28
Рабочая программа Форма Ф СО ПГУ 7.18.1/07 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Қазақ филологиясы кафедрасы «19 ғасырдағы қазақ әдебиеті » пәні бойынша 050117 « Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының сыртқы бөлім студенттеріне арналған ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫpsu.kz/arm/upload/umk_pdf/70909.pdf · - 19 ғасыр әдебиеті шығармаларын өзіне дейінгң қазақ хандығы

  • Upload
    others

  • View
    27

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫpsu.kz/arm/upload/umk_pdf/70909.pdf · - 19 ғасыр әдебиеті шығармаларын өзіне дейінгң қазақ хандығы

Рабочая программа Форма

Ф СОПГУ 7.18.1/07

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Қазақ филологиясы кафедрасы

«19 ғасырдағы қазақ әдебиеті » пәні бойынша 050117 « Қазақтілі мен әдебиеті» мамандығының сыртқы бөлім

студенттеріне арналған

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Page 2: ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫpsu.kz/arm/upload/umk_pdf/70909.pdf · - 19 ғасыр әдебиеті шығармаларын өзіне дейінгң қазақ хандығы

Павлодар

Лист утверждения Форма к рабочей программе Ф СО ПГУ 7.18.1/07 дисциплины, разработанной на основании государственного общеобязательного стандарта образования специальности и типового учебного плана

БЕКІТІЛДІ ОІ жөніндегі проректоры ________________ Н.Э. Пфейфер «___»_____________2010ж.

Құрастырушы: ф.ғ.к., доцент Р.М.Мүтәлиева __________

Қазақ филологиясы кафедрасы

«19 ғасырдағы қазақ әдебиеті » пәні бойынша

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Жұмыс бағдарламасы 050117 - «Қазақ тілі мен әдебиеті»мамандығының сыртқы бөлім студенттеріне арналғанЖұмыс бағдарламасы ҚР МЖМБС 3.08.275- 2006 мемлекеттікстандарты және типтік оқу бағдарламасы негізінде жасалды

Кафедра отырысында ұсынылды 20_ ж. «___»____________№_____Хаттама.

Кафедра меңгерушісі ____________ Жүсіпов Н.Қ. 20__ж. «____» ________

факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 20_ ж. «____»____________ №____ Хаттама

ОӘК төрағасы ___________ Жұманқұлова Е.Н. 20_ ж. «_____»___________

КЕЛІСІЛДІ ФЖжӨ факультетінің деканы _________ Сарбалаев Ж.Т. 20_ж. «_____»________

МАҚҰЛДАНДЫ:

Page 3: ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫpsu.kz/arm/upload/umk_pdf/70909.pdf · - 19 ғасыр әдебиеті шығармаларын өзіне дейінгң қазақ хандығы

ОҮЖжӘҚБ бастығы ___________ Варакута А.А. 20_ ж. «____»_______

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды20__ж. «___»______________ №____ Хаттама

1 Пәннің мақсаты мен міндеттері«19 ғасырдағы қазақ әдебиеті» - ұлттық сөз өнері тарихыныңелеулі бір кезеңін қамтитын пән.Пәннің мазмұнында ауызшадәстүрлі жыраулық және ақындық поэзияның табиғисабақтастығы, көркемдік, стильдік жалғастық мәселелеріғылыми-теориялық тұрғыда түсіндіріледі.Пәнді оқыту мақсаты: Қазқ әдебиетінің 19 ғасырдағыкезеңін құрайтын мұраларды қазіргі заманғы әлемдікөркениет талаптарына орай оқыту.Пәннің міндеттері:- пән материалдарын қазақтың ежелгі дәуірдегі, ортағасырлардағы, Алтын Орла Қыпшақ кезеңіндегі қазақөркениеті, ислам мәдениеті мұраларымен біртұтас, табиғисабақтастығын ғылыми-теориялық тұрғыда тереңдей оқыту;- 19 ғасыр әдебиеті шығармаларын өзіне дейінгң қазақхандығы кезеңіндегі ақын-жыраулар поэзиясымен дәстүрліжалғастығын (тақырып, идея, композиция, сюжет, стиль, тіл)тереңдете игеру;- 19 ғасыр әдебиеті шығармаларының Шығыстың классикалықәдебиетімен сабақтастығын меңгерту;- пән бойынша қамтылатын әдеби шығармалардағыромантизм, реализм көркемдік әдістерінің ұлттық жәнежалпыадамзаттық сарындар жүйесімен (зар заман, діни-исламдық ағартушылық ағымдар) тектестігін жәнеөзгешеліктерін саралау;- Абай, Ыбырай, Шоқан шығармашылығының ұлттық әдебиетдеңгейін биіктетудегі маңызын тереңдете ұғындыру;- кезең әдебиетінің Азия, Еуропа, Америка, Африка, Австралияқұрлықтары әдебиеттері үлгілерімен әдеби байланыстарын ,поэтикалық үндестіктерін, өзгешеліктерін тарихи-салыстырмалы (компаративизм) әдебиеттану заңдылықтарыбойынша қарастыруға дағдыландыру;- 19 ғасырдағы ақын-жыраулар шығармашылығындағы тарих,фольклортану, этнография, педагогика, психология, өнертануғылымдарымен ортақ өзекті мәселелерін меңгеруге айқынбағдарлау.Студенттер білуі тиіс:

Page 4: ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫpsu.kz/arm/upload/umk_pdf/70909.pdf · - 19 ғасыр әдебиеті шығармаларын өзіне дейінгң қазақ хандығы

- 19 ғасырдағы ақын-жыраулардың шығармаларыныңмәтіндерімен таныс болу. Студенттер істей білуі тиіс:- ақын-жыраулардың шығармаларын идеялық-көркемдіктұрғыда талдай білу;- ақын-жыраулар өлеңдерін жатқа білу. 2 Пререквезиттер:- хандық дәуірдегі әдебиет;- әдебиеттануға кіріспе.

Тематический план Форма дисциплины СО ПГУ 7.18.2/07

3 Пәннің мазмұны

3.3 Пәннің тақырыптық жоспары№ Тақырып Сағат

саны Күндізгі бөлім

ҚФ-21

Дәріс Тәж СӨЖ1 Кіріспе 1 32 Дәстүрлі ақындық

поэзия. ДулатБабатайұлы

3 МахамбетӨтемісұлы

1

4 ШерниязЖарылғасұлы

5 ШортанбайҚанайұлы

1

6 Сүйінбай Аронұлы

Page 5: ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫpsu.kz/arm/upload/umk_pdf/70909.pdf · - 19 ғасыр әдебиеті шығармаларын өзіне дейінгң қазақ хандығы

7 МайлықожаСұлтанқожаұлы

8 Базар Оңдасұлы

9 Мұрат Мөңкеұлы 1

10

Әбубәкір КердеріБоранқұлұлы

Page 6: ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫpsu.kz/arm/upload/umk_pdf/70909.pdf · - 19 ғасыр әдебиеті шығармаларын өзіне дейінгң қазақ хандығы

11Сал-серілер,әнші-ақындар.БіржансалҚожағұлұлы12

Ақан серіҚорамсаұлы

13

Сегіз серіШақшақов

Page 7: ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫpsu.kz/arm/upload/umk_pdf/70909.pdf · - 19 ғасыр әдебиеті шығармаларын өзіне дейінгң қазақ хандығы

14

СараТастанбекқызы

15

ӘсетНайманбайұлы

16

Ағартушылықбағыттағы жаңажазба әдебиет.Шоқан Уәлиханов

1

17

ЫбырайАлтынсарин

1

18

Абай Құнанбайұлы 1

19

Ақылбай Абайұлы

20

Мағауия Абайұлшы

21

Шәңгерей Бөкеев

Барлығы: 6

3.2 Теориялық курс мазмұны1-тақырып19 ғасырдағы ұлттық сөз өнері дамуының ерекшеліктері.

Ақындық поэзиядағы фольклор мен әдебиет дәстүрісабақтастығы мұрасындағы түркі өркениеті және исламмәдениеті көріністері.

Қазақстан жерін отарлау жұмыстары: барлықаймақтарда әскери қамалдар мен бекіністердің салынуы,ресми қазақ хандықтарының жойылуы, аға сұлтандық,болыстық, старшындық, ауылдық отарлық басқару жүйесініңенгізілуі. Ресей империясының қазақ елін отарлау саясатынабағытталған ресми құжаттары: «Сібір қазақтарыныңУставы»(1822), «Орынбор қазақтарының Уставы»(1824).

Сырым Датұлы бастаған халық қозғалысы (1787-1797)және оның 18-19ғғ әдеби, фольклорлық шығармашылықмұралардағы көріністері.

19 ғасырдың бірінші жартысында отарлық езгіге қарсыҚазақстанда болған қарулы көтерілістер: Қаратай сұлтан(1797-1814), Арынғазы сұлтан(1816-1821), Исатай-Махамбет(1836-1838) бастаған көтерілістер, олардың әдебишығармаларда бейнеленуі.

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы(1824-1847) және оның қазақ әдебиеті жанрларындағы

Page 8: ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫpsu.kz/arm/upload/umk_pdf/70909.pdf · - 19 ғасыр әдебиеті шығармаларын өзіне дейінгң қазақ хандығы

үлгілері. Кенесары, Наурызбай және олар бастағанқозғалысқа қатысқан батырлар туралы тарихи жырлар:Нысанбай жыраудың «Кенесары-Наурызбай», ДоскейӘлімбаевтің «Кенесары», Жүсіпбекқожа Шаихисламұлының«Қисса Наурызбай төре» дастандары, Досқожа ақынның«Кенесары қоныстан ауғанда айтқаны» өлеңі, «Кенесарыныңөлеңі», «Кенесары жырының бірнеше ауызы» атты халықөлеңдері.

Қазақстан жеріндегі Ресей патшалығыотаршылдығының (19ғ екінші жартысы) күшейе түсуі.Ресейдің отарлық саясатына және Хиуа,Қоқанхандықтарының басқыншылық соғыстарына қарсыкөтерілістер:Есет батыр (1853-1859), Жанқожа батырНұрмұхамедұлы бастаған Сырдария бойындағы, 1867-1870жылдары Орал, Торғай, Маңғыстау облыстары халқыныңкөтерілістері туралы тарихи жырлар.

Зар заман ақындарының поэзиясы және оның әдебидамудағы реалистік маңызы.

Ресейдегі капиталистік қарым-қатынастар дамуыныңҚазақстандағы табиғи байлық шикізаттарының көздерінигеруге ықпалы.Сауданың дамуы. Ақмола, Атбасар,Қарқаралы, Қарқара, Талды-Қоянды жәрмеңкелері жәнеолардың қазақ өнерінің кең танылуындағы маңызы.

Қазақстандағы халық ағарту ісінің жағдайы. 19ғасырдың бас кезіндегі оқыту түрлері. Бұқара, Самарқан,Хиуа, Ташкент, Қазан, Өфе, Түркістан,Ақмешітқалаларындағы медреселерден білім алған қазақоқығандарының ағартушылық қызметі.

Отарлау саясатының мақсаты үшін әртүрлі оқуорындарының Омбыда, Семейде, өскеменде,Верныйда,Торғайда,Қостанайда,Ырғызда ашылуы.Монғол,қытай,парсы, т.б. Азия халықтары тілдерін оқытатынАзияттық училищенің ашылуы(1889).Орынбор қаласындағыСібір кадет корпусының (1847), Неплюев кадет корпусыныңашылуы. Бөкей ордасында орысша және татарша сауаташумектебінің ашылуы. Омбыда (1872), Ташкентте (1879)мұғалімдік семинариялардың ашылуы.

19 ғасырдың 90 жылдарында Пішкекте, Қапалда,Жаркентте, Верныйда ауыл шаруашылығы мектептерініңашылуы.

Орыс зиялыларының қазақ халқының тарихын, тілін,фольклорын, этнографиясын зерттеу жұмыстарының екіжақты сипаты: ең бастысы – патшалық өкіметтің отарлау

Page 9: ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫpsu.kz/arm/upload/umk_pdf/70909.pdf · - 19 ғасыр әдебиеті шығармаларын өзіне дейінгң қазақ хандығы

саясатының мақсатын орындау, екіншісі – ғылымдық ізгіниет.

Қазақ халқының рухани мәдениетін, этнографиясын,фольклорын патшалық империяның отарлау пиғылына орайигеруді негізгі мақсат еткендер: Левшин, Семенов- Тянь-Шаньский,Ильминский,Алекторов, Паллас.

Ғылымдық ізгі мақсатта, адал ниетпен халық мұрасынжинап, зерттегендер: Радлов, Березин, Потанин, Диваев.

Қазақ-орыс әдеби байланыстарының ұлттық өзін-өзі танумен қоғамдық ой-пікірдің дамуына қазақ даласында 19ғасырда әр түрлі себептерсен болған орыс жазушыларының,ғалымдар мен ағартушыларының (Пушкин, Толстой,Достоевский, Даль, Плещеев, Дуров) игі ықпалы. Көптегенорыс жазушыларының шығармаларында қазақ халқытұрмысының суреттелуі(Аксаков, Михайлов, Лесков,Успенский, Короленко).

Пушкиннің Пугачев көтерілісіне байланыстыматериалдар жинау мақсатымен Орынборға келгені. Пугачевбүлігі туралы кітабында қазақ, башқұрт және т.б. азиялықхалықтар туралы жазуы. Оралда болғанда «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» дастанының мазмұнын жаздыртып алғаны.

Украйн ақыны Швченконың шығармашылығындағықазақ халқы тақырыбы, оның Қазақстанда, Арал теңізіндеайдауда (1847-1857) болуы. Ақынның «Қазақ шаңырағы»,«Атқа мінген қыз», «Байғұстар», т.б. суреттерінде қазақауылы тұрмысының реалистікпен бейнеленуі. «Меніңойларым» атты өлеңінде украйн-қазақ өмірін салыстырасуреттеуі.

Шетелдік ізгі ойлы зиялылардың қазақ халқы, оныңәдет-ғұрпы, өнері туралы этнографиялық- публицистикалықжазбалары. Мысалы, американ журналисі ДжорджКеннанның «Сібір және жер аударылғандар», полякреволюционері Янушкевичтің «Қазақ даласы бойыншасаяхаттан күнделіктер мен хаттар», поляк суретшісіЗалисскийдің «Қазақ сахарасына саяхат» атты кітаптары,қазақ тұрмысынан алып жазылған ағылшын КлерКлермонттың «Владимир мен Зара» поэмасы.

19 ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының мазмұнындағыреализм, романтизм тәрізді көркемдік әдістердіңкөріністері.Ауызша және жазбаша ақындық дәстүр табиғаты,жыраулық поэзия сілемдерінің сақталуы. Ежелгі түркілік,шығыстық жазба әдеби дәстүрлермен сабақтастық.Фольклордағы синкретизмнің әнші-ақындаршығармашылығы арқылы жаңғыра көрінуі. Жаңа реалистік

Page 10: ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫpsu.kz/arm/upload/umk_pdf/70909.pdf · - 19 ғасыр әдебиеті шығармаларын өзіне дейінгң қазақ хандығы

жазба әдебиеттің лирикалық, сатиралық өлең, поэма, прозажанрларының , философиялық трактат, аудармалық жәненазиралық шығармалардың қалыптасуы, дамуы.

2-тақырыпДулат Бабатайұлының өмірі туралы

мәлімет.Шығармаларының жариялануы, зерттелуі. Патшалықотарлау саясатының басқару жүйесін сынаған өлеңдеріндегітуған жерді, атамекенді құрметтеу әуендері:Дулатжарасың», «Ата қоныс Арқадан», «Әуелі қазақ дегенжұрт».

Арнау,толғау өлеңдерінде өз ұлтының рухани әлеміндегіжағымсыз мінез-құлықты сынауы: «Сусағанда сулатып»,«Бараққа», «Кеңесбайға», «Ешенге», «Сендер түгілқұмырсқа», «Туралыққа көшпеген», «Қылжың, қылжыңтуысқан», «Атаны бала алдады».

Дулат өлеңдеріндегі адамгершілік, еңбек тәрбиесітуралы ойлар: «Тегімді менің сұрасаң», «Ұста соққантемірдей», т.б.

Сатиралық тілмен, мысал мазмұнда бернелеу(аллегориялық) тәсілмен жырлаған шығармалары:«Айтпасымды айтқыздың», «Сары шымшық»,т.б.

«Еспембет» дастанының әдеби-фольклорлық сипаттары.Дастанның композициялық құрылысы. Еспембет бейнесініңсомдалу ерекшелігі. Дастандағы жанама кейіркерлер: ЕрҚосай, Қабанбай, Ақтанберді. Дастан тілінің бейнелілігі.

«Шаштараз» дастаны. Халық аңызына құрылған дастаноқиғасының негізгі түйінінің сыр сақтай білушілікті уағыздауекендігі.

Дулат шығармаларының жанрлық, көркемдікерекшеліктері. Өлеңдерінің өлшем-өріміндегі жаңашылдығы.

3-тақырыпМахамбет өмірі туралы мәлімет. Махамбет

шығармаларын жариялау,зерттеу жұмыстары туралымәлімет (Х.Досмұхаммедұлы,Қ.Жұмалиев,Б.Аманшин).

Махамбет – қазақ әдебиетіндегі сыншылреалистік,романтикалық толғаудың ақыны.Ақынжырларындағы күрескерлік, жауынгерлік, азаматтықәуендер («Ереуіл атқа ер салмай», «Беркініп садақ асынбай»,«Атадан туған аруақты ер», «Ұл туса», «Мен ақсұңқардантуған құмаймын», «Арқаның қызыл изені», «Желден дежелгір ақбөкен», «Күн қайда?», «Бағаналы терекжарылса», .т.б.)

Page 11: ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫpsu.kz/arm/upload/umk_pdf/70909.pdf · - 19 ғасыр әдебиеті шығармаларын өзіне дейінгң қазақ хандығы

Махамбет өлеңдерінің философиялық-дүниетанымдықтереңдігі («Орай да борай қар жауса», «Арғымақ сенісақтадым», «Арғымақтың баласы», «Жалған дүние»,«Еменнің түбі – сары бал», «Аспандағы бозторғай», «Пыр-пырлай ұшқан қасқалдақ», «Жалғыздық», «Қарағай шаптымшандоздан»).

Шығармаларында халық тұлғасы мен Исатай батырбейнесінің жырлануы («Исатай деген ағам бар», «Кел,кетелік», «Жақия», «Әй, Махамбет, жолдасым», «МінгеніИсатайдың Ақтабан-ай», «Соғыс», «Тарланым», «Мұнар күн»,«Тайманның ұлы Исатай», «Есіл ер», «Толарсақтан сазкешіп», «Мұңайма», «Айныман», «Біз ер едік», «Қызғыш құс»,т.б.)

Лирикалық өлеңдеріндегі ақынның өзбейнесініңсомдалуы («Менің атым Махамбет», «МахамбеттіңБаймағамбет сұлтанға айтқан сөзі», «Қылыштай қиғыр алмасем», «Мен - тауда ойнаған қарт марал»).

Махамбет өлеңдеріндегі жыраулық-ақындық дәстүржалғастығының белгілері, сондай-ақ ақынның өзіндіктөлтума ерекшеліктері. Ақын шығармаларындағы өлшем-өрім, тіл бейнелілігінің мәселелеоі.

4-тақырып Шернияз Жарыласұлы өмірі туралы

мәлімет.Шығармашылығының негізі – суырып салмаақындық. Ол – Исатай, Махамбет бастаған халық көтерілісініңжыршысы.

Ақынның толғау-термелеріндегі өмірдің қайшылықтары(достық пен қастық, қайырымдылық пен зұлымдық,жомарттық пен сараңдық, ерлік пен ездік, т.б.) туралыфилософиялық толғаныстар, ақындық бағалаулар(«А,Қазыби, Қазы би», «Көл қылып құйдым талай судай ағын», «Сөзсөйлеймін бөлмелеп», «Тостағанды қолға алып».).

Шернияз шығармаларындағы Исатай, Махамбеткөтерілісіне байланысты өлеңдер: «Баймағамбет сұлтанныңүйінде айтылған топтама жырлары», «Исатай мен Наушабатыр».

Шернияздың Махамбетпен, Абылмен, Қашағанмендидарласқандағы өлеңдері. Шернияздың шешендік өнері.«Шернияздың батасы», «Махамбет батырдың Шерниязшешенге айтқан жұмбағы» атты өлеңдерінің мәні.

Шернияз шығармаларының көркемдік, бейнелілікмәселелері.

5-тақырып

Page 12: ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫpsu.kz/arm/upload/umk_pdf/70909.pdf · - 19 ғасыр әдебиеті шығармаларын өзіне дейінгң қазақ хандығы

Шортанбай Қанайұлы өмірі туралы мәлімет. Шортанбаймұрасының жариялануы, зерттелуі. Шортанбайшығармаларын бағалаудағы бұрынғы сыңаржақ пікірлер.Ақынның шығармашылық тұлғасының қалыатасуындағыкезеңдер: Түркістанды, Арқаны мекендеген өмір кезеңдері.

Шортанбайдың ежелгі түркілік-мұсылмандық, сопылықәдебиет дәстүрі(Қожа Ахмет Иассауи, Сүлеймен Бақырғани)тағылымында қалыптасқан ақын екендігі. Ақынныңшығармашылығындағы негізгі сарын – имандылықтыуағыздау: « Атамыз Адам пайғамбар», «Адамның жалғандүниесі», «Қалықтаған сұңқар ем»,т.б.

Шортанбай – патшалық отарлау саясатын әшкерелеудереалистікпен жырлаған сыншыл, ойлы суреткер ақын.Шортанбайдың «Зар заман» толғауы- «... ілгері, соңғы іріақындардың барлық күй сарынын бір арнаға тұтастырғандайжиынды өлең» (М.Әуезов). Заман зарын жырлағантолғауларындағы адамның да, табиғаттың да азып-тозатыны туралы мұңлы-шерлі толғаныстары : «Келерзаман», «Заман ақыр».

Адамгершілік тәрбие қағидаларын уағыздағантолғаулары: «Бір насихат айтайын», «Сөз айтайын Асанға»,«Бала зары».

Айтыстарындағы сыншыл өткірлік, бейнелі тілнақыштары : «Шортанбай мен Орынбай айтыстары»,«Шортанбай мен Шөженің айтысы», «Шортанбай мен Асанбұғы айтысы».

Шортанбай шығармаларының көркемдік ерекшеліктері.6-тақырып

Сүйінбай Аронұлы өмірі туралы мәлімет. Сүйінбаймұрасының жариялануы мен зерттелуі. Толғауларыныңтақырыптық-идеялық мазмұны:

- елдің тарихы, л қорғаған батырлар туралы : «Бөріліменің байрағым», «Қарасай батыр», «Өтеген батыр»,«Ту алып жауға шықсаң сен», «Сұраншы батыр»,«Жабай батыр», «Жақсының тұқымына»;

- адамгершілік тәрбиесі туралы толғаныстары :«Құсмұрын тастың үстінде», «Жақсы менен жаманныңайырмасы», «Нақылдар», «Біз сонаршы түлкі қуған»,«Жақсы болса ағайын»;

- халыққа жәбір-жапа шектірген озбырлықжасаушыларды, сараңдарды , ұрыларды,екіжүзділерді сынаған толғаулары, өлеңдері: «Заржылатып момынды», «Датқаларға», «Үмбетәліге»,«Әділеттік орнаса», «Момын малын зұлымға алып

Page 13: ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫpsu.kz/arm/upload/umk_pdf/70909.pdf · - 19 ғасыр әдебиеті шығармаларын өзіне дейінгң қазақ хандығы

беріп», «Ноғайбайға», «Атекеге», «Қайыпназарға»,«Жүсіпқожаға».

- әйелге, адамның жастық, кәрілік , жас кезеңдерінеарналған өлеңдері: «Әйелдердің нұр сипаты»,«Жиырма беспен қоштасу», «Жиырма бестіңайтқаны», «Өмір ағысы », «Әуелі кәрілік келіп түрімдіалды»,т.б.

Сүйінбайдың айтыстары – қазақтың сүре мен түреайтыстарының үлгілері : «Сүйінбай мен қарғаныңайтысы»(мысал айтыс), «Сүйінбай мен Қаңтарбай», «Сүйінбаймен Күнбала», «Сүйінбай мен Кескен кекіл», «Сүйінбай менТәті қыз», «Сүйінбай мен Уәзипа», «Сүйінбай мен Бақтыбай»,«Сүйінбай мен Тезек төре», «Сүйінбай мен Қатаған»айтыстары.

7-тақырыпМайлықожа Сұлтанқожаұлы өмірі туралы мәлімет.

Майлықожа – араб, парсы, ежелгі түркі классикалықәдебиетімен, қазақтың фольклорымен, жыраулықпоэзиясымен жете таныс, білімдар ақын.

Шығармаларының жанрлық түрлері: толғау-термелер,арнау өлеңдер, мысал өлеңдер, айтыстар.

Толғау-термелеріндегі философиялық ғибратты ойлар:- адамзатты биіктікке , парасаттылыққа үндеу:

«Райымқұлға», «Ноғай мырзаға»;- жақсылық пен жамандық қасиеттерді даралау: «Ілімге

толсын көкірек», «Дүниеге мейман көңілім», «Жөн білсеңжолдасыңа жоба көрсет»;

- фәни жалғанның өткіншілігі, адамдардың бір-бірінеқонақ екендігі: «Ажал бір келмес болсайшы», «Не жүйрік өттідүниеден», «Дүние», т.б.

Арнау өлеңдеріндегі адалдықты уағыздау,озбырлықтыәшкерелеу: «Тұрлыбекке», «Ескі мырза, манаптар, бегі,салы», «Алдаберген байға».

Мысал өлеңдерінде бернелеу (аллегория) арқылыадамзат өмірінің қайшылықты сырларын бейнелеуі:«Тотықұс», «Қасқыр», «Үш жігіт», «Бұлбұл».

Майлықожа – табиғат құбылыстарының шынайысуреттерін қазақ аулының тұрмысымен байланыстыражырлаушы: «Жылдың төрт мезгілі».

Айтыстары: «Майлықожа мен Айман», «Майлықожа менГүлханым».

Ақын шығармаларының көркемдігі мен бейнелілігі. 8-тақырып

Page 14: ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫpsu.kz/arm/upload/umk_pdf/70909.pdf · - 19 ғасыр әдебиеті шығармаларын өзіне дейінгң қазақ хандығы

Базар Оңдасұлы өмірі туралы мәлімет. Ақындыққалыптасу жолындағы негізгі кезеңдер.Шығармашылығындағы басты жанрлар. Жазба және ауызшадәстүрдегі жыраулық-ақындық өнер ерекшелігі.

Толғау-термелеріндегі тақырыптық-идеялық мазмұнерекшелігі:

- көңіл-күйдің алуан сырларын айшықтайтынфилософиялық толғаныстары: «Құмарын тарқат алқаның»,«Дүние қудым», «Әлі де сенде арман жоқ», «Тездетіп жігіткүнім өтіп кеттің», «Бір кезде Базар едім», «Бай да өткен,батыр да өткен», «Өсиет».

- халық тағдырына арналған азаматтық, әлеуметтікәуендегі толғаулары: «Жамиғы қазақ бір туған», «Түбі туысбайтақ ел», «Ел жақсылары», «Қарындастың қамы үшін»,«Атасы жақсы қандай-ды».

Лирикалық өлеңдерінде сыршылдық пен махаббат(«Ғашық жарым»), табиғат («Көктем») тақырыптарынжырлауы.

Сатиралық өлеңдеріндегі өткір ойлы, сыншыл-сықақшылтіл өрнектері : «Келдім де түсе қалдым өзімсініп», «Қаражанболысқа».

Дастандарындағы («Айна-тарақ», «Әмина қыз»,«Мақпал-Сегіз») фольклорлық сипаттар иен авторлық,реалистік көркемдік шешімдер.

Базар шығармаларындағы көркемдік нақыштар,бейнелілік.

9-тақырып Мұрат Мөңкеұлы өмірі туралы мәлімет. Мұрасының

жариялануы, зерттелуі. Мұрат шығармаларындағыойшылдық, философиялық-азаматтық тереңдік. Зарзамандық сарындағы шығармаларындағы лирикалықкейіпкер – ақын тұлғасына тән биіктік, романтикалық әуендігуманизм сипаты. Мұрат – патшалық отарлау саясатыныңзиянды зардаптарын анық болжаған ақын. Ежелгі түркі,Тұран тайпалары мен қазақ халқының атамекендерініңмәңгілігін, тұрақтылығын аңсауы, қайырсыз қоныстарданшошынуы. «Үш қиян», «Қазтуған», «Сарыарқа», «Әттең, бірқапы дүние-ай!» толғауларындағы халқының азып-тозбауынаңсаған романтикалық ой-армандары.

Мұрат толғауларындағы адамгершілік тәрбиесінебайланысты философиялық ойшылдық : «Мұраттың жалпыайтқаны», «Топқа түскендегі толғауы», «Өлім».

Арнау («Қыз», «Боранбайға айтқаны»), хат-өлең(«Оқудан қайтқан жігітке хат», «Еліне жазғаны»), тойбастар

Page 15: ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫpsu.kz/arm/upload/umk_pdf/70909.pdf · - 19 ғасыр әдебиеті шығармаларын өзіне дейінгң қазақ хандығы

(«Қаратоқай Беріш Есеттің баласы Арман мырзаның қызұзатуындағы тойбастар») жанрларындағы шығармалары.

Мұраттың жыршы-ақындығы, Сыпыра, Асан қайғы,Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет, Махамбет,Шернияз, т.б. ақындар жырларының Мұраттың айтуындасақталғандығы. Мұрын жырауға Мұрат үйреткен он төртбатырлық жыр: «Қарадөң батыр», оның ұрпақтары«Жұбаныш батыр», «Сүйініш батыр», «Төгіс батыр», «Тамабатыр», «Тана батыр», «Нәрік батыр», «Шора батыр»,«Құлыншақ батыр», «Ақжонас батыр», «Кеңес батыр»,«Жаңбыршы батыр», оның баласы «Телағыс батыр», «Оғызбатыр».

«Қарасай-Қази» дастаны. Дастанныңкомпозициясындағы қоштасу, жоқтау жырларыныңлирикалық әсерлілігі.

Айтыстары. Жылқышымен (1860), Бала Оразбекпен(1863), Жаскелеңмен (1868), Жантолымен, Тыныштықпенболған айтыстарының шығармашылық ерекшеліктері, тілдік-көркемдік нақыштары.

Мұрат ақын шығармашылығындағы романтикалық,азаматтық сарындардың қазақ әдебиеті тарихындағымаңызы.

10-тақырыпӘбубәкір Кердері Боранқұлұлы өмірі, шығармашылығы.

Ақынның толғау, термелеріндегі заман зары, отарлық езгіденазып-тозып бара жатқан қазақ елінің тағдыры туралыкүйзеліс («Заманның опасыз халіне айтқан өлеңі», «Өткенеркіншілік заманды жоқтап айтқан толғауы»).

Адам өмірінің тарихы туралы философиялық толғау(«Сырқау болып жатқанда айтқан өлеңі»).

Айтыстары: «Кердері мен Құлымбет», «Қожахмет пенКердері Әбубәкір», жұмбақ айтыстарындағы өмірқұбылыстарын баламалай, мегзей бейнелеу шеберлігі.

Ақын шығармашылығының тілдік өрнектері, көркемдікерекшеліктері, бейнелілік сипаттары.

11-тақырып Біржан сал Қожағұлұлы өмірі туралы мәлімет.Көңіл-күй

(«Жамбас сипар», «Біржан сал», «Орынбор», «Талай заман»,«Ал, дүние,өтеріңді біліп едім»), философиялық («Ер жігітдүниені көрген артық»), махаббат («Айтбай», «Ләйлімшырақ», «Көлбай-Жанбай», «Алтын балдақ», «Ақтентек»)тақырыптарындағы лирикалық өлеңдері.

Озбырлық жасаушыларды сынау: «Жанбота», «Адасқақ».

Page 16: ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫpsu.kz/arm/upload/umk_pdf/70909.pdf · - 19 ғасыр әдебиеті шығармаларын өзіне дейінгң қазақ хандығы

«Қисса Біржан сал мен Сара қыздың айтысқаны» -қазақтың халық поэзиясының классикалық үлгісі. Айтыстың1898,1899,1902,1907 жылдары жарияланған төрт нұсқасы.Айтыстың эстетикалық- көркемдік тағылымы.

«Біржан мен Шөже», «Біржан мен қыз» тәрізді қыз бенжігіттің сөз қағысуы түріндегі айтыстарындағы қазақықалжың ерекшеліктері.

Біржан сал шығырмашылығының көркемдікерекшеліктері.

12-тақырыпАқан сері Қорамсаұлы өмірі туралы мәлімет. Ақан сері –

қоршаған ортадағы әсемдік әлемін, сұлулық тағылымынжырлаушы суреткер ақын. Тән сұлулығы мен рухани жандүниелік тазалықты, пәктікті нәзік сезіммен аялайжырлаушы.

Лирикалық өлеңдеріндегі («Адамның біліміне ақылсерік», «Айтамын замандасқа біраз кеңес», «Әйелдерсипаты», «Жігіт сипаты», «Жастық шақтар», «Кәрілік»,«Достарыма») көңіл күйлері мен философиялық тереңдіккенегізделген мазмұндық ерекшеліктер.

Махаббат тақырыбындағы лирикалық өлеңдері:«Сырымбет», «Үш тоты», «Қараторғай», «Кербез сұлу»,«Ақкөйлек», «Мақпал», «Торыны таң асырып мінген қандай»,«Сүйген жардан айрылдым», «Біздің көңіл қайда жатыр»,«Жайықтың ақ түлкісі аралдағы», «Сүйген қалқа».

Азаматтық әуенді сыншыл сарындағы өлеңдеріндегізаман қайшылықтары мен озбырлықты сынау («Заманғақарап», «Құлагер»).

Аңшылық-саятшылық тақырыбындағы өлеңдері :«Мылтық пен мергеншілік».

Айтыстары: «Ақан сері мен Әділ», «Ақан сері менЫсмағыл Шаймерден айтысы», «Қожамбет пен Ақан сері»,«Ақан сері мен Орынбай», «Ақан сері, Бекәлі және Сүлейменмолда». Ондағы қазақы қалжың бояулары, көркем тілкестелері.

Ақын өлеңдерінің көркемдігі.13-тақырыпСегіз сері (Мұхамедханапия) Шақшақов өмірі.Лирикалық

ән-өлеңдеріндегі азаматтық, романтикалық әуендер(«Қашқын келбеті», «Үміт», «Үш жүзге атым шыққан Сегізсері», «Көңіл күй»).

Page 17: ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫpsu.kz/arm/upload/umk_pdf/70909.pdf · - 19 ғасыр әдебиеті шығармаларын өзіне дейінгң қазақ хандығы

Махаббат тақырыбындағы ән-өлеңдері: «Қарлығаш»,«Гауһар тас», «Әйкен-ай», «Еңлік», «Қызғалдақ», «Ғани».Табиғат туралы өлеңдері : «Айым - жаным».

Арнау өлеңдеріндегі ел қорғаған батырларды (Исатайбатырға арналған «Өкініш», «Ақбұлақ» өлеңдері, «Үбібатырға») мадақтауы және опасыз, екіжүзді бисымақтарды(«Шомбал биге») сынауы.

Дастандары : «Алуа -Жарылқамыс», «Зейне- Зайып»,«Айсара- Шолпан», «Кер бие».

Суырып салма өнерінің негізінде туған әзіл-қалжыңдықағысулары: «Сегіз бен Дариға қыз», «Сегіз бен төре қызы»,«Сегіз бен Шернияз», «Сегіз бен Мақпал».

Сегіз серінің нақыл сөздеріндегі достық, адамгершілік,ерлік, елдік туралы толғаныстар.

14-тақырыпСара Тастанбекқызы өмірі, шығармашылығы. Сара –

қазақ әйелінің арманын, мұң-шерін поэзия тілімен өрнектегенақын.

Әлеуметтік теңсіздік, заман зары тақырыбындағылирикалық өлеңдері: «Жүрек», «Ашындым», «Ортақ мұң».

Табиғат тақырыбындағы өлеңдеріндегі («Шымылдық»)лирикалық кейіпкер толғаныстарының мәні.

Арнау өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкер тағдырыхақындағы зар, мұң және оның әлеуметтік мәні : «Арсалаңалдында», «Аққу», «Қарлығаш», «Торығу», «Қош бол, елім».

Ақынның Біржан салмен айтысы, ондағы Сараөлеңдерінің көркемдігі. «Төребай мен Сара» - қыз бен жігітайтысы.

15-тақырыпӘсет Найманбайұлы өмірі, ақындық

шығармашылығы.Толғау-термелерінің ,өлеңдерінің әншілікорындаушылықпен, сазгерлікпен тығыз байланыстылығы.Шығармаларындағы өрер,сұлулық,асыл мінез-құлық,еңбексүйгіштік,халық бақыты үшін еңбек ету («Ән басыпмейір қандыра салғандай қып», «Жігіттің жігіт боларбейнесінде», «Жас жігіт надандықпен алданады»)тақырыптарының жырлануы.

Өмірді сүю, өлімді мойындау жырлары («Болжаусыз осыекен ғой өлім деген»).

Айтыстары. Ақындар айтысының қоштасу-жұбату(«Кемпірбай мен Әсет»), қағысу-қалжыңдасу («Әсет пенКәрібай») мазмұнында сөз жарыстырудағы Әсет тілініңөрнектері. Қыз Бен жігіт айтысы пішініндегі «Әсет пен

Page 18: ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫpsu.kz/arm/upload/umk_pdf/70909.pdf · - 19 ғасыр әдебиеті шығармаларын өзіне дейінгң қазақ хандығы

Рысжан» айтысының мазмұнындағы сөз жарыстырудағыхалықтық әдет-ғұрыптарды жырлау ерекшелігі. Жұмбақ айтужәне оны шешу арқылы ақындық дүниетаным кеңдігініңтанылуы.

Дастандары: «Салиха- Сәмен», «Ағаш ат», «Үш жетім».Аудармалық-назиралық шығармалары : «Евгений

Онегин».Ақын шығармаларының көркемдік ерекшеліктері.

Өлеңдеріндегі шешендік сөз үлгілеріне тән бейнелілікөрнектері.

16-тақырыпШоқан Уәлиханов өмірі туралы мәлімет. Отбасылық

тәрбиедегі әжесі Айғаным мен әкесі Шыңғыстың өнегеліықпалы. Шоқан мұрасының жариялануы, зерттелуі(Ә.Марғұлан, С.Мұқанов ). Шоқан – қазақ тарихы менәдебиетін, фольклоры мен этнографиясын зерттеуші,ағартушы ғалым. Ол – публицист жазушы. Шоқанныңағартушылық, демократтық көзқарастарындағыфилософиялық-материалистік дүниетаным сипаттары.

Шоқанның фольклор, әдебиет тарихы, поэзия жанрларытуралы зерттеу еңбектері: «Қазақ шежіресі», «Қазақ халықпоэзиясының түрлері жөнінде», «Қазақтардағышамандықтың қалдығы», «Қырғыз-қайсақтардың үлкенордасына қарасты елдердің аңыз-әңгімелері».

Шоқанның қазақ ақындары Бұқар, Шал, Шөже,Жанақ,Түбек,Орынбай туралы, суырып салмалық өнері,Абылай ханға және қазақ батырларына арналған тарихижырлар туралы жазғандары.

Шоқанның қырғыздың тарихы мен фольклорынабайланысты зерттеулері. «Манас» эросына тұңғыш рееттарихи, әдеби талдаулар жасауы, «Көкетай ханның өліміжәне асы» деген үзіндісін орыс тіліне аударуы.

Ғылыми очерктері мен күнделіктеріндегі жазушылық –публицистік суреткерлік шеберлік белгілері. Табиғатсуреттері, адамның кескін-келбеті, мінез-құлқы, тұрмыссуреттері туралы бейнелі кестелері: «Құлжа күнделіктері»,«Алты шаһар», «Қашқария туралы», «Іле өлкесініңгеографиялық очеркі».

Шоқанның өз ата-анасына, Достоевскийге, Майковке,Гудковскийге, Колпаковскийге жазған хаттары мен ондағыдемократиялық, ағартушылық көзқарастары.

Шоқан туралы орыс ғалымдарының (Потанин, Березин,Аристов, Веселовский, Бартольд, Ядринцев) еңбектері.

17-тақырып

Page 19: ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫpsu.kz/arm/upload/umk_pdf/70909.pdf · - 19 ғасыр әдебиеті шығармаларын өзіне дейінгң қазақ хандығы

Ыбырай Алтынсарин өмірі туралы мәлімет. Ыбырайшығармаларының жариялануы,зерттелуі. Ыбырай –ағартушы, ұстаз-жазушы, ақын, этнограф, аудармашы.Ыбырай шығармаларының философиялық, психологиялыққырлары.

Ыбырай – қазақ мектебіне арналған тұңғыш оқуқұралдарының авторы (Киргизская хрестоматия).

Ыбырайдың қазақ мектебі үшін ислам дінініңқағидаларын түсіндіретін оқу құралын жазуы («Шариат – ул-ислам» - «Мұсылманшылық тұтқасы»).

Ыбырайдың қазақтың халықтық әдет-ғұрыптары туралыжазған этнографиялық еңбектері : «Орынбор ведомствосықазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасаудәстүрлерінің очеркі», «Орынбор ведомствосы қазақтарыныңөлген адамды жерлеу және оған ас беру дәстүрінің очеркі».

Қазақ халқының ауыр тұрмысына арналған мақалалары :«Жұт туралы», «Қазақ даласындағы аштық туралы».

Халық ағарту мәселелері хақындағы көсемсөздікмақалалары,хаттары. Оқыту жүйесі негізіндегі әдістемелікеңбектері.

Өлеңдері: оқу-білім, ағарту («Сөз басы», «Өнер-білім баржұрттар»), адамгершілік тәрбиесі («Жаратты неше алуанжұрт бір құдайым», «Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен»,«Әй,достарым», «Әй,жігіттер»), озбырлықты, әлеуметтіктеңсіздікті сынау, заман зары («Азған елдің хандары», «Азғанелдің молдасы», «Азған елдің қожасы», «Береке кеткенелдерде», «Әділдік көрмегені үшін төреге айтылған сөз»),табиғат («Жаз», «Өзен») тақырыптары.

Ыбырай өлеңдеріндегі реализм – қазақ халқыныңтұрмыстық халін, өмір мазмұнын көркем тілмен бейнелеуі.

Ыбырай әңгімелері – ұстаздық тәлім-тәрбие құралы,қазақ жазба прозасының басы. Әңгімелерініңеңбексүйгіштікке, адамгершілікке баулудағы ықпалдықуаттылығы. «Әке мен бала», «Бақша ағаштары», «Жан-жануарлардың жылға дауласқаны», «Бай мен жарлыбаласы», «Ұлықпан әкім», «Малды пайдаға жарату»,«Қыпшақ Сейтқұл», «Таза бұлақ», «Сараңдық пенжинақылық» әңгімелеріндегі Адам тәрбиесіне қатыстыфилософиялық, психологиялық мәселелер.

Ыбырайдың аудармалары, Толстой, Крылов, Даль,Ушинский, Паульсон шығармаларын аударудағы өзіндікерекшелігі. Қазақ халқының ұғымына сай еркін аударманықолдануы.

Page 20: ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫpsu.kz/arm/upload/umk_pdf/70909.pdf · - 19 ғасыр әдебиеті шығармаларын өзіне дейінгң қазақ хандығы

Ыбырайдың халық әдебиеті мұраларын жинауы жәнеоларды өзінің ұстаздық жұмысына пайдалануы («Орақбатырдың баласы Әлібек мырзаның бір ханға айтқан сөзі»,«Нұржан бидің бір сөзі», «Жанақ пен баланың айтысқаны»,«Қобыланды батыр мен Тайбурыл»).

18-тақырыпАбай Құнанбайұлының шығармашылық өмірбаяны. Абай

мұрасының жиналуы, жариялануы, зерттелуі. Абайдыңқалыптасуы мен өсуі жолындағы өнегелі әкесі Құнанбайқажының, әжесі Зеренің, шешесі Ұлжанның және басқа дабилердің, шешендердің, ақын-жыраулардың,оқымысты орысдостарының пайдалы әсер-ықпалы.

Абайдың шығармашылық қалыптасуына шешуші ықпалеткен үш арна: қазақ халқының рухани мәдениеті, шығысәдебиеті, орыс әдебиеті және Еуропаның философиялықғылымы.

Жас шағындағы өлеңдері : «Иузи -Раушан», «Фзули-Шамси», «Әлиф-би», «Сап-сап көңілім», «Тайға міндік».Өлеңдері :

- азаматтық көңіл күй, философиялық толғаныстар:«Көңілім қайтты», «Патша құдай», «Көкбайға», «Қартайдық,қайғы ойладық», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»,«Келдік талай жерге енді», «Жақсылық ұзақ тұрмайды»,«Лай суға май бітпес», «Өлсе өлер табиғат», «Сенбе жұртқа»,«Өлсем орным қара жер», «Алланың өзі де рас, сөзі де рас»,«Сегіз аяқ», «Ішім өлген, сыртым сау», «Қажымас дос халықтажоқ».;

- махаббат, ғашықтық сезімдерімен өрілгентебіреністер : «Қор болды жаным», «Сен мені не етесің»,«Жігіт сөзі», «Қыз сөзі», «Білектей арқасына өрген бұрым»,«Қызарып,сұрланып», «Көзімнің қарасы»;

- табиғат суреттерін айшықтау: «Қансонарда бүркітшішығады аңға», «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұры»;

- оқу, білім, ағарту, тәрбие мәселелерін жырлау:«Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Интерната оқыпжүр», «Ғылым таппай мақтанба», «Жігіттер ойын арзан», «Бірдәурен келеді күнде»;

- ақындық өнер туралы: «Өлең – сөздің патшасы, сөзсарасы», «Адамның кейбір кездері», «Мен жазбаймын өлеңдіермек үшін»;

- ән өнері туралы: «Көңіл құсы құйқылжыр», «Құлақтанкіріп бойды алар»;

Page 21: ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫpsu.kz/arm/upload/umk_pdf/70909.pdf · - 19 ғасыр әдебиеті шығармаларын өзіне дейінгң қазақ хандығы

- табиғат пен адамды астастыра жырлау: «Желсіз түндежарық ай», «Қараша, желтоқсан мен сол бір - екі ай»,«Көлеңке басын ұзартып»;

- сыншыл, сатиралық мазмұндағы өлеңдері:«Адасқанның алды жөн», «Байлар жүр», «Сабырсыз,арсыз,еріншек», «Көжекбайға», «Болыс болдым, мінеки», «Мәзболады болысың», «Көзінен басқа ойы жоқ», «Менсінбеуші емнаданды», «Бойы бұлғаң».

Ән өлеңдері: «Алыстан сермеп», «Сен мені не етесің»,«Көзімнің қарасы», «Қор болды жаным», «Ата-анаға көзқуаныш», «Бойы бұлғаң», «Сүйсіне алмадым, сүймедім»,«Айттым сәлем, қаламқас», «Біреуден біреу артылса».

Аудармалық-назиралық өлеңдерге арнап шығарғанәндері: «Татьянаның хаты», «Онегиннің жауабы»;

Аудармалық өлеңдерге шығарған әндері: «Қараңғытүнде тау қалғып», «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын»,«Сұрғылт тұман дым бүркіп».

Абай – қазақ өлеңі өрімін жаңғыртқан жаңашыл ақын.Абай – қазақтың жазба көркем әдеби тілін

қалыптастырушы. Ақын шығармаларындағы бейнелілік. Абайдың аудармалық-нәзиралық шығармалары - әлемдік

әдебиетті қазақша сөйлетудің үздік үлгілері. Лермонтовтыңотызға жуық өлеңін аударуы. Оның өлеңдері мен поэмаларынаударудағы Абайдың шеберлік үлгілері. Лермонтов аударғанБайрон, Гете өлеңдерін Абайдың қазақша аударуы.

Пушкиннің «Евгений Онегин» поэмасынан алынғанхаттар негізіндегі махаббат жырлары – нәзира үлгісіменжырланған лирикалық дастан.

Крыловтың бір топ мысалдарын қайта жырлап шығу:«Есек пен бұлбұл», «Бүркіт пен қарға », «Шегіртке менқұмырсқа», «Түлкі мен қарға», «Піл мен қанден».

Поэмалары. Абай поэмалары – оқиғаларды суреттеуарқылы өсиеттік, ұстаздық ой туғызатын шығармалар. Абайпоэмалары – дәстүрлі нәзира үлгісіндегі шығармалар.

«Масғұт» поэмасында адамгершілік мәселесініңфилософиялық тұрғыда көркем жырлануы. Қыдыр қартұсынатын жеміс және оның мәні.

«Ескендір» поэмасындағы Абайдың гуманистікойлары.Поэмадағы адамның көз сүйегіне Аристотельдіңберген бағасы арқылы дидактикалық , философиялыққорытынды жасау.

«Әзім әңгімесі» аяқталмаған поэмасының арқауы «Мыңбір түннің» бір тарауы «Әлидің Әзімі» екендігі. Поэманыңопасыздықты танытушылық қуаты.

Page 22: ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫpsu.kz/arm/upload/umk_pdf/70909.pdf · - 19 ғасыр әдебиеті шығармаларын өзіне дейінгң қазақ хандығы

Абай шығармаларындағы көркем бейне,композициялық,сюжеттік құрылым,көркемдік, бейнелілікмәселелер.

Абайдың қарасөздері. Стиль,мазмұн жағынан алғандаосы шығармалар көркем сөздің Абайдың өзі тапқан бір түріекендігі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық жәнеадамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғаутәрізді.

Абайдың қара сөздері – ежелгі грек ойшылдарыныңшәкірттеріне айтқан әңгіме-сұхбат жанры түріндегішығармалар. Олардың тақырыптық, мазмұндықерекшеліктеріне қарай түрлері:

- халық тарихы, қазақ еліндегі қоғамдық құрылыс, елдібасқару мәселелері (3,8,22,38,41,42,46 – сөздер).

- оқу-ағарту, білім-ғылым, халықтық тәлім-тәрбиемәселелері (2,8,10,17,18,25,32,33,38,43- сөздер).

- еңбек, шаруашылық, тұрмыс туралы (29,33,42 –сөздер).-адамгершілік тәрбиесі, мінез-құлық мәселелері туралы

(4,14,15,17,18,21,22,28,34,42,44 –сөздер).- дін, имандылық, өмір сырлары туралы

(12,13,15,17,31,35,36,37 –сөздер).Абайдың қара сөздерінің жанрлық түрлері : тарихтық

мақала-очерк (46-сөз), мысал-өсиет әңгіме (27-сөз), афоризм(37-сөз), дидактикалық насихат кеңес(4,5,8,9,10,12,16,18,20,25,27,31,32,40 –сөздер), көркем сөздікпамфлет (6,11,14,22,39,41 – сөздер), мемуарлық мақала (1-сөз).

Абай қара сөздерінің тілі,стилі. Абай қара сөздері –ұлттық сөз өнеріндегі публицистика, ғылыми-философиялықмазмұнды прозалық шығармашылық дәстүрінің бастау негізі.

Абайтану ғылымының қалыптасу, даму тарихы. Абайтануғылымының тарихындағы А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов,Ж.Аймауытов және алаш зиялыларының бастама еңбектері.

М.Әуезов- абайтану ғылымының негізін қалаушы.19-тақырып Ақылбай Абайұлының өмірі. Ақындығына әкесі Абайдың

әсері. Ақылбайдың домбырашылық, скрипкашылық, сазгерлікөнері.

«Жаррах» поэмасы, оның шығыс әңгімесі «Жеті үй»дейтін ұзақ ертегіден алынғандығы (жоғалып кеткен).

«Дағыстан» поэмасы. Поэмадағы адамдық сезімкүйлерінің (қызғаныш,кек, махаббат) тартысты оқиғаларүстінде романтикалық әуенмен жырлануы. Қызғаныш пен

Page 23: ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫpsu.kz/arm/upload/umk_pdf/70909.pdf · - 19 ғасыр әдебиеті шығармаларын өзіне дейінгң қазақ хандығы

кекке уланған Жүсіп, махаббатқа өмірлерін бағыштағанЗайра мен Жебірейіл бейнелері. Поэмадағы романтизм, тілі.

«Зұлыс» поэмасы – жоғалған нұсқадан қалған үзінді.Поэмадағы Омпапа бейнесі – отаршылыққа қарсы күрескерөкілі. Әуезов сөзімен айтқанда, «Зұлыс» - Ақылбайдың асақою оқиғалы роман-поэма түріндегі көлемді шығармасы.

20-тақырып Мағауия Абайұлы өмірі. Көңіл күй тақырыбындағы

лирикалық өлеңдері. «Еңлік - Кебек», «Абылай» аттыпоэмалары (қолжазба күйінде).

«Медғат-Қасым» поэмасының романтикалық көркемдікәдіс тұрғысындағы ерекшеліктері. Қасым, Сәлім, Ғазизабейнелері. Поэманың көркемдігі.

21-тақырып Шәңгерей Бөкеевтің өмірі. Лирикалық өлеңдеріндегі

көңіл күй философиясы («Өмірдің өтуі», «Жалғаншы жарықдүние», «Таудағы тас ұядан», «Ол күндерді тапсырдым»,«Бұл күнде жас көңілім судай тастың», «Сұңқардайшалықтаған тас ұяның», «Аллаяр жаздым, аға,Көлборсыдан»), махаббат («Қатшекейге», «Жігіттің жақсыболса алған жары»), табиғат («Қайран жерім», «Көлторғай»,«Нарын туралы»), оқу-білім («Ғылым», «Эдисон»).

«Сардар Сегіз» тарихи дастаны . Дастанныңкомпозициялық құрылысы. Сегіз Сері бейнесін сомдаудағытарихи шындық пен көркемдік жинақтау мәселесі.

3.3 Тєжірибешілік сабаќтардыњ мазм±ны1-тақырып19 ғасырдағы қазақ әдебиетінің жалпы сипаты. «Зар

заман» ақындары. 19 ғасырдағы тарихи жағдайға сипаттамаберу. Әдеби ағым, бағыттарды саралау. 2-тақырып

Дулаттың «Сөзім бар да, көзім жоқ» өлеңін жаттап,көркемдігіне талдау. Патшалық отаршылдықты сынайтынөлеңдерін талдау. «Еспембет» поэмасын оқып, талдау.

3-тақырыпМахамбеттің өмірбаянын оқу. Махамбет бейнесі

сомдалған өлеңдерді талдау. Исатай бейнесі берілгенөлеңдерін талдау. «Ереуіл атқа ер салмай», «Тарланым»,«Мен едім» өлеңдерін жаттау. Махамбет өлеңдеріндегі кейбірсөздерге этимологиялық талдау жасау.

4-тақырыпШернияз өлеңдеріндегі сатира, суырып салмалыққа

талдау жасау. «Ар жақта Арғынғазы дүмбірлеген» өлеңін

Page 24: ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫpsu.kz/arm/upload/umk_pdf/70909.pdf · - 19 ғасыр әдебиеті шығармаларын өзіне дейінгң қазақ хандығы

жаттау. Оның өлеңдеріндегі Исатай, Махамбет бейнесінталдау. 5-тақырып

Шортанбайдың имандылықты уағыздайтын өлеңдерінеталдау жасау. «Келер заман», «Заман ақыр» өлеңдерінеталдау жасап, жаттау.

6-тақырыпСүйінбайдың «Жақсы менен жаманның айырмасы»

өлеңін жаттау. «Қарасай батыр», «Өтеген батыр», «Сұраншыбатыр» толғауларына талдау жасау. Сүйінбайдыңайтыстарын талдау.

7-тақырыпМайлықожаның жақсылық пен жамандыққа арналған

термелерін талдау: «Ілімге толсын көкірек», «Дүниегемейман көңілім», «Жөн білсең жолдасыңа жоба көрсет».«Ажал бір келмес болсайшы» термесін жаттау.

8-тақырыпБазардың халық тағдырына арналған өлеңдерін талдау:

«Жамиғы қазақ бір туған», «Түбі туыс байтақ ел», «Атасыжақсы қандай- ды» өлеңдерін талдау. «Атасы жақсы қандай-ды» өлеңін жаттау.

9-тақырыпМұраттың «Үш қиян» толғауындағы «Еділді келіп

алғаны» бөлімін жаттау. «Қарасай-Қази» дастанын оқып,талдау. Айтыстарын оқу.

10-тақырыпӘбубәкірдің отарлық езгіден азып-тозып бара жатқан

қазақ елінің тағдыры туралы күйзеліп шығарған «Заманныңопасыз халіне айтқан өлеңі», «Өткен еркіншілік замандыжоқтап айтқан толғауы» өлеңдеріне талдау жасау.

11-тақырыпБіржанның «Ер жігіт дүниені көрген артық» өлеңін

жаттау. «Біржан мен Сараның айтысына» байланыстышыққан Е.Мырзахметовтің «Қазақ әдебиетіне» шыққан (2006қыркүйек) мақаласын оқу. «Біржан мен Шөженің » айтысыноқу.

12- тақырыпАқан серінің «Құлагер» өлеңін жаттау. «Әйелдер

сипаты», «Жігіт сипаты» өлеңдерін талдау.

13-тақырыпСегіз серінің Исатайға арналған «Өкініш», «Ақ бұлақ»

өлеңдерін талдау.

Page 25: ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫpsu.kz/arm/upload/umk_pdf/70909.pdf · - 19 ғасыр әдебиеті шығармаларын өзіне дейінгң қазақ хандығы

14-тақырып Сараның әлеуметтік теңсіздік, заман зары

тақырыбындағы лирикалық өлеңдерін «Жүрек», «Ашындым»,«Ортақ мұң» талдау

15-тақырыпӘсеттің «Салиха- Сәмен», «Ағаш ат», «Үш жетім»

дастандарын идеялық-көркемдік жағынан талдау.16-тақырыпШоқанның өмірбаянын оқу. «Құлжа күнделіктері», «Алты

шаһар», «Қашқария туралы» мақалаларын оқу. 17-тақырып

Ыбырайдың «Әке мен бала», «Бақша ағаштары», «Жан-жануарлардың жылға дауласқаны», «Бай мен жарлы баласы», «Ұлықпан әкім», «Малды пайдаға жарату», «Қыпшақ Сейтқұл», «Таза бұлақ», «Сараңдық пен жинақылық» әңгімелерін идеялық-көркемдік жағынан талдау. 18-тақырып Абай Құнанбайұлының шығармашылық өмірбаянын оқу.«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Өлсе өлертабиғат», «Алланың өзі де рас, сөзі де рас», «Сегіз аяқ»,«Жаз», «Күз», «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңдерінжаттау. 2,37,16 – сөздерін жаттау. Абай өлеңдерінқұрылысына талдау. Абай өлеңдерін көркемдігіне талдау.«Масғұт» ,«Ескендір» поэмаларын идеялық-көркемдікжағынан талдау. Абайдың «Евгений Онегин» аудармасынПушкин шығармасымен салыстыру. Крыловтан аударғанмысалдарын оқу.

19-тақырып Ақылбайдың «Дағыстан» дастанын талдау. 20 -тақырып Мағауияның «Медғат -Қасым» поэмасын талдау. 21-тақырып Шәңгерейдің «Қосаяқ» өлеңін жаттау. «Сардар Сегіз» дастанын оқу.

Page 26: ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫpsu.kz/arm/upload/umk_pdf/70909.pdf · - 19 ғасыр әдебиеті шығармаларын өзіне дейінгң қазақ хандығы

3.4. СӨЖ мазмұны

№ СӨЖ түрі Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат көлеміҚф-21

1 Дәріс сабақтарын өңдеу

Сабаққа қатысу

15(1х 15)

2 Үй тапсырмасын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

30

3 Қосымша материалдарға дайындық

Конспект Коллоквиум

21

4 Семестрлік тапсырманы орындау

Конспект Семестрліктапсырманы қорғау

20

5 Бақылау шараларына дайындық

РК1, РК2 4

Барлығы 90

Студенттерге µздігінен оќуѓа берілетін таќырыптар

1.19ғ. ұлт-азаттық қозғалыстарының тарихи өлеңдер мендастандарда жырлануы

1. Ұсынылатын әдебиет: [13], 261-287–бет.2. Дулат Бабатайұлы өлеңдеріндегі адамгершілік-имандылық тәрбие Ұсынылатын әдебиет: [20], 3-бет3. Махамбеттің күрескерлік-жауынгерлік, азаматтық жырлары Ұсынылатын әдебиет: [11], 322-348-бет4. Махамбет өлеңдерінің бейнелілік жүйесі Ұсынылатын әдебиет: [4], 283-бет [19], 155-160-бет

5. Махамбет өлеңдеріндегі философиялық-психологиялық ойшылдық

Ұсынылатын әдебиет: [13], 184-189-бет6. Абайдың философиялық өлеңдері Ұсынылатын әдебиет: [1], 581-586-бет7. Ыбырайдың «Мұсылманшылық тұтқасы» кітабының маңызы

Ұсынылатын әдебиет: [2], 56-61-бет, [3], 130-135-бет

Page 27: ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫpsu.kz/arm/upload/umk_pdf/70909.pdf · - 19 ғасыр әдебиеті шығармаларын өзіне дейінгң қазақ хандығы

Выписка из рабочего Форма

учебного плана Ф СО ПГУ 7.18.1/10 специальности(ей)

050205 «Филология: қазақ филологиясы»мамандыќтарыныњ оќу ж±мыс жоспарынан кµшірмеПәннің атауы 19 ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихы

Оқу түрі

Бақылау формасы Студент жұмысының көлемі

Сағаттың курс және семестрбойынша бөлінуі

Ем

т.

сын

ақ

К.ж

К.ж

ұм

.

ЕГЖ

бақ.ж

ұм

Барлығы

Дәр

іс

Тәж

іри

бе

ОС

¤Ж

СӨ

Ж

Дәр

іс

Тәж

іри

бе

ОС

¤Ж

СӨ

Ж

жал

пы

Ауд

итор

.

СӨ

ЖО

СӨ

Ж

Күндізгі ЖОБ негізінде

4 135

45 90 4-семестр 5- семестр15

30

22,5

67,5

Қолданылатын єдебиеттер Негізгі:

1. Абай. Энциклопедия. – Алматы: Атамұра, 1995.2. Алтынсарин Ы. Мұсылманшылықтың тұтқасы. – Алматы.

19913. Әбілұлы Меңдібай. Қазақ әдебиетіндегі діни-исламдық

поэзия. – Тараз. 2003.4. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. – Алматы. 19965. Бес ғасыр жырлайды. 2 томдық. Т.1. – Алматы. 1989

Page 28: ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫpsu.kz/arm/upload/umk_pdf/70909.pdf · - 19 ғасыр әдебиеті шығармаларын өзіне дейінгң қазақ хандығы

6. Дербісәлин Ә. Ыбырай Алтынсарин. – Алматы. 1965 7. Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері

және Абай поэзиясының тілі. Т.2. – Алматы, 1960.8. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы:

Жазушы, 1994.9. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы.

1998.10. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы.

1993.Қосымша:

11. ХІХ ғасырдағы қазақ ақындары. – Алматы: Ғылым, 1988.

12. Жұмабаев М. Ақан сері. Ақанның өмірі. Базар жырау // Жұмабаев М. Шығармалары. – Алматы, 1989. Б. 318-345.

13. Қабдолов З. Көзқарас. – Алматы: Рауан, 1996.14. Қоңыратбаев Ә. Тарихи жырлар. Айтыс поэзиясы //

Қазақ фольклорының тарихы. – Алматы, 1991. Б. 261-287.15. Мәдібай Қ. Зар заман ағымы. – Алматы, 1997.16. Мырзахметов М. Мұхтар Әуезов және абайтану

проблемалары. – Алматы, 1982.17. Омаров Б. Зар заман поэзиясы. – Алматы, 2000.18. Өмірәлиев Қ. Абай афоризмі. – Алматы, 199319. Өмірәлиев Қ. Қазақ поэзиясының жанры мен стилі. –

Алматы, 1983.20. Сыздықова Р. Дулатты танып болдық па? // Қазақ

әдебиеті, №52, 25.12.1992