41
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 5-9 сыныптар Аcтана 2010

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/liter.pdf · «Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаттары -сөз

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/liter.pdf · «Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаттары -сөз

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

5-9 сыныптар

Аcтана 2010

Page 2: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/liter.pdf · «Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаттары -сөз

2

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін

мектептің 5-9 сыныптарына арналған

ОҚУ БАҒДАРЛАМАCЫ

Астана 2010

Page 3: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/liter.pdf · «Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаттары -сөз

3

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010

жылғы №367 бұйрығымен бекітілген

Бағдарлама авторлары: Жұмажанова Т.Қ., Әрінова Б.А., Құрманбай

Г.С., Мадиева А.Т.

Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептің

5-9 сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» оқу бағдарламасы.– Астана,

2010. – 41 б.

© Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім беру академиясы, 2010

Page 4: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/liter.pdf · «Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаттары -сөз

4

І. ТҮСІНІК ХАТ

Ұсынылып отырған бағдарлама «Қазақстан Республикасы жалпы орта

білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына» сәйкес «Тіл және

әдебиет» білім беру саласына енетін «Қазақ әдебиеті» оқу пәнінің білім

мазмұнын құрайтын қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілері, ежелгі дәуір

әдебиеті үлгілері, XVIII ғасыр әдебиеті, жыраулар поэзиясы, XIX ғасыр

әдебиеті, XX ғасыр әдебиетіндегі көркем шығармалар, әдебиеттің тектері

мен жанрлары, (эпос, драма, лирика) және әдеби-теориялық ұғымдар.

Бағдарлама «Әдебиет» пәнінің қызметі мен мақсаттарын жүзеге

асыруға бағытталған, атап айтқанда, ол оқушылардың оқырмандық

мәдениетін жетілдіруді, қазақ халқының әдеби мұралары туралы жүйелі

түсінік беруді және әлем әдебиеті үлгілерімен таныстыруды, ізгілік,

адамгершілік, әсемдік, отансүйгіштік және іскерлік құндылықтарын шәкірт

бойына сіңіруді көздейді.

Бағдарламаны түзуде білім мазмұнын ізгілендіру, адамгершілік-

эстетикалық, мәдени-тарихи құндылықтарды, ұлттық әдет-ғұрып, салт-

дәстүрлерді таныту, оқушылардың тілдік қорын байыту, әдеби білімнің

жүйелігі мен үзіліссіздігі, сабақтастығы, білім мазмұнының тарихилық

сипаты және пәнаралық, пәнішілік байланыс сияқты ұстанымдар

басшылыққа алынды.

Бұл сыныптарды қазақ әдебиетінен берілетін білім мазмұнында

оқылған шығармадағы ой қазығы, сюжеті, композициясы, жанрлық сипаты,

кейіпкерлері, ондағы халықтық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер көрінісі, табиғат

суреті шығармадағы адамгершілік мәселелер, сөз қолданыстар зерделеніп,

оқушыны қызықтыратын оқиғалар жайлы пікір алмасуға кең орын беріледі.

Оларды өзіндік ой талғамдарын айтуға, шығармашылық жұмысқа тартуға

жол салынады. Оқушылар әдеби білім мазмұнын кейіпкерлер мен оқиға

арасындағы өзара байланысты, кейіпкерлердің жан-дүниесін, кейіпкер

характерін тани отырып мәңгеретіндіктен, білім сапасы күтілетін нәтижеге

бағытталады.

Бағдарламада көрсетілген әдеби-теориялық ұғымдар қажетіне қарай әр

тақырыпқа лайықталып ұсынылған. Жаттауға берілетін шығармаларға

мұғалімнің өздігінен қосымша енгізуге құқығы бар.

«Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаттары - сөз өнерін адамзаттың

көркем тарихы ретіндегі мәдени мұра, ұлттық құндылық деп бағалап,

құрметтей алатын елжанды азамат тәрбиелеу; оқушыларға әдеби туындылар

арқылы көркемдік, интеллектуалдық, адамгершілік тәрбие беру; оқырмандық

талғам мәдениетін қалыптастыру; әдеби шығармада бейнеленген құбылысты

көркемдік тұрғыда қабылдауға қажетті білім, білік, дағдыларды меңгерген,

алған білім негіздерін өмірлік жағдайларда қолдана білетін жеке тұлға

қалыптастырып дамыту.

«Қазақ әдебиеті» оқу пәнінің міндеттері:

оқушыларға төл әдебиеттің ұлттық сипатын, ондағы халықтың әдет-

ғұрып, салт-санасының көрінісін, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін,

Page 5: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/liter.pdf · «Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаттары -сөз

5

көркем туындының идеялық-адамгершілік мәнін түсіндіру;

көркем шығармадағы мазмұн мен форма тұтастығын, тарихи-әдеби

мәліметтердің негізін және әдебиет теориясын меңгерту;

көркем шығарманы эмоционалды қабылдауға, бейнелі және зерделі

ойлауға және қаламгердің көзқарасын түсінуге машықтандыру;

оқушылардың ішкі жан әлемін рухани-адамгершілік құндылықтармен

байытып, көркемдік талғамын кеңейту және оқырмандық мәдениетін

қалыптастыру, көркем шығармаларды өз бетінше іздеп, қызығып оқуға

дағдыландыру ;

оқушының өзіне сенімді түрде жұмыс істеуіне бағыт беріп, өз ойын

еркін, шешен жеткізе алуға баулу;

әдеби-теориялық білімін сауатты қолдана алу, ауызша және жазбаша

тілін дамыту;

қазақ әдебиетінен алған білім мен тәрбиенің нәтижесін өз өмірлеріне

қолдана алуға үйрету.

Орта білім берудің 5-10 сыныптарындағы «Қазақ әдебиеті» пәні

бойынша берілетін білім мазмұнын сұрыптауда ғылымилық, түсініктілік,

жүйелілік, сабақтастық, іс-әрекеттілік, пәнаралық ықпалдастық, сабақтастық

сияқты дидактикалық ұстанымдар басшылыққа алынып, оқушылардың жас

ерекшеліктері ескеріледі. Оқытудың барлық деңгейлерінде жалғасын

табатын сабақтастық ұстанымы пәндік білім мазмұнын меңгертудің

әдіснамалық және әдістемелік қағидаларынан көрінеді. Оқытудың іс-

әрекеттілік ұстанымы білім алушылардың танымдық әрекетін дамытып,

олардың өз әрекетін өзі бақылай алуының қалыптасуына негіз болады.

Пәнаралық интеграция ұстанымы берілетін білім мазмұнының нәтижелiлiгi

мен оқытудың сапалық деңгейін танытады. Сол себептi әдебиеттің басқа

пәндермен ықпалдастығы оқушының интеллектуальдық-танымдық, iскерлiк

сапаларын, шығармашылық әрекетiн, қарым-қатынастық бiлiктiлiгiн,

әлеуметтенуге бейiмдiлiгiн, эстетикалық, рухани-адамгершiлiк

құндылықтарын дамытуға септігін тигізеді. Қазақ әдебиетін оқытуда

түсініктілік ұстанымы оқушылардың өзіндік қабілеті мен ерекшеліктерін

ескере отырып үйлесімді психологиялық ахуал тудыруға мүмкіндік жасайды.

Оқушылардың тұлғалық жетістіктерін ескеру ұстанымы күрделі

тапсырмаларды шешуге, өздік жұмыстарды орындауға мүмкіндік береді.

Шығармашылық ұстанымы әр түрлі тапсырмаларды өздігінен орындау

білігін қалыптастыру.

Пән бойынша оқу жүктемесі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру

стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес негізгі деңгейде, яғни

5-9 сыныптарда «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытуға:

5-сынып - аптасына 3 сағат, барлығы – 102 сағат;

6-сынып - аптасына 2 сағат, барлығы – 68 сағат.

7-сынып- аптасына 2 сағат, барлығы – 68 сағат.

Page 6: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/liter.pdf · «Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаттары -сөз

6

8- сынып- аптасына 2 сағат, барлығы – 68 сағат.

9-сынып- аптасына 3 сағат, барлығы – 102 сағат беріледі.

«Қазақ әдебиеті» оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі Пәнді оқытудың вариативті бөлігі қосымша оқу бағдарламасы арқылы

білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты шеңберінде жүзеге

асады. Мысалы, «Абайтану», «Ежелгі дәуір әдебиеті» «Мұқағалитану», «Сөз

өнері», «Көркем шығармаларды талдау», «Тіл шеберлігі» т.б.

Page 7: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/liter.pdf · «Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаттары -сөз

7

ІІ «ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ БІЛІМ МАЗМҰНЫ

5-СЫНЫП

Кіріспе. Әдебиеттің өнердің бір саласы және оқу пәні ретінде сипаты.

(1 сағат).

Халық ауыз әдебиеті туралы түсінік. (6 сағат).

Тұрмыс-салт жырлары, олардың түрлері, ерекшелігі. Жан-

жануарларға және наурызға байланысты жырлар.

Мақал-мәтелдер: Мақал-мәтелдердің ерекшеліктерін аңғарту. Мақал-

мәтелдің тура мағынасы, ауыспалы мағынасы. Мақал-мәтелдер – халықтың

өмір тәжірибесінен қорытылып жинақталған тұжырымды ой-пікір.

Адамгершілік, ерлік тақырыбындағы мақал-мәтелдер.

Жұмбақтар: Олардың мәні. Жұмбақтардың ой шапшаңдығына

тәрбиелейтін өзіндік ерекшеліктері. Жеке үлгілермен таныстыру.

Әдебет теориясы: Мақал-мәтелдер, жұмбақтар туралы.

Ертегілер: «Ер төстік», «Керқұла атты Кендебай», «Қырық өтірік»,

«Аяз би», «Сырттандар». (15 сағат).

Ертегінің жанрлық ерекшелігі. Ертегілерден көрінетін халықтың

арман-тілегі, даналығы. Жауыздық пен зұлымдықтың ізгіліктің жеңіп

шығатынына халықтың сенімі. Халықтың арман-қиялы.

Аңыз-әңгімелер, шешендік сөздер: Асан қайғының жер-ұйықты

іздегені., «Ақсақ құлан», «Жошы хан», «Жиренше шешен мен Қарашаш

сұлу», «Жиреншенің хан сынағына түсуі». «Сұратқан хан ақымақ па, сұраған

сен ақымақ па?», «Тайкелтірдің төрелігі», «Байдалы бидің көңіл айтуы»,

«Қазыбек би мен Бұқар жырау», «Сырым мен Малайсары», «Кет-Бұғаның

ескертуі» (8 сағат).

Әпсаналар: Діни мифтік әңгімелер. Құран-кәрім туралы. «Адам ата»,

«Смайыл», «Зәмзәм» (5 сағат).

Оқушыларға дін туралы түсінік беру. Құран мұсылмандардың тұңғыш

классикалық әдебиеті екендігі. Оның тәрбиелік мәні.

Қосымша оқуға: «Құран хикаялары».

Әдеби ертегілер:Олардың халық ертегілерінен айырмашылығы.

Әбділда Тәжібаев. «Толағай» (ерлік туралы аңыз) (2 сағат).

Толағайдың ерекше сиапты, ерен іс-әрекеті. Шығарманың патриоттық

мәні.

Қосымша оқуға, пікір алысуға: «Қазақ ертегілері», Әлем халықтары

ертегілері және т.б.

Мысал өлеңдер: Ахмет Байтұрсынұлы. «Егіннің бастары», «Өгіз бен

бақа». (2 сағат).

Ахмет Байтұрсынұлының өмірі, шығармашылығы туралы. Мысал

жанрының ерекшелігі, тәрбиелік мәні.

Әдебиет теориясы: «Мысал туралы».

Махамбет Өтемісұлы. «Соғыс», «Қызғыш құс» (2 сағат).

Page 8: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/liter.pdf · «Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаттары -сөз

8

Махамбет өмірі мен оның шығармаларының негізгі сарыны жайында

мәлімет.

«Соғыс» өлең мазмұны, ақындық пафос. Өлеңдегі Исатай тұлғасы,

көтерісшілер қолданылған соғыс тәсілі. Өлеңнің суреткерлік қуаты. Ақын

поэзисындағы сарын.

«Қызғыш құс». Өлеңнің көтеріліс жеңілгенен кейінгі ақынның көңіл-

күйін байқататындығы. Ақынның қызғыш құсқа қарата сөйлеуі. Өлеңдегі

психологиялық параллелизм, оның ойды көріктеудегі мәні.

Әдебиет теориясы: өлең құрылысы, Өлең тілі туралы мәлімет.

Метафора туралы ұғым.

Пәнаралық байланыс: Тарих И.Тайманов бастаған көтеріліс.

Қосымша оқып, пікір алысуға: Ә.Әлімжанов «Тастөбедегі айқас»

(«Махамбеттің жебесі» романынан).

Ы.Алтынсарин. «Өзен», «Дүние қалай етсең табылады?» (2 сағат).

«Өзен» - қазақ әдебиетіндегі пейзаждық лириканың алғашқыларының

бірі екендігі. Өлеңдегі өзен суреті; суреттеулерді, сипаттауларда

қолданылған ақындық тіл.

«Дүние қалай етсең табылады?». Қысқа әңгіменің мазмұны, мәні.

Шығарманың еңбекке, адал мал табуға, арлы болуға тәрбиелейті қуаты.

Әдебиет теориясы: Сюжет, әдеби кейіпкер ұғымы. Пейзаж туралы

ұғымды дамыту.

Қосымша оқуға:

Ы.Алтынсарин. «Лұқпан әкім».

Абай. «Қыс», « Ғылым таппай мақтанба» (өлеңдер) (2 сағат).

Абай өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша түсінік. «Қыс»

өлеңіндегі адамға теңей суреттелге табиғат көріністері, ақын шеберлігі.

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің тағылымдылық-тәрбиелік мәні,

дидактикалық сипаты.

Әдебиет теориясы: Пейзаждық лирика туралы ұғымды дамыту. Өлең

құылысы (өлеңдегі буын, бунақ, тармақ, шумақ, ұйқас). Эпитет туралы ұғым.

Қосымша оқуға: «Жаз», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім».

Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Шілде». (1 сағат).

«Шілде» өлеңіндегі жеке көрініс суреттері. Ақынның табиғаты

жандандыра, адамиландыра суреттеулерінің Абай өлеңдеріне ұқсастығы.

Өлең тіліне байқаулар жасау.

Әдебиет теориясы: Кейіптеу туралы.

Мағжан Жұмабаев. «Балалық шақ», «Қысқы жода», «Сағындым» (2

сағат).

«Балалық шақ» өлеңіндегі жылы лиризм. Мағжан өлеңдерінің

құрлысының, суреттеу құралдарының ерекшеліктері.

Әдебиет теориясы: Өлеңнің құрылысы туралы.

Қосымша оқып, пікірлесуге: «Тез барам».

Жамбыл. «Өтеген батыр» (дастаннан үзінді) (2 сағат).

«Өтеген батыр» дастанынан алынып отырған үзіндінің мазмұны,

фантастикалық, ертегілік сипаты. Өтегенге мінездеме.

Page 9: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/liter.pdf · «Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаттары -сөз

9

Әдебиет теориясы: Жыр жаныры туралы түсінік.

Қосымша оқуға: Жамбыл «Көрұғлы» жыры.

Сәкен Сейфуллин. «Ақсақ киік» (өлеңі) (1 сағат).

Өлеңдегі бетпақдала табиғатының суреттері. Киіктің мүсіндік портреті.

Жаралы киіктің аянышты халі. Ақын сезімі, оның сұлулыққа, табиғатқа

көзқарасы. Табиғатқа деген ізгілікті қарым-қатынасы.

Әдебиет теориясы: География, Қазақстанның жері, аңдары.

Қосымша оқуға: С.Сейфуллин. «Аққудың айырылысуы» (Үзінді).

І.Жансүгіров. «Күй» (поэмадан үзінді) (2 сағат).

Поэманың сюжеттік негізіне алынған күй аңызының мазмұны,

қобызшы тартқан «Бозінген» күйі, қобызшы портреті, оның күй тарту

шеберлігі. Өнер құдіреті, қазақтың күй өнері мен күйшілігіне деген ақын

көзқарасы.

Әдебиет теориясы: Өлең ұйқасы туарлы түсінік.

Қосымша оқуға: І.Жансүгіров. «Жетісу суреттері» (үзінді).

Мұхтар Әуезов. «Ақын қонақтар» («Абай жолы» романынан үзінді) (2

сағат).

Зере мен Ұлжан сияқты аналардың рухани байлығы. Ақын

қонақтардың жас Абайға әсері, оның өнер адамдарымен достасуы. Бұлар –

болашақ ұлы ақын нәр алған арналардың бірі екендіген аңғарту.

Әдебиет теориясы: Портрет туралы ұғымды дамыту.

Сәбит Мұқанов. «Лашын» («Өмір мектебі» романынан) (2 сағат).

Әңгіме суреттелген Балтабай ауылы, оның адамдары, портреттік

суреттер. Құсбегілік - әңгімеде халқымыз сүйетін өнердің тамаша бір түрі

әрі кәсіп ретінде көрінетіндігі. Әңгімедегі халықтық салт-дәстүр, әдет-

ғұрыптар. Әңгіменің тілі. (теңеу сөздер, мақал-мәтелдер).

Әдебиет теориясы: суреттеу, баяндау, сипаттау.

Ғабит Мүсірепов. «Жаңа достар» («Қазақ солдаты» романынан үзінді)

(2 сағат). Оқу іздеп ауылдан келген бала Қайроштың басынан кешкендері, оның

жаңа достары Бораш пен Шенен. Әңгімедегі абзал аналар. Табиғат суреті.

Олардың кейіпкер сипатын ашудағы рөлі. Әңгіменің баяндау түрі, тіл

көркемдігі, мақал-мәтелдердің қолданысы.

Әдебиет теориясы: Кейіпкер мінездемесі.

Сапарғали Бегалин. «Бала Шоқан» (повесінен үзінді) (2 сағат).

Әңгімедегі бала Шоқан. Болашақ ұлы ғалымның бала кезінен

байқалған өмірге, айналасындағы басқа адамдарға адамгершілік қарым-

қатынасының әңгімедегі көріністері. Шоқанға мінездеме (мүсінші Мысықпен

қарым-қатынасы негізінде).

Әдебиет теориясы: Шығарманың тілі, портреттік, мінездемелік

суреттер.

Қосымша оқуға, пікір алысуға: Қ.Бекхожин «Тұңғыш ғалым»,

М.Иманжанов «Жол үстінде».

Иса Байзақов. «Жазғы кеш» (1 сағат).

Page 10: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/liter.pdf · «Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаттары -сөз

10

Кешкі табиғатты суреттеудегі ақын шеберлігі. Өлеңнің эстетикалық

сезімді тәрбиелеудегі мәні.

Қалмақан Әбдіқадыров. «Қажымұқан» (хикаяттан үзінді) (2 сағат).

Әңгіменің деректік негізі. Қажымұқанның ерен күш иесі ретінде алғаш

рет көзге түсуі, оның одан кейінгі өмір жолында алған аулары. Әңгімедегі

адамгершілік мәселесінің көрінісі. Қажымұқан - өнер мен күшін Отан, халық

мәртебесін асыруға жұмсаған патриот.

Әдебиет теориясы: Хикаят туралы.

Қасым Аманжолов. «Дауыл» (1 сағат).

Табиғат суретін бейнелеуі. Өлеңнің үн-екпініндегі шуақты сезім, оны

берудегі айшықты тіл.

Әдебиет теориясы: эпитет, теңеу туралы ұғымды тереңдету, өлең

ұйқасы.

Қосымша оқуға: Қ.Аманжолов. «Алатау».

Жұбан Молдағалиев. «Ар – ұят туралы» өлең (1 сағат).

Өлеңдегі шал мен бала бейнесі. Олардың айтысы арқылы өлеңде

көтеріліп отырған адамгершілік, имандылық проблемасы. Өлеңнің

танымдық, тағылымдық, тәрбиелік мәні, өлең тілі.

Қосымша оқуға, пікір алысуға: С.Бақбергенов. «Қасиет».

Қуандық Шаңғытбаев. «Сабалақ» (өлең) (1 сағат).

Абылай атын алғаш рет қазаққа танытқан Аңырақайдағы қазақ-қалмақ

соғысы. Ақынның соғыс картинасын берудегі шеберлігі, өлеңдегі динамизм.

Тіл көркемдігі. Сабалақ бейнесі, оның ерен ерлігінің өлеңдегі көрінісі.

Өлеңнің тарихилық сипаты.

Әдебиет теориясы: Өлең пафосы, өлең ұйқасы.

Мұқағали Мақатаев. «Фантазия», «Барлығы да сендердікі», «Мен

таулықпын» (өлеңдер) (2 сағат).

Үш өлеңнің мағналық жақындығы. Өлеңдегң аға ұрпақтың жастарға

тапсыратын аманаты мен сенімі. Ол туралы ақын сөздерінің мәні, осы

өлеңдегі ақын ойлары мен сезімдері, өлеңде көрінетін ақынның (лирикалық

кейіпкерлік) тұлғасы, өлеңдердің елжандылық тәрбие берудегі мәні.

Өлеңдерде ауыспалы мәнде қолданылған сөздер.

Өлеңдерді мәнерлеп оқу, жаттау.

Әдебиет теориясы: Метафора туралы, өлең құрылысы туралы

ұғымдарды дамыту.

Сәкен Жүнісов. «Ақырғы бәйге» (романнан үзінді) (3 сағат).

Шығарманың негізінде атақты әнші, ақын, сал-сері Ақан серінің жан

серігі, пырағы Құлагердің мерт болуына байланысты тарихи дерек

алынғандығы. Әңгімені мазмұнына (ой ағымына), сюжет дамуына

байланысты жеке бөлімдерге бөліп, әр бөлімдегі негізгі мәселелерді анықтау.

Әңгімедегі Құлагердің сипаты. Күреңбай сыншы. Неше түрлі ойын көрсетіп

жүрген өнерлі бала. Ақан сері салған ән. Ақан әндерінің эстетикалық қуаты.

Астың жалпы панорамасы. Атқұмар халық психологиясы. Бәйге жарысы.

Жазушының суреткерлік шеберлігі, тілінің көркемдігі.

Page 11: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/liter.pdf · «Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаттары -сөз

11

Әдебиет теориясы: Драмалық тартыс туралы, трагедиялық образ

туралы алғашқы қарапайым түсінік.

Тұманбай Молдағалиев. «Бауырлар» (1 сағат).

Дүние жүзі қазақтарының бірінші құрылтайына (Алматы, 1992)

орайлас жазылған бұл өлеңде көтерілген аса маңызды мәселе – қандас

бауырларды өзінің атамекені Қазақстанға шақыру екендігі. Өлеңнің

елжандылық мәні. Ақын тілінің көркемдігі, ол қолданған қайталаулардың

ойды көріктеуде атқарып тұрған жүгі.

Әдебиет теориясы: Өлең ұйқасы туралы ғымды дамыту.

Қабдеш Жұмаділов. «Қозыкүрең» («Сәйгүліктер» романынан) (2

сағат).

Төреқұл мен Ағыбай арасындағы достық. Әңгімедегі бұл мәселе қазақ-

қырғыз халықтары арасындағы тарихи қалыптасқан қарым-қатынастың, адал

көңіл-ниеттің, шынайы бауырластықтың жалғасы ретінде көрінуі.

Қозыкүрең жайындағы Саяқбай әңгімесі. Отан соғысы кезінде

майданға жөнелтілген қазақстандық сәйгүлік Қозыкүреңнің майдан шебінен

қашып шығып, «елсіз-сусыз шөлдерден, асу бермес белдерден өтп, айшылық

жолды алты аттап» туған топыпағына жеткен жершілдігі. Табиғат перзенті

жылқы малына деген сүйіспеншілік көзқарастың әңгімедегі көрінісі.

Әдебиет теориясы: Көркем шығарма және тарихи дерек.

Пәнаралық байланыс: Тарих. «Ұлы Отан соғысы кезіндегі тыл».

Фариза Оңғарсынова. «Оюлар» (1 сағат).

Қазпқтың ұлттық қолөнері,халық дәстүрлеріне деген өлеңдегі ақын

құрметі мен сезімі. Өлеңдегі сөз қолданыстар.

Мұхтар Шаханов. «Отырар» (2 сағат).

Өлең мазмұны, жазылу түрі, сөз құдыреті. Өлеңдегі биік, елжандылық

идея. Өлеңдегі Қайырхан образы, Шыңғыс хан мен Шағатай бейнелері.

Өлеңнің тарихи негізі.

Әдебиет теориясы: Әдебиеттің өмірмен, тарихпен байланысы.

Жұмекен Нәжімеденов. «Сен ақылды болсаң екен» (1 сағат)

«Жаманыңды көрмесем» (1 сағат).

Өлеңдердегі сенім, өнеге - әкенің балаға деген сезімі.

Н.Серәлиев. «Аңсау» (2 сағат).

Атасын аңсап жүрген бала сағынышы. Әңгімедегі ана

парасаттылығының суреттелуі. Баланың сезімталдығы мен бауырмалдығы.

Әдебиет теориясы: Әңгіме туралы ұғымды кеңейту.

Күләш Ахметова. «Қазағым менің» (өлең) (1 сағат).

К. Ахметова шығармашылығының өзіндік ерекшелігі. Ақын өлеңіндегі

лиризм, өлеңнің халықты сүйуге, бірлікке шақырған үні. Ақындық тіл

шеберлігі, ой тереңдігі, өлең құрылысы.

Қосымша оқып, пікір алысуға: К.Ахметова «Қазақстың қайсар рухы»

(өлең).

Әдебиет теориясы: Лиризм, ақындық тіл.

Әлем әдебиеті үлгілерінен.

А.С.Пушкин. «Балықшы мен балық» (ертегі) (3 сағат).

Page 12: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/liter.pdf · «Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаттары -сөз

12

Поэзия әлеміндегі жарқын жұлдыз, бар ғаламға аты кеңінен танымал

Пушкин шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет.

Ертедегі бағы өскен сайын, өкімі жүрген сайын өршелен түсетін

қанағатсыз, парықсыз балықшы кемпірі, оның шалына, алтын балыққа

жасаған астамшылығы, қиянаты. Өрескел іс-әрекеті мен қомағайлық

пиғылынан тартқан сазайы. Ертегіден шығатын адамгершілік мәселелері.

Ертегінің баяндалу түрі, тіл көркемдігі, ондағы оқиғаның дамуы.

А.Байтұрсыновтың каудармашылық еңбегі.

Қосымша оқуға, пікір алысуға: А.С.Пушкин «Солтан патша туралы

ертегі», П.Ершов «Сұңқар тай, тұлпар тай».

Әдебиет теориясы: Әдеби ертегі туралы.

Даниэл Дефо. «Робинзон Крузо». (2 сағат).

«Робинзон Крузоның» «Мәңгілік кітаптар» қатарына жататындығы

және дүниежүзілік мәдениетте биік орны бар шығарма екені туралы түсінік.

Шығарманың күнделік ретінде жазылуы. Робинзонның басынан

кешкен оқиғалары, оның аралдағы өмірі. Еңбекті сүйудің еңбек етіге

бейімділіктің қиын-қыстау жадайда Робинзонның Жұмамен достығы,

адамгершілік қарым-қатынас жасауы.

Әдебиет теориясы: Әдебиеттің тегі мен жанрлары.

Шыңғыс Айтматов. «Ерте келген тырналар» (хикаяттан ықшамдап

алынды) (3 сағат).

Хикаятта соғыс және балалар тақырыбы үлкен мәселе ретінде

көрсетілетіні: соғыстың жалпы халыққа, соның ішінде мектептегі оқушы

балаларға түсірілген салмағы мен ауыртпалығы, балалардың бал дәуренін

ұрлап, ерте есейуі. Шығармадағы Сұлтанмұрат бастаған мектеп

оқушыларының ересектерге, колхоз шаруашылығына көмегі, балалардың

абзал адамгершілік қасиеттері. Бас кейіпкер – Сұлтанмұрат бейнесінің

автобиографиялық негізі. Шығармада табиғаттың бейнеленуі. Шығарманың

тіл көркемдігі, баяндалу мәнері.

Шығарманы пайымдап оқу, мәнерлеп оқу, мәтінге жоспар құру, сұрақ-

тапсырмалар түзу. Сұлтанмұратқа жазбаша (ауызша) мәнездеме, мәтінді

иллюстрациялау, қосымша әдебиеттермен жұмыс.

Қосымша оқуға: Ш.Айтматов «Ақ кеме! (жеке фрагменті),

С.Мұратбеков «Жабайы алма» , С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара».

Шығармаларды оқып, талдау – 90 сағат.

Тіл ұстарту, шығармашылық жұмыстар – 8 сағат.

Сыныптан тыс оқыған шығармалаы туралы әңгіме – 4 сағат.

Жаттауға ұсынылатын шығармалар: 1. Малдың басын сүюі. (өлең).

2. Мақал-мәтелдер.

3. «Аяз би» ертегісінен « Тақсыр хан елу жасқа келіп жаман болған

жоқпын» дегеннен «Енді мен жаман емей, жақсымын ба?» (оқулықта 57

бетте) деген жерге дейін.

Page 13: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/liter.pdf · «Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаттары -сөз

13

4. М.Өтемісұлы «Қызғыш құс».

5. Абай «Қыс», «Ғылым таппай мақтанба».

6. М.Әуезов. «Ақын қонақтар» Мұғалімнің қалауы бойынша.

7. Қ.Аманжолов. «Дауыл».

8. С.Мәуленов. «Менің республикам».

9. М.Мақатаев. «Фантазия».

10. М.Шақанов «Отырар». (үзінді).

6 СЫНЫП

Көркем әдебиеттің адам өміріне алатын орны (1 сағат).

Халық ауыз әдебиет.

Батырлар жыры туралы түсінік.(1 сағат)

«Қобыланды батыр» жыры (3 сағат)

Жырдың қаһармандық сипаты, елжандық мәні. Қобыландының

адамгершілік тұлғасы. Ақылды жар Құртқа мен ер қанаты Тайбурылдың

жырдағы орны, олардың суреттелу шеберлігі. Тайбурылдың шабысы.

«Алпамыс батыр» жыры. (3 сағат).

Жыр тақырыбының ел бірлігін, тыныштығын, елді сыртқы жаудан

қорғау,халық қамын ойлаушы батырды армандау мүддесінен туатындығы.

Сол арманның Алпамыс бейнесі арқылы көрінуі.

Ұлтан-сатқындық, жауыздық құлы, іштен шыққан қауіпті жау.

Жырдағы асыл жар бейнесі. Адал, айнымас достықтың жырда көрінуі.

Әдебиет теориясы: Гипербола туралы ұғым.

Пәнаралық байланыс: Театр.М.Әуезов. «Қарақыпшақ Қобылданды».

Бейнелеу өнері. Батырлар жырындағы суреттер.

Қосымша оқуға: Батырлар жыры.

VII-VIII ғасыр әдебиеті.

«Күлтегін» жыры(1 сағат).

Ежелгі дәуір әдебиеті туралы алғашқы түсінік. Ежелгі мәдени өмір

суреттелген асыл мұраларға сипаттама. Ата-бабаларымыздың ертедегі білім-

білігінің,ежелгі дүние танымының қилы кезеңдердегі ел үшін,жер үшін

еркіндік пен тәуелсіздік үшін жүргізген күрестерінің, ерлік шежіресінің

”Күлтегін” ескерткішінде суреттелуі.Күлтегін бейнесі.

Қосымша оқуға: «Алып-Бамсы» батыр жыры.

XIX ғасыр әдебиеті үлгілерінен. Дулат Бабатайұлы. «О, Ақтан жас, Ақтан жас» (1 сағат).

Өлеңнің жеке адамға арнау үлгісінде айтылғандығы туралы.Ақынның

ел болашағы-жастарға деген бата-тілегі,зор үміті мен сенімі.Ақын

арманының риторикалық сұраулы сөйлем арқылы берілуі,өлеңнің көркемдік

ерекшелігі.

Әдебиет теориясы: Риторикалық сұраулы сөйлем.

Сүйінбай Аронұлы. «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» (1

сағат).

Page 14: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/liter.pdf · «Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаттары -сөз

14

Өлеңде ақынның жақсы адам бойындағы қасиеттер мен жаман адам

бойындағы кемшіліктерді қарама-қарсы суреттеуі, адамгершілік ізгі

қасиеттерді жоғары тұтып ардақтауы.

Абай. «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ». «Құлақтан кіріп бойды

алар», «Әсемпаз болма әрнеге», «Отыз бірінші қара сөз» (3 сағат).

«Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ». Өлеңде бейнеленген аттың

мүсіндік портреті.Ақынның жылқы малына ұлттық психология тұрғысынан

көзқарасы.

«Құлақтан кіріп бойды алар». Ән-өнердің бір түрі,оның жанға ләззат

беретін,ой салатын құдіреті.

«Әсемпаз болма әр неге». Жастарды өнер,білім үйрену арқылы өмірдің

өз орнын табуға үндеу.

Отыз бірінші қара сөз. Абайдың прозалық үлгіде жазылған

шығармалары туралы түсінік. Ондағы терең философиялық ой.

Әдебиет теориясы: Өлең құрылысы (шумақ пен тармақ,буын мен

бунақ,ырғақ пен ұйқас), қара сөз туралы мәлімет.

Қосымша оқуға: «Күз», «Интернатта оқып жүр».

Шәкәрім Құдайбердіұлы. «Адамдық борышың», «Жолама қулар

маңайға» өлеңдері (1 сағат).

«Адамдық борышың». Ақын-ұлы гуманист. Ақынның адамгершілік

идеяларының өлеңдегі көрінісі. Абай шығармаларымен үндестігі. Өлең

құрылысындағы ерекшелік. «Жолама қулар маңайға». Өлеңдегі терең ой,

дүние сырын ұғыну. Азамат үшін қам жеген адамның артында өшпес із

қалатыны жайлы.

Әдебиет теориясы: Өлең құрылысындағы жаңалық (ұйқас, буын,

тармақ өлшемі ).

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы.XIX ғасырдың екінші

жартысындағы Қазақстанның мәдениеті.

Ахмет Байтұрсынов. «Қара бұлт». «Анама хат» өлеңдері (1 сағат).

Ақынның «Қара бұлт» өлеңі арқылы өмірдегі қара ниетті адамдарды

сипаттауы. «Анама хат» өлеңіндегі баланың анаға деген сағынышы. Өлеңдегі

ұлтжандылық сезім.

Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Шығамын тірі болсам адам болып»,

«Мен қазақ» (1 сағат).

Өлеңге арқау болған ақын арманы, өмір сүру идеялы. Оның надандық

пен қараңғылыққа қарсы қайратты үні, өз ұлты,өз халқына деген перзенттік

мақтаныш сезімі.

Әдебиет теориясы: Лирикалық қаһарман туралы түсініктерін дамыту.

Мағжан Жұмабаев. «Мен кім?» , «Қазақ тілі» (1 сағат).

Өлеңдерде көрініс берген ақынның болашаққа деген сенімі,халық

тағдыры, ел келешегі және жастарға деген аманат.

«Қазақ тілі» өлеңіндегі ақынды толғандырған тіл тағдыры. Туған тілге

деген құрмет, терең сезңім. Өлеңдегі оптимистік асқақ үн, метафоралық

шендестірулер, олардың өлең идеясын ашудағы мәні. Өршіл ақынның сөз

өміршеңдігін сезінуі. Өзңне берген бағасы.

Page 15: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/liter.pdf · «Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаттары -сөз

15

Әдебиет теориясы: Метафоралық шендестірулер.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі-мемлекеттік тіл.

Қосымша оқуға: «Күншығыс» өлеңі.

Сәкен곫Сейфуллин. «Далада» (арнау өлең) (1 сағат).

Сәкен туралы сөз.Туған жерге, кең далаға сүйіспеншілік.

Ақынның мақтаныш сезімі. Жаңа өмірден жақсылық күткен ақынның

өз бейнесі. Кең дала, асау тұлпар суреті. Романтикалық көңіл-күй. Тұлпар-

жаңалық, бақыт, азаматтық символы.

Әдебиет теориясы: Дамыта суреттеу.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан географиясы. Қазақстан жері,

табиғаты.

Қосымша оқуға: «Қашқынның ауылы».

Бейімбет Майлин. «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» (2 сағат).

Қазақ ауылындағы 20-30 жылдардағы ұжымға біріктіру ісіндегі

білімсіздік, қолына билік тиген шолақ белсенділердің ел басқару тәртібіндегі

«Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» саясатын ұстануы, адал, жаңа

өмірге сенген еңбеккер шаруалардың көрген қиындықтарды типтік образ

Дайрабай арқылы көрінуі. Тұрмыс-тіршіліктің психологиялық тұрғыда

мінездеу, суреттеу, диолог, монолог, жеңіл юмор арқылы шебер суреттелінуі.

Әңгімені баяндау тіліндегі ерекшелік. Жазушы позициясы. Кейіпкерлердің

ой-өрісі, мінезі мен сөйлеу тіліндегі байланыс.

Әдебиет теориясы: Әңгіме туралы түсінікті дамыту.

Қосымша оқуға: «Ыбыраймын, Ыбыраймыз».

Ілияс Жансүгіров. «Анам тілі», «Домбыра», «Күйге» өлеңдері (1

сағат). Адамның ана тілі арқылы өзін қоршаған ортада бастап байтақ әлемді

танып-білетіндігі туралы. Домбыра үнін жүрекпен тыңдау.

Пәнаралық байланыс: Музыка. Қазақтың күй өнері.

Қосымша оқуға: «Жетісу суреттері».

Мұхтар Әуезов. «Біржан сал Абай ауылында» («Абай жолы»

романынан үзінді) (3 сағат).

Ерекше сый-қонақ күткен ауыл. Көкшетаудан келген Біржан әнінің зор

құдіреті, сырлы сезім сиқыры. Абайдың ән қадірін ардақтап, Біржанды

қадірлі қонақ етіп, өнер сүйер жастарды жинап, үлгі-өнеге көрсетуі,желекті

жас келін Әйгерімнің ән салуына еркіндік беруі,өзі сол ортада болып,

басшылық етуі. Жас буын жүрегіне шынайылық нұрын өнер арқылы

жеткізудегі, тәрбиелеудегі Абай мақсаты.

Өнер мен ескілік салт-сана арасындағы бітіспес күрес.

Әдебиет теориясы: Типтік образ туралы.

Қосымша оқуға: «Жетім» әңгімесі.

Ғабит Мүсірепов. «Автобиографиялық әңгіме» (3 сағат).

«Автобиографиялық әңгіме» -жазушы өмірінің шежіресі. Бекет

Өтетілеуовтың ұстаздық тағылымының жазушыға өмірлік өнеге болуы.

«Жапон балладасы». Арқанның әңгімесі. Көздің әңгімесі. Тастың

іңгімесі. XX ғасырдың ең сұмдық, ең жауыз қасіреті атом апатының

Page 16: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/liter.pdf · «Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаттары -сөз

16

әшкерленуі. Жазушы стиліндегі ерекшелік. Жансыз тастың.арқаның, көздің

айыптау үні. Баллададағы айбынды рух. Тоталитарлық жүйе кезіндегі

Қазақстанның полигондарға айналуы. «Невада-Семей» қозғалысы туралы.

Әдебиет теориясы: Баллада туралы ұғым.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы.Қазақстан-тәуелсіз

мемлекет.

Қосымша оқуға: «Талпақ танау» әңгімесі.

Әбу Сәрсенбаев. «Туған жер», «Сен, құрметте оны, қарағым» (1

сағат).

Ақынның туған жерге,елге деген сүйіспеншілік сезімі. Соғыс

ардагеріне құрмет, ізет көрсету және ізгілік мәселелері. Өлеңнің

бейбітшілікті әспеттеу үні.

Әдебиет теориясы: Тақырып, идея туралы.

Бауыржан Момышұлы. «Жауынгердің тұлғасы» («Қанмен жазылған

кітаптан» үзінді) (2 сағат).

Үзінді де суреттелген соғыс кезіндегі жауынгерлердің табандылығы,

батырлығы.Батыр Бауыржан Момышұлының өз бейнесі,батырлық тұлғасы.

Отан соғысындағы қазақ жауынгерлерінің ерлігі.Үзіндінің деректілік сипаты.

Әдебиет теориясы: Деректі шығармалар туралы алғашқы түсінік.

Пәнаралық байланыс: Тарих. Қазақстан Ұлы Отан соғысы

жылдарында.

Бердібек Соқпақбаев. «Менің атым Қожа» (хикаяттан үзінді) (3

сағат).

Оқиға және характер. Шығарманың бас кейіпкері Қожа мінезінің

қалыптасуына өскен ортаның, отбасының, мектептің игі әсері. Қожаның

қиялшыл, сезімтал, зейінді бала екендігі. Хикаятта бала табиғатына тән

мінездердің көрінуі. Кейіпкер сана-сезімнің өсуі, рухани жан дүниесінің

баюы. Хикаят оқиғасының тартымдылығы,шынайылығы. Тәрбие мәселесінің

көтерілуі.

Әдебиет теориясы: Хикаят туралы ұғымды кеңейту.

Пәнаралық байланыс: Кино. «Менің атым Қожа» фильмінен

фрагменттер.

Қосымша оқуға: «Жекпе-жек» хикаяты.

Мұқағали Мақатаев. «Қайырлы түн», «Қара өлең», «Елім барда»,

«Анау-аспан,мынау-бақ» (2 сағат).

«Қайырлы түн». Ақынның бейбіт өмір мен гуманизмді насихаттауы.

Ақын-бейбітшілік күзетшісі. Сөз образдары. Өлең тілі. Арнау, оның

поэзиядағы рөлі.

«Қара өлең». Қазақ поэзиясының негізі-жыр және қара өлең екендігі,

оған деген ізет. Өнердегі осы дәстүрді дамытуға, қастерлеуге, ата мұрасын

құрметтеуге шақырған ақын үні.

«Анау –аспан, мынау-бақ» Өлеңіндегі қыс көрінісі. Табиғаты адам

кейпінде суреттеу көріктенудің бір түрі екендігі.

Әдебиет теориясы: Қара өлең ұйқасы туралы түсінік.

Page 17: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/liter.pdf · «Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаттары -сөз

17

Әбдіжәміл Нұрпейісов. «Балықшылар» («Қан мен тер» романынан

үзінді) (3 сағат).

Романнан алынған үзіндіде Арал балықшыларының ауыр

тұрмысы, отаршыл қара күштер жауыздығының әңгімеленуі,

әділетсіздікке қарсы халық наразылығының суреттелінуі. Үзіндідегі

жеке суреттер, портреттік. тұрмыстық сипаттамалар: жар басындағы

жарбиған жүдеу лашықта, дауылды күнгі теңізге ыққан

балықшылардың толқынмен арпалысы. Еламан бейнесі. Шығармадағы

Андрей бейнесі.

Әдебиет теориясы: Сюжет туралы, тенеу туралы ұғымды кеңейту.

Шерхан Мұртаза. «Тұтқын бала» («Қызыл жебе» романына үзінді)

(3 сағат).

Шығармадағы мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың балалық

шағы. Тағдыр асулары. Бала Тұрардың қиындыққа төзімділігі мен

кайсарлығы, алғырлығы мен зеректілігі.

Кейіпкер бейнесін ашып тұрған көркем детальдар, жүйелі көркем

тіл. Жазушының әңгімелеу, баяндау шеберлігі.

Пәнаралық байланыс: Кино. «Асуда атылған оқ». Қырғыз

фильмінен жеке фрагменттер.

Талап Сұлтанбеков. «Ғажайып планета» (ғылыми-фантастикалық

көркем шығармадан үзінді (2 сағат).

Келешек адамының және ғылымының бейнесі. Фантастикалық

шығармалардың оқырманды тіршілік, әлем туралы кұпия жұмбақтарға

жетелеуі, ойлы дамытудағы орны.

Жазушының фантастикалық идеялары, қызықты болжам

ұсынудағы шеберлігі.

Әдебиет теориясы: Фантастикалық шығармалардың табиғаты

туралы алғашқы ұғым.

Сайын Мұратбеков. «Қылау» (2 сагат).

Әңгімедегі балалық шақтың, балғын ссзімдердің алғашқы

ұшқындары. Шығармадағы нәзік лиризм мен жылы юмор.

Әдебиет теориясы: Кейіпкер туралы ұғымды кеңейту.

Әбіш Кекілбай. «Шыңырау» (3 сағат).

Шығармадағы адам өмірінің әлеуметтік сыр-сипаты. Еңсептің

психологиялық терең тұлға екендігі. Өткен заманның қаһарлы да

күрделі бейнесінің әңгімеде көрінуі. Жазушы шығармашылығына тән

психологизм, ішкі монологтар.

Әдебиет теориясы: Көркем шығармадағы характер мен ортаның,

жағдайдың өзара байланысы.

Мұхтар Мағауин. «Бір атаның балалары» (хикаяттың жеке

тараулары) (3 сағат).

Соғыс қасіретінің ауыл тіршілігіне, адамдар психологиясына

әсерінің әңгімеленуі. Соғыс қайғысын көрген, аяулы азаматтарынан

айрылған қарапайым, ұлттық ерекше қасиетімен бейнеленген Ахмет

сияқты адамдардың панасыз қалған балаларды ұлтына, тіліне, түріне

Page 18: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/liter.pdf · «Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаттары -сөз

18

қарамай, жатсынбай қамқорлыққа алуы. Қазақ халқының кең,

мейірімді. қонақжай қасиеттері. Әңгіме негізіндегі шындық, тарихи

деректілік.

Әдебиет теориясы: Көркем шығарманың тақырыбы мен идеясы.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. М.Қ. Қозыбаев,

І.М.Қозыбаев. «Соғыс жылдарындағы ұлтаралық қатынастар».

Дулат Исабеков. «Ата үміті» (3 сағат).

Табиғатқа қиянат жасаған Омаш қылықтары. Жазушының ондай жат

әрекеттерден жас ұрпақты сақтандыратыны. Әңгімедегі ізгілік, адамгершілік

мәселелері. Табиғат пен адам қатынасы.

Әдебиет теориясы: Әңгіме құрылысы. Композиция туралы түсініктерін

кеңейту.

Әлем әдебиеті үлгілерінен.

«Манас жыры» (үзінді) «Манастың бала шағы» (2 сағат).

«Манас жырының» көлемі жағынан аса аумақты, қырғыз халқының

даңқты мұрасы, дүниежүзілік мәдениеттің алтын қорының бірі екендігі.

Жырдың жеңімпаз, ақылды Манас бастаған қырғыз батырларының шетел

басқыншыларына қарсы жорықтарын сөз етуі. өз халқының бақыты мен

бірлігі үшін ішкі, тысқы жаулармен аянбай күрескен Манас бейнесі.

Манас — халық даналығы, арманы, қиялы туғызған қасиетті батыр.

Әдебиет теориясы: Жыршы туралы ұғым.

Пәнаралық байланыс: Қазақ батырлар жыры: «Ер Тарғын»,

«Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр» жырлары.

Джек Лондон. «Мексика ұлы» (2 сағат).

Әңгімеде көзге ашаң, әлсіз көрінген Ривераға қуат берген. күш

берген өзі сияқты кара нәсілдер намысы, ана үміті екендігі. Ривераның

атаққа, ақшаға сатылмаған биік тұлғасы.

Ривера мен Денни портреті. Рингтегі айқас суреті.

Пәнаралық байланыс: Дене тәрбиесі. Б.Төтенай, С.Тайжанов

«Қазақстан спорт шеберлері».

Шығармаларды оқып талдау — 60 сагат.

Шығармашылық жұмыстар, тіл ұстарту — 4 сагат.

Сыныптан тыс окыған шығармалары туралы әңгіме 4 сагат.

Жаттауға ұсынылатын шығармалар:

1.Тайбурылдың шабысы.

2.Әсемпаз болма әрнеге.

3.Шығамын тірі болсам адам болып

4.Анам тілі.

5.Күйге.

6.Туған жер.

7.Елім барда.

8.Адамдық борышың.

Page 19: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/liter.pdf · «Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаттары -сөз

19

7 СЫНЫП

Кіріспе. Көркем әдебиеттің коғамдық мәні, эстетикалық,

тәрбиелік құдіреті. Көркем әдебиеттегі суреттеу тәсілдерінің алуан

түрлілігі. Сөз басы. (1 сағат).

Лиро-эпостық жырлар туралы (1 сағат).

Лиро-эпостық жырлардың тақырыбы, өзіндік ерекшеліктері және

олардың батырлар жырынан айырмашылығы. Лиро-эпостық

жырлардағы халықтың тұрмыс салты мен әдет-ғұрпының көрінісі.

«Қозы-Көрпеш-Баян сұлу» жыры (3 сағат).

Жыр - көне дәуір мұрасы. Тақырыбы. Мазмұны мен идеясы.

Көркемдік ерекшеліктері. Қозы мен Баянның адал махаббаты.

Қарабайлар мен Қодарлар әлемі. Жырдағы ауыз әдебиеті үлгілері,

тарихи жер, су аттары, олардың шындыққа үйлесімділігі мен үндестігі.

Әдебиет теориясы: Лиро-эпостық жыр. Типтік образ.

Пәнаралық байланыс. Театр. Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш -

Баян сұлу» пьесасы.

Қосымша оқуға: «Айман-Шолпан».

Шешендік сөздер. Билер сөзі - нақылдың көзі (2 сагат).

XIX ғасыр әлебиеті үлгілерінен.

Дулат Бабатайұлы. «Аягөз қайда барасың?» (1 сағат).

Туған жер, ата қоныстан айырылған халықтың қарсылығын

танытқан ақынның жүрек айғайы.

Аягөз өзені, туған жер әсемдігінің өлеңде суреттелуі.

Әдебиет теориясы: Өлең туралы.

Қосымша окуға: «Өсиет», «Ата қоныс Арқадан»

Пәнаралық байланыс: Тарих. XIX ғасырдағы Қазақстаның

саяси- әлеуметтік жағдайы.

Махамбет Өтемісұлы. «Тарланым» (1 сағат).

Ақын жырларындағы Исатай бейнесі. Исатайдың батырлығымен

қоса оның сабырлы, парасатты, сері екенін де көрсету.

Әдебиет теориясы: Теңеу.

Қосымша оқуға: «Ұлы арман».

Абай Құнанбаев. «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Қараңғы

түнде тау қалғып», «Жиырма тоғызыншы қара сөз» (4 сағат).

«Қансонарда бүркітші шығады аңға». Өлеңдегі құс салып, түлкі

аулау кәсібінің мезгіл, мекен, құрал-жабдықтар, ыңғайлы жолдас

таңдайтын, жауапкершілігі қатал, нәзік те қиын өнер екендігі. Бүркіттің

түлкіге түсу шағындағы суреті, олжалы аңшы салтанатының суреті.

Өлеңдегі психологизм, ақынның психологиялық суреттеудегі

шеберлігі, портреттік суреттер (кұстың, аңшының, түлкінің). Өлеңдегі

бейнелеу сөздер: эпитеттің ұлғайған түрі, антитеза.

«Қараңғы түнде тау қалғып». Өлеңнен көрінетін ақынның

көңіл-күйінің көріністері. Абайдың аудармашылық шеберлігі.

Page 20: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/liter.pdf · «Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаттары -сөз

20

Жиырма тоғызыншы сөз. Абайдың қара сөздерінің мағынасы

мен тәрбиелік мәні туралы. Бұл сөздің нақыл тұрғысынан айтылуы

жөніндегі ақынның өзіндік тұжырымдары.

Пәнаралық байланыс: Музыка. «Абай әндері». Әлем әдебиеті.

Лермонтов - Гете шығармаларынан. Бейнелеу өнері. Қ.Телжанов.

«Бүркітпен аңға шығу».

Әдебиет теориясы: Портреттік суреттеу, антитеза.

Қосымша оқуға: Он төртінші қара сөз. Он тоғызыншы қара сөз.

Ахмет Байтұрсынұлы. «Ақын ініме», «Екі шыбын» (2 сағат).

Ақынның оқу-ағарту, ғылым, әдебиет саласындағы орны туралы.

«Ақын ініме» өлеңіндегі оқиғаға қойылар талап пен оның халық

алдындағы парызы жөнінде айтылуы. Өленде айтылған ақынның өзекті

ойы. Автор көрсеткен ирониялық сарын.

«Екі шыбын». Мысал жанры туралы түсінікті кеңейту. Мысалдағы

басты түйін. Мысалдың тәрбиелік мәні.

Қосымша оқуға: «Анама хат», «Жұртыма».

Әдебиет теориясы: Мысал жанры туралы ұғымды кеңейту.

Сұлтанмахмүт Торайғыров. «Бір адамға», «Шәкірт ойы» (2

сағат). «Бір адамға». Өленнің реалистік сипаты, сюжетке кұрылуы.

Патшадан шен таққан ел билеуші бай аркылы халық үстінен байыған

дүниеқоңыз, шенқұмар жандарды өлтіре сынаудағы өлеңнің әлеуметтік

өткірлігі. Ақынның оқиғаға көзқарасы. «Шәкірт ойы». Шәкірттің

болашақ бақытты өмірге жету жолындағы алдына қойған мақсаты:

білім алу, елі үшін аянбай енбек ету, елін өркениетті елдер қатарына

қосу. Өлеңнің өмірбаяндық сипаты.

Әдебиет теориясы: Ирония, сатира туралы ұғым.

Жүсіпбек Аймауытұлы. «Әнші». «Күн менікі» (3 сағат).

«Әнші» әңгімесінде қазақ даласындағы сахна өнерінің алғашқы

бастамаларының суреттелуі. Халыктың өнерге деген ынта-ықыласының

көріністері. Әнші Әмірқанның бейнесі. Әңгіменің эстетикалық,

тәрбиелік маңызы.

«Күн менікі». Үзіндіде суреттелген көш. Күнікей салған әннің

көпшілікке ұнауы.

Қосымша оқуға: «Боранды болжайтын әулие».

Жамбыл Жабаев. «Аттандыру», «Алғадай туралы әрбір ой».

«Атаның әлдиі» (2 сағат).

Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы жөнінде мәлімет.

Жамбыл өлеңдерінің мазмұны, өлеңдік бітіміндегі ерекшелік,

ақынның халық поэзиясына тән сөз қолданыстары, тіл өрнектері,

шешендік толғау, даналық ой көріністері.

Пәнаралық баиланыс. Тарих. Ұлы Отан соғысы.

Қосымша оқуға: «Алатау».

Сәкен Сейфуллин. «Тұлпарым», "Қамаудан’’, «Сыр сандық»

өлендері (2 сағат).

Page 21: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/liter.pdf · «Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаттары -сөз

21

«Сыр сандық» өленінде көрінген ақынның достық, адамгершілік,

адалдық туралы ұғым-түсінігінің түйіні. Өлең негізіндегі түйінді ой.

«Қамаудан» өлеңінің ақын басынан өткен оқиға негізінде

жазылуы. Өленнің өршіл, асқақ үні. Лирикалық қаһарманның

болашаққа сенімі.

«Тұлпарым». өлеңге арқау болған тұтқын қиялындағы тұлпар.

Қосымша оқуға: «Біздің жақта», «Айшаның ерлігі».

Ілияс Жансүгіров. «Әнші», «Арынды менің Ақсуым», «Бөбек

бөлеу» (2 сағат).

«Әнші». Өлеңдегі әнші Әсет Найманбаев образы. Ақынның өнер

тақырыбын меңгеру шеберлігі. Музыка тілін суреттеу үшін

қолданылған бейнелі сөздер.

«Арынды менің Ақсуым». Өлеңдегі табиғат суреті. Өленнің

динамикалық қуатын арттырып тұрған тіл шеберлігі, ұйқастары.

Өлеңдегі ақын бейнесі. Ақын патриотизмі. Өлендегі жер-су аттары

туралы пікір алысу.

Қосымша оқуға: «Бөбек бөлеу», «Желді қарағай», «Ұршық»,

«Жанды сөз».

Әдебиет теориясы: Өлең құрылысы туралы ұғымды дамыту.

Лирикалық кейіпкер туралы.

Пәнаралық байланыс. География. Қазақстанның жер-су аттары.

Мағжан Жұмабаев. «Сүйемін», «Толқын» (2 сағат).

«Сүйемін» өлеңінің негізгі арқауы туған жер, атамекенге деген

елжандылық сезім. Өлеңдегі ақынның адамгершілік биік тұлғасының

көрінуі. Өлең композициясының ерекшелігі. Өлең құрылысы,

қайталаулардың өлең мәнін ашудағы рөлі.

Әдебиет теориясы. Өлең құрылысы, қайталау.

«Толқын». Өлеңдегі толқын табиғаттың үнемі қозғалыста болып

тұратын құбылысы. Осы құбылысты ақынның жанды сөз суреттерімен

беру шеберлігі. Ақынның дыбыстан сурет жасауы.

Әдебиет теориясы. Өлең құрылысы.

Пәнаралық байланыс. Қазақ тілі. Дауыссыз дыбыстар.

Қосымша оқуға: «Мен кім?», «Анама», «Өткен күн».

Мұхтар Әуезов. «Көксерек» (әңгіме) (5 сағат).

Әңгімеде қолға үйреткен түз тағысы Көксеректің ауыл иттеріне

ұқсамайтын жат мінездері. Мұның әсіресе қасқырлар үйіріне

қосылғанда айқынырақ білінуі. Қасқырлар ұясын бұзу арқылы

адамдардың табиғатқа жасаған қиянаты. Табиғаттың бір перзенті - түз

тағысы қасқырдың адамнан өш алуы. Қасқыр мінезін, өмірін

суреттеудегі жазушы шеберлігі, терең білімділігі.

Шығармада адам мен табиғаттың бір-бірімен жарасымды тіршілік

ету қажеттігі басты идея ретінде алынуы.

Әдебиет теориясы: Тақырып және идея туралы ұғымды дамыту.

Пәнаралық байланыс. Қырғыз фильмі «Көксерек».

Page 22: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/liter.pdf · «Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаттары -сөз

22

Қосымша оқуға: Бүркіт аңшылығының суреттері. "Кешкі дөн

басында".

Сәбит Мұқанов. "Есіл бойында", ("Өмір мектебі" романынан).

"Саятшы Ораз" (3 сағат).

Үзіндідегі Есіл бойының табиғаты, жеке көріністері. Оны

суреттеудегі жазушының шуақты сезімдері. Табиғатты суреттеуде

қазақтың музыка өнерін шебер өріп келтіруі, сол арқылы шыгғарманың

реалистік сипатын тереңдетуі, эстетикалық әсерін күшейтуі. Әңгіменің

тіл көркемдігі. Жазушының көркемдегіш сөздерді қолданудағы

талғампаздығы.

"Саятшы Ораз". Әңгімеде берілген саятшының аңшылығы,

адамгершілігі. Саятшы Ораз бен балалар арасындағы достық.

Әдебиет теориясы. Пейзаж.

Ғабит Мүсірепов. "Ананың анасы", "Боранды түнде" (әңгімелер) (3

сағат).

"Ананың анасы". Өткен заман аңызына құрылған Әйтілес

әңгімесінің сюжеттік мазмұны. Мұнда қазақ халқының өткен

тарихындағы ерлік шежіресінің бір оқиғасымен байланысты ана

махаббатының құдіретті қуаты суреттелетіндігі. Ана образының типтік

мәні. Ғ.Мүсірепов шығармашылығында ана тақырыбының алатын орны.

"Боранды түнде". Әңгіменің кейіпкер атынан баяндалуы. Боранды

түннің сипаты. Әңгіменің сюжеттік мазмұны. Әңгімедегі негізгі

кейіпкер - Қайсар. Оған тон қажырлылық, табандылық, биік

адамгершілік. Әңгімедегі ұлттық салт-дәстүр көріністерін, бала мінезін,

іс-әрекетін сипаттаудағы жазушы шеберлігі. Шығарманың реалистік

сипаты. Жазушының тіл шеберлігі, жеңіл юмор.

Әдебиет теориясы: Романтикалық образ.

Қосымша оқуға: "Ақлима әңгімесі".

Әдебиет теориясы: Сюжет, композиция, юмор.

Қасым Аманжолов. "Өзім туралы" өлеңі. "Ақын өлімі туралы

аңыз" (2 сағат).

Өлеңнің автобиографиялық сипаты. Өлеңдегі ақын сезімі,

ақындық, суреткерлік шеберлік.

Әдебиет теориясы: Өлең құрылысы. Лирикалық кейіпкер.

Қосы.мша оқуға: "Үстімде сұр шинелім", "Дариға сол қыз".

Әбділда Тәжібаев. "Сырдария" (1 сағат). Ақынның туған жеріне

деген махаббатын терең сезіммен жырлауы. Халықтар достығын

көрсетуде ақынның өзіндік тәсілі. Сырдарияның қуатын халық игілігіне

айналдыру идеясы.

Әдебиет теориясы: Кейіптеу туралы ұғымды тереңдету.

Қалижан Бекхожин. "Ақсақ Темір мен ақын" балладасы (2 сағат).

Аңызға негізделген қысқа сюжетті өлеңде ақындық өнердің

құдіреттілігі жырланатындығын аңғарту. Әлемді тітіркенткен Темір

мен ақын Хафиздің мінезі, бейнесі. Өлеңнің сюжеті.

Әдебиет теориясы: Баллада.

Page 23: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/liter.pdf · «Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаттары -сөз

23

Тахауи Ахтанов. Окоп үстіндегі айқас ("Қаһарлы күндер"

романынан үзінді) 2 сағат.

Әңгіменің Ұлы Отан соғысына арналғандығы. Шығармадағы

жауынгерлер бейнссі. Әңгімедегі қазақ жауынгерлерінің ерліктерінің

суреттелуі.

Әдебиет теориясы: Тарихи роман.

Пәнаралық байланыс. Қазақстан тарихы. "Қазакстан Ұлы Отан

соғысы жылдарында".

Баубек Бұлқышев. "Шығыс ұлына хат" (2 сағат).

Шығарманың стильдік, жанрлық ерекшелігі, елжандылық сипаты.

Баубек Бұлқышевтың жастарға қарата айтылған жалынды сөздерінен

көрінетін автордың өз тұлғасы.

Әдебиет теориясы: Серкесөз туралы ұғым.

Пәнаралық байланыс. Қазакстан тарихы. Ұлы Отан соғысындағы

қазақстандық батырлар.

Шерхан Мұртаза. "Жүз жылдық жара" (2 сағат).

Әңгіменің экологиялық шығарма екендігі. Ұлы Отан соғысы

кезіндегі елдегі ауыр жағдай. Қазақ халқы қасиет санаған киіз үй

ағаштарының отқа жағылуы. Бақтияр бауырындағы ағаштардың бәрін

кесіп бітіп, енді жалғыз қалған Байшынарға балта шабуы. Оларға ауыл

адамдарының қарсы көтерілуі. Әңгіменің тәрбиелік мәні.

Әдебиет теориясы: Тақырып, сюжет туралы.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. 1941-1945 жылғы Ұлы

Отан соғысы. Экология. Табиғатты қорғау.

Қосымша оқуға: "Ақсай мен Көксай".

Қалихан Ысқақов. "Қоныр күз еді" (2 сағат).

Ауыл баласы Қасымның мектеп-интернатқа келіп оқуы.

Мұғалімнің Қасымның бойындағы әдебиетке деген құштарлықты

байқауы, оған ерекше кітап беруі. Қасымның қол-жазбаны қастерлеп

жасыруы. Әңгімеде бейнеленген күз суреті.

Әдебиет теориясы: Повесть туралы.

Қадыр Мырза-Әлі. "Кәрі қыран" өлеңі (1 сагат).

"Кәрі қыран". Өлеңде қартайып, бойында күш-қуаты кеміген

қыран өзінін мүсәпірлік қалпына қарсы бар қуатын жиып, шырқау

биікке көтеріліп, зулап түсіп, күн қақтаған көк таска өзін -өзі соғып

мерт еткен "қыран хикаясы" арқылы ақынның ерлікті, өрлікті жырлауы.

Өлеңнің аллегориялық сипаты.

Әдебиет теориясы: Аллегория.

Сайын Мұратбеков. "Жусан иісі" әңгімесі (2 сағат).

Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ ауылының ауыр жағдайы,

халыққа түскен қайғы-касірет. Соғыс жылдарындағы балалар өмірінің

көрінісі. Әнгімедегі басты кейіпкер - Аян. Оған тон парасаттылық,

ұқыптылық, нәзік жандылық. Аян айтқан ертегілер, оның тыңдаушыға

әсері.

Әдебиет теориясы: Әңгіме құрылысы.

Page 24: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/liter.pdf · «Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаттары -сөз

24

Оралхаи Бөкей. "Тортай мінер ақ боз ат" (2 сағат).

Әңгіме тақырыбына негіз болған қарапайым ауыл тіршілігі.

Жайлау көрінісі, туған жер көркінің суреттелуі.

Сезімтал да ақылды балалар тірлігі. Жетім Тортай. Оның басты

қасиеттері. Әңгіме негізіндегі мұң, тағдыр салмағы, орындалмаған

арманнын басты себептерін ашудағы жазушы қаламының

қарымдылығы.

Әдебиет теориясы: Кейіпкерге мінездеме.

Пәнаралық байланыс. Қазақстан тарихы. Екінші дүниежүзілік

соғыстағы қазақ халқының тылдағы ерліктері.

Қосымша оқуға: "Апамның астауы".

Әлем әдебиеті үлгілерінен

Александр Пушкин. "Ескерткіш" (1 сағат).

Орыстың ұлы ақыны А.Пушкин туралы әңгімелесу. Өлеңдегі ақын

ойы, оның келер заманға деген сенімі. Өленде аты аталған халықтар.

Әдебиет теориясы: Өлең құрылысы.

Шандор Петефи. "Ұлт өлеңі" (1 сағат).

Өлеңнің шақыру, үгіттеу, ұран, ант сипатындағы мәні. Өлеңде

көрінген азаттыққа, бостандыққа үндейтін лирикалық кейіпкердің

болашаққа деген берік сенімі, айбынды үні.

О.Генри. "Соңғы жапырақ" (1 сағат).

Американ жазушысы Уильям Синди Портердің новеллаларының

тақырыбы 鸁уралы. Новелланың негізгі идеясы.

Джонсидің науқасынан айығуы мен Берман қарттың суықтан

ұшынып өлуінің новеллада көрініс табуы.

Ғабдолла Тоқай. "Өмір жолына қадам басқандарға", "Шаруаң бітсе

- ойнай бер" өлеңдері (1 сағат).

"Өмір жолына қадам басқандарға". Өлеңнің лирикалық кейіпкер

атынан, оның сезім күйлері негізінде жазылуы. "Балақайларға" арнау

үлгісі.

"Шаруаң бітсе - ойнай бер". Өлеңдегі негізгі тұжырымды ой.

Авторлық баяндау, өлеңнің диалогтарға құрылуы. Баланы ойынға,

көңіл көтеруге шақырғандарға берілген жауаптың өлеңде берілуі.

Шығармаларды оқып талдау - 61 сагат.

Тіл ұстарту, шығармашылық жұмыстар — 3 сагат.

Сыныптан тыс және қосымша оқуға ұсынылған шығармалар туралы

әңгіме — 4 сагат.

8 СЫНЫП

Кіріспе. Оқулықтың мәні, мазмұны туралы (1 сағат)

Ежелгі дәуір әдебиеті. Заманымыздан бұрынғы жазушылар мен аңыз-

жырлар. «Алып-Ер Тоңа» (1 сағат).

Алып – Ер тоңаның көне замандарда өмір сүрген түркілер көсемі

болғандығы. ХІ ғасырда Иранның ұлы шайыры Фирдоусидің «Шаһнама»

Page 25: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/liter.pdf · «Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаттары -сөз

25

кітабының кейіпкері. «Алып-Ер Тоңа» - ХІ ғасырда Махмұд Қашғари жазған

атадан балаға мирас болып қалған жоқтау. Бұл жоқтаудың ежелгі түркі

әдебиетінің алғашқы нұсқасы ретінде «Түркі сөздерінің жинағы» деп

аталатын кітапқа кіргендігі.

Орхон ескерткіштері. «Күлтегін жазуы» (1 сағат)

Ескерткіштің тарихи тұлғаларға арнап орнатылған тастағы жазулар

екендігі. Орхон жазуларының мазмұны, айтар ойы жағынан «Қобыланды

батыр», «Алпамыс батыр» жырларына ұқсастығы. Жазудың тақырыбында ел

бірлігінің, халқына көмек берудің суреттелуі.

Әдебиет теориясы: жырдың композициясы.

Пәнаралық байланыс: Тарих: Түрік қағанаты жайлы мәлімет.

Қорқыт ата кітабы (1 сағат)

Қорқыт өмірінен мәлімет. Қорқыт – оғыз қыпшақтарының ұлы атасы.

Қорқыт ата туралы аңыздар. Қорқыт айтқан нақыл сөздердің тәрбиелік

мәнділігі. Нақыл сөздердің қазіргі қолданыстағы мақал-мәтелдермен

ұқсастық жақтары.

Әдебиет теориясы: аңыз туралы

Пәнаралық байланыс. Музыка: Қорқыт күйлері.

Оғыз қаған жыры (1сағат)

Жыр туралы мәлімет, оның түркі халықтарына ортақ төл туынды

екендігі. Оғыздардың Көк Тәңірге табынып, көк бөріден тарайтындығы

туралы. «Оғыз қаған» жырының құрылысы, қазақ эпостарымен ұқсастық

жақтары.

Әдебиет теориясы: тақырып, идея жөнінде.

Пәнаралық байланыс: тарих: ежелгі дәуір мәдениеті.

Ислам дәуіріндегі әдебиет.

Ислас дәуіріндегі (Х-ХІІ ғасырлардағы әдебиет). Шолу.

Әбунасыр әл-Фараби. «Қашықтасың туған жер», «Қағаздың түсіп

бетіне», «Тамылжып бал тыныштық айналамнан», «тіршілікте құрыштай бол

төзімді» (2 сағат).

Әбунасыр әл-Фарабидің өмірі, туған жері, өлеңдері мен ғылыми

еңбектері туралы мәлімет. «Қашықтасың туған жер» өлеңіндегі ақынның

туған жерге деген махаббаты, сезімі. «қағаздың түсіп бетіне» және

«Тіршілікте құрыштай бол төзімді» өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкердің

Отан алдындағы парызы, достық, адалдық туралы ойлары.

Әдебиет теориясы: лирика туралы ұғымды тереңдету.

Пәнаралық байланыс: Тарих: Х ғасырдағы түркі тектес

халықтардың тарихы.

Ахмет Йассауи. «Хикметтері» (2 сағат).

Қожа Ахмет Йассауидің өмірі мен шығармашылығы. Хикметтердің

дидактикалық сарыны мен ондағы шешендік, поэтикалық оралымдар, ақыл-

нақыл сөздер.

Әдебиет теориясы: әдебиеттегі сопылық поэзия.

Пәнаралық байланыс. Сәулет өнері: Қожа Ахмет Йассауи кесенесі.

Жүсіп Баласағұни. «Құтты білік» (үзінді) (1 сағат).

Page 26: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/liter.pdf · «Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаттары -сөз

26

Өмірінен мәлімет. «Құтты біліктің» әлем әдебиетінің асыл

мұраларының бірі саналатындығы, түркі тілдес халықтарға ортақ өлеңмен

жазылған трактат екендігі. Онда жалпы адам баласын ғасырлар бойы

толғандырып келген ізгі мұраттар, оқу, білім, тіл өнері, ел басқару,

моральдық-эстетикалық т.б. тұрмыстық мәселелер қамтылғандығы.

Поэма бүгінгі таңдағы өміршеңдігі, тәрбиелік ғажап қуаты.

Пәнаралық байланыс. Тіл: Түркі тілдері туралы.

Махмұт Қашғари. Мақал-мәтелдері, «Қордайдың аққау-қазы

қаңқылдайды» өлеңі (1 сағат)

Махмұт Қашғаридың өмірі мен шығармашылығынан мәлімет.

«Қордайдың аққу-қазы қаңқылдайды» өлеңіндегі туған жерге,

табиғатқа деген ақын сезімінің шынайылығы.

Әдебиет теориясы: мақал-мәтелдер туралы.

Пәнаралық байланыс. Қазақ тілі: Сөздіктер тарихы.

Рабғузи. «Лұқман Хакім» («Қиқас – ул Әнбиадан» үзінді) (1 сағат)

Рабғузидің өмірі, жазған еңбектері туралы мәлімет. Кітапта табиғат,

жаратылыстың пайда болуы жайындағы, әулие-әнбиелер, пайғамбарлар

туралы жазылғандығы.

«Лұқпан Хакім» әңгімесінің мазмұны, тәрбиелік мәні.

Әдебиет теориясы: миф туралы

Сәйф Сараи. «Түрікше Гүлстан» (1 сағат)

Сәйф сараидың өмірі мен шығармашылығынан қысқаша мәлімет. Бұл

еңбек парсы ақыны Сағдидың «Гүлстан» кітабының түркі тіліндегі аударма

нұсқасы екендігі. Сәйф Сараидың өздігінен қосқан төл туындысы – «Суһаил

мен Күлдірсін» шығарамсы. Шығармадағы өсиет-өнеге, адамгершілікке

баулитын тәрбиелік мән.

Пәнаралық байланыс. Әлем әдебиеті. Шығыс ақындары.

ХІХ ғасыр әдебиеті.

Махамбет Өтемісұлы. «Ереуіл атқа ер салмай», «Мұнар күн», «Мен

құстан туған құмаймын», «Жалғыздық» (2 сағат)

Махамбет Өтемісұлының өмірі, оның өмір сүрген дәуірі. Халықтың

арман-тілегін жоқтауы. Шығармаларының тақырыптары, негізгі идеялық

сарындары. Махамбет өлеңдерінің ерлік, асқақтық, күрескерлік сипатын

аңғарту.

«Ереуіл атқа ер салмай». Өлеңнен көрінетін көтерілістің мақсаты мен

міндеті. Өршіл, прогресшіл романтизм.

«Мұнар күн». Өлеңдегі ақынның жаңа сыры, қайғысы, эллегиялық

сарын.

«Мен құстан туған құмаймын». Ақын поэзиясындағы асқақ арман,

жігер.

«Жалғыздық», Өлеңнің философиялық лирикаға жататындығы. Ақын

шығармаларының қазақ әдебиеті тарихындағы орны.

Әдебиет теориясы: әдебиеттің қоғам өмірімен байланысы туралы.

Дыбыс қайталау (ассонанс, аллитерация)

Page 27: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/liter.pdf · «Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаттары -сөз

27

Пәнаралық байланыс. Тарих: қазақтардың 1773-1775 жылдарындағы

шаруалар көтерілісіне қатынасуы.

Музыка: Құрманғазының «кішкентай», «Сарыарқа» күйлері.

Шортанбай Қанайұлы. «Зар заман» өлеңі (1 сағат)

Шортанбай Қанайұлының өмірінен, шығармашылығынан мәлімет. Зар

заман ақындары туралы сөз.

«зар заман». Өлеңде көрінетін Ресейдің отарлау саясаты, оның қазақ

халқына әкелген зобалаңы. Ақынның жан айғайы, өлеңнің тілі.

Әдебиет теориясы: өлең туралы мәліметтерді кеңейту.

Пәнаралық байланыс: Тарих: ХІХ ғасырдағы қазақстанның саяси-

әлеуметтік жағдайы.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы. «Ілімге толса көкірек» (толғау) (1

сағат)

Майлықожаның өмірі жайлы мәлімет. Толғау өлеңнің тақырыбы,

идеясы. Толғаудың тәрбиелік мәні.

Әдебиет теориясы: толғау ұғымын кеңейту.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі: тіл шеберлігі туралы.

Абай Құнанбаев. «Адамның кейбір кездері», «Өлең – сөздің патшасы,

сөз сарасы», «Әбдірахман өлгенде», «Әбдірахман өліміне», «Он жетінші қара

сөзі» (4 сағат)

А.Байтұрсынұлының «қазақтың бас ақыны» атты мақаласы негізінде

Абай шығармашылығы туралы мәлімет.

«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы». Абайдың поэзияға қоятын биік

талабы мен міндеті. Ақынның өлеңді «өнер» деп түсінуі мен түйсінуіндегі

парасаттылық.

«Адамның кейбір кездері». Өлең құдіреті, оның дүниеге келу сыры,

ақынның шығармашылық психологиясы.

«Әбдірахман өлгенде», «Әбдірахман өліміне». Өлеңдегі ақынның жан

күйзелісі, гуманизм мен философиялық тереңдік. Өлеңдегі Әбдірахман

бейнесі.

«Он жетінші қара сөз». Абайдың қара сөздері туралы қысқаша мәлімет.

Қара сөздің мазмұны және ой түйіні. Ақынның өлеңдері мен қара сөздерінің

сабақтастығы жөнінде.

Әдебиет теориясы: өлең туралы ұғымды тереңдету, өлең құрылысы.

Пәнаралық байланыс. Тарих: ХIХ ғасырдың екінші жартысындағы

Қазақстанның саяси-әлеуметтік жағдайы.

Қосымша оқуға: «Әуелде бір суық мұз, ақыл зерек», «Жетінші сөз»,

«Өлсе өлер табиғат,адам өлмес».

Шәкәрім Құдайбердіұлы. «Қалқаман-Мамыр» поэмасы (3 сағат ).

Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет. «Қалқаман-

Мамыр» дастанына өзек болған тарихи шындықтың көрінісі, кейіпкер

бейнесін даралап берудегі шеберлігі. Жырдағы халықтық әдет-ғұрыптың,

ұғым-түсініктің көрінісі. Жырдың тілі.

Әдебиет теориясы: кейіпкер туралы.

Page 28: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/liter.pdf · «Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаттары -сөз

28

Пәнаралық байланыс. Тарих: ХVIII ғасырда қазақтардың «Ақтабан

шұбырынды» атанды, қоныс аударуы туралы.

Қосымша оқуға: «Сөз жазып, сөз өлшемек», «Өмір» өлеңдері.

Жамбыл Жабаев. «Жаныс ақынға», «Патша әмірі тарылды»,

«Сұранщы батыр» дастанынан үзінді (2 сағат ).

Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы, Жамбыл- фольклордың ірі

өкілі, айтыс ақыны, жыршылдық өнердің шебері.

«Жаныс ақынға» арнау өлең үлгісі екендігі, ұстазы Сүйінбайды пір

тұтуы.

«Патша әмірі тарылды». 1916 жылғы Ресей патшасының жарлығына

ақынның қарсылығы, жан толғанысы, жастарға деген жанашырлығы.

«Сұраншы батыр» дастанының «Қобыланды батыр» жырына ұқсас

жақтары. Сұраншы батырдың өмірде болғандығы. Дастанның тәрбиелік мәні.

Әдебиет теориясы: гипербола, эпитет, теңеу.

Пәнаралық байланыс. Халық ауыз әдебиеті, ХХ ғасыр әдебиеті.

Қосымша оқуға: «Абайдың суретіне», «Кәмшат қыз».

Шерхан Мұртаза. «Ай мен Айша» (романнан үзінді) (2 сағат).

«Ай мен Айша» - тарихи шындық негізінде жазылған көркем туынды.

Жазушының ата-ана, туған жер, туған ауыл адамдарына құрметі.

Шығарманың тәрбиелік мәні. Жазушының тіл шеберлігі.

Әдебиет теориясы: роман туралы ұғымды тереңдету.

Пәнаралық байланыс. Қазақстан тарихы: 1937 жылғы саяси жағдай.

1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысы.

Мағжан Жұмабаев. «Түркістан» өлеңі, «Батыр Баян» поэмасы (3

сағат).

Ақынның өмірі, шығармашылық жолы.

«Түркістан». Өлеңдегі туған жерге, елге деген ақынның мақтаныш

сезімі. Тұран елін, оның тарихын перзенттік сезіммен жырлауы.

«Батыр Баян»-патриоттық шығарма. Поеманың тарихи-әлеуметтік

негізі. Абылай хан, Батыр Баян образдары. Баянға тән биік рух, отты сезім.

Поэмадағы ақын тілінің шеберлігі.

Әдебиет теориясы:поэма туралы ұғымды тереңдету.

Пәнаралық байланыс. Тарих: ХVIII ғасырдағы қазақ-қалмақ

соғысы.Абылай хан туралы.

Міржақып Дулатұлы. «Шешенің балаларын сүюі» (1 сағат).

Дулатұлының өмірі туралы қысқа мәлімет.

«Шешенің балаларын сүюі». Ананың баласына деген махаббаты,

балаға ана қадірін ұқтыру.

Пәнаралық байланыс. Тарих: ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы

саяси-әлеуметтік жағдай. Алашордашылар туралы.

Қосымша оқуға: «Насихат», «Елім-ай», «Тұңғыш құрбан» өлеңдері

Мұхтар Әуезов. «Қараш-Қараш оқиғасы» (3 сағат).

Ұлы жазушы М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет.

Page 29: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/liter.pdf · «Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаттары -сөз

29

«Қараш-Қараш оқиғасы» - тарихи шындыққа негізделген көркем

туынды. Бақтығұлдың тағдыры. Кейіпкерлердің сырт қимылдары мен ішкі

сезімдерін суреттеудегі жазушы шеберлігі.

Әдебиет теориясы: көркем шығарманың тақырыбы мен идеясы.

Пәнаралық байланыс. Кино: «Қараш-Қараш» асуындағы атыс.

Қосымша оқуға: «Еңлік-Кебек» пьесасы.

Тахауи Ахтанов. «Күй аңызы» (2 сағат)

Жазушының өмірі мен шығармашылық жолынан қысқа мәлімет. «Күй

аңызының» өнер тақырыбына жазылған шығарма екендігі. Жазушының тіл

қолдану шеберлігі. Әңгіме сюжетінің тартымдылығы.

Әдебиет теориясы: әңгіме жанры.

Пәнаралық байланыс. Музыка: Күй өнері туралы.

Мұқағали Мақатаев. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы (2 сағат)

М.Мақатаев шығармашылығы туралы. Поэмадағы табиғатты қорғау,

аялау идеясының халық ұғымындағы қасиетті нәрселермен, ұлттық сенім-

нанымдармен көмкеріле берілуі. Ана мен бала, адам мен табиғат арасындағы

қарым-қатынастың жырдағы көркемдік шешімі. Жырдың сюжеті мен

композициясы.

Әдебиет теориясы: композиция, сюжет туралы ұғымдары тереңдету.

Пәнаралық байланыс. Музыка: Н.Тілендиевтің «Аққу» күйі.

Кино: «Қыз Жібек»

Қосымша оқуға: В.А..Моцарт. «Жан азасы», «Не пайда күрсінгеннен,

өкінгеннен».

Қабдеш Жұмаділов. «Қаздар қайтып барады» әңгімесі (2 сағат).

Қ.Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығы туралы. «Қаздар қайтып

барады» әңгімесіндегі шетелдегі қазақтардың туған жерге, елге деген

сағынышы. Әңгіменің негізгі кейіпкері, қарттың мойнынан түспеген қырық

жылғы бойтұмардың символикалық, тәрбиелік мәні.

Пәнаралық байланыс. Тарих: Дүниежүзі қазақтарының бірінші

құрылтайы.

Олжас Сүлейменов. «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» өлеңдері

(1 сағат).

О.Сүлейменовтің өмірі, шығармалары туралы. «Арғымақ», «Қыз қуу».

Қазақ халқының жылқы малына, ұлттық өнерге деген қарым-қатынасының

өлеңдегі көрінісі. Өлеңдегі қайталаулар.

«Махамбетке». Өлеңде Махамбет бойындағы өрлікті, ерлікті, намысты

мадақтауы. Махамбет бейнесі.

Әдебиет теориясы: психологиялық параллелизм, теңеу, қайталаулар.

Пәнаралық байланыс. Махамбет Өтемісұлының шығармасын еске

түсіру.

Қосымша оқуға: «АзиЯ» зерттеу еңбегі.

Төлеген Айбергенов. «Ана», «Аруана – бауыр дүние» (1сағат)

Т.Айбергеновтің өмірі мен шығармашылық жолы. Ана мен аруана

(түйе) сезіміндегі ұқсастық. Туған жер қадірін аруананың сезінуі.

Page 30: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/liter.pdf · «Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаттары -сөз

30

Пәнаралық байланыс. Музыка: Құрманғазының күйі «Қайран

шешем», «Динаның күйі «8март».

Қосымша оқуға: «Сағыныш», «Сен менің өзімді көрсең» өлеңдері.

Төлен Әбдіков. «Қонақтар» (хикаяттан ықшамдалып алынған) (2

сағат)

Жазушының өмірі туралы мәлімет. Үзіндідегі ата-ана мен бала

арасындағы қарым-қатынас мәселесінің сөз болуы, қала мен дала

адамдарының мінез-құлқы. Әңгімеге арқау болған ұрпақ тәрбиесі.

Әдебиет теориясы: хикаят туралы.

Пәнаралық байланыс: Педагогика: Ұрпақ тәрбиесі.

Дулат исабеков. «Әпке» драмасы (3 сағат)

Отбасы мәселесі. Әпкенің жан дүниесінің байлығы, адамгершілік

болмысы. Пьесадағы драмалық коллизия.

Әдебиет теориясы: драмалық шығармалар туралы.

Пәнаралық байланыс: Театр: «Әпке» спектаклі.

Әлем әдебиеті үлгілерінен

Әбілхасан Рудаки. «Өмір маған ақыл айтты», «Егіз жолдар» (1 сағат)

Ә.Рудакидің өмірі туралы мәлімет. Парсы поэзиясының атасы атанған

ақын өлеңдеріндегі дидактикалық сарын. Өлең жолдарындағы ақыл-парасат,

адамгерішлік, имандылық қасиет туралы ақынның қалдырған өлмес мұрасы.

Омар Һаям. «Рубаилар» (1 сағат)

Әлем поэзиясында рубаилармен өшпес жұлдыз жаққан ақын туралы.

Рубаиларының тақырыптары.

Әдебиет поэзиясы: рубаилар.

Пәнаралық байланыс: Тарих.Шығыс мәдениеті.

Расул Ғамзатов. «Менің дағыстаным» (үзінді) (1 сағат)

Р.Ғамзатов туралы мәлімет. «Менің Дағыстаным» - патриоттық

шығарма. Елін, тілін, туған жерін сүйген ақынның үні. Туған тілін ұмытқан

баласын «өлдің деген ана қасиеті. Шығарманың тәрбиелік мәні.

Шыңғыс Айтматов. «Найман ана» (2 сағат)

Аңыздағы ана трагедиясы. Мәңгүрт ұлдың тағдыры. Адам қолынан

жасаған мәңгүрттікке ананың қарғысы.

Пәнаралық байланыс. Балет: «Найман ана» (қоюшы Б.Аюханов).

Театр: «ғасырдан да ұзақ күн» спектаклі (Қоюшы режиссер Ә.Мәмбетов).

Қосымша оқуға: «ғасырдан да ұзақ күн»

Жаттауға ұсынылатын шығармалар:

М.Қашғаридың мақал-мәтелдерінен (оқушы таңдауы бойынша)

А.Құнанбаев. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Адамның кейбір

кездері»

Ж.Жабаев. «Жаныс ақынға»

М.Жұмабаев. «Түркістан» (үзінді)

М.Мақатаев. «Аққулар ұйықтағанда» (үзінді)

Т.Айбергенов. «Ана» өлеңі.

Page 31: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/liter.pdf · «Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаттары -сөз

31

О.Сүлейменов. «Арғымақ», «қыз қуу» өлеңдері.

Р.Ғамзатов. «Менің дағыстаным» (үзінді)

Бағдарламалық материалдарды оқуға – 53 сағат

Әдеби теориялық ұғымдарды оқуға – 3 сағат

Тіл дамыту, шығармашылық жұмыстарға – 8 сағат

Сыныптан тыс оқыған шығарма бойынша әңгіме – 4 сағат

9-СЫНЫП

Кіріспе (1 сағат)

9 сыныптағы әдебиет пәнінің мақсат міндеттері мен мазмұны.

Көркемдік мәдениеттің ілгерілеу нышандарын танытатын, даму

тенденсияларын анқтылап, жүйелеп көрсететін жеке әдебиет

туындыларының үлгілері.

Халық ауыз әдебиеті.

Ауыз әдебиеті туралы. Ауыз әдебиетінің түрлері: тұрмыс-салт

жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер, аңыз әңгімелер, шешендік

сөздер, батырлар жыры, лиро-эпостық жырлар, айтыс (1сағат)

Тұрмыс-салт жырлары (3 сағат)

Жалпы шолу. Тұрмыс-салт жырларының тәрбиелік мәні, халық

өмірімен байланысы.

Әдебеит теориясы: эпитет, теңеу.

Мақал-мәтелдер, жұмбақтар (1 сағат)

Мақал-мәтелдердің тақырыптары, өзіндік ерекшеліктері. Мақал-

мәтелден көрінетін халық даналығы.

Жұмбақтардағы ой-қисыны, тақырыптарының әр алуандығы. Ой

тапқырлығына жетелейтін өзіндік ерекшеліктері.

Әдебиет теориясы: аллегория, кейіптеу.

Ертегілер (2 сағат)

Аңыз-әңгімелер (3 сағат)

Аңыз-әңгімелер туралы, оның кейіпкерлерінің тарихи тұлға екендігі.

Аңыз-әңгімелердің ертегілерден айырмашылығы. Мифтік аңыздардың

тарихы. Табиғат және тіршілік иелерінің жаратылуы туралы байырғы

ұғымдар. Асан қайғы, Қожанасыр, Алдаркөсе т.б. туралы аңыздар. Олардың

көкейіндегі сөзінен халықтың арманы мен тілегінің көрініс табуы.

Батырлар жыры. «Ер тарғын» (4 сағат)

Батырлар жырындағы ұлттық болмыс, дүниетаным, ерлік істер. Қазақ

халқының асыл рухани қазынасы – классикалық батырлық эпостардың қазақ

даласында болған ұлы оқиғалар екендігі. Жырдың реалистік сипаттары.

Образдың жинақталып берілуі. Ер Тарғын, Қартқожа, Ақжүніс бейнелерін

бірлікте алып суреттеу, олардың ерлік істері, батырлық мінез-қасиеттері.

Әдебиет теориясы: шендестіру, ұлғайту, баяндау.

Қосымша оқуға: «Қобыланды батыр», «Едіге батыр» жырлары.

Page 32: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/liter.pdf · «Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаттары -сөз

32

Лиро-эпостық жырлар. «Қыз Жібек» (4 сағат)

Жырдағы ұлттық мәдениет, тұрмыс-салт көрінісі, сұлулық,

адамгершілік қасиеттердің ер намысы, халық намысымен тұтастықта

сипатталуы. Композициялық жағынан көп вариантты болуының мәні.

Әдебиет теориясы: теңеу, эпитет, метафора, монолог, диалог.

Қосымша оқуға: «Айман-Шолпан», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»

жырлары.

Шешендік сөздер (4 сағат)

Шешендік сөздердің жанрлық ерекшелігі. Сөйлем құрылысы мен

сөздік құрамы, мазмұны, тұлғасы, қазіргі әдеби тілімізден аса алшақ еместігі

жөнінде түсінік. Көркемдік әсерлігі мен ой қуаты, дамыта сөйлеу стилі.

Халық шешендік өнерінің бастауы ертегі аңыздарда жатқаны, оларды

кездесетін бейнелі сөз тіркестері шешендік сөздердің алғашқы нұсқасы

екендігі.

Қазақ шешендерінің көрнекі өкілдері: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.

Әдебиет теориясы: риторикалық айшықтар, теңеу, метафора.

Қосымша оқуға: Бөлтірік шешен, Ақтайлақ би туралы. «Шешендік

сөздер» (жинақ)

Айтыс. «Біржан мен сара» айтысы (5 сағат)

Айтыс туралы жалпы түсінік. Айтыстың түрлері, айтылу дәстүрі,

жанрлық ерекшеліктері.

«Біржан мен Сара» ақындар айтысының әдебиеттік үлгідегі сақталып

жеткен бірінші нұсқасы екендігі. Айтысқа тән дәстүрлері, композициясы.

Өзіндік ерекшеліктері.

Қазіргі ақындар айтысы. Олардың тақырыптық композициялық

көркемдік ерекшелігі.

Айтыс тек тақырыптық қана емес, парасаттылықтың, біліктіліктің,

мәдениеттіліктің, дарындылық пен білімділіктің көрінісі.

Әдебиет теориясы: айтыс туралы түсінікті кеңейту.

Қосымша оқуға: «Шөже мен Кемпірбай», «Жамбыл мен Доспанбет»

айтыстары.

Ежелгі дәуір әдебиеті (7 сағат)

Ежелгі дәуір әдебиеті туралы жалпы шолу. «Күлтегін ескерткішінің»

тарихи ерлік поэма екендігі.

«Қорқыт ата кітабы», «Оғызнама» кейіпкерлерінің символдық

сипаттары. Жақсылық пен жамандықтың, адамгершілік пен зұлымдықтың,

ақыл мен ақылсыздықтың, даналық пен надандықтың қарама-қарсылықта,

өзара күресте көрсетілуі. Автордың өзіндік көзқарасы. Суреткерлік

шеберліктері.

А.Йассауи. «Даналық кітабы». А.Йассауидің өмір жолы туралы

мәлімет.

«Даналық кітабы» даналық жанрына жататын туынды екендігі. Оның

пәлсапалық мәні. Бүкіл адамзаттық және ұлттық құндылықтардың діни уағыз

үшін пайдаланылуы, дидактикалық сарын.

Page 33: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/liter.pdf · «Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаттары -сөз

33

XV-XVIIIғасырдағы жыраулар поэзиясы (8 сағат)

Жыраулық өнер туралы жалпы шолу. Жыраулар поэзиясының

проблематикалық негіздері және көтерген мәселелері. Ел қорғау, ел басқару,

ел бірлігін сақтау мәселелерін толғауы. Өмір жайлы, адамгершілік

насихаттар туралы толғаулар.

Асан қайғы. «Естіні көрсең, кем деме», «Еділ бол да жайық бол».

Шалкиіз жырау. «Би Темірге бірінші толғау».

Ақтамберді жырау. «Күлдір, күлдір кісінетіп».

Шал ақын. «Ата-ананың қадірін», «Бұл дүниенің мысалы».

Үмбетай жырау. «Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту»

Бұқар жырау. «Бірінші тілек тілеңіз», «Ай, Абылай», «Батырың өтті

Бөгенбай», «Асқар таудың өлгені»

Дулат Бабатайұлы. «Аягөз», «Ей, Ақтан жас» (3 сағат).

Ақынның шығармашылық өмірбаяны. Ресей отаршылдығына қарсы

жазылған өлең-жырларындағы елжандылық рух.

Шортанбай Қанайұлы. «Зар заман», «Сөз айтайын Асанға» (1 сағат)

Шортанбайдың ақындық қуаты, өзіндік сарыны. Заман туралы ой

тұлғалары.

Әдебиет теориясы: жыр, толғау, терме, жыршы ұғымдары.

Дидактикалық өлеңдер туралы.

Пәнаралық байланыс. Тарих: XV-XVIII ғасырдағы қазақ халқының

жағдайы.

ХІХ ғасыр әдебиеті.

Махамбет Өтемісұлы. «Ереуіл атқа ер салмай», «Баймағанбет

сұлтанға айтқаны», «Бағаналы терек», «Мұнар күн» (3 сағат)

Махамбет жырларының романтикалық сарыны. Өлеңдерінен көрінетін

ерлік пафос, Махамбеттің ақындық, азаматтық бейнесі. Махамбет поэзиясы –

қазақ әдебиеті дамуындағы жаңа белес. Ақынның әдебиетімізге жаңа леп,

жаңа бейнелі ой әкелуі, отты, уытты поэзияның үлгісін танытуы.

Әдебиет теориясы: философиялық лирика туралы.

Пәнаралық байланыс. Тарих: Ыбырай Алтынсарин. «Азған елдің

хандары», «Азған елдің қожасы», «Азған елдің билері», «Балқожа бидің

баласына жазған хаты» (2 сағат)

Ыбырайдың өмірі мен шығармашылығы, ағартушылық қызметі.

Оның жазушылық өмірінің ағартушылық идеясына сабақтастығы.

Ыбырай – қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы. Әңгімелердің

өміршеңдігі, мазмұн, түр деңгейі, туындының идеялық-стильдік бірлігі

туралы мәлімет.

Әдебиет теориясы: әңгіме, баяндау, суреттеу, мінездеу.

Абай Құнанбаев.

«Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»,

«Мәз болады болысың», «Сегіз аяқ», «Ескендір» (дастан) (5 сағат)

Page 34: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/liter.pdf · «Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаттары -сөз

34

Абайдың өмірі, шығармашылық жолы. Ұлы ақын өлеңдерінің құдіреті

туралы, Абайдың қазақ поэзиясына енгізген жаңалықтары. Ақынның тіл

байлығы.

Қара сөздері. Отыз бірінші өз.

Абай қара сөздерінің көтерген мәселелері, даналық ойлары,

насихаттары, пікір жағынан өлеңдерімен тығыз байланысы, өзіндік

ерекшелігі.

«Ескендір» дастаны. Дастанның тақырыбы, идеялық-көркемдік

маңызы.

Әдебиет теориясы: азаматтық лирика туралы ұғымды кеңейту.

Қосымша оқуға: «Масғұт поэмасы».

Жамбыл Жабаев. «Кәдірбайдың төбеті», «Шағым», «Ата жаумен

айқастық», «Жайлау», «Ленинградтың өренім» (2 сағат)

Жамбылдың өмірі мен ақындық қызметі. Ақын шығармаларының

негізгі тақырыптары. Ұлы Отан соғысы кезіндегі өлеңдері мен ұрпақты

елжандылыққа тәрбиелеуі. Бала Жамбылдың әкесіне айтқан өлеңі.

Фольклордың жаңа үлгісін жасауы, ауыз әдебиетінің жаңа сатыға көтерілуі.

Әдебиет теориясы: ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің байланысы.

Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Тұрмысқа», «Өмірінің дәрісі»,

«Шығамын тірі болсам адам болып» (3 сағат)

Сұлтанмахмұттың өмірі мен ақындық жолы. Ақын поэзиясындағы

азаматтық сарын. Еліне деген сүйіспеншілік.

Әдебиет теориясы: типтік бейне, лирикалық кейіпкер, сыншыл

реализм

Пәнаралық байланыс: Тарих: ХХ ғасыр басындағы Қазақстан

мәдениеті.

Жүсіпбек Аймауытов. «Әнші» (3 сағат)

Ж.Аймауытов – ақын, романист, драматург, ғалым. Уақыттың

көкейтесті, әлеуметтік қайшылықтарының жан-жақты бейнеленуі. Әнші

Әмірханды өмір тұтастығымен бірлікте суреттеуі; әнші бейнесі. Әңгімедегі

ән өнерінің құдіреті.

Әдебиет теориясы: баяндау, суреттеу, теңеу, эпитет, құбылту.

Қосумша оқуға: «Ақбілек» романы

Мағжан Жұмабаев. «Сен сұлу», «Туған жерім» (2 сағат)

Ұлтжанды ақынның шығармашылық өмір жолы. Мағжан

шығармаларына тән азаматтық әуен, отты сезім. Мағжан поэзиясының

сыршылдығы, суреттілігі, әуезділігі туралы.

Қосымша оқуға: Махамбет туралы өлеңдері

Әдебиет теориясы: пейзаж туралы ұғымды кеңейту.

Ілияс Жансүгіров. «Күйші» поэмасы (3 сағат)

І.Жансүгіровтің шығармашылық өмір жолы. «Күйші» дастанында

ақынның көркемдік қуаты, психологиялық сезімі күй құдіретімен

сабақтастығы. Ілияс шығармаларының көркемдік ерекшеліктері.

Әдебиет теориясы: өлеңнің көркемдегіш құралдары.

Қосымша оқуға: «Күй» дастаны

Page 35: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/liter.pdf · «Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаттары -сөз

35

Мұхтар Әуезов. «Абай жолы» эпопеясы (5 сағат)

М.Әуезовтің шығармашылық өмірбаяны. Шығарманың эпопеялық

сипаты. Роман-эпопеяда ұлы ақын Абайдың азаматтық, ақындық өмірі және

заман келбетінің суреттелетіндігі.

Қазақ халқының өмірі, тұрмыс-салт, дала суреттері. Жазушының өз

шығармалары арқылы әлем әдебиетіне қосқан үлесі

Әдебиет теориясы: роман-эпопея туралы ұғым.

Ғабит Мүсірепов. «Ұлпан» романы (3 сағат)

Ғ.Мүсірепов – сөз зергері. Шығармаларындағы ананы дәріптеу

идеялары. Қазақ даласындағы романтикалық тұлғалар туған өлкенің арынды

да ағынды, отты да өршіл тірлігімен біте қайнасып, көтеріңкі рух, қайсар

мінез байқатуы. Ұлпанға мінездеме. Халқына деген сүйіспеншілігін көрсету.

Есеней мен Ұлпан арасындағы адамгершілік достықтың көрінісі.

Әдебиет теориясы: суреттеу, ішкі монолог.

Қосымша оқуға: «Кездеспей кеткен бір бейне»

Ілияс Есенберлин. «Көшпенділер» трилогиясы (3 сағат)

І. Есенберлиннің өмір жолы, шығармашылық жолы.

Шығармада көне қазақ елінің үлкен тарихи шындығын көрсетуі.

Болашаққа үмітпен қарау идеясының бүгінгі күн, тәуелсіз еліміздің жарқын

тағдырымен бірлікте алып суреттелуі.

Әдебиет теориясы: тарихи роман.

Қосымша оқуға: «Қаһар» романы

Мұқағали Мақатаев. «Райымбек , Райымбек поэмасы» (2 сағат)

М.Мақатаевтың шығармашылық өмір жолы. Мұқағалидың қазақ

поэзиясына қосқан үлесі. «Райымбек, Райымбек» поэмасы тарихи поэма

екендігі. Поэмадағы ақындық рух, елжандылық сезім.

Әдебиет теориясы: тарихи поэма туралы ұғымды тереңдету.

Әлем әдебиеті үлгілерінен

Шыңғыс Айтматов. «Шынарым менің шырайлым» хикаяты (3 сағат)

Ш.Айтматовтың шығармашылық өмірбаяны. Шыңғыс көтерген жалпы

адамзаттық құндылық мәселелері.

Шыңғыс шығармаларының дүниежүзілік әдебиеттің тарихи фактісіне

айналып, төрінен орын алуы. «Шынарым менің шырайлым» хикаяты

оқырмандардың жүрегін шымырлататын, тебіреніске түсіретін көркем

шығарма екендігі. Шығармадағы шынайы адамгершілік қасиеттер, достық

мейірім.

Қосымша оқуға: «Теңіз жағалай жүргген тарғыл төбет»

Мақтұмқұлы Фраги. «Түркімен тағдыры», «Ақырзаман», «Боларсың»

(1 сағат)

Мақтұмқұлының өмірі туралы мәлімет. Шығармаларында халықтың

береке-бірлігін, тұтастығын жырлауы. Өмір жайлы толғаныстары. Түркімен

әдебиеті тарихындағы биік тұлға, ақын екендігі.

Әдебиет теориясы: мотив; өмір және көркемдік шындық.

Page 36: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/liter.pdf · «Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаттары -сөз

36

Әдебиет тану. Эссе, хабар-сұхбат, экспромт, қиял мақала, сценарий

(2 сағат)

Шығармаларды оқып, талдауға – 89 сағат

Тіл дамыту, шығармашылық жұмыстар – 9 сағат

Сыныптан тыс оқыған шығармалары туралы әңгіме – 4 сағат

Page 37: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/liter.pdf · «Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаттары -сөз

37

ІІІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН

ТАЛАПТАР

5- 6 сынып оқушылары:

бағдарламада ұсынылған әдеби мәтінді, үзінділерді, өлеңдерді

дұрыс, жүрдек (шапшаң) және мәнерлеп оқи алулары;

көркем мәтіндерді ауызша мазмұндап айтып беруі;

бағдарламаға сәйкес 7-9 өлең (бұған поэмалар фрагменттері де

кіреді), 3-4 прозалық туындылар үзінділерін жатқа айта алуы;

әдеби шығармада бейнеленген оқиғалар мен кейіпкерлер әрекетін

өзіндік көзқарасын білдіре 뎶тырып, сипаттай алуы алуы;

отаңдық және шетелдік классикалық балалар әдебиеті үлгілерін

мұғалім басшылығымен және өз бетімен ізденіп оқуы;

оқыған туындының тектік, жанрлық сипатын, әдебиет және

фольклор туралы жалпы ұғымдарды анықтай алуы;

қазақ ауыз әдебиетінің басты жанрларының (тұрмыс-салт

жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер, аңыз-әңгімелер,

шешендік сөздер, эпостық жырлар, лиро-эпостық жырлар) негізгі

белгілерін білуі;

мәтінге қысқаша жоспар құра білуі;

оқыған шығарма сюжетінің ізімен немесе еркін тақырыпта әр

түрлі шығармашылық жұмыс түрлерін (өлең, шағын әңгіме,

ертегі, т.б.) құрастыра алуы тиіс.

7-8 сынып оқушылары:

бағдарламада оқып үйренуге ұсынылған көркем туындының

тектік, жанрлық сипатын анықтай алуы; көркем шығарманы

әдеби тұрғыда мазмұндап, талдап беруі;

проблемалық сұрақтарға байыпты, нақты жауап бере алуы;

оқылған шығарманың тақырыбын түсініп, ондағы басты

кейіпкерлерге мінездеме бере алуы;

мінездеме беруде автор сөзі мен кейіпкер сөзінің, монолог пен

диалогтың , тілдік бейнелеу құралдарының қолданысын түсіндіре

білуі;

«әдеби кейіпкер», «сюжет», «композиция», «идея», «тақырып»

ұғымдарының басты сипат-белгілерінің мәнін түсінуі;

оқыған лирикалық туындыларға, олардың көркемдік, поэтикалық

ерекшеліктерін пайымдай отырып, өзіндік баға беруі;

тақырыбы бір-біріне үндес шығармалардың кейіпкерлерін,

оқиғаларын салыстыра отырып, өзіндік тұжырым жасай алуы;

өлең сөздің құрылымдық элементтерінің (өлшем, ырғақ, ұйқас,

шумақ) мән-мағынасын, негізгі ұғымдарын білуі және

практикалық қолданыста ажырата алуы;

мәнерлеп оқудың барлық элементтерін (дауыс ырғағы мен екпіні,

олардың бірде жоғары, бірде бәсең болуы; оқу қарқынын (бірде

Page 38: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/liter.pdf · «Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаттары -сөз

38

келте, бірде ұзақ кідіріс жасау) практикалық тұрғыда қолдана

алуы

оқылған туындының мазмұнын толық, қысқаша және іріктеп

айтып беруі; туындыдағы көркем суреттеу, сипаттаулардың

(портрет, пейзаж т. б.), баяндаулардың түрлерін, автор

позициясын, бейнелеу кұралдары (әжуа, мысқыл, сарказм); юмор

мен сатира, аллегория түрлерін айыра алуы;

шығарма жұмысының жоспарын құрып, 1,5-2 беттік шығарма

жаза алуы;

оқыған шығармалары мен өнердің басқа да түрлері туралы және

шығарма кейіпкерлеріне автордың көтерген мәселесіне байланысты

(әсіресе адамгершілік, имандылық, парасаттылық мәселелері

бойынша) шығарма, эссе, ойтолғау жаза алуы тиіс.

9 сынып оқушылары:

халық ауыз әдебиеті, көне дәуір, орта ғасыр, ХІХ-ХХ ғасыр және

қазіргі заман әдебиеті үлгілерін көркем шығарманың тегі, жанры

оларда бейнеленген оқиғалар мен кейіпкерлер іс-әрекетіне өзіндік

қарым-қатынасын білдіре отырып оқып зерделей алуы;

қазақ әдебиетінің классикалық көркем туындыларын ұлттық

құндылық, мәдени мұра, тарихи-көркем шежіре ретінде түсініп

оқып, оларға талдау жасай алуы;

ұлттық мұра ретінде танылған үздік шығармалардың тарихи

сипатын, маңызын көркемдік шындық тұрғысынан суреттей

алуы;

әдеби білі мазмұны бойынша игерген білімдері негізінде

шығарманың көркем компоненттерінің атқарып тұрған (бір-біріне

тәуелділік байланыс) қызметін, суреттеліп отырған

құбылыстардағы авторлық көзқарасты айқындауй алуы;

стилистика бойынша жұмыс: мазмұндау (мәтін мазмұнына жуық,

қысқарта және іріктеп); жай, күрделі жоспар құру; әдеби

кейіпкерге мінездеме бере отырып әңгімелей алуы;

шағын эпикалық туындыға (әңгіме, ертегі, мысал, шешендік сөз,

аңыз) инсценировка жасау, мәтіннің шағын үзінділеріне

киносценарий жазу, режиссерлік ремаркалар (түсініктер)

құрастыру т.б. әдеби-шығармашылық жұмыстарды орындай

алуы;

жұмбақтар, өтірік өлеңдер, ертегілер шығару, әңгімелер,

мысалдар, күлдіргі өлеңдер (мазақтамалар) жаза алуы;

игерілген әдеби-теориялық білімге сәйкес шығарманы талдау-

бағалау, жолдарын білуі;

көркем туындының адамгершілік-эстетикалық проблематикасын

өзіндік түсінігі тұрғысьнан айқындап, және оны авторлық идеяға

сай зерделеп, сын тұрғысынан өзіндік ұтымды ой-пікір айта алуға

дағдылануы ;

Page 39: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/liter.pdf · «Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаттары -сөз

39

проблемалық сұраққа (оқылған туындының кейіпкерлері, оның

адамгершілік мазмұны жайлы ой толғау) ауызша (немесе

жазбаша) толық жауап бере алуы; өз бетімен оқыған шығарма,

көрген спектакль (қойылым), кинофильм жайында, олардың

кейіпкерлеріне, оқиғаларға, авторлық позицияға жеке өзіндік

сыни пікір айтуы;

оқылған бір немесе бірнеше туынды бойынша проблемалық

сипаттағы пікірнама-шығарма жаза алуы;

әдебиет және т.б. өнер туындыларына пікір айта алуы;

әдеби тақырыпқа баяндама және реферат жазып, өзінің

баяндамасының және әдеби-сын, проблематикалық мақаланың

аннотациясы, жоспары, тезисін дайындай алуы;

әдеби және публицистикалық тақырыпта очерк, эссе, мақала жаза

алуы;

өздігінен ізденудің жаңа технологияларын меңгеруі;

компьютермен, техникалық ақпарат құралдарымен жұмыс

істеп,интернет арқылы әлем әдебиетімен танысуы;

сын тұрғысынан ойлай білуге, өзіндік ой-пікір жинақтауға,

көрсетілген мәселе төңірегінде қорытынды жасай алуға

әрекеттенуі ;

көркем шығарманың негізгі мазмұнын, идеялық- тақырыптық

мәнін айқындап, әлем елдері әдебиетімен салыстыра алуы;

көркем туындының кейіпкері жайлы қойылған жағдаяттық

сұраққа жауап беруде әдеби тіл нормалары мен пікірталас

мәдениеті талаптарын сақтай сөйлеуі;

әдебиеттің басқа өнер түрлерімен (бейнелеу, сәулет, саз, мүсін,

театр, кино т.б.) байланысын түсіндіре алуы;

көркем шығармадағы негізгі ойды автордың көзқарасы мен

замана шындығы тұрғысынан анықтай алуы;

эпикалық, лирикалық және драмалық туындылардағы басты

кейіпкердің іс-әрекеттерінің өмірдегі жағдаяттарға, қоғамдық

ортаның әсеріне қатысты екендігін дәйектей алуы;

көркемдегіш құралдарды әдеби талдауда орынды қолдана алуы;

әдеби туындыдағы басты проблематиканы анықтап, авторлық

көзқарасты айқындай алуы;

шығармашылық бағытта ізденіске түсіп, сыныптан тыс және

қосымша оқуға ұсынылған әдеби-көркем шығармаларды

өздігінен оқуы;

шығарманы көркемдік тұтастықта талдаудың жолдарын, амал-

тәсілдерін меңгеруі;

көркем әдебиет туралы ғылыми сын мақалаларды түсініп оқып,

оларды талдауда өзіндік ой тұжырымын жасай алуы;

берілген мәтіндерді баяндалу тәсіліне қарай жүйелеп,

толықтырулар енгізе алуы тиіс .

Page 40: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/liter.pdf · «Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаттары -сөз

40

ІҮ. ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жалпы орта білім беру жүйесінде «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытуды

ұйымдастыру Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті

білім беру стандарты талаптары бойынша жүзеге асады. «Қазақ әдебиеті» оқу

пәнін оқытудың формалары мен әдістерін таңдауда білім алушылардың

психологиялық-физиологиялық ерекшеліктері ескеріледі.

Негізгі орта мектептің 5-6 сыныптарында тұрмыс-салт жырлары,

мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар, ертегі, аңыздар, діни-мифтік

әңгімелер, әдеби дастандар, батырлар жыры, лиро-эпостық жырлар шешендік

сөздер мен айтыс жанрларын оқып үйрену арқылы оқушылар халықтың

ұлттық рухын, дүниетанымын, әдет – ғұрып, салт-дәстүрлерін мәдени мұра

ретінде танып біледі. Халық ауыз әдебиетін оқып-үйрену оқушының рухани

жетілген әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуына, халқының өткені мен

бүгінін салыстырып, ой елегінен өткізе алуына және ұлттық мәдени

мұраларды құрметтей білуіне көмектеседі. Бұл сыныптарда оқушылар

көркем мәтінді нақышына келтіріп, мәнерлеп оқу, мазмұнын айтып беру,

мәтінді мазмұнына қарай бөлімдерге бөлу, жоспар жасау тәрізді білім

дағдыларына жаттығады. Жекелеген 䖔зінділердегі теңеу, эпитет, кейіптеу,

метафоралардың жай түрлерін, ертегінің баяндалу тілін бала ұғымына

сәйкестендіре түсіндіру оқытудың басты ерекшелігі болады. 5-6 сынып

оқушыларын шығарманың сюжеті қызықтыратындықтан сюжетке көп мән

беріледі.

Мектептің 7-8 сыныптарында «Қазақ әдебиеті» пәнінің білім

мазмұнын қамтитын ХІХ-ХХ ғасырдағы әдебиеттің үш тегі лирика, эпос

және драмалық шығармаларды және әлем әдебиетінің кейбір үздік

шығармаларын оқытуда оқушылардың әдеби білім аясын кеңейту

қарастырылады. Бұл сыныптарда әдеби көркем шығармаларды талдауға

ерекше назар аударылады.

Мектептің 9 сыныбында «Қазақ әдебиеті» пәнін оқыту тарихи -

хронологиялық ұстанымға құрылады. 9 сыныптағы қазақ әдебиетінің білім

мазмұны біздің дәуірімізге дейінгі сақ заманындағы «Алып Ер тоңа» сынды

жәдігерден бастап, түрік қағанаты, оғыз дәуірі, орта ғасырдағы ұлылар

мұрасы, қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет үлгілерін және ХІХ ғасырдағы зар

заман ақындар поэзиясы мен ағартушылық бағыттағы әдебиетті, сонымен

қатар әнші-сазгер ақындардың шығармашылығын оқыту негізінде

оқушыларға әдебиет әлемі туралы тұтас ұғым беру көзделеді.

Мектептегі «Қазақ әдебиеті» пәнін қазіргі талаптарға сай оқытуда

оқушылардың өзіндік ерекшеліктері, қызығушылықтары басты назарда

болады. Сол себепті пәнді оқытуда баланың танымдық ой-өрісін,

эстетикалық талғамын, шығармашылық ойлауын дамытуға, қатысымдық

іскерліктерінің шыңдалуына оң ықпал ететін оқыту әдіс-тәсілдері таңдап

алынады. Оқушының ізденімпаздығын, белсенділігін, өзбетімен жұмыс істеу

қабілетін, шығармашылық ойлауын қалыптастыруда олардың өзіндік

Page 41: ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/liter.pdf · «Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаттары -сөз

41

ерекшеліктері, қабілет-қарымдары ескеріледі. Танымдық, креативтік

іскерліктерді дамытуға мүмкіндік беретін шығармашылық тапсырмаларды

орындау оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға жетелейді. Сөйтіп, әдебиетті

оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып оқыту білім мазмұнын

меңгертуде басты ұстанымдардың бірі болады.