals Тобы-ның әрбір қызметкерінің жетістігі! Бірлігіміздің, ауызбіршілігіміздің ар-қасында біз жетіле түстік, жақсы жақ-қа қарай өзгердік. Өткен он жылдың басты жетістігі ретінде команданың құрылуын атап өткім келеді. Тек осы команданың көмегімен біз Қырғыз-станның тау-кен өнеркәсібіндегі ал-дыңғы қатарлы әрі үлгілі кәсіпорынды салып, іске қостық. Беделді басылым-дардың пікірінше, соңғы бес жыл бойы біз Қырғызстанның үздік компаниясы болып келеміз. Командалық рухымыз келесі жылы да көптеген қызықты әрі маңызды жобаларды іске асыруға кө-мектеседі деп үміттенемін.

Мен Топтағы әріптестерімізге ор-тақ жұмыс, түсіністік пен қолдаулары үшін алғыс айтамын. KAZ Minerals – үлкен отбасы. Коммуникацияларымыз бар, бір-бірімізден үйреніп, тәжірибе алмасып келеміз.

Қымбатты әріптестер! Әрқайсыла-рыңызға мықты денсаулық, отбасында бақыт тілеймін. 2019 жыл сіздер үшін сәтті болып, үйлеріңізге мейірімділік пен шаттық әкелсін.

Ильяс Тулекеев, Бозымшақ

Ақтоғай КБК үшін 2018 жыл табысты бол-ды. Біздің жұ-мысымыздың басты қағида-ты – қауіпсіздік. Кенішке техни-калық қызмет көрсету және оксидті зауыт сияқты бөлім-шелер еңбекке жарамсыздық-

қа алып келетін жарақаттарсыз 1000 күн жұмыс істеді. Биыл бүкіл Ақтоғай КБК бойынша біз еңбекке жарамсыздық-қа алып келетін оқиғаларсыз адамдар-ға шаққанда 1 миллион сағаттан екі рет жұмыс істедік. Тіркелген оқиғалар саны жыл бойында айтарлықтай азайды. Бұл қауіпсіздік мәселелеріне және оларға қа-тысты жағдайды жақсартуға лайықты назар аударылып отырғанын көрсетеді. Егер біз қауіпсіздік мәселелеріне осылай ден қоя берсек, 2018 жылы біз KAL-ға ар-налған 1,87 көрсеткішіне жетеміз. SLAM-ды енгізу және қауіпсіздік мәселелері бойынша өзара қарым-қатынас табыс-тың негізгі себебі болды. Біз әрбір бөлім-шенің қауіпсіздікті қамтамасыз етуге берілгендігін және оған қосатын үлесін өте құнды деп есептейміз.

Стратегиялық мақсаттарға келер болсақ, жыл біз үшін маңызды жаңалық-тармен басталды. Кеніштің өнімділігін екі есе арттыратын Ақтоғай ІІ жобасы мақұлданды. Жобалық топ жиналып, жаңа кәсіпорынның құрылысына кірісіп кетті. Кеніш пен зауыттың техникалық бөлімшелері жаңа өндірістік үлгілерді жасады, тау-кен жұмыстарының жоба-сын, кестелерді жаңартты, тау-кен тех-никасы паркін жаңарту мәселелерін қа-растырды. Қаржы бөлімі жобалардың табыстылығын қамтамасыз ететін жа-ңа үлгілерді жасады, ал кеніштің қыз-мет көрсету бөлімі жабдықтау бөлімі-мен бірлесе отырып, игеруді екі еселеуге мүмкіндік беретін тау-кен техникасын таңдады. Осы айда бұл 240 тонналық экскаваторлардың бірі жеткізіліп, құ-растырылады және 2019 жылы өндірісті арттыруды қамтамасыз етеді. Тау-кен өндірісі бөлімі айына 4 млн тонна кен, қызметкерлердің 30% ШҚО-нан болуын және тағы басқа маңызды көрсеткіштер-ге қол жеткізді.

Өндіріске келер болсақ, Ақтоғай 20,5 млн тонна кенді қайта өңдеп, 110 мың тонна концентраттағы мыс пен 25 мың тонна катодты мыс өндірді. Осы кезең ішінде үш ай қатарынан өндірістік көр-сеткіштер мен дайындық коэффициенті қажетті көрсеткіштерге жетті.

Осы жетістіктердің барлығы табыс-ты және қауіпсіз 2019 жылға негіз бола-ды.

Марк Ле Пейдж, Ақтоғай

Page 4: 2 3 Құттықтаулар - Kazmineralskazminerals.info/uploads/files/pdf/1774_kk.pdfмәміле жасау туралы келістік. Сөйтіп, жыл өткен сайын

4 5

KAZ Minerals Инфо № 6 (26) желтоқсан 2018

Төл сөз

Жабдықтау ісіKAZ Minerals Тобының жабдықтау жөніндегі директоры жабдықтау қызметінің екі жылдық трансформа-циясын қорытындылап, халықаралық стандарттарды енгізу тәжірибесімен бөлісті. Атқарылған жұмыстар, страте-гиялық жоспарларды іске асыру және олардың компанияның іс-қызметіне әсері туралы Мадина Қапарованың сұхбатынан оқыңыздар.

- Мадина Әбдірашитқызы, біріншіден, сізді «Әлемдік тау-кен өнеркәсібіндегі шабыттандыратын 100 әйел» тізіміне кіруіңізбен құттықтай-мын!

- Рахмет! Бұл мен үшін үлкен абырой: посткеңістік аумақта бұл тізімге үш әйел ғана кірген: мен, біздің еңбегі сіңген гео-логымыз Баян Әлжанова және ресейлік тау-кен компаниясының бір қызметкері. Біз KAZ Minerals-та бүкіл елімізде сияқ-ты теңдік мәселесі дамып келе жатқанын көрсетуге мүмкіндік алдық. Қазір әйел-дердің ер адамдармен қатар мансап жо-лында табысты жұмыс істеуіне мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ, бұл марапатта мен жал-пы жиырма жылға таяу жұмыс істеген са-ту және жабдықтау қызметтерінің үлесі зор. Әріптестерге, әсіресе, жергілікті жер-де еңбек етіп жүрген қызметкерлерге ал-ғысым зор.

- Сіз жабдықтау жөніндегі дирек-тор лауазымына 2016 жылы келдіңіз. Осы қызметтегі жұмысты неден баста-дыңыз?

- Әрине, негізінен өркендеу жоба-ларына ден қойдық. Мен бұған дейін 16 жыл бойы сату қызметінде жұмыс істедім. Жаңа қызметімді жо-ғарылау немесе төмен-деу емес, жаңа белес деп есептедім. Бозша-көл мен Ақтоғай іс-ке қосылып жатты. Ал мұндай ауқымды жо-баларда бастапқы кез-де проблемалар болуы әбден мүмкін. Межелі өндірістік көрсеткіш-терге жету үшін жан-жақты қолдау көрсетуді басым бағыт ретінде қарастырдық. Бұл де-геніміз – жабдықтау процесстерінің сапа-сын әлемдік стандарттарға дейін жеткізу деген сөз. «Жоба – операциялық іс-қыз-мет» бағытындағы өтпелі кезеңді қамта-масыз ету.

Жабдықтау саласындағы әдіс-тәсілдерді өзгерту керек болды. Яғни, өнімнің өзіндік құнын қалыптасты-

ру процессіне тікелей әсер ететін факторға айналу. Сөйтіп, сол уа-қыттағы менің міндет-терімнің бірі – тауар-лар мен қызметтерді сатып алу процессіне қатысты жаңа тәсілді жасау болды. Бұл ба-ға, сапа және мерзім сияқты үш құрамдас-қа негізделген. Деген-мен, көптеген сыртқы және ішкі факторлар-ды да ескеру қажет.

Айталық, шарттарды жасау мерзімдері-не Қазақстанның жер қойнауын пайда-лану саласындағы сатып алуға қатысты заңнаманы немесе компанияның әдісте-мелік, нормативтік, жемқорлыққа қарсы

және тағы басқа ережелерін сақтау әсер етуі мүмкін.

- Сіз «жобалық» жабдықтаудан «операциялық» жабдықтауға кө-шу туралы айтып өттіңіз. Олардың айырмашылығы неде?

- Бұл концепциялары ұқсас, бірақ іс-ке асуы мүлдем басқа процесстер. Егер жобалық жабдықтауда жеткізушілер анықталған, ал жабдықтар уақытында жеткізіліп, орнатылуы керек болса, опе-рациялық жабдықтау кезінде бұл жаб-дықтар үлкен жүктемемен жұмыс іс-тейді. Яғни, түрлі жөндеу жұмыстары, оның ішінде жоспарлы немесе апаттық жөндеулер орын алады. Бұл өз кезегінде түрлі материалдарды қажет етеді.

Бұл айырмашылықтың салдарынан командамызға өндірістегі қызметкер-лермен бірге барынша тиімділікке же-туге мүмкіндік беретін бизнес-процесс-терді басынан бастап қалытастыруға тұ-ра келді.

Бір қарағанда еш қиындығы жоқ сияқты – жай ғана жаңа қосалқы бөл-шекті жеткізуге шарт жасау керек. Алай-да жеткізу мерзімімен (ол үш айдан бір жылға дейін жетуі мүмкін) қатар, оның құнын да ескеру қажет. Айталық, Ав-стралияда жедел түрде сатып алынған бөлшекке кететін бюджеттің өсімі, са-йып келгенде, өнімнің өзіндік құнына әсер етеді. Ал егер мұндай бірнеше же-дел жеткізу болса ше?

- Жабдықтау саласындағы «әлемдік стандарттар» қай бағыттар-да қолданылады?

- Өкінішке қарай, бүгінгі күні халық-аралық стандарттарды толықтай енгі-зуге мүмкіндік жоқ. Айтып өткенімдей, шектеуші факторлар көп – негізінен сөз заңнама туралы болып тұр. Айта-лық, біз жер қойнауын пайдаланушы-лар ретінде барлық сатып алуларды тен-дерлік алаңдар, яғни тауарлық биржа немесе NADLoC арқылы өткізуіміз ке-рек. Ірі шетелдік компаниялар бұл жер-де не үшін тіркелу керектігін түсінбейді. Егер олардың жергілікті өкілдері болса, жақсы. Олар түсіністікпен қарайды. Ал болмаса, біз көптеген қиындықтарға тап боламыз.

Екінші маңызды жәйт – шарттар-ды жасаудың өте күрделі жүйесі. Қа-зақстанда екі тарап қол қоймағанынша мәміле жасалған болып есептелмейді. Ал халықаралық тәжірибеде ауызша келісімнің өзі серіктестік қарым-қаты-насқа негіз бола алады. Мұның бәрі бізді халықаралық тәсілдерді қолданудан алыстатады.

Сонымен қатар, мынаны да ескер-

Жабдықтау саласында-ғы әдіс-тәсілдерді өз-герту керек болды. Яғни, өнімнің өзіндік құнын қалыптастыру процессіне тікелей әсер ететін фак-торға айналу.

Page 5: 2 3 Құттықтаулар - Kazmineralskazminerals.info/uploads/files/pdf/1774_kk.pdfмәміле жасау туралы келістік. Сөйтіп, жыл өткен сайын

4 5

№ 6 (26) желтоқсан 2018 KAZ Minerals Инфо

Төл сөзген жөн. Көптеген шетелдік ірі тау-кен компаниялардың ішінде өндірушілердің қосалқы бөлшектерді жасайтын цехтері немесе өндіріске жақын жерде қоймала-ры бар. Қоңырау шалсаң болды, біршама уақыттан кейін қажетті деталь жеткізі-леді. Ал бізге қосалқы бөлшектерді, құ-рамдастарды және жабдықтардың өзін Қазақстанға импорттауға тура келеді. Ал бұл уақытты және жоғарыда айт-қан шектеуші факторларды өтуді талап етеді. Кейде біздің шетелден келген бас-шыларымыз «бүгін қо-ңырау шалдым, ал ер-тен қосалқы бөлшекті аламын» деген қағи-датпен жұмыс істегісі келгенде, біздің елде мұндай мүмкін емес екенін түсіндіруге тура келеді.

Әрине, жеткізуді шамамыз келгенше тездету үшін біз әуе жолдарын пайдала-намыз. Бірақ бұл бір-екі күннің мәсе-лесі емес. Қажетті бөлшек тез келгеннің өзінде шартсыз біз кедендік рәсімдеуді жасай алмаймыз. Шартты жасау про-цедурасын аяқтау үшін арнайы мемле-кеттік алаңдарда тендер өткізу қажет. Ал бұл тағы 14 күн.

Бұл істі жеделдету үшін консигна-циялық қоймаларды ұйымдастырумен қатар, біз ішкі процедураларды да оң-тайландырып жатырмыз. Мәселен, бұ-рын келісімшартты жасау үшін бір апта уақыт кететін. Қазір бұл мерзім үш күн-ге дейін қысқарды. Оған қолданыста-ғы электронды құжат алмасу жүйесінің негізінде жасалған автоматты түрде қа-тар келісу септігін тигізді.

Жақында ғана өткен атқарушы ко-митеттің отырысында мен енгізілген өз-герістер туралы айттым. Тапсырысты ал-ғаннан жеткізушіге жөнелтуге дейінгі мерзімдерді оңтайдандырудың арқасын-да ол Ақтоғайда - 115 күннен 38 күнге дейін, Бозшакөлде - 136 күннен 40 күнге дейін қысқарды. Оның 14 күні – мемлекет талап ететін процедуралар.

- Заң шығарушы органдарға өзіміздің ұсыныстарымызды жеткізу мүмкін бе?

- Әрине, мүмкін. Бұл 14 күн деген қиын мәселе. Сондықтан біз Қазақстан-ның барлық жер қойнауын пайдалану-шыларына үндеу тастап, отандық өнді-рушілерді қолдауға және қазақстандық құрамды ұлғайтуға бағытталған қолда-ныстағы мемлекеттік ережелерді қай-та қарауды ұсындық. Біз қазақстандық өндірушілер арасындағы бәсекелі ортаны қалыптастыруды қолдаймыз. Дегенмен Қазақстанда өндірілмейтін импорттық жабдықтарға келгенде де біз жоғарыда аталған ережелерді орындап, тендер өткі-зуіміз керек. Оның не қажеті бар?

Сондықтан біз бұл мәселеге қолымыз-дан келгендердің барлығын тартуға ты-рыстық: тиісті қауымдастықтар, сауда өнеркәсіп палаталары, кәсіпкерлер одағы, басқа өндірістік компаниялар. Келіссөз-дердің өзіне үш айдан артық уақыт кетті.

Нәтижесінде жағдай қиын, ал ережелер тауарларды, жұмыстарды және қызмет-терді сатып алуға кедергі екенін барлығы мойындады. Бұл жағдай тауар Қазақстан-да өндірілмесе тендерлік процедуралар-ды қайта қарауға ықпал етеді деп үмітте-неміз.

- Сапа мен баға мәселесі. KAZ Minerals-тың бұған көзқарасы қандай?

- Өркендеу жобаларындағы шетелдік жабдықтарда тек түпнұсқалық қосалқы

бөлшектер болуы деген қағидатты ұстанамыз. Сондықтан біз тек өнді-рушілермен тікелей жұ-мыс істейміз. Сапа мә-селесі осылай шешіледі. Баға мәселесін рет-теу үшін біз өндіруші серіктестерімізбен ұзақ мерзімді меморандум-дар жасап, олардың ая-сында ерекше жағдай-ларға ие болдық. Біз өз

тарапымыздан ауқымды сатып алу мен төлемнің қолайлы кестесін ұсынамыз. Қазір біздің жағдайымыз бұл компания-лармен серіктестіктегі ең тиімді болып отырғанын айта кеткен жөн.

Шығыста біз қосалқы бөлшектердің дубликаттарын немесе баламаларын қол-дана аламыз. Сол себепті бұл мәселеде бәсекелестік бар. Біз конкурсқа барлық жеткізушілерге қатысуға мүмкіндік бе-реміз де, үздік шарт ұсынғандармен жұ-мыс істейміз. Бұл жерде мәселе ең төменгі баға-да да емес. Егер жеткі-зуші тиісті сапаны қам-тамасыз етпесе, тәуе-келі жоғарылардың тізіміне енеді.

Барлық шарттары-мызда егер біздің та-рапымыздан сын-ес-кертпелер болса, шарт-ты кез-келген уақытта тоқтата аламыз деген тармақ бар. Қазіргі нарық жағдайында мердігерлер клиент-термен ұзақ мерзімді қарым-қатынас жа-сауға және серіктестікте икемділік көрсе-туге дайын.

- Жабдықтау қызметі басқа қандай іс-шараларға атсалысады?

- Өзіміздің операциялық іс-қыз-метіміз бен тікелей міндетімізбен қа-тар, біз басқа жобаларға да қатысамыз. Бұл біздің жауапкершілігіміз болмаса да, көмегімізді ұсынамыз. Айталық, арна-йы киім және ЖҚҚ каталогтарын қалып-тастыруға қатыстық. Бүкіл Топта бірың-ғай, сапалы және қауіпсіздікті қамтама-сыз ететін арнайы киім болуы керек деген міндет жүктелді. Себебі, ұзақ уақыт бойы Шығыстүстімет, Бозымшақ және өркен-деу жобаларының киімдері әртүрлі болып келді.

Біз биыл арнайы жәрменке өткіздік – бұл толықтай біздің бастамамыз болды. Жәрменкеге арналған ЖҚҚ жинақтадық, барлық кәсіпорындардағы ҚТ маманда-рын шақырдық. Олар үлгілерді қарап, өз-дерінің ұсыныстарын берді. Өндірушілер-

мен және жеткізушілермен келіссөздер жүргізіп, үздік шарт ұсынғандардан бүкіл Топтқа киім сатып аламыз.

Қазір, яғни, қараша-желтоқсанда ұзақ мерзімді келісімшарттарды жасау науқа-ны жүріп жатыр.

Жобаларды дамыту мен оңтайлан-дыру саласындағы тағы бір жобамыз бар. Бұрын қызметкерлер вахтааралық дема-лыс кезінде немесе жұмыстан кейін ме-дициналық тексеруден өтетін. Біз бұл процессті жеңілдеттік. КБК-нің аумағын-да қызмет көрсететін медицина мекеме-лерімен шарт жасап, жер-жерлерде меди-циналық тексеріс өткізуге келістік. Енді қызметкер таңертен анализ тапсырады, ауысым аяқталғанда мамандарға барып тексеріле алады. Өндірістен де алыста-майды, өзінің демалыс уақытын да ысы-рап қылмайды.

- Мұндай ауқымды міндеттерді ат-қару кезінде команданың маңызы зор болар?

- Иә, бұл ауыспалы кезеңдегі жабдық-таушылар ұжымы жаңа белестерге дайын болмағандықтан тиімді және амбицияла-ры мол команданы қалыптастыру керек болды. «Жабдықтау мерзімін» (тапсырыс берушіде қажеттілік туындағаннан ТМҚ қоймаға жеткізуге дейін) барынша қыс-қарту үшін бұл процессті бүге-шүгесіне дейін реттеу керек болды. Қызметті қайта құрудың нәтижесінде былтырғы жылдың соңында жабдықтаушылардың жаңа ко-мандасы қалыптасты. Олар қазіргі ұжым-

ның негізіне айналды. Олар кәсіби әрі қажетті идеяларды айтып, стра- тегиялық және опера-циялық міндеттерді орындауға мүмкіндік береді.

- Жабдықтау қыз-меті жан-жақта орна-ласқан. Команда ішін-де коммуникациялар-

ды қалайша тиімді қалыптастырып отырсыз?

- Біз тоқсан сайынғы тікелей есептер тәсілін қолданамыз. Олардың барысында стратегиялық, операциялық мәселелерді, жұмыс жоспарларын және тағы басқалар-ды талқылаймыз. Апта сайын селектор-лық жиналыстар өтеді – олардың бары-сында бейнебайланыс арқылы күнделікті жұмыс мәселелерін қарастырамыз. Жаб-дықтаушылар өздері де үнемі кәсіпорын-дарға барады. Оған қоса, кәсіпорындарда-ғы жабдықтау қызметтерінің басшылары, коммерциялық менеджерлер жеткізуші-лермен кездеседі. Сондықтан жалпы ком-муникациялар тиімді жасалған деуге бо-лады.

Жаңа жылда компанияның бар-лық қызметкерлеріне денсаулық, бақыт және жүктелген міндеттерді орындауда сарқылмас қайрат ті-леймін. Әркімге жұмыс, отбасы жә-не жеке дамуы арасындағы тепе-теңдікті табуына тілектеспін. Жаңа жылда тек жағымды өзгерістер бол-сын!

Өзіміздің операциялық іс-қызметіміз бен тікелей міндетімізбен қатар, біз басқа жобаларға да қа-тысамыз.

Бұл істі жеделдету үшін консигнациялық қойма-ларды ұйымдастырумен қатар, біз ішкі процеду-раларды да оңтайланды-рып жатырмыз.

Page 6: 2 3 Құттықтаулар - Kazmineralskazminerals.info/uploads/files/pdf/1774_kk.pdfмәміле жасау туралы келістік. Сөйтіп, жыл өткен сайын

6 7

KAZ Minerals Инфо № 6 (26) желтоқсан 2018

Жылдың жас кәсіпқойыӨскемен қаласында мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін берілетін Шығыс Қазақстан облысы әкімі сыйлығының қорытын-дылары шығарылды.

«Жас кәсіпқой» номинациясында Ор-лов шахтасының энергетикалық жабдық-тар учаскесінің бастығы Анвар Хожаев жеңіске жетті. Орлов өндірістік кешені бұл абыройлы атақты осымен екінші рет алып отыр. Бұған дейін осы номинация бойынша ОӨК тағы бір өкілі Константин Новохатний марапатталған.

– Бұл шынымен керемет сезім! Өзіңді бағалайтынын және алда зор мүмкіндіктер бар екенін сезесін осындайда. Біздің бо-лашағымыз өз қолымызда. Ал жастар тек компанияның емес, бүкіл елдің негізі. Мұн-дай марапаттардың жауапкершілігі де мол. Себебі, өндірістік кешеннің, әріптестердің және тәлімгерлерімнің абыройын жоғары ұстау қажет. Мен бұл жауапкершілікті сезіп тұрмын, – дейді Анвар Хожаев.

Анвар – Жезкенттің тумасы. Еңбек жолын 2007 жылы ОӨК-нің бетон-гидрав-ликалық торап учаскесінде бастаған. Өзі айтып өткендей, әріптестердің қолдауын-сыз мұндай марапат болмас еді. Ол ең ал-дымен өндірістік кешеннің директоры Александр Садреевке конкурсқа қатысу-ға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтады. Сонымен қатар, өмір бойы бар білгенімен бөлісіп келе жатқан тәлімгерлері Василий

Ищенкоға, Арман Бердиновқа, бас энер-гетиктің бөліміне, тұңғыш тәлімгері және ағасы Файрус Хожаевқа Анвардың алғы-сы шексіз.

– Жобаның мәні – достықта, жа-сампаздықта және өзара қатынаста. Мен сіздерге шын жүректен еліміздің жа-ңа буынының негізі болуларыңызға ті-лектеспін. Еліміз дамып келеді және Қазақстан Республикасының болаша-ғы сіздерге және сіздердің білімдеріңіз-де, – деді Әсем Нүсіпова, ШҚО әкімінің орынбасары.

Сыйлықтың мақсаты – жастардың жетістіктерін тану және болашақ жетістік-терге жігерлендіру. Ол 14-29 жас аралы-ғындағы жастарға «Жылдың жас көшбас-шысы», «Жылдың студент көшбасшысы», «Жас кәсіпқой», «Жылдың жастар ұйы-мы», «Жылдың жас журналисті», «Жыл-дың жастар акциясы», «Жас отбасы» но-минацияларында тапсырылады.

Биыл аталған сыйлыққа үміткерлер қатарына «Шығыстүстімет» ЖШС-нің ал-ты қызметкері кірді.

Шығыстан не хабар?

Тағайындаулар«Шығыстүстімет» ЖШС-де бірқатар кадрлық өзгерістер орын алды.

Компанияның қызметкерлер жөнін-дегі директоры лауазымына Вячеслав Якупов тағайындалды. Бұл қызметте оған дейін жұмыс істеген Динара Дәу-ренбекова компаниядан кетуге шешім қабылдады. Вячеслав Юрьевичтің ком-паниядағы жұмыс тәжірибесі мол – ол Қазақмыс Корпорациясы мен Шығыс-түстіметте еңбек және әлеуметтік қаты-настар саласындағы түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. Өңірдің мемлекеттік ор-гандарында да жұмыс істеп көрді. Таға-йындауға дейін «Шығыстүстімет» ЖШС еңбек қатынастары және әлеуметтік мә-селелер бөлімінің бастығы болып еңбек еткен.

Кадрлық өзгерістер компанияның құ-рылымдық бөлімшелерінде де болды. Ертіс шахтасының уақытша бастығы болып Нұр-бол Әжінов тағайындалды. Бұған дейін ол ЕӨК техникалық және инвестициялық жос-парлау бөлімінің басшысы болған. Кеніштің бас инженері лауазымына Мұрат Нұрға-лиев тағайындалды. Ол бұл қызметке дейін Юбилейный-Снегирихин шахтасының су

ағызу және тазалау қондырғыларының же-расты учаскесін басқарған.

Артемьев шахтасының №3 жерас-ты өндірістік учаскесінің бұрынғы басты-ғы Сайлау Нағұманов аталған кәсіпорын-ның бастығы лауазымына келді. Шахтаның бас инженері болып бұған дейін АӨК тех-никалық және инвестициялық жоспарлау бөлімінің инженері болған Оралхан Кенже-баев тағайындалды.

Орлов кен байыту фабрикасының бас-тығы лауазымына кәсіпорынның бұрынғы бас инженері Абзал Теңізбаев тағайындал-ды. Ал бас инженер қызметіне фабриканың жетекші инженер-технологы Евгения Коко-рева келді.

Компаниядан өз еркімен кеткен Евге-ний Колмаковтың орнына «Шығыстүсті-мет» ЖШС жобалау орталығының бастығы болып Дархан Сатылхан тағайындалды. Бұ-ған дейін ол бас маркшейдер бөлімінің же-текші инженері болып жұмыс істеді.

Вячеслав Якупов Дархан Сатылхан

Жезкенттік Остап БендерКөп күш жұмсамай, тез әрі көп ақша табу. Бұл арқылы адамдарды алдап, қылмысқа бара жатқаның, ол үшін ертен жауапқа, тіпті қылмыстық жауапқа тартылатының маңызды емес.

Ең бастысы – тап осы жерде және тап қазір ақша табу. Жезкентте «белсенділік» танытып жүрген бір ханым дәл осылай ойлаған болуы керек.

«Шығыстүстімет» ЖШС-нің қауіпсіздік қызметі өткізген бірқатар іс-шаралардың нәтижесінде азаматтардың мүлкіне қастандық жасауды көздеген бірнеше бұрмалаушылықтар анықталды.

– 2018 жылдың қазан айында Жез-

кентте тұрғындардан ақша алып, Орлов өндірістік кешеніне жұмысқа орнала-суға уәде беріп жүрген әйел анықтал-ды. Остап Бендердің ізін қуып жүрген азаматшаның құрығына бірнеше адам ілінген. Ол өзінің «қызметі» үшін 150-200 мың теңге сұраған. Барлық анық-талған ақпарат құқық қорғау орган-дарына беріліп, оның жауапкершілік деңгейі анықталуда, – дейді Олег Ни,

«Шығыстүстімет» ЖШС-нің қауіпсіздік жөніндегі директоры.

Сонымен қатар, Орлов өндірістік кешенінде киім ауыстыру бөлмелерін-де қызметкерлердің жеке заттарын ұр-лаумен айналысып жүрген адам анық-талды. Бұл ақпарат та құқық қорғау ор-гандарына берілді.

Жұмыста болмаған қызметкер-лер жүйелі түрде сылтау ретінде түрлі ұйымдар мен мекемелердің жалған құ-жаттарын көрсетіп жатады. Олардың арасында тергеу амалдарына куәгер немесе жәбірленуші ретінде қатысу-ға жалған шақырту, қан тапсыру тура-лы жалған анықтама және тағы басқа-лар бар.

Page 7: 2 3 Құттықтаулар - Kazmineralskazminerals.info/uploads/files/pdf/1774_kk.pdfмәміле жасау туралы келістік. Сөйтіп, жыл өткен сайын

6 7

№ 6 (26) желтоқсан 2018 KAZ Minerals Инфо

Шығыстан не хабар?

Пәтердей жайлыЕртіс шахтасы сорғы қондырғыларының машинисті Бану Нұрсейітова өзінің жұмыс орны туралы енді осылай айтады. Соңғы жылда шахта ішіндегі тік көлік учаскесіндегі машинистердің жұмыс жағдайлары күрделі өзгерді. Оған 5S жүйесін енгізу аясындағы 9-жерасты қабатында жұмыс орындарын жақсарту жобасы себепкер болып отыр.

Ермек Дюзкенев, Өскемен

– Бұрын біз анау, арғы бұрышта отыра-тын едік. Ол жерде қауіпті. Үнемі жел соғып тұрады және дәл жаныңда жоғары вольтті ұяшықтар орналасқан. Ал енді сорғы қон-дырғыларының машинистеріне арналған бөлме жасап берді. Бұл өте ыңғайлы жер. Қажетті құжаттар да осында. Біз сол жер-де жиналып, жұмыстың мән-жайын талқы-лай аламыз. Тағы бір маңызды жәйт – үзіліс кезінде шәй ішіп, тамақтанамыз. Бөлмеміз пәтер сияқты жылы әрі жайлы, – дейді Бану Нұрсейітова.

Бұл жобаның авторлары – ЕӨК-нің өздігінен жүретін және қозғалмайтын жаб-дықтар жөніндегі жетекші инженері Ев-гений Слаутин, Ертіс шахтасы ШІТК учас-кесінің бастығы Сергей Гужва, ШІТК учас-кесінің су ағызу шебері Андрей Школдин. Аталмыш жоба «Шығыстүстімет» ЖШС-де 5S жүйесін енгізу жөніндегі конкурстың жеңімпазы атанды. Оған қоса, KAZ Minerals Тобының корпоративтік құндылықтары ая-сындағы 2018 жылдың үздік жобасы кон-курсының арнайы сыйлығына ие болды.

– 5S жүйесін енгізу аясындағы жұмыс орындарын жақсарту жобасын біз Ертіс шахтасының 15-жерасты қабатында баста-ған едік. Бұл жобаны іске асыру оң нәтиже бергендіктен 9-жерасты қабатындағы сор-ғы қондырғылары машинистерінің жұмыс орынын жақсартуға кірістік. Жобаны енгі-зуге дейін ол жоғары вольтті ұяшықтардың жанында орналасқан болатын. Осының кесірінен тиісті рұқсаты жоқ жұмысшылар бұл жерге кіре алмайтын. Сол себепті біз кабинаны сорғы қондырғыларына жақын-

датып орналастырдық. Енді бұл жерде ма-шинистер де, слесарлық топ та отыра ала-ды. Бұл жайлы орында SLAM-ды және басқа да қажетті құжаттарды толтыруға болады, – дейді Андрей Школдин.

Кабинаны жасау мен орнату жөніндегі барлық жұмыстарды жергілікті слесарьлар атқарды. Ескі ұяшықтар бұзылып, олар-дың орнында кабина, яғни машинистің жа-ңа жұмыс орыны пайда болды. Металл бұ-рыштар мен табақтар, OSB-профиль және тағы басқа қажетті материалдар алдын ала жеткізілді. Компанияда жаңа процедура-лар енгізіліп жатқандықтан машинистер бөлмесінің сыртқы жағын SLAM жүйесі ту-ралы ақпарат орналастыру үшін пайдала-нылды. Инфографика артықтық етпес және жұмыс орнындағы қауіпсіздік туралы үнемі ескертіп отырады. Бұл жердегі суреттердің авторы - сорғы қондырғыларының маши-нисті Анна Дворникова.

Айтпақшы, бұл авторлық топ 5S кон-курсында бұрын да жеңімпаз атанған. Бұл кезде 15-жерасты қабатындағы жұмыс оры-ны жақсартылған.

– Ол жақтағы жұмыс орыны сорғы агре-

гаттарынан алыста орналасқан еді. Соның кесірінен сорғы жабдықтарын бақылап, қа-дағалау қиындап кетті. Осы олқылықты жою үшін де арнайы жоба жасалып, маши-нистердің бөлмесі, бақылау терезесі жасал-ды. Енді машинист қызметкерлердің және жабдықтардың жұмысын жіті бақылай ала-ды. Бұл жобалар компания үшін көп шығын әкелмейді, жұмыс жағдайын жақсартады және қауіпсіздік деңгейін жоғарылатады, – деп атап өтті Андрей Школдин.

Бұл жобаларды енгізудің арқасында шу мен вибрацияның қызметкерлерге деген әсері азайды, еңбекке уақытша жарамсыз-дық жөніндегі парақтар саны қысқарды, сорғы қондырғылары машинистерінің аг-регаттардың ақауларына қатысты іс-әре-кеттерінің уақыты азайды, техникалық құ-жаттарды сақтау орны ұйымдастырылды. Енді қажетті құжаттарды тез тауып, пайда-лануға болады.

Енді жоба авторлары су жинақтарын та-залау жөніндегі тау-кен жұмысшылары мен шахтаны басқару пульті операторларының жұмыс жағдайларын жақсартуды жоспар-лап отыр.

Андрей Школдин

Бұрын Қазір

Page 8: 2 3 Құттықтаулар - Kazmineralskazminerals.info/uploads/files/pdf/1774_kk.pdfмәміле жасау туралы келістік. Сөйтіп, жыл өткен сайын

8 9

KAZ Minerals Инфо № 6 (26) желтоқсан 2018

Фоторепортаж

Ақтоғайға – 3 жыл!1 желтоқсанда Ақтоғай КБК-де кәсіпорынның іске қосылған күні аталып өтті. Осыған орай вахталық қалашықтың әкімшілігі мен КБК-нің басшылығы вахтада-ғы қызметкерлерге үлкен мереке ұйымдастырды.

Үш центнер ет, ондаған килограмм жемістер мен көкөністер, жалпы салмағы 20 килограмм тартатын мерекелік торт-тар – осының бәрі қызметкерлерді таң қалдырды. 2018 жылы жетістіктерге жет-кен қызметкерлерді марапаттау рәсімі де ұйымдастырылды.

Қыстың алғашқы күніне ерекше ме-рекелік күй беріп тұрған оқиға 2015 жыл-ғы 1 желтоқсанда болды. Бұл күні Ақто-ғайда катодты мыстың алғашқы дана-сы өндірілді. Оксидті кендерді өңдейтін кешен Ақтоғайда іске қосылған тұңғыш кәсіпорын еді. Ал сульфидті кеннен кон-центраттағы мысты өндіру шамамен бір жылдан кейін, яғни, 2017 жылдың бірінші тоқсанында басталды.

– Үш жылдың ішінде мұнда көп нәрсе өзгерді. Біз алғаш келгенде мұнда еште-ңе жоқ еді. Қазір кәсіпорын үлкен компа-нияға айналды. Бұрын асхананың жарты-сы да жоқ болатын. Ал қазір, міне, қандай зал пайда болды. Сондай-ақ, қауіпсіздік мәселелеріне ерекше мән берілетінін де айта кеткен жөн. Мен ИТҚ болсын, қара-пайым жұмысшылар тарапынан болсын ҚТ-на осыншама көңіл бөлінетін бірде-бір компания көрген емеспін, – деп атап көрсетті Владимир Будко, экскаваторшы-лардың бригадирі. Ол биыл «еңбек сірің-ген жылдар үшін» белгісімен (компанияда үш жыл) марапатталды.

Жалпы 2018 жылы мұндай белгіше-лерді КБК-нің 270 қызметкері иеленді.

Одан басқа ақтоғайлықтардың еншісінде 356 мыс және бір күміс белгіше бар.

– Тану бағдарламасы аясында біз осы айтулы күнге орай 167 қызметкерді анық-тадық. Тағы 125 адамды «Үздік қызмет-кер» номинациясы бойынша марапатта-дық. Олар КБК-нің департаменттері мен қызметтерінің арасынан таңдалды. Со-нымен қатар, биыл ҚТ саласында жақсы нәтижеге жеткен екі департамент те ма-рапатталды. Олар 1000 күн бойы жарақат-сыз және еңбекке жарамсыздықсыз жұ-мыс істеген. Бұл жақсы жетістік. Сондық-тан олардың қызметкерлері сыйақы алды, – деді Бауыржан Абылқасымұлы, Ақтоғай КБК қызметкерлермен жұмыс басқарма-сының басшысы.

КБК басшылығының пікірі бойынша, мұндай корпоративтік мерекелер адам-дарды ҚТ саласындағы міндеттерді орын-дауға, өнімділікті арттыруға және пайда-лы ұсыныстар беруге ынталандырады.

Үш жылдың ішінде мұнда көп нәрсе өзгерді.

Page 9: 2 3 Құттықтаулар - Kazmineralskazminerals.info/uploads/files/pdf/1774_kk.pdfмәміле жасау туралы келістік. Сөйтіп, жыл өткен сайын

8 9

№ 6 (26) желтоқсан 2018 KAZ Minerals Инфо

Фоторепортаж

Ақтоғайға – 3 жыл!– Мұндай іс-шаралардың арқасында

қызметкерлер өздерін ортақ іске қатысы бар екендіктерін сезінеді. Тану бағдар-ламасы бойынша белгіше алғанда неме-се үздік қызметкер атанғанда компания оларды еңбегі мен жетістіктері үшін баға-лайтынын сезінеді. Әрине, сыйақылар да жігерлендіреді, – деді Бауыржан Абылқа-сымұлы.

– Мен қатты толқып тұрмын. Бүгін осындай марапат аламын деп ойламап-пын. Себебі, өзім бес ай бұрын ғана жұ-мысқа орналастым. Дегенмен басшы-лық менің еңбегімді елеп, алғыс хат пен мыс белгіше тапсырғанына қуанып тұр-мын. Маған бұл компанияда жұмыс істе-ген ұнайды. Әрине, бұл марапат қосымша жауапкершілік жүктеп, компанияға керек екендігіңе сенім береді, – дейді Юрий Во-логов, сульфидті фабриканың БӨҚ және А электржабдықтарын жөндеу мен қызмет көрсету учаскесінің бастығы.

Мерекелік күнде барлық қызмет-керлерді лайықты тамақтандыру үшін мердігерлік САС компаниясы көп күш жұмсады. Аспаздар ерекше кешкі ас да-йындады. Мол да, әдемі дастарханның су-реттерін қызметкерлер әлеуметтік желі-лерде жарыса жариялап жатты.

– Біз КБК-де мұндай үлкен мереке-лерді жиі ұйымдастырамыз. Алда 16-жел-тоқсан және Жаңа жыл мерекелері бар. Бүгінгі кешкі асты дайындауға 160 килог-рамм сиыр еті және 140 килограмға жуық күркетауық еті кетті. Қызметкерлер ри-за. Оларға дастархан ұнайды, мұндай игі дәстүрді үнемі жалғастыруды сұрайды, – дейді Джеймс Тони, Ақтоғай КБК-нің бас аспазы.

Бұл күні КБК-нің қызметкерлері ара-сында лотереялық ұтыс ойыны ұйымдас-тырылып, жеңімпаздарға компанияның логотипі бар термостар, саптыаяқтар, рюкзактар, курткалар және тағы басқа

сыйлықтар берілді. Кештің соңында «KAZ Minerals

Aktogay» ЖШС бас директорының мін-детін атқарушы Марк Ле Пейдж жинал-ғандарға өзінің негізгі жұмыс орыны - KAZ Minerals Management-тің техника-лық департаментіне қайта оралатынын жариялады. Екі жыл бұрын оған Ақтоғай КБК-нін уақытша басқару ұсынылған еді. Енді, жаңа бас директордың кандидату-расы анықталған соң – ол Филип Уэл-тен – Марк Ле Пейдж бұрынғы қызметін-де жұмысын жалғастыратын болады. Марк КБК-не және оның қызметкерлеріне өндірістік бағдарламаны орындауды жә-не қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтау-ды тіледі.

Естеріңізге сала кетейік, кенді қай-та өңдеу жөніндегі қуаты артылғанда кеніштің пайдалану мерзімі – 28 жыл. Сол себепті Ақтоғайда мерейтойлар әлі де бо-лады.

Демеушіні марапаттау

KAZ Minerals Aktogay Шы-ғыс Қазақстан облысындағы үздік компания атанды. Бұл ту-ралы Өскемен қаласында өт-кен «Жомарт жүрек» конкур-сының жеңім-паздарын ма-рапаттау кезін-де белгілі болды.

Ақтоғай КБК тұрақты түрде өңір тұрғындарына көмек көрсе-теді: Аягөз қаласында тасқыннан зар-дап шеккендерге баспана сатып берді, аз қамтылған отбасылардың балала-рына қайырымдылық көмек көрсетті, Аягөз политехникалық колледжін қол-дайды, аудан мектептерінің 8 түлегі-не Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-де 5 мамандық бойынша гранттар ұсын-ды. Бұл риясыз көмегі мен жергілікті тұрғындарды қолдағаны үшін «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС меценаттар конкурсының «Жылдың үздік ұйы-мы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

«Бұл марапат – Ақтоғай мен жал-пы Шығыс Қазақстан облысында тұра-тын халыққа деген әлеуметтік жауап-кершілігімізді мойындау. Ол біздің тарапымыздан халықтың аз қамтыл-ған топтары, айталық, жетім балалар-ға және мүмкіндігі шектеулі балалар-ға көрсеткен қолдауымыз үшін беріліп отыр», – деп атап өтті Ақтоғай КБК басшысының міндетін атқарушы Марк Ле Пейдж, марапаттау кезінде.

Page 10: 2 3 Құттықтаулар - Kazmineralskazminerals.info/uploads/files/pdf/1774_kk.pdfмәміле жасау туралы келістік. Сөйтіп, жыл өткен сайын

10 11

KAZ Minerals Инфо № 6 (26) желтоқсан 2018

Жылға шолу

2018 жылдағы KAZ Minerals

Қауіпсіз конференцияАқпан айында KAZ Minerals Тобының

өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы І конференциясы өтті. Топтың 160-қа жуық қызметкері өнеркәсіптік қауіпсіздікке қа-тысты түрлі мәселелерді талқылап, тәжі-рибе алмасты. Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау департаментінің 2018 жылдағы басым бағыты ретінде учаске-лердегі қауіп-қатерді анықтау жариялан-ды. ҚТ мамандарының негізгі мақсаты - әр қызметкерді SLAM жеке қауіп-қатерді анықтау бірыңғай жүйесінің көмегімен тәуекелдерді анықтап, оларды басқару-ға үйрету.

Сән мәселесіСәуір айында Топта

арнайы киімдер мен же-ке қорғаныс құралдары-ның брендтері мен үлгі-лерінің бірыңғай түржи-нағы пайда болды. Енді Шығыстүстіметке, Восток- энергоға, KAZ Minerals Service-ке және өркендеу жобаларына сатып алы-натын арнайы киімдер,

аяқ киімдер және ЖҚҚ сапасы мен сырт-қы келбетінің бірыңғай талаптарына сай болуы керек.

Алғашқы мерейлі мереке

Мамыр айында Бозымшақ КБК бірқа-тар мерекелік іс-шараларды өткізді. Ком-панияның 10 жылдық мерейтойы мере-келенді. Алғашқы мерейтойды кәсіпорын Қырғызстанның тау-кен саласындағы көшбасшы ретінде тойлады. Бес жыл қа-тарынан KAZ Minerals Bozymchak елдегі үздік компания болып танылып келеді.

2018 жылы KAZ Minerals Тобының өмірінде көптеген оқиғалар болды. Жаңа міндеттерді жүктейтін Жаңа жыл қарсаңында өткен жылдың елеулі оқиғаларына шолу жасап көрейік.

Жаңа деңгей!2018 жылдың бірінші жартыжылдығында Ақтоғайдағы сульфидті кендерді өңдейтін

байыту фабрика есептік қуатына жетті. Екінші тоқсанда фабриканың орташа өткізу мүмкіндігі есептік қуатының 89% құраса, ұзақ уақыт бойы кәсіпорын 100% деңгейде жұмыс істеді.

Көксайдың жағдайы не болды?

Маусым айында KAZ Minerals Non Ferrous China (NFC) компаниясымен Көк-сай жобасына $70 млн инвестиция са-лу туралы келісті. Есесіне NFC жобаның 19,4% үлесін алады. Естеріңізге сала ке-тейік, Көксай – Алматы қаласынан 230 километр қашықтықта орналасқан ашық карьерлік типтегі кеніш. Кен орынның минералды қорлары – құрамында 3,1 млн тонна мыс бар 736 млн тонна кен.

Тау-кен ЭКСПО

Шілде айында Астана қаласында 25-ші Дүниежүзілік тау-кен конгрессі өтті. KAZ Minerals бұл халықаралық көрменің алтын серіктесі болды. Жаһанның түпкір-түпкірінен келген геологтардың, кенші-лердің және металлургтердің басты кез-десуі ТМД елдерінің аумағында алғаш рет өтіп, 2000 астам өз ісінің кәсіпқойларын бір жерге жинады.

Page 11: 2 3 Құттықтаулар - Kazmineralskazminerals.info/uploads/files/pdf/1774_kk.pdfмәміле жасау туралы келістік. Сөйтіп, жыл өткен сайын

10 11

№ 6 (26) желтоқсан 2018 KAZ Minerals Инфо

Төртінші ретҚыркүйек айында бірінші басшының

Топтың барлық кәсіпорындары мен ком-панияларының ұжымдарымен IV Тікелей желісі өтті. Биылғы жаппай еңбек жина-лысы YouTube желісінде көрсетілді. Бұл арқылы көрермендер саны екі есе артты. Жалпы эфирді екі жарым мыңнан астам көрді. Биылғы жаңашылдықтардың бірі - компанияның ресми whatsapp-нөмірі қолданылып, ол арқылы қызметкерлер өздерінің сұрақтарын жолдай алды. Бұл байланыс құралы арқылы сұрақтардың 65% келді. Жалпы топ-менеджердің атына IV Тікелей желі аясында 170-ке жуық сұрақ түсті. Олардың үштен бір бөлігі тікелей эфирде қойылды. Тікелей көрсетілім 2 са-ғат 55 минутқа созылды. Қызметкерлер көтерген мәселелердің көпшілігі шешілді немесе атқарылу үстінде.

Халықаралық рейтингKAZ Minerals-тың екі қызметкері

«Әлемдік тау-кен өнеркәсібіндегі шабыт-тандыратын 100 әйел» халықаралық рей-тингіне кірді. Бұл туралы толығырақ - 13-бетте.

Құнды қатысушыларҚазан айында KAZ Minerals корпора-

тивтік құндылықтар саласындағы үздік жобаны анықтайтын ІІІ жыл сайынғы конкурсты қорытындылады. Ұйымдасты-рушылардың айтуынша, биыл қатысушы жобалардың деңгейі арта түскен. Бұл ту-ралы толығырақ – 14-бетте.

Жылдың үздік геологы

«Шығыс-түстімет» ЖШС Орлов өндірістік ке-шенінің бас геологы Нико-

лай Лысенко «Алтын Гефест» ұлттық са-лалық конкурсының «Жыл кәсіпқойы – жыл геологы» номинациясында жеңім-паз атанды. Еліміздің үздік геологы бір кәсіпорында, яғни Орлов ӨК-де 40 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Негізгі жұмысынан бөлек Николай Лы-сенко KAZ Minerals-тың жас геологтар буынына қуана тәлім береді.

Алғашқы бозшакөлдік молибден

Екінші тоқсанда Бозшакөлде азда-ған көлемде молиб-ден концентраты өндірілді. Сынақ

түрінде жасалған партияның сынамала-ры әлеуетті клиенттерге коммерциялық талдау үшін жөнелтілді.

Чукоткаға кеттік!

Тамыз айында KAZ Minerals Ресейдің Чукот автономды өңіріндегі Баимская жобасын сатып алу туралы келісім жаса-ды. Бұл ашық типтегі кеніштің негізінде аз шығынды мыс өндірісін құру әлеуеті бар әлемдегі игерілмеген ең ірі мыс кен орындарының бірі. JORC кодексіне сәй-кес оның қазіргі ресурстары орташа үлесі 0,43% болатын 9,5 млн тонна мыс пен орташа үлесі 0,23 г/т болатын 16,5 млн унция алтынды құрайды. Алғашқы он жылдағы ортажылдық өндіріс көлемі 250 мың тонна мыс пен 400 мың унция алтын болмақ. Кенішті пайдаланудың мерзімі шамамен 25 жыл.

Жылға шолу

2018 жылдағы KAZ MineralsСалауат

Үш жыл-дан бері ал-ғашқы рет KAZ Minerals-тың құрама командасы Алматы Ма-рафонының

экиден-эстафетасындағы үздік он ко-манданың қатарынан көрінді. Біздің команда 94 құраманың арасында тоғы-зыншы орынға жайғасты. Жалпы биыл бұл жарысқа компанияның 39 қызмет-кері қатысты – алтауы құрама команда сапында және 33 адам 10 және 21 кило-метрлік жеке жарысқа түсті.

KAZ Minerals Management-тің екі қызметкері Эве-ресттің негізгі база-сына дейін шықты. Тиянақты дайын-дықтан кейін қар-жылық менеджер Бауыржан Қорда-баев пен операция-лық іс-қызметті қаржылық бақы-лаушы Олег Юн теңіз деңгейінен

5364 метр биіктікке көтерілді. Бұл атақ-ты шыңның бөктеріне олар 17 әуесқой альпинисттердің қатарында барды.

Топтың ІІ онлайн-спартакиадасы-на жеке және командалық жарыстар-да 100 астам адам қатысты. Олардың үштен бір бөлігі жүлдегер атанды, мыс белгішелерге және бағалы сыйлықтар-ға ие болды.

«Востокц-ветмет» фут-бол команда-сы 2018 жы-лы футболдан әуесқой ко-мандалардың

арасындағы ҚР-ның біріншілігінде жүлдегер атанды. Бұл жарыс Өскемен қаласында өтті. Биыл Орлов өндірістік кешенінің футболшылары да түрлі тур-нирлерде белсенділік танытты.

KAZ Minerals-тың туы KAZ Minerals Management-тің қаржылық аға талдаушысы Мә-лика Бергарипо-вамен бірге түрік жағалауында бол-ды. Ол 2018 жыл-дың жазында әлемнің ондаған

елінен келген 1500 жүзгіштер қатарын-да Босфорды жүзіп өту халықаралық іс-шарасына қатысты. Ашық судағы 6,5 км қашықтықты Мәлика 1 сағат 28 ми-нут 45 секундта жүзіп өтті.

Page 12: 2 3 Құттықтаулар - Kazmineralskazminerals.info/uploads/files/pdf/1774_kk.pdfмәміле жасау туралы келістік. Сөйтіп, жыл өткен сайын

12 13

KAZ Minerals Инфо № 6 (26) желтоқсан 2018

Алтын белгішені алғашқы болып Ақ-тоғай КБК өндірістік басқармасының бас-тығы Алексей Ящук иеленді. KAZ Minerals Тобы қызметкерлерінің еңбегі мен жетістіктерін тану бағдарламасының қол-данысқа енген екі жылының ішінде ол үш күміс белгішені (15 мыс белгішенің орнына) жинап үлгерді. Желтоқсан айының соңын-да ол лайықты марапатын 2018 жылдың үздік қызметкерлерін марапаттау кезінде KAZ Minerals Тобы Директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачуктың қолынан алады.

Жалпы үздіктер қатарына Топтың барлық дивизондарынан жиналған 17 қызметкер кірді. Жаңа корпоративтік дәстүр бойынша Шығыстүстіметтің сегіз қызметкері, үш ақтоғайлық маман, Боз-шакөл, Бозымшақ және KAZ Minerals Management-тен келген екі-екі қызметкер Алматы қаласындағы әкімшілік кеңседе компанияның бірінші басшысымен таңғы аста кездеседі.

– Екі жыл қатарынан Топтың үздік қызметкерлерінің қолын алып, оларға ба-ғалы сыйлықтар тапсыруға қуана қатыса-мын. Жаңа жыл қарсаңында осындай игі дәстүр пайда болғаны қуантады. Жұмыс-та, компанияның мәдени өмірінде, спорт-

та белсенділік танытып, өндірістік про-цесс пен еңбек жағдайларын жақсартуға өздерінің үлестерін қосып, компанияның корпоративтік құндылықтарын сақтап жүрген қызметкерлерді осылай марапат-тау керемет», – дейді Олег Новачук.

Үздік қызметкерлердің есімдері диви-зиондарға шаққанда жиналған мыс белгі-шелерді есептеу арқылы анықталады. Былтыр жылдың үздік қызметкері атағы 20 адамға берілді.

Қызметкерлердің еңбегі мен жетістік-терін тану бағдарламасы қолданысқа ен-ген уақыттан бастап 2018 жылдың жел-тоқсан айына дейін Топ бойынша 10000 астам белгіше таратылды. Олардың ішін-дегі 8008 – еңбек сіңірген жылдар үшін (компанияда 3 жыл), 2007 мыс және 35 күміс белгіше.

Естеріңізге сала кетсек, Бағдарлама аясында белгішелерді жинап қана қой-май, оларды санаты жоғары белгішелер-ге ауыстыруға болады. Жеткен жетістігі немесе нәтижесі үшін жұмыс беруші қыз-меткерге Бағдарламада қарастырылған мыс белгішелердің белгілі санын береді. Бес мыс белгіше жинаған адам оларды бір күміс белгішеге ауыстыра алады. Үш күміс белгіше жиналып қалса, қызмет-кер алтын белгіше мен бір реттік ақшалай сыйақыға ие болады. Тану бағдарламасы туралы толығырақ www.kazminerals.info сайтындағы «Қызметкерлерге арналған жобалар» бөлімінде орналасқан арнайы брошюрадан оқыңыздар.

Үлгі болар...

Алексей Ящук, Ақтоғай КБК өндірістік басқармасының бастығы:

Мен KAZ Minerals Тобы-ның алтын белгі-шесінің алғашқы иегері болғаныма қуаныштымын! Бұл нәтиже көп

нәрсені аңғартады. Біріншіден, компа-нияда қалыптасқан жағдай – дамуға, ко-мандалық жұмысқа және нәтижеге қол жеткізуге жағдай жасалған. Бастысы – нәтижелі жұмыс. Бұл жұмыс корпора-тивтік құндылықтарға сай болуы керек!

Үздік қызметкерлер қатарына кі-ре отырып қандай сезімдемін дейсіз бе? Көңілім толқып, түрлі сезімдерге бөленіп тұрмын. Олардың ішіндегі ерекшесі – алғыс сезімі! Жобаларды жасап, оларды іске асыруда қасымда болған адамдар-ға алғысым шексіз. Олар Олег Найданов, Игорь Волков, Иван Морозов, Кошой Курманбеков және Бозымшақта бірге жұмыс істеген тағы көптеген адамдар. Басшыларыма да үлкен алғыс айтамын. Табыстың 90% басшыға байланысты деп ойлаймын. Ол кеңес береді, қолдайды, қателескен жерінде дұрыс бағытты көр-сетеді. Тулекеев Ильяс Валерьевич – дәл осындай басшы. Корпоративтік құнды-лықтарды үйлестіретін Пол Гахаганды да айтқым келеді. Әріптестеріме, достарыма және отбасыма алғысымды айтып жеткі-зу қиын. Жалғыздан жалғыз үздік бола ал-майсың. Бұл көптеген адамдардың еңбегі.

Әріптестеріме, бастама көтеріп, ниеттенуден қорықпаңыздар дегім ке-леді. Мақсаттарыңызға, жақсы нәтиже-лерге қол жеткізіп, командамен бірге дами түсіңіздер. Мұның нәтижесі кере-мет. Белгішелерді жинаймын деп әуре болмаңыздар, олар өздері келеді. Жаңа жыл қарсаңында барлықтарыңызға ден-саулық пен отбасыларыңызға бақ-бере-ке тілеймін!

Мұрағат. 2017 жылдың үздік қызметкерлері

Алтын белгішенің иесі бар! Алтын белгішені алғаш-

қы болып Ақтоғай КБК өндірістік басқармасы-ның бастығы Алексей Ящук иеленді.

Page 13: 2 3 Құттықтаулар - Kazmineralskazminerals.info/uploads/files/pdf/1774_kk.pdfмәміле жасау туралы келістік. Сөйтіп, жыл өткен сайын

12 13

№ 6 (26) желтоқсан 2018 KAZ Minerals Инфо

KAZ Minerals-тың екі қызметкері «Әлемдік тау-кен өнеркәсібіндегі шабыттан-дыратын 100 әйел» халықаралық рейтингіне кірді. Бұл тізімде басқа қазақстан-дықтар жоқ. Тіпті бүкіл ТМД елдерінен үздіктер қатарында тек үш адам ғана бар, оның екеуі біздің әріптесіміз. Жалпы аталған рейтингте 28 елдің әйелдері бар.

Саида Нурова, Алматы

Тау-кен өнеркәсібі саласындағы үздік ханымдарды қараша айының ортасында Лондонда марапаттады.

– Біз тәжірибе алмасып, басқа әйел-дерді қолдау үшін тағы не істей алатын-дығымызды талқыладық. Өнеркәсіптік индустрия саласында да әйелдер табысты еңбек ете алатынын жиналғандар дәлел-деп тұр. Конференция аясында біз Лон-дон металдар биржасын араладық. Түсті металдардың саудасын көру сирек кезде-

сетін мүмкіндік. Ол жерге барған адам-дар аз, – дейді Мадина Қапарова, KAZ Minerals Тобының жабдықтау жөніндегі директоры.

Топтың бас геологы, KAZ Minerals-тың 2017 жылдағы үздік қызметкері Баян Әлжанова да аталған рейтингке кірді. Ол өзінің мамандығына бала кезден ғашық.

– Әйелдер тау-кен ісіне ер адамдар-дың өмірін сәндеу үшін барады деген сөзді естігем. Бірақ менің ойымша, зият-

керлік қасиеттер мен әлеуетте ер адамдар мен әйелдердің айырмашылығы жоқ. Тек іс-қызмет саласына және біліктілік та-лаптарына сай құнды әрі кәсіпқой маман ғана бар. Ал, ол ер адам ба, әйел ме? Ма-ңызды емес, – дейді Баян Ғазизқызы.

«Әлемдік тау-кен өнеркәсібіндегі ша-быттандыратын 100 әйел» жобасы 2013 жылы пайда болды. 2018 жылғы басы-лым жарық көрген үшінші тізім. Ұйым-дастырушылардың айтуынша, биыл тізімді қалыптастырғанда әлемдік тау-кен өнеркәсібі саласындағы 650-ге жуық әйелдердің кандидатуралары қарасты-рылды. Үздіктерді анықтаған кезде қа-зылар алқасы үміткерлердің жұмысымен және өтілімен қатар, олардың шабыттан-дыратын жетістіктерін, табандылығын және өз міндеттеріне деген жаңашылдық-ты ескерген.

Үлгі болар...

Әріптестеріміз әлемдік топ-100 рейтингіне кірді

Бозшакөлдегі кеншілер форумыБозшакөл КБК-де KAZ Minerals Тобы кеншілерінің VII форумы өтті.

Қатысушылар карьерлердің, шах-талардың, кен байыту кешендеріндегі фабрикалардың жұмысына қатысты бірқатар кәсіби мәселелерді талқыла-ды.

Форум инженерлік кейстерді қа-растыру форматында өтті – нақты

өндірістік міндеттер және оларды тау-кен саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктерді және сыни талдау дағды-ларын пайдалана отырып орындау қа-растырылды.

– Форумның басты мақсаты – ақ-парат алмасу және қызметкерлерімізге

күнделікті кездесетін проблемаларды талқылай отырып шешетін, техника-лық шешімдер қабылдайтын бірың-ғай платформаны құру. Сонымен қа-тар, бұл идея алмасудың, қолданыстағы процесстерді жақсартудың және жұ-мыстың бірыңғай қағидаттарын келі-судің алаңы, – деді техникалық депар-таменттегі тау-кен жұмыстары басқар-масының бастығы және KAZ Minerals операциялық директорының м.а. Йо-хан Барнард.

Мадина Қапарова

Баян Әлжанова

Page 14: 2 3 Құттықтаулар - Kazmineralskazminerals.info/uploads/files/pdf/1774_kk.pdfмәміле жасау туралы келістік. Сөйтіп, жыл өткен сайын

14 15

KAZ Minerals Инфо № 6 (26) желтоқсан 2018

Үлгі болар...

Жаңа деңгейдегі корпоративтік жобалар

2018 жылдың үздік жобасын анықтауды мақсат еткен корпоративтік құндылық-тар жөніндегі конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Алматы қаласында марапатталды. Екі күндік марапаттау бағдарламасына ұйымдастырушылар және қазылар алқасы таңдаған 6 жобаның авторлары қатысты.

Биыл ұйымдастырушылардың атына 30-дан астам тапсырыс түсті, олардың 28-і конкурстың талаптарына сай деп танылды. Жеке және топтық бастама-шыл жобалар KAZ Minerals Тобын және оның іс-қызметін корпоративтік құн-дылықтарға сай жақсартуға бағыттал-ған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл корпоративтік жобалардың саны-мен қатар, сапасы да арта түскен.

2018 жылғы үздік үш жобаның қа-тарына екі өндірістік және бір кадрлық әкімгерлік жоба кірді.

Үшінші орынды «HR-инфобокс» жо-басы иеленді. Бұл Ақтоғай КБК қызмет-керлермен жұмыс басқармасының бас-шысы Бауыржан Абылқасымұлының және КAZ Minerals Management корпо-ративтік ақпараттық жүйелерді дамыту және қолдау басқармасының Алмат Бе-делбаев пен Евгений Молоканов баста-ған өкілдерінің бірлескен жобасы. HR-

инфобокс – бұл қызметкердің сұраны-сы бойынша жеке еңбек демалысы мен оқыту кестелерін, жұмыс орыны мен еңбекақы туралы анықтамаларын бе-ретін электронды терминал. Қазір тізім-де сегіз қызметтің түрі бар. Бірақ қажет болған жағдайда олардың санын артты-руға болады.

– Бұрын кадрлық әкімгерлік бөліміне күнделікті 40-50 адам түрлі сұрақтармен ке-летін еді. Олардың дені жұмыс, демалыс кестелеріне және түрлі анықтамаларға қатыс-ты. Мұндай өтініштер бойынша жұмыс істеу жұмыс уақыты-ның көп бөлігін алады. Сол кезде осын-дай терминал жасау туралы идея туын-дады, – деді жобаны таныстыру бары-сында Бауыржан Абылқасымұлы. Бұл ақылды құрылғы туралы толығырақ біз бұған дейін жазған едік (2018 жылдың тамыз айындағы 4-нөмірді оқыңыздар). Жоба авторларына үш мыс белгішеден табысталды.

«Су понтонын қолдана отырып тех-никалық шешімді жасау және енгізу» ат-ты бозшакөлдік жоба екінші орынға та-бан тіреді. Оның авторлары - инженер-механик Дмитрий Прошаков пен каолин балшығы бар кенді өңдейтін фабри-каның ТҚ және Ж қызметінің бастығы

Қайрат Сейітбаев. Жобаның мәні – БФ-ның диірменіне технологиялық көлшік-тен берілетін қосымша судың көлемін арттыру және көлшіктің түбін құм мен лайдан тазарту. Бұл міндетті іске асыру үшін көлшікке 200 литрлік бөшкелерден құралған су понтоны түсірілді. Оған ар-найы сорғы орнатылды. Осының нәти-жесінде өздігінен жартылай ұсақтайтын диірменге берілетін судың мөлшері са-ғатына 300 текше метрге артты. Ал фаб-риканың кен өңдеу мөлшері 12%-ға өсті. Сонымен қатар, осы арқылы техноло-

гиялық көлшіктің түбі құм мен лайдан таза-ланды.

– Қазір бұл техни-калық шешімді Боз-шакөл КБК-нің бірінші фабрикасына да енгізу жұмыстары жүріп жа-тыр. Бұл жобаны Ақ-тоғай КБК-де және бо-

лашақта KAZ Minerals Тобының барлық фабрикаларында қолдануға болады, – деп сеніммен айтты Дмитрий Прошаков жо-баны таныстыру барысында. Екінші орын үшін жоба авторларына төрт мыс белгі-шеден берілді.

2018 жылдың үздік жобасы ретінде «Флотацияда микрокөпіршіктерді қол-дану» жобасы танылды. Оны Бозымшақ БФ-ның бұрынғы директоры және Ақто-ғайдың қазіргі өндірістік басқармасының бастығы Алексей Ящук пен Бозымшақ КБК-нің бір топ қызметкерлері іске асыр-ды. Бозымшақ қызметкерлерінің үлкен тобы қатысқан бұл жоба флотациялық ба-йыту кезіндегі металдар шығынын азай-туға бағытталған.

Барлық жобалар автор-ларының жұмысын тану ретінде оларға екі мыс белгішеден берілді.

Page 15: 2 3 Құттықтаулар - Kazmineralskazminerals.info/uploads/files/pdf/1774_kk.pdfмәміле жасау туралы келістік. Сөйтіп, жыл өткен сайын

14 15

№ 6 (26) желтоқсан 2018 KAZ Minerals Инфо

Үлгі болар...

Жаңа деңгейдегі корпоративтік жобалар– Бозымшақтағы флотациялық байы-

ту кезінде 20 микроннан кіші жұқа дис-персті шламдардағы мыс, алтын және күміс бағалы минералдарының болуынан металдың біршама бөлігі ысырап болады. Олардың тиімді флотациясы үшін пуль-пада тұрақты түрдегі ауа көпіршіктері қа-жет. Олар 30-50 микрон көлеміндегі мик-роэмулция түрінде болуы тиіс. Біздің са-ламызда микрокөпіршіктерді жасаудың тәсілін іздеумен барлық мамандар айна-лысады. Әркім өзіне қажетті шешім із-дейді. Біз де өзіміздің амалымызды тап-тық, – дейді Алексей Ящук. Олар бұрын пайдаланылған вакуумдық керамикалық сүзгілердің 1-1,5 микрондық қуыстары бар керамикалық панельдерін қолданған.

Нәтижесінде Бозымшақ БФ-да мыс пен алтынды бөліп алу арта түсті. Мик-рокөпіршіктердің арқасында құрамын-да 24,93 тонна мыс пен 4,363 кг алтын бар қосымша 124,67 тонна концентрат өндірілді. Бұл жобаны іске асыруға Алек-сей Ящуктан басқа фабриканың бас меха-нигі Айбек Рахимдинов, технологиялық сынақ зертханасының бастығы Назым Дуйшонбаев, кен байытушы-технологтар Ұлан Абылаев пен Бауыржан Жұманов, КБК-нің бас инженері Олег Найданов қа-тысты. Конкурста бірінші орын алғандары үшін оларға бір-бір күміс белгішеден та-бысталды.

Биыл қазылар алқасы жеңімпаздар-мен қатар, арнайы сыйлық иегерлерін де атап өтті. Мұндай үш жоба анықтал-ды. Бұл Бозшакөлден келген «КБК-нің қауіпсіз жолдары» және ««5 минутта біліп ал» қысқа оқыту бейне жазбалары» жо-балары мен «Шығыстүстімет» ЖШС-нің

Ертіс ӨК-де іске асқан «Жұмыс орында-рын жақсарту» жобасы.

«КБК-нің қауіпсіз жолдары» жобасы туралы бастама көтерген Аида Тоқсано-ва өзінің жобасын таныстыра келе, оны енгізген уақыттан бастап Бозшакөл КБК-нің жолдарындағы ЖКО айтарлықтай азайғанын айтты. Жобаны оқыту және да-мыту бөлімі КБК-нің көлік бөлімімен бір-лесіп жасаған. Оның аясында ЖЖЕ-не қа-тысты теориялық білім деңгейін ком- пьютерде сынау көзделген. Ал қолданба-лы дағдыларды тексеру үшін арнайы автодром құрастырылған. Мұн-дай сынақтан Бозша-көлдегі жол қозғалысы-на қатысатын КБК-нің барлық қызметкерлері мен мердігерлік ұйым-дар өтеді.

– Жобаны мамыр айында қолданысқа енгізгеннен бері Бозшакөлде 500-ден ас-там адам сынақтан өтті. Олардың арасын-дағы 55 адам сынақты тапсыра алмады. Дегенмен үш айдан соң олар тағы да тап-сырып көреді. Жалпы осы жобаның арқа-сында Бозшакөлдегі жол-көлік оқиғала-рының саны 35%-ға азайды, – дейді Аида Тоқсанова.

Қазылар алқасының арнайы сый-лығын алған Сергей Гужва мен Андрей Школдиннің жобасы Ертіс шахтасының сорғы қондырғылары машинистерінің жұмыс орынындағы қауіпсіздігін арттыр-ды. Бұл жоба туралы толығырақ 6-7-бет-терден оқыңыздар.

Қазылар алқасының пікірі бойын-

ша Бозшакөл КБК кадрлық әкімгерлік бөлімінің маманы Екатерина Салованың жобасы да қызықты және пайдалы. Жал-пы атауы «5 минутта біліп ал» болған қыс-қа бейнероликтер түрлі әкімшілік про-цедурларды түсіндіріп, Directum, Oracle Enterprise, Oracle BI Publisher, Outlook сияқты бағдарламаларды игеруге көмек-теседі. Екатеринаның айтуы бойынша, бұл бейнероликтер өзінің тиімділігін дә-лелдеді:

– Бұрын жаңа қызметкер жұмысқа орналасқанда әріптес-терім оған бұл бағдар-ламаларды түсіндіру-ге көп уақыт жұмсап, негізгі жұмысына нұқ-сан келтіретін. Жұмыс өнімділігі де төмен-дейтін. Ал қазір осы бейне жазбалардың көмегімен жұмыстың мән-жайын тез үйреніп

алады, – деп атап көрсетті Екатерина Са-лова.

Барлық жобалар авторларының жұмы-сын тану ретінде оларға екі мыс белгіше-ден берілді. Белгішелермен қатар, барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Дирек-торлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук-тың алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Конкурсқа қатысушылар мен жеңім-паздарды KAZ Minerals Тобының басқар-ма төрағасы Эндрю Саузам құттықтады. Оның пікірінше, компанияның тағдыры-на бейжай қарамайтын осындай қызмет-керлердің арқасында өндіріс артып, Топ-тың ауқымы кеңейіп келеді.

Бозымшақтың слесарі анықтама жасадыБозымшақта БӨҚ және А слесарьла-рына арналған анықтама пайда бол-ды. Оның авторы – Сергей Зайцев, Бозымшақ КБК байыту фабрикасы-ның БӨҚ және А слесарі.

Елена Трегубова, Бішкек

Жұмыстан бос уақытында ол өзінің бұрынғы ғылым жолындағы іс-қызметін қолға алады – ол 13 жыл бойы Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым акаде-миясына қарасты Автоматика институ-тында жұмыс істеген.

– Білім алудың ең тиімді жолы – кі-таптар, мақалалар және тағы басқа ақпа-рат көздері арқылы өздігінен білім алу және білгеніңмен әріптестеріңмен бөлі-су, – дейді Сергей Зайцев. Ол жас ма-мандарға әрдайым көмектесуге дайын. Оның жеке білім базасында түрлі тех-

никалық тақырыптардағы материалдар, оның ішінде кәсіпорынның фабрикасын-да қолданылатын жабдықтар туралы ма-териалдар көп. Әріптестердің жүйелі сұраныстарын ескере отырып, Сергей Николаевич «Электртехниктің, электро-никтің, БӨҚ және А анықтама-жинағы» атты оқулық жазды.

Кітапты жазуға жарты жыл уақыт кетті. Қажетті ма-териалдарды жинақтауға кө-мектесіп, қолдау көрсеткен-дердің арасында тәжірибелі мамандар болды: фабриканың жетекші энергетигі Анатолий Алай және БӨҚ және А инже-нері Дильмурат Топиволдиев. Осы үш әріптес негізгі бөлімдерді, та-қырыптарды анықтап, электртехниктің жұмысына қажетті қарапайым және қа-жетті заттарға ден қойды. Анықтама-

да БӨҚ және А қызметкерлерін үйрету-ге қажетті материалдар, яғни терминдер мен олардың анықтамалары, қарапайым БӨҚ-ның жұмыс істеу қағидаттары, әдіс-темелер, фабрикада қолданылатын бақы-лау-өлшеу құралдарының нұсқаулықта-

ры мен реттеулері жан-жақты талқыланған. Мұқабасын жа-сау мен қаптауға кен байы-ту фабрикасы маманының м.а Нұрсұлтан Шаматов көмектесті.

Енді аталған анықтаманы фабриканың электриктері мен БӨҚ-ның мамандары пайда-ланып жүр. Анықтамаға сұра-ныс көп. Жас мамандардың айтуынша, оқулық қарапайым әрі түсінікті тілмен жазылған және пайдалануға өте қолай-лы. Оқулық 200 беттен тұрады.

Әзірге анықтама бір да-намен шығарылды. Ол БӨҚ бөлмесінде тұр және оны кез-келген адам пайдалана алады. Болашақта қосымша даналарын шығару жоспарланған.

Сергей Зайцев

Биыл қазылар алқасы жеңімпаздармен қатар, арнайы сыйлық иегер-лерін де атап өтті.

Page 16: 2 3 Құттықтаулар - Kazmineralskazminerals.info/uploads/files/pdf/1774_kk.pdfмәміле жасау туралы келістік. Сөйтіп, жыл өткен сайын

16 17

KAZ Minerals Инфо № 6 (26) желтоқсан 2018

Қызметкерлерге арналған бағдарламалар

Жылдың үздік ұсыным берушісі кім?KAZ Minerals-тың қызметкерлері көбі-

несе өздерінің таныстарын және бұрын-ғы әріптестерін ұсынады екен. Туыстарын ұсыну сирек кездеседі. Ұсыну бағдарлама-сының бір жылын қорытындылаған қыз-меткерлерді іріктеу бөлімінің мамандары осылай дейді. Естеріңізге сала кетейік, өт-кен жылдың соңында жұмыс беруші қыз-меткерлерге жұмысқа орналастыру үшін өздерінің үміткерлерін ұсыну мүмкіндігін берді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, әріптестеріміз рекрутерлік қызметті қуа-на қарсы алды. Бағдарлама іске қосыл-ған уақыт аралығында олар 1063 адамды ұсынған. Олардың 38% таныстар, 24% бұ-рынғы әріптестер, 22% достар және 16% туыстар.

– Үміткерлердің негізгі бөлігі Ақто-ғай мен Бозшакөлдегі бос жұмыс орында-рына ұсынылған. Жалпы салыстырмалы талдауға сәйкес өркендеу жобаларының фабрикалары мен кеніштері ұсынылған үміткерлерді қабылдау жағынан алдың-ғы қатарда, – дейді Әсел Қазбекова, KAZ Minerals Тобының қызметкерлері ірік-теу жөніндегі маманы. – Сонымен қатар, бұрынғы әріптестерді ұсыну артып келе жатқанын байқадық. Қызметкерлер шта-тын қалыптастыру кезінде мұндай үміт-керлер құнды ресурс. Себебі, компания жұмыс істейтін саланы ескеретін болсақ, кейде білікті әрі тәжірибелі мамандарды табу қиынға соғады.

Барлық ұсынымдар жұмысқа қабыл-даумен аяқталмайды. Бос жұмыс орны-на сәйкес келмеу, тиісті үлгінің кейбір жолдарын толтырмау, үміткерлердің қазіргі жұмыс орнын ауыстыруға келіс-пеуі – үміткерді қабылдамаудың себеп-тері әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ әр-

дайым мұндай шешімге негіздеме бар. Сәтті тіркеліп, іріктеуден өтпеген ұсы-нымдар компанияның мәліметтер база-сында сақталады. Тағы да бос орындар пайда болғанда рекрутерлер осы базаға жүгінеді.

Ұсыным бағдарламасын іске қосқан-да қызметкерлерді іріктеу бөлімі ең бел-сенді ұсынушыларды марапаттау туралы

хабарлаған. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Ақтоғай КБК байыту фабрика-сы электр жабдықтарын және БӨҚ және А жөндеумен қызмет көрсету қызметінің бастығы Қайрат Сүлейменов компания-ның үздік ұсынушысы болып танылды. Ол қарапайым жұмысшылардан басшы-лық лауазымдарға дейінгі қызметтерге үміткерлерді ұсынған. Олардың көпшлігі жұмысқа орналасты. Жинаған ұпайлары үшін Қайрат Сүлейменовке үш мыс белгі-ше мен KAZ Minerals Тобының басшылы-ғы атынан алғыс хат тапсырылды.

Сондай-ақ, ұйымдастырушылар тағы да төрт ұсыным берушіні атап өтті. Олар бір-бір мыс белгішеден алады. Бұл ұсы-ным берушілердің қатарында Бозшакөл КБК байыту фабрикасы ТҚ және Ж қыз-метінің бастығы Қайрат Сейітбаев, Боз-шакөл КБК жабдықтардың сенімділігін қамтамасыз ету қызметінің бастығы Анд-рей Лиясов, KAZ Minerals Management мәліметтерді беру жүйелері тобының бас-тығы Денис Турдиев және KAZ Minerals Management қызметкерлермен жұмыс жөніндегі менеджері Гүлнар Шамахова.

Ұсыным бағдарламасының мерзімі жоқ. Ұсынымдар 2019-2020 жылдары әсі-ресе өзекті болады. Бұл кезде Ақтоғай ІІ-ге қызметкерлерді қабылдау басталады.

Бағдарлама авторлары әріптестерді тағы осындай белсенділік танытып, бос жұмыс орындарына жаңа үміткерлерді ұсыну арқылы KAZ Minerals-тың тиімді әрі ұзақ мерзімді командасын қалыптас-тыруға шақырады.

Қайрат Сүлейменов, 2018 жыл-дың үздік ұсыным берушісі:

«Мен ұсынған мамандардың кәсіпқойлығына күмәнім жоқ. Енді біз әріптестер ретінде жұмыс істеп жүрміз. Жеңімпаз атану жақсы ғой. Рахмет!».

Александр Новиков, Бозшакөл КБК жөндеу мен қызмет көрсету учаскесінің бастығы:

«Компанияға қандай маман керек екендігін және оған қандай талаптар қойылатынын өз деңгейінде анық-тап, лайықты адамды ұсынуға бола-ды».

Данияр Бірімжанов, Ақтоғай КБК қоршаған ортаны қорғау инженері:

«Менен таныстарды немесе бұ-рынғы әріптестерді жұмысқа орна-ластыру туралы сұрағанда мен олар-ды қызметкерлерді іріктеу бөліміне жолдаймын. Ресми түрде ұсынсын. Қазір бұл заңды шаруа».

Андрей Лиясов, Бозшакөл КБК жабдықтардың сенімділігін қамта-масыз ету қызметінің бастығы:

«Ұсынған қызметкердің біліктілігі-не сенімді болғанда кері байланыс алу жақсы».

Азамат Марденов, Ақтоғай КБК жөндеу қызметінің шебері:

«Ұсыным бағдарламасы кәсіби қызметкерлерді бірнеше есе тез табуға көмектесетініне сенімдімін».

Page 17: 2 3 Құттықтаулар - Kazmineralskazminerals.info/uploads/files/pdf/1774_kk.pdfмәміле жасау туралы келістік. Сөйтіп, жыл өткен сайын

ОРИЕНТАЦИЯ НА ОБУЧЕНИЕ

БІР

МО

ДУЛ

ЬОРИЕНТАЦИЯ НА ОБУЧЕНИЕНА ОБУЧЕНИЕОРИЕНТАЦИЯ НА ОБУЧЕНИЕОРИЕНТАЦИЯ НА ОБУЧЕНИЕОРИЕНТАЦИЯ ОРИЕНТАЦИЯ НА ОБУЧЕНИЕ

TDCTDC

Tr a i n i n g & D e v e l o p m e n t C e n t e r

4 С

А

ҒАТ ОНЛА

ЙН

4 СА

ҒА

Т КҮНДІЗГІ

ОҚ

У

HTTPS://TDC.KAZMINERLAS.COM

ТАЛДАУ

ИКЕМДІЛІК

ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

КӨШБАСШЫЛЫҚ

НӘТИЖЕНІ КӨЗДЕУ

БІЛІМ АЛУДЫ КӨЗДЕУ

СТРЕССКЕ ТӨЗІМДІЛІК

ЖОСПАРЛАУ

ЖАУАПКЕРШІЛІК

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ

КОМАНДАДА ЖҰМЫС ІСТЕУ

КӘСІБИ ДАМУ

АРҚЫЛЫ БІЛІМІҢІЗДІШЫҢДАҢЫЗ

TDC ОРТАЛЫҒЫНДА БІЛІМ АЛУДЫ БАСТАУ ҮШІН [email protected] АРҚЫЛЫ ӨТІНІШ ЖОЛДА

ТИІМДІЛІГІҢДІ БАСҚАРУ

ТАЛДАУ ЖӘНЕ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ

КОМАНДАНЫҢ НӘТИЖЕЛІЛІГІН БАСҚАРУ

УАҚЫТ ПЕН ЖОСПАРЛАРДЫ БАСҚАРУ

КОММУНИКАЦИЯЛАРДЫ БАСҚАРУ

ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗ

КӨШБАСШЫ БОЛ

БІЗДІҢ МОДУЛЬДЕР

СТРЕССКЕ ТӨЗІМДІЛІК

ӨЗГЕРІСТЕРДІ БАСҚАРУ

КОРПОРАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТЕР

КОРПОРАТИВТІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРДАН ПАЙДА БОЛДЫ

ТОПТЫҢ МІНСІЗ ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ БЕЙНЕСІН АНЫҚТАЙДЫ

ЖЫЛ САЙЫН БАСШЫНЫҢ БАҒАСЫН АЛАДЫ

ДАМИДЫ

Page 18: 2 3 Құттықтаулар - Kazmineralskazminerals.info/uploads/files/pdf/1774_kk.pdfмәміле жасау туралы келістік. Сөйтіп, жыл өткен сайын

18 19

KAZ Minerals Инфо № 6 (26) желтоқсан 2018

Жаңажылдық конкурс

Керемет тұмарларБиыл ұйымдастырушылардың атына

KAZ Minerals Тобының барлық кәсіпорын-дарынан 60-қа жуық өтініш келіп түсті. Олардың арасында көртышқандар, түлкі-лер, роботтар, биг-бегтер, құстар, айда-һарлар, тіпті ғарышкерлер болды! Компа-нияны бейнелей алатын кейіпкерлер аз емес екен. Келген бейнелердің арасында саны бойынша көртышқан алдыңғы қа-тарда болды. Бұл таң қалатын дүние емес – шахталар мен карьерлер көртышқан-ның салған індеріне ұқсайды.

«Альбинос-көр-тышқанның жүні ақ-шыл-сұр және көз-дері қара – ол біре-гей және еңбекқор жануар. Ол тун-драдан бастап шөл далаға дейінгі ау-мақтарда мекен-дейді. Бұл жануар біздің компаниямызды елестетеді – бірегей, тиімді және тез да-мып келе жатқан компания», – деп жаз-ды өзінің өтінішінде Оксана Жунинская, ERP жүйелерін дамытудың бастығы (KAZ Minerals Management).

Алайда тек көртышқан ғана ін қаз-байды екен. Бозшакөлдің слесарь-жөн-деушісі Алексей Синяковскийдің туын-дысы қазылар алқасына ерекше әсер етті: «Керемет панголин деген бұл жануарды көргенде оның қабыршақтары минерал-

ды қыртыстарды елестетті. Ал қабыр-шақтарының формасын KAZ Minеrals-тың логотипіне ұқсаттым. Мен оның денесін сары-көк түске бояғанымды елестеттім. Оның тырнақтары кен қазатын экскава-тор шөмішінің тістеріне ұқсайды».

Тұмар ретінде ұсынылған жануар-лардың арасында түлкі де танымал бо-лып шықты. Түлкілер өркендеу жобала-рының маңайында көп мекендейді. Қор-шаған ортаны қорғау инженері (Ақтоғай

КБК) Бейбіт Кенеса-риннің айтуы бой-ынша, түлкі от пен жер сияқты екі сти-хияға тән жануар, «бұл компаниямыз-дың бағытына сай келеді. Әсіресе, бұл KAZ Minerals-тың екі түсті эмблемасы-на сәйкес. Өкінішке

қарай мен вахтада жүргенде түлкіні бояу үшін түрлі-түсті бояулар таба алмадым. Ол өзі қызғылт, ал құйрығы мыс купоро-сы сияқты көгілдір болуы керек еді. Бұл идея маған экологиялық бақылау ұңғыма-ларын тексеріп жүргенде келді. Топырақ-тағы сулардың сынамаларын алып тұрған кезімде түлкіні байқап қалдым. Ол менен алшақтады да, тоқтап тұрып, менің іс-әрекетімді бақылай бастады. Содан кейін қашып кетті. Ал мен машинаға жақында-ғанда логотипімізге назар аударып, осын-

дай тұжырымға келдім».Айта кететін жәйт, қазылар алқасы

тұмарлардың бейнесін ғана емес, олар-ға берілген сипаттаманы да бағалады. Се-бебі, корпоративтік тұмар – бұл жәй ға-на бейне емес, ол компанияның мәні мен мінезін сипаттайтын кейіпкер. Бизнесті дамыту департаментінің жобалар менед-жері Сергей Васильев өзінің ұсынған тұ-марына жан-жақты сипаттама беріпті.

«Ұсынылып отырған кейіпкер – Джан-го атты жоңғар атжалманы. Ол Оңтүстік-Батыс Сібірдің (Қазақстанның далалары), Шығыс Қазақстан мен Алматы облыс-тарының шөлді, шөлейт, далалық өңір-лерінде мекендейді. Дәл осы жерлерде KAZ Minerals Тобының кәсіпорындары орналасқан. Жоңғар атжалманы біздің компания сияқты індері мен шұңқырла-рын байыппен қазады, ол үнемі қор жи-найды – біздің команияның да шикізат

«Керемет панголин» (Алексей Синяковский, слесарь-жөндеуші, Бозша-көл КБК)

«Мистер Купрум» (Архат Жағыпар, құқықтық сүйе-мелдеу бөлімінің заңгер-кеңесшісі, «Шығыстүсті-мет» ЖШС)

«Lady FoTu» (Бейбіт Кене-сарин, қоршаған ортаны қорғау инженері, Ақтоғай КБК)

«Мыс Адам» (Мұрат Әлді-бек, ЕҚ және ҚТ жөніндегі үйлестіруші, Ақтоғай КБК)

Қазылар алқасының ең көп дауыстарын жинаған топ-8 туынды:

Тұмар-кейіпкер (маско́т, ағылшын тілінен mascot – «сәттілік әкелетін адам, жануар немесе нысан») – белгілі бір ұжымды, айталық, мектепті, спорттық ко-манданы, қауымдастықты, әскери бөлім-шені, іс-шараны немесе брендті бейне-лейтін танымал кейіпкер.

Әріптестер арасында жаңажылдық конкурс өткізу KAZ Minerals-тың игі дәстүріне айналды. Бұған дейінгі жыл-дары компания қызметкерлері қардан мүсіндер жасаған еді. Ал биыл Топтың корпоративтік тұмарын жасаумен айналысты.

Page 19: 2 3 Құттықтаулар - Kazmineralskazminerals.info/uploads/files/pdf/1774_kk.pdfмәміле жасау туралы келістік. Сөйтіп, жыл өткен сайын

18 19

№ 6 (26) желтоқсан 2018 KAZ Minerals Инфо

Жаңажылдық конкурс

Керемет тұмарлар

түріндегі қорлары және ақшалай қара-жаттары бар. Бұл атжалманның иісі жоқ, өте таза, сол себепті оны көбінесе үйде асырайды – бұл біздің жемқорлыққа қар-сы саясатымызға жә-не қызметкерлерге де-ген саясатымызға сәй-кес келеді. Яғни, жұмыс пен отбасы арасында-ғы тепе-теңдік. Жоңғар атжалманының түстері компания логотипінің корпоративтік түстері-не ұқсайды. Ұсынылған Джангоның басындағы тақиясы – оның Отаны Қазақстан екенін ескертеді. Джангоның аяғында жүнді теріден тігілген жылы етік. Ол ауа райы суық жерлерге арналған. Бұл Чукоткадағы Баимская кен орынын мең-зеп тұр! Ал есіміне келсек, Джанго бар-

лық дерлік тілдерде бірдей айтылады жә-не бостандыққа шыққан Джангоны еске салады. 2014 жылы KAZ Minerals тәуелсіз компания ретінде пайда болды».

Көп жылдарға ком-панияның тұмары-на айналып, кәдесый, қуыршақтар түрінде ішкі іс-шараларда қол-данылатын бірыңғай кейіпкерді таңдау тия-нақты жұмысты және біршама уақытты та-лап етеді. Сондықтан әріптестеріміз ұсынған кейіпкерлердің қайсы-

сы KAZ Minerals Тобының тұмарына айна-латынын осы нөмірді дайындау барысын-да анықтау мүмкін емес. Корпоративтік байланыстар департаменті бұл туралы конкурстың ережесінде де айтқан. Деген-

мен үздік туындыларды бөліп алу қолы-мыздан келді.

Ұйымдастырушылар конкурсқа қа-тысқан барлық әріптестерімізге ұсын-ған туындылары үшін алғыс айтады! KAZ Minerals-тың корпоративтік маскотының тағдыры қандай болатынын корпора-тивтік газеттен 2019 жылы оқыңыздар.

«Биг-бег» (Шынар Ғабду-лина, гидрогеолог, Ақто-ғай КБК)

«Копербой» (Анатолий Ка-дырменов, электрмонтер, Бозшакөл КБК)

«Джанго» (Сергей Василь-ев, бизнесті дамыту де-партаментінің жобалар менеджері, «KAZ Minerals Management» ЖШС)

«Казмин» (Айдар Болты-баев, кран операторы, Ақ-тоғай КБК)

Айта кететін жәйт, қазы-лар алқасы тұмарлар-дың бейнесін ғана емес, оларға берілген сипатта-маны да бағалады.

Бұл туындылардың авторларына жаңажылдық сыйлықтар жолданады. Ал қалған қатысушыларға пазлдар табысталады.

Page 20: 2 3 Құттықтаулар - Kazmineralskazminerals.info/uploads/files/pdf/1774_kk.pdfмәміле жасау туралы келістік. Сөйтіп, жыл өткен сайын

20 21

KAZ Minerals Инфо № 6 (26) желтоқсан 2018

Қауіпсіздік техникасы

KAZ Minerals Тобының корпоративтік басылымы

KAZ Minerals Инфо Құрылтайшы және меншік иесі –

KAZ Minerals PLC

2014 жылдың қарашасынан бастап шығады

Мерзімді баспасөз болып табылмайды. KAZ Minerals Тобының

қызметкерлеріне арналған және шектеулі ортада ғана таратылады.

Редакторы Мақсұт Жапабаев 8 (727) 244 03 53 (внутр. 15250) [email protected]

Шығарушы редактор Юлия Кузнецова 8 (727) 244 03 53 (внутр. 15225) [email protected]

Әдеби редактор Алмас Садықов 8 (727) 244 03 53 (внутр. 15227) [email protected]

Редакцияның мекен-жайы: Алматы қ., 050020 Ж.Омарова к-сі, 8, 8(727) 244 03 53 (ішкі 15230)

Авторлар

Алматы

Әйгерім Түкіпова [email protected]

Әлібек Мәмиленов [email protected]

Өскемен

Ермек Дюзкенев 8 705 779 73 55 [email protected]

Татьяна Маер [email protected]

Жанна Мұзапарова [email protected]

Константин Докучаев [email protected]

Ақтоғай

Асылым Асанов [email protected]

Бозшакөл

Мәулен Берікбаланов [email protected]

Қуандық Рахметов [email protected]

Бiшкек

Елена Трегубова [email protected]

«VIVA PROtechnology» баспаханасында басылдыАлматы қ., Қазыбек би көшесі, Фурманов к. қиылысы. 65/107, тел. 8 (727) 267-05-13.Тиражы – 5200 дана. Тапсырыс № 384

Мереке жақындап қалдыЖылдың басты мерекелерінің бірі – Жаңа жыл жақындап қалды. Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау департаментіндегі әріптес-теріміз барлықтарыңызға жаңажыл-дық көңіл-күй тілейді.

Алайда осы күндері түрлі қауіп-қа-терлердің ықтималдығы артады, ал қауіпсіздік техникасын сақтау ерекше құнды.

Санақ бойынша жаңажылдық мереке-лер кезінде травматологияға және жедел жәрдемге жүгінгендер саны ұлғая түседі. Ересек адамдар көбінесе ішімдікке улану, тұрмыстық жарақаттар және үсікпен кел-се, балалар тамақтан уланып, аллергия-лық сипаттармен, мұздау немесе күйік-пен келіп жатады.

Жаңажылдық шырша

Мереке күндері үйдің сәнін келтіретін шырша үлкен қауіп-қа-тердің көзіне айналуы мүмкін. Сол себепті ма-мандар шыршаны бе-зендіруге тек ақауы жоқ шамдарды пайдалану-ға кеңес береді. Оңай отқа оранатын ойын-шықтарды, мақтаны, балауыз майшамдарын және қағазды пайда-ланбаған дұрыс. Үйден шыққанда шырша шам-дарын электртоғынан ажыратып кету қажет. Сондай-ақ, кішкентай балаларды және үй жа-нуарларын шыршаның қасында қалдырмаңыз-дар.

ПиротехникаТүрлі отшашулар

мен фейерверктерден жарақат алу жағдайлары жиі кездеседі. Мамандар тек арнайы сертифика-ты бар петардалар мен отшашуларды сатып алуға, оларды құрылыстардан алыс жердегі (кем дегенде 30 метр қашықтықта) ашық алаңдарда пайдалануға кеңес береді. Пи-ротехникалық өнімдерді жағуды балаларға сеніп, тапсыруға болмайды және міндетті түрде нұсқаулықтарды мұқият оқу қажет. Осы ережелерді сақтай отыра, денсаулығы-ңызға қауіп төндірмей, керемет көріністің куәсі боласыз.

Пиротехникалық өнімдерді дұрыс пайдаланумен қатар, оларды дұрыс сақ-тай білген де жөн. Мұндай өнімдерді құр-ғақ әрі ашық от пен жылыту құралдары-нан алыс жерлерде сақтаған дұрыс. Пе-тардаларды қалтаға салып, алып жүруге тыйым салынады. Пиротехникалық өнім-

дерді және отшашуларды пайдаланған кезде шылым шегуге және оларды жел кезінде пайдалануға болмайды. Себебі жел қауіпті аймақты бірнеше есе ұлғай-тады.

Бенгал оты – Жаңа жылдың тағы бір әдемі және қауіпті нышаны. Бенгал оты-ның құрамдас бөліктерінің өртену тем-пературасы өте жоғары және Цельций ба-ғанасы бойынша 1000 градусқа жетеді. Осындай температураға дейін қызыған бөлшектер қатты күйік қалдыруы мүмкін. Сондықтан оларды тастар алдында сумен суыту қажет.

АсМерекелік дастархан – жаңажылдық

мерекелер кезінде медициналық көмек-ке жүгінудің басты себептерінің бірі. Та-ғамдарға абай болыңыздар, барлық азық-

түліктер балғын әрі сіз-ге таныс болғанына көз жеткізіңіз. Өйткені ула-ну көбінесе экзотика-лық азық-түліктерді немесе калориясы жо-ғары тағамдарды асы-ра жеуден кейін орын алады.

Диетологтар та-ғамдарды жегенде ке-зек тәртібін сақтау қа-жет дейді. Айталық, алдымен салаттарды, содан кейін тойымды ыстық тағамдарды жеу керек. Есте сақтайтын мағызды жәйт: мере-келік дастарханда же-ген тағамдар қанша-лықты алуан түрлі бол-са, ас қорыту жүйесіне түсетін салмақ та соғұр-лым жоғары.

Диетологтар 31 жел-тоқсан күні таңғы ас-ты, түскі және кешкі ас-тарды жібермеуге ке-ңес береді. Күнделікті тамақтану рационын сақтаңыздар. Бұл жа-ңажылдық кеште асыра тамақ жеуден сақтайды. Дастарханда ұзақ отыр-

маңыздар және тамақтын артынан газ-ды сусын ішпеңіздер. Әрине, алкогольдік ішімдіктерді де шамадан тыс қолдануға болмайды.

Таза ауада серуендеуДалада ұзақ уақыт серуендеудің

кесірінен үсік шалуы немесе тоңып қа-луыңыз мүмкін. Оған жол бермес үшін ауа райына лайықты киініңіз: жылы аяқ киім, жылы қолғаптар, бас киім, жылы сырт киім. Бұның бәрі міндетті. Өз жағдайы-ңызды мұқият бақылап, серуендеу алдын-да ішімдікті асыра пайдаланбаңыздар.

«KAZ Minerals Инфо» бұл ұсыныстар-ға және көңілді әрі қауіпсіз мереке өткізу туралы тілектерге қосылады!